Файл қосу
Психикалық ауруларға сипаттама
| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14.05.01.20.17/03-2012 | |«Медициналық психология» |Баспа №3 | | |пәнінің оқу-әдістемелік |26.02.2010 орнына №4| | |кешені |--------------- | | «Медициналық психология» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 050503 «Психология» мамандықтарына Семей 2012 Алғысөз 1. ЖАСАЛЫНДЫ Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К. Хаттама № 1 “______” ____09______ 2012ж 2.ҚАРАЛДЫ 1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында Хаттама №______”__»________ 2012 жыл Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С 2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында Хаттама №______”__»________ 2012 жыл Төрағасы _______Г.Григорьева 3.БЕКІТІЛДІ 3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды Хаттама №______”__»________ 2012жыл Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев Мазмұны: 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5. Студенттің өздік жұмысы 1. Глоссарий – түсініктемелер. |№ |Термин атауы |Термин мазмұны | |1 |Абсанс |қас – қағым сәтте есінен талуы, қимыл – | | | |қозғалысының шектелуі. | |2 |Адаптация |тітіркендіргіштердің күшіне бейімделуі. | |3 |Аггревация |аурудың белгілері мен ауру адамның шағымын күшейту.| |4 |Агнозия |ми қыртысының зақымдануы нәтижесінде көру, есту, | | | |сипап сезу тітіркендіргіштерінің дұрыс қабылдай | | | |алмауы. | | | | | | | | | |5 |Акцентуация |адамның екпінденуі | |6 |Анамнез |аурудың шығу тарихы, ауру адамның тарихы. | |7 |Анестезия |туа біткен ақыл – ой кемістігі. организмнің | | | |сезгіштік қабілетінің әлсіздеуі. | |8 |Антероградты және|ес процесінің патологиялық жағдайлары: антероградты| | |ретроградты |– ауырғаннан кейінгі, ретроградты – ауырғанға | | | |дейінгі ақпарат – мәліметтерді ұмыту – естен | | | |шығару. | |9 |Вербальды зона | мидың сол жарты шары сөздік жарты зонасы (оң | | | |қолымен жазатын адамдардың миының сол жарты шары). | |10 |Деменция |жүре пайда болатын ақыл – ой кемістігі. | |11 |Дереализация |дүниенің, адамның өзіне таныс жағдайдың басқаша | | | |көрінуі. | |12 |Диссимуляция |аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. | |13 |Галлюцинация |елестеушілік (қабылдаудың зақымдануы). | |14 |Гиперамнезия |естің өткірлігі; гипоамнезия – нашарлауы; | | | |парамнезия – жалған ес, естің кемістіктерін ойдан | | | |шығарып толықтыру. | |15 |Гипостезия |тітіркендіргіштерді жоғары түрде қабылдау. | |16 |Иллюзия |сағым (қабылдаудың зақымдануы). | |17 |Клоникалық және |эпилепсияның клиникалық көрінісі. | | |тоникалық | | | |талмалар | | |18 |Нейропсихология |жүйке – жүйесінің психикалық заңдылықтарын | | | |зерттейтін ғылым саласы. | |19 |Олигофрения |психикалық дамуда кемістік жоқ; бірақ мінез – | | | |құлық, іс - әрекетінде көрінетін ауытқуларды | | | |зерттейді | |20 |Парестезия |күйдірген не шошынған сияқты сезімдер | |21 |Психопатология |«пато»- бұзылу, ауытқу, яғни психикалық бұзылулар | | | |мен ауытқуларды зерттейтін сала | |22 |Ремиссия |психикалық аурудың, келесі кезеңіне дейінгі сауығу,| | | |аурудың әлсізденуі. | |23 |Сенестопатия |бұлшық еттердің жансыздануы не созылуы сияқты | | | |ұнамсыз түйсіктер. | |24 |Симптом |кез – келген ауруға тән белгі. | |25 |Симуляция |жоқ ауруды бар деп мида бейнелеу. | |26 |Синдром |симптомдар комплексі немесе сол ауруды даралайтын | | | |ерекше белгі. | |27 |Сопор |түрлі рефлекстер сақталғанда санасының толық | | | |жойылуы. | | | | | |28 |Сөздік праксис |қалыптасқан сөздік қозғалыстардың | | | |автоматттандырылған қимылдары | |29 |Ступор |толық қимылсыздық, сана зақымдануындағы жағдай. | |30 |Эидетизм |айқын бейнелерді еске түсіру. | |31 |Экзогендік |сыртқы себептер. | |32 |Эндогендік |ішкі себептер, туа біткен. | Дәріс материалдары № 1- дәріс Тақырыбы: Медициналық психология пәні. Сұрақтары: 1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы. 2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі. 3.Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері. Медициналық психология курының негізгі мақсаты- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, нервтік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу Медициналық психология жалпы психолгия ғылымының саласын зерттеу объектісі – жеке адам, оның нервтік—психикалық жүйесі. Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері: Патопсихология-(«пато»-бұзылу, ауытқу, ауру)- психикасындағы ауытқушылық. Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын ара- қатынасын зерттейтін психология саласы(нейрон- нерв клеткасы единицасы. Психопатология- психика паталогия( психиканың бұзылуы) Патопсихологиямен психопатолгия- бір ұғым. Медициналық психологияның негізгі міндеттері: - Нервтік – психикалық және соматикалық аурулардың барысы мен емдеу кезінде психолгиялық факторлардың зерттеу барысында. - Әртүрлі сырқаттар психиканың өзгерістерін зерттеу. - Әртүрлі ауытқушылық жағдайлардың психикаға әсерін зерттеу. - Сырқат адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасын зеттеу - Психикалық ауытқушылықтарды қалыпқа келтіруде лабораториялық эксперименталды- психологияның жаңа әдістерді қолдануды зерттеу - Психикасы сырқат адамның жоғарғы нерв жүйесінің зақымдану мөлшерін зерттеу, анықтау - Психотерапия жетістіктерін қолдана отрырып, науқас адамды сауықтыру. Психотерапия- психикалық әсердің көмегімен емдеу жолдарын қарастыратын ғылым. Психофармалкалогия- адам психикасына әсер күші Психоневролгия- адамның нерв жүйесі туралы жалпы ғылым Психопат- психикалық аурудың белгісі байқалатын адам Психоз- рухани сипаттағы ауру, жындану Психопрофжәне гигиена- адам денсаулығымен оны нығайтуға арналған шара Психиатрия- психиклық аурулардың шығу тегін патогинезін клиникасын, емдеумен аурудың алдын алуы зерттейтін ғылым. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінезқұлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу-Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126-1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази (865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді. ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар жазды «ізгі қала тұрғындары» «Азаматтық»Саясат» аристотельдің «Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайда жасаған № 2 дәріс Тақырыбы: Медициналық психологияның даму тарихы. Сұрақтары: 1. Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы. 2. Ғылымилығы мен маңыздылығы. 3. Ғылым саласындағы орны. Медициналық психология ұзақ және қиын даму жолынан өтті себебі Әр бір дәуірдегі философиялық көзқарастармен тығыз байланысты. Әрбір дәуірдегі философиялық көзқарастардың тығыз басым болуы медициналық психологияның дамуына әсер етіп отырады. Медициналық психология тек психоздарды зерттеп қана қоймай, әр түрлі соматикалық ауруларда болатын , психикалық өзгерістерді де зерттейді. Алғашқы қауымдағы адамдардың арасында психикалық аурулар болды деген болжам жасауға болады. Көне грек және Рим ғылымдарының еңбектерімен мифолгиядан. Мысал Спарта патшасы Клеоманның өзі-өзі кескілеп өлтіру: Сирия патшасы Свенденің өгей шешесіне іштей ғашық болуы себебінен депресивті жағдайда болуы т.б. Көне заманның оқымыстарымен дәрігерлері психиканы мимен, жалпы материямен байланыстырады. Олардың ойлары бойынша психикалық ауру адам төрт негізгі бөлігінің қарым- қатынасы байланысы. Олар қан, шырыш, сары және қара өт.Ұлы математик Пифагор қояншықты мидың ауруымен түсіндіру.Оның ойынша ақыл – ми да сезім жүректе. Гипократтың ойы бойыша ми – білу және адамның ортаға бейімделу мүшесі. Ол жаратылыстың қызметінің әртүрлі типтерін ашты, Бірнеше ғасыр өткен соң И. П. Павлов осы көрсетілген типтердің бар екенін анықтады ( флегматик , сангвиник, хол, мелей). Пепократтан басқа көне заман ның дәрігерлері( Галент.б.) бірнеше психологияның көріністері туралы жазады. Осы күнге дейін қолданып жүрген Мания, менайхолия, эпилепсия солардан қалған атаулар. Б. з. 3 ғасырдан бастап көне Рим және Грек мемлекеттері құлап, ғылым мен медициналық шіркеудің қарауында болды да медицина дамымай қалды. Орта ғасырда психикалық ауру адамдарда нақұрыс, шайтан, жын- пері сиқыршы деп санады. Оларды жанын шайтанға сатқан деп есепдеді. Осы көзқарастың арқасында ауру адамдарды шайтанмен қарым- қатынас жасады деп , әр түрлі жабайы әдістермен жасаған. «Мыстандарды» жоюды папа8 Инокентий шіркеу арқылы заңдастырған. Наұрыс деп күмәнданған адамдарды отқа жағып, қыздырған темірмен қинаған. 16-17 ғасырларда жыншайтанды қуу эпидемияға айналып психикалық ауруларды түгелдей жойған. Ауру адамдарды қинау халықтың көзінше өткізілгендіктен сендірудің және өзін- өзі сендірудің әсерінен психоздардың эпидемиясы басталды. Батыс Европада психикалық ауру адамдарға тағылық көзқарас болғанда шығыста медициналық прогресі байқалды. Тарихта алғашқы психиатриялық ауруханалар ашылды. Каирда, Данаскіде, 854 жылы Каирда алғашқы психиатриялық аурухана салынған. 156 Туркияда Константинопольда Сулеймен сұлтан психикалық ауру адамдарға арнайы, өте қолайлы аурухана салдырды. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Әли Ибн – Сина (Авиценна) психоздарды дәділермен емдеуге көңіл бөлген. Оның ойы бойынша миы шатасқан адамдарға үрей мен жалғыздық залалды болып саналады, көңілдерін көтеріп, жұмыс істетіп, өлең айтқызған жөн. Кейбір шетелдік медицина(Англияда, Францияда, ФРГ, АҚШ, Испания, Латын) антипсихиатрия жайылды. Бұл ағым бойынша психикалық аурулардың шығуында биологиялық себептер емес, әлеуметтік және психологиялық факторлар басты роль атқарады. Олардың ойынша психикалықаурулар болмайды, ал психикалық ауруларды емдеуді жазалау деп санайды. Антипсихиатрия теориясы экзистенциялизм сияқты идеалистік ілімге негізделген. Бұл ілім бойынша экзистенциялизм бірінші, ал объективті әлем екінші орында. 9-10 ғасырдан бастап 18-ғасырға дейін. Ресей жерінде псхикалық ауру адамдар монастырлерде өмір сүрген, сауыққанға не өмірінің ақырына дейін болған. Монахтар мүмкіндігінше ауру адамдарды тыныш және мазасыз деп бөліп емдеген.18 ғасырдың аяғында және 9 ғасырдың басында қала және ондағы тұрғындар санының өсуіне байланысты монастірлер психикалық ауру адамдардың қамқоршысы ретін халықты да,мемлекетті де қанағаттандыра алмады.Психикалық ауру адамдарды жекелейтін арнайы мекемелерді қажеттілігі туды губернияларда көптеген мәліметтер жиналды. 1776ж.Мәскеуде 1779ж.Петербургте психикалық ауруларға арналып –долгауз үйлер салындар.Сары бояумен бояп сары үйлер деп аталды тыныштандыратын көилектер,байлағыш белбеулеу пайдаланады.Мазасыз ауруларға шынжыр тағылып,қолдарына кісен салынады. 19ғ.бірінші он жылдықтанда декабристтерді жазалағаннан соң,қоғамның барлық бөліктерінде жандану болып,бөлімге құштарлық көбейте бастайды. Халықтын мәдениеті өркендеп материялисттік көзқарасты интелегенция пайда болды.Осы жағдайда психиятияны оқыту басталды.Оқытушы дәрігерлер психиятрияны материялистік тұрғыдан оқуға тырысты. 1860 жылдары И.М.Сеченовтың Мидың рефлекстері деген кітабы үлкен роль атқарды.Бұл кітап психиканы зерттеуде жаңа көзқарас тудырды, психиканы физиологиялық тұрғыдан зерттеудің басы болды. Сондайақ, психиканы зерттеуде И.П.Павловтың мектебі үлкен жұмыс жасады.1857ж .психиятрия жеке ғылым ретінде бөліп шықты.И.П.Мерживский мидың нашар даму себебін арғы ата тегінен қайталауынан емес, жоғарғы жүйке жүйесінің дамуының тоқтауымен байланыстырады. Бірнеше ғылыми жұмыстар шықты. И. П Мерживскийдің мұрагері И. М. Бехтерев өзінен кейін ми анатомиясын зерттеу туралы белгілі еңбектерін қалдырды. Оның ғылыми еңбектері түрлі психикалық бұзылудың анатомиялық- физиологиялық негізін табуға тырысты. № 3 дәріс Тақырыбы: Қазіргі заманғы медициналық психологияның негізгі бөлімдері Сұрақтары: 1.Қазіргі заман медициналық психологиясы пәні, салалары. 2.Нейропсихология, патопсихология, психопатология 3.Емдеу және реабилитациясы. Қазіргі медициналық психология- жеке адамға әр түлі психикалық факторлардың әсерін; жеке адам дамуында ауытқулардың шығу себептерін, жүйкелік және психикалық бұзулылардың алдын алу және емдеу мәселелерін шешуге бағытталған. Медициналық психологияның негізгі бөлімдері: а) Нейропсихология, б) Патопсихология, в) Психиатрия психикалық дамудың бұзылуын, қалыпты адамның жағдайындағы өзгерістерді, мөлшерден тыс өзгерістер мен қалыпты жағдайларды, қалыпты жағдайлар туралы түсініктер береді. Қазіргі медициналық психологияда медицина ғылымының теориялық негіздері жайлы ғылыми деректер жан жақты зерттелуде, кез келген ауру жайлы түсініктердің адам психикасына әсері мен ықпалы өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ауру жайлы түсініктер батыс және шығыс елдердің халықтарында әртүрлі түсіндіріледі. Ғылыми деректерде ауруды организмнің қалыпты жағдайынан ауытқуы деп түсіндірсе, тибет халқында ауруды организмдегі жиналған кір ретінде қарастырады және адамның кірленген жерді тазартуға мүмкіндігі мол екендігіне ерекше мән береді. Кез келген аурудың өзіне тән белгілері мен себептері бар. Аурудың белгісін симптом, ал белгілердің жиынтығын немесе тек сол ауруды ғана айқындайтын белгіні синдром деп атайды. Бір белгілер көптеген ауруларда кездеседі, мысалы: бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, көңіл күйдің жайсыздығы, т.б. Ал аурудың ерекше белгісінің айқындалуы-синдром, мысалы: гепатит, апендицит, дизентерия және т.б. Ауруды тудыратын себептер: эндогенді және экзогенді болып екіге бөлінеді.Эндогенді немесе ішкі себептер, экзогенді немесе сыртқы себептер. Ауруды үлкен екі топқа бөлеміз: жан немесе психикалық, тән немесе соматикалық аурулар. Аурудың кез келген түрі адам психикасы мен жүйке жүйесіне әрқашанда әсер етеді. Психиканың дамуын ауытқушылығын және шығу тегін, патогеезін зерттеуде көптеген жетістіктер бар. Бұл жағдай генетика, эмбриология, биохимия, теротология сияқты биологиялық ғылымдардың акушерлік таным педнатрия психиатрия сиқты клиникалық пәндердің жетістіктеріне байланысты. Осыған байланысты әртүрлі этиопатогенезі бар психикалық ауытқушылардың жалпылама тобы өздерінің шығуы мен патогенезі сай жекеленген клиникалық түрлерге бөлінеді. Медицинадағы психолгияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше. Науқас адам дәрігерге келуі аномнез толтырудан (яғни адамның өмірбаяны, қашан және қандай аурулармен туғаннан бері ауырғаны, қандай шағымдармен келгені, сырқаты қалай басталғаны, т.б.) – тарихынан басталады. Анамнез медициналық психологияда ең негізгі психодиагностикалық құрал болып табылады. Анализбен толық танысқан соң-диагноз қою болады, яғни сырқатты жойып, болдырмаудың шараларын белгілеу мен денсаулығын қалыпқа келтіру. Медициналық психологияның, сондай-ақ психиатрияның негізгі міндеті белгілі бір психикалық ауруларға тән жекелеген белгілері мен синдромдарын, осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу. Тексеру барысында психикалық процестердің; түйсік, қабылдау, ойлау, ес, назар эмоция интеллект пен сана сияқты психикалық, қызметтердің қалыпты жағдайдағы мөлшерін, ауытқуын, тексеріп синдромына қарай диагнозын анықтайды. Синдром- жалпы патогентикалық негізі бар, іштей өзара байланысты белгілердің қосындысы. Бір аурудың өрісінде бірнеше белгілер аусуы мүмкін. Бұл ауысулар кездейсоқ емес, бір ауруға тән заңдылықпен өтеді. Әрбір аурудың дамуында белгілі стеретип, белгілі бір жол болады. Сондықтан әрбір аурудағы клиникалық белгілерді және олардың ауысу заңдылықтарын білу аурудың дұрыс диагнозын қоюға көмектеседі. Кейде аурудың өрісінанықтау үшін айлар керек. Аурудың даму стереотипін біле тұра оның өрісін болжауға болады.Әр түрлі ауруларда бірнеше түрлі синдромдардың басым болатыны анықталды. Синдромды дұрыстап анықтаудың аурудың дұрыс диагнозын қоюда мәні өте көп. Дұрыс диагноз ауру адамға жедел көмек крсету мүмкін емес. Мысалы, ойы алжасқан адамда( қарауытқан, делирий) дереу ауруханаға жатқызу керек. Себебі, ондай ауру өзіне де, басқаларға да қауіпті. Сол сияқты терең депрессия кезінде де ауру адамды ауруханаға жатқызу керек. Өйткені мұндай адам өмір сүргісі келмей өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Синдромды екі топқа бөлуге болады; Сананың бұзылуы және сананың бұзылмауы. Диалектикалык материализм тұрғысынан сана-адамның айналадағы, шындықты бейнелеудің ең жоғарғы түрі. Сана адамның қоғамдық еңбегінің арқасында пайда болып, адамдарды жануарлардан ажырататын белгі болып саналады. № 4- дәріс Тақырыбы: Медициналық психологияның салалары. Медициналық психологиядағы психологиялық диагностика Сұрақтары 1.Медициналық психология салаларына сипаттама. 2. Ғылыми – зерттеу әдістері. 3.Негізгі және қосымша психодиагностикалық әдістер Медициналық психологияның салалары бір бірімен тығыз байланысты және адамның жан саулығы мен тән саулығына жағымды әсер етіп, денсаулыққа байланысты ауытқу (отклонение ), бұзылу (патология), кемістік (дефект) жағдайларды болдырмау мен қалыпқа келтіруге –реабилитациялауға бағытталған. Медициналық психологияда кең қолданылатын әдістерге бақылау мен әңгімелесу жатады. Қазіргі ғылыми техникалық прогресс кезінде науқас адамның денсаулығындағы ақауларды өте тез әрі сапалы зерттейтін құралдар бар: УЗИ, ЭКГ, кардиограмма, эхограмма, фоно- грамма, рентген, және т.б. Бұлардың барлығы сырқаттың жағдайын, дамуын, қолданылатын шараларды анықтауда- диагностикалауда алатын орны ерекше Сондайақ, медициналық психологияда психологиялық диагностика әдісі психикалық аурудың шарттарын анықтауда өте маңызды. Психотерапия мен психокоррекциялық әдістемелік шаралар аурудан айықтыру мен сауықтыру жағдайларында тиімді қолданылады. Науқас адамның психикасы мен жүйке жүйесіне жағымды әсер етерде жас кезеңдердегі өзгерістердің психикаға әсері де ескеріледі. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез- құлқын зерттеу. Адам психикасы жайындағы ілім мистикалық діни көзқараста ықпалында болды.8-12 ғасырларда Шығыс елдерде философиялық ой- пікірлер өркен жайып, ғылым және адамның жан дүниесі жанындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа не болды.Жаратылыстану, медицына,математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып,ежелгі дүние ғұламалары Платон мен Аристотельдің ,Гален Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды.Аристотельдің және басқа да ғылымдардың идеялары,ашқан жаңалықтары,ой-пікірлері жаңа сипат алып Әбу- Насыр-әл-Фараби (870-950жж) Әби-Алу иби Сина (Авиценна) (980-1037жж),(1126- 1198жж) сияқты орта ғасырлық ғұламалардың зерттеулері арқ.адамның жандүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғылымы Ибын әл-хайсам(әлгазен)Иранның медик ғылымы Закария Рази (865-925жж)өз еңбектерінде адам жан жүйесі.жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүиеніп,әр алуан зерттеулер жүргізді. ӘбуНасыр әл-Фараби адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалар жазды «ізгі қала тұрғындары» «Азаматтық»Саясат» аристотельдің «Жан туралы шығармасын арал тіліне аударған. Фараби жан тәнімен бұрын өмір сүрді бір денеден екінші денеге барып орналаса да алмайды деген ғылыми пайда жасаған.Содан-ақ,ол дүниеге келісімен адамның бойында түрліше күш қуатпайда боладысол күш-қуат қабілетін негізгі түрлері мынандай деп көрсетті -адамды қуаттандыратын күш (арабиа-«әл-қуат әл-газина») -түисіну қуаты -қиялдану қуаты -ақыл-ой не ойлану қуаты -қозғаушы күш -белгіні бір іс-әрекетке ұмтылу қуаты Адам бойындағы күш-қуатын Әл-Фараби атаған түрлері жеке психологиялық пойестерді атауы мен мәніне дәл келеді. Ал «Екінші ұстаздың сөз (ақыл- ой)мағынасы туралы ой-толғамдары» дейтік еңбегіндегі психикалық процесстердің барлығына жуығын адамның белгілі мүшелерінің қатысуымен жасалып отыратын материалисттік құбылыстар деп анықтап, әсіресе адам жанының ақыл-ойға байланысты болатындығының ерекше маңызы бар деп көрсетеді. Адам қиялы оның түс көруіне де әсер етіп, іс-әрекетін ерекше жалғасы болып саналады. Түс көруді осы заманғы психологияда дәл осы мағынада қарастырады. Фарабидің психикалық жайындағы мұндай ой жүйесін адам жанының шынайы болмысын және табиғат негізін ғылыми тұрғыдан шешкен көзқарас деуге болады. Орта ғасырларда жан туралы ілімді аристотельдік идеялар тұрғысынан іздестірген арб тілді елдердегі көрнекті ойшылдар шығыста Ибн Сина, ал батыста Ибн Рошд болды. Ибн Синаның мед қағидасы деп аталатын еңбегі бес жүз жыл бойы жұмыстар дүниенің әр тарабына таралып, барлық деңгейдегі медициналық мектептердегі бірден бір құрал болды. Оның көзқарастарындағы маңызды мәселе – жан туралы философиялық және медициналық тұрғыдан қарастырған бір-біріне қайшы пікірі. Оның анықтауынша жан туралы түсінік ғылым мен дін арасындағы аралық қабат сияқты. Адам психикасының ми қызметіне тәуелді болып отыратындығы материал тұрғыдан қарастырылады. № 5- дәріс Тақырыбы: «Норма» және «патология» мәселелері Сұрақтары: 1. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері 2. Патологиялық жағдайлардың көрінісі. Медициналық психология ғылымы салаларында адамның ағзалық, тән және психикалық жағдайын қалыпты және патологиялық деп екіге бөледі. Қалыпты жағдайдың көрсеткіштері: дене қызуының, қан қысымының, көңіл- күйінің, шашының, тырнағының, тері қабаттарының жағымды бірқалыпты мөлшер деңгейіне сай келуі. Аталған көрсеткіштерден ауытқушылықтар адам организміндегі өзгерістерді көрсетеді. Эндогенді және экзогенді себептердің ықпалынан адамның денсаулығында және психикасында әртүрлі өзгерістер туындайды. Психикалық жағдайлардағы өзгерістер жаскезеңдік дағдарыс кезеңдерінде ерекше айқындалады. Әсіресе жасөспірімдік өтпелі кезеңдерде психиканың патологиясы және патологиялық жағдайлардың бірнеше формалары байқалады. Психолог ғалымдар жеткіншек кезеңдегі психопатияның бірнеше формаларын анықтаған. Ал патологиялық жағдайдың көрсеткіштеріне қалыпты жағдайдың қарама- қайшы көріністері жатады. Патология гректің «патос»- уайым, қайғы, ауру, бақытсыздық жайлы ілім. Психология ғылымында патологиялық жағдайдың көріністеріне психикалық ауытқу, бұзылу, тежелу, күйзелу, тоқырау жатады. Адам психикасына әсер ететін факторлар әртүрлі және нәтижелері бір- біріне ұқсамауы да мүмкін. Әсіресе психикалық дамудың дағдарыс кезіндегі, балалық шақтағы әсерлер дизонтогенездік және дисгармониялық жағдайларға ұшырататын дамуды патологиясын тудырады. Тұлғаның қалыптасуы туғаннан бастап, өмір бойы созылатын ұзақ және күрделі процесс. Даму жолында көптеген қарама- қайшылықтар адамның рухани жан дүниесінде өзгерістер (дисгармония- үйлесімділіктің бұзылуы) тудыратын құбылыстар кездеседі. Тұлғалық деңгей психикалық жағынан тұрақты болғанымен, дисгармониялық жағдайлар кедергі келтіреді. Организмнің барлық жүйелері сияқты адамның психикалық жүйесі де тұрақты күйде болуы керек. Диссонанс, келіспеушілік, мотивтердің созылмалы күресі тұлғаның дисгармониясын тудырады. Психикалық дисгармония- тұлға қасиеттерінің бірі дамымай, ал екіншілері шамадан тыс дамып кетуі. Тұлға дисгармониясы қоршаған ортадан бөлектену, эгоцентризм, рефлексия, интроверттілік, эмоционалдылықтың жұтаңдауы, эмоционалды резонанстың жоғалтылуы, қоршаған ортадағы құбылыстарға адекватты жауап бермеу, ойлаудың шындықтан алшақтауы арқылы көрінетін шизоидизация түрінде байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда мінез- құлықтың біркелкі болуы, педанттылық, икемділіктің жойылуы, белсенділіктің төмендеуі және пассивтілік байқалады. Кейде әрекетсіздік пен пассивтіліктің әрекеттің белгілі бір аумақтарында үлкен жетістіктерге жетумен үйлесіп отырады. Қоршаған ортаға үнемі көңілі толмау сезімі, қозғыштық, жұтаңдық, ойлау жемістілігінің төмендеуі, эгоцентризм, қызығушылықтардың тарылуы бұл тұлға дисгармониясының көрінісі болып табылады. Сәл ғана өмірлік қиындықтар мұндай адамдарда қобалжу, дәрменсіздік сезімдерін тудырады. Дисгармония көңіл- күйі тұрақты көтеріңкі адамдардағы психопатологиялық өзгерістер, эйфория, әрекетсіздік, ашуланшақтық, шамадан тыс қарым- қатынасқа түсушілік, қашықтық сезімдердің жоғалуы, өз мінез- құлқының адекватты еместігін түсінбеу түрінде көрінуі мүмкін. Психопатияның психогениясына психикалық жарақаттар себепші болады. Бірақ психогенияға қандай психикалық жарақат, қандай механизм соқтырып, аурулы күйге келтіретіндігінің басын ашып алу керек. Бұл мәселенің шешімін табу И. П. Павлов пен оның ізбасарларының жұмыстарына, жоғары жүйке қызметіндегі физиология мен патофизиологияның табыстарына байланысты болды. Психикалық жарақаттың ықпал етуінің негізгі үш жолы, психогения пайда болуының үш механизмі бар: а) тітіркенгіш процеске шектен тыс күш түсуі; ә) тежелу процесіне шектен тыс күш түсуі; б) қимылдық жүйке процестеріне шектен тыс күш түсуі. Осы механизмдердің бәрін И. П. Павлов пен оның шәкірттері иттерге тәжірибе жасау жолымен алды. Яғни, адамзат тарихында алғаш рет психогенияның моделі – байқау невроздары табылды. Жануарлардан алынған деректерді оның әлеуметтік ортасы бар адам мен тек оған ғана тән екінші сигналдық жүйеге бүтіндей қолдануға болмайтындығы табиғи жайт Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі. Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін. Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық. Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді. Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш. Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән. Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері. № 6- дәріс Тақырыбы: Клиникалық психологиядағы негізгі түсініктік парадигмалары Сұрақтары: 1.Клиникалық психологиядағы себеп-салдарлық байланыстар 2. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары. 3. Аномальды даму психологиясы Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты. Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы: истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады. Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан (менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады) Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады . Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті . Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор . Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады . Гемоглобин оттегімен байланысып , әрбір клеткаға , органдарға , тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі . Анемияның негізгі үш топқа бөлуге болады: көп қан жоғалтқандағы анемия ; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады . Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу , жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына , ісіктеріне байланысты. Гелюлитикалық анемияның негізгі ерекшелігі эритроциттер бұзылудың күшеюі. Олардың екі түрі бар: туа біткен және жүре пайда болған. Гелюлиздің себептеріне қарай: клетканың ішіндегі эритроциттер кемістігінен, эритроциттердің бұзылуынан және эритроциттермен байланысты факторлардың бұзылуынан болатын түрлерін ажыратамыз. Гелюлиздің негізгі себептеріне: анемия,сарғаю (сары түстің басым болуы), билирубин құрамындағы өзгерістер, кіші дәреттегі уротилиногеннің көбеюі, лейкоцитоз бен тромбоцитоздың дағдарысы , эритроциттер мерзімінің қысқаруы . Туа пайда болған микросфероцитарлық анемия-анемияға бейімділікті балалық шақтан байқауға болады. Клеткадағы эритроциттерді бұзатын кемістіктерден аталған ауру пайда болады . Негізгі себептеріне инфекциялар әсер етеді. Микросфероцитарлық анемия жағдайында жұлында , бас мида өзгерістер , қол –аяқта жаралар , жалпы дамуда ауытқушылықтар кездеседі . Балаларды 5- жастан асқанда инемесе 9-10 жасқа дейін емдеуге болады . Ал үлкен адамдарда емдеу жолдары өзгеше . Анемияның жүре пайда болған гемолитикалық түрі инфекциялық аурулармен (сепсис , малярия және т. б.) ауырғанда ,гемолитикалық улармен (фосфор ,фенилгидразин, анестезин, акрихин, жылан және саңырауқұлақ уларымен) уланғанда ,қатты күйгенде не аяздағы үсікке ұшырағанда пайда болды. Сыртқы себептердің арқасында гелюлиз жоғарлап , эритроциттің бұзылуына әкеледі. Сондай-ақ кейбір дәрілердің өздерінде эритроциттің бұзылуын тудырады. Мысалы амидопирин,хинин, сульфаниламидтық дәрілер. Бұл дәрілер қандағы клеткалар және белоктармен қосылып, қанға әсіресе эритроциттерге қарсы түзілулер құрайды, әсіресе қан тамырлары ішінде . Бұлар адамның иммунитетін бұзады не төмендетеді.Ииммунитет- организмнің кез-келген жағымсыз ықпалдарға ,ауруларға күші.Иммунитетке зиян келтіретін жағдайлар сәйкес келмейтін қанды (резус факторлары мен топтары) құйғанда байқалады . Бұл ауру бірден байқалады : адамның дене қызуы жоғарлайды (39-40градус) әлсіздік , денесі сары туске боялады , жүрек қан тамырлары ұлғаяды , бауыры ұлғаяды кіші дәреттің түсі өзгереді (қара түске ) ,бүйрек тамырлары өзгереді. Анемиялық теміржетіспеушілік түрі- әсіресе қыз балардың жыныстық жетілуі кезінде байқалады . Бұл жағдай хлороз деп аталады . Жасы ұлғайған әйелдерде де байқалады. Негізгі себебі: темір жетіспеушілік. Организмнің өсу кезінде және алғашқы етеккір келуіндегі қан кету кезіде организмнің темірге деген қажеттілігі артқанда қана теміржетіспеушілік байқалады. Адамның басқа жас кезеніңдегі хлорозды, анемияның патогенезін тудырытын факторларға; асқазан ахимиясы; етеккір мерзімінің бұзылуы және қанның көп кетуі; эстроген секрециясының жетіспеушілігі (жүктілікте және баланы емізу кезінде) темір қорының азаюы жатады. Бұл аурудың себептері мен ағымы ауру адамның терісі мен шырын қабаттары реңсіз. Адам шыдамсыз, ашуланшақ, тез шаршағыш, жүрек соғуына, құлағындағы шуға, бас айналуына ,үнемі ұйқысы келетіндігіне шағым айтқыш болады. Тамақ талғау тәбеті бұзылады: тамақпен бор, саз , шикі тағамдарды талап ету байқалады. Тырнақтарында өзгерістер , дисграфия симптомы байқалады. Етеккірдің мерзімі бұзылып, маткада(жатырда)фиброматоздық ағым байқалады .Қанның тусі өзгереді . Бұл ауру көбінесе көктем мен күз мезгілдерінде асқынады. В12және фолиевожетіспеушілік анемиясы өте бояу, ұзақ уақыт дамитын түрі. Организм эритроциттің төмендеуіне біртіндеп бейімделеді. В12 витамині жеткіліксіз болса ,әсіресе асқазан сөлінен бөлінетін – асқазанның шырынды қабатының бұзылуында аталған ауру болпады. Қалыпты жағдайдағы адам организмдегі бауырда 1000-5000у кобамид –коэнзим В12 –нің қоры болады. Ал фолиево қышқылының қоры аз .Организмге тамақтану арқылы В12 –витамині жетіспегенде және резорбцияның бұзылуында ,асқазанның асқынған ауру түрлерінде болады. Сондай –ақ жүктілікте де аз болуы мүмкін .Бұл аурудың өзіне тән ерекшеліктері : анемия , асқазан –ішек құрылысы мен жүйке жүйесі нің өзгеруі . Адам терісінің реңі сарғаюы , тілінің өзгеруі , іш өтуі , асқазан ішек құрылысына шағымдану салмағының азаюы болады. Жүйке жүйесіндегі өзгерістер негізіде түйсіктің зақымдануымен: денесіндегі құрт –құмырсқалардың көмескіленуін шағымданумен сипатталады. Гемоглобиноздар ақырғы екі онжылдықта үлкен адамдардың гемоглобин құрамында қалыпты және патологиялық жағдайлар болып тұрады. Бұл жағдай- гемолитикалық анемияның гемоглобиноз тобын құрайды. Зерттеулердің дәлелдеуінше гемоглобиннің бірнеше қалыпты (А1;А2;F) және гемоглобиннің патологиялық мөлшері (S,H, C,D, және т. б.) анықталған. Қазіргі көзқарастарға сүйене отырып гемоглобиндегі патологияның пайда болуын бірнеше себептермен байланыстыруға болады.Қалыпты помлипептид тізбегінің болмауы , анилюқышқылдағы альфа немесе бета полипептид тізбектерінің алмасуынан және т. б. Әсіресе гемоглобин патологиясына тұқымқуалаушылық үлкен әсерін тигізеді . Кейбір адамдарда тұқым қуалаушылық арқылы гемоглобиннің күрделі патологиясы ,ал кейбіреуінде жеңіл түрі қайталануы мүмкін. Патологиялық белгілердің тұқымқуалау арқылы берілуі доминанттық жолмен қайталанады. Гомозиготалық некеде –яғни әкесінде ,шешесіндеи патологиялық белгілерді тасымалдаушы болса , ауыр түрі қайталанады . Ал гетерозиготалы некеде –жұбайлардың біреуі патологиялық белгілерді тасымалдаушы., болса ,келер ұрпақта қанның азғантай құрамына беріледі және тасымалдаушы болады.Анемияның гелюлитикалық түрінде байқалатын белгілер : дамудың тежелуі ,сүйек құрамының өзгеруі ,остеопороз , периоститтер , бас сүйек өзгерісі , эритроцит құрамының өзгерістері. Жұлын функциясы өзгерістерімен байланысты анемияның апластикалық және гипопластикалық түрлері бар. Апластикалық және гипопластикалық анемиялардың дамуына қанның түзілуіне ықпал ететін сыртқы факторлар мен эндокриндік жүйенің туа біткен жетіспеушіліктері әсер етеді. Жұлындағы қан түзілуіне кедергі келтіретін көптеген физикалық,химиялық ,биологиялық заттар бар. Оларға дәрілік заттар (амидопирин,метилтиоурацил,новэмбихин,тиофосфамид,сарколизин,стрептолицин,ле вомицетин және т. б.) химиялық препараттар (бензол, бензин, сынап,мыс, висмут және т.б.) энергия сәулелері (рентгендік сәулелер , радий, изотоптар), инфекциялар (сепсис,грипп, туберкулездің кей түрлері) жатады.Гипопластикалық анемияның ауыр және асқынған түрлеріндегі белгілері бірдей. Апластикалық және гипопластикалық анемиялар бір топтағы ауру ағымына жатады . Жұлындағы қан түзілудің өзгерістерінен лимфа тканьдардың салмағы кішірейеді . Соның салдарынан қара өтте атрофикалық (дамымау) өзгерістер болады. Бұның салдарынан бауырдың қызметі нашарлайды, бауырдағы тканьдарда гипоксия (улану) пайда болып, анемияның асқынған ,ұзақ түрге әкеледі Агранулоцитоз- клиникалық гемотологиялық белгілерге жатады . Бұл ауруда гранулацитоздың аяқ асты төмендеуі байқалады.Ауруды тудыратын себептер: инфекциялық (жұқпалы аурулар) агенттері-тасымалдаушылар (сепсис,өкпеге суық тигенде ,сүзек және т.б.) медикаментоздар (хинин,барбитураттар,метилтиоурацил ,сульфаниламидтер, стрептомицин , ПАСК эжәне т.б.)сәулелер (рентген сәулелері, радий,радиоизотоптар). Агранулоцитоздың және инфекциялық және медикаментоздық түрлері жиі кездеседі. Аурудың себептері мен ағымы: аурудың басталуы аяқасты. Ангинаның язвалық турінде дене қызуының жоғарлауы , организмнің улануы байқалады Көптеген жағдайларда . пневмонияның асқынуы байқалады. Сондай –ақ жақсуйектерінің асты, мойын , қолтық астындағы лимфа тармақтарының ұлғаюы байқалады. Қан құрамында күрделі өзгерістер байқалады : эозинофиялардың төмендеуі мен плазма клеткаларының ұлғаюы байқалады. Адам аурудан айыққанның өзінде көптеген жұқпалы ауруларға (грипп, тыныс жолдарының тарылуы ) төзімділігі нашарлайды және аталған ауруларға тез берілу байқалады. № 7-8 дәріс Тақырыбы: Психикалық бұзылудағы жас ерекшеліктер Сұрақтары: 1.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері. 2.Жас кезеңдік дағдарыстар. 3. Психикалық бұзылуларға сипаттама 4. Психикалық бұзылулардың түрлері. 5. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға- невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады. Невропатия синдромы- «конституционалды» синдромы немесе туа біткен баланың «кейігіштігі», шамамен 3 жастағы кезеңде пайда болады. Ол висцеровегетативті функциялардың жетілмегендігімен сипатталады. Ең алғаш түс көрудің, тәбеттің бұзылуынан, диспепсикалық құбылыстар, дене қызуының ауытқуы, тахикардия, тахипноэ, демікпе, аллергиялық реакцияларға бейімділіктен, метеотроптылық, жоғары жүйке-психикалық қозғыштықпен сәйкес келетін тамақтану жағдайынын өзгеруіне сезімталдық, сыртқы тітіркендіргіштерге реакциясы аффективті-респираторлық ұстамалар түрінде, қыңырлық, қорқақтықпен көрініс береді. Бұл синдромның алғашқы көріністерін нәрестілік кезеңде соматовегетативті зақымданулар түрінде дагностикалауға болады; олар яғни, түс көрудің инверсиясы, жиі құсу, дене қызуы субфебриалдыға дейін ауытқуы, гипергидроза.Жас өскен сайын біртіндеп 1-ші орынға психогенді және экзогенді әсер етудің салдары ретінде эмоционалды-гиперэстетикалық зақымданудың элементтері шыға бастайды.Жиі және ұзақ жылау байқалады. Ең кең таралғаны «оралма» деп аталатын симптом болып табылады.Психогенді тітіркендіргіштерге реніш және ашу-ыза, айғаймен байланысты наразылық реакциясы пайда болса, ол аффективті –респираторлық талмаға әкеп соғады, яғни:тыныс шығарудың жоғарысында көмей бұлшықетінде тоникалық қысым пайда болады, дем алуда кідіріс болады, беті бозарады, соңынан акроцианоз білінеді. Тіпті сананың қысқа мерзімді өшуі және жеке клоникалық тырысқақтар болыу мүмкін. Ұзақтығы 10 секундқа дейін созылады. Терең дем алумен аяқталады. Невропатия синдромында балалар жоғарланған жалпы және вегетативті қозғыштыққа бейім келеді. Невропатия синдромы- көбінесе разидуальді-органикалық жүйке-психикалық зақымданулар және невротикалық реакциялар кезінде кездеседі. Жас өзгерген сайын оның көріністері басылуы мүмкін, бірақ одан да күрделі невротиклық және неврозтәріздес синдромдардың дамуына қолайлы тірек болады.Балалық кезеңдегі шизофренияда, ереже бойынша невропатия синдромы психикалық процесстердің диссоциациясымен үйлестіріледі. Балалық аутизм синдромы (ерте балалық аутизм,Каннер)- психофизикалық дизонтогенездің нұсқасы (асинхрония). Дисгармониялы психикалық дамумен көрінеді. Бұнда бір психикалық функциялар мен қасиеттердің озық дамуы және басқаларының артта қалып дамуының үйлестігі байқалады. Балалық аутизм ерте кезеңде көрінеді:туғаннан бастап психиканың дамуы диспропорционалды бұзылған, ол коммуникативті қылық-әрекеттің бұзылуымен сипатталады. Қыздарға қарағанда ұл балаларда бұндай зақымданулар 3-4 есе жиі кездеседі. Балалық аутизмге тән спецификалық психикалық зақымданулар баланың психикалық дамуының шамасына қарай пайда болады, дамиды және тасымалданады. Басты симптомдары- өмірінің басынан бастап адамдармен қарым-қатынас орнатуда айқын қиындық туады; эмоционалды әсер етудің әлсіздігі; стереотипті және аутистикалық сипаттағы ойындар; жағдайлардың өзгерісіне және жаңалыққа деген қорқыныш (неофобия). Міндетті симптомдар- қорқыныш (фобиялар), түс көру мен тамақтанудың бұзылуы. Қосымша симптомдар- жақсы механикалық ес, агрессивті және аутоагрессивті қылық-әрекет.Балалық аутизмде ақыл-ой дамуының кез-келген деңгейі кездесуі мүмкін. Бұл синдром мына жағдайларды қамтиды: 1.Шектетілу – бұл кемістік, яғни қарым-қатынас қажеттілігінің толықтай болмауы, жалғыздыққа деген белсенді ұмтылысы, телефоннан қорқыныш (қоңыраудан, әңгімелесуден). 2.Коммуникативті қасиеттердің бұзылуымен сәйкес келетін сөйлеу дағдысының озық дамуы жиі кездеседі: - «автономды сөйлеудің» жақсырақ дамуы- яғни, өз-өзімен сөйлесу, өзіне 3- ші жақтан сөйлеу,т.б.; - сұрақ қоюға бейім, бірақ жауап қайтаруға бейім емес; - жақсы ес, әсіресе ритмикалық информацияға (музыка, өлеңдер, тақпақтар), өлеңдер мен әуендердің айтылуы жаман емес, бірақ өтініштер мен тапсырмаларға жауап ретінде емес, қандай да бір ішкі заңдылықтарына байланысты; - таңдаулы стереотипті қолданулар (көбінесе орынсыз) немесе қиын жеке сөздер мен сөз тіркестерін айта салуы («электрофикация», «квант», т.б.) немесе бірнеше рет сұрақтарды қайталуы («өмір дегеніміз не?»); -сөз дағдысының патологилық формалары: эхололия, фонография- бұрын естігендерін сөзбе-сөз қайталауы, неологизмдер, өзіне қатысты есімдіктер мен етістіктерді 2-ші және 3-ші жақта қолдануы. 3. Өзінің сөзін кеңістікке, өз-өзіне үндеуі, оның монологтігі, табиғи емес модулирленуі. 4. Эмоционалды әсерленудің әлсіздігі («эмоционалды блокада»). Эмпатиясы мен құштарлығы жақындарына деген симбиотикалық тәуелділікпен алмастырылған, бірақ олар шын мәнінде оларға талғаусыздықпен, немқұрайлықпен қарайды. 5. Протодиэкризис- адамдарды, басқа да жанды және жансыз объектілерді саралай алмауы. 6. Көру және есту тітіркендіргіштеріне, стимулдарға, қаратуларға реакциясының жетіспеушілігі; бұнда бала алғашқыда өзін керең және соқыр сияқты көрсетеді, бірақ біраз уақыт аралығынан кейін стимул қабылданған және дұрыс бағаланған екендігіне көз жеткізетін жауап көрсетіледі. 7. Тепе-теңдік синдромы- тұрақтылықты, жағдайдың бірқалыптылығы мен бір типтілігін сақтап қалуға ұстаным, жаңаға деген қорқыныш (неофобия), басқа киім ауыстыруға қарсылық іс-әрекет көрсету, т.б. 8. Қозғалыс стереотиптерге бейім қылық-әрекеттердің бірқалыптылығы (секіру, тербелу, қолын айландыру, т.б. 9. Моторлы дағдының қалыптасуының бұзылуы немесе кешігуі, қозғалыстың епсіздігі, ебдейсіздік, бірлескен қозғалыстың болмауы (Мысалы, жүріп келе жатқанда қолдың қозғалуы), стереотипті – регрессивті қозғалысқа бейімділігі (тізбекпен жүру, баспалдақпен көтеріліп, түскендегі қиындықтар), өзін-өзі күту дағдыларын меңгеруде қиындықтар туады. 10. Тазалық дағдыларын бұзуы- кіші және үлкен дәретін күндіз де, түнде де ұстай алмауы. 11. Патологиялық үйреншікті іс-әрекеттер: яктация, онихофагия, саусақтарын сору, т. б. Микроәлеуметтік ортаға бейімделуінің қиындықтары мынаған әкеп соғады, яғни орта оған эмоционалды дискомфорттың, қауіп-қатердің және эмоционалдық қысымның қайнар көзіне айналады. Осының әсерінен жылдар бойы сақталатын «қорқыныштар» пайда болады. Бала шындықтан алшақтатылып қалыптасады, әлем онымен толыктай емес, жеке аффективте маңызды белгілер негізінде қабылданады. Қылық-әрекеті, қызығушылығы, белсенділігі – «қолайлы» стереотипті сипатта болады. Ал бұл өз алдына күнделікті өмірде қатаң тәртіп орнатуға талпынысы және оны өзгертуге түрліше қарсыласуы (неофобия) көрінеді. Бұдан үлкен жаста балалық аутизм жағдайында инициативаның, творчествоның жетіспеушілігі байқалады. Балалық аутизм синдромы мына жағдайларда кездеседі: Каннер ауруында, ерте балалық аутизмнің ядерлы нұсқасы ретінде; психикалық процесстердің диссоциациясы түріндегі ерекшеліктерге ие бала кездегі шизофренияда; Аспергер синдромында. Гипердинамикалық синдром Гипердинамикалық синдром- психомоторлы шегіндірілген тежелу синдромы, 3-7 жас аралығында пайда болады және тым қозғалмалықпен, тұрақсыздықпен, адаптацияның бұзылуына әкеп соғатын шашыраңқылықпен сипатталады. Басты симптомдар: тежелудің әлсіздігі, бір орында отыра алмаушылық, жоғары қозғыштық. Міндетті симптомдар: зейіннің тұрақсыздығы, алаңдаушылық, іс- әрекет мақсаттылығының бұзылуының түрлі деңгейлері. Қосымша симптомдар: түрлі гиперкинездер, импульсивті іс-әрекеттер, инфантилизмнің, моторлы және психикалық дамудың кешігуі байқалады. Аталған синдром қыздарға қарағанда, ұл балаларда жиі кездеседі. Бұл синдромның алғашқы белгілері мектеп жасына дейінгі кезеңде көрінеді, бірақ мектепке барғанға дейін оларды қалыпты жағдайдан ажырату қиынға түседі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда гипербелсенділіктің тек ең шеткі деңгейі ғана диагнозға әкелуі керек. Шектен тыс белсенділік әлсіз сараланған қылық-әрекетке, зейіннің бұзылуына және тапсырманы орындауда табандылықтың болмауына әкеп соғады. Гипердинамикалық синдром көбінесе резидуальді- органикалық жүйке- психикалық ауруларда кездеседі. Конституционалды зақымданулар бұл құбылыстың генезінде шешуші рөл атқарады деп есептеледі, бірақ спецификалық этиология туралы мәліметтер әлі күнге дейін жоқ. Баладағы гипербелсенді әрекеттің өткір бастамасы реактивті күй-жағдайдың кейбір түрлерінде, маникальді бұзылуларда, шизофрения және неврологиялық патологияда кездесуі мүмкін. Гипердинамикалық синдромның салдарынан психикалық дамудың артта қалуы мүмкін. Балалық патологиялық қорқыныш синдромы - психологиялық және ситуациялық дәлелсіз пайда болатын және шектен тыс интенсивтілік пен ұзақтылықпен көрінетін, тудырған себептің күші мен мағынасына сай келмейтін түрлі (механизміне, пайда болу уақытына және белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты) қорқыныштармен сипатталатын синдром. Балалық патологиялық қорқыныш синдромын онтогенетикалық байланысты психопатологиялық күй- жағдайға жатқызады. Олар ерте жастан түрлі психикалық аурулар кезінде пайда болуы мүмкін, бірақ психопатологиялық айқындылық ереже бойынша мектепке дейінгі кезеңнің соңында, 6-7 жастан бастап байқалады. Ол мүмкін балада өзіндік сананың қалыптаса бастауымен және субъективті күйзелістерді өзіндік бағалауға қабілеттілігінің пайда болуымен байланысты. Қорқыныштың 5 түрлі формасын атап көрсетеді: жабысқақ, асыра бағалы, сандырақ, түнгі, сараланбаған. Жабысқақ қорқыныштар- аурудың тілегіне тәулсіз, оның еркіне қарсы, шартсыз түрде пайда болады. Алғашқы қорқынышпен және оған сын қатынаспен байланысты. Ауырсыну қорқынышымен (нозофобия), өткір заттардан, биіктен, жабық бөлмелерден қорқудан (клаустрофобия), жұқтырудан, ластанудан қорқудан (мизофобия), ұялу (эрейтофобия) және т.б.-рдан көрінеді. Невроз кезінде, бас миының органикалық аурулары кезінде, шизофренияда кездеседі. Асыра бағалы қорқыныштар- аурудың санасында оның дәлелденгенініе, оның мазмұнының шындығына сендірушілік басым болады. Қорқыныш аффектісінің күшімен және айқындылығымен, оны жеңіп шығуға әрекетінің жоқтығымен сипатталады. Мектепке дейінгі кезеңде жануарлардан (мысалы, иттерден), фильмдер мен ертегілер кейіпкерлерінен (жалмауыз кемпір) немесе үлкендермен ойлап табылған «тәрбиелік қорқыту» мақсатындағы образдардан қорқу басым болады. Мектепке дейінгі кезеңде балаларға қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, туыстарынын айрылудан, олардың өмір және денсулығы үшін қорқу, мектепке барудан қорқулар тән. Невротикалық зақымдануларда кездеседі және шизофренияда сирек кездеседі. Сандырақ қорқыныштар- психотравмалық жағдайлардан (аутохтонды) тәуелсіз пайда болады және коррекцияға келмейді. Ол күйзеліспен, елеңдеумен, қоршаған адамдардан күдіктену, өзіне және жақындарына қауіптену сезімімен бірге жүреді. Психотикалық деңгейлегі (елестетушілік) басқа симптомдармен үйлесуі және психомоторлы алаңдаушылық эпизоды мен соматовегетативті зақымданулармен бірге жүруі мүмкін. Шизофренияда кездеседі, бас миының экзогенді-органикалық ауруларының эпизоды және психогенді зақымданулар кезінде сирек кездеседі. Түнгі қорқыныштар- түс көру кезінде оянғаннан пайда болады. Осы кезде балалар қорықаннан дірілдейді, айғайлайды, өзінен бірдеңкені қуады, олардың бет әлпетінде қорқыныш байқалады. Әдетте таңертең амнезия жағдайы байқалады- яғни, балалардың есінде түнгі қорқыныш ұстамалары жайлы мүлде ештеңе жоқ болады. Психогенді зақымданулар кезінде, түрлі неврозтәріздес күй- жағдайларда кездеседі. Сараланбаған қорқыныштар- заттық емес, соматовегетативті Диэнцефльді криз кезінде белгіленеді.Дисморфомания синдромы- өзінде қандай да бір ойлап табылған немесе жоғары бағаланған сырт келбеті немесе функциясының физикалық деффектісі бар екеніне сендіруде көрінетін қарапайым синдром. Бұл синдром онтогенетикалық маңызға ие және жасөспірімдік кезеңдерде жиі кездеседі.Басты симптомдары: өзінің физикалық деффектісіне (мұрын, құлақ формасының, кеуде бездерінің өлшемі, толықтығы немесе арықтығына, аяғының формасына және т.б.) асыра бағалы және сандырақ сендірушілік, -косметикалық дисморфомания немесе денеден шығатын жағымсыз иістер (ішкі газдардың, ауыздан шығатын иістер, т.б.), -парфюмерлі дисморфомания. «Кемтарлығын» түсіндіруде көбінсе «тағдырды» немесе туған-туыстарын кінәлайды. Міндетті симптомдар- гипотимді-кернеулі эффект (көңіл-күй фоны), кейде жеткілікті деңгейдегі айқын депрессия, сенситвті ойлар, «айна симптомы»- яғни, өзіне шамадан тыс ұзақ және зейін қойып айнаға қарауы (өзінің «кемтарлығын», деффектісін айқындайтын қосымша ерекшеліктерді іздеу) немесе айнаға қараудан мүлде бас тарту. «Фотосурет исмптомы»- яғни, қосымша жарақаттық жағдайдан қашу мақсатында фотосуреттерін жойып жіберу; физикалық деффектісін ресми, өз бетімен дәстүрлі емес медицинаның көмегімен коррекциялау мақсатындағы аутодеструктивті қылық-әрекет; қашу қылық-әрекеті (қарым-қатынастан). Қосымша симптомдар- кататимді сипаттағы иіс сезу галлюцинациясы, синестопатия, деперсонализациялы-дереализациялық зақымданулар. Дисморфоманияға диссимуляцияға бейімділік сай келеді, ол мынадай сипатқа ие: психиатрмен әңгімелесуде арыз-шағымдары жасырын болады, ал хирург немесе косметологтармен сөйлескенде ашық айтады. Дисморфомания көбінесе монотемалы. Дисморфоманиялық күйзелістер мен ойлар сандырақ әрекеттерге әкеп соғады: ауру адамдар «деффектісін» маскировкалауда түрлі тәсілдерді қолданады, оны жасыруға тырысады, қарым-қатынастан қашады. Бұнда дисморфоманикалық ойлар 1-ші орында болмайды, ал қоршаған ортадан қашу қажеттілігі тұрады, себебі «кемтарлық» ортақ күлкіге таңқалуға әкеп соғады. Кейде суицидалық мақсаттар да кездеседі.Сонымен дисморфоманияның патогномикалық синдромы симптомдар триадасы болып табылады, яғни: физикалық кемшіліктер ойлары, қарым-қатынас ойлары және жабыраңқы көңіл-күй. Дисморфофобия- психотикалық деңгейдегі зақымданудың жеңіл түрі болып табылады. Қандай да бір физикалық кемістігіне баланысты невротикалық сипаттағы жабысқақ қорқыныштар. Дисморфомания сидромы- жасөспірімдік кезеңге тән реакциялар түрінде (көбіне қыздарда), мінез акцентуациясы және психопатия кезінде; реактивті дисморфомания түрінде, шизофрения кезінде (параноидті немесе қатерлі) кездесуі мүмкін. Рудиментарлы дисморфофобия дені сау жасөспірімдерде өтпелі реакция түрінде кездеседі. Жүйке анорексия синдромы- дене массасын азайтуға және тамақтан сандық және сапалық бас тартуға шамадан тыс ұмтылуымен сипатталатын синдром. Көбінесе жасөспірім қыздарда немесе жас әйелдерде кездеседі, ал ұл балалармен үлкен жастағы әйелдерде сирек кездеседі. Басты симптом: дене массасының артықтығына сандырақ сенушілік. Міндетті симптомдар: дене массасын азайтуға бағытталған қылық-әрекеттер- тамақтануда шектеулер немесе мүлде бас тарту, арнайы физикалық ауыртпалықтар, дәрі-дәрмектер қабылдау және т.б. Қосымша симптомдар: сенситивті ойлар, анорексия немесе булимия, соматоэндокриндік зақымданулар. Жүйке анорексия негізінде «толықтыққа» байланысты дисморфоманиялық ойлар жатыр. Алғашқы этаптарында тәбет ұзаққа дейін сақталады, ал тағамнан бас тарту артық тамақтану ұстамаларымен эпизодты бұзылады (жүйкелік булимия). Бұл өз алдына, күй-жағдайдың жақсаруы жайлы жалған әсер тудыруы мүмкін, бірақ соңынан соматикалық асқынуларға әкеп соғатын алғашқы артық тамақтану сипаты бекітіледі. Диссимуляцияға беімділік байқалады, яғни: оңаша тамақтануға ұмтылу, оны байқатпай жойып жіберу, т.б. Бұндай пациенттер тағамдардың каллориялық деңгейімен толық танысады. «Салмақпен күресу» түрлі қосымша әдістермен жүзеге асырылады: - физикалық жаттығулармен айналысу; - дәрі-дәрмектерді қолдану, клизмалар; - құсықты жасанды жолмен жүзеге асыру. Жоғарыда аталған «салмақпен күресу» әдістерін таңдау пациенттің преморбидті ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, истероидті тұлғаларға дәрі-дәрмек, клизмаларды қолдану тән болса, психастениктерге- тағамға шектеулер қою және физикалық жаттығулармен айналысу тән. Жүйкелік анорексия синромы өзінің дамуында 3 этаптан өтеді: дисморфоманикалық, аноретикалық және кахектикалық. Жүйкелік анорексия пубертантты кезеңдегі психогенді ауруларында да және шизофренияда да кездесуі мүмкін. Психикалық инфантилизм синдромы- психикалық жетілмегендік. Ол психиканың пісіп-жетілу тепмпінің бұзылуынан және тұлға әсерленуінің эмоционалды- еріктік қасиеттері мен формаларының дамуының артта қалуынан көрінеді. Психикалық инфантилизм белгілеріне мыналар жатады: жалтақтаушылық, жоғары айбындылық, аңқаулық, мотивациялық сферада ойын қызығушылығы мен гедонизмнің басым болуы, қанағаттануға ұмтылыс, немқұрайдылық, болжам функцияларын атқарудағы қиындықтары, жауапкершілік сезімінің жетілмеуі, қиындықтарды жеңуде қабілетсіздігі. Бұлардың барлығы моториканың жетілмеуімен, ұсақ мануальді іс-әрекеттерді орындағанда қиындықтармен (жазуы) үйлесіп келеді. Психиклық инфантилизмнің алғашқы белгілері кіші мектеп және жасөспірімдік кезеңде байқалады.Психикалық инфантилизмнің 2 нұсқасы атап көрсетіледі: қарапайым және күрделі (асқынған). Гебоидтілік синдром- жасөспірімдік кезеңде пайда болатын психикалық зақымдану (қалыптасып келе жатқан тұлға патологиясы). Гебоидті синдром негізінде пубертантты криздің психологиялық қасиеттері мен психопатологиялық білімнің клиникалық аяқталмағандығының үйлесімділігі жатыр. Ол жасөспірімдік кезеңнің спецификалық синдромы болып табылады. Гебоидтіліктегі барлық көріністер патологиялық сипатқа ие. Гебоидті көріністер психопатологиялыққа қарағанда тереңірек болады. Басты симптомдар- патологиялық құштарлық, стереотипиялардың көріністері. Бұл бұзылулардың негізінде эмоция (аффект) мен еріктің өзгерісі жатыр.Бүгінгі күнге дейін гебоидті синдромның көріністерін қандай зақымдануларға (неготивті немесе позитивті) жатқызуы жайлы сұраққа ешқандай әдістеме жоқ. Гебоидті синдром- жасөспірімдік созылмалы шизофрения шеңберінде қарастырылады. Пубертантты криздің патологиялық нұсқасы ретінде кездесуі мүмкін және қалыптасып келе жатқан психопатия структурасына енуі мүмкін № 9- дәріс Тақырыбы: Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері Сұрақтары: 1. Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама. 2. Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама Балалық және жасөспірімдік кезеңдегі психопатологиялық жағдайлардың пайда болуы 1-ші-психикалық зақымданудың пайда болуы және дамуының жалпы заңдылықтарына, 2-ші-белгілі бір жас кезеңіне сәйкес келетін организмнің онтогенетикалық ерекшеліктері және бас миы мен психикасының ерекшеліктеріне байланысты көрініс табады. Онтогенез(жалпы)- ұрықтан түзілу сәтінен бастап өмірінің аяғына дейінгі индивидуалды дамуы. Жалпы онтогенездің маңызды бөлігі- психикалық онтогенез болып табылады. Адамның психикалық дамуының эволюциялық – жас кезеңдік ерекшелігі едәуір деңгейде бас миының морфофункционалдық онтогенезімен корреляцияланады. Бас миының морфофункционалдық онтогенезінің структурасы және функциясының дамуы мен қалыптасуының маңызды ерекшелігі- гетерохрония болып табылады, яғни бас миының жекеленген структурасындағы бұл процесстің әркелкілігі және әр уақыттылығымен сәйкес келетін үздіксіздігі. Олардың дамуы мен саралануы түрлі жас ерекшелік кезеңіне байланысты келеді. Өз алдына, бұл қалыпты жағдаймен қатар патологиясы бар психиканың дамуында «ашық түрде» кездеседі. Жас ерекшелік дағдарысы кезінде құрылымдық, физиологиялық және психикалық тепе-теңдік бұзылады. Дәл осындай кезеңдерде психикалық зақымданулардың туындауына қауіп-қатер арта түседі. Олар спецификалық жас кезендік психопатологиялық күйлермен көрінеді. Бұндай синдромдарға-невропатия синдромы, балалық аутизм, гипердинамикалық, патологиялық қорқыныштар, дисморфомания, жүйкелік анорексия, психикалық инфантилизм, гебоидтілік синдромдары жатады. Мектепке дейінгі жаста өз құрдастарынан тасаланып, бірге ойнаудан қашады. Бұл жаста үйлесімдік болмағандықтан мидың дамуы жылдамдап қозғалыс қызметі нашар жетіледі. Үлкендердің көмегінсіз оқуды ерте үйренеді, бірақ бәтеңкесінің бауын байлай алмайды.Сөйлескен кезде олардың бідімінің жасына сәйкес емес екендігі, білуге құмарлығын көрсетеді. Ол дерексіздікке жоғарғы ынта танытып, әлемнің пайда болуы табиғат пен өлім туралы сұрайды.М.жасында белгілі бір пәнге қызығып, жақсы оқиды (мысалы,математика, астрономия, психология,философия). Ақыл-ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері күте алмайды,киім кигенде не тамақ ішкенде икемсіздік, салақтылық білдіреді.Олар аз қимылдайды, шулы ойындарды жаратпай, ортаға тез бейімделе алмайды. Жыныстық жетілу кезінде барлық белгілері айқын білінеді.Мысалы,кейбірінде тұйықтық, өкпешілдік,ренжігіштік сезім- «сензитивтік», «стеникалық» - айқындалса, екіншілерінде табандылық, қажырлылық – «экспансивті»- сезім байқалады. Қолайсыз жағдайлар әсер еткенде шизондэтарда ерекше психогенді (психологиялық зақымның әсерінен) әректтер байқалады. Б-р шизофрениямен ауырғанда делирийдің кейбір белгілері көру,елестетушілігі ретінде кездеседі. Психикалық процестердің тұтастығы бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлесуінен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып,оның сөйлемі тек жекеленген сөздерден құралады. Психикалық қызмет тұтастығының және оның айналамен байланысының бұзылудың аурудың эмоциясынан айқын көруге болады. Мысалы, жас әйел өзінің сәбиіне мейрімсіз болып,оны тамақтандырмауы да мүмкін. Ауру адамға символдық ойлау өте тән. Мысалы, ауру өзіе бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып; «өзі жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ» -деп түсіндіреді.Өз ойларын кәдімгі сөздермен жеткізе алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Шизофрения ауруы 4 топқа бөлінеді: қарапайым, гебефрениялық, кататониялық, параноидтық. Жасөспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым түрінде алдыңғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуалды өнімсіздік байқалады. Гебефрениялық түрінде – баланың мінез – құлқында есерлік, мәнерлік бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады. Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен қозуы бар кататониялық синдром басым болады. Параноидтық түрінде елестетуші белгілер 2-4 жас арасында (1 жастық дағдарыс) білінеді. Психиканың ауытқушылығы немесе психопатияның кейбір ерекшеліктеріне ұқсас қояншықпен ауырған адамда болатын эпилептондты тип жатады (қояншық ауруы бар отбасыларында кездесетіндіктен, генетикалық жақындығы бар деп есептелінеді). Психопатияның қызу қанды тобына гипертимдік типті жатқызамыз. Гипертимдік белгісі бар адамдардың көңілі ылғи да көтеріңкі, денсаулығы жақсы, сергек, тәбеті мен ұйқысы жақсы, қимыл – қозғалыс жасауға бейім, көп сөйлегіш, көңілді, мінезі аяқ асты өзгергіш. Тұрақсыз тип 11-12 жаста білінеді. Негізгі белгісі – бір қалыпты психикасы ретінде білінетін эмоциялық тұрақсыз ерік. Жоғарғы ерікті қызметі жетілмегендіктен, өзінің сол сәттегі тілегі мен әуестігін тежей алмайды, Тұрақсыз п\п. белгілері көбінесе жыныс жетілгенге дейін не ол жетілген кезде, кейде баланың шағында б. мүмкін. Истериялық тип – айқын дарашылдық қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Истериялық психопатияға барлық жұртты мойындатуды тойымсыздықпен көксеу тән. Психастеникалық тип – ересек адамдарда жиі кездеседі, бірақ кейбір белгілері балаларда да білінеді. Мұндай белгілер секемшіл,көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзәк келеді. Мектеп жасындағы балалар өте мазасыз, тек өзі туралы емес, жақындары, әсіресе шешесі туралы күмәнданады ( бір жаманшылық болама деп қорқады, ырым-саят, жөн жоба жасайды) Мұндай балалардың интеллектісі жоғары.Психастениялық типке ұқсас астениялық түрі болады – сужүрек, қорқақ,ұялшақ, қараңғыдан, жалғыздықтан қорқу, өзінен кішілермен ойнау, тыныш ойындар, сурет салу, айтқанды тыңдау – айқын белгілері. № 10 –дәріс. Тақырыбы: Психикалық толық жетілмеу. Сұрақтары: 1. Психикалық дамудың сипаттамасы. 2. Органикалық зақымданулар. 3. Психикалық толық жетілмеу себептері Адам психикасы бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз – үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті Соматикалық ауруы, бар адамның психологиясы сау адамның психологиясынан өзгеше. Сырқатқа ұшыраған адамның орталық нерв жүйесіндегі өзгерсітер төмендегідей болады: 1. Инфекцияның тікелей әсерінен мидың зақымдануы; 2. Ішкі мүшелер мен интерорецепторлар қызметінің өзгеруі салдарынан болатын рефлекторлық реакциялар; З.Жеке адамның ауруға деген реакциясы. Бұл өзгерістер аурудың «қалыпты» деген психикасын өзгертеді. Мәселен, тыныс алу органдары уланғанда адамның ықыласы төмендеп, ұйқысы бұзылады. Жүрек - қан тамырлары ауруларына ұшыраған адамның көңіл күйі төмендеп, ашуланшақ болып, интерорецепцияның патологиясына байланысты көңілсіз ойлар ұялайды. Жеке адамның ауруға деген реакциясы ерекше назарды талап етеді. Бұл ерекшелік жеке адамның ауырғанға дейінгі жағдайына, өмірлік тәжірибесіне, мамандығына, жасына және басқа себептерге байланысты. Ауруды қалыпты деп бағалау, ауруды ескермеу, ауруды асыра бағалау сияқты теріс көзқарастардың болатыны анықталған. Ал ауруға деген қалыпты көзқарас оны жеңуге ыңғайлы жағдай жасайды. Ауруды ескермеу уақытымен диагноз қоюға әрі оны емдеуге зардабын тигізеді. Ауруды асыра бағалау да зиянды. Бұл жағдайда адам қауіпті ауру туралы ойдан арыла алмайды. Өз ауруы туралы қалыптан тыс алдағы жағдайын елестетіп, қиялдайды. Мұны ипохондриялық қайғыру дейді. Ауруға деген теріс көзқарастың төмендегідей түрлері болады.: 1)Аггревация - аурудың белгілері мен ауру адамның шығымын күшейту. 2)Симуляция - жоқ ауруды әдейі бар деп мида бейнелеу. 3) Диссимуляция -аурудың өзін және оның белгілерін жасыру. Аггревация мен симуляция - сот - психиатриялық, еңбек - дәрігерлік және әскери сарап практикасында кездеседі. Соматикалық ауруға душар болған адам психологиясы сау адамға қарағанда өзгеше болады. Ауырған адам ауруына адам аурына және оның зардабына да қайғырады. Дәрігерлік емдеуден кейін бүл ой сейіледі. Мұндай жағдай әсіресе ауруханаға түскенде байқалады. Аурудың алғашқы белгілері байқала бастағанда қызуы көтіріліп, денесі бөрткенде сәбилердің эмоциялық күйі төмендеп, олар жылауық және қыңыр болады. Ауырған бала бейжай күйге түсп, мазасызданады, өз ауруын сөзбен жеткізе алмайды. Мектеп жасындағы балалар, әсіресе төменгі класс оқушылары ауырғаны не көңіл күйінің нашарлығы туралы шағым айтпайды. Бұл мәліметтерді тек дәрігер сұраған кезде білуге болады. Балалардың соматикалық ауруындағы психикалық өзгерістер орталық жүйке жүйесінің тікелей улануымен не патологиялык себеппен байланысты. Балалар аурудың болашақ зардабын талдай алмайды. Ауру адам қаралуға келмей-ақ, қаралатын дәрігері туралы көп біледі. Осы жағдайды әсіресе қызметін енді бастағана дәрігерлер есте ұстауы керек. Сондықтан әлі беделге ие бола қоймағана жас дәрігер ауруға айрықша назар аударып қарауы тиіс. Ауру адам бірінші кездескенде-ақ дәрігердің бет- әлпетін, сөзін, қозғалысын бақылайды. Ауру адам аз отырып, дәрігер жайында көп ой түйеді. Мейірімді, сөзін бөлмей, ұқыпты тыңдаған дәрігерге ағынан жарыла қоймай, сақтықпен, сенімсіз қарайды. Дәрігердің ауру адаммен кездескенде оған назар аудармай: қағаздары қарап, оларға қол қойып, қызметкерлермен басқа бірдеңелер туралы сөйлесуі мүлде теріс. Дәрігердің мінезінде не сөзінде ұнамсыз белгілердің болуы ауру адамды дәрігерден аластатады. Дәрігер сырқатты емдеу өзінің міндеті екеніне, оған болысқысы келетінінен ауырған адамның көзін жеткізуі керек. Ауру адамның көзқарасынан еш нәрсе тыс қалмайды.Үстіртін қарағанды, онша назар аудармағанынды бірден сезеді, дәрігердің көңіл күйінің нашар екеніне, ашуланшақтығына назар аударады. Дәрігердің бет - әлпетін, ымын, дауысын, сөзін, көңіл күйін ауру адам өз басының жағдайымен байланыстырады. Дәрігер мен ауру адамның бірінші кездесуінен кейінгі қалып -қатынастың да маңызы зор. Ауру адамның қажеттілігіне жэне ықыласына байланысты дәрігер мен оның арасындағы емдеуге бағытталған дүрыс қарым - қатынасты эмпатия дейді. Эмпатияны ұнамды эмоциялық қатынас симпатиясынан ажырата білген жөн. Эмпатия - ауру адамға әлеуметтік көмек ретінде қолданатын эмоциялы бейтарап процесс. № 11 –дәріс. Тақырыбы: Зақымдалған психикалық даму. Органикалық деменция. Сұрақтары: 1.Психикалық зақымданудың себептері: эндогендік және экзогендік. 2. Жүре пайда болған зақымданулар. 3. Деменция туралы түсінік. Зақымдалған психикалық дамуды медициналық психологияда психиканың уақытша тоқталуы деп атайды. ПУД тоқталуын не шектес интеллект кемістігін тудыратын себептер төмендегідей 5 топқа бөлінеді: 1.айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына және тәрбиеге байланысты. 2.ұзақ уақыт соматикалық аурулардың салдарынан әлсіздікке байланысты. 3.инфантализмнің түріне байланысты интеллектік қызметтің бұзылуы. 4.естудің, көрудің, сөйлеудің, оқу мен жазудың бұзылуына байланысты интелелктің кемістігі. 5.резидуальды-органикалық жағдайларда. Аталған топтардағы негізгі клиникалық белгі – баланың жетімеуі, ең алдымен интеллект пен эмоционалдық жігердің жетілмеуі. Олигофренияға қарағанда дамуы кешеулеген балалар сергек болып, айналадағыны ынта қойып қарап, ойнаған кезде творчестволық елестетуі болады. Мұндай балалардың интелекті нашар дамып, мектепке баруға дайын болмай, көбінесе ойнағысы келеді. Назары тұрақсыз және жылдам жалыққыш болады. Эмоциялары айқын болады. Балаларға тапқырлық зеректік тәжірибелік ойлау тән. Сөйлеулері кейін қалады. Психикалық дамуы кеешулеген балалардың жүріс тұрысы өздерінің қажеттілігіне бағындырылған, міндет сезімі дамымаған. Сабақта ойнап, ынтасыз отырады. Дифференциальды диагностика кезінде оқыту әдістерін қолдану қажет, баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды, баланың потенциалдық мүмкіндіктері білінеді. ПД-удың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің назардың еңбек қабілетінің мақсаттылықтың бұзылуы жатыр. Интелелктуальдық кемістік пенмақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады. Психикалық зақымдану психикалық аурулардың пайда болуында үлкен орын алады. Егер психоздар психикалық зақымданудың тікелей себебімен болса, онда психогенді не реактивті психоз болып бөлінеді. Реактивті психоздар күшті психиканы зақымдандыратын себептің ұзақ уақыт әсер етуінен пайда болады. Невроздардың негізінде де қатты не ұзақ әсерлі психикалық зақымдану жатыр. Балалардың психикалық зақымдануы ересектерге қарағанда өзгеше болады. Балаларды балабақшаға не мектепке орналастыру кейде психикалық бұзылуға әкеліп соғады. Бала қалыпты өсіп-дамуы үшін көптеген эмоцияналдық әсерлер қажет. Бұл әсерлер болмаған жағдайда оның нерв қызметінде олқылық болады. Ұнамды эмоцияналдық әсерлерден айырылды шетелде эмоционалды депривация дейді. Эмоционалды депривацияның болуы невратикалық реакциялар туғызуы мүмкін. Мысалы: балалар үйінде эмоционалды депривацияның әсерінен сәбидің тілі кеш шығады. Ата-анасы болмаса не отбасы жағдайы нашар болса эмоционалды депривация орын алады. Отбасындағы әлеуметтік балалар психикасын зақымдандырып есейгенде жеке бастық кемістігін тудырады. Деменция (жүре пайда болатын ақыл кемістігі) кезінде ойлау қисынсыз болады, сөйлегенін түсіну мүмкін емес: сөйлегені байланыссыз, жекеленген сөздермен құралады. Ауру жабысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Ауруда мазмұны депрессивті сандырақ ойлар болса өзін-өзі жоққа шығару, кінәлау, сандырағы ипохондриялық сандырақ. Ол өз ойын бірден айтпайды. Мұндай жағдайда ауру адамның жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақылаған жөн. Назар,ес,ойлау, интелегентті зетртегенде психология тәсілдері қолданылады. Балалардың психикалық дамуының түрліше болуына, олардың қабілеттерінің қалыптасуына тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата- анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ. Қарым- қатынасқа деген қажеттілік бала 1-айға толар- толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым- қатынас жасайтын анасының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл- қозғалысының дамуы баяулайды, тілі кеш шығады, кей жағдайда ақыл- ойының дамуы да тежеледі.Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «ата-ана - бала» қатынас жүйесіне түспеуі әсер етеді. Мінезінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты қасиеттер ерте көріне бастайды. Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Бала толыққанды даму үшін оның ең алдымен махаббатқа деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді басқалары өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді. Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы тұлға дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеп соғады. Депривацияның осы түрінің айқын көрінісі балалар үйінде тәриеленетіндерде ерекше бақалады. Депривацияның келесі бір түрі- сенсорлық депривация- заттық ортаның болмауы және сезім мүшелерінің қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз. Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәриеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына қажетті эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық депривация депривациялық жағдайда туындайтын ерекше психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез- құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым- қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонымен, психикалық депривация – бұл өмірлік жағдаят нәтижесінде туындайтын нақты психикалық көңіл- күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкіндіктері болмаған кезде туындайды. Эмоциональды күйзелістер мен әлеуметтік енжарлықтар өте жиі кездесетін бұзылулардың ішіндегі ең күрделі топтарына жатады. Эмоциональды күйзелістер, олардың аттарынан көрініп тұрғандай, жалықтырып мезі қылатын, дел- салдық күйде болатын, жабығып сары уайымға салынатын, қорқыныш, үрей, абыржушылық билейтін, дертті үрейден есінен танып қалатын және тағы басқалар сияқты эмоциональды жағдайдың бірқалыптылығы дұрыс болмайтындығын сипаттайды. Практикада әдеттегідей дәрігер қаралуға келген науқастың жабысқан дертті үрейге шалдыққанын немесе жабығып сары уайымға салынғанын анықтап білгеннен кейін оның эмоциясы бұзылған деген тұжырымды қорытынды жасайды. Мұндай көріністі әдетте жүйкесі тозған деп айтады. Алайда баланың диагностикасына бұл терминді қолданудан бас тартқан дұрыс болар еді, себебі балалардың бұл сияқты жағдайлары ересектердің жүйкелік (невротикалық) жағдайларына тіпті ұқсамайды десе де болады № 12 –дәріс. Тақырыбы: Бұрмаланған психикалық даму Сұрақтары: 1.Психикалық дамудың патологиялық көріністері. 2. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері Тұлғаның жағымсыз өзгерістері байқалады. Темпераменттің сандық және сапалық; жалпы және индивидуальды параметрлерінің өзгерістері, тұлғаның мінезі мен бағыттылығының маныздылығы жоғалады. Қызығушылығын жоғалтады. Кейбір жағдайларда эмоциональды-еріктің төмендеуі; гипобулия мен апатияның көрінуіне әкеп соғады. Ауру адам өз іш дүниесіне қатты үніліп,сыртқы ортамен қарым-қатынасы шектеледі. Ауруларда интеллектуальды ойлау функциясының жетіспеушілігі айқын байқалады. Бірақ тексерген кезде интеллектінің сақталғаны анықталады. Ойлауы бұзылып, шындықтан қашқақтап,жүйке жүйесінің бұзылуы, аморфтық және ойлауы тұрақты жеміссіз болады. Басқа жағдайда тұлға денгейінің төмендеуі, эгойстік-утилитарлық қызығушылықтардың өсуімен байланысты, аффекттілі әрекеттер байқалады. Нақты формальды интеллектуальды ойлаудың бұзылуы, есте сақтау қабілеті мен зейіннің тұрақты болмауы, орын ауыстырудағы және қозғалысындағы қиыншылықтар байқалады. Ойлау жүйесінің жемісі нашарлап, ауру өз жағдайын түсіне алмайды. Бұл негіздер ауруда ақыл кемістігінің бастапқы белгілері. Тұлғалық денгейі төмендеуінің жалпы белгілері: астения мен гипобулиядан спонтандық кезеңге дейін жетуі мүмкін. Кейбір ауруларда жағымсыз ықпалдар:санасыз-алаңғасарлық, көңіл-күйінің болмауы байқалады. Аурулар осы жағдайларды сезіне алмайды. Тұлғаның регресс жағдай -индивидуальды құрылымы жойылудың бастамасы. Ол көптеген клиникалық формада көрінуі мүмкін. Жағымсыз бұзылулар байқалады: жансыздық, қоршаған ортаны елемейді, әрбір психикалық тітіркендіргіштерге эмоциональды реакцияның болмауы. Еріктік процесстің барлық кезеңдеренде интенсивтілік бірден төмендейді. Мақсатқа бағытталған еріктік әрекеттің жойылуы көрінеді. Аурулар өз беттерінше өмір сүре алмай, туысқандарының қарамағында болады. Бұл формадағы жағымсыз бұзылулар апатико- абуликалық синдромға сәйкес келеді. Апатия мен абулиямен бірге таңғалу, мінез-құлықтың моторикалық ерекшеліктері көрінеді. Қозғалыстың үйлесімділігі мен пластикасы өзгереді. Тұлғаның регресс жағдайындағы басқа формасында клиникалық көрінісі аффективті-лабильділік түрінде көрінеді. Интеллектуальды ойлау функциясының төмендеуі байқалады. Ауруда бұзылулар туралы көзқарас болмайды. Естің бұзылуы, мінез құлықтағы моральды-этикалық нормалардың тежелуі көрініс береді. Амнистикалық бұзылулар-ең алдымен еске зақым тигiзедi, жоғарғы интелектуалды функциялар зардап шегедi.Естiң бұзылуы гипомнезия көрнiстерiмен сипатталады, ол айқындала түсуi мүмкiн. Белсендiлiктiң төмендеуi, тез шаршауы, зейiннiң тұрақсыздығы байқалады. Бұл бұзылулар ағымды сипатта болады.Айтылған психопатологиялық жағдай өзiнiң мазмұны бойынша лакунарлы деменцияға ұқсайды. Оның ең басты айырмашылығы тұлғалық қасиеттердiң ұзақ сақталуы. Көп уақытқа дейiн моральдi-этикалық сапалар аймағында бұзылулар байкалмайды. Ауру адамдарда интелектуалды-мнистикалық бұзылуларға деген сын көзкарасы сақталады. Бірақта мұнда темперамент пен мiнездiң кейбiр қасиеттерінiң ерекшеленуi, оған тән емес жақтарының пайда болуы: тiтiркенгiштiк, аффектiлi тұрақсыздық, басқару функциялар мен ерiктiң әлсiзденуi. Кейбiр жағдайларда амнистикалық бұзылулардың прогрессивтiлiгi байқалады. Тотальдi ақыл-ойдың кемуi. Алғашқы белгілерге жоғарғы және дифференциалды интелектуалды функциялардың үлкен бұзылулары жатады: талқылау мен ой қорытындысын жасау қабілеттері, жалпылауы, шектеулері, классификациялауы, бөлуі т.с.с. ойлау процесстерінің өнімсіздігі байқалады. Интелекттің кемшіліктері, өз-өзіне сын көзқарас қаситінің қатты бұзылулары, тұлғалық қасиеттердің өзгерісі байқалады. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдын кемуi:оның кұрлымы интелектуалды- мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді. Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:оның құрылымында басым бөлігін алатыны тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамыйды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:деменция белгілерімен бірге галюцинация, сандырақ көрінеді,олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты.Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:оның симтомдары корсаков синдромына сәйкес келеді.Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады. Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі: естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады. Асемикалық ақыл-ойдың кемуі: онда демнция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары болады.Психикалық маразм.Психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері. Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады. Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгегйіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобальды ақыл- ойдың кемістігімен ұқсас келеді. №13-дәріс Тақырыбы: Психикалық аурулар. Сұрақтары: 1. Психикалық ауруларға сипаттама. 2. Тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын . 3. Хромосомалық аурулар Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б. Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар. Клайнфельтер синдромы (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалдарына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У- хромосомасы артық жағдайды «хромосомы-убийцы», ал ХУУ – ХХУ хромосомалары бар балалардың ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі) және агрессивті мінез-құлық байқалады. Еркектерде болатын Кляйнфельтер ауруында , керісінше хромосома саны 47 (XXV) Клетка ядросында қалыпты жағдайда еркектерде кездеспейтін жыныстық хроматин болады. Мұндай еркектер әйел пішіндес, екіншісі жыныстық белгісі нашар дамыған, бойлары биік болады. Оларда психиканың бұзылуы кейде шизофрениядағыдан, не басқа аурудан ажыратылмайды. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларда фермент жүйелерінің биохимиялық өзгерулері болады. Бұған фенилкетонурия жатады. Қалыпты жағдайда фенйлалалин амин қышқылының ыдырауы төмендегідей болады\ Фенилаланин->тирозин ->тироксин ->адреналин ->норареналин->меланин. Бұл тізбек фенилаланин->тирозин кезеңінде бұзылады. Организмде фенилаланин жиналып, басқа жолмен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқыл жаңа туған сәбидің зәрінде жиналады. Фенилкетонурияда ақыл кемістігі дамуының алдын алу үшін бұл кемістікті жоятын гидролизаттарды \берлафен\ береді. Кейде дені сау адамдарда фенилаланиннің ыдырауы бұзылып, оның зердегі мөлшері жоғары болады. Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады: Оның пайда болуына соматикалық күйдің алдын ала өзгеруі, ағзаның бұрынғы болған аурулардан әлсіреуі, ұйықтамаушылық, қан жоғалтпаушылық және басқа жағдайлардың үлкен маңызы бар. Психогения принципті түрде толығынан кері қайтатын аурулы күй болып табылады. Сондықтан, егер басқа бір қосымша зияндылық болмаса, қандай бір уақыт өткеннен соң жарақатты жағдай өтіп кетісімен жойылып кетеді. Психогенияның бірыңғай жіктемесі әлі күнге дейін жоқ. Мүлың өзі оның күрделілігімен, аралас көріністерінің болуы, психогенияға деген бірыңғай көрінісінің болмауымен ғана емес, сондай - ақ псйхогенияға принципті түрде тән кері қайтатын дамудың кейде білінбеуінен, соған орай аурудың белгілі дэрежеде ұзақ дамуының орын алатындығымен түсіндіріледі. Психогенияны көбіне реактивтік күй реактивтік психоздар, немесе невроздар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Реактивтік күй, психогенді немесе реактивті психоздар. Белгілі болған сан алуан түрлі реактивтік психоздардан реакциялардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Шокты психогенді реакция; 2) истериялық психотиялық реакция (истериялық психоздар); 3) реактивтік психогенді сарыуайымшылдық; 4) реактивтік психогенді сандырақ тәріздес күй.Реактивтік күйлердің аталған түрлерінің арасында берік шек жоқ. Олардың аралас күйлері, сол сияқты реактивтік психоздың бір түрінің басқасына алмасуы болады. Шокты психогенді реакциялар Мұны да кейде невроздар,аффектілі-шокты реакциялар, эмоциогенді невроздар деп атайды. Күтпеген жерден айтылған өте күшті күйзелістерден, ауыр жағдайлардан, өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан, бір сөзбен айтқанда, эсері жағынан адамға сезімдік шок тудыра алатын жайлардан пайда болады. Сезімдік шоққа жер сілкіну, көлік апаты, сүмдық көрініс, көп адамдар түратын үйлердегі өрт және: басқалары жатады.Психогенді шоктық реакциялар әдетте реактивтік ступор немесе реактивтік қозу қимылы арқылы пайда болады.Реактивті психогенді ступор кенеттен пайда болған қимылдай алмаушылық әсерінен білінеді. Адам өлім қаупіне қарамастан орнынан қозғалмайды, бір де қимыл жасай алмайды, бір де сөзді айтуға күші келмейді. Мұның кейінгісі мутизм деп аталады. Реактивті ступор эдете ұзақка созылады да, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін болады. Содан кейін барып, адам басқа турлі әсерге ауысады. Оқта-санда шоктық реакцияда көбіне сезімдік салз зардап шегеді, сөйтіп, сезімдік жағынан сал болу деп аталатын күй басталады. Барлық сезім бір сәтке семіп қалғандай болады да, маңайдағы өтіп жатқанға сезімдік жағынан жауап бермейді. Сонымен бірге оның ойлау қабілеті толығынан дерлік сақталады, адам бәрін көреді, бәрін байқайды, бірақ көбіне өлім қаупіне қарамастан осының бэрін сырттай бақылап тү-рғандай болады. Реактивті психогенді қозу кенеттен пайда болған абыр-сабыр, мэнсіз қимылдық мазасыздықпен сппатталады. Адам шырқ үйіріліп, көптеген қажетсіз қимылдар жасайды, қолдарын мақсатсыз сілтеп, айқайлайды, көмек тілеп, жалбарынады. Сол сәтте құрылу жолын көре алмай, көмек сүрап, жалбарынады. Қейде ешбір мақсатсыз жүгіре жөнеліп, көбіне жаңа қауіп туатын жаққа қарай ұмтылады. Егер бірнеше адам осындай психогендік қозуға үліыраса, мұндай құбылыс үрейге бой алдыру деп аталады. Реактивті қозу да ступор сияқты сананың алжасу күйі және одан кейін болатын амнезиямеи бірге жүреді. Шоктық реакцияға аяқ асты, ағыл-тегіл терлеу, мазамыздану тән болады. Истериялық психоздар (истериялық психотикалық реакциялар)Реактивтік күйдің түрлері әр алуан болады. Олардың клиникасы да алуан түрлі болып келеді. Бірақ әдетте истериялық психоздың үш түрі бөліп қарастырылады: 1) жалған кемшілік; 2) пуэрилизм; 3) сананың истериялық алжасуы. Жалған кемшілік мынадан білінеді: адам кенеттенр ақымақтанып қалғандай болады, ең бір қарапайым сұрақтарға өте бір қисынсыз жауаптар береді. Жалған кемшілік екі түрге — сарыуайымшылдық және абыржушылық болып бөлінеді. Сарыуайымшылдық түрінде ауру тежелген, босаң болып келеді, көп жатады, өзіне қарамайды. Жанама сөз симптомы мүлдай ауруларда көбіне теріс жауаптар түрінде байқалады. Абыржушылық түрде ауру мазасыз, әбігершіл келеді, бір орында отырмайды, билейді, секектейді, қисандайды, көп сөйлеп, жылдам жауап қайтарады. Жалған кемшіліктің басқа бір түрі Ганзер синдромы деп аталады. Ганзер өзі сипаттаған психозды «ерекше истериялық алжасу күйі» деп атаған. Пуэрилизм мінез-құлықта балаға тән сипаттың болуы кездескендіктен осылай аталалы. Ауру психикалық жарақатқа жауап қайтарғанда инфантидьді мінез-күлық түрінде ауруға сәйкес реакция жасайды. Соның салдарынан ол баланың даусымен сөйлей бастайды, өзінің анасына жіберуді, жәбірлемеуін, қолына алып, көтеруін, ойыншық сыйлап, конфет беруін сұрайды, қыңырлық жасап, балаларша ағайлары мен апайларына ренжиді. Пуэрилизм клиникалық көріністе басым болғанымен, оның ішінде жалған кемшіндікпен немесе сарыуайымшылдық күймен үлттасып келеді. Реактивтік (психогендік) сарыуайымшылдық— жабырқаңқы күй, үлкен бақытсыздыққа, аса күйзелісті айырылуға, үміттін, үзілуіне байланысты болатын адамның эдеттегі реакциясы. Сондықтан да қайғыға болатын әдеттегі реакция мен соған байланысты туындайтын аурулы күйдің шегін ажырату айрықша қиын. Мұндағы айырмашылық — реакция дәрежесіне, оның күшіне және басқа күйзелістерден үстем болуына байланысты болсын, үнемі мүқият жасала бермейді. Аурудың еңсесі түскен, жабыраңқы келеді. Реактивті сарыуайымшылдықтағы науқас көбіне өз-өзін өлтіруге әрекеттенетіндіктен ең бір қатал бақылауды қажет етеді. Реактивтік сарыуайымшылдықтың барысы оны туғызған жарақатқа байланысты болып, апталар мен айларға созылуы мүмкін, бірақ сарыуайымшылдық басқа аурулармен қабаттасып, асқынып кетпесе, әдетте толық сауығумен аяқталады. Реактивтік (психогенді) сандырақтың пайда болуы жеке бас ерекшелігіде, оның ішінде күдікшілдік, үрейге бой алдырушылық немесе керісінше өзін-өзі асыра бағалау, өз менмендігінің шектен тыс осал және басқа қасиеттер себепші болады. Реактивтік параноидтың пайда болуына себепші болатын жағдайларға маңайдағылардан тұйықталып қалу, есітудің кілт нашарлауы немесе түсініксіз тілде сөйлейтін адамдардың ортасында болу сияқты себептер де жатады. Психогенді параноидты сандырактық құрылым көбіне параноидты психопаттарда болады. Бірақ қандай бір болмасын, мінез-күлық ерекшелігі бар адамдарда да кездесуі мүмкін. Көп жағдайда бұл - қызғаныш, аңду, қарым- қатынас — ойлап табушылық сандырағы болып келеді. Кей жағдайда басқа сйпаттағы сандырақтық сенім кездесетіндігін айта кету керек. Бұған өзін-өзі айыптау сандырағы, өте сирек кездесетін жадылап алу сандырағы жатады және т. б. Индукциялық сандырақ мынадан көрінеді ауруға жақын адам оның сандырақ идеяларын бөлісе бастайды. Аурулық көзқарасты бойынша «жұқтыру» мына жағдайларға себепші болады: 1) тығыз қарым-қатынас, бірге өмір сүру, ауру адаммен үнемі байланысқа түсу; 2) ауырған адам, айталық, шизофрениямен ауырған болсын, үнемі үлкен беделге ие болған, оған деген шексіз сеніммен жэне аса күшті үйірсектіктен, оның үстіне, ол ақылдырақ эрі білімдірек болғандықтан, сайып келгенде, ауруыжайлы көзқарстарын бөліседі; 3) индукциялық сандырақтықта сенгіштік, шектелушілік, бірқатар жағдайларда кем ақылдықтың болуы; 4) ауру адамда кейбір сандыраққа ұқсас оның ойынша дұрыс сандырақ идеялардың баяу дамуы. №14 дәріс Тақырыбы:Шизофрения және клиникалық көріністері. Сұрақтары: 1. Шизофрения психикалық ауру 2. Шизофренияның ағымдары 3. Шизофренияның клиникалық көріністері. Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат.Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ.Ол бала кезде де,ересек кезде де болуы мүмкін.Шизофрения ұзақ мерзімді ауру.Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения.Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну,қабылдау,ойлау,жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады. Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс- тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте- бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе.Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады. Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді.Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады. Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады. Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т.б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады. Әрбір ауырған адамды емдеуде өзіне тән шаралар қолданылуы №15- дәріс Тақырыбы:Эпилепсия Сұрақтары: 1. Эпилепсияның клиникалық көріністері 2. Үлкен эпилепсиялық тырысқақтар 3. Кіші эпилепсиялық тырысқақтар 4. Эпилепсияның бас ми дамуына ықпалы Эпилепсияның көрінуі балалық шақта байқалады: балаларда садисттік ойлар болады: жануарларды қинағанды ұнатады, әлсіздер мен көмексіздерді мазақтап күледі. Сондай-ақ олар өзіне деген заттарды: киімдерді, ойыншықтарды, мектеп заттарын ұқыптап және осы заттарға тиіскендерге ашуланып жағымсыз реакция көрсетеді. Эпилептоидты жасөпірім өздерінің ызаларын түсіру үшін аффект жағдайы кенеттен болмай, ұзақ уақыт жалғасады және өз-өздеріне бірден келе алмайды. Аффект кезінде ерекше күш пайда болады. Оларда жыныстық қызығушылық қатты байқалады. Садисттік және мазохисттік түрінде көрінуі мүмкін. Алькоголді қолданған кезде тым ызалы болып төбелескіш келеді, сондай-ақ іс-әрекеттері мүлде есінде қалмайды. Олар алькоголге тым беріліп, асқынған түріне әкеледі.Олар азартты ойындарға беріліп, баюға деген құштарлығы артады. Эпилептоидты тұлғалардың өз өздерін бағалау бір жақты: тиянақты, өз денсаулықтары алаңдатады, қызғаншақ болып келеді, өздерін комформды деп есептейді.Аффект жағдайында өз іс-әрекеттерін басқара алмай, криминальды жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Олар көбінесе жағымсыз нәрселерге агрессиямен жауап береді. Истероидты типтің басты ерекшелігі-эгоцентризм, қоршаған адамдарды өздеріне қаратып алу, өзіне деген таңғалу, қызығушылық, құрмет көрсету байқалады. Қоршаған орта адамдарын өзіне қаратып алу үшін өтірік айтып және ойдан құрастыру истеройдты типке тән. Истероидтың эмоциясы театрды ойнағандай жалған. Ал шын сезімдері жоқ. Истеройдты типтегі балалар көрермен залында тақпақ айтып, өлең айтқанды ұнатады. Жас өспірім кезде өздеріне назар аудару үшін алькоголді қолдануы, мінез құлқының өзгеруі байқалады. Үйден қашу балалық шақтан болады. Истероидты балалар үйден қашқаннан кейін, оларды іздейтін жерге барады, милицияға хабар береді. Наркотик туралы көп естіп, өздерін наркоман ретінде көрсетеді. Бірақ тексерген кезде ол жалған болады. Ойдан құрау арқылы көптеген адамдарды алдайды. Ерекше байқалатыны деперсонализация және дерелазациялық уайымдау. Жағымсыз жағдай болғанда суйцидтық әрекеттерді демонстрациялайды.Истероидты акцентуация психикалық инфантилизммен сәйкестелініп келуі мүмкін. Құрдастарымен болған сәтсіздіктерді өзінің ата-анасына шығарады. Эпилепсиялық жағдайларда талмалар мен тырысқақтар адам санасының бұзылуына және эмоцияның психикалық жағдайына өзгерістер әкеп отырады.Эпилепсияның шығу себептері әртүрлі. Генетикалық факторлар мен қатар эпилепсияның дамуына жүре пайда болатын факторлар да әсер етуі мүмкін. Жүре пайда болатын факторларға жүйке-жүйесінің аурулары, жарақаттар, инфекциялық және интоксикациялық әсерлер жатады. Эпилепсияның пайда болуына эмбриондық даму кезіеңдегі бас мидың зақымдануы және дүниеге келу кезіндегі жарақаттар маңызды рол атқарады. Эпилепсиялық жағдайдың дамуына және тырысқақтың талма құбылысының пайда болуына белоктық азоттық сулы тұздардың, қышқылдардың, зат алмасу процесінің бұзылуы әсер етеді. Ауру адамның миында еркін жүретін ацетин халиннің саны көбейіп жүйке импульстарымен нейрондағы қозудың жылдамдығын арттыру байқалады және гамма амино майлы қышқылдарының құрамы мида төмендеп жүйке импульстарының қызметін тежейді. Эпилепсиялық тырысқақтар үлкен екі топқа бөлінеді: үлкен және кіші эпилепсиялық тырысқақтар. Үлкен эпилепсиялық тырысқақтар- аяқ астынан болуы мүмкін және бірнеше фазалардан болуы мүмкін. Ауру құлап, денесі мен қол аяқтары тартылады. Ауру адам жағымсыз дыбыстар шығарады, бет әлпеті көгеріп, көзі аларады. Тек желкесі мен аяғының табаны жерге тиеді. Бұл фазасы тоникалық деп аталады.Тоникалық фаза клоникалық фазаға ауысуы мүмкін. Клоникалық тырысқақтар 2-5 минут дейін созылады. Бұл фазада дене бет қол аяқ бұлшықеттері тартылады. Аузынан қан араласқан көбік ағады. Беті көгеріп ісінеді. Тырысқақтан кейін ауру адам 15-20 минут меңіреу қалпында болады. Одан кейін ұйқыға кетеді. Кіші эпилепсиялық тырысқақтың бірнеше формасы бар. Абсанс-ауру адамның қас қағым сәтте естен тануы, қимыл қозғалысының шектелуімен сипатталады. Ауру адам қай күйде, қай позада тұрса сол қалпында құлап қалады. Бұл форманың ұзақтығы 3-5 секунд. Егер абсанс жиі қайталанатын болса, ойлау процесінің төмендеуі, сөз дағдыларының баяулығы, есте сақтау қабілетінің бұзылуы байқалады. № 16- дәріс Тақырыбы: Невроздар және невротикалық бұзылулар Сұрақтары: 1. Невроздар туралы түсінік 2. Невроздардың шығу себептері, белгілері 3. Невротикалық бұзылулар Невроз –жүйке жүйелік және психикалық бұзылу формаларының бірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы. Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады. Невроз - жанға жара салып, жүйкеге қатты әсер ететін оқиғаны бастан кешу кезінде бала психикасы оған төтеп бере алмаса, ол неврозға ұшырайды. Неврозбен ауырған бала оның психикасына жаман әсер ететін жағдайды қиналыспен қабылдайды. Балаларда байқалатын невротикалық белгілерге: қорқыныш неврозы жабықтыратын жай - күй неврозы, қуық ұстамау неврозы (энурез), тэбеті жоқтық, тілдік невроздар жатады. Қорқыныш неврозы: Қорқыныш - кішкентай бала атаулыға тән нәрсе. Бала емусіздіктен, жазалау қаупінен, айқайдан қорқады. Мүны аурудың әдеттегі көрінісі деп емес, дені сау балалардың әдеттегі қорқынышы деп қабылдауымыз керек. Алайда баланы қорқыта беру, оған қоқан - лоқы көрсету бірте - бірте қорқынышты сипат алуы мүмкін. Бала бөгде адамдардан, қараңғыдан қорқа бастайды, бөлмеде жалғыз қала алмайды, басқа адамдар арасында үрейленеді. Қорқыныш күйі басылуы да немесе қайтадан өрлеу де мүмкін. Баланы қорқынышты күйден құтқару үшін үлкен адамдар оның таяныш -тірексіз еместігіне, жақсы қарым - қатынаста өмір сүретініне сенімін арттыруы керек. Жабықтыратын жай - күй неврозы. Мектеп өміріне бейімделудің қиын кезеңінде, яғни бала оған шамадан тыс күш түсетін жағдайға тап болған кезде ол мазасыздың, бұл жағдай біртіндеп қорқыныштық жабдықтыратын жай -күйіне немесе сылбыр қозғалысқа ұласа бастайды. Қорқыныш жағдайында баланы қандай болмасын азапты ойлар билейді. Ол ғаламат күші бар белгілі бір рухтан, өлімнен, ақыр аяғында мұғалімге жауап бере алмай қалудан қорқуы мүмкін. Бұл жағдайда егер одан жауап беру талап етілсе, ол өзінің жүрегі алқымына тірелгені, бұлшық еттерінің құрысып - тырысуынан тынысы тарылып, суық терге малшынғанын сезінер еді. Бала жауап беруден қорқады. Ол өзінің дене күйзелістерінен қорқады. Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, пайдасы аз, мақсатсыз еліктеме қозғалыстардың пайда болуымен сипатталады. Бұл қозғалыстар теңселмелік, мұрнын үқалау, бетін ұстау (қол тигізу, сипалау), бет - ауызды тыжырайту, қолды, иықты, мойынды белгілі бір дәрежеде қисаңдату, тырнақты тістелеу және т. б. болуы мүмкін. Мұндай сылбыр қимылдар баланы қымсынтатын үлкен адам көрінген кезде, сабаққа жауап беруге әрекеттегенде және т. б. жағдайларда көбірек байқалады. Сылбыр қозғалыстар кей кездері қорғаныш жоралғысы сипатына ие болады. Бала «бәле - жалаға» ұшырамауы үшін белгілі бір қозғалысты орындау керектігіне өзін сендіреді. Мысалы, ол ырғып - ырғып алады, бүдан оның көңіл - күйі сәл-пәл көтеріледі. Шамалы уақыттан кейін ол тағы да жан қинап секіргісі келеді. Невроз тудыратын мұндай жай - күйдің қапелімде қалпына келе қоюы қиын, сондықтан бала өзіне аяушылықпен қарауды тілейді. Қуық ұстамау неврозы. Энурез - балаларда жиі кездесетін дерт. Бірақ мүның бэрін барлық уақытта бірдей невроз деуге болмайдьь Невротикалық түнгі қуық ұстамау - бұл бала психикасы зақымдануының нәтижесі. Қуық ұстамаудың өзі бала психикасын зақымдайтын фактор болып табылады. Балалар мен оған жақын емес үлкен адамдар оның «масқара» ісінің куәгері болып, оны ұялтып жазалаған кезде өзінің дәрменсіздігін сезініп, қатты күйзеледі. Бала дөрекі, ашуымен немесе жағымпаз, үялшақ болып, өз - өзінен оқшауланып, томаға тұйық жүреді. Кейбір жағдайларда қуық ұстамау күндізгі уақыттағы өзіндік қорғаныш реакциясы ретінде көрінеді. Бала шалбарына жіберіп қоюы да мүмкін. Энурез емдеусіз-ақ өз-өзінен жайылғанымен, бала организмінде паталогиялық ауытқу зардабын қалдыруы мүмкін. Мұндай неврозға ұшыраған бала өзіне ілтипатты көзқарасты керек етеді. Тұтықпа сөйлеу кезінде тілдің мүкістігінен сөздің жатық айтылмай, буын - буынға бөлініп айтылып, оларды қайталап айту кезінде қиындық келтіруі тұтықпа деп аталады.Тұтықпа бала сөзді тізбектеп түтас айтуға тиісті болатын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай кезде көбірек байқалады. Невротикалық тұтықпа көбіне баланың шошынуынан, тұрмыс қалпының өзгеруінен болады. Бұл ретте әлсіреген организмге, психикалық дамудың туа біткен ерекшеліктеріне, шамадан тыс күш түсуге сыртқы жағдай зардапты әсерін тигізеді.Тұтықпа көп жағдайда еліктеуден басталады. Тұтықпа бала тілінің мүкістігіне қатты күйзеледі. Ол біртіндеп адамдармен сөйлеуден, әсіресе өзі үшін бейтаныс адамдармен сөйлесуден қаша бастайды. Тұтығу қорқынышы әсіресе мектепте оқып жүрген кезде белең -алады. Бұл жағдай жеке бастың невротикалық дамуына апарып соғады. Тұтықпа балалар, сондай-ақ, оларды тәрбиелейтін үлкен адамдардың айрықша ықылас бөлуін керек етеді. Олар үшін емдеп қалпына келтіру шараларының жүзеге асырылуы өте - мөте қажет-ақ. Бұл орайда мұғалім мен тәрбиеші де баламен араласу үшін қолайлы жағдай туғыза отырып, өз үлестерін қоса алады.Тұтықпадан сақтандыру үшін баланың сөздік тапсырмасын жеңілдету керек. Сонда ол есіткенін емін - еркін қайталап, жаттап алған өлеңдерін айтып бере алады. Сөздерді өз бетімен құрастыру қажеттігі жоқ жерде бала тұтықпадан аз азап шегеді немесе мүлде тұтықтырады. Балаға күрделі лексикалық -грамматикалық орамдарды айтқызуға онша үйір болмаған жөн, өйткені сөз мағынасын ұқпау, айтылуы қиын сөздерді айтудан қымсыну, түптеп келгенде, тұтықпаға соқтырады. Егер тұтықпа белгілі бір тілдік даму ерекшеліктерінің негізінде пайда болатын болса, оны логопед жөндей алады. Ал егер ол невроз симптомы болып табылатын болса, онда оны емдеумен психоневрологтың айналысқаны жөн. Невротикалық жай күй немесе невроздың өзі шаршау, қалтырау, у-шудан қажу және еңбекке қабілеттілікті жоғалту жағдайында пайда болады. Ортаның ықпалы невротикалық жай - күйдің немесе невроздың болу - болмауын айқындайды. Мектеп өміріне үйренудің қиын жағдайындағы невротикалық олқылық кез келген балада кездеседі, дегенмен бүл олқылықты мұғалім мен тэрбиешінің сөйлеу мәнері есебінен, олардың балаға ізгі қарым - қатынасы есебінен болдырмауға болады. Логоневроз бұл жалпы невротикалық бұзылу мен сөйлеудің невротикалық бұзылуынан туады. Жалпы невротикалық бүзылуға жататындар: ұйқының, көңіл - күйдің, тәбеттің бұзылуы. Мұндай аурулардың ұйқысы бұзылады, ұйқы демалыс әкелмейді, керісінше көп түс көргеннен шаршап тұрады, көңіл күйлері, тәбеті төмен. Осындай бұзылудан сөйлеу қорқынышы (логофибия) пайда болады. Логофобия - бала сөйлеуге қорқады. Кейде сөйлеу қорқынышының күшті болғанын бір жағдайларда бала үндемей қалады, кей жағдайларда сыбырлап зорға сөйлейді. Сөйлеуден қорыққаннан балада тұлығу пайда болуы мүмкін. Тики - (бұлшық еттер дірілі) мектеп жасындағы балаларда көп кездеседі. Тики - еріксіз өзінен - өзі көз қабығының беттің бұлшық еттерінің тартылып тұруы. Тики, көбінесе, баланың күні бойы ойнап, шаршаған кезінде байқалуы мүмкін: баланың беті жыбырлап, ерні діріл қағып, мүрын еті үлкейіп, ісініп, көздің жыпылықтауы байқалады.Тики ауруы да тұлықпа тәрізді жүйкесіне байланысты екені анықталған. Осы белгілерді байқаған ата - ана, тәрбиеші баланы бала психиатрына көрсетуі керек. Дәрігердің кеңесін бүлжытпай орындау, дәрі - дэрмені уақтылы қабылдау, күндіз баланы ұйықтату, басымен құлап қалмауын қадағалау, сабақты көп оқытпай, демалдырып барып оқыту т. с.с. ережелерді қатал пайдаланып отырса, бала аурудан айығып кетеді. Невроздар - Невроздың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы. Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады. Неврастения. Бұл топқа қажып шаршаудың, тамаққа тоймаудың, организмнің физикалық әлсіздігінің нәтижесінде жүйке жүйесі әлсіреген балалар жатады. Бұл балалардың тамаққа тәбеті төмен, түрі боз, салғын, қимыл - қозғалыстарында сенімділік жоқ, көңіл - күйлері әп - сәтте өзгеріп тұрады, ашуланшақ, ызақор, қыңыр, мазасыз. Зейіндерін тоқтата алмайды, ақыл - ес үрдістері әлсіз, есте сақтаулары төмен, сабақты көпшілігі үлгермейді.Ауырсынған күш түсу психофизиологиялық баланың мүмкіндіктері. Ол қоршаған ортаның жоғары талаптарына сәйкес келу күшінде емес және ежелдік кез-келген қиындықтарға қарсы тура алмайды. Бұл көбінесе ата -аналары балаларын дұрыс қабылдай алмауы. Бала ата - аналарының неге оған қатал екенін түсіне алмайды. Бұл балада нервтік күш түсуге әкеледі. Захаровтың сөзі бойынша ата - аналары баласына күніне 300-ге дейін ескертпелер айтады (приказ). Екінші себеп ата - аналары семьяда пайда болған басқа балаға көп көңіл бөледі де, ол алғашқы бала бақылаусыз қалады. "Үлкен балаға көп міндет жүктеледі. Ол бәрін өзі түсінуі керек" деп ойлайды. Осыдан зардап шегуші болса өзінің ата - аналары алдындағы беделінің төмендегенін түсінеді. Истерия бұл топтағы балаларға тән ерекшеліктер: жоғары сезімталдық, әсерленгіштік, өзін сендіруге, қиялдауға бейімділік, эгоцентризм, айналадағы адамдардың назарын өзіне аудару ықыласы, көңіл аудармаған жағдайда балалар жағымсыз реакциялар көрсетуі мүмкін: дөрекілік, аффектілі түрде ыза болу, жылау т. б. Истериялық невроз. Сыртқы көрінісі бәрімізге белгілі: бала еркелейді, истерика жасайды, жерге қүлап, жерді ұрғылайды. Қалыпты жағдайды ерте жаста байқалатын патологиядан ажырату керек. Ата - аналары белгілі уақытқа дейін бостандық береді де, одан соң шектеу қояды, ал бала бұл өзгерісті бірден түсіне қоймайды. Көптеген ата — аналар балаларының және жанұясының денсаулығына көп көңіл бөледі. Бірақ, өкінішке орай көбі байқау жэне қателік тәсіліне жүгінеді, ең маңыздысы - олар сау баланы өсіруге талаптанады. Олар балалардың жүйке ауруының алдын алу және ауруларды болдырмау туралы ойланады. Ешкім өмірінің күрделі, тұрақсыз, стресске толы болуын қаламайды. Нақтылы жағдайда жаңа келешек ұрпақтың өмір сүруі мен өсуі тек физикалық, ең біріншіден психикалық сау адамға ғана жеңіл. А.И.Захаровтың пікірі бойынша невроздардың бірнеше түрлері бар. Ол өзінің "Балалар невроздары" кітабында келесі түрлерін ажыратады: қорқыныш неврозы өлім қорқынышынан пайда болады. Ол көбінесе 5-6 жастағы барлық балаларда байқалады. Мұндай жағдайда егерде семьяда өмірге қуанышты эмоциональді атмосфера болса бала бұл жағдайды өзі шеше алады. Егер де бала бұрыннан тынымсыз болса, онда бұл алаңдаушылық өлім қаупін тез күшейтіп жіберуі, осыдан бұл қыздағы сияқты невротикалық қорқыныщ пайда болады. (лифтіден қорқу, оттан, аурудан, машинадан қорқу). Мұның бәрі бір нәрсеге - қорқынышпен; бір жағдай болатын сияқты сезімінен білінеді. Бұған қоса анасынан қорқу, балаға үлкен әсер етеді. Жабысқақ жағдайлар неврозы. Захаров суреттеуі бойынша үлкен мектеп жасында байқалады, бала қандай да бір іс - әрекет жасауға тырысады, ол өзіне қорғаныш элементі саналады. Бұл қорғаныш механизмі, тиктер, біркелкі қозғалыстар, немесе респираторлы көріністер (В.И.Горбузов пікірі бойынша). А.И.Захаров балалар неврозының себептерін, семья қатынасынан іздейді, яғни бұндай жағдайда мәселе жабулы шеңберге ұқсас: Ата - аналар өздерінің балалық шағынан қорқыныш мэселесін ала жүріп, оны өсіп келе жатқан баласының иығына артады. Осылай ұзақ жалғастыруға болады, бүл тізбекті ешкім үзіп немесе ойланбайынша ол жалғаса береді. Саналы ата - аналық міндетті орындау - сау балаларды өсіруге жэне өз семьясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Ата - анасының махаббаты мен тірегімен өскен болса өз өмірінің кризистік кезеңдерінен өте алады. Захаров әсіресе бала туғанға дейінгі кезеңге көп көңіл бөледі. Бала семьяда қалаулы бала болса, соншалық семьядағы орны бөлек. Шын мэнінде мінсіз ата - аналардың болуын өлшем талап ете алмайды, барлық адамдар қателеседі, бірақ олардың көбінен қүлылуға болады. Алдымен өз жеке мәселесін одан соң семьяның мэселесін шеше білу қажет. Мұндай шешемді дұрыс түсіну болашақта семьяда психикалық саз баланың өсуіне мүмкіндік береді. № 17- дәріс Тақырыбы: Психикалық процестердің патологиясы Сұрақтары: 1. Психикалық құбылыстар. 2. Психикалық процестер. 3. Патологиялық ерекешелігі. 4. Танымдық бірліктері. Адам психикасы – бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең қарапайым түрі жәндіктерге тән, ал ең жоғары формасы адамның санасы. Сана – адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі. Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Психика дегеніміз – үнемі болып қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процесстердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қортылады. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым-қатынасын сипаттайды. Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау. Психикалық процестердің сапасын, жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін арнаулы сынақтардың тесттердің пайдасы зор. Психикалық , тесттердің қорытындысы клиникалық практикада жиі қолданылады. Түрлі әдістер арқылы жүргізілген клиникалық - психологиялық текістердің әсерлі психологиялық әңгіменің , өмір мен ауру туралы анамнездік мәліметтермен салыстыру керек.Зейінді тексеруде біркелкі бейнелері бар кестелер қолданылады. Мысалы, қолдың қатысуынсыз кезекпен, түсі бірдей суреттерді сынау. Түзету әдістері б-ша бірден әріптермен цифрларды сызу керек. Жауапты бағалаған кезде тапсырманың орындалуының ұқыптылығы, жылдамдылығы,пациенттің шаршап, қажуы еске алынады. Бұл әдістер назар белсенділігін алаңсыз ойлау реакциясын тексеруге қолданылады. Есті зерттеуде тексерушіге 10 сек. Ішінде кестедегі фигураларды көрсетіп,оларды есінде сақтау жүктеледі. Қалыпты жағдайда 5-6 фигура есте сақталады. Бұл әдіс арқылы көру есінің ерекшелігі анықталады. Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді жадында сақтау, анық және жай айтылған сандарды, сөздерді, сөйлемдерді ұқыпты таңдап,есте сақтау ұсынылады. Сау адамдар 10 сөздің 5-9 ын есте қалдыратыны анықталады. Есі жақсы адам мұны 3- 4 қайталаған соң жаттап алады. Пиктограмма – жанама есте сақтауды тексеруге арналған әдіс. Есте соқтау үшін сайланып алынған сөздерді пайдаланады. Тексерілушіге таза қағаз бен қарындаш беріп, «Есіңізді басқа әдіспен тексереміз. Айтылған сөздер мен сөйлемдерді есте сақтаңыз. Есте сақтау үшін әр сөздің орнына сурет салу керек, әріпті де , сөзді де жазбаңыз» - деген нұсқау айтылады.Бұл нұсқау бір рет айтылғанымен, ауру адамның сұрауы б-ша қайталанады. Мысалы: 1. Көңілді мейрам 9. Айырылу 2. Ауыр жұмыс 10. Алдау 3. Кешкі ас 11. Жеңіс 4. Ауру 12. Ерлік 5. Қайғы 13. Дұшпандық 6. Бақыт 14. Әілеттілік 7. Махаббат 15. Күмән 8. Даму 16. Достық Жылжымалы талдау үшін осы көрсетілген сөздердің мазмұн-маңызына қарап, тексерілуші олардың кезегін сақтауға тиіс. Жарты сағат өткен соң тексерілушіден суреттер б-ша сөздерді айтып,беруді өтіну керек. Пиктаграмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау,эмоция ерекшеліктерін анықтауға да пайдаланылады. Тексерілуші тапсырманы орындаған соң, тексеруші оны сұрай отырып,оңай және қиындықпен келген түсіндіреді. Зерттеу 46 хромасоманың орнына 45 хромосома болатынын, жыныстық хроматиннің болмайтынын көрсетті (44 хр.) бұл әйелдерде екінші жыныстық белгілер нашар дамығпн (аналық без оларда нашар дамыған, не мүлде жоқ), мойындары қысқа, оның екі жағында қанат тәрізді әжімі бар, шаштың өсу шекарасы төмен. Бұл белгілер ақылдың кемістігімен қатар болады. № 18-дәріс. Тақырыбы: Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы. Сұрақтары: 1.Түйсік пен қабылдаудың сипаттамасы 2. Анестезия, сенестопия. 3.Иллюзия және галлюцинация Түйсік пен қабылдау қоршаған ортаны танып білуде маңызды роль атқарады. Түйсік-заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттерінің мида бейнеленуі және танымның алғашқы баспалдағы. Қабылдау- заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі және түйсікке қарағанда әлдеқайда күрделі.Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Енді потологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады. Түйсік – адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекелеген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Қабылдау – күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекелеген қасиеттерінің қарым- қатынасын сипаттайды. Елестету – қабылдауды еске түсіру елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы объективті түрде бар дүниені бейнелейді. Философиялық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айналаны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материя философиялық тұрғыдан тану процессінің үш сатысы бар: Айналадағы ортаны тікелей тану мендей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы) қорытындылау, абстрактілі ойлау Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын тітіркендіруден басталып, онан әрі ми қыртысындағы анализатор. Орталығы қозуының қортындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатысады, шартты рефлекстік байланыстардың мәні зор. Түйсіктің зақымдануы көптеген себептерге байланысты,патологиялық көріністеріне: Гиперестезия – қалыпты жағдайдағы табиғи бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдауы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап иістер өткір түрде қабылданады. Гипостезия – гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау. Анестезия – сезімталдықтың толық жойылуы. Сенестопатиялар – адам денесінің бір бөлігінен білінетінге әртүрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Осындай сезімдерді анықтау қиындыққа соқтырады. Аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер көрсетеді. Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестетушілік жатады.Сағым – айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы заттар мен құбылыстар өзгерген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адамның жылағаны бір топ ағаш адам сияқты көрінеді. Сағым сау адамдарда болады. Оның пайда болуына қорқуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатқанда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Мұндай сағымдарға аффектер әсер етеді. Сондықтан олар аффектігендік сағымдар деп саналады. Физикалық заңдылықтарға байланысты сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар деп атайды. Парейдолиялық сағымдар – оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған түс қағазға қарағанда көз алдымызға таң қаларлық таулар, өзендер елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін түсінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдориялық сағымдарды туғызады (жұқпалы аурулар көбінесе балаларда кездеседі.) Вербальді сағымдар – латын верба – сөз кейде аурулар айналадағы адамдардың сөздерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатысы жоқ айтылған, әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай сағымдар тек психикалық ауру адамдарда болады. Көңіл-күйдің өзгеруі және бұзылуы басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларға кездеседі. Мысалы, маскүнемдік, психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан орындықтың қабырғасы адам сияқты болып көрінеді. Метаморфопсия – заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия – заттардың кішкене және алыста болып көрінуі. Макропсия – заттардың үлкен және жақын болып көрінуі. Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді . Осыдан кейбір адамдар ұшырып, стресстік жағдайға дейін әкеледі. Галлюцинациялар (елестетушілік) – нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестетушілік объектісіз, жалған қабылдау. Елестетушілік сезім мүшелеріне байланысты көрі, есту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты бөлінеді. Көру елестетушілігі ауру әртүрлі заттарды, адамдарды бүтіндей не оларды бөлшекті түрде көреді. Көру елестетушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам өтетін жұқпалы не улану психозында болады. Көрушілік айқын елестіетушілік маскүнемдік психоз жағдайында болады. Айқын көрушілік елестетушілік игналяциялық тамақты булау, және дәрімен улануда болады. Есіту елестетушілігінде аурулар байланыс дыбыстарды ( атылған оқ, еңіреу, ынырану ды) естиді; болмаған сөздерді естиді. Вербальді елестетушіліктер деп аталады және интепретивті, императивті болып бөлінеді. - түсінік елестеушілігі дейді, көбінесе дауыстар аурудың әрекетіне Интерпретивті, сөзіне және ойына түсінік беруі мүмкін жиі дауыстар ауруға ұнамсыз әсер етіп, ажыратады. Егер дауытар айлап, жылдап ұзақ уақыт және қиындықсыз әсер етсе, ауру бұған үйреніп жұмыс істеу қабілеті жоғалмауы мүмкін. Императивті- әйгілі не бұйрықты елестетушілік.Мұндай елестеушілік өте қауіпті.Функциональды- елестеушілік- дауыстар қандай болса да тітіркендіргіштер бар кезде пайда болуы мүмкін.Мысалы, ауруып жүріп келе жатқан кезде поездің дөңгелектерінен, сағат тілінен, толық жабылмаған краннан аққан тамшылардан пайда болған дауыстарды естиді. Есту елестеушілігі, көру елестеушілігіне қарағанда жиі ұзақ ауру, жарқын сана кезінде болады. Мұндай елестеушіліктер және ұзаққа созылған интоксикациялық аурулар да маскүнемдік шизофрения, бас, миының органикалық зақымдану( энцефалит, ісіктер ) кезіде болады. Жанасу елестеушілігі- дененің үстінен шыбын- шікей, құрт, жылан жылжығандай, мысықтың жанасуы кезінде пайда болады. Иіс сезу елестеушілігі- әр түрлі, жиі ұнамсыз иістерді сезінеді. Үйлеріне тұншықтырған газ, түтін жіберетіні өлесенін иісі, тамақтың шіріген иісі бар екені туралы айтады. Дәм сезу елестеушілігі- иіс сезу елестеушілігі мен қатар болады. Ұнамсыз иісті тағам мен суды сезінеді.Гиетегі (висцеральдық) елестеушілік- денесінің ішіндегі, жиі асқазандағы бөтен заттың не тірі жәндіктің болуын сезінеді. Психогендік елестеу- қатты аффекті, ауыр психикалық зақым кезінде пайда болатын елестеушіліктер. Гипногогиялық елестеушілік- ұйықтар аралығындағы көз жұмылған не оянған кезінде пайда болады; (сау адамдарда да, жиі алкоголизм жағдайында болады) Қарапайым елестеушілік – тек көру, тек есту не жанару елестетушілік болу. Күрделі не комплексті елестеушілік – истериялық ауруына байланысты, психиканың зақымдану кезінде пайда болады, әр түрлі елестеушілік бір мезетте болуы. Жалған елестеушілік- псевдогаллюцинацилар- әр түрлі нәрселерді бастын ішінде, желкесінде, көздің ішінде көруі. № 19-дәріс. Тақырыбы: Естің клиникалық көріністері. Сұрақтары: 1.Жүйкелік – психикалық аурулардың әртүрлі формаларындағы естің бұзылуы. 2.Клиникалық көріністері Естің бұзылуы көптеген психикалық ауруларда кездесетін симптом. Ауру адамдардың көпшілігі естің бұзылуына шағымданады . Ларошфуко мынадай көзқарасты айтқан , адамдар жиі естің бұзылуына шағымданады, бірақ ешкім ойлаудың кемшілігіне шағымданбайды . Бұл шындығында рас . Аурулар өздерінің адекватты емес пікірлер ,ойлауларының кемшіліктері туралы сирек айтады ,ал есінде кемшілік бар екенін барлығы байқайды . Өйткені өзінің есте сақтауға қабілетсіз екенін мойындау жәбірлетірмейді , ешкім өзінің ойлау ,мінез-құлық ,сезімдеріне қатысты өзара сынды соншалықты жоғары көрсетпейді . Сонымен бірге естің бұзылуы шындығында мидың зақымдануы негізіндегі жиі симптом болып табылады. Естің бұзылуы мәселесі әрқашан психотерапиялық және патопсихологиялық зерттеудің ортасында тұрады . Өйткені , 1-ден ,естің мәселесі классикалық психологиялық әдебиеттерде зерттелген ,және 2-ден ,мнестикалық бұзылулар жиі кездесетін синдром болып таблады. Жалпы психологиядан білетініміздей ,адамның барлық формадағы іс- әрекет ерекшеліктері –мақсатқа бағытталған , себептерін келтіру(дәлелдеу) бұлар еске қатысты . Естің паталогиясына арналған зерттеулерден келесі бағыттарды бөліп көрсетуге болады: а)клинитикалық бағыт өкілдері (С.С. Корсаков ,Р.Я. Голанд, Г,С. Жисмин және т.б.) мнестикалық бұзылудың қандай да бір көрінісін нақты сигналдармен, нозологиялық бірлікпен байланыстырды және алдарына олардың физиологиялық және психологиялық механизмдерін ашып көрсетуді мақсат етіп қойған жоқ. б) психофизиологиялық және нейропсихологиялық бағыт өкілдерінің (В.Пенфилд, В.Сковлл, Б.Милнер , Ж.Барбизе, А.Р.Лурия, Е.Н.Соколов және т.б.) еңбектерінде естің психофизиологиялық негізін іздеумен, білім қадағалау негізінде мәнінің өзгеруін зерттеуде нақты нерв құрылымы анықталады.в) психологиялық бағыт негізінен ес және оның бұзылуларын ұйымдастыру сұрақтары қарастырылады. Бір жағынан бұған шет елдің авторларының еңбектерін жоқтауға болады , психикалық бұзылулар кезінде есте сақтауды ұйымдастырудың болмауы ,екінші жағынан отандық психологтардың пікірлері мнестикалық іс-әрекет және оның мотивациялық компоненттері мазмұны жағынан анализге ұшырайды (А.Н. Леонтьев, Г.В. Биренбаум, Р.М.Меерович және т.б. ) Естің патологиясын зерттеуде көбінесе ең алдымен маңызды : 1) олар мнестикалық іс-әрекет ағымдары нормада қандай құрылымдар, фактор қатысатынын анықтауға мүмкіндік береді. 2) олар психологиялық және психиятриялық түініктерді келісімге қабілеттендіреді, бұл екі білім арасындағы дисциплиа аралықт байланысты дамыту. 3) психика дамуы және құлдырауы арасындағы байланыс мәселесіене өз үлестерін қосты және Л.С.Выготский, А.Н.Леоньтев, А.А. Смирнов, П.В .Зинченко зерттеулерінде ес процесін қалыптастыруда жүйелі көзқарастары мнестикалық іс-әрекеттің бұзылған бөлімдерін салыстыруға мүмкінгдік берді . Эксперт сұрақтарды шешуде жиі мынадай жағдайлармен соқтығады. Ауру адамдар есінде кемістік бар, олар оған жұмыс жасауға кедергі келтіретінін айтып шағымданады ,ал эксперименттің талаптарында ұқсас бұзылулар кездеспейді . Ал басқа жағдай ларда ,яғни ауру адамдар өздерінің міндеттерін орындайды және материалды есте сақтау талаптарын т. б. , бірақ психологиялық зерттеу кезінде мнестикалық бұзылулары көрінуі байқалады. Естің бұзылуы негізінде әр түрлі факторлар жатыр . Оларды зерттеу нәтижесінде диагноз қоюға ,синдром белгілеу үшін және практикада ауру адамдармен жұмысты қалыптастыру үшін пайдалы . Естің патологиясын зерттеуде аса маңызды келесі жағдайларды ескеру аса маңызды: а)мнестикалық іскерлікті ұйымдастыру мүмкіндігі (тікелей жәнеи жанама есте сақтау , ырықты және ырықсыз есте сақтау), б)естің мотивациялық компоненті ,оның мақсатқа бағыты туралы сұрақ; в) оның уақытша сипаты туралы сұрақ (ұзақ уақыт және қысқа мерзімді есте сақтау) Корсаковский синдромы- естің күрделі бұзылуы - корсаковский синдромы болып таблады. Алғаш рет оны белгілі отандық психиатр С.С. Корсаков түсіндірген: ауыр алкогольдік интоксикация кезінде пайда болатын бұл синдром бірнеше компоненттерден тұрады: а) болып жатқан оқиғадағы дөрекі естің бұзылуы; б) болып жатқан оқиғаға қатысты конфабуляции; в) орнында және уақытында дезориентировка. Соңғы екі белгісі әлсіз көрінеді , ал біріншісі әрқашанда төтенше көрінеді және бұзылудың негізгі радикалын құрайды. Ауру адамдар, осыған ұқсас синдромы барлар жақында өткен оқиғаларлды ұмытып қалады, бірақ көптеген жылдар бұрын болған оқиғаларды есіне түсіре алады . Сол сияқты ауру адам өзінің бала кезіндегі, мектептік өміріндегі болған оқиғаларды дұрыс айтып береді, бірақ он бүгін түскі тамағын ішті ме, кеше оған туысқандары келіп кетті ме, бүгін онымен дәрігер іңгімелесті ме осыларды ол есіне түсіре алмайды. Егер ауру адамнан бүгін сені туысқандарың келіп халіңді білді ме деген сұраққа, ол:-менің есімде жоқ, бірақ қалтамда папиростар бар-демек ,менің әйеліме келген- деп жауап береді . Мұндай ауру адамдар күніне бірнеше рет амандасады , бір сұрақты қайта-қайта қояды , бір өтінішпен бірнеше рет келеді, мезі (беймаза) адам әсерін көрсетеді. Амнестикалық дезориентировка-естің бұзылуы жиі тек болып жатқан оқиғалармен ғана емес ,сонымен қатар өткен оқиғалармен де таралады:ауру өткенді еске түсіре алмайы, қазіргімен шатастырады; олар оқиға хронологиясын араластырады. Уақыт өте бұндай естің бұзылуы гротескнгі мінезге әкеп соғады. Эксперименталды –психологиялық зерттеуде ауру адамдардың есінің бұзылуы ақыл-ойының нашарлығы көрінеді (ауру тапсырманы ,талаптарды орындай және жағдайларды түсіне алмайды) көбінесе бұл шизофреник немесе неврозбен ауыратын адамдарда кездеседі. Естің бұзылуынан адамдардың мінезі де бұзылады. № 20-дәріс. Тақырыбы: Сананың бұзылуы. Эмоциялардың патологиясы Сұрақтары: 1.Сана бұзылуының критериилері. 2.Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу,делирий Обьективті шындықтың субьективті бейнеленуін психика дейміз. Психиканың ең төменгі және ең жоғарғы сатылары бар. Ең жоғарғы сатысы сана. Сана – адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті, адам психикасының формасы.Сананың зақымдануы өте күрделі және психикалық бірліктердің,қасиеттердің барлығына ықпалын тигізеді. Әсіресе ақыл-ойдың дамуындағы кемістіктер. Ақыл-ойдың кемуі синдромологиялық ерекшелігіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: Қарапайым акыл-ойдың кемуi: интелектуалды-мнистикалық функциялар мен әр түрлі дәрежеде көрінетін жеке бастын регрссия белгілер аймағында негативті бұзылулармен көрінеді. Психопатотәріздес ақыл-ойдың кемуі:- тұлғаның айқын өзгерістері немесе мінездің жаңа анамальді жақтарының пайда болуы, ол патологиялық церебральді процске байланысты дамымайды. Галюцинаторлы-параноидты ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілерімен бірге галлюцинация, сандырақ көрінеді, олар бас миының деструктивті зақымдалуының, негативті симтоматиканың көріну деңгейі мен құрылымының ерекшеліктерімен байланысты. Негативті бұзылулардың ұлғаюына байланысты өнімділік редуцияланады, фрагменттеледі және жоғалады. Амнистикалық-парамнистикалық ақыл-ойдың кемуі:- симптомдары корсаков синдромына сәйкес келеді. Ол негативті және өнімді симптомдардың тұтастылығымен сипатталады, олардың өзара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін.Соңғы этаптарында прогресивті амнезия пайда болады. Паралитикалық ақыл-ойдың кемуі:- естің бұзылуы, паралитикалық конфабуляция, қатты интелектуалды дефекттер және эйфория. Оның құрылымына сандырақ және тұлғасын қайта бағалаумен сипатталатын сандыраққа ұқсас сөздер. Психикалық әректінің төмендеуі - бұл ақыл-ой кемістігінің бірден көзге түсетін жағы. Бұл синдром тек прогрессивті салда кездеседі. Басқа аурулар кезінде (мидың сифилисі, ми ісігі, травмалық аурулар, алкогольді энцефалопатия) оның аты өзгереді, ол псевдопаралитикалық деп аталады. Асемикалық ақыл-ойдың кемуі:-деменция белгілері болады және афазия, агнозия, апраксия, алексия, аграфия, акалькулия симптомдары байқалады. Психикалық маразм -психикалық кемістіктің, негативті бұзылулардың ең ауыр түрі. Ол психикалық әрекеттің толық бұзылуымен, қоршаған адамдармен қарым- қатынасқа түсу мүкіндігінен айырылуымен,әректке итермелейтін түрткілер мен қызығушылықтың толық жоғалуымен ерекшеленеді. Проградиентті ақыл-ойы кем процесстерінің (терминалды ақыл-ойдың кемуі) соңғы сатысы маразм деп есептеледі. Физикалық күштің кемуі, трофикалық бұзылулар, ішкі органдардың дистрафиясы – бұл жалпы маразмның белгілері. Негативті бұзылулар көп психикалық аурулар болған кезде байқалады. Әр нозологиялық формаға өзіне тән негативті симптоматиканың максималды жете алатын деңгейі болады.Маниакальді-депрессивті психозда психикалық әректтің төмендеуі немесе «мен» өзгерісін субъективті ұғуы байқалады. Шизофрения өзінің дамуында психикалық кемістігінің тек жетінші деңгейіне дейін жетеді – тұлға регрессі, бірақта ол төменгі деңгелерде тоқтап қалуыда мүмкін. Әдебиеттерде «шизофрениялық ақыл-ойдың кемуі», «шизофрениялық деменция» терминдері жиі кездеседі. Сын көзқарастын жоқтығы, интелектуалды өнімсіздік, тұлға регрессі сияқты клиникалық белгілер қалпы глобарлы ақыл- ойдың кемістігімен ұқсас келеді. Эпилепсия жағайындағы негативті бұзылулар тоғызыншы деңгейге дейін баруы мүмкін, мұнда эпелепсиялық деменция жақтары болады. Оның негізгі белгілеріне ойдың, жалпы психикалық процесстердің, инерттілігінің жылдамдығының азаюы, сөз қорының кедейленуі (олигофазия). Сөйлеген сөздерінің мағынасы терең емес,жарамсыз ассоцияциялардан құрылған. Белгілі бір жағдайды талқылайды және одан назарын басқа жаққа аудару қиынға түседі. Естің бұзылуы – бұл эпелепсиялық ақыл-ой кемістігіне тән белгі. Оның құрылымына аффективті-тұлғалық өзгерістер кіреді: қызығушылықтары эгоисттік- утилитарлы қажеттіліктерге бағытталған. Жеке бас реакциясының эмоционалды- ерік аймағында полярлық көрінеді: тұрып қалумен бірге тез қозғыштық, тыныштықпен бірге ашушандық көрністері байқалады. Бас миындағы ары қарай ұлғаймайтын органикалық зақымдар (жарақаттар, менингоэнцефалиттер, әр түрлі уланулар, странгуляционды асфиксия), мұнда негативті бұзылуларға үлкен мүмкіндік бар: психикалық әреттің төмендеуінен бастап тотальді ақыл-ой кемістігіне дейін. Бас миының прогресшіл органикалық аурулар мен деструкция: атрофикалық (сенильді және пересинильді деменция), дегенеративті процесстер (лейкодистрофия), көптеген тұқым қуалайтын энзопатиялар (гепатолентикулярлы дегенерация, амавротикалық идиотия және т.б.), ми қан тамырларының аурулары (церебральді атересклероз және эндартериит), мидағы прогресшіл инфекциялар (прогресивті сал, ағымды энцефолит) осылардың барлығы психикалық маразмға әкелуі мүмкін (тоғызыншы деңгей). № 21-дәріс. Тақырыбы: Ойлаудың клиникалық көріністері Сұрақтары: 1. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістері 2. Дифференциалды – диагностикалық мағыналары Ойлау - адамның миында заттар мен құбылыстардың бір-бірімен байланыс жағдайындағы жалпылыма бейнеленуі. Ойлаудың жоғарғы сатысы сөйлеумен тығыз байланысты. Сондықтан ойлаудың бұзылуы ауру адамның сөйлегенінен білінеді. Шындыққа сәйкес келмейтін, шындықтан алшақ, түзетуге болмайтын ойларды сандырақ ойлар (бредовые идеи) дейді. Сандырақтың пайда болуы негізінде ж.н қызметі бұзылуымен байланысты патологиялық механизм жатыр Ойлаудың бұзылуы – кейде бірден, бақылаудың басында білінеді: сөйлеудің жылдамдауы не бәсеңдеуі. Деменция (олиг.басқа психикалық аурулардағы ақыл кемістігі ) кезінде ойлау қисынсыз болады, сөйлегенін түсіну мүмкін емес: сөйлегені байланыссыз, жекеленген сөздермен құралады. Ауру жабысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Ауруда мазмұны депрессивті сандырақ ойлар болса өзін-өзі жоққа шығару, кінәлау, сандырағы ипохондриялық сандырақ. Ол өз ойын бірден айтпайды. Мұндай жағдайда ауру адамның жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақылаған жөн. Назар,ес,ойлау, интелегентті зетртегенде психология тәсілдері қолданылады Ойлаудың бұзылуы психикалық ауру кезіндегі аса жиі кездесетін симптомның бірі болып табылады. Ойлаудың бұзылуының клиникалық варианттары алуан түрлі . Олардың кейбіреулері басқа да аурулардың формаары үшін типті болып есептелінеді. Ойлаудың бұзылуы (клинмикалық)психиатриялық клиникаларда кездесетін әр түрлі мінездемелер бар. Көптеген зерттеулердің негізінде ойлау патологиясының 3 түрін бөліп көрсетеміз: 1) ойлау операциялық жағының бұзылуы; 2) ойлаудың динамикасының бұзылуы; 3) ойлаудың мотивациялық компоненттерінің бұзылуы; Мидың әр түрлі ауруларымен ауырған адамдардың ойлауын зерттеуде ойлаудың операциялық жағы бұзылуында әр түрлі формаларды қолданылатынын көрсетті; а) жинақтау көлемінің төмендеуі; б) жинақтау процесініңи бұрмалануы (бұзылуы). Қорыту көлемінің төмендеуі -ойлаудың бұзылудың бұл түрінде аурулар пікірлері заттар мен құбылыстар туралы жанама елестетулері доминацияланады. Экспериментальды тапсырманы орындау кезінде түсінікті толық ашатын барлық мүмкін белгілерді таңдай алмайды. Қорыту процесін бұрмалауда басқа мінездемені қолдануы мүмкін . Экспериментальды тапсырманы шешу кезінде кездейсоқ белгілер , қасиеттер актуализацияланады . Мысалы ауру адам «заттарды класификациялау» тапсырманы орындауда , ол шанышқы, стол және күректі біріктіреді, оны « қатты» принципі бойынша . Сонымен қатар ауру адам тапсырманы ұзақ уақыт орындай алмайды , шыдамсыздық көрсетеді. Ауру адам айтылған сөздің мағынасын түсінгенімен оны жеткізе алмайды . Ауру адамға берілген тапсырмалардағы сөздер оқылғанда, сол сөздің мағынасын өтіп кеткен жағдайлармен түсіндіреді. Сосын олар бір іс-әрекет түрінен екінші түріне тез ауыса алмайды . Яғни олардың интелектуалды дамуы кешеуілдеп, баяу дамиды. Ойлаудың мақсатқа бағытталуының бұзылуы жиі пайда болады, өйткені өзінің әрекетін үнемі бақыламайды және жіберілген қателерін түземейді. Ойлау мен естің бұзылуы бас миының төбе бөлігіне зақым келгенде , ауыр соққы алғанда немесе бас миымызға суық тигенде пайда болады. Көбінесе бұл аурулар сыртқы әсерлердің нәтижесінен ,оны қалай қабылдауына байланысты. Біз ауру адамдарға зерттеу жүргізу арқылы олардың қандай да бір зат немесе құбылыс туралы түсінік қалыптастырамыз және де басқа заттар мен құбылыстардан айырмашылығын ойлап табуға көмектесеміз. Ойлау мәселесі психология пәні сияқты біздің ғасырдың 20 жылдарында Вюрцбургтік психологиялық мектепте пайда болды. Ойлаудың бұзылуынан ес, зейін және сөйлеуі де бұзылады. Ойлаудың бұзылуынан естің түрлері дамымайды, зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды, сөйлегенде ойланбай, ауызына не түссе соны айта салады. Танымдық процестерінің бұзылуынан адамдардың мінез-құлқы , қимыл –қозғалыстары да дөрекі көрінеді. Егер сағым мен елестетушілік сау адамдарда болса, ал сандырақ ойлар тек психозбен ауырғанда болады. Сандырақтың бірнеше түрлері бар: а) Қарым-қатынас сандырағы ( бред отношения) – ауруларға айналадағы адамдар нашар қарайтын, оған күлетін , ол туралы сыбырласатын болып көрінеді. б) Әрекет сандырағы ( бред воздействия) - өздеріне көзқарас, гипноз, электр тогы, радиотолқындар, белгісіз аспап, теледидар мен ғарыш толқындары арқылы әсер етеді деп санайды. в) нақтылы соңына түсу сандырағы ( собственно бред преслодования) – таныс емес адамдардың бақылайтынын, машинамен қуатынын айтып, шамның жарығымен шағылыстырып соқыр қылғысы келедідеп ойлайды. г) Кіналау сандырағы (бред обвинения) – ауру өзін жұмыстан шығарады деп ойлап, еретсімен бас дәрігерге келіп, оның столына құжаттарын қойып тезінен жұмыстан шығаруын талап етеді. д) Кемістік пен тонау сандырағы ( бред ущерба и ограбления) – қартайған адамдардың қан тамыры зақымданған және басқа психоздарда болады. е) Қызғану сандырағы ( бред ревности) – соңына түсу сандырағ,ының бір түрі әйелінің «күеуінің) опасыздығын дәлелдейтін жүйе қалыптасады. ж) Өзін-өзі қорлау сандырағы ( бред самообвинения) – бір нәрсеге кіналымын деп санайды: айналадағыларға ауру жұқтырамыз деп санап, осы ойдан қорқып кісіліерге жуымай ауыздарын орамалмен жабады. Осы топтағы сандырақ ойларға гипохондриялық сандырақ жатады – аурулар өздерін сифилис, туберкулез, СПИД сияқты жаман аурулармен ауырамыз деп санап, соматикалық сандыраққа жақын тұратын нақұрыс ( одержимость) сандырағы бар - өздеріне сырттау күш енген (шайтан, бақа не жылан) деп санайды. з) Ұлылық сандырағы ( бред величия) – байлық, тектілдік, тұлғалық, ойлап табушылық, сүйіспеншілік сандырақтары жатады. Ұлылық сандырағы ойларды айтатын аурулардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.( Өздерін қорлау туралы, сандырақ айтатын аурулардың көңіл-күйі төмен жабырқау болады). Сандырақтан басқа жалықтыратын (жабысқақ ойлар) – «навязчивые идеи) болады. Ойлар аз маңызды қисынсыз болады. Ауру ойларға сын көзімен қарап, құтылуға тырысады. Бірақ құтыла аламйды. Бір ой келіп кетіп санасына паналап, мазасын алады. Жабысқақ жағдайлар невроз бен психоздарда кезедеседі. Ойлаудың бұзылуының – ассоциативті процестің бұзылуы – түрі бар, яғни ойлаудың өзгеруі жылдамдау және баяулау болуы мүмкін. Ойлаудың патологиялық баяулауында ойлардың пайда болуы мен өтуі қиындыққа соғады. Бұл жағдайда ауру қойылған сұраққа баяу, аз сөзбен жауап береді.Ойлау бұзылуының бұл түрі көңіл-күй төмендегенде жиі кезедеседі. Ойлаудың үзілуі – аурудың сөйлем құрылымындағы логикалық байланыстың болмауы. Ойлаудың қисынсыздығы – аурудың сөзінде мән дже грамматикалық байланыста болмайды. Ой алжасуында (сананың бұзылуында) жұқпалы аурулар кезінде болады. Ойлаудың пресерворациясы – ұзақ уақыт бір ойдың басым болуы, Ауру бірінші сұраққа дұрыс жауап беріп, келесі сұрақтарға сол жауабын айта береді. №22-23-24- дәріс Тақырыбы: Нейропсихологияның ғылыми зерттеу объектісі. ЖПФ зақымдануы. Сұрақтары: 1.Нейропсихологтяның ғылыми зерттеу обьектісі 2.ЖПФ – ларды локализациялау мәселесі және олардың бас миындағы әр бөлігінде көрсетілуі. 3.Лурия ілімі. 4.ЖПФ – ның зақымдануы, белгілері. Нейропсихология- психикалық құбылыстар мен мидың физиологиялық құрылымын ара- қатынасын зерттейтін психология саласы (нейрон-жүйке жүйесі жасушасының бірліктері).Нерв жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, жасушалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның жағдайларына ол\арды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Нерв жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құралған. Нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп өзара түйінделіп бітетін жерін нерв орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) нерв жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық нерв жүйесіне ми мен жұлын нервтерінен тарайтын әр түрлі шеткі нервтер жатады. Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы экспериментті зерттеулер арқылы ғылымда жан- жақты толық дәлелденген. Орталық нерв жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде күрделірек болып келеді. Орталық нерв жүйесінің төменгі бөлімі жұлын, орта есеппен 45см жетеді. Орталық нерв жүйесінің екінші бөлігі-ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 граммдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми- бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады. Сопақша ми- жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың нерв орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі. Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштыңжапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыптыжүріс- тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, қанқа еттерінің қалпын реттейтін нерв орталықтары бар. Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі- афференттік(жеткізуші) талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне басшылық ету процестерінің жұмысын реттесіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккуулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формацияда миға қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады.Мұндай мидан осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі.аталмыш нерв орталығы эмоция,зейінін арттыра түсуде елеулі роль атқарады. Егер осы айтылған ми бағанасының құрылымдары эволюциялық дамудын төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса,жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардын өмірінде негізгі рольді ми қабығы атқарады.Денеде болатын барлық құбылыстары өз қармағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген .адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады. Ми бассүйек қуысында орналасқан,адамның миы 20жасқа дейін өседі. Бас ми қабығы құрылысының құрылымдық ерекшеліктері туралы ілім архитектоника деп аталады. Үлкен ми сыңарлары қабығының клеткалары мидың басқа бөліктеріндегі нейрондарға қарағанда атқаратын функциялары шектелген, бірақ жекеленген топтары анатомиялық-физиологиялық тұрғыдан мидың арнаулы басқа бөлімдерімен тығыз байланысты. Ми қабығының микроскопиялық құрылысы әр бөліктерде әртүрлі екендігі және ми қабығының 50 цитоархитектоникалық бөліктері анықталған. Қабықтың микроскопиялық құрылысы өте күрделі, көптеген клетка қабаттары мен олардың талшықтарынан тұрады. Негізгі құрылысы: алты қабатты, бірақ барлық бөліктерде бірдей емес. Кейбір жерлерде қабаттар өте айқын болса, кейбірлерінде әлсіз білінеді. Ми қабығы аймақтарының құрылысы өзімен байланысты функцияларға ұқсас болатындығы дәлелденген. Жануарлар мен адамдардың қабықасты аймақтарының құрылысы жағынан ұқсастықтары мен функционалдық қызметтері бірдей екендігі, ғылыми- зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Бірақ тек адами функцияларды (сөзді) атқаратын мидың бөліктері тек адамдарда ғана бар. Бас ми қабығының морфологиялық және функционалдық әртектілігі көру, есту, дәм сезу сияқты орталықтар мен аймақтарына жіктеуге мүмкіндік береді. Қабықтың жекеленген бөліктері тіршілік әрекет барысында қалыптасады. Ми тіршіліктің әр кезеңінде дамып, жетіліп отырады және мидың жүйелі- функционалды дискреттілігімен (үзілістілігі) байланысты. Мидың дискреттілігі редукция және гетерохронды процестермен тығыз байланысты (редукция - әлсіреуі, жойылуы, гетерохронды бір мезгілде әр салада өтетін процестер). Мысалы, нәрестенің бір жасқа дейінгі кезеңінде жаңа ықпалдардан әсерлер алуы, ескі әсерлердің жойылуы. Жаңару мен жойылу өте нәзік байланысқан. Алғашқы автоматтандырылған әсерлер ерте жойылса, жаңа функциялардың төзімділігі қалыптаспайды. Сондай-ақ редукция өте кеш болса, жаңа – күрделі реакциялардың қалыптасуын тежейді. Мидың қалыптасып дамуы морфологиялық, физиологиялық және психикалық гетерохрония мен тығыз байланысты. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады, оның жалпы көлемі 2000 – 2500 см3, қалыңдығы 2,5 – 3мм. Ол 14млрд. жүйке жасушаларынан құралады. Жаңа өсіп келе жатқан адам ұрығының ми беті тегіс болады. Мидың өзіне қарағнда, оның қыртысы жылдам өседі, сондықтан ми қыртысында жүлгелер (ойыстар) мен иірімдер (қатпарлар) пайда болады. Әрбір ми сыңары жүйке арқылы төрт бөлікке бөлінеді: маңдай, төбе, самай және шүйде. Ең тереңі – оратлық жүлке. Үлкен ми сыңарларының қыртысынан мынадай : сезгіш, қимыл, көру, есту, дәм және иіс сезу аймақтары байқалады. Қимыл аймағы маңдай бөлігінің алдыңғы орталық иермінде жатады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Сонымен мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т.банализаторлардың нерв орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде көру зонасы, самай бөлігінде есту, төбе бөлігінде қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны екі жүзге жуық. Осы аймақтардағы белгілі рецепторларға ішкі мүшелерден және сыртқы ортадан ақпарат түсіп отырады. Мұндай рецепторлар теріде, қан тамырларында, бұлшық еттерде, асқорыту және т.б мүшелерде болады. Бұл рецепторлар өзгерістерді қабылдап, оның ми сыңарының қыртысындағы жүйке жолына жеткізеді. Келіп түскен ақпарат мұнда талданады және қорытылады. Одан соң тура жауап қайтаратын мүшеге қозу толқыны таралды. Мысалы, дәмді тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі. Үлкен мидың сол жақ сыңары оң жағына қарағанда адам тіршілігінде көбірек қызмет атқарады. Алайда кей жағдайда оң жақ үлкен ми сыңарларының қызметі де дәрменді болады. Мысалы, адам іс- қимылын айналаға бағыттағанда, заттардың пішінін анықтағанда және музыканы түсініп тындағанда үлкен мидың оң жақ сыңары күшті қызмет атқарады. Адам үлкен ми сыңары қызметінің нәтижесінде айналаны танып, ондағы өзгерістерге сай дененің бейімделу әрекетін жұмылдырып отырады. Ми сынарлары сыртқы ортамен дене арасындағы байланысты жүзеге асырады. Ми қыртысы адамның психологиялық әрекетінің материалдық негізі болып табылады. Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, еске сақтау, ойлау әрекеттерін реттеу үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне тікелей байланысты. Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшықеттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын жасушалар) есту мүшесімен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдісі жоқ түрі. Оның әлдеде ашылмаған көптген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша райда болатындығы өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес.Дегенмен ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы мидың кез-келген бөліктерімен түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін «тірі» электр импульстерін тіркейді. Мидағы нерв талшықтарының жаны да «сіріден» берік. Өйткені, егер бір тал сымы істен шыққан радиоприемник жұмысын дереу тоқтататын болса, жүздеген, мыңдаған нерв жасушалары зақымданған ми өз жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Зақымданған нейрондар да қалпына келіп отырады екен. № 25-дәріс Тақырыбы: Бас ми бөліктерінің зақымдануы. Сұрақтары: 1. Бас ми бөліктеріне сипаттама 2. Үлкен ми сыңарлары 3. Маңдай және самай бөліктері 4. Сопақша, мишық, аралық ми бөліктері Ми бес бөліктен тұрады: үлкен ми сыңарлары, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, сопақша ми. Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанымен,бір- бірімен тығыз байланысты. Мидың бөліктерінде өзара қатынасатын төрт қуыс бар. Бұл ми қарыншаларына шамамен 130-140мл сұйықтық толып тұрады. Сұйықтық түссіз,онын құрамында қаннын жасушалары және ақуыз болады. Сұйықтықтын құрамы бұзылса,онда мидың қызметі бұзылады. Миды үш қабатты қабақша қаптайды, олар:қатты, торлы және қантамырлы қабықшалар. Қатты қабықша-ішке бетін қаптап жататын мидын үстінгі(сыртқы)қабықшасы.Ортаңғы қабықшасы торлы қабықша,ол қатты қабықшаның астында жатады.Торлы қабықша өте жұқа болғандықтан,онда қан тамырлары аз болады.Ал ішкі қабықша-қантамырлардан тұрады. Қантамыр қабықшасы мидың қыртысына орналасады. Қан тамырларымен торлы қабықшалардың аралығында ми сұйықтығы толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми ақ және сұр заттан тұрады. Бұл екі бөлік бір-бірімен нейронның ұзын өсінділері арқылы жалғасады, нейронның өсінділері қозуды да өткізеді. Ми сыңарларының және ми бағанының астыңғы бөлігі мидың негізі деп аталады. Жүйке ұлпалары қан айналымына, әсіресе оттегіні жеткілікті мөлшерде келіп отыруына өте сезімтал. Сондықан, мидың жұмысы қан тамырларының қызметіне тығыз байланысты. Қанның құрамындағы заттар қан тамырына әсер етеді. Зянды әсерден қан тамыры тарылады да, миға қанмен бірге келетін отегі мен қоректік заттардың мөлшері азады. Сөйтіп, мидың қызметі бұзылып, ауру пайда болады. Мидың қан тамырлары тарыла бастағанда науқастың басы айналып, ауырады, қуаты кетіп, әлсізденеді,одан соң қолы нмсе аяғы жансыздана бастайды, бірақ есінен танбайды. Қан қысымы артқанда кейде қан тамырлары жарылып кетеді. Бұдан миға кенет қан құйылады. Бұл ауыру адамға эмоция және ауыр дене еңбегі нәтижесінде әсер етеді. Науқас есінен танып, өліп кетуі де мүмкін. Бас айналу ауруы бір кеселдің салдарынан болады. Бас айналғанда жүрек соғады, Адамның жүрегі айнып, құсады, тіті талып та қалады, құлақ шыңылдап, нашар естулі және көздің бұлдырауы мүмкін. Дені сау адамда да теңізде жүргенде, ұшқанда, бр жазықтан екінші жазыққа тез ауысқанда, машинаға мінгенде, алты бақан тепкенде бас айналуы байқалады. Мишықпен мидағы жүйке орталықтарының әркеті уақытша немесе мүлде бұзылғанда адамның басы айналады. Бас айналуы мида ісіктің пайда болуынан, арақ ішудің әсерінен, құлақтың түрлі ауруларынан болады. Бас сақинасы (ұзақ ауыру) көбінесе ішкі мүшелердің сырқатынан, түрлі жұқпалы және жүйке жүйесінің ауруларынан, адам уланғанда пайда болады. Ми қабықшасындағы тамырлар кеңігенде бас сақинаы байқалады. Мидың қабынуы миға ауру қоздыратын вирустардың тигізген әсері салдарынан болатын жұқпалы ауыру. Тұмау, сүзек құяң, қызылша, ұшпа шешек және т.б ауырулардан кейін ми қабынады. Науқастың басы ауырады, дене қызуы көтеріледі, сандырақтайды, қол- аяғы дірілдеп, есінен танады. Адам бас миының және ми қабығы астындағы жүйке орталықтарының зақымдануына байланысты қимыл-қозғалыстық, іс-әрекеттік және танымдық- когнитивтік әрекеттерде әртүрлі деңгейдегі кемістіктер, ауытқулар мен дағдарыстар паралич (сал немесе жансыздану), гиперкинез (ырықсыз қимылдар) сияқты көріністерден байқалады. Паралич немесе плегия – рефлекторлық жолдар қозғалысы үзілуінен бұлшықтардың қимылсыздығы. Паралич немесе плегияның мынындай түрлері бар: моноплегия – аяқ не қолының біреуі қимылдамайды; гемиплегия – денесінің бір жағы қозғалмайды; параплегия – екі қолы не екі аяғы қозғалмайды; тетраплегия – барлық аяқ-қолдары қозғалмайды. Миы қабынған бала шалқалақтап, иегін кеудесіне жақындата алмайды, тынысы тарылады. Аурудың кене жұқтырады. Көктемде, жазда қалың ормандарда, таулы жерлерде кене шаққанда 2-14 күннен кейін адамның дене қызуы 39-40 дейін көтеріліп, ол құсады, естен танады. Кейбір науқастардың 6-10 күнне соң қол-аяғы жансызланады. Сау адамға жұққанда, 14-90 күн өткен соң адамның басы ауыркады, құсады, ұйқы басады. Денге қызуы көтеріледі, тамақ ішпейді, үш-төрт апта төсек тартып жатады. Қолы жансызданып, басы қалтырап, есі ауысуы мүмкін. Кейде бұл ауыру күзде кездесетін масаның бір түрінен жұғуы мүмкін. Тұмау, сүзек, мерез және т.б жұқпалы аурулардың әсерінен, күшла мен сынаптан уланғанда, суық тигенде, мидың торлы қабықшасы ми ұлпаларына жабысып,бассүйектің қуысындағы қысым күшейеді. Науқастың басы ауырып, құсады, қояншығы ұстауы мүмкін. Аяқ қолы сырқырайды, сезу қабілеті төмендейді, сал болып қалады. Науқасты тек дәрігер емдей алады. Ми шайқалуы биіктен құлағаннан, соққыға ұшырағаннан адамның басына қатты соққы тигеннен болады. Адамның есінен танып, талып қалуы, басы айналып, құсуы мүмкін, құлағы мүкіс естиді және тілі күрмеледі. Миы шайқалған адам өзіне ұқыпты қарап, мезгілмен емделмесе ауруы асқынып, миына қан құйылады, бет- ауэы қисайып, қол- аяғы жансызданып қалады. Науқас14-21 күн төсекте жатып емделуі тиіс. Адамдар түрлі психикалық ауруларға шалдыққанда оның нейрондарымен синапстарының кейбір бөлімдері бұзылады да, кейін бұл нерв жасушалары өзгеріске түсетін көрінеді.Мида әлсіз электр тоқтары жұмвс істейтіндігі ғылымға көптен мәлім. Биотоктардың мидағы жүріс- тұрыс, өрісін осциллограф дейтін аспап арқылы зерттейді. Мәселен, оны электротпен жалғастырып адамның басына кигізгенде, биотоктар ирек сызық түрінде қағазға түседі. Осындай жазылымды мидың электроцефалограммасы дейді. Биотоктардың бірнеше ритмдері ажыратылады. Мәселен,мида секундына 9-12 жиіліп шамасында өрістейтін Альфа, Толқын дем алыс, тыныш жағдайын көрсететін ритм секундына 3-5- жиілікпен өтетін Дельта- Толқын, секундына 13-20 жиілікте болатын «бета»- толқын( күрделі ой жұмысы жағдайындағы ми қызметі) өріс алып отыратындығы анықталған. №26 дәріс Тақырыбы: ЖПФ – ның қайта қалпына келуі. Сұрақтары: 1. Жоғарғы психикалық процестердің зақымдануын болдырмау жолдары 2. Психотерапиялық шаралар 3. Психогигиена және психопрофилактика Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі мүшелердің жұмысын үйлесімді реттеп отырады және ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Оны мынадан байқауға болады. Шөлді жерлерде тұратын адамдардың жүйке жүйесінің қызметі оларды дене қызуының шамадан тыс жоғарылауынан сақтандырады. Ал таулы жердегі адамдардың ағзасы жүйке жүйесі арқылы оттегін белгілі мөлшерде жұмсап, сол ортаға бейімделуге мүмкіндік алады. Жүйке жүйесі арқылы адам өзінің айналасындағы ортаны танып, біліп, зерттеп және өзгертуге белсене араласып отырады. Жүйке жүйесі адам денесіндегі мүшелердің және мүшелер жүйесінің бір қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдер болып екге бөлінеді. Олар: орталық бөлік ми және жұлыннан құралады. Жұлынның артқы және алдыңғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең жүлке (борозда) жатады. Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік – орталығы болып табылады. Өзекті қоршап тұрған сұр заттың пішіні көбелекке ұқсас, ал оның сыртында ақ зат орналасады. Жұлынның сұр затында алдыңғы артқы және бүйір түбірлері бар. Алдыңғы түбірде ендірме нейроны, артқы түбірде қондырмалы нейрондар(түйіндер) сезім және қимыл нейрондарының арасын байланыстырып тұрады. Алдыңғы түбір дегеніміз – қимыл нейрондарының аксондары. Артқы түбір – ол сезім нейрондарының аксондары. Қимыл және сезім түбірлері омыртқа аралық тесікте қосылып, жүйке түзеді.Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды. Бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйелері таралады. Бұл орталықтарда рецепторлардың белгілі түрлерінен келген хабарлар талдауға және қорытындылауға түседі.Одан қозу толқыны хабарға жауап қайтаратын мүшелерге(жүрек,қан тамыры,қанқабұлшықеттері жәнет.б)жеткізіледі.Келіп түскен қозу толқынының әсерінен мүшенің қызметі өзгереді,яғни рефлексті өзгеріс туады қайтарылатын жауап дәл болу үшін ми жүйесінің жоғары бөліктерінің қатысуы қажет.Жұлының қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымдалғанда (ісік пайда болады) өткізгіштік және рефлекстік қызметтері жойылып кетеді.Омыртқа жотасы сынғанда немесе қыйсайғанда жұлын мен ми арасындағы байланыстар үзіледі.Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады,бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның барлық әрекеті реттеу немесе өткізгіштік қызметін атқара алмайды.Дегенмен, зақымданған жұлыннан тыс жатқан орталықтардан келген қозу толқыны жүйелерге тарала алады. Ол басты бұру,шайнау қымылдарын жасай алады. Жұлын негізінен рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.Жұлынның ақ заты оның өткізгіштік қызметін атқарып және оның әр бөліктерін өзара байланыстырады.Қызу жұлын арқылы жоғары және төмен қарай өтеді.Жоғары немесе сезімталдық өткізгіш арқылы қызу жұлыннан миға жетеді,ал ондағы толқындар төменгі немесе қыймыл өткізу жолы арқылы мидан жұлыннан қимылдың нейрондарына таралады да,соңынан жауап қайтаратын мүшеге жетеді.Жұлынның сезімтал жүйке талшықтары арқылы теріден,бұлшықеттен келген қозу оның жоғары өткізгіштік жолымен миға барады.Мидың қабатына бұл қозу толқындарынан әртүрлі сезімдер (ауырсыну,жылылық немесе суық сезімдер) туады.Жұлынның рефлекстік қызметі орталық жүйке жүйесінің тек белгілібөлігі,яғни жүйке орталығы арқылы ғана жүзеге асады.Жүйке орталығының-ми бөлігінде орналасқан және белгілі мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының тобы.Мысалы,тізе рефлексінің орталығы-жұлынның бел бөлігінде,зәр бөлудің орталығы – жұлынның бел бөлігінде, зәр бөлудің орталығы – жұлынның сегізкөз бөлігінде, көз қарашығының орталығы – жұлынның арқа бөлігінде орналасады. Жүйке орталықтары көптеген қондырмалы нейрондардан тұрады. Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп созу т.б) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады. № 27-28- дәріс Тақырыбы: Сөйлеудің патологиясы Сұрақтары: 1. Сөздік аппараттарға сипаттама. 2. Архитектоника ілімі. 3. Тілдік бұзылулардың себептері. 4.Жоғарғы жүйке жүйесінің органикалық және функционалдық өзгерістеріне байланысты тілдік бұзылулар. Сөз, сөйлеу, тіл – бас ми қабығының ең жоғарғы функциясы, адамдарға ғана тән қарым-қатынас құралы. А.В.Петровский мен М.Г.Ярошевскийдің айтулары бойынша, тіл әрекет барысында қалыптасқан тарихи құбылыс. Сөздің, тілдің атқаратын функциялары: коммуникативті, интерактивті, перцептивті. Сөз – ойлаудың құралы: - сана мен естің, ақпараттың тасымалдаушысы; өзінің және басқа адамдардың қылықтарын реттеу мен басқару құралы. Тіл мен ойлау ажырамас бірлікте. Ойлау процесін іске асыру үшін ең алдымен физиологиялық процестер анализаторлардың мидағы ұштарының арасындатуып жатқан уақытша жүйкелік байланыстардың ( шартты рефлекстердің) маңызы өте зор. Шартты рефлекстер екінші сигналдардың әсерінен туындайды. «Сөйлеу органдарынан ми қыртысына баратын кинестезиялық тітіркендіргіштер ( қозғалыс) екінші сигнал болып табылатын сигналдардың сигналы» (И.П.Павлов). Адам сөзінін түсініктілігі мен мағыналығ сөздік органдардағы қалыптасқан қозғалыстардың нақтылығы мен автоматтылығына (шапшандылығы мен жылдамдығы) байланысты. Сөз бір-бірімен тығыз байланысқан тілдік аппараттардың: орталық тілдік аппарат пен перифериялық (орындаушы) тілдік аппараттар негіздерінде жүзеге асады. Орталық тілдік аппарат бас мида орналасқан. Оған бас ми қыртысы (сол жақ бөліктері), қабықасты түйіндері, өткізуші жолдар, ми бағанасы ядролары (сопақша мидағы) және жүйке жолдары (афферентті-эфферентті) жатады. Сөз жоғарғы жүйке жүйесінің басқа көріністері сияқты рефлекстер негізінде дамиды. Сөздік рефлекстер мидың барлық бөліктерімен тығыз байланысты. Перифериялық тілдік аппаратқа тыныс алу органдары, дауыс бөлімі, артикуляциялық органдар жатады. Сөз тыныс алумен тығыз байланысты, тыныс шығару фазасында сөз жүзеге асады. Сөздің жасалуына бас ми қыртысының барлық бөліктері қатысады. Әсіресе доминанттық бөлікте орналасқан ми қабықасты аймақтары: көру, есту, қозғалыс. Сол жарты шардың самай тұсында дыбыстық тітіркендіргіштерді қабылдау (Вернике орталығы) мен дифференцияциялау аймағы бар. Самай аймағында өте күрделі процесс – сөзді түсіну жүзеге асады. Маңдай иірілімдерінің төменгі тұсында сөздің қозғалыс аймағы (Брока орталығы) орналасқан және сөздік айтылулардың бағдарламасы мен әр адамның ауызша сөзін жүзеге асыратын функциялар орналасқан. Ал бас мидың желке тұсы – көру аймақтары жазбаша сөзге қатысты графикалық бейнелеулерді тану мен қабылдау функцияларын атқарады. Сөздік әрекетте бас мидың төбе аймақтары өте маңызды: орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстарын талдайды және қабылдайды. Орталық жүйке жүйесінен келген сөздің қозғалыс импульстары сөздік кинестезия деп аталады. Олар кері афферентті байланыстарды тудырады. Кері афферентті байланыстар – тілдік бұлшықеттердегі артикуляциялық органдардағы қозғалыс импульстарын жоғарғы жүйке жүйесіне тасымалдаушы функциясын атқарады. Осы кері байланыстарсыз тілдің дамуы мүмкін емес, себебі: тілдік бұлшықеттердің қозғалыстарын меңгеретін дағдылар мүмкіншіліктері – тілдік праксис қалыптасып дамымайды. Тілдік праксис дегеніміз – қалыптасқан тілдік қозғалыстардың автоматты орындалуы. Сөздік әрекеттің қалыпты дамып жетілуі үшін бас мидың және жоғарғы жүйке жүйесінің барлық бөліктерінің өзара функционалды тығыз байланыстары болуы қажет. Жүйке жүйесі бөліктерінің зақымдалуы әр түрлі бұзылуларға әкеп соғады. Тілдік бұзылулар мен тілдік - сөйлеу патологиясының (бұзылу, жарақаттану) сипаты жарақаттың әсеріне, уақытына, мөлшеріне байланысты. Тілдік аппараттардың патологиясына қарай қарапайым және күрделі тілдік бұзылулар болып бөлінеді. Тілдік бұзылулар әсер етуші себептердің шығуына байланысты былайшы жіктеледі: 1. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануымен байланысты тілдік бұзылулар. Тілдік жүйелердің зақымдану деңгейіне байланысты: а) афазия – ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің барлық құрылымы ыдырайды; б) алалия – сөзге дейінгі кезеңде ми қабығындағы сөз аймақтарының зақымдануынан сөздің жүйелі дамымауы; в) дизартрия – сөз бұлшықеттері иннервациясының бұзылуынан сөздің дыбысталуы бұзылады. (Иннервация – белгілі бір органдардың немесе ұлпалардың жүйке жүйесімен қамтылуы). II. Орталық жүйке жүйесінің функционалдық өзгерістерімен байланысты тілдік бұзылулар: а) тұтығу; б) мутизм және сурдомутизм. III. Артикуляцияның органикалық-құрылымдық кемістіктерімен байлансыты тілдік бұзылулар: а) механикалық дислалия; б) ринолалия. IY. Әр түрлі себептерге байланысты болатын тілдік дамудағы артта қалушылық: а) шала туғанда; б) ішкі органдардың асқынуына байланысты ауру жағдайларында; в) педагогикалық немқұрайлылық. Афазия – ми қабығындағы сөз аймақтарының - маңдай тұсының төменгі иірімдері немесе төбе, самай, желке тұстары зақымдануынан пайда болады. Үлкен адамдарда орталық жүйке жүйесінің қан айналымы бұзылуы нәтижесінде мидағы тілдік аймақтарға қан құйылудан (инсульт) болады. Ал балаларда бас ми жарақатынан, бас ми қысымынан, ми қан тамырларының құрылымдық бұзылуларынан, қан ауруынан (гемофилия), нейроинфекциялардан (менингит, энцефалит, полиомиелит), ми ауруларынан пайда болады. Афазияның мынандай түрлері бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау, амнестикалық – жекеленген сөздер мен олардың мағынасын ұмыту; тотальдық – сөзді айта алмау және түсінбеу. Алалия – тілдік бұзылулардың ішіндегі күрделі түрі, сөзді меңгергенге дейінгі кезеңде – балалық шақта 2,5 – 3 жаста (сөздік дағдылар меңгеріленге дейін) болады. Себептері бірнеше: өмірге келу кезінде мидың жарақаттануы , миға қан кетуі, ми аурулары (нейроинфекциялық) мен жарақаттары (интоксикациялық, инфекциялық жағдайлар), көптеген аурулардың салдарынан: рахит, тыныс алу жүйелерінің асқынуы, тамақ пен ұйқының бұзылу нәтижесінде, иммундық әлсіреу жағдайларында пайда болады. Алалияның екі түрі бар: моторлы - өз сөзіе емін-еркін қолдана алмау, сөздік қозғалыстардың шектелуі; сенсорлы - айтылған сөзді түсінбеу, қабылдай алмау. Дизартрия – сөз бұлшық еттері иннервациясының бұзылуынан сөздің жылдамдығы, мәнерлігі, құрылымы немесе сөздің дыбысталуының бұзылуы. Дизартрия орталық жүйке жүйесінің күрделі зақымдану нәтижесінде пайда болады. Эмбриондық кезеңдегі мидың зақымдануымен және ми бөліктеріне ауа жетіспеу (гипоксия), қатерлі жұқпалы аурулардан зақымдануына байлынысты бес түрі бар: бульварлы, псевдобульварлы, ми қабықасты, мишықтық, ми қыртысты. Аталған зақымдану нәтижелерінде сөз мүлде түсініксіз, себебі сөздік артикуляциялық бұлшықет қозғалыстары шектелген, параличке - парезге ұшырайды немесе анартрия деп аталады. Артикуляциялық органдардың бұлшықеттерінің зақымдауына байланысты дизартриялық белгілер тілдің дыбысталуында білінеді. Мысалы, жұмсақ таңдай бүлшықеттерінің зақымдануында дыбыс мұрынмен шығады; көмей бұлшықеттері зақымданғанды дауыс қырылдап шығады. Бұндай құбылысты афония деп атайды. Сондай-ақ гиперкинез -ырықсыз қозғалыстар байқалады. Орталық жүйке жүйесінің функционалды өзгерістерімен байланысты туындайтын тілдік бұзылулар сыртқы ықпал етуші себептерден болады. Невроздық жағдайларда тілідік невроздар немесе логоневроздар пайда болады. Оларға тұтығу, мутизм және сурдомутизм жатады. Невротикалық тұтығулардың негізгі себерптері: ағымды және күрделі психикалық жарақаттар – қорқу, қалыпты тіршілік стереотипінің аяқасты өзгеруі (жақын адамынан айырылу, больницаға түсу және т.б.) жатады. Тұтығудың туындауына жақын себептер де бар және оларға жүйке – психикалық дамуының туа біткен ерекшеліктері, әртүрлі ауруларға байланысты организимнің әлсіреуі, тәрбиелік қателіктер, тілдік аппараттарға артық салмақ түсіру, тілдік дағдылармен олардың дамуына көңіл бөліну жатады. Невротикалық түтығудың шығуына еліктеу факторы маңызды орын алады және жағымсыз шартты рефлекске тез айналады. Бала тұтығу белгілерін бірден сезінеді, бұл реакция баланың жас және жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты. Тұтығатын бала қарым – қатынастан қаша бастайды. Сөйлеу барысында вегататитвті тамырлары мен оған қатысты қозғалыстардағы бұзылулар байқалады. Невротикалқы тұтығудың негізгі белгісі логофобия – сөзден қорқу. Логофобияның пайда болуы невротикалық тұтығуды асқындырады, қозудың артуы, ұйқының бұзылуы, кей жағдайларда түңгі уақытта кіші дәретін, ықылықты ұстай алмау және т.б. байқалады. Тұтығу-тыныс алу мен дауыс бұлшықеттеріндегі тоникалық тырысқақтардын басталады. Тұтығудың физиологиялық механизмі сөйлеу барысындағы тыныс шығарудың бұзылуымен байланысты. Тырысқақтар біртіндеп артикуляциялық аппараттардағы бүлшықеттерге ауысады. Сөйлеу барысында тұтығатын адамның тыныс алуы бұзылып, бұлшықет тонусының артуы байқалады. Тұтығудың мынандай түрлері бар: тоникалық тұтығу – бала аузын ашып, сөйлей алмай, алғашқы буында тұтығады (к-к-к-кітап); клоникалық тұтығу – соңғы буында тұтығады (кіта-а-а-а-ап). Тілдік бұзылудың невротикалық формасына мутизм мен сурдомутизм жатады. Мутизм (мылқаулық) өте ауыр психиклық жарақаттардан кейін пайда болуы мүмкін. Сондай – ақ басқа да невротикалық бұзылулармен көрініс табады. Аталған көріністерге сурдомутизм – естіметің мылқаулық жатады. Мутизм көп жағдайда қоршаған жағымсыз ықпалдарға пассивті реакциясы ретінде де болады. Бұл жағдайда элективті – таңдамалы сипатқа ие болады. Мысалы: белгілі бір адаммен өкпе немесе кек қайтару мақсатында сөйлемеу; кейбір жағдайларда бала тек үлкен адамдармен ғана сөйлеспейді. Мутизмнің негізінде баланың қалыптасқан күрделі жағдайлардан құтылу реакциясы жатыр. Дислалия – дыбыстық бұзылу. Механикалық және функционалдық түрлері бар. Механикалық дислалия перифериялық тілдік аппараттардың органикалық кемістіктеріне байланысты мынандай түрлері бар: тіл асты (уздечка) қысқа болуы; жақтың кемістігінен аномалиялық жағдайлар - прогнатия үстіңгі жақтың шығыңқы болуы, прогения – астынғы жақтың шығынқы болуы. Ринолалия – сөз аппаратарының анатомиялық физиологиялық кемістіктерінен сөздің дыбысталуы бұзылады. Мұрың және ауыз жұтқыншақ, таңдай резонаторларының бұзылуынан болады. Аденомалық өсінділер, мұрын полиптері, фибриома немесе т.б. ісіктерден, мұрын жарақаттарынан, іштей туа біткен жырық ерін, ерін мен таңдай кемістіктері де жатады. Мұндай балалар еме не сора алмайды, иммунитеті біртіндеп төмендейді, тыныс алу (бронхит, пневмания), рахит, анемия, есту органдары ауруларына (отит) жиі ұшырайды. №29- Дәріс Тақырыбы: Психосоматикалық бұзылулар Сұрақтары: 1. Психосоматикалық аурулар сипаттамасы 2. Психосоматикалық бұзылулардың дамуы мен тұрақты болуы Психосоматика – медициналық психологияның бір саласы, әртүрлі психологиялық факторлардың арқасында пайда болатын соматикалық аурауларды зерттейді. Гиппократ – психика+сома «Всякое расстройство психики сомы является следствием диспропорции и нарушения равновесия между психикой и сомой» (Платон и Аристотель) 19 ғ. бас кезінде психика мен сомо арақасындағы байланыс көп зерттелік, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт қалыптасты: психосоматика. Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмнің жауап беру реакциясын (қысымын) туғызады. Физиология тілінде нейро-вегативті эндокриндік арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды. Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар: ✓ ағзалардың бұзылуға бейім болуы.(конститутциялық тұқымқуалаушылық) ✓ пренеталды және өмірінің алғашқы жылдарындағы контитутционалдық бейімділік ✓ функционалды органдарындағы белгілер, жеке адамның өте кешірек кезеңіндегі өзгерістер ✓ ағзаның әртүрлі жарақаттар мен инфекциялардан кейінгі әлсіреу ✓ психологиялық стресс кезіндегі ағзаның белсенділігінен ✓ жеке адам жүйесіндегі ағзаның белгілік маңызы ✓ психологиялық дамудың кешеуілдеуі нәтижесіндегі ағзаның функциясы Психосоматикалық бұзылулардың қалыптасуына байланысты бірнеше модельдері бар: ✓ психофизиология ✓ психодинамика ✓ жүйелі-теориялық ✓ социопсихосоматикалық Психосоматиалық бұзылуларды үш топқа бөлеміз: ✓ конверсионды симптомдар ✓ функционалды симптомдар (органикалық неврозы) ✓ психосоматикалық аурулар немесе ағзалық психосомотоздар Психосоматикалық аурулар дегеніміз өткір және созылмалы сипаттағы психотравматикалық уайымдар: брохты астма, гипертония, стенокардия, язвенный калит және т.б. Негізгі себебі – стресс. Психикалық стресс фактор аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетивті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсендіреді, ал осы белсенділік ішкі ағзалар мен қан жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Алған кезде болғанмен, қайта-қайта қайталануы органикалық өзгерістереге функционалды сипатта дейін әкеледі. Конверсионды симптомдар – невротикалық дау-дамайлар екінші соматикалық жауап (амнезия, тряс). Функционалдық симптомдар – ағзалық невроздар: симптомдар, синдромдар, жүрек-тамыр, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару және қозғлыс т.б бұзылулары. Жүрек-тамыр жүйелері бұзылуындағы тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегативті-тамыр дистониясы. Жүрек неврозы немесе функционалды бұзылуына жүрек қысымы бұзылуынан болатын тахикардия, жүрек жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы, қысқа аритмиялар жатады. Вегативті жүйке жүйесі симптоматикалық және парасимптоматикалық болып бөлінеді және симптомдары әртүрлі болады: симпатикотоникалық және вагоинсулярлық. Симпатикотоникалық түрінде адамның терісі құрғақ, бозғыл, аяқ-қолдары суық, температурасы тұрақсыз, тахикардияға бейімділік, бұлшықет дірілі, артериялық давление (қысым) жоғарлауы, жүрек айналасындағы жағымсыз жағдай байқалады. Ваготониялық түрінде – денесі суық, дымқыл, терісі бозғыл, артериялық гипертония, тыныс алу аритмиясы, естен тануға жақын, салмақ қосылу байқалады. Себептері: қазіргі өркениеттілік, компьютеризация, автоматизация мен механизация, дұрыс тамақтанбау: синтетикалық, генно-инженерлік, химиялық құралдары бар өнімдерді пайдалану. Л.Л.Рахлин адамның ауруға қарым- қатынасын былайша топтастырған: 1. депрессивті-астеникалық 3. психоастеникалық(фобия, жабысқақ ойлар) 4. гипохондриялық (өзбетінше болжау әртүрлі мамандарға қаралу) истериялық 5. эйфория-анозогнозиялық (ауруын мойындамау, денсаулығына зиян келтіру) Ата-аналарының негативті қарым-қатынасы мен тәрбиенің қатаң әдістері жасөспірімдердің мінез-қылық девианттылығына реакцияларын, тұқымқуалаушылық пен байланыстылығын ғалымдар дәлелдеген. Синдром Клайнфельтера (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалддарын зерттеу жүргізілуде. Қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық, бұл жағдайды «хроиосомы- убийцы». ХУУ – ХХУбалаларында ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі), агрессивті мінез-құлық байқалады. Көптеген психикалық бұзылулар қалыпты жағдайдан патологиялық жағдайларға өтуге әсер етеді. Қобалжу мен көңіл-күйдің бұзылуы мен депрессия психиканың эмоционалды эксремалды көрінісі. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. Стресс дегеніміз- органтзімнің өзіне қойылған кез-келген қалыпқа қайтарған спецификалық емес жауабы. Г.Селье адамның күнделікті өмірінде стрестің екі түрін бөліп көрсетті: эустресс және дистресс; эустресс жағымды эффектілігімен үйлестік болса , ал дистресс әркез жағымсыз, ол организмге зиянды.Стрестен қашуға болмайды., бұл мүмкін де емес . Тіпті ұйқыдағы адам біршама стресс сезінеді : жүрек қанды айдап жатса , ішек иамақты қорытып , ал дем алу бұлшық еттері кеуде клеткасының қозғалысын қамтамасыз етеді . Тіпті мидың өзі түс көру кезінде толық дем алмай, жұмыс атқарып жатады. Стрестен толық бостандық өлім деген сөз. Сельнің гипотезасы бойынша депривация (тітіркендіргіштердің жоқтығы) және шектен тыс тітіркендір бірдей мөлшерде стрестің өсуіне , тіпті дистреске жеп соғады . Сондықтан , стрестен қашудан гөрі , оны қалай жағымды пайдалануды ойлауымыз керек Сельенің айтуынша: «Өз өміріміздің мәнді болуы үшін бз өз алдымызға күрделі және ұзақ уақыттық міндет қоюымыз қажет. Біз оған жету қысымды жұмысты қажетт ететін мақсатқа ұмтылуға тиіспіз . Мұндай мақсаттың жоқтығы –асқазан жарасын, инфаркт, гипертонияны тудыратын, ең мықты стрестердің бірі.» Қазіргі өркениетті қоғамда адамдардың белгілі бір бөлігінде стрессор мен стрессорлық реакция арасындағы қатынас бұзылған. Мұндай бұзылулар егер олар ұзақ уақыт бойы әсер ететін болса, адамның денсаулығына зор нұқсан келтіріп, ауыр науқастарға әкеп соқтығады. Шектен тыс стресс көптеген аурулардың пайда болуы мен дамуына әкеледі .Стресс тек қана психикалық қызметтің бұзылуына емес ,кез-келген аурудың себебіне айналуы мүмкін № 30- дәріс Тақырыбы : Ауру туралы түсінік Сұрақтары: 1. Ауру туралы түсінік 2. Стресс ауруды тудырудың негізгі себептері 3. Стресстің түрлері, белгілері Адамның жаны мен тәнінің қалыпты жағдайлардағы дамуындағы дисгормониялық ауытқулар ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап, физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан псих-қ дамудың артта қауіпі ретардация деп аталады. Ретардация да дене бітімі және психикалық болып 2-ге бөлінеді . Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты. Эндогендік себептерге жас және соған байланысты себептер мен жеке адамның ауруға дейінгі ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады . Мысалы истериялқ реакциялар жиі ұстамсыз адамдарда дамиды . Жабысқақ түрдегі невроздар мазасыз күмәншіл адамдарда жиі болады. Психологиялық дамудағы экзогендік себептерге –аурудың зардабынан (менингит, энцефалит)болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік . Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады) Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады. Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар. Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды, екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті. Мутациялар сыртқы себептердің, мутагендердің арқасында пайда болады, мысалы: клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері . Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ауру тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор . Тұқым қуалайтын ауруларға әсер ететін сыртқы себептер митозды өзгертеді (митоз –аутосомдардың бөлінуі, ал мейоз – жыыстық хромосомалардың бөлінуі). Осының салдарынан санасы келе балалар туады. Туған балалардың сана кемістігінің 80 % сыртқы себептерге байланысты екені белгілі. Сыртқы себептер тұқым қуалайтын факторлардан айнымайтын дамуда өзгерістер тудырады. Экологиясы нашар аудандарда тұқым қуалайтын аурулардың кең тарағаны жоғарыда айтылғанды айқындайды. Мысалы, Семей ядролы аймағында туған балалар дың арасында тұқым қуалайтын ,соның ішінде психикалық аурулармен ауырғандардың саны көбейді. Сыртқы себептер организмнің тұқым қуалайтын ауруларды тез қабылдауын анықтауға үлкен көмек көрсетеді.Тұқым қуалағыштық жағдайдың бәрінде де ауру пайда болу міндет емес. Мұндай жағдайдың 1/3 де ауру пайда болып, ал 2/3 де ауру дамымайды. Ауру пайда болу үшін сыртқы себептердің жиынтығы қажет. Ресейдің медицина ғылымдар академиясының психиатрия институтының мәліметтері бойынша тұқым қуалағыштық себептердің мәні әсіресе бала кезде зор. 10 жасқа дейінгі ауырған балалардың жақындарының 51% осы аурумен зақымданған ,40 жастан кейін ауырғандарда бұл процент 19 –ға дейін төмендейді. Жас ұлғайған сайын тұқым қуалағыштық себептің әсері азайып,тал сыртқы факторлардың әсері жоғарлайды. Тұқым қуалайтын аурулар арасында хромосома патологиясынан пайда болған аурулар үлкен орын алады. Бұл хромасомалы аурулар. Бұл аурулар жағдайында психикалық дамуда өзгеріс болады.Мысалы ,көп кездесетін Даун ауруы .Қазіргі кезде Даун ауруының пайда болуы аутосомадағы өзгерістерге Байланысты әрбір клетканың ядросында хромосомалар бар . Адамда олардың саны 46, аутосома саны 44 және 2 жыныс хромосомаласы бар. Олар жұптасып орналасады ,22 пар аутосома , 1 пар жыныстық хромасома) Даун ауруында хромосомалық карта болып саналатын кариотипте (кариотипті анықтау үшін қанның лейкоциттері не ауыздың кілегей қабатын алады) өзгерістер болады: 21 пар хромосомада 2 хромосома орнына 3 хромосома болады (3 хромосома түрі ) Бұл өзгерістер тұқым қуады. Аурудың тұқым арқылы берілуі хромосомалардағы ДНҚ (әр клеткадағы дизоксирибонуклеин қышқылының ұзындығы 6 м ) арқылы . Онда тұқым қуалағыштық барлық мәлімет ,соның ішінде патологиялық ақбарлар сақталады. “Стресс” сөзі қазіргі уақытта біздің күнделікті тілдік қолданысымызға енген , оның құрамдас бөлігіне айналып отыр . Күнделікті өмірдегі шектен тыс психикалық ауыртпалықтар стрестік ситуацияларды туындатады. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. 1936 жылы “nature” журналында «Редакторға хат» бөлімінде жас зерттеуші Ганс Сельенің «Әр түрлі жағымсыз агенттердің әсерінен туындайтын синдром» деген қысқа мақаласы жарық көрді; осы кезден стресс туралы концепция бастау алады. “Стресс” термині (ағыл.)- қысым , күштену дегенді білдіреді , медицинада оны алғаш рет Ганс Селье еңгізген. Стресс туралы негізгі ілімді салған Ганс Селье(1907-1982)-дәрігер, дүние жүзіне әйгілі Канадалық биолог, Дүниежүзілік стресс институтының директоры, елу жыл бойы жалпы бейімделу синдромы мен стресс мәселелерін қарастырған. Стресстік механизмдерді зерттей келе Селье стрессорлық реакциялардағы гормондардың рөлін анықтаған. Әйгілі француз физиологы -стресс туралы ілімнің пайда болуына көп уақыт дейін тірі организмнің ішкі ортасы сыртқы ортаның кез-келген толқуларында да тұрақтылықты сақтауы қажеттілігін атап көрсетті . Оның ойынша «дәл осы ішкі орта тұрақтылығы еркін және тәуелсіз өмірдің шарттары болып табылады». 50 жылдан соң американ фмзиолог Кеннон «гомеостаз» терминін енгізді, (ежелгі грек тілінен –homois- бірдей және jtasis-күй ), яғни тұрақтылықты сақтау қабілеті. Ашыққанда, қорыққан кезде, ашуланғанда, ауру тітіркендіргіштердің әсері кезінде дем алу жиілеп, жүрек соғуы жиілеп, артериялық қан қысымы көтеріледі, осыдан қанның оттегімен қоректенуі өсіп, оны ұлпалар мен органдарға жеткізу жеңілдейді. Бұл реакциялар спецификалық емес сипатқа ие және ішкім орта тұрақтылығын сақтауға ,немесе гоместазға ықпал етеді. Селье алғаш рет организмнің кез-келген ауыртпалыққа стреотипі жауап беруі мәселесін қарастырды. Әр түрлі аурулармен ауратын науқастарда көптеген белгілері мен симптомдары бірдей? Көп қан кетуде де инфекциялық ауруларда да жалпы әлсіреу ,тәбет пен бұлшық ет күшінің жалғауы, апатия, дене салмағының төмендеуі және т.б. Селье мұны «ауру синдромы» деп атап, егеуқұйрықтарға зерттеу жүргізеді. Оларға біздерден , тазартылған , токсиндік сұйықты бергенде органдарда бірдей уақытта өзгерістердің стереотипті жиыны пайда болған. Бұл синдромға кіргендер: 1) бүйрек үсті безінің қыртысының өсуі және белсенділігі; 2) айырша безінің атрофиясы; 3) асқазан-ішек трактында жаралардың пайда болуы Қазіргі уақытта жүрек-қантамыр жүйесі аурулары (жүректің ишемиялық ауруы, миокард инфракты) барлық өлім жағдайларының 50 % жағдайларының себебі стресс болып отыр. Эмоционалдық шектен тыс қысымнан туындайтын-стресстік аурулар немесе Селье айтқандай бейімделу ауруларына мыналар жатады: асқазан- ішек трактатының кейбір аурулары, невроздар, қатерлі ісіктер, диабет және т. б. Зерттеушілер мен клиницистердің айтуынша, стрессорлық реакцияның ең соңғы негізгі органы жүрек-қан тамыр жүйесі болып табылады. Шектен тыс стресстен туатын жүрек қан тамыр аурулары: жүректің ишиемиялық ауруы, инфаркт миокардты, гипертония, аритмия, Рейко ауруы. Жүректің ишиемиялық ауруы стреспен тығыз байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, жауапкершілікті жұмыс, агрессивтілік, организмнің мүмкіндіктерінен асқан интенсивті және темпі жоғары өмір сүру салты жастардың осы ауруға ұшырауына негіз болады. Сонымен қатар: майлы диета, өте майлы тамақ стресстің организмге әсері үшін катализатор болып табылады. Психоәлеуметтік бұзылулар артериялық қысымның көтерілуінде маңызды роль атқарады, және бұл процесс созылмалы болып, гипертонияға әкеп соғуы мумкін. Жүрек аритмиясының пайда болуы ұсақ қан тамырларының бітелуі немесе симпатикалық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен байланысты.Мигрень және Рейно ауруы стресс әсерінени болатын қан тамырлар спазмасының бұзылуымен байланысты. Рейно ауруларында суық немесе эмоциялық дистресс қол ,аяқ сүйектері мен саусақтардың қан тамырларының спазмасын , яғни тарылуын тудырады. Шектен тыс стресс пен асқорыту органдардың аурулары ежелден бір- бірімен байланысты екені белгілі болған. Шектен тыс стресс әсеріне болатын асқазан-ішек трактаның аурулары: асқазан мен он екі елі ішек жарасы, жаралы колит. Ашу мен ызадан туындайтын эмоциялар асқазанда қышқыл мен пепсиннің көп бөлінуімен қоса жүреді , ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуімен қоса жүреді , ал депрессия кезінде асқазан сөл бөлуі азаяды. Әдетте асқазанның қабығалары ішкі қышқылдан қорғаныш қабатпен бөлініп тұрады. Ал жараның пайда болуы эмоционалдық және генетикалық факторларға тәуелді. Асқазан ауруына бейім адамдарда стресс жағдайында жара пайда болады, организмнің иммундық қызметі әлсірейді . Жаралы колит, жуан ішектің шырышты қабығының жаралануымен стпатталады. Ашу және ренішпен байланысты эмоциялар ішектеи жараларды тудырады. Стрестен туындайтын дем алу жүйесінің бұзылулары -аллергия , бронх астмасы. Аллергия – бұл кейбір адамдардың белгілі бір заттарға болатын шектен тыс сезімталдығы. Адам аллергияға ұшырағанда организм қорғаныш реакциясымен жауап береді. Бронхиальдық астма дем алудың қиындауымен және дем шығару фазасында сырыл дыбыстарының шығуымен сипатталады, бұл орталық жүйке жүйесінің, араласуымен түсіндіріледі және эмоционалдық, стрессогендік, психоәлеуметтік әсерлерге жауап реакциясы болып табылады. Кейбір ерекше адамдарда конфликтілі ситуациялар дем алудың өзгеруі. Айтылатын шағымдар: белгісіз ауру сезімдері, жүрек айныуы , құсу, кеудедегі жағымсыз сезімдер, т.б. Гипержелдету «күрес-қашу» реакциясы, яғни организм оттегі концентрациясын арттырып, ал көмірқышқыл концентрациясын азайту арқылы әрекет жасауға дайындалады бірақ ешқандай әрекет жасалмайды. Стресс ревматизмдік артриттердің, бел қақсауының себебі болады. Стреспен байланысты тері аурулары:экзема, бездеулер, (крапивница) қызылша, псориоз аурулары туындайды. Стресс қант диабетін тікелей тудырмаса да, оның алғышарты болып табылады. Адамның психикалық қызметінің бұзылуымен байланысты аурулардың ішінде үлкен орынды невроздар алады және біздің заманымызға тән жүйке жүйесіне түсетін шектен тыс ауыртпалықтармен байланысты. 3. Семинар сабақтарының сұрақтары. 1. Медициналық психология пәні. Медициналық психология пәні, ғылыми – зерттеу объектісі, әдістері. Медициналық психологияның шығу тарихы мен қалыптасып дамуы. Қазіргі заман медициналық психологиясының салалары: нейропсихология, патопсихология, психопатология. 2. Медициналық психолоияның салалары. Медициналық психологиядағы диагностика. Медициналық психологияның салаларына сипаттама. Нейропсихолоиясының ғылыми маңыздылығы мен жетістіктері. Патопсихологияның ғылыми – зерттеу әдістері. Психодиагностикалық әдістерді қолдану. 3. Патопсихология және аномальды даму психологиясы. Патология ұғымына түсінік. Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері: морфологиялық, физиологиялық, психикалық. Қалыпты жағдайдан ауытқу себептері. Психиканың аномальды даму белгілері. 4. Дамудың «бірінші» және «екінші» дефектілері. Л.С. Выготский концепциясындағы дефектілердің екі тобы. ОЖЖ функциясының жеке және жалпы бұзылулары мен жас кезеңдік даму деңгейіне сәйкескелмеушілік (дамудың кешеуілдеуі, асинхрониясы, ретрадациясы, регресс және акселерациясы) «Екінші» дефектінің шығу механизмі. 5. Психикалық толық жетілмеу Психиканың толық жетілмеуіне ықпал етуші факторлар. Органикалық зақымданудың шығу себептері мен белгілері. Психикалық толық жетілмеуді диагностикалау. 6.Зақымдалған психикалық даму. Психикалық дамудағы патологиялық себептердің этимиологиясы. Бұрмалаудың генезі, көріністері және ерекшеліктері. Мінез бітістеріндегі көріністері. 7.Бұрмаланған психикалық даму Психикалық дамудағы патологиялық себептердің этимиологиясы. Бұрмаланудың генезі, көріністері және ерекшеліктері. Мінез бітістеріндегі көріністері. 1. Шизофрения және клиникалық көріністері. Шизофрения туралы түсінік. Шизофренияға тән белгілер. Шизофренияның жас ерекшелік негізіндегі түрлері, көріністері. 2. Эпилепсия және оның этиологиясы. Эпилепсия туралы сипаттама. Эпилепсияның пайда болуы. Клиникалық көріністері. Үлкен эпилептикалық талма – тырысқақтар. Кіші эпилепсиялық талма – тырысқақтар. 3. Невроздар және невротикалық бұзылулар. Невроздар мен невротикалық бұзылулардың шығу себептері, сипаттамасы. Невротикалық реакциялар. Невротикалық жағдайлар. Истериялар. Невроастениялар. Жүйке – жүйесінің физиологиялық механизмдері. 4. Психикалық процестердің патологиясы. Психикалық құбылыстарға сипаттама. Психикалық процестердің үш тобы. Таным бірліктері мен реттеуші қызметтер арасындағы байланыстылық. Паталогиялық ерекшеліктері. 5. Түйсік пен қабылдаудың бұзылуы. Түйсік пен қабылдаудың психофизиологиялық, морфофункциональды сипаты. Анестезия. Гиперстезия және гипостезия. Дереализация мен деперсонализация 6. Сананың бұзылуы. Сананың шығу себептері. Сана мидың қызметі. Айқын сана және астар сана. Сана бұзылуының критерийлері. Сана бұзылуының синдромдары: кома, ступор, онейроид, қарауыту, есеңгіреу, делирий. 7. Ойлаудың клиникалық көріністері. Ойлау – танымның жоғарғы сатысы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер және олардың дифференциалды – диагностикалық мағыналары. Ойлаудың клиникасы: сандырақ ойлар, жабысқақ ойлар, есеңгіреу. 8. ЖПФ – дың қайта қалпына келуі. ЖПФ – лардың локализациялау мәселесі және олардың бас мидағы әр бөлігінде көрінуі. Лурия ілімі. Қалпына келтіру жұмысының маңызы, сипаттамасы. 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса). Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, студенттің міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс- әрекетте қолданылуынан тұрады. СӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Студент өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді. І. Берілген тақырыпты конспектілеу. Негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студен осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда студен негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. 6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студен реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады. Рефератты талқылау – шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылып, қорытындысын шығару – маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары: 1. Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалау. 2. Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау. 3. Психикалық жетілмеудің диагностикасы мен коррекциясы. 4. Психикалық дамудың артта қалуын диагностикалау мен коррекциялау. 5. Жанұядағы жағымсыз тәрбиен диагностикалау мен коррекциялау. 6. Соматикалық клиникалардағы психологиялық диагностикалау. 7. Шизофрения жайлы қазіргі теориялар. 8. Психикалық дамуы артта қалған балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыстардың түрлері мен әдістері. Медициналық психология пәнінен аралық бақылау сұрақтары 1.Медициналық психология жалпы психология ғылымының саласы. 2.Медициналық психология пәні мен зерттеу обектісі. 3.Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері 4.Медициналық психологияның шығуы мен даму тарихы. 5. Ғылымилығы мен маңыздылығы. 6. Ғылым саласындағы орны 7.Адамның қалыпты жағдайдағы даму көрсеткіштері 8. Патологиялық жағдайлардың көрінісі Клиникалық психологиядағы себеп- салдарлық байланыстар 9. Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқулары. 10. Аномальды даму психологиясы 11.Жас кезеңдік даму ерекшеліктері. 12.Жас кезеңдік дағдарыстар. 13. Психикалық бұзылуларға сипаттама 14. Психикалық бұзылулардың түрлері. 15. Жас кезеңдік ерекшеліктерге байланысты психикалық бұзылулардың көрінісі 16.Дамудың «бірініші» дефектісіне сипаттама. 17. Дамудың «екінші» дефектісіне сиапттама 18.Психикалық дамудың сипаттамасы. 19. Органикалық зақымданулар. 20. Психикалық толық жетілмеу себептері 21.Психикалық зақымданудың себептері: эндогендік және экзогендік. 22. Жүре пайда болған зақымданулар. 23. Деменция туралы түсінік. 24.Психикалық дамудың патологиялық көріністері. 25. Бұрмаланған психикалық дамудың көріністері мен ерекшеліктері
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz