Файл қосу

Тіл дыбыстары




|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|3-деңгейлі СМЖ               |                 |                               |
|құжаты                       |ПОӘК             |                               |
|                             |                 |ПОӘК 042-18-28.1.08/02-2014    |
|ПОӘК  «К.Аханов және тіл     |______2014 жылғы |                               |
|білімі» пәніне арналған      |№ басылым        |                               |
|оқу-әдістемелік материалдар  |                 |                               |






                      5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
  5В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
                            мамандығына арналған
                          «К.Аханов және тіл білімі»
                      ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




               СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ























                                    СЕМЕЙ
                                    2014





                                   КІРІСПЕ


1 ӘЗІРЛЕГЕН
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті  қазақ тілінің
теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Әбікенов Мұхит
Төкенұлы
_____________    «___» ___________20___ жыл.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1   Қазақ тілінің теоиясы мен әдістемесі кафедрасының  отырысында
қаралып, талқыланды.
Хаттама     №___  «___» ___________20___ жыл.

Кафедра меңгерушісі _______________ Жұмағұлова Ә.М.

2.2  Филология   факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып,
бекітілді.
Хаттама     №___  «___» ___________20___ жыл.

Төрайым _________________Мұқанова Қ.Қ.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік  кеңесінде бекітілді.
Хаттама     №___  «___» ___________20 ___жыл.


ОӘК төрағасы   _________________Искакова Г.К.

4  «____» __________  20___ж.  шыққан ПОӘК-нің
№ 1 БАСЫЛЫМЫ
















                                   Мазмұны

1  Жалпы ережелер
2  Пәннің мазмұны және сабақтардың түрі бойынша  сағаттарға бөлу
3  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары
4  Курс форматы
5  Курс саясаты
6  Бағалау саясаты
  7  Әдебиеттер






























      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


1.1  Оқытушы туралы жалпы мәлімет:

     Әбікенов М.Т. –  қазақ тілі кафедрасының доценті, ф.ғ.к.

Кафедра: Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі
Ақпараттық  қатынас:
Сабақ өтетін орын:  №8 оқу ғимараты
Кредит саны:

      1.2 Пәннің қысқаша сипаттамасы
   Курс барысында студенттерге тіл біліміне  кіріспе  ғылымының  қалыптасуы,
оның  методологиялық жағынан жалпылық қасиетке ие, яғни  тілдің  мәні,  оның
семасиологиялық  табиғаты,  тілдік  единицалар,  тілдің  дамуы   және   оның
коммуникативтік  қызметі,  тіл  және  ойлаудың  қарым-қатынасы,   тіл   және
қоғамның диалектикалық бірлігі туралы мәліметтер беріледі.

                                                                1.3    Пәнді
      оқытудың мақсаты
             «К.Аханов  және  тіл  білімі»   -  филологтарды  лингвистикалық
пәндерге  дайындаудың  алғашқы  баспалдағы.   Пәнді   оқытудағы   мақсат   –
студенттерге  өз ана тілінің  құрылымын  ғылыми  терең  түсінуге,  тілдердің
пайда   болуы   мен   дамуы,   олардың   генеологиялық   және   типологиялық
ерекшеліктері, жазу және олардың түрлері жайлы түсінік беру.

      1.4 Пәнді оқыту міндеттері
    Курстың  теориялық бөлімінде  тіл білімінің    ғылым  ретінде  танылуы,
тіл білімінің  ғылымдар  арасында  алатын   орны,  басқа  ғылым  салаларымен
байланысы,  тіл білімінің зерттеу әдістері жайлы   мәліметтер  беру,  тілдің
мәні  мен  қызметі жайлы, тілдің  шығуы мен дамуы жайында,  тілдің  лексика,
грамматика, фонетика салалары жайлы түсінік беру.
     Тәжірибелік  сабақтар  теориялық  материалдарды  меңгеруді   қамтамасыз
етеді, студенттер тілдің  әр түрлі  субстантивтік   және  реляциялық  мағына
элементтерін ажырата білу  және топтастыра білу дағдысын меңгеруі тиіс.
      1.5 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;
      - алған білімдерін практикада қолдана білу;
      - сөйлеудің негізгі әдістерін меңгеру керек;
      - теориялық талдау жасай алу;
      - сөйлеу мәдениеті тарихының даму және қалыптасу  сатылары,  бағыттары
және концепция мәселелерін түсіну;
      - өзіндік пікір айта алу;
      - негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу.

      1.6                      Курстың                      пререквизиттері:

      - Қазіргі қазақ тілі
      1.7 Курстың постреквизиті:
      «Жалпы тіл білімі», «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазіргі қазақ тілі»
«Сөзжасам».




                 2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРДЫҢ ТҮРІ БОЙЫНША  САҒАТТАРҒА
        БӨЛУ
                                                                     Кесте 1
|Тақырып атауы                  |Сағат саны                                         |
|                               |Дәріс  |Семинар|Лаб   |ОЖСӨЖ   |СӨЖ   |әдебиеттер   |
|1                              |2      |3      |4     |5       |6     |7            |
|«Тіл біліміне кіріспе» курсының|2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,25   |
|мақсаты мен міндеттері. Тіл    |       |       |      |        |      |             |
|білімінің басқа ғылымдармен    |       |       |      |        |      |             |
|байланысы. Тіл білімінің басқа |       |       |      |        |      |             |
|ғылымдар арасында алатын орны. |       |       |      |        |      |             |
|Тілдің тарихи дамуы. Тіл       |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,25   |
|дамуының сыртқы және ішкі      |       |       |      |        |      |             |
|факторлары. Тілдің шығуы жайлы |       |       |      |        |      |             |
|теориялар. Тілдің даму         |       |       |      |        |      |             |
|кезеңдері.                     |       |       |      |        |      |             |
|Тілдің табиғаты мен мәні. Тіл  |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,6,8  |
|–қоғамдық құбылыс.             |       |       |      |        |      |             |
|Фонетиканың міндеті мен        |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,8,10 |
|мақсаты, қарастыратын мәселесі.|       |       |      |        |      |             |
|Тіл дыбыстары. Дыбыс және      |       |       |      |        |      |             |
|таңба. Тіл дыбыстарының        |       |       |      |        |      |             |
|акустикалық, артикуляциялық    |       |       |      |        |      |             |
|сипаты. Сөйлеу аппараты.       |       |       |      |        |      |             |
|Буын, оның түрлері. Екпін және |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,9,101|
|оның түрлері. Тіл дыбыстарын   |       |       |      |        |      |6,18         |
|жіктеу ұстанымдары. Фонема     |       |       |      |        |      |             |
|ұғымы. Сөйлеудің фонетикалық   |       |       |      |        |      |             |
|жақтан мүшеленуі.              |       |       |      |        |      |             |
|Жазу. Дыбыстау және жазу.      |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,5,7,1|
|Жазудың шығуы мен даму         |       |       |      |        |      |2,20         |
|кезеңдері. Орфография          |       |       |      |        |      |             |
|ұстанымдары. Транслитерация    |       |       |      |        |      |             |
|және транскрипция.             |       |       |      |        |      |             |
|Лексикологияның міндеті мен    |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,6,8,202|
|зерттейтіні. Лексикологияның   |       |       |      |        |      |1,22         |
|бөлімдері. Сөзге тән басты     |       |       |      |        |      |             |
|белгілер. Сөздің көп           |       |       |      |        |      |             |
|мағыналылығы. Омоним, синоним, |       |       |      |        |      |             |
|антоним түрлері.               |       |       |      |        |      |             |
|Сөздік құрамның стильдік       |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,5,6,8|
|қабаттары. Сөздік құрамның     |       |       |      |        |      |,12,         |
|тарихи дамуы. Неологизмдер,    |       |       |      |        |      |22,24        |
|пайда болу жолдары. Тілдің     |       |       |      |        |      |             |
|сөздік құрамының даму, баю     |       |       |      |        |      |             |
|жолдары.                       |       |       |      |        |      |             |
| Фразеологизмдер туралы ұғым.  |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,8,9,2|
|Тілдегі фразеологизмдердің     |       |       |      |        |      |0,27         |
|негізгі түрлері.               |       |       |      |        |      |             |
|Фразеологизмдерді              |       |       |      |        |      |             |
|топтастырудың түрлері. Ғылыми  |       |       |      |        |      |             |
|этимологияның мақсатымен       |       |       |      |        |      |             |
|принциптері. Лексикография.    |       |       |      |        |      |             |
|Сөзжасам және грамматика.      |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,7,10 |
|Тілдің грамматикалық құрылысы. |       |       |      |        |      |12,24        |
|Морфема және сөз формасы, сөз  |       |       |      |        |      |             |
|тіркесі және сөйлем. Сөздердің |       |       |      |        |      |             |
|морфологиялық құрылымының      |       |       |      |        |      |             |
|өзгеруі.                       |       |       |      |        |      |             |
| Грамматикалық мағынаның берілу|2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,8,9,1|
|түлері мен тәсілдері.          |       |       |      |        |      |1,12,27,28   |
|Грамматикалық категория жайлы  |       |       |      |        |      |             |
|ұғым.                          |       |       |      |        |      |             |
|Сөз таптары – сөздердің        |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,6,9,1|
|лексика-грамматикалық топтары  |       |       |      |        |      |0,20,22,27   |
|екендігі. Сөз таптарының       |       |       |      |        |      |             |
|негізгі белгілері.             |       |       |      |        |      |             |
|Сөйлем мен сөз тіркесі.        |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,5,7,8,2|
|Сөздердің синтаксистік         |       |       |      |        |      |0,21,22,27   |
|байланысу түрлері. Сөйлем және |       |       |      |        |      |             |
|байымдау, сөйлем және сөйлеу.  |       |       |      |        |      |             |
|Сөйлемдерді айтылу мақсаты мен |       |       |      |        |      |             |
|құрылымына қарай жіктеу.       |       |       |      |        |      |             |
|Тілдердің классификациясы.     |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,4,6,8,9|
|Дүние жүзі тілдерінің          |       |       |      |        |      |,11, 12,28   |
|әртүрлілігі.  Тілдік туыстық.  |       |       |      |        |      |             |
|Салыстырмалы-тарихи әдіс жайлы |       |       |      |        |      |             |
|түсінік.  Тілдердің            |       |       |      |        |      |             |
|генеологиялық классификациясы. |       |       |      |        |      |             |
| Тілдердің морфологиялық       |2      |1      |      |2       |2     |1,2,3,9,10,  |
|типтері жайлы ұғым.            |       |       |      |        |      |20,23        |
|Тілдердің морфологиялық        |       |       |      |        |      |             |
|классификациясы. Синтетикалық  |       |       |      |        |      |             |
|құрылысты тілдер.              |       |       |      |        |      |             |

3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
      Семинар тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар  қазақ  тілін  оқыту
әдістемесінің  өзекті  теориялық  және  методологиялық  мәселелерін  кеңінен
қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен  алуға  ұмтылушылығын,  ізденімпаздық
қабілетін  арттыру  мақсат  етіледі.  Студенттен   әр  семинардың   берілген
сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент  көрсетілген
әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект  әзірлеуі  қажет.
Бұл  біріншіден,  білімінің  жүйелілігін,  үздіксіздігін  қамтамасыз  етеді.
Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты  орындау,  коллоквиум,  кезеңдік
және  қорытынды  бақылауға  дайындалу  барысында  пайдасы  зор.   Семинардың
тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек.   Бір
сұрақтың  айналасында   айтылған   түрлі   авторлардың   пікірлеріне   іштей
салыстырулар жасап,   түйінді  жерлерін  қағаз  бетіне  түсіру  керек.   Осы
мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз.  Бұдан  соң  белгілі
бір  тұжырымды  дәлелдеу  үшін  өзіңіз  оқыған  көркем   туындылардан,   сын
мақалалардан   мысалдар  келтіріңіз.   Келесі  семинарларда  алдыңғы   өткен
сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді  дұрыс  пайдалана
біліп, жаңа тақырыпппен байланыстырып отырыңыз.  Әр  тақырыпты  өткен  кезде
ұсынылып   отырған   көркем   мәтіндермен    мұқият   танысып,   көрсетілген
үзінділерін  жатқа  оқу  қажет.  Семинар  барысында  теориялық   мәселелерді
меңгерумен қатар мәтінді жатқа білу талап етіледі. Емтихан алдында  мәтіндік
тест  алынады.


      4  КУРС ФОРМАТЫ
      Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды
талқылау және әртүрлі тапсырмаларды  орындау кіреді. Әрбір  сабаққа  студент
әдебиеттің  негізгі  және  қосымша   қайнар   көздерінің   тізіміне   сәйкес
дайындалуы  керек   (негізгі   бөлімдер   мен   бөлімшелер   әрбір   сабақта
нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер  автоматты  түрде
0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
      Негізгі  ұғымдар  дәрістерде  ұсынылады  және  түсіндіріледі.  Сабаққа
қатысу және дәрісте  негізгі ұғымдарды,  түсіндірмелерді  және  мәліметтерді
жазып алу студенттің міндеті болып табылады.  Егер  студент  қандай  да  бір
жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы  басқа
студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің  бір
де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
      ОЖСӨЖ мақсаты –  әдістеме    саласына  байланысты  зерттеу  еңбектерді
қарастыру.
      ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
      - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;
      - әдістеме ғылымы және оның ерекшелiктерi туралы.
      Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның  жеке  танымды  қызметі,  ол
өзіне тек қана алған білімін бекітіп  қоймауы,  сонымен  қатар  жеке  тілдік
тұжырым-ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан  ол  келешек  маманның
жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.
      Өздік  жұмыс  сонымен  қатар   студенттің   максималды   белсенділігін
қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы  ғылыми  зерттеу,  қоғамдық  және
өндірістік қызметтерде көрінеді.


      5  КУРС САЯСАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  СӨЖ,  ОСӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай  жинақтай  алмаған  студент
емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу   міндеті,  өтілген  материалды
меңгеру деңгейі тест, жатқа  жазу,  бақылау  түрінде  тексеріледі.  Себепсіз
сағат босатсаңыз қосымша  шығармашылық  жұмыс  беріледі.  Сабақтан  екі  рет
кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.



      6  БАҒАЛАУ САЯСАТЫ


   |Апта                                    |1                                |
|Дәріс        |        30 ұпай           |                30 ұпай          |
|Семинар      |                          |15                               |
|Барлығы      | 300 ұпай                 |  300 ұпай                       |
|Емтихан      |                                  400 ұпай                  |
|қорытынды    |                                 1000 ұпай                  |


   7. ӘДЕБИЕТТЕР
   7.1.   Негізгі әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білімінің  негіздері. А.,1973,1977,1993
2. Байтұрсынов А., Тіл- құрал. Қызылорда, 1925
3. Баранникова Л.И. Введение  в языкознание. Саратов, 1973
4. Баскаков Н.А. Введение в  изучение тюркских языков  М.,1969
5. Головин Б.Н. Введение  в языкознание Москва,1977,1980
6. Кодухов В.И. Введние в языкознание М.,1979,1987
7. Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе А.,1997
8. Қордабаев Т. Тілдің  структуралық элементтері. А.,1975
9. Хасенов Ә. Тіл білімі А.,1996
                            7.1.2.Қосымша әдебиет
1. Аманжолов А.С. Қазақша-орысша лингвистикалық терминдер. А.,1997; Түркі
   филологиясы және жазу тарихы. А.,1996
2. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. А.,1997
3. Айғабылов А. Қазақ тілінің морфонологиясы. А.,1995
4. Аралбаев Ж. Вокализм  казахского языка А.,1970, Қазақ  фонетикасы
   бойынша  этюдтер. А.,1988
5. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер.А.,1995
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. А.,1996
7. Байғұтов М. ЭВМ және тіл білімі // қазақ әдебиеті, 1986 14 наурыз.
8. Белл Р. Социолингвистика. М.,1980
9. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы С. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
   фразеологиясы.
10. Вайнрайх У. Языковые контакты, Киев,1979.
11. Выготский Л.С. Мышление и речь. М.,1996
12. Вопросы терминологии . М.,1961.
13. Горелов И.Н. Разговор  с компьютером. М.,1987
14. Джунусбеков А. Гласные  казахского языка А.,1979, Сингармонизм в
   казахском языке, А.,1985
15. Джанузаков Т. Очерк казахской онамастики. А.,1982
16. Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. А.,1955.
17. Қазақ ономастикасының мәселелері. А.,1986
18. Қайдаров Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. А.,1993
19. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу , даму жолдары. А.,1987
20. Морозов В. , Ежова Л. Алгоритмические языки.М.,1975
21. Мырзабеков С. Қазіргі  қазақ тілі фонетикасы. А.,1997
22. Жұбанов Қ. Қазақ тіліжөніндегі зерттеулер. А.,1999
23. Жирмунский В. Национальный язык и социальные диалекты Л.,1936
24. Исаев С. Қазіргі қазақ  тіліндегі сөздердің сипаты. А.,1998
25. Исаев М. Язык эсперанто. М.,1981
26. Истрин В.А. Возникновение и развитие  письма. М.,1969
27. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.,1995
28. Социальная и функциональная дифференциация языков. М.,1977
29. Сулейменова Э. Основы контрастивной лингвистики. А.,1996
30. Мурат В. Введение в языкознание . Изд. 4 М.,1973
31. Язык и мышление М.,1967




Пәндер