Файл қосу
Курстың постреквизиті. Курс форматы
|Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекттік университеті | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-16.1.77 | | | |/02-2014 | |«Мамандану практикумы - |№1 басылым 11.09.2014 | | |I» пәнінен студентке | | | |арналған жұмыс оқу | | | |бағдарламасы | | | «МАМАНДАНУ ПРАКТИКУМЫ - I» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ (5В050300 – Психология мамандығына) СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырған: Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының доценті м.а. А.Ж. Едігенова 2 ҚАРАЛДЫ 1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Психология» кафедрасының отырысында Хаттама № 1 12.09. 2014 Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.С. Сатиева 2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды Хаттама № 1 09.09.2014 ОӘБ төрағасы_________ С.Х.Тойкин 3 БЕКІТІЛДІ 3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №1 11.09.2014 ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова 4 АЛҒАШ НГІЗІЛДІ №1 басылым 11.09.2014 Мазмұны 1. Жалпы талаптар 2. Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі 3. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Баға қою саясаты 7. Әдебиеттер 1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 1. Оқытушы және пән жайлы жалпы мағлұматтар Алма Едігенова Жүнісбекқызы – д.м.а., п.ғ.к. Кафедра: Психология Кафедраның мекен-жайы: Глинка көшесі, 20 Ақпараттық қатынас: 35-93-89 Сабақ өтетін орын: № 1 оқу ғимараты, 1212 дәрісхана Кредит саны: 2 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны. «Мамандану практикумы-I» курсы Қазақстан Республикасында жүріп жатқан реформалау процесіне сәикес психологиялық кәсіптік қызмет пен халықтық білім беру міндеттерін шешуге байланысті студенттерді қажетті білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Психологтардың адамдармен жүргізілетін жұмыстарына байланысты нәтижелі кәсіби әрекетінде психологиялық білім мен практиканың инновациялық әдістері мен технологияларын үнемі интеграциялау мен синтездеу қажеттілігі тұр.Психология ғылымының дамуы, қолданбалы салалардың кеңейуі моделдеу, жобалау, болжамдау, және жеке адамның, топтың, ұйымдардың, қоғамның психологиялық ерекшеліктерін қайта өңдеу міндеттеріне бағытталған әдістерге ерекше көңіл аударуға әкеледі. «Мамандану практикумы-I» курсы бүгінгі күннің талабына сай психология мамандығы студенттеріне тәрбиенің гуманистік дәстүр ерекшеліктерін ескере отырып, практикалық психология аймағы бойынша жан- жақты, кешенді тұрғыдан дайындау, қажетті психологиялық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыруға арналады. Студенттерді мамандандыру екі бағытта жүргізіледі: кәсіптік әрекеттегі қазіргі психологияның теориялық- әдістемелік сұрақтары және білім беру психологиясы. Бұл курста практикалық сабақтар кеңес беру, коррекция, психодиагностика салаларында психологтың кәсіби білім, дағды және іскерліктер жүйесіне бағытталған этаптар бойынша беріледі. 1.3 Пәннің мақсаты болашақ мамандардың топтық психокоррекция, психологиялық кеңес беру және психодиагностика саласындағы кәсіби білім, дағды, іскерліктерді болашақ мамандардың терең меңгеруі. Мамандану практикумы психологиясы саласын оқып-зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерін қалыптастыру. 1.4 Пәннің міндеттері: - білім берудегі психологиялық қызметтің өзіндік психологиялық ерекшеліктерін талдау, категориялық құрылымын ашу; - пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру; - мамандану пәнінен алынған білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту 1.5 Оқып-зерттеу нәтижесінде студент: Білуі керек: - мамандану практикумы пәніне байланысты ұғымдар мазмұнын; - мамандану практикумының методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін; - мамандану практикумы пәніне байланысты шетел, Ресей және отандық психологияның даму тарихын. Меңгеруі керек: - мамандану практикумы қарым-қатынас психологиясының зерттеуін ұйымдастырудың диагностикасын; - мамандану саласын оқып зерттеудің әдістерін қолдануды. Істей алуы керек: - білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары бойынша: психодиагностика, психокоррекция және кеңес беру, тренингтер, психологиялық ағарту және сақтандыру жұмыстары. Білім берудегі психологиялық қызмет туралы теориялық және практикалық материалдарды жинақтауы керек. Білім берудегі психологиялық қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыс іскерліктері мен дағдыларын игеруі керек. 1.6 Курс пререквизиттері: Жалпы психология, Даму психологиясы, Әлеуметтік психология, Жас ерекшелік психологиясы, Дифференциалды психология, Психофизиология, Философия, Әлеуметтану. 1.7 Курстың постреквизиті: Курсты оқыту нәтижесінде студенттердің меңгеретін білімдері, іскерліктері, дағдылары практикалық психологияның, психологиялық кеңес берудің қазіргі технологияларын меңгеруге және кеңес берудің қазіргі технологияларын меңгеруге, топтық жұмыс дағдыларын терең меңгеруге көмектеседі. Студенттердің болашақта маман ретінде атқаратын практикалық әрекетіне дайындығын қамтамасыз етеді. Сондықтан «Мамандану практикумы» курсын меңгеру жоғары курста оқылатын «Басқару психологиясы», «Практикалық психология», «Психологиядағы математикалық әдістер» пәндерін оқып зерттеуге негіз болады. 2. ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ |№ |Тақырыптар |Сағаттар саны |ӘӘдебиеттер | | | |ДС |ТС |ЗС |СӨЖО |СӨЖ | | |1 |2 |4 |5 |6 |7 |8 |9 | |1 |Модуль 1. Білім берудегі |2 |1 | | | |7.1.1,7.1.2, | | |психологиялық қызметтің теориялық| | | | | |7.1.3,7.1.4..| | |негіздері. | | | | | |.. | | |Білім берудегі психологиялық | | | | | | | | |қызмет пәні | | | | | | | |2 |Қазіргі замандағы білім беру |1 | | | | |7.1.1,7.1.2, | | |мәселелері | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | |3 |Білім берудегі психологиялық |1 | | | | |7.1.1,7.1.2, | | |қызметтің негізгі бағыттары | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | |4 |Білім беру саласындағы |2 |2 | | | |7.1.1,7.1.2, | | |психологтың кәсіби іс-әрекеті | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | |5 |Білім беру мекемелерін |2 | | | | |7.1.1,7.1.2, | | |де психологиялық қызметті | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | |ұйымдастыру | | | | | |. | |6 |Модуль 2. Білім беру |2 |2 | | | |7.1.1,7.1.2, | | |мекемесіндегі психологиялық | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | |қызмет мазмұны. | | | | | |. | | |Психодиагностикалық жұмыс | | | | | | | |7 |Психологиялық коррекция және |2 | | | | | | | |кеңес беру | | | | | | | |8 |Психологиялық коррекция және | |2 | | | |7.1.1,7.1.2, | | |дамыту жұмыстары | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | |9 |Балалармен коррекциялық және | |2 | | | | | | |дамытушылық жұмыстары | | | | | | | |10 |Психологиялық кеңес беру | |2 | | | | | | |негіздері | | | | | | | |11 |Тренингтік жұмыстарды ұйымдастыру|2 | | | | |7.1.1,7.1.2, | | |және өткізу | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | |12 |Білім беру мекемесіндегі |1 |2 | | | | | | |психологтың отбасымен жұмысы | | | | | | | |13 |Психологтың кәсіби бағдар беру | |2 | | | |7.1.1,7.1.2, | | |жұмысы | | | | | |7.1.3,7.1.4..| | | | | | | | |. | | |Барлығы |15 |15 |- |22,5 |67,5 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары. Тәжірибелік сабақтардың міндеттері: 1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау. 2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту. 3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру. 4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу. 5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау. 6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту. 7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру. 8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу. 9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту. Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6. Реферат аудиторияда талқыланады. Реферат мазмұны: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - мазмұнның стилі және сауаттылығы; - рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі 4 КУРС ФОРМАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтілген материалды меңгеруде тақырып бойынша негізгі түсініктерді меңгеруге мән беру қажет және әр студентте сөздік жұмысы болуы керек. Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі. Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз . Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар. Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс. Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді. Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды. Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру. Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады: - біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ; - өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ; - жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге; - топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300 балл 8-15 апталарға. «Білім берудегі психологиялық қызмет» пәні бойынша баллдың бөлінуі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Балл жиыны |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-8 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | |3 |Тәжірибелік |25 | | | |Тәжірибелік |25 | | |4 | | | | | |СӨЖ |40 | | |5 |Тәжірибелік |25 | | |6 |Тәжірибелік |25 | | | |СӨЖ |50 | | | |Рубеждік бақылау |80 | | | |300 | | |1-8 апта бойынша барлық | | | |балл саны | | | | |8-15 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | |9 |Тәжірибелік |15 | | |10 |Тәжірибелік |15 | | |11 |Тәжірибелік |15 | | | |СӨЖ |40 | | |12 |Тәжірибелік |15 | | |13 |Тәжірибелік |20 | | |14 |Тәжірибелік |20 | | | |СӨЖ |50 | | |15 |Рубеждік бақылау |80 | | |8-15 апта бойынша барлық |300 | | |балл саны | | | |Емтиханға балл |400 | | |Академиялық мерзімге |1000 | | |жиынтық балл | | | Пән бойынша дәріс сабағы, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстары арнайы көрсетілген, белгіленген баллдар негізінде бағаланады. Кесте 3 1 ап та2 апта3 апта4 апта5 апта6 апта7 апта8 апта9 апта10 апта11 апта12 апта13 апта14 апта15 аптаДәріс-Тәжір-25252525151515152020СӨЖ--4050--40-50Рубеж8080Барлы ғы-256525758015155515207080Барлы ғы-270270 Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі. 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер 7.1.1 Анастази Г.С. ., Урбина С. Психологическое тестирование в 2-х т..-М., 2005. 7.1.2 Психолого-педагогическая диагностика/Под ред. И.Ю. Левченко.-М.,2005. 7.1.3 Забрамная С.Д. От диагностики к развитию.-М.,2004. 7.1.4 Дружинин В.Н. Экспериментальная психология: Учебное пособие.- М, 2007. 7.1.5 Практикум по общей, экспериментальной и прикладной психологии.-СПб.,2000. 7.1.6 Тестирование детей: Психологическое тестирование. Диагностика интеллекта. Профессиональное тестирование / Автор-сост. В. Богомолов.- Ростов-н/Д., 2005. 7.1.7 Абрамова Г.С. Практическая психология: Учеб.- М., 2001. 7.1.8 Малкина-Пых, И.Г. Справочник практического психолога .-М.,2008. 7.1.9 Истратова, О.Н. Справочник психолога средней школы. - Ростов-н/Д,2006. 7.1.10 Быков, А.К. Психолого педагогический практикум. - М.,2006. 7.1.11 Коняхин, А.В. Тренинг интеллектуальных способностей : задачи и упражнения .-СПб:Питер,2008. 7.1.12 Практическая психология в тестах, или Как научиться понимать себя и других.- М.,2000. 7.1.13 Практическая психология: Учеб./ Под ред. М.К. Тутушкиной. - СПб.,2000. 7.1.14 Головин, С.Ю. Словарь психолога- практика. - Минск,2005. 7.1.15 Практикум по психологии профессиональной деятельности и менеджемента (Под ред. Г.С.Никифирова6 М.А. Дмитриевой, В.М.Снеткова) –СПб: Изд-во «Питер», 2001 7.2 ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР 7.2.1 Общая психодиагностика / Под ред. А.А. Бодалева, В.В.Столина.-М.,1987. 7.2.2 Носс И.Н.Психодиагностика.-М.,1999. 7.2.3 Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога.-М.,1996. 7.2.4 Божович, Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-СПб., 2009. 7.2.5 Кочунас Р. Психологические консультирование.- М., 1999. 7.2.6 Психологический словарь/Под ред. А.Г. Петровскогго.-М., 1997.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz