Файл қосу

Жауап алу хаттамасы



Тақырып 5. Тергеу әрекеттері кезіндегі процессуалдық актілер
    Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерi
   1.  Тергеушi  тергеу  iс-әрекеттерiне  қатысуға   заңдарда   белгiленген
адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға  құқықтары  мен
мiндеттерiн,   сондай-ақ   тергеу   iс-әрекеттерiн    жүргiзудiң    тәртібін
түсiндiредi.
   2. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi
уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.
   3. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу  кезiнде  техникалық  құралдар  қолданылуы
және қылмыс iздерi мен  заттай  дәлелдердi  анықтаудың,  бекіту  мен  алудың
ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
   4. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге
де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың  өмiрi
мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.
   5.  Тергеушi   тергеу   iс-әрекеттерiне   қатысуға   анықтау   органының
қызметкерiн тартуға құқылы.
   6. Осы Кодекстің 233-бабы үшінші бөлігінің  2)  тармақшасында  көзделген
жағдайларды қоспағанда, 222-бабының он екінші және он  үшінші  бөліктерінде,
230,  233-баптарында  көзделген  тергеу   іс-әрекеттерін   жүргізген   кезде
куәгерлерді тарту міндетті болады.
   Қалған тергеу іс-әрекеттері куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ  барысы  мен
нәтижелерін тіркеп тұратын  техникалық  құралдар  міндетті  түрде  қолданыла
отырып жүргізіледі.
   Барысы  мен  нәтижелерін  тіркеп  тұратын  техникалық  құралдар  қолдану
тәртібін  Қазақстан  Республикасының  Бас   прокуроры   тиісті   мемлекеттік
органдармен келісе отырып айқындайды.


    Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы
   1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн  жүргiзу  барысында
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.
   2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер  арқылы  жасалуы
мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн  стенографиялау,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылуы  мүмкiн.  Стенографиялық  жазба,
дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.
   3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны  мен  күнi;  оның  басталу
және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы  мен  аты-жөнi;
тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр  адамның  тегi,  аты,  әкесiнiң  аты,  ал
қажет болған жағдайда оның  мекен-жайы  көрсетiледi.  Хаттамада  iс  жүргiзу
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу  барысында  iс  үшiн  мәнi
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.
   4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде  фотосуретке  түсiру,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылса  не  iздiң  көшiрме  бедерi  мен
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда  хаттамада  оны
жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар,  оларды  пайдалану
жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар  қолданылған  объектiлер  және  алынған
нәтижелер  көрсетiлуге  тиiс.   Хаттамада   бұған   қоса   ғылыми-техникалық
құралдарды  қолданудың  алдында  бұл  туралы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге
қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.
   5. Танысу үшiн хаттама  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау  құқығы
түсiндiрiледi.  Хаттамаға  енгiзiлген  барлық   ескертпелер,   толықтырулар,
түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың  қол  қоюымен  куәландырылуға
тиiс.
   6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы,  маман,  куәгерлер
және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды.  Тергеу
iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған  немесе  қол  қою  мүмкiн
болмаған  жағдайда  бұл  фактiнi  куәландыру   осы   Кодекстiң   126-бабының
сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.
   7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық
негативтер  мен  суреттер,   кинотаспалар,   диапозитивтер,   фонограммалар,
бейнежазба  кассеталары,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,   iздiң   көшiрме
бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.
   8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында  маман  зерттеу  нәтижелерi
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл  құжат  хаттамаға  қоса  тiркеледi,  ол
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.
   9. Жәбiрленушiнiң,  оның  өкiлiнiң,  куәнiң  және  олардың  жақындарының
қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  қажет  деп  санауға  негiздер  болған  кезде
тергеушi аталған адамдар  қатысып  отырған  тергеу  iс-әрекетi  хаттамасында
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл  жағдайда  тергеушi
жеке  басы  туралы  деректердi  құпия  сақтау  туралы  қабылданған  шешiмнiң
себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген  және  ол  қатысқан
тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамаларында  ол  қолданатын  қол  қоюдың  үлгiлерi
келтiрiлген қаулыны  шығаруға  мiндеттi.  Қаулы  бұдан  әрі  қылмыстық  істі
тергеген   органда   сақталатын   конвертке   салынып,   желiмделедi,   оның
iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.
                                                                Тінту және
алу
     Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер
жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық
қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы
қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай
тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелрді тез арада тауып
алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін
тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады.
Тінту дегеніміз іске маңызы бар заттарды тауып алу мақсатында үй-жайды,
қора-ауланы, көлік құралдарын және бөлек тұлғаларды еріксіз түрде қарауға,
сондай-ақ тергеуден бой тасалап жүргендер мен мәйіттерді табуға бағытталған
тергеу әрекеті.
Тінтудің заңдылық кепілдіктері:
–       тінтудің дәлелділігі, яғни оны жүргізуге негіз жеткілікті;
–       қарау әрекетін криминалистикалық талаптар мен адамгершілік
қағидаларына толық сәйкестікпен жүргізу;
–       тінту нәтижелері мен барысын процессуалдық және тактикалық
талаптарды сақтай отырып толтыру.
Тінту жүргізудің сатылары: алдын-ала, шолушылық, егжей-тегжейлік, соңғы.
Тінту жүргізу кезінде негативтік жағдайларға да көңіл аудару қажет (өмір
сүру ерекшеліктері мен тінтілушінің жүріс-тұрысына). Оларға жататындар:
–       әдеттегі сұраныстан асып түскен заттардың саны;
–       тінтілушінің жеке басының қасиеттеріне табылған заттардың сәйкес
келмеуі;
–       табылған заттардың әдеттен тыс сақталуы (құпиялы жерде, басқа зат
түрімен бүркемеленген);
–       бөлек заттардың әдеттен өзгеше қасиеті, олардың белгісіз мақсаты;
–       қараудағы заттар жөнінде тінтілуші берген түсініктердің күмән
туғызуы (қасиеттері, шығу тегі, сатып алу уақыты жайлы және т.б.);
–       мүдделі тұлғалардың затты тығуға немесе жоюға әрекет жасауы,
тергеуші назарын басқа жаққа аударуы, қандай да бір затты қарау барысында
ерекше қызбалық таныту және т.б.
Тінту барысында қолданылатын ғылыми-техникалық құралдар:
–       металл заттар мен қорытпаларды табу үшін пайдаланылатын магниттік
іздегіш-көтергіштер;
–       іздеудегі объектілер дірілі мен шуын айқындау үшін қолданылатын
акустикалық анализаторлар, стетоскоптар;
–       жарылғыш, наркотик заттарды, адамдарды табу үшін қолданылатын газды
анализаторлар;
–       температурасы қоршаған ортадан бөлек болатын объектілерді (адам,
жануар) табу мақсатында қолданылатын инфрақызыл детекторлар, тепловизорлар;
–       қабырға, заттарды зерттеу үшін қолданылатын рентген құрылғылары;
–       көрінбейтін жасырын бөгеттерді іздеу үшін пайдаланылатын
телевизиондық құрылғылар;
–       ультрадыбыстық дефектоскоптар, бос жерлерді анықтаушылар,
радиотолқындық аспаптар және басқалар.
Осы тергеу әрекетінің соңғы сатысы – жүргізу барысы мен оның нәтижелерін
бекіту.
Негізгі және қажетті бекіту құралы ретінде тінту хаттамасын толтыру жүреді.
Тінту барысы мен оның нәтижелерін бекітудің қосымша құралы ретінде жоспар,
сұлба, сызба, фотоға түсіру және бейне жазу жүреді. Кейінгісі құпиялы
жерлер мен бүркемеленген объектілердің сақтау орны табылған кезде қоданылса
көп нәтиже береді.
Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да бір
адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу әрекеті.
Аталмыш тергеу әрекеті заттар  мен басқа да объектілердің біреуде тығылып
жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі.
Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған заттардың өзі және
жатқан орны белгілі болғандықтан, тінтудегідей іздеу процесінің элементтері
жоқ. Сонымен қатар егер тінту әрекетін жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу
заңы прокурордың санкциясын қажет етсе, алуды жүргізу үшін тергеуші немесе
анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді қаулысы жеткілікті.
    Жауап алу хаттамасы

