Файл қосу

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы










             5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығына  арналған
                      «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»

                      ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

              СТУДЕНТТЕРГЕ  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

















                                    СЕМЕЙ
                                    2013
1 ӘЗІРЛЕНДІ
Құрастырған __________  «___» ______2013жыл

Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының филология ғылымдарының
кандидаты, аға оқытушы С.Ж. Тәттімбетова

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының  отырысы
Хаттама     №___  «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2  Филология  факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып,
бекітілді
Хаттама     №___  «___» ___________2013  жыл

Төрайымы_________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік  кеңесінде  қабылданды және шығаруға ұсыныс
жасалды.
Хаттама     №___  «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрайымы   _________________Искакова Г.К.

4  «____» __________  20___ж.  шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ

















                                   Мазмұны

1 Жалпы ережелер
2 Оқу жұмыс жоспарының мазмұны,  сағаттарға шағу
3 Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқаулықтар
4 Курс форматы
5 Курс саясаты
6  Бағалау саясаты
7  Әдебиеттер




































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1  Оқытушы туралы жалпы мәліметтер:
Тәттімбетова Сымбат Жеңісқызы  ф.ғ.к. доцент
Кафедра: «Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі»
Ақпараттық  қатынас:  телефон: 53-37-63,  8 корпус, № 213 кабинет
Сабақ өтетін орын: 313 дәрісхана
Кредит саны: 3

           1.2  Пәннің қысқаша мазмұны:   «Қазіргі қазақ тілінің  сөзжасамы»
пәні сөзжасам туралы  түсінік  бере  келіп,  сөзжасам  жүйесін,  сөзжасамдық
бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін,  сөздердің
жасалу  жолдарын,  сөзжасам   арқылы  жасалған  туынды   сөздерді,   олардың
түрлерін,  сөзжасамдық  үлгілерді,  сөзжасамдық  мағынаны,  әр  сөз  табының
сөзжасамын т.б. сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді.
      1.3   Пәнді  оқытудың   мақсаты:  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасамы»
пәнін оқытудағы  мақсат  студенттерге  тілдің  сөжасам  жүйесі,  сөзжасамдық
заңдылықтар мен бірліктер, сөзжасам  тәсілі,  туынды  сөз,  сөзжасамдық  ұя,
сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына туралы жан-жақты түсінік  беру  болып
табылады.  Сондықтан  сөзжасам  мәселелерін  белгілі  бір  жүйеге  келтіріп,
белгілі бір тәртіпте, мәселелердің өзара байланысы мен ерекшеліктері   жайлы
жан-жақты түсіндіру.    Студенттерге теориялық  білім  беру,  сол  теориялық
түсінікті  пайдаланып,  тілдік  элементтердің   құрылымдық   ерекшеліктеріне
талдау жасау арқылы еркін пайымдай алатындай дәрежеде дағды қалыптастыру.
       1.4    Пәнді оқыту міндеттері:  Бұл пәнді толық меңгеру үшін студент
пәннің арнайы оқулығына және сөзжасам салаласы бойынша арнайы зерттеулердің
нәтижесінде жазылған ғылыми еңбектерді талдап, түсініп, саналы түрде
оқулары керек. Студент пәннің зерттеу нысанын, қарастыратын мәселесін,
сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасамның  морфология, синтаксис, лексикамен т.
б. салалармен байланысын, ерекшелігін білу керек. Сөзжасам үрдісіне
қатысатын сөзжасам негізі, сөзжасамдық бірліктер, сөзжасамдық заңдылықтар
мен тәсілдер туралы т.б. сөзжасамның теориялық мәселелеріне жан-жақты
түсінік берілу керек.
       1.5  Оқыту нәтижелері:
  Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
-  «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің өзекті мәселелерін біліп
шығады;
- Алған білімдерін практикада қолдана біледі;
- Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгереді;
- Теориялық талдау жасай алады;
-  Студенттер  «Қазіргі  қазақ  тілінің  сөзжасамы»   ғылымы   туралы   және
сөзжасам үдерісі, тілдік  талдау  жасаудың      әдіс-тәсілдерін   меңгереді,
түсінеді;
- Өзіндік пікір айта алады;
- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай біледі.
   1.6  Курстың пререквизиттері:
1.6.1 Тіл біліміне кіріспе
1.6.2  Нормативті қазақ тілі
1.6.3  Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы
1.6.4  Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
      1.7  Курстың постреквизиті:
1.7.1  Қазақ тілінің стилистикасы
1.7.2  Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
1.7.3  Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы
1.7.4  Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
1.7.5  Салғастырмалы грамматика
1.7.6  Когнитивтік лингвистика

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША  САҒАТТАРҒА БӨЛУ
                                                                     1 Кесте
|№  |Тақырыптар атауы     |Сағаттар                          |әдебиеттер    |
|   |                     |Дәріс |Тәжір     |ОСӨЖ    |СӨЖ   |              |
|1  |2                    |3     |4         |5       |6     |7             |
| 1 | 1-тақырып           |1     |1         |1.5     |3.5   |1, Б. 3-9     |
|   |Сөзжасам пәні, оның  |      |          |        |      |2, Б. 3-8     |
|   |зерттеу нысандары.   |      |          |        |      |3, Б. 3-11    |
|2  |2-тақырып            |1     |1         |1.5     |3.5   |1, Б. 12-23   |
|   |Сөзжасам - тіл       |      |          |        |      |2, Б. 8-37    |
|   |білімінің жеке       |      |          |        |      |3, Б. 11-20   |
|   |саласы.              |      |          |        |      |4, Б. 12-23   |
|3  |3-тақырып            |1     |1         |1.5     |3.5   |3, Б. 25-37   |
|   |Сөзжасамның тілдің   |      |          |        |      |4, Б. 64-68   |
|   |басқа салаларымен    |      |          |        |      |8, Б. 23-38   |
|   |байланысы            |      |          |        |      |              |
|4  |4-тақырып            |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 37-53   |
|   |Сөзжасам жүйесі      |      |          |        |      |4, Б.38-78    |
|   |                     |      |          |        |      |5, 24-28      |
|5  |5-тақырып            |1     |1         |1.5     |3.5   |2, Б. 53-61   |
|   |Сөзжасамдық ұя,      |      |          |        |      |4, Б. 80-92   |
|   |тізбек, саты, жұп,   |      |          |        |      |5, Б. 20-24   |
|   |тарам.               |      |          |        |      |              |
|6  |6-тақырып            |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б.63-68    |
|   |Сөзжасамдық          |      |          |        |      |4, Б.92-125   |
|   |бірліктер, тәсілдер  |      |          |        |      |5, Б. 25-37   |
|7  |7-тақырып Сөзжасамдық|1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 52-68;  |
|   |мағына               |      |          |        |      |79-132        |
|   |                     |      |          |        |      |4, Б. 126-134;|
|   |                     |      |          |        |      |              |
|8  |8-тақырып Сөзжасамдық|1     |          |1.5     |3.5   |2, Б.133-148  |
|   |тип, үлгі.           |      |          |        |      |4, Б. 166-183 |
|   |                     |      |          |        |      |5, Б. 42-45   |
|9  |9-тақырып            |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 148-164 |
|   |Туынды сөздер,       |      |          |        |      |4, Б. 183-190 |
|   |олардың түрлері.     |      |          |        |      |5, Б. 46-48   |
|10 |10-тақырып           |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 164-178 |
|   |Күрделі сөздер,      |      |          |        |      |4, Б. 191-207 |
|   |олардың түрлері.     |      |          |        |      |6, Б. 95-120  |
|11 |11-тақырып           |1     |          |1.5     |3.5   |2. Б. 179-200 |
|   |Зат  есімдердің      |      |          |        |      |4, Б. 207-222 |
|   |сөзжасамы.           |      |          |        |      |6. Б. 121-132 |
|12 |12-тақырып           |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б.200-322  |
|   |Сын есім сөзжасамы   |      |          |        |      |4, Б.222-333  |
|   |                     |      |          |        |      |              |
|13 |13-тақырып           |1     |1         |1.5     |3.5   |2, Б. 200-322 |
|   |Сан есім сөзжасамы   |      |          |        |      |4, Б. 222-333 |
|   |                     |      |          |        |      |8, Б. 64-71   |
|14 |14-тақырып           |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 322-331 |
|   |Үстеудің сөзжасамы   |      |          |        |      |4, Б. 333-344 |
|   |                     |      |          |        |      |7, Б. 72-81   |
|15 |15-тақырып           |1     |          |1.5     |3.5   |2, Б. 332-349 |
|   |Етістіктің сөзжасамы |      |          |        |      |4, Б.344-358  |
|   |                     |      |          |        |      |3, Б. 82-86   |
|   |Барлығы              |15    |15        |22.5    |67.5  |              |

     3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

      Студент «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінде тәжірибе жүзінде
кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілдік талдаудың негізгі
әдістерін білуі қажет. Ғылыми ой-өрісті қалыптастыруда қазіргі қазақ тілі
сөзжасамы мен морфологиясы саласы ғылыми білім негіздерін қалауда ерекше
рөл атқарады. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» бойынша болашақ мамандарды
кәсіптік қызметке қажетті біліктілікті  қалыптастырады.
   «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» барған сайын өсіп, жетіліп келеді. Біз
оны бұдан былай да жетілдіре беруге тиіспіз. Ол үшін сөзжасам мен
морфологиясының  өткендегісін таразылап, болашағын бағдарлап отыруымыз
керек. Бұл пән  кәсіби біліктілікке қажетті дағдылар мен іскерліктерді
кезеңдер бойынша қалыптастырады. Тарихы әр кезеңдегі ғылым алдына қоятын
қоғамдағы әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес ғылымдармен және олардың
практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.


    4  КУРС ФОРМАТЫ
  Аудиториялық уақытқа дәрістер, тәжірибелік сабақтар, оқытылған материалды
талқылау және әртүрлі тапсырмаларды  орындау кіреді. Әрбір  сабаққа  студент
әдебиеттің  негізгі  және  қосымша   қайнар   көздерінің   тізіміне   сәйкес
дайындалуы  керек   (негізгі   бөлімдер   мен   бөлімшелер   әрбір   сабақта
нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер  автоматты  түрде
0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
  Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі.  Сабаққа  қатысу
және дәрісте  негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді  және  мәліметтерді   жазып
алу  студенттің  міндеті  болып  табылады.  Егер  студент  қандай   да   бір
жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы  басқа
студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің  бір
де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
ОЖСӨЖ мақсаты – «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»
саласына байланысты зерттеу еңбектерді қарастыру.
      ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
      - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;
      - «Қазіргі қазақ  тілінің  сөзжасамы»   ғылымы  және  оның  ерекшелiгi
        туралы.
      Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның  жеке  танымды  қызметі,  ол
өзіне тек қана алған білімін бекітіп  қоймауы,  сонымен  қатар  жеке  тілдік
тұжырым-ойлау үдерісі болып табылады. Өзіндік жағынан  ол  келешек  маманның
жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.
      Өздік  жұмыс  сонымен  қатар   студенттің   максималды   белсенділігін
қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы  ғылыми  зерттеу,  қоғамдық  және
өндірістік қызметтерде көрінеді.


      5  КУРС САЯСАТЫ
   Курсты оқу барысында алынған ұпай  жинақталып.  жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  СӨЖ,  ОСӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай  жинақтай  алмаған  студент
емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу   міндеті,  өтілген  материалды
меңгеру деңгейі тест, жатқа  жазу,  бақылау  түрінде  тексеріледі.  Себепсіз
сағат босатсаңыз, қосымша шығармашылық  жұмыс  беріледі.  Сабақтан  екі  рет
кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.
   6  БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»  пәнінің ұпайларға бөлінуі
|Апта                                    |1                                |
|Дәріс        |        30 ұпай           |                30 ұпай          |
|Семинар      |                          |15                               |
|Барлығы      | 300 ұпай                 |  300 ұпай                       |
|Емтихан      |                                  400 ұпай                  |
|қорытынды    |                                 1000 ұпай                  |

   7. ӘДЕБИЕТТЕР
7.1.1  Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
7.1.2  Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.
7.1.3 Оразахынова Н.А. және басқалар. Қазақ тілі. Алматы, 2004ж.
7.1.4  Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002ж.
7.1.5  Салқынбай А. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алмаы, 2003ж.
7.1.6 Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002ж.
7.1.7 Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 289-305 б.
7.1.8 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.Морфология-А.,1991
7.1.9 Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.-Алматы.,1980
7.1.10 Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы І-бөлім. :, 1967ж.
7.1.11 С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық  ұғымдар.  А.,
1992 ж.
7.1.12 Н. Оралбаева, А. Қалыбаева .Қазірге қазақ тілінің морфемалар  жүйесі.
   А., 1986 ж.
7.1.13Оралбай Нұржамал  Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . А.,2007 ж.

          Қосымша әдебиеттер:
   1.  Искакова А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, 1960.
7.2.2  Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982, 108-112 б.
  7.2.3   Қалыбаева А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы. Алматы, 1957.
  7.2.4   Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. Алматы,
  1980.
  7.2.5  Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. Алматы, 1999.
  7.2.6  Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. Алматы, 1980. 176 б.
   7.2.7  Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. Алматы, 1958.
  7.2.8  Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық, болымсыздық
  категориясы. Алматы, 1953.
  7.2.9  Жұмағұлова О. Көсемшенің қызметтері туралы. Жинақ. А., 1998.
  7.2.10  Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А.,1966 ж
Пәндер