Файл қосу
Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі дәуірі
5В020500 – Филология: қазақ тілі мамандығына арналған «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей, 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары Пән бойынша глоссарий: Аккомодация (лат. Accommadatio - бейімделу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің дауыссыз және дауысты дыбыстардың артикуляциясының бейімделуі. Акцентология (лат. Accentus - екпін және грек logos - сөз, ілім) - 1) Екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) Екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың жүйесі. Аллофон – фонеманың әр түрлі айтылуы. Апокопа – морфологиялық құбылыс. Соңғы буындардың түсіріліп айтылуы. Мысалы: «барады- барад», «барамын – барам» т.б. Ассимиляция (лат.Assimilation – үндесу) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің кең тараған түрі. Ассимиляция сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі. Толық ассимиляция (жазса, сүзсе, жас+са, сүс-се). Жартылай ассимиляция (қазға, тасқа) болып бөлінеді. Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Биллингвизм (лат. Bi- екі, lingua- тіл) – қостілділік; белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттік) екі тілде сөйлеуі. Бихевиоризм (ағылшын –behaviour- мінез-құлық, тәртіп)- тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен қызметі туралы көзқарастар жүйесі. Сыртқы қоршаған орта мен адам мінез-құлқының байланысы бар болғандықтан, бихевиоризм теориясы туындайды. Вокализм (лат. Vocalus – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі. Гаплология (грек. Hapleos – қарапайым және logos - сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Қатар келген бірдей немесе ұқсас буындардың біреуінің ассимиляция салдарынан түсіп қалуы. Мысалы: бұл күн – бүгін, алып кел- әкел. Деривация (лат. Depivatio – жасалу) – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау үрдісі. Дериваттарды суффикс қосу арқылы, сөз тіркесі арқылы, сөздерді біріктіру арқылы т.б. жасауға болады. Лексикалық деривация түпкі (түбірлі) бірліктің лексикалық мағынасын өзгертуге бағытталса («бас» - «бастық»), синтакситік деривация тек синтакистік қызметтің өзгеруін білдіреді («сайла» - «сайлау»). Диахрония (грек. diachoponos – уақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі. Диссимиляция (лат. Dissimilatio - өзгеру) – сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы. Диссимиляция біртектес дыбыстар арасында пайда болады. Диэреза - сөйлеу кезінде дыбыстар бір-біріне әсер етеді. Диэрезаның нәтижесінде дыбыстар түсіріліп айтылады , мысалы: «честный – чесный», «қалмады – қамады», т.б. Дыбыстардың комбинаторлық өзгерістері – сөйлеу кезінде дыбыстардың бір- біріне әсер етуінен пайда болатын фонетикалық өзгерістер. Оның негізгі түрлері мынадай: аккомодация, ассимиляция, диссимиляция. Жасанды тілдер – табиғи тілді қолдану мүмкін емес немесе сапасыз болатын жағдайларда қолданылатын таңбалар жүйесі. Оның түрлері - мамандырылмаған тілдер – халықаралық тілдер (эксперанто), мамандандырылған тілдер – ғылым тілінің символдық тілі (математика тілі, химия тілі) және бағдарлама жасау тілі т.б. Жест тілі (ым тілі) – кинетикалық (мимикалық) негізде жасалған коммуникативті жүйе. Интерференция (лат. inter - аралық, ferio -соғу, тигізу) – қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. Конверсия (сөзжасам) – бір сөз табындағы өзгеріске ұшырамай, басқа сөз табы ретінде қолданылуы (соғыс – соғыс, ақ-ақ-ақ, ат-ат т.б.). Консонантизм (лат. consonantig - дауыссыз дыбыс) – тілдегі диалектідегі , говордағы тілдер тобының дауыссыздардың жүйесі. Көптілділік (мультилингвизм, полилингвизм) – бір мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалануы. Бір адамның бірнеше тілде сөйлеуі. Ларингал (грек. Larynx - көмей) - көмейлік дауыссыз дыбыс. Метатеза – (грек. Meafofhesis - орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың, не буындардың өзара орын ауыстыруы. Морфема – (грек. Morrhe - форма) – тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба, яғни бұл бірліктің белгілі фонетикалық тұлғасы ретінде белгілі бір мағына береді. Ономасиология - номинация (атау) теориясы. Ономасиологиядағы зерттеу зат немесе құбылыстан осы зат не құбылыстан осы зат не құбылыс туралы ойға қарай бағытталады және оларды тіл құрамдары арқылы белгілейді. Ономастика (грек. Onomastike (techne) - атау өнері) - жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Протеза (грек. Proflogis - алдына қою) - сөз басында қосымша дыбыстың пайда болуы. Мысалы: ырас – рас, ылай – лай. Редукция (лат. Reductio - кейін шегіну, азаю, қысқару) – дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі. Сандық редукция - екпін болмауынан дыбыс ұзақтығының азаюы, сапалық редукция – сол себептерден артикуляцияның өзгеруі. Мысалы: қат(ы)нас, дәр (і) гер, т.б. Редупликация (лат. Reduplication - қосралану) - алғашқы буынның (жартылай редупликация) немесе бүтін түбірдің (толық редупликация) қосарлануынан пайда болатын құбылыс. Мысалы: қап-қара, тәй-тәй т.б. Семиотика (грек. Semeion - таңба, белгі) – хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән. Сингармонизм (грек. Syn - бірге және harmonia - қос үнділік, үндесу)- морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуінің нәтижесі. Бұл түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Синхрония (грек. Sync – hronos- бір мезгілде болатын) – белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы. Субстрат (лат. Sub. Астыңғы, және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде ертеде болған тілден қалған көне элементтер. Транскрипция (лат. Trancriptio - көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру (жазу) әдісі. Фонема (грек.phonema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік. Фонема мағыналық бірліктерді ажырату үшін қажет. Фонология (грек. phone – дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық құрылысы мене қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білмінің бір саласы. Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – көрші тұрған морфемалардың (негіз бен аффикстің) қосылып кетуі. Фузия түбір мен қосымшалар арасында болады, олар: н// д/т; м//б-п Элизия (лат. elisio – шығарап тастау) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Элизияға қарама-қарсы болатын үрдіс, яғни кейінгі сөздің басында тұратын дыбыстың жоғалуы – аферизис деп аталады. Элизия редукциямен тығыз байланысты. Мысалы: орын- орны; ауызы – аузы. Эпентеза (грек.epenthesis – қосынды) –сөздегі қосымша дыбстың пайда болуы. Мысалы: кровать – кереует. Этимон (грек. etumon– ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы. 1-Дәріс Тақырыбы: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні Жоспар: 1. «Тарихи грамматика» және оның зерттеу нысаны 2.«Тарихи грамматика» пәнінің «Әдеби тіл тарихы»,«Диалектология», «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі», «Түркітану негізері» пәндерімен байланысы, айырмашылығы 3. Тіл тарихын зерттеудің көздері. Орхон-Енесей ескерткіштерінің зерттелу жайы Мақсаты: Студенттерге тарихи грамматиканың зерттелуі жөнінде мағлұмат беру. Пәннің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. Тарихи грамматиканың басқа пәндермен байланысын қарастыру. Мазмұны: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» пәндерімен тығыз байланыста. «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні түркі тілдерін салыстыра зерттеудің нәтижесінде, отандық түркітанудың жинақтаған алғашқы зерттеулер жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл пәннің құрамынан екі түрлі саланы ажыратуға болады: біріншіден, барлық түркі тілдерінің түп негізін жобалау, әрбір тарихи дәуірлерде оларға ортақ даму заңдылықтарын ашу сипатындағы зерттеулер. Отандық түркология (дүние жүзілік түркология да) осы сипатты еңбектерден басталады. Олар – түркі тілдері тарихында белгілі ескерткіштерді филологиялық тұрғыдан зерттеу, олардың әрқайсысының бүгінгі түркі тілдеріне қатысы тәрізді мәселелерді зерттеу арқылы түркі негіз тілдің сипатын жобалау, әрбір тарихи кезеңдерде жалпы түркі тілдерінде болған фонетикалық және грамматикалық өзгерістердің түрлері, тілдік жаңалықтардың қалыптасу кезеңі және олардың тіл құрылымын қамту дәрежесі, тілдік өзгерістердің этно-географиялық таралушегі т.б. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының екінші саласы – синхраондық салыстыру, бүгінгі түркі тілдерінің белгілі жүйелер бойынша салыстыра келіп, олардың арасындағы айырмашылықтар тобын белгілеу. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасымен байланысты. Ең алдымен жалпы түркологиялық зерттеулер болды да, кейін сол зерттеулердің бір саласы ретінде қалыптаса бастады. Жеке түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы да ең әуелі осы жолмен пайда болды. Қазақ тілінің тарихы жайлы ғылымның өз бастауын әуелі тарихи-салыстырмалы түркологиядан алды. «Тарихи грамматика» «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасынан» бөлек, дербес пән, ғылым саласы. Тарихи-салыстырмалы түркология жалпы түркілік күйді, тарихтың көне, ескі дәуірлеріндегі оларға ортақ заңдылықтарды түсіндіріп, жеке тілдердің қалыптасу дәуіріне келген жерден қазақ тілінің тарихы басталады. Жалпы түркілік сипат аяқталып, жеке тайпалар мен рулардың халық болып бірігу дәуірінде-ақ қазақ тілінің тарихи мәселелері өз ерекшелігімен бой көрсете бастайды. Бұл түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасының алғашқы саласынан барып туатын айырмашылық. Ал түркі тілдерін синхрондық күй тұрғысынан салыстыру, сол арқылы олардың өзара айырым белгілерін айқындау – бұл тарихи грамматикамен тікелей байланыспайтын сала. Мұндай зерттеу – тілдердің бүгінгі дербестігі, олардың әрқайсысына тән заңдылықтар жүйесі орныққандығы тұрғысынан, яғни жеке, дербес тілдер болғандықтан ғана мүмкін болады. Тарихи грамматика бір тілді диахрондық тұрғыдан түсінуге құрылса, салыстырмалы грамматика тілдер тобын синхрондық тұрғыдан ғана қарастырады. Тарихи грамматика өз қорытындыларында, өз зерттеулерінде көне ескерткіштер фактілеріне сүйенеді. Әсіресе тарихи морфология, тарихи синтаксис негізінен көне ескерткіштер фактілерін хронологиялық ретпен қарастырып, талдауға негізделеді. Тарихи грамматика көне ескерткіштер фактілерін ретроспективтік әдіспен динамикада алып, талдау жасап қорытындылайды. Ал «көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» пәні VII ғасырдан XVI ғасырға жалғасатын мұралардың әрқайсысының тілін сипаттауды ғана мақсұт тұтады. Қазақ тілі фонетикасы мен грамматикалық жүйесінің тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін көздер: көне дәуір ескерткіштері, қазіргі қазақ тілі, қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономастика, басқа тілдерден ауысқан сөздер, XVIII-XIX ғасырларда жазылған әр түрлі кітаптар, қолжазбалар т.б. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Тарихи грамматика пәнінің мақсаты мен міндеті 2. Тарихи грамматика пәнінің зерттеу нысаны 3. Тарихи грамматика пәнінің басқа пәндермен байланысы, айырмашылығы 4. Орхон-Енесей ескерткіштерінің тілі Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002. 2 - Дәріс Тақырыбы: Қазақ тілі тарихын кезеңдерге бөлу Жоспар: 1. Түркі тілдерінің қалыптасуындағы Алтай дәуірі 2. Түркі тілдерінің дамуындағы Хун дәуірі 3. Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі дәуірі 4. Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі 5. Түркі тілдерінің дамуындағы жаңа дәуірі және түркі тілдерінің қалыптасуы Мақсаты: Әр кезеңдегі түрлі тілдердің бөлінісі туралы. Түркі тілдерінің даму кезеңдерге қатысты тарихи-әдеби мұраларды қарастыру. Мазмұны: Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркі тілдері, қазіргі түркология қолданып жүрген, қалыптасқан көзқарас бойынша, алты түрлі дәуірді бастан кешірген. Н.А.Баскаков бұл дәуірлерді былай атайды: Алтай дәуірі (б. з. д. III ғасыр), Хун дәуірі (б. з. д. III ғасырдан — б. з. V ғасыр), Көне түркі дәуірі (V—X ғасырлар), Орта түркі дәуірі (X—XV ғасырлар), Жаңа түркі дәуірі (XV—XX ғасырлар). Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің, біршама «жаңа» деп қаралатын тобына жатқызылады. Олай болатын себебі: қазақ рулары тарихтың ерте кезінен-ақ мәлім болса да, «қазақ» деп аталатын біртұтас халық XV—XVI ғасырларда барып қалыптасады. Қазақ тарихының осы ерекшелігін ескерсек, қазақ тілінің тарихи кезеңдері мынадай дәуірлерге бөлінеді: 1) Түркі бірлестігіне дейінгі дәуір,— бұл дәуір, шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі белестен тұрады: Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2) Түркі бірлестігі дәуірі, екі кезеңге ажырайды: Көне түркі қағанаты кезеңі (V—X ғасырлар). Орта түркі кезеңі (X—XV ғ. б.). 3) Қазақ халық тілінің даму дәуірі (XVI—XVIII ғасырлар). 4) Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дәуірі (XIX ғасыр). «Алтай дәуірі» дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі «алтай гипотезасымен» байланысты қойылған атау. Алтай гипотезасы алтай тілдерінің туыстығы жайлы теориялық болжам, жоққа шығаруға да, дәлелдеп шығуға да болмайтын болжам. Сондықтан гипотеза деп қаралады. Жоққа шығаруға болмайтындығы — бүгінгі түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тілдерінде ұқсас фонетикалық, грамматикалық құбылыстар, ортақ лексика бар. Фонетикалық ортақ құбылыстар: тұңғыс тіліндегі т, маньчжур тіліндегі с дыбысы түркі-монғол тілдерінде и дыбысының алдындағы ч, ш, с дыбыстарына сәйкес қолданылады,тұңғыс: гг/ган~маньчжур: гусин~ мон-ғол: гучин (оғыз), түркі: үш, уч — үч он, маньчжур: хусун~моп-ғол: күчүн — түркі: күш, күч, күүс, т. б. Алтай тілдері деп атауға себеп — аталған тілдердің арғы аталары болатын рулар мен тайпалардың түпкі, арғы атасы, алғашқы таралған жері – Алтай тауларының маңы, айналасы. Ғылым бұл дәуірде қазіргі түркі, моңғол, тұңғыс, маньчжур тілдеріне ортақ тіл болған деп есептейді. Сол ортақ (немесе: бір- біріне ете ұқсас) тіл құрамынан әуелі екі тармақ - түркі-моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдері жіктеледі. Сол жіктелістің ізі жоғарыда көрсетілген дыбыс сәйкестіктері болып табылады. Түркі-монғол тілдері ч~ш~ с сәйкестігін айтатын тілдер болып қалыптасты да, тұңғыс-маньчжур тілдері сол позицияда т (кейде с) дыбысын қолданатын тілдер болып қалды. Осы дәуірдің соңғы кезеңдерінде түркі тілдері моңғол тілдерінен жіктеліп шықса керек. Бұл жіктеліс қазіргі тілдердегі мынадай тілдік құбылыстар арқылы дәлелденеді: моңғол тілдеріндегі р, л дыбыстары түркі тілдерінде з, ш/с дыбыстарына сәйкес қолданылады. Ал түркі тілдері ішінде моңғолдық ротацизм (р) мен ламбдаизмд (л) көне бұлғар тілі мен қазіргі чуваш тілі ғана сақтап қалған: чуваш тілі – сір, шур, хір, иір, пыр, басқа түркі тілдерінде – сүз, саз, қыз, із, музЦбұз, осыдан бұрын түркі-монғол және тұнғыс-маньчжур тілдерін өзара жіктеген белгі т~с~ч~ш дыб.ыс сәйкестігі ішінен якут, башқұрт, хақас тілдері с дыбысын сақтап қалды, күүс, көс, күс, т. б. Тілдердің өзара бір-бірінен аулақтануына, дербестенуіне басты себеп болған мұндай сәйкестіктер түркі тілдерінің өз арасында да, жеке бір түркі тілі (айталық, қазақ тілі) құрамында да сақталып қалған (егер сондай реликтер болмаса, ондай процесті тіл басынан кешкенін білу де мүмкін бола бермес еді).. Дыбыстардың мұндай сәйкестігін өз бойында сақтаған сөздер тарихи синонимдер болып ұғынылады. Ал кейбіреулерінің түбірлес, тарихи дублет сөздер екенін арнайы зерттеу арқылы ғана түсіну мүмкін: семір — семіз, көр~көз, тіре — тайа, саумал~ сауған, аумалы-төкпелі {-мал, есімше тұлғасы, түркі тілдерінің кепшілігінде -мыш), тал-түс (тал — чуваш тілінде «түс», л~ш//с), т. б. Сонымен, бұл дәуірде кейін түркі халықтарының негізін салатын тайпалар моңғол тайпаларынан бөлініп, жіктеліп шықты деп қарау керек. Бұл дәуір — тарихқа дейінгі дәуір. Бұл дәуірде әлі аты белгілі халық та, ру да жоқ. Дұрысында, бізде ондай мәлімет жоқ. Түркологияда бұл раннепратюркский деп аталып жүр. Түркіге дейінгі дәуірдің бұл — бірінші кезеңі болса керек. Екінші кезеңі түркологияда «Хун дәуірі» деп аталатын мерзім. Хун дәуірі деп атау біздің заманымыздың алғашқы жылдарында өмір сүрген Хун империясына байланысты. Хун империясы Орталық Азиядан Шығыс Европаға дейінгі ұлан-байтақ территорияны мекен еткен түркі, монғол, тұңғыс-маньчжур тектес тайпаларды біріктірген қуатты мемлекет болған. I ғасырда империя ауызбіршіліктің жоқтығынан, сондай-ақ көршілердің әсерімен де екіге: Батыс және Шығыс Хун мемлекеттеріне ажырайды. Бұл жіктеліс түркі тайпаларының кейінгі дамуына үлкен әсер етті, мемлекеттің батыс бөлігіне қараған рулар мен тайпалардың кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, мемлекеттің шығыс бөлігінде қалған рулар мен тайпалардың кейінгі дамуы бірыңғай болды. Сөйтіп түркі тілдерінің (халықтарының да) қазіргі батыс және шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун империясынан басталады. Бұл дәуірде осыдан бұрын басталған түркі тілдерінің моңғол тілдерінен жіктелу процесі аяқталады. түркі тілдері негізінен з, ш дыбыстарын айтатын тілдер болған мен, олардың ішінде бұлғар тілі (кейін чуваш тілі) түркі-монғол бірлестігінің сипатын (р, л дыбыстарын) сақтап қалды. Сонымен қатар, з дыбысының с варианты, ш дыбысының с, ж варианттары қалыптасты: жаз, жазыл, дъас, дар (дар етті), дарыл (дарылда)- р~з//с, бес//беш, білек, л~ш//с, быш//пыс//піс, быжыл (быжылда) шІ/ж//с. Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі қалыптасты. Бірақ оғыз, қарлүқ, қыпшақ тілдері (тілдік бірлестіктері) бір-бірінен айқын жіктеле қойған жоқ. Дегенмен, Хун дәуірінде-ақ оғыздар мен қыпшақтар, қарлұқтар тарих сахнасына шыға бастады. Қытай жылнамаларында, сонымен қатар, қаңлылар мен үйсіндерді атайды, олардың тілі мен тұрмысына қатысты мәліметтер беріледі. Сонымен, Хун империясы — түркі тілдерінің тарихи дәуірі. Қазақтың халық тілінің этногенездік құрамы да осы дәуірден бастап назар аударады. Оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі, екінші жағынан, қазақтың халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы, үйсін тайпа тілдері (тарихи жылнамалар хабар беретін) қазақтың халық тілінің құрамына енгендер. Түркологияда V-X ғасыр көне түркі дәуірі деп аталып жүр. Бұл алғашқы Түркі мемлекетінің – түркі қағанатының дәуірі, түркі жазуының, түркі жазба тілінің дәуірі. Дәуірдің тарихи-әлеуметтік үлкен ерекшелігі – түркілер өз тарихын өзі жаза бастаған, өздері жайлы мәліметті өздері хатқа түсіре бастаған кез. Бұл дәуірдегі түркі тілдеріне тән негізгі белгілер деп мыналар аталады: сөз арасында, сөз соңында т//д дыбыстарының сәйкес қолданылуы басым болады: адац. Бұл ерекшелік біздің заманымызда якут тілінде (т) сақталып қалған. Көне түркі дәуірінің өзінде сөз ортасындағы д(т) з дыбысына ауысуы кездеседі. Сөйтіп тарихи р ~ д(т) ~ з(с) дыбыс сәйкестігі қалыптасады. Бұл дәуірдің бізге жеткен ескерткіштерін жазба тілдің мұрасы дейтін көзқарас қалыптаса бастады. Сол жазбалар тілін екі түрлі топқа бөлетін пікір де орнықты. Олар – Орхон-Енисей ескерткіштері және көне ұйғыр тілі ескерткіштері. Орхон-Енисей ескерткіштері тілдік сипаты жағынан бүгінгі түркі тілдерінің қайсысын да еске түсіреді, солардың қайсысының да көне заманғы архетипі ретінде қарастырыла алады. Мысалы, ол тілдің бір белгісі ретінде қаралатын ц//н//й дыбыс параллелінің барлық сыңары қазіргі түркі тілдерінде кездеседі. Немесе сөз басында м//б параллелі түркі тілдері арасында қалыптасқан (мен, бен – қазақ, түрікмен) сәйкестік болумен бірге, бір ғана тіл құрамында да қолданылады: мында~бұнда, т. б. Мерзімі жағынан көне үйғыр ескерткіштері соңғы кейінгі уақытқа жатады. Көне ұйғыр ескерткіштерін екі түрлі диалектінің: н - диалект және й - диалектінің көрінісі деп қарау қалыптасты. Көне ұйғыр ескерткіштерінің й - диалект тобы фонетикалық және морфологиялық құрылымы жағынан көне қазақ тілінің алғащқы бастауын байқатады. Дегенмен, көне түркі дәуірінде қыпшақ, оғыз, ұйғыр (қарлұқ) тайпалық тілдер бірлестіктері бой керсете бастады. Көне түркі дәуірі жазбаларында сол тілдік бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тілдер: қыпшақ, оғыз, қырғыз, ұйғыр, т. б. тілдердің ерекшеліктері көрініс тапқан. Сонымен, V-X ғасыр аралығы түркі тілдерінің өзара жақындьіқ белгілері бой көрсете бастаса да, әлі толық жіктелмеген дәуір. Осы белгісіне орай бүл түркі бірлестігі дәуірінің бірінші кезеңі - көне түркі қағанаты кезеңі болып табылады. Қазақ тілі тарихы үшін XI-XV ғасырлар аралығы - түркі бірлестігі дәуірінің екінші кезеңі, үлкен мәнді мерзім болды. XI-XV ғасырларда д/т~з/с сәйкестігі жаңа сатыға көше бастады. Сөз ортасындағы д дыбысын айтатын тілдермен қатар й дыбысын айтатын тілдер қалыптаса бастады. Сөйтіп түркі тілдері тарихында белгілі, тілдерді жіктеуде еске алатын дыбыс сәйкестігі: д//т~з//с~й қалыптасады, енді түркі тілдері сөз ортасында қай дыбыстың айтылуына қарай д/т тілдері, з тілдері, й тілдеріне жіктеле бастайды. Түркі тілдері мен моңғол тілдерін жіктеген р~з, л~ш дыбыс сәйкестіктері де жаңа сатыға ауыса бастайды: р~з~ й, л~ш~с. Сонымен қатар түркі тілдері құрамында осы дәуірде жаңа сапалық өзгеріс қалыптасты. Сөз ортасында, сөз соңында ғ, г дауыссыздары мен дауыстылардың тіркесі үш түрлі өзгеріске ұшырады: бір топ тілдерде дифтонгілерге айналды, бір топ тілдерде созылыңқы дауыстыларға айналды және бірсыпыра сөздер құрамында қатаңдап кетті, кейбір сездер құрамында элизияға ұшырап, түсіп қалды. Қысқасы, бұл айтылғандар мына тәрізді фактілер арқылы көрінеді: қазақ - тау, қырғыз - тоо, қазақ - улық, кішік, бек, ұлы, кіші, сары. Бұл өзгерістердің барлығы тілдер қүрамында синоним сөздер мен формалардың молаюына алып келді. Орта ғасырларда, сонымен қатар, жазба тілдер дамыды. Қараханид мемлекетінің территориясында қалыптасып, бүкіл Орта Азияға тараған жазба тілде көп жанрлы көркем әдебиет дамиды, күнделікті іс қағаздары, дипломатиялық қағаздар жазылады. Кейін бұл тілдің негізінде шағатай әдеби тілі, оның негізінде Хорезм әдеби тілі, кейінгі замандарда Алтын Орта әдеби тілі, т. б. жазба тілдер қалыптасып, бүкіл түркі әлемін қамтиды. Бұл дәуірде Юсуф Баласағунидың «Құдатқу білігі», Махмуд Қашқаридың «Диваны» жазылды. Алдыңғысы кітаби жазба тілдің ескерткіші болса, Махмуд Қашқаридың «Диваны» ауызекі сейлеу тілінің жинағы еді. Осы «Диванда» бірінші рет қыпшақ тілі материалдары көрініс тапты. Қашқари кітабында берілген қыпшақ материалдары бүгінгі қазақ тілінің алғашқы сипатын танытады . Осы дәуірде Әлидің «Қисса-и-Жүсіп», Сараидың «Гүлстан бит-түркиі», Хорезмидің «Мухаббат намесі» тәрізді қыпшақ жазба тілінің ескерткіштері мен Абу Хайианның грамматикасы, «Ат-тух-ва», «Қитаб булғат әл-муштақ...», «Әл- Қавани...», 1245 ж. Түрікше-арабша-моңғолша-парсыша сөздік тәрізді грамматикалық зерттеулер мен сөздіктер, «Кодекс Куманикус» тәрізді қыпшақ сөйлеу тілінің мұралары, XV—XVII ғ. армян жазулы қыпшақ қағаздары жасалды. Қыпшақ тілінің бұл дәуірдегі сипаты орыс эпосы «Игорь полкі туралы сөз» арқылы да біздің заманымызға жетті. Қыпшақ тілі сөздік қоры мен фонетикалық жүйесі, грамматикалық құрылымы жағынан қазақ тілінің сипатын байқататыны жайлы пікір түркологияда орныққан деп қарауға болады. X-XV ғасырларда қазақ тілінің рулық, тайпалық тілдер негізінде қалыптасу процесі жүрді. Алғашқы кезеңде рулық тілдердің өзара жіктелу, бір- бірінен ажырауы болса, кейін тайпалық одақтар шығып, қыпшақ тілі бірлестігінің қазақтың халық тіліне ұласуы, дамуы басталады. XV-XVI ғасырларда біртұтас қазақ тілі жайында айтуға мүмкіндік туады. Бұл заманда қазақтың бай ауыз әдебиеті туды, авторлық әдебиет - жазба әдебиет пайда бола бастады. Қазақ тілінің негізгі құрамдық белгілері де осы замандарда қалыптасты. «Қазақ» этнонимінің пайда болуы да, тарихтың айтуы бойынша, XIV ғасырға жатса керек. XVI ғасырдың тарихи деректері қазіргі Қазақстан территориясын мекендеген біртұтас халықтың атын «қазақ» деп қалыптасқан атау ретінде қолданады. XV ғасырдың 60-70-жылдарында алғашқы қазақ хандығы құрылады, алғаш рет жақын тілдерде сөйлейтін әдет-салт жағынан бірыңғай рулар мен тайпалар саяси бір орталыққа бағыну мүмкіндігіне ие болады. Саяси-шаруашылық, географиялық жағдайлардың салдары ретінде осыдан сәл бұрын қалыптасқан қазақтың үш жүзі осы уақыттарда тарих сахнасына шықса керек. Өздерін кейінгі тарих бойында «қазақ» деп атап кеткен халық құрамына енген рулар мен тайпалардың басым көпшілігі сөз басында ұяңдардан гөрі қатаң дауыссыздарды айтатын, созылыңқы дауыстылар орнына дифтонгілер қалыптасқан, сөзді әуезділік жағынан жуан айтуға ұмтылатын, еріндік гармониядан гөрі езулік гармонияны сақтайтын тілдерде сөйлесе керек. Әрине, бұдан басқа сипатта сөйлейтін де тайпалар болды. Тарихи деректер қазақтың құрамына оғыз тектес тайпалардың да, тіпті моңғол тектес тайпалардың да енгендігін дәлелдейді. Қашқари оғыз тілі ерекшелігі деп көрсететін кейбір тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілі кұрамында орнығып қалған. Оның үстіне, орта ғасырларда Сырдария бойында қыпшақ-оғыз тайпалық бірлестіктері болғандығын, Жетісуда қарлұқ тектес тайпалардың қазақ руларымен қоян-қолтық араласқандығын, батыста полозецтермен бірге гуздардың (оғыздардың) бір мемлекеттік одақта өмір сүргендігін еске алсақ, қазақ тілі өзінің алғашқы құралу, қалыптасу дәуірінде бір сипатты болмағандығын білуге болады. Бірақ бұлар сан жағынан көп болмаған және кұралу, қалыптасу дәуірінде мәдени де, саяси-әлеуметтік те жағдайларды айқындамаса керек. Анлаутта ж, инлаут пен ауслаутта й, у дыбыстарын қолданып, сөздің қатаң да жуан айтылуына мән беретін, езулік гармонияны сақтап сөйлеуге тырысатын тілдер көпшілік болумен қатар, халықтың қоғамдық өмірінде ұйымдастырушылық қызмет атқаруы әбден ықтимал. XI ғасырдың соңғы ширегінде саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты басқа тайпалар ішінде үстемдік алған қыпшақ тайпасының айналасына басқа да рулар мен тайпалар бірігіп, «қыпшақ» атын алды. Қыпшақ конфедерациясынық құрамына енген тайпалар мен рулар үшін, сөз жоқ, қыпшақ тілі ортақ тіл болды. Қашанда тілдер тарихында бола беретін процесс — бір тілдің негізінде нормалану жүрді. Сөйлеудің бір тілге негізделуі біртұтас тілдік бірліктің жүйеленуіне алып келді және сол тіл құрамында диалектілік ерекшеліктердің де қалыптасуына мүмкіндік жасады. Қазақтың халық тілінің қалыптасуы бұл дәуірде осындай процесті басынан кешірді. XVII-XVIII ғасырлар қазақтың халық тілінің даму дәуірі бол-ды. Біртұтас тілдік жүйелері қалыптасқан халық тілі құрамында нормалану жүреді. Олай етпейінше, тіл сол халықтың қоғамдық қатынас құралы болмас еді. Қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық дамудың басты шарттарының бірі де, ондай дамудың негізі де - біртұтас, сол халықтың барлық өкілдеріне ортақ, барлығына түсінікті қатынас құралы - тілдің болуын қажет етеді. Бұл қай халық тілінің тарихында да болған және болатын тарихи белес. Қазақ тілі сондай белесті XVII-XVIII ғасырларда өткізді деп қарау керек. XVII-XVIII ғасырлар қазақ тілі құрамында жеке диалектілік топтардың (немесе говорлар топтарының) айқындалу негізі болды. Алғашқы негізі рулық, тайпалық тілдер болған тілдік жүйелер қазақтардың жүзге жіктеліп, белгілі территорияларда қоныс тебуінің нәтижесінде этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этнорегионалдық сипатқа ие болды. Бұндай жіктеліске әрбір этникалық топтың территориялық байланыстары да ықпалын тигізді. Айталық, оңтүстікті мекен еткендер көрші өзбектермен, олар арқылы парсылармен байланысқа түссе, оңтүстік-шығысты мекендегендер ұйғырлармен көршілік қатынасқа түсті, т.б. Жалпы халықтың тіл жүйелерінің жіктеліп, біртұтас қатынас құралы ретінде дамуы екінші бір тілдік құбылыспен - Орта Азиялық түркі жазба әдеби тілімен де байланысып жатты. Оқығандар мен діни өкілдердің тілі ретінде қазақ даласына келген түркі жазба әдеби тілі өзінің алғашқы таралу кезеңінде-ақ халық тілінің біртұтас қалыптасқан жүйелеріне кез болды. Жүздерге топтасқан қазақ рулары әлеуметтік-саяси жағынан да, экономикалық-географиялық жағынан да бір-бірімен шамалас еді. Белгілі бір руды, рулар одағын ерекшелейтіндей айрықша саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайлар болмаса керек. Рулар мен тайпалық одақтар саяси-әлеуметтік, географиялық жағынан жүздерге белінген кезде де белгілі бір жүздің немесе рудың тілі ерекшеленетіндей тарихи жағдайлар болған жоқ. Сондықтан да қазақ тарихы ондай фактіні білмейді. Жалпы халықтық тіл қазақ халқының құрамына енген негізгі рулар мен тайпалар тілдерінің жинақталған, сараланған түрі ретінде қалыптасты. Лингвистикалық негіз, сірә, «қазақ» дейтін атау алып, өзара топтасқан рулар мен тайпалар тілдік жағынан тек қүрылымдық (агглютинативтік) кана емес, фонетикалық, лексикалык және грамматикалық түрғыдан да осындай сипатқа жақын, бір-бірімен үндес тілдерде сөйлесе керек. Солай екендігі қазақ халық тілі құрамында сақталған тайпалық тілдер (әуелі тайпалық, кейін барып регионалдық) қалдықтары — диалектілерден көрінеді. Қазақ тілі диалектілерінің басқа түркі тілдерімен салыстырғандағы үлкен ерекшелігі — олар (диалектілік айырмашылықтар) тілдің негізгі, яғни түсінуге кедергі болатын салаларын қамтымайды. Орта Азиялық түркі-жазба әдеби тіл сондықтан да қазақ халық тілінің орнына жүріп, оның қызметін атқара алған жоқ. Әрине, қазақтың халық тілі түркі жазба әдеби тілімен қарым-қатынасқа түсті. Соның нәтижесінде қазақ тілінің құрамында сөздердің кейбір семантикалық топтары пайда болды, кейбір синоним сөздер, кейде формалар, жеке фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Ол тілдің үлкен әсері қазақ тілінің әдеби болып дамуына тиді жеке сөз топтары мен формалар қызметі жағынан сараланды, жеке стильдік салалардың қалыптасып, дамуы түркі жазба әдеби тілінің ықпалынсыз болған жоқ. XVII-XVIII ғасырларда, сонымен қатар, қазақ-орыс тілдік байланыстары шықты. Половецтер заманынан кейін біраз уақыт баяулаған қазақ-орыс тілдік байланыстары қайта жандана бастайды. 1573 жылы бірінші орыс елшілігі қазақ хандығына келеді, ал 1594 жылы қазақ хандығының өкілі Москваға барады. Бұл замандар өткеннен кейін орыс мемлекетімен ресми байланысқа түсу фактісі, екінші жағынан, орыс-қазақ тілдік байланыстарының қайта жаңғыруы болды. Осыдан бастап екі ел арасында дипломатиялық қағаздар жүре бастады, елшіліктер, жаушылар, олармен қоса тілмаштар пайда болды, қағаз жүзінде де, ауызша да тілдік байланыстар дамыды. Қазақ-орыс тілдік байланысының бүл кезеңінің ерекшелігі — орыс тілінен сөз ауысу басымдау болды. Бүл жағдай да тіл қүрамында өз ізін қалдырды жаңа атаулар пайда болды, синоним сөздермен молықты, тілдің фонетикалық жүйесінде де өзгеше құбылыстардың пайда болуына ықпал жасады. Сонымен, XVII-XVIII ғасырларда қазақ халық тілінің бүгінгі сипатының негізі салынды. Қазақ тілі бір орталыққа бағынған, әдет-салты бірыңғай халықтың тілі ретінде қоғамдық дамудың қүралы ғана болып қойған жоқ, дипломатиялық қатынастар тілі, екінші сөзбен, қазақ халқын дүниелік мәдениетпен байланыстыратын құрал дәрежесіне жетті. Әдеби тілдің негізі де осы дәуірде қалана бастады. Ауыз әдебиетінің сындарлы жүйесінің ықпалы мен ауызша әдеби тіл салаланды авторлы поэзия тілі қалыптасты, туркі жазба тілінің ықпалымен тарихи-мемуарлық шығармалар пайда болды («Жамиғат тауарих», қазақ шежірелері, т. б.), іс қағаздары, дипломатиялық қатынастар тілі жүйеленді, эпистолярлык сипаттағы шығармалар жазылды, т. б. XIX ғасырда қазақтың ұлттық әдеби тілінің қалыптаса бастағаны мәлім. Қазақстанда сауда капитализмі туды. Солардың нәтижесі ретінде қазақтың ұлттық әдеби тілі қалыптаса бастады. Қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин осы дәуірде өздерінің атақты шығармаларын жазды. XIX ғасыр қазақтьщ ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасу, өркендеу дәуірі болды. Сонымен, XIX ғасырда жазба әдебиеті қалыптасты, қазақ баспасөзі туды. Қазақтың халық тілі қазіргі әдеби тілге дейін, сонымен, осындай төрт түрлі дәуірді басынан өткерді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Алтай дәуірі 2. Хун дәуірі 3. Көне түркі дәуірі (V-Х ғасырлар) 4. Орта ғасыр дәуірі (Х-ХV ғасырлар) 5. Жаңа түркі дәуірі (ХV-ХХ ғасырлар) Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002 4. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986. 5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. 6. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А,1994. 7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 8. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995. 9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1966. 10. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. А,1982. 11. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А, 1993. 12. Айдаров Ғ. Күлтегін. Алматы, «Ғылым», 1997. 13. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына керекті материалдар. Алматы, «Ғылым», 1964. 14. Аманжолов С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, «Санат», 1996. 3 - Дәріс Тақырыбы: Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері Жоспар: 1. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны 2. Түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу 3. Салыстырмалы-тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар Мақсаты: Тіл тарихын зерттеуде қолданылатын басты әдістерді қарастыру. Мазмұны: Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс - тарихи-салыстырмалы әдіс. Түркі тілдерінің тарихын жасау сонау Менинский, Шотт, кейінгі Радлов заманынан-ақ осы тарихи салыстырма әдіс арқылы жүріп келе жатыр. Бұл әдістің басты шарты – жай салыстыру, қалай болса солай салыстыру емес, тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру. Тарихи-салыстырма әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: 1) бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; 2) бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы, бір-біріне қатыс дәрежесі бірыңғай болып келмейтіні еске алынады. Бір тілдің екінші бір тілмен ұқсастығы, жақындығы мол да, үшінші бір тілмен байланысы одан гөрі алыс, ал төртінші бір тілмен байланысы одан да алыс. Оның үстіне, олардың тарихи жағынан бір- бірімен ұштасуы да әр түрлі. Кейде бір-бірімен өте ұқсас, өзара жақын тілдер тарихи жағынан бір-бірімен өте алыс кезеңде ғана ұштасады. Мысалы: қазақ тілі мен қарақалпақ, ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен ұштасады, содан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады. Ал екінші ерекшелікке қазақ тілі мен қырғыз тілдерін жатқызуға болады. Тарихи-салыстырма әдісті қолданудың мақсаты – қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау. Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұл ретроспективтік тәсіл деп аталады. Тарихи-салыстырма әдісті ретроспективтік тәсілмен іске асыру – зерттеудің негізгі бағыттарының бірі. Екінші сөзбен, зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Мысалы: айақ~адақ, шор: азақ, якут: атах, көне түркі: адақ. Сон-да й~з<д/т дыбыс ауысуы келіп шығады. Қазіргі тілдердің ішінде якут тілі ғана көне түркілік сипатқа жақын қолданысты сақтаған. Олай болса, қазақ тіліндегі ел адақтау тіркесі де көненің «қалдығы», айақ сөзімен түбірлес, бірі ескі күйді, бірі жаңа дәуірді танытады. Ретроспективтік тәсіл, сонымен, туыс тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды мақсат тұтады. Салыстырылатын фактілер семантика, функция, грамматикалық жақтарымен қатар, диахрондық езгерістер тұрғысынан да қарастырылады. Бұл тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген түрін іштей реконструкция тәсілі деп атайды. Іштей реконструкция тәсілі синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады да, өзгерістің бағыты мен түрі айқындалады. Мысаяы, Ііе-л, ке-т және бе-рі, ә-рі, алдыңғыларда ортақ түбір ке-, екінші топ сөздерде қосымшалар ортақ, түбірлердің ортақтығын түсіндіру үшін жазба ескерткіштер мен туыс тілдер фактілеріне жүгіну керек: бұ жақ, о жақ, со жақ, ана жақ ортақ түбір екі түрлі: о~а және бұ~ со. Алдыңғы ортақ түбір соңғымен (бұ)~(со) салыстырғанда ерекше көрінетіндер б, с элементтері. Бұ және со сөздерінің екі түрлі мәнде ұғынылуы да (бұ - осы жерде - менің айналамда, со - сол жерде, сенің айналаңда) б және с элементтеріне байланысты. Осылардың бәрін еске алсақ, бұ және со сөздерін екі түрлі элементтерден құралған: б, с - локативтік мән бергендер, ұ және а - сілтеулік мән бергендер деп қарауға әбден болады. Дегенмен, тілдің бір саласына ғана қатысты синхрондық фактілерді салыстыру ретроспективтік тәсілге жатады. Өйткені, әдеби тіл мен диалектідегі бір-біріне эквивалент фактілер әр түрлі кезең мен өзгерістердің (тіпті таза лингвистика емес, экстралингвистикалық, әлеуметтік жағдайлардың нәтижесі) нәтижелері болуы мүмкін. Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады (бұл жердегі салыстыру сопоставление: хронологиялық жүйе сақталынбайды). Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар (системные отношения) арқылы керінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі түркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) вокализм, қарағас вокализмі тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау кебіне-көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі. Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық түрғыдан салыстыруға негізделеді. Тілдің грамматикалық құрылысы тарихын зерттеуде қолданылатын әдістің бірі – ареалдық әдіс. Ареалдық әдіс арқылы тілдердің, диалектілердің өзара ықпалдасу процесінің сыпаты мен дәрежесін, ондай процестің орны мен таралу аймағын айқындап, ол нәтижелерді тілдің тарихи өзгерістерінің бір түрі (немесе өзгерістердің бір тобы) ретінде тілдің тарихи грамматикасына енгізуге болады. Ареалдық әдіс кейде изоглостарды тарихи түсіндіру әдісі деп те аталады. Олай деп атауға себеп – ареалдық әдіс туыс, бір-біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Тілдер мен диалектілердің ықпалдасу процесінің бағыты мен орнын айқындауға ареалдық әдіс археология мен этнографиялық мәліметтерді де пайдалана алады. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түрікмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын айқындау ареалдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Батыс говорлар тобы дегенде бірыңғай, бірөңкей қарастырылмай, оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс тәрізді региондарға жіктеп, олардың әрқайсысына тән тарихи-әлеуметтік, этникалық ерекшеліктер болғандығы еске алынады. Оңтүстік- батысқа орналасқан қазақ тайпалары оғыз тектес рулармен шектессе, батыстағы олардың ағайындары ноғайлармен, башқұрттармен араласты. Солардың барлығы да қазақ тіліне ықпал етті, із қалдырды. Ал ондай өзгешеліктер бізге белгілі ескерткіштерде өз көрінісін таба берген жоқ. Сонымен қатар, батысты мекендеген қазақ тайпалары жайында айтқанда, қыпшақ (қуман)-славян байланыстарын, кейінгі ғасырлардағы қазақ-орыс байланысын назардан тыс қалдыруға болмайтындығы айқын. Ал оңтүстікке орналасқан қазақтардың тілі туралы зерттеулер қазақ-өзбек байланысымен қоса, араб-парсы тілдерін де назардаи тыс қалдыра алмайды. Тілдің динамикалық жүйелі тарихын жасау үшін оны әр түрлі өлшем түрғысынан жан-жақты қарастыру керек болады. Зерттеуші сондай мақсат қойғанда қолданбай кетпейтін әдіс – синхрондық сипаттау әдісі. Синхрондық сипаттау әдісі белгілі бір дәуірдегі тілді жан-жақты сипаттауға құрылады. Екінші сөзбен, белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін езгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, қысқасы бүкіл механизмін түгелдей дәлелдеп шығу синхрондық сипаттау әдісінің үлесіне тиеді. Бұл әдіс диахроникалық зерттеуде синхрондық әдісті қолдану болып табылады. Бұл арқылы тілдік фактілер бір- біріне бағынышсыз, оқшау алып қаралмайды, белгілі жүйені құрайтын тәсілдер ретінде қарастырылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдік функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл семантикасының даму, өзгеру, жаңару тарихы жасалуға тиіс болады. Тіл тарихын зерттеуде әр кез қолданыс табатын немесе ойда болатын әдістердің бірі – типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі. Қазіргі заманғы лингвистика ғылымы тіл-тілдер бір-бірінен өзіндік ерекше заңдылықтар арқылы ерекшеленіп, оқшауланумен бірге, олардың көпшілігіне тән ортақ заңдылықтардың да бар екендігін дәлелдеп отыр. Ортақ заңдылықтар ортақ ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс (не құбылыстар) басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін. Ғылымның бүгінгі қорытындылары ретінде белгілі болған сондай заңдылықтар қай тілдің тарихын зерттеуде де есте болады, зерттеу үстінде белгілі болған қүбылысты түсіндіруде қолданыс табады. Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы баскы буынның екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдерінің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық. Сондай-ақ сөздің анлауты мен инлаутында й - ж (дж) дыбыс сәйкестігі, немесе дыбыс ауысуының болуы түркі тілдерімен қатар Индия мен Иран тілдерінде де бар. ХХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ Е. Д. Поливанов айтқан, дамудың барлық немесе кепшілік тілдерге ортақ себептері мен принциптері болатындығын бүгінгі лингвистика жоққа шығармайды, қайта дәлелдей түседі. Әрине, Е. Д. Поливанов 1928 жылы бұл пікірді өзбек тілінің ирандық ықпалға ұшыраған говорларына байланысты айтқан еді. Біздің заманымызда бұл көзқарас тек фонетика ғана емес, грамматика құрылысында да барлығы дәлелденіп отыр. Қазақ тілінің грамматикалық қүрылысының даму тарихын зерттеп, түсіндіруде осы аталған зерттеу әдістерінің қайсысы да қолданылып келеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Тарихи-салыстырмалы әдіс 2. Ретроспективтік тәсіл 3. Іштей реконструкция тәсілі 4. Типологиялық салыстыру әдісі 5. Ареалдық әдіс 6. Синхрондық сипаттау әдісі 7. Типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002 4. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. 5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1966. 6. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. А,1982. 4 – Дәріс Тақырыбы: Тарихи фонетика. Қазақ тілі фонетикалық жүйесі дамуының негізгі ерекшеліктері Жоспар: 1. Дауысты дыбыстар жүйесінің дамуы 2. Жеке дауыстылардың даму ерекшеліктері (ә, о, ө, ү, ұ) 3. Дауысты дыбыс сәйкестігі. Дифтонгтардың дамуы 4. Сингармонизм 5. Буын 6. Екпін 7. Дауыссыз дыбыстардың тарихы 8. Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тарихи өзгерістер 9. Фузиялық өзгешеліктер Мақсаты: Тіл дыбыстарының функциялық қызметін мағыналық тұрғыдан бір-бірінен саралап, жіктеп, ажыратып тұратын қызметі жағынан қарастыру. Дауысты дыбыстар жүйесінің даму ерекшелігін, заңдылықтарын анықтау. Дауыссыз дыбыстардың тарихы, дауыссыздар жүйесіндегі тарихи өзгерістер, фузиялық құбылыстарды қарастыру. Мазмұны: Фонетикалық зерттеу объектісі – сөйлеу тілі. Фонетика тілдің дыбыстар жүйесі мен ырғақ – дыбысталу сипатын бірге қарастырады. Яғни, фонетика саласы аталған құбылыстарды функциялық қызметі, дыбыстар жүйесі мен ырғақ – дыбысталу әуенінің дыбыс комплекстерін мағыналық тұрғыдан бір- бірінен саралап, жіктеп, ажыратып тұратын қызметі жағынан қарастырады. Фонетикалық зерттеулер фонологиялық мақсаттарға бағындырылады, оған фонологиялық сипат беріледі. Зерттеудің фонологиялық бағыты тілдегі фонемаларды, фонемалар жүйесін анықтауды мақсат тұтады. Бұл үшін зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Жиі қолданылатын әдіс – оппозиция әдісі. Бұл әдіс бойынша бір-бірінен мағыналық айырмашылығы бірен-саран дыбыс өзгешелігіне негізделген сөздер зерттеу объектісі ретінде алынады. Екінші әдіс – коммутация әдісі. Бұл әдіс бойынша объекті ретінде алынған сөз құрамындағы бір дыбыс басқадыбыспен ауыстырылады да, оның сөз мағынасына әсері зерттеледі. Фонетикалық зерттеулерде дистрибуциялық талдау әдісі де қолданылады. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Біраз зерттеулерде 9 дауысты фонема бар дейтін тұжырым айтылады. Қазақ тілінде 12 дауысты фонема бар деушілер дифтонгоид дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки/ киім қи тәрізді сөздер құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ тіліндегі 9 дауысты бар дейтін көзқарас шындыққа сай. Дауысты дыбыстардың санын, сол сияқты сапасы мен ерекшеліктерін анықтау үшін оларды фонетикада қалыптасқан принциптер бойынша топтарға жіктеу қажет. Дауысты дыбыстар жасалу орындарына қарай, дыбысталуына, еріннің қатысына қарай және дыбысталу процесінде тілдің көтерілу дәрежесіне қарай жіктеледі: 1) Дауыстылардың ашық және қысаң түрлері. Бұл дыбыстау мүшелерінің ашылу дәрежесіне негізделеді. Артикуляциялық мүшенің ашылу дәрежесіне сай дыбыстардың естілуі де екі түрлі: а, е, о, ө - ашық дауыстылар, ү, ұ, ы, і – қысаң дауыстылар. Бұл топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне тән. 2) Дауыстылардың жуан және жіңішке топтары дыбыстың айтылу тонының көтеріңкі не бәсең болуына негізделеді. Бұл принцип бойынша дауыстылар бір-біріне пар болатын екі топқа бөлінеді: а, о, ұ, ы – жуан, е, ө, ү, і – жіңішке фонемалар. Алайда қазіргі түркі тілдерінің барлығында да осы принцип түгел сақталмайды. 3) Дауыстылардың еріндік және езулік топтары. Еріндік дауыстылар түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көпшілік тілдерде сөз ішінде бірінші, екінші буындардан аспайды. Қазақ тілі дауыстылар жүйесінің дамуын Ж.Аралбаев үш түрлі кезеңге бөліп қарайды: көне түркі кезеңі, орта түркі кезеңі және жаңа түркі кезеңі. Осы аталған дәуірлерде түркі тілдеріқұрамында кейін заңдылыққа айналып кеткен фонетикалық өзгерістер келіп шықты. Көне түркі кезеңінде, Ж.Аралбаевтың айтуынша, түбір сөз бір дауысты фонемадан (г), дауысты және дауыссыз фонемалардан (ГС), дауыссыз және дауысты фонемадан (СГ), дауыссыз- дауысты-дауыссыз фонемалардан (СГС) құрылған. Бұл кезеңде фонетикалық буын лексика-грамматикалық морфемамен сәйкес болған. Соған орай үш дауысты фонема: а, ы, у болған. Қазіргі қазақ тіліндегі байырғы сөздердің де басым көпшілігі осы дауысты фонемалармен айтылады. Осы кезеңде дауыстылардың еріндік-езулік жіктелуіне негізделген қосарлы түбірлер (сарт-сұрт) де қалыптаса бастайды. Ал мұндай түбірлердің қалыптасуы дауыстылар гармониясы заңдылығының бастауы еді. Орта ғасырда жоғарыда айтылған дауыстылар негізінде жаңа е, і, ү дауыстылары келіп шықты. Бұл фонемалар алдыңғы түбір құрамындағы а, ы, у фонемаларының екінші түбір құрамындабейтараптануы, яғни, семантикалық қызметінің әлсізденуінің нәтижесі болды. Тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде ғана бұл дауыстылар фонемалық айырым белгілерге ие болды. Түркі тілдері вокализмінің 8 дауыстыдан тұратын жүйесі осы кезеңде қалыптасса керек. XV-XVI ғ. арасында дауыстылар жүйесі ә, и, у дыбыстарымен толығады. Ә дауыстысы шығыс тілдерінің ықпалының нәтижесі болса, и, у дыбыс қосындылары тіл құрамында болған дыбыс өзгерістерінің нәтижесі. Ә дыбысының тарихы. V-VІІІ ғ. жазбаларының тілінде де, орта ғасырдың алғашқы кезеңіне қатысты жазбаларда да мұндай фонема ұшырамайды. Қазақ тілінің фактілеріне қарағанда, ә фонемасы шығыс тілдерінің әсерімен қалыптасқан деген пікір дұрыс болса керек. Араб, парсы тілдерінің өзінде ғ, х немесе соларға жақын дыбыстардан басталатын сөздер қазақ тілінде ә-ден басталып айтылып қалыптасқан. Қазіргі қазақ тіліндегі Әкім, Әлі, Әли т.б. сөздердің шығыстық нұсқасына жақын түрі Әкім, Ғали. Бұл пікірдің дұрыстығына тағы бір себеп – бұл фонема қазақ тілінде тек сөздің басқы позициясында ғана айтылады. Оңтүстік қазақтары тілінде ә дыбысы өте жиі кездеседі. Бұл, сіра Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, сол аймақ тұрғындары тілінде арабизм мен парсизмдердің мол болуына байланысты болса керек. Әр сөзінің арғы түрі һар екені мәлім. Осы түбірден тараған сөздер де сондай: әркім, әрдайым, әралуан, әркез, әрқилы т.б. Ал әскер, әуе, әуел сөздері өз нұсқасында ғаскер, һауа, һауал түрінде дыбысталған. Қазіргі қазақ тілінде байырғы қазақ сөздерінің де ә дыбысынан басталатыны кездеседі: әпер, әкел. Бұл жердегі ә дыбысы екі түбірдің бірігіп, бір фразалық екпінге бағынуының салдарынан болған кейінгі ықпалдың нәтижесі: алып бер, алып кел күрделі етістіктері бірігу процесінде кейінгі буынның әсерінен жіңішкеріп кеткен. Ә дыбысы қолданатын үшінші бір орын – жәй, шәй сөздерінің құрамы. Әдетте ж, ш дыбыстарынан кейін айылатын жуан дауысты дыбыс жіңішкеруге бейім болады. Мұндай бейімділікке қосымша әсер – сөздің й- ге аяқталуы. Осы сөздердің жуан дауыстылармен айтылатын варианттары да бар. Сонымен қатар ә дыбысы Күләш тәрізді бірен-саран кісі аттары құрамында да айтылады. Бұл жердегі ә прогрессивтік ассимиляцияның нәтижесі, өйткені сөздің алдыңғы буынының құрамындағы к дауыссызы жіңішке дауыстыны қажет етеді. У, И, Ұ, Ү, О, Ө дыбыстарының тарихы. Су, бу, келу, кету сөздерінің құрамындағы у дыбысын қазақ тілі грамматикасында дифтонг дыбыс деп қарайды. Дифтонг деп танылуы алдынан көмескі болса да бірде ұ, бірде ү естіледі. Қазіргі тілдердің материалдарын салыстырсақ: хақас: суғ, тува, шор: суг, башқұрт: һыу, қазақ: су, қырғыз: суу т.б. Бұл фактілерден мына дыбыс сәйкестігін көруге болады: уғ// ыу// уу// у. Сонда қазақ тілінде уғ > у өзгерісі болған. Сондай-ақ, қазақ тіліндегі елу сөзін көне түркі тіліндегі елліг сөзімен салыстырғанда да іг >у сәйкестігі байқалады. Сонымен, у дифтонг дауыстысы көне түркі тілінде қолданылған уғ (кейде іг) дыбыс тіркесі негізінде қалыптасқан болып шығады. Көне түркі тілінің фактілерін салыстырайық: йығ – жи, йығыл – жиыл т.б. Қазіргі қазақ тіліндегі у, и дыбыстары о баста дауыстылар мен ғ, г дауыссыздары тіркесінің қазіргі жалғасы болып табылады. Ғ дыбысы жуан дауыстылармен, Г дыбысы жіңішке дауыстылармен тіркескен. Соған орай, солардың негізінде қалыптасқан дифтонгілер де бірде жуан, бірде жіңішке естіледі. И дифтонг дыбысының қазіргі тілде монофтонгіге айналу процесі де байқалады. Н.Жүнісов, С.Омарбеков Шымкент, Ташкент, Шу алқабы тұрғындары тілінде ый, ій қосар дыбыстарының ы, і түрінде қолданылатынына мынадай фактілер келтіреді: қымыл (қимыл), әр қылы (әр қилы), інабат (ійнабат), ықтымал (ықтимал), ұқта (ұйықта), мырас (мирас), пығыл (пиғыл) т.б. Зерттеушілер бұндай сөздер көбіне басқа тілдерден ауысып, орныққанын атап өтеді. Сонымен, қазақ тіліндегі у, и дифтонгілерінің қалыптасуы қазіргі кейбір тілдердегі (қырғыз, алтай) созылыңқы дауыстылардың пайда болуымен ұштасып жатқан құбылыс. Екінші жағынан, бұл қазақ тіліндегі таза у, и дыбыстары жоқ екендігін көрсетеді. Алайда, қазақ тіліндегі о, ө, е дыбыстарының сөз басындағы дифтонгілік сыпаты у, и дифтонгілерімен негіздес емес. О, ө, е дыбыстарының дифтонг тәріздес қолданысы сөздің абсолют басында ж дауыссызын қолданатын және о, ө, е дыбыстарының функциялық жағынан у, ү, і дыбыстарына қарсы қоятын тілдерге тән. Қазақ тілі дауыстыларының ішінде оқшау тұратын дыбыс – ұ. Түркі негіз тілінде сөздің абсолют басында у дауысты дыбысы айтылғандығын қазіргі тарихи түркология дәлелдеді. Түркі тілдері салыстырмалы-тарихи фонетикасының авторлары у дыбысынан басталған деп 10 түбір сөз келтірген: у (ұйқы), у (ұ - сақ), удз (ұй - қас), уқ (ұқ), ул (ұл-тан), ур (ұр), ут (ұт), уч (ұшы, бір заттың ұшы), уч (ұш). Бұл сөздер қазақ тілінде ұ-дан басталады. Көне түркі тілінде сөздің басқы буынында айтылған у дыбысы қазақ, т.б. қыпшақ тілдерінде қысқа айтылатын, о мен у немесе у мен ы арасында естілетін жуан дауыстыға ауысқан. V-VІІІ ғ. жазбалары тілінде: қул- құл, уйа-ұя, уруш-ұрыс, соғыс, ур-ұр, утру-ұтыры, кезі, дәл кезі т.б. МҚ: улуғ-ұлық, ұлы, улаш-ұлас, бір-бірімен жалғас, уйат-ұят. «Түрікше-арабша сөздік»: кулағ-қулақ, құлақ, кулан-құлан, кулач-құлаш, кулун-құлын т.б. бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі сөз басында айтылатын ұ-ның арғы түбі көне түркілік осы позициядағы у дыбысы болады. Қазіргі қазақ тілінде ұ дыбысы сөздің тек басқы позициясында тек бірінші буында ғана айтылады. Кейінгі буындардағы ұ қазақ сөзінде ы-ға жақын естіледі де, жазуда еленбейді. Бұл ерекшелік қазақ тіліндегі ерін үндестігінің әлсіздігінен туған – ерін дауыстысы езулікке айналады. Сөйтіп еріндіктен басталған сөздердің екінші буынындағы езулік ы дыбысы көбінесе көне түркілік у дыбысының көрінісі болып келеді у (ұ) – ы сәйкестігі түбір сөздер құрамында да ұшырасады: олдуруғ – отырық, оғулсуз – ұлсыз, баласыз т.б. Екіншіден, қазақ тіліндегі сөз басындағы ұ дыбысы көне түркілік оғ, уғ, ығ дыбыс тіркестеріне сәйкес айтылады: оғлан-ұлан, оғыл-ұл, оғры-ұры т.б. Алайда, оғ дыбыс тіркесінің қысқа, жуан дыбысқа айналуы тілдің құрамындағы барлық сөздерді түгелдей қамтымаған процесс. Көне түркі жазбаларының тілінде оғша (Құтты білік), оқша (Манихей ескерткіші) мағыналас сөздері кездеседі. Қазақ тілінде осының екеуі де сақталған: ұқса, оқса. Алдыңғысы әдеби норма да, соңғысы – диалектілік ерекшелік. Бұл фактілер көне түркілік о қазақ тілінде кейбір реттерде ұ-ға сәйкес келгендігін көрсетеді. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінде әдеби тілдегі о дыбысына ұ-ның сәйкес келуі жиі кездесетін құбылыстардың бірі: құлдану-қолдану, ұяну-ояну, сұрақы-сорақы. Керісінше, әдеби тілдегі ұ дыбысына о сәйкес келеді: оқсайды-ұқсайды, орпақ-ұрпақ, арық-торық – арық- тұрық т.б. Алайда, көне түркілік о дыбысы барлық уақытта қазақ тіліндегі ұ дыбысына сәйкес бола бермейді. О дыбысының ұ-ға сәйкестігі жеке сөздерді ғана қамтыған. Сөздің абсолют басында не бірінші буынында айтылатын ө, ұ дыбыстары көне түркі тілінің осындай позицияда қолданылған дыбыстарына сай келеді: өч- өш, өкүн-өкін, өл, өлүг-өлік, үчүн-үшін т.б. Сөздің екінші буынында байқалатын еріндік ықпал (ө, ү тәрізді) соның салдары. Көне түркі тілінде ү дыбысы екінші, үшінші буындарда да айтылған. Кейінгі буындарда айтылған көне түркілік ү қазақ тілінде әбден қысқарып делабизацияға ұшыраған. Мысалы: өкүнүч, түгүнчүк, күмүш, үчүн, үгүр, түшүр тәрізді сөздер қазақ тілінде өкініш, түйіншек, күміс, үшін, үйір, түсір тәрізді дыбысталады. Бұлардың құрамындағы ү қысқарып і-ге айналған. Сонымен, көне түркілік ө, ү дыбыстары негізінен бұрынға сапасында сақталған да, жеке сөздер құрамында ғана кейбір өзгерістерге ұшыраған. Қазіргі түркі тілдерінің құрамындла а-ның жуан ы-ға сәйкестігі ұшырасады. Мысалы: тува тілінде – тырт, ындығ, ында, хырын, басқа тілдерде – тарт, андағ (андай), анда, қарын, якут тілінде – сыт, сырдых, ый, ыл, ыт. Мұндай пікір авторлары түркі негіз тілі құрамында бір тайпа тілінде а-ның орнына ы айтылған болу керек дейді. Тайпа тілдері біртұтас тілге ұласу барысында сөздің бір позициясында екі түрлі дыбыстың жарыса қолданылуы болады да, кейін сол екеуінің бірі басым қолданылатын болып қалыптасады. Соның нәтижесінде көпшілік тілдерде а орнықты да, азғана тілдерде ыорнықты. Сонымен қатар, ы дыбысы дамуының екінші бір жолы да бар: у>ұ> ы: турна-тұрна-тырна. Қазақ тілінде: анда-мұнда, анда-мында, тұмақ-тымақ, шұбар-шыбар. V-VІІІ ғ. жазбалары тілінде е-і сәйкестігі болған. Бір ғана сөз бірде е, бірде і дауыстысымен айтылған. Мұның өзі әлгі екі дыбыстың бір буынды сөзде құрамында немесе бірінші буын құрамында, тайпа тілдерін бір-бірінен ерекшелейтін белгі болғанын көрсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде бір кездегі түркілік е дыбысы өзгеріске түсіп, қысаңға айналған: басқа тілдерде е-мен келетін сөздер қысаң і-мен ғана айтылады. Ал қазақ тілінде е дыбысы сақталған, қысқармаған. Көне түркі тілінде ег, егіл, егу сыпатында айтылған сөздер қазақ тілінде ій, ійіл, ійгі түрінде айтылады. Мұнда көне түркілік е қазақ тіліндегі і-ге сәйкес. Е-і сәйкестігі қазақ тілінде де кей сөздер құрамынан байқалады. Керпіш-кірпіш, зерек-зійрек т.б. Зерттеушілер қазақ тілінде ы, і монофтонгтарының дифтонгіге айналу фактілерін атайды: отырыйып, кеійп, тасыйп, жатыйп, кійійп (отырып, келіп, тасып, жатып, кійіп). Мұндай ерекшелік Шымкент, Ташкент облыстары мен Қарақалпақстан тұрғындары тілінде кездеседі. Мұндай құбылыстың ы, і дыбыстарына й дауыссызының қабаттасуы дифтонг дыбыстар сыпатын байқатады. Түркологияда әр кез еске алатын бір пікірге қарағанда да қазақ тіліндегі і қысаң дауысты дыбыстың этимологиялық жағынан е ашық дауыстымен байланысы барлығы айқын. Бұған тіл дамуының барысында фонетикалық өзгеріске ұшыраған байырғы түбірлер де дәлел болады. Көне түркі тіліндегі кед, ейгү, ег, егрі, егрім сөздері қазақ тілінде дифтонгілер арқылы қалыптасқаны мәлім. Бүгінгі қолданыста кій, ійгі, ій, ійір, ійірім түрінде дыбысталып, әлсіз і дыбысы айтылады. Сингармонизм. Дауыстылар гармониясы: 1) платальдық гармония немесе дауыстылардың жуан және жіңішке жағынан үндесуі. Көне түркі тілінде дауыстылардың жуан-жіңішке үнднсуі сөздің басынан аяғына дейін сақталады; 2) лабиалдық гармония немесе дауыстылардың еріндік үндесуі. Түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ дауыстылардың еріндік үндесуі жүйелі түрде сақталмайды. Мысалы, қазақ тілінде еріндік үндесу екінші буыннан аспайды, кейінгі буындарда еріндік мәнер әбден көмескіленген, сондықтан жазуда ескерілмейді. Ал түркі ескерткіштері тілінде сөз құрамында еріндік үндесудің біркелкі келетін жүйесі сақталмаған. Ол тілде бір сөз құрамында бірінші буындағы ерін даустысының кейінгі буындағы дауыстыға ықпалы болса, екінші бір сөзде ондай ықпал байқалмайды: буңсуз, буңсыз. Онан соң, кейінгі буындардағы дауыстыларға бірінші буындағы ерін дауыстысының ықпалы да алдыңғы дауыстылардың сапасына қарай болып отыратыны байқалады. Енесей ескерткіштерінде кейінгі буындағы ы, і дауыстылары басқы буындағы еріндік дауыстының ықпалымен еріндікке айналды. Бірақ осы позициядағы ашық дауыстылардың еріндік ықпалға ұшырауы кездеспейді. Қазіргі түркі тілдерінің ішіндегі ерін үндестігі жүйелі сақталатыны – қырғыз тілі ғана. Қырғыз тілінде лабиализация заңдылығының кең таралатындығы соншалық, кейінгі буындағы ашық дауыстылар да алдыңғы еріндіктің әсерімен еріндік мәнералады. Қазақ тілінде лабиализацияның бұл түрі тек диалектілік ерекшелік ретінде ғана ұшырасады. Бұған қарап, қазақ тіліндегі кейінгі буынның делабиализациясы кейінгі процесс деп қарауға болар еді. Бірақ диалектілік ерекшеліктің барлығы байырғылық емес. Кейде жаңа құбылыстың таралып үлгермеуі де диалектілер құрамында сақталып қалады. Сонымен қатар, көне түркі тілінде қосымшалар құрамында айтылған еріндіктер қазақ тілінде езулікке айналған немесе езулікпен ғана айтылады, ал сондай сөздердің басқы буында айтылған еріндік сол сапасын сақтаған: олур-отыр, ордун-орда, ортун- орта, қузғун-құзғын, өлүг-өлік. Бұл ретте мына жағдайды да ескеру керек: қазақ орфографиясы бойынша өлік, құзғын сөздері осы сыпатта жазылғанмен, орфоэпиялық норма бойынша соңғы буын құрамындағы ы, і дыбыстары айтылуда ұ, ү түрінде естіледі. Ал ежелгі ескерткіштер тілінде де осыған ұқсас фактілер ұшырасады: «Кодекс куманикусте» - бөрү, боғуз т.б. Бір буынды, екі буынды сөздерде ерін үндестігінің қалыпты норма екені байқалады. Абу-Хайиан грамматикасында ерін үндестігі бірде графикалық тәсілмен берілсе, бірде олар езулікпен берілген. Мұндай фактілер, әрине, ерін үндестігінің жүйелі екенін танытпаумен қатар, ол тілдерге әсте жат құбылыс екендігін де аңғартады. Оның үстіне, Абу-Хайиан жеке сөздердің бірде езулікпен, бірде еріндікпен айтылуын тайпа тілдерінің ерекшелігі ретінде түсіндіреді (қыпшақша темір, оғызша демүр). Дегенмен, қосымшалар құрамында еріндіктердің қолданылуы жайлы айтқанда, көне жазбалар тілінде кездесетін әр түрлілікті де ескерту керек. Қашқари – түріктер: бардым, арғулар: бардум, ал оғыздар: бардам деп сөйлейді деп ескертеді. Ибн-Мұхаммед Салих жедел өткен шақ тұлғасы езулікпен айтылады дейді де, сөзге әуезділік беру үшін ерін дауыстыларымен айтуға да болады, ескертеді (-ду, -ды). Ал қыпшақ сөйлеу тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» - көрдүк (көпше І ж.), көрүнді (ІІІ ж.), иолуқту (ІІІ ж.), көрду (ІІІ ж.). Сөйтіп Қашқари мен Абу- Хайиан еңбектерінде қосымшалардың еріндік не езулікпен келуі тайпа тілдерінің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі де, Мұхаммед Салих сөздің экспрессиялы болуының тәсілі деп қарайды. Сол сияқты «Кодекс» тілінің фактілерін де әр түрлі тайпа тілінің көрінісі деп қарауға мүмкіндік бар. Мұхаммед Салих ескертпесін басқа тіл өкілінің субъективтік естуі деп қарауға болады. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалардың құрамында еріндік дауыстылардың естілуі де бір кездегі субстрат тілдің ізі. Дауыстылардың гармониясы заңдылығы қазіргі қазақ тіліндегі барлық сөздер мен формаларға таралады деп қарауға болмайды. Тілдің сөздік қоры тек қана таза қазақ не түркілік сөздерден құралмайды, әр кезде әр түрлі жағдаймен байланысты басқа тілдерден енген сөздер мен формалар бар екені белгілі. Ал мұндай сөздердің көпшілігі гармония заңдылығына бағына бермейді: кітап, мұғалім, коммунизм тәрізді сөздер сондай. Сол сияқты, әдеби, рухани сөздердің құрамындағы –и, асхана сөзінің құрамындағы –хана аффикстерін осы заңдылық бойынша өзгертуге келмейді. Бұлардан басқа өз тіліміздің табиғатында пайда болған –паз, -қор, -нікі тәрізді аффикстер де бұл заңдылыққа бағынбайды. Сингармониялық параллельдер. Дауыстылар гармониясы заңдылығының табиғаты мен түрлері жайлы болгар зерттеушісі Моллова, сингармонизм мен дауыстылар гармониясы дейтін терминдер бір ғана құбылысты білдіреді деп қарамайды, олардыңі айтуынша сингармонизм – буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз бірдей қатысты Буын. Алтай тілдерінде, оның ішінде түркі тілдерінде, буынның негізгі екі түрі кездеседі: 1) ашық буын, 2) бітеу буын. Н.А.Баскаковтың айтуынша, түбір сөздердің ішіндегі ең байырғысы бітеу буын да, қалғандарының бәрі осы түрдің әр түрлі модификациясы. Бұл ретте қазіргі түркі тілдерінің құрамында сақталып қалған кейбір сөздердің ескі формалары және көне дәуірде қолданылған жазу түрлерінің қайсысы да сөздің фонетикалық сыпатын түгелдей бере алмайтындығы еске алынады. Мәселен, қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында су түбірі кездеседі, кейбірде суғ түбірі кездеседі. Сол сияқты, йу, жу//йуғ, сы, сын//сығын т.б. Сонда осы көрсетілген сөздердің қай вариантын көне, байырғы деп айтуға болар еді? Әрине, дауыссызға, дауыссыз болғанда да тарихы «әлсіз» деп есептелетін дауыссыздарға біткен варианттарын көне деп қарауға тура келеді. Олай болса, көне түркі тілі ескерткіштерінің кейбірінде кездесетін сы, су, бі (қазақ бие), йу тәрізді дауыстыға біткен біткен екі дыбысты түбірлер ескі түрі емес, жаңарған (әр түрлі фонетикалық өзгеріске ұшыраған) түрі деп қарау дәлелді. О баста «әлсіз» дауыссызға біткен түбірлердің соңғы дауыссыз дыбысы не алдыңғы дауыстарға ұласып созылыңқы дауысты құраған немесе түгелдей жойылып кеткен. Ал созылыңқы дауыстылар көпшілік тілдерде әдеттегі дауыстыға айналған. Осыдан барып дауыссыз-дауысты дыбыстардан ғана құралған түбірлер пайда болған деп қарауға болады. Бұл теорияны ұсынушылар де//те, же//йе тәрізді етістіктер де о баста й дауыссызына біткен деп есептейді. Яғни, олардың ойынша, де, те етістігінің алғашқы түрі тей, же етістігінің алғашқы тұлғасы жей. Бұл ретте олар ұйғыр, ноғай тілдерінде осы етістіктерден жасалатын қимыл есім формалары дейиш, жейиш түрінде, ал қазіргі түркі тілдерінде не түрінде айтылатын есімдік М.Қашқари сөздігіне нен, сол сияты бірсыпыра түркі тілдерінде бү түрінде айтылатын есімдік кейбір тілдерде (қазақ, қарақалпақ) бұл тәрізді дыбысталатынын да дәлелге келтіреді. Сонымен, түркі сөзі ең алғашқыда үш дыбысты түбірден (дауысссыз- дауысты-дауыссыз) жасалған деп қарайтын көзқарасты ұсынушылар екі дыбысты (дауысссыз-дауысты) түбірлердің көне түркі ескерткіштерінде де кездесуін соңғы «әлсіз»дауыссыздардың (р, л, н, ғ) алдыңғы дауыстымен ұласуынан, сөйтіп созылыңқы дауыстының пайда болуынан немесе сол дауыссыздың түгелдей түсіп қалуынан пайда болған деп есептейді. Сондай-ақ мұндай түбірлердің (дауыссыз-дауысты-дауыссыз) басқы дауыссызы түсіп қалуы да кздеседі. Мысалы, оңтүстік тілдердегі ол//бол. Кейде бұрынғы байырғы буынға (түбірге) сөз жасаушы элементтердің қосылуы арқылы да буын күрделенеді: айт, қайт (сонғы т). Осы сөздерді мыналармен салыстырсақ: айқай, қайыр, алдыңғы түбірдегі т дыбысы жоқ. Н.А.Баскаков ұсынған пікір көп ыңғайда көне түркі тілдерінің материалдарымен де деңгейлесіп қалады. И.А.Батмановтың зерттеулері бойынша Енесей жазуының ескерткіштерінде дауысты-дауыссыз түрімен қатар дауыссыз-дауысты-дауыссыз сипатты түбірлер бар да, соңғы түрі өте көп кездеседі. Түркітануда, сонымен бірге, дауыссыз-дауысты буыннан тұратын сөздер байырғы деп қарайтын да болжам бар. Мұндай болжам авторлары мынадай фактілерге сүйенеді: қо+/й/ қо+/зы//қо+/шақан/, кө+/з/ - (двойств, число) т.б. Сондай-ақ, ба (байлау) сү (әскер) тәрізді көне түркі материалдарын да осыған жатқызуға болады. Көне түркі түбірі екі дыбысты ашық буыннан тұрған деп есептейтіндердің бірі поляк ғалымы В.Котвич орыс тілінде «Исследование по алтайским языкам» деген атпен басылған зерттеуінде қазіргі алтай тілдеріндегі (тұңғыс-маньчжур, түркі монғол) түбірдің фонетикалық құрамын салыстыра келіп, тұңғыс тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан тұратын түбірлердің көптігін, ал түркі мен монғол тілдерінде екі дыбысты ашық буыннан және үш дыбысты бітеу буыннан құралатын түбірлердің арасалмағы шамалас екенін айтады. Бұдан ашық буынды түбірлер қалайда байырғы болуы керек дейтін қорытынды шығады. Олай болса, екі дауыссызға бітетін бітеу буыннан тұратын түбірлердің пайда болуын қалайша түсіндіруге болар еді? Екі дыбысты ашық буынды түбір теориясын жактаушылар, оның ішінде Котвич, монғол және түркі тілдері материалдарын тұңғыс-маньчжур тілдерімен салыстыра отырып, соңғыларда мұндай сипатты түбірлердің бүтіндей кездеспейтіндігін айтады. Олай болса, түркі тілдері мен монғол тілдерінде бір фонетикалық сипатта, бір мағынада қолданылатын қырық-қырға, шаш-сачу (етістік) тәрізді параллельдердің бірінде екі буынды, бірінде бір буынды болуын қалай деп қарауға болар еді? В.Котвичтің айтуынша, түбірдің мұндай сипаты алтай тілдеріне жат еді, сондықтан қалайда бұдан құтылуға тырысты (мүмкін тұңғыс тілдерінің өзгешелігі осының салдары болар). Сол себептен және екі дауыссыздың қосарлануынан құтылу үшін түркі-монғол тілдері қатар айтылған екі дауыссыздың арасына дауысты қойып айтуға немесе ең соңына дауысты дыбыс қосып айтуға мәжбүр болды. Монғол тілдері соңғы тәсілді пайдаланған да, түркі тілдері алдыңғы тәсілді қолданған. Сондықтан монғол тілдерінде көк емес көке, аб, ау емес, аба, ер емес ере, түн емес түне, қыр емес қыра т.б. Ал қазіргі түркі тілдерінде кездесетін бұлыт, тарақ о баста екі дауыссыз дыбысқа аяқталған бітеу буынды түбір болуы керек, яғни, бұлт, тарқ. Осы ізбен көне түркі тіліндегі балығ (қала), кергек (керек) сөздерді де балғ, керг болып айтылған деп қаралады. Өйткені монғол тілінде бұл сөздер балғасун, кергег түрінде айтылады екен. Түркі тілдерінде дауыссызға біткен түбірлерге монғол тілдерінде көбінесе а, е, у, ү дауысты дыбыстары қосылып айтылады. В.Котвичтің байқауынша түркі тілдерінде аффрикатқа бітетін сөздерге монғол тілінде қысаң дауыстылар қосылып айтылады да, басқа дауыссыздарға біткен сөздерге ашық дауыстылар қосылып айту жүйесі бар. В.Котвич монғол тілінің мына ерекшелігін көрсетеді: монғол тілінде сөз аяғы көбінесе үнді болып отырады. Ал түркі тілдері болса, сөз аяғында көбінесе қатаң дауыссыздарды (қ, к) қолданады да, сол позицияда ұяңдардың (ғ, г) айтылуы сирек кездеседі. Сөйтіп монғолдар қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздардың ара жігін ашып айтуға бейім болады да, осы мақсатпен сөз аяғын дауысты дыбысқа бітіруге ұмтылады. Өйткені, соңғы жағдайда ғана ұяңдар мен қатаңдардың ара жігі айқын көрінеді. Сонымен, В.Котвичтің дәлелдеуінше, монғолдық формалар, яғни, дауысты дыбысқа (ашық буынға) біткен формалар кейінгі дамудың жемісі де, ал түркілік қысқа формалар тарихи тұрғыдан әлдеқайда ескі болуы керек. Оның айтуынша, сөз соңында бір кезде қатар айтылған екі дауыссыздың ортасына дауысты дыбыс қойып бөліп айтуға бағытталған тенденция етек алған, соның салдарынан екі дауыссызға аяқталған түбірлердің саны, әрине, едәуір азаюға тиіс. Алайда түркі сөздері о баста үш дыбысты (дауыссыз-дауысты-дауыссыз) болған деп есептейтін ғалымдар В.Котвич келтірген фактілердің біразын түбір мен қосымшадан құралған негіз деп есептейді. Н.А.Баскаков бұлт, кергек сөздерін бұл-ұт, керг-ек деп қарайды да, соңғы буындарды есім жасайтын аффикс деп есептейді. Сонымен бірге, түркі-монғол тілдеріндегі сөздің буын құрамы туралы айтылған, ескерілуге тиіс пікірлердің бірі – белгілі монголист Владимирцовтың пікірі. Ол түркі-монғол параллельдерін салыстыра келіп, тарихи тұрғыдан ескісі және негіз тілге жақыны дауысты дыбыспен аяқталатын ашық буынға біткен монғолдық варианттар деп қарайды. Осы пікірді белгілі дәрежеде Н.К.Дмитриев те қайталады. Бұл олсыдан бұрын айтылған пікірге қарама-қарсы екені белгілі. Жоғарыдағы көзқарастар қазіргі түркі тілдеріндегі, оның ішінде қазіргі қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздерді ескеріп отырған жоқ. Еліктеуіш сөздер шығу, қалыптасу тұрғысынан мұндай тарихи болжамдарға тиек бола алмайды. Еліктеуіш сөздердің жасалуында артикуляциялық дыбыстау органдарының күшті қарқынмен жұмыс істеуіне байланысты көмескі айтылған дауыстылар түсіп қалады да, сөз екі дауыссыз дыбысқа аяқтала береді. Бірақ бұл құбылыстан тарихи өзгеріс байқалмайды. Сонымен, фонетикалық сипаты қандай болса да, аяқ, ауыз тәрізді сөздер көне тілде де осы құрамында (екі буынды) кездеседі. Кейбір дыбыстық өзгерістерді ескермесек, буын санының не азайып, не көбейіп кетпегендігін көреміз. Сөйтіп екі буынды сөздердің көпшілігі туралы кесіп айту қиын. Алайда, үш буынды сөздерден бастап түркі сөздері тарихи тұрғыдан туынды түбірлер болып келеді. Сарқыншақ, тұндырма, кимешек т.б. сөздер байырғы сөздер. Енді осы сөздерді үйірлес сөздермен салыстырып көрейік: сарқыншақ, сарқы, сарқыт, тұн (тын), тұндыр, тұнық, киім, ким (е) шек. Сөйтіп ұялас түбірлерді салыстырғанда, осы сөздердің барлығы да о баста бір, я екі буынды сөздер болып шығады. –шақ, - шек бір кезде есімдер құрамында кішірейткіш мәнді туғызудың өнімді тәсілі болған. Ал киім (е) шек сөзінің құрамындағы –е – екі дауыссыздың арасындағы (түбір мен қосымша жігіндегі) жалғастырушы дауысты ма,әлде монғол тіліндегі ұзартпалы дыбыс па (мысалы, көк, монғ. көке) – ол жағын ашып айту қиын. Қазіргі қазақ әдеби тілінде көп буынды сөздердің мол қолданылуын екі түрлі жағдаймен түсіндіруге болады: 1. Түркі тілдері агглютинативтік жүйеге жатады. Аглютинация – склеивание, яғни, жалғамалы деген сөз. Осы жүйеге сай о бастағы бір буынды, екі буынды сөздер жұрнақтар арқылы, кейде жалғаулар арқылы күрделі құрамды болып қалыптаса береді. 2. Шеттен енген сөздердің басым көпшілігі үш-төрт және одан да көп буынды болып келеді: телефон, динамика, пролетариат т.б. Қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығына байланысты дауыссыздар тіркесінен басталатын не аяқталатын сөздердің құрамы о баста бір, екі буынды болуына қарамай, айтылуда көп буынды болып шығады: стол, >ыс – тол, почтамт>поч-та-мыт т.б. Сөздің грамматикалық тұлғасының өзгеру, дамуын дыбыстарды тарихи тұрғысынан қарастырғанда ғана айқын түсінуге болады. Сондықтан сөз тұлғасын сөз етіп, оның буындық құрамы жайлы әңгімелегенде дыбыстардың тарихи ауысу, өзгеру жолын да еске алу керек. Сонда ғана сөздің байырғы түбірі мен кірігіп кеткен қосымша не түбірді айыруға болады. Әрі, бері, кері сөздері құрамындағы байырғы түбірлер ә, бе, ке, және рі – (рі ескі барыс тұлғасы) дегенде, ашудас сөзі о баста ащы тас тіркесі (фразалық екпін әсері) дегенде де біз сол фонетика заңдылықтарының тарихи өзгеру жолдарын ескереміз. Біздің қазіргі заманғы тіліміз даму барысында қайта құрылған, өзгеріске түсіп, жаңарған жүйелер тобымен бірге, «қайшылықтар», тілдің басқа жүйелік заңдылықтарымен үйлесе бермейтін құбылыстар тобынан тұратыны белгілі. Тіл механизімінің логикалық жетілгендігі соншалық, тіл қолданушылар ондай «үйлеспеушілікті» байқамайды. Тарихи грамматика сондай «үйлеспеушіліктердің» тарихи сырын ашу арқылы тіл жүріп өткен жолды бағдарлайды. Мәселен, қазіргі қазақ тіліндегі қысаң дауыстыларға, -қ, -к дауыссыздарына аяқталатын есімдер (көбіне сын есімдер), құрамында (сөз ортасында) нт, лт, рт, рқ тәрізді сонорлар мен қатаңдардың тіркесі бар екі буынды есім түбірлер, ғ, г, з дыбыстарынан басталатын есім сөздер, барғысы келеді тәрізді күрделі етістіктер т.б. қазақ тілі жүріп өткен жолды мегзейді, оның фонетикалық, грамматикалық құрылымында, лексикалық қорында болған өзгерістерге сілтейді. Диалект халықтың бір ғана тобының территориялық, не әлеуметтік тілдік ерекшелігі деп қаралады, ал халық қалыптасқанға дейінгі дәуірде әрбір диалект бір тайпаның, рудың тілі болған. Сондықтан бүгінгі тіл құрамындағы диалектілік айырмашылықтар көбіне тілдің көне дәуірінің біртұтас халық тілі қалыптасқанға дейінгі сипаты болып келеді. Диалектілік айырмашылықтардың бір тобы тілдің кейінгі дәуірлерінде пайда болуы да мүмкін. Соңғы топ әдетте тілдік байланыс, қатынастардың (языковые контакты) немесе экстралингвистикалық факторлардың жемісі болуы әбден ықтимал. Диалектілік ерекшеліктердің осы екі тобы да тіл тарихын, тілдің құрылымдық тарихын жасау үшін аса қажетті материал болады. Мәселен, диалектілік айырмашылықтар жазба ескерткіштер тілі ерекшеліктерін салыстыратын, сол арқылы тілдік өзгерістер айқындалатын тірек. Диалектілік ерекшеліктердің алдыңғы тобын ескерткіштер тілімен салыстыру арқылы тарихи құрылымдық өзгерістер айқындалса, соңғы тобын салыстыру арқылы тілдің экстралингвистикалық ықпал арқылы дамуы анықталады. Кей мәселелер жөнінде диалектілік ерекшелік тіл тарихын зерттеуде сүйенетін жалғыз ғана көз болады. Мысалы: ж~ш~н: шайқал, найқал, бұл сәйкестіктің арғы түбі й-ге барып тірелетіні айқын, сонда й~ж//ш~н, әлде й~н~ж~ш, о~ұ, арғы түбі у, сонда у~ұ~о; барулы~баратын, барамын екен~барады екенмін; барамыз екен~барады екенбіз, баралы~барайық т.б. Бұндай тұлғалар мен дыбыстық сәйкестіктер қазақ тілінің этногенезін, оның құрамына енген ру-тайпа тілдерін, оның қандай құрылымдық өзгерістерді басынан өткізгендігін айқындайды. Тілдің құрылымдық тарихын зерттеп білуде дәйек болатын бір сала – ономастика. Ономастикалық материал тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық даму жолдарының бірлікте болатынын дәлелдейді. Ономастикалық атаулар көбіне тілдің қалыптасқан сөз өзгеру жүйесінің аумағына сыймайды. Олар тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша жасалған болып келеді не ұмытылып кеткен мағынаны өз бойында сақтауы мүмкін. Мысалы: Ақсу – ақ ~ аққан су: бұл сөздің құрамынан синкретикалық түбір (ақ – етістік және есім) мен сөздің ұмытылған қолданысын (ақ етістік түбірдің есімдерше қолданысын) көруге болар еді. Ономастикалық материалдардың мынандай екі тобы бар: бір тобы – микротопонимдер мен антропонимдер. Микротопонимдер (шабындық, жайлау, қыстау, ұсақ өзен атаулары) мен антропонимдер (кісі аттары т.б.) құрамында өздері пайда болып, қалыптасқан аймақ, өлке тұрғындары тілінің белгілері сақталады. Ондай тілдік айырмашылықтар сол аймақты, өлкені мекендеген ру- тайпа тілдерінің негізгі белгілерін айқындауға мүмкіндік туғызады. Ономастикалық материалдардың екінші тобы – топонимдер. Топонимдер тілдік байланыстың, тілдік ықпалдасудың ерекше бір түрінің куәсы, соның нәтижесі де болып отырады. Мәселен, географиялық атаулар мыңдаған жылдар бойы, сол географиялық аудандағы тұрғындар ауысып жатса да, өзгермей қала беруі ықтимал. Бұл жағдай белгілі бір тілдің тарихындағы субстрат тілді анықтауға бірден-бір мүмкіндік туғызады. Мысалы, Оңтүстік Шығыс Қазақстан түп негізі монғол тілдеріне барып тірелетін атауларға толы. Мысалы: Зайсан, Тарбағатай, Талғар, Түрген т.б. Бұл атаулар осы аймақтың алғашқы тұрғындары (немесе осы аймақта алғаш көшіп-қонып жүргендер) кімдер болғанын анықтайды. Топонимикалық атаулар бір аймақта әр түрлі тарихи-әлеуметтік себептермен әр сипатты мәдени-тілдік топтардың тоғысуының куәсы, нәтижесі де болады. Мысалы, Қырым түбегінде гректер, осман түріктері, қыпшақтар мен оғыздар, кейін орыстар мен украиндықтар орнығып, мекендеді. Тарихи грамматикалық зерттеу, сондай-ақ басқа тілдерге ауысқан сөздерге және басқа тілдерден қазақ тіліне ауысқан сөздерге де негізделеді. Қазақ тілінен басқа тілдерге сөз ауысудың екі кезеңін айтуға болар еді: бірінші кезең қазақ халқы қалыптасқанға дейінгі дәуірлерде жеке ру, тайпа тілдерінен басқа тілдерге ауысқан сөздер. «Игорь полкі туралы сөздің» тілін зерттеуші түрколог Менгес сол заманғы шығыс славян тілдеріне ықпал жасаған тілдердің бірі қыпшақ-половец тілі екенін айтады. Науаи «Екі тілдің айтысы («Мухакамат әл-лұғатайин») атты еңбегінде келтірілетін, парсы тілдеріне ауысқан түркі сөздері. Ол сөздердің көпшілігі-ақ бүгінгі қыпшақ тобына жататын тілдерде, әсіресе, қазақ тілінде өзгеріссіз айтылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Тарихи фонетика. Дыбыстардың даму тарихы 2. Дауысты дыбыстар тарихы 3. Дауыссыз дыбыстардың тарихы 4. Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тарихи өзгерістер 5. Фузиялық өзгешеліктер 6. к, қ, н, ң, р, л дыбыстарының дамуы 7. ш, т, д, ж, з, м дыбыстарының дамуы Әдебиеттер: 1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 5-Дәріс Тақырыбы: Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны, салалары. Қазақ лексикографиясының тарихы Мазмұны: Тарихи лексикология тілдің сөздік құрамын, шығуын, замандар бойында қалыптасуын және дамуын, лексиканы құрастырушы арнала және олардың тарихы тұрғысынан зерттейді. Тарихи лексикологияның бір саласы – этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды. Этимолгиялық зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы өте зор. Тілдің тарихы мен ондағы сөздердің тарихы халықтың тарихымен тығыз байланысты болады. Осыған орай, сөздердің шығу төркіні жайындағы этимологиялық зерттеулер тарихи және этногенетикалық мәселелерді қарастырып шешуде де айрықша маңызға ие. Сөздер бір тілден басқа бір тілге ауысып енуге икем келеді. Көне замандарда бір тілден екінші тілге еніп, әбден қалыптасып кеткен кірме сөздер бойынша әр түрлі халықтардың ерте дәуірлерде бір-бірімен жасаған қарым-қатынастарының түрлерін айқындауға болады. Сөздердің өзгеріп даму тарихынан, әсіресе олардың мағыналық жақтан даму тарихынан, адам ойлауының табиғат құбылыстары мен қоғам құбылыстарын ғасырлар бойында танып білуге ұмтылып күш салуының тарихы көрінеді. Осыдан этимологиялық зерттеулердің екі түрлі проблемаға қатысы келіп туады: оның бірі – тіл мен тарих проблемасы, екіншісі – тіл мен ойлау проблемасы. Лексикологияның енді бір саласы – салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің сөздік құрамын, ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып қана қоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан қарастырады. Сондықтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады. Салыстырмалы-тарихи лексикологияның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екіншіден, өрбіп, өсіп, сан мыңдаған сөздер қосылып, бұл күнде оның аумағы да, арнасы да кеңіді. Қазіргі тілдердің лексикалық байлығы дамудың барысында замандар бойында қор жинау жолымен жасалды. Тілдің лексикасының замандар бойында қалыптасып жасалуының заңдылықтарын және оның тарихын танып білу туыстас тілдердің сөздік құрамын тарихи тұрғыдан қарастырып, бір-бірімен салыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ. Тілдің лексикасындағы әрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналық жақтары семисологияда қарастырылады. Семисология сөздердің мағыналарын және ол мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы бір сала болып саналады. Семисология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы.Семасиологияның лексикографиялық жұмыста да (сөздіктер жасау) маңызы айрықша. Сөздіктерде сөздің мағыналық жақтары талданады. Семисологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесіп, бағыт-бағдар сілтейді. Лексикологияның семасиология тарауымен тығыз байланысты бір саласы – ономосиология деп аталады. Ономосиология зат немесе құбылыс ұғымының белгілі бір сөзбен аталуының себебін қарастырады. Нақтырақ айтқанда, ономосиологиялық тұрғыдан қарастырғанда, ұғымның сөзбен аталу, белгілену жағына назар аударылады. Ономосиологияның диалектологияға да қатысы бар. Ономосиологияның диалектологияға қатысы әсіресе лингвистикалық географиядан айқын аңғарылады. Әр түрлі тілдердің диалектологиялық атластарының лексикологиялық картасы ономосиологиялық негізге сүйеніп жасалады да, бір заттың немесе құбылыстың диалектілердегі әр түрлі атауларының таралу шегі көрсетіледі. Ономосиологияның айрықша бір саласы – ономастика жалқы есімдерді зерттейді. Ономастика өз ішінде екі салаға бөлінеді: антропонимика кісі аттарын зерттеу объектісі етіп алса, екіншісі – топонимика географиялық атауларды зерттеу объектісі етіп қарастырады. Лексикография сөздіктерді құрастырудың ғылыми методикасы дегенді білдіреді. Сөздіктерді жасау үшін , тілдегі сөздер мен фразеологиялық оралымдарды жинау үшін оларды жүйеге келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сөздік жасау жұмысы лексикографиялық жұмыс деп аталады. Сөздіктердің тіл-тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. 1) Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін қамтып сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздіктер тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер қазіргі тілдің сөздіктері деп аталады. 2) Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздік деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуіріндегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұндай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктердің бұл түріне арнаулы сөздіктерді де (терминологиялық, синонимдер, фразеологиялық) жатқызуға болады. 3) Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: олардың алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілдік немесе көп тілдік аударма сөздіктер. 4) Сөздіктер оларда берілген сөздердің алфавит тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет-ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1. дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2. идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен сөздіктерді төрт түрлі топқа бөліп қарауға болады. І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұларға жататындар: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік. ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі. ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік. IV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер. Бұлардың қатарына енетіндер: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративті сөздік. Сұрақтары: 1. Сөздік қорға қандай сөздер жатады? 2. Сөздік құрамға қандай сөздер енеді? 3. Этимологияның нысаны 4. Салыстырмалы лексикологияның қарастыратын мәселелері 5. Сөздіктер тарихы Қолданылған әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002 4. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986. 5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. 6. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А,1994. 7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 8. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995. 9. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А,1986. 10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А,1966. 11. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. А,1982. 12. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. А., 1997 13. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1971. 14. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А, 1993. 6- Дәріс Тақырыбы: Тарихы морфология Жоспар: 1.Сөз түбірінің дамуы 2.Түбірдің дамуындағы процестер /фонетикалық, морфологиялық/ 3.Түбірлердің синкретизмі Мазмұны: Тілдің морфологиялық құрылымының тарихи даму оның туыс тілдер матеиалдарымен, тілдік тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырып зерттеу арқылы ғана емес, сол тілдің өз құрамында қалыптасқан тілдік элементтерді зерттеу арқылы да ашылады. Қазіргі қазақ тілінің осы күнгі морфологиялық құрылымының бүгінгі қалыпқа жету жолын да аталған әдістерді қатар қолдана отырып зерттегенде ғана айқын түсінуге болады. Егер қазіргі қазақ тілінің фактілерін тарихи ескерткіштер фактілерімен салыстырсақ, онда бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген біраз түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын көреміз. Морфологиялық элементтердің динамикалық дамуын қарастырғанда белгілі бір тілге тән тұлғаларды, мүмкіндігіне қарай, көне заман ескерткіштері фактілерімен де, туыс тілдер фактісімен де салыстыра қарау қажет. Тілдің морфологиялық құрылысының даму кезеңдерін білуде жергілікті ерекшеліктерді әдеби тіл нормаларымен, көне дәуір ескерткіштерімен және туыс тілдер материалдарымен салыстырып қараудың маңызы зор. Бұл тұрғыда мына жай еске алынады: жергілікті ерекшеліктер барлық жағдайда тілдің көне дәуірінің қалдығы бола бермейді. Олардың едәуір бөлігі кейінгі кезеңдерде көрші халықтармен жиі қарым-қатынас жасап, араласудың салдары болуы да мүмкін. Алайда, мына жай да ескерілуі тиіс: халықтың этникалық негізі көптеген ру-тайпалардан құралғандықтан, қазіргі уақытта кейде оғыз тілдерінің белгісі, қарлұқ тілдерінің элементі деп жүргендердің біразы-ақ халықтардың құрамына енген сол тайпалар тілдерінің қалдығы болуы да мүмкін. Сол себептен де жергілікті говорларда кездесетін бірсыпыра грамматикалық (морфологиялық) ерекшеліктердің тіліміздің морфологиялық құрылымының тарихи даму жолдарын зерттеуде бағалы материал болуы әбден ықтимал жай. Тілдің морфологиялық даму заңдылықтары жайлы сөз болғанда грамматикалық тұлғалардың дамуындағы кейбір факторлардың мәні ерекше. В.А. Богородицкий оларға қарапайымдану (опрощение), морфологиялық ығысу (морф. переразложение), аналогия және халықтық этимология, дифференциация, сөз мағынасының өзгеруі тәрізді құбылыстарды жатқызады. Бұл факторлар тілдің морфологиялық құрылымының дамуына үнемі әсер етіп отырады. Алайда ол сөздерді бүгінгі қолданушылар олардың құрандылығына немесе олардың әр бөліктерінің бір кезегі мағыналарына зер салмайды, қазіргі қолданыста ол сөздердің әрқайсысы – беретін мағынасы тұрғысынан бөліп жаруға келмейтін бір ғана түбір. Мысалы, қазіргі тілімізде бар ашудас, ай қабақ, ақ табан, алаөкпе,, бізқұйрық, бірқазан т.б. сөздерді немесе Жанұзақ, Тоқсанбай тәрізді кісі аттарын қолданғанда олардың құрамы және о бастағы мән-мағынасы туралы ойланып жатпайды. Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстыру арқылы, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мысалы, ілгері, айт, жоры, алда, байла, арт, сан т.б. Осы сөздердің қай-қайсы да жоғарыда айтылғандай, түбір мен қосымшаның жымдасып кетуінен пайда болған. Қазіргі тілімізде байырғы түбір деп қаралатын толып жатқан бір буынды сөздердің морфологиялық қарапайымдану (А.Н. Кононов мұны фузия, яғни жымдасу, Рамстедт сращение деп атайды) процесінің нәтижесінде барып қалыптасқанын көреміз. Алайда морфологиялық жымдасу (қарапайымдану, фузия) тек түбір мен қосымшаның бірігіп, бөліп-жаруға келмейтін ұғымға ие болуына ғана әсер етіп қоймаса керек. Бір фонемадан ғана тұратын алғашқы қосымшалардың фузияның нәтижесінде өзара жымдасып, бірігіп кетуінің салдарынан осы күнгі бір буынды (кейде екі буынды) аффикстер қалыптасса керек, А.Н. Кононов осындай топқа – ғылтым (-ғы+л+ты+м), - сымақ (-сы+ма+қ), - мтыл (-м+ты+л) аффикстерін жатқызады. Бұл аффикстерді ол, қазіргі түркі тілдерінің фактілеріне сүйене отырып, кішірейткіш және ұқсастыру (уподобление) аффикстерінің жымдасуынан қалыптасқан деп қарайды. Сөйтіп фузия – түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің морфологиялық құрылысына үлкен із қалдырған процестің бірі, фузия арқылы жеке түбірлер, түбір мен қосымшалар, қосымшалар мен қосымшалар бір-бірімен жымдасып, ажыратып болмастай күйге жеткен. Көп ретте фузияға ұшыраған тілдік элементтер өзінің о бастағы дербестігінен айырылып қалады. Морфологиялық құрылымның дамуы барысында бір ғана тұлғаның әр түрлі варианттары грамматикалық және мағыналық жақтарынан дифференцияланып, әрқайсысы өзінше, грамматикалық және семантикалық дербес мәнге ие болатын кездері де бар. Қазіргі тілімізде қыстақ, қыстау, бақ, бау, тақ, тау, адыр- айыр, адақтау-аяқтау тәрізді бір грамматикалық классқа жатқанмен, әр түрлі дыбысталатын сөздер бар. Бұлардың бір-бірінен грамматикалық айырмашылығы жоқ. Бар айырма – олардың мәнінде, қазіргі қолданылуында. Сөздердің белгілі бір морфологиялық тұлғада қалыптасуы кейде аналогия жолымен де болады. Тілді қолданушылардың санасында ұқсас, орайлас сөздердің морфологиялық жағынан ыңғайлас қолданылатын кездері бар. Қазіргі қазақ тілінде жирманшы – жиырмасыншы деген жарыспалы сөздердің пайда болуында аналогияның ізі байқалады. Морфологиялық тұлғалардың тарихи өзгерісін байқауда фонетикалық заңдылықтардың мәні зор. Дыбыстардың тарихи ауысулары мен сәйкестіктері, редукция және элизия құбылыстары, екпіннің ықпалы т.б. сөздің құрылысына, морфологиялық тұлғаға әсер етпей қоймайтыны айқын. Сонымен бірге, сөз құрамында дивергенция және конвергенция құбылыстарының да ізі кездесіп отырады. Дивергенция, яғни, бір дыбыстың бірнеше вариантқа ыдырауы сөздің немесе грамматикалық тұлғаның да бірнеше вариантта айтылуына негіз жасайды. Дивергендік варианттардың мысалы ретінде қазақ тілінде ертеден сақталып қалған жер-су аттарының құрамындағы кейбір аффикстер мен олардың қазіргі тілде өнімді қолданылатын варианттарын салыстыруға болар еді. Шідерті, Өлеңті, Мойынты тәрізді атаулар құрамындағы –ты//-ті мен қазіргі тілдегі –лы//-лі бір ғана аффикс. Сөздің, гармматикалық тұлғаларды бойында кездесетін кейбір өзгерістердің себебі – дыбыстардың конвергенциясы. Богородицкий конвергенция деп атаған бұл құбылыс генезисі жағынан әр түрлі топтарға жататын сөздер мен тұлғалардың дыбысталуы жағынан бірыңғай, бірдейлігін білдіреді. Ол баста әр түрлі генезистен тараған, соған орай бір-бірінен өзгеше дыбысталған кейбір сөздер мен тұлғалар дыбыстардың акустикалық заңына негізделіп, бір ғана фонетикалық пішін алады да, сырттай қарағанда морфологиялық бір ұя, бір тұлға тәрізді көрінеді. Морфологиялық категориялардың ішіндегі ең бастылары – сөз таптары. Түркі тілдерінің өте көне дәуірінде осы күнгідей сан салалы, жіктелген сөз таптары айқын көрінбеген. Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінде қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарының бәрі бірдей кездеспейді. Және барларының өзі де осы күнгі тіліміздегідей дамыған, сараланған дәрежеде емес. Ол тілде бір-бірінен айқын сараланған сөз таптары зат есімдер мен етістіктер. Есімдер тобында басқалардан айқын жігін ашқаны – сан есімдер. Түбірлердің синкретизмі. Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшелігі туралы айтқанда бір ескеретін жай – түбірлердің синкретизмі мәселесі. П.М.Мелиоранский Күлтегін ескертішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етістік түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан шығар деген ой айтқан. Кейінгі уақытта да түркі тілдеріндегі есім, етістік түбірлердің омонимдігі проблемалық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құрамында айқындалады. Етістік түбірдің есім мағынасы тұрақты тіркестер құрамында ұшырасады. Э.В.Севротян келтірген материалдарға негізінде қазақ тіліндегі мынадай ұқсас түбірлерді көрсетуге болады: аң түбірінен қазақ тілінде аңсыз (байқамсыз) сын есім, сол түбірден аңда (кейде аңлау), аңса етістіктері жасалған. Бұлармен түбірлес аңсар сөзі аңсарым ауды тұрақты тіркесінде ғана сақталған. Аңды туынды етістігі – актив сөз. Сол сияқты, аш – етістік, ашық – сын есім (әрекеттің нәтижесі), ашық – сын есім (түсті білдіреді), аш – сын есім. Егер осы келтірілген мысалдарды байырғы түбірлер деп қарасақ, есімдер мен етістіктердің түбір сәйкестігін – бір ғана түбірден (немесе фонетикалық құрамы бірдей түбірлерден) әрі есім, әрі етістік жасалғанын көреміз. Енді бір алуан түбірлер түрлі ыңғайда ұшырасады. Мысалы, кең, кеңіс, кеңістік, тын, тыныш, тыныштық, ұят, ұял, ұялу, ары, арық, арықтық, сен, сенім, сенімді, көн, көк, көнікті т.б. сөздерін шартты түрде екі топқа: алдыңғы екі сөзді (кең және тын) бір топқа, соңғыларын екінші топқа ажыратуға болар еді. (әрине, тағы да қазіргі тілдің нормасы бойынша). Өйткені кең және тын қазіргі қазақ тілінде тек қана есім есебінде ұғынылады. Бірақ бір өзгешелігі: кеңіс, тыныш сөздерінің құрамындағы –іс, -ыш аффикстері - әсте есім түбірлерге жалғанбайтын қосымшалар. Бұл фактілердің бәрі есім және етістік түбірлердің көп ретте бір-біріне ыңғайланып отыратынын байқатады. Бұл сәйкестік тек алғашқы түбірлер ғана емес, кейінгі, екінші дәрежелі түбірлер тұлғасында да байқалады. Э.В.Севоротян бұларды синкретикалық негіздер деп атайды. Н.К.Дмитриев етістіктердің тарихи қалыптасуының үш түрлі сатысын көрсетеді: 1) етістік түбірлердің қазір байқауға болатын ең алғашқы кезеңі де, оның ерекшелігі есім мен етістік негіздерінің тұлғалық сәйкестігінен көрінеді. Мұндай негіздер лексикалық единицалар тәрізді дербес тұрып бөлектенбей, тек қана контекс құрамында синтаксистік единицалар есебінде бір-бірінен жіктеліп түсінілген; 2) есім мен етістік негіздердің бір- бірінен фонетикалық алмасулар арқылы жіктелуі; 3) етістік жасаудың тұрақты және негізгі жолы – аффиксация қалыптасқан, осы арқылы етістіктер мен есімдер бір-бірінен грамматикалық жағынан жіктеліп бөлінген. Сөйтіп бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: тіл құрамында есім негіздер мен етістік негіздердің жіктелуі – фонетикалық ұқсас негіздердің тарихи даму барысында қалыптасқан құбылыс. Сол себепті де бір-біріне ұқсас сөздер ежелгі дәуірде әсте дербес лексемалар емес, қайта контекс құрамында ғана бір-бірінен ерекшеленетін синтаксистік элементтер ғана болған. Алайда есім мен етістік негіздерінің синкретизмі туралы айтқанда, олардың арасындағы мағыналық байланысты ұмытуға болмайды. Етістік пен есімдердің синкретизмі үш түрлі болып келеді: синкретикалық байырғы түбірлер, синкретикалық туынды түбірлер және синкретикалық қосымшалар. Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей болмайтын сөздер. Фонетикалық құрылысы жағынан синкретикалық түбірлер бір-бірінен ерекше де болуы мүмкін. Алайда олардың арасындағы фонетикалық айырма түркі тілдерінің дамуы барысында қалыптасқан дыбыс сәйкестігінің ізі немесе түркі тілдерінің өте ескі дәуіріндегі дауыстылардың «тұрақсыз» қолданысының қалдығы болуы мүмкін. Қазақ тіліндегі көз, көр сөздері дауыссыз дыбыс сәйкестіктері негізінде қалыптасса, тура, түзу, тер, тіз сөздері әрі дауыссыздыбыс сәйкестіктері, әрі дауыстылардың «тұрақсыздығы» нәтижесінде қалыптасқан. Синкретикалық түбірлердің пайда болуын конверсия құбылысының нәтижесі деп қарауға әсте болмайды. Өйткені түркі тілдеріндегі сөздердің бір кездегі екі жақтылығы сол күйінде қалып қойған жоқ, әрі қарай екі бағытта бір тобы есімдер, бір тобы етістіктер болып, арнайы морфологиялық тұлғаларға жіктеліп дамыды. Кейде түркі тілдерінде конвергенсияның екінші түрі – Богородицкий айтатын фонетикалық конвергенция құбылысы ұшырасатыны бар. Негізі де, семантикасы да бір-біріне ешбір ұқсамайтын сөздер фонетикалық өзгерістің нәтижесінде бір ғана сипат алады. Синкретикалық түбірлер бұл құбылысқа да жатпайды. Синкретикалық түбірлердің табиғатын тануда айрықша назар аударуды қажет ететін мәселе – олардың өзара семантикалық байланыстары. Әдетте синкретикалық етістіктер мен есімдер бір-бірімен себептілік байланыста болып отырады. Мысалы, ауыр дейтін етістіктен сол процестің нәтижесі болып саналатын ұғым атауы ауыру есімі келіп шығады. Синкретикалық түбірлер мен негіздерді шолу мынадай қорытындыларға алып келеді: ең алдымен, етістіктер мен есімдердің грамматикалық формалар арқылы өз алдарына грамматикалық кластар есебінде қалыптасуы – тіл дамуының барысында пайда болған тарихи құбылыс. Тілдің өте ежелгі дәуірінде бір- бірінен синтаксистік қоршау арқылы ғана ажыраған сөздер келе-келе жеке грамматикалық форманттарға ие болып, лексикалық, синтаксистік жағынан да ажыраған. Олай болса, тарихи тұрғыдан сөздердің етістік жәе есім деп аталатын грамматикалық кластарға жіктелуі тілдің грамматикалық құрылысының дамуымен, соның нәтижесінде аффиксация тәсілінің пайда болуымен байланысты. Алайда аффиксация тәсілінің пайда болуынан кейін де түбірлердің синкретизмі жойылып кете қоймаса керек. Оның себебін алдымен аффикстердің екі түрлі қызметінен қарастырған жөн. Аффикстердің белгілі бір тобы есімде, етістік те жасау арқылы бұрынғы синкретикалық қалыпты жалғастырса, енді бір тобы айқын есім мәнінде қалыптасқан түбірлерге де, айқын етістік мәнінде қалыптасқан түбірлерге де жалғанып, грамматикалық диффузия қалпында қала береді. Қазіргі тілде байырғы түбірлер деп қаралатын біраз сөздердің құрамын салыстыра талдағанда, олардың қайсысы да ежелгі түбір (қазір өзінің мағыналық, грамматикалық дербестігін жоғалтқан) мен қосымшаларға ажырайтыны байқалады. Өлі түбірлердің үлкен бір тобы –с қосымшасымен келеді: үлес есімі бар, жаңа сөз жасауға негіз де болады: үлестір, үлестіруші т.б. Көне түркі тілінде үле түбірінің үлеш, үлештір, үлет тұлғалары, яғни, етіс тұлғалары қолданылғын: Көне «түркі сөздігінің» авторлары оларды былай түсіндіреді: «үлеш – совм. От үле...», - екінші сөзбен ортақ етіс тұлғасы, «үлештүр – совм. побуд. от үле...», «үлет – побуд. от үле» (ДТС, 624). Сөйтіп ол тілде үле түбірі еркін, дербес қолданылған да, етіс қосымшалары сол түбірге тікелей қосылған. Дегенмен, қазақ тілінде үлес есімінің омонимі ортақ етіс мәнінде жұмсалатын үлес етістігінің тұлғалық бірдейлігі фонетикалық конвергенцияның нәтижесі. Ұлас (ұласу) етістігі қазақ тілінде тек осы сипатында ғана жұмсалады. Қазіргі тілде түбір деп қаралатын едәуір сөздер тобы –қа (-ға), -ке (- ге) тұлғалы болып келеді. Олардың едәуір көпшілігі етістік түбірлер. Радлов «Сөздігінде» «булан – быть смешанным, сделаться мутным, темнеть... буланықылық – мутность, темнота..., буланық – смешанный, взболтанный, мутный, возбужденный..., буландыр – болтать, мутить» - деп түсіндіреді де, осман түріктері мен Қырым татарлары тілдеріне сілтеме беріледі. Оның үстіне, Радлов булан сөзін була-н деп талдайды. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі бұлға етістігі мына тәріздес элементтерге ажырайтын болады: бұла-ға>бұл-(а)+ға>бұл-ға. Негіз тұрғысынан бұл етістік буалдыр есімімен түбірлес болып шығады. Қазіргі тілімізде түбір деп қаралатын бірсыпыра сөздер –р (ыр, -ір) формантымен келеді. Жасыр етістігі қазіргі тіл тұрғысынан құрама элементтерге ажырамайды, оның себебі –ыр қосымша екенін білсек те, жас дейтін дербес мағыналы түбір жоқ. Ал көне түркі тілінде: «йаш – скрываться: ол мені көрүп йашты – он увидев меня, скрылся» (ДТС, 246). Елір етістігінің құрама екені өзімен түбірлес еліт сөзімен салыстырғанда байқалады. Екеуіне де ортақ түбір – елі – і/р – і/т қосымшалары ажырайды. Алайда қазақ тілінде дербес қолданылатын мұндай түбір жоқ. Қазіргі қазақ тілінде –н қосымшасымен қалыптасқан сөздер де үлкен топ. Б.Юнусалиевтің белгілі зерттеуінде осы аффикс арқылы қалыптасқан 7-8 түбір сөз келтіріледі: келін, сауын, сан, жалын, құйын, жақын, жуан. Б.Юнусалиев этимологиясын негізінен қостай отырып, кейбір жерлерде дәлдік қажеттігін айтпасқа болмайды. Қырғыз тіліндегі жоон, қазақ тіліндегі жуан бір ғана түбірдің екі түрлі фонетикалық варианты екені айқын. Көне түркі тілінде осы мәндес сөздің үш түрлі варианты кездеседі: йаған (Малов, 383), йоған (Малов, 389), йоғун (ДТС, 270). Қазіргі тілімізде түбір деп қаралатын бірсыпыра сөздер – т тұлғасында келеді. Бұл тұлға да осыдан бұрын әңгіме болған қосымшалар тәрізді етістіктер құрамында да есімдер құрамында да кездеседі. Айт, көне түркі тілінде: «ай – говорить, рассказывать, указывать распоряжаться...» (ДТС, 25), «айыт – побуд. от ай... айтыш – побуд. совм. От ай...» (ДТС, 29-80). Бірақ кейінгі дәуірлерге қатысты қыпшақ жазбаларында: айт (АФ. «Ат - тухват», ПД.), яғни, түбір мен қосымшасының тұтасқан түрі ғана қолданылған: қайт, көне түркі тілінде: «қай – поварачиваться, оборачиваться... қайыт – свернуться, поклониться в сторону... қайыш – совм. от қай - ...» (ДТС, 406,407). Бірақ:ПД, СС, Абух., қайт, түбір мен қосымшасының тұтасуы. -т тұлғалы есімдер де бар. Олардың қай-қайсысы да етістік түбірден жасалғандығы байқалады. Кейбірі мына төмендегідей: үміт, көне түркі тілінде: «ум – надеяться, ожидать...» (ДТС, 616). Сонымен бірге, тілімізде –а, -е қосымшаларымен қалыптасқан түбірлер кездеседі. Мысалы, түзе, осы етістікпен түбірлес түзік сын есім де бар, екеуіне ортақ түбір – тұз, көне түркі тілінде – «түз – 1, приводить в порядок, наводить порядок, устраивать, улаживать, 2, ровнять выравнивать» (ДТС, 602). Қазақ тіліндегі түзе тарихи негізі алғашқы түбірдің осы мәндерінің бәрін де бойында сақтаған. Тілімізде –л тұлғалы түбірлер де бар. Бұл тұлғада қалыптасқан түбірлер де бірде есім, бірде етістік болып келеді. –л тұлғалы жасыл, қызыл, жегіл сөздері туралы түркологиялық зерттеулерде әр кез айтылып келе жатыр. Зерттеушілер қызыл сын есімін қыз етістік түбірі мен –л қосымшасына, жасыл, жеңіл сөздерін де жас , жең түбірлері мен-л қосымшасына ажыратады. Және мұндай талдаулар түркі тілдерінің барлығына дерлік ортақ екенін айтады. Дегенмен, осы тұлғалы кейбір есім сөздерге тоқталу артық емес. Қазақ тілінде батыл, қатал сын есімдері қолданылады. Көне түркі тілдерінде «бат – быстро, скоро... бата – тотчас...» (ДТС, 88-89). Қатал сын есіміне негіз болған түбір қазіргі тілде де актив қолданылады. Көне түркі тілінде де: «становтиься твердым, твердеть...» (ДТС, 432). Алайда қатал сын есімі тікелей қат түбірінен жасалмаған. Радлов «Сөздігінде» орта ғасыр әдеби тілдерінде қолданылған қатаған, қыпшақ, осман түріктері тілдеріндеқолданылған қаты тұлғасы көрсетіледі. Қазақ тіліндегі қатаң тұлғасын ескерсек, қатал сын есіміне негіз болған таза түбір емес сол етістік түбірдің көсемше тұлғасы деуге дәлел бар. Етістіктер құрамында да –л қосымшасы жиі кездеседі. Қазіргі тілдегі –л етістік түбірді ырықсыз етіске айналдырады, яғни, қимыл-әрекет, істі істеушінің еркінен тыс орындалатын сыпатты білдіреді. Осы тұлға қазіргі тілімізде түбір деп есептелетін етістіктер құрамынан да кездеседі. Осы орайда бір ескеретін жай мынандай: қазіргі қазақ тілінде осы тұлғалас кейбір етістіктерсырт көзге есім түбірден жасалған тәрізді көрінеді. Өйткені сондай есім түбірлер қазіргі тілде дербес актив қолданылады. Мысалы, тіріл, тарыл етістіктерін тірі, тар сын есімдерінен жасалған деп айтуға сондай негіз бар. Бірақ көне түркі тілінде «тіргүд – оживлять...тіргүр – оживлять... тіргүз – оживлять... тіріг – живой... тіргілік – жизнь... тіріл – жить, оживать, воскресть...» (ДТС, 562). Бұлардың барлығы бір ғана түбірден тарағандар. Олай болса, қазақ тіліндегі тіріл етістігіне негіз болған сын есім мәнін берген түбір емес, етістік түбір. Түбір мен қосымша аралығындағы қысаң (ы) жалғастырушы дауысты. Ал тірі сын есімі соңғы дыбыстың (г) түсіп қалуының нәтижесі. Соның салдарынан етістік түбір мен сын есім тұлғасы сыртқы пішіні жағынан бірдей болып шыққан. Екінші сөзбен, бұл жерде фонетикалық конвергенция құбылысының нәтижесін көреміз. Қазіргі тілде бірсыпыра түбірлер –ра//-ре тұлғалы болып отырады. Сан жағынан бұлар аса үлкен топ та емес. Кейбір фактілерге қарағанда, -ра екі түрлі аффикстің қосындысы. Мысалы, ажыра етістігі соны дәлелдейді. Көне түркі тілінде адыр, соның фонетикалық бір варианты ажыр//аджыр. Онда соңғы –а негіздің ескіруімен байланысты қосылған қосымша болып шығады. Байырғы түбірлердің біразы –ы//-і аффиксімен күрделенген. Фактілерге қарағанда, бұл аффикс арқылы күрделенген түбірлер есімдер тобынан да, етістік тобынан да табылады. Жоры, көне түркі тілінде: «йор –объяснить, толковать», «жор-ы». Қазақ тіліндегі негіз байырғы түбірдің мағынасын сақтап қалған. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 8. Тарихи морфологияның зерттеу нысаны, мақсаты 9. Түбірдің сипаты. Түбірлердің синкретизмі 10. Сөз мағынасының дамуы, конверсия құбылысы Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002 4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 5. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. А., 1976. 7-Дәріс Тақырыбы: Зат есім. Зат есімнің жалғаулары Жоспар: 1. Көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары 2. Зат есімнің септік категориясы Мақсаты: Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі жайлы. Есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі. Зат есім. Зат есімнің жалғаулары жайлы мағлұмат беру. Мазмұны: Тіліміздегі «есімдер» деп аталатын топқа жататын сөздердің грамматикалық кластары тарихи даму тұрғысынан бір-бірімен ұштасып, байланысып жатады. Мысалы, зат есімнің жеке семантикалық топтарының қалыптасуы жайлы айтқан дәл сондай тұлғалы сын есімдер тобының қалыптасуын назардан тыс қалдыруға болмайды. Сөздердің грамматикалық кластарға жіктелуі сөйлем ішіндегі мәні мен қызметіне байланысты болған құбылыс. Айталық сөйлем құрамында үнемі бастауыш қызметінде жұмсалу, яғни, айтылатын ойдың иесін білдіріп, басқа сөздерге тәуелсіз қолдану зат есімдердің дербес, тәуелсіз қолданылатын сөз ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Акад. И.И.Меншанинов: «Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш, толықтауыш) болуымен жіктеліп шықты» - дейді. Ал сол зат есімдермен іргелес, соларға бағынышты қолданылатын сын есімдердің сөз табы ретінде қалыптасуы туралы үндіевропа тілдерінің материалдары негізінде акад. В.М.Жирмунский: «Грамматикалық жағынан тұлғаланған сын есімдер категориясының қалыптасуы, яғни, есімдердің зат есімдер мен сын есімдерге жіктелуі, үндіевропа тілдерінде салыстырмалы грамматика әдістері арқылы көрінеді», - дейді. Нақ осы тұжырымды түркі тілдеріндегі, солардың бірі – қазақ тіліндегі зат есімдер мен сын есімдерге де қолдануға болады. Алтай тілдері тарихын зерттеушілер де сөз таптарының қалыптасуы туралы осыған ұқсас пікір айтады. Сонымен, есім сөз таптарының грамматикалық класс ретінде қалыптасуы тек зат есімдер мен сын есімдер арасындағы байланыстан ғана көрінбейді, олардың басқа топтарының да алдыңғы екі топқа қатысынан байқалады. Бұл айтылғандарға қоса акад. И.И:Меншаниновтың сөздердің атрибут (анықтауыш) мүше болып жұмсалуынан сын есімдер, пысықтауыш мүше ретінде жұмсалуынан – үстеу қалыптасты дейтін ескертпесін еске алу керек. Егер осы айтылғандардың бәрін қорытындылай келсек, есімдердің әрі грамматикалық класс болуымен бірге, лексикалық та топ екендігін, осы ерекшеліктердің өзі, айналып келгенде, олардың тарихи қалыптасуынан туғандығын көреміз. Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілі үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел. Есімдердің бір тобы – сан есімдер түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жатады. Егер сандық ұғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды. Сонымен есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келеді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады. Зат есім – есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соғансйкес дербес қолданылатын да сөздер. Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Көптік категориясы және көптік жалғаулары. Түркі тілдерінің көне дәуірлеріне қатысты мұралар тілінде де жекелік мәнді білдіретін арнайы аффикстер болмағаны мәлім. Көптік мән арнайы жалғаулар арқылы да, яғни, морфологиялық тәсіл, сөздің лексикалық мағынасы, яғни, лексикалық тәсіл арқылы және сөз тіркестері синтаксистік тәсіл арқылы да берілген. Кейбір жеке сөздердің лексикалық мағынасының өзінде топтасу, жинақтау ұғымы жатады. Мысалы, йылқы (жылқы), барым (мүлік-дүние) тәрізді сөздер қолдануына қарай жекелік те, топтау ұғымын да берген. Сонымен бірге, көптік ұғым сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы да жасалған. Мысалы, алты йегірма йаш (он алты жас), екі шад (екі шал) т.б. Сондай-ақ көптік мән қос сөздер арқылы да берілген. Мысалы, шад–апыт (шадтар, би-бектер). Көптік мағынаны тудырудың негізгі жолы – көптік жалғаулары. О-Е жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі кездеседі: -лар, -т, -лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі. Мысалы, беглер (бектер), кунчуйлар (әйелдер, ханымдар). Жинақтық мән беретін сөздер көбіне –лар жалғауынсыз да қолданылған: Тоқуз оғуз бегілері будуну бу сабымын егүті есід қатығды тыңла деген сөйлем құрамында бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун (халық) сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да –лар көптік мән берудің басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер енім сөзүм ешідіңлер (КК.). Қазіргі қазақ тіліндегі –лар жалғауының қолданылуымен салыстырғанда, көне түркі тілінің біраз ерекшеліктері бар. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат есімдер де кейде –лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йекілер йақын келті (ЗБ). Кейде алдында сан есім айтылған бірыңғай мүшелердің әрқайсысына –лар жалғанып қолданылады, төрт атларым, йылқыларым (ЗБ). Қос сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар – қоңыздар (ЗБ). Кейде жинақтық мән берілетін сөздерге де – лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуғ ерішді. Тағлар суғы ақышты (МҚ). А.М.Щербак – лар аффиксінің Х-ХІІІ ғ. Жазбаларында мынадай қолданыстарды көрсетеді. – лар жалғауы изафеттің бірінші сыңарына ғана жалғанып келеді: Тағлар сувы (МҚ). Кейде – лар изафеттің екі сыңарына бірдей жалғанып келеді: қушлар авлағулары. Кейде – лар изафеттік тіркестің соңғы басыңқы сыңарына ғана жалғанады. Ащру улу йазлықлы турмен менің йаман ішлерімнен, йаман сағынчымдан (КК). Қысқасы, - лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған. Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары. Меншіктік пен меншіктелуші арасындағы қатынас, яғни, тәуелділік категориясы түркі тілдері құрамындағы байырғы құбылыстардың бірі. Түркі тілдері тарихындағы ең көне мұралар тілінде де қазіргі тілдегі тәуелдік категориясы мен оның көріністері көп өзгеріссіз берілген. Көне түркі тілінде тәуелдік категориясы морфологиялық тәсілмен (арнаулы қосымшалармен), морфология- синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі), синтаксистік тәсілмен (ілік жалғаулы жіктеу есімдіктері арқылы) берілген. Жекеше: І ж. –м, (-ым, -им, -ум, -үм, -ам, -ем): будун-ым (халқым), қаң-ым (әкем), қут-ым (құтым, бақытым). ІІ ж. –ң, (-ың, иң, уң, -ұң, -үң, -аң, ең): қут-ың (сенің бақытың). ІІІ ж. –ы, -сы, (-ы, -и, -сы, -си, -зы, -зи): уйасы (оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы), айғучысы (уәзірі). Көптік: І ж. –мыз (-мыз, -миз, -мүз, -ымыз, -имыз, -умуз, -амаз, -әмәз), ханымыз, ечимиз, қағанымыз. ІІ ж. –қыз, -киз, (-ыңыз, -иңиз), -үнүз: адашыңыз (сіздің жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың). ІІІ ж. –ы, -сы, -си (-зы, -зи) –сылар, -силар. Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен тіркесіп те, тіркеспей жеке де айтыла береді. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде менің кітабым, бірде кітабым, түрінде жеке де айтылады. Тәуелдік жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі ескерткіштерінің бәрінде бірдей кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс Түркістаннан табылған жазбалар тілінде (манихейлік текстер, кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады. Түркітануда тәуелдік жалғауларының арғы негізі – жіктеу есімдіктері дейтін пікір тұрақталды. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілер өте көне дәуірде екпін түскен буыннан кейін айтылған айтылған жіктеу есімдіктері бара-бара өзінен бұрын тұрған, негізгі логикалық екпін түскен сөздің энклитикасына айналған дейтін пікірді бекерге шығармайды. Жіктік жалғаулары. Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты, жіктік жалғаулары да жіктеу есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас туғызбайтын жай. Алайда жіктік жалғауларының қазіргі типі, белгілі мұралар тіліндегі түрі бұларды да тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғауларымен тұлғалас деп қарауға мүмкіндік бермейді. Ежелгі ескерткіштерде бұл жалғаулар мына түрде кездеседі: VII-VIII ғ. Сүледіміз, сүңүсдіміз, бұздумыз. ХІ ғ.: Мен барырман, мен бармасман. – Мен барамын, мен бармаймын (МҚ). XIV ғ. Сенің йазықыңның алдында мен турурмен. – Сенің күнәңнің алдында мен тұрмын (КК).Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулармен салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты дыбыстардың алмасуларында ғана. Н.К.Дмитриев: «Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары тұрақты дыбыстық құрамын жоғалтып, әр түрлі дыбыстық варианттарға жіктелудің нәтижесі», - дейді. В.Котович жіктік жалғауларын «байырғы етістік суффикстері» деп атайды да, олардың жіктеу есімдіктерінің постпозициялық тұлғасына (атау тұлғасы) жақындығын, өзара ұқсас, ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады. Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни, жіктеу есімдіктерінің жақты білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге айналуының басты тәсілі –постпозициялық қолданыс болғандығын көне, жаңа түркі тілдерінің материалдары дәлелдейді. Септеу категориясы және септік жалғаулары. Септеу категориясының даму ерекшеліктері. Түркі тілдерінің V-VIII ғ. ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары кейінгі XI-XV ғ.ескерткіштері тіліндегі сондай категориямен грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылу тұрғысынан да бірдей емес. V-VII ғ. Көне түркі тіліндегі кейбір септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған, яғни ол тілде септіктердің диффузиялық күйі байқалады. Онда , сонымен қатар, септік жалғауларының шылаулар жетегінде айтылуы да енді қалыптаса бастаған құбылыс ретінде ғана көрінеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары басты екі топқа – грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктерге жіктелетіні белгілі. Көне түркі тілінде де нақ осы із бар. Ал септік жалғауларының тілдің даму процесінде семантикалық жіктелуі осы ек ітоптың әрқайсысының өз ішінде болған құбылыс. Септік жалғауларының морфологиялық және семантикалық дамуы екі түрлі грамматикалық категориямен тығыз байланысты: тіл құрамында жалғаулардың пайда болып, молаюы және етістіктердің меңгеру қабілетінің өзгеріп, кеңеюі. Негізгі септелетін сөздер – зат есімдер. Алайда қазіргі тілде субстантивтенген кез келген сөз септік жалғауларын қабылдайды. Осы із түркі тілдерінің тарихында жаңа емес, дегенмен, қазіргі тілдегідей етек алмаған. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 11. Сөздердің грамматикалық топтарға жіктелуі. 12. Есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі. 13. Көптік жалғаулары 14. Тәуелдік жалғаулары 15. Жіктік жалғаулары 16. Зат есімнің септік категориясы Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 8-Дәріс Тақырыбы: Зат есімнің септік категориясы Жоспар: Жеке септіктердің тарихы Мақсаты: Түркі тілдерінің V-VIII ғ. ескерткіштері тіліндегі септік жалғаулары кейінгі XI-XV ғ.ескерткіштері тіліндегі сондай категориямен грамматикалық қызметтерінің жіктелуі жағынан да, қолданылу тұрғысынан да бірдей еместігін, V-VII ғ. Көне түркі тіліндегі кейбір септіктер екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылғандығын қарастыру. Мазмұны: Атау септік. Атау септік тұлғасы ескі жазбалар тілінде мынандай қызметт ежұмсалған: Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында қолданылған: Аганияз ер ағыр бедісміс (М). «Аганияз қою (әдемі) оюлады: Ілкі сен барғыл» (МҚ) «Алдымен сен бар». Зат есімдер де, есімдікте де атау тұлғасында жұмсалып, сөйлем бастауыш қызметінде келген. Ілік септік қызметінде жұмсалуы: Білге Тонықұқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым (Т). «Данышпан Тонықұқ мен өзім табғачтың еліне қол арттым». Кімі ічре олдуруп, Іле сувын кечтіміз, ұйғыр таба башланып, мыңлақ елін ачтымыз (МҚ). «Кемеге отырып, Іленің суын кештік, ұйғырға дейін барып, Мыңлақ елін аштық». Табыс септік орнына жұмсалуы: ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш тоқытдым (ҚТ). Іш-тысынайрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым. Мұндай факт атау септік пен табыс септіктің тұлғалық омонимиясы, белгілі бір синтаксистік қызметте – тура толықтауыш болып жұмсалуы өте архаикалық құбылыс екенін көрсетеді. Жатыс септік орнында қолданылуы: Өтүкен иір олурып арқыш-тіркіш ысар, нең буңуғ йоқ. Өтүкен йыш олурсар, бенгі іл тута олуртачы сен, түрк будун, тоқ (КТ). «Өтукен жерінде отырып, керуен жіберсең, еш мұңың жоқ. Өтукен қалыңында отырсаң, мәңгі тұтас боласың сен, түрік халқы, тоқ боласың».Қазақ тілінде атау тұлғасының жатыс септік орнына қолданылуы кездеспейтін факт. Құралдық септік мәнінде қолданылуы: Тоқуз йаңыңа сү йорылым (М) . Айдың тоғыз жаңасында әскермен шабулға шықтым. Құралдық септік қызметінде қолданылуы V- ІХ ғ. Жазбаларында жиі кездеседі. Бірақ бұл қолданыс ХІ-XV ғ. Ескерткіштері тілінде байқала бермейді. Барыс септік орнына қолданылуы: «Бабурнаме» тілінде атау тұлғаның барыс септік орнына қолданылуы кездеседі. Бұхара барды – Бұхараға барды. Мен бу тарап келдім – Мен осы маңға келдім. Атау тұлғасы шығыс септік орнына жұмсалуы да кездесіп отырады: Көгмен аша қырқыз йіріңе тегі сүледіміз. Көгменнен асып қырғыз жеріне дейін шабулдадың (КТ). Иол азылды – жолдан азды (МҚ). Көне түркі тіліндегі атау тұлғасының көп функциялылығы жалпы септік жалғауларының бір-бірінен ара жігін айқындамауының,түгелдей жіктелмеуінің нәтижесі деп қана қараған дұрыс. Ілік септік. Ілік септік тұлғасының көне жазбалар тілінде мына сияқты фонетикалық варианттары бар: -ың, -ің, -уң, -үң, -ның, нің, -наң, -нәң. Зерттеушілер –ың және –ның, яғни, аффикстің ең басында –н дыбысының бар я жоғына қарай, ілік септік қосымшасының екі түрлі таралуын болжайды. Академик В.В.Радлов Алтын Орда жарлықтары жайлы еңбегінде –ың тұлғасын батыс түркі тілдеріне тән, -ның тұлғасын шағатай тіліне, яки, шығыс тілдеріне тән тұлға деп есептейді. Бұл пікір есімдіктердің септелуін негізге алады. Орхон-Енесей жазбалары тілінде ілік септіктің қолданылуы: Күн тігін Байырқұның ақ адғырығ бініп оплайу тегді (КТ). «Күл тегін Байырқұның ақ айғырын мініпшабулға шықты»... Олурыпан түрк будуның ілін, төрүсін тута бірміс, іті бірміс. «Отырып түрк халқының елдігін, тұтастығын сақтады». Зат есімге –ның түрінде (байырқұның) жалғанса, есімдікке –ың түрінде (мен-ің) жалғанған. Түркітанушы Бангтың түсіндіруінше ілік септік алғашқыда «субъектінің айналасындағы, қасындағы» дейтін мәнді білдірген де, меншіктілік мән соның негізінде барып қалыптасқан. А.М.Щербак ілік мәні алғашында да меншіктелу, тәуелдену мәнерімен келген деп қарайды. Яғни, сол меншіктілік, тәуелділік мәнді арнаулы қосымшамен беру қажеттігінен барып анықтауыштық конструкция құрамындағы атау тұлғасынан өзгеше тұлға – ілік септік қалыптасқан. Ілік септік көне ескерткіштер тілінде кейде өзімен тетелес сөздің тәуелдік жалғаулы болуын талап етсе, кейде тәуелдік жалғауынсыз-ақ меншіктілік мән бере алады. Біздің еб (МҚ). «Біздің үй». Менің қарын тозты (МҚ). «Менің қарным тойды». Ілік септік жалғауының қолданыстағы негізгі мағыналары: Бүтіннің бөлшеген, құрама салаларын білдіреді: Менің қарным тозты (МҚ). «Менің қарным тойды». Кісілер, заттар арасындағы қатысты, байланысты білдіреді: Бенің будунум анта ечуч (Т). «Менің халқым ана жақта еді». Абстрак меншіктілікті де білдіреді: Біздің хан ағаларымыз (ЯТ). «Біздің хан ағаларымыз». Табыс септік. Табыс септік жалғауы әдетте тура толықтауыштың грамматикалық көрсеткіші деп қаралады. Табыс жалғауы қашан да іс-әрекет таралған тура объектіні білдіретін грамматикалық тәсіл есебінде танылды. Табыс септік қазіргі түркі тілдеріндегі тұлғалары бір-біріннен сонша алыстап кетпеген. Көне түркі ескерткіштері тілінде табыс септік жалғаулары мына төмендегідей тұлғаларда кездеседі: 1. –ғ, -г, -ығ, -іг, -ұғ, -үг; 2. –ы, -и; 3. –н, -ні, -ны. Көне түркі жазбалары тілінде табыс септік жалғауының негізгі қолданысы мынадай: Істің, әрекеттің таралу объектісін білдіреді: ...Тоқуз оғуз беглері будуны бу сабымен едгүті есід қатығды тыңда (КТ). «Тоғыз оғыз бектері халқы бұл сөзімді жақсылап есіт, қатты тыңда». Тура толықтауыш қазіргі тілімізде сабақты етістіктермен ғана байланысады. Алайда, көне түркі ескерткіштерін зерттеушілер ол тілдегі толықтауыштар әрқашан тек сабақты етістіктерге ғана қатысты болып келмейтінін айтады. Көне ескерткіштер тілінде (V-VIII ғ.ғ.) тура толықтауышты өзіне бағындырып меңгеретін етістіктердің толық емес тізімі мынадай (С.Малов): код (қою), келтүр (келтіру), ал (алу), йаратын (жараттыру), көзүн (көріну), бол (болу), сақын (ойлау), сы (сындыру), ас (асу, таудан асу), бар (бару) т.б. Осы етістіктердің біразы іс-әрекетті белгілі бір объектімен байланыстыра білдіруге икем болса, кейбірі мекен- көлемдік т.б. мән беретін сөздер. Бұлар тура объектілік мәнмен бірге, басқа да грамматикалық қатынастарда жұмсала алады. Көне түркі тілінде табыс жалғауы сабақты етістіктермен қатар салт етістіктерге қатысты қолданылған.Табыс жалғауының бұл ерекшелігі олардың тек тура объектіні ғана емес, мекен, көлемдік, құралдық мән туғызуына да мүмкіндік берген. Табыс септік жалғауының пайда болуын А.Н:Кононов табыстың көне түркі тіліндегі тұлғасы –ғ, (-ығ, -іг) ілік септік жалғауы құрамындағы мұрын жолды –ң дыбысының (-ың) өзгеруіненшыққан деп шамалайды. В.А.Богородский бұл жалғаудың алғашқы түрі оңтүстік-батыс тілдерінде кездесетін –ы, -і варианты деп қарайды. Есімдік түбірге жалғанған кезде түбірдің соңғы –н дыбысы морфологиялық ығысу заңы бойынша қосымшаға ауысқан (мен-і>ме-ні). Кейін осы құрамда есімдіктердің септелуіне де ауысқан. Ал –ы, -і тұлғасын этимологиялық жағынан тәуелдік жалғаудың ІІІ жағымен байланыстырады. Барыс септік. Көне түркі жазбаларында барыс септік жалғауы бірнеше түрлі болып келеді: -ғару, (-геру, -қару, -керу), -ру (ру), - қа (-ке, -ға, -ге), -йа, (-йе), -а (-е). Барыс жалғауының осы түрлері көпшілігінде бір- бірімен жарыса қолданылған да, кейбір түрлерінің өзіне тән қолданылу мәні, сипаты болған. Өзіндік мәні бар жалғаулар сөздердің белгілі бір тобына ғана жалғанған. Орхон жазбаларында істің бағытын, мекенін білдіруге барыс септіктің –ғару, -геру (кейде -нару) тұлғасы қолданылады: ілгерү (шығысқа), біргерү (оңға), күн ортусынару (түстікке), йырғару (алға) т.б. –ғару аффиксі кісіні, халықты білдіретін сөздерге де жалғанып, ол сөздер істің бағытын білдіретін болады: Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс (Т). «Апа тарқанға ішке қарай хабар жіберді». Кейінгі дәуір ескерткіштерінің тілінде бұл тұлға нақ осы сыпатында ұшыраспайды. –ғару аффиксінің түбірімен ұласып, бірігу процесі сол дәуірдің өзінде-ақ басталса керек. Қазіргі қазақ тіліндегі сыртқары, ішкері, шеткері, жоғары, тысқары сөздер ісондай процестің нәтижесі. Көне түркі жазбаларында жиі қолданылатын барыс септік жалғауы –қа, -ке, -ға, -ге тәуелдік жалғаулы сөздерге –а , -е түрінде жалғанған. Бұл аффикс Орхон-Енесей жазбаларында барыс жалғауының басқа варианттарымен қатар және жиі қолданылған. Бір ғана сөздің өзі бірде –ғару аффиксімен, бірде –ға аффиксіменберілген. Қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша есебінде бірді –ғару (сыртқары), бірде –ру (бері, кері) сақталып қалған. Жатыс септік. Жатыс жалғауы сыртқы тұлғалық жағынан тарихқа белгілі ежелгі ежелгі дәуірлерден біздің тілімізге дейін көп өзгеріссіз жеткен. Тіл дамуының барысында бұл септік жалғауы қызметі мен етістіктерге қатысты қолданылу жағынан ғана кейбір өзгерістерге ұшыраған. Жатыс септік жалғаудың көне жазбалар тіліндегі қызметі мен мағыналары мына сыпатта: Іс-әрекеттің, заттың орын-мекенін білдіреді: Түрк сір будун йерінте бод қалмады (Т). «Түрк – сір халқының жерінде тірі жан қалмады». Іс-қимылдың, әрекеттің уақыт, мезгілін білдіреді. Күл тегін ол сүңішде отуз йашайур ерті (КТ). «Ол соғыста Күлтегін отыз жасар еді». Орхон-Енесей жазбаларында жатыс септік тұлғасы шығыс мәнінде де қолданылған. Шығыс септік қызметіндегі жатыс септік тұлғасы іс-қимылдың шығар көзін, мекенін білдіреді: Қырқызда йантымыз. Түргес қағанта көрүг келті (Т). «Қырқыздан қайттық. Түргеш қағаннан жансыз келді». Б.А.Серебренников –да тұлғасының бойында болған локатив мәндерінің морфологиялық тәсіл тұрғысынан жіктелуін –да негізінде жаңа жалғаудың қалыптасуымен түсіндіреді. -дан жалғауының қалыптасуымен бірге аблатив мәні соған ауысты да, локатив мәні –да тұлғасында орнығып қалды. Заттың, процестің шыққан объектісін білдіреді. Табғачда адырылты, қанланты (Т). «Табғачтан айрылды ханды болды». Теңрі тег теңріде болмыш түрк білге қаған... (КТ). «Тәңірдей тәңірден жаралған түріктің білгір ханы...». Бұл қолданыс шығыс қызметін танытады. Бұл қолданыс қазақ тіліне тән емес. Жатыс септік жалғауы барыс септік қызметінде де қолданылады: йарыс йазыда он түмен сү терілті (Т). «Жарыс жазығына он мың әскер жиналды»... бунда уртым (КТ). «Осыған жаздым»... бу қамар сүресі меккеде інді (тәпсір) «бұл сүресі Меккеге түскен». Жатыс жалғауының барыс септік орнына қолданылуы кейінгі қыпшақ ескерткіштерінде де бар. Қазіргі қазақ тілінде барыс пен жатыс жалғауларының ауысып қолданылуы кейбір жеке етістіктердің лексика-грамматикалық ерекшелігіне бағынышты жай. Жаз, жинал, қой етістіктер бірде барыс, жатыс септігіндегі сөздерді меңгереді. Бұл ыңғайда барыс, я жатыс септігінің қолданылуы контекстік мағына және сөйлеушінің мақсатына байланысты. Сонымен түркі тіліндегі жатыс септік көп мағыналы. Жатыс септік жалғауының басқа септікпен (шығыс, барыс) синонимдігі қазақ тілінде стильдік өң алған. Шығыс септік. Шығыс септік тұлғасы қазіргі түркі тілдерінде үш түрлі вариантта кездеседі: бірсыпыра тілдерде тек д дыбысынан ғана басталса, кейбірінде тек қана қатаң т дыбысынан басталады. Ал қазақ тілінде дауыссыздар ыңғайында үш түрлі (т//д//н) варианттарында айтылады. Түркі тілдерінің өте ескі кезеңінде шығыс мәнін беретін арнаулы қосымша болды ма, дейтін мәселеде зерттеушілер шығыс қызметін Күл Тегін мен Тонықұқ ескерткіштері тілінде жатыс жалғауы атқарғанын, шығыс септіктің арнаулы тұлғасы өте сирек ұшырайтынын айтады. Дегенмен, мына сөйлемдерде: Өңден қағанғару сү йорыдым (Т). «Он жақтан хандыққа қарай әскер аттанды». Иарақлығ қантан келіп йаңа елтіді? «Жарақтылар қайдан келіп тозғындатты?» Осындағы өңден (оңынан) сөзі шығыс тұлғалы екені, мекендік мәнде қолданылғаны айқын. Шығыс септік қосымшаларын ескерткіштер бойынша салыстырғанда көне түркі жазбаларында қысаң дауысты варианттар да (-тын, -тін), ашық дауысты варианттар да (-тан, -тен, -ден) кездеседі. Шығыс жалғауының этимологиялық негізін зерттеушілердің қайсысы да оның алғашқы бөлігі (да-н) жатыс жалғауы деп қарайды. Рясяненің ойынша шығыс септік тұлғасы жатыс және құралдық септік тұлғаларының қосындысы. Рамстед көне жазбалар тіліндегі бірен-саран сөздерге шығыс жалғауының қабаттасып келуін негізге алып, мынадай жорамал айтады: іс-әркеттің шығар пунктін айқынырақ айту үшін жатыс жалғауының үстіне йан (жаны) сөзі тіркестіріле айтылған: оғуздайан. Кейін жатыс жалғауы мен энклитиканың (йан) кірігіп, қысқаруы нәтижесінде –дан тұлғасы шыққан. Б.С.Серебреников: шығыс қосымшасы –да негізінде қалыптасқанын айта отырып, соңғы элемент (н) құралдық мәнді (инструктив) емес, белгілі бір орныннан басқа жаққа жұмсалған қимылдың бағытын (латив) білдіретін қосымша деп есептейді. Қазіргі шығыс септігінің мәні мен қызметін ескерсек, ғалымның бұл пікірі шындыққа әлдеқайда жақын. Сөйтіп –дан құрамын тарихи тұрғыдан былай түсінуге болады: -да істің статикалық (қозғалыссыз) мекенін (локатив) білдіреді де, -н істің бағытын (латив) білдіреді. Осы ізбен таман, дейін, шейін, кейін сөздері құрамындағы – н-ді де бір кезгі сондай қосымша деп қарау керек. Шығыс септік жалғауының негізгі мағыналары: істің, әрекеттің шығар көзін, іс-әрекеттің таралған, ажыраған объектісін білдіру. Сонымен бірге, шығыс септік жалғауы мынадай мағыналарды білдіреді: әрекеттің себебін білдіреді: Ер ышдын қорқуды. «Ер істен қорықты». Ол мендін тұрқығланды. «Ол менен ұялды, қысылды» (МҚ). Иазықлы ермен көргенімден, ешітімден (КК). «Жазықты едім көргенімнен, есіткенімнен...» Іс-әрекеттің болатын, болған уақытын білдіреді: соңырасында таш білен ташлап өрдүрдүлер (КК). Кейде шығыс жалғаулы сөздер – іс-әрекеттің пассив субъектісін де білдіреді: бурун айтылды пайғамбардан (КК). Заттың әркеттің сараланған, салыстырмалы сынын да білдіреді, барчадан күчлу, барчадан татлы (КК), «баршадан күшті, баршадан даңқты». Көмектес септік. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде жоқ септік жалғауы – көмектес септік. Зерттеушілер көмектес септіктің мәніне жақын септік жалғауының якут, чуваш тілінде барлығын айтады. Дегенмен, арнаулы грамматикалық тұлғасы бар көмектес септік қазақ тілінің ғана ерекшелігі. Басқа түркі тілдерінде бұл септік жалғаудың қызметін біле (білен) шылауы атқарады. Көне түркі тілінде қазақ тіліндегі – мен септік жалғауы мен басқа түркі тілдеріндегі біле шылауының мәнін беретін арнайы жалғау –ын, -ін, -н тұлғасы айтылған. -ын, -ін, -н тұлғасы мынадай негізгі мағыналар туғызған: іс-әрекеттің болып өткен жолын, орнын білдіреді: Ол йолын – йорысар, унч – тідім (Т). «Ол жолмен жүрсе, мүмкін дедім». Іс-қимылдың болған, болатын мекенін білдіреді: Алтунйысығ йолсузын асдымыз. Ертіс үгүзүг кечігсізін кечдіміз (Т). «Алтын жерін жолсызбен астым. Ертіс өзенін кешпесізбен кештім». Іс- әрекеттің істелу құралын, объектісін білдіреді: інгек көлүкін Тоғлада Оғуз келті (Т). «Жүк тиелген көлікпен оғыздар Тоғлада келді». Істің істелу тәсілін білдіреді: Қыш йай біле тоқушты, қыңыр көзін бақышты (МҚ). «Қыс жазбен тоғысты, қыңыр көзбен бағысты». Х-ХІ ғ. Жазбаларында бұл жалғау мезгіл уақыт мәнінде де қолданылған: Ол қар қамуғ қышын ынар, Ашлық тарығ анын үнер (МҚ). «Ол қалың қар қыста жауар, ас болатын дән сонымен өнер». Көмектес септіктің бұл тұлғасы сөз өзгертуші, сөз байланыстырушы қосымша есебінде ХІ ғ. Кейін-ақ өз мәнін жоя бастаған. Бұған қарағанда –ын тұлғасы қазақтың халық тілі қалыптаспаған кезде-ақ өз мәнін жоғалта бастаған. Алайда қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында осы жалғаудың кейбір іздері аңғарылады. Мезгіл үстеулері деп қаралатын қысында, жазында, күзінде (қыс- ында), күніне (күн-ін-е), айына (ай-ын-а) тәрізді сөздер құрамындағы –ын, -ін осы жалғау. Көмектес септіктің осы тұлғасымен бірге, көне түркі жазбаларының тілінде бірлестік, құралдық мәнде бірле сөзі де қолданылған. Бу йірде олурып. Табғач будун бірле түзелтім (КТ). «Бұл жерде отырып табғач халқымен жақындастым». Мезгіл мәнінде де бірле шылауы –ын тұлғасымен жарыса қолданылған. Біле шылауының –мен көмектес жалғауына және мен (менен, пенен) шылау сөзіне ажырауы халықтық ауызекі сөйлеу тілінің құрамында өткен процесс. Көмектес жалғауының да, мен шылауының да ауызекі сөйлеу тілінде, жергілікті диалектілер құрамында әр түрлі фонетикалық варианттарда кездесуі соны дәлелдейді. Сонымен, қазіргі тіліміздегі – мен тұлғалы көмектес септік о баста дербес шылау сөз болған, сол сөздің энклитикалық қолданыс нәтижесінде пайда болған – мен жалғауының грамматикалық мәнінің, қолданылу сферасының кеңеюіне алып келді. Бір-біріне мағыналық жағынан орайлас формалар мәндерінің бір ғана формаға жиылуы, сөйтіп мағыналық шоғырланыс тіл пайдалануда трансформация тәсілінің бір қыры болып табылады. Қалайда бүгінгі көмектес септік бір кезде үш түрлі тұлға арқылы берілген мән- мағынаның бәрін де бойына жиып, өзінің қолданылу өрісін кеңейткені айқын. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Атау септік тарихы 2. Ілік септік тарихы 3. Барыс септік тарихы 4. Табыс септік тарихы 5. Жатыс септік тарихы 6. Шығыс септік тарихы 7. Көмектес септік тарихы Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 9-Дәріс Тақырыбы: Сын есімның қалыптасуы Жоспар: 1. Сын, сапаны білдірудің лексикалық, грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы 2. Аффиксация. Сын есім жасайтын аффикстер 3. Сын есімдердің дамуындағы адъективация мен трансформация 4. Шырай формалары Мақсаты: Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы, сын есімдердің зат есімдермен байланысын қарастыру. Мазмұны: Сын есім, түрлері. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъекті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категориясының қалыптасуы бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделеді. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі – сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін сөздер тобы болып тұрақталды. Грамматикалық мұндай жіктелістің бірден-бір критерийі – синтаксистік анықтауыш категориясы немесе зат есімге қатысты айтылып, ешбір морфологиялық өзгеріссіз оның анықтауышы болу қызметі. Сонымен, сын есімдердің дербес грамматикалық класс болып қалыптасуы лексикалық және синтаксистік қолданыс барысында болды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есімтұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффиксация жүйесі қалыптасты. Зат есімдермен немесе етістіктермен салыстырғанда сын есім о баста айқын морфологиялық сыпаты бар грамматикалық кластар қатарына жатпайды. Ондай сыпатқа тілдің даму барысында ие болды. Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді қарастырғанда, олардың дамуындағы екі түрлі ерекшелікті байқауға болады: біріншіден, кейбір сын есімдер әрі тура мәнде, әрі заттық мән береді. Кейбір сын есімдердің зат есім тобына, керісінше кейбір зат есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы – о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы. Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Орхон-Енесей жазбаларында сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелінгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі. Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі – байырғы түбірдің мағынасының кеңеюі, жіктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы: көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді (синий, голубой, көк түрік), сонан соң аспан мәнін берсе, кейін көк шөп мәнін де беретін болған. Жарық – түс – сәуле, сонымен қоса бір заттың жарығы т.б. Сөз мағынасының кеңеюі, жіктеліп саралануы сын есімдердің қолданылу сферасын, икемділігін арттыра түскен. Басқа сөз таптарынан сын есімге айналу процесі (адъективация) тілдің әбден кемеліне келген, сөздердің қолданылу сферасының кеңейген дәуірінде ғана емес, ескі кезеңнен басталған. Қазіргі тілде бір-біріне антонимдік қатынаста жұмсалатын қары (кісі), жас (кісі) сын есімдері екі түрлі қызметте жұмсалып, екі түрлі мағына береді. Қары (немесе кәрі) – кісі, адам, зат есім, қары – кісінің жасын білдіретін сын есім. Заттың түсін, түрін, аумақ-көлемін білдіретін негізгі сын есімдердің көпшілігі-ақ түбір мен қосымшаға, яғни, құрама элементтерге бөлуге келмейді. Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі түбір мен қосымшаға бөлінбейтін, байырғы түбірлер деп қаралатын сын есімдер негізінен басқа сөз таптарынан ауысқан, яғни, адъективтенген сөздер. Ал олардың басам көпшілігі түбір мен қосымшадан құралған көне сөздер. Мұның өзі о баста тіл құрамында сын есімдердің арнайы мағыналы сөздер есебінде кеш қалыптасқандығын дәлелдейді. Сын есім жасайтын аффикстер. Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер: -лығ (-ліг, -лық, -лік ). Көне түркі тілінде әрі зат есім, әрі сын есім жасаған қосымша. -қы (-кі, -ғы, -гі) –сын есім жасайтын бұл қосымша Орхон-Енесей жазбаларынан бастап, мезгіл мәнді және көлем-кеңістік мәнді сөздерді сын есімге айналдыратын морфологиялық тұлға есебінде белгілі. Көне түркілік –қы аффиксі мезгіл мәнді мынадай сын есімдер құрамынан ұшырасады: жазғы, күзгі, қысқы, бүгінгі, ертеңгі, былтырғы, кешегі, күндізгі, таңғы, алғашқы т.б. -қы аффиксі арқылы жасалған күрделі тұлға –нікі. Бұл аффикстердің алдыңғы бөлігі соңғы элементі (ң) түсіп қалған ілік жалғауы: ны (ң)+кі- нікі. Қазақ тілінде бұл аффикстің д, т дыбыстарынан басталатын да варианттары бар: -дікі, -тікі.Бұл дыбыстардан басталатын варианттардың орнығуы –нікі варианты қалыптасқаннан кейін түбір мен қосымша шегінде болған қайтара ассимиляцияның нәтижесі. -сыз (-сіз) Орхон-Енесей жазбаларынан бастап, барлық белгілі ескерткіштер тілінде есім түбірден сын есім жасайтын өнімді қосымша: білігсіз қаған (білімсіз хан), түзсіз (дұрыстықсыз), ідісіз (иесіз), ашсыз (ассыз), түтүнсіз (түтінсіз), башсыз (бассыз). –сыз аффиксі өзінің шығу тегі жағынан –сар аффиксімен ұялас. р-з сәйкестігі жалпы алтай тілдері арасында ғана емес, түркі тілдерінің өз арасында да бар. Көне түркі ескерткіштерінде кездесетін –сыра (қағансыра – қансыз қалу) қосымшасы осы ұядан тараған. -чыл (-чіл). Көне түркілік ескерткіштердің бәрінде есімнен сын есім жасайтын өнімді тәсіл: атчыл, йамғурчыл. -ыз (-із). Көне түркі тілінде есім түбірден сын есім жасайтын осындай аффикс болған: едіз (биік), бедіз (әдемі), йағыз (йағ –жау, жауыз). Қазіргі тілде бұл аффикс жауыз, семіз, буаз, саяз, тайыз, нағыз,жалғыз, жалбыз, аңыз тәрізді зат есім, сын есімдердің құрамында кездеседі. Қыстақ, шаңдақ, тастақ, құмдақ тәрізді сөздер құрамынан – дақ (-тақ) аффиксі ажырайды. Бұл аффикс құранды: -дақ. Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер. Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер тобына жатқызылып жүрген қосымшалар о баста таза есім мәніндегі (зат есім, не сын есім) сөздер жасамағаны айқын. Бір кездерде етістік түбірлерге қосылып есімше не қимыл есімін жасаған аффикстер түбірмен бірігіп, контексте қолданылу ыңғайымен бірде зат есім, бірде сын есім қызметінде қалыптасуы түркі тілдерінің даму барысында тоқталмаған процесс. Сол процестің нәтижесінде бүгінгі түркі тілдерінде, соның бірі қазіргі қазақ тілінде арғы негізі етістік, адъективацияға ұшыраған сөздердің едәуір тобы пайда болды. -қы (-кі) аффиксі бұралқы, күлдіргі, оралғы, шұбалаңқы, ойнақы т.б. сөздер құрамында бар. Бұлардың алғашқы түбірлері етістік екені бұра, жина, күл, ора, шұба, ойна сөздерімен салыстыра қарағанда айқындалады. Көне түркілік ескерткіштерде –ғу, -гү, -қу, -кү пішіндес аффикстер де етістік түбірге жалғанған: Бу ебге кіргү едз ол (МҚ). «Бұл үйге кіретін уақыт». Сын есімдердің біразы –қ (-ық, -ік, -к) аффиксімен келеді. Батық, жырық, жыртық, жарық, арық, ашық, бұзық, шірік, жатық, бітік, сирек, ширақ, бөлек т.б. сын есімдер бат, жыр, жырт, жар (йару) – көне түркі тілдерінде «жарық беру, жарықтандыру, жарық түсіру» мәніндегі етістік, ары/ар – көне түркі тілінде «шаршау, азу» мәнінде қолданылған етістік, аш, бұз, шірі, жат, біт, сире, жала, шира, бөл етістік түбірлері мен –қ (-ық, -ік, -к) аффиксінің бірігуінен қалыптасқан. Бұл аффикс те көне түркі ескерткіштерінде қимыл есімін, зат есім және сын есім жасайтын тәсіл есебінде жиі кездеседі. -ыл (-іл, -л). Әбден көнерген, сондықтан жаңа сөздер құрамынан ұшыраспайтын аффикстің бірі осы –ыл аффиксі: қызыл, жасыл, батыл т.б. Сын есімдердің бір бөлігі (-ын, -ін) –н аффиксті болып келеді: бүтін, жатын, жегін, ұзын т.б. Бұл сөздерді бүт, жат, жатық, жек, жегу, ұзақ, ұза, бүткіл сөздерімен салыстыру олардың о баста құрама екендігін көрсетумен бірге, қимыл есім стадиясын да бастан өткізгендігін көрсетеді. (-р, -ір) –р тұлғалы сын есімдер: бүкір, жұмыр (осыдан барып жұмырық – зат есім), шымыр, обыр. Бұл сөздердің бастапқы түбірлері бүк, бүгу, жұм, жұму – р аффиксі қазіргі түркі тілдерінің біразында –ыр түрінде есімше қызметінде қолданылады. Қашқари сөздігінде, басақ да бірсыпыра ескерткіштер тілінде бұл аффикс –ыр түрінде кездеседі. -мыс (-міс, -мыш, -міш) аффиксті сын есімдер: жасамыс, алдамыш, қартамыш (кісі) т.б.Мұндай тұлғалы сын есімдер көп емес. бҰлар тұрмыс, болмыс тәрізді зат есімдермен тұлғалас. –мыс, (-мыш) морфемасы қазіргі кейбір түркі тілдерінде өткен шақты білдіретін есімше тұлғасы. -қын (-кін, -ғын) тұлғалы сын есімдер көп емес: қашқын, тосқын, шапқын (шапқыншылық кез), жойқын, қуғын, тұтқын, босқын т.б. Осы тұлғалас (қын аффиксімен қалыптасқан) зат есімдер де бар. А.Н:Кононов бұны –қан (- ған) есімшелік тұлғаның фонетикалық варианты деп қарайды. -қан (-ған) аффиксі кейбір сын есімдер құрамында –аған, -еген түрінде күрделі де болып кездеседі: сүзеген, тебеген, алаған, береген, жатаған, көреген, қабаған т.б.Бұл тұлға құранды: көсемшелік тұлға –а және –ған (е- ген). Бұл аффикс осы күрделі түрінде Қашқари сөздігінде де кездеседі. Көне түркілік жазбаларда –қы (-кі, -гі, -гу, -гү) аффиксі қимыл есімін жасаған. Мұндай қимыл есімдері бірде істі істейтін құралды, бірде істі істеуші субъектіні білдірген. –қыш аффиксінің алдыңғы элементі -қы – қимыл есім тұлғасы. Ал соңғы –ш іс-әрекеттің субъектіге қатыстылығын немесе сондай іс-әркетке субъектінің икемділігін, ыңғайлылығын білдіретін грамматикалық тәсіл. Тапқы – қимыл-әрекетті орындаушы, соған икемді субъект. Таза етістік түбірден сын есім жасалмауының түпкі себебін сөз таптарының әрқайсысына тән лексикалық мағынадан іздестіру керек. Зат жайлы ұғым мен қимыл жайлы ұғым бір-біріне қарама-қарсы полюстар болса, сын мен сапа жайлы ұғым осы екеуіне де қатысты. Заттың сыны мен сапасы жайлы түсінік ең алдымен заттың өзіне ғана қатысты болады. Шырай формалары. Сын есімнің шырай мәні редупликация жолымен және сын есімдерге –рақ, -лау аффикстері жалғану арқылы немесе сын есімдердің алдынан тіркес айтылатын арнаулы сөздер арқылы беріледі. Тарихи тұрғыдан осы аталған тәсілдердің қайсысы да жаңа құбылыс емес, көне дәуірден-ақ орнығып қалған жүйе. Дегенмен де, олардың таралу шегі бірыңғай емес. Орхон- Енесей жазбаларында редупликация құбылысы, сондай-ақ, аффикстер арқылы шырай мәнін беру ұшырамайды. Бірақ бұл тәсілдер ұйғыр жазбаларында, Манихей ескерткіштерінде бар. Кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштер тілінен осы күнгі белгілі тәсілдердің барлығы да қолданыс тапқан. М.Қашқари сөздігінде мынадай фактілер бар: «эп//еп//ап –күшейте айту көмекшісі, бір нәрсені өте асырып мақтаса, эп-эггү нең - өт ежақсы нәрсе дейді. Өте ақ, аппақ нәрсені ап-ақ дейді. Уп//үп – рең жайында қолданылатын күшейттіргіш көмекшісі: үп үрүң - өте ақ, аппақ (чығылша)». Тіл дамуының барысында редупликация тәсілінің пәлендей үлкен өзгеріске түскені байқалмайды. Қайталанатын буынның соңғы дыбысы көбінесе, қазіргі қазақ тіліндегі сияқты, қатаң дауыссыздарға бітеді. Алайда А.М.Щербактың зерттеулеріне қарағанда, кейде қайталанатын буында –м, -б дыбыстары да ұшырасады. Бірақ мұндай ауытқулар бір тіл құрамында болатын дауыссыздардың ауысуы емес, әр тілге тән фонетикалық ерекшеліктермен байланысты. –б дыбысының қолданылуы, М.Қашқари ескертпесіне қарағанда, қыпшақ тіліне де тән болған. Дегенмен, қазіргі қазақ тілінде редупликация құрамында мұндай құбылыс байқалмайды. -рақ аффиксі көне түркілік ескерткіштер тілінде де негізгі сын есімдерге қосылып сапа, сынның салыстырмалы артықшылығын не белсенділігін білдірген. Х-ХІІІ ғ. Жазбалары тілінде де бұл аффикс осы мәнде айтылған. Кейде зат есімдерге де жалғанған. Зат есімдерге жалғану фактісі қазақ тілінде сирек те болса ұшырасады: бала-рақ. Қазақ тіліндегі (басқа да қыпшақ тілдеріндегі) –рақ фузияда екі дауысты дыбысының тоғысуы нәтижесінде келіп шыққан. Шамамен мынадай жолды өткен: Жақсы+арақ > жақсы-ырақ > жақсы-рақ. Қазақ тілінде сапаның бәсеңдігін, әлсіздігін білдіретін аффикстер бар. Олар да негізінен сапалық сын есімдерге қосылып, әлгіндей мағына туғызады. Алайда бұл аффикстер аздаған сөздерге ғана жалғанады. Сондай аффикстің бірі –қыш (-ғыш): сарғыш, қызғыш. Осы аффиксті –ғыл аффиксімен салыстырғанда, алдыңғы элементтері бірдей де (-қы, -ғы), соңғы элементтері ғана әр түрлі (-ш, -л). Бұған қарағанда –ғыш құранды аффикс (ғы-ш). Алдыңғы элемент қимыл есім тұлғасы да, соңғысы соған қабаттасқан есім жасайтын қосымша –ғыл аффиксін –ғылт – ғылтым аффикстерімен орайластыруға семантикалық негіз бар: екеуі де сапаның бәсеңдігін, солғындығын білдіреді, бір-бірінен лексикалық мағына жағынан да, қолдану мәнері жағынан да ешбір ерекшеленбейді. XIII-XV ғ. Жазбаларында осыларға ұқсас, осы мәнде қолданылған –ғұл, -гүл, -л, -мутл аффикстері қолданылған. Қазақ тіліндегі –ғыл, -ғылт, -ғылтым аффикстері солардың фонетикалық өзгеріске (-л>м) түскен варианты. Сапа-сынның әлсіздігін, бәсеңдігін көрсететін аффикстің бірі: -ша, -ше семізше, толықша, арықша, ұзынша, қысқаша, сұрша, құрықша, таяқша, құманша, кітапша т.б. Сын есімдер құрамында келіп, сапаның толық еместігін, бәсеңдігін білдірсе, зат есімдер құрамында «көлемі шағын, кішкентай, үлкен емес» мәнін береді. Осы аффикспен құлыншақ, келіншек зат есімдерінің құрамындағы –шақ, -шек аффиксін де салыстыруға болады. Екеуі де «көлемі жағынан шағын» мәнін береді. Кейбір сын есімдерге (-дақ, дек, -тақ, -тек) аффиксі жалғанып, сапаның бәсеңдігін, толық еместігін білдіреді: жеңілтек т.б. Осы аффикс, сонымен бірге, зат есімдерді сын есімдерге айналдыру тәсілі болып та жұмсалады: құмдақ, тастақ, мұздақ т.б. Бұлардың түбірі –құм, -тас, -мұз – зат есімдер. –дақ жұрнағы зат есім түбірге «соған ұқсас, сол сияқты» мәнін үстейді. Бұл жерде тағы да сапаның бәсеңдігі, жетімсіздігі көрінеді. -дақ аффиксімен ұялас аффикстің бірі көбінесе фольклорлық шығармалар тілінде кездесетін, қазір архаизмге айналып кеткен –дайын: Құландайын, батырдайын т.б. Орта ғасыр жазбаларында –дайын//-дейін аффиксі ұқсастыру, шендестіру мәнінде қолданылған. Түбірдің соңғы дыбысымен үндесудің нәтижесінде әр түрлі түркі тілдерінде қосымшаның басқа дыбысы бірде –л, бірде д пішінінде қалыптасуы мүмкін жай. Қазақ тілінде, онда да ауызекі сөйлеу тілінде –дайын, -дейін түрінде орныққан. Бұл құранды аффикстің алдыңғы элементі –дай (дағ>дай), соңғы элементі көне құралдық септік қосымшасы (-ін, -ын). Сонымен: 1) қазіргі тіліміздегі түбір сын есімдер тарихи тұрғыдан түбір мен қосымшаға ажырайды. 2) Есімдерден сын есім жасайтын аффикстер тарихи тұрақты. 3) Сын есімдер мен зат есімдерге ортақ болып келетін жұрнақтар тарихи жағынан қимыл есім тұлғалары. Тіл дамуының барысында адъектиквация мен субстантивация, трансформация құбылыстарының нәтижесінде ондай тұлғалар зат есімдер мен сын есімдерге айналады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сапалық сын есімдер 2. Қатыстық сын есімдер 3. Аффиксация тәсілі 4. Адъективация мен трасформация құбылысы 5. Шырай формалары, түрлері Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 10-Дәріс Тақырыбы: Сан есімдер тарихы Жоспар: 1. Сан есімдердің шығу төркіні 2. Көне түркі тілдеріндегі санау тәсілі 3. Қазіргі қазақ тіліндегі реттік, жинақтық, болжалдық сан есімдердің қалыптасу тарихынан Мақсаты: Сан есімдердің шығу төркінін анықтау. Мазмұны: Сан есімнің грамматикалық категориялары. Қазақ тіліндегі септіктер. Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сездер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі. Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір- бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есім-дер. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт (4) сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарының басқа түр-лері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси- мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бүндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпыра этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтижесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Ежелгі түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бүндай ұғым да болған емес. Ал түмен (он мың мәнін берген) сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Зерттеушілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады. Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Сан есімдердің көпшілігі (түбірлер) өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам ойының интеллектуалдык өсуіне байланысты сан, зат пен кұбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес. Тілдегі белгілі бір ұғымдар жүйесін білдіретін сөздердің барлығы бірдей тұтасымен басқа, жат тілдерден ауыса бермейді. Өзінде жоқ бірен-саран сөздерді қабылдағанмен, мүмкіндігіне орай өз ішіндік ресурстарды пайдалануға тырысатыны анық. Әйткені жат тілдік элемент қашанда жат, тілдің ішкі заңдылықтарымен бар кезде бірдей астаса бермейтінін былай қойғанда, ондай шеттен енген сөздер бар уақытта тілдің ішкі заңдылықтарына үйлесе де бермейді. Шет сөздердің көпшілігінде тілде көп тұрақтамай, қолда-ныстан шығып қала беруінің басты бір себебі осында жатыр. Екін-ші жағынан, басқа сөз таптарынан сандық мән алып, сан есімге ауысқан түбірлер (сол сияқты басқа тілдерден енген кейбір сез-дер де) тілдің даму барысында өзара бірігу жолымен немесе аф-фикстер арқылы күрделеніп отырған. Түркі тілдеріндегі сан есім сөздер о баста ескі үнді, қытай тіл- дерінен ауысқан дейтін жорамал айқын тілдік зерттеулерге құ-рылмай, ескі дәуірдегі мәдениет үндестігін (айталық, қазіргі өз-бектер құрамындағы кейбір халықтар мен үнділер, парсылар мен унділер) немесе сол ежелгі дәуірдегі саяси және әскери байла-ныстар тарихын ескеруден ғана туса керек. Әйтпесе ескі түркі ті-лінде сандар жүйесін білдіретін сөздер мен қазіргі сондай сөздер-ді салыстыра зерттеу олардың жат тілдік ортада емес, түркілік топырақта қалыптасқандығын дәлелдейді. Санау жүйесі және сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің алғашқы ізі тәрізді. Олай болатыны — қазіргі күрделі сандық ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана пайда болғандар. Орхон және Енисей бойларынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадай: бір, ики (екі), уч (үш), төрт, дөрт (төрт), бичи, бечи (бес), алты, йити, йети (жеті), секиз (сегіз), тоқуз, он, йигирми, йегирми, отуз, қырк, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетміш (жетпіс), т. б. Сан есімдердің негізгі тобы — бірден онға дейінгі сандарды білдіретін сөздер. Рамстедтің алтай тілдері фактілерін салыстыру арқылы топшылауларын келтіре кетудің артықтығы жоқ. Ол мынадай ой айтады. Бір сан есімінің арғы негізі моңғолдың бүрі «барлығы, бәрі» дейтін сезі, осы ретпен қазіргі қазақ тіліндегі бір сөзі мен бәрі сөзінің арғы тегі бір, бір ғана түбірдің екі түрлі дыбысталуы деп қарау керек болады. Бұған мынадай негіз бар: ерін дауыстыла-рының қысаң дауыстыларға ауысуы түркі тілдерінің қалыптасу барысында кездесетін құбылыс (е-і, ү-і). Оның үстіне, туркі тілдерінің кейбірінде бір сөзі і дауыстысымен емес, е дауыстысымен ғана айтылады. Мысалы, башқұрт: бер, хакас: пер, т. б. Соған қарағанда, монғолдық бүрі, түркілік бөрі, бір — ұялас түбірлер, олар әрі екі түрлі дыбысталған, әрі екі түрлі мағына алған (бәрі, бір). Екі — сан есімнің арғы түбірі мағынасы көмескіленіп кеткен екі сөзі болу керек және сол екінді сәзімен түбірлес деп қарайды. Рамстедт ол түбірдің алғашқы мәні еру, ілесу деп қарайды. Екінді сөзі, бұған қарағанда мынадай элементтерге бөлінсе керек: ек-ін (қимыл есім тұлғасы) -ті. Бес (кейбір тілдерде беш) сөзі қол мағынасындағы «білек» сезімен ұялас дейтін пікірді басқа да зерттеушілер қолдайды. Егер осы этимологияны жобаға соғады деп қарасақ, онда сөз түбірі о баста беш не біл түрінде емес, пел түрінде айтылса керек. Чуваш тілінде пеллек «бес» мәнін береді. л~ш сәйкестігі монғол тілдері мен түркі тілдерінің арасында ғана емес чуваш тілі мен басқа түркі тілдерінің арасында да кездесетін құбылыс. Қазақ тілінде бес сезі бүтін қол мәнінде де жұмсалады. Алты, жеті сан есімдерінің арғы негізі ал және же байырғы етістіктері болуы керек. -л генезистік жағынан қазіргі тілдерде жедел өткен шақ тұлғасын жасайтын -ды қосымшасының ескі түркілік варианты. Ескі түркі тілінде лт дыбыс тіркесі әдеттегі норма ретінде кездесе беретіні мәлім. Сол ізбен, өткен шақ қосымшасы -ты түрінде де дыбысталған. -ды (немесе -ты) таза етістік тұлғасы емес, о баста да қимыл есім мәнін бергені айқын. Сонда алғашқы қалыптасу дәуірінде алты сан есімі алынған, алынушы немесе бөлінген (саусақ) мағынасында жұмсалған да, жеті сөзі жейтін, ұстайтын (саусақ) мағынасында жұмсалса керек. Қолданылу процесінде зат атауы оның орналасу ретін білдіретін сөз есебінде қалыптасуы ықтимал. Оған мынадай қосымша жағдай да бар: алтыншы саусақ қашанда екінші қолдың біріншісі де, жетінші саусақ (қазақша: сұқ қол) тамақ жеуде, ұстауда ең ыңғайлы, икемдісі. Осы саусақтың қазақ тіліндегі екінші аты да сол икемділігіне, қызметіне қарай қойылса керек. Тоғыз сан есімі этимологиялық жағынан моңғолдың төкір, түркілік дөкір (икемсіз, оралымсыз, әдепсіз) сездерімен байланыстырылады. Қазіргі чуваш тілінде бұл сан есім тохар түрінде айтылады. Сездің соңғы дыбысының түркі тілдерінде -з-ға айналуын Рамстедт сегіз сөзімен аналогия жасаудан деп қарайды. Дұрысында да солай ма, әлде тағы да р~з сәйкестігі ме? Өйткені р~з сәйкестігі түркі тілдерінің құрамында көбіне сездің грамматикалық мәнін айырушы критерий қызметінде де кездеседі (Мыс, көз-көр, семіз-семір, т. б.). Қысқасы, тоғыз сан есімі дөкір саусак, икемсіз саусақ (қазақша атсыз қол) мәнінен барып шыққан. Түркі тілдерінде, сол сияқты алтай тілдерінің бірсыпырасында-ақ он сезі кездеседі. Бұндай кең жайылу, сірә, сөздің байырғылығының дәлелі болса керек. Түркі тілдерінің барлығында дерлік жиырмадан бастап ондықтарды білдіретін сездердің біразы тарихи тұрғыдан құранды болып келеді. Жиырма, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сөздері сондай. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: бірліктерді білдіретін сөздер әр түрлі сөз таптарынан бөлініп қалыптасқаннан кейін барып ондық атаулары шыққан. Осымен байланысты, бір кезде акад. Гордлевскийдің ескі түркі халықтарында санаудың ең жоғары мөлшері 5 (бес) саны болған дейтін пікірін еске алған жөн. Күрделі сандық атаулардың кейін пайда болуын дәлелдейтін тағы бір факт — өте көп астрономиялық сандарды білдіретін сөздер көне түркі тілінде байырғы сөздер негізінде жасалмай, басқа тілдерден ауысқан сөздер арқылы берілуі. Көне түркі тіліндегі түмен (он мың, осымен байланысты түмен —арык-жер атауы), бан (хинди тілінен, 10000) сездері түркі тілдерінде әр түрлі байланыстар арақылы сырттан енгені анық. Қазіргі тіліміздегі миллион, миллиард, триллион сан есімдері де сондай. «Жиырма» мәнін білдіретін сан есімнің түркі тілдерінде негізгі үш варианты бар: жиырма (йігірме, т. б.), сары ұйғыр тілінде икки он (екі он), тува тілінде чээрби. Сары ұйғыр тілінде, сөйтіп жиырма мәнін аналитикалық тәсілмен жасалған сәз тіркесі береді. Ал тува тіліндегі чээрби басқа түркі тілдерінде ж, й, д, с дыбыстарынан басталатын сөздің фонетикалық варианты. Сонда түркі тілдерінің арасында белгілі мынадай дыбыстар сәйкестігі келіп шығады: ч//сІІд//ж//й. Жиырма сөзін генезистік жағынан екі, егіз сөздерімен байланыстыруға болады. Түркі тілдерінің бірсыпырасында (ескі, жаңа тілдерде) екі, егіз және жиырма сөздері й дыбысынан басталатыны мәлім. Якут тілінде игирэ, моңғол тілінде икир — егіз мәнін беретін сөздер. Бұған қарағанда, жиырма сезі о баста екі-р-ма (-ми) құрама бөліктерден қалыптасқан деп қарауға болады. Отыз сан есімін сыртқы тұлғасына қарап туынды түбір деп ойлауға болады (от-ыз). Бірақ қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде мұны түсіндіріп беру мүмкін емес. К,ырқ сан есімінің этимологиясы да айқын емес. Алайда түркі халықтарында, солардың бірі қазақ халқында да қырық сөзі діни- тотемдік ұғымдармен байланысты айтылатыны белгілі. Өлген кісінің артынан қырык күннен соң еске түсіру («қырқын беру») немесе фольклорлық нұсқаларда кездесетін «қырқ күн, қырқ түн» тәрізді қолданыстар сондай ұғымнан туса керек. Акад. Гордлевский қырық және төрт сөздерінің арасында ешқандай ұқсастық жоқ екендігін айта келіп, қырық о баста жалпы көп, мөлшерсіз көп ұғымын берген болу керек те, қырық сөзінің соңғы -қ элементі сондай көптік ұғымның керсеткіші болуы мүмкін деген жорамал жасайды 2. Елу сан есімі көне ескерткіштер тілінде және қазіргі кейбір түркі тілдерінде еллиг түрінде дыбысталынады. Қазіргі қазақ тіліндегі елу сөзі соның фонетикалық өзгеріске түскен варианты екені анық. Елу сөзімен ыңғайлас сөз — елі. Көне ескерткіштерде елліг сөзі «қол» және «елу» мәнінде жұмсалған. Бірсыпыра түркологтардың елу сөзі қол мәніндегі сондай сөз арқылы қалыптасты деуі де осындай фактілерге негізделеді. Қазақ тіліндегі елі (мөл-шер мәніндегі) сөзі мен елу сөзінің арасында жақындық бар. Алпыс, жетпіс сан есімдерінің құранды сөздер екені айқын. Екеуінің құрамынан да ал, жет және пыс (кейбір басқа түркі тілдерінде — мыш) элементтері айрылады. Ал және жет түбірлері алты және жеті сөздерімен ұялас. -мыш элементі тілдің ескі дәуірінде он мәнін берген сез дейтін пікір басым. Күрделі сандардың жасалу тәсілдерін еске алсақ, мұндай этимология шындыққа жа-қын (салыстырыңыз: сегіз он және алт-мыш). Сексен, тоқсан сан есімдері сегіз он, тоғыз он сөздерінің өзара бірігіп, фонетикалық өзгеріске түскен варианттары. Жүз (100) сөзінің этимологиясын түсіндіру мүмкін бола бермейді. Қазақ тіліндегі жүз (100) және жүз (бет) сөздері бір сөз бе, әлде бөлек пе — мұны да ашып айту қиын. Қазіргі қолданысы мен семантикасына қарай бұларды бір түбір деп айту мүмкін бола бермейді. Кейбір фактілерге қарағанда, бір фонетикалық пішінде айтылатын бұл екі сөз фонетикалық конвергенцияның нәтижесі (дыбыстардың езгеруі арқылы бір фонетикалық пішін алу) болуы да мүмкін. Азербайжан тілінде бет мағынасындағы сөз үз, ал 100 мағыналы сөз йүз түрінде айтылады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктерінде жаңағы екі сөз де дүз түрінде дыбысталады. 1000 мәнін беретін сез түркі тілдерінің барлығында дерлік мың, биң. Көне жазбалар тілінде осының екеуі де кездеседі. Алайда осы сөз отыз, ңырң, елу сездері тәрізді, осы мәнде кейін қалыптасқан болу керек. Бұл ерекшелік санау тәсілінің дамуымен тығыз байланысты. Қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде, оннан бастап санау тәсілі — санау басталған санға келесі санды білдіретін сөзді тіркестіру арқылы жүреді, ал жүзден мыңға дейінгі аралықта жүздіктің мелшерін білдіретін бірлік (не жүздік), содан соң жүздік айтылады. Көне мұралар тілінің материалдарын шолып қарағанда, санақтың осы жүйесі ежелгі болмаса керек. Орхон-Енисей жазбаларында оннан кейін жүретін санау жүйесі мүлде басқа. Ол тілде оннан кейін қажетті бірлік, оған тіркес санап бара жатқан ондық айтылады. Сонда, шамамен 12 — екі жиырма, 35 — бес қырқ, 46 — алты елу түрінде айтылған. Санаудың бұл тәсілі қазіргі түркі тілдерінің ішінде тек сары ұйғыр тілінде ғана сақталған. Бірақ ол тілде де тек 11 мен 31 арасындағы құрама сандарды білдіру тәсілі есебінде қолданылады, 31-ден бастап қазіргі түркі тілдерінің бәрінде қалыптасқан санау жүйесі қолданылады. С. Е. Малов сары ұйғыр тіліндегі санау тәсілі мен сан есімдерді түсіндіру үшін мына төмендегілерді келтіреді (өйткені бұл фактілер тек санау тәсілінің ескі қалпын ғана көрсетіп қоймайды, күрделі сан есімдердің арғы негізін де, жекелеген сан есімдердің түркі тілдерінде қалыптасу ретінде де түсінуге көмекші). «1 —пер, пэр, 2 — ішке, іске, шіке, 3 — үш, уш, 4 — төрт, турт, 5 — пес, піс (пеш), 6 — алты, 7 — йехті, йіті, йетә, 8 — сақыс, 9 — тоқус, тоқыс, Ю — он, ун, 11 — пер йығрырма, 15 — пеш ығырма, 20 — ішкон, (йығырма), 21—пэр отус, 30 — учон, ұчон (кчон), 31—учон пер, 32 — учон ішіке, 40 — туртон, 43 — туртонөш, 50 — пісон, 51 — пісон пэр, 60 — алтон, 61 — алтон пэр, 70 — йетон, джетон, 80 — сақысон, 90 — тоқысон...». Бұған қарағанда, қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын қырық, елу сөздері тілдің бір кезгі дамуында сірә қазіргідей кең қолданыс таппаса керек. 30, 40, 50 сандары үш он, төрт он, бес он сөз тіркестері арқылы берілген. Кейін отыз, қырық, елу сөздерінің сан есім мәнін алуымен байланысты үш он, төрт он, бес он сез тіркестері қолданудан шығып қалды. Акад. Гордлевский өзінің сан есімдер жайлы мақаласында осындай ой түйеді. Малов келтірілген сары ұйғыр тілінің материалдарына қарағанда, жиырма сезі де осылай орныққан. Осыдан бұрын келтірілген үзіндіде жиырма мәні екі түрлі сөзбен: ығырма және ішкон (ішкі — екі) берілген. Бұл қолданыс бір мағынадағы екі сөздің жарыспалы жұмсалуына ұқсайды. Жүз сөзінің осы мағынада қалыптасуына қатысты қызықты бір фактіні Гордлевский келтіреді. XV ғасырдағы түркі тілінің бір ескерткіштерінде бір мың алпыс алты деп жазудың орнына он йуз алтмыш алты делініпті. Әрине, XV ғасырда мың сөзі жоқ деуге ешбір дәлел жоқ. Өйткені мың сөзі осы мағынасында VIII ғасыр ескерткіштері тілінде де кездеседі. Алайда мына қолданыс 1000 санын білдірудің архаикалық тәсілі екеніне сөз жоқ. Сонда мың сөзі де осы мағынасында кейін қалыптасқан болып шығады. Сары ұйғыр тіліндегі 8, 9 сандарын білдіретін сездерді қазак тіліндегі 80, 90 сандарын білдіретін сөздермен салыстырайық: са-қыс — сексен — сегіз, тоқсун — тоқсан—тоғыз. Бұған қарағанда, қазақ тіліндегі сексен, тоқсан сездерін құраушы алғашқы компоненттің прототипі сегіз, тоғыз сездері емес, сары ұйғыр тіліндегі сақыс, тоқыс сездері деу дұрыс. Көне түркі тілінде санаудың басқа да бір тәсілі болған. Әуелі ондықты білдіретін сөз, оған тіркесе артуқ сөзі, сонан соң қажетті бірлік айтылған. Мысалы: қырқ артуқ йеті — қырқ артық жеті (47), отуз артуқ төрт (34), отуз артуқ бір (31), т. б. Жүзден жиырмасы артық тәрізді сан-мөлшерлік сез тіркестері осындай қолданыстың ізі. Санаудың мұндай тәсілі қазақ тілінде діни ұғым, салтқа байланысты табу қызметінде де қолданыс тапты. Жүзден жиырмасы кем ауыл (сексен аулы), алтыдан бір артық қайнаға (Жетібай), т. б. Алайда көне түркі тіліндегі санақ тәсілі жайында айтқанда, мынаны ескеру қажет болады: осыдан бұрын айтылған санақтың өзгеше тәсілі оннан жүзге дейін аралықта қолданылған. Ал жүздіктердің мелшерін білдіруде осы күнгідей санау жүйесі бар. Мысалы, йеті йүз ер болмыс (КТБ)—Жеті жүз ер болды. Олай болса, бүгінгі тілдердегі қалыптасқан санақ жүйесінің алғашқы негізі де сол кезден бар. Жүзден бастап санау жүйесі оннан жүзге дейінгі аралықта қолданылған жүйені ығыстырып шығарған. А. М. Щербак Шығыс Түркістан текстеріндегі санақтың осындай жүйесі болғандығын көрсетеді. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік (сары ұйғыр тілінен басқа) қалыптасқан санаудың жалғыз тәсілі сол XI ғасырлардан-ақ басталса керек. Бірақ, әрине, V—VIII ғасырлар ескерткіштерінде Щербак айтатын «ескі» тәсіл ғана қолданылған. Сөйтіп мұның өзі түркі тілдерінде кейінгі дәуірлердің бойында санау жайлы ұғымның өзгеріске ұшырағанын дәлелдейтін факт болады. Қазіргі қазақ тілінде реттік санды білдіретін сөздерді жасайтын -ншы аффиксінің прототипі сонау ежелгі жазбаларда ұшырасады. V—VIII ғасыр жазбаларында көбінше -нч түрінде ұшыраса, кейінгі дәуірлерге қатысты ескерткіштерде оның ұзақ түрі — нчы ұшырасады. Сонымен қатар, VIII ғасыр жазбаларында екі сын есімінен реттік сан -нті аффиксімен жасалған (екінті). Ескі жазбалар тіліндегі реттік сандардың ұзын ырғасы қысқа айтқанда мына әлпеттес болып келеді: екінті (екінші), учунч, бешинч (үшін-ші, бесінші), алтынч (алтыншы), йетинч (жетінші), секизинч (се-гізінші), тоқузунч (тоғызыншы), онунч (оныншы), беш йигрминч (он бесінші), йети йигрминч (он жетінші), т. б. екинті сөзінің құрамындағы -нті мен -нч аффикстерін салыстыра қарағанда, бұлардың қайсысын да кұранды аффикстер деп қарауға болар еді. Оған себеп — екінші дыбыстардың өзгеше (бірінде -ч, бірінде -т) болып келуі. Екінші жағынан, әр тайпа тілінің өзгешелігіне қарай қалыптасқан дыбыстар сәйкестігі болуы да мүмкін. Қазіргі якут тілінде реттік сан есім -ис, -ыс, -ус, -үс, -с аффикстері арқылы жасалады. Бұдан т~ч~с дыбыс сәйкестігі келіп шығады. Хронологиялық жағынан қысқа түрі (нч) байырғы деп қарауға негіз бар. Өйткені қысқа тұлғаланған вариант (-нч) ең көне жазбаларда (V—VIII) кездеседі. Зерттеушілердің біразы -нч, -нчы (ншы) аффикстерін ескі түркілік севінч (сағыныш) сезінің құрамындағы -нч аффиксімен салыстырады. Ол жағдайда -ншы аффиксінің соңғы элементін (-ы) тәуелдік жалғаудың үшінші жағы деп түсіну орынды. Қимыл есімдерінің тәуелденуі әдеттегі жағдай болғанмен, мынадай бір тарихи фактіні ескеру қажет: қимыл есім құрамындағы -нч аффиксі морфологиялық тұрғыдан құранды, -н және -ч. Егер алдыңғы таза етістік түбірге ғана жалғанса (ездік етіс), соңғы аффикс (-ч) етістік негізден қимыл есімін жасайды. Қазіргі қазақ тілінде қимыл есім тұлғасы -нч тек жеке сөздер құрамындағы өлі тұлғалар: сағыныш, қуаныш, сүйініш, аяныш, т. б. Сонымен қатар, кейбір сөздер қурамында күрделі -нчі тұлғасы да ұшырасады: сүйінші. Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ, басқа да түркі тілдерінде жинақтық сан есім жасайтын қосымша -ау-еу. Қене түркі тілінде осы қызметте -ағу, -егу, кейде -гу қосымшасы қолданылған. Егер осы фактілерді еске алсақ, қазіргі тілдердегі -ау, -еу қосымшасының қалыптасуын мына жолмен түсіндіруге болар еді: -ауЦеу, -ағуЦегу, екінші сөзбен, -ғ, -г дыбыстарының түсіп қалуы. Осымен байланысты мынадай бір жайды еске алу орынды: V—VIII ғасырлык рун жазбалары тексінде жинақтық сан есімдер тәуелдіктің III жағында ғана берілген: Табғач, оғуз, қытаң, бу учегу қабы-сар — Табғач, оғыз, қытаң, бұл үшеуі қосылса. Үчегүн қабысып сүлелім—Үшеуміз бірігіп шабуылдаймыз (Т). Осы қолданыста учегү сын есімнің соңғы дыбысын аффикстің құрамына енетін элемент деп қарау дұрыс па, әлде тәуелдіктің III жағы деп есептеу дұрыс па? Зерттеушілердің қайсысы да бұған жауап бермейді, өйткені ондай сұрақ қойылған жоқ. Әрине, егер контекстен тыс, тек сан есім мәнінде қолданылуына факт болса, мұндай сұрақ та тумас еді. Көне жазбалар тіліндегі тәуелдіктің үшінші жағы еріндік дыбыстармен де (-у, -ү) берілетінін және жинақтық сан есімдер қолданылуының сол ерекшелігін еске алсақ, Ф. Т. Исхаковтың ізімен алтау жинақтық сан есімінің арғы сипаты алтағ, сол сияқты үчег, төртег, т. б. деуге негіз бар. Онда қазақ тілінде, сол сияқты тағы да бірсыпыра түркі (әсіресе, қыпшақ) тілдерінде -ау, -еу қосымшаларының қалыптасуын -ағ, ег, т. б. дыбыстар тіркесінің дифтонгілерге айналу заңдылығымен түсіндіру керек. Бұл аффиксті (үч — ег) этимологиялық жағынан санащ, таяқ сездерінің құрамындағы -қ аффиксімен жақындастыруға морфологиялық жалғану ерекшелігі мүмкіндік бермейді (соңғылар тек етістік түбірлерге ғана жалғанады). Қазіргі қазақ тіліндегі болжал санды білдіретін бірер сөзі көне жазбалар тілінде топтау мәнді сан есімін жасаған. Топтау сан есімдердің жасалуының басқа тәсілдерінің қалыптасуы хронологиялық жағынан жаңа құбылыс. Бұған дәлел — топтау сандарды білдіретін сөздердің есімдердің өзгеруіне ұқсас болып келуі: үш-үш-тен, төрт-тен, т. б. X—XIII ғасыр жазбалары тілінде арагідік осындай сан есім жасайтын -дейін қосымшасы кездеседі. Алайда нақ осы қосымшамен қазақ тіліндегі -дан (-ден, -тен, -тен) қосымшасын салыстыра қарауға келе бермейді. Сонымен бірге, қазіргі қазақ тілінде топтау сан есімдері етістік моделімен де жасала береді: бес- бестеп, төрт-төрттеп, екеулеп, т. б. Мүнда екі түрлі аффиксті байқауға болады: -ла (есімнен етістік жасайтын), -п (модификациялық аффикс). Болжалдық сандардың ең көне түрі -екі -үш, -бес-алты тәрізді қос сөз түлғаластары болса керек. Болжалдық сандардың басқа түрлері тіл қолдану барысында басқа сөздермен тіркесіп, тұрақталу арқылы ғана қалыптасуы мүмкін. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сан есімдердің шығу төркіні 2. Көне түркі тілдеріндегі санау тәсілі 3. Реттік сан есімдер тарихы 4. Жинақтық сан есімдер тарихы 5. Болжалдық сан есімдер тарихы Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 11-Дәріс Тақырыбы: Есімдік Жоспар: 1. Түркі тілдеріндегі есімдіктердің даму ерекшеліктері 2. Есімдіктердің мағыналық топтары, олардың қалыптасу жолдары Мақсаты: Есімдіктің қалыптасу, даму тарихы туралы түсінік беру. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі есімдіктің зерттелу тарихы жайлы түсіндіру. Мазмұны: Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда, ең алдымен, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Белгілі түрколог Н. К. Дмитриев өзінің «Башқұрт тіліндегі сілтеу есімдіктері» дейтін мақаласында түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан жіктеу мүмкіндіктерімен бірлікте қарау керек. Ал соңғылар шақ тұлғаларына негіз болды деп жазды. Мұндай пікірдің тууына бірінші негіз: жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық орайластығы. Шынында да, мен — мынау, сен — сонау, ол — ол, анау тәрізді орайлас мағыналық қатарлар құратынын еске алсақ, түркі тілдеріндегі, сол сияқты қазақ тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық мұндай орайластығын жайдан-жай пайда болған құбылыс деп қарауға келмейтіні анық. Тіл кұрамындағы мағыналық орайластық әрқашан генезистік бірліктің ғана нәтижесі болуы мүмкін екендігі белгілі. Оның бер жағында, жіктеу және сілтеу есімдіктерін өзара тығыз байланысты топтар деп қарауға тағы да мынадай дәлел бар: біріншіден, III жақта жіктеу есімдігі мен сілтеу есімдігі бір ғана сөзбен —ол арқылы беріледі. Ол сөзі әрі жіктеулік мәнді, әрі сілтеулік мәнді түбір күйінде де, септеулі күйінде де бере алады. Екіншіден, ол сөзі жіктеулік мәнде болсын, сілтеулік мәнде болсын, септеген уа.қытта оның құрамында -н пайда болады. Нақ осы -н сілтеу есімдіктерінің басқасының құрамында да (сол, бұл, т. б.) септелген кезде пайда болып отырады. Мұның I—II жақ жіктеу есімдіктерінің құрамындағы осындай дыбыстан (ме-н, се-н) пәлендей принциптік айырмашылығы байқалмайды. Н. А. Баскаков «Түркі тілдеріндегі жіктеу, сілтеу есімдіктердің арақатынасы» атты мақаласында есімдіктердің даму жолын мынадай схемамен көрсетеді: сілтеу есімдіктері «тәуелдеу (притяжательные) есімдіктері» жіктеу есімдіктері. Бұған қарағанда есімдіктердің ішіндегі ең көне, байырғысы — сілтеу есімдіктері (зерттеушілер бұлардың қалыптасуын келемдік орыналасумен байланыстыратыны мәлім) болып шығады да, ең жаңасы жіктеу есімдіктері болып танылуға тиіс. Есімдіктер дамуы нақ осындай схемамен жүрді ме, жоқ па, оған қарамай бір даусыз нәрсе мынадай: осы аталған есімдік топтары бір-бірімен мағыналық жағынан да, құрылымдық жағынан да орайласып, астасып жатады. Салыстырыңыз: мен-менікі (кейбір тілдерде меніңкі) -мынау, сен-сенікі- сонау, ол — ол-оныкі-анау. Оның үстіне мынау есімдігінің міне (яғни, қысаң дауыстылы варианты бар, е~і) варианты барлығын да еске алу керек. Сонымен, жіктеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма, әлде сілтеу есімдіктері бұрын қалыптасты ма — бұл мәселе қалай шешілсе де, олар қашанда бір ғана генезистік тұлғалар есебіне танылуы дәлелді. Қайсысы бұрын қалыптасса да, тілімізде қазір екі түрлі мағынада (орайлас болса да) жұмсалатын және екі түрлі дыбыстық құрамда тұрақталған есімдік топтарының қайсысы да тілдің кейінгі даму барысында күрделеніп, әр түрлі грамматикалық сипат, әр түрлі мағына алған күрделі сездер болуы керек. Тарихи-салыстырма зерттеулердің нәтижесі бұлардың да басқа сөз таптары ізімен туынды түбірлерден қалыптасып, тұрақталғандығын дәлелдейді. Жіктеу есімдіктері. Қазіргі қазақ тілінде жіктеу есімдіктері деген атпен бес түрлі сөз біріктірілетіні мәлім: мен, сен, ол, біз, сіз. Үшінші жақ жіктеу есімдігі жекешеге де, көпшеге де ортақ. I—II жақтық жіктік есімдіктерді салыстырып байқағанда, жалпы түркі тілдеріне ортақ м//б дыбыс сәйкестігін (I жақта, бүл сәйкестік қазақ тілінде де бар: мунда//бунда, т. б.) көруге болады. Соған қоса, жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше түрлерінің арасындағы айырмашылық тек қана соңғы -я (жекеше), -з (көпше) элементтері екенін кереміз. Бұдан шығатын алғашқы қорытынды -мен, сен есімдіктерінің құрамындағы -н о баста түбірдің кұрамында болмаған элемент дейтін пікір. Осы пікірді біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з туралы да айтуға болады. Мен, сен есімдіктерінің алғашқы түбірлерінің құрамында -н элементі болған жоқ дейтін пікір айтуға тағы бір себеп — чуваш тілінде I жақ жіктеу есімдігі эпе, II жақ жіктеу есімдігі эсе түрінде айтылады. Бұлардың құрамын э-се, э-пе деп талдауға да болар еді, сонда соңғы -пе, -се морфемаларынан мен, сен есімдіктерінің алғашқы бөліктерін көруге болар еді (м-б-п: ме-бе-пе). Екінші жағынан, чуваш тілінде I—II жақ жіктеу есімдіктері түбір қалпында осылай айтылғанмен, септелетін негіз I жақта ман, II жақта сан. Бұл ерекшелікті салыстырып қарағанда да, соңғы -н элементі түбірдің құрамында о баста болмаған дейтін пікір дәлелдене түседі. Алтай тілдерін зерттеушілер олардың бірсыпырасында, мысалы, моңғол тілінде бі, чі түрінде айтылатындығын келтіреді. Сонымен, бұл фактілерге қарағанда, мен, сен есімдіктерінің алғашқы тұлғасы ме, се болуы керек те, соңғы -н кейін пайда болған элемент. Түркі тілдеріндегі осы сөздерді алтай тілдерімен салыстырғанда, қазіргі түркі тілдеріндегі жіктеу есімдіктеріне негіз болған түбірлер қазіргідей ашық дауыстымен емес, о баста қысаң дауыстылармен ғана айтылуы мүмкін,— дейтін ой туады. Бұған, бір жағынан, қазақ тілінде, басқа да кейбір түркі тілдерінде мына, міне сілтеу есімдіктерінің барлығы да себеп болады. Егер жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігін еске алсак, мен, мына, міне есімдіктерінің түбірлестігін оңай түсінуге болады. Осылардың ішінде өзінің бастапқы прототипіне бір табан жақыны мына, міне сөздерінің -мын, -мін элементтері. Мен, сен есімдіктерінің қурамындағы -н, қорыта келгенде, түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады, түркі тілдерінің ішінде бұл құбылыстан жырақ қалғаны — чуваш тілі. Ал монғол тілдерінде, сондай-ақ, алтай тілдерінің басқа да топтарында осы -н элементі кейде айтылмау фактісі кездеседі екен. Мұның өзі зерттеушілердің арасында -н злементі тарихи өте көне дәуірде монғол тілінде түсіп қалған дейтін пікірдің тууына себеп болды. Алайда түркі тілдерінің материалдарын салыстыра қарастыру мен, сен сөздерінің құрамында -н элементінің пайда болуын тарихи тұрғыдан жаңа құбылыс деп қарауға да тиянақ болады. Н. А. Баскаков бұл элементті қазіргі тіліміздегі ілік септік жалғауымен байланыстырады. Оның айтуында, ілік септік тұлғасының алғашқы негізі нен (зат, нәрсе, негіз) сөзі энклитикалық қолданыста әр түрлі фонетикалық сыпат алған, соның әбден қысқарған түрі, яғни, -н осы есімдіктер құрамында сақталған. Ілік септігі тұлғасы мен мен, сен есімдіктерінің соңғы -н элементі қалайда жақын формалар екенін көрсететін тағы бір факт: мен, сен есімдіктері ілік септікте қазіргі тілде менің, сенің түрінде айтылады. Мұндағы ілік септік тұлғасы -ның. Сонда септелетін ме-, се- болып шығады. Ал Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, есімдіктердің ілік тұлғасы септелетін негіз болғаны мәлім. Менің үчүн, меніңдин, т. б. Мұндай қолданыстың кейбір қалдықтары қазіргі қазақ тілінен де ұшырасады: меніңше (менше), сеніңше (сенше), т. б. сондай. Бұл құбылысты (яғни, ме-нің, се-нің түрінде септеліп, түбірдің соңғы -н элементінің түсіп қалуын) түркі тілдерінің даму барысында байқа-латын н дыбысының тұрақсыздығы деп қарауға да болар еді. Алайда ондай қүбылыс басқа септіктер тұсында әсте байқалмайды. Жіктеу есімдіктерінің III жағы болып табылатын ол сөзін де алдыңғы ізбен о-л тәрізді құрама бөлшектерге бөліп қарауға болар еді. Соңғы -л элементі осы есімдіктің септелетін негізінде кездеспейді. О-ның, о-ны, т. б. Ал көмектес тұлғасы онымен түрінде айтылғанмен, -ны морфемасын ілік септіктің қысқарған түрі деп қарау керек (салыстыр: оның-мен, оның үшін, оның бірле). Оның бер жағында, сілтеу есімдік мәнінде жұмсалғанда ол сезі тек о түрінде айтылуы да кездеседі: о жаңта, о үйде, о не, т. б. Түркі тілдерінің бірсыпырасында, мысалы, азербайжан, құмық, түрік, өзбек тілдерінде III жақ жіктеу есімдігінде -л айтылмайды. Сонымен, ол есімдігінің арғы, бастапқы түбірі — о деп қарауға толық негіз бар. Ойландыратын мәселе, алайда, сол -л элементін түсіндіру болса керек. В. Котвич тұңғыс-маньчжур тілдерінде III жақ жіктеу есімдігі і, ін түрінде, қырғыз тілінде ал түрінде айтылатындығына сүйене отырып ін (і) III жақ жекеше түрі, оның кепшесі — а (н) түрінде айтылған деп жорамалдайды, -ан морфемасы біздің тілімізде анау, анда, ана жақта сездері құрамында кездеседі. Сонда, оның айтуынша, ал қырғыз тілінде а (н) мен о (л) сөздерінің қосындысынан барып пайда болған. Соңғы -л-ді Котвич нақтылаушы (ут-вердительная частица) қосымша деп қарайды. Сөйтіп -л жайлы пікір осындай. Бұл пікірдің қалайда ойландыратын жағы мынада: ол есімдігі септелгенде жатыс септікте (онда) түсініксіз -н пайда болады. Нақ осы -н ана, анау, анда есімдіктерінің құрамында кездеседі. Қазіргі тілдің құрамында онда, анда сөздерінің арасында пәлендей лексикалық айырмашылық жоқ. Бірақ о/а параллелін кейбір түркі тілдерінде есімдіктердің септелуінде кездесетін сәйкестікпен түсіндіруге болар еді. Мысалы, хакас тілінде: ол, анын, т. б. Біз, сіз есімдіктерінің құрамындағы -з элементі жайлы айтылып жүрген пікірлерді екі топқа бөлуге болады. Зерттеушілердің біразы булардың алғашқы түбірі бі, сі деп қарайды да, соңғы -з бір кезгі екілікті, қосақты білдірген қосымша деп есептейді. Мұнда біз сөзі бір кезде мен және сен дейтін мағынада қолданылған болып шығады. Осы тұрғыдан келіп -з ауыз, көз, егіз тәрізді сөздер құра-мындағы -з-мен салыстырылады. Бірсыпыра зерттеушілер біз сөзінің осы тұлғасының қалыптасуын мынадай схемамен түсіндіреді бі-сі, біз, сі-сіз. Бұл пікірді ұсынушылар да екілік (парность) ядеясын берумен байланыстырады. Алдыңғы пікірден айырмашылығы: алдыңғылар -з екілікті (парность) білдірген қосымша деп қараса, соңғылар екі сөздің бірігуінен, соның салдарынан ілгері ықпал заңдылығына сәйкес -с ның -з -ға айналуы, соңғы қысаң дауыстының түсіп қалып, бүкіл сөздің ықшамдалуы деп есептейді. Соңғы пікір сөз қүрамында болуға мүмкін өзгерістерге негізделгендіктен және сөздің лексикалық мағынасымен үйлесіп жататындықтан дәлелді тәрізді. Тек бұл жағдайда біз, сіз сөздерінің құрамындағы -з элементімен бірдей деп тануға ешқандай негіз болмай қалады. Есімдер құрамында кездесетін -з элементі сөз болғанда, әр кез көңіл аударуға тиіс құбылыс мына сияқты: мағыналық жағынан бір-бірімен ұштасып жататын, ұялас лексикалық мән беретін есімдер мен етістіктер қатарларын салыстыра қарағанда -з әрқашан есім сөздерді мағыналас етістіктерден оқшаулап, олардың есімдер тобына жатуының грамматикалық белгісі есепті көзге түседі. Мысал үшін мынадай сөз қатарларын салыстырып керейік: көз — көр, семіз — семір, т. б. Осындай фактілерге қарағанда, -з тілдің белгілі бір дәуірінде есімдерге тән қосымша болған ба деп те ойлауға болады. Қалай болғанда да біз, сіз сөздерінің құрамындағы -з сөздің бастапқы түбірінің қүрамында болмаған, кейін ғана қосылған морфема. Солай екендігін бүгінгі түркі тілдерінің фактілері де дәлелдейді. Қазақ — сіз (дер), тува — силер, алтай — слер, шор — силер, хакас — сірер, чуваш — эсир; тува, алтай, шор тілдерінде басқа түркі тілдерінде айтылатын -з айтылмай, көптік жалғау сі (си) түбіріне тікелей жалғанады. Бірақ сол тілдерде де, басқа тілдердегідей, бірінші, екінші жақтық жіктік есімдіктері жекеше түрінде мен, сен (мин, син) түрінде -н мен айтылады. Ал чуваш пен хакас тіліндегі варианттар –р- ға аяқталады. Олардың құрамынан да түркі тілдерінің бәріне ортақ сі (си) түбірін көруге болады: сірер, э-си-р. Хақас пен чуваштық варианттар біз, сіз есімдіктері бі-сі, сі-сі, яғни, екі сөздің бірігуі, сөйтіп фонетикалық өзгерістерге түсу арқылы пайда болған дейтін пікірді дәлелдемейді. Егер ол тілдерде де түркі тілдерінің барлығына ортақ бі, сі түбірлері сақталған болса, біріккен уақытта (бі-сі, сі-сі) соңғы -р қайдан шығуы мүмкін дейтін сұрақ туады. Өйткені байырғы түбірдің құрамында -р жоқ. Бұл жағдай чуваш, хакас варианттарының құрамындағы -р түбірге қосылған қосымша деп қарауға негіз болады. Сонымен, біз, сіз есімдіктері екі түбірдің бірігуі арқылы емес, түбір мен қосымшаның бірігуінен жасалған болса керек. Сілтеу есімдіктері. Сөздердің семантикалық орайлас, ұялас болуы көбінесе олардың генезистік бірлігінің салдары болып отырады. Сондықтан да жіктік есімдіктері мен сілтеу есімдіктері пайда болу, қалыптасу негізі жағынан бір-біріне байланысты болу керек дейтін пікір үстем. Н. К. Дмитриев түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерін екі түрлі мағыналық топқа жіктейді. Оның айтуында, сілтеу есімдіктері алыстық пен жақындықты білдіруде көлемдік және мезгілдік мәнде екі топқа: бұл және ол болып жіктеліп отырады. Әрине, қазіргі түркі тілдерінің фактілері мынаны дәлелдейді: ең алдымен заттың көлемдік орналасуына қатысты болып келетін мағына — сілтеу есімдіктерінің алғашқы, байырғы қолданысы да, соның негізінде, сол мағыналық қолданыстың дамуынан барып, мезгілдік мән, заттың мезгілдік мерзімде орналасуы шықса керек. Дмитриевтің бұл пікірін қазақ тілінің мынадай фактілерімен түсіндіруге болар еді: бүл — қасында, жанында тұрған, орналасқан зат, көрініп тұрған зат, ол — алыста, көрінбейтін, бірақ бар екендігі анық зат. Осы екі түрлі сөз арқылы берілетін, екі түрлі мағыналық топ одан әрі дамығанда мына тәріздес болса керек: бұл, мынау, осы, осынау және ол, сол, сонау, анау, ана (жақта). Мағыналық колданысы жағынан осы екі топтың әрқайсысы өз ішінде бір-бірімен орайласып жататыны рас. Бұл кісі, мына бала, осы адам, осынау төбе тәрізді қолданыста мына, бұл, осы, осынау есімдіктері бір-біріне жақын, жалғас орналасқан адамды (затты) білдіретіні тәрізді, бұл уақыт, мына кез, осы уақыт тәрізді тіркестер құрамында да олар бір-бірінен алшақ кетпейтін уақыт кезеңдерін білдіреді. Мұның бәрі сілтеу есімдіктерінің екі қолданысы да орайлас, бірі екіншісінен туып жататын салдар деп қарауға мүмкіндік береді. Сонымен, сілтеу есімдіктерінің мағыналық екі тобы о баста екі сөздің негізінде пайда болған. Ол сөздер: бұл және ол. Н. К Дмитриев теориясын еске алсақ, бұл сездер о баста заттардың көлемдік орналасуына (топографиялық белгілерді білдіруге) байланысты қалыптасқан. Ал сілтеу есімдіктерінің басқалары бұл және ол сөздерімен семантикалық орайластығын, келем мәнінде де, мезгіл мәнінде де бір-біріне мағыналастығын ескерсек, оларды сол екі сөздің (бұл және ол) әр түрлі фонетикалық және грамматикалық езгеріске түскен тұлғалары деп ойлауға болады. Морфологиялық жағынан тұлғалас деуге олардың сыртқы пішіндерінің ұқсастығы да дәлел бола алады. Мына сөздерді езара салыстырып көрейік: бұл, мына және ол, ана; бұлардан түркі тілдерінде кездесетін кейбір дыбыс сәйкестіктерін көруге болады: б-м, ұ-ы, о-а. Әрине, бүгінгі тіліміздің фактілері негізінде сілтеу есімдіктерінің бойынан кездесетін тұлғалық ерекшеліктердің барлығын бірдей түсіндіріп беруге мүмкіндік бола бермейді. Олардың өзара ұялас, тұлғаластығын біршама болса да толық түсіну үшін басқа түркі тілдерінің материалдарымен және тарихи фактілермен салғастыра қарастыру керек болады. Бұл есімдігінің арғы түрі қандай болған, яғни, соның құрамындағы -л о баста түбір құрамында болған ба, әлде кейін қосылған қосымша ма дейтін мәселе түркологтарды көптен ойландырып келеді. Оған себеп болатын осы сөздің сөз тіркестері құрамында кейде соңғы -л-сіз айтылуы. Қазіргі қазақ тілінде бұ жақ, бұ кез, бұ кісі деп, -л-сіз айтылу норма екені белгілі. Ал қазіргі түркі тілдерінде осы сөздің айтылу пішіні мынадай: қырғыз — бұл, баш-құрт — был, өзбек түрікмен, ұйғыр, құмық, ноғай, татар, түрік, якут, азербайжан, алтай тілдерінде — бу, тува тілінде — бо, ха-қас — пу, шор — по. Бұған қарағанда, түркі тілдерінің басым көпшілігінде сонғы -л-сіз айтылады, яғни, қазақ тіліндегі осындай құбылыс әсте оқшау емес, жалпы түркілік негізде пайда болған. Қөне ескерткіштер тілінде де бу түрінде ұшырасады. Бұл факт о баста байырғы түбір құрамында -л элементі болмаған деген пікірді бекіте түседі. Бұл сөзі нақ осы күйінде екі түбірдің бірігуінің нәтижесі болса керек. Көне жазбалар тілінде бу және ол есімдіктерінің қабаттасып, бір қызметте қолданылуы ұшырасады. «Құдатқу білікте» мынадай сөйлем бар «тілеч барча булдум, бу ол бір сөзум, бу йаңлы кішіке мунадур өзум». Бұл сөйлемдегі бу ол тіркесі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мағынасында қолданылғаны күмән туғызбайды. Мынадай бір жайды да ескеру керек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, кейінгі «Кодекс куманикусте» әңгіме болып отырған есімдік тек бу түрінде, -уг-сіз айтылады. Жаңағыдай қолданыс та ол ескерткіштер тілінде ұшыраспайды. Алайда сол ескерткіштердің қайсысында да бұл есімдігінің қызметінде III жақтық жіктік есімдігі ол сөзінің қолданылуы жиі ұшырасады. Бір-екі мысал: ол сабығ ешітіп қағанғару ол сабығ ыттым (Т.). «бұл сөзді есітіп қағанға айттым». Күл тігін ол сүңүшде отуз йаша-йур ерті (КТ). «Күлтегін бұл соғыста (соғыс болған кезде) отыз жасар еді». Качан ол сөзні айтты феріште күтүчүге, теңірінің йа- рықлықы йарытты аларны (КК). «Қашан бұл сөзді феріште күтушіге айтқанда, тәңрінің бұйрығы сәулелендірді оларды». Ол сөзүнү айтты да, жанын теңрі еліне берді (КК)». Бұл сөзді айтты да жанын тәңрі қолына берді». Келтірілген сөйлемдерде ол есімдігі қазіргі тіліміздегі бұл есімдігінің мәнінде қолданылған. Солай екендігін текст құрамындағы бір-біріне жалғас айтылған сөйлемдер мағынасын салғастыра отырып анық байқауға болады. Ал жіктеу есімдігінің мұндай қолданысы қазіргі қазақ тіліне де жат емес. Алайда қазіргі қазақ тіліндегі мұндай қолданыс негізінен сөзді стильдік мәнерлеумен ұштасып жатады. Бұ ол тіркесі де, біздің байқауымызша, көбіне тек жазба тіл мұраларының тілдік ерекшелігі ретінде ғана ұшырасады. Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі заңдылықтарын байқататын Орхон-Енисей жазбаларында немесе «Кодекс куманикусте» мұндай қолданыстың кездеспеуі соны дәлелдейді. Әйтпесе, XIV ғасырда жазылған «Кодекс куманикусте», XI ғасырда жазылған «Құдатқу білікте» қолданылған тілдік фактінің ұшыраспауын ешбір ерекшелікпен түсіндіру мүмкін болмас та еді. «Қудатқу білік» өз заманының жазба тілінің ескерткіші. Ал жазба тіл қашанда сөзді саралап, нақтап қолдануға ұмытылатыны белгілі. Бұ ол тіркесі де сондай мақсаттан туған деп қарауға болар еді. Жазба тіл құрамында қалыптасқан тіркес жиі айтылу процесінде кірігіп бұл күйіне келуі әбден ықтимал. Бұл есімдігімен түбірлес сөздер — мына, мынау. «Құдатқу білікте» бұ есімдігінің муну түрі де кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде осы есімдіктердің дыбысталуы мынадай: башкұрт — бынау, қа-рақалпақ — мынау, т. б. Түркі тілдерінің біразында мұндай есімдік жоқ, оның мәнінде басқа сездер қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мұнау, мұнда, мұндай, бұндай тәрізді есімдік немесе есімдік негізді басқа сөздер де бар. Сонда мына, мынау, мұнау есімдіктерін осылардан туынды мынадай, мұндай, бұндай, мұнда, бұнда сөздерімен салыстырып қарасақ, бұлардың барлығына ортақ түбір—мын, мұн, бұн. Алайда дыбыстық ерекшеліктеріне қарай бұлардың әрқайсысы дербес түбір емес, бір ғана түбірдің фонетикалық варианттары. Бұл жерде түркі тілдеріне ортақ, сол сияқты қазіргі қазақ тілі құрамында да ұшырасатын мынадай дыбыс сәйкестіктері бар: м-б, ы,ұ. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, бір ғана тілдің құрамында кездессе, сол тілдің о бастағы этникалық құрамының куәсы есепті деп қарау орынды. Бір-біріне ұқсас тілдерде сөйлеген тайпалардың қайсысында да өзіндік дыбыстық ерекшеліктер болған, жаңағыдай фонетикалық варианттар соның ізі. Әйткенмен мын, мұн, бұн түбірлерінің құрамындағы -н түбірдің элементі емес, бұл есімдігінің құрамындағы -л-дің варианты. Егер солай деп қарасақ, түбірдің өзгеру жолын былай керсетуге болар еді: бу/бұ/му/ мұ/мы. Біздің байқауымызша, мына, мынау есімдіктері және мұндай, бұндай есімдік туынды сын есімдер бұл есімдігі қалыптасқаннан кейін барып пайда болған. Сондай екендігіне көрсетіліп отырған сөздердің барлығына ортақ түбір — мын (мұн) екендігі де дәлелдейді. Бұл есімдігінің септелетін негізі бұн (бұның, бұнан, бұнда, бұнымен) екендігін және осы түбірдің өзі атаудан басқа септік жалғауларында м дыбысынан басталып та айтыла беретінін еске алу керек. Мына, мынау есімдіктерінің арғы, алғашқы түбірі мын деп қарасақ, соңғы -а, -ау қосымшаларының арғы төркінін тап басып, дәл айту қиын. Бұл жайында әзірге зерттеушілердің әрқайсысы әр түрлі пікірде: -а элементін Рамстедт, мысалы, ол сілтеу есімдігінің айтылу практикасында танымастай болып өзгерген варианты деп қарайды. Егер осы пікірді мақұлдасақ, мына сөзі мын (бұл) негізі мен ол сөзінің бірігуінен пайда болды деп қарау керек болады. Бірсыпыра зерттеушілер мұны барыс септік қосымшасы деп есептейді. Алайда осы сөзде бағытты білдіру мәнінен гөрі сілтеу, нұсқау мәні басым жатыр. А. Ибатов басқа түркі тілдерінің материалдарына және Рамстедт келтіретін алтай тілдері фактілеріне сүйене отырып, -е, -а ескі қолданыстан қалған сілтеу есімдігі болу керек дейтін жорамал айтады. Бұл пікір бойынша, мына, міне, міні сөздері екі түрлі сілтеу есімдігінен қалыптасқан болып шығады. Егер түркі тілдерінде де бір кезде сондай сілтеу есімдігі болған болса, бір мағынадағы екі сөздің бірігуі нендей құбылысқа байланысты болды екен дейтін ой туады. Мынау сөзінін құрамындағы -у элементі жөнінде біршама сенімді болжамды В. М. Насилов айтады. Ол ұйғыр, т. б. түркі тілдерінің фактілері -и, -ву сілтеу есімдігінің қысқарған варианты екендігін дәлелдейді. Ал ву есімдігі ұйғыр тілінде манаву есімдігінің құрамында сақталса керек. Ол жіктеу, сілтеу есімдігімен түбірлес ана, анау сөздерінің құрамындағы -а, -у элементтері жайлы да осы айтылғандарды қайталау керек. Қосымша айта кететін жай: ескі жазбалар тілінде, сирек те болса ан есімдігі кездеседі. Осы ан мен анау, ана есімдіктері төркіндес. Ал ан о баста шығу тегі жағынан ол есімдігінің фонетикалық варианты: о/а. Соңғы -к-ді ол құрамындағы -л-дің өзгерісі деп қарау керек пе, әйтпесе өз алдына дербес тулға деп есептеу керек пе — ол жағы айқын емес. Алайда ескерткіштер тілінде ұшырасатын ан (атау тұлға) есімдігінің құрамындағы -к ол құрамындағы -л-дің фонетикалық варианты болмаса керек. Қайта ан құрамындағы -к-мен, сен жіктеуліктерінің құрамындағы -н-мен тектес болуы мүмкін. Алтай тілдерін зерттеушілер кейбір тілдерде қолданылатын ын, ін есімдіктері де осы ұялас сөздер деп есептейді. Сонда ол сілтеу есімдігінің алғашқы түбірінің мынадай фонетикалық варианттары болған деп қарауға болады: а//о//ы//і. ы, і дыбыстарынан басталатын варианттардың ізі ескі жазбалар тілінде ұшырасады: інче (інча) (солай, сондай, ҚБ), ынчып (ын-чып, сондай, солай, ТЖ-)> ынару (ы-нару, немесе ын-ару, оған, соған, -ғару барыс септік, ТЖ). Бұлардың сол тілдегі қолданысын еске алсақ, ол есімдігімен ұялас екеніне күмән тумайды, а дыбысымен келетін варианттың да ескі жазбалар тілінде ізі бар: анча (ан-ча, ҚБ), анчада (ан-ча-да — сонда, сол кезде), анчақынча (ан-чақ-ын-ча— сол шақта, сол кезде. ТЖ-)> аңтағ (ан-тағ—андай, сондай. ҚБ). Бұл сөздердің қазіргі қазақ тіліндегі анша (анша — мұнша), ан- дай (ғ — й) сөздерімен тұлғалас екені ешбір дау туғызбайды. Сөйтіп бұл фактілерге қарағанда, қазақ тіліндегі ана, анау сөздері құрамындағы а мен ол дегендегі о бір түбірдің екі варианты болып шығады. Осы ан түбірі әне, әнекей сездерінің құрамында да ұшырасады, ән түбірі осы тұлғасында жалпы алтайлық ін (ын) есімдігімен тікелей байланысты, і>ә ауысуы тарихи тұрғыдан жеке фактілер ыңғайында ұшырасып отыратын құбылыс. Ән түбірі осы көрсетілген екі сөз құрамында ғана ұшырасуы да оның ескі қалдық екенін көрсетеді. Сол сілтеу есімдігі нақ осы тұлғасында қазіргі қазақ тілінен басқа қарақалпақ, ноғай тілінде кездеседі. Басқа тілдерде бұл есімдіктің фонетикалық сипаты мынадай: башқұр, татар тілдерінде — шул, қырғыз тілінде — ошол, ошо, кұмық тілінде — шол, со, түрік түрікмен тілдерінде — шу, якут тілінде сити. Осы фактілерді салыстыра келгенде с дыбысымен айтылу қыпшақ тобына тән екендігін байқауға болады. «Кодекс куманикусте» сол, шол тұлғасының екеуі де ұшырасады. Бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоқ, тек дыбыстық қана ерекшеліктері бар бұл сөздердің жалпысына ортақ түбір мен жасалу, қалыптасу жолын айқындауда қырғыз тіліндегі ошол тұлғасы басты тірек болса керек. Нақ осыған ұқсас тұлға «Құдатқу білікте» кездеседі: ошул. Қырғыз тілінде және «Құдатқу білікте» ұшырасатын осы тұлғаны құранды деп қарауға әбден негіз бар: ош-ол (ул). Бұлай деуге қазақ тіліндегі осы сілтеу есімдігінің алдыңғы элементі ос (ош) және қазіргі өзбек тіліндегі ушбу есімдігінің алдыңғы морфемасы уш дәлел. Осыларды салғастыра келгенде, бір кезде тіл құрамында есімдіктерге қабаттаса айтылатын ош (немесе уш) күшейтпелі сөзі болған деп шамалауға әбден болар еді. Күшейтпелі ош (уш) сөзі сілтеу есімдіктерімен қабаттаса алдынан айтылған да, келе-келе әр түрлі фонетикалық өзгеріске түсудің салдарынан қазақ тілінде сол, бас-қа тілдерде шул, т. б. тұлғада қалыптасқан болса керек. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде сөздің алғашқы күйін сақтап қалған тіл деп тек қана қырғыз тілін атауға болады. Қазақ тілінде сол түрінде қалыптасуын ош-ол//ос- ол-шо-л//со-л/Іш-с арқылы, яғни, алдыңғы дауыстының редукциялануы деп қана түсіндіруге болады. Соңғы -л дыбысы факультативті элемент. Түркі тілдерінің бірсыпырасын-да бұл (-л-сіз айтылу) әбден орныққан құбылыс. Қазіргі қазақ тіліндегі сона, сонау (сонда үстеуі де) есімдіктерінің жасалуы да нақ осы тәсіл арқылы жүрген. Тек бұл жерде ош және ан (ол есімдігінің варианты) элементтерінің бірігіп қалыптасуын көру дұрыс. Әйтпесе, сона, сонау сездерінің құрамында л емес, н дыбысының айтылуын дыбыстық үндесу заңдылығымен түсіндіру мүмкін емес. Осы, осынау есімдіктері де ош және о есімдігінің тіркесінен қалыптасқан. Қырғыз тілінде бұл есімдік ушул, ушу түрінде айтылса, башқұрт тілінде ошо түрінде айтылады. Тағы да бұл ретте қырғыз тіліндегі ушул тұлғасын ең ескісі деп негізге алуға болады. Қырғыз тіліндегі тұлға уш+ул — құрама бөліктеріне ажырайтыны анық. Радлов қазақ тіліндегі осы сөзін ош + бу деп этимологиялаған. Біздің байқауымызша, Радлов сол дәуірдегі кітаби тіл құрамында көп қолданыс тапқан үшбу сөзімен байланыстырған тәрізді. Анығында, қырғыз тіліндегі ошу сөзіне берілген этимология қазақ тіліндегі осы сөзіне де келер еді. Қырғыз тіліндегі ошу сөзін былай талдайды: ош-у. Егер қазақ тіліндегі осы сөзін, Радлов айтқандай, ош-бу деп қарағанда, ортаңғы — б -дыбысының түсіп қалуын ешбір заңдылыққа сыйғызуға болмас еді. Ош сөзі мен о сілтеу есімдігінің тіркесінен құралғандығын қырғыз тіліндегі ушул сөзі де дәлелдейді. Сөз соңындағы (есімдіктер құрамында) -л-дің факультативті элемент екені қашанда белгілі. Сонда қазақ тіліндегі осы есімдігінің қалыптасу жолын былай деп қарауға дәлел бар: ош-ол//ос-ол/І-ош- о/Чос-о >ос-ы. Сөз соңында еріндік дауыстының езулікке айналуы тарихи тұрғыдан қазақ тіліне әсте жат кұбылыс емес. Сұрау есімдіктері. Сұрау есімдіктерінің қазіргі тұлғалары тарихи тұрғыдан құранды. Сонымен бірге, сұрау есімдіктері тілдің көне дәуірінде казіргі тілдердегідей сан жағынан мол, тұлғалық жағынан әр қилы болмаған. Бұған дәлел ретінде қазіргі заманда белгілі болып отырған ескерткіштер тілдеріне жүгіну орынды. Орхон-Енисей жазбаларында, мысал үшін, сұрау мәнінде қолданылған сөздер саны 2—3-тен аспайды. Сұрау есімдіктерінің сан жағынан молайып, тұлғалық жағынан әр қилы бола бастауы кейінгі дәуірлерде, алғашқы түбірлердің күрделеніп, ұялас туынды түбірлердің молаюымен тұстас болғандығы анық. Сұрау есімдіктердің құрамының не біріккен, не түбір мен қосымшаның кірігуі арқылы қалыптасуы соның нәтижесі. Қазіргі түркі тілдерінде сұрау мәнінде қолданылатын есімдіктер негізінен 3 түбірдің айналасына топталады. Олар: кім, не, қай (қан). Бір тілде сұрау есімдіктерінің саны аз, бірінде көп болуы да мүмкін. Бірақ қайсысы да осы түбірлер негізінде жасалған. Әрине, чуваш, т. б. кейбір тілдерде шет тілдерден ауысқан сүрау мәнді сөздер де кездеседі. Бірақ ондайлар аса көп емес. Егер жеке тілдерге тән дыбыс ерекшеліктерін (тарихи тұрғыдан әбден түсінікті) ескерсек, түркі тілдеріндегі сұрау есімдіктері ортақ түбірлерден ортақ тәсілдер арқылы күрделеніп, өзгеріп отырғандығын көреміз. Сұрау есімдіктеріне негіз болған не, қай (қан), кім түбірлері о баста есім болған. Ондай жорамалға әлгі түбірлердің кейінгі барысында есім ұялас туынды сөздер жасауы ғана емес, түбір қалпында қолданысы да дәлел бола алады. Мысалға қай сөзінің дербес қолданысын қарастырайық: қай кісі, қай нәрсе, қай бір адам, т. б. Қай түбірінің мүндай атрибуттық ыңғайда дербес қолданылуы екі түрлі жайды аңғартады, біріншіден, түбір есім екендігі байқалса, екіншіден, тап осы қолданыс бұл түбірдің қатыстық мәнін көрсетеді. Сонда қай есім түбірі о баста сұрау мәнін емес, қатыстық мән (относительное) берген. Нақ осындай ерекшелікті не, кім сөздері жайлы да айтуға болар еді. Не нәрсе, не іс және кім де кім тәрізді тіркестер құрамында бұлар да атрибуттық қызметте жұмсалып, қатыстық мән береді. 8—9- ғасыр жазбалары тілінде не есімдігінің қолданысы да сұраулық мәннен гөрі қатыстық мәнді көбірек танытады: не қағанқа ішіг-күчіг берурмен — қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын. Бұл сөйлемде не есімдігі қатыстық мәнде және қай есімдігінің орнына жұмсалғандығы анық. Жалпы 8—9-ғасыр ескерткіштері тілінде не және қай есімдіктерінің қолданысы өзара айқын жіктелмегендігі байқалады. Салыстырыңыз: не ойун, не ийрдә (қай, қандай ойын, қай жерде). Қай түбірі қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай тәрізді сұрау есімдіктеріне негіз болған. Егер осы түбірлерді байқап қарасақ, бірде байырғы түбір мен қосымшаның (қайда, қайдан, қандай, қалай), кейде екі түбірдің бірігуін кереміз. Бірақ барлығына ортақ түбір — қай (қан). Әрине, кейбір сөздер құрамына қарай, бастапқы түбір қай емес, қа деп те ойлауға болар еді. Өйткені қай-да, -қай- дан болғанмен, қа-лай екені айқын. Алайда қазақ тілінде қалай есімдігіне синонимдес қайтіп (кәйтіп) дейтін де сұраулық сөз бар. Қалай және қайтіп есімдіктерінің мәндестігін былай қойғанда, ортақ түбірге негізделгендігі де күмән туғызбайды. Бұлай деуге тікелей себеп — қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қалай сұрау есімдігі хайди (хақас т.), хайдах (якут т.), кайде (шор), қанайып, қандайып түрінде де айтылады. Осы фактілермен салыстыра келгенде, ортақ түбір қа емес, қай (қан) болып шығады. Ф. Г. Исхаков қалай есімдігін мынадай кұрама беліктерге талдап қарастырады: қа(й) — ла-й. Мұндағы -ла — етістік тудыратын аффикс, -й — көсемшелік форма. Сөйтіп қалай — сұрау есімдігі әуелі есім, одан туынды етістік, көсемше. Ал көсемше тұлғаларының сұрау есімдігі есебінде қалыптасуы әсте жат құбылыс емес. Ол үшін қайтіп сөзін (қай-ті-іп) еске түсірсе де жеткілікті. Жоғарыда келтірілген сұрау есімдіктері құрамындағы байырғы түбір бірде қай, бірде қан түрінде дыбысталған. Мұның үстіне қазіргі кейбір түркі тілдерінде сол сұрау есімдіктері хайдағ (қандай, хақас), ханна (қайда, якут) тәріздес те дыбысталатынын еске алсақ, сұрау есімдіктерінің едәуір тобына негіз болған түбір жалпы түркі тілдері құрамында бірде қан, бірде қай түрінде айтылуын көреміз. Көне жазбалар тілінде: қаны, қайуда, қайу, қайда, т. б. Сөйтіп кейде бір ғана ескерткіш тілінде бірде қанда (я-мен айтылған), бірде қайда (гг-мен айтылған). Осы бір ғана түбір ыңғайында байқалатын н-й сәйкестігі тайпалық тілдер ерекшелігі болуы да ықтимал. Алайда Орхон-Енисей жазбаларында сұрау есімдіктері тек қана қанта, қантан түрінде кездеседі. Егер осы фактіні ескерсек, н~й сәйкестігі кейін пайда болған құбылыс деп қарауға тура келеді. М. Қашқари қой сөзінің бірде й мен қой түрінде, бірде қон түрінде айтылатынын келтіреді де, н-мен айту арғу тайпасының ерекшелігі деп көрсетеді. Және Қашқари сұрау есімдігінің де екі түрлі айтылуын келтіреді. Ол былай деп жазады: «Түріктер қайу нең (қайсы нәрсе) десе, олар (арғулар) қану дейді». Бұған қарағанда, сұрау есімдіктеріне негіз болған түбірдің екі түрлі дыбысталуы Қашқари дәуірінде қалыптасқан құбылыс және бұның өзі тайпалық тілдердің қалдығы есебінде орнығып қалған деп қарауға дәлел бар. Қайтіп сұраулық сөзінің құрамын былай деп те қарайды: қай-ет-іп. Қай — сұрау есімдігі (әрине, ескірген) -ет көмекші етістік, ал соңғы морфема көсемшелік қосымша. Екі сөз (ескі сұрау есімдігі мен кемекші етістік) біріккен уақытта соңғы сөз құрамында элизия болып, е түсіп қалған. Сонымен, бұл айтылғандардан шығатын қорытынды қандай және қайда сұрау есімдіктері бір ғана түбірдің екі турлі фонетикалық варианттары негізінде қалыптасқан ұялас сөздер. Жоғарыда қай (қан) түбірі — есім сөз деген тұжырым айтылды. Сол тұжырымды дәлелдейтін тағы.бір факт — оның септелуі, қайда және қайдан сұрау есімдіктері жатыс және шығыс септік жалғаулары мен есім түбірдің бірігуінен барып қалыптасқандығы анық. Ал қайсы есімдігі есім түбір мен тәуелдік жалғаудың III жағының бірігуінен қалыптасқан. Көне жазбалар тілінде де қай- дан, қандан, қайда, қанда, қайдын түрінде ұшырасады. Жалғаулар құрамындағы дауыстылардың батыс және оңтүстік тілдер ыңғайына қарай дыбысталуын еске алмасақ, қазіргі тілдерден ешбір айырмашылық байқалмайды. К,анша, қалай, қандай сұрау есімдігі қан түбіріне әр түрлі сөз тудырушы аффикстердің жалғануы арқылы жасалған. Қанша, қа(й)-ла-й және қан- дай, қанша есімдігінің кұрамындағы -ша, сірә, орысша, қазақша, балаша тәрізді туынды үстеулер құрамындағы осындай аффикстен бөлек болмаса керек. Қашан есімдігінің қалыптасуын Ф. Г. Исхаков қан-шағ-ын, яғни, қан және шағ сөзінің көне түркілік құралдық септік (творит. падеж) тұлғасының (ын) бірігуі, сөйтіп қысқаруының нәтижесі деп түсіндіреді. Қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ басқа да түркі тілдерінде қай және шақ сөздерінің тіркесі мезгіл — уақытты білдірудің қалыптасқан тәсілі екендігі белгілі. Осы тұрғыдан келгенде, бұл пікір шындыққа саяды. Көне түркілік жазбалар тілінде кеңірек мағынада кездесетін не есімдігі де қазіргі тілде бірсыпыра сұрау есімдіктерінің жасалуына өзек болған. Бұл топқа немене, неге, неше тәрізді сөздер жатады. Бұлар не-ме-не, не-ге, не-ше тәрізді құрама элементтерге ажырайды. Немене сұрау есімдігінің құрамындағы -ме сұраулық шылау. Неме сөзі қалыптасып, заттық ұғым алған кезде, сұраулық мән туғызу үшін екінші рет не қосылған. Неше есімдігінің құрамындағы -ше осыдан бұрын айтылған қанша есімдігінің құрамындағы морфема екені анық. Не сөзі о баста зат есім мәнінде қолданылған. Солай екендігіне қазіргі тілдегі кейбір қолданыстары да айғақ. Не нәрсе, не іс, не зат тәрізді тіркестер құрамындағы не — тек зат есім мәнін ғана береді. Не — о баста тек зат есім болғандығын оның септеулік тұлғаларының сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы да дәлелдейді. Нені, неге, неде, неден, немен тәрізді тұлғалардың сұрау есімдіктері есебінде қалыптасуы сөз мағынасын саралап түсінуге ұмтылудан туған болса керек. Тура объект мәні нені, жанама объектілік мағыналар неге, неде, неден (септік жалғаулардың семантикасына сай) сұрау есімдіктері арқылы ашылатыны мәлім. Не сөзінің септік тұлғаларының сұраулық мәндерде қалыптаса бастауы сонау ескі дәуірден басталған процесс. VIII ғасыр жазбалары тілінде мынадай тұлғалар ұшырасады: негү: біз икегү, негү тіп өтүне-лім (біз екеуміз қалай етінейік), неке: неке қорқурбыз (неге қор-қамыз), неде: неде өтру йоқ (не үшін жоқ). Сонымен, не сөзінің объектілік мән беретін септік жалғауларында қолданыла бастауы ертеден кездеседі. Оның үстіне, көне түркілік жазбалар тілінде не есімдігінің септік тұлғалары кейде қазіргі тіліміздегі мағынасынан өзге, басқа сұрау есімдіктері орнына қолданылғандығы да бар. Жоғарыда келтірілген біз икегү негү тіп өтүнелім сөйлемі құрамындағы негү есімдігі қазіргі тіліміздегі қалай сұрау есімдігінің орнына қолданылған (негү, -гү барыс жалғауының оңтүстік тілдерге тән варианты). Не есімдігінің және оның әр түрлі тұлғаларының баска сұрау есімдіктері орнына қолданылуы көне түркілік жазбаларда жиі үшырасады. Мысалы: не қағанқа ісіг-күчіг берүрмен «қай қағанға ісім мен күшімді жұмсармын». Не ийрде «қай жерде». Қазіргі қазақ тілінде қалай, қандай есімдігінің орнына нендей, қанша деудің орнына неше сұрау есімдіктерінің қолданылуы бір кезде, тілдің көне дәуірінде не түбірлі есімдіктердің қолданылу аясының кеңдігінен қалған із. Не есімдігі ескі жазбалар тілінде де басқа сөздермен тіркесіп, сұрау мәнді тіркестер жасаған. VII—VIII ғасыр жазбалары тілінде не үчүн, не ийрде, некуке керек тәрізді сұраулық тіркестер ұшырасады. Қазіргі тіліміздегі не қылды, не етті, не істеді, не үшін, не мақсатпен тәрізді толып жатқан тіркестер бір кезгі ескі түркілік модель бойынша қалыптасқандығы анық. Өздік есімдігі деп аталып жүрген топқа жататын бір ғана өз сөзі екені белгілі. Зерттеушілердін қайсысы да өз сөзі о баста «сущность, самость», яғни, «бүтін, түгел бәрі, негізі» дейтін мән берген дейтін пікірге ойысады. Сонда өз сезінің тәуелдіктің III жағында айтылуы кейін пайда болған құбылыс деп танылуға тиіс. Көне түркілік ескерткіштердің кейбірінде бұл сөздің айтылып отырған мәнде және тәуелдік жалғауынсыз қолданылуы ұшырасады. Өз ынча кергек болмыш (ҚБ). «Өмір де өзінше аяқталды». Қазақ тіліндегі өз- өзінен (сөйледі), өзі-өз болғалы, өзді-өзі, өз бетімен (бетінше), өз басы тәрізді тіркестер құрамынан да өз сөзінің алғашқы мәнін де, тұлғалық ерекшелігін де (өзі-ез болғалы, өз-өзінен) байқауға болады. Өзі-өз болғалы, өз-өзімен тіркестері құрамындағы қосымшасыз өз сөзі есімдіктен гөрі зат есім мағынасына жуық. Бұл фактілер түркологияда кең таралған пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. Өз сөзі даму барысында тәуелдіктің III жағында есімдік есебінде қалыптасумен бірге, басқа да сөздерге негіз болған. Қазіргі тіліміздегі өзек (өз-ек), өзге (әз-ге), өзгеше // ез-ге-ше/, өзінше (ез-ін-ше) сездері осы түбірден тараған. Есімдіктердің қалыптасу тарихы жайында әңгіме қозғағанда тоқталуды қажет ететін жайдың бірі — есімдіктердің септелу ерекшеліктері. Қазіргі түркі тілдерін есімдіктердің септелу ыңғайында салыстырып қарасақ, біркелкі болмайтынын кереміз. Бұндай әркелкілік әсіресе барыс жалғауының тұлғасына катысты. Кейбір тілдер фактілерін байқап көрейік: башқүрт — миң-ә, татар — миң-а, ноғай — ма-ға, қазақ — ма-ған. Барыс септікте есімдіктер септелуінің қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын үш түрі (1. -э, -а, 2. -ға, 3. -ған) осы келтірілген тілдер фактілерімен айқындалады. Ноғай тілінің ерекшелігі ма-ға, са-ға есімдіктің байырғы түбіріне (ма, са) барыс септіктің біршама «жаңа» косымшасының жалғануы, яғни, жалпы есімдер тобына тән септелу үлгісімен ыңғайласуы болса керек (атқа, жерге, кекке, т. б.). Екінші жағынан, ноғай тілі бұл жерде түбір ыңғайында қазақ тілімен жақындасады. Салыстыр: ма-ға, ма-ған, ал басқа септіктерде ме, се (мен, сен) жіңішке. Басқа тілдерде түгелге жақын жіктеу есімдіктері барлық септік жалғауларында біркелкі айтылады. Қазіргі түркі тілдерінде ұшырасатын есімдіктер септелуінің осы үш түрі де көне түркілік жазбаларда бар. VII—VIII ғ. жазбаларында маңа, саңа. Әрине, -а, -е тұлғалары, әдетте айтылып жүргендей, оңтүстік тілдерінің үлесіне тиеді .де, -ға, -ге тұлғалары солтүстік-батыс түркі тілдерінің ерекшелігі болып қалады. Алайда, осы жерде қазак тіліндегі -ған жалғауының пайда болуын қалай түсіндіру мүмкін дейтін заңды сұрақ туады. Өйткені түркі тілдерінің бірде-бірінде, ежелгі түркі жазбаларында барыс септіктің мұндай қосымшасы кездеспейді. Бұл жайында түркологияда осы уақытқа дейін әр қилы пікірлер айтылып келеді. Э.В.Севортян -ған тұлғасын екі түрлі элементтен пайда болған деп қарайды: -ға-н. Соңғы -н, Севортянның ойынша, айрықша қолданылған ескі көлемдік септіктің қалдығы болса керек және ол мен, сен есімдіктерінің құрамындағы осындай элементпен бірдей. Ф. Г. Исхаков бұл тұлға туралы былай деп жазады: «возможно, по нашему, три варианта объяснений: 1) -ған -ғар, 2) оған «ему» — онға: ниғ путем метатезы поменялись местами, 3) оған «ему» оға — оғар». Бұл жерде айта кететін бір жай, -ғар тұлғасы ортағасырлық ескерткіштердің біразында-ақ ұшырайды. Соған қарағанда, бұл тұлға көне түркілік -ғару (мұның езі -ға және -р элементтерінен құралғандығы айқын) тұлғасының қысқарған түрі болу керек. Алайда -ған тұлғасы -ғар-дың дамыған түрі немесе ол н және ғ дыбыстарының орын алмасуының нәтижесінде пайда болуы да ықтимал. Ортағасырлық жазбалар тілінде аңа, аңғар, аңңар тәрізді үш түрлі вариантта айтылған. Алайда онда да -ған тұлғасы әсте ұшыраспайды. Мен, сен есімдіктері барыс тұлғасындағы жеке күйінде де, басқа септік тұлғаларында да дауысты дыбыспен, яғни, жуан айтылуымен, екі-ақ дыбыстан (ма, са) тұратындығымен назар аудартады. Мұндай өзгерісті, ең алдымен, ежелгі кездегі осы есімдіктердің сипатымен байланысты қарастыру орынды. VII—VIII ғасыр жазбаларында арагідік болса да барыс тұлғасының мана, бана, сана түрінде, яғни, түбірдің жуан айтылуы ұшырасады. Оның бер жағында, қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде қазірде де жуан дауыстылармен айтылу фактісі бар. Осыған қарағанда, қазіргі қазақ тілінде барыс тұлғасының ма-ған, са-ған түрінде, жуан дауыстымен келуін ескіліктің қалдығы деп қарау орынды. Есімдіктер септелуінің бір ерекшелігі — ілік тұлғасында кездеседі. Түбір мен қосымшаның жігін ажыратқанда, ілік септік жалғауының -ның әлде -ың екендігін анық айта қою қиын. Өйткені есімдіктердің түбір күйі мен, сен, ол, т. б. деп айтылады. Сонда менің, сенің септелген есімдіктерінің түбірі — мен, сен бе, әлде ме, се ме, екінші сөзбен, ілік жалғауы бұл жерде -ның ба, әлде -ың ба дейтін сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беруде түркологтардың арасында бір ізділік жоқ. Мысалы, Ф. Г. Исхаков менің дегенде ілік жалғауы -ің, яғни, септелудің оңтүстік тілдерге тән түрін сақтаған деп қараса, бірсыпыра зерттеушілер, әсіресе, қазақ тілі мамандары, түбірдің соңғы дыбысы -н мен қосымшаның басқы дыбысы -н-нің қабаттасуынан барып редукцияға ұшыраудан менің түрі қалыптасқан деп қарайды. Кейбір зерттеушілер түбірдің соңғы дыбысы болып табылатын -н — қосымшаның құрамына ауысқан деп те есептейді. Ілік септіктің есімдіктер жүйесінде ұшырасатын мұндай ерекшелігін түсіну үшін қазақ тілінің мына фактілеріне көз жүгірту орынды: менің, сенің, оның, бұның, соның, осының. Осылардың ішінде солтүстік түркі тілдеріне тән ілік септіктің толық түрі тек қана осы есімдігі септелгенде кездеседі. Басқаларының бәрінде де ілік жалғауының оңтүстік тілдерге тән түрі айтылады. Енді көне жазбалар тілінің фактілеріне жүгінсек, оларда мынадай жарыспалы тұлғаларды ұшыратамыз. X—XIII ғасыр ескерткіштерінде бенің, менің, меннің, сенің, сеннің. Бірақ Орхон-Енисей жазбаларында осы параллельдердің тек «оңтүстік» түрі ғана ұшырасады да, «солтүстік» түрі, яғни, толық түрі кездеспейді. Сонымен, ежелгі түркі ескерткіштері тілін хронологиялық жүйемен қарастырғанда -ның соңғы кезде пайда болса керек. Есімдіктердің шығыс септік тұлғасының менен, сенен түрінде, яғни, қосымшаның басқы -н дыбысынсыз айтылуы элизия құбылысының әсерінен болуы мүмкін. Ежелгі ескерткіштер тілінде сендін, сентін, сеніңден, сеніңтен түрінде ұшырасады. «Кодекс куманикусте» сенден, менден тұлғасында да кездеседі. Бұған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі сенен, менен тұлғалары қосымшаның басқы н(д) дыбысының түсіп қалуының нәтижесі. Есімдіктердің табыс тұлғасында да н-сіз айтылуын редукция әсерінен деп ойлауға болар еді. Оған мынадай дәлел бар: «Кодекс куманикусте» сеніңні тұлғасы кездеседі. Осы аналогия жолымен меніңні, оныңны тұлғалары да қолданыс тапқан деуге әбден негіз бар. Оған тағы бір себеп: септік тұлғаларының қайсысы да ілік жалғау үстіне қабаттала айтылуы түркі тілдерінің құрылысына әсте жат емес. Сондықтан «Кодекс куманикус» фактісін соның бір ұшқыны деп есептеуге болады. Олай болса, екпін түспейтін буынның редукцияға ұшырауының нәтижесінде сені қалыптасқан: се-ніңні — сені. Сонымен, қазіргі қазақ тіліндегі есімдіктер жүйесі өз бойына тілдің өте ескі кезіндегі қалпы мен кейін пайда болған жаңа құбылыстарын түгелдей сиғызған категория. Есімдіктердің бұндай ерекшеліктері олардың түбір қалпынан да, септелу парадигмасынан да айқын көрінеді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 6. Есімдіктің қалыптасу, даму тарихы. 7. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі есімдіктің зерттелу тарихы. Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 12-Дәріс Тақырыбы: Етістік категорияларының дамуы Жоспар: 1. Етістіктер тарихы 2. Етістіктің функциялық тұлғалары 3. Көсемше тұлғаларының қалыптасуы 4. Есімше тұлғаларының қолданылуы Мақсаты: Етістіктің даму тарихы туралы түсінік беру. Есімше, көсемше тұлғаларының дамуы. Көне түркі тіліндегі тұлғалармен салыстыру. Мазмұны: Көсемше. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, көне түркі тілдерінде көсемшелік тұлғалар сан жағынан көп болған. Бірақ олардың кейбірі қазіргі тілде сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамында «өлі» (застывшие) элементтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тіліндегі қатты сын есімінің құрамындағы -ты V—VIII ғасырларда көсемшелік формант және осы шақты білдірген: -қатығды>қатды>қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V—VIII ғ.) қолданылған -ы, -и көсемше форманттарының ізін көреміз. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған. 1. -а, -е: уча, тута, -й, -ы: -іти, -алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі, өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, -пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталанады. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (кебінесе шағатай әдеби тілінің кұрамында), -мадын, -мазын, -майын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Көне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше тұлғалары дербес күйінде емес, күрделі етістік құрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қолданылғаны көрсетіліп отырған көсемше форманттарын шақтық мән білдіруіне қарай осы шақ көсемшелері (-а, -е, -ы, -и, -ү, -ыт), өткен шақ көсемшелері (-п, -пан, орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, -ыбан) және мақсат көсемшесі —ғалы деп топтастыруға болады. Бұл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды. -а, -е, және -ы, -и, -у, -ү тұлғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В.Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X—XIII ғасырларда А.М.Щербактың айтуынша, жеке сөздер құрамында ғана сақталған өлі тұлға болған. Қазақ тілінде бұның ізін сайын (сай-ы-н), дейін (тегі-і-н) тәрізді шылаулар құрамынан көреміз. -у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған. Алайда кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мәнерлер тек қана -а, -е, -и формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде көбінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде осы мағыналар-а, -е, -й көсемшелерімен беріледі. -а, -е тұлғаларының арғы түбін А.М.Щербак қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында -рақ жүрнағы жалғанып та қолданылуы сондай екендігін дәлелдейді деп жазады. -п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған: -п тұлғасын А.Н.Қононов көне бол етістігінің -й/а, -и/е тұлғалы көсемшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен: -(и) ыпан>(-ы) пан>ып. Ал кейінгі дәуірлерде -пан күрделі аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бұл есімшелік аффикстердің бірі болған. С.Е.Малов та -пан тұлғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді. Бұлардан сәл өзге пікірді соңғы кезде А.М.Щербак айтты. Ол -п тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептейді. Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат көсемше деп аталып жүрген -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде — мақсат және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бұл тұлғаның осы екі мағынасы сакталған. -ғалы қосымшасы құранды -ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі де, екі түрлі морфологиялық тұлғадан каралуына байланысты -ғалы қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы -лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына меңзейді, бір істің басталуымен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұтастығын білдіреді. -ғалы тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құрамның нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -мадын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталмаған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма — етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын көсемшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқасы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де бұл аффикс бірде толық түрінде (-майын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде ұшырасады. Соңғы -ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл шолу түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін А.Н.Кононов пікірінің дұрыстығын дәлелдейді. Сонымен, көсемше формаларының көпшілігіне-ақ есім сөз таптарына тән қосымшалар негіз болған. Ал онда етістік негізге есім қосымшаларының (септік жалғауларының) жалғануын қалай түсінуге болады? Бұл жерде түркі тілдері тарихында болған мынадай ерекшелікті еске алған жөн: есім-етістік түбірлер өз семантикасын (я есім сөз табы ретінде, я етістік сөз табы ретінде) контекс құрамында ғана анықтады. Сабақтастырушы жалғаулықтар қалыптаспаған дәуірде сөйлем құрамында адвербиалдық мән берудің ұтымды тәсілі — септік жалғаулары болды. Тұрлаусыз мүше қызметіндегі қимыл есім өзінен кейінгі предикат мәніндегі етістікпен септік жалғауы арқылы қатысқа түсті. Нақ осы тәсіл қазіргі тіл құрамында да бар. Есімше. Көне түркі тілінде есімшелік тұлғалар да сан жағынан әлдеқайда көп. Бір қызметте кейде бірнеше морфологиялық тұлғалар қолданылған. Бұған қарағанда, тілдің даму барысында есімшелік тұлғалардың азаюына бұрын бірнеше формалар арқылы берілетін мағыналық мәнерлердің бір ғана форма айналасына шоғырлануы себеп болса керек. Қазіргі тіліміздегі кейбір есімше тұлғаларының қызмет аясының өте кең болуы тілдің тарихи даму барысында болған осындай процеспен байланысып жатады. Көне түркі тілінде қолданылған кейбір есімшелік форманттар қазіргі түркі тілдерінде сол күйінше қолданыс тапса (кейбір фо-нетикалық айырмашылықтарын ескермесек), бір тобы жеке сөз-дер құрамында «өлі» қосымша болып сақталып қалған. Көне түркі тілінде қолданыс тапқан есімше форманттарының кейбір басты ерекшеліктері мынадай: -мыш Орхон-Енисей жазбалары тілінде, сондай-ақ, кейінгі орта ғасыр жазбаларында да есімшенің өткен шағын жасаған аффикс: қалмыш (қалған), тегміш (түйіскен), қазіргі біздің тіліміздегі -ған аффиксінің қызметін атқарған. Бұл формант, сонымен қатар, қимыл есімінің қызметінде де кездеседі. Бұл мәнде ол қазіргі біздің тіліміздегі тұйық рай тұлғасы -г/-ға сай: бітміш (жазу, жазба), берміш (беру, бересі). -мыш форманты ашық райлы етістік қызметінде де қолданылып, сөйлемнің баяндауышы болған: йоқ ерміш (жоқ еді). Сонымен бірге тұрлаусыз мүшелер қызметін атқарып, әр түрлі септік жалғауын қабылдаған: адырылмышда (айырылысқанда), бітмішін (бітісімен). Шылаулармен де бір тіркесте қолданылған: будун болмыш үчун (халық болғаны үшін). Орта ғасыр жазбалары тілінде -мыш тұлғасының істің болған-болмағанын дүдамал, оны біреудің сөзі арқылы хабарлау мәнінде де қолданылатыны кездеседі. М.Қашқари -мыш аффиксінің бұл қызметі жайлы былай деп жазады: «-мыш, -міш қосымша-сы да іс- әрекеттің өткен уақытта болғанын білдіреді. Бірақ мұнда сөйлеушінің өзі көрмеген, анық еместік мағына бар, ол бармыш — ол барған болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын. Ол келміш — ол келген болу керек, бірақ мен өзім көрген жоқпын»} Осымен байланысты, қазақ тілінде ұшырасатын, сөйлем баяндауышына тіркесе айтылып, істің болмағандығын, бірақ болды деп жорамалдағандығын білдіретін -мыш, -мыс тұлғаларын еске түсіру орынды: айтыпты-мыс. Бұл ыңғайда жақтық қосымшаның қандай болғанына қарамай, өзгермей тіркеседі. Э.Наджип ортағасырлық Алтын Орда әдеби тілінде -мыш тұлғалы есімше баяндауыш қызметінде жұмсалғанда, тек қана III жақты білдіретінін, өйткені жақ жалғауларын қабылдамайтынын айтады. Осы ескертпе қазақ тіліндегі барыпты-мыс тұлғаларының қалыптасуына қалай да қатысты. Қазақ тілінде -мыш формантына тән барлық мән-мағына -ған формантына ауысқан кезде -мыш реликт есебінде қазіргідей позицияда қалып қойған деп қарауға әбден дәлел бар. Қалай болғанда да, қазақ тіліндегі -мыш тұлғасының осы қолданысы бір жағынан көне түркілік қолданыспен, екінші жағынан қазіргі чуваш тіліндегі қолданыспен тығыз ұштасып жатады. -мыш біздің қазіргі тілімізде жеке сөздер құрамында ғана сақталған: тұрмыс, жазмыш, озмыш, болмыс, тарамыс тәрізді сөздер құрамындағы осы тұлға. -Мыш тұлғасы өзінің бұрынғы мағынасында қазіргі оңтүстік-батыс тілдерінде ғана сақталған. Қазіргі тілімізде өткен шақ есімше мәнін беретін -ған түлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді, бірақ XI ғасырдағы Кашқари сөздігінен бастап аса жиі қолданыс тапқан формант. М.Қашқари бұл тұлғаны өткен шақтық мән беретін форманттың бірі деп пайымдайды. Алайда Қашқаридың түсіндіруінше -ған түлғасы істің дүркінділігімен байланысты ұғынылатын формант: «Іс-әрекеттің көп мәрте болғанын, созылыңқы екенін білдіруші сипат. Бүл сипат барлық тайпа тілдерінде және әрбір бөлімде бұйрық рай тұлғасында жасалады. Бұйрық рай қатан қ-ға бітсе, -ған, жұмсақ сөздерге -ген қосылады. Сондықтан көп мәрте қайталанған іс-әрекетті білдіруші сипат барған бар бұйрық райынан, тұрған тұр бұйрығынан жасалған». Бұған қарағанда, Қашқари дәуірінде, -ған, -мыш тұлғаларының арасында белгілі дәрежеде қолданыстық шек болған. Қазіргі қазақ тілінде -ған тұлғасының -мыш форманты беретін барлық мағыналық мәнерлерде жұмсалуы соңғының қолданыстан шығып қалуымен байланысты болса керек. Алтын Орда әдеби тілінде өткен шақ мәнінде -ған форманты аса жиі де кең қолданыс тапқан. Ал -мыш негізінен, тек қана анықтауыш қызметін атқаратын, сонымен қатар, III жактық баяндауыш болып жұмсалатын формант қана, яғни, қолданылуы грамматикалық жағынан шектелген формант ретінде ғана ұшырасады. Сөйтіп ол тілде -мыш формантының орнын -ған форманты ала бастағаны байқалады. Тарихи жағынан екеуі {-мыш пен -ған) екі тайпа не тайпалар одақтары тіліне тән формалар болу керек. Оңтүстік батысқа қатысты жазбалар тілінде -мыш актив қолданылғанмен, Алтын Орда жазбаларында бұл сирек ұшырайды. Бұл сол тілдердің негізі болған тайпа тілдерінің ерекшелігі екеніне дау жоқ. Қазіргі түркі тілдерінде бұл тұлғалардың қолданылуы белгілі бір жүйені байқатады. -мыш түлғасын қолданатын тілдер -ған тұлғасын айтпайды да, -ған тұлғасы актив тілдер -мыш тұлғасын қолданбайды. -ған этимологиялық жағынан құранды. Оның алғашқы бөлімі -ға — қимыл есім тұлғасы да, соңғы -н ежелгі дәуірде өткен шақты білдірген қосымша, -к қосымшасы қазіргі чуваш тілінде осы мағынада қолданылады. -р (-ар, -ер) есімшесі қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде келер шақ мәнін беретін арнаулы грамматикалық тәсіл. Келер шақ көрсеткіші есебінде бұл тұлға V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде, негізінен, мына төмендегідей қызметте қолданылған: есімше, яғни, өзінің тура мәнінде: көрүр көзүм, білір білігім, йүкүнүр күн; осы шақ мәнінде: берүр, барыр; келер шақ мәнінде: йылан йыл онунч айқа Иноз Иненчу Бес балыққа барырмен. Сонымен бірге, ертім көмекші етістігімен тіркесіп келсе, созылыңқы өткен шақ мәнін де береді. Әр түрлі септік жалғауларын қабылдап, субстантивтеніп, сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелер қызметін де атқара алады. -р тұлғалы есімшелердің V—VIII ғасыр жазбаларынан байқалатын осы мағыналары көп өзгеріссіз орта ғасыр жазбаларының тілінде де көрінеді. Жоғарыда көрсетілгендей, -р аффиксі ашық дауыстымен де, қысаң дауыстымен де айтылған. Түркологияда Радловтан бастап, осы аффикстің ашық дауыстылы варианты мен қысаң дауыстылы вариаитының арасында қолданылу мәні жағынан айырма бар деген пікір орын теуіп келе жатыр. Ең алдымен мұндай пікір қазіргі кейбір түркі тілдерінің фактілеріне негізделгендігін айту керек. Қазіргі азербайжан тілінде осы шақ мәнін беретін есімше -ыр, келер шақ есімше -ар. Ежелгі жазбалар тілінде де -р тұлғасының нақ сондай ерекше қолданысы (бірде осы шақ, бірде келер шақ мәндерін білдіруі) бар. Бірақ -р бірнеше вариантта айтылған: ашық дауыстылармен -ар, -ер, қысаң дауыстылармен -ыр, -ір, сол сияқты ерін дауыстыларымен де -ур, -үр. Алайда жазбалар тілінде -ар-мен -ыр арасында айқын айырма әрқашан болған деу қиын. Өйткені бір ғана сөз бірде -ар, бірде -ыр, кейде -ур (-үр) аффикстерімен қолданылады және қай шақта қолданылғаны контекстік қоршаудан ғана ажырайды. Көңіл аударарлық жайт — аса жиі ұшырасатын варианты -ыр, ал -ар варианты әлдеқайда сирек. Бұған қарағанда, бір себептен, бір ғана аффикстің көп варианттылығын әр турлі тайпа тілдерінің тоғысуы деп қарауға да болатын тәрізді. Бұл тұлғаның болымсыз түрі –мас//з. Соңғы элемент р емес, -з//с (бұл жерде тағы да р>з сәйкестігін еске алу керек). Қазақ тілінде тек -ар, -ер ғана сақталған және семантикалық жағынан бір-бірінен ерекшеленбейді. -ыр варианты қазақ тілінде жеке сөздер құрамынан ғана ұшырайды (жатыр). Кейбір зерттеушілер (Мыс, Н.А. Баскаков) тур, жүр етістіктерінің о бастағы аорист формасы турыр, жүрір түрінде болған деп қарайды. Кейін соңғы -ыр буыны түсіп қалған, бірақ аффикстің мәні қысқарған түбірде сақталып қалған. Бұл етістіктердің қазіргі тілде осы шақ жасайтын арнаулы тәсіл есебінде қолданылуы да соған байланысты болса керек. В.Котвич жоғары етістіктердің бастапқы түбірі ту, жү (йү), соңғы -р (ту-р, жү-р) аорист форма деп қарайды. Оның дәлелі түр, тұт етістіктеріне ортақ бүтін -ту, -тут етістігінің соңғы элементі -т қаузатив түлға, олай болса, тұр етістігінің (сол сияқты, отыр, жатыр етістіктерінде) соңғы элементтері осы шақ мәнін берген тұлға. Қазіргі қазақ тіліндегі -атын есімшесі — біршама жаңа тұлға. Орта ғасыр жазбаларында: барчаның баратурған йуртыға кетеді (Ш.Тер.). Қазақ фольклорында: артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді («Ер Тарғын»). Сонда -атын тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді деп қарауға болады: -а (көсем-ше)+түр (көмекші етістік) + -ған//а- дур + ған (орта ғасыр жазбаларында -адурған тұлғасы кездеседі) //-а + тур + ған>а + ту(р)-\-ған>а-\-ту-{-ғын>атын. Соңғы дауыстының қысаңдануы екпін түспеудің салдары болу керек. Сонымен, -атын тұлғасы өзінің құрамындағы морфологиялық тұлғалардың мәнмәнерін сақтаған (-а және -ған). Қимыл есімі -гу, -гү. Қашқари еңбегінде бұл форманттың екі түрлі қолданылуы көрсетілген: бір жағынан ол гу формантын есім орнына қолданылатын етістік деп түсіндіреді, екінші жағынан есімдермен изафет құрайтындығын көрсетеді: Сенің барғуң ка-чан — сен қашан барасың. «Қудатқу білік» тілінде бұл формалы сездердің баяндауыш қызметінде қолданысы бар: удушуғ білігіг өзүм сөзлегү — уққанды, білгенді өзім айтамын (айтуға тиіспін). Қазақ тілінде бұл формант көбінесе есім сөздер құрамында ғана сақталған, сондай-ақ, келер шақ жасауда қолданылады: -бар-ғы-м келді, бар- ғы-сы келеді. -мақ, -мек. V—VIII ғасыр ескерткіштерінде -мақ форманты есід-мек тәрізді бір-екі сөз құрамында ғана ұшырайды. Ал ортағасырлық жазбалар тілінде бұл формант аса жиі қолданыс тапқан тұлғалардың бірі. Қашқари бұл тұлғаны масдар деп түсіндіреді. Қазіргі тілдерде -мақ форманты негізінен үш түрлі қызметте ұшырасады. Істі атқаруға ниетті екенін білдірудің тәсілі ретінде ол, әрине, келер шақ мәнін береді. Қимыл есімі есебінде қолданылады (көрмек, білмек — ерге сын). Сонымен қатар, инфинитив мәнін де береді. Қазіргі қазақ тілінде осы үш түрлі қызметтің алғашқы екеуі бұл тұлғаның негізгі мәндері. Инфинитив қызметінде қолдану XIII—XIV ғғ. қыпшақ жазбаларының тілінде ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында -мақ, сонымен бірге, істі атқаруға ниеттілікті (форма намерения) білдіретін тұлға мәнінде де қолданылған. Инфинитив мәнінде қолданылуы қазақ арасында XIX ғ.-да қолданылған кітаби жазба тілде кездеседі. Алайда қазақтың халық тілі мұндай ретте -у тұлғасын қолданады. Орхон-Енисей жазбаларында, сол сияқты кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілдерінде -ш (-ыш, -іш), -ч (-ынч, -інч) қимыл есім форманттары жиі ұшырасады. Алайда бул екеуінің арасындағы өзгешелігі — алдыңғы аффикс етістіктің таза, қосымшасыз түбіріне тікелей жалғанады да, соңғысы -н тұлғалы, яғни, ырықсыз етіс тұлғасының үстіне барып жалғанады. Қазіргі қазақ тілінде бұлардың екеуі де фонетикалық өзгеріске ұшыраған: ш>с,ч>ш. -алыс, барыс, жатыс, шығыс, қалыс, батыс, келіс, өкініш, күйініш, сүйініш тәрізді сөздер осы тұлғаның негізінде қалыптасқандар. зақстан тұрғындары тілінің, әсіресе фонетикалық және морфоло-гиялық сипатын білумен қатар, жазба тіл мен сөйлеу тілінің ара-сындағы кереғарлықтың дәрежесі туралы толық мәлімет алуға болады. Оңтүстік Сырдария бойын мекендеген қазақтардың тілі М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» (СПб, 1875) және «Хрестоматия турецкая, персид-ская, киргизская и узбекская» (СПб, 1876) деген еңбектерінде лингвистикалық және филологиялық талдаулар объектісі болды. Оңтүстік қазақтарының сөз үлгілері Я. Я. Лютштың «Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной л-итературы киргизов Туркестанского края» (Ташкент, 1883) деп аталатын еңбегінде бе-рілген. Ал сол заманғы қазақ жазба тілінің үлгілері И. Н. Бере-зиннің «Турецкая хрестоматия» атты сериясының III томында бе-рілген (СПб, 1890). Қазақ руларының атаулары, діни салтқа байланысты сөздер, этнографиялық атаулар А. И. Левшиннің «Опи- сание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей» (СПб, 1832) атты зерттеу еңбегінде барынша толық жинақталған. В. В. Григорьев 1862 ж. орыс алфавиті арқылы қазақ дыбыстарын белгілеудің жолдары туралы мақала жазды (УЗКУ, отд. ист. фил. наук, 1862, г. в. 2). Бұл қазақ сездерін мүмкіндігінше дүрыс берудің жолдарын түсіндіруге арналған еді. Григорьевтің бұл ең-бегінің қазақ тілі материалдарын қағазға түсіруге практикалық мәні зор болды. 1894—97 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес болған еңбек — профессор П. М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жа-рық көрді. Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бірінші рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми мәнін былай қойғанда, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-тардың сәйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман ғалым түсінік-темесімен бізге жетті. XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында-ғы қазақ тілінің сездік коры, фонетикалық жүйесі мен грамма-тикалық құрамы В. В. Катаринскийдің кітаптары арқылы белгілі. Оның «Грамматика киргизского языка» (Оренбург, 1897), «Краткий русско-киргизский словарь» (Оренбург, 1895, 1898), «Киргизско- русский словарь» (Оренбург, 1897) атты еңбектері тек қана Орынбор маңындағы қазақтар тілін қамтып қоймайды. Сыр-дария бойы қазақтары тілінің де негізгі ерекшеліктерін қамтиды. Оңтүстік қазақтары тілі Ешмұхамбет Букиннің «Русско- киргиз-ский словарь» (Ташкент, 1885), «Русско-киргизские разговоры» (Ташкент, 1884) еңбектерінде біршама толық берілген. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 8. Етістік категорияларының даму тарихы 9. Етістіктің функциялық тұлғалары 10. Есімше, көсемше тұлғалары. 11. Көне түркі тіліндегі тұлғалармен салыстыру Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 13-Дәріс Тақырыбы: Етістіктің рай, шақ категориясы Жоспар: 1. Етістіктің райлары 2. Шақ категориясының тарихы Мақсаты: Етістіктің морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категорияларына бөлінуін, түркі тілдеріндегі етістіктер сыпатының бірыңғайлығын, қазақ тіліндегі етістік категорияларының түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінуін, кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана болу жайын қарастыру Мазмұны: Етістік морфологиялық құрылымы бойынша болымды-болымсыз, рай, жақ, шақ және сан категориялары бар, синтаксистік жағынан сөйлем баяндауышы қызметіне бейім, лексикалық мағынасы — қимыл мен әрекет болатын сөздердің грамматикалық класы ретінде есімдер тобынан айрықшаланып түрады. Түркі тілдеріндегі етістіктер сыпаты бірыңғай. Екінші сөзбен, қазақ тіліндегі етістіктердің категориялары, түбір мен туынды түбір қалпы басқа түркі тілдерінде де қайталанып, сол дәрежеде көрінеді. Кейбір айырмашылық жеке тұлғалардың синтаксистік қолданысы мен семантикасында ғана бар. Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі — қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірыңғай жалғанады. Мысалы, қазақ тілінде инже-нер-мін, бара-мын, инженер-сің, бара- сың. Осымен бірге, жақтық косымшалардың «қысқарған» варианты да бар: бар-ды- м, бар-ды-ң. Осындай сыпат басқа тілдерде де сақталған: ноғай тілі ала-ман, ала-саң, тува тілі алыр сен, алыр біс, т. б. Етістіктің жедел өткен жақ тұлғасына қосылатын -м жалғауы есімді тіркестер құрамында да қайталанады: (менің) кітаб-ы-м. Қазақ тілінде (баска да түркі тілдерінде) етістіктің есімше түрленуі бұл айтылғандармен бітпейді. Айталық, қалау рай деп қаралатын (өйткені сондай мән туғызып, сондай қызмет атқарады) -ғы (кимыл есім) + көмекші етістік тіркесі де есімдерше өзгереді: барғым келді, бар- ғың келді. Тарихи — түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдері деп дәлелдеді. Қимыл есімі атауы тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан бүкіл етістіктермен немесе етістік деп аталатын грамматикалық категориямен бірге қалыптасқан топ деген мәнде қолданылады. Қимыл есімдері есім мен етістік қызметін қоса атқарған синкретикалық түбірлерден жіктеліп шыққан топ, сонда көш, той, ақ тәрізді синкретикалық түбірлердің сөйлем құрамындағы бір қызметінен іс-әрекеттің уақыт — мерзімге қатысын, сөйлеушінің іс-әрекет пен оның орындаушысы арасындағы қатысына көзқарасын білдіретін, екінші сөзбен, шаққа, райға жіктелетін сөздердің грамматикалық класы қалыптасты. Қысқасы, қимыл есімдері шақ пен рай тұлғаларының семантикалық көп түрлілігіне негіз болды. Түркі тілдерінің тарихынан белгілі қимыл есім тұлғалары да есім мен етістік қызметтерінде қатар қолданылады (әрине, олардың бұл ерекшелігі алғашқы синкретикалық түбірлерге қарағанда әлдеқайда бәсең). Жалпытүркілік аяда қолданылатын қимыл есімдерінің негізгі түрлері мынадай: -ғы, -ынч (-ынш), -мақ, -ма, -ыш (-ыс), -ық (-ығ), -ы (-у), -а, -ыт, -ын, -мыш (-мыс), -ғын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -ғыр. Бұлардың қазіргі тілдерде таралу дәрежесі бірдей емес. Қазақ тілінде -мыс, -ынш, -ғын, -ідық тұлғалары актив қолданылмайды, сондықтан олардың шақ тұлғаларын жасауы да кездесе қоймайтын құбылыс. Оның үстіне, бұл тұлғалардың шақтық парадигма жасау дәрежесі де бірдей емес: -ған, -ар, -а тұлғалары бұл қызметте актив болса, -ыр, -ғы, -ы, -мақ тұлғалары пассив, кейбір етістіктер кұрамында ғана қолданылады. Ал -ыс, -ыт, -ық, -ғын, -дық тәрізді тұлғалар шақ жасауға қатыспайды. Түркі тілдерінің кейінгі дәуірлерінде осы тұлғалардың негізінде екінші дәрежелі қимыл есім тұлғалары қалыптасты: -ығчы (>-ушы), -мақчы (>-мақшы), -ығлы (>- улы), -галы, -асы, -ажақ, т. б. Қимыл есімдерінің кейбір түрлері қолданылу процесінде субстантивтер мен адъективтерге айналып кетті, біразы вербализацияға ұшырады. Вербализацияға ұшырағандар біздің бүгінгі тілімізде есімше деп ұғынылатын топтар -ғалы тәрізді бірен-саран тұлғалар ғана көсемшеге айналды. Ал субстантив пен турур (тур етістігінің есімше тұлғасы) етістігінің тіркесі жаңа дәуірде осы процеске ұшыраса, жатыс жалғаулы қимыл есімдерінің вербализациясы біздің заманымызда қалыптасқан құбылыс: жеңудеміз, жетуде- міз, т. б. Қимыл есімдерінің семантикалық жіктелісі әрбір тұлғаның бір мәнде тұрақталып, басқа мән-мәнерден ажырау жолымен жүрген. Бұл процестің сыпаты жеке тілдерде бірыңғай болмаған. Сондықтан да рай түрлерінің жеке тілдерде қолданыс мәні мен қызметі де бірдей бола бермейді. Айталық, -асы тұлғасы қазақ тілінде тек қана қимыл есімі, ал якут тілінде рай жасайды, азербайжан тілінде істі істеуге ниеттілікті білдірудің тәсілі болып қолданылады. Тілдің даму барысында қимыл мен күйдің атауы болған қимыл есімдерінен қосымшасыз түбір тұлғалы етістіктер II жақ бұйрық мәнін беретін семантикалық топ болып жіктеліп шықты. Мұның нәтижесінде тіл құрамында атау тұлғасына негізделген есімдер мен II жақ бұйрық рай тұлғасына негізделген етістіктер жүйелері сараланды, ал етістіктің өз ішінде бұйрық рай мен ашық рай жүйесі жіктелді. Кейінгі даму барысында II жақ бұйрық рай тұлғасы, яғни, қосымшасыз тұлға басқа рай түрлеріне негіз болды. Қимыл есімдерінің ашық райлы етістік ретінде біржолата қалыптасуына екі түрлі қүбылыс себеп болды. Ол, біріншіден, сөз қолданудың қатаң орын тәртібі немесе сөздердің позициялық қолданыс заңдылығы. Тілдің әлі балаң дәуірінде тіркестер есімдер негізінде құралды да, компоненттерінің арасындағы қатынас сыпаты сөздердің орналасуы, орын тәртібі және айтылу интонациясы арқылы айқындалды. Қимыл есімдері зат, сын атауларымен салыстырғанда семантикалық жағынан нредикативтілікті білдіруге әлдеқайда бейім болды. Ондай сөздердің семантикалық осы айрықшылығы сейлем соңында тұрақты қолданылу арқылы предикатив қызметінде бекінуіне себеп болды. Сөйтіп бұл жерде сөздің семантикасы мен оның қолданыс орны тұтасып келіп вербализацияға негіз болды. Қимыл есімдерін предикативтілікте тұрақтандырған екінші құбылыс — оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесуі. Сөйлемнің жақтық мәні оның соңында айтылған жіктеу есімдіктері арқылы белгіленген. Предикатив қызметіндегі қимыл есімінің грамматикалық көрсеткіші қызметінде айтылған жіктеу есімдіктері айтылу интонациясының әсерімен тұлғалық өзгерістерге түсіп, қимыл есім құрамына еніп, жақ пен санды білдіретін тәсіл болып қалыптасты. Сөйтіп бұл процесс қимыл есімін қимыл мен әрекет мәнінің белгілі бір уақыт пен жаққа қатысын білдіретін сөздердің грамматикалық класына айналдырды, екінші сөзбен, ашық райлы етістік немесе етістіктің жіктелетін тобы қалыптасты. Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ашып, таза етістік қасиетін молайта түсетін жаңа категориялар қалыптасты, болымды- болымсыздық категориясы, сабақтылық пен салттық мәннің грамматикалық тәсілдер арқылы жіктелуі, қимыл-әрекеттің объектілік және субъектілік қатынасы, таза етістік жасайтын аффикстер тобы, т. б. категориялар жіктеліп, жүйеге айналды. Сонымен қатар, қимыл есімдері де предикатив қызметінде тұрақты да актив қолданылумен қатар, есім мәнін де жойған жоқ. Қазіргі тілдегі есімшелердің басым кепшілігі есімдерше түрленеді, сонымен бірге предикатив қызметін атқарады, етістіктерге тән тұлғалар бойынша өзгереді. Оған орай есімшелердің синтаксистік қызметі де көп түрлі: есімдерге тән қызметте де, етістіктерге тән қызметтерде де қолданыла алады. Қазіргі қазақ тілінде етістіктің бес түрлі райы бар деп қаралады. Рай деп әдетте етістіктің модальдық мән беретін түлғалары аталады. Сонда рай аталатын етістік категориялары әрі грамматикалық класс, әрі семантикалық топ құрайды. Арнаулы грамматикалық көрсеткіштер райлық топ құрайды. Алайда кейде бір ғана грамматикалық көрсеткіш екі түрлі рай мәнін беріп, екі түрлі қолданылуы да мүмкін. Бір жағынан мұндай құрылыс рай мәндерінің бір-бірімен тығыз байланыстылығын көрсетсе, екінші жағынан олардың бастапқы генезистік бірлігін де байқатады. Бұйрық райдың негізгі берілу тәсілі етістік түбірлері екені мәлім. Бүл тәсіл көне туркі тіліне де тән: Етістіктің түбір тұлғасы арқылы... едгүті есід. Кейде осы тұлға көпшемен де қолданылғаны байқалады: Тоқуз оғуз беглері будуны, бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңла. Бұл сөйлем бір ғана кісіге емес, көпшілікке арналса да, етістік түбіріне арнаулы қосымша жалғанбаған. Әдетте етістіктің жалаң түбірі деп түркі тілдерінде бұйрық райдың II жақ анайы (немесе қатаң бұйрық) тұлғасы айтылады, Сонда, айналып келгенде, қазақ тіліндегі бұйрық райдың II жақ тұлғасы дегеніміз, сонымен бірге, етістіктің түбірі деп те ұғынылады. Көне түркі тілдері ескерткіштерінің материалдары қазіргі түркі тілдеріне тән осы ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Орхон-Енисей жазбалары тілінде де жоғарыда айтылғандай, етістіктің түбір қалпы екінші жағынан бұйрықтық мән беретін тәсілдің бір көрінісі есебінде қолданылған. Алайда осы ретте кейбір тарихи ескерткіштер тілінде, сондай-ақ, қазіргі тілде ұшырасатын мынадай ерекшелік бар: Тарихи тұрғыдан етістік түбір атаулының бәрі бұйрық мәнін беріп, бұйрық райдың II жақ тұлғасы есебінде ұғынылуы бұлжымас заң болмауы ықтимал. Э. Наджип XIV ғасырға жататын қыпшақ ескерткіштері фактілерінің негізінде осындай ерекшелікті көрсете отырып, «Гүлстан» поэмасы тілінде қолданылатын ачып етістігінің тубірі ач (аш, аш адам) бұйрық рай мәнін бермейді. Бұйрық рай мәні осы түбірден жасалған ачық тұлғасы арқылы ғана берілгенін мысалға келтіреді. Қазақ тілінде де нақ осы етістік түбірден бұйрық мәні тумайды. Сонымен қатар, Э. Наджип тат, аң, арқа, қары, қартай сөздерін ескерткіштер тіліне сүйене отырып, әрі етістік, әрі есім, яғни, етістік ретінде бұлардың қай-сысы да бұйрық мәнін бермеген деп түсіндіреді. Қазақ тілінде олардың біразы-ақ басқаша сипат алғанын байқауға болады. Тат — етістік түбірі болып ұғынылады да, есім мәнінде туынды тұлғасы (татым) жұмсалады. Аң сөзі нақ осы күйінде қазақ тілінде ұшыраспайды, осы түбірден жасалған етістік— аңда, аңда-ма, ал есім — аңсыз, аңдаусыз (аңсыз қалды, аңдаусыз қалды). Арқа — тек қана зат есім, туынды етістік — арқала. Тоз түбірі нақ осы күйінде қолданылмайды (тек тоз-тоз қос сөзін ескермесек), бірақ осы түбірден жасалған тозаң зат есімі, тозаңдат етістігі бар. Қары сөзі осы тұлғасында сын есім, қартай тек қана етістік. Бұдан шығатын қорытынды: бір кезде әрі етістік, әрі есім болып ұғынылған түбірлер айқын бұйрық мәнін бермеген. Кейінгі дәуірде олардың кейбірі тек етістік ретінде қалыптасады да, аффикстер арқылы есімге айналады немесе есім есебінде қалыптасады да, аффикстер арқылы етістікке айналады, сөйтіп айқын бұйрық мәніне ие болады. Қазіргі қазақ тіліндегі тарыл, тарық етістігі мен тар есімі тәрізді фактілер де жоғарғыдай. Олай болатыны, егер айталық, бір кезде түбір екі жақтылы болмаса, тар есіміне етістікке жалғанатын етіс қосымшалары қосылмас та еді. Түбірдің о бастағы екі жақты мәнінің нәтижесінде етістікке тән мән туу үшін етіс қосымшалары қажет болды. Кейін қолдану барысында ол да түбір есебінде қалыптасып кетті. Бұл жай бұдан бұрын айтылған етістіктер мен есімдердің синкретизмімен ұштасады. Қазақ тілінде бұйрық райдың II жақ көптік түрінің қосымшасы құрамында келетін, ал өзбек тілінде II жақ жекеше турін білдіретін -ң, -ың, -ің қосымшасы көне жазбалар тілінде ұшырасады: Сү барың тіді, Алтун йышда олурың тіді. И. Батманов бұл қосымшалар бұйрық мәнін жұмсарту, ыңғайластыру мақсатында көбіне көпше, кейде жекеше де мәнде қолданылғандығын айтады. Сол сияқты, ол тілде етістік түбірге -ғыл қосымшасы жалғану арқылы да бұйрық мәні беріледі: Қарағу едгүті урғыл. Бұйрық райдың III жағы -зун -зүн қосымшасы арқылы берілген: Сү басы Йнел қаған Тардуш шад барзун тіді. Ортағасырлық жазбалар тілінің фактілерін осы айтылғандармен салыстырып қарағанда, үлкен айырмашылық байқалмайды. Осы айтылған тұлғалар кейбір өзгерістермен қайталанып отырылады. Ортағасырлық түркі тілдерінің кейбір ерекшеліктерін М.Қашқари былай түсіндіреді: «бұйрық тұлғасына -ғыл, -қыл, -гіл қосымшаларының жалғануы тыңдаушы біреу болғанда ғана мүмкін. Тыңдаушы екі не одан көп болса, бұл қосымшаларды жалғауға болмайды. Оғыздар мен қыпшақтар бірлікте бар, көптікте барың дейді... Бұйрық тұлғасы барлық тілдерде бірдей, бір-бірінен айырмашылығы жоқ». Бұған қарағанда оңтүстік қазақтарының тілінде ұшырасатын барың тұлғасы Қашқари айтып отырған қыпшақ тілінің ерекшелігі. Қашқари материалдарына қарағанда, III жақ қосымшасының басқы дауыссызы орта ғасырға дейін-ақ қатаңға айналды деп қарауға болар еді (-зун>-сун). Жазбалар тілін зерттеушілердің кейбірі (Щербак, Батманов) -сун, -сүн (-зун, -зүн) тұлғалары айқын бұйрық мәнді бермеген деп қарайды да, пожелательная форма деп атайды. Қазіргі қазақ тілінде де III жақтық бұйрық рай деп танылып жүрген тұлғаның контекстік қолданылуында кейде бұйрықтан гөрі ұйғару, шешім мәні басым болып отыратыны бар. Бұйрық райдың III жағы ежелгі түркі тілдеріндегідей еріндік дауыстылармен емес, езулік дауыстылармен айтылады. А. М. Щербак еріндікпен (-сун) айтылуы шығыс түркістандық тілдерге тән де, екеуі жарыса қолдану батысқа орналасқан тілдерге тән болса керек деп пайымдайды. Егер осы пікірді қолдасақ, қазақ тілінде езуліктермен айтылу тайпалық кезден қалыптасқан деп қарау мақұл. Қазіргі оңтүстік-шығыс тілдерінде ұшырасатын, сол сияқты қазақ тілінің Жетісу говорында кездесетін -ғын тұлғасы тек қана XIV ғасырдан кейінгі уақыттағы жазбаларда қолданылған. Алайда кейбір мәліметтерге қарағанда -ғыл және -ғын аффикстерін екі түрлі тайпа өкілдерінде қолданылған варианттар деп есептеуге де мүмкіндік бар. Алтын Орда ескерткіштерінде тек қана -ғыл қолданылған. Ал «Мухаббат-нама» тілінде -ғын варианты ұшырайды. Қалай болғанда да, қазақ тілінің жетісу говорында кездесетін -ғын аффиксі батыс тілдерінің қалдығы емес, шығыс түркі тілдерінің әсерінен пайда болған деуге дәлел бар. -ғыл, -ғын аффикстерінің_ генезисі жайлы бір кезде Ж.Дени айтқан, кейін Котвич қостаған пікірді де еске түсіру орынды. Дени -ғыл, -ғын аффикстерінің арғы түбі -қыл етістігі деп қарайды. Егер осы пікірді тарихи тұрғыдан шындыққа жақын десек, негізгі етістіктің грамматикалық мәндерінің көрсеткіші есебінде айтылған көмекші етістік аналитикалық қолданылу салдарынан аффикске айналған. Ондай процестердің схемасын былай беруге болар еді: бар + қыл (синтаксистік тіркес) >барғыл>барғын. Котвич мынадай қосымша дәлел айтады: Моңғол тілінде -цыл етістігі -ңы түрінде айтылады. Егер моңғол тілі осы етістіктің өте архаикалық тұлғасын сақтаған деп қарауға болса, онда түркі тілдеріндегі сыпаты тарихи тұрғыдан түбір мен қосымшадан (-л) тұрады деп білу керек. III жақ аффиксі -сын жайлы әзірге мынаны ғана айтуға болар еді: аффикстің алғашқы элементі -сы моңғол тілінде де ұшырасады және ол тілде II жақты білдіреді: олай болса III жақтың тұрақты форманты болмаған. Ал Н.А.Кононов -сын аффиксі III жақтың тәуелдік жалғауына ұқсас дейтін пікірді қостайды. Бұл екі пікірдің бір-біріне қайшылығы жоқ, қайта бірі екіншісін толықтырып тұр. Якут тілінде осы аффикс -ты түрінде I жақ қосымшасы есебінде жұмсалатынын ескерсек, о баста III жақтың тиянақты қосымшасы еместігін байқауға болады. -сы элементінің жеке түркі тілдерінде әр түрлі ұғынылуы, яғни, әр турлі жақты (бірде II, бірде III) білдіруі де оның о баста айқын етістік қосымшасы болмағандығын дәлелдейді. Түркі тілдерінің көпшілігінде -сы(н) қосымшасы III жақтың форманты екені мәлім. Осыларды ескерсек, бүйрық рай қосымшасы мен тәуелдіктің III жағының семантикалық байланысы бар сияқты. Екеуі де бөгде жақты, көз алдында көрініп тұрмаған субъектіні білдіреді. Семантикалық байланыс әдетте бір ғана форманттың әр түрлі бағытта дамуының белгісі болып отырады. Бұйрық райдың III жағының қосымшасы -ың да о баста II жақ тәуелдік жалғауы дейтін де болжам бар. Тәуелдіктің II жағымен бұл тұлғаның сырттай ұқсастығы, әрине, айқын. Н.А.Кононов осман түріктері тілінде қолданылатын осы тұлға жайлы былай деп жазады: «Предполагают, что первоначально формально не дифференцированное имя-глагол, используемое в повелительном значении, отличалось от имени ударением, двусложное слово име-ло в таком случае ударение на первом слоге». Сонымен жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: айқын бұйрық мәнін беретін бұйрық рай қосымшаларының қайсысы да шығу, қалыптасу тегі тұрғысынан тәуелдік жалғауларымен байланысты. Тұлғалық жағынан жіктелмеген есім-етістік түбірге қосылған ондай қосымшалар бұйрық рай мәнінде екпінсіз болған. Сонымен, бұйрық рай қосымшалары генезистік жағынан тәуелдік жалғауларымен, олар арқылы жіктік жалғауларымен байланысып жатады да, есімдіктермен келіп ұштасады. Бұйрық раймен семантикалық та, грамматикалық та тығыз байланысты болып келетін — қалау рай. Түркологияда кейде қалау райдың бірсыпыра тұлғаларын бұйрық рай деп немесе керісінше бұйрық рай тұлғасын қалау рай деп қараудың да сондай объективтік себептері бар. Контексте кейде бұйрық рай тұлғасы қалау райлық мәнде қолданылады да, қалау рай мәнін беретін болады. Алайда мұндай құбылыс грамматикалық тұлғаның контекстік мәні ғана екені белгілі жайт. V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде қалау райдың I жағы -айын, -ейін, -йын, -йін жекеше, -алым, -лым көпше аффикстері арқылы жасалған: Түрк будун өлтүрейін, уруғсыратайын. Осы аффикстер еш өзгеріссіз осы мәнде орта ғасыр жазбаларында да ұшырасады. Орта ғасыр жазбаларында, әсіресе, Алтын Орда әдеби тілі ескерткіштерінде бұлардан басқа -ғайым, -гейім, -ғайын, -гейін (жекеше), -ғалым, -гелім, -ғалың, -гелің, -ғалы, -гелі түлғалары бар. Э.Наджип соңғы аффикстердің «Мухаббат-нама», «Гүлстан» поэмаларының тілінде жиі қолданыс тапқанын айтады. -ғай-ын күрделі формантының алғы бөлігінің құрамынан ғ элементінің түсіп қалу салдарынан барып -айын тұлғасы қалыптасқан. Сонда барайын тұлғасының құрамындағы -а түбірге тікелей жалғанған көсемше форманты емес, қалау рай тұлғасының қысқартылған түрі болып шығады. Егер түркологияда кең таральш жүрген осы пікірді ұстансақ, барғай едім құрамындағы -ғай мен -ай, -ын құрамындағы -ай генезистік тұрғыдан бір ғана тұлға болып шығады. Қазақ тілінде -айын тұлғасының варианты да бар. Махамбет шығармаларындағы -ман болымсыздық қосымшасы мен -йын қосымшаларының бірігіп, редукцияға ұшырауының нәтижесі: бар-ма-йын, бар-ма-н. Қазақ әдеби тілінде барғай едім тұлғасы норма да, барғаймын тұлғасы архаикалық элемент. Бұл тұлғаның көпше түрі -айық (барайық). Айырма соңғы элементтерінде ғана, -қ жақтық қосымша болумен бірге сандық та қосымша. Бірсыпыра түркі тілдерінде оның орнына -мыз (м-ыз, -з көптік қосымшасы) аффиксі жұмсалатыны белгілі, -айын аффиксінің құрамындағы -ын — жіктеу есімдігінің рефлексі. Бұл жердегі өзгеріс тіл құрамында болған тарихи фонетикалық тенденциялармен байланысьш жатыр. Оны былай деп түсіндіруге болар еді: -ғай + мын>(ғ)ай + (м)ын>ай + ын>а + йы'н. Сонымен, бұл жерде фонетикалық өзгерістің нәтижесінде морфологиялық ығысу процесі де орын алған: алдыңғы қосымшаның құрамындағы дыбыс соңғы қосымшаның құрамына ауысып, орныққан. Қалау райдың I жақ көпше, жекеше түрлерін салыстырғанда, айырмашылық тек соңғы элементтерінде ғана (-ын және -ық) еке-ні, ал алдыңғы злементтерінің бірдейлігі (-ай) көрінеді. Сөйтіп қалау рай жасайтын қосымша бұл ыңғайда біреу ғана, жекелік, көптік мән арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Қөне түркі тілінде, сондай-ақ қазіргі кейбір түркі тілдерінде I жақ көпше мән беретін -алым қазақ тілінде осы сипатта ұшыраспайды. Тек говорлық ыңғайда соңғы элементін өзгертіп, -алық түрінде айтылады. Осы тұлғамен байланысты ескере кететін бір факт мынадай: «Кодекс куманикус» тілінде осы аффикс -алым түрінде берілген. Ал шағатай тілі ескерткіштерінде бұл тұлға кейде -алы түрінде, яғни, соңғы -м элементінсіз де кездеседі. Қазіргі қазақ тілінің батыс және оңтүстік говорларында да осы сипатта (- алы) айтылады. Қөне жазбалар тіліндегі -алым құрамындағы -м жақтық қосымша. Қазақ тілінде жақтық қосымша сақталмай, көптік қосымшамен (-қ) және -й -мен айтылатын вариант қана (-айық) сақталған. Қазақ тіліндегі қалау райлық мән -қы, -кі тұлғалы етістіктердің көмекші етістіктермен тіркесі арқылы да беріледі. Барғым ке-леді, барғың келеді, барғысы келеді тәрізді синтаксистік тіркестер айқын тілек, қалау мәнін берудің негізгі тәсілі есебінде біздің тілімізде аса жиі қолданылады. М.Қашқари ниет, мақсат мәнін беретін бір алуан етістік тіркестері жайлы былай деп жазады: «Сөйлемде хабар беріліп отырған істі істеу оның хақы екенін білдіретін сөздер. Мұны істеуші бір істі істеуге ниет қойғанын білдіретін сипат десе де болады. Бар бұйрығынан оның хақы, оның мақсаты деген мазмұнды беру үшін барғулуқ түрінде жасалады. Сондықтан барғулуқ ерді — оның баруы керек еді, бару оның хақы, ол баруға ниетті делінеді. Ол мұнда турғулуқ ерді — бұл жерде тұру оның хақы, оның мақсаты осы жерде тұру еді». Қашқари айтып отырған тұлға күрделі, оның құрамында біздің тіліміздегі -қы қосымшасы айқын жіктеледі. Екінші жағынан Қашқаридың ол тұлғаны сипат, яғни, сын есім деп түсіндіруі назар аударуды қажет етеді. Қашқари түсінігіндегі сипат екінші жағынан қимыл есімі де. Қимыл есімі тұлғаларының мұндай қолданысы (-ғу) немесе (-қы) тұлғасымен ғана шектелмесе керек. Қашқари осындай ережені -ғлы тұлғасы туралы да айтады: «Істеушінің өз ойында сол істі істеу мақсат екенін білдіретін сипат. Бұл бұдан бұрын айтылған сипатқа істі қалай да істеу ниетінде екенін білдіру жағынан жақын... Мен сеңе барығлымын — мен саған бармақшымын, баруды ойлап жүрмін, ойымда бару ниеті бар,— дейді. Ол мүнда тұруғлы — ол бұл жерде тұрмақшы, тұрып қалмақ ойы бар. Ол меңе келгілі турур — ол маған келуі керек, келуге жазған, келуді ойлап жүр дегені». М.Қашқари көрсетіп отырған -ғулуқ, -ғлы аффикстері құранды: -ғу-\-луқ, -уғ-\-лы элементтерінен құралады. Соңғы элементтері (-луқ, -лы) бір аффикстің тарихи екі варианты, Қашқари материалдары қалау райдың жасалу жолдарын ғана көрсетіп қоймайды, қазіргі кейбір грамматика оқулықтарында ниет есімше деп аталатын форманттардың да жасалу тәсілдерін айқындайды. Осының қайсысында да міндеттілік мәнер бар. Сонымен, қалау райдың бұл түрі таза етістік түбірден емес, қимыл есім тұлғасынан жасалуы ежелгі құбылыс. Қазіргі қазақ тіліндегі барғым келеді тәрізді тәсіл де нақ осы із. Барғым келеді тұлғасының қалау мәнінде тұрақталуын форманттардың семантикалық жіктелуімен байланыстыруға да болар еді. Атап айтқанда, етістік қимыл есім түлғасында дербес қолданудан қалып, көмекші етістікті тіркес құрамында ғана айтылатын болған. Бұл құбылыс, бір жағынан, есім мен етістік арасында болған тұлғалық жіктелуге (есім мәнінде бұл тұлға дербес айтылады: соққы, турғы, т. б.) де байланысты болса, екінші жағынан тұлғаның қолданылу аясының тарылуының нәтижесі де. Бір кезде етістік есебінде де, есім есебінде де қолданыс тапқан тұлға есім сөздің морфологиялық форманты болып толық қалыптасқан дәуірде етістік форманты ретінде дербес қолданыла алмайды. Бұл ыңғайда Богородицкий айтатын, морфологиялық жіктеліс заңын көруге болар еді. Қазак тілінде -ғай тұлғасының жіктелуі арқылы да қалау рай жасалады. Бұл тұлға сонымен қоса, келер шақ мәнін де береді. -ғай тұлғасының ежелгі қолданысы шақ мәнін беру Орхон-Енисей жазбаларында сирек, бірақ қалау, тілек мәнінде келер шақ жасайтын тұлға ретінде қолданылған. Ал М.Қашқари -ғай тұлғасын келер шақ жасайтын тұлға деп түсіндірген. -ғай тұлғасының басқалардан айырмашылығы қалау, тілек мәнін білдіруінде. Кейінгі дәуірге қатысты «Кодекс куманикус» тілінде де айырмашылық байқалмайды: біз көңүл көзүбіле байқайбыз, иігейбіз, жөплегейбіз, бірге күлтебегні бағлағайбыз. -ғай тұлғасының әрі шақ, әрі рай мәнінде қолданылуы ұйғыр жазуының ескерткіштері тілінде, кейінгі дәуірге қатысты Абулғазының «Шежіре-и түркін-де» де байқалады. Ал «Аттухватуз» авторы бұл тұлғаны келер шақ деп түсіндіреді. Қазақ тілінде -ғай тұлғасының шақ мәні әлсірегенде, оның қалау, тілек мәні негізгіге айналған. Мұндай трансформацияға семантикалық негіз де бар: қалау, тілек қашан да болашаққа, алдағы уақытқа қатысты айтылады. Қазақ тілінде қалау рай барсам екен, барсаң екен конструкциялары арқылы да жасалады. Мұны Қашқари көрсететін барығсақ ерді тұлғасымен байланысты деп қарау мақұл: барығсақ ерді> бар (ығ) + са/қ ерді>барса еді. Түркі тілдеріндегі ғ, г дыбыстарының тарихи өзгерісіне келіп саяды. Сонымен, қазақ тіліндегі барсам екен тәрізді қалау рай тұлғалары етістік түбірге шартты рай қосымшасының жалғануы арқылы емес, қимыл есім тұлғасында -сақ қосымшасының қосылуы арқылы қалыптасқан. Әрине, -сақ қосымшасының езі де күрделі:. -са-қ, алдыңғы элементі етістік жасайтын аффикс. Қысқасы, барсам екен қимыл есім тұлғасынан қалыптасқан. Шартты рай тұлғасы -са, -се V—VIII ғасыр ескерткіштерінде (Орхон-Енисей жазбаларында) -сар, -сер түрінде ұшырасады: ол ііергерү барсар, түрк будун, өлтечісен. Бұл тұлғаның қазіргі тілдегі осындай тұлғадан бір айырмашылығы — тәуелдік жалғауларды қабылдамаған. Қай жақта айтылғаны постпозициялық қолданыстағы жіктеу есімдіктері арқылы берілген. Көне түркілік -сар аффиксі кейінгі дәуірлерге қатысты жазбалар тілінде соңғы -р-сіз кездеседі. М.Қашқари сөздігінде, «Аттухватузда» тек қана -са. Бұған қарағанда, шартты рай тұлғасына жақ жалғаулардың қосылуы оның құрамынан -р элементі түсіп қалғаннан кейін ғана болса керек. М.Қашқари Диванында бұл тұлға шарт мағынасымен қоса мезгіл мәнін берген. Контекстік қолданылуына қарай бірде шартты, бірде істің істелуге тиіс уақыт, мезгілін білдіріп отырған. Көне түркілік -сар аффиксінің -р элементі түсіп қалу кезеңін дәл айту, әрине, қиын. Орта ғасыр жазбаларында тек қана -са күйінде кездессе, V—VIII ғасыр жазбаларында тек қана -сар. Алайда «Алтун яруқ» (X ғ.) тілінде -сар, -са тұлғалары жарыспа қолданылған. Малов -са түуіғасын қалау рай деп қарайды да -сар тұлғасын шартты рай деп түсіндіреді. Бұған қазіргі қазақ тіліндегі суса (су-са), қауса (қау-са), қақса (қақ-са) тәрізді есімнен осы тәрізді аффикс арқылы жасалған етістіктер де дәлел болса керек. М.Қашқари сөздігінде -са екі түрлі тұлғада жалғанатыны келтіріледі. Бірі, жоғарыдағыдай, етістік түбірге жалғану, екіншісі — қимыл есімге (көбіне -ығ тұлғалы) жалғануы. Қашқари сөздігінде соңғы тәсілге мынадай фактілер келтіріледі: «ер қурурсады — адам құртты тіледі (кұрт жегісі келді). Қөзүрседі — ол меңе тон көзүрседі — ол маған тон кигізгісі келді. Татығсады — ер татығсады — кісінің көңілі тәттіні тіледі. Сатығсады — сатқысы келді. Ер атын сатығсады — кісі атын сатқысы келді. Ьарығсады — барғысы келді. Ол ев-ге барығсады— ол үйге барғысы келді. Туруғсады — тұрғысы келді. Ол мұнда тұруғсады — оның осы жерде тұрғысы келді». Осыдан бұрын әңгіме болған -ығсақ тұлғасының да бұдан ешқандай айырмашылығы жоқ (Қашқаридың өзі солай түсіндіреді). Екінші бір ретте -ығсақ тұлғасы туралы «Есім сөздер арқылы сол мағығынаны (қалау, ниет) аңғартпақ болғанда, кісіні сол сөзбен байыптайды. Сондықтан ол ер ол тауарсақ — ол кісі дүниені ғана тілейді, дүниені дос тұтады»,— деп жазады. Сонда -ығсақ тұлғасы да екі түрлі түбірлерге, бірде етістік түбірге, бірде есім түбірге жалғанатын болып шығады. Есім түбірге жалғануына қазақ тіліндегі сусақ, уйірсек, жемсек тәрізді сөздер мысал бола алды. М.Қашқари тағы бір жерде — істі істеу тілегінде екенін білдіруші сипат мынадай формада қолданылады: тобуғсақ ер — іс қызметті тілеуші, сүюші кісі дейтін де ескертпе айтады. Айналып келгенде, -ығсақ тұлғасы қимыл есімі, сондықтан да ол анықтауыш қызметінде қолданыла алады. Енді осы тұлғаларды сырттай салыстырып байқайық: -сар, -/ығ/ + сақ, -/ығ/ + са. Егер алдыңғы қимыл есім тұлғасын былай қойсақ, бәріне ортақ элемент -са келіп шығады. -сар құрамындағы -р де -сақ құрамындағы -қ сияқты (оның қимыл есім тұлғасы екенін қазіргі тілде осы формада айтылатын есім сөздер дәлелдейді) қимыл есім, есімше форманты. -р ауыспалы келер шақ жасайтын қосымша екені барлық жазба ескерткіштер тілінен белгілі. Бүкіл тұлғаның (әуелі -сар, кейін -са) келер шақтық мән алуына бір жағынан бұл да себеп болса керек. Сонымен, шартты рай форманты -са, -се бір кезде түбір және -ығ тұлғалы туынды есімнен етістік жасайтын аффикс, жай түбір етістіктің аналогиясы арқылы етістік түбірге де жалғанып, оның модальдық түрін жасайтын болған: -ығ фонетикалық жағынан тұрақсыз, сондықтан да ол көп түркі тілдерінде сақталмаған. Соның салдарынан, -сар немесе -са аф- фиксі тікелей етістік түбірге жалғанатын болды. Ал тува тілінде -ықса сипатында ұшырасады. Яғни, ол тілде -са аффиксі тікелей етістік түбірге қосылмай, туынды тұлғаға — қимыл есім тұлғасына жалғанады. Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тән болып табылады. Етістіктің негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әрбір шақ формасы (өткен шак, осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық әрі семантикалық жағынан қалыптасудың жемісі. Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисеи ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылды (адырылты), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде -ды/-ді, бірде -ты/-ті форманттарының тіркесу жағдайлары кездеседі: (качды) качты, тоқытдым (тоқыттым). XI ғасыр ескерткіші «Диван луғат ат-түрікте» сирек те болса -ды/-ді аффиксінің қатаң түбірлі етістікке тіркесуі ұшырасып қалады (чокді, тоқды). М.Қашқари -ды өткен шақ түлғасының қандай жағдайда қатаң немесе ұяң вариантта жалғанатындығын арнайы көрсетіп кетеді. Оның айтуынша, бұл формант қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге тіркескенде -ты тұлғасына айналады. Орхон-Енисей дәуіріне қарағанда орта ғасыр ескерткіштері тілінде (Құдатқу біліг», «Диван») дыбыс үндестігінің белгілі бір қалыптасу деңгейіне жеткендігі байқалады. -ды өткен шағының құрамындағы дауыстылардың өзгеріп кездесу құбылысы да назар аударар мәселе. Орта ғасыр жазбаларында еріндік -ду, -дү вариантты өткен шақ тұлғалары I және II жақта кездесіп отырады (көрдүм, болдүм); III жақтағы қолданысы өте сирек, негізінен «Қодекс команикуске» тән: түштү, кәрдү. Ибн Муханна, М.Қашқаридың пікірінше мүндай құбылыс диалектілік сипатқа ие. М.Қашқари аталған өткен шақ құрамындағы дауыстыға байланысты үш топты беліп керсетеді. Бұл топтау бойынша түріктер «бардым», оғыздар және басқалар «бардам», арғулар «бардум» дейді. Еріндік дауыстылы еткен шақ формасының колданылуы бір жағынан ерін үндестігінің көрінісі болса, екінші жағынан тайпалық тілдер ерекшелігімен байланысты. -ды өткен шақ тұлғасының арғы негізі жайлы көзқарастарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Түркологтардың басым көпшілігі -ды формасының шығу негізін қимыл есімімен байланыстырады. Мұндай көзқарастың тууына тұңғыш түрткі болған О.Бетлинктің пікірінше -ды формантының қалыптасуы мынадай: алдық-ым> алдыг-ым>алды-ым, алды-м. Ал П.М.Мелиоранский бұл форманың негізі етістіктен жасалған -ды, -ты тұлғалы есім дей келіп, сығынды, ағынды сөздерін мысалға келтіреді. Осы көзқарасты жақтаушы К.Броккельман бойынша есім -ыт, -іт тұлғалы: алыт-ым>алт-ым>алд- ым. Зерттеушілер ішінде өзіндік пікірімен ерекшеленетіні — П.Кузнецов. Оның түйіндеуінше -ды өткен шақ тұлғасы -дық шақ формасынан келіп шыққан. Түркологтардың келесі бір тобы -ды формантын түрлі көмекші сөздермен және морфологиялық көрсеткіштермен байланыстыра қарайды. Мысалы, А.Қазем-Бек і(ідім, ідің, іді), В.Радлов тур кемекші етістіктеріне, С.Е.Малов -ты көсемшесіне, А.Н.Кононов тәуелдік жалғауының ежелгі формасына апарып тірейді. Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары алғашқы көзқарастағы ғалымдар пікірінің дұрыстығына айғақ бола алады.Ортағасырлық жазбаларда -да формалы етістіктердің атрибуттық қолданысы кездеседі. М.Қашқари еңбегінде: кесішді нең — кесілген нәрсе, көмілді нең — көмілген нәрсе, йумшады нең — жұмсарған, нәрсе: «Құдатқу білікте»: өтрүнді иегіл — таңдағаныңды же. Көне ескерткіштер мен қазіргі кейбір түркі тілдерінде (түрік, га-гауз) -ды өткен шағының көмекші етістіктермен тіркесу құбылысы да оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді: йығлады эрди (Рабғузи) қачтылар ерди (Тефсир), көртүм ерти (Алтын йоруқ), тәрдим ерди («Құдатқу біліг»). Мұндай қолданыс XV ғасырғадейін актив сипатта болған. Бұл айтылғандар -ды өткен шақ тұлғасының даму жолының күрделілігін әрі оның арғы негізінің қимыл есімі екендігін дәлелдейді. Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) еткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Шақтық мағынасы дегенде сөйлеу кезеңінен бұрын болған іс-әрекетті бейнелеп, сөйлеушінің қимылдың нәтижесіне баса кеңіл бөлуі ұғынылады. Бүл ерекшелік көпшілік түркі тілдеріне тән. Орта ғасырлардан бергі кезеңде аталған форманың предикативтік те, атрибутивтік те қолданыстағы қызметі өсе түседі. Ал оғыз тілдерінде -мыш тұлғасының қолданысы актив деңгейде жалғаса береді. Орта ғасыр жазбаларында -ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Аңар көклер, йерлер өртүклүки йәме көрген турур, ешиткен турур (Тефсир). Улуғ аталарымыз Түркстандын келген турур (Шежіре — терекме»). Мұндай құбылыс негізінен III жаққа (кейде I жаққа) тән болып келеді. Тілдің тарихи дамуы барысында -ған өткен шағының көмекші етістік тіркесінсіз қолданылуы күшейе түседі. Болымсыз түрі -ма аффиксі мен ермес көмекші сөзі арқылы жасалады. Жоқ сөзі тіркесіп болымсыздық мән бергенде -ған тұлғалы етістік тәуелді жалғауларымен, түрленеді (алғаным йоқ). Қазақ тілінде (әдеби, ауызекі тіл) жоқ сөзімен берілетін болымсыздық мағынаның үш түрінің бірінде осы жолдың кездесуі (алғаным жоқ, алғам жоқ, алған жоқпын) бұл тұлғаның көнелілігінің белгісі болса керек. Ескерткіштер тілінде — ма-ған формасының жиі қолданылуы XV—XVI ғасырлардан басталады. Оған қарағанда -ған ермес тұлғасының кездесуі әрірекке XI—XII ғасырларға кетеді. Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда еткендігін көрсетеді: I -ып + турур + мен>ып + тур + мен>-ып + мен>-ып-пын; II -ып + турур + сен>-ып + тур + сен>-ып + сен>ып + сың; III -ып + турур > -ып + тур > ып + ту>-ып + ты. Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен) еткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады. -ыпты тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. «Тефсир», «Оғызнамада», сонымен бірге XVII ғасыр шығармалары «Шежіре-и-терекме», «Шежіре-и-түркіде» қолданылған: «Заид Расулға айтыб турур» («Тефсир»), «Барчасының атларыны йуқарыда бир бир айтыб турурмиз (Ш.Тер.). Көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» де кездеседі. «...дунйаға тириклик берип турур, Христос бизге тоғуп турур». XIV ғасыр жазбаларынан белгілі -ып + тур + мен формасы XV ғасырдан кейін өнімді қолданыла бастаған. «Кодексте», «Ат тухвада» -ып + тыр + мен түрінде езулік вариантымен берілген. Осы қолданыстың ізін қазіргі түркі тілдерінің ішінде хакас, шор, тува, қырғыз, алтай тілдерінен көруге болады. XV ғасырдан бергі ескерткіштерде актив қолданыста кездесе бастаған -ып + мен формасының алғашқы фиксациясы XIII—XIV ғасыр жазбаларынан көрінеді; «Тефсир», «Оғызнамада» бірен-саран ұшырасуы байқалады: «Балықны йах-шы сақлабсен» («Оғызнама»), «Ул, не ким сен келтүрүб — сен («Тефсир»). Белгілі бір дәуірлерде -ып көсемшелі өткен шақтың үш түрінің де қатар қолданылуы кездесіп отырған. Мұндай ерекшелік грамматикалық тұлғалардың саралана бастауының алғашқы сатысының көрінісі болса керек. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде әрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы, сөйтіп о бастағы -ып + турур + мен тұлғасының ықшамдалуы нәтижесінде дамып қалыптасқан. Назар аударар жайт — ескерткіштер тіліндегі -ып формантты өткен шақтың білдіретін мағыналық қырлары. Э.Наджиптің көрсетуінше «Гүлстанда» бұл тұлға екі түрлі мағына берген. Бір жағдайларда берген мағынасы қазіргі қазақ, өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей болып келеді. Яғни, сөйлеуші куә болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған я басқа біреулерден естіген іс-әрекетті білдіруі ұғынылады: «Сорды кім мұңа не болып турур: айт- тылар, хемр ішіп, ұрұс етіп кісі өлтүрүп турур («Гүлстан»). Екінші бір жағдайларда жоғарыдағыдай модальдік реңк болмайды да, беретін мағынасы -ды, -ған тұлғалы еткен шақ формасымен сәйкес келеді. Өткен шақ ішінде аналитикалық формалардың да езіндік қалыптасу жолын байқауға болады. Күрделі шақ тұлғаларының көмекші етістік тіркесі арқылы жасалатыны белгілі. Орхон-Енисей жазбаларында, «Диван луғат ат-түрік», «Құдатқу біліг», «Хибат-ул хақайық», «Тефсир», «Оғызнамада» көмекші етістік ерті, ерді түрінде келсе, XV ғасырдан бергі дәуірде бұл тұлғамен еді формасы да қатар қолданыла бастаған. Ал қазіргі кезеңде түркі тілдеріндегі аналитикалық шақ формасының сыңары ретінде еді көмекші етістігі қолданылады. Тарихи тұрғыда ең көне аналитикалық шақ формаларының біріне -мыш ерті тұлғасы жатады. Алғаш Орхон-Енисей ескерткіштерінен мәлім болып, XV ғасырға дейін актив қолданылған. «Алп ер бізіңе тегміш ерті» (Күлтегін); «мусылман болмыш ердиләр» («Тефсир»). Түркі тілдерінің дамуы барысында оғыз тобындағы тілдерде өнімді қолданылып, нәтижесінде осы топқа тән ерекшелікке айналған. Жазба ескерткіштерде XIII—XIV ғасырлардан бастап кездесетін күрделі өткен шақ түлғасы -ған. «Бабырнама», «Шежіре-й-терекме», «Шежіре-й-түркіде» жүмса-лып отырған: «Сизлер аңа ынанған ердіңіз» («Тефсир»). Функциялық және семантикалық жағынан -мыш ерді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. «Қүдатқу білікте» ескі үйғыр ескерткіштерінде кездесетін аналитикалық өткен шақ формаларының бірі -ды ерті (ерді) тұлғасы: берді ерді (КБ.), көртүм ерті (Алтын ярук), алды ерті (Юр). Мағынасы -ған еді, -мыш ерді формаларымен сәйкес келетін бүл тұлға қазіргі гагауз, түрік тілдерінде сақталған. Көне түркі тілдеріне тән болған, кейін ығысу нәтижесінде қолданылудан шығып қалған күрделі өткен шақтың бір түрі -дуқ ерті формасы «Тефсирде», Рабғузи шығармасында кездеседі. «Мен бутларны хақиқат көрмедүк ердім, турдум, Маккага бардым, көрдүм. (Теф.); «Эй, ата, биз йабанда йылқы, қарамал, күзәйү, болуб, Иусуфны отағ да қойдуқ ерді (Рабғ.)» Қазіргі қазақ тілінде кеңінен қолданылатын -п еді аналитикалық өткен шақ формасының алғашқы ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан («Тефсир», «Оғызнама», «Қисса ал энбие») басталады: «Берке эмгек бирле ел күнни босып ерді» (он), «Тоқы мушриклар таба кетиб ердиләр (Теф.)». XV ғасырдан кейінгі кезеңдерде бұл қосымшаның өнімді жұмсалуы байқалады. Жіктеу жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ (жай түрі) мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, тұр,.жатыр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың XII—XIV ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көрсетеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Олардың ескерткіштерде қолданылуы мынадай болып келеді: «Иүрүрмен йерде изни көрмек үчүн» (МН.). «Сулайман тахт үзе ол турур» (Рабғ.). «Иүгүрүб тышқары чықты ерсе көрді: Иав турур (Ш. Тер.). Нақ осы шақтың күрделі түрі жазба ескерткіштер тілінде XIV ғасырдан жұмсала бастайды да сирек кездесуімен ерекшеленеді; «Халқның тұзың йейүб йүрүрмен (Ш. Тер.). Қазақ тіліндегі ашық рай тұлғаларының дамуын жалпы түркі тілдеріндегі шақ категориясының қалыптасу процесімен, ескерткіштер тілімен байланыста қарастыру белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тілдің тарихи даму барысында шақ және рай тұлғаларының өзара жіктелісі болған. Шақ формаларының бірқатары функңионалды-семантикалық және құрылымдық өзгеріске түскен. Соның нәтижесінде кейбіреулері ығысып, қолданудан шығып қалып жатса, екінші бір тұлғалар дербес шақ формасына айналып отырған. Жеке ұлт тілдерінің түркі семьясынан бөлініп, қалыптасуына байланысты әрбір түркі тілдеріндегі шақ формалары өзіндік дыбысталу және семантикалык, даму сатысымен ерекшелене бастаған. Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі негізінен жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларға байланысты әңгімеленеді. Айналып келгенде, етістік тұлғаларының жақ, сан жайлы ұғым туғызуы аталған грамматикалық формаларды қабылдауы болып табылады. Осыдан бұрынғы тақырыптар бойынша айтылғандарды қорыта келгенде, етістіктерге жалғанатын жақтық және сандық жалғаулар үш түрлі топқа бөлінеді. Бұндай әр түрлілік, бір жағынан, жекелеген етістік категорияларының тарихи ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, белгілі бір дәрежеде сол қосымшалардың тарихи дамуы, өзгеру сатыларын да байқатады. Келер шақ, осы шақ тұлғаларына, өткен шақ есімшелеріне, -п көсемшелеріне I, II жақтық мәнді туғызу үшін I, II жақ жіктеу есімдіктерінің толық түрі тіркесе айтылған немесе солардың фонетикалық езгеріске түскен тұлғалары жалғанған: жекеше көпше I — мен, -біз, -міз, II — сен, -сің. III жақта ол есімдігі,тг/рг/р көмекші етістігі қолданылғаң, Алайда III жақты білдірудің мұндай тәсілі тұрақты, айнымайтын құбылыс емес кейде ол есімдігі де, көмекші етістік те айтылмайды. Қосымша орнына жіктеу есімдіктердің қолданылуы V—VIII ғасыр ескерткіштерінде, сол сияқты XI—XVI ғасыр ескерткіштерінде де ұшырасып отырады: «Тәпсірде»— Тақы Хақиқатда мен қорқұтған-мен і оғул, сен айдың, біз ешітдіміз. МҚ-да: Мен ет тоғрағаймен т. б. Жақ қосымшалардың қазіргі қазақ тіліндегідей қысаң дауыстылармен айтылуы тілдің «жаңа» дәуіріне қатысты екені айқын. Жақ қосымшаларын қабылдау ерекшеліктері тұрғысынан айрықша атап айтар жай, -п көсемшелеріне және -ады тұлғалы ауыспалы осы шақ тұлғаларына байланысты. Жалпы түркі тілдерінің тарихы көсемше тұлғаларына тікелей жіктік жалғауларыныңжалғануын білмейді. -п көсемшесінің өткен шақ мәнінде жұмсалуы көне түркі тілінде мына сипатта болып отырады: йана бір қул ал-қалы мені білен кенелішіп турур (юр.). ...ана Мариямдан тэн алып кіші болуп турур (КК). Сөйтіп -п көмекшісі жақ бойынша тікелей жіктелмеген. Жіктік жалғау -п көсемшесіне тіркес айтылған «байланыстырушы» тұр етістігінің есімше (турур) тұлғасына жалғанған. Кейін тұр етістігі фонетикалық езгерістердің нәтижесінде нольдік тұлғаға айналған: XIII—XIV ғғ. қатысты жазбалар тілінде-ақ бұл тұлғаның -« + мен (сол сияқты: -п + сен, -п + ты (ды) түрі ұшыраса бастайды: У.і, не кім сен коруб-сен (Тефсир). -ады тұлғасы да осындай өзгерістің нәтижесі. Абулғазы ханның «Шежіре-й-түркі, «Шежіре-и-терекме» шығармалары тілінде мына сияқты қолданыстар кездеседі: Соруб турурлар: кім болур сен уа щайдын келер турур сен. Дінмухамед хан улуғ ләшкер бірлен келе турур- Тез оғыз елінің ічінде уруш болуб қызыл қан қара суб — тек ақа турур. Осы фактілер негізінде -ады тұлғасының қалыптасуын мына тәрізді жолмен жүрді деп ойлау керек: 1. -а + турур> -Ч + тур>-а + ды; 2. -а + турур + мен//сен>-а + тур/ур/мен//сен>-а + + мен//сен>-а+мын// + сың; I—II жақтарда тек есімше түлғасы емес, бүтін сөз (турур) түсіп қалған. Ал III жақта есімше түлғасымен қоса түбірдің соңғы дыбысы да түсіп қалып, қосымша ықпал заңдылығына ұшыраған (-а + ты, -а>ды). Жақтық және сандық жалғауларының екінші түрі жіктеу есімдіктердің толық түрі емес, солардың кысқарған, өзгерген сыпатын танытады. Мұндай қосымшалар -ды тұлғалы өткен шақ етістіктері мен шартты рай тұлғаларына жалғанады: жекеше көпше I -м, -қ, -к, мыз, -міз, -муз, -мұз, II -ң, -ңыз, -ңіз, III -(-лар, -лер). V—VIII ғасыр ескерткіштері тілінде II жақ (жекеше де, көпше де) -ғ аффиксі арқылы да берілген: Ыдуқ Отүкен йыш будун бар-дығ (ҚТ). Махмуд Қашқари бұл қосымшаны арғу тілінің ерекшелігі дейді: «Сөйлеуші бірлікте болса -м-мен -тапындым, тыңдаушы бірлікте болса -ң -тапындың, езге жақ бірлікте болса -ы -тапынды. Сондықтан: тапундуғ-табындың. Сен аны қачурдуғ — сен оны қашырдың». Бұл қосымша қазіргі башқұрт, татар, құмық тілдерінде ұшырасады. Бұл жерде ескеретін ерекшелік: -са тұлғасьгның жақ қосымшаларын қабылдауда -ды тұлғасымен бірдей болуы, -ды тұлғасы, осыдан бұрын айтылғандай, о баста қимыл есім, сондықтан оның жақ қосымшаларын қабылдауы тәуелді жалғаулы есімдерге үқсас. Ал -са осы күйінде таза етістік екені мәлім. Олай болса, оның есімдерше түрленуін қалай түсіндіруге болады? Мәселе мыынада: көне түркі тілінде шартты рай тұлғасы -сар, қосымшаның соңғы элементі -р есімше жасаған тұлға, жақ қосымшалары әуелі сол есімше түлғасына жалғанған, кейін -р -түсіп, қалған дәуірде ол бұрынғы ізбен — таза етістік негізге жалғанатын болып қалыптасады: -сар + мен>-са/р/+ мын>-са + мын. Сонымен, бұл да есімше негізді тұлғадан дамыған. Көп замандар бойы көпше I жақтың қосымшалары -қ және -мыз жарыса қолданылғаны байқалады. I жақ көпше мәнінде (өткен шақ етістіктерінде) екі қосымшаның біреуінің ғана түрақталуы кейінгі жайт. Қазіргі түркі тілдерінің кепшілігі жедел өткен шақтың көпше I жағында -қ аффиксін ғана қолданса, алтай, хақас тілдерінде -мыс, -быс аффикстері қолданылады. Қосымшалардың үшінші түрі бұйрық, қалау рай тұлғаларына жалғанады: Жекеше Көпше I -ай, -ей, -айын, -ейін, -алың, -елің, -алым, -елім, II -ғыл, -гіл, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, III -сун, -сүн, -сун(лар), -сүн(лер). Сонымен, қазіргі тіліміздегі шақ тұлғаларының қайсысы да тарихи тұрғыдан көбіне есімшелер негізінде қалыптасқан. Етістіктердің жақтық жалғауларына байланысты айта кететін тарихи ерекшелік мынадай: V—VIII ғасыр жазбалары тілінде шартты рай тұлғасы қазіргідей тәуелдік жалғаулары бойынша өзгермеген. XI ғасырдағы оғыз, қыпшақ, сувар тайпалары тілінде -дуқ тұлғасы есімшелердің ешбір жақ қосымшасынсыз үш жақта да сол күйінде қолданылғандығын М.Қашқари ескертеді. Ал қа зіргі дәуірде сары ұйғыр тілінде жақ жалғаулары қолданылмайды. Оның үстіне, түркі тілдерінде III жақта (бұйрық райдан басқа) жақтық қосымша жоқ және еш уақытта болмаған. Сонымен, түркологияда айтылып жүрген жақтық қосымшалар түркі тілдерінде о баста болған категория емес, кейін тілдің даму барысында пайда болған категория дейтін пікірдің дәлелденуіне едәуір фактілер барлығы айқындалады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Шақ, жақ категорияларының қалыптасы тарихы 2. Етіс, рай категорияларының қалыптасы тарихы. Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. А,1975. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 14-Дәріс Тақырыбы: Үстеу, одағай, еліктеу сөздер, шылаулар тарихынан Жоспар: 1. Үстеулер 2. Одағайлар 3. Еліктеу сөздер 4. Шылаулар Мақсаты: Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілін қарастыру. Мазмұны: Есім сөз таптарының ішінде оқшау тұратыны – үстеулер. Үстеулер шығу төркіні, қалыптасу тәсілі жағынан да әр қилы. Морфологиялық жағынан үстеулер бірде есім негізді болып отырады. Осындай әр тұлғалық оларды біршама кеш қалыптасқан грамматикалық класс деп қарауға мүмкіндік береді. Бүгінгі тілдегі көпшілі үстеу сөздердің құрама бөлшектерге оңай ажырауы да соған дәлел. Есімдердің бір тобы түп негізі жағынан басқа сөз таптарымен ұштасып жатады. Егер сандық ұғымды білдіретін сөздердің қалыптасуы аналитикалық ойдың синтездеу дәрежесіне көтерілуінің нәтижесі екенін еске алсақ, мұндай пікірдің дұрыстығы әсте талас туғызбайды. Сонымен есім сөз таптарының дамуы, тарихи өзгерісі олардың бірыңғай қалыптасуына алып келеді. Есім сөз таптарын, оларға тән категориялар мен тәсілдерді тарихи тұрғыдан қарастырғанда да осы ерекшелік ескерілуге тиіс болады. Есімдер тобындағы сөздердің ішіндегі дербес қолданылатыны. Есімдердің басқа топтары осы зат есімдер айналасына топталып, осыған қатысты ғана қолданылады. Сөйтіп зат есімдер тек заттық мән-мағына туғызушы ғана сөздер емес, соғансйкес дербес қолданылатын да сөздер. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу категорияларының негізгі түрлері көне түркі тілінде де кездеседі. Ол тілде де зат есімдер басқа сөз таптарымен салыстырғанда септелетін, көптелетін, тәуелденетін сөздер есебінде ерекшеленген. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Үстеулердің қалыптасу тәсілдері 2. Үстеу негізгі белгілері, сипаты, қалыптасу, даму жолы 3. Үстеудің арғы негізі туралы пікірлер 4. Одағай сөздер 5. Шылаулар тарихы 6. Еліктеуіш сөздер Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. А., 2002 3. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға кіріспе. А,1986. 4. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі. А,1995. 15-Дәріс Тақырыбы: Тарихи синтаксис Жоспар: 1. Жай сөйлем синтаксисі 2. Құрмалас сөйлемдер Мақсаты: Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістерді қарастыру. Мазмұны: Синтаксистік құрылыстағы тарихи өзгерістердің тілдің басқа салаларына әсері мен ықпалы. Синтаксистік байланыс тәсілдерінң дамуы. Байланыс түрлерінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің дамуы. Ескі түркі тіліндегі есімді тіркестердің қалыптасқан түрлері және құрамы, тіркесу тәсілдері. Кейінгі дәуірлерде есімдер тіркестер аумағының ұлғаюы. Изафеттік тіркестер. Олардың үш түрінің түркі тілдері дамуының үш кезеңіне тәндігі. Түркі тіліндегі сөйлем номинативті екендігі, оның тарихи себептері. Баяндауыш – сөйлемді ұйымдастырушы мүше. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің қалыптасуы. Оқшау сөздердің құрамы мен түрлерінің дамуы. Жай сөйлемдердің ескі түркі тіліндегі түрлері, құрылымдық ерекшеліктері. Қазақ тілі синтаксисінің көне заманғы даму тарихында негізінен ауызекі тіл мен фольклорлық шығармаларға тән аз сөзді, қарапайым сөйлемдердің басым болғандығы, ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Жазба нұсқалары мен іс- қағаздарында, мерзімді баспасөзде шұбалаңқы сөздердің кездесе бастағандығы. Оқшауланған мүшелердің қалыптасуы. Оқшау сөздердің жеке түрлерінің қалыптасуы. Бұл процестің сөйлем құрылысының дамуымен, жазба тіл құрамындағы жіктеліспен ұштасып жататындығы. Құрмалас сөйлемдердің жеке топтарының дамуында жазба тілдің рөлі. Құрмалас сөйлем жүйесінің дамуы. Құрмалас сөйлемнің алғашқы салаласа байланысқан түрі жай сөйлемдердің мағыналық ішкі жақындықтарына қарай бірігуінен пайда болды деген пікір. Құрмаластырушы грамматикалық тәсілдердің қалыптасуы, оның құрмалас сөйлем жүйесін дамытудағы рөлі. Сабақтас сөйлемдердің жеке түрлерінң қалыптасуы туралы пікірлер. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Тарихи синтаксис мәселелері 2.Синтаксистік тұлғалардың дамуы, түрлері 3.Есімді сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері, ондағы өзгерістер 4.Сөз тіркесінің даму бағыттары Әдебиеттер: 1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. А,1988. 2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. 3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. А,1986. 4. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А,1986. |Тәжірбиелік сабақтар | | Қазақ тілінің тарихи |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |грамматикасы пәні | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. | | | |А., 2002 | |Қазақ тілі тарихын кезеңдерге |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |бөлу | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. | | | |А., 2002 | | | |4. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға | | | |кіріспе. А,1986. | | | |5. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. | | | |6. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының| | | |этимологиялық негіздері. А,1994. | | | |7. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | | | |8. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба | | | |ескерткіштерінің тілі. А,1995. | | | |9. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.| | | |А,1966. | | | |10. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму| | | |жолдары. А,1982. | | | |11. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А, 1993. | | | |12. Айдаров Ғ. Күлтегін. Алматы, «Ғылым», | | | |1997. | | | |13. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына | | | |керекті материалдар. Алматы, «Ғылым», 1964. | | | |14. Аманжолов С. Түркі филологиясы және жазу | | | |тарихы. Алматы, «Санат», 1996. | |Қазақ тілі тарихын зерттеудің |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |әдістері | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. | | | |А., 2002 | | | |4. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. | | | |5. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.| | | |А,1966. | | | |6. Қордабаев Т. Тіл білімінің қалыптасу, даму | | | |жолдары. А,1982. | |Тарихи фонетика. Қазақ тілі |1 |1.Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |фонетикалық жүйесі дамуының | |грамматикасы. А,1988. | |негізгі ерекшеліктері | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | |Тарихи лексикологияның зерттеу|1 |1. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. | |нысаны, салалары. Қазақ | |2. Сағындықов Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының| |лексикографиясының тарихы | |этимологиялық негіздері. А,1994. | |Тарихы морфология |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. | | | |А., 2002 | | | |4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | | | |5. Есенқұлов А. Көне түркі жазба | | | |ескерткіштеріндегі қосымшалар. А., 1976. | |Зат есім. Зат есімнің |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |жалғаулары | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Зат есімнің септік категориясы|1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Сын есімның қалыптасуы |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Сан есімдер тарихы |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Есімдік |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Етістік категорияларының дамуы|1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Етістіктің рай, шақ |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |категориясы | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика | | | |мәселелері. А,1975. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | |Үстеу, одағай, еліктеу сөздер,|1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | |шылаулар тарихынан. | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер. | | | |А., 2002 | | | |3. Қайдаров Ә., Оразов М. Түркологияға | | | |кіріспе. А,1986. | | | |4. Айдаров Ғ. Көне ұйғыр жазба | | | |ескерткіштерінің тілі. А,1995. | |Тарихи синтаксис |1 |1. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи | | | |грамматикасы. А,1988. | | | |2. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. А,1993. | | | |3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі мен грамматикасы | | | |тарихынан. А,1986. | | | |4. Ағманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі.| | | |А,1986. | 5 Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары 5.1 Көне түркі жазба мұраларындағы дауысты дыбыстар жүйесі 5.2 Көне түркі мұралары мен қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар 5.3 Көне түркі жазба мұраларындағы бір буынды сөздердің мағынасы 5.4 Көне түркі мұраларындағы сөз таптарының жіктелу сипаты 5.5 Көне түркі мұраларындағы етістік 5.6 Дыбыстық өзгерістердің тарихилығы 5.7 Сөз мағыналарының тарихи дамуы 5.8 Сөзжасамдық процестің тарихи сипаты 5.9 Сын есімнің дамуы Реферат тақырыптары 1 Сан есімнің таңбалық сипаты 2 Есімдіктің жіктелуі 3 М.Қашқари сөздігіндегі грамматикалық категориялардың берілу жүйесі 4 М.Қашқари сөздігіндегі географиялық атаулар 5 М.Қашқари сөздігіндегі кісі аттары 6 М.Қашқари сөздігіндегі атаулардың мағыналық құрылымы 7 Ж.Баласағұн дастанының дүниетанымдық маңызы 8 А.Иассауи шығармасының дүниетанымдық маңызы 9 «Кодекс Куманикус» шығармасының тілі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz