Файл қосу

Физиканы оқытуда халық



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                          |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты  |ПОӘК                             |ПОӘК                  |
|                       |                                 |042-18-38-45/02-2014  |
|ПОӘК                   |№1 басылым 25.06.2014ж.          |                      |
|«Халық педагогикасы    |                                 |                      |
|элементтерін қолдана   |                                 |                      |
|отырып физиканы оқыту  |                                 |                      |
|әдістемесі» пәнінің    |                                 |                      |
|магистранттарға        |                                 |                      |
|арналған               |                                 |                      |








                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                     6М011000 - «Физика» мамандығы үшін

       «Халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып физиканы оқыту
                                 әдістемесі»



                ПӘНІНІҢ МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей
                                    2014




                                  Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырушы -   Желдыбаева Балғын Сембаевна  «Физика» кафедрасының
доцент м.а., п.ғ.к.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 «Физика» кафедрасының отырысында
№10  хаттама, 25.06. 2014.
Кафедра меңгерушісі  _______   п.ғ.д., профессор Маусымбаев С.С.

2.2 Физика-математика  факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
№6 хаттама, 26.06. 2014.
Төраға ________   Батырова К.А.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  мақұлданып  және
баспаға ұсынылды
№  хаттама, 2014 ж.
ОӘК төрағасы  ________ Искакова Г.К.

4  АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ






































                                   Мазмұны

   1. Жалпы мағлұматтар
   2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағатты жіктеу.
   3. Курсты оқыту туралы әдістемелік нұсқау
   4. Курстың форматы
   5. Курстың  саясаты
   6. Баға қою саясаты
   7. Әдебиеттер




































1 ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат
Желдыбаева Балгын Сембаевна
Кафедра «Физика»
Байланыс туралы ақпарат – тел. 77-33-58, №3 оқу корпусы, № 305 ауд.
Сабақты жүргізу орыны – 3-ші қабат аудиториялары
Осы пән бойынша кредит саны  –  «Халық педагогикасы элементтерін қолдана
отырып физиканы оқыту әдістемесі» - 2 кредит

 2. Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы
   Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі физиканың мәні  практикалық
іс-әрекетте  қолдану  үшін  қажетті,  басқа  оқу  пәндерін  зерделеу   үшін,
үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  оқуды  жалғастыру  үшін   қажетті,   нақты
физикалық білімді игерту арқылы  оның  адамзат  өркениетін,  олардың  өмірге
өзіндік көзқарасын  тәрбиелеу,  қоршаған  ортадағы  әр  түрлі  қоғамдық  ой-
пікірлермен,    жазушы    шығармаларымен,    халықтық     этноматериалдармен
жаратылыстану ғылымын ой санасында байланыстыра білу болып табылады. Сондай-
ақ   өскелең   ұрпақтың    рухани    ортасын    қалыптастырудағы,    олардың
интеллектуалдық  және  басқа  да  сапаларын  дамытудағы  физикалық  білімнің
маңыздылығымен анықталады.
   Оқытудың  тиімділігі   –   мектепте   оқушылардың   белсенді   араласуына
байланысты, яғни жоғары білімді оқытушы мен  білімді  меңгеретін  оқу-танымы
жоғары, қабілетті,  белсенді  оқушыларға  тікелей  байланысты.  Физика  пәні
қазіргі замандық оқыту жүйесінің іргелі пәндері болуымен  қатар,  мектептегі
өтілетін сағатқа шақталған жүктемесі бойынша ең көлемді  әрі  ұзақ  өтілетін
пәндер қатарына жатады. Оның үстіне осы аталмыш пәндер ғылым мен  техниканың
алдыңғы шегінің әліппесі және  адамзат  тарихындағы  ең  көне  пәндер  болып
табылады, демек, оның ұғымдық  атаулары,  ережелері  мен  есептері  халықтық
ортада қалыптасқаны анық. Сондықтан мектепте оқу процесін  іске  асыру  үшін
оқытушының  жұмыс   сапасын   арттыру   керек,   яғни   өтілетін   сабақтың,
жүргізілетін практикасы жұмысының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-
танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру, оқу процессін негіздеу.
    Практикалық  жұмыстарда  басқа  білім  түрлеріне  қарағанда   мұғалімнің
барынша белсенді  болу  керектігін  айқындайды.  Мұндай  жұмыстарда  мұғалім
әрбір  оқушымен  қарым-қатынаста  болады  және  олардың  өзіндік  жұмыстарын
тиімді басқаруға көмектеседі.
   Практикалық сабақтарды оқу процессін ұйымдастырушы форма ретінде  қарауға
болады,  яғни  физика  пәнін  оқыту  үдерісінде  халық  педагогикасы  арқылы
оқушылардың қоршаған  ортаға  бейімделе  алуына,  оның  белсенділігіне  және
әлеуметтенуіне,  яғни  танымдық  іс-әрекеттің  үйлесімді  күрделі   түрлерін
жүзеге асыру қабілеттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу және  жүргізу
және қалыптастыру  кезіндегі  теорияны  өмірде  қолдана  алуы,  шығармашылық
қабілеттіліктің дамуы, практикалық машықтануы ұйымдастырады.
   Халық педагогикасының негіздерін жаратылыстану пәндері сабағында  қолдану
–білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік мақсаттарын  жүзеге  асырып,  оқушының
өмірге өзіндік көзқарасын, өзін қоршаған  ортадағы  әр  түрлі  қоғамдық  ой-
пікір, ұлттық құндылықтарды  оқушы  санасында  байланыстыра  білу  негізінде
ұлттық мәдениетті сақтауға тәрбиелейтін үдеріс болып табылады.
    Мектепте  физика  пәні  тарауларының  да   әрбір   тақырыптарына   халық
педагогикасын, қазақтың ақын-жазушыларының  еңбектерінен  көрнекі  құралдар,
есептер, мысалдар, мәтіндерді кіріктіре оқыту оқушылардың өмірге  көзқарасын
қалыптастырып, мән-мағынасын ажыратуды қамтамасыз  етеді,  мейлінше  күрделі
тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну  үшін,  теориялық
білімнің маңызын түсіндіруге тиімді.
    Физика  пәнін   оқыту   барысында   халық   педагогикасын   пайдаланудың
мүмкіндіктері  жоғары,  өйткені  халық  педагогикасы  материалдары  арасынан
сұрыпталып алынатын үлгілері жаратылыста болып жатқан  құбылыстардың  шынайы
көрінісін сипаттайды және  физика  пәнінде  теориялық  деректердің  пәрменді
игерілуін жүзеге асырады.  Этнопедагогикалық  сипаттағы  іс-шаралар  жүйесін
жоспарлау, ұйымдастыру  және  өткізу,  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеттерін
қалыптастырудағы тәжірибелік үлгілерін ұсыну бүгінгі заманғы оқыту  үдерісін
технологияландыру  талабымен  пәрменді  үйлесуі  тиіс.  Осыдан   оқушылардың
танымдық іс-әрекетін халық педагогикасы арқылы  қалыптастырудың  әдістемесін
жаңарту керектігін айқын көрсетіп тұр.


1.3 Пәнді оқытудың мақсаты физиканы  оқыту  әдістемесін  халық  педагогикасы
элементтерін  қолдана  отырып  меңгеру;  Болашақ  мамандарды   және   мектеп
мұғалімдерін дайындауда  «Халық  педагогикасы  элементтерін  қолдана  отырып
физиканы оқыту әдістемесі»  пәнінің маңызы өте зор.
1.4  Пәнді  оқытудың  міндеттері:   Физика   пәнін   халық   педагогикасымен
байланыстыру:
а) оқулық және  халық  педагогикасы  материалдарын  бейнелейтін  кескіндеме,
суреттерді бір-бірімен салыстырудағы көрнекілік;
ә) білім мазмұнын игерудегі ұғынықтылық;
б) проблемалық ситуациядан шығу барысындағы өміршеңдік;
в)  өздік іс-әрекет ұйымдастырудағы еркіндік;
г) оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдірудегі ғылымилық;
д) білім мазмұнындағы деректерді тиімді үйлестірудегі жүйелілік;
е) сабақ  және  сыныптан  тыс  жұмыстардың  бекіту  кезеңін  іске  асырудағы
сабақтастық;
ж) білімін (нақтылығын және тереңдігін) тексерудегі үздіксіздік;
з)  практикалық  білік   пен   дағдыларды   қалыптастырудағы   табиғат   пен
үйлесімділік сияқты, яғни мектеп  оқушыларына  халық  педагогикасын  қазіргі
білім беру үдерісімен оңтайлы сабақтастыруда оқытудың  негізгі  принциптерін
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
       1.5 Пәнді оқытудың нәтижелері:
Пәнді  оқыған соң магистрант  игеруі қажет:
      Халық   педагогика   құралдарын   -   мақал-мәтелдерді,   жұмбақтарды,
ертегілерді, өлеңдерді, айтысты, аңыз-әңгімелерді,  батырлар  жырын,  ұлттық
ойындарды, дастандарды және т.б. тиімді пайдалана  отырып  негізгі  есептер,
мысалдар, олардың физикалық мағынасының ерекшеліктерін,  негізгі  ұғымдарды,
шамаларды,  әдістердің  негіздерін  және  құбылыстардың   шынайы   көрінісін
өңдеуді.
   ұға білуі қажет:
  халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып негізгі физикалық ұғымдар,
олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын;
  меңгеруі қажет:
  білімділік, дамытушылық, тәрбиелілік мақсаттарын  жүзеге  асырып,  өмірге
өзіндік көзқарасын, өзін  қоршаған  ортадағы  әр  түрлі  қоғамдық  ой-пікір,
ұлттық  құндылықтарды  ой  санасында  байланыстыра  білу   негізінде   жұмыс
істеуді,   физикалық   мағынасын   жетілдіре   білу,   халық    педагогикасы
элементтерін қолдана отырып есептерді шығаруды және  оны  физика  заңдарымен
байланыстыра білуді;
     Курсты оқығаннан соң магистрант мынаны істей білуі қажет:
          - құбылысты халық  педагогикасы  элементтері  көмегімен  қайталай
білуді.
          -  статистикалық әдісті қолдана білуі;
          - халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып және  жүйелердің
негізгі әдістерімен жұмыс істей білуі;
          - халық педагогикасы  элементтері  бойынша  істелінетін  физиканы
оқыту әдістемесін  меңгеруі,
        - табиғат нысандарын білуі, нәтижесін бағалай білуі,
халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып  физикалық  есептерін  шығара
білуі.
1.6 Курстың пререквизиті: Пәнді меңгеру үшін магистранттың  «Жалпы  физика»,
«Физиканы  оқыту  әдістемесі»,   «Халық   педагогикасы»   пәндерінен   алған
білімдері
 1.7 Курстың постреквизиті: жоқ


 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІНЕ САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ


                                                                    Кесте 1.

|№  |Тақырыптың аты                    |Сағаттар              |Әдебиеттер|
|   |                                  |Дс |Пр |СОӨЖ   |СӨЖ  |          |
|1  |Модуль 1. Дәріс №1.               |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы оқытуда халық            |   |   |       |     |7.1.1 -1  |
|   |педагогикасы элементтерін қолдану |   |   |       |     |тарау,    |
|   |туралы жалпы түсінік              |   |   |       |     |6-13      |
|   |                                  |   |   |       |     |беттер    |
|2  |Дәріс №2.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы оқытуда халық            |   |   |       |     |7.1.2 -1  |
|   |педагогикасының ғылымдар          |   |   |       |     |тарау,    |
|   |жүйесіндегі алатын орны           |   |   |       |     |5-12      |
|   |                                  |   |   |       |     |беттер    |
|3  |Дәріс №3.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы оқытуда халық            |   |   |       |     |7.1.2 -1  |
|   |педагогикасы элементтерін         |   |   |       |     |тарау,    |
|   |қолданудың беретін нәтижелері     |   |   |       |     |13-27 б.  |
|4  |Дәріс №4.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Халық педагогикасы элементтері    |   |   |       |     |7.1.3 -2  |
|   |қолдануда физикалық ұғымдардың    |   |   |       |     |тарау,    |
|   |қалыптастырудың әдістемелік       |   |   |       |     |6-13б.    |
|   |жолдары                           |   |   |       |     |          |
|5  |Дәріс №5.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физика пәні бойынша               |   |   |       |     |7.1.4 -2  |
|   |этнопедагогикалық элементтерін    |   |   |       |     |тарау,    |
|   |қолдану арқылы өткізілетін        |   |   |       |     |5-13      |
|   |әдістемелік жұмыстар және оның оқу|   |   |       |     |беттер    |
|   |процесіндегі алатын орны          |   |   |       |     |          |
|6  |Модуль 2. Дәріс №6.               |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физикадан халық педагогикасы      |   |   |       |     |7.1.4 -2  |
|   |элементтерін қолдануда оқу        |   |   |       |     |тарау,    |
|   |сабақтарын ұйымдастырудың         |   |   |       |     |14-27     |
|   |формалары. Тақырыптық және        |   |   |       |     |беттер    |
|   |күнтізбелік жоспарлау             |   |   |       |     |          |
|7  |Дәріс №7.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физикадан халық педагогикасы      |   |   |       |     |7.1.5 -2  |
|   |элементтерін қолдануда сыныптан   |   |   |       |     |тарау,    |
|   |тыс жұмыстар, формалары мен       |   |   |       |     |13-25 Б.  |
|   |әдістері                          |   |   |       |     |          |
|8  |Дәріс №8.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Халық педагогикасы элементтерін   |   |   |       |     |7.1.6 -3  |
|   |қолдана отырып оқушылардың        |   |   |       |     |тарау,    |
|   |білімдерін және іскерліктерін     |   |   |       |     |23-31     |
|   |тіркеу, бақылау түрлері (физикалық|   |   |       |     |беттер    |
|   |диктант, тест тапсырмалары,       |   |   |       |     |          |
|   |бақылау жұмыстары)                |   |   |       |     |          |
|9  |Дәріс №9.                         |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы халық педагогикасы       |   |   |       |     |7.1.6 -4  |
|   |элементтерін қолдана отырып       |   |   |       |     |тарау,    |
|   |оқытудағы жаңа технологиялар      |   |   |       |     |32-41бет  |
|10 |Дәріс №10. Мектеп физика курсында |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |халық педагогикасы элементтерін   |   |   |       |     |7.1.6 -5  |
|   |қолдана отырып тарихи             |   |   |       |     |тарау,    |
|   |материалдарды меңгеру             |   |   |       |     |42-51 Б.  |
|11 |Модуль 3. Дәріс №11.Физиканы оқыту|1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |процесінде халық педагогикасы     |   |   |       |     |7.1.6 -6  |
|   |элементтерін қолдана отырып       |   |   |       |     |тарау,    |
|   |оқушыларды кәсіби бағыттау.       |   |   |       |     |52-58 Б.  |
|12 |Дәріс №12.                        |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы оқыту процесінде халық   |   |   |       |     |7.1.6 -7  |
|   |педагогикасы элементтерін қолдана |   |   |       |     |тарау,    |
|   |отырып оқушылардың ғылыми         |   |   |       |     |59-63     |
|   |дүниетанымын қалыптастыру жолдары |   |   |       |     |беттер    |
|13 |Дәріс №13.                        |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Физиканы оқыту процесінде халық   |   |   |       |     |7.1.6 -8  |
|   |педагогикасы элементтерін қолдана |   |   |       |     |тарау,    |
|   |отырып оқушылардың оқу және       |   |   |       |     |64-71     |
|   |танымдық қызығушылықтарын         |   |   |       |     |беттер    |
|   |жетілдіру                         |   |   |       |     |          |
|14 |Дәріс №14.                        |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Халық педагогикасы элементтерін   |   |   |       |     |7.1.6 -9  |
|   |қолдана отырып физика курсы       |   |   |       |     |тарау,    |
|   |мазмұнының басқа оқу пәндерінің   |   |   |       |     |72-83     |
|   |мазмұнымен байланысы              |   |   |       |     |беттер    |
|15 |Дәріс №15.                        |1  |1  |2      |2    |Н.Ә.      |
|   |Мектеп физика пәнінің әр бөлімі   |   |   |       |     |7.1.6 -10 |
|   |бойынша физикалық құбылыстарда    |   |   |       |     |тарау,    |
|   |халық педагогикасы элементтерін   |   |   |       |     |84-93     |
|   |қолдану                           |   |   |       |     |беттер    |
|   |Барлығы                           |15 |15 |30     |30   |          |

   3. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    Курсты  оқыған  кезде   берілген    тақырыптың   негізгі    жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек,  осы  мақсатта  пәннің  оқу-әдістемелік
кешенін  ұсынып  отырмыз,   ол   магистранттың   оқулықпен   жұмыс   істеуін
жеңілдетеді. Пәнді оқып меңгеруі үшін магистранттың қолында  оқулықтар,  оқу
құралдарына әдістемелік нұсқаулар бар.
    Бір уақытта бірнеше оқулықты пайдаланудың қажеті жоқ, ұсынылып  отырған
әдебиеттердің  ішінен  тек  біреуін  ғана  негізгі  етіп  алу  керек.  Басқа
оқулықтарды тек қажетті материал  болмаған  кезде  немесе  оқулықта  қысқаша
ғана  көрсетілген  кезде  ғана  пайдаланады.  Курсты  тақырып  бойынша,  пән
бағдарламасына  сәйкес оқыған жөн.
    Магистрант  барлық  аудиториялық  сабақтарға  және  ОКӨБЖ  –қа  қатысуы
міндетті, оқытушымен қосымша сабақ өтуге мүмкіндігі бар.
 «Халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып физиканы оқыту әдістемесі»
пәнін оқытуға қатыстылар:
    - оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау;
     - дәріс материалдарымен жұмыс жасау және дәріске дайындалу;
     - семинар сабақтарына дайындалу.
 3.1 Әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау:
 3.1.1 Әдебиеттен қажетті материалдың тарауын тауып,  магистрант  оны  оқып
және оқыған әрбір абзацына ат қояды. Егер магистрант абзацқа ат  қоя  білсе,
онда оның сол абзацты түсінгенін көрсетеді.
 3.1.2 Осы абзацтағы материалды конспекті жасап, магистрант келесі тексттің
абзацына көшеді.
 3.1.3  Егер  магистрант  тексттің  әр  абзацна  ат  беруге  қиналса,  онда
материалдың  мөлшерін  үлкейтуге   болады.   Сонда   магистрант   материалды
конспекті жасап, оған ат беруі мүмкін.  Сөйтіп  параграфтың  барлық  текстін
өтуі керек.
 3.1.4 Осылайша материалды  оқып  және  конспекті  жасап,  текстке  қатысты
сұрақтарға жауап беруі қажет.
 3.1.5  Егер  текстке  қатысты  сұрақтар  жоқ  болса,  онда  өзінің  оқыған
материалдары бойынша сұрақтарды өзі құрастыруы керек.
 3.1.6  Соңында  магистранттың  параграф  бойынша   оқығған   материалдарын
мазмұндап бергені тиімді.
 3.2 Дәріске дайындық
 3.2.1 Сіздердің қолдарыңызда пәннің мазмұны ашылып көрсетілген, әдебиеттер
көрсетілген,  дәріс  және   семинар   сабақтарының   басты   сұрақтары   мен
тақырыптары жазылған жұмыс бағдарламасы бар.
 3.2.2 Дәрісте белсенді жұмысқа  дайындалу  үшін  Сіз  көрсетілген  әдебиет
бойынша  өз   бетіңізше   дәріс   материалдарын   оқып   келуіңіз,   қосымша
әдебиеттерден тақырып бойынша материалдар қарастырып,  өз  ойыңызша  маңызды
деген моменттерге қысқаша конспект жасап  келуіңіз  керек.  Тақырып  бойынша
түсінуге қиындық тудырған материалдарға оқытушы үшін сұрақтар дайындау.
 3.2.3   Дәріс    тыңдаған    материалдардан    өзіңіздің    конспектіңізді
толықтыруыңызға болады, Сіз дайындаған сұрақтарға жауаптар  алуыңыз  мүмкін.
Өз конспектіңізді қайта айта алуыңыз пайдалы,  ол  сіздің  материалды  толық
түсінгеніңізді көрсетеді. Емтихан алдында өткен  материалдарды  қайта  қарап
шығу жеткілікті болады.
 3.3. Семинар сабағына дайындық
 3.3.1  Магистрантқа  семинар  сбағының  тақырыбы  белгілі   және   қосымша
әдебиеттер көрсетліген. Магистрант өзіне қажетті материалды тауып, 5  беттен
артық көлемде конспекті жасау керек.
 3.3.2 Магистрант  өзбетінше  тақырып  бойынша  конспект  соңында  сұрақтар
құрастырады.
 3.3.3 Семинар  сабағында  бүкіл  жоспар  бойынша  материалды  айтып  бері,
оқытушының және басқа магистранттардың сұрақтарына жауап береді.
 3.3.4 Семинарға қатысуы бойынша және конспект 5-тік балмен бағаланады.


    4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ
  Магистрант  мерзімінде  оқытушыға  МӨЖ  тапсырмаларын   тапсыруы   қажет,
практикалық сабақтарына дайын болуы керек.
  Магистрант  сабақты  босататын  болса,  оның  рейтингісі   төмендетіледі,
сондықтан ол босатылған сабақтар бойынша бақылау жұмысын орындауы қажет.
  Магистрант оқу  сабақтарының  барлық  түрлерінде  белсенді  жұмыс  істеуі
қажет, оның жұмысы баллмен бағаланады  да,  қосылып  аралық  және  қорытынды
рейтинг қойылады.
  ОКӨБЖ –қа сабақ және өзбетімен жұмыс кезінде  қиындық  тудырған  сұрақтар
шығарылады. Егер ондай сұрақтар туындамайтын болса, дәріс  бойынша  білімін
кеңейтіп тереңдетеді, қосымша ғылыми әдебиеттермен танысуына болады.
      4.1 Дәріске дайындық

4.1.1   Қолдарыңыздағы   жұмыс   бағдарламасында   пәннің   мазмұны   ашылып
көрсетілген,  негізгі  әдебиетте  көрсетілген,  дәріс  сұрақтары   берілген,
практикалық сабақтар үшін және өзбетімен жұмыс тапсырмалары көрсетілген.

4.1.2 Сабақ кестесі Сізге семестр басталмай тұрып белгілі болады.

4.1.3 Дәріс  кезінде  белсенді  түрде  жұмыс  істеуге  дайындық  жасау  үшін
көрсетілген  әдебиет  бойынша  дәріс  материалын  өзбетіңмен  оқуын   қажет,
тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді  қарастыру  қажет,  өз  ойыңыз  бойынша
тақырып бойынша түсуге қиындық тудырған сұрақтар тізімін жасау керек.

4.1.4 Тақырып бойынша дәрісті тыңдау барысында өз  конспектінді  толықтыруға
мүмкіндігіңіз  бар,   өз   сұрақтарыңызға   жауап   алуыңызға   болады.   Өз
конспектіңізді түсіндіре білуіңіз керек, себебі семестр соңындағы  емтиханды
және курстың соңында өткізілетін емтиханды ауызша тапсыратын боласыз.

      4.2 Семинарлық сабақтарға дайындық.

4.2.1 Магистрантқа семинар сабақтарының тақырыптары мен  қосымша  әдебиеттер
белгілі. Магистрант қажетті  әдебиетті  тауып  негізгі  пунктерін  ерекшелей
отырып конспектілейді, қолданған әдебиетін көрсетеді.

4.2.2 Магистрант конспект соңында тақырып бойынша сұрақтар тізімін жасайды.

4.2.3 Семинар кезінде өз жоспары бойынша материалды баяндайды,  оқытушы  мен
магистранттың қойған сұрақтарына жауап береді.

4.2.4 Семинар тақырыбы бойынша жауап беру 5 баллға бағаланады.
  5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ
Магистрантқа қойылатын талаптар:
Сабаққа  қатысу:  Дәріс,  практикалық  сабақтарына  қатысу  міндетті  түрде.
Қандай  да  бір  себептермен  сабақты  босататын  жағдайда   да   магистрант
өзбетімен жұмыс  тақырыптарын дәл  уақытында  өткізу  қажет,  ал  босатылған
сабақтар тақырыбы бойынша бақылау жұмысын жазу немесе тақырып бойынша  жауап
беруіңіз керек.

Мінез-құлық:  Сабақ уақытында үнемі тәртіп  бұзған  магистрант  аудиториядан
шығарылып жіберіледі немесе  бүкіл  курс  бойынша  “қанағаттанғысыз”   деген
баға қойылады.

Бақылау тапсырмалары: Міндетті түрде  оларды дәл уақытында  орындап  тапсыру
керек.  Уақытынан  кешіктіріліп  тапсырылған  тапсырмалар  автоматты   түрде
төмендетіліп  бағаланады.

Межелік аттестация: Межелік аттестация  сабаққа  қатысу,  өзбетімен  жұмысты
дәл уақытында өткізу, сабақ  кезінде  ауызша  және  жазбаша  түрде  тапсыру,
межелік бақылау нәтижесінде қойылады.

Көшіру  мен  плагиат:  Кез-келген  көшіріп   алу   немесе   плагиат   (басқа
магистранттардың  дайын  тапсырмалары  мен  шығарылған  есептерін   қолдану)
анықталатын  болса  магистрант   аудиториядан  шығарылып  жіберіледі  немесе
бүкіл курс бойынша “қанағаттанғысыз”  деген баға қойылады.

Ұялы телефондар: Сабақ кезінде өшіріліп қоюы керек.

Емтихан: Қорытынды ауызша емтиханға пән бойынша қойылатын ең жоғары  баллдың
50% алған магистранттар жіберіледі.

6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Халық педагогикасы элементтерін қолдана отырып физиканы оқыту әдістемесі»
пәні бойынша балдардың бөлінуі
                                                                    2- кесте

|Апталар             |                                                   |   |
|                    |1                                                  |2  |
Аудиториялық сабақтардың барлығына қатысу (1-7) және (8-15) апталарда270Машықтану60406040СОӨЖ9090СӨЖМежелік бақылау8080Барлығы60130806013080540
 Жалпы курс бойынша жасалатын практикалық жұмыстар бойынша және бақылау жұмыстары мен тестілеу бойынша ағымдық бақылау қарастырылған. Магистранттың пәнді қалай игергенін оқытушы бағалайды. Магистранттың білім деңгейін бағалау 4-ке бөлінеді: 
Репрадуктивті көмектесу арқылы (тану, қайталау);
Репрадуктивті көмексіз (еске сақтау және типтік есептерді шығаруға қолдану);
Эвристикалық (типтік емес, қиын есептерді шығару);
Творчестволық (оқу-зерттеу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында проблемалық есептерді шығару)
‌‌Осы білім деңгейіне сәйкес баға қойылады. Бірінші деңгей – 3 (қанағаттанарлық); екінші үшін -4 (жақсы); үшінші үшін – 5 (өте жақсы).
 Төртінші деңгей магистранттың докторантураға, аспирантураға, республикалық
олимпиадалар және конференцияларға қатысуын көрсетеді.  
7 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
  7.1 Негізгі әдебиеттер
7.1.1 Б.С.Желдыбаева. Жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде халық педагогикасы арқылы оқушылардың танымдық іс-әректін қалыптастыру. –Автореферат, Қарағанды 2010ж.
Б.С.Желдыбаева. Жаратылыстану пәндерін оқытуда қазақ этнопедагогикасы элементтерін қолдану. Оқу-әдістемелік құрал. Семей, 2009.-150б.
Физикадан демонстрациялық тәжірибелер М.: Просвещение, 1990. 
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы / Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980. 
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Қосымша әдебиеттер 
7.2.1 Учебное оборудование по физике в средней школе /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1973. 
7.2.2 Кабинет физики средней школы /Под ред. А.А. Покровского. М.: Просвещение, 1982.
Симакин М.В. Методика решения задач по физике для 10 класса естественно-математического направления, Кокшетау: Келешек – 2030, 2008. – 120с.
Методика преподавания физики в 7 – 8 классе средней школы. Пособие для учителя /Под ред. А.В. Усовой, М.: Просвещение, 1990 
Методика преподавания физики в 8 – 10 классах средней школы /Под ред. В. П. Орехова, А. В. Усовой. М.: Просвещение,1980
Бугаев А.И. Методика преподавания физики в средней школе. Теоретические основы. М.: Просвещение,1981.
Пәндер