Файл қосу

Орман дақылдарының жиілігі



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                       |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                 |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                              |
|3деңгейлі  СМК құжаты       |ПОӘК                 |ОӘКҚ 042-18.21.          |
|                            |                     |/03-2013                 |
|                            |                     |                         |
|ПОӘК                        |                     |                         |
|«Таксация».                 |№1басылым            |                         |






                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                       5В080700 «Орман шаруашылық ісі»

                            мамандығына арналған





                        «Таксация » ПӘНІНЕ  АРНАЛҒАН
                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР























                                 СЕМЕЙ –2013












                                   МАЗМҰНЫ
1. Глоссарий




2. Дәрістер


3. Тәжірибелік  сабақтар


4. Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.







































                                               1.Глоссарий



   1. Таксотар- орман орналастыру кезінде орман  түгендеу,тесеру  жұмыстарын
      жүргізуші орман шаруашылығының маманы.

   2. Іріктемелік таксация-баға қою  әдісі,бұл  ретте  зерделеу  әдісі  үшін
      бұрын  белгіленген  жүйе  бойынша  тұтас   нәрсенің   барлық   сипатын
      жеткілікті түрде көрсете алатын  объектілердің  жеке  бөлігі  таңдалып
      алынады.

   3. Іріктемелі-өлшемді таксация-реласкопиялық  сынаманың  көмегімен  сүрек
      діңге баға қою әдісі.

   4.  Өлшемелі  таксация-сүрекдіңді  немесе  жеке  ағашты  барлық   қажетті
      көрсеткіштері бойынша аспаптық өлшеу арқылы баға қою.

   5.  Орманды(кеспе  ағаш  аймағын)  таксациялау-орман  ресурстарының,соның
      ішінде   ксу   көзделетін   екпе   ағаштардың   сапалық   ж/е   сандық
      сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі іс-шаралар.

   6. Кеспе ағашта таксациялау-кесуге ұйғарылған сүректердің қорын ж/е басқа
      да бағаламалық көрсеткіштерін айқындау.

   7.  Қайта  санау   әдісімен   таксациялау-ағаштарды   есептеу   негізінде
      сүрекдіңге баға қоюдың әдісі.

                                 Пирология

1.   Орман пирологисы-орман  өрттерінің  сыры  ж/е  олардың  салдары,  орман
   өрттеріне қарсы күрес туралы ж/е орман шаруашылығында  отты  пайдаланудың
   оңтайлы жақтары туралы ғылым.

2.   Ормандарды өрт қаупіне қарсы орналастыру-орман өрттерінің алдын  алуға,
   өрт қаупінің деңгейін төмендетуге, орманның өртке төзімділігін арттыруға,
   өрт ошағын жайылмаған  бастапқы  кезде  іздеп  табіға  әрі  оларды  жоюға
   бағытталған техникалық ж/е орман өсірушілік іс-шаралардың жүйесі.

3.   Өртке қарсы кедергілер- орман өрттерінің тарап кетуі  мен  өріс  алуына
   кедергі келтіретін аумақ учаскелері.

4.   Өртке қарсы тосқауыл-жоғары қабаттағы өртті тоқтатуға арналған ені  300
   метрге дейінгі ормандағы құрастырмалы (күрделі) өртке қарсы кедергі.

5.   Өрт жолындағы үзілім- ормандағы табиғи түрде ағаш өспейтін  жерлер,  су
   айдындары н/е өртке қарсы арнайы жасалған ені 10-20 метр  болатын  соқпақ
   түріндегі кедергілер, әдетте, солардың үстімен жол өтеді.

6.

7.   Рман өртінің алдын алу- орман өртінің шығуын ж/е  таралуын  болдырмауға
   бағытталған шаралар кешені.

8. Өрт сөндірудің амалы- орман өрті кезінде сөндіру күштері  мен  құралдарын
   бөлу ж/е өрт сөндіру кезінде



      1- дәріс. Орман  дақылдарын өндіру бойынша жалпы мәліметтер


Мақсаты:     Орман екпелерін өсіруді  дұрыс  жоспарлау,  барынша  тіршілікке
шыдамды,  ұзақ  өмір   сүретін   және   жоғарғы   өнім   беретін   екпелерді
қалыптастыру   үшін   өсу  орнының  жағдайна   қарай  орман  егу  жұмыстарын
аудандастру.

Дәріс жоспары:
1. Орман өсіруді аудандастыру және орыны жағдайларының  түрлері
2. Орманды қолдан өсірудің негізгі бағыттары

         Орман  өскіндерін  жасау және өсіру негізінде өсімдік  организмдері
мен өмір сүру  ортасы бірлігінің  өзара  байланысы  жатыр.  Ол  табиғи  және
орман өсіруді аудандастырудан, өсу жағдайлары үлгілерінің  ерекшеліктерінен,
екпе ағаш  алаңының санаттарынан құрама  екпе  ағаш  қорынан,  сүректі  және
бұталы  тұқымдас  ағаштардың   биоэкологиялық   қасиеттерінен   және   орман
шаруашылығы өндірісіне қойылатын талаптардан құралады.
          Орман  екпелерін  өсіруді  дұрыс  жоспарлау,  барынша   тіршілікке
шыдамды,  ұзақ  өмір   сүретін   және   жоғарғы   өнім   беретін   екпелерді
қалыптастыру   үшін   өсу  орнының  жағдайна   қарай  орман  егу  жұмыстарын
аудандастру қажет.
         Аудандастыру – бұл аумақты   топырақты-климатты  жағдайлар  бойынша
тым біртекті емес аумақты біршама бір біріне жақын  бір  тектес  аумақтарға,
кіші аймақтарға аудандарға т.б. бөлу.
         С.Ф.Курнаевтің орамн өсіру жағдайын  аудандастыру  бойынша  Бұрынғы
Одақтың барлық аудандары кіші аумақтары бар 11 аймаққа  бөлінген.  Қазақстан
аумағы далалық  аумаққа  жатқызылған,  оған   батыс,  солтүстік  және  шығыс
облыстары кіреді және республиканың  қалған  аумағы  жартылай   шөлейт  және
шөлейт  аймақтарға жатады.
          Алайда, орман  өсіруді  аудандастырудың  бұл  схемасы  айтарлықтай
ауқымды аймақта қамтиды және  аумағы  бойынша  ұсақ  аудандардың  топырақты-
климатты  ерекшеліктерін  ескермейді.Сондықтан   орманды   орналастыру   мен
олардың  табиғатына  байланысты   факторладың  ауқымды  факторларын   ескере
отырып, барынша бөлшектелген және  барынша  дәл  орман  өсірудің  жергілікті
аудандастыруы әзірленді.
         Климаттық  және  топырақты  жағдайларды  ескере  отырып,  Қазақстан
аумағында мынадай орман өсіру аймақтары бөлініп алынады:
    - орманды алқапты аймақ ормандары;
    - алқапты аймақ ормандары;
    - шөлейтті аймақ ормандары;
    - Алтай және Сауырдың таулы ормандары;
    - Солтүстік Тянь-Шань таулы ормандары;
    - Батыс Тянь-Шань таулы ормандары.
Республика солтүстігіндегі өзендерді бойлай  орналасқан  жайылмалы  ормандар
мен оның  солтүстік  бөлігіндегі  тоғайлар  аймақ  аралық  және  аймақішілік
ормандар болып табылады.
      Орман   өсіретін   аймақтар,   кіші   аймақтар,   аудандар   шегіндегі
аудандастыру және орман  екпе  ағаш  жұмыстарын  жобалай  орман  типологиясы
болып табылады.
     Орман  үлгілері  туралы  ілім  орман  шаруашылығын  ұтымды  және  дұрыс
жүргізуге ғылыми негіз болады. Орман үлгісі ормандағы  шаруашылық  объектісі
болуы  тиіс.  Орманның  белгілі  бір  үлгісіне  қатысты  ағаш  кесу,  табиғи
жаңарту, екпеағаш жұмыстары  т.б.  боыйнша  шарушылық  іс-шараларының  нақты
жүйесін әзірлеу қажет.
       Орманның  жасанды  түлеуіне  арнлаған  телімдерді  жалпы  экологиялық
бағалау үшін Е.В.Алексеев – П.С.Погребняктың (8.1-кесте) орман  өскіндерінің
өсу  орнының  жағдайлары  үлгілерінің  жіктемесі   барынша   оңтайлы   болып
табылады,  онда  топырақ  құнарлығының  екі  өзекті  факторы  –   топырақтың
құнарлылығы мен ылғалдылығы негізге алған.  Бұл  екі  деректеме  эдафикалық,
яғни орман телімдері үлгілері жіктемесінің топырақ кестесі негізін құрайды.
      Бұл  жіктеменің   өсу   орындары   жағдайының   үлгілері   (эдатоптар)
Қзақстанның орманды-далалық және далалық аймақтарының жазықтарындағы,  қазақ
сексеуілін қоса алғанда, орман және  орманды  емес  алаңдардың  сипаттамасын
кезінде қолдануға болады.
      Келтірілген схемадағы  солдан  оңға  көлденеңінен   А-дан  Д-ға  дейін
топырақтың құнарлылық дәрежесі трофогенді  құрай  отырып,  өсе  түседі.  Бұл
қатарда   телім   топырағының   құнарлылығы   бойынша   4   градация   болып
көрсетілген: А-орманды, В-қосалқы орманды, С-қосалқы жоталы, Д-жоталы,  олар
тирофотоптар мдеп аталады. Жоғарыдан төменге қарай тігінен гигрогенді  қатар
құрай отырып, олардың ылғалдылы дәрежесә өсе  береді.  Бұл  қатарда  топырақ
ылғалдылығының 6 градация бөліп алынған: 0 - өте құрғақ, 1  –  құрғақ,  2  –
жас, 3 – ылғал, 4 – сызды, 5 – сулы. Бұл  топтар  гигротоптар  деп  аталады.
Гигротоптар  мен   трофотоптар   қатарларының   қиылысы   эдатопты   құрайды
(эдафичиялық  немесе  топырақты  орын),  яғни   телім  үлгісі.  Эдатоптардың
атаулары   трофотоптардың   және     гигротоптардың    тиісті    атауларынан
қалыптасады. Мысалы: А0 – өте құрғақ орманды, В2 – жас қосалқы  орманды,  С3
– ылғал қосалқы жоталы т.б..

   8.1-кесте – Е.В.Алексеев –  П.С.Погребняк  бойынша  өсу  орны  жағдайлары
үлгілерінің жіктеме схемасы

|              |                                         Трофотоптар       |
|Гигротоптар   |                                                           |
|              |А-орманды     |В-қосалқы     |С-қосалқы     |Д-жоталы      |
|              |              |орманды       |жоталы        |              |
|0 – өте құрғақ|А0            |В0            |С0            |Д0            |
|1 – құрғақ    |А1            |В1            |С1            |Д1            |
|2 – жас       |А2            |В2            |С2            |Д2            |
|3 – ылғал     |А3            |В3            |С3            |Д3            |
|4 – сызды     |А4            |В4            |С4            |Д4            |
|5 – сулы      |А5            |В5            |С5            |Д5            |


      Мұндай жіктеме орман екпелерін жобалау кезінде ыңғайлы,  өйткені  оның
көмегімен орман көмкерген  алаңды  ғана  емес,  екпеағаш  қорының  басқа  да
санаттары – орман алаңқайы,  орман  алаңдары,  ашық  дала  т.б.  топырағының
құнарлылығы мен ылғалдылығын бағалауға болады.
     Алайда,   екпеағаш   алаңдарын   бағалау   кезінде    Е.В.Алексеев    –
П.С.Погребняктың  орман өсу орны жағдайлары үлгісінің  жіктеме  схемасы  тік
белдеу,  тік  еңіс  және  бөктерлердіңэкспозициясы  сияқты   көрсеткіштерді,
олардың инсолирлену дәрежесі және басқада бірқатар факторларды ескермейді.
    Солтүстік Тянь-Шань таулы шырша ормандары  үшін  профессор  А.Н.Медведев
орман  көмкерген  алаңдардың  өсу  орын  жағдайларының  үлгілерін  жеткізуді
әзірледі. Екпе  ағаш  тәжірибесінің  ыңғайлылығы  үшін  мұнда  4  биіктікті-
климатжолағы бөлініп алынған:
    - суық сызды климат(теңіз деңгейінен 2800-2400 м жоғары);
    - салыстырмалы түрде суық ылғалды климат (2400-2000м);
    - баяу жайлыы климат  (2000-1600 м);
    - Ылғалдылығы жеткіліксіз баяу жылы  климат  (теңіз  деңгейінен  1600  м
төмен).
     Тау бөктерлеріндегі экспозиция мен  тік  еністіктің  бірінші  кезектегі
маңызды болуына байланысты 8 негізгі экспозиция бөлініп алынады:  солтүстік,
оңтүстік, шығыс,  батыс,  солтүстің-шығыс,  солтүстік-батыс,  оңтүстік-шығыс
және   оңтүстік   шығыс   бөктерлердің   тік   еңістігінің     4    градация
пайдаланылған:10 градус дейінгі алаңқайлар, 10-20 градус ылди, 20-35  градус
құлама және тік құлама 35-45 градус.
      Бөктерлердің инсолирирлену дәрежесі бойынша тіршілік  ету  орындарының
инсолиирлену шәкілі жасалған: а) әлсіз, б) орташа, в) күшті, г)  өте  күшті.
Инсолирирлену  шәкілі  8  экспозиция  бойынша   бөктерлердің   құламалығымен
байланыстырылған.
       Өсу  жағдайның  үлгілерінің  ерекшелігі  топырақтың  құнарлылығы  мен
ылғалдылығымен   –   эдатоптармен   (   гигро-    және    трофотоптар)    де
айқындалады.Топырақ трофтылығының 5 тобы қабылданған  :  өте  құнарлы  –  Д,
құнарлы –С, жұтаң –В, орман өсіруге болатын  өте  жұтаң,  -  А  және  оорман
өсіруге болмайтын өте жұтаң – А.
      Ал гигротоптардың ылғалдылық дәрежесі бойынша 6 топ бөлінген: 0 -  өте
құрғақ, 1 – құрғақ,  2 – жас, 3 – ылғал, 4 – сызды, 5 – сулы.
     Солтүстік Тянь-Шань таулы  ормандары  үшін  өсімдік  өсу  жағдайларының
үлгілеріне  қарай  А.Н.Медведев  Шренка  шыршасы,  кәдімгі  қарағай,   Сібір
жалпақ жапырақты қарағайы және салпыншақ қайың басты тұқымдар бар   екпеағаш
санатьтары  алаңдарының  4  санаты  бойынша  орман  ағаштарының  27  үлгісін
ұсынады.

2. Орманды қолдан өсірудің негізгі бағыттары

    Қолдан орман өсірудің негізгі бағыттары орманды  молықтыру  және   орман
өсіру олып табылады. Орманды молықтыру  –  бұл  бұрын  орманмен  көмкерілген
алаңдарда орман екпелерін өсіру. Мұндай  алаңдарға, әдетте әр түрлі  жастағы
ағаштар кесілге, өртенген және көшеттер қурап қалған алаңдар  жатады.  Орман
өсіру – бұл бұрын орман өспеген жерлерге орман екпелерін өсіру, орман  өсіру
тек қолдай, ағаш өсіру және отырғызу  тәсілімен  жүзеге  асырылады.  Орманды
молықтыру кезінде өсірумен және отырғызумен  қатар  жекелеген  тұқымдастарды
табиғи жаңарту да пайдаланылуы, яғни  ол  аралас  түрде  жүргізілуі  мүмкін.
Аралас молықтырудың айрықша түрі екпе ағаш  әдісімен  құндылығы  төмен  ағаш
тұқымдары мен бұталарды шаруашылықта бағалы екпелермен  ауыстыру  мақсатында
жас екпелерді қайта құру болып  табылады.
     Орманды молықтыру және орман өсіру кезінде орман екпелерін өсірудің   4
жүйесі пайдаланылуы мүмкін:
    - бастапқы орман ағаштары;
    - орман қолтығы екпеағаштары;
    - ағаш  кесілген  және  өртенген  алаңдарда  кейіннен  орман  дақылдарын
      отырғызу;
    - бұрын орман болмаған алаңдарда ағаш өсіру.
     Бастапқы орман ағаштары – бұл  таяу  жылдары  кесуге  түсетін  жетілген
екпелерді аусытыру үшін егілетін дақылдар.  Мұндай  дақылдарды  қалыптастыру
жетілген,    ал    кейде    толысқан    екпелердің    орнындағы    алаңқайда
басталады.Ағаштар кесілгеннен кейін алдын ала  егілген  екпелер  толықтырып,
нәтижесінде ашық алаңдарда егілетін тұтас екпе  ағашатар  жасалады.  Олардың
басымдығы сол, онда тұқымдардың  қалаусыз  ауысымының  алды  алынады,  орман
жағдайына қолайлы жағдайлар барынша  пайдаланылады,  екпеағаштарды  отырғызу
мен өсіруге кететін шығын төмендейді.
      Орман қолтығындағы екпеағаштарды тығыздығ төмен екпелердің  өнімділігі
мен орнықтылығын арттыру үшін егу  ұсынылады.  Әдетте  оларды  жасы  екінші,
кейде үшінші сыныптағы жас және  орта  жастағы  алқа  ағаштарда  отырғызады.
Өнімділікті  арттырудан  басқа  орман  қолықтары  екпеағаштарының  топырақты
қорғау,  су  сақтау,алқа  ағаштардың   санитарлық-гигиеналық   және   сәндік
қасиеттерін  күшейтетін  мелиративті  маңызы  бар,  олар  аңшылық-кәсіпшілік
хайуанаттар дүниесінің жемдік қорын жақсартады. Бұл көзқарас  бойынша  жасыл
аймақ және айрықша қорғалатын табиғи аймақтардың  рекреациялық  аймақтарында
орман қолтығы екпе ағаштарын отырғазу пайдасы зор.
       Ағаштар  кесілген  және  өртенген  жерлерде  кейіннен   отырғызылатын
екпеағаштар  басты  тұқымдармен  молықпайтын  немесе  қанағаттанарлық  түрде
молықпайтын  кеспеағаштардағы  алқаағаштарды  кескеннен  кейін  отырғызылып,
өсіріледі.  Олардың  негізгі  басымдығы  барлық  жұмыстарды   механизациялау
мүмкіндігі және құрамы мен құрылымы бойынша күрделі алқа ағаштар  егу  болып
табылады.
      Бұрын орман  болмаған  алаңдарда  орман  өсіру.  Екпеағаштар  орманмен
көмкерілмеген,  орманды  емес  алқаптар  –  алаңқайларда,   алаңдарда,   бос
жерлерде, аралық аралдық орманды далаларда т.б. егіледі. Орман  екпеағаштары
алаңының  бұл  санаты  орман  екпе   ағаштарын   егу   жұмыстарына   кешенді
механизацияны барынша  толық  қолдануға  мүмкіндік  береді.  Алайда,  мұндай
алаңдарды игеру кезінде ағаш  кесу  орындарын  егжей-тегжейлі  зерттеу  және
тұқымды іріктеуді негіздеу қажет  болады.

 Әдебиеттер
   1. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. Қазақстан  Республика –
сының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
   2. Атрохин В.Г., Гурский  А.А., Аманбаев А. К., Токтасынов  Ж.Н.  Леса  и
      лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.
   3. «Земледение с основами почвовединие и агрохимии».
   4. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почво –
веденим».
   5. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана».
   6. В. В. Добролький География почвы».
   7. Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.
   8. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орын –
дауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Павлодар: Кереку, 2008. - 20 б.
   9. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с.










2-дәріс    Орман    дақылдары    қоры,    орман    дақылдары    алқаптарының
                     түрлері мен санаттары, олардың игерудің кезектілігі

Дәріс жоспары:
1 Орман дақылдары
2. Тұтас және ішінара орман дақылдары
3. Таза және аралас дақылдар


 Орман  дақылдары  алаңы  деп  орман  дақылдарын   егуге   арналған   телім
 түсініледі. Шаруашылық немесе өңір шегіндегі орман  екпеағашы  алаңдарының
 жиынтығы орман дақылдарының қорын құрайды.
      Орман екпеағаштары алаңдарының мынадай түрлері бар:
    - жас және көне ағаштарды кесу;
    - нашар молығатын немесе молығуы  қажетсіз  құндылығы  төмен  тұқымдарды
      кесу;
    - жаңадан өртенген және бұрын өртенген жерелер;
    - селдірлі;
    - алаңдар, алаңқайлар, бос жерлер, ашық еңістер;
    - ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды және жарамсыз алаңдар;
    - орман өсіруге жарамды құмдар, жобалар, аңғарлар және басқа да  орманды
      емес жерлер;
    - пайдалы қазбалар  алынғаннан  кейін  орман  өсіруге  жарамды  жағдайға
      келтірілген алаңдар.
     Телімнің нақты жағдайына және топырақты дайындау тәсіліне қарай  барлық
орман екпеағаштар алаңы 4 санатқа топтастырылады:
       «а»  -  ауыл  шаруашылығы  үшін  пайдаланудан  шыққан   бос   жерлер,
алаңқайлар мен  алаңдар,  молықпайтын,  шіріген  немесе  түбірлері  тұтастай
өңдеуге рұқсат етілген еңістігі 60 дейінгі ылдилар;
       «б»  -  600  дана/га  дейін  түбірлер  саны  бар,  молықпайтын,  ағаш
кесілген,  ағашы  селдір   және   өртенген   жерлер,   сондай-ақ   топырақты
жолақтармен немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 6-120  дейін
ашық ылдилар;
       «в»  -  600  дана/га  дейін  түбірлер  саны  бар,  молықпайтын,  ағаш
кесілген, ағашы селдір және өртенген жерлер, сондай-ақ топырақты  алаңдармен
немесе атыздарменішінара дайындауғаболатын еңістігі 12-200 дейін  ылдилар;
       «г» - ағашы есілген немесе өртенген, әдетте  басты  немесе  құндылығы
аз жұмсақ жапырақты  тұқымдастармен  қанағаттанарлықтай  молықпайтын  немесе
бұталар өсіп кеткен, қою майда ағаштары  бар  алқа  ағаштары  сирек  жерлер,
онда екпе ағаштарды өсіру жолымен басты тұқымды ағашты  көбейту  үшін  алдын
ала дәліздер  жасау,  одан  соң  топырақты  жолақтармен,  атыздармен  немесе
алаңдармен ішінара дайындау қажет  болады.Бұл  санаттағы  екпеағаш  алаңдары
басты  тұқымды  ағаштың  дақылын  өсіру  үшін   алаңдар   немесе   биотоптар
пайдаланылады не құндылығы төмен алқаағаштарын  (  қарағаш,  көктерек,  бұта
нуы) барынша шаруашылық үшін  құнды  тұқымдармен  (  қарағай,  шырша,  емен)
ауыстыру мақсатында қайта құру үшінтағайындалады.
     Орман дақылдары қоры алаңдарының әрқайсысы үшін өсу орны  жағдайларының
үлгісін, сондай-ақ экономикалық орындылығын ескере  отырып,  орман  екпеағаш
жұмыстарының сипаты айқындалады, атап айтқанда:   ағаш  тұқымдарын  іріктеу,
үлгілері  мен  ауыстыру  схемасы,  өсіру   тәсілі,   отырғызу   немесе   егу
орындарының орналасуы, күтім іс-шаралары, яғни  орман  дақылдарын   өсірудің
негізделген жобасы  әзірленеді.  Орман  дақылдары  қорының  алаңын  бірыңғай
есепке алу мен тексеру  орман орналастыру уақытында жүргізіледі.
      Орман дақылдары қорын бірінші кезекте игеруге мыналар жатады:
    - қылқан жапырақты тұқымдардың жаңадан кесілген алаңдары  және  шөптесін
      өсімдіктер тез өсетін өртенген алаңдар;
    -  жоғарғы  сыныптағы  бонитетті  алқа  ағаштарын  өсіру  үшін   жарамды
      құндылығы жоғары топырағы бар орман көмкермеген алаңдар;
    - топырақтың жел және су эрозиясына ұшырайтын телімдер;
    - онда шаруашылық жүргізуге бағалы ағаштар  тұқымдарын  өсіру  көзделген
      құндылығы төмен молыққан жұмсақ жапырақты  тұқымдас  ағаштарды  немесе
      бұталарды кесу;
    -  пайдалы  қазбалар  алынған  және  орман  өсіруге   жарамды   жағдайға
      келтірілген жерлер;
Орман дақылдары қорын игерудің нақты  кезектілігі   орман  орналастыру  және
жобалау іздестіру  жұмыстары кезінде айқындалады.


2. Тұтас және ішінара орман дақылдары

    Отырғызылатын немесе егілетін ағаш тұқымдарынан  тұтастай  екпе  ағаштар
өсіру кезінде олар болашақта өсірілетін  алқаағаштармен  толықтай  көмкеруді
қамтамасыз ететін алаңға тең орналастырылады.Бұл молықпайтын  ағаш  кесілген
жіне шіріген, әр түбірлері алынған өртенген жерлердегі екпеағаштар,  сондай-
ақ  орман  өсіру  кезінде   пайдаланылатын   екпеағаштар.   Тұтастай   орман
екпеағаштары құрамы, қоюлығы,  топырақты  дайындау,  тұқымдастарды  ауыстыру
және орналастыру тәсілі бойынша сан алуан. Мұндай екпеағаштар  оларды   күту
үшін  барынша қолайлы.
      Оларды  өртке   қарсы   шыдамдылығын   арттыру   мақсатында   тұтастай
екпеағаштарды өсіру  нұсқасының  бірі  ретінде  оларды   орман  екпеағаштары
алаңына орналастырудың арқаулық-ықтырма әдісі ұсынылады.  Бұл  әдіс  әсіресе
қазақ  сексеуіл  алабында,   Ертіс  жағалауының  жолақ   ормандарында   және
Қостанай  облысының  шоқ  қарағай   ормандарында  қарағай  ағаштарын   өсіру
кезінде қолайлы. Оның  мәні  –  қарағай  ағаштарын  дәстүрлі  жаппай  егуден
ерекшелігі бойынша оны 10 – 25  га  алаңы  бар  жекелеген  блок  телімдерден
тұратын көлемі жағынар ірі өртенген жерлер мен орман  көмкермеген  алаңдарда
егіледі, оларды  орман  екпеағаштары  алаңдарында  орналастыру  өрт  қауіпті
кезеңдерде өктем желдің бағытымен байланысты болуы тиіс. Блоктар  арасындағы
өртке қарсы үзілім ені өктем желдерге перпендикуляр 80-100  м,  көлденеңінен
– 50-70 м. Өктем желдерге қатысы бойынша  блок  аралық  үзілімдер  бағытынан
ауытқуға рұқсат етіледі, бірақ  ол  30  градус  аспауы  тиіс.  Өртке   қарсы
үзілімдердің мұндай орналасуы нәтижесінде  ағаш  телімдері  тұтастай  массив
құрамай, орман екпеағашы алаңында шамамен шахмат тәртібінде орналасады.
    Ішінара орман екпеағашы шаруашылыққы құнды  тұқымдардың  қанағаттанарлық
түрде молықпайтын кесілген және  өртенген  жерлерде  өсіріледі.  Бұл  ретте,
әдетте орманды қолдай өсіру оның табиғи молығуымен қоса жүреді; оның  үстіне
негізінен тек басты тұқымдас ағаштар егіледі, ал жанама ағаштар мен  бұталар
табиғи молығу есебінен қалыптасады. Ішінара екпеағаштары  кезінде  топырақта
өндеу  атыздармен,  жолақтармен,  алаңдармен   жүзеге   асырылады.   Ішінара
екпеағаштарын өсіру кезінде механизацияны қолдану шектеулі.


Таза және аралас дақылдар

    Таза орман дақылдары – бұл ағаш тұқымының немесе бұталардың бір  түрінен
тұратын дақылдар.  Олар  әдетте,  өсу  жағдайлары  қандай  да  бір  тұқымның
талаптарына ғана сәйкес болатын алаңдарда өсіріледі.

3.Таза және аралас дақылдар

     Таза ормандар  дақылдары-  бұл  ағаш  тұқымның  немесе  бұталардың  бір
түрінен  тұратын  дақылдар.  Олар  әдетте,  өсу  жағдайлары  қандай  да  бір
тұқымның талаптарына ғана сәйкес болатын алаңдарда өсіріледі.

     Қазақстан жағдайында мынадай жағдайларда  таза  дақылдар  өсіру  орынды
болады:

    - Қостанай обылысының аралдық ормандарындағы жұтаң орманды құмдарда және
      Ертіс жағалауындағы жолақ ормандарында (қарағай);
    - Шоқ қайыңды ормандары аймағындығы миялы және мия  басқан  топырақтарда
      (қайың);
    - Жайылма және тоғайлы ормандардағы өзен жағасы аллювиалды  сорғыларында
      (бұталы талдар);
    -  Бөктерлі  жартылай  тоғайлы  құмдарда  және  сұр   топырақты   шөлейт
      ормандарда (сексеуіл);
    - Батыс Тянь-Шань таулы ормандарының оңтүстік  экспозициясы  еңістерінде
      (пісте,бадам);
    - Жанама тұымдас  ағаштарды  пайдалану  орынсыз  Солтүстік  Тянь-Шаньның
      табиғи шыршалы орман жағдайында (Шренка шыршасы);
    - Құрғақ далалы байрақты орман және жартылай шөлейт аймақтарындағы миялы
      топырақта (жиде, тамарикс).
           Бұл жағдайларда мұндай  дақылдар  барынша  шағымды  және  ықтимал
      болатын өсімдіктер ішінде  жалғыз  шыдамды  ағаштар.  Таза  дақылдарды
      мақсатты шаруашылық жүргізу кезінде де өсіреді.

      Мысалы, сүректі жедел өсіру үшін теректердің плантациялы  есепағаштары
      немесе дәрілік шикізатқа арналған шырғанақ плантациясы.

           Аралас орман дақылдары- бұл ағаштар немесе бұталардың екі  немесе
      одан да көп  түрлерінен  тұратын  дақылдар.  Олар  басты  және  жанама
      тұқымдарда, көбіне бұталардан тұрады. Аралас дақылдарды өсіру  кезінде
      әдетте, алқаағаштары құрамында олардың қатысу үлесі кемінде 50%  болуы
      тиіс бір басты тұқым енгізіледі. Басты тұқымды  ол  үшін  қолайлы  өсу
      орны жағдайларын ескере отырып,іріктейді, ол  кейіннен  алқаағаштардың
      жоғары қолтығын құрайды және сүректің негізгі,барынша бағалы  массасын
      беруі тиіс.

            Жанама  тұқым  басты  тұқым  үшін  оңтайласқан  болып  табылады,
      алқаағаштарда екінші қатар құра  отырып,  оның  өсіміне  жақсы  жағдай
      туғызады.

           Екпеағаштарға бұталарды көбіне шөптесін өсімдіктерді өсірмеу үшін
      отырғызады. Қазақстанның солтүстік жазықты жағдайларында аралас  орман
      дақылдарын өсіру кезінде  бұталар  қарағайды  қайың  бұтағының  желмен
      зақымдауының алдын  алу  үшін  қарағайлы-қайың  алқаағаштарында  беткі
      тұқым ретінде отырғызылады.

           Тұқымды дұрыс таңдау және қолайлы орман  өсіружағдайлары  кезінде
      аралас алқаағаштар топырақтың қоректік қорынбарынша толық пайдаланады,
      қолайсыз факторларға қарсы барынша  шыдамды,  барынша  шығымды  болады
      және барынша тиімді су қорғау  және  топырақ  қорғау  қасиеттеріне  ие
      болады.




Әдебиеттер
  10. Қазақстан Республикасының Орман кодексі. Қазақстан  Республика –
сының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
  11. Атрохин В.Г., Гурский  А.А., Аманбаев А. К., Токтасынов  Ж.Н.  Леса  и
      лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.
  12. «Земледение с основами почвовединие и агрохимии».
  13. А.М.Лыков, А. А. Коротко, Т. Г. Громокова «Земледение с почво –
веденим».
  14. А. М. Дурасов, Т. Т. Тазабеков «Почвы Казахстана».

3-дәріс.  Ағаш отырғызу және себу орындарын орналастыру тәсілдері, ағаш
тұқымдыларды араластыру сызбалары мен түрлері


Дәріс жоспары:
1. Ағаш отырғызу
2 Орман дақылдарының жиілігі

            Отырғызу  және  егу  орындарын  орналастыру-  бұл   өсімдіктерді
      алаңдарға бөлу тәсілі. Ол қатарлы және биотоптық болуы мүмкін. Қатарлы
      тәсіл, әдетте тұтастай дақылдарды өсіру кезінде пайдаланады. Бұл ретте
      қатар  арасындағы  қашақтық  қабылданған  жобаға   қатаң   сәйкестікке
      белгіленеді, мысалы: 1,5; 2,0 немесе 3,0м.  Кейде  отырғызу  қатарлары
      топтарға немесе ықтырмаға орналасады: 3-5 (немесе  одан  да  көп)  бір
      бірінен азғана қашықтықта орналасады (1,5; 2,0; 3,0м), одан  соң  5-6м
      (және одан да көп) кең ашық жер қалдырылып,  қайтадан  жақын  қатарлар
      жолағы  жалғасады.  Отырғызу  және  егу  орындарының  бұлай  орналасуы
      ықтырмалы деп аталып, әдетте кесілген, өртенген  жерлерде  күрт  еңісі
      бар  тауларда  және  террасалар  бойына  екпеағаштар   өсіру   кезінде
      топырақты жолақтай ішінара өңдеуде қолданылады.

           Биотопты дақылдарды отырғызу орындары топпен орналасады,  олардың
      әрқайсысыда бірнеше өсімдік отырғызылады.  Биотоптар  әдетте,  алаңдар
      бойынша  ішінара  дақылдар  кезінде  немесе  соқалық  атыздар   бойына
      отырғызу орындарын звенолық орналастыру  кезінде  өсіріледі.  Звенолық
      орналастыру кезінде биотоптар бір біріне  жақын орналасып  (0,3-0,5м),
      бір қатарға отырғызылатын 3-5 өсімдіктен тұрады.  Звенолар  арасындағы
      қашықтық   3-5м.    Биотоптарда    өсірілетін    орман    дақылдарында
      бөрікбастарының түйісуі тез жүреді, табиғи іріктелу  барынша  қарқынды
      болып, нәтижесінде алқаағаштар келешекте  ағаштардың  барынша  төзімді
      даналарынан  тұратын болады. Аралас орман екпеағаштарын өсіру  кезінде
      тұқымдар араласуының мынадай схемасы мүмкін болады: таза қатарлар (бір
      тұқым қатары екінші тұқым қатарымен кезектесіп отырады);  ағаш  аралық
      (бір қатарда бір  тұқым  басқа  тұқыммен  кезектеседі);  ықтырма  (бір
      тұқымнан  құралған  бірнеше  таза  қатар  бір  немесе  бірнеше  екінші
      тұқымның таза қатарымен араласады); топтық (жекелеген биотоптар рақылы
      тұқымдардың кезектесуі жүреді).

            Араластыру  схемасын  таңдау   кезінде   сүректі   және   бұталы
      тұқымдардың биологиялық және  орман  шаруашылық  қасиеттерін  ескерген
      жөн.

          Араластыру үлгісі- бұл дақылдарда олардың барынша орынды  үйлесуін
      аралық бәсекелестіктік күші мен нысандары немесе өзара көмекті  ескере
      отырып, алаңда тұқымдарды орналастыру тәртібі. Басты, жанама  тұқымдар
      мен бұталар араласады. Сыртқы  орта  жағдайларына  қатысты  араласатын
      тұқымдарға қарай, олар былайша бөлінеді:

    - Сүректі-бұталы үлгі- қоректену алаңын ұлғайту масқатында  басты  тұқым
      ағаштары  сирек  орналасуы  тиіс  жағдайлар  үшін  ұсынылады.   Қалған
      орындарға  көлемі  шағын  болғандықтан  топырақты  қатты  құрғатпайтын
      бұталар егілуі тиіс. Бұл үлгіде бұталардың көмегімен тұйықталған орман
      қолтығы  жасалады.  Бұл  аралас  үлгідегі  бұтаның  міндеті-  шөптесін
      өсімдіктерді өсірмеу.
    - Сүректі-көлеңкелі үлгі- бұл  үлгіде  бұта  орнына  шөптесін  өсімдікті
      өсірмеу үшін топырақты көлеңкелеп қана қоймай, басты тұқымның  бүйірін
      көлеңкелей  отырып,  бірмезгілде  оған  «қабысушы»  болатын  көлеңкеге
      төзімді жанама тұқым егіледі.
           Бұл үлгі ылғал қамтамасыз етудің жақсы жағдайлары бар орман өсіру
      аймақтары үшін мейілінше қолайлы.

    - Сүректі-көлеңкелі бұталы (аралас) үлгі алдыңғы  екі  үлгінің  туындысы
      болып табылады. Орман дақылдарының бұл үлгісі  Қазақстанның  солтүстік
      облыстарында қарағайды жел әсерінің тербеуімен  қайыңның  зақымдауынан
      қорғау үшін бұта беткі орман тұқымын рөлін атқаратын қарағайлы-қайыңды
      алқаағаштарын өсіру кезінде пайдалану үшін кеңінен таралған.






   1. Орман дақылдарының жиілігі




             Екпеағаштардың   тығыздығы-бұл   ағаш    отырғызу    жұмыстарын
      жүргізгеннен кейін  бірден  орман  екпеағаштарының  1га-дағы  отырғызу
      орындарының саны.

           Дұрыс  таңдалған  екпеағаштар  иығыздығы  мен  алаңдағы  отырғызу
      орындарын  орналастыру  сипатынан  алқаағаштардың   өсу   барысы   мен
      қалыптасуы,  олардың  төзімділігі,  қатарлар  мен  қатар  аралығындағы
      бөрікбастардың  жымдасу  мерзімі,   топыраққа   агротехникалық   күтім
      ұзақтығы, ағаштардың саралау мен алқаағаштарының табиғи сиреуі, сондай-
      ақ өсірілетін сүрек саны байланысты болады.

            Қазақстанның  топырақты-климаттық   жағдайларының   саналуандығы
      өсірілетін  орман   екпеағаштарының   тығыздығы   бойынша   стандартты
      ұсынымдар беруге мүмкіндік береді. Сондықтан ағаш отырғызу  жұмыстарын
      жобалау және жүргізу кезінде екпеағаштарының бастапқы тығыздығын, яғни
      әрбір нақты жағдайда алаң  бірлігіне  отырғызылатын  өсімдіктер  санын
      белгіленеді.

           Отырғызу орындарының бастапқы тығыздығы мен  орналасуы  мыналарға
      байланысты болады:

        A.   сүректі  екпеағаштардың  биологиялық  және  орман   өсірушілік
           қасиеттері-жарықты барынша жақсы көретін тұқымдыларды  (қарағай,
           балқарағай, қайың) көлеңкеге шыдамды тұқымдыларға (шырша,  емен)
           қараған барынша сирек орналастырып отырғызған жөн;
        B.  дақылдар құрамы- таза тұқымдыларды тығыз,  араластарын  сүректі
           және  бұта  тұқымдылардың  өзара  әсерін  ескере  отырып,  сирек
           отырғызу керек;
        C.  өсу орны жағдайларының үлгілері-жұтаң және құрғақ  тұқымдыларды
           тығыз, құнарлы және ылғал тұқымдыларды сирек;
        D.  экономикалық жағдайлар мен өсіру  режимі-ұсақ  тауарлы  сүректі
           күту үшін кесуге қарай өткізу  қажеттілігі  болған  кезде-тығыз,
           олай болмаған жағдайда-сирек;
        E.   орман  екпеағаштары  алаңының  жай-күйі   мен   пайда   болуы,
           дақылдарды  өндіру  әдісі-тұтас  дақылдар-барынша  тығыз,ішінара
           дақылдар-барынша сирек өсіріледі. Егу арқылы өсірілген дақылдар,
           әдетте  отырғызылған  дақылдармен  салыстырғанда  барынша  тығыз
           болады.
            Екпеағаштардың  тығыздығына  қойылатын  жалпы  талаптар  мынаған
           саяды:

      - Екпеағаштардың тығыздығы шөптесін өсімдіктерді өсірмеу  және  орман
        жағдайын жасау мақсатында  ағаштардың  бөрікбастарын  тез  жымдасуы
        қамтамасыз етілетіндей түрде болуы тиіс (орынды шектерде);
      - Екпеағаштардың бастапқы тығыздығын бастапқы 5 жылда 20-30 және 40%-
        ға дейін қопарылып құлауы есебінен таңдалуы қажет;
Екпеағаш тығыздығы ағаштардың қалыпты өсуін қамтамасыз етуі, яғни топырақ
қорегі алаңы,жарық,бұтақтарды шауып тазалау оңтайлы болуы тиіс

4-5- дәріс . Орман дақылдары үшін жер дайындау

Дәріс жоспары:
1. Жерді жаппай өңдеу
2. Жерді ішінара өңдеу
3. Орманда тұқым себу және ағаш отырғызу



     Өсу орнының жағдайына, топырақтың  механикалық  құрамына  және  олардың
шымдау дәрежесіне қарай топырақты сүдігерлеп өңдеу, көктемгі жер  жырту,қара
немесе ерте пар салу байланысты болады.

     Сүдігерлеп өңдеуді жеңіл шымдалған  құмды  және  құмдауытты  топырақтар
мен егер, ол тамырсабақ және тамыратпалық арамшөптерден  тазартылған  болса,
уақытша ауыл шаруашылығына пайдаланудан шыққан жерлерде рұқсат  етіледі.  Ол
өңдеудің мына тәсілдерін тізбектеп қолдануды қамтиды:

    - Күзде 10-12 см тереңдікте дискілі құралдармен топырақты түлету;
    - 12-15 күннен соң кемінде 30 см тереңдікте сүдігерлеп жырту;
    - Ылғалды жабу мақсатында 2 ізбен ерте көктемгі тырмалау;
    - Бір мезгілде тырмалай отырып, жаз ішінде 3-4 мәрте қопсыту  (тереңдігі
      10-12см );
    - 30-35см тереңдікте парды күзгі үйіндісін қайта жырту;
    - Бір мезгілде тырмалай отырып, отырғызу алдындағы қопсыту.
        Ерте пар оның алдыңғы жүйеден айырмашылығы ол көктемгі жер  жыртуды,
   бір мезгілде тырмалай отырып, 3-4  мәрте  қопсытуды,  ылғалды  жабу  үшін
   парды  күзде  қайта  жыртуды,  бір  мезгілде  тырмалай  отырып,  отырғызу
   алдындағы қопсытуды қамтиды. Бұл тәсілдердің әрқайсысы  қара  пар  жүйесі
   бойынша топырақты  өңдеу  кезіндегідей  мақсаттарды  ұстайды.  Бұл  тәсіл
   механикалық құрамы бойынша арамшөп басушылығы әлсіз,  жеңіл  және  орташа
   құмдауыт топыраққа қолданылады.

        Сортаңды белгісі  бар  топырақты  тұтастай  өңдеу  кезінде,  топырақ
   қабатын бетке аудару арқылы терең жер жырту кезінде кейіннен  ірі  тасты,
   жер бетін қопсытуға, орман екпеағаштарын  отырғызуға  қиындық  келтіретін
   тығыз сортаң жиек жер бетіне шығарылатын есте ұстау керек.  Бұл  жағдайда
   жырту тереңдігін бірте-бірте ұлғайтқан жөн: әуелі қабатты сортаң  қабатқа
   дейінгі тереңдікке аудару арқылы жыртып, топырақ  тереңдеткіштері  немесе
   үймесіз соқалармен парды жырту кезінде 30-35см  толық  тереңдікте  сортаң
   қабаты уатқан жөн.

        Ауыл шаруашылығы мақсаттарында пайдаланғаннан кейін алаңды  тұтастай
   өңдеу. Орман дақылдары қорында бұрын ауыл шаруашылығы  дақылдары  егілген
   алаңдар кездесуі мүмкін.

        Уақытша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалану(1-2 жыл) кезінде орман
   екпеағаштары алаңы астық және жер жырту арқылы егілетін дақылдарды  егуге
   берілуі мүмкін. Бұл ретте жерді жырту арқылы  егілетін  ауыл  шаруашылығы
   дақылдары- бұршақ,  бақша  өнімдері,  жүгері  т.б  басымдық  берген  жөн,
   өйткені күту үдерісі кезінде арамшөптер жойылады. Бұл жағдайда  топырақты
   өңдеу өнім жиналғаннан  кейін  бірден  сүдігерлеп  жырту  жүйесі  бойынша
   жасалады.

        Егер, мұндай алаңда бәрібір қопсытуға  тиіс  болса,  оларды  өңдеуді
   өнім жиналғаннан кейін бірден орылған жерді  5-7см  тереңдікте  аударудан
   бастаған жөн, ол топырақ бетінде қалған дәндердің өсуіне әсер етеді. Одан
   соң 2-3 апта өткеннен кейіе шыққан  арамшөптер  30-35см  тереңдікте  соқа
   алды сырмасы бар соқамен жойылады. Бұдан соң көктемде-ылғалды ерте жабу,7-
   8 күннен соң бір мезгілде тырмалай  отырып,  қопсыту,  жазбойы  топырақты
   қара пармен күту.

        Топырақты тереңдікте  өңдеу.  Орман  екпеағаштарын,  әсіресі  құрғақ
   жағдайда өсіру  кезінде  арнайы  тереңдете  жырту  соқаларының  көмегімен
   топырақты өңдеу өте тиімді  болып  табылады.  Қазіргі  заманғы  тереңдете
   жырту соқалары 50см  ендікті  қамти  отырып,60см  дейін  тереңдете  жырту
   жүргізуге мүмкіндік береді.

         Жердің  терең  жырту  топырақтың  ауа-жылулық,  сулы  және  режимін
   айтарлықтай жақсартады, бұл егілген  өсімдіктің  бастапқы  жылдары  жақсы
   жерсінуі мен өсуіне айрықша маңызды.  Бұдан  өзге,  терең  жырту  кезінде
   топырақтың  қоректік  заттарға  барынша  бар  қабаты  отырғызылатын  екпе
   көшеттердің тамыр жүйесінің  жаппай таралу аймағына ауысады.

        Жерді тереңдете жыртуды қыркүйектен  кешіктірмей  бастау  ұсынылады.
   Бұдан кейін келесі жылы ерте көктемде  2ізбен  тырмалай  отырып,  ылғалды
   жабу және жаз бойы бір мезгілде  тырмалай  отырып  3-4  мәртелік  қопсыту
   жүргізіледі. Күзде 25-27см. тереңдікте үйіндісіз жырту, қыста қар тоқтату
   жыұыстарын жүргізген  дұрыс.  Келесі  көктемде  ылғалды  жауып,  тырмалай
   отырып, отырғызар алдыңдағы қопсыту жасалғаннан  кейін  орман  дақылдарын
   отырғызу жүргізіледі.

        Жер қабатын аудара отырып, тереңдете жырту  кәдуілгі  және  оңтүстік
   қара топырақты, сондай-ақ тығыздалған карбонат қабаты жоспарланған  жырту
   тереңдігінен төмен орналасқан кезде Қазақстанның солтүстік облыстарындағы
   қызғылт топырақ үлгісі жағдайында ұсынылады.




2. Жерді ішінара өңдеу

    Топырақты ішінара  өңдеу  тұтастай  өңдеу  мүмкін  емес  немесе  орынсыз
алаңдарда: ағашы  кесілген  жерлер,  өртеңдер,  селдір  ормандар,  жапырақты
шыбықтар мен бұталар өсіп кеткен  алаңдарда;  құлама  баурайларда,  тұтастай
өңдеу жерді желдің бүлдіруіне әкелуі мүмкін құмды жерлерде қолданылады.

         Қазақ  орман  шаруашылығы  ҒЗИ  республиканың  солтүстіктің   жазық
   жерлеріндегі ормандар үшін алаң  бірлігіндегі  түбір  санына   байланысты
   топырақты  өңдеудің   еңбекті   қажетсінетін   дәрежесі   бойынша   орман
   екпеағаштары 4 топқа бөлінуді ұсынады, олар:

    - Мейлінше аз еңбекті қажетсінетін (1га-ға түбірлердің немесе ағаштардың
      300 данасы);
    - Еңбекті қажетсінетін (1га-ға  түбірлердің  немесе  ағаштардың  301-600
      данасы);
    - Еңбекті күшті қажетсінетін (1га-ға түбірлердің немесе ағаштардың  600-
      ден астам дана);
    -  Күрделі  (  1га-ға  табиғи  молығу  бөлігі  бар  түбірлердің   немесе
      ағаштардың 300-ден астам данасы );



      Бірінші топтағы ағашы кесілген жерлерде  топырақ  өңдеуді,  онда  екпе
      көшеттер немесе көшеттердің 2 немесе  4  қатарын  отырғызу  үшін  1-3м
      аралықта кесінділермен 3-тең 6м  дейінгі  ендегі  жолақтармен  жүргізу
      ұсынылады.  Бұл  ретте  минералдану  дәрежесі  70-80%   құрайды.   Бұл
      жолақтарда  топырақ  өңдеу  қара  немесе  ерте  пар   жүйесі   бойынша
      жүргізіледі.

           II және III топтағы ағашы кесілген жерлерде топырақ  өңдеу  II-ші
      топта 3,0-3,5м III-ші топта 4-5 м сайын кесінділермен тар  жолақтармен
      немесе атыздармен жүзеге асырылады. Бұл ретте  топырақтың  минералдану
      дәрежесі тиісінше 41-50 және 30-40%-ды құрайды.

            Ертіс  жағалауындағы  жолақ  ормандар  мен   Қостанай  облысының
      дефляцияға  ұшыраған  жеңіл  құмды  және  құмдауыт  топырағында  өскен
      аралдық қарағай ормандарында олардың арасында аралық 3-6м болатын  ені
      6-дан 12м  дейінгі  жолақтар  жасалады.  Бұл  ретте  жолақтар  кеңірек
      жыртылған сайын жолақ аралық кеңістік те соғұрлым кең болуы тиіс.

           Қазақстан алтайының таулы ормандарында ҚазОШҒЗИ топырақты жолақты
      өңдеуді  бульдозермен  немесе  еңістігі  20-220  дейінгі   баурайларда
      ойдағыдай  пайдалануға  болатын  түбір  қопарғыш-жинағышпен  жүргізуді
      ұсынады.

           Бульдозердің жұмысы  кезінде  орман  екпеағашы  алаңы  трактордың
      жоғарыдан төмен қарай қозғалысы кезінде ұзындығы 5-20м үзілімді  жолақ
      түрінде өңделеді.  Жолақтар  арасындағы  қашықтық  2,5-3,5  м  болатын
      олардың ені 3-4м. Бульдозермен топырақты өңдеуді жеп  жамылғысы  қатты
      дамыған 1 га жерде 600 данадан кем түбір бар ағашы  кесілген  жерлерде
      қолданған орынды.

           Бұталары жиі немесе 1 га жерде 600 данадан астам түбір бар  ағашы
      кесілген жерлерде топырақ өңдеуді түбір қопырғыш-жинағышпен  жүргізген
      дұрыс. Бұл құралмен топырақ олардың орташа қашықтығы 2,5-3,0м  болатын
      ені 1,5-2,0 үзілімдермен өңделеді.

          Еңістігі 200 астам баурайларда топырақты  орман  екпелеріне  арнап
      өңдеуді әмбебап бульдозерлер мен  террасерлердің  көмегімен  шұңқырлы-
      үймелі(сатылы) террас орнату жолымен жүргізуге болады.






        Болады.  Терраса  полотносының  ені  3,5  –  4,0  м,  террассалардың
осьтері арасындағы қашықтық баурайдың еңістігіне (  20-300  )  қарай  7-9  м
аралағында болады. Еріген және жаңбыр суларының жақсы сіңуі  үшін  полотноға
4-50 кері еңіс жасалады. Террассаларды  салу  үдерісінде  олардың  полотносы
тығыздалады, бұл топырақтың су  сіңірушілігін  төмендетіп,  олардың  опырылу
қаупі  күшейеді.  Осыған  байланысты  қопсытқыштардың  әртүрлі   үлгілерімен
оларды қопсыту қажеттілігі туады.
      Солтүстік Тянь-Шанның таулы  ормандарындағы  еңістігі  5-6-дан  20-250
дейіңгі  баурайлы  телімдердегі  топырақ  ішінара  жолақты   немесе   соқалы
атыздармен өңделеді.
      Топырақты алаңдармен дайындау оны жолақтармен  және  атыздармен  өңдеу
мүмкін болмаған жағдайларда:  ағашы  кесілген  жерлерде,  өртеңдерде;  басты
немесе екінші дәрежелі қажетсіз сүрек  ормандарда,  сондай-ақ  еңістігі  200
тау баурайларында, тасы жиі топырақтарда жүргізіледі.
      Қазақстан Алтайының таулы ормандары үшін тығыз  тамырлы  тұқымдар  жиі
шығатын немесе тасы жиі топырақты телімдерді өңдеуді 1 x  1  м  мөлшеріндегі
алаңдармен  қолдай  жүргізу  ұсынылады.  Алаңдар  бұл  ретте   алаң   ортасы
аралығындағы орташа қашықтық 4 x 3 м кезінде 1 га-ға  800-850  дана  санында
шахмат тәртібімен орналасады.
       Солтүстік Тянь-Шанның таулы жағдайларындағы еңіс баурайларында (  200
астам ) топырақ 1,5 x 1,0 м, ал өте еңіс баурайларда 1,8 x 0,8  м  көлемінде
террасса түріндегі алаңқайлар орнатумен дайындалады.  1  га-дағы  алаңқайлар
саны 1100-1600 данаға дейін. Алаңқайлар қолдай орнатылады.
      Түбірлер, бұталар мен тастар жоқ баурайлардағы алаңдар  әдетте  шахмат
тәртәбәмен орналасады. Ағаштар, бұта өскіндері мен жартастар бар  телімдерде
олар қолайлы жерлерде орналасады.

3. Орманда тұқым себу және ағаш отырғызу

       Қазақстанда  екпеағаштар  тамыр  жүйесінің  ерекшеліктері  оны  қайта
отырғызу мүмкіндігін мүлдем болдырмайтын ірі дәндері бар сүрек  тұқымдары  (
емен, жаңғақ), сондай-ақ пістелер үшін егу арқылы өсіріледі. Емен  мен  грек
жаңғағының  да   шыбықты   тамыр   жүйесінен   дамиды.   Сондықтан   олардың
екпеаағаштарын  егу  арқылы  өсіру  олардың  биологияларына  орынша   сәйкес
болады. Отырғызу  кезінде  тамыр  жүйесі  кесіліп,  шыбық  тамырының  үрдісі
бұзылады.
      Отырғызу барынша сенімді нәтижелерді қамтамасыз  еткенімен,  тұқымынан
егу арқылы негізінен  сексеуіл  екпеағашы  өсіріледі.  Бұл  орман  екпеағашы
жұмыстары   көлемінің   көптігімен   және   қатаң   шөлейтті    жағдайлармен
түсіндіріледі.
      Ағаш отырғызу. Отырғызу  әдісімен  орман  екпеағаштарын  отырғызу  көп
жағдайда егуден гөрі сенімді және экономикалық  жағынан  өзін  өзі  ақтайды.
Отырғызудың  артықшыдығы,  ең  бірінші  орман  екпеағаштары  алаңында  тамыр
жүйесі топырақтың барынша терең қабатында орналасып, құрғауға  аз  ұшырайтын
жас өскіндердің отырғызыылуына байланысты болады.
      Отырғызу әдісімен орман екпелерін отырғызу кезінде  оң  нәтижелер  алу
үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:
    • отырғызу материалы стандартты болуы тиіс;
    • отырғызу материалы, сондай ақ қазып алу, тасымалдау,  көміп  қою  және
      отырғызу уақытында кеуіп қалудан сақьалуы тиіс;
    • ағаш отырғызу материалдарын отырғызар алдындағы өңдеу дұрыс жүргізілуі
      тиіс ( сұрыптау, тамырларын кесу, топырақ батпағына аунату );
    • топырақ мұқият дайындалуы тиіс;
    • отырғызу және тамыр жүйесін көму сапалы жүргізілуі тиіс.
      Отырғызудың жақсы мерзімі – ерте көктем. Бұл кезеңде  топырақта  ылғал
жеткілікті болады, жаңа тамырлардың өсуі  басталып,  жылудың  күшеюі  бірте-
бірте жүреді, өсімдіктердің физиологиялық жағдайы барынша қолайлы.  Көктемгі
отырғызу өсімдіктердің  вегетациясы  басталғанға  дейін  бастап,  топырақтың
беткі  қабаты  кепкенге  және  бүршік  ату  басталғанға   дейінгі   мерзімде
жүргәзәлуә тиіс. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде  бұл  мерзім  10-12  күн
шегінде. Отырғызуды кешіктіру жерсінудің төмендеуіне және отырғызылған  ағаш
отырғызу материалдарының елеулі бөлігінің өқлап өалуына әкеледі.

6- дәріс Орман дақылдарына күтім жасау

Дәріс жоспары:
1. Агротехникалық күтім жасау
2. Күтім жасаудың орман өсіру шаралары

Агротехникалық  күтім  екпеағашты  отырғызғаннан  бастап   орман   шымылдығы
тұтасқанға және оларды көмкерген алаңға көшіргенге дейін жүргізіледі.
      Агротехникалық күтімге мынадай негізгі іс-шаралар кіреді:
    •  отырғызылған  екпе  көшеттері  мен  көшеттерді  механикалық   әдіспен
      отырғызғаннан кейін, сондай  ақ  жекелеген  жағдайларда  оларды  аязды
      топырақ қысқаннан кейін немесе желмен  бүліну  нәтижесінде  топырақпен
      көмілгеннен кейін қолдай түзету;
    • топырақты қопсыту және екпеағаштардың қатары  мен  қатар  араларындағы
      шөптесін өсімдіктерді жұлу;
    • шөпті ору немесе отырғызылған өсімдіктерге  көлеңке  түсуін  болдырмау
      мақсатында оларды таптау;
    • арамшөп өсімдіктерін жою үшін топырақты гербицидтермен өңдеу.
       Агротехникалық  күтімдердің   жоғарыда   аталған   түрлерін   жүргізу
орындылығы    топырақты-климатты    жағдайларға,    отырғызылған     сүректі
тұқымдылардың  биологиялық  ерекшелігіне,  топырақты  дайындау  тәсілі   мен
сапасына,  екпеағаш  алаңының  санаты  мен  пайда  болу  жағдайына,  арамшөп
өсімдіктерінің түрлік құрамы мен өсу дәрежесіне байланысты болады.
       Шығыс  Қазақстан  және   Солтүстік  Тянь-Шанның  таулы   ормандарының
ылғалды және қоңыр салқын климаты жағдайында сүректі өскіндер үшін  шөптесін
өсімдіктердің жарық,  жылу,  қоректік  заттар  үшін  күресі  басталады.  Бұл
жағдайда күтімнің негізгі мақсаты отырғызылған жас  өскіндері  көлеңкелейтін
өсімдіктерді жою болып табылады. Оған қоса, күзде және қыста  биік  шөптесін
жас екпеағаштарды құлатып, көктемде екпеағашының жер  үсті  бөлігі  шөп  пен
қардың қалың қабатында қалып  қояды.  Екпеағашының  шықпай  қалу  қаупі  шөп
өсуінің жақсаруымен күшейе түседі.
        Қазақстанның   далалық    және    құрғақ    аймақтарыныңмқұрғақшылық
жағдайларында шөптесін өсімдіктері мен жас сүректі өскіндер  арасында  ылғал
үшін күрес бірінші орынға шығады.  Бұл  жағдайда  топырақ  бетінен  ылғалдың
көтерілуіне ықпал ететін топырақ түтікшелері бұзылады. Бұл  жағдайда  әдетте
бір  мезгілде  жүргізілетін  арамшөпті  отау  мен  топырақты  қопсыту  орман
екпеағаштарына агротехникалықкүтімнің негізгі түрі болып табылады.
      Алғашқы екі жылда, әсіресе оларды  отырғызған  жылы  барынша  қарқынды
және мұқият күткен жөн. Бұл  екпеағаштарының  өсуі  үшін  қолайлы  жағдайлар
туғызуға және қатарлар мен қатар араларында олардың бөрікбастарының  барынша
тез жымдасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Кейінгі  жылдардағы  күтім
оның алдындағы күтімнен кейін арамшөптердің өсуіне қарай жүргізіледі.
      Агротехникалық күтім жүргізудің ұзақтығы мен  олардың  қайталанушылығы
ауданның топырақты-климаттық жағдайына байланысты болады: климат ыстық  және
құрғақ болған сайын барынша ұзақ уақыт бойы жасалатын күтімдер  саны  көбейе
түседі. Әдетте, орман екпеағаштарына күтім қарқыны  солтүстіктен  оңтүстікке
қарай жылжуы бойынша өседі.
      Ағаш өсетін  аймақтар  бойынша  күтім  санын  бағдар  ретінде  есептеу
керек, өйткені ол  нақты  алғанда  нақты  топырақтық-климаттық  жағдайларға,
өсірілетін  сүрек  тұқымдастарының  биологиялық  ерекшеліктеріне,  топырақты
дайындау тәсіліне, қатарлар арасының  ені  мен  отырғызу  тығыздығына,  яғни
өсірілетін  екпеағаштары  бөрікбастарының   жымдасу   мерзімін   айқындайтын
факторларға байланысты болады.
      Орман екпеағаштарын өсіру кезінде арамшөп өсімдіктерін  жою  тек  қана
механикалық тәсілмен емес, гербицидтер ( раундап, диурон т.б.)  қолданылатын
химиялық тәсілмен де жүргізілуі мүмкін.
      Гербицидтерқолдана  отырып,  орман  екпеағаштарына  күтім  жасау  ерте
көктемде  басталады.   Топырақты   дайындаудың   агротехникасы   мен   орман
екпеағаштары   телімдерінің   санаттарына   қарамастан,   қатарларға   орман
екпеағаштарын отырғызғаннан кейін бірден топырақпен араласып  әрекет  ететін
гербицидтер салынады және химикаттың топырақпен  дұрыс  араласуы  мақсатында
жеңіл тырмалармен қатараралық тырмалау жүргізіледі.
      Құнарлы топырағы бар ағашы жаңадан кесілген жерлерде өсірілетін  орман
екпеағаштары арасын бірден қажетсіз жалпақ  жапырақты  тұқымды  ағаштар  мен
бұталар басып кетеді. Бұл  отырғызылған  басты  тұқымды  ағаштың  өсуі  үшін
қолайсыз  экологиялық  жағдай  туғызады.  Арборицидтерді  пайдалана  отырып,
химиялық күтім жасау бұған қарсы  күрестің  тиімді  шараларының  бірі  болып
табылады.
      Арборицидтер - бұл қажетсіз, екінші дәрежелі тұқымдас ағаштары (  тал,
қара ағаш, көк терек, бұталар ) жою  немесе   өсуінбәсеңдету  үшін  күтімнің
орман шаруашылығы шаралары кезінде басты тұқымды ағаштарға  түсетін  жарықты
көбейту  мақсатындапайдаланылатын  химиялық  зат.   Арборицидтер   химикатты
қажетсіз  ағаштардың  бөрікбастарына   немесе   түбірлеріне   шашу   жолымен
қолданылады.  Егілгеннен  кейін  5-6   жыл   болған   орман   екпеағаштарына
арборицидтерді қолдану ұсынылады.
      Техникалық препаратты шашу дозасы орташа есеппен 1 га-ға  қолданылатын
заттың (қ.з) 2-3 кг құрайды.
      Өңделген алаң бойынша гербицидтермен бөлу  үшін  олар  егіледі  немесе
сумен  араластырылады.  Сулы   ерітінділермен   жұмсақ   кезінде   тракторлы
бүріккіштерді  қолданған  жағдайда  1  га-ға  300-500   л,   арқаға   асатын
бүріккіштермен жұмыс  жасау  кезінде   1  га-ға  1000  л  сұйықты  жұмсаудың
оңтайлы нормасы болып табылады.
      Қазіргі кезде  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығында  шетелде  өндірілген
бірқатар  гербицидтер  пайдаланылады   —   банвел,   глисол,   ураган-форте,
базагран,  глифоган  т.б,  оларды  республика  аумағында  2003-2012  жылдары
ішінде пайдалануға рұқсат етілген. Алайда, тиісті  тәжірибе  тексерулерінсіз
оларды орман екпеағаштарына қолдануға болмайды деп санаймыз.
       ҚР  АШМ  Орман  және  аңшылық  шаруашылығы  комитеті  2004  жылғы   3
желтоқсанда  бекіткен  Орманды  молықтыру   және   орман   өсіру   жөніндегі
мемлекеттік орман қоры телімдерінде іс-шараларды  жүргізу  ережесіне  сәйкес
арамшөп өсімдіктері мен қажетсіз сүрек діңдеріне қарсы күрес  үшін  химиялық
заттарды  қолдану  қолданыстағы  арнайы  нұсқаулықтарға  сай  және  қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі  жергілікті  органдардың  келісімі  бойынша  айрықша
жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
       Орман  екпеағаштарына  күтімнің  ерекше   түрлері   қатарына   оларды
толықтыру жатады. Толықтыру жүргізу қажеттігі отырғызғаннан  кейін  бастапқы
екі  жыл  ішінде  барлық  екпе  көшеттері  мен   көшеттерінің   жерсінбеуіне
байланысты.  Бұған  топырақты  сапалы  дайындамау,  екпеағаштарын   отырғызу
жұмыстарын  жүргізуге  қойылатын  талаптарды  сақтамау,   қолайсыз   ауарайы
жағдайлары,  екпеағаштарына  мал  жаю  т.б  себеп  болуы   мүмкін.   Қураған
өсімдіктердің орнына екпе көшеттерін немесе  көшеттерді  отырғызуды,  әдетте
күзгі  түгендеу  нәтижесі  бойынша  келесі  жылдың   көктемінде   жүргізеді.
Жерсінуі 25%-ден жоспарлы жерсінуге дейін дақылдар  толықтырылуы  тиіс.  Бұл
үшін сапасы жоғары ағаш отырғызу материалдарын пайдалану қажет.

2 Күтім жасаудың орман өсіру шаралары

       Орман  шаруашылығы  күтімдерін  жүргізу  кезінде  орман  екпеағаштары
өсмінің мынадай кезеңдерін ескерген жөн.
      Екпеағаштардың жерсіну кезеңі (  бастапқы  2-3  жыл)  —  өсімдіктердің
дербес өсуімен  сипатталады.  Бұл  кезеңде  отырғызылған  екпе  көшеттерінің
жерсіну үдерісі болады, жекелеген даналардың қурауы байқалады. Олардың  өсуі
мен  дамуына  қолайлы  жағдайлар  жасау  үшін  агротехникалық   күтімдер   —
арамшөптерді отау, топырақты қопсыту қажет.
      Дербес өсу кезеңі ( 3-ші жылдан бастап 5-6  шыжылдар  ),  екпеағаштары
бөрікбастарының қатарда және қатар арасында  ішінара  жымдаса  бастауы  тән.
Бұл  кезең  әрбір  өскіннің  ылғал  мен  қоректік  заттар   үшін   күресімен
сипатталады. Арамшөп өсімдіктерінің екпеағаштардың өсуі мен  дамуына  зиянды
әсерін жою үшін оларды агротехникалық күтімдер жүргізу жолымен жою қажет.
      Жымдасу кезеңі (  5-6  жылдан  бастап  бөрікбастар  толық  жымдасқанға
дейін).  Бұл  кезеңде   отырғызылған   өскіндердің   бқрікбастары   толықтай
жымдасады, сүрек ағаштарының шөптесін өсімдіктермен күрестегі  өзара  көмегі
басталады. Агротехникалық кұтімдер тоқтатылады,  орман  екпелердің  орманмен
көмкерілген алаңға айналады, кұтімнің орман шаруашылығы шараларына  кірісуге
болады.
       Сүрекдің  қалыптасуы  кезеңі  —  сүрек  өскіндерінің  өз   арасындағы
бәсекенің басымен, олардың өсу мен дамуы бойынша  саралануымен  сипатталады.
Бұл кезең бір қатар  жағдайларда  мұндай  бәсекелестік  қорытындысы  олардың
сапының бұзылуы мен тіптен екпелердің  қурап  қалуына  әкелуі  мүмкіндігімен
ерекше.
       Бұл  кезеңде  бәсекелестікті  төмендету  үшін  кесу  арқылы  күту   —
жарықтандыру және тазалау қажет.
      Жарықтандыруды:
    •  құрамы  бойынша  тұтастай  аралас   екпелерді   қатарындағы   қосалқы
      тұқымдылары мен бұталарын ішінара кесу;
    • ішінара екпелерінде құндылығы аз  жас  ағаштарды  қайта  құру  кезінде
      басты тұқымды ағашқа көлеңке  түсіретін  қажетсіз  тұқымды  ағаштардың
      бұтақтарын кесу немесе дәлізді кеңейту арқылы.
Өскіндердің қоректену алаңын ұлғайту мақсатында  отырғызу  тығыздығы  жоғары
таза және аралас екпелерде тазалау жүргізу қажет.




7- дәріс Орман дақылдарының жобасы, олардың сапасын есепке алу және бағалау

Дәріс жоспары:
1. Орман дақылдарының жобасы
2. Орман дақылдарын техникалық қабылдау
3. Орман дақылдарын түгендеу
4. Орман дақылдарын орман көмкерген жерге ауыстыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  21 шілдедегі № 958  қаулысымен
бекітілген. Ормандарды молықтыру  мен  орман  өсіру  және  олардың  сапасына
бақылау жасау қағидасына сәйкес Орман дақылдарын  техникалық  жобалауды  осы
салаға  маманданған  жобалау  іздестіру  ұйымдарымен  орман   иеленушілердің
келісімімен жүзеге асырылады.
      Жоба орман өсіру  жағдайларын,  орман  екпелері  алаңының  санаттарын,
топырақтың  ылғалдылық  жіне  шымдалу  дәрежесімен  сипатын,  түбірлер   мен
топырақ зиянкестерінің болуын нақтылау үшін  алаңды  міндетті  түрде  заттай
зерттегеннен кейін жасалады.
      Жобаны әзірлеу кезінде телімді  заттай  тексергеннен  кейін  екпелерді
өсіру әдісі мен тәсілдері, топырақты өңдеу жүйесі, тұқымдық құрам,  отырғызу
орындарының саны,  араластыру  схемасы,  екпелеріне  жоспарланған  күтімдер,
екпелерін орманмен көмкерілген алаңға  көшіру  жылу  туралы  т.б.  Мәселелер
шешіледі.
      Егер қылқан жапырақты тұқымды екпелерін өсіру жобаланса,  онда  жобада
орман өрттері таралуының  алдын  алу  жөніндегі  іс-шаралар  міндетті  түрде
көзделеді. Атап айтқанда, екпелер құрамына шаруашылық құндылығы  бар  жалпақ
жапырақты  тұқымдылар  қоспасын  еңгізу,   блокаралық   үзілімдер   жүргізу,
минералдандырылған жолақтар салу жоспарланады.
      Орман екпелерінің жобасы  маңызда  техникалық  құжат  болып  табылады,
онысыз екпелерін отырғызуға тыйым салынады.

2 Орман дақылдарын техникалық қабылдау

      Орман екпелерін техникалық қабылдап алу ағаштарды отырғызу немесе  егу
бойынша жұмыстарды орындаудың нақты  көлемдері  мен  сапасын  белгілеу  және
оларды  жобаға  сәйкестендіру  мақсатында  жүргізіледі.  Оны  ағаш  отырғызу
жұмыстары аяқталған сәттен бастап 10  күн  ішінде  жасалады.  Ағымдағы  жылы
жасалған орман екпелерінің барлық алаңы техникалық қабылдауға жатады.
      Екпелерде техникалық қабылдау  жүргізу  үшін  Ормандар  мен  жануарлар
әлемін  қорғау  жөніндегі   мемлекеттік   мекеме   директорының   бұйрығымен
құрамында  бас  орманшы,  орман  екпелері  инженері,  бас   бухгалтер   және
кәсіподақ ұйымының өкілі бар арнайы комиссия, ал орманшылықтарда —  құрамына
осы мемлекеттік мекеменің өкілі, орманшы, орман  шебері,  аралау  инспекторы
мен кәсіподақ ұйымының өкілі кіретін кіші комиссия құрылады.
       Техникалық  қабылдау  жөніндегі  жұмыстарды   орманшылықтардың   кіші
комиссиялары тікелей жүргізеді.
      Кіші комиссияның міндетіне орман екпелері телімдерінің  дұрыс  бөлінуі
мен рәсімделуін,  басты  және  жанама  тұқымдылардың  іріктелуін,  екпелерді
өсәру  технологиясын,  отырғызу  (  егу  )  тығыздығын,  алаңдағы   отырғызу
орындарының орналасуын  және  ағаш  отырғызу  жұмыстарының  сапасын  тексеру
кіреді. Орман екпелері телімінің нақты алаңы телімді бөлу  кезінде  жасалған
сызбалар негізінде мен оны заттай тексеру арқылы нақтыланады.
       Өсірілген  екпелер  бар  телімдер  заттай  түрде  бұрыштары   бойынша
бағаналармен шектелген болуы тиіс. Бағана ұзындығы 2м,  диаметрі  12-16  см.
Бағананың жоғары бөлігіне 2 еңісті « терезе » жасалады. « Терезенің »  тегіс
оймасында орамның нөмірі, телім нөмірі, іс-шара  атауы,  отырғызылған  жылы,
телім алаңы жазылады. Телімде ағаш  тұқымдарын  іріктеу  дұрыстығы,  олардың
жобаға және өсу орны жағдайларының осы үлгісіне сәйкестігі тексеріледі.
       Отырғызу  орындарының  нақты  саны  сынама  алаңдарын  салу  әдісімен
айқындалады, олардың мөлшерлері мынадай болуы тиіс: орман екпелерінің  алаңы
3 га-ға дейін кезінде-телім алаңының  5%-ы,  4-5 га – 4%,  6-10  га-3%  және
10 га-дан астам кезде - 2% . Сынама алаң тұқымдар араласуының  толық  циклін
қамтитын  сопақша  тік  бұрыш  түрінде  жасалады  және   бұрыштары   кішкене
белгілермен шектеледі. Салынған сынама алаңда кейіннен олардың санын  1  га-
ға  көшіру   арқылы   барлық   отырғызылған   өскіндердің   тұтастай   есебі
жүргізіледі. Отырғызу ( егу ) орындарының саны бойынша жобадан ауытқу  +  5-
10 %  шегінде рұқсат етіледі.
       Жүргізілген  ағаш  отырғызу  жұмыстарының  сапасы  тамыр  жүйелерінің
жабылу  тығыздығы,  екпе  көшеттердің  немесе   көшеттердің   тамыр   мойыны
жабылуының тереңдігі бойынша анықталады.  Егер  екпе  егу  арқылы  өсірілген
болса,  онда  орман  екпелері  телімдерінің   әртүрлі   бөліктеріндегі   егу
қатарларын қазу жолымен орман дәннің  топырақта  жабылу  тереңдігі  мен  егу
тегістігі тексеріледі.
      Отырғызу ( егу ) тығыздығы бойынша талаптарға  сәйкес  емес,  тұқымдық
құрамы, технологиясы бойынша  жобадан  ауытқыған  орман  екпелерінің  барлық
телімдері қайта техникалық өабылдау арқылы түзетілуі тиіс  және  олар  бұған
дейін орман екпелерінің жұмыстарын орындауға еңгізілмейді.
       Техникалық  қабылдау  нәтижелері  бұл  телімнің  екпе  жобасына  қоса
тігілетін арнайы актімен рәсімделеді. Актіде сапасыз орындалған  жұмыстардың
көлемі  мен  сипаты  көрсетілген  барлық  жобадан   ауытқулар   белгіленеді.
Техникалық қабылдау актісіне кіші комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      Техникалық қабылдау актісінің негізінде барлық орманшылық бойынша  екі
данада жиынтық ведомсі жасалады, олардың бірі
дығын,  алаңдағы  отырғызу  орындарының  орналасуын   және   ағаш   отырғызу
жұмыстарының сапасын тексеру кіреді. Ормен екпелері  телімінің  нақты  алаңы
телімді бөлу кезінде жасалған сызбалар  негізінде  мен  оны  заттай  тексеру
арқылы нақтыланады.
   Өсірілген  екпелері  бар  телімдер   заттай   түрде   бұрыштары   бойынша
бағаналармен шектелген болуы тиіс. Бағана ұзындығы 2 м., диаметрі 12-16  см.
Бағананың жоғары бөлігіне 2  еңісті  «терезе»  жасалады.  «Терезенің»  тегіс
оймасында орамның нөмірі, телім нөмірі, іс-шара  атауы,  отырғызылған  жылы,
телім алаңы жазылады. Телімде ағаш  тұқымдарын  іріктеу  дұрыстығы,  олардың
жобаға және өсу орны жағдайларының осы үлігісіне сәйкестігі тексеріледі.

   Отырғызу  орындарының  нақты  саны   сынама   алаңдарын   салу   әдісімен
айкындалады, олардың мөлшерлері мынадай болуы тиіс: орман екпелерінің  алаңы
3 га-га дейін кезінде - телім алаңының 5ф>-ы, 4-5 га -  4%,  6-10  га  -  3%
және 10 га-дан астам кезде - 2%.  Сынама  алаң  тұқымдар  араласуының  толық
циклін қамтитын сопақша тік бұрыш түрінде жасалады  және  бүрыштары  кішкене
белгілермен шектеледі. Салынған сынама алаңда кейіннен олардың санын  1  га-
ға  көшіру   аркылы   барлык   отырғызылған   өскіндердің   тұтастай   есебі
жүргізіледі. Отырғызу (егу) орындарының саны бойынша жобадан  ауытқу  ±5-10%
шегінде рұксат етіледі.
   Жүргізілген ағаш отырғызу жұмыстарының сапасы  тамыр  жүйелерінің  жабылу
тығыздығы, екпе  көшеттердің  немесе  көшеттердің  тамыр  мойыны  жабылуының
тереңдігі бойынша аныкталады. Егер екпе егу  аркылы  өсірілген  болса,  онда
орман екпелері  телімдерінің  әртүрлі  бөліктеріндегі  егу  қатарларын  қазу
жолымен  орман  дәннін  топырақта  жабылу  тереңдігі   мен   егу   тегістігі
тексеріледі.
   Отырғызу (егу) тығыздығы бойынша талаптарға сәйкес емес, тұқымдық кұрамы,
технологиясы бойынша жобадан ауытқыған орман  екпелерінің  барлық  телімдері
кайта техникалык қабылдау аркылы түзетілуі тиіс және олар бұған дейін  орман
екпелерінің жұмыстарын орындауға енгізілмейді.
   Техникалық қабылдау нәтижелері бұл телімнің екпе жобасына қоса  тігілетін
арнайы актімен рәсімделеді. Актіде  сапасыз  орындалған  жұмыстардың  көлемі
мен сипаты көрсетілген  барлық  жобадан  ауытқулар  белгіленеді.  Техникалық
қабылдау актісіне кіші комиссияның барлық  мүшелері қол кояды.
   Техникалық қабылдау актісінің негізінде  барлық  орманшылық  бойынша  екі
данада  жиынтық  ведомсі   жасалады,   олардың   бірі   мемлекеттік   мекеме
комиссиясына  жіберіледі,  ал  екіншісі  жобалармен  және  актілермен  бірге
орманшылық істерінде сақталады.
Мемлекеттік  мекеме  комиссиясы  орманшылықтың  кіші  комиссиялары   ұсынған
материалдардың дұрыстығын орманшылық  бойынша  жұмыстардың  жалпы  көлемінің
кемінде 5%-ы көлемінде тексеруге құқылы. Бұдан кейін комиссия  орманшылыктан
түскен  барлық  материалдарды  қорытып,  техникалық   кабылдау   корытындысы
бойынша шешім шығарады.
Комиссия   шешімдерінің   хаттамаларын   мемлекеттік   мекеменің   директоры
бекітеді, одан кейін мемлекеттік мекеме  бойынша  тұтастай  орман  екпелерін
техникалық  қабылдаудың  жиынтық  ведомосі  жасалады.  Екпелерді  техникалық
қабылдау актісі оларды орман  екпелерін  есепке  алу  кітабына  енгізу  үшін
негіз болады.





3 Орман дақылдарын түгендеу

      Орман  екпелерін   түгендеу   орындалған   орманды   қалпына   келтіру
жұмыстарының сапасы мен тиімділігін, олардың жағдайын жақсарту  бойынша  іс-
шараларды  тағайындауды  белгілеу  мақсатында  жүргізіледі.  Оны   күзде   1
қыркүйек - 1 қазан аралығында жүргізеді.
Орман   екпелерін   түгендеу   Ауыл   шаруашылығы   министрлігі   бекітілген
Нұскаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Екпелерге түгендеу  жүргізу  үшін  орман  иеленушінің  бұйрығымен  құрамында
директордың орынбасары (комиссия төрағасы), орман екпелерінің инженері,  бас
бухгалтер бар түгендекді өткізу  комиссиясы  және  орманшылықтарда  құрамына
осы мемлекеттік мекеменің өкілі (комиссия төрағасы), орманшы, орман  шебері,
орман екпелері орналасқан  жердегі  аралау  инспекторы  мен  орман  екпелері
жұмыстарын орындайтын бригадир кіретін кіші комиссия құрылады.
Орманшылықтардағы кіші комиссияга орман екпелерінің сапасын  заттай  тексеру
жөніндегі  жұмыстарды  тікелей  жүргізу,   бастапқы   құжаттарды   ресімдеу,
орманшылык бойынша жиынтық ведомостер мен есептерді жасақтау жүктеледі.
Орман  екпелері  телімдерін  заттай  тексеру  басталғанға   дейін   дайындық
жұмыстары  жүргізіледі,  жұмыстар  кезінде  орман   екпелерін   есепке   алу
кітабындағы  жазбалар,  олардың  орындалған  жүмыстар  нарядына,  екпелердің
жобалары  мен   техникалық   қабылдау   актісіне   сәйкестігі   тексеріледі.
Жүргізілген дайындық  жұмыстары  нәтижесінде  кіші  комиссия  ағымдағы  жылы
түгенделуі тиіс екпелердің ведомосі жасалады.

   Отырғызудың бірінші және  үшінші  жылындағы  барлық  екпелер  түгенделуге
жатады. Оны бұл телімдегі екпелердің  жалпы  жағдайын  көрсететін  орындарда
сынама алаңдарын салу әдісімен жүргізеді.  Сынама  алаңның  мөлшері  мынадай
болуы тиіс: орман екпелерінің алаңы 3 га-ға дейін кезінде -  телім  алаңының
5%-ы, 4-5 га - 4%, 6-10 га - 3% және 10 га-дан  астам  кезде  -  2%.  Сынама
алаңында кейіннен оларды қопсытылған алаңның 1 га-сына көшіру аркылы  барлық
жерсінген және қурап қалған өскіндердің тұтастай есебі жүргізіледі.


   Алаңқайларда биотоптармен отырғызу арқылы өсірілген екпелерге сынама алаң
салынбайды, ал олардың есебін нысанаға таяу орналасқан  алаңкайларда  немесе
ұзын жағынан қатар немесе оған  диагонал  төселетін  телімнің  нысаналарында
жүргізіледі.
   Дәліздер арқылы екпелерді өсіру кезінде 2-3 дәліз  сайын  тұтастай  қайта
есептеу жүргізіледі.
   Сексеуіл егу нәтижелері телімнің диагоналы бойынша тегіс салынатын сынама
алаңдардағы өскіндерді тұтастай қайта  есептеу  жолымен  айқындалады.  Орман
екпелерінің алаңына карай сынама есепке алу алаңы 0,01  -0,10  га.  арасында
болуы мүмкін. Сексеуілдің  жерсінген  өскіндерін  қайта  есептеуге  арналған
сынама алаңның жиынтық ауданы: телімде 100 га  дейін  егу  кезінде  -  1  %,
телімнің 100-ден 500-ге дейінгі га алаңы кезінде- 0,5 % 500 га-дан  астам  -
0,3  %.  Кемінде  1110  дана/га  өскіндер  саны  бар  егістік  алаңы  100  %
жерсінушілік ретінде кабылданады.
   Өскіндері  сақталған  отырғызу  (егу)  орындарының  пайызбен  көрсетілген
сандарының жобаға сәйкес нақты отырғызылған екпелерге және  орман  екпелерін
техникалық  қабылдау  жүргізу  кезінде  осы  алаңдағы  нақтыланған  өскіндер
санына  қатысы  отырғызылған  немесе  егілген  екпелердің   жерсінушілігімен
айқындалады.
Нәтижесінде  кіші  комиссия  осы  телімдегі   орман   екпелерінің   жағдайын
бағалайды, екпелерді сақтаға және олардың өсімін жақсартуға бағытталған  іс-
шаралар жүргізу  (толықтыру,  топырақ  күтімі,  жарықтандыру  т.б.)  жөнінде
ұсынымдар береді.
      Орман екпелерінің жағдайы жерсінушілік пайызымен, алаң  бойынша  басты
тұқымның таралу сипатына, өскіндердің  өсуі  мен  дамуымен,  зиянкестер  мен
аурулардан  зақымданулардың  болуымен,  малдың  немесе  жабайы  жануардалдың
жайылуымен  айқындалады.  Заттай  тексеру  және  бұл  көресткіштер   бойынша
бағалау негізінде орман екпелерінің телімдері жақсы, қанағаттанарлық  немесе
қанағаттанарлықсыз деп бағаланады.
       Жақсы  телім  санатына  дақылдардың  тұқымдық  құрамы   өсу   орнының
жағдайлары  үлгісіне  толық  сәйкес  келген  және  жобаға  сәйкес   жұмыстар
технологиясы  сақталған  жағдайда  бұл  өңір   үшін   белгіленген   норматив
деңгейінде  немесе  одан  жоғары  (8.3-кесте)  жерсінген  орман  екпелерінің
телімдері жатады.
8.3-кесте - Қазакстан Республикасының бір - үш жылдық орман екпелерінін
нормативтік жерсінуі
|Облыс         |Екпелер-ді|Облыс         |Екпелер-д|
|              |ң         |              |ің       |
|              |норматив-т|              |норматив-|
|              |ік        |              |тік      |
|              |жерсінуі,%|              |жерсінуі,|
|              |          |              |%        |
|              |70        |              |55       |
|Ақмола        |          |Қарағанды     |         |
|              |60        |              |75       |
|Ақтөбе        |          |Қостанай      |         |
|              |70        |              |80       |
|Алматы        |          |Қызылорда     |         |
|              |55        |              |70       |
|Атырау        |          |Павлодар      |         |
|              |70        |              |70       |
|Шығыс         |          |Солтүстік     |         |
|Қазакстан     |          |Қазақстан     |         |
|              |80        |              |80       |
|Жамбыл        |          |Оңтүстік      |         |
|              |          |Қазақстан     |         |
|              |70        |              |         |
|Батыс         |          |              |         |
|Қазақстан     |          |              |         |


   Жерсінуі 25%  және  одан  төмен  орман  екпелері  қанағаттанарлықсыз  деп
есептеледі. Мұндай екпелер қураған болып есептеледі және  есептен  шығарылуы
тиіс. Орман екпелерін есептен  шығаруға  арналған  акті  екпелерді  өсірудін
әрбір ауысымына орманшылықты  керсете  отырып,  мемлекеттік  мекеме  бойынша
тұтастай жасалады.
   26%-дан   бастап   нормативті   деңгейге   дейінгі   жерсінетін   екпелер
қанағаттанарлық санатқа жатады.
4 Орман дақылдарын орман көмкерген жерге ауыстыру
   Орман дақылдарын орман көмкерген  алаңға  ауыстыру  екпелердің  жеке  өсу
кезеңі  аяқталғаннан  кейін  жүзеге  асырылады   (8.4-кесте).   Оны   арнайы
Нұсқаулық бойынша жүргізеді.
   Орман екпелерін орман көмкерген алаңға ауыстыру кезінде  олардың  сапасын
бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:
1 га-ға өсімдіктердің жеткілікті саны және телімде басты тұқымдық  ағаштарды
отырғызудың бір қалыптылығы;
екпелер бөрікбастарының жымдасу кезеңінің басталуы;
екпелердін жалпы орташа биіктігі;
соңғы жыл ішінде биіктігі бойынша өсуі болып табылады.
      Екпелердің топыраққа күтім қажеттігі болмайтын жағдайға жетуі  қосымша
белгі ретінде ескеріледі.
   8.4-кесте - Орман екпелерін Қазақстанның орман өсетін  аймақгары  бойынша
орманмен көмкерілген алаңға ауыстыру мерзімдері



|               |Ауыстырылатын екпелердің жасы, жыл, аймақтар бойынша    |
|Басты тұқым    |                                                        |
|               |орман-д|далалы    |шөле-й|таулы-                       |
|               |ы      |және      |іт    |орман-ды                     |
|               |далалы |жартылай  |      |                             |
|               |       |шөлейіт   |      |                             |
|               |5      |6-7       |-     |7                            |
|Емен           |       |          |      |                             |
|               |5      |5         |-     |6                            |
|Балқарағай     |       |          |      |                             |
|               |-      |-         |-     |8                            |
|Самырсын       |       |          |      |                             |
|қарағайы       |       |          |      |                             |
|               |-      |-         |-     |9                            |
|Шренка шыршасы |       |          |      |                             |
|               |-      |-         |-     |10                           |
|Самырсын       |       |          |      |                             |
|               |4      |5         |-     |8                            |
|Қайың          |       |          |      |                             |
|               |4      |4         |4*    |4                            |
|Терек          |       |          |      |                             |
|               |       |10*       |-     |-                            |
|Емен           |       |          |      |                             |
|               |4      |4         |      |-                            |
|Шаған          |       |          |      |                             |
|               |-      |4         |4*    |-                            |
|Шегіршін       |       |          |      |                             |
|               |-      |-         |5     |-                            |
|Сексеуіл       |       |          |      |                             |
|                                                                        |
|Ескерту: * Жайылма немесе суармалы жағдайларда                          |

2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию  яровой
пшеницы  при  различном  режиме  орошения.   Труды   КазНИметеорологического
института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
3. Агроклиматические ресурсы. Справочники по  областям  и  республикам.  Л.,
Гидрометеоиздат.

8-9-  дәріс  Құндылығы  шамалы  екпелерді  қайта   жаңарту   және   нысаналы
мақсаттағы орман дақылдарын құру

Дәріс жоспары:
1. Құндылығы шамалы екпелерді қайта жаңарту
2. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары
3.  Себет   тоқуға   және   киіз   қанқасын   жасауға   арналған   талдардын
плантациялық дақылдары


   Орман алқаағаштарын  қайта  құру  тұқым  құрамын  жақсарту  және  олардың
шығымдылығын арттыру үшін жүргізіледі. Қайта құру деп  әдетте  құндылығы  аз
орман алқаағаштарын орман екпелерін өсіру жолымен шаруашылық  жағынан  құнды
ағаштармен алмастыру түсініледі.
   Өзінің құрамы, толымдылығы,  оның  жасына  орай  күтілетін  жетілушілігі,
өнімділігі мен орындайтын пайдалы функциялары телімнің орман өсіру  шарттары
мен ормаңның нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін 5 және одан жоғары  жастағы
құндылығы аз алқаағаштар қайта құрылуға жатады.
   Қайта құру қоры мыналарды қамтиды:
барынша шығымды сүрекдіңдерін өсіру үшін жарамды телімдерде бұта тоғайы;
басты тұқымды ауыстырған арзан қол құндылығы  аз  жұмсақ  жапырақты  тұқымды
табиғи өскен жас ағаштар;
сапы  бұзылған  тығыздығы  аз  (тығыздығы  0,5  және  одан   төмен)   немесе
зақымдалған  алқаағаштар  мен  жасы  2  сыныпты  және  одан  астам  қалаусыз
қажетсіз тұқым басым шығымдылығы төмен сүрекдіңдер;
шіріген, көп жылдық өскінді, түбі  көктеген  және  тамыр  атпасынан  түлеген
алқаағаштар.
   Қайта құрылатын алқаағаштарының  жағдайына,  олардың  тұқымдық  құрамына,
ондағы басты тұқым саны мен олардың телім аумағы бойынша таралу  тегістігіне
қарай алқаағаштарды қайта құрудьң тұтастай, дәлізді және шоқ  ағаштық-топтық
тәсілдер колданылады.
   Қайта құрудың тұтастай тәсілі құндылығы аз алқаағаштарын,  мысалы  бұталы
тоғайларын толықтай ауыстыру  қажет  болатын  жағдайларда  қолданылады.  Бүл
жағдайда  құндылығы  аз  алқаағаштарын  немесе  бұталарды  жаппай  түбірімен
қопару жүргізіледі. Түбірі қопарылғаннан  кейін  тамыр  атпасы  мен  арамшөп
өсімдіктеріне толық жою үшін алаң жыл бойы қара парда болып, одан  әрі  онда
орман өсіру жағдайына барынша сәйкес келетін құнды тұқым екпесі өсіріледі.
   Дәліздік тәсіл шамамен сол ендегі шабылмайтын дәлізаралық ықтырма қалдыра
отырып, әдетте ені 3-6 м дәліздермен алқаағаштарды алдын ала  шабуды  немесе
тазартуды   білдіреді.   Дәліздер   ені   қайта   құрылатын   алқаағаштардың
биіктігінен кем болмауы  тиіс.  Дәлізді  түбірлер  мен  бұталардан  тазарту,
тамырларды  қопару  тамыр  қопарғыштар  мен  бұта   кескіштердің   көмегімен
жүргізіледі. Одан кейін жасалған дәліздерде кейіннен екпе көшеттерін  немесе
көшеттерді отырғыза отырып, топырақты өңдеуді жүргізеді.
   Шоқ ағашты-топтық тәсіл құрамында басты тұқымдар  бар  тығыздығы  әркелкі
алқаағаштарға  қолдану  ұсынылады.  Бұл  ретте  өсіп  тұрған   алқаағаштарды
түбірімен  алу  жасалмайды,  құнды  тұқымдар  бос  дерлерге,   алаңдар   мен
алаңқайларға алдын ала ішінара  дайындалған  топыраққа  шоқ  ағаштар  немесе
топты түрінде отырғызылады.
   Алқаағаштарын қайта құрудың барлық тәсілдері кезінде екпелердің тығыздығы
өсу орны жағдайларының үлгілерімен және кесілмеген дәлізаралы  қықтырмаларда
(дәліздік тәсіл кезінде) және телімдерде  (шоқ  ағаш-топтық  тәсіл  кезінде)
басты тұқымның табиғи молығуымен айқындалады. Қайта  құрудың  бұл  тәсілдері
кезінде  отырғызылған  өскіндердің  жұмсақ  жапырақты  тұқымдылармен  немесе
бұталармен көмкерілу мүмкіндігін ескерген жөн. Сондықтан бұл жағдайда  қайта
құрудың  табыстылығы  көбіне  жарықтандыру  мен  тазартудың  уақтылығы   мен
жүргізу сапасына байланысты болады.
   Тікпе ағаш көшеттері ретінде қайта  құрылатын  алқаағаштарында  екпелерді
өсіру үшін  екпе  көшеттері  мен  көшеттерді  пайдалануға  болады.  Шөптесін
өсімдіктер мен қажетсіз жапырақты  тұқымдылардың  қарқынды  өсуі  байқалатын
қолайлы өсу жағдайы кезінде көшеттерге артықшылық берген жөн.  Мұндай  тікпе
көшеттер   арқылы   өсірілген   екпелер   агротехникалық    күтімсіз    және
жарыктандырудың аз мөлшерімен өсуі мүмкін.


2. Нысаналы мақсаттағы орман дақылдарын құру


3. Сүрек дайындалатын теректердің плантациялық дақылдары
   Теректер түрлері. Шығымдылығы жоғары плантациялық  екпелерді  өсіру  үшін
республиканың оңтүстігі мен оңтүстік- шығысына мыналар ұсынылады:
П.П.   Бессчетновтың   «Қазақстандық»,   «Қайрат»,   «62027-1»    жергілікті
селекциясының будандас түрлері;
түрлес теректер - Болле, тарамды, алжир.
   Телімді таңдау. Плантациялық  екпелерге  арналған  телімдер  тегіс  суару
жүргізуге мүмкіндік беретін азғана  еңісі  бар,  мүмкіндігінше  тегіс  болуы
тиіс. Жер жеткілікті көлемде болған кезде бірінші кезекте  топырақтың  жеңіл
немесе орташа механикалық құрамы бар, сортаң емес  немесе  сортаңдығы  әлсіз
құрамды телімдерді игерген жөн. Әсіресе алаңның  суармалы  сумен  қамтамасыз
етілуішілігіне   назар   аудару   кажет,   өйткені   Қазақстанның   оңтүстік
өңірлерінің кұрғакшылық жағдайында  шығымдылығы  жоғары  плантациялык  терек
екпелерін суарусыз өсіру мүмкін емес. Жер  асты  суларының  1-3  м  орналасу
деңгейі олар үшін оңтайлы.
   Топырақты  дайындау.  Плантациялық  екпелер  жақсы   өңделген   топыраққа
өсіріледі. Оны кейіннен атыздар бойынша тегіс суаруды  қамтамасыз  ету  үшін
алаңдарды  жоспарлаудан  бастаған  жөн.  Жоспарланғаннан  кейін   топырақтың
механикалық құрамына,  оның  шымдалу  дәрежесі  мен  арамшөп  өсімдіктерінің
болуына қарай топырақты міндетті  түрде  күзгі  терең  кайта  жыртып  немесе
терең қопсыта отырып, қара немесе ерте пар жүйесі бойынша дайындайды.
   Көшеттерді отырғызу. Әлсіз немесе орташа сорланған топырақта плантациялық
екпелерді отырғызу кезінде Болле немесе «62027-1» буданы  терегі  сияқты  ақ
терек бөлігінің теректеріне  басымдық  берген  жөн.  Отырғызуды  көшеттердің
жапырақтары  түскеннен  кейін  күзде  немесе  бүршік  жарғанға  дейін   ерте
көктемде жүргізуге болады.
   Бір жылдық көшеттер жаксы тікпе ағаш көшеттері болып табылады. Бұл  ретте
тамыр мойыны топырақ бетінен 0-25 см тереңдікте болатындай есеппен  теректің
көшеттерін біршама терең отырғызуға ұмтылған жөн.
   Плантациялық екпелерді өсіру кезінде теректердің көшеттерін 1 га отырғызу
орны санымен 3,0 х 1,5 немесе 3,0 х 2,0  тиісінше  2220  және  1660  данадан
отырғызған жөн.
   Атыздарды бөлгеннен  кейін  бірден  суарылу  жүргізіледі,  ол  топырақтың
отыруына және оның отырғызылған  өскіннің  тамырларына  тығыз  жатуына  әсер
етеді.
   Плантациялық екпелерге күтім жасау. Отырғызылғаннан кейін алғашқы екі жыл
ішінде  кемінде  3-4  рет   топырақты   копсыту   және   арамшөптерді   отау
жүргізіледі. Бірінші жылдың күзінде  плантацияларға  түгендеу  жүргізіп,  ал
көктемде қажет болған кезде -  оларды  екі  жылдық  көшеттермен  толықтырған
жөн. Үшінші және төртінші жылдары қатар аралары  мен  қатарлардағы  күтімдер
санын жыл сайын екеуге дейін азайтуға  болады.  Плантацияларды  алғашқы  екі
жыл ішіндегі вегетациялық кезеңде кемінде 4-5 рет суару керек. Одан  кейінгі
жылдары суару санын 2-3-ке дейін азайтуға болады. Суару нормасы  1  га-ға  -
500-600 м3.




     Терек  алқаағаштары  топырақтан   қоректік   заттардың   көп   мөлшерін
тұтынады,осыған байланысты органикалық және минералдық  тыңайтқыштарды  шашу
қажеттілігі туындайды.

      Кейіннен  екі  вегетациялық  кезең  ішінде   120кг/га(мамыр,тамыз)азот
тыңайытқышымен қосымша 2  мәрте  қоректендіре  отырып,фосфорлы  тыңайытқышты
90кг/га  жане  азотты  120кг/га  бастапқы  шашу  кезінде  теректің   барынша
қарқынды өсуі байқалады.Органикалық  тыңайытқышты  –  га-ға  120  кг  фосфор
қоспасына 20 т көң,сондай-ақ20т/га сеебімен таза көң шашу  да  жақсы  нәтиже
береді.

     Теректің тынайытқышты қабылдаушылығы әсіресе,олар шашылғанан кейін  3-4
жылда пйда бола бастайды.

     Қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы сүрек алу үшін бірінші жылдан  бастап
отырғызылған  өскіндердің  діңіне   кутім   жасау   қажет.Бұл   плантациялық
екпелерде ағаштардың сирек орналасуына қатысты бастапқы  кезеңде  теректерде
күрт тармақтаудың пайда болуына байланысты болады,осыған  орай  кезең  сайын
олардың  бұталары  мен  физиологиялық  пассивті   өркендерін   кесіп   отыру
қажет.Бұл жұмысты ерте көктемде жургізген жөн.Отырғызылғаннан кейін  бірінші
жылы тек бір ғана дамыған өркен  қадыра  отырып,артықтары  кесіледі.Бүйірлік
бұталарды кесуді 3-4 жылдан  соң  бастайды.Бірінші  кезу  кезінде  діңгектің
төменгі бөлігінің шамасымен 1/3  басталады,екінші  жылы  (6-8жыл)  діңгектің
төменгі   жартысы   және   үшінші   жылы    (10-12жыл)діңгектің    2/3бөлігі
босатылад.Кесу орнын саңыырауөұлақ ауруларын  болдырмас  үшін  мүмкіндігінше
бақша қарамайын жаққан дұрыс.

      Теректер  10-12  жасқа  жеткен  кезде  плантациялардан  күтімдік  кесу
тіртібінде ағаштардын жартысы кесіледі және  кесілген  бағандар  ұсақ  тауар
сүрегі  ретінде  сатылады.Бұл  қоректік  алаңды  ұлғайту   есебінен   өалған
өсімдіктерді барынша ірі мөлшердегі сүрек етіп өсіруге мүмкіндік береді.

       Плантациялық екпелерді  өсірудің  агротехникасын  сақтау  кезінде  20
жылдық терегі бар 1 га жерден 700-800 м3 тауар сүрегін алуға болады

4.  Себет   тоқуға   және   киіз   қанқасын   жасауға   арналған   талдардын
плантациялық дақылдары

        Талдардың   түрлері.Қазақстанның   оңтүстік   және    оңтүстік-шығыс
жағдайында  плантациялық  екпелерді  өсіруге  арналған  талдардың   мейлінші
перспективалық түрлері:

      Шыбық түрлесе  талдар(себеттік),күлгін  тал(тобылғы  сары),ақ  тал(боз
тал),үшкір жапырақты талқ(қызыл тал).

      Себет тоқуға арналған талдар плантациясы.Плантацилық  екпелерді  жақсы
    өнделген  топыраққа  өсіру  қажет.Оны  кейіннен  атыздар  бойынша  тегіс
суаруды қамтамасыз ету үшін  алаңды   жоспарлаудан  бастау  керек.Топырақтың
механикалық  құрамына,оның  шымдалу  дәрежесі  мен  арамшөп   өсімдіктерінің
болуына қарай топырақты міндетті  түрде  күзгі  терең  қайта  жыртып  немесе
терең қопыста отырып,қара немесе пор жүйесі бойынша дайындайды.

       Көшетерді отвырғызу.Себет тоқуіа арналған шыбықтарды  алу  мақсатында
плантация салу үшін себеттік немесе күлгін талдардың бір жылдық  пайдаланған
дүрыс.

       Көшеттерді  отырғызу  күзде  және  көктемде  жүгізілуі  мүмкін.Қолдай
да,және   механикалық   отырғызу    да    есеп    жасалған    плантацияларда
0,8*0,5м.мөлшерінде   отырғызу   орыны   дайындалады.Бұл    тығыз   шыбықтар
плантациясында  бүйірлік  өркендердін  аз  болуымен   және   барынша   тегіс
болатындығымен байланысты.

      Күзгі  және көктемігі отырғызу кезінде көшетердін жер  үсті  беті  20-
25см.биіктікте түбірінен кесіледі.Бұл агротехникалық тәсілді  мінтеті  түрде
жасау қажет,өйткені ол көшеттердің  дұрыс  жерсінуіне   және  жұқа  шыбықтар
санының көп болуына ықпал етеді.

       Плантация  тіршілігінің  екінші  жылында  өркендер  өсімін   жақсарту
мақсатында мүмкіндігінше фосфорлы қолдану затын  -60кг/га  және  азот80кг/га
есебінен минералдықтыңайтқыштар шашу керек.

      Шыбықтарды кесу жыл сайын жүргізіледі.Шыбықтарды  дайындауға  арналған
қолайлы  уақыт-терен  күз,алайда  оны  жүргізу  барлық  қыс  кезеңі   ішінде
жалғасуы мүмкін және көктем басталғанға дейін айақталуы тиіс.





    Плантацияда шыбықтарды дайындау кезінде  оларды  кесудің  дұрыстығы  мен
құралдардынң  жағдайын  тексеріп  отыру  керек.Кескеннен   кйінгі   түбірлер
биіктігі  топырақ  бетінен  20-25см  және  кеспелер  тегіс  болуының  маңызы
зор.Сондай-ақ жыл сайын келесі жылы сапасы  жақсы  өркендердін  пйда  болуын
қамтамасыз ету  үшін  шыбықтардын  қалындығына  қарамастан  оларды  түгелдеу
кесіп отыру керек.

         Киіз  үй  керек  жарақтарына  арналған  талдар  плантациясы.Телімді
таңдау.Киіз үй керек жарақтарын алу үшін ұшсыз  деп  аталатын  талдарды,яғни
бөрік басы белгілі бір биіктікте  кезең  сайын  кесіліп  отырылатын  ағаштар
пайдаланылады.Плантация  20-25  жыл  пайдаланылатын   болғандықтан   телімді
таңдауда   барынша   мұқият   болу   керек.Плантацияға    арналған    алаңды
мүмкіндігінше жер асты сулары жақын орналасқан ойыстарда таңдау  керек.Жақын
жерде су көзі міндетті түрде болуы тиіс.

    Топырақты дайындау топырақты міндетті түрде  күзгі  терең  қайта  жыртып
немесе терең қопсыта отырып,қара  немесе  ерте  пар  жүйесі  бойынша  жүзеге
асырылады.

    Отырғызу ақ тал немесе үшкір жапырақты талдың  бір  жылдық  көшеттерімен
2,0*1,5   немесе    1,5*1,5    м,орналастыру    орнына    отырғызу    арқылы
жүргізіледі,яғни 1 га плантацияға 3300 немесе 4400 көшет отырғызылады.

     Плантация  күтімі  кезең  сайын  суарудан,топырақты   қопсытудан   және
тыңайитқыш шашудан тұрады.

   Отырғызғаннан кейін екінші жылы ерте көктемде ұштарын  1,3-1,5  биіктікте
кесу жүргізіледі,бұл кейіннен көптеген бүйірлік  өркендердің  шығуына  ықпал
етеді.Бірақ, киіз үй керек жарақтарын алу үшін өскіннің әрбір данасында  тек
2-3 жақсы дамыған өркен қалдыру керек.Қайтадан  және  кейінгі  кесу  айналым
кезінде діңде қалдырылатын өркендер саны бастапқыда 3-4ке дейін,одан соң  6-
7 және одан да  көп  мөлшерге  дейін  көбейтіледі.Плантацияны  оны  еккеннен
кейін төртінші жылдан бастап пайдаланады.

    Плантацияны  пайдалану  кезінде  әрбір   кесуден   кейін   алқаағаштарын
минералды тыңайтқыштармен қосымша  қоректендіріп  отыру  керек,ол  90  кг/га
фосфорлы және 60 кг/га азот қолданыстағы  заттар  есебінен  қатарлар  арасын
өңдеу кезінде көктемде шашылады.

10-дәріс  Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары

Дәріс жоспары:
1. Грек жаңғағы мен пістенің плантациялық дақылдары
2. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары
   Грек  жаңғағының  плантациясы.Грек  жаңғағы  –  жылу  сүйетін  тұқым.Оның
ойдағыдай өсу үшін 100 , жоғары температурадағы кемінде 150  күн  керек.яғни
белсенді температура жиынтығы 2000-22000.Жарық сүйгіш  тұқымға  жатады.Жарық
жақсы болған кезде өзіне тән күмбез  бөрік  басы  пайда  болады.Бөрікбасының
жақсы дамуы қалыпты жеміс беруі үшін қажет.

   Жаңғақ ылғалды көп талап етеді.Ең  өнім  бергіш  алқа  ағаштар  солтүстік
экспозициялардың ылғалды  бөктерлерінде,тауөзендері  жайылмаларында,сайларда
өседі.Батыс Тянь-Шаньның таулы ормандкарында жаңғақ алқа  ағаштары  суарусыз
қалыпты өсе береді,онда жауын-шашын  көлемі жылына кемінде 800мм құрайды.

    Телімді  таңдау.Тау  бөктері  мен  таулы  аймақтарда  плантациялар  үшін
солтүстік,солтүстік – батыс және солтүстік- шығыс  экспощзицияларының  тегіс
үстірттері мен бөктерлері  беріледі.Құламасы  200  астам  бөктерлерді,сондай
–ақ  салқын   ауа   массасы   жиналатын   қазаншұңқырлар   мен   ойпатттарды
пайдаланбаған  жөн.Жаңғақ  плантацияларын  өсіру  үшін  қуатты  құмайт  жіне
саздақ топырақты таңдаған дұрыс.Суару жағдайында  оларды  топырық  қабатының
қуаты кемінде 0,5 м ұсақ тастар төгселген топырақта  да  өсіруге  болады.Жер
асты сулары  деңгейі  жақын  телімдерде  ,   сондай-ақ  сортаң  топырақтарда
плантация өсіруге болмайды.

     Топырақты  өңдеу.Тегіс  үстірттер  мен  құламасы  80   дейінгі   ылдилы
бөктерлерде топырақты өңдеудің негізгі тәсілі тұтастай жырту; 8-120  дейінгі
бөктерлерде жыртылған  террасалар;құламасы  12-200  бөктерлерде  бульдозерлі
террессалар дайындалады.Тұтастай өңдеу кезінде қара пар жүйесі қолданылады.

     Грек  жаңғағын  отырғызуды  жапырақтар  түскеннен  кейін  күзде  немесе
вегетация басталғанға дейін ерте көктемде 2-3жылдық  көшеттермен  жүргізеді.


    Грек жаңғағының өнімі  бөрікбасының  шамасына  байланысты  болатындықтан
ағащтар арасындағы қашықтық оларға жарық түсу қамтамасыз  етілетіндей  түрде
болуы  тиіс.Қуатты  топырағы  бар  суармалы  жерлерде  қскіндер   арасындағы
қашықтық 16-18 м,қызғылт топырақты жерлерде 12-16  м,ұсақ  тастар  төселетін
тасты топырақтарда 10-12



м,болады.Суарылмайтын  террасаларда   бір   қатардағы   ағаштар   арасындағы
қашықтық 10-12 м болуы ұсынылады.

   Плантация күтімі топырақ күтімін,суаруды,тыңайтқыштар шашуды,кесуді  және
 ағаштардың бөрікбастарының қалыптастыруын білдіреді.

    Пісте  плантациясы.  Пісте  –   құрғақшылыққа   барынша   төзімді   ағаш
тұқымдарының бірі,көлденең тарамдалатын және тереңдігі  7  м  дейін  жететін
қуатты тамыр жүйесі болады.Батыс Тянь Шаньның оңтүстік бөлігінің құрғақ  тау
бөктерінде өсетін пісте көбіне таза алқа ағаштарын құрайды,онда  басқа  ағаш
тұқымдары өсе бермейді.

   Пісте – жарық сүйгіш ағаш  тұқымы.Олардың  алқа  ағаштары  ешқашан  тығыз
өспейді,әдетте ағаштар бір бірінен біршама қашық орналасып өседі.

   Пісте айрықша құрғаққа төзімділігімен қатар аязға  жоғары  төзімділігімен
де ерекшеленеді,ол 410 дейінгі төмен температураға шыдайды.

   Пісте плантацияларының өсуіне арналған жақсы топырақ  әдеттегі   құмайтты
және жеңіл саздақ сұр  топырақ  болып  табылады.Әлсіз  және  орташа  шайынды
қиыршық тасты сұр топырақтың жарамдылығы төмен.

   Топырақты өңдеу.Құламасы 80  дейін  ылди  бөктердегі  топырақты  өңдеудің
негізгі  тәсілі   тұтастай   жырту,8-120   дейінгі   бөктерлерде   жыртылған
террасалар,құламасы 12-200 бөктерлерде бульдозерлі террасалар дайындалады.

    Топырақты  тұтастай  өңдеу  кезінде   плантация   қара   пар   жүйесімен
дайындалады.

     Плантацияны   отырғызу.Плантациялық   екпелер    тұқым    егу    арқылы
отырғызылады,бұл үшін пістелердің барынша құнды түрлері бар  сау  ағаштардан
дайындалған тұқымдар пайдаланылады.

   Тұқым  егу  көбінесе  көктемде  10-15  пісте  тұқымы  себілетін  шұңқырға
отырғызылады.Егуге   дейін   бір   ай    бұрын    тұқымдар    елеу    арқылы
стратификацияланады.

      Пісте ағаштары қоректенудің үлкен өсу  алаңын  қажет  ететінін  ескере
отырып,егу орындары тегіс  телімдерде  6х8  немесе  8х8  м,террасаларда   6м
сайын қайталатын схема  бойынша  орналасады.Тұқымдарды  террасарда  отырғызу
оның жиегінен  40-50 см қашықтықта сыртқы қиябет бойынша жүргізіледі.

    Тұтастай  екпелерді  отырғызу  кезінде  пісте  екпелері  жеміс  бергенге
дейінгі қатар аралығын жыртылған жерге  егілетін  екпелер  үшін  пайдалануға
болады.

              5. Шырғанақ пен итмұрынның плантациялық дақылдары

    Қазақстанның оңтүстік-шығысында  шырғанақ  пен  итмұрынның  плантациялық
дақылдарын өсіру үшін  тау  бөктерлеріндегі,  тау  алаптарындағы  телімдері,
өзендердің  ауқымды  аңғарлары  жарамды  болып  табылады.  Суару  жағдайлары
болған кезде  тау бөктері аймағының шөл-далалы аумағын пайдалануға болады .

    Телімді  таңдау. Плантацияға арналған телімді таңдау  кезінде  мыналарды
қамтамасыз ету қажет;

-плантацияға бөлінетін алаң  тегіс,  ойдымсыз  жане  атыздар  бойынша  тегіс
суаруды жүзеге асыру мақсатында 2-3 шегінде азғана біртегіс еңісі  бар  биік
емес бөктерлі болуы тиіс;

-жер асты суларына таяу телім деріне плантация салмаған жөн;

-топырақтың құнарлығы жеткілікті, механикалык құрамы  жағынан  жеңіл,  жақсы
ауа алмасатын жане шымдалған болуы тиіс;

-плантацияға арналған телім жасанды сурауды қаматамасыз ету үшін  су  көзіне
таяу орналасуы тиіс.

Топырақты плантацияға дайындау плантациялық  соқалармен  35-40см  тереңдікте
үйіндісіз жырту арқылы қара пар жүйесімен жүргізіледі.

Отырғызу. Шырғанақ пен итмұрынды бүршік жарғанға дейін көктемде  отырғызады,
топырақ қатқанға дейін күзде де отырғызуға болады.

Шырғанақты отырғызу орнын орналастыру-4*2немесе4*2,5м,итмұрын-4*2,5м.

       Шырғанақ пен итмұрын плантациясын  өсіру  үшін  уақыты  әртүрлі  жане
қарама-қарсы   тозаңдануға   қабілеті   вегетациялық   кобейтілген   бірнеше
сорттарды отырғызады.

       Плантация    салу    кезінде    жоғары    сапалы    сортты    көшетті
пайдаланады;сүректелген қалемшелерден алныған екі жылдық  көшеттер.  Олардың
биіктігі 50-60см., тамыр мойнының диаметрі 6-15мм. Болуы тиіс.

    Итмұрын плантациясын салу үшін вегетациялы жаксы дамып,  өскен  көшеттер
пайданылады; тамырланған қалемшілер  немесе  екі  жылдық  тамыр  атпалары  ,
биіктігі кемінде 80-120см, тамыр мойнының диаметрі 8-12мм болуы тиіс.

    Жеміс  беретін  көбейгіш  дарақтардан  басқа  ,  шырғанақ  плантациясына
тозаңдандырғыш  түрлерін  де  отырғызу  керек.Көбейгіш  және  тозаңдандырғыш
дақылдар қатынасы – 1/8-1/14;оларды орналастыру  жеміс  бергіш  өсімдіктерді
тозаңдандырғыштан  6-7м барынша қашықтата отырып,тегіс жүргізілуі тиіс.1  га
жерге  4х2,5м орналастыру  кезінде  1000  отырғызу  орны  пайда  болады,оның
ішінде 70-сі тозаңдандырғыш және 930 – көбейгіш дарақтар.

   Итмұрын плантацияларында әрбір негізгі сорттың  3-4  қатары  сайын  басқа
өнім сортының 1 қатар тозаңдандырғышын отырғызады.осы арқылы плантацияда  2-
3 сорт болуы мүмкін.

  Отырғызу жұмыстарын  жүргізгеннен  кейін  бірден  топырақты  жырту  қабаты
тереңдігіне  дейін  ылғалдай  отырып,  1га  600-800м3  су  есебінен  атыздар
бойынша суару жүргізу қажет.

   Топырақ күтімі және тыңайтқыш.Жыл  сайын  күзде  өнім  жиналғаннан  кейін
қатар арасының ортасынан терең қопсыту ұсынылады 20-25м.

    Қатардағы  арамшөптерді  отау   және   тамыр   атпаларын   жұлу   қолдай
жасалынылады.бұл ретте қолдау күтімі саны бір жаз  ішінде  2-3  ретке  дейін
жетуі мүмкін.

     Шырғанақ   пен   итмұрын   топыраққа   органикалық   және    минералдық
тыңайтқыштарды шашу арқылы жақсы өседі.3-4 жылда  60-90  кг/га  суперфосфат,
60-80 кг/га азот және калий қолдану затын қоса отырып  20-40т/га көң  шашқан
жөн.





    Шарғанақ пен итмұрыннның  қалыпты  өсуі  мен  жүйелі  жеміс  беруі  үшін
жасанды суару мен қамтамасыз ету керек.Отырғызу жылы суару саны – 8-10  рет;
одан кейінгі жылдары ауа райы жағдайына қарай 3тен   6 ретке  дейін  600-800
м3 /га құрайды.

     Шырғанақ көшеттерін отырғызғаннан кейінгі кесу бір өркені  бар  өскінді
аз ғана қысқарту түрінде ғана  жүргізіледі  және  көп  діңгекті  немесе  бір
діңгекті  төмен  штамбты   бұта   қалыптастыраға   бағытталған.Бірінші   4-5
жылішінде жеміс берместен бұрын тым ұзын және  жіңішке  өркендерін  қысқарта
отырып,артығын алып тастап отырған жөн,бұл шағын және  биік  емес  бөрікбасы
қалыптастырады.

   Итмұрын плантацияларында отырғызғаннан кейінгі  бірінші  жылы  бұталардың
бөрікбасын  қалыптастыру  жұмыстары   жүргізіледі.Осы   мақсатта   бүршіктер
бөрткенге дейін бірінші кезекте әлсіз зиянкестер зақымдаған бұталарды   алып
тастай отырып,кесу жүргізіледі.Олардың бұталануын көбейту  үшін  бір  жылдық
бұтақтар   20-25   см   қысқартылады.Бөрікбастың   қалыптасуы   3-4    жылда
аяқталады.Қалыптасқан бұтаның 15-20 қаңқа бұтасы болады.

    Жемістерді  дайындау.Республиканың  оңтүстік-шығысында  шырғанақ  тамыз-
қыркүйекте;итмұрын  –  шілде   –   тамызда   піседі.Жемісті   жинау   қолдан
жүргізіледі.Жиналған жемістерді тек аспа астында ғана кептіру керек.

11-  дәріс Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру

Дәріс жоспары:
1. Кесілген, өртенген жерлерге орман екпелерін қайта құру
2. Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғану


Орман  шаруашылық  тәсілдері  мен   орман  екпелерін  қайта  құру  тек  қана
қандағашты, тамыр  атпалы  көктеректі,  жас  бұтақты  қайыңдардың  орындарын
басады,  яғни  қылқан  жапырақтылар  –  емен,  шаған,   үйеңкі   және   тағы
басқаларымен. Бұлар табиғи немесе  жасанды  жолмен  пайда  болған.  І  топқа
жататын ормандардың өте  жақсы  өсу  жағдайларын  қамтыған  құндылығы  төмен
отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың  2-ші  қатарында
болатын орманның ІІ  тобындағы өскіндер  мен  тамыр  атпалардан  қалыптасқан
отырғылар жатады олар шымылдық астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана  мен
биіктігі 0,5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып  сүрек  діңдерді
сату  мүмкіндігі  болса.  Соңында  қалпына   келтіру   жұмыстары   ІІІ   топ
ормандарында  жүргізіледі.   Әдетте   қайта   құру,   біртекті   топтастыру,
бірқалыпты қайта құру және тегіс  қайта  құру  жұмыстары  жүргізіледі.  Олар
қайта  құратын  екпелердің  құрамына,  шығу  тегіне,  бірігуіне,   жағдайына
байланысты,  ең  бастысы  -  шымылдық  астындағы  шаруашылық  жағынан  құнды
түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.

      Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер  мен  тамыратпалар  тегі  бар
ұсақ жапырақты 5-20  жылдық  өсімдіктерде  және  биіктігі  6-7  метр  болып,
шаруашылықта құнды түрлерімен және ауданда  біркелкі  өсуімен  көзге  түссе.
Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады. Келешекте ол  жолдарды
сиректетеді немесе тегіс кесіп тастайды.

       Қайта  құрудың  біртекті  топтастыру  тәсілін  аралас   5-20   жастық
толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық астындағы топтар 0,05 га дейін  және
шаруашылықта құнды түрлері бар біртекті ағаштарда  қолданылады.  Топтар  мен
біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен сапасы екінші  сатыдағы
ағаш түрлері кесіледі немесе шаруашылықта құнды ағаштарға  өсу  мүмкіншілігі
жақсартылады.  Ол  өсуді   нашарлататын   жапырақты   өсімдіктен   арылуымен
байланысты. Бір қалыпты  қайта  құру  -  шашылған  дәннен  өскен  ағаштардың
үстіндегі  шымылдықты  сиректетумен  байланысты  және   шаруашылықта   құнды
түрлерді бірнеше тәсілмен сақтауды жүргізеді.

    Қайта құру жұмыстары жоғары қарқынды орман  шаруашылығында  қолданылады
және  ол  өскіндердің  жоғарысындағы   ұсақ  жапырақты    тамыр   атпалардан
дамыған ағаштарды  жоюмен  байланысты,  олардың  ішінде  шаруашылықта  құнды
түрлер болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен  бұталардан  арылу  «Секор»  бұта
кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта өсімдіктерін жоятын арнайы  химиялық
заттармен, яғни арборицидтермен жүгізіледі.
    Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында қолданылатын  негізгі  арборицид
түрлеріне  амин  тұздары,  бутил   және   т.б.   эфирлер   2,4-Д,   пиклоран
препараттары (раундап,  гармон,  т.б.),  вельпар,  гардоприм  жатады.  Бүрку
тәсілін құрғақ, тыныш ауа  райында  таңғы  немесе  кешкі  сағаттарда,  ереже
ретінде, жоғарғы  бүршік  қалыптасып  және  қылқан  жапырақтыларда  өркендер
ағаштанғанда  жүргізіледі.  Бүркіп  шашуға  ұшақтар   (АН-2,   АН-2М)   және
тікұшақтар  (КА-26,  МИ-2),  тракторлар  (орманда  қолданылатын   аэрозольді
бүріккіш генератор ЛАГО-У,  аэрозольді  генератор  АГ-4Д-2),  сонымен  қатар
арнайы, арқаға салып  жүретін  бүріккіштер  (ОРП,  ОМР-2,т.б.)  қолданылады.
Арборицидтерді ағаш  қабығына  жағу  арқылы  және  діңінің  камбиіне  енгізу
арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде жаққыштар  пайданылады,  өңдеу  аппараты
(АБО-1) және сүректік  инжектормен  (ИД-1,  ИД-2,  ИП-4),  «Кобра»  аппараты
қолданылады.

                                    [pic]

              3.3 – сурет. Бүркіп шашуға арналған тікұшақ КА-26


                                    [pic]

                 3.4– сурет. Сүректік инжектор ИП-4 аппараты


    Арборицид ретінде жүйелі түрде  әсер  ететін  препараттар  қолданылады.
Жапырақтарға түскеннен  кейін  жүргізу  жүйелерімен  ағаш  тамырына  жетеді,
сонымен қатар таңдамалы әсер ететін болып келеді.  Яғни  жағымсыз  ағаштарды
(сұр қандағаш, көктерек,  қайың,  орманжаңғақ,  тал,  т.б.)  жойып,  пайдалы
(шырша, балқарағай, майқарағай, қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.
      Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғанда,  мына –
ларды ескеру керек. Олардың жоғары токсинді  болуын, бірақ  та  адамдар  мен
жануарларға қауіпсіз, ағзада  жиналмауын  және  вегетациялық  кезеңде  толық
ыдырауы қамтамасыз етілу керек.
      Топырақ түзілуін мақсатқа сай өзгертуге қабілетті тек  адамзат  қоғамы
ғана. Адамның табиғатты  өзгерту  процесі  топыраққа  тарайды.  Бұл  адамзат
дамуның деңгейіне байланысты. Жер өңдеп, егіншілік басталғаннан  бері  орман
аймағын өңдеу үшін  от  қою  қолданды.  Бұл  кезде  орман  өртеніп,  босаған
жерлерге егін егілді. Жер тозған соң оны тастап, жаңа орман алқабы  өртеліп,
жаңа жерлерге егін егілген. Егіншіліктіңең ежелгі жүйесі  –  тыңайған  жерді
қолдану. Бұл жүйе  падаланылған  жер  учаскелері  тозған  соң  ұзақ  уақытқа
егімей бос қалдырады, ал тыңайтылған жерлер аз  уақыттан  соң  қайта  егіліп
пайдаланылады. Бірте – бірте бос жерлер  саны  азайып,  егіс  аралық  үзіліс
уақыты азаяды (1 жыл). Осылайша  жерді  пар  айдап  пайдалану  екі  және  үш
ауыспалы егіс қолданылады.
    Бірақ жерді бұлай күштеп пайдаланутыңайтыш қоспау, агротехниканы  төмен
деңгейде қодану түсімді нашарлатып, өнім сапасын азайтты. Қазіргі  егіншілік
жүйесі топырақ құнарлылығын қолдауға, арттыруға  бағытталған.  Осы  мақсатта
топыраққа түрлі тыңайтқыш қосады, қышқыл топырақты әктейді,  өңдеу  процесін
механикаландырады, егін егу айналымын ғылыми тұрғыдан негіздейді,  топырақты
азотқа байыту үшін  ауыспалы  бұршақ  тұқымдас  шөп  егуді  қолданады.  Жеді
мелнорациялау шаралары: құрғату,  суландыру,  эрозияға  қарсы  шаралар  т.б.
қолданылады. Топырақ өндіріс  құралы  ғана  емес,  еңбек  өнімі  де  болады.
Кейбір топырақтардың өзгертілуі соншалық оларды ерекше типке бөлуге  болады.
Осыларға Қырымдағы жүзім өсіруге екі мың жыл  бойы  пайдаланып  келе  жатқан
плантаждалған топырақтар, Орта Азияның ежелгі  суармалы  жазиралары  жатады.
Топырақ георафиясы және егіншілік Егіншілік те ерекше географиялық  жағдайда
жүзеге  асады.  В.В.Докучаев  ілімінше  топырақ  түзуші  факторлардың  өзара
әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара  әрекеттесудің  бұзылуытың  тың
жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ  режимін  күрт  бұзып,
оның қасиеттерін өзгетеді. Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиға  жағдайда
пайдалы шаралар,  басқа  жағдайларда  қолдануға  келмейді.  В.Р.Вильямс  шөп
егумен қатар жұргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың  құрылымы  мен
азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа  шөп  түрлерін  егеді.  таңдаулы
тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.
    Топырақты  өңдеу,  мелиорация,  тыңайтқыш   қосу   және   т.б.   шаалар
географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы  және  жүзеге  асырылуы  керек.
Бұл жайт ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты  деректері  бойынша  берілген
тыңайтқышты  түрлі  топыраққа   қосу   тиімділігі   туралы   кестеде   жақсы
көрсетілген.


12-13-14-дәріс  Орман  қоры  учаскелерінде  кесілген,  өртенген   ормандарды
молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi  іс-
шараларды жүргізу ережесі

Дәріс жоспары:
1. Орман қоры учаскелерінде кесілген, өртенген ормандарды молықтыру
2.   Орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау жөнiндегi  іс-шараларды
жүргізу ережесі
3.    Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу

    Сүректерді  тасып  әкету  мен  кесілген  жерлерді  тазалауды  қосқанда,
кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң, шаруашылық  жағынан  құнды  тұқымдылардың
сақталған өскіндері мен жетілмеген жіңішке ағаштарының  ауданы  бүкіл  кеспе
ағаштың 75 пайыздан кем емес  болуы  керек  (кеспе  ағашты  бензинді  арамен
кесіп, трактормен сүйреп тасығаннан соң), ал  ағаш  дайындағыш  машиналармен
дайындағанда – 60 пайыздан кем  болмауы  тиіс.  Ағаш  дайындаған  кезде  қар
түскен кеспеағаш  аймағының  өскіндері  мен  шыбықтарының  (мөлдектің  жалпы
ауданында кесу жұмыстарына дейін есепке алынған) 70 пайызы, ал қарсыз  кезде
60 пайызы сақталу керек.
    Орман  пайдаланушы  өскіндерді  кесу  қалдықтарынан  тазалап,   көлеңке
түсіретін ағаштар мен бұталардан босатып, түзетіп,  қалың  топтарды  сиретіп
отыруға міндетті.
    Толымдылығы 0,6 аспайтын кесуге түсетін екпелердің қолтығында  тұқымдар
мен өскіндердің өсуіне жағымды жағдайлар жасау мақсаты мен  тұқымдықтар  бар
кезде топырақтың үстіңгі қабатын минералдандырады.
    Топырақтың үстіңгі қабатын минералдандыру  ағашы  кесілген  жерлер  мен
алаңқайларда топырақтың механикалық  құрамына  және  ылғалдылығына,  топырақ
жамылғысының тығыздығы мен қалыңдығына,  төсеніштің  қалыңдығына,  кеспеағаш
жұмыстары кезіндегі топырақтың  үстіңгі  қабатының  минералдану  дәрежесіне,
тұқымдықтар  санына  және  учаскенің  басқа  да   жағдайларына   байланысты,
топырақты механикалық немесе химиялық заттар мен өңдеу арқылы жүргізіледі.
    Минералдандырылған қабаттың үлесі бүкіл ауданның 30 пайыздан  кем  емес
болуы керек. Соқаның және фрезердің жолақтары  тұқымдықтар  үшін  –  5  метр
немесе сақталған өскіндер мен шыбық топтарына –  2-3  метр  жақын  орналасуы
керек.
    Топырақ  бетін  минералдандырудың  оңтайлы  мерзімі  –  тұқым  түсуінің
алдындағы кезеңі, яғни жаздың аяғы немесе күздің басы.
    Топырақты минералдандыруды гүлденуі мен жеміс беруі үшінші  балдан  кем
болмайтын тұқым өнімімен бірге тұқым беретін  жылы  өткізеді.  Гүлденуі  мен
жеміс беруі балын анықтау «Орман тұқымдарын дайындауды,  өңдеуді,  сақтауды,
пайдалануды және  олардың  сапасын  бақылауды  ұйымдастыру  ережесін  бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2010  жылғы  29
сәуірдегі  №299   (Нормативтiк   құқықтық   актілерді   мемлекеттiк   тiркеу
тiзiлiмiнде №6259 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
    Орманның барлық өсу кезеңіндегі  жаңаруы  ағаштардың  жастары,  мөлшері
және жай-күйі бойынша түбір мен тамырдан балақ шыбықтар құру  қабілетіне  ие
болатын осындай сүректерді кескеннен кейін  қарастырылады.  Бұл  ретте  ағаш
кесуді қыста жүргізеді, түбірлерді аласа етіп  қалдырады  (өзен  аңғарындағы
жағдайларда  су  тасуының  биіктігі  мен  ұзақтығы  ескеріледі),   кеспеағаш
тазалауды балақ шыбықтар мен  тамыр  атпа  өскіндері  пайда  болғанға  дейін
аяқтайды.  Еменнің  балақ  шыбықтан  жаңаруы  екі  генерациядан,  ал  қайың,
көктеректе – үш генерациядан аспауы тиіс.
    Жас ағаштарға, орманның табиғи жаңаруы  учаскелерінде  үй  және  жабайы
жануарлардан  зақымдану  қауіпі  туса,  оларды  барлық  жағынан  немесе  мал
айдайтын жерін қоршап қою керек.
    Ағашы кесілген жерлердегі  өздігінен  шыққан,  сақталған  өскіндер  мен
шыбықтардың саны аз болғанда, орманның табиғи  жаңаруы  табысты  болуы  үшін
қосымша көшеттердің  отырғызылуы  мүмкін.  Бұл  кезде  отырғызу  орындарының
саны,  осы  жағдайлар  үшін  жаппай  отырғызылған  орман  өсімдіктерінің  25
пайыздан аспауы керек.
    Орманның   табиғи   жаңаруына   жүргізілген   жәрдемдесу    шараларының
қорытындысы мемлекеттік орман иеленушісінің комиссиясымен бағаланады.
    Шаруашылық қызметтің шектелген режімі бар ормандарда (орман бақтарында,
ұлттық  табиғи  парктерде,  жасыл  аймақтарда  және  т.б.)  орманның  табиғи
жаңаруына әсер ету шаралары шаруашылық  жүргізу  режімін  бұзбаған  жағдайда
ғана басталады.
    Орманның  табиғи  жаңаруына  жәрдемдесу  шаралары  тек  табиғи  жаңаруы
ойдағыдай болады деп күтілетін орман типі топтарында ғана жүргізіледі.
    Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:
     -   ағаш  дайындау  кезінде  шаруашылық  жағынан  құнды  тұқымдылардың
       өміршең өскіндері мен шыбықтарын сақтау;
     -  кеспеағаш жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен  табиғи  тұқымдануды
       күтіп-баптау;
     -  топырақтың үстіңгі қабатын жартылай минералдандыру;
     -  ағашы кесілген жерлерді қоршау;
     -  шаруашылық жағынан құнды  тұқымдылардың  табиғи  жаңаруының  кейбір
       жерлерде   өскіндер   мен   табиғи   (өз    бетінше)    тұқымданудың
       жетіспеушілігі немесе біркелкі еместігі байқалса,  табиғи  жаңартуға
       қосымша ретінде басты тұқымдылардың көшеттері отырғызылады.
    Тұқымдықтарды  (ағаштар  мен  шоқ  ағаштарды)  қалдыру   кеспеағаштарды
бөлгенде және кескенде табиғи түлеуді қамтамасыз ететін маңызды жағдай  және
міндетті орман өсірушілік шара ретінде, орманды табиғи түлету шараларына  өз
бетінше  шара   түрі   ретінде   енгізілмейді.   Қалдырылған   тұқымдықтарды
орналастыру  және  олардың  саны   мемлекеттік   орман   құру   жерлеріндегі
ормандарды кесу ережелерімен анықталады.



2. Жанарған жерлерге орман өсіру 

    1.  Босатылған  уақыт  шегінде  шаруашылыққа  құнды  тұқымдарды  табиғи
жаңару, табиғи жаңаруға жәрдемдесу арқылы қалпына  келтіру  мүмкін  болмаған
жағдайда  мемлекеттік  орман  қоры  учаскелерінде  орман  иеленушілер  орман
дақылдарын құрады.
    2. Орман дақылдарын құруға арналған мемлекеттік орман  қоры  учаскелері
орман дақылдары қорын құрайды да, мынадай санаттарға бөлінеді:
    a) 1-2 жыл бұрын ағашы кесілген жерлер;
    ә) 3 және одан  көп  жыл  бұрын  ағашы  кесілген  жерлерде  ормандардың
шаруашылық құнды тұқымдыларының босатылған мерзім уақытында  табиғи  жаңаруы
болмаса;
    б) өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа  да  себептерден  жойылған
екпелер  учаскелерінде  босатылған  мерзімде,  ормандарда  шаруашылық  құнды
тұқымдыларының табиғи жаңаруы күтілмесе;
    в) жойылған және есептен шығарылған орман екпелері;
    г) алаңқайлар, сондай-ақ  қазба  байлықтары  алынғаннан  кейінгі  орман
өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;
    д) ауыл шаруашылығына пайдаланудан шығарылған,  орман  өсіруге  жарамды
жерлер;
    е) орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер;
бұл жағдайда осы категориядағы  жерлер  агрохимиялық-топырақ  зерттеулерінен
кейін орман дақылдары қорына енгізіледі:
    ж) орман дақылдарын егу тәсілімен қайта құруды қажет  ететін  құндылығы
аз орман екпелері.
    3. Бірінші кезекте орман дақылдары қорының жерлері игеріледі:
    а) су және жел эрозиясына ұшыраған жерлер;
    ә)  елді  мекендердің  жасыл  аймақтарында  және  өзендер,  көлдер,  су
қоймалары, тоғандар т.б. су нысандары жағалары бойына орналасқан жерлер;
    б) биік шөп өсімдіктері  мен  жылдам  өсіп  кететін  қаупі  бар  қылқан
жапырақтылардың жаңадан кесілген жерлері және өртең алаңдары;
    в)  жоғарғы  класс  бонитетіндегі  екпелерді   өсіруге   жарамды,   тың
жерлердегі орманмен қамтылмаған жерлер;
    г)  құнды  ағаш  тұқымдарын  енгізу  үшін  қарастырылған,  құны   төмен
екпелердің кесілген жерлері;
    д)  орман  өсіруге  жарамды  жағдайларға  келтірілген,  пайдалы   қазба
байлықтарын өндіруден қалған жерлер.
    Орман дақылдары қорын игерудің  нақты  кезегі  орман  орналастыру  және
жобалау-іздестіру жұмыстарымен анықталады.
    4. Орман дақылдарын егуге учаске дайындау кезінде, барлық алдағы  орман
дақылдары операцияларын сапалы атқару үшін,  сондай-ақ  өрт  қауіпін  азайту
және дақылдардың санитарлық жағдайын жақсарту үшін жағдай жасау жөнінде  іс-
шаралар жүргізіледі.
    Учаскені дайындау мыналарды қамтиды:
    а) жерді табиғи қалпында зерттеу;
    ә) орман дақылдарына учаске бөлу;
    б)  болашақ  дақылдар  қатарын  немесе  топырағы  өңделетін  жолақтарды
белгілеу және машиналардың жұмыс істеуіне қауіпті жерлерді белгілеу;
    в) учаскені жаппай немесе жолақтармен  құлаған  ағаштардан,  тастардан,
қажетсіз  ағаш  өсімдіктерінен,  кішкентай  түбірлерден,  кепкен  ағаштардың
діндерінен тазалау;
    г) түбірлерді қопару немесе оларды  орман  екпелері  техникасына  бөгет
жасамастай биіктікке дейін қысқарту;
    д) топырақ бетін  тегістеу,  оның  аумағын  мелиорациялау,  беткейлерде
террасалар жасау;
    е) топырақта шамадан тыс орныққан зиянды құрт-құмырсқалармен  алдын-ала
күрес жүргізу.
    5. Учаскені зерттеген кезде оның жағдайы мен  орман  егуге  жарамдылығы
анықталады, шаруашылыққа құнды тұқымдардың жас өміршең  өсімдіктерінің  саны
мен орналасуы, құлаған ағаштар және кесу қалдықтарымен  қоқыстану  дәрежесі,
түбірлердің саны мен  биіктігі,  машиналардың  жұмыс  істеуіне  қолайлылығы,
топыраққа  зиянды  құрт-құмырсқалардың  орнығуы  белгіленеді,  орман   өсіру
жағдайының типі нақтыланады және орман дақылдарын егу тәсілдері анықталады.
    6. Орман  дақылдарын  егуге  жер  бөлгенде,  оған  орман  шекараларына,
жолдарға және басқа планшетте белгіленген  тұрақты  белгілерге  байланыстыра
отырып геодезиялық зерттеулер жүргізіледі.
    Орман дақылдарын техникалық жобалауды осы салаға  маманданған  жобалау-
iздестiру ұйымдарымен орман иеленушілердің келісімімен жүзеге асырылады.
    7. Орман дақылдарын егу үшін ағашы  кесілген  жерлерді  дайындау  орман
пайдаланушылар мен кеспеағаш жұмыстарын орындаған кезде жүргізіледі.
    Жаппай тазалаған кезде құлаған  ағаштар,  қажетсіз  орман  өсімдіктері,
кішкентай түбірлер және тастар учаскенің шекарасына  ысырылады  немесе  оның
аумағына 25-50 метр сайын жиналады.
    Жартылай тазалау, жаппай тазалау  мүмкін  болмаған  немесе  қажет  емес
жағдайларда, ені  әртүрлі  жолақтармен,  сондай-ақ  орман  дақылдарын  дәліз
тәсілімен және бөлек еккенде жүзеге асырылады.
    8. Жаппай түбірлерден  тазалау,  ерекше  құнды  орман  дақылдарын  егу,
топырағы бай ағашы кесілген жерлер немесе өртеңдерде арам шөптер және  тамыр
атпа немесе балақ ағаш  екпелерінің  қарқынды  даму  қауіпі  туғанда  арнайы
жолақтар жасау үшін жүргізіледі.
    Құнарсыз топырақта, ағашы кесілген жерлер мен өртеңдерде және беткейдің
тіктігі 6 градустан асқанда, топырақ  эрозиясын  болдырмау  үшін,  сондай-ақ
орман аймақтарындағы сазды және өте сазды жерлерде  түбір  тазалағанда  оның
су-физикалық  қасиеттері  төмендейтін  болса,  түбірлерді  жаппай  тазалауға
тыйым салынады.
    Түбірлерді жартылай тазалау әдетте егілетін  тұқымдылардың  биологиялық
ерекшеліктеріне және басқа да факторларға байланысты ені 2 метрден кем  емес
жолақтармен жүргізіледі.
    Учаскелерді тазалағанда және түбірлерді қопарғанда  топырақтың  жоғарғы
құнарлы қабатының мұқият сақталуы қамтамасыз етіледі.
    9. Ғылыми ұйымдары әзірленген, топырақты өңдеу тәсілі, орманды  қалпына
келтіру жөніндегі қолданыстағы аймақтық ұсыныстарға  және  топырақ  өңдеудің
нормативтік-техникалық  талаптарына  сәйкес,  орман  типінің  тобына  немесе
орман өсіру жағдайларына, орман екпелері қорының санатына,  учаске  дайындау
тәсілі және қабылданған орман  дақылдарының  типіне  байланысты  осы  салаға
маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен таңдалады.
    Топырақ өңдеу барлық учаскеде  (жаппай  өңдеу)  немесе  оның  бөлігінде
(жартылай өңдеу) механикалық немесе  химиялық  тәсілдермен  іске  асырылады.
Топырақты әртүрлі механикалық (тракторлық) құралдармен өңдеу  негізгі  тәсіл
болып табылады.
    Топырақты  жаппай  өңдеу,  барлық  аумақта  өңдеу  жұмыстарына  кедергі
келтірмейтін учаскелерде  жүргізіледі  (6  градусқа  дейінгі  беткейде  және
топырақта су және жел эрозиясы болмағанда).
    Топырақты бөлектеп  механикалық  өңдеу  жолақтап  жырту,  жолақтар  мен
алаңдарды  минералдандыру  немесе  қопсыту,  соқалау  немесе   жыра   жасау,
кішкентай  төмпешіктер  жасау  (қатарлар,  жолдар,  төбешіктер),   шұңқырлар
дайындау жолдарымен іске асырылады.
    Топырақты  соқалап  немесе  жолақтап  өңдеген  кезде  құралдар   жүрісі
жолақтардың түзулігі мен паралельдігін қамтамасыз ету керек.
    10. Сусыма құмдары, қажет болған жағдайда, бұталардан ықтырмалар  жасау
жолымен немесе шөп өсімдіктерін егу,  механикалық  қалқалар  қою  (қалқалар,
бұтақтар, қамыс немесе сабан бумалары), жер бетіне  жабысқақ  заттар  тастау
және басқа да тәсілдермен бекітеді.  Бұл  жағдайда,  басты  тұқым  егілгенге
дейінгі алдын-ала егілген бұталар орман дақылдары көлеміне есептелмейді.
    11. Тау жағдайларында топырақ өңдеу тәсілі жердің географиялық аймағын,
бедерін,  беткейлердің  орналасу   тәртібі   мен   көлбеулігін,   топырақтың
төсенішінің  су  өткізгіштігін,  топырақтың  тастылық  дәрежесін,  учаскенің
мөлшері мен  қолайлылығын,  эрозиялық  процестердің  пайда  болу  және  даму
қауіптілігін ескере отырып  таңдалады.  Беткейлердің  көлбеулігіне,  топырақ
және басқа да жағдайларға байланысты таулы  учаскелерінде  топырақ  өңдеудің
мына тәсілдеріне рұқсат етіледі:
    а) тасы көп және тасы аз топырақты 6 градусқа дейінгі тау беткейлерінде
– жаппай өңдеу;
    ә) 6 градустан 12 градусқа дейін тау беткейінде: тасы аз топырақтарда –
жолақтап жырту, сондай-ақ түбін қопсыта отырып, қабаттар бойынша  бороздалар
кесу; құрғақ және биік өсімдіктер өспейтін тасты  топырақты  террасаларда  –
жолақтап   қопсыту,   түбін   қопсыта   отырып,   бороздалар   кесу   немесе
микротеррасалар дайындау; бұталар немесе биік шөп  өсімдіктері  өсіп  кеткен
учаскелерде – бульдозер немесе жинағыш қопарғыштар мен ұзындығы 15-20  метр,
арасы 3-4 метр  дайындалған  үзік-үзік  жолақтармен  ұзын  жағымен  қабаттар
бойына аралары 2,5-3,5 метр етіп орналастырылады;
    б) 12 градустан 20 градусқа дейінгі  жайпақ  беткейлердегі  терең  және
орташа профильді тастары аз топырақтарда – бульдозерлермен немесе  қопарғыш-
жинағыштармен беткей бойына 3-5 метр үздік-үздік қысқа жолақтар жасалады;
    в)  тік  беткейлердегі  (21  градустан  жоғары)  астыңғы  жыныстары  су
өткізгіш болатын топырақтарда топырақты сатылап немесе алаң етіп  дайындауға
рұқсат етіледі.
    г) аз мөлшердегі тасы өте көп топырақтарда – алаң жасап қолдан өңдейді,
шұңқырлар дайындайды.
    12.  Топырақты  химиялық  гербицидтермен  өңдеу  «Пестицидтердің   (улы
химикаттардың) қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29  мамырдағы  №
515 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
    Ерекшелік  ретінде  алдын  ала  топырақты  өңдемей-ақ  орман   екпелері
көшеттерін жақсы тазаланған ағашы кесілген жерлерге  1  гектарға  500  дейін
түбірлер болып, тез өсіп түлейтін  тұқымдар  қауіпті  болмаса  егуге  рұқсат
етіледі, сондай-ақ  арамшөптен  таза,  жыртылған  жерлерде,  құмдарда,  ағаш
егуге  жарамды  тегістелген  үйінділер  және  басқа   да   жерлерде,   орман
екпелерінің   өсуіне   бөгет   жасайтын   өсімдіктер   өспейтін   және   өте
құрғақшылыққа ұшырамайтын желерге де сондай тәсілмен егуге рұқсат етіледі.
    13. Құрамы бойынша орман дақылдары таза немесе аралас болуы мүмкін.
    Басты тұқым жергілікті орман құраушы  тұқымдылардан  таңдалады,  ал  оң
тәжірибелер  болғанда  интродукциялық   тұқымдылардан   да   таңдалады.   Ол
шаруашылықты жүргізу мақсатына  дәл  келуі  және  жердің  орман  өсімдіктері
жағдайларына сәйкес болуы керек.
    Ілеспелі тұқымдылар мен бұталарды таңдағанда,  олардың  басты  тұқыммен
өзара әсерін ескеру керек.
    Ілеспелі ағаш тұқымдылары мен бұталар екпелерге басты  тұқым  қатарының
өз қатарымен алмасуы жолымен енгізіледі.
    14. Орман  дақылдарының  алғашқы  жиілігі  және  отырғызатын  (себетін)
орынды орналастыру жоғары өнімді  сүрекдіңнің  қалыптасуын  қамтамасыз  етуі
тиіс.
    Орман өсімдіктерін орманды жерге ауыстыру жасында  бір  гектарға  қажет
өсімдіктердің  саны  нақты  орман   өсіру   жағдайлары   үшін   қолданыстағы
стандарттармен белгіленеді.
    Орман өсімдіктерін көшеттермен  отырғызғанда,  отырғызылған  өсімдіктер
саны стандарт бойынша оларды орманды жерлерге ауыстыруға белгіленген  саннан
кем болмауы тиіс.
    Көшеттермен отырғызылған  сексеуіл  өсімдіктерінің  алғашқы  жиілігі  1
гектар жерге 1,78 мың дана отырғызу орнынан кем болмауы керек.
    15. Орман зиянкестері  мен  аурулары  таралған  ошақтарда  отырғызылған
(себілген)  алғашқы  жиілік  және  өсімдіктердің   құрамы   орманды   қорғау
жөніндегі ұсыныстарға сәйкес қабылданады.
    Мақсатты орман дақылдарын құрғанда, отырғызылатын  (себілетін)  орынның
саны мен орналастыру схемасы арнайы ұсыныстар  және  техникалық  талаптармен
белгіленеді.
    Екпелердің бастапқы жиілігінің нақты нормалары, қатар аралығының рұқсат
етілген ені және қатардағы отырғызатын  (себілетін)  орынның  ара  қашықтығы
басты ағаш тұқымының түріне, орман өсіру жағдайларының типіне,  өсімдіктерді
егудің әдісі мен мақсатына, көшеттердің мөлшеріне байланысты.  Бұл  нормалар
орман өсіру аймақтары бойынша ғылыми  ұсыныстарға  сәйкес  жобалау  ұйымдары
мен орманды қалпына келтіру жөніндегі өңірлік нұсқаулықтармен белгіленеді.
    16. Орман дақылдарын құрудың негізгі  әдісі  отырғызу  болып  табылады.
Отырғызу су және жел эрозиясына ұшырайтын  тым  ылғалды  және  отырғызылатын
орынның арам шөптермен тез өсіп кететін  учаскелерде,  сондай-ақ  ылғалы  аз
аудандарда жүргізіледі. Айрықша отырғызуға селекциялық  көшеттер,  сондай-ақ
қылқан жапырақты тұқымдардың дақылдарын қолдана отырып, дақылдар егіледі.
    Отырғызуға көшеттер, сондай-ақ  қалемшелер  пайдаланылады,  олар  орман
дақылдарының өсу сенімділігін қамтамасыз етуге, агротехникалық  күтіп-баптау
қажеттілігін азайтуға  және  орман  дақылдарын  орман  көмкерілген  жерлерге
ауыстыруды тездетуге мүмкіндік береді.
    Кебуден  зиянкестер  мен  ауруға  шалдығудан  қорғау  үшін,   сондай-ақ
дақылдар тез қалыптасып тез өсуі үшін, отырғызар  алдында  көшеттер  әртүрлі
заттармен өңделеді.
    17.  Шөл  және  шөлейт   аймақтардағы   жеңіл   механикалық   құрамдағы
топырақтарда орман өсіруге  қолайлы  жағдайларда  сексеуіл,  черкез,  жүзгін
және басқа да құмды бекітіп тұратын өсімдіктерді, сондай-ақ  Қазақтың  шағын
қыратты тауларының далалы аймақтарында  құнды  ағаш  тұқымдылары  басым  тік
беткейлерде (21 градустан  астам)  тұқым  себумен  өсіруге  рұқсат  етіледі.
Қатаң орман өсіру жағдайларында механикалық құрамы орта және ауыр  топырақта
екпелерді көшетпен егеді.
    Тұқым себу әдісімен: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте және  басқа  да
тұқымдары ірі жапырақты ағаштарды егуге рұқсат етіледі.
    Орман екпелерін себу тәсілі, егу нормасы және  басқа  да  технологиялық
талаптар ғылыми ұсыныстарға, өңірлік нұсқауларға (басшылықтарға) сәйкес  осы
салаға маманданған жобалау-iздестiру ұйымдарымен белгіленеді.
    18. Ағаштарды отырғызу және себу кезінде тыңайтқыштар,  зиянкестер  мен
аурулардан өсімдікті қорғайтын заттар сондай-ақ кейіннен тыңайтқыш және  шөп
ретінде және басқа да мақсаттар үшін арнайы шөп өсімдіктерінің тұқымы  бірге
қолдануы мүмкін.
    Көпшілік жағдайларда себу мен отырғызудың жақсы мерзімі бүршік жарғанға
дейінгі ерте көктем болып табылады.
    Жағымды ауа райы жағдайларында, егер  де  өсімдіктер  суға  тұншықпаса,
суыққа және үсікке ұрынбаса жаз аяғында және күзде отырғызу мен себуге  (ірі
жапырақты тұқымдарды) рұқсат етіледі.
    19. Агротехникалық күтіп баптауларға мыналар жатады:
    а) өсімдіктерді қолмен тіктеп қою  оларды  шөп  және  топырақтың  басып
қалмауы мен суықтың сығымынан сақтайды;
    ә)  шөп  және  ағаш  өсімдіктерін  жоя  отырып,  қатар  бойындағы  және
араларындағы топырақты қопсыту;
    б) егілетін  өсімдіктерді  қажеті  жоқ  шөп  және  ағаш  өсімдіктерінен
механикалық немесе химиялық құралдармен өңдеу;
    в) қатар арасындағы қажеті жоқ шөп және ағаш өсімдіктерін  шабу  немесе
жаншу.
    Орман өсімдіктерін минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру  және  суару
агротехникалық  күтімдерге  жатады,   бірақ   олар   арнайы   шара   ретінде
жоспарланады және жүргізіледі.
    20.  Орманды  аймақтарда  агротехникалық  шараларды   негізінен   басты
тұқымдылар арам шөптер және қажетсіз ағаш өсімдіктері  тұншықтырып  тастамау
мақсатында жүргізіледі.
    Орманды дала, далалық, шөл және шөлейт аймақтарда агротехникалық  күтім
негізінен   топырақта   ылғалдың   сақталуына   және   үнемді   пайдалануына
бағытталады. Өте қуаңшылық жағдайларда ол орман дақылдарын орманды  жерлерге
ауыстырғанда да жалғаса береді.

15- дәріс Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау

Дәріс жоспары:
1.Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау
2.Ормандарды  молықтыру,  орман  өсіру  жөніндегі   орындалған   жұмыстардың
сапасына дәлелдеу

    1. Ормандарды молықтыру, орман өсіру жөніндегі  орындалған  жұмыстардың
сапасына  дәлелдеу  үшін  және  оларды  жақсарту  жөнінде  уақтылы   шаралар
қабылдау:
    а) орман дақылдарын және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын
жүргізген жерлерді техникалық қабылдау;
    ә) орман дақылдарын орман  көмкерілген  жерлерге  ауыстырғанға  дейінгі
күзгі түгендеу;
    б) орман дақылдарын орман көмкерілген жерлерге ауыстыру;
    в) орманның  табиғи  жаңаруына  жәрдемдесудің  жүргізілген  шараларының
нәтижелерін есепке алу жүргізіледі.
    Көрсетілген  іс-шаралар  атқарылған  жұмыстардың  көлемі  мен   сапасын
нақтылауға  мүмкіндік  береді.  Алынған  деректер  қажетті  күтім  шараларын
жоспарлау  үшін   пайдаланады,   сондай-ақ   санитарлық   есептілікті   және
техникалық құжаттамаларды қамтиды.
    2.  Орман  дақылдарының  және  орманның  табиғи  жаңаруына  жүргізілген
жәрдемдесу шараларының барлық учаскелері кезекті орман  орналастыру  кезінде
зерттеледі, оларға қажетті шаруашылық іс-шараларын жобалайды.
    3. Ормандарды молықтыру және  орман  өсіру  жұмыстарының  соңғы  кезеңі
орман дақылдарын  және  табиғи  жаңаруына  жәрдемдесу  шаралары  жүргізілген
алқаптарды орман  көмкерілген  жерлерге  ауыстыру  болып  табылады.  Егілген
екпелерді  неғұрлым  өнімді  сүрекдіңді  қалыптастыру   үшін   негіз   болып
табылатын құнды ағаш екпелерінің жас өскіндерінің санатына енеді.
    Шаруашылық  жағынан  құнды  жас  өскіндерге  мемлекеттік  орман   қорын
жақсартатын,  осы  орман  өсіру  талаптарына   және   халық   шаруашылығының
экономикалық талаптарына неғұрлым  толық  жауап  беретін  қылқан  жапырақты,
қатты жапырақты, сондай-ақ басқа да ағаш тұқымдары жатады.
    4. Осы кезеңдегі ормандарды молықтырудың жай-күйі мен  оның  тиімділігі
мыналарды:
    а) жаппай кесудің  және  өртеңдердің  жалпы  ауданына  орманды  қалпына
келтіру жалпы ауданының қатынасына тең ормандарды молықтыру коэффициенті;
    ә) шаруашылық жағынан құнды екпелер  санатына  енгізілген  жас  ағаштар
ауданының ормандарды молықтыру  жұмыстары  жүзеге  асырылған  жалпы  ауданға
қатынасына тең ормандарды молықтырудың тиімділігі коэффициенті;
    б)  жаппай  кесудің  және  өртеңнің  жалпы  ауданына   енгізілген   жас
ағаштардың  ауданының  қатынасына  тең  шаруашылық  жағынан  құнды   екпелер
санатына енгізілген жас ағаштар коэффициенті;
    в) егер көрсетілген коэффициенттерінің мәні  бірге  тең  болса  (немесе
оған жақындаса), онда бұл ормандарды  молықтырудың  ойдағыдай  жүргізілгенін
сипаттайды.
    5. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі  жүмыстардың  сапасын
бақылау жасауды уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.


№ 1-тәжірибелік сабақ

Тақырып: Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
Сабақтың мақсаты – радиациялық тепе-теңдікті анықтау
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Радиациялық тепе-теңдіктің негізгі элементтерін анықтау және есептеу
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Оқу құралы, анықтамалар.

Радиациялық тепе-теңдiк дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен  шығын
болатын  (қайтарылатын)  радиациялар.  Радиациялық  тепе-теңдіктің   негiзгi
элементтерiне мыналар жатады:
а) Тура радиация, S1;
ә) Шашыранды радиация, D;
б) Шағылысқан радиация, R;
в) Тиiмдi радиация, Ет.
Осы  келтiрiлген  мәлiметтерге  сүйене  отырып  радиациялық   тепе-теңдiктiң
формуласын келтiруге болады:
                          В= S1+ D – R – Ет, немесе
                         B=Q – R – Ет, кал/ см2/мин.
Тура күн радиациясы  (S)  –  бұл  жер  бетiне  тiк  сәулелердiң  параллелдiк
түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгi. Тура күн радиациясы  мына
формуламен анықталады:
                         S = S0 ∙ Рm, кал/ см2/мин,
бұл жерде:
S0 – күн сәулесiнiң тұрақты коэффициентi, оның мәнi 2,0 кал/см2/мин;
Р – атмосфераның тұнықтылығы, мәнi 0,6-0,7;
m – атмосфераның салмағы, мәнi күннiң биiктiгiне байланысты.
Көлбеу бетке (S1) түсетін  тура  күн  радиациясының  қарқындылығы  төмендегi
формуламен есептелiнедi:
                         S1 = S·sin h0, кал/ см2/мин
S  –  перпендикуляр  орналасқан  бетке   түскен   тура   күн   радиациясының
қарқындылығы;
h0 – көкжиек үстiндегi күннiң биiктiгi.

Күн радиациясының атмосферамен және  оның  құрамындағы  майда  бөлшектерден,
бұлттардан шашырап жер бетiне түскен бөлiгiн шашыраған радиация  деп  атайды
(D).
Тура және шашыраған радиациялардың байланыстылығы:
1. Көкжиектен күннiң биiктiгiне – көкжиектен күннiң биiктiк  бұрышы  азайған
сайын шашыраған радиация  көбейедi  де  тiк  радиация  азаяды,  өйткенi  күн
сәулесiнiң атмосфераның төменгi қабатынан (әр түрлi  элементтер  көп  қабат)
өтетiн қашықтығы көбейедi, сондықтан көп шашырайды.
2. Атмосфераның тұнықтылығына – атмосферада әртүрлi элементтер (бұлттар)  аз
болған сайын тiк радиация көп, шашыраған радиация аз болады.
3. Атмосфераның  бұлттылығына  –  бұлт  көбейген  сайын  шашыраған  радиация
көбейедi де, тiк радиация азаяды.
4. Жер  бетiнiң  түсіне  –  неғұрлым  ақшыл  болса  жер  бетiнен  шағылысқан
радиация көбейедi, соғұрлым шашыраған радиация көбейедi.

Тiк және шашыраған радиациялардың бiр-бiрiнен сапалық айырмашы-лықтары  бар.
Тiк радиация  құрамында  қызыл,  сары,  қызғылт,  қызғылтсары  жылулық  әсер
ететiн ұзын толқынды сәулелер көп,  ал  шашыраған  радиация  құрамында  көк,
күлгiн, ультрокүлгiн қысқа толқынды сәулелер көп.
Жиынтық радиация (Q) деп, көлбеу жазықтыққа түскен тура және  шашыраған  күн
радиациясының қосындысын айтады.
                            Q=S1+D, кал/ см2/мин;
Шағылысқан  радиация  (R)  деп,  жер  бетiнен   шағылысып   шыққан   жиынтық
радиацияның бiр бөлiгiн айтады.
Альбедо  дегенiмiз  –   шағылысқан   радиацияның   қарқындылығының   жиынтық
радиацияға қатынасы, бұл %-бен өлшенедi. Ол   көрсеткiштер  мына  формуламен
анықталады:
                            А=[pic]%,   R=[pic]%
бұл жерде:
А – альбедо, %;
R – шағылысқан радиация;
Q – жиынтық радиация.

Жер бетi мен атмосфера күн радиациясынан энергия  қуатын  алып,  оны  жылыға
айналдырып, қайта өзiнен жылу шығарады.  Бұл  жылу  барлық  жаққа  таралады,
соның iшiнде жер бетiне қарай да таралады.
Жоғарыда  келтiрiлген  тиiмдi  шағылысу  (Ет)  және   шағылысқан   радиация,
радиациялық тепе-теңдігінің шығыс бөлiмiн құрайды.  Радиациялық  тепе-теңдiк
кiрiс және шығыс радиация шамаларының айырмасына тең болады.
Жер  бетiнiң  радиацияны  шағылыстыру  мүмкiншiлiгi   әртүрлi   болады,   ол
көрсеткiш мына жағдайларға байланысты:
1. Жер бетiнiң түсіне (цвет) – қара түстi (қаратопырақ, торф)  жерге  келген
радиацияның 10%, ақ түстi (сортаң жер, құм) – 15-25%, ал жаңадан түскен  қар
– 85-95% шағылыстырады;
2. Жер бетiнiң ылғалдылығына – ылғал топырақтың альбедосы  құрғақ  топыраққа
қарағанда төмен;
3. Күннiң биiктiгiне – күн биiктеген сайын альбедо төмендейдi.
Жер  бетiне  келiп  түскен  күн  радиацияларының   (тура   және   шашыраған)
шағылыспағаны  топыраққа  сiңедi,  солардың  әсерiнен  топырақтың   жылулығы
артады.
Күн сәулесi арқылы атмосфера және жер бетi жылулығы жоғарылайды. Әрбiр  жылы
зат өзiнен жылу бөлiп шығаратыны  бiзге  мәлiм.  Осы  заңдылыққа  байланысты
атмосфера және жер бетi, жылынған зат ретiнде,  өздерiнен  жылу  бөлiп,  бұл
жылу  жан  жаққа,  сонымен  қатар  жер  бетiне  қарай  тарайды.  Нәтижесiнде
атмосферада ұзын толқынды екi инфроқызыл радиация пайда болады:
    1. Жер бетiнен жоғары қарай жылжитын (Еж);
    2. Атмосферадан жерге қарай жылжитын (Еа).
Бұл екi радиацияның (жылудың)  айырмашылығы  тиiмдi  жылулық  деп  аталынады
(Ет).
                                Ет = Еж – Еа;
Тиiмдi  жылулықтың  көп  немесе  аз  бөлiнуi  жер  бетiнiң  температурасына,
атмосфера ылғалдылығына  және  бұлттарға  байланысты.  Неғұрлым  температура
жоғары болған сайын (Ет) көп болады, ал атмосфера ылғалдылығы  және  бұлттар
мөлшерi артқан сайын (Ет) азаяды.
Жер бетiнен шағылысқан  (R)  және  тиiмдi  жылулық  (Ет)  радиациялық  тепе-
теңдіктің шығын бөлiмiн құрайды.

Бақылау сұрақтары:
1. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
2. Тура және шашыранды радиациялар
3. Шағылысқан және жиынтық радиациялар. Альбедо

                            № 2-тәжірибелік сабақ
Тақырып: Ауа температурасы
Сабақтың мақсаты – ауа  температурасының  ауылшаруашылық  дақылдарға  әсерін
дұрыс анықтау
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Агроклиматтық анықтамалар
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Оқу құралы, анықтамалар.

Ауылшаруашылық дақылдары өнiп-өсу үшiн физиологиялық  үрдiстер  (фотосинтез,
суды сiңiру және қоректiк заттар пайдалану) жүру  қажет.  Бұл  үрдiстер  тек
бiр оптималды температурада  ғана  жүредi.  Әртүрлi  дақылдардың  оптималды,
минималды, максималды температуралары болады және  әрбiр  өсу  фазасында  ол
температуралар әртүрлi болады. Өсiмдiк өсе бастағанда  температура  неғұрлым
жылдам көтерiлсе, солғұрлым өсу фазаларыда жылдам өтедi. Ал көктемде  салқын
күндер көп болған сайын өсу фазалары кешiгедi. Мысалы, тыныс алу үрдiсi  00С
температурада басталады да температура өсе берген сайын  күшейе  түседi,  ал
температура 35-400С жеткенде нашарлайды да, температура 500С – тоқтайды.
Температура жоғарылаған сайын суды, қоректiк заттарды пайдалану  нашарлайды,
өйткенi  ауа  ылғалдылығы  төмендейдi.  Ауа  ылғалдылығы  төмендеген   сайын
құрғақшылық   артады.   Өсiмдiктiң    тозаңдануы    жоғары    температуралар
нашарлатады.
Ауылшаруашылық өндiрiсiнде вегетациялық және  аязсыз  (суықсыз)  кезеңдердiң
мағынасы үлкен.
Вегетациялық  кезеңге  тұқымның  өнiп-өсе  бастауынан  (көпжылдық   дақылдар
вегетациясының  жаңалануы)  жаңа  тұқымдардың  пiсiп-жетiлуi   (көп   жылдық
дақылдар  вегетациясының  тоқтауы)  арасындағы   кезең   жатады.   Көпжылдық
дақылдарда ол келесi жылдары  жалғасады.  Вегетациялық  кезеңнiң  ұзақтығына
аяз қатты әсер етедi. Аязсыз кезең болып көктемнiң соңғы  үсiк  болған  күнi
мен күзгi алғашқы үсiкке дейiнгi аралық  саналады.  Осы  кезеңдi  дақылдарды
аудандастыру кезiнде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз  (суықсыз)
кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар пiспей үсiкке шалдығады.
Вегетациялық кезеңдегi орташа температура мен  оның  жиынтығы  осы  дақылдың
вегетациясының  басталу  уақыты  мен  аяқталуына  дейiнгi  орташа  тәулiктiк
температураларды жинақтау арқылы шығарылады.
Қазақстан  Республикасында  ауылшаруашылық  дақылдарын  әртүрлi   аймақтарда
өсiредi.  Қандай  аймақта  қай  дақылды  аудандастыру  үшiн   сол   дақылдың
биологиялық ерекшелiгiн, әсiресе вегетациялық  кезеңiн  бiлу  сонымен  қатар
аймақтың  аязсыз  (суықсыз)  кезеңiн  анықтауымыз  қажет.  Өйткенi  дақылдың
вегетациялық кезеңi аязсыз (суықсыз) кезеңнен артық болу керек.
Сондықтан, бiр дақылды белгiлi аймақта  өсiру  үшiн  сол  аймақтың  мынандай
температуралық көрсеткiштерiн анықтау керек:
1. Орташа температуралар (тәулiк, онкүндiк, айлық, вегетациялық кезең);
2. Биологиялық 0, минималды, оптималды, максималды температуралар;
3. Белсендi, тиiмдi температуралар;
4. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығы, температураның 0, 5, 10, 15  градустардан
жоғарылайтын (көктемде) және төмендейтiн (күзде) мерзiмдерi;
5. Аязсыз (суықсыз) кезеңнiң ұзақтығы.
Вегетациялық кезеңдегi жылдық қорына (ресурсына) баға беру:
Ауылшаруашылық дақылдарын  жылылықпен  қамтамасыз  ету  жөнiнде  бүткiл  ТМД
территориясы төрт аймаққа бөлiнедi.
1 аймақ  – бұл аймақта вегетация кезеңiнде белсенді температураның  жиынтығы
1000-14000С аспайды. Ақшыл топырақта, бұл жерлерде  ерте  пісетін  картоптың
және астықтың кейбiр ерте пiсетiн сорттарын егуге болады.
2  аймақ  –  солтүстiк  астық  дақылы  деп  аталады.  Бұл   жерде   белсенді
температураның  жиынтығы  1400-22000С  дейiн  болады.  Бұл   аймақта   жақсы
агротехникалық шаралармен астық еккенде ең жоғары өнiм алуға болады.
3 аймақ – жүгерi,  майлы  дақылдар  және  қант  қызылшасы  егiледi.  Ал  бұл
аймақтың  оңтүстiк  жағында  бақша  дақылдары,  күрiш,  жүзiм  және   бұршақ
егiледi. Бұл жерде температураның жиынтығы 2200-35000С жетедi.
4 аймақ – бұл аймақ мақта, темекi, кендір және  сондай  вегетациялық  кезеңi
ұзаққа созылатын дақылдар егiлетiн аймақ деп  аталады.  Бұл  жерде  белсенді
температура 35000С-тан көп болады.

Бақылау сұрақтары:
1. Ауаның төменгi қабатының температуралық режимi, көрсеткiштерi.
2. Ауа температурасының ауылшаруашылығына әсерi.
3. Вегетациялық және аязсыз кезең.



Пәндер