Файл қосу
Сертификаттау түрлері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейдегі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК | | | |042–14.1.04.01.20.80/03 | | | |-2009 | |ПОӘК | | | |«Ауылшаруашылық өнімдерін |28.09.2009 ж. | | |стандарттау және |№ 2 басылым | | |сертификаттау» пәнінен | | | |оқу-әдістемелік материалдар | | | 051202 «Ветеринарлық санитария» мамандығының студенттеріне арналған «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2009 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Тәжірибелік сабақтар | | |3 |Студенттердің өздік жұмысы | | 1 ДӘРІСТЕР №1 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттаудың қысқаша даму тарихы Дәріс жоспары: 1 Стандарттаудың даму сатылары. 2 Ұлттық стандарттаудың пайда болуы. 3 Халықаралық стандарттаудың даму кезеңдері. 4 Қазақстан Республикасында стандарттаудың даму тарихы. 1 «Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған. Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел. Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады. Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған. Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған. Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды. 1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді. Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды. 19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді. Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды. 2 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды. 1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді. 1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды. 1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты. Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді. 19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды. 3 Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды. 1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты. 1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады). ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі. Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды. 4 Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып- тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды. 1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Ежелгі Мысырда стандарттау қалай дамыды? 2 Әртүрлі елдерде ұлттық стандарттаудың дамығанын қайдан көруге болады? 3 Халықаралық ИСО ұйымы қашан және қайда құрылды? 4 Қазақстанда стандарттаудың дамуы қашан басталды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. № 2 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық негізі. Техникалық реттеу туралы ҚР заңы. ТР МЖ құрылымы Дәрістің жоспары: 1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы. 2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері. 3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы. 4. Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары: 1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу; 4) саудадағы техникалық кедергілерді жою; 5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 2) уәкілетті орган; 3} өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар; 4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалык реттеу саласындагы сарапшылық кеңестер; 5) Саудадағы техникалык кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) ; 6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер; 7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар; 8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлар; 9) техникалық реттеу саласындагы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды. Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды: Стандарттау саласында: 1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және колданысқа енгізудің тәртібін белгілейді; 2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады; 3) халықаралык, өңірлік және ұлттык стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді; 4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды; 5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді; 6) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы қашан қабылданды? 2 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін атаңыз. 3 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 4 Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) № 3 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттау әдістерінің жіктелуі Дәрістің жоспары: 1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру 2 Стандарттаудың басқа әдістері 1 Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді оптималды шешу үшін қажет болып табылады. Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер: 1) стандарттау нысандарын ретке келтіру; 2) параметрлік стандарттау; 3) унификациялау; 4) агрегаттау; 5) кешенді стандарттау; 6) озық стандарттау. Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады. Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру), типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен) жүзеге асырылады. Жүйелеу – біртекті, өзара байланыстағы стандарттау нысандарының белгілі тізбегін тағайындау болып табылады. Нысандардың алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы топтарға біріктіруге, оларды жіктеуге жіне ранжирлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан Республикасында қолданылатын техника-экономикалық және әлеуметтік ақпарат жіктеуіштері жүйелеу жұмыстарының нәтижелері болып табылады. Типтендіру – бірқатар стандарттау нысандарына ортақ сипаттар негізінде типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу жөніндегі әрекеттер болып табылады. Типтендіру нәтижелері типтік конструкциялар, бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу тәртібі және т.б. болып табылады. Селекциялау - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу. Симплификациялау – селекцияға кері - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы емес деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп алу. Басқа сөзбен айтқанда симплификациялау деп әр қолданылатын элементтердің санын қолайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, ыдыс-аяқтың, бекіту элементерінің өлшемдік типтерін азайтуды) айтады. Оңтайлау – мүмкін болғандардың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау нысанын таңдап алу. Стандартталатын нысандардың параметрлерінің (арналу, қауіпсіздік, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы мәндерін табуға негізделеді. Стандарттау нысандарын оңтайлау экономика-математикалық әдістері және оңтайлы модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. 2 Параметрлік стандарттау – параметрлердің қолайлы номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі. Параметр – (parametron – грек - өлшеуші) – процестің, құбылыстың немесе жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама болып табылады. Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану шарттарын айқындаушы сипаттары табылады: - өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың сиымдылығы.; - салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің салмағы); - машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметрлер (желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы); - энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және т.б. Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу принципі мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше параметрлермен сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік қатар деп аталады. Мысалы тоқ шамдарының параметрлік қатары (пайдаланатын қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт. Параметрлік қатардың бір түрі болып өлшемдер қатары табылады. Мысалы, маталар үшін өлшемдік қатар мата енінің жеке параметрлерінен, ыдыс-аяқ үшін – жеке сиымдылық параметрлерінен құралады. Бір типті өнімнің (материалдың) әр өлшемі типтік өлшем (типоразмер) деп аталады. Мысалы, қазіргі кезде ерлер киімінің 105 типтік өлшемі және әйелдер киімінің 120 типтік өлшемі бекітілген. Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп аталады. Мысалы, киім және аяқ-киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін көптеген еркек және әйел адамдарын (әртүрлі жастағы, әртүрлі өңірде тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер математикалық статистика әдістерімен өңделеді. Үйлесімді сандар және үйлесімді сандар қатарлары. Машина, аспап, ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады. Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағынасы – параметрлер мәндері үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады. Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 «Предпочтительные числа и ряды предпочтительных чисел» және ГОСТ 6636 «Нормальные линейные размеры» болып табылады. ГОСТ 8032 бойынша 4 негізгі үйлесімді сандар қатары бекітілген: 1- қатар - R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00 – прогрессия знаменателі 1,6; 2- қатар – R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; … – прогрессия знаменателі 1,25; 3- қатар – R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; … – прогрессия знаменателі 1,12; 4- қатар – R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; … – прогрессия знаменателі 1,06. R- индексі француз инженері Ш. Ренар атымен аталған. Бұл инженермен үйлесімді сандар қатарларын құру тарихы байланысты. 1 – 10 сандары аралығында R5 қатарында 5 сан бар, R10 қатарында - 10 сан, R20 қатарында - 20 сан, R40 қатарында - 40 сан бар. Параметрлік қатардың жиілігі оңтайлы болуы керек: тым «қою» қатар тұтынушылар мүдделерін максимум қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, өнімнің типтік өлшемдері тым көбейіп кетеді. Сондықтан R5 қатарын қолдану R10 қатарына қарағанда дұрыс болып табылады, ал R10 қатарын қолдану R20 қатарын қолданғаннан дұрыс болып табылады. Үйлесімді сандар жүйесін қолдану белгілі типті өнімнің параметрлерін бірыңғайландыру ғана емес, сонымен бірге бөлшектерді, бұймдарды, көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Мысалы, машина жасау саласындағы стандарттау тәжірибесі көрсеткендей, бөлшектер мен тораптардың параметрлік қатарлары машина және жабдықтардың параметрлік қатарларында негізделу керек. Бұл жерде мынадай ереже сақталуы керек: машиналардың R5 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R10 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек, R10 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R20 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек және тағы солай. Теміржол вагондары мен автокөліктің жүк көтеру қабілеті, контейнер, жәшік және жеке алынған консерві банкасының өлшемдерінің қатары R5 қатары бойынша құрылу керек. Бұл шара консерві банкасына арналған ыдыс және оларды тасымалдайтын көлік құралдарын ұтымды қолдануға мүмкіндік береді. Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған Е қатары байынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Е қатарлары: Е3 – q = 2,2; Е6 - q = 1,5; Е 12 - q = 1,2. Бұл қатарлар ГОСТ 2825 «Ряды номинальных сопротивлений постоянных резисторов» және ГОСТ 2519 «Ряды номинальных емкостей постоянных конденсаторов» стандарттарымен бекітілген. Конденсаторлар үшін 1,5; 2,2; 3,3; 4,7; 6,8 (пФ, мкФ) сиымдылықтар қатары қолданылады. Унификациялау – (бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау). Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге келтіруді айтады. Бірыңғайландырудың мақсаты өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері болуға жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға келтіру болып табылады. Бірыңғайландыру стандарттау нысандарын жүйелеу, типтендіру (типтеу), селекциялау, симплификациялау және оңтайлауға негізделеді және төмендегі бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін: - бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің параметрлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу; - біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік бұйымдарды зерттеп дайындау; - бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат формаларын және т.б. зерттеп дайындау; - біртекті стандарттау нысандарының номенклатурасын оптималды минимуммен шектеу. Бірыңғайландыру мына түрлерге бөлінеді: - типтік-өлшемдік бірыңғайландыру (мысалы, функционалдық арналуы бірдей, бір-біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер); - тип шегіндегі бірыңғайландыру (мысалы, бас параметрі бірдей, құрамдық элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер); - тип аралық бірыңғайландыру (мысалы, әртүрлі типті және конструкциялы өнімдер). Жүргізу аймағына байланысты нысандарды бірыңғайландыру салааралық, салалық және зауыттық болуы мүмкін. Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау сатысында қол жеткізуге болады. Бірыңғайландыру нәтижелері бұйымдардың, бөлшектердің, тораптардың типтер, параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б. типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді. Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді. Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен жөндеудің тиімділігі жоғарылайды. Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларыдың дамуы бұйымдар конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын машинаның жұмысынан бөлек (жеке) тексеруге мүмкіндік берді. Бұйымдарды бөлек агрегаттарға бөлу агрегаттау әдісінің дамуының алғашқы себебі болды. Содан кейін машиналардың конструкцияларын талдау көптеген агрегаттар, тораптар және бөлшектер, құрылымы басқа болса да әртүрлі машиналарда бірден бір функция атқаратынын көрсетті. Бөлек конструкциялық шешімдерді бірыңғайланған агрегаттар, тораптар және бөлшектер әзірлеу жолымен жалпылау осы әдістің мүмкіншіліктерін едәуір арттырады. Кешенді стандарттау - стандарттаудың негізгі әдістерінің бірі. Кешенді стандарттау кезінде тұтас нысанның өзіне ғана емес, оның негізгі элементтеріне де өзара байланыстырылған талаптар қойылады және қолданылады. Мақсаты – нақты мәселенің оңтайлы шешімін табу. Өнімге қатысты айтсақ, кешенді стандарттау – дайын өнімнің және оны шығаруға қажетті шикізаттың, материалдар және комплекттеуші тораптардың, сондай-ақ өнімнің бұзылмауы (таңбалау, буып-түю, тасымалдау, сақтау) және қолдану (пайдалану) жағдайларының сапасына өз деңгейлері бойынша өзара байланыстырылған талаптар тағайындау және қолдану болып табыдады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік негізін қалаушы стандарттар комплекстерін қалыптастыру жұмыстарын келтіруге болады. қалыптастыру бойынша іс-әрекеттер жалғастырылуда: - ҚР СТ 1.0 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 2.0 «Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 3.0 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 4.0 «Өнімді зерттеп дайындау және өндіріске қою жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 5.0 «Техника-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 6.0 «Штрихты кодтау жүйесі. Негізгі ережелер»; - ҚР СТ 7.0 «Қазақстан Республикасы тіркеу (аккредиттеу) жүйесі. Негізгі ережелер». Озық стандарттау - стандарттау нысандарына қазіргі күнгі практикада қол жеткен нормалар мен талаптардың деңгейінен жоғары, алдыңғы уақытта оңтайлы болады деп болжанатын деңгейде нормалар мен талаптар тағайындау. Стандарттар ғылым және техниканың қол жеткен деңгейін бекітіп қана қоймауы керек, өйткені модельдік ескіру қарқыны жоғары болғандықтан олар техникалық прогрестің баяу жүруіне әкелуі мүмкін. Осыны болдыртпау үшін, олар перспективалық сапа көрсеткіштерін тағайындауы керек, өндірісте оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мерзімін көрсетуі керек. Озық стандарттар өнімнің перспективалық, сериялап шығарылуы әлі басталмаған немесе бастапқы кезеңдегі түрлерін стандарттау керек. Халықаралық стандарттаудағы жетістіктерге 80- жылдары бекітілген аудио компакт-дисктерге әзірленген халықаралық стандартын жатқызуға болады. Бұл стандарт аудио компакт-дисктер шығарылмай тұрып алдын-ала әзірленген болатын. Осы шара компакт-дисктердің басқа техникалық жабдықтармен толық қиылысуын қамтамасыз етті, сонымен қажетсіз шығындардың болмауына қол жеткізді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Стандарттау нысандарын ретке келтіру әдістің құрамына қандай әдістер кіреді? 2 Параметрлік стандарттау дегеніміз не? 3 Унификаттау және агрегаттау әдістері неге негізделген? 4 Кешенді стандарттау әдісінің мақсаты неде? 5 Озық стандарттаудың басқа әдістерден ерекшелігі неде? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 4 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар Дәрістің жоспары: 1 Жалпы сипаттамасы 2 Стандарттар категорияларының сипаттамалары. Стандарттау жұмыстарын жүзеге асыру барысында стандарттау нысандарына тиісті нормалар, талаптар, ережелер, сипаттар қалыптастырылады. Аталғандар (талаптар және т.б.) нормативтік құжат түрінде өңделеді. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға келесілер жатады: 1) халыкаралык стандарттар; 2) өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалык ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары мен техникалық- экономикалық ақпарат жіктеуіштері; 4) ұйымдар стандарттары; 5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары; 6) шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелері, нормалары мен ұсынымдары жатады. Мемлекетаралық стандарттар (ГОСТ) ТМД мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі мемлекетаралық техникалық комитеттермен (МТК) әзірленеді және міндетті және/ немесе ұсынылатын талаптарды тағайындауы мүмкін. Мемлекетаралық стандарттарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес (МГС), ал құрылыс саласында арнайы стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми- техникалық Комиссия қабылдайды. Мемлекетаралық стандарттар қабылдаудан өткеннен кейін стандарттар жөніндегі Бюрода тіркеледі. Бюро Минск (Беларусь Республикасы) қаласында орналасқан. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарын мемлекеттік басқару органдары, заңды тұлғалар, стандарттау жөніндегі комитеттер әзірлейді. Стандарттарды әзірлеуге өнімнің технологиясын әзірлеуші, шығарушы және тұтынушылардың өкілдері, ғылыми-техникалық және инженерлік қоғамдар, тұтынушылар қоғамдарының өкілдері, Комитеттің мамандары шақырылуы мүмкін. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгерту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Мемлекеттік стандарттар: 1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру- әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар; 2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар; 3) процестерге арналған стандарттар; 4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналған стандарттар болып бөлінеді. Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді. Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады. Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік жіктеуіштері- экономика салаларында қолданылатын және есепке алынуға тиіс техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуге және код қоюға жатады. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерінің тізілімін уәкілетті орган жүргізеді. Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және оларға код қою жүйесін құру мен оның қызметіне бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді уәкілетті орган белгілейді. Қазақстан Республикасындағы ұйымдар стандарттары және стандарттау жөніндегі ұсынымдар. Ұйымдар стандарттарын мемлекеттік техникалық реттеудің мақсаттарына жету үшін ұйымдар өздері дербес әзірлейді және бекітеді. Ұйымдар стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару тәртібін оларды бекітетін ұйымдар дербес белгілейді. Ұйымдар стандарттары қолдану үшін ерікті сипатта болады және техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Ұсынымдар стандарттау, өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар жүргізуге қатысты, қолданылу үшін ерікті ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін қамтиды. Ұсынымдардың жасалуына, ресімделуіне, мазмүнына, баяндалуына, оларды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолдану тәртібіне қойылатын талаптарды оларды бекітетін ұйым белгілейді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Қазақстанда қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қайсылар жатады? 2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің неше кезеңі бар? 3 Ұйым стандарттарын кім әзірлейді және бекітеді? 4 Ұсынымдар мен ережелер дегеніміз не? 5 Мемлекетаралық стандарттар Қазақстан аумағында қалай таралады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. № 5 дәріс (1 сағат) Тақырыбы: Мемлекеттік стандарттардың түрлері Дәрістің жоспары: 1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері 2 Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің стандарттары 3 Бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары 4 Процестер стандарттары 1 Стандарттау нысандарының ерекшеліктеріне және тағайындалатын талаптардың мазмұнына байланысты стандарттардың төмендегі түрлері әзірленеді: 1) негізге алынатын стандарттар; 2) өнімдер мен көрсетілетін қызметтер стандарттары; 3) бақылау (сынау, өлшеу, талдау) әдістерінің стандарттары; 4) процестер стандарттары. Негізге алынатын стандарттар мыналарды тағайындайды: - белгілі әрекеттер саласы үшін жалпы ұйымдастыру - әдістемелік жағдайларды; - өнімді, процестерді (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді әзірлеу және пайдалану процестерінде әртүрлі ғылым, техника және өнімдердің өзара байланысын, техникалық бірегейлігін және өзара түсінушілігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар, нормалар мен ережелерді; - басқа да жалпы жехникалық талаптарды. Кең түсінігі бойынша негізге алынатын стандарттардың нысандары болып мемлекеттік және салааралық маңызы бар нысандар: мемлекеттік стандарттау жүйесі, мемлекеттік сертификаттау жүйесі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі, конструкторлық құжаттардың бірдей жүйесі (ЕСКД), өлшем бірліктері, салааралық маңызы бар терминдер мен анықтамалар (сапаны басқару, сенімділік, буып түю) және т.б. табылады. Тар мағынадағы түсінігі бойынша негізге алынатын стандарт нақты жүйенің стандарттар комплекстерінде жалпы ережелерді анықтаушы стандарт болып табылады. Мысалы: ҚР СТ 1.0 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер». Негізге алынатын стандарттарды былай бөлуге болады: а) ұйымдастыру-әдістемелік стандарттар. Бұлар белгілі салада жұмыстарды жүргізу жөніндегі жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді тағайындайды. Мысалы: ҚР СТ 1.2 – 2000 «ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі»; СТ РК 1081 – 2002 «Тағамдық өнімдеріне технологиялық ңұсқаулар мен рецептуралар әзірлеу тәртібі. Негізгі шарттар». б) жалпа техникалық стандарттар. Бұлар тағайындайды: - ғылымда, техникада, өндірісте көп мәрте қайталанатын ғылыми-техникалық терминдерді (мысалы, ГОСТ 16263- 70 «ГСИ. Метрология. Термины и определения»); - әртүрлі стандарттау нысандарының шартты белгілерін – кодтарын, символдарын, таңбаларын ( мысалы, ГОСТ 14192- 96 «Маркировка грузов», СТ РК 1003 – 98 «Сплавы на основе благородных металлов ювелирные. Марки»; - әртүрлі құжаттарды құру, баяндау, өндеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды (мысалы, СТ РК 1.5 – 2000 «ГСС РК. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию стандартов»); - техникалық қамтамасыз етуге қажетті жалпы техникалық шамалар, талаптар және нормаларды (үйлесімді сандар, параметрлік және өлшемдік қатарлар, өлшем құралдарының дәлдік кластары және т.б.). Мысалы, ГОСТ 8.417 – 81 «ГСИ. Единицы физических величин»; - сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын (мысалы, СТ РК 1043 – 2001 «Машины для борьбы с ветровой эррозией. Номенклатура показателей качества»); - техникалық эстетика және эргономика талаптарын; - қауіпсіздік талаптарын (мысалы, СТ РК 12.002 – 2002 «Система стандартов безопасности труда. Процессы производства. Овцеводство. Требования безопасности») және т.б. 2 Өнімнің (көрсетілетін қызметтің) стандарты біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Өнімге төмендегі стандарттар түрлері әзірленеді: а) жалпы техникалық шарттар стандарты - біртекті өнімдер (көрсетілетін қызметтер) топтарына талаптар тағайындайды (мысалы, СТ РК 1061 – 2002 «Продукты кисломолочные. Общие технические условия», СТ РК 1040 – 2001 «Условия транспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия»; б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар тағайындайды. Мысалы, СТ РК 982 – 95 «Кефир. Технические условия», СТ РК 1095 – 2002 «Волокно хлопковое. Технические условия». Аталған стандарттар, мысалы өнім стандарттары, әдетте, төмендегі бөлімдерден құралады: - жіктелуі; - негізгі параметрлері және/ немесе өлшемдері; - техникалық (жалпы техникалық) талаптар; - қабылдау ережелері; - таңбалау, буып- түю, тасымалдау, сақтау; в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, СТ РК 37 – 98 «Вышивка машинная и ручная. Общие технические требования»; г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандартының бір ғана бөлімінен құралатын тар арнаулы стандарттар (мысалы, ГОСТ 20902 – 95 «Столы обеденные школьные. Функциональные размеры»; ГОСТ 20809 – 75 «Патроны охотничьи. Типы и основные размеры»). 3 Бақылау әдістерінің стандарттары өнімді, көрсетілетін қызметті әзірлеу, сертификаттау, пайдалану кезінде сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін тағайындайды (мысалы, СТ РК 1049 – 2001 «Премиксы. Методы анализа»). Стандарттарда тағайындалатын бақылау әдістері объективті, дәл, нәтижелердің ұдайы қайталануын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Әр әдіс үшін оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне қарай мыналарды тағайындайды: - сынау құралдарын, көмекші құралғыларды, реактивтерді, материалдарды; - сынақ жүргізуге дайындалу тәртібін; - сынақ жүргізу тәртібін; - сынақ нәтижесін өңдеу тәртібін; - сынақ нәтижесін көрсету тәртібін; - сынақтың жіберілетін қателігін. Стандарттың арналуы тар болуы мүмкін – бір ғана сапа көрсеткішін тексеру (мысалы, таза жүн және жартылай жүннен жасалған материалдардың буды өткізгіш қабілетін анықтау әдісінің стандарты), немесе арналуы кең – көрсеткіштер комплексін тексеру болуы мүмкін (жібек және жартылай жібектен тігілген даналап саналатын өнімдерді сынау әдістерінің стандарты). Сертификаттау тәжірибесі аралас турлі стандарттарды - өнім мен бақылау әдістерінің стандарттарын, атап айтқанда, өнімге (көрсетілетін қызметке) қауіпсіздік талаптар мен қауіпсіздікті бақылау әдістерінің стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін білдіріп отырады (мысалы, ГОСТ 25779 – 90 «Игрушки. Общие требования к безопасности и методы контроля»). 4 Процестер (жұмыстар) стандарттары өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өмірлік циклының жеке кезеңдерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (тәсілдеріне, амалдарына, режимдеріне, нормаларына) талаптар тағайындайды. (Өнімнің өмірлік циклының негізгі кезеңдері: әзірлеу, шығару, сақтау, тасымалдау, қолдану, т.б.). Мысалы ГОСТ 26907 – 86 «Сахар. Условия длительного хранения», ГОСТ 7995 – 79 «Мясо. Разделка говядины для розничной торговли», СТ РК 1155 – 2002 «Ртутьсодержащие приборы и изделия. Вакуум- термическая утилизация». Процестер (жұмыстар) стандарттарына технологиялық операцияларды жүргізу кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғауға талаптарын енгізуі керек. Қазіргі күні сапа менеджменті жүйелері шегінде басқару процестерінің - құжаттарды сатып алуды, кадрларді дайындауды және т.б. басқару процестерінің стандарттары үлкен маңыз алып отыр. Басқару процестері – сапа жүйесі жұмыс кәсіпорындардың ұйым (фирмалық) стандарттарының типтік нысандары болып табылады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Негізге алынатын стандарттардың түрлері Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. № 6 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Сәйкестікті растау Дәрістің жоспары: 1 Сәйкестікті растау саласындағы негізігі түсініктер мен оның мәні 2 Сәйкестікті растаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен ұйымдастырушылық құрылымы 3 Сертификаттауға қатысушылар 1 Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» деп аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады. Сертификаттау объектілері: 1) өнімдер; 2) көрсетілетін қызметтер; 3) процестер; 4) жұмыстар; 5) сапа менеджментінің жүйелері. Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады. Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады. Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады. Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды. ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген. Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар; өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар; сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар; ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары. Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды. Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады. Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады. ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады: техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган; акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары); аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар; сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар. Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады. Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 «Сертификаттау» дегенді қалай түсінесіз? 2 Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады? 3 Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар берілуі мүмкін? 4 Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде? 5 Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай? 6 Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз. 7 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды? 8 Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б. № 7 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Өнімнің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Сәйкестікті растаудың жалпы сипаттамасы 2 Сертификаттаудың түрлері 1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі барлық сертификаттау объектілеріне таралатын және осы процедураны ұйымдастыру және жүргізу тәртібін реттейтін ережелерден құралады. Отандық және импортталатын өнімдердің сәйкестігін растау бірегей ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тағайындалған ережелер және схемалар бойынша жүзеге асырылады. Өнім қай мемлекетте шығарылғаны, өндіру, сақтау, тасымалдау процестері, келісімдердің түрі мен олардың ерешеліктері ескерілмейді. Импортталған өнімнің сәйкестігін растау шетел сертификатын және сәйкестік Белгісін мойындау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жерде сертификаттау нәтижесін мойындау туралы тиісті келісім болуы керек. Республикада мойындалатын сертификат болмаған жағдайда өнімнің үлгілерін сертификаттау сынақтарынан өткізеді. Сынақ жүргізгенде өнімнің көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасында жүретін нормативтік құжаттарда бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Экспортталатын өнімдердің сәйкестігін растау олардың шығарушы және тапсырыс беруші арасындғы контракттта қарастырылған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жүргізіледі. Өнімнің, оның ішінде импортталатын өнімнің сәйкестігін растауды сертификаттау жөніндегі аккредиттелген орган, ал ондай орган болмағанда Мемстандарт жүзеге асырады. 2 Сертификаттау түрлері. Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін. Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды. Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады: шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы; міндетті сертификаттау жүргізу арқылы. Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны. Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады. Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі. Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды. Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады. Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1 кестеде келтірілген. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізі неден тұрады? 2 Өнімді сынау кезінде анықталатын көрсеткіштер неше және қандай топтарға бөлінеді? 3 Сәйкестікті растаудың қандай түрлерін білесіз.? 4 Міндетті сертификаттауға қандай өнімдер жатады? 5 Міндетті және ерікті сертификаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктері? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 8 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі Дәрістің жоспары: 1 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі 2 Сертификаттау схемалары (сұлбалары) Өнімді сертификаттауға мыналар кіреді: 1) сертификаттауға өтінім беру және оны қарау; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау, оның ішінде схеманы таңдау; 3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жасасу; 4) үлгілерді іріктеу, сәйкестендіру және оларды сынау; 5) өндіруді бағалау (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 6) алынған нәтижелерді талдау мен Сертификат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдау; 7) Сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификатталған объектіні инспекциялық бақылауды жүзеге асыру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделсе); 10) сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ұсыну. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтінім беруші Органға сертификаттау жүргізуге арналған өтінімді жібереді. Осы өнімнің бірнеше органы бар болса, өтінім беруші олардың кез келгеніне өтінім жіберуге құқылы. Орган өтінімді қарайды және оны алғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей өтінім берушіге өзінің шешімі туралы хабарлайды. Жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өтінімді қарау мерзімі он күннен аспауға тиіс. Сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша ресімделеді және осы объектіні сертификаттаудың белгіленген тәртібіне негізделетін сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды, оның ішінде ұсынылып отырған сертификаттау схемасы, қажетті техникалық құжаттардың тізбесі, тексерілетін көрсеткіштердің тізбесі, сынақ зертханаларының (орталықтың) атауы, сондай-ақ инспекциялық бақылау талаптары көрсетіледі. Егер өтінім беруші сәйкестікті растау рәсімдерінің шарттарымен келіскен жағдайда, осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады. Сынақтар құрастырмасы, дайындау құрамы мен технологиясы тұтынушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылатындай өнімдегі сияқты үлгілерде жүргізіледі. Үлгілердің саны, оларды іріктеу тәртібі сәйкестендіру және сақтау ережесі осы өнімді сертификаттау жөніндегі нормативтік немесе ұйымдастыру- әдістемелік құжаттарға және сынақтар әдістемесіне сәйкес белгіленеді. Өтінім беруші құрамы мен мазмұны осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленетін үлгіге (үлгілерге) қойылатын техникалық құжаттаманы ұсынады. Сынақтарға арналған үлгілерді іріктеуді Орган немесе оның тапсырмасы бойынша аккредиттелген зертхана жүзеге асырады. Үлгілерді іріктеу Органның өкілі мен өтінім беруші, сондай-ақ аккредиттелген зертхананың өкілі қол қоятын нысан бойынша актімен ресімделелі. Іріктелген үлгілер өтінім берушінің қатысуымен буып-түйіледі, пломба салынады (егер бұл мүмкін болса) және өнім үлгілерін іріктеу актісі мен тізімін Орган белгілейтін оларға техникалық құжаттама қоса беріліп, аккредиттелген зертханаға жіберіледі. Егер сынақ мерзімдері нормативтік құжаттарда көзделмеген жағдайда, онда бұл мерзім 30 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Сынақтардың теріс нәтижелері кезінде Орган өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға сынақ хаттамасымен бірге нысан бойынша сертификат Осы сынақтар сертификаттау сынақтары үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Сертификаттау схемасына байланысты өнімді өндірудің жай-күйін талдау жүргізіледі. Сертификатталатын өнім өндірісінің жай-күйін талдау тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді. Бұл ретте мыналар тексеріледі: 1) нормативтік және техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі, олардың жай-күйі; 2) технологиялық процестің сақталуы мен оның метрологиялық қамтамасыз етілуінің жай-күйі; 3) кіру, қабылдап алу-бақылау және мерзімдік сынақтар жүйесінің бар болуы; 4) техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу жүйесінің және сынақ құралдарының бар болуы; 5) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі; 6) сертификатталатын өнім сапасының тұрақтылығы; 7) сақтау жағдайларының бар болуы; 8) наразылықтарды есепке алу мен талдаудың бар болуы. Өндірістің жай-күйін талдау нәтижелері тиісті қорытындылары бар актімен ресімделеді және өтінім берушіге жіберіледі. Тексерістің теріс нәтижелері болған жағдайда таңдап алынған схема бойынша өтінім берілген өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстар тоқтатылады, бұл туралы Орган үш күн мерзімде өтінім берушіге жазбаша хабарлайды. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды. Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу іс-шараларын Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі қандай? 2 Өнімді сертификаттаған кезде қандай сертификаттау схемаларын қолданады? 3 Өнімді сертификаттаудың неше сертификаттау схемаларын білесіз? 4 Инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б. № 9 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Қызметтердің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Қызметтердің түрлері 2 Қызметтердің сәйкестігін растаудың жүргізу тәртібі 3 Инспекциялық бақылау Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға: 1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге; 2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды. Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс. Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде келтірілген. Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді. Сертификаттауды жүргізу тәртібі Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды: 1) Органға сертификаттауға өтінім беру; 2) өтінім бойынша шешім қабылдау; 3) сертификаттау схемасын таңдау; 4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу; 5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу; 6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау; 7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу; 8) Сертификат беру; 9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес). Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді. Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы. Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды. Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады: 1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру; 2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу. Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді. Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады. Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді: 1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау; 2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру; 3) тексерістер жүргізу; 4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау. Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді. Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады. Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган: 1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады; 2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді; 3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді; 4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді; 5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды. Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді. Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Қызметтердің қандай түрлерін білесіз? 2 Қызметтерге сертификаттауды қалай жүргізеді? 3 Қызметтер мен өнімдерге сертификаттауды жүргізудің ерекшеліктері бар ма? 4 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 10 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау Дәрістің жоспары: 1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері 2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды ҚР СТ 3.9 сәйкес жүргізеді. Бұл стандарт бойынша ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде міндетті сертификаттауға жататын шетелдік өнімдердің сәйкестігін растаудың жалпы ережелерін, жүргізу тәртібі мен рәсімдерін орнатады. Бұл стандарт сертификаттау жөніндегі аккредиттелген барлық органдарына, сынақ зертханаларына, сарапшы-аудиторларға, сонымен қатар ҚР МСЖ қызметіне қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғаларға міндетті болып саналады. Шетелден әкелінген өнімдердің Қазақстанда күші бар нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растауын ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген сертификаттау органдарымен жүргізіледі. Міндетті сертификаттауға жататын шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды отандық өнімдерге орнатылған ережелер бойынша жасалады, бірақ енгізілетін өнімдердің ерекшеліктері мен келісім-шарттардың бар болуы ескерілуі керек (Қазақстан мен экспортер-мемлекет арасындағы). Қазақстан Республикасында МСЖ шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауын мына жолдармен жүргізеді: а) сәйкестік сертификаттарының түпнұсқаларын берген ТМД қатысушыларының- мемлекеттерінің СО мойындалуы; - сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін берген ТМД қатысушыларының- мемлекеттерінің СО мойындалуы; - ҚР МСЖ орнатылған тәртіпте аккредиттелген ТМД қатысушыларына жатпайтын мемлекеттердің СО берілген және мөрімен куәландырылған шетелдік сәйкестік сертификаттарын немесе олардың көшірмелерін мойындалуы; б) Өнімдердің сәйкестігін растау тәртібі техникалық регламентіне сәйкес талаптарға сертификаттау сұлбаларын қолдана отырып өнімдердің партиясын сертификаттау; в) өтінушімен сәйкестік декларациясын қабылдау. ҚР аймағында мойындалған шетелдік СО берілген сәйкестік сертиффикаттардың тізімін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органымен анықталады. Міндетті сәйкестікті растауға жататын шетелден әкелінген өнім енгізу уақытына өнімнің партиясы ретінде саналады, сериялы өнідіріске сәйкестік сертификаты болса да. Мұнда партияның мөлшері енгізілетін құжаттың тауарменжүретін құжаттамаға сай анықталады. Міндетті сәйкестікті растауға жататын көтерме саудаға арналған шетелдік өнімге мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған ақпарат болуы керек. Бұл ақпаратқа келесі мәліметтер кіреді: өнімнің атауы, дайындаушы-мемлекет пен кәсіпорын, дайындау күні, сақтау мерзімі, жағдайлары, қолдану тәсілі, тағамдық құндылығы. Аударманың дұрыстығына өтінуші жауап береді. Сәйкестік сертификаты жоқ шетелдік өнімдерге сертификаттау жұмыстарын ҚР күші бар техникалық регламенттерде немесе нормативтік құжаттарда орнатылған қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігін жүргізеді. Егер Қазақстанда өтінуші өнімге орнатылған талаптар нормативтік құжаттарда болмаса, онда импортер-мемлекеттің нормативтік құжаттарына сәйкестігін тексереді, мұндай құжаттарды өтінуші беруі шартты. Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау бойынша жұмыстар үшін ақыны өтінуші ҚР Ұ 50.3.01 сәйкес төлейді. Өтінуші мен сәйкестік растау органы арасында келіспеушіліктер болған жағдайда ҚР 3.10 сай орнатылған тәртіпте апелляциялар қарастырылады. Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі ҚР аймағына шетелден әкелінген өнім міндетті сәйкестікті растауға жатады, сонымен қатар бұл өнім кедендік ресімделуін жүргізетін органмен кедендік декларирлеуден орнатылған тәртіпте өтеді. Шетелден әкелінген өнімдердің кедендік ресімделуін жүргізу үшін негіз болатын құжаттарға ҚР сәйкестік сертификаты немесе СО тіркелген өнімнің қауіпсіздігі жөніндегі өтінім-декларация болады (кедендік бақылауға қажетті құжаттарды санамағанда). Өнімнің кедендік ресімделуін жүргізгеннен кейін өтінуші СО аккредитеу саласына байланысты берілген өнім түріне шетелдік сертификатты мойындауға өтінім жібереді. Өтініммен бірге мына құжаттар беріледі: - шетелдік сертификаттың түпнұсқасы мен көшірмелері; - өніммен бірге жүретін құжаттама - өнімге шығу тегі сертификаты контракт, накладная, өнімді сынау хаттамасының көшірмесі, сапа менеджмент жүйесі немесе өнідіріс сертификаты, гигиеналық қорытынды, фитосанитарлық сертификат, малдәрігерлік қорытынды. Өтінімге берілген құжаттар екі тілде жазылады. Егер басқа тілде болса, онда аудармасы болуы керек. Өтінімді және берілген құжаттарды талдау негізінде СО шетелдік сертификатты мойындау жөнінде шешім қабылдайды және өнімнің сәйкестігін растауын үш тәсілдің біреуімен жүргізеді. СО мен өтінуші арасында сәйкестігін растау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалады. Сәйкестікті растау ресімдерін жүргізгенде СО ҚР СТ 1014 талаптарына және басқа да нормативтік құжатарға сай өнімнің сәйкестендіруін өткізеді. Тез бұзылатын өнімдерге сәйкестік сертификаты сақтау және тасымалдау шаралары болған кезде ғана мойындалады. Мойындалған сәйкестік сертификаттары және олардың көшірмелері ҚР МСЖ қабылданған сәйкестік сертификаттарына қайта ресімделеді. Олардың ресімделуін аккредиттеу саласына байланысты сәйкестікті растау органдары жүргізеді. Сәйкестік сертификатының іске асу мерзімі СО орнатылады және ол өнімнің сақтау мерзіміне байланысты болады, бірақ 1 жылдан аспау керек. Егер ТМД мемлекеттерімен-қатысушыларымен сериялы өндіріс өніміне берілген сәйкестік сертификатының мерзімі аяқталса, ал өнім сатушыда болса, онда сертификат өнімнің сақтау мерзіміне қарай таралады, бірақ 3 жылдан аспау керек. СО сәйкестік сертификатын беру алдында, қажет болған жағдайда шетелдік өнімге толық барлық көрсеткіштері бойынша анықтау жүргізеді немесе нормативтік құжаттарда орнатылған талаптарға сай өнімнің сәйкестігін растау үшін кейбір көрсеткіштерін ғана анықтайды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай стандартқа сай орындалуы керек? 2 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау әдістері қандай? 3 Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау қандай тәртіпте жүреді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 2 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау № 11 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі Дәрістің жоспары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі. 2 Негізгі міндеттері мен нысандары. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілерді, нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін құруға себеп болған мыналар: біріншіден, өлшеулер адамзат әрекетінің ең жаппай жүргізілетін «өнімі» болып табылады, және оларға сұраныс жылдан жылға ұлғайып келеді; екіншіден, өлшеулер адамзаттың өте маңызды әрекеті болып табылады және олардың сапасына (яғни дәлдігіне) қойылатын талаптар үнемі өсіп келеді; үшіншіден, халықаралық ынтымақтастың дамуы (сауда, ғарышты игеру жөніндегі бірлескен бағдарламаларды әзірлеу, медицина, қоршаған ортаны қорғау) өлшеу нәтижелеріне өзара сенімділікті талап етеді. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу үшін құқықтық, нормативтік, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық жағдаылар жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттерді басқарудың оңтайлы принциптерін зерттеп дайындау; - шама бірліктерінің эталондар базасын құру және жетілдіру; - метрология облысында негізгі түсініктер, терминдер мен анықтамаларды тағайындау; - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік базаны құру және жетілдіру; - метрология облысындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралық, аумақтық ұлттық ережелер, нормалар және талаптармен гармонизациялау; - өлшеулер облысын ақпаратпен қамтамасыз ету. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілері болып табылады: - шама бірліктері; - шама бірліктерінің эталондары; - өлшем құралдары; - өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар; - өлшеулерді орындау өдістемелері; - нормативтік құжаттар. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің Қазақстан Республикасы территориясында міндетті түрде қолдануға жататын нормативтік құжаттары ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетімен бекітіледі. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі ұйымдастыру, техникалық және нормативтік негіздерінің жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметі табылады. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесін мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрология қызметтері қолданатын шама бірліктерінің эталондары жүйесі; - өлшеу құралдары, оның ішінде республика территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарртық үлгілері; - физикалық тұрақтылар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді: -шама бірліктерін; - шамалардың мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын; - өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістері мен құралдарын; - өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының номенклатурасын; - өлшеу дәлдігі нормаларын; - өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеу, нормативтік құжаттарды, жобалық, констркутролық және технологиялық құжаттарды метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін; - метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттері қандай? 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің объектілерін атаңыз. 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымына қандай органдар кіреді? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. № 12 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Физикалық шамалардың өлшем бірліктері мен олардың өлшемдері Дәрістің жоспары: 1 Физикалық шама, оның бірлігі. 2 Өлшеу. Өлшеудің түрлері. 3 Өлшеудің принциптері. Физикалық шама – физикалық объекттің сапа жағынан көптеген физикалық объектілерге ортақ, ал сандық жағынан олардың әрқайсысы үшін өзіне тән болып табылатын қасиеті. Өзіне тән қасиеті дегенде біз бұл қасиет бір объект үшін басқа объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін айтамыз. Физикалық шама мысалдары ретінде тығыздық, балқу температурасы, жарықтың сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады. Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері бекітілген, сандық мәні шартты түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама. Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен арнайы техникалық құралдың көмегімен табу. Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет: - физикалық шаманың; - өлшеу әдісінің; - өлшеу құралының; - оператордың; - өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың. Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық шаманың мәнін қолдануға ыңғайлы түрде алу. Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық мәнімен, нақты және дәл мәндерімен сипатталады. Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық объект, жүйе, құбылыс немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі. Физикалық шаманың мәні – физикалық шаманың мөлшерін ол үшін қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт). Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан. Шаманың мөлшері және мәні арасында айырмашылық бар. Шаманың мөлшерін осы шаманың кез келген бірлігімен сандық мәні арқылы көрсетуге болады. Сандық мән таңдалған бірлікке байланысты өзгереді, ал физикалық шаманың мөлшері бірқалыпты болады. Физикалық шаманы оның нақты мәнімен сипаттайды. Нақты мән объекттің тиісті қасиетін сапалық және сандық жағанан идеалды түрде көрсетеді. Дәл мәні деп физикалық шаманың эксперимент арқылы табылған және нақты мәнге соншалықты жақын - оны нақты мәннің орнына қолдануға болады. Өлшеу түрлері Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша барлық өлшеулер 4 негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу, жанама өлшеу, біріккен өлшеу және қатарынан жүргізілетін өлшеу. Тура өлшеу кезінде физикалық шаманың мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынады (мысалы, салмақты таразымен, бөлшек ұзындығын микрометрмен өлшеу). Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен функционалды байланыстағы басқа физикалық шаманы тура өлшеу нәтижесінің негізінде анықтау. Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі: - өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу арқылы табу жеңілге түседі; - шаманы тура өлшеу мүмкін емес; - жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді. Жанама өлшеудің теңдеуі: [pic] мұндағы: y – ізделетін шама, тура өлшеу арқылы табылған х1, х2, хn аргументтердің функциясы болып табылады. Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D) белгілі болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып, ойылған жердің тереңдігін (h) алу арқылы мына формула бойынша табу: [pic] Біріккен өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта өлшеу. Өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеу жолымен алынған теңдеулер жүйесін шешу арқылы табады. Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің белгілі массасы бойынша және гирялардың әртүрлі сочетаниесінің массаларын тура салыстыру нәтижесінде табу. Қатарынан жүргізілетін өлшеу - екі немесе бірнеше аттары басқа шамаларды олардың арасындағы функционалдық тәуелділікті табу үшін бір уақытта өлшеу. Мысалы, дененің ұзындығының температурадан тәуелділігін табу, қайнау және балқу температурасының қысымнан тәуелділігін табу және т.б. Өлшеу принциптері. Өлшеу принципі - өлшеу негізіне қойылатын құбылыс немесе эффект. Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық. Егер әртүрлі материалдан жасалған екі электродтың қосылған жерін қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш күш пайда болады. Бұл құбылыс температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара). Электр өткізгіш және жартылай өткізгіштерді қыздыратын болсақ, олардың тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс та температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде. Кейбір материалдарды созу несесе қысу кезінде олардың электр тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын, сондай-ақ жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады. Метал және жартылай өткізгіштің шекарасында сәуле түскен кезде электр қозғалтқыш күш пайда болады (фотоэффект). Фотоэффект құбылысында көптеген өлшеу құралдарында қолданылатын фотоэлементтердің жұмысы негізделген. Дененің жарық беруі температурадан тәуелді, ал соңғысы (температура) өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен тәуелді болып табылады. Бұл құбылыс температураны контактсыз өлшеу әдісінің негізіне қойылған (оптикалық пирометр). Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Физикалық шама дегеніміз не? 2 Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты неде? 3 Физикалық шама қандай мәндермен сипатталады? 4 Нақты және дәл мәндердің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма? 5 Өлшеулер қандай түрлерге бөлінеді? 6 Өлшеу принципі дегеніміз не? 7 Өлшеудің қандай принциптерін білесіз? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. № 13 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері Дәрістің жоспары: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізі 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері 4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметтері менқолданылатын шама барліктерінің эталондары; - өлшеу құралдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Өлшеу құралдары өлшеуге арналады, нормаланған метрологиялық сипаттарға ие болады, шама бірлігін ұдайы қайталайды және (немесе) сақтайды. Шама бірлігінің мөлшері (бекітілген қателік шегінде) белгілі уақыт ішінде тұрақты деп есептеледі. Шама бірлігінің эталоны – шама бірлігін (шама бірлігінің еселік немесе үлестік мәндерін) оның мөлшерін осы шаманы өлшейтін басқа өлшеу құралына беру мақсатында ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Эталон Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітіледі. Шама бірліктерінің эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған шама бірліктерін дәл ұдайы қайталау, сақтау керек және олардың мөлшерлерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудағы өлшеу құралдарына беру қажет. Бірліктердің мөлшерлері эталондар арқылы ұдайы қайталанылады, сақталады және беріледі. Эталондар мынадай сипаттары бойынша жіктеледі. Халықаралық немесе ұлттық сипаты бойынша эталондар Халықаралық, Мемлекетаралық және ұлттық деп бөлінеді. Халықаралық эталон – халықаралық келісім бойынша ұлттық эталондардың бірліктерінің мөлшерін онымен салыстырудың халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон. Халықаралық эталонды Халықаралық өлшемдер мен салмаақтардың Бюросы сақтайды және жұмысқа жарамды күйде ұстайды. Мемлектаралық эталон - ТМД мемлекеттері арасында жүретін мемлекетаралық эталон. Мемлекетаралық эталондар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық процесінде мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде және Келісімге қатысушы мемлекеттердің халық шаруашылығын метрологиялық қамтамасыз етуде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Шама бірліктерінің Мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдің эталондық базасы физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің бастапқы эталондары құрайды (метр, килограмм, секунда, Ампер, Кельвин және кандела). Ұлттық эталон – мемлекет үшін бастапқы деп ресми шешім бойынша танылған эталон. Мемлекеттік эталондар ұлттық байлық болып табылады, мемлекеттің ғылым, техника және мәдени жағынан даму денгейін білдіреді. Эталондардың дұрыс сақталуын, тексерілуін және зерттелуін бақылау үшін, сондай-ақ басқа талаптарды орындау үшін ғалым – эталон сақтаушы тағайындалады. 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметінің құрылымына мыналар кіреді: - мемлекеттік метрологиялық қызмет; - мемлекеттік уақыт және жиілік қызметі; - заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі; - заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерінің мемлекеттік қызметі; - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері. Мемлекеттік метрологиялық қызметі Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметін реттейтін құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол мыналардан құралады: - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнан; - мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекет тарабынан басқаруды жүзеге асырады. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнын негізгі міндеттері және мақсаттары мыналар болып табылады: а) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру; б) Қазақстан Республикасыметрологиялық қызметінің әрекеттерін координировать ету; в) Республикада қолдануға жіберілетін шама бірліктері жүйесін тағайындау; г) шама бірліктерінің эталондарын әзірлеу, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін тағайындау, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру; д) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету Жүйесін жетілдіру. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары: а) метрология облысында іргелі зерттеулер, ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру-өдістемелік жұмыстырды жүргізу; б) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру; в) шама бірліктерінің мөлшерін беру жүйесін құру; г) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен гармонизациялау; д) өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, республикада метрологияны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу. 3 Ел ішінде және халықаралық деңгейде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттің бас міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндетті орындау мақсатында 18.01.1993 ж. «Өлшеулердің бірегейлігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң республикадағы метрологиялық ішкі құрылымдарды (инфраструктураны) заңнамалық принциптерге көшіруге мүмкіндік берді және мемлекеттік қадағалаудың төмендегі формаларын тағайындады: а) өлшеу құралдарын мемлекеттік сынаудан өткізу және типін бекіту; б) өлшеу құралдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу; в) өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеруден өткізу; г) өлшеу құралдарын жасау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға беру жөніндегі әрекеттерді (қызметтерді) лицензиялау; д) кез келген орамаға буып түйілген бума тауарларды сату және буып-түю кезінде осы тауарлардың санын метрологиялық қадағалау; е) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жау-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін, метрологиялық ережелер мен нормаларын мемлекеттік қадағалау. 07.07.2000 ж. жаңа заң – ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін тағайындады, мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы метрологиялық әрекеттер сферасындағы қатынастарды реттейді. Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және республика экономикасын өлшеулердің ақиқат болып табылмайтын нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған. Заң 7 тараудар және 31 баптан құралады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясында негізделеді және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету тураы» Заңнан және басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ететін әртүрлі жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерден құралады (өлшеу құралдарын Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі тізіліміне енгізу тәртібі, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді жүргізу тәртібі, олшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуге, аттестациялауға, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне қойылатын талаптар және т.б.). 4 Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін және қажетті дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін бірегей ережелер, положения және ноормаларды тағайындайтын ноормативтік құжаттардың комплексі болып табылады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді: - негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы; - өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық (региондық) стандарттар, положениелар, нұсқалықар және басқа до нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады. Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет бекітеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін не құрайды? 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі қандай? 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне қандай заң актілері кіреді? 4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздерін қандай құжаттар құрайды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. № 14 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары Дәрістің жоспары: 1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары. 2 Өлшеу құралдарын сынау. 3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау. 4 Өлшеу құралдарын калибрлеу. 5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдарды жүргізу арқылы жетуге болады: - мемлекеттік сынаудан өткізу; - салыстырып тексеру; - метрологиялық аттестациялаудан өткізу; - калибрлеу. Өлшеу құралдарын сынау. Сериялап шығаруға арналған немесе Қазақстан Республикасы аймағына шет елдерден партиялап енгізілетін өлшеу құралдары, егер оларға Мемлекеттік қадағалау таралатын болса сынаудан өткізілуі керек. Соңынан сынаудан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі. Өлшеу құралын сынау - өлшеу құралының тағайындалған нормаларға сәйкестігін сынау объектілеріне әртүрлі сынау әсерлерін қолдана отырып деңгейін анықтау үшін жүргізілетін операциялардың жиынтығы. Сынаудан өткізгенде өлшеу құралдарын пайдалану немесе тасымалдау кезінде ықпал ететін факторлардың әсері тексеріледі. Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау. Егер өлшеу құралының санаулы даналары шығарылған немесе шет елінен енгізілген болса, олар метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс. Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің данный өлшеу құралдарын, олардың қасиеттерін зерттеу негізінде, қолдану заңды деп майындауы. Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге құқығы бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады. Метрологиялық аттестация мыналардан құралады: техникалық құжаттарды қарастыру; өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу; өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру; өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу. Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек. Өлшеу құралдарын калибрлеу. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары зауыттан (өндірістен), жөндеуден шығарылғанда, импорт бойынша енгізілгенде, пайдалану барысында калибрлеуден өтуі керек. Калибрлеу тәртібін шығарушы зауыт, осы өлшеу құралын иеленуші немесе тұтынушы белгілейді. Қазақстан Республикасы өлшеу құралын калибрлеу жүйесі өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Өлшем құралдарын калибрлеу дегеніміз - өлшем құралының метрологиялық сипаттамасының шын мәнін немесе мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалауға жатпайтын өлшем құралының қолдануға жарамдылығын анықтау мақсатында сол өлшем құралының көмегімен алынған шама мәні мен эталон арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара қатынасты белгілейтін операциялар жиынтығы. Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндіруден немесе жөндеуден шыққанда, импорт бойынша әкелінгенде, пайдалану кезінде, осы өлшем құралдарының әзірлеуші, иесі немесе тұтынушысы белгілеген тәртіппен калибрленеді. Өлшем құралдарын калибрлеуді шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін жүргізеді. Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелері өлшем құралдарына басылатын калибрлік белгімен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндері міндетті түрде көрсетілетін калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады. Калибрлеу – еріксіз операция, оны кәсіпорынның метрологиялық қызметкерлері жүргізе алады. Бұл тексеруге қарағанда калибрлеудің бір ерекшелігі. Бірақ, калибрлеудің бұл еріксіз мінезі кәсіпорынның мемлекеттік қызметінің қойылған талаптарға жауаптылығын босатпайды. Ең негізгісі – қадағалау. Бұл кезде калибрлеуді ұлттық өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі ретінде қарастыруға болады. Ал егер өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мақсаттары мемлекеттік ережелер мен нормаларға байланысын қарастырсақ, онда калибрлеу халықаралық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесіне қатысады. Көрсетілген талаптардың орындалуы басқа көзқараспен де маңызды. Өлшем – бұл техникалық прогрестердің бір бөлігі, яғни ол өнім сапасына әсер етеді. Осы байланыста өлшем нәтижелері тек мемлекеттік эталондармен және құқықтық метрологияның нормалары мен ережелерін сақталуымен қол жететіндігіне салыстырмалы болу керек. Өнімді сатушыға – сенімділік, ұлттық мемлекеттік авторитетті ұйым атымен берілген өлшем құралдарын калибрлеу жөніндегі сертификатпен тіркеледі. Батыс елдерінде калибрлеу жұмысы өнімнің бәсекелестік қабілеттілігінің қажеттілігінен асып, жақсы дамып, кеңейе бастады. Калибрлеу құралдарының жөңделуінің тексеру процестерінің мемлекеттік өнімі болып табылады. Барлық негізгі тексеру жауапкершіліктерінен айырылу калибрлеу функциясының өміріне алып келді. Метрологиялық тексерудің мұндау либералды процесі бәрімен келісіліп, жақсы өтілмейді. Калибрлеудің енгізілуіне бәсекелестіктің болмауы кедергі жасайды. Мұнда белгілі анықталған қарсылық көрсетіледі. Бірақ заңға сәйкес кәсіпорындар өлшем құралдарын калибрлеуді өздері ұйымдастыруға құқылы және олар калибрлеу жұмысын жүргізу үшін аккредиттеудің құрастырушы органдарында аккредиттелуге қызығушылық білдірмейді. Мемлекеттік метрологиялық қызмет көрсететін метрологиялық институттары мен органдары бір мезгілде аккредиттеу органы және калибрлеу ұйымы ретінде калибрлеу жүйесінде тіркеледі. Қазіргі уақытта калибрлеу жұмыстарын ұйымдастыру нұсқаулары нақты ажыратылған жоқ. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру. Салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет пен қатар бекітілген тәртіп бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет аккредитациядан өткен заңды тұлғалардың метролгиялық қызметтері жүзеге асыра алады. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру - өлшеу құралдарының тағайындалған техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралдары пайдалануға жарамды немесе жарамсыз дап танылады. Өлшеу құралдары салыстырып тексеру аралық интервалдың ішінде пайдалануға жарамды деп танылады, егер оларды салыстырып тексеру олардың нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігін көрсететін (дәлелдейтін) болса. Салыстырып тексеру арнаулы (салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі. Салыстырып тексеру бірліктің мөлшерін эталоннан жұмыстық өлшеу құралына беру процесінің сатыларының бірі болып табылады. Эталонмен байланыстығы өлше бірлігінің қажетті шарты болып табылады. Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері кездеседі: алғашқы; периодтық; кезектен тыс; инспекциялық; сараптамалық. Көптеген жағдайларда салыстырып тексеру кезінде хаттама толтырылады. Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі. Салыстырып тексеру аяқталып, хаттамаға талдау жүргізілгеннен кейін өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы туралы қорытынды шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі. Салыстырып тексеру хаттамасы заңды күші бар негізгі құжат болып табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет. Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып тексеру нәтижелері оң болған жағдайда бекітілген үлгі бойынша салыстырып тексеру туралы сертификат беріледі. Сертификатта өлшеу құралының қандай нормативтік құжаттың талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беріледі немесе өлшеу құралының көрсетулеріне енгізілетін сілтемелер көрсетіледі. Салыстырып тексеру нәтижелері теріс болған жағдайда өлшеу құралы қолдануға жарамсыз екендігі туралы хабарлама жазылады. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын атаңыз. 2 Өлшеу құралдарын сынау қалай жүргізіледі? 3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды қандай тәртіпте жүргізеді? 4 Өлшеу құралдарын калибрлеудің жүргізу тәртібі қандай? 5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің қандай әдістері болады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. № 15 дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау Дәрістің жоспары: 1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау. 2 Метрологиялық бақылау. 3 Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік. Метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өлшем құралдарын шығарылуын, олардың жай-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін қолданылуын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі бума тауарлардың санын қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі. Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы (периодтық), жоспардан тыс (кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді. Метрологиялық бақылалуды жүзеге асырғанда тексерулерді жүргізу тәртібін мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері тағайындайды. Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік Бұзушылық табылған кезде жеке және заңды тұлғаларға, ескерту және басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін: - лицензияның күшін уақытша тоқтату; - аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу; - кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру. Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады: - азаматтарға - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін; - қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін; - заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін. Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады: - мемлекеттік санаудан немесе метрологиялық аттестациялаудан өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу құралдарын айналымға шығарғаны үшін; - тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ стандарттық үлгілерді метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін; - мемлекеттік қадағалауға жататын, бірақ сол мемлекеттік қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданғаны үшін; - өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін; - стандарттар және техникалық шарттардың талаптарының орындалуын, сертификаттау ережелерінің және метрологиялық ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырушы органдардың ұйғарымдарын орындамағаны үшін. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді? 2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді? 3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады? 4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады? 5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР №1 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Стандарттау аймағындағы ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының стандарттау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады? 2 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін не құрайды? №2 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: ҚР техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің құрылымдық элементтері Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің мазмұны мен құрылымдық элементтерін оқып меңгеру. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасында стандарттау саласы бойынша осы күнге дейін қанша заң қабылданды? 2. Стандарттау саласындағы ең алғашқы заң қашан қабылданды және оның толық атауы қандай? 3. Қазақстан Республикасында стандарттау саласындағы басқа заңдары қашан қабылданды? 4. Стандарттау саласындағы қандай заңның қазіргі уақытта күші бар? 5. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын қабылдау тәртібі мен енгізу күні қандай? 6. «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын құрудың мақсаттарын атаңыз. 7 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңында қандай негізгі құрылымдық элементтер бар? №3 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымымен танысу Бақылау сұрақтары: 1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы қандай? 2 Техникалық реттеу аймағындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін атаңыз. 3 Өкілетті органның құзыреттілігін неде?. 4 Техникалық реттеу аймағындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігін атап шығу. 5 Техникалық реттеу аймағындағы сараптамалық кеңестердің міндеттері қандай? 6 Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің негізгі функциялары неде?. 7 Сәйкестікті растау органдарының қандай атқаратын қызметтерін білесіздер. 8 Зертханалардың құқықтары мен міндеттері қандай?. 9 Ақпараттық орталықтың негізгі функциялары. 10 Сарапшы-аудиторлардың құзыреттілігін атап шығу. №4 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Сабақтың мақсаты: Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды оқып меңгеру. Бақылау сұрақтары: 1. Техникалық реттеу саласындағы қандай негізге алынатын нормативтік құжаттардың Қазақстан Республикасының аймағында күші бар? 2. Нормативтік құжаттамалардың қандай түрлері бар? 3. Нормативтік құжаттамаларда қандай талаптар орнатылады? 4. Негізге алынатын стандарттардың нысаны не? 5. Негізге алынатын стандарттарды әзірлеуге негіз болып не табылады? 6. Төменде келтірілген қандай стандарттар негізге алынатын стандарттарға жатады: МЕСТ 1.0; МЕСТ Р 5798; ТШ19РК2365; ССТ 3498 ; МЕСТ 2.11; ҚР СТ 5.0 ; ИСО 6587; МЕСТ Р 1.0; ҚР СТ 2.0; ҚР СТ 3.0 ; РСТ Каз. ССР 5432 ; ФС РК 56770984 ЖШС; СК 001; ИСО СТ 5432; 7. Техникалық реттеу саласында қандай органдар НҚ әзірлейді және бекітеді? №5 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштері Сабақтың мақсаты: Стандарттардың айлық және жылдық көрсеткіштерімен танысу Бақылау сұрақтары: 1 Стандарттар көрсеткіштерінің қандай түрлерін білесіздер? 2 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай? 3 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің негізгі мазмұнында қандай ақпарат беріледі? 4 Стандарттардың айлық көрсеткіштерінің қосымшаларында қандай ақпарат беріледі? 5 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде бекітілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 6 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде өзгертулер енгізілген стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 7 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде күшін жойған стандарттар жайында мәліметтер келтіріледі? 8 Қандай стандарттар көрсеткіштерінде стандарттарға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар мәтіндері жөнінде мәліметтер келтіріледі? 9 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінің басылу мерзімі қандай? 10 Стандарттардың жылдық көрсеткіштері неше нөмірден немесе томдардан тұрады? 11 Стандарттардың жылдық көрсеткіштеріне қандай стандарттар кіреді? 12 Стандарттардың жылдық көрсеткіштерінде стандарттар қандай принциппен топтастырылған? №6 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы. Сәйкестікті растау аймағындағы ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының сәйкестікті растау аймағындағы негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай ұғымдар қарастырылады? №7 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі Сабақтың мақсаты: Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай? 2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз? 3 Қандай ережелер бойынша үлгілерді іріктеу жүргізіледі? 4 Сертификаттау мақсатымен өнімді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді? 5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі? 6 Сертификатталған объектіні инспекциялық бақылау жүзеге қалай асырылады? №8 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі Сабақтың мақсаты: Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібімен танысу. Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай? 2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз? 3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады? 4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді? 5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі? 6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді? №9 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемалары Сабақтың мақсаты: Өнімді және қызметтерді сертификаттау схемаларын оқып меңгеру. Бақылау сұрақтары: 1 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 1-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 2 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 2-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 3 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 3-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 4 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 4-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 5 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 5-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 6 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 6-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 7 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 7-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 8 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 8-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 9 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 9-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 10 Біртекті тағам өнімдерінің топтарын 10-ші схема бойынша сертификаттау ережелері мен тәртібі. Осы схеманың артықшылықтары мен кемшіліктері. 11 Қызметтерді сертификаттау схемаларының ерекшеліктері қандай? №10 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі Сабақтың мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу . Бақылау сұрақтары: 1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған? 2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай? 3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек? 4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет? 5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай? 6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі? № 11 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының негізгі ұғымдарын оқып үйрену. Бақылау сұрактары: 1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады? 2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз? 3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер қабылданса ол қай жылы және заң қалай аталды? №12 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Жалпы ережелер Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының жалпы ережелерін окып үйрену. Бақылау сұрақтары: 1 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңынын таралу аймақтарын айтыныз? 2 Қазакстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі баскару әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады? 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз? №13 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Өлшеу қателіктері Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену. Бақылау сұрақтары: 1 Өлшеу қателіктері неше нышан бойынша жіктеледі? 2 Өлшеу қателіктерінің жіктелу нышандарын атаныз? 3 Қандай қателіктер кездейсок деп аталады? 4 Қандай қателіктер систематикалыққа (жүйелікке) жатады? 5 Қателесу дегеніміз не? 6 Өрескел (дөрекі) қателік дегеніміз не? 7 Сыртқы қандай факторлар әсер етеді? №14 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Метрологиялық қызмет Сабактың мақсаты: Метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу Бақылау сұрақтары: 1 ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай? 2 Мемлекеттік метрологиялық қызмет. 3 Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде? 4 Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер? 5 Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметінің мақсаттары мен міндеттері қандай? 6 Мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз? 7 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлардың функциялары неде? 8 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында консалтингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады? №15 тәжірибелік сабақ Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық бақылау Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың объектілері мен қатысты Заң бабтары мен танысу. Бақылау сүрақтары: 1 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты неде? 2 Түрлі нысандарға Мемлекеттік метрологиялык бақылау жүргізу кезінде қандай жұмыстар атқарылады? 3 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың қандай объектілерін білесіздер? 4 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың аясы қандай? 5 Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың түрлерін атаңыздар? 6 Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары қандай? 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек. Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады. Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін. Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі: 1 Қоғамдағы стандарттаудың рөлі 2 Стандарттау және өнімнің сапасы 3 Дамыған елдерде стандарттаудың қалыптасуы 4 Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандары 5 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері 6 Техникалық реттеу саласындағы Мемлекеттік органдар 7 Ақпараттық орталық және оның функциялары 8 Техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры 9 Техникалық комитеттерді құру, бекіту және жою тәртібі 10 Техникалық регламенттер 11 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар 12 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау 13 Техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі 14 Мемлекеттік органдар мен олардың функциялары 15 Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары 16 Сәйкестікті растау саласында Үкіметтің құзыреті 17 Өнімді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 18 Сәйкестікті растау саласында ТР органдары 19 Қызметтердің түрлері. Қызметтерді сертификаттау схемалары (сұлбалары) 20 Сынақ зертханасының (орталығының) басшысының функциялары 21 Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы 22 Физикалық шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары 23 Өлшемдер әдістемелерінің түрлері, оларды жасау және сараптау 24 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі 25 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары 26 Менеджмент жүйесі 27 Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 28 Метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 29 Сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары 30 Өлшем құралдарын салыстырып-тексеру 5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с. 3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с. 4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б. 5 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 6 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53- 11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) 7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі. 8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар 9 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі 10 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі 11 ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамалар 12 ҚР СТ 2.3-2001 ҚР МӨЖ. Шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелері, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі 13 ҚР СТ 3.4-2003 ҚР МСЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар 14 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер 15 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау 16 ҚР СТ ИСО / ХЭК 65:2001 Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар 17 ҚР СТ 7.3-2002 ҚР АЖ. Сынақ зертханаларына қойылатын талаптар 18 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 19 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz