Файл қосу
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем
ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәнінің 5 В 020500 - «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәріс сабақтарының мазмұны 3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 4 Білім алушылардың өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Аралас құрмалас сөйлем – сыңарлары әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысқан, кемінде үш жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемнің бір түрі. Атаулы сөйлем бастауыштан ғана жасалып, заттың, құбылыстын. атын білдіреді. Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы. Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық және мағыналық жақтан тәуелді болатын сыңар Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді Синтаксис – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін, сөйлем және оның түрлерін, сөйлем мүшелерін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті грамматикалық амалдар арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты. Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына. Сөз тіркесі – толық мағыналы ең кемі екі сөздің грамматикалық байланысқа түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік. Салалас байлан ыс мағыналық жақтан өзара тең дәрежелі, тұлғалық жақтан бірі екіншісіне тәуелді болмайтын компоненттер арасындағы байланыстың түрі. Синтаксистік компоненттер – әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді айтады. Сабақтас сөйлем – құрамындағы сыңарлардың бір-біріне бағына немесе бірін-бірі бағындыра, сабақтаса байланысқан құрмаластың бір түрі. Салалас сөйлем – предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, сыңарлары тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлемнің бір түрі. Реалды, ирреалды шарт бағыныңқы – шарттық болмыстың болымдылығын, орындалатынын, немес керісінше орындалмайтындығын көрсетеді. Оқшау сөздер – сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланысқа түспей, дауыс ырғағы арқылы ерекшеленетін сөздер мен сөз тіркестері. Құрмалас сөйлем – екі не одан да көп предикативтік бөліктен құралған мағыналық, құрылымдық және интонациялық тұтастық. Құрмалас сөйлемдердің негізгі ерекшелігі – полипредикатиті болуы, күрделі ойды білдіруі 2 ДӘРІСТЕР №1 модуль: Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің териялық проблемалары №1 дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің сипаты ( 2 сағат) 1. Құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама. 2. Құрмалас сөйлемнің даму жолдары. Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға, оның грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемнің формасы. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтік. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыратын, тұтастыратын тіл амалдары. Құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстырудағы жалғаулықтардың, септеуліктердің, анафористік сөздердің, орын тәртібінің, блин, морфологиялық тұлғалардың т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді бір синтаксистік тұлға ретінде тұтастыруда, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның атқаратын рөлі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлерін тану принципі.. Бұл принциптің қалыптасу тарихы. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі. Түркологияда, қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принципінің айқындалуы. Бұл принциптің тіл-тілдердің құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінуі. Құрмалас сөйлем құрылысы мен пікірдің қарым-қатынасы және құрмалас сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасы. Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік мақсаттардың әсері, оның көрінісі. Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен бір саласы. Тіліміздегі жай сөйлемдер мен оның күрделенген түрлері де бір предикаттық қатынастың негізінде құрылса, құрмалас сөйлемдер ең кем дегенде екі предикаттық қатынастың негізінде құрылады. Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының құрмалас сөйлемдер құрылысын зерттеуге арналған еңбектері. С.Жиенбаевтың құрмалас сөйлемдердің грамматикалық типтерін тануға арналған еңбегі. С.Аманжоловтың, С.Сауранбаевтың қазақ тілі синтаксисін оның қатарында құрмалас сөйлем синтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері. Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесін зерттеуге арналған алғашқы еңбектерге шолу жасаңыз 2.Құрмалас сөйлемнің даму жолдарын баяндаңыз 3.Құрмалас сөйлем синтаксисінің түркі тіл білімі мен орыс тіл білімінде зерттелу жайын салыстырып көріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №2 дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің сипаты ( 2 сағат) 1. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері 2. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлері. Белгілі бір грамматикалық категориялардың өздеріне тән айырым белгілері, грамматикалық көрсеткіштері болады. Бұл оны өзгелерден саралап, өзіндік қасиетін даралап тұрады. Осыдан келіп әрбір грамматикалық категория өзіне тән заңдылықтарымен қалыптасып, дамып, жетіліп отырады. Құрмалас сөйлемнің өзі жай сөйлемдерден өрбіп шыққаннан кейін оның өзіне тән айырым белгілері, зерттеу объектілері келіп шығады. Ондай айырым белгі ең алдымен құрмалас сөйлем синтаксистің өз алдына үлкен бір саласы боліудағы негізінен шығып жатады. Құрмалас сөйлемнің айырым белгілері дегенде ол оны жай сөйлем синтаксисіне ажырата алатындай болу керек. Сонда ғана құрмалас сөйлем синтаксистің жеке бір саласы ретінде танылады. Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді таптастырудың бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: дәстүрлік, құрылымдық- семантикалық және функциялық таптастырулар. Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді. Мұндай топтастыру кезінде таза логикалық, яғни сөйлемде қамтылған ой ғана ескерілмей, ол сөйлемнің грамматикалық жағы, морфологиялық тұлға мен синтаксистік құрылымы да ескеріледі. Құрылымдық-семантикалық таптастырудың негізінде құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлерге жіктеледі, өйткені мұндай жағдайда жалғаулықтардың қолданылуынан немесе қолданылмауынан туатын мағына негізге алынады. Функционалдық жағынан таптастырғанда, құрмалас сөйлемдер, жай сөйлемдер тәрізді хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер болып бөлінеді. Бақылау сұрақтары: 1. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарына қарай түрлерін көрсетіңіз 2. Құрмалас сөйлемнің өіндік айырым белгілерін көрсетіңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №3 дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің сипаты ( 2 сағат) 1.Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама. 2.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жеке сөйлемдер бір-бірімен әр түрлі синтаксистік қарым-қатынаста болады. Бірде ондағы сөйлемдер өзара тең дәрежеде байланысса, енді бірде олар бір-біріне бағына құрмаласады. Осыған орай да құрмалас сөйлемнің жеке түрлері ажыратылады. Проф. Н.Т.Сауранбаев құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді әдеттегі жай сөйлемдерден ажырату үшін оларды синтаксистік компоненттер деп атаған. Салалас сөйлемнің құрамындағы синтаксистік компоненттер өзара теңдік дәрежеде байланысады. Мұндай байланыс алғашқы синтаксистік компонент заңдылығына негізделеді. Бұл – заңдылық салалас құрмалас сөйлемнің басты грамматикалық көрсеткіші. Мұндайда жеке сөйлемдердің аралық байланысында сондай-ақ ұласпалы интонация да елеулі қызмет атқарады. Салалас құрмалас сөйлем алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуымен ажыратылады. Бұл заңдылық олардағы синтаксистік компоненттердің сөйлемдік қасиетін сақтап тұруына да септігін тигізеді. Синтаксистік компоненттердің алғашқысының баяндауышы тиянақты тұлғада аяқталуымен байланысты олардың өзара теңдестік дәрежеде келген түрін салалас құрмалас сөйлем дейді. Салалас құрмаластың айырым белгілері жалпы құрмалас сөйлемге тән заңдылықтардың негізінен шығып жатады. Салалас құрмаластың өзіне тән негізгі белгілері: – Салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттерін байланысқа түсіретін баяндауыш сөздері тиянақты тұлғамен аяқталады. Мұндай “байланыстырғыш баяндауыш” салалас құрмаластың алғашқы компоненттерінен орын алады. –«Байланыстырғыш баяндауыштың» осылайша аяқталуына байланысты салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері тұлғалық жағынан бір-бірімен теңдестік дәрежеде жұмсалады. – Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауыш пен баяндауыштары әр уақытта да жақ жалғауы арқылы өзара қиыса жұмсалады. – Салалас құрмалас сөйлем синтаксистік компоненттерінің аралығында интонациялық кідіріс айқын сезіліп, молынан сақталады. Салалас сөйлемнің алғашқы компонентінің, соңғысындай, дауыс кідірісі жағынан созыңқылай айтылуы оның баяндауышының тиянақты тұлғада жұмсалуымен тығыз байланысты келеді. Бақылау сұрақтары: 1.Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз 2.Салалас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №4 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ( 2 сағат) 1. Салалас сөйлемнің жасалу жолдары 2. Салалас сөйлемнің түрлері Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары алғашқы компонент баяндауышының тиянақты тұлғада аяқталуы. Предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, компоненттері тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлемнің түрі салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалуында аналитикалық принцип айрықша мән атқарады. Салалас құрмаластың жеке компоненттері сондай-ақ әр мәндегі жалғаулықтар арқылы да байланысады. Осыған орай салалас құрмаластар жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың жасалу жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық мағыналық қарым- қатынастарына негізделеді. Өйткені салалас құрмаластың синтаксистің компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін олар бір-бірімен әр түрлі мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады. Салаластың ыңғайлас салалас түрі компоненттеріндегі ой іс-әрекетінің жүзеге асу, орындалу кезеңдерімен, мезгілмен тығыз байланысты болып келеді. Бір ыңғайда предикативтік бөліктің біріндегі қимыл әрекет бұрынырақ орындалып, екіншісіндегі одан сәл де болса кейін, іле-шала орындалуы мүмкін. Себеп-салдарын жеткізу сөйлеу арқылы іске асады. Қажеттілікті білдіретіндей сөйлемдер жалғаулықсыз да, жалғаулық арқылы да байланысқа түседі. Себеп-салдар мәнді салалас сөйлемдердің құраушы компоненттері тиянақты болады да, олар бір істің бастамасына негіз болса, екіншісі соның аяқталуына байланысты нәтиже салдарға құрылады және керсінше болмақ. Өйткені салдарлы сөйлем себепті сөйлемнен бұрын да тұратыны болады. Бақылау сұрақтары: 1. Салалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз 2. Салалас сөйлемнің түрлеріне мысалдар келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №5 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ( 2 сағат) 1. Шартты салалас сөйлемге жалпы сипаттама 2. Салыстырмалы салалас сөйлемге жалпы сипаттама 3. Талғаулы салалас сөйлемге жалпы сипаттама Тіліміздегі шартты салалас сөйлем соңғы кездерге дейін еленбей келді. 30 жылдары проф. Қ.Жұбанов көрсеткен еді: шарт-жағдай салалас. Шарттылық мәндегі сөйлемдер құрмаластың қай түрінде болса да кездесе береді. Салалас құрмаласта оның өзіне тән арнаулы жолдары болады. Шартты салалас сөйлемдерде компоненттердегі оқиға мазмұны бір-біріне шарттастық мәнде құрылады. Жасалуы жағынан олар әрі жалғаулық арқылы, әрі жалғаулықсыз да келе береді. Мағыналық көрінісі жағынан жалғаулықсыз түрінің жалғаулықты шартты салаластан ешқандай айырмашылығы жоқ. Тек мұнда компоненттер арасында ешқандай жалғаулық қолданылмайды. Салалас сөйлемнің салыстырмалы түрі қазақ тіл білімінде соңғы жылдары саралана бастады. Алайда тіліміздің табиғатында осындай мәндес сөйлемдер бұрынннан да бар. Олар көбінесе мақал-мәтелді сөйлемдердің заңдылықтарынан шығып жатады. Талғау мәнді салалас сөйлемнің синтаксистік компоненттеріндегі оқиғалардың орындалу барысы бір-бірімен талғау, таңдау ретінде жұмсалады. Осыған орай да бұларда хабарланған іс-әрекеттердің екеуінде бірдей орындалмай, тек біреуінде ғана жүзеге асатындығы көзделеді. Салалас сөйлемнің бұл түрінің талғаулы деп аталуының себебі де осындай заңдылықтың негізінен шығып жатады. Талғаулы салаластың бұдан бұрын талданған салалас сөйлемдерден өзіндік айырмашылығы бар. Ол айырмашылық – талғаулы салалас сөйлем тек қана жалғаулықтар арқылы жасалады. Мұның жалғаулықсыз түрі болмайды. Талғаулы салалас сөйлемді алғашқыда А.Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, кейіннен проф. С.Аманжолов бейтарап деп саралаған болатын. Талғау мәндегі салалас сөйлемдердіжасауға қатынасатын жалғаулықтар – не, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, мейлі, құй. Талғаулы салалас сөйлемдерде оқиға, әрекеттердің орындалу барысы жағынан екінің бірі ғана болып отырады. Бақылау сұрақтары: 1 . Шартты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз 2. Салыстырмалы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз 3. Талғаулы салалас сөйлемге мысал келтіріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №6 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ( 2 сағат) 1.Кезектес салалас сөйлемге жалпы сипаттама 2.Түсіндірмелі салалас сөйлемге жалпы сипаттама 3. Қарсылықты салалас сөйлемге жалпы сипаттама Кезектес салалас сөйлем туралы ең алғаш сөз қозғаған проф. С.Аманжолов. Құрамындағы жай сөйлемдердің білдіретін қимылы алмасып отырады. Кезектес салаластардың мағынасында мезгілдік қатынас та бар сияқты. Бірақ мұндағы мағына сөйлемде амал әрекеттің өту мезгілін білдірмейді, керісінше сол әрекеттің кезек-кезек өзара ауысып келетінін көрсетеді. Кезектес салаластардың тек қана жалғаулықты болатыны айтылып жүр. Жай сөйлемдердің арасы жалғаулықты. Кезектес салалас сөйлемдердегі компоненттердің арасын байланыстыратын кейде, бірде, біресе жалғаулықтары осындай қызметті атқару үшін сол жалғаулық әрбір әрбір компоненттің құрамында қайталануы керек. Алайда осы шарт үнемі бола бермейді. Жалғаулықсыз салалас сөйлемдердің ерекшеліктерінің бірі – компоненттердің интонациялық тұтастығы. Егер жалғаулықты салалас сөйлемдердегі предикативтік бөліктердің дербестігі айқын сезіліп тұрса, жалғаулықсыз салалас сөйлемде ондай дербестіктен гөрі интонациялық тығыздық, байланыс басым болады. Салалас құрмалас сөйлемнің түсіндірмелі түрінде бірінші предикативтік бөлікте жалпылай айтылған ой екінші предикативтік бөлікте нақтыланып, дараланып, айқындалып тұрады. Түсіндірмелі салаластың бір компонентінде баяндауыш та жалпы айтылып, келесі компоненттерде нақтыланады. Түсіндірмелі салалас сөйлем, бір жағынан, сөйлемнің қай мүшесі болсын жалпылық ұғым береді де, екінші жағынан, соны дәлдей, тарамдай түсетін ұғым береді. Бақылау сұрақтары: 1. Кезектес салалас сөйлемге мысал келтіріңіз 2 Түсіндірмелі салалас сөйлемге мысал келтіріңіз 3. Қарсылықты салалас сөйлемге мысал келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №7 дәріс тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем ( 2 сағат) 1.Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама. 2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принцип бойынша таптастырылатын екінші түрі – сабақтас сөйлем. Егер салалас сөйлемде оның құрамына енетін компоненттер баяндауыш орындағы сөздердің тұлғалық жағынан тиянақтылығымен аяқталып отырса, сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің предикативтік бөліктерінің белгілі дәрежеде ой дербестігі болуы – құрмалас сөйлемнің бұл түрінің тағы да бір ерекшелігі. Демек, әр компоненттің өзінше сөздердің байланысынан құралған мазмұны, соған сай айтылған ойы болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген ой тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп тұрады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады. Осыдан келіпбасыңқы сыңарлардың бірігуінен тиянақты мағына мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады. Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың басқа түрлерінен ажыратыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі айырым белгілері: Сабақтас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір-біріне тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді. Мұндай тәуелділік, негізінен алғанда, алғашқы сөйлем байланыстырғыш баяндауышының тиянақсыз тұлғада аяқталуынан шығады. Осы арқылы соңғы сөйлеммен тығыз байланысқа түседі. Осыдан келіп сабақтас құрмалас өз құрылысы жағынан бағыныңқы және басыңқы сөйлемдерден тұрады. Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы ретінде етістіктің шартты рай тұлғасы, есімше, көсемше формалары және есімшемен тіркесетін түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады. Сабақтас құрмаластағы ұласпалы байланыстырғыш интонация салаластағыдай емес, өте әлсіз, солғын болады. Егерде салалас құрмалас сөйлемнің синтаксистік компоненттері бір- бірімен теңдестік дәрежеде байланысса, сабақтас құрмаласта – керісінше, олар өзара теңдестік емес дәрежеде, тәуелділік сипатта құрмаласады. Бұл – сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік бетін айқындайтын басты көрсеткіш. Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат оның бағыныңқы компонентінен орын алады. Өйткені байланыстырғыш баяндауыш осы компоненттің бойынан шығады да, ол тиянақсыз қалыпқа түседі. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда ұйымдастырушы орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болып есептеледі. Осы баяндауыш өзінің түрлі формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалатын болады. Бұған қатысты басқа да жолдар осы бағыныңқы баяндауышышың негізінен өрбіп отырады. Бағыныңқы компненттің баяндауышы етістік сөздермен беріледі. Алайда қандай етістік сөздері бағыныңқының баяндауышы ретінде жұмсалады деген мәселеде түркологияда тиянақталған пікір жоқ. Өйткені кейбір ғалымдар сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің шартты рай тұлғасы қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы бұлардың дәлелі – сабақтас құрмалас сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен әр уақытта да жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы қажет. Бақылау сұрақтары: 1. Сабақтас құрмалас сөйлем жайлы жазылған пікірлермен танысыңыз 2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілерін көрсетіп беріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №8 дәріс тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем ( 2 сағат) 1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары 2.Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолында негізгі орталық бағыныңқы компоненттің баяндауышы болуымен қатар, сол баяндауыш сөздеріне қосымша ретінде шылау, қатыстық сөздері де елеулі қызмет атқарады. Сондай-ақ сабақтас құрмалас сөйлемнің ұйымдасуында интонация мен орын тәртібінің де өзіндік үлестері болады. Сабақтас құрмаластың жеке түрлері оның бағыныңқы компонентінің ыңғайына қарай ажыратылады. Осыған орай да бағыныңқы сөйлемдердің таптастырылуы дегенімізде жалпы сабақтас құрмаластың жеке түрлерін түсінетін боламыз. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жіктеуде тіл білімінде соңғы кездерде құрылымдық-семантикалық принцип өріс алды. Бағыныңқы сөйлемдерді өзара жіктеуде мағыналық принцип те қолданылды. Бұл әсіресе С.Аманжоловтың еңбегініе орын алды. Автор аталған еңбегінде сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналық көріністеріне қарай 18 түрге бөлді. Бағыныңқы сөйлемдерді жіктеудегі соңғы кездерде қолданылып жүрген принцип – құрылым-семантикалық принцип. Осы принцип бойынша сабақтас құрмаластың жасалу жолдары мен олардың бағыныңқы және басыңқы компоненттерінің бір-бірімен аралық тығыз байланысынан туындайтын мағыналық көріністері басшылыққа алынады. Осы негізде тіліміздегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді ең алдымен жалпы үлкен үш салаға бөліп қарастырған жөн. Қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдердің дені өз басыңқыларымен қарым- қатынасына орай пысықтауыштық ыңғайда жұмсалады. Қорытындылай келе, бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы төмендегідей болып келеді: шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем, Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем, себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем, мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем, салыстырмалы сабақтас сөйлем, түсіндірмелі сабақтас сөйлем, үлестес сабақтас сөйлем. Бақылау сұрақтары: 1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз 2.Бағыныңқы сөйлемдердің топтастырылуы жайындағы пікірлерді саралаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №9 дәріс тақырыбы: Сабақтас сөйлем ( 2 сағат) 1.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем. 2.Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдердің компоненттерінің байланысу ерекшеліктері. Түркологиялық ілімде басқаларына қарағанда бағыныңқылардың ең бір орныққан түрі шартты және қарсылықты бағыныңқылар деп танылады. Осыдан болу керек, кейбір тіл мамандары бұларды нақты бағыныңқылар деп атайды. Шартты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға-әрекеттердің орындалу барысы бір-біріне шарт мәнінде байланыса құрмаласады. Бұлайша шарт мәнінің туындауы бағыныңқы коипонент баяндауышының берілу жолдарымен де тығыз байланысып жатады. Демек, компоненттер аралығындағы мағыналық байланыс пен грамматикалық тұлалардың осылайша өзара үйлесе жұмсалулары белгілі бір бағыныңқы сөйлемдерді туындатып отырады. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтаста синтаксистік компоненттерде хабарланған оқиға нәтижесі бір-біріне қарама-қайшы қойылады. Осыдан барып олардағы іс-әрекеттердің орындалуы бірінде теріске шығарылады. Осындай заңдылығымен де ол басқа бағыныңқылардан ерекшелене алады. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем синтаксистік компоненттерде баяндалған оқиға- әрекеттердіңмазмұн желісі жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойыла айтылуы негізінде жасалады. Қарсылықты бағыныңқы сөйлемдердегі орын алатын әр түрлі мағыналық көріністі ескере отырып, оларды жалпы екі түрге бөліп қарастыруға болады: реалды қарсылықты бағыныңқылы және ирреалды қарсылықты бағыныңқылы. Бақылау сұрақтары: 1. Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге сипаттама беріңіз. 2. Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдердің компоненттерінің байланысу ерекшеліктерін көрсетіңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №10 дәріс тақырыбы: Сабақтас сөйлем ( 2 сағат) 1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама 2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама 3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары 4 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық ерекшеліктері. Бір сөйлемдердің бағыныңқы және басыңқы компоненттеріндегі хабарланған оқиғаның орындалу барысы бір мезгіл шеңберінде өтіп жатса, енді біреулерінде әр мезгіл шеңберінде орындалатын болады, яғни бағыныңқыдағы істен бұрын басыңқыдағы амал орындалып жатады, не болмаса керісінше болады. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың алғашқы коипонентінің баяндауышының жасалу жолдары көп. Грамматикалық көрсеткіштердің бір тобы іс-әрекеттің қашан болатындығын танытса, үшінші жағдайда сондай оқиғаның қай уақытта болғанын білдіреді. Сабақтас сөйлем бойындағы мезгілдік мәнді басшылыққа ала отырып, мезгіл бағыныңқыларды жалпы түрде екі үлкен салаға жіктеледі: бір мезгілдес сабақтас және әр мезгілдес сабақтас сөйлем. Сабақтастың себеп бағыныңқылы түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған ой желісінің себебін білдіріп тұрса, осы себептің нәтижесінде басыңқыда оның салдары келіп шығады. Осыдан келіп себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің өзі себеп пен салдардың өзаралық тығыз қарым-қатынасы негізінде туындайтын болады. Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңарының баяндауыштары әр түрлі жолмен жасалады. Бақылау сұрақтары: 1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама беріңіз 2. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама бер 3. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын атаңыз 4 Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем мен мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттерінің мағыналық ерекшеліктерін саралаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №11 дәріс тақырыбы: Сабақтас сөйлем ( 2 сағат) 1.Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама 2.Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама Бағыныңқы компонент басыңқы компонентте жүзеге асып жатқан немесе жүзеге асатын іс-әрекеттің амалын, тәсілін білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып табылады. Амал бағыныңқылы сабақтастың алдыңғы предикативтік бөлігі қалай? қайтіп? деген сұрақтарға жауап береді. Мұндай бағыныңқылардың жасалу түрлері оншалықты көп емес. Негізінен, оның бір-екі түрі бар деуге болады. Біірнші жағдайда бағыныңқының баяндауышы етістіктің көсемше түріне аяқталады. Енді бір реттерде бағыныңқының баяндауышы дай, дей, тай, тей жұрнақтарына аяқталады. Амал бағыныңқы сөйлемдер синтетикалық тәсіл арқылы жасалады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқы компонентте айтылатын оқиғаның, қимыл-әрекеттің болу немесе болмау мақсатын білдіреді. Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді. у немесе болмау мақсатын білдіреді. Мақсат бағыныңқылы саақтастың алдыңғы компонентінің баяндауышының жасалу жолдары түрлі-түрлі болып келеді. Мақсат бағыныңқылы сабақтастың синтаксистік компоненттерінде өзіндік арнайы грамматикалық бастауыштары болуы қажет. Бұлай болмаған күнде ол сабақтас құрмалас болып танылмай жай сөйлемнің күрделенген түрін құрайтын болады. Мақсат бағыныңқының бір компоненті кейде жақсыз сөйлем ретінде де келіп отырады. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемдер негізінен аналитика- синтетикалық тәсілдер арқылы жасалады. Бақылау сұрақтары: 1. Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз 2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №12 дәріс тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ( 2 сағат) 1.Түсіндірмелі сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама 2.Салыстырмалы сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама 3.Үлестес сабақтас сөйлемге жалпы сипаттама Бұдан бұрын талдаған сабақтас сөйлемнің түрлерінде бағыныңқы компонент басыңқыда хабарланған оқиғаның мазмұн желісін әр түрлі жақтан айқындап, толықтап тұрады. Осыған орай да басыңқы сөйлемнің мазмұны әр қырынан бағыныңқы компонент арқылы ашылып отырады. Ал түсіндірмелі сабақтаста мұндай мағыналық көрініс керісінше болады. Мұнда айқындаушы, түсіндіруші қызмет қызмет басыңқының үлесіне тиеді. Түсіндірмелі сабақтас сөйлемнің өзге бағыныңқылардан осындай айырмашылығы бола тұра мұндағы синтаксистік компоненттерлің аралық қарым- қатынасы тұлғалық және мағыналық жақтарынан бір-біріне тәуелді болып тұрады. Түсіндірмелі сабақтас сөйлем етістіктің шартты рай тұлғасы арқылы жасалады. Екі жақ компоненттердің баяндауыштары осы шақтық мезгілдік ұғымда тұрады. Салыстырмалы сабақтас сөйлемде бағыныңқы коипонент басыңқыда хабарланған қимыл-әрекетті әр түрлі мағыналық жақтан айқындап, толықтап жатпайды. Әр синтаксистік компонент мағыналық жақтан жеке дербестігін сақтайды, тек байланысу амалы жағынын ғана бағыныңқының баяндауышы тиянақсыз қалыпта болады. Компоненттердің мағыналық қарым-қатынасы бір- бірімен салыстырыла айтылады. Сөйлем бойындағы салыстырмалық мән ондағы жеке сөздердің қолданысы не болмаса оқиғалар барысының өзара үйлесе, жұптаса айтылуы негізінде жүзеге асатын болады. Салыстырмалық мән бір-бірімен өзара тең түсіп жатса, енді бірде тең түспей әр түрлі ыңғайда жұмсалады. Бақылау сұрақтары: 1. Түсіндірмелі сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз 2. Салыстырмалы сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз 3.Үлестес сабақтас сөйлемге мысал келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №13 дәріс тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ( 2 сағат) 1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты 2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің семантикалық сипаты Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік құрылымын да көп бағыныңқылы, көп басыңқылы деп атап жүрген құрылымдар жиі кездеседі. Ондай сөйлемдер көп комполнентті құрмалас сөйлемдер деп аталып жүр. Өйткені бір сөйлемнің ішінде ондаған жай сөйлем болып келе береді. Кейде бұлар бірыңғай салалас сөйлемдерден тұрса, көпшілік жағдайда салаласа, сабақтаса байланысқан өзара әр түрлі мағыналық қатынастағы жеке компоненттердің жиынтығынан болады да, олардың тұтас сөйлемді мағыналық жағынан сабақтас бағыныңқылы құрмаластардың қай түріне жататынын айыру мүмкін емес. Сондықтан бұларды көп компонентті құрмалас сөйлем деп атаған жөн. Құрамындағы предикативтік бөліктердің саны жағынан салалас сөйлемдер әр алуан болып отырады. Екінші сөзбен айтқанда, салаластың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт және одан да асып кетуі мүмкін. Көп компонентті салалас сөйлемдерде хабарланған ойдың мазмұны толығырақ ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі саралана жіктеліп, талдана жинақталу сипаты орын алады. Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана, демек, бір ғана бағыныңқы компонент пен бір ғана басыңқы компоненттен құрала бермейді. Кей жағдайда сабақтастың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт, одан да көп болуы әбден мүмкін. Бағыныңқы компоненттің саны қанша болса да, басыңқы компонент әрдайым біреу ғана болып отырады. Бір басыңқыға қатысты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы сабақтас делінеді. Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да құрылымдық жағынан әр түрлі болып келеді. Құрылымына қарай көп бағыныңқылы сабақта жарыспалы бағыныңқылы және сатылы басыңқылы деген екі түрге жіктеледі. Көп бағыныңқылының жарыспалы бағыныңқылы түрінде әрбір бағыныңқы сөйлемді жекелей бөліп айтқан да басыңқысымен бірден тікелей байланыса алады. Бірнеше бағыныңқылардың сөйлемді аяқтаушы басыңқы компонентке бағынуы өзара бірыңғай теңдестік дәрежеде болады. Бұл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауыштары бірыңғай бір тұлғада, не болмаса әр түрлі тұлғада да тұра беруі мүмкін. Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемде әрбір жеке бағыныңқы сөйлем өз бетімен тікелей де тура басыңқы компонентпен байланыса алмайды. Басыңқымен мағыналық байланыстың болуы үшін алдыңғы бағыныңқы сөйлемдер бір-бірімен өзара сатылай жалғасуы қажет. Бұлай болмаған күнде бағыныңқылардың өзара үйлесе айтылуы жүзеге аспай қалады. Бағыныңқы сөйлемнің ең соңғысы өзінен бұрынғыларды мәндік үйлесіммен жетектеп, бір жерге шоғырландырадлы да, оларды өзі арқылы басыңқымен тығыз мағыналық қарым-қатынасқа түсіреді. Сондықтан да осылайша сатылай байланысу түрінде ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші рөл атқарады. Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлемдердің өз басыңқысынан бұрын орналасуы – түркі тілдерінің табиғатына тән құбылыс. Солай бола тұрса да айтушы адамның көзқарасы, мақсат, тілегі не нәрсеге боса назар аударуына байланысты кейде бағыныңқы сөйлемдердің орын тәртібі алмасып отырады. Осындай заңдылыққа сай олар сөйлемнің бас шенінде ғана жұмсалып қоймай, басыңқы компоненттің аралығына түсіпте, не болмас одан кейін де қолданылып қалады. Бақылау сұрақтары: 1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің жалпы сипатын әңгімелеңіз 2. Сатылы көп бағыныңқылы сөйлемге мысал келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №14 дәріс тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ( 2 сағат) 1. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. 2. Аралас құрмалас сөйлемдер мен көп компонентті құрмалас сөйлемдердің өзара байланысы мен өзгешелігі Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрін аралас құрмалас сөйлем дейді. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз жайды байқауға болады. Біріншіден, оның құрамында үл компонент болса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек болса, не салаласа байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. Салалас сөйлемде болатындай, мұнда да салаласқан компоненттердің жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиісті қосымшаларға аяқталып отырады. Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті түрде тек қана салаласып барып, содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе керісінше, сондай-ақ міндетті түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді. Бақылау сұрақтары: 1. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымын көрсетіңіз 2. Аралас құрмалас сөйлемнің өзге сөйлемдерден ажыратылатын басты белгілерін атаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. №15 дәріс тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер ( 2 сағат) 1.Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. 2.Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымы Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан құрмалас сөйлем түрін аралас құрмалас сөйлем дейді. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз жайды байқауға болады. Біріншіден, оның құрамында үл компонент болса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек болса, не салаласа байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса байланысу болсын, салаласа байланысу болсын, қай-қайсысы да әдеттегі дәстүрлі түрлерін сақтайды. Салалас сөйлемде болатындай, мұнда да салаласқан компоненттердің жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш тұлғалары да тиісті қосымшаларға аяқталып отырады. Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып қалған заңдылық жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті түрде тек қана салаласып барып, содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе керісінше, сондай-ақ міндетті түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы дегендей қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу мүмкіндігіне сай, байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді. Бақылау сұрақтары: 1. Аралас құрмалас сөйлемнің құрылымын көрсетіңіз 2. Аралас құрмалас сөйлемнің өзге сөйлемдерден ажыратылатын басты белгілерін атаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 3 ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚТАР 1- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік тұлға ретіндегі сипаты, грамматикалық белгілері Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем жүйесіндегі предикативтілік мәселесі, оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның ролін мысалдар арқылы түсіндіру. Әдістемелік нұсқаулықтар: Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырудағы жалғаулықтардың, септеуліктердің, орын тәртібінің, морфологиялық тұлғалардың т.б. амалдардың жұмсалу сипатына мысалдар келтіріңіз. Бақылау сұрақтары: 1.Құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты жайлы баяндаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 2- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын амалдар, оларды сипатына қарай топтау. Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасуы мен түркологияда, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принциптерімен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын тіл амалдарына мысалдар келтіріңіз. Бақылау сұрақтары: 1.Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату принципінің тіл-тілдердің құрылыс ерекшеліктеріне сай көрінісіне нақты мысалдар келтіріңіз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 3- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері мен олардың түр-түрге топтасу принциптерімен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Қарсылықты, себептік салалас құрмалас сөйлемдерге көркем шығармадан мысалдар жазыңыз. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері. Олардың түр-түрге топтасу принципі Жалғаулықты салалас сөйлемдер. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдер.Грамматикалық сипаты. Бақылау сұрақтары: Жалғаулықты салалас сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылысына бірнеш мысалдар келтіріңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 4- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: Жалғаулықты талғаулық салалас құрмалас сөйлемдер табиғатымен таныса отырып деп көмекші етістігінің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, олардың мағынасы, жұмсалуына назар аудару. Әдістемелік нұсқаулықтар: Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылысына мән беріп, мысалдар келтіріңіз. Жалғаулықты талғаулық салалас құрмалас сөйлемдер табиғаты. Деп көмекші етістігінің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, олардың мағынасы, жұмсалуы. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер. Бақылау сұрақтары: 1. Талғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысалдар жазыңыз. 2. Деп көмекші етістігінің жұмсалуына көркем шығармадан 5 мысал жазу Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 5- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: Мезгілдік қатынасты білдіретін, қарсылықты қатынасты білдіретін, талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің өзіндік белгілерімен, тыныс белгілерімен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдерге мысалдар келтіріңіз. Синтаксиситік талдау жасаңыз. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Тыныс белгілері Қарсылықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты Талғаулықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Бақылау сұрақтары: 1. Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне көркем шығармадан мысал теріңіз 2.Қарсылықты қатынасты білдіретін іргелес сөйлемдерге 5 мысал жазу Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 6- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: Себептік қатынасты білдіретін, шарттық қатынасты білдіретін, айқындауыш қатынасты, обьектілік қатынасты, теңдік қатынасты, телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипатымен таныса отырып тыныс белгілерінің қойылысына мән беру. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Теңдік қатынасты, телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдерге мысалдар жазу. 2. Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Тыныс белгілері 3. Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты 4. Айқындауыш қатынасты , обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалс сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты. Тыныс белгілері. Теңдік қатынасты, телінбе компонентті іргелес салалас сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Тыныс белгілері. Бақылау сұрақтары: Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысал келтіріңіз Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдерге 5 мысал жазу Айқындауыш қатынасты , обьектілік қатынасты білдіретін іргелес салалс сөйлемдердің тыныс белгілеріне мысалдар жазу Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 7- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрі Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінің құрмалас сөйлем жүйесіндегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен компоненттерінің байланысу амалдары, түрлерімен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің қазақ тілі грамматикалық жүйесімен байланысы жөнінде не айтар едіңіз? Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты Сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің байланысу амалдары Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері Бақылау сұрақтары: 1.Сабақтас құрмалас сөйлем проблемалары жайында баяндаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 8- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің негізгі түрлері Сабақтың мақсаты: Есімше, көсемше, өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер мен жатыс септіктегі есім сөздердің ұйымдастырылуымен жасалған құрмалас сөйлемдермен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Жатыс септіктегі есім сөздердің ұйымдастырылуымен жасалған құрмалас сөйлемдерге 5 мысал жазу. Есімше, көсемше, өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдер Көсемшенің -ғалы,-гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем жасауға қатысуы Қимыл атауы формасындағы -ыс, -іс-с,-у етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалс сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты Жатыс септіктегі есім сөздердің ұйымдастырылуымен жасалған құрмалас сөйлемдер. Бақылау сұрақтары: 1. Есімше, көсемше, өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше формалы етістік формаларының қатысуымен жасалған сабақтас құрмалас сөйлемдерге көркем шығармадан 5 мысал жазу, талдау. 2. Көсемшенің -ғалы,-гелі формаларының сабақтас құрмалас сөйлем жасауға қатысуына көркем шығармадан 5 мысал жазу, талдау. 3. Қимыл атауы формасындағы -ыс, -іс-с,-у етістіктің қатысуымен құралатын сабақтас құрмалс сөйлемдерге мысалдар жазу Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 9- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Сабақтың мақсаты: Түркология мен қазақ тілі біліміндегі салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-254 беттерін конспектілеу (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3- т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.). Түркологиядағы салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Қазақ тілі біліміндегі салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-254 беттерін конспектілеу (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3- т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.). Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 10- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері, байланысу амалдары. Сабақтың мақсаты: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен нақты танытатын белгілерімен, сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары, байланысу амалдарымен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу амалдарының әрқайсысына 3 мысалдан жазыңыз . Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, нақты танытатын белгілері Сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің байланысу амалдары. 1. Бақылау сұрақтары: 2. 1. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің нақты танытатын белгілерін жазып, баяндаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 11- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері. Оларды зерттеуге арналған еңбектер. Сабақтың мақсаты: Түркология мен қазақ тілі біліміндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-257 беттерін конспектілеу 1.Түркологиядағы сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер 2.Қазақ тілі біліміндегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ тілі біліміндегі А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы» еңбегінің 240-257 беттерін конспектілеу (Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – 3- т. Тіл құралы.– Алматы: Алаш, 2005.- 352 б.). Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 12- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың түрлері, қызметі Сабақтың мақсаты: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты мен байланысуына тән ерекшеліктер, компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастарды айқындау. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің байланысуына тән ерекшеліктерді нақты мысалдармен көрсетіңіз. 1. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты 2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің байланысуына тән ерекшеліктер 3. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастар. Бақылау сұрақтары: 1. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастарды нақты мысалдармен түсіндіріңіз. 2. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің байланысуына тән ерекшеліктерді нақты мысалдармен көрсетіңіз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 13- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың түрлері, қызметі Сабақтың мақсаты: Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты мен құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасуы, кірігуі, инверцияға түсуін нақты мысалдармен дәлелдеу. Әдістемелік нұсқаулықтар: Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверцияға түсуіне көркем шығармадан 5 мысал теру 1. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты 2. Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасуы 3. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверцияға түсуі. Бақылау сұрақтары: 1. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверцияға түсуіне көркем шығармадан 5 мысал теру 2. Аралас құрмалас сөйлемге көркем мәтіннен мысалдар жазу Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 14- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, функциясы жөнінде теориялық зерттеулер Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы көп компонентті құрмалас сөйлемдер мен қазақ тілі біліміндегі көп компонентті құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен таныс болу. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1.Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 220-223 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б. ) 1.Түркологиядағы көп компонентті құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер 2.Қазақ тілі біліміндегі көп компонентті құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 220-223 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б. ) Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 15- тәжірбиелік сабақ Тақырыбы: Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесінің зерттелу тарихы, ол зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы. Сабақтың мақсаты: Түркологиядағы құрмалас сөйлемдер мен қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектермен танысу. Әдістемелік нұсқаулықтар: 1. Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 147-168 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б. ) 2. 1.Түркологиядағы құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер 3. 2.Қазақ тілі біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер Бақылау сұрақтары: 1.Қазақ тілінің грамматикасы еңбегінің 147-168 беттерін конспектілеу ( Қазақ тілінің грамматикасы. Синтаксис. –Алматы: Ғылым, 1967. – 240 б. ) Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Мұсаұлы, Ж. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы: оқу құралы .– Көкшетау, 2003.- 220 б. 2.Ермекова, Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы - Астана: Фолиант, 2011.- 223 б. 3.Қордабаев, Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі: оқу құралы , 2-ші бас.- Алматы: Санат, 1995.- 176б. 4 БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ БОӨЖ, БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Білім алушы «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда тіл білімі тарихының ғылыми білім ретінде пайда болуы ерекше роль атқарады. Лингвистика ілімі қазіргі теорияның тіл білімі ғылымының әр сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми методологиялық таныммен терең байланысын, тіл теориясының әр түрлі мектептерге, бағыттарға және концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді. Лингвистика ілімі тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі. 4.1 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ |БӨЖ |Тексеру формасы. | |Құрмалас сөйлем компоненттерін |Жаттығу жұмыстары | |байланыстыратын амалдар, оларды | | |сипатына қарай топтау. | | |Ыңғайластық салалас сөйлемдердің |Конспект | |коипоненттерін байланыстыратын | | |жалғаулықтар | | |Қарсылықтық салалас құрмалас |Реферат | |сөйлемдерді ұйымдастыратын | | |жалғаулықтардың қызмет ерекшелігі. | | |Себептік салалас құрмалас сөйлемдердің |Реферат | |ұйымдасуы, мағынасы | | |Талғаулықтық салалас құрмалас |Реферат | |сөйлемдердің ұйымдасуы, семантикасы. | | |Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге |Конспект | |арналған негізгі еңбектер. | | 4.2 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ |1. |Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық белгілері байланысу | | |амалдары | |2. |Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың танылу | | |принципі | |3. |Сабақтас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі еңбектер | |4. |Сабақтас құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі функционалдық | | |орны | |5. |Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық белгілері, олардың | | |түрлері қызметі | |6. |Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, функциясы жөнінідегі | | |теориялық зерттеулер | |7. |Салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдердің | | |функционалдық қарым-қатынасы | 4.3 Реферат тақырыптары 4.2.1 Қазақ тілі құрмалас сөйлем жүйесінің зерттелу тарихы 4.2.2 Салалас құрмалас сөйлемге жалпы сипаттама 4.2.3 Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары 4.2.4 Көп компонентті құрмалас сөйлемдер 4.2.5 Аралас құрмалас сөйлемнің құрылым. 4.4 БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Күтуші кемпір де ханшаны немен сергітуге білмей әбден басы қатса керек, біресе оны бақ ішіндегі мыңдаған гүлдерді аралатады, біресе ханшаға төркінінен жасауға келген әмірші сыйлаған, әкімдер мен ұлықтар, уәзірлер мен қолбасылар, елшілер тартуға тартқан неше алуан сақиналар мен жүзіктерді, сырғалар мен білезіктерді, бірінен-бірі өтетін асыл тастарды көрсетеді, енді бір уақ шартараптан алдырылған асыл маталарды жайып салып, қайсысынан көйлек тігейік деп, мата таңдатады. А. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. В. Аралас құрмалас сөйлем. С. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Д. Күрделенген жай сөйлем. 2. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Аяғында керзі етік, үстінде қара пальто, басында жөндем құлақшын. А. Атаулы жай сөйлем. В. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем. С. Көп тармақты салалас құрмалас сөйлем. Д. Күрделенген жай сөйлем. 3. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Оның астында жалын өрген қылау бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. А. Көп тармақты салалас құрмалас сөйлем. В. Күрделенген жай сөйлем. С. Атаулы жай сөйлем. Д. Мезгілдес салалас құрмалас сөйлем. 4. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Біреу үн салуды сүйсе, біреу өлең жазуды арман етсе, басқа біреу қыран құстай ұшқыш болуды мәңгілік тілегі етеді. А. Шартты бағыныңқылы. В. Көп бағыныңқылы. С. Аралас құрмалас. Д. Көп тармақты салалас. 5. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Сен мұнайшысың, білесің ғой, осы мына жасанды жібек мұнайдан алынады дейді, сол рас па? А. Көп тармақты салалс. В. Себеп-салдар салалас. С. Түсіндірмелі салалас. Д. Күрделенген жай сөйлем. 6. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Бұл екеуінің елі жақын, отыз-қырық шақырымдай ғана жерде. А. Мезгілдес салалас. В. Түсіндірмелі салалас. С. Жай сөйлем. Д. Талғаулықты салалас. 7. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Әбділданың кеңсеге келуін аңдып тұр екен, хатшы бала жанына жетіп келді. А. Мезгілдес салалс. В. Себеп-салдар салалас. С. Түсіндірмелі салалас. Д. Жай сөйлем. 8. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жарыста екі аттың біреуі-ақ озады, айқаста екі жақтың біреуі-ақ жеңеді. А. Мезгілдес салалас. В. Қарсылықты салалас С. Салыстырмалы салалас. Д. Түсіндірмелі салалас. 9. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Ғұламаның сөзі бар: өлең болсаң артыңда мал қалмасын, тал қалсын! А. Түсіндірмелі салалас. В. Көп тармақты салалас. С. Аралас құрмалас. Д. Көп бағыныңқылы сабақтас. 10. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жазушы көзі тұрақтамаған жас балаға ұқсамауы керек, ой көзі тұрақтылықты тілейді. А. Түсіндірмелі салалас. В. Себеп-салдар салалас. С. Қарсылықты салалас. Д. Салыстырмалы салалас. 11. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Алқынып, танаулары делдиіп, бар денесімен дем алады. А. Көп бағыныңқылы. В. Мезгілдес бағыныңқылы. С. Амал бағыныңқылы. Д. Себеп бағыныңқылы. 12. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлемхатпен тартып, әйтеуір, бір ай шамасында талай руды қайырып, баурап апты. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 13. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Көңілі күн лебіне тойғаннан соң, Жер толықсып, түрленер тоты құстай. А. Мезгіл бағыныңқылы. В. Себеп бағыныңқылы. С. Көп бағыныңқылы. Д. Амал бағыныңқылы. 14. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қайсы? А. Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте ме, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен-өзің есеп ал! В. Тайдың асаулық қияңқылығы сондай екен, біресе шапшып мөңкіп, біресе шыңғыра тулап кетіп, Масақбайды да екі рет жыққан. С. Күн жылынып, қар кетуге айналып, мейірімді анадай жарқыраған жақсы күн келгенде, Абай тақат қыла алмай, атын ерттеп, міне сап, бет қараған жаққа таман жортып кететін. Д. Қарсылай соққан қоңыр жел былтырдан қалған сары көденің басын изетіп, бұралып ессе, Абай тымағын алып, маңдайын төсеп, ұзақ тұрады. 15. Амал бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қайсысы? А. Ақберен осындай ой үстінде келе жатып, Өргенішке жеткенін аңғармаған екен? В. Кәрі адам дүниеге ақыл-парасатымен қараса, жас жан дүниені жүрек отымен бағалайды. С. Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды. Д. Шолпысы сылдырлай түсіп, рахаттанып күліп қойып, әнін жалғыз өзі айтты. 16. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жиен қызы да құлпыра қалыпты, екі беті лаулай қызарып, өзінің сезімін оп-оңай ашып алғанына қысылыңқырап тұрған тәрізді. А. Аралас құрмалас. В. Қарсылықты салалас. С. Себеп-салдар салалас. Д. Амал бағыныңқылы. 17. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Иттің үргені басылар-басылмастан, есік ашылды. А. Мезгілдес бағыныңқылы. В. Мезгіл бағыныңқылы. С. Қарсылықты бағыныңқылы. Д. Себеп бағыныңқылы. 18. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Сірә, күн шығуға тақап қалған болуы керек, қараторғайдың үні бірте- бірте күшейе түсті. А. Мезгілдес салалас. В. Себеп-салдар салалас. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Мезгілдес бағыныңқылы. 19. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Құдай біледі, өмірінде шахтаның ішін көрмеген біреудің түсіне дәл сол түрде кіре қалған болсақ, түсінен шошып оянар еді. А. Көп тармақты салалас. В. Аралас құрмалас. С. Шартты бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 20. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Хасен селк етіп қараса, алтын торда тұрған тоты құс екен. А. Шартты бағыныңқылы. В. Мезгіл бағыныңқылы. С. Мезгілдес бағыныңқылы Д. Күрделенген жай сөйлем. 21. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Абай осы күндерде байқады: әкесінің сақал, шашындағы ақ көбейіп, бетінің әжімдері де молая түскен екен. А. Түсіндірмелі салалас. В. Аралас құрмалас. С. Амал бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 22. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Ербол енді аңғарды, ән Сүйіндіктің ауылының тұсынан шығып жатыр екен. А. Мезгілдес салалас. В. Түсіндірмелі салалас. С. Шартты салалас. Д. Күрделенген жай сөйлем. 23. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, соны алар. А. Аралас құрмалас. В. Шартты бағыныңқылы. С. Мезгілдес салалас. Д. Себеп-салдар салалас. 24. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Ту тіккен Тобықтының қолбасшысы, Жуан таяқ Тоқтамыс деген кісі, Жақыны жамағайын сол кісінің Бар екен Кебек деген бір інісі. А. Көп тармақты салалас. В. Күрделенген жай сөйлем. С. Мезгілдес салалас. Д. Түсіндірмелі салалс. 25. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. А. Көп тармақты салалс. В. Күрделенген жай сөйлем. С. Мезгілдес салалас. Д. Шартты салалас. 26. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жылан тілі жылт еткендей уақыт болды, қала жоқ болды. А. Күрделенген жай сөйлем. В. Салыстырмалы салалас. С. Мезгілдес салалас. Д. Қарсылықты салалас. 27. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?! А. Мезгілдес салалас. В. Көп тармақты салалас. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Қарсылықты салалас. 28. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес. А. Мезгілдес салалас. В. Күрделенген жай сөйлем. С. Қарсылықты салалас. Д. Себеп-салдар салалас. 29. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Кім біліп ер еңбегін сезіп жатыр, Кім шыдап жолдастыққа төзіп жатыр, Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз-ақ малтасын езіп жатыр. А. Көп тармақты салалас. В. Мезгілдес салалас. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Себеп-салдар салалас. 30. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Айтып-айтпай, немене Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні. А. Шартты бағыныңқылы. В. Аралас құрмалас. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Қарсылықты бағыныңқылы. 31. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Нұрғали әбігерленгенмен, Әлжан әзір байсалды қалпын бұза қойған жоқ- ты, аяғын жай басып, бәріне байыпты қарап келе жатып, жалпақ ала сиыр ұстаған біреудің қасынан өте бере, кілт бұрылды. А. Көп бағыныңқылы сабақтас. В. Аралас құрмалас. С. Амал бағыныңқылы сабақтас. Д. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас. 32. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Біреулер жүк әкелсе, біреулер әкетіп барады. А. Шартты бағыныңқылы. В. Мезгілдес қатынастағы бағыныңқылы. С. Қарсылықты бағыныңқылы. Д. Салыстырмалы бағыныңқылы. 33. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Арбаны далаға тастап, екеуі екі өгізге жайдақ мініп, ауылға келгенде, қысқа күн кешкіріп қалған. А. Амал бағыныңқылы. В. Көп бағыныңқылы. С. Мезгіл бағыныңқылы. Д. Мезгілдес бағыныңқылы. 34. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Қараңғы бөлмелер жарқ еткенде, жабыңқы көңілдер де бір жарқ еткендей болды. А. Мезгіл бағыныңқылы. В. Мезгілдес бағынңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Салыстырмалы бағыныңқылы. 35. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Дала қандай көңілсіз болса, үйдегілер де сондай көңілсіз. А. Салыстырмалы бағыныңқылы. В. Мезгілдес бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Амал бағыныңқылы. 36. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Ауылдағылар есік алдының қарын күреп, құдықтан не суаттан аттарын суарып, қара малға, тысқа шығарып, шөп шашып, алды таңертеңгі шайға жаңа ғана отырды. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы С. Мезгілдес бағыныңқылы. Д. Себеп бағыныңқылы. 37. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Тоқабай қолындағы айырына сүйене тұрып, Тәуке ат үстінде ұраны айнала жүріп, екеуі кәмпеске жайында көп әңгімелесті. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Мезгілдес бағыныңқылы. Д. Аралас құрмалас. 38. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Ақан әлгі сөзді қанша жігерлене айтса да, Бүркіт одан таусылған адамның шарасыз шешім үнін естіді. А. Қарсылықты бағыныңқылы. В. Себеп бағыныңқылы. С. Мезгіл бағыныңқылы. Д. Мезгілдес бағыныңқылы. 39. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Түн ішінде аспаннан аққан жұлдыздай Құлагер Көкөзектің сайына, құйысқаны сартылдап, төрт жүз тоқсан тоғыз жүйрікті артқа тастап жалғыз құлдырап, екпіндетіп, түсе берді. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Себеп бағыныңқылы. 40. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Шүңірек қап-қара көзі болмаса, бет әлпеті тура әкесінен аумаған Батыраштың ұлының жүзін Мөңке жаңа аңғарды. А. Қарсылықты бағыныңқылы. В. Шартты бағыныңқылы. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Себеп бағыныңқылы. 41. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Болыс әмірін естісімен, атығай-қарауыл жігіттері ордаңдап, қорбаңдап кеп, байлаулы жатқандарды ашулы аюларша жұлмалап, тұрғыза бастады. А. Мезгіл бағыныңқылы. В. Мезгілдес бағыныңқылы. С. Амал бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 42. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Бір жақсылықтың болғанын сезіп, қаралы ауыл адамдары күншуаққа шыққан арық-тұрақтардай жасқаншақ басып, бұларға таяу жинала бастаған. А. Себеп бағынңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Күрделенген жай сөйлем. Д. Көп бағыныңқылы. 43. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Бүгін түн жарымына шейін ас ішпей, жолдан кейін тыным алмай, бірде-бір үйге де кірмей, қараңғы далада көп үйлердің сыртында тапжылмай жалғыз отырып, Абайдың тыңдап шыққандары көктемдегі бүліктің әлегін шеккен, азабын арқалап қалған өңшең кедей-кепшік, жалшы-жақыбайдың жайлары болатын. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 44. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Билер мен ояз отырған үлкен үйге Абай табалдырықтан аттап кіргенде, сол үйді әлденеше жүзден асқан қара халық еңсере қамап, басып кетті. А. Мезгіл бағыныңқылы. В. Мезгілдес бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Көп бағыныңқылы. 45. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Қазан астындағы от қисая жанып, төрдегілерге сары қидың ащы көк түтіні шалқып жетіп, беймазалық жасады. А. Көп бағыныңқылы. В. Амал бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 46. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жүрек сезбейтін сұмдық бар ма, кенет оған осы отырысы ұстазымен ақырғы рет отырысуы секілденіп кетеді. А. Күрделенген жай сөйлем. В. Себеп бағыныңқылы. С. Мезгілдес бағыныңқылы. Д. Амал бағыныңқылы. 47. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Біреу тікелей қараса да, өзінен-өзі қуыстанатыны қылмысты жанның әдеті емес пе, ол көрінгеннен үрікті. А. Көп бағыныңқылы. В. Шартты бағыныңқылы. С. Себеп бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 48. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Аллалап бет-бетімен тым-тырақай қашқан кедей ауылдың жоқ-жітіктері, қазақ тұрмысында бұрын-соңды болып көрмеген мынадай жантүршігерлік сойқанды дүрмекке қарсы тұрар дәрмендері қайда, суықтан қорғалап, жылы пеш саңлауларына тығылатын шілделіктерше, жер кепелеріне сүңгіп-сүңгіп кіріп кеткен. А. Көп бағыныңқылы. В. Себеп бағыныңқылы. С. Амал бағыныңқылы. Д. Күрделенген жай сөйлем. 49. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Жаздай дамыл таппай семіртіп, ең көріктісін, құндысын әкелген малшы қазақ қымбатқа сатқысы келсе, оның аяулысын жалақтаған саудагерлер арзанға алып, пайда тапқысы келеді. А. Көп бағыныңқылы. В. Шартты бағыныңқылы. С. Мезгіл бағыныңқылы. Д. Қарсылықты бағыныңқылы. 50. Қандай сөйлем екенін анықтаңыз: Құлынжалды садақтарын шірене тартқан қазақ жігіттерінің жебесінен алдыңғысы оққа ұшса, артындағылары өліктерін басып өтіп, алға қарай ұмтыла берді. А. Көп бағыныңқылы. В. Шартты бағыныңқылы. С. Мезгіл бағыныңқылы. Д. Қарсылықты бағыныңқылы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz