Файл қосу
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ұғымы мен түсінігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ОӘК | | | |042-14-5-02.01.20.81.01 | | | |- 2012 | |«Сыбайлас жемқорлық |№1 басылым | | |құқығы» пәнінің |05.09.2012 ж | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Сыбайлас жемқорлық құқығы» пәні бойынша «050301 – «Заңгер» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2012 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Студенттердің өздік жұмысы 1. Глоссарий |№ |Терминдік ұғым сөз |Ұғымдық мазмұны | |1 |Сыбайлас жемқорлық |іздеу, орналасыру және сыбайлас жемқорлықтың | | |(сыбайлас жемқорлықтық |арнайы нұсқаған субъектілерінің және өзге де | | |қарым-қатынас) |тұлғалардың (жеке және заңды тұлғалар) арасындағы | | | |қарама-қайшы қатынастың әрбір жақтың өзінің | | | |көздеген жеке, топтың корпоративтік және қасақана| | | |мақсаттарына жету үшін ұйымдастырылу. | |2 |Пассивтік сатып алу |сыбайлас жемқорлықтың субъектісінің тура немесе | | | |бұрмалап сұрауы, бұл сұрау мемлекет қарастырмаған | | | |ақшалай (ақшалай емес) сыйақы және мүмкіндіктер, | | | |өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы субъектімен | | | |байланысты авторитет және үшінші тұлғаның | | | |мүмкіндіге қатысты іске асыру. | |3 |Активті сатып алу |физикалық тұлғалардың іс әрекеті, өз атынан және | | | |тұлғаның тапсыруымен өзінің жеке, топтың немесе | | | |корпоративті қызығушылықтарына жету үшін ұсыныс, | | | |ант ету немесе мемлекет қарастырмаған ақшалай | | | |(ақшалай емес) сыйақы және мүмкіндіктерді сыбайлас| | | |жемқорлықтың субъектісі, өзге тұлға делдал арқылы | | | |ұсыну. | |4 |Сыбайлас жемқорлықтың |сыбайлас жемқорлықтың субъектілерінің арасында | | |акті |сыбайлас жемқорлықтың қарым-қатыгасты орнату және| | | |ары қарай ұстап тұру жайлы келісімге жету, осының| | | |нәтижесінде қабылданған нормативтік (нормативтік | | | |емес) акт мемлекеттік басқарма (жергілікті | | | |өзін-өзі басқару), сонымен қаатр сот шешімдері. | |5 |Сыбайлас жемқорлықтың |сыбайлас жемқорлықтың субъектілерінің іс-әрекеті | | |өзін-өзі ұстау (сыбайлас|(әрекетсіздігі), яғни құқық бұзушылық белгілері | | |жемқорлықтың іс-әрекет) |жоқ, бірақ субъектінің өзге тұлғамен сыбайлас | | | |жемқорлықтың қатынасқа түсу еркін білдіру. | |6 |Сыбайлас жемқорлықпен |нағыз 6 федералды заңда нұсқалған тұлғалардың | | |құқық бұзушылық |құқық бұзушылығы, өзінің қызметін және | | | |мамандығымен байланысты әрекеттерді орындау, тіпті| | | |сыбайлас жемқорлықтың әрекеттері болмаса да, | | | |дегенмен де сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық | | | |жазасын арнайы шарттарда орындалуы мүмкін. | |7 |Сыбайлас жемқорлықтың |арнайы тексеру не сот шешімі бойынша тағайындалған| | |құқық бұзушылық |қызмет атқару ісін және өзінің қызметтік істеу | | | |керек әрекеттерінің бұзылуы, нағыз 6 федералды | | | |заңның бабында көрсетілген тұлғалармен орындалған,| | | |егер осындай бұзушылық сыбайлас жемқорлықтың | | | |белгілері болса, онда сол органдарда қабылданған | | | |тыйым салулар ережелерді орындамауға болады. | | | |Сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылыққа жауап беру| | | |сол қарастырып отырған заң шығару органымен | | | |бекітіледі. | |8 |Сыбайлас жемқорлықтың |нағыз 6 федералды заңда нұсқалған тұлғалар, | | |субъектілері (сыбайлас |сонымен қатар өзге де тұлғалар және ұйымдар, | | |жемқорлықтар) |сыбайлас жемқорлықтық қатынаста қызығушылықтары | | | |бар және олардың кінәлары арнайы тексеру немесе | | | |сот шешімімен дәлелденген. | |9 |ҰҚТ |Ұйымдастырылған қылмыстық топ. ұйым бір-бірінсіз | | | |өмір сүре алмайтын элементтер жүйесі сықылды. | |10 |Басқару |арнайы орган функциясы. | |11 |Қаруланған қылмыстық |жазылмаған нормалар мен ерекжелер мен олардың | | |ұйым (банда) |“жұмыс уақыты” белгіленеді, жұмыстың саны мен | | | |сапасы, сонымен қатар ақшалай сыйақы, банда | | | |ішіндегі қатынас, басқа қылмыстық ұйымдармен | | | |араласу қарастырылады. | |12 |Ұйымдастырушы (банда |басқару функциясын орындайды, осы нормалар мен | | |бастығы) |ережелердің, марапаттау немесе жазалау істерін | | | |қолдану арқылы. | |13 |Орындаушы |қылмысты орындаған немесе орындауға қатысқан өзге | | | |тұлғалармен бірге болған адам. (20 б. 2 т. ҚК ҚР).| | | |Қылмыстық заңның ерекше бөлімінде қарастырылған | | | |іс-әрекеттерді орындаған адам. | |14 |Айдапсалушы |өзге біреуді алдау, сатып алу, қорқыту немесе | | | |басқада әрекеттер арқылы қылмысқа итермелеген адам| | | |(4 т. 28 б. ҚК ҚР), біреуді айдап салудың | | | |қорқынышы сол адам қылмысқа итермелеуші болып | | | |табылады. | |15 |Банда |бұл тұрақты ұйым, өзінің мақсаты ретінде | | | |қаруланған шабуыл, не жеке азаматтарға, не шағын | | | |мекемелер не ұйымдарға жасау. Банданың | | | |ерекшеліктеріне тұрақтылығы және қарулануы жатады.| | | |(237 б. ҚР ҚК) | |16 |Қылмыстық ұйым |қылмыс біріккен ұйымдастырылған топппен | | | |ұйымдастырылған, арнайы ауыр немесе аса ауыр | | | |қылмысты орындауға арналған, немесе ұйымдасқан | | | |топтардың қосылуы тура сол мақсатпен бірігуі. | |17 |Қылмыстық орындаушының |қылмысты орныдаушы сол әрекеттерді орныдамайды | | |қылмысты орындаудан |немесе қылмысқа дайындалу немесе қылмыстың ба | | |ерікті бас тартуы |скезінде қылмысты орындау әрекетін тоқтатады. | |18 |Мамандандырылған топтар |өздерінің әрекеттерін белгілі бір салада ғана | | | |жұмсайды, немесе жезөкшелік немесе наркотиктер. | |19 |Универсалды қылмыстық |мұндай топтар халықты алдау, мысалы, кредиттік | | |топтар |карточкалар және әртүрлі қаржылық қылмыстар. | 2. Дәрістер Тақырып 1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының ұғымы мен түсінігі Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан. Сыбайлас жемқорлық құбылысын халықаралық заманауи тұрғысынан түсіну және оған қарсы күрес шараларын іске асыру жолдары қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұм ыс жүргізу жөніндегі БҰҰ-дың Сегізінші Конгресінің хатшылығы әзірлеген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша практикалық шаралар» атты нұсқаулықта көрініс тапты (Гавана, 1990 жылғы тамыз- қыркүйек). Осы құжатты талқылау нәтижесінде әлемдік қауымдастыққа сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылды: Осы ұғымның мағынасынының сипатына қарай сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар енгізілуі тиіс, олар: этикалық, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық-құқықтық бұзушылықтар, бұл сыбайлас жемқорлық жолына түскен субъектінің қызметтік бабын өз басының пайдасына асыра пайдаланып, заңды бұзғандығынан көрінеді. Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін субъектілердің қызмет шеңберін шектеу. Бұған шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдаланғанын жатқызуға болады, осындай қызмет көрсететін субъектілердің шеңберін жеке және заңды тұлғалар толықтырылып отырады. Өз қызмет жағдайын жемқорлық құқық бұзушылықтың субъектісі ретінде заңға қайшы сипатта пайдалану. Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі: - мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау; - мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы. 1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы». Енді бір анықтама 1999 жылғы «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» атты Еуропа Кеңесінің Конвенциясында берілген, онда: «Сыбайлас жемқорлыққа – мемлекеттік, муниципалдық немесе өзге де қоғамдық қызметшілердің немесе коммерциялық не өзге де ұйымдардың қызметшілерінің өз мәртебесін кез келген мүлікті заңсыз алуы, оны иемденуге құқықты болуы, қызметті немесе жеңілдікті пайдалануы, сондай-ақ аталған тұлғалардың осындай мүлікті, оны иемдену құқығын басқа тұлғаға беру, қызмет көрсету және жеңілдіктер ұсыну жатады. Кейбір ғалымдардың пікірінше осы анықтама толық емес, себебі сыбайлас жемқорлық құбылысы құқық ұғымының шеңберінен әлдеқайда кең. М.О. Нәукенов: «Сыбайлас жемқорлық» және «ұйымдасқан қылмыс» ұғымдарын бір- бірімен байланыстыра қарауды ұсынады. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлықты ұйымдасқан қылмыс өкілдері мемлекеттік органдар жұмысын «бақылау» құралы ретінде пайдаланады, бұндай жағдайда қылмысты әлеуметтік тұрғыдан бақылау бейтараптанады, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс өкілдері билік органдарын өз мақсатына жету үшін пайдаланады және саяси шешімдер қабылдауда ықпал жасайды. А.С. Қалмұрзаев сыбайлас жемқорлықты: «кез келген қызметкердің қызмет жағдайын пайда күнемдік мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабына сәйкес: «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыба йлас жемқорлық деп ұғынылады». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде- бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес». Қазіргі отандық әдебиеттерде: «Сыбайлас жемқорлық - (латын тілінен «соrruptio» - пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағынаны білдіреді) деп қоғамдық және саяси қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың сатқындығын, оларды сатып алуды, яғни саяси, экономикалық, әскери және тағы басқа да салалардағы қызметкерлердің қолындағы билігінің мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануын айтады». А.Н. Ағыбаевтың пікірінше: «Сыбайлас жемқорлық - бұл кез-келген лауазымды тұлғаның өзіне және тағы басқаларға заңсыз жолмен пайда әкелу мақсатында жасаған қылмысы. Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдай келе, мынадай қорытынды жасауға болады: - сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар; - сыбайлас жемқорлық - бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс; - халықаралық құжаттарда жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ; - әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды; - жемқорлық ұғымы қазіргі қоғамдағы жемқорлықтың құқықтық анықтамасына негізделмеген. Сөйтіп, айтылғандарды қорыта келе, сыбайлас жемқорлық - бұл екі жақ арасындағы «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю тағы үшін пайдаланатын адам. Осындай құбылыс екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: 1. Мемлекеттік қызметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлейді. 2. Белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік қызметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді. Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Коррупциялық қылмыстар не жатады? 2. Коррупциялық қылмыстардың құрамы. Тақырып 2 Сыбайлас жемқорлық құқық саласы ретінде Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды. Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді. Жемқорлықтың өріс алу себептерінің аса маңыздысы - мемлекеттік және жеке секторлар қызметкерлерінің еңбекақы көлемі. Әрине, еңбекақысы төмен болғандықтан, шенеуніктер қосымша табыс көздерін іздестіреді, осындай жағдайда шенеуніктер ресми қызметтік міндеттерін асыра пайдаланып, пара алады. Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтере ді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады. Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі. Осыған орай, қоғамның білім деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың даму деңгейінің арасында тиісті дәрежеде байланыс бар деген ойдамыз. Айтылғандарды қорытындылай келе, айтатымыз: - жағымсыз элеуметтік-экономикалық факторлар кез келген мемлекетте сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, өрістеуі және таратылуының себептері болып табылады. - алайда жоғарыда көрсеткеніміздей, әлеуметтік-экономикалық факторлар белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қолданылған құралдар болуы әбден мүмкін. Саяси себептер. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің экономикалық және саяси дамуына кері әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпалын тигізетін саяси факторларға мемлекеттік құрылымның ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қоғамның демократиялануына байланысты сыбайлас жемқорлық «жаңа» салаларды игерді, бұл – саяси партияларды, электораттық лауазымдық қылмыстарды қаржыландыру, сайлауда сайлаушылар дауысының басым көпшілігін алуды қамтамасыз ету үшін саяси демеушілер жүйесін дамыту. Демократияландыру үдерісі саяси қызметті жүзеге асыру үшін орталық биліктің біршама өкілеттіктерін аймақтық және жергілікті билікке беруді көздейді, ал бұндай жағдай кейбір басшыларға жаңа конституциялық өкілеттіктерін асыра пайдалануға мүмкіндік береді. Осы пікірге Швейцария мемлекеті дәлел бола алады, ондағы демократияның тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихи дерек көздер көрсеткендей, мемлекетте басқару нысанының күрт өзгеруі де мемлекеттік құқық бұзушылықпен қатар жүреді, ал халық ондаған жылдар бойы саяси тұрақсыздықтан зардап шегеді. Мемлекетте қоғамдық - саяси бостандықтың орнығуы азаматтардың өзін мемлекеттің толық құқылы мүшесі ретінде сезінуге, билікті жүзеге асыруға, қоғамның істеріне араласуға бейімдейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құралы ретінде әлеуметтік- құқықтық бақылау Жапония мен АҚШ-та кең өріс алды. Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: - бостандыққа ие азаматтық қоғам - мемлекетте жемқорлық деңгейі өте төмен болуының кепілі. - саяси тұрлаулылық, үкіметтің, басшылардың жиі ауысуы, сыбайлас жемқорлықтық өрістеуінің басты шарты. - мемлекеттің жалпы саяси бағытының жиі өзгеруі елдегі әлеуметтік - экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына әкеп соғады. Ұйымдық-институционалды себептер. Соңғы кездері жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттіліктің институционалды негіздеріне сіңіп, олардың қызметінің тиімсіздігі, дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан, есеп беру және бақылау жүйесінде нақтылық болмағандықтан кең өріс алуда. Мемлекеттің ұлттық экономикаға араласу факторына нақтырақ тоқталайық. Экономика саласында мемлекеттің өкілеттігі кең тараған жағдайда сыбайлас жемқорлықтың дамуына алғышарттар қалыптасады, ал бұл – «мемлекет қоятын шектеулерден қашудың бірден бір тәсілі». Шектеулер неғұрлым көп болса, соғұрлым сыбайлас жемқорлық өрістеп, тамыры тереңдей түседі. Осы пікірді дәлелдеу үшін АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігі жасаған Инвесторларға арналған нұсқаулықтарды талқылайық. Осы Нұсқаулықта әлемнің 40 мемлекетінде инвестиция салуға және іскерлік операциялар жүргізуге келтірілентін процессуалдық және әкімшілік кедергілер туралы баяндалады және осы кедергілерді еңсеру тәсілдері ұсынылады. Осы Нұсқаулықта көрсетілген бағдар барлық жағдайда бірдей емес: егер инвестордың жүргізетін жұмысы көп уақыт алатын, қымбат бағаланатын және күрделі болса, ол жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлыққа ұрынуы мүмкін. Мемлекетке инвестиция тарту ісінде жоғары лауазымдағы тұлғалар елеулі рөл атқарады. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде үміткердің кәсіби біліктілігіне, мінез-құлқына, моральдық – этикалық ұстанымдарына баса назар аудару қажет. Нұсқаулықтарды талдау барысында барлық 40 Нұсқаулыққа тән заңдылық байқалды: инвесторларға келтірілетін бюрократиялық кедергілер мемлекеттің құқықтың жүйесімен тығыз байланысты. Құқықтық жүйесі жалпы құқыққа негізделген мемлекеттерде (Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа зеландия) бюрократиялық кедергілер жоқтың қасы, іс жүргізуде ашықтық басым, сол себептен сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен. Билік және сыбайлас жемқорлықты бақылау бір- бірімен тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Сыбайлас жемқорлық – биліктің қауқарсыздығының көрсеткіші. Нақты институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей - тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың дамуына әкеп соғады. Құқықтық сипаттағы факторлар. Сыбайлас жемқорлық - бұл әлеуметтік жауыздық, біріншіден мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді, екіншіден мемлекеттік биліктің беделіне залал келтіреді, үшіншіден қоғам мен мемлекет билігінің өкілеттіктерін моральдік түрде құлатады. Мемлекеттік аппараттың тиімсіз ұйымдастырылуының салдарынан қоғамда құқықтық реттеудің кемшіліктері де орын алуы ықтимал. Құқықтық реттеудің кемшіліктеріне кейбір елдердің заңнамасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәмілелер жасасқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту және жазалау жүйесінің болмауы, мемлекеттік қызметті өтеу жөніндегі нақты ережелер мен регламенттің жоқтығы жатады. Ал бұндай жағдай ұйымдасқан қылмыспен астасып жатқан кәсіпкерліктің және биліктің тығыз байланыста жұмыс істеуіне өте тиімді. Осыған орай фаворитизм, протекционизм, лоббизм өркендеуде. Сонымен қатар непотизм мен саяси демеушілік те кең тараған. Сыбайлас жемқорлық қалыпты нормаға айналады. Ал бұл – құқық қорғау органдарының, көп жағдайда осы органдардың өзі де сыбайлас жемқорлыққа малынған, біріншіден, институционалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге күші жетпейді, екіншіден құқық қорғау органдарын сыбайлас жемқорлық субъектілері өз заңдарына бағындырады. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі жазаға тартылмағандықтан, қылмыстық істерін одан әрі жалғастыра береді. Көп жағдайда сот жүйесі сыбайлас жемқорлық субъектісіне қатысты өз бетінше және тәуелсіз шешім шығара алмайды. Тәуелсіз құрылымдар енгізілген бірқатар елдер (АҚШ-та тәуелсіз прокурор, Гонгконгта, Сингапурде, Малайзияда, Тайванда тәуелсіз комиссия) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісінде нақты жетістіктерге қол жеткізді. Бұндай мекемені құру кезінде билік пен мүлік, саясат пен ақша мәселесі жүйелі шешімін табуы керек. Тақырып 3 Алаяқтықтың ерекшеліктері Алаяқтық – алдау немесе сенімге кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғу, иә болмаса бөтен мүліктің құқығына ие болу арқылы іске асатын қылмыс болып табылады. Қазақстанда аляқтық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген. Қылмыстық кодекстің 177-бабына сәйкес осы қылмыс үшін олар жауапқа тартылады. Алаяқтық үшін берілетін ең жоғарғы жаза - бас бостандығынан 10 жылға дейін айыру. Алаяқтықтың негізгі принципі-өзі құрбан етіп отырған адамды алдау, сол арқылы өзіне ақша, мүлік, басқадай нәрселердің құқын ерікті түрде бергізу болып табылады. Бұл “еріктілік” алаяқтықты басқадай ашкөздік қылмыстардың ішінде ерекше етеді. Біріншіден, алданған адамдар өзінің алданғанын білсе де құқық қорғау органдарына өтініш бермейді. Оған себеп оңай алданып қалғанына ұялғандықтан және ештеңе өнбейтінін білгендіктен. Екіншіден, мұндай қылмысты дәлелдеу өте қиын, себебі алдау фактілерін объективті түрде дәлелдеу қажет. Алаяқтық адам психологиясын және оның әдеттегі әрекетін жақсы білуге негізделген. Бұл арада адамгершілік туралы әңгіме болмайды. Олар өз әрекетін алдын ала ойлап істейді. Оның тәсілдері мүлде қарапайым болуы да мүмкін. Кейде олар, топ болып әрекет етіп, өз құрбандарын алдын ала жоспарға сәйкес үгіттеп, алдайды. Олар адамның бір нәрсеге қызыға қарау, әуестік тәрізді психологиялық ерекшелігін ескеріп, соны пайдаланып кетеді. Алаяқтар сонымен қатар, адамдардың жеңіл пайда табу, бір нәрсеге оңай әрі тез қол жеткізу сияқты әдеттерін ескеріп, өз ісіне оңтайлап алады. Олар басқа да қылмыскерлер мен басбұзарлардан өзгеше болады. Олар негізінен артистік дарыны бар, өтірікті шындай етіп соғатын айлакер болып келеді. Әдетте олар таза әрі әдемі киінеді, асықпай сөйлеп, әзіл-қалжың айтады, адамның көзіне тура қарап, барынша сенім тудырады. Мұндай іспен көбіне әйелдер айналысады. Алдау-арбау жолында жүрген жұбайлық жұптар да кездеседі. Олар тез әрекет етіп, басқадай ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. “Тез шешім қабылда, әйтпесе үлгермейсің” деп асықтырады, ойлануға уақыт қалдырмайды. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Запа шеккен адамдар әдетте: “Не болғанын түсінбей қалдым”, “Гипноз жасады ғой деймін”, “Ол сондай сенімді сөйлегендіктен нанып қалдым”,-дейді. Адамдар алданбаймын деп тұрса да ондай жылпостардың айтқанын қалай істеп, жетегінде кеткенін білмей қалады. Сот практикасы көрсеткендей,алаяқтар әртүрлі сылтау мен зәбір көрушілердің мүлкін толық немесе жартылай алып, өз уәдесін қысқа мерзімде орындауға сөз береді. Мысалы А.деген азаматша Э.,К. және Б. деген адамдармен қылмыстық келісім жасай отырып, бір ерлі-зайыпты адамдарға бос тұрған пәтерді 8 мың долларға сатпақ болады. Бұл Қарағандыда көптен бері тұрмайтын З. дегенннің пәтері болатын. Осы сауда-саттыққа жұбайлар келісіп, бірінші рет 2 мың доллар , екінші рет 704 мың теңгені әкеліп береді. Осылайша бұл азаматша бірнеше адаммен алдын ала келісе отырып, алдау және сенімге кіру арқылы 956 мың теңгені қымқырып, зардап шегушіге ірі көлемде материалдық шығын келтіреді. Сонымен қатар, ол 2007 жылы тамыз айында алдау-арбау арқылы Т. деген азаматпен 1 млн. 220 мың теңгеге келісім-шарт жасасып, оған қала ішінен екі бөлмелі пәтер алып бермек болады. Ақшаны алғаннан кейін ол азаматша бұл қаражатты басқа мақсатқа ұстап жібереді. Осылайша ол бірнеше қайтара алаяқтық жасап, қала тұрғынадрын алдап соғады. Сот А.-ны қылмыскер деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің “б” тармақшасы бойынша мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңдық күшіне енді. Бір сөзбен айтқанда,алаяқтық-ұрлық жасаудың бір түрі. Алдау-арбау, сенімге кіру арқылы кейбір қылмыскерлер бөтен адамның мүлкін, ақшасын алып пайдаланып кетеді. Осындай “бойы бұлғаң, сөзі-жылмаң” адамдардан сақ болыңыздар Тақырып 4 Экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар Заңсыз кәсіпкерлік Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамынын түсінігін және құрылымын анықтау Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат (лицензия) алу міңдетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясьо) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асьфу, сол сияқгы кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шүғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өңдірумен, сақгаумен не өткізумен байланысты болса - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жүмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеқдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекетті: а)үйымдасқан топ жасаса; б)аса ірі мөлшердегі табыс табумен ұштастырып; в)заңсыз кәсіпкерлігі немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса, -жеті жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппүл салуға не мүлкін тәркілеп немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы Кодекстің 190 және 191-баптарында сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс ірі мөлшердегі табыс деп, ал сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын табыс - аса ірі мөлшердегі табыс деп танылады. 2. Осы Кодекстің 190-бабында құны жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын тауарлар саны ірі мөлшердегі тауарлар деп танылады. 190-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.16. № 430; 2002.12.21 № 363 Заңымен. 1. Заңсыз кәсіпкерліктің қоғамға қауіптілігі сонда, мұны жасаудың нәтижесінде мемлекёттің экономикасына зиян келеді. 1. Бұл әрекеттің объектісі - қалыпты экономикалық қызмет. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтьщ жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Занды түлға-ларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңцы тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке түлғалар 1997 жылғы 19 маусымдағы «Жеке кәсіпкерліқ туралы» ҚР Заңы негізінде тіркеледі. Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу қүқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер заңда, өзге де қүқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткен соң лицензия күшін жояды. 3. Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау - түтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала қүрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады. Егер: а) тіркелмеген болса; б) арнайы рүқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса; в) лицензиялау шарты бүзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады. Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс. 4. Азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға зиян келсе, ол ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 189-бабына ескертуді қара). 5. Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс- әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен үшта-сатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды. 6. Бүл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. 7. Заңсыз кәсіпкерлік - қылмыстың сараланған түрі деп сараланады, егер оны үйымдасқан топ жасаса немесе ол ірі мөлшердегі табыспен үштасса не оны заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызметі үшін бүрын сотталған адам жасаса. Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара). Егер адам бүрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз банктік қызметі үшін бүрын сотталған деп танылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2. Қылмысты аурлататын түрлері. Заңсыз банктік қызмет Дәріс мақсаты: Заңсыз банктік қызмет объектісінін түсінігін, саралаудығы маңызынашу Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Банктік қызметгі (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасса - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшеріңде айыппұл салуға не елу аилық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекетті: а) ұйымдасқан топ жасаса; б) аса ірі мөлшердегі табыс табумен уштастырып жасаса; в) заңсыз банктік қызмет немесе заңсыз кәсіпкерлік үшін бұрын сотталған адам жасаса, - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 1.191 -бапта келтірілген қылмыстық-қүқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік (190- бап) үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады. Заңсыз банктік қызметтің (191-бап) қүрамы заңсыз кәсіпкерліктің (190-бап) жалпы қүрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше. Азаматтар мен заңды түлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. 3. Банктік қызметтің (банктік операциялардың) кейбір түрлерін лицензиялау түтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, тағы сол сияқты мақсаттарда жасалынады. Егер, мына нышандардың біреуі болса: а) тіркелмеген; б) арнаулы рүқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол алынбаған; в) лицензиялау шарты бүзылған болса банктік қызмет заңсыз деп танылады. 4. Бүл қылмыстың құрамы болуы үшін заңсыз банктік қызмет азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге не ірі мөлшердегі табыспен үштасуы тиіс. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгілен-ген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға үйымға не мемлекетке зиян келсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады. (189-бабына ескертуді қара). Айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе көп мөлшердегі табыс ірі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара). 5. Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рүқсат (лицензия) керек бола түра он-сыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бүзғандығын, өзінің іс- әре-кеті нәтижесінде азаматтарға, үйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін немесе өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен үштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайды. 6. Бүл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. 7. Заңсыз банктік қызмет қылмыстьщ сараланған түрі деп саналады, егер оны үйым-дасқан топ жасаса немесе ол ерекше ірі мөлшердегі табыспен үштасса не оны заңсыз банктік қызметі немесе заңсыз кәсіпкерлігі үшін бүрын сотталған адам жасаса. ¥йымдасқан топ - қылмыс жасау үшін жақсы үйымдасқан, қылмыстың күрделі түрлерін бірлесіп орындай алатын топ. Ол түрақты болады, бір немесе бірнеше қылмыс жасауды мақсат түрады. Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара). Егер адам бүрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оның сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз кәсіпкерлігі үшін бүрын сотталған деп танылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2. Осы қылмыстың санкциясы. Жалған кәсіпкерлік Дәріс мақсаты: Қылмыстын объективтік жағына түсініктеме беру, және оның маңызын анықтау Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген ком-мерциялық ұйым құру - екі жузден бес жуз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не елу айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 1. Бұл қылмыстың объектісі - заңға негізделген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастар. 2. Қылмыстың объективтік жағы - кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзе-ге асыру ниеті болмаса да коммерциялық ұйым құру, нәтижесінде азаматтарға, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру. Коммерциялық ұйым құру дегеніміз - пайда түсіруді мақсат түтып заңцы не- гізде ұйым құру үшін жасалынған іс-әрекет. Тіркелген және бірыңғай мемлекеттік тізімдікке кірген кезден бастап коммерциялық ұйым құрылған болып саналады. Азаматқа, үйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген жағдайда жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік туындайды. 3. Қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының зандарында белгілен-ген айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомға азаматқа не бес жүз есе асатын сомға үйымға не мемлекетке зиян келтірсе, ол зиян ірі мөлшердегі деп танылады (189-бабына ескертуді қара). 4. Бүл қылмыстың объективтік жағының міндетті түрдегі нышаны - жалған коммерциялық үйым қүру мен ірі зиян келтіру түріндегі салдар арасында себептік байланыстың болуы. 5. Бұл қылмыс тікелей ниетпен жасалынады және оны жасағанда жалған кәсіпкерлік жолымен несие алуды немесе салық төлеуден босатуды, басқадай мүліктік пайда көруді, тыйым салынған қызметті бүркемелеу (лас ақшаны заң- дастыру) мақсат түтады. 6. Қылмыс объектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2. Қылмысты аурлататын диспозициясы. Тақырып 5 Заңсыз алынған ақалай немесе мүліктік заттарды саралаудың негіздері Дәріс мақсаты: Заңсыз сыйақы алу субъектісіне түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. Мемлекеттік органның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекетгік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің немесе оған теңестірілген адамының, сол сияқты мемлекеттік емес үйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндеттері шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет кврсетулерді заңсыз алуы, егер бұл әрекеттер қорқытып алумен байланысты болса, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады. Бірнеше рет немесе ірі мөлшерде сыйақы алумен байланысты жасалған дәл сол әрекет -бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жүмыс-тарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра оты-рып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Егер адамның алған сомасы немесе оған көрсетілген қызметтің құны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, заңсыз сыйақы алу ірі мөлшерде жасалған деп танылады. 224-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. Бұл қылмыстың объектісі - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қалыпты жұмысы. Қылмыстың объективтік жағы қатардағы қызметкердің, яғни мемлекеттік ұйымның лауазымды адамы болып табылмайтын қызметкердің, сол сияқты мем- лекеттік емес үйымның басқару қызметтерін атқармайтын қызметкерінің өз міндет-тері шеңберіндегі жүмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материал-дық сыйақы, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді алуы. Қылмыстың объективтік жағының міндетті нышаны - заңсыз сыйақыны қорқыту тәсілімен алу.Заңсыз сыйақы алу дегеніміз - субъектінің орындалған жүмыс үшін төленетін ақыдан артық ақша, тауар, ішімдік, т. б., сондай-ақ жеңілдіктер немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсету ретінде сыйақы алуы. Мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуге ойын-сауықтық және басқа шараларға билет, санаторий, демалыс үйіне жолдама алу, жеңілдік бағамен тауарлар сату, т. б. жатады. Айыптының жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін сыйақы алған уақыттың жәбірленуші үшін қажетті жүмыстың немесе қызмет көрсетудің орындалуына дейін немесе одан кейін алғандықтың маңызы жоқ. заңсыз сыйақы алу мемлекеттік және басқа да үйымдарда орын алуы мүмкін. Қорқытып алу дегеніміз - субъектінің сыйақы беру немесе жеңілдік жасау не қызмет көрсету жайындағы талапты тікелей қоюы ғана емес, сыйақы төлеуге немесе жеңілдік жасауға не қызмет көрсетуге клиентті мәжбүр ететін жағдай ту-дыруы да. Қорқытып алу, сонымен қатар, заңсыз сыйақы алу үшін қандай да бір кедергіні әдейі жасаумен немесе оны себеп етумен, жұмысты орындаудан немесе қызмет көрсетуден тіке бас тартумен немесе әдейі кешіктірумен де сипатталады. Заңсыз сыйақыны тапсырыс берушінің ынтасымен алу, егер қорқытып алушылық орын алмаса, қылмыс болып табылмайды. Сыйақы алуға негіз болған атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет сыйақы алушының жарғыларда, нұсқауларда, ережелерде, еңбек шарттарында, контракттерде көрсетілген қызметтік міндетті шеңберінде болуға тиіс. Бұл жағ-дайда қызметкердің өз міндетін тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бой-ынша атқарғандығының маңызы жоқ. Сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызметтерді алған кез-ден бастап қылмыс аяқталған болып танылады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей ниетпен сипатталады. Айыпты өзінің заңсыз сыйақыны, жеңілдікті немесе қызмет көрсетуді қорқыту жолмен алып отырғандығын түйсінеді, соны тілейді.Қылмыстың субъектісі - жасы 16-ға толған, мемлекеттік органның немесе мемлекеттік үйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкер немесе оған тендестірілген адам (түсінігі 307-баптың ескертуінде берілген). Қылмысқа басқа адамдар да, оның ішіңде, ҚК-тің 228 және 307-баптарына беріл- ген ескертуде көрсетілген адамдар да қатысушы болуы мүмкін, егер олар осы қыл-мысқа айдап салушылар, көмектесушілер немесе оны үйымдастырушылар болса. ҚК-тің 231 -бабының 3 және 4-бөліктерінде және 311 -бабыңда көзделген қылмыс-тан бұл бапта көзделген қылмыс, ең алдымен, қылмыс субъектісі бойынша өзгеше. Заңсыз сыйақы алудың сараланған түрлері - бүл қылмысты бірнеше рет немесе ірі мөлшерде жасау. Егер, адамның алған сыйақысының сомасы немесе оған көрсетілген жеңілдіктің қүны үш жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, заңсыз сыйақы алу ірі мөлшерде жа-салған болып саналады. Ірі мөлшерді анықгағанда әр түрлі адамдардан неше қайта-ра алған сыйақылардың жалпы сомасы емес, жеке алынған әрбір сома ескеріледі. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2. Қылмысты аурлататын диспозициясы. Тақырып 6 Экономикалық контрабанда және рейдерство Дәріс мақсаты: Қылмыстын субъетівтік жағына түсініктеме беру, белгілерін, саралаудағы манызын ашу Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесеодан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құраддарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстің 250-бабында көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппүл салуға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысы-ның мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бос-тандығынан айыруға жазаланады. 2. Нақ сол әрекет: а) бірнеше рет; б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып; в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді: а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) ұйымдасқаи топ жасаса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге, ал а) тарма-ғында көзделген жағдайда мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткізілген тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады. 1. Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсанкелтіреді, себебі, біріншіден - әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгі-ленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді. Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат) әкетіледі. 2. Контрабанданың негізгі тікелей объектісі - мемлекеттің қаржылық қызметі. Қосымша объектісі - Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту ережесі. Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативті объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі, Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы, қоғамның моральдық бастауы, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұралары жатады. 4. Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар. Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 7-бабы 39- тармағына сәйкес, «тауар дегеніміз» - материалдық дүниенің кез келген материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық қүндылық, қуаттың электр, жылу немесе басқа түрлері және «халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын көлік, құрал-жабдыктар жатады». Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже белгілен-ген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған заттар мен қүндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу салынған заттар тізбесі берілген. Оған ғылыми, көркемдік, тариғи немесе мәдени қүндылығы бар заттар, есірткі затына жатпайтын дәрі дәрмектер, радио- электрондық құралдар, байланыс құралдары және жоғары жиілікті құрылған құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық қалдықтардың үлгілері, авто,мото көлік құралдары және басқалар кірген. Қылмыстың объективтік жағы - осы кодекстің 250-бабында көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен сипатталады. Қазақстан Республикасы Кеден кодексі 7-бабының 18-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз, -тауарларды және көлік қүралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулермен өткізу, құбыр мен тасымалдау көлігін және электр жүйкесін пайдалану да кіреді». Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және көлік қүралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып кіру -Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда - Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік збналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен көлік қүралда-рын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда - «кедендік декларация беру». Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып шыққанда кедендік декларация беріледі. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының кедендікаумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік зоналар аумағы мен еркінқоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып кіргенде тауарлар мен басқазаттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан.алып шыққанда, сондай- ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде - кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып саналады. Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін: а) кедендік бақылауды айналып өту; б) кедендік бақылаудан жасыру; в) кедендік үқсастыру қүжаттарын немесе қүралдарын алдап пайдалану; г) декларация жасамау; д) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу салынған заттар мен қүндылықтарды жалған декларациялау. Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 18 шілдедегі Жоғарғы Соты Пленумының «Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы» қаулысының 5-тармағына сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші тәсілінде - контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен және кеден органдарымен белгіленген басқа органдарды айналып өтіп немесе рәсімдеу жүргізілетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан Республикасының арнайы заңына сәйкес кеден органдары белгіленген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жүмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік қүралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі. Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасьш тек Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады. Контрабанда жасаудың екінші тәсілі - тауарларды немесе өзге қүндылықтар мен заттарды жасыру, оларды қүпия жерге тығу немесе табуды қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру. Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне, таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады. Контрабанданың үшінші тәсіліңце кеден органдарына, сондай-ақ шекара бақьшауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды мөрлер, мөрта-бандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру құралдарын ұсынады. Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі, себебі құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әр түрлі қүнды ши-кізат пен материаддарды, қуат көздерін (мұнай, бензин, мазут), т. б. көптеген алып өтуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді. Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін қүжаттарды бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы ұшін қосымша саралаудың қажеттілігі жоқ, себебі бүл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің міндетті нышандары болып табылады. Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құнды-лықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды. Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді. Республиканың кедендік аумағының іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері кедендік шекара болып табылады. Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер тауарлардың қүны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі мөлшерде жасалған деп танылады. Қылмыстың субъективтік жағы - тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар мен басқа зат тарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адамойластыруы қажет. Бүл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін себеп пен мақсат қалып қойған. Контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында ескеріледі. Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, адам өз қызмет бабын пайдаланып жасауы, кеден бақылауын жүргізушіге күш қолдану жатады. Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан көп рет жасалынса. Бүл жағдайда контрабанда үшін бүрынғы соттылығы-ның алынбағаны немесе жойылмағаны, не бүрын жасаған контрабандасы үшін адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс. Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған адамға қызметтік боры-шы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан Республикасының мем-лекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарларды немесе басқа құнды-лықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын және шекараны кесіп өтуге рүқсат беретін адам жатады. Өз қызмет бабын пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабанда лауа-зымдық қылмыстар заңының баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заң нормаларын қоддану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы саралаушы нышанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті бөлігімен жауапка тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумының Қаулысының 9- тармағы). Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы жасау дегеніміз - күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал келтіру, т. б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамын өлтірсе, ҚК- тің 206 және 96-баптарының жиынтығы бойынша саралануға тиіс. Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе өлтіремін деп қорқытады.Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3-бөлігінде қарастырылған: а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса; б) контрабанданы ұйымдасқан топ жасаса. 210-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен. 211-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен. 212-бап - алынып тасталды - ҚР 1998.07.09. № 277 Заңымен. 213-бап. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау ¥йым басшысының Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден ірі мөлшерде қайтармауы - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ірі мөлшерде жасалған дел танылады.1. Қылмыстың тікелей объектісі - есеп айыруды шетел валютасында жасалатын сыртқы экономикалық қызметтің валюта реттеу саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар. Қылмыстың қосымша объектісі - шетел валютасында есеп айыруды жүргізу тәртібі. Қылмыстың заты - шетел валютасы, яғни шет мемлекеттің валютасы (Қазақ-стан Республикасының 1996 жылғы 24.желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңының 1-бабы). Қылмыстың объективтік жағы - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының уәкілетті банкісіндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты, мүмкіндік бола түрып шетелден ірі мөлшерде қайтармау түріндегі әрекетсіздік. Бес мың айлық есептік көрсеткіштен асатын шетелдік валютадағы қайтарылмаған қаражат сомасы осы бапқа берілген ескертуде ірі мөлшер деп анықталған. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес, резиденттердің ҚР Ұлттық Банкі белгілеген тәртіпте уәкілетті банктерде шетел валютасында шоттары болуы мүмкін. Тауарлар мен қызмет үшін төлем ретінде, сондай-ақ несие ретінде резиденттер алатын шетел валютасы уәкілетті банктердегі олардың шотына міндетті түрде аударылуға тиіс, егер осы Заңның 4-бабына сәйкес сол резидент алған ҚР ¥лттық Банкінің лицензиясында басқадай көздел- меген болса («Валюталық реттеу туралы» Заңның 8-бабы). Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипаттала-ды. Айыпты адам өзінің Қазақстан Республикасының уәкілетті банкке аудары-луға жататын шетел валютасындағы қаражатының шетелден ірі мөлшерде қай-тарылмай отырғандығын түйсінеді және соны тілейді. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2. Қылмысты аурлататын түрлері. РЕЙДЕРСТВО (226 бап ҚК РКҚ Бүкіл әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттердің көптеген жеке меншік компаниялары үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселелердің бірі болып бөтен кәсіпті рейдерлік басып алу болып табылады. Көптеген Оңтүстік Америка мен Африка елдері, және де бұрынғы Кеңес өкіметі елдері азаматтары рейдерлікті өз елінің қаңғыбасы деп атайды. Көптеген аналитиктер рейдерлік – ол, Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінде « араздық жұтылу » деп аталады деп тұжырымдады. Алайда мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық өмірінің осы екі мәселесін қадағалау арқылы мынадай қорытындыға келуге болады, яғни бізде жасалған «рейдерлік» және алыс шетелде жасалған «араздық жұтылу» ол тек компанияны жаулап алу мақсатынан басқа ортақ ештеңесі жоқ. Бірақ та егер компания жауласқан жағдайда, жаулап алуға ұмтылса жай ғана « мақсатты компания » немесе « компания – мақсат » болады, егерде рейдерлік болған жағдайда бұл компания, анығырақ оның меншігіндегілер немесе менеджерлері қылмыс жасалған жағдайда « жәбірленуші » статусын алады. Рейдерліктің астарынан, кәсіпті адал иеленушілерді оларды меншігінен айыру және қылмыстық жазалаушы мен заңды емес шараларды қолдану арқылы мақсатты компанияларды басып алу жөніндегі басқыншылық саясат жүргізетін құқыққа қарсы әрекеттерді түсіну керек. Осындай жағдайларда компания – басқыншы басып алу үшін күш қолдану, қорқыту, басқа да криминалды құқыққа қарсы шараларды қолданады. Әдетте рейдерлік – ол экономикасы жеткіліксіз дамымаған, заңнамасы жетілмеген, жемқорлық деңгейі жоғары дамушы мемлекеттерге тән құбылыс. Өкінішке орай, Қазақстан бүгінгі күні жеке құрылымдағы меншік иелерінің құқығын толық қорғауға мүмкіндік беретін, жетілген заңнамасымен ерекшеленбейді. Бөтен мүлікті басып алу бойынша рейдерлік әрекеттер әрқашан рейдерлік шабуылдардың құрбандары болған компания иеленушілері үшін мүліктік және моральдық зиян келтірумен сипатталады және де ереже бойынша елеулі зардаптарға, күтпеген шығындарға, мүлік пен ақша жоғалту, абыройы мен қадір – қасиетіне тіл тигізу, атағын түсіру және т.б. жағдайларға әкеп соқтырады. Компанияларды бақылауға алу мен ұстап қалу көптеген жағдайларда криминалды құрылымдарды қолдану мен мемлекеттік қызметкерлерді сатып алу сияқты күштеу тәсілдері арқылы жүзеге асады. Бізде елімізде 90 – жылдары рэкеттердің бандиттік белсенділігіне құқықтық қарсы әрекет механизмінің жоқтығы салдарынан 2 – 3 жыл ішінде ондаған тұрақты криминалдық топтар, олардың ішіндегі ең негізгі әрекет түрлерінің бірі болып рейдерлік болып табылды, яғни ол бөтен кәсіпті қару қолдану, қорқыту, бопсалау, зорлық, алаяқтық, тонау, мемлекеттік органдардағы жемқорлық байланыстар және т.б. арқылы басып алу. Осындай жағдай 90 – жылдары көршілес елдерде – Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және т.б. елдерде қалыптасты. Посткеңестік кеңістік елдерінде 1990 – 2005 жылдар аралығындағы біріктіру мен жұтылу нарығы саласындағы жағдай, көптеген аналитиктердің пікірінше, ХХ ғасырда АҚШ – ғы жағдаймен теңестіріледі, яғни онда « барон – грабители » басшылық еткен кезде. Рейдерліктің объектісі болып ереже бойынша, жұтылу жағдайындағы жете бағаланбаған компаниялар емес, керісінше бағалы активті, кадрлармен, ақпараттық және өндірісітік технологиялармен жабдықталған тиімді және пайдалы компаниялар болып табылады. Рейдерліктің өзіне тән ерекше елеулі белгілері бар: ол жүйелілік, залал келтіру, криминалдылық. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, жүйелілік күшіне байланысты рейдерлікті криминалдық кәсіптің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Рейдерлік басып алу тәсілдері бойынша жүргізілген сараптама негізінде, рейдерлікті екі санатқа бөліп қарастыруға болады: 1. алаяқтық сипатта болуы; 2. күш сипатында болуы. Алаяқтық сипаттағы рейдерлікке, құқыққа қарсы келесі әрекеттерді жатқызуымызға болады: 1. Бағалы қағаздардың, құрылтай құжаттарының, фирма органдарының басқарушылары мен өзге мақсатты компаниялар құжаттарының шешімдерін ұрлау мен жалған жасау. Ресейде, мысалға дамыған елдерде мүлдем басқа маңызға ие, акционер тізілімін ұрлау тәсілі әлдеқайда танымал. Ресейде көптеген акционерлік қоғамдар бұл, ережеге сәйкес, егерде акцционерлерінің саны кем дегенде 50 болса, және компаниялар бухгалтерлік кітапта немесе электронды түрде акционерлердің тізімін өздері жүргізеді. Компания – бұл фирма акционерлерінің әрқайсысында қанша акция бар екендігі туралы ақпарат сақталатын бірден – бір орын болып табылады. Рейдерлермен жалданған қарақшылар қандайда бір жолмен акционерлер тізіліміне қол жеткізеді, оның көзін құртып және жаңа тізілім жасайды, немесе соның салдарынан құжаттың түпнұсқасы мен акционерлер тізілімі жойылған компания акцияларына меншік құқығын дәлелдеуге шамасы жоқ мақсатты – компаниялардың адал меншік иелерінің құқықтарын даулау туралы қажетті соттың шешімін алады; 2. Бақылаушы және құқыққорғау органдары жағынан мақсатты – компания қызметіне барлық мүмкін тексерулерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарда жемқорлық байланыстарды қолдану. Осындай тексерулердің мақсаты құқыққорғау, салық және бақылаушы органдармен тексеріліп отырған ұйымның қызметінен көбірек бұзушылықтарды анықтау болып табылады. Рейдерліктің осындай ұқсас тәсілі, өкінішке орай, көптеген дамып келе жатқан мемлекеттердің қазіргі экономикалық өміріндегі кәдімгі құбылыс болып табылады. Олардың қатарына Қазақстан да кіреді, яғни компания – басып алушы тек қана мемлекеттік органдардағы байланыстарын ғана пайдаланып қоймай, кейде олардың қарамағында болады немесе шенеуніктерге жанама тиесілі болады. Кейде қазақстандық әкімнің жуан мойынды жігіттерге бұйрық беріп, олардың көпшіліктің көзінше гүленіп келе жатқан жеке меншік компаниялардың бірінің мүлігін иеленіп алу үшін оның директорын соққыға жыққаны туралы естіп, кейде оқуымызда мүмкін. Ұрып – соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады, бірақ та « құқықтық тәртіпті қорғаушылар » рейдерлердің көмекшілері болып шығатындықтан, қылмыстық іс қылмыс құрамының немесе айғақтардың жоқ болуынан тоқтатылады. 3. Мақсатты – компанияны өте арзан бағаға сатып алу үшін әртүрлі тәсілдермен, кейде мемлекеттік және сот органдарымен жемқорлық байланыстардың қолданылуы немесе мақсатты – компанияны банкрот деп жариялайтын құжаттарды ұрлау немесе жалған жасау арқылы компанияны жалған банкроттық жағдайына жеткізу. Кейде рейдерлер мақсатты компанияны банкроттыққа жеткізіп, оны арзан бағаға сатып алу үшін жалған жағдайлар жасайды. Келесі рейдерство түрлеріне қорқытуылық мінездеме тән: 1) Қаруды қолдану немесе қаруды қолданамын деп қорқыту; 2) Бопсалау; 3) Адам ұрлау; 4) Қарақшылық, қорлық, денсаулыққа зиян келтіру және тағы басқа: 5) Адам өлтіру. Бұл жағдайда рейдерлер өздерінің күшін , сонымен қатар өздерінің жобаларын жүзеге асыру үшін криминалдық топтарды жалдаулары мүмкін. Дамушы мемлекеттерде рейдерствоны заңгерлердің сұлбасы бойынша құрастырылған бандиттер мен рэкеттерге, күзет жүйесіне кейде сот орындаушыларымен орындалатын басып алудың ең оңай пішіні деп көрсеткен. П.А. Астаховтың ойынша, рейдерствоның аса жаман қасиеттерінің бірі: жеке өзіне бір рубль ұтқанымен олар барлығына миллионға зартап келтіріп, арттарынан тек жанған жерді ғана қалдырады деген. Мысалға Кмреевтың айтуы бойынша: Мәскеу үкіметінің қорытындысы бойынша 2004 жылдың аяғына дейін Мәскеу аумағының өзінде рейдерлік іс-әрекеттерді 100-ге жуық топтар іске асырған. Қазіргі экономикада рейдерлік мәселелер өткір болып тұр. Қоғам меншік құқығының қорғалуының қажеттілігін ұғынғанда және оған қарсы ешқандай жүйенің жоқ екендігін білгенде ол (рейдерство) макроэкономикалық факторға айналады. Бизнес иелерінің құқықтарын қорғауда елеулі роль атқаратын және мемлекеттік компаниялардың экономикалық дамуына үлес қосатын корпоративтік құқық қазіргі кезде Қазақстанда аса дамымаған. Қазақстандық заң шығарушылар көп жылдар бойы Ресейдің заңдарының көірмелерін қолданған, алайда ақырғы жылдарда олар экономикасы дамыған мемлекеттердің заңдарына өз көз қырларын салуда. Кейбір шетел әдебиеттерінде рейдерствоның орындалуына байланысты оны 3 түрге бөледі. Олар: 1) Ақ- заңды түрде компанияны құрту немесе “гринмэйл” (greenmail). Гринмэйл сөзінің астарында мына мағына жатыр: акционер иесін күш қолданбай басып алуға бағытталған корпоративтік бопсалау. 2) Сұр- алаяқтық іс-әрекеттермен байланысты. Яғни бұнда нормативтік актілерді заңды түрде бұрмалай отырып сонымен қатар мемлекеттік органдардағы адамдармен коррупциялық байланыс орнату арқылы компанияны банкроттыққа отырғызу және тағы басқа іс-әрекеттер. 3) Қара- ашық күш қолдану арқылы компанияны басып алу. Ресей әдебиеттерінде бұл “кү қолданатын кәсіпкерлік” деп көрсетіледі. 2005 жылдан бастап Ресейде де Қазақстанда да рейдерлер тактикаларын өзгертті. Олар “қара” рейдерстводан “сұрға” көшкен болатын. Алайда А.Волковтың және А.Приваловтың айтулары бойынша бизнес иелері заңмен қорғалғанмен де қоғамдағы рейдерлік әрекеттер әлі де өз күшінде. Мысалы: Ресей консалтинг агенттерінің мәліметтері бойынша Ресейде жыл сайын 60-70 мың рейдерлік шабуылдар болады делінген. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей дұшпандық құрту мен рейдерствоның түсініктерінің араласуы мүмкін емес, себебі олардың обьективтік және субъективтік мінездемелері әр түрлі. Осыған орай “ақ рейдерство” немесе “гринмэйл” деп аталатын дұшпандық құртуды “рейдерство” ретінде түсінуге болмайды, өйткені дұшпандық құртуда ең басты рейдество элементі болмайды, яғни дұшпандық құртуда қылмыс құрамы толық болмайды. Сонымен қатар рейдерствоның түріне, алаяқтықпен немесе күшпен орындалу әдістемесіне қарамастан қылмыстық заңдармен қудаланатын қауіпті әрекет болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде рейдерствоның орындалуына немесе орындалғанына байланысты жауаптылық түрлері көрсетілген. Еліміздегі барлық рейдерстволық әрекеттер өкінішке орай дұрыс саралана бермейді, көбінесе ол іс-әрекеттер “дұшпандық құрту” немесе “национализация ” ретінде өзгертіліп сараланады. Көптеген ірілі-ұсақты қазақстандық бизнес иелері ол шенеуніктер екені құпия емес. “Transpareny Kazakhstan” атты антикоррупциялық қоғамдық фондтың басқарушы төрағасы В.Воронов былай деген: біздің еліміздегі рейдерство мен рэкеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады. Погондағы адамдардың кандайда бір шенеуліктердің тапсыры бойынша келуі, “ағасының” немесе криминалдық топтың басып алуы арқылы келуі мемлекеттік рэкетпен жаппай қаралады. Қазіргі кезде Қазақстан үшін ең қорқынышты көрініс- бұл әрекеттерге соттардың қатысуы. Тақырып 7 Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстар Пара беру Дәріс мақсаты: Пара беру процесімен танысу және оның ізділігін саралау. Сұрақтар: 1. Қылмыс объектісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Мемлекетгік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру - екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам- ның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін немесе әлденеше рет пара беру немесе ұйымдасқан топтың пара беруі - жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеті (әрекетсіздій) үшін екі айлық есептік көрсеткіштен аспай-тын сомада немесе құны сондай алғаш рет сыйлық беру, егер мемлекеттік қызметтер атқа-руға уәкілетті адам не оған теңесгірілген адам жасаған іс-әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. 2. Егер лауазымды адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылыктан босатылады. 312-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. 1. Пара берудің объектісі немесе оның қылмыс заты, ҚК 311-бапта көзделген қылмыс қүрамымен (пара алумен) толық түрде үқсас болып келеді. ҚК 312-бабы 1-ескертуінде белгіленгендей, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бүрьш жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін екі айльгқ есептік көрсеткіштен аспайтын сомада немесе қүны сондай алғаш рет сый лық беру, егер лауазымды адам жасаған іс-әрекет (әрекетсіздік) алдын ала уағда-ластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмайды. 2. Қылмыстың объективтік жағы болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беруі танылады. Аталған қылмыс құрамы - формальды. Пара беру, лауазымды адамның параны толық немесе жарым-жартылай алғанына қарамастан немесе сол пара берушіге қажетті жағдайларды толық түрде орындауына байланысты болмаса да, яғни сол параны берген сәттен қылмыс аяқталған болып саналады. Егер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестіріл- ген адамның пара берушімен пара алуы туралы келісімі жоқ болса немесе параны қабыл алмаса, мұндай жағдайда пара беруге оқталу, не параға немесе сатып алуға арандату болып табылады (ҚК 349-бабын қараңыз). Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі заңдарды соттардың қолдануы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысында «Мемлекеттік, қоғамдық немесе үйымдардың басшылары қызметі бойынша бағынышты адамдарға басқа лауазымды адамға пара беру жолымен ойланған әрекетке немесе әрекетсіздікке жетуге тапсырма берсе, ондай адамдар пара беруші ретінде жауапқа тартылады». Пара үшін ойла-ған әрекеттерді орындауға келісімге келген және параны табыс еткен қызметкер параны беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылуы тиіс. Егер аталған адам жүктелген істің сипатын біле түрып, тек параны апарып берсе, оның әрекеті па-рақорлыққа делдал ретінде сараланды деп түсіндірілген. 3. Параны беруде қылмыстың субъективтік жағы болып тікелей қасақаналық табылады. Субъект пара алушының тапсырмасымен әрекет ете отырып, тікелей пара беруді үйымдастырып лауазымды немесе басқа адамға пара бергендігі туралы білуі немесе тілеуі қажет. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулы-сында қүнды нәрселерді алудың немесе қызмет көрсетудің шарттары арнайы келі-сілмеген, бірақ қылмысқа қатысушылар параны берушінің мүддесін қанағаттанды-ру мақсатьшда табыс еткенін түсінген жағдайда айыпты адамдардың әрекеттері пара беру және пара алу деп дәрежеленуге жатады. Басқа мақсатпен қымбат заттарды (мысалы, мемлекеттік қызметші өзінің қызмет бойынша бастьпы қызының қолын сүрауы үпгін бағалы сыйлық үсынуы) беру осы қылмыс қүрамын қүрамайды. 4. Пара берудің субъектісі болып - 16 жасқа толған қандай да болмасын адам танылады. 5. Аталған қылмыс қүрамының екінші бөлігі дәрежеленген қүрамды; көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін лауазымды адамға пара беру, сол сияқты әлденеше рет; үйымдасқан топтың пара беруін белгілейді. Көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) әр түрлі сипатта болуы мүмкін; көрінеу заңсыз жүргізуші куәлігін, пәтер беру, қылмыстық жауаптылықтан босату т. б. 6. Пара беруші адам пара алушы адамның жасаған әрекеттерін заңсыз екендігін үғыну маңызды болып табылады. Егер, пара лауазымды адамға қылмыстық әрекеттерді жасауы үшін берілген болса, пара беруші адам ҚК 312- бабы 2-бөлігі бойынша және қылмысқа айдап салушы ретінде, қылмыстың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Қылмыстың әлденеше рет жасалуы ҚК 11-бабында белгіленгендей, яғни осы пара беру бойынша да қолдана аламыз. Осыған сәйкес жоғарьща аталған Казакстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 7-тармағында, жауапқа тарту мерзімі өтіп кетпеген жағдайда параны алу, беру немесе парақорлыққа делдал болу қылмыстары кемі екі рет жасалынса, онда аталған қылмыстар әлде-неше рет жасалған деп есептелінеді. Егер әрбір пара берушінің мүддесі үшін жеке-жеке әрекет жасалып, бірнеше адамнан бір мезгілде пара алынса, онда пара әлденеше рет алынды деп сарала- нуы керек деп белгіленген. Пара берушінің қажет еткен нәтижесін қамтамасыз ететінін орьшдағаны немесе орындамағаны үшін параны әлденеше рет беру немесе алу, сол сиякты өзара аддын ала келісіп қылмыс жасаған лауазымды адамдар тобына пара беру немесе аталған жағдайларда делдал болу, бірнеше рет жасалған қылмыс ретінде қаралмайды. Үйымдасқан топтың пара беруі, пара алудағы қылмыстың қүрамы түсінігімен үқсас болып келеді (311-баптың талдануын қараңыз). Аталған баптың 2- ескертуінде, егер мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға - қүқығы бар органға өз еркімен хабарласа, пара берген адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады деп марапаттаушы норма белгіленген. Параны қорқытып алудың түсінігі ҚК 311-бабында анықталған. Пара беруі туралы өз еркімен хабарлауы, ешқандай мәжбүрлеусіз белгілі бір органға өз ер-кімен хабар беруін ерікті түрде деп айтуға болады. Пара бергендігі туралы белгілі бір органға мәлім болғандығы туралы сезіп, оның артынан хабарлауы, ерікті түрде хабарлау деп танылмайды. Пара беру туралы арыз-ды кьілмыстық іс қозғауға құқығы бар органға, яғни прокуратураға, үлттық кдуіпсіздік комитеті, ІІМ, салық полициясына берілуін заң талап етеді. Алдын ала пара бере-тіндігі туралы хабар берген адам алдына мақсат қоюы мүмкін: пара алушыны үстап беру. Мүндай жағдайда пара беруші ретінде мүндай адамдар ҚК 312-бабының ескер-туі 2-бөлігімен байланысты емес, керісінше ҚР Қылмыстық Іс жүргізу кодексі 37-бабы бірінші бөлігі, екінші тармағы бойынша қылмыстьщ қудаланудан босатылуы тиіс. Сондыктан олар қүқықгық шарттарға сәйкес жәбірленуші деп танылуы мүмкін. Өзін-өзібақылаусұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмыстың диспозициясы? Парақорлыққа делдал болу Дәріс мақсаты: Парақорлыққа делдал болу квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру. Сұрақтар: 1. Қылмыс объектісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1.Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу - жүзден үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не торт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады. 2.Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан бір жылға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не терт жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Парақорлыққа делдал болудың объектісі және оның қылмыстың заты толық түрде пара алудың объектісі мен қылмыс затымен үқсас болып келеді (ҚК 311-бабының талдануын қараңыз). 2. Парақорлыққа делдал болудың объективтік жағы екі нысанымен сипатталынады: а) пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуі; б) пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруді іске асуға жәрдемдесуі. Парақорлыққа делдал болу осы екі нысанның белгілерімен не болмаса беруінің болуымен де сипатталады. Пара алушы мен пара берушінің параны беруі және оның алынуы туралы келісімге келуі белгілі бір сөз байласу, кездесулер, келісімдік сөз алысуы, осы дел-дал арқылы жүзеге асырылады. Парақорлыққа делдал болудың нысандары, қылмыстың аяқталуы белгілері-не байланысты айырмашылықтарға ие болып отыр. Делдал болудың бірінші нысаны бойынша, пара алушыға және пара берушіге пара алу мен пара беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізген сәтінен қылмыс аяқталынған деп есептелінеді. Сонымен қатар, пара беруші, пара алушыға пара бергендігі не болмаса бермегендігінің маңыздылығы ескерілмейді. Парақорлыққа делдал болудың екінші нысаны бойынша - пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беруін іске асыруға жәрдемдескен сәтінен, яғни параны алғаннан бастап қылмыс аяқталған болып ескерілінеді. 3. Парақорлыққа делдал болуда, параны алуға немесе беруге қатысушыдан ай- ырмашылығын білуіміз қажет. «Делдал» яғни сөздің мазмүны бойынша пара бе- руші немесе пара алушымен тікелей қарым-қатынасқа түсіп өзара келесімге келті-руші ретінде көрінеді. Қатысушы, пара беруші немесе пара алушының жағынан шығатын адам. «Парақорлық үшін жауапкершілік жөніндегі зандарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы», Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 9 қаулысында параны беруді немесе алуды үйымдасты-рып, бұған біреуді итермелеген немесе параны алуға, беруге көмектесуші болған әрі бір мезгілде делдал міндетін атқарған лауазымды немесе басқа адам параны беруге немесе алуға қатысқаны үшін жауапқа тартылады. Мұндай қатысушының әрекетін саралау жөніндегі мәселе оның пиғылына, пара берушінің немесе пара алушының қайсысының мүддесі үшін, кімнің жағында болғанына қарай шешілуі тиіс. Мұндай жағдайда оның әрекетін парақорлыққа делдал болу үшін жауапкершілік бергіленген бап бойынша қосымша саралаудың қажеті жоқ деп белгілеген. 4. Парақорлыққа делдал болудың субъективтік жағы тікелей қасақаналық: яғни кінәлі адам пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасьгадағы келісімге қол жеткізуді немесе іске асыруға жәрдемдесуді ұғынады және соны жасауды тілейді. 5. Қылмыстың субъектісі болып - қандай да болмасын он алты жасқа толған адам танылады. 6. Аталған баптың екінші бөлігі - парақорлыққа делдал болудың дәрежеленген түрін қамтиды. Әлденеше рет немесе үйымдасқан топ немесе адам өзінің қызмет жағдайын пайдалана отырып жасаған әрекеттері. Әлденеше рет немесе үйымдасқан топтың түсінігі туралы ҚК 11,31 және 311, 312-баптарын талдауын қараңыз. Парақорлыққа делдал болуда адам өзінің қыз- мет жағдайын пайдалана отырып жасауы, субъектінің парақорлыққа делдал бо- лудағы өзінің қызметтегі қүзіреті мен өкілеттігімен жасалды деп танылады. Па рақорлыққа делдал болуда, адамның өзінің қызмет бабымен үиымдағы не басқа да орындардағы басқару қызметтерімен байланыссыз болуы, қызмет жағдайына пайдалана отырып жасалды деп танылмайды. 7. Тәжірибеде жасалған парақорлыққа делдал болудың белгілерін кездестіруімі-зге болады. Егер адам пара берушіден ақша немесе басқа қүнды заттарды лауазымды адамға пара ретінде беру үшін алып, бірақ апарып беру оның ойында болмай өзі пайдаланса оның жасаған әрекеті алаяқтық ретінде саралануы тиіс деп белгіленген (жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы қаулысын қараңыз). Жалпы алаяктық өзінің әлеуметтік мәні бойынша жасалған парақорлыкқа делдал болудан елеулі айырмашылықтарға ие. Жалған парақорлыққа делдал болу кезінде субъекті мүлікке алаяқгық ретіңде ие бола алмайды, керісінше, басқа адам-ды пара беруге тартады немесе пара беруге көмектеседі. Осыған байланысты жал-ған парақорлыққа деддал болушы пара берудегі айдап салушы немесе көмектесуші ретінде саралануы қажет. Жалған парақорлыққа делдал болушыға параның затын берген адамның әрекетін пара беруге оқгалғандық деп айтамыз. Өзін-өзі бақылау сұрақтар: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын санкциясы. Тақырып 8 Мемлекеттік билікке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстар Лауазымды адамның екілеттігін иемдену Дәріс мақсаты: Лауазымды адамның екілеттігін иемдену түсініктеме беру Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған байланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе уйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - елуден жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады. 1. Мемлекет, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланушылармен немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланушылармен күресе отырып, сонымен қатар басқа да, яғни лауазымды адамның өкілеттігін иемденушілермен де бір түрғыда күрес жүргізіп отырады. Өйткені, лауазымды адамның өкілеттігін иемдену азаматтар- дың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделеріне немесе мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруына нүқсан келтіреді. Осы мән-жайларды ескере отырып лауазымды түлға емес, мемлекеттік қызметшілердің лауазымды адамның өкілеттігін иемденгені үшін, Қазақстан Республикасы ҚК 309-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты белгілейді. 2. Осы аталған қылмыс қүрамының объектісі болып- мемлекеттік аппарат-тың кейбір қүрьшымдарының қалыпты қызметі болып танылады. Қылмыстың объективтік жағы - лауазымды адам болып табылмайтын мем-лекеттік қызметшінің, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі және соған бай ланысты оның жасаған әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуы. 4. Қылмыс белсенді түрдегі әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі, мемлекеттік қызметші, лауазымды адамның өкілеттігін өздігінше иемдене отырып, заңсыз түрде олардың өкілеттігін жүзеге асырады. Иемденіп алудың нысаны заңца белгіленбегендіктен олар әр түрлі түрғыда болуы мүмкін. Мысалы, аудандық әкімнің қатардағы қызметкер - референті адамдарды қабылдап, олардың сүрақтарын шешіп, маңыздылығы бар құжаттарға бастығы-ның атынан қол қоюы; қатардағы полиция қызметкері өзін ІІБ жедел-іздестіру қызметкері ретінде көрсетіп азаматтарға заңсыз талаптар қоюы. Лауазымды адамның өкілеттігін иемденуі салдарынан, оның жасаған қоғам-ға қауіпті әрекетімен бірге азаматтардың үйымдардың қүқықтары мен занды мүд- делерін елеулі түрде бүзуы - қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып танылады. 5. Қылмыс құрамы құрылымына қарай - материалды болып саналады. Осыған байланысты келесі міндетті белгілерінің бірі болып кінәлі адамның заңсыз әрекеті мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс танылады. 6. Қылмыс аяқталған болып үйымға немесе мекемелерге не болмаса азамат- тардың мүдделеріне елеулі түрде зардап түскен сәттен бастап саналады. 7. Лауазымды адамның өкілеттігін иемденудің, субъективті жағы - тікелей қасақаналықпен жасалынады. 8. Қылмыстың субъектісі болып, тек лауазымдық қызметке ие болмаған, мем- лекеттік қызметші танылады. Егер осы аталған қылмыс қүрамы бойынша қыл- мыстың субъектісі, мемлекеттік қызметші болып табылмаса, осы бап бойынша дәрежеленбейді. Бірақ мән-жайларға байланысты осы кодекстің басқа да баптарымен мысалы; алаяқтық, қорқытып алушылық, түрғын үйдің қол сүғушылығының бүзы-луы т. б. баптарымен дәрежеленуі мүмкін. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда (ҚК 307-бабы) қылмыс субъектісі лауазымды адам болып танылса, лауазымды адамның өкілеттігін иемденуде (ҚК 309-бабы) қьшмыс субъектісінің айырмашылығы, яғни заңмен лауазымды түлға деп белгіленбеген, мемлекеттік қызмет иесі болып танылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын түрлері. Тақырып 9 Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу Дәріс мақсаты: Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу жеке ержелерінін мазмұның ашу. Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай үйымға жеңілдіктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл сала отырып, бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл сала отырып, он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан аиыруға не екі жылға деиігі мерзімге бас бостандығыиан айыруға жазаланады. 3. Лауазымды адамдардың мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау жөніндегі өкілетгігін беруге әкеп соғатын іс- әрекеттерді жасауы, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. 310-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.07.10 № 283; 2003.09.25 № 484 Заңымен. 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамньщ не оған теңестірілген адам-ның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын үйым қүруы, не мүндай үйымды басқа-руға тікелей өзі немесе заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзінің немесе сенім білдірген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мүндай үйымға жеңілдіктер және артықшылыктар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршыльщқа байланысты болуы осы қылмыс қүрамының объективтік жағы болып табылады. 2. Кінәлі мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам өзінің, қызмет бабын пайдаланып, өз мүддесі үнгін үйым қүрады немесе мүндай үйымды басқаруға тікелей өзі не болмаса сенім білдірген адам арқылы қатысады. Кінәлі адамның осы немесе өзге де нысандағы әрекеттері заңмен белгіленген уәкілеттігін пайдалануы арқылы жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасының заң күші бар 23 шілдеде 1999 жылғы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында, педагогтік, ғылыми және де өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде коммерциялық үйымда, оны басқаруға, тікелей қатысуы Қазақстан Республикасының заңцарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, үйымдық-қүқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық үйымды басқаруға, қатысуға қүқығы жоқ деп тіке белгіленген. 4. Қылмыс қүрамы бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті шартта-рының бірі болып, кінәлі адаммен кәсіпкерлік үйымның арасындағы себептік байланыстың болуы саналады. 5. Аталған қылмыс қүрамы формальді болып табылатындықтан қылмыс, яғни ҚК 310-бабындағы әрекеттердің басталуы, яғни кәсіпкерлік қызметке заңсыз қаты- су сәтінен аяқталынған деп ескерілінеді. 6. Қылмыс субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам- дар не оған теңестірілген адамдар танылады (ҚК 307-бабының талдануын қара- ңыз). Аталған баптың 2-бөлігі лауазымды адам лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық көздейді. Аталған баптың 3-бөлігі «Лауазымды адам- дардың мемлекеттік емес үйымдарға, соның ішінде қоғамдық лицензиялау жөніндегі өкілеттігін беруге әкеп соғатын іс-әрекеттерді жасағаны үшін қьшмыстық жауаптыльқты белгілеген. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу объективтік белгілері бойынша билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланумен үқсастықтарға ие. Олардың айырмашылығы сол, лауазымды адамның мемлекеттік емес үйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге лицензиялау өкілеттігін беруі қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудан жеке түрғыда жасалатындығымен айрықшаланады. 7. Қылмыстың субъектісі мемлекеттік органның лауазымды түлғасы. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын диспозициясы. Тақырып 10 мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстардың ерекшелігі Қылмыстық өкілетті теріс пайдаланау Дәріс мақсаты: Қылмыстық өкілетті теріс пайдаланау құрамының жағымсыз белгілерін анықтау Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметгік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құкықгары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекетгің занмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бруға әкеп соқса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға, не терт жылға дейінгі мерзімге бас бостанды-ғынан айыруға жазаланады. 3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айьфып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айьфуға жазаланады. Ескертулер. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады. 1. Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамдарға: жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне каңдидаттар ретінде тіркелген азаматтар; жергілікті өзін-өзі басқару органдарындатұракты немесе уақытша жүмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер; мемлекеттік үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі. Түрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін- өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қүралымдарында ұйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады. Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орын-дау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасыныңконституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқгы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 1999.07.23 № 454; 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен. 1. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану - қызмет бабын пайдаланып жасалы- натын қылмыстардың ішіндегі кең тараған түрі болып табылады. Бұл қылмыс мемлекеттік аппараттың қандай да болмасын саласында жасалынуы мүмкін. Мұның қауіптілігі сол, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған % теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, азаматтардың немесе үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мем- лекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне және де мемлекеттік аппараттың қалып- ты қызмет атқаруына нүқсан келтіруімен сипатталынады. Қызметтік өкілеттікті пайдакүнемдік мақсатта кереғар пайдалану, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, парақорлық сияқты қылмыс түрлері осы қызмет өкілеттігін теріс пайдала-нумен біртекті, үқсаса отырып жүзеге асырылады. 2. Аталған қылмыстың объектісі - мемлекеттік органдардьщ және үйымдар-дың немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының занды түрғьщағы қалыпты қызмет атқаруы болып саналады. Қосымша объектісі болып азаматтардың заң-мен қорғалатын мүдделері мен ар-ожданы, бостандығы, денсаулығы табылады. 3. Коммерциялық немесе өзге үйымда басқару қызметтерін атқаратын адам-ның өз өкілеттіктерін осы үйымның занды мүдделеріне қарсы және өзі немесе басқа адамдар не үйымдар үшін артықшылық алу, пайда түсіру не басқа адам-дарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында пайдалануы болса - ҚК 228-бабымен жауаптылық көзделінеді. 4. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалануда, қылмыстың объективтік жағының міндетті белгісі болып, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдар-ға зиян келтіруі табылады. 5. Азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамға немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтыруы, ең алдымен, қүқықпен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалды зардап келтіреді. Материалды зардап - мүліктік, жеке адамға қарсы, топтасқан болып бөлінеді. Мүліктік зардап, қылмыс жасаған сйтте, Қазақстан Республикасы заңымен бел- гіленген айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшерінен бастап белгіленеді. Жеке адамға қарсы зардап, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орташа ауыр-лықтағы, ауыр зиян келтірген жағдайда анықталады. Топтасқан зардап, жалпы қоршаған ортаға, яғни үйымдарға, мекемелер мен кәсіпорындардың қызмет атқаруына нүқсан келтірілуін айтамыз. Мүліктік және адамға қарсы, топтасқан зардап өздеріне тән баға беруге бола-тындығымен сипатталынады, ал моральды зардап болса - қаржылай баға берілмейтіндігімен көрінеді. 6. Аталған қылмыс қүармы материалды болып табылады. Қылмыстың аяқталуы үшін азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуы. Қылмыстың субъективтік жағы кінәлінің қасақаналық нысанымен айқын-далады. Кінәлі адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пай- далануы, егер бұл әрекет пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасауын қоғамға қауіпті екенін ұғып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенің немесе болмай қоймайтынын алдын ала біліп және оның зардаптарының болуын тілейді. Жоғарыда аталған, қызметтік қылмыстардың түрлері бойынша жаңа Қылмыстық кодексте, қылмыс құрамының міндетті белгілері болып мақсаты, ниет (мотив), түрткісі танылады. Пайдакүнемдікпен жасалған қылмыстар ниеттің, мақсаттың болуы, аталған түлғаның заңсыз сыйақы, мүлік, ақша, көлденең табыс, я бодмаса материалды түрдегі басқа да жеке басының пайдасына шешілетін қажетті жағдайлар жасалу- ымен сипатталады. Өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалған әрекеттер деп, мүліктік емес, яғни карьеризм, қызғанушылық, протекционизм, жағымпаздық т. б. осы сияқты белгілермен үштасқан әрекеттерді айтамыз. Заңға сәйкес аталған қылмыс қүрамының субъектісі болып, біріншіден, мем- лекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдар; екіншіден, оған теңестірілген адамдар танылады. Қылмыстық кодекс бойынша осы аталған мемлекеттік қызметшілерге жатады: 1) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті лауазымды адамдар; 2) Парламент пен маслихаттардың депутаттары; 3) судьялар; ' 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы зандарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға: 1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; 2) занда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен маслихат депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидат-тар ретінде тіркелген азаматтар; 3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында түрақты немесе уақытша жүмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаража- тынан төленетін қызметшілер; 4) мемлекеттік үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекетгің үлесі кемін- де 35 % болатын үйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі. 9. Аталған баптың 2-бөлігі «Лауазымды адам» жасаған нақ сол әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Лауазымды адамдар болып - түрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы- ның Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери қүралымдарында үйымдастырушылық-әкімшілік немесе әкімшілік шару- ашылық қызметтерді орьгадаушы адамдар танылады. 10. Қарастырылып отырған баптың 2-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін қатаң жауаптылық көзделген. Осы баптың ескертуінің 2-бөлігіне сәйкес, мемлекеттің міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Кон-ституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және де өзге заң-дарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік қыз-мет атқаратын адамдар деп түсініледі. Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар болып, ҚР Президенте ҚР Басқару өкіметінің председателе парламент, палата председатель министрлер, Жоғарғы сот председателе бас прокурор немесе т. б. ҚР жоғарғы лауазым иелері табылады. 11. Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайларға байланысты ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерді көздейді. Қызмет өкілеттігін теріс пай-далану, билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану және қызметтік жалғандық жасалғаны үшін сот тәжірибесін қолдану туралы 30 наурыз 1990 жылғы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында аса ірі мөлшердегі материал-дық зардаптың немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірілуі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудың салдарынан пайда болса ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекет-терге жатқызылады деп көрсетілген. Егер лауазымды адамның теріс әрекеттері пайдакүнемдікпен немесе өзге де жеке басының мүддесі үшін жасалса және азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қор- ғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтырмаса, қылмыстық жауапты- лық пайда болмайды, керісінше тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтыруы мүмкін. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын түрлері. Тақырып11 Пара алудың жалпы мінездемесі Дәріс мақсаты: Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері бойынша ажыратуды түсіну Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер, мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол берсе, -жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның жеті айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығын шектеуге, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айьфып, мүлкі тәрюленіп немесе онсьп нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді жасауы, сол сияқты заңсыз іс- әрекет(әрекетсіздігі) үшін пара алуы - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дсйінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар: а) қорқытып алу жолымен; б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ; в) ірі мөлшерде; г) әлденеше рет жасалса - мүлкін тэркілеп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ескерту. 1. Бес жүз айльіқ есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны ірі мөлшердегі пара деп танылады. , 2. Егер сыйлықтың қүны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызмет-тер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе озге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендігіне бай-. ланысты қылмыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады. 311-бап жаңа редакциада - ҚР 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен. 1. Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу -қоғамға қауіп төндіретін құбылыс болып табылады. Аталған қылмыстар мемле- кеттік қызмет мүдделері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызмет мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Аталған үш қылмыс қүрамы бір- бірімен тығыз байланысты. Әдеттегідей, бүл қылмыстар бір-бірімен байланыса отырып жүзеге асырылады. Параның заты болып заңмен белгіленгендей ақша, бағалы қағаздар, мүлікті иемденуге қүқық беретін заттар, сондай-ақ пайдақорлық си-паттағы өзге де жеңілдіктер болып саналады. 2. Пара алуда ақша болып, яғни қылмыстың заты ретінде Қазақстан Респуб- ликасының үлттық банкнотты ақша белгісі бар (валюта) немесе басқа да мемле- кеттердің қаражаттары табылады. Ең басты ақша параның заты ретінде таны- луы үшін біздің немесе басқа да елдердің қаржылық айналымында орын алуы керек. Егер қаржы айналымында болмаса да, өзінің қүндылығы немесе қымбат екендігімен бағаланса (мысалы, алтын, күміс т. б.) параның заты ретінде «өзге де мүліктер» деген түсінікті қүрайды. Бағалы қағаздар деп - мүліктік қүқықтарға ие оолуға сешм ииідірсип, лт« солардың көмегімен қажетті заттарға ие болуға мүмкіндік беретін қүжаттарды (чек, вексель, депозит, сертификат, коносамент т. б.) түсінуге болады. Өзге де мүліктерге материалдьщ қүндылығы бар, қандай да болмасьш (ювелирлік бүйымдар, жиһаз, көлік, түрмыстық техника, киім тағамдар т. б.) заттар жатады. Параның заты ретінде пайдақорлық сипаттағы өзге де жеңілдіктер болып, тегін түрдегі көрсетілген ақылы қызметтер, мүлікке қүқық беретін жеңілдіктер (қүры-лыс, жөндеу жүмыстарын жүргізу; санаториялық немесе туристік жолдамаларды, жол билеттерін алып беру; жеңілдік жағдайындағы қарыз немесе несие алуға жәрдемдесу және т. б.) саналады. Алған параның мөлшері, жалпы зандылықтарға сәйкес оның әрекетіндегі қылмыс қүрамының бар немесе жоқ екендігін шешу ба-рысында маңыздьшығы болмайды. Сонымен қатар ҚК 9-бабы екінші бөлігінің осы әрекеттерге де қатыстылығы бар екендігін білуіміз қажет. Осыған байланысты заң шығарушы ҚК 311-бабы 2-ескертуінде, егер сыйлықтың қүны екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның бірінші рет сыйлық ретінде мүлік, мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға қүқық алу бүрын жасалған занды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ал-дьш ала уағдаластық болмаған жағдайда, маңызы аз екендігіне байланысты қыл-мыс болып табылмайды және тәртіптік ретпен қудаланады деп белгілеген. Қылмыстың субъективтік жағы болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілғен адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әре-кетсіздігі) үшін, түріндегі пара алуы, егер мүндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не ол қызметтік жағдайы-на байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі табылады. Пара алу эр түрлі нысанмен жүзеге асырылады: заттай, ақшалай немесе мүлікке қүқығы, не мүлік сипатындағы пайда түрінде алуы т. б. Аталған қылмыс қүрамының міндетті белгісі ретінде мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның әрекетімен, пара бе-рушінің немесе оған делдал адамның арасындағы келісімділік байланысы болуы қажет. Соның ішінде бүл әрекет (әрекетсіздік), пара алушы лауазымды адамның қызмет жағдайымен байланысты (мысалы, тергеуші өзінің жүргізуіндегі қылмыс-тық істі тоқтатуы) болатындығында. Кейбір жағдайда қызметтің лауазымдық жағ-дайымен байланыссыз түрғыдағы пара алуы орын алады (мысалы, аудан әкімі өзінің дәрежесін пайдаланып субъектінің салық төлеу жа- уаптылығынан босатуы). Пара алу тек нақты келісімді әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар қамқор-шылық немесе қызметі бойынша жол беруі (еңбектік тәртіп бүзғандығын ескер-меу, жасырып қалуы т. б.) арқылы жасалады. Пара алу - қылмыстың формальды қүрамына жатады. Қылмыс - пара алу-шының пара алғайсәтінен, яғни сол пара алғандығы үшін пара берушіге қажетті жағДайларды жасауы немесе толық орындалуына қарамастан аяқталады. Осыған сәйкес пара алушы, параның толық немесе жартылай алынғандығы-ның маңыздылығының жоқ екендігін біле алмауы мүмкін. Демек, заң бойынша ешқандай маңыздылығы жоқ. Егер пара жартылай алынып, бірақ ірі мөлшерде деп танылса, онда мүндай жағдайда ол ірі мөлшерде пара алуға оқталу деп ескерілінеді. Сол сияқты жалған ақша, не болмаса адамға баиланысты емес мән- жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе пара алуға оқталу деп ескерілінеді (мысалы, әрекеттің құқық қорғау органдарымен тоқталуы). Мүлікке немесе өзге мүліктік пайдаға құқық алуы бұрын жасалған занды әрекеті (әрекетсіздігі) үшін алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, оның қылмыстық жауаптылыққа маңыздылығы болмайды. 5. Пара алудың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық болып танылады. Субъект пара алуы туралы білмеуі және оны алуды тілеуі қажет. Сонымен қатар кінәлі аталған әрекеттерді орындамағандағы үшін пара алуы қажет екендігі туралы ниеті қамтылуы тиіс. Ең бастысы, лауазымды адамның пара алуға өз еркі болғандығын анықтауы-мыз қажет. Егер лауазымды тұлғаға қамқоршылығы үшін өз еркінен тыс келісімсіз пара үсынылса пара алудың белгілерін құрамайды. Аталған қылмыс қүрамының субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам танылады. Егер субъект пара алу мақсатында өзін жалған түрде лауазымды түлға ретінде көрсетсе оның әре-кеті пара беруге айдап салушы ретінде дәрежеленеді. ҚК 311-бабы екінші бөлігі, дәрежеленген қылмыс қүрамы, яғни лауазымды адамның нақ сол әрекеттерді жасауы, сол сияқты заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздігі) үшін пара алуын белгілейді. Заңсыз іс-әрекет деп мемлекеттің занды мүдделерін бүза отырып, теріс әрекеттер жасауын айтамыз. Егер заңсыз іс-әрекеттер қыл-мыс болып танылса, ондай жағдайда осы әрекеттерді 311-баптың 2-бөлігімен және ҚК сәйкес баптарының жиынтығымен (тонау, қызмет өкілеттігін теріс паңдала-ну, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу заңсыз қылмыстық жауаптылықтан бо-сату т. б.) дәрежеленуі тиіс. ҚК 311 -бабының 3-бөлігі, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылықты көздеген (ҚК 307-бабының талдауын қараңыз). Осы баптың төртінші бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін кйздеген: а) қорқытып алу жолымен; б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе үйымдасқан топ; в) ірі мөлшерде; г) әлденеше рет жасалса. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1995 жылғы 22 жел- тоқсандағы № 9 қаулысының 8-ші тармағы «лауазымды адамның пара берушінің занды мүддесіне залал келтіретін әрекеттер істелінетінін айтып қорқыту әрекет-терін жасап пара талап етуі немесе соңғыны өзінің қүқықтық мүдделеріне тиетін зиянды зардаптар болдырмау мақсатында пара беруге мәжбүр болуы жағдайы-на жеткізу» - параны қорқыту арқылы алу деп танылады. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе үйымдасқан топтың түсінігі ҚК 31-бабында белгіленген. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы 6-шы тармағымен сәйкес «лауазымды емес кісімен келісіп пара алған лауазымды адамның әрекеті бір топ адамның алдын ала келісіп пара алғаны ретінде бағаланбайды». Сондықтан адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ иелері тек лауазым иелері болуы тиіс. Осы қылмыстың қүрамына кіретін субъектілер - лауазымды адам болып та- нылмаса, олар ҚК 27-бабына сілтене отырып, пара алуда қылмысқа қатысушы болып танылады. Қылмыс аяқталған болып, параны ең болмағанда бір лауазымды адамның алған сәтінен бастап қылмыс жасалынды деп есептелінеді және бүл жерде пара берушінің пара алуға бірнеше лауазымды адамның қатысқандығы екендігінің білгендігі немесе ол туралы білмеуінің маңыздылығы болмайды. Ірі мөлшердегі пара алудың түсінігі ҚК 311-бабының 1-ескертуінде белгілен-ген (бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын акдіа сомасы бағалы қағаздар-дың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың қүны ірі мөлшердегі пара деп танылады). Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында белгіленгендей, бір топ адамның алдын ала келісімі бойынша алын-ған параның мөлшері алынған бағалы заттардың немесе көрсетілген қызметтің жалпы қүны бойынша анықталады, ал негізсіз иемделген бағалы заттарды мем-лекет есебіне қайтару кезінде әрбір пара алушының ақшалай немесе материал-дық пайдасының мөлшері түрғысынан есептеледі. Егер ірі немесе ірі мөлшердегі заңсыз сыйақы бөліп-бөліп алынса, бірақ бүл әрекет жалғасы бір қылмыстың жеке көріністері болып табылса істелінген әрекет тиісінше ірі немесе аса ірі мөлшерде алынған пара ретінде сараланады. Әлденеше рет жасалу - лауазымды адамның өзі немесе дёлдал арқылы (ҚК 11- бабында белгіленгендей) аталған белгілері бар әрекеттерді әлденеше рет жа- салуы деп танылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын түрлері. Тақырып 12-13 Қызметтік жалғандық жасау Дәріс мақсаты: Қызметтік жалғандық жасау түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтау Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. 1.Қызметтік жалғандық жасау, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтерді енгізуі, сол сияқгы аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгізуі, не көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруі, егер бұл әрекеттер өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйым дарға зиян келтіру мақсатында жасалған болса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар-ға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотгалған адам-ның үш айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады. 3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді, егер оларды жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаса, - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсет^кішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан жеті айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай- ыппұл салуға, не жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы-нан айыруға жазаланады. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен. Қызметтік жалғандық жасаудың тікелей объектісі болып мемлекеттік органдар мен жергілікті өзүн-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі табылады. Қызметтік жалғандық жасаудың заты болып ресми қүжаттар болады. Ресми қүжаттарға, мемлекеттік басқару органдарының атынан берілетін белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей мақүлдайтын немесе делдал бола алатын занды мәні бар жазба актілер танылады. Оларға: еңбек кітапшасы, оқу органдарының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнеткерлік, қызметкер куәлігі, көліктің техникалық паспорты, үкімнің көшірмесі т. б. Мемлекеттік емес органдардан берілетін қүжат-тар аталған қылмыстың заты болып табылады. Егер, мемлекеттік қызметшінің басқа бір органның атынан берген құжаттары осы қылмыс құрамының заты ре-тінде таныла алмайды. Қызметтік жалғандық жасау тек белсеңці түрге әрекет арқылы жасалынады. Құжаттарға қызметтік жалғандық жасауда оның жасалу тәсіліне қарай: материалды және интеллектуалды болып екіге бөлінеді. Материалды түрдегі қызметтік жалғандық жасау болып ресми құжаттарға шын мәнінде оның мазмүнына материалды жасалған өзгерістер енгізуі (қол қою, мөрлерді ауыстыру, өзгертуі) танылады. Материалдық жалғандық жасауда құжат заңсыз немесе жалған болып есептелінеді.Интеллектуалды жалғандық жасау болып құжаттың белгілі бір бөлігі, яғни құжаттың нысаны сақталып бірақ, мазмүнына өзгертулер жасалынады. Ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, аталған құжаттарға маз-мүнын бұрмалайтын түзетулер енгізу, фотосуреттер мен маркілерді ауыстырып жапсыру (сандарға, әріптерге, құжаттың күні, айлық белгілеріне т,. б.).Қызметтік жалғандық жасау формальды қылмыс құрамы болып табылады. Қоғамға қауіпті зардаптардың болуына қарамастан Қылмыстық кодекстің осы бабында көзделген әрекеттердің қандай да болмасын біреуі жасалынса қыл-мыс аяқталған болып саналады. Демек, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкі-летті адамның не оған теңестірілген адамныңресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу, яғни осы көрінеу жалған құжатты қолдануы не болмаса Алдана алмауының маңыздылығы болмайды. Аталған мән-жайлар, сотпен жаза ша-раларын қолдануы барысында ескеріледі. Қызметтік жалғандық жасаудың субъективтік жағы - тікелей қасақаналықты көздейді, яғни ресми құжаттарға жалғандық жасаушы адам өзінің әрекеттерін заңсыз екендігін біле тұра көрінеу мәліметтерді енгізуді, құжаттың мазмұнын бұрмалауды, қолдан жасалған құжаттар беруді тілейді. Сонымен қатар бүл әрекеттер пайда мен артықшылық алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалынады. Пайда мен артықшылық алуы деп қызметтік жалғандық жасау арқылы материалдық пайда табуы үшін жасалған әрекеттер деп түсініледі. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып мақсаты табылады. Олардың біреуі болса да жеткілікті. Қызметтік жалғандық жасаудың субъектісі болып аталған баптың 1- бөлігі бойынша мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам; 2-бөлігі лауазымды адам; 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам. Қызметтегі әрекетсіздік Дәріс мақсаты: Қызметтегі әрекетсіздік – жекелеген жаза тағайындаудың саралау мәселелері. Сұрақтар: 1. Қылмыс объетісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 1. Қызметтегі әрекетсіздік, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетгі адамның не оған теңестірілген адамның взі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен ар-тықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің қызметтік мшдеттерін орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың қүқықга-ры мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса, - жүзден екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не терт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2.Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамньщ үш айдан бес айға дейінгі кезеңдеіі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айна лысу құқығынан айырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостаңдығынан айыруға жазаланады. 3.Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан сегіз айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бос-тандығынан айыруға жазаланады. 4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші беліктерінде көздслген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру-ға жазаланады. Аталған қылмыс қүрамының тікелей объектісі болып мемлекеттік орган-дар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің қалыпты түрде жүзеге асырылуы табылады. Қосымша объектісі ретінде адамның өмірі мен денсаулы-ғы, меншік қатынастар, экономикалық мүдделері болуы мүмкін. Қызметтегі әрекетсіздіктің объективтік жағы, заңмен тікелей көрсетілген-дей белсенсіз жүрістің болуымен, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетп адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе үйым-дар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің міндеттерін орындамауы; бүл азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттщ заңымен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуымен сипатталады. Түскен зардап пен әрекеттің арасындағы себептік байланыстың орын алуы міндетті. Қылмыстың субъективтік жағы - қасақаналықтың нысанымен сипаттала ды. Бұл нысанның орын алуы болып, қызметтегі әрекетсіздік мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар өздерінің қызметтік міндеттерін белгілі бір мақсатта орындамау табылады. Кінәлі адам өзі не басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында өзінің міндеттерін орындамауды сезінуі (үғынуы) тиіс. Қызметтегі әрекетсіздіктің субъективтік жағының міндетті белгісі болып мақсат танылады: өзі не басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу; басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру.Қылмыстың субъектісі болып - мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам; 2-бөлігі бойынша лауазымды адам; 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам табылады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын түрлері. 3.Қылмысты аурлататын диспозициясы. Тақырып 14. Әскерилерге қатысты сыбайлас жемқорлық құқығы 2009 жылы әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық істері 3 есеге артығымен қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үстіміздегі жылдың 27 тамызында Бас әскери прокуратураның алқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау мәселелері қаралды. «Парақорлықпен байланысты қылмыс жасағандары үшін қорғаныс істері департаменттерінің (бұрынғы әскери комиссариаттар) 7 қызметкері, әскери құқық қорғау органдарының 6 қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 4 лауазымды тұлғасы және шекара бақылауының 2 әскери қызметшісі ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада. Бас әскери прокуратураның мәліметінше, қаржы қызметінің мамандары 25 млн теңгеден астам сомаға сеніп тапсырылған бюджеттік қаражатты жымқыру дерегін анықтады. Сондай-ақ, қадағалаушы мекеменің ақпаратына сәйкес, 49 млн теңгеден астам сомаға жанар-жағар май материалдарын ұрлағаны үшін 44293 әскери бөлімінің командирі А.Кожамберлиев пен осы бөлімнің ЖЖМ қоймасының бастығы А.Монкеев бас бостандықтарынан ұзақ мерзімге айрылды. Бұрынғы пайдаланымдағы мүліктің шарты бойынша не барынша төмен сапасы және техникалық деректері анықталды. Осылайша, кешенді сот-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларының "Найза", "Семсер", және "Айбат" Израиль артиллериялық жүйесін сатып алудағы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірген шығын 18 млрд теңгеден асты. Бұдан басқа, қосылмалы тұлғалардың негізсіз көтерген бағасы бойынша тауарлар сатып алу және қызмет көрсету деректері анықталды. Мәселен, Бас әскери прокуратураның мәліметінше, 2005-2007 жылдар аралығында Аэромобильдік әскерлері қолбасшысының орынбасары А.Балабанов "Клен Корпорациясы", "Орион" және "Прометей" ЖШС жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге 44 шарт және 84,1 млн теңге сомаға атыс қаруының 5660 бірлігін жаңартуға 4 шарт жасасқан. Көрсетілген шарттағы 114 атаулықтан тек қана 28 атаулық 5 есе көтерме бағамен жеткізілген. Мәселен, аталған шартқа сай коллиматорлық көздеу құралы Аэромобильдік әскерлеріне біреуі 119 мың теңгеден жеткізілген. Ал, оның бағасы Алматы қаласындағы аңшылық дүкенінде 22 мың теңге тұрады. Алдын-ала деректер бойынша жеткізілген оптикалық аспаптардың көтерме бағасы шамамен 2 млрд теңгені құрайды. «Барлық тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 52-сінен (2008 жылы 18): Қорғаныс Министрлігі мекемелерінің және әскери бөлімдердің әскери қызметшілері - 32 (немесе 62%), ҚР ҰҚК Шекара қызметінің - 10 (немесе 19%), ҚР ІІМ ішкі әскерлері және әскери- тергеу органдары қызметкерлері 3 қылмыспен тіркелген, ҚР ҚК әскери полициясы мен ҚР ҰҚК органдары қызметкерлері қылмысты Израиль азаматы әскери қызметшілермен бірігіп жасаған»,- делінген хабарламада. Тақырып 15 Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану Дәріс мақсаты: Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану түсінігі ашу,түрлері анықтау Сұрақтар: 1. Қылмыс объектісі. 2. Қылмыстық объективтік жағы. 3. Қылмыс субъектісі. 4. Қылмыстық субъективтік жағы. Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе үйымдардың қүқықгары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл салуға, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қама-уға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, - үш жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның үш айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостанды-ғынан айыруға жазаланады. Жауапты мемлекетгік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, - бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адам-ның бес айдан он айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде ай-ыппүл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығынан айырып немесе онсыз сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер: а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы; б) қаруды немесе арнайы қүралдарды қолдану арқылы; в) өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалса, - жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызмет-пен айналысу құқығынан айырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 308-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 № 47; 2003.09.25 № 484 Заңымен. Билікті не лауазымдық қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, қызметтік өкілетгікті теріс пайдаланудың ерекше бір түрі болып танылады. Бұл қылмыс құрамының қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан (ҚК 307-бабы) айырмашылығы, яғни мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқыктары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатьш мүдцелерін елеулі түрде бүзуға әкеп соқтыруы танылады. Қылмыс құрамының нақты белгілерін анықтау үшін, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет өкілеттігі шегін анықтауымыз қажет. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі болып - мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет атқаруы танылады. Қылмыстың объективті жағы бойынша бұл қылмыс мына міндетті белгілерімен сипатталады: мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі; азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуы; билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың нәтижесіндегі тигізілген зардаптардың арасындағы себептік байланыс. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы қылмыс құрамының белгілерінің болуы үшін, мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамдардың қүқықтарымен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кетуі, азаматтардың немесе үйымдардың қүқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделердің елеулі түрде бұзылуы және осы аталған түлғалардың әрекеттері мен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыстың болуы қажет. Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы физикалық күштеуге - жәбірленушіні үрып соғу, денеге жарақат салу, қорлау, заңсыз бас бостандығынан айыру сияқты әрекеттер жатады. Қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудағы психикалық күштеуде - денеге зиян келтірумен үрейлендіруі сияқты қорқытуы, я болмаса жәбірленушіге белгілі бір міндетті әрекеттерді жасауына. мәжбүр етуі сияқты т. б. әрекеттер танылады. Психикалық мәжбүр ету ауызша немесе қағаз жүзінде жәбірленушінің тіке-лей өзіне не болмаса оның жақын туыстарына қолданылуы мүмкін. Аталған қылмыс қүрамы субъективтік жағы бойынша тек қасақаналық болып табылады. Кінәлі адам, өзінің іс- әрекетін, яғни билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалануда, оның қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білуі және осы зардаптардың болуын тікелей ниетпен саналы түрде жол беріп жасауымен орын алады. Қылмысты дәрежелеу кезінде қылмыстың себебінің (түрткісі) әсері болмай-ды. Қылмыс субъектісі болып, мемлекеттііу^ызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестіршген адам саналады (ҚК307-бабының талдануы Аталған баптың 2- бөлігі лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер болып табылады. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық баптың 3-бөлігі бойынша көзделген. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамның түсінігі ҚР ҚК 307-бабы Ескертуінің 4-бөлігінде көрсетілген. Бүл бөлік жаңа дәрежеленуші мән-жай болып саналады. 10. Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайлар ретінде осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға сол сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не қару немесе арнаулы қүралдар қолдану арқылы немесе өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе үйымдарға зиян келтіру мақсатында жасалған әрекеттерді белгілеген. Мүндай ауыр зардаптар абайсызда кісі өлтіру немесе елеулі түрдегі материалды немесе басқа да ауыр зардаптардың түсуі белгілерін қамтиды. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Заңсыз кәсіпкерлік қай қылмыс құрамға жатады? 2.Қылмысты аурлататын санкциясы. 4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптар |1. Қылмыстық заңнамадағы сыбайлас жемқорлықтың негізгі мәселелері | |2.Бөтеннің мүлкін иелену немесе ысырап етудегі саралаудың ерекеліктері | |3.Жалған кәсіпкерліктің объективтік жағының ерекеліктері | |4.заңсыз алынған ақшалай немесе заттай мүліктің субъектілерінің негізгі | |мәселелері | |5.Экономикалық контрабанданы саралаудың негізгі мәселелері | |6.Лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланудың арнайы субъектісі | |7.Билікті асыра пайдалануды саралаудың ерекшелігі | |8.Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысуды саралаудың мәселесі | |9.Заңды кәсіпкерлік қызметті бөгеудің объектісі | |10.Пара алудың жалпы мінездемесі | |11. Пара беруді саралаудың негізгі мәселелері | |12. Биліктің әрекетсіздіктің саралануының негізі | |13. Әскери өкілеттілігін асыра пайдаланудың жалпы мінездемесі | |14. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің объектісінің негізгі | |мәселелері. |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz