Файл қосу
Заң психологиясы пәнінің міндеттері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18.1.39/01-2014 | |ПОӘК | | | |«Заң психологиясы» пәнінің |16.06.2014жылғы | | |оқу-әдістемелік |№ 2 басылым | | |материалдары | | | 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған Заң психологиясы ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Курстық жұмыс 5 Студенттің өздік жұмысы 1. ГЛОССАРИЙ 1.1 Абстракция – заттың немесе құбылыстың белгілі бір сипаттары мен қасиеттерін неғұрлым тереңірек зерттеу мақсатында ойша бөліп алу. 1.2 Авторитарлық (биліктілік, бұйрықтылық)- адамның жеке тұлға ретінде өзге адамдарға демократиялық емес ықпал жасауға бейімділігін көрсететін мінездемесі. 1.3Агрессиялық (жаулық, өшпенділік)- адамның өзге адамдарға қатысты зиянын тигізуге, қолайсыздықтар туғызуға талпынған мінез-қылығы. 1.4Адамдардың топтағы сыйымдылығы – адамдардан әрекетті өзара жақсы түсіністік пен келісімділікте жасауды талап ететін және біріге қызмет ету мен міндеттерді бірлесе шеше алудан көрінетін қабілет. 1.5Адаптация – сезім органдарының өзіне әсер ететін стимулдардың неғұрлым жақсы қабылдануына бейімделіп, рецепторларды артық күш түсуден қорғауы. 1.6Акцентуация – адамның өзгелерден ерекше белгілі бір психологиялық қасиетін не белгісін бөліп көрсету. 1.7Алаңдаушылық – адамның түрлі әлеуметтік жағдайлардағы жоғары қозу, мазасыздану, қорқынышты сезіну және алаңдау қалпына ие болу қасиеті. 1.8Альтруизм – адамды өзге адамдарға ақысыз көмек көрсетуге итермелейтін мінездік сипат. 1.9Амнезия – естің (жадтың) бұзылуы. Ретроградты амнезия – аурудың алдындағы болған оқиғаларға қатысты естің бұзылуы. Антероградная амнезия – ауру басталғаннан кейінгі болған оқиғаларға байланысты естің бұзылуы. Қорғаушы амнезия – соққы әкелетін оқиғаларды естен шығару, ұмыту. 1.10Аморальдылық – қоғамның моральдық негіздерін қабылдамау, адамгершілік ережелерге нигилистік қатынас, жеке адам мен әлеуметтік топтардың рухани құлауы. Аморальдылықтың шеткі көріну нысанына цинизм – қоғамның барлық мәдениетіне, оның рухани құндылықтарына деген жеккөрушілік қатынас пен әлеуметтік негіздер мен мұраттарды мазақ ету жатады. 1.11Апатия – немқұрайдылықтың, селқостықтың психологиялық қалпы. Түрткілер мен мүдделердің әлсіздігі, айнала қоршаған шындықтың оқиғаларына деген немқұрайдылық,көңіл-күй селқостығы. 1.12Астения – жоғары шаршау мен тітіркенгіштіктен көрінетін жүйке- психикалық әлсіздігі. 1.13Аутизм – адамның қалыпты ойлау барысының ауыруға, психотроптық дәрілерге немесе ойлау логикасының дамымауына байланысты бұзылуы. Өзіндік реттелудің төмен мүмкіндігі, адамның арман мен қиял әлеміне жиі кетіп қалуы тән. 1.14Ауытқушы (девиантты) мінез – қылық – қоғамдағы қалыптасқан адамгершілік және құқықтық ережелерді бұзушы мінез – қылық. 1.15Аффект - қысқа мерзімдік күшті эмоциялық қозудың қалпы. Аффектілік әрекет – субъектінің белгілі бір эмоциялық қалпымен басқарылатын және бағытталатын әрекет (ерлік, сүйіспеншілік, жеккөрушілік, қанаттану, кекшілдік, махаббат және т.б.). 1.16Әлеуметтік – психологиялық климат – бірлескен әрекет нәтижелеріне әсер ететін және топтың даму деңгейіне тәуелді жеке бас аралық қатынастардың сапасы. 1.17Әлеуметтік адаптация – даралықтың әлеуметтік орта жағдайларына бейімделуі. Әлеуметтік адаптацияның екі типі бар: 1) ортаға белсенді ықпал ету; 2) әлеуметтік ортаның ққұндылық бағдарлары мен мақсаттарын сылбыр, келісе салушылықпен қабылдау. Әлеуметтік адаптация даралықтың әртүрлі әлеуметтік байланыстарды қабылдауымен байланысты. Әлеуметтік адаптацияның бұзылуларына ортаға жат мінез-қылық, маскүнемдік пен есірткіге әуестік маргинальдық жатады. 1.18Әлеуметтік перцепция – адамдардың әлеуметтік объектілерді (өзге адамдарды, өзін өзі, әлеуметтік топтарды) қабылдауының, түсінуінің және бағалауының ерекшеліктері. 1.19Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік өзара әрекет жағдайларындағы мінез – қылығы мен іс - әрекетінің заңдылықтарын, ұйымдасқан және ұйымдаспаған әлеуметтік қауымдардағы өмір әрекетінің психологиялық өзгешеліктерін зерттейтін психология пәнінің саласы. 1.20Әлеуметтік рөл – қоғамда белгілі дәрежеге ие адамға тән әрекеттерді сипаттайтын мінез - қылық ережелері мен нысандарының жиынтығы. 1.21Әлеуметтік топ – әлеуметтік ережелер мен әлеуметтік – топтық қадағалаудың негізінде қызмет жасайтын жалпы мүдделерімен, мақсаттарымен және құнды бағдарларымен біріккен адамдардың бірлестігі. 1.22Әлеуметтік топ – белгілі психологиялық немесе әлеуметтік – демографиялық белгілеріне байланысты бірлескен адамдардың тобы. 1.23Әлеуметік қажеттіліктер – адамдардың бір - бірімен араласуымен және қоғамдағы бірлескен өмірімен тікелей байланысты қажетіліктері. 1.24Бағдар – сол жеке басқа тән жағдайлардағы бекіген стериотиптік әрекеттерді орындауға даярлық. 1.25Бақылау – тікелей сезім органдары арқылы қажетті мәліметті алуға негізделген психологиялық зерттеудің әдісі. 1.26Бәсекелестік – адамның өзге адамдармен жарысуға, олардан озып кетуге, жеңуге деген тілегі мен талпынысы. 1.27Вербальдық – адамның дыбыстық сөзіне қатысты. 1.28Галлюцинациялар – адам ауырған кезде пайда болып көрінетін өмірде жоқ қияли бейнелердің елестері. 1.29Генотип – адамның өз ата тегінен тұқым қуалаушылық арқылы алатын барлық гендерінің жиынтығы немесе белгілі бір сапалары. 1.30Гипноз – нандыру арқылы адамның санасын уақытша ажырату, өзінің мінез – қылығын еріктік қадағалаудан азат ету. 1.31Дағдарыс (кризис) – адамның өзіне, өзінің жетістіктеріне және айналасындағылармен қарым қатынасына көңілі толмауына байланысты туындайтын рухани реніш қалпы. 1.32Дағды - көп қайтара қайталаудың (жаттығудың) негізінде қалыптасқан, әрекеттің элементтерін саналы қадағалауды азайтуымен сипатталатын жартылай автоматтандырылған қимыл. 1.33Даңққұмарлық – адамның айналасындағылардың алдында беделін көтеру мен танымға ие болуына қажетті табыстарға талпынуы. 1.34Даралық – туа біткен өзіндік сипаттарға ие (нышандарға, еліктеулерге, эмоциялық ерекшеліктерге) табиғи тіршілік иесі ретіндегі адам, жеке адамның психофизиологиялық сапасы. 1.35Деперсонализация (жеке басын жоғалту) – адамның өзін қайталанбас даралық ретінде сипаттайтын жоғары психологиялық және мінез – қылықтық сапаларын уақытша жоғалтуы. 1.36Депрессия – адамның белсенділігін төмендететін рухани күйзелу мен ұнжырғасы түсу жағдайы. 1.37Дисфория – ашулану, ызалану, жаулық әрекеттерге даярлықтан көрінетін теріс эмоциялық қалып. 1.38Доминанта – мінез-қылыққа белгілі бағыттылықты беретін орталық жүйке жүйесіндегі жетекші қозу ошағы. 1.39Еліктеу – адамның өзге адамдардың іс - әрекеті мен қылықтарын саналы түрде немесе санадан тыс қайта жаңғыртуы, қайталап жасауы. 1.40Еліктеу – аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыратын және мүдделері мен ниеттерінің қалыптасуына ықпал етуші белгілі бір объектілерге байланысты туатын саналы бағыттылық. 1.41Ерік – адамның өз психикасы мен мінез – қылығын саналы басқара алу қабілеті. 1.42Ес (жад) – адамның алуан түрлі мәліметтерді есте ұстауы, сақтауы, қайта жаңғыртуы мен тануы. 