Файл қосу
Еңбектің әлеуметтік шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-18-16.1.28/03-2013 | |«ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ» |Баспа № 1 13.09.13 | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |материалы | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В050300 «Психология» мамандықтарына Семей 2013 Алғы сөз 1. ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырушы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Г.Абдуллина “___13___” _____09_____ 2013 ж. 2. ҚАРАЛДЫ 1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында Хаттама №___1___ «_13_»___09_____ 2013 жыл Кафедра меңгерушісі ____________ Т. Кунслямова 2.2. ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды Хаттама №___1___ «_17_»___09_____ 2013 жыл ОӘБ төрағасы___________________ Ш.Кенесбаева 3. БЕКІТІЛДІ 3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №__1____ «_18_»___09_____ 2013 жыл ОӘК төрағасы_________________ Г.Искакова 4. Баспа № 1 13.09.13 Мазмұны: 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5. Студенттің өздік жұмысы ГЛОССАРИЙ Еңбек - адамзат іс әрекетінің тарихи қалыпты түрі. Профориентация - кәсіби бағдар Адаптация - бейімделу, кәсіби бейімделу. Консультация - кәсіби кеңес беру Кәсіптік бағдар - білім берудің жеке сала Әлеуметтік қызмет - қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау. Экономикалық қызмет - жұмыс өнімділігі мен кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу Психологиялық-педагогикалық - қызмет жеке бастың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мамандық таңдау кезінде оларға көмек көрсету Медициналық-физиологиялық қызмет - жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы қызметті жүзеге асырудағы көмектесі. Кәсіптік ағарту - кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарасын, түсінігін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру Кәсіптік таңдаудың қызметі - адамның белгілі бір түріне жарамдылығын анықтау Профессиографиялық зерттеу - берілген еңбек түрінің кәсіптік сипатын көрсету үшін оқушының белгілі бір кәсіпті өз бетінше әр қырынан үйренуі Қабілет - іс -әрекетінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін жеке адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы Интеллектуалды қабілет – ақыл-ойдың айқындығы, логикалылығы, тереңдігі, кеңдігі, алғырлылығы, сыншылдығы. Мотив (ниет) - белгілі бір іс-әрекетке итермелеуші күш. Қажеттсіну - адамды белсенді іс-әрекетке келтіретін күш Іс-әрекеттің мақсаты – іс-әрекеттің болашақ нәтижесін алдын ала санада болжау. Интериолизация - сыртқы нақты іс-әрекеттің саналық ішкі әрекетке ауысуы Экстериолизация - сырты заттасқан әрекетті әрдайым ішкі психикалық әрекеттің тысқы көрінісі. Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы - қару дайындаудың қажетті шарты бола тұра, болжау сананың ең алғашқы көрінісі. Эргономика - еңбек әрекетіндегі адамды зерттейтін ілім. «Эргатикалық» дегеніміз берілен эргатикалық системаларды анықтайтын кез келген функция Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ең алғаш ғылыми негізін жасады. К.Моррель жылы ағылшын ғалымдар тобын ұйымдастырып «Эргономикалық қоғам» құрды. ДӘРІСТЕР № 1- Дәріс Тақырыбы: Еңбек психологиясы пәні және негізгі мәселелері Сұрақтары: 1. Еңбек психологиясының пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі 2. Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары 3. Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы 4. Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы Еңбек психологиясының пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі Еңбек психологиясы – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясында адам белсенділігінің мәдени және әлеуметтік негізі ғылыми пәндер кешенінде қарастырылады. Еңбек психологиясы еңбек субьектісі-адамның дербес қасиеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына қажетті кәсіптік іскерлігі мен дағдыларын дамытып, жетілдіруді теоретикалық- методологиялық, психофизиологиялық және психологиялық тұрғыда зерттейтін кешенді пән. Еңбек психологиясының басты міндеті – маңызды еңбекті болдыру мен адамға тиімді мотивацияны қалыптастыруға көмектесу мен зерттеу. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Еңбек психологиясының мақсаты - әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Еңбек психологиясының қалыптасып даму деңгейлерін келесі мәселелерден анықтауға болады: - психология ғылымының жас шағы (1879ж Лейпцигте В.Вундтың ең алғаш эксперименттік психологиялық лабораториясының ашылуымен есептелінеді); - жалпы белгіленген білімдердің кең аумағының жетіспеушілігінен (П.Я.Гальпериннің «жестокого каркаса» білімі); - қоғамның динамикалық дамуы және ғылыммен тығыз байланысы, әлеуметтік ұсыныстардың тарихи ерекшеліктері; материя қозғалысының жоғарғы формасы психиканың обьективті қиындығы ретінде. Теориялық білім жүйесінің эволюциясы негізінде еңбек психологиясы қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар еңбек адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі мен ең негізгісі және еңбек психологиясы еңбектің ғылыми кешені деп бағалаған. Е.А.Климовтың пікірі бойынша еңбектің психологиялық білім жүйесі ретінде қалыптасып дамуы, еңбек субьектісіне еңбекқорлық және іс-әрекеттік қасиеттерге итермелейтін күшінде, еңбек психологиясы өз қалыптасуындағы обьективті қиындықтарды жеңіп, ғылыми пән ретінде құрылуы керек және ол қосымша ғылым ретінде қаралмауы керек деген. Сондықтан Е.А.Климов «практикалық міндеттердің қызметтері мен ғылыми әдістердін жолдарын шешетін, еңбек шарттарын зерттейтін адамды еңбектің субьектісі әрі қалыптастырушысы» ретінде еңбек психологиясының ғылыми пәніне «ядро» ұсынды. Пәннің обьектісі - адам еңбектің субьектісі. «Субьект» түсінігінде адам сырттан берілген қатынастардың «орындаушысы» ғана емес, материалдық өмірдің, әлеуметтік орта мен қарсыласатын заттар обьектісін, қатынастарды белсенді ұйымдастырушысы ұғымы кіреді. Е.М. Иванов еңбекті «іс-әрекет» түсінігі ретінде қарастырады. Адамның негізгі іс-әрекет түрі әлеуметтік жоспарланған, ойланып істелінген, мақсатқа бағытталған еңбегі деген пікірді ұсынған. Н.С.Пряжников бойынша: «еңбек психологиясының пәні- еңбек субьектісі, яғни өндірістік іс-әрекет шарттарына дағдылы рефлекстік түрде қолынан келетін қабілетті жұмысшы». Еңбек феноменінің обьектісі мен пәнінің негізі ретінде XIXғ. ортасы мен - XX ғасырдағы еңбектің философиялық, экономикалық, мәдени және психологиялық анықтамасын қарастырамыз. Еңбек тұтастай алғанда психологиялық емес, әлеуметтік категория. Өзінің жалпы заңдылықтары бойынша психологиялық емес, жалпы ғылыми пән. Сондықтан еңбек әрекеті тек қана психологияның пәні бола алмайды, еңбек әрекетін тек психологиялық құрылым жағынан ғана ала алмаймыз. К.Маркс еңбекті классикалық сипаттама жағынан оның маңызды психологиялық ерекшеліктерін: «Еңбек табиғат пен адам арасындағы процесс, зат алмасуды бақылайтын, қорландыруды реттейтін, өз іс- әрекетін басқаратын процесс» деп бөліп көрсетеді. Еңбектің соңында нәтижесі болады. Адам тек табиғат берген нәрсенің формасын ғана өзгертіп қоймай, еңбек әрекетіпің сипаты мен тәсілдерін анықтайтын заң іспеттес және өз еркін соған бағындыратын саналы мақсатын іске асырады. Еңбек психологиясының обьектісіне еңбек іс-әрекетінің субьектісі - адамның әлеуметтік белсенділігінің сапасы мен еңбектің тарихи жалпыланған формасы кіреді. Еңбек психологиясының пәні адамның еңбек іс -әрекетінде туатын психологиялық фактілер (процесстер, жағдайлар, қасиеттер) мен заңдылықтарды да қарастырады. Адам өмірінің көп уақытында еңбек іс-әрекеті доминантты бөлігін алады. Еңбектің адамның тұлғалық дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен негізгі еңбекке дайындығы, бейімделу кезеңдері, кәсіптік жетілуі мен кәсіптік карьерасының аяқталуы сияқты мәселелер де еңбек психологиясында қарастырылады. Заманауи шарттарда еңбек субьектісі жеке жұмыс күшін тасушы жұмысшы индивид, субьект және дербес тұлға ретінде адамның дамып қалыптасуы қарастырылады. Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары. Іс- әрекетті базалық категория ретінде анықтап, кеңес психологиясы адам еңбегін негізгі іс-әрекет түрлерінің ойын мен оқытуды іс- әрекет амалдары, еңбек, ойын, оқу, оқыту- іс-әрекет субьектісі деп қарастырады. Іс-әрекет әрқашан қоғамдық қатынастар жүйесінде енгізілген. Оның мәні материалдық құралдар мен жандық қатынастар формасымен анықталады. Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Іс-әрекет сілтемелері бірден антропогенездің, онтогенездің, субьектогенездің шарттары бірі болып қатысады. Ол жеке адамның онтогенез процессі кезіндегі адамдардың психикасының қалыптасуы мен көрінуімен анықталады. А.Н.Леонтьевтің жалпы анықталған іс-әрекет концепциясы «іс- әрекет теориясы», ал кейіннен «іс-әрекет амалдары » болып табылады. Еңбек психологиясында іс-әрекет амалдары көп жағдайда көп сұрақтардың өңделіуінің методологиялық негізі болып қатысады. А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет жүйе ретінде қаралады (реакциялар жиынтығы емес), қоғамдық қатынастарды қосатын, процесс ретінде ондағы субьект-обьект қосындыларының алмасуы болады. Адамның өміріндегі қоғамдық шарттары оның іс-әрекетіндегі мотивтер мен мақсаттары, оның құралдары мен амалдары: жалпылай индивидтің іс-әрекетінде көрініс табады. Психологияда іс-әрекет өзінің ерекше қызметімен – «субьектінің заттық іс-әрекеті және оның субьектілік формасы айналуына қызметі» ретінде қаралады. Іс-әрекет түсінігі «іс-әрекет пәні оның әрекет етуші мотивтері» деген мотив түсінігімен байланысты. Іс-әрекет дамуы әдетте іс-әрекет нақтылығымен анықталады, саналы түрде мақсатқа итермелеуші күш-мотив арқылы орындалады. Жалпы, психологиялық талдау жеке іс-әрекет критерилерін қозғаушы күштері бойынша белгілейді. Кейіннен саналы мақсатқа бағынатын әрекет – процесстер белгіленеді. Соңында, тікелей мақсатқа жету шарттарына байланысты операциялар. А.Н.Леонтьевтің ойынша іс-әрекеттің ішкі қатынасын, оның білімділігін, дамуын сипаттаушы берілген макроқұрылым анықталады. С.Л.Рубинштейн концепциясы қиын байланыс схемаларның компоненттерінен тұрады: «қозғалыс- әрекет-операция-амал», субьектінің мақсаттары, мотивтері мен іс-әрекет шарттарынан құралады. Адамның арнайы әрекеті еңбек іс-әрекетінің актісі ретінде еңбекте қалыптасты. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттер жиынтығы белгілі бір еңбек іс- әрекетінің түрін құрайды. Еңбек іс-әрекеті нақты өнімді шығаруға бағытталған іс-әрекет болғандықтан, адамның әрекеті ылғи нақты нәтижеге бағытталған. Бірақ сол немесе басқа да әрекет көптеген әр түрлі нәтижелер бере алады, олардың бірқатары ырықсыз және әдейі шығарылмаған, бірақ адам іс-әрекеті еңбектік одан саналы іс-әрекет болғандыктан, осы нәтижелердің біреуі әсер ететін субьектінің тікелей саналы түрде ұғынылған мақсатты іс- әрекет саналы болып табылады. Адам әрекетінің саналы, мақсатқа бағытталған сипаты оның спецификалық бейнесі болып табылады. Бірақ мақсат қанша маңызды болса да, оның бір өзі әрекетті анықтауға жеткіліксіз. Мақсат орындалу үшін оны іске асыратын шарттарды есте сақтау қажет. Мақсаттардың шарттарымен арақатынасы міндетті анықтап, ал ол әрекетпен шешілуі тиіс. Мақсатқа бағытталған адамдық әрекет мәні бойынша міндеттерді шешу болып табылады. Осы шарттарға қатынас мақсат қатынасына сай келіп, әрекеттің ішкі психологиялық мазмұнын құрайды. Ішкі психологиялық процесстер адамда сыртқы әрекетті көрсететіндіктен, тек ішкі емес, сыртқы әрекет туралы да айтуға негіз бар. Еңбектің психологиялық белгілерін Е.А.Климов төменде көрсетеді: әлеуметтік маңызды нәтижеге саналы таңқалу. Себебі іс-әрекетті еңбектік деп айтуға болатындай, таңқалушы қайраткерге нәтиже ойша үлкен топ адамдарына маңызды позитивті, яғни әлеуметтік маңызды болу керек; әлеуметтік бекітілген мақсатқа саналы міндеттермен жету. Іс-әрекет субьектке міндетті ғана емес, сонымен қатар орынды болған жағдайда ғана ол еңбекке айналады; іс-әрекет құралын саналы таңдау, қолдану, жетілдіру немесе құралдарды құрастыру. Бұлар білім шарттарының шектелуі мен мүмкіндіктер кезінде қоғамда енгізілген ережелерге сәйкес қолдану; өндірістіке байланысты тұлғааралық қатынастарды сезіну. Адам еңбек субьектісі ретінде қоғамдық өндірістік анықталған өнімдер мен әлеуметтік жағдайлар стадиясында қатысады. Сәйкесінше, оның маңызды еңбек белсенділігі болып әртүрлі этаптағы өндірістік тауарлар немесе жағдайлар оның әлеуметтік қатынастары ретінде көрінеді. Сол себепті еңбек әрқашан іс-әрекет болып табылады, бірақ барлық іс- әрекет еңбек болып табылмайды. Еңбек ешқашан іс-әрекеттің кәсіптік сапасы болып көрінбейді (мысалға, қоғамға пайдалы еңбек, балаға, ауруға қарау еңбегі ), ал кәсіптік іс-әрекет әрқашан еңбек болып табылмайды (нолдік нәтижелі әлеуметтік іс-әрекет). Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы. Е.А.Климов еңбек психологиясының аралас пәндермен байланысын сипаттай келе, психологиямен тығыз байланысты үш ғылыми категорияны көрсетеді: 1) еңбек экономикасы, әлеуметтік еңбек, еңбек физиологиясы, еңбек гигиенасы, медицина саласына байланысты кәсіби аурулар мен еңбек қабілеттілігінің экспертизасын зерттеу, кәсіби педагогика; 2) техникалық пәндер, теория пәндері болып табылатын, машиналар мен приборларды санау мен құрастыру, бір сөзбен- еңбек процесссін жабдықтыратын құралдар. 3) еңбек іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын аймағы - биологиялық, техникалық, белгілік, әлеуметтік жүйелер, өнер. Е.А.Климов ғылыми түсінік жүйесіне «психологиялық емес шындық» көрініс табатын бірнеше мысалдар келтіреді. Философиялық және саяси экономия: еңбек субьектісі, еңбек обьектісі, еңбек құралдары, еңбек процессі, қажетті еңбек және т.б, Әлеуметтік еңбек: еңбек адамды және қоғамды қалыптастырушы процесс ретінде, қоғамдық еңбек функциялары, кәсіп таңдаудағы әлеуметтік факторлар, еңбек техникалық прогресс шарттарында, еңбекке қатынас. Еңбек экономикасы: еңбек ресурстары, өздірістік, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті қалыптандыру, еңбек ақысы, еңбекті жоспарлау. Еңбек заңдылықтары: еңбек келісімі, жұмыс уақытының жалғасуы, отпуск, міндеттер, ережелер, әр категориядағы жұмысшылардың льготасы, жұмысшылар мен қызметшілердің міндеттері, кәмелетке толмағандардың құқықтары, еңбек дауларының процедуралары. Физиология, еңбек гигиенасы, өндірістік санитария: еңбек демалысы мен режимі, жұмысқа қабілеттілік, жұмысқа қабілеттілік динамикасы, еңбекке күш салу, шаршау. Кәсіби педагогика мен еңбекті оқыту педагогикасы: еңбекке тәрбиелеу, еңбектік оқыту, өндірістік оқыту, қатысушылардың еңбекке дайындығы. Адам іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде, нақты өзін еңбек субькетісі ретінде әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен тек еңбек психологиясында көрсетіледі. Адамды іс-әрекет субькетісі ретінде қарайтын психологиядағы ғылым жүйесінің орны. Б.М.Кедров пен Ж.Пиаже өздерінің классификацияларында (гуманитарлық, нақты, табиғи) «үшбұрыш ғылымдар» шеңберінде психологияны араластырады. Б.Г.Ананьев, М.Бунге, Б.Ф.Ломов, Ж.Пиаже өздерінің жүйелеулерінде психология қызметі мен статусын жүйелік ғылымда жағдайды анализдейді. Мысалға, Б.Ф.Ломов бойынша психологияның дифференцациясы басқа ғылымдармен байланысын анықтайды: 1) қоғамдық (әлеуметтік психология арқылы және онымен байланысты салалармен); 2) табиғи (салыстырмалы психология мен психофизиология, психофизика арқылы); 3) медициналық (патопсихология, медициналық психология, нейропсихология және психофармокология арқылы); 4) педагогикалық (даму психологиясы, педагогикалық психология, арнаулы психология арқылы); 5)техникалық (инженерлік психология арқылы). Жалпы психология, философия мен математикамен тығыз байланысты. Еңбек психологиясының психологияның басқа салаларымен байланысын, көп жағдайда әлеуметтік тәжірибедегі себепті сұраныстарды хронологиялық схема түрінде, оның қалыптасу процессі кезіндегі мазмұнын көрсететін пәндерді келтіруге болады. Ғылыми пән Пайдаланушы психологиясы интеграциясының Әсер ету психологиясы кеңістігі Акмеология. Мамандық психологиясы Дамуды ұйымдастыру психологиясы Әлеуметтік техникалық амал Жүйелі техникалық амал Экстремалды жағдайдағы іс-әрекет психологиясы Авиациондық психология. Космостық психология Эргономика. Эргодизайн. Мамандық психологиясы Инженерлік психология Басқару психологиясы Әлеуметік психология Еңбекке оқыту педагогикасы Кәсіптік оқыту және даярлау Әлеуметтік еңбек. Еңбек гигиенасы. Өндірістік санитария Дифференциалдық психология. Кәсіби кеңес беру Психометрика. Психодиагностика Тестология. Педология Психотехника Еңбек туралы заңдылық. Эксперименталды психология 1870-1910 1930 1950 1970 1990 Психотехника Еңбек психологиясы, Ұйымдастыру психологиясы (индустриялық, инженерлік психология мен еңбек психологиясы. өнеркәсіп психологиясы) Пәндер атауы мен әр түрлі даму кезеңдері Сурет: Әлеуметтік тәжірибе ұсыныстары, еңбек психологиясының басқа аралас пәндермен хронологиялық және қызметтік байланысы. XIX ғасырдың басында Ф.Тейлор, Г.Мюнстернберг, В.Штерн, А.Бине және т.б. жұмысшылардың маңызды табыс сапалығын бағалайтын тестология, эксперименталдық әдістерді қолдануының негізін қалаған. Бұл ойлар бастауыш мектептерде кадрларды (педология ) дайындайтын бірініші кезең ретінде де тарады. Адам қасиеттерінің тұарақтылық мәселесін ғылыми зерттелуі, психометрика, психодиагностика, дифференциалды психология, ал кейінен дифференциалды психофизиканың, психогенетика сияқты пәндердің дамуын белсендірді. Кешенді амалдың қажеттілігін түсініп 1920-1930 жылдары әлеуметтік еңбек, еңбек гигиенасы, өндірістік санитарияның қалыптасуына алып келді. Осыған медициналық білімі бар (В.М.Бехтеров, Н.А.Бернштейн, А.А. Богданова) сияқты ресейлік ғалымдардың үлесі зор. 1930 жылдардағы басқарудағы дағдарыс және экономикалық депрессия өндіріс пен адамдарды басқаруға, әлеуметтік - психологиялық факторларға көңіл аударылды, сондайақ әлеуметтік - психологиялық басқарудың дамуын жеделдетті. Екінші дүниежүзілік соғыс адамдардың экстремалды жағдайдағы техниканы басқара алуындағы көп мәселесін жасырды. Біріншіден ол авиацияға байланысты, флоттарға кадрларды дайындауға қатысты ғылыми-тәжірибелік міндеттердің нақтылығы инженерлік психологияның қалыптасуына алып келді. Осы пәннің дамуы мен кешенді арнайы міндеттердің қалыптасуының арқасында 1950-1970 жылдары одан авиациялық және космостық психология бөлініп шықты. 1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революцияның арқасында адамдардың техникаға бейімделуіне, жаңа жұмыс орындарының қызметтік ерекшеліктеріне, жұмыс бригадаларының құрылуы пайда болды. Инженерлік психологияда ең өзекті мәселе эргономика деп аталады. Бұл термин гректің «эргон» - жұмыс және «номос» - заң деген екі сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда болған. Бұл орайда, өндіріс пен адам арасында қатынас орнатудың түйінді мәселелері болып саналатын еңбек әрекетіндегі адамның өнімді, оның психолгиялық ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қызметі мен гигиенасы, адамның өнім өндірудегі жетекші ролі, техникалық құрал – жабдықтар эстетикасы және автоматтанған тетіктер теориясына қатысты мәселелер қарастырылып, олардың сипаты зерттеледі. Қазіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы. Қазіргі еңбек психологиясының бірінші атрибуты ретінде- белсенді революцияна санасақ, екіншісін- методикалық еркіндік кезеңдерінің жаңа методологиялық қабілеттіліктерін меңгеру, жаңа кеңістікке, жаңа өлшемге шығу қабілеті, жаңа міндеттер класын шеше алатын қабілеті деп есептейміз.ьПәнаралық матрицаның негізгі компоненттері болып: -символдық обобщения- көріністер мен қатынастар ғалымдармен сенімсіз және келісімді қолданылады; -метафизикалық парадигмалар- сапалы шешім қабылдауға көмектесетін., спецификалық моделдердегі сенім; -құндылықтар- бірлікті қалыптастырушы. Ғылымдағы жалпы салыстырмалы дамуды теоретикалық білімді ұйымдастырудың ғылыми пәнін қарастырамыз. Оны атақты кеңес методологының ғалымы В.С.Степинаның құрылымы арқылы қарастырамыз. Жалпы ғылыми білімнің құрылымын бірнеше иерархиалық деңгей арқылы белгілеуге болады: белгіленген бақылау- эмпирикалық фактілер, һ-теоретикалық білім. Сонымен қатар, теоретикалық білім спецификалық құрылымнан тұрады: фундаментальды және арнайы теоретикалық схемалар, арнайы және негізгі заңдылықтар, идеалды обьектілер, ғылым негізі. Идеалды обьектер екі түрлі болады: эмпирикалық обьектер өзарсында абстрактілі болып келеді. Теоретикалық обьектілер, эмпирикалық обьектілерге қарағанда идеалданған болып келеді. Теоретикалық обьектілердің байланысы арқылы ғылыми спецификалық теорияда фундаментальды теоретикалық схемаларды анықтайды. Теоретикалық заңдылықтардың тұжырымы теоретикалық құрылым (абстартілі обьектілер) жүйесі негізінде анықталады. Заңдылықтар - шындыққа сай келетін тұрақты байланыстар, оларды анықтауға, түсіндіруге, ойластыруға келетін ашылулар. Олар анық теория аясында қалыптасады. Теориялар - заңдылықтар мен қалыптасқан қаситтердің заттық мәнін анықтауда қалыптасатын, гипотеза негізінде құралады. Гипотеза ғылыми қасиеттер мен байланыстарға қатысты сөйлемдер. В.С.Степин ғылымдар негізін бейнелейтін маңызды компоненттерді келесідей көрсеткен: 1) өмірдің ғылыми суреті (пәнаралық онтология); 2) ғылыми танымның идеалдары мен қалыптары; 3) ғылымдардың философиялық негізі. В.С.Степинаның теоретикалық білім құрылымы концепциясына қосымша ретінде кеңес психологиясында, оның салалары шегінде ғалымдар ғылыми методологияның төрт деңгейін көрсеткен: 1) Жалпы методология – зерттелушіден қабылданатын бірнеше жалпы философиялық амалдар, жалпы түсіну тәсілдері (мысалға, диалектикалық және тарихи материалдар, жүйелі амал). Философиялық методология білімнің қалфптасуы болып табылады. 2) Жалпы ғылыми принциптер мен зерттеу формалары- қазіргі ғылыми білімның аймағын өзіндік көрсететін, методологиялық рефлексияның деңгейі. Бұл деңгейге жалпы ғылыми концепциялар мазмұны жатады (теортикалық кибернетика, ноосфера концепциялары т.б), универсалды концептуалды жүйе (А.А.Богданова тектологиясы, П.К.Анохинның функционалды жүйе теориясы), өзіндік методологиялық немесе локиго-методологиялық концепциялар (білім туралы құрылым, әлеуметтенудағы жүйелі-құрылымдық талдау, жүйелі талдау, логикалық талдау). 3) Тура ғылыми методология- берілген аймақтағы методологиялық білім мен методологиялық принциптердің обьект класстары мен міндеттерінің шектелуінің спецификалық қолдануы. 4) Зерттеу әдістері мен техникасы- ақпараттар жиынтығын қолдануын қалыптастырады, ақпараттар жиындығы процесін талап ету. Бұларға Кеттелдің 16-факторлық стандартты тесті немесе, белгісіз жануардың суретін қолдануға болады. Еңбек психологиясына тән негізгі парадигамалардың сипатын көрсетуге болады: пәндердің заттық ерекшеліктерден тығыз байланыстылығы, адам еңбегінің құралдары мен шарттары; пәндердің тез даму қабілеттіліктері, басқалармен араласуы, әлеуметтік ұсыныстарға сәйкес нақты және қоғамдық ортадағы тәжірибеге бағытталған дамудың өзіндік амалдарының дифференциалануы; ғылыми және тәжірибе мәселелерін шешуге басқа ғылым өкілдерінің белсенді енуі (медецинаның, физиология, әлеуметтену, техниканың). Өкінішке орай, қазіргі кезде еңбек психологиясының контуры – еңбек ғылымының кешені ретінде ғана анықталады. Қазіргі еңбек психологиясның жағдайы, 1990 жылдардағы шетелдегі дамуы тез өзгерді (уақытша тоқтатылуына, дағдарсы, тәжірибе байланысының үзілуімен, жаңа методологиялық критерилердің еңгізілуімен, методикалық этолондар мен мамаман-тәжирибеші эталондарынынң өзгеруінен болды). Барлық осы беталыстар пәннің өткені, келері, болшағына әсер етеді. Т.Кунның енгізген парадигама түсінігі бізге қазіргі еңбек психологиясының бастапқы талдау жағдайын адекватты түсінуге алып келді. Пардигма түсінігі кең мағынада – әртүрлі түрдегі шешілетін міндеттердің тарихи жинақталған көрінісі, оның мәнін анықтаудағы, методологиялық амалдардың қолданылуы, этикалық дәстүр мен тарихи практикада қолдану. Еңбек психологиясында эмпирикалық обьектіні анықтауға болады (еңбек, субьект, мамандық, еңбек посты, жұмыс орны). Бұл типке барлық сыртқы көрсеткіштер ретіндегі, физикалық шынайылылық, барлық шындықтар мен пәндерден басталған барлық түсініктер енеді. Бірақ өзінің даму процессі кезінде бұл зерттеулер басқа типке, теоретикалық обьектіге өзгерді (кәсіби қажеттіліктер, маңызды кәсіби сапалар мен кәсіби оқыту). Теоретикалық обьектілер психологияның концептуалды схемасында өзінің табиғатына тән басқалармен байланыстырылады. Мысалға, басқа елмен байланыс, физикалық шындық (еңбекке қабілеттілік, өндірістік, травматизм, сәтсісдік) үшін, басқаша- психологиялық абстракция (қажеттілік, компетенттілік, дағды). Еңбек психологиясының жалпы әдістері өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда. Герменевтикалық әдістің психологиялық модификациясы • Биографиялық әдіс • әрекет нәтижесін талдау • психоаналитикалық әдіс Еңбек психологиясы әдістерінің мәселері жекелеген жағдайларда еңбек етуші адамның сана – сезіміне үстемдік етуде туындайды, еңбек етуші адамның мамандық саласында орын тауып, өзін - өзі анықтау үшін көрсетілетін психологиялық көмек бейімделу жолдары: - өндірістік – бейімделу (техникалық - бейімделу) деңгейі. Негізгі мақсат адамға өндіріс құралына қатысты салаларға тезірек бейімделуге көмектесу. - әлеуметтік – бейімделу деңгейі, мақсаты – еңбек ортасында табысқа жетуіне әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу. - мақсатты- құндылықтың деңгейі, мақсаты – жеке өмірі мен мамандық саласында өзін-өзі бағдарлай алуына, өз орнын табуына, тірлігі мен кәсібінің мәнін – мазмұнынтүсінуге көмектесу. № 2- Дәріс Тақырыбы: Еңбек психологиясының қалыптасып даму тарихы Сұрақтары: 1. Отандық және шетелдік еңбек психологиясына шолу 2. Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы. 3. Ресейдегі еңбек психологиясы 4. Авиациялық психологияның тарихы Отандық және шетелдік еңбек психологиясына шолу Келер жүз жылдықта шынайлылықты зерттеу онтологиясының өзгеруіне алып келеді. Бұл феноменнің сымдарына жатқызуымызға болады: еңбек субьектісі: қызметкер- жұмысшы- маман- кәсіпкер –күшті кәсіпкер; қосылған еңбек субьектісі: қызметкерлер- кадрлар- персонал- адмдық ресурстар және т.б. Пәннің өткен және тарихының актуалды жағдай ретіндегі эволюциялық стадиясын көрсету жеткіліксіз. Сол себепті үш тарихи стадияны көрсетеміз: еңбек психологисының классикалық түрі (XIX ғасырдың соңы мен XXғасыр бірінші жартысы)- адамның еңбек қабілеттілігін өлшеу міндеттерінің шешімін сипаттайды (кәсіби таңдау, іс-әрекетке дайындығының бағасы). Еңбек психологиясның классикалық емес түрі (XX ғасырдың екінші жартысы)- гуманистік парадигма критерилерінің кірісуімен, психологиялық мәнділіктің қалыптасуы міндеттеріне бағытталумен (кәсіби дайындық, кәсіби қажеттілік, іс-әрекеттің индивидуалды стиліиен) сипатталады. еңбек психологиясынның постклассикалық емес түрі (XX ғасырдың басы мен XXI ғасыр)- жаңа методологиялардың белсенділігі мен көп жағдайда синергенетиканың көрінуімен, заттық пәндер аймағына жаңа сапалы фрагменттердің енгізілуімен сипатталады. Ережеге сай, оларға эффективті субьективті шындық, обьект пен субьектің қатынасын көрсететін: адам-машина кешенінің қалыптасуынан көрінетін еңбек мағынасы, кәсіпкерлік, кәсіби идентификация, кәсіби қалыптасудың дағдарыстары, жүйелік қасиеттер болып табылады. Шетелдегі еңбек психологиясының тарихы Психологияның өзіндік пән ретінде қалыптасуына 1879 жылғы атақты неміс психологы В.Вундттың басшылығымен Лейпциг университетінде дүние жүзінде тұңғыш ашылған эксперименталды психологиялық лабороториямен байланыстырады. В.Вундттың жеке психикалық фукцияларды зерттеуі аналитикалық зерттеу әдістерін жасалуына себеп болды, сонымен қатар кәсіби жарамдылық бағасының негізгі амалдарын анықтады. Еңбек психологиясы қалыптасуының негізгі детерминантты үштігін көрсетеміз: әлеуметтік тапсырыс мазмұны, психотехникалық амалдардың дамуы, өндірісті басқаруды оңтайлы ету. Әлеуметтік тәжірибе мен еңбек психологиясының потенциалды мүмкіндіктері сферасының даму аспектісінде, ғылыми өзіндік және қосалқы пән ретінде оның қалыптасуы қоғамдық өндіріс пен мемлекеттік реттеу жұмысшылар мен жалданған жұмысшылардың қатынасының дамуымен дайындалған. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында сәйкес заңдылықтар базасы жетілдірілді. Европаның дамыған елдерінде еңбек жайлы заңдылықтар оның гигиенасының қауіпсіздігі, балалар еңбегін қорғау, зақым болған жағдайда еңбектенушілерді қорғау: Швейцарияда- 1877 жылы, Англияда- 1878ж, Австрия- 1883-1885 жылы, Швецияда- 1885жылы, Италияда- 1888жылы, Бельгияда- 1889 жылы, Германияда- 1891 жылы, Норвегияда- 1892 жылы, Францияда- 1896жылы, Ресейде- 1903 жылы енгізілді. Фабрикалық заңдылықтар мен заңның енгізілуі жұмысшылар мен еңбек етушілер қатынасының мемлекеттік құралы ретінде қызмет етті. Заң әр кезде эффективті болған жоқ, бірақ қоғамда ақырындап жаңа жүйе құндылықтары қалыптасты. Адамдардың еңбек қатынасындағы әлеуметтік перспективалары кеңейді, және ол жаңа гуманитарлық пәндердің заттық аймағының қалыптасуына себепші болды. Еңбек психологиясының жекелей пән ретінде қалыптасуына, өнеркәпіс өндірістерінің шоғырлануы мен өз бетімен дамуы мен дайындығы, өнеркәсіп технологияларының, жаңа кәсіп пен транспорт түрлерінің пайда болуы себеп болды. Келесі үштік детерминанттынан тұратын- XX ғасырдағы психотехникалық амалдардың дамуын қарастырамыз. Альфред Бине (1957-1911)- Франциядағы экспериментальды психологияның негізін салушы, индивидуалды айырмашылықтар психологиясы жаңа пәннін қалыптастырушы. 1896 жылы «Индивидуалды психология» атты А.Бине мен В.Анридің еңбегі шықты, В.Штерннің ойынша осы еңбек жаңаин кәсіби облыстағы бағдарлама болды. 1905 жылы А.Бине дәрігер Т.Симонмен бірігіп «инттеллектуалды дамудың метрлік шкаласының» бірінші вариантын жасады. Бұл қалыпты мектептердегі ақыл-ойы кем балаларға және дарынды класстардағы балалардың қабілеттілік бағасы негізінде іріктеуге арналған. Бұл әдістің ақыл-ой жасының бағасының дамуы Л.Терменнің ақыл-ой қабілеттілік коэффициенті атауын алды, ал кейіннен- интеллект коэффициенті (IQ). 1916 жылы Л.Терменнің Стэнфорд университетіндегі жасалынған нұсқысы Стэнфорд- Бине шкаласы деген атақ алып, басқа елдерге тарады. 1911 жылы В.Штерннің «Дифференциалды психология және оның методологиялық негізі» атты кітабы шығады, автор онда адамдардағы «ғылымды психикалық функциялар мен қаситтердегі қалыптасқан айырмашылық » деп қарастырады. Еңбек психологиясы біріншіден, индустриалды психотехника (өнеркәсіптенген, кәсіби психология) белсенді дамып келе жатқан, жұмысшы деген тікелей орындаушының іс-әрекет жоспарын зерттеу. 1900 жылы Вильгельм Штерн қосалқы психологияны анықтау үшін «психотехника» яғни, «болашаққа бағытталған, қоғамдық өмір міндеттерін шешуге ұмтылған» терминін ұсынды. Өз кезегінде индустриалды психотехниканың қалыптасуы еңбек психологиясы мен дифференциалды психологияның дамуына стимулдады. Психологиялық кәсіби іріктеу психотехниканың орталық бағытталуының бірі болды. Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан: - Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу; - Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету; - Қалаған психологиялық жетістіктерге жету. Бұл ғалым психотехниканың кілттік міндеттерін, профессиография әдістері мен принциптерін анықтаған, кәсіби іріктеудің орындалуына, кеңес беруі мен бағытталуын нұсқаулық етуші. 1908 жылы Бостонда дәрігер Ф.Парсонс жастардың мамандық таңдауы бойынша бірінші кеңес беру бюросын ашады. Жеткіншектер мен жас адамдарға негізгі индивидуалды кеңес беру ғылыми әдістер болмады, ол зерттеушінің интуициясы мен өмірлік тәжірибесі арқасында адамдардың индивидуалды ерекшеліктерін бақылау болды. Бірнешеден кейін Ф.Парсонс Г.Мюнстербергке бұл ғылымның негізіндегі іс-әрекеттің жасалына көңіл аудартады. Осылайша кәсіби сферада жаңа – кәсіби бағытталу бастамасы қойылды. XX ғасырдың басында А.Бине, Г.Мюнстерберг, В.Штерн және басқалары жаңа интегралды пәннің қалыптасуын әдістік және әдістемелік сілтемелер дайындайды, шындығында, кәсіби іріктеулер міндеттерін табысты шешу үшін. Үшінші үштік детерминантын пәннің қалыптасуы тізбегінде қарастырамыз. Өндірістің тез қарқынмен кеңейуі, өнім бағасының төмендеуі ғылыми білім бағытталуын талап етті. Ғылыми басқарудың пионері болып американдық инженер Фредерик Уинслоу Тейлор болды. 1895 жылы ол басқару әдістерін жасауға кірісті, оларға жүйелі міндеттер, негізінде аталған «Тейлор жүйесі» кейіннен, ғылыми менеджмент атауын берді. Ол бірінші болып өзіне белгілі болған өндірістік басқаруды жүйеледі және бөлді, және жаңа амалдар ұсынды. Ф. Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз: - ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы. - жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі. - «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы. Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар: - Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау; - Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу; - Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу; Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу. Кейінгі еңбек әрекеттерін зерттеу бағыттарын жас жұбайлар Фрэнк Банкер Джилберт (1969-1924) пен Лилиан Джилберт (1878-1972) жүргізді.Бастапақыда Ф.Тейлормен тығыз қызметтестікте Ф.Джилбрет циклографикалық және хронографиялық әдістерін жасады. 1920 жылдары олардың классификациясын жасады, жасалатын операциялардың барлық детальдары көрінетін технологиялық картаны жасады. Жұбайымен бірігіп жұмыс микор қозғалысының мәселесін, еңбек шаршауын зерттеген, өнімді басқару эффективтілігінің негізгін қалады. XX ғасырдың басында Генри Форд массалық өнеркәсіпті ұйымдастырудың тәжірибешісі мен беделді теоретикігі болды. Ол кәсіби дайындық жүйесін ұйымдастырды, жұмысшылардың өмір жағдайларын белсенді өзгертті, мектептер мен ауруханалар салды. Классикалық мектепті басқарудағы адам мотивациясының еңбекке және тұлғалық түсініктері, адамдық қатынастар мектебінің қалыптасуына алып келеді. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті. «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады: - Физиологиялық және жыныстық қажеттілік; - Экзистенциалдық қажеттілік; - әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі; - жоғарғы рухани қажеттілік. 1950-1960 жылдары теориялар жүйесі мен функционалдық-құрылымдық әдістер анализінің қалыптсауы мен бағытталуына «әлеуметтік жүйе мектептері» идеясы әсер етті. Оның жетекшілері болып- Ч.Бернар, Г.Саймон, Ф.Селзник табылады, олар «индивид», «формальды құрылым», «формальды емес құрылым», «статустар», «ролдер», «физикалық және әлеуметтік орта» компоненттерін ұйымдастыру жүйесі ретінде қарастырады. 1960-1970 жылдары қазіргі уақытта қолданылатын жағдайлық амалдар ұйымдастырылады. Оның лидерлері болып Р.Моккер, Дж. Вудсворд, Д. Ломбард табылады, олар жағдайлық ролдердің идеяларын, басқарудағы факторлерін дамытты. Олардың пайымдауларынша, ұйымдастыруды басқару мен өндірістік процесстерді қолдануда бірлік ережелер жоқ. 1930 жылдардың соңында техника потенциалы сәйкесінше, олармен басқаратын, адамдардың жауапкершілігі мен ролі көбейеді. Осы жоспарға сай кәсіби жарамдылық, мамандарды дайындау, олардың іс-әрекетінің сенімділігі сұрақтары актуалды болып келеді. Инженерлік психология- жаңа пәннің негізі қалыптасады. 1950 жылдағы кәсіби іс-әрекетті зерттеудің сандық әдістері, зерттеу операциялары деген жеке бағытпен бірігеді. 1920 жылы Женеведе бірінші Халықаралық психотехникалық конференция өтті, онда Халықаралық психотехникалық ассациация ұйымдастырылды. Оның президенті болып 1920 жылдан 1941 жылғы дейін Э.Клапаред болды. Ресейдегі еңбек психологиясы Пәннің эволюциясын үштік триадасында: шетелдік, кеңес еңбек психологиясы, кәсіби терең (авиациондық) қарастырамыз. Біріншіден Ресейдегі еңбек психологиясы шетелдің индустриалды психологиясы сияқты дамыды. Физиология мен еңбек психологиясының зерттеу аймағында қалыптасуы И.М.Сеченовтың атымен, оның еңбек дағдылары, белсенді демалыс қызметі үшін еңбек қабілеттілігін қалыпқа келтіруін зерттеумен байланысты. XX ғасырдың бірінші периодын ғылыми және практикалық тәжірибенің жинақталуымен сипаттауға болады. Мәскеу мен Петербург қаласындағы Тарту мен Симферополя университеттері мен Петербургктегі әскери-медециналық академияларында диагностикалық әдістерді зерттеу жүргізіліп, жасалды. Нобель сыйлығының иегері академик физиолог И.П.Павлов іс-әрекеттің жоғарғы жүйкесін эксперименталды зерттеуге кірісті. Еңбек психологиясындағы ғылыми және практикалық жұмыс аймағы азаматтық соғыс аяқталғаннан соң едәуір жандандырылды. Өндірістік еңбек өрлеуінің мәселесі, экономиканың қалпына келуі, елдердің өмір сүруі мен мемлекет тәуелсіздігінің сақталуы проблемасы болды. 1921 жылдың өзінде Ресейдегі еңбек психологиясы өзін кемелденген ғылым ретінде мақұлдады. Сонымен қатар еңбек психологиясына еңбегі сіңген ресейлік ғалымдарды атай аламыз, олар: В.М.Бехтерев, Н.А.Бернштейн, С.Г.Геллерштейн, И.Н.Шпильрейн. 1920-1930 жылдары ғалымдар қолдауы мен энтузиазмдарынның арқасында еңбек психологиясында едәуір табыстар анықталды. Орталық еңбек институтының ұйымдастырушысы мен директоры Алексей Капитонович Гастев болды. Оның жетекшілігімен өндірістік ұйымның экспреттік жүйесі, еңбек постының және жұмыс орнының проективті ұйымдастырылуы қалыптасты. Психотехника Қарулы Күштердегі елдерде қолданды: әскери топтың әртүрлі прфессиографиясының міндеттері шешілді, күрес қабілеттілігінің бір бөлігін таңдау, комқұрамды іріктеуге, әскери мамандыққа кәсіби іріктеу (ұшқыштар, атқыштар, радиотелеграфистер), әскери мамандарға оқыту әдістерін қолдану. 1933 жылы психотехнология өнеркәсіп салаларында – металлургия, машина құрастыру, таулы және нефттік, байланыс, тігін өндірістерінде қолданулар пайдаланылады. 1930 жылдары кәсіби кеңес беру мен кәсіби іріктеу сұрақтарына 141 ғылыми-практикалық бөлімшелер жасалынды. Көпсандық психофизиологиялық лабораториялар кәсіби жұмыс қабілеттілігі, жұмыс режимі мен құралдардың рационализация, еңбек қалыптарын негіздеу, травматизмнің өнеркәсіптік профилактикасын зерттеумен айналысты. 1970-1980 жылдары жоғарға оқу орындарында, министрлікте, ведомостерде құрылымдық бөлімшелер пайда болады, мамандарды кәсіби іріктеуі, олардың дайындықтары, жұмыс орындарының эргономикалық проективтілігі, олар практикалық міндеттерді шешуге және әдістер жиынтығы мен мәселелерді зерттеуге бағытталған. 1980 жылдың соңы мен 1990 жылдары Ресейде бірінші психологиялық қызмет пайда болады, ол өзіне қатысты жекелей тәжірибелік психологиялның тууына себеп болады. Авиациялық психологияның тарихы Еңбек психологиясының бір саласы болып келетін Ресейдегі авиациондық психологияның қалыптасу тарихына қарастырамыз. 1909 жылғы ұшқыштың өлімінің жағдайын талдай келе, Бүкілресейлік ұйымның әуеклубы дүниежүзінде бірінші болып ауаменжүзушілерді іріктеу сұрағын қойды. 1909-1912 жылы әскери- меденициналық академияда В.М.Бехтерев, В.В.Абрамовтың клиникасында ұшқыштарға психологиялық әдістерді қолданудың психологиялық-клиникалық зерттеуін жүргізді. Авиацияны құрастырушы және теоретик Н.Е.Жуковский бірінші болып психологиялық факторлардың роліне, кандидаттың кәсіби жарамдылығының шектелуіне мән берген. 1917 жылы Петроградта пилоттардың іс-әрекетінің аранайы зерттеуі мен авиацияға психологиялық іріктеудің әдістемелік қамтамасыз ету комиссиясын қалыптастырады. Үш жылдық зерттеу негізінде авиация дәрігері С.Е.Минц «психотехникалық зерттеу жолы» арқылы кандидаттарды іріктеу қажеттілігінің керек екендігіне алып келеді. 1920 жылдыра психотехникалық бөлімшелердің салаларында қалыптасады: транспорттардағы Орталық психофизологиялық лабораторияда, почта және телераф орталық психотехникалық лабороториясында, Қызыл армияның крестьяндық жұмысшыларының Орталық психофизиологиялық лабороториясы қалыптасады. Авиациондық мектепке психологиялық іріктеу үшін мынадай критерийлер кіреді: ойлау логикалығы, реакция жылдамдығы, реттеу, зейінің тұрақтылығы мен көлемі, көзөлшемі, жігерлік, батылдық, икемділік тағы басқа сапалары. 1946 жылы кәсіби жарамдылықтың анықталған тәжірибесін талдай келе, С.Г.Геллерштейн екі генералды бағытты: синтетикалық және аналитикалық көрсеткен. Бірінші бағыттағы әдістер әртүрлі тренажорларды қолдануға ұйғарылады, екінші әдіс жеке референтті көрсеткіштердің әдіс бағасына сәйкес табысты іріктеуіне бағытталған. Екінші бағыт арнасында К.К. Платонов 1947 жылы табысты және табысты емес ұшқыштардың, үлгеретін және үлгермейтін курсанттардың индивидуалды ерекшеліктеріне зерттеу жүргізеді. Ғалымдармен алған сенерліктей көрсеткіштері бойынша «Курсанттар мен ұшқыштардың индивидуалды-психологиялық сапалығын зерттейтін әдістемелік нұсқау» жасалынды. Ол 1951 жылы шығарылды. | Бағыттар |Қосымша аймақтар | | Әуемедициналық |Әуедегі қозғалыс басқармасы диспечері мен жаздық | |психологиясы |құрамдарға дәрігерлік-жаздық экспертиза мен | | |медициналық бақылау. | |Әуепедагогикалық психология |Диспечерлер мен басқа да авиациялық мамандарды | | |оқыту, қайталау жаздық құрамды жетілдіру; ұшуды | | |орындау сапасын талдау және бақылау. | |Әуе қозғалысы мен ұшу |Әуе қозғалысы мен ұшуды жоспарлау, ұйымдастыру және| |басқармасын ұйымдастыру |жетекшілік ету; | |психологиясы | | |Инженерлік-әуе психологиясы |Жабдықтау, құрастыру, эксплутация және авиациондық| | |техникаларды жетілдіру, ұшуды аранайы | | |аппаратуалармен жабдықтыру. | Қысқа период ішінде авиациондық психологияның даму шеңберінде өзіндік бағытталулар пайда болуда, жаңа интегралды ғылыми пәндердің қалыптасуы байқалады, олар К.К.Платоновтың кесте түрінде берілген (К.К. Платонов бойынша ) авиациондық психологияның негізігі бағыттары. Қоғамдағы даму беталыстары, еңбек субьектісінің көрінісі мен қоғамдық. XV-XVII ғасырда Еуропада әлеуметтік даму типті қалыптасты, бұл техногендік қоғамның қалыптасуна ықпал етті, сонымен қатар басқа елдердіңі тарихи қоғамына әсер етті. Техногендік цивилизация 3 стадиядан өтеді: - индустриалдылық алдында - индустриалды - индустриалдылықтан соң. Бұлардың маңызды тарихи матрицасы болып техника мен технологияның дамуы негіз болады. Даму тек инновациялық сферадағы тура өндіріс арқылы өтпейді. Барлық ғылыми білімнің генерализациясындағы техника-технологиялық процесстерден болады. Шетелдерде екінші және үшінші мыңжылдықта ғылыми- техникалық прогрессте маңызды глобалды дағдарыс болған. Бұндағы ең бірінші глобалды проблема болып, ғалымдар пайымдауынша, адамдық тұлғалықты, адамды биоәлеуметтік құрылым ретінде сақтап қалу деп санады. XX ғасыр арсындағы жекелей ұйымдардың масштабтарындағы тарихи беталысты қарастырамыз, ғалымдар мен тәжірибешілер көрсеткендей, қазіргі кәсіпорындардағы іс-әрекет табысының негізгі болып: 1. Барлық кәсіпорын бөлімдерінің нарықтық мінез-құлыққа бағытталуы (технология, өнімдер дизайны, жұмысшыларды алу мен іріктеу, өткен тәжірибеде қызметкерлердің идеясы мен талаптарын қолдану). 2. Партнерлік қатынас пен қызығушылық балансын орнату (қызметкерлермен, клиенттермен, шектестіктер мен және басқада ұйымдармен). 3. Қызметкерлердің іс-әрекетіндегі жалпылай және индивидуалды эффективті шарттардың көтерілуін қалыптастыру (персоналды компьютерлер, ноутбуктер, автомобильдер, икемді графиктер, жұмыстар). 4. Орталықты басқару, барлық жұмыскерлер сандары үшін өкілеттілікті басқаруды кеңейту. Осы арнада бұл негіздердің шыңдалуын саяси кадрлерінде былай пайымдайды: - іріктеу мен жұмысқа алудың негізгі қатынасы, қызметкерлерді оқыту мен бағалары. - еңбек келісімін қоытындылау. - жұмысшылардық тілектері мен индивидуалды қалаулары, карьерлік өсудің перспективаларына, келешектегі іс-әрекет сипаттамаларына ақпараттанған келісімді адекватты құқықтары. Тарихи беталыстарға сай қоғамдық өнеркәсіптің дамуы мен оның барлық құрамы өзгерді. Сол себепті XX-шы ғасыр шегінде өнеркәсіп орындарында, мемлекеттік және жекеменшіктерде приципиалды түрде барлық қоғамдық доминанттар өзгерді. Жалпы беталыстар былайша тізбектеледі: «кірісті алу- нарықтық тойым- нарық сегменттерін басып алу- типтік тұтынушыға бағытталуы- имидждің қалыптасуы (тауар, шарттар)- тұтынушының субьективті күтулерін қалыптастыру мен есепке алу». XX ғасырда психология дамуының салдарынан, кадрлік технология класстарының жалпы қалыптасуы себеп болды. Дж.Ньюман мен Б.Мейсон кадрлік менеджменттің қалыптасуына үш тарихи моделдерді ұсынады: Коллективте психологиялық климат пен еңбек гигиенасына қамқоршысы, психология мен әлеуметтік өндіріс аймағында дайындығы бар, жұмысшыларына қамқоршы ретінде, персонал бойынша менеджер. Қызметтік араласуларды ескеруші, келісім шарттары бойынша жұмысшыларына администірлік бақылауды қалыптастырушы, еңбек келісімнің маманы ретінде, персоналы бойынша менеджер. ұйымның көпуақыттық стратегиясын реализациялаушы және жобалауда басқарушы орынын ойнаушы, жоғарғы жетекшілік құрамына кіретін, кадрлік потенциалдың кәсіби құрылымына және адекватты ұйымдастыруды қамтамасыз ететін кадрлік потенциалды ұйымдастырушы архитектор ретіндегі менеждер. Жалпы кадрлік саясаттың мазмұны, оның кілтітк қызметі мен кадрлік құрылымның бөлімшелері көкейкесті өзгеруде. Паралеллді ұйымдар түсінігінің мәні, компаниялар, кәсіпораындар, фирмалардің өзі векторлық тізбек бойынша өзгеруде: • автаномды өзіндік қамтамасыз етуден – жеке адамдар мен серіктес шекараласытыққа және ішкі ұйымдар мен көрсетілмеген кәсіпорындар мен фирмаларға дейін. • ирархиялық және орталықтандырылған құрылымнан- пластикалық орталықтануға дейін; • патриархалдық басқару моделінен- жұмысшылардың көп сандық өкілетті өкілденіуне дейін; • өнімдердің төмен және жоғары көлемге бағытталуынан- сапаға, жаңаға, жылдамдыққа бағытталу; • субьктінің қатесіз жұмысынан- оның икемді процесстері мен өлшенетінін оңтайлы етуге дейін; • жабық ұйымдардан- қоғамдағы ашық қатынастар жүйесіне дейін; • еңбек субьектісінің еңбек қызметінің шектелуінен- адам потенциалының тұлға, индивидуалдылық ретінде дамуына дейін. Жалпылай келе, ғылыми-тәжірибелік міндетттердің үштігін көрсетеміз (пәндер шеңберінде): іріктеу; дайындық; психологиялық еріп жүру (сопровождение). Сонымен қатар, әлеуметтік міндеттердің үштігін көрсетуге болады: ең жарамды психотехникалық амалдарды іріктеу ; персонал іс-әрекетін оңтайлау мен өнеркәсіпті басқару; адамдық ресурстарды жедел реттеу. № 3- Дәріс Тақырыбы: Профессия, еңбек пен жұмыс орны. Сұрақтары: 1. «Идеалды эмпирикалық обьект» ретіндегі еңбек орны мен профессия 2. Еңбек обьектісі және оның негізгі түрлері 3. Жұмыс орны динамикалық компонент ретінде Мамандық, еңбек және жұмыс орны сияқты күрделі әлеуметтік феномендерді зерттей келе, оларды бір бірінен абстрактілеуге және өзінің жиынтығына байланысты басқа қасиеттер мағынасымен екпіндеуге болады. Басқа сөзбен айтқанда еңбек психологиясы ғылыми пән ретінде «еңбек посты немесе орны» және «профессия-мамандық» феномені, теориялық обьектілер арқылы көрінетін жиынтықтар арқасында, орындалатын мәндер қасиетінің атрибуттары ретінде көрінеді. Кеңес дәуіріндегі еңбек психологиясында 80-шы жылдардың соңында профессия-мамандықтың мәні мен еңбек орны қайта құрылды. Е.А.Климовтың пікірі бойынша негізгі түсініктің компонентін сипаттаушы кәсіби еңбек іс-әрекеті «еңбек посты немесе еңбек орны» болып табылады. Еңбек орны өзінің әртүрлі қасиеттерінің жиынтығына қатысты келесідей болады: еңбек нәтижесіне және әлеуметтік міндеттелген мақсаттарға қатысты; міндеттелген пән (заттық, ақпараттық, әлеуметтік, биологиялық-өндірілген материалдар, обьектілер, процесстер); еңбек құралдарының жүйесі; кәсіби қызметтік міндеттердің жүйесі (міндеттелген еңбек қызметі); жұмысшының құқық жүйесі; өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары). Еңбек орнының жеті атрибуттарын көрсетуге болады: 1) әлеуметтік міндеттелген мақсаттар; 2) еңбек өндірушісінің өнімі мен шарттарының көріну нәтижесі; 3) міндеттелген зат (өндірілген материалдар,обьектілер, процесстер); 4) еңбек құралы; 5) қызметтік міндеттері (міндеттелген еңбек қызметі); 6) жұмысшының құқығы; 7) өндірістік орта (еңбектің заттық және әлеуметтік шарттары). Әлеуметтік міндеттелген мақсаттар мен еңбек нәтижесінің көрінісі жұмысқа сәйкес құжаттық үлгі тізімделуі арқылы бекітіледі. Еңбек пәні адамдардағы практикалық және ойша еңбек орнын анықтайтын процесстер көрінісі, обьект қатынастары мен қасиеттердің жүйесі болып табылады. Еңбек пәні мен шығарылатын материалдар кәсіби дәстүрлі құжаттары мен өндіріс материалдарына байланысты бекітіледі. Еңбек пәнінің жағдайлық тобына тура жағдайлары (мысалға, көлік жүргізушінің жол жағдайлары) жатуы мүмкін. Еңбек пәні қызметтік жүйе жағдайлары болуы мүмкін. Мысалы: тәрибеші үшін- баланы тәрбиелеу қызметінің жағдайы, тренер үшін-организм жағдайы, спортсменнің арнайы дайындығы мен жаттықтырылуы; жетекшіге-еңбек коллективінің әлеуметтік-психологиялық кәсіби даму жағдайы, дәрігер үшін- адам денінің саулығы. Еңбек құралы -адамдардың еңбек пәніне, оның мақсаттарына сәйкес әрекет етуіне қатысты болып табылатын обьективті шындық. Педагог, жетекші, мемлекеттік қызметкер, жалпы «адам-адам», «адам-әлеуметтік топ» барлық кәсіби типтегілерге еңбек құралының сапасы ретінде техникалық құралдар, технология үлгілері, эталондары, әдістемелік жетекшілік, сонымен қатар, жалпы организм және еңбек субьектісінің жеке органдары жатады. Еңбек құралын Е.А.Климов сыртқы (обьект қалыптасуына қатысты) және ішкі (психикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері) деп екіге бөледі. Олардың жалпы классификациялары төменде келтірілген: Еңбек құралдары-жабдықтары мен заттық құралдары: - Ақпаратты қабылдау, алу құралдары (ақпараттарды шарттық сигналдар түрінде, суреттер түрінде беретін приборлар ). - Ақпаратты өңдеу құралдары. - Ақпаратты жеткізу құралдары. - Биологиялық, технологиялық, белгі жүйелерінде, көркем-өнер жүйесінде (еңбек қол өнер құралы, қолмен басқарылатын машиналар, автоматтандырылған және автоматтық жүйелер) практикалық әрекетті орындаушы құралдар. Сыртқы қызметтік еңбек құралы: - Адамның сөзі мен мәнерлі мінез-құлық құралы (жетекші, мемлекеттік қызметкер, педагог, актер,радио және тележүргізуші жұмысында) . - Адам организмі (тренер, балет, цирк артистті ). - Адамдарды құраустырушы топтар (жетекші, дирижер, режиссер жұмысында). Ішкі қызметтік еңбек құралы: - , шеберлік, дағды. - Үлгілер, мақсаттар, іс-әрекет нәтижесіне көрінісі. - Еңбек мотивтері - Тұлғалық және дербес ерекшеліктері, үлкен тұлғалық және кәсіби потенциалдары. Е.А.Климов көрсеткендей өндірістік орта эргатикалық жүйе ретінде қаралады. Оның негізгі орта компоненттеріне мыналар қатысады: Өмірлік, еңбектің саниатарлық-гигиеналық шарттары (температура, ылғалдық, қысым, шаршаудың әртүрлі түрі, күштік кеңістік, шаң, шу, дабыл, ультродыбыстар, улы заттардың жиынтығы, агрессиялық заттар, инфекциялар негізі, травматизмның болуы, экстремальды факторлардың көрінуі). Еңбектің әлеуметтік шарты. Адам субьект ретінде іс-әрекетке қатысты белсенді және интенсивті тұлғааралық қатынаста болады. Соңғысы фонның мағыналық шарттары ретінде ғана емсе, сонымен қатар психикалық және соматикалық бұзылыстардың факторы болады. Бұл психикалық микроклиматты қалыптастырушы үлкен топтық шарттар. Еңбек психологиясының тарихында уақыт өте келе бұл топтар арнайы зерттеу тақырыбы болады. XX-шы ғасырдың ортасында олар формальды емес құрылымдық ұйым ретінде қаралады. Біздің зерттеуімізде адамдардың белсенді ұйымы еңбек пен жұмыс орнының құрылымдық шарттарда іс-әрекеттің психологиялық кеңістігі деп аталды. Өндіріс технологиялары. Корпоративтік мәдениет. Еңбек субьектісінің міндетті жүйесіне еңбек орнын сипаттаушы еңбек етушінің белсенділік формасы мен талаптары жатады. Еңбек қызметі түсінігіне – адамдардың белсенділігіне қатысты барлық процесстер, еңбек міндеттері мен мақсаттары кіреді, ал қызметтік міндеттердің астарында - нормативтік құжаттардағы еңбек қызметінің көріністері жатыр. Жұмысшы құқығының жүйесі - кәсіби міндеттерді шешу әдістері мен жұмысшының кеңістіктегі бостандықты таңдау құралы, сонымен қатар басқа түрдің іс-әрекетінен оның тұлғасын сақтау деңгейі. Конфликтердің болуы өкінішке орай жұмысшының құқықтық жүйесінің міндеттерінің байсалды нәтижесінен алынады. Профессия (латын тіл. profession- «оглашать», «көпшілік алдында сөйлеу»)- «адамдарда болуға керекті дағдылар мен білімдер, кәсіби маңызды сапалардың дамуы мен арнайы қабілеттердің болуы, еңбек іс-әрекетінің тарихи қалыптасқан формасы»- еңбек орнының шегіне шығатын әлеуметтік феномен ретінде, өзіне сапалық компоненттерді қосады. Е.А.Климов бойынша кәсіп феномені төрт негізігі мағынада келтірілген және олар негізгі әлеуметтік қатынастар аспектісі немесе оның төрт компоненті. Оны 1980 жылдың ортасындағы жалпы хронотоп ретінде қарастырады: 1) Күш мазмұнының аймағы, адам еңбек субьектісі ретінде еңбек іс-әрекетінің шектелген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі негізінде). 2) Адамдардың ортақтығы, берілген еңбек қызметін орындаушы, жарамды қоғамдық мінездің болуы. 3) Дайындық (білімі, шеберлігі, дағдылары, квалификациясы) арқасында адамның еңбек қызметіне сәйкес қабілеттілігі. 4) Іс-әрекет профессионалды процесс ретінде, кәсіпкердің еңбек қызметін орындауындағы шыңдалуы. Профессияның эволюциялық аспектілеріне екпіндік мән беріледі: адам еңбек субьектісі ретінде күш мазмұнының аймағында, адамдардың ортақтығы, іс-әрекет және тұлғаның көріну аймағы, тарихи дамушы жүй субьектінің шығармашылық қызметінің шындығы. Е.А.Климов пен Н.С.Пряжников кәсіптің негізі сипаттамаларын былайша көрсетеді: Еңбек іс-әрекетінің шектелеген түрі (еңбектің тарихи жіктелуі). Қоғамдық пайдалы іс-әрекет. Арнайы дайындықты пайымдайтын іс-әрекет. Анықталған марапаттауды орындаудағы іс-әрекет, адамдардың мүмкіндіктерін беретін қанағаттану, оның көпжақты даму шарттарына қажетті моральдық және материалдық қажеттіліктері. Адамға қоғамдық және анықталған әлеуметтік мәртебе беретін іс-әрекеті (адамның негізгі қызметі, өзекті визит карточкасы ретінде көпшілік кәсіптерге қатысты: қызметі, еңбек ету мезімі мен ұзақтығы, квалификациясы, кәсіби жоғарлауы, басынан өткен экстремальды жағдайлары) көп жағдайда «Мен»- концепциясымен қалыптасады. Психологиялық мінездеме ретінде таңдаған мамандығына қатынасы. Э.Ф.Зеер кәсіптің кәсіби компетенттілік, кәсіби автономия, топтық нормалар мен құндылықтар, өзін-өзі бақылау сияқты айырмашылық қасиеттерін көрсетеді. А.К.Маркова кәсіптік феноменін келесідей үш аспектіде қарастырады: 1) кәсіп іс-әрекеттің тарихи қалыптасқан және әлеуметтік талаптандырылған формасы; 2) қоғам пікір бойынша кәсіп - еңбек қызметін орындаушы әлеуметтік бекітілген кәсіби міндеттердің жүйесі, іс-әрекет түрлері мен формалары, тұлғалық ерекшеліктері; 3) нақты тұлғалық пікір бойынша кәсіп - адамның қоғамдық өміріне қатысты іс- әрекеті және өмір сүруіне қажетті материалдық құралдардың негізі. «Профессия» феноменінің мәнін аша келе, Н.С.Пряжников бірнеше түсініктерді ажыратады: профессия - туысқандық мамандықтардың тобы (дәрігер профессиясы: терапевт, хирург,окулист; мұғалім мамандығы: математика, география, тарих мұғалімі). квалификация- кәсіби шеберліктің деңгейі. ресми бөлімдерде, класстарда, қызметтерде, категорияларды бекітілген формальды квалификацияны ажыратады, ал реальды квалификация - адамдардың көрсете алатын шеберлік деңгейі. қызмет (должность) – кәсіптік көрінуінің обьективті және құжаттық бекітілуі. А.К.Маркова профессия феноменін: маманның моделі, маман дайындығының моделі, квалификациялық мінездеме деп түсіндірген. Е.А.Климов бұл түсініктерге: мамандық- жеке меншік бөлімшелерге қатысты, адамдардың қалай бос еместігі, олардың не істей алатындығы мен білетіндігін көрсетеді. Қызмет- ұйымда, өндірістік құрылыста еңбек етушінің алатын орны. Э.Ф.Зеер бойынша, профессия- жоғарға мәртебелі кәсіби іс-әрекет түрлерінің мінездемесі. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық-әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын, еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалық картинасын білу қажет, бірақ физиологиялық-психологиялық, әлеуметтік картинаны көрсете алмайды». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады Еңбек психологиясының пәні өзінің даму тарихын әлеуметтану саласынан алады. Әлеуметтанудың шығуы американ зерттеушісі Фредерик Уинслоу Тейлордың есімімен байланысты. Ф.Тейлор өндірістік жағдайлардағы адамдарды басқару мәселесінің ғылыми негізін ең алғаш көтерген. Оған дейін техниканы басқару мен фабриканы басқару мәселелері айтылған. Тейлордың эволюциялық қөзқарасты үш кезеңге бөлеміз: - ақы төлеу жүйесі – жұмысшының әрекетіне қарай жалақысы сайболуы, негізгі әдісі – жұмыс уақытының хронометражы. - жұмыс өнімділігін емес, керісінше, жұмыс әдісін бақылау - өте ауыр жұмысқа максималды жалақы көлемі, өте жеңіл жұмысқа – минималды жалақы көлемі төленуі. - «функционалды әкімшілік» жүйесі – басқарудың бір ортаға шоғырлануы. Тейлор жүйесінің негізгі міндеті - әр жұмысшы жағдайының максималдығын кәсіпкердің максималды түсетін пайдасымен байланыстыру. Тейлор жүйесінің негізгі төрт қағидасы бар: - Барлық жұмысшылардың іскерлік пен дағдыларын топтастыру жәнежинақтау; - Ғылыми ұстанымдар негізіне сәйкес белгілерді мұқият іріктеу; - Жұмысшылар мен әкімшілік жүзеге асыру, мысалы: тез істелген жұмыс үшін күнделікті мен жакапкершілігін тендей етіп бөлу; Тейлор жүйесі жұмысты ұйымдастыру мен басқарудың тиімді әдістері, қағидалары мен қөзқарасы, тейлоризм әлеуметтік құбылыс, ғылымның алдыңғы жетістіктерін қолдана отырып жоғарғы өнім пайда алу. 70 жылдары АҚШ-та «өмір сапасы» концепциясы пайда болды. Бұл терминді ең алғаш енгізгендер: 50-is жылдары Д.Рисман және Дж. Гелбрейт. Еңбек психологиясы қалыптасуына басқа да көзқарастар, пікірлер, концепциялар ықпал етті, мысалы - «Еңбек мотивациясы» концепциясы – Э.Мейо, А.Маслоу еңбек мотивациясын айқындауды былайша ажыратады: ❖ Физиологиялық және жыныстық қажеттілік; ❖ Экзистенциалдық қажеттілік; ❖ әлеуметтік қажеттілік;артық болу қажеттігі; ❖ жоғарғы рухани қажеттілік. - Д. Макгрерордың «икс теориясы» мен «игрек теориясы» - «икс теориясы» және оны зорлап істету. «Психотехника» терминін 1903 жылы В.Штерн ұсынған. Психотехниканың негізін салушылардың бірі Г. Мюнстенберг былай жазған: «психотехника- мәдени міндеттерді психологияны практикалық қолдану туралы ілім». ХХ-шы ғасырдың 20 жылдарында ғалымдар психотехниканың үш негізгі мәселесін ажыратқан: - Кәсіптік іріктеу мен кәсіптік кеңес беру арқылы сәйкес келетін адамдарды іріктеу; - Еңбектің ең жоғарғы өнімділігіне жету; - Қалаған психологиялық жетістіктерге жету. Жұмыс орны динамикалық компонент ретінде Ғылыми әдебиеттерде еңбек бірлігінің бірі - жұмыс орнына көп мән берімейді.1970-1990 жылдары ол тіпті еңбек психологиясының ғылыми жүйесінде қолданылмады да. Бұл құрылым түсінігінің пәнге енуі келесіден көрінеді: адамның еңбек субьектісі ретіндегі әлеуметтік жеке міндеттері мен эргатикалық потенциал ролінің өсуінің тарихи нәтижесінде; XX-шы ғасыр шегінде адамның еңбек субьектісі ретіндегі мағынасы кеңеюі нәтижесінде; XX-шы ғасырдың екінші жартысында еңбек субьектісінің коллективтегі ролі (жұмыс сменасы, экипаждар, бригадалар), жұмысшылардың тұлғааралық қатынасы мен функционалдық құрылымы, еңбек қызметі реттелуінің мүмкіндіктері өте маңызды болды. Жұмыс орнының ерекшеліктері басқа еңбек бірліктерімен - профессия және еңбек орны салыстырылады: нақты өндіріс өнімі мен шарттардың жоғарғы динамикалық технологиясы; таңдалған уақыт интервалының нақты жұмыс орындағы субьектінің қызметтік міндеттерінің жоғарғы динамикалығы (өзгергіштік, икемдік); шектелген еңбек іс-әрекетінің спецификасы мен операциялары, еңбектегі жоғарғы квалификациаланған субьектінің міндеттік қызметтері; табысты ұйымдастырылған факторлердің еңбек субьектісіне маңызды көрінуі (корпоративтік мәдениет, жетекшілік стилі, қызметтік иерархияның деңгейі, ұйымдардың даму стадиялары, психологиялық климат, топтық нормалар, іс- әрекеттің индивидуалды мінезі, серіктестіктің индивидуалды ерекшеліктері); сырқты орта фактілерінің әсері (тарихи кезеңдер, аймақтардың мәдениеті, елдің әлеуметтік-экономикалық жақтары, демократиялық институттардың дамуы, жұмыс күшінің нарығы, жұмыссыздық деңгейі, мамандықтың артықшылығы); субьектінің индивидуалды ерекшеліктерінің жоғарғы маңыздылығы (білім алу мен профессионализм деңгейі, еңбек мотивациясы, тұлғаның ерекшеліктері); еңбек субьектісінің колективтік маңыздылығының өсуі, жұмыс тобының қарым- қатынас ерекшеліктері; еңбек шарты мен құралдарының кең бейімделу мүмкіндіктері; еңбек шарты мен құралдырына субьектінің бейімделу формасы мен дербес қалыптасу мүмкіндіктері (іс-әректтің индивидуалды стилінің қалыптасуы, жұмыс тобында қызметтерді реттеу ). Жұмыс және еңбек орны астарында міндеттелген және шектелеген арнайы шарттар түсінігі жатыр. Жұмыс орны - бұл нақты физикалық, әлеуметтік, психологиялық, этикалық және құқықтық факторлармен анықталатын, субьектінің еңбек іс-әрекетіндегі шынайы кеңістігі. Профессия іс-әрекеттегі әлеуметтік ортаның бірлігі ретінде заңдылықтарды (құқықтарға, міндеттерге, әлеуметтік жеңілдіктерге сәйкес) құрастыруда көрінеді. Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. Индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады. Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес- психологиялық деп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі Еңбек – адамның нағыз адамға айналысуындағы шарттардың бірі. Тек еңбек әрекетінің арқасында ғана адам – саналы адам сатысына көтерілді. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, дүниені өзгерту дәрежесіне қол жеткізді. Қарапайым еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәкелді болатыны бірсыпыра жағдайлардан құтылады, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетінең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланады. Құралдар адамның қимылын, әрекетін дамытты. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс – қимылын мұра етіп қалдырды. Адамның әрекеті – еңбек. Қоғамның алғашқы сатысы деңгейінің төмен болуына орай ойлаудың да өресіз болғаныанық. өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған. Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай –ақ -, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол тек еңбек органы ғана емес,сол еңбеектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді. Қолмен істелетін сан адамды өз бойын билеп, тік жүру бақылауымен ұштасып, адамның көру органыныңдамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалыстарын реттеп отырады да, оның танымдық өрісін кеңейтеді. Танымдық сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекеттерін реттейтін орталықтың жасауы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Еңбек әрекеті нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі пайда болды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болмыстың шындығын тепе-тең етіп бейнелей формалары жетіле түсті. Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор – еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді. Еңбектің негізгі сипаттамалары: - мақсатқа бағытталған әрекет; - еңбектің пәндік сипаты – еңбек табиғатқа әсері; - еңбектің құралдық сипаты; - еңбек әрекет ретінде - әрекет формасынан тіршілік формасына айналады, адамның өзін өзгертеді; - еңбектің қоғамдық сипаты. Еңбектің екі негізгі формасы бар: «Тірі еңбек» - еңбек әрекеті мен еңбек процесі; «Абстрактілі еңбек». Еңбектің әрекет түрлері мен әртүрлі салаларға қарай тарихи бөлінуі, өндіріс сапасының жоғарылауымен байланысты прогресс жағдайы ретінде қарастырылады. № 4- Дәріс Тақырыбы: Еңбек субьектісі және оның құрылымы Сұрақтары: 1. Еңбек субьектісінің сыртқы құрылымы 2. Еңбек субьектісінің ішкі құрылымы: мотивациялық, когнитивті, эмоционалды-ерікті көрсеткіштері. Еңбек қоғам өмірі мен адамның жан-жақты әрі жарасымды дамуының қажетті шарты, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру жолы. Сондықтан ақыл-ой мен дене тәрбиесін қатар дамыту үшін техникалық білім беруге ерекше рөл жүктеледі немесе өндіріс процесінің негізгі принциптерімен таныстыру, сонымен бірге балаға немесе жас өспірімге өндірістің қарапайым құрал жабдықтары жөнінде жалпы дағды беріледі. Ал өмірге ынталандыратын қажетті ерекше маңызын барлық тарихи дәуірлер орнықтырды. Ондағы өзгерістер мен қажеттіліктің сипаты қоғам дамуының нақты тарихи жағдайына тәуелді болды. Ол таптық антигоманизмнен кейін еңбектің әлеументтік жіктелуіне байланысты біркелкі дамымады. Мысалы: ерте заманда құл иеленуші тап бүкіл рухани өмірді – философияны, саясатты, математиканы, өнерді иемденіп алды. Қоғамның қазіргі дамуында еңбек, ең алдымен, жалпыға бірдегейлігімен, қоғамдық сипатымен, өзі үшін және тұтас қоғам үшін еңбек етудің табиғи ұштасуымен, қоғамдық еңбекті бөлудің түрімен – еңбекке ынталандырудың, еңбектің саны мен сапасына негізделіп бөлетін, еңбекке моральдық ынталығын арттыруды, материалдық мүдделілік принципіменұштастыруғ амүмкіндік беретін. Жас адамның кәсіптік және әлеуметтік қалыптасуында еңбектің шешуші рөлі материалдық өндіріс саласы мен еңбектің қоғамдық табиғатынан бастау алады. Тәрбиелі сипатын көрсете отырып, еңбек әрекетін білу, арласу, бағалау қажетін туғызады. Еңбек адамдар арасында алуан қырлы қарым- қатынасты дамытуға жол ашады. Құқық шаруашылықтың күрделі жүйесі, өндіргіш күштердің үздіксіз дамуы, тегін кәсіптік оқу, білікті арттыру, жаңа кәсіптік білім алу, кәсіптік бағдар беру жүйесі, еңбекке орналастыру арқылы жүзеге асады. Осындай жағдайларға байланысты жастарға кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік-экономикалық маңызы арта түседі, атап айтқанда: ✓ Елімізде өз ісін білетін және оны сүйетін кадрларға халық шаруашылығының қажеттілігі арта береді. ✓ Кәсіптік жолды таңдаған адамдардың рухани мұқтажы мен ынталануы кеңейеді ✓ «еңбек жасына» толған жастар – еліміздің халық шаруашылығын жұмысшы күшімен қамтамасыз етудің негізгі қайнар көзі болады. Елдің еңбек ресурстары балансының шиеленісуі өседі ✓ Халық шаруашылығының бірқатар саласының дамуында кадрлардың тұрақтамауы артады ✓ Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы нәтижесінде еңбектің күрделіліг артып, тек жалпы білім мен соған сәйкес даярлықты ғана емес, жұмыскерліктің ерекше психологиялық- физиологиялық деңгейін, жоғары біліктілігін талап ететін жаңа кәсіп түрлері пайда болады ✓ Бірсыпыра өнеркәсіп салалары ауыл шаруашылығын жас кадрлар есебінен толықтырылу қарқынының шұғыл төмендеуіне байланысты кәсіптер, салалар мен территориялар арасындағы еңбек ресурстарын тиімді бөлу қажеттігі күшейеді. Дамыған қоғам жайындағы жастарға кәсіптік бағдар беретін мамандардың жауапкершілігі артады. Олар жігіттер мен қыздардың жан дүниесін түсіне білетін, теориялық және практикалық даярлау жөніндегі жоғары талап деңгейінде болуға тиіс. № 5- Дәріс Тақырыбы: Еңбек субьектісінің ішкі құрылымы Сұрақтары: 1. Кәсіби іс-әрекеттегі басқарушы және коммуникативті процестер 2. Қабілет және интеллект 3. Адамның еңбек әрекеті Кәсіптік бағдар – білімнің жеке саласы. Бірақ ол педагогика, психология, социология, экономика, философия, медицина, құқық ілімдері қиылысында қалыптасады. Кәсіптік бағдарға жүйелі зерттеу жүргізу әр түрлі проблемаларды шешеді, оның мақсатын, міндетін, мазмұнын белгілейді. Дербес-типологиялық қасиеттер – бұл адамның жүйке процестерінің негізгі мінездемелері (қозу және тежелу процестерінің күші, олардың тепе- теңдігі, қозғалмалылығы, динамикалылығы және лабильдігі) болып табылады. Түрлі кәсіптер түрлі қасиеттерге белгілі бір талаптар қойғанымен, олар (дербес-типологиялық қасиеттер) кез келген аумақтағы кәсіби қызметке өзінің әсерін тигізеді. Дербес-типологиялық ерекшеліктер кәсіби жолдың анықталуында аз өзгеріп, неғұрлым тұрақты қасиеттер қатарына жатады. Олай болса да, бір типологиялық қасиеттің жағымды да, жағымсыз да (кәсіби жетістіктер тұрғысынан) көріністеріне ие екендігін ұмытпау қажет: жүйке процестерінің әлсіздігі жұмысқа қабілеттіліктің төмен деңгейін анықтайды және сол уақытта жоғары деңгейдегі сезімталдылықты көрсетеді; жүйке процестерінің инерттілігі жүйке әрекетінің жылдамдығының аз көрсеткіштерінде және уақытша байланыстардың мықтылығында көрінеді және т.с.с. Осылайша, белгілі бір қызметтегі табиғи жетіспеушілік басқа бір аумақтағы басымдылықта көрініп, осылай компенсацияланады. Ал, жоғарғы жүйке жүйесі әрекетінің әр түрлі типтерін жүйке әрекетінің шыңдалуыныңтүрлі деңгейлері ретінде емес, «ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдікке ұмтылуының түрлі тәсілдері» ретінде қарастыру қажет. Б.М. Теплов жасап шығарған бұндай ерекше маңызды ақпарат қарама-қарсы типологиялық қасиеттерге ие жұмысшылардың өзгелермен бірдей кәсіби табыстылыққа жетуіндегі дәл сол қасиеттерді анықтауға бағытталған зерттеулердің орасан зор циклін туғызды. Берілген іс-әрекеттің неғұрлым тиімді жүзеге асыруға ұмтылатын адамда қалыптасатын типологиялық ерекшеліктермен шарталған тәсілдер жүйесі іс-әрекеттің дербес стилі атауына ие болды. Осындай тәсілдер көмегімен адам саналы немесе стихиялы түрде өзінің типологиялық ерекшеліктерінің әлсіз жақтарын компенсациялап, өзінің табиғи басым қасиеттерін неғұрлым тиімді түрде пайдаланады. Мысалы үшін, жүйке процестері жоғары қозғалмалы тігіншілер жылдам жұмыстарды олардың пайда болысымен істесе, инертті тігіншілер жұмыстағы «секірістерден» өздерін аулақ ұстауды қалайды екен. Алғашқылар мен соңғылардың жұмыс өнімділігі тең, алайда олар бұған түрлі жолдар арқылы жетеді. «Дербес» стиль түсінігі өзіне әрекеттің тек сыртқы колданбалы тәсілдерін ғана қоспайды. сонымен қатар дербес стильге психикалық іс- әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері жатады, мысалы, ойлау қызметінің, зейінді ұйымдастырудың тәсілдері т.с.с. Бұндай тәсілдерде бағдарлаушы және орындаушы қызметтің өзіндік қатынастылығы негізгі рөлді ойнайды. Кей жағдайларда әрекеттердің ойша жоспары өте детальданған да олардың жүзеге аспай тұрып құралады, ал орындалу үрдісінде бұл жоспар маңызды емес түрде өзгереді. басқа жағдайларға орындалуға дейінгі ойша жоспар схемалы сипатта болады да жүзеге асырылу процесінде елеулі түрде детальданып, өзгереді. бірінші нұсқада танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет ең алдымен жүзеге асырылуға дейін құрылып, содан кейін ғана орындаушы іс-әрекетпен тіркеседі. Екіншісінде – танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет негізінен орындаушы іс- әрекетпен бір уақытта және байланысып жүреді. Дербес стильдің осындай негізгі белгісіне басқарушы және орындаушы іс- әрекеттің түрліше қатынастары байланысты болады. Егер де танымдық, бағдарлаушы іс-әрекет орындалуына дейін жүзеге асырылса, онда басқарушы әрекеттер орындалу процесінде басым орынды алатын болады. Керісінше жағдайда олардың үлестік салмағы аздау. Дербес стильдің бұндай екі типі денелік және ақыл-ой еңбегін орындауда, теориялық және қолданбалы іс-әрекетте, түрлі деңгейдегі күрделіліктегі тапсырмаларды шешуде және түрлі жас шамасындағы адамдарда көрінеді. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, адамның кез келген іс- әрекетті міндетті түрде бағдарлаушы, басқарушы және орындаушы қызметтердің байланысы мен мен бірлігін талап етеді. Екіншіден, кез келген іс-әрекеттегі бұл байланыстың мінезі мен формасы жүйке жүйесінің неғұрлым ортақ және типтік қасиеттерімен – жүйке процестерінің күші және қозғалмалылығымен анықталады. Дербес стильдің келесі белгісіне оған тән әрекет тәсілдерінің жалпы мінезде болатыныдығы жатады. Оларды бір адам неғұрлым түрлі ситуацияларда және тіпті іскерліктің әр түрлі түрлерінде қолданады. Ақыры, табысты дербес тәсілдер мен орындаудың тәсілдері іскерлікке деген тек белсенді жағымды қатынас шартында ғана қалыптасады. Е.А. Климов әрбір жұмысшы өзінің дербес стилін бірден таба бермейді деген, осының салдары болып жұмысшыларды «стихиялы өзіндік таңдауы» жатады. әсіпкерлік оқытудың міндетіне адамның өзіне неғұрлым тиімді, лайықты үлгі, жұмыс стилін табу жатады. Ешбір дербес стиль қажетті нышандардың (музыкалық, көркемдік және т.б.) болмауын компенсациялай алмайды. Кейбір жағдайларда іскерліктің күшті талаптарына байланысты дербес стильді қолдану шектелінеді (не мүлдем жүзеге аспайды). Белгілі бір деңгейдегі жетістіктерге индивидуумның сан алуан қасиеттеріндегі дербес стилінің көмегімен жетуге болатын болса, жетістіктердің өте жоғары деңгейіне жету индивидуумның тек белгілі бір спецификалық қасиет кешені арқылы ғана жетуге болады. Осылайша, зерттеулердің біреуінде акробатика бойынша бірінші санатты және спорт шеберлерінің арасында инертті жүйке жүйесіне ие спортсмендер кездеседі, алайда чемпион деңгейіне жеткендердің арасында олар кезіккен жоқ. Экстремальды жағдайлар жиі-жиі туындап отыратын жерде қызмет атқаратын маманды дербес стиль құтқара алмайды. Себебі бұнда жұмысшыға эмоционалды тұрақтылыққа байланысты жоғары талаптар қойылады, мысалы үшін, ракеталық техника, космонавтика, авиациямен байланысты кейбір кәсіптер. Дербес стильді қалыптастыру үшін іскерліктің қоятын талаптарын терең ұғынып, қолданылатын әрекеттер тәсілінің мақсаттылық деңгейін толық түсіну қажет. Тек қана осындай жағдайда адам өзінің мүмкіндіктеріне сәйкес және, сонымен қатар іскерліктің берілген талаптарындағы мақсатты еңбек тәсілдерін саналы түрде таңдай алады. Кәсіби міндеттерді орындаудың өнімділігі мен мінезіне деген белгілі бір жұмысшының типологиялық ерекшеліктерінің әсері, міне, осындай. Ал, еңбек ұжымының (бригада, өндірістік учаскесі) алдына қойылатын кәсіби міндеттерге келсек, онда ондағы әрбір типтің бар болуы ортақ жұмысты неғұрлым тиімді қылатыны даусыз: қозғалмалы жұмысшылар кененттен пайда болған жағдайлар мен өзгерістерге тез бейімделеді, жаңа кәсіби міндеттерді тез шешеді; инертті адамдар жұмысқа сенімділік, тұрақтылық сезімін береді; әлсіздер сыртқы тітіркендіргіштерге жоғары сезімтал болуларының арқасында топтың нәзік реактивтілігін қамтамасыз етеді; күшті жұмысшылар ұжымды өзінің энергиясымен байытады. Басқаша айтқанда, әр түрлі дербес- типологиялық қасиеттерге ие адамдардан құралған өндірістік ұжымның осының арқасында кәсіби ортамен тепе-тең болуына мүмкіндігі жоғары болады екен. № 6-Дәріс Тақырыбы: Еңбектің психологиялық басқарушылары Сұрақтары: 1. Еңбектің психологиялық басқарушылары. 2. Кәсіпкердің өзіндік сана-сезімі. 3. Еңбек әрекетіндегі тұлғаның кәсіби қалыптасуы Еңбек алдамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолдыжетілдірді. Адамның қолы сан-салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Адам vbs анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы, еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойыпкелді. Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіре түсуіне жағдай туғызды. Еңбек – адамның нағыз адамға айналысуындағы шарттардың бірі. Тек еңбек әрекетінің арқасында ғана адам – саналы адам сатысына көтерілді. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, дүниені өзгерту дәрежесіне қол жеткізді. Қарапайым еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәкелді болатыны бірсыпыра жағдайлардан құтылады, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетінең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Еңбек қоғам өмірі мен адамның жан-жақты әрі жарасымды дамуының қажетті шарты, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыру жолы. Сондықтан ақыл-ой мен дене тәрбиесін қатар дамыту үшін техникалық білім беруге ерекше рөл жүктеледі немесе өндіріс процесінің негізгі принциптерімен таныстыру, сонымен бірге балаға немесе жас өспірімге өндірістің қарапайым құрал жабдықтары жөнінде жалпы дағды беріледі. Ал өмірге ынталандыратын қажетті ерекше маңызын барлық тарихи дәуірлер орнықтырды. Ондағы өзгерістер мен қажеттіліктің сипаты қоғам дамуының нақты тарихи жағдайына тәуелді болды. Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Ғылым, өнер, мәдениет қоғамдық сананы құрайды. Сана обьективтік болмыс жайында қорытылған біліменн ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастарды интеллетуалды бағалау арқылы және эмооционалды сипатта болуы мүмкін. Сананың аса маңыды қасиеті, оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің қана сыртқа білімді емес, өзін білуді де қамтамасыз етеді. Cана өзіндік сана сезім түрінде де көрініс табады. Жоғарғы класс оқушыларын қоғамдық пайдалы еңбекке тартудың жаңа формасы – студенттік отрядтар үлгісімен жоғарғы класс оқушыларын еңбек отрядтарын құру. Мұндай отрядтар жыл бойы жұмыс істей алады. Класс жетекшісі оқушылар комитетімен бірлесе отырып, кәсіпорынмен шарт жасайды. Арнайы график бойынша оқушылар жұмыс орнына немесе мектепке келіп жұмыс істейді. Еңбек психологиясының негізгі міндеттері – бұл еңбек гуманизациясы және оның жоғарылауы болып табылады. Осы тапсырмаларды шешу үшін техникалық, технологиялық, санитар – гигиеналық, организация, мераприятиялары болып табылады осы барлық мероприятиялар еңбек психологиясының мекемелеріне кіреді. Бұл әдіс еңбек етудің бағасын, диагностикалық, әлеуметтік стуктуралық, коллективтағы психологиялық климаты, адамның методтарды өзін бағалауы. Қолданбалы психологиясының теориялық іргетасы келесі ғылыми проблемалар: 1. Адамның және оның профессия гармонияларын оқу. Яғни сондағы заңдардың пайда болуы динамикалық тепе- теңдік « еңбек психологиясының субъектісі – қоршаған орта профессиясы » 2. Индивидтің және жеке тұлға профессианалды динамикасын, структурасын оқуда 3. Құрылымдық, экстремалды жағдайлар және динамикалық құрылымдар. 4. Еңбек етудегі структуралар мотивтер, және осы структураны жөндеу. 5. Еңбек етудегі адамның динамикалық жағдайы. 6. Индивидтің жеке тұлғамен байланысты, фактордың жағдайы, драматикалық еңбек психологиясы қысқада және толық тарихы. Онда көптеген проблемалар еңбек психологиясында өсті Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері. Еңбек психологиясының жалпы әдістері еңбек субьектісін әдістер мәселесі өте күрделі және олар өндірістік жаңа білімдермен герменевтикалық әдіске негізделуге ұмтылуда. Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байланысты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет: • Коммуникативтік-адамдармен араласа білу; • Перцептивті-кәсіптік интуиция, эмпатия, рефлексия; • Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау; • Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті; • Оптимистік түрде бақылау; • Креативтілік-шығармашылық қабілет Психология ғылымында пәнге деген ықылас таңдап алу және танып –білу түрінде қарастыраылады. Ықыластың қайнар көзі қоғамдық өмірде жатыр. Адамға ықылас болып көрінетініннің бәрі обьективті шындықтан алынған. Оқушының ынта ықыласы шындық өсмір жағдайында қалыптасуыкерек. өзінің бағыты жағынан оқушының ықыласы әртүрлі болады: көркем, спорттық, техникалық, танымдық т.б. егер оқушы белгілі бір іс-әрекетпен ұдайы шұғылданса, онда ықылас белгілі бір пәнге ауыса, онда бейім белгілі бір әрекетпен айналысуға деген бағытты білдіреді. Бейім сол әрекетті сәтті орындағанда, жақсы эмоциямен қабылдағанда ғана байқалады. № 7- Дәріс Тақырыбы: Еңбек субьектісінің кәсіби даму кезеңдері Сұрақтары: 1. Еңбек субъектісі және оның құрлымы. 2. Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы. 3. Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов көзқарастары 4. Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері. Еңбек субьектісінің кәсіби даму деңгейін анықтау өте жауапты және күрделі мәселе. Субьектінің кәсіби дамуын дайындық процесі кезінде болашақ маманның кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір мамандыққа қажетті қасиеттер арнайы дайындық пен кәсіби біліктікті жетілдіру мен қалыптастыру негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады: -Жеке тұлғалық қатынас -Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві -Еңбектік ұстаным -Өзіндік баға -Талаптану деңгейі Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады. Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес- психологиялық деп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады. Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі. Кәсіби маңызды қасиеттердің әрқайсысын қарастыра отыра, біз ең алдымен бұл қасиеттің қаншалықты тұрақты екендігі, оқу мен кәсіби қызмет кезіндегі оның қаншалықты дамуы мен компенсацияға берілетіні туралы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Белгілі бір қасиеттің қандай кәсіби міндеттермен байланысының маңызын, оның дербес айырмашылықтарының диапазонының қандай екендігін, және, ақыры, берілген қасиеттің қызмет етіп жүрген жеке тұлғаның құрылымына қалай қосылатынын түсіну маңызды және қызықты. Қазіргі кезде бұл сұрақтардың барлығын еңбек психологиясы ғылымы әлі де шеше алмай жатыр, алайда олардың көбіне деген жауабын біз біздің психологтар еңбегінде тауып жатырмыз. Мектептерде оқушылардың тез арада әлеуметтік жағынана дамуына жағдай жасау және мамандық таңдау маңызды мәселеге жауапкерлікті қалыптастыру керек. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру, бұл жүйені мемлекеттік тұрғыда мен және жоғарғы оқу орындарында арнайы кадрлар даярлаумен тығыз байланысты. Тәрбие жұмысының сапасын көтеру мақсатында (оның ішінде кәсіптік бағдар беру жұмысын да) кластан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыругшы, техникалық творчество үйірмелері жетекшілерінің қызеттері енгізіледі. Мұғалімдерге еңбек оқуын. Кәсіптік бағдар мен оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырғаны үшін қосымша ақы төлей басталғалы бері кәсіптік бағдар беру жұмысы жаңа сапалық өзгерістер ұшырады. Жастарға кәсіптік бағдар беруді басқару мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешу үшін идеалы саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз ету қажет. Басқарудың кез келген процесі екі жақты болады, ол басқару жүйесімен басқарушының өзара әрекетін айқындайды. өз мүмкіндігімен ортаның жағдайына қарай оқушының мамандық таңдауға көз қарасын қалыптастыру ісінде педагогикалық ұжым зор ықпал етеді. Жасөспірім мақсат-мүддесіне, кәсіп таңдауына басшылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырған жөн. Осыған байланысты жастарға кәсіптік бағдар беру процесі өзара байланысты екі жүйеден басқарушы және басқарылатын жүйелерден тұрады. Кәсіптік бағдар берудің қорытындысы оқушылардың мамандық жағынан айқындалуы болып табылады. № 8- Дәріс Тақырыбы: Психологиялық кәсіпке кіріспе Сұрақтары: 1. Кәсіп, мамандық, іскерлік, лауазым түсініктері 2. Еңбек постысының құрылымы. 3. Еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары. Психология еңбегінде қарастырылатыны іскерліктің сапалы қажеттілігін, осы арқылы еңбектің тиімділігі анықталады. Бірақ спецификалық өзіндік психологиялық мәселеге көңіл бөлу, адам – жұмысшы осы тұлғаның дамуы. А.Н. Леонтьевтің айтуынша екі тұлғаның туғаны туралы: бірінші рет мектепке дейінгі жаста, иерархия мотиві құрылады және бір нәрседен бас тарту қабілеті пайда болады; Екіншісіне жеткіншек кезіндегі жас бала жаңадан өз мотивін түсінгенде және басқарушылықпенайналысқанда. Осыған орай үшінші тұлғаның пайда болуын айтуға болады. Профессионалды іскерлікте үлкейген адам өзінің потенциалын құрастырып, профессионалды іскерлік адамға көмегі көп, ол өзіне қалағанын орындай алады. Келесіде сананың даму этапын атап айтуға болады. 1) мөлшерін меңгеру, физикалық даму; 2) әлеуметтік тұлғаның қабатының қалыптасуы; 3) тұлғаның ішкі орталығының қалыптасуы. Тұлғаның даму спецификасы маманына ерекше адамның өзінің дамуы. Бірақта маңызды мәселе ол тұлғаның дамуы, маман ойдың дамуы, өз алдына сұраққа жауап табу. Климовтың айтуынша адамның еңбек субьектісі ретінде дамуы. Ойын алдындағы кезең. Қабылдау функциясының игеру, сөздің, ережелердің жеңілдігі, арығарай адамның еңбекке үйренуі. Оптация кезеңі. Осы кезеңде өмірге дайындығы, еңбекке дайындығы, саналы және жауапты маман жолын таңдауда. Егер адам мман таңдау алдында болса, ол оптант деп аталады. Климовтың айтуынша осы кезеңде «оптант» ситуациясында үлкен адам болуы да мүмкін. Мысалы, жұмыссыз адам. «Оптация» - ол жасқа көрсетуі емес, тек ол маман таңдар алдындағы итуация. Адепта кезеңі. Ол профессионалды дайындық, көптеген мектеп бітірушілер осыдан өтеді. Интернала кезеңі. Мамандыққа кірісу әріптес ретінде, нақты жұмысқа кірісу. Осы кезең Е.А. Климовтың айтуынша. Жұмысшы әріптес ол «өз адамның арасында» жұмысшы толық профессионалды мүшесі болады. 4) профессионализм емес (ол адам өз маманы ретінде толық білімі жоқ) Профессионализм – (адам - өз жұмысын жақсы білетін, толық жұмысын істейді) Профессионализм, псевдопрофессионализм (сыртқы бейнесі әлдеқайда іскерлікті) Профессионализм – (адам бұрын профессионал болды «экс профессионал») Марков тағы нақты этаптарын көрсетте алады. Адамның профессионалға бейімделуі; бірақ барлығынжақсылық күтпейді. Басқалары оғандайын болмайды. Мысалы, әнші, артисттер олардың ұйымдауы сахнадажақсы ойнауы. 5) бірнеше маманды еркін игеру, осының барлығын «ұстаз» деп атайды. Мысалы, химия мұғалімі өте жақсы педагог – ол бір жақтан филосов, психолог жәнке саясаткер. 6) өзін тұлға ретінде көру, профессионал өз жұмысын да үлгеруге, өмірге мысал табуға, күш табуға. Алдын – ала көру этапы. Мұнда адам толық специалист ретінде көреді; былай қарасақ, бәсеке күресі адамның өмір қуатын жоғарылатады. Сондықтан ждас маман осы ғылымға жүгінеді. Жетістікке жетуге – оның стимулы болады. Тұрақтылық этапы. өзіңді сенімді, үлгерімді маман ретінде бекіту. осы этап ары қарай мамандықты жалғастыру, өзін ортада және өзфирмаңда нақтыпозиция құру. Қолдану этапы. Жетістік позициясын сақтау. Аадм осы этапта тұрақты амамн болуға және әлеуметтікжағдайын орнықтыруға тырысады. Осында сұрақтар шешіледі. өзіне ыңғайлы өмірін ыңғайдастыруға, жұмысынжа жетістікке жету деген. Төмендеу этапы. Профессионалды және әлеуметтік активтіліктің төмендеуі. Егер де әртүрлі автордың периодизациясын салыстырса, өзгешелікті байқаймыз. Мысалы, психолгтың Е.А.Климовтың профессионалды периоды 11-12 және 14-18 жас, аламерикан психологы Д. Сьюпер аналогиялық стадиясы 14-25 жаста. Голландия психологі Б. Ливехуд 3даму аспектісін көрсеткен: 1) биологиялық даму, қосымша келесі период:бүкіл организмнің өсуі, өзгеруі. 2) Психикалық даму. Балалық шақтан өмірдің бейнесін іздеу, осыны көбінесе «фантастика өмірі» 3) Жанның өмірбаяны, ол балалық шақтан басталады, өзінің «мен» түсінігін түсінеді. Б. Ливехудтың ойынша балалық шақтан кейінгі өмір: Жастық жас (16-17-21-24жас) - өтпелі фаза. Жастықшақол өз қылық әрекеттеріменжұмыс істеу, содан кейін өзін үлкен адамдармен теңей алады. Б. Ливехуд 14-15 жастағы баланың жұмыс істегеніне қарсы шығады. 20 жылдары (21-28 жас) – бірінші ересек фазасы. Ересекадам өзін әртүрлі жақтан көрсеткілері келеді. Осы арқылы өзін зерттеуге және өзінің қабілеттерін білуге ең жаманы болатын осы фазада ол 10 жыл ішінде бір жұмыста істеген. Басқалар үйленуі, жан жақты болуы. Ұйымдастыру фазасы. (28-35жас) біріншіпланға ол мамандандырылған істі көруге болады. Адамдар өз жұмысына тереңірек кіріседі, өздері әлеуметік изоляцияны құрастырады. Жаңа достарды таппайды, таныстары бар, барлықтары пайдалы таныстары. 30 жылдардың ортасы. Мынада көбінесе, жаңа мен ескімен арасындағыүзілісі болғанын қорқу. Мысал ретінде Б. Ливехуд 40 жастағы директормен үзіндісін көрсетті: «Сіз білесіз бе, мен ашқан кәсіпорынды мен қарызға алған ақшаға аштым, ылғи да ойлайтынмын барлығына жеткенде демалуға барам деп осы ойлағаным орындала жаздады. Бірақ маған демалуға уақыт жоқ. Мен терең депрессияда жүрмін, мен әлі 30 жылдай бір орында отыру керекпін. Қалай ойлайсыз,барлығын сатасм және барлығын жаңадан бастасам? Сонда менде өмірге деген қызығушылық қайта оянады. Бірақ барлығы бекер, өзімнен қаша алмай, 19 жастағы балаға мен оралмаймын, мына кризистен құтыла алмаймын. Барлығын өзгерте алмайсыз. Уақыт өтті, болды. Ең алдымен өзіне қызықты нәрсемен айналысу керек » 40 жылдары. Биологиялық төмендеу және ішкі дүниенің дамуы. Сонда мынандай сұрақ туады: «Басқа қабілеттер табуға бола ма?» көптеген әйелдерде сексуалдылықтың төмендеуі (жұмысы үшін) ал көптеген ерлерде сексуалдылықтың жоғарылауы әйелдер әлі күнге дейін түсінбей жүр. Қажеттіліктің ауысуы. Ішкі дүниесіне, жұмысына қарау және таңдау осы кезеңде байқалаады. 50 жастың басы. Б. Ливехудтың көрсетуі бойынша, егер де жаңа құндылықтартабылмаса, трагедиялық күйде болғандай. Адам жұмыспен кетеді. Егер де жаңа мағына табылса, онда адам жұмыспен ғана емес, басқаларғада көңіл бөледі. Бақытты болу. 50 жастан кейін. (56-63 жас) Көпшілікке болашақ жоқ сияқты көрінеді. Барлығы артта деп жүре береді. Кейбіреулерінде көбінесе мен көп нәрсені істеген жоқпын, бітірген жоқпын деген ой туындайды. Б. Ливехудтың мысалын айтуға болады. Ол көптеген қартайған адамдармен әңгімелесіп, олардың өмірлерінің енді басталғандығын түсінді. әйгілі япон суретшісі Хогуксайдың айтуынша ,73 жастан оның жұмыстары түкке қажет болған жоқ. Ал 73 жастан кейін карьерасы енді басталды. Тицьян өз баурап алған жұмыстарын 100 – ге келгенде салды. II. Индивидуалды стильдің еңбек істің мәселесі. Индивидаульді еңбектің дамуында психологиялық системасы жатыр. В.Д, Шадриковтің анализібойынша әртүрлі психологиялық профессионалды системалар келесідей болады. Маманды істің мотивті қалыптасуы. Еңбек ісіне мотивін жылжыту. Соңында жұмысшы өзмотивін табады. Ең басты мотив адамның маманын таңдау. Маман ісінің мақсатының қалыптасуы. Ең басты істің мақсатын түсіну. Маманды сітің мақсаты ол нәтижесі ретінде көрінеді; кәсіптік амал, әртүрлі жағдайлардағы негізгі этаптардың құрылу мақсаты: берілген нәтиженің жолы; нақты мақсатын анықтау. Бағдарлама ісінің көрінісінің қалыптасуы. 1) Компьютердің қалыптасуын көрсету (структурасы туралы) 2) Істің тәсілін, орныдауын көрсетіп, қалыптастыру. 3) Бағдарлама ісінің көрінісін қалыптастыру. Негізгі мәлімет ісінің қалыптасуы. Келесі сәтті көрсету және ұйғару. Келесі деңгейіе көрсетеді: - сенсорноперцептивті деңгейі (мәліметті қабылдау); - когнетивті деңгей (мәліметтің маңыздылығын бағалау); - бейнелі-оперативті деңгей (мәліметті қайта құру); Шешімді қабылдау богінің қалыптасуы. Бір альтернативті бірнешеден таңдау осы бір амал деп қаралдады. Шешімді қабылдаудың жалпы схемасы: а) мәселені түсіну; б) мәселені шешу; в) шешімді тексеру; г) коррекциялық таңдау; шешімнің негізгі типі екеу: детерминованда, ықтималды. Кәсіпті маңызды сапаның қалыптасуы. 1) Адамда сапа туралы түсінік бар, маманды түсінгенде оның құрылысы осы істен басталады. 2) Жалпы ойлаудың құрылуы: а) кәсіптік іске байланысты сапаның құрылуы; б) жаңа сапаның пайда болуы; в) индивидуалды істен қалыптасуы III. кәсіптілік сананңы дамуының мәселесі. Кәсіптік сананың дамуы мен ол орталық сәттің кәсібі. С.М.Богославски бекер айтпаған, ең тиімді кәсіпті анықтауы. Ол жазды осы адамға кәсіп келіп тұр деп ,біз тек сонда ғана айта аламыз. Егер де кәсіпті іс сол адамның санасымен түсінгенде. Э.Эриксонның айтуынша «Ұқсас» түсінігі, осы процесті түсінуге адамның өзінің орнын түсіне білу қоршаған ортада. Ересек адамның қасында өспірім әлі толық жетілген деп түсінеміз. Осы жас баланың кризисі, өміріндегі орнын табу. Көп қате істегенін түсінеді. Баланың ересек болғысы келетіні ол өз өмірін басқашаболадыдеп ойлайды. Қоршаған орта жас баланы ересек болуға асықтырмайды. Онда толық ұқсастықты айтуға келмеді және кәсіпті ұқсас туралы. Э.Эриксон көрсетуі бойынша ең бастысы жасөспірімнің өзіне ыңғайлы үлгіні табу соған сәйкес келу. № 9- Дәріс Тақырыбы: Кәсіпті психологиялық топтастыру. Сұрақтары: 1. Кәсіпті топтастыруды құрастырудың психологиялық белгілері. 2. Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы Еңбек әрекетінде түйсінудің барлық түрі – көру мен естуден дәм мен иіс сезуге дейін барлығы да қолданыста болады. Нақты адамның жүйке жүесінің типі оның барлық анализаторларының түйсінулерінің жалпы жалпы сипатына әсер етеді. Сезіну мен ажыратудың жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығы мен тепе-теңдігіне байланысты (жүйке процестері қозғалмалы адамдарда түйсіну жылдамдығы жоғарырақ, ал жүйке процестері аз қозғалмалы адамдарда дифференциациясы неғұрлым нақты және т.б.).Түйсіну деңгейінің тұрақтылығы жүйке процестері күшінің, олардың қозғалмалылығының және тепе-теңдігінің қандай болатындығына байланысты(қызба типте ол тұрақты емес,ал қызба емес типте инертті).Тітіркендіргіштердің рецепторларға ықпалы кезінде эмоционалды реактивтілік, әсіресе,жүйке процесінің күшіне тәуелді:әлсіз типте ол айқын көрінеді, инертті типте – азырақ. Ажырату жылдамдығы, түйсіну деңгейінің тұрақтылығы және сол сияқты сапаларды қажет ететін мамандықтар үшін адамның мұндай сипаттағы тұрақтылығы мен мамандар іс-әрекетінің нәтижелілігін жоғарылататын нақты құрал – кәсіби таңдау болып табылады. Кәсіби іс-әрекеттің көптеген түрлерінде жетістікке жету жолында сенсорлы процестердіңпроцестердің екінші сипаты – анализаторлардың сезімталдылық деңгейіүлкен маңызға ие.Адамның түйсіну түрлерінің дамуына тұрақтылық тән: нақты бір адам кеңістіктік айыру немесе сөздік есту аумағында сезімталдығы жоғары болуы мүмкін және осымен қоса түстерді ажырату немесе музыкалық ажырату сезімталдылығы төмен болуы мүмкін. Бұл ерекшеліктер анализаторлардың бірінің тума ерекшеліктерімен немесе ұзақ мерзімді кәсіби тәжірибенің негізінде қалыптасатын оның жетекші рөлімен байланысты болуы мүмкін. Олар ақпаратты қабылдаудың индивидуалды ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қоса бейнелік ойлау, ес, қиялдағы қандай да бір бейнелер түрінің болуымен анықталады. Бұл сипаттама қаншалықты тұрақты? Көптеген зерттеулер сенсорлық және перцептивтік мәселелердің шешілу нәтижелілігі арнайы дайындық немесе кәсіби тәжірибенің әсерінен сапалық жоғарылауын көрсетеді. Л.И.Селедская шлифовальшик жұмысшылардың дифференциалды көру табалдырықтарын зерттеді. Тәжірибелі шлифовальшиктердің ажырату сезімталдылығы қалыпты деңгейден 20 есе жоғары болды. В.И.Кауфман аурулардың жүрегі мен өкпесін үнемі тыңдайтын терапевт-дәрігерлерден; двигательдердің жағдайын анықтайтын авиа және авто механиктердің жоғары есту түйсінулерін анықтады. Н.К.Гусев дегустатор мамандарындағы дәм сезу анализаторларының абсолютті және көп түрлі түйсінудің жоғарылығын көрсеткен. Тәжірибелі қорғасын балқытушылар мартенковтық пештің қабырғаларының қызуы бойынша пештің температурасын тез әрі дәл анықтай алады. Температураның жоғарылауымен отқа төзімді материалдың түсі өзгереді: қызыл реңдер алқызылға, ал содан кейін ақшылға ауысады. Қызу температурасымен сипатталатын барлық нәзік реңдердің нақты бейнесі пештің барлық түстік реңдері жасалған арнайы сызбаны құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пештің қабырға түсінің реңін бұдан да нақты көрсететін құрал жасалды. Бұл құралдың көмегімен оқушылар салыстырмалы қысқа мерзімде көп жылдық тәжірибесі бар тәжірибелі бақылаушылар сияқты түстерді ажыратуды үйренді Басқа анализаторлардың аумағындағы көптеген зерттеулердің осы тұстағы нәтижелерін өз монографиясында Б.Г.Ананьев келтірді. Алайда мұндай зерттеулерде түйсік табалдырықтарының өзгеруі туралы жасалатын қорытындылардың көп жағдайда нақты дәлелі жоқ. Бір жағдайда табалдырықтардың өзгеруі жайлы қорытындыларға кәсіби маман мен жас маманды салыстыру негіз болады. Басқа жағдайда сенсорлық мәселелерді шешудің нәтижелілігі арнайы жаттығу процесінде жоғарылатылды, түйсінуді өлшеу жаттығуға дейін және кейін де жүргізілмеді, сондықтан табалдырықтардың өзгеруі туралы сенсорлы дағдыларды меңгеру кезінде болатын нәтижелердің жақсаруы негізінде қорытынды жасауға болады. Сенсорлы дағдыларды зерттеушілер олардың сенсорлы коріністер(салыстыру эталондары) мен бейнелерді жасау әдістерін меңгеруден жинақталатындығын көрсетті. Я.К.Пономарьмен көрсетілген қызықты факт: егер тәжірибелі маман таныс емес техникадағы ақауларды табуы керек болса, ол дәл сондай , бірақ ақаусыз құралға жүгінеді, олардың ерекшеліктерін (көру, есту, кинестетикалық сигналдар) салыстырады. Зерттелушілер істейтін құралдың дыбысы бойынша ондағы ақауды анықтау мүмкіндігін беретін «техникалық дыбыс» деп аталатын қабылдаудың күрделі дағдылардың тәжірибелік қалыптасуын жүргізді және жоғары сезімталдылыққа ие емес зерттелушілердегі сенсорлы және перцептивті мәселелерді шешуді жылдам жақсарту мүмкіндігін дәлелдеді. А.В.Филипов, Ю.А.Каликинский, Я.К.Пономарь және т.б. зерттеулері автоматизацияның нәтижесінде техниканың күрделену деңгейі бойынша маманның сенсорлы және перцептивті қасиеттеріне деген талаптар төмендеп қана қоймайды, сонымен қоса жоғары сенсорлы мәдениет талаптарына айналады. Сенсорлы мәдениеттің маңызды компоненттерінің бірі болып ойлау мен білімге негізделген қабылдаудың полианализаторлы мақсатты іс-әрекет – бақылау мәдениеті болып табылады. Бақылауды жүргізудің кәсіби ептілігі тұлға қасиеті сияқты бақылаушылықпен тығыз байланысты: ол осы қасиетке сүйенеді және сол кезде оны дамытады. Зейіннің кәсіби маңызды қасиеттері – оның концентрациясының белсенділігі, тұрақтылық, ауысу шапшаңдығы, зейінді аудару кеңдігі іс-әрекеттің әр түрінде әртүрлі көрінеді. Жүргізуші мамандар үшін зейін шоғырландыру мен аударудың сипаты бірінші орынға қойылады, басты мақсаттары бақылау мен реттеу (корректор, радиолокатор операторы) болатын басқа мамандар үшін зейіннің тұрақтылығы неғұрлым үлкен маңызға ие. Зейіннің барлық қасиеттері қандай да бір деңгейде болмасын жүйке жүйесінің типологиялық ерекшеліктерімен анықталады және сондықтан да аз өзгереді. Зейін ауыстыру жылдамдығы жүйке процесінің қозғалмалылығына байланысты. Анық болғандай жас ұлғайған сайын олардың қозғалмалылығы біршама төмендейді және зейінді ауыстыру жылдамдығының азаюын күтуге болады, бірақ ол тек кәсіби тәжірибеге сүйенбейтін жерде ғана. Зейін тұрақтылығы қозу процесінің күшін анықтайды. Зертханалық тәжірибеде әлсіз қозу процесіне ие адамдарда Л.Б.Ермолаева-Томина ақыл-ой жұмысының қабілеттілігінің 30-35 минуттан кейін 2 есеге төмендегенін байқады. Ол жүйке жүйесінің күші үзақ мерзімге зейінді шоғырландыру мүмкіндігін байланыстыратын негізгі фактор екендігі және әлсіз қозу процесіне ие адамдарға «күштіге» қарағанда кәсіби мәселелерді шешу қиынырақ деген қорытындыға келді. Бұнымен қоса Ермолаева-Томина эмоционалды факторлардың толықтырушы маңызын және жүйелі зейінді шоғырландыруды қажет ететін еңбекке әдеттенуді баса айтады. Шындығында да, зейіннің тұрақтылығын сақтау ұзақтығының, ауысу жылдамдығының берілген адам үшін тән екндігі туралы айтуға болады. Алайда, еңбек шартына байланысты бір адамдағы бұл қасиеттер кең көлемде болуы мүмкін. тКәсіби маңызды қасиеттің бірі де зейін қасиеті сияқты.осындай деңгейде сыртқы факторларға тәуелді емес. Бірқалыпты жүмыс, мәселен, зейін тұрақтылығына лезде әсер етеді, ал мазмұнды жұмыс пен оған деген жауапкершілік оның тұрақтылығын жоғарылатады. Онымен қоса, кәсіби оқыту процесіндегі арнайы жаттығулардың ешқайсысы да зейіннің индивидуалды қасиетінің жедел жақсаруын қамтамасыз ете алмайды, олардың негізінде жатқан жүйке процестерінің ерекшеліктері өте баяу өзгереді. Мамандықтардың көпшілігі зейіннің жоғары болуын қажет етпейді. Алайда техниканың дамуымен қазіргі заман мамандықтарының (негізінен жүргізуші және оператор мамандары) бірқатарында қызмет көрсетуді талап ететін обьектілер көлемі бір адамның өзінің зейінін аударуы жеткіліксіз болатындай дәрежеде көбейді және сонда олардың кейбіреулерін бақылау не басқа адамға, не арнайы автоматтарға беріледі. Өмір белсенділігінің шапшандығымен ұшақтар мен автомобильдер жылдамдығының жоғарылауы; сондай-ақ апаттық жағдайларда іс- әрекет тұлғаның аттенционды қасиетін қажет ететін уақыт тығыз жағдайда жүреді. Іс-әрекеррің мұндай түрінде зейінді жетілдіру қажет және мүмкін. Бұл мүмкіндіктер аттенционды дағдылардың қалыптасуында және берілген іс- әрекет үшін зейінді ұйымдастыруды жақсы меңгеруде болып табылады. Үлкен практикалық маңызға ие сұрақ:берілген еңбек процесінде зейін қандай мөлшерде және қандай обьектіге шоғырландырылады? Ең алдымен бұл қабылдау процесіне қандай сезім мүшелерінің қатысатындығына байланысты қажетті ақпаратты қабылдауда неғұрлым көп сезім мүшелері қатысатын болса, зейін аумағында соғұрлым көп обьектілер болуы мүмкін. Сондықтан үйрету кезінде түрлі обьектілерді қандай сезім мүшелерінің көмегімен бақылау керектігін анықтау маңызды , өйткені бір обьект түрлі әдістермен бақылануы мүмкін. Көп обьектілер арасында зейін аударуды қажет ететін әрекеттерді орындау кезінде оның белгілі бір обьектілерге коцентрациясының деңгейі уақыт өте келе үздіксіз өзгереді. Зейінді аударудың ыңғайлы сызбасын жасау осы мағынаның және оның динамикасын есепке алуды ұсынады. Практикада зейінді бір обьектіден екіншісіне аударудың неғұрлым пайдалы жағы қандай және оны ауыстырудың оптималды жылдамдығы қандай деген сұрақтар пайда болады. Зейінді ауыстыру сызбасын жасағанда түрлі обьектілердің мәнін есепке алу маңызды. Зейін неғұрлым маңызды обьектілерге маңыздылығы төменге қарағанда көбірек аударылуы қажет. Зейінді ауыстырудың дұрыс жылдамдығын да орнату қажет. Тым тез жылдамдық жұмысшыны шаршатады. Тым баяу ауысуда жағдайдың маңызды өзгерістерін жіберіп алуға болады. Сондықтан зейінді аудару жылдамдығы жағдайдың өзгеру мүмкіндігі деңгейіне байланысты. Зейінді ұйымдастыру жүйесінің негізгі элементтерін қарастыра келе , А.В.Катаев зейінді еңбекте тәрбиелеу - бұл зейіннің жоғары қысымының өндірілуі немесе оның абстрактілі дамуы емес. Еңбек әрекетіндегізейінді дұрыс тәрбиелеу оқыту процесінде осы жүйені іс жүзінде меңгеруді және еңбек шарттары мен міндеттерін, машина ерекшеліктерін(технологиялар,құралдар) ескере отырып, еңбектің әр түрінде, әр операциясы мен әрекетінде оны ұйымдастырудың неғұрлым рационалды жүйесін құрудан тұрады. Іс-әрекеттің жаңа түрін меңгеруде немесе дәл сол іс-әрекетті жаңа жағдайда орындауда зейінді әрқашан ұйымдастыру жүйесінің қайта құрылуы жүреді. Осы көзқарас тұрғысынан қандай да бір еңбек түріне үйрету немесе жаңа техниканы қолдануды үйрену жұмысшының ол үшін зейінді ұйымдастырудың жаңа жүйесін меңгеруден тұрады. № 10- Дәріс Тақырыбы: Профессиография Сұрақтары: 1. Профессиография туралы түсінік. 2. Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі. 3. Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру Еңбек психология саласында психологтың іс-әрекет аспектісі нақты психологиялық іс-әрекетті зерттеу болып табылады. Профессиограмма – әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-технологиялық, санитарлы-гигиеналық, психолгиялық және басқа мамандықтардың ерекшелігін сипаттау. Психограмма – адам психикасына қатысты мінездік талаптар тізімі. Профессиографияның принциптерін алғаш көрсеткен психологтың бірі-К.К. Платонов. Көрсеткен принциптері: ✓ Мақсатқа бағыттылық ✓ Жеке тұлғалық ✓ Сенімділік ✓ Дифференциациялық ✓ Типизациялық ✓ Реалдылық Принциптің жақындылық комплексіне келесілер жатыды: ❖ Өндірістік мінездеме ❖ Экономикалық көрсеткіш ❖ Әлеуметтік және психологиялық мінездеме ❖ Білім мен іскерліктің көлемдік тізімі ❖ Гигиеналық мінездеме ❖ Медициналық тыйым салу әрекеттің тізімі ❖ Психограмма Профессиограмма құрылымы мамандықты оқу және зерртеу, соның негізінде іс-әрекеттің қасиеттерін тану. Бұған: • Кәсіптік сұрыптау • Кәсіптік бағдар • Кәсіптік консультация • Өндірісік оқыту • Еңбек шарты • Режимнің рационализациясы–жатады. Мамандықты психолгиялық зерттеу әдісі – бұл кәсіптік орта ерекшеліктері сұрау туралы жиналған ақпарат. Әдістер: ✓ Сұрау ✓ Бақылау ✓ Эксперимент Профессиографиялық әдістер Құжатты талдау. Өндірістің технологиялық кітаптарымен, мақалалармен, лауазымдық нұсқаумен және басқа жазбалыққұжаттармен танысу жатады. Еңбектің режимі мәселелері туралы терминология маманды бақылаған кезде бақылау жаспарын құрастырады көмектеседі. Сұрау әдісі. Ауызша сөйлесу немесе анкета формасында жүреді. Осы тәсілдің қиыншылығы толық мәлімет ала алмау, сол үшін қойылатын сұрақтар әрі қысқа, әрі нұсқа болуы шарт. Анкета жүргізу. Қойылатын сұраққа жазба жауап алу. Анкетаны екі типте жүргізуге болады: ашық жауап және таңдаулы жауап. Бұл әдіс көбінесе қосалқы әдіс ретінде жүріп отырады. Бақылау әдісі. Іс жүзін бақылау іс-әрекет формасын, тәсілдерін және басқа критерийлерін ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл әәдістің негізгі принциіпі – салыстыра қарау. Бақылау әдісінде зеттеуге қажетті құрал- жабдықтар қолданылады. Өзіндік бақылау және өзіндік есептеу әдісі. Өзіндік бақылау профессиографиясы екі формада өтеді: ❖ Маманның өзіндік есептеуі ❖ Психологтың өзіндік бақылауы Бірінші формада маман өзіндік әрекетін сыртқа дыбыстап алу мүмкіндігін алады. Екінші формада психолог сол мамандықты тереңдеп оқып, зерттейді және бұл әдіске еңбектік әдіс деген атау берілді. Эксперименталды әдіс. Эксперимент профессиографияда құрылған психограмманы талдау және тексеру негізінде жүреді.олар анкета, арнайы құрал-жабдықтар арқылы зерттелінеді. Эксперименттің рекшелігі ретінде қысқа мерзімде өндірістік процеске әсер етпей бір нақты максималды ақпарат жинау болып санады. Кәсіптік дайындық прооцесі кезінде болашақ маман кәсіптік міндеттерді шешуге арналған арнайы білім алады. Оларда кәсіптік іс-әрекет қасиеттерінің іскерлігі мен дағдылары дамиды. Кейбір қасиеттер тренировка негізінде қалыптасады. Кәсіптік дайындық негізінде келесі параметрлер қалыптасады: ✓ Жеке тұлғалық қатынас ✓ Іс-әрекеттің еңбектік және кәсіптік мотиві ✓ Еңбектік ұстаным ✓ Өзіндік баға ✓ Талаптану деңгейі Саналық және мақсатқа бағытталған іс-әрекет негізі дағды және іскерлік. Е.А.Милерян іскерлікті келесідей классификациялайды: ✓ Танымдық ✓ Жалпы еңбектік политехникалық іскерлік ✓ Конструктивті-техникалық ✓ Ұйдастырылған-технологиялық ✓ Операционды-бақылаушылық Осы классификация арқылы әр мамандықтың іскерлік деңгейін анықтуға мүмкіндік береді. Ю.З.Гильбух «адам-машина» системаның ақпаратты өңдеу деңгейлері мен іскерлік бірлігін классификациялады. Ол барлық еңбектік іскерлікті үш үлкен топқа бөлді: ✓ Ақпарат алу іскерлігі ✓ Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі ✓ Өңделген ақпаратты тасу іскерлігі Ақпаратты қабылдау іскерлігі тобына : сенсорлы, перцептивті, аттенционды жатады. Сенсорлы іскерлік жекеленген заттық қасиеттерді және еңбектік процесті қабылдау ақпараты жатады. Олар бірнеше түйсіктен жасалады: көру, есту, сипап-сезу, вибрационды, дәм сезу т.б.Перцептивті іскерлік анализатор арқылы заттың және еңбектік процесінің кеңістік- уақыттық қасиеттерін тұтастай қабылдауға көмек береді. Перцептивті іскерлікпен аттенционды іскерлік байланыста. Олардың көмегімен кәсіптік керек ақпарат мақсатқа бағытталуымен қабылданады. Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: мнемикалық, ойшылдық, имажитивті жатады. Оператордың мнемикалық іскерлігі естің екі типімен байланысты: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ес. Оперативті ес қабылданған ақпаратты қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік береді. Ойшылдық іскерлік кезінде ақпаратты өңдеу процесі жүреді және олар оперативті, ұзақ мерзімді есте сақталынады. Имажитивті іскерлік оператормен қабылданбаған заттың не құбылыстың кейіпін құрады. Сонымен ол туыстық заттардың не құбылыстың ұсынысына сүйенеді. Ақпаратты сақтау және өңдеу іскерлігі тобына: сенсомоторлы және перцептивті-моторлы іскерлік жатады. Осының көмегімен перцептивті-моторлы әрекеттерді координациялық түрде істей алады. Еңбектік оқытудың мақсаты – іс-әрекеттің өнімділігін, сапасын және жылдамдылығын қалыптастыратын дағды туғызу. Дағды қалыптасуының төрт деңгейі бар: ✓ Алдын алу ✓ Аналитикалық ✓ Синтетикалық ✓ Автоматизациялық Алдын алу дағдысы деңгейінде барлық ақпараттан керекті ақпаратты талдап алу жатады. Аналитикалық дағдысы деңгейінде қозғалыстың күші, көлемі және ұзақтығы ажыратылады. Синтетикалық дағдысы деңгейінде әрекеттің жеке элементтері қосыла отырып, бір тұтас сенсорлы жазықтық құрайды. Автоматизациялық дағдысы деңгейінде артық қозғалыстан арылытады. Қозғалыс бақылауы көруден сипап сезуге өтеді. № 11- Дәріс Тақырыбы: Кәсіби бағдар және кеңес берудің психологиялық негіздері Сұрақтары: 1. Кәсіби бағдар кешенді әлеуметтік мәселе. 2. Кәсіби бағдар формасы. 3. Кәсіби кеңес беру әдістері. 4. Кәсіби таңдау және кадрларды іріктеу Республикамызда кәсіптік бағдар беру – күрделі әлеуметтік- педагогикалық жүйе. Ол халық шаруашылығының дамуын, техника мен өнеркәсіптің өркендеуін, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуін талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы орналасуына, біртұтас еңбек, политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған. Әлеуметтік қызмет. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруді, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау керек. Экономикалық қызмет – жұмыс күшінің сапалы құрылымын арттыру, ұл- қыздардың жұмысқа деген қанағаттануын арттыру, жұмыс өнімділігі және кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу болып табылады. Психологиялық – педагогикалық қызмет. Ол ең алдымен, оқушылардың бейімділігін, ынтасын, қызығуын қалыптастырады. Жеке бастың өзіндік ерекшелігіне сәйкес мамандық тандау кезінде оларға көмек көрсету қажет. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби танымдылығын басқара білу және оның жолын анықтау жөн. Медициналық – физиологиялық қызмет. Бұл денсаулыққа қойылатын талап пен жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға көмектесу деген сөз. Мектептерде оқушылардың денсаулығының ауытқуын дер кезінде байқап, олардың мамандық таңдауға жоспарын дұрыс таңдап, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауларына жағдай жасалуы керек. Кәсіптік бағдар – бір-бірімен тығыз байланысты салалардын тұратын бірыңғай жүйе. Атап айтсақ, олар : кәсіптік ағарту, іс-әрекеттің саласында оқушылардыңынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту; кәсіптік ақыл-кеңес; кәсіптік таңдау; кәсіптік бейімдеу (адаптация). А) Кәсіптік ағарту – оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, психикалық физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарас дұрыс тәрбиелеу, психикалық- физиологиялық мүмкіндіктерін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсіну қалыптастыру. өз кезегінде кәсіптік ағарту кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен тұрады. Мысалы, оқушыларға ауыл шаруашылығының кейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол мамандықтарды оқып-үйренуге жағдай жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар туралы насихат жүргізу. Ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу. Жеке кісіге әсер ету оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсаты, мұраты, пәндерді саналы оқытуда қалыптасады. Адамдардың белсенділігінің жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асады. әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру – адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Пәнді, практикалық білімді игеруде, оқушылардың өмір тәжрибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады. Б) Кәсіптік ақыл-кеңес (консультация) беру арқылы оқушының өзіне тән ерекшелгігіне, таңдаған кәсібінің талаптарына баса назар аударылады. Бұл төмендегідей формада өткізіледі: - диагностикалық ақыл-кеңес оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталыған; - анықтама ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға не жұмысқа қабылдау, түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі, дайындық мерзімі, еңбек-ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолдары хабарланады; - қалыптастырушы кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауын басқаруды көздейді, ол ұзақ уақытқы созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіпті таңдауға қатынасының өзгеруіне байланысты болады. - дәрігерлік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психикалық- физиологиялық құрылымының таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психикалық – физиологиялық көрсеткішін анықтайды. Консультация оқушыларға әлеуметтік-кәсіптік жоспар жасауға көмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жаопы және кәсіптік білім алу деңгейін көтеру мәселелерін, мамандық таңдауда идеялық, ождандық негіздердің қалыптасуын, сол сияқты оқушылардың мәдени өсіп дамуын қарастырады. Мамандық туралы консультацияны жүргізуден бұрын, бастауыш кластан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер : оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқудан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болу керек. 1-4 класс оқушылары үшін жыл cайын кәсіптік бағдар қатарлары толтырылып, кейін олар класс жетекшілеріне өткізіледі. Оның үлгісі мынандай: • Оқушы туралы жалпы мәліметтер. Аты-жөні ___________________________________________ Туған жылы мектебі класы • Пәндер бойынша үлегрім бағалары (оқу жылдарына байланысты толтырылады) Ана тілі, Орыс тілі, Математика, Табиғаттану, Еңбек, Сурет, Дене шынықтыру, Ән • Қандай пәндерді ұнатады • Қандай пәндерді ұнатпайды Сабақтан тыс уақытта немен айналысады (керектісінің астын сызу керек) Кітап оқиды,сурет салады, конструкциялар құрастырады, тоқиды, ән-күймен шұғылданады (қай аспата ойнайды), қандай үйірмелерге қатысады, қандай ойындарды ұнатады? Кім болғысы келеді? Қандай мамандықтармен таныс? • Қандай мінез ерекшеліктері басым (керектісінің астын сызу керек): байқампаздық, білуге талаптылық, еңбекқорлық, бауырмалдылық, айналадағы құбылыстарға әсерлілігі, жігерлік, белсенділік, тұрақтылық, жауапкерлік, ақыл-ой өрісі. • Денсаулығы. Бастауыш класс мұғалімі (қолы) Мамандықтар туралы консультацияны класс жетекшісі, кәсіптік бағдар кабинетінің меңгерушісі немесе мектептегі психолог бере алады. Жиналған мәліметтер нақтылы оқушымен жұмыс істейтін барлық мұғалімдердің, үйірме жетекшілерінің назарына жеткізіледі. Бұл мәліметтердің нақтылығын педагогикалық (кеңес) тексеріп, шешім қабылдайды. Бұл жұмыста жоғарғы нәтижелерге жету үшін әр оқушыға жеке әсер ету әдісі белгіленедіжәне олардың негізінде мектеп пен класстың кәсіптік бағдар туралы жоспарыена тиісті өзгерістер енгізіледі. Жалпы және жеке оқушылармен жүргізілетін, келесі оқу жылдарына арналған жұмыстарлдың мазмұндары анықталады. Мектеп бітірушіге кәсіптік бағдар жөніндегі қабілеттері туралы өткен оқу жылдары бойынша жиналған мәліметтер ескеріліп, ұсыныс мерзімі беріледі. Сонымен мектепте дұрыс жолға қойылған кәсіптік консультация беру жұмысы барлық педагогикалық ұжымның жаппай күш жұмылдыруын талап етеді және жасөспірімдердің мамандық баға жетпес реттеуші рөлін атқарады. В) Кәсіптік таңдау . Ол мектептен тыс, арнайы лабороторияда және таңдаған мамандығының өзіне тән еңбек жағджайына байланысты жүргізіледі. Кәсіптік таңдаудың мақсаиты – аданың белгілі бір еңбек түріне жарамдылығын анықтау. Егер адамның таңдаған мамандыққа негізгі бір кәсіптік сапасы сәйкес келмесе, оны жұмысқа алудан бас тартады. Осыған байланысты кәсіптік таңдауды жеке бастың әлеуметтік ерікн азайтуға бағытталған акті деп қарауға болмайды. Керісінше ,ол жеке басты кейбір қауіптен алдын-ала сақтандыру болып саналады. Кәсіптік таңдау, кәсіптік бағдардың негізгі бөлігі болып табылады. Г) Кәсіптік бейімделу – жас адамның өндіріске, жеке әлеуметтік ортаға, еңбек жағдайына және белгілі бір мамандық ерекшелігіне белсенді араласу. Кәсіптік бейімделу дұрыс мамандық таңдаудағы негізгі жетісік болып табыларды. Кәсіптік бейімделу адамның sынтасын ары қарай жетілдіруге, оның еңбекке белсенділігін әлеуметтік таныммен бірге жүзеге асыруға бағытталған. Кәсіптік бағдар жұмысын екпінді жүргізу үшін оныңғ ақпараттығын қамтамасыз ету керек. Бұған жататаныдар: нормативтік құжаттар, әртүрлі нұсқаулар, оқушылардың кәсіптік шешімін жүзеге асыру мәліметтер, т.б. ақпарат жұмысын мамандықтар туралы мағлұматтар болып табылатын профессиография жүргізеді. Еңбек түрінің көпжақты, жүйелі жиынтықты анықтамасын профессиограмма деп атайды. Бұл оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескперіп, мамандық таңдауда қойылатын сұрақтарға жауап береді. Кәсіптік бағдар берудегі ең күрделі және жауапты нәрсе – оқушылардың мамандыққа деген қызығуы мен икемін, қабілетін тани білу. Бірақ оқушылардың мүмкіндігі бұ жерде шектеулі. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарында базалық кәсіпорының жастар ұйымы мектепке үлкен көмек көрсетеді. Қамқорлыққа алған мектеппен қарым-қатынас жасап ұру оларға болашақ жұмысшылар туралы түрлі мәлімет алуға мүмкіндік береді. Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты женбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. № 12-дәріс Тақырыбы: Өндірістік оқыту кәсіби дайындық мәселесі Сұрақтары: 1. Өндірістік оқыту аймағындағы еңбек психологиясының міндеттері. 2. Аналитикалық әдістер мен іріктеу. 3. Оқыту мен іскерлікті жоғарлату Жастарға дұрыс мамандық таңдауға көмектесу – оқу орындарының, бүкіл оқу- тәрбие процесінің ең негізгі міндеті. Негізгі мақсат пен міндет белгілі еңбек түрін таңдап, жастардың таңдаған мамандықтарына танымдық ықыласы мен бейімділігін қалыптастыру. Бұған, ең адымен, оқушылапрды үйірме жұмысын тарту арқылы қол жеткізіледі. Үйірме сабақтары кезінде оқушы өзінің мүмкіндіктері туралы үйірме жетекшісімен әңгімелеседі, білімін әрі қарай тереңдетіп, кеңейту жөнінде кеңес алады, мамандық таңдау жөніндегі жоспарын нақтылайды. Мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттардағы сабақ – оқушы бейімі дамуының бір шарты. МАОӨК-да оқушылар еңбек қызметін оқумен ұштасқан кең политехникалық негізде жүзеге асырады, мұнда игерген еңбек түрінде тұрақты ықылас қалыптасады. Еңбекке үйренуге кеңес берген кезде класс жетекшісі жұмысшы мамандығы оқушының таңдаған мамандығына тектес екендігін ескеруі қажет. Мамандыққа және оның талаптарына оқушының ықыласы мен бейімі, жеке басының ерекшеліктері сәйкес келген жағдайда мамандықты әрі қарай игеруі үшін нақты жағдайлар мен әрекеттер жасалады. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда оқушыға МАОӨК-да оқудың басқы профилі ұсынылады. Жеткіншектің қабілеті мен икемі туралы мәлімет жинау үшін класс жетекшісіне «Оқушы әрікеті түрлерінің кестесін» толықтырылуға кеңес беріледі. Кестенің көмегімен жеке оқушы белсенділігінің, оның түрлі бағытына бөлінген жалпы келбетін алуға болады, «Социометриялық анкета» арқылы жүзеге асырылатын оқушының іcкерлік қасиеттері туралы кластарының пікірін білген де пайдалы. Ол оқушы әрекетіне кластастары қойған 5 балдық бағадан көрінеді |Сұрақтардың нөмірі|3 балл |2 балл |1 балл | |1. | | | | |2. | | | | |3. | | | | |4. | | | | |5. | | | | Жұмыс әр оқушының өзін-өзі тануы мен тәрбиеленуіне көмектеседі, әр оқушы өз бетінше жауап беру керектігін мұғалім ескертеді де, мұнадай мысалды келтіреді: «әрқайсыларына жұмыс 4-7 адамнан тұратын бригада құру керек. Еңбек ақы жұмыстың саны мен сапасына қарай, бірақ бәріне бірдей млшерде төленеді. Кластастарымен кімдерді бригадаларына алар едіңдер? Үш оқушыны таңдап алыңдар да, менің түсіндіруімнен кейін олардың аты-жөнін тиісті сұраққа орай жазындар. Ең жақсы деген бригада мүшесіне үш балл беріп, оның аты-жөнін тиісті торға жазындар т.б. жауаптарыңды маған аты- жөндаріңді жазбай өткізіңдер, олар құпия, оны мен ғана білетін боламын» Бұдан соң мынадай сұрақ берілуі мүмкін: • Қолдарынан үздік іс келеді деген 3 оқушының аты-жөні (схема бойынша радиоқабылдағышты жинау, киім тігу, орындық жасау, ас әзірлеу т.б) • Оқушылардың бәрі қызығатындай баяндама жасап, жиналысконференция өткізуге өз кластарыңнан кімді таңдар едің? • Көңілді, салтанатты мектеп кешін ұйымдастырғанда кластарыңның ішінде кімнен көмек сұрар едің? • Күштілікті, шыншылдықты, ұжымдық сезімді қажет ететін қиын туристік сапарға класыңнан кімджі алар едің? |№ |Аты-жөні(алфавит |Сұрақтың нөмірі | | |бойынша) | | | | |1 |2 |3 |4 |5 | |1 |Ахметов Н |52 |10 |5 |12 |17 | |2 |Ақанов А |15 |7 |4 |12 |27 | Әр фамилияның тұсын жолдастарының пікірі бойынша оқушы жинаған балл мөлшері қойылады, ең жоғары және төменгі балл мөлшері қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады. № 13-дәріс Тақырыптары: Кәсіби қабілеттерді жоғарлатудың психологиялық аспектілері Сұрақтары: 1. Өнімділік, қабілеттілік түсініктерінің анықтамасы. 2. Өнімділік көрсеткіштері. 3. Адам ағзасындағы жұмысқа қабілеттерінің өзгеруі Қабілет дегеніміз – іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз етеін жеке адамның қасиеттерінің жиынтығы. Іс-әрекеттің түрі адамның психикалық қасиетіне байланысты. әрекеттің бір ғана емес, көптеген түрінің талабына жауап беретінжалпы қасиеттер, бірқатар ерекшеліктер бар. Бірінші, жалпы қабілет туралы, екінші, ерекше қабіліт. Ерекше қабілетке жалпы қабілетпен қатанақты әрекетті игеруге керекті қабілет жатады.имектепте оқу кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кезеңінде адамның жалпы қабілеттерін дамыту қажет, себебі олар кез келген әрекет түрін орындау үшін керек. Бұл ерекше қабілеттің қалыптасуында еш кедергі келтірмейді. Ортақ қабілет нителлектуалды, ерік-жігер және эмоционалды деп бөлінеді. Интеллектуалды қабілеттерге жататындар: Ақыл-ойдың айқындығы, онда ешқандай көмечскілік болмайды. Интеллекуалды емес, сонымен қатар моральдік келбет, себебі ақыл-ойдың айқындығы тек іс-әрекет үшіін емес, жауапкершілік сезімін де арттырады. Ақылдың логикалылығы – қатаң дәйектілік, ойлаудағы жүйелілік, зеріктік, ақыл-ой бағдарының жыолдамдығы. Ақыл-ой тереңдігі- заттар мен құбылыстардың жасырын қасиеттерін тануға көмектесу;ақыл-ой өрісінің кеңдігі – мәселенің барлық жағын ескеру қабілетін күшейту. Аталған қасиеттердің дамуы адамның ақыл-ой қабілетінің деңгейін сипаттайды. Еңбек әрекетінің дұрыс болуы үшін шешімділік, ұстамдылық, тәртіптілік, өзіне сенімділік, өзін-өзі билеу қасиеттері қажет. Жігерлілік адамның еңбекке деген қабілетін анықтайды. Басқа қабілеттер көрінбесе де, еңбекке деген жігерлілік іс-әреекттің ақырғы нәтижесін сипаттайды. Қабілеттің басқа да елеулі факторының бірі- ықылас. Кез келген іске деген ықылас қабілетті дамытады, табысқа деген сенімді күшейтеді. Б.Г Ананьев бойынша жеке тұлғаны дұрыс түсіну үшін жеке тұлғаның дамуының, оның дәрежесі мен әлеуметтік позициясының, әлеуметтік жағдайының анализі ажет. Шынымен де жеке тұлға іс-әрекетте қалыптасатындығын мойындайтын болсақ, іс-әреект нақты әлеуметтік жағдайда қалыптасалды. Бірақ кез келген адам онда әрекет етіп, қоғамдық қатынастардың құрастырылған жүйесімен ұсынылған нақты дәрежені иеленеді. Жеке тұлғаның дәрежесі обьективті болғандықтан, оны жеке тұлға бірдей немесе әртүрлі, белсенді немесе енжар үмкін. Ол жеке тұлғаның социумдағы орнын анықтайды. Жеке тұлғаның позициясы өз дәрежесінің әрекетшіл, субьективті жағы ретінде өз басшылыққа алатын жеке тұлға бағдарланған мақсаттарды, құндылықтарды анықтайды. Қасиеттердің осындай күрделі жүйесі дамудың әлеуметтік жағдайларындағы жеке тұлғаның рольдерімен жүзеге сасады. Осылайшы, жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларын-оның қажеттіліктерін, мотивтерін, қызығушылықтарын, тілектерін, ішкі сенімдерін, құнды бағдарларын, идеалдарын, бағыттылығын зерттеп, оның әлеуметтік рөлдерінің дәрежесінің, позициясының мазмұнын ұғынып, түсінуге болады. Алайда рөлді орындау сапасы, дәреже мен позиция жеке тұлғаның динамикалық тенденцияларыменьірге, оның мүмкіншіліктерімен, нышандарымен, арнайы қабілетерімен, дарындылықпен міндеттеледі. Жеке тұлғаның барлық психологиялық сипаттамалары, ол оның айналасындағы адамдарға қалай көрінсе, сол бейнеде сипаттайды. Алайда, адам басқаалары үшін емес, өзі үшін де өиһмір сүреді. Ол : мен кіммін?мен қандаймындеген сұраққажауап іздейді.адамныңөз-өзіне тиесілі психологиялық және әлеуметтік психологиялық сипаттамаларына ие субьектретінде ұғыну қасиетін өзіндік сана сезімі деп білеміз. Іс-әрекет әрдайым міндетті түрде психика қатысуымен түзілетін субьектінің обьектісімен байланысты. Қандай да бір іс-әреектті орындау барысында адам бірнәрсені қабылдауы, ойлауы, есінде қалдыруы, оған зейін туындап, ерік сапалары іскеқосылады, ниет –ұғымдары мен қатынастары т.б.Іс -әрекеттің мақсаты-сол іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын саналы болжау. Кәсіптік қабілет кәсіптік біліктіліктің түрде жүруін психологиялық процестермен қадағалау арқылы ерекшеленеді. Қабілеттілікке байлансты мамандар мынадай шеберлікті қалыптастыра білу қажет: • Коммуникативтік-адамдармен араласа білу; • Перцептивті-кәсіптік интуиция, эмпатия, рефлексия; • Тұлғалық динамизмі – еркін әрекет жасау қабілеттілігі және логикалық түрде шешімқабылдау; • Эмоционалды тұрақтылық-өзін басқару қабілеті; • Оптимистік түрде бақылау; • Креативтілік-шығармашылық қабілет. Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру үшін ұстаздар мен ұйымдастырушыларды нормативттік документтер мен талаптар дәрежесінде: кәсіптік бағдар жұмысының үлгі жоспарымен, кәсіптік бағдар міндеттерін оқыту процесінде жүзеге асыру, әңгімелер, кездемсулер, конференциялар, кештер және кәсіптік бағдар бероудің басқа түрлерін өткізудің, сондай-ақ сұрау қағаздарының үлгілерімен, оқушылардың ксіптік ынтасын дамытуға арналған топтық және жекелей жұмысты ұйымдастыру әдісі жөнінде ұсыныстарымен қаруландыру қажет. Кәсіптік бағдар беру жұмысында ғылым мен практиканың өзара байланыс сипатын мынадай жүйеден көруге болады: • Іргелі зерттеу • Эксперименттік талдау жасау • Педагогикалық заңдылықтарды орындау • Тәжірибені қорыту, қолданбалы зерттеулер • Методикалық талдаулар • Нормативтік нұсқаулар мен талаптар комплексі Осы аталғандардың ғылыми және практикалық қызметтің тұтас циклі болып табылады. Күрделі өңдеумен, қолданбалы зерттеулердің және методикалық сипаттағы жұсмыстиардың раснда нақты байланыс жоқ,бұл жағдайды ғылыми ойдың ерекшеліктерімен, сондай-ақ түрлі сатылардың белгілерін өзінде жинақтайтын зерттеулердің түрі мен әдістерінің алуан түрлі болуымен түсіндіруге болады. Іргелі зерттеулекр кәсіптік бағдарлың теориялық негіздері болғадықтан,олардыңөзіндік ерекшеліктері де болады. Іргелі зертеулер – ғылыми өнімнің шоғырланған түрі. Ғылыми тұжырымдардың одан әрі дамытылу кезеңінде оны практикаға енгізу жөніндегі арнаулы шаралар қажет. Көптеген методикалық құралдардың, ұсыныстардың, нұсқаулар «жоғарыдан төмен қарай» түскен принципін: • Іргелі зерттеулер • Қолданбалы зерттеулер • Методикалық талдаулар сақтау арқылы емес, практикада-методикалық талдау-методикалық талдау практика болып тұйықталу жолымен жасалатынын байқатады. Кәсіптік ынта мен бейімдікті, біріншіден алныған информацияны кәсіптік білімге пайдалану үшін, екіншіден, кәсіптік бағдар беру жұмысн тексеру үшін зерттеп білу керек. Еңбек пен мамандықтың психологиялық түсініктемесі-кәсіптік әрекет бұл ең бірінші еңбек әрекеті. әр адамның мамандықта ,еңбекте өз орнын табуына кедергі келтіретін жағдайларды Е.А. Климов былайша бөледі: -«Жеңіл еңбек» идеалы – адамға өз ісін емін-еркін , еш қиналмай атқартын кәсіп иесі немесе маман идеал бола алады. -«Аңғал антиэнтропизм» - күрделі обьектілер мен құбылыстарда өте қарапайымқалыптасқан белгілі бір тәртіп жүйесі сызбасына келтіру. -«Жандүниені түсінбейтін соқырлық» - басқа адамдардың әртүрлі жағдайларға байланысты көңіл-күйін, хал-ахуалдарын түсіне білмеу. -«Ғалымның» «тәжірибелі маман»алдындағы артықшылығы – кейбір жас маман көп жыл істеп жүрген мамандарды тәжірибелік негіздерге үйрету. Мамандықтың негізгі сипаттамасы: • Еңбек әрекетінің ең қарапайым түрі (еңбектің тарихи дамуы нәтижесінде); • Қоғамдық пайдалы еңбек; • Арнаулы дайындықты болжайтын әрекет; • Белгілі марапат моралдьық, материалдық байланысты орындалатын әрекет; • Адамға белгілі бір әлеуметтік және қоғамдық статус беретін әреект • Кез келген мамандық – бұл әрекет, жұмысқа қарым-қатынас адамның мамандығына кзөқарасын көрсетеді. Мамандық-кәсіптікпен түсіндіріледі. Квалификация – кәсіптік шеберлік, мамандық деңгейі. № 14- Дәріс Тақырыбы: Еңбек іс-әрекеті кезіндегі адамның психикалық күйі Сұрақтары: 1. Еңбек іс-әрекетіндегі адамның функциональды күйі. 2. Психикалық қажу күйі 3. Психикалық қажу мен басқа күйлерді өлшеу әдістері 4. Іс-әрекеттің экстремальды жағдайлары және стресс күйі. Еңбек іс-әрекетіндегі ойлауды Теплов зерттеп,оны практикалық деп атады.Теплов практикалық ойлаудың ерекшеліктерін бөліп көрсетті: 1.практикалық ойлау-практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты. 2.әрқашанда уақыт шектелген,сондықтан көптеген гипотезалар қарастырылмай қалады. Ойлауды зерттей келе Пушкин оған оперативті деген ұғымды береді(латынша-opera-еңбек деген мағына береді)яғни ойлау,оперативті ойлау кезінде қойылған шарттар мен талаптарды орындау кезінде дау-жанжал туындауы мүмкін. Пушкин диспечердің әрекетін зерттегенде оперативті ойлау келесі функцияларды атқарады:-1.Жоспарланған-ойлау әрекеті,белгілі уақыт ішінде құрылған жоспар бойынша әрекет ету керек.-2.Бақылау және реттеушілік жоспарды орындаудағы арнайы әрекет болып табылады.-3.Басқару процесіндегі нормадан ауытқу-тапсырманы орындауда көрінеді,диспечер мен жоғары қарқынға үлкен эмоциялы көңіл-күй әсер етеді.-4.Диагностика-апаттық жағдайда және қалыпқа келмейтін жағдайда туындайды. Еңбектегі ойлаудың диагностикалық қызыметін Р.Т.Сверчкова зерттеді.Ол диагностиканың кез келген обьектісіне мыналар тән деді:-а) Тура сол нормадан ауытқушылық-көптеген себептердің нәтижесі болуы мүмкін.-б) Бір себеп бір уақытта бірнеше салдар туғызуы мүмкін. -г)Көптеген комплексті себептердің салдары артық немесе кем ұқсастықта болуы мүмкін.-д) Себептер арнайы бақылаудан жасырын болғандықтан оны анықтау үшін арнайы жұмыстар атқару керек.-е) Басқа да белгілерді (симтомдарды) да анықтау үшін де көптеген жұмыстар атқару қажет. Сверчкова тәжірибелі жөндеуші мен тәжірибесі жоқ жөндеушінің әрекетін зерттеді-оларды диагностикалық тапсырмаларды орындау барысында салыстырды.Тәжірибелі жөндеуші-тәрірибесі жоқ жөндеушіге қарағанда өнімді,мықты жұмыс жасады. Диагностикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі практикалық іскерлік этаптарының ерекшелігін Сверчкова қарастырды: -1-этап.Интенсивті ізденпаз әрекеті. -2-этап.зерттеушілер өздерінің ішкі байланыстарын көрсетті. Пайымдау процесіндегі өзгеріс,зерттеушілер “себептерден салдарға дейін- дегенді ойлай бастады.Адамда себептен салдарға дейін –деген ұғым неғұрлым ерте және жеңіл болса,соғырлым диагностикалық тапсырманы рындау оңайға түседі. -3-этап. Ойлау-танудың эстафетасын автоматты байланыс аяасында береді.Тағыда себептерден салдарға дейін деген ұғым туындайды,бірақ басқа мақсатта. Еңбек әрекетіндегі болжамды Архангельский зерттеді,ол жоспарланған өз еңбегін зерттеп,жоспарланған жұмыс 3-формадан тұрады деді,олар: 1.Бағдарланған жоспар –бұл жаңа өндіруші тапсырмаларды орындау кезінде керек болады,тапсырманы орындау барысында жұмысшы мақсатты ұғынуға тырысады. 2.Ұйымдасқан жоспар –жұмысшы тапсырмаларды орындау кезінде барлық жағдайларды ойластырып,қалай өнімді жұмыс жасау керек екендігін қарастырды. 3.Жоспарланған орындау-жұмысты атқару барысын ойша қарастыру.Әрбір осы жоспарланған этаптардың бәрі арнайы күш жігерді талап етеді,яғни салыстыра алу,ой қорытындысын жасай алу,Архангельский жоспарлауды әрқашан ойша қарастырғанда-жұмыс барысында қолданылатын құралдарды,материалдарды,қолданатын басқада техникалардың бәрін қарастырған. Л.Л.Кондратьева қарастырылған экспериментте жоспарлау,білімнің қалыптасу мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қоса ол жүйелі жоспарды орындалмайтын тігіншілерді (тәжірибелі)қайтадан үйретті. Г.С.Альтшулер проблемалық жағдайларды шеше алу мүмкіндігінкөрсетті.Ол жұмысшыларды бейнелеудің басты әдістерімен таныстыру мақсатында техникалық курс ұйымдастырды.Курсқа қатысқан 10-даған жұмысшы тез арада авторлық куәлік алды. Психологияда ерік –ол адамның өзінің мінез-құлығымен әрекет-қылығын саналы реттеуді айтады және де мақсатты іс-әрекеттегі ішкі –және сыртқы қиыншылықтарды шеше алуды айтады. Еңбек әрекетінде ерік маңызды роль атқарады,өйткені еңбек рпоцесінде көптеген қиындықтар туындайды: шығармашылық байланыс жағдайлардағы күтпеген өзгерістер ,еңбектің өнімсіздігі ұзақ уақыттың кету. Бұл ішкі және сыртқы қиыншылықтарды шешпей іс-әрекет өнімді болу мүмкін емес. Еріктік қасиеттер:мақсатта бағытталу табандылық,шыдамдылық,батылдық және қайсарлық,талапкерлік және тәуелсіздік,төзімділік және өзін-өзі меңгерушілік әр түрлі мамандыққа бірдей қажет емес,кез-келген еріктік қасиет еңбектің мазмұнын анықтайды, спецификалық қиындықтар мен тәжірибелік ортаның ерекшклігі немесе байланысы. А.Ц.Пуни әр түрлі спорттағы еріктің өзіндік және динамикалық құрылымын сенімді түрде көрсетті.Ол дамытқан теориялық жағдай-жалпыға тән ортақ ұғым- еңбек іс-әрекеттері қолдануы мүмкін.Пуни еріктік қасиеттерді:қозғалмалы динамикалық жүйені бір-бірімен белгілі бір құрылым түзіп байланысты деді. Ерік қасиетіндегі іс-әрекеттің тұрақты объективті талабына сай,ең алдымен типтік болып табылады.Ерік қасиетінің құрылымы:Тұрақтылық немесе қозғалмалылық іс-әрекетінің талаптық тұрағ\қтылығын деңгейіне байланысты.Өзгермелі жағдай еріктік қасиет ретінде сол немесе басқа қасиет кірісе алады және сол қасиеттің әрекеттестігі өзгерді.Ақыл-ой мен мораьдық сезімнің,еріктің әрекеті жағынан қарастыра отыра-Сеченов арқылы құрылған ерікті анықтау болып табылады. А.Ц.Пуни әрбір еріктің тұлғалық көрінуі –интеллектуалды крмпоненттерден тұрады деді. Әрбір адамда-оның даму процесіндегі еріктің көрінуі өзінің ерекшелігіне байланысты. Пунидің айтуы бойыншаерікті тәрбиелеудің басты факторларын анықтау-еріктің басты интеллектуалдықтың қалыптасуы (өз бетінше сынаушылық,ақылдылық)еріктің моральды негізі (мінез-құлыықты тәрбиелеу) және кедергілерді және алудың қалыптасуы. Пуни және оның шәкірттерімен бірге спортта еріктік әркеттің техникалық реттеушілігі зеттеледі. М.Н.Ильинаның зерттеуі бойынша,еріктік қасиет және оның динамикасы адамның табиғи ерекшелігіне байланысты.Адамның ұзақ уақыт бойы жұмысты атқаруы,оған шыдауы болып табылады. Қозу процесінің қозғалмалы деңгңйіне төзу туралы тенденция қарастырылды.Бірақ,басты типолгиялық әсер-етудің ерекшелігі –төзімділік компонентіне байланысты:еріктік компонент жүйке- жүйесі мықты адамда кездеседі.Бірақ төзімділік жүйке жүйесі мықты және жүйке жүйесі әлсіз адамда да кездесе береді.Бұл факт Тепловтың айтқанын дәлелдейді,ол жүйке жүйесінің жақсы да жаман қасиеттері жоқ екенін және әрбір адам өзіндегі бар қасиетке бейімділігін айтады.Төзімділіктің ең бір ерекшеленген өзіндік мінездемесі(Ильинаның қарастыру бойынша)-қарым-қатынас пен өзіндік бағалауға әсер ететіндігі(экстрт\аверт және өзіндік төмен бағалайтын адам). Ильинаның зерттеуі боцынша-тәуелсіздіктің статикалық әрекетіне әсер етудің мотивін зерттеуде қызықты мағұлмат алды.Оның зерттеуінің нәтижесі бойынша,қолданған мотивті салыстыру кезінде төзімділіктің артуын көрсетті. Төзімділікті зерттеу үшін-жүйке жүйесі әлсіз адамдар мен жүйке жүйесі мықты адамдарға эксперимент жүргізді.Сондықтан жүйке жүйесі әлсіз адамдар –жүйке жүйесі мықты адамдарға олардың да төзімді келетінін көрсетті. Еріктік компоненттің артуына байланысты –жүйке жүйесі әлсіз адамның төзімділігі жоғары деңгейде болады.Өкінішке орай,мұндай зерттеулер басқа еріктік қасиеттерге өткізілген жоқ. Бірақ, шыдадылық және өзін-өзі басқару,табандылық және қайсарлық,батылдық және шешім қабылдай алушылық- адамдардың табиғи ерекшелігіне байланысты.Бір жағынан -әлеуметтік факторға,екінші жағынан дайындық пен тәрбиеге байланысты болуы мүмкін деп айтуға болады.Барлық психикалық қасиеттер-табиғи ерекшелікке байланысты тұрақты болып келеді. № 15. Дәріс. Тақырыбы: Еңбек қауіпсіздігінің психологиялық сұрақтары Сұрақтары: 1.Травматизмге байланысты Марбе теориясы. 2.Жүйке жүйесі сапасы және травматизм 3.Травматизмді анықтайтын психофизиологиялық факторлар Адамның еңбек етуі және еңбек барысында қалыптасқан бағалы құндылықтар мен қасиеттер еңбек психологиясының зерттеу объектісі болып табылады. Адамның еңбек етуін зерттеумен қатар адамның іс -әрекетін, биологиялық- әлеуметтік ерекшеліктерін, еңбек физиологиясы мен гигиенасын, терапиялық және профилактикалық маңызын, еңбек экономикасын , еңбек құқығы мен этикасын, еңбек ету теориясын қарастырады. Еңбек психологиясының дамуы және оның пайда болуы археологиялық және тарихи мәліметтермен байланысты. Сондықтан Б.Г. Ананьев әділетті түрде оның дамуына керекті комплекстерді айтты: «Өмір туралы және практика туралы айтқанда оның қажеттіліктерін, толық синтетикалықкартинасын білу қажет, бірақ физиологиялық, немесе психологиялық, немесе социалистикалық картинаны көрсете алмайды ». Еңбек психологиясы психологиялық заңдарды, психологиялық процесстерді және олардың жеке тұлға қасиеттерін және еңбекпен қатар физиологиялық және әлеуметтік ортамен байланыстарын қарастырады. Еңбек психологиясы И. М. Сеченовичпен байланысты. Ол табиғи психикалық рефлекстермен қызығып айналысқан. Сонымен қатар И. М. Сеченов белсенді демалу еңбек етуді жоғарылатып сақтайды деген. Келесі этап еңбек психологиясының дамуы сырт мемлекеттердің пайда болуымен тығыз байланысты, сондықтан біздің әлемде психологияның кешірек психотехникасы пайда болды . Еңбек психологиясының дамуында психологиялық, эксперементтарды физиологиялық,ғылыми факторлық, сондағы практикалық сфера медециналық, педагогикалық болып табылады. Сонымен қатар оны оқып білуде сезгіштік анализаторларда жеке қасиеттерді атап сондай-ақ төмен сезгіштіктердің сондағы профессиялық адамдарға көздің көруі, естуі және басқада органдарының жоғарғы деңгейде болғаны дұрыс. Екіншіден стимулдың дамуында, прикладной психология әлеуметтік зкономикалық жағдайлар жатыр. Бұл позиция Робер Лаганның айтуынша: «өнердіжақсы пайдалану коллективтағы адамдардың энергиясы қазіргі уақытта ерекше фактор болып табылады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы бұл олардың кадрларының жиынтығы ». Инженерлік- психологияның бағытын мынадай жұмыстарды айтуға болады. Жазу машинасындағы әріптерді, клавиатураның баспаларын сондағы қозғалу реакциясын жатқызамыз. В. Штерннің еңбегінде критериялық құндылықтардың көрсеткіштері, есте сақтауы, аффектік жағдайлар: осыған атақты орыс заңгері Ф. Кони психотехникалық және рекламалық проблемалар және оның санаға және астар санаға әсер етуі деген. Ағылшын психотехник Дилль Скотт шаруашылық, системасын қарастырды. Бірақ психотехникадағы ең басты көрініс табатыны профессиялық жиын. Сондағы психотехникадағы ең жарық бетті көрсеткен Гуго Мюнстерберг. Ол арнайы тесттарды профессионалды жиын түрде телефонисттарға, вагоновожатыйларға, теңіз штурмандарына өзінің ойларын, толық анализін көрсетті. Мюнстербергтің еңбек жазуларында, ол психологиялық профессияда вожатыйдың көз қарасын қарастырды және арнайы халықаралық психотехникалықконгресстік журналдар шығарылды. Біздің әлемде психотехника практикалық психологтялық білімі 20-жылдары қалынтасты Москвада, Ленинградта, Казаньда, Харьковте және тағы басқа қалаларды психотехникалық лабораториялар болды. 1927 жылы барлық Ресейлік психотехникалық ортада «Психофизиология труда және психотехника » деген журнал шығарылды. Бұл уақыттарды профессияграфикалық методтар, схемалар шығарылды. Сонымен қатар динамикалық еңбек ету және еңбек етудегі рядтық тәуелділік, факторлық қарастырылды ғылымдардың еңбектерінде еңбек етудің ақыл ойдың өзгеруіне, бір-бірімен тығыз байланысты деген. Дегенмен біздің әлемде фактически психотехника өзін мүлдем тоқтатты тек 30-жылдары ғана жиырма жыл өткеннен кейін ғана пайда болды. Кризис психотехниканы іштей әсерін тигізді. Механикалық позициялар профотборды үлкен қателік жіберді, яғни психотехникалық іс-әректтерге шек қойып отырды. Біздің әлемде жұмыссыздық ликвидациясы « өзін қалдырды » практикалық психотехникалық профотбор ең негізгісі. Бірақ бұл психотехникалық пайда болуына кері әсерін тигізген жоқ. Дегенмен психотехника өте тез өзін жоя бастады. 1957 жылдары наурызда дегенменде психотехника өзін қайта жаңғыртты. Осы жылдары Москвада еңбек психологиясына байланысты үлкен жиналыс өтті. Онда осыған байланысты ғылыми зерттеулер айтылды. Оның ішінде профессиялық заңдар, профессиялық шеберлік, еңбек етуі айтылды. Адамдардың еңбекке деген проблемалары, еңбек етудегі көрсеткіштер, аз мөлшердегі жұмысшылардың еңбек етуіне өзінің көрсеткіштерін көрсетуге ашуға қоғамдық ортаға көптеген көмек пайдаларын әкелді. Бұл еңбек психологиясының дамуына улкен әсерін тигізді. Осы 20- жылдың ішінде, осы этапты психология ғылымында көптеген өзгерістер болды. Мұнда теориялық және методологиялық еңбектер өткңзілді және жоғарғы деңгейдегі білім психологиялық эксперементтер өткізілді. Осы зерттеулер жаңа бағыииа жүргізіле бастады. 50-70-ші жылдары еңбек психологиясының мінездемесі өткізілді. Еңбек психологиясы арнайы психологияның облысы болып табылады және оның теориялық проблемкалары жалпы адам психологиясының негізгі проблемасы болды жеке тұлға психологиясының жұмысы осы периодта еңбек психикасына терең әсерін тигізді. Ал субъект индивит және жеке тұлға деп қарастырады. Кез келген еңбектің түтінде әрекеттер жүйесі болады. Еңбектің әр түрінде әрекеттер әртүрлі сипатқа ие, алайда сенсорлы болмасын, ақыл-ой әрекеттерінің болмасын барлығы үшін келесі факторлар тән: 1. мақсаттылық (бағыттылық); 2. ағымды әрекеттің еңбек объектісінің ағымды жағдайына сәйкестігі; 3. әрекеттің еңбек құралдарымен толықтырылуы; оның сипаты техникалық прогресстің дамуымен өзгереді; 4. бір әрекетті түрлі бұлшықет топтарының көмегімен орындау мүмкіндігін білдіретін еңбек әрекеттерінің полиэффектілігі; 5. фиксацияланған, автоматтандырылған және өзгермелі, қайта құрылатын компоненттердің арақатынасы; 6. еңбек әрекетінің қоғамдық байланыстылығы оларды орындайтын адаммен ғана емес, сондай-ақ басқа адаммен де немесе басқа адамдардың іс- әрекетінің материалдық өнімдермен (қолдану әдістерімен, сызбалармен, технологиялық карталармен және т.с.с.) реттелуін көрсетеді. Іс-әрекеттің жалпы құрылымын талдай келе А.Н.Леонтьев адам іс- әрекеті әрекеттер немесе әрекеттер тізбегі формасынан басқа формада болмайды дегенді баса айтады:«Бір әрекет түрлі іс-әрекетті жүзеге асыруы мүмкін, бір іс-әрекеттен екіншісіне ауыса алады. Бұл саналы мақсаттарға бағытталатын өзіндік салыстырмалы процестер». Әрекет орындалатын тәсілді А.Н.Леонтьев «операция» түсінігімен белгілейді. Операция негізінен мақсатқа емес әрекеттер шарттарына жауап береді. Сондықтан бір операцияның көмегімен түрлі әрекеттер жүзеге асырылуы мүмкін. Өз кезегінде ол көрсетілген шарттардың өзгеруі кезіндегі бір мақсатқа түрлі операциялардың көмегімен жетуге болады. Сонымен, адам өмірін оның жоғарғы көріністерінде қалыптасатын іс-әрекет анализі біріншіден, іс-әрекеттің жеке түрлерін олардың мотивін туғызатын критерийлері бойынша ерекшелейді. Одан кейін саналы мақсаттарға бағынатын процестер - әрекеттер ерекшеленеді. Ақырында, бұл нақты мақсаттарға жетудің шарттарына тәуелді операциялар. Бұл адам іс-әрекетінің бірлігі және оның құрылымын жасайды. А.Н.Леонтьев іс-әрекет жүйесінің жеке құрылымды белсенділігін және оның ішкі байланыстарын ашу қажеттілігін ерекше көрсетеді. Еңбек іс- әрекетінің жүйелік анализі мәселесіне психология толықтай жақындады. Оны шешудің методикалық әдістері жасалып жатыр, бірақ нәтижелерін айту ертерек. Еңбек әрекетінің сипаты, техникалық прогресс дамуымен байланысты олардың өзгерістері және осы динамиканы анықтайтын (субъективті және ортаға тәуелді) факторлар ғана зерттелген. Еңбек әрекетінің негізгі үш өлшемін ажыратады: қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық. Техника дамуының ерте сатысында қуаттылық факторы жетекші болды. Уақыт өте келе технологиялар өзгерді.Кеңістіктік және уақыттық факторлардың рөлі өсті. Бұл ірі қуатты қозғалыстардың соққы немесе қысымның неғұрлым нақты күшін қамтамасыз ететін неғұрлым көбірек ұсақ бөлінуге әкелді. Еңбек процесінің қозғалыс екпініне комплексті автоматизациясы мен механизацияның дамуы мен еңбек әрекетінің реттелуі қалай өзгерсе (ойлау әрекетінің рөлі өседі), дәл солай қозғалыстың негізгі өлшемінің сипаты да (қуаттылық, кеңістіктік және уақыттық) өзгереді. Өндірістік іс-әрекеттің көптеген басқа түрлеріндегі сияқты дистанционды басқару құралдары бар операцияларда қозғалыстар мөлшерлі болады. Бұл қозғалыстардағы бұлшықет қысымы күш-жігердің төменгі сатысында дифференцияланады. Еңбек операцияларындағы макроқозғалыстардың салыстырмалы анализі, қол әрекетінен (қарапайым шегені қағу мен күрделілердің бірі – радиошам бөлшектерінің монтажы) механизацияланған және автоматизацияланған өндіріске аысу, жасалатын макроқозғалыстардың мөлшерінің біртіндеп азаюымен қабаттасады. Қолдың басының, оның саусақтарының микроқозғалыстары еңбек іс-әрекетінің неғұрлым күрделі түрлерінде ғана көрінеді. Бір еңбек әрекетінің шегінде неғұрлым күрделі немесе нақты қозғалыстарға қосылған микроқозғалыстардың көлемі ұлғаяды. Еңбектің даму процесіндегі қуаттылық факторы кеңістіктік және уақыттыққа неғұрлым көбірек бағынады. Механизацияланған өндіріс жағдайында кеңістіктік-уақыттық факторлар өзіне толығымен қуаттылық факторын бағындырады. Бұл ірі екпінді қозғалыстардың кейіннен бөлшектеніп, неғұрлым ұсақталуына, қол саусақтарының микроқозғалыстарының пайда болуына дейін әкеп соғады. Алайда ұсақ қозғалыстармен қатар қолдың неғұрлым ірі бұлшықеттерімен орындалатын көптеген жұмыс қозғалыстарын сақтайды. Автоматтандырылған өндіріске көшу максималды нақтылық пен реакция тездігін (яғни кеңістіктік-уақыттық факторлардың рөлін жоғарылатады) қажет етеді. Қолдың ірі бұлшықеттерімен мұндай қозғалыс дәлдігін жүзеге асыру мүмкін емес. Саусақ қозғалыстарының ең нәзік қозғалыстары ғана қажетті дәлдікті қамтамасыз ете алады. Арақашықтықтан басқару құралдарын қолданғанда микроқозғалыс жиынтығының пайда болуы дәл осымен байланысты. Екпінділік факторы мұндай қозғалыстарда тоқтамайды, жеңілдемейді, керісінше, дамиды және қалыптасады. Және мұндай ұсақ қозғалыстар өз жиынтықтарында қатты, күшті қозғалыстарға қарағанда бұлшықет қуаттылығын көбірек қажет етеді. Н.А.Розе кәсіптік іс-әрекет ерекшеліктеріне байланысты әрекеттің қуаттылық, кеңістіктік және моторлы компоненттердің қатынасындағы айырмашылықтарды да көрсетті. Ол бірдей жастағы (18-21 жас) қыздар тобының қолының қуаттылығы мен дірілін салыстырды:құрылыс аумағының жұмысшылары, теледидар және радио машиналардың монтажшылары мен университет студенттерінде. Айырмашылықтар қол басының қуаттылығында неғұрлым айқын көрінді. Құрылысшы қыздарда ол радиошам бөлшектерін монтаждаушылардың қол күшінен 1,8-2-ге (өте нәзік және нақты өндіріс) және конвейер блоктарын монтаждаушылардың қол күшінен шамасы 1,5-ке жоғары. Тремордың (діріл) да кәсіптік ерекшеліктері анықталды. Құрылысшыларда неғұрлым жоғары тремор, үлкен тербеліс амплитудасы және жиілігі анықталды. Ең төменгі тремор радио монтажшыларда орнатылды. Н.А.Розе бұл мәліметтер нақты өндіріс саласындағы кәсіби таңдаудың табиғи ерекшеліктерін көрсетеді деп санайды. Монтажды өндіріс жағдайында тремордың жастық-жыныстық ерекшеліктері де нақты анықталды. Ерекше нақты монтажды өндірістің барлық аумақтары ережеге сәйкес қыздармен қамтамасыз етіледі. Көптеген зерттеулер ер адамдардың треморы үлкен тербеліс амплитудасымен және үлкен жиілігімен сипатталатынын көрсетеді. Бұдан басқа 400 монтажшы жұмыс істейтін аумақта тек 9 ғана 30 жастан жоғары, олардың өзі неғұрлым ірі радиошам бөлшектерінің монтажымен айналысты. Ережеге сәйкес жұмысшыларда 28-29 жасқа келгенде еңбек өнімділігі төмендеп, ал одан кейін олар нормамен жұмыс істей алмайды және басқа аумақтарға істеуге көшеді. «Сірә, мұнда біз кеңістіктік қатынастар қызметінің ерте қартаюымен кездесеміз»- деп қорытындылайды Н.А.Розе. Н.А.Розенің монографиясында әйелдер мен ер адамдардың қол қуаттылығының жастық өзгешеліктері туралы, ерік-жігер күшінің, жастық-жыныстық ерекшеліктерінің жетістігі туралы, дене қалпының өзгермелі жағдайындағы қол қозғалыс дәлдігінің жастық ерекшелігі және т.б. туралы мәліметтер де келтіріледі. Автор алынған фактілерді кәсіби іс- әрекет ерекшеліктерін байланыстырмайды, алайда Розенің зерттеулерінің нәтижелері еңбек психологиясы үшін, әсіресе кәсіби таңдау мен кәсіби оқыту жүйесінің психологиялық негізделуі үшін сөзсіз маңызы бар. Күрделі техникалық құрылыммен жұмыс жасайтын адамның әрекеттер құрылысында үлкен рөлді сенсомотрлы реакциялар ойнайды. Адам психомоторикасының жалпы сипаты тұрғысынан сенсомоторлы реакциялардың барлық түрлерін жаттықтырудың табылуы қызығушылық туғызады. Сонымен қоса сенсомоторлы реакция жылдамдығының өзіндік реттеу мүмкіндіктерін көрсететін мәліметтер бар. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. 3.1. Еңбек психологиясы пәні, негізгі мәселелері. Ғылыми зерттеу әдістері. Объективті және субъективті әдістері. Герменевтикалық әдіс. Эргономика. 3.2. Еңбек туралы психологиялық білімнің мәдени тарихи дамуы. Еңбек психологиясының тарихи Тейлор жүйесі. Тейлоризс. М.Вебердің бюрократиялық концепциясы. А.Файолдық әкімшілік концепциясы. 3.3. Еңбек психологиясы әлеуметтік психологиялық процесс. Еңбек туралы халықтық, философиялық көзқарастар. Еңбек пен мамандықтың психологиялық түсінігі. Еңбек және еңбек мотивациясы. 3.4. Еңбек - адамзат қоғамында бірінші өмірлік қажеттілік. Еңбек адам санасын қалыптастырушы. Еңбектің психологиялық белгілері. Еңбек постысының негізгі құраушылары. 3.5. Кәсіптік бағдар жұйесі. Е.С.Романова және Т.А. Сугробова бойынша комплексті профессиограмма. Профессиограманы өңдейдің жалпы схемасы. Кәсіптік іс-әрекетті суреттеу схемасы. 3.6. Кәсіптік бағдар салалары. Кәсіпкерлік адам психикасын жүйелі ұйымдастырушы. Жұмысшының жеке қасиеттері және жұмыстың индивидуалдылығы кәсіптік бағдар салалары. Кәсіптік ағарту; ақыл-кеңес 3.7. Кәсіптік бағдар, жұмысын басқарудың мақсаттары, міндеттері Еңбек субъектісі және оның құрлымы. Еңбек субъектісінің кәсіпке дейінгі дамуы. Д. Эльконин, Эриксон, Е.А. Климов. Кәсіптік бағдар жұмысын бассқарудың мақсаттары мен міндеттері. 3.8. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, үйлестіру және басқару. Кәсіптік бағдар жұмысын жоспарлау, үйлестіру және басқару. Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың психологиялық негізі. 3.9. Профессиографиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу. Профессиография туралы түсінік. Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі. Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру. 3.10. Ықылас пен бейімділікті қалыптастыру. Ықылас пен бейімділіктің психологиялық сипаты. Ынта-ықылас пен бейімділікті қалыптастыру шаралары. Кәсіптік дағдылар мен олардың маңызы. 3.11. Еңбек қабілетінің дамуы. Еңбек қабілетінің психофизиологиялық негізі. Қабілетті қалыптастыру жолдары. Еңбек қабілеті адам өмірінің сапалық негізі. 3.12. Адамның еңбек арқылы қалыптасып, дамуы. Еңбек туралы философиялық, әлеуметтік, психологиялық көзқарастар. Адам санасының қалыптасуындағы еңбектің маңызы. Еңбек жетекші әрекет. 3.13. Еңбекті ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері. Еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру 3.14. Кәсіптік әрекеттегі стресстер мен дау-дамайлар. Еңбек іс- әрекетіндегі адамның функционалды күші. Психикалық қажу теориясы. Монтондық күй. Психикалық қажуды өлшей әдістері. Стресс жағдайлардың психологиялық негізі. Кәсіптік білім туралы туралы түсінік. 3.15. Кәсіптік білімнің негізі. Кәсіптік іс-әрекетінің тиімділігіне әсер ететін факторлар. Кәсіптік білімнің психологиялық негізі. 4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ Курс жұмысы жоғары оқу орындарында негізгі мамандыққа байланысты оқылатын пәндерге өз ерекшеліктері бар бағыттарды терең ашып көрсетуді қажет ететін өздік шағын ғылыми жұмыс түріне жатады. Курс жұмысын жасау үстінде студент оған бекітіліп берілген ғылыми жетекшіден үнемі кеңес алып отырады. Дипломдық жұмыс. Студенттің жоғары оқу орны қабырғасында болған кездегі өздігінен жасаған ғылыми еңбектерінің қорытындысы жайлы оның ерекше шығармашылық ғылыми-зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмысқа студент өздігінен рефераттар, ғылыми журналдарғы, мақалалар жазып, түрлі ғылыми үйірмелер мен ұйымдар жұмысына белсенді қатысып, курс жұмыстарына ғылымилығы – мәселелерді қарастыра отырып келсе студентті ғылыми жағынана қалыптасқан және шығармашылық қабілетке ие болған тұлға ретінде қабылдауға болады. өздігінен ғылыми зерттеу жұмыстарын меңгерген жастар өздігінен шығармашылық еңбек жасайтын және қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешеш алатын маман болып табылады 5.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫСЫ Студенттердің өз бетінше жұмысы – көп күш жігер жұмсауды қажет ететін жұмыстың түрі. СӨЖ – арнаны уақыт ішінде оқытушының тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындайтын жұмыстары. СӨЖ үшін белгілі дәрежеде студенттің ақыл-ойы, күш-жігері, білімі мен қабілеті жұмсалады. СӨЖ-ның түрлері мен типтері, классификациясы педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде бұрыннана қалыптасқан. Жоғары мектептің қазіргі дидактикасы СӨЖ-ның төмендегідей классификациясын тиімді деп есептейді ➢ Үлгі бойынша өз бетінше жұмыс; ➢ Сындарлы-вариативті (конструктивно-вариативный) өз бетінше жұмыс; ➢ Эвристикалық өз бетінше жұмыс; ➢ Ізденушілік өз бетінше жұмыс; өз бетінше іздену студентке ғылыми көзқарасының қалыптасуына және шығармашылық кәсіптік қабілеттің дамуына негіз салады. Студенттердің өз бетінше жұмысының түрлеріне: ➢ Оқулық және қосымша әдебиеттермен жұмыс; ➢ Сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білу ➢ Коллоквиумда, семинарда өз көзқарастарын ауызша айта білу; ➢ әр пәннің ерекшелігіне сай негізгі ұғымдарды таба білу және қорытынды жасай білу ➢ конспект, шығарма, мәнжазба, баяндама,аннотация жазу; ➢ жаттығулар орындау, кестені толтыру, сызбалар сызу ➢ тезис, жоспар құру, ауызша пікір айту жатады. СӨЖ тақырыптарының тізімі. 5.1. Еңбек психологиясы пәні, негізгі мәселелері. 5.2. Еңбек туралы психологиялық білімнің мәдени-тарихи дамуы. 5.3. Еңбек психологиясы әлеуметтік психологиялық процесс. 5.4. Еңбек адамзат қоғамында бірінші өмірлік қажеттілік. 5.5. Кәсіпті психологиялық зерттеу 5.6. Профессиографиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізу. 5.7. Ықылас пен бейімділікті қалыптастыру. 5.8. Адамның еңбек арқылы дамып, қалыптасуы. 5.9. Кәсіптік әрекеттегі стресстер мен дау-дамайлар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz