Файл қосу
Циклоптың құрылысымен танысу
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СемЕЙ қаласының шәкәрім атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18-35.1. 01 | | | |/01-20___ | |ПОӘК | | | |«Омыртқасыздар |№ 2 басылым | | |зоологиясының үлкен |16.06.2014 ж. | | |практикумы» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Омыртқасыздар зоологиясының үлкен практикумы» 5В011300 «Биология» мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Зертханалық сабақтар 3. Курс жұмыстарының тақырыптары 4. Білім алушылардың өздік жұмыстары 1. ГЛОССАРИЙ Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән; зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады; морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым; онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі; омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар; палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді; симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші; таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы; тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі; ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары; ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы; филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы; физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым; экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы; протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым; гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым; карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым; арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым; акарология – кенелерді зерттейтін ғылым; энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым; малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым; 2. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР 1 МИКРОМОДУЛЬ «Қарапайым бірклеткалы жануарлар» Биология зертханасындағы жұмыстың орындалуы. Қауіпсіздік ережелері. Микроскопиялық техника негіздері. Тақырып: Бірклеткалылар патшалық тармағы. Сабақтың мақсаты: Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу. Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу. Тапсырмалар: Әртүрлі объектілерді пайдаланып уақытша препараттар жасау. Методикалық жоба: Микроскоп құрылысымен және онымен жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау. Эвгленаның және трипанасоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл- қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару. Омыртқалы жануарлардың ішкі клеткалық паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау. Сұрақтар: Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде? Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі? Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады? Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай? Цистаға айналу себептері неде? Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы. Стигманың фунциясы қандай? Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары. Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді? Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі. Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады? Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)? Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы? Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде? Ядролық дуализм дегеніміз не? Коньюгацияның биологиялық мәні неде? Инфузориялардың классификациясының негізі неде? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. 2 МИКРОМОДУЛЬ «Губкалар және ішекқуыстылар типтері» Тақырыбы: Губкалар типі. Ішекқуыстылар типі. Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу. Тапсырмалар: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың, ішекқуыстылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Методикалық жоба: Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу. Модульды Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу. Сұрақтар: Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде? Губкалардың клеткалары және олардың функциясы. Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай? Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді? Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы. Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй? Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық). Гидраның мекені және олар немен қоректенеді? Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде? Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. 3 МИКРОМОДУЛЬ «Құрттар бөлімі» Тақырып: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар типтері. Мақсаты: Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттардың өкілдерінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар: Құрттардың әртүрлі топтарының құрылысымен, экологиясымен танысу. Методикалық жоба: Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысына қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу. Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу. Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу. Сұрақтар: Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады? Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты? Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады? Турбелляриялардың жүйке жүйесі. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай? Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде? Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде? Аралық және негізгі ие дегеніміз не? Партеногенез дегеніміз не? Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар? Таспа құртар қалай қоректенеді? Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы. Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Алғашқы дене қуысы дегеніміз не? Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай? Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай? Жұмыр құрттардың маңызы. 1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар? 2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде? 3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады? 4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген? 5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады? 1. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде? 2. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары. 3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері. 4. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы. 5. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы. 6. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. 4 МИКРОМОДУЛЬ «Буынаяқтылар типі» Тақырып: Буынаяқтылар типі. Тақырып: Шаянтәрізділер класы. Өрмекшітәрізділер класы. Насекомдар класы. Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу. Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу. Тапсырмалар: Буынаяқтылар типінің әртүрлі кластарының ішкі және сыртқы құрылыс ерекшеліктерімен, таралауымен танысу. Методикаклық жоба: Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу. Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу. Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау. Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Сұрақтар: 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай? 2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары. 3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай? 4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды? 5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі. 6. Дафнияның тіршілік циклі. 7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не? 8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы. 1. Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде? 2. Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар? 3. Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай? 4. Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай? Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан? Абдоменде қандай аяқтар орналасқан? Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады? Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар? Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты? Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы? Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай? Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады? Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не? Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері? Метаморфоз дегеніміз не? Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді? Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай? Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай? Тарақандар отрядына тән белгілері қандай? Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай? Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай? Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай? Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976. 5 МИКРОМОДУЛЬ «Былқылдақденелілер типі» Тақырып: Былқылдақденелілер типі. Мақсаты: Былқылдақденелілердің алуан түрлілігін білу. Тапсырма: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Методикалық жоба: Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу. Сұрақтар: 1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай? 2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай? 3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі. 4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады? 5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай? 6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән? 7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. 3. Курс жұмыстарының тақырыптары 1. Су омыртқасыздарының экологиялық топтары. 2. Омыртқасыздармен өсімдіктердің зақымдануы. 3. Жер үсті-ауалы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары. 4. Сулы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары. 5. Шаянтәрізділер класының түрлік алуан түрлілілігі. 6. Ксилобионттардың комплексі. 7. Тұщы су қоймаларының зоопланктоны. 8. Су омыртқасыздарының әртүрлі топтарының тыныс алуға бейімделу ерекшеліктері. 9. Бунақденелілер - өсімдіктердің тозаңдандырушылары. 10. Қоңыздар – копрофагтар. 11. Азықтық өсімдіктің бір түрінде тіршілік ететін бунақденелілердің түрлік құрамы. 12. Мәдени өсімідктердің маңызды зиянкестері және олармен күрес жолдары. 13. Ескі кесілген ағаштарда кездесетін омыртқасыздар. 14. Инеліктер, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы. 15. Бал арасы, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және маңызы. 16. Өрмекшілердің құрылыс ерекшеліктері және биологиясы, түрлік құрамы. 17. Улы омыртқасыздар. 18. Өсімдіктердің жарғаққанаттылармен тозаңдануы. 19. Өсімдіктердің қосқанаттылармен тозаңдануы. 20. Өсімдіктердің қатқылқанаттылармен тозаңдануы. 21. Омыртқасыз жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері. 22. Қысқамұртты қосқанаттылардың түрлік құрамы. 23. Жарғаққанаттылардың түрлік құрамы. 24. Жартылай қатқылқанаттылардың түрлік құрамы. 25. Қида кездесетін шыбындар. 26. Тұщы су қоймаларының былқылдақденелілердің алуан түрлілігі. 27. Насекомдар – энтомофагтар. 28. Өзен шаянының құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы. 29. Топырақты ортадағы тіршілікке бунақденелілердің бейімделушіліктері. 30. Топырақ омыртқасыздарының экологиялық топтары. 31. Топырақ қатқылқанаттыларының комплексі. 32. Жауын құрттарының топырақ түзілісіндегі ролі. 33. Былқылдақденелілердің құрылыққа бейімделушіліктері. Олардың өсімдік қалдықтарын ыдыратудағы маңызы. 34. Топырақ әртүрлі мөлшерлі категориядағы омыртқасыздардың тіршілік ету ортасы ретінде. 35. Топырақ кенелері, олардың топырақпен байланысы. 36. Қоғамдық бунақденелілер, олардың топырақпен байланысы. 37. Көпаяқтылардың тіршілік әрекеттері, олардың топырақтағы ролі. 38. Аяққұйрықтылар, немесе коллемболалар – ұсақ топырақ буынаяқтылары. 4. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 1 тапсырма: Бірклеткалы жануарлар. 1) Қауымды талшықтылардың көпклеткалы жануарлардың шығу тегін зерттеп білуде маңызы қандай? Палинтомиялық және монотомиялық қауымдар, ерекшеліктері. 2) Кестені толтыр. Паразиттік бірклеткалылар. |Паразит |Тудыратын аурулары|Жұғу жолдары |Күресу жолдары | |Дизентерия амебасы| | | | |Лямблия | | | | |Ішек балантидиясы | | | | |Токсоплазма | | | | |Лейшмания | | | | |Безгек плазмодиі | | | | 3) Кестені толтыр. Амебалардың тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктерін салыстыру. |Амеба түрі |Тіршілік ету |Қоректенуі |Көбеюі |Таралуы | | |ортасы | | | | |Амеба протей | | | | | |Дизентерия | | | | | |амебасы | | | | | 4) Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды? Мысалдар келтір. Е.Н. Павловскийдің еңбектері. 2 тапсырма: Губкалар және ішекқуыстылар типтері. 1) Губкалардың құрылыс ерекшеліктері. 2) Маржандардың жер рельефін түзуде ролі бар, оны қалай түсіндіруге болады? Рифтер түрлері. 3) Адамға қауіпті ішекқуыстылар. 4) Кестені толтыр. Ішекқуыстылардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы. |Сипаттамалары |Гидроидтылар |Сцифомедузалар |Маржан полиптері| | |клдасы |класы |класы | |Өкілдері | | | | |Тіршілік ету ортасы | | | | |Тіршілік әрекеттері | | | | |Симметриясы | | | | |Дене пішіні | | | | |Қоректенуі | | | | |Ас қорыту жүйесі | | | | |Зәр шығару жүйесі | | | | |Жүйке жүйесі | | | | |Сезім мүшелері | | | | |Жыныс клеткаларының | | | | |түзілуі | | | | |Даму стадиялары | | | | 3 тапсырма. Құрттар бөлімі. 1) Жалпақ құрттардың дернәсілдері қалай аталады және олар қандай өкілдеріне тән? 2) Азқылтанды құрттардың топырақ түзілісіндегі ролі қандай? 3) Төмендегі ауруларды қандай құрттар тудырады, сәйкес өкілдерінің атын жазыңдар: Дракункулез – Анкилостомоз- Тениаринхоз- Энтеробиоз-- Трихоцефалез - Трихинеллез- Описторхоз- Дифиллоботриоз- Декроцелиоз- Аскаридоз-- 4) Кестені толтыр. Паразиттік құрттар. |Гельминт түрі |Зақымдалатын |Адамға жұғу |Негізгі және|Күрес және | | |мүшелер |жолдары |аралық |профилактика | | | | |иелері |жолдары | |Сібір сорғышы | | | | | |Альвеококк | | | | | |Трихинелла | | | | | |Өкпе сорғышы | | | | | 5) Кестені толтыр. Жұмыр құрттардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы. |Сипаттамалары |Коловраткалар класы |Нематодтар класы | |Өкілдері | | | |Тіршілік ету ортасы | | | |Тіршілік әрекеттері | | | |Дене пішіні | | | |Тері-ет қапшығы | | | |Дене қуысы | | | |Ас қорыту жүйесі | | | |Зәр шығару жүйесі | | | |Заттар тасымалы | | | |Тыныс алуы | | | |Тыныс алу мүшелері | | | |Жүйке жүйесі | | | |Сезім мүшелері | | | |Жыныс жүйесі | | | |Дамуы | | | 4 тапсырма: Буынаяқтылар типі. 1) Кестені толтыр. Буынаяқтылардың кластарының салыстырмалы сипаттамасы. |Сипаттамалары |Шаянтәрізділер |Өрмекшітәрізділер |Бунақденелілер | |Өкілдері | | | | |Тіршілік ету ортасы | | | | |Тіршілік әрекеттері | | | | |Дене құрылысы | | | | |Бас бөліміндегі | | | | |мұртшалар | | | | |Аяқтарының типтері | | | | |Жабыны және бұлшық-ет| | | | |жүйесі | | | | |Дене қуысы | | | | |Ас қорыту жүйесі | | | | |Зәр шығару жүйесі | | | | |Қан айналу жүйесі | | | | |Тыныс алу жүйесі | | | | |Жүйке жүйесі | | | | |Сезім мүшелері | | | | |Жыныс жүйесі | | | | |Дамуы | | | | 2) Шаянтәрізділерді кәсіптік мақсатта қолдану (түрлері, қандай елдер айналысады?). 3) Кестені толтыр. Бал арасының өнімдері және оларды қолдану. |Бал арасы өнімі |Өнімнің арада түзілуі |Адам шаруашылығында | | |(қалай? неден?) |қолдану аймағы | |Ара балы | | | |Ара балауызы | | | |Гүл тозаңы (цветочная | | | |пыльца) | | | |Прополис | | | |Аналық сүті | | | |Ара уы | | | 4) Кестені толтыр. Бунақденелілер отрядтары. |Отряд |Өкілдері |Ауыз |Дамуы |Отрядқа тән| | | |аппараты | |белгі | |Түзуқанаттылар | | | | | |Теңқанаттылар | | | | | |Қатқылқанаттылар | | | | | |Инеліктер | | | | | |Торқанаттылар | | | | | |Қабыршаққанаттылар | | | | | |Қосқанаттылар | | | | | |Веснянкалар | | | | | |Жарғаққанаттылар | | | | | |Жартылайқатқылқанаттылар | | | | | Пән бойынша тест тапсырмалары. Біржасушалы жануарлар 1. Автотрофты қоректену дегеніміз не? А. дайын органикалық заттармен қоректену; В. шіріген органикалық заттармен қоректену; С. еріген органикалық заттармен қоректену; Д. бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзу арқылы қоректену; Е. ерімеген органикалық заттармен қоректену. 2. Жасыл эвглена қандай тәсілдермен қоректенеді? А. автотрофты; В. сапрофитті; С. гетеротрофты; Д. аралас; Е. фагоцитозды. 3. Қарпайымдылардың қайсысы автотрофты жолмен қоректенеді? А. амеба; В. трипаносома; С. кебісшелі инфузория; Д. безгек паразиті; Е. вольвокс. 4. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысы “ұйқы ауруын” қоздырғышын адамға тасымалдайды? А. маса; В. сона; С. шіркей; Д. це-це шыбыны; Е. үнсіз маса (москит). 5. Паразит организмінің негізгі иесі дегеніміз: А. паразиттің жыныссыз көбеюі өтетін организм; В. паразиттің жынысты көбеюі өтетін организм; С. паразиттің көп рет бөліну сатысы өтетін организм; Д. паразиттің дернәсілдік сатылары дамитын организм; Е. паразиттің инвазиялық (жұқпалы) сатысы дамитын организм. 6. Жасыл эвгленаның дене жамылғысы? А. пелликула; В. бір қабатты эпителий; С. кутикула; Д. хитинді кутикула; Е. сауыт. 7. Жиырылғыш вакуольдың атқаратын қызметі: А. ас қорыту; В. қорек затын тасымалдау; С. қорғаныштық; Д. жылжу; Е. осмос қысымын реттеу. 8. Коньюгация процесі дегеніміз: А. екі гаметаның қосылуы; В. копуляция нәтижесінде зиготаның пайда болуы; С. екі особьтың уақытша қосылуы; Д. жыныссыз көбею; Е. екіге бөліну. 9. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды? А. жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар; В. қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар; С. ауру қоздырғыштары тасымалдаушы жануарлар арқылы жұғатын аурулар; Д. үй шыбыны арқылы таралатын аурулар; Е. ауа арқылы таралатын аурулар; 10. Қарапайымдылардың дене пішінінің тұрақтылығы неге байланысты? А. сыртқы жұқа жарғаққа байланысты; В. эктоплазманың кутикула түзуіне байланысты; С. эктоплазманың пелликула түзуіне байланысты; Д. эктоплазманың хитин түзуіне байланысты; Е. денесінің сыртындағы құм-түйіршіктерден пайда болған қабыршаққа байланысты; 11. Қарапайымдардың қоректену жолдарының қай тәсілі ең ежелгі болып саналады? А. гетеротрофты; В. автотрофты; С. сапрофитті; Д. аралас (миксотрофты); Е. фагоцитозды; 12. Ядролық дуализм дегеніміз не? А. цитоплазмада бір ғана ядро болады; В. цитоплазмада көлемі бірдей екі ядро болады; С. цитоплазмада тек генеративтік ядро ғана болады; Д. цитоплазмада көлемдері әртүрлі, атқаратын қызметі әртүрлі екі ядро болады; Е. цитоплазмада тек вегетативтік ядро ғана болады. 13. Төмендегі жануарлардың қайсысы адамға тері лейшманиозының қоздырғыштарын тасымалдайды? А. сона; В. маса; С. шіркей; Д. үнсіз маса (москит); Е. құмыты (мокрец). 14. Фораминифералардың маңызы: А. балықтардың қорегі; В. өсімдіктердің зиянкестері; С. құрылыс материалы ретінде (ізбес тас, кәдімгі бор); Д. жануарлардың паразиттері; Е. адамның паразиттері. 15. Безгек ауруын тасымалдаушылар: А. цеце шыбыны; В. шіркей; С. сона; Д. маса; Е. кене. 16. Коопуляция дегеніміз: А. екі особьтің уақытша қосылуы; В. екі гаметаның қосылуы; С. бүршіктену жолымен көбею; Д. екіге бөліну; Е. ұзынынан бөліну; Ішекқуыстылар типі 1. Ішшекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты? А. планктонды тіршілік етуге байланысты; В. бекініп тіршілік етуге байланысты; С. активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты; Д. судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты; Е. су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты; 2. Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар? А. бір клеткалы; В. екі қабатты; С. үш қабатты; Д. төрт қабатты; Е. төрт қабатты радиальді. 3. Медузалардың полиптерден айырмашылығы: А. тіркеліп тіршілік етуінде; В. еркін тіршілік етуінде; С. колониальды тіршілік етуінде; Д. эктопаразиттік тіршілік етуінде; Е. эндопаразиттік тіршілік етуінде. 4. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән? А. жалғанаяқтыларға тән; В. кірпікшелілерге тән; С. ішекқуыстыларға тән; Д. сорғыш құрттарға тән; Е. жұмыр құрттарға тән. 5. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома – эфира – медуза - жұмыртқа? А. гидроидтылар; В. теңіз гидроидты полиптері; С. сцифомедузалар; Д. маржан полиптері; Е. сифонофорлар. 6. Сәулелі симметриялы жануарлар: А. ішекқуыстылар; В. жалпақ құрттар; С. жұмыр құрттар; Д. буылтық құрттар; Е. буынаяқтылар. 7. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді? А. гастраль қуысында; В. қарын қалталарында; С. суда; Д. энтодермада; Е. эктодермада; 8. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән? А. жыныс жасушалары; В. атпа жасушалар; С. безді жасушалар; Д. жүйке жасушалары; Е. жағалы-талшықты жасушалар. 9. Медузалардың ас қорыту қуысы қалай аталады? А. гастральды; В. парагастральды; С. гастровоскулярлы; Д. миксоцель; Е. схизоцель. 10. Сцифомедузаның даму циклының кезеңдерін ретімен атаңыздар? А. планула; В. эфира; С. жұмыртқа; Д. стробила; Е. сцифистома; И. ересек медуза. Дұрыс жауап: 1) 1, 4, 5, 6, 2; 2) 1,2, 3, 4, 5; 3) 6, 2, 3, 1,5,4; 4) 3, 1, 5, 4, 2, 6; 5) 6, 2, 1, 4, 3, 5. 11. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар? А. маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер; В. биофильтраторлар; С. жануарлар паразиттері; Д. өсімдіктер паразиттері; Е. кәсіптік түрлері бар. Жалпақ және жұмыр құрттар типтері 1. Ақ планарияның асқорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады? А. ауыздан, жұтқыншақтан, тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; В. ауыздан, жұтқыншақтан, екіге тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; С. ауыздан, жұтқыншақтан, үшке тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; Д. ауыздан және тұйық бітетін түтіктен тұрады; Е. ауыздан, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. 2. Кірпікшелі құрттар не арқылы тыныс алады? А. желбезек арқылы; В. бүкіл денесі арқылы; С. өкпе арқылы; Д. артқы ішегі арқылы; Е. трахеялар арқылы. 3. Бауыр сорғыш құрттың “мирацидия” (кірпікшелі) дернәсілінің дамуы қайда өтеді? А. негізгі иесінде; В. аралық иесінде; С. суда; Д. ылғалды топырақта; Е. құрлықта. 4. Бауыр сорғыш құрттың даму кезендерінің қайсысы “инвазилі” (жұқпалы) сатысы болып табылады? А. жұмыртқа; В. редия; С. церкария; Д. адолескария; Е. мирацидия. 5.Сколексінде ілмектері бар және төрт сорғышы бар. Бұл белгілер қай құртқа тән? А. жалпақ таспа құрт; В. сиыр цепені; С. шошқа цепені; Д. майда таспа құрт; Е. лигула. 6. Жалпақ таспа құрттың корацидия дернәсілі қайда дамиды? А. ылғалды топырақта; В. суда; С. адамда; Д. шаянда; Е. балықта. 7. Адам қарулы цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде. 8. Адам жалпақ таспа құртпен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған немесе қуырылған балық етін жегенде. 9. Жалпақ құрттар типінің негізгі белгілерін атаңыздар. А. парагастральды қуыстың болуы; В. мезоглеяның болуы; С. паренхиманың болуы; Д. алғашқы қуыстың болуы; Е. миксоцельдің болуы. 10. Сиыр цепені паразиттердің қай тобына жатады? А. қанды паразиттер; В. қуысты паразиттер; С. ұлпалы паразиттер; Д. жасушалық паразиттер; Е. эктопаразиттер. 11. Қынап, екі тармақты жатын, екі тармақты жұмыртқа өткізгіш, жіп тәрізді жұмыртқа безі бар. Бұл қай құрттың жыныс жүйесі? А. жұмыр құрттардікі; В. буылтық құрттардікі; С. сорғыш құрттардікі; Д. таспа құрттардікі; Е. көп қылтанды құрттардікі. 12. Жыныстық диморфизм қай құрттарда айқын байқалады? А. буылтық құрттарда; В. сорғыш құрттарда; С. таспа құрттарда; Д. жұмыр құрттарда; Е. кірпікшелі құрттарда. 13. Жұмыр құрттардың дене қуысы: А. аралас; В. целом; С. алғашқы қуыс; Д. паренхимаға толы; Е. парагастральды қуыс. 14. Паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым: А. протистология; В. гельминтология; С. акарология; Д. арахнология; Е. энтомология. 15. Бала острицасының ұзындығы: А. 10 мм; В. 5-10 см; С. 10-18 мм; Д. 35-50 мм; Е. 32-100 см. 16.Трематодтар үшін қоректенудің қандай типі тән? А. фитофагия; В. зоофагия; С. некрофагия; Д. сапрофагия; Е. капрофагия. 17. Тері-бұлшық ет қапшығы дегеніміз не? А. эпителиймен паренхиманың жиынтығы; В. эпителиймен базальды жарғақтың жиынтығы; С. эпителиймен зәр шығару жүйесінің жиынтығы; Д. эпителиймен бұлшық ет талшықтарының жиынтығы; Е. эпителиймен асқорыту жүйесінің жиынтығы. 18. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез жолымен дамитын сатылары қайда өтеді? А. негізгі иесінде; В. аралық иесінде; С. суда; Д. ылғалды топырақта; Е. құрлықта. 19. Адам қарусыз цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде. 20. Денесі бунақталмаған, дене қуысы және артқы ішегі бар, дара жынысты. Бұл ерекшеліктер қандай құрттарға тән? А. жұмыр құрттарға; В. буылтық құрттарға; С. сорғыш құрттарға; Д. аз қылтанды құрттарға; Е. көп қылтанды құрттарға. 21. Бауыр сорғыш құрт: А. ұлпалы паразит; В. эктопаразит; С. қанды паразит; Д. өкпе паразиті; Е. қуыс паразиті. 22. Жалпақ құрттар типіне қандай зәр шығару мүшелері тән? А. протонефридия; В. метанефридия; С. целомодукт; Д. бүйрек; Е. антеннальды без. 23. Бауыр сорғыштың ас қорыту жүйесінің құрылысы: А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек; В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; Д. ас қорыту вакуольдер; Е. ас қорыту жүйесі жоқ. 24. Екі жақты симметриялы, экто-энто-мезо-дермадан тұрады, денесі тері-ет қапшығымен жабылған, тері-ет қапшығының жиырылуы арқылы қозғалады. Бұл белгілер төмендегі топтардың қайсысына тән? А. өрмекшітәрізділерге; В. ішекқуыстыларға; С. құрттарға; D. буынаяқтыларға; Е. былқылдақденелілерге. Буылтық құрттар типі 1. Төмендегі топтардың қайсысында алғаш рет қан айналу жүйесі пайда болды? А. буылтық құрттарда; В. сорғыш құрттарда; С. таспа құрттарда; Д. жұмыр құрттарда; Е. кірпікшелі құрттарда. 2. Параподиялар – қарапайым аяқтар алғаш рет төмендегі топтардың қайсысында пайда болды? А. аз қылтанды құрттарда; В. көп қылтанды құрттарда; С. жұмыр құрттарда; Д. кірпікшелі құрттарда; Е. таспа құрттарда 3. Буылтық құрттардың ерекшелігі? А. аралас қуыстың болуы; В. целом қуысының болуы; С. алғашқы қуыстың болуы; Д. паренхиманың болуы; Е. мезоглеяның болуы. 4. Сүліктер паразиттердің қай тобына жатады? А. қанды паразиттер; В. эктопаразиттер; С. қуысты паразиттер; Д. ұлпа паразиттері; Е. жасуша паразиттері. 5. Буылтық құрттар типінің өкілдеріне симметрияның қай түрі тән? А. екі жақты; В. радиальды; С. асимметрия; Д. екі сәулелі; Е. симметрия жоқ. 6. Жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың өзіне тән қандай ерекше белгісі бар? А. денесі жоғарыдан төменге қарай жалпайған; В. дене жамылғысында кірпікшелер бар; С. қай айналым жүйесі бар; Д. көпшілігі паразитті тіршілік етеді; Е. дене қуысы бар, ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады. 7. Қоректену сипаты бойынша жауын құрттары жануарлардың қай тобына жатады? А. жыртқыштар; В. өсімдік паразиті; С. жануарлар паразиті; Д. ыдыраған өсімдік қалдықтарымен қоректенушілер; Е. ыдыраған жануар қалдықтарымен қоректенушілер. 8. Жауын құртының ас қорыту жүйесінің құрылысы: А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек; В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; Д. ас қорыту вакуольдері бар; Е. ас қорыту жүйесі жоқ. 9. Буылтық құрттардың қан айналым жүйесі қандай қызмет атқарады? А. қоректік; В. көбею; С. зәр шығару; Д. тірек; Е. қорғаныс. 10. Буылтық құрттар тыныс алады: А. желбезекпен; В. өкпемен; С. кеңірдекпен желбезекпен және өкпемен; Д. бүкіл денесімен; Е. кеңірдекпен. 11. Нереида қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. сүліктер. 12. Сүлік қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. сүліктер. 13. Жауын құрты қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. таспа құрттар. 14. Теңізде тіршілік ететін құрттарға жатады. А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. таспа құрттар. 15. Нереиданың денесі қандай бөлімдерден тұрады? А. бас, кеуде, құрсақ; В. бас, тұлға, аяқ; С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий; Д. баскеуде, құрсақ; Е. тұмсық, жаға, тұлға. 16. Аннелидтер типінің өкілдеріне қандай жүрек типі тән? А. жүрек жоқ; В. арқа-қан тамыры; С. көп камералы жүрек; Д. екі камералы жүрек; Е. үш камералы жүрек. Былқылдақденелілер типі 1.Былқылдақденелілер типінің құрылысының ерекшелігі неде? А. локомоторлы мүше - аяғының болуы; В. буындалған аяқ; С. бас, кеуде және құрсағының болуы; Д. бақалшақ, мантия және бұлшық етті аяқ; Е. жалғанаяқтың болуы. 2.Кәдімгі тоспа ұлуы ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен суларының бетінде; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 3.Қошқармүйіз ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен мен жылға суларының бетінде; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 4.Айқұлақ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 5.Мидиялар, устрицалар ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 6.Кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 7.Шырыштар, жүзім ұлуы ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 8. Былқылдақденелілердің бақалшағы қандай қызмет атқарады? А. сыртқы қаңқа қызметін; В. жануар денесін кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды; С. газ алмасу мүшесі болып табылады; Д. организмді сыртқы ортаның механикалық және химиялық әсерінен қорғайды. 9. Суда тіршілік ететін айқұлақ және басқа да былқылдақденелілер ненің көмегімен тыныс алады? А. желбезектердің; В. өкпе қапшықтарының; С. кеңірдектің; Д. желбезек, өкпе қапшығы және кеңірдектің; Е. өкпе қапшығы мен кеңірдектің. 10. Құрлық былқылдақденелілерінде тыныс алу қызметін атқарады: А. желбезектер; В. өкпе; С. кеңірдек; Д. желбезек және өкпе; Е. бүкіл денесі. 11.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі: А. тұйық, екі негізгі: арқа және құрсақ қантамырларынан; В. ашық және жүрегі бар; С. ашық және үш камералы жүрегі бар; Д. ашық және екі камералы жүрегі бар; Е. ашық және көп камералы жүрегі бар. 12.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі қандай қызмет атқарады? А. қоректік; В. гомеостазды қамтамасыз ету; С. зәр шығару; Д. тірек; Е. қорғаныс. 13.Былқылдақденелілерде зәр шығару қызметін атқарады… А. протонефридиялар; В. жұп бүйрек (жасыл бездер); С. зәр шығару түтіктері; Д. зәр шығару түтіктері және бүйректер; Е. бүйректер. 14.Айқұлаққа қандай жыныс мүшесі тән? А. дара жынысты; В. гермафродитті; С. дамымаған; Д. жыныссыз. 15. Айқұлақ, устрицалар және мидия қай кластың өкілідері? А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 16. Кальмар, сегізаяқ және каракатица қай кластың өкілдері? А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар; С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 17. Былқылдақденелілердің құрттардан айырмашылығы: А. денесі кірпікшелі жамылғымен жабылған, ұзарған; В. денесі мантиямен және бақалшақпен жабылған, ұзармаған; С. денесі сегменттелген; Д. денесі радиальды симметриялы; Е. сезім мүшелері бар басы, кутикуламен жабылған денесі бар. 18. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде? А. көздері мен басының болуы; В. аяғының болуы; С. мантияның болуы; Д. қармалауыштары мен көзі бар басының болмауы; Е. бақалшағының болуы. 19. Басаяқты былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде? А. басының болуы; В. аяғы сорғыштары бар қармалауышқа айналған, ол басында орналасқан және ауыз тесігін қоршап тұрады; С. мантияның болуы; Д. қармалауыштары мен көздері бар басының болмауы; Е. бақалшағының болуы. 20. Қандай былқылдақденелілер судың табиғи тазартқыштары болып табылады? А. жүзім ұлуы; В. шырыштар; С. айқұлақ; Д. үлкен және кіші тоспа ұлуы; Е. қошқармүйіз. 21.Тоспа ұлу қай кластың өкілі?. А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар; С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 22. Былқылдақденелілердің қозғалу мүшесі….. А. аяқ; В. параподия; С. қылтандары; Д. жүзгіш аяқтары; Е. жалған аяқтары. 23. Қандай былқылдақденелілер кеменің су астындағы ағаштан жасалған бөлімін тесіп, оларды бұзады? А. устрица; В. шырыштар; С. мидия; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 24.Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін былқылдақденелілерді атаңыздар? А. устрица; В. жүзім ұлуы; С. мидия; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 25.Кейбір қосжақтаулылардың мантиясы мен бақалшағының арасында не түзіледі? А. маржан; В. інжу; С. янтарь; Д. дәрілік зат; Е. фарфор. 26.Қандай кәсіптік былқылдақденелілерді арнайы өсіреді? А. устрица, мидия; В. жүзім ұлуы; С. үлкен және кіші тоспа ұлуы; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 27. Жұтқыншақ, (радуласы-үгіткіші бар) сілекей безі, бауыр- төмендегі жануарлардың қайсысында алғаш рет пайда болды? А. аз қылтанды құрттарда; В. көп қылтанды құрттарда; С. моллюскаларда; Д. желбезек тыныстыларда; Е. трахеялыларда. 28.Моллюскаларды зерттейтін ғылым: А. акарология; В. энтомология; С. арахнология; Д. малакология; Е. гельминтология. Буынаяқтылар типі 1. Денесі аяқ орналасқан сегменттерден тұрады. Гетерономды метамерия тән. Аяқтары түрі өзгерген параподиялар. Хитинді кутикуласы және көлденең салалы ет талшықтары болады. Дене қуысы миксоцель. Жүрегі арқасында орналасқан. Қан айналу жүйесі ашық. Бұл ерекшеліктер қай типке тән? А. алғашқы қуыстылар типіне; В. буынаяқтылар типіне; С. былқылдақ денелілер типіне; Д. жалпақ құрттар типіне; Е. буылтық құрттар типіне. 2. Мальпигий түтікшелері алғаш рет қай типте пайда болды? А. жұмсақ денелілер типінде; В. жалпақ құрттар типінде; С. жұмыр құрттар типінде; Д. буылтық құрттар типінде; Е. буынаяқтылар типінде. 3. Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады? А. бас, кеуде, құрсақ; В. бас, тұлға, аяқ; С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий; Д. баскеуде, құрсақ; Е. тұмсық, жаға, тұлға. 4. Буынаяқтылар үшін қандай симметрия типі тән? А. винтті; В. шар симметриясы; С. радиальды симметрия; Д. сәулелі симметрия; Е. билатеральды симметрия. 5. Өрмекшілердің жүру аяқтары қанша жұп? А. бір жұп; В. екі жұп; С. үш жұп; D. төрт жұп; Е. бес жұп. 6. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысының дене сегменттері жойылып кеткен? А. құршаян; В. жалған құршаян; С. кене; Д. өрмекші; Е. пішенші. 7. Өрмекші тәрізділердің аяқтарының жалпы саны қанша? А. үш жұп; В. төрт жұп; С. алты жұп; Д. сегіз жұп; Е. он тоғыз жұп. 8.Төмендегі отрядтардың қайсысы толық түрленіп дамиды? А. жарғаққанаттылар отряды; В. тарақандар отряды; С. түзуқанаттылар отряды; Д. қандалалар отряды; Е. инеліктер отряды. 9. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады. Сирағының іш жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік қай отрядтың өкіліне тән? А. термиттер отрядына; В. түзуқанаттылар отрядына; С. дәуіттер отрядына; Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына; Е. қатты қанаттылар отрядына. 10. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар, жұмыртқа жегіштер қай отрядқа жатады? А. қатты қанаттылар отрядына; В. жарғақ қанаттылар отрядына; С. тозаң қанаттыллар отрядына; Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына; Е. түзу қанаттылар отрядына. 11. Төмендегі насекомдардың қайсысының ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жатады? А. үй шыбыны; В. адам бүргесі; С. капуста ақ көбелегі; Д. бал арасы; Е. шаншар. 12. Тайга энцефалитінің қоздырғышын адамға қандай буынаяқтылар тасымалдайды? А. қансорғыш масалар; В. соналар; С. шіркейлер; Д. кенелер; Е. бүргелер. 13. Несекомдардың зәр шығару мүшесі. А. протонефридия; В. метанефридия; С. целомодукт; D. бүйрек; Е. мальпигий түтікшелері. 14. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысының денесі көптеген сегменттерден тұрады? А. өрмекші; В. кене; С. құршаян; Д. жалған құршаян; Е. пішенші. 15.Қарақұрт қай отрядқа жатады? А. құршаяндарға; В. жалған құршаяндарға; С. пішеншілерге; Д. өрмекшілерге; Е. кенелерге. 16. Төмендегі отрядтардың қайсысы шала түрленіп дамиды? А. қоныздар отряды; В. тор қанаттылар отряды; С. көбелектер отряды; Д. қандалалар отряды; Е. бүргелер отряды. 17. Қансорғыш насекомдар - маса, сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса қай отрядтың өкілдері? А. торқанаттылар отрядының; В. жарғаққанаттылар отрядының; С. тең қанаттылар отрядының; Д. қос қанаттылар отрядының; Е. түзу қанаттылар отрядының. 18. Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл насеком қай отрядтың өкілі? А. қандалалар отрядының; В. бүргелер отрядының; С. биттер отрядының; Д. тозаң қанаттылар отрядының; Е. мамық жегіштер отрядының. 19. Ауыз аппараты спираль тәрізді оралған тұмсық. Денесі, қанаты қабыршақтармен қапталған. Бұл ерекшеліктер қай отрядқа тән? А. көбелектер отрядына; В. тең қанаттылар отрядына; С. жарғақ қанаттылар отрядына; Д. қос қанаттылар отрядына; Е. бүргелер отрядына. 20. Сорғыш түтік тәрізді ауыз аппараты қай отрядқа тән? А. көбелектер; В. қандалалар отрядына; С. биттер отрядына; Д. инеліктер отрядына; Е. жарғаққанаттылар отрядына. 21. Төмендегі топтардың қайсысы қанатсыз насекомдарға жатады? А. қандалалар; В. биттер; С. жарғаққанаттылар; Д. түзуқанаттылар; Е. қосқанаттылар. 22. Ызылдауық насекомдардың қай отрядының өкілдеріне тән? А. бүргелер отрядына; В. қосқанаттылар отрядына; С. қоңыздар отрядына; Д. көбелектер отрядына; Е. қандалалар отрядына. 23. Төмендегі буынаяқтылардың адамға ең қауіптісі қайсысы? А. құршаян; В. қара құршаян; С. қарақұрт; Д. бүйі; Е. крест өрмекші. 24. Насекомдардың қайсысы толық түрленіп дамиды? А. тарақандар; В. қандалалар; С. инеліктер; Д. түзу қанаттылар; Е. көбелектер. 25. Көбелектердің ауыз аппараты… А. кеміргіш; В. сорғыш; С. тесіп-сорғыш; Д. жалағыш; Е. тесіп-жалағыш. 26. Көбелектерге қандай дернәсіл типтері тән? А. нимфа; В. наяда; С. жұлдызқұртт; Д. құрттәрізді; Е. аяқсыз құрттәрізді. 27. Қандай насекомдар жануарлардың эндопаразиттері болып табылады? А. шаншарлар, бөгелектер; В. қандалалар, масалар; С. галлицалар; Д. түзуқанаттылар дернәсілдері; Е. қабықжегіштер. 28. Бөгелектердің қандай маңызы бар? А. жануарлардың мұрын және ауыз қуыстарында, жараларында паразитті тіршілік етеді; В. жапырақ пен сабақ маңайында жүреді; С. өсімдіктердің шырынымен қоректенеді; Д. ағаш қабығын бүлдіреді; Е. тозаңдандырушылар болып табылады. 29. Мимикрия – дегеніміз: А. тіршілік циклінің типі; В. даму типі; С. дененің арнайы түсі мен формасында көрінетін сыртқы ортаға реакция; Д. белгілі бір модельдерге еліктеу (подражание); Е. метаморфоз типі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz