Файл қосу

Тұқым қуалаушылық



$$$UMKD_LANG$RU
$$$UMKD_NAME$ Аты  ПЭОӘК Қой шаруашылығы, жүні, еті және елтірісін өндіру
технологиясы
$$$UMKD_AVTORS$ Авторлар ПЭОӘК Ахметова  Б.С.  а.ш  ғылымдарының  кандидаты,
доцент қызметін атқарушы.
$$$UMKD_YEAR$2014

@@@
###000-001#
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


[pic]


ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


« Асыл тұқымды іс негіздері»




«5В080200» – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технолдогиясы»

мамандығына арналған





Құрастырғандар:

Ахметова Б.С.  а.ш. ғылымдарының кандидаты,
доцент қызметін атқарушы






























Семей


2014






&&&&

    ###000-002#Мазмұны

1. Типтік бағдарлама
2. Жұмыс бағдарламасы
3. Глоссарий
4. Дәрістер конспектісі
5. Тәжірибелік және семинарлық сабақтар
6. Білім бақылау бөлімі
&&&


###000-003#ЭПОӘК- авторлары туралы мәліметтер
« Асыл тұқымды  іс  негіздері  »  (Кредит  саны  -3)ПЭОӘК  авторлары  туралы
мәліметтер
|                |Ахметова Балнұр Сериковна                                    |
|                |Ғылыми дәрежесі:      |                                      |
|                |Ғылыми атағы:         |Ауыл шаруашылығы ғылымдарының         |
|                |                      |кандидаты                             |
|                |Қызметі:              |Мал шаруашылығы және аңшылықтану      |
|                |                      |морфология негіздерімен кафедрасының  |
|                |                      |оқытушысы                             |
|                |Мамандандыруы:        |-                                     |
|                |Байланыс мәліметтері:                                        |
|                |Жұмыс телефоны:       |+7 (7222)36-02-21                     |
|                |Электрондық  пошта:   |Bako_84_21@mail.ru                    |
|                |Skype:                |жоқ                                   |
|Жалпы мәліметтер: Байланыс тел: 53-19-70, оқу ғимараты № 5, кабинет № 117     |
|Байланыс сабақтарын өткізетін орын  -  – аудитория № 118                      |
|20 аса ғылыми мақалалардың авторы және «Агрономия» мамандығы бойынша          |
|«тәжірибелерден өту бағдарламаларының» қосымша авторы. 2010жылы               |
|Қазақстан-Ресей университетінің 72 сағат көлеміндегі «Қашықтықтан оқыту       |
|технологиялалары» біліктілікті жоғарылату курстарын тамамдады.                |
|                                                                              |






















&&&


    ###002-000#2 Жұмыс бағдарламасы
   1. Қолдану саласы
   2. Нормативті сілтемелер
   3. Жалпы ережелер
   4. Әдебиет және ресурстар
   5. Пән мазмұны,  пәннің модульдік бөлінуі
   6. СӨЖ тақырыптары мен мазмұны
   7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
   8. Курс форматы
   9. Курс саясаты
  10. Баға қою саясаты
  11. Студенттер білімін бақылау
  12. Оқу үдерісінің және қашықтық кеңестердің графигі
   &&&


    ###002-001#2.1 Қолдану саласы


«Асыл тұқымды  іс  негіздері  »  пәнінің  оқытушыларға  арналған  оқу  жұмыс
жоспары  «5В080200»  –  «Мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технолдогиясы»
мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-  әдістемелік  кешеннің  құрамына
кіреді.  Ол  студенттерді   курстың   мазмұнымен,   актуальдылығымен,   курс
саясатымен, студенттер оқу процесінде игеретін тәжірибелер  мен  машықтардың
тақырыптарымен таныстырады. Оқу- әдістемелік кешен  Шәкәрім  атындағы  Семей
мемелекеттік университетінің, «Агротехнология» кафедрасының пәнді  оқытудағы
негізгі жетекші құралы болмақ.
    .
   &&&


    ###002-002#2.2 Нормативті сілтемелелер


    Осы « Асыл тұқымды іс негіздері » пәнінің  электрондық  оқу-әдістемелік
кешені  (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана  ұйымдастыру
ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары  мен  ұсыныстарына  сәйкес
әзірленген: «5В080200» – «Мал шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технолдогиясы»
мамандығының  Мемлекеттік   жалпыға   бірдей   міндетті   білім   стандарты,
элективті пәндердің каталогы негізінде.
&&&
















    ###002-003#2.3 Жалпы ережелер



Жұмыс оқу жоспарынан көшірме

    1 кесте
|Курс                                                        |Семестр           |
|1                                                           |2                 |
|                                                        Дәрістер               |
|1 – модуль Пәнің даму тарихы. Мал шаруашылығында асылдандыру жұмысының қазіргі |
|жағдайы және келешектегі дамуы.                                                |
|1 – блок Ауылшаруашылық малдарының сұрыптаудың негізгі принциптері             |
|1Кіріспе. Пәнің даму тарихы. Мал шаруашылығында асылдандыру |1                 |
|жұмысының қазіргі жағдайы және келешектегі дамуы            |                  |
|2Ауылшаруашылық малдарының өсуі мен дамуы                   |1                 |
|3Ауылшаруашылық малдарының өсуі мен дамуына әсер ететін     |1                 |
|факторлар                                                   |                  |
|4Ауылшаруашылық малдарының сұрыптаудың негізгі принциптері  |1                 |
|5 Ауылшаруашылық малдарының ата тегі бойынша сұрыптау.      |1                 |
|2- модуль Ауылшаруашылық малдарының сыртқы пішіні, конституциясы,тірі          |
|салмағы,өнімділігі және ұрпақтарының сапасы бойынша  сұрыптау.                 |
|1- блок Ауылшаруашылық малдарының жұптастыру формасы мен принциптері           |
|6 Ауылшаруашылық малдарының сыртқы пішіні, конституциясы    |1                 |
|және тірі салмағы бойынша  сұрыптау.                        |                  |
|7 Ауылшаруашылық малдарының өнімділігі бойынша  сұрыптау.   |1                 |
|8 Ауылшаруашылық малдарының  ұрпақтарының сапасы бойынша    |1                 |
|сұрыптау                                                    |                  |
|9 Ауылшаруашылық малдарының жұптастыру формасы мен          |1                 |
|принциптері                                                 |                  |
|10Ауылшаруашылық малдарының өсіру әдістері.                 |1                 |
|3– модуль Тұқым туралы түсінік. Мал тұқымының классификациясы және             |
|структурасы.Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың жоспары.                  |
|1- блок Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың формасы мен                   |
|әдістері.Зоотехникалық және асыл тұқымды есеп                                  |
|11 Тұқым туралы түсінік. Мал тұқымының классификациясы және |1                 |
|структурасы.                                                |                  |
|12 Ауылшаруашылық малдарының пайдалануы мерзімі.            |1                 |
|13 Зоотехникалық және асыл тұқымды есеп                     |1                 |
|14 Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың формасы мен     |1                 |
|әдістері                                                    |                  |
|15 Мал шаруашылығында асыл тұқымды жұмыстың жоспары.        |1                 |
|Тәжірибелік сабақтар                                                           |
|1 – модуль Ірі қара малдың экстерьерін оқып білу және дене мүшелерімен танысу. |
|1 – блок Ірі қара малға ең салу  салу және онын     аттар   аттары             |
|1 Мал шаруашылығында жана туған төлді өлшеу, сырғалау және  |1                 |
|есепке алу.                                                 |                  |
|2 Ірі қара малдың экстерьерін оқып білу және дене           |1                 |
|мүшелерімен танысу.                                         |                  |
|3 Ірі қарамалдың экстерьерін бағалау әдістері               |1                 |
|4 Ірі қара малды                                            |1                 |
|кластау                                                     |                  |
|5 Ірі қара малдың түсімен реңдері                           |1                 |
|2- модуль Ірі қара малдың сүт өнімділігі                    |                  |
|1- блок Ірі қара малдың ет өнімділігін есептеу әдістері     |                  |
|6 Ірі қара малдың күйі                                      |1                 |
|7 Ірі қара малға ең салу  салу және онын     аттар   аттары |1                 |
|8 Ірі қара малдың жасын айыру әдістері                      |1                 |
|9 Ірі қара малдың сүт өнімділігі                            |1                 |
|10 Ірі қара малдың ет өнімділігін есептеу әдістері          |1                 |
|3– модуль Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды    |                  |
|сұрыптау (бонитировкалау).                                  |                  |
|1- блок Мал тұқымдарымен  асыл тұқымды жұмыстың  келешекке  |                  |
|жоспары                                                     |                  |
|11 Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды сұрыптау  |1                 |
|(бонитировкалау)                                            |                  |
|12 Етті бағыттағы ірі қара малды сұрыптау (бонитировкалау)  |1                 |
|13 Ауылшаруашылық малдарының жасына байланысты жұптастыру   |1                 |
|14 Мал тұқымдарымен  асыл тұқымды жұмыстың  келешекке       |1                 |
|жоспары                                                     |                  |
|15 Ірі қара малдың өнімділігіне байланысты асыл тұқымды     |1                 |
|жұмысты келешекке жоспарлау                                 |                  |


&&&




&&&

   ###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар
   а) Пәнді оқу барысында қажетті уақытты ұйымдастыру және жоспарлау бойынша
кеңестер:
   Семестрдегі оқу жүктемесін біркелкі үлестіру  керек  және  әрбір  студент
міндетті түрде орындайтындай, тапсырмалар жиынтығын беру керек және  олардың
орындалуын қатаң  бақылау  керек.  Бұл  үшін  кафедрада  бақылаудың  әртүрлі
формасы бар. Әрбір пән бойынша өздік  жұмысының  сағат  санын  анықтау,  оқу
тапсырмаларын   регламенттеу   нақтылыққа,   анықтылыққа   әкеледі,    басқа
сабақтардың  есебінен  СӨЖ  дің  көбейіп  кетпеуін  қамтамасыз  етеді.   Бұл
қорытынды  студенттердің  пікірімен   нақтыланады.   Пәнді   оқу   барысында
сұрақтардың бір бөлігін студент өздігінен оқу керектігін білу қажет.
   Біздің кеңес: өз уақытыңыздың шығынын талдау керек. Өз  уақытыңды  есепте
және бақылау жаса, оған ұқыпты қара.
   б) студенттің іс-әрекеті немесе пәнді оқудың сценариі.
   1. Оқу материалын дұрыс орналастыру және пәннің өткен материалдарын  және
басқа пәндерді байланыстыру.
   2.  Тақырыпқа  байланысты  сабақты   өткізудің   түрлері   мен   әдістері
анықталады.  Пәннің  көптеген  сұрақтарын  нақты  мысалдарын  және  зертхана
жұмыстарынан меңгеруге болады.
   3. теориялық курс зертханалық-тәжірибелік  жұмыстармен  және  тәжірибеден
өту  барысында,  оның  ішінде  диплом   алды   тәжірибеден   өту   барысында
бекітіледі.
   Зертханалық сабақтар тақырып дәрістері оқылғаннан кейін жүргізіледі.
   Сөзсіз,  бұндай  сабақтарда  ойлау,  талдай  білу   қабілеттері   дамиды.
Пәнаралық байланыс студенттердің ғылым негізін терең меңгеруге  қажет.  Олар
ойкеңістігінің кеңеюіне, білуге деген қызығушылықтың дамуына,  жаңа  ғылымды
өздігінен  игеруге   және   оларды   тәжірибеде   қолданудың   белсенділігін
жоғарылатады.
   Пәнаралық   байланыстың   негізінде   бір   пәнмен   келесісінің   арасын
жалғастыруға  болады,  оқу  материалдарын  көшіруді  болдырмау  керек.   Оқу
процесінде бұндай байланыстар туындауы  мүмкін,  оларды  алдын  ала  анықтап
және де оларды жұмыс бағдарламасына жоспарына кіргізу керек.
   в) оқу-әдістемелік кешенінің материалдарын қолдану бойынша ұсыныстар.
   ПЭОӘК   енгізілген   оқу-әдістемелік    материалда    дамыған    ғылымның
жетілдірілген деңгейін көрсетуі керек, оқу материалының  логикалық  мазмұнын
қарастыру керек, студенттердің оқу материалын терең меңгеру  үшін  және  оны
тәжірибеде пайдалану үшін жетілген әдістер мен техникалық  тәсілдер  қолдану
керек.
   Кредиттік оқу жүйесінде СӨЖ-дің үлесі өсіп, мәні жоғарылайды, ал  бұл  өз
кезегінде   студенттің   жұмысын   өзгертеді,   оның   іс-әрекетіне    талап
жоғарылайды.
   г) әдебиеттермен  жұмыс  істеу  бойынша  ұсыныстар:  оқырманның  мақсатын
білмей, қандай әдебиет көздерімен жұмыс жасау керек екенін,  қандай  көлемде
әдебиет қолдану керек екенін айту қиын. Студент оқу бағытын  жоспарлай  білу
керек, табылған әдебиет көзіне тез және дәл есеп беріп, содан кейін оны кез-
келген уақытта оңай табылатындай етіп қою  керек.  Өйтпеген  жағдайда  үлкен
әдебиет қорын белсенді пайдалану мүмкін емес.
   Пән бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс істеудің  негізгі  мақсаты  келесідей
болып  бекітіледі:  үлкен  көлемдегі  материалдан  өзіне   керекті   негізгі
мәліметтерді, болашақ мамандарға қажетті материалдарды таңдап алу керек.
   д) Емтиханға дайындалу бойынша кеңестер. Жазғы және қысқы сессия-ең  қиын
жұмыс кезеңдері. Қысқы сессия уақытында, семестр бойына жүйесіз жұмыс  істеу
нәтижесінде меңгеруге мүмкін емес үлкен  материалдарды  еске  түсіруге  тура
келеді. Сессия уақытында материалдарды тек  қайталап,  бір  жүйеге  келтіріп
және түсініксіз сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады.
   Сессияға дайындықты алғашқы, ынтамен  тындалған  дәрістерден  және  толық
орындалған зертхана-тәжірибелік,  семинар  сабақтарынан  бастау  керек.  Бұл
сіздің табысыңыздың негізі.
   Есте сақтаңыздар-түнгі дайындық сабақтары аз өнімділік береді. Олар ойдың
жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне  әкеледі.  Уақытты  жоспарлау  кезінде,
қандай емтихан сізге қиын болады және  қайсысына  уақыт  қорын  көп  қолдану
керек екенін ескеру керек.
   Өзіндік  дайындық  үшін   кафедра    берген   бақылау   сұрақтарын   және
бағдарламаларын ұтымды пайдалану керек.
   Семестрдегі ұқыпты жұмыстарыңыз және емтиханға деген екпінді дайындығыңыз
сізге сенімділік туғызады және біліміңізге сай бағаны аласыз.

&&&
      ###002-008#2.8 Курстың форматы
       Аудиториялық сабақтар  курсты  оқу  бойынша  әдістемелік  ұсыныстарға
сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде  зерттелген
тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және  қорытындысы  көрсетілуі  керек.
Сабақтың бағасы сабаққа келуі бойынша  1  балл,  жауап  беруі  және  қатысуы
бойынша  1-ден  3  баллға   дейін   есептеледі.   СОӨЖ   аудиториялық   және
аудиториядан тыс деп бөлінеді.
      Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы  түрінде  жұмыс  дәптерінде
және реферат түрінде орындалады.

&&&
      ###002-009#2.9 Курс саясаты
Сабаққа қатысу: дәріс және  тәжірибелік  сабақтарға  міндетті  түрде  қатысу
керек.   Дәріс   кезінде   түсінбеген   материалдарды   оқытушыдан   қосымша
түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент  белгілі  бір  себептермен  сабаққа
қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.
Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалдарды бекіту  үшін  және  міндетті  түрде
орындау  үшін  арнайы  жасалған.  График  бойынша  әр   тақырыптың   соңында
тапсырылуы керек.
Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы  студенттің  сабаққа  қатысуын,
өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша  түрде  жауап
беруін ескере отырып қойылады. СӨЖ және СОӨЖ  орындалып,  өткізілуі  кестеге
сәйкес жүреді.  Көшіріп  алу  және  плагиат:  кез-келген  көшіріп  алу  және
плагиат (дайын  басылымдарды,  басқа  студенттердің  жұмыстарын   пайдалану,
көшірп алу) үшін қатаң жазалап,  аудиториядан  шығарумен  қоса,  жалпы  курс
үшін «Ғ» бағасын қоюмен қамтылады.
Емтихан: қорытындыс  бойынша  бағалық  баллдар  қойылады.  Емтиханда  сіздің
дәрістік жазбаларыңызды және кітаптарда пайдалануға болмайды.
Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған  студент  аудиториядан  шығарылып,
жіберіледі және барлық курс бойынша  «қанағаттанарлықсыз»  бағасы  қойылады.
Сабаққа  кешігіп  келуге  болмайды,  сабаққа  кешікен  студент   дәрісханаға
кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.
Ұсыныстар:  оқу  процесіне  белсенді  қатысу  керек,  барлық   тапсырмаларды
талпынып  орындау  керек,  ұжымдық  жұмыстарға  қатусы  керек.  Пунктуальды,
сабырлы болу керек.
&&&


###002-010#2.10 Баға қою саясаты
1.  Дәріс  конспектілері:  тақырыптың   барлық   сұрақтары   бойынша   толық
конспектілеу-1 балл; сабаққа  келу-0,1  балл;  дәрістерге  қатысу-0,1  балл.
Жиыны-5 балл.
2. Зертханалық сабақтарда жұмыс:
- зертханалық-тәжірибелік сабақтарға қатысу- 1,5 балл;
0,5 балл-ЗТС жұмыстарынуң барлық тапсырмалары орындалса;
0,5 балл-тақырыпты теориялық талдау кезінде теориялық сұрақтарға жауап  беру
(қысқа тест т.б.)
0,5 балл-тақырып бойынша қорытындылау жауаптары. Жиыны-100 балл.
3. семинар сабақтарында жұмыстар: тақырып бойынша СОӨЖ рамкасында-1,25  балл
(0,8 балл-семинарда сұрақтарға толық дұрыс жауап берсе);
4. 0,2 балл –  семинар  сұрақтарына  конспекті  жасағаны  үшін  (0,25  балл-
толықтырғаны үшін). Жиыны-5 балл.
5.  Тақырып  бойынша  коллоквиум-2,5  балл  (2  балл-коллоквиумға   белсенді
қатсқаны үшін, 0,5 балл-толықтырғаны үшін). Жиыны – 5 балл.
6.  Тақырып   бойынша   рефераттар   мен   баяндамаларды   қорғау-2,5   балл
(көркемделінуі-0,5 балл, мазмұны-1,5 балл). Жиыны -15 балл.
7. СӨЖ: тақырып  бойынша  сызбалардың,  кестелердің  сызылуы,  тапсырмаларды
орындау- 1 балл, барлық орындалған тапсырмалар бойынша жиыны-15 балл. Жиыны-
50 балл.
Студенттің семестр бойғы рейтингілік бал 50 % - ға тең немесе көп болса,  ол
пән бойынша қорытынды бақылауға жіберіледі.
   Пән бойынша қорытынды баға шәкілімен анықталады.
  4кесте
|Әріптік      |Баллдың     |Пайыздық мәні  |Дәстүрлі жүйе бойынша       |
|эквивалент   |сандық      |               |бағалар                     |
|бағалар      |эквиваленті |               |                            |
|А            |4,0         |95-100         |Өте жақсы                   |
|А-           |3,67        |90-94          |- « -                       |
|В+           |3,33        |85-89          |Жақсы                       |
|   В                       |80-84          |- « -                       |
|3.00                       |               |                            |
|В-           |   2,67     |75-79          |- « -                       |
|С+           |2,33        |70-74          |Қанағаттанарлық             |
|С            |2,00        |65-69          |- « -                       |
|С-           |1,67        |60-64          |- « -                       |
|Д+           |1,33        |55-59          |- « -                       |
|Д            |1,00        |50-54          |- « -                       |
|F            |0,00        |0-49           |Қанағаттанарлықсыз          |

&&&


###002-011#2.11  Пән  бойынша  студенттің  білімін  бақылау   мына   формада
жүргізіледі:
- ағымдағы бақылау (АБ), модуль бойынша 4,9,14 апталарда  жүргізіледі
- жазбаша СӨЖ- ді орындау – 12 аптада
- межелік бақылау (МБ) тестілеу түрінде 8-15 аптада жүргізіледі
-  бақылаудың  қорытынды  формасы  (БҚФ)  –  академиялық  кезеңнің   аяғында
жүргізіледі (ауызша емтихан)
&&&

###002-012#2.12 Оқу  процесінің  және  қашықтық  кеңес  берудің  күнтізбелік
кестесі


     5 кесте
№ р/б |Апталар |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 |Жиыны
1-рейтинг | |1 |Бақылау түрі | | | |ТМ1 | | |ТМ2 |МБ1 |300
 балл | |2 |Баллдар | | | |150 | | |120 |30 | | |3  |Кеңестер  |OF  |OL  |OL
|OF |OF |OL |OF |OF | | |№ р/б |Апталар |9 |10 |11 |12 |13 |14 |15 |Жиыны
2-рейтинг | | |1 |Бақылау түрі | | |ОС | | |ТМ3 |МБ2 |300
балл
 | | |2 |Баллдар | | |120 | | |150 |30 | | | |3 |Кеңестер |OL  |OL  |OF  |OF
|OL |OF |OF | | | |
&&&

$$$001-000-000$3.1 Глоссарий
1. Жүн– қой, ешкі, түйе және  т.б.  жануарлардың  түгі,  жеңіл  өнеркәсіптің
құнды шикізаты.
2. Бонитировка – малды  конституциясы,  экстерьері,  тұқымдық  қасиеті  және
өнімділік жағынан кешенді бағалау.
3. Элита - ұғым  генетикада,  тұқым  шаруашылығында  ең  жақсы,  жеке  дара,
өзгешелерді атауда қолданылады.
4. Экстерьер – малдың дене бітімінің сыртқы көрінісі.
5.Селекция жануарлардың                                                 асыл
тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын
шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым.
6. Гибрид, будан (лат. hіbrіda —  будан,  қоспа)  — генотипінде айырмашылығы
бар екі организмді будандастырудан (шағылыстырудан) алынған жаңа организм.

&&&

$$$002-000-000$3.2 Дәрістер

&&&
$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1.   Селекцияның генетикалық негіздері
Жоспар:
1. Тұқым қуалаушылық
2. Өзгергіштік организмдер


Генетика' — тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік  қасиетін
зерттейтін  ғылым.  Тұкым  куалаушылык  және  өзгергіштік  бұл  барлық  тірі
организмдерге тән касиет.
Адам баласы ерте кезден үй жануарлары  мен  өсімдіктердің  түрлерін  көбейту
мақсатында будандастыру жүргізген. Олар бір түрге  жататын  мал  тұқымдарын,
өсімдік сорттарын жөне бір-бірінен ерекше белгілері  бар  дақылдарды  таңдап
алып,  будандастырып  отырған.  Алынған   ұрпакты   ата-анасымен   салыстыру
нәтижесінде белгілері мен  ерекше  қасиеттерінің  тұқым  қуалау  ерекшелігін
байқаған. Адамдарды тұқым куалаушылықтың үш касиеті қызықтырған:
    • бірінші — ата-ана белгілері мен ұрпақ белгілерінің ұқсас болуы;
    • екінші — ұрпақ белгілерінің ата-ана белгілерінен өзгеше болуы;
    • үшінші — кейбір ұрпақтарда арғы ата-баба қасиеттерінің кайталануы.
Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда Рим  философы  Лукреций  кейде  балалар
өздерінің ата-әжелеріне ұқсас болатынын байқаған,  ал  жүз  жыл  өткен  соң,
Плиний дені сау ата-анадан кемтар  бала  дүниеге  келе  тінін,  кемтар  ата-
анадан сау немесе дәл ата-анасындай кемтар бала туатынын жазған.

Тұқым қуалаушылық

Тұқым  қуалаушылық  деп  организмдердің  өз  белгілері   мен   қасиеттерінің
ұрпағында қайталанып көрінуін айтады.

Өзгергіштік организмдер

Өзгергіштік организмдердің жаңа белгілер  мен  қасиеттерге  ие  болуы.  Тірі
организмдердің бұл екі қасиетін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.  Оларсыз
эволюция жоқ. Өзгергіштік эволюция процесін үздіксіз материалмен  қамтамасыз
етсе,  ал  тұқым   қуалаушылық   оның   нәтижесін   қалыптастырып   отырады.
Өзгергіштік бір түр ішіндегі дараның  өзара  айырмашылықтарын  көрсетсе,  ал
тұқым  қуалаушылық  сол  белгілердің  ұрпақтан-ұрпаққа  берілуін  қамтамасыз
етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрлері және  олардың  тіршілік
ортасына бейімделуі осы тұқым  қуалаушылық  пен  өзгергіштіктің  нәтижесінде
қалыптасады. Өзгертиптік — бұл әртүрлілік.  Жер  бетінде  өсімдіктердің  500
мыңдай, жануарлардың 1,5 миллиондай, микроорганизмдердің  3  мыңдай  түрлері
бар екені белгілі. Қазақстанда  өсімдіктердің  6  мыңдай  түрі  бар.  Мөдени
өсімдіктердің түрлері 210-нан асады. Әр түрге жататын  организмдер  өздеріне
тән белгілер  мен  қасиеттерін  ұрпақтан-ұрпаққа  беріп,  өз  ерекшеліктерін
сақтап отырады.


&&&

$$$002-003-000$3.2.2 Дәріс№2 Селекция ғылымы
1. Селекция түсінігі
2. Селекцияның негізгі  әдістері:  сұрыптау,  будандастыру  және  мутациялық
селекция.
   Селекция   жануарлардың   асыл    тұқымын,    өсімдіктердің    сорттарын,
микроорганизмдердің  штампыларын  шығарудың,   жаңартудың   әдістерін   және
биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау  деген  мағынаны
білдіреді. Генетика селекцияның  ғылыми  негізі  болып  есептелінеді.  Тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары  барлық  организмге  тән
қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын  шығаруда  осы
заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым  қуалайтын  өзгергіштікке
негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
   1.  Жануарлардың,  өсімдіктердің   және   микроорганизмдердің   тұқымдық,
      сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
   2. Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің  дамуына  сыртқы
      орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
   3. Организмдердің пайдалы белгілері мен  қасиеттерінің  тұрақтандырылуына
      жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті  —  адам  баласына  қажетті  мол  өнім
беретін, суыққа, ауруға  төзімді  өсімдік  сорттарын,  мал  тұқымдарын  және
микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару  және  жақсарту.  Сорт
немесе тұқым дегеніміз не? Жануарлардың  асыл  тұқымы  немесе  есімдіктердің
сорттары деп тұқым  қуалайтын  морфологиялық,  биологиялық  және  шаруашылық
белгілері мен  қасиеттері  ұқсас,  сұрыптаудың  нәтижесінде  шығарылған  бір
түрге жататын даралар  жиынтығы.  Н.И.Вавиловтың  айтуы  бойынша:  "Селекция
үшін қажетті бастапқы материалды білмей, олардың шығу тегі  мен  эволюциясын
зерттемей тұрып,  жануарлардың,  өсімдіктердің  қазіргі  сорттарын,  тұқымын
жаңарту, жақсарту мүмкін емес". Сонымен  қатар  жануарлардың,  өсімдіктердің
жабайы арғы тегі  формаларының,  мәдени  формаларына  қарағанда  бай  екенін
көрсетті. Сондықтан өсімдіктердің жаңа  сорттарын,  малдардың  асыл  тұқымын
шығаруда олардың ата тегінің бағалы белгілері  бар  түрлерін  будандастыруға
пайдалану  қажет  екендігін  анықтап  берді.  Ол  мәдени  өсімдіктердің  ата
тегінің шығу орталықтарын анықтау, зерттеу және олардың генофондысын  сақтау
мақсатында  дүние   жүзінің   әр   түкпірінде   180-нен   астам   экспедиция
ұйымдастырды. Осы жұмыстың нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 мыңнан  асатын
ауыл шаруашылығы есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады.  Өсімдіктердің
сол уақыттағы жиналған коллекциясы  осы  күнге  дейін  мәдени  өсімдіктердің
жаңа  сорттарын  шығаруға  пайдаланылады.  Н.И.Вавилов  барлық  географиялық
аймақтарда  мәдени  өсімдіктердің  алуантүрлілігі  бірдей   емес   екендігін
анықтай келіп, аса маңызды жаңалық ашты. Ол мәдени өсімдіктер шығуының  жеті
орталығын белгіледі. Әрбір орталық белгілі бір мәдени  өсімдіктердің  шыққан
отаны болып есептелінеді. Бұл орталықтар, негізінен, жазық жер  емес,  таулы
аудандар.  Көптеген  орталықтар  ертедегі  егін  шаруашылығы  орталықтарымен
сәйкес келеді. Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу  орталықтарын  анықтау
барысында жалпы бір  заңдылықты  байқаған.  Өсімдіктер  өзінің  түр  ретінде
түзілген  орталықтарынан  алыстаған  сайын,  олардың   түсінің   өзгеретінін
көрген. Мысал ретінде, Мексикада өсетін жүгері сабағының боялған қара  түсі,
Тынық  және  Атлант  мұхиттарына  жақын  аудандарда  ағаратынын  көрген.  Ал
Еуропада өсетін бидайдың, арпаның, қара бидайдың ақ масақтары  Африкадағыдан
өзгеше болып келеді. Мәдени өсімдіктер шығу орталықтарынан басқа  аудандарға
тараған сайын  олардың  доминатты  белгілері  (гендерінің  әсері)  төмендеп,
рецессивті формалары арта бастайды. Бұлай болу себебі,  таулы,  аралды  және
шөлді  аймақтар  рецессивті  гені  бар  формаларды  оқшауландырып,   олардың
көбеюіне жағдай туғызады.  Мысалы,  бір  жағын  Арал  теңізі,  екінші  жағын
Қарақұм  алқабы  қоршаған  Хиуа  (Өзбекстан)  жерінде  Н.И.Вавилов  бастаған
экспедиция зығыр өсімдігінің гүлінің түсінде рецессивті белгілері  бар  және
дөні ақ түрлерін анықтаған.  Сонымен  шығу  орталықтарынан  алыстаған  сайын
есімдіктердің  доминантты  гендері  әсерінің   төмендеуін,   ал   керісінше,
рецессивті формаларының арту заңдылығын "Вавилов әсері" деп атады.

Селекцияның  негізгі  әдістері:  сұрыптау,  будандастыру   және   мутациялық
селекция.

    Адамның қатысуымен жүретін сұрыптауды қолдан аррыптау деп атайды.  Чарлз
Дарвин өзінің қолдан сұрыптау туралы  ілімінде  оның  екі  түрін  анықтаған:
мақсатсыз және мақсатты сұрыптау. Адамдар  жануарларды  үй  жағдайына  қолға
үйретудің алғашқы кезеңінде мақсатсыз сұрыптауды пайдаланды.  Олар  өздеріне
ыңғайлы, жуас ұрпақ өрбітетін малдар  мен  мол  өнім  беретін  өсімдіктердің
түрін қалдырып, қолға  үйретуге  қиын,  мінез-құлқы  шәлкес  малдарды  жойып
немесе күштеп үйретуге тырысты. Сонымен адам санасыз  сұрыптаудың  арқасында
малдарды мінез-  құлқына  қарап,  біртіндеп  үй  жағдайына  үйрете  бастады.
Мысалы, қазіргі иттердің арғы  тегі  қасқыр  екені  анықталды.  Жануарлармен
қатар  өсімдіктерді   де   санасыз   сұрыптады.   Мысалы,   астық   тұқымдас
өсімдіктердің жабайы түрінің орта жағдайына бейімделуіне  байланысты  масағы
сынғыш келеді. Олардың масағынан дәндері төгіліп тұрады. Адам  бидай  өнімін
жинау  барысында  масағы  мықты  өсімдіктерді  сұрыптау  арқылы   оның   осы
уақыттағы мәдени  түрін  алды.  Санасыз  сұрыптаудың  нәтижесінде  біртіндеп
малдардың тұқымы мен өсімдіктердің  түрлері  жаңара  түсті.  Әйтсе  де,  осы
санасыз  сұрыптау,  барлық  мәдени  өсімдіктердің,  үй  жануарларының  алуан
түрлілігінің шығуына ықпалын тигізді.


&&&
$$$002-003-000$3.2.3,4. Дәріс № 3,4. Селекциядағы туыстық.
Жоспар:
Асылдандыру жұмысындағы туыстықтың маганасы.
Туыстық қатарлар.Туыстық бойынша кейбір бағалау эдістері
Cелекцияның генетика - математикалық әдістері

         Жаңа  тұқымдарды  шығару  және  өнімділігі  жоғарыларды  жетілдіру,
жануар ағзасында болып жатқан барлық  процесстерді  басқаратын,  генетикалық
жүйелердің  қайта  түрленуіне  байланысты.  Селекционер  селекция  үшін  өте
маңызды шаруашылық - құнды белгілерін анықтауды және олардың өзгеру  сипатын
және тұқым қуалаушылығын, олардың қалыптасу деңгейіне сыртқы ортаның  әсерін
бөліп қарастыра білуі қажет.
Жануарлардың шаруашылыққа тиімді белгілерінің негізгі бөлігі (тірі  салмағы,
союдағы көрсеткіштері,  жүннің  қырқылуы,  сүттің  сауылуы  және  майлылығы,
жүнінің  ұзындығы  және  қалыңдығы,  жұмыртқа  басуы  және  т.с.с.)   сандық
категориялар қатарына жатады. Жануарлардың  сандық  белгілерді  мұра  қылуы,
көптеген ғалымдардың пікірінше (З.С. Никоро, Г.А.  Стакан  және  т.б.  1986;
Ф.М. Мухамедгалиев, 1970, 1981; О.А. Иванов, 1974; Е.Т.  Васин-Попов,  1976;
Е.К. Меркурьева, Г.Н. Шангин-Березовский, 1993 және  т.б.),  аддитивті  әсер
етуші гендердің көп болуына байланысты. Олар сандық белгілердің  «реакцияның
кең нормасы» бар деп есептейді, яғни белгілердің белгілі бір деңгейде  дамуы
жануарлардың  өмірінің  жағдайына  байланысты.  Осыған   байланысты   сандық
белгілер  генетикасында  популяциялық  генетика  әдісі  қолданылады.   Мұның
өзіңде жекелеген дарақтар, орташа популяциямен салыстыру  арқылы  сәйкесінше
сипаттама алады.
Мәселенің  осылайша  қойылуы   селекцияда   математика   әдістерін   қолдану
қажеттілігін тудырды.
Генетика-математикалық  әдістер  жануарлардың  табынында  және  тұқымдарында
асыл тұқымдылық қызметке талдама жасауға, генотиптің және  қоршаған  ортаның
белгілердің  дамуына  әсер  етуін   бағалауға   мүмкіндік   береді.   Осыған
жататындар:  тұқым   қуалаушылық,   қайталану,   белгілердің   корреляциясы,
регрессия,   селекциялық   дифференциал,   селекцияның   әсері   және   т.б.
белгілердің тұқым  қуалаушылығы.  Селекцияның  нәтижесінің  тиімділігі  және
болжамы бойынша ғылыми мәселелерді  дайындау  Райт,  Фишер,  Лаш  негіздеген
тұқым қуалаушылық  коэффициентіне  (һ)  байланысты,  ол  осы  белгі  бойынша
генетикалық   вариацияның   фенотипті   өзгеруіндегі   тұқым   қуалаушылыққа
байланысты  осы  белгінің  өзгеруін  білдіреді.  Осы   көрсеткіштің   көлемі
практикалық селекция үшін өте маңызды.



&&&
$$$002-004-000$3.2.5 Дәріс  №  4.5  Сұрыптау  белгілерінің  қазіргі  кездегі
жіктелуі
1. Шығу тегі бойынша бағалау.
2. Фенотип бойынша сұрыптау және бағалау негіздері.
3. Техникалық белгілер бойынша малдарды багалау
       Жануарларды   тұқымдыққа   сұрыптаған   кезде,   малдардың   әр-түрлі
шаруашылыққа пайдалы селекциялық белгілер иеленетінін және оларды  әр  түрлі
әдістермен  бағалайтыны  ескеріледі.  Селекция  үшін  мал   сұрыптау   нақты
белгілер бойынша керекті бағытта жүргізіледі. Әр-түрлі белгілер  бір-бірінен
тек қана фенотиптік емес, генетикалық жағынанда өзара  айырмашылығы  болады.
Малдардың белгілері екі түрге  бөлінеді:  күрделі  -  гендердің  көп  санына
негізделген және қарапайым - бір немесе бірнеше  гендерге  ғана  негізделген
болып  бөлінеді.  Күрделілер  -  сандық  немесе   полигендік   деген   атқа,
қарапайымдар - сапалық  немесе  моногендік  деген  атқа  ие.  Кейінгі  кезде
полигендік белгілер арасында  кезеңдік  белгілер  бөлініп  шықты,  олар  тек
аздаған   гендердің   кезеңдігі   болғанда   көрінеді.   Сандық   белгілерге
жататындарға көбінесе шаруашылыққа пайдалы белгілер: ет,  сүт  өнімдері,  ет
және сүттің құрамы,  қырқылған  жүн  және  оның  құрылымы  (ұзындығы  т.б.),
тауықтың жұмыртқа  беруі,  малдың  тірі  салмағы,  дене  өлшемі,  өсіп-өнуге
қабілеттілігі және т.б. жатады.
Сандық  белгілердің  бір-бірінен  айқын  айырмашылықтары   малдарды   топтап
бөлектеп  ажыратқанда,  фенотиптік  кластың  қайсысына  жататындығында   өте
қиындық  туғызбайды.  Жеке  түрлер  арасында  біртіндеп  көзге  байқалмайтын
өтпелілер болады, яғни ажыратқанда айқын көрінетін фенотиптік кластар  пайда
болады. Басқа  сөзбен  айтқанда  өзгергіштік,  бұл  белгілерде  шексіз  бола
береді. Мысалға, қой шаруашылығындағы қырқылған жүннің салмағы 1-ден  25  кг
және одан да жоғары, ірі қара малын сауғандағы сүт өнімі 1000-нан 20 000  кг
ауытқиды және одан  жоғары.  Сапалық  белгілерге  жататындар:  малдың  түсі,
жүннің түсі,  мүйізсіздігі,  қан  тобы,  ақуыз  бен  ферменттің  полиморфтық
жүйесі  және  фермент  жүйесі,  құйрық  пішіні,  терінің  оралу  (бұйралану)
пішіндері т.б. Сапалық  белгілер  негізінде  малдың  генотипінен  анықталады
және өмір сүру ағымында малды ұстау  жағдайына  қарамай-ақ  аз  өзгерістерге
ұшырайды, «реакция межесі»  аз  болады.  Мұндай  белгілерде  өзгергіштік  аз
болады, бөліп-бөліп таралуы байқалады. Кезеңдік белгілер тобына  жататыны  -
егіз табу, өлі туу,  бедеулік,  ұрықтану  т.б.  Кезеңдік  белгілерде  сандық
белгілер мен сапалық белгілер  орын  алады.  Бұл  белгілерде  үзік  таратылу
байқалады және олар сапалық немесе моногендік белгілер  сияқты,  популяцияда
екі  немесе  бірнеше  класқа  бөлінеді.   Будандастырудың   барлық   түрінде
белгілердің таратылуы үзінді түрде болады, көбінде екі  қарама-қарсы  класқа
бөлінеді, мысалға ауру немесе сау малдар, көп  тұқымды  немесе  тұқымсыздық,
өлі немесе тірі, жалқы-егіз және т.б.
Мақсаты мен міндетіне қарай қолдан іріктеу  үшке  бөлінеді:  тұрақтандырушы,
бағытталған және дизруптивтік.
Тұрақтандыратын сұрыптау - белгілерді  бір  қалыпқа  келтіру,  яғни  аяғында
оның  орташа  маңызы  өзгеріссіз  калады  да,  малдардың  шеткі  айқындалған
белгілері селекциядан алынып тасталады. Мысалы, сиырларды  машинамен  сауған
кезде өте кіші емшектері  мен  желіні  бар  немесе  өте  үлкен  көлемдегілер
механикалық   саууға   жарамсыз   болғандықтан   сиырдың   желініне    қарап
тұрақтандыруға  бағытталған  селекция  жүргізіледі.  Орташа   көлемнен   осы
белгілер бойынша ауытқығандарын, не көбейіп, не азайып кеткендерін  қажетсіз
санайды, ал табында орташа өлшемдегі желіні мен емшектері барын қалдырады.
Бағытталған сұрыптау. Бұл сұрыптауда  популяцияның  орташа  көрсеткіштерінен
ауытқыған дарақтарды жарамсыз қылады, сондықтан бірқатар ұрпақтар  кезеңінде
орташа көлемдегі  белгілер  селекцияның  міндетін  қанағаттандыратын  жағына
қарай өзгереді.
Дизруптивтік сұрыптау. Бұл сұрыптаудың міндеті малды  өсіргенде  селекцияның
жаңа міндетін қанағаттандыруы керек.  Жаңа  технология  жағдайында  малдарды
сұрыптау төтенше жағдайда азықтандыру  мен  бағып  күтуге  қалыптаса  алатын
бағытта жүреді.  Сұрыпталған  топтардағы  малдарды  ғана  өсіріп  көбейтеді.
Қорытындысында, популяцияда  түрлер  әртүрлі  артықшылықтармен  сипатталатын
екі түрлі топ: жаңа  және  ескі  түрге  бөлінеді,  яғни  орташа  селекциялық
белгілері де әр түрлі болады.
Жасанды  сұрыптауды  өткізу  әдістері  бойынша:  жаппай  сұрыптау,   жекелей
сұрыптау, технологиялық сұрыптау, жанама сұрыптау,  мінез-құлықтық  сұрыптау
және т.б. түрлері бар.
Жаппай сұрыптау - фенотиптік деп аталады немесе фенотипі бойынша  жұптастыру
мен бағалау. Бұл ең қарапайым  саналып,  дене  бітімі  бойынша  мал  пішінін
сұрыптау   мен   бағалауда   кең   қолданылатын    малдардың    экстерьерін,
конституциясын, мал өнімін, жеке даму ерекшелігін көрсететін сұрыптау  болып
табылады.
Фенотип - бұл ағзамен сыртқы  орта  әсерінің  өзара  әсерлерінен  туындайтын
ағзаның барлық касиеттерінің жиынтығы. Әрбір  бақыланатын  немесе  өлшенетін
ағзаның қасиеті немесе осы барлық касиеттердің  жиынтығы.  Әрбір  фенотип  -
организмнің тұқым куалау негізінің қоршаған ортамен  байланысының  нәтижесі.
Фенотиптің өзінің басты шаруашылықтық  маңызы  бар.  Малды  конституциясына,
экстерьеріне, өніміне қарап бағалау мен іріктеу, малдың  фенотиптік  негізін
құрайды, бұған кейінірек сәйкес бөлімдерде тоқталамыз.  Малдарды  фенотиптік
бағалаудың  мал  селекциясында  үлкен  ролі  бар,   ол   тек   керекті   мал
шаруашылығында  ғана  емес,  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығында  да  кеңінен
қолданылады, сондықтан да оны жаппай іріктеу деп атайды.
Жеке сұрыптау -  фенотиптік  және  генотиптік  бағалауға  негізделген,  яғни
әсіресе әрбір,  аса  бағалы  тұқымды  малдарды  жеке  бағалауға  бағытталып,
бөлшектеп  зерттеуге  арналған.  Рекордистер  өнім  деңгейі  бойынша  малдың
негізгі өнім түрін молырақ алуды қамтамасыз етеді, бірақта мұндай  малдардың
асыл тұқымдылық  қасиеті  ең  алдымен  генотипімен  анықталады  немесе  оның
ұрпағына  берілетін  жеке  бағалылық   қасиетін   (беретін   өнім   деңгейі,
қалыптасушылығы, өмір сүріп кетуі, беретін тұқым санын)  атайды.  Сондықтан,
зоотехник-селекционердің  негізгі  міндеті  болып  дарақтардан  жоғары  өнім
беретіндерін іріктеп табу,  яғни  жақсы  фенотиптерден,  бұндай  жақсы  өнім
беретін малдардан  жақсы  генотипін  бөлгенде,  тек  жақсыларын  ғана  емес,
жоғары өнім беретін тұқымдарды да алады. Міне,  асылдылыққа  іріктеу  осылай
жүргізіледі.
Малдардың барлық фенотиптік, яғни сыртқы айырмашылықтары, ол мал  орналасқан
әртүрлі орта жағдайында, олардың  әртүрлі  генотиптік,  яғни  ішкі  әсерінен
қалыптасады.
Селекционерлер ұрпаққа өнімді жақсы беретін тұқымдарды қалдыра отыра  немесе
ұрпаққа  жоғары  өнім  беретін  аталық-аналықтардан  тұқым  өсірсе,  генотип
бойынша ең жақсысын бөліп шығарады.  Сондықтан  да  ең  жақсы  генотипті  ең
жақсы фенотип арасынан іздеу керек. Кей кезде,  қарапайым  бірдей  жағдайда,
өз аталық-аналықтарының өнім  көрсеткішін  қайталамайтын,  фенотипі  бойынша
жақсы саналатын аталық-аналықтардан орташа  өнім  беретін  ұрпақтар  шығады.
Сонымен,  малдарды  тұқымдыққа  сұрыптағанда   селекционерлерді   қаншалықты
фенотиптік  айырмашылықтары  ғана   емес,   ондағы   соншалықты   генотиптік
жағдайдың  айырмашылықтары  қызықтырады.  Осыдан  барып   малды   тұқымдыққа
сұрыптағанда  басты  әдіс  болып,  тұқымдық  сапаны   ескеретін   генотиптік
сұрыптау болуы қажет.
Технологиялық сұрыптау.  Оның  қазіргі  заман  жағдайында  мал  шаруашылығын
индустриялағанда негізгі маңыздылығын көреміз. Бұл үшін тек қана  тұқымдыққа
өнімді жақсы беретін ғана емес, тағы да оның жаңа  орта  жағдайда  бейімделе
алатындарын  сұрыптап  алады.  Мысалы,  сиырды  машинамен  сауғанда,   жақсы
қалыптасатынын сұрыптап алады.
Жанама  сұрыптау.  Мұнда  корреляция,  яғни  өзара  салыстырмалылық   заңына
сүйенеді, ағзадағы бір ерекшеліктің өзгеруі, өзімен қоса  тағыда  өзгерістер
туғызады. Мұндай байланыстардың  маңызы  арқылы,  шаруашылықта  бағалы  емес
белгілер арқылы  басқа  негізгі  белгілерді  көруге  болады.  Қой  терісінің
гистоқұрылысы онан жүнді қырқып алуына байланысты. Ірі қарада  тері  безінің
жетілуі,  оның  сүт  өнім  беретіндігіне   байланысты.   Қаздарда   жыныстық
жұмыртқаның үлкен болуы тұқым бергіштігіне байланысты.
Мінез-құлықтық сұрыптау. Малдың мінез-құлқын оқытатын  биологияның  бөлімнін
этология деп атайды. Биологиялық  зерттеулерде,  этологияға  өзіндік  бағыты
бар болып кейінгі 50 жыл есептеледі. Бірақта осы уақытқа дейінгі  зерттеулер
өзіне сай жабайы  аңдарға,  тек  аз  мөлшерде  ауыл  шаруашылығы  малдарында
қолданылды.  Кейінгі  10   жылда   этогиялық   зерттеулер   малдарда   көзге
түсерліктей қозғалысқа түсті. Бұндай зерттеулер өте қажетті  деп  есептелген
жағдайда ғана, кездейсоқ қолға үйрету болып кетпеу  үшін  қолданылады,  яғни
малды жеделдетіп өсіру жағдайында оның өмір сүруінде ауытқулар  болады.  Бұл
ортаның  түбегейлі  өзгеруіне  байланысты,  ағзаның  негізгі   белсенділігің
түсуінен (негізінен  азықтанғанда,  ұрықтанып  және  өсірілуіне  байланысты)
және малдың өнімінің қомақты өсуіне, біржақтану жағдайына байланысты.
Этология белгілі бір малға тән күн  тәртібін,  осы  тәртіптің  физиологиясын
және ғылыми ұйымдасуын оқып үйрете отырып, себебін талдайды. Жалпы  этология
жүйке  жүйесінің,  тұқым  қуалаушылықтың  және  абиотикалық  әсердің  малдың
өміріне негізгі әсерлерін оқытады.
Жеке  этологияның  оқитын  заты  болып  дене  қозғалысының  пішіні,   малдың
кеңестікте  бағдарлай  білуі,  түрлердің,  дарақтардың  территориялық   және
әлеуметтік қатнастары, малдардың дыбыс беру  арқылы  қатысы,  тұқымды  өсіру
жауапкершілігі, түріне байланысты көбею кезіндегі мінез-құлықтары  табылады.

Мінез-құлқы белгісіне байланысты  малды  селекциялау,  олардың  шаруашылыққа
маңызды   белгілеріне   әсер   етеді.   Мал    топтарының    мінез-құлықтары
заңдылықтарын үйрене отыра, мал шаруашылығында индустриальды әдіспен  оларды
күту мен көбейтудің өзекті маңызы барын білеміз.  Бұл  кезде  малды  жекелеп
күту жойылады және қомақты мөлшерде техниканы қолдану артады. Мұның  барлығы
өндірістік комплекс жағдайына жақсы қалыптасатын ауыл-шаруашылық  малдарының
мінез-құлқын жақсы білуді қажет етеді.  Малдың  белгілі-бір  мінез-құлқымен,
оның шаруашылыққа пайдалы
белгісі арасындағы байланыстарды табу қажеттілігінің маңызы
бар. Малдың мінез-құлқы арқылы сұрыптау мен іріктеу селекцияның жаңа  бағыты
болып  табылады,  сол  сияқты   технологиялық   іріктеу   мал   шаруашылығын
интенсификациялағанда пайда  болды.  Мал  шаруашылығы  тәжірибесінде  азықты
жақсы  ақтайтын,  жоғары  өнім  беретін  малдарға  мінезі   жұмсақ,   қылығы
салмақтылар жатады. Мұндай малдар жақсы жемделіп, жоғары салмақ береді.
Жұмсақ байсалды мінезді малдар оның жоғары тұқым беретіндігімен  байланысты.
Біздегі мәліметке қарағанда қойдың жаңа құйрықты дегресс тұқымды  линиясының
ата тегі №36364 нөмірдегі «Жалпақ»  атты  жалпақ  денелі  қой  өте  салмақты
мінезді болған. Ол адамдардан қашпай өзі келетін,  өзін  сипатып  ұстататын.
Бұл қой өз тұқымы ішінде жоғары жүн өнімін берді (10  кг),  ұзындығы  16  см
және жұқалығы 48 сапада, жүні кроссбредті, жабағы  жүн  түрінде  де  жылтыры
айқын. Бұл жүннің жоғары көрсеткіштері оның (118) жоғары салмағымен  ыңғайлы
байланысқан. Бұл  линиядағы  аналық  қойлар,  яғни  саулықтар  жоғары  тұқым
беруімен және жыл сайын өзінің теңдестерімен  салыстырғанда  15-20%  тұқымды
артық берген. Қойдың тұқымдары да жүн өнімін жоғары берген. 1  жасқа  келген
ұрғашы және еркек тоқтылардан ұзындығы 13,6 және 13 см-ден 5,2 және 4,3  кг-
ға дейін жүн  қырқылып  алынған.  1  жас  мөлшеріндегі  еркек  тоқты  64  кг
салмақта болған. Осы қой линиясының ата тегінен тараған тұқымдардың  82  %-і
1-і  класстарға  және  элитаға  жатқан.  Бір  байқалғаны  бұл  қой  линиясын
жалғастырғандардың бәрі байсалды мінезімен ерекшеленген. Ата-текті  бастаған
қойдың  өзі  табында  ұрықтандыру  кезінде  10   жыл   пайдаланып,   450-500
саулықтарды ұрықтаған. Өзі 11,8 жасында  аурудан  емес,  шұңқырға  кездейсоқ
құлағаннан өлген.






&&& &&&
$$$002-003-000$3.2.3,4. Дәріс № 6,7..Мал  тұқымын  асылдандыру  жұмыстарының
маңыздылығы

Жоспар:
1. Сұрыптауды анықтау.
2. Біржақты жэне жалпы сұрыптау.
3. Асылдандыра сұрыптау әдісі
       Мал тұқымын асылдандыру адам тілегіне сай жақсарту, оның  өнімділігін
еселеп арттыру – ғылым мен озат  тәжірибенің  табыстарына  сүйенеді.  Малдың
қай түрі болмасын  бірқалыпта  тұрмайды;  ол  азықтандыру,  бағып-күту  және
асылдандуру  жұмысын  ұйымдастыру  дәрежесіне  байланысты  қашанда   өзгеріп
отырады. Осыған сәйкес оның түрлі қасиеті мен өнімі де неше алуан  құбылады.


    Мал тұқымын жақсарту, оның шаруашылық  маңызы  бар  қасиеттерін  ілгері
дамыту  –   адам   қолында.   Асылдандыру   жұмысы   дұрыс   ұйымдастырылған
шаруашылықтарда малдың өнімділігі  ешқанда  төмендемейді,  қайта  жыл  сайын
артуда болады.

    Малды тиісті дәрежеде іріктеп сұрыптау үшін ол сыннан өтеді, әрбір  бас
мал  есепке  алынады,  оның  түрлі  қасиеттері   зерттеледі.   Мал   тұқымын
асылдандыру жұмысы өте ауыр және ұзақ  жұмыс,  кейде  оның  нәтижесі  бірден
көзге түсе қоймайды.

    Малды жік-жікке бөліп, сұрыптау,  оның  әрбіреуіне  таңба  салу  немесе
құлағына сырға тағу, тағы сол сияқты оның тұқымын асылдандырумен  байланысты
жұмыстардың  бірқатары мал  мал  шаруашылығындағы  кейбір  басшыларға  ешбір
мәні жоқ, тек бір әурешілік болып көрінеді. Мұндай жағдай кейде  өз  жұмысын
толық меңгермеген, оған  терең  мән  бермеген  мал  өсірушілер  арасында  да
кездеседі.

    Бұл аса маңызды жұмысты ұйымдастыру бір кісінің қолынан  келмейді.  Оны
тиянақты ұйымдастыру үшін шаруашылықта тиісті жағдай  жасау  керек.  Қолайлы
қора, түрлі жем-шөп, адам  күші  жеткілікті  болып,  өндірістік  жұмыстардың
бәрі де тиісті дәрежеде  ұйымдастырылса,  мал  асылдандыру  жұмысынан  сонда
ғана елеулі нәтиже шығады. Бұл іске мал фермасының  иесі,  мал  бақташылары,
мал мамандары бәрі бір ауыздан бір  сөзден,  бір  жеңнен  қол  шығарып,  бір
ниет, бір тілекте болып  жұмысқа  кіріссе  ғана  ойдағыдай  ұйымдастырылады.
Осындай  ұйымшылдылық  қойылған  мақсатқа  жетелейді,  ал  табандылықпен  іс
жүргізу жоғары өнімді мал тұқымын өсіріп шығаруға қол жеткізеді.

    Асылдандыру жұмысы бір  басталғаннан  соң,  оны  үзбей  жүргізу  керек.
Басталған жұмсыс бір жыл сол бағытта  ұйымдастырылмаса,  өзгерсе,  не  жұмыс
жоспары орындалмаса, соның өзінде содан бұрынғы бірнеше  жылдық  еңбегі  зая
кетеді.  Бұл  жәйт  қашанда  есте  болуы  тиіс.   Ал   бір   бағытта   үзбей
ұйымастырылған тұқым асылдандыру жұмысы жемісті табысқа жеткібей қоймайды.

    Атақта кострома сиырының сүт өнімділігін осы күнгі  дәрежесіне  жеткізу
үшін 25 жыл уақыт кетті. Қазір сол тұқымның сиырлары  бір  жылда  сиыр  басы
8000 кг сүт береді, оның  ішінде  12-16  мың  кг  сүт  беретіндері  де  бар.
Бұлардың тек желінің өзі ғана жеке өлшегенде 1,5  пұт  келеді.  Жасы  толған
сиырлардың  салмағы  800-900  кг  дейін  тартады.  Міне  тұқым   асылдандыру
жұмысының күші осындай. Бұл жұмыс әлі күнге дейін бір толастамай  жүргізіліп
келеді. Өйткені зоотехнилық асылдандыру жұмысы сәл тоқталса-ақ,  қол  жеткен
өнім төмендейді, мал тұқымы бұзылады.

    Кеңестік дәуірнде өсіріліп шығарылған биязы жүнді қой тұқымдарының  жүн
өнімділігі бұрынғыдан анағұрлым асып түсті.  Бір-бір  жарым  пұт  биязы  жүн
беретін қошқарлар, пұтқа жақын жүн беретін саулықтарды кешегі күнде  көзіміз
көрді. Аскания тұқымының қошқары 30кг биязы жүн беретін және  17  кг  салмақ
тартқан қошқарлары да  болды.  Тіпті  тоқты  кг,  төрт  айлық  қозы  қошқары
қошқарларының ішінде 20 кг жүн беретіндері де бар. Еділбай  қойының  қошқары
180кг,  төрт  айлық  қозы  қошқары  55кг   жеткні   мәлім.   Мал   тұқымының
асылдығының, оның өнімін көтеруде  өте  зор  маңызы  барлығына  ешбір  күмән
болуы тиіс емес екендігін осыдан да аңғаруға болады.

    Осыдан бір ғасыр бұрын меринос қойдан бір  килограмм  шамасы  ғана  жүн
қырқылатын, оның дене құрылысы нәзік, тірілей салмағы да өте төмен болатын.

    Әрбір  шаруашылықтың  мал  өсірудегі  келешегі  күні  бұрын  анықталып,
белгілі  түрде  жоспарлануы  тиіс.  Асылдандыру  жұмысы  да   соған   сәйкес
ұйымдастырылады. Мал өсіретін  шаруашылықтың  негізгі  бағытын  белгілеу  ең
алдымен халық шаруашылығының қажеттілігінен, белгілі бір  өнімге  сұраныстың
көлемін, талабынан туындайды. Шаруашылықтың негізгі бағыты  анықталған  соң,
оған сәйкес өсіруге қолайлы мал тұқымдары  белгіленеді.  Мал  тұқымдары  қай
түліктен болсын бұл  кезде  жеткілікті  ғой.  Бірақ  олардың  әрқайсысысының
өзіне тән ерекшеліктері, өзгешеліктері бар. Осыны еске ала отырып,  солардың
ішінен жергілікті жағдайға  аса  қолайлысын  таңдап  алу  өтек  жауапты  да,
маңызды да жұмыс болып саналады.

    Адам баласы мал  тұқымдарын,  алуан  жағдайда  түрлі  мақсатпен  өсіріп
шығарған; қазір де  солай.  Сондықтан  малдың  әрбір  тұқымы  қашанда  өзіне
үйреншікті тіршілік жағдайын керек етеді. Ғылымдағы осы ережені  дәлелдейтін
халқымызда өмір тәжірибесінен алынған түрлі нақты деректер бар.  Биологиялық
ғылым тіршілік дәрежесін, оны қоршаған түрлі жағдайдан ешбір  бөлмейді;  тән
мен тіршілікті бір-бірінен айырып, оны әрбіреуіне жеке көзқарас жасау  ғылым
негізіне  жатпайды.  Тіршіліктің  осы  сырын  ашқан  ғалымдар,   оны   толық
мойындаған мамандар ғана малдың  да,  өсімдіктің  де  неше  алуан  түрлерін,
тқымдарын шығара алады.

    Малдың қандай тұқыцм өсіру керек екндігі жөнінде академик  М.Ф.  Иванов
мынадай  пікір  айтқан.  Мал  тұқымы  –  азықтандыру,  күту  және  ауа  райы
жағдайларына  сәйкес  таңдалып  алынады   және   сол   жағдайға   байланысты
жетілдіріледі. Сонымен қатар малды азықтандыру, күту шарттары  сол  тұқымның
өзіне  тән  ерекшеліктеріне   сәйкес   қолданылады.   Тұқымның   биологиялық
қасиеттері мен оған  жасалған  тіршілік  жағдайының  арасындағы  айырмашылық
неғұрлым  көп  болса,  малдың  тұқымын  өсіру  шаруашылық  жағынан   алғанда
соғұрлым тиімсіз болады.

    Әрбір мал тұқымы белгілі бір жағдайда өсіп-өнген,  сондықтан  ол  жақсы
өсуі үшін қашан болса да сол жағдайды, сондай ақ  сол  ортаны  керек  етеді.
Бір жағдайда жақсы өсетін мал тұқымдары  екінші  түрлі  жағдайда  ондай  өсе
алмайды, өзіне  тән өнімін де толық бере алмайды. Егер жаңа  жердің  жағдайы
бұрынғы өзінің өсіп-өнген жерінің жағдайына  өте  қайшы  келетін  болса,  ол
тұқым өзіне меншікті қасиеттерін жойып, бара-бара  азып,  ауырып  жоқ  болып
кетуі  мүмкін.  Міне,   сондықтан   да   мал   өсірушілер   әрбір   тұқымның
өзгешеліктері  мен  ерекшеліктерін  жақсы  білу  керек.  Сонда   ғана   олар
шаруашылыққа пайдалы мал тұқымын өсіре алады.

    Қазақстанның ауа райы, жер, суы  әр  жерде  әр  түрлі.  Терістікте  мұз
қатса, оңтүстікте маужыраған жаз болады. Бір облыстың өзін алсақ  та,  соның
барлық аудандарының табиғи жағдайы бірдей емес.  Сондықтан  мал  өсірушілер,
біріншіден, жергілікті  жағдайды  түрлі  жағынан  тексеріп,  екіншіден,  сол
жерде өсіру үшін белгіленген мал  тұқымдарының  өзгешелік  қасиеттерін  еске
ала отырып, соған сәйкес жергілікті жағдайды өзгерте білетін болуы керек.

    Мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін  қамтамасыз  ету  үшін
көп жылғы еңбегі арқылы шығарады. Мал тұқымының  басты  қасиеғттері;  шыққан
тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық  жағдайда  өніп-өсуге
бейімділігі, тұқымның  өздеріне  тән,  шаруашылыққа   айқын  белгілі  болған
тиімді қасиеттерінің болуы, сол  қасиеттерінің  беріктігі  мен  белгілерінің
өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық  құрамының  болуы.  Мал  тұқымының
бір қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-біріне себепші,  бірін-бірі
толықтырып отырады,  жалпы  мал  тұқымының  қалыптасып,  талапқа  сай  дамып
отыруының басты шарттары.

    Тұқым малы шаруашылыққа негізгі өндіріс құралы.  Сондықтан  мал  өнімін
молайту қажетті талабына  сай  интенсивті  мал  шаруашылығын  ұйымдастырудың
алғы  шарттарының  бірі-жоғарғы  өнімді   мал   тұқымын   өсіру.   Ол   үшін
шаруашылыққа селенкция жұмысын ұйымдастыру қажетті және тиімді  мал  тұқымын
таңдап алудан басталады, мұның өзі мал шаруашылығын табысты жүргізудің  алғы
шарты болып саналады.


&&&

$$$002-007-000$3.2.8,9. Дәріс №8,9. Малдарды сұрыптау мен жұп таңдау

Жоспар:
1.    Қойды сұрыптау
2.    Жұп таңдау


      1.  Қой  шаруашылығында  жалпы  мал  шаруашылығындағы   сияқты   жаңа,
өнімдірек тұқым шығару жүйелі бір мақсатқа  бағындырылған  қажетті  сападағы
малды таңдау арқылы жүргізіледі. Таңдаудың  нәтижелігі  мал  популяциясының,
табынның генетикалық әр-түрлілігіне негізделеді. Популяциядағы мал  неғұрлым
әртүрлі  сапада  болған  сайын  таңдаудың  да  мүмкіншілігі   арта   түседі.
Генетикалық    әр-түрліліктің    қайнар    көзі-тұқым     қуалайтын     сапа
көрсеткіштерінің өзгергіштігі. Генетик-селекционерлердің ең  басты  міндеті-
малдың  ұрпақтан-ұрпаққа   өзгергіштігін   басқарудың,   бағыттап   отырудың
пәрменді  әдістерін  табу,  соларды   өндірісте   қолдану.   Бұл   жөніндегі
ғалымдардың  еңбегі  табыссыз  да  емес.  Мысалы,  микробиологтар   химиялық
мутагенез арқылы антибиотиктердің аса пайдалы  түрлерін  өсіріп  шығарылыды.
Бірақ, әзірше қол жеткен нәтижелер аздау болып жатыр. Үмітсіз шайтан,  жақсы
нәтижелерге ұмтылыс ғылымда жалғастыруда.
      Популяцияның генетикалық құрылымын өзгертетін  бірнеше  факторлар  бар
екенін ғылым анықтады. Олар: мутация, гендердің кенеттен  қозғалуы;  олардың
орта ауыстыруы; мал өкілдерінің жер  өзгертуі;  таңдау;  іріктеу;  кездейсоқ
емес  әдейі  қолдан  будандастыру.   Осылардың   ішінен   ең   кеңінен   жай
қолданылатыны  –  іріктеу,  таңдау.  Бұл  әдіс  белгілі  бір  популяция  мал
бағытты, мақсатты жақсарту үшін мүмкіндік береді. Сондай-ақ кездейсоқ  емес,
әдейі  екі  немесе  бірнеше  тұқымның  таңдаулы   өкілдерін   будандастырып,
солардан алынған буданның генетикалық қорының  көбеюіде  малдың  жақсаруына,
оның өнімділігін  арттыруына  жақсы  мүмкіндіктер  ашады.  Бұл  малдарды  да
нысаналы мақсатқа  жету  үшін,  ұдайы  бақылап,  зерттеп,  іріктеп,  таңдап,
ұнамдысын ғана алып өсіріп отыру керек. Қазіргі Қазақстандағы қой  тұқымдары
осындай бағалау, іріктеу, таңдау және мақсатты жұптау арқылы шығарылған.
      Елтірі беретін қойлар үшін – шешуші  көрсеткіш,  ол  елтіріге  баратын
қозы терісінің әдемі суретімен бұйра құрайтын жүн түктерінің қасиеті.
      Етті майлы қойлар үшін – негізгі  талап  тез  жетіліп,  жақсы  ет  пен
майды көп өндіргіштігі. Сонымен қатар олар табиғаттың қатаң,  шөл  –  шөлейт
аймақтарына бейімділігі.
      Қазір зоотехнияда малды  бағалағанда  бірнеше  қалыптасқан  әдістермен
бағалайды, олар мыналар:
      1.өзіннің өнімі мен фенотипіне негізделіп;
      2.шыққан тегіне қарай (құжаттарымен);
      3.ұрпақ сапасымен (тексеру, тәжірибе жасау арқылы төмен  алып,  өсіріп
бағалайды);
      Шыққан тегіне қарай таңдау – нақты қойдың  (әсіресе  қошқардың)  тегін
тексеріп, оынң ата-анасының, одан да бұрынғы тегінің  өнімділігін  білу  өте
дұрыс. Бірақ сол ата-анасындай бола бермейді.
      Экстерьері, дене бітіміне және өнімділігіне қарай таңдау.  Өсіру  үшін
малдың дене бітімі жақсы,  өнімділігі  жоғары  болуы  тиіс.  Пішіні,  бітімі
ұнамсыз  болса,  басқалай  кемістігі  болса  ондай  мал  таңдап,   қалдыруға
жатпайды.
      2. Қойлардың жасына қарай жұптау.
      Ата-анасынан қай  жаста  туғанына  қарай  ұрпағының  сапасы  әр  түрлі
болатынын  селекционерлер  баяғы  кезден  дәлелдеп  білген.  Бұл  өзгерістер
генотиптік негізде ме, жоқ фенотиптік негіздеме.
      Жас аталықты жас аналықпен жұптағанда, екі қарт малды  жұптағанда,  ал
өте жас малды өте ересек  аталық  пен  жұптағанда  алынған  ұрпақтар  әдетте
нашарлау болып шығады. Орта жастағы малдарды жұптағанда  көрсеткіш  тәуірлеу
болады.
      Қой шаруашылығында жұп таңдау жеке – жеке де және  топта  жүргізіледі.
Бұл әдісті таңдау селекционердің алдына қойған мақсатына  байланысты.  Жеке-
жеке жұптау жоғары деңгейдегі асыл тұқымды зауыттарда,  шаруашылықтарда  ата
із шығару мақсатында, аталық мал өсіру мақсатында жүргізіледі.
      Топтап жұп таңдау –  жалпы  өнімділігі  ұқсас  бір  топ  саулыққа  бір
немесе екі ұқсас қошқар тағайындалады.
      Қазіргі генетикалық ғылым аталық  пен  аналық  өз  ұрпағына  тең  әсер
етеді дейді. Санымен бірге сіздерге белгілі кейбір ген  доминантты,  кейбірі
– рецессивті, сондықтан жалпы қағида өзгермей  де  тұрмайды.  Оның  сыртында
саулық ғұмырынды 8-10 ұрпақ берсе, қошқар 1  жылда  3000-5000  дейін  оданда
көп ұрпақ бере алады. Сондықтан аталық малдың ұрпаққа беретіні  көп.  Аталық
малды  табынға  әсері  мол  болғандықтан,  оған  қойылған  талапта   жоғары,
күтіміде жақсы болуы тиіс.  Аталықтаң  қазіргі  кезде  70-90  пайызға  дейін
ұрпақ беретіні рас.
      Іріктеу мен жұптау малдың жағымды,  қажетті  шаруашылық  қасиеттерімен
көрсеткіштеріне қарай әр кезде әртүрлі талаптар мен жүргізіледі.
      Жүн өндіру мақсаты үшін  жүндес,  жүн  сапасы  жақсы  малды  жұптайды.
Пәрменді  селекция  нәтижесінде  6-8-10  жылдар  қой  шаруашылығындағы   жүн
өнімділігін әр қойдан 1,0-1,5 кг дейін жоғарлатуға болады.  Жүннің  қоюлығы,
ұзындығы, иректігі сан бауыр жүн өсімі.
      Қойдың тірі салмағын ет өнімділігін арттыру үшін ерекше іріктеу –  жұп
таңдау   жұмысын   жүргізу   керек.   Бұл   бағыттағы    жұмыстарды    жақсы
ұйымдастырғанда 6-8 жылда қой отарларындағы саулықтың салмағын 5-8 кг  дейін
арттырып, тиісінше ет өнімділігін 15-17 пайыз көтеруге болады.
      Қойды жұптау. Қойды таңдау мен  бірге  оған  алға  қойған  селекциялық
міндетке  жеткізетін  малды  жұптаудың  маңызы  зор.  Себебі  сол  жұптаудың
нәтижесінде аталық пен аналықтың ең  жақсы,  ең  қажетті  қасиеттерін,  өнім
көрсеткіштерін беретін жаңа  ұрпақ  алынуы  тиіс.  Қой  тұқымын  асылдандыру
жұмысының алдына  қойған  міндеті  ұрпақтан-ұрпаққа  қойдың  жақсаруы,  оның
қажетті өнімділігін артуы. Сондықтан да жұптау аса жауапты жұмыс.
      Жұптаудың, әдетте екі түрін  ажыратады.  Бірі  бір  текті  (гомогенді)
жұптау – өнімділік қасиеттері ұқсас қойларды жұптау,  екіншісі  –  әр  текті
(гетерогенді) жұптау –  өнімділік  қасиеттері  әр  түрлі,  айырмашылығы  бар
қойларды жұптау.
      Бір текті жұп таңдау арқылы селекционер аталық және  аналық  қойлардың
ұнамды ұқсас  қасиетерін  ұрпақтан-ұрпаққа  бегіту,  ұнамды  қасиеттері  бар
малдарды көбейту, олардың біртектілігін арттыру арқылы  құнды  белгіні  одан
ары жетілдіру және ұнамды мал тобын көбейту міндетін орындайды.
      Әдетте бір текті (гомогенді) жұптауға шыққан тегі бір,  не  өте  жақын
малдар қатынасады. Бұл жағдайда селекционер өз алдына 3 мақсат қоюы мүмкін.
       1.  Аса  жоғары  өнімді  (элита,  бірінші  класс),  бір  біріне   көп
көрсеткіштері  мен  ұқсас  жүні  де,   ұзындығы   да,   еттік   қасиеті   де
конституциясы да жақын болады. Осы қасиеттерді жоғалтпау,  керісінше  байыту
үшін жұптайды. Мұндай мал көп болмайды  және  олардан  аталық  немес  аналық
басы болатын мал алуға тырысады.
      2. Бір қасиетімен немесе  1-2  шаруашылық  өнімділік  көрсеткіштерімен
бір текті малдарды жұптағанда селекционер өз алдына осы көрсеткіштерден  аса
жоғары сапалы мал алу үшін жұптайды.
      3. Бір текті жұптау таңдаудың ұнамсыз жақтары да  бар.  Әдетте  ұнамды
қасиеттері ұқсас малдың ұнамсыз  қасиеттері  де  ұқсас  болады.  Ол  ұнамсыз
қасиеттерді жою үшін басқа тектес малды пайдалануға тура келеді.
      4. Бір текті  жұптау  асыл  тұқымды  шаруашылықта,  нақты  бір  атаның
өсіретін фермада өлшемді жүргізіледі. Мұндағы отарлар  негізінен  бір  текті
болып келеді, не жүн түсімімен, не жүн ұзындығынан.
      Гетерогенді жұптаудың пайдалы мүмкіндігі – ол  малдың  тұқымдық  қорын
көбейтеді,  байытады,  кейбір  пайдасыз,   қажетсіз   қасиеттерден   арылуға
мүмкіндік береді. Сондықтан әр текті  жұптаудың  малдың  қажетті  кемшілігін
түзетуге; ата-анасының көрсеткіштерінен шығатын  ортақ  қасиеттері  бар  мал
өсіруге;  өмірлік  күшін,   өміршеңдігін   (гетерозис   арқылы)   жақсыртуға
бағытталып жүргізіледі.
      Қой жұптағанда селекционер:
      а) ұқсас малдардын ұқсас мал өседі;
      б) жақсы мен жақсы малды жұптағанда олардың ұрпағы жақсара түседі;
      в) малдың асыл нәсілін бекіте түсу үшін гомогенді, ал нәсілін  байытып
өзгерту үшін – гетерогенді жұптау қолданылады.
      Мысалы, 2-класс биязы жүнді қойдың жүні қысқа болады соны ұзарту  үшін
жүнді қошқармен жұптайды.
      Ал 3-класта жүні сиректеу және  денесінде  әр  жеріндегі  жүн  әркелкі
болады. Міне осыларды түзеу үшін ол қойларға  қою  жүнді,  денесіндегі  жүні
біркелкі аталық бекітеді.
       Әдетте  қойдың   бірімен-бірін   жұптау   малдың   басты   шаруашылық
көрсеткіштеріне қарай жүргізіледі.
      1. Жүннің жалпы түсіміне қарай  жұптау  арқылы  қойдың  (отардың)  жүн
өнімділігін арттыруға әбден болады. Жалпы жүннің  салмағы  мен  таза  талшық
шығымының арасында оң корреляция бар. Сондықтан селекция  жұмысын  жүргізуде
жүн түсіміне қарай жұптау арқылы жетістікке жетуге болады.












          &&&

$$$002-008-000$3.2.10,11 Дәріс №10,11. Таза тұқымды мал өсіру әдістері
      1.Тұқымды таза өсіру
      2. Әдістері


           Тұқымды таза өсіру деп бір тұқымға жататын жануарларды жұптастыру
      арқылы бірнеше буын бойы ұрпақ алу арқылы  мал  өсіру  әдісін  айтады.
      Алынған ұрпақты таза тұқымды ұрпақ деп атайды.  Әрбір  тұқым  —  халық
      шаруашылығының құндылығы зор  дүниесі.  Тұқымды  таза  өсірудің  басты
      міндеті мен бұл әдістің биологиялық ерекшелігі  жануарлардың  тұқымдық
      қасиеттерін сақтап, жетілдіру, күшейтуде болып  табылады.  Таза  тұқым
      өсіру қазіргі уақытта да, келешекте де мал шаруашылығында жетекші  рөл
      атқарады. Себебі тек  таза  тұқым  өсіру  әдісі  ғана  өзіндік  ерекше
      қасиеті  бар  мал  тұқымын  сақтап  және  оны  одан  әрі   жетілдіруге
      мүмкіншілік туғы-зады. Таза тұқым өсіру арқылы алынған малдың тұқымдық
      қасиеті жоғары болады. Ол өзіне тән өнімдік қасиетін ұрпағына  тұрақты
      бере алады. Осыған орай  таза  тұқым  өсіру  әдісі  асыл  тұқымды  мал
      өсіретін шаруашылықтардың негізгі әдісі болып есептеледі.
      Бір тұқымның малында сұрыптау мен жұп  таңдаудың  түпкі  бір  мақсатта
      жүргізілуіне және олардың жалпы  тегінің,  өскен  ортасының  бірлігіне
      байланысты көптеген ұқсастық болады. Осыған орай,  оларды  бір-бірімен
      ретті шағылыстырып отырғанда  бұл  ұқсастық  ұрпақтан-ұрпаққа  тарайды
      және күшейе береді, олардың өздеріне тән биологиялық және шаруашылыққа
      тиімді қасиеттерін ұрпағына  беру  қабілеттілігі  арта  түседі.  Мұның
      бәрінің  негізінде  мал  тұқымын  таза  өсіргенде  сұрыптау  бағытында
      белгілердің пайдалы  гендерінің  саны  көбейіп,  олардың  әрқайсысының
      гомозиготалылығы  арта  түсетіні  жатыр.  Бұл  —  тұқымды  таза  өсіру
      әдісінің биологиялық мәні мен генетикалық әсері.
      Аса мол  өнімді  жануарлар  тұқымды  таза  өсіру  арқылы  шы-ғарылған.
      Мәселен, Челябі  облысындағы  "Россия"  мемлекетік  асыл  тұқымды  мал
      зауытындағы қара-ала тұқымның Россиян¬ка атты сиырынан IV  лактацияның
      340 күні ішінде майлылығы 4,18% 19162 кг, ал 305 күні ішінде  -  18086
      кг сүт сауылған. Ең жоғары  тәуліктік  сүт  мөлшері  82,5  кг  1600  м
      қашықтықты 2,001 секундта шауып өткен орлов желісті жылқысы  тұқымының
      Улов, Пион, Турнир секілді көрнекті  айғырлары,  сондай-ақ  Ставрополь
      тұқымының  30,1  кг  биязы  жүн  берген  №72  қошқары  және  бір   рет
      торайлағанда 32 торай туған ірі ақ шошқа тұқымының мегежіні де тұқымды
      таза өсіру арқылы шығарылған.
      Тұқымды  таза  өсіру  арқылы  дүниежүзілік  класқа  жататын  жекелеген
      жануарлар ғана шығарып қоймай, аса зор тұқымдық  құндылығы  бар  тұтас
      табындарды  да  қалыптастыруға  болады.  Көптеген  асыл  тұқымды   мал
      зауыттарында сиырлардың жылдық сүттілігі 5500-6500 кг-нан асады.  Олар
      - Мәскеу облысындағы "Петровское"  (6328  кг),  Ленинград  облысындағы
      "Лесное" (7021 кг), "Немчиновка" (8015  кг)  мал  зауыттары.  Кострома
      облысындағы "Караваево" асыл  тұқымды  мал  зауытында  20  жыл  ішінде
      Кострома тұқымының сүттілігі  7000-16000  кг  болатын  462  рекордшысы
      өсірілген.
      Италиядағы бір табында 250 голштин малы өсірілетін  Луиджи  Альбертино
      фермасында әрбір сиырдан орта есеппен 10000 кг сүт сауылған.  АҚШ-тағы
      таза тұқымды голштин малының 3,36 миллион сиырының сүттілігі 7000  кг-
      нан асқан, сүтінің майлылығы  3,36%,  сүт  белогы  3,23%  болған.  1,1
      миллион сиыры бар  11  мың  шаруашылықта  тұқымды  таза  өсіруде  орта
      есеппен  әрбір  сиырдан  8000-11500  кг  сүт  сауылған.  Тұқымды  таза
      өсірудің тиімділігі жоғары болатынына осы  секілді  көптеген  мысалдар
      бар. Аса көрнекті селекциөнерлер тұқымды таза өсіруге зор маңыз беріп,
      өздері шығарған аса бағалы  тұқымдарды  кездейсоқ  шағылысудан  мұқият
      сақтаған. Дүние жүзінің көптеген елдерінде тұқымды  таза  өсіруге  зор
      көңіл бөледі. АҚШ-та голштин, джерсей, гернсей секілді мал  тұқымдарын
      тұқымды таза өсіру әдісімен ғана көбейтеді.
      Сиырларының сүттілігі 7000-9000 кг болатын  табындар  бар.  Бұл  елдің
      ғалымдары селекциялық лимит (генетикалық  өзгергіштіктің  кемуі)  және
      физиологиялық  лимит  (жануардың  аса  сүттілігі  мен  көбею  қабілеті
      арасындағы теріс  корреляция)  деп  аталатын  құбылыстарға  байланысты
      мәселелерді зерттеп, таңдаулы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының жұмыс
      нәтижелерін қорыта келе, таяудағы уақыт ішінде сүтті бағыттағы  малдың
      популяцияларына селекциялық лимит те,  физиологиялық  лимит  те  қауіп
      төндірмейді деген қорытындыға келді.
      Бірқатар елдерде жануарларды тұқымды  таза  өсіру  жолымен  ең  бағалы
      тұқымдардың генетикалық қуаты жетілдіруде. Мысалы Германияда  немістің
      қара-ала тұқымын таза өсірумен қатар,  шетелдік  таңдаулы  тұқымдардың
      дүниежүзілік генетикалық  ресурстарын  пайдалану  мақсатында  джерсей,
      голштин тұқымдарын да таза  өсіру  жұмыстары  жүргізілуде.  Германияда
      тұқымды таза өсіру — асыл тұқымды жануарлар өсірудің негізгі әдісі.
      Тұқымды таза өсіруде жануарлардың шығу тегіне зор көңіл  бөледі.  Асыл
      тұқымды мал жазбаларына, жануарлардың экстерьерлік  ерекшеліктері  мен
      типтерін бағалауға және қан топтарына қарай олардың  таза  тұқымдылығы
      мен шығу тегін анықтайды. Тұқым  асылдандыру  жұмыстарын  жануарлардың
      жеке табындарымен ғана емес, сондай-ақ тұтас тұқыммен жүргізу үшін кең
      көлемді селекция әдістерін қолданады. Тұқымдарда олардың  біртұтастығы
      мен өзгергіштігін қамтамасыз ететін белгілі бір  генетикалық  негіздер
      болады. Барлық  зауыттық  тұқымдардың  маңызды  ерекшелігі  —  олардың
      шаруашылыққа пайдалы аса  маңызды  белгілері  бойынша  тұқым  ішіндегі
      жеткілікті  жоғары  өзгергіштігі.  Осындай  өзгергіштіктің   арқасында
      сұрыптаудың  әсерімен   тұқымның   жаңа   қасиеттері   мен   белгілері
      қалыптасады.
      Тұқымды таза өсіру сұрыптау мен жұп құрудың әр түрлі әдістері  арқылы,
      аталық іздер мен аналық ұялар бойынша өсіру арқылы  жүзеге  асырылады.
      Өздерінің асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттері жөнінен таза тұқымды
      жануарлар әр түрлі болатындықтан, тұқымды жетілдіру  үшін  олардың  ең
      таңдаулыларын  тұқымның  стандартымен   салыстырып,   мақсатты   түрде
      сұрыптап отыру қажет.
      Тұқымды таза өсіру  әдісі  сапалы,  мол  өнімді  малы  бар  өндірістік
      шаруашылықтарда да (әуелі селекциялық топта)  қолданылады.  Өндірістік
      шаруашылыкты асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа айналдыру үшін  ол
      шаруашылықтың табынында бірнеше ұрпақ бойы тұқымды  таза  өсіру  әдісі
      қолданылуы басты шарттардың бірі.
      Тұқымды таза өсіру әдісі, сонымен қатар, егер шаруашылықта  өсірілетін
      мал  тұқымынан  артық  басқа   тұқым   болмаған   уақыттарда   тұрақты
      қолданылады. Мысалы, қаракөл  қойын  өсіретін  барлық  шаруашылықтарда
      тұқымды таза өсіру әдісі қолданылады. Тұқымды  таза  өсіру  екі  түрлі
      жолмен жүзеге асырылады: туыстас  малды  жұптастыру  (инбридинг)  және
      туыстас емес малды жұптастыру  (аутбридинг).  Жануарлардың  кез-келген
      тұқымының  өнімділік  және  асыл  тұқымдық   қасиеттерін   жетілдіруге
      бағытталған тұқым асылдандыру жұмысының жалпы жүйесінде  туыстас  емес
      малды жұптастыру негізгі рөл атқарады. Ата-енелік жұптарды гетерогенді
      жұптау, іздер аралық кросстар, қан тазарту жұмыстары табынның тіршілік
      өрекетін арттыру және сауықтыру үшін  туыстас  емес  малды  жұптастыру
      негізінде жүргізіледі. Мұнда жануарлардың өнімділігі,  сондай-ақ  жаңа
      жағдайларға  бейімделу  қабілеті   сакталады.   Туыстас   емес   малды
      жұптастыру  -   әдетте   инбридинг   қолданбайтын   барлық   қатардағы
      шаруашылыктарда жануарлар өсірудің негізгі әдісі.


      &&&

$$$002-009-000$3.2.12 Дәріс №12. Ауылшаруашылық малдарды бонтировкалау
Жоспар:
   1.Бонитировка жайлы түсінік.
   2. Бонитировканың жеке және кластық түрлері.


  Бонитировка —  малды  конституциясы,  экстерьері  мен  өнімділігі  бойынша
кешенді бағалау. Мақсаты - өте жақсы малдарды одан  әрі  дамыту,  нашарларын
жарамсыздыққа  шығару.  Бонитировканың  екі  түрі  қолданылады:  жеке   және
класстық.
      Жеке бонитировкаға: асыл  тұқымды  қошқарлар  (негізгі,  қосымша  және
сынақшы); асыл тұқымды  шаруашылықтағы  селекциялық  топтағы  саулықтар  мен
қошқарлардан алынған, ұрпағының сапасы бойынша тексерілетін  барлық  төлдер;
басқа шаруашылыққа сатылатын және негізгі отарды  жөндеуге  арналған  барлық
асыл тұқымды  еркек  тоқтылар  кіреді.  Жеке  бонитировкалау  кезінде  малды
бағалаудың барлық көрсеткіштері бонитировкалық  кілтпен  белгіленіп,  арнайы
журналға жазылады.
      Кластық  бонитировка  —  жекелегенмалдардың  сапасын  журналға  жазуды
жүргізбейді, олардың  тұқымдық,  конституционалдық  және  өнімділік  сапасын
эксперттік бағалау негізінде сәйкес келетін  бонитировкалық  класқа  жатқызу
арқылы жүргізіледі. Кластық бонитировкаға тауарлық фермадағы барлық  малдар,
асыл тұқымды шаруашылықтағы – жеке  бонитировкаға  енгізілмеген  барлық  қой
малдары кіреді.
      Кластық бонитировка негізіндегі сұрыптауды топтық немесе  кластық  деп
атайды. Ол жекелеп  жұп  таңдауды  өткізуге  мүмкіндік  бермейді,тек  топтық
немесе кластық жұп таңдауды жүргізуге болады.
      Бонитировка мерзімі. Негізгі бонитировканы малды әрі  қарай  пайдалану
мақсатында, негізгі бонитировкалау белгілері  толық  көрінгенде  және  басты
өнімділік түріне дұрыс баға беруге мүмкіндік туған мерзімде,  оның  өмірінде
бір-ақ рет жүргізіледі. Сондықтан, осыған орай, қой шаруашылығы  бағыттарына
байланысты малды бағалаудың  әр  түрлі  мерзімдері  бекітілген.  Биязы  және
биязылау  жүнді  қойларды  бірінші  қырқу  алдында,   көктемде   1   жасында
бонитировкадан өткізеді. Қой шаруашылығында елтірі бағытындағы қозыларды  1-
3 күндік жасында, тондық бағыттағы қой шаруашылығында жас  малды  8-9  айлық
жасында бағалайды.
      Аталған  бонитировкалаудың  негізгі  мерзімінен  басқа,  асыл  тұқымды
шаруашылықөтарда малдың  ерте  жас  шамасында  да  қосымша  бонитировкалауды
өткізеді. Ол малдың  дамуы  жөнінде  толық  мәлімет  алуға  және  қой  малын
асылдандыруға  пайдалану  керектігін,  қайсысын  етке  бордақылауға   жіберу
керектігін ерте  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Биязы  және  биязылау  жүнді
қозыларды   көбінесе,   енесінен   бөлер   алдында   және    15-20    күндік
жастарындақосымша бағалайды. Осы уақытта малдарды мұқият бағалау оларды  әрі
қарай пайдаланудың қосымша қорытындысы үшін маңызды. Қозыларды 15-20  күндік
жасында  бағалау  оның  дамуында,  денсаулық,   жүн   жабынының   жағдайында
кемшіліктің бар-жоғын анықтайды. Енесінен бөлу кезінде  бағалау  жас  малдың
коеституционалды-өнімділік   көрсеткіштерінің   қаншалықты    көрінетіндігін
байқатады, ол бойынша жөндеу дм есептеуге болады.
      Роман қой тұқымының қозыларын негізгі бонитировкадан  (8-9  айлығында)
бұрын  енесінен  бөлер  кезінде  (90-100  күнде)  дамуын,   тірі   салмағын,
типтілігін, жүн жабыны бояуында ақаудың бар-жоқтығын  бағаласа,  қозы  жүнін
қырқу алдында (5-6 айда) дамуы мен тондық сапасын бағалайды.
      Құйрықты ұяң және қылшық жүнді қойларды бонитировквлауды алғаш бір жас
шамасында  көктемгі  қырқым  мен  сапасы  бойынша  жүргізсе,  соңғысын   күз
мезгілінде, 18 айлық жас шамасында тірі салмақ, жалпы көктемдік және  күздік
жүн қырқымы мен сапасы бойынша өткізеді.
      Асыл  тұқымды  аталықтарды   жыл   сайын,   конституционалды-өнімділік
көрсеткіштері қаншалықты сақталғандығын тексеру үшін бағалап  отырады.  Егер
негізгі бонитировкадан ауытқулар байқалса, оны  пайдалану  жоспарына  енгізу
жасайды.
      Бонитировканың негізі – малды,  оның  конституциясы,  экстерьері  және
өнімділігі  бойынша  бағалаумен  аяқталады.  қой  малдарын  олардың  негізгі
өнімділік белгілері толық көрінген уақытта бағалайды. Бонитировка  нәтижесі:
малдың асыл тұқымдық  құндылығын  анықтау  үшін  негізділік  береді.  Осыған
сәйкес,  кез  келген  қой  тұқымын  олар  алғаш  шағылысқа   барар   алдында
бонитировкалау  қажет.  Көп   жағдайда   негізгі   бонитировкадағы   бағалау
көрсеткіштері жасына байланысты өзгермейді, сондықтан  оларды  өмірінде  бір
рет қана бонитировкадан өткізеді.  Жеке  селекциялық  жұмыс  үшін  таңдалған
асыл тұқымды малдар негізгі бонитировкадан кейін де, жыл  сайын  бағаланады,
ол малдың селекциялық топта алдағы  уақытта  да  пайдаланылуына  байланысты,
белгілерінің көріну дәрежесін айқындау мақсатында жүргізіледі.
      Тәжірбиеде  бонитировканың  екі  түрін:  жеке  және  кластық  түрлерін
пайдаланады. Жеке  бонитировкалау  кезінде  малдың  экстерьерлік,  өнімділік
және басқа  сапаларының  барлық  көрсеткіштерін  журналға  жазып  (жеке-жеке
малдың) малға жеке нөмір салады,  ол  жеке  селекциялыұ  жұмысқа  арналмаған
барлық малдар кластық бағалаудан өтеді. Малдарды  класқа  бөлу  негізі  оның
конституционалды-өнімділік  ерекшеліктері   бойынша   әр   түрлі   екендігін
көрсетеді. Кез келген тұқымның дамуына сол жердің табиғат жағдайы  мен  өнім
беруіне қолайлы болса, олар өсіруге ұнамды тип малы ретінде саналады.

      Елтірі бағытындағы қой тұқымынан басқа, барлық қой тұқымдары кластарға
бөлу принципі келесідей:

      Шаруашылықтық – пайдалы белгілер кешені бойынша  ұнамды  типке  сәйкес
келетін тұқым  немесе  буданды  тобын  І  класқа  жатқызады.  Бұл  кешендегі
маңызды белгілерге  –  конституция  типі,  малдың  дене  бітімі  пішіні  мен
көлемі, жүн қырқымы мен сапасы жатады.

      Кешенді белгілер бойынша І класс талаптарына сәйкес  келмейтін  барлық
малдар, селекция жұмысы үшін құнды емес малдарды ІІ және ІІІ класқа  бөледі.
Олардың  біреуін  еттілік  белгілері  онша  дамымаса,  жүнді  титі  малдарға
жатқызады.

      Асыл  тұқымдық  жұмыс  үшін  құнды  емес,  экстерьерінде  ақауы   бар,
конституциясы шамадан тыс дамыған және өнімі өте төмен малдарды  асылдандыру
жұмысынан алынып, отардан жарамсыздыққа шығарады.

      І класс сапасынан да жоғары  малды  элита  тобына  жатқызады.  Элитаға
бөлудің басты мақсаты – асылдандыру жұмысында  жоғары  сапалы  асыл  тұқымды
мал тобын құрып, олардан құнды ұрпақ алу болып табылады.







      &&&
$$$002-0010-000$3.2.13,14 Дәріс №13,14




      &&&
$$$002-0011-000$3.2.15 Дәріс №15. Мал шаруашылығындағы  асылдандыру  жұмысын
ұйымдастыру және жоспарлау.
   1.   Әртүрлі   категориядағы   шаруашылықтағы    асылдандыру    жұмысының
      ерекшеліктері.
   2.  Асылдандыру жұмыстарын жоспарлау.
Мал шаруашылығының дамуын  ұйымдастыру  мен  жоспарлау  мемлекеттердің  және
әлемдік нарықтың керекті сападағы ауыл  шаруашылық  өнімдерін  пайдалануынан
туындайды. Селекциялық-асылдандыру жұмыстардың  қаулыларын  ұйымдастыру  мен
жоспарлау сұрақтары бойынша  жалпы  басшылықты  ауылшаруашылық  Министрлігі,
облыстардың  ауыл  шаруашылық  басқармалары,   оның   мал   шаруашылығындағы
тұқымдық жұмыстарды  бақылау  және  қадағалау  бөлімі,  Казагроинновация  АҚ
басқаруымен мамандалған ғылыми-зерттеу институттары, тәжірибелі  станциялар,
аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындары.
Мал  шаруашылығындағы  асылдандыру  жұмыстарды  ұйымдастыру  мен   жоспарлау
жануарлардың тұқымдары  туралы  сұрақтарымен  байланысты.  Онда  кіретіндер:
тұқымдардың шаруашылық  бағалылықтарының,  әр  түрлі  зоналарға  биологиялық
бейімділіктерінің объективтік анықтамаларына негізделген  мемлекет  аумағына
тұқымдарды жоспарлы түрде орналастыру;  әрбір  тұқым  алу  үшін  асылтұқымды
аталық жеткілікті мал саны бар мамандалған  тұқымдық  шаруашылықтар  жүйесін
құру;  әрбір  тұқым   немесе   ауыл   шаруашылық   бірлестікте   селекциялық
жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуі; ең жақсы зауыттық  аталық  із,  тұқым
аталықтарын және аналық ұяларын рационалды қолдану.
Зоналар, аудандар және облыстар бойынша әр түрлі  тұқымдарды  орналастыру  –
тұқымдық  жұмыстар  бойынша  маңызды   мемлекеттік   шара   жоспарлы   түрде
жүргізіледі.  Белгілі   бір   аудандарға   жоспарға   сәйкес   жоғарылататын
тұқымдарды таңдау  кезінде  осы  көрсеткіштерді  ескеру  қажет:  жобаланатын
тұқымдар  жануарларының  өнімділігін,  олардың  тез   жетілуін,   аудандарға
бейімділігін.  Тұқымдық  аудандастыруды  жергілікті  аз  өнімді  жануарларды
жоғары  өнімді  тұқымның  өкілдерімен  шағылыстыру  арқылы  сапалы  жақсарту
құралы ретінде де қарастыру керек.
Жоғары  бағалы  тұқым  өкілдерінің  аз   болуы   кезінде   ауыл   шаруашылық
жануарларының  сапалы  жақсартылуы  белгілі  бір  жүйелілікті  және   қолмен
ұрықтандыруды қолдана отырып, тұқымдық  аталықтарды  рационалды  пайдалануды
талап етеді.
Асылтұқымды мал шаруашылығын  жоспарлауда  мемлекетке  қажет  әрбір  түрдегі
жануарлар тұқымдарының саны туралы мәселе туындайды. Ол, мемлекет  аумағының
өлшемдерімен және оның табиғи-климаттық  және  шаруашылық  жағдайларының  әр
түрлілігімен;   берілген   түрдің   жануарынан   әр   түрлі   өнім    алудың
керектілігімен (қойлардан – биязы,  жартылай  биязы,  жартылай  қылшық  және
қылшық  жүн,  ет,  тері;  ірі  қара  малдан  –  сүт  және  ет,  т.б.);   мал
шаруашылығында қарапайым  өндірістік  және  ауыспалы  шағылыстыруды  қолдану
көлемімен   анықталады.   Біздің   түрлі   климаттық    және    экономикалық
жағдайларымен,  кең  байтақ  жеріміздің   территориясына   өндірістік   және
ауыспалы  шағылыстыруды  кең  қолдану  кезінде  берілген  түрдің   тұқымдары
көбірек қажет; ал қарама-қарсы жағдайда – азырақ.
Тұқымды сынау. Тұқымды сынаудың басты мақсаты -  өзінің  өнімдік-биологиялық
ерекшеліктері бойынша, табиғи-экономикалық жағдайларға, өсірудің  өндірістік
технологияларына бейімділігі бойынша  қандай  тұқым  екенін  анықтау.  Әрбір
зонаның өзіндік климаттық, азықтық және басқа да жағдайларын ескере  отырып,
тұқым сынауды, ақыры қандай  шаруашылықта  қалатынын  ұйғарып,  сол  аймақта
өткізу керек.
Сынауға, зоналардың барлық немесе көптеген шаруашылықтарына сәйкес  болатын,
жануарларды азықтандыру мен бағу жағдайлары жасалынған, зоотехникалық  есебі
жақсы реттелген үлкен аймақ таңдалу керек. Мұндай шаруашылықтарға  таңдалған
жануарларды жас кезінде әкеліп, барлық  сыналатын  топтарға  оптималды  және
бірдей өсіру жағдайын жасау керек. Әр  тұқымның  төлі  (70-100  бас)  мұқият
таңдалынып, барлық тұқым малдары үшін типтік болу қажет.
Тұқымды  сынау  үшін  жануарлар  топтарын  қалыптастыру  ең  жақсы  тұқымдық
шаруашылықтардың төлдерін бағалау мен іріктеу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан  жағдайында   қойлардың   тұқымдарын   бағалаудағы   аса   маңызды
паратиптік фактор олардың жайылым жағдайларына  «ағза  реакциясының  шамасы»
болып  табылады.  Қойлардың  тұқымдарын   сынау   жұмыстары   оңтүстік-шығыс
Қазақстанның таулы  зонасында  (1946-1949  жж.)  және  Орталық  Қазақстанның
шөлді  зонасында  (148-1952  жж.)  белгілі  ғалым  профессор  М.А.   Ермеков
басшылық еткен үлкен ғылыми қызметкерлердің тобымен жүлгізілді.
Алматы облысының таулы зоналар жағдайында  өткізілген  өндірістік  зерттеуде
қойлардың келесі тұқымдары  қатысты:  биязы  жүнді  –  қазақи  арқармеринос,
қазақи биязы жүнді, прекос; биязылау жүнді  –  қазақи  етті-жүнді,  дегерес;
қылшық жүнді – еділбай, қаракөл  және  оның  будандары.  Барлық  зерттелетін
тұқымдардың қойлары, маусым  жайылымдарын  қолданумен,  жыл  бойы  жайылымда
бағылу кезінде бірдей жағдайда болды. Ерте көктемде, күзде  және  қыста  шөл
жайылымдары, ал жазғы кезеңде таулы аймақтардың жайылымдары қолданылды.
Жазда, таулы жағдайларда барлық  тұқымдардың  қойлары  4-17%  салмақ  қосты,
қылшық жүнді қазақи қойлар мен қаракөл  қойлары  тек  1-3%  ғана.  Ал  басқа
жағдайларда  бағылған  биязы  жүнді  қойлардың  жағдайы  өзгермейді   немесе
төмендейді.
Жазғы кезеңде ойлы аймақтарда еділбай (21,2%),  қарқаралы  (16,4%),  қаракөл
қойлары (10,3%) салмақ қосты. Биязылау жүнді  дегерес  құйрықты  қойлары  да
салмағын жоғарылатты (5,7%).
Көрсетілген мәліметтер  жалпы  еділбай  және  қаракөл  тұқымдарының  қойлары
жазғы-күзгі кезеңде шөпті  шөлейт  жайылымдарын  қолдана  алу  қасиетіне  ие
екенін   көрсетеді.   Бұл    олардың    тарихи    қалыптасқан    биологиялық
ерекшеліктеріне  байланысты.  Қаракөл  және  құйрықты  тұқымдардың  қойларын
аудандастыру олардың  биологиялық  ерекшеліктерімен  анықталу  керек:  қысқы
жағдайлары қолайлы, оңтүстік  типті  шөл  жағдайларында  қаракөл  қойларының
тиімділігі жоғарырақ болады, құйрықты қойларға - қысы қатты,  барлық  шөлейт
және шөл аудандар.
Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктердің тұқым сынамасы.  Біздің
елімізде соңғы 50 жылда әр түрлі жануар түрлерінің  жоғары  өнімді  зауыттық
тұқымдары  көптеп  шығарылды.  Тұқым  шығару  үрдісі  тоқтаған   жоқ.   Жаңа
тұқымдарды, тұқым топтарын, тұқымішілік  (зоналық)  және  зауыттық  түрлерін
шығару нарықтық экономика жағдайындағы мал  шаруашылығының  интенсификациясы
үшін өте маңызды.  Пайда  болған  жануарлардың  жаңа  тұқымдары  тұқымаралық
шағылыстырудың   түрлі   нұсқаларын   жүзеге   асыруға   мүмкіндік   береді.
Тұқымаралық  шағылыстырулар  және   шағылыстырудың   түрлі   нұсқалары   бар
тұқымдарды жетілдіру үшін және жаңа  тұқымдар  мен  жануар  түрлерін  шығару
үшін маңызды түрткі ретінде қызмет  етеді.  Тұқымдағы  мамандалған  типтерді
жануарларды  тұқым  ішілік  іріктеу  мен  таңдау   арқылы   да,   еңгізілген
шағылыстырулар арқылы да шығарады.
Селекциялық жетістіктерді қорытындылау үшін негіз болу мүмкін:
а)  ұрпағына  тұрақты  беріліп  отыратын  экстерьері   және   конституциясы,
өнімділігінің сипаты мен деңгейі және басқа да көрсеткіштері бойынша  ұқсас,
көп бас жануарлардың болуы;
б) сыналатын тұқымдардың, тұқымдық  топтардың,  аталық  іздердің  және  т.б.
ауыл  шаруашылық  жануарларын  өсіру  бойынша  меншікті  түріне   қарамастан
асылтұқымдық  шаруашылықтардың  және  фермалардан  жеткілікті  мал   санының
болуы;
в) дәл  тұқым  сынау  сәтіне  оған  ұсынылатын  селекциялық  жетістіктердегі
құрылымды бірліктердің жеткілікті болуы;
г) сыналатын тұқымның немесе оның құрылымды бірлігінің малдарда, сол  зонада
өсірілетін тұқымдарынан, тұқымдық топтарынан, типтерінен,  аталық  іздерінен
асатын   өнімдік,   экстерьерлік,   биологиялық,   шаруашылық   және    т.б.
қасиеттерінің болуы және оның зоотехникалық құжаттар бойынша расталуы;
д) жануарлардың тегін, өнімділік деңгейін және  тұқымдық  сапасын,  тұқымның
жаңа түрін шығару немесе оны  жақсартатын  әдістерді  дәлелдейтін,  және  де
тұқымдық  жұмыстардың   және   тұқымдармен   жұмыс   істеу   әдістемелігінің
жоспарының белгіленген ретімен бекітілген зоотехникалық құжаттарының  болуы;

ж)  қайта  құрылған  немесе  өнімділігі  жетілдірілген  тұқымдардың   жоғары
экономикалық тиімділігі.
М е м л е к е т т і к т ұ қ ы м д ы  қ  к  і  т  а  п  т  а  р  (МТК).  Ауыл
шаруашылық жануарларының тұқымдық кітаптарының  үнемі  басылып  шығуы  үлкен
маңызды шара болып табылады. Қазіргі кезде Республикада  басылатын  тұқымдық
кітаптар мемлекеттік болып саналады. Олар бізде өсірілетін барлық  малдардың
тұқымдары бойынша шығарылады.  Олардың  мақсаты  –  жоғары  өнімді  малдарды
шығару  және  тіркеу;  олардың  тегі  туралы,   өнімділігі   және   тұқымдық
қасиеттері  туралы  мәлімет  басып  шығару.  МТК-ның  материалдары   бойынша
асылдандыру жұмыстардың  бағыттары  және  жалпы  тұқымды  жетілдіру  туралы,
тұқымда шығарылған аталық іздер мен  аналық  ұя  құндылығы  туралы  пікірлер
айтуға болады.
МТК-ға енгізу үшін жануарларды  іріктеу  жұмысы  арнайы  жеке  карточкаларды
толтырумен бірге  бонитировканың  берілгендері  бойынша  жүргізіледі.  Ондай
жазбалардың  жиналуына  байланысты  оларды  хаттап,  МТК-ның  келесі   томын
шығарады. Тұқымдық кітаптарға  жануар  туралы  келесі  қысқаша  мәліметтерді
жазады: лақап аты немесе нөмірі, жынысы,  жануардың  туған  күні  мен  туған
жері, қандай шаруашылыққа жатады, 2-3 қатар ата тегі, жануар  жасымен  бірге
өнімділік қасиеттерінің деңгейі (тірі салмағы, сүттілігі, жүн  қырқымы  және
жүнінің  ұзындығы,  сүтінің  майлылығы  және   т.б.),   бонитировка   класы,
экстерьердің бағасы және негізгі өлшемдер. МТК-да  жазылған  нөмірі  мәңгіге
сақталады.
МТК  мамандарға  тұқымның  ерекшеліктерінде  дұрыс  хабардар  болуға,   оның
тұқымдық   ресурстарын   жақсырақ   білуге,   келесі   жануарларды   іріктеу
тәжірибесін шығаруға  және  дұрыс  қолдануға  көмектеседі.  Осы  кітаптардың
материалдарын тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде,  болашақ  жоспарларды
құрғанда және тұқымды жетілдіру бойынша басқа шараларды жасағанда кең  түрде
пайдаланады.
Көрмелер мен байқаулар. Мал шаруашылығының  жемісті  дамуына  және  тұқымдық
істердің жақсаруына  себеп  болатын  ұйымдастыру  шараларына  шығарулар  мен
көрмелер кіреді. Олар маңызды жарнамалық фактор қызметін атқарады және  жеке
шаруашылықтардың, аудандардың, облыстардың,  ғылыми  мекемелердің,  тұқымдық
қызмет мүшелерінің жетістіктерін түсінікті түрде көрсетеді.
Көрмелер мен байқаулар арнайы ауыл шаруашылық мүшелерімен құрылған  комиссия
ұйымдастырып, өткізеді.
Көрмелерді  мынадай  мақсатта  ұйымдастырады:  ең  жақсы  малдарды  көрсету;
көрсетілетін  нәтижелерге   қандай   жолмен   жеткенін   айту;   аудандарда,
облыстарда, республикада селекциялық  жұмыстардың  жүргізілуінің  дұрыстығын
жүйелі тексеру және бағалау;  мал  шаруашылық  мәселелеріне  көптің  назарын
аударту және т.б. Көрмелердің жұмыстары кезінде  сұхбаттар,  консультациялар
өткізіледі, басшылардың және ең жақсы  шаруашылықтардың  мамандарының  жұмыс
тәжірибелері туралы есептері, ғалымдардың  дәрістері  оқылады,  ғылыми  және
документальды фильмдер көрсетіледі.
Көрмелер өзінің сипаты  мен  мазмұны  бойынша,  ауыл  шаруашылығының  барлық
салалары көрсетілген, малдардың бірнеше түрлері қатысатын немесе малдың  бір
түрі  бойынша  болуы  мүмкін.  Өзінің  көлемі  мен   территорияны   қамтуына
байланысты көрмелер республикалық, облыстық, зоналық, ауданаралық,  аудандық
болу мүмкін.
Байқаулар – бұл қысқа мерзімді тар  мамандалған  көрмелер.  Оларды  аудандар
көлемінде,  ірі  тұқымдық  шаруашылықтар  зоналарында  өткізеді.   Байқаулар
жануардың  бір  түрдің  және  белгілі  бір  категорияның  (төл,   аталықтар,
ұрғашылар)  жануарын  көрсетеді.  Мұнда   әр   түрлі   шаралардың   өткізілу
эффектісін және асылдандыру жұмыстардың түрлі әдістерін  қолдануын  бағалап,
салыстыруға болады.
Байқаулар бір күн бойы өткізіледі.
Т  ұ  қ  ы  м  д  а  р  к  е  ң  е  с  і.  Бір  тұқымның  малдарын  өсіретін
шаруашылықтардың жұмыстарын  үйлестіріп,  бірлестіру  үшін  біздің  елімізде
жеке тұқымдармен жұмыстар бойынша кеңестер  құрылды.  Олар  келісімді  түрде
ғылыми қызметкерлерден, асылтұқымды шаруашылықтар басшылары және  станциялар
малдарынан қалыптасады. Кеңестер жалпы және жеке  үйірлер,  зауыттық  аталық
із  бойынша  тұқымның  жағдайын  зерттейді;  тұқымды  әрі  қарай  жақсартуға
шаралар жасайды; тұқыммен жұмыстардың  болашақ  жоспарларын  құрайды  (10-15
жылға). Олар тұқымдық  жұмыстармен  әдістемелік  басшылығын  жүзеге  асырады
және тұқымдық зауыттардың, тұқымдық шаруашылықтардың,  мемлекеттік  тұқымдық
станциялардың жұмыскерлеріне жеке  табындармен,  зауыттық  аталық  іздермен,
аналық  ұялармен  және  асылтұқымды   жануарлардың   басқа   да   топтарымен
селекциялық-асылдандыру  жұмыстарды  реттеуде  және  жүргізуде   тәжірибелік
көмек көрсетеді.
Тұқым мен асылдандыру жұмыстардың жоспары. Бұл жұмыстың  негізгі  мақсаты  –
асылдандыру  жұмыстың  бағытының  үйлесімдігі  және   тұқымдық   ресурстарды
жоспарлы түрде пайдалану. Соңғы  жылдары  біздің  елімізде  ауыл  шаруашылық
жануарларының  түрлері  бойынша   барлық   басты   тұқымдармен   асылдандыру
жұмыстардың  болашақ  жоспарлары  құрылды.  Ондай  жоспарлар  ұзақ   уақытты
құрайды (10-15 жыл). Кез-келген табынды,  әсіресе  асылтұқымды,  жақсартудың
болашақ жоспарын жасау шығармашылық, әрі қиын үрдіс.
Асылдандыру жұмыс жоспарын құрастыру  әдістемесі  екі  бөлімді  қарастырады.
Бірінші бөлім тұқымды  шығарудың  тарихи  шолуынан  және  негізгі  зоналарда
өсірудегі оның жағдайын  талдауынан  тұрады.  Бұл  бөлімнің  мәні  болашаққа
жасалынатын шаралардың дәйектемесі  болып  қызмет  етуінде.  Екінші  негізгі
бөлім тұқымның  өнімдік  және  тұқымдық  қасиеттерін  жақсарту  жолдары  мен
әдістерін анықтауға арналған. Тұқымдардың  ареалына  байланысты  асылдандыру
жұмыстардың жоспарында онымен бірге жеке бөлімдер анығырақ жетілдіріледі.
Географиялық кең таралған тұқымдар бойынша  құрылған  жоспарларда  әр  түрлі
зоналарда асылдандыру  жұмыстарды  жүргізудің  ерекшеліктері  қарастырылады,
тұқымаралық зоналық типтердің ерекшеліктерін зерттеп,  анықтайды.  Әр  түрлі
зоналардағы асылдандыру жұмыстардың бағытын дәйектеу және жеке,  бір-бірінен
алшақ    жатқан    тұқым    зауыттарындағы    және    басқа     асылтұқымдық
шаруашылықтарындағы  құнды  туыстас  топтардың  және   ерекше   жануарлардың
тұқымдары үшін ең жақсы түрде қолдану ерекше маңызды.


$$$003-000-000$3.3 Практикалық сабақтар
      Тақырып 1. Селекцияның генетикалық негіздері
      Тапсырма.  Дисперсті  анализ   арқылы   тұқымкуалаушылықтьщ   белгісін
анықтау.
      Тақырып 2. Селекцияның генетикалық негіздері
      Тапсырма. Туыстықтың әртүрлі эдәстерін қатарлау.
      Тақырып 3.4 Асьлдандыра сұрыптау
      Тапсырма. Әртүрлі шаруашылыктағы асылдандыра сұрыптау эдістері.
      Тақырып 5. Фенотип бойынша сұрыптау және бағалау.
      Тапсырма. Фенотип бойынша сұрыптаудың практикалық әдістері.
      Тақырып 6.7 Генотип бойынша сұрыптау бағалау
      Тапсырма. Генетип бойынша сұрыптау әдістері.
      Тақырып 8.9 Селекция эфектісін болжау жэне анықтау әдістері
           Тапсырма. Нақты отардағы селекция эфектісін анықтау.
      Тақырып 10.11 Малшаруашылығындағы асылдандыру іріктеу.
      Тапсырма. Әртүрлі асылдандыру мақсатында іріктеу формаларын аныктау.
      Тақырып 12.13 Өндірушінің өз белгісін сақтауы.
      Тапсырма. Өндірушінің өз белгісін сақтауының әртүрлі эдістерін анықтау
      Тақырып   14.15   Инбридинг   малдарды   көбейтудегі   әдіс   ретінде.
Тапсырма.Инбридингтің коэфицентін анықтау.
      Тақырып 16.17 Солтустік қазақ меринос тұқымын шығару жолымен танысу.
      Тақырып 18.19 Жаңа турлерді шығару.
      Тапсырма.Кеңаумақтағы селекцияны шығару эдістері.
      Тақырып 20.21 Кеңмасштаптағы селекция
      Тапсырма. Зоотехникалық есептің және асылдандыру формасын толтыру.
      Тақырып 22.23Асылдандыру және зоотехникалық есепті жүргізу.
      Тақырып 24.25 Ауылшаруашылық малдарды бонтировкалау.
      Тапсырма.Мая түрлеріне бонтировка жүргізу эдістемесі.
      Такырып 26.27 Әртүрлі шаруашылықтардағы асылдандыру жұмыстары.
      Тапсырма.Асылдандыру заводында, асылдандыру шаруашылығында және  товар
шаруашылығында асылдандыру жұмысының ерекшеліктері.
Тақырып 29.30 Асылдандыру  жұмысын  жоспарлау  жэне  ұйымдастыру.  Тапсырма.
Асылдандыру жұмысының жоспарын кұру эдістемесі




$$$007-001-000$3.4.1 Бірінші межелік бақылау тестілері


$$$ 1
Тірі организмдердің тұкым қуалаушылық және өзгергіштік  қасиетін  зерттейтін
ғылым.
А. генетика
B. морфология
C. физиология
D. микробиология
Е. биометрия
$$$ 2
Тұқым куалаушылықтың неше касиеті бар
А. 4
В. 6
С. 3
D.2
Е. 1.
$$$ 3
Селекцияның неше әдісі бар
А. 3
В. 4
С. 5
D. 6
Е. 7
$$$ 4
Селекция қандай мағына береді:
А. жұптау
В. топтастыру
С. гибридтеу
D. сұрыптау
Е. бордақылау
$$$ 5
Фенотиптік деп аталады немесе фенотипі бойынша жұптастыру мен бағалау.
А.  Жасанды ссұрыптау
В. Жаппай сұрыптау
С. Тұрақтандыратын сұрыптау
D. дизруптивтік сұрыптау
Е. Бағытталған сұрыптау
$$$ 6
Ағзамен сыртқы орта әсерінің өзара  әсерлерінен  туындайтын  ағзаның  барлық
касиеттерінің жиынтығы.
А. сұрыптау
В. экстерьер
С. интерьер
D. фенотип
Е. генотип
$$$ 7
Күйге келген аналықты таңдап  алғаннан  кейін,  оған  алдын-ала  сұрыпталған
қошқармен жұптастырады, шағылыстыру әдісі:
А. Үйірлі
В. Қолдан
С. Еркін
D. Кластық
Е. Тандемді
$$$ 8
Саулықтардың белгілі тобына  сәйкес  қошқарларды  белгілейді,  олар  шағылыс
кезең аяқталғанша бірге жүреді. Шағылыстыру әдісі:
 А. Үйірлі
В. Қолдан
С. Еркін
D. Кластық
Е. Тандемді
$$$ 9
 Малдың мінез-құлқын оқытатын биологияның бөлімі
А. биология
В. физиология
С. экология
D. этология
Е. генетика
$$$ 10
Малды конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді  бағалау.алды
конституциясы, экстерьері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау.
А. селекция
B. гибридтеу
С. бонитировка
Д. класстау
Е. жұптау

$$$007-001-001$3.4.2  Екінші межелік бақылау тестілері

$$$ 1
Жалпы отар мен асыл тұқымдық ядро көрсеткіштер арасындағы айырмашылық  қалай
аталады:
А.селекциялық дифференциал
В.тұқым қуалағыштық
С.қайталанғыштық
D.корреляция
E.өзгергіштік
$$$ 2
Сол және бір топ малдарында әр түрлі  қоршаған  орта  немесе  әр  түрлі  жас
шамасында  әр  түрлі  фенотиптік  құрылымның  тұрақтылығын   қалай   атайды:

А.селекциялық дифференциал
В.тұқым қуалағыштық
С.қайталанғыштық
D.корреляция
E.өзгергіштік
$$$ 3
Егер бірінші белгі өзгерген кезде, екінші белгі  сол  немесе  басқа  бағытта
өзгерсе, ол
А.селекциялық дифференциал
В.тұқым қуалағыштық
С.қайталанғыштық
D.корреляция
E.өзгергіштік
$$$ 4
Бір тұқымға жататын малдарды шағылыстыру мал өсірудің  қай  әдісіне  жатады:

А.таза тұқым өсіру
В.гибридтеу
С.будандастыру
D.аталық із бойынша өсіру
E.қан жаңарту
$$$ 5
Әр түрлі тұқымға жататын  малдарды  шағылыстыру  мал  өсірудің  қай  әдісіне
жатады:
А.таза тұқым өсіру
В.гибридтеу
С.будандастыру
D.аталық із бойынша өсіру
E.қан жаңарту
$$$ 6
әр түрге жататын малдардың шағылыстыру  мал  өсірудің  қай  әдісіне  жатады:

А.таза тұқым өсіру
В.гибридтеу
С.будандастыру
D.аталық із бойынша өсіру
E.қан жаңарту
$$$ 7
Бір тұқымға жататын, бірақ әр түрлі өндірістік немесе  экологиялық  жағдайда
өсірген саулық пен қошқарды шағылыстыру қалай аталады:
А аталық із бойынша
В.тұқым жаңарту
С.қан жаңарту
D.туыстас мал өсіру
E. туыстас емес мал өсіру
$$$ 8
Ұнамды тип талаптарына жауап беретін және басқа  тұқымның  құнды  сапаларына
ие болған  будан  малдарды  өз  ішінде  өсіруді  будандастыруды  қай  түріне
жатқызады:
А.кіріспе
В.кәсіптік
С.кезек
D.сіңіре
E.өндіре (заводтық)
$$$ 9
Бір тұқымға жататын саулықтардың жеке кемшіліктерін  жою  үшін  оларды  типі
мен өнімділік сипаттамасы ұқсас  басқа  тұқым  қошқарларымен  будандастыруды
қалай атайды:
А.кіріспе
В.кәсіптік
С.кезек
D.сіңіре
E.өндіре(заводтық)
$$$ 10
Бірінші будан ұрпақтың ет және жүн  өнімділігін  жоғарылату  мақсатында  екі
немесе    бірнеше    тұқым    малдары    будандастыруды    қалай     атайды:

А.кіріспе
В.кәсіптік
С.кезек
D.сіңіре
E.өндіре   (заводтық)

$$$007-001-002$3.4.3 Емтихан сұрақтары
    Мамандыққа кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары


1.  Пән,   міндеті   және   қой   селекциясы   мен   интенсивті   өсіп   өну
   биотехнологиясы.
2. Эволюция  ілімінің  қалыптасуы.  Ч.  Дарвиннің  эволюциялық  ілімі,  оның
   маңызы.
3. Мал шаруашылығының қоғам дамуындағы маңызы
4.  Жануарлардың өсіп-жетілуі /даму/ заңдылықтары..
5. Мал селекциясының теориялық негіздері.
6. Сұрыптаудың мәні мен генетикалық алғышарттары. Сұрыптау
7. Малды дене бітімі, сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау  және
   сұрыптау
8. Сұрыптау барысында әсер ететін жағдайлар..
9. Сыртқы пішіннің /экстерьердің/ маңызы
10. Малдың сырт пішініне қарап бағалау арқылы шешілетін  зоотехникалық  және
   селекциялық мәселелер.
11.  Малдың жасы мен қоңдылығын анықтау жолдары.
12.  Малдың ішкі құрылысы және оның зоотехниядағы маңызы
13. . Мал өнімі мен мал өнімділігі туралы түсінік.
14. Малды өніп-өсу және жетілгіштігі бойынша селекциялау
15.  Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері
16.  Әртүрлі мал түліктері өнімділік көрсеткіштерінің тұқым қуалауы.
17.  Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау
18.  Өнімнің саны мен  сапасы,  оған  жұмсаған  азық  шығыны,   экономикалық
   көрсеткіштері және олардың мал тұқымын асылдандырудағы маңызы
19. Мал өнімділігіне әсер ететін жағдайлар /факторлар/.
20.  Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау.
21. Мал асылдандыру жұмысының мал  шаруашылығын  қарқындата   өркендетудегі,
   мал өнімділігін арттырудағы ролі
22.  Аталық малды /бұқалар, қабандар,  айғырлар/  ұрпағының  сапасына  қарай
   сынауды ұйымдастыру.
23. Сынауға қойылатын аталықтарды  алдын ала сұрыптау және  олардың  жасының
   маңызы.
24. Малды шаруашылыққа жарамдылығы мен тұқымдық сапасына қарай топтастыру.
25. Бонитировка жасау /баға беру/  және  бонитировкалық  кластар  тағайындау
   принциптері
26.  Малдың генотипін ертерек және өте  дәл  бағалау  мәселелері  және  оның
   нарық жағдайындағы экономикалық маңызы.
27. Селекциялық және тұқымдық мал топтары, олардың маңызы
28.  Бонитировка нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар
29. Мал өнімділігі-негізгі селекциялық белгі.
30. Табынға генеологиялық /туыстығы/ тұрғыдан талдау жасау
31. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары
32. Жұп таңдаудың негізгі принциптері:
33. Жұп таңдау түрлерін жіктеу
34.  Малдың селекциялық белгілерінің  өзгергіштігі мен  тұқым  қуалаушылығын
   зерттеудің биометриялық негіздері.
35. Гибридтеу түрлері мен тарихы.
36.  Шағылыса алмау, оның себептері, болдырмау жолдары
37.  Өнеркәсіптік кешендерде малды  биологиялық  ерекшеліктері  мен  өнімдік
   сапасына қарай топтастыру принциптері және оның маңызы
38.  Жаңа  мал  тұқымдарын   шығару   және   оларды   одан   әрі   жетілдіру
   бағдарламалары /жолдары/.
39. Қазақстан Республикасы  мен ТМД  елдеріндегі   мал  тұқымын  асылдандыру
   қызметінің құрылымы
40. Қазақстан Республикасындағы мал тұқымдарын асылдандыру базалары.
41. Будандастыру түрлері.
42. Таза тұқымды мал өсіру – маңызы, қолдану мақсаты,
43.  Генетикалық және фенотиптік байланыстар. (корреляция)
44.  Қой шаруашылығындағы гибриттеу.
45.  Табиғи және қолдан сұрыптау.
46.  Экстерьері мен өнімділігі бойынша сұрыптау.
47.  Шежіресі бойынша сұрыптау.
48.  Жұп таңдау әдістері.
49.  Гомогенді жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.
50.  Гетерогенді жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.
51.  Жеке жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы.
52.  Топтық жұп таңдаудың мақсаты мен маңызы. .
53.  Бонитировкалау техникасы, өткізу уақыты.
54. Жеке бонитировка.
55.  Кластық бонитировка.
56.  Қой  малдарының  асыл  тұқымдық   кітабының   маңызы.   Асыл   тұқымдық
   кітаптар.Өндіре (заводтық) будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.
57.  Кезек будандастыру  – маңызы, қолдану мақсаты.
58.  Сіңіре будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.
59.  Кіріспе будандастыру - маңызы, қолдану мақсаты.
60.   Кәсіптік будандастыру – маңызы, қолдану мақсаты.




Пәндер