Файл қосу

Жерге орналастыруды жобалау













                  «ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕР МОНИТОРИНГІ»



                       пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

          5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған




                          ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ








































                                     Семей
                                      2013




    Мазмұны


    |      |Дәрістер                                                     |      |
|      |Тәжірибелік және зертханалық сабақтар                        |      |
|      |Студенттің өздік жұмысы                                      |      |



    ДӘРІСТЕР


Лекция №1
           Модуль 1. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЙЫНДА НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР


    Дәріс №1. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖЕРГЕ  ОРНАЛАСТЫРУДЫ  ЖОБАЛАУДЫҢ  ЖАЛПЫ
ЖАҒДАЙЫ
    Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл  шаруашылық  міндет  атқаратын
жерлерді  тиімді  пайдалану,  жер  қатынастарын  реттеу,  осыған  байланысты
көптеген күрделі проблемалар туындайды.  Оны  шешу  жерді  халық  шаруашылық
айналымында  жерлерді  көбірек  тартуды  талап  етеді.  Егін  дақылдары  мен
өнімді   алқаптарды   қарқынды   пайдалануды   жоғарлату,   барлық   топырақ
эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман  әсер  ететін  оның  бұзылуы  мен
ластануымен қарқынды күресу.
    ҚР  Конституциясында  30.08.1995  жылы  референдумда  қабылданған  жерге
негізгі  ммлекеттік құқығы мен қатар жеке еншік құқығы  тең  заң  шеңберінде
және негізінде, жағдайында қабылданады.
    Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде
жерге меншік және пайдаланушылар  арасында,  жерді  бөліп  беру,  үнемі  жер
массивтеріне өнеркәсіп,  энергетика,  азаматтық  және  тұрғындық  құрылыстар
үшін  беруді  талап  етеді.   Сонда-ақ   бар   заңдамалар   негізгінде   жер
қатынастарын жетілдру және ретттеу қажеттігі туындайды.
    Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде,  жер
қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке  меншік
және  жер  арендасында  облыстарда  пайдалану  жағдайында  жерге  ораластыру
қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер  заңдарына  сәйкес  жерді  ұтымды
пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған  шаралар  жүйесі.  Халық
шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
    Елімізде  ауыл  шаруашылығын  жүргізудің  аймақтық  жүйесін  өңдеп  және
енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
    Шаруашылық  ішіндегі  аумақты  ұйымдастыру  ауыл  шаруашылығы  өндірісін
жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
    ҚР да жерге  ораластыру  жүйесі   қызмет  етеді,  онда  жер  ресурстарын
пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:
      - ғылыми негізделген болжадар түріндегі бас республикалық схема;
      - облыстық және әкімшілік аудандардың жерге ораластыру схемасы;
      - шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
      - шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;
      - жеке учаскелерді құру, жақсарту,мелиорация, рекультивация жөніндегі
        жұмысшы жобалар.
    Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс
және операциялық базис ретінде,  сондай-ақ  жылжымайтын  мүлік  ретінде  жер
қатынастарын реттеуге,  жерді  толық  және  ұтымды  пайдалану  мен  қорғауды
ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын  қамтамасыз
ету жөніндегі іс- шаралар жүйесі болып табылады.
    Оның мазмұны  қоғамдық  өндіріс,  бәрінен  бұрын  экономиканың  аграрлық
сектор талаптары мен  анықталады.  Осыған  байланысты  жерге  орналастырудың
маңызды қызметіне жатады:
    - ауыл шаруашылығын жүргізу үшінжаңа құнарлы жерлерді анықтау;
    - ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары  және
басқа   шаруашылық   құрылымдарпда   бар   жер   пайдаланушылар   мен    жер
иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;
    - ауыл шаруашылық  кәсіпорындары,  ұйымдары  және  мекемелері  аумағында
шаруашылық жерін ұйымдастыру
    -мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін  алу
және бөліп беру;
    - қалалардың, поселкелер мен ауыл  елді  мекендердің  шекарасын  өзгерту
және белгілеу.
    Жерге  орналастыру  қызметіне:   топографо-   геодезиялық,   топырақтық,
геоботаникалық және т.б. іздестірулер мен  зерттеулер  жатады,  қолданылатын
материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын  негіздеу  және  құру  үшін
пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол  құрылыстарында  және  т.б.
қолданылады.
    Жерге орналастыру мазмұнының күрдегілігіне қарай түрлерге  және  әртүрге
бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары  объектінің  аймақтық  табиғи  және
экономикалық  ерекшеліктеріне,  шаруашылықтың  әлеуметтік  және   өндірістік
типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп  түрлі  формаларының  әрекет  етуіне
байланысты. Ал  жерге  орналастыруды  жүргізудің  өндірістік  және  құқықтық
процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:
      - дайындық жұмыстары;
      - жобаны құру;
      - жобаны қарау және бекіту;
      - жобаны натураға шығару;
      - жеке  меншікке,  жер  пайдаланушыларға,  арендаторларға  құжаттарды
        рәсімдеу және беру;
      - жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.
    Аталған кезеңдер ккөлемі  және  мазмұнымен  ерекшеленеді.  Олар  әртүрлі
әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.
    Жерге  орналастыру   объектісі   ретінде   республиканың,   облыстардың,
аудандардың, қалалардың  және  басқа  да  елді  мекендердің  территориялары,
бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың  жер
иеленушіліктері  мен  жер  пайдаланушылықтары,  жеке   жер   алқаптары   мен
учаскелері болып табылады.


    1.1  Жерге орналастыруды жобалау
    Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі  кезеңі
болып  саналады.  Жобаны  құру  және  негіздеу-  барлық  жерге   орналастыру
процесінің жүрегі. Жобалық  шешімдерді  өңдеу  әдісі,  оларды  экономикалық,
экологиялық,  әлеуметтік  және   құқықтық   негіздеу   жерге   орналастыруды
жобалаудың пәні болады.
    Қазіргі жерге ораластыру  теориясы  экономикалық,  құқықтық  проблемалар
бойынша  бұрынғы  негізгі  техникалық,  технологиялық  аспектілерді   сақтай
отырып қоғамдық  құрылымдағы  түпкілікті  өзгерістерді  ескере  отырып  яғни
жоспарлы- таратушы  жүйеден  нарықтық  қатынасқа  өтуі  жерге  орналастыруда
айтарлықтай өңдеуді талап етеді.
    Қазіргі жерге  орналастыру  ғылымы  зерттеудің   қәзіргі  әдістерін  кең
қолданады(есептік-варианттық,   статистикалық,   монографиялық,   экономико-
математикалық(ЭММ),  болжамдау  әдістері  және  т.б.),  ұғымның   диалектік-
материалистік әдісіне негізделген.
    Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында  жеке
ғылыми пәндер  қалыптасып  келеді.  Солардың  ішінде  «Жерге  орналастырудың
ғылыми  негіздері»,   «Жерге   орналастыру   жұмыстарын   ұйымдастыру   және
жоспарлау»,  «Жерге  орналастыруды  жобалау»,  «Жер   ресурстарынпайдалануды
жоспарлау және болжау», «Жерге орналастырудағы  геодезиялық  жұмыстар»  және
т.б.
    Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні  мен
тығыз  байланысты  және  бірге  көп  жылдар  бойы  дамып   келеді.   Жобалық
жұмыстарды  ұйымдастыру  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  жер,   су   және   басқа
ресурстарды пайдалану жөніндегі  болжамдық  белгілер  негізінде  қабылданған
жүйе  бойынша  қатаң  болуы  мүмкін,  ауданның  жерге  орналастыру  схемасын
құрады,сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын  және  шаруашылық
жерін ораластыру жобасын,  экономикалық  мүмкіндіктерінің  пайда  болуы  мен
талабының өсу  шамасына  қарай  жеке  учаскелерге  әртүрлі  шараларды  қажет
ететін  учаскелік  жерге  орналастыру  жобалары  өңделеді.  Осындай   жолмен
қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.
    Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай  кездері
көрсетілген қатаң  жүйені  сақтау  мүмкін  болмайды  немесе  қиынға  соғады.
Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен  ұйымдастырылуы  қатты
өзгермейтін өңделгенжобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен,  кез
келген  жағдайда   анық   белгілермен   басқару,   жалпы   қажетті   басқару
ережелерімен жерге орналастыру процессі толық  және  жеке  жобалауды  жүзеге
асыруы біріңғай талаптарды,  қағидаларды  және  нормаларды  орындауды  талап
етеді.


    1.2 Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы
    Жерге орналастыру өзінің жүзеге асуының барлық тарихи  кезеңінде  алдына
қойған мәселелерді түрлі құралдармен және жобалау тәсілдерімен орындады.
    Жеке немесе  өзіндік  жер  иеленушілік  пен  жер  пайдаланушылық  болған
мерзімде(мысалы  Ресейдегі  ХХ  ғасырдың   басындағы   столыпиндік   реформа
жүргізілгенде) шаруа қоғамдарының шектері  және  әсіресе  аула,кіші  аулалар
мен хуторлар, басқада жер иеленушілердің шекараларын жоғары дәлдік  қағидасы
аналитикалық тәсілмен жобалаған.
    Осыған байланысты жерге орналастыруды жобалау туралы  ғылым  ең  бастысы
аудандарды бөлу ұсынылған математикалық және  геодезиялық  тәсілдер  бойынша
ұсынылған, сондай-ақ жерді  иелену  мен  пайдалану  құқығын  заңды  рәсімдеу
ұсынылған. Революциядан кейінгі  жылдары  және  Кеңес  Одағы  кезінде  жерге
орналастыруды  жобалау  революциядан  бұрынғы  жылдардан  алынып  сақталған,
дегенмен жерді ұлтандыру негізінде жердің қайта  қалыптастыру  (1917-1921жж)
жерге  орналастырудың  кластық  және  әлеуметтік  мазмұны  түпкілікті  түрде
өзгерді. Жерге орналастыру ғылымы толығымен немесе оның құрам бөлігі-  жерге
орналастыруды  жобалау  сол  уақытта   қалыптасқан   колхозды-совхозды   жер
пайдаланумен дамып отырды.
    Кейбір  тұғырықтық  құбылыстарды  өткізгеннен  кейін,  жер  пайдаланудың
қалыптасқан формаларын түпкілікті өзгерісін  жерге  орналастыру  ғылымы  жер
құрылымының  жаңа  тәсілдерін  іздеуге  мақсат  қойған  болатын,  бұл  қайта
қалыптасқан колхоз және совхоздарды ұйымдасқан-  шаруашылық  бекітуді  талап
етеді.  Біртіндеп,  колхоздардың  шекарасын  нақты  мәнге  шығару  қарапайым
тәсілінен  жерге  орналастыру  бұрын  қалыптасқан  а.ш  кәсіпорындың   жерін
құрудың ең күрделі тәсілдеріне өтті.
    Жерге  орналастырудың  ірі  жер  массивтерін,  адамдардың   коллективтік
еңбегін  ұтымды  пайдалануды  және  машина  техниканы  пайдалану   өндірісін
қамтамасыз  ететін  ең  жетілген  жаңа  әдістерін  өңдеу  қажеттілігі  туды.
Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа  шекаралары
рәсімдеумен  байланысты  жерге   пайдалану  құқығына  мемлекеттік  актілерді
беруге жер пайдалануды дайындау,  бірінші  жоспарда  колхоз  және  совхоздың
шаруашылық   орталығын   орналастыру   жөнінде,   өндірістік    бөлімшелерді
ұйымдастыру және оған жер массивтерін  бекіту,  қажетті  алқаптар  құрылысын
белгілеу,   дұрыс  ауыспалы  егісті  енгізу  және  т.б.жаңадан   орналастыру
бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді  шешуге  алып  келеді.  Жерге
орналастыру ауылдар арасынан  ауылдар  ішіне  ауысуынан,  шаруашылық  аралық
және  шаруашылық  жерін  орналастыруға  өтті.  Көрсетілген  мәселерді   шешу
жолдарын ғылыми өндеудің  объективті  қажеттілігі  туды.  Жерге  орналастыру
ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік- экономикалық  бағыттан  жер
өлшеу –техникалық(геодезиялық) бағытта болды.
    Ол енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары
көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол  уақыттағы  жерге  орналастыру
ғылымына  ұйымдасқан-құқықтық  және  жерөлшеу-техникалық  бағытымен   қарама
қайшы келді. П.Н. Першин  алдын  ала  көрді  халық  шаруашылығының  жоспарлы
жүйесі   барысында   «Аумақты   жерге   орналастырумен   құрылған   мемлекет
ұйымдастырушы  әрекеттің  жемісі  болады,  қоғамдық  шаруашылық   формасында
қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.
    Ауыл  шаруашылығын   реттеумен  байланысты  жаңа  жерге   орналастырудың
мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның  актив
қатысуымен қысқа  мерзім  ішінде(1932-1938ж.ж)  Аумақты  Ұйымдастыру  Ғылыми
Зерттеу Институтын құрылды, ұлкен ғылыми жұмыстар  жүргізді,  оның  нәтижесі
бір қатар монографияларда жарық көрді.
    АҰҒЗИ трудтарымен Жерге  орналастыру  мектебін  құру  және  дамыту  үшін
қажетті бағыт құрылды. Бұл ғылыми мектепті отыз жылдан артық  уақыт  ВАСХНИЛ
академик С.А.Удачин (1903-1974жж.) басқарды.
    Жерге  орналастырудың  ғылыми  түсінігі  қалыптасты,  оның  мақсаты  мен
міндеті,  ұйымдастырудың  жалпы  қағидалары,  жерге  орналастыру  шаруашылық
аралық  және  шаруашылық   жерін   орналастыру   болып   бөлінуі   ұсынылды,
шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.
    ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  жерге   орналастырудың   жалпы
теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи  аймақтардың
ерекшеліктерін ескере  отырып  жобалау  әдісін  жетілдіру  жөнінде  жұмыстар
жүргізілді.   Жер-бағалау    жұмыстарымен,    аудандық    ауыл    шаруашылық
жоспарлаумен,   келешектік   жоспарлаумен,   ұзақ   мерзімді   болжамдармен,
мелоирациямен,   агроорманмелиорациясымен,   жол   жұмыстарымен,ауыл    елді
мекендерді жоспарлаумен  және  т.б.  жерге  орналастырудың  өзара  байланысы
ескеріліп отырады.
    Нег: 4.[4-16], 5.[5-15]
    Қос: 14. [8-27]
    Бақылау сұрақтары:
      1. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.
      2. Жерге орналастыру қандай мақсатта жүргізіледі?
      3. Жер ресурстарын пайдалануды  тиімді  ұйымдастыру  қандай  жобаларды
өңдеумен қамтамасыз етіледі?
      4. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.
      5. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесіндегі бағыты.


    Дәріс№2. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
    2.1  Жоба алды жұмыстар.
    Жерге орналастыруды жобалау жұмыстарын бастамас алдын қажетті зерттеулер
мен іздестірулерді жүргізеді. Оларға:  топографо-  геодезиялық,  топырақтық,
топырақтық-  зрозиялық,  геоботаникалық,  су   шаруашылықтық,   жол,   жерге
орналастыру және т.б.жатады.
    Зерттеу және іздестіру материалдары  және  де  жер  кадастрлық  жұмыстар
жобалау барысында кең қолданылады.
    Соңғы жылдары жерге орналастыру жобасынан алдын жерлерді  аймақтау  және
блыстық, аудандық жерге орналастыру  схемасын  өңдеу  жүргізіледі.   Олардың
негізгі міндеті- ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа  салаларын
келешекте дамыту үшін жер  ресурстарын  пайдалану  және  оны  қорғаудың   ең
тиімді  бағытын анықтау. Бұндай схема  келесі  негізгі  мәселелерді  шешуден
тұрады:
      - Халық шаруашылық салаларының келешектегі  дамуына  сәйкес  жерлерді
        санаттар арасында бөліп тарату;
      - Ауыл шаруашылық өнімін өндіруді жоғарлату жөніндегі ұсыныстар;
      - Ауыл шаруашылық өндірісін  орналастыру  және  мамандандыру  бойынша
        ұсыныстар;
      - Ауданда келешекте  күтілетін  жерге  шаруашылық  етудің  көп  түрлі
        формалары  мен   көп   салалы   экономиканы   ескеріп   тұрғындарды
        орналастыру және аумағын ұйымдастыру бойынша болжамдық белгілер;
      - Жерді қорғау шаралары;
      - Ауданда жерді тиімді  пайдалану  және  қорғау  бойынша  белгіленген
        шараларды жүзеге асыру кезектілігі мен экономикалық тиімділігі.
    Әсіресе, әкімшілік ауданның жерге орналастыру  схемасы  нақты  өңделеді.
Онда жерге  орналастырудың  көптеген  түпкілікті  мәселелері  нақты  шешімін
табады, онда келешекте шаруашылық аралық, шаруашылық  жерін  және  учаскелік
жерге орналастырудың инженерлік жобаларын, сондай ақ мелиорация,  ауыл  елді
мекенді жоспарлау, жол құрылысы және т.б. құру үшін негіз болады.
    Жерге  орналастыру  схемасында  жерді  пайдалану  мен  елді  мекендерді,
өндірістік және басқа кешендерді орналастыру өзара байланысы ескеріледі.
    Сонымен, кез келген жоба құрушы жоба жасамастан  алдын шешетін  мәселені
түпкілікті салалық және кешендік схемаларда, жерге  орналастыру  схемасында,
басқа болжамдау  және  жоспарлау  жобалық  өңдеулерде  оған  тікелей  немесе
жанама қатынасы бар болса үйренуі керек.


    2.2 Жобаларды топтастыру (классификациялау)
    Жерге орналастыру  жобалардың  көп  түрлілігімен  ерекшеленеді.  Олардың
мазмұны мен құру әдісі жерге орналастыру түрлерімен,  әр  түрлілігімен  және
формаларымен  анықталады,   жерді   пайлалану   қарқындылығына   және   ауыл
шаруашылық өндірісінің интенсификациясы  деңгейіне,  аумағын  орналастырудың
кеңістік  жағдайына,   сала   аралық   масштабтағы   қойылған   мәселелеріне
байланысты болады. Бәрінен бұрын жобалар  үлкен  үш  топқа  бөлінеді,  жерге
орналастыру  түрлеріне   сәйкес-   шаруашылық   аралық,   шаруашылық   жерін
орналастыру және учаскелік.
    Жерге  орналастыру  объектісіне  қарай  екі  түр  тармаққа  ажыратылады.
Олардың  біреуі  ауылшаруашылық  кәсіпорындарының  жер   пайдаланушылықтарын
құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге,  екіншісі  -  әр  түрлі
мемлекеттік, қоғамдық және  жеке  шаруашылық  мұқтаждықтарға  (өнеркәсіптік,
азаматтық,   энергетикалық,   гидротехникалық   және   басқа    құрылыстарды
жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және  т.с.с.)  жер
бөліп беруге  байланысты.  Демек  ауылшаруашылық  емес  кәсіпорындардың  жер
пайдаланушылықтарын құру.
    Жерге  орналастыру  құрамында  оның  тек  екі  түрін  белгілегенде   жер
категориялары  мен   жерге   орналастыру   іс-қимылдарының   мазмұны   толық
қамтылмайды, өйткені олардың кейбіреулері  халық  шаруашылығы  салалары  мен
әкімшілік-территориялық    бірліктерге,    ал    кейбіреулері    тек    жеке
кәсіпорындарға қатысты.
    Қазіргі жерге  орналастыру  сала  аралық  сипаттағы,  жалпы  республика,
сонымен  бірге  халық  шаруашылығының  жеке  салаларының  көлемінде,  жердің
пайдалануын  ұйымдастыруға  бағытталған  іс-қимылдарды  қамтиды.   Сондықтан
қазіргі  кезде  жерге  орналастыру  құрамында  сала  аралық   (САЖО)   жерге
орналастыру түріның белгіленіп отыр. Сала аралық  жерге  орналастыру  арқылы
жер  қорының   категорияларға   бөлінуі,   соңғыларының   көлемінде   арнайы
мақсаттағы  жер   қорларының   (осылардың   қатарында   аудандың   әкімшілік
жанындағылары мен  оралмандарға  арналғандары)  құрылуы,  елді  мекендердің,
басқаша  айтқанда,  ішінде  жер  иеленушіліктер  мен  жер  пайдаланушылықтар
орналасқан  агромелиорация  шептерінің  жүргізілуі  жүзеге  асырылады.  Елді
мекеннің жер массиві  мен  межелері  әкімшілік-территориялық  бірлік  немесе
ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Сала  аралық  жерге  орналастыруға
облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу,  тіпті  мемлекеттік  шекараны
делимитациялау жөне демаркациялау жөніндегі іс-қимылдар жатады.
    Жерге орналастырудың екінші түрі – шаруашылық аралық  жерге  орналастыру
(ШАЖО)  бір  топ  шаруашылықтың,   ал   кейбір   кезде   бүтін   аудандардың
территориясында  жүргізіледі,  бірақта  тек  жеке  саланың  (өнеркәсіп  ауыл
шарауашылығы  және  т.с.с.)   шеңберінде.   Нақтылы   түрде   ШАЖО   әртүрлі
мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  заң  түлғалары  мен  жеке  тұлғалардың
мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері  мен  жер  пайдаланушылықтарын  құру
немесе қайта  құру  арқылы  қанағаттандырып  отырады.  Оның  түр  тармақтары
ауылшаруашылық  және  ауылшаруашылық  емес   жерлерде   жүргізілуіне   қарай
ажыратылады.
    Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық  көсіпорындарының,
серіктестіктердің,   кооперативтердің   және   ШФҚ-ның    шеңберінде    ғана
жүргізіледі.  Оның  негізгі  масаты  жерді   өңдеудің   жаңа   технологияеын
енгізуге, топырақты әр  түрлі  техногендік  және  табиғи  теріс  ықпалдардан
қорғауға,  мәдени  ландшафттарды  жойылудан  сақтап  қалуға  және  жаңаларын
қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.
    Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі  және  суармалы
егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі  әдіс-тәсілдері  арқылы
орындалуымен себептеледі.
    Тәлімі  егіншілік  аймақтарында  жер  учаскелерінің  пайдалануы  топырақ
қорғау  жүйесін,  эрозия  (жел,  су  немесе  олардың   қосыла   әсер   етуі)
қауіптілігін,жердің сортаңданғандығын  және  басқа  да  осы  тәріздес  теріс
ықпалдарды   ескере   отырып    ұйымдастырылады.    Осымен    қатар    басқа
территориялардың  да  (аридтік  және  маусымдық  жайылымдар)   ерекшеліктері
ескерілуі  мүмкін.  Суармалы  егіншілік  дамыған  аймақтарда  ішкішаруашылық
территорияны реттестіру суару жөне коллекторлық -  дренаждық  жүйенің,  оның
жеке  элементтерінің  орналасуымен,  суды  пайдалану   мәселелерімен   тығыз
байланысты.
    Учаскелік  жерге  орналастыру  жеке  учаскенің  немесе   алқап   түрінің
шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде  жұмыс  жобаларының
типтеріне қарай мынадай түр тармақтарын белгілеуге болады:
            1-ауылшаруашылық алаптарды жақсарту;
            2-бүлінген жерлерді қалпына келтіру (рекультивация);
            3-жаңа жерлерді игеру;
            4-культуртехникалық шараларды жүргізу;
            5-эрозияга қарсы шараларды жобалау;
            6-мелиоративтік шараларды жоспарлау.
      2.3 Жерге орналастыруды жобалау кезеңдері
      Жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
      1) Жобаны  жасаудың  алдынан  дайындық  жұмыстары  жүргізіледі.  Бұған
мынандай 6ip қатар ic-қимылдар өнеді:
жерге   орналастыру   процесіне   қатысатын   жер   иеленушілер   мен    жер
пайдаланушылардың құрамы анықталады;
жерге орналастыруды жүргізуге  қажетті  құжат-материалдар  (құқықтық,  план-
картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
    -     кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;
инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
жер мен табигатты коргау женшдеп талаптар;
жобалық құжаттардың құрамы;
жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
                ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
                                                                     Кесте 1
                   а) салааралық жерге орналастыру (САЖО)
|Түр тармақтары                                                               |
|Жерді жер қоры|Жерді тиімді |Елді        |Әкімшілік |Ерекше       |Мемлекет-т|
|санаттары     |пайдалану    |мекендердің |территория|қорғалатын   |ік        |
|бойынша бөлу: |және қорғау  |шегараларын |лардың    |табиғи       |шегаралар-|
|1)а.-ш жерлер;|республикалық|белгілеу    |шегаралары|территориялар|ды делими-|
|2) елді мекен |аймақтық     |және        |н анықтау:|-дың         |тациялау  |
|жерлері;      |бағдарламалар|жер-шаруашыл|-         |шегараларын  |және      |
|3)өндіріс,тран|ын құру,     |ықтық       |облыстар-д|анықтау:     |демаркация|
|с-порт,       |аудандық     |орналастыру:|ың;       |заповедниктер|лау       |
|байланыс,     |жерге        |            |-         |-дің;        |          |
|қорғаныс және |орналастыру  |-           |аудандар-д|- ұлттық     |          |
|басқа а.ш.    |схемаларын   |қалаларды;  |ың;       |паркілердің; |          |
|жат-пайтын    |және         |-           |- село    |- ұлы        |          |
|жерлер;       |болжамдарын  |поселкелерді|округтері-|қайраткерлерд|          |
|4) ерекше     |құру         |және аудан  |нің       |ің           |          |
|қорғалатын    |             |орталықтарын|          |мекендерінің;|          |
|табиғи        |             |            |          |             |          |
|территориялар;|             |- ауылдарды |          |сауықтандыру |          |
|5) орман қоры;|             |және селолық|          |территориялар|          |
|6) су қоры;   |             |елді        |          |ы-ның;       |          |
|7) босалқы    |             |мекендерді  |          |рекреациондық|          |
|жерлер        |             |            |          |территориялар|          |
|              |             |            |          |-дың.        |          |


                б) Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО)
|Түрлері                                                                    |
|Ауылшаруашылық қажеттіліктерге    |Ауылшаруашылығына жатпайтын      |Арна-й|
|                                  |қажеттіліктерге                  |ы     |
|                                  |                                 |қорлар|
|                                  |                                 |-ға   |
|                                  |                                 |жер   |
|                                  |                                 |бөлу  |
|                                  |                                 |және  |
|                                  |                                 |оларды|
|                                  |                                 |тара-т|
|                                  |                                 |у     |
|Жаңа жер иеліктерін|жер иеліктерін|Жер бөліп беру және жер иеліктері|      |
|және жер           |және жер      |мен жер пайдалануларды құру      |      |
|пайдалануларды құру|пайдалануларды|                                 |      |
|                   |қайтадан құру |                                 |      |
|                   |және          |                                 |      |
|                   |реттестіру    |                                 |      |
|Ф О Р М АЛАРЫ                     |Ф О Р М АЛАРЫ                    |      |
|Жеке      |Тұрақты   |Жалға      |Мемлекет-|Мемлекеттік емес       |      |
|меншікке  |пайдалану-|           |тік      |қажеттілікке           |      |
|          |ға        |           |қажеттілі|                       |      |
|          |          |           |к-ке     |                       |      |
|ШҚ  |ЖҮ   |Еншілес   |Қызметтік  |         |Заңды       |Жеке      |      |
|(Ф)Ш|(ҮҚ)Ш|мекемелер |жер үлесі  |         |тұлғаларға  |азаматтар-|      |
|    |     |          |           |         |            |ға        |      |
|Ф О Р М АЛАРЫ                     |Ф О Р М АЛАРЫ                    |      |
|Ауылшаруашылығы өндірісімен       |Тау кен  |Өндірістік  |Энергети-к|      |
|айналысатын әртүрлі               |қажетті-л|қажеттілікке|алық      |      |
|мамандықтардағы шаруашылықтар     |ігіне    |            |қажеттілік|      |
|                                  |         |            |ке        |      |








                    в) Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО)
|ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Ф О Р М АЛАРЫ                        |
|Астық-ма|Астық-қо|Астық-шошқа |Мақта      |Күріш     |Қызылша |Жеміс-жид|Бас-қал|
|л өсіру |й өсіру |өсіру       |өндіру     |өндіру    |өндіру  |ек өндіру|а-     |
|шаруашы-|шаруашы-|шаруашы-лығы|шаруашы-   |шаруашы-  |шаруашы |шаруашы- |ры     |
|лығы    |лығы    |            |лығы       |лығы      |лығы    |лығы     |       |
|ЖЕРДІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ОНДА ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФОРМАЛАРЫ            |
|Шаруа қожалықтары   |Мемлекеттік заңдық      | Мемлекеттік емес|                 |
|(фермерлік          |тұлғалар                |заңдық тұлғалар  |Жалға            |
|шаруашылықтар)      |                        |(ӨК, АҚ, ЖШҚ и   |                 |
|                    |                        |др.)             |                 |


                       г) участкелік жерге орналастыру
|ЖҰМЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТҮР ТАРМАҚТАРЫ                                  |
|ШАРАЛАР ТҮРЛЕРІ                                                                |
|жаңа     |Ауылшаруашылық     |Рекультива-ци|Мәдени-техн|Эрозияға    |Мелиора- |
|жерлерді |алқаптарды жақсарту|ялау         |икалық     |қарсы       |тивтік   |
|игеру    |                   |             |шаралар    |шаралар     |шаралар  |
|Жұмыс жобаларының түрлері                                                      |
|Егістегі |Егістерді          |Ауылшаруа-шыл|Мал азықтық   |Жел      |Лимандық |
|бұталар  |жақсарту           |ық алқаптарын|алқаптарды    |эрозиясын|суару    |
|мен сирек|                   |жақсарту     |түбегейлі     |а қарсы  |         |
|ормандар-|                   |             |жақсарту      |         |         |
|ды жотау |                   |             |              |         |         |
|және т.б.|                   |             |              |         |         |
|         |                   |             |Мал азықтық   |         |Сортаң   |
|         |                   |             |алқаптарда    |         |жерлерді |
|         |                   |             |төбешіктерді  |         |мелиора-ц|
|         |                   |             |жою           |         |иялау    |
|         |         |         |Су           |Бұталар мен   |Су       |Кішігірім|
|         |         |         |шаруашылықтық|сирек         |эрозия-сы|учаскелер|
|         |Жайылым-д|         |мақсат үшін  |ормандарды жою|на қарсы |-ді суару|
|         |арды     |Басқа-   |             |              |         |         |
|         |үстіртін |лары     |             |              |         |         |
|         |жақсарту |         |             |              |         |         |
|         |         |         |Орман        |Жыралардың    |Эрозия-ла|         |
|         |         |         |отырғызу үшін|еңістілігін   |рдың     |         |
|         |         |         |             |азайту        |бірлесе  |Басқалары|
|         |         |         |             |              |әсерінен |         |
|         |         |         |             |              |қорғау   |         |


    Жобалау тапсырмасы және далалық  зерттеу  актісі  мен  сызбасы  дайьшдық
жұмыстарының қорытындысы болып табылады.
    2) Дайьшдық жұмыстардан кейінгі кезең - жобалау. Бұл  жерге  орналастыру
процесінің ең жауапты және күрделі құрамдас бөлігі. Оның нәтижесінде  ғылыми
тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.
    Соңгысыньң мазмұны мен құрамы  шаруашылық  аралық  жерге  орналастырудың
типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне  тікелей  байланысты.  Сондықтан
жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да  елеулі.  Дегенмен,  жобалардың
кайсысы  болса  да  графикалық  белгілі  (жобалық  план  мен  баска  қажетті
сызбалар)  мен  түсініктемеден  тұрады.  Соңғысы  жобаны  экономикалық  және
құқықтық тұрғыдан негіздеу  материалдарын  қамтиды.  Жалпы  алғанда,  жобада
қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен  жер
пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және  межелерін
жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы  экономикалық  тұрғыдан  жан-
жақты негізделуге тиісті.  Қабылданған  жобалық  шешімдер  нақты  есептермен
дәлелденеді. Осы мақсатпен 6ip қатар экономикалық және  техника-экономикалық
көрсеткіштер  есептеледі.  Жасалған   жобаның   бірнеше   нұсқаларынан   бұл
көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.
    3) Үшінші кезең шаруашылық аралық  жерге  орналастыру  жобасын  құқықтық
турғыдан ресімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
    Алдынан  жоба  әрбір  жерге  орналастыруға   тартылған   шаруашылықтарда
өндірістік кеңестс (немесе еөкілдер  жиналысында)  қаралады.  Сонан  соң  ол
аудандың   әкімшілігіне   бекітілуге   жібершеді.   Егерде   бұл    органның
өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде  қаралып
Министрлер кабинетінде бекіледі.
    4) Бекітілген жоба  нақты  мәніне  шығарылады.  Бұл  кезенің   мәні  жер
пайдаланушылықтар  мен  жер   иеленушіліктердің   жобалық   мәндерін   нақты
мәндеріне шығарып, арнайы белгілермен  бекіту.  Соңғылары  темірбетон,  ағаш
немесе басқа матсриалдардан жасалуы  мүмкін.  Белгілердің  ара  қашықтықтары
2000м аспауға  тиісті.  Ашық  жерлерде  меже  жалпақтығы  20см  аралықтармен
көрсетіледі. Жобаны нақты мәніне шығару үшін  жұмыс  сызбасы  жасалады.  Жер
иеленушілердің  (жер  пайдаланушылардың)  межелері  мемлекеттік  геодезиялық
торабымен  байланыстырылады.   Жобаны   нақты   мәніне   шығару   шаруашылық
өкілдерінің  қатысуымен  жобалау  институтының  мамандары  орындайды.  Бұның
нәтижесінде межелерді сипатгайтын хаттама мен сызба жасалады.
    Соңында шаруашылыққа (кәсіпорынына) жерді  иеленуге  немесе  пайдалануға
құқық беретін мемлекетік Акт тапсырылады.
    Нег: 4.[39-51].
    Қос: 11. [21-27], 12. [14-17]
             Бақылау сұрақтары:
             1. Жоба алды өңдеулер немен қорытындыланады?
             2. Аудандық жерге орналастыру схемасының қысқаша  мазмұны  және
оны жобалау
             барысында өңдеу.
             3. Жерге орналастыру жобаларын  топтастыру,  түрлі  топтар  мен
топшалардың түрлі ерекшелігі.
             4. Жерге орналастыруды жобалау кезеңдерін атаңыз және сипаттама
беріңіз.
             5. Жобалық  мәселелерді  шешу  әдістері,  оларды  жеке  қолдану
жағдайы.
    6. Жоба варианттарын талдау жәнебағалау үшін қандай технико-экономикалық
және экономикалық көрсеткіштер қолданылады?


    Дәріс №3. ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ  ЖЕРГЕ  ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ  МӘНІ,  МАЗМҰНЫ  ЖӘНЕ
ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ
    Жер кодексі бойынша республикалық жер қоры  мақсатына  қарай  7  санатқа
бөлінеді. Жердің  тікелей  пайдалануын  нақты  жер  пайдаланушылар  мен  жер
иеленушілер жүзеге асырады. Басқаша айтқанда  -  мемлекетік,  кооперативтік,
қоғамдық,  жеке  меншік   кәсіпорындары   мен   ұйымдары.   Осы   шаруашылық
субъектілерге иеленуге берілген жер үлестерін  жер  иелігі,  ал  пайдалануға
берілген  жер  үлестерін  жер   пайдаланулар   деп   аталады.   Жер   иелігі
(жерпайдалану) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынына немесе  басқа  заңдық  құқық
иесіне  нақты  мақсатпен  берілген  орны,  көлемі  және   нақты   мәселелері
белгіленген территория.
    Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшілігі  бар.
Егерде, жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен  берілсе,
жер иеленілуі мерзімсіз, иеленушілік мақсатына сай беріледі.
    Қазақстан   Республикасында   ауылшарушылық   өндірісте   пайдаланылатын
жерлердің жалпы территориялық  көлеміндегі  үлес  салмағы  75%-дай  (бұрынғы
одақ  бойынша-47%),  соның  ішінде  жыртылған  жерлер-15%.   ТМД-ның   басқа
аймақтарына қарағанда бұл өте төмен  көрсеткіш.  Мысалы,  Россияның  Орталық
қаратопырақ аймағында оның деңғейі 80% жетеді.
    Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексі  бойынша  жер  пайдалануы  (жер
иелігі) қоғамдық немесе  жеке  меншік  болуы  мумкін.  Біріншісіне  көптеген
ауылшаруашылық   емес   кәсіпорындардың,   ұйымдардың,   мекемелердің    жер
пайдаланулары жатады. Жеке меншік жер иеленуі  республикада  жаңа  бой  алып
келе  жатқан  жер  пайдалану  формаларының  6ipi.  Бұларға   алдымен   шаруа
қожалықтарының жер иеліктері жатады. Келешекте тағы  да  осы  жер  пайдалану
формасында  негізделген,  көптеген  жер  иеленулердің  түрлері  пайда  болуы
мүмкін. Осымен қатар жер пайдаланулар  мен  жер  иеліктері  мақсатына  қарай
ауылшарушылық және ауылшаруашылық  еместерге  бөлінеді.  Біріншілеріне  ауыл
шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың  жер  иеліктері  мен  жер
пайдаланулары жатады.  Ал,  ауылшаруашылық  еместері  транспорт,  өнеркісіп,
елді  мекендер,  орман,   су   шаруашылықтары   мен   кәсіпорындарының   жер
пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен  6ipгe  бip  категорияға  тарихи-мәдени
және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.
    Уақыт  аспектісінде  жер  пайдаланушылықтардың  мерзімсіз  және  уақытша
түрлері  болады. Соңғысы ұзақ мерзімді мен қысқа мерзімді болып бөлінеді.
    Жер иеліктері мен жер пайдалануларды құру және өзгерту,  халықшаруашылық
салаларының мұқтаждықтарына сай жерді  бөлу  және  қайта  бөлу,  шаруааралық
жерге  орналастыру  арқылы  жүзеге  асырылады.   Шаруашылық   аралық   жерге
орналастырудың  осы   ic-қимылдарына   қарай   жер   иеленушілер   мен   жер
пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және  осы  арқылы  жер  пайдалану
жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді.
    Сонымен қатар шаруашылық  жүргізу  жағдайлары  өзгеріп  отырады.  Демек,
шаруашылық аралық жерге орналастыру - техникалық және  құқықтық  ic-қимылдар
арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық  және  техникалық
шаралар жүйесі.
    Учаске мекемелерінің өзгеруі, оған иеленуге (пайдалануға) құқықтық тууы,
қағида  бойынша,  шаруашылық  аралық  жерге  орналастырудың  нәтижесі  болып
табылады. Бұл  құқық  кеңістік  аспектісіне  шаруааралық  жерге  орналастыру
арқылы белгіленген мекемелермен шектеледі. Бірақта, шаруашылық аралық  жерге
орналастырудың  мәні  тек  мәселерді  жүрізуге  емес.  Жалпы  алғанда   оның
мағынасы кәсіпорындардың,  ұйымдардың,  мекемелердің  жер  иеленулерін  (жер
пайдалануларын) құруды, реттестіруді немесе өзгертуін,  оларды  экономикалық
жағынан  тиімді  түрде  орналастыруды,   қолайлы   құрылымдарын   белгілеуді
қамтиды.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыруды  жүзеге  асыра  отырып  6ip  қатар
принциптерді нұсқау ретінде қолдану қажет. Соның ішінде:
республиканың жер туралы заңдарын қатал ескеру, жер  пайдаланушылықтар,  жер
иеленушіліктердің мәселелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
жердің ысырапсыз және тиімді, ғылыми тұрғыдан  негізделген  пайдалуын,  ауыл
шаруашылығының жерге деген приоритетін қамтамасыз ету;
әрбір жер пайдаланушыға өзінің міндеттерін ойдағыдай  атқаруға,  өндірісінің
тиімділігін арттыруға қолайлы кеңістік жағдайлар жасау;
жер мен басқа табиғи ресурстарды қорғауға жан-жақты мүмкіншілік жасау.
    Жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің  жүйесі  шаруашылық  аралық  жерге
орналастырудың объектісі болып табылады. Бұл қағида бойынша әкімшілік  аудан
немесе бip топ қатар орналасқан жер пайдаланулар мен жер иеліктер.
    Шаруашылық  аралық  жерге  орналстырудың  міндет-мақсаттары  сан  алуан.
Дегенмен, оларды екі топқа түйістіруге болады:
    - жердің ысырапсыз пайдалануын  және  қорғалуын  ұйымдастыру;  өндірісті
территория жағынан ұйымдастыру.
    Осылармен бipгe шаруашылық арлық жерге орналастыру арқылы жердің негізгі
мақсаттық   қызметі   белгіленеді,   халықшаруашылық   салалары   мен   жеке
пайдаланушыларға (иеленушілерге)  жер  үлестері  бөлінеді  және  соңғылардың
дұрыс орналасуы анықталады.
    Сонымен қатар шаруаралық жерге орналастыруға жер  пайдаланушылықтар  мен
жер иеленушіліктерді өндірістің талаптарына  қарай  үнемі  жетілдіріп  отыру
міндеті жүктеледі.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру екі түрлі тармаққа бөлінеді:
ауылшаруашылық кәсіпорындардың жер иеленушіліктерін құру;
ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануларды құру.
            Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау жолдары:
            - жер иеліктері мен жер пайдалануларының қaзіргі күні  зерттеліп
жерге  орналастыру  қажеттілігін  тудырған  себептер  анықталады  және   сол
себептерді жою жолдары белгіленеді;
мүдделі жер иелері мен жер  пайдаланулардың  талаптары  айқындалады,  оларды
қанағаттандыру мүмкіншілктері қарастырылады;
жобалау тапсырмасы жасалып, қарастырылады және бектіледі.
    Жалпы  алғанда  дайындық  жұмыстар  камералдық  дайындау   мен   далалық
зерттеуден тұрады. Камералдық жерге орналастырулық дайындалудың мақсаты жан-
жақты  негізделген  жобаның  жасалуын  қамтамасыз  ету.  Бұл   жұмыс   жерге
орналастыру процесіне  қатысушыларды  анықтаумен  олардың  тізімін  жасаудан
басталады. Содан кейін мынандай материалдар мен құжатар жиналып зерттеледі:
жерге орналастыру жөніндегі өтініштер, шешімдер, каулылар;
жерге орналастыру процесінде  қатысатын  шаруашылықтар  мен  кәсіпорындардың
мақсат-міндеттері мен даму перспективалары жөніндегі мағлұматтар;
аудандық және облыстық жерге орналстыру схемалары;
жерді пайдалануға құқық беретін кұжаттар;
    жерді есепке алу және бағалау жөніндегі қадастрлық мәліметтер;
жер иеленушіліктер мен жер  пайдаланушылықтардың  қолайлы  масштабтағы  жеке
және жалпы пландары;
бұрыңғы жүргізілген жерге орналстыру материалдары;
топырақ, геоботаника, мелиорация, су шаруашылығы  және  басқалары  жөніндегі
зерттеу-іздестіру материалдары;
мелиорация, суландыру және сол тәріздес жобалар;
    - жерге орналастыруға тартылған кесіпорындардың  өндірістік  нәтижелерін
сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер;
    -  шаруашылық  орталықтар,   соларда  тұратын   жұрт  және    өндірістік
құрылыстар тұралы мағлұматтар.
    Әрине, бұл құжаттардан тізімі жобаның түрі мен міндет-мақстатарына қарай
өзгеріп отыруы мүмкін.
    Камералдык дайындаудың нәтижелеріне қарай далалық  зерттеу  жұмыстарының
келемі  белгшенеді.  Олардың   макеты   жетіспейтін   материалдардың   орнын
толықтыру.  Зерттеу   жұмыстарын   жерге   орналастыру   женіндегі   жобалау
институттарының  мамандары  мен  шаруашылық  өкілдері   жүргізеді.   Керекті
жағдайларда бұған басқа да мамандар қатысуы мүмкін.
    Далалық  зерттеу  арқылы  жиналған  материалдардың  натураға  сәйкестігі
айкындалады. Бұнда да жұмыстардың келемі мен тізімі жобаның алдына  койылған
мақсат-міндеттеріне байланысты.
    Далалық зерттеу нетижелері бойынша арнайы далалық;  зерттеу  актісі  мен
сызбасы  жасалады.  Біріншісінде  цифрлік  мәліметтер,  ал  екіншісінде  жер
иеленушілік  пен  жер  пайдаланушылықтардың  жер  үлестері  мен   өндірістік
бөлімшелердің мәжелері,  елді  мекендер,  магистральдық  жолдар,  мал  айдау
трассалары, су кездері және көптеген басқа  мағлұматтар  көрсетіледі.  Содан
кейін  камералдық   дайындалу   және   далалық   зерттеу   арқылы   жиналған
материалдардың негізінде жобалау тапсырмасы жасалады. Бұл  құжатта  мынандай
мәліметтер қамтылады:
    - жобалау объектісі;
    - жобалаудың кезендері мен мерзімдері;
    - қажетті шаралар жуйесі;
    - жерге  орналстыруға  дейінгі  және  содан  кейінгі  алаптардың  құрамы
(жобалық экспликация);
    - жерлерді игеру және жақсарту жөніндегі шаралар жуйесі;
    - ауылшаруашылық өндірісітің негізгі көрсеткіштері;
    - ауылшаруашылық өндірістің орналасуы және мамандандырылғандығы;
    Жалпы алғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мынандай ic-
 әрекеттерді қамтиды:
ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер иеленушіліктерін құру;
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланашулырды үнемі реттестіріп отыру;
ауылшаруашылық  және   халықшаруашылық  мұқтаждықтарға  игеру   үшін    жаңа
жерлерді іздестіру;
жерді  белгі  беру  және   алып   қою   арқылы   ауылшаруашылық   емес   жер
пайдаланушыларды құру;
елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.
    Қойылған  мақсат-міндеттеріне,  жобалау  объектісіне,  аймактық   табиғи
ерекшеліктерге қарай шаруашылық аралық жерге орналастырудың  маңызы,  жүзеге
асыру реттілігі, әдістемесі  өзгеріп  отырады.  Осыған  орай  оның  мынандай
типтерін белгілеуге болады:
ауылшаруашылық жер иеліктерін құру;
ауылшаруашылық  кәсіпорындардың  жер  иеленушілктерінің  кемшіліктерін   жою
арқылы жетілдіру;
суармалы егіншілікке игерілген жерлерде жаңа жер иеліктерді құру;
игеруге  іздестірілген  жаңа жерлерде  ауылшаруашылық  кәсіпорындардың   жер
иеліктерін құру;
шаруааралық өндірістің бірліктердің жер массивтерін құру;
тау, шел басқа маусымдың жайылымдарды қайта бөлу;
ipi гидротехникалық құрылыстарға жер бөлініп  беру  және  осыған  байланысты
жер иеліктердің (жер пайдаланулардың) өзгерілуін реттестіру;
шағын ауылшаруашылық емес жер пайдалануларды құру;
сызықты құрылыстарға (темір  және  автомобиль  жолдары,  тоқтасымалдау  және
байланыс жүйелері, каналдар мен құбырлар) жер бөліп беру;
елді мекендердің шектерін белгілеу және өзгерту.
    Атап  өткен  типтер  шаруашылық  аралық  жерге  орналастырудың   мақсат-
міндеттерінің, мазмұнының күрделігінің белгісі.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру ici маңызды себептен ғана қозғалады.
Жаңа жер пайдалануларды немесе жер иеліктерін құру  басты  себептердің  бipi
болып  табылады.   Шаруашылық   аралық   жерге   орналастыруды   себептейтін
факторларға мынандайлары жатады:
Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы;
Жер  иеленулердің   (жер   пайдаланулардың)   аудандары   мен   құрамдарының
шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы;
Өндірістің көлемінің, шоғырлануының, мамандығының өзгеруі;
Жаңа шаруашылық формалардың,  соның  ішінде  шаруа  шаруашылықтарының  пайда
болуы;
Шаруашылық аралық кооперацияның дамуы;
Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру процессі бірнеше кезеңдерден тұрады:
    1)  Жобаны  жасаудың  алдынан  дайындық  жұмыстары  жүргізіледі.   Бұған
мынандай бip қатар ic-қимылдар енеді:
жерге   орналастыру   процесіне   қатысатын   жер   иеленушілер   мен    жер
пайдаланушылардың құрамы анықталады;
жерге орналастыруды жүргізуге  қажетті  құжат-материалдар  (құқықтық,  план-
картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
    кәсіпорындардың шаруааралық байланыстары;
инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
жер мен табиғатты коргау женшдеп талаптар;
жобалық құжаттардың құрамы;
жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
    Жобалау тапсырмасы және далалық  зерттеу  актісі  мен  сызбасы  дайьндық
жұмыстардың қорытындысы болып табылады.
    2)       Дайындық  жұмыстардан  кейінгі  кезең  -  жобалау.  Бұл   жерге
орналастыру  процесінің  ең  жауапты  және  күрделі  құрамдас  бөлігі.  Оның
нәтижесінде ғылыми тұрғыдан жан-жақты негізделген жоба жасалуға тиісті.
    Соңғысының мазмұны мен құрамы  шаруашылық  аралық  жерге  орналастырудың
типіне, алдына қойылған мақсат-міндеттеріне  тікелей  байланысты.  Сондықтан
жеке жобалардың арасындағы айырмашылықтар да  елеулі.  Дегенмен,  жобалардың
қайсысы  болса  да  графикалық  белгілі  (жобалық  план  мен  баска  қажетті
сызбалар)  мен  түсініктемеден  тұрады.  Соңғысы  жобаны  экономикалық  және
құқықтық тұрғыдан негіздеу  материалдарын  қамтиды.  Жалпы  алғанда,  жобада
қағида бойынша мынандай мәселелер қарастырылады: жер иеленушіліктер мен  жер
пайдаланушылықтардың аудандарын белгілеу, оларды орналастыру және  межелерін
жобалау, алаптардың аудандары мен құрамын қалыптастыру.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы  экономикалық  тұрғыдан  жан-
жақты негізделуге тиісті.  Қабылданған  жобалық  шешімдер  нақты  есептермен
дәлелденеді. Осы мақсатпен бip қатар экономикалық және  техника-экономикалық
көрсеткіштер  есептеледі.  Жасалған   жобаның   бірнеше   нұсқаларынан   бұл
көрсеткіштер салыстырыла отырып ең тиімдісі тандалады.
    3) Үшінші кезең шаруашылық аралық  жерге  орналастыру  жобасын  құқықтық
тұрғыдан рәсімдеуді оны қарап талқылау мен бекітуді қамтиды.
    Алдынан  жоба  әрбір  жерге  орналастыруға   тартылған   шаруашылықтарда
өндірістік кеңесте (немесе  өкілдер  жиналысында)  қаралады.  Сонан  соң  ол
аудандық   әкімшілігіне   бекітілуге   жіберіледі.   Егерде   бұл   органның
өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба жоғарғы инстанцияларда бекітіледі.
    4)      Бекітілген жоба жер бетіне шығарылады.  Бұл  кезенің   мәні  жер
пайдаланулар мен жер иеліктерінің жобалық мәндерін нақты мәндеріне  шығарып,
арнайы  белгілермен  бекіту.  Соңғылары  темірбетон,   ағаш   немесе   басқа
материалдардан жасалуы мүмкін. Белгілердің ара  қашықтықтары  2000м  аспауға
тиісті. Ашық  жерлерге  меже  жалпақтығы  20см-ден  арықтармен  көрсетіледі.
Жобаны нақты мәніне шығару үшін жұмыс  сызбасы  жасалады.  Жер  иеленулердің
(жер   пайдаланулардың)   межелері   мемлекеттік    геодезиялық    торабымен
байланыстырылады.  Жобаны  нақты  мәніне   шығару   шаруашылық   өкілдерінің
қатысуымен  жобалау  институтының  мамандары  орындайды.  Бұның  нәтижесінде
межелерді сипаттайтын хаттама мен сызба жасалады.
    Соңында шаруашылықка (кәсіпорынына) жерді  иеленуге  немесе  пайдалануға
құқық беретін мемлекетік акт тапсырылады.
    Нег: 1. [64-72], 2. [77-84].
    Бақылау сұрақтары:
    1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.
    2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?
    3). Қазіргі кездегі  шаруашылық  аралық  жерге  орналастыру  қандай  іс-
әрекеттерден тұрады?
    4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың эконмикалық мәні неде?
    5).  Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.


    Дәріс№4. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНДІРІСІНІҢ  ЖЕР ПАЙДАЛАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
    Аграрлық  реформаға   байланысты   бұрыңғы   мемлекеттік   шаруашылықтар
мемлекеттік  емес  заңды  тұлғаларға,  әртүрлі  шаруашылықтың  серіктілерге,
кооперативтерге ауысқан.
    Жаңа агро-құрылымдардың  жер  пайдалануын  ұйымдастыру  үшін  орналаскан
жерімен, топырағымен, жер бедерімен, табиғи өсімдіктерімен,  көлемімен  және
компактілігімен, гидрогеологиялық және  басқа  жағдайларымен  ауылшаруашылық
дақылдарын, көп  жылдық  жеміс-жидек  өсімдіктерін  және  өндірістердің  мал
өcipyгe жарамды, продуктивті жер массивтері белгілі болады. Бұл жерлер  ауыл
шаруашылық  технологияларын,  механизмдерін   пайдалануға   және   басқаруға
ыңғайлы болуы керек. Жер  пайдалануды  ұйымдастыру  шаруашылық  орталықтарын
және жолдарды орналастырумен тығыз байланысты.
    Жолдар, ауылшаруашылық өнімдерін және керекті техниканы,  материалдарды,
өндіріс құралдарын тасуға ыңғайлы болуы керек.
    Орналасқан аймағына, шаруашылықтың мамандығына, оның  жер  пайдалануының
құрам  бөлігі  сәйкес  болуы  керек.  Мысалы  қой   шаруашылығьның   жерінің
құрамында шабындық пен жайылым көп, ал егістік шаруашығьнда- жер көп  болуға
тиісті.
    Жаңа жер пайдаланулар қайтадан құрылған шаруашылықтардың  орнында  пайда
болған,  сондықтан  жерге  орналастыру   жұмыстары   көп   пайдаланушылардың
қызығушылығына   тиеді.   Осыған   байланысты    олардың    әр    қайсысының
территориясьна ұйымдастыру бөлек шешілуге тиісті.
    Алдын-ала жасалған ауданды жерге орналастыру схемасын  негіздей  отырып,
бұндай шаруашылықтарда, шаруашылық аралық жерді  үйлестіру  жұмысын  жүргізу
тиімді.
    Агро-құрылымдардың жер пайдалануларын ұйымдастырғанда шаруашылық  аралық
жерге үйлестірудің жалпы принциптеріне сүйену керек:
тұрғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту;
өндірістің тиімділігінің  әрдайым  көтерілуін,  салалардьң  рентабельдігінің
тұрақты  болуын,   жобаланатын   шаралардың   экономикалық   және   қоғамдық
тиімділіктерінің биік болулығын қамтамасыз ететін;
капиталдық бip уақыттың шығьнның неғұрлым аз болуы және тез қайтарылуы;
заңдық және нормативтік актілерді қатал орындауды.
    Қабылданатын  шешімдер  ғылыми   ic   жүзіндегі   жетістіліктерге   және
шаруашьшық аралық жерге үйлестірудің жеке принциптеріне сүйенуі керек.
    Тиімді ұйымдастырылған жер пайдаланулар келесі талаптарға  сәйкес  болуы
керек:
әр жер  пайдалануды  орналастырғанда  осы  территорияда  орналасқан  әр  жер
пайдаланушының қызығушылығын есепке алу;
жер  пайдаланудың   мөлшерін   зоналық   жағдайға,   мамандыққа,   келешекте
шығарылатын өнімнің көлеміне сәйкес келтіру
әр шаруашылықтың мамандығына байланысты  жерді  тиімді  пайдалану  үшін  жер
пайдалану құрамына тиісті ауыл шаруашылық алқалтарының  түрлері  енгізіледі,
ара қатынастары және мөлшерлері анықталады;
экологиялық талаптардың сақталуы;
жер  пайдаланудың  компактілігінің,   конфигурациясының   және   шегарасының
өндірісті және территориясын ұйымдастыруда ыңғайлы болуьн қамтамасыз ету;
жер  пайдалануда  шаруашылық   орталықтарының   дұрыс   орналасуы,   олардың
ауылшаруашылық  алқаптарымен,   өзара   және   сырттық   экономикалық   және
әкімшіліктік орталықтармен ыңғайлы қатынасы.


    4.1 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру  жобасының  мазмұны,
әдістемесі
    Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын  құру  арқылы
ауыл шаруашылық өндірісімен  айналысатын  агро-құрылымға  өндірісін  жүргізу
үшін
территориялық жағдай жасау.
    Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әр түрлі түсініктер.
Жайылымы үлкен  қой  шаруашылығының  көп  жері  құнарсыз,  соған  байланысты
шаруашылылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен  жеміс
жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары.
    Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын  өнімнің  тек
қана  көлеміне  әсерін  тигізіп  қоймай,   әртүрлі   шығындардың   көлеміне,
өндірісті басқаруға  әсерін  тигізеді.  Сондықтан  жер  пайдалануды  құру  –
негізгі мәселелердің бірі.  Ол  экономикалық  және  экологиялық  негізделген
жобаны құру арқылы шешіледі.
    Жер пайдалануды құру жобасыньң құрам бөліктері:
жер пайдаланудың мөлшерін анықтау
жер пайдалануды орналастыру және құру;
    3    орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
жер   пайдаланудың   құрамындағы   ауылшаруашылық   алқаптардың    түрлерін,
аудандарын, өзара қатынастарын белгілеу;
террииторияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.
    Жобалау  жүргізуде   дайындық   жұмыстарының   материалдары,   жобалауға
тапсырма, аудан және облыстық жерге  орналастыру  схемасы  және  басқа  жоба
алды ұсыныстар қаралу керек.
    Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық  және  экономикалық  өзара
тығыз  байланысты  шаруашылықтар  немесе  әкімшілік   аудан   шаруашылықтары
бойынша бойынша жүргізіледі.
    Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы  олармен  тығыз  байланысты
шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму  жолдарына,  орналасуына,  мамандығына
сәйкес болулары керек  және  агроөндірістік  кешеннің  басқа  элементтерімен
тығыз байланыста шешілулері керек.


    4.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау.
    Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылық өндірістік қуатына және  мамандығына
байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
    Тиімді мөлшер дегеніміз – басқаруға  ыңғайлы,  өндірістің  әр  саласының
жақсы дамуына қажеттілі алқаптардың құрамы және мөлшерлері.
    Жер   пайдаланудың   мөлшеріне   келесі   факторлар   әсерін    тигізеді
(кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше - кішірейтеді:
мамандығы;
өндірістіктің қарқындылық деңгейі;
қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
жолдардың жағдайы;
- ауыл шаруашылық алқаптарының құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
- жер массивтерінің конфигурациясы;
- елді мекендердің орналасуы;
- сумен қамтамасыздығы.


    4.3 Жер пайдалануды орналастыру
    Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда:
территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.
Бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
компакті массив ретінде;
тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа  ұқсас жасау;
бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы  болуы
керек.
әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.
    Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін мынандай  бip  қатар  принциптерді
нұсқау ету қажетті:
Жеке  жер  иеленушіліктердің  орналасуы  ауыл  шаруашылығының    әлеуметтік-
экономикалық   мүдделіктеріне,  басқа  осы   территорияда   орналасқан   жер
иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
Жер  иеленушіліктің  ауданы,  біріншіден,  шаруашылык  өндірістің  көлеміне,
мамандандырылғандығына,  екіншіден,  аймақтық  табиғи   ерекшеліктерге   сай
болуға қажетті;
Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін  жер
шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың  аудандары  мен  түрлерін
енгізу керек;
Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі  (конфигурациясы)  әртұтас  және  өндіріс
пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
Жер   иеленуіліктің   территориясындағы   шаруашылық   орталықтардың   дұрыс
орналасуын  қамтамасыз  ету,  олардың  өзара  және  алаптар   мен   сырттағы
өндірістік   орталықтарымен   транспорттық   байланыстарын    қолайлыландыру
қажетті. Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай  өзгерістер болса да  осы
принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.


    4.4 Ауылшаруашылық кәсіпорындары жер пайдалануын құру шаруашылық  аралық
жерге орналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу.
    1. Жобаларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеудің мазмұны;
    2. Жобаның тиімділігі туралы ұғым және оның көрсеткіштері.
    Жобаны экономикалық тұрғыдан  негіздеу  әрбір жер  иеленушілік   бойынша
жобамен бipre жасалады. Бұл жөніндегі есептер екі мерзімге жасалады:
    а) жобаны жасағанға дейін;
    ә) жоба бойынша.
    Жобаны дәлелдеудің мазмұны жалпы алғанда төмендегіге келеді:
жобалық жерге орналастыру есептері;
жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
    3)  варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
    Жобалық варианттар мен шешімдерді  бағалау  және  экономикалық  тұрғыдан
негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып  саналады.  Бұл
тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.
Варианттар бойынша күрделі қаржылардың көлемін есептеу. Соның ішінде  тұрғын
үй кұрылысының, мал қоралары мен кешендерді  қосалқы  өндірістік  орталықтар
мен секторлардың (машина-транспорттық, кұрылыс, қойма т.б.),  елді  мекендер
арасындағы коммуникациялар мен территорияны инженерлік жағынан  жабдықтаудың
кұндарын анықтау.
Әрбір вариант  бойынша  жыл  сайынғы  шығындардың  көлемін  белгілеу.  Бұнда
транспорттық және эксплуатацияльқ  (пайдалану)  шығындарды,  аммортизацияльқ
жарна мен әкімшілік аппаратқа жұмсалған каржыларды есептеу кіреді.
Келтірілген  шығындардың  көлемін  анықтау,   яғни   бip   жылдық   мерзімге
келтірлген күрделі каржылар мен жыл сайынғы шығындардың қосындысын табу.
Күрделі қаржылардың қайтарылу мерзімін  есептеу,  яғни  неше  жылдың  ішінде
жұмсалған каржылардың орны толатынын анықтау.


    4.5 Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануын құру
    Шаруа  қожалығының  ауданы  алаптардың   құрамына,   сапасына,   табиғи,
экономикалық және әлеуметтік жағдайларна қарай анықталады.
    Шаруа қожалығының жерлер көлемі мен сапасы  орналасқан  аймақтың  табиғи
жағдайларымен тығыз байланысты болады.  Мысалы,  оның  мамандандырылғандығы,
демек  бүкіл  өндірістік  құрамы,  осы  жағдайлармен  себептеледі.  Егер  де
шаруашылық шөл, шөлейт аймақгарында оның негізгіөндірістік бағыты қой,  түйе
немесе жылқы шаруашылығы  болуы  ықтимал.  Ал  мамандандырылғандығына  қарай
шаруашылықтық жер иеленушіліктік жалпы ауданы,  алаптарының  арақатынастары,
үлес салмақтары тағы да осы тәріздес параметрлері қалыптастырылады.
    Сонымен бipre  шаруа  қожалығының  көрсеткіштері  бip  қатар  әлеуметтік
экономикалық факторлармен  байланысты.  Солардың  ішінде:  елді  мекендердің
түрлерімен орналасуы ерекшеліктері халықтың саны  мен  қоныстану  тығыздығы,
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның  сипаттамасы  және  т.б.
Мысал шаруа шаруашылығы туралы Заң бойынша  совхоздар  мен  колхоздарды  жер
иеленуілігінің жалпы ауданы еңбекке жарамды мүшелерінің санына  бөле  отырып
әр адамға қатысты жер үлесінің мөлшері белгіленеді.
    Хуторлық форма қағида бойынша  халықтың  шоғырлана  орналасқан  аймағына
тең. Ол әрбір жанұяға ауыл маңына жер бөліп  беруге  мүмкіншіліктің  жоқтығы
есебінен себептеледі.
    Жер кодексі, шаруа қожалығы және  жекешелендіру  заңдары  бойынша  шаруа
қожалығын екі жолмен құруға болады. Бірінші жол  -  әрбір  жұмысшыға  тиісті
жер    негізінде.  Бұл  әдістің  мағынасы  мынаған  жатады.   Ауылшаруашылық
кәсіпорында (совхоздармен колхоздар да т.б.) жұмыс істеп жүрген  және  бұрын
осыған өткен адамдарға сол кәсіпорын жерінің құрамы мен ауданына қарай,  жер
үлесін береді Оның ауданы  бip  жағынан  сондай  адамдардың  санына,  екінші
жағынан жер иeлeнyшiлiктiң жалпы ауданына байланысты, өйткені  жер  үлeciнiң
мал   бағу  үшін  иеленушіліктің  (жер  алаптарының  түлерібойынша)  сондағы
азаматтардың  санына  бөлінеді,  шаруа  шаруашылыгының  жер  иеленушіліктері
арнайы жасаған жер қоры құрылады. Демек,  алдымен  сондай  жер  қорын  жасау
кажетті. Шаруа қожалығы туралы  заң  бойынша  ондай  қор  әрбір  мемлекеттік
ауылшаруашылық кәсіпорынның жер иеленушіліктері  есебінен  жасалуға  тиісті.
Ол үшін  кәсіпорын  иеленетін  жерлер  мұқият  тексеріп,  арасындағы  сондай
табиғи-экономикалықщ  зона  бой  ы  орташа  деңгейден   төмен   тиімділікпен
пайдаланылып жүрген алаптар алынып, арнайы  ,жер  құрамына  енгізіледі.  Бұл
жұмыстарды жергілікті атқару  комитетінің  шешімі  бойынша  аудандықщ  жерге
орналастыру комиссиясы жүргізеді.  Сонан  соң  тілек  білдірген  азаматтарға
шаруа қожалығын құру мақсатына осы қордан жер үлесі бөлініп беріледі.
    Бірінші әдіс, қағида бойынша, совхоз-колхоздардан бөлінген,  екіншісі  –
сырттан   келген   адамдардың   ауылшаруашылық   мақсатындағы   қожалықтарын
ұйымдастырғанда. Шаруа қожалығының жер иеленушілігін құрудың  осы  екі  жолы
оныңәртүрлі әдістемелік жүйелікте орындалуын  себептейді.  Бірінші  жағдайда
бүкіл жобалау  және  жоспарлау  процесі  берілген  жер  үлесінің  мөлшерімен
байланыстырылады  және  содан  тәуелді,  өйткені  малдың   саны   егістердің
аудандары  жалпы  алғанда  өндірістің  көлемі  мен  параметрлері  де  осымен
себептеледі.   Әрине,   жетіспеген    жер    алқаптарын     қожалық    басқа
шаруашылықтардан  жалға  алуы  мүмкін.  Бірақга   болашақта   ауылшаруашылық
жүргізудің бұл формалары  кең  бой  алғанда,  бұндай  мүмкіншіліктері  болуы
бірталай.
    Шаруа қожалығы арнайы қорда құрылғанда оның жер  иеленушілігінің  ауданы
шектелмейді делінген. Егерде солай болса, ал бұл  өзі  біраз  күдік  тудырып
отыр,  онда  жоғарыда  атап  өткен  есептер  мен  ic-әрекеттер  жоспарланған
өндірістің көлемдеріне (мал басы, eгістеp т.б.) негізделеді. Демек,  орындау
жұмыстардың әдістемелік жүйелі түрде болуғатиісті.
    Енді шаруа қожалығының жер иеленушілігін құру  жөніндегі  ic-қимылдардың
әдістемелік жүйелілігін қаралық.
    Жер үлесі арқылы құрылатын шаруа қожалығының жер  иеленушілігі  мынандай
жүйелікте құрылады:
    а) Жер алуға құқығы бар азаматтардың  саны  мен  алаптардың  аудандарына
қарай әpбip адамға тиісті жер үлесі есептеледі
                                  Р =[pic]
      бұнда, Р– бip адамға тиісті жер үлесі, га;
    Рп- алаптардың аудандары, га;
    А - жер алуға құқығы бар адамдардың саны;
    ә)   Шаруа   шаруашылығының   жер   иеленушілігінің   алғашқы   (бipінші
жуықтаудағы) ауданын анықтау:
                                 Рш = Р х п
      бұнда, Рш - жер иеленушіліктің алғашқы ауданы, га;
    п - елдегі жерді алуға құқығы бар мүшелердің саны.
    б)      Жер иеленушіліктің алғашқы шамамен орналасатын жерін белгілеу;
    в)      Жердің сапасын ескеретін коэффициентті есептеу.
                                Кс =    Борт
                                           Бш.ш
      бұнда, Борт – шаруашылық бойынша бонитеттің орташа балы;
    Бш.ш. - сол көрсеткіш шаруа шаруашылығы бойынша.
    Бұл коэффициент   алаптардың түрлері бойынша есептеледі (жыртылған  жер,
шабындық, жайылым).
    г)      Жер иеленушіліктің ауданын жердің сапасын ескеретін коэффициенті
арқылы нақтылау:
                              Рш.ш. = Рш. х Кс
      бұнда, Рш.ш. - жер иеленушіліктің соңғы ауданы, га;
    Рш - алаптардың шаруа шаруашылығы бойынша аудандары, га;
    Кс - жердің сапасын ескеретін коэффициент;


    д) Жер салығын есептеу:
                                С = Рш.ш. х Ц
      бұнда, С - жер салығының көлемі, теңге;
    Ц - 1 га жер үшін төлем (бонитет бойына қарай алынады), теңге;
    е)      Есептелген жер ауданынан шығатын өнімдердің мөлшерін анықтау.
    ж)      Осыған және  шаруашылықтық  жоспарланған  мамандандырылғандығына
қарай мал басын айқындау;
    з)      Малдың басы мен оларға қажетті жем-шөп мөлшерін  есептеу  арқылы
жыртылған жерді пайдалану құрамын белгілеу;
    и) Осы өндіріс көлемі  жөніндегі мағлұматтарды пайдалана  отырып   еңбек
ресурстарының  керектігін   есептеу   және   өндіріс   көлемін   соңғылармен
сәйкестіру;
    к) Күрделі қаржылар, жалпы өнім және таза табыстың  көлемдерін,  сонымен
бipre болжау негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
    л) Шаруа қожалығын рәсімдеу.
   Нег.: 1. [71-73], 2. [84-92].
   Қос.: 2. [92-94].
    Бақылау сұрақтары:
         1)  Ауылшаруашылық  жер  иеленуліктерді   құру   жобасының   құрам
            бөлшектерін ата.
         2) Жер иеленушіліктің ауданын анықтау тәртібі.
         3) Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?
         4) Шаруа қожалығының жер үлесінің  орналасуына  қандай  элементтер
            әсер етеді?


    Дәріс №5. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ  ЖЕР  ПАЙДАЛАНУЛАРЫ  МЕН  ЖЕР
ИЕЛЕНУЛЕРІНІҢ КЕМІСТІКТЕРІН ЖОЮ
    Жер пайдаланудың кемістіктері дегеніміз  ауылшаруашылық  мекемелерінінің
жер пайдалануындағы  өндірістің  экономикасына,  ұйымдастыруына  және  жерді
пайдалануда кері әсерін тигізетін қолайсыздықтар. Бұл  қолайсыздықтарға  жер
пайданаланудың өте үлкен немесе  өте  кіші  мөлшерлері,  ыңғайсыз  орналасуы
және шекарасындағы кемістіктер жатады. Осы кемістіктерді  жоюға  бағытталған
жерге  орналастыру  жұмыстары  жер  пайдалануды   жетілдіру   деп   аталады.
Кемістіктер:
    1. Жер пайдаланудың тиімсіз мөлшері –  оның  ауылшаруашылық  мекемесінің
мамандығына, аймақтық тиімді мөлшерлерге сәйкес келмеуі.  Мысалы,  солтүстік
аудандарда:  қой  шаруашылықтарының  мөлшері  өте  үлкен  болуы  мүмкін,  ол
шаруашылық экономикасына, немесе ұйымдастыруына кері әсерін  тигізбейді.  Ал
егер оңтүстік аудандарда  орналасқан  жеміс-жидек  немесе  көкөніс  өсірумен
айналысатын шаруашылықтардың мөлшері  жоғарыда  айтылған  солтүстік  ауданда
орналасқан қой шаруашылығының  мөлшеріндей  болса,  бұл  өте  қолайсыз  және
тиімсіз мөлшер болады.  Өйткені  бұл  шаруашылықтарда  жұмыс  қолы  өте  көп
пайдаланылады. Сондықтан, осыншама көлемдегі жерді игеру үшін өте  көп  адам
керек  болады.  Екіншіден,  бұл  өнімдер  өте  тез  бұзылатын,  алыс   жерге
тасымалдауға келмейтін болғандықтан олардан  алынатын  түсімдер  шығындардан
асып кетуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдайда жер пайдаланудың ықшам  ауданы
және қалаға немесе басқа  үлкен  елді  мекенге,  яғни,  сол  өнімдерді  сату
мүмкіншілігі жоғары, елді мекендерге жақын орналасқаны тиімді.
    Сонымен, ауылшаруашылық мекемесінің тиімді  мөлшері  деп,  шаруашылықтың
мамандығына, оның орналасқан аймағына  сәйкес  көлемді  шаруашылық  мөлшерін
атайды. Мысалы, мал  шаруашылығы  бойынша  шаруашылықтар  жерлерінің  тиімді
мөлшері бірдей болуы мүмкін емес. Қойды алысқа  айдауға  болады,  ал  сиырды
оның ішінде – сүтті сиырды өте алыс  айдауға  болмайды.  Мысалы,  шошқа  бір
орында тұрып өсіріледі  және  бордақыланады.  Сондықтан  қой  шаруашылығының
мөлшері 20-50 мың га,  ІҚМ  шаруашылығының  мөлшері  –16-18  мың  га,  шошқа
шаруашылығы  1-5-7  мың  га  а/ш  алқаптарына  сәйкес  болулары  керек.  Бұл
шаруашылық мөлшерлері салыстыру үшін берілген. Қазіргі кезде,  ауылшарушылық
құрылымдарының мөлшерлерінің айырмашылықтары өте үлкен болғандықтан  олардың
оптимальды мөлшерлерін атау қиын.
    2. Жер  пайдаланудың  кемістіктерінің  бірі  -  жер  пайдаланудағы  ауыл
шаруашылық пайдаланулардың тиімсіз құрамы мен  үлесі.  Яғни,  ауылшаруашылық
алқаптарының құрамы мен үлесінің  а/ш  кәсіпорнының  мамандығына  және  оның
құрамындағы салаларға сәкес келмеуі. Мысалы, мал  шаруашылығымен  айналысқан
кәсіпорынның жер пайдалануының  үлесінде  шабындық  пен  жайылым  көп  болуы
керек, ал егістік пен шошқа  шаруашылықтарының  үлесінде  егістік  алқаптары
көбірек болу керек.
    3. Жер пайдаланудың әр учаскесінің басқа жер  пайдаланулармен  жолақтана
орналасуы.  Мысалы,  шаруа  қожалығына  берілген   жер   пайдалану   бірнеше
учаскеден  тұрады:  шабындық  бір  жерде,  жайылым  бір  жерде.  Бұл  жағдай
транспорттық шығын көбейеді; басқару қиындайды, басқа жер пайдалануды  басып
өту қажеттілігі туады.
    4.  Бір  жер  пайдалануда  екінші  жер  пайдаланудың   жер   учаскесінің
орналасуы. Бұл жағдайда транспорттық шығын ұлғаяды, қолайсыздық туады.
    5. Алыс жерлік - жер пайдаланудың кейбір учаскелері елді  мекеннен  алыс
орналасқан.  Бұл  жағдай  экономикалық  және   шаруашылықтық   кері   әсерін
тигізеді. Транспорттық шығын ұлғаяды, ұйымдастыру күрделіленеді.
    6.  Жер  пайдалану  шекарасының  ирелек  болуы.  Ішкі  шаруашылық  жерге
орналастыру    жұмыстарын    күрделілендіреді    жене    жер    пайдаланудың
конфигурациясын қолайсыздандырады.
    7. Топографиялық жолақтана орналасуы.  Жер  пайдаланудың  бір  бөлігінің
томардың, өзеннің, көлдің басқа бетінде қалуы.
    Жер пайдаланудың кемістіктері олардың көп жылдар бойы күрделі  қалыптасу
жолында пайда болған. Кемістіктерді анықтау және оларды жою белгісі  ретінде
жер пайдаланудың сыртқы пішіні емес, оның шаруашылықтың  экономикасына,  оны
ұйымдастыруына  тиетін  кері  әсері   қаралады.   Кейбір   жағдайларда   бұл
кемістіктері жою мүмкіндігі болмайды.
    Кемістіктерді жою жобасы бірнеше  қатар  орналасқан  жер  пайдалануларды
қамтиды.   Кемістіктерді   жою   жобасы    шаруашылықтардың    экономикалық,
шаруашылық, жер пайдалану жағдайларына өте үлкен  өзгерістер  енгізеді,  кей
жағдайда шаруашылықтың мамандығын өзгертуде алынатын жалпы өнімінің  мөлшері
өзгеруі   мүмкін.   Сондықтан,   кемістіктерді   түзетуге   арналған   жерге
орналастыру  жобасы  ғылыми  және  экономикалық   негізделуі   тиіс.   Жерді
пайдалану тиімді, алынатын өнімнің нәтижесі жоғары болуы керек.
    Кемістіктерді жою жобасы келесі кезеңдерде орындалады:
    -аудан, немесе, бірнеше шаруашылықты  қамтитын  территорияда  орналасқан
шаруашылықтардың  жер  пайдаланулары  зерттеліп,  олардың  кемістіктері  мен
оларға байланысты жер пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарында  болатын  кедергі
және кемістіктерді жою жолдары анықталады;
    -жобаны құру;
    -жобаны негіздеу (экономикалық есептеулер арқылы жер пайдалануда  болған
өзгерістердің, олардың үлкейуіне немесе  кішірейуіне  байланысты  өзгерістер
қандай экономикалық кіріс әкелді);
    -жобаны қарау, бекіту, жер бетіне шығару.
    Кемістіктерді жою келесі жолдармен шешіледі:
    -шаруашылықтардың  арасында  мөлшерлері   және   сапасы   біркелкі   жер
бөліктерін  өзара  айырбастау  арқылы  (кейде  республикалар   арасында   да
кездесетін жағдай);
    -сапасы мен мөлшері біркелкі емес жер бөліктерімен айырбастау арқылы;
    -жер пайдалануды қайтадан ұйымдастыру арқылы.
    Әр   жағдайда   жер   пайдаланушылар   мен   мүдделі    мекемелер    мен
шаруашылықтардың тілегі есепке алынады.
    Жер пайдаланулардың сапалары  әртүрлі  болған  жағдайда  жер  бөліктерін
айырбастау  келесі  жолмен  орындалады:   мысалы   бір   шаруашылық   екінші
шаруашылыққа 130 га егіс (Е 1) береді, оның б.б. (Б  1)  70,  сол  жер  үшін
екінші шаруашылық біріншіге бонитет баллы (б.б.) 65  жер  учаскесін  береді.
Бұл учаскенің ауданы келесідей анықталады:
    [pic], яғни, 10 га жер көбірек беру керек.
    Қазіргі нарық кезінде осы  проблемаларды  жер  бөліктерін  айырбастамай,
сату-сатып алу арқылы да шешуге болады. (Орналасқан зонасындағы жердің  құны
бойынша).
    Жоғарыда айтылған, кемістіктерді жою тәсілдері әрі қарай ішкі шаруашылық
жерге  орналастыру  жұмыстарында  жалғастыруға   болады:   (а-ш   алқаптарды
трансформациялау, кәсіпорынның мамандығын өзгерту арқылы  тиімділігі  жоғары
ауыспалы егіс енгізу арқылы).
    Жер пайдалануды өндіріске енгізгенде келесі ережелер орындалуы тиіс:
    -қалыптасқан жер пайдалануда, өндірісті ұйымдастыруда, жерді пайдалануда
өзгерістер неғұрлым аз болуы керек;
    -бір  жер  пайдалануды  жақсарту  екінші  жер  пайдаланудың   кемістігін
туғызбауы тиіс;
    -кейбір жер бөлшегін басқа пайдаланушыға тегін бергенде жер  пайдалануды
ұйымдастыру және жерді пайдалану жағдайы қиындалмауы керек;
    -бір жер пайдаланудан екінші жер  пайдалануға  жер  бергенде  тұтас  бір
массивтер нмесе тұтас бөлімшелер берілуі керек.
    Жобаның экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштермен есептелінеді:
    -траснпорттық шығын;
    -учаскелердің өнімділігінің жоғарылауы және төмендеуі;
    -техниканы  тиімсіз  пайдалануға  шығатын  шығындар.  (ішкі   шаруашылық
ұйымдастыру жақсарғанға байланысты);
    Бұл экономикалық көрсеткіште жердің жобаға  дейінгі  және  жоба  бойынша
жағдайлары салыстырыла отырылып тарылады.
    Нег.: 4. [72-79]
    Бақылау сұрақтары:
   1) Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.
   2) Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?
   3) Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер  әсер
      етеді?
   4) Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?


    Дәріс№6. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУ-ЛАРДЫ ҚҰРУ
    Республика территориясының  басым  бөлігінде  ауылшаруашылық  өндіріспен
айналысатын  кәсіпорындар   орналасқан.   Сондықтан   әртүрлі   мемлекеттік,
қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер уческелері ауылшаруашылық  мекемелерінің
үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде  басқа  юридикалық
мәнге ие болады. Енді бұлар  жер  иеленушілік  қалпынан  жер  пайдаланушылық
статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі  экономикалық
және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер  пайдаланушылықтарды
құқықтық тұрғыдан рәсімдеу ic-әрекеттерін қамтиды. Демек, жерге  орналастыру
процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен  бipre  жер  уческесін  белгі  беру,
соңғысының межелерін жер бетіне түcipy және  жер  пайдаланушыға  пайдалануға
құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі  мемлекеттік  органдардың  тиісті
шешімі қабылдау жатады.
    Әртүрлі  өнеркәсіптік,  транспорттық  және  басқа  ауылшаруашылық   емес
объекттерің   орналасуы   өндіргіш   күштерді   орналастыру   принциптерінің
негізінде халықшаруашылық салалардың экономикалық  даму  жоспарлары  бойынша
жүзеге  асырылады.  Бұл  жерге   орналастырудың   міндеті   емес.   Бірақта,
ауылшарушылық емес жер пайдаланушылықтарың нақты орны,  аудандары,  межелері
және кескін  үйлесімдіктері  жерге  орналастыру  арқылы  анықталады.  Бұндай
жағдайда  шаруааралық  жерге  орналастыру  салааралық  сипатқа  ие   болады,
өйткені  жердің  бip  саладан   екіншісіне,   бip   категориядан   басқасына
ауыстырьшуы орын алады.
    Ауылшаруашылық емес объектілер түрлі-түрлі болады. Бұл қазып шығару және
өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, энергетика, транспортты байланыс  және
басқа көптеген (денсаулық сақтау, табиғат  қорғау  т.б.)  салаларға  жататын
құрылыстар мен объектірлер, мекемелер мен  ұйымдар.  Осымен  қатар  бұлардың
жер пайдаланушылықтарының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
    Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша  берілуі
мүмкін.
    Ауылшаруашылық    емес    жер    пайдаланушылықтар    жерді    пайдалану
ерекшеліктеріне, территория реттілігі мен қоршаған ортаға әсер етуіне  қарай
мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады:
    - қалыптасқан  өндіріс  пен  территориялық  реттілігін  бұзбайтын  шағын
ауданды жер учаскелері;
табиғат  пен  межелес  территорияға  зор  әсер  тигізетін  (жер,   су   және
атмосфералық  ластануы,  халықтың  көшірілуі,  ғимараттар   мен   өндірістік
құрылыстардың жойылуы т.с.с.) ipi кәсіпорындарға берілген  кең  ауданды  жер
массивтері;
сызықтық объекілерге (жолдарға, электр  жүйелеріне,  құбырларға,  каналдарға
т.с.с.) бөлінген ұзын пішінді жер уческелері;
су қоймаларының астына бөлінген ipi жер массивтері;
пайдалы кеңдерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.
    Жер заңдары бойынша  ауылшаруашьшық  емес  жер  пайдаланушыларға  учаске
бөлініп берілгенде ауыл  шаруашылықтың  жерге  деген  приоритеті  ескерілуге
тиісті. Бұл  принципті  жүзеге  асыру  үшін  мынандай  бip  қатар  шарттарды
орындап отыру қажетті:
    а)      ауыл шаруашылығын жүpгiзyгe жарамды жерлер, бірінші кезекте, осы
мақсатқа берілуге тиісті;
    е) ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндіріске  жарамсыз
немесе сапасы өте төмен жер танаптарын белгі беру қажетті;
    б)       бұндай  объектілерге  ауылшарушылық  мақсаттағы  жерлер  ерекше
жағдайларда Министрлер кабинетінің Қаулысы мен жер  иеленушілердің  кeлiciмi
бойынша ғана беріледі;
    в)       ауылшарушылық  өндірістің  шығындарьн  жер  алған  кәсіпорындар
мiндeттi түрде өтеуге тиісті;
    г)       сонымен  қатар  олар  берілген  учаскенің  топырағының  құнарлы
қабатын алып басқа  жерлерді  жақсарту  мақсатымен  қолдануға  міндетті,  ал
уақытша бepiлгeн жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін  бұрыңғы  қалпына
келтіруге тиісті.
    Сонымен, шаруааралық жерге орналастырудың міндеті тек жер иеленушіліктер
мен жер пайдалнушылықтарды тиімді түрде ысырапты жұмсауды камтуға тиісті.
    Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру  жөніндегі  жүгізілетін
шаруашылық  аралық  жерге   орналстыру   мынандай   талаптардың   орындалуын
қамтамасыз етуге тиісті:
Берілген  учаске  мақсатына  сай  және  басқа  жер  иеленушілер    мен   жер
пайдаланушырдың мүдделері ескеріле отырып орналастырылады;
Учаскеің ауданы,  пішін  кескіндігі  қойылған  талаптарға  сай,  пайдалануға
ыңғайлы түрде жобаланады;
Берілген жердің тиімді  пайдалануы,  айнала  ортаның  ластанбауы  қамтамасыз
етіледі;
Ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті  сақталады.  Ауылшаруашылық  емес
жер пайдаланушыларды құру  процесі  үш  стадиядан тұрады.
    Бірінші кезең — объектінің орны мен оған берілетін жер  таңбаның  ауданы
жөніндегі  алғашқы  келісімді  жасау.  Жер   алуға   мүдделі   кәсіпорындар,
мекемелер, ұйымдар тиісті  органдарға  (әртүрлі  деңгейдегі  әкімшіліктерге)
сұрап отырған жер учаскесінің ауданы мен  орны  керсетілген  өтініш  жазады.
Осы өтініш бойынша аталған органдар  шешім  қабылдайды.  Бұл  шешімді  негіз
етіп жобалау институттары (ҒӨO  «Гипрозем»)  жобалау-  іздестіру  жұмыстарын
жүргізеді. Жалпы бірінші стадия мынандай іс-әрекеттерді қамтиды:
дайындық жұмыстар;
жобаны жажасау;
жобаны қарап, тексеру және келісу.
    Жер  учаскесін  бөліп  беру  екінші  стадияда  жүзеге  асырылады.   Жоба
бекітілгеннен кейін оған қосымша тағы да  бip  қатар  құжаттар  дайындалады.
Бұлар: жерді рекультивациялау  (пайдаланып  болғаннан  кейін  жерді  алғашкы
қалпына келтіру мақсатымен  топырақтың  құнарлы  қабатын  алу,  сақтау  және
пайдалану) жөніндегі жобаларды жасау, аудандық әкімшіліктің жер беру  туралы
шешімі  және  т.б.  Соңында  бірінші  стадияда  жасалған  жобалык  ұсыныстар
нақтыланып толықтырылады.
    Үшінші стадия - жер пайдаланушылықты рәсімдеу. Жер учаскесін беру туралы
шешім кабылданғаннан кейін жоба (учаскенің межелері) жер бетіне  түсіріледі.
Жер  пайдаланушыға  куәлік  ретінде  (егерде  учаске   тұрақты   пайдалануға
берілсе) мемлекеттік акт тапсырылады..
    Жалпы түрінде ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы
осындай құрам бөлшектерден тұрады:
    а)      берілетін  жер  учаскесінің  (жер   пайдаланушылықтың)   ауданын
анықтау  және негіздеу;
    ә) берілетін уческені орналастыру;
    б)      алынатын жердің алқаптық  құрамы  мен  құндылығын  анықтау  және
осында орналастырылатын объектінің қоршаған  орта  мен  шектес  өндірістерге
теріс әсер етуін айқындап, оған қарсы шараларды белгілеу;
    в)      ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау  және  оларды  өтеу
жолдарын белгілеу;
    г)      жер  иеленушілер  шеккен  залалдардың  түрлері  мен  мөлшерлерін
анықтап, оларды өтеу жолдарын іздестіру;
    д)      топырақтың құнарлы қабатын алып пайдалану  жөніндегі  техникалық
шарттарды дайындау;
    е)      рекультивациялдау жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
    ж)      берілген жерді пайдалану жөніндегі негізгі шарттарды анықтау;
    з) межелес жер иеленушіліктер мен жер  пайдаланушылықтарды  қайта  құру,
реттестіру,  керекті  жағдайларда  өндірістерін   өзгерту,   жұртты   көшіру
жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
    Енді әpбip құрам бөлшегін нақты түрде қаралық.


    6.1 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу.
    Объектінің  бас  планы  мен  орналасу  схемасына  қарай   және   әртүрлі
мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты  салу  тығыздығы
ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы есептеледі.
    Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады.  Соңғыларға
мынандай бірқатар талаптар қойылады.
    Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық  өндіріске  жарамсыз  немесе
сапасы өте төмен жерлердің құрамынан бөлінуге тиісті.
    Екіншіден, бұл ic-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер  мен  жер
пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын,  ішкі  шаруашылық  реттілігін
бұзбауға тиісті.
     Үшіншіден, уческенің  қоршаған  ортаға  теріс  әсер  (эрозияның  өршуі,
топырақтың батпақтануы және ластануы т.с.с) етпеуге тиісті.  Осы  талаптарға
сай вариант ең тиімді болып саналады.
    Жер yчacкeлepiнiң аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы  пландарға
түсіріледі. Көбінесе бұл 1:10000 масштаб, бірақта бұдан  да  ұсақ  масштабты
пландар қолдануы мүмкін.
    Алынатын жердің алаптық құрамы мен құндылығын анықтау.  Бөлінген  жердің
ауданымен 6ipгe оның алтаптық құрамы анықталады. Бұл  жөніндегі  мағлуматтар
жобалық экспликацияға 0,1 га дәлдікпен жазып толтырылады.  Учаскенің  құрамы
алаптардың пайдалануға берілген мерзімі  (тұрақты  түрде,  ұзақ  және  қысқа
мерзімді) бойынша да есептеледі.
    Ауылшаруашылық өндірістің шығынын  анықтау  мақсатымен  берілген  жердің
сапалық құрамы (құндылығы) табылады. Ол ушін топырақты зерттеу,  бонитировка
және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауа қатысты материалдар қолданылады.
    Ауылшаруашылық   өндірістін   шығынын   анықтау   және   өтеу.    Жердің
ауылшаруашылық айналымның тұрақты немесе уақытша тиіс  қалуы  ауылшаруашылық
өндірісті белгілі бip  мөлшерде  шығынға  өкеліп  соғады.  Заң  бойынша  бұл
шығындар  өтелуге  тиісті.  Олардың  келемі   жер   қоныстары   және   жерге
орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті  дайындайтын  нормативтер  арқылы
анықталады. Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері  алынған  жердің  ауданына
теқ жаңа жер учаскелерін игеруге  қажетті  қаржының  көлемінде  белгіленеді.
Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарга 66,8  мың
теңгеден 806,6 мың теңгеге дейін барады (1994ж. бағасымен).
    Жер иеленушілерге  келтірілген  залалдарды  анықтау  және  өтеу.  Жердің
ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер  иеленушілер  бip
қатар залалдарға ұшырайды. Олар: алынған  жерде  орналасқан  ғимараттар  мен
құрылыстар немесе учаскеден  тиіс  орналасқан,  бірақта  пайдалануға  келмей
қалған  осындай  тәріздес  объектілер;  жеміс-жидек  және  басқа   көпжылдық
көшеттер; аяқталмаған өндіріс  (жерді  өңдеуге,  тыңайтқышқа,  тұқым  себуге
және басқа технологиялык картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған  шығындар);
алынбай калған өнім және т.с.с.
    Топырақтың құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалық
шарттарды дайындау. Бұл мәселе жерге орналастыру жобасының  құрамында  бөлек
жұмысшы  жобаны  жасауға  арналған  тапсырма  ретінде  қаралады.  Техникалық
шарттарда  ТҚҚ   алынатын    учаскелердің   аудандары,   құнарлы   қабатының
қалындығы,  оны  пайдалану  жолдары,  уақьпша  1   үйінділердің   орналасуы,
жақсартылуға жататын алаптардың  аудандары,  онда  төселетін  ТҚҚ  қалындығы
және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді.  Қосымша  тиісті
сызбалар жасалады.
    Рекультивация  жүргізу  жөніндегі  техникалық  шарттарды  дайындау.  Бұл
мәселе де жерге орналастыру жобасының  құрамында  қамтылады.  Осы  жөніндегі
шарттарда  бүлінген  жерлерің  аудандары  мен  орналасуы,  олардың   қалпына
келтірілгеннен кейін  (төселетін  TҚҚ  қалындығы,  құнарлы  қабаты  алынатын
танаптардың аудандары т.с.с.)  бүлінген  жерлерді  қалпына  келтіру  мерзімі
айқындалады. Бұған да керекті сызбалар дайындалады.
    Берілген жерді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау.  Бұл  ұсыныстар
жерді  пайдалану   және   қорғау   жөніндегі   мемлекеттік   иснпекторлардың
қорытындысы дайындалып, аудандьқ  әкімшіліктің  шешімінде  көрсетіледі.  Осы
мәселе бойынша табиғат пен қоршаған ортаны қорғау, ауылшаруашылық  алаптарды
сақтап қалу,  жерді эрозия мен басқа  теpic  құбылыстардан  қорғау  шаралары
қарастырылады. Сонымен қатар бұл құжатта мәдени және  тарихи  ескерткіштерің
бүлінбеуi, транспорттық байланыстардың бұзылмауы, басқа жер иеленушілер  мен
жер пайдаланушылардың құқықтарын шектемеуі ескеріледі.
    Межелес жер  иеленушіліктер  мен  пайдаланушылықтарды  қайта  құру  және
реттестіру  жөніндегі  ұсыныстарын  дайындау.  Ірі  жер  учаскелері  алынған
межелес орналасқан жер  иеленушіліктер  мен  жер  пайдалынушылықтарда  қайта
құру,  реттестіру  кейбір  елді  мекендерді,   құрылыстарды   т.с.с   көшіру
қажеттілігі туу мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұсыныстар шаруааралық  жерге
орналастыру схемасы немесе жобасы ретінде дайындалады.
    Ауылшаруашылық  емес  жер  пайдаланушылықтарды  құру  жөніндегі  жобалық
шешімдердің варианттары бір  қатар  техника-экономикалық  және  экономикалық
көрсеткіштер арқылы  салыстырып  бағаланады.  Сол  көрсеткіштердің  қатарына
жерге орналастыpy процесіне қатыстырылған  жер  иеленушіліктердің  саны  мен
құрамы,  әртүрлі  шығындар  мен  келтірілген  залалдардың  мөлшерлері   және
көптеген басқалары жата;ды.
    Негізгі техника-экономикалық көрсеткіш ретінде  берілген  жердің  ауданы
мен құндылығы алынады.
    Нег.: 1. (44-52(;
    Қос.:5 (23-32(
    Бақылау сұрақтары:
   1. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы.
   2. Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құндылығын анықтау.
   3.  Ауылшаруашылығына  жатпайтын  жер   пайдалануларды   құру   жобасына
      ұсыныстар дайындау.
   4. Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды топтастыру түрлері
   5. А/ш жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы қандай құрам бөліктерден
      тұрады?


    Дәріс  №7.   АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА   ЖАТПАЙТЫН   ЖЕР   ПАЙДАЛАНУДЫ   ЖОБАЛАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕСІН ҚҰҚЫҚТАНДЫРУ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ
   1. Ірі гидротехникалық құрылыстар мен  су  қоймаларына  жер  бетін  бөліп
      беруге байланысты шаруашылық аралық жерге орналастыру;
   2. Өнеркәсіп, транспорт және басқа кәсіпорындар мен мекемелерге жер бөліп
      беру   ерекшеліктері;
   3. Елді мекендердің шектерін белгілеу.
    Ірі ш   аруашылық  құрылыстар  мен  су  қоймаларына  жер  бөліп  беру  –
шаруааралық  жерге  орналастырудың  ең  күрделі  міндеттерінің   бірі.   Бұл
бірқатар  жағдайларда  байланысты.  Біріншіден,  ірі  ауданы  алаптардың  су
астында қалуына. Екіншіден, жасалған су қоймалардың айнала   ортаға,  шектес
жер  иеленушіліктер   мен   жер  пайдаланушылықтарға,  олардың   өндірісіне,
әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне. Осы   ықпалдардың  салдарына
қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру  мәселелері  қарастырылады.  Солардың
ішінде:  ауылшарушылық   айналымның   тиіс   қалған   жерлердің   қарастыру,
тұрғындарды көптеген өндірістік құрылыстар  мен  медени-тұрмыс  объектілерін
көшіру, су  баспаған,  бірақта  осы  жағынан  кауіп  төнген  территорияларды
инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету,  межелес  жер  иеленушіліктер  мен  жер
пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.
    Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер ететін территория
бip қатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона -  су  астында  қалатын
немесе мезгілімен су  басып  пайдалануға  жарамсыз  қалған  территория.  Бұл
зонаның межелері судың нормалды  биіктігіне  болып  шығатын  жаға  сызығымен
белгіленеді.
    Жағалардың өзгеру зонасы - жаға бойындағы толқынмен әлсін-әлсін  шайылып
және осыған  байланысты  өзгеріп  отыратын  территория.  Жоба  бойынша  оның
жалпақтығы жағалардан 100 метрдей алынады. Тайыз су зонасы -  тереңдігі  2м.
Аспайтын  су  коймасының  акваториясы.  Бұл  зона  әртүрлі  ауруларға  қарсы
санитарлық  шараларды   жоспарлау,   сонымен   бipгe   ауыл   шаруашылығында
пайдалануға  қолайсыз  немесе  пайдалануға  мүлде   келмей   қалған   жерлер
(көлемдері тым кішкентай, аралдар т.с.с)
    Аталған  зоналардың  барлығы  су  коймасының   жоғары   бетіне   жатады.
Пластикадан төмен қарай да (төменгі бет)  бірталай  өзгерістер  орын  алады.
Өзеннің жайылмасының құрғауына байланысты  суарма  шабындықтардың  аудандары
едеуір қысқарады. Осының салдарынан жергілікті  фауна  мен  флора  да  біраз
қалдырып,  ал  межелес  орналасқан  шаруашылықтардың  өндірістік  жағдайлары
нашарлап кетеді.
    Басқа  зоналардың көлемінде қорғау шаралары жоспарланады. Бұл құнды  жер
учаскелерін,  елді   мекендерді,   өндірістік   объектілерді   сақтап   қалу
мақсатымен жер  үйірмелері  мен  бөгеттер  жүйесін  жобалауды  қамтиды.  Көп
қаражат талап ететіне қарамасатан бұл шаралар кейбір жағдайларда өте  тиімді
болуы мүмкін.
    Соңында ауылшарушылық өндірісті шеккен шығындар мен жер иеленушілер  мен
пайдалнушыларға келтірілген залалардың түрлері, көлемдері және  өту  жолдары
анықталады. Бұл мәселенің мән-мағынасы нақтылы түрде тарауда қаралады.
    Өнеркәсіп транспорт және басқа кәсіпорындардың  жер  пайдаланушылықтарын
шартты   түрде  жердің   атқару   міндеттеріне   және   учаскелердің   пішін
кескінділігіне қарай төрт категорияға топтастыруға болады:
Кең ауданды жер пайдаланушылықтар;
Сызықтық объектілердің жер пайдаланушылықтары;
Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтары;
Қорықтардың және осы тәріздес объектілердің жерлері.
    Біріншілеріне  өнеркәсіп  салаларына  жататын  әртүрлі  кеәсіпорындардың
(фабрика, завод    т.с.с.)  жер  пайдаланушылықтары  кіреді.  Сонымен  бipгe
бұнда  халық  шаруашылығының  басқа   салаларының   объектілеріне   де   (су
қоймалары, АЭС, ГЭС, т.с.с) енеді категорияға қорықтар мен елді  мекендердің
жерлерін жатқызуға болады.
    Жерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөліп беру процесінде  ең  маңызды
мәселелердің   бipi   оны   үнемдеу.   Бірінші   категорияға   жататын   жер
пайдаланушылықтарды  (көбінесе  өнеркәсіп  объектілерінің)  жобалағанда  бұл
мәселе кәсіпорындарды территоиялық-өндірістік кешендерғе (Т0К)  шоғырландыру
арқылы жүзеге асырылады. -өнеркәсіп объектілерін осындай  түрде  орналастыру
оларға берілетін жердің ауданың 15%-ке дейін қысқартуға мүмкшілік береді.
    Екінші санатқа темір және  автомобиль  жолдарының,  электр  жүйелерінің,
каналдардың, құбырлардың т.с.с. жер  пайдаланушылықтары  жатады.  Бұнда  жер
үнемдеу мәселесі аталған  объектілердің  ұзындығы  барынша  қысқарту  арқылы
шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5  мың
га бөлініп отырады.
    Тау-кен  кәсіпорындарына  берілетін  жерлердің  өте  маңызды   пайдалану
ерекшелігі бар. Бұнда негізгі өндіріс  құралы  ретінде  жердің  қойнауындағы
қазбалы    байлығы    пайдаланылады.    Тау-кен     кәсіпорындарының     жер
пайдаланушылықтарына  уақыт  және  кеңістік  аспектілерінде  үнемі   өзгеріп
отыру, пайдалану мерзімнің нақты шектелуі, айнала ортаға зор әсер етуі  тән.
Қазіргі  кезде  пайдалы  кеңдердің  80%  ашьқ  тәсілмен  қазып   өндіріледі.
Қазақстан Республикасында Я.Я. Маульдің болжауы бойынша осы мақсаттарға  жыл
сайын 1,0 сың га жер алынып отырады екен, ал  жалпы  әртүрлі  ауылшаруашылық
емес мұқтаждықтарға 10-13 мың га.
    Төртінші  санатқа  қорықтар,  тарихи-мәдени  жерлер   жатады.   Бұлардың
аудандары мен межелері, алаптық құрамдары мен пішін  кескіндіктері,  олардың
мақсаттары мен мұқтаждықтарына қарай белгіленеді. Қорықтың бүкіл ауданы  екі
зонаға бөлінеді. Біріншісі абсолюттік корықтың жерлер,  екіншісі  шаруашылық
зона. Соңғысында  шектелген  түрде  және  белгілі  мөлшерде  шаруашылық  ic-
әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Қорықтардың жер  пайдаланушылықтары  тұтас,  ал
межелері табиғи  шектрмен  сайма-сай  тыс  жерлермен  қаушу  ұзындығы  қысқа
болуға тиісті.
     Қала шегі деп қалаға берілген жерлердің сыртқы  межелерін  атайды.  Бұл
құқықтық тұрғыдан қарағанда жер пайдаланушылықтың емес, әкімшілік  ауданының
немесе облыстың межелері сияқты әкімшілік-территориялық құрылымның  шекарасы
болып табылады.
    Қала шегін жүргізу және өзгерту процесіне байланысты  жерге  орналастыру
жұмыстары қалалық Кеңесінің  шешімімен  ең  негізінде  жүргізіледі.  Жобалау
тапсырмасында  қала  жерлерінің  құрамы,  қаланың  бас  схема  бойынша  даму
бағыттары, айнала ортаны қорғау жөніндегі жұмыстардың түрлері  және  жобаның
графикалық бөлігін  жасау  масштабы  көрсетіледі.  Жобаның  түсініктемесінде
қала, оның қазіргі шегі және жерлерінің құрамы туралы мәліметтер  қамтылады.
Қала шегі жөніндегі жоба міндетті түрде жері алынған жер  пайдаланушылармен,
жер  иеленушілермен  және  құрылыс,  архитектура  тағы  да   басқа   қатысты
органдармен келісіледі.
      Жалпы алғанда қала  шегіне  кіретін  жерлер  бойынша  жобаның  2  түрі
  жасалады:

қаланы орналстыру және салу жобасы (осыған мақсатталған жерлерде);
қаланың  жер  шаруашылығын   реттестіру   жобасы   (құрылыстарды   жүргізуге
арналмаған және уақытша бос жерлерде).
    Жалпы түрінде аталған құжат мынандай бip қатар іс-әрекеттерді қамтиды:
    а)      демалыс және спорт орындарын орналастыру;
    е) көпжылдық көшеттерді (орман-парктерді, бау-бақшаларды) орналастыру;
    б)      қала  шегіне  кіретін  ауылшаруашылық  кәсіпорындардың  жерлерін
реттестіру;
    в)      саяжай  жергілікті санаториялар мен курорттарды орналастыру;
    г)      қала маңындағы жол тораптарын реттестіру;
    д)      қала жерлерін түрлеріне, жер пайдаланушыларға жататындарына және
пайдалану мерзімдеріне қарай топтастыру.
    Жер  иеленушілер  мен  жер  пайдаланушыларға  келтірілген  залалды  және
ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен  аудандық  әкімшілік
бағалау  комиссиясы  құрылады.  Осы  комиссия  жұмысының   нәтижесінде   акт
жасалады. Бұл акт аудандық әкімшілікте қаралып бекітіледі.  Жер  иеленушілер
мен жер пайдаланушыларға  келтірілген  залалдарды  көлемі  мына  әдістемелік
жүйелікте анықталады: тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыс объектілер және  басқа  да
өндірістік құрылыстар мен ғимараттар баланстық құны  бойынша,  тозғандықтары
ескеріле отырып, бағаланады. Ол  үшiн  мына формула қолданылады:
                                  Зг =Ка-Т;
      бұнда: Зг - құрылыстар мен ғимараттардың қалған құны, теңге;
      Т - олардың қалған эксплуатациялық жарамдылығы. %;
Ка - олардың алғашқы баланстық құны, теңге.
    Табиғат қорғау жөніндегі құқықтық шаралар жүйесінің мазмұны жалпы  түрде
мыналар қамтиды:
азаматтардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері;
айналадағы табиғи ортаны қорғау мен  пайдалануды  басқарудың  органдары  мен
экономикалық механизмі;
айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалауды;
экологиялық сараптаманы (экспертиза);
    шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптарды;
айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды;
хылықтың  табиғатты  қорғауға  қатысы  және  экологиялық  тәрбие  мен  білім
беруді;
лауазымды адамдар мен азаматтардың аталған заңды  бұзған  үшін  жауаптылығын
заңның бұзылғанынан келтірілген залалдарды етеуде.
    Бағалау шкаласы бойынша орта облыстық бонитет балы қолданылады:
                      Борт = Б1 П 1 +  Б2 П 2  +  Бn Пn
                                            П
      бұнда: Борт –бөлінген алаптардың орташа балы;
      Б1, Б2   - бөлінген алаптардың құрамындағы топырақтардың балдары;
П1, П2, Пn - топырақтың аудандары, га;
П – бөлінген алаптардың жалпы ауданы, га.
    Орта облыстық нормативтен бөлінген  нақты  учаскенің  құнына  кешу  үшін
біріншісі түзету коэффициентіне көбейтіледі:
                                Кт = Бн/ Борт
    бұнда: Бн – бөліген нақты учаскенің балы.
    Құрамына әртүрлі алаптар кіретін учаске үшін төлемнің жалпы көлемі  мына
фopмyла арқылы табылады:
            Ш = (П1 х Кт1 x Kci х К) + (П2 х Кт2 х Кс2 х К)....;
      бұнда:
Ш – төлемнің жалпы көлемі, теңге;
      П1, П2 -    алынған алаптардың аудандары, га;
      КТ1, КТ2 -    алаптардың сапасын ескеретін түзету коэффициенттері;
      КС 1,  КС 2    алаптардың суармалы жерлермен теңестіретін коэффициент;
      К - 1 га жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың құны, теңге.
    Бірінші  кезекте  мемлекет  сонымен  бipгe  ауылшаруашылығы   жоғалтатын
кірісті есептеген жөн. Бұл  кірістің  көлемін  анықтауға  Семин  Л.С.,  С.Б.
Ляшенконың формуласын қолайлы деп санайды:
                                Ш = ДхНхАхК;
      бұнда: Д-жылдық таза кipic, теңге/га;
      Н - алынған учаскенің ауданы, га;
      А – шығынды өтеу мерзімі, жыл;
      К  -  жобалау   мерзімде   ауылшаруашылық   өндірістің   тиімділігінің
коэффициенті.
    Бұл бағытта С.А. Ткачук пен Я.Я. Маульдің де еңбектері танымал.  Олардың
пікірінше жер учаскелерін  алуға  мүдделі  кәсіпорындар  мен  мекемелер  осы
жөнінде жер беруге құқығы бар жергілікті  әкімшіліктерге  алдын  ала  өтініш
жолдауға  тиісті.  Бұнда  объекті  салуға  белгіленген  учаскенің  пайдалану
мерзімі, шамамен алғандағы  ауданы  мен  орналасуы  көрсетіліп  негізделеді.
Құжаттар әкімшіліктің қарауына табыс етіліс осы органмен бекітіледі.  Осының
негізінде жобалау - іздестіру жұмыстары қаржыландырылады және жүргізіледі.
    Жоба бекітіліп, салынатын объект құрылыс жоспарына  енгізілгеннен  кейін
мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйым жергілікті әкімшілікке алдын ала  келісілген
жерді сұрап  өтініш жолдайды. Жерді иелену немесе тұрақты  пайдалану  құқығы
мемлекеттік актімен, ал уақытша пайдалану немесе  арендалау  құқығы  шартпен
куәландырылады.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы мынандай  жағдайларда  жүзеге
асырылады деп саналады:
    -   кәсіпорындар   жобада   көрсетілген   мерзімде   берілген   жерлерді
пайдалануға кіріскенде;
    - белгіленген мерзімнің ішінде  жобада  қамтылған  жердің  пайдалануымен
байланысты шаралар жүзеге асырылғанда.
    Нег.: 1. (44-52(;
    Қос.:5 (23-32(
    Бақылау сұрақтары:
      1)  Жер  иеленушілер  мен  жер  пайдаланушыларға  келтірілген  залалды
         анықтау қандай жүйелікте анықталады?
      2) Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?
      3) Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.
      4)  Ауылшаруашылық  өндірістің  шығындарын  өтеу  проблемасы   жөнінде
         теорияларға кімдер үлесін қосты?


    Дәріс№8. ЖЕРДІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
    Жерді  қорғау ұғымы және  оны жүзеге  асыру жөніндегі  шаруааралық жерге
орналастырудың міндеттері;
   1. Жерді қорғаудың негізгі бағыттары;
   2. Рекультивация туралы ұғым;
   3.  Жерді  пайдалануға  құқық  беретін  құжаттарды  рәсімдеу  және  жерге
      орналастыру жерге  орналастыру жобаларын жүзеге асыру.
    Жер-    кеңістікте және сапа жағынан шектелген  табиғи  зат,  өндірістік
ресурс. Оған бас заттарға сияқты бip қатар қасиеттер  тән.  Олардың  ішінде:
топырақ  қыртысы,  өсімдік  жамылғысы,   қойнауы,   сулары   және   кеңестік
қасиеттері. Бұлардың адамзат тіршілігі мен  қоғамдык  өндірісі  үшін  маңызы
бағасыз. Сондықтан жердің бұл қасиеттерін үнемі арттырып отыру  қоғамның  ең
күрделі міндеттерінің бipi.  Бірақта  аталған  мәселені  жүзеге  асыру  үшін
қыруар  қаржы  қажетті,  ал  жерді  қорғау  жөніндегі  шаралар  зор  көлемде
шығындарды талап етеді. Сонда  неден,  қандай  ic-  әсep  мен  құбылыстардың
жерді қорғау керек? Біріншіден, ысырапты жұмсау  мен  таратудан.  Екіншіден,
тиімсіз және ұтымсыз пайдаланудан. Үшіншіден, бү  лінуден,  ластанудан  және
басқа жердің сапасына тepic әсер ететін құбылыстардан.
    Жер мен айнала ортаны қорғау мәселесі жердің пайдалынуын ұйымдастыруымен
өзара байланысты. Сондықтан ол жерге орналастырудың ең маңызды  міндеттердің
бipi болып табылады.  Дұрыс  жобалық  шешімдердің  қабылдануы  тек  осы  екі
меселе бip уақытта және өзара байланысты түрде  қаралғанда  ғана  қамтамасыз
етіледі. Ос  ы  арада  жерді  және  айнала  ортаны  қорғауға  қатысты  жерге
орналстырудың мақсат -міндеттерін қаралық:
    - ұтымды экологиялық тепе-теңдікке  сай  алаптардың  құрамын  қамтамасыз
ету;
 жердің өндірістік қасиеттерін арттыруға қолайлы жағдайларды жасау;
жердің   кеңестік  қасиеттерін  ескере  отырып,  жер  пайдаланушылықтар  мен
олардың межелерін  дұрыс орналастыру;
территориялық айнала ортаға бейімделген реттілігін қамтамасыз ету.
    Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінің  169  бабы  бойынша:  «Жерді
қорғау, оны ұтымды пайдалануға. Ауылшаруашылық айналымның  негізсіз  шығарып
тастауды болғызбауға, зиянды антропогендік  әсерлерден  қорғауға,  сондай-ақ
топырақ құнарлығын, шабындықтардың, жайылымдардың және  орман  қоры  жерінің
өнімділігін қалпына келтіріп арттыруға  бағытталған  ұйымдық,  экономикалық,
құқықтық және басқа шаралар жүйесін  қамтиды».  Кодекстің  осы  бөлінің  176
статьясында республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес  жүргізілетін
жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет  қаржысы  есебінен,  ал  жер
иеленушілер мен пайдаланушыларға берілген  нақты  жер  учаскелерін  жақсарту
жөніндегі жұмыстар соларды қаржы есебінен жүзеге асырылады делінген.
    Жердің  пайдалануы мен қорғалуы зор  мемлекеттік  және  қоғамдық  міндет
болып табиғи мемлекеттік  тарапынан  бұны  жергілікті  әкімшіліктерің  жерге
орналастыру қызмет та  биғат қорғау органдары және арнайы уәкілдік  берліген
басқада органдар жүзеге асырады.
    Өзгерістерді уақтылы  анықтап,  оларға  баға  беру,  келеңсіз  процестер
зардаптарының алдын алу     мен оларды жою үшін жер қорының жайын  кадағалап
отыру жүйесі жер мониторингі  деп  аталады.  Жер  мониторингінің  құрылымын,
мазмұнын және жүзеге асырылуы тәртібін Министрлер кабинеті белгілейді.
    Жалпы  алғанда жерді қорғау жөніндегі шаралар  үш  бағытта  жүргізіледі.
Олар:  құқықтық  экономикалық  және  техникалық.  Егерде  біріншілері  жерді
қорғау жөніндегі шаралардың құқықтық және экономикалық негіздерін  қамтамсыз
етсе, соңғысы ол шаралардың жүзеге асырылуының нақты жолдары  мен  әдістерін
қарастырады.
    -  қайтара жер пайдалану үшін төлем;
экологиялық тұрғыдан таза жер пайдалануды ынталандыру үшін төлем;
ауылшаруашылық өндірістің территориялық реттілігі бұзылғаны үшін төлем.
    Әрине, басқа ұсыныстар да баршылық бірақта біздің ойымызша,  осының  өзі
проблеманың шешілуін жеткілікті түрде қамтамасыз етуге тиісті.
    Жалпы алғанда, экономикалық шаралардың түпкі  мақсаты  жерлердің  ұтымды
және тиімді пайдалануын ынталандыру.
    Құқықтық және экономикалық  бағыттағы  шаралар  жерді  қорғау  жөніндегі
техникалық шаралар құқықтық және экономикалық алғы шарттарды жасайды.  Нақты
техникалық шаралар арқылы бүкіл жерді қорғау жөніндегі  ic-әрекеттер  жүзеге
асырылады. Осы мақсатпен әртүрлі шаруааралық жобаларда  мынандай  бip  қатар
техникалық шаралар ескеріледі:
жаңа   жерлер   ауыл   шаруашылық   айналымға   енгізілгенде    экономикалық
тепетеңдіктің бұзылмауы қамтамасыз етіледі;
  жер иеленушіліктер  мен  жер  пайдаланушылықтардың  ұтымды  орналасуы  мен
тиімді алаптың құрамы іздестіріледі;
жер иеленушіліктер  мен  жер  пайдаланушылықтардың  межелері  эрозияға  және
басқа қолайсыз құбылыстарға қарсы бағытталған талаптарға сай жүргізіледі;
суармалы алқаптарды орналастырғанда  олардың  туздануы   және  т.с.с.  теріс
ықпалдарға ұшырауы ескеріледі;
шаруашылық орталықтар және басқа өндірістік объектілер экологиялық  талаптар
ескеріле отырып орналастырылады;
тағы да басқа көптеген осылар тәріздес  және  осы   мақсаттағы  ic-әрекеттер
ескеріледі.
    Бұл тек шаруааралық жерге орналастыруда қамтылатын шаралар.
    Сонымен жалпы  алғанда,  жерді  қорғау  -  бұл  ұйымдастыру  шаруашылық,
құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа жерді сақтап  қалуға,  қалпына
келтіруге, утымды  пайдалануға, талан-тараждан қорғауға бағытталған  шаралар
жүйесі.
     Жер әртүрлі ауыл шаруашылық емес мақстатарда  пайдаланылғанда  оның  ең
құнды құнарлы қабаты бүлінуі мүмкін. Бүлінген жер - адамның  өндірістік  ic-
әрекетінің салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан, айнала  ортаға  ықпал
тигізетін жер учаскелері.
    Жер кодексінің 170 бабында  «Жер  иеленушілер  мен  жер  пайдаланушылар,
соның ішінде  арендаушылар  топырақ  құнарлығы,  сондай-ақ  жерің  басқа  да
қасиеттерін қалпына келтіру мен арттыруды жүзеге асырады»  делінген.  Осымен
қатар олар, бұл статья бойынша бүлінген жерлерді рекультивациялауға тиісті.
    Рекультивация - бүлінген жерлдердің  биологиялық  өнімділігі  мен  халық
шаруашылық құндылығын  бұрынғы  қалпына  келтіруге  бағытталған  инженерлік-
техникалық, мелиоративтік, агоротехниаклық және  т.с.с.  шаралардың  кешені.
Сонымен  қатар  рекультивацияның  міндеттеріне  айнала  ортаның   халахуалын
жақсарту да  кіреді.  Рекультивацияға  карьерлер,  олардың  үзінділері  және
сондай көптеген жерлер жатады. Алғашқы қалпында келтірілген  жер  учаскелері
ауыл  шаруашылық  алаптарға,  ормандарға,  су  қоймаларына  немесе   демалыс
зоналарына айналдырылуы мүмкін.  Ондай мақсаттарға жарамсыз  жерлер  әртүрлі
құрылыс жүргізуге пайдаланылады.
    Рекультивация жөніндегі жұмыстар екі кезекте жүргізіледі:
а) техникалық рекультивация;
е) биологиялық рекультивация.
    Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін  қалпына  келтіріп
биологиялық рекультивацияға  осы  жағынан  жағдай  жасау.  Бұл  кезек  жерді
тегістеуді,  керекті  жағдайларда  химиялық  мелиорацияны  жүргізуді,   жол,
гидротехникалық  және  басқа   инфрақұрылымдарды   қалыптастыруды   қамтиды.
Биологиялық рекультивацияның міндеті жердің құнарлығын қалпына  келтіру.  Ол
үшін әртүрлі агротехникалық, фитомелиорациялық  шаралар  жүргізіледі.  Соңғы
мақсаты сол  жердің  флора  мен  фаунасын,  шаруашылық  өнімділігін  қалпына
келтіру.
    Нег: 1. (44-52(;
    Қос: 5 (23-32(
    Бақылау сұрақтары:
      1. Жерді қорғаудың негізгі бағыттары.
      2. Рекультивация туралы ұғым.
      3. Жерді пайдалануға құқық беретін  құжаттарды  рәсімдеу  және  жерге
         орналастыру, жерге  орналастыру жобаларын жүзеге асыру.


    Дәріс №9. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ  ЖЕРГЕ  ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ  МАЗМҰНЫ  ЖӘНЕ  ШЕШЕТІН
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
    9.1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру
    Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың бір түрі.  Оның
жобалау объектісі – ауыл  шаруашылық  өндірісімен  айналысатын  кәсіпорынның
иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері,  оны  территориялық
ұйымдастыру.
    Ішкі   шаруашылық    жерге    орналастыру    дегеніміз    ауылшаруашылық
кәсіпорындарының өндірістік территориялық  ұйымдастыру  шараларының  жүйесі:
жерді, адамдардың еңбегін, а/ш  техниканы  тиімді  пайдалану  үшін,  топырақ
құнарлығын қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының  тұрмысын  жақсарту
үшін.
    Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында мына мәселелер шешіледі:

    1) Топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту.
    2)  Ауылшаруашылық  алқаптарды  неғұрлым  жақсы   пайдалану   жыртылатын
жерлерді неғұрлым интенсивті пайдалану.
    3) Эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету.
    4)  Суарылатын    жерлерде    топырақтың    тұздалмауына    ирригациялық
эрозияның болмауына әсер ету.
    5) Мәдени ландшафтарды қорғау және жаңадан құру.
    6) Жерді пайдалануда бос қалған жерлердің  болмауына  және  шаруашылықты
ұйымдастырудың  прогрессивтік,  ғылыми  негізделген  жүйелерін  еңгізу  үшін
ұйымдастыру территориялық жағдай жасау.
    7) Адамдардың жұмыс істеуіне, дем  алуына,  тұрмысын  жақсартуға  жағдай
жасау.
    Ішкі  шаруашылық  жерге  орналастыру  жобасының  мазмұны   табиғи   және
экономикалық жағдайларға  және  шешілетін  сұрақтарға  байланысты  әр  түрлі
болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге орналастыру  жобасының  келесі
шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:
   1. Өндірістің бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру.
   2.  Ішкі  шаруашылық  жолдарды,  су  шаруашылық  немесе  басқа  инженерлі
      ғимараттарды орналастыру.
   3. Ауылшаруашылық алқаптарды ұйымдастыру.
   4. Ауыспалы егіс жерлерін және олардың терреторияларын ұйымдастыру.
   5. Жеміс-жидек және жүзімдіктер терреториясын ұйымдастыру.
   6. Мал азықтық алқаптардың терреториясын орналастыру.


    9.2 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы.
    Негізгі құрамдары. Элементтері.
             1.     Өндіріс  бөлімшелерін   және   шаруашылық   орталықтарын
орналастыру. Өндіріс бөлімшелерінің құрамын, санын және мөлшерін белгілеу.
    Орналастыру:
    - шаруашылық орталықтарын;
    - өндіріс бөлімшелерінің жер массивтерін.
             2.     Ішкі  шаруашылық  жолдарын,  су  шаруашылық  және  басқа
инженерлік ғимараттарды орналастыру.
    Орналастыру:
    - ішкі шаруашылық жолдарын;
    - жалпы шаруашылық объектілері мен территориялық инженерлік;
    - жалпы шаруашылық инженерлік объектілерін.
             3.     Ауылшаруашылық  алқаптары  ұйымдастыру.   Ауылшаруашылық
алқаптарын трансформациялау, өндеу және орналастыру.
    Ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өзара қатынасын бекіту және  оларды
орналастыру.
             4.     Ауыспалы   егістік   жүйелерін   ұйымдастырып,   олардың
территорияларын орналастыру Ауыспалы егістіктердің түрін  (типтерін)  санын,
көлемін таңдап алу.
    Орналастыру:
    - ауыспалы егістік жер бөліктерін орналастырып, оларды бригад. бекіту;
    - ауыспалы егістік танаптарын орналастыру;
    - танап қорғау орман жолақтарын;
    - танаптық жолдар;
    - далалық стан және  автолық қызмет көрсету алаңдары.
              5.      Жеміс-жидек   егістері   территорияларын   орналастыру
Орналастыру:
    - породалары мен сорттарын;
    - кварталдары мен бригадалық учаскелері (жүзімдіктер үшін-клеткалар);
    - жолдарды, қорғау орман жолақтарын, көмекші шаруашылық орталықтарын, су
көздерін, суландыру және құрғату жүйелері;
    - жидектер өсетін территориясына орналастыру;
    - жеміс және жүзімдіктер питомниктарының территориясының орнын  белгілеу
орналастыру.
             6.     Мал  азықтық  алқаптардың   территориясын   орналастыру.
Жайылымдарды ферма немесе мал топтарына бекіту.
    Ауыспалы жойылымды ұйымдастыру және олардың танаптарын орналастыру.
    Орналастыру:
    - гурттық (отарлық) жерлерді;
    - жазғы лагерлердегі әр жайылу қоршауларын;
    - мал өтетін жолдар;
    - су көздерін және су  ішетін пунктлер.
    Ауыспалы   шабындықтарды   ұйымдастыру   және   олардың    территориясын
орналастыру (танаптарды, жолдарды).


    9.3 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыстарындағы дайындық жұмыстары.
    Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын  негіздеу  үшін  шаруашылықтың
жерін  мінездемелейтін  құжаттар  мен  материалдар  жиналуы  керек:  қазіргі
кездегі  қалыптасқан  территориясының  орналасуы;   шаруашылық   салаларының
қазіргі  кездегі  жайы  және  әрқарай  дамуы  жайындағы   деректер.   Барлық
деректерді дайындық жұмыстары арқылы жинап алынады.
    Камералдық дайындық жұмыстарына деректерді,  құжаттарды  жинау,  жүйелеу
және зерттеу жұмыстары жатады.
    Мына құжаттар жиналады: пландық-картографиялық, жер-кадастрлық,  зерттеу
материалдары салалардың экономикалық жайы  жайында  деректер,  шаруашылықтың
орналасқан  запасының  агроклиматтық  жағдайы  жайында,  шаруашылық  әрқарай
дамуы,  территориясының  орналасуы  (организация)   жайында   перспективалық
болжамдар, бұрыңғы жасалған жобалар және т.б.
    Пландық-картографиялық  материалдар  -  жер  иелігінің  планы,   әртүрлі
зерттеу  жұмыстарының  сызбалары   (топырақ,   топырақ-эрозиялық,   топырақ-
мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.)
    Жер иелігінің (жер пайдаланудың) планы – жобалау жұмыстарының техникалық
негізі.
    Рельефі  күрделі  жерлерде  пландар  горизонтальдарымен   болуы   керек,
егістіктер қартасы болуы керек.
    Аудандық немесе шаруашылық жер-кадастрлық кітаптар  арқылы:  жер  иелігі
бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу  жұмыстары,  топырақты
бонитировкалау  және  жерге  экономикалық  баға  беру  жайында   материалдар
жиналады.
    Елді мекендегі  халқының саны (оның  ішінде  жұмысқа  жарайтын  адамдар)
жайында және үй қасындағы жерлер жайында анықтамалар жиналады.
    Табиғат жағдайы жайында  пландық  картографиялық  материалдарға  қосымша
әртүрлі зерттеу және ізденіс жұмыстарының  материалдары  жиналады  (топырақ,
геоботаникалық, орман-мелиорациялық, су шаруашылық және т.б.).  Бұл  зерттеу
жұмыстарының  жүргізілген  уақыты,  сапасы,  олардың  жобалауда  жұмыстарына
жарайтындылығы  анықталады,  және  қосымша  қандай  зерттеу   және   ізденіс
жұмыстарының керек екендігі анықталады.
    Топырақ зерттеу материалдар бойынша топырақ жамылғысының (покров) физико-
химиялық   қасиетін   горизонттардың   қалыңдағын,   механикалық    құрамын,
сортаңдылығың  және  сортаңдалануын,  зерттейді  топырақтың   агроөндірістік
группаларын және  оларды  пайдалану  жайында  рекомендациялар  (ұсыныстарды)
зерттейді.
    Эрозиялы  жерлер  болса  оларға,  қосымша  топырақ-эрозиялық  зерттеулер
жасалып, эрозияға шалыну қауіпі  бар  жерлердің  көлемі  анықталып,  топырақ
сақтау әрекеттері белгілеледі.
    Геоботаникалық зерттеу материалдары арқылы шабындықтар мен жайылымдардың
әр түрлерінің,  сезондық жайымлымдардың  өнімділіктері  зерттеледі,  олардың
мал өсіруде қайсысын қай малға  тиімді  пайдалануы  жайында  рекомендациялар
беріледі.
    Жол зерттеу жұмыстарының материалдағы арқылы жолдардың (ортақ және ішкі)
жүк тасымалдылығын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жамылғысының  түрін,  жол
ғимараттары жайында жолдарың мінездемелері беріледі.


    9.4 Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.
    Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын  зерттеу  үшін  және
әрқарай даму жолдарын білу үшін соңғы өткен үш-бес жылдың жылдық  есеп  беру
көрсеткіштері зерттеледі. Келешек 5-10 жылдық әлеуметтік  және  экономикалық
дамуы жайында жоспарлар  қаралынады.  Осы  зерттеулер  арқылы  шаруашылықтың
жағдайын мінездемелей мына деректер жиналады:
    - өндіріс мамандығы  және  РАПО  (райондық  агроөндірістік  бірлігіндегі
(ААӨБ) шаруашылық аралық байланыстары жайында құрамында атқаратын міндеті;
    -  егістік  көлемі,  егістік   құрамы,   органикалық   және   минералдық
тыңайтқыштар енгізу, дала жеміс-шөп өсімдіктері  көпжылдық  өсімдіктер  және
мал  азықты  а/ш  пайдаланулар,  өсімдік  шаруашылығының  өнімі   және   оны
пайдалануы;
    - мал  басы  түрімен,  породосы  және  жастары  бойынша  топтары,  өрісі
структурасы,   азықтың    жеткіліктілігі,    малдардың    өнімділігі,    мал
шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;
    - көмекші салалардың барлығы даму көрсеткіштері;
    - өндіріс салалары, өндіріс  бөлімшелері,  елді  мекендер  бойынша  адам
еңбегінің жеткіліктілігі (трудообеспеченность);
    - техниканың барлығы, оны пайдалануды ұйымдастыру түрлері, мал,  өсімдік
және көмекші салалардағы негізгі жұмыстардың механикаландыруы;
    -  тұрмыс,  мәдени-тұрмыстық  және  өндірістік  құрылыстардың   барлығы,
жағдайы (состояние) және құны, басқа да территорияны инженерлік жабдықтау;
    - энергиямен қарулануы, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны,  ақшалай
кіріс, оны бөлу, өндіріске жұмсалған қаржы, еңбек ақы.
    Аудандық жерге орналастыру схемасын және басқа болжау, жобалауға дейінгі
жасалатын  схемаларды  зерттеп,  олардың  қолдану  жайын  тексеріп,  керекті
көшірмелер жасалады.
    Территориялы инженерлік жабдықтау  (мелиорациялық,  орман-мелиорациялық,
елді мекенді пландау және салу, т.б.)  жобалары,  немесе  мәдени-техникалық,
эрозияға  қарсы  және  басқа   шаралар   бойынша   техно-жұмыс   жобаларының
копияларын, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті  деректерді  жазып  алу
керек (кейін территорияны орналастырғанда пайдалану үшін).
    Осы камералдық  дайындық  жұмыстарында  жиналған  материалдарды  зерттей
отырып, далалық жұмыстардың көлемін, мазмұнын анықтайды.


    9.5 Далалық дайындық жұмыстар.
    Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі,  камералдық  жиналған
материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.
    Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның  іс  жүзінде
қалыптасқан   жайын   анықтап,   жобалау   авторларының   жер   пайдаланудың
территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен  танысу.  Бұл  жұмыс  жобалау
институтының  мамандары   және   жерге   орналастыру   жұмысы   жүргізілетін
шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.
    Шаруашылық аралық жерге орналастыру  жұмыстарының  шешетін  сұрақтарына,
оның мазмұнына, түріне, жобалау жұмыстарының  көлеміне  байланысты  жинайтын
материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы өзгереді.
    Кейбір ауыл шаруашылық тық емес жер пайдалануда  бөлгенде  қосымша  мына
құжаттар  жиналады:  бөлінетін   учаскеде   пайдалы   қазбалардың   барлығы;
объектісінің орналасу схемасы:  әр  жыл  бойынша  салу  кезегі  көрсетілген,
объектінің генералдық планының схемасы; құрылысты қаржылау құжаты.
    Жиналған зерттеу, ізденіс және  жобалау  материалдарын  зерттей,  талдай
келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.
    Дала ізденісінің нәтижесі  әр  жер  иесі  және  жер  пайдалануы  бойынша
актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады.
    Сызбада ізденістің барлық элементтері мен детальдары  түсіріледі,  басқа
жер иелеріне және жер пайдаланушыларға берілетін жерлер көрсетіледі.
    Камералдық және даладық ізденіс жұмыстарының  нәтижелері  бойынша  ш.а.ж
орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз  қаралып  (уточняется),
жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен  жер  пайдаланушылардың  әрқайсысы
бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.
    Жобалауға тапсырма І. Дайындық жұмыстары  материалдары  бойынша  жобалау
ұйымы,  тапсырма  беруші  және  жерге  орналастыру  жұмыстары   жүргізілетін
объектілердің мамандарының қатынасуымен шаруашылық аралық жерге  орналастыру
жобасын жасауға тапсырма тағайындайды.
    ІІ. Жобалауға тапсырма жер иелері, жер  пайдаланушылар,  мекемелер  және
үйымдар,  өкіметтің  компетентті  органдарымен   келісе   отырып   жасалады.
Жобалауға  тапсырманы  заказ  беруші  бекітеді.  Міндетті   түрде   тапсырма
Госкомзем мен келісуде жасады.
    ІІІ. Жобалауға тапсырма өзінің бекітілген формасы бойынша жасалады.
    Нег: 1. [64-72], 2. [77-84].
    Бақылау сұрақтары:
    1) Шаруашылық аралық жерге орналастыруға түсінік бер.
    2). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісін ата?
    3). Қазіргі кездегі  шаруашылық  аралық  жерге  орналастыру  қандай  іс-
әрекеттерден тұрады?
    4). Шаруашылық аралық жерге орналастырудың эконмикалық мәні неде?
    5).  Жер иелену және жер пайдалану жүйесіне анықтама бер.


    Дәріс№10. ӨНДІРІС БӨЛІМШЕЛЕРІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОРТАЛЫҚТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ.
    10.1 Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын ұйымдастыру
    Қаралатын сұрақтар:
    І.  Өндіріс бөлімшелерінің санын және мөлшерін анықтау.
    ІІ. Өндіріс бөлімшелерінің жер алабын және шаруашылық орталықтарын
орналастыру.
    ІІІ. Шаруа қожалығының жер пайдалануында осы сұрақтарды шешу. Көптеген
ірі шаруашылықтарды ұйымдастыруда шаруашылық құрылысдарын келесі типтерге
бөлуге болады:
    1) территориялық; 2) салалық; 3) аралас
    Құрылым бөлімшелері ретінде реформаға дейінгі болған бөлімшелерді,
өндіріс учаскелерін, бригадаларды, цехтарды және реформадан кейінгі:
құрылған арендалық және командиттық басқару және аралас құрылымдарды алуға
болады.
    Аралас құрылымдар дегеніміз бұрыңғы традициялық және жаңадан пайда
болған құрылымдардың  аралас қолданылуы
    Құрылымдар екі-үш сатылы болуы мүмкін:
    1.      ауылшаруашылық мекемесі - өндіріс учаскелері (бөлімшелер) –
бригадалар;
    2.      ауылшаруашылық мекемесі - цехтар – бригадалар;
    3.      кооперативтер;
    4.      кіші өндірістер;
    5.      арендаторлар тобы.
    Бөлімшелерге тек қана осы бригадаларда жұмыс істейтін жұмысшылардың жері
және мүлкі ғана кіріп қоймай, басқа да салаларда жұмыс істейтін адамдардың
жер бөліктері кіруі мүмкін (өндіріс және қоғамдық цифраструктураларды).
    Шаруашылықтағы өндіріс бөлімшелерінің саны, мөлшерлері, мына
көрсеткіштерге әсерін тигізеді:
    - шаруашылық орталықтарын салуға, пайдалануға эксплуатация жұмсалатын
қаржының мөлшеріне;
    - басқаруға ыңғайлылығына;
    - әкімшіліктік басқару аппаратына жұмсалатын қаржының мөлшеріне;
    - адамдарға дұрыс мәдени-тұрмыстық жағдай жасауға.
    Сондықтан бұл мәселені шешер алдында елді  мекендердің санын, оларда
қанша адамдар тұратындығын, су мен қамтамасыздығын, транспорт және байланыс
жүйелерінің дамығандығын, транспорттың өту жағдайлары жақсылап зерттеуге
тиіс.
    Өндіріс бөлімшелері тым үлкен, немесе тым кіші болмай, көптеген
өндірістік факторларға байланысты ең үлкен экономикалық нәтиже беретін
мөлшерде жобаланулары тиісті.
    Өндіріс бөлімшелерінің мөлшеріне көп факторлар әсер етеді


              Өндіріс бөлімшелерінің жобамен тиімді мөлшерлері.
|№      |Бөлімшелердің         |Ауылшаруашылы|Жыртылған жер             |
|       |өндірістік типтері    |қ алқаптардың|                          |
|       |(түрлері)             |мөлшері,     |                          |
|       |                      |мың га       |                          |
|       |                      |             |барлығы     |о.і. негізгі|
|       |                      |             |            |дақылд. (мал|
|       |                      |             |            |басы)       |
|1.     |Дәнді-дақылдық:       |             |            |            |
|       |- Қазақстан           |5-12         |            |            |
|       |далаларында           |             |            |            |
|       |- басқа зоналарда     |3-5          |            |            |
|2.     |Көкөніс               |             |2.5-3       |0.6-1       |
|3.     |Қызылша               |             |1.0-1.6     |0.4-0.6     |
|4.     |Мақта                 |             |1.4-2       |0.9-1.3     |
|5.     |Күріш                 |             |2-3         |1.2-1.8     |
|6.     |Темекі                |             |1-1.5       |0.2-0.3     |
|7.     |Бау-бақша, жүзімдік   |             |0.5-1       |0.3-0.5     |
|Мал шаруашылықтық бөлімшелер                                           |
|   |Қой шаруашылық            |20-50        |1.4         |10-20 мың   |
|   |                          |             |            |бас қой     |
|   |Ірі қара мал              |16-18        |2-5         |            |
|   |Шошқа љсіру               |1-5-7        |1-4.5       |            |
|   |                          |мал басы     |            |            |
|   |ІҚМ (КРС)                 |20-400       |            |            |
|   |Молодняк                  |400-800      |            |            |
|   |Шошқа                     |80-100       |            |            |
|   |                          |свиноматки   |            |            |
|   |Откорм (шошқа)            |1500-4000 бас|            |            |
|   |Қой                       |3-5 мың бас  |            |            |


    Әртүрлі типті және зонада орналасқан  шаруашылықтар  үшін  бөлімшелердің
саны 3-5 болуы ұсынылады.
    Таблицада көрсетілген  бөлімшелердің  мөлшері  тек  қана  мысал  ретінде
берілген.
    Әр  нақтылы  табиғи  және  экономикалық  жағдайға   байланысты   өндіріс
бөлімшелерінің мөлшері әртүрлі болуы мүмкін.
    Бөлімшелердің мөлшерін, санын  анықтағанда  онымен  қатар  бөлімшелердің
айнала-сатып мамандығы да белгіленеді. Ол шаруашылықтың өндірісінің  типтері
байланысты болады. Егер шаруашылықта табиғи жайылым  және  жақсартылған  мал
азықтың алқаптар көп болса, мал  қоралар,  олардың  баланстық  құны  жоғары,
өздегі сиымды болса, квалификациялы кадрлар  болса,  су  болса  мал  өсіруге
болады. Мысалы қой, жас ірі қара мал, жылқы. Ал шошқаны өсіру үшін оған  көп
концентратты жем керек, сондықтан бұл жағдайда  а/ш  алқаптарының  құрамында
жыртылған жер көп болуы керек.
    Шөлді далада көбінесе қой өсіріледі.  Қой  шаруашылықтарының  жерлерінде
аз болады. Өйткені қой көбінесе жайылымда болады.
    Геоботаникалық зерттеу жүргізіле отырып, жайылымның өнімділігі
анықталады, жаздың қыстық орындары белгіленеді. Әр бөлімшенің жерлерінің
шегарасы, қойшылардың бригадаларының орталықтары анықталады.


    10.2  Өндіріс  бөлімшелерін  және  оның   орталықтары   шаруашылық   жер
массивінде орналастыру
    Өндіріс  бөлімшелерін  орналастыруды  жобалау  жұмыстарын  жүргізгендегі
қойылатын ең басты талап:
    - өндіріс бөлімшесінің жеріндегі ауыл шаруашылық алқаптардың құрамы, ара
қатынасы жоба бойынша есепке алынған уақытта белгіленген  бөлімшедегі  еңбек
ресурстарының мөлшері, бөлімшенің мамандығына және салалар  ара  қатынасына,
белгіленген мал басын азықпен қамтамасыз етуге сәйкес болуы керек;
    - бөлімшенің жер массиві біртұтас, конфигурациясы дұрыс;
    - шаруашылық орталықтары мен негізгі ауылшаруашылық  алқаптарның  арасы
      жақын болуы керек.
    Табиғи және мал азықтың ауыспалы  егістіктерден  алынатын  мал  азығының
балансын құра  отырып  жобалаушының  өндіріс  бөлімшелері  арасында  әртүрлі
өнімділі ауылшаруашылық алқаптардың дұрыс бөлгенін анықтауға және  тексеруге
болады.
    Әр бөлімшеге, оның шаруашылық орталығына  жақын  жатқан  жерлер  берілуі
тиіс.
    Шаруашылық орталықтары оның жерінің  ортаңғы  кезінде  орналасуы  керек.
Егер  шаруашылық  орталығы  оның   жерінің   ортаңғы   кезіне   орналаспаса,
транспорттың тасымал шығыны көбейеді,  ал  көліктік  шығын  өнімнің  өзіндік
құнын жоғарылытады.
    Шаруашылық бөлімшелерінің жерлерінің сапасы әртүрлі болса, топырақтардың
бонитет баллына байланысты әр бөлімшеге оның жерінің сапасына қарай  әртүрлі
өсімдік өнімділігін әртүрлі жобалау керек.
    Ыңғайына қарай жерлерінің шегаралары табиғи (өзен,  жыра)  және  жасанды
(жол, канал) ғимараттар арқылы өткені дұрыс.  Жер  бөлігі  өзен  немесе  жол
кесіп  өтсе  ол  ыңғайсыздыққа  әкеледі:  Жерді  өңдеу,  суару   қиындалады.
Егістіктің жері тұтас және үлкен болғаны жақсы,  ең  кіші  дегенде  ауыспалы
егістіктің бір танабы орналасатындай болғаны жақсы.
    Ашық далалы жерлерде, ірі жыртылған массивтерде  өндіріс  бөлімшелерінің
шегаралары түзу сызық ретінде,  ыңғайына  қарай  бір-біріне  параллель  және
перпендикуляр   жүргізіледі.   Өйткені   тікбұрышты,    төртбұрышты    кейін
танаптарға, шаруашылық учаскелеріне  бөлгенде,  олар  дұрыс  конфигурациясы,
механикалық өңдеуге  ыңғайлы болады.
    Рельефтің  күрделі  жерлерінде  шаруашылық   бөлімшелерінің   шегаралары
суайырық (водораздел), тольвег, жыралар арқылы жүргізіледі.
    Шаруашылық   бөлімшелерінің  саны,   олардың   орталықтарының   мөлшері,
орналасуы жобалау жолында бірнеше вариантта жасалады да, олардың  ішінен  ең
тиімді деген вариант таңдалып  алынады.  Варианттарды  салыстыру  бір,  жоба
бойынша алынған, уақытқа жасалады.
    Жобалау ең бір тиімді деген вариантты қараудан басталады.
    Көбінесе бұл  қазіргі  кезде  қалыптасқан  территориялық  ұйымдасу.  Бұл
варианттың  өндірістік,  инженерлік-құрылыстық  қоғамдық  және   экологиялық
талаптарға сәйкестігі анықталады. Қазіргі  кезде  қалыптасқан  және  жаңадан
жобаланған варианттар технико-экономикалық, экологиялық көрсеткішкер  арқылы
бір-бірімен салыстырылады.
    Бұл жобалау мәселесін шешуге көбінесе келтірілген (приведенные  затраты)
шығындар қолданылады  келтірілген  шығындар  бір  уақыттың  және  әр  жылдық
шығындардан  тұрады  тұрғын  үй.   Бір   уақытта   шығын,   мәдени-тұрмыстық
өндірістік үйлер мен ғимараттарды,  инженерлік-коммуникациялық  ғимараттарды
жол салу бағасынан тұрады, ал әр жылдық-транспорттық, әкімшілік  -  басқару,
тұрғын  және  өндірістік   зоналарды   инженерлік   ғимараттарды   пайдалану
(эксплуатация), амортизациялық шығындардан тұрады.
    Варианттарды салыстырғанда  малды  айдау  радиустары  аралықтары,  суару
жағдайлары жақсы болуы керек. Малдың қырылу, арықтау,  өнімділігін  азайтуға
шалдыратын жағдайларды болдырмауға варианттар қабылданады. Кейде  шаруашылық
орталықтары ретінде далалық стан, жаздық  лагерлер  орналастырылды.  Жаңадан
құрылыс жүргізу тек қана өндіріске байласнысты болмайды, қазіргі  кезде  бар
өндіріс ғимараттарын түгел пайдалануға да байланысты.  Жағдайға  қарай  жаңа
құрылыс жүргізгенше, бұрыңғы құрылыста толық, тиімді пайдаланған  жөн.
    Бір уақыттағы шығынды есептеу үшін:
    1.      жаңа құрылысты жүргізу құны;
    2.      қазіргі кездегі бар ғимараттардың қалдық құны;
    3.      физиқалық және моральдық тозуы  анықталады.  Бұл  көрсеткіштерді
«Шаруашылықтың негізгі фондын» бағалау  материалдарынан  алуға  болады.  Бір
жылдық шығынын көбінесе ұлғайтатын көрсеткіш – көліктік  шығындар.  Көліктік
шығындарға жататындар:
    1. Шаруашылық ішіндегі тасымалдау (даладан шаруашылық орталықтарына және
кері);
    2. А/ш машиналарын және құралдарын айдау және тасымалдау;
    3. Жұмысшыларды жұмыс орнына және кері тасу;
    4. Шаруашылық басшылары мен мамандарды тасу;
    5. Малды бір жерден екінші жерге айдау;
    6. Өнімді шаруашылықтан тыс тасымалдау.
    Көліктік шығынның мөлшері негізгі екі көрсеткішке  байланысты:  1.  тасу
аралығына;
2. жүк айналымының мөлшеріне.
    Жүк  айналымының  мөлшері  а/ш  өсімдіктерінің  өнімділігіне  және  егіс
алқаптарының ара қатынасына байланысты болады.
    Транспорттық шығынын мөлшерін негізгі екі көрсеткішке байланысты болады;
тасу аралығы және жүк айналымының мөлшері,  жүк  айналымы  -  ауылшаруашылық
өсімдіктерінің өнімділігіне, егіс  аймақтарының  ара  қатынасына  байланысты
болады.
    Жүк айналымы: жүктің тасымалдау мөлшері 1 т. груздың тарифтың тасымалдау
бағасына көбейтіледі.  Транспорттық  шығынды  табу  үшін  жүктің  тасымалдау
мөлшерін оның 1 тоннасын белгілі аралыққа, км. тасымалдау тарифтық  бағасына
көбейтеді.
    Нег.: 1. [64-72], 2. [77-84].
    Қос.: 2. [77-84].
    Бақылау сұрақтары:
         5)   Өндіріс   бөлімшелерін   орналастыруды   жобалау   жұмыстарын
            жүргізгендегі қойылатын ең басты талаптарды атаңыз.
         6)  Қандай  жағдайларда   шаруашылық   орталықтарының   оның   жер
            массивінің  ортаңғы  кезінде  орналасу  мүмкіндігі   қамтамасыз
            етіледі?
         7) Орталық мекендерді орналастыру қалай жүргізіледі?


    №11 Дәріс. ІШКІ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖОЛДАРДЫ, СУ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ИНЖЕНЕРЛІК
ҒИМАРАТТАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ.
    11.1 Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілері.
      Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілеріне мыналар жатады:

      -     ішкі шаруашылықтық жолдар;

      -     мелиоративтік құрылыстың объектілері (суландыру,  кептіру)  және
  олардың негізгі ғимараттары (тоған, су  қоймасы,  лимандар,  магистралдық
  каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су өткізуші  және  қоршау  жүйелері
  (проводящая и ограждающая сеть);

      -     суландыру және сумен қамтамасыздандыру объектілері;

      -     негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға  қарсы
  күресу объектілері, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.

      Жобаның бұл бөлігіне а/ш алқаптарын ұйымдастыруда  және  орналастыруда
  өте үлкен әсерін тигізетін, ең басты  және  құрылысына  өте  көп  қаражат
  кететін, территорияны жабдықтандырудың негізгі объектілері кіреді.

      Бұндай   объектілерді   орналастыру   жобаның    басқа    бөліктерімен
  үйлестіріле, қабылданған жоба шешімдерін тексере отырып, жүргізіледі.

      Территорияда орналасуына байланысты бұл объектілер ұзын және  аудандық
  болып бөліледі. Олардың пайдалану мақсаты,  алып  жатқан  жері,  орналасу
  жағдайы, орналасуына қойылатын талаптар, салуға және пайдалануға  шығатын
  қаражаттардың мөлшерлері әртүрлі болады.

      Территорияны  инженерлік  жабдықтандыруда  келесі   негізгі   талаптар
  қойылады:

      1. Бұл объектілердің орналасуы  жұмыс  жүргізуге  ыңғайлы  болуы  және
  жердің пайдалануын жақсартуы керек.

      2. Өндіріске жақсы территориялық жағдай жасау үшін және  жерді  тиімді
  пайдалану  үшін.  Оларды  өзара  және  жобаның  басқа  бөліктерімен  және
  элементтерімен үйлестіре орналастыру.

      3.   Территорияны   жабдықтандыру   обһектілеріне   ең   тиімсіз   а/ш
  пайдаланылмайтын, өнімсіз жерлерде берілуі  керек)  қажеттілігіне  сәйкес
  неғұрлым аз берілуі керек.

      4.  Объектілерді  орналастыруда  техникалық  және   табиғатты   қорғау
  талаптарын орындау қажет.

      5. Құрылысқа және салынған ғимараттарды пайдалануға  кететін  қаржылар
  неғұрлым аз болулары керек.

      Жоғарыда  айтылған  территорияны  инженерлік  жабдықтау   объектілерін
  орналастыруға қойылатын талаптар әрқашанда барлығы орындалуы мүмкін емес.
  Сондықтан жобалауда әр  жағдайда  осы  талаптардың   ең  алдымен  орындау
  қажет.

      Территорияны  жабдықтандыру  объектілерін  жобалағанда  оларды   басқа
  іргелес орналасқан шаруашылықтарға жасалған болжам схемалармен жобалардың
  ұсыныстарымен келістіре отырып жасанулары керек.

      Дайындық жұмыстарында керекті деректер түгел жиналып,  зерттеліп  бір-
  бірімен үйлестіре отырып пайдаланулары керек.




      11.2 Негізгі ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыру

      Автомобиль жолдары  5  категорияға  бөлінеді.  СНиП  П-Д-5-72  бойынша
  шаруашылықтық территориясында:

      1.    кіру жолдары ІV категорияға жатады,

      2.    тұрақты ішкі шаруашылық жолдар – V категорияға жатады.

      Ішкі шаруашылық жолдарды 4 негізгі топқа бөледі:

      1)    бас ішкі шаруашылықтық жолдар;

      2)    кіру жолдары;

      3)    негізгі дала жолдары;

      4)    ауылшаруашылық елді мекендік жолдар мен кіру жолдары.

      І  топ  –  шаруашылық  орталықтарын  бөлімше  орталықтарымен,  бөлімше
  орталықтарын өзара, шаруашылық орталығын басқа  елді  мекендермен,  ортақ
  пайдаланылатын автом. Және темір жолдармен.

      ІІ  топ  –  бөлімше  орталықтарын  және  басқа  елді  мекендерді   мал
  қоралармен  көмекші  цехтармен;  өнімді  дайындау,  сақтау  алғаш   өндеу
  пунктілерімен, тыңайтқыш, улы-химикаттарды  сақтау  орындарымен,  құрылыс
  карьерларымен.

      ІІІ  топ  –  барлық  елді  мекендерді,  фермаларды   ауылшаруашылықтық
  алқаптармен, өндіріс учаскелерімен, дала қостарымен және т.б.

      ІV топ – елді мекенді жоспарлау жобасында белгіленген жолдар.

      Ішкі  шаруашылықтық  жолдар  торын  орналастыруда   келесі   мәселелер
  шешіледі: жолдардың бағыттарын анықтау,  категориясын,  жол  жамылғысының
  типін анықтау, жол  трассаларын  және  оларға  орналасатын  ғимараттардың
  орнын  белгілеу.  Сосын  жолды  салу  бағасы  және   кезегі   белгіленіп,
  экономикалық тиімділігі анықталады.

      Ауыл шаруашылықтық кәсіпорының территориясындағы  жолдар  торы  келесі
  қажеттіліктерді қамтамасыз етулері керек:

      1) тиімді  және  ыңғайлы  көліктік  қатынасты,  жыл  бойы,  уақытымен,
  төменгі өзіндік құнымен тасымалдау жұмыстарын орындауды;

      2) транспорттық жұмыстарды жақсы  ұйымдастыру  арқылы  а/ш  өндірістің
  тиімділігін арттырып, шығынын азайту;

      3) жүк тасымалдауды, жүксіз қатынасты  бір  жүйеге  келтіріп,  мәдени-
  тұрмыстық және басқа қоғамдық талаптарды қамтамасыз ету;

      4) Территорияны әрі қарай  ұйымдастыруда,  жерді  тиімді  пайдалануда,
  қоршаған ортан қорғауда ыңғайлы жағдайлар жасауды;

      5) жол құрылысына және пайдалануына неғұрлым аз шығын шығару.




      11.3 Жобалау әдістемесі.

      Ішкі  шаруашылықтық  жолдарды  орналастыруды  жобалау  аудандық  жерге
  орналастыру схемасын, оның  ішінде  жолдар  жүйесінің  орналасуы  жайында
  шешімдерді негізге ала отырып  жасалады  және  осы  жобадағы  белгіленген
  өндіріс  бөлімшелерінің  және   шаруашылық   орталықтарының   орналасуына
  байланысты жасалады. Және басқа, жоғарғы  категориядағы  ортақ  жолдардың
  құрылыс жүргізу және реконструкциялау жобалары есепке алына  отырып  ішкі
  шаруашылық жолдар жобаланады.

      Жобаның бұл құрам  бөлігінде  ең  негізгі  мәселе  -  ішкі  шаруашылық
  жолдардың бағыттарын анықтау. Ол үшін жүк  айналу  пунктілері  анықталады
  (грузооборотные пункты по значимости). Олар  маңыздығына  қарай  4  топқа
  бөлінеді:

      І топ – әкімшілік ауданының  орталығы,  темір  жол  станциясы,  өнімді
  өңдейтін пунктілер, мәдени орталықтар.

      ІІ топ – а/ш-тық  және  жергілікті  өндіріс  ксәіпорындары,  ірі  елді
  мекендер.

      ІІІ топ – ішкі шаруашылықтық жүк тасымалдау  пунктілері  –  шаруашылық
  орталықтары мал фермалары, басқа ірі өндіріс объектілері.

      ІV топ – ауыспалы егістік алқаптары, көпжылдық өсімдіктер, мал азықтың
  алқаптыр.

      Жүк айналымы – ішкі шаруашылықтық және  сыртқа  жүктер  мен  адамдарды
  тасымалдау.

      Жалпы  және  тауарлық   өнімнің   мөлшері   белгісіз   болғанда   олар
  шаруашылықтың келешек болжам жоспарларын 40-50% көбейте  отырып  алынады,
  немесе есептеу арқылы. Ол үшін а/ш  кәсіпорындарының  статистикалық  есеп
  беру материалдарын зерттеу  отырып  анықталады.  І  топ  жолдарына  10-15
  жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады. Ал басқа топтарға –  қазіргі
  кездегі деректер алынады.

      Жолдың орташа жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі  бір  учаскемен
  бір жылда өтетін барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс
  схемасы  бойынша  жол  бөлектері  бойынша  (өтетін)  тасылатын  жүктердің
  қосындысы ретінде анықталады.

      Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық нәтижелі
  бағыттары анықталады және осы жолға басқа  жүк  тасымалдау  пунктілерімен
  келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың  бағытын  анықтағанда  ортақ
  пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған  орта  есепке  алынады.
  Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер арқылы өтеді.  Жолдар,
  құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі керек.

      Жолдың категориясы және жамылғысының типі –  олардың  мәніне,  құрылыс
  материалдарының бар болуына,  автомобильдер  жүрістерінің  қарқындылығына
  және жолдың жүктасымалдау тығыздығына байланысты таңдап алынады.




                                               560т

                                                  250т

                      100 т

                                                                   310 т

                          150т

                                                105 т

                                                                    205 т

      Жерге орналастыру жобасында жолдың тек қана бағыты анықталады, ал  жол
  салу үшін жоба жұмыс жобасы ретінде жасалады.

      Негізгі мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыстардың объектілерін
  орналастыру.

      Мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыс  объектілеріне  суарылатын
  және құрғатылатын жерлер  алқаптары,  тоғандар,  су  қоймалары,  лимандар
  негізгі магистралдық каналдар, коллекторлар және ьасқа ғимараттар жатады.

      Оларды орналастырғанда шаруашылықтық тиімді  болуына,  жерді  неғұрлым
  нәтижелі пайдалануға және техникалық нормативтерге және ережелерге сәйкес
  болуларына тырысады.

   Нег.: 1. [71-73], 2. [84-92].
   Қос.: 2. [92-94].
   Бақылау сұрақтары:
      1. Шаруашылық жерін орналастыру жобасын жасағанда қандай  территорияны
  инженерлік жабдықтандыру объектілері орналастырылады?

      2. Террияторияны инженерлік жабдықтауды  жобалағанда  қандай  талаптар
  қойылады?

      3. Автомобиль жолдарының категориялары  және  оларды  қандай  техника-
  экономикалық көрсеткіштермен анықтауға болады?

      4. Ішкі шаруашылық жолдарын, су шаруашылықтық объектілерін және  басқа
  инженерлік  ғимараттарды  орналастыру   варианттарын   бағалауда   қандай
  көрсеткіштер қолданылады?

      5.  Ішкі  шаруашылықтық  жерге  орналастыру   жобасында   территорияны
  жабдықтандырудың негізгі инженерлік  объектілерін  орналастыру  және  оны
  негіздеу



    №12 Дәріс. АЛҚАПТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЫНДА  ТҮСІНІК,  ОНЫҢ  МАЗМҰНЫ  ЖӘНЕ
ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
      12.1 Алқаптарды ұйымдастыру

      Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз -  оларды  экономикалық  тиімді  және
  экологикалық нәтижелі құрамға  және  өзара  ара  қатынасқа  келтіру  және
  аймақта орналастыру.

      Жобаланған а/ш алқаптардың құрамы, ара қатынасы және орналасуы  келесі
  талаптарға сәйкес болулары керек:

      -      табиғи   қасиеттеріне   байланысты   барлық   жерлер   нәтижелі
  пайдаланулары тиіс;

      -     эрозиялық процесстер тоқтатылып, олардың  болмауына  әсері  тиюі
  керек;

      -     әрқашан алқаптардың  өнімділігі  орнына  келтіріліп,  жақсарылуы
  тиіс;

      -     алқаптарды ұйымдастыру  жоба  шешімдері  белгіленген  мамандыққа
  сәйкес болуы тиіс;

      -     мал азығын қамтамасыз етуді;

      -     өнімді тасымалдауға және сақтауға  аз  шығын  шығуды  қамтамасыз
  етуі;

      -     өндірістің өнімділігін көтеруге;

      -     а/ш алқаптардың ішкі территориясын ұйымдастыруға ыңғайлы  жағдай
  жасау.




      12.2  Алқаптарды  ұйымдастырудың  әдістемесі  жайында  түсінік,   оның
  шешетін мәселелері және мазмұны.

      Өндірісте    пайдалануына  және  табиғи  қасиеттеріне  байланысты  жер
  пайдаланымдар әртүрлі пайдаланым алқаптарына бөлінеді.

      Пайдаланым алқаптары дегеніміз әрдайым  белгілі  бір  өндірістік  және
  басқа   қажеттілікке   пайдаланылатын,   табиғи,    тарихи    қалыптасқан
  ерекшеліктері  бар,  немесе  кейін  пайда  болған  қасиеттері   бар   жер
  массивтері.

      Әр   жер   алқабы   өсетін    өсімдіктерімен,    олардың    сапасымен,
  суланғандығымен, жер беті бедерінің элементтеріне орналасуымен, өндірісте
  пайдалану ерекшеліктерімен бөлектенеді (айырықшаланады).

      Қазіргі классификация бойынша  әрдайым  ауылшаруашылықтық  өндірісінде
  қолданылатын  ауылшаруашылықтық  алқаптарға  егістік,  шабындық  жайылым,
  тыңайтылған жер, көпжылдық өсімдіктер жатады.

      Ауылшаруашылық  алқаптар бойынша ГОСТ бекітілген (мемлекеттік стандарт
  Мем.СТ)

      Ауылшаруашылық алқаптардың құрамы  табиғи  –  климаттық  жағдайға  өте
  тығыз байланыста. Жылдық орташа  жауын-шашынның  мөлшері  100мм  аспайтын
  жерлерде жыртылған жер 10-13%.

      Дәнді-дақыл өсіруге ығалдылығы жеткілі солтүстік  аудандардың  жерінің
  құрамында 72% - жыртылған жер.

      Қалыптасқан   ауылшаруашылық   алқаптардың   құрамы   шаруашылықтардың
  мамандығына әсерін тигізеді.

      Егістік үлесі 70-80% солтүстікте  дәнді-дақыл  өсіретін  шаруашылықтар
  көп, ал мал өсіретін шаруашылықтарда мал азықтың  алқаптардың  үлесі  өте
  жоғары.

      ҚР егістіктің үлесі 15.8% қана көпжылдық өсімдіктер 0.1 млн.  га  алып
  жатыр.

      Тыңайтылған жердің үлесі  егістіктен  шығарылған  жерлердің  мөлшеріне
  өсті.

      Жобаның бұл құрам бөлігінің негізгі міндеті жерді жоғарғы  тиімділікте
  пайдалануға және  қорғауға  жағдай  жасау  үшін  алқаптардың  тиімді  ара
  қатынасын және орналасуын белгілеу.

      Алқаптардың  бір  түрінен  екінші  түріне  көшу  -  трансформация  деп
  аталады. Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру  және
  а/ш алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.

      ҚР өкіметінің №1262 шешімі (14  қазан  1996ж.)  бойынша  трансформация
  жасау үшін жер пайдаланушының өтініші немесе жергілікті атқару  органының
  инициативасы болу керек.

      Ауылшаруашылық жерлері екі қүрамдас бөліктен тұрады:

      1.    Ауылшаруашылықы жерлері.

      2.    Ауылшаруашылық алқаптарына жатпайтын жерлер.

      Ауылшаруашылықына  жүйелі  түрде  ауылшаруашылық   өнімін   алу   үшін
  қолданылатын  алқаптарды   ауылшаруашылық   алқаптары   дейміз.   Оларқа:
  жыртылқан жер, көпжылдық көшеттер,  шабындық,  жайылым,  тыңайқан  жерлер
  жатады.

      Егістік  алқаптар  –  ең  қымбат  өнімді  алқаптар.   Ондай   жерлерге
  құнарлылығы жоғары жүйелі түрде ауылшаруашылық мәдени  дақылдарын  егетін
  жерледі жатқызамыз. Соның ішінде пар жатады.

      Көп жылдық екпе  ақаштар  –  ол  жерлерде  ағаш,  көшеттер,  көпжылдық
  өсімдіктер өседі. Мұнда жеміс-жидек өсіріп, өнім алады. Сол сияқты  дәрі-
  дәрмек дақылдары өсіріледі.

      Ауылшаруашылық алқабына орман және бұталарды жатпайды.

      Тыңайқан жер – жер учаскесі, бұрын жыртылған жер  ретінде  пайдаланған
  және бір жылдан артық уақытта ауылшаруашылық  дақылдары  егілмеген  болса
  немесе пар астында пайдаланса, оны тыңайқан жер деп атаймыз.

      Шабындық  –  жер  учаскелері  жақсы  көгалданған,   жақсы   суарылқан,
  ылғалданған, қолдан суаруға келетін жерлер жатады.  Ол  жерден  өсімдікті
  жүйелі  түрде  алып  отыруға  болатын  пішендеме  және  т.б.  мал  азығын
  дайындауқа болады.

      Жайылым – жүйелі түрде мал жаюқа болатын жерді алады. Табиғи түрде  ол
  еңіс жерлерде, ылғалданған далалы, жартылай қалуы, аз қүнарлы,  тұзданқан
  тасты жерлер болады.

      Ауыл шаруашылықына жатпайтын жер алқаптарын шартты түрде 2-ге бөледі.

      1.  Ауыл  шаруашылықын  кеңейту  резересі  болып   табылады.   Оларқа:
  көшеттер, батпақтар, қатты және өте қатты тұздалған жерлер,  құмдар  т.б.
  жатады.

      2. Ауыл шаруашылықының 2-ші тобына қүрылыс орындары, су, жол, қорқаушы
  көшеттер, басқа жерлер.

      Бүрынқы ауыл шаруашыллық айналымына, қазіргі ауыл шаруашылық  жарамсыз
  жерлер жатады. Ауыл шаруашылық алқаптары барлық жер қорының 27  процентін
  қорқайды.  Оның  ішінде  бақалысы  егістік,  көпжылдық  екпе  ақаштар  10
  процент.

      Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшуі трансформация деп аталады.

      Трансформацияның негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру  және  ауыл
  шаруашылық алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.

      Өндірістік мақсаты жерді пайдаланудың қарқындылығын  арттыру,  топырақ
  қүнарлығын арттыру, ең жоғарғы өнім алу.

      Алқаптарды  трансформациялаудың  негізгі   талаптары   болып   мыналар
  табылады:

      - ауыл шаруашылық алқаптарының ауданын көбейту;

      - ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалану қарқындылығын анықтау;

      - жыртылқан жер  немесе  басқа  жоғарғы  өнімді  алқаптарының  ауданын
  үлкейту;

      - ұсақ контурлы учаскелерді тарату  немесе  жою  және  конфигурациясын
  жақсарту;

      - инженерлік жол және ішкі шаруашылық құрлыстар сонымен қатар эрозияқа
  қарсы және табиғат қорқау шаралары бойынша учаскелерді белгілеу.

      Ауыл шаруашылық алқаптарын жақсарту учаскелерді  бір  алқаптан  екінші
  алқапқа ауыстыру үшін мелиоративтік немесе  мәдени  техникалық  шараларды
  жүргізу арқылы олардың физико-химиялық  жақдайын  жақсарту  және  топырақ
  қабатын басқада қасиеттерін, жердің кеңістік қасиеттерін осының арқасында
  осың пайдалануын интенсивтік жоқарылату.

      Осындай жобалардың ең басты процесі ауыл  шаруашылық  емес  және  ауыл
  шаруашылық алқаптарын трансформациялау, әсіресе жоқары өнімді максимальды
  көбейту мақсатымен жасалынады.

      Мәдени-техникалық шараларқа мыналар жатады:

      - мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту;

      -  ауыл  шаруашылық  алқаптарының  өнімділігін  жоғарылататын  әртүрлі
  шараларды қолдану;

      - орманды ақаш көшеттері және түбіртіктерді жою;

      - ор, каналдарды көму, ойыс жерлерді тегістеу;

      - үйінділерді жазу.

      Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту дегеніміз –  бұл  аз  өнімді
  алқаптарқа жасанды дақылдар мен айырбастап егу. Бұл  үшін  жерді  жыртып,
  мәдени-техникалық шараларды жүргізіп, көпжылдық шөпті егу.

      Жеңіл жақсарту – бұл мал азықтық алқаптарды  жер  бетінде  бақалы  мал
  азықтық  шөптері  сақталмақанда   мәдени-техникалық   шараларды   жүргізу
  барысында орындалады.

    Нег.: 4. [72-79]
    Бақылау сұрақтары:
   5) Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.
   6) Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?
   7) Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер  әсер
      етеді?
   8) Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?


    Дәріс№13.  АУЫСПАЛЫ  ЕГІС  ЖҮЙЕЛЕРІН  ЖОБАЛАУДЫҢ  МАЗМҰНЫ  ЖӘНЕ  ШЕШЕТІН
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
    13.1 Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
    Егін егудің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесіне және ғылыми  ұсыныстарға
сәйкес ережелері бар. Сол маңызды  ережелердің бірі  белгілі  танапта  ұдайы
бір дақылды екпеу. Бұлай еге беруді  монокультура  деп  атайды.  Ол  зиянды,
өйткені әрбір өсімдіктің топырақтан алатын және қалдыратын химиялық  заттары
өзгермегендіктен,  топырақтың  құнарлығы  осы  өсімдік  үшін  жылдан   жылға
нашарлай береді. Демек, бұл егістің түсімділігін төмендетіп  жібереді.  Олай
болдырмас үшін әр танапта егілетін өсімдік жыл сайын, ал кейбір жағдайда  2-
3 жылда өзгертіліп тұрады. Бұл өзгерістің  ретін  әр  өсімдіктің  топырақтың
химиялық құрамыннан алатын  және  онда  қалдыратын  заттарын  ескере  отырып
жасайды. Әрбір келесі егілетін  дақыл  бұрынғы  егілген  дақылдың  топырақта
қалдырып кеткен қолайлы химиялық  заттарын  пайдалана  алуы  керек.  Танапта
бірнеше жылдың ішінде  егілетін  өсімдіктердің  бірінен  соң  бірінің  ауысу
ретін агрономдар осы талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі  бір  танапта
егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын,  ауыспалы  егіс
деп атайды.
    Ауыспалы  егістің  аты  танаптың  санына  және  басты  дақылдың   түріне
байланысты болады. Мысалы, егер  ауыспалы  егістің  құрамындағы  дақылдардың
басым көпшілігі астық өсімдіктері, ал танаптарының саны бесеу болса бұл  бес
танапты астықты ауыспалы егіс деп аталады.
    Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау  және
жақсартып  отыру  мақсатында  колданылады.  Ол  егін  шаруашылығы  жүйесінің
арқауы   болып   есептеледі.   Ауыспалы   егістің   түріне   сәйкес   барлық
ұйымдастырулық-экономикалық шаралар белгіленеді.  Сондықтан,  ауыспалы  егіс
жерді, өндіріс құралдарын, адам  күшін  ұтымды пайдалану, яғни осы  саладағы
өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.
    Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
    Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан  көбіне  астық,  техникалық
өсімдіктер  немесе  азық-түлік  өндіруге  керекті  дақылдар  егілетін  түрін
айтады.
    Мал азықтық ауыспалы егістің  жерінің  жартысынан  артығына  малға  азық
боларлық дақылдар егіледі.
    Арнайы  ауыспалы  егіске  көбінесе   арнайы   агротехника   қолданылатын
дақылдар және топырақты су  мен  желдің  әсерінен  қорғау  әсерін  тигізетін
өсімдіктер егіледі.
    Осы аталған ауыспалы егістің үш  типінің  әрқайсысы  өзінің  құрамындағы
дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
    Әрбір  өндірістік  бригадаға  бір,  кейде  екі  ауыспалы  егіс   бекітіп
беріледі. Бригаданың  құрамындағы  звеноларға  белгілі  бір  немесе  бірнеше
дақылдарды өсіру тапсырылуы мџмкін.
    Нарықтық экономикаға көшуге  байланысты  жаңадан  құрылып,  жұмыс  істеп
жатқан  шаруа  қожалығы,  ауыл   шаруашылығы   кооперативтері   және   шағын
кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір  дақылдарын
өсіруге  бейімделуіне  болады.  Егер  бұл  мүмкін  болмаған  жағдайда,  егін
шаруашылығымен  шұғылданған  шағын  кәсіпорындар   ауыспалы   егістің   ұсақ
түрлерін қолдана алады.
    Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі
түрлері болады: ферма және  лагерь  қасындағы  және  шабындықты-  жайылымды.
Біріншісін мал фермалары  мен  жаздық  лагерлердің  төңірегінде  орналасады.
Онда негізінен шырынды азық  беретін  және  тасымалдауға  қолайсыз  дақылдар
егіледі. Екіншісін шабындық пен жайылымдардың негізінде және  оларды  ұтымды
пайдалану мақсатында ұйымдастырады. Арнайы  ауыспалы  егістер  өздеріне  тән
агротехникалық  шараларды  қажет  ететін  көкөніс,  күріш,   темекі   сияқты
дақылдарды өсіруге арналады. Оның ерекше  түріне  топыраққа  тиетін  су  мен
желдің  зиянды  әсеріне  қарсы  қолданатын  ауыспалы  егістер  жатады.   Осы
мақсатта топырақты көп  араластыра  беруді  қажет  етпейтін  астық  пен  мал
азықтық дақылдар түрлері егіледі.
    Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады.  Әрбір  бөлімше,
ферма, бригада ауыспалы егістің өз жағдайларына сәйкес келетін  түрін  алдын
ала жобалап, талқылап, бекіткен соң оны үнемі қолданып отырады.
    Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму  жолы,  алдындағы
міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің  ең  тиімді  түрін  және
құрамынын  жоспарлау  қажет.  Бұл  өте  жауапты  және  күрделі  мәселе.  Оны
қателеспей  шешу  үшін  мамандар  әрбір  облыс  аймақтарына  арналған   егін
шаруашылығы жүйесі жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.
    Егістің құрамына қойылатын негізгі талап – әрбір гектардан мүмкіндігінше
аз  шығынан  көп  түсім  алу.  Сондықтан  ауыспалы  егісті  жобалағанда  тек
дақылдың түрі мен көлемін ғана  ескеріп  қоймай,  ғылым  мен  озат  тәжірибе
жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды  пайдалану,  қолданылатын
барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.
    Ауыспалы егістің неғұрлым ұтымды түрін таңдап алу үшін  оның  әр  түріне
ұйымдастырулық–экономикалық тұрғыдан баға беріледі.
    Ұйымдастырулық   тұрғыдан   қарағанда   ауыспалы   егіс    шаруашылықтың
өнідірістік бағытына, оның  алдына  қойған  мақсатына  сәйкес  болуы  керек.
Сонымен  бірге  ауыспалы  егіс  шаруашылықтағы  адам   күшін,   материалдық-
техникалық  қорларды  толық  пайдалануды,   агротехника   талаптарын   толық
сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
    Егістің құрамынын және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын  маңызды
тәсілдің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын  экономикалық  тұғыдан  бағалау.
Экономикалық бағалауда келесі көрсеткіштер  қолданылады:  1  гектар  егістен
алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 ц өнімнің өзіндік құны,  1
гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік денгейі.
      Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың  құнарлылығын  сақтау  және
  жақсарту   үшін   жасалады.   Ауылшаруашылық   дақылдарын   және    парды
  агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін топырақтың
  құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі  аурулардың
  дамылуын тоқтатады.  Ауыспалы  егістер  игерілген  шаруашылықтарда  астық
  егістерінің өнімділігі 3-4 ц/га биік, ал ауа  райы  ыңғайсыз  жағдайларда
  одан да жоғары болады.

      Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау дегеніміз  олардың  жобалау  жұмыстары
  жүргізілетін шаруашылыққа сәйкестілі типін, түрін, санын анықтау, егістік
  массивінің  мөлшерін,  территорияда  орналасуын,   егістік   пен   пардың
  кезектесу схемасын белгілеу.

      Ауыспалы егіс жүйелері мына талаптарға сай болуы керек:

      а) жалпы және тауарлық  өнімдердің  мөлшерлерін,  нарықтың   сұранысын
  қамтамасыз етуі;

      б) әр жер учаскесінің табиғи қасиеттеріне  байланысты  пайдалануы,  ал
  онда  өсірілетін  ауылшаруашылық  өсімдіктерінің,   олардың   биологиялық
  ерекшеліктеріне және  экологиялық  төзімділіктеріне  сәйкес  таңдалынылып
  алынуы;

      в) эрозияға қарсы күресуді және топырақ  құнарлылығын  әрқашан  орнына
  келтіруді, жоғарылатуды;

      г) еңбек ресурсын, ауылшаруашылық техникасын, транспортты  және  басқа
  механизмдерді толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.

      Ауыспалы егіс типтері: алқаптық, мал азықтық, арнайы  болып  бөлінеді.
  Ауыспалы егістің 50 % дәнді дақылды астық  өсімдіктері  болатын  болса  –
  ауыспалы егіс алқаптық болады. Бұл тип келесі түрлерге  бөлінеді:  парлы-
  астықтылы, парлы–астықтылы-отамалы.

      Мал азықтық ауыспалы егісінің 50  немесе одан да жоғары  %  үлесі  мал
  азығы  өсімдіктері  болуы  керек.  Мал  азықтық  ауыспалы   егіс:   ферма
  қасындағы, лагерь қасындағы, шабындықты-жайылымды болып бөлінеді.

      Арнайы ауыспалы егіс  күтімі  жоғары,  өзгеше,  өсіру  жолдары  ерекше
  өсімдіктер үшін ұйымдастырылады (мысалы: темекі, көкөніс,  дәрі-дәрмектік
  өсімдіктер).

      Алқаптық және мал азықтық  ауыспалы  егістер  топырақ  қорғаушы  болуы
  мүмкін.  Олардың  ерекшеліктері:  құрамында  көпжылдық  шөп  көп  болады,
  көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақтанып егіледі  және  басқа  эрозияға
  қарсы шаралар қолданылады. Топырақ қорғаушы  мал  азықтық  ауыспалы  егіс
  шабындықты – жайылымды болады.

      Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар:  бір  жылдық  немесе
  көпжылдық ауылшаруашылық  дақылдарын  пармен  жолақтай  орналастыру  және
  шабындықты-жайымлымды: онда танаптың  бір  бөлігінде  көпжылдық  шөп,  ал
  екінші  бөлігінде  -  біржылдық  ауылшаруашылық  дақылы  өсіріледі.   Бұл
  ауыспалы егістер су және жел эрозиясы дамыған жерлерде ұйымдастырылады.

      Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына  көрсеткіштерге  байланысты
  болады:

      1. шаруашылықтың немесе оның бөлімшелерінің мамандығына;

      2. малды бағу және азықтандыру (бір жерде күту немесе жайылымда  жайып
  бағу) тәсілдеріне;

      3. мал басының бір жерде шоғырлану тығыздығына;

      4. ауылшаруашылық алқаптарының құрамына және сапасына;

      5. шаруашылық орталықтарының  орналасуына;

      6.  эрозияға  шалынған  жерлердің  бар  болуына  және  оның  эрозиялық
  қауіптілігінің дәрежесіне;

      7.   егістік   массивтерінің    конфигурацияларына    және    аймақтық
  орналасуларына;

      8. нарық талаптарына.

      Ауыспалы  егістіктің  ауданы  шаруашылықтың   энергетикалық,   машина-
  тракторлық жабдықтандырылуына, жұмысшыларының санына  байланысты  болады.
  Шаруа  қожалықтары  егістікті  игеруде   бірігіп   техниканы   пайдалану,
  өнімдерді өңдеу, маркетинг жүргізу үшін кооперативтерге бірігулері тиімді
  болады.

    Ауыспалы егіс жүйелерін  жобалау  топырақтың  құнарлылығын  сақтау  және
жақсарту,  ауылшаруашылық  дақылдарын  және   парды   агротехникалық   дұрыс
кезектестіру,   өсімдіктердің   өнімділіктерін,   топырақтың    экономикалық
құнарлылығын көтеру үшін, танаптарда арам шөптердің тарамауына және  әртүрлі
аурулардың дамымауына жағдай жасау үшін жүргізіледі.
    Ауыспалы егіс игерілген  шаруашылықтарда   дәнді  дақылды  егістіктердің
өнімділігі 3-4 ц-га жоғары болады, ал ауа-райы  ыңғайсыз  жағдайда  одан  да
жоғары болады.
    Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жоблау дегеніміз олардың типін,  түрін,
санын  анықтау,  егістік  массивінің  мөлшерін,   территорияда   орналасуын,
егістік пен пордың кезектесу схемасын белгілеу.
    Ауыспалы егістіктер жүйесі мына талаптарға сай болуы керек:
    а) Жалпы және тауарлық өнімнің  мөлшері  нарықтың  сұранысын  қамтамасыз
етуі керек.
    б)  Әр  жер  учаскесі  табиғи  қасиетіне  байланысты  пайдалану   керек,
ауылшаруашылық  өсімдіктерінің   биологиялық   ерекшеліктеріне   экологиялық
төзімділігіне байланысты таңдап алынуы керек.
    в) Эрозиямен күресу және топырақ құнарлылығын әрқашан  орнына  келтіріп,
жоғарлату үшін.
    г)  Еңбек  ресурсын,  ауылшаруашылық  техникасын,  транспортты  жобалау,
механизмдерді толық және тиімді пайдалануға.
    Ауыспалы  егістіктер  типтері:  алқаптық,  мал  азықтың,  арнайы   болып
бөлінеді. Ауыспалы егістікте 50%-ті  астықтық  өсімдіктер.  Бұл  тип  келесі
түрлерге бөлінеді: парлы-астықтық, парлы-астықты-пропашные.
    Мал азықтың ауыспалы егістің 50%  мен  жоғарысы  мал  азығы  өсімдіктері
болуы  керек.  Мал  азықтың  ауыспалы  егістік:  ферма   қасындағы,   лагерь
қасындағы шабындық-жайылым ауыспалы егістігі болып бөлінеді.
    Арнайы  ауыспалы  егіс  күтімі  жоғары,  өзгеше,  өсіру  жолдары  ерекше
өсімдіктер үшін ұйымдастырылады  (мысалы:  темекі,  овощтар,  дәрі-дәрмектік
өсімдіктер).
    Алқаптық және  мал  азықтың  ауыспалы  егістік  топырақ  қорғаушы  болуы
мүмкін. Олардың ерекшеліктері: көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық  шөп  бір
жылдық  шөппен  жолақталынып  егіледі  және  басқа  эрозияға  қарсы  шаралар
қолданылады.  Мал  азықтық  ауыспалы  егіс  топырақ  қорғаушы  болғанда   ол
шабындық – жайылым а/е болады.
    Ауыспалы егіс типін және түрін  таңдау  мына  көрсеткіштерге  байланысты
болады:
    1. Шаруашылықтық немесе оның бөлімшесінің мамандығына.
    2. Малды бағу және азықтандыру тәсілдеріне (стойловое).
    3. Мал бастың бір жерде шоғарлану тығыздығы.
    4. Ауылшаруашылық алқаптарының құрамы және сапасы.
    5. Шаруашылық орталықтарының орналасуы.
    6. Эрозия тараған жерлердің барлығы және оның  эрозиялық  қауіптілігінің
дәрежесі.
    7. Ж/ж массивтерінің алқаптық орналасуы, олардың конфигурациясы.
    8. Реформалық өзгерістерге байланысты.
    Ауыспалы егістіктің ауданы  жұмысшылардың  санына,  машино-тракторлардың
санына, энергиямен қамтамасыздығына  байланысты  болады.  Шаруа  қожалықтары
егістіктерді игеруге, техниканы  пайдалануға,  өнімді  өңдеуге,  маркетингте
кооперативтерге бірігулеріне болады.


    13.2 Ауыспалы егістікті жобалау кезегі
    Белгіленген жалпы және  тауарлық  өнімнің,  мал  басының,  мал  азығының
мөлшеріне байланысты егістіктің ауданы есептелінеді.
    Шаруашылықтың  жалпы  экономикалық  көрсеткіштеріне,  таңдалып   алынған
агротехникалық, малдың жайылуына, қыстық бағылуына  жұмыстың  перспективалық
үйымдастыруына, энергетикалық қамтамасыздығына,  алдыңғы  жерге  орналастыру
жұмыстарындағы жер пайдалану шегараларын сақтап  қалу  жолдарына  байланысты
зерттене отырып, ауыспалы егіс  массивінің  танабының  мөлшері,  типі,  түрі
белгіленеді.
    Ауыспалы  егістіктің   түрі   типтік   ауыспалы   егістіктерден   зонаға
байланысты таңдап алынады. Зоналық ұсыныстарға байланысты таңдалады.
    Ауыспалы  егістіктің  массивтері  экономикалық  бағалау   және   топырақ
бонитировкалау  баллына  байланысты  біріңғай   болулары   керек.   Ауыспалы
егістіктің миссивтері компактілі,  ыңғайына  қарай  ұзындығы  ықшам,  табиғи
жағдайы  біркелкі  болуы  керек.  Ауыспалы   егістіктің   құрамына   кіретін
дақылдардың өсуіне жарамды  болуы  керек.  Ауыспалы  егіс  массиві  біртұтас
немесе бірнеше жақын, ыңғайлы орналасқан жер бөліктерінде орналасуы  мүмкін.
Кейде  үлкен  бір  жер  массивінің  бөлігі  ретінде  орналасады,  шегаралары
иреклектенбей, танаптарға бөлуге ыңғайлы болуы керек.
    Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі  түрі  бар:  бір  жылдық  немесе
көпжылдық  ауылшаруашылық  дақылдарын  пормен  жолақтаса  орналастыру   және
шабынды – жайымлымдық онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп,  ал  екінші
бөлігінде  біржылдық  ауылшаруашылық   дақылы   орналасқан.   Бұл   ауыспалы
егістіктер су және жел эрозиясы басқан жерлерде ұйымдастырылады.
    Мал азықтық ауыспалы егістер неғұрлым малдың тұратын жеріне жақын  болса
транспорттық шығын азайды, сондықтан олар ферма қасындағы, лагерь  қасындағы
және шабындық-жайылымдық болып бөлінеді. Ферма  қасындағы  ауыспалы  егістер
көбінесе қыстық (сочных) азықтыққа ауылшаруашылық өсімдіктері  отырғызылады.
Лагерь қасындағы жаздық жасыл шөпті  өсіру  үшін.  Шабындықтық-жайылымдық  –
шөп өсіруге ұйымдастырылады.
    Арнайы ауыспалы егістерде топыраққа рельефке, су режиміне  жоғары  талап
және өсіру технологиясы  қиыу,  ауылшаруашылық  дақылдары  өсіріледі  мысалы
көкөніс, темекі, дәрі- дәрмектік  өсімдіктері  көкөніс  елді  мекенге  жақын
отырғызылады.
    Алқаптық ауыспалы егістерді жобалауға мына факторлар әсер етеді: топырақ
жағдайы, елді   мекендердің  орналасуы  жыртылған  жер  массивінің  мөлшері,
дақылдардың  түрлері,   шаруашылық   кішкентай   болса   1   ауыспалы   егіс
ұйымдастырған жөн. Ал үлкен массивтердің топырағы біркелкі болмаса,  бірнеше
ауыспалы егіс орналастырылады. Егер  ж/ж  массиві  созылған  ұзын,  ал  елді
мекен бір шетінде орналаса, бұндай жерде 2 ауыспалы  егіс,  біріншіліінде  –
еңбекті көп талғайтып ауыспалы  егіс,  ал  екіншісінде  бидай  немесе  басқа
өсімдіктер.
    Ауыспалы  егіс  схемасын   таңдағанда   нарық   сұраныста,   танаптардың
жағдайына, топырақтың өсетін өсімдікке жарамдылығына байланысты шешіледі.
    Ауыспалы егістерге кірмейтін учаскелер. Бұл учаскелерде  дақылдар  уақыт
бойынша  ғана  кезектеседі   немесе   дақылдың   бір-ақ   түрі   жыл   сайын
отырғызылады. Мысалы:  мал  фермасына  жақын  жерлерде  жүгері,  шөп  өсіру;
жайылым немесе  басқа  массивтерде  орналасқан,  топырақ  жағдайымен  немесе
басқа көрсеткіштерімен өзгеше, кішкене егістік алқаптарында ауыспалы  егіске
кірмейтін егіс егу.
      Ауыспалы егістерді жобалағанда әртүрлі варианттарды салыстыру керек.



    №14 Дәріс. АУЫСПАЛЫ ЕГІС АЛҚАБЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
    14.1 Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру
    Ауыспалы  егіс  алқабын  ұйымдастыру  дегеніміз,   ол:   ауыспалы   егіс
танаптарын; жұмыс  учаскелерін;  егістікті  қорғау  орман  жолақтарын;  дала
жолдарын; дала қостарын; авиа алаңдарды; дала су көздерін орналастыру.
    Әр табиғи-шаруашылықтық жағдайда бұл  жұмыстардың  мағнасы,  қажеттілігі
әртүрлі.  Сондықтан  бұл  жұмыстардың  белгілі  жағдайдағы   нәтижелілігіне,
маңыздылығына байланысты жұмысты орындау кезегі және олардың құрамы  әртүрлі
болады.
    Ауыспалы егіс алқабын  ұйымдастыру  келесі  талаптарға  сәйкес  болулары
керек:
    1) топырақтың сапасын әрдайым жоғарылатуға, эрозиялық апаттан  сақтауға,
эрозия қалдығын жоюға жағдай жасау, дифференциалды агротехника қарастыру;
    2) техниканы және техника құралдарын  тиімді  пайдалануға  және  далалық
жұмыстарды ұйымдастыруға оптимальды территориялық жағдай жасау;
    3) Ауыспалы егіс айналымының әр  жылында  негізгі  дақыл  бойынша  жалпы
өнімнің мөлшерінің бір қалыпта болуын қамтамасыз ету;
    4)  Ауыспалы  егіс  алқабын  ұйымдастыруға  байланысты  капиталдық  (бір
уақыттық)  және  әр  жылдық  шығындардың  мөлшерінің  неғұрлым   аз   болуын
қамтамасыз ету.
    Ауыспалы егіс танаптарын және жұмыс учаскелерді  орналастыру.  Танаптар,
өсімдіктерді кезектестіре отырғызуға арналған, мөлшерлері  бірдей,  ауыспалы
егіс  массивінің  бөліктері.  Кейде  танап    ішін   орналастыру   жұмыстары
жүргізіледі: жұмыс учаскелерін белгілеу,  танаптарды  өсімдіктерді  отырғызу
жолақтарына бөлу.
      Жер бедеріне байланысты танаптарды жобалау. Егістік жұмыстарын  тиімді
  ұйымдастыруда жер бедері  өте  көп  әсерін  тигізеді.  Әсіресе  беткейдің
  экспозициясын және еңістігін жерге орналастыруды жобалауда міндетті түрде
  есепке алу қажет. Әр танап бір экспозициялық бетте  орналасуы  тиіс.  Бұл
  топырақтың  егіс  егуге  бір   уақытта   дайын   болуын,   ауылшаруашылық
  өсімдіктерінің  пісу  уақытының   біріңғай   болуын   қамтамасыз   етеді.
  Дақылдарды  бір  уақытта  егуге,  күтуге  және  жинауға  ыңғайлы   болуын
  қамтамасыз етеді.  Ал  егер  танапты  беткейдің  бір  бетіне  орналастыру
  мүмкіндігі болмаса, онда танап агротехникалық біріңғай жұмыс учаскелеріне
  бөледі.

       Бедерлі жерлерде танапты орналастырудың ең негізгі шарты  –  танаптың
  ұзын  қабырғасы  беткейге  көлденең,   яғни   беткейде   горизонтальдарға
  параллель болып орналасуы керек. Өйткені танапты бойлай жасалатын негізгі
  жұмыстар горизонтальдар бағытында  жасалады,  сондықтан  беткейді  бойлай
  ағатын суларға кедергі  жасалып,  олардың  ағыны  бәсеңдеуге  байланысты,
  танаптарға сіңіп, жерге қосымша ылғал болады.

    Машина-тракторлық  агрегаттарды  пайдалануда  рельеф,   олардың   тиімді
пайдалануына әсерін  тигізеді.  Тік  беткейлерде  техника  жоғары  өрлегенде
қосымша күш керек болады. Агрегаттың жұмыс жасау өнімділігі азаяды.
    Танаптарды  рельефке  байланысты  орналастыру  бойынша  жоба  шешімдерін
бағалау үшін келесі формулалар қолданылады:


            іжум = Н1 - Н2  ;             іжум = Lr * ћ і * Sіn γ
                    L                                   P
    онда: і – орташа бойлық еңістік;
    Н1, Н2 – нүктерлердің биіктігі;
    Н1- Н2 – өзара биіктік;
    L – горизонталь салындының ұзындығы (м);
    hі – горизонтальдардың арасындағы өзара биіктік;
    Р – танап көлемі, м2;
    Lr – танап ішіндегі барлық горизонтальдардың ұзындығы;
    γ – танапты өңдеу бағыты мен горизонтальдардың негізі бағыты  арасындағы
бұрыш.
    Күрделі рельефте Чешихин Г.В. палеткасы пайдаланылады.
    Танап  бойынша  анықталған  еңістік  орташа  алқап  бойынша   еңістікпен
салыстырылады:
                             іжалпы =  Lr – ћ і
                                      Р
    онда: іжалпы – жергілікті жердің жалпы еңістігі, %;
    Р – танаптың ауданы, м2;
    Lr – жергілікті жердегі горизонтальдардың жалпы ұзындығы, м.
    Топырақ құрамына  байланысты танаптарды жобалау. Ауыспалы егіс танаптары
шамаға қарай біріңғай сапалы болулары керек. Бір  танапқа  тек  қана  сапасы
төмен жерлерді жобалауға болмайды. Өйткені ол  ауыспалы  егістіктегі  талабы
жоғары дақылдарға мүлдем жарамсыз болуы мүмкін, немесе негізгі дақылдың  жыл
сайынғы шығымы бірдей болмайды.
    Танаптың топырағы біркелкі болса, онда дақылды себу,  күту,  жинауды  ең
жақсы агротехникалық мерзімдерде орындауға болады.
    Топырақтың  динамикалық  (жылжу)  қасиеті  танаптарды  жобалауда  есепке
алынады, өйткені әртүрлі механикалық құрамдағы топырақ тракторлық  агрегатқа
әртүрлі  қарсылық  әсерін  тигізеді,  сондықтан   әр   жағдайда   техниканың
жұмысының нәтижелігі өзгереді.
    Механикалық  құрамы  әртүрлі  танапқа  агрегат  дайындағанда  ең  жоғары
қарсылық көрсететін топыраққа байланысты дайындалады,  сондықтан  топырақтың
қарсыласуы төмен жерлерде  агрегат  түгел  күшімен  жұмыс  істемейді.  Кейде
танапта топырақ жағдайына қарай жұмыс учаскелері жобаланады.
    Танап жұмыс учаскелерінен құралғанда, олар компактілі  орналасып,  өзара
транспорттық қатынасы жақсы болуы керек.
    Танаптың   ұзындығы,  ені,  формасы  және   олардың   өндірістік   мәні.
Танаптардың  ұзындығы,   ені,   формасы   оларда   жүргізілетін   өндірістік
процесстердің талабына байланысты анықталады. Әр танапта  бір  ғана  өсімдік
түрі өсіріледі.
    Танаптың ең ыңғайлы формасы – тік бұрышты төртбұрыш.  Ұзындығы  мен  ені
қолданылатын  техникаға  байланысты  анықталады.  Танаптың  ұзын   қабырғасы
техниканың жұмыс жолына сәйкес болғаны жөн.
      Ауыспалы егіс танабының мөлшерін анықтау.  Танаптың  мөлшеріне  келесі
  көрсерткіштер әсерін тигізеді:

      1. егістік массивінің мөлшері және аймақта орналасуы;

      2. топырақ түрлерінің біріңғайлылығы;

      3. эрозияға шалыну дәрежесі;

      4. жер бедерінің мінездемесі;

      5. аймақтың табиғи және жасанды (каналдармен, жолдармен) объектілермен
  тілінуі;

      6. егістікте қолданылатын технология;

      7. машина-тракторлық агрегаттардың жұмыстарының ұйымдастырылуы;

      8. орналасу зонасы.

    Машина-тракторлық агрегаттардың жұмысының  тиімділігінің  жұмыс  жолының
ұзындығына байланысты екендігі келесі формулалармен мінездемеленеді:
    1) Жолды пайдалану коэффициенті:
                       К жп =            Lж         _
                                        Lж* Р + Lх
     Бос жүру, айналып бағытын өзгерту жолының проценттік үлесі:
                              f х =    Lх * 100
                                         Lж + Lх
    Lж – жұмыс жолы;
    Lх –  бір  жұмыс  жолына  келетін  бос  жүріс.  Бос  жүру  проценті  ірі
тракторларға және қысқа жүрістерге көбірек келеді.
    Танаптардың ұзындығы, ені,  конфигурациясы  ауыспалы  егістіктің  түріне
байланысты  болады.  Мысалы:  отамалы  ауыспалы  егістіктерде  жерді   өңдеу
жұмыстарында, көлденең өңдеу, бойлы өңдеумен бірдей сондықтан  танаптың  ені
де ұзын болуы  керек.  Кейбір  күрделі  өңдеу  жұмыстары  жүргізілетін  ауыл
шаруашылық   өсімдіктері   кішкене   танаптарда   орналастырылады.   Кішкене
тракторлар үлкен танаптарды талап етпейді.
    Лагерь   қасындағы   (шабындықтық-жайылымдық)   ауыспалы   егістіктердің
ұзындығын  мал  бағу  әдісіне   байланысты   анықталады:   сүйір   бұрышсыз,
қабырғалары түзу, қысқа қабырғалары  мал  айдау  жолдарына  шығатындай  етіп
жасалынады.
    Танаптың орташа ұзындығы есептеу арқылы әртүрлі формулалармен табылады.
    Көбінесе жер массивтерінің конфигурациясы өте күрделі. Оларды танаптарға
бөліп, әрқайсысының орташа жұмыс жолын анықтау үшін, өңдеу жолына  параллель
бағытта геометриялық фигураларға  бөлінеді  де,  олардың  әрқайсысы  бойынша
орташа жұмыс жолы есептептелінеді.
      Ауыспалы егіс танаптарының теңдігі. Жыл сайын  жоспарланған  өнім  алу
  және техниканы толық пайдалану  керек,  сондықтан  танаптардың  көлемдері
  бірдей болуы керек. Қалыптасқан жағдайға қарай олардың мөлшерлері белгілі
  шепте ауытқуы мүмкін.

    Ауыспалы егістік жылдық жинайтын жалпы өнімнің мөлшері әр  жылда  бірдей
болуын,  техниканы,  адамдардың  еңбегін  жыл   сайын   бірдей   пайдалануды
қамтамасыз ету керек. Сондықтан ауыспалы егіс  танаптарының  мөлшері  бірдей
болуы керек.
    Бірақ  ондай  жағдайлар  әрқашан  бола  бермейді.  Бір  жердің  топырағы
құнарлы, ал басқа жердің топырағы  құнарсыз.  Ќұнарлы  топырақтан  көп  өнім
алынады.  Құнарыз  топырақтан  –  аз  алынады.  Сондықтан   мына   формуланы
пайдалана отырып шартты көлемді есептейміз:
                             Ршартты =   Рф – б
                                              100
      онда: Рф – фактілі аудан;
      б – бағалау баллы.
    Үшінші танаптан басқа танаптардың  ротация  бойынша  әр  жылдық  беретін
өнімдерінің мөлшері 5%-тен аспайды. Ол әсерін тигізбейтін көрсеткіш.
    Танаптардың  біркелкі  болулары  өсірілетін  дақылдардың  түрлеріне   де
байланысты  болады.  Мысалы:  қызылшалық  ауыспалы   егісте,   көп   танапты
а/егістікте 1-2 танап қызылша. Егер танаптар әртүрлі көлемді болса, өнім  де
әртүрлі болады.
    Ал 5-танапты егістіктік ауыспалы егісте 4 танабы –  бидай,  ал  1-танабы
пар болса – онда жалпы өнімнің мөлшеріне өте көп әсерін тигізбейді.
    Қалыптасқан территорияны неғұрлым сақтап қалу:
    1. Негізгі жолдарды.
    2. Орман жолақтарын.
    3. Игерілген ауыспалы егістердің танаптарының шегараларын және т.б…
    Әр өзгерістің тиімдігін жобада дәлелдеу керек.
    Жобаланған танаптардың технологиялық сипаттамасы жасалады: танап нөмірі;
ауданы;  топырақ  құрамы;  жұмыс  жолы;   ені;   эрозияға   шалыну,   шайылу
категориялары   бойынша   топырақ   құрамы;   жұмыс    еңістігі;    тасшылық
коэффициенті; кадастрлық көрсеткіштері (т.б. және экономикалық  бағалау).


    14.2 Егістікті қорғау орман жолақтарын орналастыру. Олар мақсатына  және
территорияда орналастыруына байланысты:
    1. су айырықтық;
    2. жел қайтару;
    3. су ағысын реттеу болып бөлінеді.
    Орман жолақтары конструкциясына, егіне ағаштар  мен  талдардың  құрамына
байланысты бөлінеді.
    Тегіс далаларда желдің жерін азайту үшін және қардың жер  бетінде  тегіс
жайылуын қамтамасыз ету үшін орман  жолақтары  отырғызылады.  Микроклиматтық
жағдай туады: ылғал аз кебеді, ауаның құрғаќтығы  төмендейді,  топырақ  онша
көп тереңдікте қатпайды, яғни дақылдардың  өнімділігі  көбейеді.  Бірақ  а/ш
жерлерде көп орын алады.  Кейбір  жерлерде  ағаш  өсіру  қиын,  қосымша  көп
қаражат керек. Техникалы тиімді пайдалануға кедергі. Сондықтан  әр  жағдайда
тиімділігіне байланысты отырғызылады.
    Орман жолақтарын жобалауда:
    1. жолақтар бағыты;
    2. ені және конструкциясы;
    3. жолақтар аралықтарының мөлшері анықталады.
    Жел  қайтару.  Жел  тоқтату  орман  жолағының   бағыты   соғатын   желге
перпендикуляр  болуы  керек  және  ажурлы,  жел   өткізетін   конструкциялар
қолданылады. Желге перпендикуляр ажурлы, жел өтетіндей 3-4-5 ряд (жол)  ағаш
ені 9-11-13м.
    Қорғау ені: В     = Н * Кл.п * Ка  орташа
    Н - орман жол орташа биіктігі;
    Кл.п – орман жолақтарының аралығы (кратность);
    Ка – қорғау коэф-ті орташа;
              Ка орт =  Ка1* fв1 + Ка2* fв1            =  Kafв
                         fв1 + fв2                                100
    fв1  - төрт бағытта қайталануы
    С + О, СВ + ОШ;
    Смал. Бойынша желдің соғу бұрышы: Ка1…  Ка4
    Қорғалатын алқап:
                       Р = ΣL1*В1 + ΣL2* В2 – Пуч.В1В2
    онда: ΣL1 - бойлай орман жолақтардың ұзындығы;
      ΣL2 - ендік орман жолақтардың жалпы ұзындығы;
      В1В2 - қорғау енімен ұзындығы;
      Пуч – тік бұрышты учаскелер.
    Күрделі  рельефте  су  айырық   және   суды   реттеу   орман   жолақтары
отырғызылады. Суды реттеу – горизонтальдарды бойлай  отырғызылады.  Ені  10-
12м.


      14.3 Дала жолдарын жобалау

      Жобаланатын ауылды жердің жолдары үш түрге бөлінеді:

      1. Дала магистралдары;

      2. Машина-тракторлық агрегаттар жүру жолдары;

      3. Қосымша жолдар.

    Олар келесі талаптарға сәйкес  болулары  керек:  неғұрлым  қысқа;  түзу;
шаруашылықта пайдалануға ыңғайлы; техникалық  талаптарға  сәйкес  (еңістігі,
бұрылу бұрыштары);  орман  жолақтарымен  үйлестіріне  орналстыру;  өзгертуге
кететін шығынның аз болуы.
    Жыртылған массивтер аралығындағы және олармен елді мекендер аралығындағы
қатынастарды қамтамасы етулері тиіс. Негізгі  тасымал  бойынша  екі  бағытта
өте көп қытымал жасалғанда егістік массиві үлкен болса, жолдың ені -  8-10м,
ал кіші болса жолдың ені 6-8м болады.
    Танаптардың  қысқа  қабырғаларын  бойлай  орналасқан   көмекші   жолдар,
техникаға қызмет көрсету үшін қолданылады, олардың ені - 6-10м.
      Дала қостарын және су көздерін жобалау. Дала қостары  келесі  түрлерге
  бөлінеді:  тұрақты,  уақытша,  жылжымалы.  Оларды   орналастыру   жайында
  сұрақтар өндіріс орталықтарын орналастырғанда шешіледі. Олардың түбегейлі
  шешімі ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырғанда  жасалады.  Орналасқан
  орны, ауданы, шегарасы белгіленеді. Дала қостары және су көздері ауыспалы
  егіс массивінің ортасында, суға  жақын  орналасуы  керек.  Оларға  жетуге
  ыңғайлы жол болуы керек, жақсы санитарлық – гигиеналық  жағдайда,  рельеф
  бойынша жоғары жерде орналасуы керек.

    Нег.: 1. (44-52(;
    Қос.:5 (23-32(
    Бақылау сұрақтары:
   1. Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру әдісі.
   2.   Күрделі   рельефте   танаптарды   және   учаскелерді    орналастыру
      ерекшеліктері.
   3. Топырақты өндеу бағытын контурлы жобалаудың әдісі қандай.
   4. Ауыспалы егіс танаптары неге біркелкі болады,  ал  біркелкі  болмаған
      жағдайда олардың орташа мөлшерден ауытқуы неге байланысты болады.
   5. Орман жолақтарының орналасу бағыты.
   6. Орман жолақтарының ені және конструкциясы;
   7. Орман жолақтарының аралықтары қалай анықталады?


    Дәріс№15. МАЛ АЗЫҚТЫҚ АЛҚАПТАРДЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
    15.1 Жайылымның территориясын ұйымдастыру
    Табиғи  шабындық  пен  жайылымның  жер  отының  өнімділігі  мен   сапасы
климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, су мен  қамтамасыздығына  байланысты
болады.  Ауыл  шаруашылық  пайдаланымдардың  құрамында  табиғи  мал  азықтың
алқаптарының  үлесі  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай   өседі;   орман-далалы
(лесостепная), запада – 44%,  құрғақ  далалы  (сухостепная)  –  57%,  шөлейт
(полупустынной зоне) – 82%.
    Шөлейт және шөлді (батыс және оңтүстік аудандар).  Табиғи  жер  оты  өте
сирек (беден), көбінесе  эфимерлер. Өнімділігі  1.5-3  ц/га  құрғақ,  қарсыз
мерзімі 250-280 күн, сондықтан жер  отын  қой  мен  жылқы  бағуға  жыл  бойы
пайдалануға болады.
    Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:
    1. малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету үшін;
    2.  жайылым  жүйесінде  әрқашан  өзінің  өнімділігін  орнына   келтіріп,
жақсарту үшін;
    3. малды алысқа  айдамауды,  мал  азығын,  өкімін  тасу  және  адамдарды
тасымалдау трнаспорттық шығынын азайту үшін;
    4. малды семірту, өнімділігін жақсарту үшін.
    Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп  деректерді  жинау,  оларды
талдау  керек.  Мысалы  геоботаникалық,  су  шаруашылықтың,   агроклиматтық,
гидротехникалық, гидрогеологиялық жағдайларын  (вегетациялық  уақытта  жауын
қей кезде жүі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі)  және
басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіле әсер ететін факторларда.
    Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз:
    -  жайылымды мал тобына бекіту;
    - отарлар  мен табындарды,  жазғы  лагерлерді,  мал  суаратын  орындарды
орналастыру;
    -  ауыспалы  жайылым  жүйесін  орналастыру   және   оның   территориясын
ұйымдастыру;
    -  кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру;
    Жайылатын мал түріне, жасына  қарай  топтанауы  және  олардың  түрлеріне
қарай оптималдық мөлшері белгіленеді. Бір табынға тиісті жердің көлемі  (Р),
га
    Р = Г·Н·К·Д
          У
    Г – бір топтағы мал басы, бас;
    Н – бір бас малға бір күнде тиісті жасыл шөп, ц;
    К  –  ауыспалы  жайылым  коэффициенті  (мал  жайылатын  танаптың   жалпы
ауыспалы жайылым бойынша талаптардың санына қатынасы);
    Д – жайылу мерзімі, кџн;
    У – жайыдымының өнімділігі, ц/га.
    Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың  территориясында
ауыспалы жайылым жүйесі енгізіледі.
    Жайылым типіне және шөптің өсіп шығу  тездігіне  қарай  керекті  жайылым
және ауыспалы алқаптар схемалары таңдалып алынады. Мысалы әр зонада  жайылым
мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді.  Сондықтан  кейбір  жерде
жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады.
    Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы
жайылым ұсынылады:
|               |Танап нөмірлері                                        |
|               |1            |2         |3             |4             |
|Пайдалану      |Көктемде     |жазда     |күзде         |қыста         |
|мерзімі        |             |          |              |              |


    Шөп тобы бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның  танаптары  загондарға
бөлінеді.
    Кұрғақ дала жайылымында үш  танапты  ауыспалы  жайылым  орташа  екі  рет
оталады (жайылады).
|               |Танап өнімері                                         |
|               |1                |2                 |3                 |
|Жайылым        |3 рет            |2 рет             |1 рет             |
|мерзімі        |көктемде         |жазда             |күзде             |


    Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.
    Суландырылатын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-
5 жылда бір дем алынады.
    Жайылымды  ауыспалы  жайылым  жүйесінде  пайдалану   оның   жер   отының
ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.
    Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал
айдайтын  жерлерді,  суаратын  және  дем   алдыратын   орындарды   анықтауға
байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар  қойға,
гектар есебімен, мыналарды білу керек:
    1. Мал жейтін азық массасының қоры (ц/га) және оның керектілігі;
    2. Бір қойға және барлық отарға тәулігінде қажетті азық мөлшері;
    3. Бір загонда жаю ұзақтығы.
    «Қазақ шабындық және жайылым  шаруашылығы»  ғылыми-зерттеу  институтының
деректері  бойынша  ауыспалы  жайылым  жүйесіндегі  жусан-эфимер   типіндегі
жайылымды пайдалану кезінде оның орташа көпжылдық шығымдылығы гектарына:
     - көктемде – 5.1 ц;
     - жазда – 5.6 ц;
     - күзде – 4.5 ц.
    Бір қойдың жайылым шөбіне тәуліктік қажеттілігі:
     - көктемде – 4.5 кг;
     - жазда – 3.1 кг;
     - күзде – 3.3 кг.
    Ал азық өлшемі тиісінше:
     - көктемде – 1.12;
     - жазда – 1.24;
     - күзде – 1.20.
    Жыл маусымдарына қарай жою ұзақтылығы мынадай:
     - көктемде – 60 күн;
     - жазда – 90 күн;
     - күзде – 90 күн,
    барлығы 240 күн (Алматы облысы бойынша).
    Бір загонда қой 6 күннен артық ұсталмайды.
    Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып бір загонның  көлемін  мына  формула
бойынша анықтауға болады:
                                П = А·Б·В  ,
                                     Г·К
    П – загонның көлемі (га);
    А – бір қойға қажетті жайылымдық азықтың тәуліктік нормасы, кг;
    Б – малдың жалпы саны;
    В – малды загонда жою ұзақтығы, күн;
    Г – жегізу кезеңіндегі жайылым шөбінің шығымы (га, ц);
    К – орташа дәрежеде жегізуге сәйкес алынған К- 0.6 түзету коэффициенті.
    Сонда 300 қойдан тұратын отарды загонда  алты  күн  жаятын  болса,  оның
ауданы (П) мынадай болады.
    Көктемде: П = 4.5·700·6  = 61 га,
                              510·0.6
    Жазда: П = 3.1кг·700бас ќой·6кџн  = 40 га,
                            560 кг/га·0.6
    Күзде: П = 3.3·700·6  = 51 га.
                        450·0.6
    Маусымдағы жайылым кезенінің ұзақтығы,  отардың  загонда  болу  мерзімі,
отардағы малдың  саны  туралы  мәліметтерге  сүйене  отырып  маусымға  қарай
загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша  оңай  есептеп
шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі  маусымның  ұзақтығы  60  күн  және  бір
отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда  көктемде  жайғанда  көлемі  61
гектардан 10  загон,  жазда  жайғанда  40  гектардан  15  загон  және  күзде
жайғанда 51 гектардан 15 загон қажет болады.
    Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы  мен  шөбінің
желінгіштігіне байланысты көлемі әр түрлі (61, 40,51)  40  загоннан  тұрады.
Загонның орташа мөлшері 50га.
    Загонның  тік  бұрышты   болғаны   жақсы,   мұндай   загонның   ұзындығы
көлденеуінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайлымдардың әртџрлі  типінде
загонның ұзындығы мен кљлденењі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 700  қойдан
құралған отар үшін орташа загонның көлемі 1000х500м  (50  га)  болуы  керек.
Загонның  пішіні,  оның  көлемі  мен  орналасуы  қойды  жайылымнан   суатқа,
тынықтыратын орынға айдап  әкелудегі  артық  жүрісті  болдырмауы,  сондай-ақ
жайылымдық  жерді  пайдалануға  байланысты  қолданылатын  техниканы   тасуѓа
ыңғайлы болуы қажет.  Жан-жағы  қоршалған  жайылымдарда  суат  көздері  ашық
сулар,  шахталы  және  титікті  құдық,  ал  мүмкіндігіне  қарай  арнайы   су
құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта  есеппен  4-5  литр
су қажет етеді. 300 қойдан құралған  отарға  бір  күнде  1200-1500  литр  су
керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай  мөлшердегі  су
тасып беру арќылы ќамтамасыз етіледі.
    Қойды суаруға арналған  астаудың  алып  жүруге  ыңғайлы  болғаны  дұрыс.
Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа  қаратылып
орнатылады.
    Жайылымды қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі  мал  өтетін
территория қалқан мен қоршалуы керек. Қоршау  жайылым  территориясын  тиімді
пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және  екпелі  шөптердің  шығымдылығын,  1
гектардан  түсетін  өнім  мөлшерін   көбейтеді,   сөйтіп,   шопанның   еңбек
өнімділігін  арттырып,  еңбегін  түбелікті  өзгертіп,   жақсартады.   Қоршау
құрылысын  Жерге  орн-ру  Мем.ҒЗО  институты  жасаған  «Мәдени  жайылымдарда
арналған қоршау құрылысын салу элементінің жобасына» сәйкес салу қажет.


    15.2 Қоршалған жайылымдарды пайдалану.
    Малды жайылымға шығармастан бұрын жайылымдарды пайдалану графигі  жасалу
тиіс, онда барлық  жайылым  кезеңінің  ішінде  ауыспалы   жайылым  жүйесінде
загондарды пайдалану кезектілігі, отарды әр загонға  әкелу  мерзімі  шамамен
көрсетілуі керек. «Көктем»  учаскесінің  загонына  көктемгі  жаюды  шөп  өсе
бастағаннан кейін 12-15  күн  өткен  соң  оның  негізгі  массасы  түптену  –
бүршіктену кезеңіне жеткенде, яғни шөп 10-12 сантиметр өскенде, ал шөл  және
шөлейт жайылымда 7-8 сантиметр болғанда  бастаған  жөн.  Ерте  жайғанда  шөл
жағдайына шығындылығы жайылым массасының 2-2.5 ц.  аспайды.  Бұл  кезде  мал
негізінен өткен жылғы жусан мен сораңның қалдықтарын жейді.
    Күн жылынып, тұрақты температура орныққанша шөптін нашар өсіуіне
байланысты бір загонда малды екі күннен көп жаюға болмайды. Одан әрі
температураның артыуына қарай жайылым шөбі қаулап шығатындықтан, оныда төрт
күннен пайдалануға болмайды.
    «Жаз» және «Күз» учаскелеріне малды графикке, сондай-ақ  жыл  маусымдары
бойынша жасалған жайылым күннің тәртібіне сәйкес күннен жаю қажет.
    Ауыспалы  жайылым  жүйесі  бойынша  қой   жайғанда   шөл   және   шөлейт
жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі артады. Жайылымның биологиялық  тұрақты
шығымдылығы мен  мәдени  жайылымдардың  ұзақ  жылдық  өнімділігі  қамтамасыз
етіледі.
    Нег.: 1. (44-52(;
    Қос.:5 (23-32(
    Бақылау сұрақтары:
      1. Жер  иеленушілер  мен  жер  пайдаланушыларға  келтірілген  залалды
         анықтау қандай жүйелікте анықталады?
      2. Жер жүзінде егіншілікке жарамды жерлердің үлес салмағын көрсет?
      3. Жерді қорғау жөніндегі шаралардың маңыздылығын ата.


    3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖӘНЕ Зертханалық  сабақтар


    Сабақ   тақырыбы   1.     Қазақстан    Республикасының    территориясын
аудандастыру.
    ҚР картасын облыстарға бөлу.
    Сабақ тақырыбы 2. Жерді пайдалануды тіркеу.  Жер  бөлігінің  кадастрлік
нөмірін құру.
    № 1 жұмысты жалғастыру, кадастрлік нөмірлер беру.
    Сабақ тақырыбы 3. Жерді сандық және сапалық ескеру.
    Сабақ тақырыбы 4. Жер фондының категориялары.
    Сабақ  тақырыбы  5.  Ауыл  шаруашылық  жер  пайдаланудың  түрлері  және
түсінігі.
    Сабақ тақырыбы 6. Жер пайдалану бойынша ҚР  нормативтік  және  құқықтық
актілері.
    Сабақ  тақырыбы  7.  Социалды-экономикалық  жағдайы,  қоршаған  ортаның
экологиялық жағдайының бағасы бойынша жер мониторингін орындау әдістері  мен
тәсілдерін тағайындау.
    Сабақ тақырыбы 8. Жер орналастыруды оындайтын органдар.
    Сабақ тақырыбы 9. Жер орналастыру процестерінің кезеңдері.
    Сабақ тақырыбы 10. Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу.
    Сабақ тақырыбы 11. Жер жерге орналастыру объектісі ретінде
    Сабақ тақырыбы 12. Жерге орналастырудың түрлері
    Сабақ тақырыбы 13. Топырақты бонитировкалау. ТМД елдерінің топырақтарын
бонитировкалау әдістері
    Сабақ тақырыбы 14. Жер кадастрі және дерге орналастыру үшін пландық-
картографиялық негізді дайындау және құру.
    Сабақ тақырыбы 15. Жер орналастыру бойынша геодезиялық жұмыстар.


    4.  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
    5.1.  Жерге  орналастыру  ғылымының  даму  тарихы  (1861-1917,   (1917-
    1991)ж.ж.)
    5.2. Жерді ұтымды пайдалану мәселесі және оның мәні.
    5.3. шет елдік Жерге орналастыру ғылымы (1991-2000ж.ж.)
    5.4. жалпы – экономикалық  форманы  құрайтын  негізгі  жердің  орналасу
    жүйесі.
    5.5. Участкелік жерге орналастырудың теориялық негізі
    5.6.  Участкелік жерге орналастырудың методологиялық негізі.
    5.7. Қ.Р. жер реформасы
    5.8. Қазақстанда жерді пайдалану және жеке меншікке аудару.  Нормативті
    актілер.
    5.9. Жерге орналастыру қандай мақсатта жүргізіледі?
    5.10. Жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру  қандай  жобаларды
    өңдеумен қамтамасыз етіледі?
    5.11. Жерге орналастыруды жобалаудың даму тарихы.
    5.12. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесіндегі бағыты.




Пәндер