1.43Жақтырмаушылық (негативизм) - өзге адамдардың талаптары мен тосуларына қарсы жасалатын ниеттендірілмеген әрекет болмаса өзін өзі жалған нығайтудың тәсілі; дағдарыс жас кезеңдерінде жиі пайда болады. 1.44Жалғандық –белгілі бір пайда көру үшін дұрыс емес әсерлерді жасау арқылы ақиқатты саналы түрде жүйелі бұзу. 1.45Жалғыздық – алаңдаушылық пен депрессиядан көзге түсетін әлеуметтік – қатынастық шеттеу жағдайындағы даралықтың психикалық қалпы. 1.46Жанжал (конфликт) – өзара бірлесіп әрекет жасаушы субъектілердің қарама қайшы мүдделері, мақсаттары, тілектері мен тұрақтарының соқтығысуы. Жанжал бір жақ екінші жақтың мүддесіне зиян келтіретін әрекеттер жасайтын инциденттен басталады. 1.47Жауаптылық – жеке бастың мінез-қылығының әлеуметтік қадағалауға көніп, әлеуметтік-ережелік талаптарға, парызға және міндеттерге сәйкес келуі. 1.48Жедел ес (жад) – міндетті шешуге, әрекетті болмаса операцияны орындауға керекті уақытқа ғана мәліметті сақтау үшін қажетті естің түрі. 1.49Жеке адамның өзіндік анықталуы – адамның өзінің өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, адамгершілік ережелерін, кәсібі мен өмір жағдайларын таңдауы. 1.50Жеке бас (адам) - әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі даралық, адамның әлеуметтік маңызды сапаларының жүйесі, әлеуметтенуінің нәтижесі. 1.51Жеке бас аралық қабылдау – адамды көріп қабылдаудың барысындағы түсіну, талдау және бағалау (алғашқы әсер). 1.52Жеке бас аралық өзара әрекет – екі немесе одан көп адамдардың арасындағы олардың мінез – қылығына, іс - әрекетіне, көзқарастары мен бағдарларына, өзара байланысты әрекеттер жүйесіне өзгерістер енгізетін дара байланыс. Нәтижесінде қатысушылардың әрқайсысының мінез – қылығы әрі құптаушы түрткі, әрі жауап реакциясы түрінде көзге түседі. 1.53Жеке бастың сипаты - жеке басқа тән мінез - қылық пен ойлауды көрсететін жеке адамның тұрақты қасиеті. 1.54Жұғу – адамнан адамға белгілі бір эмоциялардың, қалыптардың, түрткілердің санадан тыс берілуін бейнелейтін психологиялық термин. 1.55Жүйке жүйесінің күші – орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттілігінің шегі. 1.56Идентификация – бір нәрсені болмаса біреуді танудың, объектіні бұрынғы қалыптасқан бейнемен салыстырудың процессі. 1.57Инстинкт – негізгі тітіркендіргіштердің әсерінен оянатын туа берілген мінез – қылық комплекстерінің жиынтығы. 1.58Интеллект – адамның ақыл – ой қабілеттіліктерінің жиынтығы. 1.59Интуиция – танымдық алдын ала сезіну, шындыққа алдын ала талдамай – ақ кенеттен көз жеткізу, танымдық әрекеттің белгілі бір бағытында жоғары жалпылау тәсілдерінің нәтижесі. 1.60Инфантилизм – ересек адамда балалық мінез – қылықтың өзгешеліктерінің сақталуы және көрінуінен, өзіндік сынның төмендігінен, эгоценризмнен, өзге адамдардың өзіне қамқорлық жасауына деген жоғары талаптар қоюдан көрінеді. 1.61Катарсис – тазару. Адамда күшті эмоциялық күй кешулерден кейін туындайтын рухани жеңілдікті бейнелейтін психологиялық термин. Коммуникация - әлеуметтік өзара әрекеттің мәндік жағы. Адамдардың бір бірімен араласуы, хабар алмасуы және өзара әрекеттесуі. 1.62Конфабуляция – жалған еске алулар. 1.63Конформдылық – даралықтың топтың ықпалына өзінің ішкі көзқарасын сақтай отырып көнуге бейімділігі. 1.64Көңіл-күй – ұзақ уақыт аралығына созылатын және адамның жалпы тонусын анықтап, айқын көзге түсе бермейтін эмоциялық қалып. 1.65Көсем (лидер) – топтың өзінің бір мүшесінің белгілі жағдайларда шешім қабылдауға артықшылығын тануы. 1.66Көсемдік (лидерство) – жеке бас аралық қатынастардағы жетекшілік, басымдық. 1.67Көсемдіктің стилі – көсемнің өзіне тәуелді адамдарға ықпал жасау үшін қолданатын тәсілдері мен құралдары. 1.68Қабылдаудың заттылығы – адам қабылдауының ортаны жекелеген түйсіктер түрінде емес тұтас бейнелер нысанында көріп елестете алу қасиеті. 1.69Қабілеттер – адамның білімді, іскерлікті және дағдыларды игеруіне және іс -әрекеттің әртүрлі түрлерін орындаудың сәттілігі үшін қажетті дара ерекшеліктері. 1.70Қадір-қасиет – адамның өз-өзіне және қоғамның оған деген қатынасы көрініп, жеке бастың құндылығы, өзіндік санасының және қадағалауының негіздері танылатын қатынас. 1.71Қажеттілік – адамның қалыпты өмір сүруі үшін керекті бір нәрсеге деген мұқтаждығы. 1.72Қалыпты сана – сол әлеуметтік қоғамға тән болып келетін жетекші танымдық білімдер мен көзқарастардың жиынтығы. 1.73Қол қимылы (жест) – адамның ішкі қалыбын немесе оның сыртқы дүниедегі белгілі бір затты көрсетуші қимылы. 1.74Қорқыныш – даралықтың биологиялық немесе әлеуметтік қолайлы жағдайларына қауіп төнуіне байланысты туатын аса жағымсыз эмоция. 1.75Құндылықтар – адамның өмірдегі ерекше бағалайтын және үнемі ұмтылатын жағдайлары. 1.76Қылық – адамның адамгершілік негізімен байланысты саналы мінез – қылық актысы. 1.77Мағыналық кедергі – адамдардың бір құбылысқа түрліше мән беруіне байланысты өзара ұғыныспауы. 1.78Мимика – адамның қабылдаған, елестеткен, ойлаған, еске түсірген жағдайларына деген қатынасын немесе қалпын көрсететін бет мүшелерінің қимыл – қозғалысы. 1.79Мораль – мәдениетті адамның қоғамдағы мінез – қылығының ережелері, шектері мен қағидалары. 1.80Міндет – бастапқы шарттарды өзгерте отырып қол жеткізуге мүмкін болатын әрекеттің мақсаты. Міндеттің құрамына талап (мақсат), шарт (белгілі) және сұрақпен түйінделетін белгісіз кіреді. 1.81Мінез – жеке бастың тұрақты құндық – бағдарлық және мінез - қылықтық сапаларының жиынтығы. 1.82Мінез-қылық – психикалық және қимыл - қозғалыс белсенділігі арқылы тірі тіршілік иелерінің тән ортаға бейімделуші өзара әрекеттері. 1.83Нанғыштық (иланғыштық) – адамның өзіне деген сенімсіздігіне, өзін төмен бағалауына, ұялшақтығына, сенгіштігіне, қауіптену деңгейінің жоғарылығына байланысты ықпал етуші әсерді бастан өткізуге және көнуге деген субъективті даярлығы. 1.84Нандыру (иландыру) – даралықтың психикасына оның өз еркінен тыс ену болмаса адам психикасына оның саналылығының, сындарлылығының төмендеу жағдайында әсер ету процессі. 1.85Ниет (мотив) – белгілі әрекетті жасаудың, жүзеге асырудың себебін, мәнін, қажеттілігін түсіну, мінез – қылықтың өздігінен детерминделуінің факторы. 1.86Ниеттену (мотивация) – даралықтың жетістікке ұмтылуы мен сәтсіздіктен қашу қажеттілігінің көрінуі, іс - әрекеттің белгілі түрлеріндегі сәттіліктің мүмкіндігіне деген субъективті бағасы; ағзаның белгілі бір бағыттағы белсенділігін туғызатын түрткілер (тамақтану, жыныстық, қорғанушы, жауығу және де басқа ниеттенулер). 1.87Ой қортындысы - бірнеше тұжырым – алғы шарттардан логикалық түйін шығарудың процессі. 1.88Ойлау – жаңа білімді ашумен,міндеттерді шешумен және шындықты шығармашылықпен өзгертумен байланысты танымдық процесс. 1.89Операция – алғышарттармен байланыстырылған әрекеттерді орындаудың жолдары, тәсілдері. 1.90Өзіндік сана – адамның өзін өзі және өзінің ерекшеліктерін танып білуі, саналауы. 1.91Пантомимика – адамның мәнерлі дене қимылдарының жүйесі. 1.92Парыз – адамдардың барлығына қатысты әлеуметтік талаптарды белгілі бір жағдайда даралықтың жеке міндетіне айналдыру. 1.93Персерверация – аса қатты шаршау жағдайында туатын кейбір ойлардың, күй кешулердің, көзқарастардың үнемі қайталанып келе беруі. 1.94Перцептивтілік – қабылдауға қатысты құбылыс. 1.95Профессиография – дарлықтың белгілі мамандыққа қатысты психофизиологиялық және психикалық сапаларына қойылатын талаптардың жүйесін сипаттайтын кәсіби психодиагностиканың негізі. 1.96Психикалық денсаулық – даралықтың өзін лайықты психикалық қадағалауын қамтамасыз ететін қолайлы психикалық қалып. 1.97Психология – психиканың дамуы мен қызметінің жалпы заңдылықтары және олардың көрінулерінің дара – типтік ерекшеліктері, адамның ортамен өзара қарым – қатынасының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. 1.98Психологиялық кедергі – адамға ойлауға және өзін адамдар ортасында дұрыс ұстауға кедергі келтіретін ішкі бөгет. Іскерлік және жеке бастық қатынастар жүйесінде жиі туындап, адамдар арасындағы ашықтық пен сенімге негізделген қатынастарды орнатуға кедергі жасайды. 1.99Реакция – ағзаның қандай да бір тітіркендіргішке беретін жауабы. 1.100Референттік топ – даралық үшін жағымды мінез – қылық ережелерінің және шектерінің, көзқарастардың, пікірлердің, қылықтардың шығу көзі болып табылатын адамдар тобы. 1.101Рефлекс – ағзаның кез келген ішкі немесе сыртқы стимулдың әрекетіне беретін автоматты жауап реакциясы. 1.102Рефлексия - адам санасының өзіне көңіл бөлуге және өзін өзі танып білуге деген қабілеттілігі. 1.103Руханилық – жоғары материалдық емес құндылықтардың жүйесі, адамның осы құндылықтарды игеру арқылы өзін өзі жүзеге асыруы. 1.104Сана – адамның шындықты қабылдауы мен мағыналауының ұғымдар мен жалпылама бейнелер түрінде көрінетін жоғарғы дәрежесі. 1.105Санадан тыстық – адамның санасынан тыс жатқан психологиялық қасиеттері, процесстері мен қалыптарының сипаттамасы. 1.106Сандырақтау – адам психикасының галлюцинациялар, қияли бейнелер, елестер және т.б. көруімен байланысты қалыптан тыс ауыру жағдайы. 1.107Сезім – адамның белгілі бір әлеуметтік объектілерге: адамға, оқиғаларға, заттарға байланысты көрінетін жоғары мәдени эмоциясы. 1.108Сензитивтілік - әлсіздігіне байланысты бір бірінен сәл ғана айрықшаланатын стимулдарды дәл қабылдап, ажырата алудан және таңдамалы түрде көңіл аудару қабілетінен көрінетін адамның сезім органдарының сезгіштігі. 1.109Сенсибилизация – белгілі тітіркендіргіштердің әсеріне байланысты адамның сезім органдарының сезгіштігінің артуы. 1.110Сенімділік – адамның өзінің дұрыстығын лайықты дәлелдер, фактылармен бекіте алуына деген сенімділігі. 1.111Сөз – адамның хабарларды, мәліметтерді елестету, өңдеу, сақтау және беру үшін қолданатын дыбыстық сигналдары, жазбаша таңбалары мен символдарының жүйесі. 1.112Статус – адамның топтық қатынастар жүйесіндегі орны. 1.114Стресс – адамның қалыптасқан жағдайда саналы және мақсатты әрекет жасауға қабілетсіздігімен байланысты жан дүниесінің эмоциялық бұзылу қалпы. 1.115Тану - бұл көрсетілген обьектіні бұрынғы қалыптасқан белгілі бір категорияға немесе классқа апару, объектінің осы бейнесін есте сақталған бейнемен салыстыру процессінің нәтижесі. 1.116Тежелушілік – адамның психикалық процесстері мен реакцияларының қалыпты жағдайдағы қызмет деңгейінен баяулауы. 1.117Темперамент – адмның психикалық процесстері мен мінез – қылығының динамикалық сипаттарының жиынтығы. 1.118Тобыр (толпа) – өзара сананың жалпы бағыттылығымен ғана байланысқан құрылымсыз, әлеуметтік тұрғыда ұйымдаспаған адамдар көпшілігі. 1.119Түсіну – белгілі бір құбылыстың мәні мен маңызын ұғыну. 1.120Тітіркенгіштік – тірі ағзалардың сыртқы ортаның өмір үшін маңызды ықпалдарының нәтижесінде қозу қалпына келуі. 1.121Уайымдау (переживание) - адамның өзін өзге адамдармен ұқсастыра отырып, солар сияқты сезімдер мен күйлерді кеше алу қабілеті. 1.122Ұғым – белгілі бір объектіні, оқиғаны немесе құбылысты бейне түрінде жаңғырта алудың процессі мен нәтижесі. 1.123Ұжым (коллектив) – қарым – қатынастары биік адамгершілік негізде жүзеге асатын жоғары дамыған шағын топ. 1.124Ұмыту – бұрынғы әсерлердің іздерін жоғалтумен және қайта жаңғыртудың мүмкін еместігімен байланысты естің процессі. 1.125Ұмытшақтық – зейінді объектіге шоғырландыра алу қабілетінің болмауы. 1.126Ұстамдылық – адамның өмірдің күрделі жағдайларындағы тыныштық сақтап, саналы да өлшемді әрекет жасай алу қабілеті. 1.127Ұялу - әлеуметтенген жеке адамда өзінің мінез - кылығының әлеуметтік нормаларға сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болатын және даралықтың өзі сезініп күйзелетін, өзін - өзі кінәлауынан көрінетін эмоциялық қалып. 1.128Ұят – жеке адамның адамгершілік қадағалауды жүзеге асыра алу қабілеті. 1.129Үлкен әлеуметтік топ – белгілі бір әлеуметтік – демографиялық белгілерінің (жынысы, жасы, ұлты, партиялылығы, кәсібилігі, әлеуметтік және экономикалық жағдайы, т.б.) негізіне байланысты пайда болатын саны жағынан көп адамдардың бірлестігі. 1.130Үрей – көптеген адамдарда бір мезгілде қорқыныш, мазасыздану сезімінің пайда болуының нәтижесінде тәртіпсіз, хаостық қимылдарға, ойланбаған әрекеттерге әкелетін құбылыс. 1.131Фанатизм - адамның бір нәрсеге шамадан тыс еліктеуінің нәтижесінде өзінің мінез - қылығын қадағалауының төмендігінен, еліктеу объектісі туралы пікірлерінің сындарсыздығынан көрінеді. 1.132Флегматик - адамның темпераментінің типі ретінде төмен қозғалғыштықпен, қимылдарының баяу ырғағымен, нашар дамыған экспрессиясымен сипатталады. 1.133Фрустрация – аданың өзінің сәтсіздіктерін терең сезінуі, үміттерінің қирауы мен тұйқтыққа тірелу сезімдерінен көзге түседі. Фрустрацияға, қиыншылықтарға деген табандылықты толеранттылық деп атаймыз. 1.134Холерик – адамның темперамент типі ретіндде жоғары қозғыштығымен, ұстамсыздығымен, қимылдарының жылдамдығымен және көңіл - күйінің айқындылығымен сипатталады. 1.135Шағын әлеуметтік топ – бір бірімен тікелей араласатын және ортақ әрекетпен айналысатын, саны жағынан 2 – 3–тен 20 – 30 адамға дейін адамдар кіретін топ. 1.136Шеттеу, шет қалу – даралықтың шындық ортаға өзін қарсы қоюы, негізгі әлеуметтік құндылықтарды танымау – мінез – қылықтың қылмыстылыққа айналуының негізгі алғышарттарының бірі болып табылады. 1.137Шешімділік – белгілі бір қылықты жасауға деген нақты ой арқылы әрекетке көшуге даярлық. 1.138Ықпал - даралықтың болмаса әлеуметтік топтың өзге адамдардың мінез – қылығы, бағдарлары мен бағалауларына, позицияларына әсер етуінің процессі және оның нәтижесі. 1.139Ынта (намерение) - бір нәрсені жасауға деген саналы тілек, шешімділік, даярлық. 1.140Ынтымақтастық – адамдардың бірлескен әрекетке, қолдау мен көмек көрсетуге деген әзірлігі мен талпынысы. 1.141Іскерлік – белгілі әрекеттерді жақсы сапада орындауы және осы әрекеттер құрамына кіретін іс - әрекеттерді сәтті орындау қабілеті. 1.142Эгоцентризм – адамның санасы мен зейінінің тек өзіне ғана шоғырланып, айналасындағы оқиғалар мен адамдарға көңіл аудармауы. 1.143Эйдетикалық ес – бейнелерге, оларды ұзақ сақтау мен қайта жаңғыра алуға байланысты көрінетін көру есі. 1.144Экспрессия – сезімдердің сыртқы көрінулерінің мәнерлілігі мен күші (мимика, пантомимика, дауыс ырғағы және жесттар). 1.145Экстраверсия – интроверсия – жеке бастың сыртқы объектілер әлеміне болмаса өзінің субъективті әлемінің құбылыстарына бағыттылығына тәуелді дара - психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамасы. 1.146Эмоциялар – адам ағзасының жалпы қалпына және оның негізгі қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты пайда болатын күй кешулер. 1.147Эмоциялылық – адамның жеке бас ретіндегі әртүрлі эмоциялар мен сезімдерінің пайда болу жиілігінен көзге түсетін сипаттамасы. 1.148Эмпатия - өзге адамның эмоциялық қалпын жете түсіне алу қабілеті. Эмпатияның болмауы аяусыз зорлық қылмыстардың жасалуының негізгі алғышарттарының бірі. 2. ДӘРІСТЕР ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету Міндеттері: - Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру; - Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту; - Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету. Дәріс - жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі. Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: - Сабаққа кешікпеңіз; - Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз. - Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз. Тақырып № 1. Заң психологиясы пәні, міндеттері мен жүйесі. Заң психологиясы пәнінің міндеттері. Психологиялық білімдердің құқықтық шығармашылық, құқық қолдану және құқық қорғау әрекеттерінің тиімділігін арттырудағы маңызы. Заң психологиясының қағидалары мен әдістері. Заң психологиясының күрделі де көпжақты курсы болашақ заңгерлерді құқықтық реттеудің әлеуметтік-құқықтық мәнін түсіне білуге, құқықтық реттелетін қатынастар саласындағы адамдардың міне-қылығының психологиялық ерекшеліктерін тани білуді қамтамасыз етуге арналған. Құқықтық реттеу әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық заңдылықтармен тікелей байланысты. Құқықтық білімді адам мінез-қылығының психологиясы туралы біліммен байланыстыра отырып қана сіз білгір маман бола аласыз. ХХ ғасырдың соңында дербес білім саласы ретінде пайда бола отырып, бүгінде заң психологиясы заңгерлік білім берудің құрамды бөлігіне айналды, сөйтіп «адамдар факторына» негізделген құқықтың барлық салаларын қамтыды. Заң психологиясының өзге ғылымдар сияқты өзіндік зерттеу пәні бар. Заң психологиясы – психологиялық заңдылықтар мен психологиялық білімдердің заңгерлік әрекет пен құқықтық реттеудің барысындағы көрінуі мен қолданылуын зерттейді. Заң психологиясы сонымен қатар психологиялық факторларды есепке ала отырып, құқық шығарушы, құқық қолданушы, құқық қорғаушы және пенитенциарлық іс-әрекеттердің тиімділігін арттырудың мәселелерін де зерттеп қарастырады. Заң психологиясы – бұл жеке адамның және оның іс-әрекетінің құқықтық реттеу жағдайларындағы түрліше аспектілерін зерттейтін ғылым. Заң психологиясы өзінің зерттеу жұмыстарының барысында мынадай әдістерді қолданады: Құрылымдық талдау әдісі – зерттелініп отырған құбылыстың құрылымдық- қызметтік тәуелділігін анықтауға бағытталған. Құрылымдық-генетикалық талдау әдісі – зерттелінуші объектінің пайда болуы мен дамуын және оның өмір сүруінің даму ерекшеліктеріне тәуелділігін анықтауда қолданылады. Сандық және сапалық талдау әдісі – бұл зерттелінуші құбылыстың факторлары мен сандық көрсеткіштері. Табиғи эксперимент әдісі – зерттелінуші адамдар эксперимент жағдайын нақты оқиға ретінде қабылдайды. Әңгімелесу әдісі – зерттелінуші адаммен сенімдік қатынас. Бұл жағдайда жанама сұрақтар қойылып, бағыттаушы сұрақтарға тиым салынады. Азаматтық және қылмыстық істерді, тергеу және сот қателіктерін зерттеу әдісі – бұл заң психологиясының көмекші әдістерінің бірі. Өмірбаяндық әдіс - өмірбаян деректерін табу мен анықтауға бағытталған және генетикалық зерттеу әдісінің бір түрі болып табылады. Тәуелсіз мінездемелерді салыстыру әдісі – қызметтік немесе басқа да мінездемелерді ала отырып, солардың негізінде жеке бас туралы тұжырымдар жасауға қолданылады. Сот-психологиялық сараптамасы – қылмыстық іс бойынша өтіп отырған адамдардың ақыл-есінің дұрыстығын анықтайды. Ол жоғары біліктілігі бар мамандардың қатысуымен жүзеге асады. Заң психологиясына тән әдістің бірі бұл – жеке жағдайды зерттеу (монография) әдісі - әлеуметтік-психологиялық құбылыстардың көрнекті бір өкілін алып, соның негізінде типтік ерекшеліктерді анықтау жүзеге асырылады. Тақырып № 2. Заң психологиясының даму тарихы Заң психологиясының ғылыми білімдер жүйесіндегі орны. Заң психологиясы және жалпы психология. Заң психологиясы және заң ғылымдары. Заң психологиясының тарихы. Заң психологиясының дамуы құқықтық психологияның, көзқарастың даму тарихымен байланыста жүзеге асады. Құқықтың, заңның пайда болуымен бірге адамдардың заңға, құқыққа, заңдылыққа деген көзқарастарының, ойларының, қатынастарыныңдамуы жүріп, әділеттілік пен құқықтылық туралы жалпы адамзаттық түсініктер қалыптасты. Құқықтың мәні мен құқықтық сананы теориялық пайымдаулардың негізін ежелгі грек философтары салған. Сол кездің өзінде заңның тиімділігі адамдардың мінез-қылығының табиғи (психологиялық) заңдарымен байланыстырылды. Адамның мінез-қылығының табиғаты туралы б.э.д. 469-399 жылдарда өмір сүрген Сократ еңбектерінде айтылып, оның әділдік пен заңдылықтың үйлесімділігі үшін керектігі туралы ойлары Платон мен Аристотельдің еңбектерінде жалғасты. Алайда ортағасырлар дәуіріндегі шексіз монархиялық биліктің қалыптасуының нәтижесінде құқықты этатикалық (etat – мемлекет деген француз сөзі) тұрғыдан ұғыну, оны мемлекеттік билікке теңеу қалыптасты. Билеушілер көп болған жағдайда өз басының билігін мүмкіндігінше неғұрлым күшті монархқа беріп, одан өмірі мен мүлкіне қорғаныш алу дұрыс деп есептелінді. Бодандардың мінез-қылығына байланысты қатаң шектер пайда болып, олардың өмірі мен әрекет белсенділігі бақылауға (цензура) алынды. Профессор Г.Г.Досполовтың “Психология показания свидетелей и потерпевших” (1975 жыл), “Психология допроса в предварительном следствии” (1976 жыл), “Психология допроса в уголовном процессе” (1996 жыл) деген еңбектерін атап өтуге болады. Жақын арада осы автордың “Психология предварительного расследования” (2000 жыл) деген еңбегі шықты. Автор бұл еңбегінде тергеу қызметкерінің психологиясына кеңірек тоқталған. Сонымен қатар 1984 жылы Е.К.Нұрпейісовтың “Психология правомерного поведения” және “Оптимизация предварительного следствия” деген кітаптары жарық көріп, онда қылмысты ашу процессінің күрделі жүйелік категориялары талданылған. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан профессор У.С.Жекебаевтың “О социально – психологических аспектах преступного поведения” (1971 жыл), “Преступность как криминологическая проблема” (1974 жыл), “Мотивация преступления в уголовной ответственности” (1987 жыл) деген еңбектері бар. Тақырып № 3. Жеке адам психологиясы. Жеке адам туралы түсінік. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адамның биологиялық шарттастырылған құрылымы. Темперамент. Жеке адамның жас ерекшелік және жыныстық қасиеттері. Жеке адамның психологиялық процестері мен қалыптарының дара қасиеттері. Түйсік, қабылдау, ес (жад), ойлау, эмоциялар мен сезімдер, зейін, ерік және т.б. Жалпы алғанда адамның жеке басы биогендік, социогендік және психогендік элементтердің тұтас жиынтығы. Жеке бастыңы биологиялық негізі нерв жүйесін, бездер жүйесін, зат алмасу процесстерін, жыныстың айырмашылықтарды анатомиялық ерекшеліктерді, организмін жетілу жіне даму процестерін қамтиды. Қазіргі заманғы психологияда адамның жеке басы туралы бірыңғай тұтас түсінік жоқ. Әрбір бағыттың өкілдері әр-түрлі құрылымда зерттеп қарастыру үстінде. Дегенмен де, зерттеушіледің көпшілігі “жеке адам болмаса жеке бас дегеніміз адамның өмір бойына қалыптасып, оның ойлау стилін, сезімдерін және мінез- қылығын анықтайтын, өзіндік дара сипаттарының жиынтығы. Жеке бастың негізінде оның құрылымы яғни неғұрлым тұрақты компоненттарының (жақтарының) байланысы мен өзара әрекет жатыр. Олар қабілеттері, темпераменті, мінезі, еріктік, сапалары сезімдері мен ниеттері және бағыттылығы мен табандылығы. Жеке адам түсінігінің анықтамасына, мазмұнына байланысты біртұтас көзқарас жоқ. Мысалы: С.Л. Рубинштейн “жеке адам – бұл сыртқы ықпалдар өзгертіп отыратын ішкі жағдайлардың жиынтығы” десе, А.Н. Леонтьев “жеке адам – іс әрекеттің субьектісі” – дейді, ал А.Г. Ковалев: “жеке адам - ол қоғамдық қатынастардың субьектісі және обьектісі” деген анықтама береді. К.К. Платонов “жеке адамды сананың иесі ретіндегі адам» қылса, К. Маркс “... ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы“ деген мағына береді. Ол бойынша жеке адам қоғамдық тарихи дамудың жемісі және де белсенді субьектісі болып табылады. Жеке адамның психологиялық ерекшеліктері оның нені қалап, неден қашқақтайтындығынан, өмірде алған қойған міндеттерін шешуге бағытталған саналылығы, ұйымшылдығы, белсенділігі және түпкілікті нәтижесінің дәрежесінен көзге түседі. Адамның психикалық құрылымын қарастырғанда оның психикалық қасиеттерін, процестер мен қалыптарын ұмыт қалдыруға болмайды. Психикалық процестердің негізінде оны реттеп отыратын психикалық қасиеттердің жүйесі құралады. Жеке адамның психикалық қасиеттері – дегеніміз бұл даралық үшін тән психикалық іс-әрекет пен мінез-қылықтың белгілі сандық – сапалық денгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылымдар. Адамның ниеттерін танып білу оның моральдық- психологиялық мәнін түсіну үшін аса маңызды. Мысалы: біреу жұмысқа қажеттілік ретінде ықтиярлы мұқият қараса, келесілері – парыз ретінде, үшіншілері - мансап билікке қол жеткізу мүддесінде қарайды. Тақырып № 4. Әлеуметтік топтардың психологиясы. Әлеуметтік топтар туралы түсінік. Жеке адамның қалыптасуы мен мінез - қылығының өзгеруіндегі топтардың маңызы. Топтық мінез - қылық ережелері мен топтық құндылықтар. Ішкі істер органдары қызметкерінің жұмысында топтар мен ұжымдардың психологиясын есепке алу. Топтық әлеуметтік - психологиялық құбылыстардың қасиеттері мен дара психологиялық құбылыстардан айырмашылығы. Топтық динамика деп топтың рольдік құрылымының, басшылары мен көсемдерінің, ортақ құндылықтарының, мінез – қылық ережелері мен шектерінің жасалуы және соларды орындаудан бас тартқандығы үшін салынатын тиымдар (санкция) арқылы топ мүшелерінің мінез – қылығын реттеп отыруды, біріктіру мен жарастыруды, өзара жанжалды әрекеттерді айтамыз. Осы аталған жағдайлар топтың өмір сүруі барысындағы өзгерістер мен дамуды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-психологиялық климат – бұл топ мүшелерінің бірлескен әрекет пен топ ішіндегі өмірінің түрлі факторларына деген қанағаттанушылық дәрәжесін бейнелейтін топтық эмоциялық-психологиялық қалыптың жиынтығы. Тақырып № 5. Ұжымнан тыс мінез-қылық. Ұжымннан тыс мінез-қылық туралы түсінік және оның психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын факторлар. Ұжымннан тыс мінез-қылықтың субъектілері және олардың психологиялық мінездемелері. Қоғамға жат мінез- қылықтың тууындағы топтық факторлар. Қылмыскердің жеке басы қылмыстық мінез - қылық механизміндегі басты буынның бірі болып табылатындықтан оның ерекшеліктерін жан - жақты есепке алу, ескеру, алдын ала жүргізетін жұмыс шараларының сәттілігіне ықпалын тигізеді. Алайда жеке адам психология ғылымының зеттеу обьектісі болғандықтан, адамның қылмыстық әрекетінің жасалу себептерін және механизімін түсіндіру осы пәнге жүктеледі. Мұндай әрекетердің психологиялық астары оны түсінудің негізі болады. Бұл өзге де әлеуметтік, биологиялық, адамгершілік т.б. қылмыстық факторлардың ролін төмендету емес, өйткені олардың әрқайсысы тікелей қылмыс жасауды туғызбайды, тек психика арқылы бейнелейтін өте отырып психологиялық статусқа ие болады. Осыдан соң ғана олар жеке бастың ерекшеліктері мен сипаттарына айналады. Аталған факторлар жағдайға байланысты қылмыс әкеліп соқтыруы мүмкін . Адам қылмыскер болып тумайды, оны өмірдің барысында жеке басының адамгершілік - психологиялық қалыптасуы яғни қоғамдық ортаның түрлі теріс криминогендік мағынасы бар әлеуметтік ережелерін игеріп, үйренуі қылмыскер етеді. Қылмыскердің қоғамнан тыс қалуы мүмкін емес, өйткені қоғам, әлеуметтік орта ғана осындай қоғамға жат қылықты қалыптастыра алады. Қылмыскер деген сөздің өзі қылмыс деген сөзден таралады және тек қоғам ғана қандай да бір қылықты қылмысқа жатқызады және бағалай алады. Қылмыссыз қылмыскердің жеке басы да, оны зерттеп қарайтын психологияның саласында да болмайды. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз - бұл онда өзге адамдармен тұрақты қарым қатынастың процессінде пайда болған әлеуметтік маңызды теріс қасиеттердің және маңызды психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Қатынастың, танымның іс - әрекетінің субьектісі бола отырып бұл жеке адам түзетуге, жөнге салуға да келеді. Қылмыскердің жеке басының әлеуметтік сипаты оны да қоғамдық жиындармен топтардың мүшесі, соған тән әлеуметтік – түрлік сипаттардың иесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қылмыскерді белсенді де пайдалы топтық қатынасқа тарту оның түзелуінің басты шарттарының бірі болып табылады. Тақырып № 6. Қылмыстық әрекетті психологиялық талдау. Қылмыстық мінез-қылықтың әлеуметтік-психологиялық механизмдері. Қылмысты жасаудың психологиялық факторлары. Қылмыстың ниеттері мен мақсаттары. Қылмысты жасау туралы шешімді қабылдау. Қылмысты жасаудың жолдары мен нәтижесі. Кінәлілік психологиясы. Жалған жауап беру, жауаптылықтан қашудың психологиясы. Қылмысты жасағаннан кейінгі мінез - қылық.Аффект жағдайында жасалған қылмыстар. Қылмыскерлер мен қалыпты азаматтарды салыстырып зерттеу мынадай жағдайларды көрсеткен: а) қылмыскерлер неғұрлым шаманданғыш, шапшаң келеді, сәл нәрсеге қитығып қалады, бұл жеке бас қатынастарындағы әсершілдікке әсіресе зорлықшыл қылмыскерлерге кісі өлтіргендерге үнемі айнала ортадан қауіп күтуге, ешқандай қауіп жағдай болмасада әкеліп соғады. Сондықтан да олар агрессиялық әрекетін шабуыл арқылы қорғану деп бағалап жиі дау - жанжалға килігіп отырады . б) Қылмыскерге қалыпты азаматтарға қарағанда құқық және адамгершілік нормаларды нашар меңгергендіктен олар оған ешқандай маңызды ықпал істей алмайды. Осы айтылған сипаттар қоғамға жат көзқарастармен, бағдармен бірлікте көзге түсе отырып қылмыскерлерді қылмыскер емес адамдардан ажыратуға мүмкіндік береді. Мансапқорлық және жегірлік қылмыскерлер арасынан қылмысты өмірге жоғары әлеуметтік дәрежеге жетуге, бедел жинауға, үнемі көзге түсуге байланысты өз кәсіпорыннның немесе мекемесінің жұмысын өзінің баюына жұмсағандар кездеседі. Бұларды “беделділер” тобына жатқызады. Тек әрбір адамның қайталанбас ерекшеліктерін ескере отырып қана бір келкі сыртқы әсер әр адамда түрліше қылық туғызатынын түсінуге болады. Теріс әлеуметтік ықпалдар жеке адамның адамгершілік психологиялық ерекшеліктерімен, іс-әрекетінің нақты жағдайымен, тұрмыс қалпымен дара байланыста бола отырып қана оның басында қоғамға жат бағыттылықты қалыптастырады. Сондықтан субъектінің қайталанбас дара сапаларын, табиғи және әлеуметтік қасиеттерін жан – жақты білу және есепке алу, оған қылмыс жасатпай алдын ала тоқтатуда аса маңызды болып табылады. Тақырып № 7. Қылмыстық топтың психологиясы. Қоғамға жат мінез-қылықтың тууы мен дамуындағы топтық факторлардың орыны. Қылмыстық топтың психологиялық мінездемесі: мақсаттары, әлеуметтік құндылықтары, топтық нормалар, ниеттер, қарым - қатынастарының сипаты, көсемдері, қылмыстық әрекеттерді жасаулары мен бүркемелеулерінің жолдары. Қылмыстық топтарды жіктеу. Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қауымдастықтар. Әртүрлі қылмыстық әрекет түрлерін жүзеге асырушы қылмыстық топтардың психологиялық мінездемесі. Қылмысқа қатыстылық, оның түрлері. Топтық рөлдер мен олардың сатылары (иерархия). Қылмыстық мінез-қылықтағы топтық ниет және қылмыстық әрекетті жүзеге асыру туралы топтық шешімді қабылдау. Әдетте адамдар тобының қылмыстық іс-әрекеті тұрақты өзара әрекеттің негізінде дамып, олардың арасында соған сәйкес жеке бас аралық қатынастарды қалыптастырады. Даралықтар тікелей қарым – қатынаста болатын бірлестіктерді, жиындарды біз шағын топтар деп атаймыз. Қылмыстық топ – қоғамға жат бағыттылыққа ие және құқыққа қарсы әрекеттің бірлескен субъектісі түрінде көзге түсетін ресми емес адамдар тобы. Қылмыстық топтардың мынадай түрлері бар: кездейсоқ топтар; компания сияқты топтар; ұйымдасқан топтар; қылмыстық ұйымдар. (Быков В.М. Криминалистическая характеристика преступных групп. Ташкент. ВШ МВД СССР. 1986 г. 26 – 40 стр.). Қылмыстық топтың өзге мүшелеріне, оның ішінде белгілі бір қылмыстар үшін сотталып келгендерге көмек көрсету; топтың сотталып кеткен мүшесінің отбасы мен туыстарына көмек көрсету; ұры кассасының («общактың») толықтырылуына қамқорлық жасау және тағы да басқалар құптарлық қылық деп саналады. Тақырып № 8. Қылмыскердің (құқық бұзушының) жеке басының психологиясы. Қылмыскердің жеке басы туралы түсінік. Жеке адамның психикасында криминальдық ауытқуларды тудыратын биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекеті. Криминальдық ауытқулардың түрлері. Психикалық аномалиялардың құқық бұзушылық мінез - қылыққа ықпалы. Қылмыскердің жеке басындағы басым көзге түсетін жат әлеуметтік бағдарлары, ниеттері мен мінез-қылық стереотиптері. Қылмыстық мінез - қылықта көрінетін мінез сипаттары. Қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін диагностикалаудың негіздері. Қылмыскердің жеке басы қылмыстық мінез - қылық механизміндегі басты буынның бірі болып табылатындықтан оның ерекшеліктерін жан - жақты есепке алу, ескеру, алдын ала жүргізетін жұмыс шараларының сәттілігіне ықпалын тигізеді. Алайда жеке адам психология ғылымының зеттеу обьектісі болғандықтан, адамның қылмыстық әрекетінің жасалу себептерін және механизімін түсіндіру осы пәнге жүктеледі. Қылмыскердің қоғамнан тыс қалуы мүмкін емес, өйткені қоғам, әлеуметтік орта ғана осындай қоғамға жат қылықты қалыптастыра алады. Қылмыскер деген сөздің өзі қылмыс деген сөзден таралады және тек қоғам ғана қандай да бір қылықты қылмысқа жатқызады және бағалай алады. Қылмыссыз қылмыскердің жеке басы да, оны зерттеп қарайтын психологияның саласында да болмайды. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз - бұл онда өзге адамдармен тұрақты қарым қатынастың процессінде пайда болған әлеуметтік маңызды теріс қасиеттердің және маңызды психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы болып табылады. Бір жағдайдың өзіне адам әркезде әрқилы қабылдап, түсініп соған лайық тұріне әрекет жасайды. Сондықтан да қылмыскердің жеке басын әлеуметтендіруге де, психологияландыруға да болмайды . Қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін жан - жақты талдау мен есепке алу, олрды белгілі бір топтарға жіктеуге, негізгі маңызы бар белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде қылмыстық мінез-қылықтың табиғатын, себебін, заңдылықтарын білуге, оны алдын ала болжай алуға қажетті жағдай туады. Әрбір адамның дара қасиеттерін үнемі есепке ала отырып жұмыс істеу, тәрбие және ескерту ықпалдарын құбылтып отыруға, тәжірбие байытуға бағдарлайды. Тақырып № 9. Алдын ала тергеудің психологиялық мінездемесі. Алдын ала тергеу туралы түсінік. Алдын ала тергеудің мақсаттары мен міндеттері. Алдын ала тергеудің құрылымы. Алдын ала тергеудегі тергеу әрекеттерінің түсінігі мен түрлері. Вербальдық тергеу әрекеттері. Нақты тергеу әрекеттері. Вербальдық және нақты тергеу әрекеттерінің түрлері. Тергеу болжамдарының (версияларының) психологиясы, тергеу болжамдарының түрлері. Тергеушінің ізденуші - танымдық іс - әрекеті. Тергеу әрекеттерін жүргізуші қызметкерге қажетті негізгі кәсіби және моральдық - еріктік сапалар. Қылмыстық істің ақтық шешімін тек сот қана шешеді. Соттың істің ашық қанығына жетіп, жан - жақтылы, толық шындығын білуі үшін – даярлық жұмысы - алдын ала тергеу жүргізілуі керек. Сонымен қатар, алдын ала тергеу барысында процессуальдық заңдарға сәйкес қылмыстық оқиға туралы объективті мәлімет алу және қылмыскерді қайта тәрбиелеу мақсатында оның жеке басына психологиялық ықпал жасалады. Қайта қалпына келтірудің екі түрі де бұрынғының іздерін қазіргі уақытта танудың көмегімен жүзеге асады. Осылайша айтқанда, алдын ала тергеу кезіндегі қайта қалпына келтіру процессі қылмыстық оқиға мен оны жасаған субъектінің жеке басын оқиға уақытынан бастап жинақталған хабарларды тану (іздеу), талдау және жинақтаушы қозғалыс ретінде көзге түседі. Тергеу әрекеттерінің бастапқы кезеңінде мәліметтер қашанда толық болмайтындықтан қызметкерге кейбір шешімдерді белгісіз жағдайларды ескере отырып қабылдауға, хабардың аса тапшылық жағдайында жұмыс жасауға тура келеді. Осыдан келіп болжамдар мен шешімдерді қабылдаудың эвристикалық әдістерінің заңдылықтары және интуиция сияқты творчестволық сапаның қолданылу шеберлігі, жоғары эмоциялық кернеу туады. Тақырып № 10. Нақты тергеу әрекеттерінің психологиясы Тергеушілік қарау мен жауап алудың психологиялық негіздері. Бақылау оқиға орнының жағдайларын танып білудің негізгі әдісі ретінде. Тергеушінің жауап берушімен тіл табысушылық және жанжал жағдайларындағы өзара әрекеті. Жауап беруші есінің дара ерекшеліктерін және олардың жауаптың дұрыстығы мен толықтығына тигізетін ықпалын танып білу. Психологиялық контакт, оны орнатудың жолдары мен әдістері. Жауаптарды алуға тигізетін ықпалы. Оқиға орнын қарау - бұл оқиға орнының жағдайын оқиғаның материалдық іздерін табу мен бекіту үшін, тергеу болжамдарын жасау мен қылмыстың құрамдық белгілерінің бар немесе жоқ еккендігін анықтау үшін қажетті мәліметтерді тікелей тануға бағытталған тергеу әрекеті. Оқиға орнын қарау бұл өткен оқиғаның ойлық моделін қазіргінің фактыларын қабылдау арқылы қалпына келтіру, қайта жасау процессі. Бұл процесс сол объектілердің материалдық модельдерін қазіргі уақытта қабылдау арқылы жеңілдетіледі. Қараудың өзге тергеу әрекеттерінен ерекшелігі онда тергеушінің өткен оқиғаның жағдайлары туралы алдын ала аз мәліметке ие екендігінен көрінеді. Оқиға орнын қарау қылмыстың іздерін, заттық айғақтарды табу, оқиға жағдайын анықтау және де іс үшін маңызды бірқатар жағдайларды табу мақсатындағы дербес тергеу әрекеті болып табылады. Оқиға орны қашанда оған қатысқан адамдарды танып білудің құралы болады. Оқиға орнындағы жағдайды сол жерде әрекет жасаған адамдардың мүліктенген (заттандырылған) психологиясы ретінде қарастыруға да болады. Осылайша алғанда оқиға орнын қараудың дәстүрлі міндеттері туралы ереже оқиғаға қатысушының, яғни қылмыскер мен жәбірленушінің жеке басы туралы мәлімет алудың қажеттілігімен толықтырылуы керек. Оқиға орнына байланысты ондағы адамдар туралы мәліметтер әртүрлі көлемде болады. Ол сол адамның белгілі уақыт аралығындағы қалып жағдайы, еріктік сапалары, өмір бейнесі туралы болуы мүмкін. Егер де әрбір ұсынылған болжамды тексерудің барысында қарама -қайшылықтар шыға беретін болса, онда әуелі бірінші онан соң екінші міндетті шешуге қайта оралу керек. Қылмыстың картинасы (криминалистік болжам) қылмыскерді іздеумен байланысты әрекеттердің жүйелілігін көрсетеді, тергеушінің ойында қылмысты ашудың тағы бір модель жоспарын туғызып, қылмыскерді іздеуші әрекеттердің тізбегін жасайды. Тақырып № 11. Жалған хабардың психологиясы. Жалғандық (өтірік) туралы түсінік. Жауап берушінің жауаптарындағы жалғандық (өтірік). Куәлердің, жәбірленушілердің, күдіктілердің, айыптылардың жауаптарындағы жалғандықтың (өтіріктің) түрлері. Толық және жартылай жалғандық (өтірік). Жауап өзін кінәлімін деп және өзгереді кіналап жалған жауап берудің мотивтерін апсырату аса күрделі және ауыр болып келеді. Яғни жауап алу барысында сізге бұрын анықтау керек болады. Ұзаұ уақыт заңгерлер мен тәжірибе саласындағы қызметкерлер арасында есі дұрыс адам жалған майындап, өзіне өзі жаза тартқызып, жапа шегу деген үстіртін ұғым басым болып келеді және әлі де қалып тыр. Көпшілігі жалған мойындаудың шығу көзіне көбінесе психикалық кемшіліктерінің болуын жатқызамыз. Өзі өзі кінәлімін деп санауға бейімділік көбінесе психология, олигофрания, истерия ( қояншық) эпилепсия (ұстама) шизофрения, депрессивтіпсихоз сияқты психикалық аурулар мен басқа да психикалық аномалиялардан, маскүнемдіктен, нашақорлық пен токсикоманияеың түрлі нысандары көрінеді. Алайда психикалық кемшіліктердің негізіндегі өзін өзі кінәлаудың дер кезінде және жеңіл әшкерлеуге болады. Жекелеген адамдардың тергеу органдарымен қорқу ақиқатты ашудың үлкен кедергісі болып табылады. Қорқу жалған жауап мотивтерінің көбісінің негізінде жатыр. Сондықтан процесске қатысушыларға олардығ құқықтары мен заңды мүдделерін ұғындыру жән еқамтамасыз ету талап етіліп, түрлі қорқулар мен басқа да шараларға тиым салынады. Аталған жағдайлар тергеушіге жауап алуда және одан тыс кезде, қамауда отырған кезде жасалып ықпалдарды бағалау үшін жасалады. Өзін өзі айыптаушы адамды мұқият тергеу, оны жалған жауабын әшкерлеуге болмаса өзін өзі айыптау туралы жалған түсінік әшкерлеугег жұмсалатын күшті дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. ТАбылған мәліметтер мңндеті түрде тергеушінің басына қатысты деректермен салыстыру керек. Өйткені адамның мінез-қылығы тек қана сыртқы ықпалдармен ғана айланыспайды. Кейбір мінез -қылық актілерін қалыптастыруға маңызды рольді жеке бастың ерекшеліктері атқалрады.Содықтан да анықталған заңды бұзушылықтың өзі жалған жауапты емес, оның болу мүмкіндігін ғана көрсетеді. Осыған орай жеке бастың сыртқы ортасын жағымсыз ықпалдарына бейім қасиеттерін барынша толықтай анықтап алу қажет. Тақырып № 12. Тергеу әрекеттерінің психологиялық негіздері Тінту жүргізудің психологиялық ерекшеліктері. Қылмыстың іздері мен жасырылған заттарды бүркемелеу мен бүркемеленуін ашудың психологиясы. Жасырушы (тығушы) мен іздеушінің психологиясы. Тінтілушінің дара ерекшеліктерін ескеру. Беттестірудің (көздестірудің) психологиялық ерекшеліктері. Жауап берушілердің мінез-қылығын бақылау. олардың өзара қатынастары мен даралық ерекшеліктерін ескеру. Беттестіруге (көздестіруге) қатысушыларға өз дәлелдерін баяндауға бірдей мүмкіндіктер беру. Біреуінің екіншісіне психикалық қысым көрсетуін болдырмау. Жанжал жағдайын баса алу. Тінту- қылмысты ашуға дәлелдік маңызы бар заттармен құжаттарды табуға және көндіріп алуға бағытталған тергеу әрекеті. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тінту жүргізу кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің қатарына жатады. Тінтудің тергеу әрекеті ретіндегі ерекшелігі тергеушінің тығылғанды табушы әрекеті қашанда жасырушының әрекетінен кейін жүретіндігінен көрінеді. Жасырылғанды табу үшін екі әрекет түрін жүзеге асыру керек: Тінтудің көндірушілік сипаты, іздеу қиындықтары, тінтілушіге қатысты көндіру әрекеттері оған қатысушыларда психикалық жоғары кернеуді туғызып, осы тергеу әрекеттің негізгі психологиялық ерекшелігі болып табылады. Тінтілуші адамның психикалық іс-әрекетінде қорғану механизімдері белсенді қызмет жасайды. Тінтілуші үнемі белгілі бір байлаулы бейнелердің қысымымен ашық немесе тұйық, ұстамды немесе әңгімешіл, өркөкіректік немесе жаулық таныту мүмкін. Өмірлік маңызы жоғары оқиғаны жасыру, әшкереленуден қорқу, қамауға алыну, тәркілену, сотталу мүмкіндігі тінтілушінің санасында “аффект ошағын” жасап, оның бүкіл психикалық іс-әрекеттің түбегелі өзгертіп, даралықтың психикалық іс әрекетінің берекесін кетіреді. Қорғану механизімдері үйлесімсіз қалыптасады. Осындай жағдайдағы Сіздің сенімді, нақты әрекеттерініңіз, тінтілушінің алдыңғы жасаған әрекеттерін біліп отыруыңыз, не кінәсін мойындап, ізделінген затты өзінің беруімен, не қарсы жаулық әрекетті туғызады. Тінтуді жүргізу үшін әр бір заттың мәнін қолданылуын, өзгеруін, ерекшелікиерін білетін мамандарды қатыстырған дұрыс. Тінту жүргізу үшін бөлме ішінде неғұрлым жақсы жарық көздерін қойған дұрыс. Бұл жасыруша адамның үйреншікті жарық жағдайына қалдырған іздері мен белгілерін табуға мүмкіндік береді. Төмендегідей ережелерді есте ұстау керек: А) Жас өспірімдерді тінтуге педагог қатыстырылуы керек және жас өспірімнің киімін тиісті балалар мекемесінде қарау қажет. Б) Ауру адамның жатқан жері мен киімін дәрігердің көмегі арқылы қарау қажет. Дәрігер үсті - басы мен дене қуыстарын, тәнін қарауды жүзеге асырады. В) Тінту барысында қылмыстық іске қатысты емес құжаттар мен хаттар оқылмауға тиісті. Г) Тінтіліп отырған адам мен оның отбасының өмір жағдайы мен мінез - қылығына байланысты пікірлер мен ескертулер айтудан сақ болыңыздар. Д) Тінту жүргізілетін жерде балалар болмауы керек, тінту орны шашылмауы қажет. Е) Тергеуші тінтілушінің мүлкіне қамқорлықпен қарауға міндетті. Тақырып № 13. Жедел іздестіру іс-әрекетінің және қызметкерінің психологиясы. Жедел өкілетті қызметкердің жеке басына қойылатын негізгі кәсіптік талаптар. Жедел өкілетті қызметкердің іс-әрекетіндегі ұйымдастырушылық, іздеушілік, коммуникациялық, қайта құрай білушілік және куәлендіруші элементтер. Жедел өкілетті қызметкердің ақыл - ой (интеллектуальдық) сапалары. Кәсіби білімдері, ақылы, интуициясы мен ойының сапалары. Зейінділік пен байқағыштық жекебастың сапалары ретінде. Кәсіби ес (жад). Құқық қорғау органдарының қызметкері оқу орнының қабырғасында алған психологиялық білімін жедел іздестіру қызметінде пайдаланудың бірқатар дағдыларын меңгереді. Уақыттың ерекше талаптарына байланысты аз уақыт аралығында адамдардың психологиялық сапаларын сенімді анықтауға қабілетті. Олардың мінез - қылығын болжам алып, қажетті жағдайда басқаруға мүкіндік беретін іргелі және ғылыми зерттеулер негізінде әрекетті тәжірібелік психологияны жасаудың қажеттігі туып отыр. Қылмыстық мінез - қылықтың объективті және субъективті жағдайларын терең де толық талдаудың қажеттілігі пайда болды Қзіргі уақытта қылмыстық істі жоғары біліктілікпен ашу анықтау органдарының психологиялық білімдерді қолданусыз мүмкін емес. Жедел іздестіру қызметіндегі жеке бас туралы мәліметтерді жинау.Қаралып отырған қылмыстық процестегі хабарлық іздер (психикалық бейнелер, ой образдары, естегі іздер, т.т.) тікелей көріп қабылдауға келмейді. Олардың мазмұнын тергеушінің куәгерлермен, сезіктілермен, кінәлілармен, болмаса басқа да “ес іздерін” тасушы адамдармен екеу ара әңгімелесу арасында түрлі тактикалық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып аша аламыз. Ол үшін жауап алу, беттестіру т.б. жүргізіледі. Бұл жерде сөздік және сөздік емес тәсілдер мен ережелер ескеріледі. Мысалға жедел қызметкерінің не тергеушіні, сөздік белсенділігін сұрау, тәпіштеп сұрау, хабар иесі адамдармен қатынасты қалыптастыру және бағалаушы сөздері жатады. Жедел қызметкер мен тергеушінің сөздік емес реакциялары түрліше жестардан, қалыптан, әрекет аумағында орын алмасулардан, арақашықтықты өзгертуден және т.б нысандырдан көзге түседі ( басын изеу немесе шайқау .т.т ) . 3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫ Тақырып № 1. Заң психологиясы пәні, міндеттері мен жүйесі. Психологиялық білімдердің құқықтық шығармашылық, құқық қолдану және құқық қорғау әрекеттерінің тиімділігін арттырудағы маңызы. Заң психологиясының қағидалары мен әдістері. Тақырып № 2. Заң психологиясының даму тарихы Заң психологиясы ғылымының негізгі даму бағыттары. Заң психологиясының ғылыми білімдер жүйесіндегі орны. Заң психологиясы және заң ғылымдары. Заң психологиясының тарихы. Тақырып № 3. Жеке адам психологиясы. Жеке адамның бағыттылығы. Еліктеулері, тілектері, қызығулары, бейімділіктері, талпыныстары мен ниеттері, мұраттары, сенімдері. Мінезі, мінездің құрылымы. Мінездің интеллектік, эмоциялық және еріктік сипаттары. Қабілеттері мен нышандары. Тақырып № 4. Әлеуметтік топтардың психологиясы. Ішкі істер органдары қызметкерінің жұмысында топтар мен ұжымдардың психологиясын есепке алу. Топтық әлеуметтік - психологиялық құбылыстардың қасиеттері мен дара психологиялық құбылыстардан айырмашылығы. Тақырып № 5. Ұжымнан тыс мінез - қылық. Ұжымннан тыс мінез - қылықтың субъектілері және олардың психологиялық мінездемелері. Қоғамға жат мінез - қылықтың тууындағы топтық факторлар. Тақырып № 6. Қылмыстық әрекетті психологиялық талдау. Қылмысты жасаудың психологиялық факторлары. Қылмыстың ниеттері мен мақсаттары. Кінәлілік психологиясы. Жалған жауап беру, жауаптылықтан қашудың психологиясы. Тақырып № 7. Қылмыстық топтың психологиясы. Қылмыстық топтарды жіктеу. Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен қылмыстық қауымдастықтар. Әртүрлі қылмыстық әрекет түрлерін жүзеге асырушы қылмыстық топтардың психологиялық мінездемесі. Қылмысқа қатыстылық, оның түрлері. Топтық рөлдер мен олардың сатылары (иерархия). Қылмыстық мінез - қылықтағы топтық ниет және қылмыстық әрекетті жүзеге асыру туралы топтық шешімді қабылдау. Тақырып № 8. Қылмыскердің (құқық бұзушының) жеке басының психологиясы. Криминальдық ауытқулардың түрлері. Психикалық аномалиялардың құқық бұзушылық мінез - қылыққа ықпалы. Қылмыстық мінез - қылықта көрінетін мінез сипаттары. Қылмыскердің жеке басының психологиялық ерекшеліктерін диагностикалаудың негіздері. Тақырып № 9. Алдын ала тергеудің психологиялық мінездемесі. Тергеу болжамдарының (версияларының) психологиясы, тергеу болжамдарының түрлері. Тергеушінің ізденуші - танымдық іс - әрекеті. Тергеу әрекеттерін жүргізуші қызметкерге қажетті негізгі кәсіби және моральдық - еріктік сапалар. Тақырып № 10. Нақты тергеу әрекеттерінің психологиясы (жауап алу, тергеушілік қарау). Тергеушінің жауап берушімен тіл табысушылық және жанжал жағдайларындағы өзара әрекеті. Психологиялық контакт, оны орнатудың жолдары мен әдістері. Жауаптарды алуға тигізетін ықпалы. Тақырып № 11. Жалған хабардың психологиясы. Куәлердің, жәбірленушілердің, күдіктілердің, айыптылардың жауаптарындағы жалғандықтың (өтіріктің) түрлері. Толық және жартылай жалғандық (өтірік). Тақырып № 12. Тергеу әрекеттерінің психологиялық негіздері (беттестіру, тінту, тануға көрсету және т.б.). Беттестірудің (көздестірудің) психологиялық ерекшеліктері. Жауап берушілердің мінез-қылығын бақылау, олардың өзара қатынастары мен даралық ерекшеліктерін ескеру. Беттестіруге (көздестіруге) қатысушыларға өз дәлелдерін баяндауға бірдей мүмкіндіктер беру. Біреуінің екіншісіне психикалық қысым көрсетуін болдырмау. Жанжал жағдайын баса алу. Тақырып № 13. Жедел іздестіру іс-әрекетінің және қызметкерінің психологиясы. Жедел өкілетті қызметкердің ақыл - ой (интеллектуальдық) сапалары. Кәсіби білімдері, ақылы, интуициясы мен ойының сапалары. Зейінділік пен байқағыштық жекебастың сапалары ретінде. Кәсіби ес (жад). Жедел өкілетті қызметкердің еріктік сапалары. Қағидалылығы, мақсаттылығы, табандылығы, ұстамдылығы, өзін қадағалай алуы. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995, 1998 жылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен. 2. Общая психология под ред. Петровского А.В. М., 1986. 3. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане. Алматы, 2002. 4. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 5. Пралиева Г.К. Юридическая психология. Алматы. 2002. 6. Васильев В.Л. Юридическая психология. С-П., 2000. 7. Еникеев М.И. Юридическая психология. М., 1999. 8. Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. М., 1998. 9. Казакова А.Г. Психология. М., 1983. 10. Немов Р.С. Психология. М., 1995. 5. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 5.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық: Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, СӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады. Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СӨЖ сабағында тексеріледі. 5.2 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ Әлеуметтік топтардың психологиясы. Ұжымнан тыс мінез-қылық. Қылмыскердің (құқық бұзушының) жеке басының психологиясы. Қылмыскердің психологиялық портретін жасаудың әдістемесі. Оқиға орнын қарауға тактикалық тұрғыдағы көзқарас. Оның негізгі мақсаттары. Қылмыстық әрекетті психологиялық талдау.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz