Файл қосу
Файл спецификациясы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14.2.07.1.20.55/03-2013 | |«Информатика» пәні бойынша|Баспа №1 03.09.2010 | | |оқу-әдістемелік материалдар|орнына №2 басылым | | | |28.08.2013 | | «Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешен «5В060200» мамандықтарына арналған оқу-әдістемелік материалдар Семей 2013 Мазмұны 1. Дәрістер 2. Практикалық сабақтар 3. Зертханалық сабақтар 4. Студенттің өздік жұмысы 1. Дәрістер 1-Дәріс. ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ Дәріс сабағының мазмұны: Информатиканың негізгі ұғымдары. Информатика құрамы. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технология ұғымы Санау жүйесі Информатика – ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар, ол – ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттық құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым. ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп атба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі «Informatigue» деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі «Computer science» деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады. Сонымен, ақпараттың түрлену жолдарын зерттейтін ғылымды информатика дейміз. Оның негізгі аппараты электрондық есептеуіш машинасы болып саналады. Сол себепті ЭЕМ-ді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатикада 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады. ИНФОРМАТИКА Алгоримдік Программалық Техникалық бөлік бөлік бөлік 1.1-сурет. Информатиканың құрамы Техникалық жабдықтар (ағылшынша hardware) мен программалық жасақтар (ағылшынша software) осы екеуінің негізі болып болып есептелетін алгоитмдік бөлік соңғы кезде ғана толық түрде бір жүйеге келтіріліп, информатиканы оқытудың өзекті мәселесі ретінде кеңінен қарастырыла бастады. Егер информатиканың мағынасын толық ашатын болсақ, онда оны 1) ақпаратты автоматты түрде жинау, сақтау, іздеу және тасымалдау; 2) ақпаратты өңдеу және түрлендіру тәселдерін жасау (ойлап табу); 3) ақпаратты өңдейтін электрондық есептеуіш техникасын дамыту жолдары деп түсіну керек. Қазіргі кезде кез келген ғылым саласында өте көп ақпарат жинақталған. Мысалы, физика, химия, математика т.б. салаларда өте көп формулалар, ұғымдар, схемалар бар. Оларды оқып-үйрену үшін информатиканы кеңінен қолдануға болады. Осы тұрғыдан алғанда информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – ЭЕМ-дердегі ақпаратты сақтау, өңдеу жолдарымен танысу және үйрену; қалаған мамандықты игеру жолында кездесетін есептерді шығару үшін ЭЕМ-ді кеңірек қолдана білу. Соңғы кезде информатикаға байланысты ақпараттық технология деген сөз жиі айтылып жүр. Ақпараттық технология – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шаруашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішінен ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология «адамдық факторға» үлкен көңіл бөледі және оның шеберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді. Қазіргі кездегі ақпараттық технология ұғымын мәліметтер өңдеуге байланысты үш түрге жіктеуге болады, олар: есепке алу, талдау және шешім қабылдау. Осы уақытқа дейін бұл жұмыстар адамның басқаруымен қағазға жазылған құжатты өңдеу түрінде өтетін, ал енді басқару, ұйымдастыру жұмыстарын ЭЕМ көмегімен автоматты түрде атқару жаңа ақпараттық технологияның тууына себепші болды. Бұл жаңа технологияның бұрынғы технологиядан айырмашылығы – тізбектеле орналасқан ақпараттық техника, «жылы жүзді» программалық жасақ және дамытылған компьютерлік байланысты кеңінен қолдану. Сонымен жаңа ақпараттық технология төмендегі мынадай мүмкіндіктерді орындауы тиіс: - әрбір адам мәліметтерді дұрыс орналастыра білуі керек; - мәліметті өңдеу барысында оларды өрнектеу, сақтау, іздеу, бейнелеу және өзгерістен қорғаудың бірыңғай үлгісіне келтіріп, жинақталған мәліметтер қоймасын пайдаланатын ақпараттық қолғабыс көрсету; - кез келген құжатты қағазсыз өңдеу ісін ұйымдастыру, мұнда қағазға құжаттың ең соңғы нұсқасы ғана түсіріледі, ал басқалары электрондық машинаның мәлімет жинақтағыштарында (дискілер) сақталады да, экранда көрсетіледі; - адам үшін көптеген жеңілдіктері бар есепті шығарудың сұхбаттасу режимін (интерактивті режим) жүргізу; - бір-бірімен байланысқан ЭЕМ-дерді пайдалана отырып, құжатты ұжымдық түрде даярлау; - есепті шығару барысында мәліметтерді бейнелеу тәсілін жылдам өзгерту мүмкіндігі болу. Бұл күндері жаңа ақпараттық технология информатиканың негізгі бір саласы болып табылады, оның болашақта басқа салаларда істейтін мамандар жұмысына тигізетін әсері зор болады деп күтілуде. Ақпараттық техника – ақпаратты өңдеуге керекті техникалық аспаптар жиыны. 1.2-суретте көрсетілген алғашқы екі техника түрі үздік-үздік цифр түрінде берілген дискретті мәліметтермен жұмыс істейді, олар: ЭЕМ-дер үшін екілік сандар, ал телеграфияда – морзе әліппесі. Қалған техника түрлері үздіксіз электр сигналы ретінде берілетін мәліметтерді пайдаланады. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНИКА ЭЕМ Телеграф Магниттік Теледидар, жазу радио, телефон 1.2-сурет. Ақпараттық техника құрамы Болашақта дискретті мәліметтермен жұмыс істейтін аспаптар көбейе түсуі тиіс,өйткені олар жоғары дәлдікпен сенімді түрде тыңғылықты қызмет атқарады. Сол себепті қазіргі кезеңде цифрлы телефондар мен теледидарлар шығарыла бастады. Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптеп жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады: 1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару; 2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру; 3) ЭЕМ-дерді халық шаруашылығында экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарына пайдалану; 4) ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану; 5) ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.). Информатиканың дамуы елдің экономикалық құрылымының және еңбек өнімділігінің өсу деңгейін көрсетеді, сол себепті ол елдің экономикалық қуаттылығының көрсеткіші бола алады. Санау жүйелері— сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез – келген сан сәйкес алфабиттің цифрлары арқылы жазылады, және де әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын, оның орнына тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік. Сондықтан теңдік дұрыс (астынғы индекстер санның қандай санау жүйесінде жазылғанын көрсетеді): 555,510 =5-102 +5-101 +5-100 +5-10-1; 11,012 =1*21+1*20+1*2-1+1*2-2 Екілік санау жүйесінде қосу. Алдын – ала қаралып кеткен ойлардан кейін екілік санау жүйесіндегі бірразрядты сандарды арифметикалық қосу ережесінің орындалу ретін жазайық: 0+0=0; 1+0=1; 0+1=1; 1+1=10. Демек, аса толу болғанда, үлкен разрядқа ауысу кезінде белгілі есте сақтауды пайдалана отырып, келесіні аламыз: 11101010011,111 +1111100101,011+101100111001,010 Екілік санау жүйесінде алу. Алу амалы қосу амалының керісіншесі болғандықтан бірразрядты сандардың арифметиаклық алынуының ережесін екілік санау жүйесінде жазамыз: 0-0=0; 1-0=1; 1-1=0; 10-1=1. Осы ережені қолдана отырып, кез – келген жоғарыда келтірілген қосындыны алынған қосылғыштарды қолдана отырып, алумен тексеруге болады. Бұдан, қандай – да бір разрядтағы нөлден бірді алу үшін, «қарыз алу” яғни жетпей тұрған санды көшілес үлкен разрядтардан алу қажет (сондай - ақ, ондық санау жүйесіндегідей үлкен санды кіші саннан алу сияқты). Екілік санау жүйесінде көбейту. Бірразрядты екілік сандарды көбейту ережелері ең анығырағы: 0.0=0; 1-0=0; 0-1=0; 1-1=1. Яғни, екі көпразрядты екілік санды көбейту процесін оларды баған бойынша жазу арқылы келесі нәтижені аламыз: 1011,01 х 101,11 101101 101101 101101 101101 1000000,1011 Ескерту, бұл есепті шешу кезінде әрбір разрядта төрт разрядты екілік санның қосындысын табу керек болды. Бұдан екілік санау жүйесіндегі келесі жағдайларды да ескердік 1 +1 +1 =10+1 = 11; 1+141+1=11+1 =100. Екілік санау жүйесінде бөлу бұл да көбейту мен алуды қолдана отырып ондық сандардағыдай іске асырылады: [pic] Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне өту 1210 санының екілік санау жүйесінде ұсынылуын табу керек болсын. Келесі түрде көрсетеміз: 12 – ден бастап әрбір дара алынғанды 2 ге ауыстыратындай жүйенің негізіне бөлеміз. Аламыз. Одан кейін, соңғы дарадан бастап (біздің жағдайда ол әрқашан 1-ге тең болады), барлық қалдықтарды ескере отырып, үлкен разрядқа жазылатын екілік көрсетілуді қалыптастырамыз. Қорытындысында келесі жауапты аламыз: 1210 == 11002. Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне өту. Бұл өту — жоғарыда көрсетілгенге қарама – қарсы. Бұны орындау жеңіл, яғни екілік санау жүйесінің позициясына негізделе отырып жасаймыз. Екілік санның заңды жазылуы негіздерін дәрежелеу қосындысы түрінде, Яғни екіні дәрежелеу түрінде көрсетілген. Осындай жазба жасау арқылы, алынған қосындының ондық мәндерін санау керек: 1000001001,1012 = (1 • 29 + 0 • 28 + 0 • 27 + 0 • 26 + 0 • 25 + +0•24+1•23+0•22+0•21+1•20+1•2-14-0•2-2+1.2-з)10 = (512 + 8 + 1 + 1.2+ 1/8)10= (521 + 5/8)10= (521,625)10. (Ескерту, берілген екілік жазбаның ұзындығына қарамастан, 2 санының дәрежесін керек кезде қол астынан табылмайтын, калькуляторсыз оңай есептеуге болады. Шындығында, белгілі, 25 = 32; 28 = 256; 210 = 1024. Яғни белгілі санды екіге бөлу немесе көбейту оңайырақ. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1 Ақпарат дегеніміз не? 2 Ақпараттық процестердің тірі табиғатта, техникада, біздің арамызда бар екендігін дәлелдейтін мысылдар келтір. 3 Адамның ақпараттық әрекеті жайлы не айтуға болады? 4 Адаманан адамға ақпартты қандай формада беруге болады және ол форманы таңдау неге байланысты? 5 Ақпаратты берудің қандай құралдары болуы мүмкін? 6 Формалды тілдерге мысал келтір. 7 Ақпартты кодтау процесі немен анықталады және оның керектігін айт? 8 Ақпаратты өлшеу әдістерін айт. 9 Ақпаратты өлшеу бірлігінің қандай түрлерін білесіңдер? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1. Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2. Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3. Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997 4. Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997 5. Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995 Қосымша Әдебиеттер a) Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS b) WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 c) Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 d) Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998 e) Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997 f) Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. g) Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. h) Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996 i) Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997. j) Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998 2-3 Дәрістер. ДК архитектурасы Дәріс сабағының мазмұны: Базалық аппараттық конфигурация. Жүйелік блоктың ішкі . құрылғылары. Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары. Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады.Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьтердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады.Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады: ▪ Жүйелік блок; ▪ Дисплей немесе монитор; ▪ Пернетақта; ▪ Тышқан Жүйелік блок . Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок . Ол тік қораптың ішіне салынған . Оның ішіне дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан . Жүйелік блок құрамына процессор , жедел жад (RAM), тұрақты есте сақтау құрылғысы , қоректендіру блогы , енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді . Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар (периферийлі) деп аталады . Монитор . Монитор – мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы . Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады . Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері :экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы ,бейнені жаңартудың максималдық жиілігі , қорғау класы . Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған . Экранның стандартты мөлшерлері : 14 ,15, 17, 19, 20, 21. Қазіргі кезде мөлшерлері 15,17 дюйм болатын мониторлар кеңінен таралған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдпланған тиімді. Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған . Осы тік сымдар арасындағы қадым неғұрлым кішкене болған сайын , алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді.Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27 мм. Пернетақта – дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік – цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды. Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады. Пернетақтаның құрылысы. Стандартты пернетақта жүзден аса пернелерден тұрады. Олар бірнеше функционалдық топтарға бөлінген. Алфавиттік – цифрлық пернелер тобы символдардан тұратын ақпаратты енгізуге арналған. Функционалдық пернелер тобына пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасқан он екі перне кіреді. Бұндағы әрбір перне қандай да бір функционалдық қызмет атқарады. Қызметтік пернелер алфавиттік-цифрлық пернелер тобының маңайында орналасқан.Төменде пернелер тізімі мен олардың атқаратын қызметі сипатталған : ▪ Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі . ▪ Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді. ▪ Tab пернесі мәтінді терген кезде табуляция позициясын енгізу үшін қолданылады. ▪ Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады. ▪ Print Screen – ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған. ▪ Shift пернесі жоғарғы регистрдегі символдррмен мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданылады. ▪ Home – меңзерді жолдың басына алып келеді. ▪ End – меңзерді жолдың аяғына апарады. ▪ Delete –мәтіндік меңзердің оң жағындағы символды өшіруге арналған перне, сонымен қатар қаптамаларды, құжаттарды, экран обьектілерін жою үшін де қолданылады. ▪ Page Up және Page Down – бір бет жоғары немесе бір бет төмен жылжу. ▪ Caps Loks пернесі бас әріптер режимін қосады немесе ағытады . ▪ Num Lok s пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады. Тышқан. Тышқан-графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы.Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес.Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тышқанды жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды. Монитор мен тышқан бірігіп қолданушы интерфейсінің жаңа түрі-графиктік интерфейсті құрайды. Тышқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп,басқару элементтері әрекетке келтіріледі. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары Аналық плата. Аналық плата дербес компьютердің негізгі тақшасы болып табылады .Онда келесі құрылғылар орналасады : ▪ Процессор ▪ Шина ▪ Жедел жад ▪ Тұрақты жад ▪ Слоттар Процессор. Процессор-көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі компьютерлерде бір немесе бірнеше процессорлар жұмыс істейді. Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды.Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады.Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатын білдіреді. Шектелген үйлесімділікке ие болған процессорлар тобын процессорлар топтамасы деп атайды. Мысалы, барлық Intel Pentium процессорлары х86 топтамасына жатады.Бұлардың негізін қалаушы 16- разрядты Intel-8086 процессоры болып табылады.IBM PC компьютерінің ең алғашқы моделі осы процессордың негізінде құрастырылған. Кейінірек Intel 80286, Intel 80386, Intel 80486 , Intel Pentium 60,66, 75,90,100,133;Intel Pentium MMX, Intel Pentium Pro, Inteil Pentium 2, Intel Celeron, Intel Pentium 3 процессорлары шығарыла бастады.Бұрын дербес компьютерлер үшін процессорлар шығаратын тек Intel фирмасы болса, кейінірек ADM, Cyrix фирмалары да процессор шығарумен айналыса бастады. Процессордың бір-бірінен өзгешелігіолардың типтері мен ырғақтық жиіліктерінде. Ырғақтық жиілік- олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді.Мысалы, Intel Pentium типтегі процессорлар75,90,100,120,133,150,166,200 және 233 МГц жиілікпен жұмыс істейді. Шина. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар: мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина. Компьютердің жадысы. Компьютердің жады- оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне , ақпаратты сақтау мерзіміне параметрлеріне қарай ажыратылады. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз бииттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.Сонымен 1 байт көлемдегі жадқа бір символ сақтауға болады. Қазіргі кездегі компьютерлердің жадының көлемі миллиондаған байтқа жетеді, сондықтан оны килобайт , мегабайт, гигабайт арқылы қысқаша өрнектеген ыңғайлы: ▪ 1 Гбайт=1024Мбайт ▪ 1Мбайт=1024 Кбайт ▪ 1Кбайт=1024 байт Жедел жад немесе жедел есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. Дербес компьютерлердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді.Pentium типтес компьютерлердіңжедел жадының көлемі 8 Мбайттан 256 Мбайтқа жетеді. ОЗУ-дың құрылысы оны үнемі ұлғайтып отыратындай етіп жасалынған. Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы артады. Тұрақты жад-стандартты програмаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад.Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады ,ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі. Жадтың өзгермейтін түрін құрады. Мұнда компьютер құрылғыларын басқаруға арналған жүйелік программалар орнатылған.Компьютерді іске қосқаннан кейін жабдықтарды біртіндей тестілеу процесі басталады. Процессор мен бейнеадаптерді тестілеу процесі аяқталғаннан соң мониторға диагностикалық хабарлама шығарылады. Содан соң компьютердің бастапқы жүктелу процесін басқаратын программа орындалады. Қатқыл диск. Қатқыл диск үлкен көлемдегі мәліметтер мен программаларды ұзақ сақтауға арналған негізгі құрылғы.Шындығына келгенде ол бір диск емес бірнеше дискілердің жинағынан тұрады.Қатқыл дискінің негізгі параметрлеріне оның сыйымдылығы мен жұмыс өнімділігі жатады.Қазіргі кезде қатқыл дискінің көлемі 40 Гбайтқа жетті және ол одан әрі ұлғайтылуда. Иілгіш дискілерге арналған дискенгізгіш. Иілгіш дискілер бір компьютерден екінші компьютерге ақпарат алмастыру үшір, әзір жұмысқа қажет емес ақпаратты сақтап қою үшін қажет. Иілгіш магниттік дискілер арнаулы дискжетек деп аталатын тасуышқа салынады. Дискжетек жүйелік блокта орналасқан. Қазіргі дербес компьютерлерде 3,5 дюймдік дискеттер қолданылады.Оған 1,44 байт көлеміндегі ақпарат жазылады. Жинақы-дискіге арналған дискенгізгіш. 1994-1995 жылдары аралығында дербес компьютерлердің құрамына кіретін диаметрі 5,25 дюймдік дискілерге арналған дискжетек алып тасталынып , оның орнына өлшемдері тура осындай болатын CD- ROM тасуыштарын енгізді. СD- ROM (Comact Disc Read- Mtmory)сөзінің қазақша аудармасы жинақы-дискіге негізделген тұрақты есте сақтау құрылғысы. Кәдімгі жинақы-диск көлемі 650 Мбайтқа жуық мәліметті сақтай алады. Мәліметтер көлемінің үлкен болуы мультимедиялық ақпараттарға тән, сондықтан CD-ROM дискжетегін мультимедия аппараттық құралдар қатарына жатқызады. Лазерлік дискіде таратылатын программаларды мультимедиялық басылымдар деп атайды. Бейнекарта. Монитормен бірігіп бейнекарта дербес компьютердің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады.Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA.Ол16,7 миллион түстерді экранға шығарып беруді қамтамасыз етеді.Экранның шешуі бейнекартаның негізгі параметрлері болып табылады. Әр монитор үшін өзіне сәйкес тиімді экран шешуі анықталған .Мысалы, өлшемі 14 дюйм болатын монитордың экран шешуі 640х480, ал 19 дюймдік экрандар үшін 1280х1024 шешу пайданылады.Мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу үшін 640х480 шешулі мониторлар жеткілікті.Көптеген қолданьалы программалармен жұмысжасау үшін шешуі 1024х768 болатын мониторлар қажет болады. Дыбыстық карта. Дыбыс картасы программасы барлық компьютерлік жүйенің дыбысын реттейтін базалық реттеуішке жатады. Яғни ол дыбыс қаттылығын барлық түрін реттейді. Программалық және аппараттық құралдар дыбыстары осы дыбыс ретеуіш қойылған шек көлемінде жұмыс істейді, дыбыс реттеуіштерді индекация тақтасында орнатып болған соң оған таңбаша құрылады. Тышқанның сол жақ басқышын осы таңбашада шерту арқылыреттуіш – мастер ашылады. Ол компьютерде орнатылған барлық дыбыс құрылғыларына әсер етеді. Тышқанның осы таңбашада оң жақ басқышын шерту кеңейтілген терезені ашады да, дыбысты анықтауға болады: стерео баланс және әр құрылғыға өз дауыс тембірін беруге болады. Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары Периферийлі (сырқы) құрылғылар. Сырқы құрылғылар (принтер және т.б.) компьютер аппаратурасына сыртқы құрылғыларды басқару құрылғылары деп аталатын арнайы контроллерлер арқылы қосылады. ➢ Мәліметтерді енгізу құрылғылары ➢ Мәліметтерді шығару құрылғылары ➢ Мәліметтерді сақтау құрылғылары ➢ Мәліметтерді алмастыру құрылғылары Мәліметтерді енгізу құрылғылары Пернетақта. Басқару сигналдарын беру және компьютерге ақпарат енгізу үшін керек. Ол алфабитті – сандық пернелердің стандартты жиынтығынан, сондай – ақ басқарушы және функциональдық, курсорды басқару пернелері, кіші сандық пернелер деп аталатын қосымша пернелерден тұрады. Монитор — ақпараттың визуальды бейнесі көрінетін құрылғы (мәтін, кесте, сурет, және т.б. түрінде). Сканер — компьютерге графикалық бейнелерді енгізу үшін керек құрылғы. Құжаттың цифрланған бейнелерін құрады да, оны компьютер жадысына апарып орналастырады. Егер принтер ақпаратты компьютерден шығарып беретін болса, сканер керісінше қағаз бетіндегі ақпараттарды компьютер жадысына апарып орналастырады. Сканерлердің қолмен жасалатын түрлері, яғни құжат бетін қолмен домалату арқылы және планшеттік сканерлер сыртқы түріне байланыстыкөшіру машиналарына ұқсайды Манипуляторлар (тышқан, джойстик.) — бұл курсорды басқару үшін қолданылатын арнайы құрылғылар. Тышқан алақанға толығымен сиятын кішкентай қорап түріндегі құрылғы. Тышқан компьютермен адаптер арнайы блогымен кабель арқылыбайланысқан және оның қимылы дисплей экранындағы курсордың қимылына сәйкес. Құрылғының жоғарғы бөлігінде басқарушы батырмалар орналасқан (әдетте үшеу). Ол қимылдың басы мен соңын беруге, менюде таңдау жасауға көмектеседі. Джойстик —бұл стержень – қалам. Тік күйден басқа жаққа ауытқуы манитор экранындағы курсордың өзгертілуіне сәйкес келеді. Әдетте компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде джойстикке басу датчигі орналастырылады. Бұл жағдайда пайдаланушы қаламға неғұрлым көп күш түсірсе соғұрлым дисплей экрандағы курсор тез жылжиды. Трекбол —Корпустың жоғарғы бөлігіне орналастырылған шаригі бар кішкентай қорапша. Пайдаланушы шарикті қолмен жүргізіп отыру арқылы сәйкесінше курсорды қозғалтады. Тышқаннан ерекшелігі оған компьютер қасынан бос орын бөлудің қажеті жоқ, оны машина корпусына да орналастыруға болады. Мәліметтерді шығару құрылғылары Принтер — баспаға шығару құрылғысы.Компьютерде кодталған ақпараттарды печатталған мәтін көшірмелері түрінде немесе графика түрінде шығаруды орындайды. Принтерлердің мыңдаған атаулары бар. Бірақ негізгі принтерлердің үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және жылжымалы(струйный). - Матрицалық принтерлер кіші тетіктер комбинациясын қолданады, олар бояғыш лентеларға ұрып отыру арқылы,символдарды қағаз батіне басып шығарады. Принтерде басылатын әрбір символ, тік қатарлар түрінде қалыптастырылатын 9, 18 немесе 24 ине жиынтығымен құрастырылады. Бұл арзан принтерлердің кемшіліктеріне оның жұмысының шулылығы, сапасыз басып шығарылуы жатады. Ол негізінен үй мақсаттарында қолданылады. - Лазерлік принтерлер ксерокстар (көшірмелер) сияқты жұмыс жасайды. Компьютер өз жадысында мәтін бетінің “бейнесін” қалыптастырадыда, оны принтерге жібереді. Бет жайлы ақпарат электрлік қасиеттерін жарықтандыруға байланысты өзгертетін, жарық сезгішпен жамылған, айналып тұрған барабанға лазерлік сәуле арқылы беріледі - Жәй жылжымалы принтерлер сия нүктелері арқылы тізбектелген символдар түрінде генерацияланады. Принтердің баспаға беру тетігінің ұсақ каналдары болады. Олар арқылы беттерге тез кебетін сиялар шашылады. Бұл принтерлер қағаз сапасын талап етеді. Түрлі – түсті жәй жылжу принтерлері 4 негізгі түстен тұратын сияларды араластыра отырыптүсін құрады. Олар ашық көк, қып – қызыл, сары және қара. Принтер компьютермен прнтер кабелі арқылы байланысқан. Ол кабелдің бір ұшы принтер тетігінің ұясына, ал екінші ұшы компьютер принетрінің портына қосылады. Порт – бұлсыртқы құрылғы мен компьютер процессорын қосады. Плоттер (графқұрастырғыш) — Компьютердің басқаруымен графтар, диаграммалар және суреттер салуға арналған құрылғы. Плоттер іс схемеларын, географиялық және метеорологиялық карталар, архитертуралық жобалар және күрделі конструкциялық сызбаларды алу үшін қолданылады. Плоттер бейнелерді қалам көмегімен салады. Мәліметтерді сақтау құрылғылары Ақпараттарды сақтау принциптері. Компьютерде өзінің функционалды белгіленуіне байланысты және ақпаратты сақтау әдістеріне байланысты, сондай- ақ конструкциясына байланысты қолданылатын жадының бірнеше типі ерекшеленеді. Компьютер жадысы негізгі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Қазіргі кездегі компьютерлердің сыртқы жадықұрылғылары компьютерді өшіргеннен кейінгі ақпаратты сақтап қалуға мүмкіндік береді., өйткені оларда магниттік немесе оптикалық ақпаратты жазу-оқу әдістері қолданылады. Бұл жағдайларда ақпаратты тасымалдаушы ретінде магниттік және оптикалық дискілер қолданылады. Негізгі жады кей кездері ішкі жады –деп те атайды, ол жүйелік блоктың ішінде орналасады.Ол кез-келген компьютердің міндетті құрама бөлігіне жатады., персоналды компьютерлерде материндік платада орналасады және электрондық микросхема түрінде таратылады. Негізгі жады тұрақты және жедел жадыдан тұрады. Тұрақты жады немесе тұрақты есте сақтау құрылғысы — ПЗУ (Read only memory - ROM), — тек оқуға арналған жады. Жоғарыда айтылғандай ол электрондық схема түрінде таратылған және компьютердің бастапқы жүктемеленуі кезіндегі программаларды сақтаументораптарын тестілеу үшін қызмет етеді. Бұл жадының типін біз тұрақты деп атаймыз, өйткені мұнда жазылған ақпарат компьютерді өшіргеннен кейін өзгермейді. Ол энергияға байланысты емес, сондықтан ондағы командалар электронды микросхемамен контактыға түскен бірінші ток импульсының берілуімен-ақ орындалады.(Айта кетейік ТСҚ –да сақталған ақпаратты компьютерді өшіргеннен кейін өзгертуге болмайды дегенді білдірмейді, өйткені сақталған ақпараттарды өзгертетін қайта программаланатын тұрақты жады- деп аталатын жады да кездеседі.) Жедел жады немесе жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ), процессормен орындалатын өңдеу операциялары кезінде өзгертілетін ақпараттарды өзгертуге немесе керек кезінде қолдануға болады. Бұнда сақталатын барлық ақпарат компьютер қосылып тұрған кезде ғана жадыда сақтауға болады. Құрылымдық түрде жедел жадыны сақтау үшінразрядтарға бөлінген және осы разрядтардың әрқайсысында бит ақпараттар сақтау үшін арналған жады ұяшықтарының жиынтығы ретінде қарауға болады. Сәйкесінше әрбір жады ұяшықтарына нөл мен бірден тұратын жиынтықтар жазылады немесе биттердің реттелген тізбектері компьютердің ақпараттық бөлігін бүтін ретінде қарайтын тиянақты – машиналық сөз. Машиналық сөз компьютердің типіне байланысты әртүрлі ұзындықта болуы мүмкін ( 8 ден 64 битке дейін) және жады ұяшығында кідіретін ең үлкен санды анықтайды. Байтпен өлшенетін архитектура кезінде ақпараттың ең кіші өлшеу бірлігі ретінде байт алынады, бұл кезде машиналық сөз 2, 4-ке немесе 8 байтқа тең болуы мүмкін.Сәйкесінше компьютер жадысының көлемін Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, байтпен өлшеуге болады. Сондай-ақ жедел жадыда машиналық сөз тізбектері түрінде деректер және программалар сақталады. Кез- келген уақытта ұяшықтың кез-келген жерінен таңдау жасауға болады. Сондықтан бұл жадыны еркін таңдау жадысы деп те атайды — RAM(Random Access Memory). Ақпаратты сақтау және оның тасымалдағыштары. Компьютердің сыртқы жадысы (жұмсақ және қатты дискілер, СD-RОМ-дискілер) XX ғасырдың аяғында ақпараттар ағымының көбеюіне байланысты оларды үлкен көлемде және ЭЕМ-нің пайда болуына байланысты ақпаратты тасымалдағыш, яғни ең ықшам түрде ақпараттарды көп уақытқа сақтау қажеттілігі туды. Қазіргі төртінші кезеңдегі компьютерлерде қолданылатын тасымалдағыштарға жұмсақ және қатты магниттік дискілер және СD-RОМ-дискілер жатады. Олар компьютердің сыртқы жадысының құрамын құрайды. Тасымалдағышқа ақпаратты жазу сондай-ақ оны іздеу, оқу және жедел жадыға орналастыру үшін қолданылатын құрылғыны жинақтағыш - деп атаймыз. Жазбаның негізіне ақпаратты сақтау және оқу үшін екі принцип болады: — магнитті және оптикалық. Олар компьютер өшкеннен кейін де, ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Магниттік дискілер (МД), олар қатты және жұмсақ болып екіге бөлінеді. Жұмсақ(ЖМД) дискіге 5,25 дюйм (133 мм) қазіргі кезде1,2 Мбайта ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар. Қатты магниттік дискі немесе винчестер, әдетте дисководпен бірге жүйелік блок корпусына орналастырылады(сыртқа орналастыруға болады). Кез- келген, магниттік алғашқы кезде жұмысқа дайын емес. Оны жұмысқа дайын күйге өткізу үшін, оны форматтау керек, яғни диск құрылымы құрылуы керек. ЖМД- үшін бұл магниттік таңбалармен белгіленген секторларға бөлінген магниттік топталған жолдар. Ал қатты МД немесе цилиндр-деп қарауға болады. Дискінің барлық жұмыс істеубеттерінде бір-бірінің үстіне орналасқан. CD-RОМ (Сотрасt Dіsc Rеаd Оп1у Метоry) 3 Гбайт көлемге дейін игереді. Ақпаратты сақтау сенімділігіменен ұзақ төзімділігіменен ерекшеленеді. (Сапалы түрде қолданғанда 30-50 жылға дейін жұмысқа жарамды болуы мүмкін).Диск диаметрі 5,25, және 3,5 дюйм болуы мүмкін. Оқу және жазу принципі- оптикалық. Компакт-дискіден ақпараттарды оқу лазерлік сәулелердің көмегімен орындалады. Магнитті-оптикалық дискілер. Мұнда магнитті және оптикалық жетістіктері ескерілген, оларда кемшіліктер жоқ. Магнитті-оптикалық дискілерге ақпараттарды тез жазуға және оқуға болады. Олар ЖМД- қасиеттерінің артықшылықтарының барлығын сақтай отырып,(бөлек сақтау мүмкіншілігі және компьютер жадысының кеңейтілуі сияқты). Магнитті оптикалық дискінің конструктивті құрамы қалың шыныдан төселген, үстінен мөлдір қорғайтын пластикамен сәуле шашатын алюминдік пленка және ферромагниттік тасымалдаушы жағылады, дискіге қапталады. Өте үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады. Мәліметтерді алмастыру құрылғылары Модем — телефонның байланыс желілері арқылы алыс ара қашықтықтағы компьютердің деректерін жеткізу үшін арналған құрылғы. Компьютермен өңделетін сандық сигналдарды телефондық желі арқылы тікелей беруге болады. Өйткені ол адам тілімен сигналдардың дыбыстық жиіліктерін үздіксіз беру үшін арналған. Модем — дыбыс диапозонының айнымалы ток жиілігіне компьютердің цифрлық сигналдарын ауыстыруды орындайды. Бұл процесс модуляция деп аталады, сондай – ақ кері ауыстыруды да жасайды. Ол ауыстыруды демодуляция деп атаймыз. Модем сөзі осы модулятор/демодулятор сөздерінен шыққан. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қандай сыртқы құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады? 2. Қандай сыртқы құрылғылар шығару құрылғыларына жатады? 3. Ақпаратты сақтаудың негізгі принциптары. 4. Ақпарат қайда сақталады? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 1997 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 1997 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 3.Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998 4. Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,1997 5.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 6.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 7.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 1996 8.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 1997. 9.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 1998 4-дәріс. ДК программалық жабдықтары Дәріс сабағының мазмұны: Программалық жабдықтардың жіктелуі Қолданбалы ПЖ Жүйелік ПЖ Аспаптық ПЖ Программалық жабдықтар ЭЕМ-нің жұмысын қамтамасыз ететін барлық программалар жиынынан тұрады, оларды программалық жүйе деп те атайды. Программаларсыз ЭЕМ-нің жұмыс атқаруы мүмкін емес. Программалық жабдықтар – ЭЕМ-ді толық пайдалануға арналған программалар мен олардың қолдану ережелерін сақтайтын құжаттар жиыны. Оның құрамдық бөліктерін 1.1-суреттен көруге болады. Қолданбалы Тестілік Жүйелік Текстік программалар программалар программалар программалар Операциялық Утилиттер Драйверлер Программалау жүйе тілдері Қолданбалы немесе кәделі программалар – белгілі бір мамандық саласындағы арнаулы есептерді шығаруға арналған программалар тобы. Текстік программалар – текс түрінде дайындалып, операциялық жүйенің басқаруымен бірден орындалатын программалар жиыны. Кростық немесе тестілік программалар деп компьютердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін тексеріп, оны жасап шығару кезеңінде аппараттық құрылғыларының қызметін толық бақылауға арналған программаларды айтады. Жүйелік программалар компьютерді толық басқаруды қамтамасыз етіп, оның мүмкіндіктерін жетік пайдалану жұмысын атқарады. Олар операциялық жүйелерден, шеткері құрылғыларды басқару программалары – утилиттерден, драйверлерден (сервистік программалар) және программалау тілдерінен тұрады. Драйверлер – белгілі бір сыртқы құрылғыны басқаруды ұйымдастыратын айрықша арнайы программа. Олар процессорды принтермен, пернелер тақтасымен, дискілермен байланыстырады. Утилиттер – жұмысты жеңілдететін программалар тобы. Олар программалардың мазмұнын көруді, оларды көшіруді, көбейтуді қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.Қандай сыртқы құрылғылар енгізу құрылғыларына жатады? 2.Қандай сыртқы құрылғылар шығару құрылғыларына жатады? 3.Ақпаратты сақтаудың негізгі принциптары. 4. Ақпарат қайда сақталады? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 5-Дәріс. ДК-де ақпаратты сақтаудың файлдық құрылымы Дәріс сабағының мазмұны: Файл түсінігі. «Файл» түсінігі. Файл аты. Каталогтар. Файл спецификациясы. Файл атрибуттары. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою. 1. «Файл» түсінігі Қазіргі барлық дискілік операциялық жүйелер дисктерде мәліметтерді сақтауға арналған файлдық жүйелерді құруды қамтамасыз етеді. Файлдық жүйені ұйымдастыру принципі – кестелік. Файл – бұл дискте сақталатын және аты бар ақпарат жиынтығы. Файлдарды жиі екі категорияға бөледі: текстік және екілік. Текстік адамның оқуына арналған. Олар символдар жолынан тұрады. Текстік файлдарда құжат текстері, программалау тілдерінде программа тексті және т.б. сақталады. Текстік емес файлдар екілік деп аталады. Олар компьютерге ғана түсінікті, қандайда бір нақты программамен оқуға ыңғайлы түрде болады. Экранға қараған кезде бізге түсініксіз – кодтар шығады. Әрбір программа (компьютерді қосқан кезде жүктелетін операциялық жүйеден басқа) осы программаны жүктейтін файлдың өз құрамында болады. Яғни орындаушы файл – оны орындауға жіберетін программаның басты файлы. Орындаушы файлдар әдетте com немесе .exe атты кеңейтілімі болады. 2. Файл аты Операциялық жүйелер мен басқа программалар файлдармен қатынаста болу үшін олардың белгілеулері болуы керек. Осы белгілеулерді файл атауы деп атаймыз. Файл аты екі бөліктен тұрады: атауынан және кеңейтілімінен (яғни файл типінен). Кеңейтілім атаудан нүкте арқылы ерекшеленеді. Файл атауында 1-ден 8-ге дейін (MS DOS және Windows 3.1 операциялық жүйелері үшін) символдар болуы мүмкін. Файл атауы ақпараттандырылған болуы және сақталған ақпараттың мазмұнын көрсетуі керек. Арифметикалық операцияларды, пробелды, қатынасты, пунктуацияны (* ? : ; < > + / \) қолдануға болмайды. Файлдың кеңейтілімі файл атының элементі болып табылмауы да мүмкін. Тек кеңейтілім бойынша операциялық жүйе файлдың типі мен программаны анықтап, оның көмегімен осы файлды өңдеуге болады. Дербес компьютерде жұмыс істеу кезінде бірнеше стандартты кеңейтілімдер қойылған: o ARJ – архивтік файл; o ВАК – файл көшірмесі; o BAS –Бейсик тіліндегі программа; o ВАТ – пакеттік командалық файл, орындаушы файл; o СОМ – командалық жүйелік файл, орындаушы файл; o DOC – текстік құжаттың файлы, мысалы Microsoft Word; o EXE – орындаушы файл; o HLP – анықтамалық ақпаратқа арналған файл; o PAS –Паскаль тіліндегі программа; o RAR – архивтік файл; o SYS – операциялық жүйенің мүмкіндігін кеңейтетін файл, мысалы драйверлер; o TMP – уақытша файл; o ТXT – текстік файл; o ZIP – архивтікй файл және т.б.. Файлдардың дұрыс атауларының мысалдары: o Progr1.exe o PROGR2.COM o tablica.TXT o dannye.doc o мой документ.doc (Windows 95 және одан жоғары жүйелерге арналған) Дұрыс емес атаулардың мысалы: o Prog.text – кеңейтілім атауында 3 символдан жоғары o Prog.15.txt – екі нүкте қолдануға болмайды Файлдар тобын белгілеу үшін шаблондар пайдалануға болады. Шаблон немесе нұсқа деп ауқымды символдар (шаблон символдары) пайдаланылатын файл атауы немесе кеңейтілімі аталады. Ауқымды симолдары * (жұлдызша) немесе ? (сұрақ белгісі) болып табылады. Файл атауында (кеңейтілімінде) жұлдызша оның орнында атаудың (кеңейтілімнің) осы позициядан бастап соңына дейін кез келген белгілер тұруы мүмкін. Мысалы, o *.xls – барлық файлдар xls кеңейтілімімен (table.xls, document.xls) o forma.* –барлық файлдар forma атауымен (forma.doc, forma.txt) o d*.exe – барлық файлдар exe кеңейтілімімен, олардың атауы d (d1.exe, doc.exe) басталады. Файл атауында (кеңейтілімінде) сұрақ белгісі берілген позицияда кез келген символ тұруы мүмкін дегенді білдіреді. Файл атауында (кеңейтілімінде) бірнеше сұрақ белгілері тұруы мүмкін. Мысалы, ✓ prog?.txt –prog сөзінен және бесінші позицияда кез келген символдан (progA.txt, prog1.txt) басталатын текстік файл. 3. Каталогтар Файл атаулары каталогтарда (немесе директорияларда) дисктерде тіркеледі. Windows-та каталогтарды бума деп атайды. Каталог – бұл файл аттары, файл өлшемі туралы мәліметтер, олардың соңғы жаңартылуы, файл атрибуттары (құрамы) және т.б. сақталатын дискідегі арнайы орын. Егер каталогта файл атауы сақталса, онда бұл файл берілген каталогта орналасқан. Әрбір дискте бірнеше каталог болуы мүмкін. Барлық каталогтар арнайы түрдегі файлдар болып табылады. Әрбір каталогтың өз аты бар және ол басқа каталогта тіркелуі мүмкін. Егер X каталог Y каталогта тіркелген болса, онда X - подкаталог (немесе бағыныңқы каталог), ал Y – надкаталог немесе Х үшін аналық каталог. Әрбір дискте бір басты немесе түпкі каталог болады. Мұнда файлдар мен подкаталогтар тіркеледі. [pic] Түпкі каталогтан бастап, ағаш бұтағы тәріздес қажет файлға немесе подкаталогқа дейін түсуге болады. Әрбір каталог келесілерден тұрады: o тек файлдардан o тек подкаталогтар o файлдар мен подкаталогтар o бос Түпкі каталогтың аты пайдаланатын дискілік құрылғының атауымен бірдей болуы керек. Егер қатты диск бірнеше бөлімшелерге C:, D:, ... бөлінген болса, онда оның әрбіреуінде бір-бірімен байланыспаған өз файлдық құрылымы құрылады. 4. Файл спецификациясы Жол – бұл "\" символмен бөлінген каталог атауы немесе ".." символының жиынтығы. Бұл жол дискінің ағымды каталогынан немесе түпкі каталогынан керек файл сақталған каталогқа маршрут береді. Егер жол "\" символынан басталса, онда маршрут дискінің түпкі каталогынан басталады, әйтпесе ағымды каталогтан. Файлдың толық атауы мына түрде беріледі ([ ] жақшалармен қажет емес элементтер белгіленеді): [дисковод:] [жол\]файл-атауы яғни файл сақталған каталогқа жол және "\" символымен бөлінген файл аттарынан тұрады. [pic] Файлдардың толық аттарына мысал: |С:\DOS\RAB\PROG1.exe |- prog1.exe файлы қатты дискіде (C: бөлігі) DOS | | |каталогына кіретін RAB подкаталогында жазылған | |D:\DOKUMENT\tablica.tx|- tablica.txt файлы қатты дискіде (D: бөлігі) DOKUMENT| |t |каталогында сақталған | |A:\file1.txt |- file1.txt файлы осы уақытта сәйкес құрылғыда | | |орналасқан дискеттің түпкі каталогында | 5. Файл атрибуттары Атрибуттар – файл құрамын анықтайтын қосымша параметрлер. Операциялық жүйе оларды бақылауға және өзгертуге мүмкіндік береді. Негізгі атрибуттар төртеу: o тек оқуға арналған – R (Read only) o Тек қана оқуға арналған атрибут файлмен жұмыс істеу мүмкіндігін шектейді. Мұндай файлды жаңарту немесе жою кезінде жүйелік әдістермен қате іс-әрекет жасалғаны туралы шығады. Файл атрибуты кездейсоқ өзгертулер немесе жоюдан файлды қорғау үшін орнатылған. o жасырын – Н (Hidden) o Жасырын атрибуты фалдық операциялар жүргізу кезінде экранға берілген файлды көрсетпеу керектігі туралы операциялық жүйеге сигнал береді. Бұл шара файлдың кездейсоқ бүлінуіне қарсы іс- әрекет. o жүйелік – S (System) o Жүйелік атрибутымен операциялық жүйенің жұмысында маңызды функциялары бар файлдар белгіленеді. Оның ерекшелігі, операциялық жүйе мүмкіндіктерімен оны өзгертуге болмайды. Жүйелік атрибуты қойылған көптеген файлдарда Жасырын атрибуты қойылған файлдар да бар. o архивтік – A (Archive) o Архивтік атрибуттар резервті көшіру программаларының жұмысы үшін пайдаланылған. Файлды өзгертетін кез келген программа осы атрибутты автоматты түрде қою керек, ал резервті көшіру әдісі оны қабылдамайды деп есептелінген. Демек, келесі резервті көшіруге атрибуты орнатылған файлдар ғана жатты Осы атрибуттардың әрқайсысы орнатылуы немесе орнатылмауы мүмкін. Файлдарды архивтеуден басқа келесі іс-әрекеттерді жүргізуге болады: ✓ құру ✓ жою ✓ атын өзгерту ✓ бір каталогтан екінші каталогқа көшіру ✓ файл атымен дискіден және ондағы символдар жолынан табу (Norton Utilities-тен filefind программасы) ✓ егер файл байқаусыздан жойылса (Norton Utilities-тен unerase программасы), онда кейбір жағдайдарда қалпына келтіруге болады Бұл әрекеттерді жеке файлдармен және файл топтарымен орындауға болады. 6. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою Графиктік емесе операциялық жүйелерде файлдарды көшіру және тасымалдау операциялары командалық жол өрісінде нақты команданы енгізумен орындалады. Осы кезде команда аты, каталогқа кіру жолы көрсетіледі. Графиктік операциялық жүйелерде осы командаларды орындауға мүмкіндік беретін позиция құрылғысымен жұмыс істеу әдістері бар. Мәліметтерді жоюдың екі режимі бар: жою, қалпына келтірмейтіндей жою. Файлдарды жою уақытша болып табылады. Windows 9S және Windows 98 операциялық жүйелерінде Қоржын деп аталатын арнайы бума көмегімен ұйымдастырылған. Файлдар мен бумаларды жою кезінде олар Қоржынға тасымалданады. Бұл операция операциялық жүйенің файлдық құрылымы деңгейінде жүреді. Қатты дискінің файлдық жүйесі деңгейінде файлдар қай жерде жазылса, сол секторларды қалады. Қалпына келтірмейтіндей жою оларды MS-DOS операциялық жүйесіндежою кезінде немесе Windows 95/98 операциялық жүйелерінде Қоржынды тазалау кезінде жүреді. Бұл жағдайда операциялық жүйенің файлдық құрылымынан файл түгелдей жойылады, бірақ дискінің файлдық жүйе деңгейінде тек біршама өзгерістер ғана болады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Файл дегеніміз не? 2. Файл аты қалай пайда болады? 3. "Орындаушы файл" дегеніміз не? 4. Файл атының кеңейтілімі қандай қызмет атқарады? 5. Файлдың ұзын аты қысқасынан немен ерекшеленеді? 6. Ұзын файл атын жазу кезінде қандай символдарды пайдалануға болмайды екенін атаңыздар? 7. Файлдар типі. 8. Каталог дегеніміз не? 9. Файлдық құрылым түсінігіне не кіреді? 10. Түпкі каталог дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 6-7 Дәрістер. Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік. Дәріс сабағының мазмұны: Файлдарды архивтеу. Архиваторлар. Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. Компьютерлік вирустар. Программалық вирустар. Макровирустар. Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақталу тәсілдері әр түрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады: файлда қайталанатын фраменттер болады, оларды түгелдей дискіге ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа ақпаратты жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс. Архиваторлар файлкөлемін 10-70%-ке дейін кішірейтуге мүмкіндік береді. Әдетте 20 Мб дискіні уөшіру 60-қа дейін дискет қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді 2 есе қысқартуға болады. Сондықтан ақпараттарды қысылған көлемде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы архиватор- программалар жасалады. Файлды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әр түрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады. Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең тараған архиваторлар тобына ARJ, WinZip, RAR тәрізді программалар жатады. Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны және әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттар сақталады: - файлдың аты; - файл орналасқан каталог туралы мағлұмат; - файл көлемінің дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түдегі мөлшері; - архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шартбелгісі. Информацияны қысу дегеніміз – файлдағы информацияның сақтау фадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі. Файлда инормацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады. Архивтен шығару дегеніміз – архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды қалпына келтіру процесі. Файлдарды буып-түйетін және шешетін программаларды архиватор- программалар деп атайды. Кең тараған программалардың ішінен ARJ, RAR, PRZIP, PAK, LHA, ICE, WINZIP атауға болады. Соңғы уақытта қолданушыларда ARJ, WinZip архиваторлары кеңінен танылуда. ARJ архиваторы жұмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді. WinZip архиваторы Windows-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады. Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды: 1. жаңа архивтерді құру; 2. архивтерден файлдарды алу; 3. бар архивке файлдарды қосу; 4. өзі шешілетін архивтерді құру; 5. көп томды архивтерді құру; 6. архивтерді бүтіндігіне тестілеу; 7. зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру; 8. бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау. Компьютерде жұмыс істеген кезде өз информацияңды бөгде адамдардың қол сұғуынан және жоғалуынан немесе информацияны біреулер оқудан қорғау, шектей білу өте маңызды. Есептеу техникасында ақпаратты қорғау түсінігі өте кең тараған. Ол компьютердің жұмыс атқару сенімділігін һәм деректердің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді және бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды қорғайды. Бөгде адамдардың қол сұғуынан ақпараттарды және жасырын хат алмасуларды қорғау үшін әдетте пароль орнатылады, құнды деректердің мүлтіксіз қорғалуы үшін олардың бірнеше данасы болуы мүмкін. Ал компьютерлік вирустармен күресу өте күрделі, өйткені олар зиянды және дербес компьютерлердің қолданушыларына зиян келтіруге арналған. Компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирус дегеніміз - әдетте өлшемі бойынша (200-ден 5000 байтқа дейін) кіші арнайы компьютерлік программа. Басқа программаларда «көбейтілетін» және «жұғатын» мүмкіндігі бар. Ол компьютерге қолданушының бақылауынсыз «зақымдалған» дискета рақылы немесе «зақымдалған» файлмен ьірге кіруі мүмкін. Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. «Зақымдалған» программа жұмыс атқарған кезде, ең алдымен басқаруды вирус алады. Вирус басқа программаларды табады және зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір зиянды амалдарды орындайды: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлдарды бұзады, компьютерде сақталған ақпараттарды бүлдіреді, оперативті жадты «ластайды» және т.с.с. Вирус бір компьютерге кірсе, басқа да компьютерлерге тарауы мүмкін. Вирус қайдан пайда болады? Оларды білікті программистер қызғаныш, мансапқұмарлық мақсатында, басқа бәсекелес фирмаларына зиян келтіру үшін немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу мақсатында жазады. Компьютерлік вирустармен күресу үшін антивирустық программаларды жазатын және компьютерлік вирустарды зерттейтін мамандар бар. Ресейде – бұл атақты программистер: Д.Лозинский, Д.Мостовой, И.А.Данилов, Н.Безруков және т.б. Жаңа вирустық программалардың саны үнемі өсіп отырады және өзгеруде, сондықтан компьютердің қолданушысы вирустардың табиғатын, вирустардың жұғу әдістерін және олардан қорғануды білуі қажет. Компьютерге вирус негізінде дискеттер және лазерлік диск арқылы, сонымен қатар компьютерлік желілер арқылы кіріп, дискіні қатты зақымдайды. Вирус көбіне дискінің жүктейтін секторы және кеңейтілуі exe., com., sys., bat. болатын орындаушы файлдарға жиі жұғады. Мәтіндік және графиктік файлдарға сирек жұғады. Әсер ету дәрежесі бойынша вирустарды бірнеше түрге бөлуге болады: ➢ қауіпсіз, компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді, бірақ оперативті жадтың бос орнын және дискідегі жадтың көлемін кішірейтеді, мұндай вирустардың әрекеттері қандай да бір графиктік және дыбыстық әсерлерде байқалады. ➢ қауіпті вирустар компьютер жұмысына әр түрлі кедергілер алып келуі мүмкін. ➢ өте қауіпті вирустардың әсері программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, дискінің жүйелік аймағында ақпараттардың өшуіне әкелуі мүмкін. Компьютерлік вирустардың негізгі ерекшеліктерін, антивирустық программалардың сипаттамасын және программалар мен деректерді компьютерлік вирустан сақтау шараларын толық қарастырайық. Қазіргі уақытта 5000-нан аса программалық вирустар белгілі. Барлық алуан түрлі вирустар араынан басты-басты топтарын бөліп қарастырайық: 1. Жүктелетін вирустар – дискеттің немесе винчестердің жүктелетін секторында сақталатын компьютердің алғашқы іске қосатын программаларын зақымдайды. 2. Файлдық вирустар ең алдымен кеңейтілулері exe. және com. болатын файлдарға енеді, бірақ бұл кезде олар ешқандай да басқаруды қолына алмайды, демек, көбею қабілетін жоғалтады. 3. Жүктелетін-файлдық вирустар файлдарды, сол сияқты дискеттердің жүктелетін секторларын зақымдайды. 4. Драйверлік вирустар компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе файлға қосымша қатар конфигурациясын қосу жолымен енеді. 5. Желілік вирустар ондаған немесе жүздеген мың көп компьютерлерді біріктіретін желіде тарайды. Соңғы кезде компьютерлік вирустармен күресудің үлкен тәжірибесі бар антивирустық программалар құрылған, программалар мен деректерді қорғау шаралары белгілі. Вирус табылған мерзімнен бастап қысқа уақыт ішінде қайта пайда болған вирустарды жеңіп шыға алатын антивирустық құралдарды жетілдіру және дамыту үнемі жүріп отырады. Белгілі антивирустық программаларды бірнеше типтерге бөлуге болады. Детектор-программалар белгілі вируспен зақымдалған файлдарды табады, мұндай программалар қазіргі күні сирек. Фагтар немесе доктор-программалар, сонымен қатар вакцина-программалар вирус жұққан файлдарды тауып қана қоймай, оларды «емдейді», файлдардан вирус программасының денесін өшіреді, программаны зақымдалғанға дейінгі қалыпқа келтіреді. Фагтар өз жұмысының басында оперативті жадтан вирусты іздейді, оларды жояды және содан кейін барып барлық файлдарды «емдеуге» кіріседі. Ревизор-программалар вирустардан қорғайтын құралдардың ең сенімдісіне жатады. Ревизорлар компьютерге вирус жұқпай тұрған кезде программаның бастапқы жағдайын есте сақтайды, содан кейін оқтын-оқтын кезекті жағдайды бастапқысымен салыстырады. Егер өзгерістерді анықтаса, онда дисплейдің экранына хабарлама шығарылады. Ресейде ең танымал Д.Мостовтың құрастырған ревизор-программасы Adinf – бұл программаны барлық оқу орындарының компьютерлеріне орнату ұсынылады. Ол тек вирустардың екпінділігіне ғана бақылау жасамайды, оқушылардың зиянды белсенділігін бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Фильтр-программалар немесе «күзетші» - бұл компьютердің жадында тұрақты орналасатын кішігірім резидентті программалар. Олар компьютердің операцияларын қадағалайды және компьютер жұмыс атқарған кезде вирустарға тән күмәнді әрекеттерді табады. Қандай да бір программа осындай әрекетті орындар кезінде «күзетші» хабарлама жібереді, ал қолданушы сәйкес операцияны орындауға рұқсат беріп немесе тыйым сала алады. Қоланушылар әдетте күзетшіні қолданбайды, өйткені әрдайым ескертулер жұмысқа кедергі келтіреді. Фильтр-программалар вирустың ең басты сатысынан олардың көбеюіне дейін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ олар файлдарды және дискеттерді «емдемейді», вирустарды жою үшін фагтар қолдану қажет. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Компьютерлік вирус дегеніміз не? 2. Программалық вирус дегеніміз не? 3. Жүктемеленетін вирус дегеніміз не? 4. Макровирус дегеніміз не? 5. Жүктемеленетін вирустың программалық вирустан айырмашылығы неде? 6. Компьютерлік вирустардың негізгі типтері? 7. Вирусқа қарсы негізгі қорғау құралдары. 8. Компьютерлік вирустан қорғайтын аралықтарды ата? 9. Вирустан қорғауға арналған арнайы программаларды білесің? Ұсынылатын әдебиеттер : 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 8-9 Дәрістер. Операциялық жүйе Дәріс сабағының мазмұны: Компьютердің операциялық жүйесі: қажеттілігі, құрамы, жүктелуі. Жұмыс режимі. ОЖ эволюциясы. Операциялық жүйелер (ОЖ) – бұлар кез келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын, қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады. ОЖ – қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді. ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады: ➢ Базалық модуль (ОЖ ядросы) – файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды; ➢ Командалық процессор – бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды; ➢ Сыртқы құрылғы драйверлері – бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамтамасыз етіп отырады (әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әр түрлі және ерекше темпте өңдейді). ➢ Қосымша сервистік программалар (утилиттер) – пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан-жақты және ыңғайлы етеді. ОЖ жүктелуі. ОЖ құрамындағы файлдар дискіде сақталады, сондықтан оларды жиі дискілік операциялық деп атайды. Белгілі, программаның орындалуы үшін ОЖ файлдары жедел жадыда (ЖҚС) орналасуы керек. Сондықтан операциялықжүйеден ЖҚС-ға жазу үшін жүктемелеу программаларын орындау керек. Олар компьютер қосылған кезде ЖҚС-да болмайды. Бұл жағдайдан шығу үшін жедел жадыға ОЖ-ні жүктемелеудің келесі сатыларын тізбектей орындау керек. ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы. Компьютердің жүйелік блогында тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТСҚ-тұрақты жады, ROM – Read Only Memory-оқу үшін арналған жады) болады. Онда ОЖ-ні жүктемелеудің бірінші сатысы және компьютер блоктарын тстілеупрограммалары орналасады. Олар компьютерді қоса сала токтың бірінші импульсімен орындала бастайды. Өйткні ТСҚ-да ақпараттар электрондық схема түрінде сақталады да олар компьютерді өшірген кезде де сол қалпында қалады. Бұл сатыда процессор дискіге қатынасадыда, анықталған орнында өте үлкен емес көлемде жүктемелеу программасын тексереді. Егер бұл программа табылса, онда ол ЖСҚ-да оқылады да оған басқару беріледі. ОЖ-ні жүктемелеудің екінші сатысы. Жүктемелеу программасы өз кезегінде дискіден ОЖ-нің базалық модулін іздейді де, оны жадыға көшіреді және басқаруды соған береді. ОЖ-ні жүктемелеудің үшінші сатысы. Негізгі жүктемелегіш базалық модуль құрамына кіреді, ол ОЖ-нің қалған модульдерін іздейді де оны ЖСҚ-ға оқиды. ОЖ жүктемеленуі біткеннен кейін басқару командалық процессорға беріледі де, экран бетіне жүйеден түсетін пайдаланушы командасын енгізуге шақыру шығады. Ескерту. Командалар жұмысы кезінде жедел жадыда міндетті түрде командалық процессор және ОЖ базалық модулі болуы тиіс. Сондықтан ОЖ файлдарын жедел жадыға бір уақытта жүктемелеу қажеттілігі жоқ. Құрылғылар драйвері мен утилиттер ЖСҚ-ға керек болған жағдайда ғана жүктемеленеді. Бұның арқасында жүйелік программалық қамтамаға бөлінетін жедел жадының міндетті көлемін қысқартуға болады. ОЖ-нің бірнеше ең көп тараған түрлері кездеседі. Олардың әрқайсысы процессор разрядтылығына (такт уақытында өңделетін ақпараттың биттік саны), поцессор типі , сондай-ақ ЖСҚ көлеміне негізделген. Компьютер мүмкіншіліктерінің дамуы барысында пайдаланушы бұл ресурстарды қолдана алу үшін қазіргі заманға сай және күшті программалық құралдарды керек етеді. Бұндай сапалы Microsoft фирмасының ОЖ-лары қамтамасыдандыра алады. Мысалы, MS-DOS. Бұл ОЖ-нің қазіргі дербес компьютерлердің ақпараттық мүмкіншілігіне қатыса алатын дамыған құралдар. Олар: ➢ Каталогтардың иерархиялық құрылымына негізделген иілгіш файлдық жүйелердің жұмысы және құрылуы; ➢ Компьютер құрылымының модульдік принциптік қолдану әр түрлі сыртқы құрылымының көптеген санына әкеп тіреледі (принтерлер, плоттерлер, модемдер және т.б.); ➢ Пайдаланушының ыңғайлы интерфейсі. ОЖ эволюциясы. IBM-PC типтес компьютерлерде келесі ОЖ қолданылады: 1. MS-DOS 2. MS-DOS – ортасындағы Windows 3.1. 3. Windows95, Windows98/NT, UNIX, OS/2. Ос аталған ОЖ-ден 1992 жылы шығаылған Microsoft фирмасы DOS операциялық жүйесін өңдеген, программистер мен қолданушыларға өте кең көлемдегі мүмкіншіліктер мен қолайлықтар бар операциялық жүйе. Windows-тың кеңінен қолданылуы IBM-PC – сәйкес компьютерлерінің стандарты болып табылады. Windows файлдармен, дискілермен жұмыс істеу операцияларына арнап қолайлы және айқын интерфейспен қамтамасыз етеді, сонымен қатар Windows ортасында іске қосылатын программаларға жаңа мүмкіншіліктер береді. 1985 жылы Microsoft фимасы Windows графикалық операциялар жүйесін, ал 1990 жылы 3.0 версиясын шығарған 3.0 версиясынан бастап Windows-тың кеңінен қолдануы арқасында, ол IBM тектес компьютердің стандарты болып табылады. Windows-тың сыртқы қарапайыдылығының астында ДК-дің мыңдаған санына арналған оңай және күшті операциялыұ жүйе тығылып жатыр. Windows-те дискімен жұмыс істу жүйесіне ерекше көңіл бөлінген, осында IDE, ESDI, SCSI интерфейс контроллерлері бар. Windows-те жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейтілімі бар файлдарда сақталынады.аты кеңейтіліммен қосқанда 255 символды құрай алады. Барлық файлдар дискілерде сақталынады, әр дискінің өз атыбар. Windows операциялық жүйесінде әбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документті мінездейтін сурет). Жұмыс столы. Windows-тің негізгі жұмыстары Desktop жұмыс столында өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пиктограммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез келген жұмыс столында келесі элементтер орналасқан: Менің компьютерім (My computer)– компьютерлердегі барлық бумаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес; Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде желілік ресурстарды көрсетеді; Қапшық (Recycle Bin) - бумалар мен файлдарды өшіреді; Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды; The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды; The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу. Сонымен қатар Есептер тақтасы орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск батырмасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді. Басты меню көмегімен кез келген прогамманы немесе документті ашуға болады. Себебі мұнда ішкі мнюлердің сан алуан түрлері кедеседі. «Пуск» жолының көмегімен кез келген керек файлды тауып алуға болады. «Настройка» пунктінің көмегімен кез келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап, «жұмыс столына» жарлығын қоюға болады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де жарлқ құра алады. Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, орналастыру. Бұлар жұмыс столына жаңа мүмкіншіліктер береді. Жұмыс столының түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп папкасына салып, жұмыс столында таза, негзгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады. Windows терезесі. Windows-тың кез келген терезесі экранның төрт бұрышты аймағы болып табылады. Терезенің ортасында терезенің аты жазылады, ал оң және сол бөліктерінде жүйелі менюдің жинақтау және ашу батырмалары бар. Көмек. Windows-тың барлық программаларының меню жолында Көмек пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық Ғ1 пернесіне контексті-тәуелді болады, бұл батыманы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады. Windows-тың қосылған анықтамалығының қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер. Жұмысты аяқтау. Windows-та жұмысты аяқтау үшін барлық белсенді қосымшаларды тоқтатып терезелердің барлығын жауып SHUT DOWN утилитасын пайдалану керек. Ол жұмысты аяқтаудың қарапайым сұхбат терезесін ашады: ЗАВЕРШИТЬ РАБОТУ (Shut Down the computer); ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР (Restart the computer); ПЕРЕЗАГРУЗИТЬ КОМПЬЮТЕР В РЕЖИМЕ ЭМУЛЯЦИИ MS-DOS (Restart the computer in MS-DOS mode). Егер қандай да бір қосымшалар жабылмаған болса, онда Windows өзі жабуға арналған сұхбат терезені шығарып жабуды талап етеді. Егер қосымша жұмыс істеп тұрса, онда ол файлды дискке көшіріп жабу керек. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. ОЖ-нің қажеттілігі? 2. ОЖ қандай модульдерден тұрады? 3. Компьютермен жұмыс жасаған кезде жедел жадыда ОЖ-нің қандай модульдері болуы керек? 4. ТСҚ жадысы неге энергияға байланысты және ОЖ-ні жүктемелеу кезінде оның атқаратын ролі? 5. ОЖ-ні жүктемелеу процесі қалай жүреді? 6. MS-DOS мүмкіншіліктерін атаңыз? 7. Операциялық жүйе неге жатады? 8. Операциялық жүйе дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 10-дәріс. Windows операциялық жүйесi. Дәріс сабағының мазмұны: Негізгі ұғымдары. Жұмыс столы, белгішелер. Бас мәзір, терезе, терезенің стандартты элементтері. Терезе түрлері. Тереземен жұмыс. "Жарлық" ұғымы. "Жолсерік" программасы Стандартты программалар: Блокнот, WordPad, Paint. WINDOWS жұмыс істеу негізі. Компьютерде барлық деректер аты мен кеңейткіші бар файлдарда сақталынады. Аты кеңейткішпен қосқанда 255 символды құрай алды. Барлдық файлдар дисклерде (дискеталар немесе қатты диск) сақталынады, әр дискінің өз аты бар. WINDOWS 95 операцияның жүйесінде әрбір программаға немесе документке сәйкес пиктограммалар бар (сурет, программаны немесе документі мінездейтін сурет). 1. Windows жүйесінің негізгі функциялары Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс: компьютердің барлық опараттық құрал-жабдықтары басқару; файлдың жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету; қолданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса Windows жүйесі; бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін; әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды; масштабталатын қаріптерді қолдауды; мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды; біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады. 2. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы “терезелер” екені осыны білдіреді. Терезе – экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программаларорындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі Windows терезесінің экранды толығымен жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады: толық экранды терезе яғни терезе экранды толығымен алып тұрады. Қалыпты күйегі терезе яғни терезе экранның белгі бір бөлігін алып тұрады. Белгіше (пиктограмма) түрінде яғни яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен. Жұмыс столы – екінші негізгі ұғым. Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсін элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар құрал жабдықтар. (қалам, өшіргіш, қарындаш т.б) орналасуы мүмкін. Олар, біздің қалауымызша столда әр түрлі күйде орналаса алады. Windows ортасында жұмыс столының рөлін диспелей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілері түрінде орналасқан. WINDOWS 95-тің негізгі жұмысы Desktop жұмыс столінде өтеді, ол интерфейс элементтерінің орналасу тәртібін сақтайды. Элементтер пикторграммалармен (астында түсіндірме жазуы бар) белгіленген. Кез-келген жұмыс столінде келесі элементтер орналасқан: Менің компьютерім (My computer) – компьютерлердегі барлық папкаларды шартты түрде көрсететін ағаш тәріздес; Желілік аймақ (Network Neighborhood) – компьютер желіге қосылған кезде, желілік ресурстарды көрсетеді; Қапшық (Recycle Bin) – папкалармен файлдарды өшіреді; Енгізілетін (Inbox) – электронды пошта арқылы келетін ақпараттарды сақтайтын пошталық жәшік; Портфель (My Brifcase) – бірден бірнеше компьютерде өңделетін файлдарды синхрондайды; The Microsoft Network – Microsoft желісін қосуға және қолдануға мүмкіншілік жасайды; The Internet – Internet-пен жұмыс жүргізу. Сонымен қатар экранда Есептер тақтасы (Taskbar) орналасқан, мұнда негізгі менюді қосатын Пуск (Start) кнопкасы мен іске қосылған барлық программалардың белгілері көрінеді. Басты меню көмегімен кез-келген программаны немесе документті ашуға болады, себебі мұнда ішкі менюлердің сан алуан түрлері кездеседі. “Пуск” жолының көмегімен кез-келген керек файлды тауып алуға болады. “Настройка” пунктінің көмегімен кез-келген программаны немесе документті тез және қолайлы түрде іске қосуға арнап “жұмыс століне” ярлыгын қоюға юолады. Сонымен қатар қолданушы контексті меню көмегімен де ярлык құра алады. Контексті меню келесі мүмкіншіліктерді орындай алады: қиып алу, көшіру, құру, болдырмау, қою, ашу, өшіру, жіберу, орналастыру. Бұлар жұмыс століне жаңа мүмкіншіліктер береді. Жұмыс столінің түрі қолданушы жұмыс істеу стиліне тікелей байланысты, оны керек емес қағаздармен толтырмай, оларды реттеп (My computer) папкасына салып, жұмыс столінде таза, негізгі керек қосымшаларды ғана қалдыруға болады. Белгішелер, жарлықтар, бумалар. Белгіше ( I )-бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені функцияны, файлды, т.б бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда айналады Экрандалі мынадай белгішілер кездеседі: қосымша программалар белгішесі белгілі бір топтар белгішесі функциялар белгішесі Жарлық (shortcut)-бұл белгілі бір обьектімен тікелей қатынасы жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы жарлық арқылы каталоктың жемдегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады,тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға файлды жылдам ашуға болады және т.б Жарлықты пайдаланғанда негізгі обьектілердің өздері өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол обьектілермен қатынас жасау shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы егер жұмыс столында файылдың өзі орналастырылған болса онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де біз жұмыс столынан shortcut белгішесін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да бастапқы файлдар еш бір өзгеріссіз қалады. Бума (folder) экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір обьектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума- каталог, директори ұғымының баламасы болып табылады. Каталог – файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине мұндай контейнерлер әр обьект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын біртектес бола береді. Көмек. WINDOWS-тың барлық программаларының меню жолында Көмек (Help) пункті болады. Оның көмегімен пайдаланылатын программа туралы және олардың меню пунктері туралы толық ақпарат алуға болады. Кейде бұл анықтамалық F1 клавишасына контесті – тәуелді болады, бұл кнопканы басқанда программа жұмыс режимі бойынша барлық анықтама алуға болады. Мүндай қосылған анықтамалар WINDOWS-қа (Win Help. Exe) көмегімен кіреді, сондықтан бұл анықтаманы қолдану үшін осы программаның файл дерегін қалдырса болғаны. WINDOWS-ң қосылған анықтамалы-ң қосылған анықтамалығы – гипертекст принципіне негізделген: белгісіз терминдерді түсіндіретін және керек ақпаратты тез арада анықтайтын тоғысқан сілтемелер. “Тышқан” тәрізді графикалық сілтеме. Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені (Point) немесе олардың комбинацияларын қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді. Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Жұмыс барысында негізінен оның сол жақтағы, ал онда- санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортаңғы батырмасы Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады. Келесі операция – шерту (click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады. Мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздегі, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын басып жылдам қайта қоя беру. Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, обьектілерді елгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел көшіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т.б. қолданылады. Келесі операция- тасымалдау (Drag & Drop). Ол терезелер мен шарт белгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Обьектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз. Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді. Мәлімет алмастыру буфері Өзінің жұмыс істеу кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері (Clipbaard) ретінде пайдаланады. Буфер әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті жағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттердін бір- біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері, сурет, кесте және т.б. обьектілер алынуы мүмкін. Windowsты іске қосу Windows 98 операциялық жүйесі компьютер қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows 3.х жүйесі MS- DOS үстіндегі тапсырма жүйе болғандықтан әдеттегі қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда Win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы, С:> Win командасын тергеннен кейін экранға Windows жүйесі жүктелу кездегі стандартты белгі шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1- 2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бегіне экранда тура берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндай мамандар көмегі қажет болады. Windows жүктелгеннен кейін экранға “жұмыс столы” шығуы тиіс, Windows 3.х жүйесінде Программа диспечері шығады да, Windows 98-де жарлықтары мен белгішелері бар қалыптағы көрініс пайда болады. Windows жүйесімен жұмысты аяқтау MS (РС) DOS жүйесінде немесе сол тәрізді басқа операциялық орталарда компьютердігі сөндіру ісі оп- оңай орындалады, оның ток келетін қосқымын ажыратса болғаны. Windows жүйесімен жұмыс істеу барысында компьютерді өшірмес бұрын мұндай әрекет орындау қажет: жұмыс істеп тұрған программаларды табу ( аяқтау) Windows тен тығып жұмысты аяқтау ісін орындау. Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мындай әрекеттер орындалуы тиіс. Тышқан курсорын Программа диспетчерінің жүйелін батырмасына алып барып, оны екі рет шерту керек немесе бір шерту арқылы жүйелік менюді бейнелеп, оның операцияларының ішінен Жабу командасын таңдау қажет. ОК басқару батырмасын таңдап тышқанды шерту керек. Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып бергіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша таңдалып тұрғаның белгісі. Енді Enter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды. Windows 98 жүйесінде. 1. Тышқан курсорыніске қосу батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, меню командаларының ішінен Windows- пен жұмысты аяқтау командасын таңдау қажет. Мұнан кейін Windows-бен жұмысты аяқтау атты сұхбат терезені экранға шығады. Бұл терезені Alt + F4 пернелері арқылы да шығаруға болады. Alt + F4 пернелері кез – келген терезені жабу ісін атқарады. 2. Экранға сұхбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру тобындағы “Компьютерді” өшіру жолын таңдап алып, Иә басқару батырмасын басу керек. Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін – тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны. 3. Windows жүйесінің аяқтап терезені жапқанша күте тұрып соқынан компьютерді сөндіру қажет. Егер (ұсынып) істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқтамаған программалар бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды орындайды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1.ОЖ-ның керектігі? 2. ОЖ –ні жүктемелеу процесі қалай жүреді? 3. Windows мүмкіншіліктерін ата? 4. Операциялық жүйе дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 11-Дәріс. MS Word мәтіндік редактор Дәріс сабағының мазмұны: MS Word қосымшасының мiндеттерi. Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету. Шрифттi форматтау. Абзацты форматтау. Қолданбалы программалар. ПК-ді жұмысістету үшін ыңғайлы құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ойындар мен немесе оқу программаларын айтуға болады. Осы қолданбалы программалар мен пакеттер ақпараттық қабықшаны қолдануға ыңғайлы ақпаратты – есептеу құрылғыға айналдырады.Қолданбалы программалар белгілі бір аймаққа жұмыс жасайтын маманға немесе жәй пайдаланушыға және арнайы программамен жұмыс істейтін адамдарға арналған қолданбалы кең профилді бола алады. Мысалы: функциональдық есептеулер немесе құдаттар құру үшін арналған программалар және де тар профилді: электрокардиограмма анализдерінде және электрондық өнім жобаларында қолданылады және т.с.с. Құжаттарды дайындау және редакторлау жүйелері. Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек. Word мәтіндік редакторын жұмыс істету үшін осы қосымшаның пиктограммасын басу керек. Осы пиктограммаға бару үшін “Пуск” басқышын басамыз одан, “Программы” менюін таңдаймыз одан “Mіcrosoft Word” пункті таңдалады (басқа варианттар “Word немесе “Mіcrosoft Offіce”. Яғни бұл жағдайда Word бос құжатпен терезе түрінде экранға шығады. Мұнда Word терезесі толық экран түрінде беріледі, ал құжаттардың екінші терезесі негізгімен бірігіп кетеді). Қосымшамен жұмыс айақтау үшін тақырып жолының оң жағында орналасқан “Закрыть- Жабу” басқышын басу керек. Бұдан кейін қосымшаның жұмысы айақталады. Редакторланатын құжаттармен жұмыс істеп болғаннан кейін ол қосымшадан шыққыңыз келген жағдайда автоматты түрде оны сақтау керек па жоқ па жайындағы ақпарат шығады. Яғни құжаттардағы өзгертуді сақтайын ба деген терезе. Word терезесі негізінен терезе тақырыбы және терезе басқыштары, меню жолдары, инструменттер панелі, сызғыштар, айналдыры сызықшалары және жолдар күйінен тұрады. состоит из: Заголовка окна и кнопок окон, строки меню, панелей инструментов, линеек, полос прокрутки и строки состояния . Бас меню немесе негізігі меню деп аталатын менюде келесі пункттер орналасқан, онда олар өзіндік мәндері бірдейлері бойынша біріккен. Кез – келген әрекеттер осы менюде орналасқан пункттер арқылы орындалатындығын есте сақтаған дұрыс. Меню пункттерінде біріккен қосымша пункттердің белгіленуі: “Файл” - файлдармен байланысты барлық операциялар соның ішінде баспаға шығару және беттер форматы; “Правка” - алмасу буферімен байланысты барлық операциялар соның ішінде жолдарды ауыстыру және өзгерту, сондай – ақ соңғы орындалған операцияларды қайталау немесе болдырмау; “Вид” - құжат варианттарын қарауға және оларға колонтитулдар беруге мүмкіндік беретін операциялар; “Вставка” – обьектілерді енгізе отырып қосуға байланысты операциялар; “Формат” - абзацқа, шрифтке және форматтауға байланысты барлық операциялар; “Сервис” - тасымал, синоним, орфографиясын тексеруге арналған қосымша функциялар , сондай – ақ Word-ты орналастыру; “Таблица” – кестелерді өңдеу мен құруға байланысты барлық операциялар; “Окно” - Word-тың екіншілік терезесіне байланысты операциялар, соның ішінде бірнеше құжаттармен жұмыс істеу кезінде; “ ? ” - анықтамаға қатыстының барлығы. Инструментер панелі ашылатын тізімдер және басқыштардан тұрады. Мәтіндерді форматтау және редакторлауға байланысты ең жиі қолданылатын функциялар инструменттер панелінде орналасады (сур 3). Форматтау сызғыштарының белгіленуі беттегі мәтіннің орналасуын көрсетеді. Оның көмегімен оң және сол жақта (вертикалды сызғыштың болуы оны жоғары, төмен өзгертуге де мүмкіндік береді) берілген шегіністерді өзгертуімізге, қызыл жол беруімізге болады. Айналдыру сызықтары өзінің кішігірім нюанстар болмаса стандартты сызғыштардан өзгешелігі аз. Горизанталды сызықтың сол жағында кішкентай төрт басқыш орналасқан. Бұл басқыштар құжатты көру режимына жауапты. Ал вертикалды айналдыру сызықтарында біріншілік элементтерден басқа екілік үшбұрышты екі басқыш орналасады. Ол басқышқа басу арқылы экран бетін бір бетке төмен немесе жоғары жылжытуға болады. Күйлер жолы экранның төменгі жағында күйлер жолы орналасады. Онда маңызды ақпарат орналасады, мысалы: - ағымдағы бет; - ағымдағы бөлім; - ағымдағы бет / құжат бетінің жалпы саны. - ары қарай курсордың ағымдағы орыны бейнеленеді: - құжаттың жоғарғы шетінен арақашықтығы; - жол ( ағымдағы позициясынан бастап санағанда); - курсордың сол жағындағы символдар саны немесе бағандар. Келесі өрісте редакторлаудың ағымдағы режимі бейнеленеді. Сондай – ақ күйлер жолында басқыш функциялары мен меню қосымшалары жайында анықтама немесе ағымдағы операция шығады. Контексті – тәуелді меню деп пайдаланушы қолданатын ең көп кездесетін командаларға қатынас жасайтын, тышқанмен кез келген жерде шақырылатын менюді атаймыз. Оны контексті – тәуелді деп атау себебі, тышқан қай обьектіні көрсетсе сол обьектімен жүргізілетін әрекеттер тізімі шақырылады. Word игеретін ақпараттық анықтамаларға тоқталу керек. Анықтаманы шақыру берілген қосымша үшін Mіcrosoft жүйесін шақырады. Программа жайындағы және Mіcrosoft фирмасының пайдаланушыларының жүйесі жайлы және техникасы жайлы барлық ақпаратты Mіcrosoft Word-қа хабарлайды. Өзіндік мүмкіндік бере отырып мәтіндік редактор секретар жұмыс автоматтандырады. Сериялық құжат құру этаптары үш этаптан тұрады: 1. Құжаттың өзгермейтін бөлігін көрсететін, шаблонды файл құру 2. Берілген құжаттың өзгеретін бөлігін сақтау базасы болатын, деректер көзін құру 3. Дайын құжаттарды біріктігу Шаблон – бұл сырт беті бір біріне ұқсас және көп көлемде құрылатын құжат үшін арналған негіз. Шаблонды құжат құру үшін құрудың екі түрін қолдануға болады: 1. Кейінірек құжат шаблонына қойылатын стилдер жиынын қалдыру арқылы. (Формат-Стиль) 2. Ескі құжат негізі арқылы. Деректер көзі СЕРВИС менюінде болатын СЛИЯНИЕ командасының көмегімен құрылады. Деректер көзі кішірек деректер базасы болып көрінеді. Сериялы құжаттарда сервистік функцияларды қолдану үшін, соның ішінде жиі кезесетін мәтіндерді қою үшін сервистік функциялардың бірінің арнайы кодын көрсететін, қойылым полелерін қолдана отырып істеуге болады. Ондай кодтарды шақыру үшін Ctrl+F9 басқыштарының комбинациясы қолданылады. Функция коды экран бетінен шығатын фигуралы жақша жұбына жазылады. Кодты өңдеу үшін курсорды фигуралы жақшаның ішіне орналастырып F9 басқышын басу керек. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. WORD редакторы қандай программалық пакет құрамына кіреді? 2. Қандай мәтіндік редакторларды білесіз? 3. Мәтіндік құжат дегеніміз не? 4. Айналдыру сызықтары және ползунок дегеніміз не? 5. Мәтінді форматтау дегеніміз не? 6. Форматтаудың қандай түрлері кездеседі? 7. Алмасу буфері дегеніміз не және оның қолданылуы? Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 12-Дәріс. MS Excel кестелік процессор Дәріс сабағының мазмұны: MS Excel қосымшасының мiндеттерi. Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары. Кестенi форматтау. Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау. Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық. Диаграмманың негiзгi түрлерi Microsoft фирмасының Excel программасы - кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді. MS EXCEL программасының жаңа версиясындағы негізгі жетістігіне 3 өлшемді құжаттардың пайда болуын жатқызуға болады. Файлдар мен кестелер арасындағы байланыстар жеңілдетілді, жанама меню пункттері кеңейтілген, ал қосымша программалық құралдар күрделі есептерді шешуге мүмкіндік береді. Әр тұрлі көмекшілер жұмыс істеп отырған адамға функциялар мен нұсқаулар беріп, шығарылып жатқан есептің жеңіл жолын ұсынады. MS EXCEL программасында кез келген уақытта анықтама беретін ішкі жүйе ұйымдастырылған. Осындай енгізілген жаңалықтар жұмыс істеуде жеңілдіктер береді және программаны игеруді тезедетеді. Ең маңызды программаның кеңейтілулеріне профессионалдарға арналған Visual Basic (VBA) программалау ортасы жатады. VBA толық программалау пакеттерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа EXCEL программасына енгізілген жаңалықтарға – Файлдар –менеджері, файлдар туралы толық ақпарат береді; – Сұхбаттық терезелер - регисторлар; – Форматтауға арналған шарт белгілер; – Диаграммаларға тез активтендіруге арналған Drag&Plotмеханизмі. Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік. Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді (мәтін, сан, формула) енгізеді. Негізгі ұғымдар: жатық жол, бағана, яұшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары Жол нөмірі – электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген. Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан. Бағаналар мынадай ретпен белгіленеді: А – Х, содан соң АА – АZ, одан кейін ВА – ВZ жәні т.с.с. Ұяшық – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3 адресі В бағанасы мен нөмірі 3 жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды. Ұяшық көрсеткіші – ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескіленген тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады. Ағымдағы ұяшық – көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа жатады. Блок (ұялар жиыны, аймағы) – тіркесе орналасқан ұяшықтардың тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар координатынан тұрады. Әр түрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады. Жұмыс парағымен жұмыс. Excel-де электрондық кесте үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ) тұрады. Экранда тек бір парақ – кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады. MS Excel мәліметтер түрлері. Excel-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп немесе “’” (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе “=” болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді. Енгізілген мәліметтер ұяшық ішінде немесе формула жолында бейнеленеді және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басқан кезде аяқталады. Мәтін енгізу. Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылысады. Орандалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Правка(Отмена командасын пайдаланып алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар. Сандарды енгізу. Электрондық кестеде ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды. Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01*108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады. Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады. Ұяшықтағы мәліметтерді түзету. Мәліметтерді түзету оларды ұяшыққа енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүзеге асырылады. Егер мәліметтерді ұяшыққа енгізу кезінде қате жіберілсе, онда дұрыс енгізілмеген символдарды BackSpase пернесінің көмегімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяшыққа енгізілген мәліметтерден бас тартып, оны қайта теруге мүмкіндік береді. Мәліметтерді енгізуді аяқтағаннан кейін оны түзету үшін көрсеткішті керекті ұяға ауыстырып, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басу керек немесе тышқан курсорын формула жолындағы мәліметтер арасына алып барып, оны шерту қажет. Одан кейін керекті мәліметтерге түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны. Жұмыс құжаттарымен жұмыс істеуге арналған процедураларды қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, стстистикалық бағалауларды есептеу, мәліметтер қорын басқару, диаграммаларды дайындау үшін қолданады. Оладың әрқайсысы үшін EXCEL программасы жеке құжат құрып, дискіде файл түрінде сақтайды. Файл өзара байланысқан жұмыс парақтарынан тұрады, олар 3 өлшемді құжатты құрайды (блокнот, жұмыс папкасы) 3 өлшемді құжаттардың көмегімен пайдаланушы бірмезгілде бірнеше кестелермен, диаграммаларды тікелей пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады. Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу. Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File –New директивасын шақырамыз. Экранға Book –2 құжаты шығады: EXCEL пограммасы жаңа құжаттарға Book атын және ағымдағы реттік номерді береді. Жаңа құжатты Құрал-саймандар тақтасындағы (Пиктографиялық тақта) 1- ші шарт белгісі арқылы құруға болады. Жаңа жұмыс құжатын іске қосу Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File – Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты Құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name – жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК – батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек. Құжатты сақтау Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File –Save as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл атында келесі таңбаларды қолдану қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды. Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады. Резервтік көшірмелерді әзірлеу Резервтік көшірмені дайындау үшін, меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық батырмасын басып, келесі ашылған SaveOptions терезесінде Always Create Backup опциалық батырмасын басамыз. Сонымен енді файлды сақтау кезінде автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады. Құжатты автоматты түрде сақтау Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер менеджерін шақырамыз. Ашылған терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз, содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады. Бұдан кейін меню қатарынан Tools командасын орындағанда AutoSave диалогтік терезесі ашылып, онда құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз. Мәліметтерді қорғау Пароль енгізу үшін меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі Options командалық батырмасын пайдаланып, SaveOptions терезесі ашылады, бұл жердегі Protection Password- енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде осы пароль сұралады. SaveOptions терезесін жапқаннан кейін, Confirm Password терезесі ашылады, бұл жерде енгізілген пароль рассталады. Егер паролді Write Reservation Password – енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді сұрайтын сұхбаттық терезе ашылады, бұл жерде паролді енгізіп н/е ReadOnly батырмасын шертеміз. Соғңы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге сол атпен көшіруге болмайды. Кестелік есептеулер Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл кестедегі сандық мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Формулаларды енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Ұяшықтарға енгізілетін формула “=” белгісінен басталып, ары қарай математикалық теңдіктер жазылады, олар аргументтерден, арифметикалық операциялардан және функциялардан тұрады.Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады. Формулалардағы аргументтер ретінде сандар және ұяшық адрестері пайдаланылады. Арифметикалық операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: +; - ; * ; / . Формулада сонымен қатар басқа жұмыс беттеріндегі ұяшықтарға немесе басқа файлдағы кестелерге сілтемелер кездесуі мүмкін. Орнатылған формулалар Менеджері пайдаланушыға үлкен кестедегі қатені, қате сілтемелерді табуға көмектеседі. Формулаларды енгізуді жеңілдету үшін теңдік белгісінен кейін пайдаланылатын ұяшықтарды тышқан батырмасы арқылы нұсқауға болады. Күрделі формулаларды пайдаланудың мысалы: Жұмысты орындауға кеткен уақыт С-бағанында көрсетілген, D бағанында бір жұмыс сағаттының бағасы көрсетілген, Е бағанында осы жұмысқа төленетін ақы аралық соммасы көрсетілген. Е16 ұяшығында барлық жұмыстарының жалпы қосындысын көрсету керек. Бұл үшін келесі формуланы жазамыз: Е12+Е13+Е14. Шықан сомманы 0.15 көбейтеміз, қосылған бағаның салығын есептеу үшін Е17:=Е16*0.15 ұяшығында жазамыз. Соңғы төлеуге арналған сомманы есптеу үшін аралық сомманы қосып аламыз сосын нәтижені 0.15 көбейтеміз. Сандарды қосау үшін SUM() фунцциясын қолдануға болады, онда формула мына түрде болады: Sum(E12:E14)*0.15. Ұяшықты редакциялау үшін алдымен оны белгілейміз. Келесі қатарында Ғ2 батырмасын басып, редакциялау режимін қосу керек. Excel программасында ұяшыққа сілтеме жасау оңай. Сілтеме қойылғанан кейін ол автоматты түрде жаңарады. Сәйкес ұяшықтың адресін жаңа жұмыс бетінде орналастыру керек, мысалы В3 ұяшығына қарау үшін Sheet2 жұмыс бетінде мына формуланы енгізу керек: Sheet2 !В3.Егер беттің аталуы арасында пробел болса, онда ол тырнақшаға алынады. Ұяшық адрестері латын әріптерімен жазылады. Екі ұяшықты ақпаратттарды байланыстыруды оңайлату үшін нақты ұяшықтары белгіні буферге көшіреміз және нәтиже шығатын ұяшықты белгілейміз. Paste Special дерективасын Edit менюінан диалогтар терезесінің Paste Link батырмасын басамыз. Айталық, барлық ұяшықтар тобының соммасын есептеу керек болсын, бұл үшін барлық ұяшықтарды белгілеп алып әрқайсына формулалар жазу керек. Insert менюінда белгіленген ұяшықтар тобының атарын Name ішкі менюіна немесе Define дерективасына шақыру керек. Define Name диалогтар терезесінде осы тооптың атын енгізіңіз. Топтың аты әріптен басталу қажет және 255 символдан аспау қажет. Пробелдар пайдаланбайды. Топтың аты ұяшықтар адресімен бірдей болмау керек. Осы терезеде блокнотқа арналған топ атары тізімі көрсетілген. Егер сіздің кестеңізде жолдар мен бағаналардың атары бар болса, онда бұл атарды осы аймақтардың аты ретінде алуға болады. Бұл үшін көрші жолдармен ұяшықтарды және жолдарды белгілеп алу керек, Insert Name менюіна Create дерективасын таңдау қажет. Ашылған диалог терезеден атардың орналасқан жері таңдап ОК кнопкасын басу керек. Егер Define Name диалогтар терезесін шақырсақ, онда Excel программасы белгіленген жолдармен бағаналарға осы атарды бергенін көреміз. Диаграммаларды құру және көркемдеу Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын көркемдейді. Excel 5-ші версиясында жаңадан диаграммалар конструктары шыққан, онда «көрсетілімдік сапа» диаграммаларын құруға болады. Әдемі үштік диаграмма тек қана көзге көрнеклікке ғана емес документ сапасының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Диаграмманың кестенің жаңына орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады. Диаграммалар конструктары Excel программасында өте бір күшті құрылғы болып табылады. Диаграмманы тұрғузы көмегімен бірнеше қадамдар жасауға болады. Конструкторға кестенің ортасы диаграмманың типі, жазбасы және түсі көрсетіледі. Конструктор диаграммасын шақыру үшін негізгі тақтада пиктограмма берілген. Конструктор диаграммасы диаграмманың орналасқан жері туралы ақпаратты күтеді, сондықтан маус көрсеткіші пиктограмма формасын алады. Сіз диаграмма орналасатын жұмыс бетінің бос орында маус көрсеткіші көмегімен төртбұрыш қоюңыз қажет. Бұл үшін маустың сол батырмасын басып, жібермей, төртбұрыштың аймақтарын көрсетіп қоюмыз қажет. Егер диаграмманы бөлек бетте құру керек болса, онда Insert менюінің Chart ішкі менюін таңдап ондағы As New Sheet директивын таңдаңыз. Осыдан кейін крнструктор диалогты терезе ашады, мұнда бес қадам арқылы диаграмма құру қажет. Бірақта алдымен диаграмма ненің негізінде құрылатынын, қай кестеден джеректер алу керек екенін және позициясын көрсету қажет. Бұл үшін бірінші қадамда маус көмегімен барлық жолдар мен бағаналарды және кестені белгілеп алу қажет. Келесі екі қадамды орындау үшін, Next батырмасын басып, берілген типтің үлгілері мен диаграммалар түрінен сәйкес керегін таңдаңыз. Төртінші қадамда конструктор алдын ала диаграммаларды қарап шығу үшін мүмкіндік жасайды. Соңғы бесінші қадамда диаграмманың атын беру керек. Қорыта келе Finish батырмасын басыңыз, сонда жұмыс бетінің көрсетілген аймағында диаграмма пайда болады. Тізімдерді өңдеу Тізімдер біртекті деректер жиынмен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Тізім дегеніміз біртекті құрылғысы бар реттелген деректердің жиыны. Мысалы, абоненттердің фамилиясы және телефон номірі жазылған телефондық анықтама тізім болып табылады. Тізімнің әр элементті деректер бірнеше аландарға бөлінген бір жолда орналастырады. Excel программасында тізімдер кестенің өңдеу операциясының арнайы бір түрі болып табылады; тізімдер – дерекқордың ішкі, жолдары немесе алаңдары (бағаналары) болып табылады. Автоматты фильтрлар анықталған бір тапсырма орындалуы кезінде ғана тізімнің бөліктерін шығарады. Техникалық асағынан алғанда тізімдер қарапайым кесте сияқты, бұлар үшін Excel программасы толықтырылған өңдеу операциясын жүргізеді. Мысалы, тауарлар тізімінің алаңдарын: артикул нөмңрң, тауар аты, бағасы және оның қоймада бар болуы сияқты деректер жазуға болады. Алаңдар атын Excel программадағы тізімде алаңды іздеуге және өңдеу үшін алады. Бұл атаулар кесте бағаналары атауымен сәйкес болады. Жұмыс бетінің бірінші жолына тізімнің жеке бөлек алаңдарының атын енгізіңіз. Олардың арасында бос бағаналардың қалуын қадағалаңыз. Бұл жолды Excel программасы тізім тақырыбы жолы ретінде қарастырады. Келесі жолдан бастап өз деректеріңізді енгізіңіз. Data менюінен Form директивасын шақырған соң диалогтік терезе ашылады, мұнда бірінші жолдың программа тізім тақырыбы туралы сұрайды. “ОК” батырманы дұрыстығы үшін басу керек. Бұдан кейін деректер енгізу үшін диалогтік терезе ашылады, мұнда тізімнің әр алаңына енгізу алаңы сәйкес болады. Барлық алаңдар деректермен толтырылғаннан кейін, енгізілген элементті тізімге қосу үшін NEW батырмасын басыңыз. Содан кейін келесі деректер элементін енгізу керек. Қорытындыда Close батырмасын терезені жабу үшін қолданыңыз. Кез келген жаңа тізімді бөлек жұмыс бетіне құру керек. Data менюінен Form директивасын шақырғаннан соң диалог терезесінде тізімнің бірінші элементі шығады. Іздеу режиміне ену үшін Criteria батырмасын басыңыз. Диалог терезесінің түрі өзгереді, Criteria батырмасы Form батырмасына өзгереді. Енгізілген белгі іздеу критериясының белгісі болады. Енгізу барысында алаңдар ретін өзгертпеңіз. Енді Find Next командалық батырмасын басыңыз. Excel программасы тізімнің бірінші элементінен бастап, керек элементі іздеуді бастайды. Егер программа қажет элементті тапса, ол диалогты терезеге шығады. Егер іздеу шартын қанағаттандыратын тағы бір элементті табу керек болса, Find Next батырмасын басыңыз. Егер іздеуді кері бағытта жүргізу керек болса, Find Prev командалық батырмасына басыңыз. Іздеуде әртүрлі критерияларды араластыруға болады. Мысалы, кейбір алаңдар белгісі берілген саннан үлкен болса немесе берілген символдар тізбегінен сәйкес болса, іздеу элементтерін енгізуге болады. Егер іздеу критериясын бірде-бір элемент қанағаттандырмаса, дауыс сигналы естіледі. Бірнеше іздеу критериялары берілсе, программа берілген шартты қанағаттандыратын элементті ғана табады. Деректерді талдау Excel программа үлкен тізімдерді талдау үшін арнай құралдар қарастырылған. Деректерді талдау деп – кесте деректері бағынатын, белгілі бір заңдылықтар мен тенденцияларды түсінетін әдістерді айтамыз. Excel программасының версиясына енген (Pivot Table) тірек кестесі тізім деректерінің өзара қатынасын талдауға арналған. Тірек кестесі, кесте конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын интерактивті режимде алаңдар атын кестенің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауыстыру арқылы өзгертуге болады. Тірек кестелерінен басқа Excel программа деректерді жиын арқылы талдау әдісі бар. Теңдеуді шешуді іздеу директивасы өте пайдалы, мұнда анықталған қатынасты қанағаттандыратын берілген алаң белгісі арқылы басқа белгілер табылады. Data менюінен Pivot Table директивасының диалог терезесінен тірек кестелерінің констуркторын ашыңыз. Бұл терезеде 4 қадам арқылы тірек кестесін құруға болады. Бірінші қадамда деректер түсуінің алыну көзін көрсету керек. Егер алынатын деректер тізімде бар болса, MS Excel List or Database селекторлық батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз. Екінші қадамда тізім орналасқан жұмыс бетінің ортасын көрсету қажет. Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің жарты бөлігін ғана беруге болады. Үшінші қадамда (Layout) тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң жағында тізім атаулары орналасады, ал ортада – тірек кестесінің құрылымы ұсынылады. Бұл алаңда, жол, бағана дәне деректер алаңы бар болады. Кесте құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін маус көмегімен енгіземіз. Тірек кестесін құрғанда келесі ережелерді ұстаныңыз. Деректерге талдау жасалатын алаңдар аттарын Data деректер алаңына сүйретіп әкеліңіз. Жол аттары жазылады ROW-ға, және бағана аттары жазылатын Column-ға классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next батырмасын басыңыз. Төртінші қадамда кесте құруға арналған бірнеше опцияларды беруге болады. Pivot Table енгізу алаңына Starttng Cele адресі көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу алаңында кесте аты көрсетіледі.егер бақылау индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows енгізу қажет, сонда тірек кестесінің әрбір жолы мен әр бағанында жалпы соммалар есептелетін болады. Тірек кестесі мен алынатын тізімнің арасында статикалық байланыс бар, ол байланыс тек кесте құрғанда ғана бар болады. Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесті өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қолданбалы программалық жабдықтың құрамы. 2. Сериялы құжаттарды дайындау принциптері. 3. Презентация өңдеу этаптары. 4. Excel –де адресациялау түсінігі? 5. Адресация типтері. 6. Абсолюттік адресация дегеніміз не? 7. Салыстырмалы адресация дегеніміз не? 8. Диаграмма түрлері. Ұсынылатын әдебиеттер : негізгі Әдебиеттер 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 13-Дәріс. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі Дәріс сабағының мазмұны: Мәлiметтер базасы түсiнiгi. МБ объектiлерi. Объектпен жұмыс тәртiптерi. Кестемен жұмыс. Формамен жұмыс істеу. Сұраныс құру және қолдану. Есеп берудi өндеу. Мәліметтер қоры Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер қоры сөзін кеңінен алғанда – бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады. Мәліметтер қорын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады. Құрылымдылық (структурирование) – бұл мәліметтерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған мәліметтерді айтамыз. Мысал 1. Суретте студенттер туралы мағлұматтар бар (жеке іс-қағазының нөмірі, фамилиясы, аты, отчествосы және туған жылы) құрылымдылық емес мәліметтерге мысал келтірілген. Құрылымдылық емес түрде сақталған қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру өте қиын, ал мұндай ақпаратты сұрыптау мүмкін емес. |Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан | |1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым | |1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша | |1981 ж. | Осы ақпаратты іздеуді автоматтандыру және жүйелеу үшін мәліметтерді көрсету әдістері туралы қандайда бір келісімді анықтау қажет, яғни туған жылды әр студентке бірдей жазу керек, ол қалған ақпараттың ортасында бірдей ұзындық және орын алу керек. Бұл ескертулер қалған мәліметтерге де қатысты (жеке іс қағаздың нөмірі, фамилия, аты, отчествосы). Мысал 2. 1 мысалда берілген ақпаратпен қарапайым құрылымын өзгерту кезінде мына суреттегідей түрге келеді. |Жеке іс қағаз|Фамилия |Аты |Отчествосы |Туған жылы | |№ | | | | | |16562 |Рамазанов |Жасулан |Рамазанұлы |01.02.85 | |45621 |Мустафина |Динара |Токтарқызы |12.06.86 | |78521 |Жайлганова |Меруерт |Саттарқызы |15.11.81 | Мәліметтер қорын пайдаланушылар болып әр түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сонымен қатар ақырғы пайдаланушылар (конечные пользователи) деп аталатын мәліметтерді пайдаланушылар рөлінде шығатын пәндік облыстың мамандары болуы мүмкін. Мәліметтер қорының қазіргі технологиясында мәліметтер қорын құру, оны қолдау және оған пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз ету арнайы программалық инструментарий – мәліметтер қорын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асыруды болжайды. Мәліметтер қоры (МҚ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық мәліметтердің аталынған жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені. Мәліметтер қорының құрылымдық элементтері Мәліметтер қоры түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) сияқты құрылымдық элементтер түсінігімен тығыз байланысты. |Имя поля 1 |Имя поля 2 |Имя поля 3 |Имя поля 4 |Имя поля 5 | | | | | | | | | | | | | | | | | | | Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады: -аты, мысалы, Фамилия, аты, отчествосы, туған жылы; -тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік; -ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады; -сандық мәліметтер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын суреттеуге арналған екі онсандық белгілер. Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу. Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы. Файл жазбасының логикалық құрылымын суреттеу жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі сипаттамаларын суреттен көруге болады. |Файл аты | |Өріс |Кілт |Өрістің форматы | | |белгісі | | |Аты |Толық | |Типі |Ұзындығы |Нақтылығы | |(белгіленуі|аталуы | | | |(сандар үшін) | |) | | | | | | |аты 1 | | | | | | |... | | | | | | |аты n | | | | | | Файлды жазу құрылымында өрістің кілттер болып табылатын мәндері көрсетіледі. Олар: алғашқы кілттер (первичные ключи) - жазба көшірмесін идентификациялайды, екінші кілттер (вторичные ключи) – іздеушілік немесе топтастырушылық белгілер рөлін орындайды. Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі) жазбасының логикалық құрылымын суреттеу мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне қарау оның номері арқылы жүреді. |Файл аты: СТУДЕНТ | |Өріс |Кілт белгісі|Өріс форматы | |Белгіленуі |Атауы | |типі |ұзындығы |нақтылығы | |Номер |Жеке іс-қағазының№ |* |Симв |5 | | |Фамилия |Студент фамилиясы | |Симв |15 | | |Аты |Студент аты | |Симв |10 | | |Отчествосы |Студент отчествосы | |Симв |15 | | |Күні |Туған күні | |Уақыт |8 | | Мәліметтер моделінің тұрлері Мәліметтер моделі – мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы. МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Мәліметтер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық. Мәліметтердің иерархиялық моделі Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген. Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Мәліметтер қорында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады. Мәліметтер қорының әрбір жазбасында түбірлік жазбана тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз. Мәліметтердің тораптық моделі Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін. Суретте мәліметтер қорының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген. Мәліметтердің реляциялық моделі Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты. Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады. Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады: - әрбір кестенің элементі – мәліметтердің бір элементі; - кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен ұзындығы бар; - әрбір бағанның өзгеше аты бар; - кестеде бірдей жолдар жоқ; - жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін. Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді. Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда мәліметтер қорының мұндай кестесінің құрама кілті болады. Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек. Мәліметтер қоры бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды. МҚ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады: - "один – к - одному"; - "многие – к - одному"; - "один – ко - многим"; - "многие – ко - многим". 1. "Один – к - одному" байланысы Мұндай байланыста ата-аналық кестедегі бір жазба аналық кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді. 2. "Один – ко – многим" байланысы 3. "Многие – к –одному" байланысы "Один – ко – многим" ("многие – к – одному") байланысының екі түрін қарастырады: - бірінші жағдайда бастапқы кестедегі барлық жазбалар бағынышты кестедегі жазбалармен сәйкес келуі керек; - екінші жағдайда мұндай қатаң талаптар қойылмайды және бастапқы кестедегі кейбір жазбалар бағынышты кестедегі байланысқан жазбалары болмауы мүмкін. 4. "Многие – ко – многим" байланысы Мәліметтер қорын кез келген "многие – ко – многим" байланысы "один – ко – многим" (многие – к – одному") байланысының бір немесе бірнешеуімен ауыстырылуы мүмкін болатындай құруға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Құрылымдылық дегеніміз не? 2. Мәліметтер қоры дегеніміз не? 3. МҚБЖ дегеніміз не? 4. Мәліметтер моделі дегеніміз не? 5. Иерархиялық, тораптық және реляциялық мәліметтер модельдері нені көрсетеді? 6. Өріс, жазба дегеніміз не? 7. Кілттік өріс дегеніміз не? 8. Байланыстың қандай түрін МҚ кестелері арасына орнатуға болады? Ұсынылатын әдебиеттер : 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 14-Дәріс. Компьютерлік желілер және ИНТЕРНЕТ Дәріс сабағының мазмұны: Жүйелер туралы жалпы мәліметтер, компьютерлердің өзара жүйелі жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі. Интернет. Электронды почта. Компьютерлік желілер ауқымды және жергілікті желілер болып бөлінетіні белгілі. Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындалады. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұлдыз тәрізді топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады. Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады. Жергілікті желілерді пайдаланылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады: Біріншіден – арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі реурстарын пайдалануды қамтамасыз ету. Екінші топ – бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, құрылғыларын да ортақтастыру мүмкіндігі бар. Ауқымды желі – олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық жергілікті желідегідей жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады. Егер басқа мекемеден мәліметтер алу жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алу, компьютердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн. Компьютерлерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті. Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгісі Internet есептеледі. Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады. Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді. Жүйенің арқасында (тегін немесе орынды ақы төлеу арқылы) орасан көп ақпараттар алуға болады. Сонымен, пайдаланушы кез-келген мемлекеттегі өзінің қызығушылығымен бөлісетін адаммен интернет арқылы байланыса алады немесе электронды кітапханадан құнды мәліметтер ала алады, тіпті егер олар әлемнің басқа шетінде болса да. Қажетті ақпарат спутник, мұхит түбі, таулар мен теңіздер, кабельдер мен радио арқылы, аралық компьютердің ұзын тізбек жолдарынанөтіп санаулы секундта оның компьютерінде болады. Интернет өкіметтер, ғылыми және ағарту мекемелері, комерциялық құрылымдар мен әлемнің барлық бөлігіндегі миллиондаған жеке адамдар есебінен қаржыландырылады, бірақ оның анық иесі болып ешкім есептелмейді. Жүйені шақырылған ерікті адамдардан құралған “Интернет архитектурасының Кеңесі” басқарады. Жүйе 1984 жылы құрылған, қазір оны мөлшермен алғанда қырық миллиондай адам пайдаланады. Интернет уақыт сайын өзгеріп отырады, себебі өздері үшін бағдарлама жазып, одан кейін оны тілек білдірушілерге тарататын маман қолданушылары көп. Жаңа серверлер үнемі пайда болады, ал бұрынғылары өз “репертуарларын” жаңартады. Ақпараттар легі үздіксіз өсуде. Интернетпен байлансыудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және телефон жүйесі арқылы байланысу. Осыған байланысты Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен бағасы жағынан бір-бірінен өзгешеленетін үш түрі бар: 1. почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды пчта арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі; 2. on-lіne тәртібінде сеанстік (“тікелей байланыста”) — диалогтік тәртіптегі жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уақытында; 3. тура (жеке), ең қымбат тұратын — барлық мүмкіншілігі кез-келген уақытта. Сеанс тәртібіндегі жұмыс кезінде Интернетке кіру көбінесе провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат беру, қамтамасыз ету), Интернеттің кейбір бөліктеріне кіруге және оның пайдаланушыларына алуан түрлі қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады. Интернеттің кейбір маршрутизаторлардың көмегімен өзара байланысатын учаскелерді әр түрлі архитектурадағы жүйелерді ұсынады. Жіберілетін мәліметтер, пакеттер деп аталатын кішігірім тиісті бөліктерге бөлінеді. Әрбір басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады. Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады. Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі мәліметтерді жіберудіңәр түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол. • TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты; • ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол. TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды. Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық ІP-мекен-жай (цифровой ІP-адрес) және символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен- жайды (адрестерді) тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы локальды жүйелердің қожалары (иелеріне) мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қалғандары нақты мекен- жайларды өз еріктеріне бөледі. ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайын, ал төртіншісі – бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ке ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйне адресі — 145.37; адрес жүйе бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150. Сандық адрестен домналық (англ. domaіn — област), адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домналық адрсетің мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл жердегі домна barsuk — компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домна les — өзі компьютерге берілген топтың атауы, домна nora les — домнасына атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домналық адрес мәліметтер жіберу процессінде ІP-адресіне өзгереді. Интернет жүйесінің негізгі сервиздері. World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) — гипертекстік, дәлірек айтқанда, Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық ақпараттық жүйесі және оған кіру. Гипертекст — компьютер экранында текст элементтері арасындағы мағыналық байланыстарды тауып көрсетіп отырып, бір элементтен екіншісіне оңай көшіруге жағдай жасайтын ақпараттық құрылым. Гипертекстағы тәжірбиеде кейбір сөздердің асты сызылады немесе басқа түрге боялады. Сөзді бөліп көрсету бұл сөзге қатысты тақырып кейбір құжаттармен қатысы бар екендігін және онда өте толық қаралатынын білдіреді. Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда “текст” сөзін кез-келген дыбыс графика бейнелеу деген ақпараттық түрлеріне ауыстырғанда не шықса, сол текстік ақпараттпен қатар басқа да кез-келген қос, мысалы, кодталған дыбыс немесе графиканы байланыстыруға болатындықтан мұндай гипермедиалық нұсқаулар болуы мүмкін. Егер бағдарлама дүние жұзілік картаны көрсетсе, компьютерді пайдаланушы мыщьтың (комп. тетігі) көмегімен картадан қандайда бір континенті таңдаса, бағдарлама сол мезетте ол туралы графикалық дыбыс және текстік ақпарат бере алады. WWW жүйесі HTTP гипертекстің жіберетін протокол деп аталатын мәліметтер жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған (құрылған). HTTP “эйч-ти-ти-пи”, деп оқылады, HyperText Transfer Protocol). Барлық WWW жүйесінің ішіндегілері саит (англ. sіte — участке) деп аталатын. WWW-беттерден тұрады. WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің гипермедиалық құжаттары. Олар HTML (Hypertext markup language) гипертекстік таңбаларының тілінің көмегімен жасалады. HTML тілі құжаттар текстіне арнайы бұйрықтық фрагментер— тэги (англ. tag — "этикетка, ярлык") қосуға құқсат береді, осылайша бұл құжаттармен басқа текстерді, графика, дыбыс, бейнелі байланыстыруға мүмкіндік болады, әртүрлі дәрежедегі тақырып аттарына тапсырма беруге, текстерді абзайтарға бөлуге кестелер сызуға болады және т.б. мысалы, құжаттық тақырыбы мынадай түрде болуы мүмкін:Шабдалымы жақсы көретіндер клубы Бір WWW – бетіне бір серверде орналасқан, сілтемелерінің қатынасы түптелегн және мағынасы байланысты гипермедиялық құжаттардың жиынынан құрайды (мысалы, қандайда бір музей немесе оқу орындарының ақпараттары ). Беттің әрбір құжаты өз қатарында, бірнеше мәтіннің экрандық бетін және бейнесін орналастырады (құрайды). Әрбір WWW – біттің өзінің (англ. “homepage”) “бастапқы парағы” – гипермедиялық құжат болады, беттің бастапқы құрылған бөліктерінің құрамындағы сілтемелер. “Бастапқы парақтың” адрестері Интернетке беттің адресі ретінде тарайды. Жеке дербес беттер – бұлар WWW-беттер формаларына болмаса ұйымдарға жатпайды, бұл жеке адамға арналған. Бұндай беттердің мазмұны және безендірілуі тек автордың өзіне байланысты. WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы программа – клиент жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл браузерлер деп аталады. Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW- cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды. Жүздеген браузер – программалары бар. Ең көп тараған браузерлер: Netscape Navіgator және Mіcrosoft Explorer. WWW браузерлері кез – келген сервер типтерімен олардың протоколдарын қолдана отырып қарым – қатынаста бола алады. Кез – келген серверден алған ақпаратты WWW браузер бейнелеу үшін оңай, стандартты түрде экран бетіне шығарып бере алады. Бұлкезде протоколдар арасындағы ауысулар пайдаланушыға білінбейді. Telnet – алыстатылған қатынас программасы. TELNET протоколының көмегімен Интернетте жұмыс істейтін басқа есептеу жүйесіне шығуға мүмкіндік беретін программа. Бұл программа екі компоненттен тұрады: клиент- компьютерінде орындалатын клиент - программасы, және сервер –компьютерінде орындалатын сервер - программасы. Клиент - программасы функциялары: • сервермен байланыс орнату; • абоненттен кіріс деректерді алу, оларды стандартты форматқа келтіріп серверге жіберу; • сұраныс нәтижесін стандартты форматта серверден алу және пайдаланушыға ыңғайлы форматта оны қайта форматтау. Сервер - программасы функциялары: • Стардартты түрде сұранысты күту; • Осы сұранысқа қызмет көрсету; • Клиент – программасына нәтижені жіберу. Telnet — Интернетпен байланыстың қарапайым және әмбебаб құралы болып табылады. Ftp файлдарды жіберу программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файлов жіберу протоколы”) протоколының көмегімен Интернеттегі файлдардың көшірмесін бір жерден екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары бар компьютерлерді, FTP-серверлер деп атайды. Интернетте 10 Терабайттан артық тегін файлдар мен программалар бар. Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл” деп оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай – ақ екілік файл – программаларында қосып жіберуге болады. Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталық сервер аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — пайдаланушы аты, space.com — компьютер аты, @ — “коммерциялық эт ” бөлуші символ. E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар , компьютерде арнайы “пошталық” алушыға бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық жәшігі”), оны ол арнайы клиент – программасының көмегімен оқы алады. Ал хабар жіберу үшін абоненттің электрондық адресін білу керек. Сапалы түрде жіберген жағдайда электронды хат дүние жүзінің кез – келген жеріне жетеді. Usenet (от Users Network) телеконференция жүйесі. Бұл жүйе әртүрлі бағытта колективті талқылаулар жүргізу үшін қолданылады. Usenet –тің қәзіргі кезде мыңдаған дискуссиялық топтары(NewsGroups) бар, олардың әрқайсысының тақырыптары болады. Яғни телеконференциялар бірнеше топтарға бөлінеді: • news — телеконференция жүйесіне қатысты сұрақтар; • comp — компьютерлер және программлық қамтама; • rec — сауықтар, хобби және өнер; • scі — ғылыми - зерттеу қызтеті және қосымшалар; • soc — әлеументтік сұрақтар; • talk — әртүрлі талас жүргізілетін сұрақтар дебаты; • mіsc —барлық қалғандары. Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі Интернетте кез – келген тақырыптағы ақпараттар көрсетіледі. Бірақ одан ақпаратты табу оңай жұмыс емес. Содықтан Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу үшін ақпаратты іздей жүйесі өңделген. Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы арнайы бөлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек. Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді. Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады: • адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар; • адам көмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты индекстер. Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW- cерверлер мен басқа да желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады. Мұның арқасында клиент ақпараттарын жаңалай отырып өзінің каталогтар тармағын құра алады. Ол тармақтың жоғарғы деңгейінде “бизнес”, “ғылым”, “өнер”сияқты элементтер болуы мүмкін. Осындай жұмыстың барысында олар үлкен көлемдегі деректер қорымен жұмыс істей алады. Автоматты индекстер. Оларды айта кетпеуге болмайды. Кілттік сөз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді. Автоматты индекс үш бөліктен тұрады: • робот - программалары; • осы роботпен жиналатын деректер қоры; • пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі. Бұл барлық компоненттер адам көмегінсіз жұмыс жасайды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Компьютераралық байланыстың қызметі қандай? 2. "клиент–сервер" технологиясын суреттеп беріңіздер. 3. Компьютер жүйесіндегі интерфейстердің сәйкессіздік мәселесі қалай шешіледі? 4. Коммуникация протоколы деген не? 5. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен жіберіледі? 6. Жүйелік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыздар. 7. Кең тараған жүйелік архитектураның сипаттамасын атаңыздар. 8. Арнайы жүйелі жабдықтың қысқаша сипаттамасын беріңіздер. 9. Локальды жүйелер қай облыстарда және қандай мақсаттарда қолданылады? 10. Интернет жүйесінің негізгі қызмет көрсетуін (сервисін) атап беріңіздер. 11. ІP-адрес дегеніміз не? 12. WWW жүйесі пайдаланушыларға қандай қызмет көсетеді? 13. Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі қалай ұйымдастырылған? 14. Гипермәтіннің гипермедиадан ерекшелігі неде? 15. Браузер дегеніміз не? 16. Электронды пошта қалай жұмыс істейді? Ұсынылатын әдебиеттер : 1.Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002 2.Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000 3.Информатика. Учебник под ред. проф. Н.В. Макаровой, 2001 4.Фигурнов В.Э. IВМ-РС для пользователей. М.: Финансы и статистика, 2002 5.Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 2001 Қосымша Әдебиеттер 1.Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001 2.Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004 Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 2002 3.Экономическая информатика /под ред. Проф. В.В. Евдокимова -СПб,2001 4.Лавренов С.М. Ехсе1. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001. 5.Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001. 6.Н.Николь, Р.Альбрехт. Ехсеl 5.0. Электронные таблицы. М.,Эконом, 2002 7.Нортон П. Программно-аппаратная организация компьютера IВМ-РС. Киев, 2001 8.Балапанов 30 сабақ информатика. Алматы, 2004 15-Дәріс. 2. Практикалық сабақтар Практикалық сабақ № 1. Информатика және ақпарат Сұрақ: Негізгі түсініктер: сигналдар мен деректер, деректер мен әдістер, ақпарат, ақпарат саны, ақпаратты өңдеу, файлдар мен файлдық құрылым. Информатика пәні мен есептері. Дерек тасымалдағыштар. Деректермен жүргізілетін операциялар. Санау жүйелері. Екілік кодтармен жүргізілетін операциялар. Практикалық сабақ № 2. Дербес компьютердің техникалық жабдықтары Сұрақ: 1. Базалық аппараттық конфигурация: Жүйелік блок, Монитор (дисплей), Пернелік, Тышқан. 2. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары: Аналық плата, Қатты диск, Иілгіш дисктерге арналған дискенгізгіштер, СD-ROM жинақы дисктеріне арналған дискенгізгіштер, Бейнекарта (бейнеадаптер), Дыбыстық карта. 3. Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары. Практикалық сабақ № 3. ДК программалық жабдықтары Сұрақ: 1. Программалық жабдықтардың жіктелуі 2. Қолданбалы ПЖ 3. Жүйелік ПЖ 4. Аспаптық ПЖ Практикалық сабақ № 4. ДК-де ақпаратты сақтаудың файлдық құрылымы. Сұрақ: 1. Файл түсінігі. 2. Файл атрибуттары. 3. Файлдық құрылым. 4. Каталог. 5. Файлдар мен каталогтарға қолданылатын амалдар: көшірмесін алу, құру, жою, орнын ауыстыру, атын өзгерту. Практикалық сабақ № 5. Информацияны қысу. Архиваторлар Сұрақ: 1. Файлдарды архивтеу 2. Архиваторлар Практикалық сабақ № 6. Компьютерлiк вирустер. Сұрақ: 1. Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. 2. Компьютерлік вирустар. 3. Программалық вирустар. 4. Макровирустар. Практикалық сабақ № 7. Windows операциялық жүйесi. Сұрақ: 1. Негізгі ұғымдары. 2. Жұмыс столы, белгішелер. 3. Бас мәзір,терезе, терезенің стандартты элементтері. 4. Терезе түрлері. Тереземен жұмыс. 5. "Жарлық" ұғымы. Тапсырмалар тақтасы. 6. Терезе атрибуттары. Практикалық сабақ № 8. Windows операциялық жүйесi. 1. "Жолсерік" программасы. 2. Файл және бумалармен жұмыс: бума құру, атын өзгерту, жою, орнын ауыстыру, файл мен бумаларды көшіру. 3. Файл мен бумаларды іздеу. 4. Дискетпен жұмыс істеу: дискiнiң бос көлемi туралы ақпарат алу, дискеттi форматтау. Windows қызметтiк программалары. 5. Дискiнi тексеру және дефрагментациялау программаларымен жұмыс істеу. Практикалық сабақ № 9. MS Word мәтіндік редактор. Сұрақ: 1. MS Word қосымшасының мiндеттерi. 2. MS Word интерфейсi. 3. Құралдар тақтасы. Құжаттарды түзету тәртiптерi. 4. Құжаттардың масштабын бейнелеу. 5. Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету (құжатты түзетудiң негiзгi тәсiлдерi). 6. Шрифттi форматтау. 7. Абзацты форматтау. 8. Тiзiмдер құру: нөмiрленген, маркерлерген, көпнөмiрленген. Көпбағанды құжат құру. Практикалық сабақ № 10. MS Word мәтіндік редактор. Сұрақ: 1. Графикамен жұмыс істеу: құру, берiлгендердi қою, өңдеу. 2. Кестемен жұмыс істеу: құру, түзету, форматтау. Практикалық сабақ № 11. MS Excel кестелік процессор. Сұрақ: 1. MS Excel қосымшасының мiндеттерi. 2. MS Excel интерфейсi. Құралдар тақтасы. 3. Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары 4. Блоктарды, ұяшықтарды, жатық жолдарды, бағаналарды белгiлеу. 5. Мәлiметтердi көшiру және орнын ауыстыру. 6. Бiрнеше жұмыс парақтарымен жұмыс iстеу Практикалық сабақ № 12. MS Excel кестелік процессор. Сұрақ: 1. Кестенi форматтау. 2. Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау. 3. Ұяшықтардың тұрақты және салыстырмалы адрестерi. 4. Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық 5. Мәлiметтердi реттеу. Сүзу (Фильтрлеу). 6. Диаграмманың негiзгi түрлерi. Диаграмма шеберiн пайдаланып диаграмма құру. Практикалық сабақ № 13. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Сұрақ: 1. Мәлiметтер базасы түсiнiгi. 2. МБ түрлерi. 3. Мәлiметтер базасын басқару жүйелерi. 4. МББЖ MS Access. Қосымша интерфейсi. 5. МБ объектiлерi. Объектпен жұмыс тәртiптерi. 6. МБ құрылымын жоспарлау және құру. 7. Бiркестелi және көпкестелi МБ. 8. Мәлiметтердi енгiзу және редактрлеу. 9. Кестемен жұмыс. Практикалық сабақ № 15. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Сұрақ: 1. Формамен жұмыс істеу. 2. Сұраныс құру және қолдану. 3. Есеп берудi өндеу. Практикалық сабақ № 15. Компьютерлік желі және ИНТЕРНЕТ Сұрақ: Жүйелер туралы жалпы мәліметтер, компьютерлердің өзара жүйелі жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі. Глобальді және локальді жүйелер. Локальді жүйелердің негізгі технологиялары, протокол және стандарттары. Байланыс жүйесінің аппаратуралары және сипаттамалары. Мәлімметтерді беру тәсілдері (асинхронды, синхронды, симплексті, дуплексті). Локальды жүйенің негізгі технологиясы, протоколдары мен стандарттары. Жүйені басқарудың бағдарламалық компонентері. Интернет. 9. Электронды почта. 3. Зертханалық сабақтар Зертханалық сабақ №1, №2. Тақырып: Санау жүйелері Сабақтың мақсаты: 2, 8, 10, 16 санау жүйелерімен танысу және оларға есеп шығару. 1. 246 санын екілік санау жүйесінен он алтылық санау жүйесіне келтіріңіз. 2. 124 санын сегіздік санау жүйесінен екілік және он алтылық санау жүйесіне келтіріңіз. 3. 0,024 санын сегіздік санау жүйесіне келтіріңіз. Зертханалық сабақ №3, №4. Тақырып: Архиваторлар. Компьютерлiк қауіпсіздік. Сабақтың мақсаты: WinRAR, WinZIP архиваторларымен танысу. Орындаңыз: 1. Пуск – Орындау – Обзор (G\WinZip\winzip32) командасын орындай отырып, WinZip архиваторын құрыңыз. 2. Н: дискісінде arch жаңа (NEW командасы) архивін құрыңыз. 3. G:\LEX\ бумасынан кез келген 5 файлдарды оған енгізіңіз (Add). 4. Архиваторды жабыңыз. 5. Архиваторды ашыңыз (Open). 6. Н: дискісінде arch.zip архивін ашыңыз. 7. Н: дискінің түпкі бумасына 3 файлды архивтен ашу. 8. Ашылған архивті және arch.zip архивін жойыңыз. 9. FAR manager-ді ашыңыз. 10. FAR командасы мен RAR архиваторын пайдалана, параметрлерді, математика және информатика бойынша ескі лабораториялық жұмыстардың файлдарын сақтай отырып, lab_rab архивін белгілеңіз және нығыздаңыз. 11. Архивке енгізілген файлдарды жойыңыз (тек қана файл-архивке тиіспеңіз). 12. Құрылған архивтен кез келген 2 файлды FAR командасын пайдалана отырып, белгілеңіз және нығыздаңыз. 13. v1440 (дискета немесе бір архивтік файлдың көлемі) кілтін және 111 паролін жаза отырып, RAR архиваторын құрып, lab2 жаңа архивіне осы 2 файлды нығыздаңыз. 14. Архивті архивтен шығарыңыз. 15. Архивті және ашылған файлдарды жойыңыз. 16. lab_rab.rar архивін ашыңыз және G:\LEX\ бумасының кез келген файлын оған көшіріңіз. 17. Архивтен сақталған файлды жойыңыз. 18. FAR-дан шығыңыз. Зертханалық сабақ №5, №6. Тақырып: Операциялық жүйе Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйемен жұмыс. 1. Терезедегі белгішелермен танысу. 2. Менің компьютерім сілтемесі. 3. Менің құжаттарым сілтемесі. 4. Қоржын. 5. Желілік орта. Зертханалық сабақ №7, №8. Тақырып: Windows операциялық жүйесi Сабақтың мақсаты: Windows операциялық жүйесiмен танысу. 1. "Жарлық" ұғымы. 2. Тапсырмалар тақтасы. 3. "Жолсерік" программасы. 4. Стандартты программалар: Блокнот, WordPad, Paint. 5. Бума құру Зертханалық сабақ №9, №10. Тақырып: MS Word мәтіндік редактор Сабақтың мақсаты: MS Word мәтіндік редакторымен танысу. 1. Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету. 2. Шрифттi форматтау. 3. Абзацты форматтау. Зертханалық сабақ №11, №12. Тақырып: MS Excel кестелік процессор Сабақтың мақсаты: MS Excel кестелік процессорымен танысу. 1. Кестенi форматтау. 2. Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау. 3. Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық. 4. Диаграмма тұрғызу Зертханалық сабақ №13, №14. Тақырып: MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі Сабақтың мақсаты: MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесімен танысу. 1. МБ объектiлерi. 2. Кестемен жұмыс. 3. Формамен жұмыс істеу. 4. Сұраныс құру және қолдану. 5. Есеп берудi өндеу. Зертханалық сабақ №15 Тақырып: Компьютерлік желілер және ИНТЕРНЕТ Сабақтың мақсаты: Интернетте жұмыс істеу тәртіптері. 1. Интернет. 2. Электронды почта 4. студенттің өздік жұмысы 4.1. Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар. СОӨЖ тапсырмасы СОӨЖ №1. Тақырып: Санау жүйелері 1. [pic] 2. Бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу мысалдарын келтіру. 3. Санау жүйелеріне есептер шығару СОӨЖ №2 Тақырып: Архиваторлар. Компьютерлік қауіпсіздік. 1. Архивтеу программаларымен жұмыс істеу. 2. WinRAR архивтеу программасымен жұмыс. 3. WINZIP архивтеу программасымен жұмыс. СОӨЖ №5 Тақырып: Архиваторлар. Компьютерлік қауіпсіздік. 1. Архиватормен танысу. 2. WINZIP архивтеу программасымен жұмыс. СОӨЖ №5 Тақырып: MS Word мәтіндік редактор. 1. Жаңа бет құру. 2. Шрифті форматтау. 3. Абзацты форматтау. 4. Бет нөмірін қою. 5. Тізімдер құру. СОӨЖ №6 Тақырып: MS Word мәтіндік редактор. 1. Мәтін теру. 2. Кестемен жұмыс істеу. 3. Графикалық объктілер қою. СОӨЖ №7 Тақырып: MS Excel кестелік процессор. 1. Жаңа кітап құру. 2. Функцияларды пайдалана отырып есептер шығару. 3. Оларға диаграммалар тұрғызу СОӨЖ №8 Тақырып: MS Excel кестелік процессор. 1. Функцияларды пайдалана отырып, қаржылық және экономикалық есептер шығару. 2. Диаграммалар тұрғызу СОӨЖ №9-10 Тақырып: MS Access мәліметтер қорын басқару жұйесі 1. Мәліметтер қорын құру 2. Кестемен жұмыс 3. Формамен жұмыс СОӨЖ №11-12 Тақырып: MS Access мәліметтер қорын басқару жұйесі 1. Сұраныс құру 2. Есеп беру 3. Макрос түсінігімен танысу СОӨЖ №13-15 Тақырып: Компьютерлік желілер және ИНТЕРНЕТ. 1. Интернетпен жұмыс 2. Сайт құру 3. Электрондық поштамен жұмыс 4.2. Студенттердің өздік жұмысының жоспары Студенттер өздік жұмысын реферат түрінде жазу керек. Орындалған өздік жұмыс нәтижесінің есебі А4 форматында терілген болу керек. Шрифт Times New Roman, өлшем -12 пн., аралық интервал – 1,5, мәтінді түзету – беттің ені бойынша. Бет параметрі: жоғарғы өріс (см.) – 2, төменгі – 2, сол жақ – 2,5, оң жақ – 1,5 см. Бетті нөмірлеу – беттің жоғарғы, оң жағында. Төменгі колонтитулға өз Фамилияңызды Атыңызды Отчествоңызды және топ нөмірін қойыңыз. 1. Дербес компьютерлің архитектурасы 2. Есептеу техникасы және дербес компьютер 3. Файлдық құрылым 4. Информатика пәні оның мәселелері 5. Дербес компьютердің техникалық жабдықтары 6. Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеу негіздері 7. Windows98 операциялық жүйесін баптау 8. Интернет ауқымды желісі 9. World Wide Web-тің негізгі түсініктері 10. Internet Explorer 5.0 программасымен жұмыс істеу негіздері 11. Электрондық пошта 12. Microsoft Word мәтіндік процессорының көмегімен мәтіндік құжаттарды даярлау 13. Электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу 14. Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану 15. Excel терезесінің негізгі түсініктері мен құрылымы 16. Excel-де диаграммалар тұрғызу 17. Мәліметтер базасы және Мәліметтер базасын басқару жүйесі 18. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері 19. Мәліметтер базасын жобалау 20. Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері 21. Кестелермен, сұраныстармен, қалыптармен, мәліметтерге қатынау беттерімен, есептермен жұмыс істеу 22. Презентация даярлау құралы Microsoft Power Point 23. Power Point құжатының құрылымы 24. Презентация даярлау 25. Компьютерлік желілердің классификациясы 26. Файлдарды архивтеу 27. Архиваторлардың түрлері 28. Компьютерлік вирустар және олардан қорғану 29. Антивирус программалары 30. MS DOS операциялық жүйесі 4.3. Өзіндік бақылауға арналған тестілік тапсырмалар № 1 А Информатика пәні нені зерттейді? A) ЭЕМ -ніњ кµмегімен ақпаратты жинақтау, µњдеу сақтау және беру зањдылықтарын B) Тек қана бухгалтерлік есеп ж‰ргізуді C) Математика ѓылымын D) География пәніне толықтамаларды E) "тынық м±хиттаѓы" ақпараттар аѓымы № 2 С Информацияныњ µлшеу бірлігі A) сµз B) дискета C) Байт, бит D) дьюм E) пункт № 3 А Бір байтта A) 8 бит B) 18 бит C) 6 бит D) 8100 бит E) 100 бит № 4 D 1 Кбайтта қанша байт бар? A) 254 байт B) 254 байт C) 3698 байт D) 1024 байт E) 1000 байт № 5 B Компьютермен ж±мыс жасау ‰шін ењ қажетті қ±рылѓылар жиынтыѓы A) Принтер, сканер B) ж‰йелік блок, монитор, клавиатура, тышқан C) дискенгізгіш, лазерлі диск D) кабельдер, слоттар E) тюнерлер, колонкалар № 6 C Ішкі сақтау қ±рылѓысы A) тышқан B) Монитор C) Қатты диск D) флэш диск E) Принтер № 7 C Компьютер миы - A) клавиатура B) тышқан C) процессор D) монитор E) сканер № 8 A Компьютердіњ ењ негізгі арифметикалық-логикалық қ±рылѓысы - микросхемасы A) ж‰йелік блок B) шина, жады, факсмодем C) джойстик D стример, принтер E) модем, сканер № 9 C Барлық математикалық және логикалық амалдарын орындайтын ењ негізгі микросхема A) ВЗУ(сыртқы жады) B) чипсет C) Процессор D) шиналар E) слоттар № 10 B Ақпаратты ±зақ уақытқа сақтау қ±рылѓысы - A) тышқан B) магнитті немесе лазерлі диск C) монитор D) принтер E) шина № 11 C Қатты дискініњ басқаша аталуы - A) CD B) чипсет C) винчестер D) софт E) сайт № 12 D Дискенгізгіштіњ (дисковод) атқаратын қызметі - A) сурет салу B) мәтін теру C) ақпаратты жµндеу D) ақпаратты ±зақ мерзімге сақтау E) ақпаратты µшіру № 13 B Tab пернесініњ атқаратын қызметі A) файлды ашу B) жања абзац жасау C) кесте қ±ру D) файлды жабу E) дискіге жазу № 14 C CapsLock пернесініњ атқаратын қызметі A) мәтінді бастау B) сµздерді µшіру C) бас әріппен жазу D) символдарды енгізу E) график сызу № 15 D PageDown, PageUp пернелерініњ қызметі - A) жања бет ашу B) абзац жасау C) бос орын тастау D) экран бетін алдыѓа, кері қарай жылжыту E) объектініњ кµшірмесін жасау № 16 B CTRL+ALT+DEL пернелері қай кезде басылады? A) компьютерді іске қосқанда B) компьютер д±рыс ж±мыс істемесе C) компьютерді µшіргенде D) файлды қ±ру уақытында E) файлды µшіру керек болса № 17 C Шеткері - қосымша қ±рылѓыѓа жататын қ±рылѓы A) процессор B) монитор C) джойстик D) тышқан E) клавиатура № 18 A Компьютерде ж±мысты бастау ‰шін әуелі қай пернені басамыз? A) ПУСК B) RESET C) ALT D) SHIFT E) INS № 19 D Курсор сµйлемніњ басына бару ‰шін қандай перне басылады? A) WAKE B) POWER C) END D) HOMЕ E) INS № 20 D Берілгендерді уакытша - компьютердіњ ж±мыс жасап т±рѓан уақытында ѓана сақтайтын микросхемалар жиыны A) қатты диск B) процессор C) шиналар D) ОЗУ(жедел жады) E) ВЗУ(сыртқы жады) Курс бойынша емтихан сұрақтары Информатиканың негізгі ұғымдары. Информатика құрамы. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технология ұғымы Санау жүйесі Жүйелік блоктың ішкі . құрылғылары. Дербес компьютердің периферийлі құрылғылары. Базалық аппараттық конфигурация. Программалық жабдықтардың жіктелуі Қолданбалы ПЖ Жүйелік ПЖ Аспаптық ПЖ 1. Файл түсінігі. «Файл» түсінігі. Файл аты. Каталогтар. Файл спецификациясы. Файл атрибуттары. Файлдар мен каталогтарды (бумаларды) көшіру, тасымалдау және жою. Файлдарды архивтеу. 2. Архиваторлар. 3. Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары. 4. Компьютерлік вирустар. 5. Программалық вирустар. 6. Макровирустар. Компьютердің операциялық жүйесі: қажеттілігі, құрамы, жүктелуі. 7. Жұмыс режимі. 8. ОЖ эволюциясы. Негізгі ұғымдары. Жұмыс столы, белгішелер. Бас мәзір, терезе, терезенің стандартты элементтері. Терезе түрлері. Тереземен жұмыс. "Жарлық" ұғымы. "Жолсерік" программасы Стандартты программалар: Блокнот, WordPad, Paint. 9. MS Word қосымшасының мiндеттерi. 10. Құжатпен жұмыс iстеудiң негiзгi кезеңдерi: құру, ашу, түзету. 11. Шрифттi форматтау. 12. Абзацты форматтау. 13. MS Excel қосымшасының мiндеттерi. 14. Негiзгi ұғымдар: жатық жол, бағана, ұяшық, жұмыс парағы, ұяшық атаулары. 15. Кестенi форматтау. 16. Кесте ұяшығындағы текстi және санды форматтау. 17. Негiзгi функциялар: математикалық, статистикалық, логикалық, қаржылық. 18. Диаграмманың негiзгi түрлерi 19. Мәлiметтер базасы түсiнiгi. 20. МБ объектiлерi. 21. Объектпен жұмыс тәртiптерi. 22. Кестемен жұмыс. 23. Формамен жұмыс істеу. 24. Сұраныс құру және қолдану. 25. Жүйелер туралы жалпы мәліметтер, компьютерлердің өзара жүйелі жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі. 26. Интернет. 27. Электронды почта. ----------------------- ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР өріс жазба 1 деңгей 2 деңгей 3 деңгей А С D F B E G H
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz