Файл қосу

Әдебиеттік оқыту әдістемесі










   5В012100 - «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығына арналған
                        «Әдебиеттік оқыту әдістемесі»
                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

               СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    СЕМЕЙ
                                     2013

|ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 2-беті       |


                                   Кіріспе

1 ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы___________   «   ___»    _________20__ж.   Әбділманатқызы    Ә.,
филол.ғ.к.,
                                         қолы
«Қазақ әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы

2.1   Қазақ әдебиеті кафедрасының  отырысында  қаралып, талқыланды.
Хаттама     №___  «___» ___________20___ жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.
2.2  Филология   факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып,
бекітілді.
Хаттама     №___  «___» ___________20___ жыл.
Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік  кеңесінде бекітілді.
Хаттама     №___  «___» ___________20 ___жыл.

ОӘК төрағасы   _________________Искакова Г.К.
4  «____» __________  20___ж.  шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ






















|ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 3-беті       |



                                   Мазмұны


1 Жалпы ережелер
2 Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша сағаттарға бөлу
3 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
4 Курс форматы
5 Курс саясаты
6 Бағалау саясаты
7 Әдебиеттер










































|ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 4-беті       |




      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәлімет
      Әбділманатқызы Ә., филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
      «Қазақ филологиясы» кафедрасы
      Ақпараттық  қатынас - телефон: 537603, №8 оқу ғимараты, №221 бөлме
      Сабақ өтетін орын - №214 аудитория
      Пән бойынша кредит саны - 2


      1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы:
      «Әдебиеттік оқыту  әдістемесі»  пәні  бойынша  студенттерге  жан-жақты
тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер  мен  практикалық  дағдылар  туралы
түсінік  беріледі.  «Әдебиеттік  оқыту  әдістемесі»  жоғары  оқу  орындарына
қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар  бойғы  жинақталған
бай іс-тәжірибелік нәтижелер  мен  әдістемелік  тұжырымдар  ескеріле  отырып
оқытылады.  Сонымен  қатар,  көркем  әдебиеттің  оқытылу  тарихының  жүйесі,
ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Әр  жылдарда  құнды-құнды  пікірлер  айтқан
ағартушылық-демократттық    бағыттағы    педагог-әдіскерлердің,     көрнекті
әдебиетшілердің еңбектеріне де назар аударылады.  Қазақ  орта  мектептерінде
көркем әдебиеттің оқытылу жайы,  сапасы,  оқулықтары  мен  бағдарламаларының
түзілісі кеңінен сөз болады.
      Қазақ  әдебиетінің  орта  мектепте  жүргізілу  тарихы  мен   теориялық
тамырларын  студенттер  дәрістерді  тыңдау   үстінде   қандай   мәселелердің
қозғалып жатқанын адаспай дұрыс аңғарып отыруы аса маңызды  жай.  Сондықтан,
бағдарламаның тақырыптарының бір-бірінің  заңды  жалғасындай  болып  шығуына
жете көңіл бөлінді. Мазмұн сабақтастығы, мәселелердің туындау  рет-реттілігі
сақталды.  «Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі»  бакалавриат  сатысының  3-
курсында жүргізіліп, дәрістік және семинар түрлерін қамтиды.


      1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
      Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп,  лицей,  гимназия)
өзге пәндер арасындағы әдебиет  пәнінің  алатын  орны  мен  әдебиетті  оқыту
әдістемесі  жөніндегі  ілімнің  мән-мазмұнын  әрі  қазақ  әдебиетінің  оқыту
әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.


      1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
      Әдебиеттік оқыту әдістемесі  курсының  құрылымы  мен  мазмұнын  ондағы
теориялық және педагогикалық-психологиялық мәселелері;
      Әдебиет теориясын оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптері;
      Әдеби білім беруде оқу процесін ұйымдастыру түрлері;
      Әдеби шығарманы оқып-үйренудің жолдары мен амалдары;
      Көркем шығармаларды жанрлық сипатына қарай оқыту тәсілдері көзделеді.



      |ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 5-беті       |


      1.5 Оқыту нәтижелері:
      Пәнді оқыту нәтижесінде студент мыналарды білуі керек:
  Студенттерге  жан-жақты  тарихи-әдеби,  теориялық  толық  мәліметтер   мен
практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі;
Қазақ  әдебиеті  әдістемесінің  қалыптасу,  даму  кезеңдері  жайлы  мағлұмат
алады;
Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан  ағартушылық-демократттық  бағыттағы
педагог-әдіскерлердің,  көрнекті   әдебиетшілердің   еңбектерімен   танысып,
олардың    идеялық-эстетикалық    құндылықтары    туралы    өзіндік    пікір
қалыптастырады;
Көркем   әдебиеттің    оқытылу   тарихының   жүйесі,   ерекшелік   сипаттары
көрсетіледі;
Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді;
Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді;
Әдеби жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді.
Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;
Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;
Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
      1.6 Курстың пререквизиттері:
      1.6.1 Әдебиеттануға кіріспе;
      1.6.2 Қазақ халық ауыз әдебиеті;
      1.6.3 ХХ ғ.қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі (1900-1940);
      1.6.4 Шетелдегі қазақтардың әдебиеті


      1.7 Курстың постреквизиті:
      1.7.1 Әдебиет теориясы;
      1.7.2 Қазақ әдебиетінің сынының тарихы


      2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРҒА БӨЛУ



                                          Кесте 2
|№  |Тақырып атауы          |Сағат саны                        |Әдебиеттер |
|р/с|                       |                                  |           |
|   |                       |ДС   |СМ   |ЛБ   |ОЖСӨЖ    |СӨЖ    |           |
|1  |2                      |3    |4    |5    |6        |7      |8          |
|1  |Әдебиетті оқыту        |1    |1    |     |3        |3      |1, 105-128 |
|   |әдістемесі – ғылыми    |     |     |     |         |       |б.         |
|   |пән.                   |     |     |     |         |       |2, 82-99 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 95-98 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 91-106  |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 85-96 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 98-109  |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|2  |Қазақ жеріндегі        |1    |1    |     |3        |3      |1, 108-135 |
|   |орыс-түзем мектептері  |     |     |     |         |       |б.         |
|   |мақсаты. Оқу-ағарту ісі|     |     |     |         |       |2, 103-110 |
|   |жөніндегі тың          |     |     |     |         |       |б.         |
|   |бастамалар.            |     |     |     |         |       |3, 99-118  |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 91-106  |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 97-106б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 110-129 |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|3  |Әдебиет пәнінің қазіргі|1    |1    |     |3        |3      |1, 21-45 б.|
|   |оқытылу ерекшеліктері. |     |     |     |         |       |2, 10-26 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 13-20 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 15-19 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 18-23 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 11-17 б.|
|4  |Әдеби базалық білім    |1    |1    |     |3        |3      |1, 45-55 б.|
|   |аймағы                 |     |     |     |         |       |2, 27-35 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 20-25 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 20-25 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 24-39 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 12-20 б.|
|5  |Жоғары сыныптардағы    |1    |1    |     |3        |3      |1, 55-65 б.|
|   |тарихи-әдеби оқу курсы |     |     |     |         |       |2, 36-45 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 25-33 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 26-35 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 40-49 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 21-32 б.|
|6  |Әдебиет пәнін оқыту    |2    |2    |     |3        |3      |1, 66-75 б.|
|   |әдіс-тәсілдері         |     |     |     |         |       |2, 46-58 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 34-56 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 36-48 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 50-61 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 62-73 б.|
|7  |Көркем шығарманы       | 3   |3    |     |3        |3      |1, 76-85 б.|
|   |жанрлық ерекшеліктеріне|     |     |     |         |       |2, 59-66 б.|
|   |қарай оқыту.           |     |     |     |         |       |3, 55-73 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 49-60 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 58-71 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 74-79 б.|
|8  |Әдебиет пәні           |2    |2    |     |3        |3      |1, 80-96 б.|
|   |мұғалімінің жұмыс      |     |     |     |         |       |2, 67-70 б.|
|   |жоспарлары.            |     |     |     |         |       |3, 74-81 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 61-64 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 68-76 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 75-85 б.|
|9  |Әдеби жазу жұмыстары   |2    |2    |     |3        |3      |1, 85-102  |
|   |және оның түрлері.     |     |     |     |         |       |б.         |
|   |                       |     |     |     |         |       |2, 72-85 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 83-96 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 65-90 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 74-88 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 91-105  |
|   |                       |     |     |     |         |       |б.         |
|10 |Әдебиет пәні кабинеті. |1    |1    |     |3        |3      |1, 55-65 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |2, 36-45 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |3, 25-33 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |4, 26-35 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |5, 40-49 б.|
|   |                       |     |     |     |         |       |6, 21-32 б.|

|ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 7-беті       |




      3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
      Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті оқыту
әдістемесінің  өзекті  теориялық  және  методологиялық  мәселелерін  кеңінен
қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен  алуға  ұмтылушылығын,  ізденімпаздық
қабілетін  арттыру  мақсат  етіледі.  Студенттен   әр  семинардың   берілген
сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент  көрсетілген
әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект  әзірлеуі  қажет.
Бұл  біріншіден,  білімінің  жүйелілігін,  үздіксіздігін  қамтамасыз  етеді.
Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты  орындау,  коллоквиум,  кезеңдік
және  қорытынды  бақылауға  дайындалу  барысында  пайдасы  зор.   Семинардың
тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек.   Бір
сұрақтың  айналасында   айтылған   түрлі   авторлардың   пікірлеріне   іштей
салыстырулар жасап,   түйінді  жерлерін  қағаз  бетіне  түсіру  керек.   Осы
мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз.  Бұдан  соң  белгілі
бір  тұжырымды  дәлелдеу  үшін  өзіңіз  оқыған  көркем   туындылардан,   сын
мақалалардан   мысалдар  келтіріңіз.   Келесі  семинарларда  алдыңғы   өткен
сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді  дұрыс  пайдалана
біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз.  Әр  тақырыпты  өткен  кезде
ұсынылып   отырған   көркем   мәтіндермен    мұқият   танысып,   көрсетілген
үзінділерін  жатқа  оқу  қажет.  Семинар  барысында  теориялық   мәселелерді
меңгерумен қатар мәтінді жатқа білу талап етіледі. Емтихан алдында  мәтіндік
тест  алынады.


      4 КУРС ФОРМАТЫ
      Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды
талқылау және әртүрлі тапсырмаларды  орындау  кіреді.Әрбір  сабаққа  студент
әдебиеттің  негізгі  және  қосымша   қайнар   көздерінің   тізіміне   сәйкес
дайындалуы  керек   (негізгі   бөлімдер   мен   бөлімшелер   әрбір   сабақта
нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер  автоматты  түрде
0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
      Негізгі  ұғымдар  дәрістерде  ұсынылады  және  түсіндіріледі.  Сабаққа
қатысу және дәрісте  негізгі ұғымдарды,  түсіндірмелерді  және  мәліметтерді
жазып алу студенттің міндеті болып табылады.  Егер  студент  қандай  да  бір
жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы  басқа
студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің  бір
де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
      ОЖСӨЖ   мақсаты   –   әдеби   шығарманың    бітім-болмысын,    жанрлық
ерекшеліктерін зерттеу.
      ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
      - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;
      - әдебиеттану ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.
      Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның  жеке  танымды  қызметі,  ол
өзіне  тек  қана  алған  білімін  бекітіп  қоймауы,   сонымен   қатар   жеке
шығармашылық ойлау  процесі  болып  табылады.  Өзіндік  жағынан  ол  келешек
маманның шығармашылығы үшін жаңа  білімінің  ашылуына,  қалыптасуына  жағдай
жасайды.
      Өздік  жұмыс  сонымен  қатар   студенттің   максималды   белсенділігін
қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы  ғылыми  зерттеу,  қоғамдық  және
өндірістік қызметтерде көрінеді.


      |ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 8-беті       |




      5 КУРС САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған  барлық  ұпайлар  жинақталып,  бір-біріне
қосылады.  Осы курстан алған ақтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма  мен
аралық және  қорытнды  бақылаудан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының
қорытындысы   бойынша   орташа   ұпай   есептеледі.   Барлық   тапсырмаларды
көрсетілген  уақытында  өткізу  қажет.  Барлық  тапсырмаларды  қабылдап  алу
емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген  студенттер
емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру
арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар  оқытушы  тағайындаған  уақытта
қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп  болса,  бұрынғы  орындалған
жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз  себеп  болса,  тапсырманы  орындауыңыз
қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты  есепке  алынады.  Әрбір
тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген  материалды  меңгеру  деңгейі
тест  арқылы   тексеріледі.   Тест   алдын   ала   ескертілмей   өткізіледі.
Аудиториялық  сабақтарды  босатпау,  кешікпеу  міндетті.  Себепсіз  сабақтан
қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге
талдау  т.б.);   Сабаққа  екі  рет  кешігу  бір   рет   сабақ   босатылғанға
теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.


      6  БАҒАЛАУ САЯСАТЫ


      «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәні бойынша ұпайларды бөлу


      |Апта |Бақылау түрі                         |Барлық ұпай    |Ескерту         |
|1    |2                                    |3              |4               |
|     |1-аптадан 8-апта аралығында дәріске  |30             |                |
|     |қатысу                               |               |                |
|1    |Семинар                              |15             |                |
|2    |Семинар                              |32             |                |
|3    |Семинар                              |32             |                |
|4    |Семинар                              |32             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |7              |                |
|     |СӨЖ                                  |7              |                |
|5    |Семинар                              |32             |                |
|6    |Семинар                              |32             |                |
|7    |Семинар                              |32             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |7              |                |
|     |СӨЖ                                  |7              |                |
|8    |Семинар                              |10             |                |
|     |Межелік бақылау                      |25             |                |
|1-8 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша |300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|     |9-15 апта аралығында дәріске қатысу  |30             |                |
|9    |Семинар                              |32             |                |
|10   |Семинар                              |               |                |
|11   |Семинар                              |32             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |7              |                |
|     |СӨЖ                                  |7              |                |
|12   |Семинар                              |32             |                |
|13   |Семинар                              |32             |                |
|14   |Семинар                              |32             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |7              |                |
|     |СӨЖ                                  |7              |                |
|15   |Семинар                              |25             |                |
|     |Межелік бақылау                      |25             |                |
|9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша|300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|Емтихан бойынша қорытынды ұпай             |400            |                |
|Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай   |1000           |                |


































































      |ПОӘК 042-18/29.1.34/01-2013   |№1 басылым  05.09.2013  |10беттің 10-беті      |




      7 ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиеттер
      7.1.1 Адамбаев, Б. Асыл қазына: [ғылыми зерделеу мен зерттеулер] /  Б.
Адамбаев.- Алматы: Ана тілі, 2009.- 319 б.
      7.1.2 Әбдиманұлы, Ө. ХХ ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  алғашқы  кезеңі
(1900- 1940): оқу құралы / Ө. Әбдиманұлы.- Алматы: Қазақ ун-ті,  2010.-  156
б.
      7.1.3 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.2. Көректі ойдан - көркем  сөз  /  М.
Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 351 б.
      7.1.4 Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.-
 Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.
      7.1.5 Елеукенов, Ш. Көптомдық шығармалар  жинағы.  5-т.  Жаңа  жолдан:
Зерттеулер, сыни мақалалар / Ш. Елеукенов.- Алматы: Қазығұрт, 2010.- 365 б.
      7.1.6 Қасқабасов, С. Елзерде: Әр жылғы зерттеулер  /  С.  Қасқабасов.-
Алматы: Жібек жолы, 2008.- 501с.
      7.1.7 Нұрғали, Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл/ Р.  Нұрғали.-  Алматы:  Үш
қиян, 2009.- 303б.
      7.1.8 Сыдықов, Т. Қазақ тарихи романының поэтикасы: Типология.  Стиль.
Ұлттық кейіпкер/ Т. Сыдықов.- Алматы: Арда, 2009.- 333б.
      7.2 Қосымша әдебиеттер
      7.2.1  Ақатай,  С.  Қазақтың  фольклорлық   ұлағаты:   энциклопедиялық
анықтама / С. Ақатай; Адамкұлов Н., Жақышева З.-  қайта  басылған.-  Алматы:
Рrint-Express, 2011.- 366 б.
      7.2.2 Ақатай, С. Тереңнен  тартқан  тамырлар:  әдебі  мақалалар  /  С.
Ақатай.- қайта басылған.- Алматы: Рrint-Express, 2011.- 415 б.
      7.2.3  Әдеби  өмір  шежіресі/  [Құраст.:  Ә.Нарымбетов,   Е.Жаппасұлы,
С.Қажи].- Алматы: Ан Арыс, 2009.- 671 б.
      7.2.4 Джуанышбеков, Н. Введение  в  литературоведение:  учебник  /  Н.
Джуанышбеков.- Алматы: Заң әдебиеті, 2010.- 308 с.
      7.2.5  Жұртбай,  Т.   "Күйесің,   жүрек...сүйесің...":   (Абай:   "Жан
бостандығы" немесе рухани тәуелсіздік) / Т. Жұртбай.- Алматы: Қайнар, 2009.-
 463 б.
      7.2.6 Қазіргі қазақ әдебиеті:  оқулық  /  Б.Ердембеков,  Ж.Аймұхамбет,
Р.Тұрысбек, ж.б.- Алматы: Дәуір, 2012.- 215 б.
      7.2.7 Мақпырұлы, С. Қазақ әдебиеті. І- бөл.: оқулық / С. Мақпырұлы, Т.
Сыдықов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 291 б.
      7.2.8 Сарбалаұлы, Б. Бес мүшел. 2-ші т.: әдеби эссе, сын  мақалалар  /
Б. Сарбалаұлы.- Алматы: Ан Арыс, 2009.- 319 б.
      7.2.9 Умарова, Г. Қазақ әдебиетің тарихы:  оқулық  /  Г.  Умарова,  С.
Шарабасов.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 240 б.
Пәндер