Файл қосу
Қатты отынның жануы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы | |СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 денгейлі СМЖ құжаты | ПОӘК |ПОӘК | | | |042-14-1-05.01.20.60/03-| | | |2010 | | ПОӘК | | | |Оқытушыларға арналған |№ 1 басылым орнына | | |пәндердің оқу жұмыс |«07» қыркүйек 2008 ж | | |бағдарламасы |«30» қыркүйек 2010 ж. | | |«Отынды жағудың арнайы |№ 2 басылым | | |сұрақтары» | | | «Отынды жағудың арнайы сұрақтары» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «050717» – «Жылуэнергетика» мамандығы үшін ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК материалДАР Семей 2010 Мазмұны 1 Глоссарий 4 1 Глоссарий 4 2 Дәрістер 7 Дәріс 1 7 Дәріс 2 10 Дәріс 3 11 Дәріс 4 13 Дәріс 5 16 Дәріс 6 18 Дәріс 7 20 Дәріс 8 23 Дәріс 9 26 Дәріс 10 29 Дәріс 11 30 Дәріс 12 32 Дәріс 13 35 Дәріс 14 37 Дәріс 15 38 3 ПРАКТИКАЛЫҚ және зертханалық сабақтар 45 Практикалық сабақ 1, 2, 3 45 Практикалық сабақ 4, 5, 6 45 Практикалық сабақ 7, 8, 9 46 Практикалық сабақ 10, 11, 12 47 Практикалық сабақ 13, 14, 15 48 Зертханалық жұмыс 1 48 Зертханалық жұмыс 2 49 Зертханалық жұмыс 3 49 Зертханалық жұмыс 4 49 Мазмұны 1 Глоссарий 4 2 Дәрістер 7 Дәріс 1 7 Дәріс 2 10 Дәріс 3 11 Дәріс 4 13 Дәріс 5 16 Дәріс 6 18 Дәріс 7 20 Дәріс 8 23 Дәріс 9 26 Дәріс 10 29 Дәріс 11 30 Дәріс 12 32 Дәріс 13 35 Дәріс 14 37 Дәріс 15 38 3 ПРАКТИКАЛЫҚ және зертханалық сабақтар 45 Практикалық сабақ 1, 2, 3 45 Практикалық сабақ 4, 5, 6 45 Практикалық сабақ 7, 8, 9 46 Практикалық сабақ 10, 11, 12 47 Практикалық сабақ 13, 14, 15 48 Зертханалық жұмыс 1 48 Зертханалық жұмыс 2 49 Зертханалық жұмыс 3 49 Зертханалық жұмыс 4 49 1 Глоссарий Жылудинамикалық процесс – жылудинамикалық жүйеде болатын және оның жағдайының тіпті бір ғана параметрінің өзгеруімен байланысты процестің қайсысы болса да жылудинамикалық процесс деп аталады. Қайтымды, қайтымсыз және квазистатикалық (бір күйден екінші күйге баяу түрде шексіз ауыса беретін) процесс. Макроскопиялық жүйе – көп бөлшектерден тұратын кезкелген материалдық зат. Макроскопиялық жүйенің өлшемі атом мен молекуланың өлшемімен көп. Идеал газ – молекуларының арасында ілініс материалдық нүктелерді елестетін шартты және Гей Люссак заңдарына бағынады. Ішкі энергия - тура жүрісті, айналмалы және тербелісті қозғалыстардың энергия жиынтығын қамтитын молекулалар мен атомдардың бейберекеттік қозғалысынан туындайтын энергия жұмыс – кішкентай бөлшектердің қарастырылып отырған физикалық процесте энергияның бір түрден екінші түрге айналуын сипаттайтын физикалық шама. Жылудинамикада жүйенің сыртқы параметрлері өзгергенде жылудинамикалық жүйенің сыртқы денелерге беретін энергиясы. Өлшем бірлігі Дж. Жылутасымалдағыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін пайдаланылатын сұйық немесе газ тектес зат. Мысалы, су, су буы, газдар сұйық металдар, органикалық және басқа қосылыстар. Жылу техникасы – ғылым мен техниканың жылу құбылыстарын өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, транспортқа, тұрмысқа және тағы басқа мақсатарға пайдалану үшін қызмет ететін процестер мен жабдықтарды қамтитын саласы. Практикалық жағынан жылу техникасы негізгі екі бағытта: жылу энергиясын тікелей өнеркәсіптік процестерге пайдалану және отынның химиялық энергиясына айналдыру үшін пайдаланылады. Теплофикация - жылыту – жылу электрорталықтары шығаратын жылу мен электр энергиясын пайдаланып, қалалар мен өнеркәсіп орындарын бір орталықтан жылытуды қамтасыз ету. Жылуэлектроцентраль (ЖЭЦ) – жылуэлектр орталығы (ЖЭО) –қаланы, ірі зауытты немесе бір неше кәсіпорынды және т.б. электр энергиясымен, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін электр станциясы. Оның ерекшелегі жылу мен электр энергиясы қатарынан өдіріледі. Күйдің параметрлері – жылу динамикалық жүйенің күйін сипаттайтын физикалық шамалар. Күй теңдеулері тепе-теңдіктегі жылудинамикалық жүйе күйіне арналған параметрлер арасындағы функцианалды байланыс. Абсолютті қара дене - өзіне түскен электромагнит сәулелерін сіңіретін дене. Барлық басқа денелер сияқты абсолюттік қара дене де жылу мен энергия шығарады. Көзге қап-қара болып көрінген денелердің бәрі (қара күйе, қара май т.б.) абсолютті қара дене саналмайды. Абсолютті қысым – бұл қазанының, баллонның, сұйық заттар, газдар сақталатын ыдыстардын ішіндеге қысым және оған қосымша қоршаған ортаның (атмосфера) қысымы. Атмосферамен өлшенетін абсолют қысымның шарты белгісі ата. Абсолюттік ноль – табиғатта болу мүмкін суықтық температураның ең төменгі (-273,16[pic]) мұндай темпертаруада молекулалардың жылылық әрекеті мүлде тоқтайды. Заттың мұндай жағдайға келуі тек теориялық ұғым ғана. Термиялық ПӘК. Жылуды жұмасқы айналдыру кезіндегі идеал циклдың жетілу дәрежесін сипаттайды. Тоңазыту коэффициенті – бір-бірлікті жұмыс жұмсалғанда, жылу қабылтағыштан қанша жылу мөлшері әкететілетінін көрсетеді. Карно циклы – жылудың жұмысқа (және керсінше) толық айналуы жүретін қайтымды тұйық процесс. Буға айналу – сұйық түрден газ түрге айналу процесі. Бұға айналу жылулығы – бір килограмм қайнаған сұйықты құрғақ қаныққан буға айналдыруға қажетті жылу мөлшері. Будың құрғату дәрежесі – құрғақ будың дымқыл будағы массалық бөлігі. Дымқыл ауа - құрғық ауа мен су буымен қоспасы. Шық нүктесі – құрамындағы құрғатылған буды қаныққан буға жеткізүге қажетті дымқыл ауаны суытуға қажетті температура. Ауаның абсолютті ылғалдылығы – 1 м3 дымқыл ауадағы су буының массасы. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – дымқыл ауаның абсолютті ылғалдылығының берілген қысымен температурадағы ауаның максимал мүмкін су буымен қанығуына қатынасы. Сопло – «тұмсық» - қысымның төмендеуімен және қозғалыс жылдамдығының өсуімен газдың ылғаюы жүретін арна. Лаваль тұмсығы – газ жылдамдығын дыбыс жылдамдығынан асыруға қолданылатын және өзі кішірейетін және ұлғаятын қысқа құбырлардан тұратын құрама арна. Жанышталу – будын немесе газдың журетін жолын әдейі кедергілеп, көбінесе арнаның немесе құбырдың бір жерін тарылтып, қысымын азайту. Техникада (гидродинамикада) жаныштау ісі сұйық немесе газ тәрізді заттардың қысымын және шығынын тәртіптеуге қолданылады. Бұл үшін олардың өтетін жолдарына түрлі кедергілер (жапқыш, қақпақ т.б.) қояды. Джоуль-Томсон әсерлігі – адиабаттық жаныштау нәтежесінде газ температурсын өзгерту. Инверсия температурасы – адиабаттық жаныштау кезінде газдың температурасы өзгермейді, газдың осы күйіне сәйкес температура. Ауа сыққыш – 0,2 мПа жоғары артық қысымда ауаны немесе газды сығуға арналған машина. Регенерация – жүйеден кетіп жатқан газ тәрізді жану өнімінің жылуын жануға келіп түскен газ тәрізді отындарды жылытуға пайдаланылатын ауа немесе газдар қоспасы. Ренкин циклы – қарапайым бу күштік қоңдырғының жұмысшы дене күйінің өзгерісін сипаттайтын идеал тұйық процесс. Тоңазыту циклы - аз қыздырылған денеденкөп қыздырылған денеге жылу тасымалына арналған кері шеңберлік процесс. Жылуалмасу – кеңістікте температурасы біркелкі емес жылу тасымалы бар өзінен өзі еркін жүретін қайтымсыз процесс. Жылуөткізгіштік – температуралары әртүрлі бір дененің микробөлшектерінің өзара әрекетте суімен жүретін жылу алмасу. Конвекция – бұл кеңістіктегі газ немесе сұйық көлемінің араласуы мен тасымалданатын жылу. Конвекті жылу алмасу – бұл қатты жылу беті мен сұйықтар мен газ дардың арасындағы жылуөткізгіштік бен конвекция жолымен бірмезгілде жылу алмасатын процесс. Жылулық сәуле шығару – заттыңішкі энергиясы арқасында бөленетін сәуле жиілігінің әсіреқызыл аралығында бөліп шығаратын электромагниттік сәуле шығаруы. Жылу тасымалы – бұл бір сұйық ортадан екінші сұйық ортаға жылу оларды бөліп тұрған қатты қабырға арқылы берілетін процесс. Температуралық өріс – қарастырылатын кеңістіктің барлық нүктелеріндегі температуралар мәнінің жиынтығы. Температуралық өріс скалярлық шама, себебі температураның өзі скалярлық шама. Температура градиенті – мәні изотермиялық бетке тік бағытталған температура туындысына тең вектор. Жылу ағыны – еркін беттен уақыт бірлігінде берілетін жылу мөлшері. Физикалық ұқсастық – физикалық процестер арасындағы, кескінделетін ұқсастық, олардың өлшемсіз математикалық сипатымен үйлесімді. Ұқсастық критерийлері – қарастырылатын физикалық құбылыстарды аңықтайтын өлшемді шамалардан құралатын өлшемсіз сандар. Ұқсастықтың критериалдық (шектік) теңдеуі – құбылысты сипаттайтын ұқсастық критерийлерінің арасындағы функционалды тәуелділік. Жылуалмастырғыштар – бір ортадан екінші ортаға жылу тасымалдауға арналған құрылғы. Отын – энергетикалық, өндірістік және жылу құралдарында жылу алуға қолданылатын жанғыш зат. Жану жылулығы деп 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады. Жылулық – жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы. Калориметрлік бомба- отынның жану жылулығын анықтайтын құрал. Жану жылулық – қатты, сұйық және газ тәрізді отын толық жанып біткенде алынатын жылу мөлшері. Төмен, жоғары және көлемдік жану жылулық болады. Жанарғы (горелка) - сұйық және газтәрізді отындарды оттыққа үрлеп беру құралы. Шартты отын – жану жылулығы 29300 кДж/ кг тең отын. Буқазандығы қондырғысы – бу қазандығы мен қосымша құрылғылар жиынтығы. Жылу қазандығы – орталықтан жылыту жүйесін жүйелерін ыстық сумен немесе бумен жабдықдайтын бу қазаны. Оттық – бу қазандығының немесе пешінің отын жағылатын бөлігі. Қатты отынға арналған оттық қабаттама және камералы оттықтар болып бөлінеді. Сұйық (қарамай( және газ тәрізді отын камералы оттықта жағылады. Жылу электр станциясы (ЖЭС) – жылу қозғалтқыштар айналдыратын генераторлармен электр энергиясын өндіретін кәсіпорын. ЖЭС – тегі жылу көзі – органикалық отында жаққандар алынатын химиялық энергия. Жылу қозғалтқышы – жылу энергиясын механикалық жұсықа айналдыратын қозғалтқыш. Ол химиялық немесе ядролық отын түріндегі табиғи энергетика ресурстарын (қорларын) пайдаланады. Олар поршенді, роторлы және реактивті қозғалтқыштар болып бөлінеді. Жылуды оқшаулындыру – жылу аппараттары мен су құбырларын айналаға тарап кететін жылу шығынын азайту мақсатында жылу өткізбейтін материалдарме қаптау (немесе орау). 2 Дәрістер Дәріс 1 (1 сағат) Тақырып. Отын және оның құрамы Дәріс сабақтың мазмұны 1 Кіріспе. Отындар туралы ұғым. 2 Отындардың түрлері. 3 Отындардың құрамы. 4 Жағу процесіне тигізетін күлдің әсері. 5 Отынның жану жылулығы. 6 Калориметрлік қондырғы. 7 Калориметрлік қондырғының құрлысы. Отын деп жанғыш заттарды көп мөлшерде жылу алуға пайдалануды айтады. Отындар органикалық, органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық отындардың негізі өсімдіктен пайда болған отындар. Отындар қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қатты отындарға мыналар: көмір, шымтезек, ағаш, шөп тәрізділер, сұйық отындарға: мұнай, қара май, бензин, дизель отыны т.б., ал газтәрізділерге: табиғи, домна, генератор газдары жатады. Кезкелген қатты және сұйық отындар: көміртегінен С, сутегінен Н, күкірт S сияқты жанғыш элементтерден тұрады Отындық күкірттің үш түрі бар: отын құрамында органикалық S0, ал колченданды күкірт Sк және сульфатты күкірт Sл отын күлінің құрамында болады. Органикалық және колчеданды күкірт тез жанады, сульфатты күкірт күлдің құрамына өтеді. Күкірттің жану өнімі қазанның қабырғасына қатты және ол адамның тыныс жолдарына зиянды әсер етеді. Күл деп отынның жану нәтежесінде алынған, жанбай қалған қатты қалдық. Күл отынның жануын тежейді. Ол бу қазандығының газ жолдарын ұстап қалады және жылу беттерінің тозуына және айналадағы ортаның кірленуіне әкеп соғады. Отынның жану жылулығы Отынның негізгі сипатын жану жылулығы береді. Жану жылулығы деп 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшерін айтады. Оны Q белгілеп, кДж/кг өлшейді. Отынның жану жылулығы отынның химиялық құрамынан және оның жану жағдайынан тәуелді. |[pic] | 1 - калориметрлік бомба; 2 - суы бар ыдыс; 3 - термостат; 4 - араластырғыш құрылғы; 5 - термометр; 6 - араластырғыш құрылғының жұмысқа қосу механизмі. Сурет 1 - Калориметрлік қондырғы Отынның жану жылулығын калориметрлік бомбаның көмегімен анықтайды. Бомбаға отынның кішкентай бір бөлігін орналастырып, оған 25 “бар” қысымда оттегін жібереді. Содан кейін, бомбаны суы бар калориметрге орналастырып, тоқтың көмегімен бомбадағы отынды жағады. Калориметрдегі судың температурасы өседі. Осы температура өсімі мен су мөлшерін, біле отырып, отынның жану жылулығын анықтайды. Ылғалдың булануы және сутегінің жануы салдарынан, пайда болған су буы толығымен салқындайды. Бомбаның көмегімен анықталған отынның жану жылулығы жоғарғы жану жылулық Qв деп аталады. Бу қазандықтың оттығында 1кг отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылуды төменгі жану жылулық деп атайды. Отынның төменгі жану жылулығын Менделеев Д.И. формуласымен анықтайды, кДж/кг: |[pic], |(1) | Отынның әртүрлі сорттары үшін, төменгі жану жылулық үлкен диапазонда (аралықта) өзгереді. Өздік бақылау сұрақтары 1 Отындар туралы ұғымды түсіндіріңіз. 2 Отындардың түрлерін атаңыз. 3 Отындардың құрамын атаңыз. 4 Жағу процесіне тигізетін күлдің әсері қандай? 5 Отынның жану жылулығы деп нені айтады? 6 Калориметрлік қондырғы не үшін қажет? 7 Калориметрлік қондырғының құрлысын сызып көрсетіңіз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат., 1969. - б. 250-254. 2. Резников М.И.«Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-26. 3. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. «Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 14-32. Дәріс 2 (1 сағат) Тақырып. Отынның түрлері Дәріс сабақтың мазмұны 1. Отынның түрлері. 2. Ылғалдың отын құрамына әсері. 3. Отынның жану жылулығының әртүрлігі. 4 Шартты отын. Ағаш –қатты отын.Ағаштың құрамындағы көміртегі мен сутегінің құрамы,ішкі балластты құрайтын оттегі мен азотқа қарағанда аз(1-2٪). Ағаштың сапасына әсер етуші басты балласт болып ылғал саналады. Жаңа кескен ағашта 50٪ылғал бар. Ағаштың жану жылулығы оның ылғалдылығына байланысты мына аралықта (8.4-12.5 МДж/кг)өзгереді. Кепкен бұтақтар,сабан,шөп сияқты қалдықтардағы құрғақ заттар, олардың салмағының 65-75٪ құрайды.Сондықтан олардың жану жылулығы 14-16.5 МДж/кг құрайды. Шымтезек деп су астында айрылып түзелген шөп және ағаш қалдықтарын айтады.Кептірілмеген жаңа шымтезектің ылғалдылығы 90٪дейін жетеді.Сол себепті,олардың жану жылулығы 8.4-10.5 МДж/кг құрайды. Көмірлердің құрамында ылғал аз болу себепті, олардың жану жылулығы 21- 25 МДж/кг жетеді. Қарамайда ылғал өте аз болғандықтан, олардың жану жылулығы 40 МДж/кг. Газтәрізді отындарда ылғалдың болмауынан, олардың жану жылулығы 33 МДж/кг жетеді. Шартты отын Отынның жану жылулығы үлкен дипазонда өзгереді. Ағаш және шымтезек үшін Q =10 мДж/кг, ал қара май үшін – 40 кДж/ кг. Отынның күлділігі мен ылғалдылығына байланысты олардың жану жылулығы да әртүрлі болады. Отындардың әртүрлі шығындарын өзара салыстыру үшін, «шартты отын» ұғымы енгізілген. Бұл шартты отынның жылулық мөлшері 29,3 мДж/кг тең. 1кг нақты отынды «шартты отынға» ауыстыру үшін, мынадай коэффициент К қолданылады: К= [pic]/29,3; Мұндағы, [pic] - отынның төменгі жану жылулығы, мДж/кг; Нақты отын - қарамайды шартты отынға ауыстыру коэффициенті К = 1,43; шымтезектікі К=0.25÷0.5; донецк көмірінікі К = 0,93; ағаштыкі К = 0,3; подмосковье көмірінікі К = 0,33[pic]0.43; ал костраныкі К = 0,4[pic]0,5 тең. Өздік бақылау сұрақтары 1. Отынның түрлері қандай болады? 2. Ылғалдың отын құрамына әсері барма? 3. Отынның жану жылулығының әртүрлігі немен түсіндіріледі? 4. Шартты отын анықтамасын айтыңыз. 5. Шартты отынды немен сипаттайды? Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. Теплотехника. - М.: Металлургиздат., 1969. – б. 250-262. 2. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 20-33. 3. Ильин Е.И., Прянишников Н.С. «Теплотехническое оборудование заводов» - М.Легкая индустрия., 1967.- б. 72-75. Дәріс 3 (1 сағат) Тақырып. Ламинарлық және турбуленттік жану Дәріс сабақтың мазмұны 1. Ламинарлық жану 2. Турбуленттік жану 3. Жалын 4. Атмосфералық жанарғылар 5. Жалынға берілген ауаның әсері 6. Жану процесінің механизмі 7. Турбуленттік жалын мен диффузиялық жану жалынының айырмашылықтары Техникалық құрылғыларда газ бен ауа қоспалары ағынының жануы жүреді және оны жалын деп атайды.Жалын белгілі бір геометриялық түрде болуы мүмкін.Жану қарқындылығына және оның тұрақтылығына ағын қозғалысының түрі- ламинарлық немесе турбуленттік қозғалыс үлкен әсер етеді. Өзара араласпайтын газ бен ауа қоспасының жануын ламинарлық жану деп атайды.Бұндай жану негізінен,атмосфералық аз өнімді жанарғыларда(горелка) кездеседі. Ламинарлық қозғалыс кезінде, газ қоспасындағы газдардың араласуы ақырын жүреді және бұл араласу молекулярлық диффузиямен жүреді. Осы кездегі жалын үлкен болады.Жалынның ең үлкен шамасы,ламинарлық режимде ағатын газ бен ауаның жану орнына жеке-жеке ағынмен келіп жануы кезінде пайда болады. Жоғарғы молекулалы көміртекті газдар, жоғарғы температурада қарапайым қосылыстарға ыдырайды,осы кезде бөлшектерінің өлшемі өте аз (~0,3*10-3мм) болатын, күйелі көміртегін бөледі. Бұл бөлшектер қатты қызып, жалынға жарық береді. Ауыр көміртектер жалынының жарығын, оған кейбір ауа мөлшерін араластыру арқылы өшіруге болады. Оттегі органикалық молекулалардың ыдырау қасиетін өзгертеді, көміртегі қатты түрде бөлінбей көгілдір, мөлдір жалынмен жанатын көміртегі тотығы түрінде бөлінеді. Көп жағдайда газ тәрізді отындардың жану жалыны турбуленттік ағында таралады, оның ламинарлық ағыннан айырмашылығы мынандай: ағынның әрбір нүктесінде жылдамдық шамасы және бағыты бойынша да өзгереді, ал жеке ағыншалары араласады және бейбірекет қозғалыста болады. Жалынның турбуленттігі көп болған сайын, соғұрлым жалын майданы (фронт) тегіс болмайды және оның беттік қабатында көптеген майда жалындар пайда болады. Жалынның жеке ағыншалары, одан суықтау қосалқы ағыншаларымен және жанып болған қатты қызған өнім ағыншаларымен (17-9сурет) бірге қатар орналасқан. |[pic] | Сурет 1 - Көлемді турбуленттік жану Жалынның турбуленттік ағынының жайылу (таралу) жылдамдығыUт қоспаның ламинарлық тәртіптегі жалынның жайылу жылдамдығынан артық және ол турбуленттік дәрежеге (масштабқа) бағынышты болады. Uт жылдамдығы тұмсықтан ағып шыққан ағын жылдамдығы артқан сайын артады: |[pic], |(1) | мұндағы W1-ағынның орташа жылдамдығынан тәуелді, пульстік жылдамдық; В- газ тәрізді отын қасиетінен тәуелді коэффициент. Белгілі бір жағдайдағы турбуленттік жалын диффузиялық жану жалынынан қысқа.Берілген газдың жануы кезіндегі жалын ұзындығы мына жағдайларға газ жандырғы құрылымының қоспа түзушілік қасиетіне, газдардың алдын–ала араластыру дәрежесіне, ағып шығатын ағынның жылдамдығына, тұмсықтың диаметріне, ауаның артық мөлшерінің коэффициентіне және ағыншалардың даму шартына байланысты. 18-10 суретте газ жанатын жеке құрылымдардағы жалынның жуықтап алынған ұзындықтары берілген. Диффузиялық жанарғыдағы жалын ұзындығы ең ұзын болып табылады (а - сызбанұсқасы) 1>20d, ал газдары алдын ала арастырылатын жанарғы ең қысқа жалынға ие болады(г- сызбанұсқасы) 1=3d, сондықтан, бұл жанарғыны факелсіз деп атауға да болады. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б. 273-280. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа,1980.-б.240-247. 3. Ильин Е.И., Прянишников Н.С. «Теплотехническое оборудование заводов» - М. Легкая индустрия.,1967. - б. 75-78. Дәріс 4 (1 сағат) Тақырып. Сұйық және газтәрізді отындарға арналған оттықтар Дәріс сабақтың мазмұны 1. Сұйық отындарға арналған оттықтар 2. Газтәрізді отындарға арналған оттықтар 3. Отынды бүркіп беру құралдары 4. Бүркіп беру құралдарының құрлысы 5. Механикалық бүріккіштердің артықшылығы мен кемшілігі Қазандық агрегаттарында негізінен, сұйық отын ретінде, айдаудың ауыр қалдықтарын және мұнай крекингі (бөлу) әдісімен алынған қара майды жағады. Сұйық отынды, шаң тәрізді отындар сияқты, камералық оттықтарда жағады. Сонымен, берілген оттықта сұйық отыннан басқа, шаң тәрізді отын да жануы тиіс. Бұл жағдайда шаң тәрізді отынды жағу үшін, оны қайтадан жобалап, онда күлге арналған шұқырақ (воронка) және сұйық шлакқа арналған түптеме қарастырылуы керек. Егер оттық тек ғана сұйық отынды жағуға негізделген болса, онда оған жазық горизонтальді түптеме жасайды, бұл жағдайда шлакты(қатты отын қалдығы) оттықтан шығарудың қажеті жоқ. Сұйық отынды факелді процесте жағу үшін, оны алдын-ала бүркіп алу керек. Оның себебі, бүркілмеген отын жанбайды. Оттықта сұйық отынды бүріккіштің көмегімен шашыратады, содан сұйық отын жақсы буланып, тез жануға мүмкіндік алады.Қазіргі кезде жылу энергетикасында бүріккіштердің әр түрлі конструкциялары кеңінен тараған. Олар: механикалық, булық, ауалық болып үш түрге бөлінеді; Механикалық бүріккіштердің жұмыс істеу принципті, цилиндірлі камерада сұйық отынды ортадан тепкіш әдісімен бүркуге негізделген. Камерада қатты құйындалған отын бүріккіштің орталық тесігінен шығады. Тесіктен ағып шыққан сұйық қабықшалы қабат құрайды. Сұйықтың әрі қарай қозғалысы кезінде қабат жұқарып, кейіннен жеке сұйық бөлшектеріне айналады. Ол үшін сұйық сорап бөлшектерінің көмегімен 10-20 *106МПа қысымға шейін сығылады да, содан кейін бүріккішке беріледі. Өнеркәсіп орындарында өнімділігі 250-1250 км/сағ жететін қысымы 12*106 МПа-ға тең механикалық бүріккіштер шығарады. Бұл бүріккіш тұрқыдан (корпустан), оған кіргізілген дөңгелектен, соңында бүріккіш дөңгелектен тұрады. |[pic][pic] | Сурет 1 - Қарамай бүріккіш жанарғылар 1 суретте газдарға арналған шаңтәрізді қатты отынға жанарғылар арналған жанарғылар, ал төменде қарамай жанарғылары. Механикалық бүріккіштердің қысыммен істейтін түріне, отынның кішкентай тесіктен үлкен қысыммен(1-2 МПа)ағып шығуы арқылы жұмыс істейтін түрі жатады. Механикалық ротациялы(айналмалы тетігі бар) бүріккіштерде, отын жылдам айналатын стақанға беріледі,соның арқасында отын жұқа қабықшаны құрайды.Стақаннан шығар ауызда,оны ауа құйыны іліп әкетеді. Механикалық бүріккіштердің артықшылығы: отынды бүрку кезінде, оған бу қолданбайды. Механикалық бүріккіштердің кемшілігі:оның отын шығар тесіктері ластанып және мұнай өнімдерімен қақтанып қалуы; сонымен қатар,оның өнімділігін реттеу өте қиынға түседі. Механикалық бүріккіштердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, бүркуге жататын отынның шартты тұтқырлығы 6 ШТ артық болмауы керек. Ол үшін 40 маркалы қара майды 900С, ал 100 маркалы қара майды 1050С жылыту керек. Булы және ауалы бүріккіштер бір класқа - яғни, ортаны бүрку бүріккіштеріне біріктіруге болады. Бу бүріккіштерінде су буы (p=0.4(1.6 МПа) қолданылады. Қара май бүріккішке 0,3(0,4мПа қысыммен беріледі. Бу ағынының жылдамдығы үлкен болса , онда бүріккіштен шыққан отын өте ұсақ бөлшектерге бөлінеді. Булы бүріккіштер өзінің құрылысы бойынша механикалық бүріккіштерге қарағанда, қарапайым. Бірақ 1кг қара майды жағуда қолданылатын 0,3(0,35 кг бу мөлшері үлкен болғандықтан, ол бу қазандығында шу туғызады. Сондықтан, бұндай бүріккіштер өнімділігі 3,3 кг/с дейінгі бу қазандықтарында ғана қолданылады. Өздік бақылау сұрақтары 1. Сұйық отындарға арналған оттықтар туралы не білесіз? 2. Газтәрізді отындарға арналған оттықтар қандай? 3. Отынды бүркіп беру құралдарының түрлері қандай? 4. Бүркіп беру құралдарының құрлысын айтып беріңіз. 5. Механикалық бүріккіштердің артықшылығы мен кемшіліктері қандай? Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 5 (1 сағат) Тақырып. Сұйық отынның жану ерекшелігі Дәріс сабақтың мазмұны 1. Сұйық отынның жану ерекшелігі 2. Бүрку мақсаты 3. Жану фазалары 4. Жану жылдамдығы 5. Факелдің түсі Жану процесі бүріккіш көмегімен отынды шашыратып беруден, буланудан, сұйық отынның термиялық ыдырауынан, алынған өнімнің ауамен араласуынан, қоспаны жағудан тұрады(18.7сурет). Пульверизация(бүрку) мақсаты, сұйықтықтың ауамен және газбен жанасу бетінің үлкеюіне негізделген.Осы кезде беттік қабат бірнеше мың есе ұлғаяды.Жану жалыны қатты сәулеленгеннен кейін, тамшылар өте тез буланып, термиялық ыдырауға түседі.18.8-суретте булану, крекинг, жану процесі сияқты түрлі қасиеттегі аймақтары көрсетілген. Сұйық отынның жануы кезіндегі жалынның үш фазасы бар: сұйық, қатты, газтәрізді.Жану жылдамдығы (жанғыш газдардың жануындағыдай) мыналардан: қоспа түзушілігінен, алдын ала болатын аэрация дәрежесінен, жану камераларының температурасынан, жалынның даму шартынан және жалынның турбуленттік дәрежесінен тәуелді. Қыздырылған көміртек бөлшектерінің арқасында факел ашық түсте болады. | | |қара май ауа | | | | | | | | | |ауа оттықтың | |сәуле шығаруы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | 1 - булану аймағы; 2 - ыдырау аймағы; 3 - жану аймағы; 4-жану өнімдері. Сурет 1 - Қара май жалынының сызбасы. Өздік бақылау сұрақтары 1. Сұйық отынның жану ерекшелігі қандай? 2. Бүрку мақсатын түсіндіріңіз. 3. Жану фазаларын атаңыз. 4. Жану жылдамдығы қандай факторлардан тәуелді. 5. Факелдің түстерін атаңыз. 6. Сұйық отынның толассыз жанып кету сызбанұсқасы сызыңыз. 7. Қара май жалынының сызбасын салыңыз. Қолданылған оқулықтар 1 Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340. 2 Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3 Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4 Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 6 (1сағат) Тақырып. Қатты отынның жануы Дәріс сабақтың мазмұны 1. Қатты отынның жануы туралы. 2. Ағынның аэродинамикалық қысым күші. 3. «Қайнау»қабатының отын бөлшектерінің бөлінуіне байланыстылығы. 4. Отынның тұтану процесі Отын тотығу үшін үлкен көлемде ауа қажет,ол отын салмағынан бірнеше есе артық болуы қажет. Отын қабатын ауамен үрлеу кезіндегі ағынның аэродинамикалық қысым Р күші, отын бөлшегінің салмағынан G үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Ағып шыққан ағынның аэродинамикалық қысым күшін былайша анықтайды: |[pic], |(1) | мұндағы d - бөлшектің берілген диаметрі, м; w - газдың салыстырмалы жылдамдығы, м/с; ρ - газ тығыздығы, кг/м3; С - Рейнольдс критерий шамасынан тәуелді коэффициент. Ағынның динамикалық қысымы мен ауырлық күші теңескенде G=Р отынның бөлшектері салмағын жоғалтқан сияқты ағында «қалқып» жүреді. Бұл жағдайға ағынның критикалық жылдамдығы(қалықтау жылдамдығы) сәйкес келеді. Аэродинамикалық жағдайға байланысты тығыз (қозғалмайтын) қабат G > Р және салмақсыз(әуелеп қалықтау) қабат G > P болып бөлінеді.Салмақсыз қабатта отынның ұсақ бөлшектері газ ағынымен әкетіледі. Аралық мағанада «қайнау» қабаты деп аталатын, бұл ағын жылдамдығы тығыз қабаттан өту кезінде және ол тұрақтылық шегінен шыққанда байқалады. Қайнау отын бөлшектерінің бөлінуіне байланысты, ондағы қабаттың көлемі 1,5-2,5 рет үлкейеді.Отын бөлшегінің қозғалысы (кәдімгі жағдайда ұсақтар-2 ден 12мм дейін) сұйықтың қайнау қозғалысын еске түсіреді. «Қайнаған қабатты» оттықта қабатты аймақта газды ауа ағыны айналысқа түспейді, ол тіке қабаттан үрленіп шығады. Қабаттан тесіп шыққан ауа ағыны бірыңғай тежелу салдарынан, жыдамдықтың күрделі өрісі пайда болады, яғни бөлшектер барлық уақытта ағындағы жағдайға байланысты шапшандығын,бағытын өзгертеді. Мұнда бөшектер айналуып, дүркін-дүркін соғушы қозғалыстарға ие болады, яғни қайнап жатқан сұйықты көзге елестейді. Қайнап жатқан қабаттың аэродинамикалық ерекшелігі мына қатынаспен сипатталады: |[pic], |(2) | мұнда wc, wn - қабаттағы және қабат үстіндегі нақты ағын жылдамдығы (wnСО/Н2 , |(1) | Ауадағы оттегін жеткізумен байланысты тотықтырғыш процестер негізінен, жалынның алғашқы бөлігінде өтеді. Отынның жану есебі құрылғыны жобалаған кезде және жұмыс істеп тұрған қондырғыны бақылау кезінде орындалады. Екінші жағдайда, кейбір шамалар аппараттардағы бақылау көрсеткіштерінен белгілі болады, сондықтан екінші жағдайдағы есептеу әдістемесінің, бірінші жағдайдағы отынның жану есебінен айырмашылығы бар. Жобалау кезіндегі қолданылатын есептеу әдістемесін құрастырамыз: - берілген отын мөлшеріне (сұйық және қатты отын үшін 1 кг және газ үшін 1нм3) қажетті ауаның теориялық шығынын V0 және отынның нақты жануы үшін қажетті ауаның нақты шығынын V0a анықтау. - жану өнімдерінің көлемін (түтінді газ) анықтау. - берілген артық ауа коэффициентінде жану өнімдерінің құрамын (көлемдік пайызбен) және үш атомды газдардың порциалдық қысымын анықтау. - артық ауа және талап етілетін температура кезіндегі түтінді газ энтальпиясын анықтау. Iг=f(t,α) кДж/кг немесе кДж/нм3 (алынғандар бойынша отынның I-t диаграммасын тұрғызады). - отынның калориметриялық және теориялық жану температурасын анықтау. Отын бойынша берілгендерді (отынның элементар құрамын) лабораториялық талдау негіздерінен алады. Кесте 1 - Өмірсутек газдарының жану жылулығы төменгі | | Термохимиялық реакция | Реакцияның | Құрғақ | | | |жылулық |газдың | |Газ аты |[pic] |әсерлігі |төменгі | | | |Qn |жану | | | |кДж/моль |жылулығы. | | | | |К кДж/нм3 | | Метан |[pic] |19179 |8555 | | Этан |[pic] |341262 |15226 | | Пропан |[pic] |488527 |21795 | | Бутан |[pic] |635185 |28338 | | Этилен |[pic] |316175 |14107 | | Пропилен |[pic] |607679 |27111 | | Бутилен|[pic] |460422 |20541 | Бұл түрдегі отын құрамы салмақ бойынша пайызбен, ал газ тәрізді отындар көлемдік пайызбен алынады.Негізінен газтәрізді отындар үшін 100% қосынды алынады. |[pic], |(1) | Қатты және сұйық отын ішіндегі күкірт мөлшерін оңай есептеу үшін, олар көміртек мөлшерімен қосылады. Көміртегінің есептелген мөлшері |[pic], көміртегінің кмолі + [pic] күкірттің кмолі =[pic] кмоль. |(2) | Пайызбен кескінделген және келтірілген көміртегі мөлшері деп аталатын көміртегінің мөлшерлік есебі Кр мына формула бойынша анықталады: | Кр=Ср % + 0,375 ((р %, |(3) | Қатты және сұйық отын үшін төменгі жану жылулығы Менделеев формуласындағы жұмысшы салмағының элементар құрамымен тексеріледі: |Qpн = 81Ср +300 Нр -26 (Ор –Sрп ) – 6(9Нр +WР ) кДж/кг., |(4) | Газ тәрізді отынның төменгі жану жылуы мына формуламен анықталады: |Qн=108H2+126CO+358CH4+591C2H4+637C2H6+860C3H6+ |(5) | |+912C3H8+1186C4H10+1134C4H8+1460C5H12+1404C6H6+234H2S; | | кДж/Н мұндағы [pic], СОТ, [pic]т.б. көлемдік құрамы бойынша процентпен өрнектелген шамалар. Өздік бақылау сұрақтары 1. Қайнау қабатындағы отынның жану процесін түсіндіріңіз. 2. Көмір отынының бөлшектерінің жану уақытының көптеген факторлардан тәуелділігі қандай? 3. Отынның жану есебін түсіндіріңіз. 4. Кейбір анықталатын параметрлер туралы айтып беріңіз. 5. Көмірсутек газдарының жану жылулығының формуласын жазыңыз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 9 (1 сағат) Тақырып. Отынның толық жану есебі Дәріс сабақтың мазмұны 1. Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі. 2. Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшері. 3. Артық ауа коэффициенті. 4. Түтінді газдың жалпы көлемі. 5. Толық жанатын құрғақ газдың көлемі. Жану нәтежесінде түзілетін газға және отынның жануына жұмсалған ауа көлемі қалыпты жағдайда (0 градус Цельсия 700 мм сын. бағ.) куб метрдегі көлеммен ( нм3 ) есептеледі. Отынның толық жануы үшін, теориялық шығынға қарағанда біршама артық ауаны қажет етеді. Аталған артық ауа α т коэффициентімен сипатталады және ол отынды жағу тәсілінен, отынның ауамен араласу сапасынан және басқа факторлардан тәуелді. Артық ауа коэффициенті нақты шығындалған ауа көлемінің оның теориялық көлеміне қатынасымен анықталады. |[pic], |(1) | Отынның толық жануы кезінде α.>1 отынды газдандыру кезінде α<1. (18-5) теңдігі бойынша, ауа шығыны мына өрнекпен анықталады |VВ = α V0 нм3/кг, немесе нм3 /нм3, |(2) | Артық ауаны есептеу өрнегі: |[pic], |(3) | Отынның жану есебі 1 кг қатты немесе сұйық отынға және 1 нм3 газтәрізді отынға байланысты есептеледі. Осы әріптік белгілеу V жанған отынға, түтінді газға немесе ауа көлеміне сәйкес келетін индексін білдіреді. Толық жану өнімдері (түтін газдары) құрғақ газдар мен су буының қоспасы түрінде болады. Түтінді газдың жалпы көлемі Vг құрғақ газ көлемі Vқ.г. мен су буы Vн20 көлемінің қосындысынан тұрады. |Vг =Vқ.г + VH20, |(4) | Катты және сұйық отында нм3/кг, ал газ тәрізді отында нм3/ нм3 өлшенеді. Құрғақ түтінді газдың көлемі: |[pic], |(5) | Мұнда [pic] құрғақ үш атомды газ көлемі: |[pic] [pic], |(6) | Тең кезінде оттыққа жануға түскен азоттың минималды көлемі нм3/кг. [pic]- артық ауа көлемі. Ылғал өнімінің толық жануынан оның химиялық құрамы мына қатынаспен табылады: |[pic] [pic] [pic], |(7) | Толық жанатын құрғақ газды мына формуламен анықтайды: |[pic] , |(8) | Материалдық жану балансы арқылы, қатты немесе сұйық отынның жану өнімінің салмағын анықтаймыз: |[pic] , |(9) | мұндағы, 1,3 қалыпты жағдайдағы ауа тығыздығы; кг/нм3 газ тәрізді отынның жану өнімінің салмағы: |[pic] кг/нм3, |(10) | мұндағы, d2- газтәрізді отынның ылғалдылығы, г/нм3; Wдұт-1 кг отынға қажетті оттыққа үрленетін бу мөлшері; [pic]- құрғақ газтәрізді отынның тығыздығы, г/нм3. Өздік бақылау сұрақтары 1. Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі нені қажет етеді? 2. Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшерін қалай анықтайды? 3. Артық ауа коэффициентінің формуласын жазыңыз. 4. Түтінді газдың жалпы көлемі неден тұрады? 5. Толық жанатын құрғақ газдың көлемін анықтаңыз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 10 (1 сағат) Тақырып. Түтінді газ энтальпиясын анықтау 1. Түтінді газ энтальпиясы. 2. Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы. 3. Диффузия жылдамдығы. Түтінді газ энтальпиясы отынның бірлік мөлшерімен есептеледі. | I=Vг cг t, кДж/кг немесе кДж/кг, |(1) | Түтінді газ газдар қоспасынан тұрады, сондықтан орташа жылу сыйымдылығы мына формуламен анықталады: |[pic] кДж/(нм3град), |(2) | Газ энталпиясы мына формуламен есептеледі: |[pic] ккал/кг, |(3) | Тұрақты қысымдағы газ үшін, орташа жылу сыйымдылық мәнін таблицадан алуға болады (18-16) формула кейде қосынды түрінде беріледі. | [pic] ккал/кг, |(4) | |[pic] | Сурет 1 - Жанғыш кокстың бетіне тотықтырғышты беру схемасы Жылдамдық диффузиясы,біз көргендей, шекаралық қабат қалындығына, температураға және ағындағы С0 мен беттегі Сп тотықтырғыштар концентрациясының әртүрлігіне тәуелді. Бір жағынан, шекаралық қабат қалындығы ағын жылдамдығы мен отын бөлшегінің келтірілген диаметрінен тәуелді.Реакцияның қортынды жылдамдығы К1 диффузия мен өзіндік реакцияның қайсысы – лимитирлік құраушы процес болса,сонымен анықталады. Өздік бақылау сұрақтары 1. Түтінді газ энтальпиясы қалай есептеледі? 2. Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы қандай формуламен анықталады? 3. Диффузия жылдамдығы қандай параметрлерден тәуелді. 4. Шекаралық қабат қалындығы қандай параметрлерден тәуелді. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б. 320 - 340. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 11 (1 сағат) Тақырып. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі Дәріс сабақтың мазмұны 1. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі туралы. 2. Жану процесінің кезеңдері. 3. Жану уақытының басқа факторлардан тәуелділігі. 4. Жану температурасы. Қалықтаған газды ауалы ағындағы отынның жануы, жағу процесін толық механикаландыруға мүмкіндік береді. Газды ауа ағынымен қызған оттық кеңістігіне шығарылған отын бөлшектері жылдам жанады және одан ұшпа заттар бөлініп шығады. Жану процесі екі кезеңге бөлінеді: ауа қоспасын және шаңды тұтану температурасына дейін қыздыру және кокс пен ұшпаның жану процесі.Кокстың қызуы және тотығуы осы кеңістікте қалқып жүрген отын бөлшектерінің меншікті ауданынан тәуелді.Бөлшектің диаметрі d=30*10-3мм.болғанда көмірдің меншікті ауданы 50 м2/кг кұрайды, яғни кесек көмірдің меншікті ауданын 1000 ретке арттырады. Бөлшектің жану уақыты мына факторлардан: бөлшек өлшемінен(өлшемі неғұрлым аз болса,жану уақыты да аз болады), ауамен отынның қоспа түзу сапалығынан, оттық кеңістігінің температурасынан, және отын қасиетінен тәуелді. Жану уақыты мына қатынасқа (100-Vr)/100 және салыстырмалы салқындату жылдамдығына пропорционалды. Бұл жылдамдық ағын жылдамдығынан кіші [pic]. Ағындағы аз салыстырмалы жылдамдық қызған бөлшектерге тотықтырғыштарды беру үшін жеткіліксіз. Шаңды көмірлерді жағу ядросындағы факелдің температурасы өте жоғары, яғни 1600÷1700[pic]дейін жетеді.Сондықтан, негізгі рөлді мына газдандыру процесі жүретін реакция атқарады. |СО2 + C -> 2CO және C + H2O -> CO+H2, |(1) | Ауадағы оттегімен жүретін тотықтырғыш процестер негізінен, факелдің алғашқы бөлігінде өтеді. | | Сурет 1 - Әртүрлі отындар сипаттамасы Өздік бақылау сұрақтары 1. Қалықтаған күйдегі отынның жану процесі туралы айтыңыз. 2. Жану процесінің кезеңдері қандай? 3. Жану уақытының басқа факторлардан тәуелділігі қандай? 4. Жану температурасы қандай? 5. Отындар сипаттамасын түсіндіріңіз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969. - б.320-340. 2. Хазен М.М.,Матвеев Г.А. и др. «Теплотехника». - М.: Высшая школа, 1980. - б. 284-289. 3. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 103-107, 114-117. 4. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н.«Котельные установки промышленных предприятий» - М.Энергоатомиздат., 1988. - б. 83-86, 106-107. Дәріс 12 (1 сағат) Тақырып. Жану температурасын анықтау Дәріс сабақтың мазмұны 1. Отынның жану температурасы. 2. Калориметриялық температура. 3. Жану өнімінің I-t диаграммасы. 4. Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауы. Отынның жану температурасы калориметриялық, теориялық және нақты болып бөлінеді. Отын мен ауаның барлық жылуы газдарды жылытуға кетсе, және осы толық жану өнімінің қыздырылуына қажетті температура калориметриялық температура деп аталады. Бұл жағдайға арналған жылу тепе-теңдігі, мына теңдікпен өрнектеледі: |Qнр+Іо+Іа= Vr cr tк=Ік, |(1) | мұндағы, Qнр-отынның төменгі жану жылулығы,кДж/кг(кДж/нм3); Ік-жанудың калориметриялық температурасындағы түтін газдарының энтальпиясы; Іо,Іа- отын мен ауаның физикалық жылуы. |tк= Qнр+Іо+Іа/ Vr cr,0С, |(2) | |[pic], |(3) | Отынның жануының I-t диаграммасы арқылы калориметриялық температураны анықтауға болады. Физикалық жылу qф мен химиялық жанбай қалған жылу мөлшерін q3 шегергендегі қалған барлық жылу, жану өнімдерін қыздыруға жұмсалады, осы кездегі температура - теориялық температура деп аталады. Бұл кездегі жылу тепе-теңдігі мына формуламен табылады: |[pic], |(4) | |[pic], |(5) | |[pic], |(6) | Жанудын теориялық температурасы осы тендікпен анықталады. |[pic] | Сурет 1- Саратов табиғи газының жану өнімінің I-t диаграммасы Сүретте 1 табиғи газға арналған жану өнімінің температура диаграммасы көрсетілген. Ординат өсі бойынша отынның бірлік мөлшерінде алынған газ түтінінің энтальпиясы, ал абцисса өсі бойынша газ температурасы салынады. Диаграммада әртүрлі артық ауа коэффициенті үшін отынның толық жануының I=f(tг) қисықтар тәуелділігі берілген. Сонымен қатар, әртүрлі артық ауа коэффициентіндегі калориметриялық температурадағы қисықтар тәуелділігі көрсетілген. Сонымен қатар, диаграммада отынның толық жануына қажетті ауа шығыны туралы мәліметтер берілген.Диаграммадан түтін газының ауамен қосылысы кезіндегі салқындауын анықтауға болады. Диаграммада α=1.1 артық ауа коэффициентіне сәйкес келетін қисықтан, бастапқы температурасы tа=1800 градус және соңғы температурасы tв=15000С тең А және В нүктелерін табамыз. АВ қисығы түтін газының ауамен қосылысы кезіндегі салқындауын көрсетеді.Осы кезде газ ΔΙ=ΙА−IВ=7800-6400=1400 кДж/нм3. Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауы.Температурасы 15000С түтін газы жылу шығынысыз температурасы 00С сорылған ауамен араласады және артық ауа коэффициенті α=1.1-ден α=1.5 дейін артады.Газдың бастапқы күйін сипаттайтын В нүктесінен α=1.5 қисығына дейін абцисса өсіне параллель жүргіземіз( С нүктесі).Сонда ВС түзуі сорылған ауамен жүретін газдыңсалқындауын сипаттайды. Бұл диаграммада изотермиялық процесс ордината өсіне параллель ДС сызығымен сипатталады.Бұл процесс газ қоспаларының температуралары tс=tд=const кезінде жүреді.Бұл жағдай түтін газдарының ауамен араласуына сәйкес келеді. Өздік бақылау сұрақтары 1. Отынның жану температурасының түрлерін атаңыз. 2. Калориметриялық температура дегеніміз не? 3. Жану өнімінің I-t диаграммасын түсіндіріңіз. 4. Сорылған ауамен жүретін газдың салқындауын түсіндіріңіз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника» М.,Металлургия, 1969, 291-293 б. 2. Лариков И.И. «Теплотехника». М. Стройиздат. 1985. 366 - 370 б. Дәріс 13 (1 сағат) Тақырып. Жану процесінің калориметриялық температурасын анықтау. Отынның жану процесі Дәріс сабақтың мазмұны 1. Жану процесінің калориметриялық температурасын анықтау. 2. Отынның жану процесі. 3. Оттықтар түрлері. Ауа мен отынның температурасы 00С кезіндегі Жану процесінің калориметриялық температурасын анықтау үшін,Iк= Qнртең абцисса өсіне параллель түзу жүргізу керек.Сонда бұл түзудің α= const қисықтарымен қиылысу нүктесінен Жану процесінің калориметриялық температурасын анықтауға болады. Отынның жануы күрделі физикалық-химиялық процесс, оның нәтежесінде, отын құрамына кіретін жанғыш заттар ауадағы оттегімен қосылысады. Отынның жанкез температураның көтерілуі себепті, қарқынды жылу бөлінеді. Отын оттықтарда жанады. Оттық камерасында ауа отынмен араласып, отын жанады. Соның негізінде, химиялық реакция жылу энергиясына айналады. Кәзіргі оттықтарда қатты отындар мынадай үш негізгі: қабатты, жалынды(факелді), кұйынды жағу тәсілдерімен жұмыс істейді. Қабатты жану процесі тордың үстінде жатқан отын артқылы өткен ауа көмегімен жанып, ыстық газ ағынына айналады. Жалынды(факелді) процестің қабатты процестен айырмашылығы, отынның ұсақ бөлшектері мен ауа оттық кеңістігінде бір-бірімен үздіксіз араласып, «қайнау қабатын» құрайды. Құйынды процесте отынның ұсақ бөлшектері құйынды ауалы газ ағынымен бірге оттық көлемінде әбден газданып және жанып біткенше айналады. Құйынды процестің ерекшелігі, отын оттық камерасында көп уақыт турбулентті айналыста болады. Бұл отын мен ауаның бір-бірімен жақсы араласуына мүмкіндік береді. | | а-қабатты жану қабаты;б-қайнау қабаты; в- құйынды қабат;г-жалынды(факелді) қабат. Сурет 1 - Қатты отынды жағу тәсілдерінің сызбанұсқасы Өздік бақылау сұрақтары 1. Жану процесінің калориметриялық температурасын қалай анықталады? 2. Отынның жану процесін түсіндіріңіз. 3. Оттықтар түрлері қандай? 4. Отынның жануы күрделі физикалық-химиялық процесс екенін айтып беріңіз. 5. Қатты отынды жағу тәсілдерінің сызбанұсқасын сызып,түсіндіріп беріңіз. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. « Теплотехника».М.,Металлургия, 1969, 294-307 б. 2. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 99-121. 3. Сидельковский Л.Н., Юренев В.Н. «Котельные установки промышленных предприятий» - М. Энергоатомиздат., 1988. - б.78-181. Дәріс 14 (1 сағат) Тақырып. Отынның негізгі жану фазалары Дәріс сабақтың мазмұны 1. Отынның негізгі жану фазалары туралы. 2. Әртүрлі отынның тұтану температурасы. 3. Отын тұтануы. Отынның жану процесінің бірінші фазасы - бұл отынның қыздырылуы. Ол фаза отынның оттыққа келіп түсуінен, оның тұтануына дейінгі аралық. Бірінші фазаның басында отынды 105(С дейін қыздыру кезінде, оның ылғалы буланады. Отынды 300[pic]400 (С дейін қыздыру кезінде, отыннан газ және жанғыш ұшпалар бөлінеді. Екінші фаза кезінде отын тұтанады. Ол үшін, отынды тұтану температурасына шейін қыздырады. Әртүрлі отынның тұтану температурасы мынадай: |ағаш, шымтезек, қоңыр көмір |250(С | |тас көмір |300[pic]350(С | |антрацит, кокс |650[pic]800(С | |қарамай |600(С | Бірінші кезекте жанғыш ұшпалар, содан кейін отынның қатты бөлігі тұтанады. Үшінші, негізгі жану фазасына жанғыш ұшпалардың толық бөлініп жануы және отынның қатты бөлігінің (кокстың) жануы жатады. Үшінші фазада жылу қарқынды түрде бөлініп, температура ең үлкен шамасына жетеді. Төртінші фаза, соңғы фаза – бұнда жанғыш ұшпалар жанып бітеді және күл мен қатты қалдық(шлак) бөлінеді. Қолданылған оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». М.; Металлургия, 1969. 275-277 б. 2. Лариков Н.Н. «Теплотехника». М., Стройиздат, 1985, 160-163 б. Дәріс 15 (1 сағат) Тақырып. Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау. Оттықтағы жылу алмасуды есептеу Дәріс сабақтың мазмұны 1. Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау. 2. Оттықтағы жылу алмасуды есептеудің түрлері. 3. Оттықтағы жалын биіктігі. 4. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау. «Қабатты» оттық камерасының керекті көлем шамасын және бетінің активті шамасын /активті-белсенді- R деп белгілейміз/ анықтайды, ал камералық оттықтар үшін оттық камерасының көлемінің аз шамасын және жану бетін мына формуламен анықтайды: |[pic] м3, |(1) | Оттық камерасын есептеу көлемі VT бүйір /фронтавой және оттықтың артқы қабырғаларымен қазанның бірінші қатар құбырлары /түтікшелері/ немесе фестондармен, ал төменде отынның беттік қабатымен /қабаттық оттықтар үшін/ көлденең бетпен, варонканың ортасымен өтетін /шаңғыштқыш-пылеугольный/ көмір оттықтары үшін /немесе оттықтар түбімен/ газмуттық оттықтар үшін/ шектеледі. Отынның қабатының орта биіктігі тас көмірлер және антрацит үшін 150-200 мм, ал қоныр көмір үшін 300мм, түйірлі тофтар үшін 500мм. Оттықтың негізгі өлшемдерін тапқаннан кейін оттық құрылысының эскизі жасалынады, оттықтың ақырғы барлық габаритті өлшемдері оған экрандарды орналастырғаннан кейін анықталады. Оттықтағы жылу алмасуды есептеу Жылу алмасудың оттықтағы есептеуі жобалаушы және тексеруші есептерге бөлінеді, жобалаушы есептердің негізгі мақсаты жылу бетінің сәуле қабылдағыш шамасын анықтаудан /нл/ оттық газдың шығар ауыздағы қабылданған температураға дейін суыту мүмкіншілігін /Нл/ береді. Сәуле қабылдағыш беттің /Нл/ шамасы бойынша тексеруші есептеуде газдың оттық камерасынан шығар кездегі температурасын (tr) анықтайды. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын қабылдау. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы деп фестон түтікшелерінің алдындағы немесе бірінші қазан пупоктарының алдындағы оттық камерасынан шығар ауыздағы температурасын айтады. ДКВр- бу генераторының оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы үшін жанып біту камерасы бар оттықтағы газдың температурасын жанып біту камерасынан кейінгі температураны алады. Қатты отынды жаққандағы оттықты есептегенде оттық камерасының фестон және қыздырудың конвективті беттерінің қалдықсыз жұмыс тәртібін қамтамасыз етуі, оттықтың шығарардағы газдың температурасын таңдауға негізгі фактор болады. Сондықтан оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы жанған отындағы күлдің жұмсару температурасынан (tr) төмен болу керек. [pic] - деп қабылдайды. Біздің елдегі қатты отындар үшін оттықтың ақырғы кезіндегі (соңындағы) газ температурасын 1000-1150 оС, ал торф пен сланецтер үшін 900- 950 аралығында қабылдайды. Жанар газбен мазутты жаққанда оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы 950-1100 аралығында қабылданады. Оттық камерасынан шығатын газдың қабылданған температурасы бойынша қыздырудың сәуле қабылдау беті мына формуламен есептеледі /жобалаушы есептеу/ |[pic] м2, |(2) | Қыздырған сәуле бетінің шамасы белгілі болғанда, оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын келесі формуласымен анықталады: |[pic], |(3) | Осы (2) және (3) формулалардағы отынның есептік шығыны, кг/сек немесе Нм3/сек. Оттықтың жылу балансынан анықталатын қыздырудың сәуле қабылдау бетіне берілетін жылу мөлшері. |[pic]кДж/кг, |(4) | мұндағы φ- жылу сақтау коэфиценті, QT- оттықтағы пайдалы жылу шығару мөлшері кДж/кг немесе кДж/нм3. Отын және ауа қыздырғыш бу генераторы жоқ болғанда: |[pic], |(5) | QA мұндағы оттыққа ауамен кірген жылу. Ауа қыздырғыштағы үрленген ауаны t2 температураға дейін қыздырғанда қажет оттыққа кірген жылу мына формуламен есептеледі: |[pic], |(6) | |[pic] кДж/кг немесе кДж/нм3 | | мұндағы ht- 6-кестеден қабылданатын оттыққа сорылған ауа. Шахталы-диірмендік оттықтар шахталарына сорылған ауа шамалары былайша қабылдануы мүмкін: қоңыр көмір үшін Δαny=0,03; тас көмір үшін Δαny=0,02 [pic] температурасы; α=1 болғандағы ауаның энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3. tmx және d=1 болғандағы, суық ауаның энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3. Ауаның қыздырғышы жоқ болғанда: |[pic]кДж/кг немесе кДж/нм3, |(7) | Ауа температурасы бойынша [pic]9-кестеден анықталатын оттықтың соңғы кезіндегі ауаның арту коэфиценті: αm және tT температурасы бойынша табылатын оттықтан шығар кездегі газдың энтальпиясы кДж/кг немесе кДж/нм3. Оттықтың жалын биіктігінің – максимал /ең жоғарғы/ температурасына байланысты бір камералы оттықтар үшін М параметрлері анықталады. Қарамай (мазут) пен газды жаққанда М=0,54-0,2XT. Жоғарға реакциялы отындарды камералақ жолман барлық отындарды камерада «қабаттап» жаққанда М=0,59- 0,5XT. Аз реакциялы қатты отындарды /АШ және Т/ камералық жағу жолымен жаққанда М=0,56-0,5XT- шамасы максимал температураның салыстырмалы орнын көрсетеді, яғни оттықтың түбінің арақашықтығынан немесе қалдықтық варонканың ортасынан оттық газының максимал температурасының жазызықтығына дейінгі арақашықтықтың оттық шығар терезесінің ортасына дейінгі қашықтыққа қатынасты. Газомазуттық және тозаңды көмірлік оттықтар үшін Хт=0,3. померанцов жүйесімен жұмыс істейтін жылдам оттықтар үшін және отын торға үздіксіз келгенде пайда болатын отынды жұқа қабатты жаққанда (қабатты оттықтар үшін) Хт=0,1. Қалың қабатты отынды жаққанда /торфтық отын және қоныр көмір жағатын оттық/ Хт=0,14. δ0- абсолютті қара дененің сәулелену тұрақтысы σ0≈5,7*10-11кВт/µ2 оК ТТеор- жанудың абсолюттық теориялық температурасы оК. It- 9-кестеден алынған ауаның артық коэфиценті /αm/ болғандағы адиабаталық жану жағдайлары үшін жанудың теориялық температурасы Ттеор(оС) оттықтағы пайдалы жылу шығару мен (QT) анықталады. ТТ- оттықтың шығар ауыздағы газдың абсолюттық температурасы, оК VСcp жанғыш өнімдердің 1кг қатты /сұйық/ отынның немесе 1нм3 газ тәрізді отынның орташа жылу сиымдылығының [pic] кДж/кг, оС немесе кДж/нм3, оС . Тексеріп есептегенде VСcp анықтау үшін оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасын t0 алдын-ала қабылдайды. Қабылданған және (3) формуламен есептелген t’’ айырмашылығы ±50оС-тан аспауы керек. ζ- сәуле қабылдағыш беттердің кірлеуінің шартты коэфиценті. ζ шамасын кестеден алады. Кесте 1 - Сәуле қабылдағыш беттердің кірлену коэфиценті. |Экранның түрі |Отынның түрі | | |Ашық тегіс құбырлы |Таза газды оттықта |0,65 | |экрандар |жанатын газ тәрізді отын | | |Плавникті (жүзу қанатты) |Мазут (қарамай) |0,55 | |экрандар | | | |Экрандар және шойын |Көмірдің тозаңы, |0,45 | |плиталы экрандар |фрезеторф. Аш шаңыжәне | | | |санасыз құнарсыз көмір |0,4 | | |Қабатты оттықтар |0,6 | aт- оттықтың қаралық дәрежесі мына формуламен есептелінеді. |[pic], |(8) | Қабатты және факел-қабатты оттыққа қарай /күлену/ дәрежесін келесі формуламен табады: |[pic], |(9) | (8) және (9) формуладағы ζ- сәуле қабылдау бетінің кірлеу коэфиценті. ψ′- келесі формуламен анықталатын оттықтың экрандық дәрежесі Камералы оттықтар үшін: |ψ′=Нл/Fст, |(10) | «Қабатты» оттықтар үшін: |ψ′=[pic], |(11) | Конструкторлық есептеуде ψ′ алдын-ала беріледі. Сонан соң (2) формуласынан Нл тауып содан соң (10), (11) формуламен экрандық дәрежесін ψ′ есептейді. Қабылданған мен есептен алынған мәндердің айырмашылығы ±5-тен аспау керек. Оттықтың эскизі бойынша анықталатын оттықтағы қабырғалардың толық бетін Ғқаі оттықтың камерасындағы активті көлемін шектейтін беттерін өлшеу арқылы табылады. Қабатты оттықта Ғқаб анықтағанда оттықтың шығар терезесі суық варонканың жоғарғы бөлігі және оттықтың қабырға ауданы қосылады. Газомазуттық оттықта Ғқаб анықтау үшін оттықтың шығар терезесін, түбін және қабырға ауданың қосады. Куб тәрізді оттық камералар үшін қабырғалардың толық бетін жуықтап мына формуламен анықтауға болады: |[pic] м2, |(12) | мұнда R- колосникті торда орналасқан отын қабатындағы жану айнасының ауданы; ρ- отынның жану қабатының сәулеленуге әсер етуін ескеретін шексіз параметр: |[pic], |(13) | А - факельдің тиімді күйлену дәрежесі. Факельдің тиімді күйлену дәрежесі жалынның түрінен тәуелді. Бу генераторының оттықтарында жалынның үш түрі бар: жарық емес, жарық және жартылау жарық. Жарық емес жолын алдын- ала араластыратын гарелкаларда /кинетикалық гарелка/ газ тәрізді отындарды отындарды жаққаннан пайда болады. Осы жағдайда: | Аф=I-e-τr, |(14) | Жарық жалынды мазутты жаққанда және алдын-ала араластырмайтын гарелкаларда /диффузиялық және екіаралық/ газ тәрізді отынды жаққаннан пайда болады. Жарық жалын оттықтың тек бір бөлігін алады, қалғанын жарық емес жалын толтырады. Осы жағдайда: |Аф=m*Acb+(1-m)Ar, |(15) | мұндағы m - жарық жалынды оттықтың салыстырмалы мөлшерде толтырылған көлемін ескеретін коэфицент. Біркамералы оттықтар үшін Q/VT ≤400кВт/м3 m=0,55 - мазут үшін m=0,1: 0,2 газ тәрізді отындар. Аж және Аже жалынның жарық және жарық емес бөлігінің күйлену дәрежесі. Қатты отынды камералы қабатты оттықта жаққанда жартылай жарық жалын пайда болады. Осы жағдайда: |Ажж=1е-е-1(τже+τкүйе) (44); Аже=1-е-τже , |(16) | |Aф=1-е-(τже+ τкокс+ τкүл), |(17) | (17) мұндағы τже, τкүл, τ кокс, τкүйе- ұшатын газдың, күйенің, кокс бөлшектерінің және ұшатын күлдің оптикалық тығыздығы: |[pic], |(18) | |[pic], |(19) | |[pic], |(20) | |[pic], |(21) | Осы формулаларда R, Кт-үш атомды газдағы сәулелердің әлсіреу коэффиценті: |[pic], |(22) | Р-оттықтағы қысым /үрленбеген бу генераторы үшін Р=1ат. St=3,6Vt/F оттықтағы газ көлемінің сәулелену қабатының тиімді қалыңдығы, м. Рн- үш атомды газдар мен су буының пропарционал қосынды қысымы, Pn=Гn∙P ата СРжәне НР- отынның жұмысшы массасындағы көміртегі мен сутегінің құрамы, %. Газ тәрізді отындар үшін: |Сс/Нс=0,12[pic], |(23) | мұндағы, lкокс=1,0 кокс бөлшектерімен сәуленің әлсіреу коэфиценті. Х1- факельді (жалындағы) кокс бөлшектерінің концентрациясының әсер ететінін ескеретін коэфицент. Төмен реакциялық /АШ, ПА, А, Т/ отындар үшін х1=1,0 торф, сланец, ағаш отын, тасты және қоныр көмірлер үшін х1=0,5∙х2- отынның жағу әдісін ескеретін коэфицент. Х2=0,1 /камералық оттықтар/ х=0,03 /қабаттық/ Ккүл- 18.20-суреттегі қисықпен анықталатын, көлемі күл тозаңымен толтырылған сәуленің әлсіреу коэфиценті: μкүл- оттық газдардағы күлдің массалық концентрациясы.18.20-суретте көлемі күл тозаңымен толтырылған сәуленің әлсіреу коэфиценті (Ккүл) берілген. 1-отындары шарлар салынған барабанды диірменде ұнтақталған тозаң бұрышты оттықтар (барлық отын үшін). 2-отындары орташа жүретін, жылдам жүретін және болғалы тозаң бұрышты оттықтар (барлық отын үшін). 3-қабатты оттық (барлық отын үшін). 4-отыны балғалы орташа және жылдам жүретін диірмендерде ұнтақталған тозаң бұрышты оттықтар (торф үшін). Өздік бақылау сұрақтары 1. Оттық құрлысының негізгі өлшемдерін анықтау қалай жүргізіледі? 2. Оттықтағы жылу алмасуды есептеудің түрлері айтыңыз. 3. Оттықтағы жалын биіктігі қалай анықталады? 4. Оттықтың шығар ауыздағы газдың температурасы қалай анықталады? Қолданылған оқулықтар 1. Лариков Н.Н. «Теплотехника». М.,Стройиздат,1985,345-360 б. 3 ПРАКТИКАЛЫҚ және зертханалық сабақтар Практикалық сабақ 1, 2, 3 (3 сағат) Тақырып. Отынның құрамын анықтау Сабақтың мақсаты. Отынның құрамын талдау. Отынның құрамының негізгі параметрлерін анықтау және әрбір параметрдің өлшем бірліктерін білу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Бақылау сұрақтар 1. Отындар туралы ұғымды түсіндіріңіз. 2. Отындардың түрлерін атаңыз. 3. Отындардың құрамын атаңыз. 4. Жағу процесіне тигізетін күлдің әсері қандай? 5. Отынның жану жылулығы деп нені айтады? 6. Калориметрлік қондырғы не үшін қажет? 7. Калориметрлік қондырғының құрлысын сызып көрсетіңіз. Есептер Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді. Қолданылатын оқулықтар 1. Панкратов Г.П.Сборник задач по теплотехнике.М.:Высшая школа,1986.-248с. Практикалық сабақ 4, 5, 6 (3 сағат) Тақырып. Шартты отын Сабақтың мақсаты. Отынның құрамын талдау. Отынның құрамының негізгі параметрлерін анықтау және әрбір параметрдің өлшем бірліктерін білу. Шартты отынның анықтамасымен танысу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Бақылау сұрақтар 1. Отынның түрлері қандай болады? 2. Ылғалдың отын құрамына әсері барма? 3. Отынның жану жылулығының әртүрлігі немен түсіндіріледі? 4. Шартты отын анықтамасын айтыңыз. 5. Шартты отынды немен сипаттайды? Есептер Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді. Қолданылатын оқулықтар 1. Панкратов Г.П.Сборник задач по теплотехнике. М.: Высшая школа, 1986.-248 с. Практикалық сабақ 7, 8, 9 (3 сағат) Тақырып. Отынды жағуға қажетті ауа мөлшерін анықтау Сабақтың мақсаты. Отынды жағуға қажетті ауа мөлшерін анықтауға арналған формуламен танысу. Формуладағы негізгі параметрлердің өлшем бірлігі қандай болатынын білу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Бақылау сұрақтар 1. Отынның жануына жұмсалған ауа көлемі нені қажет етеді? 2. Отынның толық жануына қажетті артық ауа мөлшерін қалай анықтайды? 3. Артық ауа коэффициентінің формуласын жазыңыз. 4. Түтінді газдың жалпы көлемі неден тұрады? 5. Толық жанатын құрғақ газдың көлемін анықтаңыз. Есептер Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді. Қолданылатын оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969 - б.283-288. 2. Панкратов Г.П.Сборник задач по теплотехнике. М.: Высшая школа, 1986. – 248 с. Практикалық сабақ 10, 11, 12 (3 сағат) Тақырып. Отынның жану өнімінің және ауаның энтальпиясын анықтау Сабақтың мақсаты. Отынның жану өнімдерінің және ауаның энтальпиясын анық-тауға арналған формулалармен танысу. Формуладағы негізгі параметрлердің өлшем бірлігі қандай болатынын білу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Бақылау сұрақтар 1. Түтінді газ энтальпиясы қалай есептеледі? 2. Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы қандай формуламен анықталады? 3. Диффузия жылдамдығы қандай параметрлерден тәуелді. 4. Шекаралық қабат қалындығы қандай параметрлерден тәуелді. Есептер Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді. Қолданылатын оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969 - б. 288-289. 2. Резников М.И.«Котельные установки электростанций»-М. Энергоатомиздат.,1987.-б.80-82. Практикалық сабақ 13, 14, 15 (3 сағат) Тақырып. Отынның жану өнімдерінің I-d диаграммасы Сабақтың мақсаты. Отынның жану өнімдерінің I-d диаграммасы бойынша оттықтағы отынның жануы кезіндегі теориялық температурасын анықтау. Отынның жану өнімдерінің және ауаның энтальпиясын анықтауға арналған формулалармен танысу. Формуладағы негізгі параметрлердің өлшем бірлігі қандай болатынын білу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Бақылау сұрақтар 1 Түтінді газ энтальпиясы қалай есептеледі? 2 Түтінді газдардың жылу сыйымдылығы қандай формуламен анықталады? 3 Диффузия жылдамдығы қандай параметрлерден тәуелді. 4 Шекаралық қабат қалындығы қандай параметрлерден тәуелді. Есептер Есептер варианттары бойынша орындалады. Есептерді оқытушы береді. Қолданылатын оқулықтар 1. Бахмачевский Б.И. и др. «Теплотехника». - М.: Металлургиздат, 1969 - б. 288-289. 2. Резников М.И. «Котельные установки электростанций» - М. Энергоатомиздат., 1987. - б. 80-82. Зертханалық жұмыс 1 (4 сағат) Тақырып. Отынның түрлері. Отынның жану жылулығы, шартты отын Жұмыс мақсаты. Өлшеу құралдарымен және жұмыс істеу тәртібімен танысу. Өлшем бірліктерінің ара қатынасын білу. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары. Жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Зертханалық жұмыс 2 (4 сағат) Тақырып. Қатты отынның жылу физикалық қасиеттерін комплексті түрде анықтау Жұмыс мақсаты. Отынның ылғалдылығын,ұшпа заттарын,күлділігін және жану жылулығын анықтау. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Зертханалық жұмыс 3 (6 сағат) Тақырып. Сұйық мұнай өнімдерінің тұтану температурасын анықтау Жұмыс мақсаты. Оттыққа берілетін қара май құрамын талдау. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. Зертханалық жұмыс 4 (1 сағат) Тақырып. Сұйық отынның жану ерекшелігі Жұмыс мақсаты. Өткен сабақтардағы жұмыстарды талдау. Жұмысты жүргізуге арналған әдістемелік кеңес және жұмысты қорғауға қажетті өздік бақылау сұрақтары жұмыстың әдістемелік нұсқасында берілген. ----------------------- Жану өнімдері Жану 1 4 3 Қара май термиялық ыдырау Жылыту + Булану
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz