Файл қосу
Шошқа басының лимфа түйіндері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3 дәрежелі құжаты |ПОӘҚ |ПОӘҚ 042-18-23.1.08/01-2014 | | ПОӘҚ | | | |Оқытушыға арналған |Баспа №__күні_____ | | |пән | | | |«Ветеринариялық | | | |санитариялық сараптаудағы | | | |топографиялық анатомия | | | |және лимфа жүйесі» бойынша| | | |бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Ветеринариялық санитариялық сараптаудағы топографиялық анатомия және лимфа жүйесі» мамандық үшін 6М120200 – «Ветеринариялық санитария» ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырушы ________ «___»____ 2014 ж. Серикова А.Т., в.ғ.к, профессор кафедра «Ветеринариялық санитария» 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1 Кафедра мәжілісінде «Ветеринариялық санитария» Хаттама № __«_____» _____________2014 ж. Кафедра меңгерушісі ________ Дүйсембаев С.Т. 2.2 Аграрлық факультетінің оқу – әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды Хаттама № __«_____» ___________ 2014 ж. Төрайым ________ Г.Джаманова 3 БЕКІТІЛГЕН Университеттің оқу – әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды Хаттама № __«_____» _____________2014 ж. Төрайым _______ Г.Искакова 4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН № 1 «__» 09.2013 ж Дәріс №1. Лимфа түйіндерінің топографиясы. Әр түрлі сойыс малдарының көптеген лимфа түйіндерінің орналасуы көбіне бірдей болып келеді. Ірі қара малында және қойларда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәрізді, сопақ-ұзынша және домалақ пішінді, әдетте май ұлпасымен қоршалған және тіліп қарағанда сұр немесе сарғыш сұр түсті (май ақ немесе сары). Ешкілерде олардың орналасуы бірдей, бірақ көбінің пішіні жарты ай тәрізді. Шошқалардың ірі лимфа түйіндерінің беткейлері айқын бөлшектелген немесе бұдырлы болып келеді. Жеке лимфа түйіндері май ұлпасында орналасқан әр түрлі мөлшердегі ұсақ түйіндерден тұратын қап түрінде болады (әсіресе бас және мойын аймақтарында). Тілгенде лимфа түйіндерінің түсі ақшыл қызыл немесе ақ (олар майға ұқсайды, бірақ консистенциясы тығыз болады). Жылқылардың лимфа түйіндері басқа жануарлардікі тәрізді орналасқан, бірақ кейбір ерекшеліктері бар. Олар қаптарды құрайтын түйіндер тобынан тұрады (20-40 және одан да көп). Олардың түсі бозғылт сұр. Ішкі мүшелердің лимфа түйіндері (өкпе, бауыр, ішек) пигменттердің болуына байланысты (гемосидерин, меланин т.б.) тілгенде көбіне қощқыл түсті болып келеді. Малдардың басы және ұшасының барлық лимфа түйіндері жұп (оң және сол) болады. 1. Қай малдарда лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей? 2. Ешкілердің лимфа түйіндерінің пішіні қандай? 3. Жылқылардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері қандай? Дәріс №2. Ветеринариялық – санитариялық қызметтегі ауыл шаруашылық және кәсіби жабайы жануарлардың лимфа жүйесі. Ветеринариялық санитариялық эксперттер үшін малдардың лимфа жүйесін мұқият білу маңызды болып саналады, себебі ол сойғаннан кейінгі диагностикада және ұшалар мен мүшелерді санитариялық бағалауда негізгі орын алады. Лимфа жүйесі тамыр және ретикулоэндотелийальді жүйенің бір бөлігі болып, организмді лимфада болатын бөгде заттар мен микробтардан тазартады. Сонымен қатар, ол метастаздар, инфекцияның қоздырғыштары, алғашқы сепсис және паразиттердің балаңқұрттары үшін транзитті жол болып келеді. Сол себепті, ол организмдегі патологиялық үрдістермен тығыз байланыста болып, лимфа түйіндерінде спецификалық реакцияларды туғызады. Сондықтан ұша мен мүшелерді сойғаннан кейінгі зерттеуде лимфа түйіндерін тексеруге үлкен диагностикалық мән беріледі, себебі ол ұлпа мен мүшелердің жағдайының нәтижесін ғана емес, сондай-ақ жалпы организмнің жағдайының көрсеткіші болып табылады. 1. Лимфа жүйесі организмді неден тазартады? 2. Ұшаны сойғаннан кейін неге лимфа түйіндерін тексереді? Дәріс № 3. Ірі қара және шошқа бастарындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. Жақ асты лимфа түйіні – In. mandibularis – жұп, сопақ немесе домалақ пішінді, ұзындығы 2,0-4,5 см, жақ асты сілекей безі мен төменгі жақ сүйегінің ішкі беткейінің аралығында орналасқан. Лимфаны бастың төменгі және жақ бөлігінің терісінен, тістерден, ауыз және мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғаларынан, тілден, үстіңгі және төменгі еріндерден, беттен, сілекей бездерінен жинайды. Құлақ маңы лимфа түйіні - In. parotideus – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 6-9 см, жақ буынынан төмен орналасқан, алдыңғы бөлігі терімен, ал артқы бөлігі – құлақ маңы сілекей безімен жабылған. Лимфаны бас терісінен және бұлшық етінен, үстіңгі және астыңғы жақтан, көзден, сыртқы құлақтан және бас сүйектен, мұрын қуысының алдыңғы бөлігінің қабырғасынан, үстіңгі және астыңғы еріннен, тістің қызыл иегінен және молярларынан жинайды. Жұтқыншақ лимфа түйіні (ортаңғы) - In. retropharingeus medialis – жұп, сопақ пішінді, ұзындығы 3-6 см, жұтқыншақ пен бас сүйегінің негізіндегі бас бүгілдіргіштерінің аралығында орналасқан. Лимфаны ауыз қуысының және жұтқыншақ қабырғасынан, тілдің түбінен және терең бөлігінен, мұрын қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жұтқыншақ бездерінен (миндалиндер), төменгі жақтан, тіл асты және жақ асты сілекей бездерінен, көмейден жинайды. Бүйір жұтқыншақ лимфа түйіні - In. retropharingeus lateralis – жұп, ұзындығы 4-5 см, атлант қанатының алдында орналасқан және жартылай немесе түгелдей құлақ маңы сілекей безінің артқы бөлігімен жабылған. Лимфаны бас бөліктерінен (тіл, құлақ, ми), жұтқыншақ қабырғасынан, алдыңғы үш мойын омыртқаларынан және оларға бекінген бұлшық еттерден және қалқанша бездің мойын бөлігінен жинайды. Лимфаны бастың барлық лимфа түйіндерінен қабылдап, оны кеңірдектік лимфа өзегіне жібереді. Басты 3-4-ші кеңірдек сақинасының деңгейінде алғанда бұл лимфа түйіні баста қалады, ал алғашқы екі сақина деңгейінде алынса – ұшаның мойын бөлігінде қалады. Мойынның беткі лимфа түйіні - In. cervicalis superficialis – жұп, ұзынша пішінді, ұзындығы 7-9 см. Жауырын-иық буынының алдындағы жағында және жоғарырақ орналасқан. Лимфаны мойын, шоқтың, арқа, кеуде қабырғасының (8-10-шы қабырғаға дейін) және кеуденің төменгі беткейінің бұлшық еттерінен және теріден, сонымен қатар алдыңғы аяқтардың терісінен, бұлшық еттерінен, буындарынан және сүйектерінен жинайды. Оң жақтағы лимфа түйіні лимфаны оң жақ кеңірдектік өзекке, ал сол жақтағы лимфа түйіні көбіне кеуделік өзекке береді. Мойынның тереңдегі лимфа түйіні - Inn. cervicalis profundae – алдыңғы, ортаңғы және артқы болып бөлінеді. Мойында кеңірдектің екі жақ жандарында көлденеңінен орналасады: алдыңғы – қалқанша безінің маңында, ортаңғы – кеңірдектің ортаңғы бөлігінде, артқы – мойынның төменгі бөлігінде, алғашқы қабырғалардың жанында орналасады. Бұл түйіндердің ұзындығы 0,3-2 см, лимфаны мойын омыртқаларынан, мойынның терең бұлшық еттерінен, өңеш пен кеңірдектен, ал алдыңғылар сонымен қатар жұтқыншақ аймағынан, сілекей және қалқанша бездерінен жинайды. Олардың шығаратын тамырлары – кеңірдектік лимфа өзектерімен бірігеді. Кеңірдек пен өңешті алғанда бұл түйіндер әдетте бұзылады немесе қанмен ластанады және оларды табуға қиынға түседі. Шошқа басының лимфа түйіндері Шошқалардың басында жақ асты, құлақ маңы, жұтқыншақ лимфа түйіндері бар, олардың анатомо-топографиялық шекаралары ірі қара малының шекараларымен бірдей. Ерекшеліктері: жақ асты лимфа түйіндері жеке бөліктерге бөлінген ( негізгі және қосалқы), ал құлақ маңы және жұтқыншақ лимфа түйіндері кейде екіге бөлінген болады; жұтқыншақ медиальді лимфа түйіндері көлемі өте кішкентай болғандықтан зерттеу өте қиын, бірақ олар қандайда бір патологиялық үрдіске жауап беру кезінде тез ұлғаяды. Мойынның беткі лимфа түйіндері- үш топтан тұрады: дорсальді, ортаңғы және вентральді. Мойынның дорсальді беткі лимфа түйіндері- басқа малдардың беткі мойын лимфа түйіндерімен сәйкес келеді және бір ірі, сопақ пішінді (4,5 см дейін) және 1-2 үлкен емес түйіндерден тұрады. Мойынның вентральді беткі лимфа түйіндері- кеуде сүйек бағытымен күре тамыр сайында жатады, құлақ маңы сілекей безіне дейін, 3-8 түйіннен тұратын тізбекті құрайды. Ортаңғы топ- 1-3 үлкен емес түйіндерден тұрады, дорсальді және вентральді түйіндердің ортасында орналасады. Мойынның тереңдегі лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей кеңірдектің екі жағында орналасқан және краниальді, ортаңғы және каудальді болып бөлінеді. Краниальді және ортаңғы топтар 2-3 (5-7 дейін) үлкен емес түйіндерден тұрады, ал каудальді топ- бір ірі түйіннен немесе ұсақ конгломераттардан ( 14 түйіншектерге дейін). Каудальді түйін кеңірдекке вентральді, кеуде қуысына кіреберісте орналасады. 1. Ірі қара басындағы лимфа түйіндерін ата 2. Жақ буынынан төмен орналасқан лимфа түйіні 3. Шошқа басының мойынның беткі лимфа түйіндері қанша топтан тұрады? Дәріс № 4 Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының басындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. Жылқылардың лимфа түйіндері ірі қара лимфа түйіндерімен бірдей жерлерде (анатомо-топографиялық шекарасы) орналасады және бірдей қызметтерді атқарады. Бірақ жылқыларда лимфа бір лимфа түйініне емес, қап ретінде орналасқан үлкен емес лимфа түйіндерінің топтарына (8-10 және одан көп) жиналады (борпылдақ дәнекер ұлпасының қабатында). Жақ асты лимфа түйіндері- жақ асты кеңістікте, терінің және тері бұлшық етінің астында, төменгі жақтың бұтағының ішкі бетінде орналасады ( қапта 35- 75 түйіндер болады, әр жақта). Тіл асты лимфа түйіндері- жақ аралық кеңістікте, төменгі жақтың бұтақтану бұрышына жақын жерде орналасады. Құлақ маңы лимфа түйіндері- қапта 6-10 түйіннен болады, жоғарғы жақтың қырының артында, жақ буынынан төмен жатады; құлақ маңы сілекей безімен жабылған. Жұтқыншақ лимфа түйіндері- екі топтан тұрады: медиальді және латериальді. Медиальді топ жұтқыншақтың жоғарғы қабырғасында орналасқан, ал латеральді топ ауа қапшығының бір жақ бетінде орналасады. Бастың барлық лимфа түйіндерінен лимфа беткі мойын лимфа түйіндеріне келеді. Терең мойын лимфа түйіндері- краниальді, ортанғы, каудальді топтар түрінде болады, орналасуы ірі қаранікіндей. Шығарғыш өзектері кеңірдек лимфа бағаналарымен бірігеді. Беткі мойын лимфа түйіндері- иық буынының алдында ( қапта 60-180 түйін), иық бұлшық етінің астында орналасады. Лимфаны бастың артқы бөлігінің, мойынның, алдыңғы аяқтардың терісі мен бұлшық етінен және тұлғаның кеуде бөлігінен жинайды. Лимфа кеңірдектің лимфа өзегіне барады. Қойлардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130- дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп. Енекелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес. Түйелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен. 1. Жылқылардың жұтқыншақ лимфа түйіндері қанша топтан тұрады? 2. Жақ асты лимфа түйіндерінің орналасу жері 3. Сойған кезде түйелерде қандай лимфа түйіндер табылмайды? Дәріс №5. Ірі қара және шошқа ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. Ірі қараның қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria – жұп, ұзындығы 2,0-3,5 см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның подкрыльцовый лимфа түйініне береді. 1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері – Inn. axillares primae costae – олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75- 1,5 см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1-ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді. Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis – жұп, ұзындығы 1,5- 3,0 см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиальді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4-7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді. Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін. Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады). Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды. Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды. Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады. Шошқадағы бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері- 1-5 ұсақ түйіннен тұрады, бірінші қабырғаның кеуде сүйегімен қосылған жерінде, каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері жақын орналасқан. Қанат асты лимфа түйіндері шошқаларда әдетте болмайды, ал олардың қызметін негізінде каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері атқарады. 1. Шошқаның жамбас лимфа түйіндері қайда орналасады? 2. Қандай лимфа түйіндер шошқаларда әдетте болмайды? 3. Шошқаның тізе қатпарының лимфа түйіндері қай жерде орналасады? Дәріс №6. Жылқы ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. Қанат асты лимфа түйіндері- қаптар 7см дейін болады, 12-20 түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында, үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады. Шынтақ лимфа түйіндері- тек жылқыларда болады, 5-30 түйіндерден тұратын, ұзындығы 5 см дейін жететін қап түрінде болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады. Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады. Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады. 1. Қандай лимфа түйіндер тек жылқыларда болады? 2. Тізе асты лимфа түйіндері қайда орналасады? Дәріс №7. Қой, енеке (буйвол), түйе ұшаларындағы лимфа түйіндерінің топографиясы. Қойларда перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп. Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес. Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен. 1. Қай малда шажырқай лимфа түйіндері көп? 2. Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары мен саны қай малмен сәйкес келеді? 3. Қай малдың лимфа түйіндері қап тәрізді болады? Дәріс №8. Ірі қара және шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Ірі қараның кеуде қабырғасының лимфа түйіндерінің топографиясы 2. Ірі қараның кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы 3. Шошқаның кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы Ірі қараның бронхиальді оң жақ лимфа түйіні - In. bronchialis dexter – ұзындығы 1-3 см, оң жақ бронхтың бұтақтанған жерінде, оң жақ өкпенің үстіңгі және жүрек бөліктерінің арасында орналасады. Лимфаны өкпенің үстіңгі бөлігінен, өңештен, кеңірдектен және бронхтардың бастамаларынан жинайды. Лимфаны аралық перде лимфа түйіндерінің өзектеріне өткізеді. Бронхиальді сол жақ лимфа түйіні - Inn. bronchialis sinister – ұзындығы 2,5-3,5 см, сол жақ бронхтың түбінің алдыңғы жағында орналасады, аорта доғасымен жабылған. Лимфаны кеңірдек және өңештің кеуде бөлігінен, бронхтардан, жүректен, өкпеден жинайды. Лимфа кеуде өзегіне немесе перде аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш бағанасына келеді. Кеңірдек – бронх түйіні - In. tracheobronchialis – ұзындығы 2-3 см, оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің кеңірдектік бронхысына вентральді орналасады. Оны сонымен қатар оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің лимфа түйіні деп атайды. Лимфаны оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінен және жүрек бөлігінен, жүрек қабынан жинайды. Шығаратын тамырлары алдыңғы аралық перде түйіндеріне барады. Дорсальді аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales dorsales – аортаның дорсальді бетінде, омыртқа денелерінің астында орналасады. Лимфаны белдемеден және кеуде қабырғасының бұлшық еттерінен, аралық перде және перикардтан, көкет бетінен, бауыр және талақтан жинайды; лимфаны кеуделік лимфа өзегіне береді. Алдыңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales craniales – ұзындығы 0,5-2,5 см, аортаның алдыңғы жағында аралық пердеде, өңеш пен кеңірдектің сол жағында орналасады (кейбіреулері кеуде қуысының кіреберісінде), саны 10-ға дейін болады. Лимфаны қалқанша безден, кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраның төбесінен, кеуде қуысының алдыңғы бөлігінен, перикардтан және жүректен жинайды, сонымен қатар бронхиальді және қабырға аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектерін қабылдайды. Ортаңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales mediales – 0,5-5 см, өңештен жоғары, аорта доғасының оң жағында орналасады, олар 2-5 болады. Лимфаны кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраны ортаңғы бөлігінен жинайды. Лимфаны кеуделік өзекке береді. Артқы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales caudales – өкпенің артқы бөліктерінің араларында орналасады, аралық перде лимфа түйіндерінің ең үлкендері, олардың біреуінің ұзындығы 9-11 см (және одан жоғары) болады. Лимфаны өкпенің артқы бөлігінен, өңештен, плеврадан, көкеттен, бауыр мен талақтың көкет бетінен жинайды. Шығаратын өзектері кеуде лимфа түйіндерімен бірігеді. Шошқаның бронхиальді лимфа түйіндері- үш түйін ретінде болады: сол, ортаңғы және оң. Сол жақ бронхиальді түйін аорта доғасымен жабылған, бифуркацияның алдыңғы бетінде, май қабатында жатады. Ортаңғы бронхиальді лимфа түйіндері бифуракцияның орнында орналасады, кейде сол жақ лимфа түйіндерімен бірігіп, лимфа түйіндердің бірыңғай конгломератын құрайды. Оң жақ бронхиальді лимфа түйіндері оң жақ бифуркацияның түйінде орналасады. Перде аралық лимфа түйіндерінен шошқаларда ортаңғы және каудальді түйіндер болмайды, ал зерттеулерде дорсальді және краниальді перде аралық түйіндердің практикалық маңызы бар. Перде аралық дорсальді лимфа түйіндері- ұсақ, омыртқа денелерінің және аортаның жоғарғы қабырғасының аралығында орналасады. Лимфаны өкпеден, костальді плевраның жоғарғы және төменгі бөлігінен, арқаның төменгі бетінің және белдің бұлшық еттерінен, диафрагмадан, қабырға аралық бұлшық еттерден жинайды. Перде аралық краниальді лимфа түйіндері- саны 1-5, оң және сол жақ өкпенің аралығында жүрек алды бөлігінде, кеңірдек бифуркациясында орналасады. Лимфаны өңештен, кеңірдектен, өкпеден, жүрек қабынан, алдыңғы және артқы аортадан, плеврадан, диафрагмадан жинайды. Дәріс №9. Ірі қара және шошқаның құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Ірі қараның құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 2. Ірі қараның жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 3. Шошқаның құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 4. Шошқаның жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы Ірі қараның белдеме лимфа түйіндері – Inn. lumbales – олардың біреудері (ұсақтары) омыртқа аралық саңлаулардың маңында жатады (кейде болмайды), басқалары (сыртқылары) ұзындығы 0,5-4,0 см. аортаның оң жағында немесе дорсальды орналасады. Лимфаны бел және арқа бұлшық еттерінен жинайды да, оны жамбас лимфа бағанасына береді. Ортаңғы мықын лимфа түйіні – Inn.iliaci mediales – сыртқы мықын артериясының алдында, белдеме лимфа түйіндерінің артқы қабына жықын орналасқан. Олар 2-5 болады, біреуі ірі, домалақ, диаметрі 7-9,5 см дейін болады. Лимфаны бел, жамбас, мықын бұлшық еттерінен, ен және енбаудан, жұмыртқалықтан, жұмыртқа жолынан және жатырдан, бүйректен және қуықтан, сонымен қатар шеткі мықын, терең шап және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Шығарғыш өзектері бел лимфа цистернасымен бірігеді. Шеткі мықын лимфа түйіні–Inn.iliaci lateralis – жұп, ұзындығы 1,5-2 см (ірі қарады кейде болмайды), ортаңғы мықын лимфа түйіндерінен латеральды және аздап краниальды орналасады, жамбас-мықын буыны және құрсақ бұлшық еттеріне қызмет етеді және лимфаны ортаңғы мықын лимфа түйініне және жамбас бағанасына береді. Терең шап лимфа түйіні –In. inguinalis profundis –жұп, терең мықын артериясының басында, үлкен жамбасқа кіреберістің жанында орналасады. Ірі қарада, қойларда және шошқада бұл лимфа түйіндері жоқ деп есептеледі, ал оларға ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің тобына жататын екі ірі түйін сәйкес келеді. Тізе қатпарының лимфа түйіні - In. subiliacus – жұп, ірі, ұзындығы 6- 12 см, тізе қатпарының (шапмай) майлы қабатында, мықын төмпегінің аймағында, тізе тостағаншасының алдында орналасады. Лимфаны теріден, белден, арқадан, құрсақ және кеуде қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жамбас бөлігінен, мықыннан және сирақтан жинайды. Құйымшақ лимфа түйіні - Inn. sacrales – аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінде орналасады (бұл түйіндерді сонымен қатар алдыңғы жамбас түйіндері деп атайды). Лимфаны бел, бөксе және құйрық бұлшық еттерінен, жамбас қабырғасынан, жатырдан, қынаптан, қуықтан, уретрадан, енбаудан, шонданай және шеткі мықын лимфа түйіндерінен жинайды. Шығаратын өзектері ортаңғы мықын түйіндерімен байланысты. Шонданай лимфа түйіні - Inn. ischiadicus – жұп ұзындығы 2-3 см, құйымшақ-шонданай вырезкасының сыртқы бетінде орналасады. Лимфаны жамбастың, құйрықтың, жамбас-мықын буынының бұлшық етінен және терісінен, тік ішек және анустан, жыныс мүшелерінен және тізе асты лимфа түйіндерінен жинайды. Беткі шап лимфа түйіндері - Inn. inguinales superficiales – жұп, айтарлықтай ірі, ұзындығы 2-5 және тіпті 6-10 см, желіннің үстіңгі жағында орналасады (желін үсті), сиырларда әр жағында 1-2 түйін болуы мүмкін, ал бұқаларда 1-3 түйін, және олар терінің астында енбаудан каудальді, ұшаның артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінің төменгі бетінің терісінен және бұлшық етінен, сирақ және мықынның терісінен және ішкі бетінің бұлшық ет қабатынан, сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіні - In. popliteus – жұп, ұзындығы 3,0-4,5 см, балтыр бұлшық етінде, мықынның енбасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің сайында орналасады және май қабатымен қоршалған. Лимфаны табанның сүйегінен, сіңірінен, бұлшық етінен және терісінен, сирақтан, аяқтардың артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен жинайды. Бұл түйіннің шығарғыш өзектері ортаңғы мықын, алдыңғы жамбас, ал кейде шонданай лимфа түйіндерімен бірігеді. Бұл түйіндерді табу үшін мықынның енібасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің арасын тізе буыны деңгейінде, 6-8 см тереңдікте тіледі. Түйін тізе тостағаншасына қарсы орналасады. Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады). Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды. Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды. Жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін. Дәріс №10. Ірі қара және шошқаның құрсақ және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Ірі қара бауырының, бүйрек, шажырқай, жуан ішек, аноректальді лимфа түйіндерінің тапографиясы 2. Шошқаның жамбас, тізе, шап лимфа түйіндерінің тапографиясы Ірі қара бауырының лимфа түйіндері - Inn. portales – 6 және одан да көп, ұзындығы 1-7 см, бауырдың кіреберіс қақпасында орналасады; ұйқы безімен қапталған (кейде май ұлпасымен). Лимфаны бауырдан, ұйқы безінен, он екі елі ішектен, ұлтабардың лимфа түйіндерінен жинайды. Лимфа ішек бағанасымен бірігетін шығарғыш өзектермен ағады. Түйіндердің беті жетілгенде қошқыл-сұр түсті, қара дақты. Бүйрек лимфа түйіні – Inn. renales - ұзындығы 1-5 см түйіндер тобы, бүйрек артериясының артқы аортадан шығаберісінде орналасады. Лимфаны бүйректерден жинайды. Шығарғыш өзектері белдеме лимфа цистернасына құяды. Ұзындығы 1-4 см, ұлтабардың кіші және үлкен қисығында және мес қарын, тақия қарын, кітапша қарынның бетінде орналасады. Лимфаны асқазан бөлімдерінен, он екі елі ішектен, талақтан жинайды. Лимфаны белдеме лимфа цистернасына береді. Шажырқай лимфа түйіндері- шажырқайда, оның ішекке бекінген жерлерінде жатады (он екі елі ішектің, ащы, мықын, соқыр ішектердің түйіндер тобын құрайды). Лимфаны ішек қабырғасының ұлпа аралық кеңістігінен, ішек бүрлерінің лимфа синустарынан жинайды. Соңғысы, ұлпа аралық лимфамен араласып, оған сүт сияқты түс береді: шығарғыш өзектен лимфа мен оның қоспасы жалпы жиын тамырына барады, ол «сүтті цистерна» деп аталады. Кеуде қуысына барғанда ол жалпы кеуделі өзек деп аталады. Жуан ішек лимфа түйіндері- лимфаны ішек қабырғаларынан жинайды және құрсақ цистернасына береді. Жуан ішектен лимфа ободочная ішегінің иректерінің араларында орналасқан лимфа түйіндеріне барады. Аноректальді лимфа түйіндері- тік ішек бойында орналасады. Лимфаны тік ішектен және жамбас қуысының үстіңгі қабырғасынан жинайды. Лимфа құйымшақ ( алдыңғы жамбас ) түйіндеріне қарай ағады. Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін. Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады). Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды. Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды. Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады. Дәріс №11. Жылқының құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Жылқының құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 2. Жылқының жамбас қабырғасындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 3. Жылқының жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады. Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда екі қаптан тұрады: алдыңғы, құрсақ қабырғасының төменгі бетінде, енбаудың алдыңғы жағында орналасады және артқы, енбаудың артқы жағында, жыныс мүшесінің бір жақ шетінде, жамбас қабырғасының төменгі бетінде орналасады. Аналықтарда бұл түйіндер желін мен іштің төменгі және жанғы беттерінің терісінен, артқы аяқтардан, желіннен және сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндеріне барады. Терең шап лимфа түйіндері- қап түрінде (20-25 түйіндер) сан каналының үстіңгі бөлігінде, терең сан артериясының бастамасының маңында орналасады. Лимфаны артқы аяқтардың терісінен, фасциясынан, жамбас пен санның бұлшық етінен, құрсақ бұлшық етінен және іш пердеден, жалпы қынап қабынан, еннен, жыныс мүшесінен және жатырдан жинайды. Шығарғыш өзектерді беткі шап және тізе асты лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндері- жамбас және бел аймағында, сыртқы мықын артериясының бастамасының жанында орналасады, іш пердемен жабылған. Лимфаны қабырға плеврасынан, іш пердеден, бел бұлшық етінен, жамбас белдеуінің бұлшық етінен және сүйектерінен, несеп-жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектерді сыртқы мықын және терең шап лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектері бел лимфа түйіндеріне барады. Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес келетін лимфа бағанасына береді. Дәріс №12. Жылқы, қой, енеке (буйвол), түйе малдарының құрсақ, жамбас қабырғасы және жамбас қуысындағы лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Жылқының кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері 2. Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы 3. Енекелердің лимфа түйіндерінің топографиясы 4. Түйелердің лимфа түйіндерінің топографиясы Жылқының кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес келетін лимфа бағанасына береді. Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130- дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп. Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес. Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен. Дәріс №13. Енеке (буйвол), түйе малдарының кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндерінің топографиясы 1. Енекенің кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндері 2. Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары 3. Түйе малдарының кеуде қабырғасының және кеуде мүшелеріндегі лимфа түйіндері және олардың анатомиялық құрылысы Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес. Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен. Дәріс №14, 15. Ұша, қаңқа және ішкі мүшелердің құрылысындағы ерекшеліктер 1. Әр түрлі малдардың еттерін ажырату ерекшеліктері 2. Әр түрлі малдардың еттерін ажырату әдістері Органолептикалық әдіс. Әр түрлі малдардың еттерін бұлшықет ұлпасының түсі мен ұшаның конфигурациясына байланысты анықтайды. Бірақ еттің түсі мен бұлшықет ұлпасының құрылысы – тұрақты емес көрсеткіш, себебі олар малдың жасына, жынысына, қоңдылығына және басқа белгілеріне байланысты өзгереді. Еттің қай түрге жататынын пісіргеннен кейінгі түс бойынша анықтайды. Шошқа мен бұзаулардың еттері ақшыл-сұр түске енеді, ал ірі қара, қой және жылқы еттері – қошқыл-сұр болады. Бүкіл ұшаны тексергенде еттің қай түрге жататынын ұшаның формасы немесе оның бөліктері арқылы анықтауға болады. Мысалы, жылқылардың мойыны ұзын, жіңішке, желке тұсында май жиналуы мүмкін, ірі қараның мойыны қысқа, жуан, мойынның жоғары жағында май жиналмайды. Жылқылардың сауыры дөңес, ал ірі қарада төмен. Қойдың ұшасы ешкі ұшасынан келесі белгілері бойынша ажыратылады. Қой ұшасының артқы жағы толық және үлкен, кеуде қуысы домаланып келеді, шоқтығы білінбейді. Ешкі ұшасының артқы жағы кішкентай, кеуде қуысы сәл домаланған, шоқтығы арқа деңгейінен шығып тұрады, мойыны сопақ болып келеді. Сүйек және ішкі мүшелердің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктер. Сүйек және мүшелердің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктері бойынша сонымен қатар ұшаның түрін анықтауға болады. Етті анықтаудағы осы тәсіл нақты нәтижелер береді және жеңіл орындалады. Физико-хмиялық әдістер Әр түрлі малдардың етін майдың балқу температурасы мен сыну коэффициенті бойынша анықтауға болады. Майдың осы константалары майдағы қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының қатынасына байланысты. Әр түрлі малдар майының балқу температурасы төмендегі кестеде көрсетілген. |Жануарлар |Майдың балқу температурасы | | |сыртқы |ішкі | |Ірі қара |49,5-52,0 |45,0-48,0 | |Жылқы |31,5 |27,0-28,5 | |Шошқа |45,3 |37,5 | |Қой, ешкі |46,0 |48,0 | |Түйе |48,0 |36,0 | |Аю |32,2-36,0 |30,0 | Майдың балқу температурасын анықтау Диаметрі 1,4-1,5 мм капилярды балқытылған маймен толтырып, суық суға немесе тоңазытқышқа суығанға дейін орналастырады, кейін резиналы сақинамен химиялық термометрге бекітеді. Май көрсеткіші сынаптың көрсеткішімен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Капиляры бар термометрді кең пробиркаға салып, пробирканы суы бар стаканға бекітеді. Стакандағы суды баяу қыздырып, термометрдің көрсеткіші мен капилярдағы майдың жағдайын бақылайды. Май толығымен мөлдір болған жағдайда, майдың балқу температурасын белгілейді. Майдың сыну коэффициентін анықтау. Анықтауды әр түрлі рефрактометрлердің- ИРФ, РПЛ-3, универсальді және т.б. көмегімен жүргізеді. Майдың жарықты сындыру қасиеті (рефракция) оның құрамындағы триглицеридтердің, шекті және шексіз май қышқылдарының мөлшеріне байланысты. Алдымен рефрактометрді дистилденген су (n=1,333) бойынша орнықтырады. Майдың сыну коэффициентін оның балқу температурасына жақын температурада табады. Егер, балқу температурасы 200 С-тан жоғары болса, онда сыну коэффициентін формула бойынша анықтайды: n200= n+(Т0 -200 )0,00035 Мұндағы, n200 - 200 С-ғы сыну коэффициенті, n- зерттелінетін температурадағы сыну коэффициенті (Т0 -200 )- температуралардың айырмашылығы 0,00035-тұрақты шама Рефрактометрдің төменгі призмасына зерттелінетін майдың тамшысын тамызады. Жарықтандырғышпен жарықты призмаға қарай бағыттайды. Окуляр арқылы бақылауды жүргізеді. Жарық көлеңкесінің шекарасы өтетін шкаланы анықтайды. Бұл зерттелінетін майдың сыну коэффициенті болады. Сонымен қатар гликогенге сапалы және преципитация реакцияларын қояды. Гликогенге оң реакция бергенде сорпаның түсі шие-қызыл түске боялады, оны 800 С дейін қыздырғанда ол түссізденеді, ал салқындатқанда қайта қалпына келеді; теріс реакция бергенде-сорпаның түсі сарыға, күмәндіде- ашық қызыл түске енеді. Ит, жылқы, түйе, аю еттері көбінесе гликогенге оң реакция береді. Қой, ешкі, ірі қара және шошқа еттері гликогенге теріс реакция береді. Практикалық сабақ №1 Ірі қара және шошқа малдарының басын тексеру. Ерін, танау тесігінің және тілдің кілегей қабықтарын тексереді, тілді бастан айырып, бөлек алады, пышақтың қырымен тілдің үстіңгі жағынан кілегейді қырып тастап, онда уытты жараның, эрозияның бар-жоғын тексереді, мұқият қолмен басып қарайды. Еріндерін қолмен басып тексереді. Одан соң тілді қолмен ұстап, оны өзіне қарай төмендете тартады. Ұлпаларды тілдің түбінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей, жұтқыншақ маңынан көлдеңен кеседі. Осылай кескеннен кейін 2 ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады, оларды жарып тексереді. Бастың оң және сол жақтарынан сыртқы күйіс бұлшықеттерін екі рет, ішкі күйіс бұлшықеттерін бір рет жарыстыра кеседі. Құлақтың төменгі жағынан алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа без түйіндерін жарып кеседі. Шошқалардың басын тексергенде жақ асты бездерін сыртқы және ішкі күйіс бұлшықеттерін кесіп тексереді. Алқым, құлақ маңы, шықшыт бездерін жарып тексереді. Тілді қолмен басып тексереді. Сібір жарасының созылмалы өтуін анықтау үшін әсіресе, жұтқыншақ пен көмекейдің кілегейлі қабықтарына аса назар аудару қажет. 1. Ірі қара басын тексеруі қалай жүреді? 2. Шошқалардың басын қалай тексереді? Практ №2. Жылқы, қой және басқа да ауыл шаруашылық малдардың бастарын дайындау және тексеру. Базардағы жылқы, қой және басқа да ауыл шаруашылық малдардың бас аймағындағы лимфа түйіндерін анықтау және оларды кесу нұсқауларын меңгеру. Жылқы, есек, түйе бастарын тексергенде, әсіресе танау қуысын бөліп тұратын пластинаны тексеру үшін танау сүйектерін жарып кесіп, маңқаға тексереді. Жақ асты, тіл асты, құлақ маңындағы, жұтқыншақ және мойын үсті лимфа түйіндерін жарып тексереді. Массеттерді кеспейді. Қой мен ешкіде тілдің түбінен ұзына бойына оң және сол жақтарына, ал көмекей, жұтқыншақ маңынан көлденең кеседі. Осылай кескеннен кейін 2 ортаңғы жұтқыншақ түйін ашылады, оларды жарып тексереді. Бастың оң және сол жақтарынан сыртқы күйіс бұлшық еттерін екі рет ішкі күйіс еттерін бір рет кеседі. Құлақтың төменгі жағынан алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа түйіндерін жарып кеседі. 1. Жылқыны қай ауруға тексереді? 2. Қой және ешкі бастарын қалай тексереді? Практ №3. Ірі қара және шошқаның кеуде, қабырға және кеуде мүшелері және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерін тексеру және олардың топографиясы. Қанат асты лимфа түйіні - In. axillaris propria – жұп, ұзындығы 2,0- 3,5 см, 3-ші қабырғаның деңгейінде жауырын-иық буыны мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында орналасқан (сонымен қатар оны жауырын асты лимфа түйіні деп атайды). Лимфаны иықтың және алдыңғы аяқтардың бұлшық еттерінен, сүйектерінен, буындарынан және терілерінен жинайды. Лимфаны 1-ші қабырғаның подкрыльцовый лимфа түйініне береді. 1-ші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері – Inn. axillares primae costae – олардың саны 1-ден 3-ке дейін болады, әрқайсысының ұзындығы 0,75- 1,5 см, жауырын мен кеуде қуысының қабырғасы аралығында (1-ші қабырға деңгейінде) орналасады. Лимфаны кеуде бұлшық еттерінен және иық белдеуімен алдыңғы тізелерден жинайды. Шығаратын тамырлары кеңірдектік өзекпен бірігеді. Қабырға-мойын лимфа түйіні - In. costocervicalis – жұп, ұзындығы 1,5- 3,0 см, 1-ші қабырғаның алдыңғы жағында және медиальді, өңеш пен кеңірдектің жанында орналасқан. Лимфаны мойынның артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен (4-7-ші омыртқалар аумағынан), қабырға плеврасынан (1-4-ші қабырғалар аумағынан), жауырын және иық белдеуінің бұлшық еттерінен жинайды. Шығаратын тамырлары жалпы кеуделік өзекпен бірігеді. Алдыңғы кеуде лимфа түйіні - In. sternalis cranialis – жұп емес, ұзындығы 1,5-2,5 см, кеуде сүйегінің алдыңғы бөлігінің тереңінде, плевраның астында орналасқан. Одан басқа, кеуде сүйегінің бүйірлерінде қабырғалардың түйінде тағы 2-3 ұсақ түйіндер болады. Кеуде лимфа түйіндері лимфаны кеуде сүйегін қоршайтын бұлшық еттерден және кеуде сүйектерінен, қабырға плеврасынан және көкеттен, қабырға шеміршектерінен, ішперде бұлшық еттерінің алдыңғы бөлігінен, ішпердеден, перикардтан және бауыр бөліктерінен жинайды. Лимфаны кеуде немесе оң кеңірдектік лимфа өзегіне береді. Қабырға аралық лимфа түйіндер – Inn. intercostales - ұзындығы 0,2-2 см., қабырғалардың бастырының жанында орналасады. Лимфаны иық белдеуінің дорсальды бұлшық еттерінен, кеуде омыртқаларынан, қабырға және қабырға плеврасынан, кеуде қуысының қабырғасының бұлшық еттерінен жинайды. Олардың шығаратын өзектері дорсальды аралық перде түйіндерімен бірігеді. Белдеме лимфа түйіндері – Inn. lumbales – олардың біреудері (ұсақтары) омыртқа аралық саңлаулардың маңында жатады (кейде болмайды), басқалары (сыртқылары) ұзындығы 0,5-4,0 см. аортаның оң жағында немесе дорсальды орналасады. Лимфаны бел және арқа бұлшық еттерінен жинайды да, оны жамбас лимфа бағанасына береді. Ортаңғы мықын лимфа түйіні – Inn.iliaci mediales – сыртқы мықын артериясының алдында, белдеме лимфа түйіндерінің артқы қабына жықын орналасқан. Олар 2-5 болады, біреуі ірі, домалақ, диаметрі 7-9,5 см дейін болады. Лимфаны бел, жамбас, мықын бұлшық еттерінен, ен және енбаудан, жұмыртқалықтан, жұмыртқа жолынан және жатырдан, бүйректен және қуықтан, сонымен қатар шеткі мықын, терең шап және құйымшақ лимфа түйіндерінен жинайды. Шығарғыш өзектері бел лимфа цистернасымен бірігеді. Шеткі мықын лимфа түйіні–Inn.iliaci lateralis – жұп, ұзындығы 1,5-2 см (ірі қарады кейде болмайды), ортаңғы мықын лимфа түйіндерінен латеральды және аздап краниальды орналасады, жамбас-мықын буыны және құрсақ бұлшық еттеріне қызмет етеді және лимфаны ортаңғы мықын лимфа түйініне және жамбас бағанасына береді. Терең шап лимфа түйіні –In. inguinalis profundis –жұп, терең мықын артериясының басында, үлкен жамбасқа кіреберістің жанында орналасады. Ірі қарада, қойларда және шошқада бұл лимфа түйіндері жоқ деп есептеледі, ал оларға ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің тобына жататын екі ірі түйін сәйкес келеді. Тізе қатпарының лимфа түйіні - In. subiliacus – жұп, ірі, ұзындығы 6- 12 см, тізе қатпарының (шапмай) майлы қабатында, мықын төмпегінің аймағында, тізе тостағаншасының алдында орналасады. Лимфаны теріден, белден, арқадан, құрсақ және кеуде қуысының артқы бөлігінің қабырғасынан, жамбас бөлігінен, мықыннан және сирақтан жинайды. Құйымшақ лимфа түйіні - Inn. sacrales – аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінде орналасады (бұл түйіндерді сонымен қатар алдыңғы жамбас түйіндері деп атайды). Лимфаны бел, бөксе және құйрық бұлшық еттерінен, жамбас қабырғасынан, жатырдан, қынаптан, қуықтан, уретрадан, енбаудан, шонданай және шеткі мықын лимфа түйіндерінен жинайды. Шығаратын өзектері ортаңғы мықын түйіндерімен байланысты. Шонданай лимфа түйіні - Inn. ischiadicus – жұп ұзындығы 2-3 см, құйымшақ-шонданай вырезкасының сыртқы бетінде орналасады. Лимфаны жамбастың, құйрықтың, жамбас-мықын буынының бұлшық етінен және терісінен, тік ішек және анустан, жыныс мүшелерінен және тізе асты лимфа түйіндерінен жинайды. Беткі шап лимфа түйіндері - Inn. inguinales superficiales – жұп, айтарлықтай ірі, ұзындығы 2-5 және тіпті 6-10 см, желіннің үстіңгі жағында орналасады (желін үсті), сиырларда әр жағында 1-2 түйін болуы мүмкін, ал бұқаларда 1-3 түйін, және олар терінің астында енбаудан каудальді, ұшаның артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінің төменгі бетінің терісінен және бұлшық етінен, сирақ және мықынның терісінен және ішкі бетінің бұлшық ет қабатынан, сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіні - In. popliteus – жұп, ұзындығы 3,0-4,5 см, балтыр бұлшық етінде, мықынның енбасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің сайында орналасады және май қабатымен қоршалған. Лимфаны табанның сүйегінен, сіңірінен, бұлшық етінен және терісінен, сирақтан, аяқтардың артқы бөлігінің терең бұлшық еттерінен жинайды. Бұл түйіннің шығарғыш өзектері ортаңғы мықын, алдыңғы жамбас, ал кейде шонданай лимфа түйіндерімен бірігеді. Бұл түйіндерді табу үшін мықынның енібасты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің арасын тізе буыны деңгейінде, 6-8 см тереңдікте тіледі. Түйін тізе тостағаншасына қарсы орналасады. Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері. Өкпе аймағында ірі қарада бронхиальді және аралық перде лимфа түйіндері орналасады. Бронхиальді оң жақ лимфа түйіні - In. bronchialis dexter – ұзындығы 1-3 см, оң жақ бронхтың бұтақтанған жерінде, оң жақ өкпенің үстіңгі және жүрек бөліктерінің арасында орналасады. Лимфаны өкпенің үстіңгі бөлігінен, өңештен, кеңірдектен және бронхтардың бастамаларынан жинайды. Лимфаны аралық перде лимфа түйіндерінің өзектеріне өткізеді. Бронхиальді сол жақ лимфа түйіні - Inn. bronchialis sinister – ұзындығы 2,5-3,5 см, сол жақ бронхтың түбінің алдыңғы жағында орналасады, аорта доғасымен жабылған. Лимфаны кеңірдек және өңештің кеуде бөлігінен, бронхтардан, жүректен, өкпеден жинайды. Лимфа кеуде өзегіне немесе перде аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш бағанасына келеді. Кеңірдек – бронх түйіні - In. tracheobronchialis – ұзындығы 2-3 см, оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің кеңірдектік бронхысына вентральді орналасады. Оны сонымен қатар оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінің лимфа түйіні деп атайды. Лимфаны оң жақ өкпенің үстіңгі бөлігінен және жүрек бөлігінен, жүрек қабынан жинайды. Шығаратын тамырлары алдыңғы аралық перде түйіндеріне барады. Дорсальді аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales dorsales – аортаның дорсальді бетінде, омыртқа денелерінің астында орналасады. Лимфаны белдемеден және кеуде қабырғасының бұлшық еттерінен, аралық перде және перикардтан, көкет бетінен, бауыр және талақтан жинайды; лимфаны кеуделік лимфа өзегіне береді. Алдыңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales craniales – ұзындығы 0,5-2,5 см, аортаның алдыңғы жағында аралық пердеде, өңеш пен кеңірдектің сол жағында орналасады (кейбіреулері кеуде қуысының кіреберісінде), саны 10-ға дейін болады. Лимфаны қалқанша безден, кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраның төбесінен, кеуде қуысының алдыңғы бөлігінен, перикардтан және жүректен жинайды, сонымен қатар бронхиальді және қабырға аралық лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектерін қабылдайды. Ортаңғы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales mediales – 0,5-5 см, өңештен жоғары, аорта доғасының оң жағында орналасады, олар 2-5 болады. Лимфаны кеңірдек пен өңештің кеуде бөлігінен, өкпе мен плевраны ортаңғы бөлігінен жинайды. Лимфаны кеуделік өзекке береді. Артқы аралық перде лимфа түйіні - Inn. mediastinales caudales – өкпенің артқы бөліктерінің араларында орналасады, аралық перде лимфа түйіндерінің ең үлкендері, олардың біреуінің ұзындығы 9-11 см (және одан жоғары) болады. Лимфаны өкпенің артқы бөлігінен, өңештен, плеврадан, көкеттен, бауыр мен талақтың көкет бетінен жинайды. Шығаратын өзектері кеуде лимфа түйіндерімен бірігеді. Ұзындығы 1-4 см, ұлтабардың кіші және үлкен қисығында және мес қарын, тақия қарын, кітапша қарынның бетінде орналасады. Лимфаны асқазан бөлімдерінен, он екі елі ішектен, талақтан жинайды. Лимфаны белдеме лимфа цистернасына береді. Шажырқай лимфа түйіндері- шажырқайда, оның ішекке бекінген жерлерінде жатады (он екі елі ішектің, ащы, мықын, соқыр ішектердің түйіндер тобын құрайды). Лимфаны ішек қабырғасының ұлпа аралық кеңістігінен, ішек бүрлерінің лимфа синустарынан жинайды. Соңғысы, ұлпа аралық лимфамен араласып, оған сүт сияқты түс береді: шығарғыш өзектен лимфа мен оның қоспасы жалпы жиын тамырына барады, ол «сүтті цистерна» деп аталады. Кеуде қуысына барғанда ол жалпы кеуделі өзек деп аталады. Жуан ішек лимфа түйіндері- лимфаны ішек қабырғаларынан жинайды және құрсақ цистернасына береді. Жуан ішектен лимфа ободочная ішегінің иректерінің араларында орналасқан лимфа түйіндеріне барады. Аноректальді лимфа түйіндері- тік ішек бойында орналасады. Лимфаны тік ішектен және жамбас қуысының үстіңгі қабырғасынан жинайды. Лимфа құйымшақ ( алдыңғы жамбас ) түйіндеріне қарай ағады. Шошқаның бронхиальді лимфа түйіндері- үш түйін ретінде болады: сол, ортаңғы және оң. Сол жақ бронхиальді түйін аорта доғасымен жабылған, бифуркацияның алдыңғы бетінде, май қабатында жатады. Ортаңғы бронхиальді лимфа түйіндері бифуракцияның орнында орналасады, кейде сол жақ лимфа түйіндерімен бірігіп, лимфа түйіндердің бірыңғай конгломератын құрайды. Оң жақ бронхиальді лимфа түйіндері оң жақ бифуркацияның түйінде орналасады. Перде аралық лимфа түйіндерінен шошқаларда ортаңғы және каудальді түйіндер болмайды, ал зерттеулерде дорсальді және краниальді перде аралық түйіндердің практикалық маңызы бар. Перде аралық дорсальді лимфа түйіндері- ұсақ, омыртқа денелерінің және аортаның жоғарғы қабырғасының аралығында орналасады. Лимфаны өкпеден, костальді плевраның жоғарғы және төменгі бөлігінен, арқаның төменгі бетінің және белдің бұлшық еттерінен, диафрагмадан, қабырға аралық бұлшық еттерден жинайды. Перде аралық краниальді лимфа түйіндері- саны 1-5, оң және сол жақ өкпенің аралығында жүрек алды бөлігінде, кеңірдек бифуркациясында орналасады. Лимфаны өңештен, кеңірдектен, өкпеден, жүрек қабынан, алдыңғы және артқы аортадан, плеврадан, диафрагмадан жинайды. Шошқаның жамбас лимфа түйіндері- саны 1-2, аортаның ішкі мықын артерияларына бөлінетін жерінің артында орналасады. Лимфаны құрсақ қабырғасының артқы бөлігінен, бел, жамбас және құйрық омыртқаларының бұлшық еттерінен жинайды. Тізе асты лимфа түйіндері- беткі және терең болып бөлінеді. Тізе буынының артында, жоғары, санның екі басты бұлшық еті мен жартылай сіңір бұлшық етінің аралығында, май ұлпасында орналасады. Беткі лимфа түйіндері шошқаларда болмауы да мүмкін. Тізе қатпарының лимфа түйіндері- сыртқы мықын төмпегі мен тізе буының аралығында, санның төрт басты бұлшық етінің алдында, май қатпарында орналасады (2-5 үлкен емес түйіндер). Лимфаны құрсақ қабырғасының бұлшық етінен және терісінен, арқадан, сауырдан, бөксе бұлшық етінен жинайды; оның тамырлары ортаң жіліктің жоғарғы бөлігіне дейін жайылған. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда жыныс мүшесінің бір жағында, шап сақинасының алдында орналасады; аналықтарда емшектердің бір жақ шеттерінде май қабатында қап ретінде орналасады (кейде олар емшектердің жанында болады). Бұл қаптар 5-8 үлкен емес түйіндерден тұрады. Лимфаны құрсақ қабырғасының жанындағы және төменгі бетінен, сүт бездерінен, ұшадан жамбас белдеуінің беткі және терең қабаттарынан жинайды. Терең шап лимфа түйіндері- бірнеше түйіншектер түрінде (қап) жамбасқа кіреберістің бір жағында, ортан жілік каналының қасында, санның терең артериясынан жоғары орналасады. Лимфаны сауырдың және артқы аяқтардың бұлшық еттерінен, жамбас қуысының мүшелерінен және артқы аяқтардың лимфа түйіндерінен жинайды. Шошқадағы бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері- 1-5 ұсақ түйіннен тұрады, бірінші қабырғаның кеуде сүйегімен қосылған жерінде, каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері жақын орналасқан. Қанат асты лимфа түйіндері шошқаларда әдетте болмайды, ал олардың қызметін негізінде каудальді мойынның тереңдегі лимфа түйіндері атқарады. Портальді лимфа түйіндері, асқазан, шажырқай лимфа түйіндері және тік ішек лимфа түйіндері- ірі қараның лимфа түйіндерімен бірдей жерде орналасқан және бірдей қызмет атқарады. 1. Алдыңғы кеуде лимфа түйінінің орналасу жері 2. Тізе қатпарының лимфа түйіні қайда орналасады? Практ №4. Жылқы, қой және басқа да ауыл шаруашылық малдардың кеуде, қабырға және кеуде мүшелері және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерін тексеру және олардың топографиясы. 1. Жылқы малдардың кеуде, қабырға және кеуде мүшелері және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерін тексеру және олардың топографиясы 2. Қой малдардың кеуде, қабырға және кеуде мүшелері және құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерін тексеру және олардың топографиясы Жылқылардың қанат асты лимфа түйіндері- қаптар 7см дейін болады, 12-20 түйіндерден тұрады, қанат асты тамырлар өрімінің ортасында, үлкен дөңгелек бұлшық еттің ішкі бетінде орналасады. Шынтақ лимфа түйіндері- тек жылқыларда болады, 5-30 түйіндерден тұратын, ұзындығы 5 см дейін жететін қап түрінде болады, шынтақ буынының жанында, иық сүйегінде, иық бұлшық етінің екі басты және үш басты бұлшық етінің ішкі бастарының аралығында орналасады. Лимфаны білектен бастап тұяққа дейінгі бұлшық еттерден, сүйектерден, байламалардан және сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері қанат асты түйіндеріне барады. Тізе үсті лимфа түйіндері (тізе қатпары, мықын асты)- терінің астында, санның кең фасциясының ширықтырғышының алдында, сыртқы мықын төмпегінің сызығының ортасында, тізе тостағаншасына жақын, ұзындығы 6-10 см қап түрінде орналасады. Тізе асты лимфа түйіндері- балтыр бұлшық етінде орналасады және санның екі басты бұлшық етімен және жартылай сіңір бұлшық етімен жабылған. Лимфаны артқы аяқтардың санының төменгі бөлігінен тұяққа дейінгі тері, бұлшық ет, сүйек, буын, сіңірлерден жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндері барады. Беткі шап лимфа түйіндері- аталықтарда екі қаптан тұрады: алдыңғы, құрсақ қабырғасының төменгі бетінде, енбаудың алдыңғы жағында орналасады және артқы, енбаудың артқы жағында, жыныс мүшесінің бір жақ шетінде, жамбас қабырғасының төменгі бетінде орналасады. Аналықтарда бұл түйіндер желін мен іштің төменгі және жанғы беттерінің терісінен, артқы аяқтардан, желіннен және сыртқы жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектері терең шап лимфа түйіндеріне барады. Терең шап лимфа түйіндері- қап түрінде (20-25 түйіндер) сан каналының үстіңгі бөлігінде, терең сан артериясының бастамасының маңында орналасады. Лимфаны артқы аяқтардың терісінен, фасциясынан, жамбас пен санның бұлшық етінен, құрсақ бұлшық етінен және іш пердеден, жалпы қынап қабынан, еннен, жыныс мүшесінен және жатырдан жинайды. Шығарғыш өзектерді беткі шап және тізе асты лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндері- жамбас және бел аймағында, сыртқы мықын артериясының бастамасының жанында орналасады, іш пердемен жабылған. Лимфаны қабырға плеврасынан, іш пердеден, бел бұлшық етінен, жамбас белдеуінің бұлшық етінен және сүйектерінен, несеп-жыныс мүшелерінен жинайды. Шығарғыш өзектерді сыртқы мықын және терең шап лимфа түйіндерінен қабылдайды. Ортаңғы мықын лимфа түйіндерінің шығарғыш өзектері бел лимфа түйіндеріне барады. Кеуде, құрсақ және жамбас қуыстарының лимфа түйіндері- ірі қаранікіндей, атаулары да бірдей. Шығарғыш өзектері лимфаны жолдағы лимфа түйіндеріне немесе сәйкес келетін лимфа бағанасына береді. Қойлардың лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қаранікімен бірдей. Лимфа түйіндерінің көп мөлшері тақ, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын қап ретінде болады. Ерекшеліктері келесідей: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130- дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5 см дейін) табылады. Терең мойын лимфа түйіндерінен тек каудальді түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентральді, ортаңғы және дорсальді түйіндер табылмайды, ал каудальді түйіннің (6,0-9,0 см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда әсіресе шажырқай лимфа түйіндерінің топтарының саны көп. Енекелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Енекелердің лимфа түйіндерінің анатомо-топографиялық шекаралары және саны ірі қаранікінің мөлшерімен сәйкес келеді, ал көлемдері бойынша ірі болып келеді. Түйіндер негізінде жалғыз түзілістер түрінде болады, тек кейбіреулері ғана 2-6 түйіндерден тұратын топ ретінде болады. Ерекшеліктері, енекелерде тіл асты сүйегінің қөмейлік бұтағының астында орналасқан тіл асты лимфа түйіні болады. Енекелерде ортаңғы терең мойын лимфа түйіндері, қабырға – мойын лимфа түйіндері, бірінші қабырғаның қанат асты лимфа түйіндері, сонымен қатар оң және сол перде аралық лимфа түйіндері тұрақты емес. Түйелердің лимфа түйіндерінің ерекшеліктері Түйелердің лимфа түйіндерінің анатомиялық құрылысы ірі қара лимфа түйіндерімен және аздап жылқылардың лимфа түйіндерімен бірдей ( кейбіреулері бөлшектенген және олар қап ретінде болады). Сойған кезде түйелерде жақ жұтқыншақ және бірінші қабырға лимфа түйіндері табылмайды. Тізе қатпарының лимфа түйіндері ірі (10 х 6 см) болып табылады, ал ортаңғы және артқы аралық перде лимфа түйіндері ұзындығы 30 см дейін, ені 2 см дейін бір түйінге біріккен. Практ №5. Ұша,қаңқа және ішкі мүшелердің конфигурациясы және құрылысы бойынша әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының етінің түрін анықтау нұсқауларын меңгеру. 1. Әр түрлі ауыл шаруашылық малдарының етінің түрін анықтау нұсқаулары 2. Ұша,қаңқа және ішкі мүшелердің конфигурациясы Органолептикалық әдіс. Әр түрлі малдардың еттерін бұлшықет ұлпасының түсі мен ұшаның конфигурациясына байланысты анықтайды. Бірақ еттің түсі мен бұлшықет ұлпасының құрылысы – тұрақты емес көрсеткіш, себебі олар малдың жасына, жынысына, қоңдылығына және басқа белгілеріне байланысты өзгереді. Еттің қай түрге жататынын пісіргеннен кейінгі түс бойынша анықтайды. Шошқа мен бұзаулардың еттері ақшыл-сұр түске енеді, ал ірі қара, қой және жылқы еттері – қошқыл-сұр болады. Бүкіл ұшаны тексергенде еттің қай түрге жататынын ұшаның формасы немесе оның бөліктері арқылы анықтауға болады. Мысалы, жылқылардың мойыны ұзын, жіңішке, желке тұсында май жиналуы мүмкін, ірі қараның мойыны қысқа, жуан, мойынның жоғары жағында май жиналмайды. Жылқылардың сауыры дөңес, ал ірі қарада төмен. Қойдың ұшасы ешкі ұшасынан келесі белгілері бойынша ажыратылады. Қой ұшасының артқы жағы толық және үлкен, кеуде қуысы домаланып келеді, шоқтығы білінбейді. Ешкі ұшасының артқы жағы кішкентай, кеуде қуысы сәл домаланған, шоқтығы арқа деңгейінен шығып тұрады, мойыны сопақ болып келеді. Сүйек және ішкі мүшелердің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктер. Сүйек және мүшелердің анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктері бойынша сонымен қатар ұшаның түрін анықтауға болады. Етті анықтаудағы осы тәсіл нақты нәтижелер береді және жеңіл орындалады. Физико-хмиялық әдістер Әр түрлі малдардың етін майдың балқу температурасы мен сыну коэффициенті бойынша анықтауға болады. Майдың осы константалары майдағы қаныққан және қанықпаған май қышқылдарының қатынасына байланысты. Әр түрлі малдар майының балқу температурасы төмендегі кестеде көрсетілген. |Жануарлар |Майдың балқу температурасы | | |сыртқы |ішкі | |Ірі қара |49,5-52,0 |45,0-48,0 | |Жылқы |31,5 |27,0-28,5 | |Шошқа |45,3 |37,5 | |Қой, ешкі |46,0 |48,0 | |Түйе |48,0 |36,0 | |Аю |32,2-36,0 |30,0 | Майдың балқу температурасын анықтау Диаметрі 1,4-1,5 мм капилярды балқытылған маймен толтырып, суық суға немесе тоңазытқышқа суығанға дейін орналастырады, кейін резиналы сақинамен химиялық термометрге бекітеді. Май көрсеткіші сынаптың көрсеткішімен бірдей дәрежеде болуы тиіс. Капиляры бар термометрді кең пробиркаға салып, пробирканы суы бар стаканға бекітеді. Стакандағы суды баяу қыздырып, термометрдің көрсеткіші мен капилярдағы майдың жағдайын бақылайды. Май толығымен мөлдір болған жағдайда, майдың балқу температурасын белгілейді. Майдың сыну коэффициентін анықтау. Анықтауды әр түрлі рефрактометрлердің- ИРФ, РПЛ-3, универсальді және т.б. көмегімен жүргізеді. Майдың жарықты сындыру қасиеті (рефракция) оның құрамындағы триглицеридтердің, шекті және шексіз май қышқылдарының мөлшеріне байланысты. Алдымен рефрактометрді дистилденген су (n=1,333) бойынша орнықтырады. Майдың сыну коэффициентін оның балқу температурасына жақын температурада табады. Егер, балқу температурасы 200 С-тан жоғары болса, онда сыну коэффициентін формула бойынша анықтайды: n200= n+(Т0 -200 )0,00035 Мұндағы, n200 - 200 С-ғы сыну коэффициенті, n- зерттелінетін температурадағы сыну коэффициенті (Т0 -200 )- температуралардың айырмашылығы 0,00035-тұрақты шама Рефрактометрдің төменгі призмасына зерттелінетін майдың тамшысын тамызады. Жарықтандырғышпен жарықты призмаға қарай бағыттайды. Окуляр арқылы бақылауды жүргізеді. Жарық көлеңкесінің шекарасы өтетін шкаланы анықтайды. Бұл зерттелінетін майдың сыну коэффициенті болады. Сонымен қатар гликогенге сапалы және преципитация реакцияларын қояды. Гликогенге оң реакция бергенде сорпаның түсі шие-қызыл түске боялады, оны 800 С дейін қыздырғанда ол түссізденеді, ал салқындатқанда қайта қалпына келеді; теріс реакция бергенде-сорпаның түсі сарыға, күмәндіде- ашық қызыл түске енеді. Ит, жылқы, түйе, аю еттері көбінесе гликогенге оң реакция береді. Қой, ешкі, ірі қара және шошқа еттері гликогенге теріс реакция береді.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz