Файл қосу

Адамзаттың ғаламдық проблемалары



                      Адамзаттың ғаламдық проблемалары
         Бүкіл дүниежүзін, барлық адамзатты  қамтитын,  оның  бүгінгісі  мен
ертеңіне қауіп төндіретін және оның шешу  жолдарын  барлық  мемлекеттер  мен
халықтардың бірлескен күш –  жігерін  қажет  ететін  проблемаларды  ғаламдық
проблемалар деп атайды.
  Дүниежүзіндегі ғаламдық проблемалар негізінен:
Экологиялық. Соғыс және қарусыздану. Демографиялық. Азық – түліктік.  Дамушы
елдердің артта қалушылығын  жеңу.  Энергетикалық  және  шикізаттық.  Әлемдік
мұхитты пайдалану. Ғарышты бейбіт игеру сияқты т.б түрлерінен тұрады.
  Табиғатты тиімсіз пайдаланудың оны қатты, сұйық, газ тәрізді  қалдықтармен
ластау,  жоғарғы  радиоактивті  заттармен  улау.  Қоршаған  ортаны  ғаламдық
экологиялық дағдарысқа әкеледі. Стратосфераның озонды қабатының бұзылуы  жер
климатының ерекше өзгеруіне, дүниежүзілік  экологиялық  қауіп  пайда  болды.
Міне сондықтан экологиялық проблема адамзат проблемасына айналуда.
   Демографиялық  проблема  адамзаттың  аман   қалуының   тағы   бір   басым
проблемасы. Дүниежүзінде демографиялық жарылыстар біртіндеп  азайып  барады.
Осы мақсатта әлемде демографиялық  саясаттар  жүргізілуде.  Соғыстың  барлық
тарихи дәуірлері, адамзат өркениетінің дамуында елеулі із қалдырды. «  Қырғи
–  қабақ  соғыстың  »  бірнеше  онжылдық   бойы  соғыс   және   бейбітшілік,
дүниежүзілік ядролық қақтығысты болдырмау проблемасы №1 проблема болып  тұр.
Қауіпсіздіктің жан – жақты қамтылған  жүйесін  жасау,  ядролық  арсеналдарды
саты  –  сатысымен  жою,  қару  –  жарақ    сатуды   қысқарту,   экономиканы
демилитаризациялау міндеттері әлі де өте маңызды.
  Азық – түлік  проблемасы – Жердің өсіп келе жатқан халқын азық –  түлікпен
қалай қамтамасыз ету жөнінде. Оны шешудің жолдары екі  түрлі  жолмен  жүзеге
асады. Экстенсивті жолы, жер жырту, жайылымдық және балық  аулау  кәсібін  ,
жер  суландыру  жүйесін  кеңейту.  Үдемелі  жолы,  ең  алдымен  қолданыстағы
жерлердің биологиялық өнімділігін арттыруда болмақ. Осы  жолдардың  қарқынды
дамуы адамзаттың азық-түлік проблемасын шешудің басты жолы болып табылады.
  Энергетикалық және шикізат проблемасы. Ең  алдымен,  адамзатты  отын  және
шикізатпен сенімді қамтамасыз  ету  проблемасы.  Отын  энергетикалық  ресурс
өнімділігін арттыру үшін табиғат шикізаттарының тиімділігін  қамтамасыз  ету
керек.  Ол  үшін  ҒТР  –  ң  жетістіктері  технологиялық  тізбектің   барлық
сатысында зор мүмкіндіктерге жол ашады.
    Адамдар  денсаулығының  проблемасы.  Экологиялық  ластанудың  нәтижесіне
адам денсаулығының сапасы күрт нашарлап кетті. Тек қана  физиологиялық  қана
емес, бұл ұғымға рухани, психикалық саулық жатады. Міне  сондықтан  ғаламдық
проблемаға айналып отыр.
  Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасы: Жер  бетінің  71%  алып  жатқан
дүниежүзілік мұхит елдер мен халықтардың  қатынасында  әрқашан  маңызды  рөл
атқарып келеді. Дүниежүзілік мұхитты пайдалану проблемасын  шешудің  негізгі
жолы барлық  әлемдік  қауымдастықтың  күш  жігерін  біріктіруге  негізделген
мұхит  табиғатын  тиімді  пайдалану,  оның  байлықтарын  кешенді   пайдалану
болмақ.
  Ғарышты бейбіт игеру: Ғарыш ғаламдық орта адамзаттың жалпы  игілігі  болып
табылады.  Ғарыштық  бағдарламалар  елеулі  түрде  күрделеніп  отыр,  оларды
орындау көптеген елдермен халықтардың техникалық  –  экономикалық  топтасуын
талап етіп отыр. Сондықтан, ғарышты  игеру  аса  маңызды  ғаламдық  проблема
болып отыр.
  Дамушы елдердің артта қалушылығын жеңіп шығу – аса зор  әлемдік  проблема.
Бұл проблеманың басты  орталығы  әлемнің  дамушы  елдері.Артта  қалушылықтың
басты себебі – кедейшілік, жоқшылық. Дамушы елдерде азық - түлік  проблемасы
анағұрлым  драмалық,  тіпті  апатты  сипат  алып  отыр.   Дамушы   елденрдің
демографиялық  проблемасымен  азық  –  түлік  проблемасы  тығыз  байланысты.
Шешудің  басты  жолы  тұрмыс  пен  қызметтің  барлық   саласында   түбегейлі
әлеуметтік  –  экономикалық  қайта  жаңғыру,  ғылыми  техникалық   прогресті
халықаралық ынтымақты дамытуда, қарусыздандыруда .
  Ғаламдық проблема бүкіл адамзаттың ойланатын мәселесі.
Пәндер