Файл қосу
Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-05-14-5-05.01.20.31.03.2011. | |ПОӘК | | | |Жанұялық қатынас |_______2013 жылғы | | |психологиясы пәнінің |№ 2 басылым | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | 5В010300 - «Педагогика және психология» 3 курс мамандығына арналған Жанұялық қатынас психологиясы ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар 4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба 5 СӨЖ 1. ГЛОССАРИЙ Амал, тәсіл (Способ) - бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш - жігер жұмсап, оңай, тиімді менгерудің жолын іздестіреді. Оны- ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді. Ана болу – филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен. Аффект – қысқамерзімдік аса күшті эмоционалдық күй. Антипатия (грек. аntіраtһеіа: аntі-жауластық мағынасын беретін қосымша және раtһоs-сезім) - педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іштарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) түлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия сияқты кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде, құлқы бұзық, қатыгез, т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Аутогендік жаттығу (грек. аutos - өзім, genos - шығу тегі, пайда болу)- емделушіні бұлшық еттік релаксацияға, өзін-өзі иландыруға, адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігіи арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып - үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсі іспетті мынадай екі сатысы бар: - ауырлыкты, ыстық-суықты, жылылықгы сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал - ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін - өзі тәрбиелеуде қолданылады. Аутогипноз (грек. аutos - өзім, һурnos -түс)-өзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға карама - қарсы - адамның өзін - өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік: физикалық және эмоциялық хал - ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уакытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. Ауытқыған мінез-құлық (Девиантное поведение) - балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы; оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту - тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп калуы, сондай - ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез - құлық - мінездің қылт етпе, құбылмалы, айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез - құлық физиологиялык және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті болғанымен, адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мұмкін. Паталогиалык негіздегі ауыткымалы мінез - құлык адамды бір сәтке сана - сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс - әрекеттер (шабуыл) жасауға игермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез - құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі - шығасылы” деп танылады. Әдіс (Метод; грек. metodos -теория, ілім, зерттеу жолы) - көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану - жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және окыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім - тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі, рейгинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады. Әдіснама (Методология; грек. metodos - зерттеу жолы, теория, ілім және ....логия ) - 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагогикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал - жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан тандап алуына байланысты; 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінін жиынтығы. Ә. - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Әдіскер (Методист) – оқу-тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті - пәннің оқытылу жағдайын бақылайды; озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. Әдістеме (Методика) - 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән зандылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады. Әлеуметтік өлшем әдісі (Социометрический метод) - америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым - қатынастарын зергтеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып (демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша тандап алуы керек. Адамдардың қарым - қатынастарының үйлесімді болуы, бір - бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік -эмоциялық күйлеріне байланысты. Мыс., топтағы адамдарға әр түрлі сұрақтар қойылып (“Сіз кіммен жұмыс істегіңіз келеді ?” және т.б. ), жауаптарың социограммага түсіреді де, көрсеткішгерін қортынды жасайды. Кімнің көрсеткіштері жоғары болса, сол топ лидері болып табылады. Социограммалық зерттеу әдісін 5-6 айда қайталап отыруы керек. Әңгімелесу, әңгіме (Беседа) - 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Окушы әнгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізіңде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында (әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге дейін алуан түрде етеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде “экспериментке кірістіру” - іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы “эксперименттік әнгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады. Байқағыштық (Наблюдательность) - заттың, кұбылыстың егжей-тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім-тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б.-танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет. Байқау әдісі (Метод пробования) - белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуіші адамның психологиялық ерекшелікгерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын байқауға болады. Бақылау әдісі (Метод наблюдения) – белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту рекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә. тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді. Бастауыш мектеп жасы (Младший школьный возраст) – баланы бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін даму сатысы. Бастауыш мектеп жасының хронологиялық шектері әр түрлі елдер мен нақты тарихи жағдайларда әрқилы; оқыта бастауды белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған орай Б.м.ж.шартты түрде 6-7 жастан 10-11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін. Бейнелі ойлау (образное мышление) - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Бейнелі ес (образная память) - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты болып келеді. Олар оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ -түйек көріністердің бәрін көз алдарына келтіре алады. Білім беру әдістемесі (Методика в образовании) - жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. Гендер - қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин. Ғылым - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи кұбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. - табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми - зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай-ақ, алғышарт, құрал-жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай-ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, зандылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. Ғылыми болжам (Научная гипотеза) - тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. практикалык қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау - адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі - оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде. Дарындылық (Одаренность) - үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3 жасында өз суретін салған, Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзін математика әлеміне танытқан. Қабілетіжан - жақсы дамыған адамды дарынды деуден гері қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр, ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан-тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. - балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта - ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл - ой қабілетінен байқауға болады. Егіздік әдіс (Близнецовый метод) - біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез - құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі. ЖАС - адам дамуынын кезеңі, организм мен тұлға қалыптасуының тән сипатты зандылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас - дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалық тұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезендерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезендерге бөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақгы тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым - қатынас ерекшеліктеріне орай анықгалады. ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезендері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты, үдемелі дамуы үшін қажет. ЖАСҚА ҚАТЫСТЫ СЕНЗИТИВТІЛК - белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы ұштасу. Сензитивтілік кезеңіне қатысты күн ілгері болған не кешіккен оқытып - үйрету жеткілікті нәтиже бермеуі мүмкін, мұның психиканың дамуына жағымсыз әсері болады. ЖАСӨСПІРІМ - 10 және 15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана- сезімнің артуы, айиаласымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдық - этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі, әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек. Жанұя– шағын әлеуметтік топ, жұбайлық одақ пен туыстық байланысқа негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге өмір сүретін және ортақ тұрмыс жүргізетін әйел мен еркек, ата-ана мен бала қатынасына негізделген. Жанұя психологиясы — психологиялық білімдердің салыстырмалы жаңа саласы. Ол жанұялық психотерапия практикасының жанұяға психологиялық көмек көрсету практикасы негізделеді Жанұя функциясы – жанұя мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты жанұяның өмірлік іс-әрекеті. Жанұя құрылымы – бұл отбасы құрамы және оның мүшелері, олардың өзара қатынастарының жиынтығы. Жанұяның динамикасы – жанұяның өмірлік іс-әрекетінің сатыларына байланысты құрылымы мен функциясының өзгеруі. «Жанұяның өмірлік циклі» – нуклеарлық отбасына тән маңызды оқиғалардың сипаттамасы, ал бір оқиғамен екінші оқиға арасындағы қашықтық өмірлік цикл сатылары деп аталады. Жұбайлар үйлесімділігі – сезімдердің, мінез және темпераменттің үйлесімділігін, қызығушылықтардың көзқарастардың әдеттер мен мінез-құлықтың ортақтығы. Жеке адам ерекшеліктері - адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліетерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ (Индивидуальность) - 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қаблеттерінде көрінеді. ЖЕТІСТІК МОТИВАЦИЯСЫ (Мотивация достижения) - адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата-ана ықпалымен балада 3-13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі. ЖОБАЛАУ ӘДІСІ (Метод проектирования) - оқушының бірте-бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі. ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) - ғылыми - зерттеу мақсатын шешетін амалдар. ЗЕРТТЕУ ҚАҒИДАСЫ (Принципы исследования) - зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы қалыптары. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ (Объект исследования) - аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады. ЗИЯТ, ПАРАСАТ (интеллект; лат. Intelectus-ақыл, парасат,ес) индивидтің акыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты кұрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.З. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялык және практикалық з.жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байпанысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақгы з., кристалданған з., күнделікті з., жануарлардың зияты, жасанды з. Зиятты диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты. ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ -индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұскауда көрсетілген логикалық топтастыру, ұқсастыру, қорыту және т.б. катынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай еткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады. ЗИЯТТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІ (ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; 10 символымен белгіленетін бұл катынас мына формула бойынша анықталады: АЖ/ШЖ*100%=[0 Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде логикалық, логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың менгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет- тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі. ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат. interior-ішкі)-сыртқы әлеуметтік қызметтің игерілуі арқасыңда адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А.Валлон және т.б.) енгізді. Символдық интеракционмзмнің өкілдері де интериоризацияны осыған ұқсас мағынада ұқсас ұғымдар психикалық талдауда психиканың ішіне өтетін индивидум аралық қарым-қатынастар құрылымының ықпалымен онгогенез бен филогенезде ұғынылмағанын (индивидумдық не ұжымдық) құрылымы, өз кезегінде сананың құрылымын анықтайтындай болып қалай қалыптасатынын түсіндіру кезінде пайдаланылады. Қазіргі тұрғыда И. Заттық қызмет құрылымының сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі өндеуі мен сақгауының қандай нысандарынан болсын ажырата білу керек. ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат. inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтіру дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы, әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықгар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі. Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Ингерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі. ИНТРОСПЕКЦИЯ (лат. introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалык іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалык өмірінді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек. ИНФАНТИЛИЗМ (лат. infantilis-бала)- 1) организм дамуының тоқтап қалуы. Инфантилизмге тән негізгі нышан -бойдың өсуінің тоқтап қалуы; бұл кезде көбінесе балаларға тән дене бітімі сақталады. Инфантилизмнің кейбір нысандары генотипке байланысты болады. КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп тандауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялык ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық- практикалық іс- әрекеті. КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ (комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.) КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУ (кластерный анализ)- көп өлшемді талдаудың математикалық процедурасы; бірқатар объектілерді сипаттайтын (мыс., сыналушыларды) көптеген көрсеткіштер негізінде оларды кластарға топтауға мүмкіндік береді және бұлай топтағанда өзге кластарға кіретін объектілермен салыстарғанда бір класты құрайтын объектілердің біртекті, ұксас болуы қамтамасыз етіледі. Объектілердің цифрлармен белгіленген параметрлерінің негізінде олардың арасындағы евклидтік өлшемдегі сияқты (көп қолданылатын), сонымен қоса, басқа өлшемдерде де көрінуі мүмкін болатын аракашықтықтар есеттеліп шығарылады. К.т. әдісі психолингвистикада көп қолданылады. КОЛЛОКВИУМ (лат. collogium-әңгіме, әнгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К., әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу пракгикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы. КОНСПЕКТ (лат. conspeklus -шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді. КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш. contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың (бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп кұжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді. ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕУ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақгы қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ- жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыпгастырушы эксперименгтің синонимдері қайта өзгертуші, жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі). ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, фивиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау. ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез- құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады. ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал. ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ (методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні-екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылады Құмарлық –инстинктивті тілек, индивидті осы тілекті қанағаттандыру бағытында әрекет атқаруға итермелейді. МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат. approbatіо)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы. МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезені. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың коғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады. Мотивтер күресі –шешім қабылдаумен байланысты ерік әрекеттерінің сатысы. МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. XX ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады, Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, «дұрыс», «дұрыс емес» және «айта алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәңді жауаптар арнаулы «кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандык өңдеуден еткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа «жалған» шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы), нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы (мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалык бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап- белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің кысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, кайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зертгтеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне кол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықгалып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштык және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды. МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік, қайырымдылык, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі. Неке– қабылданып отырған ақпаратты әсерлеу және кейінгі сақтау процесі. ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау. ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақгы іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді. ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандык сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. ПСИХОЛОГИЯ (грек. рsусһе-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялык процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді. ПСИХОПАТИЯЛАР (грек. рsусһе -жан, pathos - зардап шегу, ауыру)- мінез- құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады. САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Сезім –адамның өзінің заттар мен құбылыстарға деген қатынасын бастан кешіруінің негізгі формасы; тұрақтылық және төзіміділікпен ерекшеленеді; сезімдердің қалыптасуы мен дамуы тұрақты эмоционалдық қатынастың қалыптасуын білдіреді. Стресс - эктремалдықөмірлік жағдайларда пайда болатын, адамнан жүйкепсихикалық күштерін мобилизациялауды талап ететін эмоционалдық бастан кешірулердің ерекше формасы. ТАХИСТОСКОП (грек. tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады. ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі крийтерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді. ТЕСТІЛЕР (ағылш. test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталган тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады. ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәңдер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі- негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; э) кәсіби даярлық және іріктеу- өндірістің есу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялык консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықгималдықпен анықтауға мүмкіндік береді. ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды XIX ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801- 1887) ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбекгеріне негізделді ЭКСПЕРИМЕНТ (лат. Ехреrimentum -тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе; 2)тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру. Эмоциялар –қажеттіліктержәне мотивтермен байланысты, және де субъектіге әсер етуші құбылыстар мен жағдайлардың мәнділігін тікелейсезімдік уайымдар формасында бейнелейтін психикалық процестер мен күйлердің ерекше тобы. 2. ДӘРІСТЕР Дәріс тақырыбы. Жанұя психологиясына кіріспе. Жоспар: 1. Жанұя психологиясына кіріспе. 2. Жанұядағы психологиялық климат. 3. Жанұя мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Жанұя психологиясы - психологиялық білімдердің салыстырмалы жаңа саласы. Ол жанұялық психотерапия практикасының жанұяға психологиялық көмек көрсету практикасына негізделеді. Жанұя психологиясының ғылыми пән ретіндегі айырмашылығы ол психологиялық практикамен үздіксіз байланысты. Жаңа ғылыми пән - жанұя психологиясының даму өзектілігі - жалпы отбасындағы психологиялық атмосфераның нашарлауымен және дисфункционалдылықтың өсуімен және отбасының басым бөлігіндегі қақтығыспен байланысты. Жанұя психологиясының теоретикалық негізі әлеуметтік психология, тұлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық және клиникалық психологиядағы зерттеу болып табылады. Жанұя психологиясының міндеттері: 1. жанұя өмір сүру циклінің түрлі сатыларында оның функциональдық - рөлдік құрылымының қалыптасу және даму заңдылықтарын зерттеу; 2. некеге дейінгі кезеңді, некелік серік іздеу және таңдау ерекшеліктерін зерттеу; 3. жұбайлық қатынастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; 4. ата - ана мен бала қатынасының психологиялық ерекшелігін зерттеу; 5. бала дамуының алғашқы сатыларында отбасы тәрбиесінің әсерін зерттеу; 6. жанұядағы нормативтік емес дағдарыстарды, олардан өту стратегияларын зерттеу. Жанұя - шағын әлеуметтік топ, жұбайлық одақ пен туыстық байланысқа негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге өмір сүретін және ортақ тұрмыс жүргізетін әйел мен еркек, ата - ана мен бала қатынасына негізделген. Жанұя функциясы - жанұя мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты жанұяның өмірлік іс - әрекеті. Жанұя басқа жүйелер сияқты бірқатар функцияларды жүзеге асырады. Бұл функциялар иерархия құрып, жанұяның мәдени - тарихи даму спецификасиясын және оның өмірлік циклінің сатыларын бейнелейді: Неке - ер адам мен әйел арасындағы қатынастарды реттеудің оның бір - біріне және балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін орнатудың әлеуметтік формасы, тарихи шартталған әлеуметтік институт. Ғылыми әдебиеттерде "жанұялық психологиялық климат" түсінігінің синонимі ретінде "жанұяның эмоциональды климаты", "жанұяның психологиялық атмосферасы", "жанұяның әлеуметтік - психологиялық климаты" деген сөздер қолданылады. Жанұядағы психологиялық климат - отбасы ішілік қарым - қатынастардың тұрақтылығын анықтайды, балалар мен үлкендердің дамуына әсер етеді. Жанұядағы психологиялық климаттың жағымды немесе жағымсыз болуы, ұзаққа созылуы жанұя мүшелеріне тәуелді. Жағымды психологиялық климаттың маңызды негізгі көрсеткіші: бос уақытты жанұя аясында өткізуге ұмтылу; бәрін қызықтыратын тақырыпта әңгіме құру. Жанұя мүшелері қорқыныш, эмоциональдық жайсыздықты, шеттетілуді сезінсе жағымсыз эмоциональдық климат туралы айтуға болады. Егер жанұя мүшелері бұл жағдайды жақсы жаққа өзгертуге ұмтылмаса, отбасының өзінің өмір сүруі мәселеге айналады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Жанұя психологиясы туралы өзіңіздің ойыңыз. 2. Жанұя психологияның негізігі міндеттерін атаңыз. 3. Бұл пәннен білімдер педагог-психологқа қандай көмек береді? Әдебиеттер: 1. Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2. Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3. Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 Дәріс тақырыбы. Жанұяның методологиялық негіздері 1. Жанұяның методологиялық негіздері 2. Жанұя – шағын мемлекет 3. Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Психологтың жанұямен жүргізетін жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі жанұяның өзекті жағдайының диагностикасы болып табылады. «Жанұялық диагноз» терминін Э. Г. Эйдемиллер енгізді. Жанұялық диагноз жанұя қызметінің бұзылу сипатын және нығайту жұмыстарының стратегиялық бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік берді. Жанұялық қатынастарды диагностикалау үшін әлеуметтік-психологиялық диагностиканың әр түрлі әдістері қолданылады: сауалнама, бақылау, эксперимент, социометриялық әдістер, құжаттарды сандық-сапалық талдау, тестілеу. Жанұяны басқа шағын топтардан ажырататын белгілер қандай? Жанұяның белгілері: оның мүшелерінің арасындағы некелік және туысқандық байланыстардың болуы, тұрмыстың ортақтылығы, ерекше моральдық- психологиялық, эмоциональді – этикалық және құқықтық қатынастар. Жанұяның қажеттілігі қоғамның физикалық және рухани өнімдерінің адамның өзінің және адамзат қоғамының қажеттіліктерімен шарттасуы. А) маскүнемдік мәселесі Ә) суицид мәселесі,әрбір ер адам үшін некенің сәтсіз аяқталуы – суицидке әкеледі, әйелдер үшін – депрессия. Жанұядағы әрбір үшінші бала жалғыздық күйін кешеді. Б) балалар қылмыстары мен нашақорлықтың артуы.В) ажырасудың артуы. Жанұя – қоғамның негізі болып табылады. Өйткені қоғамды құратын адамзат атаулы отбасында өсіп-өрбиді, тұлға болып қалыптасады. Қоғамдық әлеует, қоғамдық ақыл-ой биігі өз тамырвн осы ұядан тартады, ұлттың діні де осы жанұя. Қоғамды жекелеген адамдар, жеке тұлғалар құрайды, яғни салауатты қоғамның негізі қуатты өнегелі, рухани мықты отбасы болып табылады. Отбасы – отанымыздың ошағы. Өйткені адам ең алғаш дүниеге шыр етіп келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті мектебі. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасындағы бір- бірімен рухани жақындығы, мақсат, ынтымақтастығы бар. Отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б. болатыны сияқты әр отбасы болмыс тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрамына зор мән беріп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын ашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. Отан – отбасынан басталады деген сқздің мәні де осында. Үйлненіп, жанұя құру – әр адамның өмірінің маңызды кезеңі болып саналады. Табиғаттың гүлдену мен көгеруіне себеп болатын көктем сынды, адам өмірінің де көктемі болады, ол адамның жастық кезеңі. Үйленудің де көктемі болады, ол адамның ақылы мен тәнінің кәмелетке жету кезеңі болып саналады. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1. Жанұя психологияның әдіснамалық негіздеріне тоқталыңыз. 2. Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999. 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001 Дәріс тақырыбы. Жанұяның құрамы және түрлері. Жоспар: 1.Жанұя құрамы, түрлері. 2.Басқарылу стиліне байланысты жаңұя түрлері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Жас отбасы - бұл отбасы жұбайлық өмір дамуының алғашқы сатысында және жұбайлық таңдау міндеттерін жүзеге асыру кезеңінде. Бұл кезеңде олар бір - бірін енді танып біліп, мінез - құлықтарындағы алшақтықты түзетуге, үйреншікті өмір сүру салтынан жаңа өмірге бейімделу кезеңін бастан кешіреді. Орта жастағы жұбайлар отбасы - қарым - қатынастарына қарай мұндай отбасыларына тәрбиеленушілерді тәрбиелеушілік айқындалатын өзіндік ұжымдық сипат тән. Ересек жұбайлар отбасы - мұндай отбасыларына өздері жеке немесе немерелерімен тұратын жұбайлар отбасы жатады. Оларға зейнеткерлікке шыққан жұбайлар жатады. Мұндай отбасыларының мәселелеріне олар жаңа мекенжайға көшкенде бейімделудің қиындығы , жұмыс орнын ауыстыруға байланысты туындаған қиыншылықтар әне т.б жатады. Баласыз отбасылар - әдетте мұндай отбасыларына он жылдан бері некелерінде бала болмаған жағдайда осылай аталады. Әрбір үшінші баласыз отбасы ерінің бастамасымен ажырасады. Әйтсе де ажырасу арыздарын бергендер олардың ішінде аздаған бөлігі ғана баланың болмауын ажыасу себебі ретінде көрсетеді, көп бөлігі көрсетпейді екен. Олар неізінен мінез - құлқымыздың келіспеуі деп көрсетеді. Көп балалы отбасы - мұндай отбасыларына төрт баласы бар отбасылар кіреді. Мұндай отбасылары өздерінің ауызбіршілігімен ерекшеленеді және ажырасу көрсеткіштері де салыстырмалы төмен болады. Аз балалы отбасы - бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады. Қолайсыз отбасы - нақтылы бір ұақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық қалыптастырып келген ықпалдаарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасы. Оларға аралас немесе некесіз отбасылар, толық емес отбасылар, проблемалы отбасы, кикілжіңді отбасы, дағдарысты жағдайдағы отбасылар жатады. Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы - бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Некесіз отбасы - бұл өз қарым - қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Толық емес отбасы - бұл көбінде ажырасудан кейінгі отбасылары немесе ерлі - зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады. Аналық отбасы - бұл толық емес отбасылардың бір түрі десек те болады. Ата - анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады. Дистанттық отбасы - мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз.Оларға ерлі - зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылар, өз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін. Оған теңізшілер отбасы, геологтар отбасы, косманавтар отбасы, әртістер отбасы, әскери қызметтегі адамдар отбасы және т.б жатады Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1. Қоғамда жанұяның алатан орны қандай? 2. Жанұя түрлеріне сипаттама беріңіз. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 Дәріс тақырыбы. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері. Жоспар. 1.Жанұялық қарым-қатынастардың типтері. 2.Қарым-қатынас ерекшеліктері. 3. Жанұядағы ересектермен балалар қатынасы. Дәрістің қысқаша мазмұны Әр түрлі елдерде отбасының әр түрлі типтері болады. Кейде терең ертелікке тән қатынас формаларын сақтаушы экзотикалық түрлері де кездеседі. Бір айта кететін жайт, отбасылық-некелік дәстүрлер мен салттар архаикалық белгілерін қатаң сақтайды. Ал екінші жағынан қазіргі өндіріс пен өмір сүрудің урбанизациялық стилінің кең тарауы көптеген елдерде үлгісі жағынан ұқсас келетін отбасылардың кездесетінін дәлелдейді. Мұндай тұжырым біздің елімізге де тән. Отбасының өмір сүру айналымы мен оның мүшелеріне қатысты мәселелерін қарастыру педагог көмегінің ерекше әрі нақты болуын қажет етеді. Әлеуметтік жұмыс принципінің мәнін мынадай мақалмен жеткізуге болады: «Адамды балықпен тойдырғанша, балықты ұстау әрекетін үйрету дұрыс». Яғни, отбасы мүшелеріне өз мүмкіндіктері мен күшін пайдалану арқылы еңбек ету барысында өмірде бірдеңеге қол жеткізуге болатынын түсіндіру керек. Бұл ең бірінші ішімдікке салынған, есірткіге отырған, т.б. адамдарға қатысты болады. Осыған сәйкес, әлеуметтік жұмыс әр отбасы типіндегі оның мүшелерінің денсаулығына, табыс көлеміне, білім деңгейіне, мекен ету орнына сәйкес көмек түрінде жүргізілуі қажет, және де бұл көмектің мазмұны өзін- өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге бағытталуы шарт. Отбасы- адамның туғаннан өлгенге дейінгі даму ортасы болғандықтан маңызды әлеуметтену институты болып табылады. Отбасының әлеуметтену стилі ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрлермен байланысты болады, ал оның ішінде ата- аналардың білім деңгейімен әлеуметтік орнына да байланысты болады. Бұл жағдайлар бала тәрбиесінің сипатына ықпал етеді. Отбасын тәрбиелеудегі типтерді сипаттаудағы басты бағыт – бұл тәрбиелік, ата-аналық нұсқаулар мен бағыт-бағдарды қарастыру болып табылады. Келесі тип – баланы қабылдамау және шеттету. Ата-аналық қатынастың жалпы формуласы: «Бұл баланы жек көремін, ол жайлы қобалжымаймын, толғанбаймын». Ата-аналар балаға назар аудармайды, қарым-қатынаста қаталдық, онымен қарым-қатынасқа аз түсе білуге ықыласы көрінеді. Ғалымдардың үшінші тобы, тәрбие типтерін талдай келе, тәрбиенің дәл бағасы бір ғана емес, бірнеше аспектілерге негізделеді – деген қорытынды айтты. Бір жағынан – балаларға қатынастың эмоциялық аспектісі, басқа жағынан мінез- құлықтың бейнеленуі. Осы аспектілердің үйлесімі тәрбиенің төрт типін ұсынады: 1. Баланың өз бетінше әрекет етуі мен бастамашылдығын дамыту мақсатында балаға мейірімді қатынас беру; 2. Суық шешу тәрбие, оның барысында балаға суықтық білінеді, ата-аналық сезімдердің жеткіліксіздігі оның еркінділігімен үйлеседі; 3. Жылы шектеуші тәрбие, мұның барысында балаға эмоциялық түрде реңкі кірген қарым-қатынас пен оның мінез-құлқын аса бақылап отырумен үйлеседі; 4. Суық шектеулі тәрбие, ол балаға деген әрдайым сыни көзқарас білдірумен, мазақтаумен кейде тіпті баланың өз бетімен орындалып жатқан мінез-құлқына аса назар аударумен орындалады. Соңғы кезде тәрбиенің үш түрлі үлгісінен құралған тағы да бір бағыт анықталды. Ата-ананың балаға қатынасын білдіретін үш аспект жіктелді: ұнату- ұнатпау, сыйластық-сыйламау, жақындық-алшақтық. Бұл аспектілер-дің үйлесімділігі ата-ана тәрбиесінің сегіз типін бөліп қарастыруға мүмкіндік берді. Ұнату, сыйластық және жақындыққа негізделген іс-әрекеттік тәрбие. Ата-ананың балаға қатынасының формуласы мынадай: «Менің балам бақытты болса екен деймін, бұл мәселеде өзім көмектесемін». Отбасында қарым-қатынастың жылы эмоциялық қарқыны білінеді, баланың еліктеулеріне, қабілеттеріне, құқықтарына назар аударылып қызығушылықтар мен белсенді тәрбие көрінеді, талаптарға дұрыс қатынас орнатылған. Отбасы ішіндегі барлық күрделіліктерден қашып құтылуға болмайды. Бірақ сезімталдықты, өзіне сенімділікті тәрбиелеу отбасы мәселелерін жеңіл шешуге көмектеседі. Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудын 90 пайызы тұрмыс қолайсыздығы мен дайынсыздықтың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс-жанжал, отбасылық кикілжіңнің алдын алады. Кейінгі кезде немере, шөбере туыстарды айтпағанның өзінде бірге туған бауырлардың да туыстық қатынастары салқындай бастағандығы аңғарылады. Көп балалы отбасының балалары ауылда, мектепте, ұжымда, қатар құрбылары арасында тез сіңісіп кетеді, өйткені олар отбасында бір-біріне қамқорлық, құрмет жасауды көріп өседі. Ал бір баламен шектелген отбасылардың бұқаралық сипат алуы балалар арасында жатырқау, тасбауыр Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1. Жанұялық өзара қарым-қатынас туралы өз пікіріңіз сипаттаңыз. 2. Адамдар қатынасының қандай түрлері мен формаларын білесіз? 3. Жанұялық қарым-қатынастың функцияларын атаңыз, әр функциясының мазмұнын түсіндіретін мысал келтіріңіз. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 Дәріс тақырыбы. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. Жоспар. 1.Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. 2. Жанұяның негіізгі қызметтері. 3.Жанұя тұрмысының ерекшеліктері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Отбасы жүйесін- бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез- келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ -сиблингті, төртінші топ - ата- ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінін қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын кұру, бір- бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау. Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі ез маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік - психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уакытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір - біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды. Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін кұрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым - қатынасы және мектеп, коршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарынын тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды. Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезендерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы, осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп - бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата - анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала ез өміріне ата - ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі-зайыптылар жеке қалып, бағып - қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата - ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата - аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып - қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен рөлдерге қатысы жоқтай сезінеді. Ата-аналық позицияны қабылдау ерекшеліктері. Ана болу - филиологиялық менизмдері, эволюциялық тарихы, мәдени және жеке даралық ерекшеліктері бар күрделі феномен. Қоғамда қоғамдық қатынастарға сәйкес ана мен бала моделдері үнемі өзгеріп отырады. Әйел адамның ана рөліне деген қатынасы да өзгереді. Ана болудың (әкенің де) жеке даралық онтогенезі бірнеше сатылардан өтеді. Бұл сатылардан өту процесінде әйел адамның (еркектің) ата-аналық рөлге табиғи бейімделуі жүзеге асады. Жанұя құрылымы – бұл отбасы құрамы және оның мүшелері, олардың өзара қатынастарының жиынтығы. Жанұя құрылымы деп сондай-ақ оның әлеуметтік институт ретінде бірлігін және қызмет етуін қамтамасыз ету тәсілі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1. Жанұядағы мүшелерінің атқаратын қызметтеріне тоқталыңыз. 3. Ата-анамен балалардың бірі-бірін қабылдауы туралы ойыңыз. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 Дәріс тақырыбы. Жанұядағы дағдарыстар. Жоспар. 1.Жанұядағы дағдарыстардың түрлері. 2.Жанұядағы дағдарыстардың себептері. 3.Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу жолдары. Дәрістің қысқаша мазмұны. Отбасы психологиясыңда- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі. Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір - бірін ашық түсті көзілдірікте кереді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дагдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі - зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі -бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасыңда 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата - ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Қарым - қатынастағы дагдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке бартннан кейін де пайда болуы мүмкін. Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың катар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата - ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата - аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата - ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады. Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл - ерлі - зайыптылардың бір - бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезенде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама- қайшылықтарға әкеліп соғады. Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады. Одан әрі өсіп калған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты - дагдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата-ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен аукымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады. Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезенге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата - ана қамқорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі - зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым - қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады. Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі - зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқгы жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез - келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы- ажырасуы орын алады. Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар. Өзін -өзі тексеруге сұрақтар. 1.Отбасылық дағдарыс ұғымына сипаттама беру. 2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстарболу себептеріне тоқталыңыз. Әдебиеттер: 1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989 3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988 4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002 Дәріс тақырыбы. Ата-аналар алғашқы тәрбиешілер. Жоспар. 1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. 2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны. 3.Бала тәрбиелеу жолдары. Дәрістің қысқаша мазмұны. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ. Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені, қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген. Ата - бабаларымыздың сондай-ақ, тектілік деген киелі ұғымды ежелден қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай. Туа бітті тектілін, табиғи қадір - қасиетін сақтап қалу үшін олар мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы жекжат болуға ұмтылған. Тарих қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымызда тегін емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш уақытша да естен шығармауымыз керек. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әже, бала. Аталар мен апалар ауыл-аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый-құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Дәстүрлі қоғамда ата-апаның тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Ата- апалар жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен апасы өз қолына алып, немере ыстық болғандықтан балаларынан да артық көріп, тәрбиелеген Әке - әулет басшысы, отбасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен апалардың орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби : «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген. Адам өмірге бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры әртүрлі болып қалыптасады. Қазіргі уақытағы мәселе тудыратын себептердің бірі – отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихта көз жүгіретін болсақ, кең байтақ өлкемізде буынынан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргеділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды. Екінші себеп - отбасындағы ұрыс - керіс, ата - аналардың мінез-құлқы. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе... Ата- аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы- тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» - деген болатын А.С.Макаренко. Ал, ұлы ата - бабамыз: «Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деп түсіндіреді. Үшінші себеп – ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата- анасының еңбекқорлығы , ұстамдығы, кішіпейілділігі, ақыл-ойы, сана- сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз – ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білімі де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтарының қолында. Адам тәрбиесі-үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағыдыры дегенге өз ойыңыз. 2.Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктері қандай? Әдебиеттер. 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001 Дәріс тақырыбы. Жанұялық тәрбие. Жоспар. 1.Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы. 2. Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау. Дәрістің қысқаша мазмұны. «Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі», яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар. «Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі» «Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”» «Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы». Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру . Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т.б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады: -репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру); -экономикалық (өндіру және тұтыну); -қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау); -балаларды оқыту-тәрбиелеу; -эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі); -әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу). Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады. Отбасының формасы мен атқаратын міндеттерінің (функциясының) өзгеруі, сайып келгенде, өндіргіш күштердің дамуына, яғни адамның шығу тегін айқындайтын элементтердің дамуына байланысты болады. Бұл жөнінде Ф.Энгельс өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінің кіріспесінде былай деп жазды: «Қоғамның материалистік ұғымына сәйкес тарихтағы шешуші күш сайып келгенде өмірді тікелей өндіру және ұдайы өндіру болып табылады., Қазір қоғамдағы отбасы кіші әлеуметтік топ қана емес, ол сондай-ақ құқықтық институт та болып табылады. Кіші әлеуметтік топ ретінде отбасы... бірқатар міндеттерді іске асыратынын жоғарыда айттық. Құқықтық институт ретінде отбасы – туысқандық және некелік қатынастар арқылы өзара байланысты адамдар тобы. Оларға тиісті құқықтық нормаларға сәйкес белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген. Отбасының өзіндік тарихи даму формалары бар. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі, белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Ал, педагогикалық – психологиялық тұрғыда отбасы – ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым- қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады. Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Сол сияқты, қазақ отбасы да өзіне тән ерекшеліктермен сыйпатталады. Қазақтың отбасы мәселесіне байланысты бұрын-соңғы жазылып, кезінде баспа жүзін көрген үлкенді-кішілі ғылыми мақалалар мен монографиялық еңбектер, әдеттік құқық туралы жинақтар мен қазақтың ауыз әдебиеті - фольклор деректері де көптеп табылады. Отбасы мүшелелері бір-бірімен тығыз байланыста, ерекше жанашырлық, сүйіспеншілік сезімде болады. Олар бір-бірінің өміріне, тағдырына елеулі ат салыса алады. Бұл жерде бір немесе бірнеше ұрпақ отбасы болып іріктелінеді. Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым- қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады. Сонымен отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған. Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың жыныстық, эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сыйпатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы, т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жазып, осы проблеманың негізін қалаған. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1.Бала тәрбиесі туралы өз ойыңыз. 2. Отбасылық тәрбиенің маңызы қандай? 3.Отбасы мүшелерінің өзара үйлесімділігі пікіріңіз. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 Дәріс тақырыбы. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. Жоспар. 1.Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. 2.Мектеп пен жанұя арасындағы байланыс. 3.Ата-аналардың мектепке баруы. Дәрістің қысқаша мазмұны. Мектеп пен жанұяның әрекеттестік формалары. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу. Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті – ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін. Мектептің жанұялармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан түрлі болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір жанұяларға тәрбиеден көмек көрсетеді көмек көрсетеді. Мектеп пен жанұялардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-шылық- педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда жанұя мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі. Жанұямен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарынын жиналыстары Жанұяға бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі -ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Ата-аналарға жанұя тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашанда теріс бағаға ие болады. Мұндай ағым-данулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С. Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған: «Кей ата-ана мұндай әңгіме-ден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде барлығы бұрыңғы қалпында қалады», -дейді А.С. Макаренко. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі ролі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан да, оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында. Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Мектеп іс-әрекетінің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық және дене тәрбиесі) мақсаттары және міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осындай жұмыстардың барлығына мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді. Отбасында басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасы жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата- аналар түрлі еңбек іс-әрекеттеріне үйретулері қажет. Отбасы жағдайларының бірі – бұл ата-аналардың өзара махаббатына, көзқарастарының мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-әрекетерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымда жеке басының қамын ойламайды, басқа да адамдар үшін де өмір сүре алады. Отбасында балаларға үлгі-өнеге беретін ата-аналар мен ересек адамдардың мінез-құлықтары, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, мәнді рол атқарады. Мектеп отбасы байланысының басты формалары – ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер: күнделікті өмір, еңбек, үй тапсырмаларын орындау, оқушылар-дың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы және т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Байланыс формаларының бірі –педагогтардың оқушылар үйіне баруы. Мақсат: оқушылардың үй жағдайымен, күнделік өмірмен, тұрмысымен танысу, оқу және тәрбиеге байланысты әр түрлі тақырыптарға байланысты ата-аналармен әңгіме өткізу, пікір алмасу. Мектеп пен отбасы байланысының тағы бір формасы – педагогикалық насихат, яғни, ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі кезеңде ата-аналармен бұқара халыққа педагогикалық білімді таратып, насихаттаудың аса зор маңызы бар. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Ата-аналар борышы өскелең өмір талабына сай балаларды адамгершілік қасиеті жоғары, жақсы азамат етіп тәрбиелеу, қиындықтарды жеңе білуге, ата-аналарын түсіне біліге, еңбекті сүюге үйрету болып табылады. Өнегелі отбасы балаларды адамгершілікке, ұстамдылыққа және жақсы мінез-қүлық ережелеріне үйретеді, ересек адамдарды құрметтеуге, оларға көмектесуге және моральдық қасиеттерге тәрбиелейді. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1.Жанұя мен мектептің өзара байланысын қарастырыңыз. 2.Мектеп ата-аналармен қандай жұмыс формаларын ұйымдастырады соған сипаттама беріңіз. Әдебиеттер. 1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999. 2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 Дәріс тақырыбы. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы. Жоспар. 1.Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау. 2.Ата-аналармен диагностикалау жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері. Дәрістің қысқаша мазмұны. Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайгын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факгорлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған [10]. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік -психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттык әдіс, тест. Отбасы кұрылымының психологиялык ерекшеліктері Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір -біріне икемділігімен болады. 6.1. Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы. Ғасеs-3 сауалнамасы Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау. Сауалнама авторлары Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады. Отбасы топтасуы: отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл-күйде бір- бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер: эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады. Отбасы бейімделуі:(Отбасы мүшелері стрестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі Оның көрсеткіш белгілері: отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері. «Дөңгелек моделі» отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін, осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу Сауалнама авторлары тендестікте және сонғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді. Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық. 1. Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық катынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара карым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп кызмет істеуі олардың жағымды карым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кеңде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп кызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді. Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейді. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді. Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді. 2. Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді үнатпайтын болса, оны суретте толықгырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді. Егер бала катынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым- қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайга салуды ангаруға болады. Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бейнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең. 3. Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-катынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайгындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің кызметін ойлап табу мақсат. Көітгеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек кажеттілігін көрсетеді. Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Біртүлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуымүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жен. ЖКС үшін сандық мағыналар жүйесі құрастырылган. 5 симптомдар айқындалады: 1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; і) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық. Балдар сомасы қаншалықгы көп болса, соншалықгы белгінің айқын болғаны. Белгінің айкындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады. Өзін-өзі тексеруге сұрақтар: 1. Жанұяның мүмкіндігін диагностикалау әдістерін топтасрыңыз. 2. Ата-аналарға арналған жұмыс түрлеріне сипаттама беріңіз. Әдебиеттер. 1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999. 2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002. 3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994. 3. Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998. 3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ 1-тәжірибелік. Жанұя психологиясына кіріспе. Мақсаты: Жанұы психологиясы пәнін студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру. Жоспар. 1.Жанұя психологиясы туралы түсінік. 2.Жанұядағы психологиялық климат. 3.Жанұя мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұя мүшелерінің ерекшеліктерін ашып көрсету.. Пән аралық байланысын мысалдар келтіре отырып, түсіндіру керек. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 2-тәжірибелік. Жанұяның методологиялық негіздері. Мақсаты: жанұяның құрылу мен ерекшелігін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау. Жоспар. 1.Жанұяның методологиялық негіздері. 2.Жанұя шағын мемлекет. 3.Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктерін ашып көрсету. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 3-тәжірибелік. Жанұяның құрамы және түрлері. Сабақтың мақсаты: жанұя түрлерін студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру. Жоспар. 1.Жанұя құрамы, түрлері. 2.Дәстүрлі жанұя. 3.Толық емес жанұя. 4.Басқарылу стиліне байланысты жанұя түрлері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұя түрлеріне анықтама бере отырып пәннің мазмұнын байытып, басқару стильдерін ашып көрсету керек. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 4-тәжірибелік. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері. Сабақтың мақсаты: жанұялық қарым-қатынастың типтерін қаншалықты аңағарғаныдығын сараптау. Жоспар. 1.Жанұялық қарым-қатынастардың типтері. 2. Қарым-қатынас ерекшеліктері. 3.Жанұядағы ересектермен балалар қатынасы. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұялық қарым-қатынас типтерінеанықтама бере отырып, ересектер мен бала қатынасын ашып көрсету. Қарым-қатынастың адам үшін қажеттілігін және оның қоғам дамуындағы ролін ашып көрсету керек. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 5-тәжірибелік. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. Сабақтың мақсаты: жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктерін студенттердің жан-жақты меңгергендіктерін бақылау. Жоспар. 1.Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. 2.Жанұяның негізгі қызметтері. 3.Жанұя тұрмысының ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау: тақырыпты қарастыру барысында жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. ашып көрсету. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 6-тәжірибелік. Жанұядағы дағдарыстар. Сабақтың мақсаты: жанұялық дағдарыстардың түрлерін студенттердің қаншалықты меңгергеніне қарай бағалау. Жоспар. 1.Жанұядағы дағдарыстардың түрлері. 2.Жанұядағы дағдарыстардың себептері. 3.Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдары. Әдістемелік нұсқау: Жанұядағы дағдарыстардың алдын алу және жою жолдарын ашып көрсету. Әдебиеттер: 1.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 2.Сысенко В.А. Супружские конфликты. М., 1989 3.Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988 4.Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002 7-тәжірибелік. Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың бала тәрбиесінде алатын орнын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендіктерін тексеру. Жоспар. 1.Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. 2.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының орны. 3.Бала тәрбиелеу жолдары. Әдістемелік нұсқау: бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әрқайсысының алатын орнына анықтама беру. Әдебиеттер. 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Жарикбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001 8-тәжірибелік. Жанұялық тәрбие. Сабақтың мақсаты: жанұя тәрбиесіндегі қателіктер оны болдырмау алдын алу жолдарын студенттер қандай деңгейде меңгергендігін тексеру. Жоспар. 1.Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы. 2.Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау. Әдістемелік нұсқау: тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау мәселесіне тоқталу. Әдебиеттер: 1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991 9-тәжірибелік. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. Сабақтың мақсаты: жанұя мен мектеп арасындағы өзара сабақтастықты студенттер қалай меңгергендігін тексеріп, бағалау. Жоспар. 1.Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. 2.Мектеппен жанұя арасындағы байланыс. 3.Ата-аналардың мектепке баруы. Әдістемелік нұсқау: Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікке тоқталу. Әдебиеттер. 1.Эйдемиллер Э, Юстицкис В. Психология и психотерапия семьи. СПб.,1999. 2.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987 3.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991 4.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998 10-тәжірибелік. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы. Сабақтың мақсаты: жанұямен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыруды студенттер қалай меңгергендігін тексеру. Жоспар. 1.Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау. 2.Ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері. Әдістемелік нұсқау : тақырыпты қарастыру барысында ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсету. Әдебиеттер. 1.Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование. И.,1999. 2.Лиза Х.Макэлрит, Тони Х.Эйзенштадт. Семейная игровая психотерапия в работе с детьми, имеющими отставание в развитии. Питер., 2002. 3.Методики диагностики психических состояний и анализ деятельности человека. М.,1994. 4. Пэпп П. Семейная терапия и ее парадоксы. М.,1998. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыпты конспектілеу. 1. Алдымен жұмыс жоспарын құру, содан кейін жоспар бойынша сұрақтарға анықтама беріңіз. 2. Тақырыптың мазмұнын нақты ашуға талпыну. 3. Тақырыпты ықшамдап баяндау және қажетсіз дәлелдемелерге жол бермеу. 4. Жұмыс сауатты, тиянақта, қысқартылмай жазылуы керек. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Тақырып таңдау. 2. Әдебиеттермен жұмысты, жүйелеу, саралау. 3. Жоспар құру болжам жасау, ғылыми тұғыдан қарастыру. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде кестелер, графиктер, схемалар жасалады. 5. Қарастырылып отырған сұрақтар бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар. 6. Қолданылған әдебиеттер тізімі. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімін беру. Сілтеме жасау. 7. Студент рефераты аудиторияда талқыланады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын талқылап, көпшілікке жеткізеді, оның ғылымилылығы, тереңділігі талқыланады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән – мазмұны жағынан. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселені нақты, тұжырымды ойды айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы рефератын қорғаған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізіледі, қажет жағдайда түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. ОСӨЖ.№1-3сағ. Тақырып. Жанұяның құрамы мен түрлері.. Тапсырма: Жанұя психикалық жарақат көзі ретінде. – конспект. Әдістемелік нұсқау: осы берілген тақырыптқа конспект жазу. Тапсыру түрі: жазба жұмысын тексеру. Әдебиет. Э.Г.Эйдемиллер., В.Юстицкис. Психология и психотерапия семьи. С-Пб.1999. 3-4 бет. ОСӨЖ.№2-3сағ. Тақырып. Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. Тапсырма: Ата-аналық позицияны қабылдау ерекшеліктері. – конспект. Тапсыру түрі: жазба жұмысын тексеру, топпен талқылау. //Психологическая диагностика №4, 2005. 58 бет. ОСӨЖ.№3-3сағ. Тақырып. Жанұядағы дағдарыстар. Тапсырма. Жанұядағы дағдарыс мәселесі. Әдістемелік нұсқау: тапсырманы семинар дәптерге орындау. Тапсыру түрі: әңгімелесу, талқылау. Социс №11,2003. 137 бет ОСӨЖ.№4-1сағ. Тақырып. Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. Тапсырма: Қазақ отбасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. //СШК №7-8.,2008. 18 бет. Әдістемелік нұсқау: бір тақырып бойынша конспект жазу. Тапсыру түрі: жазба жұмысын тексеру, әңгімелесу. ОСӨЖ.№5-2сағ. Тақырып. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. Тапсырма: Қарым-қатынаста қиындығы бар баламен ата-аналарының қатынас ерекшелігі. Вопросы психологии №4,2008. 24 бет. Әдістемелік нұсқау: конспектілеу. Тапсыру түрі: жазбаша , топпен талқылау. ОСӨЖ.№6-3сағ. Тақырып. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы. Тапсырма. Конспект. Тұлғаның ата-аналық қатынасының құрылымын зерттеу. //Психология в вузе. №1 2007. 17 бет Әдістемелік нұсқау: тақырып бойынша коспектілеу. Тапсыру түрі: жазбаша , топпен талқылау. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ |№№ |Тақырыбы және |Тапсырманың мазмұны және |Сағат |Өткізу |Тексеру | |п/п |сабақтың мақсаты |оны орындауға әдістемелік |саны |мерзімі|формасы | | | |нұсқау | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |1. |Тақырыбы. |Жанұя психологиясы бойынша |5с |3 апта |Ауызша, | | |Жанұяның құрамы және|оқулықтар мен оқу әдебиет | | |картотека | | |түрлері. |терімен танысу | | |әңгімелесу | | |Сабақтың мақсаты: | | | | | | |Жанұя психологиясына| | | | | | |қатысты оқулықтар | | | | | | |мен оқу | | | | | | |әдебиеттерімен жұмыс| | | | | | |іскерліктерін | | | | | | |дамыту. | | | | | |2. |Тақырыбы. |Отбасы |5с |4 апта |Әңгімелесу, | | |Жанұялық |лық психотерапияның даму | | |жазба | | |қарым-қатынастардың |тарихы – тірек схема | | |жұмыстарын | | |типтері. |Э.Г.Эйдемиллер., | | |тексеру | | |Сабақтың мақсаты: |В.Юстицкис. Психология и | | | | | |Отбасы |психотерапия семьи. | | | | | |лық психотерапияның |С-Пб.1999. 328 бет. | | | | | |даму тарихына талдау| | | | | | |жасау | | | | | |3. |Тақырыбы. |Ата-аналары ажырасқаннан |5с |6 апта |Әдістемелер | | |Жанұяның негізгі |кейінгі балалардың | | |ін тексеру | | |қызметтері мен |психологиялық | | | | | |ерекшеліктері.. |бейімделулері- конспект. | | | | | |Сабақтың мақсаты: |Социальная педагогика | | | | | |Ата-аналары |№2,2007. | | | | | |ажырасқаннан кейінгі|65 бет. | | | | | |балалардың | | | | | | |психологиялық | | | | | | |көңіл-күйлері | | | | | |4 |Тақырыбы. |Әдістемелерді жүргізу, |6с |8 апта |Әдістемелер,| | |Жанұядағы |анализ жасау дағдысын | | |топпен | | |дағдарыстар. |игеру. | | |талдау | | |Сабақтың мақсаты: | | | | | | |Жанұядағы қатынастар| | | | | | |ды зерт т еу | | | | | |5 |Тақырыбы. |Ана мен бала арасындағы |6с |9 апта |әңгімелесу, | | |Ата-ана алғашқы |қатынастар.- конспект | | |конспектілер| | |тәрбиешілер. |Вопросы психологии №3,2000.| | |ін тексеру | | |Ана мен бала | | | | | | |арасындағы |67 бет. | | | | | |қатынастар бағалау | | | | | |6 |Тақырыбы. |Баланың жыныстық |6с |10 апта|Жазба | | |Жанұялық тәрбие. |әлеуметтенуін | | |жұмыстарын | | |Сабақтың мақсаты: |дегі жанұяның рөлі.- | | |тексеру, | | |Баланың жыныстық |конспект | | |топпен | | |әлеуметтенуін |Мысль №7 2001.43 бет | | |талқылау | | |дегі жанұяның рөлі | | | | | | |маңыздылығын түсіну | | | | | |7 |Тақырыбы. | Отбасы |6с |11 апта|әңгімелесу, | | |Жанұя мен мектеп |лық өзара қатынасты | | |конспектілер| | |арасындағы өзара |психотерапевтік түзету | | |ін тексеру | | |әрекеттестік. |әдістері- тірек схема. | | | | | |Сабақтың мақсаты: |Э.Г.Эйдемиллер., | | | | | |Отбасы |В.Юстицкис. Психология и | | | | | |лық өзара қатынасты |психотерапия семьи. | | | | | |психотерапевтік |С-Пб.1999. 308 бет. | | | | | |түзету әдістеріне | | | | | | |тоқталу. | | | | | |8 |Тақырыбы. |Отбасын зерттеу және оның |6с |15 апта|Жазба | | |Жанұяның тәрбиелік |бұзылуларының | | |жұмыстарын | | |мүмкіндігінің |диагностикасы.- конспект | | |тексеру, | | |диагностикасы. |Э.Г.Эйдемиллер., | | |талқылау | | |Сабақтың мақсаты: |В.Юстицкис. Психология и | | | | | |Отбасын зерттеу және|психотерапия семьи. | | | | | |диагностикалау |С-Пб.1999. 280 бет. | | | | | |ерекшеліктерін | | | | | | |анықтау | | | | | 5. Курс бойынша емтихан сұрақтары. 1. Жанұя психологиясы туралы түсінік. 2. Ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері. 3. Жанұядағы психологиялық климат. 4. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. 5.Жанұя мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. 6. Жанұялық тәрбиенің маңызы мен ұйымдастырылуы. 7. Жанұяның методологиялық негіздері. 8. Тәрбиедегі қателіктер және оларды болдырмау. 9. Жанұя шағын мемлекет. 10.Жанұядағы дағдарыстардыңалдын алу және жою жолдары. 11. Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері. 12. Ата-аналардың мектепке баруы. 13. Жанұяның құрамы және түрлері. 14.Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикалау. 15. Дәстүрлі жанұя. Толық емес жанұя. 16. Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы. 17. Басқарылу стиліне байланысты жанұя түрлері. 18. Жанұялық тәрбие. 19. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері. 20. Жанұя менмектеп арасындағы өзара әрекеттестік. 21. Қарым -қатынас ерекшеліктері. 22.Мектеппен жанұя арасындағы байланыс. 23.Жанұядағы ересектермен балалар қатынасы. 24.Бала тәрбиелеу жолдары. 25.Жанұяның негізгі қызметтері мен ерекшеліктері. 26.Бала тәрбиесіндегі жанұя мүшелерінің әркайсысының орны. 27. Жанұяның негізгі қызметтері менерекшеліктері. 28. Ата-ана алғашқы тәрбиешілер. 29.Жанұяның негізгі қызметтері. 30. Ата-ана алғашкы тәрбиешілер. 31. Жанұя тұрмысының ерекшеліктері. 32. Жанұядағы дағдарыстардың себептері. 33. Жанұядағы дағдарыстар. 34. Жанұя мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік. 35. Жанұядағы дағдарыстардың түрлері. 36. Ата-аналармен диагностикалық жұмыстар ұйымдастыру ерекшеліктері. 37. Жанұя психикалық жарақат көзі ретінде. 38. Жанұяның құрылу себептері мен ерекшеліктері. 39. Қазақ отбасындагы балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. 40. Жанұяның құрамы және түрлері 41. Ата-аналық позицияны қабылдау ерекшеліктері. 42. Жанұя шағын мемлекет. 43. Тұлғанын ата-аналық қатынасының құрылымын зерттеу. 44. Жанұяның методологиялық негіздері. 45. Жанұядағы дағдарыс мәселесі. 46. Жанұя мүшелерінің психологиялық ерекшеліктері. 47. Қарым-қатынаста қиындығы бар баламен ата-аналарының катынас ерекшелігі. 48. Баланың жыныстық әлеуметтенуіндегі жанұяның рөлі. 49. Ана мен бала арасындағы катынастар. 50. Жанұядағы психологиялық климат.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz