Файл қосу

Ағаш аурулары



                   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
                                 МИНИСТРЛІГІ




























                           ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


                           OK 3215– Орман дизайны

                 5ВО80700 - Орман ресурстары және орманшылық



                                  2 кредит
































                                Алматы, 2010
                                  АЛҒЫ СӨЗ


       1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН


       2 РЕЦЕНЗЕНТТЕР
       Ашықбаев Н.Ж.-  Қазақ өсімдік  қорғау  және  карантин  ғылыми-зерттеу
институтының техникалық дақылдар  мен  орман  қорғау  бөлімінің  аға  ғылыми
қызметкері, б.ғ.к., доцент;
       Сарсекова Д.Н.- ҚазҰАУ – Орманшылық, екпе ормандар және  көгалдандыру
кафедрасының доценті, а.-ш.ғ.к.;


       3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010  жылғы  «
» ______№___ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН


       4 Типтік оқу бағдарламасы 5ВО80700 - Орман ресурстары және орманшылық
мамандығының мемлекеттік жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес
әзірленген


       5 Республикалық Оқу-әдістемелік кеңес отырысында ҚАРАЛҒАН.
2010 жылғы « 28 » __сәуір__. №   7    хаттама




































       Бұл типтік оқу бағдарламаны Қазақстан Республикасы Білім  және  ғылым
министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге және таратуға болмайды.


                                   МАЗМҰНЫ




   |                                                                    |бет. |
|АЛҒЫ СӨЗ                                                            |2    |
|МАЗМҰНЫ                                                             |3    |
|1  ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА                                                 |4    |
|2  КІРІСПЕ                                                          |5    |
|3  НЕГІЗГІ БӨЛІМ                                                    |5    |
|3.1 Орман ағаштарының зиянкестері мен ауруларының экологиясы және   |5    |
|даму динамикасы                                                     |     |
|3.2 Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау әдістері               |5    |
|3.3 Орман зиянкестері биологиясының негізгі белгілері               |6    |
|3.4 Орман зиянкестері - бунақденелілердің негізгі топтары           |6    |
|3.4.1 Жеміс және тұқым зиянкестері                                  |6    |
|3.4.2 Тамыр зиянкестері                                             |6    |
|3.4.3 Көшеттіктер, екпе ағаштар мен жас ағаштардың зиянкестері      |6    |
|3.4.4 Қылқан және жалпақ жапырақ кеміргіш бунақденелілер            |7    |
|3.4.5 Дің зиянкестері                                               |7    |
|3.4.6 Техникалық зиянкестер                                         |7    |
|3.4.7 Пайдалы бунақденелілер                                        |8    |
|3.5 Өсімдік ауруларының сипаттамасы жөне олардың жіктелуі           |8    |
|3.6 Ағаш ауруларының қоздырғыштары                                  |8    |
|3.7 Тұқым мен жеміс аурулары                                        |8    |
|3.8 Өскін мен көшет аурулары                                        |8    |
|3.9 Ағаш аурулары                                                   |10   |
|3.10 Ағаштардың бүлінуі                                             |10   |
|3.11 Ауруларға болжау және есеп жүргізу әдістері                    |10   |
|А қосымшасы. Ұсынылатын тәжірибелік сабақтардың тақырыптары         |10   |
|Б қосымшасы. Ұсынылатын лабораториялық сабақтардың тақырыптары      |     |
|В қосымшасы. Ұсынылатын СӨЖ тақырыптарының тақырыптары              |11   |
|4  ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ (негізгі, қосымша)                  |11   |
|5  АВТОРЛАР                                                         |11   |
|                                                                    |12   |
















                              I ТҮСІНДІРМЕ ХАТ


      "Орман қорғау" пәнінің мақсаты — студенттердің бунақденелілер мен ауру
қоздырғыштардың биология  және  экология  саласынан  теориялық  білім  алуы;
қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, орманды  зиянкестер  мен  аурулардан
қорғаудың әдістерін және практикалық дағдыларын меңгеруі керек.
      Пәннің міндеті:
зиянкестер   мен   аурулардан   орманды   қорғаудың   теориялық   негіздерін
калыптастыру;
зиянкестер мен ауруларды анықтауда практикалық дағдыларды қабылдау;
      -      орман  ағаштарының  зиянкестері  мен  ауруларына  карсы   күрес
шараларын дұрыс жоспарлау және жүргізе білу.
      Пәнді оку нәтижесінде студент білуге міндетті:
      -      орман  ағаштарының  негізгі  зиянкестері  мен  ауруларының  түр
құрамын;
зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың морфологиясын, биологиясын;
зиянкестер популяциясының  өзгеруіне  және  аурулардың  дамуына  экологиялық
факторлардың ролін;
зиянкестер сан мөлшерінің төмендеуіне энтомофагтардың ролін;
зиянкестер мен аурулардан орманды қорғаудың қазіргі кездегі әдістерін.
      Білікті болу керек:
орман ағаштарының зиянкестері мен ауруларын анықтауға;
зиянкестер мен ауруларға есеп жургізуге;
      - қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, орман қорғау шаралар кешенін
дұрыс және тиімді жүргізуге.
      Пәннің пререквизиттері: "Орман ботаникасы  және  дендрология",  "Орман
аңдары   мен   кұстарының   биологиясы",   "Орман   шаруашылығы   жұмыстарын
механикаландыру", "Орманшылық және орман пирологиясы".
      Постреквизиттер:  "Екпе   ормандар",   "Орманды   пайдалану",   "Орман
шаруашылығын басқару" және т.б.
      "Орман  қорғау"  пәні  орман  ресурстары  және  орманшылық  бакалаврын
дайындауда базалық міндетті пәндердің бірі  болып  табылады.  Оның  жоғарыда
аталған пәндермен байланысы орман қорғау саласында терең  білім  алуға  және
зиянкестер мен  ауруларға  қарсы  күрес  шараларын  дұрыс  жүргізуге  әсерін
тигізеді.








                                  2 КІРІСПЕ


      "Орман қорғау" ғылымын айқындау және оның маңызы. Орман  қорғау  пәнін
зерттеу әдістері мен объектілері туралы мәліметтер.  Адамның  шаруашылыктағы
іс әрекетінде орман қорғаудың ролі. Пәннің  міндеті,  оның  құрылымы.  Орман
қорғаудың жалпы орман шаруашылығы  жүйесіндегі  орны  және  басқа  пәндермен
байланысы. Ормандардың өнімділігін  арттырудағы  зиянкестер  мен  аурулардан
қорғау шараларының ролі. Казақстан  мен  шет  елде  орман  қорғау  саласында
қазіргі кездегі ғылыми жетістіктер және қыскаша тарихи мәліметтер.


                               3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ


   3.1 Орман ағаштарының зиянкестері мен ауруларының экологиясы және даму
                                 динамикасы
      Экологиялық  факторлар  және  олардың  жіктелуі.  Сыртқы  жағдайлардың
бунақденелілер мен  аурудың  бейімделуіне  әсері.  Бунақденелілер  мен  ауру
қоздырғыштардың    орман    ағаштарымен    өзара    байланыстылығы.    Орман
бунақденелілерінің   қоректену   сипаты,   мамандануы,   өсімталдығы    және
өміршеңдігі. Микроорганизмдердің, ауру коздырғыштардың  тоғышарлық  типтері.
Патологиялық үрдістің дамуы және оның фазалары. Орман ағаштарында  эпизоотия
мен эпифитотиялардың шығуы және олардың даму заңдылықтарының себептері.
      Орман ағаштарын  зиянкестер  мен  аурулардан  қорғаудағы  иммунитеттің
ролі. Орман шаруашылығы жағдайында өсімдіктердің  зиянкестер  мен  ауруларға
төзімділігін арттыру жолдары.


            3.2 Орманды зиянкестер мен аурулардан қорғау әдістері
      Орман корғау әдістері жайлы жалпы түсінік және олардың жіктелуі. Орман
қорғау  шараларының  аймақтық  жүйесі,   оларды   экологиялық   экономикалық
негіздеу.  Орманпатологиялық  бақылаудың  түрлері,   оның   міндеттері   мен
ұйымдастыру   принциптері.   Зиянкестер   мен   аурулардың    диагностикалық
тәсілдері. Карантин және  карантиндік  шаралар.  Зиянкестер  мен  аурулардың
дамуының   болжамы.   Зиянкестер   мен   аурулардың   дамуының   алдын   ала
сақтандырудың селекциялық, тұқым шаруашылықтық және  физикалық,  механикалық
әдістері.
      Орманды  биологиялық  қорғау  жайлы  түсінік.  Орманды   қорғау   үшін
энтомофагтар  мен  энтомопатогендік  микроорганизмдерді  пайдалану.  Негізгі
биопрепараттардың  сипаттамасы,  оларды  қолдану  технологиясы,  тиімділігін
есептеу. Бунақденеқоректі  құстар  мен  сүтқоректілерді  пайдалану.  Орманда
жануарлар әлемін қорғау.
      Өсімдікті химиялық  қорғау  жайлы  түсінік.  Пестицидтердің  жіктелуі.
Инсектицидтер.  Фунгицидтер.  Орман  шаруашылығында   қолданылатын   негізгі
пестицидтердің сипаттамасы.


            3.3 Орман зиянкестері биологиясының негізгі белгілері
      Бунақденелілердің сыртқы кұрылысы. Дененің сегменттелуі. Бас, көкірек,
құрсақ және қосалқылары. Бунақденелілердің  дамуы  мен  көбеюі.  Метаморфоз.
Дернәсілдер мен қуыршақтардың турлері.
      Бунақденелілерді жүйелеудің  негізгі  принциптері.  Басты  отрядтардың
сипаттамасы (термиттер, тура  қанаттылар,  жартылай  қатты  қанаттылар,  тор
қанаттылар, тең қанаттылар, трипсілер, қатты қанаттылар, жарғақ  қанаттылар,
қос қанаттылар).


          3.4 Орман зиянкестері - бунақденелілердің негізгі топтары
                     3.4.1 Жеміс және тұқым зиянкестері
      Топтың жалпы сипаттамасы. Түр  кұрамы,  биологиялық  және  экологиялық
ерекшеліктері, орманда  таралуы,  энтомофагтары  және  экономикалық  маңызы.
Басты ағаш тұқымдардың  генеративтік  мүшелерінің  жеке  зиянкестерін  шолу:
еменнің (емен бізтұмсығы), қылқан  және  жалпақ  жапырақты  ағаштардың  (бүр
қанкөбелегі, бүр жапырақ ширатқышы, бүр шайыршысы және  басқалар).  Қылқанды
және басқа  ағаштардың  бүрлері  мен  тұқымдарын  пісу,  жинау  және  сақтау
кездеріндегі қорғау шараларының жүйесі.
                           3.4.2 Тамыр зиянкестері
      Топтың жалпы сипаттамасы. Орман  шаруашылығындағы  топырақта  тіршілік
етуші бунақденелілердің түр құрамы, биологиялық  ерекшеліктері,  топырақтағы
тіршілікке бейімделуі, топырақ ортасы факторларының  әсері,  тоғышарлар  мен
аурулар, сан мөлшерінің динамикасы,  келтіретін  зияндылық  сипаты,  маңызы.
Басты түрлеріне шолу.  Тақта  мұрттылар  (шұбар  заузалар,  маусым  заузасы,
тамыр  кеміргіштер),  шыртылдақтар,  қара  денелілер,  бұзаубастар;  олардың
орман шаруашылығы үшін  маңызы,  биологиясы,  экологиясы.  Ағаштардың  тамыр
зиянкестерімен күресу шаралары.


       3.4.3 Көшеттіктер, екпе ағаштар мен жас ағаштардың зиянкестері
      Топтың жалпы сипаттамасы  және  оның  орман  шаруашылығындағы  маңызы.
Зиянкестердің жеке топтарына шолу: өсімдіктің көндігу  кезіндегі  көпқоректі
зиянкестері  (жебірлер,  бізтұмсықтар,  кеміргіш  қоңыр   көбелектер);   жас
ағаштардың кеміргіш  зиянкестері  (өркен  ширатқыштар,  бізтұмсық  қоңыздар,
жапырақ жемірлер); жас ағаштардың  сорғыш  зиянкестері  (қарағай  қандаласы,
бітелер, жалған  қалқаншалы  сымырлар,  бүргешіркейлер,  галлицалар,  жаңғақ
түзушілер). Зиянкестерден көшеттік пен екпе ағаштарды қорғау шаралары.


          3.4.4 Қылқан және жалпақ жапырақ кеміргіш бунақденелілер
      Топтың жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшеліктері,  тіршілік  циклы,
ортаның абиотикалық факторларына әсері. Энтомофагтар  мен  энтомопатогендер.
Қылқан  және  жалпақ  жапырақ  кеміргіш  бунақденелілердің  сан   мөлшерінің
динамикасы. Әр түрлі орман экологиялық жағдайларындағы жаппай көбеюдің  күрт
көтерілуінің байқалуы. Қазақстанда күрт көтерілу аймақтары.  Басты  түрлерге
шолу:  емен  айдарлысы,  ай  көбелек;  қарағай,   майқарағай,   қыстық   мүр
көбелектері; қарағай, сібірлік  сақиналы  жібек  көбелектері,  жұпсыз  жібек
көбелек, шаңқан, көктал бұйра  көбелегі,  қарағай  қоңыр  көбелегі,  қарағай
егегіштері,  жалпақ  жапырақ  ағаштарының  егегіштері.  Қылқан  және  жалпақ
жапырақ кеміргіш бунақденелілермен күресу шаралары.


                            3.4.5 Дің зиянкестері
      Топтың жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшеліктері, ағаштарды тандауы
және  оларды  мекендеу   реті.   Ағаштарды   әлсірету   түрлері   және   дің
зиянкестерінің   экологиялық   топтастықтарының   құралуы.   Жаппай    көбею
ошақтарының  пайда  болу   себептері.   Дің   зиянкестері   сан   мөлшерінің
динамикасы.   Қабық   жегілері.   Тұқымдас   сипаттамасы,   түрлер   (қылқан
жапырақтыларда: қарағай шел қабық  жегілері,  алтытісті,  ұштық  және  басқа
қабық жегілер; жалпақ  жапырақты  ағаштарда  -  емен,  қайың,  шегіршін  тін
жегілері және басқалар. Сүгендер, тұқымдас сипаты, түрлер (қылқан  жапырақты
ағаштарда: қалқанның қара сүгені, шыршаның қара  сүгендері  -  тетропиумдар,
ұзын мұртты  сұр  сүгендер;  жалпақ  жапырақты  ағаштарда  -  еменнің  үлкен
сүгені,  еменнің  шұбар  сүгендері,  көктерек  ысылдақтары).  Зер  қоңыздар,
тұқымдас сипаттамасы, түрлер (қылқан жапырақты ағаштарда -  қарағайдың  көк,
төрт нүктелі балқарағай зер қоңыздары; жалпақ жапырақты  ағаштарда  -  жасыл
жіңішке  денелі,  емен  қола  зер  қоңыздары).  Бізтұмсықты  -   шайыршылар,
түрлердің жалпы сипаттамасы (қарағай  ұштық,  дің,  шырша  бізтұмсықтылары).
Мүйізқұйрықтылар, тұқымдас  сипаттамасы,  түрлер  (үлкен  қалқан  көк  қайың
мүйіз  тұмсықтылары).   Ағашқайрақшылары,   тұқымдас   сипаттамасы,   түрлер
(жегібас, иісті ағашқайрақшысы). Мөлдір қанатты көбелектер  (теректің  үлкен
мөлдір қанат көбелегі, күңгірт қанатты мөлдір көбелегі). Дің  зиянкестерімен
күресу шаралары.


                         3.4.6 Техникалық зиянкестер
      Топтың  жалпы  сипаттамасы.   Биологиялық   ерекшеліктері,   қоректену
физиологиясы, экономикалық маңызы.  Басты  тұқымдастар  мен  түрлерге  шолу:
үңгіқоңыздар (жихаз, үй), үй сүгендері  (қара  үй  сүгені),  ағашкеміргіштер
(салалы),   бұрғықоңыздар   (жапырақ,    кеме,    қылқан    бұрғықоңыздары),
бізтұмсықтылар (шірік бізтұмсығы), термиттер. Олармен күресу шаралары.


                        3.4.7 Пайдалы бунақденелілер
      Ормандағы  пайдалы  бунақденелілердің  басты  экологиялық   топтарының
сипаттамасы: энтомофагтар, өсімдік  тозаңдатқыштар,  детритофагтар,  топырақ
жақсартушылар, сәндік түрлер, тоғышар бунақденелілердің қосымша иелері  және
басқалар. Ормандардағы пайдалы бунақденелілерді пайдалану және қорғау.


          3.5 Өсімдік ауруларының сипаттамасы және олардың жіктелуі
      Өсімдік  ауруы  туралы  түсінік.   Ауру   өсімдіктердің   анатомиялық-
морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық өзгерістерге  ұшырауы.  Өсімдік
ауруларының  пайда  болу  себептері.  Жұқпалы   және   жұқпайтын   аурулары.
Аурулардың  жіктелуі  және  олардың  сипаттамасы.  Инфекциялық   үрдістердің
дамуы.  Аурулардың  білінуіне  сыртқы  ортаның  әсері.  Аурулардың  таралуы,
зияндылығы және орман егістеріне келтіретін экономикалық зардабы.


                     3.6 Ағаш ауруларының қоздырғыштары
      Саңырауқұлақтар   -   ағаш    ауруларыньщ    негізгі    қоздырғыштары.
Саңырауқұлактарды  жүйеге  келтіру  негіздері  және   олардың   сипаттамасы.
Саңырауқұлактардың     морфологиясы,     биологиясы     және     экологиясы.
Саңырауқұлақтардың даму ерекшеліктері, көбеюі, қыстап  шығу  жолдары.  Орман
фитоценозындагы саңырауқұлақтардың  ролі.  Саңырауқұлақтардың  фитопатогенді
және ағашты  шірітетін  түрлері.  Орманда  өсетін  жеуге  жарамды  және  улы
саңырауқұлақтар.
      Бактериялар - ағаш ауруларының қоздырғыштары, олардың  таралу  жолдары
мен инфекция көздері. Бактериялы аурулардың түрлері.
      Вирустар  мен  микоплазмалар   -   ағаш   ауруларының   қоздырғыштары.
Вирустардың таралуы, өсімдікке ену жолдары және  жұғуы.  Өсімдіктің  вирусты
және микоплазмалы ауруларыньщ негізгі түрлері.


                        3.7 Тұқым мен жеміс аурулары
      Тұқым мен жемістердің негізгі  аурулары:  тат,  деформация,  мумиялану
және зеңдену. Аурудың қоздырғыштары,  сыртқы  белгілері,  инфекция  қорлары,
зияндылығы және аурудың дамуына қолайлы жағдайы. Ағаш пен  бұталардың  тұқым
және жеміс ауруларына қарсы күресу шараларының жүйесі.


                        3.8 Өскін мен көшет аурулары
      Өскін мен көшеттің жұқпалы  аурулары,  олардың  қоздырғыштары,  сыртқы
белгілері,   экологиялық   және   басқа    факторларға    байланысты    даму
ерекшеліктері, зияндылығы. Көшеттер мен  екпе  ағаштарды  аурулардан  қорғау
шараларының жүйесі.
      Аурулардың   сыртқы   негізгі   белгілері:   өскіндердің    жапырылуы;
өсімдіктердің шіріп борсуы; қылқан мен жапырақтардың  сарғаюы  және  қурауы;
өсімдіктің тұншығуы; қылқанның, өркеннің және жапырақтың шіруі; жапырақ  пен
өркеннің ұнтақты өңезі; қылкан  мен  жапырақтың  таты,  дағы,  деформациясы;
өркендердің қисаюы; бұтақ түтіктерінің зақымдану әсерінен солуы мен  қурауы;
өркен  мен  діңнің  некроздары;  бұтақтың  ісінуі;  бұтақтың,  діңнің   және
тамырдың paгi; жапырақтың жұқпалы хлорозы мен мозаикасы.
      Діңдердің шырмауық және гүлді өсімдіктермен залалдануы,  оларға  қарсы
күресу шаралары.
      Жұқпайтын аурулары және олардың себептері. Сырты белгілері: қылқан мен
жапырақтың сарғаюы, құрғауы және дақтылығы; өркендер мен  бұтақтардың  солуы
және қурауы; ұштарының қурауы, механикалық жолмен зақымдануы.


                              3.9 Ағаш аурулары
      Ағаштың жұқпалы аурулары, олардың қоздырғыштары, зияндылығы.  Түтікті,
некрозды және рак аурулары. Олардың  даму  ерекшеліктері  және  экологиялық,
немесе әртүрлі факторлардың әсерлері.  Негізгі  аурулары:  талдың  голландық
ауруы; емен мен үйеңкінің микозы;  емен,  шамшат,  терек  және  басқаларының
қабық некроздары; қылқан және жалпақ жапырақтылардың рак аурулары.  Қорғаушы
екпе ағаштарда, саябақтарда  және  орман  бақтарында  аурулар  тобына  қарсы
күресу шаралары.
      Ағаштың түсін өзгертуі мен шіруінің даму үрдісі.  Қылқан  және  жалпақ
жапырақтылардың тамыр шіріктері және  олардың  қоздырғыштары:  тамыр  кұлақ,
қозықүйрық, Швейница ағашқұлағы, емен ағашкұлағы және  т.б.  қоздырғыштардың
биологиясы,  таралуы,  тамыр  мен  дің  шіріктерінің   даму   ерекшеліктері.
Адамдардың шаруашылықтағы  ісіне  және  экологиялық  жағдайларға  байланысты
эпифитотияның шығуы және ауру ошақтарының дамуы.  Зияндылығы,  шаруашылықтық
және экономикалық зардабы. Экологиялық факторлар мен ауру  ошақтарының  даму
сатысына байланысты тамыр шіріктеріне қарсы қорғау шараларының жүйесі.
      Қылқан және жалпақ жапырақтылардың дің және жарақат шіріктері, олардың
қоздырғыштары: қарағай кұлақ, шырша  кұлақ,  балқарағай  ағашқұлағы,  жалған
құлақ, көктерек ағашқұлағы,  нағыз  құлақ,  жиекті  ағашқұлақ,  емен  құлақ,
қайың кұлақ, күкірт-сары және қабыршықты  ағашқұлақ.  Ағаш  тұлғаларының  әр
түрлілігіне, адамдардың шаруашылыктағы ісіне және  экологиялық  факторлардың
әсерлеріне  байланысты  шіріктердің  даму  ерекшеліктері.  Дің  шіріктерінің
орналасуы мен таралуы, шаруашылықтық  және  экономикалық  зияндылығы.  Орман
екпе ағаштарындағы, орман бақтарындағы, саябақтардағы,  егіс  қорғаушы  екпе
ағаштардағы дің шіріктеріне қарсы күресу шаралары.
      Ағаш  бөркінің  гүлді  паразиттермен  залалдануы  және  онымен  күресу
жолдары. Жұқпайтын аурулары және  жетілген  ағаштардың  залалдануы,  олардан
қорғаудың алдын-алу шаралары.


                           3.10 Ағаштардың бүлінуі
      Табиғи және шаруашылық жағдайында жаңа  кесілген  және  шіри  бастаған
ағаштардың сақтау кезіндегі бүлінуі. Қоймада ағаштың булінуіне  әсер  ететін
саңыраукұлақтардың негізгі түрлеріне  сипаттама.  Ағаштың  бүліну  үрдісінің
жылдамдығы.   Ағаштардың   залалдануы   мен   бүлінуіне   саңырауқұлақтардың
келтіретін зардабы.
      Қоймадағы құрылыс материалдарын  бүлінуден  қорғайтын  физикалық  және
химиялық тәсілдер. Қоймада сақтау жолдары және химиялық қорғау әдістері.
      Құрылыстардағы ағаштардың шіруі, оның себебі және халық  шаруашылығына
келтіретін зияны. Үй саңырауқұлақтары және оның дамуына әсер ететін  жағдай.
Ағаш құрылыстарындағы ағаштардың ылғалдану жолдары.  Үй  саңырауқұлақтарымен
күресу шаралары.


              3.11 Ауруларға болжау және есеп жүргізу әдістері
      Фитопатологиялық  тексеруде  ауруларға  есеп  жүргізу  тәсілдері   мен
әдістері.  Көшеттіктердің,  жас  және  жетілген   ағаштардың,   саябақтардың
ауруларын  тексеру  әдістері  және  оны  жүргізу  тәсілінің   ерекшеліктері.
Залалданған өсімдіктерді жинау, өндеу және сақтауға қою жолдары.
      Тұқым мен жемістің, көшеттіктердегі өскіндердің, екпе көшеттердің, жас
және  жетілген  ағаштардың,  қоймадағы   залалданған   және   құрылыстардағы
ағаштардың ауруларын зерттеу және анықтау әдістері.
      Аурудың дамуын (эпифитотия) қысқа  мерзімге,  ұзақ  уақытқа  және  көп
жылдарға болжау жүргізу әдістері.


                                                                   А қосымша
               Ұсынылатын тәжірибелік сабақтардың тақырыптары
        1. Буынаяқтылар типінің кластарымен танысу. Бунақденені  бөлімдерге
           бөлу   (мамыр   қоңызын):    бас,   көкірек,   құрсақ,   олардың
           қосалқылары.
        2.  Жұмыртқалау  түрлері,  дернәсілдер,  қуыршақтар  және   олардың
           құрылысымен танысу.
        3. Ағаш тұқымдастарының зақымдану түрлерімен танысу.
        4. Жас ағаштар діңінің, өркенінің, бүрлерінің  және  жапырақтарының
           зиянкестерінің зақымдалуымен  танысу.
        5. Сүректің басты  техникалық  зиянкестерін  анықтау  және  пайдалы
           бунақденелілерді көрсету, олардың фенологиясымен танысу.
        6. Тұқым мен жеміс аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу.
        7. Қылқандардың аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу.
        8. Жапырақтардың аурулары және олардың қоздырғыштарымен танысу.
        9. Рак, некроз және түтік ауруларымен танысу.
       10.  Қоймада,   құрылыстарда   кездесетін   үй   саңырауқұлақтарының
           морфологиясымен, сақтау кезінде ағаш түсін өзгертетін және  ағаш
           шіріктерін туғызатын саңыраукұлақтармен танысу.


                                                                   Б қосымша
              Ұсынылатын лабораториялық сабақтардың тақырыптары
        1.  Бунақденелілердің  отрядтарын  имаго  және  дернәсіл   фазалары
           бойынша анықтау.
        2. Қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, жарғақ қанаттылар, қос
           қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, тура қанаттылардың басты
           тұқымдастарын анықтау.
        3. Қабықжегілерді имаго және зақымдаулары бойынша анықтау,  негізгі
           жолдарының түрлері мен құрылысын зерттеу  және  олардың  суретін
           салу.
        4. Басты дің зиянкестерінің дернәсілдерін өздері зақымдаған сүрек
           бөліктерімен бірге анықтау.
        5. Орман ағаштары ауруларының негізгі типтерін анықтау.
        6. Саңырауқұлақ жіпшумақтары мен олардың түрін өзгертуі және  көбею
           жолдарын микроскоп арқылы көру.
        7. Өскін мен көшет аурулары және олардың қоздырғыштарын анықгау.
        8. Ағаш діңінің және тамырдың шіріктерін анықтау.


                                                                   В қосымша
                  Ұсынылатын СӨЖ тақырыптарының тақырыптары
        1. Орман ағаштарының жемістері мен  тұқымдарының  бунақденелілермен
           зақымдалуы.
        2. Топырақ энтомофаунасының тақта мұрттылар және өзге өкілдері.
        3.  Қылқан  жапырақтылардың  басты  қылқан   кеміргіштері.   Жалпақ
           жапырақтылардың негізгі кеміргіш бунақденелілері.
        4. Орманның жұқпайтын аурулары.
        5. Паразиттік гүлді өсімдіктер.
        6. Бактериалы, вирусты және микоплазмалы аурулар.


                       4. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
                                  Негізгі:
         1  Воронцов А.И. Лесная энтомология. М., Высшая школа, 1982.
         2  Воронцов А.И., Мозолевская Е.Г. Практикум по лесной энтомологии.
- М., Высшая школа, І978.
          3   Сагитов  А.О.,  Назарбекова  М.Х.   Орман   фитопатологиясының
лабораториялық сабақтарына арналған оқу құралы. Алматы, 1991.
         4 Соколова Э.С., Семенкова И.Г. Лесная фитопатология.  М.,   Лесная

         промышленность, 1981:
         5 Тілменбаев Ә.Т., Жармухамедова Г.Э. Энтомология. Алматы,  Қайнар,
1994.
         6 Федоров Н.И., Раптунович  Е.С.  Лабораторные  занятия  по  лесной

         фитопатологии. Минск,  Вышейшая школа, 1980.
         7 Цилюрик А.В., Шевченко СВ.  Практикум  по  лесной  фитопатологии.

         Киев, Вища школа, 1983.
                                  Қосымша:
         1 Бей-Биенко Г.Я. Общая энтомология. М., Высшая школа, 1980.
         2 Журавлев И.И., Соколова Д.В.  Лесная  фитопатология.  М.,  Лесная

          Промышленность, 1969.
         3 Ильинский А.И. (ред.) Прогноз, учет и надзор массовых размножений
хвое- и листогрызущих насекомых в лесах  СССР.  М.,  Лесная  промышленность,
1965.
      4 Костин И.А. Стволовые вредители хвойных лесов Казахстана.  Алма-Ата,
1964.
      5  Костин И.А. Жуки-дендрофаги Казахстана. Алма-Ата, 1973.
      6  Справочник  по  защите  леса  от  вредителей  и  болезней.  М.,  ВО
Агропромиздат, 1980.
      7  Стадницкий Г.В. и др. Вредители шишек и семян хвойных пород. М.,
Лесная промышленность, 1978.
      8  Шевченко С.В Лесная фитопатология.Львов, Вища школа, 1978.


                                 5 АВТОРЛАР:


      Карбозова Р.Д. -  ҚазҰАУ-нің жеміс, көкөніс шаруашылығы  және  өсімдік
қорғау кафедрасының доценті, а.-ш.ғ.к;.
      Агибаев А.Ж. - ҚазҰАУ-нің  жеміс,  көкөніс  шаруашылығы  және  өсімдік
қорғау кафедрасының профессоры, б.ғ.к..


Пәндер