Файл қосу
Дәлелдемелердің қасиеттері
ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ Дәріс тақырыбы 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы, міндеттері мен маңызы. Негізгі сұрақтар 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, максаты, міндеттері мен мазмұны және оны кұкықтық реттеу. 2. Қылмыстық іс жүргізу және сот терелігі. Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызметтің тұрі ретінде. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылыгы. 3. Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу құқык катынастарының құрылысы, оның белгілері. Қылмыстың іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері. 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — толып жатқан түрлі жақтарды, жай- жапсарларды қамтитын күрделі, ауқымды, сан мағыналы құбылыс. Оның мәніне әр түрлі анықтама берілуінің себебін осымен түсіндіруге болады. Дәстүрлі көзқарас — қылмыстық іс жүргізу құқығын ережелер (нормалар) заңында көрсетілген, қылмыстық процесс мақсаттарына жету мен міндеттерін шешу мақсатында қылмыстық істерді тергеу, карау және шешу жөніндегі қызметті реттейтін әлеуметтік-шартты жүйе деп түсіну. Кеңестік кезеңдегі құқық дамуының энциклопедиялық анықтамасы мынаған салды: қылмыстық іс жүргізу құқығы — өз нормалары қылмыстық істерді қозғауға, алдын ала тергеуге, сотта қарауға байланысты қызметті, оның тәртібі мен мазмұнын реттейтін құқық саласы; оның тәртібі мен мазмұны; бұл жағдайда пайда болатын құқық қатынастары. Ал құқық саласы - өздері реттейтін бір тектес қоғамдық қатынастар ортақтығы біріктірген құқық нормалары мен институттардың ерекшеленген тобы. Басқа салалар арасында қылмыстық іс жүргізу құқығы іргелі салаға жатады. Құқықтық реформа кезеңіндегі энциклопедияда қылмыстық іс жүргізу құқығы — қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тәртібін белгілейтін және алдын ала тексеру, алдын ала тергеу, прокуратура және сот оргаңдарынын қылмыстық іс қозғау, тергеу, үкімді орындаумен байланысты мәселелерді сотта қарау және сотта шешу жөніндегі қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі деп белгіленген. Осы аныктамалардың бәрі бір-біріне қайшы келмейді. Олар әлдебір жақты жеткілікті түрде терең ашьш көрсетіп, басқа жай-жапсарларды жанамалап қана өтеді. Акцент тандау нақты құқық мектебінің айқындамасьша байланысты. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мынадай тең мәнді элементтерден қалыптасады: -бұл дербес құқық саласы; іргелі сала, яғни ұлттық құқық жүйесіндегі негізгі, басты салалардың бірі болып табылады; өз ішінде тұтас ғылыми теорияны (доктринаны) нормалар түріндегі нақты іс жүргізу-құқықтық нұсқамалармен ұштастырады, оларды қолдану қылмыстық сот ісін жүргізудің жалпы және арнаулы міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Осы баяндалғандар тұтас, аяқталған (сыртқы және ішкі) құрылым тән қылмыстық іс жүргізу құқығының дербес нысанасы да бар екенін көрсетеді. Қылмыстық іс жүргізу құқығына бұдан бұрын келтірілген түсініктемелерді негізге ала отырып, осы сала нысанасы деп мыналарды санау қажет: - өкілетті органдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі, ол қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген; - өкілетті органдардың қылмыстық іс жүргізу нормалары жүйесіне негізделген қызметі; - олардың субъективті құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың барысында қалыптасатын қатынастардың сипаты, мазмұны және бағыты. Өз реттеу әдісінің болуы сала ретіндегі қылмыстық іс жүргізу құқығы дербестігінің аса маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының өзге салалар жүйесіңдегі орнын анықтау оның өзге іргелі салалармен және ғылыми пәндермен арақатынасы айқындалғанда ғана мүмкін болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орнын анықтау үшін ең елеулі болып табылатындары: а) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының; ә) қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығының; б) қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық процестің арақатынастары. Сонымен қатар, қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні мен орнын түсіну үшін оның азаматтық іс жүргізу құқығымен, криминалистикамен, криминологиямен, сот статистикасымен, прокурорлық қадағалау теориясымен, сот этикасымен, сот медицинасымен, сот психиатриясымен арақатынасының зор маңызы бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығының ерекшелігі — адамның құқыққа қарсы әрекет жасауына байланысты қалыптасатын құқық қатынастарының ерекшеліктерімен айқындалады және қайшылық феноменінің ықпальшан байқалады. ҚІЖК-нің 8-бабы осы міндеттерге арналған. Мұнда былай деп көрсетілген: 1.Қылмыстық процестің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық занды дұрыс қолдану болып табылады. 2.Қылмыстық іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстардың алдын алуға, азаматтардың құқыкты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемесуі тиіс. Бұл міндеттер қылмыстық іс жүргізудің барлық стадиялары үшін ортақ болып табылады және олардың әрқайсысы осы міндеттердің орындалуына ықпалын тигізеді. Қылмыстық іс жүргізу органдары осы міндеттерді басшылыққа ала отырып өз қызметтерін атқарады. Қылмыстық процестің міндеттерін занда екі топқа бөліп көрсетудің мәні бар. Нақты айтқанда, ҚІЖК-нін 8-бабының 1-бөлігінде жазылған міндеттерді — қылмыстық іс жүргізудің арнайы және тікелей міндеттері деп ұғыну керек. Сонын ішінде, қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды жауапқа тартып, оларды толық әшкерелеу — бұл міндеттерді орындау алдын ала тергеу және анықтау органдарына жүктеледі және осы мемлекеттік органдардың қызметімен тікелей байланысты болып табылады. Ал әділ сот талқылауын қамтамасыз ету, яғни қылмыстық істі сотта қарау кезінде оны жан-жақты талқылап, әділ шешу - соттың басты міндеті. Сонымен, қылмыстық іс жургізу құығы — осы қызметті және осы қызметті атқару кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. 2. Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (сот, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау жүргізетін органдар) болып табылады1. Бұл мемлекеттік органдардың қызметтері бір-бірімен өзара байланысты болғанымен, олардың іс жүргізу кезіндегі өкілеттіктері бірдей емес. Мәселен, алдын ала тергеу органы бұрын болған қылмыстың мән-жайларын толық ашып, айыпталушыны қылмыстық жауапқа тартатын болса да, оның кінәлілігі жөнінде мәселені шешпейді. Осыған байланысты алдын ала тергеу жүргізу аяқталған соң тергеуші қылмыстык, істің материалдарын заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жібереді. Прокурор алдын ала тергеу занды түрде және толық жүргізілген деп санайтын болса, онда ол бұл қылмыстық істі тиісті соттың қарауына береді. Содан соң сот қылмыстық іс бойынша үкім шығарады. Осындай заңға сәйкес жүзеге асырылатын өкілетті органдардын, іс-әрекеттер жүйесі қылмыстық процесс, яғни қылмыстык іс жүргізу деп аталады. Қылмыстық іс жүргізу ұғымы жөнінде айтқанда бұл қызметті сот, прокуратура және алдын ала тергеу (анықтау) органдары атқарумен қатар жеке тұлғалардың (азаматтардың) да іс жүргізуге қатысатындықтарын ескеру қажет. Жеке тұлғалардын іске қатысуларына байланысты олардың құқықтары мен міндеттері заңда көрсетілген. Осының бәрі қылмыстық іс жүргізу кезінде аталған мемлекеттік органдар мен олардын лауазымды адамдарының өз араларында және, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың араларында да құқықтық қатынастардың болатындығын білдіреді. Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, қылмыстық іс жүргізу ұғымын толық айтқанда былайша тұжырымдаймыз: Қылмыстық іс жүргізу — соттың, прокуратура, алдын ала тергеу және анықтау органдарының қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғауға байланысты өз міндеттерін орындау мақсатында жеке тұлғаларды да қатыстыра отырып атқаратын заңмен реттелген қызметі, сондай-ақ осы қызмет саласында туындайтын құқықтық қатынастар жүйесі болып табылады. Осы ұғымға сәйкес, құқық қорғау органдарының қылмыстық процестегі міндеттері қандай деген сұрақ туады. Ол міндеттер КІЖК-нің 8-бабында баяндалған. Бұл бапта көрсетілгендей, аталған мемлекеттік органдар қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыстық істерді әділ шешу, заңдарды дұрыс қолдану, азаматтардың заңсыз айыпталуын және сотталуын болғызбау, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтарының заңсыз шектелуін болғызбау мақсатында қажетті іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Қылмыстық іс жургізу басқа сөзбен қылмыстық сот ісін жүргізу деп те аталады: қылмыстық іс жүргізу заңында және ғылыми еңбектерде де осы екі термин аралас қолданылады (орысша: «уголовный процесс» және «уголовное судопроизводство»). Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметін «қылмыстық сот ісін жүргізу» деп те атауға болады және мұның өз себебі бар. Ол себеп қылмыстық іс жүргізу алдын ала тергеу органының қызметімен аяқталмай, істің сотта қаралып шешілетіндігіне байланысты. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу ұғымының «сот төрелігі» ұғымымен сәйкес жері бар деп айта аламыз: қылмыстық істі сотта қарап шешу — сот терелігін атқарау болып табылады. Бірақ, «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы «сот төрелігі» ұғы-мымен бірдей емес. Өйткені, бір жағынан, «сот төрелігі» ұғымының тікелей мағынасы сот қызметі болып табылады да, ал «қылмыстық іс жүргізу» ұғымы соттың қызметімен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Екінші жағынан, сот төрелігіне тек қылмыстық істерді ғана қарап шешу жатпайды; оған, сонымен қатар, азаматтық, әкімшілік және т.б. істерді шешу қызметі кіреді. Қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару «қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп те аталады (орысша: «производство по уголовному делу»). Бұл жағдайда «өндіріс» деген сез заңды түрде жүргізілетін іс-әрекеттердің орындалуын және ол іс-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізуге кірісу үшін тергеуші алдымен қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарып, содан кейін қылмысты тез және толық ашу міндетін орындауы тиіс. Тергеушінің, сол сияқты анықтаушының да, қылмыстық іс бойынша атқаратын осындай қызметі «сотқа дейінгі қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп аталады. Ал, қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін болатын іс-әрекеттер қызметін «соттағы қылмыстық іс бойынша өндіріс» деп айту қате емес. Қылмыстық іс жүргізу ұғымымен қатар осы қызметке сәйкес ғылыми сала және оқу пәні ұғымдарын да білу қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу қызметі және бұл қызметті зерттейтін ғылым саласы мен оған сәйкес оқу пәні ұғымдары өзара байланысты болғанымен, олардың әрқайсысы жеке ұғым болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің барысы бірнеше, әрқайсысының жеке маңызы бар кезендерге бөлінеді. Ол кезеңдер қылмыстық процестің стадиялары деп аталады. Стадиялардың әрқайсысы мынадай белгілермен сипатталады: 1) әр стадия іс жүргізудің жеке кезеңі ретінде ҚІЖК-де арнайы белгіленген; 2)әр стадияның жеке маңызы және өзіне тән міндеттері бар; 3)әр стадияның мәнін құрайтын іс-әрекеттер заңмен реттелген және бұл іс- әрекеттердің субъектілері көрсетілген; 4)әр стадия — оның нәтижесін қорытындылайтын процессуальдық шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық процестің стадияларына мыналар жатады: 1) қылмыстық істі қозғау; 2) қылмыстарды тергеу; 3) басты сот талқылауын тағайындау; 4) басты сот талқылауы; 5) апелляциялық тәртіппен істерді қарау (апелляциялық өндіріс); 6) үкімді орындау. Бұл стадиялардың алдыңғы екеуі (қылмыстық іс қозғау және алдын ала тергеу жүргізу) сотқа дейінгі ста- диялар, ал кейінгілері сотта болатын іс жүргізу стадиялары деп қаралады. Аталған іс жүргізудің кезендері қылмыстық процестің негізгі стадиялары болып табылады (бұлардан басқа ерекше стадиялар да бар, олар жөнінде кейінірек айтылады). Бірақ, әр қылмыстық істің негізгі алты стадиядан бірдей өтуі міндетті емес. Мәселен, қылмыстық іс қозғалған жағдайдың өзінде, одан кейін алдын ала тергеу жүргізудін, барысында бұл іс заңды түрде қысқартылуы мүмкін. Олай болса, мұндай жеке жағдайда, қылмыстық іс жүргізу сотқа дейінгі стадиялардан өтіп аяқталады. Немесе, қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарып, ал бұл үкімге апелляциялық шағым берілмеген не наразылық келтірілмеген болса, бұл іс бойынша апелляциялық өндіріс қажет болмайды. 3. Қылмыстық іс жүргізу кезінде оған қатысушылардың арасында, яғни олардың атқаратын функцияларына байланысты құқыктық қатынастар туындайды. Бұл қатынастар қылмыстық іс жүргізу құқығымен реттелетін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары деп аталады. Ал, толығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу құқықтың қатынастары немесе процессуальдық қатынастар дегеніміз — қылмыстық процесс субъектілерінің арасында заңға сәйкес туындайтын және осы субъектілердің құқықтары мен міндеттері болуымен сипатталатын нақты байланыстар деп түсіну қажет. Процессуальдық қатынастардың өз субъектілері мен объектісі бар және бұл субъектілердің құқықтары мен міндеттері занда құқыктық нормалар түрінде көрсетілген. Процессуальдық қатынастардың субъектілері — бұлар қылмыстық істі жүргізуші мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары және іске қатысушы жеке тұлғалар (азаматтар), ал объектісі — қылмыстық іс жүргізуге байланысты орындалатын іс-әрекеттер болып табылады. Осымен қатар, қылмыстық іс жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастардың мынадай ерекшеліктері бар екендігін айту қажет. 1.Процессуальдық қатынастар қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің өз функпияларын атқару кезіндегі іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болып табылады және сондықтан қылмыстық іс жүргізуді осы кезде орындалатын іс- әрекеттердің және олармен қатар туындайтын құқықтық қатынастардың тұтас бірлігі деп түсінуге жатады. Процессуальдық қатынастарды қарастырғанда оларды негізгі екі топқа бөлу қажет. Бірінші топқа қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының арасында туындайтын қатынастар жатады (мысалы: сотта іс қарау кезінде — сот пен мемлекеттік айыптаушының, алдын ала тергеу жүргізу кезінде — прокурор мен тергеушінің немесе тергеуші мен анықтау органдарының араларындағы құқықтық қатынастар). Екінші топқа аталған мемлекеттік органдармен іске қатысушы жеке тұлғалардың араларында туындайтын құқықтық қатынастар жатады (мысалы, тергеуші мен айыпталушының араларындағы құқықтық қатынастар). 2.Процессуальдық қатынастардың басталуы, өзгеруі және аяқталуы қылмыстық-құқықтық қатынастармен байланысты болып келеді. Оның себебі — қылмыстық іс жүргізудің өзі қылмыстық құқықтық нормаларды жүзеге асыру қажеттілігінен туған, яғни қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдану қылмыстық іс жүргізу арқылы ғана жүзеге асырылады. Процессуальдық қатынастар қылмыс жөнінде хабар қылмыстық ізге түсу органдарына келіп түскеннен кейін жүргізілетін іс-әрекеттермен басталады. Одан соң, яғни қылмыстық іс жүргізудің барысында, қылмыс жөнінде жиналған дәлелдемелердің мәні мен маңызына қарай процессуальдық қатынастар өзгеріп отырады. Мәселен, сезікті ретінде ұсталған адамның қылмыс жасағандығы ашылып дәлелденген жағдайда, тергеуші оны айып-талушы ретінде жауапқа тартып, соның нәтижесінде бұрын сезікті ретінде болған адамның процессуальдық жағдайы өзгереді: енді ол іске айыпталушы ретінде қатыстырылады. Ал, сотта істі қараудың нәтижесінде сотталушының қылмыс жасағандығы толық дәлелденген болса, онда сот айыптау үкімін шығарып, ол үкім заңды күшіне енген соң бұл іс бойынша процессуальдық қатынастар аяқталады. Немесе, қылмыстық жауапқа тартылған адам соттың үкімі бойынша ақталған жағдайда, онда осы ақтау үкіміне сәйкес бұл іс бойынша процессуальдық қатынастар аяқталады. Процессуальдық қатынастар алдын ала тергеу жүргізу кезінде де аяқталуы мүмкін (қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда). 3.Барлық кезде де процессуальдық қатынастарға билік өкілеттігі бар мемлекеттік орган (қылмыстық ізге түсу органы немесе сот) қатысып, сол арқылы іске қатысушылар оз құқықтарын жүзеге асыра алады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу міндеті: атқаратын мемлекеттік органмен байланысты түрде ғана жек тұлғалардың (азаматтардың) өз құкықтарын іс жүзінде қолданулары мүмкін болады. Мәселен, сотта істі қарау кезінде сотталушы куәлардан жауап алуға құқылы. Ал сот өз өкілеттігі қолданып, сотталушының куәдан жауап алуына мүмкіндік жасауы тиіс. Ол үшін куәлардың сотқа келуі қамтамасыз етіледі және сотталушының куәдан жауап алуына уақытында кезек беріледі. Сол сияқты, алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші биліктік өкілеттігін қолданып, іске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды жүзеге асырады. Осы айтылған жағдайларды ескере отырып, процессуальды қатынастардың барлық түрлеріне ортақ сипаттама — оларға биліктік бастама тән деп айта аламыз. Қылмыстық іс жүргізудін, мәнін толық түсіну үшін «процессуальдық нысан» және «процессуальдық кепілдіктер» ұғымдарын қарастыру қажет1. «Процессуальдық нысан» ұғымын алдымен философиялық «нысан» ұғымымен салыстыру арқылы көрсетуге болады. Философиялық ілімге сәйкес, әр нәрсенің, заттың немесе құбылыстың өзара тығыз байланысты элемёнттерден тұратын тұрақты құрылымы болады. «Нысан» ұғымы сол әр заттың немесе құбылыстың ішкі құрылымының тұрақтылығын және құрылымның сыртқы бейнесін білдіреді. «Процессуальдық нысан» ұғымы осы айтылған жалпы ғылыми «нысан» ұғымына сәйкес келеді. Сондықтан заңи әдебиетте процессуальдық нысан — заңмен белгіленген қылмыстық іс жүргізудің тәртібі деп түсіндіріледі2. Яғни, процессуальдық нысан ұғымы қылмыстық жүргізудің сыртқы бейнесі, көрінісідегенді білдіреді. Процессуальдық нысанның ішкі құрылымы қылмыстық іс бойынша заңға сәйкес орындалатын іс-әрекеттердін, жиынтығынан тұрады. Қылмыстық іс жүргізудің барысында тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, сот — бұлардың әрқайсысы өз қызметін заңда көрсетілген тәртіппен ғана жүзеге асырады. Осы тәртіпті сақтау — қылмыстық іс жүргізудің зандылығын қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады. Олай болса, қылмыстық іс жүргізу кезінде процессуальдық нысанды қатаң сақтамай, іс- әрекеттердің зандылығын қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Процессуальдық нысанды қылмыстық іс жүргізудің жалпы процессуальдық нысаны және жеке әрекеттердің процессуальдық нысаны деп ажырату мүмкін. Мысалы, заңмен белгіленген қылмыстық істі қозғау, қылмыстарды тергеу, істерді сотта қарап шешу стадияларының орындалу тәртібі қылмыстык іс жүргізудің жалпы процессуальдық нысаны болады. Ал, осы стадиялардың әрқайсысының өзі іс жүргізу органдарының заңмен рет-телген белгілі бір іс- әрекеттерінен тұрады. Сол әрекеттердін әрқайсысының жүргізілу тәртібін жеке процессуальдық нысан ретінде қарауға жатады (мысалы, куәдан немесе жәбірленушіден, айыпталушыдан жауап алудың тәртібі). Процессуальдық нысанның маңызды бір көрінісі — іс жүргізу құжаттарын жазу болып табылады. Яғни, қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде әр іс- әрекеттің жүргізілу барысы және нәтижесі заңда көрсетілген тиісті құжаттар жазу арқылы рәсімделіп отырады. Ол құжаттар - іс жүргізу актілері деп те аталады. Бұл құжаттарды жазу — істі жүргізуші лауазымды адамдарға жүктеледі (судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы). Қылмыстық процестің барлық стадияларына ортақ, ең жиі жазылатын құжаттардың түрлері қаулы және хаттама болып табылады. Қаулы - өкілетті органынын, (лауазымды адамның) өз өндірісіндегі іс бойынша шығарған шешімін, соттың үкімін қоспағанда, дәлелдеп жазатын құжат (мысалы, тергеушінін, қылмыс жасаған адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шығарған қаулысы). Хаттама — қылмыстық іс жүргізу органының (лауазымды адамның) өзі жүргізген іс-әрекеттің орындалу барысын және нәтижесін баяндап жазатын құжат (мысалы, куәдан жауап алудың хаттамасы немесе сот отырысының хаттамасы). Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық іс жүргізудің пәні, максаты, міндеттері мен мазмұны және оны кұкықтық реттеу. 2. Қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің құрылысы, оның сатылары. 3. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының дербестілігі мен өзара байланыстылыгы. 4. Қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастары: түсінігі, түрлері. 5. Қылмыстық іс жүргізу құқык катынастарының құрылысы, оның белгілері. 6. Қылмыстың іс жүргізу нысанының түсінігі, түрлері. Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері. Дәріс тақырыбы 2. Қылмыстық іс жүргізу заңы және оның кайнар көздері Негізгі сұрақтар 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының кайнар көздерінің ұғымы мен түрлері. 2. Қылмыстық іс жүргізу нормалары, олардың түсініктері, негізгі белгілері, Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы. 3. Қылмыстық іс жүргізу занының уақыт тұрғысында, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.Қылмыстық іс жүргізу занының аналогия бойынша колданылуы. Қылмыстық іс жүргізу реттеу механизмдегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Қылмыстық сот ісін жүргізудің имандылық бастаулары. 4. Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары. 5. Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі: қылмыстық істерді тергеу функциясы, қылмыстық ізге түсу функциясы, прокурорлық кадағалау функциясы, қорғау функциясы, қылмыстық істерді қарау мен шешу функциясы. 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы деп заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік өкілді орган (Парламент) қабылдаған және қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі мен мазмұнын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жиынтығын айтамыз. Бұл құқықтық актілер Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, соның ішінде 1994 жылдың 12 ақпанында бекітілген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қалыптасты. Бұған дейін қолданылып келген Қазақ КСР-ы заңдарының ережелері ескіріп, олар Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған демократиялық идеялар мен құқықтық мемлекет құру қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа құқықтық саясатына қайшы келетіндігі көрінді. Яғни, Кеңес Одағы ыдыраған кезден бастап, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру қажеттігіне байланысты Қазақстанда жаңа қылмыстық іс жүргізу зандарының жобаларын дайындау жұмыстары басталған болатын. Заңнаманың ерекше маңызы онда қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп тұжырымдалатын болғандықтан, ол қылмыс іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына жататын құқықтық актілер ҚІЖК-нің 1- бабында көрсетілген. Осы бапта жазылғандай, Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады. Бұл зандармен қатар, қылмыстық іс жүргізу кезінде өзгеде зандарды қолдану қажет болатындығы жөнінде осы бапта жазылған. Осы айтылғандарға сәйкес, қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар, олардың басым күшіне қарай, мынадай бірнеше деңгейге бөлінеді: 1.Қазақстан Республикасының Конституциясы — ең жоғарғы күші бар және тікелей қолданылатын заң. 2.Конституциялық заң. Атап айтқанда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда шыққан «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң қылмыстық сот ісін жүргізу саласында қолдануға жатады. 3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. Бұл кодекс пен конституциялық заң ережелерінің арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылуға тиіс (ҚІЖК-нің 2-бабының 2- бөлігі). 4.Өзге зандар. Өзге зандар мен ҚІЖК-і ережелерінің арасында қайшылық кездесетін болса, ондай жағдайда Кодекстің ережелері қолданылады (2-баптың 2-белігіне сәйкес). Бұл топқа Қазақстан Республикасының мына зандары жатқызылады: Қазақстан Республикасының прокуратурасытуралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы (1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы ( 1995 жылғы 21 желтоқсандағы), Жедел-іздестіру қызметі туралы-(1994жылғы 15 қыркүйектегі), Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы (1995 жылғы 20 шілдедегі), Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы (1998 жылғы 26 маусымдағы), Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы (2000 жылғы 5 шілдедегі), Адвокаттық қызмет туралы (1997 жылғы 5 желтоқсандағы), Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы (2002 жылғы 4 шілдедегі), Әділет органдары туралы (2002 жылғы 18 наурыздағы), Алқабилер туралы (2006 жылғы 16 қаңтардағы) және т.б. Жоғарыда аталған зандарды олардың басым күшіне қарай дәрежелеумен қатар, ол зандардың қылмыстық іс жүргізу саласында қолдану көлемі жөнінде де айту қажет. Яғни, қылмыстық іс жүргізу тәртібі толығымен ҚІЖК-нің нормаларымен реттелетіндігін біле отырып, басқа зандардың бұл салада кейбір жеке мәселелер бойынша қолданылатындығын ескеру керек. Мәселен, қылмыстық іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Конституциясымен айқындалады деген ереженің жазылу себебі — Конституцияда сот төрелігін атқарудың принциптері және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілдіктері көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңнын нормаларын қылмыстық істердің бірінші саты, апелляциялық және қадағалау сатыларының соттарында қара-латындығына байланысты қолдану қажет болады. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері аталған зандармен шектелмейді. Бұлай айтуға Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының нормасы негіз болады. Осы баптың 1-бөлігінде барлық құқық салаларына ортақ мынадай ереже жазылған: Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық — Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Осы кснституциялык нормаға сәйкес ҚІЖК 1-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотынын қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік қаулылары қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының және КІЖК І-бабының негізінде, қылмыстык іс жүргізу құкығының қайнар көздерін мынадай топтарға бөлу олардың сипаты мен иерархиялық құрамына (жоғарыдан темен) сәйкес келеді: —Қазақстан Республикасы Конституциясы; —Конституциялық заң, ҚІЖК және өзге заңдар; —Халықаралық шарттар (бұлар жөнінде ҚІЖК 2-бабының 3-бөлігінде жазылған ереже ескерілуге тиіс: Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың ҚІЖКтен басымдылығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады); —Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібіне байланысты мәселелер бойынша нормативтік қаулылары; —Өзге нормативтік құкықтық актілер. Аталған құқықтың қайнар кездерінің ішінде қазіргі құқықтық саясатқа байланысты өзгерістерге жататын нормативтік актілердің түрлеріне тоқталайық. Мәселен, құқықтың қайнар көздеріне Конституциялық Кеңестін және Жоғарғы Соттың қаулыларын жатқызу бұрынғы Кеңес Одағы кезінде болмаған. Ал қазіргі конституциялық норманың негізінде Қазақстан Рес-публикасы Жоғарғы Соты қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқық қолдану тәжірибесіне сүйене отырып көптеген нормативтік қаулылар қабылдағаны белгілі. Олардың ішінде: Сот үкімі туралы (2002 жылғы 15 тамызда қабылданған); Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Қылмыстык істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін сот-тардың сақтауы туралы (2002 жылғы 6 желтоқсанда қабылданған); Прокурордың сезіктіні, айыпталушыны қамауға алу, үйде қамап ұстау мерзімін ұзарту жөніндегі санциясына сотқа шағымдану туралы (2003 жылы 20 наурызда қабылданған); Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірбиесі туралы (2003 жылғы 19 желтоқсанда қабылданған); Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған); Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасы туралы (2004 жылғы 26 қарашада қабылданған), Сот отырысының хаттамасы жөнінде қылмыстық іс жүргізу зандарының нормаларын қолдану туралы (2005 жылғы 23 желтоқсандағы), Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы (2005 жылғы 20 маусымдағы) және т.б. нормативтік қаулылар бар. Өзге нормативтік құқықтық актілер қатарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, министрліктердің және басқа орталық мемлекеттік органдардың қау.лылары мен бұйрықтары, сондай-ақ олар бекіткен ережелер жатады. Осыған сәйкес, мысалы, қылмыстық іс жүргізу саласында қолданысқа жататын мына нормативтік актілерді айтуға болады: Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысна қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі туралы Ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген); Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 18 қазандағы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 қазандағы, Қазақстан Рес- публикасы Ішкі істер министрінін, міндетін атқарушының 2005 жылғы 6 қазандағы, Қазақстан Республикасы Экономикалык қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2005 жылғы 7 қазандағы — бірлескен бұйрығымен бекітілген: Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы нұсқаулық; Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану туралы нұсқаулық және т.б. 2.Қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелетін қоғамдық қатынастар құқықтық нормалар түрінде тиянақталады және сондықтан заң құқықтық нормалардан құралады. Осыған байланысты процессуальдық құқықтық нормалар ұғымы және олардың құрылымы жөнінде сұрақ туындайды. Процессуальдық нормалар деп қылмыстық іс жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында мемлекет белгілеген немесе мақұлдаған қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің мінез-құлық ережелерін айтамыз. Бұл ұғым жалпы құқық теориясында айтылатын құқықтық нормалар ұғымына сәйкес келеді және процессуальдық нормалар өзге құқықтық нормалар сияқты сипатталады. Яғни, процессуальдық нормалар: 1)нормативтік құқықтық актілерде тұжырымдалып баян етілген; 2)олардың орындалуы тиісті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, мемлекеттік емес ұйымдар және азаматтар үшін де міндетті; 3)олардың орындалуы қажет болған жағдайларда еріксіз көндіру амалдары арқылы қамтамасыз етіледі. Процессуальдық нормалар өзге құқық салаларының нормаларынан пәні бойынша ерекшеленеді. Бұл нормалар құқық қорғау органдарының іс жүргізу қызметін реттейтін болғандықтан, оған қатысатын субъектілердің құқықтары мен міндеттерін баян ету арқылы олардың мінез-құлық ережелерін белгілейді. Сөйтіп, процессуальдық нормалар қылмыстық іс жүргізу қызметімен қатар осы саладағы қоғамдық қатынастарды да реттейтіндігі айқын болып табылады. Қылмыс іс жүргізу саласындағы қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеудің бірнеше амалдары бар. Ол амалдарға мыналар жатады: міндеттеу, құқықтандыру және тыйым салу. Осы амалдарға сәйкес келетін процессуальдық нормалар міндеттеу, құқықтандыру және тыйым салу нормалары деп аталады. Мысалы, ҚІЖК-нің 36-бабына сәйкес, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстын, белгілерін тапқан әрбір жағдайда өз құзыреті шегінде қылмысты ашуға, қылмыс жасауға кінәлі адамды анықтауға, оны жазалауға, сондай-ақ кінәсіз адамды ақтауға қажетті заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға міндеттелген. Қысқаша түрде «процессуальдық нормалар» деп те айтамыз. Ал құқықтандыру нормалары қылмыстық процесс субъектілерінің заңға сәйкес өз құқықтарын колдану, сондай-ақ іс-әрекеттер жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, айыпталушының қандай қылмыс жасағандығы жөнінде айыпталатындығын білуге, қорғаушы алуға, дәлелдемелер тапсыруға және т.б. құқықтары бар. Тыйым салу құқықтық нормаларының мысалы: тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға жол берілмейді (ҚІЖК-нің 201-бабының 4-белігі). Қорыта айтқанда, осындай құқықтық амалдарды қолдану арқылы қылмыстық іс жүргізу саласында туындайтын қатынастар заң актілерімен реттеледі. Процессуальдық қатынастардың реттелу механизімін ұғыну үшін жоғарыда айтылған амалдармен қатар процессуальдық нормалардың құрылымын білу қажет. Бұл құқықтық нормалар өзге құқық салаларының нормалары сияқты үш мүшеден (элементтерден) тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Процессуальдық норманы және оның құрылымын заңның баптарынан ажырата білу қажет. Яғни, процессуальдық норма заңның бабымен тепе-тең болмайды. Сондықтан, заңның әр бабында оған сәйкес құқықтық норманың барлық элементтерінін, бірдей қамтылуы міндетті емес. Мысалы, ҚІЖК-нің 1-бабында қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі қандай зандармен ретте-летіндігі баян етілген. Бұл бапта процессуальдық норманың гипотезасы (қылмыстық іс жүргізу кезінде) және диспозициясы (ҚІЖК қолданылады) бар, ал санкциясы көрсетілмеген. Алайда, бұл норма бұзылған жағдайда, оған байланысты қолданылатын санкция жоқ емес. Ол санкцияны ҚІЖК-нің жүйесінің негізінде анықтай аламыз. Мәселен, алдын ала тергеу жүргізу кезінде тергеуші заңның талаптарын бұзған болса, онда прокурор занда көрсетілген шаралардың бірін қолдануы тиіс. Ондай жағдайдағы прокурор қолданатын шара — процессуальдық санкция болып табылады. Осы айтылғандай, басқа да процессуальдық нормалар бұзылған жағдайларда қандай санкция қолданылуға тиіс екендігі ҚІЖК-нің негізінде анықталады. Процессуальдық санкциялардың түрлерін басты екі топқа бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялар; 2) сотта іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялар. Сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қолданылатын процессуальдық санкциялардың мынадай түрлері бар: біріншіден, зандылықтың сақталуын қадағалауына байланысты прокурор қолданатын шаралар (тергеушінің заңсыз қаулысын бұзу, оны іс жүргізуден босату, қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару); екіншіден, судьяның қылмыстық ізге түсу органдарының шешімдеріне берілген шағымдарды қарап, олардың қаулысын бұзуы, сондай-ақ прокурорға заңның бұзылуын жоюды міндеттеуі. Сотта іс жүргізу стадияларында қолданылатын санкциялардың түрлеріне мыналар жатады: бірінші саты сотының қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтаруы; апелляциялық саты сотының заңды күшіне енбеген үкімді бұзып, істі бірінші саты сотының жаңадан қарауына жіберуі немесе қосымша тергеуге жіберуі, немесе үкімді өзгертуі; қадағалау саты сотының занды күшіне енген төменгі саты соттарының үкімдерін (қаулыларын) өзгертуі немесе үкімді және бұдан кейін шығарылған соттың шешімдерін бұзып, істі бірінші саты сотының жаңадан қарауына жіберуі және т.б. Бұл аталған процессуальдық санкциялардың маңызы — оларды қолдану арқылы қылмыстық істі жүргізуге қатысушы адамдардың (ұйымдардың) бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, сондай-ақ қылмыстық процестің заңдарды дұрыс қолдану міндетін орындау қамтамасыз етілуге тиіс. 3.Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан Республикасы кылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазакстан Республи-касының Конституциясымен, конституциялық зандарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады деп көрсетілген. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді: — Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т.б. белгіленген). — Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі; Конституциялық занды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы: — Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы; — Қазақстан Республикасының прокуратурасы; — Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары туралы; — Жедел іздестіру қызметі туралы; — Адвокат қызметі туралы, т.б. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құкығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді. Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволык, нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т.б.) жатпайды. Олар кылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан колданылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексі — бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат кұқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1—5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6—13), 40 тарау, 400 бап (177— 577) енеді. Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 каңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алкабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын, 57—62 тараулардан, 542—577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім енгізілді. Бірінші бөлім жалпы (негізгі ) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық, іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәледемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады. Оныншы бөлім соттың занды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші белімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т.б.) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін көрсетеді. Уақытқа, кеңістікке, тұлғаның айналасына қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының әрекеті Уақытқа қатысты қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық сот ісін жүргізу, іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне дейін күшіне енген қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүзеге асырылады. (ҚР ҚІЖК 5- бабы). Ережеге сай, заңның іс жүргізу әрекетіне ену сәті заңның өзінде белгіленеді (ҚР ҚІЖК 1998 жылдың 1 қаңтарында іс жүргізу әрекетіне және занды күшіне енген болатын). Кеңістіктегі Қылмыстық іс жүргізу заңы — бұл оның Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етуі. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстык сот ісін жүргізу қылмыс жасалған жерге қарамастан ҚІЖКке сәйкес жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 3-бап). Қазақстан Республикасы аумағы қуаң далалық, әуелік, теңіздік, зендік кеңістік және құрлықтық шельф пен айрықша экономикалық аймақ болып саналады. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы аумағына біздің мемлекеттің шетелдегі елшілігі мен өкілдігі, Қазақстан Республикасы туымен жүретін әуе және теңіз соты да енеді. Осы аумақта қылмыстық іс жасаған адам Қазақстан Республикасы заңы бойынша жауапқа тартылады. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтары үшін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ортақ, бірдей. Бұл ереже ҚР ҚІЖК-нің 6-бабында белгіленген, онда «шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылқтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері ҚР ҚІЖК 53-тарауына сәйкес айқындалады». Уақытқа қатысты заң әрекетінің тоқтатылуы одан бас тартуын, жаңа заңмен өзгертілуін, уақыт мерзімінің өтуін, шарттар мен жағдайлардың өзгеруін білдіреді. 4. Процессуальдық нысан «процессуальдық кепілдіктер» ұғымымен байланысты болып табылады. Бұл ұғымдардың ара қатынасы философиялық «нысан» және «мазмұн» категорияларының байланыстылығына сәйкес келеді. Процессуальдық кепілдіктерді процессуальдық нысанның мәні ретінде түсіну қажет. Өйткені, процессуальдық нысанды сақтау — қылмыстық істер бойынша өндірістің дұрыс жүргізіліп (сотқа дейінгі іс жүргізу және сотта іс жүргізу стадиялары), істі соттың әділ шешуінің басты кепілі болып табылады. Яғни, процессуальдық кепілдіктер процессуальдық нысан ретінде қаралатын қылмыстық іс жүргізудің заңда көрсетілген тәртібімен қамтылады. Толық айтқанда, процессуальдық кепілдіктер — қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін және іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің заңмен белгіленген Құқықтық амалдары ретінде қаралады. Осыған сәйкес процессуальдық кепілдіктердің екі жақты маңызы барын айту қажет: біріншіден, қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін; екіншіден, іске қатысушы адамдардың құқықтары мен заңда мүдделерін қорғау үшін. Мысалы, ҚІЖК-де қылмыстық істі қозғаудың тәртібі және осыған байланысты қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тексерудің амалдары көрсетілген. Осы тәртіпті сақтаудың өзі және өкілетті органдардың тиісті амалдарды қолдануы-қалмыстық істі қозғаудың заңды болудың және мүдделі адамдардың құқықтарын қорғаудың процессуальдық кепілдіктері болып табылады. Процессуалдық кепілдіктердің іске қатысушы азаматтардың құқықтары мен заңда мүдделерін қамтамасыз ету үшін ерекше маңызы бар. Олардың әрқайсысының құқықтарын жүзеге асырудың кепілдіктері заңда көзделген. Соның ішінде іске қатысушылардың барлығына ортақ және бірдей процессуальдық кепілдік ретінде қолданылатын қылмыстық іс жүргізудің мына жалпы ережесін білу қажет: іс жүргізу органы мүдделі адамға оның құқықтарын түсіндіріп, ол құқықтарын жүзеге асыру үшін тиісті жағыдай жасауға және осыған байлаеысты уақытылы шаралар қолдануға міндетті болып табылады. Сөйтіп, қылмыстық іс жүргізудің жалпы тәртібі және оның әр стадиясы өзара тығыз байланысты түрде қолданылатын іске қатысушылардың құқықтары мен олардың құқықтарын жүзеге асырудың кепілдіктерін қамтиды. 5.Қылмыстық іс жүргізуші мемлекеттік органдар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар өз мақсаттарына сәйкес заңды түрде іс-әрекеттер жасайтын болғандықтан, олардың қызметі бірнеше жеке бағыттарға бөлінеді. Осы субъектілердің қылмыстық процестегі қызмет ету бағыттары процессуалдық қызмет ету деп аталады. Дара мағнада айтқанда, процессуальдық функция деген- қылмыстық процесс субъектісінің өз мақсаттары мен міндеттеріне немесе заңды мүдделеріне сәйкес атқаратын іс-әрекеттер жүйесі болып табылады. Процессуальдық функциялар негізінен үш түрге бөлінеді: айыптау, қорғау, қылмыстық істі соттың шешу функциясы. Бұлардың ішінде алдымен айыптау функциясына тоқталу қажет. Себебі, қалмыс жөнінде айыптау болмаса, онда қылмыстық іс жүргізу де болмайды. ҚІЖК-де бұл функция «қылмыстық ізге түсу (айыптау)» деп жазылған (7-баптың 13-тармағы). Яғни, «қылмыстық ізге түсу» және «айыпта» терминдері бір мағнаны білдіреді. Айыптау функциясының мәні-қылмыстың болғандығын анықтау және оны жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу, сондай-ақ бұл адамға жаза немесе өзге құқықтық ықпал ету мақсатында атқарылатын іс-әрекет болып табылады. Бұл функцияны атқаратын субъектілерге мыналар жатады: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, жәбірленуші (жеке айыптаушы), азаматтық талаптар мен заңды өкілдер мен өкілдер. Бұл аталған субъектілер айыптау тарабы деп аталады, яғни бұлар айыптау тарабын құрайды. ҚІЖК-нің 32-бабына сәйкес, айыптау функциясының өзі үш түрге бөлінеді: жеке айыптау, жеке жариялы айыптау, жариялы айыптау. Айыптау функциясын мұндай үш түрге ажыратудың негізі, қылмыстық сипаты мен ауырлығы болып табылады. ҚІЖК-нің 33-бабында жеке айыптауға жататын қылмыстардың тізімі келтірілген (қорқыту, жала жабу, қорлау, және т.б.) Бұл қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің арыздары бойынша ғана қозғалады. Ал қозғалған іс бойынша кейін жәбірленуші айыпталушымен татуласқан болса, онда бұл жеке айыптау ісі қысқартылуға тиіс. Жеке жариялы айыпталуға жататын істер де жәбірленушінің арызы болса ғана қозғалады (ҚІЖК-нің 34-бабында көрсетілегн қылмыстар туралы). Бұл топқа жататын істерді жүргізудің жеке айыптауға жататын істерді жүргізуден айырмашылығы бар. Айырмашылығы: жәбірленуші айыпталушымен татуласқан жағдайда істі қысқарту міндетті емес, ол үшін қылмыстық кодекстің 67-бабында көрсетілген қосымша сақталудың шарттардың сақталуы қажет етіледі. Бұл бапта былай деп көрсетілген: 1.Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болғанымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жатады. 2. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Жеке айыптау және жеке-жариялы айыптауға жатпайтын басқа қылмыстар жөнінде істер жариялы түрде жүргізіледі. Мұндай қылмыстық істер жәбірленушінін арызы болмаса да қозғалуға тиіс. Жариялы айыптаудың мәні — қылмыстық ізге түсу органы қылмыстың болғандығын анықтаған әрбір жағдайда бұл қылмысты толық ашу және қылмыс жасаған адамдарды жазаға тарту үшін қажетті барлық шараларды қолдануға міндетті болып табылады. Жариялы айыптауға жататын істерді жәбірленушінің айыпталушымен татуласуына байланысты қысқартуға жатпайды. Қылмыстық процесте айыптау функциясының болуы оған қарама-қарсы қорғау (қорғану) функциясын қажет етеді. Қорғау функциясының мәні — сезікті мен айыпталушының құқықтары мен занды мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоқка шығару немесе жауаптылықты жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық жауапқа тартылған адамдарды ақтау мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекет болып табылады (ҚІЖК-нің 7-бабының он тоғызыншы тармағы). Бұл функцияны атқаратын субъектілер қорғану тарабы деп аталады және қорғану тарабына мыналар жатады: сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі. Айыптау және қорғау функцияларын ажырату — қылмыстық сот ісін жүргізудің тараптардың бәсекелестігі принципіне негізделгендігін көрсетеді. Осындай айыптау және қорғану тараптарының бәсекелестігіне сүйене отырып, сот қылмыстық істі мәні бойынша қарап шешеді. Яғни, қылмыстық істі шешу функциясын тек сот қана жүзеге асырады. Соттың мақсаты — қыл-мыстық іс бойынша ақиқатқа жетіп, заңды және дәлелді үкім шығару болып табылады. Кейбір авторлардың пікірінше, процессуальдық функциялар жоғарыда айтылған айыптау, қорғау және соттың қылмыстық істі шешу функцияларымен шектелмейді. Осыған байланысты заңи әдебиетте іс жүргізу функцияларын екі топқа (негізгі және көмекші) бөліп қарастыру бар. Мұндай көзқарасқа сәйкес, процессуальдық функциялардың негізгі тобына мыналар жатқызылады: қылмыстық істі тергеу, қылмыстық ізге түсу (айып-тау), заңдылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы, қорғау және соттың қылмыстық істі шешуі; ал көмекші процессуальдық функциялар ретінде ақтау (реабилитация), азаматтық талапты қолдау, азаматтық талаптан қорғану, процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстардың алдын алу мақсаттарына байланысты орындалатын іс жүргізу әрекеттері қаралады1. Процессуальдық функциялардың түрлері жөнінде бұдан басқа да пікірлер заңи әдебиеттерде кездеседі. Бірақ, ол пікірлердің барлығы да айыптау, қорғау және қылмыстық істі шешу — бұлар негізгі іс жүргізу функциялары екенін жоққа шығармайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық іс жүргізу нормалары, олардың түсініктері, негізгі белгілері 2. Қылмыстық іс жүргізу нормаларының негізгі түрлері. 3. Қылмыстық іс жүргізу нормасының құрылымы. 4. Қылмыстық іс жүргізу занының уақыт тұрғысында, кеңістікте және тұлғаларға қатысты қолданылуы.Қылмыстық іс жүргізу занының аналогия бойынша колданылуы. Қылмыстық іс жүргізу реттеу механизмдегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік. Қылмыстық сот ісін жүргізудің имандылық бастаулары. 5. Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктерінің түсінігі, олардың маңызы мен түрлері. 6. Қылмыстық іс жүргізу функциялары, олардың түрлері мен қарым қатынастары. 7. Қылмыстық іс жүргізу функцияларының жүйесі: қылмыстық істерді тергеу функциясы, қылмыстық ізге түсу функциясы, прокурорлық кадағалау функциясы, қорғау функциясы, қылмыстық істерді қарау мен шешу функциясы. Дәріс тақырыбы 3. Қылмыстық іс жүргізу принциптері. Негізгі сұрақтар 1. Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ұғымы мен маңызы. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері. 1. «Принцип»термині (латынша «рrіnсіріum») негіз, негізгі бастама деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты, қылмыстық іс жүргізудің принциптері ретінде бұл қызмет саласының негіздерін құрайтын және занда белгіленген бастама ережелер қарастырылады. Сонымен, қылмыстық процестің принциптері — қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртібі негізделген және оның маңызды сипаттары мен белгілерін көрсететін заңда бекітілген бастама ережелер болып табылады. Бұл принциптердің маңызы осы айтылған тұжырымның өзінен туындайды. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу қызметі осы принциптерге негізделген және олар қылмыстық процестің ең маңызды жақтарын сипаттап көрсетеді. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органдары осы принциптерді басшылыққа ала отырып өз қызметін атқарады және бұл принциптерді қатаң сақтауға міндетті. Үшіншіден (ҚІЖК-нің 9-бабында айтылғандай), бұл принциптерді сақтамау, оның сипаты мен мәніне қарай, іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға және осы кезде жиналған істін, материалда-рының занды күші жоқ деп табуға әкеліп соқтырады. Қылмыстық процестің принциптерін бастама ережелер ретінде қарау заңи әдебиетте қабылданған ортақ пікір болғанымен, олардың заң актілерінде тұжырымдалып көрсетілуі жөнінде ғалымдардың арасында пікірталас жоқ емес. Кейбір авторлардың пікірінше, занда баян етілмеген, алайда басшылыққа алынатын құқықтық идеялар да қылмыстық процестің принциптері ретінде бола алады деп санайды1. Ал, ғалымдардың басымкөгішілігі қылмыстық процестің принциптеріне заң актілерде белгіленген бастама ережелер ғана жатқызылу керек екендігін қолдайды1. Бұл жағдайда принциптер кұқықтықнормаларғаайналып, олардың іс жүзінде қолданылуы және қатаң сақталуы процеске қатысушылардың барлығына бірдей талап болып табылады. Олай болмаса, принциптердің іс жүзінде сақталуы қыл-мыстық процестің субъектілері үшін міндетті бола алмайды. Қылмыстық іс жүргізу принциптері ҚІЖК-нің екінші тарауында («Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері» деп аталған, 10-31 баптарда) баяндалып жазылған. Мұнда аталып жазылған принциптер Қазақстан Республикасы Конституциясының жетінші бөлімінде баян етілген сот төрелігінің бастама ережелеріне сәйкес келеді. Бірақ ҚІЖК-де жазылған принциптердің көпшілігі Конституцияда жекеленіп айтылмаған. Бұлай болу түсінікті: Конституцияда белгіленген бастама ережелер негізінен сот төрелігін атқарудың жалпы принциптеріне жататын болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу принциптерін толық қамти алмайды. ҚІЖК-нің 10-31 баптарына сәйкес, қылмыстық процестің принциптеріне2 мына бастама ережелер жатады: • зандылық; • сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы; • адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау; • жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу; • адамнын, жеке басына тиіспеушілік; • қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; • жеке өмірге қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы; • тұрғын үйге қол сұқпаушылық; • меншікке қол сұқпаушылық; • кінәсіздік презумпциясы; • қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі; • сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асыру; • судьялардың тәуелсіздігі; • сот ісін жүргізуді тараптардын бәсекелестігі мен тең құқыктылығы негізінде жүзеге асыру; • істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу; • дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау; • сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету; • куәлік айғақтар беру міндетінен босату; • білікті заң көмегін қамтамасыз ету; • жариялылық; • қылмыстық сот ісін жүргізу тілі; • іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі. Бұл аталған бастама ережелер өзара байланысты және бір-біріне қайшы келмейтін болғандықтан, олар қылмыстық іс жүргізу тәртібін тұтас сипаттап көрсететін процессуалдық принциптер жүйесін құрайды. Бірақ, процессуалдық принциптер жүйесі аталған ережелермен ғана шектеледі деп айтуға жатпайды. Яғни, принциптер жүйесін одан әрі толықтыру мүмкіндігі жоққа шығарылмауы тиіс. Сонымен қатар, жоғарыда аталған бастама ережелер қылмыстық іс жүргізудің жалпы принциптері ретінде қаралатын болғанымен, олар процестің барлық стадияларында бірдей көлемде қолданылмайды. Мәселен, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы немесе судьялардың тәуелсіздігі принципі тікелей сотта істі қарау кезінде өз көрінісін табады. Сол сияқты, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принципі басты сот талқылауы стадиясына жузеге асырылады. Олай болса да, бұл принциптер қылмыстық процестің ортақ ережелері ретінде қаралады. Өйткені, сот төрелігін атқару — қылмыстық іс жүргізудің негізгі мәнісі болып табылады. 2. Заңдылық принципі. Бұл принциптің екі жақты мәні бар: біріншіден, ҚІЖК- нің 10-бабының 1-бөлігінде айтылғандай, сот және прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы қылмыстық істі жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚІЖКтің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті; екіншіден, қылмыстық процеске қатысушы басқа да тұлғалар (азаматтар, ұйымдар) Қазақстан Республикасы Конституциясын және өзге заңдарды да сақтауға міндетті болып табылады. Олай болса да, заңдылық принципін қатаң сақтау ең алдымен қылмыстық іс жүргізу органдарының тікелей міндеті екендігін ерекше айту қажет. Өйткені, бұл органдар өздері зандылықты қатаң сақтаумен қатар, басқа іске қатысушылар жағынан заң бұзушылықты болғызбауға, сонымен қатар олардың құқықтарын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қолданып отырулары керек. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 10-бабынын, 2-белігінде былай деп көрсетілген: егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік акт адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні Конституцияға сәйкес емес деп табу туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті. Егер қылмыстық іс жүргізу орындары зандылық принципін сақтамаған болса, онда (ҚІЖК-нің 10-бабының 3-бөлігіне сәйкес) бұл іс бойынша шығарылған процессуалдық шешімдер заңсыз деп тануға және бұзуға жатады. Осы айтылған шаралар зандылық принципін қамтамасыз етудің маңызды процессуалдық кепілдіктері болып табылады. Олармен қатар, зандылық принципін қамтамасыз етудің басқа да мынадай кепілдіктері бар: —қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларында зандылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы; —жоғарғы саты соттарының төменгі сатыға жататын соттардың шығарған үкімдері мен қаулыларының заңдылығын тексеруі; — іске қатысушы мүдделі тұлғалардың (азаматтардың және ұйымдардың) соттың, прокурордың және алдын ала тергеу (анықтау) органдарының іс- әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану құқығы және ондай шағымдардың занда көрсетілген тәртіп бойынша уақытында қаралып шешілуге міндеттілігі. Сонымен қатар, зандылық принципінің іс жүзінде сақталуы қылмыстық процестің басқа да принциптерінің сақталуымен тығыз байланысты болып келеді. Өйткені, қылмыстық іс жүргізупринциптерін сақтау — заңның талабы. Егер қылмыстық іс жүргізу органы аталған принциптердің бірін бұзған болса, ол зандылық принципінің сақталмағандығын білдіреді. Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. Қазақстан Республикасы Конститушясының 75-бабы және ҚІЖК-нің 11-бабының жазылуы бойынша, сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі мына мәселелерді қамтиды: —соттың үкімі бойынша болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды; —соттың құзыреті және өкілеттігі, қылмыстық сот ісін жүзеге асыру тәртібі заңмен айқындалады және оны өз бетінше өзгертуге болмайды; —сот төрелігін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және басқа жергілікті соттар жүзеге асырады, бұл соттар жүйесі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленген; қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді; —соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі занда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады; —өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша шығарылған, сондай-ақ өзінің өкілеттігін асыра қолданған немесе ҚІЖКпен көзделген қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін өзгедей бұзған соттың үкімі мен басқа да шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс; —қылмыстық іс бойынша соттың үкімі мен басқа да шешімдерін ҚІЖКте көрсетілген тәртіппен ғана тиісті соттар тексеріп, қайта қарай алады. Бұл принциптің маңыздылығын айта келіп, соттың қылмыстық істерді шешу қызметін алдын ала тергеу оргындарының қызметіне қарсы қоймау қажет. Тергеуші және анықтаушы қылмыстарды тез және толық ашу міндеттерін орындау барысында қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жинайды және ол дәлелдемелер сотта істі қарау кезінде тараптардың қатысуымен зерттеліп, соның негізінде сот төрелігі жүзеге асырылады. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. Қазақстан Республикасының заңнамасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау мәселесіне үлкен мән берілген. Өйткені, халықаралық құкықтың жалпы жұрт таныған принциптеріне сәйкес, азаматтардыңөз мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуі - істі дұрыс шешудің ең әділ жолы ретінде қаралады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігінде былай деп көрсетілген: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар». Бұл принципке арналған ҚІЖК-нің 12-бабы бойынша: 1.Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауға құқығы бар. 2.Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңмен көзделген істің соттылығы өзгертіле алмайды. 3.Мемлекет заңда белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша жәбірленушіге сот төрелігіне қол жеткізуін және келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау принципін жария етумен қатар, оны қамтамасыз етудің кепілдіктерін де көздейді. Ол кепілдіктердің қатарына мыналар жатады: —Қазақстан Республикасының заңмен белгіленген жалпыға бірдей қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесінің болуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау — қылмыстық іс жүргізу міндеттерінің түрі ретінде қаралуы; —іске қатысушы азаматтардың өз мүдделерін қорғауға қажетті заңмен белгіленген құқықтарының болуы және олардың өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін қылмыстық іс жүргізу органдарының жағдай жасауға міндеттілігі; —қылмыстық сот ісін жүргізу кезінде заңда баян етілген демократиялық бағыттағы принциптердін, басшылыққа алынатындығы және қылмыстық іс жүргізу органдарының ол принциптерді қатаң сақтауға міндетті болуы. Мәселен, қылмыстан зардап шеккен әрбір адам қылмыстық ізге түсу органына арыз беру арқылы қылмыс жасаған адамның жауапқа тартылуын талап ете алады. Егер өкілетті орган қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартатын болса немесе бұл орган басқа түрге заңның талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленуші ол жөнінде сотқа шағымдануға құқылы. Ал, қылмыстық істі сотта қарау кезінде жәбірленуші өзі немесе өкілі арқылы қылмыс жасаған адамға тағылған айыптауды қолдап, қылмыстық салдарынан тиген зиянның өтелуін талап ете алады. Осындай құқықтарын қолдана отырып, жәбірленушінің сот арқылы занды мүдделерін қорғауы қамтамасыз етіледі. Сол сияқты, істің заңмен көзделген соттылығын өзгертуге болмайтындығы (ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы және ҚІЖК-нің 12-бабының 2-бөлігі) әрбірқылмыстық істің соттылығын заң бойынша анықтау арқылықамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 38-тарауында 1 (290—298 баптар) бірінші саты соттарынын, әрқайсысы қандайқылмыстық істерді қарайтындығы ажыратылып көрсетілген. Осы тараудың нормаларының негізінде мүдделі тұлғаныңқұқықтарын қорғау жүзеге асырылады. Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында былай депжазылған: адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды; ешкімдіазаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездікнемесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетугеболмайды. Осы конституциялық ереже қылмыстық процестегі ; жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінін, негізін құрайды. Бұл принциптің маңызы адамның тумысынан айырмайтынқұқыктары мен бостандығын қорғаудың қажеттілігіне байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың жеке өмірінің жағдайлары ашылуы кездесетіндігі жәнеіске қатысушы жеке тұлғаларға процессуалдық мәжбүрлеушараларын немесе басқа да ықпал ету амалдарын қолданудыңқажеттілігі болатындықтан, олардың абыройы мен қадір-қасиетін қорғаудың маңыздылығы артады. ҚІЖК-нің 13-бабында жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің мәні көрсетілген: — қылмыстық іс жүргізу кезінде адамдардың абыройынтүсіретін немесе қадір- қасиетін кемітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді ҚІЖКте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді; —қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс. ҚІЖК-нің кейінгі баптарында, яғни қылмыстық процестіңәр стадиясына байланысты, бұл принциптің жеке жағдайлардақолданылуы тиянақ талап көрсетілген. Мәселен, ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерініңішінде: күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға жол берілмейді деп көрсетілген. Сол сияқты, ҚІЖК-нін 226-бабы (3-бөлігі) бойынша, егер куәландыружүргізу кезінде адамның денесі жалаңаштандырылатын болса,онда тергеуші жынысы басқа адамды куәландыру кезінде қатыспайды; 232-бапта (11-бөлігі) көрсетілгендей, тергеуші адамдардың жеке өмірінін тінту және алу кезінде анықталған мән- жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. Ал, егерде қылмыстық іс жүргізу органы бұл принциптің сақталуын қамтамасыз етпеген болса, онда әр адам осыған байланысты келтірілген моральдық зиянның өтелуін талап ете алады және ондай талап сот арқылы шешіліп, қанағаттандыруға жатады. Адамның жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің мәні адамның жеке басының бостандығын қамтамасыз ету болып табылады. Осы принципке арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында оны қамтамасыз етудің мынадай кепілдіктері көрсетілген: —занда көрсетілген реттерде ғана және тек соттын, шешімімен немесе прокурордың санкциясымен адамды қамауға алуға немесе қамауда ұстауға болады, қамауға алынған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі; —прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады; —ұсталған, қамауға алынған әрбір адам сол ұсталған немесе қамауға алынған кезден бастап қорғаушының көмегін пайдалануға құқылы. ҚІЖК-нің 14-бабында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің Конституцияда жазылған кепілдіктер толықтырылып, басқа да кепілдіктер көрсетілген. Атап айтқанда, ол кепілдіктерге мыналар жатады: —әрбір ұсталған адамға ұстаудың негізі, сондай-ақ ол қандай қылмыс жасады деп сезіктелетіндігі немесе айыпталатындығын хабарланады; —бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған немесе сезікті адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс; —қамауға алынбаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімімен ғана жол беріледі; қамауға алынбаған адамды сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша жол беріледі; —қылмыстық іс жүргізу органдары заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзім қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті; —қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға болмайды; —ешкімді де адамнын, өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс жүргізу әрекеттеріне тартуға болмайды; —заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиян ҚІЖКте көзделген тәртіппен өтелуге тиіс. Сонымен, жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасы Кон-ституциясының 16-бабы мен ҚІЖК-нің 14-бабында жазылған талаптардың негізінде мынадай тұжырымдар жасай аламыз: 1.Адамның жеке басының бостандығын шектеуге тек занда көрсетілген негіздер бойынша және заңның тәртібін сақтай отырып қана жол беріледі. Сондықтан ҚІЖК-де айыпталушыны немесе сезіктіні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың, сондай-ақ адамды сезікті ретінде ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі көрсетілген. 2.Қылмыстық іс жүргізу органы қамауға алынған немесе сезікті ретінде ұсталған адамға оның құқықтарын түсіндіруге және қорғану құқығын қамтамасыз етуге міндетті. Қамауға алынған немесе ұсталған адам прокурорға және сотқа шағымдану арқылы өзінің бас бостандығын қорғай алады. 3.Қамауға алынған адамдарды ұстау олардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиіс, оларға күш қолдануға, қадір-қасиетін түсіретін әрекеттер қолдануға немесе оларды қорлап ұстауға жол берілмейді. 4.Адамның бас бостандығын қамтамасыз етудің тағы бір жолы сот- психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу қажет болған жағдайларда қамауға алынбаған адамды медициналық мекемеге еріксіз орналастырудың тәртібін сақтау болып табылады. Ондай шара соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы бойынша қолданылады. 5.Заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған адам, сондай-ақ занда немесе үкімде көрсетілгеннен артық мерзім қамауда отырған адам дереу босатылуы тиіс. Бұл шараны жүзеге асыру қылмыстық іс жүргізу органдарына, соның ішінде, алдымен, зандылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жүкетеледі. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Бұл принцип бұрын қаралған зандылықпринципімен тығыз байланысты болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының зандылық принципін сақтауы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды талап етеді. ҚІЖК-нің 15 бабына сәйкес: —қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, процеске қатысушылардың заңды талаптарын қанағаттандыруға уақытылы шаралар қолдануға міндетті; —процеске қатысушы адамдардң сондай-ақ олардың отбасы мүшелерін немесе өзге де жақын туыстарын өлтірумен, күш қолданумен, мүлкін жоюмен немесе бұлдірумен, не өзге де заңға қарсы қауіпті әрекеттермен қорқытқандығын көрсететін жеткілікті деректер болған кезде қылмыстық істі жүргізуші орган өз құзыреті шегінде бұл адамдардың өмірін, денсаулығын, абыройын, қадір-қасиетін және мүлкін қорғауға занда көзделген шараларды қолдануға міндетті. Осы айтылған 15-баптың талабы бойынша, қылмыстық істі жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау принципін сақтау — екі жақты маңызы бар шаралардың қолданылуын талап етеді. Біріншіден, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы тұлғалардын, әрқайсысына оның құқықтарын түсіндіріп, ол құқықтарының жүзеге асырылуы үшін қажетті жағдайлар жасауға және осыған байланысты тиісті шараларды қолданып отыруға міндеттелген. Мәселен, тергеуші жәбірленуші ретінде танылған адамға ҚІЖК- нің 75-бабында көрсетілген құкықтарын түсіндіріп (айыпталушыға тағылған айыптауды білуге, жауап беруге, дәлелдемелер тапсыруға және т.б.), одан кейін жәбірленуші өтініш айтатын немесе талаптар қоятын болса, ондай өтініштер мен талаптарды шешуге байланысты тиісті іс-әрекеттер жүргізеді. Екіншіден, іске қатысушы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау — олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етеді. Сондықтан, егерпроцеске қатысушы адамдардың өміріне, денсаулығына, абыройына қарсы әрекеттер немесе мүлкіне қастандық жасалуы мүмкін деп санауға негіз бар болса, онда қылмыстық іс жүргізу органы занда көрсетілген шараларды қолдану арқылы (ҚІЖК-нің 98— 101 баптары бойынша) бұл адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Жеке өмірге қол сұқпаушылық, хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф арқылы және өзге де хабарласудың құпиялылығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабында жазылғандай: -әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауға, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абройлы атының қорғалуына құқығы бар; -әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сәйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар; -бұл құқықтарды шектеуге занда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осы конституциялық принцип ҚІЖК-нін 16-бабында да бекітілген. Қылмыстық істі жүргізу кезінде жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін сақтау - хат жазысудың және өзге де хабарлардың құпиялылығын қамтамасыз етумен байланысты бола тұрып, бірақ азаматтардың бұл құқықтарын заң бойынша шектейтін жағдайлар, мәселен, ҚІЖК-нің 235-237 баптарында көрсетілген. Осы баптарға сәйкес, қылмыстарды алдын ала тергеу кезінде почта-телеграф жөнелтімдерін тұтқындау, оларды тексеру және алу, сейлесулерді тындау, хабарды жол-жөнекей ұстау тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі. Сол сияқты, «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның 12-бабының4-бөлігінде былай деп көрсетілген: заңмен қорғалатын жеке өмірге тиіспеушілік, хат жазысу, теле-фонмен сөйлесу, телеграф хабарлары мен почта жөнелтімдері құпиясын қол сұғудан қорғау құқығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе олар жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу мақсатында прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады. Жеке өмірге қол сұқпаушылық принципіне сәйкес, тергеу әрекеттерін немесе жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінле,сондай-ақ сот талқылауы кезінде ашылған адамдардың өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтер жұрт алдында жариялануға жатпайды. Бұл талапты сақтау тек қылмыстық іс жүргізу органдары үшін ғана емес, сонымен қатар азаматтар үшін де міндетті болып табылады. Сондықтан осы жөнінде, қажет болған жағдайларда, қылмыстық іс жүргізу органдары іске қатысушы азаматтарды ескертулері тиіс. Тұрғын үйге қол сұқпаушылық. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-бабында баян етілген: тұрғын үйге қол сұғылмайды және соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 17- бабында да тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципі бекітілген. Қылмыстық іс жүргізуге байланысты тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру қажет болатын жағдайлар тиісті нормативтік құқықтық актілерде көрсетіліп реттелген. Мәселен, ҚІЖК-нің 222-бабына сәйкес, тұрғын үйді қарау (тексеру) тек онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келісімімен ғана жүргізіледі. Егер онда тұратын адамдар тексеріп қарауға қарсы немесе кәмелетке толмағандар болса немесе олардың психикалық не өзге ауыр науқастан зардап шегетіні белгілі болса, онда тергеуші мәжбүрлеп қарау туралы қаулы шығарып, прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурор санция беруден бас тартқан жағдайда қарау жүргізілмейді. Ал, тұрғын үйді оқиға болған жер ретіңде кідіртусіз қарау қажет болып, оны кейінге қалдыруға болмайтын жағдайда, тергеуші дәлелді қаулы шығарып, соның негізінде тұрғын үйді қарауға құқылы. Мұндай жағдайда тергеуші өзі жүргізген қарау туралы оның зандылығын тексеретін прокурорға бір тәулік мерзімде хабарлауға міндетті. Бұл хабарды алғаннан кейін прокурор тұрғын үйді қараудың зандылығын тексеріп, оның занды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Егер прокурор үйді қарау заңсыз жүргізілген деп тапса, онда қараудың нәтижесін дәлелдеме ретінде қолдануға жатпайды. Қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында тұрғын үйде тінту жүргізу қажет болуы мүмкін. Ондай жағдайда тінту тергеушінің дәлелді қаулысы бойынша прокурордың санкциясын алып жүргізіледі. Тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркіне қарсы кіру жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қажет болған жағдайда «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңның нормалары қолданылады. Бұл заңның 12-бабында (4-бөлігі) былай деп көрсетілген: тұрғын үйді қол сұғудан қорғау құұығын қозғайтын жедел-іздестіру шаралары тек ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды, сондай-ақ қылмыстық топтар әзірлеп жатқан немесе жасаған қылмыстарды анықтау, алдын алу және ашу үшін прокурордың санкциясымен ғана жүзеге асырылады. Қорыта айтқанда, тұрғын үйге қол сұқпаушылық принципінің екі жақты маңызы бар: біріншіден, азаматтардың күнделікті тұрмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың тұрғын үйінен заңсыз айыруды болғызбау үшін; екіншіден, жеке өмірге қол сұқпаушылық принципін қамтамасыз ету амалдарының бірі ретінде. Меншікке қол сұқпаушылық. Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 2б- бабына сәйкес азаматтардың меншік құқығы қорғалады және қамтамасыз етіледі. Бұл принцип ҚІЖК-нің 18-бабында да бекітілген. Осы баптардың нормалары бойынша: барлық азаматтар занды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады; меншік құқығы, оның ішінде мүрагерлік құқығы заңмен қорғалады; соттың шешімінсіз ешкімді де мүлкінен айыруға болмайды. Айтылған баптарда тікелей көрсетілмеген болса да, азаматтармен қатар заңды тұлғалардың да меншігіне қол сұғушылыққа жол берілмеуі тиіс. Сондықтан ҚІЖК-нің 18-бабында бекітілген меншікке қолсұқпаушылық принципі барлық тұлғаларға қатысты (жеке және занды тұлғалар) бірдей қолданылуға жатады. Меншікке қол сұқпаушылық принципіне байланысты ҚІЖК 18-бабының 2- бөлігінде былай деп жазылған: іс жүргізу барысында тұлғалардың банктегі салымдарына және басқа да мүліктеріне тыйым салуға, сондай-ақ оларды алуға ҚІЖКте көрсетілген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол берілді. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 161-бабында мүлікке (соның ішінде банктегі шоттар мен салымдардағы ақша қаражатына және өзге де бағалы заттарға) тыйым салудың қандай жағдайда мүмкін болатындығы және тәртібі көрсетілген: соттың үкімі бойынша шешілетін азаматтық талапты, басқа да мүліктік шараны немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеуші (анықтаушы) прокурордың санкциясымен не сотсезіктінің, айыпталушының немесе олардын әрекеттері үшін жауапты болатын тұлғаның мүлкіне тыйым салуға құқылы. Азаматтардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншік құқығын қорғау азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық құқық салаларының институттары бойынша да қамтамасыз етілді. Кінәсіздік презумпциясы. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-бөлігінің 1, 6, 8 тармақтарына сәйкес келетін ҚІЖК-нің 19-бабында тұжырымдалып жазылған: 1) адамның қылмыс жасағандығы ҚІЖКте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады; 2) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 3) айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмеген күдік оның пайдасына қаралады (түсіндіріледі); 4) айыптау үкімін болжамдауға негіздеуге болмайды және үкім шындыққа жататын дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы тиіс. Кінәсіздік презумпциясы принципіне сәйкес қылмыстық іс жүргізудегі «айыпталушы» және қылмыс жасауға «кінәлі адам» — бірдей ұғымдар емес. Яғни, алдын ала тергеу жүргізудің барысында айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамның қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәсіз екендігін тек сот қана шешеді. Егер бұл адамнын, кінәлі екендігі сотта қылмыстық істі қарау-дың нәтижесінде дәлелденіп, ол жөнінде айыптау үкімі шығарылған болса, онда осы үкім занды күшіне енгеннен кейін бұл адам қылмыскер ретінде қаралады. Ал бұған дейін, заңда көрсетілген айыпталушыға (сотталушыға) қолданылатын шектеулерді қоспағанда, оның жалпыға бірдей конституциялық құқықтары сақталады және айыпталушы басқа азаматтар сияқты өзінің конституциялық құқықтарын қолдана алады. Кінәсіздік презумпциясы принципінен туындайтын маңызды ереже: айыпталушының қылмыс жасағандығы занды жолмен дәлелденуі тиіс және оны дәлелдеу айыптау тарабына (айыптаушыға) жүктеледі. Мәселен, тергеуші қылмыстық істің мән-жайларын толық ашу үшін қажетті тергеу әрекеттерін заңға сәйкес жүргізу арқылы айыпталушының қылмыс жасағандығын дәлелдейді. Егер тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолдану, қорқыту немесе өзге заңсыз амалдарды қолдануға жол берілген болса, ондай жолмен жиналған дәлелдемелер айыптауғанегіз бола алмайды. Яғни, айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі занды жолмен алынған дәлелдемелердің жиынтығымен қуатталуы тиіс. Айыпталушы оған тағылған айыптаудан қорғануға құқылы, бірақ ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Егер айыпталушы заң бойынша берілген құқықтарын қолдануға әрекет жасамайтын болса, оның өзін осылай ұстауы кінәсін мойындауды білдіреді деп санауға жатпайды. Кінәсіздік презумпциясына байланысты тағы бір маңызды қағида — айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік оның пайдасына қаралуы (түсіндірілуі) тиіс. «Сейілмейтін күдік» ретінде бұл іс бойынша шешілуге тиісті мәселе жөнінде анық тұжырымға келу мүмкін болмайтын жағдай қаралады (қылмыстық істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объектівті зерттеу үшін заң бойынша қажетті барлық шаралар орындалғанға қарамастан). Мәселен, қылмыстық істі сот талқылауында қараудың нәтижесінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде сейілмейтін күдік қалатын болса, ондай күдік бұл адамның пайдасына қаралуға жататын болғандықтан, сот ақтау үкімін шығаруы тиіс. Яғни, сейілмейтін күдік туралы қағиданы қолдану — дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікті білдіреді деп ұғынуды қажет етеді. Осыған сәйкес, сот айыптау үкімін айыпталушының қылмыс жасағандығы жөнінде толық сенімге келген жағдайда ғана шығара алады. Егер қылмыстық іс бойынша жиналып зерттелген дәлелдемелер бір-біріне қайшы пікірлер туғызып, істің фактілік мән-жайларын әр түрлі айтуға мүмкіндік беретін болса, ондай жағдайда сот айыпталушының қылмыс жасағандығын болжамдау арқылы айыптау үкімін шығаруға жатпайды. Кінәсіздік презумпциясы принципін қорытындылай келіп, бұл принциптің айыпталушыға ғана емес, сонымен қатар сезіктіге және басқа іске қатысушыларға да қолданылатындығын ескерту қажет. Қайта соттауға және қылмыстық ізге тусуге жол берілмеуі. Қазақстан Республикасы Конституциясы 77-бабы 3-бөлігінін, 2-тармағында көрсетілгендей, бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Осы конституциялық нормаға сәйкес ҚІЖК-нің 20-бабында ешкімде нақбір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауапқа тартылмайды деп көрсетілген. Бұл принципті жүзеге асырудың кепілдігі ҚІЖК-нің 37-ба-бында 1- бөлігінің (7—8 тармақтары) нормалары болып табылады. Осы нормаларға сәйкес, белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы болуы, сондай-ақ белгілі бір айыптау бойынша бұл адамға қатысты қылмыстық ізге түсу органының күшін жоймаған істі қысқарту туралы қаулысы болуы -қылмыстық іс жүргізуді болдырмайтын жағдайларға жатады. Сондықтан, өкілетті органдар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс кезінде, сондай-ақ сотта іс жүргізу кезінде де жоғарыда аталған жағдайлардын бар-жоғын тексеріп анықтауға міндетті. Іске мүдделі адам өзіне қатысты қайта қылмыстық жауапқа тартуды болдырмайтын жағдай жөнінде өкілетті органға өтініш жасай алады. Ондай жағдайдың бар екені расталған болса, бұл орган қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы тиіс. Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жузеге асыру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы бойынша: 1.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. 2.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды. Осыған сәйкес, ҚІЖК-нің 21-бабында сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру принципі бекітілген. Бұл принциптің мәні мен маңызын айтқанда, азаматтардың заң мен сот алдындағы тендігі өзара тығыз байланысты дей отырып, бірақ олардың (заң мен сот алдындағы тендіктің) мазмұны жағынан айырмашылықтарын жоққа шығаруға болмайды. Яғни, азаматтардың заң алдындағы тендігі олардың сот алдындағы тендігінен кең ұғымды білдіреді. Бірінші жағдайда, азаматтар-дың теңдігі олардың қоғам өмірінің барлық салаларындағы құқықтық теңдікті білдіретін болса, екінші жағдайда — сот төрелігін атқару саласындағы азаматтардың тендігі айтылады. Азаматтардың сот алдындағы теңдігі олардың заң алдындағы тендігінен туындайды: заң алдындағы тендік болмай, сот алдындағы тендік бола алмайды. Сонымен қатар, сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру жөнінде айтқанда, бұл принциптің сотқа дейінгі қылмыстық істі қозғау және алдын ала тергеу жүргізу кезінде маңызы жоқ деп түсінуге болмайды. Өйткені, сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар да ешкімді тегіне, әлеуметтік, лауазымдық жағдайына, жынысына немесе нәсіліне қарап кемсітуді болдырмайды. Сондықтан, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі — тек сот төрелігін атқару принципі ғана емес, сонымен қатар тұтас қылмыстық іс жүргізу принципі деп те қарауға жатады. Сонымен: 1)азаматтардың заң алдындағы теңдігі — қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде (қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және істі сотта қарап шешу) барлық азаматтарға бірдей күші бар зандардың қолданылатындығын және олардың ешқайсысының құқықтары басқалардан өзгеше шектелмейтіндігін, сондай- ақ басқалардан артықшылығы болмайтындығын білдіреді; 2)азаматтардың сот алдындағы тендігі — олардың барлығы да Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей сот жүйесіне кіретін соттардың алдында жауапты болып, сотта іс жүргізу кезінде ешкімнің де артықшылықтарға иемденуіне және жағдайының ерекшеленуіне жол берілмейтіндігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың заңмен көзделген құқықтары мен міндеттері барлық азаматтарға бірдей таралатын болғандықтан, сот төрелігін атқару жалпы ереже бойынша жүргізіледі; іс жүргізудің тәртібі айыпталушының немесе жәбірленушінің және өзге процеске қатысушылардың жеке басына байланысты өзгертуге жатпайды. Дегенмен, ҚІЖК-де көрсетілген жекелеген санаттарға жататын істер бойынша өндірістің ерекшеліктері болатындығын да айту қажет. Мәселен, кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін жүргізу кезінде жалпы ережелермен қатар кейбір қосымша ережелер де қолданылады. Бірақ, ол ережелер азаматтардың заң және сот алдында тендігі принципін бұзуға соқтырмайды және олар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында көзделген. Сонымен қатар, дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес парламент депутаттарына, мемлекеттік органдардың кейбір лауазымды адамдарына, дипломатиялық қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс жүргізудің заңмен шектелген көлемде ерекшеліктері болатындығы белгілі. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 53-тарауында артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға қатысты қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері көрсетілген. Олардың қатарына: Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Конституциялық Кеңестің Төрағасы және мүшелері, судьялар, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, дипломатиялық иммунитеті бар адамдар жатады. Бұл адамдарға қатысты қылмыстық сот ісін жүргізу ерекшеліктері — олардың тәуелді болмауын қамтамасыз ету және заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуларын болғызбау мақсатында қосымша құкықтық кепілдіктердің көзделуімен байланысты болып табылады. Судьялардың тәуелсіздігі. Судьялардың тәуелсіздік принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 1 және 2 бөліктерінде жазылып бекітілген: судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады; сот төрілігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Бұл принцип ҚІЖК-нің 22-бабында да бекітіліп, мұнда былай деп көрсетілген: судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және заңмен белгіленген. Яғни, ол кепілдіктер Конституциямен қатар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңның негізінде анықталады. Осы заңдарға сүйене отырып, судьялар тәуелсіздігінің мына кепілдіктерін атай аламыз: —сот төрелігін атқарудың занда көрсетілген рәсіммен орындалуы; —судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандығы үшін заңмен көзделген жауаптылықтың болуы; —судьяға ешкімнің тиіспеуі (судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды); —судьяны қызметке сайлау, тағайындау, оның өкілеттігін тоқтату тәртібінің занда белгіленуі; —судьяларға мемлекет есебінен материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандырудың болуы; —судьялардың, олардың отбасы мүшелері мен мүлкінің мемлекеттік қорғауда болатындығы; —судьяға занда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеудің болмайтындығы. Судьяның тәуелсіздігі принципінің кепілдіктері осылармен ғана шектелмейді. Алайда, осы аталған кепілдіктердің өзі де судьялардың сот төрелігін атқару кезіндегі тәуелсіздігі іс жүзінде қамтамасыз етілетіндігін білдіреді. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. ҚІЖК-нің 23-бабында бекітілген бұл принциптің мәні — қылмыстық істі жүргізудің айыптау және қорғау (қорғану) тараптарының бір- бірінен бөлектенуіне негізделуі және тараптарға тең процессуалдық құқықтар беру арқылы олардың сот талқылауына қатысуларына бірдей мүмкіндік туғызу болып табылады. Ал сот айыптау немесе қорғану тарабының жағында болмай, яғни бейтараптылық сақтай отырып және тараптарға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызу арқылы қылмыстық істі әділ шешуі тиіс. Сонымен, тараптардың бәсекелестігі принципінің басты сипаты — қылмыстық сот ісін жүргізу кезіндегі үш негізгі процессуалдық функциялардың (айыптау, қорғану және қылмыстық істі шешу) бір-бірінен анық бөлектенуі және әр функцияны атқарудың сәйкес субъектілерге жүктелуі болып табылады: айыптау функциясын атқару — айыптау тарабына, қорғау (корғану) — қорғау тарабына, қылмыстық істі шешу — сотқа. Осыған сәйкес ҚІЖК-нің 23-бабында былай деп көрсетілген: сотталушыға тағылған айыптауды дәлелдеу міндеті айыптаушыға жүктеледі; қорғаушы сотталушыны қорғаудың занда көзделген барлық құралдары мен әдістерін пайдалануға міндетті; сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз міндеттерін орындауы және өздеріне берілген кұқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдай туғызады. Сотта істі қарау кезіндегі тараптардың бәсекелестігін қамтамасыз етудің маңызды шарты олардың тең құқықтылығын сақтау болып табылады. Тараптардың тең қүкықтылығы — сотталқылауы кезінде тараптарға қылмыстық істің мән-жайларын толыққ жан-жақты ашуға және дәлелдемелерді зерттеуге қатысулары үшін бірдей мүмкіндік берілетіндігін, сондай-ақ осы кездегі іс- әрекеттердің барлығы тараптардын бірдей қатысуымен жүргізілетіндігін білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде сотқа қатысатын прокурордың қорғану тарабына жататын сотталушыдан және оның қорғаушысынан артықшылығы болмайды. Прокурор, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғаушысы дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға (сотталушыдан, жәбірленушіден, куәлардан жауап алуға және т. б.), сотқа түсініктер беруге, өтініштер айтуға, өз пікірін білдіруге, дәлелдемелер тапсыруға тең құқылы болып табылады. Бірақ, сонымен қатар, тараптардың тең құқықтылығы ұғымының олардың процессуалдық жағдайы ұғымынан өзге мәселе екендігін ескеру қажет (прокурордың процессуалдық жағдайы жәбірленушінің немесе сотталушының процессуалдық жағдайымен бірдей бола алмайды). Тараптардың бәсекелестігіне байланысты ескерілетін тағы бір жағдай: бұл принциптің толық мағынада қолданылуы бірінші саты сотында істі қарау кезінде, яғни басты сот талқылауы стадиясында мүмкін болатындығы. Сондықтан ҚІЖК-нің 23-бабында бұл принциптің осы стадияға сәйкес сипатта жазылғандығына назар аудару қажет. Сонымен қатар, осы баптың 10-бөлігіне сәйкес, апелляциялық және қадағалау сатыларында да тараптардың сотта істі қарауға қатысулары жоққа шығарылмайды. Бірақ, бұл сатылардағы сотта іс жүргізудің тәртібі бірінші саты сотындағы өндірістен өзгеше болып табылады және тараптардың бәсекелестігі принципін қамтамасыз етудің шарттарына сәйкес келмейді. Ал, алдын ала тергеу кезіндегі тараптардың бәсекелестігі принципін қолдану жөнінде айтатын болсақ, қылмыстық істі жүргізудің бұл стадиясына да айыптау және қорғану тараптары қатысады. Тергеуші (анықтаушы) қылмысты тез және толық ашу міндетін орындай отырып, сонымен қатар сезіктінің және айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды және қорғану тарабының іске қатыстырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ, алдын ала тергеу (анықтау) жүргізудің жалпы шарттары және процессуалдық тәртібі бәсекелестік принципін толық жүзеге асыруды қамтамасыз ете алмайды. Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. ҚІЖК-нің 24- бабында жазылған: сот, прокурор, тергеуші,анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін занда көзделген барлық шарларды қолдануға міндетті. Бұл принциптің маңызын ашуға байланысты «жан-жақты» және «толық» сөздерінің мағынасы жөнінде әдебиетте әр түрлі пікірлер айтылған. Кейбір авторлар бұл сөздердің мағынасы бір-біріне тең келмейді деп қарап, олардың әрқайсысына бөлек түсінік беруді көздейді. Ал, авторлардың басым көпшілігі «жан-жақты» және «толық» сөздерін бір-бірінен бөлектеудін, қажеттігі жоқ, олар тұтас мағынаны білдіретін сөз тіркесі ретінде қолданылады деп санайды. Қалай айтқанда да, бұл принциптің негізгі мәні — оның қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетудің амалы ретінде қолданылуы болып табылады. Олай болмай, қылмыстық іс жүргізу органдары өз міндеттерін орындауға жете алмайды. Істің мән-жайын жанжақты, толық және объективті зерттеу принципінің талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу органы: —әрбір қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, яғни дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлардың барлығын толық көлемде анықтауы тиіс (кылмыстың оқиғасы, жасалуы уақыты, болған жері, қылмысты кім жасағандығы, айыпталушының кінәлілігі, кінәсінің нысаны және т. б.); —істің мән-жайларын біржақты айыптау тұрғысынан емес, жан-жақты ашуға тиіс (айыпталушыны әшкерелейтін де, оны ақтайтын да, айыпталушының жауаптылығын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ іске маңызы бар басқа да нақты мән-жайлардың барлығын); —объективтік көзқарасты сақтай отырып, айыптау және қорғану тараптарына істің мән-жайларын зерттеуге байланысты өз құкықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай туғызуға тиіс. Осы айтылған талаптарды басшылыққа ала отырып, қылмыстық іс жүргізу органы істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу принципін жүзеге асырады. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау. Бұл принциптің ҚІЖК-нің 25- бабында жазылуы бойынша: судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы дәлелдемелерді олардың жиынтығына негізделген өздерінің ішкі сенімі бойынша бағалайды және бұл орайда заң мен ар-ожданын басшылыққа алады; ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды. Дәлелдемелерді бағалау принципінің маңызы қылмыстық іс жүргізудің өзі дәлелдемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылатындығына байланысты болып табылады: тергеуші қылмысты ашу үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы дәлелдемелерді жинайды; прокурор дәлелдемелердің негізінде айыпталушының қылмыс жасағандығын сот алдында ашып көрсетеді; қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелердің негізінде сот үкім шығарады. Тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья дәлелдемелерді бағалаудың негізінде тиісті процессуалдық шешім қабылдайды (қаулы, үкім шығару). Бұл кезде дәлелдемелер олардың іске қатыстылығы, зандылығы, маңыздылығы, шындыққа сәйкестігі және жеткіліктілігі тұрғысынан бағала-нып, сол арқылы өкілетті лауазымды адам (тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья) істің мән-жайларының дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі жөнінде анық пікірге келе алады. ҚІЖК-нің 25-бабына сәйкес дәлелдемелерді бағалаудың мына ережелерін атап керсету қажет: 1)қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелердің әрқайсысын бағалап қолдану міндетті болып табылады және сондықтан ешбір дәлелдеменің күні бұрын белгіленген күші болмайды; 2)дәлелдемелерді бағалаудың басты ережесі оларды ішкі сенім бойынша бағалап қолдану болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органы шешім қабылдаған кезде оған қандай дәлелдемелерді қолдану және оларды қалай бағалау керектігі жөнінде ешкім нұсқау бере алмайды. Бірақ, заңда ішкі сенімнің қалыптасу негізі көрсетілген: ол қылмыстық іс бойынша бар-лық дәлелдемелердің жиынтығы болып табылады. Яғни, жиналған дәлелдемелердің барлығын жан-жақты зерттеп, соның негізінде олардың зандылығы, маңыздылығы, шындыққа сәйкестігі және жеткіліктілігі жөнінде процессуалдық шешім қабылдайтын адамның ішкі сенімі қалыптасады. Сондай-ақ, дәлелдемелерді бағалау кезінде өкілетті лауазымды адам заңның талаптарын және өзінің ар- ожданын басшылыққа алуы тиіс. Сезіктінің, айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету. Бұл принципке ҚІЖК-нің 26-бабы арналған.Сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығы олардын, басқа да құкықтарымен тығыз байланысты болып табылады. Сондықтан ҚІЖК-нің 26-бабында былай деп көрсетілген: қыл-мыстық іс жүргізу органы сезіктіге, айыпталушыға құқықтарын түсіндіруге және олардың айыптаудан заңмен тыйым салынбаған барлық құралдармен қорғану мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүліктік құқытқтарын қорғауға шаралар қолдануға міндетті. Яғни, сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің басты шарты — олардың өздеріне заң бойынша берілген құқықтарын анық білуі болып табылады. Сезіктінің және айыпталушының қорғану құқығын қамтамасыз етудің екі жақты маңызы бар: 1) олардың айыптаудан қорғануларын жүзеге асырудың жолы ретінде; 2) қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жетудің, сондай-ақ сот үкімінің занды және дәлелді болуының маңызды шарты ретінде. Сондықтан да қылмыстық іс жүргізу заңында сезіктініңжәне айыпталушының қорғану құқығы принципіне үлкен мән беріліп, оны қамтамасыз етудің кепілдіктері көзделген. Ол кепілдіктерге мыналар жатады: —қылмыстық істі жүргізу кезінде сезіктіге және айыпталушыға қорғану құқығының түсіндірілетіндігі және олардың өз құқықтарын қолдану тәртібінің заңмен көрсетілуі; —сезіктінің ұсталған кезден бастап, ал айыпталушының оған айып тағылған кезден қорғаушы алу құқығының іске асырылатындығы; —занда көрсетілген жағдайларда сезіктінің және айыпталушының занды өкілдерінің іске қатыстырылатындығы; —қорғаушының және занды өкілдердің іске қатыстырылуы сезіктінің және айыпталушының өздеріне тиесілі құқықтарын кемітпейтіндігі; —қылмыстық іс жүргізу органдарының сезіктіге және айыпталушыға құқықтарын түсіндірумен қатар ол құқықтарын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауға міндеттілігі. Сезікті және айыпталушы қорғануға құқылы, бірақ олар қорғануға міндетті емес. Сондықтан, егерде сезікті немесе айыпталушы қорғану құқығын біле тұрып, алайда оны жүзеге асыру үшін ешбір әрекет жасамайтын болса, мұндай жағдайды бұл адамның өзіне қарсы пайдалануға, яғни оның өзінің кінәлілігін мойындағаны деп қарауға жатпайды. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-бөлігінің 7-тармағында былай деп жазылған: ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; діни қызметшілер өздеріне сеніпсырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес. Осы конституциялық нормаға сәйкес, ҚІЖК-нің 27-бабында да куәлік айғақтар беру міндетінен босату принципі бекітілген. Бұл принциптің құқықтық және моральдық та маңызы бар. Құқықтық маңызы: занда көрсетілген жағдайларда куә ретінде жауап беруден бас тартқан адам ол үшін ешқандай жауаптылыққа тартылмайды. Ал, бұл принциптің моральдық маңызы: заңда көрсетілген жағдайларда тиісті адамдарды куә болудан босату қылмыстық іс бойынша өндіріс кезінде жүргізілетін іс- әрекеттердің адамгершілік (гуманистік) тұрғыдан да қаралатындығын білдіреді. Яғни, ондай жағдайларда куә болатын адамдарға моральдық тұрғыдан қиындық туғызбау көзделеді. Осы принципке сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы куә ретінде жауап алуға жататын адамға қатысты мүмкін болатын ерекше жағдайларды ескеруі қажет. Ондай ерекше жағдайларға мыналар жатады: 1) куә ретінде жауап алуға жататын адамның қылмыс жасауға қатыстылығы жөнінде сезіктің болуы (мұндай жағдайда куә өзінің қылмысқа қатыстылығы жөнінде, яғни өзіне қарсы жауап беруге тиіс болар еді); 2) куә ретінде жауап алуға жататын адамның айыпталушының немесе сезіктінің жақын туысқаны немесе жұбайы (зайыбы) болуы; 3) айыпталушының немесе сезіктінің оған қарсы куә ретінде жауап алуға жататын діни қызметшіге сеніп сырын ашқан болуы. Осындай мүмкін болатын жағдайларда куә ретінде жауап алуға жататын адамдарға заң бойынша мынадай таңдау құқығы берілген: 1) куә ретінде жауап беруден бас тарту; 2) өзінің ерікті келісімімен куә ретінде жауап беру (бұл жағдайда куәнің жауабы дәлелдемелердің түрі ретінде қолдануға жатады). Сонымен, куәлік айғақтар беру міндетінен босату принципіне сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) куәдан жауап алудың алдында заңда көрсетілген айғақтар беруден босататын жағдайлардың бар-жоғын анықтап білуі тиіс. Білікті заң көмегін қатамасыз ету. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігінде жазылған: «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Занда көрсетілген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі». Бұл принцип ҚІЖК-нің 28-бабында бекітіліп, қылмыстық процеске қатысушылардың білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету принципінің алдымен өз мүдделерін қорғап процеске қатысушылар үшін, соның ішінде сезікті мен айыпталушы үшін үлкен маңызы бар. Бұл принципті жүзеге асырудың мынадай амалдарын атайаламыз: 1.Қылмыстық іс жүргізу органдарының процеске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, ол құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға міндеттілігі. 2.Айыпталушының (сезіктінің) өзінің қалауы бойынша қорғаушы, яки адвокат алу құқығының іс жүзінде қамтамасыз етілетіндігі. Яғни, білікті заң көмегін алу үшін кәсіби қорғаушының (адвокаттың) іске қатысуы тиімді болады. 3.Басқа іске мүдделі адамдардың (жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер) өздерінің өкіл алу құқығын пайдаланып, білікті заң көмегін көрсетуге адвокат шақыру мүмкіндігі (айыпталушының немесе сезіктінің мүддесін қорғайтын адвокат «қорғаушы» деп аталатын болса, басқа іске мүдделі адамдар жағынан процеске қатысатын адвокат «өкіл» статусына ие болады). 4.Қажет болған жағдайларда қылмыстық іс жүргізу органынын қаулысы бойынша айыпталушының заңгерлік көмекке ақы төлеуден толық немесе жартылай босатылатындығы. Мұндай жағдайда қорғаушыға ақы төлеу мемлекет есебінен жүргізіледі. 5.Жалпыға бірдей адвокаттық қызмет арқылы азаматтардың әртүрлі заң көмегін алуына болатындығы. Мәселен, «Адвокаттық қызмет туралы» заңның 4- бабына сәйкес заң көмегін көрсете отырып, адвокаттар: 1)шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді; 2)талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды; 3)анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және занды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады. Жариялылық. ҚІЖК-нің 29-бабында көрсетілгендей, қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен сот сатыларындаашық жүргізіледі. Яғни, жариялылық принципі сотта істі қараудың жүргізілуін процеске қатысушы адамдармен қатар басқа да азаматтардың көріп тыңдай алатындығын және істі қарау жұртшылық алдында ашық жүргізілетіндігін білдіреді. Мұның өзі, яғни сот төрелігін атқарудың қоғамдық бақылаудан жасырын болмайтындығы, соттың жауаптылығын және жұртшылық алдында тәртіптілік пен зандылықты қатаң сақтаудың маңыздылығын арттырады. ҚІЖК-нің 29-бабына сәйкес, мына жағдайларда ғана сот талқылауы жариялылығын шектеуге жол беріледі: —мемлекеттік құпияны қорғау қажет болған жағдайда; —кәмелетке толмағандардың қылмыстық істері қаралатын болғанда; —жыныстық қылмыстар туралы істер қаралатын болғанда; —іске қатысушы адамдар өмірінің жеке жақтары туралы мәліметтерді жариялауды болдырмау қажет болса; —іске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты. Осындай жағдайларда соттың дәлелді қаулысы бойынша қылмыстық істі қарауды жабық өткізуге жол беріледі. Бірақ, мұндай жағдайлардың өзінде де сот талқылауын толық жабық жүргізу міндетті емес. Яғни, сот талқылауы жартылай (қажетті көлемде ғана) жабық жүргізілуі мүмкін. Сот отырысы жабық жүргізілетін болғанның өзінде де қылмыстық істі қараудың заңмен белгіленген басқа барлық ережелері сақталуға тиіс және соттың үкімі ашық жариялануға жатады. Жариялылық принципі барлық сот сатыларына бірдей таралады. Осыған сәйкес, апелляциялықжәне қадағалау сатыларында да істерді сот отырысында қарау ашықтүрде жүргізіледі. Сотта істі қараудың жариялылығы онын, ауызша жүргізілу шартымен байланысты болып табылады. Яғни, сотта істі қарау кезінде әр істің мән- жайлары және жиналған дәлелдемелер ауызша талқыланып зерттеледі, сотталушыдан және басқалардан жауап алу ауызша жүргізіледі, іске қатысушылар ауызша түсініктемелер береді, өтініштерін айта алады, істегі бар құжаттар және сот қабылдаған шешімдердің барлығы жарияланып отырады. Осының бәрі сотта іс қарауға қатысушылардың өз құқықтарын қолдану арқылы занды мүдделерін қорғауларына жағдай жасайды. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Бұл принцип Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес мағынада (мемлекеттік тіл — қазақ тілі, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады) ҚІЖК-нің 30-бабында бекітілген: қылмыстық сот ісін жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен бірдей орыс тілі немесе басқа да тілдер қолданылады. Яғни, қылмыстық істің қай тілде жүргізілетіндігі әр жеке жағдайда жергілікті халықтың басым көпшілігінің тіліне сәйкес шешіледі. Сондықтан, ҚІЖК-нің 30-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы бұл істің қай тілде жүргізілетіндігін қаулы шығару арқылы белгілейді. Қылмыстық істің қай тілде жүргізілетіндігін заңға сәйкес белгілеу — тұрғын халықтын сот ісін жүргізуге қатысуларын жеңілдетеді, процеске қатысушылардың өз құқықтарын толық қолдануларына, сот төрелігін атқарудың тәрбиелік ықпалын арттыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл принцип қылмыстық сот ісін жүргізудің жариялылық принципін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Ал, қылмыстық іс жүргізу тілін білмейтін немесе толық білмейтін процеске қатысушылардың мүдделерін қорғау мақсатында занда олардың мынадай құқықтары және тиісті шараларды жүзеге асыру көзделген: —олар қылмыстык іс бойынша өндіріс кезінде аудармашының қызметін толық тегін пайдалануға құқылы; —олар өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде түсініктемелер және айғақтар беруге, өтініш білдіруге, шағым жасауға, сөйлесуге құқылы; —олар аудармашы арқылы істің материалдарымен танысуға және басқа да қажетті іс-әрекеттер жасауға құқылы; —оларға сотта істі қарау кезінде басқа тілде айтылғандардың бәрін және басқа тілде жазылған заң бойынша қажетті істің материалдарын аударып түсіндіру қамтамасыз етіледі; —оларға заң бойынша тапсырылуға тиісті құжаттар сот ісін жүргізу тілінде жазылған түрінде және олардың өздері таңдаған тілде жазылған ол құжаттардың куәландырылған көшірмелері қоса беріледі; —сезікті немесе айыпталушы сот ісін жүргізу тілін білмейтін жағдайда қорғаушының процеске қатысуы міндетті болып табылады. Іс жүргізу әрекеттерімен шешімдеріне шағымданудың еріктілігі. ҚІЖК- нің 31-бабына сәйкес, қылмыстық процеске қатысушылар өздерінің занды мүдделерін қорғау мақсатында сот пен қылмыстық ізге түсу органдарының әрекеттері мен шешімдеріне ҚІЖКте көрсетілген тәртіппен шағым жасай алады. Ондай шағым жасаудың жалпы тәртібі ҚІЖК-нің 12-тарауында (103—112-баптар) бекітілген. Соған сәйкес, шағым жасаудың тәртібі екі түрге бөлінеді: 1) қылмыстық ізге түсу органдарының (тергеушінің, анықтаушының, прокурордың) іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау; 2) соттың үкімдері мен қаулыларына шағым жасау. Жалпы ереже бойынша, тергеушінін, және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды зандылықтың сақталуын қадағалайтын тиісті прокурор қарап шешеді, ал прокурордың іс-әрекеті мен шешіміне шағым жоғары тұрған прокурорға беріледі. Сонымен қатар, іске мүдделі адамдар прокурордың шешіміне сотқа да шағымдануға құқылы. Мұндай шағымдар алдын ала тергеу және анықтау жүргізудің барлық кезеңдерінде беріле алады. Соттың үкіміне (қаулысына) шағым жасаудың өзі екі түрлі болады: 1) занды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағым беру; 2) занды күшіне енген соттың үкімдері мен қаулыларына қадағалау саты сотына шағым беру. Ондай шағымдар берудің тәртібі ҚІЖК-нің 46 және 50- тарауларында белгіленген. Шағым жасаудың еріктілігін қамтамасыз ету мақсатында ҚІЖК 31-бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: шағымды оны берген адамға немесе шағым беруші мүддесін көздеген адамға зиян келетін етіп қолдануға жатпайды. Мәселен, сотталған адамның немесе оның қорғаушысының шағымы қаралған жағдайда апелляциялық саты соты үкімді ауыр жағына (неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдануға немесе бірінші саты соты тағайындаған жазаны қатаң жазаға) өзгертуге құқылы емес. ҚІЖК шағым жасаудың еріктілігіне арналған 31-бабында қылмыстық іс жүргізу органдарының әрекетсіздігіне шағымдану жөнінде айтылмаған. Алайда, іске мүдделі адамдардың ондай шағым беру құқығын жокқа шығаруға болмайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қылмыстық іс жүргізудің принциптері. 2. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері. 3. Заңдылық принципі. 4. Сот эділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы. 5. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау. 6. Жеке адамның абыройы мен кадір-касиетін құрметтеу. 7. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. 8. Жеке өмірге қол сұғышпаушылық. Хат жазудың, телефон арқылы сейлесудің, почта телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. 9. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық. Меншікке қол сұғылмаушылық. 10. Кінэсіздік презумпциясы. 11. Қайта соттауға және қылмыстық ізге түсүге жол бермеу. 12. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру. Судьялардың тэуелсіздігі. Сот ісін жүргізудігі тараптардың мен тең құкықтылығы негізінде жүзеге асыру. Дәріс тақырыбы 4. Қылмыстық ізге түсу. Негізгі сұрақтар 1. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мазмұны. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырудың жалпы шарттары. Қылмыстық ізге түсудің нысандары.. Жеке, жеке-жариялы және жариялы істер бойынша ізге түсу және айыптау. Жариялылық және диспозитивтік принципі. 2. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту. 3. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері. 1. Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына қарай қылмыстық iзге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке-жариялы және жариялы түрде жүзеге асырылады. Кодекстiң 33-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке айыптау iстерi болып саналады, жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және оның айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға тиiс. Кодекстiң 34-бабында аталған қылмыстар туралы iстер жеке-жариялы айыптау iстер болып саналады, жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана қозғалады және тек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында көзделген жағдайларда ғана жәбiрленушiнiң айыпталушымен бiтiсуiне орай қысқартылуға жатады. Қылмыстар туралы iстер жариялы айыптау iстерi болып саналады. Бұл iстер бойынша қылмыстық iзге түсу жәбiрленушiнiң шағым беруiне қарамастан жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарында, 144-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 145-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 300-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкiн. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Жеке- жариялы тәртiппен жүзеге асырылатын қылмыстық iзге түсу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 103-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 104- бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 117-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiгiнде), 120-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 121-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 135, 139- баптарында, 144-бабында (екiншi бөлiгiнде), 176-бабында (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 184-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 184-1-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 187-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 188, 189, 200- баптарында, 226-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 227-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 228-бабында, 229-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 296-бабында (бiрiншi бөлiгiнде), 327-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық iс бойынша iс қозғалмайды. Егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелдi жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетiнше пайдалануға қабiлетсiз адамдардың мүдделерiн қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттiң елеулi мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауға құқылы. Егер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 8-тарауында көзделген әрекет мемлекеттiк кәсiпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделерiне зиян келтiрсе және басқа ұйымдардың мүдделерiне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне зиян келтiрмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкiлеттi орган басшысының арызы немесе олардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн орындау мақсатында қылмыстық iзге түсу органы өз құзыретi шегiнде қылмыстың белгiлерiн тапқан әрбiр жағдайда қылмыс оқиғасын белгiлеуге, қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды анықтауға, оларды жазалауға заңмен көзделген барлық шараларды қолдануға, сонымен бiрдей кiнәсiз адамдарды ақтау шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы жәбiрленушiге сот әдiлдiгiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге және қылмыспен келтiрiлген зиянды өтеу шараларын қолдануға мiндеттi. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық процестегi өзiнiң өкiлеттiгiн қандай да болсын органдар мен лауазымды адамдарға тәуелсiз және Кодекстiң талаптарына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырады. Қылмыстық iс бойынша объективтi зерттеу жүргiзуге кедергi келтiру мақсатында қылмыстық iзге түсу органына қандай түрде болса да ықпал ету заңмен белгiленген жауаптылыққа әкеп соқтырады. Қылмыстық iзге түсу органының заңға сәйкес қойылған талаптарын барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар орындауға мiндеттi. Аталған талаптарды орындамау заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. 2. Қылмыстық iс қозғауға болмайтын, ал қозғалған iс тоқтатылуға тиiс жағдайлар: 1) қылмыс оқиғасы болмауы; 2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы; 3) егер ол жасаған әрекет үшiн жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актiсiнiң салдары; 4) мерзiмiнiң ескiруiне байланысты; 5) ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚІЖКтiң 33-бабының бiрiншi бөлiгiнде және 34-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы. 6) жеке айыптаушының - ҚІЖКтiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы; 7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау бойынша соттың заңды күшiне енген үкiмi не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн белгiлейтiн соттың күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; 8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу органының қылмыстық iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты; 9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты; 10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкiн болатын жасқа толмаған адамға қатысты; 11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе iстi басқа адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қайтыс болған адамға қатысты; 12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң ережелерiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты. Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс құрамы жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн барлық мүмкiндiктер сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде де қысқартылады. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң) зиян келтiруi заңды болып табылған не әрекеттi айыпталушы (сезiктi) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне сәйкес оның қылмыстылығы мен қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2- тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс. Істi қысқартуға, егер айыпталушы қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Бұл жағдайда iс бойынша iс жүргiзу жалғастырылады және оған негiз болған кезде сотталған адамды жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады. Қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген сатысында қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Прокурор iстi соттың басты талқылауында қарау басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және осы бапта көзделген негiздер бойынша қысқартуға да құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдеуге мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер жеке айыптаушы айыптауды қолдауын жалғастырса, қылмыстық iстi қараудың жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайларды байқаған сот қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi. Сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келiсiмiмен тергеушi немесе анықтау органы тиiстi жағдаяттар болған кезде жәбiрленушiнiң сезiктiмен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабында екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 67-бабының үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда сот кәмелетке толмаған баланың жәбiрленушiмен татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық iстi тоқтатуға құқылы. Сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн жағдайларды байқаған мемлекеттiк айыптаушы айыпталушының қылмыстық iзiне түсуден бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Мемлекеттiк айыптаушы мәлiмдеген қылмыстық iзге түсуден бас тарту жеке айыптаушыға қылмыстық iстiң материалдарын пайдалана отырып, айыпталушының қылмыстық iзiне түсудi жалғастыруына кедергi келтiрмейдi. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн айыпталушыға (сезiктiге) iстi қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша оны қысқартуға қарсылық бiлдiру құқығы түсiндiрiлуге тиiс. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы жәбiрленушiге және оның өкiлiне хабарланады, олар қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысына жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Қылмыстық iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi оған қарсылық бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс бойынша iс жүргiзу әдеттегi тәртiппен жалғастырылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар. 2. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар. 3. Жәбірленушімен бітісуі және келтірілген залалды өтеу арқылы қылмыстық істі қысқарту. 4. Қылмыстық ізге түсу органдары және олардың өкілеттіктері. 5. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту және қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару бойынша қылмыстық ізге түсу органдары мен соттың міндеттері. Дәріс тақырыбы 5. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар. Негізгі сұрақтар 1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың ұғымы, олардың жіктелуі. Қылмыстық іс жүргізу қатысушылары мен субъектілері түсініктерінің ара қатынасы. 2. Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде. Қылмыстық іс жүргізудегі прокурор, оның іс жүргізу жағдайы мен өкілеттіктері. Тергеуші, оның іс жүргізу жағдайы. Тергеу бөлімінің бастығы, оның іс жүргізу жағдайы. Анықтау органы, түрлері, міндеттері және өкілеттіктері. Анықтаушы, оның іс жүргізушілік жағдайы. Анықтау органының бастығы, іс жүргізушілік жагдайы. 3. Өзінің және басқалардың құқытары мен мүдделерін қорғайтын қылмыстық іс жүргізу қатысушылары. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері. 4. Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы. Куәнің іс жүргізу жағдайы. 1. Қылмыстық процеске қатысушылар деп қылмыстық істерді тергеуге және қарауға өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мең заңды мүдделерді қорғауы мақсатымен мемлекеттік органдар тартатын немесе қатыстыратын және іс жүргізушілік кең құқықтар берілген жеке және заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай-ақ қосалқы функциялар атқаратын адамдар мен органдарды түсіну керек. Ғылымда процеске қатысушылар мәнінің сыртқы жағын түрліше түсіну байқалып отыр. Атап айтқанда, М.М. Михеенко қылмыстық іс жүргізу қызметіне белгілі бір дәрежеде қатысатын адамдар процесс субъектілеріне және қатысушыларына бөлінеді деп санайды. Субъектілер - сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы лауазымды адамдар мен органдар ғана; басқалардың бәрі - процеске қатысушылар. Л.Д. Кокоревтің пікірінше, «субъектілер» және «қатысушылар» терминдері — мән-маңызы бірдей ұғымдар1, бірақ қылмыстық процесс үшін «қатысушылар» термині лайықтылау, өйткені «субъектілер» термині жалпылама сипатта. Процесс субъектілері мен қатысушыларына бөлу біршама жасанды сипат альш отыр деп топшылауға негіз бар, өйткені құқық қатынастарына қатысушылардың кез келгенінде құқықтар да, міндеттер де бар. Айырмашылық - сол құқықтар мен міндеттердің сипаты мен бағытында. «Субъект» терминін пайдаланудың орынды екенін ҚІЖК құрылымынан көруге болады, онда қылмыстық процеске тартылған адамдар «процеске қатысушылар» деген бір ұғыммен білдірілген. Процеске қатысушылар мәнінің ішкі жағы да айтыс туғызуда. Процеске қатысушылар категориясына жататын адамдар шеңберін анықтау проблемасына түрлі ғылыми мектептер түрліше қарайды. Процеске қатысушыларға жататын адамдар түсінігінде мынадай үш көзқарас барынша айқын байқалды. Бірінші көзқарасқа сәйкес, мүдденің бар-жоғына қарамастан іске белгілі бір қатысы бар кез келген адам процеске қатысушы болып табылады. Бұл көзқарасты В.П. Божьев барынша дәйекті түрде жақтап келеді. Барынша көп қолдаушылар таіждн екінші көзқарас процеске қатысушылар деп тек істе мүддені білдіруші немесе қорғаушы адамдарды тануға негізделген. Үшінші көзқарас қылмыстық сот ісін жүргізуде «процеске қатысушылар» категориясының заңдылығын жалпы теріске Бір жағынан, «процеске қатысушылар» терминін түсіну, ал екінші жағынан — процеске қатысушьшар категориясына жатқызылатын адамдар шеңберін аныктау жөніндегі ғылыми көзқарастарда орын алып отырған алшақтықтарға объективті негіз бар, оның мәні: «процеске қатысушылар» категориясының өзін қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылымының әр түрлі түсінуімен; іс жүргізушілердің қылмыстық процестегі функциялар мәнін түрліше түсінуімен байланысты. Қылмыстық іс жүргізу заңында «процеске қатысушылар» категориясының түрліше түсінілуі мынадан көрінеді. 1. ҚІЖК нормалары процеске қатысушылар тізбесі берілген бөліктерде бір- біріне сәйкес келмейді, мысалы: а) ҚІЖК-тің 7-бабының 9-тармағында «процеске қатысушылар» - қылмыстық ізге түсуді және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы) тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкілі мен өкілі, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері» деп түсіндірілген; осылармен қатар ҚІЖК-тің 7-бабының 25-тармағында тағы да бір түсініктеме берілген: «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы; ә) ҚІЖК 2-бөлімі («Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар») сот (судья), іс бойынша төрағалық етуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы қызметін регламенттеген, мұның өзі ҚІЖК- тің 7-бабының 9 және 25-тармақтарында көрсетілген процеске қатысушылар шеңберінен едәуір кең; б) 10-тарауда («Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар») процеске қатысушылар ретінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы аталған, мұның өзі ҚІЖК 7-бабының 25-тармағына сәйкес келеді. 2. Қылмыстық іс жүргізу заңында қаралып отырған категорияның өзін де, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушылардың іс-әрекеті қылмыстық іс жүргізушілік ережесін де түрліше түсіндіруге әкеліп соғатын дәлсіздіктер бар, мысалы: а) 84-баптың 1-бөлігінде маман — «тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысу үшін»шақырылған адам деп көрсетілген; ал 7-баптың 25-тармағы бойынша маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; сараптамалық зерттеу үшін маманның қатысуымен үлгілер алу туралы 260-бапқа жасалған талдау маман — тергеу іс-әрекетіне қатысушы екенін дәлелдейді (атап айтканда, бапта былай делінген: «Қаулыда аталған тергеу іс-әрекетінің барлық қатысушыларының құқықтары мен міндеттері керсетілуге тиіс»); 239-баптың 2- бөлігіне сәйкес маман «тергеу экспериментіне қатыстырылуы» мүмкін, 238- баптың 3-бөлігіне сәйкес оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен айқындау қажет болған жағдайда маманның қатысуымен жүргізіледі. Маман және қылмыстық процеске тартылатын өзге де адамдар жағдайының регламенттелуіне жасалған талдаудан «қатысушы», «қатысу үшін шақырылған адам», «іс-әрекетке қатысушы адам», «қатыстыру», «қатысуымен» және т.т. ұғымы - бір нәрсені білдіретінін көреміз; ә) маманның қылмыстық процеске қатысушы ретіндегі жағдайының анықтамасын «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» ұғымдарымен салыстырып көрелік: 1. маман — процеске қатысушы; 2.маман — қылмыстық процеске қатысушы өзге адам; 3.қарапайым салыстыру негізінде «процеске қатысушы» және «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адам» ұғымдары тең деген тұжырым жасаймыз; б) қылмыстық процеске тартылатын адамдарды «қатысушылар» мен «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдарға» бөлу шартты, сырттай сипат алып отыр және заң шығарушының сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы істе әлдебір мүдде көздемейтінін атап көрсетуге ұмтылуына негізделген, ал қалған адамдарда, іс жүргізудегі статусына байланысты ондай мүдделер бар (сот - сот төрелігін жүзеге асыруға, прокурор — заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушыға колдау кәрсетілуіне, тергеуші мен анықтаушы — іс бойынша ақиқаттың анықталуына және кінәлілердің әшкерелеуіне, қорғаушы — қорғауындағы адамның мүдделері қорғалуына мүдделі және т.т.). Сонымен, қолданылып отырған ҚІЖК-тің бірде-бір нормасы қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылар белгісіне жататын адамдардың егжей-тегжейлі тізбесін бермейді. Сонымен бірге «процеске қатысушылар» категориясына жататын адамдар шеңберінің заң мен қылмыстық іс жүргізу теориясында бір мағынада тусінілуі: - заңды бір ізге салу; - заңды әмбебаптандыру; - заң бұзылуының алдын алу; - құқық нормаларын түсіндіруде, түсінуде және қолдануда біркелкілікке жету мақсаттарында маңызды. Соңғы кезде әдебиетте процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен байланыстыра қараудың тұрақты тенденциясы байқальш отыр. Процеске қатысушылар проблемаларын қылмыстық іс жүргізу функцияларымен өзара байланыстыра шешу екі мақсатқа жетуге: сот ісін жүргізуге әрбір қатысушының статусын белгілеуге; түрлі қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау шектерін жекелеген функциялар арасындағы генетикалық байланыстарды табу арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың мәнін түсінудің біз жақтап отырған жолының пайдалы жағы мыналар: а) функция, бүкіл қылмыстық іс жүргізу қызметі секілді, құқық қатынастарында жүзеге асырылады; ә) функциялар қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруы жолымен орындалады; б) қылмыстық іс жүргізу қызметіне әрбір қатысушының тек өзіне тән құқықтары мен міндеттері болады; в) құқық қатынастарының сипаты адамның құқықтық статусын негізге ала отырып белгіленеді (тергеуші мен прокурор қатынастары тергеуші мен сезікті, тергеуші мен куә қатынастарынан өзгеше және т.т.); г) құқық қатынастарына әрбір қатысушы тек бір роль атқарады (куә судья бола алмайды, судья сарапшы бола алмайды және т.т.). Сонымен, бұрын қаралған қылмыстық іс жүргізу функцияларына орай сот ісіне мынадай қатысушыларды ажыратуға болады: қылмыстық ізге түсу функциясы - прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы; тергеу функциясы - тергеуші, анықтаушы; айыптау функциясы - айыптаушы (мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор, бірқатар жағдайларда жәбірленушінің өзі); прокурордың заңдылықты қадағалау функциясы - прокурор; қорғау функциясы - сезікті, айьшталушы, сотталушы, қорғаушы; қылмыстық, істі сотта қарау және шешу - судья, сот, ал жекелеген жағдайларда тергеуші не прокурор (мысалы, істі алдын ала тергеу сатысында қыскарту); азаматтық талапты қолдау - азаматтық талапкер; азаматтық талаптан қорғау - айыпталушы, азаматтық жауапкер. Сонымен бірге процеске қатысушылардың бұл тізбесі мұнымен шектелмейді, өйткені функцияларды тікелей орындау процеске өзге де адамдардың тартылуын, оларға да құқықтар мен міндеттер жүктелуін көздейді. Функциялардың және оларды жүзеге асырушы адамдардың арақатынасы қылмыстық процеске қатысушылардың былайша жіктелуін ұсынуға мүмкіндік береді. I. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Бұл топ екі шағын топқа бөлінеді: сот; қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы). II. Өздерінің немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айьштаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кәмелетке толмаған айыпталушының (сезіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері). III. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де тұлғалар. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады. Бірінші шағын топ— дәлелдер беру жөніңдегі міндеттерді орындайтын процеске қатысушылар. Оларға жататындар: куәлер мен сарапшылар; Екінші шағын топ - іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру үшін тартылатьш процеске қатысушылар. Бұған кіретіндер: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы, кепілдік берушілер, тануды жүзеге асыратын статистер, тінту мен алу жүргізілетін адамдар, олардың отбасыларынын кәмелетке толмаған мүшелері немесе тұрғын үй пайдалану ұйымының өкілдері және т.б.; Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға және осыған байланысты үкімді орыңдау сатысында пайда болатын іс жүргізу мәселелерін шешуге қатысатын мекемелер мен ұйымдар. Бұл шағын топ құрамына мыналар кіреді: үкімдер мен қаулылардың нақты орындалуын жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушыны ауруына, мүгедектігіне байланысты босату немесе оны ауруханаға орналастыру туралы қорытынды берген дәрігерлік комиссиялар өкілдері және т.б. Құрамына үш шағын топ кіретін үшінші жіктеу тобы ең көлемді топ. Оған осы топты өзге топтардан ерекшелейтін жекелеген белгілер, атап айтқанда мыналар тән: - олардың қатысуы сот терелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар калыптастыру қажеттігінен туындаған; олардың қызметі қосалқы сипатта болады; - бұл қатысушыларда дербес тұтас іс жүргізу функциялары болмайды; - олар процеске оқта-текте, мезгіл-мезгіл қатысады; - олар сот пен тергеудің іс жүргізушілік функцияларын толық орындауы үшін соларға жәрдем көрсетеді; - бұл қатысушылар істе әлдебір мүдде көздемейді; - олардың құқықтық жағдайы, әдетте, олардың қатысуымен жүргізілетін іс жүргізу әрекеттерінің тәртібін реттейтін нормаларда регламенттеледі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы Егер құқық салаларының С.С. Алексеев ұсынған топтамасын ұстанатын болсақ, құқықтың іс жүргізу салалары біртұтас топ құрайды да, оған қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығы кіреді (әкімшлік процеске келсек, бұл қызмет, нақты орны бар болсада, дербес Кодекске айналдырылмаған2). Іс жүргізу салалары, материалдық құқықтың өмір нормасы бола отырып, функциялық бағытымен, нақты алғанда: материалдық құқық нормаларын қолданудың нәтижесінде қальштасатын қоғамдық қатынастардың реттелуімен біріктірілген. Ал қоғамдық қатынастарды процедуралық жолмен реттеу - сот төрелігін іске асыру түрі3. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция мен заңдарда баянды етілген барлық құқықтар мен бостандықтардың сотта қорғалуына кепілдік береді, сондай-ақ сотта іс жүргізудің дербес түрін белгілейді (13, 75- баптар). «Сотта іс Әкімшілік-құқықтық қатынастар мен іс жүргізу қатынастарын реттеу әдістеріндегі, құралдарындағы, затындағы айырмашылықтар соңғы кезде әкімшілік іс жүргізу қызметін процесс ретіндегі дербес салаға бөліп, оған құқықтың барлық белгілерін беру қажеттігіне негіз етіп алынуда. Қолданылып жүрген Әкімшілік құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерімен қатар әкімшілік өндіріс процедурасына және әкімшілік нұсқауларын орындау тәртібіне арналған тараулары бар Әкімшілік процесін жүйелеу құрылымын А. П. Шергин, И. И. Веремеенко дәлелді түрде сынаған; Қазақстан Республикасында материалдық құқық пен әкімшілік іс жүргізу құқығын бөлек жүйелеу проблемалары Қазақстан Республикасында В Г. Татарянның еңбектерінде қаралған. Казақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығының 1-бабында (4-тармақ) аталған конституциялық ереже сөзбе-сөз келтірілген: «Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады». Содан соң, 40-бапта (1-бап, 1-тармақ) судьяның тәуелсіздігі «заңда көзделген сот төрелігін жүзеге асыру рәсімімен» қамтамасыз етілетіні атап көрсетілген. Құқықтың дербес салалары болып табылатын олардын екеуінде де сот төрелігін іске асырудың әдістері мен тәсілдері туралы нұсқаулар бар. Іс жүргізу құқығының энциклопедиялық анықтамасында сот процесінің екі негізгі нысаны бар, ал сот процесі — кең мағынада алғанда қылмыстық және азаматтық істерді1 (сот терелігін іске асыруға уәкілетті органдар - анықтау, тергеу органдары, прокуратура, сот қызметінің барлық кезеңдері мен сатыларын қоса) жүргізу тәртібі.Қылмыстық және азаматтық процестің бұл тұтастығы сот төрелігі мен сот негіздерінің бірлігінен байқалады, оны М.С. Строгович атап көрсеткен болатын: «Сот... заңды бұзушыларды заңға бағынуға мәжбүрлейді — азаматтық процесте қылмыстық процестегіден кем емес дәрежеде. Азаматтық процесте, қылмыстық процестегідей, сот ақиқатты іздеп, анықтайды, екі процесте де оған қатысушыларға өз мүдделерін қорғау үшін іс жүргізу құқықтары беріліп, сол құқықтар іс жүргізу кепілдіктерімен қорғалады»2.Қылмыстық және азаматтық процесс негізіне сотта іс жүргізудің бір принциптері алынған. Ол принциптер тұрақты, процестің екі түрі үшін олардың маңызының бірдей екені конституциялық деңгейде жария етілген: «Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады» (77- бабы).Қылмыстық және азаматтық процестің функциялық бағытынын бірлігі, сотта іс жүргізудің конституциялық принциптерінің ортақтығы, сот төрелігі міндеттерінің үйлесуі олардын толық қосылуын білдірмейді. Негізгі айырмашьшық — реттелетін қатынастардың түр-сипатында (позитивті және жазалаушы). Қылмыстық іс жұргізу құқығының, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу құқығының процедуралық жағына ерекшелік беретін міне, осы. С.С. Алексеев қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматгық іс жүргізу құқығы, әлбетте, жеке, дербес құқық салалары екенін, оларда тиісті санкциялардың қолданылуын қамтамасыз ететін ерекше мазмұн бар екенін атап көрсетеді. Сонымен, қылмыстық және азаматтық (материалдық) құқық айырмашылығы қандай болса, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізу құқығының айырмашылығы да сондай.Қылмыстық және азаматтық құқық арасындағы шеп неғұрлым айқын болса, бұл айырмашылықтар арнаулы бөлігінде солғұрлым күштірек болады. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А. Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъекті ретінде онда ерекше орын алатынын ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу қызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жүзеге асырылатынын өте орынды атап көрсетті1. Мемлекеттің қатысуы арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады, сол органдардың бірі — сот. Соттың қылмыстық сот ісін жүргізуші мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны сот билігі органы деп белгіленген. «Сот, соттөрелігін жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы ретінде - деп атап көрсетеді М.А. Чельцов, - іс жүргізу қызметінің басты субъектісі болып табылады». Сот ұғымына заң шығарушы сот құрамын қосқан (судья мен судьялар алқасына процесте істің мән- жайын зерттеу жөніндегі тең құқықтар берілген). Соттың процестегі басшылық рөлі оның істі әділ сот жүргізу арқылы нақты шешу жөніндегі функциясымен айқындалады. Сот функциясы мазмұнына мыналар кіреді: а) істі нақты шешу жөнінде қажетті жағдайлар жасау; ә) істің нақты жағын (объективті ақиқатты) анықтау; б) егер адам қылмыс жасаса, қылмысқа заң тұрғысынан баға беру және жазалау шарасын белгілеу; в) егер қаралатын қылмыста қылмыс белгілері жоқ болса немесе сотталушының кінәсіз екені анықталса, сотталушыны ақтау; г) заңды негіздер бар болса, істі қысқарту. Сот құрамының заңдылығы, тәуелсіздігі, құзыреттілігі және бейтараптылығы заңмен белгіленген ережелердің сақталуымен қамтамасыз етіледі: - қылмыстық істердің соттылығын анықтау; - нақты қылмыстық істерді қарау үшін соттың құрамын жасақтау; - судьяларды бөлу; - істі шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу. Заңда қылмыстық істерді қараудың екі түріне жол берілген: судьяның жеке өзі; үш судьядан, соның ішінде төрағалық етушіден тұратын судьялар алқасы. Соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіндегі қызметі мынадан көрінеді: - сот қылмыстық істі қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік құқық нормаларын қолдана отырып қарайды және шешеді; - алдын ала тергеу органдарынан қылмыстық істі қабылдай отырып, сот іс жүргізу заңының прокурормен, тергеушімен, анықтау органымен, анықтаушымен байланыс жасау тәртібі туралы нұсқаулықтарын басшылыққа алады; - жасалған қылмыс дәлелдерін тексере отырып, сот жәбірленушімен, куәмен, сарапшымен, қорғаушымен және процеске қатысушы басқа да адамдармен қылмыстық іс жүргізушілік қатынаста болады; - айыптау үкімін шығара отырып, сот жаза орындалатын жерлердің әкімшілігімен қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын жүзеге асырады. Соттың қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар жүйесіндегі орнының маңыздылығын түсіну үшін басқа ешқандай органға емес, тек сотқа ғана берілетін өкілеттіктердің мазмұнын ескеру қажет. Сондықтан, адамды айыпты деп тануға және оған жаза тағайындауға, адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға, төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін тоқтатуға немесе оны өзгертуге тек соттың ғана құқығы бар. Соттың жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарынан туындайтын өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы соттың қылмыстық іс жүргізу қатынастарына қатысушы ретіңдегі қызметінде маңызды орын алады. Мәселен, бірінші сатыдағы сот ұйығарған үкімге он тәулік ішінде шағым жасауға немесе наразылық білдіруге болады, оның өзі жаңа сот перспективаларын ашады (істің апелляциялық немесе кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін, оның процедурасы ҚІЖК-те қатаң белгіленген). Егер айыптау үкімі күшіне енген болса, оның өзі үкімді орындауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастарын туғызады. Соттың өзге дәлелдер талап ету жөніндегі шешімі сол дәлелдерді іс жүргізу барысында орнықтыру мен бағалауға байланысты жаңа қылмыстық іс жүргізу қатынастарының жүзеге асырылуын білдіреді. Сонымен, сот қаралып отырған қатынастарға қатысушы бола отырып, сонымен бір мезгілде өз шешімдерімен жаңа іс жүргізу қатынастарын туындатады (сот шешімдері іс жүргізу түрінде ғана жүзеге асырылады). Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыра отырып, қылмыстық іс жүргізу қатынастары шегінен шығып кететін жағдайлар болуы мүмкін. Соттың істі қарауы барысында әкімшілік жауаптылықка әкеліп соғатын мән-жайларды анықтауы оған үкіммен немесе өзге де шешіммен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолдану туралы шешім шығару құқығын береді (ҚІЖК 59-бабының 4-бөлігі). Соттың істі қарауға байланысты ұйымдастыру жұмысының іс жүргізушілік негізі бар. Мәселен, басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптардың сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдармен танысуы үшін шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 308-бабы). Судьялар алқасы істі ұзақ уақыт қарайтындай болса, сотта төрағалық етуші запастағы судьяның қатысуын қамтамасыз етеді (ҚІЖК-тің 313-бабы). Төрағалық етуші сот отырысының барысына басшылық етеді, қатысушылардың бәрінің заңда кажетгі тәртіп сақтауын қадағалайды, тәртіп бұзушыларға шаралар қолданады (ҚІЖК-тің 61-бабы). Заң негізі соттың (судьяның) осы және өзге ұйымдық іс- әрекеттеріне қылмыстық іс жүргізушілік құқық қатынастары сипатын береді. Соттың процестегі құқықтық жағдайының өзіндік ерекшелігі, сонымен бірге, сот ісін жүргізудің істі нақты шешу кезінде іс бойынша ақиқатқа жетуді кездейтін мақсатымен айқындалады. Мақсаттың философиялық мәні мынада: ол сотты бәсекелесуші тараптар жөнінде мүлдем бейтарап жағдайға қояды. Сот өз шешімінде әділ болуға тиіс, бұған оның кіршіксіз әділдігімен жетуге болады. Алайда мұның өзі сот шешіміне субъективті факторлардың (мысалы, қылмыскердің жасы ұлғайып кетуіне, отбасы жағдайының ауырлығына, шын көңілден өкінуіне байланысты төменгі шектең төмен мерзімге бас бостандығынан айыру) ықпал етуі мүмкін екенін тіпті де жоққа шығармайды. Сонымен бірге сот шешімін субъективтендіру — жазаны даралау принципі көріністерінің бірі, бұл материалдық-құқықтық қатынастар саласында өте маңызды. Бәсекелесуші тараптар жөнінде сот бейтараптылығының маңызы мынада: - істі толық, жан-жақты және объективті карау үшін қажетті жағдайлар жасау; - заңдылықтың сақталуына жәрдемдесу; - процеске қатысушыларда сот әділдігіне сенім қалыптастыру; - процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін пәрменді түрде қорғау. Соттың өзіне бөлінген функцияны орындауы іс жүргізушілік кепілдіктері жүйесімен қамтамасыз етіледі, солардың ішіндегі ең елеулілері: - соттың айыпталушыға тағылған айыптан оның заңда көзделген құралдармен және әдістермен қорғануына мүмкіндік беру міндеттілігі; - айыпталушының жеке және мүліктік құқықтарын заңмен қорғау (соттың бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мүлкін күзету жөнінде шаралар қолдануға соттың міндеттілігі; сотталған адамның балаларын қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа беру, ҚІЖК-тің 388-бабы); - заңның қылмыс жасалуына мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды анықтау жөніндегі талабы; - соттың дәлелдерді өзінің ішкі сезімі бойынша бағалауымен солардың жиынтығы бойынша істі дұрыс шешу; - іс бойынша барлық дәлелдер маңызының бірдей болуы; - соттың іс жүргізушілік жауапкершілікті заң нұсқамаларын бұзған адамға жүктеу құқығы; - соттың негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу санкцияларын қолдану құқығы (мысалы, кассациялық соттың үкім күшін жазаның жұмсақтығы үшін жоюы немесе ақтау үкімінің күшін жоюы); - сот шешімін негізінен алқалы түрде шешу (сот істердің жекелеген категориялары бойыншашешімді жеке-дара қабылдайды); - істің нәтижесіне судья тікелей немесе жанама мүдделі болған жағдайда қарсылық білдіру үшін негіз болуы (ҚІЖК-тің 90-бабы); - судьяны істі қараудан шетгету үшін негіздер болуы (ҚІЖК-тің 89-бабы); - судьяның шешім шығару кезінде ерекше пікірде болу құқығы. 3. Күдікті — қылмыстық іс жасағаны туралы күмән келтірілген, қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған тұлға (ҚР ҚІЖК 68-бабы). Қылмыстық процеске қатысушы ретінде күдіктінің іс жүргізу дәрежесіндегі ерекшеліктері мынадай: — ол алдын ала тергеу кезеңіндегі қылмыстық іс-жүргізу ісіне катысушы болып танылады; — күдіктіні ұстау сәтінен үш сағат өтпей тұрып хаттама толтырылады ҚР ҚІЖК 134-бабы); — ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 135-, бабы); — күдікті уакытша ұстау изоляторында ұсталады (ҚР ҚІЖК 137-бабы); — қылмыстық ізге түсу органы күдікті деп танылған тұлғаны прокурордың санкциясына сәйкес жетпіс екі сағаттан 10 тәулікке дейін ұстауға құқылы, ал қылмысты болдырмау шараларын қолданудан айып тағуға дейінгі кезенде 10 тәуліктен де артық ұстауға құқылы. Күдіктіге қатысты мынадай қылмыс жолын кесу шаралары қолданылуы мүмкін: — кетіп қалмау туралы қолхат, жеке кепілдік, бақылауға тапсыру немесе қорғау, кепілдеме алу, үйде тұтқынға алу, тұтқынға алу. Күдікті өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуі қажет және өзінің іс жүргізу құқтарын пайдалануы қажет (өтініш беру, қорғаушы талап ету, т.б.). Ұсталған күдіктінің құқықтары: 1) телефон немесе басқа да тәсілдер арқылы өзінің тұрғылықты жеріне не жұмысына ұсталғаны жөнінде және ұстап отырған жері туралы тез хабар беруге; 2) өзінің не үшін күдікті болғаны туралы білуге құқылы және оған қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы қаулының көшірмесін алуға немесе ұстау туралы, қылмыстың жолын кесу шараларын қолдану туралы қаулы хаттамаларының көшірмесін алуға құқылы; 3) оған қарсы қойылған күдіктерге қатысты дәлелдемелер мен жауап түсініктерді беруге немесе ол туралы түсінік пен жауап бермеуге құқылы; 4) айғақты дәлелдемелерді ұсынуға құқылы; 5) өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы; 6) түсініктеме мен жауапты туған ана тілінде немесе өзі білетін тілінде беруге құқылы; 7) аудармашының ақысыз көмегін пайдалануға құқылы; 8) өзінің қатысуымен жасалған тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысуға және сол хаттамаға қатысты ескертпелер айтуға құқылы; 9) өзінің өтінішіне немесе қорғаушының, заңды өкілдің өтініші бойынша жүргізіліп отырған тергеу істеріне катысты тергеушінің не анықтаушының шешіміне катысуға құқылы; 10) соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға құқылы; оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алу жүргізілуге құқылы. Күдіктінің қорғаушысы немесе заңды өкілінің болуы күдіктінің қандай да бір құқығын шектеуге немесе жоюға негіз бола алмайды. Айыпталушы — жауапқа тарту туралы қаулы шыққан не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын кылмыстық іс қозғалған адам. (ҚР ҚІЖК 69-бабы). Айыпталушы қылмыстық процестің негізгі қатысушысы болып танылады, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады алдын ала тергеу ісі жүргізіледі және сот талқылауы жүргізіледі, сот үкімі шешіледі. Айыпталушының құқықтары: 1) заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыты мен мүмкіндігі болуға құқылы; 2) өзінің не үшін айыпталғандығын білуге және өзін айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы; 3) қылмыстық ізге түсу органынан өзіне тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға құқылы; 4) қылмыстық процесті жүргізуші органнан өзінің құқықтарын және мүдделерін қозғайтын іс жүргізу шешімдерін қабылдау туралы хабардар етілуге құқылы; 5) бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға құқылы; 6) өзіне тағылған айып бойынша түсініктеме мен айғақ беруге құқылы; 7) айғақ беруден бас тартуға құқылы; 8) дәлел ұсынуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге құқылы; 9)ана тілінде және өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуге құқылы; 10) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 11) қорғаушысы болуға; 12) ҚР КІЖК-нде көзделген жағдайларда және тәртіппен өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен оңаша және құпия жолығуға; 13) Тергеушінің немесе занды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне катысуға; осы әрекеттердің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертпелер беруге; 14) Сарапшының алдына мәселелер қоюға, сараптама тағайындау туралы қаулымен және сарапшының қорытындысымен танысуға; 15) Тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға және одан кез келген мәліметті кез келген көлемде көшіріп алуға; 16) Айыптау қорытындысының және оның косымшаларының көшірмелерін алуға; 17) Соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының (іс-әрекеті мен шешіміне шағым беруге); 18) Ақтамайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге; 19) Жария сөз талқылауын талап етуге құқылы; 20) Сотталушының бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда істі соттың қарауына қатысуға және тараптың барлық құқықтарын пайдалануға, сондай-ақ ақырғы сөз құқығына ие болуға құқылы. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған сәттен бастап айыпталушы — сотталушы деп танылады, ал өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы — сотталған адам, өзіне катысты ақтау үкімі шығарылған айыпталушы — ақталушы деп танылады (ҚР ҚІЖК 69-бабы). Сотталған немесе ақталған адамның құқықтары: 1) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертпелер беруге; 2) соттың үкіміне, қаулысына, судьялардың қаулыларына шағымдануға және шағымдалған шешімдердің көшірмесін алуға; 3) іс бойынша келтірілген шағымдар мен қарсылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге; мәлімделген шағымдар мен қарсылыктардың сотта қаралуына қатысуға құқығы бар. Іске айыпталушының қорғаушысының немесе заңды өкілінің қатысуы айыпталушының қандай да болмасын құқығын жою немесе шектеу үшін негіз бола алмайды. Қорғаушы — заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам (ҚР ҚІЖК 70-бап). Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында былай делінген: «ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы». Қорғаушы ретінде мыналар қатыса алады: адвокаттар; кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері; айыпталушы мен күдіктінің жақын туыстары мен занды өкілдері; шетел адвокаттары, егер ол Қазақстан Республикасының тиісілі мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, зандарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол беріледі. Қорғаушы сот өндірісінің барлық кезендеріне қатысуға құқылы: іс қозғау және алдын ала тергеу ісіне, соттың талқылауына, апелляциялық және кадағалау инстанцияларына қатысуға құқылы. Адамды күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп айып тағылған сәттен бастап қорғаушы іске қатысуға жіберіледі. Ескерте кету керек, қорғаушының сот талқылауына қатысуы мынадай жағдайларда ғана міндетті деп танылады: (ҚР ҚІЖК71-бап): — сот талқылауында прокурор қатысқан жағдайда; — кәмелекте толмаған болса; — мылқау, саңырау, соқыр, басқа да кемістігі бар адамдар қатысса, яғни өзінің дене және психикалық кемістігінен қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса; — сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адам болса; — өмір бойы бас бостандығынан айырылу немесе өлім жазасы тағайындалуы мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса; — айыпталушыны, сотталушыны тұтқынға алу шарасы қолданылса; — күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қорғаушысы болса; Егер осы аталған мән-жайлар болған кезде қорғаушыны айыпталушы, оның занды өкілі немесе олардың тапсыруы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, тергеуші, прокурор немесе сот істе қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар жасайды. Жәбірленуші — қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіріді деп ұйғарған анықтаушы, тергеуші органдардың, тергеушінің, прокурордың, судьяның немесе соттың қаулысы шыққан адам (ҚР КДЖК 75-бап). Жәбірленушінің өлімімен аяқталған қылмыстар туралы іс бойынша жәбірленушінің құқықтарын оның жақын туыстары пайдалануға құқылы. Ескерте кету керек, занды тұлға өзіне қатысты тікелей кылмыспен мүліктік зала келтіреді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар деп таныса, азаматтық талапкер ретінде қатыса алады (ҚР ҚІЖК 77-бап). ҚР ҚІЖК 76-бабында жәбірленушінің жариялы және жеке-жариялы айыптау, яғни өз бетінше сот айыбын қолдау ісі бойынша қосымша іс жүргізу құқықтарын ерекше айқындайды. Айыптауды қолдау тек сот жарыссөзіне қатысу кезінде ғана емес, бүкіл сот талқылауы барысында өтініш-арыз жолымен, айғақ дәлелдемелерді ұсыну жолымен жүзеге асатынын ескерген жөн. Жеке айыптаушы жәбірленушінің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады. Жәбірленушінің құқықтары: 1) өзіне келтірілген моральдық және зиянды өтеу туралы талап қоюына кұқылы; 2) Егер мұндай талап қылмыстық істе қойылмаса не қараусыз қалса, онда оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы; 3) Айыпталушыға тағылған айып туралы білуге; айғақ беруге, дәлелдер ұсынуға; өтініш пен қарсылық білдіруге құқылы; 4) Ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 5) Аудармашының тегін көмегін пайдалануға, өкілі болуына құкылы; 6) Одан дәлелдеу құралы ретінде қылмыстық ізге түсу органы алып койған немесе өзі берген мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамнан алып қойылған оған тиесілі мүлікті алуға, оған тиесілі құжаттардың түп нұсқаларын алуға құқылы; 7) Тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өз өтініші не өз өкілінің өтініші бойынша жүргізілген тергеу әрекеттеріне қатысуға; 8) Занда кезделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен татуласуға; 9) тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқылы; 10) Қылмыстық істі тоқтату туралы қаулылардың көшірмелерін, айыптау корытындысының көшірмелерін, сондай-ақ үкімнің, апелляциялық сатыдағы сот шешімдерінің көшірмесін алуға құқылы; 11) Бірінші сатыдағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға құқылы; 12) Сот жарыссөздерінде сөйлеуге, айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға құқылы; 13) Сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескерту беруге құқылы; 14) Қылмыстық процесті жүргізуші органның әрекетіне шағым әкелуге; 15) Соттың үкімі мен қаулысына шағымдануға; 16) Іс бойынша әкелінген шағымдарды, өтініштерді және наразылықтар туралы білуге жөне оған қарсылық білдіруге; 17) Мәлімделген шығамдарды, өтініштерді және наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға құқығы бар. Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда — оның құқықтық мүрагерлерінің аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына сотталған адамға қатысты үкім орындалған жағдайда және өлім жазасына кесілген адамның осы қылмыспен келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Көрсетілген жағдайларда қылмыспен келтірілген залал үшін мемлекеттің есебінен өтемақы төлеу туралы мәселені жәбірленушінің өтініші бойынша өлім жазасы туралы үкімді шығарған сот шешеді. Жәбірленушінің көрсетілген жағдайларда, егер залал бір мың ең төменгі есептік көрсеткіштен аспаса, залалдың толық көлемінде өтелуіне құқығы бар. Жәбірленушінің міндеттері: 1) Қылмыстық процесіті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге міндетті, іс бойынша белгілі барлық, мән-жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге міндетті; 2)өзіне іс бойынша белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті; 3)тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті. Жәбірленуші дәлелсіз себептермен шақыру бойынша келмеген кезде ол ҚР КІЖК- нің 158-бабында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және зандарға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Жәбірленуші жауап беруден бас тартқаны үшін және қасақана жалған айғақ бергені үшін зандарға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады. Зардабы адамның қайтыс болуына жеткізген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің осы бапта көзделген құқықтарын қайтыс болған адамның жақын туыстары жүзеге асырады. Егер жәбірленушінің құқықтарын беруге туыстарының қаза табуына байланысты қылмыспен моральдық зиян келтірілген бірнеше адам үміткер болып отырса, олардың бәрі не олардың арасындағы келісім бойынша олардың біреуі жәбірленуші болып таныла алады. Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген занды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін занды тұлғаның өкілі жүзеге асырады. Кәмелетке толмаған айыпталушының, сезiктiнiң заңды өкiлдерi . Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы iстер бойынша iске қатысуға осы Кодексте көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерi тартылады. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар мен өзге де адамдар жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының өкiлдерi болуы мүмкiн. Кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға олардың заңды өкілдері мен өкілдері тартылады. Мұндай жағдайларда жәбірленушінің өкілі ретінде жәбірленуші не оның заңды өкілі таңдаған адвокатқа рұқсат беріледі. Егер жәбірленушінің өзі немесе оның заңды өкілі адвокат шақырмаған жағдайда, адвокаттардың кәсіби ұйымы немесе оның құрылымдық бөлімшелері үшін міндетті қаулы шығару жолымен қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокаттың қатысуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық процесті жүргізуші орган нақты адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға ұсыным беруге құқылы емес. Жәбірленушіде немесе оның заңды өкілінде қаражат болмаған жағдайда, адвокаттың еңбегіне ақы төлеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей, осы Кодексте көзделген шектерде, iс жүргiзу құқығы болады. Жәбiрленушi, азаматтық талапкер, жеке айыптаушы өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болсын әрекеттер жасауға құқығы жоқ. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң және жеке айыптаушының iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуде азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқығы бар және қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қатысуға рұқсат етiлген адвокаттар және өзге де адамдар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады. Азаматтық жауапкер өкiлдерiнiң өздерi өкiлi болып отырған жеке және заңды тұлғалардiкiндей iс жүргiзу құқығы болады. Азаматтық жауапкер өкiлiнiң өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да болмасын әрекеттер жасауға құқығы жоқ. Азаматтық жауапкердiң iске өзiнiң қатысуы олардың осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығын жоймайды. 4. Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар қатарына куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы және сот приставы жатады. Куә. Айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән- жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін және одан жауап алынуы мүмкін (ҚР КІЖК 82-бап). Куәнің құқықтары: 1) қылмыстық жасалатын әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға; 2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 3) одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға; 4) жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға; 5) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекетіне шағым жасауға, өз құқықтары мен занды мүдделеріне қатысты өтінішін мәлімдеуге құқығы бар. Куә егер адвокат қандай да бір басқа сапада іске қатыспаса, өзінің адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі тергеуші белгілеген уақытта айғақ болуды жүр-гізуге кедергі келтірмейді. Куәнің міндеттері: 1) куә аныктаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша барлық өзіне белгілі жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметті жарияламауға міндетті; 2) тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті; 3) куә көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өлім себептерін, ауыр қылмыс зияндылығын, күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің психикалық күйін анықтау қажеттілігіне сәйкес сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды. Қасақана жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін куә ҚР ҚК-нің 352-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмеу әкімшілік жауапқа тартуға әкеп соғады. Куә ретінде жауап алуға тыйым салынады: 1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өздеріне белгілі болған кылмыстық істің мән-жайлары туралы — судья, алқаби; 2) аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болғай мән-жайлар туралы — аралық судья немесе төреші; 3) қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы — күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық, жауапкердің өкілі; 4) оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы — діни қызметкерлер; 5) өзінің жасының талмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз куә ретінде жауап алуға жатпайды. Сарапшы — арнаулы ғылыми білімі бар, сараптама жүргізу үшін сот пен тергеу органдарына тартылған адам. Сараптама анықтаушы, тергеуші және сот қаулысымен тағайыңдалады. Сараптама жүргізілетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Зерттеу нәтижелері бойынша сарапшы қорытынды жасайды. Сарапшының қорытындысы, оның ауызша түсініктемесі іс бойынша дәлелдемелер деп танылады. Бірақ сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші органдар үшін міндетті болып танылмайды (ҚР ҚІЖК 83-бап). Сарапшының негізгі құқықтары: 1) қылмыстық істің сараптама жүргізуге қатысты материалдармен танысуға құқылы; 2) өзіне қорытынды беру үшін қажетті косымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге; ; 3) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға және оған қатысушыларға сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға; 4) өзі қатынасқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға; 5) сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша өз құзыреті шегінде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бірге іс үшін маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән- жайлар бойынша да корытынды беруге; 6) өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытыңды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас таруға құқылы. Сарапшының құқығы жоқ: 1) қылмыстық процесті жүргізуші органнан басқа процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге құқығы жоқ; 2) өз бетінше зерттеуге арналған материалдар жинауға; 3) егер оған сараптама тағайындалған органның арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ. Сарапшының міндеттері: 1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге; өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге міндетті; 2) жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге; сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті. Қасакана жалған қорытынды бергені үшін сарапшы ҚР ҚК-нің 352- бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады. Сарапшы сот сараптамасы органының қызметкері болғандықтан, қызметінің тегіне орай, өз құқықтары мен міндеттерімен танысқан және оған қасақана жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертілген деп саналады. Маман - техника, медицина, педагогика сияқты әртүрлі ғылыми салаларынан арнаулы ғылыми танымы бар адам. Маман тергеуге және сот әрекеттеріне іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, соңдай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін шақырылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 84-бап). Маманның құқықтары: 1) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсаты мен тергеу және сот әрекетіне қатысушыларға сұрақтар қоюға құқылы; 2) олардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмектесуге және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, істің материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс- әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға құқылы; 3) өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің көрсетілуінің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы; 4) қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуға; өзінің тергеу және сот әрекеттеріне қатысуына байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізу оның қызметтік міндеттеріне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға кұқылы. Маманның міндеттері: 1) қылмыстық істі жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге; 2) дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшін арнаулы білімін, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу іс-әрекеттерін жүргізу мен сот талқылауына катысуға міндетті; Іс жүргізу қатынасында сарапшы мен маманның мынадай ерекшеліктері байқалады: сарапшы процеске тек іс қозғалғаннан кейін, тергеушінің қаулысы шыққаннан кейін ғана қатыса алады; сарапшының қорытындысы дәлелдемелердің негізгі қайнар көзі болып табылады, оның дұрыстығы үшін заңмен (қылмыстық жауаптылықпен) жауап береді. Маман сот өндірісінің барлық кезендеріне қатыса алады, сондай-ақ іс қозғалғанға кейінгі істерге де қатынасады. Маман- -адады іске тарту барысында тергеу ісінде қатысуын міндеттейтіндігі жөнінде арнаулы қаулы қабылданбайды. Тергеуші оны тек тергеу әрекеттеріне қатысуға ғана қажетті кезде шақыртады. Сонымен қатар, занда маманның қорытынды беруі көзделмеген және ол өзінің әрекеттері үшін (тергеуші қойған сұрақтарға жауабы, шешімі, қорытындысы) қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Іске катысу үшін оны тек қылмыстық процесті жүргізетін орган ғана шақырады. Өзінің міндеттерін орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін маман әкімшілік жауапқа тартылады. Аудармашы - аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және де өзге де іске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот іс-әрекеттеріне қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам. (ҚР ҚІЖК 85-бап). Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды аудармашы етіп тағайындау туралы қаулы шығарады. Аудармашының құқықтары: 1) жүргізуіне өзі қатысқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу іс- әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігіңде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертпелер жасауға құкылы; 2) егер оның аудару үшін қажетті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға; тергеу және өзге де іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндетінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар. Аудармашының міндеттері: 1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге; өзіне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға міндетгі; 2) оның қатысуымен жүргізілген тергеу іс-әрекетінің хаттамасында, сондай- ақ процеске қатысушыларға олардың ана тіліндегі немесе олар білетін тілдегі аудармасында тапсырылған іс жүргізу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзінің қолымен куәландыруға міндетті; 3) аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді немесе өзге де деректерді жарияламауға; 4) тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті. Аудармашы дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндетін орындаудан бас тартқаны үшін немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. ҚР ҚІЖК-нің 85-бабында көрсетілген ережелер іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін шақырылған, мылқау немесе саңырау адамдардың белгілерін түсінетін адамдарға қолданылады. Куәгер — іске мүдделі емес, қылмыстық процесті жүргізуші органның тергеу әрекеттерін толық және дұрыс қабылдауға қабілетті адам. Ол қылмыстық ізге түсу органдарынан тәуелсіз тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыру үшін тартылады. Осы мақсатта кем дегенде екі куәгер іске тартылады. Куәгердіц құқықтары: (ҚР ҚІЖК 86-бап): 1) тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысуға; тергеу іс-әрекеті жөнінде хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға құқылы; 2) өзі қатысқан тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым әрекетінің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өзіне келтірілген шығындарға өтем алуға құқығы бар. Куәгердің міндеттері: — қылмыстық ізге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу іс- әрекетін жүргізуге қатысуға; осы іс-әрекеттің жүргізілу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасында өзінің қолымен куәландыруға міндетті; - анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтауға міндетті. Куәгер дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны үшін немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Сот отырысынын хатшысы — сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес адам. Сот отырысы хатшысының міндеттері (ҚР ҚІЖК 87-бап): 1) өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге міндетті; 2) хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, карсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға міндетті; 3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға міндетті; 4) төрағалық етушінің занды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті. Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. ' Дұрыс емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы ҚР ҚК-нің 31-бабы бойынша жауапқа тартылады. Сот приставы — соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам (ҚР ҚІЖК 88-бап). Сот приставына мынадай міндеттер жүктелген: 1) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету; 2) сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек керсету; 3) сот талқылау кезінде заңдағы тәртіпті бақылап отыру; 4) төрағалық етушінің өкімін орындау және соттарда судьяларды, куәларды, басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асыру, оларды басқаның ықпалынан корғайды; 5) соттың іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне жәрдемдеседі және сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Азаматтық талапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 2. Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу кұкықтары мен міндеттері. 3. Азаматтық жауапкер ретінде таныла алатын тұлғалар. 4. Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысуміндеттері. 5. Қорғаушы ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуіне қатыса алатын тұлғалар. 6. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу. 7. Қорғаушыдан бас тарту. 8. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрдеқатысужағдайлары. 9. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері. 10. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері. 11. Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы. 12. Куәнің іс жүргізу жағдайы. Дәріс тақырыбы 6. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу. Негізгі сұрақтар 1. Өзара іс әрекет етудің іс жүргізушілік нысандары. Өзара әрекет етудің ұйымдастырушылық нысаны. Тергеушінің қоғамдастықпен өзара әрекет етуі. Тергеушінің сарапшылық бөлімшелермен өзара әрекет етуі. 2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тәртібі. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың шарттары. Алдын ала тергеуді токтатканнан кейінгі тергеушінің әрекеттері. Айыпталушыны іздестіру. Тоқтата тұрылған алдын ала тергеуді қайта бастау. 3. Қылмыстық істерді біріктіру. Қылмыстық істерді бөлектеу. Қылмыстық істерді қысқарту. Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқартудың ерекшеліктері. Айыптау тағу және жеке айыпталушыларға катысты бөлігінде қылмыстық істі қысқарту. 4. Қылмыстық іс кысқартылғаннан кейін тергеушінің іс әрекеті. Қылмыстық істі кысқарту туралы каулыға шағым беру тәртібі. Қысқартылған қылмыстық істі қайта қозғау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяктаудың нысандары. Құпиялықты сақтау. Іс жүргізу мерзімінің түсінігі. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртіптері. Іс жүргізу мерзімдерін сақтау мен ұзарту. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру. 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу: 1) айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы; 2) айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған; 3) айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған; 4) айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы; 5) айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы; 6) соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары мен бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы; 7) қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi; 8) тиiстi сараптама жүргiзiлген; 9) ҚІЖКтiң 55-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты iс жүргiзу әрекеттерi орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн. Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу оны тоқтатуға негiз болған жағдайлар жойылғанға дейiн тоқтатыла тұрады. Әлгi жағдайлар жойылған соң анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың қаулысымен ол жаңартылады. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Тоқтатылып қойған iс, егер iс бойынша ескiру мерзiмiн үзу туралы мәлiмет болмаса, қылмыстық заңмен белгiленген ескiру мерзiмiнiң аяқталуы бойынша тоқтатылуға тиiс. 2. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті органдар қылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бір мезгідде жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тыйылуына әкеліп соғады. Әйтпеген жағдайдақайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптін бұзылуына жол беріледі. Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қальштасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына кол жетуін қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады. Келтірілген және сол сияқты оқиғалар істі біріктіруге немесе бөлектеуге байланысты шешімдер қабылдануын қажет етеді. Қылмыстық істі біріктіру немесе бөлектеу туралы мәселені дұрыс шешудің маңыздылығы судьяның қылмыстық істі қосымша тергеу үшін қайтару немесе істі белектеу құқығымен атап көрсетіледі (ҚІЖК 303-бап, 1-бөлік, 2-тармақ). ҚІЖК 48-бабьша сәйкес мыналар бір істе біріктірілмеуге тиіс: әр түрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау; жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда, бір-біріне қатысты қылмыс жасағандағы ташлатын адамдарға қатысты айыптау; біреуі бойынша қылмыстық ізге түсу — жеке түрде, ал екіншісі бойынша — жария түрде жүзеге асырылатын істер; біріктіріп қарау істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар. Қылмыстық істі біріктіруге тыйым салудың бірінші негізі куәгерлік базаның бірлігі, ортақ жәбірленушінің бар екені бірнеше айыпталушы іс-әрекеттерінің өзара байланысты екенін білдірмейтінін көрсетеді. Қылмыстық істерді бір іске біріктіру үшін бір адамның кінәсі екінші адамның кінәсіне тікелей байланысты болуы қажет. Бірнеше айыпталушының бір жәбірленуші жөніндегі іс- әрекеттерінде сөз байласу, бірлесіп қатысу, келісіп алу белгілерінің жоқтығы қылмыстық процесті түрлі айыпталушыларға қатысты бір қылмыстық іс шегінде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Тыйымның екінші негізінің мәні мынада: екі немесе одан көп адамның бір- біріне қатысты қылмыс жасауы оларды бір мезгілде жәбірленуші мен айыпталушы жағдайына қоады. Іс жүргізудегі екі бәсекелесуші тұлғаның статустарын бір адамға тіркестіру заңмен берілген құқықтар мен жүктелген міндеттердің бірін- бірі жоққа шығаруына әкеліп соғады. Оның өзі бір адамға қарасты бір статусты артық санап, екінші статусты алып тастау оның конституциялық құқықтары мен бостаңдықтарына екі бөлікте де елеулі қысым жасалуьша әкеліп соғатынын білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына сөзсіз әкеліп соғатын мұндай жағдайларға жол бермеу үшін ҚІЖК айыпталушылар бір-біріне қатысты қылмыс жасаған істер бойынша істерді біріктіруге тыйым салады. Қылмыстық істерді біріктіруге тыйым салатын үшінші негіз өз мазмұны бойынша екінші негізбен біршама ұқсас. Жәбірленушіге, айыпталушыға жеке және жария тәртіппен берілген құқықтардың айырмашылығы бірқатар іс жүргізушілік кепілдіктерінің бірін-бірі жоққа шығаруын көздейді. Мысалы, егер жеке айыптау ісі тараптардың татуласуына орай тоқтатылуға тиіс болса, жария айыптау ісін тоқтату үшін ондай негіз көзделмеген. Бір қылмыстық іс шегінде қылмыстық ізге түсудің екі нысаны бойынша қорғалатын заңды мүдделердің кақтығысуы заңдылық принципінің едәуір бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Тәртінші негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның өз қалауын көздейді, бұл жағдайда шешім қабылдау үшін негізгі өлшем ақылға қонымдылық болып табылады. Заң шығарушы істерді біріктіруге тыйым салатын негіздер белгілеген кезде қолданған шығарып тастау әдісі істерді біріктіру үшін негіздер белгілеуге мүмкіндік береді, оларға мыналар жатады: - екі және одан көп адамды бір немесе бірнеше қылмыс жасауға қатысты деп айыптау; - бір адамды екі және одан көп қылмыс жасады, сондай-ақ сол қылмыстарды күні бұрын уәде берместен жасырды және олар туралы айтпады деп айыптау. ҚІЖК-тің 48-бабының мәнінен негіздер бар болған жағдайда істерді біріктіруге салынған тыйым орындау үшін міндетті болып табылатыны байқалады. Біріктіруге келетін болсақ, заңда оның орын алуы мүмкін екені, бірақ ешкімге де мағыналас міндеттер жүктелмейтіні айтылған. Біріктіру ережелері туралы нұсқаулардың факультативтік сипаты қылмыстық процесті жүргізуші органға бұл мәселені нақты қалыптасатын жағдайды негізге ала отырып шешу құқығын береді. Істерді біріктіру үшін заңды негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның ол туралы қаулысы болып табылады. Заңдылықты сақтау және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында каулының көшірмесі тиісті қаулы қабылданған сәттен бастап жиырма терт сағат ішінде прокурорға жолданады. Біріктірілген істер бойынша мерзімді есептеу тәртібі туралы мәселе жеткілікті дәрежеде манызды. Заңда мерзім уақыты бойынша сонғы іс қозғалған күннен бастап есептеледі деп белгіленген. Біріктірілген қылмыстық істердің бірі бойынша айыпталушы жөніндеқамауға алу не үйінде қамауда ұстау түрінде жолын кесу шарасы қолданылған болса, тергеу мерзімі аталған жолын кесу шаралары қолданылған іс қозғалған к үннен бастап есептеледі. Істі алдын ала тындау сатысында біріктірілген қылмыстық істер бойынша мерзім сотқа соңғы қылмыстық іс түскен күннен бастап есептеледі. ҚІЖК-тің 49-бабына сәйкес сот, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық істен: қылмыстық іс тоқтатылуға тиіс болғанда жекелеген айыптаушыларға; мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіз оған қатысты болатын, бірақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыптаушыларға; ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға; қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы. Істі жеке жүргізуге белектеудің бірінші негізі заң шығарушының сот ісінің шапшаң жүргізілуін қамтамасыз етуге, жәбірленушілердің, азаматтық талапкерлердің және процеске қатысушы басқа да адамдардың мүдделерін барынша сақтауға ұмтылуымен байланысты. Іс жүргізуді тоқтата тұру дәлелдер жинау, іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру уақытша тоқтатылатынын білдіреді. Егер іс бойынша екі және одан кеп айыпталушы ететін болса, олардың бірі тергеу мен соттан жасырынып, оны іздеу өте қиынға соғатын болса, бүкіл қылмыстық іс жүргізудің тоқтатып қойылуы процеске өзге қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде шектеуі мүмкін. Өзге айьшталушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты істер жеке жүргізілетіндей етіп бөлектелуі мүмкін. Екінші негіз мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жабық сот отырысын өткізу қажеттігі өз ісінің қаралуы мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты адамдарға қатысты қылмыстық іс жеке жүргізуге бөлектелген жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші негіз кәмелетке толмаған айыпталушылардың құқықтарын сақтау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттігіне байланысты. Сотта іс тыңдау кезінде ересек айыпталушылар қатысуының психологиялық ықпал етуінің ықтималдығы ақиқатты анықтауға бөгет болуы мүмкін. Кәмелетке толмаған айыпталушыға қатысты істі бөлектеу — қылмыстық сот ісін жүргізудің адамгершілік бағыты көріністерінің бірі. Тәртінші негіз бірінші негізбен өзара тығыз байланысты. Анықталмаған адамдар жөніндегі іс қалған айыпталушыларға қатысты сот ісінің шашпаң жүргізілуін камтамасыз ету, сол арқылы оларға берілген іс жүргізушілік құқықтарын толык көлемінде қамтамасыз ету үшін жеке жүргізуге бөлектеледі. Қылмыстық істі жеке жүргізуге белектеу — соттың, қылмыстық ізге түсу органынын құқығы. Заңда істің бөлектелуі орынды болатын жағдайлар белгіленген: - істі бөлектеу зерттеудің және істі шешудің жан-жақтылығына, толымдылығына әсер етпеуге тиіс; - бөлектелген істерді сотта қарау шешімнің объективтілігі мен заңдылығына әсер етпейді; - процеске қатысушылардың құқықтары толық көлемінде сақталады; - істің бөлектелуі сот терелігіне байланысты емес мақсаттар да пайдаланылуға тиіс емес. Істі жеке іс жүргізуге бөлектеудің іс жүргізушілік негіздері қылмыстық, процесті жүргізуші органның ол туралы каулысы больш табылады, қаулының көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жолдануға тиіс. Бөлектелген қьимыстық іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа тұлғаға қатысты істі белектеу туралы немесе жаңа қылмыс бойынша қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. Барлық басқа жағдайларда мерзім негізгі қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап есептеледі. Қылмыстық iстердi бiрiктiру Бiр iс жүргiзуде бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағандығына, қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi iстер, адамның бiрнеше қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды күнi бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн. Бiр iс жүргiзуде: 1) әртүрлi адамдарға қатысты бiрдей айыптау; 2) жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне қатысты қылмыс жасағандығы таңылатын адамдарға қатысты айыптау; 3) бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi бойынша - жария түрде жүзеге асырылатын iстер; 4) бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс. Iстердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша соңғы iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу не үйiнде қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап есептеледi. Адамдарға процеске қатысушылар құқығы оларға қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады. Қылмыстық iстi бөлектеу Сот, қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен: 1) қылмыстық iс ҚІЖКтiң 50-бабында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға тиiс болғанда жекелеген айыпталушыларға; 2) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiз оған қатысты болатын, бiрақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыпталушыларға; 3) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға; 4) қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке жүргiзуге бөлектеуге құқылы. Тергеу немесе қамауға алу мерзiмдерi аяқталып қалған көп эпизодты қылмыстық iстердi тергеу жағдайында тергеушi айыптау бөлiгiнде тергеу толық, жан-жақты жүргiзiлгендiгiн мойындап, егер ол iстiң қалған бөлiктерiн тергеуге және қарауға кедергi жасамаса, iстiң бiр бөлiгiн оны сотқа жолдау үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеуге құқылы. Егер қылмыстық iс бойынша бұл iске байланысты емес қылмыстың белгiлерi бар iс-әрекеттер туралы мәлiмет алынса, ол туралы барлық материалдар ҚІЖКте көзделген тәртiппен жаңа қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу үшiн дереу бөлектенiлуi тиiс. Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiлед. Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Қаулыға түпнұсқада немесе көшiрмесiнде бөлектенетiн материалдардың тiзбесi қоса берiлуi тиiс. Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты iстi бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi. Қылмыстық iстi қысқарту Қылмыстық iс ҚІЖКтiң 37, 38-баптарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның қысқартуына жатады. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң ескiруi шегiнде жаңартылады. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. 4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу: 1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу толық қысқартылғандығы туралы қаулының күшiне енуi бойынша; 2) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң күшiне енуi бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет етпесе; 3) үкiмнiң немесе iс бойынша басқа да түпкiлiктi шешiмнiң орындалғандығы туралы растау алынуы бойынша - егер ол оны атқару жөнiнде арнаулы шаралар қабылдауды қажет ететiн болса, аяқталады. Құпиялылықты сақтау Қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында ҚІЖКте және басқа да заңдарда көзделген мемлекеттiк құпияларды (мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия, жедел-iздестiру қызметi, анықтау және алдын ала тергеу құпиясы) мен өзге де құпияларды (коммерциялық құпия, қызмет бабында пайдалануға арналған ақпарат, дәрiгерлiк, жеке құпия және құпияның кез келген басқа да түрлерi) құрайтын алынған мәлiметтердi қорғау жөнiндегi шаралар қолданылады. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган мемлекеттiк және өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi хабарлауды немесе берудi ұсынған тұлғалар тиiстi құжаттарды сақтаудың қажеттiгiне сiлтей отырып, көрсетiлген талапты орындаудан бас тарта алмайды, бiрақ одан қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн көрсетiлген мәлiметтердi алудың қажеттiгiн растайтын, тиiстi iс жүргiзу қызметiнiң хаттамасына енгiзуге жататын түсiндiрме алуға құқылы. Процеске қатысушылардың мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтермен танысу тәртiбi заңдармен айқындалады. Егер сот алқабилердiң қатысуымен қарайтын қылмыстық iстiң материалдарында мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтер болса, облыстық және оған теңестiрiлген соттың қызметiн материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган төрағалық етушiнiң жазбаша өкiмi бойынша алқабилердiң мемлекеттiк құпияларға қол жеткiзуiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен рұқсат етудi ресiмдейдi. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтi қамтитын дәлелдер соттың жабық отырысында зерттеледi. Өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтi, сондай-ақ жеке өмiрiнiң iшкi сырын ашатын дәлелдер, аталған мәлiметтердiң жариялану қаупi төнген адамдардың сұрауы бойынша соттың жабық отырысында зерттелуi мүмкiн. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзудың, жеке немесе отбасылық құпияны жариялаудың нәтижесiнде адамға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге тиiс. Анықтау және алдын ала тергеу деректерiнiң құпиялығын сақтау тәртiбi ҚІЖКтiң 205-бабымен белгiленедi. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің түсінігі. 2. Алдын ала тергеуді тоқтата тұру тәртібі. 3. Алдын ала тергеуді тоқтата тұрудың шарттары. 4. Алдын ала тергеуді токтатканнан кейінгі тергеушінің әрекеттері. 5. Айыпталушыны іздестіру. Тоқтата тұрылған алдын ала тергеуді қайта бастау. 6. Қылмыстық істерді біріктіру. 7. Қылмыстық істерді бөлектеу. Қылмыстық істерді қысқарту. Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қысқартудың ерекшеліктері. 8. Айыптау тағу және жеке айыпталушыларға катысты бөлігінде қылмыстық істі қысқарту. 9. Қылмыстық іс кысқартылғаннан кейін тергеушінің іс әрекеті. 10. Қылмыстық істі кысқарту туралы каулыға шағым беру тәртібі. Қысқартылған қылмыстық істі қайта қозғау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяктаудың нысандары. Құпиялықты сақтау. 7-тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер. Іс жүргізу мерзімдері. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелерді ашу. Іс жүргізу мерзімдерін талдау. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқыктық негізі. Азаматтық талапкер ретінде тану. Зиянды өтеудің негіздері, шарттары, мөлшері және тәсілі туралы ережелерді колдану. Азаматтық талап бойынша шешім. Азаматтық талапты қамтамасыз ету. 2. Айыптау және актау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. Азаматтық талап бөлігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау. 3. Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу. 4. Іс жүргізу шығындары: түсінігі, түрлері. Іс жүргізу шығындарын өндіріп алу негіздері мен түрлері. 1с жүргізу шығындарын өтеудің негіздері мен өндіру тәртіптері. 5. Іс жүргізудегі мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері. Іс жүргізу мерзімдерін санау тәртібі. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі. Қылмыстық іс жүргізудегі мерзімдерді өткізіп алудың іс жүргізу құқықтық салдары. 1. Жеке және занды тұлғалардың қылмыстық іс жүргізу кезінде өз құқықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі азаматтық талап қою болып табылады. Бұл мәселеге ҚІЖК-нің 20-тарауы (162—171 баптар) арналған. Соның ішінде 162- бапқа сәйкес, қылмыстық процесте жеке және занды тұлғалардың өздеріне тікелей қылмыспен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға кауіпті әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ қылмыстың (қоғамға қауіпті әрекеттің) салдарынан өздері жағынан болған шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады. Яғни, осы бап бойынша: қылмыстық жауапқа тартылатын адамның әрекетімен байланысты ғана емес, сонымен қатар есі дұрыс емес адамның әрекетімен келтірілген мүліктік және моральдық зиянды, сондай-ақ бұл әрекеттің салдарынан болған шығыстарды өтеу туралы да азаматтық талап қойылуы мүмкін. Соңғы жағдайда азаматтық талап есі дұрыс емес адамның әрекеті үшін жауапты болатын тұлғаға қойылады. Басқа кездерде азаматтық талап айыпталушыға немесе оның қылмыстық әрекеті үшін материалдық жауап беретін жеке немесе занды тұлғаға қойылуы тиіс (ҚІЖК-нің 162-бабының 2-бөлігі). Қылмыстық іс бойынша қойылатын азаматтық талап өзінің мәнісі бойынша азаматтық істер бойынша қойылатын талап ұғымына сәйкес болып табылады. Ал, азаматтық істер бойынша қойылатын талаптардың мынадай түрлері болады: 1) өндіру туралы талап; 2) құқықтық қатынастарды тану (анықтау) туралы талап; 3) құқықтық қатынастарды өзгерту немесе жою (тоқтату)туралы талап. Қылмыстық істер бойынша қойылатын азаматтық талаптар негізінен өндіру талабына жатады. Яғни, бұл талаптардың мәні тікелей қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ қылмыстың салдарынан болған шығыстарды (жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретінде төленген, алдын ала тергеу жүргізуге және сотқа қатысуымен байланысты, соның ішінде өкілдікке төленген шығыстарды) өтеттіру болып табылады. Сонымен қатар, зардап шеккен тұлға қылмыспен келтірілген моральдық зиян үшін де өндіру талабын (ақшалай өтемақы төлеу туралы) қоюға құқылы. Қылмыстың зардабынан болған мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтық іс жүргізу тәртібімен де қаралуы мүмкін. Бірақ, мұндай талапты қылмыстық іспен бірге қараудың азаматтық талапты шешетін сот үшін және іске мүдделі адамдар мен басқа процеске қатысушылар үшін де тиімді екеңдігін айту қажет. Біріншіден, азаматтық талаптың қылмыстық іспен бірге қаралуы істің мән-жайларын толық және жан-жақты ашуға, соттың үкімінің және азаматтық талап туралы шешімінің дәлелді болуына ықпалын тигізеді. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәніне қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін анықтау жататын болғандықтан, басты сотталқылауы кезінде ондай мән-жайлар айыптау және қорғау (қорғану) тараптарының қатысуымен жан-жақты зерттеліп, сол арқылы азаматтық талаптың негізділігі, оның қанағаттандыруға жататын- жатпайтындығы жөнінде сот анық тұжырымға келе алады. Сонымен қатар, қылмыспен келтірілген зиянның мөлшерін толық зерттеп анықтаудың қылмыстың дұрыс саралануы үшін (қылмыстың түріне қарай), қылмыстық занды дұрыс қолдану үшін де маңызы болады. Екіншіден, азаматтық талапты қылмыстық іспен бірге қарау — азаматтық талапкер үшін дәлелдеу міндеті тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады. Яғни, егер азаматтық іс жүргізуде азаматтық талапкер өзінің талаптарын және сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс болса, қылмыстық процесте азаматтық талаптың негіздерін дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу заңы бойыиша жүзеге асырылады және сондықтан азаматтық талапкерге дәлелдеу міндеті жүктелмейді. ҚІЖК-нің 24-бабында көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы (сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы) істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін занда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті1. Үшіншіден, азаматтық талапты қылмыстық іспен бірге қарау сот ісін жүргізудің қайталанбауын (азаматтық іс жүргізу тәртібімен) және қылмыстан зардап шеккен тұлғаның мүліктік құқықтарын кешіктірусіз қалпына келтіруді көздейді. Мұндай жағдайда айыпталушыны (сотталған немесе ақталған адамды), жәбірленушіні және басқа да процеске қатысушыларды қайталап сотқа шақыру және бір қылмыс бойынша екі рет сот ісін жүргізу қажет болмайды. Төртіншіден, қылмыстық процесте азаматтық талап қойған тұлға мемлекеттік баж төлеуден босатылады (ҚІЖК 162-бабының 3-бөлігі). Азаматтық талап институтының субъектілері Қылмыстық іс бойынша азаматтық талаптың қойылуы оған сәйкес кұқыктық қатынастармен қамтылатын қарама-қарсы екі жақтың пайда болуына әкеп соқтырады: талапкердің және жауапкердің. Олардың қылмыстық процеске бірдей қатысулары азаматтық талапқа қатысты істің мән-жайларының неғұрлым толық, объективті және жан-жақты қаралап, қойылған талаптың дұрыс шешілуінің маңызды кепілдігі толып табылады. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапкер ретінде жеке немесе занды тұлға танылуы мүмкін. Ол үшін мынадай шарттардың болуы қажет: 1) оған тікелей қылмыспен мүліктік, сондай-ақ моральдық зиянның келтірілуі немесе қылмыстың зардабынан келтірілген шығыстардың болуы; 2) бұл тұлғаның қылмыстық істі жүргізуші органға жазбаша нысанда берілген талабының болуы. Осы шарттар қатар болған жағдайда қылмыстық істі жүргізуші орган бұл тұлғаны азаматтық талапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Қаулы шыққан кезден бастап азаматтық талапкер ҚІЖК-нің 77-бабында көрсетілген құқықтарын қолдану арқылы процеске қатысып, заңды мүдделерін қорғауға толық мүмкіндік алады. Негізінен азаматтық талапты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші қояды. Егер жәбірленуші азаматтық талап қойған болса, онда ол әрі азаматтық талапкер ретінде танылады. Яғни, мұндай жағдайда тұлға жәбірленушінің де және азаматтық талапкердің де құқықтарына бірдей ие болады. Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе оның әрекет қабілеті жоқ деп танылған болса, азаматтық талапты жәбірленушінің занды өкілі қоюға құқылы. Процессуальдық тұлғалар ретінде іске қатысатын жәбірленуші мен азаматтық талапкердің құқықтарының ұқсастықтары бар болғанымен (дәлелдемелер тапсыру, түсініктер беру, өкіл алу, және т.б.), олардың құқықтарының көлемі бірдей еместігіне назар аудару қажет. Яғни, жәбірленушінің құқықтары азаматтық талапкердің құқықтарынан кеңірек болып табылады. Мәселен, жәбірленуші тергеу жүргізу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, сотта айыптауды қолдауға, соттың үкіміне толық келемде шағымдануға құқылы; ал азаматтық талапкер тергеу жүргізу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға, азаматтық талапқа қатысты үкімнің бөлігіне шағымдануға құқылы, ол өз талабын қолдауға құқылы болғанымен, сотта айыптаушы ретінде бола алмайды. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты прокурор қоюы мүмкін. ҚІЖК 62- бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, прокурор мына жағдайларда айыпталушыға немесе оның іс-әрекеттері үшін мүліктік тұрғыдан жауапты тұлғаға азаматтық талап коюға құқылы: 1)егер дәрменсіз күйіне немесе айыпталушыға тәуелді болуына не өзге де себептерге байланысты жәбірленушінің өз еркімен азаматтық талап қою құқығын пайдалануға қабілеті жоқ болса; 2)егер азаматтық талапты қою мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажет болса. Прокурор өз атынан қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойған жағдайда, оны азаматтық талапкер ретінде тану туралы қаулы шығару қажет болмайды. Азаматтық талап қою — прокурордың заңмен көзделген өкілеттіктерінің біріне жататын болғандықтан, мұндай талапты соттың қылмыстық іспен бірге қарап шешуі міндеті болып табылады. Сонымен қатар, қылмыстық істі сотта қарау кезінде прокурор процеске қатысушы жеке немесе занды түұлға қойған азаматтық талапты қолдауға құқылы. Прокурор өз өкілеттігін қолдану арқылы азаматтық талапкердің құқықтарының жүзеге асырылуына пайдалы ықпалын тигізеді. Азаматтық жауапкер. Азаматтар мен занды тұлғаларға заңсыз іс- әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және мүліктік емесе зиянды оны келтірген тұлға етеуге тиіс (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 917-бабының 1-бөлігі). Яғни, қылмыс жасау қылмыстық жауапқа тартудын негізі болса, қылмыспен мүліктік және мүліктік емес зияннын, келтірілуі азаматтық жауаптылықтың негізі болып табылады. Сондықтан да қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық талап айыпталушының өзіне қойылады. Дегенмен, кейбір реттерде қылмыстың зардабынан болған зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі мүмкін. Ондай жағдайда айыпталушының әрекеті үшін мүліктік тұрғыдан жауапты тұлға азаматтық жауапкер ретінде танылуға жатады. Азаматтық талап айыпталушыға қойылған жағдайда оны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы арнайы қаулы шығару қажет болмайды. Өйткені, айыпталушының құқықтары оған қойылған азаматтық талапқа байланысты өз мүдделерін қорғауға және қылмыстық іс жүргізуге толық көлемде қатысуға мүмкіндік береді. Басқа реттерде қылмыстық істі жүргізуші орган тиісті тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Осы кезден бастап азаматтық жауапкер ҚІЖК-нің 78-бабында көрсетілген құқықтарға ие болып, сонын негізінде ол дербес процессуалдық тұлға ретінде іс жүргізуге қатыса алады. Айыпталушының өзінен басқа жеке немесе занды тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде танудың жалпыға ортақ құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі баптарының нормаларынан туындайды. Айтап айтқанда: 1.Заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде келтірілген зиянды өтейді (921-бап). 2.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз органдары мен лауазымды адамдары келтірген зиян үшін жауапты болып табылады. Мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттерінен (әрекетсіздіктерінен) келтірілген зиян осы органдардың иелігіндегі қаржы есебінен өтеледі (922-бап). 3.Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру салдарынан азаматқа келтірілген зиянды алдын ала тергеу, анықтау, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кәнісіне қарамастан заң актілерінде белгіленген тәртіппен толық көлемде мемлекет өтейді (923-бап). 4.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін дербес жауап береді. Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін, егер зиянның өздерінің кінәсінен болмағанын дәләлдемесе, ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары әтеуге тиіс. Ал, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын басқа мекемеде болса, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін, егер зиян өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, сол мекеме өтеуге міндетті (926-бап). 5.Қызметі айналасындағылар үшін жоғарғы қауіптілікпен байланысты занды тұлғалар мен азаматтар (келік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.), егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің қастандығының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғарғы қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндеіті (931-бап). Азаматтық кодекстің осы айтылған баптарының ережелерін қолдана отырып және істің мән-жайларының негізінде қылмыстық істі жүргізуші орган тиісті жеке немесе занды тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Мұндай шешімді қабылдау қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылған жағдайда ғана қажет болады. Азаматтық кодекстің 933-бабында жеке және заңды тұлғалардың зиян келтірген тұлғаға кері (регрестік) талап қою құқығы көзделген: басқа адамның еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде келтірген зиянды етеушінің төленген төлем мөлшерінде, егер заң актілерінде өзгеше мөлшер белгіленбесе, ол адамға кері (регрестік) талап қоюға құқығы бар; анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды адамдары келтірген зиянды өтеген мемлекеттің, егер бұл адамдардың кінәсі соттың занды күшіне енген үкімімен анықталған болса, оларға кері талап қоюға құқығы бар. Мұндай регрестік талап азаматтық іс жүргізу тәртібімен қойылуға жатады. Азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілдері. Қылмыстық іс бойынша өндіріске азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер өкілдері арқылы да қатыса алады. Сонымен қатар, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзінің іске қатысуы оның өкіл алу құқығын жоймайды. Яғни, олар іске өкілдерімен қатар да қатыса алады. Заңды ұйымдар өкілдер арқылы ғана іске қатысады. ҚІЖК-не сәйкес, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілдерінің процеске қатысуларының екі жолы бар: 1) занды өкілдердің іске қатысулары; 2) келісім бойынша өкілдердің қатысулары. Бірінші жағдайда өкілдердің іске қатысулары заңның талабы бойынша қамтамасыз етіледі және сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады. Екінші жағдайда өкілдердің іске қатысулары азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзінің еркіне байланысты болып табылады. ҚІЖК 79—80-баптарының ережелері бойынша, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өзінің дене мүшелерінің кемістігіне немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігі жоқ адамдардың занды өкілдерін іске қатыстыру қамтамасыз етілуге тиіс,ҚІЖК 7- бабының 22-тармағында көрсетілгендей, заңды өкілдер ретінде іске қатыса алатын адамдарға мыналар жатады: сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтыкқ талапкердің ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесежәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері. Бұл тізімде азаматтық жауапкер көрсетілмеген болса да, бірақ ол да осы тұлғалардың қатарына жатады деп карау қажет (бұрын айтылғандай, басым көп жағдайларда айыпталушының өзі әрі азаматтық жауапкер болады). Өкіл ретінде іске қатыса алатын адамдарға адвокат және азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзі қалаған басқа да адамдары жатады. Өкілді іске қатысуға тарту туралы қылмыстық істі жүргізуші орган қаулы шығарады (КДЖК-нің 80-81 баптары). Занды өкілдер мен өкілдердің қылмыстық іс жүргізу кезіндегі құқықтары өздері өкілі болып отырған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына сәйкес болып табылады. Олар өздері өкілі болып отырған тұлғалардың мүддесіне қайшы келетін іс-әрекеттер жасауға құқылы емес. Қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талапты қоюдың тәртібі және оны шешу. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты қоюдың тәртібі ҚІЖК-нің 163- бабында белгіленген. Бұл бапқа сәйкес, азаматық талапты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап сот тергеуі басталғанға дейінгі аралықта қоюға болады. Яғни, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап алдын ала тергеу (анықтау) жүргізу барысында және істі сотта қарау кезінде де қойылуы мүмкін. Бірақ, азаматтық талаптың негізділігін анықтау үшін қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді және істің материалдарын зерттеу қажет болғандықтан, мұндай талап сот тергеуі басталғанға дейін қойылуы тиіс. Занда көрсетілгендей, айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы талап қоюға бөгет болмайды (ҚІЖК 163-бабының 4-бөлігі). Сондықтан қылмыстың болғандығы анықталып, бірақ оны жасаған адам анықталмаған болса да, жәбірленушінің азаматтық талабы қабылдануға жатады. Өйткені, тергеу жүргізудің барысында қылмыс жасаған адамды тауып, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық ізге түсу органының міндеті болып табылады. Егер тергеу жүргізудің барысында қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерінің толық көлемде анықталуына қарай, бұрын қойылған азаматтық талаптың негізін және мөлшерін нақтылау қажеттілігітуындайтын болса, мүдделі тұлға қосымша талап қоюға құқылы (ҚІЖК 163-бабының 3-бөлігі). Осы бапта көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу кезінде азаматтық талап қоймаған, сондай-ақ талабын сот қарамай қалдырған тұлға оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Сол сияқты, қылмыстық ізге түсуден иммунитетінің болуына байланысты айыпталушы ретінде жауапқа тартылмаған адамға да мүліктік талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін. Егер қылмыстық істі жүргізуші орган талап қойған жеке немесе занды тұлғаны азаматтық талапкер ретінде тануға негіз жоқ деп шешетін болса, онда бұл тұлғаны азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту туралы қаулы шығарылады. Мүдделі тұлға ол қаулыға шағымдануға құқылы. Сонымен қатар, сотқа дейінгі өндіріс кезінде тұлғаны азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту бұл тұлғаны сотта істі қарау кезінде талабын қайталап қою құқығынан айырмайды (ҚІЖК-нін, 165-бабы). Азаматтық талап қойылған жағдайда, қылмыстық істі жүргізуші орган ол талапты қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға міндетті. Негізінен ондай шараларды сотқа дейінгі өндіріс кезінде жүзеге асырған тиімді болып табылады. Ал сол кезде қажетті шаралар қолданылмаған болса, онда сот үкім занды күшіне енгенге дейін тиісті шараларды қолдануға құқылы (ҚІЖК-нің 170- бабы). Жеке немесе занды тұлғаны азаматтық талапкер ретінде тану туралы қаулы шығарғаннан кейін қылмыстық ізге түсу органы жүзеге асыратын талапты қамтамасыз ету шаралары тергеу әрекеттерімен және жедел-іздестіру қызметімен байланысты болып табылады. Мысалы, меншікке қарсы қылмыстар бойынша тергеуші жәбірленушіден, куәлардан, сезіктіден және айыпталушыдан жауап алу кезінде қандай мүліктің ұрланғандығы, ұрланған мүліктің қай жерде жасырылғандығы жөнінде деректерді анықтап, содан кейін қылмыстык істің мән- жайларына байланысты қарау, тінту, алу сияқты тергеу әрекеттерін жүргізеді. Егер ұрланған мүлік белгілі бір жерде жасырылған деп санауға жеткілікті деректер бар болса, онда тергеуші ол мүлікті тауып алу мақсатында ҚІЖК-нің 232-бабына сәйкес тінту жүргізуге құқылы. Азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қолдана алатын амалдардың бірі анықтау органдарына қылмыстық жолмен пайда етілген мүліктің және өзге де құндылықтыңқай жерде, кімнің қолында екендігін анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізу жөнінде тапсырмалар беру болып табылады. Тергеушінің ондай заңды тапсырмаларын анықтау органдары кідіртусіз орындай отырып, жүргізілген шаралардың нәтижелері туралы тергеушіге хабарлауға міндетті. Азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралардың арнайы түрі мүлікке тыйым салу болып табылады (ҚІЖК-нің 161-бабы). Тыйым салынуы мүмкін болатын мүліктің қатарына тұрғын үй, үй-жай, автокөлік, бағалы металдардан (алтын, күміс және т.б.), сондай-ақ асыл тастардан дайындалған заттар, бұйымдар, ақша, бағалы қағаздар, өзге де құндылықтар жатады. Бірінші қажеттілік заттары болып табылатын мүлікке тыйым салынбайды (ондай заттардың тізімі қылмыстық-атқару кодексінің қосымшасында келтірілген). ҚІЖК-нің 168-бабында көрсетілгендей, азаматтық талапкер өзі қойған азаматтық талаптан бас тартуға құқылы. Талаптан бас тарту туралы арыз жазбаша түрде берілуі тиіс және ол істің материалдарына тіркеледі. Талаптан бас тартуды қабылдау туралы қылмыстық істі жүргізуші орган қаулы шығарады (ҚІЖК 168-бабының 3-бөлігі). Мұндай жағдайда қылмыстық іс жүргізудің азаматтық талап бойынша бөлігі қысқартылады. ҚІЖК 168-бабының 6-бөлігіне сәйкес, мына жағдайларда азаматтық талаптан бас тарту қабылданбайды және қылмыстық істі жүргізуші орган ол туралы дәлелді қаулы шығаруы тиіс: 1)талаптан бас тарту занға қайшы келетін болса; 2)талаптан бас тарту басқа тұлғалардың (азаматтардың, заңды ұйымдардың) құқықтары мен занды мүдделерін бұзатын болса. Қылмыстық іс бойынша қойылған азаматтық талап соттың шешуіне жатады. Сондықтан, ҚІЖК 169-бабының 6-бөлігінде көрсетілгендей, егер қылмыстық іс сотқа дейінгі өндіріс кезінде қысқартылған болса, онда жеке немесе заңды тұлға мүліктік талабын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Азаматтық талап қылмыстық іспен бірге басты сот талқылауында қаралып, оған айыптау және қорғану (корғау) тараптары, соның ішінде азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер қатысады. Заң бойынша басты сот талқылауы кезінде азаматтық талапкерге және азаматтық жауапкерге тараптардың бәскелестігі принципіне сәйкес тең құқықтар берілген. Олар дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға, дәлелдемелер тапсыруға, айғақтар және түсініктеме беруге, өтініштер айтуға, жарыссөзге қатысуға құқылы. Қылмыстық істің мән-жайларын тараптардың қатысуымен жан-жақты қарап талқылаудың нәтижесінде сот азаматтық талап жөнінде тиісті шешімге келіп, ол шешімін үкімде жазып тұжырымдайды (қылмыстық істі сотта қарау оны қысқартумен аяқталған болса, сот ол туралы қаулы шығарады). Есі дұрыс емес адамдардың істері бойынша қойылған азаматтық талап жөнінде соттың шешімі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданбау және істі қысқарту туралы қаулыда көрсетіледі. ҚІЖК-нің 169-бабына сәйкес, азаматтық талап бойынша сот қабылдайтын шешімнін мынадай түрлері болады: 1)азаматтық талапты толық немесе жартылай қанағаттандыру туралы; 2)азаматтық талапты қанағаттандырмау туралы; 3)азаматтық талапты қараусыз қалдыру туралы; 4)азаматтық талапкердің талабын қанағаттандыру құқығын танып, талаптың мөлшерін есептеп шешуді азаматтық іс жүргізу сотының қарауына беру туралы. Бұл аталған сот шешімдерінің түрлеріне тоқталайық. 1.Айыптау үкімін немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану не қолданбау туралы қаулы шығарғанда сот азаматтық талапты толық немесе жартылай қанағаттандыруы мүмкін. Егер қылмысты сотталушы жасаған, ол бұл қылмысты жасауға кінәлі және азаматтық талаптың негізділігі мен мөлшері толық дәлелденген болса, онда азаматтық талап толығымен қанағаттандыруға жатады. Сол сияқты, егер есі дұрыс емес адамның әрекетімен келтіріліген зиян толық дәлелденген болса, оның әрекеті үшін жауапты тұлғаға қойылған азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылуы мүмкін. Ал, егер қылмыстық іс бойынша немесе есі дұрыс емес адамның ісі бойынша қойылған азаматтық талаптың дәлелділігі толық емес, бірақ талаптын бөлігінің негізділігі және оған сәйкес келетін көлемі жиналған дәлелдемелермен расталған болса, онда азаматтық талап жартылай қанағаттандыруға жатады. 2. Қылмыстың оқиғасы болмауына немесе сотталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегенге байланысты ақтау үкімі шығарылған болса, сот азаматтық талапты қанағаттандырмау туралы шешім қабылдайды. Сол сияқты негіздер бойынша есі дұрыс емес адамға қатысты істі қысқарту туралы қаулы шығарылған болса (қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттің болмауы немесе бұл адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетке қатысқанының дәлелденбеуі), сот бұл іс бойынша қойылған азаматтық талапты қанағаттандырусыз қалдырады (ҚІЖК 169-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы). 3.Қылмыстың құрамы жоқ болғандықтан ақтау үкімі шығарылған жағдайда, сот азаматтық талапты қараусыз қалдырады. Олай болғанда, талапкер азаматтық талабын жаңадан азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. ҚІЖК 169-бабының 5-бөлігіне сәйкес, мына негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартумен аяқталған жағдайда сот азаматтық талапты қараусыз қалдырады: жасалған әрекет үшін қылмыстық жауапқа тартуды жоятын рақымшылық актісінің болуы; қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі; жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің арызы болмауы немесе жәбірленушінің айыпталушымен татуласуы; осы айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы болуы; осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының занды күшіне енген қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы қаулысы болуы; айыпталушының шын өкінуіне және қылмысты ашуға жәрдемдесуіне байланысты; қажетті қорғану шегінен асқан адамға қатысты; жағдайдың өзгеруіне байланысты. Алайда, мұндай жағдайларда қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты қараусыз қалдырудың салдары жөнінде ҚІЖК-нің 169-бабында анық айтылмаған. Бұл баптың 6-бөлігіне сәйкес, жоғарыда аталған негіздер бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі өндіріс кезінде қысқартылған болса, азамат немесе заңды тұлға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен талап қоюға құқылы. Ал, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы «Азаматтық талапты қылмыстық процесс қарау туралы» нормативтік қаулысында былай деп көрсетілген: қылмыстық сот ісін жүргізу барысында азаматтық талапты қараусыз қалдыру, азаматтық талапкерді азаматтық сот ісін жүргізу тәрібімен талап қою құқығынан айырмайды. 4.ҚІЖК 169-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, қылмыстық істі қарауды кейінге қалдырмай азаматтық талап бойынша жан-жақты есептеу бұл кезде мүмкін болмаса, сот азаматтық талапкердің талабын қанағаттандыру құқығын тани отырып, талаптың мөлшерін есептеп шешуді азаматтық іс жүргізу сотының қарауына бере алады. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының аталған нормативтік қаулысында (25-тармағы) азаматтық талапты қараудың нәтижесінде қабылданатын шешімдердің бірі ретінде соттың азаматтық талап бойынша іс жүргізуді қысқартуы көрсетілген. Соттың мұндай шешім қабылдауының негізі бұдан бұрынырақ айтылған азаматтық талапкердің талаптан бас тартуы болып табылады (ҚІЖК-нің 168-бабы). Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талаптар 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады. 2. Азаматтық талап айыпталушыға немесе айыпталушының әрекетi үшiн материалдық жауап беретiн адамдарға қойылады және қылмыстық iспен бiрге қаралады. 3. Талапкер қылмыстық iсте азаматтық талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. 4. Қылмыстық iстен туындайтын азаматтық талаптың соттылығы ол талап қойылған қылмыстық iстiң соттылығымен айқындалады. 5. Қылмыстық iс бойынша қойылған азаматтық талапты дәлелдеу ҚІЖКте белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi. 6. Егер азаматтық талапқа байланысты туындайтын iс жүргiзу қатынастары ҚІЖКпен реттелмеген болса, азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормалары ҚІЖКке қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады. Азаматтық талап қою Есi кiресiлi-шығасылы адамның қылмысы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекетi нәтижесiнде зиян шеккен адам не оның өкiлi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап, бiрақ сот тергеуi басталғанға дейiн кез келген уақытта азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтық талап жазбаша нысанда берiледi. Талапта қандай қылмыстық iс бойынша, кiм, кiмге, қандай негiзде және қандай мөлшерде азаматтық талап қоятыны көрсетiледi, сондай-ақ зиянды өтеу үшiн нақтылы ақша сомасын немесе мүлiктi өндiру туралы өтiнiш жазылады. Азаматтық талаптың негiзiн және талаптың мөлшерiн нақтылау қажет болған кезде ол адам қосымша азаматтық талап қоюға құқылы. Айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға бөгет болмайды. Қылмыстық процесте азаматтық талап қоймаған адам, сондай-ақ талабын сот қарамай қалдырған адам оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы. Қылмыстық iзге түсу иммунитетiнiң болуына байланысты айыпкер ретiнде жауапқа тартуға болмайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн. ҚІЖКтiң 62-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда қылмыстық iсте прокурор азаматтық талап қоюға құқылы. 2. Айыптау үкiмi шығарылғанда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарылғанда, сот азаматтық талапты толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады. Азаматтық талап толық немесе iшiнара қанағаттандырылған жағдайда сот үкiмде үкiмнiң азаматтық талап бөлiгiнде ерiктi түрде орындау үшiн арналған мерзiмiн көрсетедi. Мәжбүрлеп орындау атқарушы iс жүргiзу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Азаматтық талап бойынша жан-жақты есептi қылмыстық iстi тергеудi кейiнге қалдырмай жүргiзу мүмкiн болмаған кезде сот азаматтық талапкердiң талабын қанағаттандыру құқығын танып, оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады. Белгiлi бiр ақтау үкiмi шығарылған кезде, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi iстi тоқтату туралы қаулы шығарылғанда сот: 1) егер қылмыс оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекет анықталмаса не сотталушы адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселесi шешiлген адамның қылмыс жасауға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетке қатысқаны дәлелденбесе, азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартады; 2) сотталушы қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған жағдайда не өзi жасаған әрекеттiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздердiң болмауына байланысты iс тоқтатылғанда талапты қарамайды. ҚІЖКтiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-5, 7, 8-тармақтарында және 38- бабында көрсетiлген негiздер бойынша iс тоқтатылған кезде сот азаматтық талапты қарамайды. Егер осы баптың төртiншi бөлiгiнiң 2-тармағында және бесiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша қылмыстық iс сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында тоқтатылса, азамат немесе заңды тұлға не олардың өкiлдерi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қоюға құқылы. Қылмыс арқылы моральдық немесе мүлiктiк зиян келтiрiлгенi туралы деректер болған кезде қылмыстық iзге түсу органы азаматтық талапты қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi. Егер мұндай шаралар қабылданбаған болса, сот үкiм заңды күшiне енгенге дейiн оны қамтамасыз ету шараларын қолдануға құқылы. Сот азаматтық талапты қанағаттандырған кезде үкiм, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы азаматтық талап бөлiгiнде атқарушылық iс жүргiзу туралы заңдарда көзделген тәртiппен орындалады. 3.Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу Заң көмегiне ақы төлеу 1. Қорғаушының және жәбiрленушiнiң өкiлiнiң заң көмегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қылмыстық процестi жүргiзетiн орган, бұған негiз болған жағдайда сезiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл ретте адвокаттың еңбегiне ақы төлеу бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 3. ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен шарт жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда, адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар бюджет қаражатының есебiне жатқызылуы тиiс. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы: 1) егер жұмысты қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаса - жұмыс iстеген орнында жалақы; 2) егер орындалған жұмыс олардың лауазымдық мiндеттерiнiң аясына кiрмесе және жұмыстан тыс уақытта орындалса - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалардың шегiнде республикалық бюджет қаражатының есебiнен сыйақы; 3) егер жұмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса - тараппен жасалған шартта белгiленген мөлшерде сыйақы алады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процестi жүргiзiп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн шығарған қаулысының негiзiнде төленедi. 4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жәбiрленушiнiң, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердiң, олардың заңды өкiлдерiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсететiн адвокаттардың немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлiнiң ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебiнен өтелуге жатады: 1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар: - темiр жол, су, автомобиль (таксидi қоспағанда) көлiгiмен және сол жерде бар басқа да көлiк түрлерiмен жол жүру құны, ал қылмыстық процестi жүргiзушi органның келiсуiмен - әуе көлiгiмен жол жүру құны; - қызметтiк iссапарларға ақы төлеу үшiн қабылданған норма бойынша бұл шығындарды ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн реттегi тұрғын үйдi жалдау құны; 2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн кездегi - тәулiктiк ақы; 3) олар үшiн орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы; 4) сол адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы нәтижесiнде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығындары. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң, сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi. Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал- жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығындар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша, қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысының негiзiнде, заңдарда белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстар сонымен қатар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды тергеу iсiне қатысуға тартқан тараптың есебiнен не ҚІЖКте көзделген басқа жағдайларда өтелуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген шығындар заңдарға сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның өз бастамашылығымен өтелуi мүмкiн. Көрсетiлген шығыстарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Iс жүргiзу шығындары Iс жүргiзу шығындары: 1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге ҚІЖКтiң 173, 174-баптары тәртiбiмен төленетiн сомалардан; 2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды қалыпты жұмыстарынан қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан; 3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты үшiн толық алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан; 4) мiндеттер қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындалғаннан басқа жағдайларда сарапшыларға, аудармашыларға, мамандарға олардың анықтау, алдын ала тергеу процесiнде немесе сотта өз мiндеттерiн орындағаны үшiн төленетiн сыйақыдан; 5) қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, сезiктi, айыпталушы немесе сотталушы адам оны төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын-ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келiсiм жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда; 5-1) жәбiрленушiнiң өкiлi (жеке айыптаушы) заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда; 6) заттай дәлелдемелердi сақтау мен жөнелтуге жұмсалған сомалардан; 7) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан; 8) тергеуден немесе соттан жасырынған айыпталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған сомалардан; 9) айыпталушыны тергеушiге немесе сотқа ол дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дәлелсiз себептермен келмеуiне не оның сотқа мас болып келуiне байланысты сот қарауын басқа уақытқа қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан; 10) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде келтiрiлген өзге шығындардан құралады. Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру Iс жүргiзу шығындарын сот сотталушыға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне жатқызылады. Аудармашыға, төленген сомаларды қоспағанда, сот сотталушыдан iс жүргiзу шығындарын төлеттiруге құқылы. Iс жүргiзу шығындары жазадан босатылған сотталушыға да жүктелуi мүмкiн. Iске аудармашының қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiмен орындаған болса, онда оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi. ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлi ретiнде заң көмегiн тегiн көрсеткен адвокаттың iске қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары бюджет қаражаты есебiне жатқызылады. Сотталушы ақталған немесе iс ҚІЖКтiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2- тармақтарына және 269-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес қысқартылған жағдайда iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны кiнәлi деп танылған айыппен байланысты iс жүргiзу шығындарын төлеуге мiндеттейдi. Iс жүргiзу шығындары оны төлеуге тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда мемлекет есебiне жатқызылады. Егер iс жүргiзу шығындарын төлеттiру сотталушының асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталушыны iс жүргiзу шығындарын төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот iс жүргiзу шығындары олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде төлеттiрiлуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталушы кiнәсiнiң сипатын, қылмыс үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын есепке алады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша сот iс жүргiзу шығындарын кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады. Сотталушы жеке айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот iс жүргiзу шығындарын шағымы бойынша iс жүргiзу басталған адамға толық немесе iшiнара төлеттiруге құқылы. Тараптардың бiтiмге келуiне байланысты iс қысқарылған кезде iс жүргiзу шығындары бiр немесе екi тараптан да төлеттiрiледi. Айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi iс жүргiзу шығындарына байланысты мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi. Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескiруiне байланысты тоқтатылады. 5.Қаралып отырған категорияның неғұрлым кең ұғымын біз Ю.В. Кореневскийден табамыз, ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу мерзімдері - ақиқатты анықтау, іске қатысушы адамдардың құқықтарын қорғау (бөліп көрсеткен - Б.Т.) мақсаттарында қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, сот процестерінің тәрбиелеу, алдын алу мүмкіндіктерін арттыру үшін заңда белгіленген уақыт. Іс жүргізу мерзімдеріне сот ісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау сияқты белгінің берілуі олардың мәндік жағын едәуір байыта түседі. Іс жүргізу мерзімдерінің мәніне терең түсінік берген А.П. Гуляев, ол былай деп жазады: «Іс жүргізу мерзімдері... кепілдіктер жүйесінің бір бөлігін құрайды. Олардың ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу қызметін белгілі бір уақыт аралығын белгілеу жолымен регламенттеу әдісінің өзгешелігінде, сол уақыт аралығында тиісті іс жүргізу әрекеттерінің орьшдалуына жол беріледі. Мерзімдерді есептеудің тәртібі және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы жалпы ережелер бар заң нормалары іс жүргізу мерзімдерінің нақ осы ерекшелігімен байланысты... Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерді кандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз береді». Бұл айқындама М.М. Выдряның пікірімен үйлеседі, ол іс жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп жазды: «Жалпымемлекеттік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі деп санауға болады». Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екенін дәлелдейді. Сонымен бірге ҚІЖК-те мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55- бап), іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56- бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі туралы (153- бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге шағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. ҚІЖК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уақытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай аракатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және маңызды мәселелерінің және оларды бұзудың құқықтық зардаптарының кате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы заңдылықты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялық шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның заңдық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үшін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдың өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесін камтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді. Іс жүргізушілік мерзімдерінің қос ұдайылық табиғатына назар аударған Ю.А. Костанов пен В. В. Назаровтың пікірі осы көзқарас тұрғысынан маңызды. Атап айтқанда, олар былай Деп жазды: «Заңда қаңдайда болсьш іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзімдерін, сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларының мерзіңдерін көрсету, бір жағынан, іс бойынша іс жүргізілуін тездетудің құралы болып табылады, ал екінші жағынан, процеске қатысушылар құқықтарына кепілдіктер береді, өйткені, біріншіден, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының, сондай-ақ жалпы іс бойынша іс жүргізудің мерзімін шектейді, екінші жағынан, жекелеген іс жүргізушілік құжаттарымен (айыптау қорытындысымен, үкіммен, сот отырысының хаттамасымен) танысу үшін қатысушыларға берілуге тиіс уақытың ең төмен шегін белгілейді1. Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жүргізу мерзімдерінің жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері — заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін құқық қатынастарының кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі. Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардың қолданылуын өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. ҚІЖК қолданылатын уақыт — уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі. Сонымен, заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық мақсаты—қандай да болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК- тің 183-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органының жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға және шешімдер кабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат - қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезіндеқаралуын камтамасыз ету. Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада: олар: а) процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді; - қылмыстық процесте жүйелеу функциясьш орындауға бағытталған құқықтық құрал больш табылады; - сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қаркын беретін ұйымдық құрал болып табылады. Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік маңызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: - іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге дейін айыпталушыға айып тағылмауы тергеушінің бұлтартпау шараларының күшін дереу жоюына әкеліп соғады) «дербес заң фактісі немесе күрделі заң құрамы элементгерінің бірі ретінде» тану мүмкіндігі. Іс жүргізу мерзімін заңдық факт ретінде тануға себеп болатын құқықтық жағдай — іс жүргізу қатынастарына қатысушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе доғарылуы түріндегі құқықтық салдарлардың басталуы; - заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі заңдылық принципін бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін; - мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі; - тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау. Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір- бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз: 1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мьша түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім- кезең. Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар «кез» (мысалы, КДЖК-тін, 70-бабына сәйкес, «қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі» немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша «өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен жолыға алады»); «кез келген сәт» (мысалы, ҚІЖК- тің 348-бабынын, 3-бөлігі бойынша «сот сотталушыға нақтылау сұрақтарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін»); «дереу» (мысалы, ҚІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады» деп белгіленген; ҚІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша «прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады»; «кідіріссіз» термині өзінің мәні жағынан «дереу» терминіне жақын (мысалы, ЩЖК-тің150-бабының 3-бөлігі бойынша «бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады»; «тез арада» терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, ҚІЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігі бойышпа «корғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма терт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті»; «аяқталғаннан кейін бірден» (мысалы, ҚІЖК-тін, 203-бабының 1-бөлігі бойынша «тергеу іс- әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады»); әлдебір іс-әрекет басталардың «алдында» (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс- әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық құралдарды колданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс»); әлдебір іс-әрекеттең «кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 258- бабынын, 2-бөлігі бойынша «сараптамалық зерттеудің үлгілері сол адамнан, бірақ аталған іздер қалдырылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін»); әлдебір іс- әрекетпен «бір мезгілде» (мысалы, ҚІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша «тергеуші айыпталушыға айыптағылған күн туралы хабарлаііды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шакыру құқығын түсіндіреді»); іс жүргізу «аяқталғаннан кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша «еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап альшып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мумкін»); «тәмамдалғаннан кейін» терминінің мәні «аяқталғаннан кейін» терминіне жақын (мысалы, ҚІЖК- тің 362-бабының 1-бөлігі бойынша «төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысушыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді»); әлдебір іс-әрекетке «дейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 214-бабының 1- бөлігі бойынша «тергеуші бір іс бойынша қарастырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады»); уақытпен берлері нақты жағдайда негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдың өзара байланысты керсетілетін «уақытында» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша «тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді»); «кешіктірмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 235-бабынын. 5-бөлігі бойынша «почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды»); «анықталғашан кейін» (мысалы, ҚІЖК- тің 354-бабының 5-бөлігі бойынша «төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарашпыға жазбаша түрде сұрак беруді үсынады»). Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс әрекет жасалған «күні» (мысалы, ҚІЖК-тің 209-бабының 2-бөлігі бойынша «айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады»); «күндізгі уақытта», «бір күн ішінде» (мысалы, ЩЖК-тің 212-бабының 2-бөлігі бойынша «жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі»; ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс»; «белгілі бір уақыттан аспайтын мерзімде» (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының 1- бөлігі бойынша «ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағатган аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасайды»); «белгілі бір уақыт ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 136-бабының 2-бөлігі бойынша «ұсталу көзінен бастап жетпіс екі сағатгың ішінде сезіктіге қатысты ҚІЖКте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалуға тиіс немесе ол босатуға жатады»); «белгілі бір тәулік ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша «тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады»); «белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей» (мысалы, КЩК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктең кешіктірілмей тағылуға тиіс»); «белгілі бір сағаттарда» (мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алуды демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі»); «белгілі бір мерзімнен аспау» (мысалы, ҚІЖК- тің 153-бабының 5-бөлігі бойынша «қамауға алу мерзімі қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудын ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс»); «белгілі бір айлар мерзімінен кешіктірілмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабынын, 1-бөлігі бойынша «қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс») және т.т. Мерзім-кезеңдер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы белгілі мерзімдерге бөлінеді. Белгісіз мерзімдер, әдетге, сотісін жүргізудің қандай да болсын іс-әрекет жасалуы қажетті әлдебір кезеңін көрсетеді. Мерзімдердің ең ерте және ең кеш шектері өзара байланысты іс-қимылдар аралығындағы кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынымен айқындалады. Мәселен, ҚІЖК-тің 121-бабына сәйкес заттай дәлелдемелер «үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін» істе қалады, бұл жағдайда ең ерте мерзім заттай дәлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен тұспа-тұс келетіні, ал ең жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уақытымен айқыңдалатыны мегзелген. Ұзақтығы белгілі мерзімдерге (немесе белгілі мерзімдер) мерзім-кезеңдер шегінде іс-қимылдар жасалуы қажетті кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынының дәл атап көрсетілуі тән: сағат, тәулік, апта, ай, жыл. Мерзім белгілеу әдісімен байланысты негіз бойынша іс жүргізу мерзімдері мынадай түрлерге бөлінеді: а) заңмен белгіленген; ә) сот ісін жүргізуші өкілетті адам белгілеген. Заңмен белгіленген мерзімдер заң нұсқамаларын орындаушы нақты өкілетті адамның құқықтық жағдайына карамастан барлық қылмыстық істер бойынша міндетті. Мәселен, ҚІЖК-тін 184-бабына сәйкес қылмыс туралы арыз немесе хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда — бір айға дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жиырма төрт сағатгың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс. Өкілетті адам белгілеген мерзімдер уақыт жағынан, заңмен белгіленген мерзімдер секілді, шектеусіз емес. Бұл жағдайда іс-әрекеттерді орындау мерзімі туралы шешімді кабылдауға екілетті адам құқылы. Мысалы, ҚІЖК-тін, 153-бабында аудандық (қалалық), облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлардың қамауға алуды ұзартудың түрлі құқықтары көзделген: «үш айға дейін», «алты айғадейін». Мұның өзі тиісті прокурор ен, жоғары мерзімнен аса алмайтының бірақ ең жоғары мерзім шегінде одан аспайтын кез келген мерзім белгілей алатынын білдіреді. Іс жүргізушілік кепілдіктер жасалуына байланысты негіз бойынша мерзімдер мынадай түрлерге бөлінеді: а) сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдері; ө) процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері; б) пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылатынының кепілі'.Сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдіктері ретіндегі мерзімдер жалпы іс жүргізушілік маңызы бар бірқатар нормаларда орнықтырылған. Оларға мына мерзімдер жатады: қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу мерзімі (ҚІЖК- тің 184-бабы), ондағы ең төмен мерзім — жиырма төрт сағат, ең жоғары мерзім — бір ай; анықтау және алдын ала тергеу мерзімі (ҚІЖК-тің 196, 285-бабы); істі апелляциялық немесе кассациялық сатыларда карау мерзімі (ҚІЖК-тің 399- бабы) және т.т. Процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері ретіндегі мерзімдер, әдетте, адамның сот ісін жүргізудегі құқықтық жағдайының мәселелеріне белгілі бір жағдайда қатысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға бағдарланған. Бұл түрге: сезіктіні ұстау және одан жауап алу (ҚІЖК-тің 68-бабы); айыпталушыға айыптау қорытындысыныңкөшірмесін табыс ету (ҚІЖК-тің 284-бабы); процеске қатысушылардың шағындарын қарау (ҚІЖК-тің 399-бабы) мерзімдері мен т.б. мерзімдер жатады ретіндегі мерзімдер қылмыстық процесгі жүргізуге өкілетті органдар мен адамдардың заңдылықты сақтауын қадағалау үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатын көздейді. Бұл түрде: анықтау органы бастығының анықтау мерзімін ұзартуы туралы прокурорды хабардар ету (ЩЖК-тің 285-бабы); қылмыстық іс қозғау, істі іс жүргізуге кабылдау, анықтауды тоқтата тұру немесе қысқарту туралы қаулылардың көшірмелерін прокурорға жіберу (ҚІЖК-тің 188, 50, 51-баптары) сияқты және басқа мерзімдер бар. Іс жүргізу мерзімдерінің келтірілген түрлері одан әрі саралауға арналған негіздердің бәрін түгел қамтымайтынын айта кету керек. Одан әрі саралау іс жүргізу мерзімдерінің қылмыстық процестегі орны мен маңызын неғұрлым терең түсіну мен ұғыну үшін алғышарттар жасау үшін қажет. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі ҚІЖК-тін 54-бабында белгіленген. Мерзімдер сағатгармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеледі.ҚІЖК-тің 54-бабынан мерзімді «есептеу» және мерзімнің «өтуі» мәнінің бірдей емес екенін көреміз. Мерзімнің өтуі іс жүргізу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін белгілі бір уақыт өткенін немесе өтіп жатқанын білдіреді, оны есептеуге болады. Ал мерзімді есептеу ден қойылып отырған уақытқа оны сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеудің заңда белгіленген ережелерін қолдануға болатынын білдіреді.Іс жүргізу мерзімдерін есептеудің өзіндік ерекшелігі күндер мен тәуліктер арасындағы айырмашылықта. Мұның алдында, мерзім-кезеңдердің маңызына сипаттама берген кезде, біз заң шығарушының «күн», «бір күн ішінде», «келесі күні» сияқты ұғымдарды пайдаланғанын атап көрсеткен болатынбыз (ҚІЖК-тің 209,212- баптары) және т.т. Сонымен бірге ҚІЖК-тің 54-бабының 1-бөлігінде мерзімдер сағаттармен,тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептелетіні айқын атап көрсетілген. Бұл бапта мерзімнің күнмен есептелетіні айтылмаған. «Күн» ұғымының мазмұнын, сірә, тәуліктің жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі бөлігін құрайтын «түнгі уақыт» ұғымымен қамтылмаған тәуліктің бір бөлігі деп түсіну қажет шығар. Жалпы ереже бойынша мерзімді тәулікпен есептеу кезінде ол соңғы тәуліктегі жиырма терт сағатта бітеді.Мерзімдер есептеу механизмін түсінудің практикалық маңызы бар, әйтпеген жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайтынын, бұған ұстау кезіндегі мерзімдерді есептеудің қатысы жоқ екенін ескеру қажет. Бұл нұсқама мерзімнің етуі іс жүзінде оны есептеуден бұрын басталатынын білдіреді1. Атап айтқаңда, Р.Х.Якупов былай деп атап көрсетеді: «мерзімдерді есептеудің мұндай тәртібш заң шығарушы кездейсоқ белгілемеген. Сағаттармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт толық емес сағат, ал тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзім ете бастайтын уақыт — толык емес тәулік болуы мүмкін. Сондықтан сағаттармен, сондай-ақ тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзімнің соңғы сәтін белгілеу мерзім бітетін минуттарды және тіпті секунттарды есептеумен киындатылған болар еді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде осындай дәл есептеулер жасау мүлдем жөнсіз. Мерзімдер есептеудің қабылданған жүйесі есептеуді жеңілдетеді»1.Мерзімдерді дұрыс есептеудің маңызды екенін регламенттелуінде іс-қимыл жасалатын уақыт атап көрсетілген бірқатар нормалар дәлелдейді. Мәселен, қылмыс жасады деген күдік келтірген адамды ұстау хаттамасында ол ұсталған сағат, минут, күн, жыл және ай, хаттама жасалған уақыт көрсетілуі қажет (ҚІЖК-тің 134-бабы). Сағатпен есептелетін мерзімдер. Бұл мерзімдер белгіленген категорияларға жатқызылады, олар: 1 сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 3 сағат (ҚІЖК-тің 134- бабы); 4сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 6 сағат (ҚІЖК-тің 150-бабы); 24 сағат (ҚІЖК-тің 232-бабы); 48 сағат (ҚІЖК-тің 496, 497-баптары); 72 сағат (ҚІЖК- тің 136-бабы).Заңда іс жүргізу әрекеттерін жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден 6-ға дейінгі түнгі уақытта (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырудан тартыну көзделген. Сөйтіп, түнгі уақыттың үзақтығы 8 сағатқа, ал күндізгі уақыттың ұзақтығы 16 сағатқа тең. Демалу және үзіліс жасау уақыты көрсетілген нормаларды орындау кезінде осы жағдайларды ескеру қажет. Мысалы, ҚІЖК-тің 370-бабында былай делінген: «Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы». Ондай уақыт деп түнгі уақытты немесе ұзақтығы әдетте 8 сағат болатын жұмыс күні деген ұғымға жатпайтын кез келген уақытты тануға болады. Сонымен бірге соттың қысқа үзіліс жариялауы мүмкін.Сағатпен есептелетін ең көп қолданылатын мерзім 24 сағатқа тең. Бұл мерзім ҚІЖК-тің бірқатар баптарында атап керсетілген. Мысалы, қылмыс туралы арыз бойынша шешім ол берілген күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдануға тиіс. Мәселен, егер арыз 2 сәуірде 12 сағат 20 минутта келіп түскен болса, бұл мерзімнің өтуі 2 сәуірдегі 13 сағаттан басталып, 3 сәуірдегі 13 сағатта аяқталады. Ал мерзімнің өтуі басталатын сағат есепке алынбайды. Бұл жағдаңда ол — 12 сағат.Заңмен 48 және 72 сағаттық іс жүргізу мерзімдері сирек белгіленеді.Белгілі бір іс- әрекеттерді «кідіріссіз», «дереу» немесе «тез арада» орындауды нұсқайтын нормалардағы белгісіз мерзімдер біршама киындыктар туғызады. Мұндай нұсқаулар, мысалы, ҚІЖК-тің 142, 216, 222, 235, 237-баптарында бар. Мәселен, ҚІЖК-тін 216-бабының 2-бөлігінде былай деп атап көрсетілген: «Егер сезікті ұсталған немесе күзетаен қамауға алынған болса, ол өз айғақтарын қорғаушының қатысуымен баяңдауға құқылы. Қорғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен камауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағатган кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті». Қарапайым талдау «кідіріссіз», «тез арада» ұғымдарымен белгіленетін мерзім қалай болғанда да жиырма төрт сағаттан аз уақытты құрайтынын көрсетеді. Сонымен бірге «кідіріссіз», «тез арада», «дереу» сөздерінің тікелей түсінігі бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей құқықтық негіздер пайда болған сәтте орындау керек. Бірак бірқатар жағдайларда ол мүмкін болмайды. Осыған бай- ланысты, А. П. Гуляевтің пікірі бойынша іс-әрекет 24 сағаттан кешіктірілмей орындалуға тиіс1. Сонымен, «дереу» сөзінің әдеттегі ұғымы бұл мерзімнің ҚІЖК-тегі қазіргі ұғымына сәйкес келеді. Тәулікпен және күнмен есептелетін мерзімдер. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, мерзім есептеудегі күн 24 сағат деп саналады, мерзім тәулікпен есептелгенде ол соңғы тәуліктердегі 24 сағат ішінде бітеді. Күндер мен тәуліктер есептеудегі негізгі айырмашылық міне, осында. «Күн» мен «тәулік» ұғымдарының үйлеспейтінін бір нормаларда тәуліктік мерзімдердің, өзге нормаларда — күндермен есептелетін мерзімдердің белгіленуі сияқты фактілер дәлелдейді. Мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабына сәйкес «жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы үзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс». Жауап алу жалпы ереже бойынша күндізгі уақытта жүргізілетінін ескергенде, күн ұғымына, сірә, жергілікті уақыт бойынша сағат алтыдан жиырма екіге дейінгі уақыт кіруге тиіс болар. Сонымен бірге, кейінге қалдыруға болмайтын жағдай-ларда, жауап алуды түнгі уақытта да жүргізуге болады. Бұл жағдайларда күн ұғымына жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағат кіреді.Мерзімдерді тәуліктермен және күндермен есептеу тәртібіне түсініктер енгізу қажет екенін ҚІЖК-тің әңгіме мерзімкез жайында болған кездегі қатынастарды реттейтін бірсыпыра нормалары дәлелдейді. Мысалы, ҚІЖК-тің 209-бабына сәйкес «айдап әкелінген айыпталушыға айьш айдап әкелінген күні тағылады». Бұдан бұрын қаралған ережедегідей күн жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағатты қамтиды. Күндізгі уақытқа келер болсақ, бұл жерде айыпталушыға тағылған айыптың мәнін мүмкіндігінше ертерек білу құқығын жүзеге асыруға оның мүдделі екенін ескеру керек.Келтірілген мысалдарға орай А.П. Гуляевтің мына бір ескертуі зейін қоярлық: «Заң шығарушьшың бірдей уақыт аралығы үшін «жиырма терт сағат» және «тәуліктік мерзім» деген түрлі терминдер қолдануы, сірә, кездейсоқ болмаса керек. Бірдей уақыт аралығьш белгілеу үшін түрлі терминдер қолдана отырып, заң шығарушы аталған мерзімдерді есептеудің түрлі тәртібін белгілеген. Мұндай тұжырымның дұрыс екенін ұсталған адамды қамауға алуға немесе оны босатуға рұқсат беру туралы мәселені прокурордың шешуі үшін, мысалы, айып тағу ушін көзделгеніңцей екі тәулік емес, ал қырық сегіз сағат белгіленгені де көрсетеді. Сонымен, тәуліктік мерзім, біздің ойымызша, тәуліктермен есешелетін мерзімдердің бір бөлігі болып табылады. Мұның езі тәуліктік мерзімді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын тәуліктер есепке алынбайтынын білдіреді»1. Заң шығарушы іс жүзінде «жиырма төрт сағат», «бір кун», «жетпіс екі сағат», «үш тәулік» сияқты және т.б. мерзімдерді бір мезгілде қолданады. Орнына, маңызына және құқықтық салдарына байланысты әр түрлі іс жүргізу әрекеттерін жузеге асыру мерзімдерін саралауға мүмкіндік беретін ерекше мән міне, осында. Айлармен және жылдармен есептелетін мерзімдер. ҚІЖК-тің 54-бабына сәйкес ай мен жыл күнтізбе бойынша есептеледі; мерзімді айлармен немесе жылдармен есептеу кезінде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Ал егер айлар бойыншя есептелген мерзімтиісті күні болмайтындай айға келетін болса, мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің ақырғы күні болып саналады. Бұл ереже ұстау, қамауға алу, үйівдеқамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оку-тәрбие мекемесінде болу оқиғаларына қатысты емес.Қылмыстық іс жүргізу заңында айлармен есептелетін мерзімдер көзделген: 1 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабы), 2 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 1-бөлігі), 3 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 2-бөлігі), 9 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 3-бөлігі). Ұзақтығы 1 жыл іс жүргізу мерзімі К.ІЖК-тің 153-бабының 4-бөлігінде көзделген.Мерзімнің ескіруін белгілеу кезінде іс жүргізу мерзімдерін есептеудің кейбір ерекшеліктері бар. Мәлім болып отырғандай, егер ҚК-те белгіленген ескіру мерзімі өткен болса қылмыстық іс қозғауға болмайды (ҚІЖК 37-бап, 1-бөлік, 4- тармақ), сонымен бірге, ақтау үкімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыкка тарту мерзімі ескіруінің заңда белгіленген мерзімдері ішінде және жана мән-жайлар апіылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жол беріледі (ҚІЖК-тің 473-бабы). ҚК-тің 69-бабына сәйкес мерзімнің ескіруі жылдармен есептеледі: кішігірім қылмыс жасалған күннен бастап 2 жыл; орташа қылмыс жасалған күннен бастап 5 жыл; ауыр қылмыс жасалған күннен бастап 10 жыл; аса ауыр қылмыс жасалған күннен бастап —15 жыл.Мерзімнің ескіруін ұзу және тоқтата тұру қылмыс үшін заңда көзделген жазаңың сипаты мен мерзімнің материалдық-құқықтық регламенттелуіне байланысты іс жүргізу мерзімі сол қылмыс жасалған күннен бастап есептеледі.Заң шығарушы, егер мерзімнің бітуі жұмыс күні емес күнге келсе, мерзім есептеудің жалпы тәртібін белгілеген. Бұл жерде демалыс немесе мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні ақырш күн деп саналады. Демалыс күндері деп тек мереке күндері, сенбі мен жексенбі саналуға тиіс. Бұл жағдай маңызды, өйткені құқық қорғау органдарында «құбылмалы кесте» дейтін пайдаланылады, сол кезде демалыс күні аптадағы кез келген күнге келеді. Сөйтіп, мерзімді есептеу үшін тек жұмыс күні емес деп белгіленген сенбіні, жексенбіні және мереке күндерін ғана есепке алу маңызды.Бұл ережені сағаттармен есептелетін мерзімдерге қолдануға болмайды. Әйтпеген жағдайда, А. П. Гуляевтің әділ атап көрсеткеніндей: «аталған ережені заңда белгіленген барлық мерзімдерге қатысты ету мерзімдерді сағатпен есептеуді қандай да болсын мөннен жиі айырған болар еді»1.Заң шығарушы адамға қамауға алу түріндегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезіндегі мерзімдер есептеу тәртібін арнайы көрсеткен. Мәселен, ҚІЖК-тің 153-бабына сәйкес (11-б) қамауға алудың мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бастап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамау мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды. Қамауға мерзімдерін регламенттеу ерекше маңызды, өйткені әңгіменің жеке басына тиіспеушілік, азамат пен адамға әуел бас тиесілі құқықты еркін жүзеге асыру сияқты іс жүргізу әрекет жайында болып отыр. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-тің 56-бабында регламентгелген. Жалпы ереже бойынша дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзім мүдделі адамдардың өтініші бойынша, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе іс жүргізіп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтірілуі мүмкін. Дәлелді себептер жеңу немесе кейінге қалдыру мүмкін емес оқиғалар болуы мүмкін, мысалы, ауыр сыркат, табиғат апаты, жұмыс бастылық және т.т. Осы айтылғанға орай егер шағым немесе өзге құжат мерзім өткенге дейін почтамен, жеделхатпен, ал қамаудағы адамдар үшін — бас бостандығынан айыру орындарының әкімшілігі арқылы жіберілген болса, мерзім өткізіп алынды деп саналмайтыны туралы заң ережесінің зор маңызы бар. Құжаттар жіберілген мерзімді почта штемпелі бойынша анықтауға болады.Кейбір іс жүргізу әрекеттері бойынша бастапқыда көзделген мерзімдер ұзартылуы мүмкін. Ұзарту негіздері ҚІЖК-те жеткілікті түрде толық көрсетілген. Жекелеген мерзімдердің (мысалы, алдын ала тергеудің, адамға қамауға алу шарасын қолданудың) шұғылдыган дәлелдер жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады. Мерзімдерді ұзарту механизмінің ерекшелігі – қылмыстық процесті жүргізуші адамдар өкілеттіктерінің тандап алынатындығы. Мәселен, адамға қамауға алу шарасының қолданылуын аудандық, қалалық прокурор, оларға теңестірілген әскери және өзге прокурорлар үш айға дейін ұзарта алады. Мерзімді алты айға дейін ұзартуға облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өкілетті (ҚІЖК-тің 153-бабы).Мерзімнін ұзартылуы қаулымен ресімделеді. Бұл жағдайда қаулы алдын ала тергеу мерзімін ұзарту тәртібіне ұқсас қабылданады. Қылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізуішлік-құқықтық салдары Іс жүргізу мерзімдерінің мәнділігі оларды өткізіп алудың нәтижесінде пайда болатын құқықтық салдарлардың сипатынан айқын көрінеді. Сот ісінің шапшаң жүргізілуінің кепілі ретінде мерзімнің өтіп кетуінің мынадай зардаптары болуы мүмкін: Белгіленген мерзімнің бастапқы іс жүргізу маңызының жойылуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-тің 399-бабында апелляциялық немесе кассациялық шағым жасау мен сот үкіміне наразылық білдірудің он тәуліктік мерзімі көзделген. Шағым жасау мен наразылық білдіру құқығын жүзеге асырудың нәтижесі, мысалы, заңсыз үкімнің күшін жою және істі жаңадан тергеуге немесе сотта карауға беру болуы мүмкін. Аталған мерзімнің өтіп кетуі адамның үкімге шағым жасау, ал прокурордың — оған наразылық білдіру құқығынан айырылуын білдіреді. Іске мүдделі адамдардың іс-қимыл жасауы үшін негіз пайда болуы мүмкін. Мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабында қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау үшін көзделген мерзімдердің өткізіліп алынуы арызданушыға прокурордың, тергеушінің немесе анықгаушының іс-әрекеттеріне шағымдану құқығын береді (ҚІЖК 185-бап, 2-бөлік). Мерзімнің өткізіліп алынуы өзге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін негіз бола алады. Мысалы, жасырынып қалған айыпталушыны алдын ала тергеу мерзімі өткенге дейін іздептабу мүмкін болмаса тергеушінің іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруы мүмкін (ҚІЖК-тің 50-бабы). 4. Белгіленген мерзімдерді бұзушыларға іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдану үшін негіздер пайда болуы мүмкін. Мәселен, сотта істің каралуы кезінде белгіленген анықтау мен тергеу мерзімдерінің дәлелсіз бұзылуы оған құқық қорғау органы басшысының атына жеке қаулы жіберу құқығын береді (ҚІЖК-тің 59-бабы). Процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері деп көрсетілген мерзімдердің өтіп кетуінің салдары біршама өзгеше болады. 1. Өз құқықтары мен мүдделері бұзылған адамның іс жүргізудегі жағдайы мерзімнің өткізіліп алынуы салдарынан дереу өзгеруі мүмкін. Ол өзгеріс соның пайдасына болуы мүмкін. Мысалы, 153-баптың 8-бөлігіне сәйкес прокурор айьшталушыны камауға алу мерзімін ұзартуға рұқсат береді немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады. Егер қамауға алу мерзімі аяқталғанда айыпталушыны одан әрі қамауда ұстау жөніндегі шешім келіп түспесе, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен қамаудан босатады (ҚІЖК-тің 153-бабының 9-бөлігі). 2. Мерзімнің өткізіп алынуы өкілетті орган тарапынан тәртіп бұзушыға іс жүргізушілік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, ҚІЖК-тің 158-бабьша сәйкес сезікті, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші шакыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда алып келуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшыратылуы мүмкін. Пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуының кепілі болып табылатын мерзімдердің өткізіп алынуының ерекше іс жүргізушілік-құқықтық салдарлары болуы ықтимал. Қадағалау қызметінің мәні прокурордың іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдануы ретіндегі сол салдарлардың сипатын айқындайды. Аталған салдарлардың процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған мерзімдерді бұзудың салдарларымен ұқсастығы көп. Белгіленген іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы іс жүргізу әрекеттерінің жарамсыз, заңды күші жоқ деп танылуына әкеліп соғады. Ондай әрекеттер іс жүргізу әрекеттері статусынан айырылады және олардағы мәліметтерді дәлелдеу мақсатында пайдалануға болмайды. Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру мақсатында шағым берілген жағдайда шешімнің орындалуы өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатыла тұрады. Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру жөніндегі арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда ол шешімге реттелетін құқық қатынастарының әрбір бөлігі үшін белгіленген тәртіппен шағым жасауға, наразылық білдіруге болады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Айыптау және актау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. 2. Азаматтық талап белігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау. 3. Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу. 4. Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу, аудармашыға, маманға, сарапшыға ақы төлеу. 5. Жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың заңды екілдеріне, жеке айыптаушының қорғаушысына және өкіліне, куәгерге, аудармашыға, маманға, сарапшыға, куәға шығындарды өтеу. 8-тақырып. Ақтау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның зансыз іс- әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу. Дәріс мақсаты: Ақтауды сипаттау. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізуші органның зансыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуді ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ақтаудың ұғымы мен маңызы. Ақталуға жататын тұлғалар, ақтау негіздері. 2. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс- әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсінігі, мен түрлері. Өтелуге жататын зиян, оның түрлері мен мөлшері. 3. Зиянды өтеу құқығын тану. Мүліктік зиянды өтеудің іс жүргізу тзртібі. Моралдық зиянның зардаптарын жою. 4. Азаматтар мен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі, ақталушының бұзылған құқықтарды қалпына келтіру. 1. Қылмыстық процестің міндеттерінің ішінде азаматтарды негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғау, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету талабы қойылған. Заңның бұл талабы қылмыстық іс жүргізу органдарының өз қызметін атқаруда ерекше орын алады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу қызметінің негізгі мақсаты азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау болғандықтан, ол қызметті атқаратын мемлекеттік органдар зандылық принципін қатаң сақтауға міндетті. Олай болса да, бұл органдардың қызмет атқару тәжірибесінде, өкінішке орай, адам құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеудің кездесетіндігі және басқа да кемшіліктердің болатындығы жоққа шығарылмайды. Сондықтан ҚІЖК-нің төртінші тарауы (39—47-баптар) қылмыстық процестегі ақтау институтына және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс- әрекетімен келтірілген зиянды өтеу мәселелеріне арналған. Ақтау ұғымының тікелей мағынасы кінәсіз адам қылмыстық қудалауға ұшыраған жағдайда оның зиянды зардаптарын тез арада жойып, ол адамның құқықтары мен абыройын қалпына келтіру болып табылады. Кең мағынада, ақтау ұғымы — азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заңсыз шектеген барлық кездерде де оның зардаптарын жою үшін қолданылатын шараларды білдіреді. Мәселен, сезіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу негізсіз қолданылған жағдайда оның жеке басының бостандығы заңсыз шектеледі. Олай болса, қылмыстық ізге түсу органы сезіктінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндетті болып табылады. Ақтау құқығының субъектілері және ақтаудың негіздері. Қылмыстық процестегі ақтау институты соттың үкімімен ақталған (бұрын сотталушы болған) адамдарға, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы бойынша өзіне қатысты (сезіктіге, айыпталушыға немесе сотталған адамға) қылмыстық іс қысқартылған адамдарға таралады. Қылмыстық істі қысқарту алдын ала тергеу, басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, апелляциялық және қадағалау тәртібімен іс жүргізу стадияларында болуы мүмкін. Осыған сәйкес, ақтау институтын соттың ақтау үкімін шығаруға және қылмыстық істі әр стадия кезінде қысқартуға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы құрайды. Ақтау институтын қарастыруға байланысты, мұнымен қамтылатын соттың ақтау үкімін шығарудың негіздері мен қылмыстық істі қысқартудың негіздері бірдей болмайтындығына назар аудару қажет. Ақтау үкімін шығарудың негіздеріне мыналар жатады: қылмыстың оқиғасы болмауы; әрекетте қылмыстың құрамы болмауы; сотталушының қылмыс жасауға қатысуының дәлелденбеуі. Ал, қылмыстық істі қысқартудың негіздері екі топқа бөлінеді: 1) ақтайтын негіздер; 2) ақтамайтын негіздер. ҚІЖК 39-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі қысқартудың ақтайтын негіздеріне мына жағдайлар жатады: —қылмыстың оқиғасы болмауы; —әрекетте қылмыстың құрамы болмауы; —жеке айыптау және жеке-жариялы айыптау істері бойынша жәбірленушінің арызы болмауы, сондай-ақ ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адамның келтірілген зиянның есебін толтырып жәбірленушімен татуласуы; —бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша соттың занды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын соттың күшін жоймаған қаулысы болуы; —бұл адамға қатысты осы айыптау бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалаудан бас тарту туралы күшін жоймаған қаулысы болуы. Қылмыстық істі қысқартудың ақтамайтын негіздеріне ҚІЖК-нің 37-бабында және 38-бабында көрсетілген басқа жағдайлар жатады (рақымшылық актісінің болуы, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескіруі және т.б.) ҚІЖК-нің 39-бабына көрсетілгендей, сот бойынша ақталған адам, сондай- ақ ақтау негіздері бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылған адам кінәсіз деп саналады. Ақтау толық немесе жартылай болуы мүмкін. Мысалы: бірнеше қылмыстар бойынша айыпталған сотталушынын, айыптаудың бір бөлігі бойынша ақталып, ал басқа бөлігіне байланысты оған айыптау үкімінің шығарылуы; сол сияқты, қылмыстық істі қысқартудың да толық немесе жартылай болатындығы жоққа шығарылмайды. ҚІЖК 39-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сот және қылмыстық ізге түсу органы ақталған адамдардың мүдделерін қорғау, қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеуге қажетті барлық шараларды қолдануға тиіс. Ал, ҚІЖК 40-бабының 1-бөлігінде бекітілген ереже бойынша, әр адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметінен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізуші органның кінәсіне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен етеледі. ҚІЖК-нің 41—47 баптарында ақталған адамдардың құқықтары және құқықтарын жүзеге асырудың тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, ҚІЖК-нің 41- бабында олардың мынадай құқықтары болатындығы көрсетілген: —қылмыстық іс жүргізу органының заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген мүліктік зиянның толық көлемде етелуіне; —моральдық зиянның зардаптарының жойылуына; —еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтірілуіне; —мемлекеттік және өзге наградаларының қайтарылуына, сондай-ақ құрметті, арнаулы және өзге де атағының, сыныптық шенінің, біліктік сыныбының қалпына келтірілуіне. Айыпталушы немесе сотталушы, не сотталған адам жартылай ақталған жағдайда, ол соған сәйкес көлемде ақталған адамның құқықтарына ие болады. Ақтау құқығының субъектісі ретінде өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам да болуы мүмкін. Мұндай шараны қолдану туралы соттың қаулысы заңсыз не дәлелсіз деп танылып, ол қаулынын, күші жойылған жағдайда, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам ақталған адамның құқықтарына ие болады. 2. ҚІЖК 40-бабынын, 2-бөлігінде басқа да жағдайларда қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы болатын адамдар көрсетілген: —жеке айыптау істері бойынша жеке айыптаушының айыптаудан бас тартқанына қарамастан заңсыз түрде өзіне қатысты қылмыстық іс жүргізілген адамдар; —рақымшылық актісінің болуына, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өтуіне байланысты істің қысқартылуына мүдделі адамның келісім беруіне қарамастан заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдар; —қылмыстық іс жүргізу барысында процессуалдық мәжбүрлеу шарасын заңсыз қолдануға ұшыраған адамдар, сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімнен артық негізсіз қамауда болған адамдар және т.б. ҚІЖК-нің 39—40 баптарынын жоғарыда айтылған ережелері соттың айыптау үкімі мына аталған ақтамайтын негіздер бойынша бұзылған не өзгертілген немесе ол негіздер бойынша мәжбүрлеу шаралары жойылған не өзгертілген жағдайларда қолдануға жатпайды: рақымшылық ету актісін қолдану, қылмыстық жауапқа тарту мерзімінің ескеруі, қылмыстық жауаптылықты жоятын немесе жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты (ҚІЖК 40-бабының 5- бөлігі). Сонымен қатар, егер алдын ала тергеу (анықтау) және қылмыстық істі сотта қарау кезінде бұл адам өзіне өзі жала жабуының салдарынан ақиқатқа жетуге кедергі жасағандығы және сол себепті оған зиян тигенді дәлелденген болса, ол зиян өтелуге тиіс емес (ҚІЖК 40-бабының 4-бөлігі). 3. Ақталған адамның өз құқықтарын білудің және құқықтарын жүзеге асырудың бастапқы шарты қылмыстық іс жүргізу органының ол адамды ақтау туралы шешім қабылдауы болып табылады (соттың ақтау үкімін шығаруы немесе соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының қылмыстық істі қысқарту немесе өзге заңсыз шешімнің күшін жою не оны өзгерту туралы қаулышығаруы). Бұл құжатта кімнің және қандай негіз бойынша ақталғандығы көрсетіліп, сол арқылы ақталған адамның зиянды өтеттіру құқығы танылады. ҚІЖК-нің 42-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы осы шешімінің көшірмесін ақталған адамға тапсыруы немесе почта арқылы жіберуі тиіс. Мұнымен бірге мүдделі адамға зиянның өтелу тәртібі түсіндірілген хабарлама да жолданады. Жалпы ереже бойынша, заңсыз іс-әрекетпен келтірілген зиянды өтеттіру ақталған адамның өз құқығы болып табылады. Бұл адам қайтыс болған жағдайда, зиянды өтеттіру құқығы оның мүрагерлеріне немесе асырауындағыларға ауысады және сондықтан құқықтарын түсіндіру хабарламасы оларға жіберілуі тиіс. Мұрагерлердің тұратын жерлері туралы мәлімет болмаған жағдайда, хабарлама олардын, өзі қылмыстық іс жүргізу органына өтініш жасаған күннен бастап бес күннен кешіктірмей жолданады (ҚІЖК-нің 42-бабы). Мүліктік зиянды өтеу. ҚІЖК-нің 43-бабына сәйкес, ақталған адамға өтелуге тиіс мүліктік зиянға мыналар жатады: —қылмыстық қудалаудың салдарынан төленбеген жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, сондай-ақ пайда етілмеген қаражаттар мен кірістер; —соттың үкімінің немесе өзге шешімнің негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлік; —соттың заңсыз үкімін орындау үшін өндіріліп алынған айыппұлдар, заңсыз әрекеттерге байланысты төленген сот шығындары және өзге де сомалар; —заңгерлік кемек үшін төленген сомалар; —қылмыстық қудалаудың салдарына келтірілген өзге де шығыстар. Бұл аталған мүліктік зияндардың ішінде өзге шығыстарға не жататындағы жөнінде сұрақ туындайды. Оған жауап ретінде -ҚІЖК-нің 41-бабында көрсетілген жалпы ереже бойынша, мүліктік зиян толық көлемде өтелетін болғандықтан, ақталған адам қылмыстық қудалаумен байланыстылығы бар барлық шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы деп тұжырым жасау қажет. Бірақ, ондай жағдайда талап етуші ол шығыстардың болғандығын құжаттармен дәлелдеп көрсетуі тиіс. Ақталған адам зиянның өтелу тәртібі түсіндірілген хабарламаны алған кезден бастап ақтау шешімін шығарған органғамүліктік зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер қылмыстық істі жоғары тұрған сот қысқартса немесе бұл сот үкімді өзгерткен болса, онда зиянды өтеу туралы талап үкім шығарған сотқа жолданады. Ақталған адам кәмелетке толмаған жағдайда, зиянды өтеу туралы талапты оның занды өкілі қоюға құқылы. Ақтау шешімін шығарған қылмыстық іс жүргізу органы өтініш (талап) келіп түскеннен бастап бір айдан кешіктірмей, қажет болған жағдайларда қаржы және әлеуметтік қорғау органдарынан есеп сұрату арқылы мүліктік зиянның мөлшерін айқындайды және инфляцияны ескере отырып, бұл зиянды өтеу үшін төлем беру туралы қаулы шығарады. Егер қылмыстық іс апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен қарау кезінде қысқартылған болса, айтылған іс-әрекеттерді бірінші саты бойынша істі қараған сот атқарады. Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты судья шешеді. Судья ақталған адамның талабын (оған қосылған материалдармен бірге) ҚІЖК-нін, 371-бабына көрсетілген үкім шығару кезіндегі тәртіп бойынша қарастырып, ол жөнінде қаулы шығарады. Судьяның бұл қаулысы герблі мөрмен расталып, оның көшірмесі талап қойған адамға тапсырылады немесе почта арқылы жіберіледі. Осы қаулы төлем беруді орындауға негіз болып табылады. Моральдық зиянның зардаптарын жою. ҚІЖК-де моральдық зиянның ұғымы берілмеген. Бұл ұғым Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысында келтірілген1: моральдық зиян — азаматтың өзіндік мүлікті емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы салдарынан басынан кешірген жан азабы мен тән азабы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 951-бабына сәйкес, моральдық зиян азаматтарға ғана емес, сонымен қатар ұйымдарға да келтіріледі. Мұнда былай деп жазылған: моральдық зиян — жеке және занды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, сонын, ішінде жәбірленушінін, өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, ұайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландыру, ұялту, тұңілту, тән2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 қаулының редакциясы бойынша.қиналуы, залал шегу, қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). Моральдық зиян ұғымын дұрыс білудің ондай зиянның зардаптарын жою үшін маңызы бар. Мәселен, егер моральдық зиянды жан азабы ретінде ғана қарап, тән азабы ескерілмейтін болса, онда сот арқылы шешілетін өтемақының мөлшері тән азабының дәрежесіне және сондықтан әділдік талабына сәйкес болмауы мүмкін. ҚІЖК-нің 44-бабына сәйкес, моральдық зиянның зардаптарын жоюдың екі жолы бар: 1)зардап шеккен адамның абыройын, ар-намысын қорғайтын шараларды жүзеге асыру; 2)моральдық зардап үшін ақшалай өтемақы төлеу. Зардап шеккен адамның ар-намысын қорғау мақсатындажүзеге асырылатын шараларға мыналар жатады: Біріншіден, ақтау шешімін шығарған қылмыстық іс жүргізу органы ақталған адамнан келтірілген зиян үшін ресми түрде кешірім сұрауға міндетті. Заңның бұл талабы — тиісті адам ақталған жағдайда оған зиянның өтелу тәртібін түсіндіру хабарламасын тапсырумен қатар өз жағынан жіберілген заңсыздық үшін кешірім сұрау қажеттілігін білдіреді. Яғни, ақталған адамға құқықтарын түсіндіру хабарламасы және ресми кешірім сұрау — бұлар екі түрлі ресми құжаттар болып табылады. Екіншіден, егер адам заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыратылып, ал ол туралы және оған қатысты кейіннен заңсыз деп танылған іс-әрекеттер туралы мәліметтер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, осы адамның талап етуі бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда оның туыстарының немесе қылмыс-тық іс жүргізу органының талап етуі бойынша тиісті бұқаралық ақпарат құралы бір айдың ішінде бұл адамның ақталғандығы туралы хабарлама жасауға міндетті. Үшіншіден, ақталған адамның, ол қайтыс болған жағдайда оның жақын туыстарының талап етуі бойынша қылмыстық іс жүргізу органы екі апта мерзім ішінде өзінің заңсыз шешімдерінің бұзылып күшін жойғаны туралы бұл адамның жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жері бойынша жазбаша хабарлама жолдауға міндетті. Бұл айтылған шаралармен қатар, ҚІЖК 44-бабының 2-бөлігіне сәйкес, ақталған адам келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы төлеу туралы талап қоюға құқылы. Мұндай талапазаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралып шешіледі. 4. Ақталған адамның өзге құқықтарын қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-де жеке түрде көзделмеген. Бұл мәселе жөнінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9-шілдедегі «Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз іс- әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша заңнаманы қолдану тәжрибесі туралы» қаулысының 9-тармағында мынадай түсініктеме берілген: еңбек құқықтарын қалпына келтіру туралы талапты — ақталған адам бұрын жұмыс істеген кәсіпорынға немесе мекемеге, зейнетақыны немесе жәрдемақыны төлеу туралы талапты — әлеуметтік қорғау органына, тұрғын үй құкықтарын қалпына келтіру туралы талапты — жергілікті атқару органдарына, тәркіленген мүлікті қайтару туралы талапты — бұл мүлікті иеленіп отырған органға, мемлекеттік наградаларды, құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағын, сыныптық шенін, дипломатиялық дәрежесін, біліктілік сыныбын қалпына келтіру туралы талапты — бұл мәселелерді шешуге құзыреті бір органдарға жолдауға болады. Осы қаулының 10-тармағында жазылған түсініктемеге сәйкес, ақталған адамдар өз құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптарын басқа органдарға жолдамай, тікелей азаматтық іс жүргізу сотына бере алады. Қылмыстық іс жүргізу органдарының заңсыз әрекеттерінің салдарынан келтірілген зияндарды өтеу туралы талаптарды қоюдың мерзімі ҚІЖК-нін 45- бабында көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес, мүліктік зиянды ақшалай өтеу туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органы мұндай төлем жасау туралы қаулы шығарған сәттен бастап үш жылдың ішінде қоюға болады. Өзге құқықтарды қалпына келтіру туралы талапты қылмыстық іс жүргізу органының ақталған адамға құқықтарын түсіндіру хабарламасын ол адам алған күннен бастап алты айдың ішінде қоюға жатады. Бұл мерзімдер дәлелді себептерге байланысты өтіп кеткен болса, ол мерзімді мүдделі адамдардың өтініші бойынша қылмыстық іс жүргізу органы қалпына келтіре алады. ҚІЖК-нің46-бабында қылмыстық проідесті жүргізуші органның заңсыз іс- әрекеттерінен заңды тұлғаларға келтірілген зиянды өтеу тәртібі көрсетілген. Бірақ, занды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылмайтын болғандықтан, оларды заңсыз айыптаудан немесе соттаудан қорғау мәселесі қойылмайды. Егер қылмыстық іс жүргізудің барысында заңсыз іс-әрекеттердің салдарынан ұйымдарға (занды тұлғаларға) мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген болса, ол зиянды ҚІЖК-нің бұрын айтылған ережелеріне сәйкес толық көлемде мемлекет етейді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органның заңсыз іс- әрекеттерімен келтірілген зиянды өтетін алуға құқығы бар тұлғалар. 2. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс әрекеттері арқылы азаматқа келтірілген зиянның түсінігі, мен түрлері. 3. Өтелуге жататын зиян, оның түрлері мен мөлшері. 9-тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 5 шілде 2000 жылғы "Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңы. Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар. Қауіпсіздік шаралардың түрлері. 2. Сот талқылауына катысатын тұлғалардың каіпсіздігін камтамасыз ету. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3. Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 1.1994 жылы бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің механизмін айқындау мәселесі қойылған еді. Соған сәйкес, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының ҚІЖК-не алғаш рет қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 12 тарау (98—101-баптар) енгізілді. Сонымен қатар, 2000 жылғы 5 шілдеде «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» арнайы заң қабылданды. Сондай-ақ, мемлекеттік құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы жөнінде бұл органдардың мәртебесін және құзыретін айқындайтын заң актілерінде айтылған. Мәселен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылы қабылданған конституциялық заңның 26-бабында былайдеп жазылған: «Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, оның тиісті органдары судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті». Бұл айтылып отырғаң заңның талабы қылмыстық сот ісін жүргізу саласынада қойылады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу органдардың қызмет тәжірибесі көрсеткендей, олардың кәсіптік қызметіне байланыстьіі өкілетті лауазымды адамдардың, сондай-ақ басқа процеске қатысушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қарсы қылмыстық қиянат жасау, оларды қорқыту, оларға күш қолдану және әр түрлі қысымшылық жасау кездеседі. Ондай әрекеттер жасайтын адамдардың мақсаты қылмыстық іс жүргізу органдарының өз міндеттерін орындауларына, оның ішінде сот төрелігін занды түрде жүзеге асыруға кедергі келтіру болып табылады. Жоғарыда айтылған зандарда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты амалдары мен тәртібі белгіленген. Ол зандарға сәйкес, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мемлекеттік қорғауға мына адамдар жатады: 1)қылмыстық іс жүргізу органдарының лауазымды адамдары (судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін атқаратын лауазымды адамдар); 2)өз мүдделерін қорғайтын және басқа процеске қатысушылардың кұқықтары мен занды мүдделерін қорғайтын адамдар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері); 3)өзге іске қатысушылар (куә, куәгер, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысынын хатшысы, сот приставы); 4)іске қатысушылардың отбасы мүшелері және жақын туыстары. ҚІЖК 98-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, бұл аталған адамдарға қатысты мемлекет занда көрсетілген тәртіппен олардың өміріне қауіп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. Ондай шаралардың түрлері ҚІЖК-нің 100—101-баптарында және «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» занның 7—20-баптарында көрсетілген. Бұл шаралардың оннан артық түрлері бар. Оларідың өзін, қолдану ретіне қарай, екі топқа бөлуге болады: 1)қылмыстық іс жүргізудің басталу кезінен қолдануға болатын қауіпсіздік шаралары; 2)сотта істі қарау кезінде қолданылатын қауіпсіздік шаралары. Қауіпсіздік шараларының басым көпшілігі бірінші топқа жатады. Олар мыналар: 1. Қылмыстық іс жүргізу органы күш қолдану немесе құқыққа қайшы басқа әрекеттер қаупін, туғызған адамға мұндай әрекеттерді тиюы жөнінде ресми түрде ескерту жасайды және ондай әрекеттерін тыймаған жағдайда ол үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығын ескерітеді. Ескерту ол адамға қолы қойғызылып хабарланады. Ал, егер қауіп туғызған адамның әрекетінде қылмыстық кодекстіні 112-бабымен көзделген қылмыстың (қоркыту) белгілері бар болса, онда бұл адамға қарсы қылмыстық іс қозғалуы тиіс. 2.Қорғалатын адам туралы мәліметтерді білуге шек қою. Ол үшін іс жүргізу хаттамаларында (мәселен, жауап алу хаттамасында) бұл адамның кім екендігі жөнінде деректерді көрсетпей, оның орнына бүркеншік ат (псевдоним) қолдану қажет болады және ол адам жөнінде толық мәліметтер қылмыстық істің негізгі материалдарынан бөлек сақталуы тиіс. Қорғалатын адамға байланысты оқшаландырылған материалдармен (мәліметтермен) танысу бұл істі жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Басқа процеске қатысушылар ол мәліметтермен оларды жарияламау туралы қолхат бере отырып, қылмыстық іс жүргізу органының рұқсатымен ғана таныса алады. Қорғалатын адамның қатысуы қажет болатын іс- әрекеттер оны тануды болдырмайтың жағдайда жүргізіледі. 3.Іске қатысушы адамға қарсы күш қолдану немесе басқалай қылмыстық әрекеттер жасауды болғызбау мақсатында ондай қауіп туғызған сезіктіге немесе айыпталушыға бұл жағдайда тиімді болатын бұлтартпау шарасын қолдану (мәселен, қамауға алу). 4.Іске қатысушы адамның жеке басын, баспанасын және мүлкін қорғау. Бұл шара — қылмыстық іс жүргізу органының қаулысы бойынша ішкі істер органының қатысуымен жүзеге асырылады. Яғни, мұндай жағдайда ішкі істер органының арнайы бөлінген қызметкерлері жеке адамның, оның үйжайының және мүлкінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетеледі. Осыған байланысты қорғалатын адамның үй-жайында сигнализация құралдарын қою, оның телефон және көлік құралдарының нөмірлерін өзгерту қажет болуы мүмкін. 5.Процеске қатысушы адамды қажеггі жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету. Яғии, кажет болған жағдайда бүл адам-ға қару немесе басқа арнайы жеке қорғану құралы беріледі. Мұндай шара қолданылатын болса, қару қолдану туралы заңның талаптары ескеріледі және оған қорғалатын адамның келісімі болуы шарт. Қорғалатын адам қаруды күтіп ұстау, оны алып жүру және қолдану ережелерін қатаң сақтауға міндеттеледі. 6.Процеске қатысушы адамды қауіпсіз жерге уақытша тұруға орналастыру. Бұл шараның мәні қорғалатын адамның келісімі бойынша белгілі бір мерзімге онын басқа жерде тұруына қажетті жағдай жасау болып табылады (мысалы: жасырын түрде мейманханада немесе демалыс үйінде уақытша тұруға орналастыру). 7.Қорғалатын адам жөнінде мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Бұл шараның мәні қорғалатын адамның жеке басына және отбасына байланысты мәліметтерді кімнің болса да жалпыға бірдей қызмет көрсету мекемелерінен сұратып білуіне кедергі қою болып табылады (қылмыстық іске маңызы бар занды жолмен анықталуға тиісті мәліметтерді қоспағанда). Ол үшін қылмыстық іс жүргізу органының дәлелді қаулысы бойынша анықтама және құжаттар беретін мекемелердің, жол полициясының қорғалатын адам жөнінде (оның кім екендігі, отбасы жағдайы, тұратын жері, жұмыс немесе оқу орыны және т.б.) мәліметтер берулеріне тыйым салынады. 8.Қорғалатын адамның құжаттарын ауыстыру. Бұл адамның арызы немесе келісімі бойынша оның өз басына қажетті құжаттар, оған өзгертілген деректер жазылып, жаңадан беріледі. Өзгертілген деректер қорғалатын адамның өзінің келісімі бойынша тандалып, жаңа құжаттарға жазылады. 9.Қорғалатын адамды басқа жерге тұрақты немесе уақытша тұруға көшіру, жұмыс немесе оқу орнын ауыстыру. Ол үшін қорғалатын адамның өзінің арызы немесе келісімі болуы тиіс. Бұл шара жергілікті атқару органдарының көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, қоныс аударатын адамды жаңа баспанамен және тұрмыстық мүлікпен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс немесе оқу орнына орналастыру қажет болады. 10.Қорғалатын адамның бет-әлпетін өзгерту. Мұндай амал өте ерекше, баска қауіпсіздік шаралары тиімді болмайтын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін және оған қорғалатын адамның келісімі болуы шарт. 2.Қауіпсіздік шараларының келесі тобы сотта істі қарау кезінде қолданылатын шаралар болып табылады. Ол шаралардың түрлері және қолдану тәртібі ҚІЖК-нің 101 бабымен реттелген: 1)сот отырысын жабық өткізу (толық немесе жартылай); 2)қауіп туғызатын немесе онымен байланысты адамдарды сот отырысының залынан шығару; 3)куәдан жауап алғанда: онын жеке басы туралы деректерді жарияламау немесе оны басқа іске қатысушылардың кезіне көрсетпеу және басқалары тани алмайтын жағдай жасау. Мұндай шараларды қолдану қылмыстық істі қарайтын соттың дәлелді қаулы шығаруы арқылы рәсімделеді. Ал, қауіпсіздік шараларын қолданудың жалпы тәртібі ҚІЖК-нің 99—101 баптарымен және «Қылмыстық процеске катысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңның 21-28 баптарымен реттелген. Осы баптардың нормаларын қолдана отырып, қауіпсіздік шараларын қолданудың мына кезендерін білу қажет: 1)қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдау; 2)бұл шараларды жүзеге асыру; 3)қауіпсіздік шараларын қолдануды тоқтату. Қауіпсіздік шарасын қолдану туралы шешім қабылдау үшін алдымен себеп пен негіздің болулары қажет. Себеп ретінде процеске қатысушы адамның өзіне немесе жақындарына қарсы туған қауіп жөнінде арызы болады. Ондай арыз ауызша немесе жазбаша берілуі мүмкін. Қауіпсіздік шарасын қолданудың негізі ретінде іске қатысушы адамның немесе оның отбасы мүшесінің, не басқа жақын адамының өміріне немесе мүлкіне тиетін қауіптің бар екендігін көрсететін нақты деректер болып табылады. Себеп пен негіз бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы қажетті қауіпсіздік шарасын қолдану туралы қаулы шығарып, бұл жөнінде қорғалатын адамға хабарлауы тиіс. Занда көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы адамның арызын жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарап, тиісті шешім шығаруға міндетті. Мүдделі адамның арызы қанағаттандырылмаған болса, ол адам прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы. Сонымен қатар, қауіпсіздік шарасын қолдануға негіз бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы өз бастамашылығымен ондай шараны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы (ҚІЖК- нің 99-ба-бының 2-бөлігі). Мұндай жағдайда қауіпсіздік шарасын қолдануға себеп оның қажеттілігін қылмыстық іс жүргізу органының тікелей өзінің анықтауы болып табылады. 3.Қауіпсіздік шарасын қолдану туралы қаулы шығарылғаннан соң кейінгі мәселе ол шараны жүзеге асырудың жолымен байланысты болып келеді. Ондай шараларды жүзеге асырудың екі жолы бар: 1) қаулы шығарған қылмыстық іс жүргізу органының өзінің жүзеге асыруы; 2) басқа мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қатысуымен жүзеге асыру. Мәселен, қауіп туғызған адамға ресми ескерту жасау кажет болған жағдайда, тергеуші бұл шараны тікелей өзі жүзеге асырады. Сол сиякты, сотта істі қарау кезінде куәдан жауап алғанда оның жеке басы жөнінде деректерді жарияламау кажет болса, мұндай шараны судьяның өзі жүзеге асыра алады. Бірақ, қауіпсіздік шаралары түрлерінің көпшілігін жүзеге асыру бас-қа мекемелерді және лауазымды адамдарды қатыстыруды қажет етеді (мысалы: процеске қатысушы адамның баспанасын және мүлкін қорғау немесе оны басқа жерде тұруға көшіру, жұмыс орнын ауыстыру). Осыған байланысты, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңньщ 24-бабында былай деп жазылған: қауіпсіздік шарасын қолдану туралы өкілетті органның шешімін орындау атқару органдарының, мекемелердің және ұйымдардың лауазымды адамдары үшін міндетті. Қауіпсіздік шараларын қолданудың тиімді болуы қорғалатын адамның өз мінез-құлқына да байланысты. Сондықтан бұл адамның өзіне тиісті міндеттер жүктеледі. Мәселен, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңның 26-бабында көрсетілгендей, қорғалатын адамға мынадай міндеттер жүктеледі: қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның нұсқаулары мен занды талаптарын орындау; өзіне қарсы қауіп төндіру немесе басқалай құқыкқа қайшы келетін әрекеттер жасалған болса, ол жөнінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органға дереу хабарлау; қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзіне берілген мүлікті ұқыпты түрде сақтау; өзіне қатысты қолданылған қауіпсіздік шаралары жөнінде мәліметтерді жарияламау; қажет болған жағдайда қару және жеке қорғану құралдарын қолдануға үйрену үшін тиісті оқудаң өту. Қорғалатын адамның құқықтары да сақталуға тиіс. Оған мынадай құқықтар берілген: өзіне қатысты қандай қауіпсіздік шаралары қолданылатындығын білу; өзіне қатысты қауіпсіздік шараларының нақты түрін қолдану немесе қолданбау жөнінде өтінішін айту; қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерін жоғары тұрған органға, прокурорға немесе сотқа шағымдау. Қауіпсіздік шарасын қолданудың қажеттілігі жойылған кезде оны тоқтату туралы қылмыстық іс жүргізу органы қаулы шығарып, ол жөнінде мүдделі адамға хабарлайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сот талқылауына катысатын тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету. 2. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3. Қылмыстық процеске қытысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. 4. Қауіпсіздік шаралары. 5. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 10-тақырып. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру және өтініш жасау. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайларды сипаттау. Қарсылық білдіру және өтініш жасауды ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудын шеттеуге өтініш жасау және қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорга қарсылық білдіру. Тергеуші мен аныктаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру. Сарапшыға қарсылық білдіру. 2. Қорғаушыны, жәбірленушінің өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысудан шеттету. 3. Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде тану құқығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі. 4. Өтініш. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағындану. Ұсталған немесе камауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртібі. 5. Шағым берудің мерзімдері. Шешімдерді орындауды шағым берілуіне байланысты тоқтата тұру. Прокурор шешіміне шағымды сотта қарау тәртібі. 1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiштердi шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән- жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша оны iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық бiлдiрумен бiр уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi. Егер қылмыстық сот iсiн жүргiзуге бiр мезгiлде бiрнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарына байланысты жоққа шығарылатын жағдайда қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуден процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейiнiрек ие болған адам шеттетiлуi тиiс. Егер туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық iс бойынша іс жүргiзуден шеттетiлуге төрағалық етушi таңдаған адам жатады. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы осы Кодексте көзделген қандай да болсын жағдайлармен жоққа шығарылмайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың сұрауы бойынша олардың өз iс жүргiзу функцияларын орындауына кедергі келтiретiн дәлелдi себептерiнiң болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процестi жүргiзушi орган босатады. Судьяға қарсылық бiлдiру Егер ол: 1) осы Кодекске сәйкес қылмыстық iстi соттай алуға жатқызылған судья болып табылмаса; 2) прокурордың, тергеу және анықтау органдарының шешімдеріне және іс- әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қараған не осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шешіміне санкция беруге қатысқан болса; 3) аталған iс бойынша жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер болып табылса, куә ретiнде шақырылса не шақырылуы мүмкiн болса; 4) осы қылмыстық iс бойынша сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, қорғаушы, айыпталушының заңды өкiлi, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлi ретiнде iс жүргiзуге қатысса; 5) жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң туысы, айыпталушының немесе оның заңды өкiлiнiң туысы, прокурордың, қорғаушының, тергеушiнiң немесе анықтаушының туысы болса; 6) егер судья жеке, тiкелей немесе жанама осы iске мүдделi деп санауға негiз беретiн өзге де мән-жайлар болса, ол iстi қарауға қатыса алмайды. Қылмыстық iстi қарайтын соттың құрамына туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысқан өзара тәуелдi адамдар кiре алмайды. Бiрiншi сатыдағы сотта қылмыстық iстi қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатыдағы сотта немесе қадағалау тәртiбiмен қарауға қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған істі тоқтату туралы үкімнің немесе қаулының күшін жою жағдайында, бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан, оның ішінде алқабилердің қатысуымен қарауға қатыса алмайды. Апелляциялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін оны осы сатыда жаңадан қарау кезінде, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде қарауға қатыса алмайды. Кассациялық сатыдағы сотта iстi қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулы күшін жойғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қайта қарау кезінде қатыса алмайды. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол iсті қадағалау сатысында қарауға қатыса алмайды. Қарсылық бiлдiру - сот тергеуi басталғанға дейiн, ал iстi алқабилердiң қатысуымен қараған жағдайда алқабилер алқасы құрылғанға дейiн мәлiмделуге тиiс. Одан кейiнгi мәлiмдемеге тек ол үшiн негiз қарсылық бiлдiрудi мәлiмдеген тарапқа сот тергеуi басталғаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана жол берiледi. Судьяға қарсылық бiлдiру, сондай-ақ қарсылық бiлдiрiлуге жататын сот талқылауына қатысушылар туралы мәселенi қаулы шығару арқылы кеңесу бөлмесiнде сот шешедi. Судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi, қалған судьялар қарсылық бiлдiрiлген судьяның қатысуынсыз шешедi, ол, алайда, судьялар кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн өзiне мәлiмделген қарсылық бiлдiру жөнiнде өзiнiң түсiнiктемесiн көпшiлiк алдында айтуға құқылы. Бiрнеше судьяға немесе соттың бүкiл құрамына мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi толық құрамда көпшiлiк дауыспен сот шешедi. Дауыстар тең болған кезде судьяға қарсылық бiлдiрiлген болып саналады. Бұлтартпау шараларын қолдану немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу туралы өтiнiштi шешетiн судьяға мәлiмделген қарсылық бiлдiрудi осы судья қаулы шығара отырып жеке өзi шешедi. Iстi осы Кодекстiң 58-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес қарайтын судьяға мәлiмделген жеке-дара қарсылық бiлдiрудi сол соттың төрағасы немесе осы соттың басқа судьясы, ал олар болмаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы шешедi. Қарсылық бiлдiру туралы мәлiмдеме қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық iс, шағым не өтiнiш белгiленген тәртiппен басқа судьяның iс жүргiзуiне берiледi. Қарсылық бiлдiрудi қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы қаулы шағымдалуға (наразылық келтірілуге) жатпайды. Қаулымен келiспеушiлiк туралы уәждер апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау шағымына енгiзiлуi мүмкiн. Прокурорға қарсылық бiлдiру Прокурор осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. Прокурордың алдын ала тергеу немесе анықтау жүргiзуге қатысуы, сонымен бiрдей оның сотта айыптауды қолдауы оның iске одан әрi қатысуына кедергi болып табылмайды. Сотқа дейiнгi iс жүргiзу кезiнде прокурорға қарсылық бiлдiру туралы мәселенi жоғары тұрған прокурор, ал сотта iс жүргiзу кезiнде - iстi қараушы сот шешедi. Тергеушi мен анықтаушыға қарсылық бiлдiру Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген негiздер болған кезде тергеушi мен анықтаушы iстi тергеуге қатыса алмайды. Осы қылмыстық iс бойынша бұрын жүргiзiлген тергеуге тергеушi мен анықтаушының тиiстi сапада қатысуы осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге олардың одан әрi қатысуын жоққа шығаратын жағдай болып табылмайды. Тергеушіге немесе анықтаушыға қарсылық білдіру туралы мәселенi прокурор не тиісінше тергеу бөлімінің бастығы немесе анықтау органының бастығы шешедi. Куәгерге қарсылық бiлдiру Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде куәгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. Қылмыстық процестi жүргiзушi органға жеке немесе қызметi бойынша кiрiптар болса, куәгер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. Куәгердiң тергеу әрекеттерiн жүргiзуге оның алдында қатысуы, куәгерлердiң қандай да болсын бiреуiнiң қатысуы жүйелi сипат алған мән-жайларды қоспағанда, басқа тергеу әрекетiндегi осы iс бойынша iс жүргiзуге оның қатысуын жоққа шығармайды. Куәгерге қарсылық бiлдiруде тергеу әрекетiн жүргiзушi адам шешедi. Сот отырысының хатшысы мен соттың приставына қарсылық бiлдiру, аудармашы мен маманға қарсылық бiлдiру, сарапшыға қарсылық бiлдiру жалпы 90-баптағы ережелер бойынша жүзеге асырылады. 2. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң немесе азаматты жауапкердiң өкiлiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез-келгенi болған кезде: 1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса; 2) егер ол осы iстi тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса; 3) егер ол қорғалушымен немесе сенiм бiлдiрушiмен қарама-қарсы мүдделерi бар адамға заңгерлiк көмек көрсетiп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сонымен бiрге мұндай адамдармен туыстық қатынаста болса; 4) егер заңның күшiмен немесе соттың шешiмiмен қорғаушы немесе өкiл болуға оның құқығы жоқ болса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы мәселенi сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде - прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді. 12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету . 3.Қылмыстық процеске қатысушылар анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, сотқа iс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау; өтiнiш жасап барған адамның немесе оларды ұсынған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жүргiзу немесе iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау туралы өтiнiштермен бара алады. Өтiнiш процестiң кез келген сатысында мәлiмделуi мүмкiн. Өтiнiш бiлдiрген адам қандай мән-жайды анықтау үшiн iс-әрекет жүргiзудi немесе шешiм қабылдауды сұрайтындығын көрсетуi тиiс. Жазбаша өтiнiштер iске тiгiледi, ауызша өтiнiштер тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына кiргiзiледi. Өтiнiштiң қабылданбағандығы оны қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң келесi кезеңдерiнде қайталап беруге немесе қылмыстық процестi жүргiзушi басқа органға беруге кедергi келтiрмейдi. Өтiнiш ол мәлiмделгеннен кейiн қарауға және тiкелей шешуге жатады. Өтiнiш бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс. Егер ол iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болса, өтiнiш қанағаттандырылуы тиiс. Өзге жағдайларда өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкiн. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығарып, ол өтiнiш жасаған адамға жеткiзiледi. Өтiнiш жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым берудiң және оны қараудың жалпы ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн. 4. Өтініш процеске қатысушылардың іске маңызы бар мән-жайларды анықтау, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қажетті іс- әрекеттер жүргізу жөнінде сұрауы деп қаралады. Мұндай өтінішті процеске қатысушылар қылмыстық іс жүргізудің барлық кезеңдерінде мәлімдеуге құқылы: тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде — тергеушіге, анықтаушыға немесе прокурорға мәлімдеуге, сотта істі қарау кезінде — сотқа мәлімдеуге. Процеске қатысушылардын, өтініштерін қабылдау және шешу тәртібі ҚІЖК- нің 102-бабымен реттелген. Өтініш ауызша айтылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін. Заңда көрсетілгендей, жазбаша өтініштер іске тіркеледі, ауызша өтініштер хаттамаға түсірілуі тиіс. Қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушылардың өтініштерін қабылдауға және қарап шешуге міндетті болып табылады. Қылмыстық іс бойынша қандай және қай кезде өтініштер мәлімдеуге болатындығы заңмен шектелмейді. Бірақ, өтініш білдірген адам өзінің өтінішіне байланысты істің қандай мән-жайларын анықтау үшін іс-әрекет жүргізуді (тергеу немесе сот әрекетін жүргізуді немесе шешім қабылдауды) сұрайтындығын көрсетуі қажет. Мәселен, айыпталушы өзі білетін адамнан куә ретінде жауап алу жөнінде өтініш айтқанда, ол адамнан жауап алудың істің қандай мән-жайларын ашуға маңызы бар екендігін көрсетуі қажет болады. Өйткені, өтінішті қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау бұл өтініштің істің мән-жайларын анықтауға маңызының бар-жоғына байланысты болып табылады. Сондықтан да, ҚІЖК 102-бабының 5-бөлігінде былай деп көрсетілген: істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге, процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге маңызы бар өтініш қанағаттандырылуы тиіс. Әрбір өтініш кешіктірілмей, яғни ол мәлімделген кезде шешілуге жатады. Өтініш бойынша шешімді дереу қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, ол мәлімделген күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей шешілуге тиіс. Қылмыстық іс жүргізу органы өтінішті қанағаттандыру не оны қанағаттандырмау (толық немесе жартылай) туралы қаулы шығарып, бұл жөнінде өтініш жасаған адамға немесе ұйымға хабарлап білдіреді. Бұл қаулыны өтініш мәлімдеген адам (ұйым) шағымдауға құқылы. Сонымен қатар, қанағаттандырылмаған өтінішті қылмыстық істі жүргізудің кейінгі кезеңдерінде қайталап мәлімдеуге тыйым салынбайды. 5.Егер жүргiзiлген iс жүргiзу әрекетi өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне шағымдануы мүмкiн. Шағымдар шағымдарды қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға заңмен уәкiлдiк берiлген, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн жауапты сол мемлекеттiк органға немесе сол лауазымды адамға берiледi. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар оны жасаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды адам қол қоятын хаттамаға кiргiзiледi. Тиiстi лауазымды адамдардың қабылдауында азаматтар ауызша айтқан шағымдар жазбаша түрде ұсынылған шағымдармен ортақ негiзде шешiледi. Шағымға қосымша материалдар қоса тiркелуi мүмкiн. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамға шағымды ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде беру құқығы қамтамасыз етiледi. Шағым берген адам оны қайтарып алуға құқылы. Сезiктi мен айыпталушы қорғаушының шағымын қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық жауапкер, заңды өкiлдi қоспағанда, өзiнiң өкiлiнiң шағымын қайтарып алуға құқылы. Сезiктiнiң немесе айыпталушының мүдделерiн көздеп берiлген шағым тек олардың келiсiмiмен ғана қайтарылып алынуы мүмкiн. Шағымды қайтарып алу, осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 105-бабында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғанға дейiн оны қайтадан беруге кедергi келтiрмейдi. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың шағым жолдау тәртiбi Алдын ала қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi қылмыстық процестi жүргiзушi органға қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретiнде тұтқында отырған адамдардың оған жолданған шағымдарын дереу беруге мiндеттi. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушiнiң iс-әрекетiне немесе шешiмдерiне шағымдарын қамауда ұстау орындарының әкiмшiлiгi дереу iстi тергеудi қадағалаушы прокурорға, ал прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiмен шағымдарды - жоғары тұрған прокурорға беруге мiндеттi. Өзге шағымдарды қамауда ұстау орындарының әкiмшiлiгi ол келiп түскен кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей iстi жүргiзушi адамға немесе органға бередi. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың iс-әрекеттерi мен шешiмiне шағымдар барлық анықтау iсi, алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу барысында берiле алады. Қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту және қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiмдерге, бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттар шығарған үкiмдерге шағымдар осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде берiледi. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң атқарылуын тоқтата тұру Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағымданылған шешiмнiң атқарылуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым түсiру, егер шағымды қараушы адам мұны қажет деп тапса, шағымданылған шешiмнiң атқарылуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкiн. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қорғаушыны, жәбірленушінің өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысудан шеттету. 2. Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде гану қудығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі. 3. Өтініш. 4. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағындану. 5. Ұсталған немесе камауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртібі. 11-тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясынын негізгі ережелері. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер теориясынын негізгі ережелерін ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Дәлелдемелер ұғымы. Дәлелдемелік құқығы және оның дәлелделер теориясындағы орны. Дәлелдемелер теориясының методологиялық негіздері. 2. Таным теориясы – дәләлдемелер теориясының негізі. Қылмыстық іс бойынша ақикдттың түсінігі, мазмұны және сипаты. Қылмыстық іс бойынша акиқатты аныктаудың іс жүргізу кепілдері. Дәлелдеудегі практиканың түсінігі мен маңызы. 3. Дәлелдемелердің қайнар көздері. Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеттері. Дәлелдемелердің қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы. Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар. Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдеу пәні мен шектері. 4. Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру жолымен алынған іс жүргізушілік емес акпаратпен арақатынасы. 1.Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сотта қарап шешу дәлелдеу қызметі арқылы жүзеге асырылады. Іс жүргізу органдары (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) қылмыстың қалай жасалғандығын, оның барлық мән-жайларын дәлелдемелердің негізінде ғана анықтай алады. Дәлелдемелердің негізінде прокурор қылмысты айыпталушы жасағандығын соттың алдында ашып көрсетеді, ал қорғаушы айыпталушыға тағылған айып-тауды жоққа шығарады немесе оның жауаптылығын жеңілдету жөнінде өз талаптарын қоя алады. Сот айыптау және қорғау тараптары келтірген дәлелдемелердің негізінде сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөнінде анық тұжырымға келіп, айыптау немесе ақтау үкімін шығарады. Сондықтан да қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәселелерін зерттеу қылмыстык процесс ғылымының маңызды бөлімі болып табылатын дәлелдеу теориясының пәніне жатады.Дәлелдеу теориясы — ғылым бөлімі ретінде қылмыстык процестегі дәлелдеу қызметінің мәні мен мазмұнын, мақсатын, құқықтың негіздері мен жүргізу тәртібін, сондай-ақ бұл теорияның ұғымдырын қамтитын ілім, яғни ғылыми қағидалар жиынтығы болып табылады.Дәлелдеу теориясы ұғымын дәлелдеу құқығы ұғымынан ажырату қажет. Дәлелдеу құқығы қылмыстық істер бойынша дәлелдеудің құқықтық негіздерін және дәлелдемелерді қолданудың ережелерін көрсететін нормалар жиынтығы деп білеміз. Яғни, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу қызметінің қалай жүзеге асырылатындығы, оның жүргізілу тәртібі және қандай дәлелдемелердің қолданылатындығы қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген. Дәлелдеу қызметінің жалпы ережелері ҚІЖК-нің 15 және 16 тарауларында (115-131- баптар) жинақталған. Бірақ,дәлелдеу құқығының нормалары бұл тараулардың баптарымен шектелмейді. Себебі, дәлелдеу қызметі қылмыстық іс жүргізудің барлық стадияларына ортақ болғандықтан, әр стадияның жүргізілу тәртібін реттейтін заңның нормалары дәлелдеу құқығымен тығыз байланысты болып табылады. Сондықтан дәлелдеу құқығының жалпы ережелерін қылмыстық іс жүргізудің стадияларымен байланыстырып қарастыру және зерттеу -дәлелдеу теориясының пәнімен қамтылады. Қорыта айтқанда, дәлелдеу теориясы дәлелдеу құқығын қамтитын болғандықтан, одан кең мағыналы ұғымды білдіреді.Методолгиялық тұрғыдан алғанда, қылмыстық процестегі дәлелдеу теориясы философиялық таным теориясының қағидаларына негізделген. Мұнын, себебі, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу өзінің мәні жағынан тану қызметінің түрі ретінде қарауға жатады. Яғни, қылмыстың мән-жайларын толық ашу — таным қызметінің ерекше, заңмен реттеу арқылы жүзеге асырылатын түрі болып табылады.Осы айтылғанға байланысты, таным теориясының нақты қандай қағидаларының дәлелдеу теориясы үшін маңызы бар деген сұрақтуады. Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен дәлелдеу қызметінің басты мақсаты қылмыстық іс бойынша ақиқатқа жету екенін айту қажет. Сондықтан, дәлелдеу теориясында ақиқат ұғымы туралы философиялық ілім қолданылады. Философиялық ақиқат ұғымы күрделі мәселе болғандықтан, ол жөнінде барлыкқа бірдей қабылданған пікір жоқ. Дегенмен, көбіне бұл ұғымды айналадағы құбылыстар мен заттардың адамның сана-сезімде бұрмаланбай бейнеленіп, соның нәтижесінде қалыптасқан оның (адамның) білімінің объективтік дүниеге сәйкес келетіндігі деп түсіндіріледі. Сол сияқты, қылмыстық процесте істің мән-жайларын толық көлемде және ол мән-жай-лардың шындығында қалай болғандығына сәйкес дәл анықтау — кылмыстық іс бойынша ақиқатқа жету болып табылады. Яғни, қылмыстық іс жүргізу органдарының (тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың) істің мән-жайлары жөнінде тұжырымдары мен шығарған шешімдерінің ол мән-жайлардың шындығында қалай болғандығына сәйкес келуі акиқатқа жеткендікті білдіреді. Ақикат ұғымы — білімнің объективтік дүниемен сәйкестігін білдіретін болғандыктан, ғылыми еңбектерде бұл ұғымды объективтік ақикат деп те атайды.Дәлелдеу теориясының ғылыми негіздерінің бірі ретінде материяның бейнелеу қасиеті туралы ілімнің үлкен маңызы бар. Бұл ілімнің мәні қоршаған дүниеде болатын оқиғалар мен құбылыстар оларға сәйкес ортада өзара байланысты өзгерістер түрінде бейнеленіп, информациялық маңызы бар із қалдыратын болғандықтан, материяның осы қасиетін қолдану арқылы табиғи дүниені, қоғамдық құбылыстарды және болған оқиғаларды зерттеп анықтай аламыз. Яғни, материянын бейнелеу қасиеті ғылыми зерттеу амалдары арқылы ақиқатқа жету мақсатында қолданылады. Бейнелеу қасиеті материяның барлық түрлеріне (тірі дүние мен өлі дүниені қоса алғанда) ортақ қасиет болғандықтан, оның ғылым мен тәжірибенің барлықсалалары үшін маңызы бірдей. Бұл ілімді қылмыстық процесте қолданудың, мысалы қылмыстың іздерін және қылмыстың мән-жайлары жөнінде адамдардың жауаптарын (куәнің, жәбірленушінің, айыпталушының) дәлелдемелер ретінде қолдану болып табылады. Осындай дәлелдемелердің түрлерін қылмыстық істің мән-жайларын акықтау үшін қолдаудың занды жолдары мен тәртібі дәлелдеу теориясында түсіндіріледі. 2.Дәлелдеу теориясында ғылыми зерттеулер жүргізудің жалпы және арнайы әдістері мен амалдары туралы таным теориясында қалыптасқан қағидалар қолданылады. Таным теориясына сәйкес, ғылымның барлық салаларына ортақ зерттеу әдістері және ғылымның әр саласының ерекшелігіне байланысты қолданылатын арнайы әдіс-амалдар ажыратылады. Мысалы, дәлелдеу теориясында, ғылымның басқа да салаларында сияқты, зерттеу амалдарының мынадай түрлері кеңінен қолданылады: болжау, байқау, суреттеу, салыстыру, эксперимент жүргізу, үлгілер жасау (моделирование), логикалық талдау және қорытындылау. Ал, дәлелдеу мақсатында қолданылатын арнайы амалдарға әкілетті мемлекеттік органдар (қылмыстык ізге түсу органдары мен сот) жүргізетін тергеу (сда) әрекеттері жатады. Заңмен реттелген тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинау және зерттеу мақсатында тек қана қылмыстык істер бойынша қолданылады және бұл тергеу әрекеттеріне байланысты мәселелер дәлелдеу теориясында қамтылып зерттеледі. 3.Дәлелдеме көздері немесе дәлелдеу тәсілдері ҚІЖК-нің 115-бабының 2- бөлігінде егжей-тегжейлі тізбеленген және мыналарды қамтиды: куәгердің жауап беруі, жәбірленушінің жауап беруі, сезіктінің жауап беруі, айыпталушының жауап беруі, сарашпының қорытындысы, заттық айғақтар, процессуалдық іс-қимыл хаттамалары және өзге де құжаттар. Кең ауқымды мағынасында дәлелдеудің көздері деп деректердің тікелей кездерін, сондай-ақ оларды алудың әдістерін, дәлелдеу барысындағы тексеру мен пайдалануды түсіну керек. «Көз» ұғымын кең ауқымды мағынада түсіңдірудің құқықтық негізі бар. Мәселен, ҚІЖК-нің 116-бабында былай деп белгіленген: көзі белгісіз немесе сот мәжілісінде анықталуы мүмкін емес көздің мәліметтеріне негізделген куәгердің және жәбірленушінің жауаптары дәлелдемелер сипатында қызмет ете алмайды. Бұл ереже көз фактілер туралы мәлімет сақтаушы деп есептеуге мүмкіндік береді. Дәлелдемелер сипатында сақтаушылар емес, оларда негізі қаланған ақпарат есептеледі. Дәлелдемелер көздерінің тізбесіне қатысты ғылыми әдебиетте әр түрлі кезқарастар калыптасты, олардың мәні негізінен тізбені кеңейту қажеттілігіне сүйенеді. Мәселен, П.П. Якимов дәлелдемелердің дербес көздері ретінде азаматтық талапкердің жауаптарын, азаматтық жауапкердің жауаптарын, олардың өкілдерінің жауаптарын қарауды ұсынады. А.С. Ландо осыған ұқсас көзқарасты білдіреді, ол көздер тізбесін кәмелетке толмаған айыпталушының заңды өкілінің жауаптарымен толықтыруды орынды деп есептейді. В.Д. Арсеньевтің пікірі бойынша заттық айғақтар көздер бола алмайды, өйткені олар дәлелдеу тәсілдері мен дәлелдеме фактілер арасындағы аралық жағдайда орналасқан. Ол сондай-ақ заттық айғақтарға қатысты олардың «алғашқы көздері», яғни олар табылған және алынған орын туралы айтуды орынды санайды. Дәлелдеме көздері түрлерінің мәні туралы көзқарастарға сыни талдау жасау П.П. Якимов пен А.С. Ландоның ұсыныстары ғылыми және практикалық мүдделілік туғызады және заң шығарушы қабылдап алуға тұрады деп есептеуге мүмкіндік береді. В.Д. Арсеньев көзқарасының жақтастары да, қарсыластары да бар. Іс жүргізушілік мағынада дәлелдеме көздері заттың өзі емес, іс үшін маңызы бар іс жүзіндегі деректермен ұсынылған, яғни дәлелдеме бола алатындай заттың қасиеттері деген Р.С. Белкин мен А.И. Винбергтің пайымдауы да дұрыс көрінеді. Сараптамалық зерттеуге арналған үлгілерге қатысты айтатын болсақ, онда М.М. Михеенконың пікірі бойынша олар заттық айғақтар да, ерекше түрдегі дәлелдемелер де, дәлелдеудің тәсілдері де болып табылмайды. Бұл көзқарас Н.А. Селивановтың пайымдауымен сәйкес келеді, ол былай деп жазды: «Затты заттық айғақ деп тану осы зат пен істің анықталған мән-жайы арасындағы байланыстың болуын көздейді. Ал салыстырмалы үлгілерге қатысты мұндай байланыс туралы айтудың өзі артық. Олар тергеліп жатқан оқиғамен емес, тергеумен байланысты және оның қылмыстық іске қатысына қарамастан белгілі бір субъектіні немесе объектіні сипаттайды. Салыстырып қарауға көмектесе отырып, мәні жөнінен үлгілер таным құралдары ретінде қызмет етеді және осы тұрғыда оларды заттық айғақтарды зерттеуді жүргізе отырып, сарапшы пайдаланатын құралдармен, құрылғылармен және басқа да тетіктермен, сондай- ақ зерттеуші өзінің қорытындыларында негізге алатын әдеби көздерде бар анықтамалық және ғылыми деректермен салыстыруға болады»1. Дәлелдемелердің дербес көздері ретінде қылмыстық іс жүргізу заңы іс жүргізушілік іс-қимыл хаттамаларын атайды. Бірақ қандай да бір нақты қимылды заң ескертпейді. Тергеу іс-қимылдарының хаттамалары дәлелдеме көздері болып табылатын тізбе бөлігіндегі ғалым-процессуалистер арасында әр түрлі көзқарас орын алған. В.Д. Арсеньев қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген кез келген тергеу іс-қимылының хаттамалары ішінара дәлелдеме көздері болып табылады деп ойлайды. Оған керісінше Ф.Н. Фаткуллин мен В.Я. Дорохов істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-қимылдарының хаттамалары ғана дәлелдеме көздері болып табылады деп есептейді. Мәселе мәнісін осылайша түсіну дәлелдеме мақсатына анағұрлым сөйкес келетін сияқты, өйткені жекелеген тергеу іс-қимылдарының қосымша сипаты ғана бар және тікелей дәлелдемелер жинақтау тәсілдерін құрамайды (мәселен, мәйітті сойып көру оны қарауды және сот-медициналық сараптаманы жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған). Өзінің көзқарасын жақтай отырьш, В.Я. Дорохов былай деп жазды: «Хаттамалардың дәлелдеу маңызы туралы мәселе дәлелдемелерді жинақтаудың іс жүргізушілік тәсілдері больш табылатын тергеу және сот іс-қимылының хаттамаларына қатысты ғана қойылуы мүмкін». Сонымен, дәлелдемелер көздері ҚІЖК-де толық келтірілген және кеңейтіп түсіндіруге жатпайды, мұның өзі тиісті емес көздерден және тиісті емес жолмен алынған дәлелдемелер қылмыстық процесте осы сипатында шыға алмайтындығы іс жүргізушілік құқығының ережесіне сәйкес келеді Заңда көзделген дәлелдемелер көзі іс жүзінде қолда бар көздің ҚІЖК-нің 115- бабының 2-бөлігінде көзделген тәсілдердің бірімен сәйкес келетіндігін білдіреді. Бұл орайда заң шығарушы істің мән-жайын дәлелдеу үшін ҚІЖК-де санамаланған кез келген көздер пайдаланылуы мүмкін екендігін белгілейді. Алайда белгілі бір жағдайларда мән-жай қатаң түрде белгілі бір көздерден анықталуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-нің 240-бабьша сәйкес қаза табуының себептерін анықтау, дене жарақатының сипаты мен ауырлығын анықтау, айыпталушының, куәгердің және жәбірленушінің психикалық жай-күйін анықтау тиісті сот сараптамасын жүргізу жолымен мүмкін болады. Осы жағдайларда анықталатын фактілер дәлелдемелерінің бірден бір көздері сарапшылардың қорытындылары болады. Дәлелдемелердің көздеріне қатысты талаптардың осы категориясына адамның жасы туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына күмән болған немесе АХАЖ-дың (азаматтық хал актілерін жазу) қажетті құжаттары болмаған жағдайда сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтау кезінде жасалатын сарапшылар қорытындылары да жатады. Дәлелдемелерді жіктеу және оның практикалық маңызы Сипатына және қалыптасуына қарай дәлелдемелер бірнеше топтарға бөлініп жіктеледі. 1. (Қылмыстың оқиғасына қатыстылығы бойынша дәлелдемеле) тікелей және жанамалы болып бөлінеді. Тікелей дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын, оның қалай болғандығын және кім жасағандығын көрсететін фактілідеректерді айтамыз. Мәселен, жәбірленушінің өзіне қарсы жасалған қылмыстың қалай болғандығы және оны кім жасағанды жөнінде жауабы тікелей дәлелдеме болып табылады. Сол сияқты, айыпталушының айыбын мойындап, қылмысты қалай жасағандығы жөнінде жауабы немесе қылмыстың қалай болғандығын өз көзімен көрген куәнің жауабы - бұлар тікелей дәлелдемелерге жатады. Жанамалы дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын және қылмысты кім жасағандығын тікелей көрсетпейтін, бірақ іске маңызы бар басқа мән-жайлар жөнінде фактілі деректерді айтамыз. Мәселен, куәнің айыпталушыны қылмыстың оқиғасы болған жерде көргендігі туралы жауабы жанамалы дәлелдемелерге жатады. Немесе, тінту жүргізу кезінде ұрланған заттардың айыпталушының үйінен табылуы мүлікті ұрлау жөніндегі қылмыстық іс бойынша жанамалы дәлелдеме болып табылады. Өйткені, бұл дәлелдемелер қылмыстың қалай жасалғандығын және оны кім жасағандығын тікелей көрсетіп тұрған жоқ. Бірақ, мұндай дәлелдемелердін, жиынтығын қолдана отырып, қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау мүмкін болады. Дәлелдемелерді тікелей және жанамалы деп ажыратудын практикалық маңызы ол дәлелдемелерді қолданудың ерекшеліктеріне байланысты. Тікелей дәлелдемелерді қолданудың маңызды шарты алдымен олардың шындыққа сәйкестігін анықтау болып табылады. Мәселен, айыбын мойындаған айыпталушының қылмысты қашан, қай жерде және қалай жасағандығы туралы жауабы өтірік айтылмаған болса, бұл жауап оның кінәлілігін көрсететін тікелей дәлелдеме ретінде қолданылады. Жанамалы дәлелдемелерді де қолданғанда алдымен олардың шындығына көз жеткізу қажет. Бірақ, жанама дәлелдеме шындыққа жататын болса да, ол қылмыстын, қалай жасалғандығын және оны кім жасағандығын тікелей көрсетпейді. Дегенмен, жанамалы дәлелдемелердің жиынтығын қолдана отырып, дәлелдеу пәніне кіретін мән- жайларды анықтау мүмкін болады. Қорыта айтқанда, жанамалы дәлелдемелерді қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін қолдану бірнеше кезеңдерден өтеді: 1) алдымен олардың шындығына көз жеткізу; 2) оларды басқа дәлелдемелермен бірге қолдана отырып, іске маңызы бар мән- жайлардың дәлелденгендігі немесе дәлелден-бегендігі жөнінде нақты тұжырымға келу. 2.Айыптау пәніне қатысты дәлелдемелер айыптау және ақтау дәлелдемелері болып бөлінеді. Айыптау дәлелдемелеі дегеніміз қылмыстың оқиғасын, қылмысты кім жасағандығын, сондай-ақ айыпталушының кінәлілігін, оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайларды»і көрсететін фактілі деректер болып табылады. Ақтау дәлелдемелеріне қылмыстың болмағандығын, іс қылмыстық жауапқа тартылған адамның айыпты емес екендігін, сондай-ақ оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды көрсететін фактілі деректер жатады. Ақтау дәлелдемелерінің, ерекше түрі «алиби» деп аталады. Яғни, қылмыс жасалған кезде айыпталушының басқа жерде болуы — оны ақтауға негіз бола алады. Бірақ, айыпталушының алибиі болуы оны барлық жағдайларда да ақтауға соқтырмайды. Өйткені, алибі бар айыпталушы бұл қылмысқа ұйымдастырушы немесе айдап салушы немесе көмектесуші ретінде қатысқан болуы мүмкін. Дәлелдемелерді айыптайтын және ақтайтын деп бөлудің істің мән- жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін маңызы бар. ҚІЖК 24- бабының 4-бөлігіне айтылғандай, қылмыстық істі жүргізу кезінде айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуы тиіс. Осыған сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы сезіктімің және айыпталушының өзінің кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы, сондай-ақ өзін ақтайтын не жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерін тексеруге міндетті болып табылады. Дәлелдемелердің қалыптасуы ретіне қарай, олар алғашқы және туынды болып бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер деп іске маңызы бар мән-жайларды тікелей өздері қабылдаған қайнар көздерден алынған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің немесе жәбірленушінің өз көздерімен көрген немесе тікелей өздері естіген істің мән-жайлары туралы нақты жауаптары алғашқы дәлелдемелер болып табылады. Туынды дәлелдемелер деп тікелей өздері қабылдаудың негізінде емес, бірақ алғашқы қайнар көздер арқылы пайда болған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің басқа адамнан естен білген істің мән-жайлары туралы жауабы немесе құжаттың көзшірмесі,сондай-ақ қылмыстың оқиғасы болған жерде табылған істердің көшірмелері туынды дәлелдемелерге жатады. Дәлелдемелерді алғашқы және туынды деп бөлудің оларды қолдану үшін маңызы бар. Өйткені, туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелермен салыстырғанда оларға дәлме-дәл болмай, өзгерістерге ұшырауы мүмкін (объективтік және субъективтік себептерге байланысты). Мәселен, басқа адамнан естіп білген істің мән-жайлары туралы куә жауабының ол мән-жайларды өзі көрген адамның жауабынан айырмашылықтары болады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу органы процессуалдық шешім шығарғанда негізінен алғашқы дәлелдемелерге сүйенуі тиіс. Осыған байланысты, туынды дәлелдемелер бар болған жағдайда бұл дәлелдемелерді қолдана отырып, алғашқы дәлелдемелердің өзін табуға шаралар қолдану талап етіледі. Қорыта айтқанда, қылмыстық іс бойынша туынды дәлелдемелерді қолдаудың мынадай жолдары бар: 1)туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелерді табу мақсатында қолдануға жатады; 2)туынды дәлелдемелер қажет болған жағдайда алғашқы дәлелдемелерді тексеру үшін қолданылады (мысалы, іске маңызы бар мән-жайларды өз көзімен көрген куә жауабыи өзгертіп айтқан болса, бұл куә мен одан естіген куәнің арасында беттестіру жүргізу арқылы); 3)алғашқы дәлелдеме жойылып кеткен жағдайда, туынды дәлелдеме оның орнына қолданылады (мәселен, ауыр дене жарақаттарын алған жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның айтқанын естіген адамның куә ретінде берген жауабын қолдану). Мұндай жағдайда туынды дәлелдемені мұқият тексеріп, оның шындыққа жататындығына басқа дәлелдемелер арқылы көз жеткізу қажет болады. Дәлелдеменің қасиеті — бұл мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің ерекшелігін құрайтын белгілер. Олардың мазмұны мен нысаны іс жүргізу заңымен анықталады. Дәлелдеменің қасиетіне жататындар: қатыстылық мүмкіндік және шынайылық. Қылмыстық заң қылмыстық іс бойынша олардың қатыстылығы тұрғысынан алғанда дәлелдемелерді ба-ғалау кезіндегі негізгі шарт болып табылады. Дәлелдемелердің қатыстьшығы дәлелдемелердің мазмүнын сипатгайды жөне іске маңызы бар мөн-жайлардың бар екендігі туралы қорытындыға күмән келтіретін немесе растайтын болмаса теріске шығаратын нақты мәліметтермен іске қатыстылығы танылады (ҚР ҚІЖК 128-бап). Дәлелдемелердің қатыстылығы — бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық құқықтық мән-жайлары мен дәлелдемелер арасындағы себептік байланысты объективті түрде керсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына енетін қандай да болмасын мән-жайдың бар не жоқ екенін анықтау үшін қолданғанда ғана тек сонда ғана дәлелдеме бұл іске қатысты болып табылады. Дәлелдеменің қатыстылығын анықтау іс бойынша дәлелдеу процесі кезінде жүргізіледі, дәлелдеме жинаудан бастап мәселе шешіліп жатқанда қандай да бір тергеу әрекетін жүргізгенде және істің мән-жай тұрғысынан алғанда қандай нәтиже күтуге болады. Дәлелдеменің қатыстылығын бағалау мен тергеуді жоспарлау тергеу мәліметтерін тергеу тәртібі, дәлелдемелерді жинау және оларды іске тігу жөніндегі процеске қатысушылардың ұсынысын шешу байланыстырылады. Нақты іс бойынша дәлелдеу затына енетін мән-жайларды анықтау үшін маңызы бар мән-жайлар шегін алдын ала анықтау мүмкін бола бермейді. Бұндай мән- жайлар шегін ең алдымен тергеуші болған оқиғаны қарап, мәліметтер тексере отырып анықтайды, белгілейді. Олар процеске қатысушылардың ұсынысы бойынша да анықталуы мүмкін. Дәлелдемелердің қатыстығы негізінен осы дәлелдеменің көмегімен іс бойынша дәлелдеу затына мән-жайлардың енетіндігі мүмкін болғанда, сондай-ақ бұл мән- жайды анықтауға өзінің мазмұны бойынша дәлелдеме қабілетті болғанда анықталады. Дәлелдеменің мүмкіндігі деп дәлелдеме көзінің заңдылығын, алыну тәсілдерін және нақты мәліметтерді анықтау түсініледі. Бұл оның дәлелдеменің бекітілуі, зерттелуі, табылу тәртібі, шығу көзімен салыстырғанда заң талаптарына жауап беретін, іске маңызы бар мән-жайларды анықтау кезіңде пайдалану үшін жарамдылығы. Дәлелдеменің мүмкіндігі — бұл дәлелдемелердің шығу көздерінің, әдістері мен тәсілдерінің олардың алынуына көмектескеннің заң тұрғысынан алғанда толыкқтылығы. Заң бойынша дәлелдеудің міндеті айыптаушыға, анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға және сотқа жүктелген (ҚР ҚІЖК 124-бап). Заңда көзделгендей дәлелдеменің шығу көзі іс жүргізу кодексінің 115- бабының 2-бөліміне сәйкес күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа құжаттармен анықталады. Дәлелдемелердің мүмкіндігінің келесі белгісі тергеу, өндірісінің және сот әрекетінің нәтижесінде олардың алынуының заңды тәсілі болып табылады. Дәлелдемелердің мүмкін еместік ұғымы заңды түрде бірнеше құқықтық актілерде бекітілген. Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында, оның 77-бабының 9-тармағында «заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемелердің ешқандай занды күші болмайды» делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін Қылмыстық іс жүргізу кодексі қайталайды, оның 116-бабында былай деп нақтыланған: «Дәлелдемелер ретінде нақты деректер мүмкін емес деп танылады, егер олар Қылмыстық іс жүргізу кодексі талаптарын бұзу жолымен алынған болса». Олар: 1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сондай-ақ өзге де заңсыз іс- әрекеттер арқылы; 2) оларға түсіндірмеудің толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы; 3) іс жүргізу туындаған әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты; 4) іс жүргізу туындаған әрекетіне қарсылық білдіруіне жататын адамның қатысуына байланысты; 5) іс жүргізу іс-әрекетін жүргізудің тәртібін айтарлықтай бұзу арқылы; 6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын кезден; 7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы. Қылмыстық іс жүгізу кодексінің 116-бабында тізілгендер дәлелдеме алудың тиісті көздері дәлелдеме мүмкіндігінің критерийлері болып табылады. Бұлар: 1) күдіктінің, айыпталушының жауаптары; 2) жәбірленушінің, куәнің жауаптары; 3) сарапшының жауабы мен қорытындысы; 4) заттай айғақтар; 5) тергеудің және сот әрекетінің хаттамалары; 6) басқа да құжаттар. Дәлелдеменің шынайылығы. Бұл олардың сипаттамасы сондай тексеру нәтижесінде анықталғандай, ондағы мәліметтер шынайы ақиқатқа, өмір шындығына сай келеді. Ақиқаттығы ешқандай күмән келтірмейтін, негізделген, дәлелденген білім шынайы болып табылады. Сонымен, кез келген шынайы білім ақиқат болып табылады, алайда кез келген ақиқат шынайы болып табылмауы мүмкін. Жеткілікті деп тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, іс бойынша ақиқатты анықтайтын, мүмкін болатын және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті көлемде және бір жинаққа түгел жиналуын атайды. Дәлелдеменің қатыстылық, мүмкіндік, шынайылык, және жеткіліктілік сияқты қасиеттерін зерттей отырып іс бойынша ақиқат анықталуы мүмкін, демек қылмыс жасаудағы адамның кінәсі де анықталады деген сөз. Дәлелдемелердің қатыстылығы және іске жіберілуі Іс бойынша объективті шындықты анықтау кезінде дәлелдемелерді іріктеудің бет алды сипаты болмаңцы. Іс жүргізушілік мағынасындағы белгілі бір дәлелдемелерді тергеудің және соттың қабылдауы, оларды нақты қылмыстық іс бойынша процеске тарту дәлелдемелердің қатыстылығы туралы мәселені шешуге негізделген. Дәлелдемелердің қатыстылығын - олардың және дәлелденуге жататын жағдайлардың арасында қисынды байланыстың болуы деп түсіну қабылданған, осыған байланысты қылмыстық іс бойынша белгілі бір фактілерді негіздеу немесе жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін3. Дәлелдемелердің қатыстылығының өлшемі сипатында мыналар көрінеді: - дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысы; - нақты дәлелдермен анықталатын мән-жайдың іс үшін маңызы; - тап осы мән-жайды анықтау үшін аталған дәлелдемелердің маңызы. Дәлелдеменің ізделетін фактімен байланысының маңызы мынадан көрінеді: осы өлшемге сүйене отырып, «тергеу мен сот қылмыстық істерді тергеу және қарау кезінде өздерінің қолынан өтетін іс жүзіндегі материалдардың «үйіндісінен» оларды дұрыс шешу үшін қажетті деректерді тандап ала алады»'. Келесі екі өлшем өзара байланысты және бір құбылыстың әр түрлі жақтарын білдіреді. Дәлелдемелердің қатыстылыш туралы мәселені шешу үшін оларда бар ақпарат сипатының маңызы болмайды (дәлелдемелер ізделетін фактілерді растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін). Қатыстылық - дәлелдеменің мәнділігіне ықпал ететін ішкі қасиетінің белгісі. Сонымен бірге осы айтылған белгінің сыртқы көрінісі мынадай: ол істі басы артық ақпаратсыз-ақ көптеген жағдайларды анықтауға қатысы бар материалдарды іске шоғырландыруға мүмкіндік береді. Дәлелдемелердің іске жіберілуі дегеніміз - көздерінің, олар алынған әдістер мен тәсілдердің заңдылығы көзқарасы тұрғысынан дәлелдемелердің жарамдылығы, толықтығы. Дәлелдемелердің іске жіберілуін қамтамасыз ететін іс жүргізу нысандарының мынадай элементтерін бөліп көрсету қабылданған: - дәлелдеудің тиісті қатысушысы; - заңда көзделген дәлелдеме көзі; - заңға сәйкес тергеу іс-қимылын (дәлелдеме алуға көмектескен) өткізудің тәртібі. Дәлелдемелердің қатыстылығы мен іске жіберілуі арасындағы арақатынасты аша отырып, В.Д. Арсеньев былай деп жазды: «Егер қылмыстық іс жүргізу дәлелдемелерінің мазмұны олардың іске катыстылығын көрсетсе, дәлелдемелердің іс жүргізу нысаны - олардың осы іс бойынша іске жіберілуін айқындайды». Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні және дәлелдеу пәніне кіретін мән- жайлар ҚІЖК-нің 117-бабында әрбір қылмыс бойынша іс кезінде дәлелденуге тиісті мән-жайлар аталып көрсетіл мән-жайларды білудің маңызы олар қылмыстық іс алдын ала тергеуді және сотта іс қарауды қай бағыттажүргізу. Ол бойынша «жүргізуқажеттілігін білдіреді. Сол мән-жайларды анықтау арқылы ғанақылмыстық іс жүргізу (органы ақиқатқа жету мақсатын орындай алады. Сондықтан ол мән-жайлар қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін құрайды деп қаралады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні деп әрбір қылмыстық істідұрыс шешу үшін маңызы бар және сондықтан анықталуға тиісті мән- жайлардың жиынтығын айтамыз. Бұл мән-жайларды анықтау және дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу органдарының міндетіне жатады. Тергеуші, анықтаушы, прокурор және сотта істі қарау кезінде тараптар осы мән-жайларды анықтауға күш салады. Дәлелдеу пәнінің мәні мен маңызын толық түсіну үшін оған кіретін мән- жайлардың әрқайсысына жекелеп тоқталу қажет. Яғни, ҚІЖК-нің 117-бабында көрсетілген ол мән-жайларға мыналар жатады: 1.Қылмыстың оқиғасы, жасалу уақыты, болған жері, тәсілі және басқа да мән-жайлары. Бұл мән-жайлар алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жақтарын анықтау қажеттігін көрсетеді. Сол мән-жайлардың негізінде қоғамға қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктің) болғандығына көз жеткізу және оны қылмыстық заңының бабы бойынша саралау мүмкін болады. Яғни, қылмыстың жасалған уақытын, жерін, тәсілін және басқа да жағдайларын анықтаудын бұл әрекетті (әрекетсіздікті) нақты түрде талдап қарастыру үшін маңызы бар. Мәселен, мүлікті ұрлау жеке адам тұрғын үйге жасарын кіріп немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған болуы мүмкін. Осыған сәйкес, жасалған ұрлықтың қылмыстық заң бойынша саралануы және оны жасаған адамдардың жауаптылық дәрежелері де бірдей болмайды. 2.Қылмысты кім жасағандығы, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі, кінәсінің нысаны, қыдмыстың қандай ниетпен жасалғандығы. Яғни, бұл топқа жататын мән-жайлар қылмыстың субъектісі мен субъективтік жақтарын қамтиды. Бұл мән-жайлар бұрын айтылған қылмыстың объективтік жақтарымен байланысты болғандықтан, олардың бірінің анықталуы істің басқа мән-жайларын ашуды жеңілдетеді. Мәселен пара алу фактісіғана жағдайда (қылмыстың оқиғасы), пара алушының кім екендігі де де осы кезде белгілі болады. Қылмыстың субъектісін анықтау барысында оған бірнеше адамдардың қатысқандығы ашылған болса, олардың әрқайсы-қылмыс жасаудағы рөлін және қандай түрде қатысқан-(ұйымдастырушы, орындаушы, айдап салушы немесекөмектесуші) анықтау қажет. Ал, қылмыстың кейбір түрлері бойынша арнайы суъбектінің белгілері бар болғанда ғана ол адам қылмыстық жауапқа тартылады (мысалы, қызмет жағдайын пайдаланып жасалатын қылмыстар). Ондай қылмыстар қызмет атқару міндеттерін және қызмет жағдайын пайдалану арқылы жасалатын болғандықтан, оған сәйкес келетін қызмет жағдайы жоқ адамдар бұл қылмыстардың субъектісі бола алмайды. Қылмыстың субъективтік жақтарын ашу үшін де өзара байланысты болып келетін әр түрлі мән-жайларды анықтау және дәлелдеу қажет болады: айыпталушының кінәлілігін, кінәсінің нысанын (тікелей немесе жанамалы кінәлілік, абайсызда жасалған қылмыс), қылмыстың қандай ниетпен және мақсатпен жасалғандығын. Бұл мән-жайлар қылмысты субъективтік жа-ғынан сипаттап, олар қылмыс жасаған адамньщ жауаптылығына әсерін тигізеді. Соның ішінде, қылмыстық занда көрсетілген жағдайларда ниет пен мақсат қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралды (мысалы, қажетті қорғану шегінен шығу жағдайында қылмыс жасау жауаптылықты жеңілдететін болса, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады). 3. Айыпталушының жауаптылығының дәрежесімен сипатына әсер ететін мән- жайлар. Бұл топқа жататын мән-жайлар Қылмыстық кодексте көзделген жауаптылықты жеңілдететін және оны ауырлататын жағдайларға сәйкес қарастырылады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылады: жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау; айыпталушының кәмелетке толмауы; айыпталушының жас балалары болуы; қылмыстық жауапқа тартылған әйел адамның жүктілігі; қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету; қылмыстың салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру; қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де пайдалы іс-әрекеттер жасау және т.б. Ал, Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларға жатады: қылмыстарды әлденеше рет жасау; қылмыспен ауыр зардаптар келтіру; алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсенді роль атқару және т.б. Айыпталушының жауаптылығына Қылмыстық кодекстің 53 және 54-баптарында аталып көрсетілмеген басқа да жағдайлар әсеретеді. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 53-бабы 2-бөлігінде айтылғандай, жаза қолдану кезінде осы бапта көзделмеген жағдайлар да жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін. Ал, Қылмыстық кодекстің 26-бабы 3-4 бөліктерінде былай деп көрсетілген: қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер бұл адамдар мемлекеттік органдарға хабарлау немесе өзге де шаралар арқылы орындаушының қылмысты ақырына дейін жеткізуіне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс; егер қылмысты ұйымдастырушының немесе қылмысқа айдап салушының жоғарыда аталған іс-әрекеті қылмыстың орындалуын болдырмауға әкелмеген болса, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде қаралуы мүмкін. 4. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар. Бұл мән-жайлардың айыпталушының қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтау, оған әділ жаза немесе заңмен көзделген өзге ықпал ету шарасын қолдану және осыған байланысты қылмыстық істі соттың дұрыс шешуі үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан, заң бойынша тергеу жүргізу барысында және басты сот талқылауында айыпталушының жағымды-жағымсыз жақтарын қамтитын деректердің барлығын анықтау талап етілді (жасы, денсаулығы, отбасы жағдайы, кәсібі, тұрмыстағы мінез-құлқы, мемлекеттік наградалары, бұрын сотталған ба және т.б.) Егер айыпталушының дене мүшелерінің немесе психикалық кемістіктері жөнінде мәліметтер бар болса, қылмыстық іс жүргізу органы ол деректерді ертерек анықтап, сол кезден бастап іске міндетті түрде қорғаушыны қатыстыру қамтамасыз етілуге тиіс. Айыпталушының есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикалық ауыруы бар немесе бұрын ол маскүнем не нашақор деп танылған болса, оған соттың шешімі бойынша қылмыстық жазамен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану мүмкін (емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу). Айыпталушының жеке басын сипаттауға оның қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын және өзі жасаған қылмыстықәрекетке қалай қарайтындығын білудіңде маңызы бар. Сондықтан айыпталушының шын жүректен өкініш білдіруі, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшекерелеуге белсенді жәрдемдесуі болған жағдайларда, ондай деректер айыптау қорытындысында, сондай-ақ соттың үкімінде бағаланып көрсетілуге жатады. Ал, айыпталушының бұрын қылмыстық жауапқа тартылып сотталғандығына байланысты оның әрекеті қылмыстың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы деп танылатын болса, оған негіз болатын нақты деректерді айыптау қорытындысында және үкімде көрсету міндетті болып табылады. Қорыта айтқанда, айыпталушының жеке басын сипаттауға жататын аталған және басқа да жағдайларды анықтау істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеу принципінен туындайтындығын ескеру қажет. 5.Қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипатымен мөлшері. Қылмыстың зардаптары онымен келтірілген зиянның түрімен және мөлшерімен анықталады. Сондықтан зиянның үш түрге (моральдық, дене және мүліктік) бөлінетіндігіне сәйкес оның қандай түрі немесе түрлері келтірілгендігін, зиянның мөлшерін және қылмыстық әрекетпен (әрекетсіз- дікпен) зиянның арасындағы себепті байланыстың бар екендігін анықтап дәлелдеу қажет етілді. Мәселен, меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыспен келтірілген мүліктік зиянның мөлшерін толық анықтау қылмысты дұрыс саралаудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан ондай қылмыстар бойынша зиянның мелшерін анықтамай тұрып, қылмыстың құрамын да анықтау мүмкін емес. Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша жәбірленушіге келтірілген дене жарақаттары ауырлығының дәрежесі және оның денсаулығына зақым келтіруден туындаған шығындар (емделуге, оны бағып-күтуге және т.б.) анықталуға жатады. Егер жәбірленушінің дәлелі бойынша оған қылмыспен моральдық зиян келтірілген болса, ондай зиянның болуына байланысты мән-жайларды да анықтау дәлелдеу пәнімен қамтылады. Ондай жағдайда, мәселен, жәбірленушінің ар- намысына тиетін, абыройын төмендететін мән-жайлардың болғандығын немесе жәбірленушіні, оның жақын туысқандырын ұайымға салуға соқтырған мән- жайлардың болғандығын анықтау талап етілді. 6.Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар.Ондай мән-жайлар Қылмыстық кодекстің 32-37-баптары негізінде қаралады. Осы баптарға сәйкес: -қажетті қорғану жағдайында басқа адамға зиян келтіру, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, қылмыс болып табылмайды (32-бап); -қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органға жеткізу және оның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін тыю үшін үстау кезінде зиян келтіру, егер бұл адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (33-бап); -аса қажеттілік жағдайында зиян келтіру, яғни басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндірген қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап); -уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің не осы органның тапсырмасы бойынша өзге адамның жедел-іздестіру шараларын орындау кезінде заңмен қоргалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет қылмыстарды болғызбау немесе ашу, тергеу мақсатымен, сондай-ақ қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда жасалған болса, қылмыс болып табылмайды (34-1 бап); -қоғамға пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (35-бап); -егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, ондай жағдайда қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (36-бап); -өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды, мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады (37-бап). 7. Қылмыстың жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән- жайлар. Ондай мән-жайлар Қылмыстық кодекстің65-69-баптарын қолдана отырып анықталуға жатады. Атап айтқанда: —65-бапқа сәйкес, қылмыстық жауапқа тартылған адамның шын өкінуіне байланысты (бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтығы қылмыс жасаған болса) ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін; сондай-ақ қылмыс жасаған адам (жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды қоспағанда) ұйымдасқан не сыбайластықтоп (қылмысты ұйым) жасауға дайындаған қылмыстарды болғызбауға, олар жасаған қылмыстарды ашуға, басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін; —66-бапқа сәйкес, қажетті корғану шегінен асқан адамды сот істің мән- жайын ескере отырып қылмыстық жауаптан босатуы мүмкін; —67-бапқа сәйкес, қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан басатылуы мүмкін; —68-бапқа сәйкес, қылмыс жасаған адамды; егер істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін; сондай-ақ бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер Ол кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты сотта іс қаралған уақытта қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін; —69-бапқа сәйкес, қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өткен болса, тиісті адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Бұл аталған жағдайларда қылмыстық жауыптылықтан босатудың тәртібі жөнінде ҚІЖК 38-бабының 1-бөлігінде былай деп көрсетілген: сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келуімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдайаттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы; сондай-ақ сот қылмыстық жауапты-лықтан босата отырып, айыптау үкімін шығаруға да құқылы. Жоғарыда қарастырылған мән-жайларды анықтау барлық қылмыстық істер үшін ортақ бола тұрып, сонымен қатар қылмыстық істердің топтық немесе жекелеген ерекшеліктеріие байланысты басқа да мән-жайларды істі жүргізу кезінде дәлелдеуқажет болатындығы ескерілуте тиіс. Соның бір көрінісі, мәселен, кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары бойынша дәлелденуге жататын қосымша мән-жайлар болып табылады. Бұл жөнінде ҚІЖК 117-бабының 2- бөлігінде ҚІЖКтің 481-бабына сілтеме жасалған. Мұнда кәмелетке толмағандардың істері бойынша алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу кезінде арнайы анықталуға тиісті мән-жайлар аталған: кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы), оның тұрмысы мен тәрбие жағдайы жәнет.б. ҚІЖК 117-бабының 3-бөлігіне сәйкес, дәлелдеу пәніне қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар да жатады. Ол мән-жайлар бұрын қарастырылған қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарымен байланысты болып келеді және солардың негізінде анықталады. Мәселен, мүлікті ұрлауға ықпал еткен мән-жайлардың бірі күзетшінің өз қызметін атқаруға салқын қарағандығы болуы мүмкін. Оны анықтау қылмыстың объективтік жақтарын ашумен байланысты болып табылады. Қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталған жағдайда тергеуші (анықтаушы) тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды басқару қызметін атқаратын лауазымды адамдарға ондай мән-жайларды жою үшін қажетті шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізуге құқылы (ҚІЖК-нің 204-бабына сәйкес) ал сотта істі қарау кезінде сот бұл туралы жеке қаулы шығаруға құқылы (ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес). Дәлрлдеусіз анықталатын мән-жайлар. ҚІЖК-нің 118-бабында дәлілдеусіз анықталатын мән-жайлар туралы айтылған. Бұл бапқа сәйкес, егер тиісті құқықтық тәртіппен керісінше дәлелденбесре, мына мән-жайлар дәлелдеусіз анықталған болып саналады: жалпыға бірдей белгілі фактілер, занды күшіне енген соттың шешімімен айқындалған мән-жайлар, адамның занды білуі, адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі және т.б. Дәлелдеу шектері. Қылмыстық іс жүргізу құқықтағы іс бойынша дәлелдеу процесінде анықталған мән-жайлардың барлық жиынтығы үшін «дәлелдеу шектері» ұғымы қолданылады. Дәлелдеу шегі деп іс үшін маңызды болып табылатын мән-жайды анықтау үшін қажетті және жеткілікті дәлелдемелер жиынтығы түсініледі. Дәлелдеу заты дәлелдеу мақсатын айқындайды, ал дәлелдеу шектері — оған қол жеткізу құралдары. Сонымен дәлелдеу шектері дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дәлелдеу деңгейі дегенді білдіреді. Дәлелдеу шектері бұл дәлелдеу субъектілері негіздеген шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы және олар көп реттерде субъективті сипатқа ие. 4.Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн ҚІЖКтiң ережелерiне сәйкес ҚІЖКтiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы орган қызметкерi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органға жасырын негiзде көмек көрсетушi адам тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбiрленушi, сезiктi (айыпталушы) ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Жедел-iздестiру iс-шаралары нәтижесiнде анықталған iстiң мән-жайларын қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей қабылдауы қажет және мүмкiн болған кезде iстiң бұл мән-жайлары ҚІЖКте көзделген ережелер бойынша жүргiзiлетiн тергеу не сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi. Жедел-iздестiру қызметi барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретiнде пайдалану тиiсiнше ҚІЖКтiң 121 және 123- баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-iздестiру қызметi материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретiнде iске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана ҚІЖКтiң 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру қызметi материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, ҚІЖКтiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi табыс етiлiп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел- iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-iздестiру қызметi нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Таным теориясы – дәлелдемелер теориясының негізі. Қылмыстық іс бойынша ақиқаттың түсінігі, мазмұны және сипаты. 2. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты аныктаудың іс жүргізу кепілдері. 3. Дәлелдеудегі практиканың түсінігі мен маңызы. 4. Дәлелдемелердің қайнар көздері. 5. Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеттері. 6. Дәлелдемелердің қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы. 7. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы. 8. Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар. 9. Дәлелдемелердің жіктелуі. 10. Дәлелдеу пәні мен шектері. 12-тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудін негіздері. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеудің негіздерін талдау. Қысқаша мазмұны: 1. Дәлелдеу процесінің ұғымы мен элементтері. Дәлелдеу субъектілері. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бекіту. 2. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық кұралдарды қолдану. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметерінің рөлі мен маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік қайнар көздерінің түрлері. 3. Куәнің жауаптары. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы. Куәлік жауаптарының субъектілері. Куә ретінде жауап алуға жатпайтын тұлғалар. Куәлік иммунитет. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. Куәнің жауаптарын бағалау мен тексеру. Куәнің жауаптарының толықтығмен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері. 4. Жәбірленушінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Жәбірленушінің жауаптарын тексеру мен бағалау. Жәбірленушінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері. 5. Сезіктінің жауабы: түсінігі, пәні мен маңызы. Сезіктінің жауабын тексеру мен бағалау. Сезіктінің жауабының толықтығы мен растығының іс жүргізушілік кепілдіктері. 6. Айыпталушының жауабы: түсінігі, пәні, түрлері мен маңызы. Жауап беру кезіндегі айыпталушының құкығы. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының жауабын тексеру. Айыпталушының Айыпталушы өзінің кінәсін мойындаған жағдайда дәлелдемелік маңызы. Өзін өзіне қатысты жалған жауап беру. Басқа біреуге катысты жалған жауап беру. 7. Сарапшының қорытындысы: түсінігі, объектілері мен маңызы. Сараптаманы тағайындаудың негізі мен тәртіптері. Сарапшының қорытындысының тергеу әрекеттеріне қатысуы үшін шақырылған маманның ұсынысы мен түсіндірмесінен айырмашылығы. Сарапшы қорытындысының түрлері. Сараптамалық зерттеудің шегі. Сарапшы қорытындысының мазмұны мен құрылысы. Сарапшы қорытындысын бағалау. 8. Заттай дәлелдемелер: түсінігі, іс жүргізушілік негізі, түрлері мен маңызы.Заттай дәлелдемелерді жинау тәсілдері. Заттайдәлелдемелерді тексеру мен бағалау. Заттай дәлелдемелерді сақтау. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде заттай дәлелдемелер туралы мәселені шешу. Заттай дәлелдемелердің растығының іс жүргізушілік кепілдіктері. 9. Іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары: түсінігі, құрылысы, маңызы. Тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларын бағалау. 10. Құжаттар: түсінігі, түрлері, маңызы. Дәлелдемелердің дербес қайнар көзі ретінде құжаттардың құжат-заттай дәлелдемелерден айырмашылығы. Құжаттарды жинау, тексеру мен багалау тәсілдері. 11. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылатын фонограммалардың, фотосуреттердің, киноленталардың, диапозиттердің, видеожазбалардың, үлгілердің, жоспарлардың, схемалардың және басқада көріністердің дәлелдемелік маңызы. 1. Дәлелдеу процесі — іске қатысы бар, іс жүргізу құжаттарында тіркелген нақты мәліметтерді жинақтау, бекіту, зерттеу (тексеру) және бағалау бойынша қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген дәлелдеу субъектілерінің қызметі түрінде көрінеді. М.С.Строговичтің пікірі бойынша: «дәлелдеу процесі дәлелдемелерді табудан, оларды қарап тексеру және іс жүргізіп бекітуден, тексеруден және бағалаудан тұрады». Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесі — бұл шартты түрде дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту, дәледдемелерді тексеру, Дәлелдемелерді бағалау тәрізді төрт негізгі элементтен тұратын ойлау және практикалык қызметтің органикалық бірлігі. Дәлелдеу субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу заңдарында (ҚІЖК 62-67- баптар) көзделген жалпы ережелер бойынша іс үшін маңызы бар мән-жайларды дәлелдеу міндеті төмендегілерге жүктеледі: — іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекетгік органдар мен лауазымды адамдарға; — өзінің немесе өзіне жүктелген құқықтары мен мүдделерін қорғайтын процеске қатысушыларға; — қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдарға. Бұл органдар мен адамдар фактілермен дәлелденген немесе дәлелденбеген деп тануға іс бойынша тергеудің кез келген сатысында дәлелдеу қорытындысын шығаруға сол бойынша соңғы шешім қабылдауға кұқылы. Дәлелдемелерді жинақтау мен тексеру жауап алу, беттестіру тануға апару, алу, тінту, тексеру, эксперимент, сараптама жүргізу арқылы және занда көзделген басқа тергеу мен сот әрекеттері бойынша жүргізіледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәлелдеу процесінің элементтері баптардың аталуымен көрсетілген: дәлелдемелерді жинау (125-бап); дәлелдемелерді бекіту (126-бап); дәлелдемелерді зерттеу (127-бап); дәледемелерді бағалау (128- бап). Дәлелдеу процесінде заңда көзделген тәртіппен дәлелдеме болып табылатын төмендегі нақтты мәліметтер жиналады, зерттеледі және бағаланады: а) өтіп кеткен қылмыс оқиғасының орны бар екені туралы мәліметтер; б) қоғамға қауіпті іс-әрекеттің осы әрекетті жасаған кінәлі адамның бар немесе жоқ болуы, істі дұрыс шешу үшін маңызы бар басқа да мән-жайлар; в) куәнің, жәбірленушінің, күдікті мен айыпталушының жауаптары, сарапшының қорытындысы, заттай дәледдемелер, тергеу және сот әрекетінің хаттамалары және басқа да құжаттар. Сонымен іс бойынша қорытынды шығаруға негіз болып табылатын нақты мәліметтер жиынтығына өзінің табиғаты мен тәсілі бойынша әртүрлі бүкіл дәлелдемелік процесс пен оны кұрайтын элементтер сипаттамасы жөнінде ескерілуге тиіс мән-жайлары тергеу мен сотты қызықтыратындай мәліметтер енеді. Дәлелдемелерді жинау. ҚІЖК-нің 125-бабында дәлелдемелерді жинаудың амалдары және кімдер оны жүзеге асыра алатындығы көрсетілген. Осы бапқа сүйене отырып дәлелдемелерді жинаудың мынадай амалдары мен жолдары болатындығын айта аламыз: 1.Дәлелдемелерді жинаудың басты амалы тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу болып табылады. Тергеуші және анықтаушы қылмысты ашу үшін заңмен көзделген тергеу әрекеттерін қолдана отырып, сол арқылы дәлелдемелер жинауды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер негізінен сотқа дейінгі өндіріс кезінде жиналады. Ал, сот алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу кезінде жиналған істің материалдары мен дәлелдемелердің негізінде үкім шығарады. Дегенмен, сотта істі қарау кезінде де дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Мәселен, тараптардың жаңа куәларды шақыру немесе заттай дәлелдемелерді, құжаттарды алдыру туралы өтініштеріне байланысты сотта қосымша дәлелдемелер жинау мүмкін болады. 2.Тергеу әрекеттерінен басқа да процессуальдық амалдарды қолдану. Ол амалдарға қылмыстық іс жүргізу органдарының ұйымдардан, олардың басшыларынан, лауазымды адамдардан, жедел-іздестіру қызметін атқаратын органдардан, сондай-ақ азаматтардан іс үшін маңызы бар құжаттарды немесе заттарды табыс етуді талап етуі жатады. 3.Қорғаушының өз өкілеттігінің шеңберінде қылмыстық іске маңызы бар мәліметтерді жинауы және дәлелдемелер тапсыруы. Бұл жөнінде ҚІЖК 125- бабының 3-бөлігінде былай деп көрсетілген: қорғаушы заң көмегін көрсету үшін қажетті дәлелдемелер тапсыруға және мәліметтер жинауға, адамдардың өз келісімдерімен білетіндерін сұрауға, ұйымдардан анықтамалар, мінездемелер және өзге құжаттарды сұратып алуға, қорғауындағы адамның келісімімен арнаулы білімі бір адамның пікірін сұратуға құқылы. 4.Сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, жеке айыптаушының, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің және олардың өкілдерінің, сондай-ақ кез келген азаматтар мен ұйымдардың дәлелдеме ретінде маңызы бар мәліметтерді (ауызша да, жазбаша да), заттарды және құжаттарды қылмыстық іс жүргізу органына өз еріктерімен тапсырулары. ҚІЖК 125-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, дәлелдемелерді жинау оларды табу, бекіту және алуды қамтиды. Дегенмен, біздің пікірімізше, «жинау» деген сөздің өзі дәлелдемелердің алынатындығын білдіреді. Дәлелдемелерді табу бұрын айтылған тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыстың іздері және басқа да заттай дәлелдемелер табылады. Куәдан, жәбірленушіден, сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу арқылы қылмыстық істін мән-жайларын көрсететін фактілі деректер анықталады. Дәлелдемелердi зерттеу Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi зерттеуге жатады. Зерттеу алынған дәлелдемелердi талдауды, оны басқа да дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу көздерiн тексерудi қамтиды. Дәлелдемелердi бекiту Iс жүзiндегi деректер олар iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiлгеннен кейiн ғана дәлелдеме ретiнде пайдаланыла алады. Анықтау және алдын ала тергеу барысында хаттамаларды жүргiзу жауаптылығы тиiсiнше анықтаушы мен тергеушiге, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысына жүктеледi. Тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға, сондай-ақ тараптарға сот талқылауында бұл iс-әрекеттердiң барысы мен нәтижелерi көрсетiлген хаттамалармен танысу, хаттамаларға толықтырулар мен түзетулер енгiзу, осы iс-әрекеттердi жүргiзудiң тәртiбi мен шарттары жөнiнде ескертулер мен қарсылықтар айту, хаттамадағы жазбаларға өз редакциясын ұсыну, анықтаушының, тергеушiнiң немесе соттың назарын iс үшiн маңызы болуы мүмкiн мән-жайларға аудару құқығы қамтамасыз етiлуi тиiс. Хаттамаға тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысушыларға олардың құқықтары түсiндiрiлгенi туралы белгi қойылады. Ауызша айтылған толықтырулар, түзетулер, ескертулер, қарсылық бiлдiрулер, өтiнiштер және шағымдар хаттамаға енгiзiледi, ал жазбаша нысанда жазылғандары хаттамаға қоса берiледi. Сызылып тасталған немесе көшiрiлiп алынған сөздер немесе басқа түзетулер туралы хаттаманың соңына қол қою алдында ескерту жасалады. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасымен танысқан адамдар хаттаманың әр бетiндегi мәтiннiң соңғы жолының астына және оның соңына өзiнiң қолын қояды. Сот отырысы хаттамасының бөлiгiмен танысу кезiнде әр беттiң аяғына және осы бөлiктiң соңына қол қойылады. Анықтаушы, тергеушi немесе сот ескертулермен немесе қарсылық бiлдiрулермен келiспеген жағдайда ол туралы қаулы шығарады. Заңдарда көзделген жағдайларда процеске қатысушылардың бiреуi немесе басқа да адамдар тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартқан кезде анықтаушы немесе тергеушi өзiнiң қолымен куәландыратын хаттамаға ол туралы белгi соғады. Сот отырысының хаттамасында жазылған соттың iс-әрекетi туралы жазбаларға заңда көзделген жағдайларда қол қоюдан бас тартылса, ол хаттамада сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы өз қолдарымен куәландыратын белгi соғылады. Хаттамаға қол қоюдан бас тартқан адам бас тартуының себебiн түсiндiруге құқылы және бұл түсiндiру хаттамаға енгiзiлуi тиiс. Егер iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысушы өзiнiң дене кемшiлiгiнiң салдарынан хаттаманы өзi оқи алмаса немесе оған қол қоя алмаса, онда оның келiсiмiмен оның қорғаушысы, өкiлi немесе ол адам сенетiн басқа азамат хаттаманы дауыстап оқиды және оған қол қояды, ол туралы хаттамада белгi қойылады. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс- әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады. Дәлелдемелерді бекіту мәселесіне ҚІЖК-нің 126-бабы арналған. Дәлелдемелерді бекітудің басты амалы хаттама жазу болып табылады. Яғни, тергеу немесе сот іс-әрекеттерін жүргізу арқылы жиналған дәлелдемелер сол кезде жазылатын хаттамада көрсетіліп рәсімделеді. Мәселен, куәдан жауап алғанда тергеуші хаттама жазып, оны жауап берген адам және тергеушінің өзі қол қойып растайды. Соттың іс-әрекеттері сот отырысының хаттамасында жазылып көрсетіледі. Ал, қорғаушы немесе басқа іске қатысушылар не өзге азаматтар мен ұйымдар тапсырған құжаттар мен заттарды дәлелдеме ретінде қолданудың шарты оларды іске тіркеу (қосу) туралы қылмыстық іс жүргізу органының қаулы шығаруы болып табылады. Қорғаушының немесе басқа адамдардың, ұйымның қылмыстық іс жүргізу органына берген мәліметтері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы рәсімделген жағдайда ғана оларды дәлелдеме ретінде қолдану мүмкін болады. 2. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қылмыстық процесті жүргізуші орган, сондай-ақ сарапшы және маман өздері осы Кодексте көзделген іс жүргізу міндеттерін атқаруы кезінде пайдалана алады. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы кезiнде жәрдем көрсету үшiн маман тартылуы мүмкiн. Ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға, егер олар: 1) заңда тiкелей көзделсе немесе оның нормалары мен принциптерiне қайшы келмесе; 2) ғылыми жағынан маңызды болса; 3) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн болса; 4) қауiпсiз болса, жол беруге болады деп танылады. Қылмыстық процестi жүргiзушi органның ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануы ғылыми-техникалық құралдардың деректерi, оларды пайдаланудың шарттары мен тәртiбi, бұл құралдар қолданылған объектiлер және оларды пайдаланудың нәтижелерi көрсетiле отырып тиiстi iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында және сот отырысының хаттамасында көрсетiледi. Қылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдаланады. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы", "Жедел–іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел- іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел- іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел- іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел- іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс. Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс. Преюдиция. Қылмыстық iс бойынша соттың заңды күшiне енген үкімі, сондай-ақ заңды күшiне енген басқа да шешiмдерi анықталған мән-жайларға да, олардың құқықтық бағалануына да қатысты барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар үшiн мiндеттi. Бұл ереже жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттың үкімі мен басқа да шешiмдерiн кассациялық және қадағалау тәртiбімен тексеруге, олардың күшiн жоюға және оларды өзгертуге кедергi жасамайды. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес. Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi. 3.Куәнің жауабы деп алдын ала тергеу (анықтау) жүргізу кезінде немесе сот отырысында қылмыстық істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы бұл адам хабарлаған және хаттамаға түсірілген мәліметтерді айтамыз. ҚІЖК 119-бабының 6-бөлігіне көрсетілгендей, куәдан іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа да куәлармен өзара қатысы туралы жауап алынуы мүмкін. Куә жауабының пәнін негізінен қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлар құрайды. Сонымен қатар, куәдан өзінің айыпталушымен, жәбірленушімен және басқа да куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алудың олардың жауаптарын бағалап қолдану үшін маңызы бар. Куәдан жауап алатын тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, судья кімдерден куә ретінде жауап алуға жатпайтындығын ескеруге тиіс (судьядан — қылмыстық істі жүргізуге қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы, қорғаушыдан—өз қызметін атқаруына байланысты осы қылмыстық іс бойын-ша өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы және т.б.). Сонымен қатар, жауап алудың басында куәға өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының қылмысқа қатыстылығы туралы жауап беруден бас тартуға құқылы екендігі ескертіледі. Бұдан басқа жағдайларда куә жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК- тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартуға жатады. Куәнің жауабы дәлелдемелердің жиі қолданылатын түрі болып табылады. Яғни, әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу (анықтау) жүргізу кезінде және басты сот талқылауында куәлардан жауап алу және олардың жауабын дәлелдеме ретінде қолдану қажет болады. Куә жауабының негізін тікелей оның өзі көрген не естіген жағдайлар немесе басқа адамнан естіген немесе құжаттардан білген мәліметтер мен фактілер құрайды. Егер куә істің мән-жайлары жөнінде басқа адамнан хабардар болса, онда ол адам туралы мәліметтерді хабарлауы тиіс. Өйткені, мұндай жағдайда куәнің жауабы туынды дәлелдемеге жататын болғандықтан, оған сүйене отырып алғашқы дәлелдеменің өзін табу қажет. Егер куә өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлімет дәлелдеме бола алмайды (ҚІЖК 119-бабынын, 6-бөлігі). Куә жауабын тексеріп бағалағанда қылмыстык іс жүргізу органы куәнің жеке басын сипаттайтын деректерді және оның іске мүдделі болуы мүмкіндігін ескеруі керек. Мәселен, куәнің айыпталушымен немесе жәбірленушімен туысқандық не достық қарым-қатынастарда болуы, немесе жұмыс орны жағынан куә оларға бағынышты болуы мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты куә жауабының шындық болмауы қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде кездеспейді емес. Сонымен қатар, іске мүдделі адам-дардың куәға әр түрлі қысымшылық жасауы арқылы оны жалған жауап беруге көндіретін жағдайлардың да болатындығы жоққа шығарылмайды. Куә жауабын бағалап қолданғанда жоғарыда айтылған жағдайлармен қатар оның жауабының қалыптасу психологиясын да ескеру қажет. Психологиялық тұрғыдан алғанда, куә жауабының қалыптасуы мына кезендерден тұрады деп қарастырылады: —болған оқиғаны, фактілерді, мән-жайларды куәнің өзі көріп, естіп қабылдауы; —өзі көріп, естіп қабылдаған жағдайларды куәнің есінде сақтауы; —ол жағдайлар мен фактілер туралы мәліметтерді куәнің жауап бергенде айтып жеткізуі. Осы кезеңдердің барысында әр түрлі объективтік және субъективтік себептер болып, олар куә жауабының қалыптасуына және сапасына әсерін тигізеді. Мәселен, болған оқиғаны куәнің қабылдау сапасына мынадай жағдайлардын әсер етуі мүмкін: куәнің жеке басының қасиеттері (оның байқағыштығы немесе немқұрайдылығы, көзінің өткірлігі немесе кемістігі және т.б.), оқиғаның қандай табиғи жағдайда болғандығы (уақыт мезгілі: күндізгі немесе кешкі не түнгі уақытга; ауа райының құбылыстары: ашық күні, жаңбыр немесе қар жауу болған кезде), болған оқиға мен оны көрген адамның бір- бірінен ара қашықтығы. Осындай және басқа да әр түрлі жағдайларға байланысты болған оқиға туралы бірнеше куәлардың жауаптарынын, арасында айырмашылықтардың болуы ықтимал. Сонымен бірге, куә ретінде жауап беретін адамдардың есте сақтау қабілеттері де бірдей болмайды. Болған жағдайларды куәнің есінде сақтауы — ол жағдайлар болған кезден жауап алуға дейін қанша уақыт өткеніне де байланысты болып келеді. Бұл уақыттың ұзақтығы ұлғайған сайын куә білетін фактілер мен істің мән-жайларының оның есінде сақталуы біртіндеп көмескілене береді. Сонымен қатар, куә ретінде жауап беретін адам өзі білетін іске маңызы бар фактілер мен мән-жайларды әр түрлі себептерге байланысты сөзбен толық және дәл жеткізе алмауы да мүмкін. Сондықтан мұндай куәлардан жауап алу кезінде тергеуші немесе сотга тараптар қосымша сұрақтар қою арқылы куә білетін мән-жайларды дәлірек анықтау қажет болады. 4. Жәбірленушіден қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән- жайлартуралы, сондай-ақ өзінің сезіктімен, айыпталушымен, басқа да жәбірленушілермен, куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алынуға жатады (ҚІЖК-нің 119-бабының 5-бөлігі). Жәбірленушіден тергеу (анықтау) жүргізу және сотта істі қарау көзінде жауап алынады. Ол жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Сонымен бірге, іске мүдделі тұлға ретінде жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Сондықтан жәбірленуші жауап беруге тілек білдірген жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы одан жауап алудан бас тарта алмайды. Жәбірленушінің айыптау тарабына жататын мүдделі тұлға болуы оның жауабының мәнісі мен мазмұнына әсерін тигізеді. Ол іске маңызы бар мән- жайлар туралы жауап бере отырып, айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігін дәлелдейді, сондай-ақ өзінің айыпталушыға қойған талаптарын дәлелдеуді де көздейді. Сондықтан жәбірленушінің жауабының (бұрын айтылған сезіктінің және айыпталушының жауаптары сияқты) қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердін түрі болуымен қатар, өз мүдделерін қорғау құралы ретінде маңызы бар. Жәбірленуші жауабының дәлелдеме ретінде маңызы куә жауабының маңыздығына тендес болып келеді (куә жауабын қараңыз). Оның жауабының негізін тікелей өзімен байланысты, өзі көрген немесе өзі естіп білген істің мән-жайлары женінде деректер құрайды. Сондықтан жәбірленушінің жауабын дәлелдемелердің басқа түрімен ауыстыру мүмкін емес. Әсіресе, жәбірленушінің жеке басына қарсы жасалған қылмыстар бойынша оның жауабын колданудың зор маңызы болады. Соның ішінде, куәлар болмаған жағдайда жасалған қылмыстар бойынша (мәселен, зорлау) тек жәбірленушінің жауабының негізінде ғана сезікті адам жөнінде алғашқы деректер анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылады. Жәбірленушінің іске мүдделі болуы оның жауабының шындығына әсерін тигізуі мүмкін. Мұны кылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде кездесетін жағдайлар көрсетеді: жәбірленушінің айыпталушыға ызалы немесе өшпенді болуына байланысты өзінің жауабында істің мән-жайлары туралы мәліметтері өзгертіп айтуы, айыпталушы немесе оның жақын туыстары жағынан болған қысымшылықтын салдарынан жәбірленушінің жалған жауап беруі және т.б. Осындай жағдайлардың болу мүмкіндігі жәбірленушінің жауабын бағалап қолданғанда ескерілуге тиіс. 5.ҚІЖК 119-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, сезікті өзіне қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне белгілі басқа да мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Сезікті жауап беруге міндетті емес, оның жауап беруден бас тартуға кұқығы бар. Дегенмен, тергеуші немесе анықтаушы сезіктіден жауап алғанда оның жауабының өзі үшін де маңызы болатындығын түсіндіруі тиіс. Яғни, сезіктінің жауабының екі жақты маңызы бар: 1) дәлелдемелердің түрі ретінде; 2)сезіктінің өз мүдделерін қорғауы үшін. қІЖК 68-бабының 2-бөлігінде көрсетілген тәртіп бойынша, сезікті ретінде ұсталған немесе айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адамнан ол шаралардың қолданылуынан бастап жиырма терт сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс. Мұндай жағдайларда сезікті өзі тандаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алғанға дейін жеке кездесуге құқылы. Сезіктіден жауап алудың мақсаты оныа қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған байланысты дәлелдемелер жинау болып табылады. Ал сезікті өзінің қылмыс жасағандығын мойындап немесе мойындамай жауап беруі мүмкін. Егер сезікті өзінің қылмысқа қатыстылығын мойындамайтын болса, ол осы жөнінде түсініктеме беру арқылы өз мүдделерін қорғай алады. Мәселен, ол өзінің қылмыс жасамағандығын растайтын куәлерді көрсетуі мүмкін. Қалай болғандада тергеуші (анықтаушы) сезіктінің жауабын қылмыстық іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін негіздін, бар-жоғын шешуге міндетті. ҚІЖК-нің 142-бабына сәйкес, сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда, он тәуліктен кешіктірмей оған айып тағылмаған болса, ол сезікті болудан қалады және бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады. Егер сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған болса, онда тергеуші оны айыпталушы ретінде жауапқа тартып, бұл туралы дәлелді қаулы шығарады. 6.Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сонымен бірге іске маңызы бар өзіне белгілі мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар беруге құқылы (ҚІЖК 119-бабының 3-бөлігі). Айыпталушының жауап беруден бас тартуға құқығы бар. Ол жауап беруден бас тартқаны немесе жалған айғақ бергені үшін жауаптылыққа тартылмайды. Айыпталушы өзінің жауабын тағылған айыптаудан қорғану үшін пайдалана алады. Сондықтан оның жауабыныңда, сезіктінің жауабы сияқты, екі жакты маңызы бар: біріншіден, қылмыстық іс бойынша қолданылатын дәлелдемелердін түрі ретінде; екіншіден тағылған айыптаудан қорғану құралы ретінде. Алдын ала тергеу жүргізу кезінде айыпталушыдан оған айып тағылғаннан соң, ал сотта істі қарау кезінде сотталушыдан оған тағылған айыптаудың мәнісі баяндалғаннан соң жауап алынады. Сондықтан айыпталушының жауабының пәні негізінен оған тағылған айыптаумен байланысты болып келеді. Бірақ, оның жауабының мазмұны айыптауға жататын істің мән-жайларымен шектелмейді. Ол өзінің жауабында айыптаудаи тыс істің өзіне белгілі мән-жайлары мен фактілері жөнінде мәліметтерді хабарлай алады. Мәселен, айыпталушы жауабында өзінің жеке басына байланысты деректерді (денсаулығы, отбасының жағдайы және т.б. жағдайлары жөнінде), қылмыс жасауының себептерін, өзінің жәбірленушімен немесе куәлармен қарым-қатынастары туралы, іс бойынша бар дәлелдемелер жөнінде де түсініктемесін айтуы мүмкін. Айыпталушының жауабы мәнісіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындайтын (толық немесе жартылай) айыпталушынын жауабы; 2) кінәсін мойындамайтын айыпталушының жауабы. Айыпталушы кінәсін мойындайтын жағдайда қылмысты қашан және қалай өзінің жасағандығын, қылмыс жасауға басқа қатысушылардың болғандығын немесе болмағандығын толық айтып беретін болса да, мұны ақиқатқа жетудің оңай жолы деп қарауға жатпайды. Өйткені, айыпталушының кінәсін мойындауы шындыққа жататын не жалған болуы да мүмкін (мысалы: жақын туысын қылмыстық жауаптылықтан құтқару мақсатына оның жасаған қылмысын айыпталушының жалған мойындауы немесе өзі жасаған ауыр қылмысты жасыру мақсатында ауыр емес қылмыс жасағандығын айыпталушының жалған мойындауы). Айыпталушының жауабы шындықта, жалған да болуы мүмкіндігіне байланысты, оның өз кінәсін мойындаған жауабын шындығы тексеріліп анықталған басқа дәлелдемелердің жиынтығымен растау талап етіледі (ҚІЖК-нің 119-бабының 4-бөлігінде көрсетілген). Осылай расталған жағдайда ғана айыпталушының өзінің кінәсін мойындауы оған тағылган айыптауға негіз бола алады. Айыпталушы кінәсін мойындаған жауабында қылмысты өзі қалай жасағандығын көрсететін нақты деректерді келтіруі қажет. Егер ол ондай нақты деректерді келтірмей кінәлілігін мойындайтын болса, ондай жалаң жауап дәлелдеме ретінде қарауға жатпайды. Өйткені, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде айыпталушының өз кінәсін мойындауы емес, оның қылмыс жасағандығын көрсететін фактілі деректер ғана қолданылады. Яғни, қылмыстың жасалуына байланысты мән-жайларды оны жасаған адамның өзі білетін болғандықтан, ол мән-жайларды нақты түрде көрсетіп айта алмайтын айыпталушының жауабын дәлелдеме ретінде қолдану мүмкін емес. Ал, айыпталушы кінәсін мойындамай жауап беретін болса, мұндай жауапты да анықтап тексеру және бағалау қажет. Егер айыпталушы кінәсін мойындамайтын жауабында ешқандай нақты деректерді келтіріп айтпаған болса, мұндай жауапта фактілі деректердің жоқтығына байланысты оны ақтау дәлелдемесі ретінде қарауға жатпайды. Егер айыпталушы кінәсын мойындамай және оған байланысты қылмыстық іске маңызы бар мән-жайлар жөнінде нақты деректерді келтіретін болса, ол деректердің шындыққа жататын-жатпайтындыған айқындау — қылмыстық іс жүргізу органының міндеті болып табылады. Мұндай жағдайда айыпталушының кінәсын мойындамайтын жауабының шындыққа келмейтіндігі анықталып, оның қылмыс жасауға кінәлі екендігі басқа дәлелдемелердің жиынтығының негізінде шешілуі мүмкін. Айыпталушының кінәсін мойындамайтын жауабында оған байланысты фактілі деректерді келтірмеуін — оның өзіне қарсы айыптау дәлелдемесі ретінде қарауға болмайды. Өйткені, кінәсіздік презумпциясына сәйкес, айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, бірақ тағылған айыптаудан қорғану мақсатында өз жауабында түсініктеме бере алады. Айыпталушының кінәсін мойындамаған жауабың сондай-ақ оның өз жауабында айтқан түсініктемелерін тексеру - қылмыстық іс жүргізу органының міндетіне жатады. Тергеу және басты сот талқылауы кезінде айыпталушының кінәсін мойындамаған жауабына алдын ала сенімсіздікпен қарауға және істі айыптау тұрғысынан біржақты жүргізуге жол берілмеуі тиіс. 7. Сарапшының қорытындысы - ҚІЖКтiң талаптарына сәйкес ресiмделген, сот- сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс. 8.Егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негiз болса, немесе өзiнде қылмыстың iзi сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң объектiсi болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, iстiң iс жүзiндегi мән-жайын белгiлеуге, кiнәлiлердi табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңiлдетуге құрал болуы мүмкiн басқа да заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады. ҚІЖКтiң 223-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қараудың және сақтаудың тәртiбi ҚІЖКтiң 223-бабымен белгiленедi. Үкiм шығару немесе iстi қысқарту кезiнде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуi тиiс. Бұл ретте: 1) қылмыс қаруы тәркiленуге жатады немесе оны белгiлi бiр адам тиiстi мекемеге бередi немесе жойылады; 2) ұстауға тыйым салынған заттар тиiстi мекемеге беруге жатады немесе жойылады; 3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар немесе мекемелер өтiнген жағдайда оларға берiлуi мүмкiн; 4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабандалық заттар соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi. Бұл заттардың тиесiлiлiгi туралы дау туған жағдайда бұл дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешуге жатады; 5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар iстiң бүкiл сақталу мерзiмiнiң iшiнде онымен бiрге қалады не ҚІЖКтiң 123-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi. Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық iстер бойынша заттай дәлелдемелердi, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Табиғи немесе кейін пайда болған қасиеттері мен белгілеріне байланысты қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға көмегі тиетін әр түрлі нәрселер заттай дәлелдемелер болып табылады. Бұл ұғым заттай дәлелдемелерге арналған К.ІЖК 121-бабының мазмұнына сәйкес келеді. Мұнда, мәні бойынша, былай деп көрсетілген: қылмыс жасау үшін қолданылған немесе үстінде кылмыстың іздері сақталған, немесе қылмыстық әрекеттің объектісі болған нәрселер, сондай-ақ қылмысты ашуға және істің фактілік жағдайларын анықтауға құрал бола алатын ақша және өзге де бағалы нәрселер, басқа нәрселер және құжаттар заттай дәлелдемелер ретінде танылады. Осы бапқа сәйкес, заттай дәлелдемелердің мынадай түрлерін ажырату қажет. 1.Қылмыс жасаудың құралы болған заттар (мысалы: адамның өміріне қастандық жасау үшін қолданылған қару, суық құрал немесе улы дәрі). Бұл топқа қылмыс жасағанда қолданылған автокөліктің әр түрі де жатады. 2.Қылмыстық әрекеттің объектісі болған заттар. Заттай дәлелдемелердің бұл түріне қылмыстық әрекеттің тікелей әсері тиген әртүрлі нәрселер жатады (мысалы: ұрланған немесе зиян-кестікпен қиратылған заттар). 3.Үстінде қылмыстың іздері сақталған заттар. Бұл топқа жататын заттай дәлелдемелердің маңыздылығы қылмыстың іздеріне байланысты болып табылады (қолдың, аяқтың, көліктің әр түрінің іздері, атыс құралының немесе бұзып ашу үшін қолданылған құралдардың және т.б.)- Осындай іздерді қолдану арқылы қылмыс жасаған адамдарды табу және қылмысты ашу мүмкін болатындықтан, ол іздердің сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың көшірмелерін жасау қажет болады (ондай көшірмелер туынды дәлелдемелерге жатады). «Нәрсе» немесе «нәрселер» деген сөз заттай объектілерді білдіреді деп қараймыз. 4.Ақша және өзге де бағалы нәрселер. Заттай дәлелдемелердің бұл тобына қылмыстық жолмен пайда етілген ұлттық және шет елдік валюта, құнды қағаздар, алтын, күміс, платина немесе құнды тастардан жасалған бұйымдар, әшекейлер және өзге заттар да жатады. 5.Басқа заттар. Бұл топқа қылмысты ашу, оның мән-жайларын дәлелдеу үшін қолданылатын және бағалы болуы қажет етілмейтін дара заттар жатады. Мәселен, қылмыс жасалған жерде табылған айыпталушының заты оның сол жерде болғандығын көрсетеді. 6.Құжаттар. Егер құжаттар қылмыстық әрекеттің объектісі болған немесе қылмыс жасауға дайындалу, қылмыс жасау, қылмысты жасыру мақсатында қолданылған болса, ондай құжаттар заттай дәлелдемелер ретінде қаралады (мәселен, құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжатты қолдан жасау). Кейбір жағдайда жеке затты дәлелдемелердін, бір түріне ғана емес, бірнеше түрлеріне жатқызуға болады. Мәселен, айыпталушы ұрлаған және одан кейін қылмыс жасау үшін қолданған қару әрі қылмыстың объектісі, әрі қылмыс жасаудың құралы болып табылады. Сол сияқты, қолдан жасалған ресми құжат әрі қылмыстық әрекеттің объектісі, әрі қылмыс жасаудың құралы, әрі онда қылмыстың ізі сақталған зат болады. Заттай дәлелдемелерді әр түрге бөлудің практикалық маңызы бар. Мәселен, жеке меншіктегі автокөлік қылмыс жасаудың құралы болған деп танылса, ол айыптау үкімі шығарылған жағдайда тәркіленуге жатады. Көпшілік жағдайларда заттай дәлелдемелерді қолдану сараптама жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, қылмыс жасалған жерде қолдың саусақтарының іздері табылған болса, сараптама жүргізу арқылы ол іздер сезіктінің немесе айыпталушының қолынікі екені анықталады. Немесе, сезіктіні ұстау кезінде табылған қару (пистолет) сараптамаға жіберіліп, өлген адамның денесінен алынған оқтың осы қарудан атылғандығы дәлелденеді. Ресми құжаттың қолдан жасалғандығы криминалистикалық сараптама жүргізу аркылы анықталады. Қылмыстық іс жүргізу органы заттай дәлелдемелерді олардың іске катыстылығы, қолдануға болатындығы, шындыққа жататындығы және маңыздылығы тұрғысынан бағалап қолданады. Заттай дәлелдемелерді қолданудын, басты шарты оларды ресімдеу болып табылады. Яғни, заттай дәлелдемелер ҚІЖК-де көрсетілген ережелерге сәйкес алынуы және бекітілуі тиіс. Ол ережелерді сақтау заттай дәлелдемелердің барлық түрлері үшін бірдей талап етіледі. Біріншіден, заттай дәлелдемелерді табылған (тергеу әрекеттерін жүргізу барысында) немесе тұлғалар (ұйымдар, азаматтар) тапсырған кезде қарап анықтау және хаттамада жазып көрсету қажет (ҚІЖК 223-бабының 1- бөлігі). Көбіне, заттай дәлелдемелер тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылатын болғандықтан (оқиға болған жерді қарау, тінту және т.б.), осы тергеу әрекетінің хаттамасында бұл заттың қай жерде табылғандығы, оның қандай зат екені көрсетіліп жазылады. Сот отырысында тапсырылған заттай дәлелдемелер болса, олар сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Егер заттай дәлелдемелерді іске мүдделі адамдар немесе басқа тұлғалар (ұйымдар, азаматтар) тергеу әрекетін жүргізу кезінен тыс жағдайда тапсырған болса немесе тергеу әрекетін жүргізу кезінде табылған заттай дәлелдемелерді құнттап қарауға ол жерде мүмкіндік болмаса (мысалы, түнгі уақыт болғандықтан), онда заттай дәлелдемелер жеке түрде қаралып, оларды қарау туралы хаттама жазылады. Заттай дәлелдемелерді қарау куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Қарау хаттамасында бұл заттың кай жерде, қандай жағдайда табылғандығын, бұл заттың атауын, жалпы және ерекше белгілерін көрсетіп жазу қажет (сыртқы нысанын, түсін, қандай материалдан жасалғандығын, мөлшерін және т.б.)- Хаттама жазумен қатар, заттай дәлелдемелер мүмкіндігіне қарай фотосуретке түсіріліп, ол фотосурет хаттамаға тіркелуге тиіс. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органы заттай дәлелдемені іске тіркеу туралы қаулы шығарады (ҚІЖК 121-бабыньщ 2-бөлігі). Мұндай қаулы болмай, заттай дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді. Осы айтылған тәртіппен рәсімделген заттай дәлелдемелер қылмыстық іспен бірге үкім немесе істі қысқарту туралы қаулы занды күшіне енгенге дейін сақталуы тиіс. Егер заттай дәлелдемені оның тым үлкендігіне немесе басқа себептерге байланысты іспен бірге сақтау мүмкін болмаса, онда ол қылмыстық іс жүргізу органы көрсеткен жерде сақтауға тапсырылады және бұл жағдайда фотосурет немесе бейнежазба құралымен оның бейнесі түсіріп алынады. Сонымен қатар, мүмкін болған жағдайда іске заттай дәлелдемелердің үлгілері алынып тіркеледі. Заттай дәлелдемелер қылмыстық істің материалдарынан бөлек сақтауға тапсырылған болса, істе олардың қай жерде екендігін көрсететін құжат болуы тиіс. Мәселен, ұлттық немесе шет елдік валюта және өте бағалы заттар (алтын, күміс, бриллиант және т.б.) банкіге тапсырылуға жатады. Мұндай жағдайда ол заттарды банкінің қабылдағаны туралы тиісті құжат (анықтама) қылмыстық істің материалдарына тіркеледі. Тез бұзылатын заттай дәлелдемелер (олар ҚІЖК-не сәйкес рәсімделгеннен соң) иесіне қайтарылады немесе, егер оларды иесіне қайтарып беру мүмкін болмаса, тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға беріледі не сатуға өткізіледі және одан түскен ақша қылмыстық іс жүргізу органының депозитіне салынады. Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететін заттай дәлелдемелер, егер оларды иесіне қайтарып беру мүмкін болмаса, занда белгіленген тәртіппен сатылады және одан түскен ақша қылмыстық іс жүргізу органының депозитіне салынады. Мұндай жағдайларда, мүмкіндігіне қарай, заттай дәлелдемелердің үлгілерін алып іске тіркеу кажет. Заңды негіздер бар болған реттерде пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілді және сондай сападағы заттармен иесіне қайтарылып беріледі немесе оған олардың құны төленеді. Заттай дәлелдемелер иесіне қайтарылып берілген немесе пайдалануға берілген не сатуға өткізілген болса, ол жөнінде хаттама жазылады. Қылмыстық іс жүргізу аяқталған кезде заттай дәлелдемелердің тағдыры соттың үкімінде немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыда көрсетілуі тиіс. Бұл жөнінде ҚІЖК 121-бабынын 3-бөлігінде былай деп айтылған: 1)қылмыс жасаудың құралы тәркіленуге жатады немесе ол белгілі бір мекемеге, адамға беріледі немесе жойылады; 2)қолдануға тыйым салынған заттар тиісті мекемеге беріледі немесе жойылады; 3)құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделі адамдар немесе мекемелер өтініш жасаған жағдайда оларға берілуі мүмкін; 4)қылмыстық жолмен пайда етілген ақша немесе өзге де бағалы заттар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкімі бойынша мемлекеттің кірісіне қаратылуға жатады; басқа заттар соттың үкімі бойынша заңды иелеріне беріледі, ал иелері анықталмаған жағдайда, ол заттар мемлекеттің меншігіне көшеді (бұл заттардың тиесілігі туралы дау туған жағдайда, мұндай дау азаматтық іс жүргізу тәртібімен шешуге жатады); 5)заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар қылмыстық істін бүкіл сақталу мерзімінің ішінде онда қалады немесе мүдделі азаматтарға, ұйымдарға беріледі. 9.ҚІЖК-нің 122-бабында көрсетілген бұл хаттамаларды үш топқа бөлуге болады: 1)тергеу әрекеттерінің хаттамалары; 2)сот отырысының хаттамасы; 3)басқа процессуальдық әрекеттердің хаттамалары. 122-баптың 1- бөлігіне сәйкес, мына аталған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында бар фактілі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады: қарау, куәландіру, тінту, алу, сезіктіні ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, тану үшін көрсету, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйтті қазып алу, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тергеу эксперименті. Бұл жерде (бапта) сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден және куәлардан жауап алудың хаттамалары көрсетілмеген. Оның себебі: ол адамдардың жауаптарының қайнар көздері жауап берген адамдардың өздері болады да, ал хаттама жазу — олардың жауаптарын бекітудің амалы ретінде қаралады. Ал, алдында аталған тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде іске маңызы бар мән- жайларды негізінен тергеуші тікелей өзі көз жеткізу арқылы анықтайды. Тергеу әрекетері хаттамаларының дәлелдемелер ретінде маңызы әр тергеу әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мәселен, оқиға болған жерді қарау хаттамасында ол жерде табылған қылмыстың іздері, заттай дәлелдемелер және сол жердің фактілік жағдайы көрсетіліп жазылады. Тінту жүргізудің хаттамасында, мысалы, ұрланған немесе қылмыс жасаудың құралы ретінде пайдаланылған заттардың табылғандығы көрсетіледі. Сот отырысының хаттамасында сот тергеуі кезінде зерттелген дәлелдемелер көрсетіліп жазылады. Сотталушыдан жауап алу, жәбірленушіден жауап алу, куәлерден жауап алу, сондай-ақ сотқа дейінгі өндіріс кезінде жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларын жариялап, олармен танысу арқылы қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер зерттеледі және соның негізінде сот үкім шығарады. Сот отырысының хаттамасында соттың дәлелдемелерді зерттеуге байланысты барлық іс-әрекеттері жазылып көрсетіледі. Сондықтан осы хаттаманың негізінде сот шығарған үкімнід сот тергеуінде қаралып зерттелген істің материалдары мен дәлелдемелерге сәйкестігін анықтау мүмкін болады. Осыған орай, бірінші саты соты шығарған үкімдер мен қаулылардың дәлелділігін апелляциялық және қадағалау сатыларында тексергенде сот отырысы хаттамасының үлкен маңызы бар. Басқа процессуальдық әрекеттердің хаттамалары жөнінде ҚІЖК 122- бабының 2-бөлігінде былай деп айтылған: қылмыс туралы ауызша арызды қабылдау кезінде, тапсырылған заттар мен құжаттарды қабылдау, кінәсын мойындап келуі, іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы жазылған хаттамаларда қамтылған фактілі деректер дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл хаттамалардың тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен сот отырысы хаттамасынан айырмашылығы басқа процессуальдық әрекеттердің дәлелдеу қызметі үшін қосымша роль атқаратындығына байланысты болып табылады. Мәселен, жәбірленушінің қылмыстық іс жүргізу органына ауызша арыз бергендігі бұл арызды қабылдау туралы жазылған хаттаманын негізінде расталады. Сол сияқты, қылмыс жасаған адамның кінәсін мойындап ерікті келуі оның өзі жазған мәлімдеменің немесе оның ауызша мәлімдемесін қабылдау туралы тергеуші жазған хаттаманың негізінде анықталады. 10.ҚІЖК-нің 123-бабында көрсетілгендей, егер құжаттарда жазылған немесе ұйымдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ азаматтар куәландырған ондағы мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса, ол құжаттар дәлелдемелер болып табылады. 123-баптың негізінде өзге құжаттарды мынадай түрлерге бөлуге болады: 1)жалпы құжаттар; 2)компьютерлік мәліметтерді қамтитын материалдар, фото және киносуреттер, дыбыс және бейне жазбалар; 3)тергеу жүргізу басталғанға дейінгі тексерудің материалдары (түсініктемелер, тексеру актілері, анықтамалар). Бірінші топқа жататын құжаттар қолдан жазылған немесе теріліп (техникалық тәсілмен) жазылған болуы мүмкін. Бұл құжаттар ресми және бейресми болып бөлінеді. Ресми құжат тиісті талаптарға сәйкес жазылып, оған қол қойылған, мөр басылған болуы тиіс. Бейресми кұжаттарға жеке азаматтар жазған әр түрлі құжаттар жатады (колжазба, күнделік, конспекті, хат, қолхат және т.б.). Екінші топқа жататын құжаттардың жалпы сипаттамасы олардың техникалық құралдарды қолдану арқылы жасалатындығы болып табылады. Үшінші топқа кылмыстық істі қозғауға дейін болатын қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тексеруге байланысты жиналған материалдар жатады. Өзге құжаттардың қылмыстық іс жүргізу хаттамаларынан жалпы айырмашылықтары былайша сипатталады: Біріншіден, хаттамаларды қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын лауазымды адамдар жазатын болса, өзге құжаттар бұл қызметті атқармайтын адамдардың (азаматтардың) қолынан шығады. Соған сәйкес, хаттамалар қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару кезінде жазылатын болса, өзге кұжаттар бұл қызметтен тыс жағдайларда жасалады. Екіншіден, хаттамалардың құрылымы, мазмұны және олардың жазылу тәртібі КДЖК-мен көзделген болса, өзге құжаттардың құрылымын және мазмұнын, жасалу тәртібін ҚІЖК реттемейді. Қылмыстық іс жүргізу кезінде өзге құжаттарды жинаудың және алудың мынадай жолдары пайдаланылады: —олар әр түрлі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылулары мүмкін (оқиға болған жерді қарау, тінту, сезіктіні ұстау және т.б.); —қажет болған жағдайларда қылмыстық іс жүргізу органы ол құжаттарды мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан немесе азаматтардан талап етуге құқылы; —ондай құжаттарды қылмыстық процеске қатысушылар немесе өзге де тұлғалар (ұйымдар, лауазымды адамдар, азаматтар) өз еріктерімен қылмыстық іс жүргізу органына тапсырулары мүмкін. Өзге құжаттарды іске тіркеу қажет болған жағдайларда қылмыстық іс жүргізу органы бұл туралы қаулы шығаруы тиіс. Ал, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылған құжаттардың іске алынғандығы осы тергеу әрекегінің хаттамасында көрсетіледі. Құжаттардың заттай дәлелдемелерге тән белгілері бар болған жағдайда, оларды заттай дәлелдемелер ретінде іске тіркеу кажет. 11. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық кұралдарды қолдану. 2. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметерінің рөлі мен маңызы. 3. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік кайнар көздерінің түрлері. 4. Куәнің жауаптары. 5. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы. 6. Куәлік жауаптарының субъектілері. 7. Куә ретінде жауап алуга жатпайтын тұлғалар. 8. Куәлік иммунитет. 9. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. 10. Куәнің жауаптарын бағалау мен тексеру. 13-тақырып. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институты. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу институтын ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы. Қылмыстық іс жүргізушілік реттеу механизміндегі сендіру, мәжбүрлеу және жауапкершілік мәселелері. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудың құқықтық және гуманитарлық мәселелері. 2. Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуге ұшыраған тұлғаның құқықтық - жағдайы. Іс жүргізішілік мәжбүрлеу кұралдарын қолданудың жалпы шарттары, жүйесі және механизмі. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың қолдану мақсаттары. 3. Қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне қатысты қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудын ерекшеліктері. 4. Қылмыс жасаған тұлғаны сезікті ретінде ұстаудың негізі, жағдайы мен мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау кезіндегі азаматтардың құқықтары. Қылмыс жасалуына сезікті тұлғаны ұстау тәртіптері. Ұсталган адамды жеке тінту.Қылмыс жасалуына ұсталған сезікті тұлғаны босату негіздері. Қылмыстың жасалуына ұсталғанды қамауға алу тәртіптері. Ұсталу туралы сезіктінің туыстарына хабарландыру. 5. Бұлтартпау шаралары: түсінігі, негіздері, маңызы. Бұлтартпау шараларын қолданудың заңдылығы мен негізділігінің конституциялық кепілдіктері. Бұлтартпау шараларын қолдану кезінде ескерілетін мән-жайлар. Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану тәртіптері. 6. Бұлтартпау шараларының түрлері. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алдыру. Жеке кепілдік және оны қолданудың жағдайлары. Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері. Өкіл берушінің өзінің міндеттерін орындамаудың салдары. Әскери бөлім командованиесінің әскери қызметшілерін бакылау: мәні, жағдайлары және оны қолданудың іс жүргізушілік тәртібі. 7. Кәмелетке толмағанды қарауға беру: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудың іс жүргізушілік жағдайы. Кепіл: мәні, жағдайы мен оны колданудың іс жүргізу тәртібі. Қылмыстық іс жүргізуді жүргізетін органның шақыруына сезікті, айыпталушының келмеуі салдары. 8. Үйде камап ұстау: түсінігі, жағдайы мен оны қолданудын іс жүргізушілік іс жағдайы. 9. Қамауға алу: түсінігі, жағдайы және оны қолданудың іс жүргізушілік жағдайы. Қамауға алудың мерізімі және алдын ала тергеу мен сот талқылау сатысында оны ұзартудың тәртібі. Бұлтартпау шараларын өзгерту мен жою негіздері. 10. Басқада іс жүргізушілік мәжбурлеу шаралары, олардың түрлері. Оларды қолданудың негізі, мақсаттары мен қолдану тәртібі. Анықтаушыға, тергеушіге, сотқа келу міндеттемесі. Қызметтен уақытша босату. Ақша өндіріп алу. Мүлікке тыйым салу. 1. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары ұғымы. Қылмыстық іс-жүргізулік мәжбүрлеу шаралары — бұл қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген сот әділдігінің міндеттері мен тергеу жетістіктеріне жету мақсатында күдіктінің, айыпталушының құқығын шектейтін іс бойынша қылмыстық процесті жүргізуші органның, әрекеттері мен шешімдері. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының шарттары — әділ сот мақсаттарының жетістігіне жету қажеттілігі, қылмыстық сот өндірісі мен үкімді орындауға қатысты тәртіптерді анықтаумен қамтамасыз етілуі. Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары тек кедергі болған жағдайда және іс қозғалысына қатысты кедергілердің пайда болу мүмкіндігі шынайы туындаған жағдайда қолданылады. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шараларының негізіне: 1) қозғалған кылмыстық істің болуы; 2) оған қатысты субъектілердің болуы (прокурор, анықтаушы, тергеуші, және өз өндірісінде істі кабылдаған және қарсылық білдірмеген сот); 3) оған қатысты объект (қылмыстық іс жүргізу заңның әрекеттері тағылатын тұлғалар) жатады. Қозғалған қылмыстық іс заңды түрде іс жүргізушілік мәжбүрлеу үшін қызмет етеді, себебі, онда қоғамға қауіпті әрекеттердің жүзеге асуы туралы қорытындылар болуы мүмкін. Мәжбүрлеу шаралары іс тоқтатылғаннан кейін қолданылуға тиісті емес. Заңға сәйкес істі тоқтату барысында бұлтаршау шаралары, мүлкін тәркілеу, корреспонденция, қызметінен уақытша шеттету шаралары жойылады (ҚР ЩЖК 159,161-баптары). 2. Қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қарастырады: күдіктіні ұстау (17-тарау); бұлтартпау шаралары (18 -тарау); басқа да іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары (19-тарау). Ұстаудың мәні прокурор мен соттың алдын ала рұқсатынсыз адамды уақытша күзетке алу. Осыған орай ұстау екі түрге бөлінеді: айыпталушыны ұстау және күдіктіні ұстау. Айыпталушыны ұстау — бұл іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының тосын түрі. Оның мазмұны күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдап, қорытынды шығару туралы қылмыстық ізге түсу органдарының өтінішін қарау үшін тез арада айыпталушыны сотқа жеткізу мақсатында қысқа мерзімге күзетте ұстауға негізделеді. Бірақ айыпталушыны ұстау күдіктіні ұстауға қатысты көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыпталушыны ұстаудың өзіндік ерекше негіздемесі, мақсаттары, уәждері және шарттары бар. Оның негіздемесі прокурордың, тергеушінің күзетте ұстау сияқлы бұлтартпау шараларын таңдау туралы өтінішін соттың судьясы қарау қажеттілігіне тікелей байланысты. Ал мақсаты айыпталушыны аталған өтінішті қарау мақсатында сотқа тез арада жеткізу болып табылады. Уәжі ретінде айыпталушының тергеушіге тіпті сот отырысына келуден жалтару қаупінен сақтану белгілерін атауға болады. Ұстау шарттары айыпталушы ретінде мәжбүрлеу туралы қаулының негізді қабылдануына қызмет етеді. Күдіктіні үстау ҚІЖК 17-тарауында қарастырылған. «Сезіктіні ұстау» ұғымының мәнді белгілері оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтаршау шарасын қолдану туралы мәселені шешеу мақсатында қолданылатын іс жүргізулік мәжбүрлеу шарасы ретінде тануға негіз болады. Қылмыстық іс жүргізулік ұстауды жай ұстаудан, әкімшілік ұстаудан және күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларынан ажыратып қарау керек. Ұстау деп қылмыс жасады деп күдік келтірген адамды өз бетінше әрекет ету құқығынан айыру үшін дене күшімен мәжбүрлеу шаралары түсініледі. Заң бойынша қылмыскерді жәбірленушінің өзі, сондай-ақ басқа азамат (ҚР ҚІЖК 133- бап) немесе полицияның патруль-күзетші қызметкерлері ұстай алады. Бұған қоса, ҚР КДЖК 453-бабының 1-1 тармағында (үкімді орындау сатысында) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шаралары қарастырылған. Тұрғылықты жерінен жасырынған және тұратын жері белгісіз сотталған адамға іздестіру жарияланады және ұсталуы да мүмкін. Іс жүргізулік ұстау күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасымен ұқсас келеді. Екі жағдайда да күзетке алынған іс жүргізулік ұстау жүзеге асырылады. (ҚР ҚІЖК 150-баптың, 5-тармағы). Бірақ бұл екеуі екі түрлі ұғымдар. Ұстау тосын қолданылатын, қысқа мерзімді күзетке алу белгілерімен ерекшеленеді, оның ерекше негіздемесі, мақсаты, шара қолдану әрекеттері болады. Ұстау әрқашан тосын іс жүргізулік әрекеті деп танылады, сондықтан соттың санкциясынсыз қылмыстық ізге түсудің бастапқы сатыларында ғана жүзеге асады. Бір ғана күзетке алу сияқты бұлтартпау шарасын тандау туралы өтініш бойынша айыпталушыны қайтадан ұстауға жол берілмейді. Із жүргізулік ұстау шарасын тергеуші, прокурор, анықтау органы мен анықтаушы, қылмыстық ізге түсу органдары ғана жүзеге асыра алады. Күдіктіні ұстау негіздері. Күдіктіні ұстау негіздері КІЖК132-бабында қарастырылған. Қылмыстық ізге түсу ісін жүзеге асыратын орган мына негіздердің бірі болған жағдайда күдіктіні ұстай алады: 1) қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталған адам. Қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасаған адамды жәбірленуші, көрген адам, полиция қызметкерлері ұстай алады. 2) Көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасау кезінде сол адамды тікелей көрсете алады немесе сол адамның оған қол сұғушылығына қарсы бұлтартпау мақсатында ұстай алады. Осы негізде ұстау кезінде бір ғана көрген адамды тану жеткілікті. 3) Ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылады. Бұндай іздер дене жарақатының болуымен, заттай дәлелдемелердің болуымен (мысалы, қару және қылмыс заттары, қан ізі) анықталады. Осыған орай анық іздер тек үйін ғана емес жұмыс орнын, гаражын, саябағын, басқа жерлерді тінту кезінде табылуы мүмкін. 4) адамды қылмыс жасаған деп күдікті етуге негіз болатын басқа да мәліметтер болған кезінде. Бұл мәліметтердің кінәлі екенін дәлелдеуде күші аз және қылмыстың аса айқын емес іздері болып саналады (күдіктінің қылмыскер пішініне ұқсас болуы, мойындап келуі, көрмеген адамды тану). Осы негіздер бойынша ұстау мүмкіндігі төмендегі шарттардың бірі болған жағдайда жүзеге асады: а) егер бұл адам жасырынуға талпынса (ұстау кезінде қарсылық білдіру, қашуға бейімделу, жолға кетуге дайындалу); б) егер ол адамның тұрақты тұрғылықты жері болмаса. КІЖК 132-бабының мазмұны бойынша Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жері болмауы тиіс. в) күдіктінің жеке тұлғасы туралы мәліметтер белгілі болмаған жағдайда. Адамды ұстау туралы хаттаманы толтыру барысында ұсталған адамды куәландыратын құжаттарының (паспорт) болмауы күмән тудырады. Ұстауға қатысты негіздер - қылмыс жасаған деп күдіктелген адам объективті тергеуге және талқылау ісіне кедергі келтіретіндей қауш тудырса, тергеу ісінен жасырынса, қылмыстық әрекетті жалғастыратын болса немесе іс бойынша ақиқатты ашуға кедергі келтірсе (куә, жәбірленуші атына қауіп төндірсе). Ұстау шарасын қолдану күзетке алу сияқты бұлтартпау шараларын таңдау ретінде ерекше сипатқа ие болуы керек (күдіктінің мінез-құлқын түзетуге қатысты басқа да құралдар сияқты). Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкциясы бойынша ғана тек заңмен екі жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген әдейі қылмыс жасалғандығы және заңмен үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда қылмыс жасалғандығы үшін айыпталушыға (сезіктіге) қатысты қолданылады (ҚР ҚІЖК 150- бап). Басқа қылмыстар бойынша, яғни қамауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ұстаудың да қажеттілігі болмай қалады. Осыған орай күдіктіні ұстау заңдылығы қылмыстық істі қозғау кезіндегі дүрыс квалификацияның болуына байланысты. Ұстаудың арнайы негіздемесі — дербес категориялы лауазымды адамдардың қызметтік иммунитетіне қатысты қосымша талаптарды сақтау. Мысалы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және оның мүшелері, Қазақстан Республикасы судьялары, Қазақстан Республикасы Бас Проку-роры және дипломатиялық қызметі бар тұлғалар қылмыс жасаған жерінде ұстау жағдайынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің келісімінсіз қамауға алынуға тиісті емес. (ҚР ҚІЖК 496, 499-баптар). Із жүргізушілік ұстау (соның ішінде қысқа мерзімге қамауға алу) іс қозғалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Күдіктіні жеткізген сәттен бастап үш сағат ішінде кешіктірмей ұстау туралы хаттама толтырылуы тиіс (ҚР ҚІЖК 134-бап). Ұстау туралы хаттама ҚР ҚІЖК 203-бабына сәйкес толтырылады. Онда толтырылған күні мен уақыты көрсетіледі, күдіктіні ұстаудың негізі мен уәждері, оны жеке өтіну нәтижелері мен оның түсініктемесі енгізіледі. Бұған қоса, хаттамада ұсталған адамның күйі (мас болуы, жарақаттарының болуы), оның киім киісі туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс. Хаттама күдікті адамға хабарланады, оның құқықтары түсіндіріледі және түсіндірілгені туралы хаттамаға жазба белгіленеді. Хаттамаға күдікті мен оны толтырған адам қол қояды. Хаттаманың көшірмесі қолхат арқылы күдіктіге тапсырылады (КІЖК 234-бап, 4-тармақ). Адамды ұстау барысында анықтау, тергеу органдары немесе анықтаушы, тергеуші ұстау туралы хаттама толтырылған сәттен бастап он екі сағат ішінде прокурорға хабарлауы міндетті. ҚР ҚІЖК-нің 138-бабына сәйкес осы мерзім ішінде ұстау туралы хабарланады: — жанұяның кәмелетке жасы толған мүшелеріне, олар болмаған жағдайда күдіктінің жақын туыстарына хабарланады немесе күдіктінің не айыпталушыньщ өзіне хабарлауға мүмкіндік беріледі; — әскери бөлімнің командованиесіне хабарланады, егер күдікті әскери қызметтегі адам болса; — ұстау орны туралы ақпаратты білу үшін қорғаушысына хабарланады. Алдын ала тергеу мүддесіне сай күдіктінің туыстарына өзі хабарлау құқығы шектелуі мүмкін (мысалы, қылмысқа бірге қатысқандар қылмыстың ізін жою немесе өзі ұсталмауға талпыну қаупінің алдын алу үшін). Кейбір жағдайларда ұсталғаны туралы хабарлама прокурордың санкциямен де жүзеге аспауы мүмкін. Хабарламаны кейінге қалдыру тергеудің айрықша жағдайларымен, тергеу құпияларымен негізделеді (мысалы, ұйымдасқан топ жасаған қылмыс, қастандыққа қатысушының біреуін ғана ұстау басқа қатысушылардың тергеу ісіне қарсы кедергі келтіруі мүмкін). Кәмелетке жасы толмағандарды ұстау туралы қандай бір жағдайда болмасын тез арада оның заңды өкіліне хабарланады. (ҚР ҚІЖК 491-бап). Тергеуші не анықтаушы күдіктінің асырауындағы адамды қамқорлығына алу туралы және оның мүлкін сақтау туралы шараларды қолдануға міндетті (ҚР ҚІЖК 155-бап). Күдікті ұсталған сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей күдіктіге қорғаушысының қатысуымен жауап беру мүмкіндігі жүргізілуі тиіс (ҚР ҚІЖК 68- бап). Күдікті адам тергеу изоляторына қамауға алынады, тергеу изоляторынан алыс жерде болған жағдайда прокурор, анықтаушы, тергеуші қаулысы бойынша бұл адам уақытша қамау изоляторында, гауптвахтада немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқа мекемелерінде камауға алынады. Күдіктіні ұстау оны босатумен немесе камауға алу ретіндегі бұлтартпау шараларын қолданумен аяқталады. Заң күдіктіні босатудың мынадай негіздерін қарастырады: (ҚР ҚІЖК 136- бап): 1) қылмыс жасады деген күдік расталмаса. Бұл жағдайда күдіктіге қатысты қылмыстық ізге түсу әрекеті тоқтатылуы тиіс (37-бап, 1-бөлім). Ол ақталуға құқығы бар (ҚР ҚІЖК 39-бап). 2) Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмаса. 3) Ұстау заң талаптарын бұзу арқылы жүргізілсе (ҚР ҚІЖК 134-бап). Жалпы ережелер бойынша ұстау мерзімі ұсталған сәтінен бастап жетпіс екі сағаттан артық болмауы тиіс. Егер ұсталған сәті көрсетілген мерзім ішінде анықтаушы, тергеуші қамауға алу туралы қаулы қабылдамаса күдікті босатылады. Ұсталған адамды босату кезінде мыналар тапсырылады: тергеуші не анықтаушының күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануды таңдау туралы өтінішінің канағаттандырылмайтыны туралы прокурор немесе сот қаулысының кешірмесі; ұстау туралы анықтама. Анықтамада кім ұстағаны, ұстау негіздері, ұсталған жері, уақыты, босату негіздері мен уақыты көрсетіледі (ҚР ҚІЖК 136-бап). 3. Қылмыстық іс жүргізу органы әрбір жеке жағдайда бұлтартпау шарасының түрін тандау үшін ҚІЖК-нің 141-бабында көрсетілген мән-жайларды ескерді. Бұл бапта былай деп айтылған: бұлтартпау шарасының қайсысын қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу кезінде осы Кодекстің 139-бабында айтылған мән-жайлармен қатар тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерілуге тиіс. Айыпталушыға қатысты заңда көрсетілген мән-жайларды бұлтартпау шарасын сезіктіге қолдану кезінде де ескеру қажет болды. Сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тәртібі ҚІЖК-нің 142-бабында белгіленген. Бұл бапта көрсетілгендей, сезіктіге бұлтартпау шаралары ерекше жағдайларда қолданылады. Бірақ, ол ерекше жағдайлардың сипаты занда айтылмаған. Дегенмен, бұл ерекше жағдайларды ҚІЖК-нің 132-бабында көрсетілген сезіктіні ұстаудың негіздеріне сәйкес келді деп қарастыру дұрыс болады (сезіктінің қылмыс жасаудың үстінде ұсталуы немесе жәбірленушінің қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетуі және т.б.). Осындай жағдайларда сезіктіге бұлтартпау шарасын қолдану арқылы (мәселен, камауға алу) оның қылмыстық ізге түсу органдарынан жасырынуына кедергі қойылады және сезіктінің қылмыс жасауға қатыстылығын тез арада тексеріп, оған айып тағу үшін негіздін, бар-жоғын анықтау жүзеге асырылады. Сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың тағы бір ерекшелігі оның кысқа мерзімге қолданылатындығы болып табылады. Яғни, егер айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі алдын ала тергеу жүргізудің мерзіміне сәйкес келетін болса (жалпы ереже бойынша, екі ай және бұл мерзім ұзартылуы мүмкін), сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданудың мерзімі он тәулікпен шектеледі және бұл мерзім ұзартуға жатпайды. Егер сезікті ретінде ұсталған адам (ҚІЖК-нін, 132-бабы бойынша) содан кейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алынған болса, қамауда ұстаудың мерзімі сезікті ретінде ұсталған кезден бастап есептеледі. Он тәулік мерзімнің ішінде сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналып, соның негізінде сезіктіге айып тағылса, онда оған айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мүмкін бола-ды. Ал, он тәулік мерзімнің ішінде сезіктіге айып тағылмаса, онда оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану дереу тоқтатылуы тиіс. Айыпталушыға немесе сезіктіге бұлтартпау шарасының бір түрін ғана қолдануға болады. КІЖК-нің 143-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолданудың негізін көрсетуді қамтитын қаулы шығарып, бұл қаулының көшірмесін бұлтартпау шарасы қолданылған адамға тапсырады. Онымен бір мезгілде бұл адамға бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешімге шағымданудың тәртібі түсіндіріледі. 4.Қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстау оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мәселесін шешу мақсатында қысқа мерзімге қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Бұл шараны қолданудың негіздері және тәртібі ҚІЖК-нің 17- тарауында (132-138 баптар) белгіленген. Қылмыстық ізге түсу органы бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды мына негіздердің бірі болғанда (ҚІЖК 132-бабының 2-бөлігінде көрсетілген) сезікті ретінде ұстауға құқылы: 1)бұл адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған болса; 2)өз көзімен көрген адамдар, соның ішінде жәбірленуші, қылмыс жасаған осы адам деп тура көрсетсе немесе басқа адам қылмыс жасаған адамды ұстап әкелген болса; 3)бұл адамның денесінде немесе оның киімінде, тұратын үйінде қылмыстың айқын іздері табылған болса; 4)жедел-іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында бұл адамның ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандығын немесе ондай қылмыс жасауға дайындалғандығын көрсететін анықдеректер бар болса. ҚІЖК 132-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, бұл адамның қылмыс жасағандығына сезіктенуге өзге де деректер болған кезде, ол жасырынуға әрекет жасаған болса не оның тұрақты тұратын жері болмаған, немесе жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана оны сезікті ретінде ұстауға болады. ҚІЖК-нің 133-бабына сәйкес, жәбірленушінің және өзге де азаматтардың қылмыс жасаған адамдарды ұстауға кұқығы бар. Мұндай жағдайда ұсталған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа кылмыс жасауын болғызбау мақсатында дене күшін және қажетті құралдарды қолдануға жол беріледі. Бірақ, қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды ұстауды заң бойынша рәсімдеу қылмыстық ізге түсі органының құзыретіне жатады. ҚІЖК-нің 134-бабында бөлгіленген тәртіп бойынша, сезіктіні ұстау хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Бұл хаттаманы анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу органына сезіктіні әкелгеннен кейін үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы жазып, онда ұстаудың негіздері мен себебін, жерін және уақытын (сағаты мен минутын), хаттама жазудың уақытын көрсету қажет. Хаттамаға оны жазған адам және ұсталған адам қол қояды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады және оған ҚІЖК-нің 68-бабында көзделген сезіктінің құқықтары, соның ішінде қорғаушы шақыру және оның қатысуымен жауап беру құқығы түсіндіріліп, бұл жөнінде хаттамада көрсетіледі. Сезіктіні ұстау хаттамасы жазылған сәттен бастап он екі сағаттың ішінде оның ұсталғандығы туралы прокурорға жазбаша хабарланады. Сезікті ретінде ұсталған адамнан жиырма төрт сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс. Сезіктіні ұстау процессуальдық мәжбүрлеу шарасы болғандықтан, оны қолдану кылмыстық іс қозғалғаннан кейін болуы тиіс. Кейбір жағдайда бұл шараны қолдану кылмыстық іс қозғалғанға дейін де болуы мүмкін. Мысалы, сезікті қылмыс жасаудың үстінде ұсталған жағдайда, оған дейін қылмыстық істі қозғауға себеп және негіз болған жоқ. Бұл жағдайда тергеуші немесе анықтаушы сезіктіні ұстау хаттамасын жазумен қатар қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығаруы тиіс (оған негіз бар болса). ҚІЖК-нің 135-бабына сәйкес, сезіктіні ұстау шарасын қолданған лауазымды адам оны жеке тінтуге құқылы: сезіктінің қаруы бар деп санауға негіз болған жағдайда немесе ол өзінің қылмыс жасағандығын көрсететін заттардан құтылуға тырысқан, не өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге болады. Мұндай тінту жүргізілген болса, оны кім жүргізгендігі және бұл кезде қандай заттардың алынғандығы сезіктіні ұстау хаттамасында жазылып көрсетіледі. Сезікті ретінде ұсталған адамдарды қамауда ұстаудын, тәртібі туралы ҚІЖК-нің 137-бабында көрсетілген. Бұл бапқа сәйкес, сезікті ретінде ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында қамалады. Қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған әскери қызметшілер мен жазасын бас бостаыдығынан айыру түрінде өтеп жүрген адамдар тиісінше абақтыларда және Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде де ұсталуы мүмкін. Басқа жағдайларда (мәселен, уақытша ұстау изоляторы жок жерде) қылмыс жасады деген сезікпен ұсталғандар анықтау органы бастығының ұйғаруы бойынша арнайы бейімделген үй-жайларда ұсталады. Қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған адамдарды қамауда ұстаудың жалпы тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы «Қылмыс жасағандығы жөнінде сезіктілерді және айыпталушыларды қамауда ұстаудың тәртібі және шарттары туралы» заңымен белгіленген. Қылмыстық ізге түсу органы он екі сағаттың ішінде сезіктінің ұсталғандығы және қай жерде екендігі туралы оның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біреуіне, ал олар болмаған жағдайда басқа туыстарына не жақын адамдарына хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкіндігін сезіктінің өзіне беруге міндетті (ҚІЖК-нің 138-бабы). Егер ұсталған адам басқа мемлекеттін азаматы болып табылса, көрсетілген мерзімде ол мемлекеттің елшілігі немесе консульдығы не өзге өкілдігі хабардар етілуге тиіс. Істің ерекше жағдайларына байланысты және тергеу жүргізудің бастапқы кездегі құпиясын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың санкциясымен сезіктінің ұсталғандығын көрсетілген адамдарға хабарлау, сезікті кәмелетке толмаған жағдайды қоспағанда, ұстау кезінен бастап жетпіс екі сағаткд дейін кейінге қалдырылуы мүмкін. Сезіктіні ұстаудан босатудын негіздері және тәртібі ҚІЖК-нің 136- бабында кезделген. Бұл бапқа сәйкес, мынадай жағдайларда қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адам босатылуға жатады: 1)қылмыс жасады деген сезік расталмаса; 2)ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға негіз жоқ болса; 3)сезіктіні ұстау кезінде ҚІЖК 134-бабының талаптары бұзылған болса. Осындай негіздердің бірі болған жағдайда сезіктіні ұстаудан босату қылмыстық ізге түсу органынын бұл туралы қаулы шығаруы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ҚІЖК 136-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, егер сезіктіні жетпіс екі сағатқа дейін ұстаудың мерзімі өтіп, бірақ оған бұлтартпау шарасы ретінде прокурордың санциясымен қамауға алу қолда- нылмаған болса, онда қамау органының бастығы өзінің қаулысымен сезіктіні ұстаудан босатып, ол туралы бұл істі жүргізуші органға және прокурорға хабарлауға міндетті. Сезікті ретінде ұсталған адамды босату кезінде бұл адамға оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама (құжат) берілуі тиіс. 5. Бұлтартпау шаралары ұғымы. Оларды қолданудың негіздері және тәртібі. Процессуальдық мәжбүрлеу шараларынын, бір түрі бұлтартпау шаралары болып табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады (КІЖК 18-тарауынын, 139-155 баптары). Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шарасын қолдануды қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ал соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот (судья) шешеді. ҚІЖК-нің 139-бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не алдын ала тергеудің және сотта іс қараудың объективті жүргізілуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп қарауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға осы Кодексте көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚІЖК- нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін (қылмысты тез және толық ашу және т.б.) орындауға мүмкіндік туғызады. Осыдан келіп, бұлтартпау шараларын қолданудың негізі ретінде жоғарыда айтылған жағдайлардың өзі емес (олар бұл кезде жоқ жағдайлар болғандықтан), бірақ ондай жағдайлардың қылмыстық іс жүргізу барысында туындауы мүмкіндігін керсететін нақты деректер деп білеміз. Сонымен, бұлтартпау шаралары қылмыстық іс жүргізу органы жалпы ереже бойынша айыпталушыға (сезіктіге ерекше жағдайда) немесе сотталушыға занда көрсетілген тәртіп бойынша қолданатын мәжбүрлеу шараларының жеке тобы болып табылады. 6.Бұлтартпау шараларының бірнеше түрлері бар. Олар ҚІЖК-нін 140-бабында аталып көрсетілген: 1)ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу; 2)жеке адамдардың кепілдігі; 3)әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру; 4)кәмелетке толмағанды қарауға беру; 5)кепіл; 6)үйде қамап ұстау; 7)қамауға алу. Бұл аталған шараларды, олардың сипатына қарай және кімдерге қолданылатындығын ескере отырып, екі топқа бөлуге жатады: 1)бұлтартпау шараларының жалпы түрлері; 2)бұлтартпау шараларының арнайы түрлері. Бірінші топқа мына шаралар жатқызылады: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу, жеке адамдардың кепілдігі, кепіл, үйде қамап ұстау, қамау. Бұл топқа жататын шараларды қолдану үшін айрықша талаптар қойылмайтын болғандықтан, оларды бұлтартпау шараларының жалпы түрлері деп атаймыз. Екінші топқа жататын бұлтартпау шараларының түрлері: әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру, кәмелетке толмағанды қарауға беру. Бұл шаралардың ерекшелігі олардың аталған субъектілер үшін көзделгендігі болып табылады. Дегенмен, бұл субъектілерге де қажет болған жағдайда бұлтартпау шараларының жалпы түрін қолдануға тыйым салынбайды. Мәселен, әскери қызметші ауыр қылмыс жасаған жағдайда тергеуші оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданады. Ал, кәмелетке толмағандарға мүмкіндігінше ата-анасының немесе сенімге ие басқа адамдардың қарауына беру шарасы кеңірек қолданылуға тиіс. ҚІЖК-нің 144-153 баптарында бұлтартпау шараларының түрлерін қолданудың тәртібі реттелген, Соның ішінде: ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті жүргізуші органның сезіктіден немесе айыпталушыдан (сотталушыдан) тұрақты не уақытша тұратын жерінен тергеушінің, анықтаушының, прокурордың немесе соттың рұқсатынсыз кетпеуге, тергеу жүргізуге және істі сотта қарауға кедергі келтірмеуге, белгіленген мерзімде қылмыстық іс жүргізу органының шақыруы бойынша келуге жазбаша міндетгеме алуьшан тұрады (ҚІЖК-нің 144-бабы). Егер сезікті немесе айыпталушы тұратын жердің аумағында қоныс аударатын болса, бұл жөнінде бұлтартпау шарасын қолданған қылмыстык, іс жүргізу органын хабардар етуге міндетті болып табылады. Бұл шараны қолдану екі процессуальдық құжат жазу арқылы рәсімделеді: бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығару және қолхат алу. Бұлтартпау шарасы ретінде жеке адамдардың кепілдігін қолданудың тәртібі ҚІЖК-нің 145-бабымен белгіленген. Жеке адамдардың кепілдігі сенімге ие болған адамдардың сезіктінің немесе айыпталушының өзін дұрыс ұстауына және қылмыстық іс жүргізу органының шақыруы бойынша уақытында келетіндігіне кепілдік беретіндігі туралы өздеріне жазбаша міндеттеме алуы болып табылады. Бұлтартпау шараларының бұл түрін қолданудың мынадай шарттары бар: — кепіл берушілердің саны екеуден кем болмауы тиіс;. —кепіл берушілердің бұл жөнінде өздерінің жазбаша өтініштері болуы қажет; —бұл шараны қолдануға сезіктінің, айыпталушының келісімі болуы тиіс; —кепілдік беруші қылмыстық іс жүргізудің барысында кепілдігінен бас тартуға құқылы. Жеке адамдардың кепілдігін қолдану туралы қылмыстық іс жүргізу органы қаулы шығарады. Сонымен қатар, кепіл берушілердің әрқайсысы жеке кепілдігі туралы қолхат береді. Бұл қолхатта кепілдік берушіге қылмыстық іс бойынша айыптаудың мәні түсіндірілгендігі және айыпталушының (сезіктінің) өзін дұрыс ұстамаған әрекеті үшін жауапты болатындығы көрсетіледі. Егер айыпталушы жеке кепілдікке сәйкес келмейтін әрекеттер жасаған болса, әрбір кепілдік берген адамға жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай айып салынуы мүмкін (ҚІЖК 145-бабының 5-бөлігі). ҚІЖК-нің 146-бабында бұлтартпау шарасы ретінде сезіктіні немесе айыпталушыны әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру көзделген. Оның мәні әскери қызметшілер немесе оқу жиынына шақырылған әскери міндеттілер болып табылатын сезіктілер мен айыпталушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Ішкі әскерлерінің жарғыларында көзделген шараларды қолдану арқылы ол адамдардың тиісті мінез-құлқын және олардың қылмыстық іс жүргізу органының шақыруы бойынша келуін қамтамасыз ету болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу органы бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарып, оны орындауды әскери бәлімнің командованиесіне тапсырады. Онымен бірге бұлтартпау шарасы қолданылған істің мәні хабарланады және әскери командованиенің міндеттері түсіндіріледі. Ал, әскери бөлімнің командованиесі бұлтартпау шарасын қолданған органға сезіктінің немесе айыпталушының бақылауға алынғандығы туралы жазбаша хабарлайды. Егер бақылауға алынған сезікті немесе айыпталушы бұлтартпау шарасын бұзатын әрекеттер жасаған болса, әскери бәлімнің командованиесі ол туралы қылмыстық іс жүргізу органына жедел хабарлауы тиіс. Бұл шараны қолдануға байланысты өздеріне жүктелген міндетті орындамаған кінәлі адамдар занда көзделген тәртіптік жауаптылыққа тартылады (ҚІЖК 146-бабының 4-бөлігі). 7. Кәмелетке толмағанды қарауға беру (ҚІЖК-нің 147-бабы). Кәмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны ата-анасының немесе қамқоршыларының, қорғаншыларының, басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ ол тұрып жатқан арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің қарауына беру кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқын және оның қылмыстық іс жүргізу органының шақыруы бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кәмелетке толмағанды ата-анасының немесе басқа адамдардың қарауына беру тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады. Бұл шараны қолдану туралы қылмыстық іс жүргізу органы қаулы шығарады. Онымен қатар, кәмелетке толмағанды қарауына алған адам (ата-анасы немесе қамқоршысы, қорғаншысы, арнаулы балалар мекемесі әкімшілігінің лауазымды адамы) қолхат беріп, онда қылмыстың сипаты және қарауына алған адамның өзіне қабылдаған міндеттерін бұзған жағдайда ол үшін жауапты болатындығы көрсетіледі. Кәмелетке толмағанды қарауына алған адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда, оған жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай айып салынуы мүмкін. 8. (ҚІЖК-нің 149-бабы); Үйде қамап ұстау қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға негіздер мен шарттар бола тұрып, бұл адамның жасы, денсаулық отбасының жағдайлары және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып прокурордың санкциясымен не соттың шешімі бойынша сезіктіге немесе айыпталушыға қолданылатын бас бостандығын шектеу шарасы болып табылады. Яғни, үйде қамап ұстау адамның бас бостандығын шектеудің түрі ретінде қолданылады. Осыған байланысты, қылмыстық іс жүргізу органының бұл шараны қолдану туралы қаулысында үйде қамап ұсталатын адамға қандай нақты шектеулердің қойылатындығы көрсетіледі: белгілі бір адамдармен тікелей немесе өзгеше қарым-қатынас жасауға, хат-хабарлар алуға және жіберуге, байланыс құралдарын пайдалану арқылы сөйлесуге тыйым салу, тұрғын үйден шығуға шектеу қою және т.б. Қажет болса, қылмыстық іс жүргізу органыныи шешімі бойынша үйде қамап ұсталған адамның тұрғылықты жерінің күзетілуі, оның мінез-құлқын қадағалау белгіленеді. Қылмыстық іс жүргізу органының қаулысында белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе лауазымды адам көрсетіледі. Үйде қамап ұстаудың мерзімі, оны ұзарту және оған шағымдану тәртібі ҚІЖК-нің 110 және 153-баптарында көрсетілген бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың ережелеріне сәйкес шешіледі. 9. (ҚІЖК-нің 150-бабы). Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде соттың санкция беруiмен ғана және заңмен кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты, егер: 1) оның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жерi болмаса; 2) оның жеке басы анықталмаса; 3) ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; 4) ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса; 5) ол ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не оған күдiк келтiрiлсе; 6) оның бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттылығы болса, қолданылуы мүмкiн. ҚР ҚІЖК-нің 150-бабында тұтқындау шарасын таңдау туралы шешім қабылдау шарттары көрсетілген. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы тергеушінің немесе анықтау органының өтінішін қолдау туралы мәселені шешу кезінде прокурор күзетпен ұстауға негіздерді қамтитын барлық материалдармен танысуға міндетті және айыпталушыдан, сезіктіден жауап алуға құқылы. Прокурор табыс етілген барлық материалдарды зерделеп, заңда көзделген негіздер болған кезде және неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасын таңдау жолымен ҚР ҚІЖК 139-бабында көзделген зардаптарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, тергеушінің немесе анықтау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы каулы шығарады. Өтінішті қолдаудан бас тартылған жағдайда, прокурор тергеушінің немесе анықтау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Прокурор өтінішті қолдаудан бас тартқан кезде айыпталушы, сезікті күзетпен ұстаудан дереу босатылуға тиіс. Тергеушінің немесе анықтау органның айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдаудан бас тарту және күзетпен ұстаудан босату туралы прокурордың қаулысына тергеуші, анықтау органы не өздерінің немесе берілетін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын процеске қатысушылар жоғары тұрған прокурорға ҚР ҚІЖК 109-бабының тәртібімен шағым жасай алады. Қамауға алуға санкция беру құқығы аудандық және оған теңестірілген соттың судьяларына берілген, ал соттың қаулысының күшін жою туралы және айыпталушыға сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген жағдайда, шағымдануды қарау — облыстық және оған теңестірілген соттың судьяларына тиесілі (ҚР ҚІЖК 110-бап). Қылмысты қудалау органының айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғау туралы прокурор қолдаған қаулысы алдын ала тергеу ісі жүргізілген жер бойынша не сезіктінің ұстал-ған жері бойынша сот отырысында айыпталушының, сезіктінің, прокурордың жөне қорғаушының қатысуымен материалдар сотқа түскен кезден бастап сегіз сағат ішінде аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының жеке-дара қарауына жатады. Қаулыға өтініш білдірген прокурордың пікірінше тұтқындау шарасын қолданудағы негіздемелердің болуын жеткілікті түрде анықтайтын және басқа шараны таңдау мүмкін еместігі анықтайтын материалдар тіркеледі. Қажет болған жағдайда судья кылмыстық істі сұратады. Тергеушінің қамауға алуға санкция беру туралы өтінішін қолдау туралы прокурордың қаулысын, сондай-ақ оның негізділігін растайтын материалдарды прокурор ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он екі сағаттан кешіктірмей сотқа табыс етуге тиіс (ҚР ҚІЖК 150-бап 4-тармақ.) Заң бойынша, сот отырысына айыпталушының, сезіктінің заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатысуға құқылы. Судья отырыстың басында қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, сот отырысына келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін прокурор айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде таңдаудың қажеттілігін негіздейді, бұдан соң сот отырысына келген басқа да адамдар тыңдалады. Айта кететін бір жағдай, процеске қатысушыларға сот отырысының орны мен уақыты туралы сот уақытылы хабарлаған жағдайда олардың сотқа келмей қалуы сот отырысын өткізуге кедергі болмайды. Қамауға алуға санкция беруге байланысты мәселелерді шешу кезінде сот қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ескерілетін мән-жайларға қатысты істің материалдарын зерделеумен шектеледі. Осы материалдардың ішінде мыналардың көшірмелері болуы тиіс: қылмыстық істі қозғау туралы қаулы, күдіктіні не айыпталушыны айыпты деп тануға байланысты ұстау туралы хаттама, сондай-ақ іске қатысты кінәлілігін белгілейтін дәлелдемелер мен тұтқындау негіздемелер, уәждері. Егер ҚР ҚІЖК 132, 134-баптарының тәртібімен айыпталушыға қатысты тұтқынға алу шарасын таңдау туралы қаулы шығарылса, онда ол прокурорға іске тіркелген материалдармен бірге тез арада, ұстау мерзімі аяқталғанға дейін он сегіз сағаттан кешіктірмей табыс етілуге тиіс. Айыпталушы болмаған кезде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті соттың қарауына оған іздестіру жарияланған немесе ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған және сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған кезде алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларда ғана жол беріледі. Судья айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарап, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы не қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарады. Соттың қаулысы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс козғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезіктіге, жәбірленушіге кідіріссіз жіберіледі және дереу орындалуға тиіс. Атап көрсету қажет, қылмыстық қудалау органының нақ сол қылмыстық іс бойынша нақ сол бір адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен сотқа қайтадан жүгінуіне, судья аталған бұлтартпау шарасына санкция беруден бас тарту туралы қаулы шығарғаннан кейін, қамауға алу қажеттігін негіздейтін жаңа мән-жайлар туындаған кезде ғана мүмкін болады. Егер сотталушы адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе сотта туындаса, сот бұл туралы шешімді тараптың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша қабылдайды, және камуаға алу туралы қаулы шығарады. Қылмыстық процесті жүргізуші орган он екі сағаттың ішінде айыпталушының, сезіктінің туыстарына қамауға алуды бұлтартпау шарасы ретінде қолданатыны жөнінде хабарлауға міндетті (ҚР ҚІЖК-нің 138-бабы). Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы немесе одан бас тарту туралы соттың қаулысына ҚР ҚІЖК 110-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалады. Егер аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алуға санкция беруден бас тарту туралы қаулысының күші жойылған болса айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы мәселені облыстық немесе оған теңестірілген соттың қарауы ҚР ҚІЖК-нің 110-бабында көзделген төртіппен жүзеге асырылады. Сот отырысы барысында айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беру туралы немесе одан бас тарту туралы мәселе қаралса хаттама жүргізіледі. Ескерте кету керек, сот тұтқындау шарасын таңдау туралы өтінішті сот отырысында қарайды. Осыған орай бірінші болып өтінішті қозғаған прокурор немесе тергеуші (анықтаушы) сөйлейді. Содан соң басқа келген адамдар тыңдалады, айыпталушыға қатысты қамауға алу шарасын таңдау туралы етінішті дәйектейтін материалдар жариялануы тиіс. Қорғаушы жақ қамауға алу шарасын жоқка шығаратын, тойтаратын өз материалдарын ұсынуға құқылы. Өтінішті қарау нәтижесінде судья уәжделген үш қаулының бірін шығарады: қамауға алу шарасын таңдау; өтінішті қанағаттандыруды қабылдамау туралы, ұстау мерзімін ұзарту туралы (ҚР ҚІЖК 322-бап). Бұлтартпау шараларын таңдау туралы сот шешіміне карсы апелляциялық және қадағалау тәртібімен шағымдануға болады. Егер бұл шешімді судья бірінші сатыдағы сотта қабылдаса, онда шағым апелляциялық тәртіппен беріледі. Оның қорғаушысы және заңды өкілі өзінің өтініші бойынша қаулы көшірмесін алуға құқылы. Сот шешімінің көшірмесі жергілікті жердегі қамауға алу бастығына да жіберіледі. Сот қаулысының тез арада орындалуы талап етіледі, яғни айыпталушы егер ол бұған дейін ұсталған болса, қамаудан босатылмайды немесе сот залында қамауға алады. Қамауға алу орны (ҚР ҚІЖК 152-бап). Қамауға алу орны туралы, сондай-ақ қамауға алу орнының ауысуы, өзгеруі туралы қылмыстық процесті жүргізуші орган тез арада хабарлайды: айыпталушының туыстарына, әскери бөлім командованиесіне, сол мемлекеттің елшілігіне, өкілдігіне, айыпталушының қорғаушысына. ҚР ҚІЖК 138-бабындағы талаптарға хабарлау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Егер қамауға алынған адамның асырауында адамы болса және мүлкі қараусыз қалса, онда тергеуші, анықтаушы немесе прокурор қарауына алу, қамқорлық ету шараларын қабылдауға міндетті және ол туралы айыпталушыға хабарлауға міндетті (ҚР ҚІЖК 155-бап). Қамауға алу орнына мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен ҮҚК-нің қылмыстық-атқарушы жүйесінің тергеу изоляторы; ОВД және шекарашылық әскердің уақытша ұстау изоляторы; бас бостандығына айыру түріндегі жазаны өтеу мекемелері; гауптвахта, т.б. Айыпталушыны қамауға алу шарттары мен тәртібі кінәсіз адам ретіндегі мәртебесіне сәйкес болуы тиіс. Қамауға алу бұлтартпау шаралары мақсатына енбейтін қаралау, жазалау, қосымша бостандығын айыру сипатындағы жүргізілмеуі керек. Бұл шара айыпталушыға ол тергеу органдарының ісін тезірек жабу үшін кінәсін мойнына алу сияқты ықпалдар үшін колданылуға тиісті емес. Қамауға алу шарасының шарты айыпталушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін болуы тиіс және адамзатқа тән емес қатаңдық пен кемсіту сияқты қатынастар болмауы тиіс. Қамауға алудың мерзімдері, оларды ұзарту тәртібі (ҚР КІЖК 153-бап). Бұл адамның бас бостандығын максимальді шектейтін арнайы мерзім кінәсіз деген үкім шыққанға дейін есептеледі. Қылмыстық іс жүргізу заңы тек қамауға алу мерзімін тікелей реттейді, бірақ алда аталғандай, осыған ұқсас шара, яғни үйде қамауға алу шарасына қатысты мерзімдер реттеуді талап етеді. Алдын ала қамауға алу мерзімі анықтаудың жалпы ережелері кінәсіздік презумпциясына сүйенеді. Бұлтартпау шарасы айыпталушыға қылмыстық жаза тағайындаудан артық қатаң бола аламайды. Жазаны сот белгілейді және бұл жаза қандай қылмыс үшін тағайындалатыны, қандай мерзімге созылатыны сотқа ғана байланысты болады. Сотталушының мүддесіне қатысты шешу күмәндарын ойластыра отырып, соттың үкім шығаруына дейін оған қылмыстық заңда көрсетілген минимальді жазалардың қайсысы тағайындалатыны теориялық түрде анықталына бастайды. Бұның өзі бұлтартпау шарасы ретінде сот тағайындаған қамауға алу шарасының уакытша шегі бас бостандығына айыру шарасын қарастыратын қылмыстық заң санкциясының төменгі шегі деп саналуы тиіс. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықтары бойынша бас бостандығынан айыру мерзімінің төменгі шегі алты ай деп танылады. Қамауға алу мерзімі сотқа дейінгі өндірісте арнайы белгіленеді. Алдымен сотқа дейінгі өндірісте бұлтартапау шарасы ретіндегі қамауға алу мерзімі мен сот тергеуіндегі тұтқындау мерзімін қарастырайық. Оларды алдын ала тергеу және анықтау мерзімінен ажырата білу керек. Ескерте кетейік, қамауға алу мерзімі мен алдын ала тергеу мерзімі уақыттың өту сипатына қарай бір-біріне сәйкес келуі мүмкін. Алдын ала тергеу сатысындағы қамауға алудың бастапқы мерзімі, ерекше жағдайларды есептемегенде, екі айдан аспауға тиіс. Тергеуді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді тергеушінің аудандық (қалалық) прокурормен және оған теңестірілген өзге де прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы — үш айға дейін, ал тергеушінің облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы — алты айға дейін ұзарту мүмкін. Сондай-ақ, қамауға алуды алты айдан астам мерзімге ұзартуды тек істің ерекше күрделілігіне орай тергеу бөлімі бастығының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы — тоғыз айға дейін жүзеге асыруы мүмкін. Кейбір ерекше жағдайларда, қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге үұартуға ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталушы адамдарға қатысты тергеу бөлімі бастығының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген дәлелді өтініші бойынша аудандық және оған теңестірілген сот судьясының он екі айға дейін ұзартуына жол беріледі. Қамауға алуды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы мәселе облыс прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның алқасында алдын ал қаралады. Атап көрсету қажет, қамауға алу мерзімін бұдан әрі ұзартуға жол берілмейді, қамауға алынған айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Қамауға алу мерзімі айыпталушыға айып тағылған қылмысты жасағандығы үшін қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс. Қамауға алудың мерзімдерін ұзарту тәртібі (ҚР КІЖК 153-бап, 6-тармақ). Қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірілмей келісім беру үшін табыс етіледі және прокурор өтініш келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды. Қамауға алуды уш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш келісім беру үшін прокурорға қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он бес тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі және прокурор ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарап, прокурор келісімін білдіреді және оны қамауға алу мерзімін ұзартудың негізділігін дәлелдейтін қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа кідіріссіз жолдайды не өтінішке жазбаша қарар жазып, келісім беруден дәлелді түрде бас тартады. Атап көрсету қажет, прокурор қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қолдамаған жағдайда айыпталушы қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға тиіс. Қамауға алу мерзімін сотта қарау. Заңда көрсетілген мерзім бойынша, яғни екі ай ішінде тергеуді аяқтау мүмкін болмаған жағдайда істің ерекше күрделі, ауыр екеніне негіз болатыны түсініледі (бірнеше істің бір тергеу ісіне бірігуі, бірнеше айыпталушы қатысқан саны көп эпизодтарды тергеу, көптеген куәлардан, жәбірленушілерден жауап алу, сараптамалардың түрлі қорытындысы болуы, сот-бухгалтерлік ревизияны зерттеу т.б.) Тұтқындау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қозғайтын басқа да жағдайлардың болуы заңда және сот тәжірибесіңде қарастырылмаған (мысалы, отпуск, тергеушінің науқастануы, оның жұмыс басты болуы). Заң бойынша қамауға алу мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтініш сотқа — қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей, қамауға алуды үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтініш он тәуліктен кешіктірілмей табыс етіледі. Атап көрсету қажет, қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініш судьяның жеке-дара қарауына жатады. Сот отырысына міндетті түрде прокурор қатысады. Отырысқа айыпталушының қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатыса алады, олардың шағымды, наразылықты қарау уақыты туралы уақытылы хабарланған кезде келмей қалуы оларды сотта қарауға кедергі келтірмейді. Судья отырыстың басында қандай өтініштің қаралуға жататынын хабарлайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, содан кейін енгізілген өтініш бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын калдыру қажеттігіне қатысты тараптардың дәлелдемелерін тыңдай келіп, мынадай шешім шығаруға тиіс: 1) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандыру туралы; 2) айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті канағаттандырудан бас тарту және бұлтартпау шарасының күшін жою немесе қатаң еместеуіне өзгерту және айыпталушыны күзетпен ұстаудан босату туралы қаулылардың бірін шығарады. Қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішті аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы өтініш келіп түскен күннен бастап уш тәуліктен аспайтын мерзімде қарауға тиіс. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы айыпталушыны қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға ол туралы хабарлауға міндетті. Егер бұлтартпау шарасы ретінде заңмен белгіленген қамауға алу мерзімі аяқталғаннан кейін айыпталушыны босату туралы не бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу мерзімін ұзарту туралы тиісті шешім келіп түспесе, күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен босатып, оның көшірмесін жиырма төрт сагаттың ішінде қылмыстық іс жүргізуінде жатқан органға немесе адамға және прокурорға жібереді. Атап көрсету қажет. Күзетпен ұстау орны әкімшілігінің басшысы жоғарыда айтылған талаптарын орындамаған кезде, ол заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылады. Қамауға алу мерзімін есептеу. Айыпталушы, сезікті күзетпен ұстауға алынған кезден бастап (ұстау туралы қаулы немесе хаттама толтырылғаннан бастап) прокурор істі сотқа жібергенге дейін есептеледі. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және психиатриялық немесе өзге де медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Сондай-ақ айыпталушыны (сотталушыны) қамауға алу мерзіміне мынадай шаралардың күнтізбелік уақыты есептеледі: алдын ала тергеу сатысындағы қамауға алу мерзімінде күдікті ұсталған адам ретінде келген барлық уақыты қоса есептеледі. Айыпталушының, оның қорғаушысының, сондай-ақ прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен, ҚР ҚІЖК-нің 282-бабына сәйкес қылмыстық істің материалдарымен танысу он тәулік уақыты, қамауға алу мерзімін есептеу кезінде ескерілмейді. Айыпталушыны, сезіктіні нақ сол бір іс бойынша, сондай-ақ онымен біріктірілген немесе одан бөлектелген қылмыстық іс бойынша қайта қамауға алу жағдайында қамауға алу мерзімі күзетпен ұстауда өткізілген уақыт ескеріле отырып есептеледі. Сот өндірісі сатысында қамауға алу мерзімі туралы мәселені тереңінен зерттеу керек. Бұл мерзім арнайы реттеледі және сотқа іс келіп түскен сәттен бастап немесе бұлтаршау шарасын сот таңдаған сәттен бастап есептеліп алты ай ішінде жүргізіледі. Жалпы ережелер бойынша сотталушының қамауға алу мерзімі ұсталған немесе тұтқындалған сәттен бастап оның босатылған күніне дейін немесе үкім шығарылған жөне оның заңды күшіне енгеніне дейін есептеледі. Заң сотталушының үкім шығарылғаннан кейінгі, апелляциялық тәртіппен істі қарау және оның орындалуына дейінгі қамауға алу мерзімін шектемейді, ал ерекше жағдайларда қадағалау инстанциясында үкімді қайта қарауға дейінгі мерзім шектелмейді. Сотқа дейінгі, сондай-ақ сот өндірісіндегі қамауға алу мерзімін ұзарту туралы соттың шешіміне қарсы апелляциялық және қадағалау тәртібімен шағымдануға болады. Іздестірілудегі адамды шет мемлекет Қазақстан Республикасына берген жағдайда қамауға алу мерзімі ол Қазақстан Республикасының аумағына келген күннен бастап есептеледі. Бұл ретте адамды шет мемлекеттің аумағында экстрадициялык қамауға алу тәртібімен күзетпен ұстау уақыты оны берген жағдайда жаза тағайындау кезінде жалпы күзетпен ұстау мерзіміне есептеледі. Осы бапта белгіленген айыпталушыны қамауға алу мерзімін есептеу мен ұзартудың тәртібі қадағалау сатысында іс жүргізудін нәтижесінде немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамға қатысты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күшін жою және соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып, істі жаңа тергеуге жіберуі кезінде де қолданылады. Сот айыпталушыны қамауға алудың шекті мерзімі аяқталмаған, ал бұлтартапау шарасын өзгерту үшін негіз жоқ істі қосымша тергеу үшін қайтарған кезде сол сот соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдың шегінде қамауға алу мерзімін ұзартады. Айыпталушы қайтадан қамауға алынған жағдайда қамауға алу мерзімі осы іс бойынша алдыңғы қамауда болған уақытын ескере отырып есептейді. Соттың істі қосымша тергеу үшін қайтарған жағдайында айыпталушының қамауға алыну мерзімі жалпы негіздемелерге сай белгіленеді. Сондай-ақ бұл мәселе қылмыстық істі апелляциялық сатыдан бірінші сатыдағы сотқа қайтару кезінде де қаралады. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту (ҚР ҚІЖК 154-бап). Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетті жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүіргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР КІЖК 139-140-баптарында көрсетілген бұлтартпау шарасының бірін қолданады. Көзделген бұлтартпау шарасын таңдау үшін жоғарыда аталған мән-жайлармен қатар, тағылған айыптаудың ауырлығы айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шүғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты тұратын жерінің бар жоғы және басқа мән-жайлар ескерілуге тиіс (ҚР КІЖК 141-бап). Бұлтартапау шарасы айыпталушыға қажеттілік болмаған кезде күшін жояды немесе жоғарыда көрсетілген негіздер өзгерген жағдайда неғүрлым қатаң немесе жеңіл шараға өзгертіледі. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту қылмыстық процесті жүргізетін органның дәлелді қаулысы бойынша жүргізіледі. Атап кету қажет, прокурор санкция берген, қолданған, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында оның нұсқауы бойынша таңдалған бұлтартапау шарасы тек прокурордың келісімімен күшін жоюы немесе өзгертілуі мүмкін. Қылмыстық қудалау органының бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою туралы қаулысына шағымдану, наразылық білдіру осы ҚР ҚІЖК-нің 103-109- баптарында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Айыпталушыға, сезіктіге соттың санкциясы бойынша қолданылған қамауға алу, үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту, қылмыстық қудалау органының прокурор қолдаған дәлелді қаулысының негізінде соттың санкциясымен жүргізіледі. Бұлтартпау шарасының күшін жою немесе оны өзгерту туралы қаулы қылмыстық істің материалдары сотқа келіп түскен кезден бастап сот отырысына прокурордың қатысуымен алты сағаттың ішінде судьяның жеке-дара қарауына жатады. Қажет болған жағдайда судья сот отырысына айыпталушының, сезіктінің, олардың қорғаушысының, заңды өкілінің, жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, өкілінің қатысуын қамтамасыз етеді. Айыпталушыға, сезіктіге қатысты қылмыстық қудалау ақтап алу негіздері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында тоқтатылған кезде қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының күшін жоюды тергеуші, анықтау органы прокурордың келісімімен дереу жүргізеді. Қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға берілген санкцияның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру ҚР ҚІЖК-нің 110- бабында көрсетілген. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына шағымдану, наразылық білдіру (ҚР ҚІЖК 110-бап). Айыпталушы, сезікті, олардың қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тәулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Шағым беру немесе наразылық келтіру, ҚР ҚІЖК 154-бабы-ның алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысының орындалуын тоқтатпайды және адамды күзетпен ұстаудан босатуға әкеп соқпайды. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жәбірленушіге, оның занды өкіліне, өкіліне және прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстык іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады. Сот отырысына прокурор және айыпталушының, сезіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа айыпталушы, сезікті, айыпталушының, сезіктінің заңды өкілі, жәбірленуші, оның занды өкілі және өкілі де қатыса алады, шағымның, наразылықтың қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей калуы соттың шағымды, наразылықты қарауына кедергі келтірмейді. Сот тараптардың дәлелдемелерін тыңдап, қылмыстық істің материалдарын қарай келіп, мынадай: 1) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; 2) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алу түріндегі бұлтартаау шарасына берген санкциясының күшін жоя отырып, оның қаулысының күшін жою туралы; 3) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою туралы және айыпталушыға, сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы; 4) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою және айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту не ұзарту туралы дәлелді қаулылардың бірін шығарады. Сот қаулысының көшірмесі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезіктіге, қорғаушыға, айыпталушының, сезіктінің заңды өкіліне және өкіліне, жәбірленушіге, оның занды өкіліне және өкіліне, адамды күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне жіберіледі және дереу орындалуға тиіс. ҚР ҚІЖК 110-баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың жасаған шағымы немесе прокурордың білдірген наразылығы қанағаттандырылмай қалған жағдайда, қамауға алу мерзімінің жаңадан өрбір үзартылуы кезінде сол адамның немесе проку-рордың нақ сол іс бойынша, нақ сол негіздер бойынша жасаған шағымын, білдірген наразылығын қайтадан қаратуға құқығы бар. Қайтадан жазылған шағым, білдірілген наразылық осы бапта көзделген тәртіппен қаралады. Судья осы бапта көзделген тәртіппен шағымды, наразылықты қараған кезде хаттама жүргізіледі. 10. Бұл шаралардың түрлері және оларды қолдану тәртібі ҚІЖК-нің 19- тарауында (156-161 баптар) белгіленген. Соның ішінде, 156-бапта көрсетілгендей, қылмыстарды тергеудің және сот талқылауының заңмен белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ сот үкімінің талаптарға сай орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық істі жүргізуші орган сезіктіге немесе айыпталушыға мына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы: 1) келу туралы міндеттеме; 2)еріксіз алып келу; 3)қызметінен уақытша шеттету; 4)мүлікке тыйым салу. Жәбірленушіге, куәға және басқа да іске қатысушыларға қылмыстық істі жүргізуші орган занда белгіленген тәртіп бойынша мына шараларды қолдана алады: 1)келу туралы міндеттеме; 2)еріксіз алып келу; 3)ақшалай шара (ақша өндіріп алу). ҚІЖК-нің 157-бабында келу туралы міндеттеме шарасын қолдану тәртібі көзделген. Осы бапқа сәйкес, қылмыстық істі жүргізуші орган бұлтартпау шарасы қолданылмаған сезіктіден немесе айыпталушыдан, сондай-ақ жәбірленушіден, куәдан бұл органның шақыруы бойынша уақытылы келуге, ал тұратын жері өзгерген жағдайда ол жөнінде кешіктірмей хабарлауға жазбаша міндеттеме алуға құқылы. Егер сезікті немесе айыпталушы бұл міндеттемесін бұзатын болса, қылмыстық істі жүргізуші орган оған бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы және ол жөнінде міндеттеме алған адам (сезікті, айыпталушы) ескертіледі. Жәбірленуші немесе куә келу міндеттемесін бұзатын болса, оларға қылмыстық істі жүргізуші органның қаулысы бойынша еріксіз алып келу шарасын қолдану мүмкін және ол туралы бұл адамдар ескертіледі. ҚІЖК-нің 158-бабына сәйкес, сезікті немесе айыпталушы, сондай-ақ жәбірленуші және куә дәлелді себептерсіз қылмыстық істі жүргізуші органның шақыруы бойынша келмеген жағдайда, олар тергеушінің немесе анықтаушының, соттың дәлелді қаулысы бойынша еріксіз алып келуге жатады. Қылмыстық істі жүргізу органының шақыруы туралы хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері мыналар болуы мүмкін: бұл адамның келуіне кедергі болған ауыр сырқаты, оның жақын туыстарының қайтыс болуы, кездейсоқ апат, бұл адамның белгіленген уақытта келуіне мүмкіндік бермеген өзге де себептер. Сезікті, айыпталушы, сондай-ақ куә және жәбірленуші шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтірген дәлелді себептер туралы өздерін шақырған қылмыстық істі жүргізуші органға хабарлауға міндетті болып табылады. ҚІЖК 158-бабынын 5-бөлігінде көрсетілгендей, он төрт жасқа толмағандар, одан жоғары жастағы он сегізге толмағандар олардың занды өкілдеріне хабарламастан, сондай-ақ жүкті әйелдер және дәрігердің куәландіруіне сәйкес денсаулық жағдайы бойынша өзінің жатқан орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуі тиіс науқас адамдар еріксіз алып келуге жатпайды. Түнгі уақытта еріксіз алып келуге жол берілмейді. Еріксіз алып келу туралы қаулы оның орындалуы алдында сезіктіге, айыпталушыға, тиісті жағдайда жәбірленушіге және куәға жарияланып, оны бұл адамдар қаулыға қол қойып куәландырады. Алып келу туралы тергеушінің немесе анықтаушынын қаулысын алдын ала тергеу не анықтау жүргізетін орган немесе ішкі істер органы, соттың қаулысын сот приставы немесе ішкі істер органы орындайды (ҚІЖК 159-бабының 6-бөлігі). Айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету. Егер айыпталушы қызметінде қала отырып тергеуге (қылмысты ашуға) және сотта істі қарауға немесе қылмыспен келтірілген залалды өтеуге кедергі келтіреді, немесе қызметте болуымен байланысты қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп қарауға негіз бар болса, қылмыстық істі жүргізуші орган бұл айыпталушыны қызметінен шеттеуге құқылы (ҚІЖК-нін 159-бабы). Лауазымды адамға жатпайтын айыпталушыға қызметінен шеттету шарасы қолданылмайды. Айыпталушыны қызметінен уақытша шеттету туралы қаулы оның жұмыс орыны бойынша ұйым басшысына жіберіледі, ал ол бұл қаулыны алғаннан кейінгі үш тәулік ішінде оны орындауға және оның орындалғандығы туралы қылмыстық істі жүргізуші органға хабарлауға міндетті. Уақытша қызметінен шеттетілген адам басқа жұмысқа орналасуға құқылы. Егер ол өзіне қатысты емес жағдайларға байланысты басқа қызметте істей алмайтын болса немесе басқа жұмысқа кіре алмаса, оның еңбек ақы төлеудің төменгі бір мөлшерінен кем емес сомада ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар. Қызметінен уақытша шеттету шарасын қолданудың қажеттілігі жойылған кезде қылмыстық істі жүргізуші орган бұл шараны тоқтату туралы қаулы шығарып, оның көшірмесін тиісті ұйымның басшысына жолдайды. Ақшалай шара қолдану (ҚІЖК-нің 160-бабы). Іс жүргізуге байланысты заңмен көзделген міндеттерін орындамағаны немесе сот отырысында тәртіп балғаны үшін жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға ақшалай шара қолданылуы мүмкін. Мысалы, егер жәбірленуші немесе куә қылмыстық істі жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген болса, маман немесе аудармашы өз міндеттерін дұрыс орындамаған, жеке кепілдік берген адамдар немесе кәмелетке толмағанды қарауына алған адамдар өз міндеттерін орындамаған болса, олар соттың шешімі бойынша ақша өндіру шарасын қолдануға жатады. Егер ол адамдар сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде міндеттерін орындамаған болса, тергеуші немесе анықтаушы, прокурор бұл туралы хаттама жазып, оны тиісті аудандық сотқа жолдайды. Осы хаттаманың негізінде аудандық соттың судьясы өз міндеттерін орындамаған адамнан (жәбірленушіден, куәдан, маманнан және т.б.) ақша өндіру туралы қаулы шығарады. Істі сот отырысында қараудың нәтижесінде судья ақшалай шара қолдануға негіз жоқ деп тауып, ақша өндіруден бас тарту туралы да қаулы шығаруы мүмкін. Сот отырысының тәртібін бұзғаны үшін ақшалай шара қолдану мәселесі осы сот отырысы кезінде шешілуге тиіс. Осыған сәйкес, сот отырысы залында қатысып отырған адамдар тәртіп бұзған жағдайда, сот оларға ақша өндіру шарасын қолдана алады. Ондай шараны қолдануғанегіз бар болса, судья тәртіп бұзған адамнан ақша өндіру туралы қаулы шығарады. Мүлікке тыйым салу (ҚІЖК-нің 161-бабы). Үкімнің азаматтық талапқа, басқа да мүліктік жазалауға қатысты бөлігінің немесе мүмкін болатын мүлікті тәркілеудің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында сот немесе прокурордың санкциясымен тергеуші, анықтаушы сезіктінің, айыпталушынын, немесе олардың әрекеті үшін материалдық жауаптылыққа жататын адамдардың мүлкіне тыйым салуға құқылы. Мүлікке тыйым салудың мәнісі — меншік иесіне немесе мүлікті иеленушіге бұл мүлікке билік етуге, сондай-ақ бұл мүлікті пайдалануға тыйым салу немесе мүлікті иесінен (иеленушіден) алу және оны сақтауға беру болып табылады. Тізбесі заңмен айқындалған бірінші қажеттілік заттарына жататын мүлікке тыйым салынбайды. Мүлікке тыйым салу туралы қаулы шығарылады. Бұл қаулыда кімнің мүлкіне, қандай мүлікке тыйым салынатындығы және азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсаты көзделген жағдайда мүліктің құны көрсетілуі тиіс. Мүлікке тыйым салу кезінде оның құнын анықтайтын маман катыстырылуы мүмкін. Меншік иесі немесе мүлікті иеленуші қандай затқа бірінші кезекте тыйым салу қажеттігі жөнінде ұсыныс жасауға құқылы. Мүлікке тыйым салу туралы қаулының орындалуы хаттама жазу арқылы рәсімделеді. Бұл хаттамада тыйым салынған мүлік аталып және тыйым салуды жүзеге асырудың амалы көрсетіледі. Ол амалдар: 1) тыйым салынған мүлікті иесінен (иеленушіден) алу; 2) ол мүлікті иесінің (иеленушінің) не басқа адамнын (ұйымның) сақтауына беру. Мүлікті сақтауға алған адам ол үшін жауапты екендігі жөнінде ескертіледі және ол туралы қолхат алынады (ҚІЖК 161-бабының 12-бөлігі). Хаттаманың көшірмесі мүлкіне тыйым салынған адамға беріледі. Егер тыйым салынған мүлікті оның иесі немесе иеленушісі ерікті түрде бермейтін болса, ол мүлік мәжбүрлеу арқылы алынады. Мүлікті иесі (иеленушісі) жасырып қойған деп қарауға негіз бар болса, онда қылмыстық істі жүргізуші орган ол мүлікті іздеп табу мақсатында ҚІЖК 232-бабының ережелерін қолдана отырып тінту жүргізуге құқылы. Тыйым салуға болатын мүліктің қатарына бағалы заттар, ақша және өзге де құндылықтар жатады. Егер ондай мүліктің жоқ екені анықталса, ол туралы тыйым салу хаттамасында көрсетіледі. Банктердегі және несие мекемелеріндегі шоттар мен салымдардағы ақша қаражаты мен өзге де құндылықтарға тыйым салынған жағдайда, осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегінде тоқтатылады (ҚІЖК 161- бабының 13-бөлігі). Банктер мен несие мекемелерінің басшылары ондағы ақша қаражаты мен өзге де құндылықтар туралы мәліметтерді соттың, прокурордың, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеушінің немесе анықтаушының сұратуы бойынша беруге міндетті болып табылады. Мүлікке тыйым салудың қажеттілігі жойылған болса, қылмыстық істі жүргізуші орган бұл шараны тоқтату туралы қаулы шығаруы тиіс. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеуге үшыраған тұлғаның құқықтық жағдайы. Іс жүргізішілік мәжбүрлеу кұралдарын қолданудың жалпы шарттары, жүйесі және механизмі. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, олардың қолдану максаттары. Қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне қатысты қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеуді қолданудын ерекшеліктері. Қылмыс жасаған тұлғаны сезікті ретінде ұстаудың негізі, жағдайы мен мерзімдері. Қылмыс жасаған тұлғаны ухтау кезіндегі азаматтардың құқықтары. Қылмыс жасалуына сезікті тұлғаны ұстау тәртіптері. ¥сталган адамды жеке тінту. ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ 14-тақырып. Қылмыстық істі қозғау сатысы. Дәріс мақсаты: Қылмыстық істі қозғау сатысын талдау. Қысқаша мазмұны: 1. Қылмыстық істі козғау сатысының мазмұны. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі, міндетгері мен маңызы. Қылмыстық істі қозғаудың себептері мен негіздері. 2. Қылмыс туралы хабарлар мен арыздарды қарау нәтижесінде қыбылданатын шешімдер. 3. Қылмыстық іс қозғау субъектілері. Қылмыстық істі қозғаудың заңдылығына прокурорлық қадағалау. 4. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру: әдістері мен шегі. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қараудың мерзімдері. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау кезінде шығарылатын шешімдер. Қылмыстық істі қозғау тәртібі. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. Жеке айыптау және жеке жариялы айьштау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырғызбайтын мән жайлар. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. 5. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тергелу реті мен сотгылығы бойынша жіберу. Қылмыстық іс козғалғаннан кейінгі қылмыстық ізге түсу органдарының іс әрекеттері.Қылмыстық істі козғаудың заңдылығына прокурордың кадағалауы. 1. Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық іс қозғаудың мәнін айқындайтын арнаулы нормалар болмағанымен, осы сатыны жүзеге асыру рәсіміне «Қылмыстық іс қозғау» деп аталатын дербес 23-тарау арналған, ал ол «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу» деп аталатын 6-бөлімнің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайдың мынадай тұрғыдан ерекше маңызы бар: - қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан былай - ҚІЖК), басқаша айтқанда, аспаптық немесе операциялық1 бөлімі деп аталатын Ерекше бөлімі сотқа дейінгі іс жүргізуді реттеуден басталады, яғни заң шығарушылар қылмыстық іс қозғау сатысының маңызын ресми қылмыстық іс жүргізу қызметі басталатын акт ретінде анықтаған; - қылмыстық іс қозғауды сотқа дейінгі іс жүргізуге жатқызу осы құқық қатынастары субъектілерінщ сапалық құрамына бағдарланады, ал мұндай құқық қатынастары талданатын сатыдағы қылмыстық процеске тартылатын тиісті тұлғалар мәртебесінің жиынтығынан туындайтын құқық қатынастарының сипатын айқындауға мүмкіндік береді; -қылмыстық іс қозғау рәсімінің өзін реттейтін жарлықтарды талдау арқылы ғана, сондай-ақ белгілі дәрежеде осы сатыға қатысы бар басқа да нормалардың мәні арқылы қылмыстық іс қозғау сатысының мәні мен мазмұнын, оның құқықтық табиғатын түсінуге болады. Қылмыстық іс қозғаудың зандық анықтамасының болмауы құқық нормаларын түсінуге, оларға түсінік беруге және оларды қолдануға қойылатын біркелкі талаптарды сақтауды қиындатады. Оның үстіне, ҚІЖК-нің осы бөлігінде көзделген рәсімдерді дәлме-дәл сақтаған жағдайда соңғы талапты толық орындауға болады. ҚІЖК-нің 7-бабының 27-тармағына сәйкес «іс бойынша іс жүргізу» — қылмыстық іс қозғау, сотқа дейінгі дайындық, сотта істі қарау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері 1 Нақтырақ мына кітаптан қараңыз: Толеубекова Б.Х. Уголовно- процессуальное право Республики Казахстан. Часть Общая: Учебник. - Алматы, 1998, 9-13-беттер. мен шешімдершің жиынтығы болып табылады. Одан әрі, осы баптың 28- тармағында «қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу - бұл қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдағанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу деп айтылған. Келтірілген қағидалар бұрынырақ айтылған мьшадай ойларды растай түседі: - қылмыстық іс қозғау жөне сотқа дейінгі дайындық әрекеттері өзара алғанда тұтас әрі оның бір бөлігі ретінде түсініледі; - қылмыстық іс қозғау секілді бастапқы іс-әрекетсіз сотқа дейінгі дайындықтың болуы мүмкін емес; - қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының жоқтығын көрсетеді. Сонымен, қылмыстық іс қозғау дегеніміз - бұл қылмыстық процестің ең бірінші жөне міндетті сатысы болып есептеледі, онда қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасаған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде хабар алған соң қылмыстық іс қозғау жөнінде шешім қабылдауға қажетті алғышарттың бар-жоғын анықтайды. Қылмыстық іс қозғау фактісінің қылмыстық ізге түсумен бірдей еместігін есте сақтау қажет. Қылмыстық ізге түсудің адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту кезінен басталатыны, яғни іс жүргізу шешімдерінің уақыты мен көп сатылылығы жөнінен қылмыстық іс қозғаудан артта қалатыны белгілі. Қылмыстық ізге түсу әрекетінің қылмыстық іс қозғаумен байланысты болатыны соншама, қылмыстық іс қозғамайынша, қылмыстық ізге түсудің болуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық ізге түсуден басты айырмашылығы — қылмыстық ізге түсу қашан да қылмыс жасауға қатыстылығы уәкілетті органдардың сотқа дейінгі жұмысы барысында дәлелденген нақты адамға қарсы бағытталған жөне бұл адам соrрus delicti шегінде, яғни материалдық-құқықтық мағынада құқық субъектінің барлық белгілерін иеленеді, олай болмаған жағдайда қылмыстық тәртіппен ешкімнің ізіне түсуге болмас еді. Қылмыс жасады деп сезіктенген адам туралы ешқандай мәлімет болмаған жағдайларда шешім қабылданатын кездердегі қылмыстық іс қозғау сатысы - бұл басқа мәселе. Оған қоса, уәкілетті адамдардың қылмыстық іс қозғағаннан кейін жасайтын әрекеттерінің нәтижелері істелген әрекетте қылмыстық сипаттағы белгілердің немесе осындай жағдайда айтылып жүрген қылмыс құрамының жоқтығы туралы қорытынды жасауға негіз болуы мүмкін. Қылмыстық әрекет жасаған адам туралы мәліметтер болмайтын, бірақ мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты болуы мүмкіндігін көрсететін белгілер кездесетін жағдайларда қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде «факті бойынша қылмыстық іс қозғау» деп аталады (бұл шартты атау, ресми терминологияға жатпайды — автордың ескертпесі). Егер қылмыс жасаған деп сезіктенетін адам қылмыстық іс қозғау сатысыңда анықталатын болса, онда бұл адамға қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылданады. Қылмыстық іс қозғауға уәкілеттігі бар лауазым иелері осындай шешім қабылданған кезден бастап ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық ізіне түсудің негіздерін анықтау секілді мақсаттарға жету үшін көзделген кез келген іс жүргізу әрекеттерін қолдануға құқылы. Бұрын қылмыстық іс қозғаудың анықтамасын жасауда біз қылмыстық процестің бұл бөлігін дербес саты деп атағанбыз. Бұл дегеніміз, осы кезеңде пайда болған құқық қатынастары оларды өзге іс жүргізу сатылары мен кезеңдерінен оқшаулайтын өзіндік белгілерге ие болатынын білдіреді, өйткені олар, біріншіден, осы сатының мақсаттарын жүзеге асыратын іс жүргізу құралдарының мақсаттары мен міндеттері жөнінен, екіншіден, олардың сипаты мен құрылымы жөнінен ерекше белгілерге ие болады. Сонымен, қылмыстық іс қозғау сатысының маңыздылығы мынада: -уәкілетті орган (лауазым иесі) қылмыстық іс жүргізу мүддесін туғызатын қылмыстық әрекетті оған қылмыстық жаза белгілеу қажеттігін көрсететін белгілер тұрғысынан бағалайды; - қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау қылмысты тез ашу, қылмыстың жасалу жағдайларын толық әрі әділ тергеу, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын туғызуға бағытталған. - ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау туралы ресімделген шешім сотқа дейінгі қызметгің барысыңца туатын барлық өзге құқық қатынастарын жүзеге асыру үшін бастапқы іс жүргізу құқықтық қадам болып табылады; - уәкілетті органның қылмыстық іс қозғау жөніндегі дұрыс ресімделген іс жүргізу шешімі сотқа дейінгі қызметті бастау заңдылығының өзіндік кепілдігі болып саналады. Қылмыстық іс қозғау сатыларының мақсаттары мыналар: - қылмысты тергеу ісін дер кезінде бастауды қамтамасыз ету; - осы қылмысты тергеуге тиісті органды анықтау; - екінші мақсатпен өзара байланысты - осы сатыда сотқа дейінгі қызметке қатысатын уәкілетті органдар мен лауазым иелерін, сондай-ақ олардың уәкілеттігі ауқымын анықтау. Заң қылмысты болдырмауға немесе оның жолын кесуге, сондай-ак қылмыстың іздерін сақтауға бағытталған шараларды қолдану үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың міндетті түрде жауап қайтаруын көздейді. Қылмыстық іс қозғау сатысының міндеттері ҚІЖК-нің 8-бабында көзделгеніндей, жасалған қылмысқа дер кезінде назар аударуға, оны тез әрі толық ашуға, кінәлі адамды анықтауға, одан кейін сотта істі әділ қарауға бағытталған қылмыстық процестің жалпы міндеттерінен келіл шығады. Бұл сатының міндеттерін дұрыс шешу бұдан былайғы алдын ала тергеуді ойдағыдай жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі дер кезінде қозғамау дөлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға әкеп соқтырады, осының нәтижесінде қылмыстық іс бойынша - қылмыстық процестің негізгі мақсаты бойышпа ақиқатты анықтау мүмкін болмай қалады. Сонымен қатар, А.П. Рыжаковтың анықтағанындай, қарастырылатын сатының екі бірдей міндеті бар. Біріншіден, әрбір жасалған қылмыс фактісіне жауап беру керек, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының белгілері бар кез келген арызды (хабарламаны) дереу тіркеуге алу қажет. Екіншіден, қылмыстық процестің кейінгі кезендерін шектеу, атап айтқанда, алдын ала тергеу сатыларын: а) іс жүзінде болмаған; ә) ешқандай қылмысқа жатпайтын, яғни қылмыс құрамының объективтік жақтарының ең болмағанда міндетті бір белгісі жоқ, оның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік және басқа теріс қылықтар)2 бірде-бір белгісі жоқ фактілерді қарастырудан сақтандыру керек. Бұл анықтаманы даусыз деуге болмайды. Қылмыстық іс қозғау үшін жеткілікті мағлұматтарды анықтауда қылмысқа кінәлі адам туралы мәліметтердің болуын немесе оны әшкерелеудің нақты мүмкіндіктерін көздейтін немесе осы іс бойынша айыптау үкімі шығады деуге негіз болатын сот болашағы деп аталатын жағдайды басшылыққа алуға болмайды. Мұндай қағида заңға негізделмеген. Ол іс қозғаудан заңсыз бас тартуға, қылмыс туралы бастапқы материалдарды тексеру шегін кеңейтуге екеп соқтыруы мүмкін.3 Бұл позиция Д.Терентьевтің пікірімен сөйкес келеді, ол қылмыстық іс қозғау сатысының маңызы мен міндеттерін бағалай келе, былай деп жазған: «Жасалған қылмысқа көз жетушілік дәрежесіне келетін болсақ, онда қылмыстық іс қозғауда әдебиеттерде көрсетілетініндей, жасалған немесе дайындальш жатқан қылмыс туралы нанымды қорытындыныққа алу міндетті емес»4. Бұл мәселенің мәнін барынша терең түсшдірген М.С. Строгович былай деп жазады: «Қылмыстық іс қозғау үшін жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс жөнінде дөлелді жорамалдың болуы жеткілікті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қылмыс жасалды деген белгілі бір ықтималдық дәрежесінен басталады»5. Жоғарыда баяндалған қағидалар қылмыстық іс қозғаудың осы сатысының қатысушылары болып табылатын адамдардың арасында іс жүргізу сатысында заңмен белгіленген міндеттерді қылмыстық сот ісін жургізудің пайда болуы мен дамуына ұштасатын белгілі бір іс жүргізу әрекеттерін жасау арқылы шешуге болады деп анықтауға негіз болады6. 2. Қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық істі қозғауға өкілетті органдар мен адамдардың заңды дәл орындаудағы қызметіне қадағалауды прокурор жүзеге асырады. Атап айтқанда, прокурор бұл адамдар мен органдары қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының талаптарын қатаң сақталуын қадағалауға міндетті. Ол қандай да болмасын желеумен арызды қабылдамау, өз уақытында тіркеуге алмау, сондай-ақ қылмыстық істі негізсіз қозғау немесе қысқартып тастау, негізсіз алдын ала тексеру жүргізу немесе іс барысында заңға қайшы келетін тәсілдерді қолдану, өткізу фактілерін ашып отыруға міндетті. Прокурор адын ала тергеу органдарындағы жасалған, жасалып жатқан немесе әзірлену үстіндегі қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың қабылдануын тіркелуін және шешімінің табылуын ең болмағанда айына бір рет тексеріп отыруға міндетті (ҚР ҚІЖК 197-бап Қылмыстық іс бойынша өндірісті жоққа шығаратын мән-жайлар Анықтау, тергеу органдары, прокурор және сот қылмыстык ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлар анықталған кезден бастап қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғаудан бас тартуы, ал қозғалған істі тоқтатуы тиіс. Қылмыстық істі қозғауға болмайтын ал қозғалған істің тоқтатылуы тиіс жағдайлар: 1) қылмыс оқиғасының болмауы. Қылмыс оқиғасының болмауы деп қылмыс ретінде қарастырылып отырған жинақталған немесе ұсынылған материалдарда қоғамға қауіпті ісәрекетгің (әрекетсіздіктің) болмауы түсініледі; 2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы. Бұл жағдай мынадай кезде орын алады. Айталық белгілі окиға (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) шынында да орын алған бірақ қандайда болмасын қылмыс құрамын жасайтын белгі жоқ. Мысалы, адамның іс-әрекетіндегі әкімшілік немесе жағымсыз әрекет көрініп- ақ тұр. Немесе ол формальді түрде қылмыс құрамының белгілеріне ие, алайда маңыздылығының төменділігіне сәйкес қоғамға қауіптілігін білдірмейді, сондықтан қылмыс деп танылмайды және де басқа да бірқатар негіздемелері бар; 3) егер ол жасаған әрекеті үшін жаза қолдануды жойса, ол рақымшылық ету актісінің салдары. Қазакстан Республикасы Парламенті жариялаған рақымшылық актісі қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға немесе тоқтатуға негіз болып табылады, егер онда Қылмыстық кодексінің күдікті не айыпты қылмыстық іске тартылған баптар көрсетілген болса; 4) мерзімінің ескеруіне байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69-бабында көзделгендей қылмыстық іс қозғауға жатпайтын ал қозғалғандары қысқартуға кететін жағдайларда мерзімінің ескіруіне байланысты тәртіп бойынша айыпты адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады; 5) жәбірленушінің шағымының болмауы. Жәбірленуші қылмыстық іс бойынша ауыр емес шығынға ұшырап, қылмысты адам туралы шағым бермесе, яғни жәбірленушінің жеке іс бойынша шағымы болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл орайда атап өтуіміз керек, прокурор шағымы болмаса да өз мүддесін, құқығын қорғауға дәрменсіз немесе өз кұқығын қорғау жөнінде өзге де қабілетсіз адамға тәуелді адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғауға құқылы (КР ҚІЖК 32-бап 2-бөлігі); 6) жеке айыптаушының — Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының 1- бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстыр туралы істен бас тартуы. Жеке іс бойынша сот арыз қабылдаған сәттен бастап бұл арызды берген адам Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 390-бабының 5-бөлігіне сәйкес жеке айыптаушы болып табылады. Қылмыстык іс жеке айыптаушының сотталушыны кінәлаудан бас тарту жағдайы сот шешімі бойынша тоқтатылады; 7) өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсу мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Қазакстан Республикасы Конституциясының 3- бабына сәйкес ешкім де қайталап қылмыстық жазаға тартыла алмайды. Бұл жағдайда сот үкімінің біреуі белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталуы қажет. 8) Белгілі бір айыптау қорытындысы бойынша қылмыстық ізге түсу органының қылмысты ізге түсуден бас тартуы туралы күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Негізі, бір қылмыстық істің өндірісі бойынша қайтадан қылмыстық істі қозғаудың қажет еместігіне байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту тәрізді, бір және сол іске байланысты бұдан бұрын сот ісі болғандықтан қайтадан іс козғаудың қажеттігі жоқ екендігінде. 9) Қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес есі кіресілі- шығасылы жағдайда қылмыс жасаған адам жауаптылыққа тартылмайды. Адамның есі кіресілі-шығасылы екендігі анықталған кезден бастап тергеуші қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға немесе қозғалған істі тоқтатуға құқылы. Сонымен қатар есі кіресілі-шығасылы деңгейі өзінің не басқа адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті болған не өзінің не басқа адамның мүлкіне зиян келтіретіндей болса, оған алдын ала тергеу барысында оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Есі кіресілі-шығасылыққа қатысты алдын ала тергеу өндірісі оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында емес (қарастылып отырған 37-баптың 9- тармағының күшімен қылмыстық және басқа жауаптылық алынып тасталады), оған сот шешімі негізінде психикалық науқастығынан мәжбүрлеп емдеуді қолдануды көздейді. Сот өз шешімінде адамды есі кіресілі-шығасылы деп тани отырып, оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатады. 10) әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға катысты. Жалпы тәртіп бойынша адам 16 жасқа толғаннан бастап жазаға тартылады. Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2- белігінде көзделгендей кейбір жеке қылмыстары үшін жасы толмаған адам үшін 14 жастан бастап жауаптылык басталады. Адамның 14 жасқа толған күні ол туылған күннен кейінгі тәуліктен бастап есептеледі; 11) іс бойынша іс жүргізу қайтыс болған адамды ақтау немесе істі басқа адамдарға қатысты тергеу үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда қайтыс болған адамға қатысты. Күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының кайтыс болуы, қылмыс құрамының элементтерінің бірі ретіндегі субъектінің жоқ болу белгілері бойынша қозғалған істің тоқтатылуына негіз болып табылады. Заңда қайтыс болған адамға қатысты істер үнемі тоқтатыла бермейтіндігі көрсетілген. Ерекше жағдайларда қайтыс болған адамды ақтау қажеттігіне байланысты іс жалғаса береді. Немесе басқа адамға қатысты жаңадан пайда болған мән-жайларға байланысты істі қайтадан қозғайды (ҚР КІЖК 471-бап). Бұл реттегі әңгіме қылмыстық істің заңсыз қозғалып, негізсіз үкім шығарылғандығы туралы және оны ақтау жөніндегі мәселе жайлы болып отыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіздер бойынша қылмыс оқиғасының болмауы дәлелденген немесе қылмыс құрамының болмауы тәрізді оның болмауы дәлелденбеген, қосымша айғақтар жинаудың барлық мүмкіндігі таусылған жағдайда қылмыстық істің тоқтатылатындығын атап көрсету қажет. Сол тәрізді күдікті адам жәбірленушіге өзі қорғауын мақсатымен залал келтірген жағдайда (ҚР ҚК 32-бап), қылмыскерді тұтқындау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 33-бап немесе еш мүмкіндігі жоқ өте қажеттілік туындаған кездерде (ҚР ҚК 34-бап) оның іс әрекетінде қылмыс құрамының болмауына сәйкес қылмыстық іс қысқартылуға жатады. Күдікті адамның қылмыстық әрекетін және қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын бұндай жағдайлар қылмыстық заң бойынша заңды деп танылады. Кінәлі деп танылған адам өзін кінәлі деп есептемеген жағдайда оның ақталуы негізінде істі тоқтатуға қарсылық білдіруге құқығы бар. Бұндай жағдайда іс бойынша өндіріс жалғастырылады. Сотталушыны белгілі бір дәлелдемелерге сәйкес айыптау үкімінің қаулысымен жазадан босатылуымен немесе күдікті не айыпталушыға тағылатын дәлелді айғақтардың болмауынан ақтау үкімінің шығарылуымен аяқталады. Қылмыстық істі козғаудан бас тарту ісін жүргізу тәртібі. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың мәні — анықтау не тергеу органы не тергеушінің қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды тауып, өндірістегі сотқа дейінгі кез келген сатысында қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі тоқтату жөнінде қаулы шығаруы болып табылады (ҚІЖК 187-бап). Сол тәрізді прокурордың басты сот тергеуі кезінде іс қаралмай тұрып, істі соттан қайтарып алуға және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіздер бойынша оны тоқтатуға құқығы бар. Сонымен қатар мемлекеттік айыптаушы сот тергеуіндегі қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайда талқылау барысында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы негізінде айыптаудан бас тарту жөнінде хабарлауға міндетті. Алайда, егер айыптаушы сот талқылауын одан әрі жалғастыруды талап етіп, өз айыптауын қолдап, оны жалғастыратын болса, мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуы істің соттағы талқылауын тоқтатуға негіз бола алмайды (ҚР КІЖК 393-бап). Сот, сот талқылауы үстінде қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайларды анықтаса онда қылмыстық істі тоқтатуы жөнінде қаулы шығаруы қажет. Қылмыстық істі козғау сатысындағы заңдылықтың сақталуын прокурордың қадағалауы. Қылмыстық істі қозғау сатысында қылмыстық істі қозғауға өкілетті органдар мен адамдардың заңды дәл орындаудағы қызметіне қадағалауды прокурор жүзеге асырады. Атап айтқанда, прокурор бұл адамдар мен органдары қылмыстық іс жүргізу кодексінің 190-бабының талаптарын қатаң сақталуын қадағалауға міндетті. Ол қандай да болмасын желеумен арызды қабылдамау, өз уақытында тіркеуге алмау, сондай-ақ қылмыстық істі негізсіз қозғау немесе қысқартып тастау, негізсіз алдын ала тексеру жүргізу немесе іс барысында заңға қайшы келетін тәсілдерді қолдану, өткізу фактілерін ашып отыруға міндетті. Прокурор адын ала тергеу органдарындағы жасалған, жасалып жатқан немесе әзірлену үстіндегі қылмыстар туралы арыздар мен хабарлардың қабылдануын тіркелуін және шешімінің табылуын ең болмағанда айына бір рет тексеріп отыруға міндетті (ҚР ҚІЖК 197-бап). Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды алдын ала тексеру: әдістері мен шегі. 2. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қараудың мерзімдері. 3. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау кезінде шығарылатын шешімдер. 4. Қылмыстық істі қозғау тәртібі. 5. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. 6. Жеке айыптау және жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық істі қозғау ерекшеліктері. 7. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартудың негіздері. 8. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырғызбайтын мән жайлар. 9. Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы: нысаны мен мазмұны. 15-тақырып. Алдын-ала тергеу жүргізудін жалпы шарттары. Дәріс мақсаты: Алдын-ала тергеу жүргізудін жалпы шарттарын ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы. Алдын ала тергеудің түрлері (нысандары). Анықтау мен алдын ала тергеу, олардың қарым қатынастары.Алдын ала тергеудің түсінігі, мазмұны мен міндеттері.Алдын- ала тергеу міндеттілігі. Тергелу ретінің түсінігі мен түрлері. Алдын-ала тергеу жүргізудің басталуы, аякталуы мен орны. Алдын-ала тергеу мерзімі, оны ұзарту тәртібі. Прокурордың алдын-ала тергеу барысындағы өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұскауларының міндеттілігі. 2. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Алдын ала тергеу кезінде шығарылатын қаулылар. 3. Алдын-ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының іс-әрекеті. Тергеу әрекеттерін жүргізудін жалпы ережелері. Алдын-ала тергеу барысында шығарылатын каулылар. Тергеу әрекеттерінің хаттамалары: мазмұны және оларды рәсімдеудің тәртіптері. Қылмыстардың және басқада заң бұзушылықтардың жасалуына әсер ететін мән-жайларды жою жөнінде ұсыныс жасау. 4. Қылмыстық іс жүргізудегі анықтаудың түсінігі, міндеттері мен түрлері.Тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимыл жасаудың түсінігі, оның қылмыстық іс жүргізу нысандары. Алдын ала тергеу міндетті істер бойынша анықтау органдарының қызметтері. Кідірілмейтін тергеу іс әрекеттерінің түсінігі, оларды анықтау органдары жүргізетін мерзімдері. Қылмыс жасаган тұлғаны анықтау бойынша жедел шараларын жүргізу барысындағы аныктау органдарыиың міндеттері. Алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізудің тәртібі, жағдайы мен мерзімдері. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар. 5. Айыптау хаттамасына қойылатын талаптар. Айыптау хаттамасын жасау және оны істі сотқа жіберу үшін прокурорға бағыттау. Істер бойынша анықтау органының бастығы мен прокурордың қабылдайтын шешімдері. Жеделтілген аныктау істері бойынша алдын ала тергеуді жүргізу. Аныңтаудың заңдылығы бойынша прокурордың өкілеттіктері. Анықтау мен алдын ала тергеудің мәліметтерін жария етпеу. 1. Алдын ала тергеу - қылмыстық іс қозғалғаннан кейінгі қылмыстық іс жүргізу сатыларының бірі. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокуорор қылмыстық іс жүргізу заңдары талаптарына сәйкес қылмысты ашу, күдікті адамды ұстау қызметін, айыптау мақсатындағы дәлелдемелер, айғақтар жинау жөніндегі бірқатар тергеу және басқа іс әрекеттерді жүргізеді. Одан кейін соттың әділ жазалау шараларын шығаруын жүзеге асырады (ҚР ҚІЖК 191- бап). Алдын ала тергеу сатысында жинақталған материалдар негізінен сот мәжілісінде зерттеледі. Оны сот бағалап, сотталушының кінәлі немесе кінәсіздігі туралы шешім қабылдайды. Алдын ала тергеуге дейін қылмыс белгілерін анықтау және қылмыстық істі қозғау процестері жүргізіледі. Қылмыстардың көпшілігі бойынша алдын ала тергеу жүргізіледі, сондықтан бұл қылмыстық істі сотқа дейін тергеудің негізгі формасы болып табылады. Жеке айыптау тәртібімен ізге түсу бойынша қылмысты тергеу ерекше жағдай болып табылады (ҚР ҚІЖК 390-бап). Алдын ала тергеу және анықтау органдарындағы қылмыстық іс жүргізу қызметінің іс жүргізу құжаттарын құрайтын мерзімі мен саны бойынша ең үлкен белімі болып табылады. Алдын ала тергеу барысында іс бойынша дәлелдеме айғақтардың ең көп бөлігі жинақталады және ашылады. Алдын ала тергеу тергеушілер, анықтау органдары, анықтаушылар арқылы жүргізіледі. Ал бұл қылмыстың қылмыстық іс жүргізу заңдарын дұрыс қолданудың адам мен азаматтардың кұқығы мен бостандығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады. Алдын ала тергеу формалары. Алдын ала тергеу екі формада жүргізіледі: алдын ала тергеу және анықтау. Алдын ала тергеу — бұл ең алдымен қылмыстық іс жүргізу институты, яғни тергеуші арқылы жүзеге асырылатын қылмыстық сот өндірісі туралы заңдылық нормаларының жиынтығы. Алдын ала тергеу — бұл сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары және қаржы полициясы органдары тергеушілері жүргізетін қылмысты тергеу. Оны тергеу бөлімінің бастығы да жүргізуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 63-бап). Алдын ала тергеу өндірісі барлық қылмыстар бойынша міндетті, тек қана ерекше жағдайларда ауыр емес қылмыстық істер бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылғанда ғана болуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 33 , 285-баптар). Қылмыс жасалған жер (ҚР ҚІЖК 193-бап). Қоғамға қауіпті зардаптың басталған жерінен тәуелсіз оның аяқталған жері қылмыс жасалған жер болып есептеледі. Қылмыс жасалған жерді дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда алдын ала тергеу (бұл жерді толық ашу сәтіне дейін) қылмыс болған жерде немесе зардаптың жасалуы басталған жерде жүргізіледі. Тергеуші қызметінің жері деп әдегге оған аддын ала тергеу жүргізу тапсырылған аймақ (аудан, қала, т.б.) айтылады. Алдын ала тергеу ондірісінің басталуы. Алдын ала тергеу тек қана қылмыстық іс козғалғаннан кейін басталады. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық іс қозғалғанға дейін тергеу іс әрекеттерін жүргізуге (окңға болған орывды тексеруден басқа) тыйым салынады. Алдын ала тергеу мерзімі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 196-бабына сәйкес адцын ала тергеу мерзімі тек қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен есептеледі. Тергеуші мен анықтаушы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64, 67-баптарында анықталған өз өкілеттігі шеңберінде қылмыстық істі қозғайды және оны қылмыс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімінен кешіктірмей аяқтауы тиіс. Бұл мерзім ішіне қылмыстық істі қозғау сәтінен бастап, істі айыптау қорытындысымен прокурорға жолдағанға немесе медициналық сипаттағы шара қолдану туралы болмаса істі тоқтату не тоқтата тұру туралы сотта қарауға жіберу жөніндегі қаулыға енеді. Алдын ала тергеу мерзімі аудандық, қалалық және оған теңестірілген прокурор арқылы 3 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Тоқтатылған және уакытша тоқтатылған істерді қосымша тергеу, оны қадағалауды жүзеге асыратын прокурор арқылы анықталады және оған іс тергеушіге түсіп оның істі өз өндірісіне қабылдаған сәтінен бастап бір айдан аспайтын мерзім беріледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу уақыты, сондай-ақ тергеу тоқтатылған уақыт тергеу мерзімін есептеуде есепке алынбайды. Тергеу айрықша күрделі істер бойынша облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алдын ала тергеуді алты айға дейін созуы мүмкін. Тергеу мерзімін одан әрі созу істің күрделілігін есепке ала отырып, ерекше жағдайларда ғана тергеу мерзімі аяқталуға дейін он күннен кешіктірмей тергеушінің толық дәлел келтірген қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, оның орынбасарлары және бас әскери прокурор арқылы шешімін табады. Алдын ала тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс оларға прокурор немесе сәйкесті тергеу бастығы, анықтау органының жетекшісі арқылы берілуі мүмкін. Тергеуші немес анықтаушы өзі қозғаған немесе оған берілген іс бойынша оны өз өндірісіне қабылдай отырып, дереу тергеу жұмысын бастауға міндетті. Тергеушінің, анықтаушының істі өз өндірісіне қабылдауы қаулы шығару жолымен жүзеге асырылады. Тергеушінің, анықтаушының қылмыстық іс бойынша істі өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығармай тергеу әрекетін бастап кетуі қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу болып табылады. Қауырт тергеу әрекеттері. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері бар іс әрекет бойынша анықтау органы қылмыстық іс қозғап қауырт тергеу әрекетін жүргізуге құқылы. Қауырт тергеу әрекетіне мыналар жатқызылады: тексеру, бөлектеу, тінту, куәландыру, күдіктіні ұстау және жауап алу, қылмыс іздерін табу және тіркеу, бекіту мақсатында жәбірленуші мен куәлардан жауап алу, сол сияқты дереу бекітуді талап ететін дәлелдемелер, алып қою және зерттеу (ҚР ҚІЖК 200-бап, 1-белік). Кейінге қалдыруға болмайтын қауырт тергеу іс әрекеттерін орындағаннан кейін іс қозғалған күннен бастап, бес тәуліктен кешіктірмей анықтау органы немес анықтау органының өкілеттігі бар лауазымды адам істі тергеушіге беруге, бұл жөнінде 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауға міндетті. Тергеуші өз қалауы бойынша не анықтау органының бастамашылдығы бойынша өз өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізуді және жедел іздестіру шараларын анықтау органына тапсыруы мүмкін. 2. Қылмыстық iс бойынша алдын ала тергеу ол күрделi немесе оның көлемi үлкен болған жағдайда тергеушiлер тобына (тергеу тобына) тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы қылмыстық iс қозғау туралы қаулыда көрсетiледi немесе жеке қаулы шығарылады. Бұл туралы шешiмдi тергеу бөлiмiнiң бастығы қабылдауға құқылы. Қаулыда тергеу жүргiзу тапсырылған барлық тергеушiлер, оның iшiнде топ жетекшiсi - тергеушi көрсетiлуге тиiс. Сезiктi, айыпталушы, жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер мен олардың өкiлдерi iстi тергеушiлер тобының тергейтiнi туралы қаулымен таныстырылуға тиiс және оларға тергеу тобының жетекшiсiнен, сондай-ақ топ құрамындағы кез келген тергеушiден бас тарту құқығы түсiндiрiледi. Тергеу тобына алдын ала тергеу жүргiзетiн бiрнеше органның тергеушiлерi енгiзiлуi мүмкiн. Мұндай топты құру туралы шешiм прокурордың нұсқауы бойынша да, осы органдардың тергеу бөлiмдерi бастықтарының бастамашылығы бойынша да қабылдануы мүмкiн. Шешiм тергеу бөлiмдерi бастықтарының бiрлескен қаулысымен ресiмделедi, ол осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып шығарылады. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ерекше жағдайларда тергеудiң толық және объективтi еместiгi фактiлерi анықталған, iс күрделi және маңызды болған кезде алдын ала тергеудi жүзеге асыратын бiр немесе бiрнеше органның тергеушiлерi арасынан тергеу тобын құра алады, бұл ретте прокурорды осы топтың жетекшiсi етiп тағайындап, бұл шешiмдi өз қаулысымен ресiмдейдi. Тергеу тобының жетекшiсi қылмыстық iстi өзiнiң iс жүргiзуiне қабылдайды, тергеу тобының жұмысын ұйымдастырады, басқа тергеушiлердiң iс-әрекеттерiне басшылық жасайды. Iстердi бiрiктiру және бөлу, қылмыстық iстi толығымен немесе оның бiр бөлiгiн тоқтату, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе қайта жаңғырту туралы, сондай-ақ тергеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштердi қозғау, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды, үйде қамап ұстауды қолдану және оларды ұзарту туралы шешiмдердi тергеу тобының жетекшiсi ғана қабылдайды. Айыптау қорытындысын және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселенi қарау үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулыны тергеу тобының жетекшiсi жасайды және оған қол қояды. Тергеу тобының жетекшiсi басқа тергеушiлер жүргiзетiн тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға, тергеу iс- әрекеттерiн жеке өзi жүргiзуге құқылы. Тергеу тобының жетекшiсi болып тағайындалған прокурор тергеушiнiң осы Кодексте көзделген барлық өкiлеттiктерiн пайдаланады. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша қызметi Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс- әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi, алуды, куәландыруды, сезiктiлердi ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды. Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi. Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс- әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi. 3. Қылмыстық процестің сатысына дейінгі алдын ала тергеудің мәні бұл уақыт кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге жұмсалатындығында. Алдын ала тергеудің жалпы талабына жататындар: заңдылық, жан-жақтылық, толықтылық, өндірістегі бірқатар жалпы талаптарды сақтауға байланысты болатын алдын ала тергеудің объективтілігі. Олар өзін заңмен белгіленген және кылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрінің өзіне тән ерекшеліктерін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу принциптеріне байланысты ережелер оған қойылатын өте маңызды талаптар ретінде көрсетеді. Қылмыстың мән-жайын ең қысқа мерзімде және күш пен құралды өте аз жұмсау арқылы белгілеу алдын ала тергеу шарттарының бірі. Сонымен бірге шарттар жеке адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік жасайды, мүмкін болатын қателердің алдын алады, болдырмайды. Қылмыстық іс жүргізу кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарына мыналдарды жатқызады: — тергелу реті (ҚР КІЖК 192-бап); — алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚР ҚІЖК 193-бап); — қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚІЖК 48-бап); — қылмыстық істі ажырату (ҚР ҚІЖК 49-бап); — алдын ала тергеу өндірісінң басталуы (ҚР КДЖК 194-бап); — алдын ала тергеудің аяқталуы (ҚР КДЖК 195-бап); — өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (276-бап); — алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу (ҚР ҚІЖК 205-бап). Алдын ала тергеудің міндеттері — бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және бөлектеу. Әрбір іс бойынша алдын ала тергеу жан- жақтылық, толықтық, объективтілік және істің мән-жайын зерттеудің шапшандығы сияқ-ты талаптарға жауап беруі қажет. Алдын ала тергеудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықты қатаң сақтау қажет. Ең алдымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу әрекеттерін жекелеп және олардың барлығын біріктіріп жүргізу тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау. Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның айыбын айғақтайтын да ақтайтын да немесе айыпты жауапкершілігін жеңілдететін де мән-жайлардың ашылуы және зерттелуі мүмкін. Тергеу органдарына қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен мән-жайларды ашу, одан әрі оны болдырмаудың алдын алу шараларын қабылдау міндеті жүктелген. Сонымен бірге алдын ала тергеу қылмыс кезінде келтірілген материалдық шығынды өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі дер кезінде шаралар қабылдауға бағытталған. Тергеуде болу - заң алдын ала тергеуді немесе анықтауды қандайда болмасын органның өкілеттігіне жатқызуына байланысты болатын қылмыстық істер белгілерінің жиынтығы. Әдебиеттерде тергеуде болуды төмендегіше бөлу қабылданған: заттық (тектік), аймақтық, дербес баламалылық (аралас) және қылмыстық істердің байланысы бойынша. Осы белгілерге байланысты тергеуде болу ведомстволардың тергеушілер мен анықтау органдарына бөлініп беріледі. Заттық тектік белгі. Қылмыстық істің тергелуде болуы қылмыстың тегіне байланыстылығын оның сипаты мен ауырлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесті түрде әрбір алдын ала тергеу органына оның өкілеттілігіне жатқызылатын қылмыстар тізімі қатаң белгіленген. Аймақтық белгі. Бұнда тергеуде болу алдын ала тергеу жүргізудің орнымен анықталады және қылмыс жасалған жерді керсетеді (ҚР ҚІЖК 192-бап). Дербестік белгі. Тергеуде болу күдікті немесе айыпталушы адамның жеке басының лауазымдық немесе қызметтік жағдайына мемлекеттегі ерекше құқықтық статус жағдайына байланысты анықталады (ҚР ҚІЖК 53-бап). Бұдан басқа да жасы толмағандардың, дене және психикалық жетіспеушілігі бар адамдардың барлық қылмыстары жөніндегі істерді ішкі істер бөлімінің тергеушілері тергейді (ҚР ҚІЖК 191-бап, 2-бөлік). Баламалы (аралас) белгісі бар тергеуде болуы осы қылмыстың кім ашуына байланысты бірқатар қылмыстарды осы қылмысты ашқан басқа тергеушілердің тергеуіне мүмкіндік береді. Істердің байланыстылығы бойынша тергеуде болу жасалған қылмысқа бір немесе бірнеше адамды айыптау бойынша бірнеше алдын ала тергеу органдарындағы тергелудегі істерді бір өндіріске біріктіру болып табылады. 4. Анықтау — бұл алдын ала тергеу өндірісі міндетті болмайтын, қылмыстық істер бойынша жүргізілетін анықтаушының тергеуі (ҚР ҚІЖК 65-бап 3-тармақ). Анықтау органдары (анықтау органдары туралы «қылмыстық істі қозғау» тарауын қараңыз) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізеді. Анықтау жүргізетін органның аты, қылмыстар тізімі, тәрітібі мен мерзімдері Қылмыстық іс жүгізу кодексінде қарастырылған. Анықтау материалдары оны сотта қарау үшін негіз болып табылады. Қазіргі заң анықтау органдарының тергеуге қатысты құқығы бар анықтау органдары мен қылмыс түрлерін толық тізімін келтіріп отырғандығын атап өту керек (ҚР ҚІЖК 285-бап). Оған жататындар: 1) ішкі істер органдары, мысалы, денсаулыққа ауырлығы орта деңгейде қасақана зиян келтіретін істер бойынша (ҚР ҚК 104-бап), ауру адамға жәрдем көрсетпеу (ҚР ҚК 118-бап) және негізінен Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодекстің 1-бөлімінде көзделген басқа да бірқатар қылмыстар бойынша; 2) қаржы полициясы органдары жемқорлық, парақорлық ұйымдасқан қылмыстар бойынша; 3) кеден органдары кедендік төлемдерден бас тарту туралы істер бойынша; 4) әскери полиция органдары әскери қылмыстар туралы істер бойынша — әскери жиын өткізу кезіндегі әскери қызметкерге бағыныштылар, сондай-ақ әскери міндеттілер жасаған барлық қылмыстар бойынша; 5) Қазақстан Республикасы әскери күштері мен жұмысшылары жасаған қызметтік міндетін атқаруға байланысты немесе бөлім, құрама, мекемелердегі міндеттерді орындауға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша (ҚР ҚК 369, 370, 373-баптар, 1-бөлігі); 6) Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдары — мемлекеттік шекарадағы заңға қарсы өзгерістер туралы істер бойынша (ҚР ҚК 331-баптың 1- бөлігі); 7) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша (ҚР ҚК 256-бап). Заңда анықтау өндірісі балама жүргізілетін істер бойынша жағдайлар көзделген. Олар мына істер бойынша: а) Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту туралы істерді шекара қызмет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді (ҚР ҚК 330-бап); б) алаяқтык туралы (ҚР ҚК 177-баптьщ 1-бөлігі), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зала келтіру туралы (ҚР ҚК 182-бап, 1-бөлік), жалған құжаттарды мөр таңбаларды мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу туралы (ҚР ҚК 325-бап, 1- бөлік) істер бойынша қозғалған қылмыстық істерді ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді. Анықтау екі түрде болуы мүмкін: 1) алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау (ҚР ҚІЖК 285-бап, 1-бөлік); 2) алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті істер бойынша анықтау (ҚР КІЖК 288-бап). Бұл мазмұны жағынан қауырт тергеу әрекеттерін орындау болып табылатын, ұзақлығы 10 тәуліктен аспайтын алғашқы сатыны айкындайды. Қылмыстық істің қылмыс жасаған деп саналған күдіктіге нақты адамға қатысты козғалуы тиіс екендігін атап өту кажет. Бұдан басқа кейбір жағдайларда анықтау органдары прокурордың жазбаша нұскауы бойынша кылмыстық іс козғайды. Тәртіп бойынша анықтау органдары қозғаған онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер прокурормен келісілуі тиіс. Заң шығарушы тергелу үстіндегі қылмыстық істердің заттық және аймақтық белгілері бойынша анықтап, анықтау органдарының іс жүргізілуіне енгізілетін қылмыстардың толыққанды тізімін жасап берген. Сонымен ішкі істер органдарының анықтаушылары басқа анықтау органдарынын, тергелуінен бөтен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың жалпы санының барлық істері бойынша анықтауды жүзеге асырады (ҚІЖК 285-бап, 2- бөлік). Заң ішкі істер органдарының тергеуіне мына қылмыстарды жатқызады: денсаулыққа касақана залал келтіру (ҚР ҚК 104-бап), заңсыз түсік (бала алдыру) (ҚР ҚК 117-бап, 1,2-бөліктері) және бірқатар басқалары, шамамен 87 қылмыс (ҚР КДЖК 285-бап, 2-бөлікті қараңыз). Қаржы полицшсының анықтаушылары, заңсыз кәсіпкерлік жасау (ҚР ҚК 190-бап, 1-бөлік), көрінеу жалған жарнама беру (ҚР ҚК 198-бап), салық төлеуден жалтару (ҚР ҚК 221, 223-баптар), және басқа қылмыстарға анықтау жүргізеді (ҚР ҚІЖК 285-бап, 3-бөлік). Кеден органдарының анықтаушылары тек қана кеден төлемақысын төлеуден жалтарған істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 214-бап). Әскери полиция органдары әскери қызметшілердің ісі бойынша анықтау жүргізеді. Мысалы, бастықтың бұйрығына мойынсұнбау, немесе орындамау (ҚР ҚК 337-бап, 1-бөлік), бастыққа қатысты зорлық әрекеттері туралы (ҚР ҚК 369- бап, 1-бөлік) және басқалары. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358-бабы 1-бөлігінің (бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу) 359,360- баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды істі қозғаған органның өзі немесе әділет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі анықтаушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстыкқ кодекстің 331-бабының 1-бөлігінде (ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту) көзделген кылмыстар туралы анықтау жүргізеді. Мемлекеттік өртке қатысты қызмет органдары денсаулыққа байланысты зиян келтіруге байланысты немесе өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде мүлікке үлкен мөлшерде залал келтіру қылмыстары туралы, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 256-бап). Қылмыстық кодекстің 209-бабының 1-бөлігінде (экономикалық контрабанда), 250-бабының 1-бөлігінде (айналыстағы заттардан немесе айналысқа тыйым салынған заттардан алынған контрабандасы) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органдары қаржы полициясы, немесе кедендік органдар жүргізеді. Анықтауға тән ерекше жеке мән-жайлардан басқа анықтау алдын ала тергеу үшін қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Дербес жағдайда қылмыстық іс бойынша анықтау қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға өткізгенге дейін 10 тәулік мерзімде аяқталуы тиіс. Егер анықтаушы бұл мерзім ішінде істі толық аяқтап үлгірмеген жағдайда анықтау органының бастығы мерзімді 30 тәулікке дейін ұзартуы мүмкін. Бұндай жағдайда анықтаушы анықтау мерзімін ұзарту туралы дәлелденген қаулы жасайды. Көшірмесін 24 сағат ішінде прокурорға жібереді. Бұдан басқа анықтау мерзімі ішінде анықтаушы іске маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттерін жүргізуі мүмкін. Қылмыс жасауға күдікті адам бұрын соттылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, жұмыс не оқу орнынан мінездеме басқа да іске қатысы бар материалдарды сұратып алдырады. Жәбірленуші мен куәлардан жауап алынғандығын анықтайды. Жәбірленушіден, куәгерден ауызша түрде жауап алыну мүмкіндігі анықтаудың сипатты ерекшелігі болып табылады. Бірақ оны нәтижесі жәбірленушінің куәнің қылмысқа қатысы бар, анықтау кезінде қажет болатын, анкеталық мәліметтері көрсетілген анықтамамен рәсімделеді. Жәбірленушіден, куәгерден жауап алу туралы анықтама іс материалдарына қоса тігіледі және ол анықтау ісін жүргізу кезінде алдын ала тергеуде немесе сот талқылауы барысында одан жауап алу үшін негіз болып табылады. Анықтау өндірісі аяқталысымен істе бар дәлелдер мен дәйектемелерді негізге ала отырып, анықтаушы айыптау хаттамасын жасайды. Хаттамада оны жасаған уақыты мен орны, хаттама жасаған анықтаушының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіледі; қылмыс жасау мән-жайлары түгел баяндалады; айыпкер туралы мәліметтер, іске қатысы бар деп есептелген басқа да мән- жайлар айыпкерді жауаптылыққа тарту жөніндегі Қылмыстык кодекстің бөлігі, бабы, тармақтары көрсетіледі. Айыптау хаттамасына анықтау барысында алынған барлық материалдар, сонымен қатар сотқа шақыруға қажет деп танылған адамдар тізімі қоса тігіледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 287-бабының 2-бөлігінде сәйкес өзіне айыптау хаттамасын жасаған адам айыптаушы деп танылады. Айыптау органының бастығы (оған жататындар: бас басқарма, басқарма, бөлім, бөлімше және басқа анықтау органының құрылымдық бөлімше бастықтары) өз өкілеттігі шеңберінде істі материалдарымен қоса прокурорға жолдау үшін бекітуге немесе оны бекітпеуге құқығы бар. Айыптау хаттамасын анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін істің барлық материалдарын танысу үшін айыпталушыға және оның қорғаушысына ұсынылады. Өтініші бойынша жәбірленушіге және оның өкіліне таныстырады. Бұл жөнінде айыптау хаттамасына сәйкесті белгі түсіріледі. Қолдары қойылады. Бұл кезде айыптау хаттамасының көшірмесін анықтаушы, айыпталушыға қолхат арқылы береді. Барлық қажетті іс жүргізу әрекеттері іс жүргізіліп болған соң айыптау хаттамасы барлық іс материалдарымен бірге тексеру және сотқа жолдау үшін прокурорға жіберіледі. 5. Анықтаушы анықтау аяқталған соң айыптау хаттамасын жасайды, онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән- жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi. Осы бапта белгiленген тәртiппен өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды: 1) хаттаманы бекiту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы; 2) хаттаманы бекiтуден бас тарту туралы. Айыптау хаттамасы бекiтiлген соң iстiң барлық материалдары осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен айыпталушыға және оның қорғаушысына, ал тиiстi өтiнiш болған кезде жәбiрленушi мен оның өкiлiне де танысу үшiн ұсынылады. Аталған адамдардың iстiң материалдарымен танысқаны туралы, сондай-ақ олар берген өтiнiштер мен оларды қараудың нәтижелерi туралы айыптау хаттамасына тиiстi жазбалар жасалады. Анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасы iстiң материалдарымен бiрге сотқа жiберу үшiн прокурорға берiледi. Айыптау хаттамасының көшiрмесiн анықтау органы айыпталушыға табыс етедi. Егер iс азаматтардың, лауазымды адамдардың немесе ұйымдардың өтiнiшi немесе хабарлауы бойынша қозғалған болса, олар анықтаудың аяқталғаны және iстiң сотқа жiберу үшiн прокурорға берiлгенi туралы хабарландырылады. Айыпталушыға қатысты iстi сотқа жiберу кезiнде осы Кодекстiң 18 және 19- тарауларының ережелерi бойынша бұлтартпау шарасы немесе мәжбүрлi iс жүргiзудiң басқа шарасы таңдап алынуы мүмкiн. Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiктерге ие болады, бұдан басқа ол: 1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық iстi сотқа жiберуге; 1-1) iстi қосымша анықтау немесе тергеу жүргiзу үшiн не айыптау хаттамасын немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн анықтаушыға қайтаруға құқылы, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады; 2) анықтау жүргiзiлетiн қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзуге жiберуге; 3) анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасының күшiн жоюға және осы Кодексте көзделген негiздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Алдын-ала тергеу міндеттілігі. 2. Тергелу ретінің түсінігі мен түрлері. 3. Алдын-ала тергеу жүргізудің басталуы, аякталуы мен орны. 4. Алдын-ала тергеу мерзімі, оны үзартуу тәртібі. 5. Прокурордың алдын-ала тергеу барысындағы өкілеттіктері. 6. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұскауларының міндеттілігі. 7. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу. 8. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері. Әдебиеттер: 1.Когамов М.Ч.Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. — Алматы: Жетi жарѕы, 2008. – 888 с. 2.Рахметов С.М. “Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан, нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004 годы). Алматы 2005 г. 3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 2007. 4. А.С. Кобликов. «Уголовный процесс». – М.: Издательство НОРМА, 2000г. стр. 233 5.Н.Н. Смирнова «Уголовный процесс». С-Пб.: Издательство Михайлова В.А., 2000г. 16-тақырып. Айыпталушы ретінде жауапка тарту. Дәріс мақсаты: Айыпталушы ретінде жауапка тартуды сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту: ұғымы, мазмұны мен маңызы.Айыпталушы ретінде тұлғаны жауапқа тартудың іс жүргізу тәртіптері. Тулғаны айыпталушы ретінде жауапка тарту туралы қаулының мазмұны мен нысаны. Дәлелдемелердің жеткіліктілігінің түсінігі. Айып тағудың іс жүргізу тәртібі. Айып тағу кезінде қорғаушының қатысуы. 2. Айыпталушыдан жауап алу. Айыпталушыны шақыру мен одан жауап алу тәртібі. Айыпталушының келу міндеттілігі. Айып тағудың іс жүргізу тәрібі. Айыпталушыдан жауап алудың пәні. Айыпталушы ретінде жауапка тарту: түсінігі, маңызы. Айыпталушы ретінде жауапка тартудың негізі мен тәртібі: айыпталушының келу міндеттілігі, айып тағу. Айыпты өзгерту мен толықтыру. Айып тағу бөлігінде қылмыстық ізге түсу кысқарту. Айыпталушының өз өркімен айғак беру кепілдері. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы. 3. Бұрын тағылған айыпты өзгерту мен толықтырудың негізі мен тәртібі. Айыптағу бөлігінде қылмыстық ізге түсуді қысқарту. 1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту (ҚР ҚІЖК 206-бап) — алдын ала тергеу сатысының бас бөлімі. Тергеуші тергеу барысында күдікті адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қабылдау үшін, оған жеткілікті негіздер беретін дәлелдемелерді жинау, тексеру, бекіту және бағалау жүргізеді Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту аяқталған соң, қылмыстық істе жаңадан заң бойынша бірқатар құқығы мен міндеттері бар қылмыстық процеске қатысушы айыпталушы пайда болады. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартқан сәттен бастап, тергеушіде айыпталушыға бұлтартпау шараларының бірін қолдану құқығы мен себебі пайда болады. Бостандықта жүрген айыпталушы жауап алу үшін айыпталушы ретінде кім шақырылатындығы, қайда және кімге, келу уақыты мен сағаты, сондай-ақ келмеген жағдайда болатын зардаптары көрсетілген хабарландыру - шақыру қағазы, телефонограмма немесе телеграмма жіберіледі. Шақыру айыпталушыға алғандығын растап қол қойылып беріледі. Ол уақытша жоқ болған кезде айыпталушыға тапсыру үшін оның жасы толған жанұя мүшелеріне немесе мекен- жайы тұратын тұрғын үй пайдалану ұйымына не мекен-жайы не жұмыс орнының әкімшілігіне беріледі. Олар шақырылған айыпталушыға шақыру қағазын тапсыруға міндетті. Заң айыпталушыны шақыруға байланысты басқа да құралдарды пайдалануға жол береді. Ал айыпталушы Қазақстан Републикасынан тыс жерде болып тергеу органдарына келуден бас тартқан жағдайларда алдын ала тергеу органдары республика-лық авсдарат құралдары, жалпыға ортақ телекоммуникация жүйе арқылы хабар жариялауға құқылы. Ал егер оның тұрған жері белгілі болса, айыпталушы тұрған жердің ақпарат құралдары арқылы хабар жарияланады (ҚР ҚІЖК 208-баптың 3-бөлігі). Бостандықта жүрген айыпталушы тергеушінің шақыртуы бойынша белгіленген мерзімде келуге тиіс. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 208-бабының 5- бөлігіне сөйкес айыпталушының тергеуші шақыртуы бойынша дөлелді келмеу себептері болып танбылатындар: 1) айыпталушының келуіне мүмкіндік бермейтін ауру; 2) жақын туыстарының қайтыс болуы; 3) дүлей апаттар; 4) шақыру кағазының қолына тимеуі; 5) айыпталушының белгіленген мерзіміне келуіне мүмкіндік бермейтін өзге жағдайлар. Белгіленген мерзімде келмеу себептері туралы айыпталушы тергеушіге хабарлауға міндетті. Айыпталушы дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда алып әкелінуі мүмкін. Күзетпен ұстауда жүрген айыпталушы қамау орнының әкімшілігі арқылы шақыртылады (ҚР ҚІЖК 208-бап). Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 206-бабына сәйкес адамға қылмыс жасады деп айып тағу үшін негіз беретін дәлелдемелер жеткілікті болған кезде тергеуші ол адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға құқылы. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартқан уақытта тергеушіде дәлелдемелердін жиынтығы болып, ол оларды бағалай отырып, заңға өзінің ішкі түйсігі мен сенімі бойынша қылмыстың орын алғандығы және оны дәл осы адам жасағандығы туралы қорытындыға келеді. Сонымен, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін жинақтаған дәлелдемелер мыналарды анықтауы тиіс: 1) қылмыс оқиғасын; 2) оны бағалауды; 3) осы адамның әрекет жасаудағы кінәсі; 4) қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайдың болмауы. Қылмыс жасауға итермелейтін мән-жайларды бағалауға әсер етпейтін қылмыс құрамының белгілерін қамтымайтын мән-жайды ауырлататын және жеңілдететін жиынтық, зиянның дәл мөлшері, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән- жайлар және қылмыс уәждері, т.б., әдетте адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартылғаңнан кейін анықталады. Қылмыстық жауаптылыққа тарту жөніндегі шешім іс жүргізу сипатынан тыс мәліметтерге сол сияқты тексерілмеген дәлелдемелерге негізделуге тиісті емес. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тергеуші дәлелді қаулы шығарады. Қаулыда көрсетілуі тиіс: 1) оның жасалу уақыты мен орны; 2) қаулыны кім жасады, 3) айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адамның тегі, аты, әкесінің аты және басқа да анкеталық мәліметтері; 4) бұл адамның айыпталуына себеп болған іс-әрекеттің бейнесі, оның жасалу уақыты орны, және басқа мән-жайлар; 5) осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заң (қылмыстың толық аты, ҚР ҚК бабы, бөлігі, тармағы). Егер айыпталушының кінәсіна қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында көзделген бірнеше қылмыс жасалған деп есептелсе, онда қандай іс әрекет (әрекетсіздік) кінә деп есептелгендігін әрқайсысын жеке-жеке (бап, бөлік, тармақ) көрсетіліп, қаулыға енгізілуі керек. Тергеліп жаткдн іс бойынша адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қаулының ішінде бар болуы тиіс. Қаулының көшірмесі 24 сағат ішінде прокурорға жолданады. Айып тағу кезінде қорғаушының болуы міндетті. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту сәтін тандау істің нақты мән- жайына байланысты. Бұл жерде айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешімді дәлелдемелер жеткілікті болса да, негізсіз ерте негізсіз алдын ала тергеу аяқталғанға дейін кейінге қалдыруға жол берілмейді. Адамды алдын ала тергеу кезінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту ол адамның жасалған қылмысы үшін кінәсін мойындауы дегенді білдірмейді. 2. Айып тағу — бүл іс жүргізу әрекеті. Оның мәні мынада. Заңмен белгіленген мерзімде тергеуші айыпталушының жеке басына толық көз жеткізіп, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулымен таныстырады. Ондағы айыптауға қатысты түжырымдардың мәнін сондай-ақ алдын ала тергеу кезіндегі оның құқықтарын түсіндіреді. Айып тағу адамға, айыпталушы ретінде жауапқа тарту тура-лы қаулы шыққан күннен бастап 3 тәулікте жүргізілуі тиіс. Ал адам еріксіз келтірілетін болса, онда ол әкелінген күні жүргізіледі. Айыптау үш тәулік өткен соң да жүргізіледі. Егер ол адам шақырылған күнге келмей қалса, немесе оған іздеу жарияланған болса. Айыпталушының мәртебесі адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарған сәттен басталады. Айып тағудың іс жүргізу тәртібі: - адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы мен қорғаушының қатысуымен таныстыру (ереже бойынша өзі немесе аудармашысы оқиды); - нақты қылмыстық әрекет әрекетсіздік жасаудағы тағылған айыптың мәнін түсіндіру; - алдын ала тергеудегі айыпталушының құқығын түсіндіру (ҚР ҚІЖК 69-бап). Айып тағу кезінде айыпталушының қорғаушысы қатысуға құқылы, айыпталушының сұранысы бойынша тергеуші оған қорғаушы беруге міндетті. Іс жүргізу заңы айыпталушының құқығын көздейді. Ол: - қорғануға; - не үшін айыпталатынын білуге; - өтініш беруге; - дәлелдеме келтіруге; - тергеуші мен прокурордың іс әрекеті мен шешіміне шағым беруге; - өзінің қатысуымен жүргізілген барлық тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға; - алдын ала тергеу аяқталысымен қылмыстық істің барық материалдарымен танысуға; - қамауға алу корытындысы түріндегі бұлтартпау шараларының заңдылығы мен негізділігі, қамауда ұстау мерзімін ұзарту мәселелеріне қатысты сотқа шағым түсіру, сол тәрізді осы шешімнің заңдылығы мен негізділігін растауға, сотқа жолданған материалдармен танысуға; - басқа да кұкықтар. Айыпталушыға оның өзіне жұбайына жақын туыстарына қарсы айғақтар бермеу құқығы (ҚР ҚІЖК 27-баптың, 1-тармағы), өзінің кінәсіздігін дәлелдемеу құқығы (ҚР ҚІЖК 19-баптың, 2-бөлігі) түсіндірілуі тиіс. Бұл құқықтарды түсіндіруден бас тарту заңды бұзу ретінде қарастырылады. Айыпталушыдан жауап алудың іс жүргізу тәртібі. Айыпталушыдан жауап алу — егжей-тегжейлі анықтауға бағытталған тергеу іс әрекеті. Және кінәліге жасаған нақты қылмысы үшін жинақталған барлық дәлелдемелерді ұсыну арқылы оның жасалған қылмысқа қатыстылығын соңғы рет анықтау. Айыпталушыдан жауап алу айып тағылғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Ол кейінге қалдыруға болмайтын жағдайдан айыпталушының өзі талап еткен кезде немесе кешіктіру нөтижесінде маңызды дәлелдеме күшін жою мүмкін болғандықтан өзге барлық қандайда болмасын жағдайларда түнгі уақытга жауап алуға болмайды. Тәртіп бойынша айыпталушыдан алдын ала тергеу өндірісінің орны бойынша жауап алынады. Жауап алуға дейін айыпталушыға алдын ала тергеудегі құқықтары оның ішівде жауап алу кезіндегі құқығы түсіндіріледі (ҚР ҚІЖК 217-бап). Айыпталушының жауап беруден бас тартуы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді одан әрі жүргізуге кедергі болатын мән-жай деп қарастырылуы мүмкін емес. Кінәлінің анкеталық мәліметтері толық, оңда бүрын сотталғандығы бар не жоқ екендігі, т.б. толтырылған хаттаманы тергеуші жасайды. Айыпты адамнын жәбірленушіге қатысы анықталады. Тергеуші оған кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны жөнінде сүрак береді. Ал егер мойындайтын болса, онда толығымен бе не ішінара ма екені сұралады. Егер ішінара болса, қайсы бөліктері екендігі анықталады. Егер айыпталушы мойындамаса, тергеуші оның уөждерін анықтайды. Өзінің кінәсін мойындауы немесе теріске шығаруы қаншалықты сәйкес келетіндігінің тексеру мүмкіндігін нақты мән-жай екендігін анықтауға жатады. Жауап алу хаттамасы аяқталысымен айыпталушыға танысу үшін беріледі. Айыпталушыны қалауы бойынша ол өз қолымен өз жауабын жазуы мүмкін. Айыпталушы хаттаманың әрбір бетіне қол қояды және оның соңына хаттамамен танысқандығы оған келісетіндігі туралы белгі соғып қол қояды. Хаттамадағы барлық толықтырулар мен түзетулер айыпталушы мен тергеушінің қолдарымен куәландырылады. Айыпталушы қаулыға не жауап алу хаттамасына қол коюдан бас тартқан жағдайда тергеуші бұл жөнінде белгі жазады және оны куөландырып қол қояды. Егер айып тағуда және жауап алуда қорғаушы қатысса ол екеуіне де міндетті түрде қол қояды. Хаттамаға қол қойған ең соңғы адам тергеуші болып есептеледі (ҚР ҚІЖК 218-бап). 3.Тергеу кезінде айып тағу үнемі дәлелдемелердің толық жиналуымен жасалған қылмыстың барлық белгілердің анықталуымен аяқталмайды. Сондықтан айып тағылған соң тергеуші қайтадан тағы бір рет тексереді. Одан соң тергеу кезінде табьшған дәлелдемелерді өзгертеді және толықтырады немесе жаңа дәлелдемелер іздейді. Бұл тергеушінің тағылған айып толық және объективті болып табылатындығына сенімді болуы үшін қажет. Осы арқылы ол айыпталушыға тағылған айыптың дүрыстығына күдік келтірмейтіндей тергеу барысында және оның нәтижелеріне ықпал ететіндей мән-жай-ларды анықтауы мүмкін. Істі тергеу барысында айып тағылғаннан кейін нәтижесінде кылмыстың бағалануы дүрыс емес болып табылса, немесе іс бойынша жаңа мән-жайлар аныкгалса, тергеушіде айыпқа өзгерту немесе толықтыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Осыған байланысты айыптау бастапқыдан тіпті өзгеше болып табылатын болса, тергеуші адамды айыпталуші ретінде жауапка тарту туралы жаңадан қаулы шығарады (КР ҚІЖК 207-бап). Айып тағу туралы жаңа қаулыға мына жағдайларда қосымша енгізеді: - қылмыстың занды бағалануын өзгертуге әкелетін не ондайға жібермейтін қылмыстың жаңа эпизодтары анықталса; - қылмыстың бағалануын өзгертуге себепші болатын, айптаудан бір немесе бірнеше эпизодты алып тастауға әкелетін мән-жайлар анықталса; - қылмыстың бағалануын өзгертуге әсер етпейтін айыптаудап жекеленген эпизодтарды шығарып тастауға себепші болатын мән-жайлар табылса. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Айыпталушыдан жауап алу. 2. Айыпталушыны шақыру мен одан жауап алу тәртібі. 3. Айыпталушының келу міндеттілігі. 4. Айып тағудың іс жүргізу тәрібі. 5. Айыпталушыдан жауап алудың пәні. 6. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту: түсінігі, маңызы. 7. Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі мен тәртібі: айыпталушының келу міндеттілігі, айып тағу. 8. Айыпты өзгерту мен толықтыру. 9. Айып тағу бөлігінде қылмыстық ізге түсу кысқарту. Айыпталушының өз өркімен айғак беру кепілдері. 10. Айыпталушыдан жауап алу хаттамасы. 11. Бұрын тағылған айыпты өзгерту мен толықтырудың негізі мен тәртібі. Айыптағу бөлігінде қылмыстық ізге түсуді қысқарту. 17-тақырып. Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеу іс-әрекеттері. Дәріс мақсаты: Алдын-ала тергеу сатысындағы тергеу іс-әрекеттерін сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі. Тергеу әрекеттерінің мазмұны мен құрылысы. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы шарттары. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Тергеу әрекеттері дәлелдемелерді жинаудың басты тәсілі ретінде. 2. Тергеу әрекеттерінің түрлері. Жауап алу. Жауап алуға шақыру тәртібі. Жауап алудың орны мен уақыты. Жауап алудың жалпы шарттары. Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері. Жауап алу хаттамасын рәсімдеуге қойылатын талаптар. Жауап алу кезінде дыбыс және видео жазбаларды қолдану.Беттестіру: түсінігі, мақсаттары мен оны жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Беттестіруді іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. 3. Қарау: түсінігі, түрлері негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Қарауды жүргізудің жалпы шарттары. Қарауға катысатын тұлғалар. Заттай дәлелдемелерді қарау мен сақтау. Адамның мэйітін қарау. Қарау хаттамасы. Эксгумация: түсінігі, негіздері және іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Эксгумацияны жүргізудің өнегелік негіздері. Эксгумация хаттамасы. Куәландыру: түсінігі, түрлері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Куәландыруға маманның қатысуы. Куәландыру кезінде тұлғалардың құқықтарының кепілдіктері. Куәландыру хаттамасы. 4. Танытуға ұсыну: түсінігі, түрлері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Танытуға ұсынуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. Тінту мен алу. Тінтудің алудан ерекшелігі. Тінту мен алуды жүргізудің негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Тінту мен алудың түрлері. Жеке тінту. Тінту мен алуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. 5. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды қарау мен алу: негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың іс жүргізушілік жағдайы, оларды қарау мен алу. Хабарларды жол жөнекей ұстау: негіздері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Маманның қатысуы. Хабарды жол жөнекей ұстауды іс жүргізушілік рәсімдеу. 6. Сөйлесулерді тыңдау мен жазу: негіздері, жағдайлары және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Сөйлесулерді тыңдау мен жазуды іс жүргізушілік рәсімдеу, сонымен бірге телефон және басқада тыңдау құралдары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңау мен жазу.Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау: түсінігі, міндеттері, негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау хаттамасы. 7. Тергеу эксперименті: түсінігі, түрлері, міндеттері, негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Тергеу экспериментінің хаттамасы. Тергеу экспериментінің айғақтарды окиға болған жерде тексеру мен нақтылаудан айырмашылығы. 8. Сот сараптамасы: түсінігі, негіздері және оны тағайындау мен жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Сараптаманы міндетті түрде тағайындау. Сот сараптамасын жүргізуі тапсырылуы мүмкін тұлғалар. Сараптаманы сараптамалық мекемеде және одан тыс жерлерді сараптамалық зерттеу жүргізу. Сараптамалардың түрлері: жеке сарапшының сараптаманы өзі жүргізуі, комиссиялық, кешенді, косымша және кайталама сараптамалар. 9. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу: негіздері мен іс жүрізушілік тәртібі. Сараптамылык зерттеу үшін үлгілер алуға рұқсат берілетін тұлғалар. Тергеушінің, анықтаушының, сарапшьшың, дәрігердің және басқада мамандардың сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу тәртіптері. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу кезінде тұлғалардың құқықтарын қорғау. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алуды іс жүрізушілік тәртіппен рәсімдеу. 1. Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады. Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады. Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай белгілермен сипатталады: а) олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін танымдық сипатқа ие болады; б) алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана тергеу әрекеттерін жүргізу; в) бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау, қорыту, дәлелдемелерді алу); Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді: а) дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс- әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.); б) алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық материалдармен танысу құқығын түсіндіру). Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi. Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы. 2. Тергеу әрекеттерінің түрлеріне мыналар жатады: 1) қарау; 2) күдіктіні ұстау; 3) жауап алу; 4) беттестіру; 5) тінту; 6)алу; 7) тану үшін көрсету; 8) куәландыру; 9) сараптама тағайындау; 10) тергеу эксперименттері; 11) іс болған жерді көрсетуін тексеру; 12) салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу; 13) мәйіт эксгумациясы; 14) телефон және басқа да сөйлесулерді тындау; 15) пошта және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау; 16) мүлкін тұтқындау. Келтірілген тергеу әрекеттерінің түрлері жеткілікті, толық деп саналады. Тергеу іс-әрекеті өндірісінің тәртібі. ҚР КІЖК 201-бабында белгіленген жалпы ережелер негізінде жүзеге асады. Тергеу іс-әрекеттерін тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін арнайы өкілетті органдар мен лауазымды адамдар жүргізеді (ҚР ҚІЖК 221-бап). Барлық тергеу әрекеттері нақты және заңды негіздемелер болған кезде ғана жүргізіледі. Нақты негіздемелер — бұл белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін орындау қажеттілігі мен мүмкіндігі растайтын нақты мәліметтердің жиынтығы (КР КІЖК 200-бап). Заңды негіздеме — белгілі бір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін орындайтын адамның заңды күшінің жиынтығы. Кейде тергеу әрекеті өндірісі туралы шешім қаулы (тінту) түрінде, ал кейде хаттама түрінде (күдіктіні ұстау) көрініс табады. Бірқатар тергеу әрекеттерін анықтау барысында куәгерлердің және заңмен көзделген адамдардың қатысуы талап етіледі (тінту, қарау, алу, куәландыру, тергеу эксперименті, тану). Тергеу әрекеттері барысында ғылыми-техникалық құралдар мен жабдықтарды қолдану мүмкіндігі туындайтын кездер болады. Бұндай жағдайда ол туралы тергеу әрекеті басталмас бұрын қатысушылардың барлығына хабарлануы керек (ҚР ҚІЖК 201-бап 3-бөлік). Тергеу әрекеттері өндірісіне арнаулы танымы мен іскерлігін қолдана отырып бұл құралдармен іске көмек көрсету мақсатында маман қатысуы мүмкін және аудармашы, педагог, қорғаушы қатысуы мүмкін. Тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша хаттама толтырылады, яғни арнайы формасы бар, тергеу әрекетінің нәтижесі, мазмұны, фактісі көрсетілген жазбаша құжат толтырылады (ҚР ҚІЖК 203-бап). Тергеу әрекеттері өндірісінің негізділігіне, заңдылығына және уақытысында өткізілуіне жауапты болу қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін адамға міндеттеледі. Куә мен жәбірленушіден жауап алу. Куә мен жәбірленушіден жауап алу — алдын ала тергеу немесе сот талқылау кезінде, анықтау процесінде, жауап алу кезінде олардың жазбаша не ауызша түрде берген хабарламаларынан мәлімет алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті. Куә мен жәбірленушіден жауап алу іс қозғалғаннан кейін және тергеу әрекеті өндірісі басталған сәттен бастап жүргізіледі. Куә — бұл іске қатысты қандай да бір жағдаймен таныс адам. Айыпталушы, күдікті және жәбірленушінің өзі кылмыс окиғасы туралы ақпаратты білетін адам деп танылады, бірақ олардың жауабы куәнің жауабы ретінде саналмайды. Сондықтан куәнің жауабы тек оның ауызша хабарлауы болуы мүмкін, ал айыпталушының жауабы куәландыратын жауапқа жатпайды. Жәбірленуші — бұл қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтіреді деп ұйғаруға ол жөнінде негізі бар адам (ҚР ҚІЖК 75-бап). Жәбірленуші деп тергеушінің қаулысына сәйкес болған жағдайда ғана танылады. Куәмен салыстырғанда жәбірленуші іске қатысты барлық материалдармен танысуға, өтініш не қарсылык білдіруге, күдіктімен, айыпталушымен татуласуға құқылы. Сот процесінде ол сот тергеуіне қатысушымен тең құқылы бола алады . Егер куә және жәбірленуші өздеріне белгілі мән-жайларды айтудан бас тартып не қасақана бұрмаласа, олар жауап беруден бас тартқаны үшін немесе жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылады (ҚР ҚК 352, 353- баптар). Куәдан іске қатысты кез келген жағдайларға қатысты жауап алынуы мүмкін, соның ішінде айыпталушының жеке тұлғасы туралы және онымен өзінің және басқа да куәлармен қандай қарым-қатынасы бар екені туралы сұралады. Жауап алуға шақыру тәртібі. Куә және жәбірленуші жауап алуға шақыру қағазымен немесе басқа да байланыс құралдарын қолдану арқылы (телеграмма, радиограмма, телефонограмма) шақырылады. Бұл хабарлама оның қолына қолхат арқылы тапсырылады. Шақыру қағазында кім және кім ретінде шақырылатыны, кімге және қандай мекен-жайға шақырылатыны, жауап беруге келу уақыты көрсетіледі, сондай-ақ дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда анықтау және тергеу органдарының қолданатын шаралары көрсетіледі. Куәдан (жәбірленушіден) жауап алу тәртібінің мәні тергеушінің жауап алу алдында куәнің не жәбірленушінің жеке тұлғасы туралы куәландырылады (анкеталық мәліметтері, қызметі). Жауап беруші іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқан тілді білетін, білмейтіндігі және қай тілде жауап беруге ынталы екені анықталады. Жауап алуға шақырылған адам қандай қылмыстық іс бойынша және кім ретінде жауап беретіні туралы хабарланады, оның міндеттері мен құқықтары түсіндіріледі. Осыдан кейін жауап алу әрекеті іске қатысты жағдайларда оған таныс адам туралы айтып беруден басталады, содан соң жауап алынған адамның жеке тұлғасы туралы мәліметтер хаттамаға енгізіледі. Бір ғана іс бойынша жауап алуға шақырылған куәлар мен жәбірленуші басқа куәлардың, жәбірленушінің қатысуынсыз жекелеп сұралады. Осыған орай тергеуші бір ғана іс бойынша шақырылған куәлар мен жәбірленушінің өзара қарым-қатынас жасамауына шаралар қолданады. Осындай шараларды сот процесінде судья да қолданады (ҚР ҚІЖК 335-бап). ҚР ҚІЖК-нің 212-бабына сәйкес жауап алу алдын ала тергеу болған жерде жүргізіледі, бірақ тергеушінің қарауы бойынша жауап алу орны жауап алынатын адамның тұратын жерінде жүргізілуі мүмкін. Ережеге сай, куәдан және жәбірленушіден күндізгі уақытта жауап алыну керек. Кейінге қалдыруға күттірмейтін жағдайларда заң куәдан және жәбірленушіден түнгі уақытта да жауап алуына жол береді. Іс бойынша куәлар қарсылық білдіре алмайды. Себебі, куә — бұл қозғалған қылмыстық іс оқиғалары туралы мәліметтерді білетін адам, ол дәлелді ақпараттардың орнын ауыстыра алмайтын негізгі дәлел көзі. Жәбірленушінің жауабы — бұл іске қатысы бар жауап берушінің ауызша баяндамасы. Бұл кезде ол тергеушінің қаулысы бойынша жәбірленуші деп танылған жағдайда жауап береді. Куә мен жәбірленушініц жауап беру себебі (негізі). Тергеуші куә мен жәбірленушіден жауап алу кезінде ол мынадай мазмұнда қойған сұрақтарына жауап алуы тиіс: — қылмыс оқиғасы туралы (қылмыстың орны, уақыты, жай-күйі, тәсілі, қолданылған қару мен құралдары туралы және басқа да мән-жайлар туралы); — жауап алынып отырған адамдар мен іс бойынша тергеліп жатқан адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас туралы; — қылмыс жасаудағы айыпталушының ниеті, мақсаты, уәждері туралы және кінәсі туралы; — айыпталушының кінәсін жеңілдету және ауырлату жағдайлары туралы; — айыпталушының жеке тұлғасын сипаттайтын әрекеттері мен құлықтары туралы; — қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы; Дегенмен, мынаны есте сақтау керек, тек адам санасында танылған объективті ақиқат болмыстар туралы мәліметтер ғана, дәлелдемелердің негізгі мазмұны бола алады. Куә ретінде оқиғаны тікелей қабылдаған (көрген) адам, сондай-ақ өзі ештеңе көрмесе де басқа біреулерде оқиғаның болып жатқанын естіген адам таныла алады. Адамның жасы куә ретінде жауап беру құқығын шектей алмайды. Осы ретте өзінің дене немесе психикалық күшінің жетіспеушілігінен қылмыс оқиғасын дұрыс қабылдап не түсіне алмайтын адам куә ретінде жауап бермейді (жас бала, қабілетсіз адам). Кәмелетке жасы толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу. Кәмелетке жасы толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге ие. Оны былайша көрсетуге болады (ҚР ҚІЖК 215-бап): — он төрт жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін, ал тергеушінің қалау бойынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі куәдан немесе жәбірленушіден жауап алуға қатысу үшін педагог шақыртылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде оның заңды өкілдері қатысуға құқылы. — он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбірленушіге айғақ беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілмейді. — бұндай куәлар мен жәбірленушілерге іс жүргізудегі құқықтары мен міндеттері түсіндірілген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екені атап көрсетіледі; — кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіге өздерінің жақын және туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі. — заң көрсетілген жауап алуға қатысушы адамдарға хаттамаға енгізілуге тиісті жауап алынып отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылық туралы ескертпелер беру, сондай-ақ тергеушінің рұқсатымен жауап алынып отырған адамға сұрақ қою құқығы түсіндіріледі. Тергеуші сұрақ қоюды қабылдамауға құқылы, бірақ оны хаттамаға енгізуге және қабылдамаудың себебін көрсетуге тиіс. Жауап алу кезінде дыбыс пен бейне жазбаны қолдану арқылы алынған жауаптар хаттамаға енгізіледі (ҚР ҚІЖК 219-бап). Фонограмма мен видеограмма көмегімен жазылып алынған жауап алу жазбалары сүргі соққан түрде сақталуы тиіс, сот процесінде қажетгі болған кезде қолданылады. Жауап алу аяқталу барысында тергеуші жауапты толықтыру немесе нақтылау мақсатында сұрақ қоюы мүмкін. Үстін-үстін сұрақ қоюға тыйым салынады. Куәдан жауап алу кезінде тергеуші жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдеме қүжаттарын керсете алады, ал жауап алу аяқталу кезінде қылмыстық іс материалдарына жататын жауаптарды жариялай алады, дыбыс және бейне жазбаларды немесе киносъемка материаддарын көрсете алады. Кейде іс бойынша саңырау куә немесе жәбірленушіден жауап алу жағдайлары кездеседі. Бұндай кезде жауап алу оның таңбалары түсінетін және осы таңбалармен оған түсіндіре алатын адамның қатысуымен жүзеге асады. Бүл адамның жауап алуға қатысқандығы хаттамада көрсетіледі. Осыған ұқсас жағдай, психикалық немесе басқа да ауыр формада науқастанған адамнан жауап алуда дәрігер қатысады. Бұрын берілген жауапты толыкхыру немесе нақтылау кажетгілігі туған жағдайда тергеуші қосымша жауап алу жүргізеді (ҚР ҚІЖК 213-бап). Жауап алу кезінде куәның және жәбірлеиушінің жауабын ресмилендіру (толтыру) тәртібі. Куө мен жәбірленушіден жауап алу барысы мен оның нөтижесі ҚР КІЖК 203-бабының талаптарымен толтырылатын хаттамада көрсетіледі. Жауап бірінші жақтан жазылады және мүмкін болса сөзбе-сөз жазылады. Ондағы сұрақтар мен жауаптар жауап алу кезінде жүргізілген тәртібі бойынша керсетіледі. Хаттамада сондай-ақ тергеушінің іске қатыстырған адамдарының сүрақтары немесе қарсылық білдіру не бас тарту уәждерімен куә жауап беруге келіспеген сұрақтар да енгізіледі. Жауап алу аяқталысымен хаттама куәға оқып танысу үшін ұсынылады және оның өтініші бойынша тергеуші жариялайды. Жауап берумен танысу фактісі және оның дұрыс жазылуы хаттама соңында куәның қолымен куәландырылады. Куә немесе жәбірленуші хаттаманың әрбір бетін өз қолымен растайды (ҚР ҚІЖК 218-бап). Егер куә немесе жәбірленуші дене күшінің кемістігінен немесе басқа да себептерден жеке өзі қол қою мүмкіндіген айрылған болса, хаттамаға оның өтініші бойынша қорғаушысы, өкілі немесе жауап беруші адам сеніммен қарайтын адам қол қояды, ол туралы хаттамада белгіленеді. Жауап алуға қатысқан аудармашы куәнің немесе жәбірленушінің өз қолымен жазылған жауабына қол қояды. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адамдар көрсетіледі, сондықтан олардың өрқайсысы (куә, тергеуші) хаттамаға кол қоюы керек. Сарапшыдан жауап алу куәдан жауап алу тәртібімен жүргізіледі, онда сарапшы жауабындағы ерекше себептері ескеріледі. Сарапшылар жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Сарапшыдан жауап алу хаттамасы талаптарды сақтау арқылы толтырылады. Куә мен жәбірленушінің жауабын бағалау. Куәнің жауабын бағалау негізінде толық емес, дәлелдемелерге сәйкес келмейтін жауаптар болмауы тиіс. Бұл жерде әңгіме қасақана жалған жауап беру немесе қате жауап беру туралы болып отыр. Куәнің жалған жауап беру себептерінің ең кең таралған түрі: оның жеке іске мүдделі болуы, қорқуы, қылмыскер тарапынан кек алудан қорқу және ойдан шығару. 2001 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасы «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау» туралы заңында куәлар мен қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың корғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормалары қарастырылған. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл құқықтардың жүзеге асуы өте күрделі әрі қиын және осы құқықтарын процеске қатысушылар әрдайым батыл қолдана алмайды. Күдіктіден (айыпталушыдан) жауап алу — бұл жасалған қылмыс фактісі бойынша тергеушінің жауап алу мақсатындағы тергеу әрекеттері. Осыған орай іс бойынша ұстау және айыптау, сондай-ақ іске қатысы бар мән-жайларды анықтау әрекеттері. Айыпталушы деп айыпталушы ретінде тартылғаны туралы қаулы шығарылған адам немесе сотта жеке айыптау ісі козғалған адамды таниды. Айыпталушыдеп сондай- ақ анықтау органның бастығы айып тағып ол туралы хаттама толтырылған адам танылады (ҚР ҚІЖК 69, 287-баптары). Айыпталушыдан айыптауға тартылғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей дереу жауап алынады, келуден не іздестіру хабарлауынан жалтарған жағдайда тез арада алып келу не ұстау шаралары қолданылады. Жауап алу басталмас бұрын тергеуші айыпталушыға оған тағылған айыптың мәні түсіңдіріледі, ол өзін толық кінәлімін деп санайтыны немесе оған тағылған айыпқа қарсылық білдіретіні анықталады. Егер айыпталушы жауап бермеген жағдайда ол өзін кінәлімін деп мойындаған болып есептелмейді (ҚР ҚІЖК 217-бап, 5-бөлік). Айыпталушы жауап беруге міндетті емес, ол жалған жауап бергені үшін немесе жауап беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осы құқықты қамтамасыз ету ең алдымен күдікті не айыпталушының қорғаушы тарапынан заң көмегін үсыну негіздерінен тұрады. Әрібр ұсталған адам немесе қамауға алынған күдікті, сондай-ақ айыпталушы ұсталған сәттен, қамауға алынған сәттен немесе айыпты деген кінә тағылған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қорғаушы кемегін пайдалануға құқылы (ҚІЖК 216-бап 2-бөлік). Істің осы категориясы бойынша заң қорғаушының қатысу міндеттерін белгілейді: ҚР ҚІЖК-нің 71-бабына сәйкес іс бойышпа қорғаушының мынадай жағдайларда қатысуға міндетті: 1) ол туралы күдікті немесе айыпталушы өтініш жасаса; 2) күдікті, айыпталушы, сотталушы кәмелетке толмаса; 3)күдікті, айыпталушы, сотталушы дене немесе психикалық кемістігінен өзінің қорғану құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаса; 4) күдікті, айыпталушы, сотталушы сот ісі жүргізілетін тілді білмесе; 5) адам жазалау шарасы ретінде он жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылуы, өмір бойы бас бостандығынан айырылу не өлім жазасы тағайындалу мүмкін болатын қылмысты жасағаны үшін айыпталса; 6) айыпталушыға, сотгалушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылса немесе ол мәжбүр етіліп стационарлық сот-психиатриялық сараптамаға жіберілсе; 7) күдіктінің, айыпталушының, сотталушының мүдделері арасында қайшылық болып, олардың біреуінің қамқоршысы болса; 8) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге жәбірленушінің немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса; 9) іс сотта қаралған кезде мемлекеттік айыпталушы, сотталушы қатысса; 10) айыпталушы, сотталушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса. ҚР КІЖК 71-бабында көрсетілген жағдайларда қорғаушының қатысуы адам күдікті, айыпталушы, сотталушы болып танылған кезден бастап және күдіктінің, айыпталушының мүдделерінің арасындағы қайшылық анықталған кезден бастап, айыпталушыны сотқа берген сәттен бастап қамтамасыз етіледі. Жауап алу хаттамасын толтыруда қылмыстық іс жүргізу заңы мынадай талаптардың сақталуын міндеттейді: а) жауап алынғаннан кейін толтырылған хаттаманы айыпталушы оқып танысып болғаннан кейін оның дұрыс жазылғанын куәландыру үшін қолын қоюы керек. Егер толтырылған хаттама бірнеше беттен тұратын болса, айыпталушы әрбір бетке қол қояды; б) хаттамада көрсетілген барлық толықтырулар мен өзгертулер айыпталушының және тергеушінің қолымен куәландырылуы тиіс. Қорғаушының қатысу міндеті туралы заңның талаптары бұзылған жағдайда айыпталушыдан алынған жауабын дәлелдемелер ретінде санауға болмайды. Айыпталушының жауабы жауап алу хаттамасына тіркеледі. Бұл талаптар бұзылған жағдайда хаттама дәлелдеме ретінде саналмайды, жіберілмейді. Беттестіру жауаптары қарама-қарсы болған бұрын жауап алынған екі жауап берушілер үшін жүргізіледі. Егер бұрын жауап алынған екі адамның көрсетпелерінде елеулі қайшылықтар болса, тергеуші осы қайшылықтардың себебін анықтау үшін оларды беттестіреді. (ҚР ҚІЖК 220-бап). Беттестіру жолымен кез келген жағдайларға байланысты куәдан, жәбірленушіден, күдіктіден жауап алынуы мүмкін. Беттестірудің мақсаты - қарама-қайшылықты жою. Беттестірудің нақты негіздемесі — жауап алынған адамның көрсетпелерінде қайшылықтың болуы; беттестірудің заңды негіздемесі — іс бойынша жауап алынушыларды бетгестіру, сол адамдарды шақыру және оларға сұрақ қою өндірісін жүзеге асырудағы заңды күш. Беттестірудегі іс жүргізу тәртібі: 1) тергеуші екі қатысушының жеке тұлғаларымен танысып куәландырылады және олардың құқықтық мәртебесін анықтайды; 2) беттестіруге қатысушылардың міндеттері мен құқықтары түсіндіріледі, қажет болған жағдайда оларға жауаптьшық туралы да ескертіледі; 3) Қатысушылар бір-бірін танитыны, білетіні, білмейтіні анықталады, білсе қандай қарым-қатынаста екені айқындалады; 4) Қарама-қайшылық жағдайлары туралы жауап беруде ретті кезек сақталады; 5) жауаптарды тыңдап болғанна кейін тергеуші қосымша сұрақтар қоюға құқылы; 6) тергеушінің рұқсатымен беттестіруге қатысушылар бір-біріне сұрақ қоюға құқылы, ол туралы тергеуші хаттамаға енгізе алады. 7) беттесгірудің хаттамасының әрбір бетіне және өзінің әрбір, жауабына қатысушылар қол қояды. Бұл хаттама ҚР ҚІЖК-нің 203-бабында көзделген жауап алу хатгамасының ережесі бойынша толтырылады және ресмиленеді. 3. Тексеру - бұл қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды айқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз не хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру. Тексеру жүргізудің жалпы тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 221, 222, 223, 224, 225, 227- баптарында көзделген. Тексерудің нақты негіздемесі іс жүргізулік, сондай-ақ іс жүргізулікке жатпайтын қылмыс туралы мәліметтер. Бұл мәліметтер қылмыс ісі бойынша нақты тексеру түрін жүргізу мүмкіндігі мен қажеттелігін растайтын мағлұматтар. Заңды негіздемесі — қылмыс ізін бекіту және белгілеу үшін күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізетін заң бойынша құқығы бар адамдардың тексеру жүргізу мүмкіндігі. Заң бойынша тексеруді жүргізу туралы қаулы шығару талап етілмейді. Тексеруді жүргізу қылмыс болған жерді, оқиғасын, мән-жайын айқындау, заттай дәлелдемелерді табу және алу, сондай-ақ іске қатысты басқа да жағдайларды анықтау мақсатын көздейді. Қылмыстык іс жүргізу кодексі мынадай тексеру түрлерін қарастырады: (ҚР ҚІЖК 221-бап): 1) қылмыс болған жерді тексеру. Бұл тексеру түрінің іс жүргізулік ерекшелігі мынада: бұл тексеру қылмыстық іс қозғалғаннан кейін де қозғалмай тұрып та жүргізіле береді; 2) Үй-жайларды, мекемелерді тексеру; 3)көзі тірі адамдарды, мәйітті, жануарларды тексеру; Бұл тексеру түрінің ерекшелігі— медицина, ветеринария саласы маманының міндетті түрде қатысуы; 4) заттарды тексеру; 5) құжаттарды тексеру; 6)қылмыс болған жер деп саналмайтын жерлерді, үй-жайларды тексеру. Кейінге қалдыруды күттірмейтін жағдайларда қылмыс болған жерді тексеру қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін. Бұндай жағдайларда оның негіздемесі бойынша қылмыстық іс болған жерге тексеру жүргізілісімен дереу қозғалады (ҚР ҚІЖК 221-баптың 2-бөлігі). Тексеруді тікелей тергеушінің өзі жүргізеді, ал ол жоқ болған жағдайда анықтау органдары жүзеге асырады. Заң тексеру барысында куәгерлердің міндетті түрде катысуын қарастырады. Бірақ ерекше жағдайларда тексеру куәгердің қатысуынсыз-ақ жүргізіле береді (хабарлау құралдары болмаған жағдайда, куәгер ретінде тартылатын азаматтар болмаған жағдайда). Бұл кезде тергеуші ереже бойынша, техникалық құралдарды қолданады (фото, бейне түсірілімдер). Тергеушінің қарастыруына байланысты қажет болған жағдайда тексеруге маман, куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы қатыса алады. Тергеуші тексеруге қатысатын адамдарға ескерту жасауға, өз пікірінше істің мән-жайын ашуға септігін тигізетін барлық мәліметтерді тергеушіге керсетуге құқылы екенін түсіндіреді. Бұның барлығы хаттамаға енгізіледі. Қажетті жағдайларда алынған заттарға сүргі салынады және қатталады (оралады) (ҚР ҚІЖК 222-баптың 9-бөлігі). Сараптамаға жіберілетін алынған тексеру заттары міндетті түрде қатталады және сүргі салынады. Пошта-телеграф жөнелтілімдерін тексеру прокурордың санкциясымен және пошта-телеграф мекемесінің қызметкерлерінен құралған куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады. Үй-жайды тексеру. Үй-жайды тексеру онда түратын адамдардың келісімімен немесе прокурор санкциясымен жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 222-баптың 12-бөлігі). Үй- жайды тексеру барысында онда тұратын адамның үнемі қатысуы міндетті. Ұйымдарда, мекемелерде тексеру жүргізу осы мекеменің бастығы немесе олардың өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан мекемелерді тексеру. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайлардағы, сондай-ақ дипломатиялық өклдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды тексеру тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша немесе олардың келісімімен және олардың кезінше жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдің келісіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сұрау салынады. Тексеру жүргізілген кезде прокурордың жөне Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті. (ҚР ҚІЖК 222-баптың 16-бөлігі). Заттай дәлелдемелерді тексеру және сақтау (ҚР ҚІЖК 223-бап). Оқиға болған жерді тексеру кезінде жерді немесе үй-жайды тінту, шығарып алу, тергеу эксперименті немесе басқа тергеу іс-әрекеті кезінде алынған не тергеушінің талап етуі бойынша ұйымдар мен азаматтар берген заттар тексеруге жатады. Аталған заттар тексерілгеннен кейін заттай дәлелдер деп танылуы мүмкін. Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелді іспен бірге қалдыру немесе оны иесіне немесе өзге адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туралы мәселе шешілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 222-бап). Егер заттар ауқымды болуына және өзге де себептерге байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе олар фото-сурет немесе бейнежазба құралдарымен түсіріп алынуға, мүмкіндігінше мөрмен бекітілуге және тергеуші көрсеткен орында сақталуға тиіс (ҚІЖК 222-баптың 11-белігі). Іске заттай дәлелді үлгісі қоса тіркелуі мүмкін. Заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті анықтама болуы тиіс. Тергеу және анықтау органдары алып қойған ұлттық және шетел валюта түріндегі ақшалай қаражат қылмыстық процесті жүргізуші органның депозиттік шотына салынады. Тез бұзылатын заттай дәлелдер, егер олар иесіне қайтарылмайтындай болса тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға не алынған сомаларды қылмыстық істі жүргізуші органның депозитіне енгізе отырып, сатуға өткізіледі. Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететін заттай дәлелдемелер, иесіне қайтарылып берілуі мүмкін болмаса оның келісімімен алынған соманы қылмыстық процесті жүргізуші органның депозитіне сала отырып, зандарда берілген тәртіппен сатылады. Негіздер болған жағдайда пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілді және сондай сападағы заттармен қайтарылып беріледі немесе иесіне олардың кұны төленеді. Анықтау органы істі тергеушіге берген кезде немесе ол бір анықтау органынан екінші анықтау органына не бір тергеушіден екіншісіне берген ретге сонымен қатар іс прокурорға және сотқа жіберілгенде заттай дәлелдер бірге жөнелтіледі. Заттай дәлелдер буып түйілген және мөрмен бекітілген күйінде оларды даралайтын белгілері көрсетілген тізімдеумен бірге беріледі. Қылмыстық іс тергеу сатысында қысқарған жағдайда заттай дәлелдер туралы мәселе Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 121-бабы 3-бөлігінің ережелері бойынша шешіледі. Мәйітті тексеру (ҚР КІЖК 224-бап). Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда — өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін. Танылмаған мәйіт міндетті түрде фотосуретке түсірілуге және дактилоскопия жасалуға тиіс. Мәйітті сырттай тексеру кейін сот-медицина сараптамасының жүргізілуін алмастырмайды және жоққа шығармайды. Мәйітті тексеру барысында азаматтардың қайтыс болған адамды тану туралы мәлімдемелері сол тергеу іс- әрекетінің хаттамасына енгізіліп, кейіннен мәлімдеушіден куә ретінде жауап алынады, бұл мәйітті басқа адамдардың тануы үшін көрсетуді жоққа шығармайды. Эксгумация (ҚР ҚІЖК 225-бап). Эксгумация- адам мәйітінің жерленген жерінен қазып алу (эксгумация) тергеу әрекеті, қажетті жағдайларда мәйітке тексеру жүргізу, оны тану үшін немесе сот-медициналық және басқа сараптама жүргізу. Эксгумация жүргізу үшін тергеуші уәжделген қаулыны шығаруы тиіс және прокурордың санкциясын алуы тиіс. Прокурордың санкциясында мәйіт әкімшілігі мен қайтыс болған адамның туыстары міндетті түрде көрсетіледі. Эксгумация куәгердің қатысуымен және міндетті түрде сот медицинасы саласындағы маманның қатысуымен жүзеге асырылады. Олар тану, тексеру және салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін қажетті үлгілер алу үшін қатыстырылады, бүл туралы хаттамаға енгізіледі. Тексеру және оның барлық қажетті іс жүргізулік әрекеттері жүргізілгеннен кейін мәйітке эксгумация жасалғаны туралы қаулы бойынша бейіт әкімшілігі анықтау немесе тергеу органының және қайтыс болған адам туыстарының қатысуымен мәйітті жерлейді. Куәландыру (ҚР ҚІЖК 226-бап). Мәніне қарай куәландыру тексерудің бір түрі болып саналады, бірақ тірі адамның денесін куәландыру. Куәландыру— адам денесіндегі ерекшелік белгілерді, қылмыс іздерін, денсаулығына келтірілген зиянның белгілерін анықтау, мас болу жағдайын немесе іс үшін маңызы бар өзге де қасиеттер мен белгілерді анықтау үшін куәға, айыпталушыға, күдіктіге, жәбірленушіге куәландыру жүргізуден тұратын тергеу әрекеті. Куәландыру жүргізудің нақты негіздемесі - тексеру кезінде адам денесінде ерекше белгілер (тыртық, туғаннан пайда болған мең, татуировка), дене жарақатынан болған іздер (жаралану, ісік дақтар, көгеру) табылуына дәлелді негіздер болуы немесе адамның нашақорлық не мас күйінде табылуына негіз болатын негіздердің болуы. Куәландырудың заңды негіздемесі — тергеушінің куәландыру жүргізу туралы қаулы шығаруы. Осы қаулымен міндетті түрде жәбірленуші, айыпталушы, күдікті, куә танысуы керек. Куә және жәбірленуші куәландыру жүргізуден бас тартқан жағдайда тергеуші прокурор санкциясымен куәландыруды мәжбүрлеу шаралары арқылы жүргізеді. 226-баптың 1-бөліміне сәйкес куәландыру сот сараптамасын жүргізу қажет болмаған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Тергеуші айыпталушыға, күдіктіге, куәға немесе жәбірленушіге олардың денесіндегі қылмыс іздерін анықтау үшін немесе ерекше белгісін айқындау үшін жүргізуге құқылы, егер сот -медициналық сараптамасын жүргізу қажет болмаса . Куәландыру куәгердің ал қажетті жағдайда дәрігердің қатысуымен жүргізіледі. Бұл тергеу әрекеті куәландырылатын адамның жалаңаш күйінде жүргізілетін болса сол жынысты куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады. Тергеуші егер куәландырылатын адам жалаңаш күйінде тексерілетін жағдайында өзге жынысты куәландыруға қатынаспайды. Бұл кезде куәгерлердің қатысумен куәландыруды дәрігер жүргізеді (ҚІЖК 226-бап 3,4 бөліктер). Осы жағдайда тергеуші хаттаманы куәландыру жүргізген дәрігердің айтқан сөздерімен толтырады. Куәландыруды жүргізу туралы хаттаманы ҚР КІЖК-нің 226, 227-баптарының талаптары бойынша тергеуші толтырады. Куәландыру хаттамасында тергеушінің барлық әрекетгері жазылады, соған тең куәландыру кезінде табылған барлық мәліметтер табылған ретімен және қандай күйде табылғаны түгел енгізіледі. Хаттамада сондай-ақ куәландыру кезінде алынған заттар тізімделіп тіркеледі. Куәландыру барысында тиісті емес яғни куәландырылатын адамның денсаулығына қауіпті болатын және оның ары мен ұятын кемсітетін тәсілдер мен әдістерді қолдануға жол берілмейді. 4.Тану (ҚР ҚІЖК 228-бап). Заң тану ұғымына толық анықтама береді. Бұл бұрын байқалған адаммен немесе объектімен ұқсастықты немесе айырманы анықтау мақсатында тергеуші тану үшін куәға, жәбірленушіге, күдіктіге немесе айыпталушыға адамды немесе затты көрсету. Тану үшін мәйіт те көрсетілуі мүмкін. Бұл тергеу әрекетінің құқықтық негізі ҚР ҚІЖК-нің 228,229-баптары болып саналады. Тануға ұсынылатын объектілердің түрлері: көзі тірі адамдарды тану, фотосурет бойынша тану; басқа да тірі болмыстарды тану; заттарды тану және мәйітті тану. Заң әдебиеттерінде адамды иісі арқылы тану туралы біржақты пікір жок. Қазақстан Республикасының Заңында дыбыс және бейне жазбалары арқылы тану жүргізуге жол берілген (ҚР КІЖК 229-бап), сондай-ақ дауысының, сөйлеуінің, жүрісінің ерекшеліктері бойынша тануға жол берілген. Сонымен қатар осы нормада адамның иісі аркылы тану көрсетілмейді. Бірақ анықтау және тергеу органдары өзінің тәжірибелі жұмысында адамды сыртқы тұлғасына қарай да, дауысы, жүрісі, кейде тіпті иісіне қарай да тануды жүргізе береді. ҚР КІЖК-нің 228-бабына сәйкес танушы адамдар ретінде куә, жәбірленуші, күдікті, айыпталушы бола алады. Танушы адам ретінде өзінің жас шағына қарай, дене және психикалық кемістігіне карай дене үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдау және ол туралы дұрыс жауап беруге қабілетті емес адамдарды тартудың аса қажеті жоқ. Конституцияға және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жұбайына және жақын туыстарына куәландырмауға құқылы екені түсіндіріледі, яғни күдіктінің, айыпталушының жасаған қылмысын тану кезінде танушы ретінде қатыспауға қүқылы екені түсіндіріледі. Тану ушін көрсету тәртібі. Танылуға тиіс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бір, сыртқы пішіні мен киімінде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бірге көрсетіледі. Тану үшін көрсетілетін адамдардың жалпы саны кемінде үш адам болуы керек. Бұл ереже мәйітті тануға қолданылмайды. Тергеу іс-әрекетіне арасында танытуға тиіс адам орналасқан өзге адамдардың қатысуы тек олар ерікті түрде келіскен кезде және тануға қатыстырылған адам олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкін болады. Әдетте мәйіт жеке көрсетіледі. Апаттар туралы істер бойынша және құрбан болғандардың саны айтарлықтай болған басқа да істер бойынша мәйіт тану үшін жалпы қаза болғандармен бірге көрсетілуі мүмкін. Қажет болған жағдайларда тергеушінің нұсқауы бойынша танушы адамға мәйітті керсетпес бұрын маман мәйітті гримдейді. Тергеушінің мәйітті оның жатқан жерінде сақталуын қамтамасыз ету туралы нұсқауы тану үшін ұсынуға қажетті уақыт кезеңінде орындалуға міндетті. Егер танитын адам куә немесе жәбірленуші болса, оған танудың алдында айғақ беруден бас тартқаны үшін, көрінеу жалған айғақ бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертіледі, оған сондай-ақ өзіне, еріне және өзінің жақын туыстарына, ал діни қызметшіге -тәубе үстінде өзіне ішкі сырын сеніп ашқан адамдарға қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндіріледі. Тану жүргізудің алдында тергеуші танылуға тиіс адамға өзге адамдардың арасында кез келген орынды таңдап алуын ұсынады, бұл хаттамада көрсетіледі. Адамды көрсету мүмкін болмаған кезде тану оның фотосуреті бойынша жүргізілуі мүмкін, ол бет әлпеті танылуға тиіс адаммен мүмкіндігінше ұқсас, кемінде үш адамның фотосуретімен бірге көрсетіледі, сонымен бірге дыбыс және бейнежазба бойынша да жүргізіледі. Зат кемінде үш біртектес затпен бірге көрсетіледі. Ұқсас объектілерді іріктеп алу мүмкін болмаған немесе қиын болғанда затты тану үшін көрсету жалғыз дана бойынша жүргізіледі. Танушы адамға өзі ол туралы айғақ берген адамды немесе затты көрсету ұсынылады. Жетекші сүрақтар қоюға тыйым салынады. Егер танушы адам оған керсейлген адамдардың немесе заттардың бірін көрсетсе, оған бұл адамды немесе затты қандай белгілері немесе ерекшеліктері бойынша танығанын түсіндіру ұсынылады. Тану үшін көрсету куәгерлердщ көзінше жүргізіледі. Танушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ дауыс, сөйлеу, жүріс ерекшеліктері бойынша тану кезінде адамды тану үшін көрсету танылуға тиіс адам танитын адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда куәгерлер тануға тартылған адаммен бір жерде тұрады. Тануға тартылған адам мен куәгерлерге тану үшін көрсетілген адамдарды жеткілікті көріп байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілуіге тиіс. Тануға көрсетілген адамды сол белгілері бойынша танушының қайталап тануы жүргізілмейді. Тану үшін көрсету туралы ҚР ҚІЖК 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттама жасалады. Хаттамада танудың шарттары, барысы, нәтижелері көрсетіледі және танушы адамның түсініктемелері мүмкіндігінше сөзбе-сөз жазылады. Егер тану үшін адамды көрсету танылуға тиіс адам танушы адамды көрмейтіндей жағдайда жүргізілсе, бұл да хаттамада көрсетіледі. Тінту. (ҚР ҚІЖК 230-бап). Тінту - бұл заттай дәлелдеме бола алатын, іс үшін маңызы бар қылмыс қаруларын, қылмыс жолымен алынған құндылықтарды, құжаттарды, басқа да заттарды алу және табу мақсатында іздеуге бағытталған мәжбүрлі тергеу әрекеті. Тінту сондай-ақ әділ соттан жалтарып жүрген адамды табу немесе өлтіру туралы іс бойынша мәйітгі іздеу мақсатыңда жүргізіледі. Заңда мынадай тінту түрлері қарастырылған. Белгілі бір мекемені тінту (ғимарат, ұйым, үй-жай), өзге де жерледі тінту (аула, саябақ, бақша, т.б.) және жеке тінту. Алу (ҚРҚІЖК231-бап). Алу — іс үшін маңызы бар белгілі бір заттар мен құжаттардың қайда жөне кімде екені анық болғанда, тергеушінің оларды алып қою мақсатымен жүргізілетін тергеу әрекеті. Тінту мен алудың нақты негіздемесі — белгілі бір жерде не мекемеде немесе нақты бір адамда қылмыс қаруы, заттары не құндылықтары, іздестіруде жүрген адам және іске маңызы бар баска да заттар бар екеніне негіз болатын жеткілікті мәліметтердің болуы. Заңды негіздемесі - тергеушінің уәжделген қаулысын шығаруы. Онда қандай мекен-жаймен және қай жерде тінту не тінту мақсаттарын (қылмыс заттары мен қаруын іздеу не алу) жүргізу керектігі белгіленеді. Ережеге сай, тінту прокурордың не оның орынбасарының санкциясымен жүргізілуі тиіс. Бірақ заң айрықша жағдайларда іздестіріліп жатқан және алып қоюға жататын объект оны табуды ұзаққа созудан жоғалуы, бүлінуі немесе қылмыстық мақсатта пайдаланылуы мүмкін болғанда не іздестіріліп жатқан адам жасырынуы мүмкін болғанда тінту прокурордың санкциясынсыз, бірақ жүргізілген тінту туралы кейін жиырма төрт сағат ішінде оған хабарлау арқылы жүзеге асырылатынын көздейді. Аталған хабарламаны алғаннан кейін прокурор жүргізілген тінтудің заңдылығын тексереді жөне оның заңды немесе заңсыз екені туралы қаулы шығарады. Жүргізілген тінтудің заңсыз екені туралы шешім қабылданған жағдайда бұл әрекет іс бойынша дәлел ретінде жіберілмейді. Тінту күндізгі уақытта жүргізілуі тиіс. Бірақ күттірмейтін жағдайларда ол түнгі уақытта да жүргізіледі. Ескерте кету керек, тінту не алу әрекетін жүргізуде екіден кем болмайтын куәгер қатысуы міндетті, ал қажетті жағдайларда маман мен аудармашының қатысуы талап етіледі. Маман ретінде тергеуші дәлелдемелерді алу, бекіту және табу үшін бірге қызмет көрсететін сондай-ақ техникалық құралдарды қолдана алатын кез келген іске мүдделі емес адамды шақырта алады. Үй-жайларда тінту жүргізіліп жатқан үй иесін не сол отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірін қатыстыру қамтамасыз етілуі керек. Оларды қатыстыру мүмкін болмаған жағдайда үйді пайдалану ұйымының (КСК) өкілдері немесе жергілікті әкімшілік шақыртылады. Өндірістер, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар орналасқан ғимаратты тінту не алу олардың әкімшілігіндегі өкілдердің қатысуымен жүргізіледі. Мемлекетгік құпия болып танылатын мәліметгері бар құжаттарды алу тек прокурордың немесе оның орынбасарының санкциясымен және сәйкес мекеме басшысының келісімімен жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдіктер орналасқан үй-жайларды, сондай-ақ дипломатиялық өкілдіктердің мүшелері мен олардың отбасылары тұратын үй-жайларды тінту не алу тек дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оның орнындағы адамның өтініші бойынша немесе олардың келісімімен және олардың кезінше жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдің келісіміне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы сұрау салынады. Тінту не алу жүргізілген кезде прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өкілінің қатысуы міндетті. Жеке адамды тінту (ҚР ҚІЖК 233-бап). Жеке тінту- прокурор санкциясынсыз және қаулының қабылдануынсыз жүргізілетін тергеу әрекеті. Ұсталған адамда немесе сол не басқа жердегі мекеме ішіндегі тінту не алу жүргізілетін адамда қылмысқа қатысты заттар мен құжаттар бар екеніне жеткілікті негіз болған жағдайда, оның денесінде, киімінде іске маңызы бар заттардың бар екеніне нақты дәлелдер болған жағдайда жүргізіледі. Ескерте кету керек, егер жеке тінту адамды ұстау кезінде немесе қамауға алу кезінде куәгердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Тінту және алуды жүргізу тәртібі (ҚР ҚІЖК 232-бап). Тінту мен алуды тергеуші дәлелді қаулы бойынша жүргізеді. Тінту жүргізу туралы, сондай-ақ мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын құжаттарды алу туралы қаулыға прокурор немесе оның орынбасары санкция беруге тиіс. Тінту не алу жүргізілетін адамдарға, сондай-ақ куәгерге, маманға, аудармашыға олардың құқықтары түсіндіріледі: тергеушінің барлық әрекеттеріне қатысу және осы әрекеттерге қатысты ескерту жасауға құқылы, бүл туралы хаттамаға енгізіледі. Тергеушінің қаулысынсыз тінту және алу жүргізу заңды бұзу деп саналады жөне осындай әрекеттермен алынған нәтижелер мен дәлелдемелер жоққа шығарылады. Қаулы шығарып, құқықтарымен түсіндіргеннен кейін тергеуші қылмыс қаруын, заттарын, қылмыс жолымен алынған құндылықтар мен басқа қүжаттарды тапсыруды ұсынады. Егер іздестірудегі заттар мен құжаттар ерікті түрде берілсе және алынуға жататын заттар мен құжаттардың жасырылғанынан күмәндануға негіздер болса, тергеуші одан әрі іздеу жүргізуге құқылы. Егер жабық үй-жайлар мен қоймалардың иесі оларды ерікті түрде ашудан бас тартса, тінту жүргізген кезде олар ашылуы мүмкін. Бұл ретте есік құлыптарын және басқа заттарды қажетсіз бүлдіруге жол берілмеуі тиіс. Алу кезінде тергеуші алынуға жататын заттар мен құжаттарды беруді ұсынады, ал бүдан бас тартылған жағдайда алу мәжбүрлі түрде жүргізіледі. Тергеуші сол үй-жайда түрып жатқан адамның немесе басқа адамдардың жеке емірінің тінту мен алу кезінде анықталған мән-жайларының жария етілмеуіне шаралар қолдануға міндетті. Тергеуші тінту немесе алу жүргізіліп жатқан үй- жайды немесе орында тұрған адамдарға және осы үй-жайға келген адамдарға тінту немесе алу аяқталғанға дейін ол жерден кетуге, сондай-ақ бір-бірімен немесе өзге адамдармен сөйлесуге тыйым салуға құқылы. Тінту мен алу жүргізілген кезде тергеуші іске қатысы болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алумен шектелуге тиіс. Айна-ымға салуға тыйым салынған затгар мен қүжаттар олардың іске қатыстылығына қарамастан алынуға тиіс. Алынатын заттар мен құжаттар куәгерлерге және қатысып отырған баска да адамдарға көрсетіледі, буып-түйіледі және тінту жүргізілген жерде мөрмен бекітіледі және куәгер мен бұған қатысқан адамдардың қол қоюымен куәландырылады. Тінту жүргізген кезде қажет болған жағдайда фотосуретке, киноға түсіру жөне бейнежазба жүргізіледі. Тінту немесе алу хаттамасын жасау тәртібі (ҚР ҚІЖК 234-бап). Тінту немесе алу жүргізетін адам ҚР ҚІЖК-нің 203-бабында көзделген талаптарды сақтай отырып хаттама жасайды. Хаттамада заттар мен құжаттар қай жерде және қандай жағдай-да табылғаны, олардың ерікті түрде берілгені немесе мәжбүрлеп алынғаны керсетілуге тиіс. Бірақ алынған затгар хаттамада саны, мөлшері, салмағы, өзіндік белгілері және мүмкіндігінше бағасы дәл көрсетіле отырып жазылуы тиіс. Егер тінту немесе алу жүргізген кезде алынуға жататын заттарды немесе құжаттарды жою немесе жасыру әрекеттері жасалған болса, бұл хаттамада қолданған шаралар көрсетіле отырып жазылуға тиіс. Тінту немесе алу хаттамасының көшірмесі олар жүргізілген адамға не оның кәмелетке толған отбасы мүшесіне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй пайдалану ұйымның немесе жергілікті атқарушы органның өкіліне олардан қолхат алынып тапсырылады. Егер тінту немесе алу ұйымда жүргізілсе, онда хаттаманың көшірмесі оның өкілдеріне қолхат алынып тапсырылады. 5.Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды тексеру мен алу (ҚР ҚІЖК 235-бап) - бұл хаттар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдер, посылкалар мен басқа да почта-телеграф жөнелтілімдері іс үшін маңызы бар мәліметтерді, құжаттар мен заттарды қамтуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіз болған кезде тұтқындауға бағытталған тергеу іс-әрекеті. Мақсаты — іс бойынша дәлелдеме ретінде мәліметтер мен заттарды алу. Нақты негіздемесі — почта жөнелтілімдерінде іске қатысты мәліметтер мен заттар бар екенін байқаған тергеушінің әрекеті. Занды негіздемесі — тергеушінің осы әрекетгерді жүзеге асыру жөнінде қаулы қабылдауы. Прокурордың санкциясымен берілген қаулыда тұтқынға алынатын байланыс мекемесінің аты, почта-телеграф жөнелтілімдерінің аты, адамдардың фамилиясы, аты, әкесінің аты, олардың мекен-жайы, почта-телеграф жөнелтілімдерінің түрі және оларды тұтқындау мерзімі көрсетіледі. Тергеуші почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау женіндегі қаулыны осы байланыс мекемесінің басшысына жолдайды, ол қаулыда көрсетілген хатгар, жеделхаттар, радиограммалар, бандерольдер, посылкаларды ұстап қалып, ол туралы тергеушіге хабарлауға міндетті. Бұл тергеу өндірісінің жалпы іс жүргізу тәртібі тінту мен алу әрекеттеріне ұқсас және мынадай реттерде жүзеге асырылады: 1) ұсталған почта-телеграф жөнелтілімдерінің кешірмесін алу, тексеру әрекеттерін тергеуші байланыс мекемесінде куәгерлердің қатысуымен өзі жүргізеді; 2) Қажетті жағдайларда осы тергеу өндірісіне маман мен аудармашы шақыртылады; 3) Қажетті жағдайларда почта-телеграф жөнелтілімдерін тексеру әрекетіне хаттама толтырылады, онда қандай почта-телеграф жөнелтілімі тексеруге алынды және кім тексеруге алынғаны көрсетіледі, адресатқа көшірмесі берілген берілмегені, жөнелтілгені, жөнелтілмегені не қанша мерзімге ұсталғаны көрсетіледі; 4) тергеуші мен прокурор тұтқындау мүмкіндігі аса қажет болмаған жағдайда почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындауды алып тастайды, бірақ кез келген жағдайда да тұтқыннан алып тастау тергеу аяқталғанға дейін жалғасуы керек. Хабарды жол-жөнекей ұстау (ҚР ҚІЖК 236-бап). Хабарды жол-жөнекей ұстау — бұл техникалық, оның ішінде компьютерлік байланыс арналары арқылы берілетін хабарларды жолдан ұстау және компьютерлік жүйелерден тергеліп отырған іске қатысты ақпаратты алу тергеушінің прокурор санкциясы берген қаулысы негізінде жүргізілетін тергеу іс-әрекеттері. Бұндай жағдайларда тергеушінің қаулысы жедел іздестіру қызметін жүзеге асырып отырған органға орындауға жіберіледі. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» ҚР Заңында (14-бап) былай деп берілген: жедел-іздестіру қызметі процесінде алынған материалдар тергеу іс-әрекеттері мен дайындығы үшін қолданылуы мүмкін және ол материаддар алдын ала ескертуге қатысты жедел-іздестіру шараларын өткізуде, қылмысты бұлтартпау не жолын қесу, қылмысты ашу кезінде қолданылуы мүмкін. Мынаны білу керек: анықтау қызметкерлері (жедел қызметкерлер) қылмысты тергеуге тергеушіге үлкен көмек көрсетеді және нәтижесінде қылмысты ашуда, қылмыскерді үстауда оны жауаптылыққа тартуда едәуір септігін тигізеді. Жол-жөнекей ұстау нөтижесінде алынған хабарлар мен компьютерлік ақпаратгар-ды арнайы маман белгілейді де тергеушіге жеткізеді. ҚР ҚІЖК-нің 129-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органдардың ғылыми-техникалық құралдарды қолдануы іс-жүргізу хаттамаларында көрсетілуі тиіс, ол хатгамада міндетгі түрде ғылыми-техникалық құралдар туралы мәліметтер, оларды пайдалану шарттары мен төртібі, бұл құралдар колда-нылған объектілер мен одан алынған нәтижелер көрсетілуі тиіс. Ескерте кету керек, хабарды жол-жөнекей үстау нәтижесінде алған ақпараттар қылмыстық іс бойынша дәледдеу ретінде қол-данылуы мүмкін жөне қылмыстық-іс жүргізу зандарына сәйкес тексеру жүргізіліп болғаннан кейін және оның іс жүргізу формалары, яғни хаттама формасына сәйкес келуі сақталғаннан кейін оны дәлелдеме деп қабылдауға болады. 6.Сөйлесулерді тындау мен жазу (ҚР ҚІЖК 237-бап). Күдіктінің, айыпталушының және қылмыс туралы, ауыр жөне аса ауыр қылмыстар туралы істер жөнінде мәліметтерді білуі мүмкін басқа да адамдардың бейне және дыбыс жазу техникаларын немесе өзге де арнаулы техникалық қүралдарды пайдалану арқылы әңгімелесулерін жасырын тыңдау мен жазу, сондай-ақ телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқы-лы сейлескен сөздерін тындау мен жазу тындау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мөліметтер алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті. Бұған қоса, күш қолдану, қорқытып алу және басқа қылмыстық әрекеттерді жәбірленушіге, куәға немесе олардың от-басы мүшелеріне қолдану қаупі болған кезде тергеушінің прокурор санкциясы берген қаулысы бойынша олардың келісімімен бейне және дыбыс жазу техникаларын пайдалану арқылы әңгімелесулерінің жасырын тындалуы және жазылуы, сондай-ақ олардың телефондары немесе басқа сөйлесу қүрылғылары арқылы сөйлескен сөздерінің тыңдалуы және жазылуы мүмкін. Бұндай шаралар тергеуші мен анықтау органында тыңдау арқылы қажетті мәліметтер алуға болатынына жеткілікті негіз болғанда ғана жүргізіледі. Бұндай шараны жүзеге асыру үшін тергеуші уәжделген дәлелді қаулы шығарады, ол қаулы прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі және орындалу үшін сәйкесті органға жолданады (ҚР ҚІЖК 237-бап). Тергеушінің сейлесулерді тыңдау және алу туралы дәлелді қаулысында мыналар белгіленеді: 1) тергеу әрекетін жүргізетін қылмыстық іс пен онын, негіздемесі; 2) сөйлесулері тыңдауға және жазып алуға алынған адамдардың фамилиясы, аты, әкесінің аты; 3) сөйлесулерді тындау және жазып алуды жүзеге асыру мерзімі. Прокурордың санкциясынсыз-ақ тергеушінің сөйлесулерді тындау және алу туралы дәлелді қаулысы бойынша күттірмейтін, тосын жағдайларда тындау және жазып алу әрекеттері жүргізіле береді. Алайда жиырма төрт сағатгың ішінде тергеу өрекетін жүргізгені туралы оған хабар жеткізіп отыруы тиіс. Прокурор бұл тергеу әрекетін тексере отырып, оның заңды не заңсыз екені туралы шешім қабылдайды. Сөйлесулерді тыңдау және жазып алу әрекеті заңсыз жүргізілсе, іс бойынша ол мәлімет дәлелдеме ретінде іске аспауы мүмкін. Занда сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазып алу алты айдан аспайтын мерзімге белгіленуі мүмкін. Олар бұл шараларға қажеттілік жойылған кезде, бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталған соң кешіктірмей тергеушінің қаулысы арқылы тоқтатылады. Тергеуші ол қаульща белгіленген бүкіл мерзімнің ішінде кез келген уақытта техникалық тыңдауды жүзеге асырып отырған органнан тексеру және тыңдау үшін фонограмманы талап етуге құқылы. Фонограмма тергеушіге мөрмен бекітілген түрінде, тыңдаудың негізі, құралдардың қажетті техникалық сипаттамалары мен жазудың сапасы көрсетілген ілеспе хатпен бірге тапсырылады. Фонограмманы тексеру мен тыңдауды тергеуші куәгерлердің және қажет болған жағдайда маманның катысуымен жүргізеді, бұл туралы хаттама жасалады, онда сөйлесу фонограммасының іске қатысы бар бөлігі сөзбе-сөз жазылып, сөйлесіп отырғандардың сөздерінің естілу сапасына сипаттама берілуге тиіс. Сөйлескен сөздерді, әңгімелесулерді тыңдау мен жазуға қатысушы адамдарға өздеріне белгілі болған мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілігі туралы ескертіледі. Фонограмма хаттамаға қоса беріледі, бұл ретте оның іске қатысы жоқ бөлігі үкім заңды күшіне енген соң немесе қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін жойылады. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау (ҚР КІЖК 238-бап). Жәбірленушінің, куәнің, күдіктінің, айыпталушының оқиға болған жерде берген айғақтарын тексеру әрекеті тергеліп жатқан оқиғаға қатысты өз бетінше жүргізіліп жатқан тергеу әрекеті ретінде жиі қолданылады. Оны анықтау органдары және аддын ала тергеу органдары мынадай мақсаттарда пайдаланады: — айғақтардың растығын оларды болған оқиғаның жағдайымен салыстыру арқылы анықтау; — тексерілетін іс-әрекет болған бағытты жөне орынды анықтау; — жаңа нақтылы деректерді анықтау мақсатында жүргізіледі. Негізінде «айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау» мақсаты бұрын жауап алынған адам мынадай әрекеттерді жүзеге асырса айқын байқалады: — зерттелініп отырған жердің мән-жайы мен жағдайын сол жерде көрсетсе; — іске қатысы бар затгарды, қүжатгарды, іздерді іздестіріп, тауып көрсетсе; — нақты әрекеттерді бейнелеп, сол заттар мен оқиға әрекеттері зерттелініп отырған істе қандай рөл атқаратынын көрсетсе; — оқиға болған жердегі жағдайлардың өзгерісіне назар аударса; —өзінің алдыңғы жауаптарын нақтылап, айқындаса. Айғактарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау әрекетінің іс жүргізулік тәртібі. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау кезінде мыналарды жүргізуге тыйым салынады: — бұл іске өзге біреулердің қытасуына; — жәбірленушіге, куәға, күдіктіге, айыпталушыға жетекші сұрақтар қоюға; — бірнеше адамдарға бір уақытта оқиға болған жерді тексертуге және нақтылауға. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау кезінде куәгер міндетті түрде қатысуы керек. Тергеуші қажетті жағдайларда маман шақыруға құқылы. Айғақтарды тексеру және нақтылау жауап алынып отырған адамға оның айғақтары тексерілетін бағыт пен орынды ерікті түрде көрсетуді ұсынудан басталады. Мысалы, өлтіру ісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілген кезде айыпталушы өзінің жасаған қылмысын мойындап, сол ауылда өлген адамның мүшеленген денелері қазылған жерді сенімді түрде тауып беріп, өлтірілген қару мен балтаны жасырған орнын көрсетсе, бұл тергеу әрекетінің дәлелдеу мәні бұрын сонды белгісіз болған ақпаратты алумен, кінәлінің қылмыс жа-сағаны туралы анық хабардар болумен қорытындыланады. Айғақтар айтылғаннан кейін, айғақтары тексеріліп отырған адамға сұрақтар қойылуы мүмкін. Оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау барысында табылған іс бойынша дәлел ретінде маңызы болуы мүмкін заттар мен қүжаттар алынып, буып-түйіледі және олар мөрмен бекітіледі, оларды алу фактісі хаттамада тіркеледі. Заңда оқиға болған жерде айғақтарды тексеру мен нақтылау кезінде кажет болған жағдайда елшеу, суретке түсіру, дыбыс және бейнежазба жасау, киноға түсіру жүргізілетіні, жоспарлар мен схемалар жасалатыны туралы көрсетілген. Бұл құрал-дарды пайдалану ҚР ҚІЖК-нің 219-бабында баяндалған ережелер бойынша жүргізіледі. 7.Тергеу эксперименті (ҚР ҚІЖК 239-бап). Тергеу эксперименті — бұл іс үшін маңызы бар мәліметгерді зерттеліп отырған оқиғаның белгілі бір әрекеттерін, жай-жапсарын, мән-жайларын қайта жаңғырту және тәжірибе жүргізу арқылы тексеру мен нақтылау мақсатында жүргізілетін тергеу іс- әрекеті. Бұған қоса, қарастырылып отырған бапта осы тергеу әрекетінің жалпы мақсаты көрсетілген. Мақсаты — тексеру жолымен дәлелдемелер туралы мәліметтер алу, белгілі бір фактілерді қабылдау мүмкіндігі, белгілі бір оқиғалардың болу мүмкіндігі туралы мәліметтер алу, сондай-ақ болған оқиғадан кейінгі әрекеттерді анықтау және олардың іздерін анықтау механизмі. Тергеу экспериментінің өзіне тән сипатты белгісі — бүл түрлі шарттарда және әртүрлі жағдайларда қайталама экспери-менттерді жүргізу. Тергеу эксперименті айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау әрекетінен былай ажыратылады: эксперимент айғақтарды оқиға болған жерде тексеру жөне нақтылау әрекетінде жүргізілмейтін тікелей тәжірибелі әрекеттер арқы-лы жүзеге асырылады. Бұған қоса, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру жөне нақтылау әрекетінде бұл тергеу ісін жауаптары тексерілетін адамның қатысуынсыз жүргізуге болмайды. Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу экспериментін жүргізудегі жалпы тәртіпті белгілейді. Онда мыналар қарастырылады: а) куәгерлердің қатысуы; б) жәбірленушіні, күдіктінің, айыпталушының, куәнің қатысуы мүмкін; в) маманның қатысуы мүмкін; г) тергеу экспериментіне қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіретін, олардың ары мен намысына нұқсан келтіретін оларға материалдық зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салынады. д) эксперименттің барысын, шарттарын, нәтижесін мұқият баяндайтын хаттаманың жасалуы; е) суретке түсіру, дыбыс және бейне жазу, киноға түсіру, басқа да техникалық құралдарды қолдану, жоспар, схема, сызбаларды жасау мүмкіндігі. Тергеу эксперименті зерттелетін оқиғаға қатысты қолданылатын құралдармен, сол оқиғаға қатысты ауа-райымен, тексерілетін оқиғаның шарттарына сай жүргізіледі. Тергеу экспериментінің жүргізілгені туралы хаттама жасалады, онда кіріспе бөлім, мазмұндалатын бөлім, және қорытынды бөлім болады. Кіріспе бөлімінде эксперимент жүргізілген уақыт, орын және оның шарттары мен мақсаты көрсетіледі, адамдардың құқықтары түсіндіріледі, жауаптылығы туралы ескертіледі. Мазмұндалатын бөлімінде эксперимент өндірісіндегі әрекеттер баяндалады және оның реті көрсетіледі. Қорытынды бөлімінде — эксперимент нәтижесі беріледі. Тергеу экспериментінің нәтижесі онын жеткілікті және дәлелді мәнінің тәртібі бойынша бағаланады. 8. Қазақстан Ресубликасының «Сот сараптамасы туралы» Заңында сот сараптамасы органдарына Қазақстан Республикасы тәуелсіз, мамандандырылған объективті сот сараптамасын жүргізетін сот өндірісімен қамтамасыз ету мақсатында сот-сараптама әрекеттерін жүргізу қызметін атқаратын мемлекетгік органдар жатады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақгау министрлігінің сот медициналық орталығы Қазақстан Республикасы сот сараптамасының тірек органдары болып табылады. Сот сараптамасы сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін атқаратын адамдар арқылы да жүргізіледі. Олар мемлекеттік сот-сараптама мекемелері ретінде тең құқыққа жөне жауапкершілікке ие. КР ҚІЖК-нің 243- бабына сәйкес сот сараптамасын жүргізу мыналарға тапсырылуы мүмкін: 1) сот сараптамасы органының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама жүргізетін адамдарға; 3) заң талаптарына сай бір ғана мүмкіндікпен басқа да адамдарға. Сараптаманы жүргізу процеске қатысушылардың өздері ұсынған адамдарға да сеніп тапсырылады. Сараптама ұғымы. «Экспертиза» сөзі латынның «ехрегііх» сөзімен, яғни «тәжірибелі білгір адам» деген мағынаны беретін сөзімен байланысты. Сараптама — бұл сарапшының арнайы білімдер негізінде жүргізетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алу мақсатында жүргізетін тергеу әрекеті. Арнайы білім — бұл жалпыға танымал білімдерден тыс ғылым мен техниканың өзге салалары туралы білім. Сот сарапшысы — бұл іске мүдделі емес арнайы ғылыми білімі бар, сот, тергеуші, анықтаушы сот сараптамасын жүргізуді тапсырған адам. Сарапшы бір ғана қызметті, яғни дәлелдемелерді зерттеуді ғана таратуға кұқылы. Сот сараптамасы тек іске қатысы бар арнайы ғылыми білім негізінде сараптама жүргізу қажеттігі туындаған, соның нәтижесінде іс үшін маңызы бар материалдар алуға мүмкіндік туатын жағдайларда ғана тағайындалады. Сот сараптамасы — бұл мәні, маңызы істі шешуге қатысы бар жағдайларды, мән-жайларды белгілеу мақсатында арнайы білім негізінде іс материалдарын зерттеу болып табылатын өз бетінше жүргізілетін ерекше іс жүргізулік әрекеті. Сараптаманың міндеті — бұл жаңа дәлелдеме алу — сарапшының қорытындысы, қылмыстық істің жаңа мән-жайларын белгілеу. Сараптама жүргізу шарттарына мыналар жатады: 1) арнайы ғылыми білім негізінде зерттеу жүргізу; 2) қылмыстық процеске қатысушы басқа адамдардан ерекшелейтін өзіндік жеке міндеттері мен құқықтары бар, арнайы іс жүргізуші фигура, яғни сарапшының сараптама жүргізуі; 3) сараптамаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, заңмен реттелген зерттеу нәтижелерін тағайындау, жүргізу, рәсімдеу және бағалау. 4) бағалау негізінде зерттеу нәтижесіне орай қорытынды жасау, фактілерді талқылау. Сот сараптамасын жүргізуді тағайындаудың негіздемесі. ҚР ҚІЖК 240-бабына сәйкес сараптама мынадай жағдайларда ғана тағайындалады: іске қатысы бар мән-жайлар арнайы ғылыми білім негізінде сараптама жүргізу нөтижесінде іс материалда-рын зерттеу нәтижелерін алу мүмкіндігі туғанда. Сараптама қылмыстық істі қозғау үстінде, іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында, сотта істі қарау кезінде тағайындалуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалғанда тағайындалған сараптама қорытындысынсыз қылмыстық істі қозғау мүмкін емес болған жағдайда жіберіледі (ҚР ҚІЖК 242- бап). Сараптама тағайындау негіздемесіне сүйене отырып, олардың анық және іс жүргізулік негіздемелерін ажыратуға болады. Сараптама тағайындау үшін нақты негіздеме — бұл іс бойынша туындаған мәселелерді арнайы ғылыми білім арқылы шешу мүмкіндігі. Сараптама тағайындау үшін заңды негіздеме — арнайы ғылыми білімді қолдану арқылы мәселелерді шешу мүмкіндігін растайтын іс материалдары. Қылмыстық іс жүргізу зандарына сәйкес сараптаманы мына адамдар тағайындауы мүмкін: тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот (судья), өз еркі бойынша процеске қатысушылар (ҚР ҚІЖК 197, 242, 354-баптары). Анықтаушы мен тергеуші сараптаманы қылмыстық іс қозғалған кезде немесе алдын ала тергеу барысында тағайындайды, судья — негізгі сот талкылауы сатысын-да; прокурор — қылмыстык, істі тергеу барысында, қадағалауды жүргізу кезіңце тағайындайды. Аталған лауазымды қызмет адамдарының әрқайсысы сараптама қажетті деп таныған кезде ғана белгілей алады. Егер іс бойынша мына мәселелерді анықтау аса қажет болган жагдайда сот сараптамасын тагайындау және оны жүргізу міндетті деп саналады (ҚР ҚІЖК 241- бап): 1) елімнің себептерін, денсаулыққа келтірілген зиянның сипаты мен ауырлық дәрежесін анықтауда; 2) іс үшін маңызды болып, бірақ жасы туралы құжаттар болмағанда немесе күмән туғызғанда күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің жасын анықтауда; 3) ақыл-есінің дұрыстығы немесе қылмыстық іс жүргізуде өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеті жөнінде күмән туғанда күдіктінің айыпталушының психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтауда; 4) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы түріндегі жаза көзделген қылмысты жасаған айыпталушының психикалық жай-күйін анықтауда; 5) Іс үшін маңызы бар жағдайларды дүрыс қабылдау және олар бойынша айғақтар беру қабілетіне күмөн туған жағдайда жәбірленушінің, куәнің психикалық немесе тәнінің жай-күйін анықтау кажет болған жағдайда; 6) Істің өзге мән-жайы басқа дәлелдермен дәл анықталмайтын болса, сараптаманы тағайындау мен жүргізу міндетті болады. Сот сараптамасын жүргізу кезінде тергеуші қатысуға құқылы, сарапшыдан сараптамаға қатысты жүргізілген әрекеттер туралы түсіндірмелер сұрауға құқылы. Сот сараптамасын тағайындау шарттары мен тәртібі. Кез келген түрдегі сараптаманы тағайындау тергеушінің немесе соттың қаулысымен ресімделеді. Онда міндетті түрде мыналар болуы тиіс: осы тергеу әрекетінің уәжділігі, сарапшы немесе сарапт-ма жүргізетін мекеме туралы мөліметгер; сарапшы жауап беруге тиісті сүрақтар, сондай-ақ зерттеуге арналған материалдардың сипаттамасы. Тергеуші сот сараптамасынын, қажеттігін айқындағаннан кейін ол туралы қаулы қабылдайды, ал кейбір жағдайларда, ҚІЖК 242-бабында қарастырылғандай, сот алдында өтініш білдіреді. Ол етініште мыналар көрсетіледі: 1) сот сараптамасын тағайындаудың негіздемесі; 2) сарапшының фамилиясы, аты, әкесінің аты, сараптама өткізілетін мекеменің аты; 3) сарапшыға жүктелген мәселелер, сұрақтар; 4) сарапшыға ұсынылған материалдар. Сот сараптамасын мемлекеттік сот сарапшылары немесе арнайы білімі бар өзге сарапшылардың бірі жүргізеді. Тергеуші күдіктіге, айыпталушыға, оның қорғаушысына сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен таныстырады және олардың қүқықтарын түсіндіреді. Ол туралы хаттама толтырады. Хаттамаға тергеуші және қаулымен танысқан адамдар қол қояды. Сот сараптамасының заттары мен объектісі (ҚІЖК 248-бабы). Сараптама объектісі — бұл қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша анықталған, материалданған ақпараттардың көзі — қылмыстық іс материалдары. Сараптама заты — бұл сараптамалық зерттеу негізінде анықталатын нақты мәліметтер (істің мән-жайы). Сараптамалық зерттеуге тек нақты заттар ғана емес, сондай-ақ түрлі процестер (оқиғалар, болмыстар, әрекеттер) жатады. Олардың негізінде сарапшы сараптама заты болып саналатын басқа фактілерді тани бастайды. Сараптама объектілері былай бөлінеді: затгай дәлелдемелер; құжаттар, тірі адамдар (бүл жерде дене ретінде де, адамның психикалық, психологиялық, физиологиялық процесі ретінде де зерттеледі); қылмыстық іс материалдарында көрініс тапқан сараптаманың заттық мәліметі болып саналатын сараптамалық зерттеудің үлгілері; белгілі бір іс жүргізулік мәртебесі жоқ объектілер, яғни заттай дәлелдемелер түрғысынан, не моральды-этикалық түсінігі (мәйіттің) түрғысынан қылмыстық істе басымдық көрсете алмайтын объектілер. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кезінде күдікті не айыпталушының құқығы бар (ҚР ҚІЖК 244-бабы): 1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және езіне тиісілі қүқықтарына түсіндірме алуына, бұл туралы хаттама жасалады: 2) сарапшыдан бас тартуға немесе сараптама жүргізуден сот сараптамасы органын шеттету туралы етініш жасауға; 3) сарапшылар ретінде өздері атаған адамдарды немесе белгілі бір сот сараптамасы органының қызметкерлерін тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтініш жасауға; 4) сарапшының алдында қосымша мәселелер қою немесе бұрын қойылғандарын нақтылау туралы өтініш жасауға: 5) сараптама жүргізуге кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, тергеушінің рұқсатымен сараптама жүргізу кезінде катысуға, сарапшыға түсініктемелер беруге құқығы бар. 6) сарапшының қорытындысымен не оның қорытындысы тергеушіге түскеннен соң беруге болмайтыны туралы хабармен танысуға, өз ескертпелерін ұсынуға, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама тағайындау, сондай- ақ жаңа сараптамалар жүргізу туралы өтініш жасауға құқылы. Аталған құқықтарға, сонымен қатар сараптама жасалатын куә да жөне психикалық жағдайы мүмкіндік берсе, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізіліп отырған адам да ие. Егер сараптама адамды күдікті деп танығанға немесе айыпталушы ретінде іске тартқанға дейін жүргізілсе, тергеуші оны сараптама тағайындау туралы қаулымен, сарапшының қорытын-дысымен таныстыруға және оның ҚР КДЖК 244- баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге міндетті. Жәбірленушілер мен куәларды сараптамадан өткізу тек олардың жазбаша келісімімен ғана жүргізіледі. Егер бұл адамдар кәмелетке толмаған болса немесе сот оларды әрекет қабілеті жоқ деп таныса сараптама жүргізуге жазбаша келісімді олар-дың занды өкіддері береді. Аталған ереже міндетті жағдайда сараптама жүргізу үшін қолданылмайды. Сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге орналастыру шарттары (ҚР КДЖК 247-бап). Стационарлық байқау қажетгігі туындаған жағдайда сот- психиатриялық сараптама ұйымы арнайы ерекшелігімен көрінеді. Себебі, бұндай байқау медициналық мекемедегі жабық қатаң изоляция тәртібін сақтайтын ғимаратпен байланысты болады. Заң онда орналастырылатын адамдарға ерекше қаулы қабылдануын талап етеді. Егер стационарлық бақылауға алынған адам шешімге сәйкес қамауға алынбаса, онда қаулы сот шешімінің негізінде қабылдануы тиіс (ҚР ҚІЖК 14-баптың 2-бөлігі). Сараптама түрлері. Сот сараптамасы білім саласына қарай былай бөлінеді: - криминалистикалық, медициналық, психофизиологиялық; - инженерлі-транспорттық, инженерлі-техникалық, инженерлі-технологиялық; - бухгалтерлік, қаржы-экономикалық; - биологиялық, ауылшаруашылық, экологиялық, т.б. Криминалистік сараптама, өз кезегінде қолдану сараптамасы, құжаттарға жүргізілетін техника- криминалистік сараптама, фототехникалық сараптама, портреттік, баллистикалық сараптама, белгіленген таңбаларды қалпына келтіру не жою сараптамасы, суық қару сараптамасы, т.б. болып жіктеледі. Сот сараптамасының ерекше іс жүргізулік түрлеріне мыналар жатады: Жеке, комиссиялық, кешенді, қосымша және қайталама сараптамалар. Жеке және комиссиялық сараптама (КР ҚІЖК 249-бап). Жеке сараптаманы бір сарапшы жүргізеді. Комиссиялық сараптама — күрделі сараптық зерттеу қажеттігі туындаған жағдайда тағайындалады және бір мамандықтағы бірнеше сарапшы жүргізеді. Комиссиялық сараптама жүргізуде сараптама ко-миссиясының мүшелері өзара ақылдаса отырып, бірігіп талдайды, алынған нәтижені бағалайды, ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол кояды немесе қорытынды жасау мүмкін еместігін хабарлайды. Сарапшылар арасындағы келіспеушілік туындаған жағдайда олардың әрқайсысы өз алдына жеке қорытынды береді немесе қалған комиссия мүшелерінің қорытын-дысына сәйкес келмеген бір сарапшының пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды Кешенді сараптама — бүл әртүрлі мамандықтағы бірнеше сарапшының қатысуымен жүргізілетін сот сараптамасы. Кешенді сараптама түрлі білім салаларының негізінде зертгеуді қажет ететін, іске қатысы бар мән-жайларды анықтау үшін тағайындалады (ҚР ҚІЖК 250-бап). Комиссиялық сараптамаға қарағанда кешенді сараптамада әрбір сарапшы немесе комиссия жеке дара зерттелетін объектінің бөлігін өз мамандықтарына сай зертгейді. Қосымша сараптама және қайталама сараптама (ҚР ҚІЖК 255-бап) — сараптама қорытындысы толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттеумен байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда жүргізілетін сот сараптамасы. Бұл сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін. Қайталама сараптама (ҚР ҚІЖК 255-баптың 3-бөлігі) — сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмағанда не оның дұрыстығы күмәнді болған не сараптаманы тағайындау мен жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі түрде бүзылған жағдайларда дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мөселелерді шешу үшін жүргізілетін сот сараптамасы. Ол тағайындау туралы қаулыда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеудің дәлелдер келтіруге тиіс. Аталған сараптама ҚР ҚІЖК-нің 240, 242—252-баптарының талаптарын сақтау неіізінде тағайындалады, жүріізіледі. Сарапшы қорытындысыныц құрылымы мен мазмұны (ҚР ҚІЖК 251-бап). Сарапшы қорытындысы - бұл жүргізілген зерттеу нәтижесі баяндалатын іс жүргізу құжаты. Егер койылған мәселелердің біреуіне болсын мәні бойынша жауап берілсе немесе сарапшы тарапынан бір ғана қорытынды жасалған болса ол сарапшы қорытындысы болып саналады. Жинақталған әдістерге сәйкес сарапшының қорытындысы үш бөліктен құралады - кіріспе, мазмүны, корытынды бөлігі. Сарапшы қорытындысының кіріспе бөлігінде мыналар көрсетілуі тиіс: - сараптама аты, оның нөмірі, материалдардың келіп түскен күні мен қорытынды жасаған күн; - сараптама тағайындаған адам; - сараптама жүргізудің негіздері (қаулыны кім және қашан қабылдады, қандай іс бойынша); - зерттеу объектілерінің тізімі; - сараптама жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер (фамилиясы, аты, әкесінің аты, іс жүргізулік дәрежесі); - сарапшы шешетін мәселелер; - сарапшы туралы мәліметтер (анкеталық мәліметі, мамандығы, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі, лауазымы); Зерттеу бөлігінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: сараптама объектісінің жай-күйі туралы; қабыдданған схема туралы, қолданылған зерттеу әдістері мен оларды пайдаланудың техни-калық шарттары туралы; - сарапшы жүргізген эксперименттердің нәтажесі туралы; - сарапшы қатысқан тергеу әрекеттері және олардың нәтижелері туралы, егер олар зерттеуге қатысы болса; - зертгеу барысында қолданьшған нормативтік құқықтық актілер туралы; жүргізілген зерттеу нәтижелеріне берілген сараптамалық бағалау туралы. Әрбір мәселеге зертгеу бөлімінің әрбір тараушасы сәйкес келуі керек. Сараптама актісін зерттеу. Әр бөлігі иллюстративтік материалдармен - фототүсірілімдермен, схемалармен, толықтырылады және олар косымша болып тіркеледі. Бұл материалдар сарапшы қорытындысының айқындылығын жоғарылатып, көрнекілігін қамтамасыз етеді. Олар ереже бойынша қорытындыға тіркеледі. Қорытынды белімінде қорытынды нәтижелер баяндалады, яғни сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап беруі. Әрбір сұраққа мәні бойынша қорытынды жасалады немесе оны шешу мүмкін еместігі көрсетіледі. Комиссиялық, кешенді, қосымша және кайталама сараптамалар сараптама түрі туралы сөйкес келетін белгі бойынша рәсімделеді. Кейбір жағдайларда қорытындыны әрбір сарапшы жеке дара жасайды. Сарапшыдан жауап алу (ҚР ҚІЖК 253-бап). Сараптама қорытындысы алғаннан кейін сараптама тағайындаған лауазымды адам сарапшыдан жауап алуға құқылы: — оның жасаған қорытындысын толықтыру үшін немесе түсіндіру үшін; - зерттеу кезінде қолданылған әдістерді түсіндіру үшін. Қорытынды мен айыпталушы да танысады. Сарапшы өзінің жауаптарын өзінің колжазбасымен баяндауына да болады. Сарапшыдан жауап алу хаттамасы ҚР ҚІЖК 203-бабында көрсетілген ережелерді сақтай отырып толтырылады. Қорытын-ды жасап болмайынша сарапшыдан жауап алынбайды Сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелер алдында басымдық көрсете алмайды. Ескерте кету керек, «ешқандай дәлелдеменің алдын ала белгіленген күші болмайды». Сарапшының қорытындысы тергеу және сот үшін міндетті деп саналмайды, алайда олардың сарапшы қорытындысымен келіспеуі уәжделген дәлелді түрде болуы тиіс. 9.Салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер алу (ҚР ҚІЖК 256-бап). Салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу - бұл қылмыс жасалған орывда қылмыскердің ізін не заттарын қажетті үлгілер ретінде алып салыстырмалы зерттеу жүргізуге бағытталған тергеу әрекетгері. Тергеуші тірі адамның, мөйітгің, жануардың, заттың, бұйымны қасиеттерін бейнелейтін зерттеудің іс үшін маңызы болғанда алуға құқығы бар. Сараптама зерттеуі үшін үлгі ретінде мына заттар алынады: 1) қан, ұрық, шаш, қиып алынған тырнақ, дененің сыртқы бетінің микроскопиялық қорытындылары; 2) сілекей, тер және басқа бөлініп шығатындар; 3) тері бедерінің ізі, тістің қалыбы; 4) қолжазба мәтіндер, бұйымдар, адамның дағдысын бейнелейтін басқа материалдар; 5) дауыс фонограммасы; 6) материалдардың, заттардың, шикі заттың, дайын өнімнің сынамалары; 7) гильзалардың, оқтардың қару мен тетік іздерінің үлгілері алынады. Жәбірленуші мен куәдан үлгілер алу, мүндай әрекетті жасауды күдікті, айыпталушы өзін қылмыс жасады деп әшкерелейтін айғақтарды тексеру үшін табанды түрде талап еткеннен, сондай-ақ жыныстық аурулар мен өзге да жұқпалы ауруларды анықтау үшін, мұндай анықтау іс үшін маңызы болғанда үлгілер алу қажет болғаннан басқа жағдайларда, жәбірленуші мен куәнін келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін. Жәбірленушіден, куәдан үлгілерді мәжбүрлеп алуға прокурордың санк-циясымен немесе соттың шешімі бойынша ғана жол беріледі. Тергеуші үлгілерді алғаннан кейін хаттама жасайды, онда үлгілерді алу үшін жасалған барлық әрекеттер олардың жүргізілу ретімен, бұл үшін қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өзі сипатталып жазылады. Егер үлгілерді тергеушінің тапсырмасы бойынша дәрігер немесе басқа маман алса, онда ол бүл туралы ресми қүжат жасайды, оған аталған іс-әрекетке қатысқан барлық адам қол қояды. Алынған үлгілер буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде хаттамаға қоса тіркеледі (ҚР ҚІЖК 263,264-баптар). Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Тергеу әрекеттерінің түрлері. 2. Жауап алу. Жауап алуға шақыру тәртібі. 3. Жауап алудың орны мен уақыты. 4. Жауап алудың жалпы шарттары. 5. Куә мен жәбірленушіден жауап алу. 6. Кәмелетке толмаған куә мен жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері. 7. Жауап алу хаттамасын рәсімдеуге қойылатын талаптар. 8. Жауап алу кезінде дыбыс және видео жазбаларды қолдану. 9. Беттестіру: түсінігі, мақсаттары мен оны жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Беттестіруді іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. 10. Қарау: түсінігі, түрлері негіздері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. 11. Қарауды жүргізудің жалпы шарттары. 12. Қарауға катысатын тұлғалар. 13. Заттай дәлелдемелерді қарау мен сақтау. 14. Адамның мәйітін қарау. Қарау хаттамасы. 15. Эксгумация: түсінігі, негіздері және іс жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. 16. Эксгумацияны жүргізудің өнегелік негіздері. 17. Эксгумация хаттамасы. 18. Куәландыру: түсінігі, түрлері және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Куәландыруға маманның қатысуы. Куәландыру кезінде тұлғалардың құқықтарының кепілдіктері. Куәландыру хаттамасы. 19. Танытуға ұсыну: түсінігі, түрлері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Танытуға ұсынуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. 20. Тінту мен алу. Тінтудің алудан ерекшелігі. Тінту мен алуды жүргізудің негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Тінту мен алудың түрлері. Жеке тінту. Тінту мен алуды іс жүргізушілік тәртіппен рәсімдеу. 21. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау, оларды қарау мен алу: негіздері мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың іс жүргізушілік жағдайы, оларды қарау мен алу. 22. Хабарларды жол жөнекей ұстау: негіздері, жағдайлары мен жүргізудің іс жүргізушілік жағдайы. Маманның қатысуы. Хабарды жол жөнекей ұстауды іс жүргізушілік рәсімдеу. 23. Сөйлесулерді тыңдау мен жазу: негіздері, жағдайлары және жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. 18-тақырып. Алдын-ала тергеудің аяқталуы. Дәріс мақсаты: Алдын-ала тергеудің аяқталуын сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалға өтініштерді қарау мен шешу. Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны. 2. Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы. Айыптау қорытындысының мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы каулымен байланысы. Айыптау қорытындысының қосымшасы. 3. Қылмыстық істі прокурорға жолдау. 4. Алдын-ала тергеудің аяқтау нысандары. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің іс материалдарымен танысуы. Айыпталушы мен онын қорғаушысының іс материалдарымен танысуы. Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны. Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша іс-әрекетті. Айыпталушыны сотқа беру. 1. Алдын ала тергеудің аяқталуы деп жүмыстың қорытындысын, тергеуші қызметінің аяқталған сатысын - оның барлық іс жүргізу және айыпталушының жасаған қылмысы туралы заңды және негізді айыптау қорытындысына негізделген өзге де тергеу әрекеттерінің аяқталуын айтады. Әдебиетте төмендегі шешімдердің біреуін қабылдауға тән алдын ала тергеуді аяқтаудың үш түрі қабылданған: - айыптау қорытындысын шығару және оны сотқа тапсыру үшін іспен бірге прокурорға жіберу; - медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін істі сотқа жіберу жайында қаулы шығару; - қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны енгізу. Айыптау қорытындысы егер де қылмыстың барлық белгілері анықталып, айыпталушының қылмысты жасаған кінәсі дәленденген кезде және қылмыстық істі тоқтатуға ешбір мән-жай жоқ болса ғана шығарылады. Тергеуші алдын ала тергеу жүргізуді аяқтай отырып, айыптау қорытындысын жасауға жинақталған дәлелдердің жеткілікті екендігіне кез жеткізгеннен кейін тергеудің аяқталғанын хабарлайды, айыпталушы және оның қорғаушысын, жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талап етуші мен азаматтық жауап берушіні немесе олардың өкілдерін қылмыстық істің материалдарымен таныстырады, бір мезгілде олардың құқықтарын түсіндіреді (ҚР ҚІЖК 273, 274- баптардың, 2-бөлігі). Аты аталған адамдардың жазбаша немесе ауызша өтінімдері түскен жағдайда тергеуші кылмыстық істің материалдарымен таныстырады және азаматтық жауап беруші және оның өкілі шағымданған талапқа қатысты материалдармен ғана танысады. Алдын ала тергеудің материалдарымен таныса отырып, қылмыстық процестің қатысушылары егер де іске маңызы бар бо-латын болса, тергеуге қанағатгандыруға жататын толықтырулар енгізу туралы өтінім жасай алады. Өтінімді қанағаттандыруға қарсылық білдірген жағдайда тергеуші шағымданушыға хабарланатын дөлелді қаулы шығарады. Осы адамдардың қылмыстық іс материалдарымен танысқаны туралы хаттама толтырылады, онда олардың қандай материалдармен танысқандары және олардың қандай өтінім жасағандары жазылады (жазбаша өтінім іске тіркеледі). Істі тергеуді ақтау кезіндегі ең бастысы - тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 273- баптың талаптарын орындай отырып, айыпталушы мен оның қорғаушысына тергеудің аяқталғаны туралы хабарлап, істің барлық материалдарымен танысуды үсынуы болып табылады. Қылмыстық іс танысуға жапсыра тігілген және нөмірленген түрінде барлық қосымшалармен бірге беріледі. Айыпталушы мен оның қорғаушысы өз қалаулары бойынша іс материалдарымен жеке-жеке не бірге танысуларына болады. Танысу барысында кез келген құжаттың, кез келген көлемдегі көшірмесін алуға болады. Танысуға уақыт шектелмейді. Істі материалдарымен танысу туралы хаттама толтырылады, оған айыпталушы, қорғаушы және тергеуші қол қояды (ҚР ҚІЖК 277-бап). Іспен танысып болғаннан кейін айыпталушы мен қорғаушы тергеуге толықтырулар енгізу туралы өтінім жасауға құқылары бар. Оларды қанағатгандырған жағдайда тергеуші іс өндірісін жаңартады, ал қарсылық білдірген жағдайда — тиісті қаулыны енгізеді (ҚР ҚІЖК 276-бап). Егер де айыпталушы істін материалдарымен танысудан бас тартса, бұл туралы сол хаттамада егер де айыпталушы хабарлаған болса, қарсылықтың себебі баяндалып, көрсетіледі. Заң әдебиеттерінде көптеген авторлар айыптау қорытындысын өктем түрдегі жарлық сипаттағы істі тергеуді жинақтаушы іс жүргізу құжаты деп санайды. 2.Айыптау қорытындысы (ҚР ҚІЖК 278-бап). Айыптау қорытындысы — бұл алдын ала жүргізілген тергеуді аяқтайтын және айыпталушының қылмыс жасағандығын айқындайтын дәлелдер бар болған кезде, қылмыстық істі сотқа жіберген жағдайдағы айыптайтын іс жүргізу актісі. Айыптау қорытындысы сот үкім шығара алатын айыптау шектерін анықтайды. Тергеушінің жинаған дәлелдерін бір жүйеге келтіре және тергеумен аяқталған іс бойынша заңды тұжырымдар жасай отырып айыптау қорытындысы қылмыстық іспен танысуды және істе бар материалдарға сүйенуді жеңілдетеді. Айыптау қорытындысы заңдылықтың, негізділіктің, дәлелділіктің жалпы талаптарына, ал мазмұны мен нысаны заңмен бекітілген арнайы талаптарына сай келуі тиіс. Айыптау қорытындысы заңға сәйкес кірістік, сипаттау және қарар бөлімдерінен түрады: Кірістік бөлімде айыпталушының сұрақ-жауап мәліметтері керсетіледі, осыған орай айыптау қорытындысы, жауапкершілікке тартылатын Қылмыстық кодекстің бабы жазылады. Айыптау қорытындысының сипаттамалы-дәлелдемелік бөлімі тергеушінің анықтаған істің нақты мән-жайлары айыпталушының кінәсі туралы оның тұжырымдарына негізделген дәлелдер мен айғақтар істің томы мен бетіне сілтеме жасала отырып баяндалады. Айыптау қорытыңдысыньщ қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер, тағылған айып, жасалған қылмысқа қарастыратын қылмыстық заң нұсқауы болады. Айыптау қорытындысына қосымша (ҚР ҚІЖК 279-бап). Айыптау қорытындысына жөбірленушілердің, куөгерлердің, тергеушінің пікірі бойынша сот отырысынан шақырылатын сарапшылардың тізімі қосып тіркеледі. Тізім екі бөлімнен түруы тиіс — айыпталушы мен қорғаушының атаған адамдар тізімі (қорғаушы тізімі) және тергеушінің жасаған тізімі (айыптау тізімі). Сот отырысына шақырылатын тізімде олардың тұрғылықты жері немесе тұрған жері және олардың жауаптары мен қорытындылары баяндалған іс парақтары көрсетіледі. Жәбірленушілердің, куөгерлердің, күдікіілердің, айыпталушылардың немесе сот отырысына шақырылуға тиісті ҚР ҚІЖК 100-бапта қарастырылған тізімдегі өзге де адамдардың қауіпсіздігіне шаралар қолданған жағдайда тізімде олардың бүркеншік аттары олардың тұрғылықты жерлері көрсетілмей-ақ жазылуы тиіс. Сонымен бірге, айыптау қорытындысына тергеу мерзімдері, тұтқындау уақыты мен үйде түтқында ұстау көрсетілген алдын-алу шаралары, заттай айғақтар, талап ету арызы, талап ету арызын қамтамасыз ету туралы қабылданған шаралар және мүлікті тәркілеу мүмкіндігі, сот шығындары туралы тиісті парақтарда көрсетілген анықтамалар тіркеледі (ҚР ҚІЖК 279-бап). 3. Тергеушi айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейiн iс осы iс бойынша қадағалауды жүзеге асырып отырған прокурорға дереу жiберiледi. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық iске айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тiркелуге тиiс. Айыпталушыда - Қазақстан Республикасының азаматында жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органның өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган iс бойынша тергеу аяқталғанға дейiн оны құжаттауға тиiс. Айыпталушыда - шетелдiкте жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда, қылмыстық iске айрықша жағдайларда өзге құжат қоса тiркелуi мүмкiн. Ескерту. Осы бапта: 1) азаматтың паспорты; 2) жеке басының куәлiгi; 3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына берiлетiн ықтиярхат; 4) азаматтығы жоқ адамның куәлiгi; 5) жүргiзушiнiң куәлiгi; 6) әскери билет; 7) тууы туралы куәлiк (он алты жасқа толмаған адам үшiн); 8) азаматтың тууы туралы акт жазбасы жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады. Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi зерделеуге және мыналарды: 1) айыпталушыға таңылып отырған әрекеттiң жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын; 2) iсте оны тоқтатуға әкелетiн мән-жайлардың бар-жоғын; 3) тағылған айыптың негiздi-негiзсiз екенiн, оның iсте бар дәлелдемелермен расталатынын; 4) айыпталушыға iс бойынша барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттерi бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын; 5) қылмыс жасағаны туралы iс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретiнде жауапқа тартылғанын-тартылмағанын; 6) айыпталушының әрекетi дұрыс сараланғанын-сараланбағанын; 7) бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және iсте оны өзгертуге не алып тастауға негiздердiң бар-жоғын; 8) азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлiктi ықтимал тәркiлеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын; 9) айыптау қорытындысының осы Кодекстiң талаптарына сәйкес жасалғанын- жасалмағанын; 10) алдын ала тергеу жүргiзуде қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi бұзушылыққа жол берiлгенi-берiлмегенiн; 11) қылмыстық қудалау органының оларды сотпен өндiрудi қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу шығасыларының сомаларын белгiлеу шараларын қабылдаған- қабылдамағанын тексеруге мiндеттi. 4.Айыпталушыны сотқа беру туралы прокурор қаулы шығарады, бұдан соң ол қылмыстық iстi айыптау қорытындысымен және осы Кодекстiң 280-бабының ескертуiнде аталған жеке басын куәландыратын құжатпен бiрге дереу оны қарайтын сотқа жiбередi. Iстiң сотқа жiберiлгенi туралы айыпталушы, қорғаушы, жәбiрленушi және оның өкiлдерi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi хабарландырылады. Прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшiрмесi және оған қосымшалардың табыс етiлуiн қамтамасыз етедi, бұл ретте қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тiзiмiнде бұл адамдардың мекен-жайы көрсетiлмейдi. Айыпталушы Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшiрмесiн тапсырмай-ақ, қылмыстық iстi сотқа жiбередi. Егер айыпталушының тұрып жатқан жерi белгiлi болса, айыптау қорытындысының көшiрмесi оған почта арқылы жiберiледi. Қажет болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, айыпталушының тұрып жатқан жерi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететiн телекоммуникация желiлерiнде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық iстi сотқа жiберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы. Айыптау қорытындысының көшiрмесi қорғаушыға, жәбiрленушiге және оның өкiлiне табыс етiледi. Айыптау қорытындысы жасалған тiлдi бiлмейтiн айыпталушы мен жәбiрленушiге көшiрме олардың бiлетiн тiлiнде аударылып табыс етiлуге тиiс. Iс сотқа жiберiлген соң iс бойынша өтiнiш пен шағымдар тiкелей сотқа жолданады. Айыпталушының және оның қорғаушысының, сондай-ақ жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң және азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң қылмыстық iс материалдарымен таныстырылғаны туралы осы Кодекстiң 203-бабының талаптарын сақтай отырып, хаттамалар жасалады. Хаттамаларда танысуға қандай материалдар ұсынылғаны, қандай өтiнiштердiң мәлiмделгенi және өзге қандай мәлiмдемелер жасалғаны, сондай-ақ iс бойынша жауап алынған қандай куәларды, iске қатысқан қандай сарапшыларды, мамандар мен куәгерлердi айыпталушы мен қорғаушы сот отырысына шақырылуы қажет деп мәлiмдегенi немесе олардың тiзiмi қоса тiркелгенi көрсетiледi. Егер iс материалдарымен айыпталушы және оның қорғаушысы немесе жәбiрленушi мен оның өкiлi бiрге таныстырылса, онда тиiсiнше бiр хаттама жасалады. Прокурордың айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша iс-әрекетi Прокурор айыптау қорытындысымен тергеушiден келiп түскен iстi қарайды және он тәулiктен аспайтын мерзiмде ол бойынша мынадай iс-әрекеттердiң бiрiн жүргiзедi: 1) өзiнiң қарарымен айыптау қорытындысымен келiсетiнiн бiлдiредi және айыпталушыны сотқа бередi; 2) өзiнiң қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетiн жеңiлiрек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды; 3) қылмыстық iстi толық көлемiнде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады; 4) қосымша тергеу жүргiзу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн өзiнiң жазбаша нұсқауларымен бiрге iстi тергеушiге қайтарады, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады; 5) жаңа айыптау қорытындысын жасайды; 6) қорғау куәларының тiзiмiн қоспағанда, сотқа шақырылуға тиiстi адамдардың тiзiмiн толықтырады немесе қысқартады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, оның нысандары. 2. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі мен жағдайлары. 3. Қылмыстық істердің материалдарымен танысу кезінде туындалға өтініштерді қарау мен шешу. 4. Қылмыстық іс материалдарымен таныстыру туралы хаттама: құрылысы мен мазмұны. 5. Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы. 6. Айыптау қорытындысының мазмұны мен нысаны, оның тұлғаны айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы каулымен байланысы. Айыптау қорытындысының қосымшасы. 7. Қылмыстық істі прокурорға жолдау. 8. Алдын-ала тергеудің аяқтау нысандары. 9. Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, олардың өкілдерінің іс материалдарымен танысуы. 10. Айыпталушы мен онын қорғаушысының іс материалдарымен танысуы. 11. Айыптау қорытындысы, оның мазмұны мен нысаны. 12. Прокурордың айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша іс- әрекетті. 13. Айыпталушыны сотқа беру. 19-тақырып. Басты сот талқылауынын жалпы шарттары. Соттылық. Дәріс мақсаты: Басты сот талқылауынын жалпы шарттарын сипаттау. Соттылықты сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Басты сот талқылау сатысының мәні, маңызы және міндеттері. Басты сот талқылау жалпы шарттарының ұғымы мен маңызы. Сот талкылауының тікелей ауызша және үздіксіз болуы. Істі талқылау кезіндегі сот кұрамының өзгертілмеуі. Басты сот талкылауының шегі. Басты сот талқылауының жалпы шарттарының ұғымы мен манызы. 2. Басты сот талқылауына сотталушының катысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Сотталушысыз істі талқылаудың негіздері. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Қорғаушының сот талкылауына келмеудің салдары. 3. Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына катысуы, оның құқықатары мен міндеттері.Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. Жәбірленушінің сот талкылауына келмеудің салдары. 4. Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына катысуы, олардың құқықтары мен міндеттері. Олардың келмеудің салдары. 5. Басты сот талқылауының шегі. Басты сот талкылауын кейінге қалдырудың негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Қылмыстық істі токтата тұрудың негізі мен іс жүргізушілік тәртібі.Бұлтартау шарасы туралы және олардың мерзімдері туралы мәселелерді шешу. 6. Басты сот талқылауында қылмыстық істерді қысқарту. 7. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртіптері. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету максатында қолданылатын шаралар. 8. Басты сот талқылауының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. Басты сот талқылауы отырысының хаттамасына ескерту жасау және оларды қарау тәртіптері. 9. Соттылықтың ұғымы, маңызы және түрлері. Істердің пәндік (тектік) белгіге байланысты соттылығы. Істердің аумақтық (жергілікті) белгісіне байланысты соттылық. Істердің жеке дербестік субъект белгіге байланысты соттылығы. Қылмыстық істі соттылығы бойынша беру. Соттылық туралы дауларды шешу. Қылмыстық істерді біріктіру незіндегі соттылықты аныктау. 1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы әділеттілік тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады. Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді. Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды. Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі жүргізу зандарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізі қаланған және занды үкім шығара білуі керек. Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты шектелмейді. Сот шешімі — қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала тергеу жұмыстары, алдын ала тыңдауға арналған дайындық және белгіленген жұмыстарды тындау, бас сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің негізгі сатыларының бірі. Істі жүргізу сатысында көп қылмыстық істер қаралып шешіледі; жан-жақты орындалады; қылмыстық іс объективті және толық зерттеледі; кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы туралы; сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екені анықталады. Көрсетілген әрекеттердін барлығы да қатаң конституциялық принциптер бойынша жүргізілуі тиіс. Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған сай жазасыен береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Қазақстан Республикасының ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауы, яғни басты сот талқылауының жалпы шарттарында талқылауды ба-сынан соңғы сатысына дейін арналған: Басты сот талқылауына мыналар жатады: 1) дайындық бөлімі; 2) сот тергеуі; 3) сот жарыссөзі; 4) сотталушының соңғы сөзі; 5) үкім шығару. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Басты сот талқылауының жалпы шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген нормаларымен істің мән-жайын ашып, ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты және барлық қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады. ҚР ҚІЖК-нің 40-тарауындағы сот талқылауының жалпы шарттарына мыналар жатады: — сот талқылауының тікелей және ауызша болуы (ҚР ҚІЖК-нің 311-бабы); — сот талқылауының жариялылығы (КР ҚІЖК-нің 29-бабы); — екі жақтың теңсіздігі (ҚР ҚІЖК-нің 21, 23-баптары); — сот құрамының өзгертілмеуі (ҚР ҚІЖК-нін 312-бабы); — запастағы судья (ҚР ҚІЖК-нің 313-бабы); — төрағалық етушінің өкілеттігі (ҚР ҚІЖК-нің 314-бабы); — сотталушы адамның қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 315-бабы); — Қорғаушы мен мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 316, 317-баптары); Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің318-бабы); — азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-нің 319-бабы); — басты сот талқылауының шегі (ҚР ҚІЖК-нің 320-бабы); — басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру (ҚР ҚІЖК-нің 321-бабы); — бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу (ҚР ҚІЖК-нің 322-бабы); — Істі қосымша тергеуге жіберу (ҚР ҚІЖК-нің 323-бабы); — басты сот талқылауында істі тоқтату (ҚР ҚІЖК-нің 324-бабы); — басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 325-бабы); — басты сот талқылауының тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 326-бабы); —басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын шаралар (ҚР ҚІЖК-нің 327-бабы); — басты сот талқылауының хаттамасы және ескертпелері (ҚР ҚІЖК-нің 328, 329-баптары); —басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қарау (ҚР ҚІЖК-нің 330- бабы); Соттың талқылауы қылмыстық процесс принциптерінің негізінде құрылған. Сот процесінде қылмыстық процестің негізгі белігі орындалады. Бұндай жағдайда жалпы сот талқылауының түрлерін қарастырып, оның қысқаша мінездемесін беру керек. Сот талқылауының тікелей болуы сот іске қатысы бар адамдардың барлығын тындап, дәлелдерді жариялауы тиіс. Сот отырысы кезінде келтірілген дәлелдердің негізінде ғана сот үкім шығара алады. Сот төрешісі тек материалдық дәлелдемелермен және басқада іс хаттамасымен танысып қана қоймайды, сонымен қоса ол міндетті түрде оларды қарауға, сотталушылардан, жәбірленушілерден жауап алуға, сарапшыларды тындауға, хаттамалар мен өзге де құжаттарды тексеруі тиіс. Соттың өзімен зерттелмеген және хаттамада көрсетілмеген дәлелдерге сот жүгіне алмайды. Сондай-ақ жәбірленушіден, куәгерден заңсыз алынған мәлімдемелері қабыддауға жіберілуі мүмкін, ал егер сот құрамы өзгертілген жағдайда сот отырысында алынған дәлелдер үкім шығаруға негізсіз, себебі, сот талқылауы сот әрекетін жаңадан, төрағалық етушіні, сот төрешісін, прокурорды, қорғаушыны және басқаларын таныстырудан бастауы керек. Ауызша түрде жауаптармен тергеу жұмыстарының хаттамасы, тексеру актілері, өзге де құжаттарды тексеру жұмыстары сот талқылауының басты шарттарының бірі. Сот міндетті түрде сотталушыдан, жәбірленушіден, куәгерден жауап алған кезде ауызша сұрақ қойып, одан жауапты ауызша алып, оны ауызша талқылайды. Сонымен қатар процестегі жекеленген істер жазбаша орындалады. Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы сот отырысына қатысып отырғандардың іс жөнінде занда көрсетілген, дәлелдеуге негіз болатын мәлімдемелер мен дәлелдерге анық болады. Бұл — куәгерлердің, айыпталушьшың, жәбірленушінің және басқаларының жауаптары. Тек ерекше жағдайларда ғана, яғни ҚР ҚІЖК-нің 353-бабында көрсетілген жағдайда ғана олардың айғақтары жария етілуі мүмкін. Жариялылық — бұл сот талқылауындағы сөз бостандығы. Сот отырысына халықтың қатысуына, сот процесінің жүруіне, естігендері мен көргендері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге болады. Сот кеңесінен басқа процестің барлығы да жариялылық принципі негізінде жүзеге асады. Сот талқылауының үзілмеуі, басталған іс жөнінде шешім қабылдамайынша сот басқа іске көшуі мүмкін емес. Жан-жақтылық — сот тергеуі істің барлық мүмкіндіктерін, айыпталушыны әшкерелейтін де ақтайтын да шараларды тексеруі тиіс. Істің толықтылығы істі дұрыс дәлелдеуге қажетті және жеткілікті мән- жайларды зерттеу үшін шараларды қолдануға міндетті. Объективтілік — бұл күні бұрын пішілген ой шығару, бейтараптық, айыптау немесе ақтау тараптарының біржақтылығы. Сот құрамының өзгертілмеуі, істі бір соттөрешісі немесе сот төрешілерінің сол бір құрамы қарауы тиіс. (ҚР ҚІЖК 312-бап). Сот төрешілерінің бірінің сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкін болмаған кезде ол басқа сот төрешісімен ауыстырылып, істі қайтадан бастайды. Тек ҚР ҚІЖК-нің 313- бабында қарастырылған жағдайларда ғана сот төрешісі ауыстырылады. Запастағы сот төрешісі сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап қатысуы шарт, егер сот төрешілерінің бірі денсаулық немесе т.б. себептермен кету жағдайларында сот төрешісі алмастырылады. Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы сот төрешісін шақырту істі талқылаудың дайындық кезінде шешіледі. Сот отырысының дайындық кезеңінде запастағы сот төрешісін шақыру не шақырмау мәселесі шешіледі. Төрағалық етушінің басты сот талқылауындағы өкілеттігі. Сот отырысын басынан аяғына дейін төрағалық етеді. Төрағалық етуші барлық сот талқылауында сұрақтар қойып, ұжымдық шешімге байланысты кеңесті басқарады. Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде қабылданған шешімді хабарлайды. Ол сот отырысында процестің жүру тәртібін хабарлайды және де процестің заң негізіндегі тәртіп пен реттілікті сақтауын қамдайды. Төрағалық етуші сот отырысына басшылық жасайды, әділ соттың мүддесіне объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу үшін кажетті жағдайларды жасап, соттың тәрбиелік әсерін қамтамасыз етеді. Төрағалық етушіге сот отырысы залындағы тәртіп міндеттеледі (ҚРҚІЖК314-бап). Төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді. Ескерте кететін бір жайт, төрағалық етушінің шешімі сот талқылауына қатысушы адамдардың барлығына да міндетті. Осылардың бірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР ҚІЖК-нің 314-бабының 3-бөлігі). 2. Басты сот талқылауы сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. ҚР ҚІЖК-нің 315-бабына сәйкес сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы, мысалы, ешқайда кетпеу қолхаты күзетпен ұстауға өзгертіледі. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот істі қорғаушының міндетті түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы. Бір ескере кететін жайт, мынадай ерекше жағдайларда, сотталушы болмағанда істі талқылауға жібере алады: егер сотталушы ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе, сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса немесе сотқа келуден бас тартқан жағдайларда ғана жол беріледі. Қорғаушының басты сот талқылауына қатысу тәртібі мен шарты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 16-бабында айтылғандай айыпталушының құқығын қорғауға, ҚР ҚІЖК-нің 69-бабында көрсетілгендей тұтқынға алғаннан немесе айып тағылғаннан бастап заңды түрде қорғаушы көмегіне жүгінуге болады. ҚР ҚІЖК-нің 316-бабында қорғаушының басты сот талқылауына қатысу шарттары мен тәртібі мынадай: Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәні және оның дәлелдегені жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өз пікірін айтады. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаған кезде істі талқылау кейінге қалдырылады, оны ауыстыру тек сотталушының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың ішінде мүмкін болмаса, сот басты сот талқылауын кейінге қалдырылады. Айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайыңдайды. Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына дайындалу үшін қажетті уақьіт беріліп және ол іске езі кіріскеннен кейін сот талқылауы жаңадан басталады. 3.ҚР ҚІЖК-нің 317-бабына сәйкес мемлекеттік айыптаушының (прокурор) басты сот талқылауына қатысу шарты мен тәртібіне мыналар жатады: прокурордың басты сот талқылауына қатысуы міндетті; жеке айыптау ісіне прокурордың қатысуы міндетті емес; күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін; егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі немесе денсаулығына байланысты басқа прокурормен ауыстырылуы мүмкін. Прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады, бірақ ол осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекетгерді қайталауға әкеп соқтырмайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор: дәлелдерді ұсынып және оларды зерттеуге қатысады; айыптаудың мәні бойынша өзінің пікірін баяндайды; сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің шешімін береді; сотқа қылмыстың занды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады; Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекетгік немесе қоғамдық, мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды. Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның корғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады немесе егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға міндетті, ол үшін оның себептерін түсіндіруі керек. Прокурор айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Бұл жағдай сот талқылауын жалғастыруға негіз бола алады. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Бұл жағдайда сот істің тоқтатылғаны жайлы үкім шығаруы керек. Ал егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот Іісті талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен айыпталушыны айыптыны айыпсыз деп шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі не занды өкілі арқылы қолдайды. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі тоқтатады. Айыптаудың қалған бөлігінде іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды. Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы. Егер дәлелсіз себептермен жәбірленуші сот талқылауына келмеген жағдайда сот істі жалғастыруы немесе кейінге қалдыруы мүмкін. Ол үшін жәбірленушінің сот талқылауына қатыспауы істің барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға әсер ешеуі керек. Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оны айғақ беру үшін белгілі уақытта келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Бұндай жағдайда жәбірленуші сотқа келу уақытын белгілеуі міндет. Жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына себепсіз келмеуі істі қысқартуға әкеп соғады. Ал егер сотталушының өтініші бойынша іс мәнісі жөнінде жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін. 4.Сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қаралмауы мүмкiн. Азаматтық талапкердiң азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады. Сот азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердiң қатысуынсыз қарауға құқылы. Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда сот азаматтық талапты азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды. Азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды. 5.Заң бойынша сот талқылауының шегі тек қана сот тараптарының қатысуымен айыптау бөліміңде шығарылған үкіммен шектеледі. ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі. Басты сот талқылауының шегі өзгертілугс болмайды. Сот тек сотталушылардың ісін қарап (айыпты немесе айыпсыз) үкім шығарады. ҚР ҚІЖК-нің 320-бабының 2-бөлігінде сот талқылауының шегі соттың айыпты деп таныған белігімен шектеледі. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі. Сот талқылауының шегі сот отырысында тағайындалған айыптаумен шектеледі. Егер айыптау сот қаулысымен өзгертілген болса, онда сот айыптау қорытындысы бойынша соттың қайта қарауына құқығы жоқ. Басты сот талқылауы барысында алдын ала тындау сатысында бастапқы айыптауды неғұрлым ауыр айыптауға өзгерту сотталушының жағдайын нашарлатуы мүмкін. Мұнымен қатал жазаның тағайындалатыны түсінікті болады. Бірақ қылмыстық заң қарастыратын айыптаудын тым ауыр жазасын қолдануға жіберілмейді. Қылмыстық кодекстіқ айрықша бөлімінің ең жоғарғы және ең төменгі шегінде жасалған іс әрекеттің, жоғарыда қарастырылған қосымша жаза немесе ауыр жаза қолданылған кезде айыптауды өзгерту мүмкін емес. Барлық жағдайда айыптауды өзгерту үшін қылмыстық істі қосымша тергеуге жібереді. Егер айыптау және қылмыстың кейбір жағдайларын ескеріп, сотталушының жазасын жеңілдететін жағдайлар болған кезде сот сол бойынша үкім шығарып, сотты әрі қарай жалғастыруға құқылы. Басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата тұру. Сот отырысына шақырылған адамдардың, сотталушы, жәбірленуші, қорғаушы, куәгерлер және т.б. шақырылған адамдардың бірінің келмеуі салдарынан не жаңа дәлелдер алдыру қажеттігіне байланысты істі талқылау мүмкін болмаған кезде сот істі талқылауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады. Бұндай жағдайларда істі тоқтатқаны, келмеген адамдарға қолданған шаралар және жақа дәлелдер қажеттігіне байланысты сот қаулысында көрсетілуі тиіс (ҚР ҚІЖК-нің 321-бабы). Басты сот талқылауын кейінге қалдыру негіздері алдын ала тындау және алдын ала тергеу сатысындағыдай, жалпы барлығына сәйкес істі тоқтату ҚР ҚІЖК-нің 50-бабының 1 және 2- тармағында көрсетілген. Сотталушыны қамауға алу мерзімі (арест) істің сотқа түскен күнінен бастап үкім шығарылғанға дейін алты айдан аспауы тиіс. Алайда, ауыр қылмыстар туралы істер бойынша сот өзінің қаулысымен қамауға алу мерзімін он екі айға дейін ұзартуға құқылы. Істі он екі айдың ішінде істі бітпеген, қамау мерзімдері аяқталғаннан кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйде қамауда ұстау немесе ешқайда кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруға тиіс. Тәртіп бойынша бұл жаза ауыр қылмыс жасағандарға қолданылмайды. (ҚР ҚІЖК-нің 322-бабы). Басты сот талқылауында істі тоқтату алдын ала тындау негіздеріндегідей. Бұл негіздер ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 3—12-тармақтарында айыпталушыны айыптаудан бас тартуға ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 6-тармағында және КР ҚІЖК- нің 38-бабының 1-тармағында көрсетілген. Басты сот талқылауының қаулы шығару тәртібі. Басты сот талқылауы кезінде сот шешетін барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиіс. Оған қоса ҚР ҚІЖК-нің 325-бабының 2-тармағында істі қосымша тергеуге жіберу туралы, істі қысқарту туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын тандау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесінде шығарылады жөне жеке құжат түрінде жазылады. Барлық өзге қаулылар соттың қалауынша, кеңесу бөлмесінде, не сол орнындасот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып шығарылады. Басты сот талқылауының тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 4-тармағына сәйкес сот отырысыңда тәртіп төрағалық етушіге жүктеледі. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкіміне бағынуға тиіс. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 2-тармағында көрсетілгендей соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады. Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлесетінде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 326- бабының 3-тармағына сәйкес бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі. Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің үкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі. ҚР ҚІЖК-нің 327-бабының 3-тармағы бойынша сотталушы тәртіпті қайта бұзса соттың қаулысымен сот отырысы залынан шығарылады. Сот отырысы залында сот процесінің тәртібін бұзған адамға соттың өкімімен әкімшілік айыппұл салынады. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жіберілсе, онда үкім оның көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануы тиіс. Егер тәртіп бұзушының сот отырысындағы іс-әрекетінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдар жібереді. Бір ескерте кететін жайт, сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі. Басты сот талқылауының хаттамасы (ҚР ҚІЖК-нің 328-бабы). Басты сот талқылауы кезінде міндетті түрде хаттама толтырылады. Көптеген заңгерлердің мойындауы бойынша хаттама — сот процесінің айнасы, онда іске қатысушьшардың барлық әрекетгері, қандай іс қаралып жатқаны, үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі көрінеді. Хаттамада: басты сот талқылауының күні, оның басталу және аяқталу уақыты; соттың атауы мен құрамы; хатшының тегі; аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ сот шақырған басқа да адамдар; қандай іс қаралып жатқаны; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы туралы нұсқама көрсетіледі. Хаттамада іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені ескеріледі. Сондай-ақ хаттамада соттың жүргізілген реттегі іс-әрекеті, іске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық білдірулері және өтініштері, соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарылған қаулылары, қаулыларды кеңесу белмесінде шығарылуына нұсқау көрсетіледі. Хаттамада айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны, сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары, сот мәжілісінде жүргізілген тексерулер мен дәлелдерді зерттеу жөніндегі басқа әрекеттердің нәтижелері, іске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерге нұсқамалар көрсетіледі. Сонымен қоса хаттамада тараптардың сот жарыссөзінде сөйлеген сөздерінің жөне сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны, үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі сотталушыға, жәбірленушіге, қорғаушыға және азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге де түсіндірілгені туралы нұсқама көрсетіледі. Бұған қоса, хаттамада егер тәртіп бұзушылық орын алған болса, тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетіледі. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған төрағалық етуші мен хатшы қол қоюға тиіс. Ұзақ уақытқа созылған, тоқтатылған не кейінге қалдырылған жағдайда сот талқылауы барысывда хаттама бөліп-бөліп жасалуы мүмкін, оларға және бүтіндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының арасында түсініспеушілік болған кезде соңғысы өзінің келіспеушіліктерін жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бірге хаттамаға қоса тіркеуге құқылы. Хаттама бойынша келіспеушілік төрағалық етушінің шешімімен немесе соттың жеке қарастыруымен шешіледі. Басты сот талқылауы кезінде киноға түсіру, бейне, дыбыс жазбасы қолданылуы мүмкін, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса беріледі, оларға мөр басылып, іспен бірге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгі қойылады. Төрағалық етуші тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен танысуға мүмкіндік беруге міндетті. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнінде өтініш жасауға құқылы, мұндай мүмкіндік өтініш мәлімделгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей берілуге тиіс. Хаттама қолдан жазылуы немесе машинелік, не компьютерлік әдіспен дайындалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенография қолданылуы мүмкін. Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейінгі бес тәуліктің ішівде тараптар, өзге де адамдар хаттамаға ескерпелер беруге құқылы. Тараптардың өтініші бойынша аталған мерзімді сот он күнге дейін соза алады. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер. ҚР ҚІЖК-нің 329-бабында көрсетілгендей басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қол қойылғаннан кейін қарайды, ал егер ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа сот төрешісі қарайды. Ол нақтылау үшін ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы. Ескертпелерді қарау нәтижелері бойынша сот төрешісі олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарады. Хаттамаға және сот төрешісінің қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі. 6. Егер басты сот талқылауы барысында осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 3-12-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар анықталса, сондай-ақ айыптаушы осы Кодекстiң 317-бабының алтыншы бөлiгiнiң ережелерiне сәйкес айыптаудан бас тартқанда, iс басты сот талқылауында қысқартылуға тиiс. Iс осы Кодекстiң 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша да басты сот талқылауында қысқартылуы мүмкiн. 7. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады. Сот отырысында тәртiп бұзған, төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаған, сол сияқты сотты құрметтемеудi анық куәландыратын өзге де iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған кезде төрағалық етушi сот отырысы залынан адамды шығарып жiберуге немесе сотты құрметтемеу фактiсiнiң анықталғаны туралы жариялауға және кiнәлi адамға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы. Шығарып жiберу, айыптаушы мен қорғаушыдан басқа, процестiң кез келген қатысушысына немесе өзге адамға қатысты жүргiзiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк жаза сотталушыға қолданылмайды. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жiберiлсе, онда үкiм оның көзiнше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейiн дереу қолхат алып хабарлануға тиiс. Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн. 8. Басты сот талқылауының хаттамасы 328-бап. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, компьютерлiк не электрондық (цифрлық дыбыс-, бейнежазбаны қоса алғанда) әдiспен дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенография және (немесе) аудио, бейнежазба қолданылуы мүмкiн. Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе жауап алынатын адам жауап беруден бас тартқан жауап алуға қатысқан адамдардың сұрақтары; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бiрiншi жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады, сұрақтар мен оларға жауаптар жауап алу кезiнде орын алған жүйелiлiк бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен кешiктiрiлмей жасалып, оған төрағалық етушi мен хатшы қол қоюға тиiс. Сот талқылауы барысында хаттама бөлiп-бөлiп жасалуы мүмкiн, оларға және бүтiндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды. Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының арасында түсiнiспеушiлiк болған кезде соңғысы өзiнiң келiспеушiлiктерiн жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы. Басты сот талқылауы кезiнде киноға түсiру, бейне, аудио жазбасы қолданылуы мүмкiн, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады. Төрағалық етушi тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен және аудио-, бейнежазба материалдарымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi. Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы және аудио-, бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнiнде өтiнiш жасауға құқылы. Мұндай мүмкiндiк өтiнiш мәлiмделгеннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс. Сот тараптардың немесе осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде аталған адамдардың өтiнiшi бойынша сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер329-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң iшiнде тараптар, сондай-ақ осы Кодекстiң 328-бабының сегiзiншi бөлiгiнде көрсетiлген өзге де адамдар хаттамаға жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертпелер беруге құқылы. Аталған мерзiмдi iс бойынша төрағалық етушi тараптардың өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады. Басты сот талқылауының хаттамасына скертпелердi қарау 330-бап. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық етушi, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа судьясы қарайды, ол нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы. Ескертпелердi қарау нәтижелерi бойынша судья олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелдi қаулы шығарады. Хаттамаға және судьяның қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi. 9. Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қылмыстық істердің құрамына байланысты бірінші сатыдағы сотгар ретінде іс-қимыл жасайды. Істің соттылығы — бұл барлық қылмыстық істің белгілері ҚР ҚІЖК-нің 38 тарау негізінде бірінші сатыдағы істің қай сотта, соттың қай құрамында қарастыратылатыны анықталады. Қылмыстық істің жағдайына байланысты (қылмыстың жасалған жері, субъект және оның түрі, қылмыстың характері және зақымдалған дәрежесі) сотқа жататындығын былайша айырады: — соттылықтың тума (пәндік) белгісі; — соттылықтың арнайы белгісі; — соттылықтың мекендік (аумақтық) белгісі; Соттылықтың тума белгісінде кылмыс сипаттамасы және оның қоғам үшін қауіптілігі анықталып, заң бойынша ол қай сотта карастырылатыны анықталады. 1. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады (ҚР ҚІЖК 290-бабының 2-бөлігі); Облыстық жөне оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы, аппеляциялық және қадағалау соты ретінде іс-қимыл жасайды. Бірінші сатыдагы облыстық соттардың қарауына жататын қылмыстық істер жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы мына баптар бойынша беріледі: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы (екінші бөлігі), 156- бабы (екінші бөлігі), 159-бабы (екінші бөлігі), 160-бабы, 162-бабы (төртінші белігі), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшінші бөлігі), 368-бабы (үшінші бөлігі), 369-бабы (үшінші бөлігі), 373-бабы (үшінші белігі), 374-бабы (үшінші бәлігі), 375-бабы (үшінші бөлігі), 380-бабы (үшінші бөлігі), 383-баптары жатады. — сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттерді есі кіресілі-шығасылы күйінде жасаған не оларды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға өлім жазасы беріледі (ҚР ҚІЖК 291-баптың 2-бөлігі). Айта кететін жайт, облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасы аудандық және ола-ға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді аппеляциялык тәртіппен қарайды. Сонымен қатар облыстық соттың заңды күшіне енген үкімдеріне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық істер жөніндегі алкасының апелляциялық қаулыларына қадағалау шағымдары, наразылықтары бойынша істерді қарайды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының соттауына барлықістер, апелляциялық щағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртіппен қарайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы: - аудандық және оған теңестірілген соттардың занды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына; облыстық және оған теңестірілген соттардың кьшмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық шығарған қаулыларына; - облыстық және оған теңестірілген соттардың істерді бірінші сатыда қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына; - облыстық және оған теңестірілген соттардьщ қадағалау алқаларының қаулыларына; - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына; - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды. Осы Кодексте көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды. Соттылықтың арнайы белгісінде қылмыс жасағандардың қызметі, шені анықталады. Бұндай жағдайда әскери қылмыс жасағандардың соттылығы шектеледі. Қылмыстық істердің әскери соттардың қаралуына жатуы: - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы; - Қазақстан Республикасының әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар өздері тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы. Қылмыстык істердің аумақтық сот қарауына жатуы қылмыс жасалған жердегі сотта каралуы тиіс. Аумақтық сот талқылауы арқасында істің қай сотта қаралатыны белгілі болады. Қылмыс жасалған жер мен оны тергеу орны әрқашанда сәйкес келе бермейді. Мысалы, қылмыстық істер аумақтық ішкі істер органдарына қарасты. Сонымен қатар қылмыстык, істер аумақтық сотқа қарасты емес, ол тек ҚР ҚІЖК-нің 291- бабының 2-бөлігіне сәйкес тек облыстык, немесе оған теңестірілген сотқа ғана қарасты. ҚР ҚІЖК-нің 294-бабына сәйкес қылмыстық іс жасалған жердегі сотга қаралуы тиіс. Ол үшін мынадай жағдайлар болуы қажет. Егер қылмыс бір соттың қызмет жасайтын жерінде басталып, баска соттың қызмет жасайтын жерінде аяқталса, іс тергеу аяқталған жердегі сотта қаралады. Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқарыжерде жасалса немесе қылмыс жасалған жерді анықтау мүмкін болмаса, немесе қылмыстар әртүрлі жерде жасалса істі тергеу аяқталған жердегі сот құрайды (ҚР КІЖК 294- бабының 3-бөлігі). Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттың қаралуына жатуын белгілеу. Бір адамды немесе адамдар тобын істерді өртүрлі деңгейдегі соттарда каралатан бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыптау кезінде іс жоғары тұрған сот сатысында қаралады. Қосымша белгілер бойынша істің соттылығы: 1) бірнеше қылмыс жасады деп айыпталған адам немесе топ істері түрлі деңгейде сотталады (мысалы, ұрлық жасаған жағдайда іс аудандық сотта, ал қылмыс облыстық сотга қаралады), бұл жағдайда екі істе жоғары облыстық сотта қаралады; 2) егер өскери қызметшілер немесе басқа адамдарға қатысты әскери соттарда қылмыстық істерді қарауға жол берілмейді; 3) егер ісі әскери соттарда қаралатын әскери қызметшілермен немесе баска адамдармен бірге қылмыс жасалған басқа жағдайларда жол беріледі; 4) егер әскери міндетті емес адамдар немесе әскери қызметін өтеп жүрген өскери қызметшілер болса әскери сотқа қарасты болады, ал азаматтық тұлға қалыптаспаған жағдайда іс жалпы заң органына жүктеледі (ҚР ҚІЖК 295-бап). ҚР КІЖК-нің 297-бабында қаралуына жататын соттан қылмыстық істі басқа сотқа беруі қаралған. Сотқа келіп түскен істін, аталған соттың қарауына жататындығын сот анықтауы керек (ҚР ҚІЖК-нің 300-бабының 1-бөлігінің 1- тармағы). Егер сот келіп түскен істің өзінің қарауына жатпайтынын анықтаса, онда істі соттың қаралуына жатқызылуы бойынша қарасты сотқа жібереді. Аумақтық сот қаралуына жатқызылу ережелерін бұзушылық басты сот отырысывда анықталуы мүмкін. Бұндай жағдайларда процестің барлық қатысушыларының келісімімен сот істі езінің іс жүргізуінде қалдыруға қүқылы. Егер келіспеген, айыпталушы, жәбірленушінің және т.б. қатысуынсыз сот отырысы болған жағдайда немесе аумақтық соттылық бұзылған жағдайда судья сот отырысын тоқтатып, істі басқа соттың қарауына береді. Бұл туралы судья қаулы қабылдайды. Егер істің жоғары түрған немесе әскери соттың қарауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда сот қаралуына жатқызылуы бойынша жіберілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 296-бап). Қарауына жататын соттан қылмыстық істі басқа сотқа беру. Жекелеген жағдайларда, істі мейлінше тез, жан-жақты және объективті қарау мақсатында ол тараптардың өтініші немесе келісімі бойынша бір соттан сол деңгейдегі басқа соттың қарауына берілуі мүмкін. Бұл ретте істі беруге оның сот отырысында қаралуына дейін ғана жол беріледі. КР ҚІЖК-нің 297-бабында айтьшғандай істі бір сотган екінші сотқа берутуралы мәселені жоғары түрған сот шешеді: - егер ҚР ҚІЖК-нің 90-бабына сәйкес судьяға (сотталушының, жәбірленушінің және олардың қорғаушылары) қарсылық болған жағдайда; - егер соттар құрамына кіретін судьяның денсаулығына немесе өзінің бас тартуына байланысты қатыса алмауы; - егер белгілі бір жағдайларға байланысты соттардың істі қарауға мүмкіндігі болмаған жағдайда (ҚР ҚІЖК 90-бап). Істі бір соттан екінші бір сотқа беру туралы мәселені жоғары тұрған сот шешіп, ол туралы қаулы шығарады. Сот қаралуына жататындығы туралы дауларды шешу. Соттардың арасындағы сот қаралуына жататындығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағымдануға жатпайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына катысуы, оның құқықатары мен міндеттері. 2. Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы, оның құқықтары мен міндеттері. 3. Жәбірленушінің сот талкылауына келмеудің салдары. 4. Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына катысуы, олардың құқықтары мен міндеттері. Олардың келмеудің салдары. 5. Басты сот талқылауының шегі. 6. Басты сот талкылауын кейінге қалдырудың негіздері мен іс жүргізушілік тәртіптері. Қылмыстық істі токтата тұрудың негізі мен іс жүргізушілік тәртібі. 7. Бұлтартау шарасы туралы және олардың мерзімдері туралы мәселелерді шешу. 8. Басты сот талкылауында қылмыстық істерді кысқарту. 9. Басты сот талқылауында қаулылар шығару тәртіптері. Басты сот талқылауында тәртіпті қамтамасыз ету максатында қолданылатын шаралар. 10. Басты сот талқылауының хаттамасы, оның мазмұны мен маңызы. Басты сот талқылауы отырысының хаттамасына ескерту жасау және оларды қарау тәртіптері. 20-тақырып. Басты сот талқылауын тағайындау. Дәріс мақсаты: Басты сот талқылауын тағайындауды ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Басты сот талқылауын тағайындау сатысының ұғымы мен маңызы, міндеттері. Келіп түскен қылмыстық істер бойынша соттың іс әрекеттері. Келіп тускен істер бойынша судья қабылдайтын шешімдердің түрлері. Шешімдерді қабылдаудың мерзімдері. Сотқа келіп түскен іс бойынша анықталуға жататын мәселелер. 2. Алдын ала тыңдауды тағайындаудың түсінігі мен тәртіптері. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары. 3. Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері. Басты сот талқылауын тағайындау туралы кдулының мазмұны мен нысаны. Басты сот талқылауы тағайындау туралы шешімді қабылдаудан кейінгі соттың іс әрекеті. 4. Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері. 1. Қылмыстық процестің негізгі сатысының бірі сот отырысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл сатыда негізі азаматтардың құқығының қорғанысы, айыпталушы, жәбірленуші және басқа да сот отырысына қатысушылардың заңды қызығушылыктарының сақталуы қамтамасыз етіледі. Сотқа келіп түскен істер: прокурордан келіп түскен айыптау қаулысы немесе айыптау актісі; тергеушіден келіп түскен істі сотқа жіберу немесе медициналық бұлтартпау шараларын қолдану қаулылары; тергеу органдарының айыптау хаттамасы; азаматтардың жеке айыптау арыздарынан сот отырысын дайындау сатысы басталады. Бұл саты сотқа дейінгі отырыста зандылығы мен негізділігін анықтап, басты сот талқылауына жіберуге негіздердің бар немесе жоқ болуын анықтайды. Сот отырысын ұйымдастыру және дайындық кезеңінің тәртібі мен ережесі ҚР ҚІЖК-нің 299-310-баптарында көрсетілген. ҚР ҚІЖК-нің 299-бабына сәйкес қылмыстық сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта ҚР ҚІЖК-нің 300-бабына жетекшілік етіп судья сот отырысын тағайындаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды: 1) істің аталған соттың қарауына жататындығын; 2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын; 3) анықтау және адцын ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген-берілмегенін; 4) айыптау қорытыңдысының немесе айыптау хаттамасының көшірмесі берілген-берілмегенін; 5) айыпталушыға тандап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жайтпайтындығын; 6) қылмыспен келтірілген залалды етеуді және мүлкін ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын; 7) арыздар мен өтініштердің қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын; (ҚР ҚІЖК 300-бап). Судья келіп түскен іс бойынша: - басты сот талқылауын тағайындайды; - істі алдын ала тындауды жүргізу туралы шешімдерінің бірін қабылдайды. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Судья қаулы шығарумен бір уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы мәселені қарауға міндетті. 2. Істі алдын ала тындауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткізеді. Істі алдын ала тыңдау өткізілетін уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы міндетті. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнінде өтінген кезде оның қатысуынсыз жүргізіледі. Қорғаушы дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушынының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Егер сотқа жәбірленуші мен оның өкілінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердіц немесе олардың өкілдерінің келмеуі істі алдын ала тындауға кедергі болмайды (ҚР ҚІЖК 301-бабының үшінші бөлімі). 3.Басты сот талқылауын тағайындау (ҚР ҚІЖК 302-бап). Басты сот талқылауын тағайындауға сот қаулысында процестік және ұйымдастырушылық сұрақтары болуы керек. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда мынадай мәселелерді қамтуы тиіс: - сотталушының аты-жөні, қылмыстық заң бойынша айыпталып отырған қылмыс бабы, жасаған қылмысымен келтірілген залал мөлшері; - басты сот талқылауының орны, уақыты, күні; - ҚР ҚІЖК-те көзделген жағдайларына байланысты істі соттың жабық отырысында қарау туралы; - процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де мәлімдемелері бойынша шешімдері; - қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді; - басты сот отырысына шақыруға жататын адамдар тізбесін; - ҚР КІЖК-дегі 315-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген және заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тындау туралы шешімді; - сот ісі қай тілде жүргізілетіні туралы шешімді; Сонымен қоса судья сот талқылауына қатысушылар мәселесін шешуі керек: - қаралып отырған іске мемлекеттік айыптаушының қатысуы; - азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер және олардың өкілдері туралы. Жоғарыдағы мәселелерді шешіп, сотталушыға айыптау үкімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін және сотқа шақырылатын адамдар тізімін жасағаннан кейін басты сот талқылауын дайындауға қажетті шараларды қабылдайды. Заң бойынша басты сот талқылауы кемінде үш тәуліктен кейін және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарған кезден бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс. Ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауы тиіс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзарты-луы мүмкін. Алайда, соттың қандай мерзімге дейін істі созу мерзімі керсетілмеген. Бұған жауапты тек сот тәжірибесі көрсетеді, онда сот талқылауының мерзімі сот талқылауы аяқталғанға дейін және судьяның шешім шығарғанына дейін созылуы мүмкін. 4.Қылмыстық істі косымша тергеу үшін қайтару. Судья алдын ала тыңдау өткізгеннен кейін келесі бір шешімге келуі тиіс: - істі қосымша тергеуге жіберу; - істі тоқтата тұру; - істі соттылыққа жіберу; - істі қысқарту; - қылмыстық істерді біріктіру; - тараптардың шағымын қарау; - іс бойынша сотты қысқартылған түрде қарау. Судья істі қосымша тергеуге прокурор арқылы мынадай негізде жібереді: - егер ол қаралып отырған іспен байланысты болып, істе айыпталушыға басқа айып тағуға негіздердің болуы немесе егер олардың әрекеті қаралып отырған іспен байланысты болса; - басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздер болса және жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмаса; - айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғүрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған жағдайларда қосымша тергеуге жіберуге құқылы; - тараптардың өтініші бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да іс дұрыс біріктірілмеген немесе бөлінбеген жағдайда; - басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын басқа да елеулі бұзушылық анықталған жағдайда. Бұл ретте судья қаулыда істің қандай негіз бойынша қайтарылып отырғанын керсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешуге міндетті. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату (ҚР ҚІЖК 304-бап).Іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушылардың біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың қүқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Іс жүргізуді уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚР ҚІЖК-нің 50-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шығаруы мүмкін. Мысалы, айыпталушы іздеуде болса, психикалық немесе басқа науқаспен ауырған адам болған жағдайда іс тоқтатылады. Кейде іс бойынша бірнеше айыпталушы болып, олардың бірі іздеуде, бірі психиатриялық емханада болса, қалғандары қамауда болған жағдайда сот бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатыс-ты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, овда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс (ҚР ҚІЖК 304-баптың 2-белігі). Егер айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмағаны кезінде іс прокурорға қайтарылады (ҚР ҚІЖК 50-баптың 1-бөлігінің 1- тармағы). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру кезінде сотталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған кезде іс прокурорға қайтарылмайды. Анықтаушы, тергеуші немесе прокурор кылмыспен келтірілген залалды өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар кабылдамаған жағдайда судья қылмыстық ізге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануды міндеттейді. Егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің зандық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататын-дығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске катысушыларға хабарлайды. Қылмыстық істі қысқарту. Судья істі толығымен немесе жеке адамдарға қатысты қыскартуы мүмкін. ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының бірінші белігінің 1-12- тармақтарында және 38-бабының бірінші белігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарткдн жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады (ҚР ҚІЖК 307-бап). Басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін тараптар алдын ала тергеу ісінде таныс болған барлық материалдармен танысуға және олардан керек дәлелдемелер алуға құқылы. Егер сот отырысында судья бұлтартпау шарасын, сотқа шақырылған адамдардың тізімін немесе айыпталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда бүл өзгертулер қаулыға әсер етсе, айыпталушыға оның көшірмесі тапсырьшады. Алдын ала тыңдау кезінде сот процесінің хатшысы хаттама толтырады. Аныктау немесе алдын ала тергеу процесінде қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және істі сотта қарауға кедергі келтіретін өзге негіздер жоқ деген пікірге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Алдын ала тыңдауды тагайындаудын тусінігі мен тәртіптері. 2. Алдын ала тыңдауды жүргізудің іс жүргізушілік тәртібі. 3. Алдын ала тыңдау процесінде прокурордың айыпты өзгертудің салдары. 4. Басты сот талқылауын тағайындаудың негіздері мен іс жүргізу тәртіптері. 5. Басты сот талқылауын тағайындау туралы кдулының мазмұны мен нысаны. 6. Басты сот талқылауьш тағайындау туралы шешімді қабылдаудан кейінгі соттың іс әрекеті. 7. Қосымша тергеуді жүргізу үшін қылмыстық істі қайтарудың негіздері мен тәртіптері. 8. Қылмыстық істі тоқтата тұру мен қысқартудың негіздері мен тәртіптері. 21-тақырып. Басты сот талқылауы. Дәріс мақсаты: Басты сот талқылауын сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Басты сот талқылауы сатысының ұғымы, оның жүйесі. 2. Басты сот талқылауының құрылысы. Сот талқылауының дайындық бөлімі, оның түсінігі, мазмұны, міндеттері мен маңызы. Басты сот талқылауын ашу. Сот тергеуі, оның мәні, маңызы және тәртібі. Сот тергеуінің басталуы. Сотталушыдан жауап алу. Сотталушының жауабың жариялау. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. Жәбірленушінің, куәнің жауаптарын жариялау. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. Заттай дәлелдемелерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Танытуға ұсыну, куәландыру, айғақтарды оқига болған жерде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және қүжаттарын жариялау. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы. 3. Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері. 4. Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыс сөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары.Сотталушының соңғы сезі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту. Соттың үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуі. 5. Үкім: түсінігі, маңызы, мәні. Үкім қылмыстық іс бойынша сот төрелігінін акті ретінде. Үкімнің, айыптау қорытындысының, айыпталушыны сотқа беру туралы каулының, және басты сот талқылауын тагайындау туралы қаулының ара катынастары. Үкімді шығару. Үкімнің түрлері. Айыптау үкімін шығарудың негіздері. Айыптау үкімінің түрлері. Ақтау үкімін шығару нысандары. Үкімді жасау. Айыптау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықтау және қорытынды бөліктері. Ақтау үкімінің кіріспе, түсіндіру-анықгау және қорытынды бөліктері. 6. Үкімнің резолютивтік бөлігінде шешілуге жататын басқада мәселелер. 7. Үкімді жариялау. Сот отырысы залынан сотталушыны қамаудан босатудың негіздері. Үкімнің көшірмесін ұсыну. 8. Соттың жеке анықтамалары, негіздері, және оның шығарудың тәртіптері. Үкімді шығарумен бірге сот шешетін мәселелер. 1. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 4-тармағына сәйкес сот отырысыңда тәртіп төрағалық етушіге жүктеледі. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкіміне бағынуға тиіс. ҚР ҚІЖК-нің 326-бабының 2-тармағында көрсетілгендей соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады. Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлесетінде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 326- бабының 3-тармағына сәйкес бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі. Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің үкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі. ҚР ҚІЖК-нің 327-бабының 3-тармағы бойынша сотталушы тәртіпті қайта бұзса соттың қаулысымен сот отырысы залынан шығарылады. Сот отырысы залында сот процесінің тәртібін бұзған адамға соттың өкімімен әкімшілік айыппұл салынады. Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жіберілсе, онда үкім оның көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануы тиіс. Егер тәртіп бұзушының сот отырысындағы іс-әрекетінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдар жібереді. Бір ескерте кететін жайт, сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі. 2. Қылмыстық сот іс жүргізу зандылығында мынадай бір бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: 1)басты сот талқылауының дайындық бөлім; 2)сот тергеуі; 3)сот жарыссөзі; 4)сотталушының соңғы сөзі және 5) үкім шығару. Басты сот талқылауының ашылуы. Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Ол үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің бабы, белімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің 331-бабы). Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру. Сот отырысы ашылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сот отырысына прокурор, сотталушы, қорғаушы, сонымен қатар жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамандар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 332-бабы). ҚР ҚІЖК-нің 87-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот төрешісінің жүктеуі бойынша хатшы мынадай қызмет атқарады: -сот тараптарының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді; — келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 90-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді. Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және жәбірленушінің арыздары мен наразылықтарын, куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді. Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған зандарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚІЖК-нің 333-бабы). Куәларды сот отырысы залынан шығару. Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейін сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, олар тәртіп бойынша залда қалуы керек, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуі үшін шара қолданылады. (ҚР ҚІЖК-нің 335-бабы). Сотталушының жеке басын және оған айыптау қорытындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанын анықтау. Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды. Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, айын, күнін атауын сұрайды. Сонымен қатар немен айналысатынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай отырып, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін және т.б. айқындайды. Сотталушының жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады. Сотталушының жеке басын айқындағаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғаньш анықтайды. Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтініш жасаған болса, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК- нің 336-бабы). ҚР ҚІЖК- нің 393-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс. Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардын қарсылық білдіру құқығы. Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сот сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап өтеді. Төрағалық етуші тараптардың сот құрамынан немесе сот төрешілерінің бірінен, прокурор, қорғаушы, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдеріне, хатшы, сарапшы, маман, аудармашыға бас тартуды мәлімдеу құқығын түсіндіреді. Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 94, 95, 96, 97-баптарында көзделген негіздер бойынша, осы Кодекстің 89, 90- баптарында белгіленген ережелер бойынша сотпен шешіледі. Сотталушыға оның құқықтарыи түсіндіру Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 69-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 339- бап). Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 104, 105, 107-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 340-бабы). Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР ҚІЖК- нің 342-бабы). Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 83-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 341-бабы), ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі. Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 84-бабында көзделген құқықтары мен міндетгерін түсіндіреді және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді. Өтініштерді мәлімдеу және шешу. Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дөлелдер мен қүжаттарды ал-дыру туралы етініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды. өтінішін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдердің қажет екенін көрсетуге міндетті. Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетгі. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пікірін тындағаннан кейін сот мәлімделген әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс. Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ. Сот өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 343-бабы). Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіңдігі туралы пікірін тындайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастырады. Келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады. (ҚР ҚІЖК-нің 344-бабы). Сот тергеуі — сот талқылауының басты бөлігі, онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінен істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады. Сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысынын шағымды баяндауынан басталады. Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудын жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті (ҚІЖК-нің 345-бабы). Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады. Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және онын тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚІЖК-нің 345-бабының 1-бөлімі). Сонан соң сотталушыға алдын ала тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс. Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған жш-келііргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс. Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз екендігін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі онын өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі. Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды. Егер сотталушы бүл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі. Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін талқылайды. Егер іс бойынша бірнеше сотталушы болса, онда сот олардан жауап алу тәртібін шешеді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойышна сот қаулы шығарады. Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы. Сотталушыдан жауап алу. ҚІЖК-нің 348-бабына сәйкее сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді. Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды. Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтіңде қойылуы мүмкін. Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтініші немесе соттың бастамашылығы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотгалушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 348-бабы). Сотталушының алдын ала тергеу және жауап алу кезіндегі айғақтарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 349-бабы). Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда; — сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде; — іс сотталушы болмаған кезде қаралғанда; — сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі. Тиісті жауап алу хаттамасындағы не сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына жазылады. Жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алу. Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабының бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады. Жәбірленушінің ерекшелігі ол куәгер сияқты сот отырысы залынан шығарылмайды. Ең алдымен жәбірленуші содан соң куәгерден жауап алынады. Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді. Куәға сондай-ақ ҚР КДЖК-нің 82-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни кьізметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 82-бабында көзделген оның басқа да құқыктары куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі. Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек біддірген адамдарға көрінеу жалған айғак бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Терағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот тергеуінің кез келген уақытында беруге құқылы. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады. Төрағалык етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым- қатынасын анықтайды. Куәнің берген жауабынан оның берген бағасын білуге болады. Сонан соң төрағалық етуші куәгерден іс бойынша керген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды. Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақ қояды. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс. Және де олар бір-бірімен сотта естіген ақпаратпен ауыспауы керек. Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б) оқып шығуға рұқсат беріледі. Бұл жазбалар соттың талап етуі бойынша пайдаланылады. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бүл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін. Куәнің және оның жақындарының кауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы). Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 352- бабы). Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап алудың өз ерекшеліктері бар. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де занды өкіддері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады. Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдыңда төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылык туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды. Тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі. Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жария етуге: а)бұл айғақтар мен олардың сотга берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде; б)олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінщ немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде жол беріледі; в)егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса; г)сотталушы жауап беруден бас тартқан кезде; Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына тіркеледі. Сот талқылауындағы сараптама (ҚР ҚІЖК-нің 354- бабы). Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама жүргізілмеген болмаса, ал сотта оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 32-тарауында жазылған ережелер бойынша жүзеге асырылады. Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының кешірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің 83-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы. Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлердің сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады. Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тындалуға тиіс. Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тындап, сот өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды. Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті. Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар. Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс сұрақ қоюға болмайды. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді. Сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айьштаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 355-бабы). Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттелген байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабының 10-бөлігі). Заттай дәлелдемелерді қарау (ҚР ҚІЖК-нің 356-бабы). Тергеу барысында іске тігілген жөне жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуі барысында сотта қаралуға және тараптарға ұсынылуға тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде тараптардың өтініші бойынша да сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргізіледі. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарауы үшін ұсынылуы мүмкін. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдардың заттай дәлелдемелерді қараған кезде анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайларға соттың назарын аударуға құқығы бар. Алдын ала тергеу жұмыстарында іске түрлі себептермен тіркелмеген және алынбаған жағдайда заттай дәлелдемелерді қарауды сот олар тұрған жерде белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізуге тиіс. Тергеу іс-әрекетінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 357-бабы). Сот өтініш білдірген тараптардың сұранысын, іс үшін маңызы бар куәландырылған мән-жағдайларды, тергеу іс-әрекетінің хаттамаларын жария етуге құқылы. Сот отырысында тараптар сонымен қоса іс үшін маңызы бар құжаттарды көрсетуіне болады. Бұндай жағдайда сот дәлелденген үкім шығарып, ол іске тігіледі. Ал егер тараптардың біреуінің жауабына келіспейтін болса сот алдын ала болған тергеу жұмысындағы жауабын оқиды. Бұл жағдайда тергеу жұмыстарының құжаттары алынып, хаттамалары оқылады. Іс болған орынды және үй-жайды қарау (ҚР ҚІЖК-нің 359-бабы). Тергеу жұмыстарында іс болған орынды қарау толық және кейбір жағдайлар түсініксіз болған жағдайда, іске қатысты орынды және үй-жайды карау сотпен шешіледі. Сот қарауына айыптаушы және жақтаушы жақ та қатысады. Қажет болған жағдайда куәгер, сарапшы, маманды сот шақыруы мумкін. Қарау орнына келген соң төрағалық етуші сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды да сот қарауға кіріседі. Бұл ретте сотталушыға, жәбірленушіге, сарапшы мен маманға қараумен байланысты сұрақтар берілуі мүмкін. Тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілер алу үшін көрсету сот талқылауында тараптардың қатысуымен, ҚР ҚІЖК-нің 226,229, 238, 239-баптарында және 33-тарауында көзделген ережелер сақтала отырып, соттың қаулысы бойынша жүргізіледі (ҚР ЩЖК-нің 360-бабы). Мемлекеттік айыптаушы айыптау дәлелдемелерін зерттеу аталған өтініш туындаған сәтке қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтініш білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда сот жәбірленушінің, қорғаушының, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің пікірін тындап, олардың өтініштерін қанағаттандыруға құқығы бар. Қорғаушы тарабының сотталушының, қорғаушының сот тарабының немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша ұсынылған және іске тігілген дәлелдемелерді зерттеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай бас тартуды соттың қанағаттандыруы міндетті. Сот тергеуінің аяқталуы (ҚР ҚІЖК-нің 362-бабы). Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін тарапта-рға, олардың сот жарыссөзінде, ал соттың үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді, тараптардан, олар сот тергеуін толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетінін сүрайды. Сот тергеуін толықтыру туралы етініш мәлімделген жағдайда, сот бүл етінішті талқылайды жөне оны шешеді. Өтінішті шешкен және кажетті сот әрекетін орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуін толықтыру туралы өтініш туындамаған немесе сот оларды дәлелді түрде кабылдамаған жағдайларда төрағалык етуші сот тергеуін аяктадды деп жариялайды 3.Істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы (КР ҚІЖК-нің 363-бабы). Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер: —сотталушы өзінің кінәсін толық көлемінде, оның ішінде өзіне қойылған талап-арызды мойындаса; —сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процеске қатысушылардың құқығына нұқсан келтіретін, осы Кодексте белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе; —процеске қатысушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берушілігі дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізіледі. Істі сотта талқылаудың қысқартылған тәртібі сотталушы мен жәбірленушіден жауап алудан тұрады. Сот жарыссөзі және қаралған істі аяқтау ҚР ҚІЖК-де белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім сот төрешісінің дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін. Сот егер айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу барысында сот отырысында зерттеуді талап ететін мән-жайлар белгіленген болса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы қабылдауы мүмкін 4.Сот жарыссөзінің мазмұны мен тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 364-бабы). Сот тергеуі аяқталғаннан соң төрағалық етуші сотгың сот жарыссөзіне көшетінін хабарлайды. Сот жарыссөзі — бұл сот тергеуі, айыптаудың және қорғаушының сөздерінен тұратын бөлігі, онда алдын ала тергеу және сот тергеуінің қорытындысы шығарылып, дәлелденген істер сарапталынып, сотталушының айыпты не айыпсыз екендігі жөнінде пікірлерін айтады, берілген жаза және басқа да сұрақтар жөнінде соттың қаулысымен шешім қабылданады. КР ҚІЖК-нің 364-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот жарыссөзі айыптаушының, сотталушының, корғаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады. Егер тараптардың ұсынысы бойынша сот жарыссөзіне уақыт белгіленсе төрағалық етуші оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзіліс жариялайды. Іске қатысушылардың сөздерінің реттілігін олардың ұсыныстары бойынша сот белгілейді, бірақ барлық жағдайларда бірінші болып айыпталушы сөз алады. Егер мемлекеттік айыптауды бірнеше мемлекеттік айыптаушы қолдаса, іске бірнеше жәбірленуші, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері, азаматтық талапкерлер мен олардың өкілдері, сотталушылар қатысса, төрағалық етуші өз сөздерінің кезектілігін өзара келісуі үшін оларға уақыт береді. Қажет болғанда бұл үшін сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін. Егер аталған адамдар жарыссөздегі өз сөздерінің кезектілігі туралы келісімге келе алмаса, сот олардың пікірлерін тындап болып, сөз кезегі туралы қаулы алады. Сот жарыссөзіне қатысушылар өз сөздерінде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуін қайта бастау туралы өтініш жасай алады. ҚР ҚІЖК-нің 364-бабыньщ 6-бөлігіне сәйкес сот сот жарыссөзінің ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалык етуші, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзі қаралатын іске қатысы жоқ мән- жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса, оларды тоқтатуға құқылы. Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылғандар бойынша тағы бір реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерін (репликаларын) білдіруге құқылы. Соңғы ескертпені айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесілі. Әрбір сот жарыссезіне қатысушы сотқа ұсынатын тұжырымын жазбаша түрде табыс ете алады. Олар: 1)жасалуына сотталушы айьшталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме; 2)бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нак қандай қылмыстық занда көзделген (бабы, белігі, тармағы); 3)сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме; 4)сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме; 5)оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма; 6)сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе; Ұсынылатын тұжырымның сот үшін міндетті күші жоқ. Сотталушының соңғы сөзі (ҚР ҚІЖК-нің 365-бабы). Сот жарыссөзі аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Сотталушының соңғы сөзі — бұл сот талқылауының соңғы аяқтау бөлімі, онда аддын ала тергеу ісінің қорытындысын шығарып, тәртібіне баға беріледі. Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ коюға жол берілмейді. Сот тәжірибесінің көрсетуі бойынша, соңғы сөз сотқа өтініш ретінде тұрады. Сотталушының соңғы сөзі негізінде өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтынын, жазасын жеңілдетуін, қылмыстық міндеттен босатуын сұрайды. Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Төрағалық етуші, егер сотталушының сөзі қаралған іске қатысы жоқ мән- жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы. Егер сот жарыссөзіңде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуін қайта бастайды. Қайта басталған сот тергеуі сот аяқталған соң сот жарыссөзін жаңадан ашады және сотталушыға соңғы сөз береді. ҚР ҚІЖК-нің 367-бабына сөйкес сотталушының соңғы сөзін тындап, сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді, ол туралы төрағалық етуші сот отырысы залындағы қатысушыларға хабарлайды. Үкімнің жарияланатын уақыты процеске қатысушыларға сот төрешілері кеңесу бөлмесіне кетер алдында хабарлануы мүмкін. 5. Үкім — бұл кеңесу бөлмесінде сотталушының айыпты не айыпсыздығын, оған жаза қолдану керек немесе оны қылмыстық іс жургізуден босатуын шешетін сот шешімі. Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкім шығарады. Сот үкімі сотқа қандай болмасын ықпал ету мүмкіндігін болдырмайтын жағдайда кеңесу бөлмесінде шығарады. Үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде осы іс бойынша соттың құрамына енетін сот төрешілері ғана болады, өзге адамдардың, соның ішінде запастағы сот төрешісінің болуына жол берілмейді. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (сот төрешісі) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы. Сот төрешілерінің талқылау және үкім шығару кезінде орын алған пайымдауларды жария етуге құқығы жоқ. Сот төрешілері кеңесінің құпиясы хаттамаға енгізілмейді. ҚР ҚІЖК-нің 369-бабына сәйкес сот үкімі заңды және негізді болуға тиіс. Сот үкімінің зандылығы деп — қылмыстық іс жүргізудің барлық талабына сай нормаларымен орындалғандығы, оның ішінде қылмыстық тәртіп нормаларының дұрыс қолданылуын айтамыз: Егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады, Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады (ҚР ҚІЖК-нің 369-бабының 3-бөлігі). Сот үкім шығару кезінде кеңесу бөлмесінде мынадай мәселелерді шешеді (ҚР ҚІЖК-нің 371-бабы): 1)жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме; 2)бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық занда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы); 3)сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме; 4)сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме; 5)оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма; 6)сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе; 7)сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс; 8)жаза тағайындамай үкім шығару үшін немесе жазада босатуға не қылмыстық жазаны тергеуді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздер бар ма; 9)бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің қандай түрі мен режимдегісінде жазасын өтеуге тиіс; 10)азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма; 11)азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек; 12)заттай дәлелдемелерді не істеу керек; 13)іс жүргізу шығыстары кімге, қандай мөлшерде жүктелуге тиіс; 14)сот сотталушының құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізуге) тиіс пе; 15)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін, 88-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы; 16)қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлардың болуы туралы; 17)сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы; 18)бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы. Ақтау үкімін шығару кезінде сот тергеу, прокуратура, сот органдарының заңсыз іс-әрекетімен ақталушыға келтірілген зиянды өтеу туралы мәселе жөнінде шешім қабылдайды. Сотталушы бірнеше қылмыс жасағаны үшін айыпталған кезде сот әрбір қылмыс бойынша жеке-жеке шешеді. Егер қылмыстың жасалуына бірнеше сотталушы айыпталса, сот оның жасадған әрекеттегі рөлі мен дәрежесін айқындай отырып, әрбір сотталушыға қатысты барлық мәселелерді шешеді. Сот негізгі мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді шешуге көшеді: — сотталушының, ал қажет болған жағдайда жәбірленушінің ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын жайғастыру туралы; —сотталушының мүлкін, қажет болған жағдайда жәбірленушінің мүлкін қорғау туралы; —жеке қаулы шығару қажеттігі туралы. Сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселені шешу. Алдын ала тергеу немесе сот талқылауы кезінде сотталушының есі дұрыстығы туралы мәселе туындаған жағдайларда сот үкім шығару кезінде бұл мәселені тағы да бір рет талқылауға міндетті. Сотталушыны әрекет жасаған уақытта есі кіресілі-шығасылы күйде болған немесе қылмыс жасағаннан кейін оның өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оларды игеру мүмкіндігінен айыратын психикалық науқаспен ауырған деп таныған сот, қылмыстық істі тоқтатуға және егер қорғаушы іске айып тағылған сәттен бастап қатысса және іс құрамында үш сот төрешісі бар сотта қаралса, сотгалушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы. Егер қорғаушы қатыспаған жағдайда ҚР ҚІЖК-нің 54-тарауында көзделгендей «Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу» осы тарауда қарастырылған соттың қарауы бойынша қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 372- бабы). Істі алқада қарау кезінде сот төрешілерінің кеңесу және шешім қабылдау тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 373- бабы). Істі алқалы қарау кезінде үкім шығарудан бұрын сот төрешілерінің кеңесуі болады. Төрағалық етуші мәселелерді сот төрешілерінің шешуіне, осы Кодекстің 371-бабында олар қалай аталса, сондай реттілікте және тұжырымда қояды. Әрбір мәселені шешу кезінде, осы баптың үшінші бөлігінде кезделген жағдайларды қоспағанда, сот төрешілерінің ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Барлық мәселелер көпшілік дауыспен шешіледі. Төрағалық етуші барлық жағдайларда өз дауысын соңғы болып береді. Егер қылмыстық саралану туралы немесе жазалау шарасы туралы басқа сот төрешілерінің пікірлері сәйкес болмаса, онда ақтау үшін берілген дауыс неғұрлым жеңіл қылмысты көздейтін зан саралануы бойынша және неғұрлым жеңіл жаза тағайындау үшін берілген дауысқа қосылады. Ерекше жаза түрі — өлім жазасы — кінәліге тек барлық сот төрешілерінің бірауызды шешімі бойынша ғана тағайындалуы тиіс. Азшылықта қалған сот төрешісі кеңесу бөлмесінде ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы. Ерекше пікір төрағалық етушіге тапсырылады және ол оны жабық конвертпен іс материалдарына тігеді. Ерекше пікірмен аппеляциялық қадағалау сатысындағы сот осы істі тиісті сатыда қарау кезінде танысуға құқылы. Сот төрешісінің ерекше пікірі барлығы туралы іске қатысушыларға хабарланбайды, ерекше пікір сот отырысы залында жария етілмейді. Сот ерекше пікір жөнінде үкімге қол қоюдан бас тартуға болмайды. Үкімдердің түрлері. ҚР ҚІЖК-нің 374-бабына сәйкес сот үкімі айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкін. Айыптау үкімі. Айыптау үкімі сотталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы сот шешімінен тұрады. Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс емес және сот талқылауы барысында сотгалушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәледенген жағдайда ғана шығарылады. Айыптау үкімі: 1) сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып; 2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып; 3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып; 4) қылмыстық жаза тағайындалмай; 5) қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады. Сотталушы өтеуге тиіс жазаны тағайындаумен айыптау үкімін шығара отырып, сот оның түрін, мөлшерін, режимін және мерзімді өтеуді есептеудің басталуын дәл айқындауы қажет. Сот, егер осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескерту мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстің 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда айыптау үкімін адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, шығарады. Сот, егер үкім шығару кезінде: 1)сотталушыға осы үкіммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын кешірім актісі шмғарылған; 2)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62-бабында белгіленген алдын ала қамауды есептеу ережелерін ескере отырып, осы іс бойынша сотталушының қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау үкімін жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады. Егер оны шығару кезінде сотталушы қайтыс болса, сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімін қылмыстық жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып шығарады. Ақтау үкімі. Сот ақтау үкімімен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды. ҚР ҚІЖК-нің 376-бабының 2-бөліміне сәйкес ақтау үкімі мынадай жағдайларда шығарылады, егер: 1) қылмыс оқиғасы болмаса; 2) сотталушының әрекетінде қылмыс құрамы болмаса; 3)қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады. Аталған негіздердің кез келгені бойынша ақтау соттың сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады. Егер ақтау үкімі шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкім занды күшіне енгеннен кейін сот қылмыстық істі прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешуі үшін соған жібереді. Мәселелерді шешкеннен кейін, сот үкімді жасауға кешеді. Үкім сот талқылауы жүргізілген тілде баяндалады. Үкім қолдан жазылуға, оны шығаруға қатысушы сот төрешілерінің бірі машинкаға басқан не компьютерлік тәсілмен дайындаған және барлық сот төрешілерінің қолы қойылуға тиіс, ерекше пікірінде қалған сот төрешісі да үкімге кол қояды. Үкімдегі түзету ескертілуге және үкім шығарылғанға дейін кеңесу бөлмесінде барлық сот төрешілерінің қол қоюымен куәландырылуға тиіс. Үкімге ол жарияланғаннан кейін өзгеріс енгізуге жол берілмейді (ҚР ҚІЖК- нің 377- бабы). Үкімнің барлығы да құрылымы бойынша бірдей. Үкім кіріспе, сипаттамалы- дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады. Үкімнің кіріспе бөлімінде (ҚР ҚІЖК-нің 378-бабы): 1)үкімнің Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны; 2)үкімнің шығарылған уақыты мен орны. Сот төрешілері бірнеше күн бойы кеңескен жағдайда, үкімнің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады; 3)үкім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкілдері, аудармашы; 4)сотталушының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған жылы, айы, күні және жері, тұрғылықты орны, жұмыс орны, кәсібі, білімі, отбасы жағдайы және сотталушының жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер; 5)жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы) көрсетіледі. Сонымен қоса үкімде қылмыстық істің ашық немесе жабық сотта қаралғаны көрсетілуі керек. Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді белігі (ҚР ҚІЖК-нің 379- бабы). Айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді белігі жасалған орны, уақыты, оның жасалу тәсілі, кінә нысаны, қылмыстың себептері мен салдарлары көрсетіле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттің сипаттамасын қамтуы қажет. Үкімде соттың сотталушыға қатысты шешімі негізделген дәлелдер және сот басқа дәлелдерді жоққа шығарған себептері келтіріледі. Жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын жағдайлар, ал айыптаудың бір белігі негізсіз деп танылған немесе қылмыстың теріс саралануы белгіленген жағдайда - айыптауды өзгертудің негіздері мен себептері көрсетіледі. Сот сондай-ақ қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелер шешімнің себептерін көрсетуге міндетті. Сипаттамалы - дәлелді бөлікте КР ҚІЖК-нің 371-бабында көрсетілген басқа да мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің негіздемесі қамтылуға тиіс. 6.ҚР ҚІЖК-нің 380-бабында айыптау үкімінің қорытынды бөлігінде: 1) сотталушының тегі, аты жөне әкесінің аты; 2)сотталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешім; 3)сотталушы кінәлі деп танылған қылмыстық заң (бабы, бөлігі, тармағы); 4)жасағанына кінәлі деп танылған әрбір қылмысы үшін сотталушыға тағайындалған жазаның түрі мен мөлшері, сондай-ақ бұрынғы үкім бойынша шартты сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы шешім және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58,60-баптарының негізінде өтеуге жататын түпкілікті жаза түрі мен режимін көрсетеді; 5)шартты түрде сотталған кезде сынақ мерзімнің ұзақтығы мен сотталушыға жүктелетін міндеттер; 6)сотталушыны құрметті, әскери, арнайы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан, мемлекеттік наградаларынан айыру (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізу) туралы шешім; 7)егер үкім қабылданғанға дейін сотталушы ұсталса және оған қамау, үйде қамап ұстау түрінде бұлтартпау шаралары қолданылса немесе ол арнаулы медициналық мекемеге орналастырылса, алдын ала қамауда ұстауды есепке алу туралы шешім; 8)мәжбүрлеп емдеуді қолдану және сотталушыға қорғаншылық белгілеу туралы шешім; 9)үкім занды күшіне енгенге дейін сотталушыға қатысты бұлтартпау шаралары туралы шешім көрсетілуге тиіс. Егер сотталушыға қылмыстық заңның бірнеше бабы (баптың бөліктері, тармақтары) бойынша айып тағылса, онда үкімнің қорытынды бөлігінде сотталушы олардың қайсысы бойынша сотталғаны көрсетілуі тиіс. Сотталушының іс-әрекеттерін қайта дәрежелеу қажеттігі туралы тұжырымға келіп немесе кейбір баптардың (бап бөлігінің, бап бөлігі тармағының) артық тағылғанын анықтап, сот үкімнің сипаттамалы – дәлелді бөлігінде әрекетті сол бойынша дәрежелеу керек болатын қылмыстық заңның бабын (баптың бөлігін, бап бөлігінің тармағын) көрсетеді және артық тағылған бапты (баптың бөлігін, баптың бөлігінің тармағын) алып тастау керектігін көрсетеді. Сотталушы қылмысты өтеуден босатылған немесе үкім жаза тағайындалмай шығарылған немесе жазасын етеуді кейінге қалдыру қолданылған жағдайда, бұл туралы үкімнің қорытынды бөлігінде көрсетіледі. Ақтау үкімі туралы түсінік «Үкім түрлері» тарауында айтылған (ҚР ҚІЖК 376- бап). Ақтау үкімінің сипаттамалы — дәледді бөлігінде: тағылған айыптың мәнісі; сот белгілеген істің мән-жайы; сотталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігі туралы пайымдау негізделген дәлелдерді сот дұрыс емес немесе жеткіліксіз деп таныған себептер; сотталушыны ақтау үшін негіз болатын дәлелдер; азаматтық талап-арызға қатысты шешімнің себептері баяндалады. Ақтау үкімінде ақталушының кінәсіздігіне күмән тудыратын тұжырымдарды қолдануға жол берілмейді (ҚР ҚІЖК 381-бап). Ақтау үкімінің қорытынды бөлігінде: сотталушының тегі, аты және әкесінің аты ;сотталушыны кінәсіз деп тану жөне оны ақтау туралы шешім, ақтау негіздері, егер бұлтартпау тандалған болса, оның күшін жою туралы шешім; мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ егер мұндай шаралар қабылданған болса, залалды өтеуді қамтамасыз ету шараларын жою туралы шешім қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 382-бап). Айыптау, сондай-ақ ақтау үкімінің де қорытынды бөлігінде ҚР ҚІЖК 380,382- баптарында санамаланған мәселелерден басқа: 1) ұсынылған азаматтық талап-арыз бойынша шешім; 2) заттай айғақтар туралы мәселені шешу; 3) іс жүргізу шығыстарын бөлу туралы шешім; 4) апелляциялық шағымдардың не үкімге наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімін түсіндіруі қамтылуға тиіс (ҚР ҚІЖК 383-бап). Сонымен үкімнің барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты. 7. Үкімді жариялау (ҚР ҚІЖК 384-бап). Сот үкімге қол қойғаннан кейін сот отырыс залына оралады және төрағалық етуші не басқа сот төрешісі, не сот төрешілері кезек-кезегімен үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі, сот құрамын қоса алғанда, сот үкімін тұрып тындайды. Егер үкім сотталушы (ақталушы) білмейтін тілде оқылса, онда аудармашы үкім жарияланысымен немесе ілеспе түрде оны сотталушының ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге дауыстап аударуға тиіс. Төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға) процестің басқа да қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істі апелляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді. Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретінде тартумен, бұлтартпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген зиянның орнын толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс. Егер сотталушы ерекше жаза түрі - өлім жазасына кесілген болса, төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру құқығын түсіндіреді. Сотталушы ақталған кезде не жаза тағайындамай немесе жазаны өтеуден босатумен, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес немесе бас бостандығынан шартты түрде айыруға жаза кесу арқылы айыптау үкімін тағайындаған кезде қамауда ұсталған сотталушы сот отырысы залында қамаудан дереу босатылуға жатады (ҚР ҚІЖК 385-бап). Үкім жарияланғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей оның көшірмесі сотталушыға немесе ақталушыға, қорғаушы мен айыптаушыға табыс етілуге тиіс. Егер сотқа аталған адамдардың өтініші түскен болса, үкімнің көшірмесі жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматгық жауапкерге және олардың өкілдеріне нақ сол мерзімде табыс етіледі. Жеке қаулы алу. ҚР ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес сот оған негіз болған кезде кеңесу бөлмесінде жеке қаулы шығарады, онда мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын іс бойынша анықталған заңның бұзылу фактісіне, қылмыс жасауға себепші болған және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін себептер мен жағдайларға аударады. Сот ісін талқылауда сот тараптарына айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл негізінде сот процесіне келмеген, төрағалық етушінің тәртібіне бағынбаған жағдайда сот процесінің қатысушыларына салынады. Егер адамның іс- әрекетінен қылмыс жасауға себепші болатын әкімшілік теріс қылық анықталған жағдайда сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы. Жеке қаулы, сондай-ақ сот анықтау, алдын ала тергеу жүргізу кезінде немесе істі төменгі сот қараған кезде жіберілген, азаматтардың құқықтарын бұзу және заңның басқа да бұзылуы байқалған кезде шығарылуы мүмкін. Сот жеке қаулысымен ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндірістегі немесе тұрмыстағы теріс мінез-құлқына немесе олардын қызметтік не азаматтық борышын бұзуына аударуға құқылы немесе ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына қылмыстың жолын кесуге немесе ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен жоғары саналылығы, ерлігі туралы жеткізе алады. Жеке қаулы алуда сот тарапынан бақыланып отырады. ҚР ҚІЖК-нің 387 бабының 6-бөліміне сәйкес, жеке қаулы бойынша бір ай мерзімнен кешіктірілмей қажетті шаралар қабылдануы және оның нәтижелері туралы жеке қаулы шығарған сотқа хабарлануы тиіс. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз калған басқа да асырауыңдағылар бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдаумен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқагдарының не басқа адамдарының немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкі немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнінде шара қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда сот қылмыстың салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушінің мүлкі мен тұрғын үйін қорғау туралы қаулы шығарады. Іске тағайындау бойынша қорғаушы қатысқан жағдайда, сот үкім қабылдаумен бір мезгілде сотталушыға заң көмегін көрсеткені үшін төлеуге жататын сыйақының мөлшері туралы қаулы шығарады. ҚР ҚІЖК-нің 388-бабының 1- және 2-бөлігінде аталған іс жүргізу шешімдері мүдделі адамдардың өтініштері бойынша үкім жария етілгеннен кейін де қабылдануы мүмкін. 8. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз қалған басқа да асырауындағылар бар болған кезде, сот айыптау үкiмiн қабылдаумен бiр мезгiлде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқа адамдардың немесе мекемелердiң қорғаншылығына өткiзу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкi немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнiнде шара қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда сот қылмыстың салдарынан жәбiрленушiнiң ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң мүлкi мен тұрғын үйiн қорғау туралы қаулы шығарады. Iске қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы не жәбiрленушiнiң өкiлi қатысқан жағдайда, сот үкiм қабылдаумен бiр мезгiлде сотталушыға немесе жәбiрленушiге көрсетiлген заң көмегiне ақы төлеу туралы, қорғауға және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы қаулы шығарады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Сотталушыдан жауап алу. 2. Сотталушының жауабың жариялау. 3. Жәбірленушіден, куәдан жауап алу. Кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу ерекшеліктері. 4. Жәбірленушінің, куәнің жауаптарын жариялау. 5. Сараптама тағайындау. Сарапшыдан жауап алу. 6. Заттай дәлелдемелерді қарау. Жерлерді және тұрғын үйді қарау. Танытуға ұсыну, куәландыру, айғақтарды оқига болған жерде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Тергеу әрекеттерінің хаттамаларын және қүжаттарын жариялау. 7. Дәлелдемелерді зерттеуді шектеу негіздері. Сот тергеуінің аяқталуы. 8. Сот талқылауында істі қысқартылған тәртіппен қарау: түсінігі, негіздері. 9. Сот жарыссөзінің мазмұны, тәртібі, олардың мазмұны. Сот жарыс сөзіне қатысушы тұлғалардың репликалары. 10. Сотталушының соңғы сөзі: түсінігі, маңызы. Сот тергеуін қайта жаңғырту. Соттың үкімді шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуі. 22-тақырып. Соттын заңды күшіне енбеген үкімдерді мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық өндіріс). Дәріс мақсаты: Соттын заңды күшіне енбеген үкімдерді мен қаулыларын қайта қарауды (Апелляциялық өндіріс) ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Апелляциялық өндіріс сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Апелляциялық тәртіппен істерді қарайтын соттар. Бірінші сатылы соттың қаулысына жеке шағым мен наразылық беру. Апелляциялық қараудың пәні, және апелляциялық сатыда істі қараудың шегі. Істі апелляциялық сатыда қараудың мерзімі. 2. Апелляциялық шағым мен наразылық: нысаны мен мазмұны. Апелляциялық сатылы сотта отырысты тағайындау. Істі апелляциялық сатыда қараудың іс жүргізу тәртіптері мен мерзімдері. Апелляциялық сатының өкілеттіктері. Бірінші сатылы соттың үкімін өзгерту мен жоюдың негіздері. 3. Ақтау үкімін жою мен өзгертудің жағдайлары. Сот тергеуінің біржақтылығы мен толықсыздығы. Үкімде көрсетілген соттың тұжырымдары істің фактілі мән жайларына сэйкес келмеуі. Қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бүзылуы. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау. Сот тағайындаған жазаның сэйкес келмеуі.Қылмыстық қысқартумен айыптау үкімін жою. Жаңа сот талқылауына жіберуарқылы үкімді жою. Үкімді өзгерту. 4. Апелляциялық қаулының мазмұны, оны шығарудың тәртібі. Апелляциялық сатылы соттың каулысын орындауды жүзеге асырудың тәртіптері. Апелляциялық сатылы сотта істі қайта қарау. Бастапкы үкім жойылганнан кейін бірінші сатылы сотта істі қарауы. 1.Аппеляциялық саты (екінші) сотындағы өндіріс - бұл бірінші сатыдағы соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларының, өзге сот шешімдерінің зандылығы, негізділігі мен әділеттілігі жөніндегі сотталушыдан, жәбірленушіден, олардың қорғаушыларынан түскен арыздарды, сондай-ақ айып тағушының наразылығын екінші сатыдағы сот тексеретін қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы. «Апелляция» термині латынның «арреііасіо» - жүгіну» деген сөзінен шыққан. Яғни бұл істі қараған төменгі сатыдағы соттың үкімін, қаулысы мен өзге де шешімін қайта қарау мақсатында жоғары тұрған аппеляциялық сотқа жүгіну табылады. Аппеляциялық тәртіпте істі қарайтын сот үкімнің заңдылығын, негізділігін, әділдігін тек үкімге шағым берілген немесе наразылық білдірілген бөлігінде және тек шағым немесе наразылық білдірілген сотталушыларға қатысты ғана тексереді. Егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің қабылдануына алып келген сотталушылардың құқықтары мен занды мүдделерінің бұзылуы белгілі болса, сот занда көрсетілген ережелерді сақтай отырып, үкімді сондай-ақ шағым берілмеген, наразылық білдірілмеген бөлігінде де және шағым бермеген, наразылық білдірмеген адамдарға қатысты да жоюға немесе өзгертуге құқылы. Сондықтан, аппеляциялық сатыдағы сот аппеляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша істің накты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық занды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді. Аппеляциялық өндірістің мәні мынада: - Сот шешімдеріне шағым беру мен наразылық келтірудің еркіндігінде; - Үкімнің зандылығы мен негізділігін міндетті тексеруде; - Іс материаддарын тексеруде; - Қосымша дәлелдемелерді қарастыру мүмкіндігінде; - Сотталушының жазалау мерзімінің ұзартылуына немесе оған неғұрлым ауыр қылмыс жөніндегі занды (ҚР ҚК бабын) қолдануға жол бермеуде. Сот шешімдеріне шағым беру мен наразылық келтірудің еркіндігі сот талқылауы тараптарынын екінші сатыдағы сотқа шағымдарын, ал прокурордың наразылығын еркін нысанда өз тілінде, жазбаша түрде бере алуынан көрінеді. Үкімнің зандылығы мен негізділігін міндетті тексеру нысанының оның мазмұнына, дәлірек айтсақ алдын ала тергеу өндірісі мен сотта істі қарау барысында қылмыстық занды және қылмыстық іс жүргізушілік нормаларды дұрыс қолдануды білдіреді (ҚР ҚІЖК 405-бап). Аппеляциялық өндірістің ревизиялық басы екінші сатыдағы сот барлық сотталғандарға, сонымен қатар үкімге шағымданбаған сотталғандарға да қатысты істі толық көлемінде тексереді, сондай-ақ сотталушының үкімді толығымен немесе кейбір бөліктеріне шағым келтіргеніне қарамастан сотталушыға қарсы тағылған барлық айыптарды қарастырады. Сотталушының жазалау мерзімінің ұзартылуына немесе оған неғұрлым ауыр қылмыс жөніндегі занды (ҚК бабын) қолдануға жол бермеу соттың аппеляциялық тәртіпте істі қарай отырып жазаны күшейтіп ауырлатуға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқтығын, керісінше сот бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімінің жазасын неғұрлым жеңіл жазаға алмастыруын, соған сәйкес неғұрлым жеңілдететін занды қолдануын көрсетеді. Істерді аппеляциялық сатыда қарастырудың маңызы: - Төменгі тұрған соттардың үкімдері мен қаулыларына жоғары тұрған соттардың бақылау жасауы; - жоғары тұрған соттардың жіберген қатесін жоғары сатыда өзгерте алу мүмкіндігі; -тараптар жоғары тұрған соттардың барлық үкімдеріне шағымдана алады; -Үкімдер мен өзге де сот шешімдеріне шағым жасау, наразылық келтіру адам құқықтар мен бостандықтарының сақталуын сот өндірісінде қамтамасыз етеді. Аппеляциялық өндіріске қатысушы субъектілер. Үкімдер мен өзге де сот шешімдеріне шағым жасау құқығына ие субъектілер қатарына заң сотталушыны, ақталған адамды, оның қорғаушысы мен занды өкілін, жәбірленуші мен оның өкілін, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерді, олардың өкілдерін жатқызады. Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегіңде үкімге наразылық білдіруге құқылы (ҚР ҚІЖК 396-бап). Заң бойынша азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімнің азаматтық талапқа қатысты бөлігіне ғана шағымданады. Ақталған тұлға үкімде көрсетілген себептер мен негіздерге ғана шағым бере алады. Аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды облыстық және соларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды. Ал облыстық және соларға теңестірілген соттардың занды күшіне енбеген үкімдеріне аппеляциялық шағымдарды, наразылықтарды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қарайды (ҚР ҚІЖК 397-бап). 2.Үкімге шағымдар келтіру, наразылықтар беру тәртібі (ҚР ҚІЖК 407-бабы). Аппеляциялық шағымда, наразылықта: 1) шағым, наразылық, жолданып отырған сотгың атауы; 2)іс жүргізілгендегі жағдайы, тұрғылықты жері немесе жүрген жері көрсетіле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтірген адам туралы деректер; 3)шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы; 4)үкімге, қаулыға толық немесе оның бір бөлігіне шағым жасалып, наразылық келтіріліп отырғанын көрсету; 5)шағым, наразылық келтірген адамның пікірінше сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі жөніндегі дәлелдері және оның өтінішінің мәні; 6)арыз беруші өз талаптарына негіз ететін, соның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер; 7)шағымға, наразылыққа қоса тіркеліп отырған материалдардың тізбесі; 8)шағым мен наразылық келтірілген күн және шағым, наразылық келтірген адамның қолы болуға тиіс. Жасалған шағым мен келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін ресімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық шағым, не наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе, олар берілмеген болып есептеледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 399-бабына сәйкес бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар мен наразылықтар аппеляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады. Сонымен қатар, анықталған белгілі мерзімде шағым беру мен наразылық келтірудің үкімнің орындалуын тоқтата тұратыны естен шығармау керек. Егер үкім немесе наразылыққа шағым келтірілсе және оларға шағым келтіру мерзімі аяқталмаса, оңда жоғары тұрған сот төменгі сатыдағы соттан істі талап ете алады. Аппеляциялық шағымдар мен наразылықтар үкім шығарған сот арқылы беріледі. Алайда, шағым немесе наразылық тікелей аппеляциялық сатыдағы сотқа жіберілуі мүмкін. Осы жағдайларда аппеляциялық сатыдағы соттың оларды тікелей үкім шығарған сотқа жіберуі қажет. Сот үкіміне шағым не наразылық келтірілген жағдайда сот айыпталушыны немесе ақталғанды, қорғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және онын өкілін, сондай-ақ егер шағым, наразылық олардың мүддесіне қатысты болса азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерді және олардың өкіддерін хабарландырады. Аталмыш тұлғаларға хабарламамен бірге шағымның, наразылықтың көшірмелері оларға жазбаша түрде қарсылық білдіру мүмкіндігі әрі мерзімі көрсегіле отырып танысу үшін жіберіледі. Айыпталушының немесе жәбірленушінің не олардың өкілдерінің шағымға, наразылыққа қарсылығы іске қосылып тігіледі. Тараптар шағым, наразылық негіздерін не басқа тараптың шағымына, наразылығына қарсы жазылған қарсылық негіздерін растау үшін сотқа жаңа материалдар табыс етуге немесе, егер іс аппеляциялық тәртіпте қаралатын болса, өздері атаған куәгерлер мен сарапшыларды сотқа шақыру туралы өтініш жасауға құқылы (ҚР ҚІЖК 401-бабы). Аппеляциялық сатының өкілеттіктері (ҚР ҚІЖК 410-бабы). Аппеляциялық шағыммен немесе наразылықпен түскен істі қарау кезінде сот тараптардың өтініш жасауы бойынша немесе өз бастамасымен: 1) сот-психиатриялық сараптама тағайындауға; 2)егер істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша жүргізу мүмкін болса, өзге де сараптама тағайындауға; 3)сотталғанның, жәбірленушінің және іске қатысушы басқа да адамдардың денсаулық жағдайына, отбасы жағдайына және бұрынғы соттылығы туралы деректерге байланысты құжаттарды талап етіп алуға құқылы. Сот отырысының хаттамасында ашылмаған жайлар болған және куәлардың (жәбірленушілердің) әртүрлі түсінуге мүмкіндік беретін айғақтары баяндалған жағдайда, сот өз бастамасымен немесе тараптардың өтініш жасауы бойынша ол адамдардан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда сотталғанның сот отырысына қатысуы міндетті. Жауап алудың алдында куәға, жәбірленушіге жалған айғақтар бергені және айғақтар беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚК 351-бабының 2- бөлігінде және 352-бабында белгіленген тәртіппен жауапта болатыны ескертіледі. Олардың айғақтары хаттамаға түсіріледі, олар одан әрі дәлелдеме ретінде қарастырылады. Қосымша материалдарды ұсыну кезінде тараптар бұл құжаттардың сипаттамасын, олардың қандай жолмен алынғаның олар не үшін қажет, қандай мақсатпен куәгерлер мен сарапшы шақырылып отыр соның бәрін көрсету қажет. Бірінші сатыдағы сот үкімге шағым беру, наразылық келтіру мерзімінің біткенінен кейін тәуліктен кешіктірмей қылмыстық істі түскен шағымдар мен наразылықтармен, оларға қарсылықтармен бірге аппеляциялық сатыдағы сотқа жіберу керек және сот процесіне қатысушыларды аппеляциялық сатыда істі қараудың мерзімі, уақыты және орны туралы хабарлайды. Шағым келтірген, наразылық берген тұлға аппеляциялық сатыда сот отырысының басталғанына дейін өзінің шағымын, наразылығын кері ала алады. Жоғары тұрған прокурор да төменгі тұрған прокурордың наразылығын кері ала алады. Шағымды не наразылықты кері қайтарып алудың аппеляциялық сатыда істі қарау мүмкіндігін жоққа шығарады. Үкімге шағым келтірген, наразылық білдірген тұлға сот отырысының басталғанына дейін өзінің шағымын, наразылығын өзгерте алады немесе жаңа дәлелдерімен, айғақтарымен толықтыра алады. Үкімге шағым келтіру, наразылық білдіру мерзімін тұлғаның өткізіп алуы шағым не наразылықты соттың қараудан бас тартуына және оны шағым берушіге қайтаруына әкеліп соғады. Шағым беруге, наразылық білдіруге арналған мерзім дәлелді себептермен өтіп кетсе, шағым беруге немесе наразылық келтіруге құқылы адамдардың өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы үкімді қабылдаған сотқа өтініш жасауға құқығы болады. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішті істі сот талқылауы кезінде төрағалық етуші төрешісі, ал ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа төрешісі сот мәжілісінде қарайды. Төрешісі өз кезегінде өтінішіі қозғаған адамды түсінік беру үшін шақыртуға құқылы. Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы төрешісінің қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Ал сот белгілі талаптарды сақтай отырып істі қарауға құқылы. Бірінші сатыдағы соттың қаулысына шағымдану, наразылық білдіру. Ол жөнінде ҚР ҚІЖК 403-бабында көрсетіліп өткен. Бірінші сатыдағы соттың үкімінен немесе қаулысынан басқа үкімге шағымдану құқығы айыптаушыға, сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі. Аппеляциялық өндіріс ережелері бойынша бірінші сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағымданатын шешім шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде беріледі және аппеляциялық іс жүргізу ережелері бойынша қаралады. Сот өз кезегінде қарау нәтижелері бойынша шағымды не наразылықты қанағатгандырусыз қалдыру туралы немесе өзгерту туралы қаулы шығарады. Сонымен қатар, заң бойынша шағым беруге не наразылық біддіруге дәлелдемелерді зерттеу тәртібіне, процесс мүшелерінің өтініштеріне, сондай- ақ сот мәжілісі залындағы тәртіпті сақтауға қатысты сот отырысы барысында шығарылған қаулылар шағымдануға не наразылық білдірілуге жатпайды. Осы ережеден ауытқу болып соттың ақшалай айып салу туралы қаулысына шағымдану табылады, яғни соттың ақшалай айып салу туралы қаулысына шағымдануды қоспағанда. Сот талқылауы кезіңде тараптар сот қаулысына шағымдарын немесе наразылықтарын береді, оларды қарау үкім шығарумен аяқталады. Осы жағдайларда үкімге шағымдану үшін белгіленген мерзім он бес тәуліктен соң іс аппеляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі. Заң егер үкім олардың мүдделерін қозғаса онда нақты осы істе тараптар болып табылмайтын тұлғалардың (айыпталушының немесе жәбірленушінің туысы) қаулыға шағымдануын да қарастырады. Аппеляциялық сатыда істі қарау мерзімдері. Аппеляциялық шағым не наразылық бойынша облыстық не оған теңестірілген соттарға келіп түскен іс келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзім іс жүргізіп жатқан аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда істі аппеляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту қылмыстық істер жөніндегі тиісті сот алқасы төрағасының немесе тиісті сот төрағасының қаулысымен жүзеге асырылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 406-бабы). Аппеляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу (ҚР ҚІЖК 408-бабы). Бірінші сатыдағы сот аппеляциялық шағымдар мен наразылықтардың берілген мерзімінің біткенінен соң үкімге шағым немесе наразылыққа тараптардың қарсылықтары мен ұсынылған жаңа материалдарды қоса отырып қылмыстық істі аппеляциялық тәртіпте қаралу үшін облыстық не оған теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасына жібереді. Бірінші сатыдағы сот жоғары тұрған соттың (облыстық соттың) келісімімен тараптарды істі қарау мерзімі, күні, орны жөнінде ескертеді. Аппеляциялық отырыстың уақыты мен орны туралы уақытылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Прокурордың аппеляциялық сатыдағы істерді қарауға қатысуы міндетті екендігін естен шығармау қажет. Аппеляциялық шағым немесе наразылық бойынша қылмыстық іс құрамында үш төрешісі болатын жоғары тұрған соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасымен тараптардың қатысуымен ашық сот отырысында қаралады, осы үш терешісінің біреуі төрағалық етеді. Қамауда отырған сотталған адамның сот отырысына қатысуы немесе оны осы сот отырысына шақыру секілді мәселелерді аппеляциялық сатыдағы сот шешеді. Қамауда отырған сотталған адамның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымдар мен прокурордың наразылығын соттың қарастыруы жағдайында сотталған адам аппеляциялық сатыдағы сотқа өзінің жеке қатысуын талап етуге құқығы бар. Осы жағдайларда бірінші сатыдағы сот сотталушының сот отырысына тікелей қатысуы жөнінде қаулы шығаруға міндетті, осы арқылы сот отырысына жеке өзі қатысуы қамтамасыз етілетін конституциялық құқығы қорғалады. Сонымен қатар заң келесі жағдайларда қорғаушының аппеляциялық сатыда міндетті қатысуын көрсетеді: —егер жәбірленушінің (азаматтық талапкердің) аппеляциялық шағымында, прокурордың наразылығында сотталушының жағдайының нашарлауы жөніндеге мәселе қойылса; — егер істі қарау бойынша сотқа дейінгі өндіріс және бірінші сатыдағы сотта істі қарау қорғаушының қатысуынсыз жүзеге асырылса ҚР ҚІЖК 408-баптың 3-бөлігінің 2-абзацы. Өзге жағдайларда қорғаушының қатысуы ҚР ҚІЖК 71-бабында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. (Естен шығармау қажет ҚР ҚІЖК 408-баптың 3- бөлігінің 2 абзацы 2009 жылғы 1 -қаңтардан кешіктірілмей қолданысқа енгізіледі). Аппеляциялық сатыдағы соттың отырысына үкімге шағымдану құқығы берілген барлық тұлғалар жіберіледі. Заң осындай құқықты сондай-ақ бірінші сатыдағы соттың шығарған үкімінен кейін аппеляциялық сатыдағы сотта сотталушының мүдделерін қорғауға міндеттенген сотталушының (ақталғанның) қорғаушысына немесе жәбірленушінің өкіліне де береді. Сот отырысында олардың өтініштері бойынша төрағалық етуші берілген шағымдары не наразылықтары жөнінде немесе шағым не наразылыққа тараптардың қарсылықтары жөнінде мәлімдеме жасауға және оны негіздеуге мүмкіндік береді. Аппеляциялық сатыда істі қараудың жалпы тәртібі (ҚР ҚІЖК 409-бап). Аппеляциялық сатыдағы сот отырысы үш бөлімнен тұрады: дайындық бөлімі, істі қарау бөлімі және қаулы шығару. Дайындық бөлімі төрағалық етушінің сот отырысын ашумен, қандай іс және кімнің (сотталушының, не жәбірленушінің, талапкердің не жауапкердің) аппеляциялық шағымы немесе наразылығы бойынша қаралып жатқанын хабарлайды. Осы кезде дайындық бөлімі аяқталып, сот тікелей істі қарауға көшеді. Содан соң төрағалық етуші сот құрамын, іс бойынша тараптар болып табылатын, қатысып отырған адамдардың фамилиясын, сондай-ақ аудармашылардың фамилиясын хабарлайды. Бұдан соң төрағалық етуші отырысқа қатысушы адамдарға олардың аппеляциялық сатыда істі қараған кездегі іс жүргізу құқықтарын түсіндіріп өтеді, тараптардан олардың бас тартуы мен өтінімдерінің бар-жоғын сұрап алады, егер олар мәлімделсе, олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот оларды қараудың нәтижелері бойынша қаулы шығарады. Сонымен қатар, шағымдар не наразылықтарды аппеляциялық тексерген кезде сот тергеуі жүргізілмейтінін, яғни қосымша материалдарды жинау үшін тергеу әрекеттері жүзеге асырылмайды. Істі қарау істің мәні мен шағымда не наразылықта көрсетілген дәлелдемелерді баяндайтын соттың баяндамасымен басталады. Бұдан әрі процеске қатысушылардың сөйлеу реті анықталады, олар өз кезегінде өздерінің аппеляциялық (жеке) шағымдарының, наразылықтарының мәні мен дәлелдемесін, оларға деген қарсылықтарын баяндайды. Іс егер айыптаушының наразылығы бойынша қаралса, онда соттың баяндамасынан кейін айыптаушы өзінің наразылығын негіздеу қажет. Аппеляциялық шағымдарда немесе наразылықта келтірілген дәлелдерді растау немесе теріске шығару үшін сөз сөйлеушілер істі қарау басталғанға дейін аппеляциялық сатыға қосымша материалдар беруге құқылы. Қосымша материаддарды тергеу іс-әрекетгерін жүргізу жолымен алуға болмайды. Сотқа қосымша материаддар берген адам олардың қандай жолмен алынғанын және оларды табыс ету кажеттігі неге байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Қосымша материалдардың қабылданғаны не қабылданбағаны туралы сот қаулы шығарады. Істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар қосымша тапсырылған материалдар, егер олардағы мәліметтер бірінші сатыдағы соттың қосымша тексеруі мен бағалауын керек етпесе, үкімді не қаулыны өзгертуге негіз болуы мүмкін. Өзге жағдайларда қосымша материалдар сот үкімінің, қаулысының күшін жойып, істі бірінші саты бойынша жаңадан қарауға жіберуге негіз бола алады. Аппеляциялық шағымда не наразылықта баяндалған сқзінің негізділігіне қатысты прокурордың қорытындысын тындап болғаннан кейін сот тараптардың түсініктеме бергенінен кейін қосымша баяндама жасауы үшін сотталушыға не айыпталушыға, олардың қорғаушылары мен өкілдеріне сөз береді. Осымен істі қарау аяқталады, сот каулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Сот отырысының күнтізбесі (тәртібі) мен бұзушыларға қатысты қолданылатын шаралар бірінші сатыдағы сотта жүзеге асырылатын секілді (ҚР ҚІЖК 370, 373- баптары). Сот төрешілерінің кеңесу тәртібі мен шешім қабылдау тәртібі аппеляциялық сатыдағы сотта өзге барлық соттар секілді бірдей, тек қана алқа билер қатысуымен жүзеге асырылатын соттан басқасы. 3.Кеңесу бөлмесінде сот төрешілері істі қарау нәтижелерін талқылайды, бірінші сатыдағы сот үкімі мен осы сотпен зерттелген дәлелдемелердің, аппеляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарау кезіңде тексерілген қосымша материалдардың зандылығы мен негізділігін тексереді, барлығын тексеріп болған соң сәйкес қаулы шығарады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 411-бабына сәйкес істі аппеляциялық тәртіппен қарау нәтижесінде сот өз қаулысымен мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1)үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады; 2) үкімнің күшін жойып, істі қысқартады; 3) үкімді (қаулыны) өзгертеді; 4) үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа соттың жаңадан қарауына жібереді; 5) үкімнің (қаулының) күшін жойып, істі қосымша тергеуге жібереді (ҚР ҚІЖК 303-бабындағы негіздер бойынша); 6) ҚР ҚІЖК-нін 387-бабында керсетілген мән-жайлар анықталған кезде жеке қаулы шығарады. Жоғарыда аталып өткен барлық негіздерге заңнама Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 412—421-баптарында толығымен баяндап өткен. Осы арқылы бірінші және аппеляциялық сатыдағы соттар әділ, занды әрі негізделген үкімдер шығарады. Үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру. Аппеляциялық сатыда істі қарай отыра сот бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағатгандырусыз қаддыруға құқылы. Соттың үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру жөніндегі шешімі үкімді жою немесе өзгерту туралы ҚР ҚІЖК 412 және 413-баптарында негіздер анықталмаған жағдайда аппеляциялық сатыдағы сотпен қабылданады. Үкімді, қаулыны өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру кезінде үкімде шағым мен наразылықтың негізсіз болып танылуының негіздері мен себептері көрсетілуі қажет. ҚР ҚІЖК 412-бабына сәйкес аппеляциялық сатыда істі қарай отырып сот бірінші сатыдағы соттың үкімін жоя немесе өзгерте алады. Үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер мыналар: 1) сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі; 2) сотгың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақгы мән-жайына сәйкес келмеуі; 3) қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы; 4) қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы; 5) жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталғанның жеке басына сәйкес келмеуі бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға не өзгертуге негіз болып табылады. Осы негіздер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 413-417-баптарында толығымен көрсетіліп жеке-жеке баяндалып өткен. Ал енді солардың әрқайсысына тоқталып өтейік. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі. Анықталған жағдайда істің дұрыс шешілуі үшін елеулі мәні болуы мүмкін мән-жайларды ашылмаған күйі қалдырған сот тергеуі біржақты немесе толық емес деп танылады (ҚР ҚІЖК 413-бап). Іс бойынша: 1) айғақтарының іс үшін елеулі мәні бар адамдардан жауап алынбаған немесе заң бойынша жүргізілуі міндетті болып табылатын сараптама жүргізілмеген, сол сияқты елеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратып алынбаған; 2) істі соттың жаңадан қарауына берген сот қаулысында аталған дәлелдемелер зерттелмеген; 3)сотталғанның жеке басы туралы аппеляциялық саты анықтай алмайтын деректер жеткілікті дәрежеде толық анықталмаған барлық жағдайда сот тергеуі толық емес деп танылады. Соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарының істің нақты мән-жайына сәйкес келмеу (ҚР ҚІЖК 414-бап). Егер: 1)сот тұжырымдары сот отырысында қаралған дәлелдемелермен расталмаса; 2)сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе; 3)сот тұжырымдары үшін елеулі мәні бар қарама-қайшы дәлелдемелер болған жағдайда, үкімде (қаулыда) соттың бұл дәлелдемелердің біреулерін қабылдап, екіншісін қабылдамай тастауына қандай негіздер болғаны көрсетілмесе; 4)Соттың үкімде (қаулыда) айтылған тұжырымдарында елеулі қайшьшықтар болып, олар істің шешілуіне, соның ішінде сотталғанның, ақталғанның кінәлілігі, немесе кінәсіздігі туралы мәселені соттың шешуіне, кылмыстық заңды қолданудың дұрыстығына немесе жазалау шараларын анықтауға ықпал еткен немесе ықпал етуіне мүмкін болса үкім (қаулы) істің нақты мән-жайына сәйкес келмейді деп танылады. Қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы (ҚР ҚІЖК 415-бап). Істі сот қарауы кезінде заң принциптер мен өзге де жалпы құқықтары бұзылып, олар іске қатысушы адамдарды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рәсімін сақтамау жолымен немесе өзгедей жолмен істің мән-жайын толық жан-жақты және объективті зерттеуге кедергі жасаса, соттың қаулысына, әділ үкіміне немесе өзге де шешіміне ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, бұл қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу болып табылатыны айқын. Сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дәлелдемелерді зерттемеудің салдарынан болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс. Егер: 1) сот қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіздер (қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар) болған жағдайда кылмыстық істі қысқартпаса; 2) үкімді соттың заңсыз құрамы шығарған болса; 3)қылмыстық іс жүргізу кодексінің 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді қоспағанда, іс сотталушы жоқта қаралса; 4)заң бойынша қорғаушының қатысуы міндетті болғанда, іс оның қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғаушыға ие болу құқығы өзгедей жолмен бұзылса; 5)сотта сотталушының ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса; 6) сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе; 7) сотталушыға соңғы сөз берілмесе; 8) үкім шығарылған кезде сот төрешілері кеңесінің құпиясы бұзылса; 9) үкімге сот төрешілерінің бірі қол қоймаса; 10)істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің күші жойылуға тиіс. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау (ҚР ҚІЖК 416-бап). Қылмыстық занды дұрыс қолданбауға мыналар жатады: 1.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жалпы бөлімі талаптарының бұзылуы; 2.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің қолданьшуға тиістісінен басқа баптың, бап белігінің, бап бөлігі тарамағының қолданылуы; 3.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясында көзделгендегіден неғұрлым қатаң жазаның белгіленуі қылмыстық занды дұрыс қолданбау болып табылады. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамныц жеке басына сәйкес келмеу (ҚР ҚІЖК 417-бап). Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабының санкциясында көзделген шектен шықпағанымен, түрі мен мөлшері жағынан шектен тыс жұмсақ немесе шектен тыс қаталдығы салдарынан әділетсіз болып табылатын жаза қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмейді деп танылады. Істі қысқарта отырып айыптау үкімінің күшін жою (КР ҚІЖК 418- бап).Аппеляциялық шағымдарды, наразылықты қараған кезде аппеляциялық сатыдағы сот қажет негіздер болған ретте үкімнің күшін жойып, істі қыскарта алады. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар ҚР ҚІЖК 37-бабы мен 38- бабының 1-бөлігінде айтылып кеткен. Осы негіздерге қылмыс оқиғасының болмауы, әрекетте қылмыс құрамының болмауы, егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары, мерзімінің ескіруіне байланысты, жәбірленушінің күдіктімен не айыпталушымен ымыраласуына байланысты және т.б. жатады. Ақтау үкімінің күшін жою (ҚР ҚІЖК 419-бап). Аппеляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбірленушінің немесе оның өкілінің, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негіздемелерімен келіспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімінің, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешімнің күшін жоя алады. Жаңа сот талқылауына жіберу арқылы үкімнін күшін жою (ҚР ҚІЖК 420-бап). Егер анықтау, тергеу органдарымен, сотпен елеулі қателіктер жіберіліп, осының нәтижесінде әділетсіз үкім шығарылса, онда үкімнің күші жойылып, ол жаңа сот қарауына жіберіледі. Егер үкім бірнеше адамға қатысты шығарылса, олардың біреуінің іс әрекетінде қылмыс құрамы табылмау нәтижесінде аппеляциялық сотпен ол адам ақталған кезде онда үкімнің бір бөлігі күшін жояды. Өзге жағдайларда, мысалы, сот әрекет санаты мен айыпталушының жазасын еш өзгеріссіз қалдырып, жәбірленушінің пайдасына алынатын мүліктік тәркілеу шарасының бөлігін негізсіз деп санап осы бөліктің күшін тоқтады. Егер аппеляциялық сатыдағы сотпен: 1) бірінші сатыдағы сот жол беріп, үкімнің зандылығына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзуы; 2) сот тергеуінің біржақтылығын немесе толық еместігін; 3) азаматтық талап қою шешілмегенін немесе дұрыс шешілмегенін анықтаса, іс үкім шығарған соттың жаңадан талқылауына, бірақ сот төрешілерінің өзге құрамының қарауына жіберіле отырып, үкімнің күші толық немесе бір белігінде жойылуға тиіс. Үкімді өзгерту. Үкімді өзгерткен кезде қылмыстық істің төменгі тұрған соттың жаңадан қарауына жіберілмейтінін, барлық қажетті өзгертулер аппеляциялық сатыдағы сотпен жүзеге асырылатынын естен шығармау қажет. Занда (ҚР ҚІЖК 421-бабы) аппеляциялық сатыдағы сот прокурордың наразылығы немесе шағымды қарап болған соң үкімге өзгерту енгізу жағдайларының тізімі көрсетілген. Заңды дұрыс қолданбау немесе сотталушыға әділетсіз жаза қолдану жағдайында аппеляциялық сатыдағы сот сотталушының жағдайын жеңілдететін қаулы шығара алады: 1)сот белгілеген жазаны немесе түзеу мекемесінің түрін жеңілдетуге; 2)онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдануға және қылмыс дәрежесінің өзгеруіне сәйкес жаза белгілеуге, сондай-ақ түзеу мекемесінің неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға. Аппеляциялық сатыдағы сот сондай-ақ сотталушының немесе ақталушының жағдайын ауырлататын үкім шығара алады егер: 1) тағылған айыптау шегінен немесе соттың басты талқылауы кезінде мемлекеттік немесе жеке айыптаушы қолдаған айыптау шегінен шықпай, неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдануға және осыған байланысты неғұрлым қатаң жаза белгілеуге; 2) жаза мөлшерін ұлғайту арифметикалық қателерді немесе алдын ала қамауда ұстауды есептеу кезіндегі қателерді жоюға байланысты болса, қылмыстар жиынтығы бойынша немесе үкімдер жиынтығы бойынша, сондай-ақ қылмыстардың кінәлігі кезінде жаза белгілеуді реттейтін қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауын жоя отырып, жаза мөлшерін ұлғайтуға ; 3) бірінші сатыдағы сот қолданбаған болса, қылмыстық заң бабының санкциясына сәйкес қосымша жаза қолдануға; 4)сотталған адамға түзеу мекемесінің занда көзделгенінен неғұрлым жұмсақ түрін тағайындаудың күшін жоюға және түзеу мекемесінің түрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес тағайындауға; 5)бірінші сатыдағы сот жасамаса немесе дұрыс жасамаса, тиісті қылмыстардың кінәлілігі бар екендігін тануға; 6)Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабының бесінші бөлігіне сәйкес бұрынғы үкім бойынша шартты соттаудың күшін жоюға және осыған байланысты, егер бірінші сатыдағы сот жасамаған болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 60-бабының ережелері бойынша жаза белгілеуге; 7) сот үкімімен тағайындалған жаза тым жұмсақ деп танылса, жаза мөлшерін ұлғайтуға немесе жазаның неғұрлым қатаң түрін тағайындауға құқылы. Мысалы, аппеляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сотпен сотталушыға тағайындалған 3 жыл бостандығынан айыру мерзімін ҚР ҚК белгіленген бабының санкциясы шеңберінде 7 жылға ауыстыра алады немесе шартты сотталу бостандығынан айырумен алмастырыла алады. Сондай-ақ аппеляциялық сатыдағы соттың жоғарыда қарастырылған бөліктерде (421-баптың 1-тармағы) көрсетілген шешімді тек қана егер осы негіздер бойынша прокурормен наразылық келтірілген, жеке айыптаушымен, жәбірленушімен немесе олардың өкілдерімен шағым берілген жағдайларда ғана қабылдауға құқылы екендігін естен шығармау қажет. 4.Апелляциялық қаулы (КР ҚІЖК 421-бабы). Аппеляциялық қарау нәтижелері бойынша сот кіріспе, сипаттамалы-дәлелді және қарар бөлімнен тұратын аппеляциялық қаулы шығарады: Қаулының кіріспе бөлімінде қаулы шығарылған уақыт пен орын, қаулыны шығарған соттың атауы мен аппеляциялық алқаның құрамы, аппеляциялық наразылық немесе аппеляциялық шағым жасаған адамдар, істі аппеляциялық қарауға қатысқан адамдар көрсетіледі. Қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде берілген аппеляциялық шағымдардың, наразылықтың, оларға карсылықтардың дәлелдері, аппеляциялық сатыдағы сотқа қатысқан адамдардың пікірлері, сондай-ақ қабыдданған шешімнің себептері қысқаша баяндалуға тиіс. Қаулының қарар бөлігінде аппеляциялық сатыдағы соттың шағым немесе наразылық бойынша шешімі көрсетіледі. Егер шағымдар, наразылық қанағаттандырылмай қалса, қаулының сипаттамалы- дәлелді бөлігінде шағымдардың, наразылықтың дәлелдері негізсіз немесе елеулі емес деп танылған негіздеме көрсетілуге тиіс. Үкімнің күші жойылған немесе ол өзгертілген жағдайда, қаулыға қылмыстық немесе қылмыстық іс жүргізу заңының қандай баптарының талаптары бұзылғаны, бұл бұзушылық неден көрінетіні, бірінші сатыдағы соттың үкіміне өзгерістер енгізгендегі негіздер көрсетілуге тиіс. Егер аппеляциялық сатыдағы сот ҚР ҚІЖК 421-бабының бірінші бөлігінде көзделген шешімдерді қабылдаса, қаулының сипаттамалы-дәлелді бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешімі дұрыс емес деп танылған себептер, сондай-ақ сотталған адам жағдайының нашарлауы негіздері көрсетілуге тиіс. Іс соттың жаңа талқылауына жіберілген жағдайда қаулыда іс жаңадан қаралған кезде қандай заң бұзушылық жойылуы керек екені көрсетілуге тиіс. Бұл ретте аппеляциялық сатының айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, дәледдемелердің анықтығы туралы немесе бір дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қылмыстық заңды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқығы жоқ. Аппеляциялық сатының соты айқын қате жазуларды түзету және түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы мәселелерді қарау қажет болған жағдайда, аппеляциялық қаулының мәнін өзгертпей, қосымша қаулы шығаруға құқылы. Аппеляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылады, оған сот төрешілерінін бүкіл құрамы қол қояды және сот төрешілері кеңесу бөлмесінен қайтып келгеннен кейін отырыс залында оқылады. Жаңа сот қажетті жағдайларда, ҚР ҚІЖК 422-бабының 5-бөлігінде көрсетілген талаптарды сақтай отыра үкімді жою немесе өзгерту жағдайларында (мысалы, дереу түрде айыпталушыны қамаудан босату қажет болса) қаулының қарар бөлімін шығара әрі жариялай алады. Қаулының толық мәтіні іс қаралған күннен бастап он бес күн мерзімде жасалып, оған барлық сот төрешілері қол қояды. Атап өту керек, аппеляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша қылмыстық іс жүргізу заңнамасы жаңа 423-1, 423-2 және 423-3 баптарымен толықтырылды. 423- 1-бабы аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысын орындауға кірісу тәртібін көрсетеді. Аппеляциялық сатының қаулысы ол шығарылған күннен бастап уш тәуліктен кешіктірілмей, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 423-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, оның толық мәтіні дайындалған күннен бастап іспен бірге үкім шығарған сотқа жіберіледі. Сот төрешісі тараптың өтініші бойынша істі қосымша тергеуге жіберуге құқылы ,егер: 1) ол қаралып отырған іспен байланысты болып, істе айыпталушыға басқа айып тағуға негіздердің болуы; 2) олардың әрекеті қаралып отырған іспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздер болса және адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмаса; 3)айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған жағдайларда қосымша тергеуге жіберуге құқылы. Осы жағдайларда аппеляциялық сатының қаулысы іспен бірге айыптау қорытындысын бекіткен прокурорға жіберіледі. Бұл жағдайда бірінші сатыдағы сотқа аппеляциялық сатының қаулысының көшірмесі хабардар етілу үшін жіберіледі. Аппеляциялық қаулының көшірмесі немесе оның карар белігінен үзінді сотталған адамды қамаудан босату туралы шешімді орындау үшін қамау орнынын, әкімшілігіне дереу жіберіледі. Егер ісгі қарау кезінде сотталушы қамау орындарында болса, онда аппеляциялық қаулының көшірмесі немесе оның қарар бөлімі сотталушыны қамаудан босату шешімін дереу орындау үшін қамау орнының әкімшілігіне жіберіледі. Аппеляциялық сатыдағы соттың тапсырмалары қылмыстық істі қайта қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың орындауы үшін міндетті. ҚР ҚІЖК 423-2-бабы істі аппеляциялық сатыда қайта қарау жөнінде қарастырады. Егер: 1)кейбір сотталғандарға қатысты белгіленген мерзімде берілген аппеляциялық шағымдар, наразылық аппеляциялық сатыдағы сотқа басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін келіп түссе; 2)шағымданудың, наразылық келтірудің өтіп кеткен мерзімін басқа сотталған адамдарға қатысты іс қаралғаннан кейін осы Кодекспен көзделген тәртіппен сот қалпына келтірсе, аппеляциялық қаулының күші жойылмай-ақ істі аппеляциялық сатыда қайта қарауға жол беріледі. Аппеляциялық сатыдағы сот сотталғанның, оның қорғаушысының немесе өкілінің шағымдарын осы адамға қатысты іс процеске қатысушы басқа да адамдардын, аппеляциялық шағымдары, наразылығы бойынша қаралған жағдайда да қарауға міндетті. Егер қайтадан шығарылған қаулы аппеляциялық сатыда бұрын шығарылған қаулыға қайшы келген жағдайда, тиісінше Жоғары Соттың немесе облыстық сот пен соған теңестірілген соттың төрағасы қадағалау сатысына аппеляциялық қаулылардың бірінің күшін жою туралы ұсыным жасайды. Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін істі бірінші саты бойышпа қара (ҚР ҚІЖК 423—3-бабы). Бастапқы үкімнің күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Егер айыптаушы тараптың аппеляциялық шағымында, наразылығында осындай өтініш жасалса және оны аппеляциялық сатыдағы сот бастапқы үкімінің күшін жоюдың негізі ретінде көрсетсе, істі жаңадан қараған кезде жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдануға жол беріледі. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы соттың: 1)егер айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша үкімнің осы белігінің күші жойылмаған болса, сотталғанды айыптаудың бастапқы үкімде алып тасталған белігінде кінәлі деп тануға; 2)егер бастапқы үкімнің күші осы негіздер бойынша емес, айыптаушы тараптың шағымы, наразылығы бойынша жойылған болса да, жазаны күшейтуге, бас бостандығынан айыру мерзімінің бір бөлігін түрмеде өткізуді немесе неғұрлым қатаң режимдегі колонияларда өткізуді тағайындауға, қосымша жаза тағайындауға немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ. Істі жаңадан қараған кезде бірінші сатыдағы сот шығарған үкімге жалпы тәртіппен шағымдануға, наразылық білдіруге болады. Бұл ретте, егер бірінші үкімнің күші сотталғанды қорғаған шағым, наразылық бойынша жойылса, ал екінші үкімнің күші жазаның жеңілдігіне немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды колдану қажеттігіне орай жойылса, істі үшінші мәрте қарап жатқан сот екінші үкімге қарағанда неғұрлым қатаң жаза тағайындауы немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы мүмкін, бірақ оның бірінші үкіммен салыстырғанда жазаны күшейтуге немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдануға құқығы жоқ. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Апелляциялық өндіріс сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Үкімге апелляциялық шағымдануға, наразылық келтіруге құқылы субъектілер. 2. Апелляциялық тәртіппен істерді қарайтын соттар. 3. Үкімге апелляциялық шағымдар мен наразылықтар берудің тәртіптері мен мерзімдері. 4. Шағым мен наразылықты беру мерзімін калпына келтіру тіәртіптері. Шағымда беру және наразылықты келтіру туралы хабарлау. Шағымда беру мен наразылықты келтірудың салдары. 5. Бірінші сатылы соттың қаулысына жеке шағым мен наразылық беру. 6. Апелляциялық қараудьщ пәні, және апелляциялық сатыда істі қараудың шегі. Істі апелляциялық сатыда қараудың мерзімі. 23-тақырып. Соттың үкімдері мен қаулыларын орындау. Дәріс мақсаты: Соттың үкімдері мен қаулыларын орындауды сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Үкімді және қаулыны орындау сатысының мәні мен маңызы. Үкімді орындау сатысында қылмыстық іс жүргізу принциптерін жүзеге асыру. Сот үкімдері мен қаулыларын орындауга кірісу тәртібі. Үкім мен қаулыны орындаудағы ішкі істер органдарының рөлі. Кәмелетке жасқа толғандарды бас бостандығынан айыру үкімін орындау. Үкімді орындауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар. 2. Үкімнің орындалуын кейінге қалдыру. Үкімді орындау кезінде соттың қарайтын мәселелері. Кәмелетке толмағандарға катысты бас бостандығынан айыру үкімдерін орындау. Үкімді және қаулыны орындау кезінде туындалатын іс жүргізушілік мәселелер. Соттылықты алу туралы өтініштерді соттың қарауы. Судьяның қаулысына шағымдану және наразылық келтіру. 3. Жазаны ауыстыру, өзгерту, жою және жазадан босату. Соттың үкімі мен қаулысының орындалуы заңдылығына прокурордың қадағалауы. 1.Сот шешімдерін орындау — сот үкімі (айыптау немесе ақтау) мен сот қаулысында болатын, сонымен қатар жазалау сипаты мен түріне қатысты болатын ережелер жүзеге асырылатын қылмыстық процестің қорытыңда кезеңі. Сотталушының жазасын өтеу жағдайларының дербес қылмыстық-атқару құқығымен жүзеге асырылатынын білген жөн. Үкімді орындау бұл тек қана жаза белгілеу шешімін орындау ғана емес, сонымен қатар онда сотталушыны қамаудан босату туралы шешім, шартты мерзімінен бұрын босату туралы шешім және ҚР ҚІЖК-нің 453-бабында көрсетілген өзге де шешімдер көзделуі мүмкін. Жазаны орындау негізі болып заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ көшірім беру немесе рақымшылық жасау актісі табылатынын естен шығармау қажет. Үкім мен қаулының занды күшіне енуі. Бірінші сатыдағы сот үкімдері, егер оған шағымданбаса немесе наразылық келтірілмесе, аппеляциялық шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен соң занды күшіне енеді және орындалуға тиіс. Аппеляциялық шағым жасалған немесе наразылық келтірілген жағдайда, бірінші сатыдағы сот үкімінің күші жойылмаса, аппеляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Егер аппеляциялық шағым, наразылық аппеляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін қайтарып алынса үкім шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты аппеляциялық іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы аппеляциялық сатының қаулысы шығарылған күні заңды күшіне енеді. Үкім заңды күшіне енген немесе іс аппеляциялық сатыдағы соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей бірінші сатыдағы сот үкімді орындауға кіріседі. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам, егер айыптау үкімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабымен белгіленген мерзімде орындалмаса, жазаны өтеуден босатылады. Егер сот ақтау үкімін қабылдаса не сотталушы жаза тағайындалмай сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе, ал үкім қабылданғанға дейін ол қамауда ұсталса, мұндай шешім шығарған сот оны дереу қамаудан босатады (ҚР ҚІЖК 447-бап 5-бөлігі.) Бірінші сатыдағы сот қаулысы шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң не жеке шағым жасалған немесе наразылық білдірілген жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін занды күшіне енеді және орындалады. Соттың шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайтын қаулысы ол шыққаннан кейін дереу күшіне енеді және орындалуға жатады. Істі қысқарту туралы сот қаулысы сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде немесе сот отырысында оның айыпталушыны немесе сотталушыны қамаудан босатуға қатысты бөлігінде дереу орындалуға жатады. Аппеляциялық сатыдағы соттың қаулысы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 423—1-бабында көзделген тәртіпте орындалады. Аппеляциялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап занды күшіне енеді және тек прокурордың наразылығы бойынша қадағалау сатысында қарастырылады (ҚР ҚІЖК 448-бап). Сонымен қатар, үкімнің айналысқа (қолданысқа) түсу процесінде үкімге оның маңызына тиетін өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге болмайтынын естен шығармау керек, бұнда тек сот қадағалауы тәртібімен ғана жүзеге асырылады. Соттың үкімін, қаулысын орындауға кірісу тәртібі Занды күшіне енген соттың үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәріне бірдей міндетті және республиканың бүкіл аумағында сөзсіз орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау Қылмыстық кодекстің 362-бабымен көзделген кылмыстық жауапкершілікке әкеледі.. Занды күшіне енген үкім осы қызметпен айналасуға арнайы құзыретті ұйымдар мен органдармен, яғни қылмыстық атқару заңдылығымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жүйесіне үкімді орындауға құзыретті мекемелер, органдар, лауазымды тұлғалар енеді. Оларға: - түзеу колониялары (жалпы, қатаң, аса қатаң режимдегі); - кәмелет жасына толмағандар үшін тәрбиелеу колониялары; - түрмелер, тергеу изоляторлары; - мекен-колониялары; - қылмыстық атқару инспекциялары; - арнайы мекемелер - түзету орталықтары; - қамау үйлері; - сот орындаушылары. Кейбір түзету колонияларында соттар мен құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері отыратынын білу қажет. Қылмыстық атқару инспекциялары жазаның келесі түрлері бойынша үкімнің орындалуын жүзеге асырады: 1) белгілі лауазымда болу немесе белгілі қызметпен айналысу; 2) айыппұл; 3) түзету жұмыстары; 4) қоғамдық жұмыстарға тарту; 5) шартты түрде соттау; 6) тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Аталмыш жаза түрлерін орындау қылмыстық атқару инспекциясының әкімшілігімен, сотталушының тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша ұйымдармен не құзыретті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады. Сот үкімі бойынша бостандығын шектеуді арнайы мекемелер-түзету орталықтары жүзеге асырады. Сот үкімі бойынша қамауға алу туралы үкім шығарылған тұлғалар жазасын қамауға алу үйлерінде жүзеге асырады. Бостандығынан айыру немесе өлім жазасы секілді жазаларды атқару қылмыстық- атқару жүйесінің атқару мекемелеріне, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге қалдырылған сотталушыларға қатысты тергеу изоляторларына жүктеледі. Үкім мен қаулыны орындауға кірісу бірінші саты бойынша істі қараған сотқа жүктеледі. Үкімді орындау туралы өкімді сот төрешісі үкімнің көшірмесімен бірге қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес үкімді орындау міндеті жүктелген органға жібереді (ҚР КДЖК 449-бап, 2-бөлік). Аппеляциялық сатыдағы сотқа қамауда ұсталған адамдарға қатысты істі аппеляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерін хабарлау міндеті жүктеледі. Істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде үкім өзгерген жағдайда үкімнің көшірмесіне аппеляциялық саты қаулысының көшірмесі қоса тіркелуге тиіс. Сотталушыны әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкім шығарған сот үкімнің занды күшіне енгенінен соң сотталушыға әскери атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбын берген лауазымды тұлғаға оның көшірмесін жолдайды. Үкімде сотталушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан, Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы мәселені қою қажеттілігі көрсетілсе, үкімді шығарған сот Қазақстан Республикасының Президентіне сотталушыны мемлекеттік наградасынан, Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсынысты, сондай-ақ үкімнің көшірмесі мен оның занды күшіне енуі туралы анықтаманы жолдайды (ҚР ҚІЖК 449-бап, 3-бөлік). Кейбір жағдайларда соттың өзіне өзінің үкімін, әсіресе сотталушыны ақтау мен бұлтартпау шараларын тоқтату шешімдерін орындауына тура келеді. Түзеу мекемесінің әкімшілігі, жазаны орындаушы органдар үкім шығарған сотқа сотталушының жазасын өтеу орны мен оны жіберген уақыты жөнінде хабарлауы тиіс. Мүліктік шығынды өтеу туралы жәбірленушінің азаматтық талабын қанағаттандыру жағдайында үкім сот орындаушысымен орындалады. Үкімнің орындалуына дейін (жазаны өтеу орнына жіберілгенге дейін) істі қараған сот төрешісі (төрағалық етуші) немесе сот төрағасы қамауда отырған сотталушының жақын туыстарына олардың өтініштері бойынша сотталушымен кездесу немесе телофонмен әңгімелесу мүмкіндігін беруге міндетті. 2.Үкімнің атқарылуын кейінге қалдыру (ҚР ҚІЖК 452-бабы). Адамды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығынан шектеуге, қамауға немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкімді орындау мынадай негіздердін, бірі болған кезде: 1) жазаны өтеуге кедергі келтіретін сотталушының ауыр сырқаты болса, — ол сауығып кеткенге дейін; 2) сотталған әйелдің жүкті болуы немесе сотталған әйелдің жас балалары болса — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында көзделген тәртіпте; 3) өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдаяттардың салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазаны дереу өтеуі аса ауыр зардапқа соқтырып әкелуі мүмкін болса, сот белгілеген алты айдан артық емес мерзімге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабының екінші белігінде көрсетілген адам қатысты — үш айдан артық емес мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Айыппұл төлеу, егер оны дереу төлеу сотталушы үшін мүмкін болмаса, алты айға дейін мерзімге кейінге қалдырылуы немесе бөліп өтелуі мүмкін. Үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені сотталушының оның занды өкілінің, жақын туыстарының, қорғаушысының өтініші бойынша не прокурордың ұсынуы бойынша немесе өз бастамашылығымен сот шешеді. Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер Үкімді атқаруды жүзеге асыратын органдар қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сотталушылардың жазаны өтеу мерзімінде сотқа олар туралы жүгіне алады: оларды жаза өтеуден босату туралы, шартты мерзімінен босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жеңілге ауыстыру туралы, жаза түрі мен жағдайларын ауыстыру туралы. 3.Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілге немесе өзге түріне ауыстыру. Сот, жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің ұсынуы бойынша сотталушының жазаны өтеуінен әдейі жалтарған жағдайында жазаны: -айыппұлды қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиісінше бір ай тузеу жұмыстары есебінен қамаумен, немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен, немесе қамаумен ауыстыруға (ҚР ҚК 40-бабы); -коғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыруға (ҚР ҚК 42-бабы); - түзеу жұмыстарын айыппұл салумен, бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыруға(ҚР ҚК 43-бабы); - бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыруға (ҚР ҚК 45- бабы) құқылы болады. Қоғамнан шеттетілумен байланысты емес сотталушыларға қатысты, қылмыстық- атқару инспекциясының бақылауынан жасырынып жүрген немесе жазаны өтеуден жасырынып жүрген тұлғаларға соттың іздеу салуы не оларға қатысты қамауға алу шарасын тандай алады. Сотталушының тәртіпті болуы, еңбекке адал қарауы жағдайында ол соттың қаулысы бойынша бір түзету мекемесінен екінші мекемеге ауыстырылуы мүмкін. Мысалы, түрмеден түзету колониясына, жалпы және қатаң режимдердегі түзету колонияларынан мекен-колонияларына ауыстырылуы мүмкін. Қылмыстық-атқару инспекциясы шартты түрде сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша сынақ мерзімі кезінде шартты түрде сотталғандарға бақылау жасауды, ал әскери сотталғандарға қатысты олардың әскери белімдерін басқаруды жүзеге асырады. Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде қоғамдық тәртіпті үнемі және қасақана бұзған жағдайда, не шартты түрде сотталған адам бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынысы бойынша шартты түрде соттаудың күшіл жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді (ҚР ҚК 64-бап); Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша: — шартты-мерзімінен бұрын босата алады; — өтелмеген жаза мерзімін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыра алады; — сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады. Бостандығын шектеу жазасынан сотталушының жалтаруы жағдайында сот жазаның осы түрін бостандығынан айырумен ауыстыру туралы қаулы ішғара алады. Жазаны өтеуден босату және жазаны жеңілдету. Сот, жазаны өтеп жүрген сотталушыны соттық бақылау жасау тәртібімен Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 453-бабына сәйкес жазаны өтеуден босату туралы мәселелерді қарастырады: - соттың айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты ҚР ҚК 75- бабы); -рақымшылық немесе кешірім жасау актісіне байланысты (ҚР ҚК 76-бабы); -қылмыс жасағаннан кейін оның өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі соты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасы бұзылу пайда болған адамды сот жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот оны одан әрі өтеуден босатады (ҚР ҚК 73-бап, 1-бөлігі). Мұндай адамдарға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін; -жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатуы мүмкін немесе бұл жаза неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылуы мүмкін. Бұл орайда жасалған қылмыстың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы, науқасының сипаты және басқа мән-жайлар ескеріледі. Сот оның жазасын етеу кезіндегі мінез-құлқын ескере отырып, атқару инспекциясының ұсынған материалдарын қарастыра отырып жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады, мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жоя алады (ҚР ҚК 70-бабының 7-бөлігі). Жазаны өтеу мекеменің не жазаны атқару органының бастығының ұсынуы негізінде жазаны өтеу орнының сотымен жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату жүзеге асырылады. Соттың қарауына жатлтын мәселелер қатарына сондай-ақ (ҚР ҚІЖК 453-бабы): -басқа да орындалмаған үкімдер болған кезде, егер бұл уақыт бойынша соңғы үкімде шешілмесе, үкімді орындау (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабы) туралы; -қамауда ұсталған мерзімін, сондай-ақ емдеу мекемесінде болған уақытын есепке алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 62, 94, 95-баптары) туралы; -медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93, 95-баптары) туралы; -қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерін төмендету туралы; -сотталған адамның қайтыс болуына байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы мәселелер жатады. Үкімді орындау кезінде туындаған қандай да болсын күмән мен түсініксіздікті ұғындыру оларды жою жөнінде қаулы шығарған сотпен шешіледі. Қандай да болсын осындай күмән мен түсініксіздіктің туындаған жағдайында үкімнің мәні, қылмысты жасау жағдайларын бағалау, кінәні дәлелдеу мен тұлғаны бағалауға жол берілмеу қажет. Қылмыстық іс жүргізу заңы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 12-бөлігі) сот төрешісі түсіндіруге және шешуге міндетгі үкімді орындау кезінде туындаған кандай да болсын күмән мен түсініксіздіктің толық тізімін бермейді. Сот тәжірибесін жалпылау негізінде КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы кезінде күмән мен түсініксіздіктің келесі тізімін берді, олар мыналардың негізінде пайда болған: 1)жаза мерзімдерін, материалдық шығындарды есептеу кезінде сотталушының аты-жөнін, оның тегін немесе анкеталық деректерін жазуда қателіктер жіберумен; 2)мүлікті тәркілеу немесе азаматтық талапты қамтамасыз ету шараларын жоюмен, егер ақтау үкімін шығару, не талаптан бас тару, не мүлікті тәркілемеу туралы сот үкімінде бұл шаралар жойылмаса; 3)егер кешірім ету не рақымшылық ету актісімен сотталушы жазадан толық босатылса, және кешірім ету не рақымшылық ету актісінің шығуы күнінде тәркілеу бөлігі орындалмаса; 4)қамаудан мүлікті босату, егер заң бойынша тәркілеуге жол берілмеген жағдайларда; 5)заттай дәлелдемелердің тағдырымен, егер ол сот шешімімен шешілмесе; 6)сотталушының үкімнің шығарылуына дейін қолы жеткен және заң бойынша төркілеуге жататын мүлкін, сондай-ақ үкімнің шығарылуына дейін немесе шыққанынан кейін қол жеткізілген үкім бойынша тәркілеуге жататын ақшалай қаражаттары немесе мүлкін қосымша анықтауға тәркілеумен. Бұндай жағдайларда мәселе прокурордың ұсынуы бойынша сотпен шешіледі; 7)үкімнің соты бойынша тәркілеуге жататын заттардың тізімін анықтаумен, егер үкімде сотталушыға жататын мүліктің бір бөлігін тәркілеу көрсетілсе; 8)сотталушыдан түзету жұмыстарына ұстап алынған соманы қайтарумен, егер үкім кейін жоғары тұрған сотпен жойылса және іс түзеу жұмыстарын сотталушының жартылай немесе толық өтеуі бойынша тоқтатылса; 9)сот шығындарының көлемі мен оларды белуді анықтаумен, егер бұл сұрақтар сот үкімінде шешімін тапса; 10)соттың бекітуі бойынша істе қатысқан қорғаушының еңбегін өтеумен, егер бұл мәселе үкімді шығарумен бір мезгілде шешілмесе; 11)сотталушының қараусыз қалған балаларының тағдырымен және оларды не туысқандарының, не мекемелердің қарауына берумен, егер сот қателесіп бұл сұрақтарды дер уақытында шешпесе; 12)егер сотталушыны ақтау немесе жазадан босату кезінде сот үкімінде бұлтартпау шарасын көрсету көзделмеген жағдайларда бұлтартпау шараларын жоюмен; 13)жазаны өтеу мерзіміне алдын ала қамауға алуды есептеумен, егер бұндай есептеу соттың үкімімен жүзеге асырылмаса, немесе оны есептеу кезінде қате жіберілсе; 14)бірнеше үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды тағайындауда өтелген жазаларды есептеумен, егер бұндай есептеу сот үкімімен жүзеге асырылмаса немесе дұрыс жүргізілмесе; 15)бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларға түзету колониясының түрін анықтаумен, егер үкімде оның түрі көрсетілмесе; 16)шартгы түрде сотталғанды қоғамдық ұйымға немесе еңбек ұжымына қайта тәрбиелеу мен түзетуге беру, егер сәйкес ұсыным олардан сотқа үкімнің шыққанынан кейін түссе; 17)рақымшылық ету актісін қолданумен, егер оны қолдану міндетті болса және сот оны талқылауға қатыспаса; 18)лауазымды немесе қызмет түрін анықтаумен, егер соттың белгілі лауазымды атқару, немесе белгілі қызметпен айнлысу құқығынан айыру туралы үкімінде лауазым не қызмет (іс-әрекет) нақты анықталмаса. Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешетін соттар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 454-бабына сәйкес үкімді орындаумен байланысты мәселелер: 1) үкім шығарған сотпен; 2) тұрғылықты жер бойынша сотпен; 3) жазаны өтеу орнының сотымен жүзеге асырылады. Үкім шығарған сот төрешісі келесі сұрақтарды шешеді: а) Қазақстан Республикасы ҚР ҚІЖК-нің 452-бабына сәйкес үкімнің атқарылуын кейінгі қалдыру туралы; б)жазаны басқа түрмен ауыстыру туралы (ҚР КДЖК 453-бабының 1-тармағы); в)соттың айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 6-тармағы); г)басқа да орындалмаған үкімдер болған кезде, егер бұл уақыт бойынша соңғы үкімде шешілмесе, үкімді орындау туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 7- тармағы); д)қылмыстық-атқару зандарына сәйкес түзеу жұмыстарына сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерін төмендету туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 11- тармағы); ж)үкімді орындау кезінде туындаған қандай да болсын күмән мен түсініксіздікті ұғындыру туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 12-тармағы); Егер үкім оны шығарған соттың қызмет ауданынан тыс жерде орындалуға жатса, онда осы мәселелер бір аттас сотпен шешіледі, үкімді орындау аумағында бір аттас соттың болмауы жағдайында жоғары тұрған сотпен шешіледі. Осы жағдайларда сот қаулысының көшірмесі үкім шығарған сотқа жіберіледі. Сотталушының жазаны өтеу орны бойынша сотпен келесі мәселелер қаралады: а)қылмыстық-атқару зандарына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған адамға шығарылған үкім бойынша тағайындалған түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы (ҚІЖК 453-бабының 2-тармағы); б)жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды жою туралы (ҚР ҚІЖК 453- бабының 3-тармағы); в)науұастануына байланысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданып немесе қолданбай жазадан босату туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 4- тармағы); г)қамауда ұсталған мерзімін, сондай-ақ емдеу мекемесінде болған уақытын есепке алу туралы (КР ЩЖК 453-бабының 8-тармағы); д)медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды ұзарту, өзгерту немесе туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 9-тармағы); ж)кері күші бар қылмыстық заңның, сондай-ақ рақымшылық жасау актісінің шығуы себепті жазадан босату немесе жазаны жеңілдету туралы (ҚР ҚІЖК 453- бабының 10-тармағы); Сотталушының тұрғылықты жері бойынша сот мына мәселелерді шешеді: а)жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды жою туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 3-тармағы); б)шартты сотгауды жою туралы; в)қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарған адамдарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шарасын таңдау туралы (КР ҚІЖК 453-бабының 1-1- тармағы); г)шартты түрде соттауды жою немесе сынақ мерзімін ұзарту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 64-бабы) туралы; д)бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттердің толық немесе ішінара күшін жою туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 5-1- тармағы);, Үкімді орыңдаумен байланысты мәселелерді шешудің тәртібі Занда ҚР ҚІЖК 453-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жазаны өтеуден босату кезінде медидиналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды үш сот төрешісі құрамындағы сот шешеді. Жазаны орындаумен байланысты барлық басқа мәселелерді сот отырысында сот төрешісі жеке дара шешеді. Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді жазаны орынайтын органның ұсынуы бойынша сот қарайды, не кәмелетке толмаған адамның түзелуін қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот шешеді. Сот отырысына өздерінің ұсынуы бойынша іс қаралатын органдар мен ұйымдардың өкілдері шақырылады. Заңда, яғни ҚР ҚІЖК 452-бабында, 453-бабының 4, 6, 7, 10, 11 және 12- тармақтарында көрсетілген жағдайларда, соттың мәселені қарауына сотталушының өтініші негіз болуы мүмкін. Занда (ҚР ҚІЖК 453-бабының 1, 2, 3, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтарында) көзделген жағдайларда сот отырысына өзіне қатысты іс қаралатын сотталушының қатысуы міндетті. Сотталушы сотқа ұсынылған материалдармен танысуға, оларды қарауға қатысуға, өтінішін мәлімдеуге немесе бас тартуға, түсініктер беруге, дәлелдемелер ұсынуға құқылы. Сотталушы өзінің құқықтарын қорғаушының көмегімен жүзеге асыра алады. Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерінің құқығын қорғауды өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айыратын дене және психикалық кемістіктерден зардап шегушілерге, сонымен бірге іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға да үкімді орындауға байланысты мәселелерді сот қараған кезде қорғаушының қатысуы міндетті. Науқастануына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу мекемесіне орналастыру туралы мәселені қараған кезде қорытынды берген дәрігерлер комиссиясы өкілінің қатысуы міндетті. Егер мәселе үкімді орыңдаудың азаматтық талап бөлігіне қатысты болса, сот отырысына сондай-ақ азаматтық талапкер немесе оның өкілі шақырылады. Аталған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Сот мәжілісіне прокурор қатысып отырады. Істі қарау ұсынуы бойынша іс қаралып отырған органның өкілінің баяндамасымен не өтініш иесінің түсінік беруімен басталады. Бұдан соң ұсынылған материалдар зерттеледі, сот отырысына келген адамдардың түсініктері, прокурордың пікірі тыңдалады, бұдан соң сот төрешісі қаулы шығарады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Үкімді және қаулыны орындау сатысының мәні мен маңызы. Үкімді орындау сатысында қылмыстық іс жүргізу принциптерін жүзеге асыру. 2. Сот үкімдері мен қаулыларын орындауга кірісу тәртібі. 3. Үкім мен қаулыны орындаудағы ішкі істер органдарының рөлі. Кәмелетке жасқа толғандарды бас бостандығынан айыру үкімін орындау. 4. Үкім мен қаулыны орындау барысында пайда болатын іс жүргізу мәселелері. 5. Үкімді орындауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар. 6. Үкімнің орындалуын кейінге қалдыру. 7. Үкімді орындау кезінде соттың қарайтын мәселелері. 24-тақырып. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау өндірісі (Қадағалау өндірісі). Дәріс мақсаты: Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау өндірісін (Қадағалау өндірісін) ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Қадағалау өндірісінің ұғымы, маңызы және міндеттері. Апелляциялық өндірістен ерекшелігі. Қадағалау өндірісін қозғау тәртібі. Қадағалау тәртібінде қарсылық беру құқығы бар тулғалар шеңбері. Қадағалау саты санаттарының шешімдерінің түрлері мен мазмұны. Үкімді жою немесе өзгерту негіздері. 2. Сотта қадағалау шағымдарын алдын ала қараудың тәртібі мен мерзімдері. Тексеру жүргізу үшін соттан істі сұратып алу. Шағымды алдын ала қарау барысында қабылданатын шешімдердің түрлері. Қадағалау сатысында істі қарау тәртібі. Қадағалау сатылы соттың отырысына қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері. 3. Қадағалау сатылы соттың шығаратын шешімдердің түрлері. Қадағалау сатылы сотта істі қарау кезінде дәлелдемелерді бағалаудың ерекшеліктері. Қадағалау сатылы соттың құқықтарының шегі. Қадағалау сатылы соттың қаулысына қойылатын талаптар. 4. Үкімді және сот қаулысын жоюдан кейін істерді қарау. 5. Соттың үкімдеріне, қаулыларына қайтадан шағымдану, наразылық келтіру тәртіптері. 1.Қадағалау сатысындағы өндіріс — жоғары тұрған сот құзыретті тұлғалардың наразылығы бойынша бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулыларының, сондай-ақ аппеляциялық және қағалау сатысындағы соттардың қаулыларының зандылығы мен негізділігін тексеретін қылмыстық іс жүргізудің айрықша сатысы. Қадағалау тәртібімен істі қарау сатысы адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғаудың кепілі болып табылады, өйткені заңды күшіне енген сот шешімдерінің зандылығы мен негізділігін тексеруге, жіберілген қателіктерді түзетуге кепіл болады. Қадағалау тәртібімен наразылықтар бойынша қылмыстық істер облыстық соттар мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқаларымен қарастырылады. Сотталушының кінәсіндігі себептері бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне, жазаның қатаңдығына байланысты немесе сотталушының жағдайын жақсартатын өзге де негіздер бойынша айыптау үкімін қадағалау тәртібімен қайта қарау мерзіммен шектелмейді. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы занды қолдану қажеттігі, жазаның жұмсақтығы себептері бойынша немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша істі қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкіміне, сондай~ақ ақтау үкіміне не істі қысқарту туралы соттың қаулысына шағым жасауға, наразылық білдіруге олар заңды күшіне енгетен кейін алты ай ішінде жол берілед (ҚР ҚІЖК 461-бабы). Заңды күшіне енгеннен кейін сот қадағалауы тәртібімен сот актілері қайта қаралуы мүмкін (ҚР ҚСКК 458-бабының 1-бөлігі): 1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары; 2) апелляциялық қаулылары; 3) қадағалау қаулылары; 4) төменгі қадағалау сатысының қаулылары. Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты соттардың Қазакстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 109, 110, Ш-баптарында көзделген мәселелер бойынша істерді қосымша тергеу немесе жаңа сот қарауына жіберу туралы шығарған, занды күшіне енген қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында ауыр емес қылмыстар туралы заңды күшіне енген үкімдері сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға өкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін. Қадағалау өндірісі қылмыстық процестің дербес сатысы ретінде келесі кезендерден тұрады: —үкімге немесе өзге де сот шешімдеріне наразылық келтіру туралы шағымдарды, арыздарды, ұсыныстарды қарастырудан; —сот шешіміне наразылық келтіру немесе одан бас тарту жөніндегі мәселелерді шешу үшін қылмыстық істі сұратып алудан және қараудан; — наразылық келтіруден; — наразылық бойынша істі қадағалау сатысында қараудан; — қадағалау сатысындағы соттың шешім қабылдауынан. Занды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау негіздері (ҚР ҚІЖК 459-бабы). Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не занды дұрыс қолданбаудан: 1) кінәсізді соттауға; 2)орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға; 3)жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға; 4)сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады. Заңды күшіне енген сот актілері, егер: 1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса; 2)адам өлім жазасына сотталған үкім апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады. Таңбалау керек, Өлім жазасы туралы занды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін. 2.Бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары, егер осы қаулымен бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе іс бойынша үкімнің жоғарыда тұрған сот заңсыз және негізсіз күшін жойған немесе өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қаралуы кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін болған занды елеулі бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады. Занды күшіне енген сот шешімдеріне қадағалау шағымы, наразылығының мазмұны, оларды беру тәртібі ҚР ҚІЖК 462- бабымен анықталған. Қадағалау шағымы, наразылығы оларды қайта қарауды жүзеге асыруға өкілетті сотқа жазбаша түрде беріледі. Шағымда, наразылықта іс жүргізу кезінде қандай жолсыздықтарға орын берілгені және осы жолсыздықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай көрініс тапқаны көрсетілуі тиіс. Шағымға, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің көшірмелері және шағымның, наразылықтың дәлелдерінің негізділігін қуаттайтын өзге де материалдар қоса берілуі тиіс. Егер шағым, наразылық қадағалау тәртібімен істі қайта қарауға өкілеттігі жоқ сотқа келіп түссе, ол оны осы шағым, қарсылық қаралуға жататын сотқа беруге тиіс. Занды күшіне енген сот шешімдеріне шағым берілуі, наразылық келтірілуі олардың орындалуын кідіртпейді, бұған көзделген жағдайлар кірмейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде сот үкімінің, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы (КР ҚІЖК 466-бабы). Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға: 1)Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры — облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасына; 2)Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары - облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына; 3)облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар — облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге құқылы. Наразылық прокурорлардың өз бастамасы бойынша да, соңдай-ақ процеске қатысушылардың (сотталушының, жәбірленушінің, олардың өкілдерінің және өзге де мүдделі адамдардың) өтініші бойынша да білдірілуі мүмкін. Шағымды, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны берген адам кері қайтарып алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде сот үкімінің, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Қадағалау алқасы осы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 459-бабында көзделген қадағалау тәртібімен істі қайта карау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Занда қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтару негіздері көрсетілген. Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша: 1)қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 462-бабының талаптарына сай келмесе; 2)заңды күшіне енген осы сот актісіне қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 460- бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе; 3)қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 461-бабынын, екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе; 4)қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса; 5)қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 291, 292-баптарында белгіленген сотгылық тәртібін бұза отырып берілсе; 6)қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 458-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс. Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайта беруге болады. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күні туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар немесе жоқ екеңцігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды. Қадағалау тәртібімен наразылық келтірілу үшін прокурорға шағым беруден өзге занды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға істерді қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей апелляциялық шағым беруге құқығы бар процеске қатысушылар шағым жасауы мүмкін (ҚР ҚІЖК 460-бабының 1-бөлігі). Сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш сот судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс сұратылуы мүмкін. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша (ҚР ҚІЖК 464- бабы): 1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы; 2)шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы; 3)қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында: 1) қаульшың шығарылған күні мен орны; 2)қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні; 3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс; 4) қадағалау шағымын берген адам; 5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер; 6)шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері; 7)осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс. Қадағалау шағымын аддын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі. Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот құрамына кімдердің енетіні және сот отырысы залында іс жүргізуге қатысушылардың қайсысы келіп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Істі қараудың уақыты және орны туралы тиісінше хабардар етілген шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мумкіндігін теріске шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті. Мәлімделген наразылықтар мен өтініштер шешілгеннен кейін сот тындауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тындауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші қадағалау шағымын (наразылығын) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер мұндай қатысушылар бірнешеу болса, огнда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу кезектілігін соттың назарына салады. Егер олар өзара келісімге келе алмаса, онда сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді. Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасап отырған шешімнің заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы дәйектері мен дәлелдемелерін айтып береді. Онан соң төрағалық етуші процестің өзге қатысушыларына сөз береді. Егер шағымды қорғанушы тарап берген болса, онда алғашқы сөзді оның өкілдері болып табылатын процеске қатысушьшар алады. Олардың сөз сөйлеу тәртібі өздерінің қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес ондай уағдаластық болмаған жағдайда соттың шешімімен белгіленеді. Егер шағымды (наразылықты) айыптаушы тарап берген болса, онда оның өкілдері бірінші болып сөз алады, онан кейін төрағалық етуші сөзді процестің басқа қатысушыларына береді. 3.Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 370 және 373-баптарының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады; 2)апелляциялық және қадағалау сатыларының үкімі мен қаулысын өзгертеді; 3)үкімнің және барлық бұдан кейінгі шешімдердің күшін жояды және істі жаңадан сот қарауына жібереді; 4)үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі кысқартады; 5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып апелляциялық және қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылардың күшін жояды; 6) апелляциялық сатыдағы соттың үкімі мен қаулысын өзгеріссіз қалдыра отырып қадағалау сатысы шешімдерінің күшін жояды. Сонымен қатар, соттың қадағалау шағымдарын берген тұлғаларға, сондай-ақ іс бойынша барлық сотталған тұлғаларға қатысты (олардың жағдайын нашарлатпайтын болса) толық көлемде сот үкімінің зандылығын, негізділігі мен әділеттілігін тексеруге міндетті екендігін естен шығармаған жөн. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге істі аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге себеп болатын Қазақстан Республикасы Қылмыстык іс жүргізу кодексінің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз болып табылады. 4.Бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулыларының күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады: - егер осы қаулымен бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған; -не алдыңғы қаулыларды немесе іс бойынша үкімнің жоғарыда тұрған сот заңсыз және негізсіз күшін жойған немесе өзгерткен деп танылса; - не егер істі жоғары тұрған сотта қаралуы кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін болған заңды елеулі бұзуға жол берілсе (ҚІЖК 467-бабы 8-тармақ). Қадағалау сатысындағы сот істі қараған кезде бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары, егер осы қаулымен бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз шешім қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе іс бойынша үкімнің жоғарыда тұрған сот заңсыз және негізсіз күшін жойлған немесе өзгерткен деп танылса, не егер істі жоғары тұрған сотта қаралуы кезінде қабылданатын шешімнің дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін болған занды елеулі бұзуға жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады. Қадағалау тәртібімен сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылған соң іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Істі тиісінше бірінші, апелляциялық қадағалау сатысындағы сот қараған кезінде жазаны күшейтуге немесе мейлінше ауыр қылмыс туралы занды қолдануға, егер алғашқы үкімнің немесе қаулының қадағалау тәртібімен жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану кажеттігіне байланысты күші жойылған, сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын жағдайда ғана жол беріледі. Бірінші сатыдағы соттың шығарған үкіміне істі жаңадан талқылау кезінде шағым жасалуы және жалпы тәртіппен наразылық білдірілуі мүмкін. Сондай-ақ қадағалау сатысындағы соттың бірінші сатыдағы сот талқылауының пәні болмаған фактілерді анықтауға не дәлелденген деп санауға құқығы жоқ. Сонымен қатар, қадағалау сатысындағы соттың істі жаңа талқылауына жіберілген жағдайда айыптаудың дәлелденгендігі немесе дәлелденбегендігі туралы, дәлелдемелердің анықтығы туралы немесе бір дәлелдемелердің басқаларынан басымдығы туралы, бірінші сатыдағы соттың кылмыстық осы немесе өзге қылмыстық занды қолдануы туралы және жазалау шарасы туралы мәселелерді алдын ала шешіп қоюға құқығы жоқ. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық сот төрешілері (судьялар) қол қояды. 5.Қадағалау тәртібімен сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылған соң іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады. Істі тиісінше бірінші, апелляциялық қадағалау сатысындағы сот қараған кезінде жазаны күшейтуге немесе мейлінше ауыр қылмыс туралы занды қолдануға, егер алғашқы үкімнің немесе қаулының қадағалау тәртібімен жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану кажетгігіне байланысты күші жойылған, сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын жағдайда ғана жол беріледі. Бірінші сатыдағы соттың шығарған үкіміне істі жаңадан талқылау кезінде шағым жасалуы және жалпы тәртіппен наразылық білдірілуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 469-бабы). Апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен бұрынғы үкім мен қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған қайталама үкімге немесе қаулыға шағым, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшінің жойылу себептеріне қарамастан жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін (ҚР ҚІЖК 470-бабы). Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Қадағалау өндірісін қозғау тәртібі. 2. Қадағалау тәртібінде қарсылық беру құқығы бар тулғалар шеңбері. 3. Қадағалау саты саттарының шешімдерінің түрлері мен мазмұны. Үкімді жою немесе өзгерту негіздері. 4. Сотта қадағалау шағымдарын алдын ала қараудың тәртібі мен мерзімдері. 5. Тексеру жүргізу үшін соттан істі сұратып алу. Шағымды алдын ала қарау барысында қабылданатын шешімдердің түрлері. Шағымды алдын ала қараудың іс жүргізу салдары. Сот укімдерін, қаулыларын орындауды тоқтата тұрудың негіздері мен тәртіптері. 6. Қадағалау сатысьшда істі қарау тәртібі. 7. Қадағалау сатылы соттың отырысына қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері. 25-тақырып. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау. Дәріс мақсаты: Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастауды сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді кайта бастау сатысының мәні, маңызы және міндеттері. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша қайта бастаудың негіздері мен себептері. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың мерзімдері мен тәртібі. Жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша іс жүргізуді козғаудан бас тартудың негіздері мен тәртіптері. 2. Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеу тәртіптері. Тексеріс және тергеу жүргізілгеннен кейінгі прокурордың іс әрекеттері. Прокурордың қорытындысы. 3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізу туралы мәселелерді соттың шешуі. Прокурордың қорытындысын қарау бойынша сот шығаратын қаулылардың түрлері.Сот шешімдерін жоюдан кейін жүргізілетін іс жүргізу. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау кезіндегі азаматтық талап. 1.Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастауды заң әдебиетінде мәні алдын ала тергеу органдары мен сотқа бұрын белгілі болмаған жағдайларда занды күшіне енген үкімдер мен қаулыларда жіберілген қателер мен олқылықтарды түзетуден тұратын қылмыстық процестің айрықша сатысы деп көрсетеді. Қарастырылатын сатының мәні құқық қорғау органдарына бұрын белгілі болмаған жағдайларда занды күшіне енген үкімдер мен каулыларда жіберілген қателер мен олқылықтарды түзету болып табылады. Осындай жағдайлар үшін Қазақстан Республикасы ҚІЖК 51-тарауында соттың занды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын өндірісті қозғау жолымен, яғни қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу мен сот өндірісін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысының негіздері мен жолдары көрсетілген. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізу сатысының қылмыстық іс жүргізуде алатын орны ерекше. Ол «Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ зандылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс» деген қағиданы жүзеге асыратын саты болы табылады (ҚР ҚІЖК 8-бабының 2-бөлігі). Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық істер бойнша сот шешімдері ҚР ҚІЖК 472-бабы): 1)айыптау үкімі; 2)ақтау үкімі; 3)істі тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін. Жаңадан ашылған мән- жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері болып ҚР ҚІЖК 471-бабына сәйкес табылады: 1)соттың занды күшіне енген үкімінде анықталған жәбірленушінің немесе куәгердің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығы, сондай- ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу бұрыс жасалуы; 2)соттың занды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық іс-әрекеттері; 3)соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған сот судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс-әрекеттері; 4)Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 474-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкім шығару кезінде сотқа беймәлім болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзіне қатысты іс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән- жайлармен бірге айғақтайтын ұйғарымдар; 5)өзіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 315-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі; 6)Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығару кезінде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы. Соттың занды күшіне енген үкімнің, қаулысының күші жойылуы және іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізу қайта басталуы мүмкін. Үкіммен қатар соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының мерзімнің ескіруіне орай, рақымшылық немесе кешірім жасау актісінін нәтижесінде, айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту жасына жетпегендігіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы арқылы анықталуы мүмкін. 2.Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізу істі қозғау тәртібі үш кезеңнен тұрады: а)жаңадан ашылған мән-жайды анықтау; б)қадағалау сатысындағы сотқа қаулыны шығару жөніндегі мәселені прокурордың қарастыруы; в)сотта істі шешу. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 474-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән- жайларға орай іс жүргізуді қозғау қүқығы прокурорға тиесілі. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде процеске қатысушылардың осы іс бойынша өтініштері, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай- ақ басқа қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға себеп болады. Егер келіп түскен өтініште немесе хабарламада Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 471-бабының 2-бөлігінің 1-3-тармақтарында көрсетілген мән- жайларға байланысты шығарылған сот үкімінің бар екендігіне сілтеме болса, прокурор өзінің қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғайды, тиісті тексеру жүргізеді, үкімнің көшірмесі мен оның заңды күшіне енгені туралы соттың анықтамасын талап етеді. Егер өтініште немесе хабарламада Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 471- бабының екінші бөлігінің 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетілсе, прокурор өз құзыретінің шегінде жаңадан ашылған мән-жайға орай іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеуді жүргізу туралы тапсырма береді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезінде Қазақстан Республикасы ҚІЖК ережелері сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау, сұрыптап алу және өзге де тергеу іс- әрекеттері жүргізілуі мүмкін. Айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының пайдасына қайта қарау ешқандай мерзіммен шектелмейді (ҚР ҚІЖК 473-бап). Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастауға кедергі болып табылмайды. Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ жазаның жұмсақтығы себебі бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі бойынша айыптау үкімін қайта қарауға қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 69- бабында белгіленген мерзімнің ескіруі ішінде ғана және жаңа мән-жайлардың ашылған күнінен бастап бір жылдан кешіктірілмей жол беріледі. Жаңа мән-жайлардың ашылған күні болып: 1) Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 471-бабының 2- бөлігінің 1-3- тармақтарында көзделген жағдайларда - жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға, теріс аударма жасауға немесе істі тексеру немесе қарау барысында жасалған қылмыстық істері үшін кінәлі адамдарға қатысты үкімнің (қаулының) занды күшіне енген күні; 2)Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 471-бабының 2- бөлігінің 4-тармағында көзделген жағдайда - жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау қажеттігі туралы қорытындыға прокурордың қол қойған күні есептеледі. 3.Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 476-бабына сәйкес жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарауды облыстық және соларға теңестірілген соттың қадағалау алқасы, ал егер тиісті іс бойынша қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы немесе қадағалау алқасы жүзеге асырады. Істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен алдыңғы қаралуы оны сол сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғырту тәртібімен қарауға кедергі келтірмейді. Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы қорытындысы Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 467-бабында белгіленген ережелер бойынша соттың отырысында қаралады. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы прокурордың қорытындысын қарап, сот (ҚР ҚІЖК 477-бап): 1)сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою және істі жаңадан тергеу немесе жаңадан сот талқылауын жүргізуге беру туралы; 2)сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою туралы және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жаңадан тергеу немесе соттың талқылауы қажет болмағанда, істі тоқтату туралы; 3)прокурордың қорытындысын қабылдамай тастау туралы қаулылардың бірін шығарады. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күші жойылған жағдайда істі бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негіздерде қайтадан қаралады. Азаматтық талап бөлігінде ғана істі қайта бастауға тек азаматтық сот іс жүргізу тәртібімен жол беріледі ( ҚР ҚІЖК 479-бап). Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Жанадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді кайта бастау сатысының мәні, маңызы және міндеттері. 2. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша қайта бастаудың негіздері мен себептері. 3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді қайта басталатын қылмыстық істер бойынша соттардың шешімдері. 4. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың мерзімдері мен тәртібі. 5. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді козғаудан бас тартудың негіздері мен тәртіптері. 6. Жаңадан ашылған мән-жайларды тергеу тәртіптері. 7. Тексеріс және тергеу жүргізілгеннен кейінгі прокурордың іс әрекеттері. Прокурордың қорытындысы. 26-тақырып. Қылмыстық істердін жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Қылмыстық істердін жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық ізге түсу жеке тұрде асырылуы мүмкін қылмыстардың тізбегі. Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. Жеке айыптау істері бойынша шагымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері. Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. 2. Кәмелетке толмағандарға катысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудын халықаралық стандартты және тәртіптері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының Конституциясы - барлығының заң және сот алдындагы теңдігі туралы. 3. Қазакстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі козғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері. 4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің, қылмыстық жауапқа тартудың, камауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері.Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Қазакстан Республикасының Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына кадағалау. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері. 5. Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар.Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері. Дипломатиялық иммунитеттері бар тулғаларды ұстау мен камауға алу. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен- жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері. 1.Жеке айыптау істері бойынша өндіріс — жасағаны үшін жазалау шарасы үш жылдан аспайтын қылмыстық істерге қылмыстық жазаны қолданудан, сотталушының кінәсі бар не жоқ екендігін сот төрешілерінің жеке дара анықтауынан тұратын бірінші сатыдағы соттағы қылмыстық істі соттық талқылаудың бір нысаны. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33 және 390- баптарына сәйкес сотқа берілуге жататындар болып Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105, 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарымен, 144- баптың 1 және 2-бөліктерімен, 145-баптың 1-бөлігімен, 189-баптың 1- бөлігімен, 300-бабымен көзделген қылмыстар бойынша жеке айыптау істері табылады. Жеке айыптау істері бойынша өндірістің ерекшелігі мынадан көрінеді: - олар бойынша іс материалдарының сотқа дейінгі дайындығы жүргізілмейді; - сот төрешісінің қылмыстық істерді қозғауға құқығы жоқ; - осы істер бойынша өндіріс жәбірленушінің айыпталушымен немесе сотталушымен татуласуына байланысты істі тоқтату мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 390-бабына сәйкес жеке айыптау қылмыстық ісі жәбірленуші немесе оның занды өкілі сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалады. Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты жеке айыптау ісі оның жақын туыстарының сотқа шағым беруімен қозғалады. Жәбірленуші анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға шағым берген кезде ол шешім кабылдау үшін сотқа жіберілу керек. Шағымда ол берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдері көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уакыты, істі іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер, сотқа шақырылуы кажетті куәлердің тізімі қамтылуы қажет. Егер жәбірленуші өзінің дәрменсіздігі немесе өзге де себептер бойынша өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғай алмаса, онда қылмыстық істі прокурор қозғайды және ол алдын ала тергеуге жіберіледі. Іске прокурордың араласуы тараптардың татуласуына кедергі келтірмейді. Соттың өз өндірісіне шағымды қабылдаған сәтінен бастап шағым берген адам жеке айыптаушы болып саналады, оған жәбірленушіге тиесілі құқықтар мен міндеттер толығымен түсіндіріледі (ҚР ҚІЖК 76-бабы). Жәбірленуші сот төрешісіне шағыммен бірге іс үшін дәлелдемелік маңызы бар барлық заттар мен құжаттарды бере алады. Жеке айыптаушынын өтінішімен сот төрешісінің оған жеке айыптаушымен дербес түрде алынбайтын, жеке айыптау ісі бойынша қажетті дәлелдемелерді жинауда жәрдем беруі қажет (ҚР ҚІЖК 392-бабының 4, 6- бөліктері). Аталмыш рәсімдерді орындағаннан кейін шағым берген немесе оны ауыстырушы тұлғамен және сот төрешісімен қол қойылатын хаттама жасалады. Жеке айыптау ісі бойынша шағымда көрсетілуі қажет: 1) шағым берілген соттың атауы; 2) қылмыстық оқиғаның сипатгамасы, жасалған орны мен уақыты, және өзге де жасалу жағдайлары; 3) істі өз өндірісіне алу, істі қарау туралы сотқа өтініш; 4) қылмыс жасағанға айыпты тұлға туралы мәліметтер; 5) жәбірленушінің өтініші бойынша сотқа шақырылуға жататын куәлар мен өзге де тұлғалардың тізімі. Шағым берген тұлға шағымға қол қояды және жеке айыптау ісі қозғалып жатқан тұлғаларға қатысты тұлғалардың санына байланысты көшірмелерімен бірге сотқа жіберіледі. Домалақ арыздардың қабылданбайтынын естен шығармау қажет. Сот төрешісі шағым ала отырып және қылмыстық іс бойынша өндірісті болдырмайтын жағдайлардың жоқтығын анықтай отырып үш тәулік ішінде шағымды өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарады. Бұл қаулының құқықтық маңызы болып ол осы сәттен бастап шағым берген тұлға жеке айыптаушы, ал өзіне қатысты шағым берілген тұлға айыпталушы болып табылады (ҚР ҚІЖК 390-бабының 5-бөлігі). ҚР ҚІЖК 391-бабына сәйкес егер берілген шағым белгілі талаптарға сәйкес келмесе, сот төрешісі оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және сол үшін мерзім белгілейді. Егер нұсқау орындалмаса сот төрешісі өзінің қаулысымен шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етеді. Сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте сот төрешісі шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде: — үстінен шағым берілген адамды шақыруға; — оны іс материалдарымен таныстыруға; — берілген шағымның көшірмесін тапсыруға; — сот отырысындағы сотталушының құқықтарын түсіндіруге және осы адамның пікірі бойынша сотқа қорғаудың куәгерлері ретінде кімді шақыру қажет екендігін анықтауға міндетті. Төрешісі тараптарға ымыраға келу мүмкіндігін түсіндіруге міндетті. Егер олардан ымыраға (бітімгершілікке) келу туралы арыз түскен ретте іс бойынша сот өндірісі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 6-бөлігіне сәйкес тоқтатыдады (жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы). Тараптар арасында бітімгершілікке қол жеткізілмесе, онда төрешісі ҚР ҚІЖК 391-бабының 4 және 5-бөліктерінің талаптарын орындағаннан кейін ҚР ҚІЖК 302-бабына ережелеріне сәйкес сот отырысында істі қарауды тағайындайды (бас сот отырысын тағайындау). Тараптардың бастамашылығы бойынша дәледдемелерді табыс ету және жинау. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінін 392- бабында айтылып өткен. Жәбірленуші, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдік келтірілген адамның кінәлілігі сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екендігін шағымда көрсету қажет. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзі немесе өкілі арқылы қандай адамдардың (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері) куәлік етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен өздерінің мүддесін қорғауы үшін мәні бар мән-жайларды белгілеуге болатынын іс қаралғанға дейін төрешісіне хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушіге берілсе, бұл мәліметтер шағым берілген лауазымды адамға лауазымды адамға немесе органға іс сотқа жіберілгенге дейін хабарланады. Күдікті, оның заңды өкілі, қорғаушы күдіктінің пайдасына кім (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері) куәлік бере алатынын, қандай кұжаттар мен өзге де дәлелдемелер бұл мақсатқа қызмет ете алатынын іс қаралғанға дейін төрешісіне хабарлауға құқылы. Заттар мен құжатгар, мүмкін болғанынша, төрешісіне немесе шағым берілген өзге адамға (органға) беріледі. Күдікті, оның қорғаушысы, занды өкілі, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер, олардың өкілдері барлық жағдайларда дәлелдемелерді тікелей сотқа беруге және дәлелдемелер жинауға қызмет етуі мүмкін мәліметтерді төрешісіне хабарлауға құқылы. Істі сот мәжілісінде қараудың іс жүргізу тәртібі Жеке айыптау ісін сот мәжілісінде қарау, 393-баппен белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда сот талқылауының жалпы ережелері бойынша жүргізіледі. Сот талқылауы шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс. Сот талқылауына жеке айыптаушы мен айыпталушының жеке өздері қатысуға немесе өз өкілдерінің өкілдік етуіне құқылы. Жеке айыптау ісі бойынша шағымды қарау қарсы шағымды қараумен бір іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін. Біріктіруге төрешісінің қаулысы бойынша сот тергеуі басталғанға дейін жол беріледі. Шағымдарды бір іс жүргізуге біріктірген кезде оларды берген адамдар іске бір мезгілде жеке айыптаушы және сотталушы ретінде қатысады. Қарсы шағымның түсуімен және іс жүргізулердің біріктірілуімен байланысты қорғауға дайындалу үшін үстінен қарсы шағым берілген адамның өтініші бойынша іс үш тәуліктен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін. Өздерінің шағымдарында баяндалған мән- жайлар туралы бұл адамдардан жауап алу жәбірленушіден жауап алу ережелері бойынша, ал қарсы шағымдарда баяндалған мән-жайлар туралы сотталушыдан жауап алу ережелері бойынша жүргізіледі. Сот отырысында айыптауды жеке айыптаушы немесе оның өкілі қолдайды. Сот тергеуі басталудан бұрын төрағалық етуші тараптарды бітімге келтіруге шара қолдануға міндетгі. Тараптардың бітімге келуі соттың кеңесу бөлмесіне кетуіне дейін бола алады. Сот тергеуі жеке айыптаушынын немесе оның өкілінің шағымын баяндаумен басталады. Жеке айыптау ісі бойынша қарсы шағымды бір мезгілде қарау кезінде, оның дәлелдері негізгі шағымның дәлелдері баяндалғаннан кейін, нақ сол ретпен баяндалады. Айыптаушының құқықтары: — дәлелдерін ұсынады; — оларды зерттеуге қатысады; — сотқа айыптаудың мәні бойынша сотталушыға қылмыстық занды қолдану және оған жаза тағайындау туралы, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің пікірін білдіре алады; — сот мәжілісінде айыптауды өзгерте алады (егер мұнымен сотталушының жағдайы нашарламайтын және оны қорғауға деген құқығы бұзылмайтын болса); — айыптаудан бас тарта алады. Жеке айыптау ісі бойынша соттың шешімі (ҚР ҚІЖК 395-бабы). Жеке айыптау жөніндегі істі қарап, төрешісі заң ережелерін басшылыққа ала отырып, мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) айыптау немесе ақтау үкімін шығарады; 2) жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан және тараптар бітімге келген жағдайда істі тоқтатады; 3) іс бойынша анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу туралы мәселені шешу үшін істі прокурорға жібереді. Бұл ретте сот айыпталушыға қатысты бұлтарпау шарасын таңдауға құқылы. Жеке айыптау ісі бойынша сот шешіміне тараптар Занда көзделген тәртіп пен мерзімде жалпы негіздерде шағым жасай алады. Жеке айыптау ісін қысқарту (ҚР ҚІЖК 395-бабы). Жеке айыптау кылмыстық ісі қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ жәбірленушінің не айыпталушының жақын туыстары істі қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жеке айыптаушының қайтыс болуымен байланысты қысқартылуға жатады. Іс, сондай-ақ сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келісімімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдаяттар болған кезде жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен ымыраласуына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген ақтамайтын өзге де жағдаяттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы. Мұндай жағдайларда сот қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, айыптау үкімін шығаруға да құқылы. Жеке айыптау қылмыстық ісі бойынша өндірісті тоқтату тәртібі ҚР ҚІЖК- нің 395-бабымен алынып тасталатындарды қоспағанда, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жалпы ережелерімен айқындалады. 2. Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен осы тарауді ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады.Жалпы жасты анықтау бойынша кәмелеттік жасқа толған деп туған күні келген адамды айтпайды, ол сол күннен бастап яғни сағат 00-бастап кәмелеттік жасқа жеткен болып саналады. Ал медициналық сараптама бойынша ол жаңа жылдан бастап кәмелеттік жастағы болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу зандылығы кәмелетке толмағандардың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктерін және оларды әлеуметтік жағдайын ескере отырып, арнайы қылмыстық жауапкершілікке тартылады. ҚР ҚІЖК-нің ҮІ тарауында кәмелетке толмағандарға арнайы арналған тарау болып табылады онда кәмелетке толмағандардың жасы оның жағдайын жұмсартады. Кәмелетке толмағандарға қылмыстық жауапкершіліктен босатады және оларға тәрбиелік мәндегі шаралар қодданыла; (ҚР ҚК 82-бап). ҚР ҚІЖК-нің 480-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу, ҚРҚІЖК-нің 52-тарауында белгіленген жалпы ережелермен, сондай-ақ осы тараудың баптарымен айқындалады. Осы тарауді ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі: 1)аталған адам жасаған бірнеше қылмыс, олардың бір бөлігін ол он сегіз жасқа толғаннан кейін жасаған қылмыстар туралы істер бір іс жүргізуге біріктірілген; 2)айыпталушы сот ісін жүргізу сәтінде кәмелетке толған жағдайларда қолданылмайды. Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайларды алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу кезінде: 1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы); 2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы; 3)интеллектуалдык, ерік-жігерінің және психикалык даму дәрежесі, мінезі мен тегеурінділік ерекшеліктері, мұқтаждары мен мүдделері; 4)кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиіс (ҚР ҚІЖК 481-бап). Кәмелетке толмағандардың алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктер Кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуде және алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде мынадай ерекшеліктер бар: а)кәмелетке толмағандардың алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті; б)кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу. Сезікті, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс (ҚР ҚІЖК 482-бап); в)ересектермен бірге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты іс алдын ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуде бөлінеді; г)кәмелетке толмағанға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу істің жағдайын жан- жақты және объективті зерттеу үшін айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін болатын жағдайларда ересектермен қоса бір іс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға ҚР ҚІЖК-дегі 52-тараудың ережелері қолданылады (ҚР ҚІЖК 483-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны шақырудың тәртібі (ҚР ҚІЖК 484- бап). Кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа занды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады, ал арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған адам сол жердің әкімшілігі арқылы шақырылады. Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға шара қолданудың кейбір ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандарға, сезіктілерге, айыпталушыларға ҚР ҚІЖК-нің 140-бабында қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды, сезіктіні, айыпталушынының ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың біреуінің кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтынын тергеу органы немесе тергеуші айтуы міндетті (ҚР ҚІЖК 147- бап) Кәмелетке толмағандарды бұлтартпау шарасы ретіңде қамауда ұстау тек ҚР ҚІЖК-дегі 132 және 150-баптар көрсетілген негіздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды алдын ала тергеу сатысында қамауда ұстаудың мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 153-бабында көзделгендей тек алты айға дейін ғана созылуы мүмкін (ересектерге - тоғыз ай, ерекше жағдайларда он екі ай) Кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады. Тұтқыңдау, қамау немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да занды өкіддлері, ал олар болмаған жағдайда жақын туыстары дереу хабардар етіледі (ҚР ҚІЖК 491-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу (ҚР ҚІЖК 485-бап). Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу (ҚР ҚІЖК 216, 217- баптарында көзделген тәртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда психологтің, педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 485-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу төәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша қорғаушының қатысуы міндетті және кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы не олардың занды өкілдері қорғаушымен келісім жасаспаса, тергеуші, прокурор, сот ісі бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК 486-бап). Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілінің алдын ала тергеуге қатысуында маңызды ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да занды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті. Олар болмаған жағдайда қорғаушы және қамқоршы орган өкілінің қатысуы міндетті. Заңды өкілге, ал ол болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның өкіліне іске қатысуға тергеушінің қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезікті немесе айыпталушы ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етіледі. Бұндайда қорғаушы немесе қамқоршы орган құқылы: а)өз құқықтарына түсінік алу; б)кәмелетке толмағанға не жөнінде күдік келтіріліп немесе айып тағылып отырғанын білуге; в)айып тағу кезінде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай- ақ тергеушінің рұқсатымен, кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің және оның қорғаушысының қатысуымен жүргізілетін өзге де тергеу іс- әрекеттеріне қатысуға; г)өзі қатысқан тергеу іс-әрекетгерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; д)өтінімдер мен қарсылықтарды мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс- әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға; ж)дәлелдемелер ұсынуға; з)тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқығы бар. Занды өкілдің іс-әрекеттері кәмелетке толмағанның мүдделеріне залал келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіруге бағытталған деп сынауға негіз болса, занды өкіл ісі қатысудан шеттетілуі мүмкін. Ол туралы тергеуші дәлелді қаул шығарады. Іске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа заңды өкілі жіберілуі мүмкін. Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмағанға танысу үшін оған кері әсер етуі мүмкін материалдарды көрсетпеу, бұл материалдармен занды өкілді таныстыр туралы қаулы шығаруға құқылы (ҚР ҚІЖК 487-бап). Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бір психикалық дамуында мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу; әрекеті кезінде педагогтің немесе психологтің қатысуы міндетті. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы іс бойынша педагог немесе психолог іске қатысуға тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, занды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі. Педагог, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен мынадай жағдайларға құқылы: а) кәмелетке толмаған сезіктіге, айыпталушыға сұрақ қоюға; б)іс жүргізу аяқталғаннан кейін тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың қатысуын көрсететі бөлігінде сот отырысының хаттамасымен) танысуға; в)ондағы жазбалардын дұрыстығы мен толықтығы турал жазбаша ескерту жасауға; г)тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға және бұл жөнінде тергеуші педагогке, психологке іс жүргі; әрекеті басталар алдында түсіндіріп, тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады (К ҚІЖК 488-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіде, айыпталушыда жүйке ауруының немесе дамуында ауытқушылықтардың бар екені және оның өз әрекеттеріне толық немесе ішінара есеп беру және нақты жағдайда іс-әрекетін игеру қабілеті туралы мәселені шешу үшін кешенді психология-психатриялық сараптама тағайынду міндетті. Бұндай жағдайда кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының интеллектуалдық ерік-жігер, психикалық дамуын, және басының өзге де әлеуметтік-психологиялық қырларын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 489-бап). Кәмелетке толмаған айыпталушы өмір сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол прокурор санкция берген тергеушінің қаулысы бойынша немесе соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесіне орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайларда кәмелетке толмаған айыпталушылар аталған балалар мекемесіне баска негіздер бойынша орналастырылған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады (ҚР ҚІЖК 490-бап). Кәмелетке толмағандардың ісін сотта қараудың ерекшеліктері Кәмелетке толмағандардың ісін сотта карау соттың алғашқы сатысында, сот тындауы кезінде сот отырысына қатысушылармен қаралады. Бұл сатыда сот ҚР КДЖК-нің 307-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың ісін қысқартуға және оларға тәрбиелік мәндегі іс-шаралар қолдануға құқылы. Басты сот талқылауының отырысына кәмелетке толмаған сотталушылардың ата- аналары мен өзге де занды өкілдері келуі тиіс. Олардын сот тергеуінде дәлелдерді зерттеуге қатысуға, айғақтар беруге, дәлелдер келтіруге, өтінімдер мен қарсылық білдіруге, соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар жасауға, істі апелляциялық тәртіппен қараушы соттың отырысына қатысуға және шағымдарға түсіндірмелер беруге құқығы бар. Көрсетілген құқықтар оларға сот талқылауының даярлық бөлігінде түсіндірілуі тиіс. Занды өкілдер сот отырысының залында бүкіл сот талқылауы бойы болады. Қажет жағдайда олардан сот куәгерлер ретінде жауап алынуы мүмкін. Заңды өкіл соттың дәлелді қаулысымен, егер оның іс-әрекеті кәмелетке толмаған сотталушының мүдделеріне залал келтіреді немесе істі объективті қарауға кедергі келтіруге бағытталған деп санайтын негіздер болса, сот талқылауына қатысудан шеттетілуі мүмкін. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған сотталушының басқа занды өкілі жіберіледі. Кәмелетке толмаған сотталушының занды өкілінің келмеуі, егер сот оның қатысуы қажет деп таппаса, істі қарауды тоқтатпайды. Іске қорғаушының қатысуы міндетті. Кәмелетке толмаған сотталушының занды өкілі қорғаушы немесе азаматгық жауапкер ретінде іске қатысуға тартылған болса, ол процеске аталған қатысушылардың құқығына ие және міңдеттерін орындайды (ҚР ҚІЖК 492-бап). Қорғаушының немесе занды өкілдің өтініші бойынша, сондай-ақ өзінің бастамашылығы бойынша сот тараптардың пікірін ескере отырып өзінің қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған теріс әсер етуі мүмкін мән- жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң төрағалық етуші оған оның болмаған кезінде өткен талқылаудың мазмұнын қажетті көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке толмағанға өзінің жоқ кезінде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкіндігін береді (ҚР КДЖК 493- бап). Кәмелетке толмағанға үкім шығару кезінде сот ҚР ҚІЖК 371-бабында аталған мәселелерменен бірге бас бостандығынан айыруға байланысты жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы және ҚР Қылмыстық кодексінің 80, 81, 82- баптарында көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселені талқылауға міндетті. Бас бостандығынан айыруға байланысты жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие беру немесе емдеу мекемесіне орналастыру не тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекетгік органға хабарлайды және оған сотталушының мінез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейді (ҚР ҚІЖК 494-бап). Соңында, егер кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс туралы іс бойынша осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық жаза шарасын қолданусыз түзелуі мүмкін деп танылса, сот айыптау үкімін шығара отырып, кәмелетке толмаған сотталушыны жазадан босатуға және оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Үкімнің көшірмесі мамандандырылған мемлекеттік органға жіберіледі (ҚР ҚІЖК 495-бап). 3.Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдар — бұлар сот процесінде ерекше адамдар, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры, судьялар бұлар жөнінде ҚР ҚІЖК-нің 53-тарауында айтылған. Иммунитет, латын тілінен алынған — аударғанда қандай да бір міндеттен босату деген мағына береді. С.И.Ожеговтың сөздігінде иммунитет сөзі кейбір адамдарға жалпы заңдарға бағынбайтын ерекше заң деген мағына берілген, ал дипломатиялық иммунитет дегеніміз жеке басына, қызмет орнына, үй-мүлкіне қол сұғуға болмайды дегенді білдіреді. «Привилегия» - айрыкша құқық, жеңілдік. Иммунитеттері және айрықша құқығы бар адамдарға қылмыстық ізге түсу бойынша іс жүргізудің ерекше тәртібі мына адамдарға жүргізіледі: —Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттарына; —Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне; - Қазақстан Республикасының қылмыстық жүйедегі барлық судьяларға; - Қазакстан Республикасының Бас Прокурорына; — шетел азаматтарының кейбір категорияларына. Иммунитеттері және айрықша құқығы бар адамдарға қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртіптері. Иммунитеті бар адамдарды одан айыру рәсімі іс қозғау, қылмыстық жауапкершілікке тарту, бөлек тергеу жұмыстарын жүргізген кезде алдын ала тергеу жұмыстарының маңызды ерекшеліктері болып табылады. Белгіленген адамдарды ұстау, келтіру және қылмыстық жауапкершілікке тарту тәртіптері ҚР ҚІЖК-нің 496 — 498-баптарыңда көрсетілген. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын өз өкілеттік мерзімі ішінде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламентгің тиісті Палатасының келісімінсіз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Сот терешісіне қатысты тергеу ісін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкін, ол анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асырушы органға тергеу жүргізуді тапсырады. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің зандылығын қадағалауды Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты ҚР ҚІЖК-не сәйкес прокурор санкция беруге тиіс тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге санкцияларды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін осы ҚР ҚІЖК-нің 153- бабында кезделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қолдаған ұзартуды Астана каласының аудандық соты жүргізеді. Қамауда ұстауды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қолдауы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады ҚР ҚІЖК-нің (496-бап, 8- бөлігі). 4.Сот төрағасы Қазакстан Республикасы Презндентінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз қылмыс үстінде қолға түсу немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің өкілеттіктерінің мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз, қылмыс үстінде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзіне қатысты кылмыстық іс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бірінші орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейін өзінің қызметтерін атқарудан Қазақстан Республикасынын Президенті шеттетеді. Тек ҚР ҚІЖК-нің 53-тарауында көрсетілгендерден басқа, жоғарыда айтылған адамдарға қылмыстық іс жүргізу сотта талқылаудың жалпы қағидалары бойынша жүргізіледі. Иммунитеті және айрықша құқығы бар адамдарға қылмыстық іс қозғаудың ерекшеліктері бар және олар мынадай. Республика Парламентінінің депутатына қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеуді жүзеге асырушы мемлекетгік органның басшысы ғана қозғауы мүмкін. Қылмыстық істің қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етіледі. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргізген соң іс қырық сегіз сағаттан кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры аркылы тергеушіге беріледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі оның бірінші орынбасары ғана қозғауы мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бірінші орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейін өзінің қызметтерін атқарудан Қазақстан Республикасының Президенті шеттетеді. Бір ескеретін жайт, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, сот төрешісіне алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу міндетті (ҚР ҚІЖК 496-499-баптар). Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі. Қылмыстық ізге түсуден иммуниетгері бар адамдарға қатысты қылмыстық істі мемлекеттік органының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Сонымен Парламент депутатын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшесін жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне ұсыныс енгізеді. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешу алдында енгізіледі (ҚР ҚІЖК 496-497-баптар). Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берсе, бұдан кейінгі тергеу осы Кодексте белгіленген 496-бапқа сәйкес белгіленген тәртіппен осы бапта кезделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім бермеген жағдайда қылмыстық іс қысқартылуға жатады. (ҚР ҚІЖК-нің 37-бап негізінде емес). Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім бермеген жағдайда, депутатқа ҚР ҚІЖК-нің белгіленген тәртіппен өзге бұлтартпау, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (496-бап, 3—1-бөлік). Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК-нің 497-бап 3-бөлігі). Тергеу жұмыстарын жүргізуге тиіс санкцияны, қамау мерзімін ұзартуды ҚР ҚІЖК-нің 153-бабында көзделген тәртіппен судья жүргізеді. Іс жүргізілу аяқталғаннан кейін істі айыптау қорытындысымен бірге тергеуші ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына береді. Судьяға қатысты алдын ала тергеу ісін жүргізу. (ҚР ҚІЖК 498-бап). Сот терешісіне Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз не Конституцияның 55- бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда қылмыс үстінде қолға түсу немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс жасаған деп айыпталушы судьяны қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК 498-бап, 3-1-бөлігі). Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алған соң іс бойынша әрі қарай іс жүргізу осы Кодекстің 496-бабының бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорьгаа қатысты алдын ала тергеу ісін жүргізу (ҚР ҚІЖК 499-бап). Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі оның бірінші орынбасары ғана қозғауы мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзіне қатысты іс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бірінші орынбасарының ұсынысы бойынша тергеу аякталғанға дейін өзінің қызметтерін атқарудан Қазақстан Республикасының Президенті шеттетеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің өкілеттіктерінің мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз, қылмыс үстінде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына айып тағудың, қамауға алуға санкция берудің, оны қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеп жеткізудің қажет екені туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан шешім алған соң іс бойынша одан әрі іс жүргізу ҚР ҚІЖК-нің 496-бабының бірінші төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші беліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК 499-бап, 3-1-бөлігі). Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі тексерудің заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргізуге санкцияны оның бірінші орынбасары береді. Айыптау қорытындысымен бірге аяқталған істі тергеуші ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына тапсырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі тексерудің зандылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, сот төрешісіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы ҚР ҚІЖК-нің 500-бабын ескере отырып, сотта талқылаудың жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Иммунитеті бар, жеке басына қол сұғылмайтын адамдар қоғамда біркелкі болып танылмайды. Шексіз қол сұқпаушылық жазасыздық заң алдындағы және адам алдындағы ерекшелікке әкеледі. Әр адам заң алдында тең. Депутаттық, соттық иммунитетті алып тастау жазалауды, бюрократизмді және жемқорлықты шектейді. Бұл пікірмен келісуге тура келеді. 5.Жынысына, ұлтына, жасына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам қылмыстық жазаға тартылады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының барлық зандары мен бостаңдықтарымен қолданып, сонымен қоса Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты заң бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Бұл қылмыстық заң алдында шетел азаматы мен Қазақстан азаматының арасындағы тең кұқықтық принципі. Шетел азаматтары - бұл Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, тек қолында шетел азаматы деген төлқұжаты бар адамдар. Шетел азаматтарының құқықтық жайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң органдарымен, халықаралық келісімшартпен, және жалпы халықаралық құқықпен анықталады. Шетел азаматтарына қылмыстық іс жүргізуді мынадай категорияларға бөлуден тұрады: а) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындар; в) дипломатиялық иммунитеті бар адамдар; г) қашқындар. Қазақстан Республикасының зандарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық ізіне түсуден иммунитетті мынадай шетел азаматтары пайдаланады (ҚР ҚІЖК 501-бап): 1)шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінің дипломатиялық қызметкерлері және, егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелері; 2)өзара негізде дипломатиялық өкілдердің қызмет көрсету қызметкерлерімен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса; 3)өзара негізде дипломатиялық өкілдердің әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасынын азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері; 4)дипломатиялық курьерлер; 5)консулдықтардың басшылары мен олардың қызмет міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттеріне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 6) шет мемлекетгердің басшылары мен қызметкерлері; 7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуші шет мемлекеттердің үшінші бір елдегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, өкілдіктерінің қызметкерлері және ол адамдардың қасына еріп жүретін немесе оларға қосылу немесе өзінің еліне оралу үшін жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелері; 8)шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, делегациялардың мүшелері және өзара негізде халықаралық келіссөздерге, конференциялар мен кеңестерге қатысу үшін немесе басқа ресми тапсырмалармен келетін не соңдай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккендер; 9) дипломатиялық иммунитетпен сонымен қоса отбасы мүшелері және олардың жолсеріктері бола алады; 10) халықаралык ұйымдардағы шет мемлекетгер өкілдерінің басшылары, мүшелері мен қызметкерлері, халықаралык шарттардың немесе жалпы жұрттарының халықаралық салт-дәстүрлер негізінде; 11)Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да адамдар. ҚР ҚІЖК-нің 501-бабына сәйкее дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, консулдар, дипломатаялық курьерлер және Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар қылмыстық ізіне түсушілікке шет мемлекет қылмыстық ізіне түсушілік иммунитетінен үзілді- кесілді бас тарту жасаған жағдайда қылмыстық ізіне түсушілікке ұшырауы мүмкін. Мұндай бас тарту туралы мәселе Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Тиісті шет мемлекеттің аталған адамдар жөнінде қылмыстық ізіне түсушілік иммунитетінен бас тарту болмаған жағдайда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері және олармен бірге тұратын адамдар, дипломатиялық қызметкерлердің жасаған қылмысы өздерінің қызмет міндеттерін атқаруға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе қолданылмайды (КР КДЖК 501-бап). Халықаралық құқықта былай ажыратады: а)дипломатиялық иммунитеттер және өкілдің айрықша құқығы; 6) жеке иммунитеттер мен ерекше құқықтар. Дипломатиялық иммунитетке мынадай маңызы бар ерекше құқықтар жатады: үйге қол сұқпаушылық (мекеме және жер учаскесі), заттары мен жүріп тұру құралдарына, корресповденті мен мұрағатына қол сұғылмайды, өз елінің қызметкерімен еркін сөйлесуге, кеден жарналарынан босату және т.б. Дпломатиялық поштаны басуға және ұстауға болмайды. ҚР ҚІЖК-нің 502-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкілдік орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары мүшелерінің тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлік пен жүріп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кіру, сондай-ақ тінту, сұрыптап алу, мүлікке тыйым салу дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісімімен ғана жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші қызметкерлер және олармен, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері орналасқан тұрғын үй-жайларға қолданылады. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың қол сұғуға болмайтын үй- жайларға кіруге, оларға тінту жүргізуге, мұрағаттары мен ресми жазысқан хаттарын тінту, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтар басшыларының келісімін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы прокурор сұратады. Аталған жағдайларда тінту, сұрыптап алу, қарау прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 504-бап). Жеке иммунитетке мыналар жатады: дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері және де дипломатиялық курьерлер, басшылары мен өкілдері, парламент мүшелері, БҰҰ-ның қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар жеке басына тиіспеушілік құқығын пайдаланады. Оларға қатысты занды күшіне енген үкімді орындау үшін қажет жағдайларды қоспағанда, оларды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Дипломатиялық қызмет көрсету қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерімен қоса әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (ҚР ҚІЖК-нің 501-бабының 1,2,3-бөлімдеріне) сәйкес егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ізіне түскен жағдайда не соттың занды күшіне енген үкімін орындау кезінде ғана ұсталуы немесе қамауға алынуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 502-бабы). Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері және де дипломатиялық курьерлер, басшылары мен өкілдері, парламент мүшелері, БҰҰ-ның қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес куәгер, жәбірленуші ретінде айғақтар бермеуіне болады. Ал мұндай айғақтарды беруге келіскен жағдайда бұл үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға келуі міндетті емес. Аталған адамдарға тапсырылған жауап алуға шақыру қағазында олардьщ қылмыстық процесті жүргізуші органға келмегені үшін мәжбүрлеу шараларымен қоқан-лоққы жасалмауы тиіс. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбірленуші, куәгер ретінде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын оқып бере алады. Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері өздерінің қызмет міндетгерін атқаруына байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарды қоспағанда, куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлік айғақтар беруден бас тартқан жағдайда оларға іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланушы адамдар қылмыстық процесті жүргізуші органға хат-хабар мен өздерінің қызметтік міндетін атқаруға қатысты басқа да құжаттарды табыс етуге міндетті емес (ҚР ҚІЖК 503-бап). Сонымен, иммунитеті бар шетел азаматы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қамауға алынуы, ұсталуы, тергеу органына мәжбүрлеп келтірілуі, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Егер сот айыптау қаулысын шығарған жағдайда да іс қаралмайды. Кез келген жағдайда тергеу органдары мен сот дипломатиялық қол сұқпаушылыққа байланысты қылмыстық істі тоқтатқаны жайлы қаулы шығарады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық ізге түсу жеке тұрде асырылуы мүмкін қылмыстардың тізбегі. 2. Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. 3. Жеке айыптау істері бойынша шагымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері. 4. Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. 5. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. 6. Кәмелетке толмағандарға катысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудын халықаралық стандартты және тәртіптері. 7. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. 8. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау. 9. Қазакстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі козғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері. 10. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің, қылмыстық жауапқа тартудың, камауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері. 11. Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері. 12. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына кадағалау. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері. 13. Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар. 14. Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері. 15. Дипломатиялық иммунитеттері бар тулғаларды ұстау мен камауға алу. 16. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері. 27-тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі айырықша іс жүргізу. Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізудегі айырықша іс жүргізуді сипаттау. Қысқаша мазмұны: 1. Медициналық сиппатағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері. Ата аналарының, қамқоршысының, асырып алушының қарамағына беру, арнайы медициналық мекемеге орналастыру. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары. Қорғаушының, заңды өкілінің міндетті тұрде қатысуы. Алдын ала тергеудің аяқталуы. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа істі бағыттау туралы қаультның мазмұны мен нысаны. Осы санаттағы істер бойынша қысқартудың негіздері мен тәртібі. 2. Есі дұрыс емес тұлғалардың коғамға аса қауіпті қылмыстары туралы істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері. Куәні, жәбірленушіні, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді, және олардың өкілдерін, сарапшыларды шақыру және олардан жауап алу.Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру үшін іс материалдарын жолдау. Қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және қылмыстық істі қозғау туралы өтініштерді орындау. 3. Қылмыстық жауапқа тарту үшін және үкімді орындау үшін тулғаны беру туралы талапты жолдау. 4. Шетел мемлекетінің азаматын беру туралы талапты орындау. Берілетін тұлғаның қылмыстық жауапкершілігінің шегі. Беруден бас тарту. Азаматтығы жоқ тұлғаға, басқа мемлекеттің азаматына қатысты қылмыстық ізге түсуді жалғастыру және оларды беру. Экстрадициялық қамауға алудың негіздері мен тәртібі (беру үшін ухтау және қамауға алу). Транситтік тасымалдау. Заттарды беру.Жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамды берудің негіздері. Сотталушыны берудің шарттары мен тәртібі. Сотгың шет мемлекет сотының үкімін атқаруға байланысты мәселелерді шешу тәртібі. Жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау туралы өтінішін қарау. 5. Шетел мемлекеті сотының үкімін орындауына байланысты мәселелерді соттың шешу тәртіптері. 1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері қылмыстық іс жүргізу зандылығының жалпы зандарымен анықталады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары занды және факт негізінде тіркеседі. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қоғамға зиян келтіретін әрекет жасағандардың уақытын ұзарту, тоқтату немесе өзгерту заңды негізде регламент белгіленген ҚР ҚІЖК жалпы қағидаларымен және сонымен бірге ҚР ҚІЖК-дегі 54-тараудың ережелерімен айқындалады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары негізінен медициналық критериі бар, психикалық мынандай (шизофрения, дебилизм, эпилепсия, алкоголизм, наркомания және т.б.) ауытқушылығы бар адамдар жатады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары негізінен мына адамдарға қолданылады (ҚР ҚК 88-бап): а) ҚР ҚК баптарында көзделген жауаптылыкқа қабілетсіздік жағдайда қылмыс жасаған адамдар; б)қылмыс жасағаннан кейін жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдар; в) психикасы бұзылып жауаптылыққа қабілетті адамдар; г) қоғамға залал келтіретін және алкоголизмнен, наркомания және токсикоманиядан емделуге мұқтаж адамдар; Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мақсаты: а)қоғамға зиян келтіретін адамның денсаулығын айықтыру немесе жақсаруы; б)қоғамға залал келтіретін қылмыс жасалғаннан кейінгі және оған дейінгі әрекетін ескеру (ҚР ҚК 89-бап); 3)психикалық ауытқушылық өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулі зиян келтірмеуін қамтамасыз ету (ҚР ҚІЖК 505-бабының 2-бөлігі); 4)медициналық мәжбүрлеу мекемелеріңдегідей әлеуметтік реабилитациялық шараларды қолдану; Заң (ҚР ҚК 90-бап) соттың белгілеуімен берілетін медициналық мәжбүрлеу шараларының төрт түрін қарастырады: 1)психиатордың қарауында және амбулаториялық мәжбүрлеу мекемесінде болу. Бұл шара психикалық ауруымен аурып ол мекемеге жатқызылуы керек болмаған жағдайда тағайындалады. Сонымен коса амбулаториялық емдеу керек болған жағдайда психикалық сот сараптамасының шешімі керек. 2)жалпы психикалық мекемеде ем алу тек өзінің психикалық жағдайына қарай емделуге мәжбүр немесе қаралуға мәжбүр болғанда ғана мәжбүрлеп емдеу шаралары жүргізіледі. 3)арнайы психикалық мекемеге тек өзінің жағдайына қарай стационарлық емдеу мен үнемі қадағалауда болатын адамдар жатады. 4)арнайы психикалық қарқынды бақылау мекемесіне тек өзінің жағдайына қарай өзіне және өзге адамдарға зиян келтіретін болса осы мекемеде қаралады. Мәжбүрлеп емдеу шаралары адамдардың құқығын шектейді. Олар негізінен адамның және олардың туыстарының келісі-мінсіз емдеу мекемесіне жатқызады. Бұндай емдеу тағайындалған адамдардың өз еркімен мекемеден кетуіне тыйым салынады. Медициналық мәжбүрлеу қолданылған адамдардың құқықтарын қорғау қылмыстық іс жүргізу процесі бойынша емдеу мекемесінің әкімшілігі және прокурордың қадағалауында болады. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық аурумен ауырған адамға медициналық мәжбүрлеу шаралары үкім шығарылғанға дейін қолданылған жағдайда емдеу мекемесінен жазылып шыққан кезде жазалау уақытын өтейді. Мәжбүрлеу шараларын қолдану мекеменің психиатр дәрігерлерінің негізінде сот қарауымен болады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған адамдарға алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктер Есі кіресілі-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған адамдарға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті (ҚР ҚІЖК 506-бап). Аддын ала тергеу жүмыстары жүргізу кезінде мынадай мән-жайлар анықталуы тиіс: 1)жасалған әрекеттің уақыты, орны, тәсілдері мен басқа мән-жайлары; 2)осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасауы; 3) әрекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері; 4)Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы; 5)осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасау кезінде немесе істі қарау кезінде психикалық сырқаттану дәрежесі мен сипаты. Қоғамдық қауіп төндіретін психикалық ауытқушылық кезінде жасалған қылмыстық істі тергеу кезінде психиатриялық сот сараптамасының жүргізілуі міндетгі. Бұл адамдарды тек соттың дәлелімен осы адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалған жағдайда ғана сот сараптамасына жіберіліп іс тергеледі. Тергеу жұмыстары мен сараптама жұмыстары тек қылмыс жасаған адамдармен ғана жүргізіледі. Ал егер олар психикалық жағдайына байланысты қатыса алмайтын болса тергеу жұмыстары жүргізілмейді және ол туралы тергеуші хаттама толтырады. Психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төндірмейтін адамдарға мынадай қауіпсіздік шаралары қолданылады: 1)психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезден бастап заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, бірақ айналадағы адамдарға қауіп төңдірмейтін адам денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, туған- туыстарының, қорғаншыларының, қамқоршыларының қарауына берілуі мүмкін. Осы шараны тандап алу туралы тергеуші, сот дәлелді қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК 508-бап); 2)бұлтартпау шарасы ретінде бұдан бұрын қамауға алынған адамның психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезде прокурордың қаулысы бойынша ол қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге ауыстырылады (ҚР ҚІЖК 509-бап). Қамауда ұсталған адамды психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық мекемеге орналастыру ҚР ҚІЖК-нің 247-бабының ережелері бойынша жүргізіледі. Егер қылмыстық істі тексеру кезінде қатысушылардың бірі әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе қылмыс жасаған соң психикасы бұзылумен ауырғаны анықталатын болса, оған айыпталушы деп кінә тақпайды және оған айыптау қаулысын шығармайды. Егер қылмыстық істі тексеру кезінде қатысушылардың бірі әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе қылмыс жасаған психикасы бұзылумен ауырғаны анықталатын болса, оған қатысты іс жеке іс жүргізуге бөлінуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК 510-бап). Өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін сезікті мен айыпталушы да ҚР ҚІЖК-де қарастырылған құқықтарға ие бола алады (ҚР ҚІЖК511-бап). Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының қатысуы, егер қорғаушы бұдан бұрын іске өзге негіздер бойынша араласпаған болса, өзіне қатысты іс жүргізіліп отырған адамның есінің кіресілі-шығасылы немесе психикасының бұзылу фактісі анықталған кезден бастап міндетті болып табылады. Іске араласу кезінен бастап қорғаушы, егер бұған қорғаушының денсаулық жайы кедергі келтірмейтін болса, қорғауындағы адаммен оңаша жүздесуге құқығы бар, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 74-бабында көзделген басқа да барлық құқықтарды пайдаланады (ҚР ҚІЖК 513-бабының 2-бөлігі). Қорғаушы соттың медициналық сараптамасынан кейін бірден сот ісіне қатыса алады. Тергеуші қорғаушыдан бас тартуына құқы жоқ. Қылмыстық жазаға тартылып отырған және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамнын занды өкілі іске қатысуға тартылады. ҚР ҚІЖК-нің 512-бабына сәйкес өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс жүргізілетін адамның жақын туысқаны осы адамның занды өкілі болып танылады және тергеушінің немесе прокурордың қаулысы бойынша іске қатысуға тартылады. Егер жақын туысқаны болмаған жағдайда қамқоршы орган және қорғаншы тартылуы мүмкін. Занды өкілге хаттамада толтырылған оның құқықтарын түсіндіреді: Заңды өкіл мыналарды білуге құқылы: - занды өкіл өзі өкілі болып отырған адамның заңмен тыйым салынған қандай әрекетті жасағаны мойнына қойылуын білуге; - өтініштер мен бас тартуларды мәлімдеуге; дәлелдер келтіруге; -тергеушінің рұқсатымен оның немесе қорғаушысының өтініші бойынша жүргізілетін тергеу қимылдарына қатысуға; -өзі қатысқан тергеу қимылдарының хаттамаларымен танысуға және ондағы жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескертпелер жасауға; -алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалымен танысуға, одан кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; -істі тоқтату туралы немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесін алуға; -сот талқылауына қатысуға; тергеушінің, прокурор мен соттың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар беруге; - соттың қаулысына шағым жасауға және шағымдалатын шешімдердің көшірмелерін алуға; - іс бойынша келтірілетін шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылықтар білдіруге; -мәлімделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға құқығы бар; Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші мынадай қаулы шығарады: а)іс жүргізу ісін 37-бапта және 269-баптың 3-бөлігінде көзделген, сондай- ақ сырқатты психикасының бұзылуы өзі немесе басқа адамдар үшін қауіп- қатермен не өзге елеулі зиян келтірілуі мүмкін жағдайларда қысқарту туралы; б)істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы шығарады. Қаулыда істі қысқарту туралы көрсетілуі тиіс: а) ҚР ҚІЖК-нің 506-бабында көрсетілген мән-жайлар; б)медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер, егер олар айтылған болса; в)қорғаушы мен басқа да адамдардың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының негізінде дау айтатын уәждері жазылуы тиіс. Істі сотқа жіберу туралы қаулымен тергеуші оны прокурорға береді, ол істі зерделеп, мына шешімдердің бірін қабылдайды: 1) Істі сотқа жібереді; 2) Істі қосымша тексеру үшін тергеушіге қайтарады; 3)Істі ҚР ҚІЖК-нің 514-бабының 1-бөлімінің 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қысқартады. Істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулының көшірмесі занды өкілге табыс етіледі (ҚР ҚІЖК 514-бап). 2.Сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы келіп түскен іс психикалық ауытқуы бар немесе жауаптылығы жоқ айыпталушының қатысуынсыз жүргізілуімен ерекшеленеді. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істі қарауды аудандық және оған теңестірілген сотта сот төрешісі жеке-дара, облыстық және оған теңестірілген сотта үш сот төрешісі құрамы жүргізеді. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы іс келіп түскен соң сот төрешісі қылмыстық іс жүргізу Кодексінде көзделген ережелер бойынша сот отырысында қаралуын тағайындайды. Сот тергеуі прокурордың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған, есі кіресілі-шығасылы деп танылған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың қажеттігі туралы уәждерді баяндаудан басталады. Дәлелдерді зерттеу және тараптардың жарыссөздері ҚР ҚІЖК-нің 345 жөне 364- баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Есі кіресілі-шығасылы адамдарға жүргізіліп отырған соттың бір ерекшелігі онда сотталушының соңғы сөзі болмайды. Сот тергеуші мен прокурорды тындап болғаннан кейін кеңесу бөлмесіне кетеді. Іс бойынша шешім қабылдау кезінде сот шешетін мәселелер (ҚР ҚІЖК516-бап): 1) Қылмыстық заңмен көзделген әрекет орын алды ма; 2) Ісі қаралып отырған әрекет жасады ма; 3) ісі қаралып отырған адам әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасады ма; 4)Осы адам қылмысты жасағаннан кейін жаза тағайындау және оны орындау мүмкін болмайтын психикасы бұзылумен ауырды ма; 5)Адам дертті психикасы бұзылуы оның өзі немесе басқа адамдар үшін қауіпті ме, не оның өзге де елеулі зиян келтіруі мүмкіндігін тудыра ма; 6)Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылуға тиіс пе және нақ қандай. Сот сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 371-бабының бірінші бөлігінің 10, 11, 12- тармақтарында керсетілген мәселелерді шешеді: а) азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма; б) азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек; в) заттай дәлелдемелерді не істеу керек; Істің шешімі бойынша сот қаулы қабылдайды (ҚР ҚІЖК 517-бап). Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті осы адамның есі кіресілі-шығасылы күйде жасағаны немесе осы адамның қылмысты жасағаннан кейін жазаны тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын психикасы бұзылумен ауырғаны дәлелденді деп танып, сот осы адамды тиісінше қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату туралы қаулы шығарады. Егер жоғарыда айтылған адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша қауіп- қатер тудырмайтын болса не ол аса ауыр емес әрекет жасаған болса, сот істі тоқтату туралы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы қаулы шығарады. Сот осы адамның әрекетті жасауға қатысқаны дәледденген жоқ деп таныған, сондай-ақ осы Кодекстің 37-бабының бірінші бөлігіндегі 1-12-тармақтарында, 38-бабының бірінші бөлігінде көзделген мән-жайлар анықталған кезде сот өзі анықтаған негіз бойынша адамда аурудың болуына және оның сипатына қарамастан істі қысқарту туралы қаулы шығарады. ҚР ҚІЖК-нің 517-бабына сәйкес іс қысқартылған кезде сот қаулысының көшірмесі бес күн мерзімде психиатриялық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу немесе психоневрологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органына жібереді. Іс қаралып отырған адамның психикасының бұзылуы анықталмады немесе қылмыс жасаған адамның ауруы оған жазалау шараларын қолдануды жоққа шығармайды деп танып, сот өзінің қаулысымен істі қосымша тексеру жүргізу және істі бұдан әрі жалпы тәртіппен жолдау үшін қайтарады. Соттың қаулысында ұсынылған азаматтық талап-арыз бойынша шешім, заттай айғақтар туралы мәселе, іс жүргізу шығыстарын белу туралы шешім, апелляциялық шағымдардың не үкімге наразылық келтірудің тәртібі мен мерзімін түсіндіру сияқты мәселелер шешіледі. Соттың қаулысына қорғаушы, жәбірленуші мен оның өкілі, немесе ісі қаралған адамның занды өкілі, жақын туысқаны шағым жасауы, апелляциялық тәртіппен прокурор наразылық білдіруі мүмкін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адам соттың іс қарауына қатысқан жағдайда ол, егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша оның ауруының сипаты мен ауыртаалығы бұған бөгет жасамаса, сот қаулысына шағымдануға құқылы. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы ҚР ҚІЖК-нің 49-тарауында көзделген тәртіппен атқаруға беріледі (ҚРҚІЖК518- бап). Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тоқтату, өзгерту және мерзімін ұзарту сот ісін жүргізудегі негізгі ерекшелігі болып табылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін өзарту туралы мәселелерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабында көзделген тәртіппен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы шығарады. Сот немесе осы шараны қолдану орны бойынша үш сот төрешісінен тұратын алқа құрамындағы сот қарайды. Істі тындауды тағайындау туралы сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамның занды өкіліне, мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы мекеменің әкімшілігіне, қорғаушы мен прокурорға хабарлайды. Сот отырысына қорғаушы мен прокурордың қатысуы міндетті, басқа адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі келтірмейді. Сот отырысында мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы мекеменің ұсынысы (қорытындысы), психиатр дәрігерлер комиссияның қорытындысы зерттеледі, отырысқа қатысушы адамдардың пікірі тындалады. Егер психиатр дәрігерлер комиссиясының қорытындысы күмән тудыратын болса, сот отырысқа қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот психиатриялық сараптамасын тағайындай алады, қосымша құжаттарды талап етеді, сондай-ақ медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін ұзарту туралы мәселесі шешіліп отырған адамнан, егер бұл оның психикасының жай-күйі бойынша мүмкін болса, жауап алады. Сот бұдан бұрын тағайындалған шараны қолдану қажеттігі жойылатын не медициналық сипаттағы өзге шараны тағайындау қажеттігі туындайтын адамның осындай психикалық жай-күйі жағдайында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтатады немесе өзгертеді. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған ретте мәжбүрлеп емдеуді ұзартады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ тоқтатудан, өзгертуден немесе ұзартудан бас тарту туралы сот кеңесу бөлмесінде қаулы шығарады және оны сот отырысында жариялайды. Егер қылмыс жасағаннан кейін оның психикасы бұзылып ауруының салдарынан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылған адамды психиатр дрәігерлер комиссиясы сауыққан деп таныса, онда сот мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асырушы медициналық мекеме қорытындысының негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдануды тоқтату туралы қаулы шығарады және істі анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізу, осы адамды айыпталушы ретінде тарту және істі жалпы тәртіппен сотқа беру туралы мәселені шеідеді. Медициналық мекемеде өткізілген уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі (ҚР ҚІЖК 520-бап). 3.Қазақстан Республикасы басқа да көптеген мемлекеттер сияқты халықаралық қылмыстармен, сонымен қоса қылмыстар (терроризм, ақша ұрлау, наркобизнеспен күрес, кепілге алу, құлдық және құл сату және т.б.) қылмыстар жөнінде басқа мемлекеттермен ынтымақтастық қатынаста. Жоғарыда атап көрсетілген қылмыстар жөнінде халықаралық ынтымақтастық күрес тек келісімшарт негізінде, немесе екеуара келісім негізінде ғана жүзеге асады. Біздің мемлекет қылмыспен күрес ортасында халықаралық және мекеме арасындағы ынтымақтастық негізіндегі толығымен келісім жасасқан болып табылады. 1993 жылдың З наурызында Қазақстан ТМД елдерімен азаматтық, отбасылық және қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек жөнінде келісім бекітті. Соңғы жылдарда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімшарттар, келісімдер мен міндеттемелер, сонымен қоса қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе оларға үкім шығару жөнінде: Моңғолия, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Венгер Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Корей Халықтық-демократиялық республикасы, Литва Республикасы, Пәкістан Республикасы, Түркіменстан Республикасы, Түркия Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Италия Республикасы және т.б. Қазақстан Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының (Интерпол) мүшесі. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесінде Интерпол бюросы жұмыс істейді. Интерпол 1923 жылы күрылды, ол Франция мемлекетінің Лион қаласында орналасқан. Интерпол халықаралық қылмыскерлерді тізетін орталық сонымен онда халықаралық қылмыскерлерді, күдіктілерді, із-түзсіз жоғалған адамдарды, құнды заттарды іздеу координациясын жүзеге асырады. Қазіргі күнде 150-ден аса мемлекет Интерпол мүшесі, оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар. Интерполдың негізгі тапсырмалары: а) қылмыс туралы ақпаратпен алмасу; б)Қазақстан Республикасының халықаралық келісімімен халықаралық құқық корғау органдарының сауалдарына кемек көрсету; в)шетел мемлекеттерінің қылмыспен күрес жөніндегі сұрақтарына халықаралық келісімшарттардың орындалуын қадағалау; «Азаматгық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынас жөнінде» келісімнің 6-бабына сәйкес 1993 жылдың 22 қаңтарында ТМД арасында жасалған келісімшартта, келісімшарт жасасқан мемлекеттер бір-біріне іс жүргізу әрекеттерімен заң жүзінде карастырылған келісім беруші елге жекелей құқықтық көмек беруі қажет: — құжаттарды құру және жіберу; — заттай дәледдемелерді алу, тінту, жіберу және беру; — сараптама жүргізу; — айыпталушы, куәгер, сарапшыларға тергеу жүргізу; —қылмыстық тергеу жұмысын жүргізу, қылмыс жасаған адамдарды іздеу және беру; —азаматтық істер бойынша сот шешімін орындау және мойындау, азаматтық талапкерге шығарылған үкім, атқарылған істер, сонымен қоса құжаттарды беру. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің халықаралық ынтымақтастығына екі бөлім арналған: —55-бөлім, 521—536-баптарынан тұрады, онда қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелерін қарастырады; —56-бөлім, 537-541-баптарынан тұрады, онда жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостаңдығынан айыруға сотталған адамды беру негіздері мен тәртібін қарастырады. Құқықтық комек көрсету мәселелері бойынша қарым-қатынас жасау тәртібі (ҚР ҚІЖК 523-бап) Құқықтық көмек көрсету ретімен Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шетел мемлекеттерінің тергеу органдарына және соттарына не өзара негіздегі іс-әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да зандары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де іс әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының шетел мемлекетіне құқықтық көмек көрсету жөніндегі келісім жазбаша түрде бекітілуі тиіс. Шетел мемлекетіне құқықтық көмек беру жөніндегі ұқсас міндеттемелерді Қазақстан Республикасы да өз мойнына алады. Тергеу қимылдарын жүргізу туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, ал сот іс-әрекеті - Қазақстан Республикасының Әділет министріне тиісінше олардың орынбасарлары, не өкілетті лауазымды адамдар арқылы жіберіледі, олар қажетті жағдайларда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің делдал болуын сұрайды. Сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы басқа мемлекеттің аумағында іс жүргізуде (жауап алу, іздеу, тергеу, сот сараптамасын жүргізу немесе т.б.) және өзге де іс-әрекеттерді орындау жөнінде құқықтық көмек көрсету туралы тиісті бланкіде тапсырма жасайды. Құрылған құжаттарға қол қойылып, қылмыстық іс жүргізуші органның (ІІМ, ҰҚК, Қаржы полициясы) елтаңбалы мөрімен куәландырылып, жіберіліп отырған мемлекет тіліне аударылуы тиіс. Тиісті прокурордың, соттың дәлелді өтініші бойынша құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына, Әділет министріне немесе уәкілетті прокурорға жіберіледі. Басқа мемлекеттің құзыретті мекемесіне құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма жіберу жөніндегі мәселені Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Әділет министрі шешеді. Іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырманың мазмұны (КР ҚІЖК 524- бап). Тергеу жөне сот іс-әрекетін жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда жасалуы, тапсырманы жіберуші лауазымды адам қол қоюы, мекеменің елтаңбалы мөрімен куәландыруы және: — тапсырманы беріп отырған органның атауын; — тапсырманың жіберіліп отырған органның атауы мен мекен-жайын; — істің атауын және тапсырманың сипатын; —өздеріне қатысты тапсырма жасалып отырған адамдар, олардың азаматтығы, кәсібінің түрі, тұратын жері немесе жүрген жері, занды тұлғалар үшін олардың орналасқан жері туралы деректерді; —анықталуға жататын мән-жайларды баяндауды, сондай-ақ сұралынатын құжаттардың, заттық және басқа да айғақтардың тізбесін; —жасалған қылмыстың іс жүзіндегі мән-жайларын және оның саралануы туралы мәліметгерді, қажет болғанда — іс-әрекетпен келтірілген залалдың мөлшері туралы деректерді; — тапсырманы атқару үшін қажет басқа да мәліметтерді қамтуға тиіс. Іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу туралы тапсырманы атқарудың тәртібі (ҚР ҚІЖК 525-бап). Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы тергеу немесе сот іс-әрекетгерін жүргізу туралы шетел мемлекеттерінің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының белгіленген тәртіппен өздеріне берген тапсырмаларын ҚР ҚІЖК-нің жалпы ережелері бойынша атқарады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігінің рұқсатымен халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа мемлекетгің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады. Басқа мемлекетте істі тергеу жөнінде Қазақстанның сұрауы бойынша тәртіппен жиналған, ҚР ҚІЖК-де көзделген тәртіп бойынша құзыретті мекемеден келіп түскен дәлелдер, Қазақстан Республикасының аумағында іс бойынша жиналған дәлелдер сияқты занды күшіне енген болып табылады. Тапсырманы орындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі не орыс тілі қолданылады. Егер тапсырманы атқару мүмкін болмаса, алынған құжаттар тиісінше Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы немесе Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арқылы тапсырма берілген шетел мекемесіне оны атқаруға кедергі келтірген себептер көрсетіле отырып қайтарылады. Тапсырма, егер оны атқару Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе қауіпсіздігіне залал келтіретін не оның заңдарына қайшы келетін болса, барлық жағдайда да қайтарылады. Сот тергеуін жүргізуге немесе сот ісін жүргізуге тараптарды шақыру (ҚР ҚІЖК 526-бап). Қылмыстық іс жүргізу заңы жазбаша материалдарды, қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді алғаннан кейін сотқа куәларды және де басқа қатысушыларды шақыру туралы мәселені реттейді. Куә, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы, егер олар шетел мемлекетінің азаматтары болса, қылмыстық іс жүргізуші тиісті лауазымды адам олардың келісімімен Қазақстан Республикасының аумағында тергеу немесе сот іс-әрекеттерін жүргізу үшін шақыруы мүмкін. Тергеу және сот іс-әрекеттерін куәнің, жәбірленушінің және басқа да қатысушьшардың қатысуымен іс жүргізу осы Кодекстің ережелері бойынша мыналардан басқа реттерде жүзеге асырылады: а)мәжбүрлеп келтіруге, ақшалай өндіріп алуға, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін және көрінеу жалған айғақтар бергені немесе көрінеу жалған қорытынды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыкқа тартуға жол берілмейді; б)оларды мемлекеттік шекарадан өткенге дейін жасаған әрекеті үшін Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартуға, қамауға алуға және жазаға ұшыратуға болмайды. в)мұндай адамдарды қаралып жатқан қылмыстық іске байланысты олардың куәлік айғақтар немесе сарапшылар ретіндегі қорытындыларына орай жауапқа тартуға, қамауға алуға немесе жазаға ұшыратуға болмайды. Егер шақырылатын адам (куәгер, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы) қылмыстық жауапқа тартылса немесе сұратушы мемлекеттің аумағында басқа қылмысы үшін сотталса ол өзінің азаматтығына қарамастан, белгілі бір уақытқа берілуі мүмкін. Жоғарыда аталған, тергеу ісіне шақырылған адамдар, егер олардың мүмкіндігі бола тұрып, Қазақстан Республикасының аумағынан өздеріне қылмыстық процесті жүргізуші орган олардың бұдан әрі болуы қажет еместігін хабарлаған күннен бастап он бес тәулік өткенге дейін кетпесе, жоғарыда айтып өтілген кепілдіктерінен айырылады. Бұл мерзімге сол адамдардың Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмауына өздері кінәлі болмаған уақыт есептелмейді (ҚР ҚІЖК 526-баптың 5- бөлігі). Істің материалдарын қылмыстық қудалауды жалғастыру үшін жіберу (ҚР ҚІЖК 527-бап). Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетіп қалған шетелдік Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда немесе оның қатысуынсыз тергеу ісін жүргізу мүмкін болмаған жағдайда Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қылмыстық іс тәртібі қарастырылған. Бұндай жағдайда іс қозғаған тергеу органы немесе тергеуші ҚР ҚІЖК-нің 304, 265, 50-баптарының 1-бөлігінің 5- тармағында көзделген тәртіппен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы дәлелді қаулы, сондай-ақ ҚР ҚІЖК-нің 192, 306- баптарында кезделген тәртіппен қылмыстық істердің тергелуі немесе сотта қаралуы бойынша берілуі туралы қаулы шығарады. Содан соң басқа мемлекетке берілетін материалдар қылмыстық іс бойынша айыпты деп табатын барлық қажетгі дәлелдемелермен және халықаралық шартқа сәйкес жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматымен жасалған қылмыстық тергеу жүргізу үшін істі басқа мемлекетке халықаралық шартқа сәйкес жіберу туралы мәселені шешу үшін істің материалдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру жөнінде өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе өкілетті прокурорға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры халықаралық шартқа немесе келісімге, мемлекетпен жазбаша міндеттемеге, шетел азаматының қайда кеткендігіне сәйкес қылмыстық іс материалдарын жіберу туралы мәселені шешеді. 4.Шетел мемлекеті тиісті мекемесінің шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасына қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматына қатысты қылмыстық істі әрі қарай тексеру үшін беру туралы өтінішін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе өкілетті прокурор қарайды. Алдын ала тергеу мен сот талқылауы мұндай жағдайларда Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі. Шетел мемлекетінің аумағында істі тексеру кезінде осыған өкілетті органның немесе лауазымды адамның өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша алған дәлелдері тергеуді Қазақстан Республикасында жалғастыру кезінде іс бойынша жиналған басқа дәлелдермен тең зан күшіне ие болады. Қазақстан Республикасының азаматы шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасаған, содан соң Қазақстан Республикасына қайтып оралған жағдайда оған қатысты қылмыстық ізге түсу қозғалғанға дейін қылмыстық істі Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу органдары шетел мемлекет мекемесінің Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына табыс етілген осы қылмыс туралы материалдары бойынша қылмыстық іс қозғауы және тергелуі мүмкін. Қылмыстық іс жүргізуші орган іс бойынша қабылданған түпкілікті шешім туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға хабарлауға және бұл шешімнің көшірмесін жіберуге міндетгі. Адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе үкімді орындау үшін ұстап беру туралы талапты жіберу (ҚР ҚІЖК 529-бап). Адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе үкімді орындау үшін ұстап беру туралы талапты жіберу туралы сұрақ мәселесі жөнінде тек Қазақстан Республикасының басқа мелекеттермен келісімі және міндеттемелерімен немесе халықаралық шартта көзделген жағдайда қарастыруы тиіс. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе өкілетгі прокурор шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын қылмыс жасаған адамды, егер осы адамға қатысты айыптау үкімі немесе оны айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы шығарылса, оны ұстап беру туралы талаппен шетел мемлекетінің тиісті мекемесіне өтініш жасайды. Қылмыстық іс жүргізуші орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасап, оның аумағынан кетіп қалған адамды ұстап беру туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе өкілетті прокурорға өтініш жасап, оған қажетті құжаттарды қоса тіркейді. Беру туралы талапта: 1) қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның атауы; 2) сотталушының (айыпталушының) тегі, аты, туған жылы, азаматтығы туралы деректер, сыртқы бет-пішін сипаттамасы, фотосуреті; 3)осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін заңның мәтінін келтіріп, жазаны міндетті түрде көрсете отырып, жасалған қылмыстың іс жүзіндегі мән- жайларының баяндалуы; 4) занды күшіне енген үкімнің, не тиісті құжаттардың куәландырылған көшірмелерін қоса тіркей отырып, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Ұстап беру туралы өтінішке: айып тағу туралы қаулының көшірмесі, қамауға алу туралы қаулының көшірмесі, ұстап берілуге тиісті адамның азаматтығын растайтын құжаттар, тиісті прокурордың ұстап беру туралы өтінішінің зандылығы мен негізділігі туралы қорытындысы қоса тіркелуге тиіс. Қылмыстық ізге түсуге немесе үкім шығаруға адамдарын беру ҚР ҚІЖК-нің 531-бабында көзделген Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен халықаралық шартта қарастырылған қылмыс жасады деп айыпталушы немесе басқа мемлекетте сотталған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамды ұстап беру туралы талапты атқару мәселелерін қарастыруы тиіс. Басқа мемлекет аумағында сотталған және айыпталған Қазақстан Республикасының азаматын ұстап беру туралы шешім ұқсас қабылданады. Ұстап беруге негіз болатын талапты атқару жөніндегі мәселе Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен немесе өкілетті прокурормен қарастырылып, шешіледі. Адамды ұстап беру (шетел мемлекетінің азаматы ) туралы бірнеше мемлекеттің талаптары болған ретте адамның қандай мемлекетке ұстап берілуге жататындығы (мысалы, халықаралық қылмыстағы — терроризм, тұтқынға алу және т.б.)және қылмысының түріне байланысты шешімді Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кабылдайды. Шетел мемлекетінің сұрауы бойынша нақты қылмыс жасаған (мысалы, өлім немесе адамды ұрлау) адам қылмыстық жауапкершілікке, жаза өтеуге, басқа да қылмыстарға (ақша алу немесе бандитизм) тартылуы мүмкін емес. Бұл адам ұстап берген мемлекетгің келісімінсіз үшінші бір мемлекетке берілмейді. Бұл берілген адамның қылмыстық жауапкершілігі жөнінде айтылып отыр. Алайда, шетел мемлекетінің азаматын ұстап бермеу туралы талабында көрсетілмеген тәртіпке сәйкес жаңа қылмыс жасаған адамға қолданылмайды. Сонымен қоса халықаралық шартта ұстап беру туралы басқа да талаптар енгізілуі мүмкін. Оларға мыналарды жатқызуға болады: қамауда немесе қарауда жүрген адамды босату, беруді кейінге немесе уақытша қалдыру және т.б. Келісіп отырғандар арасында қылмыстық жауапкершілікке және үкім шығаруға бір-біріне беруді талап етуді олардан талап еткен кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін: а) қылмыстық жазаланған ба; б) істеген қылмысы үшін бір жылға сотталған немесе одан ауыр жаза өтеген; в)істеген қылмысы үшін алты айдан кем емес немесе аса ауыр жазаланғаны үшін. Қазақстан Республикасының аумағында басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген мемлекеттің азаматына қатысты ұстап беру туралы өтініш келіп түскен жағдайда ұстап беру мерзім жазасын өтегенге дейін немесе кез келген занды негіз бойынша жазасынан босатылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Шетел мемлекетінің азаматы қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда, оны ұстап беру мерзімі үкім шығарылғанға дейін, жазасын өткерген немесе кез келген негіз бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылғанға немесе жазадан босатылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Егер ұстап берудің мерзімін ұзарту қылмыстық ізге түсу мерзімі өтуіне алып баратын немесе қылмысты тексеруге залал келтіруі мүмкін болса, ұстап беру өтініші бойынша талап етілетін адам тараптардың келісімімен айқындалатын белгілі бір уақытқа берілуі мүмкін. Белгілі бір уақытқа берілген адам өзі берілген қылмыстық іс бойынша іс жүргізу әрекеттері жүргізілген соң, бірақ адамды берген уақытынан бастап үш айдан кешіктірілмей қайтарылуы тиіс. Өзара келісім бойынша бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ сот кескен жазасының мерзімінен немесе Қазақстан Республикасының аумағында жасаған қылмысы үшін заңға сәйкес кесілуі мүмкін мерзімнен аспайды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе өкілетті прокурордың ұстап беру туралы нұсқауын алғаннан кейін қамауда ұстау орнының әкімшілігі ұстап берілетін адамның ол ұстап берілген мемлекеттің органына айдап жөнелтілуі мен берілуін отыз тәулік ішінде ұйымдастыруға және орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе өкілетті прокурорға хабарлауға міндетті. Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен құзыретті органдары шет мемлекеттің азаматын беру туралы шешім қабылдағаннан кейін сол мемлекеттің құзыретті органдарына берудің уақыты мен күнін хабарлайды. Егер талап етуші шетел мемлекетінің органдары он бес тәулік ішінде қабылдамаса ол қамаудан босатылады. Ұстап беруден бас тартылады, егер: 1)егер басқа мемлекетпен сұратылып отырған адамның нәсіліне, дінге сенушілігіне, азаматтығына, үлтына, арнайы бір әлеуметтік тобына немесе саяси сенімі сол мемлекетте тергеуіне қатысты Қазақстан Республикасы осы адамға саяси баспана берсе; 2)егер басқа мемлекетпен ұстап беруді талап еткен адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса; 3)ұстап беру туралы талапқа негіз болған әрекет Қазақстан Республикасында қылмыс деп танылмайтын болса; 4)ол адамға қатысты дәл сол қылмысы үшін занды күшіне енген үкім шығарылып үлгермесе немесе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылса; 5)Қазақстан Республикасының зандары бойынша қылмыстық іс қозғалмайтын болса немесе ескіру мерзімінің өтуі нәтижесінде немесе езге занды негіз бойынша үкімнің орындалуы мүмкін болмаса, ұстап беруге жол берілмейді; 6)халықаралық шарт бойынша мемлекеттің заңына байланысты қылмыс деп танылса жеке айыптау бойынша (жәбірленушінің өтініші) қаралады. Егер ұстап беру туралы талап мәлімденген қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тыс жерде жасалған болса, бірақ Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған болса ұстап беруден бас тартылуы мүмкін. Егер басқа мемлекетке адамды ұстап бермесе, онда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры сол мемлекеттің құзыретті органдарына қайтарып берудің негіздерін көрсете отырып хабарлайды. Халықаралық шарт бойынша адамды ұстап беру кезінде сонымен қоса бір- біріне мынадай заттарды беруі керек: а) қылмысты жасау кезінде қолданылған заттар, адамды беруге негіз болған қылмыстық құрал-саймандар; б)қылмыс жасау кезінде алынған немесе сыйақы ретінде берілген заттар, қылмыскер айырбастап алған затгар; в)қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге мағына беретін заттар. Бұл заттар тек қылмыскер қайтыс болған жағдайда, қашып кеткен немесе басқа да жағдайларда беріледі. Істі аяқтағаннан кейін бұл заттар міндетті түрде берген мемлекетке қайтарылуы тиіс. Қылмысқа құрал болып табылған, сонымен қоса қылмыстың іздері бар және қылмыс жолында алынған заттар басқа іс жүргізуге керек болған жағдайда уақытша қалдыруға болады. Басқа бір үшінші мемлекетке адамды, көрсетілген заттарды беру, алынған заттарды іс аяқталғаннан кейін қайтару туралы басқа мемлекет кепілдік берген кезде ғана занды болады. Азаматтығы жоқ адамдарға, үшінші бір елдің азаматтарына қатысты қылмыстық ізге түсу материалдарын жіберудің және қылмыстық ізге түсуді жалғастыру туралы немесе қылмыстық іс козғау туралы өтініштерді орындау, үшінші бір елдің азаматтарын ұстап беру тәртібі ҚР Қылмыстық кодекстің 527, 528, 529 — 532- баптарының ережелерімен айқындалады. Әдеттен тыс (экстрадиция) қамау (ұстап беру үшін тұтқындау және қамап қою) Экстрадиция (латын сөзі) — қылмыскер тұрған аумақтан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін немесе занды түрде жүзеге енген қаулыны қабылдау үшін басқа мемлекетке қылмыскерді беру. Ұстап беру мемлекеттің бір-біріне қызығушылығы арасындағы арнайы келісім негізінде жүзеге асады. Бұндай келісім жоқ жерде ұстап беру тек екеуара келісім бойынша қанағаттандырылады. Соттың тұрақтанған тәжірибесіне байланысты ұстап беруді талап ету шартта басқа түрі көрсетілмесе дипломатиялық канал арқылы жүзеге асырылады. Қылмыскер азаматы болып табылатын мемлекет, қылмыс жасаған немесе өз мемлекетіне нұқсан келтірген, ол мемлекеттен басқа мемлекетке қашып кеткен мемлекет ұстап беруді талап етуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Қазақстан Республикасының азаматы өз елінде қылмыс жасап енді қазіргі таңда басқа мемлекетте жүрген болса әдеттен тыс қамауға алынып (экстрадиция), қылмыстық тергеу үшін Қазақстанға беріледі. Әдеттен тыс (экстрадиция) қамаудың (қамау, ұстап беру үшін тұтқындап және қамап қою) шарттары мен ережелері КР ҚІЖК-нің 534-бабында халықаралық шарт негізінде қарастырылған. Әдеттен тыс қамау (экстрадиция) мынадай ретте жүзеге асады. Шетел мемлекетінің құзыретті органынан тиісті түрде рәсімделген талапты алу кезінде және адамды ұстап беру үшін занды негіздер болған ретте ол ұсталуы мүмкін және оған әдеттен тыс қамау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Халықаралық шартта, Қазақстан Республикасымен келісімде немесе басқа мемлекеттермен келісім кезінде сұраушы мемлекеттің өтініші бойынша адам ұстап беру туралы талап алынғанға дейін де қамалуы мүмкін. Бұндайда өтініште қамауға алу туралы қаулыға немесе заңды күшінеенген үкімге сілтеме болуы және ұстап беру туралы талаптың қосымша табыс етілетіндігі айтылуға тиіс. Ұстап беру туралы талап мәлімделгеннен кейін қамауға алу туралы шараны келісім берген мемлекет бірден қабылдайды. Ұстап беру туралы талап мәлімделгенге дейін қамауға алу туралы өтініш почта, телеграф, телекс немесе факс бойынша берілуі мүмкін. Табыс етілген материалдар зерделеніп, ұсталған адамды іздеу жарияланған адам деп санауға жеткілікті негіздер болғанда және ҚР ҚІЖК-нің 532-бабында жазылған негіздер жоқ болған кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа экстрадициялық қамауға алу туралы өтініш енгізеді. Аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы осы ҚР ҚІЖК-нің 150-бабында көзделген ережелер мен мерзімдерді сақтай отырып, өтінішті қарайды және мынадай: экстрадициялық қамау туралы; экстрадициялық қамаудан бас тарту туралы қаулылардың бірін шығарады. Судьяның прокурор қаулысына шағымдану, наразылық білдіру және оны апелляциялық қарау ҚР ҚІЖК-нің 110-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады (ҚР ҚІЖК-нің 543-бабының 1-бөлігі). Адам, егер оның басқа мемлекеттің аумағында ұстап беруге әкеп соғатын қылмыс жасағандығына сезік келтіретін заңмен көзделген негіздер болса, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген өтінішсіз-ақ үш тәулікке дейін мерзімге ұсталуы мүмкін. Прокурор адамның қамауға алынғаны туралы ұстап беру өтінішті, қамау туралы өтінішті жіберген немесе жіберуі мүмкін шетел мемлекетінің мекемесіне ұстап беру уақыты мен орны ұсыныла отырып, дереу хабарлайды.. Егер отыз тәулік ішінде ұстап берілмесе, қамауда отырған адам соттың қаулысы бойынша босатылуға тиіс. ҚР ҚІЖК-нің 543-бабының 4-бөлігіне сәйкес тұтқындалған адам оны ұстап беру туралы талап Қазақстан Республикасының зандарында көзделген тұтқындалу мерзімінің ішінде келіп түспесе, босатылуы тиіс. Қайта қамауға алуға ҚР ҚІЖК-нің 543-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұстап беру туралы жаңа талапты қараған соң ғана жол беріледі. ҚР ҚІЖК-нің 531-бабына сәйкес ұсталған адамды әдеттен тыс қамауды сот бір айға дейінгі мерзімге жүзеге асырады. Бұл мерзімде іздеу жарияланған мемлекетгің құзыретті органынан ұстап беру туралы өтініш түспеген жағдайда, бірақ қамауға алу туралы өтініш және ұстап беру туралы кейіннен өтініш жіберуге кепілдік болған ретте, қамауды жүзеге асырған прокурордың өтініші бойынша сот екі айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе уәкілетті прокурорға хабарланады. Ерекше жағдайлар болғанда облыс прокурорының немесе оған теңестірілген прокурордың өтініші бойынша қамау мерзімін сот үш айға дейін ұзартуы мүмкін. Қамауда ұстау орнының әкімшілігі қамалушының қамауда ұстау мерзімі еткенге дейін жеті тәуліктен кешіктірмей бұл жөнінде қамауды жүзеге асырған прокурорға хабарлауға міндетті. Қамалған адамды оны ұстап беру үшін босату әдеттен тыс қамауды жүзеге асырған прокурордың қаулысы негізінде, соның ішінде ҚР ҚІЖК-нің 534-бабында аталған мерзім өткеннен кейін де, егер бұл мерзімде адам ұстап берілмеген болса, жүзеге асырылып, бұл жөнінде дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурорға хабарланады. Шетел мемлекеті мекемееінің» осы мекемеге үшінші бір мемлекеттің ұстап берген адамын Қазақстан Реепубликасының аумағы бойынша транзиттік тасымалдау жөніндегі өтініші оны ұстап беру туралы талап қаралған тәртіппен қаралады. Транзиттік тасымалдаудың тәсілін тиісті ведомстволардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды. Ұстап беру кезіндегі ұсталған немесе сотталған адамдарды транзиттік тасымалдау шығындарын келісім беріп тасымалдау жөнінде өтініш жасаған мемлекет өтейді. 5.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу заңы жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамды беру мүмкіндіктерін қарастырады. Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға сотталған адамды жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін беруге, нақ сол сияқты шетел мемлекетінің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматын жазасын Қазақстан Республикасында етеу үшін негіз болып: а) Қазақстан Республикасының тиісті шетел мемлекетімен халықаралық шарты; б)немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының шетел мемлекетінін құзыретті органдарымен және лауазымды адамдарымен өзара шарттағы жазбаша келісімі (ҚР ҚІЖК 537-бап). Адамды беру жөніндегі қаулы қабылдауда заң күшіне енген белгісі бар қаулының көшірмесі және сотталған адамның қылмыстық заң негізіндегі мәтіні берілуі керек. Егер сотталушы жазаның жартысын өтесе ол да хабарланады. ҚР ҚІЖК-нін 538-бабына сәйкес, өзі азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшін Қазақстан Республикасында сотталған адамды беруге сотталушының, оның занды өкілінің немесе жақын туған-туыстарының өтініші бойынша, сондай-ақ сотталушының келісімімен тиісті мемлекеттің құзыретті органының өтінуі бойынша оның бас бостандығын айыру туралы жазасын өтеуіне дейін жол беріледі. Ескере кететін жайт, адамды беру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша үкім занды күшіне енген соң ғана жүзеге асырылуы мүмкін, олар үкім шығарған сотқа осы адамның берілгенін хабарлайды. Қазақстан Республикасының соты бас бостандығынан айыруға соттаған адамды ол азаматы болып табылатын мемлекетте жазасын өтеу үшін беруден бас тартады, егер: 1) адам сол үшін сотталған әрекеттерінің бірде-бірі сотталушы азаматы болып табылатын мемлекеттің зандары бойынша қылмыс болып танылмаса; 2) жаза шет мемлекетте ескіру мерзімінің етуі салдарынан немесе осы мемлекеттің зандарында көзделген өзге негіз бойынша орындалмайтындай болса; 3)сотталушыдан немесе шет мемлекеттен азаматтық талап бөлігінде үкімнің орындалуына кепілдік алынбаса; 4)сотталушыны халықаралық шартта көзделген жағдайларда беру туралы келісімге қол жеткізілмесе; 5)сотталушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері болса, бас тартылуы мүмкін (ҚР КДЖК 539-бап). ҚР ҚІЖК-нің 540-бабына сәйкес, шет мемлекеттің соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы, оның занды өкілі немесе жақын туған-туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органдары сотталушының келісімімен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталушының жазасын Қазақстан Республикасында өтеуі туралы өтініш жасай алады. Бұл сұрақты шешу мәселесіне сотталушының келісімі ескеріледі. Өтініш қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкімін атқару туралы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа сотталушының Қазақстан Республикасынан кеткенге дейін тұрақты тұрғылықты жері бойынша ұсыныс енгізеді. Сотталушының тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде ұсыныс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына енгізіледі. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынысын судья сот отырысында сотталушыны қатыстырмай үкімді атқаруға байланысты мәселелерді шешуге байланысты ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіп пен мерзімдерде қарайды. Шет мемлекет сотының үкімін атқару туралы судьяның қаулысында: 1)шет мемлекет сотының атауы, үкімнің шығарылған уақыты мен жері; 2)сотталушының Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері, оның жұмыс орны және сотталғанға дейінгі айналысқан кәсібі туралы мәліметтер; 3) азамат жасағанына кінәлі деп таныған қылмыстық саралануы және оның қандай қылмыстық заңның негізінде сотталғандығы; 4)сотталушының жасаған қылмысы үшін жауаптылық көздейтін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы; 5)жазаның (негізгі және қосымша) түрі мен мерзімі, сотталушы Қазақстан Республикасында өтеуі тиіс жазаның басталу және аяқталу мерзімі, қылмыстық түзеу мекемесінің түрі, қуыным бойынша залалды өтеудің тәртібі көрсетілуі тиіс. Сот істі қарағаннан кейін мына қаулылардың бірін қабылдайды. 1) прокурор ұсыныстарын қабыл алмау туралы; 2) шетел мемлекеті соты үкімін атқару туралы. Егер Қазақстан Республикасының заңы бойынша осы қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі шет мемлекет судьясы тағайындаған үкім бойынша тағайындалғаннан аз болса, судья осы қылмысты жасағаны үшін бас бостандығынан айырудың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген ең жоғары мерзімін белгілейді. Егер бас бостандығынан айыру жаза ретінде көзделмеген болса, судья Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген шекте осы қылмыс үшін және шет мемлекет сотының үкімі бойынша тағайындалғанға мейлінше сәйкес келетін жазаны айқындайды. Егер үкім екі немесе бірнеше әрекетке қатысты болса, Қазақстан Республикасында бәрі бірдей қылмыс деп танылмаса, судья шетел мемлекеті сотының үкімі бойынша қылмыс болып табылатын әрекетке жазаның қай бөлігі қолданылатындығын айқындайды. Судьянық қаулысы ол шығарылған күннен бастап күшіне енеді және орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жіберіледі. Шет мемлекеттің соты үкімнің күшін жойған немесе өзгерткен жағдайда не шет мемлекетінде шығарылған рақымшылық ету немесе кешірім жасау актісін жазасын Қазақстан Республикасында өтеп жүрген адамға қолданылған ретте қайта қаралған үкімді орындау, сондай-ақ рақымшылық етуді немесе кешірім жасауды қолдану мәселелері ҚР ҚІЖК-нің 541-бабы-ның ережелері бойынша шешіледі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Медициналық сиппатағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері. 2. Аталмыш санаттағы істер бойынша дәлелдеуге жататын мән-жайлар. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істер бойынша алдын-ала тергеу және соттық қарауды жүргізу ерекшеліктері. 3. Психикалық аурулармен ауыратын тұлғаларға қатысты қауіпсіздік шаралары. 4. Ата аналарының, қамқоршысының, асырып алушының қарамағына беру, арнайы медициналық мекемеге орналастыру. 5. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолдану туралы іс жүргізілетін тұлғаның құқықтары. 6. Қорғаушының, заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы. 7. Алдын ала тергеудің аяқталуы. 8. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешу үшін сотқа істі бағыттау туралы қаулының мазмұны мен нысаны. Осы санаттағы істер бойынша қысқартудың негіздері мен тәртібі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz