Файл қосу
Дистанциялық оқыту технологиясы
|Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | | | | | |3 деңгейдегі СМК құжаты |ПОӘК | | | | | | | | |ПОӘК | | | |042.39.1.24/03-2014 | | | | | | | | | | | | | |ПОӘК |02.09.2014 ж | | |«білім берудегі ақпараттық және |№1басылым | | |телекоммуникациялық технологиялар» | | | |пәні бойынша оқу - әдістемелік | | | |материалдар | | | 5В011100 «ИНФОРМАТИКА» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ оқу - әдістемелік материалдар Семей 2014 МАЗМҰНЫ | |Глоссарий | | | |Практикалық тапсырмалар | | | |Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары| | ГЛОССАРИЙ Автоматика – (automation) автоматты басқару теориясын қамтитын,автоматты жүйелерді құру принципі мен оның техникалық құралдарын қамтитын ғылыммен техниканың саласы. Автоматтандырылған оқыту жүйелері – компьютердің көмегімен оқытуға пайдалануға арналған программалық пакеті. Ақпарат - объекті туралы нақты мәліметтер мен олардың арасындағы тәуелділіктер туралы білімдер жиынтығы. Ақпарат педагогикалық - білім беру сферасындағы білім берумен тәрбиелеу процесін бейнелейтін және педагогикалық процестерді, адамдар тобын және жеке тұлғаларды басқару туралы мәліметтер, білімдер жиынтығы. Ақпараттандыру – бұл қоғамдағы еңбек сапасымен өмірдің шарттары түбегейлі жақсартылған қажетті және жеткілікті болатын барлық қоғам мүшелердің хабардарлылық деңгейге жетуін және оны суйемелдеу деңгейін қамтамасыз ететін жалпыға бірдей ақпараттық құралдармен технологияларды құру, дамыту және қолдану. Ақпараттық басқару – «басқару» және «ақпартты басқару» ұғымдарының өзара байланысы модель мен ақпаратты модель ұғымдарынын өзара байланысындай. Тікелей басқарудан айырмашылығы, ақпараттық басқару барлық уақытта жанама, тым болмағанда байланыс арналарын, ақпаратты тарату арналарын пайдаланумен болады. Мағынасы бойынша, ақпараттық басқару басқарылатын объектіге әсер етумен байланысты, тікелей басқарумен қатар, материалдық немесе алаңдық әсер ету бар. Ақпараттық қоғам - бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам. Қоғамды ақпараттандыру-ақпарат пен білімнің мәнділігін арттыру процесі, қоғамдық өмірдің барлық адамдардың тұлғалық әдістерді кеңнен тарату. Ақпараттық білім беру кеңістігі-білім беру мақсатында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың тұлғалық өзгерісі өтетін кеңістік. Ақпараттық мәдениет деңгейі-төмендегідей міндеттерді : -ақпараттық технологияларды түсіну, жауап қайтару, пайдалану қажеттілігін ұсынуға негізделген; -тек ақпараттық технологияларды пайдалану үшін ғана емес, сонымен бірге, ақпаратты ғылыми ұйымдастыруды түсіну, эмпатия, құндылыққа бағытталғандыққа негізделген; -ақпараттық құзырлықтың базалық сипаттамаларына құндылыққа бағытталғандық пен импровизацияға қабілеттілікке негізделген зерттеу тобындағы қамтиды. Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес. Ақпараттық құзырлықтың деңгейін-төмендегідей міндеттер тобы: - ақпараттық бөлік міндеттері; - компьютерлік және ақпараттық техника бөлігінің міндеттері; - операциялық жүйелер бөлігінің міндеттері; - қолданбалы программалар бөлігінің міндеттері құрайды. Ақпараттық педагогикалық орта - ақпараттық мәдениет пен қоғамдық және тұлғалық мәні бар құндылық ретінде есептелетін, білім маманының ақпараттық құзырлығын қалыптастыруға қажетті жағдайды құру мақсатындағы ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылымы. Ақпараттық педагогикалық тезаурус - өзара түсіндірілетін және педагогикалық ұғымдардың және олардың өзара байланысының ашық кәсіби бағытталған жүйесі, ол қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы қазіргі білім беру маманының ақпараттық қызметінің мазмұны мен оны кәсіби дайындаудың бөлігі болып табылады. Ақпараттық процесс - ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі. Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату және пайдалану әдістері мен құралдары. Ақпараттық экология-әлеуметтік және табиғи ортадағы адамдардың салауатты ақпараттық өмір салтын қалыптастыру туралы ілім. Ақпараттық этика-адамдарға қатысты рухани залалдықты жою мақсатында ақпаратпен қарым-қатынас жасау ережесі. Ашық беру-бұл оқыту процесі өтетін белгілі бір білім деңгейіне жетуді жүзеге асыратын ұйымдастырылған, педагогикалық және ақпараттық технологиялар жүйесі. Әлемнің ақпараттық бейнесі-ақпарат құралатын, тұтынылатын, орналасатын көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі. Әлеуметтік интеллектуалдандыру-ақпараттың қабылдануы мен дүниеге келу қабілетін дамыту процесі, яғни жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қоса есептегендегі, қоғамның интеллектуалдық потенциялын арттыру. Базис-бұл мақсат, міндеттер, зерттеу пәні мен объектісі, зерттеу әдістері, категориялары мен ұғымдары. Білім беруді ақпараттандыру-танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге араналған жағдайды құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайда құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпаратты тарату құралдарының, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу. Білім беруді қазірігі ақпараттық технологиялар-адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және азаматтың интеллектуалдық, оның ішінде білім берудегі қызметін шынайы күшейтуге қабілетті құрал. Білім беру жүйесі-адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға ұрпақтардың тәжірибелерін тарату және қабылдау тәжірибесінің арнайы ұйымдастырылған жүйесі. Білімдік компетенция-бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық және әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекеті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы. Білім маманының ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы(латын тілінен аударғанда compete-жетемін, сай боламын,сәйкес келемін)-кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті. Білім беру процесінің қашықтан оқыту технологиясы - ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін, оқу процедураларын әкімшіліктендіру, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы. Білім беру кеңістігі-білім берудегі жалпы мемлекетті бірлік сақталатын кеңістік. Білім берудегі компьютерлендіру-программалық құралдардың пайда болуына байланысты болды және ол компьютер мен адамның диалогты өзара әрекеттесуінің пайдалануын сипатталды. Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды: - мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу; - орта білім беру; - жоғары кәсіптік білім беру; - жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру; Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі-механизмер мен тәсілдермен ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік, кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету. Гиппертекст-(hypertext) немесе гипертекстік жүйе-бұл тек әртүрлі файлдармен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттар жиынтығы. Гиппермедиа-(hypermedia)-бұл гипермедиалық тұжырымдамалар, ұғымдар, қосымшалар, техникалық құралдар мен технологиялар саласы. Гуманитарлық-адамзат қоғамына, адамға және оның мәдениетіне қатысты. Гуманитарлық білім беру-оқушылардың тұлғалық кемелділігін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнындағы мәдени компоненттерін басым дамыту. Дидактика-(білім беруді ақпараттандыру жағдайындағы)-оқыту нәтижелерін өңдеу процесін автоматтандыру, білім беруді, оның ішінде, оқытудағы ілгерілеуін қамтамасыз ететін, индивидтің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасайтын, оқушының жеке тұлғалығын дамыту процесі жайындағы білімдер жүйесі ретінде қарастырылатын білім беру мен оқыту теориясы (И.В.Роберт). Дербес оқыту траекториясы-білім берудегі іс-әрекеттің сәйкес түрлерін жүзеге асыру арқылы оқушының жеке тұлғалық потенциялын жүзеге асыру нәтижесі(А.В.Хуторский). Қашықтан білім беру-қашықтан оқыту арқылы жүзеге асырылатын білім беру. Жалпыға міндетті стандарттар-ҚР азаматтарының әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сай толыққанды орта білім алуға қажетті конституциялық құқығына кепілдік беру үшін енгізілген. Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі-оны шынайы ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған ақпарат оның жеке тұлғаларының қалыптасуына кедергі жасамайды. Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту-әрбір оқушының бірегей маңызын және оның оқу траекториясының дербестілігін тануға негізделген оқыту. Желілік технология-оқушылардың оқу әдістемелік материалдары мен және оқытушы, әкімшілік, оқушы араларындағы интерективті өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған. Инновация-педагогикалық (жаңаны енгізу) білім беру ортасына оны жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің сипаттамаларын жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты көздейтін өзгеріс. Информология-әлемді ұғынудың жалпы категорияларының бірі кеңістік пен уақыт, материя және қозғалыс, энергия және энтропия мен қатар, сондай –ақ, жердегі өмірдің шарты затымен энергия мен және космостағы процестердің негізгілерінің бірі ретінде қарастырылатын ақпараттық табиғаты, қасиеттері мен басқарылуы туралы ілім. Кейс-технология-мәтіндік-аудио визуалды мультимедиялық оқу материалдарының жиынтығын пайдалануға және оның өз бетімен оқу үшін жіберуге негізделген дистанциялық оқыту технологиясының түрі. Компьютерлік білімділік-жеткілікті танымның бар болуы мен әлемнің ақпараттық бейнесін терең тануда белгілі бір жинақылықтың болуы, ақпараттық технологияларды пайдалана білуі. Компьютерлендіру-ақпаратты іздеу және өңдеу құралдарын жетілдіру процесі. Құзырлық-индивидтің жеке тұлғалық қатынасының және іс-әрекет пәнін қамтитын адамның сәйкес компотенцияларды меңгеруі мен ие болуы. Құзырлық- компотенцияларды қолдануды ең төменгі тәжірибесінің болуын қажет етеді. Лекция-белгілі бір сала бойынша идеялар жүйесін біртіндеп монологты баяндау, оқыту мен тәрбиелеу әдісі. Мазмұны-бұл процесс принциптері, теориясы, заңдылықтары (ғылымның методологиялық құрылымы). Медиатизация-ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру процесі; Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков. Оқыту программалары мен жүйелері-компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға арнайы жасалған программалармен программалық жүйелері. Оқыту траекториясы – бір электрондық оқу басылымындағы оқу бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі. Педагогикалық ақпарат-білім беру және тәрбиелеу процесін бейнелейтін, осы процестерді, білім беру саласындағы адамдар ұжымын және жеке тұлғаларды басқаруға қажетті мағлұматты, мәліметті, білімдер жиынтығы. Педагогикалық жобалау-құрылған модельді ары қарай жасау және оны практикалық пайдалану деңгейіне дейін жеткізу. Педагогикалық модельдеу-педагогикалық процестер мен жағдайларды және оған жетудің негізгі жолдарын құру мақсатын жасау. Ресурс-қандай да бір құралдардың қоры немесе көзі. Қазіргі қоғамда материалдық, шикізат, энергетикалық, еңбек, қаржы ресурстары мен қатар ақпараттық ресурстар да бар. Рефлексия-педагогикалық бұл мұғалімнің және өзінің әрекетін объективті бағалау, өзін оқушылар және басқа адамдар қалай қабылдайтынын түсіну, ең алдымен, педагогикалық қарым-қатынас процесінде кіммен өзара әрекеттесетінін түсіну қабілеті. Сараланған оқыту-бұдан олардың икемділігі қызығушылығы байқалатын қабілеттері ескеріледі, бірақ оқушыларды жалпы білімдік дайындаудың базалық деңгейі төмендейді. Телеконференциялар- үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы. Тест-(ағылшынның test-тексеру сөзінен алынған)адамның дербес психологиялық ерекшеліктері мен тәртібін өте дәл мөлшерімен нақты сапалық бағалауға арналған стандартталған зерттеу әдісі. Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы. Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым. Электрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйеле мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық басылым. Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту. Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені. Гипертекст немесе гиппертекстік жүйе-бұл тек әртүрлі файлдармен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттар жиынтығы. Гиппертекстің негізгі сипаты-бұл гиперсілтемелер арқылы көшу мүмкіндіггі, ол арнайы безендірілген мәтін түрінде немесе белгілі бір графикалық бейне түрінде беріледі. Гиппертексте бір немесе бірнеше негізгі сөздер, көшу батырмалары ерекшеленген графикалық элементтер түрінде бірнеше сілтемелер болуы мүмкін, олардың көмегімен мәтіннің басқа бөлігіне көшуге болады. Гипертексте мәтіннің бейнеленуі-сызықтық емес тәсілімен жүзеге асырылады. Гипермедиа немесе гиперорта деп құрамына әртүрлі типті құрылымданған ақпарат кіретін гипертексті айтамыз. Бұл гипермедиялық тұжырымдамалар, ұғымдар, қосымшалар, техникалық құралдар мен технологиялар саласы. Архитектураланған гипермедиа-бұл оны құру барысында гипермедиалық тораптың мазмұнын осы гипермедиалық торап арқылы ұсынылған объектінің атрибутына сәйкес құруға мүмкіндік беретін гипермедиа, өйткені олар мәліметтер қорына сипатталған және тораптардың арасындағы гипербайланыстар ассоцияланатын болып табылады. Интерактивтілік- Шынайы уақыт режимінде оқушы мен ақпараттық жүйе арасындағы белсенді хабар алмасу интерактивтілік деген атауға ие болды. Әдебиеттерде үш түрлі қарастырылады: Реактивті интерактивтілік-бұл тізбектелген тапсырмалар(оқытудың сызықтық моделі). Әрекетті интерактивтілік-тапсырмаларды орындау ретін өз бетімен таңдау(оқытудың сызықтық емес моделі). Дербес білім алу жолы бойынша өзіндік оқу мүмкіндігі. Өзара интерактивтілік-оқушы әртүрлі кедергілерді жоя отырып, зерттеу жүргізуге, жеке есептер шығаруға, тапсырмалардың ретін құрылымдауға мүмкіндігі бар. Оқыту бірлігі-семантикалық, синтаксистік және прагматикалық тұтастығы бар, бір бүтін ретінде рәсімделген және оның мазмұны мен оның құрылымын формалдауға қолданылатын электрондық оқу басылымының бөлігі. Оқыту траекториясы-бір электрондық оқу басылымындағы оқыту бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі. Ауқымды желі internet-ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады. E-mail,электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы. Телеконференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы. Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құралдары(аудио, бейне құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) пайдаланылатын педагогикалық технология. Дәрістің қысқаша конспектісі АКТ-Ы ҚҰРАЛДАРЫН ЖАСАУ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Дәріс 1. Тақырыбы: Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы Мақсаты: АКТ құралдарының даму тарихымен таныстыру • Бихевиоризма сатысы • Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшу • АКТ дамуының конгнитивтік сатысы Оқу процесінде есептеуіш техника құралдары мен компьютерлік технологияны енгізу мен пайдалану процесін тарихи талдау білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттарын ерекшелеуге мүмкіндік береді, ол шартты түрде білім беруді автоматтандыру, электрондандыру, компьютерлендіру деп аталған. Бұрынғы Кеңестер Одағында білім беруді автоматтандыру мен электрондандыру алғашқы ұмтылыстары академик А.И.Берг техникалық оқыту құралдары (ТОҚ) мен оқыту машиналарын пайдалану жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырған кезеңге – 1962 жылдарға сәйкес келеді. Қазіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техника мен байланыс құралдары саласындағы жетістіктерге сүйенеді. Білім беруді ақпараттандыру [pic] 1.3-сурет. Білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары. Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды: - электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану; - оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану; - оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу. Электрондандыру студенттерді дайындау процесіне, алдымен техникалық мамандық иелеріне электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды. А.П.Ершовтың «Мектеп информатикасы» атты еңбегінде жазылғанындай, программалап оқыту дегеніміз оқыту мен тәрбиелеу психологиясының бірқатар идеяларын, басқару мен ақпараттық байланыстар туралы қағидаларды және ЭЕМ- нің икемділігі, программаланатындығы мен пайдаланушымен диалогтық байланысы тәрізді жаңа мүмкіндіктерінің мәнін синтездеу негізінде дүниеге келген. Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды: - бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жүйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету; - ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау; - ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету. Бағдарлама (білім беру жүйесін ақпараттандыруға арналған кешенді шаралардың теориялық негіздемесі) 1.4-сурет. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы (кешенді шаралардың теориялық негіздемесі) • Оқытудың терминологиясы деп оқу программаларында қарастырылған білім мазмұнын жүзеге асыру тәсілін түсінеді, ол қойылған дидактикалық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдістері және құралдары жұйесін қамтиды. Тұжырымдама материалдарында жаңа ақпараттық технологиямен оқытудың айырымдық белгілері ретінде оған байланысты төмендегідей компоненттер жүзеге асырылатын арнайы орта аталған: • техникалық (пайдаланылатын техниканың түрі), • программалық-технологиялық (оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын программалық құралдар); • ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер (оқушы мен оқытушыға арналған нұсқаулар, оқу процесін ұйымдастыру); • білімнің пәндік саласы. Бірінші кезеңнің мазмұны: • жаңа ақпараттық технология құралдарын, алдымен компьютерді жаппай меңгеру басталды; • оны педагогикалық меңгеру мен бұрын табылған, бірақ дәстүрлі оқыту технологиясының әдістері мен оқу жұмысын ұйымдастыру формаларында қолданылмайтын технологияларды дамытуға, білім беру мазмұнының жаңа құраушыларын іздеуге бағытталған зерттеу жұмыстары басталды; • ақпараттандыру процесінің объективті қажеттілігінің мәнін қоғамның түсіну процесі өтеді. Екінші кезеңнің мазмұны: • ЖАТ құралдарын жан-жақты меңгеріп, оны дәстүрлі оқу пәндеріне біртіндеп енгізу, осы негізде жаңа әдістер мен оқу жұмысын ұйымдастырудың формаларын педагогтардың жаппай меңгеруі; • «компьютерлік курстарды» оқу барысындағы еркін үйлесімділік, оқытуды дәстүрлі ұйымдастырудың формалары мен әдістерін дербес, топтық оқытумен, жұмыстың лекциялық формасын, компьютер сыныбындағы сабақтарды физикалық және т.б. зертханалық жұмыстармен үйлестіре өту. Сөйтіп, 91 жылдарға дейінгі кезеңде білім беруді компьютерлендіру мен ақпараттандыруды бірыңғай жаппай қамтитын мемлекеттік бағдарламаны жасау қажеттілігін уағыздайтын жағдай қалыптасты. [pic] 1.6-сурет. Жаңа ақпараттық технология құралдарының оқу-әдістемелік кешені. Ақпараттық технологиялардың дамуы. Ақпараттық технологиялардың дамуы мен компьютерді пайдалануға бөлінудің әртүрлі белгілерімен анықталатын әртүрлі көзқарастар бар.Төмендегі баяндалатын тәсілдердің бәріне ортақ нәрсе дербес компьютердің пайда болуынан бастап, ақпараттық технологиялар дамуының жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат - әрі кәсіптік салада, әрі тұрмыстық салада адамның дербес ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру. Бөліну белгісі-міндетті түрі мен ақпаратты өңдеу процестері 1-кезең (60-70 жж.)- есептеу орталықтарында топтық пайдалану режимінде мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технологиялар дамуының негізгі бағыты адамның бұрынғы операциялық іс-әрекеттерін автоматтандыру болып табылады. 2-кезең (80 жж. бастап)-стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар құру. Бөліну белгісі-қоғамды ақпараттандырудың алдында тұрған мәселелер. 1-кезең-(60 жж. соңына дейін)мүмкіндігі шектеулі ақпараттық құралдармен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселесімен сипатталады. 2-кезең-(70 жж. соңына дейін) IBM сериялы ЭЕМ-дердің таралуымен байланысты. Бұл кезеңде пайда болған мәселе-ақпараттық құралдардың даму деңгейінен программалық қамтамасыз етудің кешеуілдеуі. 3-кезең-(80 жж.бастап)-компьютер кәсіпқой емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер-шешім қабылдауды сүйемелдеу құралы. Мәселелер-пайдаланушының қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру. 4-кезең (90 жж. бастап)-байланыстар мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі технологияларын құру. Бұл кезеңнің мәселелері барынша жан-жақты. Олардың ішіндегі маңыздылығы: -компьютерлік байланысқа арналған келісімдер жасау, стандарттар мен хаттамалар тағайындау; -стратегиялық ақпаратқа кіру мүмкіндігін тағайындау; -ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру. Бақылау сұрақтары: 1. Ақпараттық технологиялар дегеніміз не? 2. Электрондандыру үш негізгі аспектісін атаңыз? 3. Программалап оқыту мен оны жүзеге асыру құралдарына сипаттама беріңіз? 4. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз? 5. Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасап, бөліну белгісіне қарай әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз? Дәріс 2. Тақырыбы: Инструментальды орталар. Мақсаты: Инструментальды орталар. Оқыту орталары. Оқытудың компьютерлікқұралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізін жайлы түсінік беру • Оқыту орталары • Оқытудың компьютерлік құралдарын жасаудың параллельді-циклдық негізі Сабақты, конспектіні, лекцияларды Internet-презентация түрінде орналастыру қиын емес. Бұл материалдарды мектеп сайтына орналастыруға болады. Гиперсілтеме терминін Тед Нельсон 1965 жылы енгізген. Ол белгілі бір сөзге басып сол туралы мағлұматтар алуды женілдетеді. Мысалға мұндай сілтемелерді оңай Internet тен көруге болады жане тегін. Вертуалды саяхат. Музей, галерея, көрме сайттарынан керемет вертуалды саяхат сабағын өткізуге болады. Дәл сол сияқты көптеген завод, фабрикалардын жұмыстарын да вертуалды көріп танысуға болады. Көптеген қалалар сайты да бар солар арқылы география сабағын да вертуалды өткізуге болады, web-камераны қолданып елдің түкпір-түкпірін көруге болады. Мультимедиалық технологиялар. – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек. 1. Виртуальды семинарлар мен консультациялар Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешкім өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде. Көптеген программалардың арқасында аудио және видео конференциялар өткізуге болады. Оқушы мен мұғалім бір бірінен алшақ болса бұл табылмайтын ақыл. 2. Тестік технология Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру – оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбилік маңызы зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын-ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперименттік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тест пайдалану 130 жылдан астам уақытты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джодж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталінде пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады.Тестік тапсырмалардың әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылау қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады. (3-5 жауап).Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Білім сапасын тексеру мәселелерін зерттеу нәтижелері 1-кестеде көрсетілген. Бақылау сұрақтары: 1. Вертуалды саяхат? 2. Мультимедиалық технологиялар? 3. Тестік технология? 4. Виртуальды семинарлар мен консультациялар? 5. Оқыту орталары? Дәріс 3. Тақырыбы: Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері. Мақсаты: Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдерін үйрену. Олардың заңдылықтарын білу. АКТ құралдары мен оқыту жандандыру. • Олардың заңдылықтары. • АКТ құралдары мен оқыту жандандыру Оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратпен жұмыс істеуге арналған арнайы тәсілдер, программалық және техникалық құралдары(аудио, бейне құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер) пайдаланылатын педагогикалық технология. Қазіргі уақытта оқу пәндері бойынша электронды оқу басылымдары жасалып, пайдалануда, олар оқу әдістемелік материалдар (демонстрациялық, теориялық, практикалық және бақылау) кешенін, сондай-ақ оқыту процесін басқаратын компьютерлік программаларды қамтиды. Электрондық оқу басылымдарына оқу әдістемелік материалдардың төмендегідей электрондық нұсқалары жатады: -иллюстрациялық сипаттағы компьютерлік презентациялар; -электрондық сөздік-анықтамалық және оқулықтар; -шынайы процестердегі модельдеу мүмкіндігі бар зертханалық практикумдер; -жаттықтырушы программалар; -тест жүйелері. Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы. Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым. Элетрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы. Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық баслым. Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту. Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін,графика,дыбыс,бейне,анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені. Ауқымды желі internet ауқымды ақпарат көлеміне кіру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Көптеген сарапшылар internet технологиясын дербес компьютердің пайда болуынан туындайтын революциялық қопарылыс ретінде қарастырылады. E-mail, электрондық почта-электрондық хаттарды жіберу және қабылдау, желі абоненттеріне шолу, мәліметтер және басқа да анықтамалық материалдар жіберуге болатын ақпараттық қызмет көрсету жөнінде тұтастай қызметтер сериясы. Телекон ференциялар-үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы. Электрондық почта, ауқымды, аймақтық және жергелікті желі байланысын қамтитын телекоммуникация құралдары, оқыту мақсатында кең мүмкіндіктер бере алады:әртүрлі қашықтықта кез келген көлемдегі және әртүрлі ақпараттарды жылдам тарату; интерактивтілік және жылдам кері байланыс; әртүрлі ақпарат көзіне кіру мүмкіндігі; бірлескен телекоммуникациялық жобаларды ұйымдастыру, кез келген қызықтыратын мәселе бойынша ақпаратқа электрондық конференция жүйесі арқылы сұраныс жасау. Дистанциялық оқыту технологиясы Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту дистанциялық оқыту деген атауға ие болды. Дистанциялық білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақапарат алмасу құралдарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз. Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады. Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардын таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады. Дистанциялық оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды. Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады, яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты. Дистанциялық білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде дистанциялық оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской. Үйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кеңейткен жағдайда пайдаланылады. Өз бетімдік оқыту моделі, оқушыларды аңықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінен босатумен сипатталды. Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсты баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды. Дистанциялық оқытудын негізі – курстын оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар, компьютерлік программалар тақырыптары бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы. Дистанциялық білім берудің сипаттамалары: - қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік; - курстын модулмен құрылуы; - аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі; - жоғары жинақтылық; - оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі. Дистанциялық оқыту әдістері. Дистанциялық оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенің зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: Ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық. Дистанциялық оқыту құралдары. Қазіргі және болашақ оқыту құралдары: - қағаз оқу басылымы; - желілік оқылу басылымы; - электрондық оқу басылымы; - аудио оқу ақпараттық материалдары; - зертханалық дистанциялық практикумдары; - вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары. Дистанциялық оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беріді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихиндар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған. Бақылау сұрақтары: 1. Оқытудағы АКТ дамуының кезеңдері қандай? 2. Ауқымды желі? 3. Дистанциялық оқытудын негізі? 4. Дистанциялық оқыту құралдары? 5. Электрондық почта? Дәріс 4. Тақырыбы: Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорлары Мақсаты: Білім беруде АКТ-ы пайдаланудың әдістемелік қорларымен танысу. АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру, жалпылау мен жүйелеу, білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану. • АКТ-ны жаңаны үйрету, икемділікті қалыптастыру • АКТ-ны жалпылау мен жүйелеу • АКТ-ны білім мен икемділікті бақылап, есепке алу сатыларында пайдалану Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі»- делінген. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси – экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық – коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды. Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондықпоштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI - ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндік білімнің алғышарттарын меңгеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдісінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық – психологиялық тың мәселелері әлі толық шешілмеген. Дегенменде, біздің облыс оқушылары соңғы жылдардағы пәндік олимпиадаларда информатика пәні бойынша республикада бірінші, екінші және жүлделі үшінші орындарды иеленді. Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып, ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің жүйке, қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электронды пошта құралдарының атқарар қызметі мол. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі – оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар етіп, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы білімін жетілдіре түседі. Бұл іс қазір қолға алынған. Соның бірі облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институтында өткізіліп жатқан барлық курс тыңдаушыларына арнайы «Компьютерлік сауаттылық» тақырыбында дәрістер оқылып жүр. Бірақ мектепте компьютерлік сауаттылығын одан әрі дамытуға компьютерлер жетіспегендіктен толық мүмкіндік бола бермейді. Сол себепті де информатика пәні кабинетінен басқа әр мектепте компьютермен сабақ өтуге, компьютерлік білімін жетілдіруге арналған кабинет болу керек. Бұл – қазіргі заман талабы. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер береді. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі – оны ЭЕМ жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми – педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Дербес компьютерде жұмыс істейтін пайдаланушыны дайындау информатика курсының негізгі мақсаттарының бірі. Пайдаланушының аса маңызды іскерліктерінің бірі- дайын программаларды өзінің іс- әрекетінің құралы ретінде пайдалану. Информатика курсында іс- әрекеттің инверсиясы байқалуда: 20 жыл бұрын программист өзінің программаларын жасаудан бастады, содан кейін барып дайын алгоритмдер библиотекасын пайдалануға көшті. Бүгінгі пайдаланушы өзінің жұмысын дайын программалармен жұмыс істеуден бастайды. Сөйтіп, өзінің программасын құруға жетіспеуі мүмкін. Дайын программалық құралдар мысалына: дискілерді форматтау, антивирустық, тренажер және оқыту программалары жатады. Қазіргі кездегі қолданылатын ақпараттық технологиялар білім берудің әдістемесі, мазмұны мен формасына айтарлықтай әсер ететіні байқалады. Оқушылар қазіргі замандық ақпараттық технлогияларды (дербес компьютер, Интернет сервистері, электрондық оқулықтар т.б.) белсенді түрде пайдаланады. Информатика пәнін оқытуда мультимедиа және гипермедиа технологияларды пайдалану, оқытылатын программаларды көрнекі түрде демонстрациялау және бейнесабақтарды қолдану білім алудың тиімділігін арттыра түседі. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста. Компьютерді мектепте оқытуды практикаға енгізу әлеуметтік, экономикалық, теориялық және практикалық сипаттағы түйінді мәселелерге жол ашып отыр. Атап айтқанда, ғылыми-техникалық прогрестің тез өсу қарқыны жоғары деңгейлі мамандар даярлауда жаңаша оқыту әдістерінің қажеттігін алға қоюда. Бұл мәселелерді шешудің бірден бір жолы – оқу процесін компьютерлендіру. Компьютерді оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оны қолданылады. Мультимедиалық технологиялар – бейнелік және аудиоэффектілік, әр түрлі мультипрограммалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері. Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларын қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді. Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу - әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, ол оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануына да мүмкіндік болады. Мультимедиалық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді. Жаңа мультимедиалық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тестер және бақылау жұмыстарын өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын, т.с.с жасау мүмкін болып отыр. Қазіргі кезде жаңа информациялық технологиялар енгізу оқушылардың мүмкіндіктері мен талаптарын компьютер арқылы жүзеге асыруды жылдамдатып болашаққа қарай екпінді қадам жасатып отыр. Ол үшін бүгінгі күні сабақ берудің жаңа тәсілдерін жасау бағытында жақсы жұмыс істеу қажет, олар оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін арттырып, компьютерді де тез игеруге жағдай жасап отыр. «Технология» түсінігін қарап шықсақ, ол – «өнім шығару процесінде жүзеге асырылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, олардың қалып – күйін, қасиеттерін өзгерту тәсілдерінің жиынтығы. Технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті – практикадағы ең тиімді өндірістік процесті анықтау және оны пайдалану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және де басқа заңдылықтарды анықтау». Оқытудың компьютерлік технологиялары – ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдарының жиыны. Білім беруде компьютерлік технологияларды оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программалық - әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырылады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, есеп беру) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық технологиялар білім алушының сезім компоненттеріне әсер ету арқылы тиімділігін арттыра отырып, оқыту үрдісін жандандыра түседі. Қазіргі таңда мультимедиалық технологиялар білім беру процесін ақпараттандырудың перспективті бағыты болып табылады. Программалық, әдістемелік және материалдық қорларды жетілдірумен қатар, ұстаздар құрамының білім сапасын көтеруде қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың ұтымды перспективасы көрінеді. Мультимедиа бұл қазіргі заманғы техникалық және программалық құралдардың интерактивті қолданылуы, ол текст, дыбыс, графика, фото, видеоның барлығын біріктіріп, оларды цифрлық түрде ұсынады. Гипермедиа бұл мультимедиалық объектілер арасындағы байланысты орнататын гипертекстік сілтемелері бар компьютерлік файлдар. Мектептерде компьютерлік сыныптарды ұйымдастыруда Интернет - технологиялар тартымды болып келеді , бірақ артықшылықтармен қоса , жетіспеушіліктер де бар: ол - байланыс желісіндегі ақаулықтар, байланыс мүмкіншілігінсіз жұмыс істеу. Бұндай ақаулықтарды оптикалық компакт дискілерді (CD ROM, DVD) қолданумен жойылады. Дайын бағдарламалық өнімдер , электрондық оқулықтар және кітаптар оқу нәтижелілігін жоғарылатады. Мұғалімнің ақпарат іздеуде, хабар алуында және әріптестерімен қарым - қатынаста көмекші құрал Интернет болып табылады. Қазіргі кезде мұғалім сабақтағы оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлерінің төмендеуі, дербес жұмыс істеуге және жалпы оқуға деген ниеттерінің болмауы сияқты мәселелермен жиі кездеседі. Балалардың оқуға деген назарларының жоғалу себептерінің бірі - сабақтардың бір түрлілігі екендігі сөзсіз. Күнделікті ізденудің жоқ болуы оқытуда үзіліске әкеледі , ал бұл тұрақтылықтың көрінуі балалар назарын қиратады. Сабақ құрылымына шығармашылықпен қарау, оның қайталанбастығы, әр алуандығы, түрлі әдістер мен формаларды пайдалануы нәтижелілікті қамсыздандырады. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың тәсілдері өте көп. Осындай тәсілдердің бірі бейнефильмдерді және мультимедиа технологияларды қолдану, ол оқушылардың белсенділік дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады және оқушылардың назарын аудартады. Оқу орындарының жұмыс тәжірибесіне ақпаратты экрандық көрсетілім түрінде беретін видеоәдістің қарқынды енуі, оның жеке оқыту әдістемесі ретінде ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бейнеәдіс оқытылатын материалды беру, бақылауды ұйымдастыру, бекітулер , қайталаулар үшін қолдануға болады, ол дидактикалық функциялардың барлығын табысты орындайды . Әдістің артықшылығы хабарды көрнекті қабылдатуында болып табылады. Осы әдістің оқыту және тәрбиелеу функциялары көрнекті бейнелердің әсер ету нәтижелілігімен ерекшеленеді. Көз алдына келген хабардың көрнекті түрде көрсетілуі қабылдауға өте қолайлы болып келеді. Оқыту процесінде бейнеәдісті қолдану мынадай мүмкіншіліктерді қамсыздандырады : • Оқушыларға оқытылатын құбылыстар мен процестер туралы толық және ақиқат хабарды беру; • Оқыту үрдісіндегі көрнекіліктердің алатын ролін көтеру ; • Оқушы назарларындағы сауалдар мен тілектерді қанағаттандыру ; • Білімді бақылаумен және түзетумен байланысты техникалық жұмыс бөлімінен мұғалімін босату; • Нәтижелі кері байланысты орнату ; • Толық және жүйелі бақылау орнату , үлгерімдік туралы объективті есебін ұйымдастыру. Бейне әдіс арқасында көптеген дидактикалық және тәрбиелік мақсаттар нәтижелі шешіледі: 1. Жаңа білімдердің баяндалуы ; 2. Күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық үлгілердің әрекет принциптерінің динамикасын түсіндіру; 3. Көп еңбекті процестердің бақылауы ; 4. Бейнеқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты нығайтуы; 5. Жабық жабдықтау ішіндегі өтіп жатқан жасырын процестерді бақылауы ; 6. Оқыту - жаттығу және зерттеу жұмыстарына арналған деректер қорын жасауы; 7. Оқу үрдісін рационализациялау, оның өнімділігін және ғылыми хабардың меңгерілуін жоғарылату жолымен педагогикалық басқару сапаларын көтеру. Осы әдістің нәтижелілігі бейнеқұжаттың сапасына және қолданылатын техникалық құралдарға тікелей тәуелді. Бейнеәдіс мақсатқа лайықты анықтылығымен ойластырушылығымен ерекшеленетін оқу үрдісіне үлкен талаптар қояды. Бейнеәдісті қолданатын мұғалімнен оқылатын проблемалардың шеңберіне оқушыларды енгізу, олардың жұмысын бағыттау, қорытынды шығарту, дара көмек көрсету сияқты дамыған іскерлік талап етіледі. Информатиканы оқытуда қазіргі заманғы мультимедиа - технологиялардың қолданылуы оқытылатын бағдарламаларды көрнекті демонстрация жасауға қамтамасыз етіп, соның ішінде слайд - презентациялар оқудың нәтижелілігін жоғарылатуға рұқсат етеді. Сабақ құрылымында ақпараттық технологияларды қолдану, оқытудағы түрлі әдістер мен формаларды пайдалануға айтарлықтай әсер ететіндігі сөзсіз. Мультимедиа технологиялары мектептегі білім беруде өз нәтижелілігін дәлелдей алды. Интерактивтілікпен ақпаратты жеткізетін түрлі құралдары бар мультимедиа оқу сапасының жаңа деңгейін қамсыздандырады. Қазіргі заманғы компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен қатар, мультимедианың визуальды ортасы қарқынды өзгереді. Үш өлшемді графиканы кеңінен қолдану гипермәтіндік беттері бар кітаптар метафорасын іске асыратын дәстүрлі электрондық оқулықтан, интерактивті білім алатын ортаға бейімдейді. Білімнің үш өлшемді әлемі монитор экраны арқылы оқушымен қабылданады, нақты объектілердің бейнелері виртуалды үлгілерімен қатар жұмыс істейді. Оқушыларды оқыту үрдісінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары: компьютерді заман талабына сай құралдар ретінде қолдану; оқушылардың ұстазбен компьютер арасындағы интерактивті әрекеттестігі; ақпараттық технологияларды қолдану арқасында, оқушылардың дербестік рөлінің жоғарылауы. Заманға сай ақпараттық технологиялардың оқу үрдісін ықшамдауы бағдарламалық - шығармашылық жобалардың қолдануына негізделген. Шығармашылық жобаны даярлауда оқушылардың жаңа, нәтижелі, бәсекеге қабілетті, адамның қажеттіліктерін өтей алатын және сатып алушылардың сұранысын қамтамасыз ететін дербес жұмысын алдын ала ескереді. Жобаның орындалуы танымдық және тәрбиелік функциялардың дамуына, шығармашылық қабілеттіліктерінің, ынталарының, кисынды ойлаудың, іскерлік пен дағдыларын, политехникалық білімдерін тереңдетуге және бекітуіне жағдай жасайды. Ақпараттық мәдениеттің құрылымы оқушылардың танымдық қызметтерін дамуға бағытталған. Оған мыналар жағдай жасайды: оқушылардың ой белсенділіктерін ынталандыру, оқылатын материалды зерттеу мақсаттарының анықтамасы және компьютердің интерактивті операциялық ортасына оқушыларды бағыттау, оқытушы технологияларды тереңдетуі негізінде өз бетімен оқу қабілеттіліктерін дамыту және кеңейту. Қазіргі заманғы оқушыны қалыптастырудың келесі негізгі әдістемелік ерекшеліктерін ұсынуға болады: 1) Сабақта мультимедиалық презентацияларды қолдану компьютерлік сыныптарда мультимедиалық проекторларды, резидентті анықтамаларды, автоматтандырылған оқыту жүйелерін, әртүрлі бағдарламалардың жұмысы туралы бейнежазбаларын пайдалану арқылы өткізіледі; 2) Практикалық жұмыстарда әрбір үйренушіге бөлек компьютер берілуі тиіс, онда олар жеке папка жасап, оқушының фамилиясы, аты – жөні, сыныбын жазып шифрлайды; 3) Жекеленген оқытушы бағдарламаларды кеңінен қолдану, көп дәрежелі тапсырмалар банкін тиісті пайдалану (практикалық және лабораториялық жұмыстарда); 4) Жұмыстардың маңызды бөлімін мақсатқа лайықты іскер ойындар түрінде өткізу; бітірушілер кәсіпшілік қызметте кездесетіндей көп нұсқалы нақты өмірде орындалмаған тапсырмалар берілуі тиіс; 5) Кең көлемде жүйелілік ұстанымдарды сақтайтын жобалар әдісі қолданылуы тиіс, бұл - бір глобальды тапсырманың жүйелі түрде барлық практикалық (лабораториялық) және графикалық жұмыстарда тиісті орындалып, толықтырылып және кеңейтіліп, тұйықталған жүйеге айналуын білдіреді; 6) Бағдарламаның негізгі бөлімдерінің параллельді зерттеу мүмкіншілігі алдын ала ескерілуі керек; бұл білім алушыларға әрбір бөлімге қатысты терең білім алуларына мүмкіндік береді; 7) Өзара байланысқан келесі ұстанымдарға сүйену қажет: тану мотивациясы, жан-жақты қабылдағыштық, жүйелі – ақпараттық талдау; 8) Оқытудың проблемалық әдісін кеңірек қолдану қажет, оқу барысында пайдаланылатын нақты бағдарламалардың (құжаттардың, кестелердің, деректер базасының) өңделуін алдын ала ескеру; Білім беруде дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мультимедиа технологияларды қолданудың келесідегідей жетістіктері бар: • түрлі түсті графиктер, анимациялар, дыбыстық көркемдеу, гипертекстті қолдануға мүмкіндік береді; • тұрақты жаңару мүмкіншілігі; • жариялау мен көбейтуге аз шығындалу; • интерактивтік веб - элементтерді орналастыру мүмкіншілігі, мысалы тестілер немесе жұмыс дәптерлері; • көшіріп алу және цитат алуға арналған бөлімдердің тасымалдау мүмкіншілігі; • электрондық кітапханалардан немесе білім беру сайттарынан қосымша әдебиет алу үшін гипербайланыс орнатады; Мультимедиа технологияларын пайдаланып, дәрісханалық жұмыстарды ұйымдастыру уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді. «Информатика» пәнінің оқушылардың қызығушылығына әсері соншалықты, олар өз ойларынан ойын арқылы оқытатын орта жасай алады. Қазіргі заманғы информатика курсына мультимедиалық технологияларды оқыту жүйесіне енгізу бірқатар жақсы жақтарымен қатар біраз қиындықтар да тудырды. Мультимедиалық технологияларды (проекторды) сабақтарда қолдану, оқытылатын бағдарламаның көрнекті түрде демонстрациялап қана қоймай, уақытты да үнемдеуге мүмкіншілік туғызады. Осы кезде мультимедиалық материалдарды дайындау мен сабақты ұйымдастыруға деген қосымша талаптар қойылады. Оқыту процесіне ақпараттық мультимедиалық технологияларды кірістіру оның нәтижелілігін арттырады. Бірақ бұл жолда қиындықтар мен қателіктер де кезігеді, олардан болашақта да арылу мүмкін емес. Бірақ та ең басты жетістік бар, ол – оқушылардың қызығушылығы, шығармашылық дайындықтары, жаңа білім алуға деген құштарлықтары және жеке жауапкершіліктерін сезінуі. Компьютер әр сабақты бір біріне ұқсамайтындай етіп өткізуге мүмкіндік береді. Әрқашан бір жаңа нәрсені үйрену оқуға деген ықыластарын арттырады. Барлық ақпараттық каналдардың ең қуаттысы визуальді болып табылады, сондықтан оны мультимедиалық құралдар арқылы білім беру саласында қолдану біршама өңделген. Бірақ ол басқа медиа құралдардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы, материалды меңгеру нәтижелілігіне әрбір мультимедиалық оқулыққа музыкалық үйлесімділікті орнату да өз үлесін қосады. Мультимедиа оқулықтарындағы клавиатура мен тышқанның үйлесімді ойластырылған әрекеті білім беру технологиясының тағы да бір артықшылығын айқындайды. Ол мануальді жаттығулардың жадыны біршама дамытуға негізделген. Мультимедиалық технологиялардың оқу процесін байытатыны даусыз, білім алушының сезім компоненттеріне тікелей әсер етіп, нәтижелілігін арттырады. Г. Кирмайерге сәйкес мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде интерактивті пайдалану меңгерілген материалдың 75% пайызын құрайды. Мультимедиалық технологиялар көрнекі статикалықтан оқулықтан динамикалыққа айналдырды. Ертеректе мұндай мүмкіншілікке білім беретін теледидар ғана ие болатын, бірақ бұл облыста интерактивті аспекті жоқ. Уақыт ағымына қарай дамитын процестердің үлгісін жасау және осы процесстердің параметрлерін интерактивті ауыстыру - мультимедиалық білім беру жүйесінің маңызды дидактикалық артықшылығы болып табылады. Мультимедиалық технологияларды қолдану тәжірибесі мынаны көрсетеді: • Оқушылардың жұмысқа деген қызығушылықтары мен белсенділіктерін жоғарылатады; • Ойлау қабілеттерінің алгоритмдік стилі дамиды, үйлесімді шешімдер қабылдауға іскерліктері қалыптасады, вариативті іс істеуді дамытады; • Мұғалім ескішіл жұмыстың көпшілігінен босайды, алынған нәтижелер негізінде шығармашылық қызметін жоғарылату мүмкіншілігі туады. Бақылау сұрақтары: 1. Мультимедиалық окыту деген не? Қандай түрлері бар? 2. Технология деген сөздін мағынасы? 3. Мультимедиалық технология дегенді қалай түсінесіз? 4. Ақпараттық технологиа дегеніміз не? 5. Білім беру процесі Дәріс 5. Тақырыбы: АКТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану. Мақсаты: АКТ-ны пайдаланудың негізгі бағыттары:моделдеу, есепке алу және бақылау, оқу үрдісін қолдану жайлы түсінік беру • Моделдеу • Есепке алу • Бақылау • Оқу үрдісін қолдану Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков. Ақпараттық модель (Информационная модель; information model) 1) басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2)мәліметтер базасында - тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау [1]. Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға – яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі “физикалық” тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық теңдеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық теңдеу формуласы болып қала береді. Модель (фр. modele, ит. modello, лат. modulus - өлшем, үлгі) – бұл: - нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы; - заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті; - табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы; - жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/ақпараттық аналогы; - анықталған шарттарда түп нұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі; - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект. Ақпараттық модель – модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы. Модельдеу – бұл: - нақты бар объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру; - нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру; - таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу. Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі. Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады: - материалдық заттарды бейнелеу; - белгілі фактілерді түсіндіру; - болжамдар құру; - зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу; - болжау; - басқару және т.с.с. Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес. Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды: - мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу; - орта білім беру; - жоғары кәсіптік білім беру; - жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру; Ақпараттық модельдердің негізгі сандық бағаларының бірі оның күрделілігі. Құрылымның күрделілігін оның ең кіші сипаттамасының ұзындығы ретінде түсіну керек (А.Н.Колмогоров бойыншы күрделілік). Алгоритмнің күрделілігі оны орындауға жұмсалатын уақыт пен қажетті ресурстар (ЭЕМ, оның жады көлемі, қажетті аппараттық/ бағдарламалық жабдықтар) арқылы анықталады. Құрастырылымды емес объектінің негізгі күрделілік бағасы оның шексіз көп элементтерінің болуымен байланысты. Элементтердің мұндай жиыны дискретті әрі үзіліссіз ұйымдастырылуы мүмкін. Құрастырылымды емес объектілер негізінен сапалық жағынан бағаланады. Егер объект күйі белгілі заңдылықтарға бағынып, бастапқы шарттармен бірмәнді анықталса, сәйкес детерминациялық модельдер белгілі физикалық, математикалық, экономикалық заңдар негізінде оның болжамдылығы тұрғысынан сандық бағалануы мүмкін. Детерминациялық модельдер ортасынан күйі модельденуші объект күйі сияқты бастапқы шарттардың өзгеруіне сәйкес орнықты модельдер бөлінеді. Модельденуші объектіге түрлі кездейсоқ әсерлердің ықпалын ескеріп, объект күйінің ықтимал (стохастикалық, индетерминациялық) моделін құру қажет. Ықтимал модельдің сандық бағасын ықтималдық теориясы мен математикалық статистика негізінде алуға болады. Индетерминациялық модельдер орта мән (математикалық күтім), орта мәннің орташа ауытқуы (дисперсия) сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады: объектінің сыртқы түрін модельдеуде: - физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі); - пропорцияны, масштабты сақтау; объект құрылымын модельдеуде: нақты көрсеткіштер: - бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының үлесі (пайыз); - элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі); - объект құрылымын деталдау (ірілендіру); ықтимал көрсеткіштер: - элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия); - орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы); объект күйін модельдеуде: нақты көрсеткіштер: - объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі (есептеу қателігі); - дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды); - модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі); ықтимал көрсеткіштер: - модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары; - объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі. Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады: - модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта, ұқсастықтың төменгі дәрежесі); - модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады, танылмайды); - модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі. Компьютерде есептеу Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған. Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады. Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады. Нәтижелерді талдау Бұл кезде модельде алынған нәтижелердің зерттелуші объектіге сәйкестігі талданады. Модель негізінде зерттеуші есептеу тәжірибелері көмегімен модель негізінде қойылған сұрақтарға жауап алып, тиісті талдаулар жасайды. Талдау барысында гипотезалық модель мен есептеу алгоритмі сәтті таңдап алынады ма деген сұраққа жауап беріледі. Егер модель зерттелетін объектіге сәйкес келмесе, модель құрудың бастапқы сатысында –ақ маңызды нәрселерді елемей кеткетніміз. Бұл жағдайға модельді анықтап, жетілдіруге тура келеді. Егер оның негізіндегі мүмкіншілігі жоқтығы анықталса, алғашқы берілген жағдайлар қайта қаралып, жаңа модель құрылады. Мысалы, алынған модель таңдалатын параметрлерді болса да анықталған параметрді есепке алу үшін барлық кезеңдерді қайталау керек. Зерттелетін объектіні жеткілікті дәрежеде толық және таңдап алынған критерийлер бойынша қажет етілген дәлдікпен сипаттаса, модеь құрылып, аяқталады деп есептеуге болады. Бақылау сұрақтары: 1. Компьютерде есептеу беруді қалай түсінесіз? 2. Ақпараттық модель? 3. Модельдерді қай параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады? 4. Білім берудің ұлттық моделі дегеніміз не? 5. Модельдеу деген не? Дәріс 6. Тақырыбы: Білім берудегі АКТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер. Мақсаты: Білім берудегі АКТ құралдарының сапасын бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер туралы мәлімет алу. • АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер • Бағалау түрлері • Тестік форма арқылы тексеру • Тесттік бақылау • Білімді бағалау Мектептер дамуының барлық кезеңдерінде оқытушының оқушы білімін бағалаудың тиімді жолдарын іздестіруі бірінші орынға қойылып отыр. Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетін өз бетімен анықтап, өзін-өзі дамыта алатын дәрежеге жетуі үшін білім беру мазмұнында ғана емес, сонымен қатар, оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқушылардың білімін бағалау жүйесінде де жаңаша өзгерістерді де енгізу қажетті. Мұндай жаңа формалардың қатарына әр түрлі деңгейде саралап оқыту технологиясына сәйкес қарастырылған рейтинг жүйесімен бағалауды жатқызуға болады. Бүгінгі дәстүрлі мектептерде қалданылып жүрген «5» балдық бағалау жүйесі оқушы білімінің толық көрсеткіші бола ала ма? Бұл сұрақ кез келген оқушылар қауымының толғанысын туғызады. Бес балдық жүйесі деп айтылғанымен оқушылар біліміне «1», «2» балдық бағалары өте сирек қолданылады. Бұл балалар білімінің деңгейін емес, баланың «үрейін» ұшыратын, «қорқыныш» туғызатын құралға айналғаны баршаға мәлім. Осының әсерінен «халықаралық» деп аталған «3»-тің, алдыңғы қатарлылар санынан көрсететін «4», «5» бағаларының дәрежесі төмендеді. Осылайша оқушы біліміне қойылатын бағалар бір-бірімен байланысын жоғалтты. Оқу процесіне бағалар салыстырмалы түрде қойылып, оларға қойылатын талаптар сақталмады. Оқушы білімі мен оны бағалау арасында алшақтықтар пайда болды. Бұл жалпы оқу процесінің сапалық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Ал бағалар қойылатын талаптар қателердің санын және оқушының дұрыс емес іс-әрекетін көрсетуге бағытталады. Осыдан келіп «оқушы білімінің өлшемі, көрсеткіші болған бағаның бағасын қалай арттыруға болады?» деген заңды сұрақ туады. Осындай сұраққа шешуші қадамдарды оқытудың жаңа педагогикалық технологияларынан іздестірейік. Дәстүрлі оқыту кезеңдерінде оқушыға қойылған баға тапсырманың орындалуының дұрыстығымен өлшенеді. Сондай-ақ оқушылар тарауға бөлінген сабақтардың әр түрлі сағаттарында сұралып, жауабына сәйкес бағаланды. Алайда оқушы білімін бұлайша бағалауда тапсырманың қиындығы ескерілмеді, белгілі-бір кезеңдерге бөлінген нақты мақсаттардың орындалуын айқындау мүмкін болмады. Сондықтан оқушы білімін нақты бағалауда жаңа педагогикалық технология өз басымдылығын танытады. Мысалы, күнделікті тәжірибеде информатика сабағына арналған әр түрлі педагогикалық технология бойынша тапсырмалардың картасын, кезең- кезеңнен тұратын мақсаттары түзілген кітаптарын қолданған пайдалы. Осыған орай мақсаттардың орындалуын бақылауда жүргізілетін болжау жұмыстары оқушылардың меңгерген білімін көрсетсе, онда берілген тапсырмалар олардың білім деңгейін анықтайды. Тапсырмалардың деңгейлік бағаланушы оқушылардың өзіне белгілі болғандықтан, олар алдын-ала өз мүмкіндігін, білімін анықтап, бағалай алады, ал мұғалім оқушының білім деңгейін көтеруде қандай талаптарды қосымша орындау керектігін ажыратып, түзетулер жүргізе алады. Пән бойынша оқушылар білімін бағалау мұғалімнің тақырып мазмұнына сәйкес деңгейлік талаптарды толық меңгеріп, ажырата білуін талап етеді. Осыған сәйкес күнделікті оқу процесіндегі орындалатын тапсырмаларды қиындық дәрежесіне қарай деңгейлеп, оқушыларға ұсыну қажет. Қазіргі жағдайда оқу құралдары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкестендіріліп жазылмағандықтан мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауын қажет етеді. «Білім туралы» заңға сәйкес, мұғалім оқушының білім игеру деңгейінің мемлекеттік стандарттан төмен түспеуіне кепіл болу керек. Мұндай деңгейге оқыту технологиясы жан-жақты шыңдалу арқылы ғана қол жеткізуге болады – делінген, орта білім беру стандартының жалпы тұжырымдамасында. Стандарт белгілеп берген білім мазмұнының міндетті минимумын оқушының оқу жүктемесінің шетіне жеткен (максимум) көлемін оқушы дайындығына қойылатын талап деңгейін ескере отырып, жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне қолдану оқушы білімін бағалауда тиімді нәтижелерге қол жекізеді. Сондай-ақ жаңа буын оқулықтары жаңа педагогикалық технология талаптарына сәйкес жазылса, бұл нәтижелі білім беруге жасалған оң қадам болған болар еді. Оқушы біліміне баға төмендегі талаптарды ескере отырып қойылады : - «қанағаттанарлық» баға Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартында көрсетілген математикалық даярлықтың міндетті деңгейіндегі үлгідегідей тапсырмаларды шығару біліктілігін қамтамасыз еткенде қойылады. - «жақсы» бағасы көп компоненттілігімен ерекшеленетін тапсырмалар- ды орындағанда, амалдар алгоритмін дұрыс құра білгенде, оқушы өз білімін тұтастай қолданып, іріленген кез келген материалды жүйелеп, реттеп, кері байланысты құбылыстарды орындай білгенде қойылады. - «өте жақсы» бағасы оқушының игерген білімін тереңдету бағытындағы танымдық ізденіс жасап, түрлі логикалық операцияларды дұрыс орындай білгенде, өздігінен графиктер, диаграммалар құрып, программалармен еркін жұмыс істей білгенде қойылады. Сабақ кезеңінде сыныптағы оқушылар көпшілігінің білімін тексеріп, бағалау мүмкін емес. Ал сұралып, баға алған оқушының келесі кезегі келгенше біршама уақыт өтетіні белгілі. Осы өткен уақыт аралығындағы оқушының меңгерген білімі туралы толықтай мәлімет алу қиындық әкеледі. Бұл қиындықтардан шығуда оқушылардың сыныптан тыс орындайтын тапсырмаларының атқаратын рөлі ерекше. Жаңа технология бойынша мақсат түзулерде көрсетілген міндетті тақырыптық тапсырмалар (Б1) сәйкесінше болжау жұмысы (Б2) арқылы тексеріліп, бағаланады. Мұндай бірнеше міндетті тақырыптық тапсырмалар жиынтығы (Б1+Б2+...) арқылы тарау бойынша оқушының саналық білім дәрежесі анықталып, бақылау жұмыстары арқылы тексеріледі. (Б1+Б2+Б3=>БЖ1) Оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың бұл тәртібі 1- кесте арқылы көрсетілген. Осындай бақылаулар арқылы оқушы білімін тексеру жиілігі артады. Оқушының тапсымаларды орындаудағы жауапкершігі күшейеді. | |[pic]Мақсаттарға сәйкес тақырыптық, санамдық | |Тарауға сәйкес |тапсырмаларды болжау және бақылау | |түзілген | | |мақсаттар | | | |«қанағаттанарлық», ( «жақсы», «өте жақсы») | | |Тақырыптық болжау |Санамдық бақылау жұмысы | |М[pic] |Б1 | | |М[pic] |Б2 |Б1+Б2+Б3=>БЖ1 | |М[pic] |Б3 | | Оқушылардың тарау бойынша шығармашылық қабілетін арттыруда қосымша бөлімде танымдық (*), конкурстық (**) тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушы білімін дұрыс бағалау оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы толық түсіністікті орнатуға жағдай жасайды. Оқушы білімін бағалауда оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын орынды қолдану оқушының қабілетінің дамуына және толықтай ашылуына туғызылған қолайлы жағдай болады. Соңғы жылдары жүргізілген педагогикалық зерттеулерде оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғада өзін-өзі басқару білім сапасын тексеру мен бағалаудың педагогикалық технологияларының ғылыми негіздерін жасау мәселесі болып табылады. Соңғы жылдары еліміздің барлық орта оқу орындарында оқу процестерінде әртүрлі деңгейде оны басқаруға оқушылардың білімін тексеру мен оның сапасын анықтауға бағытталған көп сатылы, көп баллды бақылау жүйелеріне негізделген статистикалық әдістер рейтинг жүйелерімен тестілеу кеңінен қолданылуда. Рейтинг жүйесі дегеніміз – көп баллмен бағаланатын үздіксіз бақыланатын жүйені айтамыз. Бұл әдістің негізгі тиімділігі оқушы білімін тиянақтылығын қамтамасыз ететін жүйелі күнделікті бақылау. Бақылау жүйелері мынадай қағидаларға негізделіп құрылады: 1. Білім адамның ойлау қабілетінің құрылымдық интегралдық қасиеттерімен сипатталады. 2. Білім деңгейін сараптауда оның сапасын анықтауда ойдан алынған коэффиценттер енгізілетін, бақылаудың шытырман жүйесін пайдалануға болмайды. 3. Білім деңгейінің көрсеткіші балл түрінде қойылатын баға бақылаудың әртүрлі формаларына сайланып алынуы керек. Тесттік бақылау. Тест сөзін ағылшын тілінен аударғанда «есеп, түйін, сұрақ» деген мағынаны береді. Оқушыға қойылатын тест сұрақтарының саны тексерілетін білімнің көлемін қамтитын және статистикалық заңдылықты қамтамасыз ететіндей мөлшерде шамамен 15 сұрақтан кем емес болуы қажет. Тест құруда мынадай принциптер орындалуы қажет: 1. Тест сұрақтарының саны статистикалық заңдылықта қамтамасыз етілетіндей болуы керек. Сұрақтар тексерілетін тақырыптың пәннің мазмұнын біркелкі қамтуы, қысқаша тұжырымдалуы тиіс. Әр сұраққа берілетін жауаптардың саны – 5 болуы керек. Дұрыс емес жауаптың формасы дұрысқа ұқсас болуы тиіс. 2. Тест сұрақтары біркелкі болу керек. Өте қиын, оңай сұрақтар мейлінше аз болу керек. Тесттің 1 сұрағы - 1 баллға бағаланады. Мұғалімнің әртүрлі іс-әрекеттерімен оқушының бойына сіңірген білімі мен біліктілік дағдысын қалыптастыруда жүргізілген іс-шараларының нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалау нәтижесінде көрінеді. Білімді бағалау - берілген теориялық материалды меңгеру оны іс-жүзінде қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын толық көрсете білу, оқушының өзіндік ой- пікірлері және ізденістері ескеріледі. Бағалану кезінде әрбір оқушының өзінің қабілеті ерекшеліктерімен және бейімділіктерімен де ерекшеленеді. Бақылау сұрақтары: 1. АКТ дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер? 2. Бағалау түрлері? 3. Тестік форма арқылы тексеру? 4. Тесттік бақылау? 5. Білімді бағалау? Дәріс 7. Тақырыбы: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалау Мақсаты: Әртүрлі тәсілдер негізінде бақылау мен есепке алудың, компьютерлік оқытудың әдістері мен жолдарының, мазмұнының құрылымдары сапасын бағалауды үйрену • Бақылаудың есептеу міндеті. • Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер. • Бақылаудың оқытушылық міндеті. • Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті. Бақылаудың қорытындыларын бағалау мен талдау оқытудың жоспарланған нәтижелерімен оқушының қол жеткізген нәтижелерінің сапасын салыстыру болып табылмақ. Мұнда оқыту нәтижелері белгілерін дұрыс таңдаудың маңызы аса зор. Сондай – ақ, жауаптарды бағалау мен талдаудың тәсілдері де маңызды қызмет атқарады. Нақтырақ айтар болсақ талдаудың әділдігінің артуы жауаптарды әр элементтік талдаудың қолдануында жатыр.Бақылаудың барлық түрлерінде сияқты бұл ағымдық бақылауға да жалпы дидактикалық міндеттер тән. Мақсаттары мен әдістемелік құралдарына байланысты оқу процесінде тексеру бірнеше функцияларды орындауы мүмкін. Әдістеме мен дидактикада оқыту нәтижелерін тексерудің мынадай міндеттері бөлініп алынған: бейімділік, диагностикалық оқытушылық, тәрбиелік, себептік, дамытушылық, бақылаушылық, басқарушылық және басқалар. Кез келген тексеру бір сәтте бірнеше міндет атқаратындықтан олардың міндеттері бойынша тексерулерді бірыңғай бағалау тым күрделі. Алайда әр нақты жағдайда бақылаудың бір – екі басым бағыттарын бөліп алуға болады. Олар тексерудің құралдарымен және әдістерімен, мақсаттарымен ерекшеленеді.Оқыту нәтижелерін ағымдық тексерудің негізгі міндеттері, оның оқу процесіндегі ролін қарастыру. Осы бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттері, мыналар болып табылады. 1. Бақылаудың есептеу міндеті. Ол оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау арқылы көрініс тауып, әр оқушыға қатысты үлгерімін оқыту жұмысындағы кемшіліктер мен жетістіктерді ой елегінен өткізуге мүмкіндік береді. 2. Бақылау- түзетушілік және диагностикалық міндеттер. Бұлар сыныптың дайындық деңгейін, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін туындайтын тақырыптық түрлі сұрақтар арасында оқыту уақытын бөлу , оқыту әдістемесіне өзгерістер енгізу үшін «мұғалім-оқушы» орнына кері байланысын қамтамасыз етеді. Бақылаудың нәтижелері оқытушыға оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді болдырмауға бағыттауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар өз кезегінде жаңа оқу материалдарын игеруге негіз болады. Тексеру оқушылардың білім нәтижелерінің жағдайын анықтап қана қоймай, білім мен біліктілігін, кемшіліктер мен қателіктерін ашып көрсетуге міндетті. Оның диагностикалық міндеті осыдан көрініс таппақ. Дәл қазіргі кезде оқытуда бақылаудың осы міндеттерінің маңызы аса зор. Әзірге пәндер мен оларды жаңа технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі қалыптасу кезеңінде тұрғанда аталмыш маңыздылықтың мәні арта түседі. 3. Бақылаудың оқытушылық міндеті. Ағымдық бақылаудың аса маңызды міндеті оқушылар білімін тереңдетуге әсер етіп, негізгі қателіктерді көрсетеді. Оқытушы сыныптың назарын курстын маңызды дүниетанымдылық идеяларымен басты сауалдарға аударады. Бұл маңызды міндет сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың біліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар білімін жүйелеп, кеңейте түседі. Өзін -өзі бағалау мен тексеру дағдыларын, оқу еңбегін тиімді пайдалануды қалыптастыруға жол ашады. 4. Бағалау мен бақылаудың тәрбиелік міндеті. Ол оқушының одан ары оқу жұмысына өз білімін тереңдетуге ынталандырады. Оқытушы оқушының жұмысын бағалау арқылы оның дағдылары мен біліктерін, білімінің жағдайын анықтап қана қоймай, оқушыны оқу жұмыстарына бағыттап, қосымша себептер береді және танымдық әрекетке деген қажеттілігін дамытады. Ағымдық бақылау оқу процесіне тікелей енгізіліп, негізінен оқу дайындығындағы олқылықтарды анықтап, оны жоюға бағыттайды. Оқушының білімін тереңдету мен байытуға қызмет етеді. Осы бақылау оқу материалының шағын бөлігін оқытумен бейнеленеді және тәртіп бойынша әр сабақта орындалады. Ағымдық бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылар келесі оқу материалын толыққанды игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті. Ағымдық тексерулердің тәрбиелік маңызы оқушыларды тәртіпке үйрету сынып және үй жұмыстарына жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз бетімен жұмыс дағдыларын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс табады. Сонымен бірге ағымдық тексеруде оның оқушыларға психологиялық әсерін де ескеру қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол оқушыларды тікелей сабақта оқу еңбегіне дұрыс қарым - қатынасқа ынталандырады. Оқу нәтижелерін бағалаудың да үлкен тәрбиелік маңызы бар. Оны дұрыс қолдану арқылы мұғалім оқушының өз білімдері мен біліктерін жетілдіруге, еңбек сүйгіштігін дамытуға, өз бетінше және шыншыл ойлауына, өз еңбегін өзі бағалауға және дұрыс бағалауға тұжырымдарын жасауға тұрақты түрде ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі тарау немесе тақырыпты оқытудың барлық кезеңдерінде өткізілуі болып табылады: Оқу материалымен танысу, білімдер мен біліктерді қалыптастыру мен дамыту оларды бекіту мен тереңдету. Бұдан шығатын қорытынды төмендегідей, ағымдық бақылау процесі барысында оқушылардан оқу материалын игерудің нақты кезеңімен қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап етіледі. Білім мен білік әлі қалыптаспаған кезде оқу дайындығына талапты күшейту- оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі. Бақылау оқушылардың білімдерін анықтау, бекіту және бағалау, яғни оқу процесіне қажетті түзетулерді енгізу және оның мазмұны, әдістері, тәсілдері мен ұйымдастырылу формаларын жетілдіру мақсатымен, оқу материалының қабылдану деңгейін, сапасын, және көлемін анықтау, оқытудағы жетістіктерді, білімдегі қалыс қалған жерлерді, жеке оқушылардың және бүкіл сыныптың дағды мен біліктері жайлы мәлімет алу болып табылады. Бақылаудың негізгі мақсаты - оқушылардың алған білімдерінің дұрыстығы, көлемі және нақтылығы деңгейін анықтау, танымдық әрекет сипаты, оқу процесіндегі оқушылардың өз бетінше жұмыс істей алу қабілеті, белсенділігі жайлы мәлімет алу, оларды оқытудың әдістері, тәсілдері мен формаларының тиімділігін анықтау болып табылады. Оқушылардың оқу – танымдық әрекетіне басшылық функциясын орындай отырып, бақылау әрқашан баға қоюмен қатар келмейді. Ол оқушылардың жаңа материалды қабылдауға дайындық әдісі, оқушылардың білімді, дағды мен біліктерді қабылдауға дайындығын анықтау, оларды жалпылау және жүйелеу құралы ретінде қолданыла алады. Бақылау маңызды білім берушілік және дамытушылық мәнге ие. Бақылаудың педагогикалық функциялары оқушылар жұмыстарындағы кемшіліктерді, олардын сипаты мен себептерін сол кемшіліктерді жою мақсатымен анықтау болып табылады. Мұғалімге оқушылардың оқушылардың білімді қабылдауы жайлы ақпаратпен қатар, олар қандай жолмен табылғаны жайлы ақпарат алу маңызды. Бақылау сонымен қатар оқу процесінде үлкен тәрбиелеушілік роль атқарады. Ол орындалған жұмыс үшін оқушылармен қатар, мұғалімдердің де жауапкершілігінің артуына себепші болады. Оқушыларды жүйелі еңбек етуге және оқу тапсырмаларын ұқыпты орындауға үйретеді. Жалпы, білімді тексеру оқушылардың білімдерін бекіту, нақтылау, түйіндеу және жүйелеу формасы болып табылады . Білімді тексеру оқушылардың оқу әрекетін педагогикалық бақылаудың формасы болып табылады Баға - бұл мұғалімнің оқу бағдарламасымен талап етілетін білімдерді, дағды мен біліктерді оқушылармен қабылдану деңгейін анықтау және баллмен, және сонымен қатар, бағалау жағдайларымен өрнектеу. Баға мұғалімнің оқыту әрекетін басқаруда үлкен мәнге ие болуымен қатар, ол оқу процесінің өзін жетілдіру және оқушыларды жан жақты тәрбиелеу мақсатына қызмет етуге тиісті. Баға бұл оқушының оқу процесі барысында қол жеткізкен нәтижелерінің сапасын анықтау. Оқушының үлгерімін бағалау ретінде оқушының білімдері мен біліктерін сипаттайтын белгілі бір көрсеткіштер жиыны түсініледі. Педагогикалық энциклопедияда баға оқушылардың білімдерді, дағды мен біліктерді оқу бағдарламасы талаптарына сай қабылдау деңгейлерін анықтау ретінде қарастырылады. Баға оқушылардың білім мен дағдыны қалыптастыру көлемін, деңгейін және сапасын есепке алады. Белгілі пән бойынша білім көлемі бұл - берілген ғылым негізінде жатқан және оқу бағдарламасымен берілген басты ұғымдар, заңдар мен заңдылықтар, идеялар мен теориялар жиынтығы. Басты теориялық білімдер көлемін игеру оқушыда белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттердің қалыптасуына негіз болады: не алған мәліметтерді, ұқсастық бойынша, ұқсас жағдайларда жүзеге асыру, не алған білімдерді стандартты емес жағдайларда, күрделі ой есептерін шешуге бағыттау. Әдістердің қайсысы қолданылса да, бүгінгі мектептегі оқу үрдісінде маңызды мәселенің бірі оқушылардың қалай түсінетіндіктерін анықтап тұру қажет болады. Ол жаңа тақырыпқа дер кезінде көшіп отыру үшін өте маңызды. Оның мақсаты адамды тәрбиелеу және оқыту. Мектептегі бақылау мен есептің ерекшелігі, оның әдісі және ұйымдастыру негізі осымен анықталады. Тексерудің барысында оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін сипаттайтын баға қойылады. Сол бағаны мұғалім талдай отырып тек оқушыны ғана емес, өзі оқытып жүрген материалды меңгеруде оқушы жіберген қателіктерден қорытынды жасайды, өз қызметіне кейбір өзгерістер енгізеді, жаңа әдістер, тәсілдер іздейді. Сондықтан тексеру мен бағалаудың әділдігі едәуір дәрежеде бүкіл оқыту үрдісінің табысты жүргізілуіне әсерін тигізеді. Білімді тексеру және баға қою әдісін меңгеру жас мұғалімдер үшін өте маңызды және қиын міндеттердің бірі болып табылады. Оқушыны бағалау оның қабілетсіздігін, жарамсыздығын дәлелдеп беру, емес бағалау арқылы оның неге көңіл аударуын, оқытудың жоғары сапалығы мен қабылдаудың ынталылығын, білімді беру мен сіңудің сапасын көтеру. Оқушының үлгеруін есепке алу - көпқырлы құбылыс. Солардың ішінде ең кемі төрт функциясын айтуға болады: бақылау, оқыту, дамыту және ұйымдастыру. Бірінші, өзіндік ерекшелігі бар оқушылардың үлгерімін есепке алудың міндеті бақылау барысында іске асады. Бұл алдындағы міндет ретінде орындалады. Оның табысты болуы мұғалім мен оқушының бірлігі мен ынтымағына байланысты: мұғалімнен оқушыға, қайта мұғалімге(«қайтарым» оқу материалын игеру дәрежесіне байланысты.) Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды. Осы күнделікті, әр кездегі бақылаудың нәтижесінде оқытушы жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді. Екінші оқытушылық функциясы - оқушының оқуына ықпал жасау. Үлгерімді есепке алудың оқытушылық функциясының екіжақтылық сипаты арқылы. Тәрбиелік жағынан оқушының оқуын есепке алу білімге деген көзқарасын, білімді саналы, ұжымда сергек адамгершілік қатынас, ой, пиғыл, жақсы дәстүр қалыптастыруы тиіс. «Білім алуға бар күш –жігерімізді аямаймыз», «Бізде сыбырлап айту болмайды» т.б. Оқытушылық функциясында көп жағдайда оның табысты болуы оқуға оқушының өзінің жағымды қатынаста болуына байланысты. Білімін есепке алудың оқушының моральдық, адамгершілік ерік-жігері, интеллектілік күш –қуаты жеке баснының қасиеттері қалыптасады. Олай болса мұғалім оқушының білімді саналы қабылдауына, жауапкершілікпен қарауға, сынып ұжымын білім алуға ынтымақтығын, бірлігін ұйымдастырып, білім дәрежесін көтереді. Үшіншіден дамытушылық функциясы жоғарыда айтылғандардың жағымды әсерінен пайда болады. Оқудың барысын есепке алу оқушының рухани және күш қуатының дамуына, есінің, ақыл –ойының және тілінің дамуына бүкіл дене мүшелерінің қабілетінің дамуына мүмкіншілік береді. Төртіншіден үлгерімді есепке алу оқушылардың тәртібін ұйымдастыруға ықпал жасап, дұрыс бағыт сілтейді, оқуға деген қатынасты жақсартып, бірін – бірі түсінуге жетіседі, ұйымдастыру функциясының оқуды есепке алудағы негізгі оқушылардың өз бетімен күн режимін түсініп, уақытты дұрыс пайдалану, бірізділік, әр тапсырманы орындау, кітап оқу, т.б. мәселелерді дұрыс түсінуі. Дұрыс есепке алуды шешуді ұйымдастыру табысқа жетудің кілті. Оқушының білімін есепке алудың табысты болуы төмендегі шарттарды орындауға да көпшілік жағдайда тәуелді болады. Бірінші орынға есепке алудың әржақтылығы тұрады. Ол оқушылардың толық білім алуына, дағдыларын, іскерлігін, толық қамтуға мүмкіншілік береді. Қазақстанның бүгінгі білім беріп жатқан мектептерінде ол тереңдігімен, оны жеткізудің түрлерімен: нақтылық, образдылық, тіл, мәдениеті және еңбектену, бүгінгі күннің талабына сәйкестігімен, тұрақтылығымен т.б. ерекшеленуі тиіс. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, білімді есепке алуда, әр пәннің өзіндік ерекшелігін есепке алу қажет. Мысалы географиядан картаны білу, онымен жұмыс істеуді есепке алумен ерекшеленеді. Әрине, бұл жеке пән әдістемесінің әрекеті. Екінші шарты - есепке алудың үздіксіздігі. Ол есепке алудың жана жақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені ол анда- санда емес, үзіліссіз әркез, бірізділікпен бүкіл оқу – тәрбие жұмысының барысында сабақтың мазмұнына және әдістемесіне жоғары талап қоюға жоғары мүмкіншілік береді. Ол есепке алудың сапасына білімді игеру тетігі ретінде, күш беріп, оқу – тәрбие жұмысында іскерлікті, жеке бастың сапалық жағын қамтамасыз етуге белсенді қатынасуға мүмкіншілік береді. Үшінші шарты - есепке алуды жекелендіру. Өйткені мұғалім есепке алуды әр оқушының өзіндік ерекшелігін есепке алу , бір бірінен ажырату, жеке жұмыс істеу, оның табысы мен кейбір кемшілігін көріп өсуіне басшылық жасау үшін жүргізіледі. Бұл шарт жұмыс істеу үшін әр оқушыға есепке алуды түсініп, сыйлап, бағалауға ынталық білдіруі керек. Алғашқы үш шарт міндетті түрде, төртінші - әділеттікті талап етеді. Есепке алудың жариялылығы тәрбиеге қатысты болады. Оқушыға бағаның өлшемін білу, не үшін қойылғанын түсіну қажет. Оның дағдысын, іскерлігін, білімін, дүниетанымын, пәнді меңгеруін тиянақтап, дамытуға жол сілтейді. Есептің нақтылығы, әрекеттілігі - бұл шарттың әрекеттілігі есеп жүйесінде - белгілі нәтиже беретіндігіне, сол үшін де есеп жүйесі жасалады. Есепке алудың бізге белгілі төрт түрі бар. Алдын ала есепке алу және материалды бөлімді белгілі курста бастар алдында мұғалім оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, анықтап алу үшін жүргізеді. Сыныптан жеке оқушының білімін алдын ала тексеру мұғалімге жұмысын дұрыс жоспарлауға, оқушылардың білетіндерімен ұштастыруға мүмкіншілік береді. Ал оқушыға білгендерін жаңа материалды қабылдауға жетістіреді, тәжірибе жинақтайды. Ол үшін мұғалім алдын ала олардың жұмыстарымен танысады, әңгімелеседі, ата – аналармен кеңеседі, сол сыныпқа сабақ бертін басқа мұғалімдердің сабағына қатынасады, оның пайдасы бірігіп жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. Күнбе – күнгі есепке алу - мұғалім тарапынан күнделікті жүргізіледі. Ол оқушылардың күн сайын сабаққа әзірленуіне, сергектікке тәрбиелесе, мұғалім өз жұмысына талаппен қарауға, өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Күнделікті есепке алу бақылау жұмысында жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Оның маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады. Әрине, ол мұғалім үшін өте қиын жұмыс, бірақ өте қажет жұмыс болып саналады. Күнделікті бақылау негізгі есепке алу , оқушылардың оқуға, білім алуға жауапкершілігін қамтамасыз ететін, үнемі оларды еңбек етуге жетелейтін құрал. Оқытудың нәтижесін тексеру оқыту үрдісінің негізгі компоненті болып табылады. Тексеру нәтижесінде оқушылардың материалды меңгеру нәтижесін сипаттайтын баға қойылады. Оқушылардың оқу үлгерімн есепке алу – көпқырлы құбылыс. Бақылау оқыту үрдісінің бір бөлігі болғандықтан білімдарлық, тәрбиешілік, дамытушылық, функциялар атқарады, бірақ бақылаудың негізгі фунциясы – диагностикалық. Дидактикаға белгілі мынадай бақылау түрлері бар: күнделікті, мерзімді, қорытынды. Күнделікті бақылаудың маңыздылығы оқушылардың ынтасын көтеріп, білімге деген ниетін, қажеттілігін туғызады, үнемі еңбек етуге жетелейді. Мерзімді бақылау әр тоқсанның сонында үлкен бағдарламаның тараулары өткенде жүргізіледі, онда күнделікті бақылау да есепке алынады. Бақылау әдісі дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың жүйелі түрде жүргізілетін өзара байланысты диагностикалық іс -әрекеті, соның нәтижесінде оқу үрдісінде кері байлнысты қамтамасыз етеді. Қазіргі дидактикада бақылаудың мына әдістерін атауға болады: ауызша бақылау, жазбаша бақылау, практикалық бақылау әдісі, дидактикалық тесттер т.б. Ауызша бақылау әдістері - әңгімелесу, оқушының әңгімесі, түсіндіру, мәтінді оқу, технологиялық картаны, схеманы оқу, тәжірибе туралы айту. Ауызша бақылауды оқушының монологиялық жауабын құрайды. Сабақта күнделікті ауызша бақылау жүргізіледі. Тәжірибелі мұғалімдер әртүрлі сұрау сабағын жүргізеді. Дидактикалық тесттер оқыту нәтижесін тексеруде жаңа әдістердің бірі болып саналады. Дидактикалық тест дегеніміз оқушылардың білім дәрежесін меңгеретін белгілі материал бойынша стандартты тапсырманың жиынтығы.Ең алғашқы тесттер 21 ғасырдың аяғында пайда болды. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер 20 ғасырда тестіні кеңінен пайдаланған. Тест мына талаптарға сай болуы керек: объективті, сенімді, белгілі өлшемді қамтамасыз ету. Сенімді дегеніміз тестті бірнеше рет қайталағанда көрсеткіші бір нәтижені береді. Белгілі нәтижені қамтамасыз ету дегеніміз тестті жасаған адам белгілі бір қабылдау деңгейін анықтайды. Тесттің бірнеше түрлері бар. Оқушылар білімін тексеру мен дұрыс бағалау - жауапты міндет. Егер тексеру мен бағалау бір жүйеге келтірілмей, қалай болса солай жүргізіліп, оның сұрақтары кездейсоқ алынса , онда тыңдаушылардың іс -әрекеттері тиянақты білім алуға бағытталмай, берекесіздік пайда болады. Әрбір тақырыпты өткенде оқушыларға соған қатысты қандай материалды біліп, қандай сұрақтарға жауап бере алуы қажет екені алдын ала таныстырылуы қажет. Сонымен дұрыс ұйымдастырылған тексеру мен бағалау оқушылар біліміндегі кемшіліктерді дер кезінде байқап, оны жоюға, келешектегі істелетін жұмыстарды сыныппен немесе жеке оқушылармен, әлде белгілі бір оқушылар тобымен ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ сабақтың жоспарына негіз болып, неге баса назар аудару қажеттігін анықтауға, сөйтіп, бүкіл оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бақылау сұрақтары: 1. Бақылау деген не ? 2. Бақылаудың түрлері? 3. Ауызша бақылау әдісі? 4. Бақылаудың шарттар? 5. Бақылауға тән мақсаттар мен ерекшеліктер, оның маңызды міндеттерін атаңыз? Дәріс8. Тақырыбы: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар. Электрондық оқулықтар мен қашықтық курстар. Виртуалдық мектептер. Мақсаты: Электрондық және виртуалдық кітапханалар және каталогтар жайлы түсінік беру • Электрондық оқулықтар • Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты • Виртуалды шындық • Қашықтан оқытудың негізі • Қашықтан білім берудің сипаттамалары • Қашықтан оқыту әдістері. • Қашықтан оқыту құралдары Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені, бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Оқу материалдарын ұтымды игеруде электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдар графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Электрондық оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың тұжырымдық негізі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық ұстанымдар жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол ашады. Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияларға негізделген оқыту, бақылау, моделдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда: - кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді; - жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электрондық оқулық қажетті оқулықты тез мүмкіндік береді; - гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі. Ең бастысы, электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн: - белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы; - электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест, материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы; - электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни, берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру; - белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік төменгі көлденеңінен жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға–солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді. Сондай-ақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты үрдістерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады. Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, қазіргі заман талабына сай сабақтарда жүйелік бағдарламаны пайдаланып, оқу бағдарламасын да электрондық оқулық негізінде құрған өте тиімді. Әр сабақтарға арналған бейне көрініс электронды оқулықтарда бар. Бұл электрондық оқулықтарды пайдаланып сабақ өткізу өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, логика, алгоритм, интернетке шығу, WEB сайт құру. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтардың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруіне зор ықпал етеді. Себебі, көптеген электронды оқулықтарда оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырып бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жай түрде көрсетуге пайдалы. Электронды оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіндік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет элементі – аудио хабарлар. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабақта пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдаланып отырсақ білім берудегі еңбегіміз жақсы нәтижеге жетер еді. Электрондық оқулықтың мазмұндық бөлігі гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәліметтер жиынтығы ретінде ақпараттық–оқу ортасы болып саналады. Ол білім беру міндетті білім деңгейі талаптарына сай электронды оқулықты жасаушы автордың көзқарасымен іріктеледі. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдармен толықтырылады. Электрондық оқулықтың операциялық бөлігі интерактивті режимдегі тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты. Электрондық оқулықтың бағалық - нәтижелік бөлігі тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісінде кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Электрондық оқулықтар пән саласындағы жетекші мамандар, педагогдидактика - әдіскерлер және программист – дизайнер – операторлардың бірігуімен оқу бағдарламасына сәйкес жасалынады, олар қарым-қатынас арқылы білім бағдарламасының мазмұнын анықтайды. Алайда, берілген бағдарлама оқыту әдісінің позициясын жағынан негізі психологиялық–педагогикалық және әдістемелік талаптарға жауап беретіндей болуы керек. Электрондық оқулықтар – оқытудың автоматтандырылған процесі болып табылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен немесе өздігінен модульдермен, гипермәтіндермен, тапсырмалармен, тестілермен таныса алады. 1-сурет. Электрондық оқулықтың құрылымы Мұндай мәтіндік және компьютерлік деп бөлінетін екі дидактикалық бөліктен тұратын электрондық оқулықтарды оқу процесінде пайдаланудың моделін 2-суреттегідей бейнелеуге болады, ал бастауыш мектепте мұның алғашқы қадамдары ғана қалана бастайды. Мәселен, оқушының өз бетімен жұмыс жүргізуі мүмкін емес, оған мұғалімнің басшылығы өте қажет. Сондықтан бұл модельге түбегейлі болмағанмен өзгерістер енгізеді. Бұл модельге сәйкес оқу материалының мазмұны электрондық оқулықтағы модульдер көмегімен беріледі. Оқу материалы компьютерлік жаттықтырғыштар, тапсырмалар арқылы сабақта бекітіледі. Электрондық оқулықтарда компьютерлік жабдықтары әдістемелік нұсқауларымен енгізіледі. Электрондық оқулықтармен жұмыс оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, оқу материалын тереңірек білуге талпындырады, таным белсенділігін күшейтеді, сонымен қатар оқу процесін қарқындандырады. 2-сурет. Электрондық оқулықты пайдалануға негізделген оқытудағы ақпараттық технологияның моделі. «Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық техникалық құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты төрт бөліктен тұрады» - деп көрсетеді Г.Қ.Нұрғалиева өз еңбегінде. Электрондық оқулық материалдарын оқу процесінде жаңа материалды оқу (танымдық іс-әрекет, аналитикалық талдау); оқушылардың ізденіс жұмыстары (тапсырма бойынша жеке көзқарасты компьютерде бейнелеу, белгілі бір сұрақ төңірегінде ізденіс жүргізу, тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды өңдеу); аралас сабақ (оқып-үйрену, қайталау, жалпылау); өз бетімен оқу (ақпарат блоктары арасындағы қатынас бойынша жаттығу, жеке дара шығармашылық жобалармен айналысу); білім тексеру (логикалық тапсырмаларды, тестілерді пайдалану); қайталау (оқу материалдарын, тапсырмаларды қайталау) үшін пайдалануға болады. Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты – оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық–ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында, соның ішінде гуманитарлық оқытылатын пәндерге «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады. Жалпы орта білім саласына ене бастаған қазіргі мультимедиалық құралдардың бірі «виртуалды шындық» деп аталатын технологияға негізделген модельдеудің әр түрлі құралдары болып табылады. «Виртуалды шындық» нағыз бар немесе ойдан құрастырылған нысандарға немесе процесстердің электрондық модельдері жатады. Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көзге көрнекті, тактильді және т.б. ақпарат түрлерін бейнелейтін және қолданушының көлемді виртуалды кеңістікке енуін, реалды уақытта бұл кеңістіктің нысандарына қатысты қолданушының жылжуына жағдай жасайтын мультимедиалық құралдар. "Виртуалды шындық" жүйелері адамның ортамен тікелей қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қолданушы компьютердің жадысындағы ортадағы нысанды қолымен ұстай алады. Бұл әрекетті датчиктері бар қолбақ киіп іске асыруға болады. Басқа жағдайда экранда бейнеленген затты «аударуға» және оны басқа жағынан қарастыруға болады. Қолданушы «ақпараттық киім-кешекпен», «ақпараттық қолбақпен», «ақпараттық көзілдірікпен» (көзілдірік - мониторлары) немесе басқа аспаптармен қамтамасыз етіліп, виртуалды кеңістікке қадам баса алады (6-сурет). Осындай тәрізді мультимедиалық құралдарды мектепте қолдану қабылданатын ақпаратты ойластыру және тану механизмін өзгертеді. Тәуелсіз еліміздің рухани және экономикалық өрлеуі, білім берудің қазіргі жаңа құрылымы мен оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану арқылы жаңа инновациялық әдістері ретінде қашықтықтан оқыту жүйесі жетекші рөл атқарады. Қашықтықтан білім беру дегеніміз – оқытушы мен оқушының қазіргі заманда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалануды жүзеге асыруы. Компьютермен жұмыс істеу оқушының танымдық қабілетін арттыра отырып білім нәтижесіне көз жеткізеді. Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды: - оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады; - оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындайды; - дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттырады; - ойлау қабілетін дамытады. Жалпы қашықтықтан оқытуды сырттай конференция өткізуге мүмкіндік беретін спутниктік байланыс: кабельді теледидар, компьютерлік желілер мен CD-ROM дискілері, электронды пошта желілері, т.б аудио-видео құралдары арқылы ұйымдастыруға болады. Бүгін интернет немесе теле көрсетіліммен ешкімді таңдандыру мүмкін емес, себебі олар оқу-танымдық қызметінде үнемі қолданылып жүр. «Ауыл мектептерін қашықтықтан оқыту» жобасы бойынша ақпараттық- коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты. Қашықтықтан оқытуды жүзеге асырудың негізгі әдістері электронды оқулықтар мен «Қашықтықтан оқытудың жер серіктестігі» арнасы болып табылады. Ал қарама-қарсы байланыс интернет арқылы жүзеге асырылады. Қашықтықтан оқытудың Жер серіктестігі арнасының басты мақсаты – ауыл мектептерін ашық білім кеңістігіне қосып, ауыл оқушыларының білім сапасын арттыру, ауыл мектептеріне ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Қашықтықтан оқыту Жер серіктестігі арнасы барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни бұл арнаның басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру арқылы жүргізіледі. Мұнда бейнетаспаға түсіріліп алынған сабақтар мен телебағдарламалар басты рөл атқарады, яғни кез келген пәннен түсірілген белгілі бір тақырыптағы телевизиялық оқу сабақтары оқытушының сабақты жүргізу әдісін бейнетаспаға жазып алумен ерекшеленеді. Компьютерлік телекоммуникациялы тиімді кері байланысты қамтамасыз етеді, ол әрі оқу материалын, әр оқушылармен қарым қатынасты (электрондық почта, телеконференция арқылы) ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Қашықтықтан мұндай оқыту қашықтан оқыту деген атауға ие болды. Қашықтан білім беру жүйесі деп арнайы ақпараттық білім беру ортасының көмегімен ақпарат алмасу құраладарының қызметіне бағытталған кез келген қашықтықта халыққа ұсынылатын білім беру қызметін түсінеміз. Оқытудың мұндай түрін құру идеясы компьютерлік технологиялар кеңінен таралғанға дейін пайда болды. Қашықтықтан оқытудын тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады. Әрбір кезеңнің сипаттамасы оқушылар мен мұғалімді байланыстыратын коммуникациялық база болып есептеледі. Бірінші кезеңнің коммуникациялық базасын әдеттегі почта атқарды, ол корреспонденция алмасу арқылы жүзеге асты. Радио, теледидар, аудио және бейне техникалардың таралуымен дистанциялық оқытудың екінші кезеңі анықталады. Қашықтан оқытудың бірінші және екінші кезеңдері оқытушымен оқушылардын арасындағы асинхронды байланыспен сипатталды.Интерактивті коммуникациялық технологияларды дамуы дистанциялық оқытудың үшінші буынының базасын қалыптастырады. Бұл кезеңде ақпарат алмасу негізінен синхронды болып табылады,яғни ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүзеге асты. Қашықтан білім берудің педагогикалық – психологиялық негіздерін жеке мәселелері: ұйымдастырушылық, әдістемелік, технологиялық аспектілері ғалым, мамандардың зерттелуінде қарастырылады, олардын әр қайсысы өз кезегінде қашықтан оқытудың идеясын педагогикалық практикаға еңгізу, ғылыми зерттеулерді, ұйымдастырумен үгіттеуге өз үлестерің қосты: А.А.Андреев, Д.М.Джусубалиева, А.А.Дувонов, В.А.Каймин, В.Г.Кенелев, Г.К.Нурғалиева, Е.С.Полат, И.В.Роберт, В.П.Техомиров, А.В.Хуторской. Уйлестірілген класс моделі әр жерде орналасқан бір класс, оқушылар тобынын есептелген курсті интерактивті телекоммуникациялық технологиялар кенейткен жағдайда пайдаланылады. Өз бетімдік оқыту моделі,оқушыларды анықталған уақыт кестесі бойынша белгілі бір класс бөлмесінде отыру қажеттілігінең босатумен сипатталды. Ашық оқыту моделі дистанциялық топтын ішінде оқушылардың қарым – қатынасын ұйымдастыру үшін оқушыға курсті интерактивті телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзіне қолайлы жылдамдықпен оқуға мүмкіндік беретін курсті баспа түрінде беретін және басқада құралдары пайдалануын қамтиды. Қашықтан оқытудың негізі – курстін оқу матералдарынын: әдебиеттермен аудио бейне кассеталардағы жазулар,компьютерлік программалар тақырыптар бойынша арнайы іріктелген оқушылардын өзіндік жұмысы. Қашықтан білім берудің сипаттамалары: - қаланың шалғайта орналасқан орталық аудандары үшін теңдесі жоқ мүмкіндік; - курстын модулмен құрылуы; - аудиторияларда және оқытушалырдың қажеттілігін шамалылығына байланысты оқытуға жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрдегі төмендігі; - жоғары жинақтылық; - оқушылардың бос уақытын барынша үнемдеуі. Қашықтан оқыту әдістері. Қашықтан оқыту дәстүрлі оқыту тәрізді екенін зерттеулер көрсетті, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б зерттеушілердің жұмыстарына сүйене отырып, бес жалпы дидактикалық оқыту әдісін ерекшелеуге болады: ақпараттық рецептивті, репродуктивті, проблемалық, зерттеу және эвристикалық. Қашықтан оқыту құралдары.Қазіргі және болашақ оқыту құралдары: - қағаз оқу басылымы; - желілік оқылу басылымы; - электрондық оқу басылымы; - аудио оқу ақпараттық материалдары; - зертханалық дистанциялық практикумдары; - вертуалдық шыңдық негіздеріндегі оқыту құралдары. Қашықтан оқыту түрлері. Әлеуметтік гуманитарлық пәндерді практикалық оқытуда, білім беруді дәстүрлі формаларында да, регламентті оқыту формалары: лекция, семинарлар, зертханалық сабақтар, бақылау жұмыстары, курсттық жұмыстар, емтихандар, өз бетіндік жұмыс және т.б. кеңінен таралған. Қашықтан оқыту – оқулық материалын жеткізу, оны өз бетімен оқып-үйрену, оқыту үрдісі қандай да бір нақты оқу орнының орналасқан жеріне тәуелсіз болған жағдайда оқытушы мен оқушылар арасындағы сұхбатты ұйымдастыру үшін қолданылатын дәстүрлі және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген оқытудың интеграциялық нысаны. Қазақстанда қашықтан оқыту жүйесін халықтың мынадай категориялары қажет етеді: - ЖОО студенттері; - Орта мектеп оқушылары; - Түрлі деңгей басқарушылары; - Аймақтық басқару органдары жетекшілері; - Жұмыспен қамту қызметінде тіркелген тұлғалар; - Екінші білім алуға немесе біліктілігін өзгертуге ниет білдірген тұлғалар; - Қандай да бір білім саласындағы біліктілігін арттырғысы келетін тұлғалар. Қашықтан оқытудың негізгі ақпараттық технологиялары: • оқу-әдістемелік материалдар жинақтарын құрамдастырып, оқушыларға өз бетімен оқып-үйрену үшін таратуға негізделген кейс- технологиялар; • эфирлік, кабельді және ғарыштық телевизия жүйелерін пайдалануға негізделген ТВ-технологиялар; • студенттерді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін де, оқытушы мен оқушы арасындағы интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де Internet желісін пайдалануға негізделген желілік технологиялар; Internet арқылы қашықтан оқыту жүйесін Internet желісіне қатынай алатын кез келген адам пайдалана алады. 2006 жылдың басында «Шалғайдағы және осал аймақтардың орта мектептері үшін АКТ пайдаланып қашықтан оқыту» ЮНЕСКО жобасы аясында Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-әдістемелік орталығы «Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE)» - http://moodle.rcie.kz/moodle/ - Қашықтан оқыту порталын ашты. Порталда тіркелген пайдаланушылардың мектеп бағдарламасы бойынша білім беру материалдарына тегін қатынауға, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуге, сынақ тестілеуден өтуге, әдістемелік көмек алу мүмкіндігі бар. Форумда оқытушылар әрбір оқу курсы бойынша пікір алмасып, қандай да бір тақырып бойынша сабақ өткізу тәжірибесімен бөлісіп, жаңа тақырыптарға пікірталастар ұйымдастыра алады. Бақылау сұрақтары: 1. Электронды оқыту дегеніміз не? 2. Электрондық оқытудың маңызы? 3. Виртуальды кітапхана? 4. Қашықтан оқыту тиімділігі мен қиындықтары? 5. Желілік технологиялар? Дәріс 9. Тақырыбы: Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер. Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асырылады. Мақсаты: Білім берудегі басқару қызметтерін автоматтандыру. Білім берудегі ақпараттық жүйелер. Білім мен икемділіктерді бағалау жүйелері олардың теориялық негіздері мен практика да іске асырылуын байқау. • Білім беруді автоматтандыру • Компьютерлік оқыту бағдарламалары • Электронды оқулықты қолдану • Компьютерлік сауаттылық Білім беруді автоматтандыру дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады: - оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми- әдістемелік жолын анықтау; -оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау; -мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру; -оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету; - мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: - оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; - нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; - материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік. 1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді. 2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді. Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпаратты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі. Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады: - шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді; - дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі; - гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; - қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді); - әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді; - белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады. 3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады. Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады. 5. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау сұрақтары: 1. Білім беруді автоматтандыру? 2. Компьютерлік оқыту бағдарламалары? 3. Модельдеу? 4. Электронды оқулықты қолдану? 5. Компьютерлік сауаттылық? Дәріс 10. Тақырыбы: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Мақсаты: Тестілеу және ЕҰТ жүйелерінің электрондық нұсқалары. Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері жайлы мағлұмат беру • Білім беру нәтижелеріне мониторингі жасау жүйелері • ҰБТ,МАБ, КТ жайлы түсінік • тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтары • Бағалау Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу процесіне байланысты өзгеріс аралығындағы білім беру жүйесінің жағдайына талдаудан бастайық (1991- 2001жж). ҚР-ғы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасының негізгі тенденцияларының дамуы жетекші ғалым-педагог Т.С.Садықов, А.Е.Абылқасымова Р.М.Жұмабековалардың жұмыстарында талқыланған. Қалыптасып келе жатқан ұлттық білім беру жүйесін заңды түрде қамтамасыз ету үшін алғашқы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды (1992ж). «Жоғары білім туралы» (1993 ж) қабылданды. «Білім туралы» заңы (1992ж) бойынша жалпы орта білім беру білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады және жалпы білім беретін орта мектепте үш баспалдақта жүзеге асырылады: бастауыш, негізгі және аға. Көрсетілген баспалдақтың әрқайсысы өзінше басқарылады. Кәсіптік-техникалық білім беру мекемесі болып қалды және ол жастарды жаппай мамандандыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. «Білім туралы» заңындағы келтірілген прогрессивті идеялар президенттің жарлығында әрі қарай дамиды, 30-тамыз 1995 ж. және 27-қаңтар 1996жылғы ҚР- дағы білі беру мәселелеріне байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңында күшіне енді. Білім беру 1997 жылдың қазанында қабылданған «Қазақстан-2030:гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» стратегиялық бағдарламасының басымдылықтарының бірі болды. 1999 жылдың 7-маусымында бірыңғай барлық деңгейде білім беруге арналған жаңа «Білім беру» жаңа заңы қабылданды. ҚР-ның «Білім туралы» жаңа заңының ерекшелігі білім берудің жаңа ұлттық моделін бекіту болды. Ол төмендегідей қағидаларды қамтиды: -білім беруді басқаруға демократиялық сипат және білім беру мекемелерінің өкілеттілігін кеңейту; -білімділікке ұмтылыс принципі мен дарындылықты дамыту; -үш тілдікті енгізу принципі (қазақ, орыс және бір шетел тілі); -ана тілін үйренудегі ұлттық топтардың құқығын орнату және оларға арналған оқу орындарын құру; -мемлекеттік емес білім беру секторын біыңғай білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде анықтау. Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі, ең алдымен, жоғары сапалы білім беру мен тәрбиелеуді жаңаша ойлай білетін және аса жоғары деңгейдегі азаматтылығы бар жоғары кәсіптік маман кадрларды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беруді ұлттық моделі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды: -мектепке дейіңгі тәрбиелеу және оқыту; -орта білім беру; -жоғары кәсіптік білім беру; -жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру. Ұлттық білім берудің моделіне сәйкес орта білім: жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта үш баспалдақтан тұрады:бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және аға (10-11сыныптар). 9 сыныпты бітіргеннен кейін негізгі білім алғаннан кейін оқушылар өзінің оқуын не жалпы білім беретін мектепте, не кәсіптік немесе колледжде жалғастыруына болады. Сонымен қатар, «Білім туралы» жаңа заңға оның басым міндеттері ретінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жатқызылады. Республикада 162 жоғарғы оқу орнын, 246 колледж, 303 кәсіптік мектептер, 15000 оқу өндірістік комбинаттары, оқу орталықтары мен әртүрлі курстарды қамтитын білім беруді ұйымдастырудың кеңейтілген желісі бар. Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасы 1997-2002 жылдарға есептелген, 5 кезеңді қамтиды. Оны қаржыландыру 154 млн долларды құрады. Аталған бағдараламаның 1-кезеңінде (1997-1998 оқу жылы) қалалардағы және аудан орталықтарындағы негізгі орта мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Білім беруді басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер құру, білім берудегі жаңа технологиялардың аймақтық орталықтарын бекітіп, кеңейту жұмыстары жүзеге асырылды. 2-кезеңде (1998-1999 оқу жылы) орта мектептерді компьютерлендіру басталды. 3-кезеңде (1999-2000 оқу жылы) барлық негізгі мектептерді компьютерлендіру аяқталды. 4-кезеңде (2001-2002 оқу жылы) барлық қалған мектеп түрлері, негізінен бастауыш мектептер компьютерлендірілді. Астана, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының мектептері толықтай компьютерлендірілді. Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жабыл облысының мектептері 40%-тен 90 %-ке дейін жабдықталды. Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының мектептері 40 %-ке дейін жабдықталды. Білім басқарудың тест жүйесін енгізуге байланысты реформа жасалған жылдар: -1993-Республикалық тестілеу орталығын құру, ол бірінші рет түрлендіруден кейін білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (БТМСҰО) деп аталады; -1993-1997-тест технологияларын жетілдіру, оны білім берудің жеке ұйымдарына, «Болашақ» степендиаттарын конкурспен іріктеуде енгізу; -1998-Қазақстанның кейбір аймақтарында жоғары оқу орындарына тестпен қабылдау; -1999-2003-жоғары оқу орындарына қабылдауда талапкерлерді кешенді тестілеуден өткізу, жоғары және бітіруші курс студенттерін мемлекеттік аттестациялауды тестпен өткізу; -2003-2005-мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен қабылдау емтихандарын біріктіруді қарастыратын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), аралық мемлекеттік бақылау, аспирантураға қабылдау үшін тестілеу. 2002-2005 жылдары кәсіптік мектептер мен колледждерге оқу-есептеу техникаларының мультимедиялық кластарын қою жоспарланды. 1.7-сурет. Оқушылардың жетістіктерін сырттай бағалаудың деңгейлері мен мақсаттары. Көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту, білім беру сапасын арттыру үшін ҚР-да білім беруді дамытудың 2010 жылға дейіңгі Мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Оған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» атты 2004 жылдың 19 наурызында жолданған ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы негіз болды. Білім беру саласындағы, оның ішінде, білім беруді ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу стратегиясын, жаңа бағыттарын, басымдылықтарын, міндеттері мен механизмдерін анықтайды: -оқу процесін АКТ-ны енгізудің нормативті құқықтық базасын жетілдіру; -компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің әлемдік көрсеткіштеріне жету үшін орта білім беру ұйымдарын ары қарай компьютерлендіру (1 компьютерге келетін оқушы саны 10-15); -техника мен кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін бір компьютерге 25 оқушы; -орта білім беру ұйымдарын Интернет желісіне қосу; -білім берудің барлық деңгейі үшін дистанциялық оқыту технологиясын жасап, енгізу; -Министрліктің аймақтық және білім беру порталында білім берудің ақпараттық ресурстық орталығын құру; -білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдарын электрондық оқу басылымдарымен қамтамасыз ету; -ҚР электрондық Үкіметтің бірыңғай ортасымен интеграциялау негізінде порталдар мен ресурстық орталықтарды біріктіру үшін бұрыннан бар арналар базасында корпоративті желіні дамыту; -білім беру ұйымдарына мониторинг, талдау және басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады: Бірінші кезең-2005-2007жж. Екінші кезең-2008-2010жж. Бағалау. Оқушы компьютермен жұмыс істеу барысында, оқылатын материалмен қалай жұмыс істеу керектігін білулері қажет. Ең маңызды мәселе "оқушы - мұғалім - оқушы" коммуникациясын ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқушыларға жобалар, пікірсайыстар немесе "ынтымақтастықта оқу" деген сияқты жұмыс ұйымдарын ұйымдастыру ұсынылады. Бақылау сұрақтары: 1. Тест түсінігі? 2. ҰБТ толық анықтама беріңіз? 3. Оқушылардың үлгерімін тексеруде тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтарын жайлы не айтар едіңіз? 4. Бағалауға анықтама беріңіз? Дәріс 11. Тақырыбы: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы. Ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату. Мақсаты: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы жайлы және ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату мүмкіндіктерін қарастыру Телекоммуникация туралы айтпас бұрын, алдымен коммуникация түсінігіне тоқталайық. Коммуникация латынның "communication" сөзінен алынған, кез-келген (хабарлама, байланыс, тарату) ақпарат алмасуды білдіреді. Материалдық қарым - қатынасқа қандай да бір физикалық объектілерді (транспорттық магистраль, газ проводтары т.б.) таратуға байланысты процестер жатады. Ақпараттық - бұл ақпаратты таратуға байланысты процестерін біріктіреді: • Баспа қарым-қатынас - кітап, журнал, баспалар арқылы; • Аудиториялық қарым-қатынас - лекция, театрлар, концерт залдары; • Видео қарым-қатынасына - видеобейнелер, теледидар, кино; • Аудио қарым-қатынас - радио, грамжазбалар, телефон; • Компьютерлік қарым-қатынас - тасымалдаушылар: дискеттер, дискілер, компьютерлік байланыс құралдары. Ақпараттық қарым-қатынас ортасы - бұл ақпараттар алмасуындағы шарттар мен құрылғылардың жиынтығы. Компьютерлік қарым-қатынас ортасы - бұл компьютер көмегімен ақпарат адамдар арасында құралдары мен шарттарының жиынтығы. Телекоммуникация - бұл компьютерлер негізінде қашықтан мәліметтерді тарату. Компьютерлік желілерді аппараттық-программалық қамтамасыз ету Интернет туралы түсінік. Компьютерлік желі – бұл әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. Ауқымды компьютерлік желі Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады. Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады: • Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер); • Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер); • Мәліметтерді беру желілері. Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады. Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі. Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық. DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады. Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желілілер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді. Бүкіл әлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз: І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деректерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді. ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілер бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді. ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіл әлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті. ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым- қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды. Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіл әлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды. Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады. Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады. 1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желілер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет) Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді. Интернеттен басқада ауқымды желілер бар: • Fidonet - эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған; • Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network) Интернетпен байланыста физикалық принципі Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен интернет – провайдер арқылы байланысады. Интернет – провайдер – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интернетпен қосуға мүмкіншілік жасайды. Сондықтан клиент компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны. Кез келген компьютерді Интернетке қосып, электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады. Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады: Модем арқылы байланыс Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. Модеммен жабдықталған кез келген компьютер иесі телефон арқылы провайдермен байланысып, интернет жүйесі қызметін пайдалана алады. Қарапайым модемге қарағанда ADSL модемі сигнал құрмайды, бірден телефон тізбегі арқылы сан түрінде береді. Бұл модемнің тағы бір өзгешілігі Интернетпен байланыста телефон бос болады. ADSL - байланыстың теориялық жылдамдығы(провайдерден қолданушыға дейін) 7 Мбайт/с (ал шын мәнінде 1 Мбайт/с) Бақылау сұрақтары: 1. Интернет түсінігі? 2. Желі маңызы? 3. Ауқымды интернет желісі түсінігі? 4. Интернет тарихы жайлы не түсіндің? 5. Желілік тақша деген не? Дәріс 12. Тақырыбы: Жаңа педагогикалық ақпараттық технологияларды енгізу Мақсаты: Ақпараттық технологияның маңызымен танысу ▪ Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану ▪ Ақпараттық технология XXI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан- жақты дамуының бірден бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III сьезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл – уақыттың талабы» деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шағармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл- педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Неменскийдің әсемдікке баулу жүйесі, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М.Монтессори технологиясы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т.б. Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі – мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады. Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз: Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану. Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу- тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз (Қосымша 1 қара). Ал қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады. Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшіріледі. Орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын өзгерту педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін едәуір жаңартуды қажет етеді. Пәнді оқытушы, білім біруші педагогтың орнына жаңа педагогикалық технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің қазіргі нысандарын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісі. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз. Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімді даярлауға бағдарланатын болады. Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, ...білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсетілген. Бұл – бүгінгі таңда білім беру саласында білім мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу болашақ маманның жоғары оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Өйткені, оқушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектепті педагогикалық процесті сауатты басқаруына байланысты. Оның негізі болашақ маманды кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияларды қолдану – жоғары мектептегі бейнелеу өнері және сызу мамандығындағы негізгі талаптардың бірі. Жаңа педагогикалық технологиялар студенттердің кәсіби – шығармашылық қабілетін бейнелеу процесінің құрылымын және теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын байымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жоғарыдағы мақсат міндеттерді орындауда болашақ мамандар бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі пәнінде проблемалық оқыту, апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер-ойындар, ақпараттық технологияны пайдалану, тағы басқа әдістерін қолдануға болады. Қазіргі білім беру жүйесінің жаңа деңгейге көтерілуі, қоғамның ақпараттану саясатына байланысты. 1997 жылдың 22-қыркүйегінде ҚР-ның Президенті бекіткен мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының негізгі бірбағыты – қазіргі заманғы технологияны оқыту процесіне тиімді пайдалану болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану оқу үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл оқыту процесін толығымен өзгертуді қажет етеді. Білім жүйесіндегі педагогикалық технология ғана емес, практикаға да өзгерістер енгізеді. Теория практикасыз еш нәрсені өзгерте алмайды. Теорияның практикалық күші мен энергиясы бар, бірақ оны нақты практикада пайдалана алатын адамдар санасымен қабылдануы ғана материалдық күшке ие бола алады. Сонда ғана теория адамдар қажетін қанағаттандыратын, практиканың бағыттаушы, реттеушісі бола алады. Ал теория практикаға технологиялық процестер арқылы ғана ене алады. Технологиялық процестер нәтижесінде ғылыми теория мақсатты практикалық жүйеге енгізе алады. Міне, дәстүрлі жүйенің практика мен теорияның алшақтығы, қолданбалы-нақты теория мен технологияның азырақ пайдаланылуы, теория мен практиканың алшақтануына алып келді. Осы алшақтықты жою мақсатында қазіргі кезде педагогикада технологияландыру процесіне қызығушылық туындап отыр. Жаңа мазмұн, жаңа әдіс, жаңа қарым-қатынас негізінде білім беру ісі жаңа мәнге ие болады. Осылайша өмірге білім берудің жаңа парадигмасы енді. Педагогика ғылымының практикасы мен теориясында оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі толық біркелкілік біртіндеп өзгеріп, әр түрлі формадағы мектептер мен авторлық жобалар пайда бола бастады, соның ішінде жаңа педагогикалық технологиялардың, қазіргі заманғы талабын қанағаттандыратын бағытқа қарай өзгеруде. Оқыту мазмұнының, әдістерінің және тәсілдерінің білімге деген қатынасының өзгеруіне алып келіп отыр. Білім берудегі жаңа білім беру парадигмасына байланысты педагогика ғылымы мен мектеп практикасында негізгі орынды жеке тұлғаға бағытталған бағыт, маңызға ие болуда, оның негізгі идеясы оқушының өзін-өзі дамытуға, жеке тұлға болып қалыптасуына бағытталады. Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияны пайдалануды көптеген педагогтер мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Баланың білімді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік беретін жол деп қарастырады. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топпен ынтымақтастыққа қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу процесіне араласады, онда бірін-бірі тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады. Оқыту технологиялардың пайда болуының себебі де, оның артықшылығы да бұрынғы өзінің белсенді араласуынсыз дәстүрлі оқыту әдісінен де айырмашылығы осында. Дәстүрлі оқыту кезінде өз бетінше шешім де қабылдамайды, проблеманың шешу жолдары да іздестірілмейді. Онда білім дайын түрде беріледі. Бұл қазіргі кездегі нарықтық жағдайдағы қажеттілікті қанағаттандырмайды. Сондықтан да педагогикалық оқыту технологияның түрінің көп болуы, оған қойылатын талаптардың да әр түрлі болуы осы өмір сұранысынан туындауы заңды. Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларын жүйелі пайдаланудың өзі оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастыруға тырысудан туындайды. Педагогикалық оқыту технологияларын, оның түрлерін, тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді. «Технология» деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. Технология грек сөзінен аударғанда («techne» - өнер, шеберлік, «logos» - оқыту деген мағынаны білдіреді). Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық оқыту оқыту мен тәрбиелеу процесінің алдына қойған білім беру мақсатына жету үшін пайдаланылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деген анықтама береді. Оқыту технологияларының өндіріс технологияларынан ерекшелігі, оның өзгермей ұзақ уақыт қалмауында, оның үнемі жетілдіріліп отырылуында. Өткен ғасырдың 50-жылдарында оқыту процесіндегі пайда болған «білім берудегі технология» кейінгі жылдары өзгеріп «педагогикалық оқыту технологиялары» деген ұғымға айналды. Алғашқы кезде бұл ұғым ұзақ уақыт талқыланды, ол екі бағытта берілетін болды. Бірінші бағыт оқыту процесінде техникалық құралдарды пайдалану, ал екінші бағыт оқыту технологиясы. Біртіндеп ғылыми технология процесінің дамуына байланысты 70-80 жылдары «оқыту технологиясы» деген ұғым енгізілді. Бұл оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға пайдаланылатын әдістер мен құралдар жүйесі түрінде қарастырылды. Оқыту технологиялардың дамуы жолында педагогикалық ғылымда оқыту технологияларының айналасында үлкен әңгіме тартыс болып келе жатыр. Көптеген зерттеушілер оқыту технологиясында да басқа өндірістегі сияқты құрал жасауға болады ма деген ой толғандырды. Бірақ әр кезеңде әр түрлі ғалымдар бұл сұраққа әр түрлі жауап берді. Я.А.Коменский кезінің өзінде-ақ осы проблеманы көтерген болатын. Бұл проблеманы зерттей келе мектепті ол «тірі баспаханамен» салыстырып қарастырды да, мұғалімнің еңбегі педагогикалық құралды игергенде ғана тиімді болады деген қорытындыға келді. Көптеген педагогикалық әдебиеттерге сараптама жасай отырып, қазіргі кезде оқытуды технологияландырудың қажеттілігі талас туғызбайтындығы, мұны оқыту процесінде пайдалану арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға бағытталған білім бере алуға болатындығы анықталды. «Оқыту технологиялары» өткен ғасырдың 60-жылдарында пайда болды. 60- жылдарда оқыту процесін технологияландыру бағыты қалыптасты. Оның қалыптасуы бағдарламалы оқытумен байланысты болды. Бұл бағыттың негізін салушы американ психологы Б.Скиннер болды. Ғалымның ойынша оқу материалын игерудің тиімді жолы, оны біріншіден, жүйелі бағдарламалы түрде беру мен бағалаудың жоспарланылуы деп көрсетті. Бұл жылдардағы бағыт бойынша жұмыста мұғалім жұмысы белгілі бір мақсатқа немесе белгіленген сценарий бойынша жұмыс істеуге ғана бағытталды. 70-жылдары – «оқытудың ақпараттық технологиясы» пайда болды, бұл жылдары білім бір-біріне байланысты ақпараттар компьютер бағдарламасы арқылы беруге негізделінді. Бұдан кейінірек оқыту процесіне қашықтықтан оқыту келіп енді. Бұл күрделі ақпараттық, бағдарламалық және әдістемелік бағдарлама болды. 80-жылдары техниканың дамуына байланысты «педагогикаға оқыту технологиясы» енді. Бұл ұғымның әдістер, тәсілдер және пайдаланатын жүйе екендігі анықталды. Қазіргі кезең – оқытудағы технологиялық бағыт дәстүрлі әдістерін тиімді екендігін көрсетті. Оқытуда педагогикалық технологияны пайдалану қажеттілік болды. Ақпараттық технологияның маңызы Жаңаша ақпараттық технология – ғылым жетістігі. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың «алдын ала оқыту»; Хазанкиннің «есеп шығару»; Палтышевтің «физиканы есептеп шығару»; Шаталовтың «интенсивті оқыту» (тірек сигналдарын пайдалану). Эрдниевтің «ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі» т.б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В.М.Монаховтың, Дяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқыту сапасын арттыруға; басқару сапасын жетілдіруге; оқушылардың дамуына бақылау жасауға; соған сәйкес бағалауға болатыны ғылыми негізде дәлелденіп отырғаны ақақат. Мектептерде жүргізіліп отырған қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен Л.В.Замков, Д.Б.Эльконин В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланыста әрі мынадай ұстанымдардан құралады. 1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту. 2. Теориялық білімнің жетекші ролі. 3. Оқу материалдарын жеделдете оқыту. 4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі. 5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. Л.В.Замковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігімен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті мен оның субьектісін қалыптастыруға амалдары бағытталған оның құрылымы мынадай: оқу- танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу операциялары. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті жүйенің басқа бөліктерінде (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс. 1. Оқушылардың өзіндік ізденуі іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: оқушы-мұғалім ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек белсенділігіне баса назар аударылады. 2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадыр-қасиет сезімін дамыту. 3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру қажет» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ. Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Высотскийдің «оқыту үрдісінде оқушының ақыл-ойының дамуы» «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей – «міндетті, оқушылық», екінші – алгоритмдік, үшінші – эвристикалық, төртінші - шығармашылық. Ендеше оқушылардың білім, білік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдардың талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрыптағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші оқулықтар мен оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлер. Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқулықтар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу- мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Дегенмен, оқушылардың өз бетімен білім алу үрдісі «басқаруға ыңғайсыз» делініп, сыналып жүр. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті, көбінесе, қате болады» дейді. Педагогикалық технология саласындағы теориялық және практикалық ізденушілерді бір дерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі – педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жер жүзінде когнативтік эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз. Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты. Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады. Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дәуірге дейін жиналған білім атаулының бәрі оқушыға жетерлік дәрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға әкеғлу мәселесі назарға алынады. «Жаңа педагогикалық технология» - әрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тәсілі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні баршамызға мәлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер жаңа технологияларды өз тәжірибелеріне тиімді ендіре алады. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады. 2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ сьезі Елбасы Н.Назарбаев «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс – бұл уақыт таалбы» деп атап көрсеткеніндей, әр баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әрі іскер мұғалім даярлауға бетбұрыс жасалмақшы. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Соңғы кезде технология ұғымының мәні кеңейді. Мәселен, информатика ғылыми саласында ақпараттық технология ұғымы, физиология ғылымы саласында биологиялық жүйелер технологиясы жайында ұғымдар пайда бола бастады және т.б. «Оқыту технологиясы» ұғымын алғаш рет педагогика ғылымына енгізген А.Макаренко, қазір бұл ұғым оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүр. Ал «Педагогикалық технология» ұғымына алғаш рет жүйелі зерттеу жүргізген Т.Ильина болды. И.Талызинаның пікірі бойынша, педагогикалық технологияның басты мақсаты іс жүзінде дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын ең тиімді әдістерді анықтау болып табылады. Педагогикалық технология оқыту үрдісін ғылыми жүйелеу бағытында, яғни, оқыту тәжірибесінде қолданылатын ғылыми негізделген талаптар жүйесі болып табылады. Педагогика ғылымында «педагогикалық технология» ұғымына біржақты анықтама беріле қойған жоқ. Дегенмен кейбір ғалымдардың берген анықтамаларына тоқтала кеткен жөнәселен, Н.Никандров, В.Кан-Калик «Оқытудың бірінші сатысында студенттерді педагогикалық білік пен дағдылардың қолданбалы эвристикалық жүйесі ретінде педагогикалық технологиялар негіздерімен қаруландыру қажет, оларды шығармашылық үрдіс ретінде балалармен тікелей қарым-қатынас жасауға үйрету педагогикалық технологияның мән-мағынасын ашады» деп санайды. Шетелдік педагогикада «педагогикалық техника» және «педагогикалық технология» терминдері бір-бірінің орнына қолданыла береді. Сөйтіп ол аталған осы ұғымдардың мән-мағынасын ашуды қиындатады. Мысалы, «педагогикалық техника» американдық педагогикада мына терминдермен қолданылады: Teaching Technique (педагогикалық техника), Technology of Teaching (оқыту технологиясы), Educational Technology (педагогикалық технология), Maneures of Teaching (оқыту маневрі), Tacties (тактика) және т.б. Көптеген шетелдік ғалымдар технология деп оқытудың обьективтік факторларының жиынтығын (ғимарат, құрал-жабдық, дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, бағдарламаланған оқыту құралдары және т.б.) қандай да бір үрдісте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырады. Мәселен, поляк педагогі Ф.Янушкевич оқыту технологиясының мағынасын ашқанда, төмендегідей анықтама берген: «оқыту технологиясы деп ғылыми ұстанымдар жүйесі қолданыс табатын бағдарламаланған оқыту үрдісін айтады және оқу мақсатына жетуге бағытталған оқу тәжірибесінде қолданылады, көбіне оқытылатын пәнге емес, оқушыларға бағытталады, оқыту әдістері мен тәсілдерін сынақтан өткізуге эмпирикалық талдау жасауға және оқытуда аудиовизуальды құралдарды кеңінен қолдануды талап етеді, оқыту теориясын оның практикасымен өзара бірлікте қарастырады». Оқыту үрдісінің құрылысын мемлекеттік білім стандарты анықтайды. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес білім мазмұны нақтыланады. Білім мазмұны сәйкесінше оқыту мақсатын белгілейді. Оқыту мақсатына сәйкес мұғалімнің және оқушының іс-әрекеті анықталады. Педагогикалық технология мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің ара жігін анықтауға алып келеді. Оқыту әдістемесінде көбіне мұғалімнің іс-әрекетіне жеке тоқталатын болса, ал педагогикалық технология оқушы іс-әрекетін сабақтың әр кезеңінде ашып көрсетуге жүгінеді. Болашақ мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы оқыту үрдісінің құрылысы сызбада ұсынылып отыр (Қосымшы 4, 5 қара). Таңдалып алынған педагогикалық технологияға сәйкес педагогикалық технологияның мезанизмі анықталады. Педагогикалық технологияның жүзеге асу механизмінен білім сапасы, яғни, оқыту нәтижесі алынады. Ал оқыту әдісінің құрылысын қарастырып, онда педагогикалық технологияны пайдалану барысында оның құрылысы төмендегідей болады. Мұғалімнің мақсатынан мұғалімнің іс-әрекеті мен оның қолданатын құралы анықталады. Ал мұғалімнің іс-әрекетінен оқушы ұжымының іс-әрекеті және оқушының жеке басының іс-әрекеті туындайды. Мұғалімнің сабақта пайдаланатын құралынан оқушы ұжымының құралы, ал оқушы ұжымының құралынан оқушының құралы анықталады. Сонымен, болашақ мұғалімнің педагогикалық технологияны меңгеру үрдісін қарастырсақ, ол төрт кезеңнен тұрады. І кезеңде болашақ педагогтер өз бетінше сабақ жоспарын құруды үйренеді: - сабақтың технологиялық картасын құру; - оқушы мен мұғалімдер әрекетін бөліп көрсету. ІІ кезеңде өзінің жеке авторлық сабақ жоспарын – сабақтың технологиялық бағдарламасын жасайды: - сабақтың мақсат-міндеттерін, формасын, таңдалған әдіс-тәсілдерін, алынған технологияны ғылыми тұрғыда негіздеу; - сабақтың технологиялық картасын жасау және оны дәлелдеу; - сабақтың нәтижелігін негіздеу. ІІІ кезең. Микросабақ беру (студенттік дәрісханада сабақ өту). IV кезең. Микросабақты талдау, педагогикалық технологияға қажетті түзетулерді енгізу. Микросабақ барысында мұғалімнің іс-әрекетіне талдау жасау, болашақ мұғалімнің кәсіби біліктілік дәрежесіне баға беру. Осыған орай, педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын болашақ мұғалімдерді даярлау – оларды кәсіби дайындаудың ең көкейкесті аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Бақылау сұрақтары: 1. Ақпараттық технология түсінігі? 2. Жаңа ақпараттық технологиы туралы ? 3. Ақпараттық технология маңызы? 4. Технология ерекшеліктері? Дәріс 13. Тақырыбы: АКТ-ы дамуының перспективалық бағыттары. Мақсаты: АКТ-ы дамуының перспективалық бағыттары. Бағдарламалау: ақылды заттар, интеллектуалды ғимарат және үй, интеллектуалды киім, жинақылы (тұтас) оқыту жүйелері және т.б. жайлы түсінік беру • АКТ дамуының перспективалық бағыттары • «Ақылды үй» термині • IP-мониторингі Үй роботы — робот, адамға көмектесу үшін жасалған. Қазір мұндай робаттарды маралуы көп емес, бірік футурологтардын болжауынша болашақта олардын көп таралатынын айтады. 2006 жылы Билл Гейтс «Робот әр үйде »деген мақаласын жарыққа шығарды . 2005 қыркүйек айында сатылымға ең алғаш «Вакамару» адамға ұқсас робат шықты, оны шығарған Mitsubishi фирмасы. Робот бағасы $15 мың. Түр тани біледі, кей сөздерді түсінетін, жауап беретін болатын. Ақылды үй (ағл. Smart House) — Жаңартылған тұрғын үй, өмір сүруге ынғайлы. Электронды жиһаздар ақылды үйде Universal Plug’n’Play үй желісі бар. «Ақылды үй » түсінігін Вашенгтонда 1970 жылы пайда болған. «Ақылды үй » (intelligent building) системаны түсіну қажет, тапсырмада берілген. «Ақылды үй » терминінде алдымен бір системаға интеграциалауды түсіну қажет: • Жылыту системасы, вентиляциа және кондиционионер • Қорғаныс-өрт апатынан, ғимаратқа кіру мүмкідігі системасы ,су ағу, газ шығу т.б • Видеоқорғаныс системасы • Байланыс сымдары • Жарық системасы. • Электр қуат жүйесі • Ғимараттың механизмі • Бір жерден аудио- видеотехниканы теледидарды бақылау • Телеметрия —системаларға бақылау • IP-мониторингі — желіде жойылған байланысты табу • GSM-мониторингі — жойылған , жоғалтылған заттарды хабарлап отырады 1995 жылы Java технологиясын ойлап табушылар өзі дүкеннен тамақ заказ беретін тоңазытқыш ойлап таппақ болды бірақ олардың ойлары іске аспады. Бірақ Miele и Siemens компаниасы сияқтылар жаңартылған үй жиһаздарын шығара бастады. Ал светті әр жерде отырып қосып өшіру іске асырылды Ақылды үй, автоматтандырылған үй тек Россияда ғана дамып келген емес сол сияқты АҚШ, Қытайда, Европада даму үстінде. Бақылау сұрақтары: 1. Дамудың перспективті бағыттары? 2. Ақылды үй дегенді қалай түсінесіз? 3. Ең алғаш сатылымға қандай робот қай жылы шықты? 4. Қай фирма шығарды? ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Зертханалық сабақ 1. Тақырыбы «Мектеп пәндері бойынша виртуалдық кітапханалар» Дидактикалық мақсаты: зерттеу. Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба. Студенттерді алдын-ала дайындау:оқу-әдістемелік зерттеу тапсырмаларымен таныса отырып 1.1 —1.2 бөлімінің 1тапсырмасын орындау Теориялық түсініктеме Негізгі түсінік: Вертуалды шындық, вертуалды саяхат, вертуалды семинарлар мен кеңестер Құрылымды- методикалық анализ «Виртуалды шындық» нағыз бар немесе ойдан құрастырылған нысандарға немесе процесстердің электрондық модельдері жатады. Виртуалды шындық – бұл дыбыстық, көзге көрнекті, тактильді және т.б. ақпарат түрлерін бейнелейтін және қолданушының көлемді виртуалды кеңістікке енуін, реалды уақытта бұл кеңістіктің нысандарына қатысты қолданушының жылжуына жағдай жасайтын мультимедиалық құралдар. "Виртуалды шындық" жүйелері адамның ортамен тікелей қарым – қатынасын қамтамасыз етеді. Олардың ішінде қолданушы компьютердің жадысындағы ортадағы нысанды қолымен ұстай алады. Бұл әрекетті датчиктері бар қолбақ киіп іске асыруға болады. Басқа жағдайда экранда бейнеленген затты «аударуға» және оны басқа жағынан қарастыруға болады. Қолданушы «ақпараттық киім-кешекпен», «ақпараттық қолбақпен», «ақпараттық көзілдірікпен» (көзілдірік - мониторлары) немесе басқа аспаптармен қамтамасыз етіліп, виртуалды кеңістікке қадам баса алады Вертуалды саяхат. Музей ,галерея, көрме сайттарынан керемет вертуалды саяхат сабағын өткізуге болады.Дал сол сиякты көптеген зовод, фабрикалардын жумыстарын да вертуалды көріп танысуға болады.Көптеген қалалар сайты да бар солар арқылы география сабағын да вертуалды өткізуге болады, web-камераны қолданып елдің түкпір-түкпірін көруге болады. Виртуальды семинарлар мен кеңестер. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешким өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде.Көптеген программалардың арқасында аудио және видео конференциялар өткізуге болады.Оқушы мен мұғалім бір бірінен алшақ болса бұл табылмайтын ақыл. Дидактикалық материалдар. I. Тапсырма нұсқалары Тапсырма 1. Оқу әдістемелік проект жасау,тапсырмалар тізімін біріктіре отырып. 1.1.Оқыту мазмұнына талдау жасау. 1.2. Білімге деген талаптарды қою. Әсіресе жоғарғы сынып оқушыларына. Теориялық және практикалық бөлімдерін белгілеу. Оқу материалына план құру. 1.3. Дидактикалық материалдар құру, кейбіреулерін оқыту кезінде қолдану а) Оқушылардың ынтасын арттыру. б) білімдерін тексеруді ұйымдастыру(өзін-өзі тексеру сұрактары тесттер тапсырмалар, жаттығулар т.с.с). в)соңғы білімін бағалау(тоқсандық бақылау, тесттік бақылау, проекттер, ойындар арқылы). 1.4.Оқыту методикасын ұйымдастыру. Бөлім тақырыптары 1. Тексттерді өңдеу. 2. Компьютерлік графика и презентациа. 3. Кесте толтыру процессоры. 4. СУБД ақпаратты өңдеу системасы. 5. Мультимедиалық программалар. 6. Компьютерлік телекоммуникация мүмкіндіктері. 7. Баспаға шығару системасы. 8. Компьютермен жұмыс бастамасы. II Ақпараттық білім берудің құрамы. Тапсырма 1. Информатиканың басты түсініктерін айт, білім берудің негізі неде? Негізгі білім беру мен қашықтықтан білім беру айырмашылығы неде? Тапсырма 2. Кестені толтыр білім берудің компаненттерін есіне түсіре отыра. (кесте. 1). Кесте 1 |Тақырып аты |Технологиясы|ПС |Мүмкіндіктері |Тапсырмалар | | | | | |Қара |Сұр |Ақ | |Қызыл |Нашар |Жақсы |Орташа | |Көк |Нашар |Нашар |Орташа | |Жасыл |Жақсы |Нашар |Нашар | |Циан |Жақсы |Нашар |Нашар | |Малиновый |Жақсы |Нашар |Жақсы | |Сары |Орташа |Жақсы |Нашар | Бүгінгі күнге дейін ақ түс фоны басқа түстермен салыстырғанда мүмкіншілігі аз түс болып саналды. Бірақта қазіргі заманғы техниканың дамуымен жаңа дисплейлер пайда болып ақ түстін қара түспен сәйкестігі жоғарылатылды. Түрлі түсті фонында түс образын қабылдау: |Символ түстері|Фон түстері | | |Қызыл |Көк |Жасыл |Циан |Малиновый |Сары | |Қызыл |- |Нашар |Жақсы |Орташа |Нашар |Орташа | |Көк |Нашар |- |Жақсы |Орташа |Орташа |Орташа | |Жасыл |Нашар |Жақсы |- |Жақсы |Жақсы |Жақсы | |Циан |Жақсы |Жақсы |Нашар |- |Жақсы |Жақсы | |Малиновый |Нашар |Жақсы |Жақсы |Жақсы |- |Орташа | |Сары |Жақсы |Орташа |Жақсы |Жақсы |Жақсы |- | Әртүрлі түстерді адамның сезуі |Түс |Кеңістікте | Температуралық |Эмоциялық сезуі| | |сезуі |сезілу | | |Қызыл |Жақын, қасында |Ыстық |Алаңдау | |Оранжевый |Өте жақын |Жылы |Көңілдену | |Сары |Қасында |Жылы |Бодрость | |Жасыл |Алыста |Өзгеріссіз |Тыныштық | |Көк |Алыста |Суық |Тынышталу | |Фиолетовый |Өте алыс |Суық |Жалығу | . Түстермен ерекшелене алады: - мәтін аттары; - мәтіннің ерекшеленген блоктары; - графика және иллюстрациялар; - жарықтандырылған аймақтар әдетте ашық түстермен ерекшеленеді (мысалы, сары, ашық жасыл, ашық қызыл, т.б.) -үштен бір позизицясының фактурасы -оқулықтың мәтіндік немесе графикалық фрагментіне тәуелсіз болатын барлық гипермәтіндік сілтемелер Егер түрлі-түсті суреттің өлшемі кіші болса, оның ашық түсі фонның түсімен сәйкес келсе, онда бақылаушы оны байқай алмайды егер тіпті олардың түстерінің айырмашылығы үлкен болса, осыдан бейнелеудің ұсақ бөлшектерін тұрақты айыруы үшін, олар фонмен салыстырғанда жарықтығы үлкен үлкен айырмашылық болу керек . Фондық бейнелер жеңіл оқылатын мәтіндерге әсері тимеуі керек. Кейбір фондық бейнелердің өздері тартымды болады да, оларға қойылған мәтіндердің оқылуын ауырлатады. Фондық бейне артта тұруы керек және қарапайым болса соғұрлым жақсы болады. Және баспаға суреттерге сүйсіну үшін бармайды, ақпарат үшін барады соны ұмытпаңыз. Түрлі – түсті монитормен ұзақ жұмыс жасағанда « түрлі-түсті шаршау » деп аталатын көз шаршауы басталады, егер түстердің жайлы үйлестірулері таңдалғанса да жалпы шаршауға әкеп соғады. Сондықтан қалыпты күй – жағдай сақтау үшін үш – төрт <<жұмыстық >> түстердің үйлестірулерін пайдаланып, экранның түстік палитрасын оқтын – оқтын ауыстырып отыру керек. Мәтін болу керек: - қысқа және түсінікті; - жақсы ұйымдастырылған; тіпті егер баспа қысқа әрі түсінікті болса да, оны ешкім басынан – аяғына дейін оқымауы әбден мүмкін көз жүгіртіп қарап шығады. Орфографиялық қателіктері мен жаңылыс жазбаларға толы баспа, автордың және оқу орнының абыройына асер етеді! Тапсырмалар: 1. Автормен баяндалған материалдардың сәйкестігін, курс бағдарламасының мазмұнын және мемлекеттік білім стандартының талаптарын анықтау; 2. Материалдың өзектілігін бағалау: онда баяндалған материалдың деңгейі қазіргі заманғы ғылым, техника және мәдениет жетістіктеріне сәйкес болуын. 3. Ұсынылған оқу орындардың бұрынғы бар оқу орындарынан айырмашылығын көрсету. 4. Оқу материалын әдістемелік көз қараспен бағалау және ол берілген пәнді оқыту талаптарына сай келетіндігін анықтау. 5. Болашақ баспаның дидактикалық аппаратының толықтығы мен сапасын сараптау және бақылау сұрақтары мен есептері қаншалықты әдістемелік жағынан таңдалғанын анықтау. 6. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін болашақ электрондық басылымды қолданудың нәтижелігін бағалау. 7. Анықтама - жолдама аппаратының элементтерін , ( басылым түрін есепке ала отырып): кіріспеге алғысөз, қорытынды, нұсқауыштар , аңдатпа , библиографиялық тізімдер , қысқартулардың тізімдері және шартты белгілеулердің және сонымен қатар қосымшалардың қаншылықты толық көрсетілгенін көрсету . Зертханалық сабақ 4. Тақырыбы «Интернеттегі білім бақылау жүйелері.» Дидактикалық мақсаты: зерттеушілік. Ұйымдастыру тәсәлдері: зертханалық жұмыс. Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, жаттығулар іздеу. Оқыту құралы: оқу—әдістемелік және арнайы әдебиеттер, бағдарламалық құралдар. Жұмысты орындаудың жалпы талабы Аспаптық құралдар ретінде келесі талаптарды қанағаттандыратын компьютерлік тесттілеу жүйесін (КТЖ) мақсатқа лайықты қолдану: • Тесттік тапсырмаларды дайындаудың қарапайымдылығы (тапсырмалар компьютерді төмен деңгейде меңгерген мұғалімдер де құра алады). • Қолданудың кең диапазоны (пәннің кең спектрінде тесттерді дайындау үшін қолдану мүмкіншілігі). • Тесттік тапсырмалар қорын басқарудың қолайлы жүйесі (тапсырмалар қорын біріктіру, өшіру және қосу). • Тесттілеу нәтижесі бойынша статистикалық ақпараттарды өңдеу және жинау жүйесі болуы шарт ( тесттіленетіндер және тесттік тапсырмалар үшін). • Оқу үрдісінде білімді жедел бақылауды ұйымдастырудың оңайлығы • Тапсырмаларды шешудің қолайлы құралдары (мысалы, жетілдірілген мүмшілікті микрокалькулятордың бар болуы) • Біріктірілген мультимедиалық мүмкіндіктер) • Тұтастық (тестілеу жүйесі бірнеше жүз тесттік тапсырмалардың санымен бірге бір дискетаға сыйуы керек). • Жүйелік талаптардың төмендігі (Windows 95/98/NT жеткілікті). Компьютерлік желілердің қарқынды дамуы студенттердің жергілікті компьютерлік желі немесе Интернет желісіне қосылған, серверлерде орнатылатын интерактивті Web-тесттер көмегімен қашықтан тестіленуінің перспективасын көрсетті. Білім беруде осындай ақпараттық технологиялардың кең таралуы оқыту үрдісін тек жоғарылатып қана қоймай, сонымен қатар еліміздің бастаушы университеттерінде потенциалды тыңдаушылар аудиториясын әжептәуір көбейтеді, Web – желінің жұмысына арналған тесттердің өңделу үрдісінің жұмыс көлеміне кедергі келтіреді. Кері жағдайда әр түрлі салалардың мамандар ұжымының бірлескен жұмысы қажет болады. Бұл жағдайлар Web-кітапшаларды құрудың еңбек көлемін, қашықтықтан білім беру формасының даму процесін белгілі бір деңгейде әжептәуір көтереді, СПбГТУ қашықтықтан білім беру орталығында пән курсына инвариантты, әмбебаб және Интернет/ Интернет желі үшін тестерді өңдеу аумағын практикалық қолдануда қолайлы және қарапайым "Web-Тест Конструктор" (W-TK) құру әрекеті жасалды. Интерактивті мультимедиалық Web-тесттерді өңдеудің аспатық аумағы Құрастырылған W-TK бағдарламалық өнім негізінде ізделінді Web-тесттің мәтінінен тұратын HTML – беттің динамикалық құрулары принципі берілген. Бұл үшін Web-тесттер құру үшін мәліметтер шығарылымы (тесттегі тапсырмалар саны мен мәтіні, ұсынылған жауаптар саны және жауаптар варианты, дұрыс жауаптың «бағасы» және бағалану үшін жиналған қажетті балл саны, тестті орындау және т.б. үшін қажетті уақыт) негізінде JavaScript тілінің бағдарламаларымен бірге HTML – беттің әмбебаб шаблондары жасалды. W-TK бағдарламалық аумағынның қатты дискте алатын жалпы жады көлемі 1,2 МВ-тан аз емес. Олардың өзіндік орындалатын 820 КВ өлшем шамасында exe-модульбар, ал қалғаны help-файл көмегі үшін иалап етіледі. Браузер терезесінде орналасқан мәтіннің генерирленген фрагменті түріндегі "Web-тест конструктор" жұмысының нәтижесі 4.2.2. суретте көресетілген. Суретте сұрақтар мәтінінен және жауап нұсқаларынан басқа қолданушының тегі мен басқа да мәліметтер енгізуге арналған өріс, сонымен қатар тапсырманы орындауға кеткен уақытты көрсететін таймер тақтасы келтірілген. Ескертетін жайт, қалған уақыт браузердің статустық жолында да көрсетіледі. |[pic]Сурет. 4.2.1. |[pic] | | |Сурет. 4.2.2. | Конец формы Зертханалық сабақ 5 . Тақырыбы «Оқу орталары және жаттықтырушылар.» Дидактикалық мақсаты: зерттеу. Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба. Студенттерді алдын-ала дайындау: тапсырманы орындау. Теориялық түсініктеме Дифференциялдық ішкі пәндерді жұмысына сәйкес әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсынуға болады. 3 деңгейдегі нұсқалары бар; • Материалдың көлеміне қарай ерекшеленеді. Информататиканы терең үйренетін сыныптар үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындауға қойылған. Барлық тапсырмалар әртүрлі қиындық деңгейіне байланысты берілген және 3 топқа бөлінген. I деңгейдегі тапсырма – базалық. Оқушылардың барлығы орындайтындай болуы тиіс. II және III деңгейдегі тапсырмалар– қиындықты көтеру. Олардың жұмысы логикалық ойлауды дамыту стандартты емес шешімді қабылау, техникалық білімді көбірек талап етеді. Тапсырманың мазмұнды жағына ғана емес, сонымен бірге қиындық деңгейі оқушыларды таңдауда құқылы. Бастапқы қолдануда I , II және III деңгейдегі тапсырманың қайсысын таңдауы барысында оқытушы көмек беріп, әртүрлі деңгейдегі тапсырманы бағалау критерийімен таныстырады Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың таңдауына байланысты. Үйрену дәрежесі Түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастырғанда оқушы қандай білімді, іскерлікті және дағдыны игеру керектігін ескеру керек. Оқытудың бірінші деңгейінде (білім беру жүйесінің репродуктивті типі) оқушы білу керек: - оқу материалын мазмұндау керек; - мұғалімнің айтқанын өз ойын қоспай мазмұндай алу керек; - есепті бір формуланы қолдану арқылы шеше алу керек (негізгі формуланы және ақпараттың өлшем бірліктерін біле тұра); Оқытудың екінші деңгейінде (білім беру жүйесінің реконструктивті типі) оқушы білу керек: - сабақ барысында алған немесе оқулықтан оқыған білміне негізделіп мұғалімнің кез – келген сұрағына жауап бере алу керек; - Анықтамалардың, формулалардың , мөлшерлердің мәнін ұғыну ; - оқылып жатқан материалдар тақырыптарының арасында байланысты орната алу керек; - 2 және 3 формуланы пайдаланып, алгоритмнен стандартты есептерді шеше алу керек; Оқытудың үшінші деңгейінде (білім беру жүйесінің вариативті типі) оқытылу материалы негізінде оқушыға жаңа анықтамалар мен формулаларды түсіндірудің сәйкес келуі; білімді жаңа оқу үрдісінде қолдану. Осы деңгейге жатады: - алдын ала қаралмаған үлгідегі есептерді шешу; - - әр түрлі ақпараттық модельдердің оптимальды алгоритмдері және есептерді шешу әдістерін құру. Оқытудың төртінші деңгейінде (шығармашылық). Бұл деңгейге әр түрлі ақпарат көздерін қолданатын хабарламалар және баяндамаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар өзіндік шешімдер және оқытылған әдебиеттерге тікелей қатысы жоқ жалпылауларға негізделеді. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, оқушылардың білімін бақылау жүйесінде оқу материалының меңгеруін түрлі деңгейде тексеру қолданылады. Қортынды тексеруде пәнді әр түрлі дейгейде, реродуктивті типтен жетілдірілген деңгейге дейін меңгеруі тексеріледі. Информатикада практикалық іскерлікті тексеру барысында мыналарға ерекше назар аудару керек: - DOS жүйесінде немесе WINDOWS аумағында негізгі амалдарды орындауға; - дербес компьютердің түрлі құрылғыларымен негізгі жұмыс дағдысын білуге; - түрлі ақпараттық технологиялардың негізгі жұмыс дағдысын білуге; Оқушылардың білімін тексерудің қортынды формасы - тест, есеп, теориялық өздік немесе бақылау жүмысы, практикалық жұмыс. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдануға әдістемелік нұсқау Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды мұғалім оқытудың түрлі сатысында және сабақтың түрлі сатысында пайдалана алады. Бақылау тесттері, бұл жұмыста берілген тақырыптағы теориялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды мақсатқа лайықты жүзеге асыру керек. Тесттік бақылаудың мақсаты – оқушыны оқытудың нәтижесін тексеру және бағалау. Тесттік тапсырмалар әр түрлі деңгейлі күрделілікте болады. Келтірілген тізімнен таңдау - бұл I күрделілік деңгейі. Қарапайым тесттік тапсырмалар. Мысалы: А) Позициялық емес санау жүйесін таңда • ондық с/с; • екілік с/с; • үштік с/с; • римдік с/с. ІІ күрделілік деңгейіне мектеп бағдарламасына қарастырылған ұғымдар,бірақ күрделі анықтамалары бар тесттік тапсырмалар келтірілген. Мысалы: В) Қандай санау жүйесінде әр санның өлшемі оның позициясына тәуелді емес, тек оның жазылуымен анықталады? ІІІ күрделілік деңгейіне жазылғанда пәннің мазмұны қарастырылмайтын ұғым пайдаланылатын тапсырмалар жатады. Бұл тесттік тапсырмалар типі: С) Көпмүше түрінде жазылған екілік сан: 1*24+0*23+1*22+0*2+11*20 Оның ондық түрі қандай? Мәтіндік тапсырмалар бақылау сатысында ғана қолданылмайды, сонымен қатар ағымдық салада тақырыпқа,сабаққа кіріспе сатысында, оқушылардың білімін тексеру кезінде, аттестациялық тесттілеуге дайындық кезінде қолданылады.Тесттік тапсырмамен жұмыс оқу материалымен тағы бір рет жұмыс істеуге ынталандырады. Тесттің өткізу уақыты 20 – 30 мин (сыныптың дайындық деңгейіне байланысты). Зертханалық сабақ 6. Тақырыбы: «АКТ-ы негізінде білім жалпылау және жүйелеу» Дидактикалық мақсаты: зерттеушілік. Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік. Оқыту әдістері мен технологиясы: кітаппен жұмыс (тақырыптық тезаурус құру, ой матрицалары), оқу дискуссиясы, іздеу жаттығулар, пікірлеу. Оқу құралы:оқу-әдістемелік және арнайы әдебиеттер, программалық құрал. Студенттерді алдын-ала дайындау: жүйелі методологиялық принциптерді оқып 6.2 кестесін толтыру; кесте 6.1; информатиканың базалық курсы оқу әдебиеттеріне логикалық-мазмұнды талдау жасау. Теориялық түсініктеме Негізгі ұғымдар:жүйе, сыртқы жүйе, ішкі жүйе ,құрылым, жұйелік анализ,формалау, модель, модельдеу, ақпараттық модель. Маңызды - әдістемелік талдау Жүйелердің иерархиялық зерттеуінде ең алдымен системологияда кіріспе негіздейді. Оқушылардың сұрақтарға жауап іздеу барысында, жүйе ретінде қарастырылып отырған обьектінің мақсатынан жүйенің мүшеленуін объектіге көз қарасынан немесе зерттеу аспектісінен көруге болады. Ары қарай ішкі және сыртқы жүйеге анықтама беру керек, сонымен қатар жүйенің сыртқы жүйеге бөлінуі өзара байланысқан элементтердің мүшеленуімен байланысты. Осыдан кейін оқушыларды жүйенің құрамдарымен және жүйенің негізгі қасиеттерімен таныстыру мүмкіншілігі туады. Әдістемелік жақындаулар қарастырылатын құбылыстар жүйелілік, ақпараттық функционалды жақындауларды қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Әдістемелік жақындаулар зерттелу жұмысының теориялық негізі болып табылады, сондықтан өзгігінен пайда болмайды, жүйелік анализ, формалану, модельдеу, «қара жәшік» әдісі арқылы жүзеге асады. Модельдеу әдісі модельді объектімен нақты сәйкестігі мен айырмашылығы негізінде салыстырғанда қарапайымдайды. Зерттелетін объект таным үрдісінде оның құрамы мен құрлымына ұқсайтын модельмен алмастырылады. Модельді зерттеу шығатын объект туралы жаңа ақпарат алуға мүмкіндік береді.. Жоғарғы сынып оқушылары модельдеудің түрлері көп екендігін меңгерулері қажет, себебі ол қолданылатын модельдер мен қолдану аумағына тәуелді болады. Оқушыларды модельдеудің классификациясының түрлі белгілерімен мақсатқа лайықты таныстыру керек, мұнда теориялық жүйеде мазмұндалатын классификацияны қарастыруға болады. Информатика ақпаратық молельдер құру және оларды басқарудың әдістемелік принципін зерттейді. Ақпараттық модель ұғымын зерттегенде оқушыларды концептуалды модель ұғымымен таныстыруды ұсынамыз, тапсырманы шешуге байланысты ақпараттық модель жаңа түрлі концептуалды модель туғызады, оның негізінде жаңа ақпараттық модельдер құрылады ( ақпаратық және концептуалдық модельдер арасындағы айырмашылық объект туралы ақпарат алатын кез –келген модельге шартты). Дидактикалық материялдар I. Тапсырма нұсқалары : Тапсырма 1. Берілген тақырыпта сабаққа – дәріске конспект даярлау. Конспект мазмұны келесіден тұру керек: 1.1. Сабақтың тақырыбы мен сағатын белгілеу 1.2. Мақсаты (білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік). 1.3. Оқыту мазмұнының негізгі ұғымдары (ұғым сөздігін құру ұсынылады). 1.4. Оқушылардың алдын – ала дайындығы ( оқытылатын дәріс материалының мазмұнын меңгерген білімдер, іскерліктер және дағдылар сипатталады). 1.5. Мұғалімнің алдын – ала дайындығы ( дәріске дайындалу барысында мұғалім шешетін практикалық тапсырмалар анықталады). 1.6. Оқыту құралдары (бөлімдерге бөлініп көрсетілген әдебиеттер: оқулықтар мен оқушыларға арналған есеп кітапшалары және мұғалімге әдістемелік нұсқаулар; қосымша әдебиеттер; техникалық және бағдарламалық құралдар; дидактикалық материалдар, сонымен қатар суреттерді компьютер экранынан демонстрациялайтын экранға проекциялауға мүмкіндік беретін қазіргі заманауи техникалық құралдар көмегімен жасалған демонстрациялар). 1.7. Уақыт шығынын есептейтін сабақтың сатылы жоспары. 1.8. Оқытудың мазмұны (оқушылар жұмыс дәптеріне жазып алатын мәліметті міндетті түрде мәтіннен ерекшелеп қою керек, сонымен қатар қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау керек). 1.9. Білімді қортындылау. Ескерту.Егер сабақта қарапайым сынып тақтасы қолданылатын болса, онда тақтаға суреттер жиыны іліну керек. Дәріс тақырыбы 1. Системологияға кіріспе. 2. Моделдеудің теориялық негіздері. 3. Ақпараттық модельдеу. 4. Модели представления знаний в системах искусственного интеллекта. 5. Компьютерлік модельдеуге кіріспе. 6. Имитациялық модельдеу. Тапсырма 2. С.п.п 1.1 тапсырма 1 сәйкес берілген тақырыпта қиыстырылған сабаққа конспект дайындау. Қиылыстырылған сабақтың арнайылығын есепке алу керек, өйткені конспектте сабақтың әдістемелік құрылымын құрайтын келесі негізгі элементтерін сипаттау керек: 2.1. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру. 2.3. Оқушылардың білімін тексеру мен қайталау, оқытылған материалдың мықтылық деңгейін және түсіну тереңдігін көрсету және қажетті білімі мен ағымдық сабақта оқылған материалды қайталап оқыту тәсілінің актуалдануы. 2.4. Мұғалімнің жаңа материалды көрсетуі және оқушылар жұмысын ұйымдастыру. 2.5. Жаңа материалдың алғашқы бекітілуі және оқушылардың іскерлігі мен дағдысын практикалық білімде қолдану жұмысын ұйымдастыру. 2.7. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беруге нұсқау. Сабақ тақырыбы 1. Системалық классификация. 2. Программалау тілдері (сабақ барысын басқару) логика-лингвистикалық ақпараттық модель. 3. Білімді семантикалық желілерде көрсету. 4. Физикалық процестерді және құбылыстарды компьютерлік модельдеу. 5. Жалпы қызмет жүйелерін модельдеу. 6. Популяция динамикасын модельдеу. II. Оқу ақпараттарын құрылымдау Тапсырма 1. Терминдік сөздік (тезаурус) сабақ тақырыбына сай жасау. Тапсырма 2. Сабақтың берілген тақырыбының ұғымын мен құрастыру жүйесінің ішкі байланысты және информатиканың базалық курс ұғымымен осы жүйе арасында сыртқы байланысты орнату (кесте 6.2;6.3) Кесте 6.2 |Оқу |Бөлім аты |Оқыту мазмұны | |құралының | | | |шығыс | | | |мәліметтері | | | | | |Негізгі |Анықтау |Модельдеу | | | |түсініктемелер | |классификациясы| |_ | | | | | Әдістемелік ұсыныстар Студенттер орындаған логикалық – мазмұндық талдаудың нәтижесінде информатиканың базалық курсында тақырыптың негізгі ұғымдарын нақтылау және модель классификациясы нұсқалары, сонымен қатар оқу әдебиетін таңдау мақсатында танымдық әнгіме жүргізу. Оқу қызметінің шағын топтар ұйымы, мысалы, бірінші шағын топтағы оқушылар бірінші нұсқадағы тапсырмаларды орындайды, ал екінші топтағылар екінші тапсырманы орындауы мүмкін. Студенттердің жұмысын шағын топ ішінде рецензиалауды қабылдауы мүмкін. Пікірталас аясында студенттердің жүйелік ұғым жұмысына бағытталған оқу ақпаратының құрылымының нәтижесін талдау ұсынылады. Зертханалық сабақ 7. Тақырыбы «Білім берудегі басқару жүйелері» Дидактикалық мақсаты: іздеушілік, зерттеушілік. Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері: кітаппен жұмыс, іздеу жаттығулары, ақпаратты құрылымдау, оқу дискуссиясы. Оқуыту құралы:оқу-әдістемелік әдебиет, программалық құрал. Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу. Теориялық түсініктеме Негізгі түсінік: ақпарат, тіл, жүйе, білім, дәреже, басқарма, жасанды интеллект. Мазмұнды-әдістемелік талдау Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" ұғымы информатика мен ЭЕМ- де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. Дидактикалық материалдар I. Тапсырмалар нұсқасы Тапсырма 1. 1 сабақтың 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасында көрсетілген кестеге сәйкес хабарлама сабақтың конспектін жасап оны жүйелеу керек. Хабарлама сабақтың ерекшеліктерін ескере отырып оның қасиеттерін конспектіде көрсету керек: информатика пәні жайындағы оқушылардың теориялық білімді меңгергендігін және бағалануын көрсету, сұрақтарға деген жауаптарын бағалау керек. Хабарлама сабақтар және жүйелеудін тематикасы. а) Сабақ -семинар № 1. Информатика как синтез науки и технологий. № 2. Ақпараттық қоғам. № 3. «Ақпарат» түсінігі. № 4. Геоақпараттық жүйелер. б) Сабақ – проблемалық дискуссия № 5. Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны мен әртүрлі әсері № 6. Информатиканың әлеуметтік аспектілері. № 7. Информатиканың тілдік аспектілері. № 8. Бизнесті қайта жоспарлау және ақпараттық технологиялар. в) Сабақ шығармашылқ тапсырма № 9. Эксперттік жүйелер. № 10. Интернеттегі телеконференция. № 11. Әлеуметтік зерттеулердің математикалық нәтижелерін информатикалық технологиялар арқылы жүзеге асыру. № 12. Жоспарлау және басқару саласындағы математикалық өңдеу информатикалық технологиялары. Тапсырма 2. Берілген тақырыпта алдындағы берілген білімді бақылау және қайталау сабағының конспектін 1 сабақтың, 1 тапсырмасының 14.6 тақырыпшасына сәйкес жасау керек. Білімді бақылау және қайталау сабағының ерекшеліктерін ескеру керек, сондықтан конспектіде төмендегідей негізгі этаптарын көрсету керек: тапсырманы мұғалімнің түсіндіруі және оқушылардың тақырып бойынша сұрақтарға жауап беруі, оқушылардың тапсырмаларды орындауы және еспті тапсыруы. Бақылау және коррекциялау сабақтарының тақырыптары № 1. Ақпаратты структуралау және жүйелеу. № 2. Паскаль программалау тілінің мето анықтамасы. № 3. Реляцилық мәліметтер базасын құру. № 4. Мәліметтер базасын өңдеуге макростар құру. № 5. «Генератора отчетов» режимінде СУБД-мен жұмыс. № 6. Интернетте өшірілген мәліметтер базасымен жұмыс. № 7. Электрондық почта. № 8. Интернет желісінен мәліметтерді қарастыру. № 9. Өлшемдердің арасындағы коррелияциялық тәуелділіктерді кестелік процессордың көмегімен зерттеу. № 10. Экспраполяция тәсілімен болжау есептерін шешу. № 11. АСУ-ВУЗ жүйесі және оның элементтерімен жұмыс істеу. № 12. Геоақпараттық жүйемен жұмыс істеу. II. Оқу ақпараттарын стуктуралау Тапсырма 1. Оқушылардың білімдеріне талап қоя отырып, жалпылау және жүйелеу сабағының негізгі элементтерінің терминдерінің талқылама сөздігін жасау. Тапсырма 2. Берілген тақырыптың құрылымының байланыстылығын орнатып, тақырыптың басқа тақырыптармен байланыстылығын айқындау. Тапсырма 3. Бақылау және қайталау сабағының тақырыбы бойынша: • оқытылу қалпының криитерилерін айқындау; • Оқудың жағдайының диагностикасын жасау; • оқушылардың қарапайым қателерін жоюдың жоспарын құру. Әдістемелік ұсыныстар Хабарлау және жүйелеу сабақтарына сәйкес бірінші зертханалық сабақта оқушыларды 2 немесе 3 топқа бөлген дұрыс: семинар сабақ, проблемалық сабақ пікірталас және шығармашылық сабақ тапсырмалары. Екінші сабақты бақылау және қайталау сабақтарының конспектілерін жасауға арнауға болады, сонда жүйелеу және жоспарлау сабағынан алған әрбір студент тапсырмасының тақырыбы бақылау және қайталау сабағының тақырыбына сай болмауы керек. Үшінші зертханалық сабақтың ақпаратты жүйелеудің және жалпылаудың амалдарын үйрету болып табылады. Соған байланысты студенттерге 2,3 (п. II Структуризация учебной информации) тапсырмалар беріледі. Орындаған тапсырмалардың нәтижесін студенттер есеп түрінде өткізеді. Программалық құралдар 1. Программалау жүйесі: Turbo Pascal. 2. Кестелік процессор: MS Excel, Quattro Pro 4.0 және т.б. 3. Мәліметтер қорын басқару жүйелері: MS Access және т.б. 4. Microsoft Office жүйелері Зертханалық сабақ 8. Тақырыбы «Информатиканың базалық курсының оқу бөлімінің тақырыбы бойынша тапсырмаларды электрондық нұсқада жасау». Дидактикалық мақсаты: ізденушілік. Ұйымдастыру тәсілдері: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері:оқыту-методикалық жоба Студенттерді алдын-ала дайындау: материалды оқу және жүйеленген және хабарланған сабақ тақырыбын таңдап алу. Теориялық негіздемелер Студенттерді сабақ айтуға тартудың түрлері мен тәсілдері көп. Олардың кейбіреуін абыройлы деп атауға болады («мен айтқандай істе әйтпесе жаман баға аласын»), басқалары — либеральды («істегін келсе — істе, ұнамаса —істеме, бірақ, саған сол материал керек болған кезде, сен оны білмесен, онда ешкімді айыптама»), үшіншілері— серіктестік («сенде бәрі орындалу үшін бірге істейік»)және т.б.. Оқыту тәсілдерін қолдану материалдық және техникалық базасымен бекітілген әртүрлі білім беру тәсілдеріне сүйенеді. Оқытудың сапасын арттыру үшін ортанғы буын мектептерінін ұстаздары көңіл аудары элементтерін қолданады, жаңа сабақты ойын, кроссворд арқылы түсіндіреді. Мектеп оқушыларының жасы өскен сайын көңіл аудару ойын элементтерін қолдану азаяды. Оның бірден бір себебі ол оқушылардың болашақ мамандығына акцент түсіру болып табылады. Бірақ көңіл аудару және ойын элементтерін сабақ түсіндіру барысында жоғары сынып оқушыларына қолдану керек. Ойын элементтерін қолдану мамандық таңдаумен ұштастыруға болады: егер де төменгі сыныптарда ойын элементтері обьект болса, қазір олар ойынның обьектілері ретінде өздері немесе қоршаған ортаның кез келген обьектісін ала алады. Ондай тәжірибе болашақта ұстаз болам деген оқушыларға, және сонымен қатар болашақта журналист, тіл маманы және тағы басқа сала қызметкерлері болам дегендерге өте керек. Бұл тәжірибені оқушылар мектепті бітірер кездегі «Компьютерде ойын обьектілерін құру» курсында таңдай алады.. Материалдарды құру үшін және безендіру үшін Word текстік редакторы, Paint, Corel Draw графикалық редакторлары, Adobe Illust rator, электронные оқулықтары және CROSSWORDS & WORD GAMES сынды арнайы бағдарламалық жабдықтар қолданылады. Оқыту мақсаты және курс тапсырмалары • ойын сабақтарының материалдарын құру және безендіру мүмкіндіктерін компьютердің қолданбалы бағдарламалары арқылы жасау; • ойын сабақты қоршаған адамдарға дұрыс жеткізу білу машықтығын дамыту; • ойын сабақтың элементтерін жасауға арналған компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін көрсету; • болашақ мамандықты таңдауға көмектесу; • қолданбалы бағдарламаларды көбейту. Оқыту сабақтарын ұйымдастырудың формалары Сабақ дәріс және компьютерлік практикум түрінде өтеді. Дәрістік бөлімде мұғалім қызықтыру элементтері және олардың қасиеттері жайында айтады, және айтқаның мысалдар арқылы бекітіп отырады. Негізінен назар қызықтыру материалдарын компьютерде жасауға бөлінеді. Тапсырмалар практикум кезінде орындалады. Практикум кезінде информатиканың базалық курсында өтпеген қолданбалы программалармен де жұмыс жасайды. Сабақтың басы сабақтың мүмкіншіліктерін айтумен басталады. Курстың негізгі мотифтері мамандық таңдауда жеңілдік болатындығы жайында және қоршаған ортаған қызықты адам болу. Курс блоктарға бөлінеді, әр блок бір қызықтыру компонентін қарастырады. Блок дәрістен басталады. Оған бөлінетін уақыт түсіндірілетін материал көлеміне, программалық жабдықтарына және т.б. қарап бөлінеді.егер мұғалім айтқан бағдарлама оған таныс болмаса, онда мұғалім ол туралы методикалық материал беруі тиіс. Бағдарламаны меңгеру негізінен практикумға сүйенеді. әрбір блок шығармашылық тапсырмамен аяқталады, онда әрбір оқушы өзіндік қызықтыру материалын жасап шығарады. Оқушы: • әртүрлі ақпаратты өңдеу мүмкіндітерін біледі; • Word мәтіндік редак торында жұмыс жасай алады жәнеграфикалық редакторлардың бірінде жұмыс жасай алады; • компьютердің жұмысындағы бағдарламалардың атқаратын қызметін біледі. Оқыту мазмұны Қызығушылық: шартқа байлнысты оқу. Қызығушылық дегеніміз не? Қызықтырушы элементтер. Олардың классификациясы. Крассвордтарды құрастыру және әшекейлеу. Крассворд түрлері. Құрастыру және орындау ережелері. Электронды энцеклопедиялар арқылы оларды шешу. Кирилла және Мефодия энциклопедиясы. Және оларды автоматтандырылғани арнайы бағдарламалар арқылы құру. («Кроссворд генераторы», CROSSWORDS & WORD GAMES, «Классикалық кроссворд», «Кроссшебері»). Word мәтіндік редакторымен крассвордттарды форматтау Ребустарды құрастыру және әшекейлеу. Ребус суретпен шифрлау тәсілі. Ребусты құру және шешу тәсілдері. Ребустарды жасау шығармашылық жұмыс. Ребустарды Word мәтіндік процессорында өңдеу және графикалық редакторлармен өңдеу. Қызықты тапсырмаларды жасау және өңдеу. Қызықты тапсырмалардың түрлері. Олардың артықшылықтары. Жасаудың шарттары. Тапсырма-суреттерді Word мәтіндік редакторында өңдеу және графикалық редакторлардың көмегімен. Сөздік шарадаларды жасау және өңдеу. Анаграммалар, метаграммалар, логогрифмдер. Сөздік шараларды құрастыруда программалау тілдерін қолдану. Сканвордтарды жасау және өңдеу. Сканворд кестелі-сөздік кодтау. Сканвордтарды құру және шешу тәсілдері. Сканвордтарды құруды автоматтандырудың негізгі бағдарламалары. (CROSSWORDS & WORD GAMES). Word мәтіндік процессорының көмегімен сканвордтарды безендіру. Криптограммаларды құру және өңдеу. Криптограмма кестелік-цифрлік кодтау. Криптограммаларды құру және шешу технологиясы. Word мәтіндік редакторының көмегімен криптограммаларды құру және өңдеу. Қызықты тематикалық материалдарды профиль бойынша құру. Оқытудан күтілетін нәтижелер. Курсты бітірген соң оқушылар төмендегідей білімдерді меңгереді.: • қызығушылық дегенін астарында не жатқанын түсінеді; • арнайы және жалпылама бағдарламаларды меңгереді; • қызықты материалды қоршаған адамдарға түсіндіре алады; • Пәнаралық байланысты түсінеді, информатика мен басқа сабақтар; • Өнімді және нәтижелі жұмыс істей алады. СОӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ СОӨЖ №1. Тақырыбы: Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандырудың дамуына әсері. Мақсаты: Қоғамды ақпараттандыру үрдісінің білімді ақпараттандыру орны мен рөлін анықтау Тапсыру формасы: ауызша қорғау Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [1,2]/[2,4,7] СОӨЖ №2. Тақырыбы: Ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге енгізудің мақсаттары мен бағыттары. Мақсаты: Ақпараттандыру және коммуникациялау құралдарын білім беруге енгізудің мақсаттары мен бағыттарын қарастыру Тапсыру формасы: ауызша қорғау Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [1,2,3]/[1,2,4] СОӨЖ №.3 Тақырыбы: Оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды, оның ішінде Мультимедиа технологиясы негізінде жүзеге асырылғандарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптар. Мақсаты: Оқу мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау мен пайдалануға қойылатын педагогикалық-эргономикалық талаптарды қарастыру Тапсыру формасы: А4 форматта реферат Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [2,3]/[2,6,8] СОӨЖ №.4 Тақырыбы: Оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелері. Мақсаты: Оқыту технологияларының элементтері бар ақпараттық-пәндік орта теориясының негізгі ережелерін қарастыру Тапсыру формасы: конспект Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [1,2]/[1,3,5,7] СОӨЖ №.5 Тақырыбы: Жалпы білім беретін мектептегі информатика кабинетінде есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттары. Мақсаты: есептеуіш техника, ақпараттық және коммуникациялық технологиялары құралдарын тиімді және қауіпсіз пайдаланудың педагогикалық-эргономикалық шарттарын анықтау Тапсыру формасы: А4 форматта реферат Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [2,3]/[2,6,8] СОӨЖ №.6 Тақырыбы:Ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешен Мақсаты: Ақпараттық технологиялары құралдары негізіндегі оқу-әдістемелік кешенінің компоненттерін қарастыру Тапсыру формасы: А4 форматта реферат Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [1,2,3,4]/[2,4,5,7] СОӨЖ №.7 Тақырыбы: Мультимедиа технологиялары негізінде жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективасы Мақсаты: Мультимедиа технологиялары негізінде жүзеге асырылған оқу мақсатындағы жүйелерді пайдаланудың перспективаларын қарастыру Тапсыру формасы: Конспект Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [2,3]/[7,8] СОӨЖ №.8 Тақырыбы: Оқу бағдарламалық құралдар мен жүйелерді жасау барысында жасанды интеллект жүйелерінің мүмкіндіктерін іске асыру. Мақсаты: Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі жұмыс принциптерін және мүмкіндіктерін қарастыру Тапсыру формасы: Ауызша қорғау Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [3,4,5]/[2,5,8] СОӨЖ №.9 Тақырыбы: Оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру. Мақсаты: оқу мақсатында сараптық жүйелердің мүмкіндіктерін іске асыру жолдарын қарастыру Тапсыру формасы: ДК-де модель тұрғызу Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [3,4,]/[5,8] СОӨЖ №.10 Тақырыбы: Білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесі Мақсаты: Білім беруде ақпараттық және коммуникация-лық технологияларды қолданудың шетел тәжірибесінің мысалдарын қарастыру Тапсыру формасы: Ауызша қорғау Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі/қосымша [1,2]/[2,4,7] СӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ СӨЖ №1 Тақырыбы: Интернеттің білім беру ресурстарын талдау негізінде биылғы оқу жылында жүзеге асырылатын берілген бағыт(мектеп пәні) бойынша оқу телекоммуникациялық жобалардың тізімін құрастыру. Бақылау формасы: А4 формат СӨЖ №2 Тақырыбы: Интернетте келтірілген оқу-әдістемелік материалдарды талдау негізінде шетел білім беру мекемелері оқу жоспарларының сипаттамасын құрастыру. Бақылау формасы: А4 формат СӨЖ №3 Тақырыбы: Интернетте келтірілген ақпарат нәтижелері бойынша әртүрлі аумақтар, елдер оқушыларының қабілеттіктерін диагностикалау үшін пайдаланылатын тесттік тапсырмалар жүйесінің салыстырмалы сипаттамасын беру. Бақылау формасы: есеп СӨЖ №4 Тақырыбы: Интернетте келтірілген ақпарат негізінде белгілі бір аумақта (елде) информатика мен ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланылатын бағдарламалық құралдар жүйесінің тізімін жасап, оған сипаттама беру. Бақылау формасы: Ауызша қорғау СӨЖ №5 Тақырыбы: Мультимедиа технологиясының құралы негізінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыратын оқу жобасын жасау. Бақылау формасы: Электрондық нұсқада жоба дайындау СӨЖ №6 Тақырыбы: АКТ құралдарын пайдалану арқылы жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдарға қойылатын талаптарды құрастыру. Бақылау формасы: конспект СӨЖ №7 Тақырыбы: Оқу орынын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету құрамын (мектеп директорының, белгілі бір оқу пәнін оқыту саласында әдістемелік жұмысты ұйымдастырушысының, жергілікті білім беру ұйымы жетекшісінің ақпараттандырылған жұмыс орнын) аннотациялау. Бақылау формасы: конспект СӨЖ №8 Тақырыбы: Жалпы орта білім беру жүйесінің оқу мекемесінде дербес электрондық есептеу машинасының берілген саны бар информатика кабинетінің жарақтандыру мен құрал-жабдықтарына қойылатын талаптарды жасау. Бақылау формасы: конспект СӨЖ №9 Тақырыбы: Жас, категориясы толық емес орта мектеп үшін жалпы орта білім беру жүйесіндегі оқу мекемесінің информатика кабинетін жабдықтау мен пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар құрастыру. Бақылау формасы: конспект Материалды меңгергендігін бағалауға арналған тест сұрақтары 1. ACTIVwand - электронды указка: a) Ережелер жиынын анықтайды b) Ұзындығы 74 см c) Интерактивті тақтаның үстінде орналасқан батырма d) Сканер арқылы жұмыс істейді e) Үстінде орналасқан батырмасы, тышқанның сол жақ батырмасының қызметін атқырыды f) Ұзындығы 64 см g) Интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді h) Принтер арқылы жұмыс істейді 2. Aқпараттық және коммуникациялық технология құралдары ашық білім беру мекемесінің жұмысына енгізуге мүмкіндік береді: a) Оқу үрдісінде электронды құралдарды пайдалануға b) Оқу әдістемелік материалдарды, рефераттарды, курстық жұмыстарды дайындау үшін және ғылыми Web-сайттарда орналасқан ақпараттарды пайдалануға c) Кең ауқымды мәтіндер пайдалану құрылымын ұйымдастыруға d) Шығармашылық, ғылыми зерттеу тапсырмаларын ұйымдастыру e) Мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен іздестіруге f) WWW-де оқу мекемесінің өкілдігін ұйымдастыру, оқы курсын Web-сайтын құру және оны ғаламдық торға орналастыруға g) Оқытушылар мен оқушылардың жеке Web-сайттарын орналастыруға h) Қажетті ғылым сапасы бойынша жаңалықтарды іздестіруге және пайдалануға 3. Aқпараттық қоғам: a) Оқытуды ұйымдастыруда ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданатын қоғам b) Мәліметтерді топтарғы бөліп жіктеу ортасы c) Aқпаратты өндірумен, өндеумен және іске асырумен айналасатын қоғам d) Жоғары деңгейлі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынуымен сипатталатын қоғам e) Адамдардың ақпараттық үрдістермен үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қоғам f) Ішкі және сыртқы ақпараттарды тарататын қоғам g) Программамен жұмыс істеу ортасы h) Ақпараттық білімдік әлемдік бейнені қалыптастыру 4. Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру факторлары: a) Оқушылардың, студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру b) Компьютерлік технологияны дамыту c) Aқпараттық-коммуникациялық технологияны жамыту d) Педагогикалық үрдістердің заңдылықтары e) Коммуникативтік байланысты дамыту f) Интернет желісіне қосылу g) Ақпараттармен жұмыс жасауда оларды сұрыптау мен жүйелеу жағдысы. h) Біліктілікті көтеру курстарын ұйымдастыру 5 Ақпараттық құзырлылық компетенция: А)Бұл адамдардың кез келген проблема мен міндеттерді компьютермен, ақпараттық құрылғылармен шешу қабілеті В)Интернеттік ақпараттық ресурстар С)Бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болған проблемалар мен міндеттерді ақпараттық құрылғылар көмегімен тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік D)Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы E)Видео материалдар F)Бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық- коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті G)Аудио материалдар H)Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар 6. Aқпараттық мәдениетті дамытуға қойылатын талаптар: a) Ақпараттармен жұмыс жасауда оларды сұрыптау мен жүйелеуді қалыптастыру b) Білім алушылардың компьютерде программа құру сауттылығы. c) Қазіргі білім беру жүйесіндегі ақпараттық кеңістік туралы біртұтас түсінікті қалыптастыру d) Қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру e) Ақпараттық білімдік әлемдік бейнені қалыптастыру f) Өз қызметтерінде жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану g) Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлік) сауаттылық h) Ақпараттық үрдістермен сауатты жұмыс жасай алу дағдысы 7. Aқпараттық процестер – ақпаратты… a) Болдырмау b) Қадағалау c) Іздеу d) Жоғалту e) Сату f) Өндеу g) Болжау h) Тарату 8. Ашық оқыту жүйесіне арналған ғылыми электрондық баспалардың (FЭБ) сапасын бағалау жүйесі қанағаттандыруы керек: А) Эксперт ретінде әр сала мамандары тартылуы керек, олардың жиынтығы баспаны жан-жақты талдауды қамтамасыз етуі В) Жоғарғы тәжірибелі эксперттердің еңбектері мен тәжірибелері ауқымды шешімдерді қолдануды С) Жұмыстардың ұйымдастырылуы жүйелілік негізінде жүзеге асуын D) Барлық дайындық жұмыстарын тәжірибелі мамандар жүргізуі міндетті E) Эксперт жоғары білімді болуы шарт емес, мұнда тек АКТ білсе жеткілікті F) Жүйелі бақылауды қамтитын әдістемелік құралдарды ұйымдастыру G) Эксперттің ауқымды түрде шешімді өзі қабылдауы H) FЭБ сапасын бағалау жүйесінде бір ғана маман эксперттің болуы 9. Ашық қосымша білім беруге арналған Оқу электронды басылымдар құрастырылуы керек: А) Білімнің саны емес сапасы қызықтыруында В) Ересектердің оқуында көптеген шектеулері жоқ (әлеуметтік, кәсіби, қаржылық, және т.с.с.) С) Оқытуда бір-бірімен қарым-қатынас жасау қиындығы D) Оқу үрдісінде жетекші роль атқаратындай E) Оқыту кезінде өз тәжірибесін қолданатын мүмкіндігінің болуы F) Белгілі бір мақсатқа жету үшін білім алуы G) білім беру ортасында дербестікке, өзін-өзі көрсете білуге, өзін-өзі басқаруға талпынатындай H) Оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыратындай 10. Студенттермен жүргізілетін телеконференцияларды төменгі критерийлер бойынша бағалауға болады: А)Пікір-талас барысында жалпы белсенділігіне, берілген сұраққа жауап беруі және түсіндірілуі қажет, негізгі ойды ерекшелей алу қажет В)Студенттің дауыс ырғағына байланысты С)Берілген сұраққа өзі жауап беруі керек D)Пікір-талас тақырыбы бойынша сұрақтар бере алуы керек E)Ақпарат көздері арқылы хабардар болуы керек F)Оқушының жылдамдығына байланысты G)Есепті тез шығаруына байланысты H)Тапсырманы АКТ пайдаланып орындауына байланысты. 11. Әдістемелік тұрғыдан кедесі бағдарламаларды қолдануға болады: А) Ақпараттық-анықтамалық бағдарламалар В) Бақылаушы-бағдарламалар С) Бағдарламалар оқыту бағдарламалары D) Виртуалды зертханалық практикумдар E) Дыбыстық оқыту бағдарламалары F) Тренажер-бағдарламалар G) Оқыту мен тәрбиелеу бағдарламалары H) Ізденуші бағдарламалар 12. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері: А) Бағдарламалық ұсыныс В) Мақсатқа негізделген әрекет С) Өзіндік жұмысқа бағытталған D) Дидактикалық бағыт E) Пәндік аумақта қолданылуы F) Алгоритмдік бағыт G) Көрнекілік тәсілі H) Педагогикалық үрдісті басқару 13. Білім берудегі АКТ сауаттылығы: А) Қосымша электрондық құрылғылар мен ақпараттық құралдарды білім алу жолында қолдануға мүмкіндік беретін білім саласы В) Сауатсыздық С) Ақпараттық технологиялар D) Мұғалім мен оқушыларға оқыту құралы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін білім E) Оқыту құралы ретінде қолдануға мүмкіндік бермейтін білім F) Оқыту құралы ретінде қолдануға мүмкіндік беретін білім G) Жүйе H) Шаблон 14.Білім беруді ақпараттандырудың тарихи алғы шарттары: А) Білім беруді оқытудың жүйелігігі В) Білім беруді компьютерлендіру С) Оқу үрдісін жобалау D) Оқытуды анықтайтын жүйе E) Білім беруді электрондандыру F) Оқу үрдісін өзара қатынасқа құру G) Білім беруді автоматтандыру H) Білімді меңгеру үрдісін құру 15. Білім берудегі ақпараттық коммуникациялық-технологиялар: А) Ақпараттық үрдістерді ұйымдастыру В) Жаратылыстану ғылымы С) Информатиканың бір бөлімі D) Әлеуметтік ғылым саласы E) Гуманитарлық ғылым саласы F) Білім берудегі ақпараттық іс-әрекет G) Ақпараттық үрдістер H) Кибернетика ғылымы 16. Білім берудегі электронды басылымдардың қолданғандағы білім беру әрекетінің ерекшелігі: А) Әр түрлі әдістерді қолдануда тиімділігі В)Техникалық орындалу сапасымен, логикалық және жүйелілік мазмұндылығында С) Ақпаратты жылдам сақтауды қамтамасыз етуі D) Гигиеналық талаптарды қанағаттандыруында E) Білім алушылардың жұмысын қиындатуы F) Көркемдік безендірілуі мен ақпараттық толықтығы, орындалудың жоғары деңгейі G) Ақпараттың тез таралуында H) Психологиялық-педагогикалық талаптарды қанағаттандыруында 17. Білім бақылаудың негізгі мақсаты: А)Оқушылардың оқу материалын меңгеру сапасын анықтаумен тығыз байланысты В)Білім алушылардың оқуға белсенділігін арттыру С)Берілген тапсырмаларды уақытында орындау D)Педагогтардың жұмысы туралы статистикалық ақпараттар жиынтығын автоматтандыру арқылы олардың сағаттық жүктемесінің орындалуы Е)Білім алушылар арасында бәсекелестік орнату F)Оқушылардың орындалған жұмысқа деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру тәрізді жеке тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуді жоспарлайды G)Дәстүрлі студенттік өмірге деген қызығушылығын арттырады H)Өзін-өзі бақылау мен өзара бақылауды қабылдауды үйренумен және өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау қажеттілігін қалыптастырумен байланысты 18. Бүкіләлемдік желінің даму тарихының екінші кезеңі: a) Жұмыс протоколдарын жетілдіреді b) 2009 ж c) 1999 ж d) 2012 ж e) Дискретті бағдарламаны шығарды f) 2010 ж g) 1992 ж h) 1983-1989 жж 19.Интерактивті тақтаның қолданыстағы артықшылықтары: А)Көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізу В)Тэгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады С) Басқалардың қатесін кешіруді үйретеді D)Форматтайды E)Гиперсілтеме қатесін жасауға көмектеседі F)Өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады G)Центр бойынша тегістейді H)Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді 20.Компьютерлік тесті құрастырғанда мұғалім орындауы қажет талаптар: А)Мағынасы әр түрлі тестердің жасалуы B)Әрбір тапсырманың тек бір сұрағына жауап беруі C)Тестегі терминдер, белгілеулер, графикалық иллюстрациялар, жауаптар оқушыға міндетті түрде түсінікті болуы D)Тест жауаптарының үштен аспауы E)Тек бір ғана программа ортасында дайындалуы F)Бірізділік ұстанымы G)Тест жауаптарының өте қысқа түрде болуы. H)Дәстүрлі оқушы қолданып жүрген ақпарат көздеріне нақты сәйкес келуі. + 21.Оқушылардың білім деңгейін бақылауда тестік программалық құралдары: А)Мұндай түрде берілген бақылау оқушылардың дайындалуына жеңілдік тудырады.+ В)Оқушылар өз орнында тест сұрақтарына жауап іздейді. С)Оқушылар көп нұсқалы жеке практикалық тапсырмаларды құрастырады. D)Бақылау бойынша бірсарынды жұмыстардан барынша арылтады. E)Текстік бақылау жауаптары тез тексеріліп, бағаланады. + F)Оқу үрдісіндегі оқыту әдістері мен білімді бақылау талабы. G)Тесттер сынақ, емтиханды қабылдау уақытын қысқартады.+ H)Білімді жиі бақылау мүмкіндігі оқыту мотивациясын арттырады. 22. Оқытудың ақпараттық технологиясына программалық құрал өнеді: a) Кітаптар қоры b) Сызба кесте c) Деректер қоры d) Электрондық кітапханалық каталог e) Компьютер құрылғылары f) Педагогикалық оқыту технологиялары g) Эксперттік жүйе h) Компьютерлік желілер 23. Ақпараттық мәдениет: А) Белгілі бір қашықтықта оқытуға арналған оқыту жүйесі В) Білім алушылардың ақпараттық үрдістермен жұмыс жасай алу дағдысы. С) Әлемнің ақпараттық бейнесін символдар мен белгілер жүйесі арқылы өрнектеу. D) Тура және кері ақпараттық байланыстар жүйесі ретінде адамның ұғыну және меңгеру, бейімделе білу қабілеті E) Өз қызметінде компьютерді сауатты түрде пайдала білу дағдысын қалыптастыру F) Ақпараттық ойлау қабілетін дамыту, ақпаратты алу, қабылдау және жіберу әрекеттерін ұйымдастыру, сөйлеу қабілетін дамыту және тәрбиелік сапа қызығушылығын қалыптастыру G) Берілген алгоритм бойынша компьютерде ақпараттардың берілуі H) Ақпараттық технологияны оқыту мен тәрбиелеуде қолданудың заңдылықтары 24. Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары: А) Басылымдарда дәрістер мен практикалық жұмыстары міндетті болуы керек. В)Оқу ақпаратын өздігінен алу мүмкіндігінің берілмеуі. С) Мән-мағыналары барынша анағұрлым айқындалған және алдын-ала бекітілген тарауларға бөлу. D) Білім алушыға түрлі жаттығу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі тиіс. E) Ғылыми түсініктерді бейнелеу жүйесін қамтамасыз етуі тиіc. F) Оқу материалдары өзара байланысқа негізделіп жасалуы тиіс. G) ЭОБ құралдары интерактивті сұхбатты ұйымдастырады. H) Оқу материалы стандартқа сай жасалуы міндетті емес. 25. Интернет желісі дегеніміз: А) Microsoft Office (Excel, Word) пакеттерімен жұмыс істеуге базалық дағдысы бар адамдар В) Компьютерде жұмыс істеуге аздаған дағдысы бар адамдар С) Көптеген өзара байланысқан компьютер желілерінен тұрады D) Мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылатын құрал. E) Компьютерлерге, электрондық почтаға, хабарландыру тақталарына, деректер базасына және пікір-талас топтарына қашықтан қатынасты қамтамасыз етеді. F) Оның бөліктері RTSP хаттамасында негізделген бірыңғай мекен-жай кеңістігі арқылы бір-бірімен қисындық байланысқа түскен ғаламдық ақпарат желі G) Оның бөліктері TCP/IP хаттамасында негізделген бірыңғай мекен-жай кеңістігі арқылы бір-бірімен байланысқа түскен ғаламдық ақпарат желі H) Интерактивті тақта 26. Бүкіләлемдік желінің даму тарихының екінші кезеңі: А) Ақпаратты өшірді В) Жұмыс протоколдарын жетілдірді С)1983-1989жж D)1999ж E) 2009 ж F) ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды G) Дискретті бағдарламаны шығарды H) 2012 ж 27. Ақпараттық – коммуникациялық технологияларға жатқызуға болады: А) Интерактивті технологияны В) Білім беруде компьютерлік технологияны пайдалануды С) Телефон сымдарын D) TV технологиясын E) Қашықтан оқыту жүйесін F) Коммуникациялық технологияларды G) Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын H) Кейс технологиясын 28. HTML файылның жазылу форматы: А) <%HTML> В)