Файл қосу

Құрылыс материалдарының қасиеттері




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                        |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ                   |
|3 дәрежелі СМЖ құжат       |ПОӘК              |                            |
|                           |                  |ПОӘК 042-18-14.1.12/03-2013 |
|«Құрылыс материалдары»     |№1 баспа          |                            |
|пәнінен                    |2.09.2013ж        |                            |
|оқу- әдістемелік           |                  |                            |
|материалдары               |                  |                            |






                        Оқу әдістемелік материалдары







        5В072900 “Құрылыс”, 5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары


               және конструкциялары өндірісі» мамандықтарының


                           студенттеріне арналған






                           “ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ”



                       ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕН





















                                 Семей 2013






                                   Мазмұны

|    |                                                                  |    |
|1   |Дәрістер                                                          |    |
|2   |Зертханалық жұмыстар                                              |    |
|3   |Студенттің өздік жұмысы                                           |    |






































       Дәрістер.



    Дәріс №1   Кіріспе. Құрылыс материалдарының құрылымы және негізгі
қасиеттері.
    1.Кіріспе.
    2. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне
байланысты жіктелуі
    3.Құрылыс материалдарының қасиеттері.


      "Құрылыс материалдары" пәні инженер-құрылысшыларды  даярлауда  негізгі
пән болып табылады. Бірде-бір ғимаратты  құрылыс  материалдары  мен  олардың
қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес.
Олай болса, материалдардың қолданылуы бойынша  жіктелуін,  қасиеттеріне  сай
құрылыста қолданылуын білу,  үйлердің  пайдалану  жағдайына  байланысты  көп
материалдар  ішінен  керектісін  таңдай  білу  немесе   бар   материал   мен
бұйымдарды түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып,  пайдалана  білу,  инженер  –
технолог, инженер- құрылыс мамандарына өте қажет, себебі  тұрғызылған  үйдің
, ғимараттың сапасын төмендетпеу, тиімділігі мен мәңгілігін  қамтамасыз  ету
мамандардың біліміне байланысты.
            Қазіргі нарықтық заманда жоғары сапалы құрылыс материалдары  мен
бұйымдары  индустриясын  күшейту  өзекті  мақсат.  Осы   мақсатпен   өндіріс
процессін жан жақты механикалау және автоматикалау, ғылыми  және  техникалық
жаңалықтарды  кеңінен  өндіріс   салаларына   енгізу   құрылыс   материалдар
өнеркәсібінің  тиімділігін  асыруда  және   салынатын   құрылыстың   сапасын
жақсартуда кепілдік  әрекет  екені  даусыз.  Мәселен,  қабырға  материалдары
комбирнатында автоматты технологиялық жолында тек еңбек  өнімін  асыру  ғана
емес,  сонымен  қатар  жұмысшылар  санын   8-10  есе  азайту   мүмкіншілігін
туғызады. Тіпті , кейбір жеке  операцияны  автоматтандырудың  өзі  ,  едәуір
экономикалық нәтиже береді.
Соңғы  40-50  жылдардың   ішінде   көптеген   академиялық   ғылыми   зерттеу
институттарында және жоғарғы  оқу  орындарында  жүргізілген  ғылыми  зерттеу
жұмыстары, жыл сайынғы ғылыми техникалық  конференциялар,  халықаралық  және
ұлттық конгресстер, сонымен қатар ,  іс  жүзіндегі  өндірістік  жетістіктер,
басылып  шығарылатын   ғалым   зерттеушілердің   еңбектері   әрбір   құрылыс
материалын  тереңірек  танып,  олардың  құрылыстық  техникалық   қасиеттерін
жетілдіруге ұйытқы болды. Қазір де біздің республикамызда дағдылы және  жаңа
құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарын  зерттеу  және   сапаларын   жақсарту
әрекеттері жүргізілуде. Құрылыс материалдары өндірісін дамытуда елеулі  роль
атқарып, көптеген құрылыс мамандарын дайындауға  көп  үлес  қосқан  Ресейдің
және Украйнаның белгілі ғалымдар  ,  мысалы,  керамикалық  өндірісте  барлық
мамандар   тәнті   болған     В.И.    Вернадскийдің,    П.А.Земятченскийдің,
П.П.Будниковтың   еңбектері;   шыны   және   шыны   бұйым   өндірісінде    –
И.Н.Китайгородскийдің  ,  О.К.  Ботвинкиннің,  С.  Луковскийдің   еңбектері;
минералдық   байланыстырушы   материалдар    өндірісінде      А.А.Байковтың,
Д.С.Белянкиннің,  Н.А.Торопов,  В.А.  Киндтің   т.б.ғалымдардың   еңбектері;
қазіргі пластикалық және синтетикалық  полимерлер  материалдары  өндірісінің
іргесін  қалаған   -  А.М.Бутлеровтың   ,   С.В.Лебедевтің,Н.Н.   Семеновтың
еңбектері.
Қазіргі құрылыс материалдары мен бұйымдары саласында ғылыми зерттеу  жұмысын
дамытуда П.А Ребендердің, А.В.Волженскийдің,  П.И.Боженовтың,  Ю.М.  Буттың,
Қазақстанда    С.Т.Сүлейменовтың,    У.А.Аяповтың,    Б.П.    Паримбетовтың,
К.К.Қуатпаевтың және т.б.  ғалымдардың  ,еңбектерінің  ықпалы  күшті  болды.
Құрылыс   материалдры   мен   бұйымдар   курсы   өз    тұрғысында    құрылыс
конструкциялары , архитектура, экономика, және құрылыс  өндіру  технологиясы
курстарымен тығыз байланысты болып келеді.
    2. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне
байланысты жіктелуі.
      Материалдарды зерттеу барысында жасалатын маңызды қорытынды: - олардың
негізгі   қасиеттерінің   көрсеткіщтері   және   пайдалану   жағдайларындағы
тұрақтылығы, құрамындағы заттардың қасиетіне  және  структурасының  сипатына
тікелей байланысты. Себебі, материалдарды құрайтын  заттардың  өздеріне  тән
химиялық  ,  физикалық  қасиеттері  ,  белгілі   бір   структурасы   болады.
Материалдардың  структурасын  зерттеу  тәсіліне   және   талдау   дәрежесіне
байланысты үш түрге  бөледі:   макроструктура  –  аспапсыз,  құралсыз  көзге
көрінетін  материал  құрылысы;   микроструктура    -   оптикалық   прибормен
көрінетін  құрылысы;  материал  құрамындағы  заттардың  молекулалық   иондық
дәрежеде электрондық оптикалық қайта өзгертушісі бар рентгенмен  зерттелетін
ішкі құрылыс.
      Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен  қатар  Құрылыс  нормалары
мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді (  ҚН;
Е.)       Олар тарауларға бөлінген төрт бөлімнен тұрады:
      І- ші бөлімінде  құрылыс материалдар мен  бұйымдардың  номенклатурасы,
сызықтық  мөлшерлері,  олардың  сапаларына  қоятын  талаптар,  үйлерді  және
биналарды жобалау мезгілінде  олардың  класына  байланысты  материалдар  мен
бұйымдарды     таңдап     алу      туралы      деректер,      материалдарды,
бұйымдарды,конструкцияларды  тасу,  сақтау  және  қабылдау  туралы  ережелер
келтірілген.
      ІІ-  бөлімінде үйлердің және биналардың топталуы, бір модульдік  жүие,
өртке қарсы талаптар, конструкциялар мен үй сылақтары және  т.б.  мәліметтер
туралы жөн жағдай, жүктелуші түрлі конструкцияларды жобалаудың нормасы  және
т.б. жобалық нормалар белгіленген.
      ІІІ- ІV – бөлімдерінде құрылыс жобасын  жобалау,  механизациялау  және
ұйымдастыру  бойынша  прогресивтік  тәсілдерді,   құрылыс   жұмысын   өндіру
әдістері мен ережелері орындалған жұмыстарға  қоятын  талаптар  және  оларды
қабылдау ережелері, сметалық нормалар, құрылым  материалдардың,  бұйымдардың
және конструкциялардың  сметалық  құнын  анықтау  ережелері  ,  экономикалық
сұрақтар туралы нұсқаулар мен ережелер жазылған. Бұл өте міндетті құжат.
      Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылымын, сонымен
қатар  олардың  физика-химиялық,  физикалық,  механикалық  және   басқа   да
әсерлердегі өзгеріс заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым.  Кез  келген  материал
құрылымда жүктемеге  немесе  қоршаған  орта  әсеріне  ұшырайды.  Материалдың
ғимаратта  қолданылуы,  жұмыс  шартына   байланысты   құрылыс   материалдары
төмендегідей жіктеледі:
1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)
2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)
      Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты.


    Құрылыс материалдарының қасиеттері.
      Материалдардың  барлық  қасиеттері   өзіндік   ерекшеліктеріне   қарай
төмендегідей жіктеледі:
1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы,  сұйықтар,  газдар,
жылу  мен  радиосәулелер  үшін  өткізгіштік,  қоршаған  ортаның   агрессивті
әсеріне кедергілік қасиеті жатады.
2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті,  тұзды  ерітінділерге  тұрақтылық
көрсеткіштерімен бағаланады.
3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы  да  басқа  күштік
әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.
4. Технологиялық.  Материалдың  бұйым  даярлау  кезінде  өңдеуге  төзімділік
қабілеттілігі.
      Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды)  және  төзімділікті
қамтамасыз етуі қажет.
      Сенімділік дегеніміз  -  төзімділік,  бұзылмау,  жөндеуге  жарамдылық,
сақталғыштық.
      Төзімділік – бұйымның  қасиеті  жұмысқа  жарамдылығын  қажетті  аралық
жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі  бұзылу,  техника
қауіпсіздігі  немесе  экономикалық   мәселелермен   анықталады.   Төзімділік
эксплуатация режимі мен нақты климаттық  шарттарда  эксплуатациялық  сапасын
жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.
      Бұзылмау –  эксплуатация  шарты  мен  белгілі  режимде  белгілі  уақыт
аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.
      Жөндеуге жарамдылық –  техникалық  сипаттамасын  сақтай  отырып  қайта
қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт,  еңбек  сыйымдылығы,  бір
бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.
      Сақталғыштық – техникалық құжаттамада  белгіленген  сақтау  мерзімінде
және  сақтау  мерзімінен  кейін,  тасымалдауда  негізделген  эксплуатациялық
көрсеткіштерді сақтау қасиеті.
      Негізгі қасиеттері : соның  ішінде  мысалы,үйлерді  және  ғимараттарды
салуға  қолданғанда  ,  пайдалану  ерекшеліктеріне  байланысты   материалдар
конструкциялық қасиет көрсетуі қажет. Бұл конструкциялық қасиетін  құрылыста
орындайтын функциясына байланысты  екі топқа бөлуге болады.
      1   -   Механикалық  -  егер материал құрылыс құрамында  өзіне  сыртқы
жүк әсерін қабылдауға арналған болса ;
      2.   -   Қоршаушылық (айырушылық )  - егер материал  өзінің  қалыңдығы
арқылы судың, жылудың, газдың, жарықтың, дыбыстың өтулеріне  тосқауыл  болуы
қажет болса.
        Материалдардың  механикалық   және  қоршаушылық   қасиеттері    оның
тығыздығына , құрылысына , кеуеуктілігі  мен  қуыстылығына,  яғни  физикалық
қасиетіне тікелей байланысты.
      Материалдың физикалық қасиеттеріне оның салмақтық сипаттамалары( нағыз
және  орташа  тығыздықтары)және  судың,  аяздың  және   басқа   факторлардың
әсерінен болатын түрлі физикалық прцесстерге қатынасы жатады.
      Нағыз тығыздық  (р)  - абсолютті тығыз  қалпындағы  материалдың  білік
көлеміндегі масса, г\ см3:
       Р = m \ Va
      Мұндағы m   -   материалдың  массасы,        Va  -   тығыз  қалпындағы
материал көлемі, см3.
      Берілген қатты материал түйіршігінің кеуексіз , жарықсыз  шын  көлемін
таба отырып,  оның  нағыз  тығыздығын  анықтауға  болады.  Ол  үшін  сынауға
берілген  материалды  алдымен  ұнтақтайды,  одан   кейін   Ле-Шателье-Кандло
аспабының  немесе  кәдімгі  көлем  өлшегіш  пикнометр  көмегімен  порошоктың
белгілі массасының  көлемін  анықтай  отырып,  келтірілген  формула  бойынша
материалдың нағыз тығыздығын табады.
      Табиғи және қолдан жасалатын  минералдық  материалдардың  көпшілігінің
нағыз тығыздық шамалары бір біріне жақын  - 2,4-3,1  г\см3.
      Орташа тығыздық  - деп   табиғи  қалпындағы  материалдардың  кеуегі  ,
жарығы, қуысы қосылып есептелінген бір өлшем көлемдегі материалдың  массасы,
 кг\м3 немесе г\см3.
                      Р= m/V
      Мұндағы     m - материал үлгісінің массасы, г;   V - табиғи қалпындағы
материал үлгісінің көлемі, см3.
      Қандай пішінде болғанда да , берілген материал үлгісінің көлемін  және
массасын өлшейді.Дұрыс пішінді үлгінің көлемін , қырларын өлшеу арқылы ,  ал
кедір бұдыр бет дұрыс пішінді емес үлгінің көлемін гидростатикалық  таразыда
Архимед заңы бойынша немесе  үлгіні  парафиндеп  ,  ал  парафин  жоқ  болған
жағдайда кеуегін сумен толық сіңіртіп барып, көлем  өлшегішті  сыйымдылықтың
көмегімен анықтайды.
      Ауалық  құрғақ  қалпындағы  кейбір  материалдардың  негізгі  физикалық
қасиеттері ( тығыздығы және жылу өткізгіштігі ).




      |    |Материалдар атаулары|Тығыздығы, кг\ м3        |Кеуектік    |Жылу        |
|№   |                    |                         |шегі, %     |өтк.коэф.   |
|П\п |                    |                         |            |Вт\ (м*С)   |
|    |                    |Нағыз       |орташа      |            |            |
|1   |Бетон: ауыр,        |2600        |1600-2500   |10          |1,0-1,2     |
|    |Жеңіл               |2600        |1200-1800   |61,5        |0,20-0,75   |
|    |Ұялы бетон          |2600        |500-100     |80          |0,07-0,29   |
|2   |Құрыш               |7800-7950   |7800-7850   |0           |58          |
|3   |Кірпіш: кәдімгі     |2600-2700   |1600-1900   |32          |0,75-0,81   |
|    |Қуысты              |2600-2700   |1300-1450   |37-42       |0,40-0,45   |
|4   |Керамзит            |2500-2600   |150-800     |40          |0,06-0,14   |
|5   |Табиғитас: гранит   |2650-2700   |2600-2650   |1-1,5       |2,6-2,8     |
|6   |Құм                 |2500-2600   |1500-1700   |30-40       |            |
|7   |Шыны: терезілік     |2650        |2650        |0           |0,5-1,0     |
|    |Көбікті шыны        |2650        |150-600     |85-88       |0,042-0,076 |
|8   |Қарағай             |1550-1600   |400-600     |46-85       |0,19-0,2    |
|9   |Минералдық мақта    |2400-2500   |75-150      |            |0,04-0,048  |
|10  |Полимерлік          |            |            |            |            |
|    |материалдар: шыны   |            |            |            |            |
|    |Пластина            |            |            |            |            |
|    |мипора              |2           |2           |0           |0,5         |
|    |                    |1200        |10-20       |98          |0,04-0,05   |



Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1.  Құрылыс  материалдары  өндірісін  дамытуда  елеулі  роль  атқарып,
        көптеген құрылыс мамандарын дайындауға көп үлес  қосқан  ғалымдарды
        атаңыз.
     2.  Құрылыс  материалдарының   қолданылу   аймағы   мен   қасиеттеріне
        байланысты және өзіндік ерекшеліктеріне қарай қалай жіктеледі?
     3.  Құрылыс  материалдарының  тығыздығының  ауытқып  тұратындығы  неге
        байланысты?
       4.    Барлық құрылыс материалдарының белгілі МЕСТ-ке,  сонымен  қатар
      Құрылыс          нормалары  мен  ережелері  деп  аталатын   нормативті
      құжаттар жүйесіне  сәйкес  келеуіне  байланысты  бөлімдерге  жіктелуін
      атаңыз.




      Дәріс №2. Табиғи тас материалдары. Тау  жыныстарының  негізгі  түрлері
      және олардың жіктелуі.


      {Дәрісте қозғайтын сұрақтар}
      1.Табиғи тас материалдары мен бұйымдары туралы жалпы сипаттама.
      2 Құрылыс саласындағы кең қолданылатын табиғи тас материалдарының
жіктелуі.
      3.Табиғи тау жыныстары және олардың  генетикалық жіктелуі.


      Табиғи тас материалдары мен бұйымдары туралы жалпы сипаттама
      Табиғи тас материалдары және бұйымдары деп тұтас жатқан тау жыныстарын
қарапайым механикалық өңдеу ( жару,тілу, ұсақтау және т.б.тәсілдер) арқылы
алынатын плиталар , блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек
және жалпақ тастар,щебень, ұсақталған құм солар сияқты өнімдерді айтады.
Тау жыныстарының физикалық- механикалық қасиеттері , минералдық құрамы
өзгерілме сақталынады және де көпшілігі ешқандайда механикалық өңдеусіз ақ
, тікелей құрылыс салаларына қолданылады ( қиыршық тас, құм, саз және т.б)
Осы материалдардың бәрі  әдетте руда емес құрылыс материалдары деп аталады.
      Құрылыс саласындағы кең қолданылатын табиғи тас материалдарының
      жіктелуі


      Құрылыс саласында кең қолданылатын табиғи тас материалдарын  үлкен екі
топқа жіктеуге болады:
            1. Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар:
               үйлерді және ғимараттарды, өзен жағаларын, көпірлерді және
               т.б. инженерлік құрылыстарды қаптауға, жол және
               гидротехникалық құрылыстарына, үйлердің қабырғаларын
               көтеруге, өнеркәсіптік үйлердің еденін төсеуге, құрылыс
               ерітінділері мен бетондарға толтырушы ретінде және т.б.
               көптеген мақсаттар үшін пайдаланады;
            2. Құрылыс материалдар өнеркәсібінде жасанды материалдар шығару
               үшін (керамика,шыны, минералдық байланыстырушылар және т.б.
               материалдар мен бұйымдар) шикізат ретінде қолданылатын
               минералдық жыныстар.
Әрине , жасанды материалдарын  алу процесінде табиғи тау жыныстарының
құрамы,құрылысы және физикалық – механикалық қасиеттері өзгеріске толық
ұшырайды. Сонымен тау жыныстарынан алынатын материалдар мен бұйымдар
құрылыс салаларында көп ғасырлық дәстүрлі материал ретінде кең қолданып,
шығысының 20   -дай үлесін қамтиды.
Тау тас материалдарын , оларды өндіру технологиясының ерекшелігіне
байланысты, үш топқа біріктеруге болады:
1. Жекеленген қабырға тасы  - арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тау
   сілемінен кесіліп алынатын геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.
2. Қаптаушы немесе әсемдеуші тас бұйымдары – алдын-ала тас сілемінен
   кесіліп алынған тас блоктарын тіліп, сонан кейін түрлі тәсілмен
   фактураланатын плиталар, үйлерді және ғимараттарды өңдеуге жарамды
   бұйымдар;
3. Руда емес материалдар – ұсақталған тас (щебень, қиыршық тас, құм).
 Табиғат тау – тас материалдарын тануда тау жыныстар қасиеттерін, оларды
 құрамалайтын минералдарды білуден бастаған жөн.
 Тау жыныстары деп  - жер қыртысын құрастыратын құрамы тұрақтылау минералдық
 сілемді (массаны ) айтады.Тау жыныстарының  жіктелу негіздері ретінде
 олардың тегін (генетикалық жіктелуін) алады.Тау жыныстарының химиялық –
 минералдық құрамы, кристалдық құрылысы және структурасы ең алдымен  олардың
 пайда болу жағдайларына байланысты.Генетикалық жіктелу бойынша , тау
 жыныстары үш топқа бөлінеді:   ақтарылғандар, шөгінділер және
 метаморфиялықтар.
 Ақтарылған тау жыныстары  терең жер астынан көтеріле құйылып, қатпаған
 магмадан  жаратылған. Магманың әр алуан жағдайда салқындауына байланысты
 ақтарылған жыныстар ерекше құрылысымен және қасиеттерімен бір – біріне
 ерекшелінеді. Бір жағдайларда сұйық магма жер қабатының белгілі  бір
 тереңдігінде біркелкі баяу қатайып, өзара тұтастана қалыптасқан кристалдық
 түйіршік структурасы бар тереңдік тау жыныстарын құрайды.
 Екінші бір жағдайда  магма жер бетіне қопарыла төгіліп, тездете салқындай
 қатайған. Осылайша төгінді тау жыныстары құралған. Әртүрлі жағдайда суыған
 бір магмадан тереңдік және төгіндік деп аталатын , химиялық құрамы бірдей
 ,бірақ бір бірінен структурасы және қасиеті бойынша айырмашылығы бар тау
 тас жыныстары жаратылған. Жанартау атқылаған кезде пайда болатын жыныстар
 төгіндік тау жыныстарының түрлесі болып саналады.Олар үлкен қысымдықпен
 магма атылған кезде майда түйіршіктерге ыдырай , ауада тез суып жерге сіңіп
 қатып қалған түрлі мөлшердегі түйіршіктер қалпында келіп түсуден пайда
 болған. Сондықтан , бұл жыныстар кеуекті бос және структурасы аморфты
 болады.


                                І .Ақтарылған магматикалық
                           тау жыныстары.


 Тереңдіктер                         Қопарыла төгілгендіктер
              Жанартаулықтар

|Гранит       |Ескілері      |Жаңалары      |Бостары       |Біріктірілгендері|
|Сиенит       |Кварц         |Липорит       |Жанартау күлі,|Жанартау туфы,   |
|Диорит       |Ортоклаз      |Трахит        |Жанартау құмы,|туф. Лава.       |
|габрро       |Порфир        |Андезит       |пемза.        |                 |
|             |Порфорит      |базальт       |              |                 |
|             |диабаз        |              |              |                 |






 |                                   Т а б и ғ и   м  ү ж і л у    п р о ц е с|
|і                                                                           |


 Шөгіндік тау жыныстары   құрылу сипатына және құрамына байланысты үш  үлкен
 топқа жіктеледі ;        механикалық (омыртылғандар), химиялық және
 органогендік шөгінділері.


                                        ІІ- шөгінді тау жыныстары.




 |Омырылғандары            |Химиялық шөгінділер      |     Органогендік        |
|                         |                         |шөгінділер               |






 |Бостары.          |Біріктірілгендері:|әк тастары,       |әк тастар,        |
|Құм, гравий       |Құмдықтар,        |доломиттер,       |бор, трепел,      |
|саз               |Конгломераттар,   |магнезиттер,      |диотомит          |
|                  |брекчийлер        |гипс және         |                  |
|                  |                  |ангдридтер        |                  |








 |          Ж ер   қ ы р т ы с ы н ы ң   ж е р г і л і к т і   д е ф о р м а ц|
|и я л а р ы.                                                                |




 Метаморфиялық тау жыныстары – ақтарылған ( магматикалық) немесе шөгіндік
 тау жыныстар бұзындыларының жоғарғы температурада және қысымдықта , сонымен
 қатар , кейде химиялық процестердің әсерімен де құрылысы- құрамының терең
 өзгеріске ұшырауы нәтижесінде  пайда болған.
 Метоморфизм  грекше      - тау жыныстарының структурасы мен құрамының
 өзгеру процесі мағынасында айтылады. Метаморфиялық тау жыныстарынан
 құрылыста кеңірек қолданылатындары гнейстер, мраморлар, саздық сланцтар,
 кварциттер.

|                            ІІІ- метаморфиялық  тау  жыныстары              |



 |       Гнейс      |Сланцтар          |Мраморлар         |Кварциттер        |
|(граниттен)       |(саздан)          |(әк тастан және   |(құмдықтардан)    |
|                  |                  |Доломиттен)       |                  |




      Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Метаморфиялық тау  жыныстарға  жататындар  және  метаморфиялық  тау
        жыныстарынан құрылыста кеңірек қолданылатындары қандай?
     2. Шөгінді тау жыныстары дегеніміз не?
     3. Тау тас материалдары және оларды өндіру технологиясының
        ерекшелігіне байланысты, қандай топтарға жіктеуге болады?
     4. Минерал дегеніміз не?




      № 3дәріс.  Термиялық  өңдеумен  алынған  материалдар.      Керамикалык
      бұйымдар.
      Дәріс жоспары:
     1. Керамикалық материалдарға қолданылатын шикізаттар.
     2. Керамикалық бұйымдардың  өндіру әдістері.
     3. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері.

      Керамикалық материалдарды  сары  топырақты  (глина)  пішіндеп  күйдіру
арқылы алады. Құрылысына қарай керамикалық материалдарды кеуекті және  тығыз
деп бөледі. Қолданылуына байланысты: қабырғалық –  кәдімгі  кірпіш,  кеуекті
кірпіш және тастар, ірі блоктар мен панельдер; жабынға арналған –  тастардан
жасалған балкалар мен панельдер, сыртқы каптама (облицовка) үшін  қабырғалар
мен едендерге арналған тақталар,  санитарлы-техникалық  бұйымдар,  шатырлар,
канализацияға  арналған  кұбырлар   Керамикалық   материалдарды   дайындауда
шикізат көзі ретінде сары топырақ, кварцты кұм,  шамот,  шлак,  ағаш  ұнтағы
пайдаланылады.
      Сары топырақ – сумен араласқанда пластиналы қоспа түзетін, кептіргенде
белгІлі пішінде болатын, күйдіргенде тастың тығыздығына теңесетін  минералды
масса немесе тау тілімінің бір түрі. .
      Сары топырақтың пластикалығы деп  белгілі  пішінде  жарылмай,  ақаусыз
түзіп,  осы  пішінді  кептіру  және  күйдіруде  сактауы.   Бұл   пластикалық
коэффициенттермен сипатталады.
      [pic]
мұндағы, WТ, WР – ылғалдылық мәндері, %.
      Пластикалығына байланысты сары топырақтар:
      жоғары пластикалы (П=25),
      орташа пластикалы (П=1З-25),
      мөлшерлі пластикалы (П=7-15),
         төмен пластикалы (П=7) болып жіктеледі.
      Сары топырақтың кұрамында сары топырақ фракциясы неғұрлым  көп  болса,
соғұрлым байланысы берік болады.

      Байланыстырғыш қабілеттілігі-пластикалық емес материалдар  бөлшектерін
байланыстыруға мүмкіндігі бар. Бұл үшін шикізатты карьерларды  ашық  әдіспен
алады.  Мұнда  массаны  пішіндеу  бастапқы  шикізаттың   қасиеттеріне   және
дайындалатын өнімнің түріне  байланысты  жартылай  құрғақ,  пластикалы  және
шликерлі (сулы) әдістермен өңдейді.
      Пластикалық әдісте кептіру негізгі  әдістердің  бірі  болып  табылады.
Кептіру процесі материалдың жылу  және  масса  алмасуының  қоршаған  ортамен
байланысы. Технологиялық процестің соңғы сатысы – күйдіру табылады.
      Қабырғалық  керамикалық материалдар төмендегідей жіктеледі:
1. Бұйым түріне байланысты
а) керамикалық және силикат кірпіш
б) керамикалык, силикат, бетон тастар
в) керамикалык, силикат, бетон, ұсак блоктар.
2. Қолданылуына байланысты:
 қатарлық және биіктік.
3.Пайдаланылатын шикізат түріне және бұйымның дайындалуына байланысты:
         сары топырақ, диатомит, трепелден пластикалык;
         жартылай құрғақ әдіспен нығыздалып дайындалған бұйым.
4. Технологиялық қасиеті мен тығыздығына байланысты:
а) жылу технологиялық қасиеттері мен жоғары тиімділіктері –  тығыздығы  1400
кг/м кірпіштер және тығыздығы 1450 кг/м3 тастар.
б) шартты тиімділіктері – кірпіштің тығыздығы 1400 кг/м3 жоғары,  ал  тастың
тығыздығы 1450-1600 кг/м3 аралығы.

      Арнайы  мақсаттағы  кірпіштер  мен  тастар  бұл  топқа  канализациялық
құрылымдар  мен  жол  жабындарына  арналған  тастар  меп  кірпіштер  жатады.
Олардың  беріктігі,  тығыздығы,  аязға  төзімділігі  жоғары   болуы   керек.
Лекальды кірпіш өндірістік түтін құбырлар қалауға қолданылады. Олардың  кызу
температурасы 7000 С.
      Канализациялық кұрылымдарға арналған тастардың тығыздығы жоғары болуға
тиіс. канализациялық құбырларды отқа төзімді сары топырақтан дайындайды.




.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Керамикалық кірпішті иілімді әдіспен өндіру қалай жүреді?
   2. Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіру қалай жүреді?
   3. Пластикалық дәрежесіне байланысты сары топырақ қалай жіктеледі?
   4. Термиялық өңдеу процестері қалай жүреді?




      Дәріс №4.  Балқыту негізінде алынған материалдыр.
     Шыны және  шыныдан жасалған бұйымдар.


      1.  Шыны материалдарын  өндіруге арналған  шикізаттар.
      2.  Шыны материалдардың түрлері.
      3.  Шыны материалдардың қасиеттері, ерекшеліктері.

Шыны – деп силикаттардан, алюминаттардан, натрий, калий, кальции, және
басқа сол сияқтылардың карбонаттарынан тұратын шикізат ерітінділерінің  -
балқымаларының суытылуынан алынатын амофты қатты дене. Құрылыста
көпшілігінде силикаттық шыны қолданады деуге болады. Оның химиялық құрамын,
шартты түрде оксидтердің қосындысымен сипаттайды:
SiO2-71-72 %  ;  NaO-14-15%.CaO-6.5-7%/ MgO-4%/. Al2O3-2%. Бұл кәдімгі
терезе шыны құрамы. Басқа арнайы шыныны алу үшін тиісті оксидтерді қолдана
отырып, оның химиялық құрамын қажетті бағытта өзгертеді.
Шыны өндірісі мынандай технологиялық бөліктерді қамтиды :
    - шикізаттарды дайындау ( кептіру, майдалау, байыту );
    - шыны шихтасын әзірлеп қорыту пешіне салу (өлшемдеу – дозалау,
      құрамаларын – компоненттерін араластыру және пеш салмалысына жіберу )
      ;
    - балқымадан шыны материалдары мен бұйымдарын шығару (қалыптау);
    - сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін бұйымдарды термиялық, механикалық
      немесе химиялық тәсілдермен өңдеу.
 1. Дайындау сипаты шикізат материалдарының табиғтына және арналуына
    байланысты. Кейбір материалдар тек майдалауды немесе химиялық
    біркелкілігін дұрыстау үшін құрамын орташалауды қажет етеді, ал
    басқалары, мысалы құм көпшілігінде біршама күрделі дайындау
    операциясынан ( темірден ажырату) өтеді. Әк тасы, доломит, дала және
    балқығыш шпаттары және басқа ірі кесекті материалдарын өңдеу схемасы
    былай бейнеленеді: жарып ұсақтау, кептіру, диірменге тартып ұнтақтау;
    тас елегінде електеу, аспаптарда темір ұнтағын магниттік жолмен
    бөлектеу, және қосымшалары да ұнтақталынады.Шихта сапасын жүйелі түрде
    тексеріп тұрады,(дұрыс өлшенуі, құрамының сәйкес келуі, араласуы).
    Шихтаны  балқыту жылдамдығы, соған сәйкес, шыны қорыту пешінің
    өнімділігі шихтаны пешке салу тәсіліне және салынған шихтаның
    қалыңдығына байланысты.
Шыныны вертикалдық тарту тәсілімен  100 кг шыныға шамамен есептегендегі
шихта құрамы:
|Аталуы                  |Шыныны  тік жоғары созу тәсілі                   |
|                        |Қайықтық                |Қайықсыздық             |
|Кварц құмы              |61                      |64,3                    |
|Доломит                 |18,2                    |18,4                    |
|Әктас                   |2                       |4                       |
|Сода                    |23,9                    |21,7                    |
|Натрий сульфаты         |2,5                     |2,5                     |
|Пегматит                |10,4                    |10,4                    |
|Көмір                   |0,5                     |0,5                     |


Қолдануға құмның орташа түйіршік мөлшері  0,15-4-0,4 мм.болуы керек.
Алдын ала әзірленілген, берілген мөлшерлерінде өлшелінген шихта құрамы
тарелка немесе барабан тәрізді араластырғыштарда жақсылап араластырылады.
Дайындалған шихта ылғалдылығы  4-7%   дай болуы керек, себебі сондай
ылғалдылықта шихта агрегатталына бөлінбей құрамы бойынша біркелкілігін
сақтайды

      Cиликат балқымалары  - олар  кремнийден       және  соның  негізіндегі
химиялық  қосындылардан  жоғарғы  температурада  ерітіп  алынатындар.   Олай
дейтініміз  құрылыстық   материалдар   өнеркәсібінде   пайдаланатын   барлық
минералдық қорытындылар үшін ортақ белгі олардың  силикаттық  табиғаты  яғни
олардың   құрамында   силикаттардың   басымдылығы.   Балқымаларды    тездете
суытқанда, тек силикаттық балқымалар ғана шыны тәрізді күйіне көше алады.
      Силикат балқымаларды алу үшін химиялық құрамына  қарай  табиғатта  кең
тараған  құм,  базальт,  диабаз,  мергель  сияқты  тау  жыныстарын,  негізгі
өнеркәсіп  қалдықтарын,  күлдерді,  шыны  сынықтарын  және  т.б.  қолданады.
Силикат балқымалардан олардың химиялық құрамын және  суыту  тәртібін  реттей
отырып, структурасы мен  қасиеттері  бойынша  әр  түрлі  материалдарды  және
бұйымдарды   (шыны   және   шыныдан   жасалған   бұйымдар,    шыныкристалдық
материалдар)   алуға   болады.   Бұлардың   ішіндегі   құрылыста   ең    көп
қолданылатындары шыны және  шыны  бұйымдары  (  профильді  шынылар,  шынылық
пакеттер, шыны панельдері, шыны құбырлары, шыны  талшықтары,  қауіпсіз  шыны
бұйымдары және т.б.).
      Қазіргі  кезде ТМД көпшілігінде өндіріс процесстері автоматтандырылған
және механизацияланған ірі шыны зауыттары бар.Қазір Қызылорда облысында  ірі
шыны зауытын салу қарастырылып жатыр.Ресейде шыны  жасаудың  ғылыми  негізін
қалаған  М.И.Ломоносов. Ол Петербургте  бірінші рет түсті шынылар  шығаратын
фабрика салып, 1752 жылдан бастап шыны жөніндегі зерттеу  жұмысының  дамуына
жол ашқан, шыны бұйымдарын жасап шығарудың жаңа тәсілдерін ойлап тапқан.
      Шыны балқымасын көбіктендіру жолымен жылу қоршағыш және дыбыс сіңіргіш
тиімді материалдарды (көбік шыны) алынады.Сондай – ақ ,  силикаттық  балқыма
массаның жұмсақ күйінде фильтрлеу, үрлеу, штабиктау, құрамалау  тәсілдерінің
бірімен  диаметрі  0,1-100мкм  шыны  талшықтарын  тартып,  соның   негізінде
бірнеше тамаша  материалдар  мен  бұйымдар  (шыны  маталары,  шпондар,  шыны
пластиктері  және  т.б.  )шығарылады.  Соңғы  кездері  жинақтау  (синтездеу)
арқылы  сәуле  толқын  ұзындығының   барлық   диапазонында   (ултракүлгіннен
инфрақызылға дейін)  жарықты  іріктеп  өткізетін  шынылар,  нейтрондық  және
ренгендік сәулелерден қорғануға тығыздығы үлкен шынылар жасалып  шығарылатын
болды. Шыны негізінде ситаллы деп аталатын бір өзі шыны мен кристалдық  дене
қасиеттерін   үйлестіре   көрсететін   микрокристалдық   материалдарын   алу
басталды. Ситалдардан жасалған бұйымдар  термиялық  және  механикалық  үлкен
беріктігімен   ерекшеленеді.   Оларды   арнайы   техникалық   салаларда    (
радиоэлектроника  ,  машина  құрылыстарында,  ваккумдық  техникада,  ядролық
реакторларда) қолдануға мүмкіндік береді.
Шыны  жарық  өткізуге  арналған   сынғыш,   басқа   құрылыс   материалдарына
ұксамайтын материал.
      Шынының қасиеті көптеген факторларға тәуелді: Құрамына жылу мен  өңдеу
режиміне, үлгінің өлшеміне және т.б  Шынының  беріктігі  сынғанда,  қысқанда
700 000 мПа, ал созғанда 30-80  мПа.  Шыны  талшықтары  10-4  см  диаметрмен
созғанда,  беріктігі  200-500  мПа  жетеді,  яғни  10  есе  үлкен.   Шынының
беріктігіне ішкі ақаулары, қыздыру температурасына шыдамдылығы  әсер  етеді.
Шынының негізгі кемшілігі оның сынғыштығында.
      Сынғыштығы  көптеген  факторлармен   анықталады.   Олардың   негізгісі
материалдың серпімділік модулінің  беріктігіне  қатынасы  E/R.  Бұл  қатынас
неғұрлым үлкен, ал кернеу (тартылу) деформациясы кіші болған сайын  материал
беріктік шегіне жетеді. Шынының серпімділік модулі 4,5 104 – 9,8 104мПа.
      Кәдімгі силикат шынылар  жарықты  жақсы  өткізеді  және  ультракүлгін,
(толқын  ұзындығы  300),  инфрақызыл  (толқын  ұзындығы  300   ден   жоғары)
сәулелерді өткізбейді. Шынының химиялық  құрамы  мен  түсін  өзгерту  арқылы
шыныньің жарық өткізгіштігін реттеуге болады.


      Әйнектік шыны жазықтық шынылардың көп таралғаны.  Әйнектік  шынылардың
жарық өткізгіштігі оның қалыңдығына  байланысты.  Шынының  қалыңдығы  2-6мм.
Шыныны алу үшін негізгі зат:  кварцты  құм,  натрий  сульфаты  немесе  әктің
кальцийленген содасы, доломит және т.б заттар.
      Орнаментты шыны  әйнектік  шынының  құйып  жасалынған  бір  түрі.  Бұл
шынының бір жақ беті тегіс, ал екінші жағы өрнектелген.
      Түсті шыныны металл оксидтерімен қайнату процесі арқылы  боялған  шыны
массасынан алады. Негізгі түстері:  сары,  көк,  күлгін,  жасыл.  Максималды
өлшемі 80мм 31000 мм. Түсті шыныларды балкондарды,  лоджияларды,  сатыларды,
лифт шахталарын қоршауға арналған декаративтілік плафон жасауға қолданады.
      Қорғаныш шыныларын арнайы термиялық өңдеумен алады  (серпімділік  және
беріктікті   жоғарылату   үшін).   Қорғаныш   шынылары    автотранспорттарда
колданады.  Термиялық  тұрақтылығы  –  температураның   кенеттен   өзгеруіне
шынының  жарылмай   шыдайтын   қабілетімен   сипатталады.Шыны   бұйымдарының
термотұрақтылығы олардың  қалыңдық  мөлшері  мен  пішіндеріне  байланысты.Ең
термотөзімді  болып  кварцтық,   боросиликаттық   және   сілтіздік   шынылар
саналынады. Температура 80град.С – 1000градС(кварцты)  өзгеруі мүмкін.
      Күн сәулесінен және  жылдам  корғайтын  шыныларды  шыны  бетін  арнайы
ерітіндімен аэрозольды өңдеу арқылы  дайындайды.  Бұл  шыныларды  ғимараттар
мен транспорттарды күн  сәулесі  мен  жылу  радиациясыи  төменде  мақсатында
колданады. Шынының өлшемі (160 млн 32000мм) 16032000мм,  қалыңдығы  3-6  мм.
Жарық өткізгіштігі 30-70%, жылу сәулесін өткізгіштігі 60%. Бұл шынының 1  кв
метрдің  бағасы  осыған  сәйкес  өлшемі  мен  калыңдығы   әйнектік   шынының
бағасынан 1,5-1,7 есе артық.
      «Витрасен» - жарықты барлық ғимарат бойынша тарату  қабілеттілігі  бар
шыны. Ол жақсы жылу және дыбыс  изоляторы  болып  табылады.  Жылу  өткізгіш.
Шыны күн спектрінің инфрақызыл сәулелерін жұтуға арналған, құрамында  арнайы
қоспалары бар боялған масса. Түсі күлгін-жасыл. Жарық  өткізгіштік  қабілеті
65%, ал инфрақызыл сәуленің өткізгіштігі 35%-тен көп  емес.  Шынының  өлшемі
16 032 000 мм, қалыңдығы 3-4мм.
      Шыны пакеттер бір-бірімен периметр бойынша герметикалық  қосылған  екі
немесе одан да көп шыны беттерінен тұрады. Шынылар  арасында  құрғақ  ауамен
толтырылған кеңістік бар. Шыны пакеттерді әйнектік қалыңдығы  8  мм,  ауданы
5м2 болатын әйнектік шынылардан жасайды.  Шынылардың  арақашықтығы  15-20мм.
Шыны пакеттердің максималды өлшемі 23 031 900 мм,  минималды  өлшемі  3  300
300 мм. Шыны пакеттердің жылу  өткізгіштік  коэффициенті  2,4-1,7  Вт/е  (м2
–с0).
      Жарық өткізгіштігі 30-80 %, дыбыс изоляциялық қабілеттілігі 29-32  ДВ.
Сөрелік  шыныны  қалыңдығы  6-12мм,  ауданы  4-12м2  шыныдан  жасайды.  Сөре
шынының беріктігі жоғары, 1200 мПа дейін барады.
      Шыны құбырлар. Вертикальды  немесе  горизонтальды  созу  әдісі  арқылы
дайындайды Температурасы 120°С, қысымы 0,3 мПа, сұйықтары үшін диаметрі  15-
65мм, ал ұзындығы 100-300 мм етіп дайындайды.
      Стекловата – жұка жіптерден тұратын материал.  Беріктігі  өте  жоғары.
химиялық тұрақты, дыбыс және жылу өткізгіштігі төмен. Азбоцемент  бұйымдарын
дайындауда  дыбыс  және  жылу  изоляциялық  дайындау  материалы  толықтырғыш
ретінде пайдаланады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
         1. Шыны жасаудың ғылыми негізін қалаған  кім?
         2. Шынының қасиеті негізгі қандай факторларға тәуелді деп ойлайсыз?
         3. Шынының негізгі кемшіліктері қандай?
         4. Дыбыс сіңіргіш тиімді материалдарды (көбікті шыныны) алу жолдары
            қалай?


      Дәріс №5.  Органикалық емес байланыстырғыш заттар.
      Ауалық және гидравликалық байланыстырғыш заттар.
       Органикалық емес байланыстырғыш заттар негізінде  алынған құрылыс
материалдары.


             1.   Органикалық   емес   байланыстырғыш   заттар.   Минералдық
      байланыстырушы материалдар туралы жалпы мағлұмат.


        1. Ауалық және гидравликалық байланыстырғыш заттар.
        2. Гипстік байланыстырушыларының түрлері және оларды өндіру үшін
           қолданылатын шикізат материалдары.



       Байланыстырушы заттар құрылыста және құрылыс бұйымдары мен
конструкцияларын жасарда колданылады. Оларды түрлi тұрғын және өнеркәсіптік
үйлердің бөлшектерiн (блоктары мен панельдерiн, аркалыктары мен фермаларын,
баганалары мен аркалары)  зауыттык жағдайда жасап шыгаруға қолданумен
катар, біртұтас үйлер, мұнаралар, плотиналар және түрлi біртұтас құрылымдар
салуға колданады.
Әсіресе индустриялык әдіспен үйлер салу үрдiсiнiң дамуына  байланысты осы
байланыстырушы заттар негізінде зауытта  жасалынатын жиналмалы
конструкциялар мен бұйымдар көлемi де  жылдан жылға көбеюде. Мұнымен катар
үйлер мен гимараттардын  индустриялык және жеделдете салу әдістері, оларды
сан алуан жағдайларда пайдалану шарттары галымдар мен инженерлік-
техникалык құрылысшылар алдына тез және өте тез катаятын,  жұмсартылған
(пластифицияланган)    кеңейе катаятын, кышкылға  төзiмдi, тампонаждык және
тағы баска түрлi түсті тиiмдi цементтердi  жасауды, оларды құрылыс
салаларында колдану тәсілдерін игеру проблемаларын қойғанды.
         хх ғасырдын   екiншi     жартысынан бері       минералдык
байланыстырушы заттар шығару өндiрiстерiнде елеулi прогрессивтiк  даму
үрдiсi үлкен орын алып келедi.
 Бiрiншiден, белгiлi өндiрic технологиялары жоғарғы денгейге жетiлдiрiлдi,
 екiншiден, байланыстырушы  материалдар сапасы мен саны  ұлғаюымен катар
түрлi жағдайда үйлер  мен ғимараттардын пайдалануына сәйкес мыктылык шегi
(маркасы)жоғары, нешебiр агрессивтiк жағдайға төзiмдi цементтер шығару
әдістері калыптасып, олармен құрылысшыларды камтамасыз ету  проблемасы
казіргі күндерi толығымен шешiлген.
      Байланыстырушы материалдар өндiрiсiнiң мұнша дәрежеде дамуы,  соған
байланысты неше түрлi құрылыстардың толык мағынадағы  индустриялы салаға
айналғаны көптеген ғалымдардын және  инженерлiк - техникалык құрылысшылар
енбектерінің аркасында.  Әсіресе, жаңа байланыстырушы материалдар ендiру
жолында,  оларды физика- химиялык тұрғыда касиеттерін зерттеу, нәтижелерін
өндiрiске енгізу жөнiнде енбектері жетекшi роль аткарған  ғалымдарды атап
өту кажет, Олар – КСРО  F А академиктерi  А.А.Байков, С.Д.Белянкин,
В.А.Обручев, П.А.Ребиндер, F А  корреспендент мушелерi ПЛ.Будников,  В.В
.Тимашев, Н.А.Торопов,  профессорлар Ю.М.Бут, В.А.Кинд, И.И.Китаигородский,
В.Н.Юнг, В.И.ВернадскиЙ, С.И.Дружинин және т.б.
      Жоғарыда   келтiрiлген тұжырымдамалар  гидравликалык байланыстырушы
    ( портландцемент жане онын өзгеше турлерi)  заттарына катысты жазылды.

      Органикалык емес байланыстырушы  материалдын екiншi тобын -ауалык
байланыстырушы заттары  құрайды.    Бұл топка жататындар    құрылыстық әк,
гипс және онын  әр түрлерi, ерiтiлетiн шыны. Осы  екі  топка кіретін
байланыстырушы  заттарды минералдык байланыстырушы материалдары деп
атайды.
      Органикалык байланыстырушы заттарына жататындар -битумдар, кара
майлар (дегталалар)  ,  шайырлар, шикi кара майлар (смолалар)  желiмдер.
      Органикалык емес байланыстырушы заттар жасанды ұнтақталынған
дисперiстi  ұлпа түрiнде алынады.  Ол сумен, кажет  болған жағдайда кейбiр
тұздардың  ерiтiндiлерiмен  араластырғанда жұмсақты- қою және жеңіл
калыпталынатын камыр тәрiздi масса бере алады. Онысы физика-химиялык
процестер нәтижесiнде бiртiндеп катаяды да тас - сипатты денеге  айналады.
Көпшiлiк жагдайларда байланыстырушы массаға  толтырушылар косады. Сонда
толтырушылар байланыстырушыны  үнемдеуге мүмкіндiк тудырып, жасанды тас
қасиетін жаксартуға  ыкпалын тигiзедi.
    Өзін-өзі тексеру сұрақтары
    1.Портландцементті өндіруге арналған қандай шикізаттар пайдаланады?
    2. Шлактыпортландцементтің құрамы?
    3. Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар дегеніміз не?
                4. Гипстік байланыстырушыларының түрлерi және оларды
                 өндіру үшiн колданылатын шикізаттары қандай


      Бетондар. Ауыр және жеңіл бетондар.

      Дәріс жоспары:
      1.   Бетондар және түрлері мен қасиеттері.
      2.  Ауыр және жеңіл бетон өндіруде қолданылатын шикізаттар.
      3.  Бетон қоспаларын дайындау жолдары.

      Бетон  -  белгілі мөлшерде алынатын щебеннен ( гравийден ), құмнан,
      қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және  қатаю
      нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар
      өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда
      кеңінен қолданылады. Бетон көлемінің басым көпшілігін  - 85-95%
      дейін құм мен щебеннен тұратын толтырушылар құрайды. Құрылыста түрлі
      қасиеттерімен сипатталынатын әр-түрлі бетондар қолданылады. Бетондар
      мынадай белгілері бойынша жіктелінеді :  орташа тығыздығымен, арналу
      мақсатымен, байланыстырушы және толтырғыштар түрімен. Структура
      сапасының маңызды көрсеткіші болып табылатын бетонның орташа
      тығыздығына оның басты қасиеттері ( мықтылығы, аязға төзімділігі, су
      өткізбейтіндігі, жылуөткізгіштігі және т.б. ) байланысты.
      Ораша тығыздығы бойынша бетондар  өте ауыр, ауыр және жеңіл түрлеріне
      жіктеледі.
      Қолдану салаларына байланысты  - конструкциялық және арнаулы бетондар
      болып бөлінеді.
      Ауыр бетон  - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға
      қолданатын бетонның басты түрі.Қазіргі кезде көбінесе   В20  кластағы
      бетондарды өте жиі қолданады. Келешекте бетонды тек жуылған және
      фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу керектігі
      қарастырылған. Мысалы, үш – төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы
      майда толтырушылар негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы
      жақсы, структурасы бір текті бетондар алынатындығында күмән жоқ. АҚШ ,
      мысалы , 15 фракция түрлі толтырушылар шығарады. Шет елдерде көптеген
      ғимараттар үшін қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және бетон
      араласпасын дайындау деңгейі нәзік химиялық технология процестері
      деңгейінде ұйымдастырады.
      90-шы жылдары маркасы 500 цементтер мен суперпластификаторларды
      қолдануға негізделген жоғары мықтылық бетондардың жаңа технологиясы
      өңделінген. Мықтылығы жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды
      және бұйымдарды құрылыс практикасында барынша кең қолдану үшін
      Қазақстан аймақтарының барлығында сапалы толтырушылар алуға жарайтын ,
      қатты тау – тас жыныстары жетерліктей.
      Жеңіл бетондар. Кеуекті толтырғыщтар негізіндегі бетондарды, басқаша
      айтқанда, жеңіл бетондарды тығыз толтырғыштармен жасалынған бетондар,
      яғни ауыр бетондар орнына қолдану үйлер мен ғимараттардың массасын
      төмендетуге және соған сәйкес көліктік және жинақтау операцияларының
      құндарын төмендетуіне, жылу қоршауын жақсаруына және сондықтан да,
      үйді пайдалану барысындағы энергия шығынын азайтуға  (жеңіл бетондарды
      пайдалануға байланысты жылу жоғалтуын 20-50   ға азайту, демек үйді
      жылытуға кететін энергия шығынын 10-25  ға қысқарту) ықпалын тигізіп,
      үйлер мен ғимараттардың отқа , аязға, және жер сілкінуге төзімділігін
      асырады.
      Жеңіл бетондардан жасалған қабырға конструкциялары қалыңдығы кірпіштен
      көтерілген сондай конструкцияларымен салыстырғанда 2 есе жұқа және
      энергия сыйымдылығы шамамен 1,3 рет кем. Жеңіл бетондар көптеп
      жасалынатын конструкциялар ( қабырға панельдері,  жабын плиталар,
      арқалықтар және т.б.) жасауға және гидротехникалық ғимараттарда
      пайдаланады. Жеңіл бетондар үшін қолданылатын толтырушылар өндіру
      тәсілдері бойынша жанартаулық табиғи және минералдық шикі қордан және
      өнеркәсіп өндіріс қалдықтарынан алынатын жасанды толтырушылары болып
      екі топқа жіктелінеді.Егер өндіріс қалдықтарына ұқыптылықпен қарайтын
      болсақ, олар әрі бағалы және әрі жартылай дайын материалдар болып
      саналады. Айталық күл және құмшлактық қалдықты бетондар араласпасын
      дайындағанда біршама цемент орнына қоспа ретінде пайдалануға жарамды.
      Оларды автомобиль жол құрылысында және ауыл шаруашылығында қолдану
      тиімді екені дәлелді. Бетон технологиясында, әсіресе, құрғақтай
      алынған күл тиімділеу. Көптеген зерттеулер нәтижелері және өндіріс
      практикасы бойынша құрғақтай алынған күлді 100-150кг\м3 мөлшерінде
      қолдану ауыр бетондарда 30-40 кг\м3 цемент үнемдеуге, бетон
      араласпасының технологиялық қасиетін жақсартуға, тығыздығын, су
      өткізбейтіндігін, сульфат тұрақтылығын асыруға және басқа да қасиетін
      жақсартуға әсерін тигізетіндігі, майда түйіршікті бетонда- мөлшері 50-
      70 кг\м3 цемент үнемдеуді, жеңіл бетондарда майда толтырушылар орнына
      қолдануды және біраз цемент үнемдеуді, ұялы бетондарда – ұнтақталған
      кремнеземдік компонентінің орнына қолдануға және байланыстырушыларды
      үнемдеуге мүмкіндік болатыны дәлелденген.Бұдан былайғы зерттеу
      жұмыстарының міндеті – күл түйіршігінің  және гранулометриясының, оның
      химиялық активтігінің және химиялық құрамының  (әсіресе, сілтілер мен
      органикалық қалдықтардың) бетон қасиеттеріне тигізетін әсерлерін
      тексеру болып табылады; күл қосылған бетон мәнгілігін бақылау.
      №6.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
      1.Бетондар қалай жіктеледі?
      2. Бетонның  негізгі қасиеттері мен ерекшеліктері қандай?
      3.Ұсақ және ірі толтырғыш  ретінде  қандай  мөлшердегі  толтырғыштарды
      қолданасыз?
      4.  Құмның  гранулометриялық  кұрамын  және   толық   қалдықты   қалай
      анықтайсыз?
      5. Жоғары беріктікті жеңіл бетон алудың принципі неде?
      6. Керамзитті бетонның кұрамы қалай анықталады?
      7.Кеуекті толтырғыш негізінде кеуектелген жеңіл бетонның құрамы  қалай
жобаланады?


      Дәріс №7.  Асбесті – цементтік  материалдар мен бұйымдар.



