Файл қосу

Ағылшын тілін оқыту әдістемесі



           Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі
          Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
                             Филология факультеті
                      Шет тілдер филологиясы кафедрасы











        «Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
                               (ағылшын тілі)
                 пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған



                           ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН































                                Семей 2014 ж.

                                  Мазмұны:


   1. Глоссарий
   2. Пәннің оқу бағдарламасы
   3. Дәрістің жоспары
   4. Зертханалық сабақтардың жоспары
   5. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
   6. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар
   7. Бақылау сұрақтары
   8. Емтихан сұрақтары






































                                  Глоссарий
- The Article -     артикль
-  The Noun-       зат есім
-  The Adjective – сын есім
-  The Degrees of Comparation –сын есімнің шырайлары
-   Comparative degree – салыстырмалы шырай
-   Positive degree –         асырмалы шырай
-   Superlative degree -     күшейтпелі шырай
-  Personal pronouns -      өздік есімдігі
-  Possessive pronouns -   жіктеу есімдігі
-  Reflexive pronouns -     тәуелсіздік есімдігі
-  Demonstrative pronouns – сілтеу есімдігі
-  Interrogative pronouns -     сұрау есімдігі
-  Indefinite pronouns -         белгісіздік есімдігі
-  The Numerals -               сан есім
-  The Verb -                       етістік
-  starke Verben -                әлді етістік
-  schwache Verben -          әлсіз етістік
-  Transitive und intransitive Verbs - ауыспалы етістік
-  Modal verbs-                    модальдық етістіктер
-  Perfekt - перфект  Перфект (күрделі өткен шақ)
-  Past Indefinite Tense - (өткен шақ)
-  Present Indefinite Tense - ( осы шақ)
-  Future Indefinite Tense -  (келер шақ)
-  Passiv voice -пассив -     ( Пассив) ырықсыз етіс
-  Active voice             -       (Актив)   ырықты етіс
-  Imperative -                      бұйрық рай
-  Conjunction -        шылау
-   Infinitive-             инфинитив
-   Partisip-               причастия
-   The  Adverb-       үстеу
-   The Prepositions -предлогтар
-   The Subject-        бастауыш
-   The Predicate-      баяндауыш





Дәрістің жоспарлары:

№ 1, 2 дәрістер
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері.  Шет
тілін  оқыту  әдістемесінің  теориялық  негіздері.   Ағылшын   тілін   оқыту
әдістемесі.
Мақсаты:
    • Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері
    • Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы
    • Шет тілін үйретудің орта кезеңі
    • Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі
    • Грамматикалық- аудармалық әдіс.
    • Тура әдіс. Г.Пальмер әдісі
    • Қазіргі әдістер
    • Әдістеме және әдіс туралы түсінік
    • Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданылатын әдістері
    • Сабақтағы оқушының қызметтері
    • Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
   Шет тілі орта мектепте  үш  кезеңге  бөлінеді:  бастауыш,  орта,  жоғарғы
   сыныптар. Әрбір  кезеңнің  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Сондықтан  әр
   кезеңге кейінірек тоқталайық.
                               Бастауыш кезең
      Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор  болады.
   Олар  шет  тілінде  сөйлегісі  және  түсінгісі  келеді.   Олар   көптеген
   жаттығуларды орындайды және  олармен  сабақ  үстінде  көп  жұмыс  жасауға
   мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл  бөлінеді.  Әрине,
   оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
   1. Шет  тілін  үйрету  ауызша  үйретуден  басталады.  Әуелі  шет  тілінің
      фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс  ырғағы,
      екпіні, ритміүйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
   Тілдің  әріптер  мен  дыбыстарын  үйренгеннен  кейін  сөздердің   жазылу-
оқытылуын үйрене  отырып,  сөйлем  құрастырып,  сөйлеуге  қолдана  бастайды.
Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
   Бұл әдістің жетістігі  сол ол тілді үйренудің оқу,  жазу,  сөйлеу  сияқты
барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш  сынып  оқулықтары  ауызша
бөлімнен басталады.
   Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі
   Teacher: This is a chair.
      Is this a chair? Yes, it is.
      Is this a table? No, it is not. It is a chair?
   Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет  естиді,  жекелеп
айтады.

      Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы
      Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың  тарихы  1947  жылдан  басталады.
1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте  щет  тілін  оқытуды  жақсарту
туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен  құжаттар
болды.
      Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды  жаңарту»  туралы
қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді  айқындап  берді.  1977  жылы
«орта  мектепте  оқытуды,  тәрбиелеуді  дамыту  туралы»   қаулыдан   кейінгі
көптеген өзгерістер болды.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің  негізін  қалау  арқылы
анықталады.  Осы  бастауыш  кезеңде  әрі   қарай   шет   тілін   оқып-үйрену
жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас  құралы  ретінде  қолдануға  екі  жылдай
әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу,  оқуды
білу керек.
      Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте  маңызды  кезең,  осы  кезеңде
оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын  әдіскері  Г.Пальмер  бұл
кезең туралы былай деген: “Take care  of the first two stages and  the  rest
will take care of itself”.
      1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.
       Сол  ғасырдың  50-жылдар  кезеңі  мектептерде  ағылшын  тілін   оқыту
әдістемесінің елеулі кезеңі болды.
      1947 жылғы қаулыдан кейінгі  орта  мектпете  ағылшын  тілі  3-сыныптан
бастап  оқытылады,  ағылшын  тілінде  және  ағылшын  тіін  оқытатын   арнайы
мектептер ашылды.
      Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5  сыныптардан  басталды.  Бұл
кездегі бағдарламада қойылған  негізге  талаптар:  оқыту,  түсіну  және  шет
тіліндегі  мәтінде  аудара  білу.  Ауызша  сөйлеуді   түсіну,   ауызша   мен
жазбашаның негізін қалау.
       Бағдарламада  білімнің  екі   түрін   рецептивті   және   өнімділікті
айқындайды. Бастауыш кезеңде  де  бірінші  орынға  оқып-түсіну  және  аудару
қойылады.
    - Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
    - Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
    - Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
    -  Жазбаша аудара білу
   Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
    - мәтінді көшіріп жаза білу
    -  қысқа сөйлеуді жаза білу
   Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек.
   1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды.
   1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.  Мұнда
лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл  кезеңге
де негізгі талап оқу және аудару болды.  Ауыша  сөйлеу  мұғалімнің  қойылған
сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.
      1961 жылғы  қаулыдан  кейінгі  өзгерістер.  Бұл  кезеңдегі  бағдарлама
бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.
   Ауызша сөйлеуде шет тілінде  өз  ойын  айта  алу  және  ауызша  хабарлама
жасауға (монолог) және  шет  тілінде  әңгіме  жүргізе  білуге  (диалог)  мән
берілді. Оқуға қойылатын талап  та  өзгерді.  Аудармаға  аз  көңіл  бөлінді.
Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон  таспасын,  күйтабақты
қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
   Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
    - Шет тілінде әңгімелесе білу
    - Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
    - Оқи білу
   Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
      Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
   1) Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
   2) Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
   Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М.  Уайзер
сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар  шығарды.

   Халықаралық  қатынастардың  дамуына  байланысты  ағылшын  тілін  оқытудың
маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған  әдістемелік  кітап  және
үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі  топқа  бөлінді.
Балалар бақшасы  мен  бастауыш  сыныпта  ағылшын  тілін  оқыту  бағдарламасы
жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
   1.  Сөйлеудің  барлық  түрін  бірге  дамыту   (ауызша   алдын-алу,   авт.
      Г.М.Уайзер)
   2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе аузша  курспен,  авт.  А.П.Старков).  шет
      тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа
      бағдарлама   жасалып,   оқулықтар   шығарылды.   Бағдарламада    тілді
      тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.
   2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
   1. Мұғалімнің сөзін түсіну
   2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
   3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
   4. Ауызша әңгіме айта білу
   5. Тақпақты жатқа айта білу
   3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
   1. Мұғалімнің айтқаның түсіну
   2. Мәтінді түсіндіре білу
   3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру
   60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар  болып
саналады.  Осы  жылдары  әдістемеге  байланысты  көптеген  ғылыми   еңбектер
жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.
   Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
      Бірінші кезең – оқытудың  бірінші  жылы,  екінші  кезең  –  барлық  10
сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11  сыныптар.  Оқытудың  бірінші
кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан  қысқаша
сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және  дауыстап  оқуға  үйретіле
бастайды. Бағдарлама  бойынша  бекітілген  уақытқа  дейін  созылатын  ауызша
кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі –  аузыша  сөйлеу  болып
табылады.
      Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады  және  өз  атынан  сөйлем
айтуға  дағдыланады,  күнделікті  қарым-қатынас  тіліне   үйренеді,   тыңдап
түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері  дамиды.  Бұл
кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен  де,  оқуға
да үлкен ден қойылады.
       Үшінші  кезеңде  ауызша  сөйлеу  күнделікті   қарым-қатынас   тілінен
бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу  деңгейіне
дейін,  сонымен  қатар  көркем   әдебиет,   ғылыми-ағарту   тақырыптары   да
қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен  оқу  бірдей  деңгейде
алынады.
Әдістер  атауы  туралы  түсінік.   Әдістемелер   әртүолі   кзкңдерде   оқыту
мақсаттарының  өзгеруіне  байланысты   жаңадан   аталып   отырады:   мысалы,
логикалық   қағидалар   бойынша   ситетикалық   әдіс,   аналитикалық   әдіс,
дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық  әдіс,  лексикалық
әдіс,   фонетиакалық   әдіс,   тілдің   психологиялық   қағидалары   бойынша
индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты –  жөні  бойынша  Коменский
әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі  әдістерге
ғана тоқталайық:
        1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.
        2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.
        3. Қазіргі әдістер.


      Грамматикалық аудармалық әдіс  көбіне  классикалық  тілдерде  әсіресе,
латын тілін оқытуда  қолданылған.Бұл  әдісте  тіл  грамматикалық  ережелерді
жаттау  арқылы  оқытылады.  Жаңа  сөздер  грамматикалық  тақырып   көлемінде
алынады.  Ал,  аударма  жаңа  сөздері,  сөз  құрылымын,  ережесін  оқытқанда
қолданылады.Барлық  жаттығулар  белгілі   грамматикалық   ереженің   аясында
құрылып, ана тілінен шет  тіліне,  шет  тілінен  ана  тіліне  аудару  арқылы
орындалған.

       Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:
     1. Грамматикалық талдаудың негізі;
     2.  Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
     Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді  талдаудың  ең  жақсы
әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем  мүшелерін,  яғни  бастауыш
пен баяндауышты, толықтауышты анықтыу. Әрі қарай талдаудф етістіктің  шағын,
етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан  кейін  оқушыларға  осы  сөйлемнің
шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
     Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде  болады,
ал синтаксистік  негізгі қағидалары  барлық  тілдерге  тән.  Барлық  ағылшын
тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
     Грамматикалық  –  аудармалық  әдіс  алғашында  XVIII-   XIX   ғасырдың
мектептерінде   кеңінен   қолданылды.   Кейінен   педагогика,    психология,
лингвистика  ғылымдарының  дамуы  бұл  әдіске  өзгерістер  енгізіп,   XIX-XX
ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.
     Қазір  де  әдістемеге  дәстүрлі  тұрғыдан  қарағанда  грамматиаклық  –
аудармалық әдіс жиі кездеседі.
     Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі  негізгі  оқу
құралы.  Грамматикалық  ережелерді  игерудің   нәтижесінде   тіл   жаттығып,
сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.


     Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі.  Тура  әдіс  грамматикалық  –  аудырмалық
әдіске қайшы әдіс реиінде дүниеге келді.
     Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы,  капиталистік
мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты  пргпестер  шет  тілін  білетін
мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінед жаңа әдістің  пайда  болуына
себепші болды. Тілді іс   жүзінде   игеру  мектептерде  шет  тілін  оқытудың
негізгі мәселесіне айналды.
     Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
         1)Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік,яғни, бірінші
орынға сөйлеу қойылуы;
         2)ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
         3)Тілді  үйрету  ісінде  аудырманың  өте  аз  мөлшерде,  керісінше,
ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
         4)Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы  (грамматикалық
әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар  орындалады,  ал  бұл
әдісте  әуелі  жаттығулар  оындалып,  содан  кейін   грамматикалық   тұжырым
жасалады).
         5) Айтуды үйреиуге үлкен көңіл бөлінеді.
         6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе,  тақырыпқа  ьайланысты  сәтіндер
құрасытыруға назар аударылады.
      Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет  тілін  оқытуда,  шет
тілімен баратін түсініктің арасындағы байланыстың тура  болып,  ана  тілінің
мүлдем қолданылмауы.
      XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура  әдістің  бірнеше  түрі
пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
       Бұл әдісті пайдаланатын  мұғалымдер  тіл  үйретудің  алғашқы  күнінен
бастап,  оқушыны  әңгімелесуге  тартады,  заттарды,  суреттерді  пайдаланып,
сөйлемнің мағнасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
      Тура әдісті қолданушылар өте  көп.  Осы  әдіс  оқушылардың  шет  тілін
меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
      Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:
         1)Оқу материалы мен жаңа сөздер  ғылыми  негізсіз  іріктеледі.  Бұл
әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа  сөз  білуі
керек.
         2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
         3) тәжербиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
      Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағлшын әдсікерлері  Г.
Пальмер мен М. Уэст болды.
         Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту  іріктелген  материалдың  негізінде  жүзеге  асырылды.  Г.
Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа  сөздердің  мөлшері  3000  сөз
болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:
   -іс – қимыл арқылы  (Мұндай  арнайы  жасалған  заттарды  көрсетіп,  қимыл
 арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
 -сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын  тіліндегі
мысалдарға қарап, сөйлемдер құоауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде  жиі  қолданылады  және  оқушыларға
мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі  үнемі  қолданылатын  сөздер  мен   сөз  тіркестерінің
берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
-тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға  жылдам  сөйлегенде  ағылшын  тілін
түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

|  I        |saw        |two        |books      |here       |yesterday   |
|You        |put        |three      |letters    |there      |last week   |
|We         |left       |a few      |keys       |on the     |on  Sunday  |
|They       |found      |some       |good ones  |table      |this morning|
|           |           |           |           |in this    |            |
|           |           |           |           |book       |            |

Шет  тілін  оқыту  –  мұғалімнің  үздіксіз  еңбегінің  және  оқушының   оған
жауабының тізбегі. Шет  тілін  үйренуде  оқушы  мынадай  кезеңдерден  өтеді:
I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы  сынып
бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.
ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма  береді.  Мысалы:  «Дауыс  ырғағына
назар аударыңыз».
б)Бұйрықтарды орандау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here.
Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.
II.Қабылдау – еліктеу.
Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.
III. Әңгімелесу.
Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.
IV.Сөйлеу
Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді.
Жалпы, Г. Пальмер әдісінің  негізі  –  сөйлеуді  үйрету,  ал  М.Уэст  болса,
керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст   оқу  арқылы  шет  тілін
үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.
а) оқуға арналған кітаптар
ә) жаттығу кітаптары
Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесіне  үлкен  үлес
қосты.
Қазіргі әдістеме дәстүрлі  және  аудио  –  лингвистикалық  оқыту  деп  екіге
бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:
   - тыңдауды және сөйлеуді дамыту
   - сөйлеу үлгілерін пайдалану
   - аударианы өте аз қолдану
   - грамматиканы үлгі арқылы оқыту
   - сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану
Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:
   - шеттілін жетік білуі
   - педагогика мен психологияны дақсы білуі
   - оқыту әдістері мен техникасын білуі
   - оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.

   Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика
ғылымында   әдістеменің    екі    түрі    бар:    оқыту    және    тәрбиелеу
әдістемесі.Әдістеме  –  мұғалім   тәрбиесінің   педагогикалық   шеберлігінің
негізі. Шет  тілдерінде  оқыту  әдістемесінде  «әдіс»  сөзі  мынадай  ұғымда
қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына,  мазмұнына  және
қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.
Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс,  тура  әдіс,  т.б  Грамматикалық  –
аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу  мен  оқушының  шет  тіліндегі
мәтінді  оқып  аудара  білуі   мүмкіндігі   жатады.   Көбіне   грамматикалық
ережелерді  оқып  білуге  көңіл  бөлінеді.  Тура   әдісте   алдымен   сөйлеу
дағдыларын қалыптастырып, шет тілін  түсіне  және  сөйлей  білуге  үйретеді,
сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.
      Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту  жүйесіндегі
бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту  әдісіндегі  Француа  Гуэн  әдісі,  Г.
Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б
      Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының  арасынадағы  белгілі
бір тәртіпке байланысты процесс.  Бұл  ретте  әдіс  оқытудың  қа,идаттарымен
айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады.
      Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның  екі  құрастырушысы
бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы  (оқушы,студент).  Оқытушы  оқушының  оқуға
деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек.  Оқу  -  өте
белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне  қатысуы  керек.  Бұл
екі жақты іс-әрекет: біріншісі  –  оқытады,  екіншісі  –  оқиды,  мұнда  екі
жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.
      Сабақтағы  мұғалімнің  қызметтері.  Оқытушы  ұйымдастыру,  оқыту  және
бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының  міндеті  –  оқу  материалымен
танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу,  үйрену
және шет тілінде түсінгенін  айтып,  еркін  сөйлеуге  талпыну  және  мәтінде
кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.
       Оқытушының  өз  міндеттерін  ұйымдастыруы.Мұғалімге  қойылатын  басты
талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу  материалының
(тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға  үйретіп,  оқу  процесін
ұйымдасиыруы тиіс.
       Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі,
шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән  ана  тілінен  кейінгі  екінші  тіл.  Бұл
ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан  бастап  әр
оқушыны  сабаққа  тартуға  тырысу   қажет.   Мысалы:2-   сынып   оқушыларына
магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.
      Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету  және
үйреніп жатқан тіл арқылы  білімді  толықтыру,  тілід  ауызша  және  жазбаша
қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.
      Мұғалімнің    бақылау    қызметіне     оқу     материалын     оқушының
(түсінгенін,түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған  (дұрыс,дұрыс
еместігі),   байланыс   құралы   ретінд    қолданғанда    байланыс    құралы
орындалды,орындалмады,қалай орындалды) немесе оны қолдану  үшін  не  кедергі
болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының  қызметіне  не  жатады,  соны
қарастырайық.
      Оқушының қызметтері. Оқушының  негізігі  міндеті  –  оқу  құралдарымен
танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне  білу.  Келесі  міндеті  –
жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет  есту,  сөйлеу  және
көру мүшелері арқылы өткізіп,ны есте сақтау.
      Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену  мүмкін  емес.  Оқушының  тағы  бір
міндеті – қолдану яғни  үйренген  тілді  қатынас  құралы  ретінде  пайдалана
білу. Оқу процесінде оқушы мен  оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты,  бұл
оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.
      Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының  қызметін
көрсетіп, оқушының материалымен танысуына,  жаттығуына,  қолдануына  сілтеме
жасауы  тиіс.  Әдістеме  дегенімізді  оқушының  оқуын  басқару  тәсілі   деп
түсінуімізге де болады. И.Л.  Бим  көрсеткендей,  әдістеменің  негізгі  және
қосалқы түрлері бар.
Негізіг әдістемеге:
                 1)таныстыру
                  2)жаттығу
                  3)қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістемеге:
                  1)бақылау
                  2)түзету
                  3)бағалау жатады
Ал оқушының қызметінің негізігі әдістеріне
                   1)танысу
                   2)жаттығу
                   3)қолдануды жатқызуға болады
Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.
Мына сызбамен ианысайық.

Мұғалім                      әдіс                       оқушы



Ұйымдастырады----(танысу)
                                            (жаттығу)--- атқарады.
                                            (қолдану)

Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет.  Мұғалім  затты  көрсете
алады, оның ағылшын тіліндегі  атауын  айтып  көрсетеді.  Ағылшын  тіліндегі
сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді,фланелограф, магнитті
Тақтада көрсете алады.Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
   1. Орта мектепте шет тілін үйретудің неше кезеңі бар?
   2. Оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы әр түрлі болады.  Олар  неге
      байланысты?
   3. Бастауыш кезеңде шет тілін үйретуде сөйлеу іс-әрекеттерінің қай иүріне
      көп көңіл бөлінеді?
   4. Әр түрлі екі автордың «Мұғалімге арналған  оқулығын»  алып  5-сыныптың
      бірінші сабақтарын салыстырып қараңыз.
   5. 5-сыныптың бірінші сабағына өз сабақ жоспарыңызды құрыңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000



Дәріс № 3,4
Тақырыбы: Шет тілін оқытудың мақсаттары және мазмұны. : Шет  тілін  оқытудың
әдістемелік қағидаттары (принциптері) және құралдары.
Мақсаты:
    • Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік.
    • Тәрбиелік мақсат
 *     Білім беру мақсаты
 *     Дамыту мақсаты
 *     Әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары
      •    Окытудын мазмұны - әдістеменің негізгі мәселесі
          Лингвистикалық компонент
          Психологиялық компонент
           Әдістемелік компонент
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
       Оқу  бағдарламасында  пән  атаулары  мен  такырыптары,  сағат   саны
белгіленеді,  бұл  оқытудың  негізгі  құжаты  болып  табылады.  Бұл   құжат
оқулықпен салыстыру барысындағы  өзгерістердің,  толықтырулардың  көрінісі.
Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын  осы  бағдарламаларға  сүйене
отырып жоспарлап, жүзеге асыруы  тиіс.  Бағдарламаның  түпкі  және  қосалқы
мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр  сабактың  негізгі  және  қосалқы
мақсаттары болады.
       Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы
мұғалім үшін айқын болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
 1) тәрбиелеу
 2) ағарту
 3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1) тәрбиелік
2) дамыту
3) ағартушылық
4) тәжірибелік (практикалық)

  Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін  оқуға
үлкен  қызығушылықпен  кіріседі.  Олар  ағылшын  тілінде  қалай  сөйлейтінін
естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана айтса  да,
соған  қуанады.  Олар  амандасып,  қоштасып  үйренеді,  заттардың  атауларын
білгісі келеді. Мұғалім осы кезде  олардың  тілін  тыңдап,  қолдап,  дамытып
отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай  білуге,  сұрай
білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге  шет  тілі  арқылы  қол  жеткізуге
болады. "Адам адамға — дос, жолдас, бауыр"  деген  моральдық  кағиданы  есте
ұстаған жөн.
        Оқушылар оқуға үйренеді, кітап оқи білудің  тәрбиелік  маңызы   зор.
Ағылшын тілінде оқуды үйрету оқу мәдениетін көтеруге көмектеседі.  Сондай-ақ
мәнерлеп   оқу   да   оқушының   мәдениеттілігін   көрсетеді.   Оқу   арқылы
интеллектуалды еңбекті де дамытуға болады.
       Балаларды оқи білуге, акыл-ой еңбегінің тәсілдеріне үйрету керек, ол
жазбаша  және  ауызша  жаттығулар  жасау  үшін  қажет.  Оқушылар  оқулықты,
сөздікті және анықтамалыктарды пайдалана  білуі  керек,  оқулық  белгілерін
түсіне білуі керек. Оқыту эстетикасы талғамды да қалыптастырады.
  Ағылшын тілінде  білім  алу  мен  тәрбие  «education»  деген  бір  сөзбен
беріледі, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
  Оқытудың  дамыту  мақсаттары.  Дамыту   мақсаттары   оқушылардың   сезім,
қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту арқылы жүзеге асыруға  болады.  Даму
тек қана ойлаумен байланысты емес.
        Оқу-ұйымдастыру  білігі  мен  дағдысын   қалыптастыру   дамытушылық
мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының  тіл  білімі  деңгейін
жоғарлату және сол тілде ойлауды  дамыту  -  тіл  білімін  дамытудың  басты
мақсаты.
      Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек,
қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте
маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге
болатынын көреміз.
  Оқытудың ағартушылық мақсаттары. Кез келген  тілдің  ағартушылық  қызметі
өте зор.  Әрбір  тіл  сол  тілде  сөйлейтін  халыктың  мәдениетінің  тікелей
көрсеткіші.  (мәселен, француз тілі  -  француздар  мәдениеті  туралы  хабар
береді, иврит тілі -  еврейлердің  мәдениетінің  көрсеткіші  болып  келеді).
Оқушылар жаңа тілді  оқып  үйрену  үшін  сол  тілде  сөйлетін  халық  туралы
хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі  -  тілді
оқытудың ағартушылық мақсаты.
     Ана  тілін  оқып  үйренгенде  тілдің  негізгі  кұралдары  -сөздер  мен
грамматикалык  формалар  туралы  түсінік  қалыптасады.   Ал,   шет   тілінің
терминдермен   салыстыру   арқылы   оқушы   туған   тілдің    сөздері    мен
грамматикасының  категориясын  толық  түсіне  алады.   Сондықтан,   мұғгалім
бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытады.
  Мысалы: Верещагина,  Притыкина  ағылшын  тілін  өлең  арқылы  таныстыруды
ұсынады ("wһаt іs уоur namе?"). Мысалы, дауысты дыбыстың  ұзақ-қысқалылығы,
т.б. сипатына қарай. Шет тілінде оқыту логикалық  ойлауды  дамытады.  Тілді
үйрену  тыңдау,  көру,  есту,  қозғалыс  мүшелерін   белсенді   пайдалануға
үйретеді, ол зейінді, қиялды, үғымды дамытады.

  Оқытудың тәжірибелік мақсаты. Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін
шет тілі пәнінің ерекшелігімен танысуымыз қажет. Тіл  -  сырткы  дүние  мен
қоршаған орта туралы білім алу көзі.
  Бұл пәнді  оқытуда  оқушылар  шет  тіліндегі  атаулармен,  құбылыстарымен
танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы  екі  түрді  меңгеру
шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты  болып  табылады.  Яғни,  оқушы  шет
тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
      Шет тілін тыңдап түсіне білу  (аударғанша)  және  сөйлеп  білу  ауызша
түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу
және шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
    Сызба түрінде былай көрсетуге болады:


                            тілдің қатынас құралы




           ауызша                                        жазбаша

тыңдау және түсіну      сөйлеу                   оқу
  жазу


   Тыңдау, сөйлеу, жазу және  оқу  дағдыларын  қалыптастыру  оқушының  тілді
 ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.
   Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы  төрт  дағдының  негізін
 берік қалыптастыру қажет. Бастауыш кезеңде нені оқып үйренуге болады?
  Жоспарланған нәтижелер оқу бағдарламасында көрсетілген. Оқыту әдістемесін
кешенді  дұрыс  пайдалану  -  оны  оқытудағы  белгілі  бір  нәтижеге  жетуге
болатынын көрсетті. Мысалы: 5-сыныпта 1 минут ұзақтығындағы  сөзді  түсінуге
мүмкіндік бар.
   Бастауыш кезеңнің аяғында окушы мыналарді білуі тиіс:
 * Амандасу - Сооd morning!
 * Қалын сұрау - Неllо! How аге уоu?
 * Қоштасу - Gооd bуе!
 * Таныстыру – Тһіs is Міке.
 * Жауап беру - Неllо! Glad to meet уоu.
 * Туған күнмен құттықтау — Нарру вirtday!
 * Жаңа жылмен құттыктау - Нарру  New Үеаг!
 * Рұқсат сұрау - Мау I
 * Кешірім сұрау - I аm sorrу.
 * Рахмет айту - Тһаnк уou!
* Өзінің кім екені, мекені, отбасы, қызметі, өзінің туғандары, достары,
мектебі, үйі, көшесі, қаласы туралы айтып және суреттеп беру.
  -   Сұрақтарға жауап беру, сұрак қою.
  Бастапкы кезде оқу мен жазу негіздері қаланады.
  Окушылар ағылшын тілінде оқуды үйренеді. Оқу техникасы мен дауыс ырғағын
  қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар бар. Дауыстап
  оқу, жазу, бірінші оқу кезенінде қалыптастырады.

                       Ағылшын тілін оқыту мақсаттары















    Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып табылады. Мазмұн
ағылщын тілін пән ретінде қалай және нені оқыту керектігін аңықтайдады.

   Оқытудың мазмұны 3  негізгі компоненттен тұрады:
лингвистикалық
психологиялық
әдістемелік
   Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды  білуімен  катар,  неге
 осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек екенін білуі керек.
   Лингвистикалық  компонент.  Лингвистика  ғылымынсыз   оқытудың   мазмұнын
 анықтау мүмкін емес. Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі
 ретінде  зерттейді.  Адамдар  бұл  таңбалар  жүйесін  өзара  түсінісу  үшін
 қолданады. Ал әдістеме осы белгілерді оқыту жолдарын  іздейді.  Лингвистика
 тілдің нормаларын, оның  дыбыстық,  морфологиялық-синтаксистік,  лексикалық
 жақтарын, оның ауызша және жазбаша түрлерін зерттейді.
  Сонымен  бірге  тілдің  белгілі  бір   белгілер   жүйесі   мен   кызметін
қарастырады. Ал сөйлеу  дегеніміз  -  осы  белгілер  жүйесін  қарым-қатынас
барысында қолдану. Тіл мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі,  олар
бір-бірін толықтырады.
  Тілдің және сөйлеудің өзіне  тән  бірліктері  бар.  Тілдің  бірліктеріне:
фонема, морфема,  сөз,  фразеологлялық  бірлік,  микро  және  макромәтіндер
жатады.
   Оқытудың мазмұнын анықтауда тілге  немесе  сөйлеуге  үйрету  керек  пе?",
"Тілді жүйе түрінде оқыту керек пе? Әлде сөйлеуді үйрету керек  пе?"  деген
сұрақтар пайда болады.
  Тілді лингвистикалық феномен ретінде оқытса, ол тәжірибелік қарым-қатынас
құралы  ретінде  қолданылмайды.  Егер  грамматиканы,  лексиканы,  фонетиканы
қарым-қатынас  құралы  ретінде  қолдануда  бір-бірінен  бөлек   оқытса,   ол
ешқандай коммуникативтік міндеттерді шеше алмайды.
     Ағылшын тілін оқытуда сөйлеуден тілге қарай жүру жүйесін сақтау  немесе
тілді ұйымдастырған  мақсатты сөйлеу процесі арқылы  үйрету  керек.  Сөйтіп,
мазмұнынның  лингвистикалық   компоненті   шығады.   Оған   мынадай   тілдік
маитериалдар   жатады:   нақты   іріктелген   фонетикалық,    грамматпкалык,
лексикалық мннимумдер және  тілдік  материалдар,  сөздік  үлгілер.  Іріктеу,
жүйелілік және мөлшер қарым-қатынастың  мөлшеріне  байланысты.  Тілдік  үлгі
сөйлем, диалог, монолог түрінде  беріледі  және  сейлемнің  түрлері  ретінде
беріледі. Осын-ай тілдік үлгілер тілдің жүйесін қүрайды және ол  үйренушінің
есінде қалады.
   Ал оқыту бірліктері белгілі бір жағдайларға байланысты сейлемдер  арқылы
 беріледі. Олар белгілі бір ырғақпен айтылады.
   Оқыту мазмұнына тіл  білімінің  әлеуметтік  лингвистика  бөлімі  де  әсер
 етеді. Бұл бөлімде тілдің мәдениет пен, қоғаммен қарым-қатынасы зерттеледі.
   Лингвистика әдістеме мен оқытудың лингвистикалық компонентінің  анықтауға
 мүмкіндік береді. Лингвистикалық компонетке тілдік және сөйлеу  матералдары
 кіреді.
   Тіл - ұлттың негізгі  белгілерінің  бірі.  Сондықтан  шет  тіліне  үйрету
белгілі бір жүйеге үйрету ғана емес,  сонымен  қатар  сол  тілде  сөйлейтін
халыктың мәдениетіне үйрету. Қазіргі әдістемеде  елтану  туралы  мәліметтер
көп қолданылады,  ол  сол  елдің  жағрафиясын,  тарихын,  өмірін  зерттеуге
арналған. Олар тыңдауға және оқуға арналған мәтіндер арқылы беріледі.
  Психологаялық компонент. Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын  анықтау
мүмкін емес. Психология адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын  зерттейді.
Шет  тілінде  сөйлеу  де  адамның  іс-әрекетінің  түріне   жатады.   Сөйлеу
әрекетінің  құрылысын  зерттейтін  ғылым  саласын  -  психолингвистика  деп
атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және сөйлегенде жүретін іс-
қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде  зерттейді.  Психолингвистер  сөйлеу
және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай  тәртіппен  қатысады,
тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
  Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен  оқуда  тілдік
материал қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
  Диалог, әңгіме. мәтіндер тек  сөйлеу  әрекеті  арқылы  жүзеге  асырылады.
Сөйлеу әрекеті - тілдік және  сөйлеу  материалы  дағдылары  мен  біліктілік
арқылы дамытылғанда ғана мүмкін болады.
  Дағды дегеніміз - жаттығу  мен  қайталау  аркылы  автоматтандырылған  іс-
әрекеттің  бөлігі.  Мысалы:  А.Леонтьев  сейлеу  дағдысы  деп  өте   жоғары
дамытылған сөйлеу әрекетін айтады.
  Шет тілін меңгеру -  тілдік  дағдылар  жүйесін  үйрену,  ол  үшін  тілдік
біліктілік керек. Тілдік біліктілік шығармашклық  іс-әрекетпен  байланысты.
Ол ойлаумен, эмоциямен, елестетумен  байланысты.  Ал  Е.И.  Пассов  дағдыға
айту, грамматикалық, лексикалық, графикалық, орфографиялық, оқу  және  жазу
дағдысын жатқызады.
  Сонымен қатар, психологиялық компонентке  коммуникатнвтілік  мақсат  үшін
тілдің дағдысын және біліктілігін пайдалана білу жолы жатады.
  Әдістемелік компонент. Қазіргі дидактика ғылыми оқу  процесінде  оқушының
белсенділігін арттыруға, әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру  мен  бақылауды
пайдалануға  көп  көңіл  бөледі.  Бұл   жағдайда   мұғалім   оқу   процесін
үйымдастырушы  болып  табылады.   Оқушының   белсеңділігіне   басты   назар
аударылады.
  Тілді   үйренудің   нәтижелілігі   оқушыға   тікелей   байланысты,   олар
мүмкіндігінше шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
  Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту  ісінде  кері  әсер  етеді.  Сондықтан
мүғалім сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді  үйренуді  окушы  тек
сабақта ғана емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
  Тіл сабағы бастауыш сыныптарда аптасына 3-4 рет болса, жоғары  сыньптарда
1 рет болады, сондыктан жоғары сыныпта өзіндік оқу ерекше маңызды.  Ол  үшін
оқушыны оқу әдістеріне, тәсілдеріне үйрету керек.
  Мысалы, оқушы тілдік дәлелді бақылап үйреңеді.
  Белгілі  бір  сөзді  айтып  үйренуде  сөздің   айтылуының   айырмашылығын
үйренеді, сол аркылы оқылу ережесін үйренеді, пайдаланады.
  Оқыту процесінде екі тілдің ұқсастықтарын  да  пайдалану  қажет.  Оқушыны
жазу, оқу тәсілдеріне, оқулықты, оқу құралдарын пайдалануға үйрету қажет.
  Осы  айтылғандардың  барлығы  оқытудың  3-ші  компонентін  -  әдістемелік
компонентті құрайды.
  Әдістемелік компонент - оқудың  тәсілдерін  үйрену,  қарым-қатынас  жасау
үшін тілдік дағдыны және біліктілікті қалыптастыру.
  Шынында да, белгілі бір дағдысыз, білімсіз шет тілін оқып-үйрену, сөйлеу,
айту, жазу мүмкін емес. Ол үшін күнде шамалы  болса  да  оқып  тұру  қажет,
сөздерді жаттау қажег. Бұдан басқа тілді үйрену жолы жоқ.
  Сонымен 3 компонентті атайық:
Лингвистикалык компонент: тілдік және сөйлеу материалы.
Психологиялық компонент: дағды мен біліктілікті қалыптасгыру.
Әдістемелік компонент: оқыгу тәсілдерін игеру әдістері.
     -  Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы
     -  Оқыту принциптерінің түрлері
    -   Оқытудың арнайы принциптері
    -   Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
    -   Оқыту құралдары туралы түсінік
    -   Оқыту құралдарының түрлері
    -   Негізгі оқыту құралдары
    -   Көмекші оқыту құралдары
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:




















Арнайы қағидаттар:
Қарым-қатынас   жасауға  бағытталған  қағидат  қазіргі  заманға  әдістемелік
негізгі принцип болып есептеледі. Бұл  қағидат  бойынша  оқушыларға  ағылшын
тілін үйрету, тыңдап түсіну, сөйлеу  іс-әрекеттері  арқылы  ауызша  сөйлеуді
арттыру, оқу және жазу арқылы жазбаша қарым-қатынас жасау жүзеге  асырылады.

Яғни,ағылшын тілінде  оқыту  бағдарламасы  аяқталғанша  сөйлесу,  әңгімелесу
арқылы қарым-қатынас үйреніп жатқан тілде болуы тиіс.
 Екінші оқыту қағидаты – бөлу және біріктіру арқылы. Сөйлеудің әрбір  түріне
тән таңдау  іс-әрекеті,  лексикалық-грамматикалық  сипаттамаға  сай  болады.
Сонымен бірге, тіл үйрену кезінде дыбыстауға  үйрену,  сөзге,  грамматикаға,
сөйлем жасауға үйренген кезде, барлық сөйлеу  іс-әрекеті  қоса  жүреді.  Шет
тілге үйренудің  алғашқы  қезеңінде  бөліп  оқыту  немесе  біріктіріп  оқыту
негізінде іске асады
Үшінші қағидаты – ана тіліне сүйене оқыту принципі. Бұл –бойынша  ,барлық  ,
грамматикалық  ,  лексикалық,   орфографиялық   қиындықтар   ана   тіліндегі
баламаларымен салыстырмалы түрде, балалардың ана тіліндегі  білімі  ескеріле
үйретіледі.
Жалпы әдістемелік (дидадикалық ) қағидаттар. Негізгі  принципі  –  тәрбиелеп
оқыту қағидаты. Шет тілін үйретуде  оқыту  мен  қатар  тірбиелік  мақсат  та
көзделеді. Яғни, ағылшын тіліне үйрену  оқушының  эстетикалық  еңбек,  саяси
–идеялық мінез-құлықтарының  қалыптасуына  әсер  етеді.  Сондықтан,  ағылшын
тіліне үйрену процесі оқушыдан жан-жақты жүйелі түрде  өзін-өзі  жетілдіруді
талап етеді.
Сана қағидаты. Қазіргі әдістемеде үлкен көңіл  бөледі,  себебі  пән  игеруде
сана оқушының  интеллектуалдық қызығушылығын, білімін, ой қорыту, оны  игеру
іс-әрекетінің артуына себебін тигізеді. Бұл принцип  бойынша  оқыту  әрекеті
бір мақсатты көздейді – қабылдау, ұғу арқылы жүзеге асады.
Белсенділік қағидаты ұғынып, түсіну принципімен  тығыз  байланысты.  Ағылшын
тілін үйрету үшін  әрбір  оқушының  белсенділігін  көтеруде  бұл  принциптің
алатын  орны  зор.  Бұл  принцип  бойынша  оқу  процесіне  әрбір  оқушы  бар
ынтасымен, қызығушылығымен қатысуы ктиіс.
Көрнекілік қағидатында оқыту  көру  және  қабылдау  әдістері  арқылы  жүзеге
асады. Көрнекілік  принципі,  әсіресе  бастауыш  сыныпта,  оқытудың  алғашқы
сатысында көбірек қолданылады.
Жеңілдету  қағидаты.  Жаңа   тақырып   оқушының   қабылдауына   еш   кедергі
келтірмейтіндей , оқушылардың білім дәрежелеріне  сай  жеңіл  түрде  берілуі
тиіс. Кездескен қиындықтарды өз бетімен  немесе мұғалімінің  көмегімен  шеше
алатындай  тақырыптар беріледі.
Дәйектілік қағидаты. Білім жүйелі түрде өсіп тұруы тиіс. Қолданылған  барлық
сөздер, өз бірліктері оқушының сақтау  керек,  тыңдап  түсіну,  сөйлеу,  оқу
және жазу кезінде барлық  материал  дәйекті  түрде  алынуы  керек.  Берілген
ақпарат оқушының есінде сақталуынан білім берудегі нәтиже аанықталады.  Жеке
   ерекшеліктерін   ескеру   қағидаты   бойынша   мұғалім   оқушының    жеке
ерекшеліктерін, білім дәрежесін  керек,соған  байланыстыәр  оқушыға  әртүрлі
тапсырмалар   беріледі.   Әсіресе,   үлестірмелі   материал   берген   кезде
ескеріледі.  Бірізділік  қағидаты   бойынша   барлық   материал   бірін-бірі
жалғастыратын  негізде  берілуі  керек.  Ана  тілінде  берілген  материалдың
негізінде беріледі.
Жүйелік  қағидаты  бойынша  белгілі  бір  жүйе  бойынша  оқыту  процесі  бір
мақсатты негіздейтін іс-әрекет болуы тиіс. Әрбір жаңа алынған тақырып  өткен
тақырыпты күрделі түрде қайталап, тереңдете жалғастырылуы  керек.  Ғылымилық
қағидаты, яғни  теориялық  тәжірибемен  байланысты.  Ағылшын  тілін  оқытуда
алынған  білімді  тәжірибеде  дәлелдеуде  үлкен  көңіл  бөлінеді.  Іс-әрекет
кезінде ғана оқушының білім және  материалды  меңгеру  дәрежесі  анықталады.
Берілген материалды  игерген  оқушы  әрі  қарай  басқа  да  ғылым  салаларын
пайдаланғанда, техника , өнер саласында өз білімін пайдалана алады.


                        Ағылшын тілін оқыту құралдары
 Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін  көмек
ретінде қолданылатын  техникалық  және  техникалық  емес  құрал  –жабдықтар,
заттар жатады.
 Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан ,  қалай  қолдануы  және  қандай  нәтиже
жетуге  болатынын білгенде ғана құралдың пайдалы  қолданылуына  қол  жеткізе
алады.
 Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте  қолданылатын  оқыту  құралдарын
мынадай топқа бөлуге болады:
   1. Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша
   2. Оқушыға немесе мұғалімге арналған
   3. Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
   4. Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес
негізгі оқыту құралына  оқу-әдістемелік  кешені:  оқулық,мұғалімге  арналған
оқулық жатады. Бірақ, оқулық пен мұғалім кітабын пайдаланылғанда  техникалық
оқыту құралдары өте қажет.
Мысалы, 2 және 3 сыныпқа арналған оқу-әдістемелік кешенінде оқулықпен  бірге
дыбыстық жазба да бар.
 Ал  4  және  5-сыныпқа  арналған  грамматиканы  пайдалану  ағылшын  тілінің
дыбысталуының айтылу дағдыларын үйретіп тыңдау және оқуды дамытады.  Қосымша
оқыту құралдарына компьютерлер мен бейне материалдар жатады.
Сонымен қатар, ағылшын тілі  кабинетіндегі  барлық  құралдар  қосымша  құрал
болып есептеледі.
2-сыныптадағы  негізгі  құралдарға-бағдарлама,   мұғалім   кітабы,   оқулық,
дыбыстық жазбалар, дидактикалық карточкалар жатады.
4-сыныпта-  бағдарлама,  мұғалім  кітабы,   оқулық,   пластинкалар   жинағы,
көрнекілік   жинағы,   көрнекілік    құралдар:    суреттер,    грамматикалық
таблицалар, диафильмдер, кинофрагменттер, лингафондық практикум жатады.
 5-сыныпта - бағдарлама, мұғалім кітабы, оқулық,  пластинка,,  көрнекіліктер
жатады.
Қосымша құралдарға осы  оқу-әдістемелік  кешеніне  кірмеген,  міндетті  емес
құралдар   :   транспаранттар,    кодоматериалдар,    диафильмдер,    тарату
материалдары, ойыншықтар , т.б.заттар жатады.
1.Бағдарлама  –  бұл  мұалімнің  белгілі  бір  сыныпта  жұмыс  жүргізу  үшін
қолданылатын  мемлекеттік  құжаты.  Мұғалім   бағдарламаның   түсініктемесін
ұқыпты оқып,оқытудың мақсаты, мазмұнын біліп алу керек. Мысалы,  1985  жылғы
түсініктемеде оқыту ауызша түрде жүргізіледі деген.
Бағдарламада оқушылардың сыныпта өзіндік  жұмыс жүргізуін,  олардың  сыныпта
тыс жұмытарына көңіл бөлінеді. Егер бағдарламада тіді оқыту бағыты  өзгерсе,
онда оқыту әдістемесі де згеруі тиіс.
Түсініктемеден   кейін   бағдарламаның   өзі   беріледі,    онда    оқытудың
тақырыптары(үлгі) және оқытудың түрлеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
 2. Екінші маңызды құрал – мұғалімге  арналған  кітап.  Бұл  оқу-әдістемелік
 кешенінің мазмұнын беретін құрал. Жұмысқа  кіріспес  бұрын,  мұғалім  сабақ
 жүргізуге қажетті қағидаларды анықтап білуге  тиіс.  Сабақтың  мақсаты  мен
 мазмұнын анықтағаннан кейін, қандай құралман жұмыс  жасайтындығын  анықтакп
 алады.  Құралдардың керегін таңадап,  болмаса  өз  бетімен  әзірлеуі  тиіс.
 Содан кейін мқғалім кітаптың түгел мазм ұнымен түгел танысыуы  керек.  Онда
 әр  тоқсандағы  жоспар  құрады.  Мұғалімдік  кітапты  әр  ұстаз  әр   түрлі
 жүргізеді. Мысалы, кейбіреулер бұл кітапты  пайдаланбайды,  сабақ  жоспарын
 өздігінше құрады. Басқалары кітапты қолданғанда  өзгертулер  енгізеді.  Бұл
 дұрыс емес.  Немесе  кітапты  қолданып  бәрін  кітаптағыдай  әзірлейді  де,
 белгілі бір сабақтың ерекшеліктерін ескермейді. Бұл да толық дұрыс емес.
 Кітапты қолданудың ең дұрыс  түрі  –  оны  толықтырып,  сынып  оқушыларының
ерекшелігі  мен  қабілетін  ескеріп,  жоспар  жасау.  Оны  тәртіппен   кітап
толықтырылса, оқытудың негізгі құралдары таңдалады.
3. Оқулық – ағылшын тілін оқытудың негізгі құралы. Ол  белгілі  бір  сыныпқа
арналған  оқу-әдістемелік кешенінің жүйесін қалыптастырады.
Мысалы,  4  немесе  2  –сыныпқа  арналған   оқулықта   оның   ауызша   оқуға
негізделгені көрсетілген. 4-сынып оқулығының бірінші бөлімі  ауызша  кіріспе
бөлім суреттерімен берілген. Ал  2-  сыныпта  тапсырмалары  бар  суреттермен
берілген және қосымша дыбыстық жазбалары бар.
Оқулықтың негізгі бөлігі бөлімдерден (Units) тұрады.  әр  сабақтың  құрылымы
сөйлеуге  үйретуді  қалыптастыру   жолдарын   көрсетеді.   Мысалы,   2-сынып
оқулығындағы әр Units-тің бірінші бөлігі ауызша сөйлеуге арналған (Look  and
say), екінші бөлігі оқуғ (Read), үшінші бөлігі жазуғ  (Write),  ал  төртінші
бөлігі үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Мұғалім оқушыны кітаппен таныстыруы керек: белгілерді түсіндіріп,  сөздікпен
жұмыс істеуді үйрету. Оқушы кітабын жақсы  пайдалана  білсе,  ағылшын  тілін
өзіндік оқуға мүмкіндік болады.
4.Оқуға арналған кітап ағылшын тілін оқуға  үйренуге  арналған  құрал.  Үйге
тапсырмалар беру өте қажет. Қосымша мәтіндерді оқу  тәжірибелік,  тәрбиелік,
ағартушылық,   дамытушылық   бағыттарымен   берілген.    Оқу    мәтіндерінің
ерекшеліктері оқуға қызықтырады,  сол  үшін  оқудың  тұрақтылығын  және  оны
бақылауды сақтау керек. Мәтіндердің әдістемелік ерекшеліктері бар.,  олардың
соңында  тапсырмалар мен сұрақтар беріледі.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шет тілін оқытуда дыбыстық жазбаның орны  ерекше.
Ол оқу құрамына кіреді және елтанушылық, лексикалық мәтіндер  арқылы  немесе
әртүрлі диалогтар түрінде беріледі.


|Ағылшын тілінде оқыту құралдары                                                |
|Оқыту     |Оқушыларға арналған                                   |Мұғалімге    |
|құралдары |                                                      |арналған     |
|1.Оқытудың|1. Оқулық                                             |1.Бағдарлама |
|негізгі   |2.Оқуға арналған кітап                                |2.Оқулық     |
|құралдары |3.Оқытуды тыңдау-көру құралдары – сурет               |             |
|          |жинағы,диафильм,аппликация,диапозитив,кинофрагмент,   |             |
|          |үн таспа,лингофондық практикум,дыбысты үй тапсырмасы  |             |
|          |(2-3сыныптар),үлестірмелі материал(2,3-сыныптар)      |             |
|2.        |                                                      |Әдістемелік  |
|Оқытудың  |Кодоскоп. Ойыншықтар,суреттер, карточкалар,сөздіктер, |әдебиеті:    |
|көмекші   |оқушыға арналған көмекші кітаптар                     |«Шет тілі    |
|құралдары |                                                      |орта мектеп» |
|          |                                                      |журналы      |



Сұрақтар мен тапсырмалар
   1. Оқытудың қағидаттары дегеніміз не?
   2. Шет тілінде оқытудың әдістемелік қағидаттарын білу не үшін керек?
   3. Арнайы қағидаттарға қандай принциптер жатады?
   4. Жалпы диалектикалық қағидаттарға қандай принциптер жатады?
   5. Бағдарламаның «Түсініктеме» бөлімін қарап шығып  шет  тіліне  оқытудың
      қандай қағидаттарын орындау керек екенін  атаңыз.
Оқу әдістемелік кешенін талдап  шығыңыз,  оның  авторлары  қарым  –  қатынас
жасауға бағытталған қағидатты, ана тіліне  сүйене  отырып  оқыту,  тәрбиелеп
оқыту, ұғынып түсіну қағидаттарын қалай жүзеге асырғанын анықтаңыз.
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000

Дәріс № 5
Тақырыбы: Шет тілін оқыту әдістемесінің  басқа  ғылымдармен  байланысы.  Шет
тілін оқытудағы көрнекілік және аударма әдісі
Мақсаты:
    • Әдістеменің негізгі мәселелері
    • Әдістеменің педагогика ғылымымен байланысы
    • Әдістеменің лингвистика ғылымымен байланысы
    • Әдістеменің психология ғылымымен байланысы
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
      Шет тілін оқыту әдістемесі – шет тілін оқыту  орындарында  оқыту  үшін
қолданылатын, ғылыми негізделген теория.
      Әдістеменің негізгі мәселелері мыналар:
   1. Шет тілін оқытудың мақсаттары
   2. Шет тілін оқытудың мазмұны
   3. Шет тілін оқытудың әдістері мен тәсілдері
   4. Әдістеменің басқа ғылым салаларымен байланысы
   5. Оқыту құралдары
   6. Әдістеменің негізгі қағидалары
   Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистка ғылымдарымен  тығыз
байланысты.
   Педагогика – жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика
ғылымында оқыту және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет  тілін
оқытуды үйрену үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогиканың бір  саласы
дидактика  деп  аталады.  Дидактика  мектепте  оқытудың   негізгі   жолдарын
зерттейді.
   Әдістер – дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі  бір  тақырыпты  оқытудың
жолдары.
   Шет  тілін  оқыту,  математиканы,  тарихты  оқыту   әдістемелері   сияқты
дидактиканың негізгі қағидаларын қолданады және оны байытады.
   Мысалы: «көрсету» принципі тұңғыш рет шет тілін әдістемесінде қолданылды.

   Қазір ол дидактиканың негізгі принциптерінің біріне айналды және басқа да
пәндерді оқытуда қолданылады.
   Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыларда, тыңдау,  сөйлеу,  оқу  және  жазу
дағдысымен  біліктілік  қалыптастыру.  Егер  біз  дағды  мен   біліктіліктің
психологиялық мәнін түсінбесек, онда біз оларды қалыптастыра алмаймыз.
   Шет тілін оқытуда  психологяиның  негізгі  қағидаларын  сөйлеу  әрекетіне
байланыстыра отырып пайдалану қажет.
   Көрнекті психолог Н.И.Жинкин сөйлеу әрекетін зерттейә келіп,  сөздер  мен
оларды мидың кинетикалық орталығы  арқылы  жүзеге  асатының  айтты.  Мұғалім
оқушыны тілге үйрету барысында,  тыңдау  мен  сөйлеудің  бар  мүмкіндіктерін
жасау керек. Екінші тілде сөйлеу дегеніміз – жаңа таңбалы білім алудың  жаңа
жолдарын игеру деген сөз. Осы жаңа жолды жасау тілді үйренуде  маңызды  орын
алады.
   Шет  тілін  үйренуде  оқушының  есте  сақтау  қабілетінің   маңызы   зор.
Соңдықтан, мұғалім жаңа тақырыпты есте сақтау,  есте  ұзақ  сақтау  жолдарын
білу керек. Есте сақтау қабілетінде ерікті, еріксіз болады.  Бұл  проблеманы
зерттеген ғалым  П.К.Зинченко  еріксіз  есте  сақтау  қабілеті  бір  нәрсені
қайталап  жаттағанда  емес,  керісінше  осы   нәрсе   туралы   белгілі   бір
қиындықтарды, мәселелерді талдағанда ғана іске қосылатының айтады.  Ол  үшін
мынадай тәжірибе енгізілген.  «А»  тобындағы  студенттерге  жаттауға  сөздер
тізімі берілген. Ал  «Б»  тобындағы  студенттерге  сөздер  берілмей,  оларға
ағылшын  тілінде  мәтін  берілген  және  сөздермен  жұмыстың   түрлері   мен
сұрақтары берілген. Келесі  сабақта  екі  топ  студенттері  бақылау  жұмысын
жазған, эксперимент «Б» тобы студенттерінің сөздері есте  жақсы  сақталғаның
көрсетті.
   Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде  ана
тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кездеріндегі қызметі, әр түрлі  дағды
мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналған әдістер  мен
тәсілдерді таңдай білу, т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет.
   Әдістеме ғылымы жүйке жүйесі физиологиясы ғылымымен де байланысты. Атақты
орыс ғалымы Павловтың  айтуынша  адамның  жоғары  жүйке  жүйесінің  қызметі-
сөйлеу және ойлау, жүйке  жүйесінің  ерекше  қызметі.  Бұл  қызмет  түрі  тк
адамда ғана дамыған.  Павловтың  тероиясы  бойынша,  дабылдар  адамның  сезу
мүшелері арқылы келіп түседі. Адамның әрекетінің бір түрі – сөйлеу  әрекеті.

   Әдістеме   ғылымы   линвистика   ғылымымен   тығыз   байланысты,   себебі
лингвистиканың негізгі проблемалары тіл мен  ойлау,  грамматика  мен  сөздік
т.б. әдістемеге де қатысты бар.
   Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын  іріктеудегі  зерттеулері
негізге алынады.  Көптеген  атақты  лингвистер  лингвистика  теориясын  ғана
зерттеп қана қоймай, оларды тілді оқытуда қалай  пайдалану  керек  екендігін
де зерттеген.
   Шет тілің оқыту әдістемесінің басқа ғылымдар  сияқты  зерттеу  мәселелері
бар:
   1. Шет тілін өз елімізде, шет елдерде оқыту жолдары
   2. Әр түрлі мектептерде алдңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін  зерттеу
      және қолдану
   3. Тәжірибелер арқылы жаңа әдістемелік тақырыптар енгізу.
      Соңғы кезде тәжірибе жасау әдіскерлер арасында кең тараған. Шет  тілін
      оқыту әдістемесінде зерттеу қажет  ететін  проблема  көп.  Жаңа  оқыту
      материалдары  мен  технологиясы  жаңа  идеяларды,  шешімдерді,   әдіс-
      тәсілдерді қажет етеді.
      Оқу  шет  тілінде  оқытылған  мектептерде  ағылшын  пәнінің  білімдік,
      тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланысты жүргізіледі.
      Пән аралық байланыс 2 бағытта іске асырылады.
   1. Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі  грамматикасымен  ұқсас  жақтары
      және айырмашылықтары түсіндіріледі.
   2.  Оқушыларға   тарихқа,   жағрафияға,   әдебиетке,   еңбеккке   қатысты
      мағлұматтары бар мәтіндер ағылшын тілінде беріліп оқытылады.
      Осының  нәтижесінде  сабақта   оқушылар   аталған   пәндерге   қатысты
      материалдарды ағылшын тілінде  сапалы  түрде  ұғып,  сөздерді  қатесіз
      айтуға, сауатты жазуға үйренеді.
      Ағылшын пәні басқа өзге пәндермен тығыз байланысты, сондықтан  мұғалім
      өзара байланыстыра өткізуге қолайлы  тақырыптарды  алдын-ала  іріктеп,
      анықтап алады. Өйткені 2-ші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті
      тіл пәнің басқа пәндермен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады.
      Пәндердің бір-бірімен байланысы  төмендегідей  ағылшын  тілі,  ағылшын
әдебиеті пәні  мен  мәтіндер  арқылы  байланыстырылады.  Мұнда  сабақ  сайын
өткізілетін көркем тілмен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі,  мақал-
мәтел  т.б.)  оқушының   лексикалық   сөздік   қорларын   молайтып,   тілдің
грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге  дағдыландырады.

      Көркем  шығармалар  мазмұныңдағы  ұлттық  дәстүр,  салт-сана,   тәлім-
тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын  тілі  сабақтарында  дидактикалық
материал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі,  қазақ  тілі  және  орыс  тілі
пәндері тығыз байланысты бірлікте өткізіледі.
Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс  тілінің  дыбыстық  жүйесі,  септік
жалғауларының кейбір  ұқсастықтары  да  айтылады.  Сондай-ақ,  оқушы  өзінің
үйренген сөздерін  ағылшынша  айтып,  сөздік  қорын  байытып,  тіл  байлығын
арттырады, ауызша  сөйлеу  тілі  дамиды,  тілдік  білімі  жетіледі,оқығаның,
түсінгенің ағылшынша айту дағдысы қалыптасады.
      Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам  мен  қоршаған  орта,
табиғат, өсімдіктер,  жануарлар,  аңдар,  туған  ауыл  еңбектері,  мамандық,
халықтар достығы туралы әңгімелер, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш  ағылшын
тілінде оқылып, түсінбегендерін ағылшынша айтатын болады.
      Ағылшын тілі мен математика пәні  бойынша  математикалық  ұғымдар  мен
есептеуге байланысты сөздерді үйрету арқылы оқушының  сөздік  қоры  молаяды.
Мысалы: сандарды ағылшынша білу, қосу, көбейту, алу  сан  есімнің  түрлеріне
байланысты сөз тіркестерін, сөйлемдерді ағылшынша айтып дағдыланады.
      Ағылшын тілі мен бейнелеу өнері арасындағы  байланыс  арқылы  табиғат,
ұлттық өнер бояулары, өрнек, сәндік бұйымдарын айтуға қолданылатын сөз  және
сөз  тіркестері  оқушының  сөздік  қорын  молайтып,  байланыстырып  сөйлеуге
дағдыландырады. Әсіресе, көп көңіл бөлетін жайт – ағылшын тілінде  айтылатын
сөдерге екпінді  дұрыс  түсіріп  айту,  адамдардың  көңіл  күйін,  қуанышын,
ренішін білдіретін сөздерді дұрыс дауыс ырғағымен айта білу.
      Ағылшын  тілі  мен  еңбек   пәні   арасындағы   байланыс   бұйымдардың
көркемдігін, қажеттілігін, пайдасын, тиімділігін ағылшынша жеткізе  білуден,
ұлттық еңбек түрлері: ыдыс-аяқ, тағам әзірлеу  киім  тігу,  т.б.  байланысты
сөздерге жасағаннан  туындайды.  Білім  берудегі  негізгі  мақсат  жан-жақты
білімді, өмір сүруге бейім, іскер,  өзіндік  ой-толғауы  бар,  адамгершілігі
жоғары, қабілетті  жанды  қалыптастыру  болып  табылады.  Әр  тілді  оқытуды
жүйелеу, жинақтау, танымдық қарым-қатынас  жасау  сияқты  үш  түрлі  қызметі
болады.
      Осындай  функциялар  негізінде  оқу   процессінде   білім   мазмұнының
тұжырымдамсы жасалынады.  Тұжырымдамада  тәрбие  процессін  байыта  түсудің,
жаңартудың, жетілдірудің мақсаты мен  келешектегі  даму  жолдары  анықталып,
болжамдар жасалынады.
      Атап айтқанда, оқу процессін жаңартудың негізгі  ұстанымдарын  дамыту,
демократияландыру,  реалистік  шектеу  саясаты  интеграциялау  жатады.  Оқу-
тәрбиесін  жетілдіре  түсудің  мақсаты  мен  келешегін  ғылыми   анықтайтын,
болжайтын иделар мен қағиданың ғылыми негізі жинақталады.
      Бұл  тұжырымдарды  жалпы  лингвистика,  психология,   лингводидактика,
педагогика әдістемелік зерттеу жұмыстары, жалпы білім беретін  мектептердегі
басқа да тіл пәнінің идеялары басшылыққа алынады. Мақсаты –шет  тілің  оқыту
арқылы өнегелік және эстетикалық жағынан  жан-жақты  дамыған,  саяси-идеялық
жағынан сенімді еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
      Бүгінгі оқыту процессінде қатынастық бағыт беру арқылы  жалпы  дүниеге
деген көзқарасын  қалыптастыру  бірінші  орында  тұр.  Осындай  мақсаттармен
қатар қазіргі кезде  шет  тілін  жаңа  әдістемелермен,  ұстанымдармен  оқыту
қажеттілігі туып отыр. Қай тілдің болмасын механизімін үйрену  үшін  мынадай
екі жағдайды ескерген жөн:
   1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылғаның
   2. Ол тәжірибелік жағынан қалай меңгерілуі керек.?
      Демек, қазақ тілінің құрылысы сияқты  қатынастық  тәсілде  ұйымдастыру
тиімді деп айтуға болады. Шет тілін оқытуда  оқу  материалдық  тұжырымдаманы
негізге алу тілдік материалды беруде және оны талдауда оның қызметтік  жағын
ескеру, білімнің базалық жылжымалы құрамдарын анықтау, оқыту әдістемесі  мен
тәрбиені интеллектуалды пайдалы және өнімді еңбекпен ұштастыру маңызды.
      А.С.Выготский «Мектепте оқуға даярлау балалардың алған  білім,  дағды,
біліктерінің ауқымынан зор ақыл-ой  үрдістерінің  сапасына  көбірек  тәуелді
болады. Сондықтан мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды  жақтарының  бірі
–  балалардың  бойында  таңымды   тудыратын   тәсілді   қалыптастыру   болып
табылады», - дейді. Бұл жерде оқушының алдына  таңымдық  міндеттерді  қойып,
оның белсенділігін арттыруға бола ма? – деген сұрақ туындайды.
      Осы жөнінде К.Д.Ушинский оқушылардың бойында  бақылағыштық,  танымдық,
танымдылық қасиеттерді дамыту үшін көрнекі  оқытуды  талдау  негізінде  олар
үшін жаңа кейіпкерлер тудыратын, өзіңе таныс заттардың жаңа жақтарын  ашатын
оқу материалдары мен көрнекі  құралды  неғұрлым  көбірек  пайдалануға  кеңес
береді.
      Өйткені, олар бір жағынан оқушылардың ой-өрісін, ауызекі сөйлеу тілін,
жазу дағдысын, айналасындағы өмір туралы түсінігін кеңейтеді  және  оқушының
білім  деңгейіне  сай  болғандықтан  нәтижелі  болады,  ал  үлгерімі   төмен
оқушылар ескерусіз қалып қоймай,  олардың  теориялық  білім  мен  дағдыларын
дамытуға әсер етеді.
      Көрнекі  құралдарды  оқушылардың   оқу   үрдісіндегі   рөліне   қарай.
М.Махмұтов екі топқа бөледі:
   1. Заттың бейнелік көрнекі құралы (картиналар, фотосуреттер, диапозитивті
      суреттер, кино үзінділері, табиғи нысандар, т.б.);
   2.  Таңбалы  көрнекі  құралдар  (сызбалық  көлемді  модельдер,  сызбалар,
      картиналар т.б.).
      В.Занков: «Оқушыларға затты және оның қасиеттерін көрсету бұл – сөзбен
      көрнекі бейненің оқушының бойында  тиісті  дәрежесінде  қабысуына  қол
      жеткізу деген сөз емес. Егер оқушы құбылыстың қасиетін өзі айыра  алса
      және оған сөзбен өзі сипаттама берсе, онда оның  бойында  белгілі  бір
      нысан туралы түсінік қалыптасады және  қасиеттердің  сөздік  белгілері
      нақты образдармен байланысқа түседі», - деп тұжырымдайды.
      Оқушылардың бақылауын  ұйымдастырудың  негізгі  әдістемелік  ережелері
мен тәсілдерін профессор Т.Сабыров былай көрсетеді:
   1. Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең  алдымен  бақылаудың
      мақсатын,  байқайтын  нәрселердің  мөлшерін  немесе  көлемін  анықтап,
      жоспарын жасайды.
   2.   Бақылауда   мүмкіндігінше   оқушылардың   барлық   сезім   мүшелерін
      қалыптастыру арқылы нәрселердің неғұрлым көп және әртүрлі  қасиеттерін
      жан-жақты байытқан жөн.
   3. Мұғалім  бақылау  кезінде  оқушылардың  сараптама  мен  синтез  жасап,
      нәрселердің  негізгі  қасиеттерін  айыру,  топтастыру   сияқты   ойлау
      амалдарын қолданып, қорытынды шығаруына басшылық ете білуі қажет.
   4. Бақылау кезінде мұғалім өз сөздеріне жұмыс  істеуінің  арасында  дұрыс
      байланыс болуын қамтамасыз етіп, олардың өздігінен  бақылау  қабілетін
      мейлінше дамыту мақсатын көздеуі керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000



















Дәріс № 6
Тақырыбы: Тыңдауға және  сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.
Мақсаты:

    • Тіл – қарым-қатынас құралы

    • Тыңдау мен  сөйлеуге негізгі қиындықтар

    • Сөйлеу және  ауызша жаттығулар

    • Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

    • Сөйлеуге үйрету әдістері

Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:


                      Сөйлеу әрекетінің түрлерін оқыту


























         Тіл – қарым-қатынас  құралы.   Тіл  сөйлеу   арқылы  жүзеге  асады,
сөйлеу арқылы ғана дамып,  өмір   сүреді.   Біз   шет   тілін  оқыту  туралы
айтқанда, оны ең алдымен қатынас қралы  ретінде оқимыз.

         Сөйлеу екі  жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден,  екіншіден
сөйлеуден тұрады.

   Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:

   1) Диалогтық

   2) Монологтық

Бағдарламада ауызша сөйлеуге  мынадай  талаптар қойылған:

   1) Сөйлеу тілін түсіну

   2) Бағдарлама алынған мөлшерде шет  тілінде әңгіме жүргізе білу,   сөйлей
      білу. Бұл  - сойлеудің  тжирибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу  шет   тілін
      үйретудің  маңызды құралы.  Ол  лингвистикалық   материалды  таныстыру
      құралы: дыбыстар, сөздер,  грамматикалық құрылымдар. Және бұл   сөздік
      үлгілер мен  сөздікті  меңгеру  құралы,   әрине,  ол  айту  дағдыларын
      қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу – сабақтың  маңызды бөлігі. Ауызша
       сөйлеу -  оқұшылардың  мәтінді тыңдау  мен   оқу   кезіндегі  оқылған
      материалды тексеру құралы.

                 Тыңдау мен  сөйлеудегі негізгі  қиындықтар
      Тыңдау, түсіну,  меңгеру оқушылар үшін  қиынға  соғады,   себебі  олар
дыбыстарды жылдам  айырып,   ойында  сақтап   түсіну  керек.   Оқушылар  бұл
процесті  өзінің  туған тілінде  өте   жөңіл  орындайды,   ал  шет   тілінде
қатты қиналады.  Сондықтан,  таңдағанда өте  зерек болуы  керек  және  ойлай
білуі керек.  Ерік- зейінін,  еске сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау керек:
   1) Лингвистикалық  материал

   2) Материалдың мамұны

   3) Материалды беру  жағдайы




Оқушыларға шет   тілін  үйретуде  негізгі  3   қиыншылық  бар:  фонетикалық,
лексикалық және  грамматикалық.

   1. Фонетикалық қиыншылықтар  ағылшын тілі  мен   қазақ  тілінің  дыбыстық
      құрамының айырмашылығында кездеседі.  Ағылшын тілінің   дыбыстарын  өз
      тілінің  дыбыстарына  ұқсатып айтады

      Мына  сөздерді қиындықпен айтады:

      Worked-walked, first-fast-forced, lion-line, tired-tide,  bought-boat-
      board.




      Дауыс  ырғағындағы айырмашылықтар да  түсінуді қиындатады.

      Мысалы: Good morning!

      Сондықтан  тыңджау  дағдыларының,   дыбыстар   мен   дауыс   ырғағының
      жаттығулары өте  қажет.




   2. Лексикалық  қиындықтар – ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және
      инфинитив, көсемше құрылымдарының өте  көп  қолданылуына байланысты,

      Мысалы:

                 The horse is slipping. The horse is sleeping.

                 They worked till night. They walked till night.

      Міне,  осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатыстырады.

      Мысалы:

      East-west    take- put    ask-answer

      Әсіресе, логтан кейін қолданылатың етістіктер.

      Put on: put off-put down

      Take off: see off-going for: etc.

           Ағылшын тілінде грамматикалық  омонимдер де  қиындық туғызады.

      Мысалы: to work-work6 to answer-answer. – ed Past Ind. Participle 2

      Бұлардың  бәрін  тыңдап айыру қиын.




   3. Тыңдауға берілген материалдың  мазмұны   да   түсіндеуге  әсер  етеді.
      Тыңдауға арналған материалды дайындау үшін маныларды ескеру қажет:

      А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?

      Ә) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?

      Б) материалды үзінді ме, әлде толық па?

      В) материалды тыңдауға әзірлік.

      Г) материал диалог түрінде ме,  әлде  монолог  па?  Монологтық  сөйлеу
      оңай, сондықтан тыңдауға тиімді.

      4. Матеиялды тыңдау жағдайы өте маңызды.

      1. Сөйлеу дылдамдығы

      2. Сөйлеу қарқыны: басында жай басталуы қажет.

            Сөз топтарының арасында пауза  болуы  қажет.  Тыңдаудың  соңында
      қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут  –  150  сөзге  жетуі  керек.  Орташа
      қарқын 120 сөз: жай қарқын – 95 сөз.

      3.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.

      4. Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде  сөйлеуші  адам  өзі
      тұрса өте жақсы. Ал ең қиын диалогты тыңдау керек.

      5. «Көру» құралдары заттар немесе  қимыл  тектес  болуы  мүнкін.  Олар
      көруге, естуге, тыңдауға көмектесуі қажет.

      6. Сөйлешінің дауысы да  тыңдаушыға  әсер  етеді.  Мұғалінің  дауысына
      үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүнкін. Сондықтан
      мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы керек.  Ағылшын  тілінде
      сөйлеу – тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі  сөзден  тұратын  сөйлем
      құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.

            Бұл көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын  айтып
      түсіндіруі қиын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы
      жай ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша  берілген  сөздердіжазады.
      Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды
      сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай  пайда  бермейді.  Оқушы  бір  нәрсе
      туралы  айтқысы,  түсіндіргісі  немесес  сұрағысы  келсе  тілдік  қоры
      пайдалануы  қажет  және  оған  мұғалім  көмектесіп  отыру  керек,  Осы
      психологиялық фактор үнемі есте болуы керек.

            Басқа фактор- психолингвистикалық фактор. Оқушы өз есінде қалған
      сөздерді, сөз тіркестерін сөйлеу үлгілерін  грамматикалық  формаларды,
      құрылымдарды тақырыпты,  жағдайды  пайдаланып,  сөздерді,  граматиканы
      үйрете  отырып  сөйлеуге  ынталландыру   қажет.   Мұғалім   оқушыларды
      әзірленген сөйлеуден әзірленбеген сөйлеуге біртіндеп әкелуі керек.




      Сөйлеу және ауызша жаттығулар

      Біз сөйлеу және ауызша жаттығуларды айыра алуымыз керек.

      Сөйлеу – ол тілдің сөйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс.

      Мысалы:

   1. Оқушы сыныпта өзінің басынан өткен оөиға туралы баяндайды.

   2. Үйге берілген тақырып бойынша мұғалім сұрақ қояды.

   3. Әңгіме оқып, мәтіннен жаңа мағлұмат алады.

      Сөздерді  үйрету  үшін  ауызша  жаттығулар  фонетиканы,   грамматиканы
қолданылады.  Көбіне олар жаттығулар болады. Мысалы: тақпақты   жатқа  айту,
айту  және  сөйлеу  дағдысы  жақсы  қалыптасады.  Ал  берілген  сөздер   мен
мәтіндерді пайдаланып  сөйлем  құрастыру  да  өте  пайдалы  жаттығу.  Ауызша
жаттығулар сөйлеуді  дамытады.  Бірақ,  олар  тек  сөйлеуге  әзірлейді  және
сөйлеу  жаттығуары  болып   есептелмейді.Біздің   мектептерде   огқушылардың
стандартты ауызша ағылшын тіліне  үйретеміз, ол жазбаша сөйлеу  стандартына,
соның ішінде монологтық сөйлеуге  өте  жақын.  Сөйлеуде  қысқа   сөйлемдерді
пайдаланған   орынды.Сөйлеу   жасанды   болмауы    үшін    сөйлеу    тілінің
ерекшеліктерімен таныстыру қажет.

      Диалогтан бастайық:

   1. Қысқа жауапты пайдалану.

                     How many books do you have? – One.

                     Әрине, бұл толық жауап беруге үйретпеу керек деген
                     мағынада емес.

   2. Қысқартылған формаларды пайдалануға үйрету.

                     Doesn’t isn’t

                     Won’t  ets.

                     Can’t

   3. Кейбір қысқартылған сөздерді пайдалану.

                     Lab – laboratory p.m. – post meridiem

                     Maths – mathematics

   4. Әңгімелесу тіркестерін қолдану.

                     Well look here believe I think

                     You know  I say I hope as far as know

                     Of course you see right

                     In fact

                     To tell the truth

   5. Диалогтық құрылмдар әртүрлі. Олардың төрт негізгі түрін қарастырайық.

   1. Сұрақ – жауап

   2. Сұрақ – сұрақ

   3. хабарлама – хабарлама

   4. хабарлама  -сұрақ

                        Диалогтық сөйлеуге  үйретуде  осы 4 түрін де қолдану
                        қажет.



                   Ауызша сөйлеуге қалай үйретуге болады?

        Ауызша сөйлеуге, яғни шет тілінің әңгімелесу түрін түсінуге және
    сөйлесуге үйрету үшін әрбір сабақта мұғалім ағылшын  тілінде сөйлеуге
                                    тиіс.

  1.Бұл үшін ағылшын тілінде:

                             a) сыныпқа жаңа материал берілу

                             b) жаңа материлды түсіну

                             c) түсінгенін тексеру

                             d) түсінгенін бекіту керек.

        1. Мұғалім тыңдап түсінуді дамыту үшін ауызекі сөйлеу және дағдылық
           жаттығуларды қолданады.

Дағды жаттығулары:

                              a)   лингвистикалық    қиындықтарды    жеңуге
                                 арналған

                              b) психологиялық қиындықтарды жеңуге арналған



Бірінші топқа:

                               a) Фонетикалық жаттығулар: Мысалы:Listen  to
                                  the following words and raise your  hands
                                  when you hear the words with (the teacher
                                  says: desk, pen, ten, bag,ets.)

                                   - Listen  to  the  following   pairs  of
                                     words  and  say  in  what  sound  they
                                     differ:

pen – pin

bed – bad

eyes – ice

white – wide




2. Лексикалық жаттығулар: сөздерді тануға арналған.

Listen to the  words and recognize the word  “boy”  among  other  words:   a
baby;  a toy; a boat; a boy. Listen to the following words  and  raise  your
hands when you hear the  words referring to  plants;  street;  tree;  grass;
class; flower.

- Listen to the  sentences and say whether the word “country” has  the  same
meaning in both sentences:

I spend my holidays in the country . Kazakhstan is a large country.

C) Грамматикалдық жаттығулар:

- listen to the  words and   raise  your   hands  when  you  hear  words  in
plural: desk, book,  pens, boxes.

- listen  to the   sentens and  say in which one the word  “help”  is   used
as a noun.

1) He can  help you

2) I need his help

Екінші  топқа  мынадай  жаттығулар жатады:

а) Есту  жадын  дамытатын жаттығулар.

- Listen  to  the  following words and   try  to  memorize  them  (  Мұғалім
суреттермен бірге  бірнеше  сөздерді айтады.  Мысалы: a carrot,   a  potato,
a  a cucumber,  a  tomato,  оқушылар суреттерді  атап береді ).

 - Listen  to the  sentences and repeat them  (Мұғалім айтады.  He   evening
we have tea.  I like it very much).

ә) Назарды  аударуға арналған  жаттығулар:

- to the  following text.  I have a sister.

Her name  is Ann.

Mike have  no  sister.

He has a brother.

Now say which sentence was omitted (added) after you have  listened  to   it
a second time.

 б) Көру жадын дамыту жаттығулары.

-listen to the following and give it a name:

We write with it on the blackboard.

We take it when it rains.

-listen and say which seasons it is:

It is cold. If often snows. Children can skate and sky.

в) Сөйлемді дұрыс құрылуына арналған жаттығулар.

-listen to the sentences and say whether they are logically arranged.

He name is Mary. This is a girl.



                          Сөйлеуге үйрету әдістері




























Сөйлеудің екі түрі бар: монолог және диалог.
Монологты үш кезеңнен тұрады:
   1. Хабарлау
   2. Айту
   3. Талдау
Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді  үйрену  мүнкін
емес.
      Мынадй жаттығуларды жасауға болады:
Оқушыларды жағдайға байланысты үлгі беріледі.
Үлгі-сөйлем әртүрлі сөздермен толықтырылады.
Мысалы: 1. I can see a Ә.
         2. I can see a Ә.
         1. I am fond of Ә.
         2. I am fond of Ә.
Мынадай жаттығуларды орындауға болады.
   1. Ауыстыру – I have a pen (a book..)
   2. Толықтыру- I have an interesting book.
   3. Өзгерту- He has a book. He has no book.
   4. Толықтыру, дамыту- I have an interesting book at home.
   5. Аяқтау- If I have time I’ll…..
Улгіні әбден дағдыланғанша үйрету қажет.
Мұғалі оқиғалық жұмыс.
   1. Give it a name.
T: We write with it.
P: It is a pen.
T: мысықтың суретін үнсіз көрсетеді.
P: This is a cat.
Make a negative statement.
T: I live in Gorky Street.
P: I do not live in Gorky Street.
T: He likes to play hockey.
P: I don’t like to play hockey.
Ағылшын тілінде хабарлама жасап, сөйлеп үйренгеннен кейін оқушылар  сөйлеуге
және талдауға үйренеді.
Жазуға үйретуде кедесетін қиындықтар
    • Жазуға үйретудің жолдары
    • Жазу жұмыстарының түрлері
    • Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерінің бірі
    • Дауыстап оқуға үйрету
    • Іштей оқуға үйрету
    • Оқуға үйрету әдістері
    • Оқуға қойылатын негізгі талаптар
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
   Грамматикадан берілетін мағлұматтарды бекітіп сауатты жазуға дағдыландыру
үшін түрлі жаттығу  жұмыстары,  ағылшын  әліпбиін  дұрыс  білу,  дыбыстардың
айтылу  түрлерін,  оның  фонетикасын   дұрыс   айта   білу,   орфографиясын,
орфоэпиясын білу, сұрақтарға жауап беру, жұрнақтары  көрсетілмей  берілгенің
дұрыс жазу, тірек сөздерден сөйлем құру, түрлі  диктант,  мазмұндама,  шағын
шығарма оқыту жұмыстары жүргізіледі.










































































   Жазу - ағылшын тілін оқытудағы қиын және маңызды  іскерлік,  жазу  арқылы
оқушылар ағылшын тіліндегі әріптерді,  дыбыстарды  қолдануға  үйренеді,  сөз
қорын кеңейтеді, сөйлеу, оқу, тыңдап  түсіну  іскерліктерін  дамытады.  Жазу
іскерлігіне коллиграфия, орфография  және  шығарма  кіреді.  Жазу  өте  қиын
іскерлік  болғандықтан,  оны  төмендегі  бірліктерді  дамыту  арқылы  үйрету
керек:
   1) Ағылшын әріптерін жаза алу біліктілігі
   2)  Дыбыстарды  әріптерге  немесе  әріптер  қосындыларына   өзгерте   алу
      біліктілігі
   3)  Сөздердің,  фразалардың,   сөйлемдердің   орфографиясын   түзей   алу
      біліктілігі
   4)  Өздерінің  ойларын  жеткізу  үшін  әртүрлі   жаттығулар   жасай   алу
      біліктілігі
   Төмендегідей факторлар жазу біліктілігін дамытуға өте қажет:
   1. Дыбысты, сөзді, фразаны немесе сөйлемді тыңдау арқылы қабылдау;
   2. Жазылып  жатқан  дыбыстың,  сөздің,  фразаның  және  сөйлемнің  айтылу
      жолдарын /артикуляция/ білу;
   3. Айтылып жатқан әріптерді, әріп қосындыларын көзге елестете алу;
   4. Жазу әрекетіндегі қол бұлшықетінің жұмысы.
   Соынмен, жазуға көз  құлақ,  бұлшық  ет,  қолдың  бұлшықеті,  тіл,  көмей
қатысады. Ақтық маңызды факторлардың бірі – дұрыс  жазудың  қалыптасуы  үшін
керекті ережелерді білу.
   Жазуға үйретуде кездесетін кейбір қиыншылықтар.
   Ағылшын тіліндегі а, о, е, п, м, д, х, т, н  әріптерін  жазу  мемлекеттік
тілде оқытылатын балаларға қиын емес, себебі бұл әріптер  мемлекеттік  тілде
кездеседі. Ал, s, r, l, g, f, q сияқты әріптер таныс  емес  болып  көрінеді.
Сондықтан, сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс  жазғызу  үшін  көп  жаттығулар
жасау керек.
   Оқушылардың ағылшын сөздерін қолды  үзбей  бір-біріне  тіркестіріп  жазуы
қиын, сондықтан кішкентай әріптерді қолын алмай  жазғызу  үшін  көп  жаттығу
керек.
   Мемлекеттік тілде оқытылатын балаларға ағылшын орфографиясы көп қиыншылық
келтіреді.
   Әртүрлі  сөздердегі  әртүрлі  әріптердің  немесе  әріптер  қосындыларының
оқылуы кейде бірдей болады:
   Eye – I
   Road – rode
   Write – right
   Tale – tail
   Әріптердің көбір кейбір сөздерден оқылады, ал кейбір сөздерде оқылмайды.
   Build - suit
   Laugh – brought
   Help – hour
   Ағылшын  тіліндегі  әріптердің   айтылуы   мен   орфографиясының   сәйкес
келмеуінің себебі ағылшын тілінде әріптерден көрі дыбыстар көп,  26  дауысты
дыбыс  және  6  дауысты  әріп  бар.  Сондықтан  busy,  daughter,   language,
beautiful,  foreign  деген  қиын  сөздерге  назар  аудару   керек.   Ағылшын
орфографиясын білу үшін,  оның  заңдылықтарын  жақсы  білу  қажет.  Оқушылар
мыналарды білуі тиіс:
   1) У әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдарын:
      Day – days
      Stay – stays
Бірақ:  city – cities, study – studies дауыстыларға «ed» жалғанады
      Play – played
      Carry – carried
Дауыстыларға ing  жалғау:
      Write – writing
      Dig – digging
      Play – playing
      Stand – standing
Сын есімнің шырайларының жалғаулары: er, est:
      Clean – cleaner – the cleanest
      Large – larger – the largest
   2) Дауыссыздың қосарлану жолдары:
      Sit – sitting
      Thin – thinner
      Swim – swimmer
   3) Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар:
      «Ful», «less», «use», «useful», «useless»
      Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі  оқушылар
дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады.
       Жазуға  үйрету.  Шет  тілін  үйретудегі  өте  маңызды  және   күрделі
жұмыстардың бірі – жазу.
      Ағылшын тілін жазуға  үйрену  дегеніміз  –  сол  тілдің  әріптік  және
дыбыстық   жүйесін   білу,   оны   сөйлей,   айта,   қолдана   білу.    Жазу
каллинһграфиядан,орфографиядан және  шығарма  жаза  білуден  тұрады.  Жазуды
үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады:
   1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу дағдысы
   2. Дыбыстарды жаза білу дағдысы
   3. Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы.
   4. Әртүрлі жаттығуларды орындай білу дағдысы
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
   1) Сөзді тыңдай білу
   2) Сөзді айта білу
   3) Көру факторы
   4) Қолдын саусақтарын дұрыс пайдалану
   Сонымен жазу процессінде адамның  сезіну  мүшелері  –  көз,  құлақ,  тіл,
сөйлеу мүшелері қатысады.
   Жазуға үйретудің жолдары. Оқушыларды  шет  тілінде  әріптерді,  сөздерді,
сөйлемдерді жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру,  жақсы  үлгілермен  таныстыру
керек.
   Каллиграфияға оқытудың кезеңдері:
   1. Мұғалім балаларға карточкада  жазылған  үлкен  және  кішкентай  әріпті
      көрсетеді.
Мысалы: Bb
      Карточканың бірінші бетінде әріптер  жазылған  болса,  екінші  жағында
сөздер жазылады.
Мысалы: Bb – Bed, book.
   2.  Мұғалім  тақтаға  сөзді  жазып  көрсетіп,  қиын  жерлерінің  жазылуын
      түсіндіреді. Мысалы, Q әрпін қолды қағаздан айырмай  жазу  керек,  тек
      құйрығын жазғанда  ғана  қолды  қағаздан  айыруға  болады,  «r»  әрпін
      жазғанда оны «v» әрпімен ұқсастырмау керек, «b» мен «d», «p»  мен  «q»
      әріптерін шатастырмау керек екенің түсіндіріп,  мұғалім  осы  әріптері
      бар сөздерді жазады.
   Әріптерді, сөздерді жазғанда мұғалім өзінің әр қимылын түсіндіруі  керек,
ал  балалар  сол  қимылдарды   бірінші  ауада,  содан  кейін   дәптерлерінде
қайталайды.
   3. Мұғалім балалардан әріптерді, сөздерді жазуды талап етеді, ал  өзі  әр
      балаға жақындап жазуға көмектеседі. Жазу қабілетін  дамыту  үшін  бала
      үйде де әріптерді, сөздерді жазуға жаттығады.
      Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету үшін мұғалім өзі жақсы жаза  алуы
керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек.
      Орфография,  қатесіз  жазу,  әріптерге  бөОрфография,  қатесіз   жазу,
әріптерге  бөліп  жазу.   Жазуға   үйрету   және   орфографияда   кездесетін
қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады:
   1. Көшіру
а) ұқсас сөздер: room – spoon – moon
ә) естілуі ұқсас жазылуы әртүрлі сөздер:
Two – too
Sea – see
One – won
      Оқушылар  бұл  сөздерді  жазғанда  оның  құрамындағы  әріптерді  атауы
керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп көңіл бөлу керек:
      Sure; usual; clerk; soldier.
       Оқушыларды  таныс  фразаларды,  сөйлемдерді  көшіру   арқылы   жазуға
үйретуге болады.
   2. Диктант – жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар:
а) Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады,  ал
  балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады.  Содан  кейін
  мұғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал  балалар  естерінде  қалған
  сөздерді дәптерлеріне жазады.
ә) Жаттығу  диктанты.  Мұғалім  сөйлемді  оқиды.  Жазуға  қиын  сөз  тақтаға
  жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап  шығады.  Содан
  кейін, балалар  сөздерді  дәптерлеріне  жазады,  ал  мұғалім  қатарлардың
  арасында жүріп оқушылардың жұмысын  қадағалайды.  Сөйлемді  дұрыс  жазған
  бала тақтаға шығып, сөйлемді жазады.
            Диктанттың бұл түрі 10 – 12 минутқа созылады.
б) Диктантты өз  бетімен  жазу.  Үйде  жаттап  келген  мәтінді  не  тақпақты
  оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді дәптерлеріне
  жазады.
   3. Үлгі бойынша сөйлемді жазу.
      Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі  оқушылар  оны  жазу  үшін
сөйлемді өз бетімен жалғастырады.
А) Сәйкестендіру: nick has a sister
Ә) Аяқтау: he smiled because…
Б) Жалғастыру:  The students wrote+adj. + noun+adv
   4. Сұрақтарға жауап беру
   5. Шығарма
      Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады:
А) естіген немесе оқыған әңгімені  жазу.   Білім  деңгейі  төмен  сыныптарда
әңгіменің маңызды сөздерін тақтаға жазып қою керек.
Ә) суретті, затты немесе белгілі бір оқиғаны суреттеу.
Б) бір тақырыпқа арналған мәтіннің бір бөлігін суреттеу
В) оқыған мәтінге жоспар құру.
Г) тақырып туралы шығарма. Басында  оқушылар  жоспар  құрады,  кейін  жоспар
бойынша әңгіме жазады.
Ғ) хат жазу.
      Әдетте  мұғалім  ағылшындықтардың  хатты  қалай  бастап  жазып,  немен
аяқталатының түсіндіреді.
      Жазу біліктіліктерін бағалау үшін  мұғалім  оқушыларға  таныс  бақылау
жұмыстарының түрін қолдануы керек.


      Тест жазу арқылы бақылау.
   1) Оқушының әріп жазуды  қалай  игергенің  тексеру  үшін  мұғалім  баланы
      тақтаның алдында жеке жұмыс жасатқызады.
   2)  Коллиграфия  және  орфография  саласындағы  оқушылардың  біліктілігін
      мұғалім диктант арқылы тексереді. Диктант жазғанда мұғалім сөйлемдерді
      екі рет оқиды.
      Біріншіден диктанттың мазмұның толық оқып шығып, содан кейін  сөздерді
бір-бірден оқиды. Диктантты жазып болғаннан кейін мұғалім тағы бір  рет  оны
оқып шығуы керек.
        5 – 6 сыныптарда диктант жазу 5-6 минутқа созылады.
                 7 – 11 сыныптарда 15 – 20 минут
                 Әр сыныптағы диктанттың көлемі.
                 6-сынып – 20 сөз
                 7-сынып – 30 сөз
                  8-сынып – 50-60 сөз
                 9-сынып – 60-70 сөз
                 10-сынып – 70-80 сөз
                 11-сынып – 80-100 сөз

   3) Оқушының  жазу  біліктілігін  мұғалім  шығарма  арқылы  да  тексереді.
      Мысалы:
Put a few questions to the text.
Answer the questions
Write a latter
      Мұғалімдер мен әдіскерлердің көбі қате жазылған сөздердің астын  сызып
қою керектігін айтады, себебі оқушылар осы қателіктерді түзеп  өзінің  жазу,
грамматика салаларындағы біліктіліктерін әрі қарай дамытады.


                                Оқуға үйрету
      Оқу – сөйлеу әрекетінің негізгі түрінің бірі.  Оқу  сөйлеу  әрекетінің
рецептивті түрлеріне жатады. Себебі ол  графикалық  ьелгілерді  қабылдаудан,
түсінуден тұрады. Оқу  сөйлеу  әрекетінің  тыңдау,  жазу  сияқты  түрлерімен
тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының  шет  тілін  үйретудің  бастапқы
кездегі алатын орны  ерекше. Оқумен сөйлеу тығыз  байланысты.  Оқытудың  екі
түрі бар.
1) дауыстап оқу
2) іштей оқу


             Ағылшын тілін оқуға үйретудегі  негізгі қиындықтар
   Ағылшын тілін үйретудегі ең  қиын  процестің бірі – оқушыны оқуға
үйрету. Себебі ағылшын тілінде 26 әріп 146 әріптік белгі бар. Егер ағылшын
тілі алфавитін қазақ тілінің алфавитімен салыстырсақ ұқсас әріптер К, М, Т,
ал қалғандары G, H, J, R, S, W, Z, әріптері мүлдем жоқ..Ал қалған әріптер
А,С,Н,О,Ф,У,Х, екі тілге де ортақ..Бірақ оқылуы әр түрлі.Оқуға үйрету
тілдің әліпбиіндегі әріптерді ауыстырудан басталады.Ал ағылшын тілін
үйретудетілдің әріптер жүйесімен бірге дыбыстық жүйесінде қатар үйрену
керек. Сөздің дыбыстық белгіленуі транскрипция арқылы беріледі. Оқушылыр
дыбыстардың ашық , үнді , дауыссыз , дауысты , екенін және дыбыстың буынның
түрінде оқылу ерекшеліктерін білу қажет. Ағылшын тілінде оқытуда оқудың
барлық ережесіне үйрету мүмкін емес, дегенмен кейбір ерекшеліктерін есте
сақтау абзал.Төмендегі кестеде бір әріптің бірнеше нұсқада оқылуын мысалға
келтірдік:

|Оқылу түрі |     a     |     e     |       o   |      u    |     i(y)  |
|I          |    [ei]   |    [i:]   |[әu]       |[u:]       |[ai] lime  |
|           |take       |be         |go         |rude blue  |type       |
|           |male       |see        |stone      |[ju: ] cute|           |
|           |           |           |           |fume       |           |
|II         |   [ae]    |  [e]      |   [ɔ]     |  [(]      |  [i]      |
|           |sad        |leg        |nor        |bus        |bit        |
|           |fan        |pet        |for        |hut        |kill       |
|III        |  [a:]     |  [ә:]     |  [ɔ:]     |  [ә:]     |  [ә:]     |
|           |far        |pert       |nor        |fir        |fir        |
|           |bar        |never      |form       |surf       |smirk      |
|IV         | [εә]      |  [iә]     |    [ɔ:]   |  [jue]    |  [aiә]    |
|           |hare       |hare       |store      |pure       |tire       |
|           |bare       |mere       |more       |endure     |fire       |

   Оқу процесін жеңілдету үшін жаңа сөздерді , сөз тіркестерін , фразаларды
алдын-ала оқыту қажет.


                            Оқуға үйрету әдістері
    I . Оқыту әріпті сөзді және графеманы таныстырудан басталады. Бұл үшін
карточкаларды қолдану ыңғайлы.
   II . Ереже бойынша оқылмайтын сөзді жеке таныстыру:
   Eg-lake, plane, have,  Mike
   III . Сөздердің сыңарын таңдап алу:
   Eg – does –goes,people–pupil,form – from, come – some, though – thuough
   Оқуды үйретуде негізгі орын алатын транскрипцияны үйретуге байланысты.


                             Ішінен оқуға үйрету
   Ішінен оқуда негізгі орын көруге, көзді пайдалануға беріледі. Ішінен
оқыған кезде лексикалық,грамматикалық жіне айтуға дағдылары дамытылады.
   Оқудың үш түрлі қызметі болады:
 1) жүйелеу, жинақтау
 2) танымдылық
 3) қарым-қатынас
  Ондағы негізгі мақсат-ағышын тіліноқыту арқылы оқушының өнегелік және
 эстетилалық жағынан әр жақты дамыған, саяси идеялық жағынан танымды
 еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Бүкіл оқыту барысында қатынастық бағыт бере
 отырып, ағылшын тілінен алған білімін іс жүзінде жоғары оқу орындарында,
 еңбек ету барысында пайдалануға дағдыландырады. Алайда , ағылшын тілін
 үйрету күрделі, ол қатынастық функционалды бағытта болуы тиіс. Қай тілдің
 болмасын механизмін үйрену үшін мынадай екі жағдайды білу қажет.
   1. Сол тілдің жүйесі қалай құрылған?
   2.  Оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек?
     Демек, ағылшын тілінің құрылысын және оны тәжірибелік жағынан меңгеру
оқу процесінде бірте-бірте қатынастық ұйымдастыру тиімді деп айтуғa
болады.Өйткені, қатынастық тәсіл оқу процесінің барлық жағын қамтиды:
   - сабақ әдістерін таңдау, оны жүргізу әдістері, жолдары, сабақ мазмұнының
     тәрбиелік және білімдік меңгрудегі дағдысы мен қабілеті т.б.





          Әр түрлі қатынастық мақсатта оқыту ағылшын тілін тәжірибелік
     жағынан меңгеруге ықпал жасаумен қатар  оны үйренуге деген
     қызығушылығын арттырады.
          Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Оқыту әдісі оқушыға
     білім, тәрбие беру және оның қоғамдық мәнісін дамыту міндеттерінен
     шығатын оқу материалын, теориалық және тәжірибелік меңгеру формасы.
          Оқыту әдісіне қойылатын талаптар:
          Оқыту әдісінің нақтылығы,ғылымилығы, жүйелігі, қол жетімділігі,
     айқындылығы,нәтижелілігі.
          Қазіргі кезде педегогикада оқыту әдістерін үш топқа бөліп
     қарастырып жүр:
        1) сөздік
        2) көрнекілік
        3) тәрбиелік-тәжірибелік әдістер
                 Оқытудың  сөздік   әдістерінің   тобы   мұғалімнің   сөзіне
         сүйенеді.Сөздік әдістердің  тобына  баяндау,әңгіме,түсіндіру,арнайы
         мәтінмен кітап оқу және  магнитафондық  жазбамен,өз  бетімен  жұмыс
         жатады.Көрнекілік әдістер сөздік әңгіемен  тығыз  байланысты.Себебі
         кез елген көрекі құрал түсіндіріеді,талданады.Оқытудың  тәжірибелік
         әдістеріне  оқушының  киімі  мен   дағдыларын   қалыптастыру   және
         жетілдіру процестеріне  байланысты  әдістер  жатады.  Ағылшын  тілі
         пәніне тән оқытудың басты әдістері мыналар:
   - әңгіме әдісі ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданылуы тиіс.Оны
     кезкелген сабақта қолдануға болады.Сондықтан ол мазмұны жағынан сан
     алуан болады.Әңгіме әдісі оқыту материалын оқушының жеке өмір
     тәжірибесімен байланыстыруға үлкен мүмкіндік береді.Оқытуда әңгіме екі
     түрлі пайданылады;
   - сұрақ –жауап негізіндегі әңгіме және эвристикалық жаңалық ойлап табу
     жолындағы әңгіме.Катехизикалық әңгіме оқушының білімін тексеру ,
     бекіту, оқылған мәтіндерді талдау жұмыстары үшін
     қолданыады.Ал,эвристикалық әңгіме жаңа қағидалар мен қорытындыларға
     әкелу бағытында қолданылады.
            Мәтіндерге тілдік талдау әдісі. Мәтіндерге тілдік талдау әдісі
  көркем шығарма тілін талдағанда , сөздік жұмыс,мәтінмен жұмыс істегенде
  қолданылады.Ол мәтіннің сөздік құрамын
  анықтауда сөз мағыналарын,сөздердің қолдану мақсатын ашу, талдаудан
  тұрады.Талдаулардың             оқушының логикалық  ойлауын,талдау
  қабілетін дамытуға жетелейді.
         Грамматикалық талдау әдістрі. Грамматиканы оқығанда оқушылар
  біріншіден грамматикалық құбылыстарды табады. Сөйлем мүшелері, жеке
  морфемалар, олардың нақты белгілеріне қарай түр-түрге, мақсатына сәйкес
  бөліп, толық грамматикалық сипаттама береді. Жұмыстың бұл түрінде оқушының
  өздігінен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.
        Ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі, сипаты, түрі,мақсаты
  жағынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оқушылар жаттығулар
  орындағанда тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау
  жасайды,қорытындылайлы,жинақтайды.
         Тест әдісі. Қазіргі кезде ағылшын сабағында негізінен қолданылатын
  әдістердіңбірі-тест әдісі.Тест оқушылардың оқыған тақырыбын,игерген
  білімдері мен білім дағдаларын тексеру,бағалау, өткенді бекіту,қайталау
  сабағында пайданылады.Тестоқушылардың ойлау белсенділігін, қабылдау, ой
  қорыту мүмкіндіктерін анықтауға көмектеседі.
        Оқуға қойылатын негізгі талаптары.Ағылшын тілінде тән дыбыстарды
  дұрыс оқуға байланысты мәтіндегі сөз,сөйлемдерді орфоэпиялық нормада
  айтуға жаттықтыру үшін арнайы жаттығу жұмыстры жүргізіледі.Мәтінді
  оқытудан бұрын оның құрамында кездесетін жаңа сөздер түсіндіріледі.
         Оқушылар мәтінді рөлге бөліп, оқумен, аударумен ғана шектелмей,
  оның мазмұнын ағылшынша айтуға жаттығады. Мәтін бойынша қойылатын сұрақтар
  осы талапқа сай ойластырылып, оқушылармәтін мазмұнын түсініп оқуға,жүйелі
  түрде айтуға талаптанады.Бұл мақсатқа жету үшін оқушының сөздік қоры
  мол,грамматикалық тұлғаларды меңгеру дәрежсі ойдағыдай болумен қатар, оны
  байланыстырып,сөйлей білуі қажет.
          Оқушылар мәтінді оқып,оның мазмұнын айтып беру үшін  әр мәтінді
  дұрыс мәнерлеп түсініп оқуы,сұрақтарға дұрыс жауап беруі,жетекші
  сұрақтарға жауап беріп,тыныс белгісіне дауыс  ырғағынкелтіріп оқуы,мәтінді
  әр сөзге,сөйлемдерге дауыс  екпінін дұрыс түсіруі керек. Мәтінді екі тілге
  аудара білуі маңызды. Әр мәтін сайын жаңа сөздердің,сөз
  тіркестерінің,мақалдардың,нақыл сөздердің сөздігін жасап отыруы
  керек.Мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу  сөйлемдердің логикалық екпінге ие
  сөзді, логикалық  паузаны, дауыс ырғағын білуге үйретеді.Оқушы мәтінді
  оқыған кезде алдына мақсат қоюы керек.Оларды шығарма кейіпкерлерін өз
  атынан әңгімелеуге үйретудің де маңызы зор.Шығарманың рухани
  кейіпкерлерінің сезім сырларына баға бере отырып, оған тыңдаушы назарын
  аударта білуі қажет.Автор сөзінің,төл сөздің дауыс ырғағын сақтай
  отырып,төл сөздерді жалғас әуенмен оқуы тиіс.
       Диалогтарды рөлге бөліп оқып,диалогты,мәтінді авторлық
  баяндау,суреттеулерге оқуға жетілдіру, жаттықтыру да оқуға қойылатын
  негізгі талаптарға жатады.


  Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1.Сөйлеу әрекетінің негізгі түрі ретінде оқудың мәні неде?
  2.Мәтіннің мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне қарай беру дегенді қай
  түсінеіз?
  3.Оқуға үйретудің қандай әдістерін білесіз?
  4.Оқуға қойылатын қандай талаптарды білесіз?
  5.Оқу-әдістемелік кешеннің оқуға үйретуге байланысты берілген нұсқаулармен
  танысып шығыңыз.
  6.Оқуға арналған мәтіндердің мазмұнымен танысып,оны толық талдап шығыңыз.
  7. Оқулықтан бір мәтінді алып, өзіңіздің шет тіліндегі мәтінді оқу
  жыоламдығын анықтаңыз.

Әдебиеттер:
Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,
«Просвещение» 2000








                                      Зертханалық сабақтардың жоспары:

№ 1, 2 Тақырып: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың
кезеңдері.
Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту
әдістемесі.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000


№ 3,4 Тақырып: Бастауыш сыныпта шет тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұны.
Ағылшын тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (прициптері) және құралдары.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000





















 № 5 Тақырып: Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Шет тілін оқытудағы көрнекілік және аударма әдісі.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000


№ 6 Тақырып: Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000
























                   СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар:

№1 Тақырып: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері.
Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын тілін оқыту
әдістемесі.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1. Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың кезеңдері
2. Ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезенінің тарихы
3. Шет тілін үйретудің орта кезеңі
4. Шет тілін үйретудің жоғарғы кезеңі
Әдістемелік нұсқау:
5. Тақырып бойынша лексиканы оқу
6. Граматикалық тақырыпты бекіту
7. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
8. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000


№2 Тақырып: Бастауыш сыныпта шет тілін оқытудың мақсаттары мен мазмұны.
Ағылшын тілін оқытудың әдістемелік қағидаттары (прициптері) және құралдары.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Әдістер атауы туралы түсінік
2.Грамматикалық- аудармалық әдіс.
3.Тура әдіс. Г.Пальмер әдісі
4.Қазіргі әдістер
5.Әдістеме және әдіс туралы түсінік
6.Сабақтағы мұғалімнің қызметтері және қолданылатын әдістері
7.Сабақтағы оқушының қызметтері
8.Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000







 №3 Тақырып: Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
Шет тілін оқытудағы көрнекілік және аударма әдісі.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Шет тілін оқытудың мақсаттары туралы жалпы түсінік.
2.Тәрбиелік мақсат
3.Білім беру мақсаты
4. Дамыту мақсаты
5.Әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары
6.Окытудын мазмұны - әдістеменің негізгі мәселесі
7. Лингвистикалық компонент
8.Психологиялық компонент
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000


№4 Тақырып: Тыңдауға және сөйлеуге үйрету. Жазуға және оқуға үйрету.
Мақсаты:
1.  Жаңа грамматикалық тақырыппен таныстыру.
2. Тақырыпқа байланысты лексикалық қорын дамыту.
3. Студеттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:
1.Оқыту принциптері – оқудың ең маңызды негізін салушы қағидасы
2.Оқыту принциптерінің түрлері
3.Оқытудың арнайы принциптері
4.Оқытудың жалпы дидактикалық принциптері
5.Оқыту құралдары туралы түсінік
Әдістемелік нұсқау:
1. Тақырып бойынша лексиканы оқу
2. Граматикалық тақырыпты бекіту
3. Сөздікті қолдана отырып бәрнеше сөйлем құру
4. Диалогтық жүйені қалыптастыру.
Әдебиеттер:

Рогова Г.В., Верещагина М. «Методика обучения английскому языку» М.,

«Просвещение» 2000














                    СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

      Төменде берілген ойындар костюм,  арнайы  орынды  қажет  етпейді,  бұл
ойындарды сабақ үстінде де , сабақтан тыс уақытта да қолдануға болады.

1-ойын
Тақтада “Bingo” сөзі жазулы  тұрады.  Мұғалім  балалармен  бірге  дөңгеленіп
айнала отырып тақпақтың екі жолын айтады.
                      The farmer’s dog is at our door.
                                                       And Bingo is his
name.
                                                       Bingo, Bingo,
                                                       And Bingo is his
name.
“Name”сөзіне келгенде барлығы тоқтайды. Балалардың біреуі тақтаға қарап B
[bi:] әрпін айтады. Содан өзінің сол жағындағы көршісін көрсетеді. Ол
келесі әріпті айтады I [ai], т.б. Осылайша сөздің соңғы әрпіне дейін
жалғасады. Соңғы жолды балалар хормен айтады. Басқа да аттарды айтуға
болады: Rex, Spot, Berry.

2-ойын
Сыныпқа жұмбақ берместен бұрын, оқушы өз отбасы туралы айтып береді:
“My family is large. I have a mother, a father, a grandmother, a
grandfather and sister Mary. I have uncles and aunts, too.”
Guess my riddle: His name is John.
                     He is not my uncle.
                     He is not my father.
                     He is not my grandfather.
                     Who is he? (answer: He is your brother)

3-ойын
Барлық оқушыларда түрлі – түсті қарындаштар болуы керек. Мұғалім ойынның
шартын түсіндіреді. Балалар, сендер жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығатынын
білесіңдер. Осындай кемпірқосақты салып көрейік. Бірақ мынандай шарт бар:
мен ағылшын тілінде түстерді атаймын, сендер сол бойынша сурет саласыңдар.
Мынандай ретте салайық: red, orange, yellow, green, blue, violet.



















                             Бақылау сұрақтары.
                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты
       Мемлекеттік тіл және шет тілдерінің практикалық курсы кафедрасы
                                  І вариант
   1. Әдістеме дегеніміз не?
   а) мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
   ә) тілді түсіне білуге үйрету
   б) қойылған мақсатқа жете білу
   в) балаларды шет тіліне үйрету
   г) материалдың түрі
   2. Педагогика ғылымындағы әдістеменің екі түрін көрсетіңіз:
   а) оқыту әдістемесі
   ә) дамыту әдістемесі
   б) тәрбиелеу әдістемесі
   в) фонетикалық әдістеме
   г) сөйлеу әдістемесі
   3. Негізгі әдістемені белгілеңіз:
   а) бақылау
   ә) түзету
   б) жаттығу
   в) таныстыру
   г) қолдану
   4. Шет тілін оқыту әдістемесінің зерттеу мәселесін көрсетіңіз:
   а) шет тіліне оқыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы
   ә) шет тілін өз елімізде оқытудың тиімді жолдарын табу
   б) шет тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
   в) материалдың таныс еместігі
   г) тындап түсінуден және сөйден тұратын екі жақты процесс
   5. Шет тілін оқытудың мақсаты дегеніміз не?
   а) оқыту бағдарламасын анықтау
   ә) оқыту процесіне коммуникативтік бағыт беру
   б) жоспарланған нәтижелерге жету
   в)  дауыссыз дыбыстың көптігі
   г) тілдің сөздік құрамы туралы
   6. Оқытудың мазмұнының негізгі үш компонентін көрсетіңіз:
   а) грамматикалық, лексикалық, фонетикалық
   ә) тәжірибелік, ағартушылық, тәрбиелік
   б) лексикалық, фонетикалық, ағартушылық
   в) ағартушылық, тәрбиелік, грамматикалық
   г) лингвистикалық, психологиялық, әдістемелік
   7. Ағылшын тілін оқытудың жалпы дидактикалық қағидатын анықтаңыз:
   а) ана тіліне сүйене оқыту қағидаты
   ә) іріктеп – араластыра оқыту қағидаты
   б) тәрбиелеп оқыту қағидаты
   в) жаза білу қағидаты
   г) оқи білу қағидаты
   8. Ағылшын тілін оқытудың неше қағидаты бар?
   а) 5
   ә) 13
   б) 10
   в) 7
   г) 3
   9. Әр оқушының ерекшелігін, білім дәрежесін ескеріп, соған байланысты
   тапсырма беру – оқытудың қай қағидатына жатады?
   а) қиын материалды жеңілдетіп беру қағидаты
   ә) көрнекілік қағидаты
   б) жаза білу қағидаты
   в) жеке ерекшеліктерін ескеру қағидаты
   г) оқи білу қағидаты
   10. Оқытудың ең негізгі құралын көрсетіңіз:
   а) бағдарлама
   ә) кодоскоп
   б) оқуға арналған кітап
   в) журнал
   г) жоспар
   11. Көрнекі құралдардың екі тобын атаңыз:
   а) заттық – бейнелік және таңбалы көрнекі құралдар
   ә) оқушыларға және оқытушыларға арналған көрнекі құралдар
   б) сызбала мен модельдер
     в) диктант
     г) оқу
   12. Оқытудың негізгі мақсатын көрсетіңіз:
   а) тәрбиелік
   ә) тәжірибелік
   б) дамыту
   в) педагогикалық
   г) дидактикалық
   13. Оқу әрекеті мектепте шет тілін оқытудың қай кезеңінде басым болады?
   а) бастауыш кезеңде
   ә) орта кезеңде
   б) жоғары кезеңде
   в) бастауыш кезеңде,  орта кезеңде
   г) орта кезеңде,  жоғары кезеңде
   14. Сабақтың ең маңызды бөлігі
   а) жаттығулар орындау
   ә) мәтінді оқу
   б) сөйлеу
   в) оқу
   г) тақпақ айту
   15. Шет тілін үйренудегі негізгі қиындықтар
   а) психологиялық
   ә) фонетикалық
   б) физиологиялық
   в) педагогикалық
   г) дидактикалық
   16. Тыңдауға берілген материалдардың мазмұнын түсіну мына жағдайға
   байланысты:
   а) мәтінге
   ә) материалдың таныс еместігі
   б) материалдың ерекшілігі
   в) материалдың түрі
   г) оқуға
   17.Сөйлеу үшін қажетті алғы шарттарды анықтаныз:
   а) фонетикалық дағдысы
   ә) грамматикалық ережені білу
   б) жаза білу
   в) оқи білу
   г) сөйлеу дағдысы
   18. Сөйлеу дегеніміз:
   а) тыңдап түсіну процесі
   ә) тіл арқылы жүзеге асатын процесс
   б) тындап түсінуден және сөйден тұратын екі жақты процесс
   в) оқу
   г) жазу
   19. Ауызша жаттығулар мына іс-әрекеттердің қай түрін дамытады
     а) жазуды
     ә) түсінуді
     б) сөйлеуді
     в) оқуды
     г) жаттауды
     20. Диалогтық сөйлеу түрі
     а) сұрақ-жауап
     ә) әңгіме
     б) сұрақ
     в) жазу
     г)  оқу
     21. Тыңдап-түсінуді дамыту жаттығулары
     а)  сөйлеу жаттығуы
     ә) оңайлатылған
     б) арнайы жаттығулар
     в) дағдылық
     г) есту жаттығуы
     22. Жазу жұмыстың түрлері
     а) жаттығу
     ә) сөйлеу
     б) диктант
     в) оқу
     г)  есту
     23. Ағылшын тілінде жазуға үйренудегі негізгі қиыншылық
     а) ағылшын тілінде әріптердің көптігі
     ә) дыбыстың көптігі
     б) дауыссыз дыбыстың көптігі
     в) оқу
     г) дауысты әріптердің заңдылықтарының болуы
     24. Диктант жұмысының түрі:
     а) жаттығу диктанты
     ә) бақылау диктанты
     б) сөйлеу диктанты
     в) сөздік
     г) дыбыстық
     25. Диктант жазғанда сөйлемді неше рет оқу керек:
     а) 1 рет
     ә) 2 рет
     б) 3 рет
     в) 4 рет
     г) 5 рет
                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты
       Мемлекеттік тіл және шет тілдерінің практикалық курсы кафедрасы
                                 ІІ вариант
     1. 7-сыныптағы диктантағы сөздің мөлшері
     а) 50 сөз
     ә) 40 сөз
     б) 10 сөз
     в) 30 сөз
     г) 20 сөз
     2. 10 сыныптағы диктанттың мөлшері
     а) 30 сөз
     ә) 70 сөз
     б) 100 сөз
     в) 50 сөз
     г) 40 сөз
     3. Оқытудың түрін атаңыз:
     а) түсініп оқу
     ә) оқу
     б) аударма оқу
     в) дауыстап оқу
     г) жазу
     4. Ағылшын тілін оқып үйрену үшін қандай жүйемен танысу керек?
     а) тілдің әріптік жүйесімен
     ә) дыбыстың жүйесімен
     б) әріптің, әрі дыбыстың жүйесімен
     в) әріптің жүйесімен
     г) сөздің жүйесімен
     5. Ағылшын тілінде сөздің дыбыстық белгіленуі қалай аталады?
     а) дауыс ырғағы
     ә) транскрипция
     б) артикуляция
     в) ассимиляция
     г) дедуктивті
     6. Грамматиканы оқытудың негізгі мақсаты
     а) тілдің сөздік құрамы туралы
     ә) тілдің дыбыстық жүйесі туралы
     б) тілдік грамматикалық құрылымы туралы түсінік беру
     в) жаттығу туралы
     г) сөйлеу
     7. Грамматикалық сабағындағы негізгі оқу құралы
     а) сөздік
     ә) кинофильм
     б) грамматикалық кесте
     в) тақта
     г) көрнекілік
     8. Грамматика сабағындағы ең қолайлы әдістің түрі
     а) дедуктивтік
     ә) көрнекілік
     б) әңгіме
     в) жазу
     г) сөйлеу

     9. Грамматикалық жаттығудың түрін анықтаңыз:
     а) тану жаттығуы
     ә) сөйлеу жаттығуы
     б) есту жаттығуы
     в) жазу жаттығуы
     г) әңгіме
  10.   Жаңа  сөздің  мағынасын  түсіндірудің  (семантизация)  дұрыс  әдісін
      табыңыз:
   а) ана тілге аудару, антонимдер, синонимдер, көрнекілік арқылы
   ә) антонимдер, синонимдер, сөз жасау белгілері бойынша жазылуын түсіндіру
   б) сөздің анықтамасы  арқылы  түсіндіру,  оқылуын  түсіндіру,  сөз  жасау
   белгілері бойынша түсіндіру
   в) тындап түсінуден және сөйден тұратын екі жақты процесс
   г) дұрыс айту дағдыларын дамыту
   11.  Сөздің айтылуын және жазылуын, оқыту әдісін табыңыз.
   а) оқыту ережесі, жазу, имитация, транскрипция
   ә) имитация, транскрпипция, аналогия, оқыту ережесі
   б) тонограмма, имитация, аналогия, транскрипция
     в) жазу жаттығуы
     г) әңгіме
   12. Факультативті сабақтардың негізгі сабақтардан айырмашылығы неде?
   а) оқу әрекетінде
   ә) оқыту принциптерінде
   б) оқыту құралдарында
   в) әдіс-тәсілдер
     г)  әңгіме
   13. Факультативті сабақтарға қандай оқушылар қатысады?
   а)  тек үздік оқушылар
   ә) тек білім деңгейі төмен оқушылар
   б) барлық тілге қызығушылығы бар оқушылар
   в) бастауыш сынып оқушылары
   г) жоғары сынып оқушылары
   14. Факультативті сабақтарда балалардың білімі қалай бағаланады?
   а) тек «бес» деген бағаға
   ә) тек «төрт» пен «бес» деген бағаға
   б) тек «үш» деген бағаға
   в) тек «үш» пен «төрт» деген бағаға
   г) баға қойылмайды
   15. Сабақ жоспары дегеніміз...
   а) мұғалімге арналған оқулықтың бір бөлігінің көшірмесі
   ә) мұғалімнің оқыту құралы
   б) оқушының сабақ үстіндегі әрекетін анықтайтын құжат
   в) мұғалім кітабы
   г) оқулық
   16. Әрбір оқушы ағылшын тілі сабағы курсы аяқталған кезде
   а) 3000 сөз білуі керек
   ә) 4000 сөз білуі керек
   б) 5000 сөз білуі керек
   в) 1000 сөз білуі керек
   г) 2000 сөз білуі керек
   17. Шет тіліне үйретудің жоғарғы сатысына қандай сыныптар жатады?
   а) 10-11
   ә) 9-10-11
   б) 8-9-10
   в)  7-8
   г) 8-9
   18. Бастауыш мектеп оқушыларының негізгі әрекеті қайсысы?
   а) жазу әректі
   ә) оқу әрекеті
   б) сөйлеу әрекеті
   в) ойын әрекеті
   г) әңгіме
   19. Сабақтың барысымен танысу сабақтың қай бөлігіне жатады?
   а) кіріспе бөлігіне
   ә) негізгі бөлігіне
   б) қорытынды бөлігіне
   в) ұйымдастыру
   г) бағалау
   20. Сабақтың барысында мұғалім фонетикалық жаттығуды неге өткізеді?
   а) өзіне оқушылардың назарын аудару үшін
   ә) дұрыс айту дағдыларын дамыту үшін
   б) балалардың білімдерін бағалау үшін
   в) жаңа сабақты түсіндіру үшін
   г) жаңа сабақты бекіту үшін
   21. Шет тілінің негізгі оқыту бірлігі не?
   а) мұғалім кітабы
   ә) оқулық
   б) сабақ
   в) журнал
   г) кассета
   22. Шет тілін үйрету тіл әрекетінің қандай төрт түрлі дамуын көздейді?
   а) тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу, оқу
   ә) сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу, жауап беру
   б) сөйлеу, жазу, тыңдап түсіну, әңгімелесу
   в) оқу, жауап беру
   г) тыңдап түсіну, әңгімелесу
   23. Шет тілін оқытудың қай кезеңінде ауызша сөйлеу әрекеті  негізгі  түрі
   болып есептелінеді?
   а) бастауыш
   ә) орта
   б) жоғарғы
   в) бастауыш,  орта
   г) орта,  жоғарғы
   24. Тыңдауға берілген материалдардың мазмұнын түсіну мына жағдайға
   айланысты:
   а) мәтінге
   ә) материалдың таныс еместігі
   б) материалдың ерекшілігі
   в) материалдың түрі
   г) оқуға
   25.Сөйлеу үшін қажетті алғы шарттарды анықтаныз:
   а) фонетикалық дағдысы
   ә) грамматикалық ережені білу
   б) жаза білу
   в) оқи білу


                                  Жауаптары

|І вариант   |ІІ вариант  |
|1     |Б     |1     |В     |
|2     |А     |2     |Ә     |
|3     |В     |3     |В     |
|4     |Ә     |4     |Б     |
|5     |Б     |5     |Ә     |
|6     |Г     |6     |Б     |
|7     |Б     |7     |Б     |
|8     |Ә     |8     |А     |
|9     |В     |9     |А     |
|10    |А     |10    |А     |
|11    |А     |11    |Ә     |
|12    |Ә     |12    |В     |
|13    |Б     |13    |Б     |
|14    |Б     |14    |Г     |
|15    |Ә     |15    |Ә     |
|16    |В     |16    |А     |
|17    |Г     |17    |А     |
|18    |Ә     |18    |В     |
|19    |Б     |19    |А     |
|20    |А     |20    |Ә     |
|21    |В     |21    |Б     |
|22    |А     |22    |А     |
|23    |Г     |23    |А     |
|24    |А     |24    |В     |
|25    |Ә     |25    |Г     |
























                             Емтихан сұрақтары.

1. Әдістеме дегеніміз не?
2. Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
3. Шет тілін оқыту мақсаттары.
4. Шет тілін оқыту құралдары.
5. Оқыту принциптері.
6. Шет тіліне оқыту кезеңдері.
7. Шет тіліне оқыту әдістер (көрнекілік, аударма)
8. Шет тілінде сөйлеуге үйрету. Монологтық және диалогтық сөйлеу.
9. Лексиканы үйрету. Жаңа сөздермен жұмыс.
10. Грамматиканы үйрету.
11. Оқуға үйрету.
12. Жазуға үйрету.
13. Сабақтың құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары.
14. Фонетикаға үйрету.
15. Шет тілінен сыныптан тыс жұмыстар.
16. Факультативтік сабақтар.
17. Шет тілі сабақтарының кезеңдері.
18. Орта мектепте шет тілін оқыту әдістемесінің тарихы.
19. Шет тілі сабақтарының түрлері.
20. Тілдік материалдар.










































































































































                                                                                          2
                                                                                          5



-----------------------
                                  Мақсаттар

Тәжірибелік мақсат (тыңдату, сөйлеу, оқу, жазу)

Ағартушылық мақсат (логикалық ойлауды, естегі қиалды дамыту, оқушышың
білімін кеңейту, мәдениетін көтеру)

Тәрбиелік мақсат (ақыл – ой еңбегінің дағдысы мен біліктілігін
қалыптастыру, қызығушылықты дамыту, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу)

Дамытушылық мақсат (оқушының жеке басындағы ойлау, сезіну қабілеттерін
дамыту)

           Шет тілін оқыту қағидаттары


                   Ғылымдылық

      Қарым-қатынас жасау

        Арнайы

                                    Әдістеме



Грамматика


Лексика

Фонетика

Оқу

Жазу



Сөйлеу

Тыңдау

Сөйлеуді үйрету

Материал дайындау

Мақсаттары мен міндеттері

  Диалог

Монолог

Жаттығулар     жүйесі

Қағидаттар

                                Жазуға үйрету

                                 Мақсаттары

                                 Міндеттері

                                   Жазбаша

                                 Жаттығулар

Дайындық

Тілдік

                             Орфографияға үйрету

                            Каллиграфияға үйрету

                              Графикаға үйрету

Қағидалары

                                   Жазбаша


Пәндер