      Дәріс жоспары:
      1. Асбестцемент және оны өндіруде қолданылатын шикізаттар.
      2. Асбестцемент өндіру технологиясы.
      3. Асбестцементтік  бұйымдар түрлерінің сипаттамалары


Техникалық дәрежесі жағынан асбест – цементтік өнеркәсіп  қазіргі кездегі
жоғары механикаландырылған және автоматикаландырылған құрылыстық
материалдар өнеркәсібінің саласына жатады.
Асбест – цемент деп  -  цемент, асбест және су араласпасының қатаюы
нәтижесінде алынатын күйдірілмеген жасанды тас материалдарын айтады. Асбест
– цемент негізінде  жамылтқыш толқынды плиталар, құбырлар, қабырғалық
панельдер, декоративтік бұйымдар шығарылады.Қазақстанда асбест-цементтік
материалдар мен бұйымдар жасайтын зауыттар жоғары механикаланған және
негізгі технологиялық процесстері автоматикаланған. Мысалы Шымкенттегі
асбест – цемент бұйымдарын шығаратын зауыт кейінгі кездерде технологиясы
жетерліктей дамыған алдыңғы өнеркәсіп қатарында істеп келеді. Жалпы ТМД
аймақтарында өндірілетін асбест – цемент бұйымдарының номенклатурасы 40
–тан астам келеді. Оларды мынандай негізгі топтарға бөлуге болады.
Профильделінген табақтар үй жамылтқысына және қабырғалар қаптауға арналған
толқынды және жартылай толқынды шифрлар; жазық плиталар  -- қабырғаларды
өңдеу үшін арналған кәдімгідей және фактураланған немесе боялған плиталар ;
жылуқоршағыш қабаты бар жамылтқылық және қабырғалық панельдер; жалғастырғыш
муфталарымен қоса қысымды және қысымсыз құбырлар; арнаулы асбест-цементтік
бұйымдар --  сәулеттілік ,  санитарлық – техникалық ,  электрқоршаушы,
радиотехникалық және т.с.с.
Асбест- цемент зауыттарында байланыстырушы ретінде  поротландцемент М400
және М500 қолданады.Онда гипстен басқа қоспалар болмауы керек. Массасы
бойынша С3S  -- 52 % кем емес,  С3А  --8 % көп емес, бос әк СаО  -- 1%
асық емес болулары керек. Егерде автоклавтық өңдеу тәсілі қолданатын болса
, онда құмдалған портландцементті де пайдаланады. Мұндай цементтегі
ұнтақталынған кварцтық құм мөлшері клинкердегі  үшкальцийлік силикат санына
 С3 S байланысты. C3S мөлшері клинкерде көбейген сайын құмды көбірек қоса
түседі. Мысалы алиттік клинкерден ПЦ өндірерде  құм қоспасын  45%  -ға
жеткізеді , ал белиттік клинкерде  -30-35 % -ға дейін.Құмның сапасын  -
SiO2     мөлшері  87 % кем емес, калий және натрий  3 % асық емес,
тозаңдық, ылайлық және саздық ілеспе  10%  аспайтындай шамаларда реттейді.
Асбест- цементтік өнеркәсібінде көбінесе хризотил – асбест пайдаланады.Ол
сыртынан қарағанда сулы немесе сусыз магний силикатынан тұратын  жіңішке
талшықты  бейорганикалық масса, формуласы 3MqO * 2SiO2 * 2H2O. Оны
серпетиналық тау жыныстарынан өндіреді. Асбест талшық ұзындығы 40 мм дейін
болуы мүмкін.  Талшығының орташа ұзындығы мен шаңының мөлшері бойынша
асбест сортқа бөлінеді :  0; 2; 1; 3; ...және т.с.с 8 сортқа дейін. Ең
жоғарғы маркасы  0; ең төменгісі 8 ; Асбест – цементтік бұйымдар жасау үшін
 3; 4; 5; 6  сортты асбесті қолданады. Асбест жабық қоймаларда жеке
бөліктерде маркалары және сорттары бойынша сақталады. Цемент және асбест
шығындарының технологиялық нормаларының сақталуы қатаң бақылауда болуы
тиісті. Әрбір бұйымдар үшін ерекше асбест араласпасы тағайындалады.

Асбест-цементтік бұйымдар қасиеттері мынандай факторларға тәуелді: цемент
сапасына, асбест маркасына, бұлардың массадағы мөлшерлік арақатынасына,
асбестің талшыққа тарқатылу дәрежесіне, массаның тығыздалыну дәрежесіне,
бұйымдардың қатаю жағдайы мен ұзақтығына, сондай-ақ, асбест-цементтің
ылғалдылығына.Асбест-цементтік бұйымдардың үзуге, июге және қысуға қарсы
кедергісі жоғары болады. Пресстелінбеген бұйымдардың созғандағы мықтылық
шегі - 10-47 МПа, игендегі – 16-27 МПа, ал пресстелінгендерде - созғандағы
мықтылық шегі 20-25 МПа, ал игендегі – 27-42 МПа. Қатая келе, кейін
химиялық беріктігі және тыгыздығы үлғая түседі. Асбест-цементтік
бұйымдардың басты сапалық көрсеткіші -игендегі мықтылық шегі, сол бойынша
олардың көтергіш қабілеті есептелінеді. Құрылысқа арналған асбест-цементтік
бұйымдардың игендегі мықтылығының нормальданылған шамасы орташа алғанда 20-
25 МПа аралығында. Үзу және қысу әсеріне қарсы кедергілерінің жоғары
болғанына қарамастан асбест-цемент бұрғылауға, тілуге, тегістеуге оңай
беріледі.  Іс жүзінде асбест-цемент су - және газ өткізбейді. Оның аязға
төзімділігі бойынша маркасы Ғ25 кем емес, жылу өткізгіштігі - 0,35 Вт/(м-
С) айналасында, орташа тығыздығы -1700-2300 кг/м3; отқа төзімділігі және
электрқорғағыштығы басым. Дегенмен құрамында цементтің көп болатындығынан
асбест-цементтік бұйымдарының шөңулік және ылғалдылық деформациясы
бетондардыкімен салыстырганда 2-3 рет жоғары келеді. Сондай-ақ асбест-
цементтік бұйымдардың кемістігіне олардың соғуға кедергісінің төмендігі,
бүрсие кұрғап қалу ықтималдығы және де бетонмен салыстырғанда олардың
жылжығыштық деформациясы басымдау болатыны жатады. Қазіргі кезде құрылыс
саласында кең қолданатын асбест-цементтік бұйымдарға ірігабаритті
кескінделінген (профилдалынган) және жазық табақтар және солардан
жасалынған конструкциялар жатады. Ірі мөлшердегі бұйымдарды қолдану
жамылтқыш және қаптау жұмыстар өндіруін жеңілдетіп және арзандатады, сондай-
ақ түйіскен жіктер санын азайтады. Сонымен, асбест-цементтік жамылтқы
құрастыру шатыр тіреуіш итарқасын және обрешеткасын қоса есептеп
рубероидтық жамылтқымен салыстырғанда, құны 24%-ке, ал еңбек шығыны 27%-ке
төмен. Асбест-цементтік толқынды табақтар - кәдімгі кескіндік ТО (ВО) және
нықталынған кескіндік ТН (ВУ) табақтар мөлшері онша үлкен болмайды.  Асбест-
цементтік  өнеркәсібі          тұрғындық, ауылшаруашылық және өнеркәсіптік
үйлер құрылыстары үшін басты сегіз мөлшертиптес үлкенмөлшерлі толқынды
табақтарды шығарады. Мұндай табақтар пролетінің ең үлкені, жамылтқыштық
жаптырма үшін 1,5 м, ал қабырғалық қоршау үшін - 2,4 м. Асбест-цементтік
толқынды унифицирланған табақтар УТ (УВ) және ОТ (СВ) өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық үймереттері мен ғимараттардың шатырсыз және жылытылған
жамылтқыларын және, қабырғалық қоршауларын жасауға қолданады. Олардың
ұзындыгы 1750, 2000 және 2500 мм, ені 1125 мм және қалындыгы 7,5 мм. Бұл
плиталар мықтылығы жоғары (игендегі беріктігі 20,0 МПа кем емес), орташа
тығыздығы 1700 кг/м аз емес, аяз төзімділігі Ғ50. Ірі габариттік табақтарды
майда мөлшердегілердің орнына қолдану тиімділігі, жоғарыда келтірілген
деректей, орасан зор. Сондықтан толқынды табақтар пішіндерін жетілдіру және
олардың ұзындықтарын ұлғайту, арматуралынған, ұзындығы 6 және 9 м толқынды
табақтар шығару тәсілдерін меңгеру өте маңызды әрекет болып есептелінеді.
Өздерінің конструкциялық сипаттамалары бойынша УТ (УВ)     және     ОТ
(СВ)     кескіндегі     табақтар  шет елдерде шығарылатындардан анағұрлым
басымдау. Жоғарыда айтылғандай, бұларды әсіресе өнеркәсіптік үйлерде
қабырғалық қоршауға қолдану үлкен экономикалық тиімділік береді. Қоршау
массасын 6-10 рет төмендетуге, оларды тұрғызудағы еңбек сыйымдылығын және
құнын бірқатар азайтуға, салу мезгілін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Асбест-цементтік жазық табақтар мен плиталар екі типте шығарылады
-престелінген (П) және престелінбеген (ПБ). Олардың бет жағы тегіс
(жылтылдатылған   немесе жылтылдатылмаған) немесе басылған (кедір-бұдырлы)
кәдімгі сұр түсті, боялған немесе фактурланған болулары мүмкін. Асбест-
цементтік престелінбеген табақтар тығыздығы 1600 -1700 кг/м3,
престелінгендер 1800 кг/м кем емес. Соларға тиісінше игендегі мықтылық шегі
18-20 МПа, 23-27 МПа кем болмайды. Бұл бұйымдардың көпшілігінің мөлшерлері
1200 х 800 және 1600 х 1200 мм, қалыңдығы 6-ИО мм, бірақ жылдан-жылға
ұзындығы 3-6 м, ені 1,5 және 1,2 м дейінгі ірі мөлшерлі табақтар шығару
дамуда. Асбест-цементтік жазық табақтарды азаматтық және өнеркәсіптік
үйлердің жинақты жылуланған қорғаушы конструкцияларын (плиталарды және
панельдерді) жасау үшін пайдаланады.Сыртқы беті әр алуан өңделген асбест-
цементтік кейде сыртқы қабырғалары мен төбелерін және қалқаларын өңдеу үшін
қолданады. Едендерді төсеу үшін түрлі түске боялған мөлшері 150 х 150 х 10
(13) мм плиталар шығарылады. Осындай әрленген плиткалармен санитарлық
түйіндерде,    асханаларда,    дүкендерде    түрлі    түсті
композициядағы едендерді жасауға болатыны да айқын. Іс жүзінде панельдер
мен плиталар қабатталынып жасалынған қорғаушы конструкциялар. Олар асбест-
цементтік табақтардан, қаңқадан, жылуқоршағыш материал қабатынан тұратын
конструкциялар.  ЛП типті жамылтқы плиталары минералдық мақтамен
жылытылған, ішіндегі салыстырмалы ауа ылғалдылыгы 70% дейін болатын
өнеркәсіптік үйдің жаптырмасында рулондық кілемнің астынан төсеуге
арналған, минералдык мақтамен жылытылған конструкция. Бұл плиталар толық
зауыттық дайындықта шығарылады. Массасы және құны төмен, бірақ бір жинақтық
ауданының кішкентайлығымен сипатталынады (1,5 м дейін-ақ).
АКП типтес плиталар үлкен аралықты (пролетті) және құрыштық көтергіш
конструкциясы бар, әсіресе сейсмикалығы басымдау аудандарда өнеркәсіптік
және ауылшаруашылық үйлердің үстін жабу үшін тиімді. Олар асбест-цементтік
қаңқаға желімделінген немесе бұрамалы шегемен бекітілген, қалыңдығы 10 мм
екі асбест-цементтік табақтардан тұрады. Екі табақ арасындағы кеңістікті
жарым-жартылай жылытқышпен толтырады, соның нәтижесінде желдендіретін
кеңістік қалады.    Асбест-цементтік кабырғалық плиталар, жоғарыда айтылған
жаптырма плита сияқты конструкциялық шешіміне байланысты қаңқалық және
қатаң немесе шалақатаң жылытқыштан, табақтардан құралған қабаттардан
тұратын қаңқасыз болулары мүмкін. Кейде қаңқасыз плиталар периметрі бойынша
ағаш брускаларымен қапсырылған болады. Соның арқасында, оларды жинағанда
жалғас жерлері жақсы қиылысады. Өндірістік және ауылшаруашылық үйлер үшін
қалыңдығы 170 мм қабырғалық панельдердің, қаңқасын ағаштан жасаған
жағдайда, үзындығы 3 м дейін, алюминийлік профилдерден қабылдағанда - 6 м
дейін болады. Қабырғалық темірбетон панельдерін осындай асбест-цементтік
  жаптырма      плиталарымен      және      панельдерімен  ауыстырғанда
конструкция массасы 6 -8 рет, металл шығыны 2-3 кг/м2, жинақтық жүмыстың
еңбек сыйымдылығы 2 есе, конструкциялар құны 15-20%-ға төмендейді және де
құрылыс ұзақтығы біршама қысқарылады. Асбест-цементтік қысымдық құбырларды
су-, мұнай- және газ жүргізетін тізбектерді, канализацияларды салу үшін
пайдаланады, ал қысымсыз құбырларды дренаждарды төсеуге, желдеткіш және
қоқыстық каналдарын орналастыруға, телефондық кабельдерді жүргізуге
қолданады. Бұл құбырлар жетерліктей тиімді және сенімді. Олар металдық
құбырлармен салыстырғанда 3-4 жеңілдеу, 2-4 рет арзандау келеді. Металдық
құбырларды бұзып жіберетің адасқан токтар асбест-цементтік құбырларға
әсерін тигізбейді. Минералданган сулар әсеріне де төзімді. Тасымалданатын
сұйықтар мен олардың ішкі бет арасындағы кедергілік металдағыға қарағанда
аз болғандықтан, жіберу қабілеті үлкен болады да сұйықтарды айдауға
электроэнергия      шығыны      аздау      болады.  Асбест талшықтарының
созғандағы мықтылығы бірқатар жоғары болатындықтан және біразы ұзындығымен
құбыр шеңбері бойынша орналасатындықтан, асбест-цементтік құбырлар 1,2 МПа
дейінгі қысымдыққа еркін төзіп береді.
Асбест-цементтік құбырлардың айтарлықтай кемістігі - оның морттылығы. Бұл
кемістігін тасығанда, жинағанда, сақтағанда және жинақтағанда ескерген жөн.
Сужүргізуші қысымдық құбырларды 0,6-1,8 МПа дейінгі жұмысшы қысымдықтағы 6,
9, 12, 15, 18 кластық СҚ (ВТ) шығарады. Құбырлар ұзындығы 3, 4, 5 және 6 м,
ішкі диаметрі 0,5 м дейін. Ұзындығы 5 және 6 м құбырларды қолдану, ұзындығы
3 және 4 м қарағанда едәуір тиімділеу болады. Мұндай ұзын -құбырлардың
шығарылуы жылдан-жылға көбеюде.
Газ жүргізуші құбырлар қысымдығы 0,5 МПа аспайтын жүйелерде қолданады.
Қазіргі кезде полимерлік материалдар негізіндегі газ өткізбейтін қабатпен
қапталған асбесті-цементтік кұбырлар шығару тәсілі меңгерілген. Мұндай
кұбырлардың су-, бензо- және майтөзімдіктері жоғары. Олар металдан
жасалынған құбырларды еркін ауыстыра алады.


      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Асбестцементтік бұйымдардың негізгі  қасиеттері, ерекшеліктері қандай?
   2. Асбестцементтік бұйымдардың  құрылыстағы  алатын орны қандай?
   3. Асбестцементтік бұйымдарын қалыптау процесстері қалай жүреді?
   4. Хризотил – асбесті  пайдаланудың құрылыстағы ролі қандай?
   5. Асбест-цемент бұйымдарын өндіру технологиясы қалай?


      Дәріс №8. Силикаттық материалдар және бұйымдар.
               Дәріс жоспары:
   1. Негізгі силикаттық материалдар мен бұйымдар және өндіру процесстері.
   2. Силикаттық бетон араласпасын даярлау тәсілдері:
   3. Негізгі силикаттық материалдар мен бұйымдардың  қолданылуы


АВТОКЛАВТА КАТАЯТЫН СИЛИКАТТЫҚ БҰИЫМДАР
 Силикаттық жасанды тас материалдары алынуының теориялық негізі туралы
жалпы мәлімет
Ауалық   әкті   кварцтық   кұммен   және   сумен   араластырғанда
кұрылыстық ерітінді алынады. Ол қалыпты температурада өте баяу қатаяды да
бастапқы бірер айлардағы мықтылығы төмендеу болады. Оның үстіне эктілі-
кұмдық құрылыс ерітіндісі тек қана ауада катайып және    тек    қана
нормалдық    ылғалдылықтағы    ауалық    ортада мықтылығын    сақтай
алады.    Мұның    мәнісі    табиғи    жағдайда қатайғанда әктілі-құмдық
араласпадағы құм, эдетте химиялық инертті болатынында.  Сондықтан  он
тоғызыншы ғасырдың  аяғына дейін әктілі-кұмдық   аралас   мықты   және
суға   төзімді   жасанды   тас материалдарын алу үшін қолданбай келді.
Көптеген ТМД және шетел ғалымдарының зерттеуінің нәтижесінде силикаттык
материалдар мен бұйымдардың   автоклавта   қатаюы   бастапқы   араласпа
құрамдары арасында жүретін химиялық әрекеттесулермен тікелей байланысты
екені дәлелденілген. Силикаттық бетондар екі құрамадан (сілтілік жэне
кремнеземдік) дайындайды. Сілтілік құрамасы ретінде әдетте кальций немесе
магний тотықтар гидраттарын қолданады. Оларды әк, каустикалық   магнезит
жэне   доломит   түрінде   енгізеді.   Екінші компонентіне   (кремнеземдік)
  қышқылдар   ангидриттері   сипатты (кварц),      қышқылдар
(кремниялық      қышқыл,      гидраргиллит, алюмокремниялық    қышқылдар
және    т.б.),    тұз    қышқылдары (силикаттар, алюмосиликаттар,
карбонаттар) жатады. Әктілі-кұмдық араласты ыстықылғалдылық ортада
өндегенде эктің құмға активтігі ұлғаяды. Сонда күшті негіз және қышқылдар
(кварц иондармен ОН" гидратацияланғанда пайда болатын кышқылдар) өзара
эрекеттесуі нәтижесінде   араласпада  нейтралдану  реакциясы  жүреді.
Шикізат полиминералдық     құрамадан     тұратын     жағдайда
автоклавтық реакциялар   химизмі    күрделінеді.    Табиғи    силикаттардың
  және алюмосиликаттардың   (саз   минералдарының,   дала   шпаттарының,
табиғи шынылардың жэне т.с.) кальций гидрат окисімен әрекеттесуі
нейтралдану, гидротикалық ажырасу және орын алмастыра ыдырау реакциялары
сипатында жүреді. Осылай болғанда соңғы екі жағдайда күшті негіздердің КОН
және NаОН бөлініп шығуы нәтижесінде сұйық фазаның құрамы күшті өзгеріп
кетеді.
Силикаттық    материалдарды    автоклавта    өңдегенде    олардың
компонеңттерінің   өзара   әрекеттесу   процестерінің   қарқындылыгы
түпкі шикізат материалдары қасиетіне және де зауыттық технология
параметрлеріне байланысты болатын көптеген себептермен түсіндіріледі.
Силикаттық бетондағы реакция шапшаңдығына жэне структура қалыптану
кинетикасына әктілі-құмдық араласпа кұрамдарының ерімталдығы шешімді эсер
етеді. Олардың ерімталдығы минералдық кұрамымен және дисперстігімен, сондай-
ақ автоклавтық өңдеу температурасымен анықталады. Кремнеземдік кұрамы
жөнінде бірінші фактор түгелдей түпкі шикізат сапасына байланысты екені
анық. Айта кеткен жөн, біздерде шикізатты, шет елдердегі сияқты, саздық
қоспасынан ажырату мақсатында, гидравликалық жолмен классификацияламайды.
Әктілік компоненті үшін СаО және Мg0 алдын-ала гидратациялау жолымен оның
минералдық құрамы өзгертілуі мүмкін. Екінші және үшінші факторлардың
әсерлерін шикізат араласы ұнтақтылығын асыру жолымен, ұнтақталынған
байланыстырушы дозасын көбейтумен және қатаю жағдайын (қаныққан будың
температурасын, қысымын) өзгерту арқылы кең аралықта реттеуге болатыны
сөзсіз.
Сондықтан шикізат материалдарының сапасының негізгі белгісі ретінде оның
минералдық құрамын (цементтендіруші заттың қалыптасуына қатысатын активтік
фазаның мөлшерін, фазалық құрамдарын, микроструктурасын нашарлататын және
силикаттық бұйымдардың мэңгілігін төмендететін зияндық фазасының мөлшерін)
қабылдайды. Силикаттық бұйымдарды, элементтерді және конструкцияларды
жаппай шығару технологиясы қазіргі кезде механикаланған және едәуір
автоматталынған өндіріс болып саналады. Мұндағы жасалынатын өнімдер цемент
негізінде жасалынатын материалдар мен бұйымдарға қарағанда көп арзан. Бұл
туралы П.И.Боженовтың, А.В.Волженскийдің, П.П.Будниковтың,
Б.П.Паримбетовтың, А.Қ. Қуатбаевтың және т.б. ғалымдардың жүргізген зерттеу
жұмыстарын атап өткен жөн. Бұл жұмыстарда да эктілі-құмдық массаны
автоклавта өңдеу нэтижесінде көбінесе төменгі негіздегі тұрақты
гидросиликаттар құралатыны туралы дэлелдер келтірілген. П.И.Боженов,
гидросиликаттар араласынан тұратын автоклавтық конгломераттағы
цементтендіруші байланыстың «техникалық синтезі» туралы айта келе, химиялық
шикізат белгілі бір талапқа сәйкес келуі керектігін көрсетеді. Ол жоғары
дисперсті, меншікті бет аумағы 2000-М-000 см /г аралығындағы ұлпа тэрізді,
мүмкіндігінше аморфты, шынытэрізді ұлпа түрінде дайындалуы қажет. Химиялық
активті шикізат автоклавтық конгломератының цементтендіруші байланысын
қамтамасыз етуімен қатар, шикізат араласпасының бірқатар технологиялық
қасиеттерін де қалыптастырады. Бірақ, силикаттық материалдар структурасының
жэне қасиеттерінің қалыптасуына тек қана химиялық жэне физикалық-химиялық
процестер ғана емес, сонымен қатар автоклавтық өңцегендегі жылулық-
ылғалдылық жағдайдың өзгеруі де күшті әсер ететіні туралы А.В.Волженскийдің
жұмысында көрсетілген. Осыған байланысты автоклавтық өңдеу үш этапқа
бөлінеді: автоклавты және бұйымдарды берілген максималдық қысымдық пен
температураға дейін бумен толтыра қыздыру; қысымдығын төмендеткенге дейін
изотермиялық қыздыру; автоклавты будан босатып, сосын бұйымдарды одан
шығару.
П.И.Боженовтың деректері бойынша автоклавтық өңдеудің толық циклы бес
этаптан тұрады: автоклавка буды жіберіп температурасын 100°С жеткізу; одан
әрі орта температурасын көтеру жэне бу қысымын тағайындаған максимумға
жеткізу; бұйымдарды тұракты қысымдықта және температурада ұстау; бу
қысымдығын атмосфералыққа дейін төмендету жылдамдығын жайлап жэне біртіндеп
өсіру, ал температурасын - 100°С дейін; автоклавта немесе одан шығарғаннан
кейін бұйымдарды 100°С - дан бастап 10-20°С дейін толық суыту. Оптималдық
режим, яғни бу кысымдығы, температурасы жэне өңдеу сатыларының ұзақтығы
бойынша ең жақсы автоклавтық өңдеу жағдайын шикізат түрін ескере
тағайындайды.
Автоклавта силикаттық бұйымдардың структураларының қалыптасуы эртүрлі өңдеу
сатыларында жүреді. Жаңадан қалыпталынған эктілі-құмдық бұйымдардың тас
болып қатаю механизмін былайша түсіндіруге болады: жоғары температурада
жэне бу қысымдығы жағдайында алдымен араласпадагы негізгі құрамалардың
өзара химиялық эрекеттесуінен эктілі-кремнеземдік цементтендіруші заттар
құрылады. П.П.Будниковтың, Ю.М.Буттың жэне т.б. зерттеуші ғалымдар
теорияларының біріне сэйкес цементтендіруші заттар құралуы эктің алдын-ала
суда еруі арқылы жүреді. Температура жоғарылаған сайын эктің ерімталдығы
бэсеңдей беретіндіктен ерітінді біртіндеп қаныға түседі. Бірақ температура
жоғарылаған сайын ұнтакдисперсті кремнеземнің ерігіштігі аса түсетіндігі
белгілі. Мысалы, температура 80-нен 120°С дейін көтерілгенде кремнеземнің
ерімталдығы (Кеннедидің деректері бойынша) 3 еседей өседі. Сондықтан
температура 120-130°С шамасында ерітіндідегі әк пен кремнезем өзара
әрекеттесіп гелеотэріздес кальций гидросиликаттарын құрастырады. Одан эрі
температура жоғарылаған сайын жаңақұралымдар іріленіп, алғашқы туындылар
мен кристалдық фазалар пайда болады да кристалдық өсінділер көбейе береді.
Әк көбірек болған жағдайда С2SН(А) жэне С2SН2 типтес ірікристалдық екі
негізді кальций гидросиликаттары көбірек туылады, ал әк толық байланысқан
соң және кристалдану процесінде СSН(В) жэне С4S5Н5 (тоберморит) типтес
тұрақтылау микроқристалдық төменнегізді кальций гидросиликаттары пайда
болады.     Кристалдану     кварц     түйіршігінің     төңірегінде     және
түйіршіктер      аралығындағы      кеңістікте      жүріп,      кристалдық
жаңа кұралымдары   өсе   келе   қаңқаланып   ұлғая   беріктігін   көтере
береді.
Екінші бір теорияға сәйкес байланыстырушы микроструктура кұрылуы әктің және
кремнеземнің еруі арқылы емес, сулық ортада және жоғары температуралық
жағдайда молекулалардың өзінен-өзі диффузиялану процесі әсерімен қатты
фазада жүреді деп пайымдауға болады.
Үшінші теория бойынша сұйық және қатты фазаларда жүретін химиялық
реакциялар нәтижесінде цементтендіруші заттың микроструктурасы кұралады.
Силикаттық жасанды тас материалдары мен бұйымдарының структурасы және
құрылыстық-техникалық қасиеттерінің қалыптасуына араласпаға қосылатын
қоспаларда біршама әсер ететіні анық. Олар кальций немесе магний
гидросиликаттарының құрылу процестерін тездету функциясын,
жаңақұралымдардың кристалданып структура кұру процесіне әсер ету ролін
атқарады.
Қорыта айтқанда, қалай болганда да силикат тасында цементтендіруші зат
ретінде микрокристалдық құрылыстағы төменгі негізді кальций
гидросиликаттары мен тоберморит сияқты жаңақұралымдар басымдау келеді.
Силикаттық материалдар мен бұйымдардың оптималдық структурасы эктілі-
кремнеземдік байланыстырушының белгілі мөлшерінде жэне оның фазалық
құрамаларының минималдық арақатынасында қалыптасады. Жаңа жасалынған
конгломератта дисперсті орта ретінде (О) эк илемесі (Әи), ал қатты
дисперсті фаза ролін (Ф) ұнтақталынған кремнеземдік (құм) компоненті (Құн)
атқарады. Автоклавта өңдегеннен кейінгі оптималдық структурадағы әктілі-
кремнеземдық байланыстырушы мықтылығымен сипатталынатын байланыстырушы
активтігі жэне силикаттық материалдың басқа да қасиеттері Әи : Қун
минималдық арақатынасына байланысты болады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер
      1.   Табиғи      силикаттардың     және   алюмосиликаттардың      (саз
      минералдарының,   дала   шпаттарының,  табиғи  шынылардың  және  т.с.)
      кальций гидрат окисімен әрекеттесуі қалай жүреді?
   2. Силикаттық бетон араласпасын даярлау тәсілдерін атаңыз және олар қалай
   жүреді?
   3. Әктілі- кремнеземдік араласты дайындау қандай этаптар бойынша өтеді?
   4. Силикаттық кірпіш өндірудің технологиялық негізгі  операциялары
   қандай?

Дәріс №9. ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІСІ

      Дәрістің жоспары.
      1.  Құрылыс ерітіндісі  туралы жалпы түсінік
      2.  Құрылыс ерітіндісінің жіктелуі.
      3.  Әртүрлі ерітінділердің қолданылуы.

      1. Құрылыс ерітіндісі - байланыстырғыш зат, майда толтырғыш пен  судан
тұратын  қоспаның  қатаюы  нәтижесінде  алынады.  Құрамы  жағынан   бетоннан
ерітіндінің айырмашылығы толтырғыштың майда болуы, яғни  майда  дәнді  бетон
сияқты. Сондықтан бетонға  қойылатын  заңдылықтар  ерітіндіге  де  қойылады.
Қажетті  жағдайларда  оның  құрамына  әр-түрлі  минералды,   химиялық   т.б.
қоспалар қосылуы мүмкін.
Байланыстырғыш затты сумен  араластырғанда  лай  құрайды.  Қатаю  процесінде
байланыстырғыш зат толтырғыштардың дәндерін  бір-бірімен  жақсы  біріктіріп,
жасанды тассылак жасайды.
      Байланыстырғыш затты құрылыс  ерітіндісінін  қолданылуына  және  қатаю
режиміне байланысты алады. Байланыстырғыш зат есебінде цемент, әк және  гипс
пайдаланылады. Ерітінділер байланыстырғыштың  бір  түрінен  дайындалса   жай
(цементті,  әкті,  гипсті),  ал   бірнеше   байланыстырғыштың   қосындысынан
дайындалса - күрделі деп  екіге  бөлінеді  (цемент-әкті,  цемент-сазды,  әк-
гипсті  т.б.).  Ерітіндіні  қолдануда  екі  түрлі  жағдайды  ескеру   керек:
қалыңдығы 1-2см болатындай жүқа қабат есебінде жасалады, арнайы  механикалық
нығыздау қолданылмайды. Ерітінді кеуекті табанға  жайылады  (кірпіш,  бетон,
жеңіл тастар кеуекті тау жыныстарынан жасалған блоктар).
Колданылу орнына қарай  ерітінділер  қалау  жүмысына  сондай-ақ  сылау  және
арнайы жүмыстарға арналған.
      Қалау ушін қолданылатын ерітінді іргетас, қабырға, бағана өргенде жөне
іріблокты   немесе   іріпанельді   элементтерді    монтаждау    жүмыстарында
пайдаланылады.
Өңдеу  үшін  қолданылатын  ерітінді  сылақ  жүмыстарында,  конструкциялардың
беттерін тегістеу үшін, декоративтік жүмыстарда пайдаланылады.
Арнаулы ерітінділер - инъекциялы ыстыққатөзімді, қыш-қылға төзімді,  рентген
сәулесінен  қорғауыш  пен  акустика-лық  түрлері   конструкцияларға   арнайы
талаптар қойылған жағдайда қолданылады.
      Толтырғыштың түріне байланысты ауыр жөне жеңіл ерітінділерге бөлінеді.
Ерітінділердің  ерекше  айырмашылық-тары  олардың  қүрғақ  кезіндегі  орташа
тығыздығына (1500 кг/м3) байланысты  және  қүрамындағы  толтырғыштың  түріне
қарай ажыратады.
      Байланыстыргыштар түріне қарай цементтік, әк және  аралас  ерітінділер
болып  жіктеледі.  Конструкцияның  пайдалану  жайына  қарай   байланыстырғыш
тандап   алынады.   Құрылыс   ерітінділері    автоматты    жұмыс    істейтін
орталықтандырылған  зауыттарда  пайдаланылып,   одан   тиісті   объектілерге
жөнелтіледі. Егер объект зауыттан қашық жерде болса,  онда  күрғақ  ерітінді
қоспаларын  жүмыс  орнында  су  араластырып  дайындайды.   Құрғақ   қоспаның
ылғалдылығы массасы бойынша 1%-тен аспауы керек.


       Тас  қалайтын  жөне  панельдер  мен   күрделі   блоктардан   жасалған
қабырғаларға қолданылатын ерітінділер.
Ерітінді  қүрамы  мен  түрі  есептік  кернеулері  мен   қалаудың   пайдалану
жағдайына байланысты.
      Өңдеу ерітінділері - сылақ  жөне  декоративті  болып  екіге  бөлінеді.
Индустриялықәдісті қолдануға мүмкіншілік болған жағдайда, бүл  ерітінділерді
қүрылыста ылғалды  әдіспен  қолданады.  Кәдімгі  сылақжүмысын  жүргізу  үшін
цементті, әкті, цементті-әкті және өкті-гипсті ерітінділер пайдала-нылады.
      Әк ерітіндісі жағылған бетпен жақсы жабысады  және  қор-шаған  ортаның
өзгеруіне байланысты температуралық және ылғалдығының  арқасында  көлемі  аз
езгереді. Әк  ерітіндісі  қүрылыстың  ішкі  бетін  әктеуге  қолданылады.  Әк
ерітіндісі баяу қатады және үзақ уақыт кебеді.
      Цемент-әкті және цемент  ерітіндісін  тез  қатайғыш  берік  және  суға
төзімді сылақтар алу  үшін  колданады.  Аталған  сылақты  цокольді,  карниз,
парапет, сыртқы  қабырғаларға  және  үнемі  ылғал  болатын  конструкцияларды
сылауға пайда-ланады.
      Декоративті ерітінділер мен қүрамдар үйдің немесе  ғимараттың  қасбеті
мен  интерьерін  безендіру  сапасын  жақсарту   үшін   қолданады.   Кебінесе
декоративті   түсті   ерітінділерді   зауытта   қабырға    панельдері    мен
іріблоктардың сыртқы бетін өңдеу үшін пайдаланады.
      Құрылыс  қоспалары  бейорганикалық  заттар  (цемент,  известь,   гипс,
глина), ұсақ толықтырғыштар (құм, ұсақталған  шлак,  су  және  кажет  болған
жағдайда басқа да  бейорганикалық  және  органикалық  заттарды  қосындысынан
тұратын қоспа. Жаңа дайындалған күйінде кез келген кедір-бұдырлықты  толтыру
үшін  жұқа  қабатпен  жабуға  болады.  Олар  ерімейді,  қатаяды,   беріктігі
жоғарылайды, соңында тасқа ұқсас  материалға  айналады.  Құрылыс  қоспаларын
кірпіш қалау, әэрлеу, жөндеу және т.б. жұмыстарда пайдаланады.
      Құрылыс қоспаларын орташа  тығыздығы  бойынша  төмендегідей  жіктейді:
ауыр р=1500 кг/м3 және жеңіл  р<1500  кг/м3.  Құрамындағы  заттардың  түріне
қарай: цементті, известті, гипсті және аралас болып жіктеледі.  Қолданылуына
байланысты гидроизоляциялық, талтопогенді,  инъекционды  қалау,  әрлеу  және
т.б. Физикалык және механикалық қасиетіне байланысты,  сығылудағы  беріктігі
бойынша 8 маркаға бөлінеді – 4, 10,  25,  50,  75,  100,  150,  200;  суыққа
төзімділік дәрежесіне қарай 9 маркаға – Ғ 10-нан Ғ 300-ге дейін жіктеледі.

      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1.  Құрылыс ерітіндісі дегеніміз не?
     2. Құрылыс қоспалары дегеніміз не?
      3. Құрылыс ерітіндісі қалай жіктеледі?
      4. Әртүрлі құрылыс ерітінділері мен  қоспаларды  құрылыста  колданудың
      маңызы қандай?




      Дәріс №10.   Ағаш  талшықты құрылыс материалдары мен бұйымдары.


      Дәріс жоспары:
      1.  Ағаш және ағаш талшықты құрылыс материалдары мен бұйымдары туралы
жалпы түсінік.
          2. Ағаш талшықты құрылыс материалдарының қасиеттері мен
қолданысы.
         3. Ағаш  талшықтары мен ағаш жаңқаларынан жасалған плиталардың
негізгі қасиеттерін анықтау жолдары.
Ұтымды қасиетіне  қарай  ағаш  кұрылыста  кеңінен  тараған.  Ағаштың  орташа
тығыздығы  180  кг/м3,  беріктігі  жеткілікті,  жылу   өткізгіштігі   төмен,
төзімділігі жоғары  (дұрыс  экплуатациялау  мен  сақтауда),  құралмен  жеңіл
өңделеді, химиялық тұрақты. Осындай жақсы қасиеттерімен  қатар  кемшіліктері
де бар: құрылымы біркелкі емес, ылғалды сіңіруі және беруі, осының  әсерінен
өлшемі, пішіні  мен  беріктігі  өзгереді.  Шіруден  жылдам  бұзылады,  жеңіл
жанады.
      Табиғатта ағаштар қылқанды  және  жапырақты  болып  бөлінеді.  Ағаштың
сапасы  көбінесе  оның  қиғаш  қабатты,  саңылаулығы,   бұтақтылығы,   құрт-
құмырсқамен бүлінуі, шіруі сияқты ақауларына байланысты болады.  Қылқандылар
– балқарағай, қарағай, шырша,  самырсын.  Жапырақтылар  -қайың,  емен,  жөке
ағаш, көктерек.
      Ағаш діннен, ұшар бастан және тамырдан тұрады.  Ағаштың  макроқұрылымы
діннің үш қимасы бойынша  анықталады:  көлденең,  радиалды  бойлық  (диаметр
немесе радиус бойынша) және  тангенциалды  (хорда  бойынша).  Көлденең  және
радиалды қималары келесідей  негізгі  бөліктерден  тұрады:  қабық  (қоректік
заттарды өткізуге арналған діннің ішкі жұқа қабаты),  кабий  (жұқа  өткізгіш
ұлпа қабаты), ағаш, өзек  (діннің  орталық  бөлігі).  Ағаштың  микроқұрылымы
пішіні мен өлшемі әртүрлі көптеген тірі және өлі жасушалардан  тұрады.  Тірі
жасуша протоплазма, ядро, сыртқы қабықша және  жасуша  сұйықтығынан  тұрады.
Протоплазма  –  көміртегі,  сутегі,  оттегі,  азот  және  күкірттен  тұратын
түйіршікті, түссіз, созылмалы шырыш. Ядроның  ерекшелігі  фосфордан  тұрады,
сопақ пішінді болады. Сыртқы қабықша негізінен целлюлозадан тұрады.
      Тақтайша түріндегі ірі пішінді бұйымдарды  ағаш қабыршықтарын талшықты
массаға келгенше майдалау арқылы  алынатын  бұйымды ағашталшықты  плита  деп
атайды.
      Ағаш  талшықтары   плитасын   ағаш   талшықтарынан,   судан,   полимер
талшықтарынан   және   арнайы   қоспалардан    (антисептик,    антипирендер,
гидрофобтанатын  заттар)  тұратын   талшыктық   массаны   ыстықтай   престеу
(сығымдау)   арқылы   дайындайды.   Ағаш   талшықтарын    ағаш    өнеркәсібі
қалдықтарынан немесе жарамсыз ағаштардан алады. Ағашты арнайы  ағаш  кесетін
машиналармен  жаңқалап,   сонан  соң   1-2%-дық  натрий  сілтісінде,
      құрамындағы шайыр және қант құрамдас заттарды күйдіріп, бейтараптайды.
Талшықты 150°С температурада немесе 0,6-1 МПа қысымда бумен қосымша  өңдеген
соң сумен және жоғарыда  көрсетілген  қоспалармен  араластырады.  Аса  қатты
плиталар   дайындағанда   қоспаға   фенолформальдегид   полимерін    қосады.
Дайындалған массаны көптеген металл  торлары  мен  вакуум  қондырғылары  бар
қуятын машинаға  салады.  Мұнда  масса  сорғытылып  тығыздалады,  сонаН  соң
плиталар  дайында-лады.  Ағаштың  ақаулары  –  қалыпты  құрылымнан  ауытқуы,
техникалық қасиетіне әсер ететін бүлінулер. Олар төмендегідей жіктеледі:  1.
дұрыс өспеуіне байланысты ақаулар (қиғаш қабатты  -  талшықтардың  бұрандалы
бағытталуы,  крень  -  соңғы  бөліктердегі  жылдық   қабаттардың   жуандауы,
қисықтық -  діннің  ұзындығы  бойынша  майысуы,  екі  өзектілік,  бұтақтылық
-бұтақшалардың 1 м ақаудағы мөлшері); 2.  ылғал  мен  қолайлы  температурада
оттегі  бөлінгенде   туындайтын   саңырауқұлақтармен   бұзылуы;   3.   құрт-
құмырсқалармен бұзылуы. Шіруден ылғал мен антисептиктер  көмегімен,  жанудан
жылу көзінен алшақтату, жылу  аз  өткізетін  материалдармен  көмкеру  немесе
өрттен қорғайтын заттармен өңдеу (бояулар,  антипиреналар)  арқылы  қорғауға
болады.
      Ағаштан жасалған материалдар мен бұйымдар.
      Дөңгелек ағаш: бөренелер - бұтақтардан тазартылған ағаш  дінінің  ұзын
      бөліктері; дөңгелек - 3...9 м үзындықтағы бөренелер; қырқалар  -  ағаш
      дінінің қысқа  кесінділері  (үзындығы  1,3...2,6  м);  гидротехникалық
      ғимараттар мен көпірлерге арналған бөренелер -  ұзындығы  6,5...8,5  м
      ағаш дінінің кесінділері
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
     1. Ағаштан жасалған  қандай материалдар мен бұйымдарды білесіз?
     2. Ағашта қандай  ақаулар  болуы  мүмкін  және  оған  қарсы  шараларды
        атаңыз?
     3. Ағаш және ағаш талшықты құрылыс материалдарының қандай қасиеттерін
        білесіздер және оларды анықтау жолдары қандай?
      4. Ағашталшықты  құрылыс материалдарының  құрылыстағы орны мен
      қолданысын атаңыз.


      Дәріс №11. . Полимер материалдар


      Дәрістің жоспары.
      1.  Полимер материалдар туралы жалпы түсінік
      2.  Полимер материалдардың жіктелуі.
      3. Полимер материалдардың құрылыста қолданылуы.

      Полимер материалдар  көптеген  атомдардан  тұратын  жоғары  молекулалы
байланыстағы табиғи  немесе  синтетикалық  заттар.  Полимерлердегі  молекула
құрылысы сызықты немесе көлемдік сипатта болуы  мүмкін.  Сызықтық  құрылысты
полимерлер мен молекулалардың жылуға  серпімділігі  жоғары.  Олар  қыздырған
кезде жұмсарып,  суытқанда  қатаяды.  Жұмсарту  мен  қатайтуды  бірнеше  рет
қайталауға болады. Бірнеше  рет  қыздыру  мен  суыту  материалдық  қасиетіне
соншалық өзгеріс  әкелмейді  (полиэтилен,  полистирол).  Көлемдік  құрылысты
полимерлердің жылуға  белсенділігі  жоғары.  Олар  бірнеше  рет  жұмсартылып
қатайтуға жатпайды. Бірінші рет  қыздырған  кезде  серпімді  күйде  берілген
пішінді қабылдайды (фенопласт).
Серпімділік қасиетіне қарай полимерлер пластикалық (қатаң) және  эластикалық
(майысқақ) болып бөлінеді. Полимерлі материалдар үш топты заттардан  тұрады:
байланыстырғыш пластификаторлар және толықтырғыштар.  Байланыстырғыш  заттар
ретінде синтетикалық заттар  қолданылады.  Пластификатор  ретінде  глицерин,
камфара және басқа да  заттарды  енгізеді.  Бұл  полимерлердің  майысқақтығы
немесе қатаңдығын жоғарылатып өңдеуді  жеңілдетеді.  Толықтырғыштар  (ұнтақ,
талшықты) полимер бұйымдарға  механикалық  беріктік  береді.  Сонымен  қатар
полимердің құрамында  әртүрлі  пигменттер,  стабилизаторлар  және  басқа  да
заттар қолданылады.
      Полимер құрылыс материалдары  бұйымдары  мен  құрылымдарын  дайындауда
көбінесе полиэтилен (құбырлар, пленкалар),  полистирол  (тақталар,  лактар),
полихлорвинил    (линолеум),    полиметиметакрилат    (органикалық     шыны)
қолданылады.
      Жақсы  механикалық  қасиетіне,  майысқақтығына,   электр   изоляциялық
сапасына,  өңдеу  процесінде  кез  келген  пішінді   қабылдау   мүмкіндігіне
байланысты полимерлі материалдар қүрылыстың барлық саласында, сонымен  қатар
күнделікті түрмыста кеңінен қолданылады.
      Полимерлер өндіру әдісіне қарай полиризационды және  поликонденсациялы
болып жіктеледі.  Полимеризацияланған  полимерлерді  полимеризация  әдісімен
алады.   Оларға   полиэтилен,   полистирол   жатады.   Поликонденсацияланған
полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алады. Оларға полиэфирлі,  акрилді,
кремний органикалық жэне басқа да заттар, полиэфирлі каучуктар жатады.
      Полиэтиленді табиғи газдың этиленін полимеризациялау арқылы алады.  Ол
күн радиациясы әсерінен, ауадан, судан тозады. Оның тығыздығы 0,945  г/см  ,
суыққа төзімділігі 60-80 С.
      Полиэтиленді өндіру әдісіне қарай жоғары қысымды, төмен  қысымды  және
қышқылды-хромды  катализатор  деп  жіктейді.  Полиэтиленді   80   0С   дейін
қыздырғанда төрт хлорлы көміртегі бензолда ериді. Оны әрлеу  материалдарының
пленкасын даярлауда қолданады.
      Полиизобутилен – изобутиленді полимеризациялау арқылы алынған каучукқа
ұқсас немесе сұйық майысқақ материал. Ол полиэтиленнен жеңіл,  берік,  ылғал
мен газ өткізгіштігі  өте  төмен,  тозбайды.  Оны  гидроизоляциялық  заттар,
қорғаныш  жабындары,  кленкалары,  байланыстырғыш  желімдер  және  асфальтті
бетонға толықтырғыш ретінде қолданады.
      Полистирол – стиролды (винилбензол)  полимеризациялау  арқылы  алынған
термопластикалық  өнім.  Оны  тақталар,  әрлеу  тақталарын,  эмаль  лактарын
даярлауда қолданады.
      Полиметилметакрилат (органикалық шыны)  –  метилді  эфирді  метакрилді
қышқылмен өңдеу нәтижесінде полимеризациялау  процесінде  түзіледі.  Басында
түссіз, сүйықтық түріндегі метилметакрилат алынады. Одан кейін парақ,  тақта
түріндегі шыны тәріздес өнім алынады. Олар  суға,  қышқыл  мен  сілтіге  өте
түрақты. Оларды шынылау үшін қолданады.
      Полимерлі   материалдардан   жасалған   құбырлар   тегеурінді    құбыр
өткізгіштерде  (жер  асты  жэне  жер  үсті),  желдету   жүйелерінде,   жабық
дренаждауда, құбырлы гидротехникалық құрылымдарда кеңінен қолданылады.
      Полимерлі құбырларды даярлау материалы ретінде полиэтилен, винилпласт,
полипропилен, фторопласт қолданылады.
      Полиэтиленді  құбырларды  үздіксіз  шнекті  экструзия   әдісі   арқылы
дайындайды. Полиэтиленді құбырлар  суыққа  төзімді.  Оларды  80°С-дан  +60°С
температура аралығында эксплуатациялауға мүмкіндік бар.
      Агрессивті орта шартында жұмыс істейтін  гидротехникалық  құрылымдарды
арнайы жабындар немесе эрлеу материалдарымен қорғайды.  Жоғары  жылдамдықтар
мен  қатты  соққылау  әсерінен  осындай  құрылымдарды  қорғау  және  олардың
төзімділігін  жоғарылату  мақсатында  полимер  мастика,  полимер   бетондар,
полимер ерітінділер қолданылады.
      Полимер мастика – құрылымдар  мен  ғимараттарды  механикалық  жүктеме,
температуралар  айырмасы,  радиация,  агрессивті  орта   әсерінен   қорғауға
арналған қорғаныш жабындарын қүруға арналған.
      Полимерлі бетоңдар – бетон қоспасына кремний органикалық  немесе  суда
еритін  полимерлерді  қосу  арқылы  дайындалған  цемент  бетондары.   Мұндай
бетондардың суыққа төзімділігі жоғары, су өткізбейді.
      Полимербетондар – байланыстырғыш материалдар ретінде  полимер  заттар,
ал толықтырғыш ретінде  бейорганикалық  минералды  материалдар  қолданылатын
бетондар.
 Полимертемірбетон конструкцияларын жасау үшін темірбетондарына
синтетикалық шайыр байланыстырушысымен алынған полимербетондарды, фурано -
эпоксидтік полимер қосылған суда еритін сұйық шыны байланыстырушысымен
алынған полимерсиликаттық бетондарды, қатайтып барып күкірт балқымасы мен
сіңірілген минералдық байланыстырушы негізіндегі бетондарды қолданады;
минералдық байланыстырушы негізіндегі бетонполимер -бұларды қатаю процесі
біткен соң кептіріп барып монополимерлермен сіңіреді, сосын
полимеризацияландырады, күкірттік бетондар - бұларда цементтің орнына
байланыстырушы ретінде күкірт қолданады.  Жоғарыда келтірілген бетондардың
маңызды қасиеттері - көптеген
агрессивтік орталарда химиялық тұрақтылықтарының жоғарылығы. Оның үстіне
бетонполимерлердің аязға тұрақтылықтары едәуір жоғары, сондай-ақ
мықтылықтары да жоғары (80-100 МПа).
Күкірттік бетондар қышқылдарда және тұздарда коррозиялық тұрақтылығының
жоғарылығымен сипатталады, сонымен қатар, цементтік бетондардан олардың
беріктіктері де жоғары. Күкірттік бетондарды балқытуға және қайталай
пайдалануға болады және де күкіртпен сіңдірілген бетондардың физикалық-
механикалық қасиеттері кәдімгі бетондармен салыстырғанда, біршама жоғарғы
деңгейде. Полимербетондар минералдық байланыстырушыларсыз, сусыз
синтетикалық смолалар және химиялық тұрақты толтырушылар мен толықтырушылар
негізінде алынатын жасанды тас материалдары. Оларды түрлі агрессивтік әсері
бар ортада пайдаланатын үй мен ғимараттарының жүк тиелетін және тиелмейтін
тұтастық, жиналмалық химиялық тұрақты конструкциялары мен бұйымдарын жасау
үшін қолданады. Қолданылмайтын полимерлік байланыстырушылары мен
қатайтулары түрлері бойынша полимербетондардың жіктелуі кестеде
келтірілген:

|эфирлік    |Полиэфирмаленна|Полиэфирлік             |Бастаушылар            |
|           |т тык ПН       |смола:ПН-1,ПН-3, ПН-62, |(инициаторы)-тотықтар  |
|           |Полиэфиракрылат|ПНС-609-22м және т.б    |жэне гидрототыктар     |
|           |-тық           |Полиэфирлік смолалар МГФ|үдеткіштер -кобальттық |
|           |               |-9, ГГМ-3 жэне т.б.     |нафтенат жэне бас.     |
|           |               |                        |Мұнда да               |
|Фенолформ-а|Фенолформ-альде|Фенолфармальде-гидтік   |                       |
|льдегидтік |гидтік ФФС     |смолалар СФЖ -3032, СФЖ |                       |
|           |               |-3016 және бас.         |                       |
|Мочевино-фо|Мочевиноформ-ал|Мочевиноформ-альдегидтік|Гұзқышқылдық анилин    |
|рмальдегидт|ьдегидтіктер МФ|смола КФЖ жэне т.б.     |жэне т.б.              |
|ік         |               |                        |                       |
|Ацетоноформ|Ацетоноформ-аль|Ацетоноформаль-аегидтік |ПЭПА жэне 25 % №014    |
|-альдегидті|дегидтік АЦФ   |смола АЦФ-2, АЦФ-ЧУ     |                       |
|ктер       |               |                        |                       |
|Винилолыкта|Винилолыктар   |Мономер                 |ПЭПА, УП-633М жэне т.б.|
|р          |ММА            |метилмета-крылат        |                       |
|           |               |ММА                     |                       |
|Эпоксидтікт|Эпоксидтік ЭД  |Эпоксидтік смола        |-                      |
|ер         |               |ЭД-16,ЭД-20жэне         |                       |
|           |               |г.б.                    |                       |


Полимербетондар полимерлік байланыстырушы және толтырушы түрлеріне
байланысты тығыздығы, мықтылығы жоғары, өнеркәсіптік агрессивтік ортаның
көпшілігіне химиялық тұрақтылықты көрсетеді. Осындай жағдайда тиімді
полимербетондар үшін полимерлік байланысты шығыны жалпы массасының 5-10 %
құрайды. Полимербетон мықтылығы толықтырушы меншіктік бетіне және оның
бетондағы көлеміне едәуір байланысты келеді Минералдық толтырушылармен
мүмкіндігінше полимербетон көлемін толтырған жағдайда, оның шөгуі күрт
төмендейді және серпінділік модулі айтарлықтай жоғарылайды. Солай
болатындықтан, мұндай бетондарды жүк тиелінетін және өте жауапты
конструкцияларда пайдалану әбден мүмкін. Мысалы, тығыздығы 2200-2400 кг/м3
ауыр полимербетондар құрамы өңделінген. Олардың  қысқандағы мықтылық
шектері: фенолформальдегидтік смолалар негізінде – 40-60 МПа, кабамидтер
негізінде – 50-80 МПа, полиэфирліктер -80 -120 МПа және фураново-эпоксидтік
- 160 МПа дейін.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Полимер құрылыс материалдары, бұйымдары  мен  құрылымдарын  дайындауда
      қандай полимер түрлері қолданылады?
   2. Полимербетондар дегеніміз не және оның қолдану жолдары қандай?
   3. Полимерлер өндіру әдісіне қарай қалай жіктеледі?
      Дәріс №12.. Жабынды және гидроизоляииялық материалдар. Герметиктер.
      Дәрістің жоспары.
      1. Жабынды және гидроизоляииялық материалдар туралы жалпы түсінік
      2. Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың жіктелуі.
      3.  Жабынды және гидроизоляииялық материалдардың қолданылуы.

      Жабынды, гидроизоляциялық орамалы  материалдар  құрылыста  берік  және
үзақ уақытқа пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Олардың  беріктігі  құрылыстың
ұзақ уақытқа шыдауына әсер етеді. Жабын материалдар тек беріктілігімен  ғана
емес, сонымен қатар ауа  түтқырлығына,  су  түрақтылығына  ие  болуы  қажет.
Гидроизоляциялық материалдар  үнемі  су  әсерінде  болады  және  оған  судың
құрамындағы қоспаларда әсер етеді. Жабынды  материалдарға  тән  қасиеттерден
басқа  олар  жоғарғы  беріктілігімен  мен   су   өткізбейтіндігі,   химиялық
тұрақтылығы мен иілгіштігімен сипатталуы қажет. Бұл қасиеттер болмаса  шөгу,
температуралық    және    басқа    деформацияның    әсерлерінен    жекелеген
конструкцияларда жарықтар мен сызаттар болуы мүмкін.
Бүл талаптарды көбінесе битум мен қарамай  негізінен  алынған  жабынды  және
гидроизоляциялық материалдар қанағаттандырады.
Битум және қарамай негізіндегі  жабынды  және  гидроизоляциялық  материалдар
келесі  түрлеге  бөлінеді:  орамалы,  табакты   және   даналы   материалдар;
Сырламалы  мате-риалдар  —  мастикалар,  эмульсиялар   және   пасталар,   ал
байланыстыргыш түріне байланысты - битумды, қарамайлы, гудрокамды,  резиналы
битумды және қарамай-полимерлі болып бөлінеді.
Орамалы жабынды және гидроизоляциялық материалдар екі түрлі болады:  негізгі
және негізсіз. Негізсіз материалдарды органикалық  байланыстырғыштар,  үнтақ
және  арнайы  қоспалардан  түра-тын  күрдері   қоспаларды   термомеханикалық
өңдеуден еткізіп, кейіннен қажетті қалыңдықпен каландрдан  айналдырып  төсем
түрінде алады. Қүрылыста ең көп қолданылатыны бірінші  түрдегі  материалдар.

      Орамалы материалдарды қүрылыс класына, климаттық жөне  эксплуатациялық
жағдайына,  шатырдың  еңістігіне  байланысты  бір   қабат   етіп,   көбінесе
монолитті жабын болуы үшін бірнеше қабат жасап төсеп жабады. Сондықтан  олар
шатырлық кілем деп аталады.
      Қолданылуына қарай  орамалы  материал  екіге  бөлінеді:  жабынды  және
жабынсыз.
Шатырлық кілемнің жоғары қабатында қолданылатын  жабынды  материалдарды  кеп
жағдайда  негізін  органикалық  байланыстырғышпен  сіңіріп  және  екі  беткі
жағына қатты органикалық  байланыстырғыш  жағып  оның  бетіне  толтырғыштар,
антисептиктер мен басқа копоненттер сеуіп жасайды. Мүндай материалдың  беткі
қабаты атмосфералық әсерлерді өзіне алады.
Жабынсыз  материалдар  шатырлық  кілем  қүрамының   ортанғы   және   астыңғы
қабаттарына салынады және беткі жабын қабаты жоқ.
      Негізі бар жабын материалдары.
Жұмсақ жабын көп бөлігін  жабын  картоны  негізінде  орамалы  материалдардан
жасайды.
Рубериод - мата түрінде, яғни жабын қатты  қағаздың  ені  1000,1025,1050  мм
дайындалып жөне ауданы 7,5-15  м2болып  оралып  шығарылады.  Бүл  материалды
жүмсақ битуммен қатты жабын қағазын сіңіру жөне  соңынан  екі  жағынан  қиын
балқитын  битуммен  жағады.  Қолданылу   орнына,   сыртқы   бетіне   себетін
материалдың  түріне  және  қатты  жабын  қағазына  байланысты  рубероид   14
маркаларға бөлінеді.
Толъ - рубероидқа үқсас материал, бірақ қатты жабын  қағазды  битуммен  емес
қарамаймен сіңіреді. Ол ірі түйіршікті себінділермен жабылады.
      Орамалы жабынды материалдар.
Бүл  материалдарды  қатты  қағаз  негізінде  емес,  ондан  да   берік   және
шірімейтін  негіздер  -  шынымата,  шыныкілем,  металды   фольга   негізінде
дайындайды. Оларға шыны рубе-роид, шатырлы шыныкілем (шыны изол),  гидрошыны
изол, фольгоизол жатады.
      Шыны рубероид пен шыны изолды шыны  талшықты  негізге  битум-полимерлі
немесе резина битумды, биотөзімді қатты  битумды  екі  жағынан  жагу  арқылы
алады.   Жағылған   байланыстырғыш   қабатының   қалыңдығы   шыны   негіздің
қалыңдығынан үлкен. Сонынан оның бетіне де себулер жағылады. Оларды  су  көп
ағатын жерлерде, жабысқақ және гидро-және буды изоляциялау үшін, ыстық  және
салқын мастикаларға жаюға қолданады.
      Фольгоизол - жүқа кедір-бұдырлы немесе тегіс, қалыңдығы  0,08..0,3  мм
алюминий фольгасының  бір  жағына  қалыңдығы  0,8..4  мм  болатындай  битум-
резиналы байланыс-тырғыш жағылып дайындалады.
      Жабын емес орамалы материалдар.
Бұл материалдар орамалы жабынды материалдар  сияқты,  бірақ  олардың  бетіне
себулер болмайды. Негізі есебінде қатты жабын  қағаз  немес  асбесті  картон
қолданылады.
      Жабын қатты қағазын мұнай битумымен сіңіру арқылы маркасы П-300 және П-
350 пергамин деген материал, ал қара-май мен сіңірілсе  ТГ-300  және  ТГ-350
маркалы жабын емес толь  алынады.  Пергаминді  рубериодттің  астына,  ал  бу
изоля-циялау үшін оларды ыстық мастикаға жайып салады.
      Гидроизол  -  асбес  картонын  тотыққан  мүнай  битумымен  сіңіріледі.
Физикалық-механикалық қасиеттері бойынша гидроизолдың  екі  маркасы  болады.
Бүл материалдар жерасты қүрылғыларын жабыстырылмалы, гидроизоляциялау  үшін,
жалпақ жазықтық жабындыларда және метал қүбырларда  коррозияға  қарсы  жабын
дайындау қолданылады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1.  Битум  және  қарамай  негізіндегі   жабынды   және   гидроизоляциялық
      материалдар қалай жіктеледі?
   2. Негізі бар жабын материалдарын қалай өндіреді?
   3.  Жабынды және  гидроизоляииялық  материалдарды  құрылыста   қолданудың
      қандай маңыздылықтары бар?


      Дәріс №13.   Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар.
     Дәріс жоспары.
  1. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдар туралы жалпы түсінік
  2. Жылуизоляциялық материалдардың жіктелуі
  3. Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы мен касиеттері

      Ғимараттардың қоршау конструкцияларында,  өндіріс  және  энергетикалық
жабдықтау  орындарында  және  жылу  жүретін  қүбырларда  жылу  сақтау   үшін
қолданылатын қүрылыс материалдарын жылу изоляциялық материалдар деп атайды.
Мүндай материалдардың жылу өткізгіштігі төмен  болып  келеді  (0,18  Вт/м-°С
шамасында) және оның аз мөлшердегі тығыздығы  (600  кг/м3-тен  артық  емес).
Осындай жылуды өткізбей, оны  сақтайтын  материалдардың  қолданылуы  күрылыс
саласындағы  техникалық  прогреске  жатады.  Халық  шаруашылығындағы  мүндай
материалдардың  қолданылуы  энергетикалық  ресурстарды  тиімді   пайдалануға
жәрдемін тигізеді.
Жылу изоляциялық материалдардың көмегі арқасында жеңіл қабырғалық  панельдер
жасалынады. Бұл жұмыстар құрылыс саласын индустрияландыру деңгейін  көтеруге
жағдай жасайды.
      Жылу қондырғыларын,  технологиялық  аппараттар  және  жылу  құбырларын
изоляциалау үшін жылу изоляциялық  материалдардың  қолданылуы  тиімді  болып
есептеледі. Азаматтық тұрғын үй құрылыстарында жылу изоляциалық  жұмыстардың
қолданылу үлесінің  көлемі  1%  шамасында,  өндіріс  құрылыстарында  1,8%-ға
дейін  көтерілді,  электр  станциялар  және   мұнай-химиялық   объектілердің
құрылыс жұмыстарында 2,5-3%-ке дейін көтерілді
      Бұл кезде  жылу  изоляциялық  материалдарды  пайдалану  арқылы  жылуды
жоғалтуды азайту арқылы отын  шығынын  азайтуға,  технологиялық  үрдістердің
қарқынды  өсуін  жәнееңбектің  өнімділігі  мен  жағдайын  жақсартуына  себеп
жасайды. Сонымен қатар жылу  изоляциялық  материалдардың  өртүрлі  мүздатқыш
қондырғыларда  суықтың  шығын-дарын  төмендетудің  маңызы  жоғары.   Өйткені
жылуды алуға қарағанда, суықты алудың бірлік бағасы 20 есе қымбат.
Жылу  изоляциялық  материалдардың  жіктелуі  келесі   формасына   байланысты
жүргізіледі: құрылымы, формасы,  негізгі  шикізаттардың  түріне,  тыгыздығы,
қаттылыгы, жылу өткізгіштігі және жануы.
Жылу изоляциялық материалдардың негізгі сипаттамасы оның  жылу  өткізгіштігі
болып табылады, оның шамасына қарай үш түрлі класқа бөлінеді:
аз жылу өткізгіштігі А класы (0,058 Вт/м- °С ден аз),
орташа жылу өткізгіш Б класы (0,058...0,116 Вт/м- °С),
жогары жылу өткізгіш В класы (0,18 Вт/м  °С).
Жылу изоляциялық  материалдар  іс  жүзінде  өздерінің  тығыздықтары  бойынша
ажыратылып  сортталады.  Барлық  жылу  изоляциялық   материалдар   өздерінің
тығыздықтары бойынша (кг/м3):
ерекше жеңіл (ЕЖ), маркалары: 15,25,35,50,75, 100;
жеңіл (Ж)-маркалары: 125, 150, 175, 200, 250, 300;
ауыр (А)-400, 450, 500, 600 болып табылады.
Берілген шикізаттың түріне қарай  жылу  изоляциялық  материалдар  жіктеледі:
бейорганикалық (минералды және шыны  аралас  мақта,  кеуекті  бетон).  Бұлар
асбест, керамикалық және басқа материалдар негізінде болып келеді.
Органикалық  материалдарға  (ағашталшықты  және  ағашұнтақтарынан   жасалған
плиталар,  пластмассадан   жасалған   материалдар   т.б.)   жатады.   Аралас
материалдар бейорганикалық шикізаттардан тұрады (арболит, фибролит, т.б.).
Жылу изоляциялық материалдар пішіні және сыртқы түріне байланысты:
даналық  (плиталар,  блоктар,  кірпіш,  цилиндрлер,   жартылай   цилиндрлер,
сегменттер), орамалы (беттер,  тіліктер  (полосы),  маталар),  баулы  (баулы
жгуттар),
сусымалы және бос (минералды  мақта,  шыны,  перлит  пен  вермикулит)  болып
дайындалады.
Қаттылығына қарай (салыстырмалы қысу  деформация-сына  байланысты)  меншікті
күші 2 КПа жылу изоляциялық материалдар келесі топқа бөлінеді:
жұмсақ Ж (сығылым-дылығы (сжимаемость) 30%-тен астам),
жартылай қатты ЖҚ- 6-30%,
қатты Қ- 6%,
қаттылығы жоғары ҚЖ-10%-ке дейін (меншікті күші 4 кПа)
өте қатты- 10%-ке дейін (меншікті күші 10 КПа).
Пайдалану орнына  қарай  көдімгі  қалыпты  температуралық  жағдайда  болатын
конструкцияларды изоляциалау  үшін  құрылыс  жылу  изоляциялық  материалдар,
ыстық беттерді  изоляциалау  үшін  монтаждық  жылу  изоляциялық  материалдар
қолданылады.  Минералды  киіздер  (войлок)  беттер  немесе   рулонды   болып
минералды мақтадан жасалады.  Тығыздығы  100-150кг/м3,  ал  жылуеткізгіштігі
0,046...0,052 Вт/(м-°С). Мине-ралды киізден жасалған беттерді кірпіш,  бетон
және ағаш үйлердің қабырғалары  мен  жабындарын  жылыту  үшін  пайдаланылады
(сурет 7.1).
[pic]
Сурет 7.1. Минералды мақтадан жасалған жылуизоляциялық
материалдар. 1 - киіз; 2 -жартылай қатаң плита; 3 - қабықша;
4-тігілген маталар.Минералды маталар (маты) минералмақта негізінде  кілемнен
(ковер)  жасалады.  Оларды  бір-бірімен  битумдалған  кағазбен,  шыныматамен
немесе  металл  тормен  мықты  жіппен  немесе  сыммен  тігіледі.  Маталардың
үзындығы 500 см-ге, ал ені 150 см-ге дейін және қалыңдығы 10 см.  Тығыз-дығы
100-120 кг/м3,  ал  жылуөткізгіштігі  0,046.  ..0,058  Вт/(м-°С).  Маталарды
тұрғын  және  қоғам  ғимараттарының  қоршау  конструкцияларын  жылыту   үшін
қолданылады.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
        1.Жылу изоляциялық материалдар деп қандай материалдарды айтамыз?
        2.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдардың құрылымы және қандай
        касиеттері бар?
        3.Жылуизоляциялық материалдар мен бұйымдарының құрылыс саласында
        алатын орны қандай?
        4.Жылуизоляциялық материалдардар қалай жіктеледі?


      Дәріс №14.  Әрлеу материалдар.
      Дәрістің жоспары.
      1.  Әрлеу материалдар туралы жалпы түсінік.
      2.  Әрлеу материалдарының  жіктелуі  және  олардың  құрылыс  саласында
алатын орны қандай?
      3. Лактар, Пигменттер, толтырғыштар.


      Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары  және құрылыста  қолданылатын
әрлеу материалдарынсыз өткізуге болмайды.
Құрылыста қолданылатын әрлеу  материалдары  –  құрылыс  конструкциялары  мен
ғимараттарға біршама қасиеттер беруі  қажет. Олар :
 --  қоршаған орта жағдайларынан қорғау;
 --  архитектуралық шешімдер бойынша  әсемдеу қызметін атқару;
  -   кірлеу,  шаңдану,  ылғалдану  сияқты  ерекше  санитарлы  –  гигиеналық
шарттарды  тудыру;
 -   әрленуші  беттерді  әр  түрлі  механикалық;  химиялық   кемшіліктерден;
радиациядан, тозудан, коррозиядан, суықтың және ыстықтың әсерінен қорғау.
Бүгінгі таңда  әрлеу бұйымдарының  350 ден аса түрлері бар және  олардың   2
түрлі классификациясы бар:
    -  бастапқы негізі болатын  материалдардың техникалық классификациясы;
    - құрылыстың орындалу жері мен барысы бойынша  болатын  архитектуралы  –
      құрылымдық классификациясы.
Технологиялық классификациясы бойынша  әрлеу  материалдары  келесі  топтарға
бөлінеді:
    ■ бояу қоспалары;
    ■ табиғи және жасанды тастар;
    ■ керамика ;
    ■ шыны ;
    ■ металл ;
    ■ ағаш материалдары ;
    ■ полимерлер және  т/б.
Архитектуралық – құрылыстық  классификациясы бойынша  келесі топтарға
бөлінеді :
    - сыртқы  әрлеу ;
    - ішккі әрлеу жұмыстары :
    - еден жабындары ;
    - арнайы мақсаттарда ;
   Эксплуотациялық қасиеттерінің ішінде маңыздалары болып  ,  бөлмеде  жұмыс
істеуге, демалыуға қолайлы жағдайлар тудыратын  сан-  гигиеналық   талаптары
жатады. Сонымен  қатар  ,  белгіленген  нормаға  сай  отқа  төзімділік  және
радиациялық қасиеттері де жатады. Ең  маңыздысы , бұл әрлеу  материалдарының
жеңіл жуылуы, дизенфекциялануы, тазалануы болып  табылады.Бояу  материалдары
2 бірдей функцияны атқарады – ол  әреу  және  металлдан  ,  темірбетоннан  ,
ағаштан, кірпіштен,  және  т\б  материалдан  жасалған  бұйымдардың  беттерін
қорғау.
      Өзін-өзі тексеру сұрақтары
      1.Құрылыста қолданылатын әрлеу материалдарының қолдану жүйесі қалай?
      2.Әрлеу материалдары қалай жіктеледі және олардың  қандай  қасиеттерін
      білесіз?
      3.Толтырғыштар ретінде қандай заттарды қолдануға болады  және  олардың
      қандай ерекшеліктері бар?
      4.Арнайы ерітінділер деген не, оған қандай ерітінділер түрі жатады ?


Дәріс №15.       КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
      Дәрістің жоспары.
   1. Композициялық материалдар туралы  жалпы мағлұмат.
   2. Композициялық материалдарды өндіру процесстері .
   3. Әр түрлі композициялық материалдардың қолданысы.

      Композициялык,           құрастырмалық,           байланыстырмалык,
жалғастырмалык, тұтастырмалык жэне т.с.с. мағынадағы сотрозіііо -деген
латын сөзінен шықкан түсінік.Композициялык материалдарға кұрамдарында
жуанды-жіңішкелі органикалык немесе минералдык жіптер, талшықтар, түбіттер
-кылшықтар, маталар жэне т.б. толтырушылары бар органикалык немесе
минералдық байланыстырушылары негізінде жасалынатын өнімдер жатады.
Композициялық материалдарға мысал ретінде мыналарды келтіруге- болады:
барлык көміртектік, шынылык талшыктарымен, жіптерімен немесе солар
негізіндегі материалдармен арматураланған пластиктер; болат немесе бериллия
жіптерімен арматураланған алюминий бұйымдары. Құрама көлемдері мөлшерлерін
іріктей отырып, қажетті көрсеткіштегі мыктылығы, отқа беріктігі,
Серпінділік модулі, үйкеліске тұрактылығы бар композициялық материалдар мен
бұйымдарын жасап шығаруға болады, сондай-ақ, магнитикалық, диэлектрикалық,
дыбыссіңірткіш және т.б. арнаулы қасиеттері бар композицияны да алуға
болады.
Композициялык материалдар кұрамына кіретін жоғарыда аталған бастапқы
шикізаттардың дерлік барлығы өнеркәсіптік өндіріс шығындары. Бұларды
кұрылыстык өндіріс индустриясында түрлі материалдар мен бұйымдарын жасауға
пайдалану тиімді де және қоршаған ортаны техногендік өнімдерімен ластанудан
сақгауға ықпалын тигізіп, қоршаған орта экологиясын жаксартатыны күмән
тудырмайды.
Өндіріс калдықтарын пайдаға асыру бойынша көлемі мен технологиялығы жағынан
ең ұтымды шара, оларды силикаттық кұрылыстык материалдарын және бұйымдарын
жасау технологиясында пайдалану. Техногендік өнімдерді технологиялық өндеу
процесінде оларды залалды заттардан тазарту әдістерін қолдану аркылы
жасалынатын материалдар экологиялық нормаға сәйкестенеді. Осындай өндіріс
қалдықтары (техногендік өнімдері) негізінде жасалынатын силикаттык
материалдары сапаларының жоғарылығымен ерекшелінеді жэне соған сай
кұрылыста пайдалану сипаттамасы да айтарлықтай жаксы келеді. Дегенмен,
техногендік өнімдерді қолданарда ескеретін жағдайлар да жок емес. Біз
білетініміздей, олардың түрлері жетерліктей көп, табиғаты да эркалай,
қасиеттері мен қорлану көлемдері де тұрақты емес. Екінші  ресурс болып
саналатын өндіріс қалдыктарының осындай ерекшеліктерін ескере отырып,
оларды пайдаланудың принциптік амалдары методологиялык негізде
айкындалынған. Қазіргі кезде техногендік өнімдерді олардың құрылу процесін,
табиғатын, химиялык-минералогиялық құрамын ескере пайдаланып, тиісті
құрылыстық композициялық материалдар мен бұйымдарын индустриялық-
инновациялық технология бойынша жасау мүмкіншілігі қалыптасқан.
Әлемде бірқатар халық шаруашылық салаларында өнеркәсіптік өндірістерінің
дамулары газ тәрізді, сұйық және қатты қалдықтар сияқты екінші өнім
кұрылуымен жалғасады. Ең көбі қатты түрінде құрылатын қалдық. Қазақстан
Республикасында мұндай қатты қалдыктардың көлемі қазірдің өзінде 30 млн. т.
шамасына жетід
Бастапқы қолданатын байланыстырушы (минералдық, битумдық, синтетикалык)
түрлеріне жэне жасау технологиясына байланысты композициялық құрылыс
материалдары жэне бұйымдары бірнеше топқа жіктеледі.
 Цемент негізіндегі нығыздалынған композициялық материалдары
Байланыстырушы заттар ішіндегі ең бір қолайлысы құрылыс элемінде кеңінен
қолданылатын кәдімгі цемент. Оның басқа байланыстырушылардан бізге белгілі
пайдалы басымдылығы -химиялық жоғарғы активтігі, ылғалдылықта катаю
жағдайында жеделдете структура кұру мүмкіншілігі, мықтылығын үзіліссіз
асыру тұрақтылығы және одан жасалынған материалдар мен бұйымдардың
жетерліктей мэңгілігі. Осы жетістіктері оны шала құрғақтай престелінетін
композит араласына байланыстырушы ретінде қолдануды ұтымды етеді.
Жасалынатын материалдар қасиетіне кремнеземдік компоненті мен
байланыстырушы арақатынасының эсері зор. Сондықтан, ең алдымен,
композициялық араластағы компоненттер мөлшерін түрлі қатынаста зерттеп,
оптималдығын қабылдайды. цементтің дозалануына байланысты композиттің
мықтылығы қалыпталынғаннан кейін де жэне нормальдық жағдайда қатайғанынан
соң да, айтарлықтай өзгеріске ұшырайды  Шала құрғақтай пресстеумен тығыз
тас өндірердегі оның қалыпталынғаннан кейінгі мықтылығының орны бөлек.
Бұйымды нормальды шығарып алу үшін аталған мықтылығы, эдетте, 0,25-0,30 МПа
сәйкес келеді, ал бұл силикаттық тас өндірісінде ізбесті -кұмдық араластың
жұмсақтыгы арқасында жетіледі. Шала құрғақтай пресстеумен тығыз тас
өндірерде қолданылатын байланыстырушы материалдар кұрамында әк жоқ немесе
шамалы ғана болса, араластың жұмсақтығын қамтамасыз етумен қатар, шикілей
мықтылығын жоғарылататындай арнаулы қоспаны енгізу қажет болады. Мұндай
қоспалардың өкілі ретінде саздык жыныстарды да колдануы мүмкін. Олай
дейтініміз П.П.Будниковтың, В.М.Буттың, Б.П.Паримбетовтың еңбектерінде
композициялық араластан қалыпталынған шикіні автоклавтық жағдайда
өңдегенде, кұрамындағы саздық жыныс әкпен әрекеттесе кальций
гидросиликаттарын және гидроалюминаттарын құрап, силикаттық материалдардың
структурасы кұрылуы процесіне қатысатыны туралы деректер келтірілген.
Ағашты-полимерлік композиция негізіндегі плиталық бұйымдар
Ағаш-жаңқалы плиталар (АЖП) байланыстырушымен араласқан ағаштар жантағы
композициясынан ыстық пресстеу арқылы алады. Жасау тэсілі бойынша плиталар
жазықтай престелінген жэне экструзиондық болып жіктеледі. Жасау тэсілдеріне
сай олардың структурасы жағынан да айырмашылығы бар. Жазықтай престеу
плиталарын жасау үшін 140-150 С дейін қыздырылған темір плиталары болатын
көпсаңылаулы гидравликалық престі қолданады. Тығырыққа салынып, алдын-ала
нығыздалынған жаңқа массасын пресс саңылауларына мезгіл-мезгіл тиейді,
сосын олардан дайын бұйымдарды шығарып алып отырады. Мұндай тәсілді
периодтық деп атайды. Жазықтық престелінген плиталар бойлық жэне көлденең
жазықтық бағыттарында мықтылықтары біркелкі болады. Сондай-ақ, жаңқалары
бағытталынған плиталары да жасалынады. Мұндай плиталарда престеу жазықтығы
бойынша бойлау бағытындағы мықтылығы көлденең бағыттағысынан жоғары келеді.
      Экструзиялық плиталарын жасарда жаңқалық массасын кыздырылған темір
мундштук арқылы сығып, кейін одан шығатын жазық жолақты тиісті мөлшердегі
бөлшектерге кескілейді. Жаңқаларының көлденең бағытта орналасатыны
салдарынан экструзиялық плиталардың жазықтық бойымен мыктылығы төмендеу, ал
көлденең бағытта - біршама жоғары болып шығады. Көліктік және басқа күш
әсерінен омырылудан-сынудан сақтау максатында экструзиялық плиталарды
шпонмен қаптап қояды. Нэтижесінде плиталар мықтылығы 15-20 есе ұлғаяды.
Ағашты-жаңқалы плиталар конструкциясы бойынша бір кабатты, үш қабатты жэне
көп кабатты болып жіктеледі. Бір қабатты плиталарда ағаш ұнтақтары ірілігі
жэне олардағы байланыстырушы мөлшері бүкіл плиталар қалыңдығы бойынша
біркелкі болады. Үш қабатты плиталарда ішкі қабатына қарағанда сыртқы
қабаттарын майдалау ағаш ұнтақтарынан тұратын және байланыстырушысы
көбіректеу болатын аралас композициясынан жасайды. Көп қабатты плиталарда
ағаш түйіршіктерінің ірілігі сыртқы қабатынан ішкі қабатына қарай ұлғая
береді. Майдаланған ағаш түрі бойынша плиталар арнайы жасалынған жаңқадан,
  станоктық    үгітпеден    жасалынған    плиталар    болып жіктелінеді.
Ағашты-жаңқалық плиталардын тығыздығы 550--850 кг/м3 Олардың суға
тұрақтылығы құрамындағы байланыстырушы түріне және бастапкы ағаш жынысына
байланысты болады. Суға тұрақтылығы жоғарылау плиталарды гидрофобтық
заттарды қоса фенолформальдегидтік немесе мочевинномеламиноформальдегидтік
полимерлер негізінде жасайды. Суға орташа тұрақты плиталарды
мочевинноформальдегидтік смолаларды қолдана жасайды. Жалпы алғанда
плиталардың басым көпшілігін мочевиноформальдегидтік ұлығы аз смолаларды
қолдана жасайды. Құрылыс үшін фенолформальдегидтік смола колдана жасалатын
плиталар маңызы зор. Бұл плиталардың суға тұрақтылығы жоғары, атмосфералық
факторлар әсеріне, агрессивтік ортаға төзімді және оларды қалыптау үшін
қолдануға өте қолайлы. Өңдеу түрі бойынша плиталар тегістелінген,
тегістелінбеген ісінуі бойынша - нормалық және тұрақтылығы бәсеңдеу, бетін
әрлеу түрі бойынша - (пластмассалармен, пресс-ұлпаларымен жэне т.б.)
капталынған және қапталынбаған болып тағы жіктелінеді. Қапталынған плиталар
сыртынан шпон, қағаз, пластик кабаттарымен әрленген болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
   1. Композициялық материалдарды өндірудегі технологиялық процесстер  қалай
      жүреді?
   2. Композициялық материалдардың құрылыстағы қолданысы қандай?
   3. Композициялық материалдарды өндіруде қолданылатын шикізаттарға
      қойылатын қандай талаптарын білесіз?
   4. Композициялық  араластарды қалыптауда қандай ғалымдардың еңбектерін
      білесіз?



Зертханалық cабақтар

  Зертханалық сабақтың тақырыбы №1 Құрылыс материалдарының негізгі физика-
                           механикалық қасиеттері



      №1 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Жұмыстың мақсаты:
    Құрылыс материалдарының физикалық және механикалық қасиеттерін
    анықтау.  Нақты тығыздықты анықтау.
    Қажетті материалдар: кептірілген және шар диірменде не келіде ұсатылған
     кез келген құрылыс материалы.
    Қажетті аспаптар: пикнометр (Ле-Шателье Кандло колбасы)
    (1.1-сурет.), аналитикалық таразы, №008 елек (918 тесік/см2), 10x10  см
шыны.


      Барлық құрылыс материалдарының өзіне тән негізгі  қасиеттерін  мынадай
топтарға бөлуге болады.
        1. Физикалық қасиеттері, олар мыналарды сипаттайды:
    * хал-жайының параметрлері: нақты тығыздығы, орташа  тығыздығы,  үйілген
      тығыздығы, салыстырмалы тығыздығы кеуектігі;
    * материалдың суға қатынасы (гидрофизикалық): су
      сіңіруі, тамшы соруы, ылғал тартқышы, дымқылдығы, су
      өтпеушілігі, гидрофобтығы,  гидрофильдігі,  дымқылдық  деформациялары,
      аязға төзімдігі, суға төзімділігі;
    *  материалдың  жылуға  және  жоғары  температураларға  қатынасы   (жылу
      физикалық): жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, отқа беріктігі.
      2.Механикалық қасиеттері, материалдың сырқы күштер әсеріне қарсы тұру
қабілетін сипаттайды: серпінділікті, сынғыштықты,  беріктікті,  қаттылықты,
уатылуды, тозуды, релаксацияны сипаттайды.
       3.Химиялық  қасиеттері,  әр  түрлі  химиялық  орталар  әсер  еткенде
материалдың төзімділігін:  атмосфераға  тұрақтылықты,  тұзға  төзімділікті,
қышқылға төзімділікті, сілтіге төзімділігін сипаттайды.
      4.Ұзақ мерзімді, сенімділік-материалдардың пайдалану барысында өзінің
физика-механикалық  қасиеттерін   көрсететін   қабілеттілігін   сипаттайтын
қасиеттері.
      Материалдың барлық қасиеттері оның құрамымен және құрылымымен, әсіресе
кеуектің  көлемімен  және  түрімен  анықталады.  1-кестеде  кейбір  құрылыс
материалдарының негізгі қасиеттері келтірілген.
               Физикалық қасиеттері. Нақты тығыздықты анықтау
      Нақты тығыздық р — көлем дене тығыздығы анықталатын нүктеге жиналғанда
массаның көлемге қатынас  шегі  (яғни  олардағы  саңылаулар  мен  қуыстарды
есепке алмағанда).

                                                     1-кесте
                Құрылыс материалдарының негізгі көрсеткіштері


    |Материал    |Шын        |Орташа       |Кеуектегі, |Жылу       |Сығуға     |
|атауы       |мәніндегі  |тығыздығы,   |%          |өткізгіштік|беріктік   |
|            |тығыз-дығы,|г/см3        |           |коэф.,     |шегі, МПа  |
|            |г/см3      |             |           |Ватт/м град|           |
|1           |2          |3            |4          |5          |6          |
|Болат       |7,85       |7,85         |0          |58         |380-450    |
|Бетон(ауыр) |2,60       |2,20-2,50    |8-12       |1,28-1,55  |10-60      |
|Бетон(жеңіл)|2,60       |0,50-1,80    |50-80      |0,20-0,45  |15-30      |
|Гранит      |2,70       |2,67         |1,40       |2,80       |150-130    |
|Жанартау    |2,70       |1,40         |52,00      |0,50       |30,40      |
|туфы        |           |             |           |           |           |
|Кәдімгі     |2,65       |1,80         |32,00      |0,75       |7,5-30     |
|кірпіш      |           |             |           |           |           |
|Қуыс кірпіш |2,65       |1,30         |51,0       |0,50       |7,5-25     |
|Әйнек       |2,60       |26,00        |0          |0,80       |700        |
|Көбік әйнек |2,60       |0,30         |88,00      |0,11       |-          |
|Қарағай     |1,53       |0,50         |67,00      |0,17       |30-40      |
|(талшық     |           |             |           |           |           |
|бойы)       |           |             |           |           |           |
|Әйнек       |2,00       |2,00         |0          |0,50       |300-500    |
|пластикасы  |           |             |           |           |           |
|Көбік қабат |1,07       |0,20         |90,0       |0,03       |0,4        |

             [pic]

        1.1-сурет. Ле Шателье Кандло колбасы

    Пикнометр орта бөлігі кеңейтілген тар  ұзын  мойны  бар  әйнек  сауытты
білдіреді.  Кеңейтілген  бөлігінен  жоғары   және   төмен   қарай   белгілер
түсірілген, олардың аралығында көлем  белгіленген.  Пикнометрді  зерттелетін
материалға қатынасы  оқшау  төменгі  белгіге  дейін  сұйықтықпен  толтырады.
Әйнек тілігінде 100г ұсақталған,  кептірілген  материал  өлшенеді  және  оны
азғантай үлестермен байқап көріп сұйықтық деңгейі жоғарғы  белгіге  жеткенше
аспапқа салады. Зерттелетін материалдың қалғаны өлшенеді.
  Нақты тығыздықты 0.01 г/см3 дейін дәлдікпен орташа арифметикалық мағынасы
ретінде мына формула бойынша анықтайды
                                         [pic]
   мұндағы р - материалдың нақты тығыздығы, г/см3; кг/м3;
   m- сынаққа дейінгі материал массасы, г; кг;
   m1 - сынақтан кейінгі материал массасы, г; кг;
   Vа -  қысып  шығарылған  сұйықтың  көлеміне  тең  материалдың  абсолюттік
көлемі, см3; м3.
   Нақты тығыздықты екі рет  анықтаудың  нәтижелері  арасындағы  айырмашылық
0,02 г/см3 аспауы керек. Үлкен  айырмашылықтар  болған  жағдайларда  үшінші
анықтау жүргізіледі және екі ең жақын  мағыналарының  орташа  арифметикалық
мағынасы есептелінеді. Сынау нәтижелері 1.2-кестеге енгізіледі.

                           1.2-кесте
         Тығыздықты анықтау нәтижелері


         |Материал   |Ұнтақ        |Сынақтан кейін|Көлем         |Материалдың шын   |
|атауы      |өлшемдігі, г |қалған        |өлшегіштегі   |мәніндегі         |
|           |             |өлшемдік, г   |ұнтақ         |тығыздығы,г/см3   |
|           |             |              |массасы,г     |                  |
|1          |2            |3             |4             |5                 |



      1.Материалдың  физикалық  қасиеттері дегеніміз не?
      2. Материалдың  механикалық  қасиеттері дегеніміз не?
      3. Материалдың  химиялық  қасиеттері дегеніміз не?





       Зертханалық сабақтың тақырыбы №2 Құрылыс материалдарының орташа
                             тығыздығын анықтау



      №2 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}



       Жұмыстың мақсаты:
    Геометриялық пішіні дұрыс заттардың орташа тығыздығын анықтау
    Қажетті материалдар: құрылыс материалдарының: геометриялық пішіні
    дұрыс түрі.
    Қажетті аспаптар: штангенциркуль, сызғыш, көлем өлшеуіш немесе
     Архимед таразы, стандартты құйғыш, аналитикалық таразысы.


    Орташа тығыздық ро  дегеніміз -  бұл  табиғи  күйдегі  материал  көлемі
бірлігінің массасы
                                      [pic]
   мұндағы ро - орташа тығыздық, г/см3; кг/м3; т - материал массасы, г; кг;
    Vт - табиғи күйдегі көлем, см3, м3.
Құрылыс  материалдарыньң  көпшілігінде  саңылаулар  болады.  Олар   материал
көлемі бірлігіне неғұрлым көп болса, соғұрлым оның  орташа  тығыздығы  кіші,
материалдың орташа тығыздығына бірқатар оның  физика-механикалық  қасиеттері
байланысты болады, мысалы: беріктігі, жылу өткізгіштігі. Орташа  тығыздықтың
мағынасы  құрылыс  құрылымдарының  кеуектілігін,  массасын  және  өлшемдерін
анықтау үшін қолданылады.  Орташа  тығыздылығын  анықтағанда  материалдардың
әрі дұрыс, әрі дұрыс емес геометриялық пішінін пайдалануға болады.
    Орташа тығыздықты геометриялық пішіні дұрыс нұсқалар бойынша анықтау
      Текше пішіні бар нұсқа алынады  және  1-суретте  көрсетілгендей  әрбір
қыры үш жерден  өлшенеді.  әр  қырдың  соңғы  өлшеміне  үш  өлшемнің  орташа
арифметикалық  мағынасы  қабылданады.  Өлшеуді   0,1мм   дейінгі   дәлдікпен
жүргізеді.
       Цилиндр   пішінді   нұсқаның   көлемі   екі   өзара   перпендикулярлы
диаметрлерді өлшеу  арқылы  жүргізіледі.  Бұдан  басқа  цилиндр  биіктігінің
ортасы бойынша диаметрлердің шамасын өлшеу керек. Нұсқа  биіктігі  2-суретте
көрсетілгендей шеңбермен диаметрлердің қиылысу нүктелерінде өлшенеді.
      Көлемді анықтаған соң, егер нұсқа салмағы 100 г артық  болса,  0,01  г
дейінгі дәлдікпен таразыда нұсқа  массасы  анықталады.  Егер  нұсқа  массасы
100г аз болса, 0,001г дейінгі дәлдікпен анықталады.
                   [pic]
                   1-сурет. Дұрыс текше пішінді нұсқаны өлшеу
Нұсқаның орташа тығыздығы былай анықталады
                                    [pic]
мұндағы [pic]-заттың орташа тығыздығы, г/см3; кг/м3;
                [pic]- нұсқа массасы, г; кг;
                [pic]-нұсқа көлемі, см3; м3.
                                     [pic]
                  2-сурет. Цилиндрлік пішінді нұсқаны өлшеу
Цилиндр пішінді нұсқаның көлемі
                                    [pic]
Сынау нәтижелері 1-кестеге енгізіледі.
Орташа тығыздықты анықтау нәтижелері                      1-кесте

|Материал  |Нұсқа  |Нұсқа өлшемдері, |Нұсқа    |Нұсқа    |Орташа      |
|атауы     |пішіні |см               |көлемі,  |массасы, |тығыздығы   |
|          |       |                 |см3      |г        |            |
|     |                           |ені      |Диа-       |
|     |                           |         |метрі      |
|                   |құрғақ күйінде  |ауада парафин-делген         |
|                   |және            |нұсқа, г                     |
|                   |ауада, г        |                             |
|                   |                |1       |2       |3          |
|1                  |2               |3       |4       |5          |
|Ұзындығы 250 мм    |±5              |        |        |           |
|Ені   125мм        |±4              |        |        |           |
|Қалыңдығы 65мм     |±3              |        |        |           |
|Қырлары мен қабырға|                |        |        |           |
|ларының түзу       |                |        |        |           |
|сызықты болмауы,   |                |        |        |           |
|артық емес,мм      |±3              |        |        |           |
|төсемі бойынша     |±3              |        |        |           |
|бүйірі бойынша     |±4              |        |        |           |
|Бұрыштардың        |           2    |        |        |           |
|(қырлардың)        |                |        |        |           |
|сынулары 10-15 мм, |                |        |        |           |
|дана               |                |        |        |           |
|Қуыстарға жетпейтін|                |        |        |           |
|қырлардың сынулары |                |        |        |           |
|мен                |2               |        |        |           |
|жапырылулары,тереңд|                |        |        |           |
|ігі 5 мм астам,    |                |        |        |           |
|10-нан 15 мм дейін,|                |        |        |           |
|дана               |                |        |        |           |
|Толық денелі       |                |        |        |           |
|кірпіштің төсемі   |                |        |        |           |
|бойынша ұзындығы 30|                |        |        |           |
|мм дейін, қуыс     |                |        |        |           |
|денелі бұйымдарға  |1               |        |        |           |
|қуыстардың бірінші |1               |        |        |           |
|қатарына дейін     |                |        |        |           |
|артық емес, дана   |                |        |        |           |
|бүйір қырларында   |                |        |        |           |
|үшкір қырларында   |                |        |        |           |
|Күйдіру дәрежесі   |эталон          |        |        |           |
|Әк қосылыстарының  |             3  |        |        |           |
|ең үлкен өлшемі    |                |        |        |           |
|бойынша 5-тен 10 мм|                |        |        |           |
|дейін болуына      |                |        |        |           |
|рұқсат етілмейді,  |                |        |        |           |
|дана               |                |        |        |           |



      №4 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}


    1.Сырт көзбен байқап қыш кірпіштердің сапасын қалай анықтайсыз?
    2.Кірпіш сапасына қойылатын негізгі талаптары қандай?
    3.Әк қосылыстарының болуын анықтау үшін қандай амалдар жасайсыз?




    Зертханалық сабақтың тақырыбы №5 Құрылыс гипсі. Гипс қамырының ұстасу
                             мерзімдерін анықтау


        №5 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Сынаулар МСТ 23785-79 сәйкес жүргізіледі.
       Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау
      Ұстасу басы  - гипс қамырының қатаю  кезеңінен  бастап  Вик  аспабының
инесі әйнек пластинкасына 0,5 мм жетпейтін кезеңге дейінгі уақыт.
      Ұстасу соңы сумен  гипсті  қатайтатын  кезеңнен  Вик  аспабының  инесі
қамырдан 1 мм аспайтын мөлшерде түсетін кезеңге дейінгі уақыт (2-сурет).
                                    [pic]
                             2-сурет. Вик аспабы
     1-цилиндрлі металл шыбық; 2-табан құрсауы; 3-тоқтатқыш құрылғы; 4-
                    көрсеткіш; 5-шәкілі; 6-келсап; 7-ине
      Көрсеткіш тілі бар Вик аспабының жылжымалы металл шыбығы 0-ден  40  мм
дейін бөліктері бар шәкілі маңында тік бағытта қозғалады.  Шыбықтың  төменгі
бөлігінде диаметрі 1 мм және ұзындығы 50 мм болат ине бекітілген. Шыбық  пен
иненің 300 грамм. 2-кесте.
                               Ұстасу мерзімі
|Байланыстырғыштар       |Ұстасу мерзімдері, мин                           |
|түрлері                 |                                                 |
|                        |Басы, ертерек емес      |Соңы, кешірек емес      |
|1                       |2                       |3                       |
|Тез қатаятын,           |2                       |15                      |
|А                       |6                       |30                      |
|Әдеттегі қатаятын,     Б|20                      |мөлшерленбейді          |
|Баяу қатаятын,          |                        |                        |
|В                       |                        |                        |

      Сынақ  алдында  көрсеткіш  тілдің  қалпы  тексеріледі,  ол  ине  аспап
сақинасының астындағы пластина  бетіне жанасатын мезгілде  шәкілінің  нөлдік
бөлігімен беттесу керек. Ұстасу мерзімдерін анықтау үшін әдеттегі қою  қамыр
пайдаланылады, ол  аспап  сақинасына  құйылады.  Артығы  пышақпен  кесіледі.
Сақина қамырмен бірге аспап инесінің астына орналастырылады.  Ине  ұшы  гипс
қамырының  бетімен  беттестіріледі.  Шыбықтың  бұрандасын  түсіргенде  шыбық
инесі емін-еркін қамырға батырылады. Инені батыру әрбір 30  секундтан  кейін
жаңа  жерге  қайталанылады.  әрбір  батырған  сайын  ине   сүзгіш   қағазбен
сүртіледі.
      Тостаған мен күрекшені сулауға су шығынын  азайту  үшін  оларды  жұмыс
алдында дымдау керек.
      Нәтижелер мына түрде жазылады:
      Ұстасу басы ..................мин.
      Ұстасу соңы ..................мин.


      №5 сабақта орындайтын тапсырмалар
    {Тапсырмалар  немесе  тестілік  сұрақтар(керек  жағдайларда   вариантты
таңдау кілтін көрсету керек)}


        1. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін қалай анықтауға болады?
        2. Гипс қамырының ұстасу мерзімдерін анықтау үшін қандай аспап
           қолдынылады?

      Зертханалық сабақтың тақырыбы №6 Портландцемент.  Цемент маркасын
                                   анықтау


      №6 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}



   Портландцемент - гипс қосылған  (3-5%)  майда  ұсатылған  клинкер  өнімі.
Клинкер карбонатты жыныстардан (75-78% әр түрлі типті әк  тастарынан)  және
балшықты  шикізаттан  (22-25%-  балшық,  шлактар,  мергельдерден)   тұратын
шикізат  қоспасын  t  =  1450°С  температурада  бірігуге  дейін  күйдірумен
өндіріледі. Берілген қасиеттері бар портландцемент бірнеше жолмен алынады:
* цемент клинкерінің минералогия құрамы мен құрылымын реттеумен;
* цементтің тарту майдалығын және қосымшалар
енгізіп, түйірлік құрамын реттеумен.
    Қазіргі уақытта портландцементтің мынадай түрлері қолданылады:
* тез қататын;
* гидрофобты;
* қатпарланған;
* сульфатқа төзімді;
* пуцоланды;
* шлакты портландцемент.
  Портландцемент 300,400, 500, 550,600 маркалармен шығарылды
    Цемент маркасын анықтау
  Цемент маркасы массасына қарай 1:3 созымды цемент  құрамынан  дайындалған
өлшемі 40x40x160 мм арқалық-нұсқаларды иілуге және сығуға  беріктік  шегінің
көрсетулері бойынша айқындалады.
  Аспаптар: сілкілеу үстелі (1-сурет), конус-қалып, сфералық аяқ, қырғыш,
   40x40x160 мм металл қалыптар (2-сурет), МИИ-100 машинасы,  гидравликалық
пресс.
  Материалдар: портландцемент, вольск құмы.
   Цемент өндірісінің созымды консистенциясын анықтау үшін:
  1500 г құм және 500 г цемент өлшенеді, сфералық аяққа  салады, содан  соң
 1 мин бойы цемент пен құм  күрекшемен  араластырылады,  содан-соң  оған  су
 құйылып, қоспа тағы 5 мин бойы араластырылады.
                                    [pic]

1-сурет. Сілкілеу үстелг және конус-қалып
1 - жұдырықша; 2 - диск; 3  -  шток;  4  -  табан;  5  –  ортаға  келтіретін
құрылғысы бар конус-қалып

      [pic]

      2-сурет. Арқалық-нұсқаларды дайындауға арналған қалып

  Араластыру  аяқталған  соң  сілкілеу  үстелін  шыны  дискісінің  ортасына
орнатылған  конус-қалыпты  тең  қалыңдықтағы  қабаттармен  екі   қабылдауда
толтырады. Сынау жүргізу алдында конустың ішкі бетін және стел дискін аздап
сулау керек. Ерітінді металл найзалаумен тығыздалады: астыңғы қабаты -  15,
үстіңгі - 10 найзалаумен. Ерітінді нығыздалған соң конус ақырын тік бағытта
алынады, осыдан кейін конус 106-110 мм шегінде жайылу үшін үстелде  30  рет
сілкіленеді.
  Алынған  6  жарты  престе  қиратылады.  Аралықтардың  жартыларын  2  болат
пластинкалар аралығына орналастырады.
  Сығуға беріктік шегі 6 нұсқалар сынауының ең  үлкен  төрт,  нәтижелерінің
орташа арифметикалық мағынасы  ретінде  есептеледі.  Сығуға  беріктік  шегі
келесі формула бойынша анықталады

         [pic]

мұндағы Р - қиратушы жүктеме, кгк;

F- нұсқа ауданы = 25 см2.

  Нәтижелер 2-кестеге енгізіледі

  2-кесте Беріктікті анықтау нәтижелері
|№              |Иіліске  |Нұсқа                                  |
|               |беріктік,|ауданы,                                |
|               |кгк/см2  |см2                                    |
|               |         |Иіліс жасында,   |сығу жасында, тәулік  |
|               |         |тәулік           |                      |
|               |         |3      |28       |3         |28         |
|ПЦ-Д0          |300      |-      |4,4(45)  |-         |29,4(300)  |
|ПЦ-Д5          |         |       |         |          |           |
|ПЦ-Д20         |400      |-      |5,4(55)  |-         |39,2 (400) |
|ЩПЦ            |         |       |         |          |           |
|               |500 550  |-      |5,9(60)  |-         |49,0(500)  |
|               |600      |-      |6,1(62)  |-         |53,9(550)  |
|               |         |-      |6,4 (65) |-         |58,8(600)  |
|ПЦ-Д20-Б       |400      |3,9    |5,4(55)  |24,5(250) |39,2(400)  |
|               |         |(40)   |         |          |           |
|               |500      |4,4    |5,9 (60) |27,5 (280)|49,0 (500) |
|               |         |(45)   |         |          |           |
|ШПЦ-Б          |400      |3,4    |5,4(55)  |21,5(220) |39,2 (400) |
|               |         |(35)   |         |          |           |




      №6 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}


        1. Цемент маркасын анықтау жолдары қандай?
        2. Портландцементке қойылатын қандай талаптар  бар?
        3. Құрылыста портландцементтің қандай  түрлері  кеңінен  қолданылады
           және олардың негізгі қасиеттері қандай?






      Зертханалық сабақтың тақырыбы №7 Бетон қоспасының жылжымалылығын
                                   анықтау



      №7 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Бетон қоспасының негізгі қасиеттерінің бірі - жайылу қабілеттілігі.
       Жайылу қабілеттілігі - бетон лайының бетондалатын бұйымының формасына
толуы және және ауырлық күші немесе сыртқы механикалық әсерлерден  нығыздалу
қабілеті.  Бетон  лайының  бұл   қасиеті   жылжымалылық   қабілетімен   және
қатаңдығымен бағаланады.
      Бетон лайының жылжымалылығы стандарт конустың көмегімен анықталады.
[pic]
1-сурет.
Бетон қоспасының шөгуін анықтау:
1 - шөккен бетон қоспасы; 2 -сызғыш; 3 - металл сызғыш; 4 - конус-қалып.
      Стандартты конус - биіктігі 300 мм, жоғарғы  кернеуінің  диаметрі  100
және төменгісі - 200 мм конус түрінде металдан жасалған  қалып.  Тәжірибенің
басында қалыпты ішкі жағынан сумен ылғалдап сүртіп алады,  сонан  соң  ылғал
өткізбейтін қабаттың үстіне  қояды  (линолеум  немесе  қаңылтырдың  үстіне).
Бетон лайы қалыптың жоғарғы жағынан тең үш қабат түрінде салынып,  әр  қабат
25 рет нығыздалады.
      Конустың  шөгуінің  мәні   бетон   қоспасының   жылжығыштық   қасиетін
сипаттайды. Жылжығыштық қасиетіне қарай бетон қоспасы қатаң және  өте  катаң
бетон (КШ = 0 см), аз жылжитын(КШ =1-3  см), жылжитын (КШ -  4-15  см)  және
құйылатын (КШ - 15 см) болып бөлінеді.


      №7 сабақта орындайтын тапсырмалар
    {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
таңдау кілтін көрсету керек


     1. Бетон лайының жылжымалылығын қалай анықтайсыз?
     2. Жайылу қабілеттілігі дегеніміз не және оның көрсеткіштері қандай?
     3. Бетон қоспасының тағы да қандай негізгі  қасиеттерін білесіз?



      Зертханалық сабақтың тақырыбы №8 Құрылыстық ауа әгі. Әктің
температурасын және сөндіру уақытын,  әктегі сөндірілмеген түйірлердің
мөлшерін анықтау
№8 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


    Ауа әгі кальций-магний жыныстарын: борды, әк тасты,  доломитталған  және
мергель әк тастарын, доломиттерді күйдіру арқылы өндіріледі.
  Майда тартылған ауа әгі сөндірілмеген әкті  сумен  сөндіру  немесе  тарту
арқылы шығарылады. Егер әкте 5% магний оксиді болса, онда ол кальцийлі  (аз
магнезиалды), 5-тен 25% магний  оксиді  болса,  жоғары  магнезиалды  немесе
доломитті әк болады.


Әктің температурасын жене сөндіру уақытын анықтау

  Әк пен су араласқанда кальций оксидінің гидратациясы мына реакция бойынша
болады:
      Сынау нәтижелері 1-кестеге жазылады.
|Су құю кезеңінен басталған     |Су құю кезеңінен басталған қоспа|
|уақыт                          |температурасы                   |
|1                              |2                               |


          Ауа әгіне қойылатын талаптар
|                    |Массасы бойынша әк  үшін мөлшері, %                      |
|                    |                                                         |
|                    |                                                         |
|Көрсеткіш           |                                                         |
|атауы               |                                                         |
|                    |сөндірілмеген                   |гидратты               |
|                    |кальцийлі   |магнезиалды және   |                       |
|                    |            |доломитті          |                       |
|                    |сорты                                                    |
|                        |1                                |
|Ұстасу басы, сағ.- мин  |                                 |
|Ұстасу соңы, сағ.- мин  |                                 |


  1-кесте Цемент қамырының суға қажеттілігін анықтау нәтижелері
|Көрсеткіштер атауы          |Сынақтар                     |
|                            |1      |2     |3      |4     |
|Су мөлшері, г               |       |      |       |      |
|Су мөлшері, %               |       |      |       |      |
|Келсап түпке дейін жетпейді,|       |      |       |      |
|мм                          |       |      |       |      |
|Су қажеттілігі, %           |       |      |       |      |


      №9 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}


     1. Цементтің ұстасу мерзімдерін қалай анықтайсыз?
     2. Цемент көлемінің өзгеру біркелкілігін қалай анықтайсыз?

     3. Цемент қамырының су қажеттілігін анықтау үшін не қажет?

     4. Цемент қамырын қандай аспап көмегімен анықталады?




    Зертханалық сабақтың тақырыбы №10 Құмның түйіршік құрамын және ірілік
                               модулін анықтау




      №10 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}



      Жұмыстың мақсаты: Құмның түйіршік құрамын және ірілік модулін анықтау.
      Қажетті аспаптар: техникалық таразы, електер жиынтығы және диаметрлері
10; 5 және 2,5 мм дөңгелек тесіктері бар електер, кептіргіш шкаф.
      Қажетті материалдар: құм.
      Түйіршік құрамы електердің стандартты  жиынтығына  құмды  елеу  арқылы
анықталады.
      Массасы  2000  г  кем  емес  құмның  аналитикалық  сынамасын   тұрақты
массасына  дейін  кептіреді.  Тұрақты  массасына   дейін   кептірілген   құм
сынамасын диаметрлері  10  және  5  мм  дөңгелек  тесіктері  бар  електерден
өткізеді.
      Електердегі қалдықтарды өлшейді және құмдағы түйірлер өлшемі 5-тен  10
мм дейін ҚТ5  және  10  мм  артық  ҚТ10  қиыршықтас  қосындыларының  мөлшері
массасы  бойынша пайызбен мына формулалар бойынша есептеледі:
                                    [pic]
мұндағы М10 - диаметрі 10 мм дөңгелек тесіктері бар електегі қалдық, г;
М5 - диаметрі 5 мм, дөңгелек тесіктері бар електегі қалдық, г;
М - сынама массасы, г.
      Диаметрі 5 мм тесіктері бар електен өткен  құм  сынамасының  бөлімінен
құмның түйір құрамын анықтау үшін массасы 1000 г кем  емес  өлшемдік  таңдап
алынады.

      №10 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}


   1. Бетондағы байланыстырғыштар шығынына құмның түйіршік  құрамының  әсері
      қандай?
   2. Ірілік модульді қалай анықтаймыз?
   3. Бетондағы байланыстырғышқа құмның піщіндік құрамының  әсері қандай?


  Зертханалық сабақтың тақырыбы №11 Бетон қоспасының қатаңдық қасиетін және
                          орташа тығыздығын анықтау


       №11 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Қатаңдық бетон қоспалары конусының шөгуі КШ = 0 см-ге тең немесе жақын
болған   жағдайда   ғана   анықталады.   Бетон   қоспасындағы   толтырғыштар
түйіршіктерінің ірілігі 700 мм-ге тең болған жағдайда анықтаудың жеңіл  түрі
қолданылады.
      Өлшемі 200x200x200 мм-ге тең, металдан жасалған  куб  түріндегі  қалып
тербеліс  столының  үстіне  қатайтып  қойылады.  Қалыптың  ішіне  стандартты
конусты  орналастырып,  ішін  бетон  лайымен  толтырады   (толтыру   тәртібі
жоғарыда келтірілген). Сонан  соң  қалыпты  жаймен  көтеріп  алып,  тербеліс
столын және секундомерді бір уақытта  қосу  керек.  Бетон  қоспасы  қалыптың
ішіне толық жайылып болған  уақытта  тербеліс  столымен  бірге  секундомерді
тоқтатады. Қалыптағы бетон қоспасының тегіс жайылуына кеткен уақыттың  (сек)
1,5 коэффициентіне  көбейтіндісі  бетон  қоспасының  қатаңдығын  сипаттайды.
Бетон қоспасы қатаңдығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді.
1.   Аса қатаң - 200 сек;
2.   Қатаң бетон - 30-200 сек;
3.   Аса қатаң - 15-25 сек;
Бетон қоспасының орташа тығыздығын анықтау:
Орташа тығыздықты анықтау үшін металдан  жасалған,  көлемі  5-15  л  болатын
цилиндр алынады  (толтырғыш  түйіршіктерінің  ірілігі  40-70  мм  болғанда).
Тәжірибенің  басында  бос  цилиндрді  өлшеп  алып,  ішін  бетон   қоспасымен
толтырады. Сонан соң тербеліс столының үстіне қойып, нығыздайды.  Нығыздалып
болғаннан кейін бетон қоспасының артығын цилиндрдің  жиегімен  бірдей  етіп,
сызғышпен кесіп  алып  тастайды.  Цилиндрді  бетон  қоспасымен  бірге  өлшеп
алады. Бетон қоспасының  орташа  тығыздығы  -  цилиндрдің  бетон  қоспасымен
бірге  салмағынан  цилиндрдің  бос  күйіндегі  салмағын  алып   тастағандағы
көрсеткішті цилиндрдің көлеміне бөлу арқылы табылады. Өлшем бірлігі  кг/м  ,
г/см3.
Бетонның маркасын анықтау:
      Бетонның сапасын сипаттайтын маңызды қасиеттерінің бірі -оның маркасы.
Бетонның маркасы 28 тәулік бойы қалыпты жағдайда тұрған, өлшемі 15x15x15  см
үлгілерді сығылуға беріктік шегіне сынау арқылы анықталады. Куб  үлгілерінің
өлшемдері толықтырғыштардың ірілігіне байланысты 1-кестеге сәйкес алынады.
1-кесте Сынақ нәтижелерінің мәндері
[pic]
      . Қалып бетон үлгісімен бірге 16±2°С температурада 1 тәулік сақталады.
Сонан соң үлгі қалыптан алынып, камера ішінде 20±2°С температурада,  90%-дан
кем болмайтын салыстырмалы  ылғалдылықта,  сынаққа  дейін  сақталады.  Сынау
алдында үлгіні камерадан алып, сүртіп, өлшеу  арқылы  көлденең  кесіндісінің
ауданын табады. Үлгіні  сығылуға  сынау  гидравликалық  престе  жүргізіледі.
Күштің үлгіге берілу жылдамдығы 0,2-1 МПа болуы қажет.
      Сығылуға беріктік шегі (МПа) [pic]формуласымен есептеледі.
      №11 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}
    1. Бетон қоспасының қатаңдық қасиетін қалай анықтайсыз?
    2. Бетон қоспасының  орташа тығыздығын қалай анықтайсыз?
    3. Бетон қоспасы қатаңдығына қарай қалай жіктеледі?
    4. Бетон қоспасы дегеніміз не?




Зертханалық сабақтың тақырыбы №12 Ағаш құрылыс материалдары. Ағаштың физика-
                       механикалық қасиеттерін анықтау


№12 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}
      Құрылыста ағаштың кең  қолданылуы  оның  бірқатар  жақсы  қасиеттеріне
байланысты:  құрылымдық  қасиетінің  жоғары  коэффицменті   (төмен,   орташа
тығыздығы, жоғарғы беріктігі), аз жылу өткізгіштігі, өңдеу жеңілдігі,  аязға
аса  төзімділігі,  химиялық  тұрақтылығы.   Ағашта   кемшіліктер   де   бар:
құрылымының анизотропиялығы, ылғал тартқыштығы, төмен  биотұрақтылығы,  отқа
төзімділігінің нашарлығы, ақаулар болуы.
      Ағаш құрылыста жүк көтеретін  құралымдар  (арқалықтар,  тіреулер  және
т.б.)  дайында,  ағаш  бұйымдарын  (терезе   жақтаулары,   есік   тақталары,
маңдайшалар, кенерелер және  т.б.)  өндіру,  дайын  индустриалды  құралымдар
(жеңіл арқалықтар, фермалар) дайындау, синтездік  материалдар  (ағаш-қабатты
пластиктер, ағаш-талшықты, ағаш-жоңқалы, тақталар  және  т.б.)  өндіру  үшін
пайдаланылады.
      Терең өңделгенде шикізат шығуын ұлғайту, қабығын қоса барлық  қалдықты
өңдеу есебінен ағашты барынша толық пайдалану мақсатына қол жетеді.
      Синтездік шатырлар, полимерлер, минералды байланыстырғыштарды  қолдану
ағаш қалдықтарынан қасиеттері бойынша бастапқы  шартқа  сәйкес  ағаштан  кем
түспейтінматериал алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп,  қымбат  тұратын  кесілген
материалдарды үнемдеуге және ормандар қорын сақтауға қол жеткізуге болады.
      Ағаш құрылымы үш кесіндіні зерттеу  арқылы  анықталады:  олар-көлденең
тарамдалған және тангелталды (1-сурет).  Ағаш  тұқымы,  оның  жасы  көлденең
кесіндісін қарағанда айқындалады (2-сурет). Кеш ағаштың тым тығыз және  ерте
ағаштың борпылдақ қабаттарынан тұратын көлденең кіндіктес  шеңберлер  жылдық
будақтар (қабаттар) деп аталады.
      Материалдар сапасы бірнеше физика-механикалық сынаулармен және  ағашта
ақаулар болуымен анықталады.
            Ағаштың физикалық қасиеттерін анықтау
            Орташа тығыздығын анықтау
      Аспаптар:штангенциркуль, техникалық таразы, салмағы әр түрлі гірлер.
      Материалдар: өлщемі 20×20×30мм ағаш нұсқасы
       Нұсқаның   өлшемдері   0,01см   дейін   дәлдікпен   штангенциркульмен
анықталады.  Нұсқа  массасы  0,01г  дейін  дәлдікпен   техникалық   таразыда
анықталады.
      Алынған нәтижелер 1-кестеге жазылады.

                                         1-кесте
                          Орташа тығыздығын анықтау
|Атаулары                |Мағыналары           |Қажетті есептер        |
|Нұсқа өлшемдері, см     |                     |                       |
|Нұсқа массасы, г        |                     |                       |
|Орташа тығыздық, г/см3  |                     |                       |



                             Ылғалдықты анықтау
|Шамалар атауы       |мағыналар              |Қажетті есептер    |
|Кептіргенге дейінгі |                       |                   |
|нұсқа массасы, г    |                       |                   |
|Кептіргеннен кейінгі|                       |                   |
|нұсқа массасы, г    |                       |                   |
|Ылғалдылық, %       |                       |                   |


      №12 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}
   1. Ағаш ылғалдылығы қандай формуламен анықталады?
   2. Ағаштың тығыздығы мен беріктігін анықтау қандай мөлшерлік ылғалдықтағы
      стандартты сынауларда жүргізілу керек?
   3. Ағаш сығуға және созуға қай бағытта үлкен беріктікпен сипатталады?
    Жүктеме әсерінің қандай бағытында ағаш иіліске неғұрлым икемді келеді


   Зертханалық сабақтың тақырыбы №13 Битумның жұмсару температурасын, бату
                             тереңдігін анықтау




      №13 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Жұмыстың мақсаты: Битумның  жұмсару  температурасын,  бату  тереңдігін
анықтау.
      Қажетті материалдар: битум.
      Қажетті аспаптар: «сақина-шар» құралы,  термометр,  темір  ыдыс,  шыны
пластинка.
      Битумның  жұмсару  температурасын  анықтаудағы   көптеген   әдістердің
ішіндегі ең ұтымдысы «сақина-шар» әдісі.
«Сақина-шар» құралы 1-суретте көрсетілген.
                                    [pic]
1-сурет. «Сақина-шар» құралы:
1 - шар; 2 – битум; 3 - сақина; 4 - сақинадан аққан битум; 5 - термометр;  6
- спиртовка.
     Жез сақиналары алдын ала 120°С-ге дейін қыздырылған сұйық битуммен
     толтырылады. Сақина битуммен толтырылмас бұрын ішкі қабырғалары 1:3
    қатынасында алынған тальк пен глицериннің коспасымен майлануы керек.

      Тұтқырлықты анықтау үшін  битумды  құм  немесе  су  моншасында  немесе
кептіргіш шкафта ерітеді. Сонан соң битумды темір ыдысқа  құйып,  1  сағатқа
18-20°С температурада қалдырады. Мұнан соң ыдысты  битумымен  бірге  25°С-ге
дейін қыздырылған су  моншасына  сынаққа  дейін  қояды.  Су  битумның  беткі
қабатынан 25 мм жоғары болуы қажет. Су моншасындағы  температура  бірқалыпты
болуы керек. 1 сағаттан  кейін  темір  ыдысты  битумымен  бірге  пенетрометр
столының үстіне қойып сынақты жүргізеді.
                                    [pic]
                            2-сурет. Пенетрометр:
     1 - штатив; 2 - шкала; 3 - бекітетін құрал; 4 - айна; 5 - ине; 6 -
            сыналатын битум; 7 - суы бар ыдыс; 8 - айналмалы стол



      1-кесте Иненің бату тереңдігіне сәйкес алшақтықтың мәндері
[pic]


      №13 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}
    1. Битумның жұмсару температурасын, бату тереңдігін қалай  анықтайсыз?
    2. Битумның тұтқырлығын  қалай анықтайсыз?
    3. Тұтқырлықты қандай аспаптың көмегімен анықтайсыз?


      Зертханалық сабақтың тақырыбы №14 Жасанды мәрмәр дайындау технологиясы
және оның сапасын бағалау


      №14 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Жасанды мәрмәр азаматтық және қоғамдық ғимараттардың ішкі  қабырғасын,
бағана тіреуіштерін өндеу, әдемілеу үшін  қолданылады.  Мәрмәрдың  екі  түрі
бар: оселкалық (оселковый) және тегістелген (утюжный).
      Оселкалык мәрмәр  -  гипстен,  портландцементтен,  магнезиалды  тұтқыр
заттардан, ал тегістелген мәрмәр - сөндірілген әктің ұнтағынан  дайындалады.
Кең қолданылатыны - оселкалық, себебі дайындау технологиясы күрделі емес.


      Жұмыстың мақсаты:
       Жасанды гипс мәрмәрын дайындау және қасиеттерін анықтау.
      Жұмыстың жүргізілу тәртібі және қажетті материалдар:
      Жартылай сулы  гипс,  пигмент  (голланд  күйесі,  ультрамарин,  берлин
көгілдірі,  жоса,  мумия,  умбра,  хром  оксиді,  темір  жосасы  т.б),  ағаш
шеберлігінің плиткалық желімі.
      Гипсті алдын-ала 1 см2 №918 тор көзі бар елеуіш, ал  пигментті  1  см"
№3600 тор козі бар елеуіш арқылы өткізеді.
      Гипс массаларын 5.25-кестеге сәйкес дайындайды.
      Түсті гипс қоспасын алу үшін гипсті пигментпен  бірге  шарлы  уатқышта
үнтақтап, №918 елеуіштен  өткізеді.  Қоспаның  жасанды  мәрмәрдің  10x10  см
өлшемді үлгісін дайындауға кететін шығыны 100 - 110  г.  Желімнің  шығыны  -
4%,  ал  желім  ерітіндісінің  шығыны  60-70%  (қоспаның   массасына   шағып
есептегенде).
      Қүрғақ гипсті  шынының  немесе  темір  беттің  үстіне  қойылған,  ішкі
өлшемдері 100x100 см ағаш қалыпқа жұқа қабат  етіп  төгеді.  Ағаш  таяқшамен
ортасынан қажетті түске,  өрнекке  байланысты  тереңдік  жасап,  түсті  гипс
қоспасын  салады.  Түсті  гипстің   үстін   кәдімгі    гипспен    толтырады.
Қоспаны   тегістеп,  қолмен  нығыздайды.  Сонан  соң  қаппен  жауып,   желім
ерітіндісімен толық  қаныққанша  және  қоспаньщ  бетіне  су  пайда  болғанша
ұстайды. Артық суды төгіп тастайды. Плитка қатайып болғаннан кейін  қалыптан
алып,  беріктігін,   су   сіңіргіштігін,   суыққа   төзімділігін    берілген
әдістемелерге сәйкес анықтайды.

      5.25-кесте Жасанды мәрмәр дайындалатын гипс қоспаларының құрамы


      |                     |Гипстің массасына  |Температурадағы            |
|Мәрмәрдың түрлері    |шағып есептегендеп |түстердің массалык         |
|                     |пигмент шығыны, %  |қатынасы, %                |
|Ақ мәрмәр :          |                   |негізгі түсі|іздері       |
|Ақ түсті             |-                  |85-90       |-            |
|Іздер                |голланд күиесі     |-           |10-15        |
|«Уфалей» мәрмәр:     |күйе - 0,5 - 1     |75-80       |-            |
|түсі сүрғылт көплдір |ультрамарин - 0,5  |            |             |
|                     |күйе- 10           |~           |20-25        |
|                     |ультрамарин - 2... |            |             |
|                     |3                  |            |             |
|«Газган» мәрмәр:     |жоса - 3 ... 4     |85          |-            |
|түсі қызғылт сары    |мумия - 2 ... 3    |            |             |
|Үш түстің іздері     |жоса - 2 ... 3     |            |15           |
|                     |умбра-2 ... 3      |            |             |
|                     |мумия-3 ... 5      |            |             |
|Ляпис - лазурь:      |ультрамарин немесе |90          |-            |
|Түсі көк             |берлин көгілдірі   |            |             |
|Ақ түстердің іздері  |таза гипс          |-           |10           |
|«Давалу» мәрмәры:    |күйе -10           |90          |-            |
|қара түс             |                   |            |             |
|сары алтын түстес    |алтын жоса - 6 ... |-           |10           |
|іздер                |8                  |            |             |
|«Шроша» мәрмәры:     |темір жосасы- 10   |85          |-            |
|түсі қоңыр қызыл     |                   |            |             |
|ақ түсті іздері      |таза гипс          |-           |15           |
|Жасыл малахит:       |хром оксиді немесе |-           |30           |
|(үш  түрлі түс       |хромжасылы- 15     |            |             |
|жайылып              |                   |            |             |
|кеткен тәріздес      |                   |            |             |
|көрінеді)            |                   |            |             |
|қара түс үшін        |-"—"-10            |-           |50           |
|ашық түс үшін        |-"—"~5...6         |-           |20           |
|«Биюк-янка» мәрмәры: |                   |            |             |
|сары құм-түстес      |журав жосасы -10   |80          |-            |
|қызғылт түстің іздері|темір мумиясы- 10  |-           |20           |
|бар                  |                   |            |             |


      №14 сабақта орындайтын тапсырмалар
      {Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты
      таңдау кілтін көрсету керек)}


       1. Жасанды гипс мәрмәрын қалай дайындайсыз? және
       2. Жасанды мәрмәр дайындалатын гипс қоспаларының құрамын атаңыз.
       3. Жасанды мәрмәр қасиеттерін анықтау жолдары қалай?


      Зертханалық сабақтың тақырыбы №15Террац плиткаларын дайындау және
      оларды сынау


      №15 зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
      {Сабақтын мақсаттары, зертханалық сабаққа арналған әдістемелік
      нұсқаулар}


      Террац плиткаларын еденге  төсеу  үшін,  кейде  ғимараттың  ішкі  және
сыртқы қабырғаларын әсемдеу үшін пайдаланады. Плиткалардың өлшемдері:  15x15
см-ден 50x50 см-ге дейін, қалындыгы 2...5 см.  Террац  плиткаларын  дайындау
үшін түтқыр зат есебінде ақ және  түсті  цементтер,  толтырғыш  ретінде  тау
жыныстарының үнтақ тасы (мәрмәр, гранит, кварцит, базальт, лабродорит  т.б.)
қолданылады.
      Террац плиткалары қою массаны престеу немесе сүйық шликерді тербелмелі
қондырғыда  дірілдету  арқылы,  кейін  гидро-термиялық  өндеуден  соң  беткі
қабаттарын тегістеу (шлифтеу), жылтырату  арқылы  дайындалады.  Плиткалардың
су сіңіргіштігі 12%-дан артық болмауы  тиіс,  үйкелістен  массасын  жоғалтуы
0,10 г/см2-дан аспауы қажет.
      Жұмыстың мақсаты: террац плиткаларының қасиеттерін цементтің шығынына,
маркасына, толтырғыштың түріне,  ірілігіне,  дайындау  процесіне  байланысты
зерттеу.
      Жұмыстың орындалу тәртібі: алдын ала шикізаттардың  шығынын  төмендегі
қатынасқа байланысты есептеп шығару керек цемент: толтырғыш қатынасы  =  1:2
немесе 1:3. Дайындалатын плитканың өлшемі 150x150x35 мм. Ірі  толтырғыш  пен
ұсақ толтырғыштың арақатынасын 1:1-ден 1:2-ге дейін өзгертуге болады.
      Террац плиткасын престеу арқылы дайындау үшін жылжымалылығы  аз  қоспа
дайындау керек. Мысалы, конустың батуы  1..  .4  см-ге  дейін  болуы  керек.
Әдістеме 4-тарауда келтірілген.
      Дайын болған қоспаны қалыпқа салып, 0,1...0,8 МПа қысыммен  престейді.
Сонан соң, төмендегі  режим  бойынша  2+6+2  сағат  гидротермалдық  өндеуден
өткізеді. Кейін кептіріп, беткі қабатын тегістеп, жылтыратып өңдейді.
      Дайындалған плиткалардың сығылуға беріктік  шегін,  су  сіңіргіштігін,
үйкеліске   шыдамдылығын   анықтайды.   Әдістемелік   нүсқаулар    1-тарауда
келтіріліген.
      №15 сабақта орындайтын тапсырмалар
      1.    Жасанды мәрмәр бұйымдары қандай материалдардан жасалады?
      2.    Террац  плиткалары  қалай  дайындалады  және  олардың  өлшемдері
қандай?
      3.    Террац плиткаларының қазіргі кездегі құрылыстағы орны қалай?






Білімді бақылау тестілері
Бірінші апталық тестілер

$$$1
Өндіріс  құрылыс керамикасын мынандай түрде шығарады:
А) кірпіш, тасты қабырға
В) жабынды плита
С) cанитарлы- техникалық бұйым
D ) іргетас блоктар
Е)  іргетас ұстындар
$$$2
Керамикалық құрылыс материалдары балқыта пісіру дәрежесіне байланысты былай
бөлінеді:
А) тығыз және кеуекті
Б)  иілімді және ширатушы
С) отқа төзімді және қиын балқитын
D) жұқа дисперсті және ірі дисперсті
Е) күйдірілген және күйдірілмеген
$$$3
 Күйдіру арқылы қойылатын, бұйымға сыртқы әсерлерге қарсы тұраалатын , су
өткізбеушілік және жоғары сәндік қасиеттер беретін  шыны тәрізді қаптауды
не деп  атайды ?
А) глазурь
В) ангоб
С) торкрет
D) бояу
Е)шыны
$$$4
Саздың құрамына  негізгі  қандай минералдар кіреді ?
А) кремнезем, глинозем
В) калий және натрий оксиді
С) сілті және натрий оксиді
D) кремнезем және азот оксиді
Е) мыс және темір оксиді
$$$5
Керамикалық материал үшін иілімді шикізат болып табылатын не?
А) каолин және саз
В) шамот және кварцтық құм
С) перлит және шлак
D) кварцтық құм және күл
Е) шлам және ағаш үгіндісі
$$$6
Керамикалық материалдар үшін ширатушы  шикізат- ол:
А) шамот, кварцтық құм, шлак, шыны сынықтары
В) перлит, каолин, саз, опилка
С ) дегидратталған саз, шлам, ұсақталған көмір
D) жасанды шыны, перлит
Е) нефелинді концентрат, құм
$$$7
Керамикалық материалдар үшін балқыма  шикізаты болып табылады:
А) перлит, нефелинді концентат, шлак, жасанды шыны
В) каолин және саз
С) шамот, кварцты құм, шлак
D) саз, ағаш үгіндісі , ұсақталған көмір
Е) күл, шлам, шыны сынықтары
$$$8
Керамикалық материалдар үшін технологиялық қоспалар:
А) дегидратталған саз, ағаш үгіндісі, ұсақталған көмір, күл, шлам
В) каолин және саз
С) шамот, кварцтық құм
D) нефелинді концетрат, шлак және жасанды шыны
Е) перлит, шлак,  бұйым шыны сынықтары
$$$9
Иілімділік  бұл :
А) Сумен араластырылған саз  илеменің  сырттан  түсетін  механикалық  күштің
әсерінен тұтастығын бұзбайтын (бөлінбей, жарылмай)  және  кептіргенде  де  ,
күйдіргенде де  қабылданған пішінін сақтайтын қабілетін айтады
В) Құрғақ күйінде сырттан түсетін механикалық  күштің  әсерінен   тұтастығын
бұзбайтын  (бөлінбей,  жарылмай)  және  кептіргенде   де,   күйдіргенде   де
қабылданған пішінін сақтайтын қабілетін айтады
C) Саз илеменің  сырттан  түсетін  механикалық  күштің  әсерімен  тұтастығын
бұзатын ( бөлінетін, жарылатын)  қабылдаған  пішінін  сақтамайтын  қабілетін
айтады
D) Саз илеменің  сырттан  түсетін  механикалық  күштің  әсерімен  тұтастығын
бұзбай және кептіру, күйдіруден кейін пішінін сақтамайтын қабілетін айтады
Е)  престеуден кейін,  беріктік және отқа төзімділігінің артуы
$$$10
Саздар – деп құрамы өте майда түйіршікті, сумен араластырып илегенде: ,
А) созымталды илеме, кептіру және  күйдіру  сатысынан  кейін  суға  тұрақты,
берік тас сияқты денені айтады
В) кристалдық құрамын және күйдіру сатысынан кейін қасиетін жоймауын  айтады

С) Қатты дене, күйдіру сатысынан кейін өз қасиетін сақтауын айтады
D) созымталды илеме, күйдіру сатысынан кейін кеуекті тасқа айналуын айтады
E)  илеме, кептіру сатысынан кейін ұнтаққа айналуын айтады

Екінші апталық тестілер
      $$$1
      Толтырғыш деп нені атайды?
      А) байланыстырғыш зат пен судан бетон құрайтын, белгілі түйіршік
      құрамы бар табиғи және жасанды материал
      В) құрылыс ерітінділерін дайындауда өндірістік қалдықтардан алынатын
      сусымалы материалдар
      С) бетон және ерітінді дайындаудағы түйіршік өлшемдері 5 мм дейін
      болатын табиғи және жасанды материал
      D) бетонның белсенді құрамын белгілі түйіршік құрамымен құрайтын
      табиғи материал
      Е) барлық жауап дұрыс
      $$$2
      Бетон көлемінің қанша бөлігін толтырғыштар құрайды?
      А) 80% дейін
      В) 40% дейін
      С) 95% дейін
      D) 60% дейін
      Е) 20% дейін
      $$$3
      Жеңіл бетондар не үшін қолданылады?
      А) бетон тығыздығын төмендету және жылу өткізгіштікті азайту үшін
      В) бетон салмағын төмендету және жылу өткізгіштікті ұлғайту үшін
      С) бетон тығыздығын азайту және деформацияны төмендету үшін
      D) цемент шығынын төмендету үшін
      Е) барлық жауап дұрыс
      $$$4
          Бетон толтырғыштарының  арнайы түрі не үшін қолданылады?
      А) барлық жауап дұрыс
      В) ыстыққа төзімді бетон дайындау үшін
      С) радияциядан қорғайтын бетон дайындау үшін
      D) қышқылды ортаға төзімді бетон дайындау үшін
      Е) сілтілі ортаға төзімді бетон дайындау үшін
      $$$5
      Бетон толтырғыштарын түпкі тегі бойынша қалай жіктейді?
      А) табиғи, жасанды және өндіріс қалдықтарынан
      В) органикалық және бейорганикалық
      С) ұсақ (құм) және ірі (малта тас)
      D) атқылаған, тұнбалы және метаморфиялық
      Е) табиғи және ұсақталған
      $$$6
           Толтырғыштар түйіршік ірілігіне байланысты  қалай жіктеледі?
      А) ірі және ұсақ
      В) малтатас және қиыршықтас
      С) ауыр және жеңіл
      D) табиғи және ұсақталған
      E) органикалық және бейорганикалық
      $$$7
          Ауыр бетон құрамына кіретін компоненттер
         А) ПЦ, гранитті шағыл тас, кварцты құм, су
         B) ШПЦ, керамзит, құм
         C) ауалық әк, кварцты құм, су, қиыршық тас
         D) цемент, құм, пемза, су
         E) ангидритта цемент, шағыл тас, кварцты құм, су
      $$$8
      Толтырғыштың үйінді тығыздығын қалай анықтайды?
      А)  өлшем цилиндріне тығыздамай бос салу арқылы, толтырғышты өлшеу
      жолымен
      В) толтырғыш түйіршіктерін ауада және суда өлшеу арқылы
      С) тығыз күйінде өлшем ыдысына толтырғышты салу арқылы
      D) пикнометрде толтырғыш сынағын өлшеу арқылы
      Е) цементтік  илемеде толтырғышты сынау арқылы
      $$$9
      Толтырғыш қуыстылығы деп нені атайды?
      А) түйіршік арасындағы қуыс көлемінің жалпы толтырғыш жиынтық көлеміне
      қатынасы
      В) толтырғыш түйіршіктерінің  жиынтық көлемінің, түйіршіктер көлеміне
      қатынасы
      С) толтырғыш массасының  оның жалпы кеуек көлеміне қатынасы
      D)түйіршік арасындағы қуыс көлемінің   толтырғыш  массасына қатынасы
      Е)толтырғыштың жиынтық көлемінің жалпы оның кеуек көлеміне   қатынасы


      $$$10
      Толтырғыштың  түйіршік  құрамы дегенді қалай түсінесіз?
      А) құрамында толтырғыш түйіршіктерінің әр түрлі ірілігі
      В) құрамында толтырғыш түйіршіктерінің әр түрлі  пішіні
      С) кеуектілік және түйіршік аралық қуыстылықтың қатынастық сипаттамасы


      D) толтырғыш түйіршіктерінің  ең үлкен және ең кіші  өлшемінің
      байланысы
      Е) барлық жауап дұрыс


Үшінші апталық сұрақтар



         1.Ағаш құрылыс материалдарының  құрылыстағы орны мен қолданысы
қалай?
      2.Полимербетондар дегеніміз не және оның қолдану жолдары қандай?
           3.Полимерлер өндіру әдісіне қарай қалай жіктеледі?
      4.Битум және қарамай негізіндегі жабынды гидроизоляциялық  материалдар
      қалай жіктеледі?
      5.Негізі бар жабын материалдарын қалай өндіреді?
      6.Жабынды және гидроизоляииялық  материалдарды  құрылыста   қолданудың
      қандай маңыздылықтары бар?
      7.Композициялық материалдарды өндірудегі технологиялық процесстер
      қалай жүреді?
      8.Композициялық материалдарды өндіруде қолданылатын шикізаттарға
      қойылатын қандай талаптарын білесіз?








Төртінші апталық тестілер

$$$1
Механикалық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:
А) Ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу
В) Қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның  құрылымын
сипаттау
С) Үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу
D) Иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау
Е) Ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу
$$$2
Физикалық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:
А) Қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның  құрылымын
сипаттау
В) Ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу
С) Үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу
D) Иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау
Е) Ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу
$$$3
Химиялық қасиеті құрылыс материалдарының қабілеттілігін сипаттайды:
А) үйкелісте жатқан заттар әсерінен химиялық айналу
В) ішкі күштің қиратушы және деформациялау әсеріне қарсыласу
С) қоршаған ортаның физикалық процесстеріне қатынасын немесе оның  құрылымын
сипаттау
D) иондалған сәулеленуден кейін өз құрылымын сақтау
Е) ортаның коррозиялық әсеріне қарсыласу
$$$4
Газ, буөткізгіштік – материал қасиеті:
А) өз қалыңдығынан қысым әсерінен су буын немесе газ өткізу
В) өз қалыңдығынан жылу және суды өткізбеу
С) құрылымдық зат арқылы газ және буды тасымалдау
D) өз қалыңдығынан су және жылуды өткізу
Е) газ және бу әсерінен қирамау
$$$5
Гигроскопиялық – бұл материал қабілеті:
А) ауадан су буын сіңіру
В) қысым әсеріне су өткізу
С) ылғалбуландыру
D) кезекпен қатыру мен ерітуге шыдау
Е) жылу беру
$$$6
Материалдың аязға төзімділік қабілеті анықталады:
А) суға қаныққан күйінде беріктігі мен салмағын  жоғалтпай  кезекпен  қатыру
мен еріту цикліне шыдау
В) кері температура әсеріне қарсыласу
С) кезекпен жылу мен суық ауысуына шыдау
D) Қиыр Солтүстік жұмысы кезінде қирамау
Е) аяз күндері бөлме температурасын төмендетпеу
$$$7
Жылуөткізгіштіктің өлшеу бірлігі:
А) Вт/(м·ºС)
В) %;
С) МПа
D) Дж
Е) кВт/с
$$$8
Материалдың отқа төзімділік қабілеттілігі:
А) өрт  жағдайы кезінде от пен су әсеріне қираусыз шыдау
В) жоғары температура жағдайы кезінде деформацияланбай  және  қираусыз  ұзақ
жұмыс істеу
С) кері температура әсеріне қарсыласу
D) ауадан су буын сіңіру
Е) өз қалыңдығынан жылу және суды өткізбеу
$$$9
Беріктік – материал қасиеті:
А) сыртқы жүктеме  әсерінен  пайда  болатын  ішкі  кернеу  әсерінен  қирауға
қарсыласу
В) оларға басқа материалдардың енуі
С) соққы әсерінен деформацияланбау және жарылмау
D) сыртқы күш әсерінен өлшемі мен түрін өзгерту
Е) уатылу мен соққының біруақыттағы әсеріне қарсыласу
$$$10
Тау жыныстары классификацияланады:
А) магмалық, тұнбалы, метаморфиялық
В) атқылаған, сынықты, химиялық тұнба
С) магмалық, ағынды, цементтелген
D) атқылаған, вулканды тұнбалар, органогенді
Е) магмалық, ағынды, түр өзгеруі
$$$11
Тау жыныстарын желдету – бұл:
А) табиғи факторлардың әсерінен кешенді бұзылуы
В) тау жыныстарының жасанды бұзылуы
С) жер асты сілікінісі әсерінен бұзылуы
D) аяз әсерінен жарықшақтың пайда болуы
Е) тау жыныстарын өндеу
$$$12
Бутты тас-бұл:
А) дұрыс емес қалыпты тас  пен кесегі;
B) дұрыс қалыпты блок;
C) шлифті бетті плита;
D) дөңгелек қалыпты кесек;
E) бортты тас.
$$$13
Жеңіл бетондарға қандай толтырғышар қызмет етеді?
А) пемза, туф, диатомит
B) гранит, магнезит, кварцит
C) диорит, сценит, гнейс
D) мармор, базальт, гипс
E) балшықты сланц, құмдық
$$$14
 Табиғи тас материалдары коррозиядан қорғау мүмкіндігі:
А) флюатирлеу,конструктивті қорғау, гидрофабизация
B) алдын-ала температурамен өңдеу
C) қатаю мен еріту әдісі
D) минералды қоспалармен кеуекті толтыру
E) суға төзімді пленкаларды қолдану
$$$15
Малтатас пен қиыршық тастың айырмашылығы-
А) түйіршіктірінің формасы және бет құрылымы
В) түйіршіктірдің өлшемі
С) химимиялық құрылуы
D) зиянды қоспа болуы
Е) фракция қатынасы
$$$16
Керамикалық материалдарды шығаратың шикізаттар:
А) глина(саз)
B) Құм және суглинок
C) кварцты құм
D) шлак пен саз
E) ұңтақталған тау жыныстары
$$$17
Толық денелі керамикалық кірпіш өлшемдері:
А) 250х120х65
В) 250х100х60
С) 125х120х65
D) 250х120х88
Е) 125х120х88
$$$18
Саздан кірпіш алады
А) керамикалық
В) силикатты
С) бетонды
D) клинкерлі
Е) фибролитті
$$$19
Кірпіш маркасын анықтайды
А) иілу және сығылу беріктік шегіне
В) беріктігі
С) су сіңіргіштігі
D) ақау болуы
Е) МЕСТ бойынша өлшемдерде ауытқулар болуы
$$$20
Кәдімгі керамикалық кірпіш маркасы
А) М75…300
В) М5…150
С) М25…150
D) М700…1000
Е) М10…25
$$$21
Кірпіштің аязға төзімділігі бойынша маркасы
А) F 15…F50
В) F 5... F100
С) F 50  …F 1000
D) F 0,5…F0,465
Е) F 300…F600
$$$22
Қабырғалық керамикалық бұйымдардың су сіңіруі болу қажет
А) 8 % кем емес
В) 100% кем емес
С) 8% кем
D) 100% тең
Е) 18% көп
$$$23
Керамикаға глазурь мына мақсатта жағылады
А) су өткізбеуін, декоративтілігін жоғарлату үшін
В) тығыздықты жоғарлату
С) бұйымды бояу
D) иілімділік беру
Е) отыруды ұлғайтады
$$$24
Шыны бұл-
А) металлсыз ерітіндіні суытқандағы аморфты материал
B) ерітінділерден алынған кристалды материал
C) металды ерітіндіні суытқандағы аморфты материал
D) минералды ерітінділерді суыту кезіндегі шыны-кристалды материал
E) күйдірілген ұнтақ саздан алынған аморфты материал
Е) аморфный материал из молотой обожженной глины
$$$25
Шынының негізгі кемшілігі
А) жоғарғы мортсынғыштығы
B) жоғарғы беріктігі
C) төменгі жылуөткізгіштік
D) жоғарғы жылуұстамдылық
E) жоғарғы тығыздық
$$$26
Ситаллалар сипатталады:
А)шыныкристаллды  құрумен,  жоғары  беріктігімен,  химиялық  тұрақтылығымен,
қаттылығымен
B) жартылай кристаллды құрумен, төменгі термотұрақтылықпен
C) аморфты құрылыммен, жоғары ұру беріктігімен
D) кристаллдық структурамен, қаттылықпен, химиялық беріктікпен
E)   ірікристаллдық   құрылыммен,   мортсынғыштығымен,    қысудағы    жоғары
беріктікпен
$$$27
Тұтас құйылған тас бұйымды алады
А) тау жынысы немесе құж ерітінділерінен
B) саз және шыны ерітіндісінен
C) бетон қоспасы мен толтырғыштардан
D) гипс пен ангидриттен
E) мрамордан
$$$28
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар – бұл ұнтақ тәрізді материалдар, яғни
А) сумен араластыру кезінде уақыт өте қатуға қабілетті иілімді-тұтқыр қамыр
В)  қышқылмен  араластырған  кезде  қатуға  қабілетті  иілімді-тұтқыр  қамыр
түзеді
С) жылулық өңдеу жолымен алады
D) сумен араластыру арқылы әкті-кремнеземді байланыстырғыш алады
Е)сумен араластыру арқылы гипстіцементпуццоланды байланыстырғыш алады
$$$29
Гидравликалық байланыстырғышқа жатады
А) гидравликилық әк, портландцемент
В) гидратты әк, каустикалық доломит
С) сұйық шыны, ангидрит
D) қышқылға төзімді цемент, гипс
Е) эстрих-гипс, ангидритті цемент
$$$30
Ауалық қату байланыстырғышына жатады
А) құрылыс гипсі
В) полимерлер
С) пуццоланды цемент
D) портландцемент
Е) гипстіглиноземді цемент


Бесінші апталық тестілер

$$$1
Құрылыс гипсі байланыстырғыш болып табылады
А) жылдам бірігуші және жылдам қатаюшы
B) жай бірігуші
C) жай қатаюшы
D) жылдам еритін
E) ерітуші
$$$2
Ауалы әкті қолданатын негізгі аумақ
А) силикатты бұйымды шығару
B) бояғыш құрамда қолдану
C) қалау ерітіндісінде қолдану
D) қабырға материалдарын дайындау
E) акустикалық материалдар дайындау
$$$3
 Каустикалық доломит алуға арналған шикізат
А) MgCO3
В) CaCO3
С) CaSO4
D) CaSO4·2 H2O
Е) CaCO3·MgCO3
$$$4
Портландцмент алуға арналған біріккен әк және саз қоспасы қалай аталады?
А) клинкер
B) шлам
C) силикат-глыба
D) құж
E) шихта
$$$5
Портландцементтің қалыпты қалыңдығы осы аспабпен анықталады
А) Вик асабымен
В) Ле-Шателье-Кондло колбасымен
С) вискозиметрмен
D) Суттард аспабымен
Е) пикнометрмен
$$$6
Портландцементті алады
А) клинкерді гипсті тас ұнтағы қоспасымен ұнтаққа ұнтақтау
B) шихтаны гипсті байланыстырғыш қоспасыменұнтраққа ұнтақтау
C) пластификаторларды қосып компоненттердің қоспасын үгіту
D) белгілі бір фракцияға дейін конмпоненттерін ұнтақтау
E) бірқалыпты күйге дейін компоненттерді араластыру
$$$7
Портландцемент клинкерінің құрамына мынадай минералдар кіреді
А) C3S, С2S, C3А, C4АF
В) C3S, С2S, C3А, CaO4
С) C3S, С2S, C3А
D) С2S, C3А, CaO4, C4АF
Е) C3S, C3А, CaO4, C4АF
$$$8
Портландцемент өндіру келесі негізгі процестерден тұрады
А) шикізатты алу, шикізат қоспасын дайындау, күйдіру
B) цемент қамырын кептіру, цемент қамырының бірігуі
C) шикізат алу, шикізат қоспасын дайындау, гидратация
D) шикізат алу, клинкер ұнтағын ұсақ  ұнтаққа  және  минералдардың  химиялық
әсері
E) күйдіру, клинкер ұнатағын ұсақ ұнтаққа
$$$9
Беріктігі бойынша портландцмент маркалары
А) 400; 500; 550; 600
В) 300; 400; 600; 700
С) 400; 600; 800; 1000
D) 200; 400; 700; 1200
Е) 150; 400; 550; 750
$$$10
Маркалық беріктікті анықтарда портландцмент қатаюының мерзімі
А) 28 тәулік
B) 24 сағат
C) 10 сағат
D) 40 сағат
E) 17 тәулік
$$$11
Цемент маркасы анықталады
А) сыну және иілу беріктік шегі
B) бірігу мерзімі
C) кликердің минералды құрамына
D) себінді масса
E) цементтің ұнтақталу жұқалығына
$$$12
Цементтің  қатаюы немен қамтамасыздандырылады?
А) цементтегі сумен
B) ондағы кеуектермен
C) ұнтақтау үрдісінде
D) балқығанда
E)бірігу кезінде
$$$13
Портландцменттің белсенді бетіне енгізіледі
А) байланыстырғыш қамырдың иілімділігі көтеру үшін
B) дәндік құрамын жақсарту
C) зат құрамын ауыстыру
D) әшекейлеу құрамын жақсарту
E) клинкер құрамын өзгерту
$$$14
Жер асты және гидротехникалық құрылысына белсенді цементтер
А) сульфатқа төзімді гидрофобты
B) ангидритті, пластификатты
C) гипсті цементті пуццоланды
D) гидрофобты, сазбалшықты
E) тезбірігуші
$$$15
Мына жағдайларда сазбалшықты цемент мына жағдайларда белсенді
А) авариялық, жедел, қыстағы жұмыстарда
B) үймереттерді суда және ылғалды ортада салу
C) әшекейлеу жұмыстарында
D) жол құрылыстарында қолдану
E) өндеу ерітінділерін дайындау
$$$16
Бірігу түріне байланысты бетон классификациясы
А) цементті, силикатты, гипсті, арнайы
B) перлитті, құжды
C) жоғары, температураға төзімді, жолдық бетон
D) көбіктібетон, газдыбетон
E) ауыр және жеңілбетон
$$$17
Ауыр бетонның орташа тығыздығы
А) 2000–2500 кг/м3
В) 500 кг/м3 аз
С) 500–1200 кг/м3
D) 1200–1800 кг/м3
Е) 200 кг/м3 аз
$$$18
Ауыр бетон құрамына кіретін компоненттер
А) ПЦ, гранитті шағыл тас, кварцты құм, су
B) ШПЦ, керамзит, құм
C) ауалық әк, кварцты құм, су, қиыршық тас
D) цемент, құм, пемза, су
E) ангидритта цемент, шағыл тас, кварцты құм, су
$$$19
Дұрыс алынған қоспаға кестенің толтырғыштар шығыны
А) 80-85%
В) 2%
С) 18%
D) 100%
Е) 0%
$$$20
Бетонға арналған ірі толтырғыштар сипаттамасының өлшемі
А) 5…70 мм
В) 0,14...5 мм
С) 2…50 мм
D) 10…30 мм
Е) 0,5 …0,7 мм
$$$21
Жасанды кеуекті толтырғыштардың түрлері
А) вермикулит, перлит, керамзит
B) гранит, әкті, мрамор
C) күл, шлакты пемза
D) бірігу, ұсақтағыш, ернітілген
E) сұр және түсті
$$$22
Бетонды қоспаның ыңғайлы жатуы былай анықталады
А) стандартты конуспен
B) Суттардың вискозиметрі
C) сілкіме столында
D) Вик приборында
E) піскілеу
$$$23
Бетон маркасы қалай анықталады?
А) майыстыру мен сығу беріктігінің шегінен
B) Роквелла әдісімен
C) ультрадыбыспен тексеру әдісі
D) Кашкаров балғасымен
E) Бриннел әдісімен
$$$24
Ұсақ толтырғыштар құм деп  мына түйіршікті өлшемдері аталады
А) 0,14 ден 5,0 мм дейін
В) 0 ден  0,14 мм дейін
С) 5,0  ден 10,0 мм дейін
D) 0,5 ден  40 мм дейін
Е) 0,14 ден 40 мм дейін
$$$25
Қатты қоспамен тығыздалады
А) дірілдету
B) піскілеу
C) сілкілеу
D) қысыммен
E) центрафугирлеу әдісімен
$$$26
Бетонның қатаюуын үдету үшін қамтамасыздандырылады
А) химиялық қосапалар енгізу, ылғалды жылумен өндеу
B) тығыздау және кептіру
C) дірілдету, күйдіру
D) гидрофобизатор енгізу, жылуоңашалағыш заттардан қорғау
E) пластификаторлар енгізу, гидроизоляция
$$$27
Темірбетон дегеніміз – ол
А) болатты арматурамен  бетоннан жасалған материал
В) цемент, құм, қиыршықтас және судан жасалатын бұйым
С) ерітіндімен толтырылған темір каркас
D) темірден жасалған толтырғышты бетон
Е) темір қабатша бетон
$$$28
Құрама темірбетон - ол
А)құрылыс  алаңында  аяқталған  объекттер   салынатын   зауыт   бұйымдарының
номенклатурасы
В) болат пен бетоннан салынатын үймерет
С) цемент, құм, қиыршықтас және судан жасалатын бұйым
D) құрылыс алаңында басынан аяғына дейін салынатын аяқталған объекттер
Е) зауытта жасалатын үймереттердің біртипті бөлшектер комплекті
$$$29
Бетонды бұйымдарын арматуралау мақсаты
А) жоғары созылу мен қысылу берікті материал алу
В) жоғары созылу берікті материал алу
С) жоғары қысылу берікті материал алу
D) жоғары ғұмырлық материал алу
Е) бетонның отыру деңгейін төмендету
$$$30
Темірбетон бұйымдарын қалыптау әдістері
А) агрегатты-ағылу, стендті, конвейерлі
В) стендті, құюлы, дірілдеткішті
С) дірілдеткішті, пресстеу, мөрлеу
D) центрифугалау, түптеу, дірілдету
Е) тығыздау, селкілдету, конвейерлі




Алтыншы апталық тестілер


$$$1
Құрылыс ерітінді  - келесі құрамдардың қатаюынан алынған тас материал
А) байланыстырғыш заттар, су, ұсақ толтырғыш  және  қоспадан  тұратын  дұрыс
қалыптанған ерітін
В) байланыстырғыш заттар, су, ірі  толтырғыш  және  қоспадан  тұратын  дұрыс
қалыптанған ерітін
С) полимер, су,  ірі  толтырғыш  және  қоспадан  тұратын  дұрыс  қалыптанған
ерітін
D) кварцті құм + ауалық әк + су
Е) кварцті құм + сұйық шыны
$$$2
Ерітінділер мақсаты бойынша  бөлінеді:
А) қалаулы, әшекелеу, арнайы
В) арнайы және конструкционды
С) қалаулы және тігістерді толтыру үшін
D) қарапайым және гидроизоляциялы
Е) еден мен қабырғалар үшін
$$$3
Ерітінді қоспасының жайлытөселімділігі сипатталады:
А) қозғалу және суды ұстау қабілеттілігі
В) беріктік
С) аязғатөзімділік
D) қаттылық
Е) басқа қасиет
$$$4
Құрылыс ерітінділерінің маркалары
А) 4...300
В) 400...600
С) 600...800
D) 450...600
Е) 200...500
$$$5
Асбест деген – ол
А) жер қабатында пайда болатын жіңішке талшықты минерал
В) минералды балқымадан жасалған жасанды талшықтар
С) полимерлі талшықтардың типі
D) фибраның металлдық түрі
Е) шыныкристалды талшықтар
$$$6
Асбестоцементтің қасиеттері
А) қабатының аз  қалындығы  мен  тығыздығына  қарағандағы  жоғары  беріктік,
суөткізбеушілігі, морт сынгыштық
В) жоғары беріктік, тығыздық, төменгі аязғатөзімділік
С)су ұстауғыштық, төменгі беріктік, жоғары тығыздық, аязғатөзімділік
D) төменгі ұру байланысы, жоғары жылуөткізгіштік, қаттылық
Е) жоғары беріктік, тығыздық, төменгі жылуөткігіштік
$$$7
Асбестоцементті бұйымдарды қолдану және өндіру мәселесі
А) асбесті қолданудың экологиялық таласты қуыпсіздіғі
В) физико-механикалық қасиеттеріне көзқарасынан таласты эффекті қолдануы
С) асбесті щикізаттың аз қоры
D) бұйымды өндіру технологиясының қиындығы
Е) шикізат материалдарының жоғары бағасы
$$$8
Асбестті келесі бұйымдар мен материалдарды шығарғанда қолданады
А)   жабынқы   материалдарды,   шектейтін   конструкцияларды,   жылуоңашалау
мастикаларды
В) қабырғалы конструкцияларды, өңдеуші материалдарды
С) ерітінді қоспларады, ұймереттердің көтермелі элементтері
D) фундаментті блоктарды, сылақты, толтырғыштарды
Е)тротуарлық плиткаларды, қосылыстарды, жылуоңашалау себулерді
$$$9
Силикактты кірпіштің құрамы
А) кварцті құм + ауалық әк+ су
В) кварцті құм + цемент + әк+ су
С) кварцті құм + саз + су
D) кварцті құм + сұйық шыны (силикаттық шыны)
Е) кварцті құм + ТЭС күлі + су
$$$10
Силикаттық кірпшті осы әдіспен қалыптайды
А) Р = 30 МПа жартылай құрғақ пресстеумен
В) шликерлік құйма
С) Р = 3 – 5 МПа пластикалық қалыптаумен
D) Р = 1 – 3 МПа гранулалардың өзбетімен тығыздауменен
Е) Т = 1100 – 12000 С ерумен
$$$11
Автоклав деген
А) химиялық реакцияларды жылдам жургізуге арналған  аппарат
В) бұйымдарды куйдіруге арналған аппарат
С) беріктікті анықтаушы аппарат
D) бұйымдарды кептіру аппараты
Е) бұйымдарды тығыздау аппараты
$$$12
Ағаштың айырмашылық қасиеттері
А) төмен жылуөткізгіштігі, жоғары созылу беріктігі
В) анизотроптылық, жоғары дыбыс өткізгіштік қабілеттілік
С) биологиялық тұрақтығы, жоғары тығыздығы
D) конструктивті сапасының төмен коэффициенті
Е) гигроскопиялығы, жоғары жылуөткізгіштік
$$$13
Ағаштан жасалған бұйымдардың отқатөзімділігін жоғарлату әдістері
А) антипирендермен сіңіру
В) құрғату
С) антисептиктеу
D) ацетилдау
Е) фосфаттау
$$$14
Ағашты шіруден сақтау үшін оны
А) антисептиктермен сіңіреді
В) сілті ерітіндісімен сіңіреді
С) құрғатады
D) антипирендермен өңдейді
Е) дымқылдатады
$$$15
Ағаштың дымқылдығы 30% жоғарлағанда оның беріктігі
А) төмендйді
В) жоғарлайды
С) өзгермейді
D) жынысына байланысты өзгереді
Е) температураға байланысты өзгереді
$$$16
Негізінде құрылыста ағаштың осы жыныстары қолданылады
А) шыршалы
В) жапырақты
С) әдемі текстурасымен
D) ақаудың болмауымен ерекшеленуі
Е) шыршы, емен
$$$17
Фанера деген - ол
А) фенол-формальдегидті, кармабидті,  желімдер  негізінде  шпоннан  жасалған
көпқабатты парақты материал
В) фенол-формальдегид сіңірілген ағашты плиталар
С) престелген сүрік қабаттары, полимерлі желінмен бекітілген
D) арнайы полимерлі лактармен желінделген, ағашты-талшық қабаттар
Е) желінді-лак композициялармен бекітіліп, ағаштан  жасалған  жіңішкеқабатты
плиталар
$$$18
Қарамай негізінде қандай жабынды материалды дайындайды?
А) толь
В) гидроизол
С) рубероид
D) шынырубероид
Е) МБК-Г-55
$$$19
Минералды мақтаны осылардан алады:
А) силикатты балқымадан
В) мергелді балқымадан
С) қуысты пластмассадан
D) арнайы ерітінділерді
Е) мастикаларды
$$$20
 Келесі материалдар битумның физикалық қасиеттеріне жатады:
А) созымдылығы
В) ерітінділік
С) коррозияға төзімділік
D) қаттылық
Е) тығыздық
$$$21
Құрылыста қолданылатын мұнайдың айдау түліктерідеп осыны айтады:
А) битумдар
В) олифтер
С) нафтенді майлар
D) қара майлар
Е) полимерлер
$$$22
Пластмассадан жасалған бұйымдардың жетіспеушілік:
А) қартаю, улану қабілеті
В) жетіспеушіліктері жоқ
С) морт сынуы, түсі кеткендігі
D) төмен беріктігі, жоғары сүртілуі
Е) ыстыққа төзімділігі, тығызыдығы төмен
$$$23
Эмульсиялық бояу – ол
А) судағы полимердің пигменттелінген дисперсиясы
В) ерітінді шыныдағы бордың дисперсиясы
С) лакпен олифаның қоспасы
D) сумен ерітілген бейорганикалық байланысы
Е) ерітуші мен толтырғыштың қоспасы
$$$24
Лак деген– ол
А) ұшқыш ерітушідегі смоланың ерітіндісі
В) сумен олифадан тұратын суспензия
С) су мен майдан тұратын эмульсия
D) бензиннің ерітушісіндегі олифа ерітіндісі
Е) сиккативпен органикалық бояудан тұратын олифа ерітіндісі
$$$24
Лактар мен эмальдардың кемшіліктері
А) улылық, өртқауымсыздық
В) адгезия жетіспеушілік
С) қабаттың төменгі беріктігі
D) ғұмырлықтың жетіспеушіліктігі
Е) жоғары бағасы
$$$25
Өсімдік майлар негізінде жасалатын олифадан қандай бояу құрамдар дайындайды
А) майлы
В) акрилді
С) латексті
D) эмальді
Е) силикатты
$$$26
Гигроскопиялық бұл:
А) Су сіңіру қабілеттілігі
В) Суды қайтару қабілеттілігі
С) ауадан су буын сіңіру қабілеттілігі және олардың капилярлық конденсация
әсерінен сақтап тұруы
D)  екі қабырғадан ауаның абсалютті айырмашылығы болуы кезіндегі
материалдың су буын өткізу қабілеті
E) материалдың ылғалдану кезінде суды сіңіруі және оны кептіру кезінде
беруі.
$$$27
Шыны қайнату процесс кезеңі қанша-шынықайнату
А) 2 кезең
В) 3 кезең
С) 4 кезең
D) 5 кезең
Е) 6 кезең
$$$28
Жылу өткізгіштіктің өлшем бірлігі
А) Вт/м ºС
В) Кг/м3
С) Дж/м3
D) кгс/м2
Е) Дж/кг ºС
$$$29
Жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі
А) Дж/кг ºС
В) Вт/м ºС
С) Дж/м3
Д) кгс/м2
Е) ) Кг/м3
$$$30
Сусымалы тығыздықтың өлшем бірлігі
А) Кг/м3
В) Вт/м ºС
С) Дж/м3
D) кгс/м2
Е) Дж/кг ºС
$$$31
Сығуға беріктік шегінің өлшем бірлігі
А) кгс/м2
В) Вт/м ºС
С) Дж/м3
D) Кг/м3
Е) Дж/кг ºС
$$$32
Сығуға сынау үшін бетон үлгісінің түрі
А) Куб
В) Шар
С) Цилиндр
D) призма
Е) Параллелепипед
$$$33
Беріктікті жоғалтпай жоғары температура әсеріне материалдың шыдау
қабілеттілігі бұл:
А) Отқа төзімділік
В) Отқа серпімділік
С) Термиялық төзімділік
D) Жылу сыйымдылық
Е) Термиялық кедергі

$$$34
Аязға төзімділік немен өлшенеді:
А) Циклмен
В) ºС
С) Градус Кельвинмен
D) пайызбен
Е) Вт/м ºС
$$$35
Су сіңіру бұл:
А) Материалдың ылғалды сіңірумен ұстап тұру қабілеті
В) Материалдың ылғалды беру қабілеті
С) Материалдың суды өткізу қабілеті
D) Материалдың суды өткізбеу қабілеті
Е) Материалдың су буын сіңіру қабілеті
$$$36
Төменде көрсетілген қасиеттердің қайсысы физикалыққа жатады?
А) Гигрорскопиялық
В) Кеуектілік
С) Нақты тығыздық
D) Сығу кезіндегі беріктігі
Е) Қуыстылық
$$$ 37
Материалдың қыздыру кезіндегі жылуды сіңіру қасиеті:
А) Жылу сыйымдылық
В) Отқа серпімділік
С) Термиялық төзімділік
D) Отқа төзімділік
Е) Термиялық кедергі
$$$38
Материалдың өз қалыңдығынан жылуды беру қасиеті:
А) Жылу өткізгіштік
В) Отқа серпімділік
С) Термиялық төзімділік
D) Отқа төзімділік
Е) Термиялық кедергі
$$$39
Материалдың ұзақ уақыт жоғарғы температура әсеріне деформацияланбай және
балқымай қарсыласу қасиеті
А) Отқа төзімділік
В) Отқа серпімділік
С) Термиялық төзімділік
D) Жылу сыйымдылық
Е) Термиялық кедергі

$$$40
Тау жыныстары топтарға бөлінеді:
А) 3
В) 2
С) 4
D) 5
Е) 6
$$$41
Тұнбалы тау жыныстарына  жатады:
А) Магнезит, әктас
В) Пемза
С) Базальт
D) гранит,  габбро
Е) Вулканды туф
$$$42
Санитарлық-техникалық керамика өндірісіне шикізат болып табылады
А) Ақ күйдірілген саз, кварц және дала шпаты
В) Әк және құм
С) Саз және құм
D) цемент және толтырғыштар
Е) Әк, зола, цемент
$$$43
Силикат кірпіш өндірісінің шикізаты болып табылады:
А) Әк және құм
В) Ақ күйдірілген саз, кварц және дала шпаты
С) Саз және құм
D) цемент және толтырғыштар
Е) Әк, зола, цемент
$$$44
Керамикалық кірпіш өндірісіне арналған шикізат болып табылады
А) Саз
В) Ақ күйдірілген саз, кварц және дала шпаты
С) Әк және құм
D) цемент және толтырғыштар
Е) Әк, зола, цемент
$$$45
Иілімділік саны анықталады:
А) Аққыштық шегі және жайылу шегі арасындағы айырмашылығымен
В) Аққыштық шегіне сәйкес ылғалдылықпен
С) Жайылу шегіне сәйкес ылғалдылығымен
D)Жайылу шегіне бөлінген аққыштық шегімен
Е) Аққыштық шегі мен жайылу шегі арасындағы қосындымен
$$$46
Керамикалық кірпішті иілімділік әдіс өндірісі кезінде қалыптауды жүргізеді:
А) Таспалы-вакуум прессте
В) Рычагты прессте
С) Гидравликңалық прессте
D) Механикалық прессте
Е) Барлық жауап дұрыс
$$$47
Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіс өндірісінде технологиялық
процестің қай кезеңі жоқ:
А) Кірпіш-шикізатты кептіру
В) Брусты қалыптау
С) Брусты кесу
D) Кірпішті күйдіру
Е) Поддонға жатқызу
$$$48
Күйдіргеннен кейін саз шикізатының құрамында қандай минерал «дутик» сияқты
ақау туғызады?
А) Карбонат
В) Монтмориллонит
С) Каолинит
D) Дала шпаты
Е) Кварц
$$$49
Қандай құрылыс материалдарын өндіру үшін тунелді  пеш қолданады?
А) Керамикалық кірпіш
В) Силикатты кірпіш
С) Бетон
D) Шыны
Е) Цемент
$$$50
Қандай құрылыс материалдарын өндіру үшін айналмалы пеш қолданады?
А) Цемент
В) Силикатты кірпіш
С) Бетон
D) Шыны
Е) Керамикалық кірпіш
$$$51
Қандай құрылыс материалдарын өндіру үшін автоклав қолданады?
А) Силикатты кірпіш
В) Керамикалық кірпіш
С) Бетон
D) Шыны
Е) Цемент
$$$52
Керамзит деген не?
А) Бетонға арналған табиғи кеуекті толтырғыш
В) Бетонға арналған табиғи кеуекті толтырғыш
С) Тау жыныстары
D) Минерал
Е) Композит
$$$53
Пемза деген не?
А) Бетонға арналған табиғи кеуекті толтырғыш
В) Бетонға арналған жасанды кеуекті толтырғыш
С) Тау жыныстары
D) Минерал
Е) Композит
$$$54
Шынының негізгі кемшілігі:
А) Морттылық
В) Жарықөткізгіштік
С) Беріктілік
D) Мөлдірлігі
Е) Химиялық төзімділігі
$$$55
Кремнезем формуласы
А) SiO2
B) Al2O3
C) CaO·Al2O3
D) CaO·SiO2
E) 3 CaO·SiO2
$$$56
Көрсетілген толтырғыштардың қайсысы табиғи болып саналады?
А) Құм
В) Керамзит
С) Аглопорит
D) Вермикулит
Е) Шунгизит
$$$57
Әктен немесе басқада байланыстырғыш негізіндегі ұсақдисперсті кремнеземді
қоспалар, құм және судан тұратын қоспасы автоклавты қатыру нәтижесінде
алынатын жасанды түссіз материал:
А)  Силикатты бетон
В)  Цементті бетон
С)  Жеңіл бетон
D)  Ауыр бетон
Е)  Керамикалық бетон
$$$58
Силикатты бетонда негізгі толтырғыш ретінде қолданады :
А) Гидратты әк
В) Сөндірілген әк
С) Цемент
D) ШПЦ
Е) Саз
$$$59
Материалдың суға қаныққан күйінде кезектесіп қату мен еруді қираудың
белгісінсіз және беріктігін төмендетпей шыдау қабілеті:
А)  Аязға төзімділік
В)  Ылғалға төзімділік
С)  Ұзақ уақытқа шыдау
D)  Қуыстылық
Е) Беріктілік
$$$60
Су, жел және коррозия әсерінен тау жыныстарының қирауынан түзілген тау
жыныстары:
А) Тұнбалы
В)  Метаморфиялық
С)  Вулканды
D)  Атқылаған
Е)  Аққан


































Пәндер