   1.  Жауап  алудың  барысы  мен  нәтижелерi  осы  Кодекстiң   203-бабының
талаптарын сақтай отырып жасалған хаттамада  көрсетiледi.  Айғақтар  бiрiншi
жақтан және мүмкiндiгiнше сөзбе-сөз жазылады. Ондағы сұрақтар  мен  жауаптар
жауап алу кезіндегі ретi бойынша жазылады. Хаттамада  жауап  алуға  қатысқан
адамдардың тергеушi қабылдамаған сұрақтары да немесе  жауап  алынып  отырған
адам жауап беруден бас тартқан  сұрақтар  да,  оларды  қабылдамаудың  немесе
олардан бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, көрiнiс табуға тиiс.

   2. Бiрiншi жауап алу хаттамасында жауап алынып отырған адамның жеке басы
туралы деректер, соның iшiнде: тегi, аты, әкесiнiң  аты,  туған  уақыты  мен
жерi, азаматтығы, ұлты, білімi, отбасылық  жағдайы,  жұмыс  орны,  жұмысының
түрi немесе лауазымы, тұратын жерi, сондай-ақ iстiң мән-жайы  бойынша  қажет
болатын басқа мәлiметтер көрсетiледi. Сезiктiден,  айыпталушыдан  жауап  алу
хаттамасында бұрын сотталғаны немесе сотталмағаны туралы көрсетiледi.  Бұдан
кейiнгi жауап  алуларда  жауап  алынып  отырған  адамның  жеке  басы  туралы
деректердi, егер олар өзгермеген болса, оның аты-жөнiн  көрсетумен  шектеуге
болады.

   3. Заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсету,  хаттамаларды  жариялау  және
тергеу  iс-әрекеттерiнiң  дыбыс  және  бейнежазбаларын,  киноға  түсiрiлуiн,
сондай-ақ  осыған  байланысты  жауап  алынушы  берген   айғақтарды   көрсету
мiндеттi түрде хаттамада жазылуға тиiс.

   4. Жауап алынып  отырған  адам  тергеу  iс-әрекетi  барысында  схемалар,
сызбалар, суреттер, диаграммалар жасай алады, олар хаттамаға  қоса  тiгiлiп,
хаттамада ол туралы белгi қойылады.

   5. Еркiн баяндаудан  кейiн  жауап  алынып  отырған  адам  айғақтарын  өз
қолымен жазуға құқылы. Жауап  алынатын  адам  өз  қолымен  жазып,  оған  қол
қойғаннан кейiн тергеушi толықтыратын және нақтылайтын сұрақтар қоя алады.

   6. Жауап алу аяқталғаннан кейiн хаттама  оқып  шығу  үшiн  жауап  алынып
отырған адамға ұсынылады не оның өтiнiшi  бойынша  дауыстап  оқылады.  Жауап
алынып отырған  адамның  хаттамаға  толықтыру  мен  нақтылау  енгізу  туралы
талабы мiндеттi түрде орындалуға тиіс.

   7. Айғақтармен таныстыру фактiсi және  олардың  дұрыс  жазылғанын  жауап
алынып отырған адам хаттаманың соңында өз  қолын  қою  арқылы  куәландырады.
Жауап алынып отырған адам сонымен қатар хаттаманың әрбiр бетiне  қол  қояды.
Жауап  алынып  отырған  адам  хаттамаға  қол  қоюдан  бас  тартқан  жағдайда
тергеушi бас тарту себептерiн  анықтайды,  оларды  хаттамаға  енгiзедi  және
хаттаманы өзi қол қойып куәландырады.

   8. Егер жауап алынып отырған адам тән кемiстiгiне немесе өзге себептерге
байланысты хаттамаға өзi  қол  қоя  алмайтын  болса,  оның  өтiнiшi  бойынша
хаттамаға қорғаушы, жауап алынып отырған адам сенетiн өкiл немесе өзге  адам
қол қояды, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

   9. Егер жауап алуға аудармашы  қатысса,  онда  ол  да  хаттаманың  әрбiр
бетiне және тұтас хаттамаға қол қояды. Ол жауап алынатын адамның өз  қолымен
жазған айғақтарының аудармасына да қол қояды.

10. Хаттамада жауап алуға қатысқан барлық адам көрсетiледi. Олардың
әрқайсысы хаттамаға қол қоюға тиiс.

 Тақырып 6. Анықтау және алдын ала тергеуді аяқтаудың процессуалдық актілері
   Алдын ала тергеудiң аяқталуы

   Алдын  ала  тергеу  айыптау  қорытындысын  жасау   не   қылмыстық   iстi
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа  жiберу  туралы
қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.



Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту

   1. Қылмыс жасады деп айыптау үшiн негiз беретiн жеткiлiктi  дәлелдемелер
болған  кезде  тергеушi  адамды  айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы
дәлелдi қаулы шығарады.

   2. Тергеушi  айыпталушыға  айып  тағылған  күн  туралы  хабарлайды  және
сонымен бiр мезгiлде  оған  қорғаушыны  шақыру  не  тергеушiден  қорғаушының
қатысуын қамтамасыз ету туралы өтiну құқығы түсiндiрiледi.

   3. Осы  Кодекстiң  ережелерiне  сәйкес  айып  тағу  кезiнде  қорғаушының
қатысуы мiндеттi болып табылатын iстер  бойынша  тергеушi,  егер  қорғаушыны
айыпталушының өзi, оның заңды  өкiлi  не  оның  тапсырмасы  немесе  келісімi
бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының келуiн қамтамасыз  ету  жөнiнде
шаралар қолданады.

    Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы

   1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда  мыналар  көрсетiлуге
тиiс:

   1) оның жасалған  уақыты  мен  орны;  қаулыны  кiм  жасаған;  айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң  аты,  оның  туған
күнi, айы, жылы және жерi;

   2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың  оның  жасалған  уақыты,  орны
көрсетiлген  сипаттамасы,  сондай-ақ   осы   Кодекстiң   117-бабына   сәйкес
дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс  үшiн
жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).

   2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде  жауапқа
тарту туралы қаулыда  қылмыстық  заңның  әрбiр  бабы  (бөлiктер,  тармақтар)
бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге  тиiс.


   3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы шешiм болуға тиiс.

   4.  Айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы  қаулының  көшiрмесi  ол
шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

 Қылмыстық iстi қысқарту

   1. Қылмыстық iс  осы  Кодекстiң  37,  38-баптарында  көзделген  негiздер
бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қысқартады.

   2. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға  қысқартылу
негiзi мен осы негiздер  бойынша  қысқартылуға  қарсылығын  мәлiмдеу  құқығы
түсiндiрiледi.

   3. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының  күшi  жойылған  жағдайда  iс
бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң  ескіруi  шегiнде
жаңартылады.

   4. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң
жаңартылғандығы  туралы  сезiктiге,  айыпталушыға,   қорғаушыға,   сондай-ақ
жәбiрленушiге, оның  өкiлiне,  азаматтық  талапкерге,  азаматтық  жауапкерге
немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi  бойынша  iс  қозғалған  жеке  және  заңды
тұлғаларға  жазбаша  хабарланады.  Қылмыстық  iзге  түсу   органы   шығарған
қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi  жаңарту  туралы
қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.

    

    Күдіктіге  немесе  айыпталушыға  қатысты  қылмыстық  қудалауды  тоқтату
   тәртiбi

   1. Күдіктіге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстiң
37-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған  негiздер
бойынша тоқтатылады.

   2. Қылмыстық қудалауды тоқтатуды осы Кодекстiң  128-бабында  белгiленген
қағидаларды сақтап, дәлелдемелердi  бағалағаннан  кейiн  қылмыстық  процестi
жүргiзушi орган жүзеге асырады.

   3. Күдіктiге немесе айыпталушыға қатысты қылмыстық  қудалау  тоқтатылған
жағдайда iс жүргiзу осы  Кодекстiң  50-бабында  көзделген  негiздер  бойынша
жалғастырылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.

   4.  Қылмыстық  қудалауды   тоқтату   туралы   шешiм   күдіктіге   немесе
айыпталушыға қатысты ғана қабылдана алады. Осы қылмыстық iс бойынша  күдікті
немесе айыпталушы деп танылмаған адамдарға қатысты қылмыстық iстi  қозғаудан
бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.

    

 Іс жүргiзуді болдырмайтын жағдайлар

   1.  Қылмыстық  iс  қозғауға  болмайтын,  ал   қозғалған   қылмыстық   iс
тоқтатылуға тиiс жағдайлар:

   1) қылмыс оқиғасы болмауы;

   2) әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

   3) егер ол жасаған әрекет үшiн  жаза  қолдануды  жойса,  рақымшылық  ету
актiсiнiң салдары;

   4) мерзiмiнiң ескіруiне байланысты;

   5) осы Кодекстiң 33-бабының  екiншi  бөлiгiнде  және  34-бабының  екiншi
бөлiгiнде  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  осы   Кодекстiң   33-бабының
бiрiншi бөлiгiнде және  34-бабының  бiрiншi  бөлiгiнде  көзделген  қылмыстар
туралы iстер бойынша жәбiрленушi шағымының болмауы;

   6)  жеке  айыптаушының  -  осы  Кодекстiң  33-бабының  екiншi  бөлiгiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда, осы  баптың  бiрiншi  бөлiгiнде  көзделген
қылмыстар туралы iстер бойынша айыптаудан бас тартуы;

   7) өзi туралы белгiлi бiр айыптау  бойынша  соттың  заңды  күшiне  енген
үкімі не қылмыстық iзге түсудiң мүмкiн еместiгiн  белгiлейтiн  соттың  күшiн
жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

   8) белгiлi бiр айыптау бойынша қылмыстық iзге түсу  органының  қылмыстық
iзге түсуден бас тарту туралы күшiн жоймаған қаулысы бар адамға қатысты;

   9) қылмыстық iс қозғау оған медициналық  сипаттағы  мәжбүрлеу  шараларын
қолдану үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен  тыйым  салынған
әрекеттi есi кiресiлi-шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты;

   10) артықшылықтары  немесе  қылмыстық  қудалауға  қарсы  иммунитетi  бар
адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға уәкiлеттi  органның  немесе  лауазымды
тұлғаның келiсiм беруден бас тартуына байланысты;

   11) iс бойынша iс жүргiзу қайтыс болған адамды ақтау немесе  iстi  басқа
адамдарға қатысты тергеу үшiн қажет жағдайларды  қоспағанда,  қайтыс  болған
адамға қатысты;

   12) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң  ережелерiне  байланысты
қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты.

   2. Қылмыстық iс қылмысты оқиғаның жоқтығы немесе қылмыс  құрамы  жоқтығы
дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшiн  барлық  мүмкiндiктер
сарқылса, олардың бар екендiгi дәлелденбеген кезде  де  осы  баптың  бiрiншi
бөлiгiнiң 1 және 2-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылады.

   3. Қылмыстық iс айыпталушының (сезiктiнiң)  зиян  келтiруi  заңды  болып
табылатын  не  әрекеттi  айыпталушы  (сезiктi)   Қазақстан   Республикасының
Қылмыстық кодексiне сәйкес  оның  қылмыстылығы  мен  қылмыстық  жауаптылығын
жоққа шығаратын жағдаятта жасаған жағдайларда осы баптың  бiрiншi  бөлiгiнiң
2-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiс.

   4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 3, 4 және  11-тармақтарында  көрсетiлген
негiздер бойынша қылмыстық істі қозғаудан  бас  тартуға  не  қылмыстық  істі
тоқтатуға, егер өтініш беруші ол адамды қылмыс жасаған адам ретінде  тікелей
көрсетсе,  күдікті,  айыпталушы,  сондай-ақ  сотталушы  немесе  оның   заңды
өкілдері бұған  қарсылық  бiлдiрсе  де,  жол  берiлмейдi.  Бұл  жағдайда  iс
жүргiзу жалғастырылады және оған  негiздер  болған  кезде  сотталған  адамды
жазадан босату арқылы айыптау үкiмiнiң қаулысымен аяқталады.

   Осы баптың бірінші бөлігінің 3, 4, 9, 10 және  11-тармақтарында  аталған
негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы не  қылмыстық  істі
тоқтату туралы шешім қабылдау үшін қылмыс  жасаудан  зардап  шеккен  адамның
немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейді.

   Қылмыстық істі тоқтату бір мезгілде қылмыстық қудалауды  тоқтатуға  әкеп
соғады.

   4-1. Әрекет жасаған сәтте  заңға  сәйкес  қылмыстық  жауаптылыққа  тарту
мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты қылмыстық  iстi  қозғаудан  бас
тарту туралы не қылмыстық iстi  тоқтату  туралы  шешiм  осы  баптың  бiрiншi
бөлiгiнiң  2-тармағында  аталған  негiз  бойынша  қабылдануға  тиiс.  Әрекет
жасаған сәтте заңға сәйкес қылмыстық  жауапқа  тартылатын  жасқа  жетсе  де,
психикалық науқаспен байланысты емес психикалық дамуы  жағынан  артта  қалуы
салдарынан өз  әрекеттерiнiң  (әрекетсiздiгiнiң)  iс  жүзiндегi  сипаты  мен
қоғамдық қауiптiлiгiн толығымен түйсіне алмаған және оларды  игере  алмаған,
кәмелетке толмаған адамға  қатысты  қылмыстық  iс  қозғаудан  бас  тарту  не
қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiм дәл осы негiз бойынша қабылдануы тиiс.

   5. Қылмыстық iзге түсу органы  қылмыстық  iзге  түсудi  жоққа  шығаратын
жағдайды байқағаннан кейiн сотқа дейiнгi iс жүргiзудiң кез келген  сатысында
қылмыстық iс қозғаудан бас  тарту  туралы  немесе  қылмыстық  iстi  қысқарту
туралы  қаулы  шығарады.  Прокурор  iстi  соттың  басты  талқылауында  қарау
басталғанға дейiн оны соттан керi қайтарып алуға және  осы  бапта  көзделген
негiздер бойынша қысқартуға да құқылы.

   6. Сотта  қылмыстық  iзге  түсудi  жоққа  шығаратын  мән-жайды  байқаған
мемлекеттік айыптаушы  айыптаудан  бас  тарту  туралы  мәлiмдеуге  мiндеттi.
Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тарту туралы мәлiмдемесi, егер  жеке
айыптаушы  айыптауды   қолдауын   жалғастырса,   қылмыстық   iстi   қараудың
жалғастырылуына кедергi келтiрмейдi.

   7. Қылмыстық iзге  түсуді  жоққа  шығаратын  мән-жайларды  байқаған  сот
қылмыстық iстi қысқарту туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

   8. Қылмыстық қудалау органдары және соттар қылмыстық іс  тоқтатылған  не
қылмыстық  іс  қозғаудан  бас  тартылған  кезде   адамның   іс-әрекеттерінде
әкімшілік немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  белгілері  болғанда  он
күн ішінде құзыретті  органдарға  әкімшілік  немесе  тәртіптік  жауаптылыққа
тарту туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберуге міндетті.

    

   Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырмауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар

   1. Сот, прокурор,  сондай-ақ  прокурордың  келiсiмiмен  тергеушi  немесе
анықтау органы тиiстi мән-жайлар болған кезде өз құзыреті шегінде  Қазақстан
Республикасы  Қылмыстық  кодексiнiң  65,  66-баптарында,  67-бабының  екінші
бөлігінде  және  68-бабында,  сондай-ақ  373,  375  -  378,   381-баптарының
ескертулерінде көзделген жағдайларда адамды қылмыстық  жауаптылықтан  босата
отырып, қылмыстық іс қозғаудан  бас  тартуға  не  қылмыстық  iстi  тоқтатуға
құқылы.  Мұндай  жағдайларда  сот  қылмыстық  жауаптылықтан  босата  отырып,
айыптау үкiмiн шығаруға да құқылы.

   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабының үшінші  бөлігінде
көзделген  жағдайларда  сот  кәмелетке   толмаған   баланың   жәбірленушімен
татуласуына байланысты оны қылмыстық жауаптылықтан босата отырып,  қылмыстық
істі тоқтатуға құқылы.

   2. Сотта  қылмыстық  iзге  түсудi  жүзеге  асырмауға  мүмкiндiк  беретiн
жағдайларды байқаған мемлекеттік  айыптаушы  айыпталушының  қылмыстық  iзiне
түсуден бас тартуды  мәлiмдеуге  құқылы.  Мемлекеттік  айыптаушы  мәлiмдеген
қылмыстық  iзге  түсуден  бас  тарту  жеке   айыптаушыға   қылмыстық   iстiң
материалдарын  пайдалана  отырып,  айыпталушының  қылмыстық   iзiне   түсудi
жалғастыруына кедергi келтiрмейдi.

   3. Қылмыстық  iс  қысқартылғанға  дейiн  айыпталушыға  (сезiктiге)  iстi
қысқартудың негiзi мен осы негiз бойынша  оны  қысқартуға  қарсылық  бiлдiру
құқығы түсiндiрiлуге тиiс.

   4. Қылмыстық  iстiң  қысқартылғандығы  туралы  жәбірленушіге  және  оның
өкіліне хабарланады, олар қылмыстық процестi  жүргiзушi  органның  қаулысына
жоғары тұрған сотқа немесе жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

   5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер  бойынша  қылмыстық
iстi қысқартуға, егер сезiктi, айыпталушы немесе жәбiрленушi  оған  қарсылық
бiлдiрсе, жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда iс  бойынша  iс  жүргiзу  әдеттегi
тәртiппен жалғастырылады.

    

Тақырып 7. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің процессуалдық актілері
       Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің негіздері
      1. Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер
жинақталған дәлелдемелер арқылы қылмыс фактісі және оны жасаған адам
белгілі болса, ол адам дәлелдемелерге, өзінің кінәсін келтірілген зиянның
сипаты мен мөлшеріне дау айтпай мойындаған, сотқа дейінгі іс жүргізудің
жеңілдетілген тәртібін қолдануға келіскен жағдайда, осы тараудың баптарында
белгіленген алынып тасталатындарды қоспағанда, осы Кодекстің жалпы
ережелері бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу жүзеге асырылады.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі:
      қылмыстардың ішінде ең болмағанда біреуі ауыр немесе аса ауыр болып
табылатын қылмыстардың жиынтығына қатысты; кәмелетке толмағандарға және
өзінің қорғану құқығын дене немесе психикалық кемістіктеріне байланысты
өздері жүзеге асыра алмайтын адамдарға қатысты; сот ісі жүргізілетін тілді
меңгермеген адамдарға қатысты; артықшылықтары және қылмыстық қудалауға
қарсы иммунитеті бар адамдарға қатысты; бірге қатысушылардың ең болмағанда
біреуі өз кінәсін мойындамаған жағдайда; осы Кодекстің 190-2-бабының
бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде істің барлық мән-жайының жан-
жақты және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде; күдіктіні
осы Кодекстің 132-бабы негізінде ұстау немесе оған бұлтартпау шараларын
қолдану қажет болған кезде қолданылмайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болған ретте
алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізіледі.
Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің тәртібі
      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу қылмыс туралы арызды немесе
хабарламаны тіркеген кезден бастап он тәулікке дейінгі мерзімде іс
прокурорға берілгенге дейін аяқталуға тиіс.
      Қылмыстардың жиынтығы бойынша материалдар бір іс жүргізуге
біріктірілуі мүмкін.
      2. Сотқа дейінгі іс жүргізудің жеңілдетілген тәртібі көзделген
қылмыстар туралы істер бойынша анықтаушы немесе тергеуші жасалған қылмыстың
мән-жайларын және оның кінәсін растайтын мән-жайларды анықтайды.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды анықтау үшін
тексеріп қарау, алу, сараптама, арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс
жасаған адамға сұрау салынуы, құжаттар немесе өзге де материалдар талап
етіп алынуы, тексерулердің, ревизиялардың, сараптамалардың актілері,
аудиторлық қорытындылар, соттылық туралы анықтама, мінездеме, стенограмма,
аудио-, бейнежазба материалдары қоса тігілуі мүмкін.
      4. Қылмыстық қудалау органдарына жүгінген кезден бастап - арыз
берушінің, ал көрген адамдар мен қылмыс жасаған адамның тергеушіге,
анықтаушыға немесе анықтау органына шақырылған кезден бастап заң көмегін
көрсету үшін қорғаушы шақыртуға құқығы бар.
      Арыз берушіге, көрген адамдарға және қылмыс жасаған адамға жасалған
қылмыстың белгілі мән-жайлары туралы сұрау салынады. Сұрау салынатын
адамдарға олардың өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына
қарсы түсінік бермеу құқығы түсіндіріледі. Сұрау салу кезінде дыбыс-, бейне
жазба қолданылуы мүмкін.
      Қылмыс жасаған адамға сұрау салу кезінде іс бойынша іс жүргізуді
сотқа дейінгі жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру мүмкіндігі және оның
құқықтық салдары түсіндіріледі.
      Сұрау салу барысында қылмыс жасаған адамға, арыз берушіге және көрген
адамдарға олардың шақырту бойынша анықтаушыға, тергеушіге және сотқа келу
міндеті түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда аталған адамдардан осы
Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен анықтаушыға, тергеушіге және
сотқа келуі туралы міндеттеме алынады.
Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын
                жасау және қылмыстық істі прокурорға беру
      1. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттама жасаумен аяқталады.
Хаттамада: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кімнің жасағаны; қылмыс
жасаған адам туралы деректер; қылмыстың жасалу мән-жайлары; адамның
кінәлілігін растайтын дәлелдемелер; Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі бойынша қылмыстың саралануы (бап, бөлік, тармақ); адамның өз
кінәсін мойындағаны және қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен
мөлшеріне келіскені көрсетіледі.
      Хаттамаға барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақырылуға жататын
адамдардың тізімі қоса тігіледі.
      2. Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын тергеушінің
жасауы не оны анықтау органы бастығының бекітуі қылмыстық істің қозғалғанын
және қылмыс жасаған адамның айыпталушы деп танылғанын білдіреді.
      3. Айыпталушы, ал шақырылған жағдайда оның қорғаушысы да сотқа
дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі істің материалдарымен таныстырылады.
Хаттамаға олардың арыздары мен өтініш хаттары енгізіледі. Хаттаманың
көшірмесі айыпталушыға тапсырылады және арыз берушіге жіберіледі.
     Прокурордың сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу
                  тәртібімен келіп түскен қылмыстық іс бойынша
                  іс-әрекеттері
      Прокурор сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудегі қылмыстық істі
алып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына іс-әрекеттердің бірін
жасайды:
      1) сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасына келісім
білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;
      2) алдын ала тергеу немесе анықтау жүргізу үшін жібереді;
      3) осы Кодексте көзделген негіздер бойынша жекелеген айыпталушыларға
қатысты қылмыстық істі немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы
шығарады не айыпталушының іс-әрекеттерін қайта саралайды немесе айыптаудың
жекелеген тармақтарын алып тастайды.";


Тақырып 8. Басты сот талқылауын жүргізудің тәртібі
   Басты сот талқылауының ашылуы

   Басты  сот  талқылауы  үшiн  белгiленген  уақытта  төрағалық  етушi  сот
отырысын ашады және қандай  қылмыстық  iстiң  қаралатынын,  сондай-ақ  iстiң
ашық немесе жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды.

   Сот отырысында аудио-, бейнежазбалар, киноға түсіру пайдаланылатын кезде
төрағалық етуші ол жөнінде хабарлайды.

    

   Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуiн тексеру

   Сот отырысының хатшысы сот отырысына қатысуға тиiстi адамдардың  келгенi
туралы баяндайды және келмегендердiң келмеу себептерiн хабарлайды.

   Аудармашыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

   1. Төрағалық етушi аудармашы ретiнде кiмнiң қатысып отырғанын хабарлайды
және  оған  осы  Кодекстiң  85-бабында  көзделген  құқықтарын,   мiндеттерiн
түсiндiредi.

   2. Төрағалық етушi  аудармашыға  әдейi  дұрыс  аударма  жасамағаны  үшiн
қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл туралы одан  қолхат  алынып,  ол
сот  отырысының  хаттамасына  қоса  тiгiледi.  Аудармашыға,   сондай-ақ   өз
мiндеттерiн  орындаудан  жалтарған  жағдайда   оған   заңдарда   белгiленген
тәртiппен әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн екенi туралы ескертiледi.

   Аудармашыдан бас тарту туралы мәселенi шешу

   Төрағалық етушi келген тараптарға, куәларға, сарапшыға, маманға  олардың
аудармашыдан бас тартуын мәлiмдеу құқықтарын түсiндiредi  және  аудармашыдан
бас  тартуға  әкеп  соғатын  заңдарда  көзделген   негiздердi   түсiндiредi.
Мәлiмделген бас тартуды сот осы Кодекстiң  89-бабында  белгiленген  ережелер
бойынша шешедi. Егер аудармашыдан бас  тарту  қанағаттандырылса,  сот  басқа
аудармашыны шақырады.

   Куәларды сот отырысы залынан шығару

   Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейiн  сот  отырысы  залынан
шығарылады.  Төрағалық  етушi  сот  жауап  алмаған  куәлардың  жауап   алған
куәлармен, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен  сөйлеспеуi  үшiн
шара қолданады.



   Сотталушының жеке  басын  және  оған  айыптау  қорытындысы  көшiрмесiнiң
уақтылы тапсырылғанын анықтау

   Төрағалық етушi сотталушының тегiн, атын, әкесiнiң  атын,  туған  жылын,
айын, күнiн және  орнын,  сот  iсi  жүргiзiлетiн  тiлдi  бiлетiнiн,  тұратын
жерiн, немен айналысатынын, білімiн, отбасы жағдайын және оның  жеке  басына
қатысты басқа да деректердi анықтай  отырып,  оның  жеке  басын  айқындайды.
Мұнан кейiн төрағалық  етушi  сотталушыға  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс
жүргізу  хаттамасының,  айыптау  қорытындысының,  айыптауды  өзгерту  туралы
қаулының  немесе  айыптау  хаттамасының  көшiрмелерiнiң  тапсырылғанын  және
қашан тапсырылғанын  анықтайды.  Бұл  ретте  соттың  талқылауы,  бұл  туралы
сотталушы өтiнiш жасаған болса, сондай-ақ осы Кодекстiң  393-бабының  екiншi
бөлiгiнде көзделгеннен басқа  жағдайларда  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс
жүргізу  хаттамасының,  айыптау  қорытындысының,  айыптауды  өзгерту  туралы
қаулының немесе айыптау хаттамасының көшiрмелерi тапсырылған  күннен  бастап
үш тәулiктен бұрын басталмауға тиiс.

    Сот құрамын, процеске басқа қатысушыларды жариялау

   Төрағалық етушi сот  құрамын  жариялайды,  кiмнiң  айыптаушы,  қорғаушы,
жәбiрленушi,  азаматтық  талапкер,   азаматтық   жауапкер   немесе   олардың
өкiлдерi,  сондай-ақ  сот  мәжілісiнiң  хатшысы,  сот  приставы,  сарапшысы,
маманы болып табылатынын хабарлайды.

   Бас тартуды шешу тәртібі

   1. Төрағалық етушi тараптардың сот құрамынан,  сондай-ақ  осы  Кодекстiң
337-бабында аталған адамдардан  осы  Кодекстiң  90,  91,  94,  95,  96,  97-
баптарында  көзделген  негiздер  бойынша  бас   тартуды   мәлiмдеу   құқығын
түсiндiредi. Бұл ережелер запастағы судьяға қатысты да қолданылады.

   2.  Мәлiмделген  бас  тартуды  сот  осы  Кодекстiң   89,   90-баптарында
белгiленген ережелер бойынша шешедi.

   Сотталушыға оның құқықтарын түсiндiру

   Төрағалық етушi сотталушыға  оның  осы  Кодекстiң  69-бабында  көзделген
басты сот талқылауындағы құқықтарын түсiндiредi.

   Жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға,  азаматтық  талапкерге  және  азаматтық
жауапкерге олардың құқықтарын түсiндiру

   Төрағалық етушi жәбiрленушiге, жеке айыптаушыға,  азаматтық  талапкерге,
азаматтық жауапкерге және олардың өкiлдерiне олардың осы Кодекстiң  75,  76,
77, 78, 80, 81-баптарында  көзделген  басты  сот  талқылауындағы  құқықтарын
түсiндiредi. Жеке айыптау iстерi бойынша,  сондай-ақ  бiрiншi  рет  жасалған
шағын  және   орташа   ауырлықтағы   қылмыстар   жөніндегі   iстер   бойынша
жәбiрленушiге   бұған   қоса   оның   сотталушымен   бiтiмге   келу   құқығы
түсiндiрiледi.

   Сарапшыға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

   Төрағалық  етушi  сарапшыға  оның  осы  Кодекстiң  83-бабында  көзделген
құқықтары мен мiндеттерiн  түсiндiредi  және  оған  әдейi  жалған  қорытынды
бергенi үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы ескертедi, бұл  туралы  сарапшыдан
қолхат алынады, ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

   Маманға оның құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

   Төрағалық  етушi  маманға  оның  осы  Кодекстiң   84-бабында   көзделген
құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi және оған  өз  мiндеттерiн  орындаудан
бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн осы бапта белгiленген жауаптылық  туралы
ескертедi.

   Өтiнiштердi мәлiмдеу және шешу

   1. Төрағалық етушi тараптардан оларда жаңа куәларды,  сарапшыларды  және
мамандарды шақыру туралы және заттай дәлелдер мен құжаттарды  алдыру  туралы
өтiнiштерiнiң бар-жоғы  туралы  сұрайды.  Өтiнiшiн  мәлiмдеген  адам  қандай
жағдайларды  анықтау  үшiн  қосымша  дәлелдердiң  қажет   екенiн   көрсетуге
мiндеттi.

   2. Төрағалық етушi,  сондай-ақ  тараптардан  олардан  талқылаудан  дәлел
ретiнде жiберiлмеуге тиiс материалдарды  алып  тастау  туралы  өтiнiштерiнiң
бар-жоғын анықтауға мiндеттi.

   3. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пiкiрiн тыңдағаннан кейiн сот
мәлiмделген әрбiр өтiнiштi қарауға,  оны  қанағаттандыруға  немесе  өтiнiштi
қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығаруға тиiс.

   4. Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар
ретiнде келген  адамдардан  сот  отырысында  жауап  алу  туралы  өтiнiштердi
қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

   5.  Сот  өтiнiшiн  қанағаттандырудан  бас  тартқан  адам  оны  одан  әрi
мәлiмдеуге құқылы.

   Iске қатысушы адамдардың бiрi  болмаған  кезде  iстi  тыңдау  мүмкiндiгi
туралы мәселенi шешу

   Сот талқылауына қатысушылардың бiрi, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман
келмеген кезде сот  тараптардың  iстi  талқылау  мүмкiндiгi  туралы  пiкiрiн
тыңдайды  және  талқылауды  кейiнге  қалдыру  немесе  оны  жалғастыру   және
келмеген адамдарды келесi сот отырысына  шақырту  немесе  оларды  алып  келу
туралы қаулы шығарады.

Тақырып 9. Басты сот талқылауындағы процессуалдық актілер
   Басты сот талқылауының хаттамасы

   1. Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi.


   2. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, компьютерлік не электрондық
(цифрлық дыбыс-,  бейнежазбаны  қоса  алғанда)  әдiспен  дайындалуы  мүмкiн.
Хаттаманың толық  болуын  қамтамасыз  ету  үшiн  стенография  және  (немесе)
аудио, бейнежазба қолданылуы мүмкiн.

   3. Хаттамада: басты сот талқылауының күнi,  оның  басталу  және  аяқталу
уақыты;  қандай  iс  қаралып  жатқаны;  соттың  атауы  мен  құрамы,   хатшы,
аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi,  азаматтық
талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот  шақырған  басқа  да
адамдар; сотталушының жеке басы  туралы  деректер  және  бұлтартпау  шарасы;
соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске  қатысушы  адамдардың  арыздары,
қарсылық  бiлдiрулерi  және  өтiнiштерi;  соттың  кеңесу  бөлмесiне   бармай
шығарылған қаулылары,  қаулылардың  кеңесу  бөлмесiнде  шығарылуына  нұсқау;
iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары  мен  мiндеттерiнiң  түсiндiрiлуi;
айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сот бөлген немесе  жауап  алынатын  адам
жауап  беруден  бас  тартқан  жауап  алуға  қатысқан  адамдардың  сұрақтары;
сарапшыға  қойылған  сұрақтар   және   оның   жауаптары;   сот   мәжілісiнде
жүргiзiлген  тексерулер  мен  дәлелдердi   зерттеу   жөніндегі   басқа   iс-
әрекеттердiң  нәтижелерi;  iске  қатысушы  адамдар  хаттамада   куәландыруды
өтiнген  фактiлерге  нұсқамалар;  тараптардың  сот   жарыссөзiнде   сөйлеген
сөздерiнiң  және  сотталушының  соңғы  сөзiнiң  негiзгi  мазмұны;   үкімінiң
жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзiмi  түсiндiрiлгенi  туралы
нұсқама көрсетiледi. Айғақтар бірінші жақтан  және  мүмкіндігінше  сөзбе-сөз
жазылады,  сұрақтар  мен  оларға  жауаптар  жауап  алу  кезінде  орын  алған
жүйелілік бойынша жазылады. Бұған қоса, хаттамада  егер  орын  алған  болса,
сотты сыйламаушылықты куәландыратын  фактiлер  және  тәртiп  бұзушының  жеке
басы мен соттың  тәртiп  бұзушыға  қолданған  ықпал  ету  шаралары  да  атап
көрсетiледi.

   4. Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейiнгi бес тәулiктен  кешiктiрiлмей
жасалып, оған төрағалық етушi  мен  хатшы  қол  қоюға  тиiс.  Сот  талқылауы
барысында  хаттама  бөлiп-бөлiп  жасалуы  мүмкiн,   оларға   және   бүтiндей
хаттамаға сот отырысына төрағалық етушi мен хатшы қол қояды.

   5. Сот  талқылауы  хаттамасының  дұрыс  жазылуы  туралы  сот  отырысының
төрағалық етушiсi  мен  хатшысының  арасында  түсiнiспеушiлiк  болған  кезде
соңғысы  өзiнiң  келiспеушiлiктерiн  жазбаша  түрде  сот  отырысы  барысында
жасалған жазбалармен бiрге хаттамаға қоса тiркеуге құқылы.

   6. Басты сот талқылауы  кезiнде  киноға  түсiру,  бейне,  аудио  жазбасы
қолданылуы  мүмкiн,  олардың  материалдары  сот  отырысы  хаттамасына   қоса
берiледi, оларға сүргiш салынып, iспен бiрге  сақталады.  Хаттамада  аталған
техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгi қойылады.

   7.  Төрағалық  етушi  тараптарға  басты   сот   талқылауының   хаттамасы
дайындалғаны  туралы  хабарлауға  және  онымен   және   аудио-,   бейнежазба
материалдарымен танысуға мүмкiндiк беруге мiндеттi.

   8. Басты сот талқылауында жауап алынған адам  хаттамадағы  және  аудио-,
бейнежазба материалдарындағы өз айғақтарының  жазылуымен  таныстыру  жөнiнде
өтiнiш  жасауға  құқылы.  Мұндай  мүмкiндiк  өтiнiш  мәлiмделгеннен  кейiнгi
күннен кешiктiрiлмей берiлуге тиiс.

   9.  Сот  тараптардың  немесе  осы  баптың  сегізінші  бөлігінде  аталған
адамдардың өтініші бойынша сот отырысының төрағалық етушісі  мен  хатшысының
электрондық   цифрлық   қолтаңбасымен   куәландырылған   электрондық   құжат
нысанындағы хаттаманы ұсынуға міндетті.

    

   Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер

   Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейiнгi бес тәулiктiң
iшiнде тараптар, сондай-ақ осы  Кодекстiң  328-бабының  сегiзiншi  бөлiгiнде
көрсетiлген өзге де адамдар хаттамаға  жазбаша  нысанда  немесе  электрондық
цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат  нысанында  ескертпелер
беруге құқылы. Аталған  мерзiмді  iс  бойынша  төрағалық  етушi  тараптардың
өтiнiшi бойынша он тәулiкке дейiн ұзарта алады.

   Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi қарау

   1. Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелердi төрағалық етушi,  ал
ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде  осы  соттың  басқа  судьясы  қарайды,  ол
нақтылау үшiн ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.

   2. Ескертпелердi  қарау  нәтижелерi  бойынша  судья  олардың  дұрыстығын
куәландыру туралы  не  оларды  қабылдамау  туралы  дәлелдi  қаулы  шығарады.
Хаттамаға  және  судьяның   қаулысына   жасалған   ескертпелер   басты   сот
талқылауының хаттамасына қоса тiгiледi.

   Басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі

   1. Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша  сот
қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс.

   2. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша
iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту  немесе
оның күшiн  жою  туралы,  бас  тарту  туралы,  сараптама  тағайындау  туралы
қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде  шығарылады  және  жеке  құжат
түрiнде жазылады.

   3. Өзге  қаулылар  соттың  қалауынша  не  осы  баптың  екiншi  бөлiгiнде
көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында -  сот  отырысы  залында  қаулыны  сот
отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.

Тақырып 10. Сотқа дейінгі және соттағы процессуалдық актілерге қойылатын
талаптар.
   Заңдылық

   1. Сот, прокурор, тергеушi,  анықтау  органы  және  анықтаушы  қылмыстық
iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,
осы Кодекстiң, осы  Кодекстiң  1-бабында  көрсетiлген  өзге  де  нормативтiк
құқықтық актiлердiң талаптарын дәл сақтауға мiндеттi.

   2. Соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етiлген  құқықтары
мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн  заңдарды  және  өзге  де  нормативтiк
құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер  сот,  қолдануға  жататын  заң
немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам  мен  азаматтың  Конституциямен
баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi  деп  ұйғарса,
ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға  және  сол  актiнi  конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.

3. Соттың, қылмыстық iзге түсу органдарының қылмыстық iстер бойынша iс
жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңмен белгiленген
жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға
әкеп соғады.




   Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi

   1. Сот үкімі заңды және негiздi болуға тиiс.

   2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және  заң  негiзiнде
шығарылса, ол заңды болып танылады.

   3. Егер үкiм сот отырысында  сотқа  ұсынылған  дәлелдемелердi  жан-жақты
және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.

   Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тілі

   1. Қазақстан Республикасында  қылмыстық  сот  iсiн  жүргiзу  мемлекеттік
тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған жағдайда сот  iсiнде  мемлекеттік  тiлмен
бiрдей орыс тілі немесе басқа да тiлдер қолданылады.

   2. Қылмыстық процесті жүргізетін орган істі  орыс  тілінде  немесе  өзге
тілдерде жүргізу қажет  болған  жағдайда  сот  ісін  жүргізу  тілін  өзгерту
туралы дәлелді қаулы шығарады.

   3. Iс бойынша iс жүргiзiлген тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн
iске қатысушы адамдарға сотта өзiнiң ана тілінде немесе олар  бiлетiн  басқа
тiлде өтiнiш жасау,  түсiнiк  және  айғақтар  беру,  өтiнiш  бiлдiру,  шағым
жасау,  iстiң  материалдарымен  танысу,  сөйлеу,  осы  Кодексте  белгiленген
тәртiппен аудармашының қызметiн тегiн пайдалану  құқығы  түсiндiрiледi  және
қамтамасыз етiледi.

   4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға олар үшiн заң күшiмен
қажеттi iстiң басқа тiлде жазылған материалдарын қылмыстық сот iсiн  жүргiзу
тіліне аудару тегiн қамтамасыз етiледi.  Сот  процесiне  қатысушы  адамдарға
соттағы айтылғандардың басқа тiлде болған бөлiгiнiң сот iсiн жүргiзу  тіліне
аудармасы тегiн қамтамасыз етiледi.

   5. Қылмыстық процестi  жүргiзушi  органдар  процеске  қатысушыларға  осы
Кодекске сәйкес оларға сот iсiн жүргiзу тілінде тапсырылуы  тиiс  құжаттарды
тапсырады. Бұл ретте қылмыстық сот  iсiн  жүргiзу  тілін  бiлмейтiн  адамдар
үшiн сот iсiн жүргiзудiң осы адамдар таңдаған тілінде жазылған  құжаттарының
куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi.

Тақырып 11. Іс жүргізушілік құжаттардың түсінігі мен түрлері

Тақырып 12. Анықтау және алдын ала тергеу кезіндегі процессуалдық құжаттар.

   Алдын ала тергеу барысында шығарылатын қаулылар

   Алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекске сәйкес қандай да бiр iс жүргiзу
шешiмiн қабылдау кезiнде тергеушi қаулы шығарады, онда  оның  жасалған  орны
мен уақыты, тергеушiнiң аты-жөнi мен лауазымы, қабылданатын шешiмнiң  мәнiсi
мен негiздерi, қаулының осы Кодекстiң  қай  бабына  негiзделiп  шығарылатыны
көрсетiледi. Қаулыға тергеушi қол қояды.

   Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы

   1. Тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасы тергеу iс-әрекетiн  жүргiзу  барысында
немесе ол аяқталғаннан кейiн бiрден жасалады.

   2. Хаттама қолмен жазылуы, машинка жазбасы не компьютер  арқылы  жасалуы
мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн  стенографиялау,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылуы  мүмкiн.  Стенографиялық  жазба,
дыбыс және бейнежазба материалдары iспен бiрге сақталады.

   3. Хаттамада: тергеу iс-әрекетiн жүргiзу орны  мен  күнi;  оның  басталу
және аяқталу уақыты минутына дейiн дәл; тергеушiнiң лауазымы  мен  аты-жөнi;
тергеу iс-әрекетiне қатысқан әрбiр  адамның  тегi,  аты,  әкесiнiң  аты,  ал
қажет болған жағдайда оның  мекен-жайы  көрсетiледi.  Хаттамада  iс  жүргiзу
әрекеттерi олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу  барысында  iс  үшiн  мәнi
бар анықталған жағдайлар, сондай-ақ тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан
адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

   4. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде  фотосуретке  түсiру,  киноға
түсiру, дыбыс  және  бейнежазба  қолданылса  не  iздiң  көшiрме  бедерi  мен
таңбасы жасалса, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда  хаттамада  оны
жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар,  оларды  пайдалану
жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар  қолданылған  объектiлер  және  алынған
нәтижелер  көрсетiлуге  тиiс.   Хаттамада   бұған   қоса   ғылыми-техникалық
құралдарды  қолданудың  алдында  бұл  туралы  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге
қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi көрсетiлуге тиiс.

   5. Танысу үшiн хаттама  тергеу  iс-әрекетiн  жүргiзуге  қатысқан  барлық
адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге тиiс ескертпе жасау  құқығы
түсiндiрiледi.  Хаттамаға  енгiзiлген  барлық   ескертпелер,   толықтырулар,
түзетулер көрсетiлуге және олар осы адамдардың  қол  қоюымен  куәландырылуға
тиiс.

   6. Хаттамаға тергеушi, жауап алынған адам, аудармашы,  маман,  куәгерлер
және тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысқан барлық адамдар қол қояды.  Тергеу
iс-әрекетiнiң хаттамасына қол қоюдан бас тартылған  немесе  қол  қою  мүмкiн
болмаған  жағдайда  бұл  фактiнi  куәландыру   осы   Кодекстiң   126-бабының
сегiзiншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

   7. Хаттамаға тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық
негативтер  мен  суреттер,   кинотаспалар,   диапозитивтер,   фонограммалар,
бейнежазба  кассеталары,  сызбалар,  жоспарлар,  схемалар,   iздiң   көшiрме
бедерлерi мен таңбалары қоса тiркеледi.

   8. Егер тергеу iс-әрекетiн жүргiзу барысында  маман  зерттеу  нәтижелерi
бойынша ресми құжат жасаса, онда бұл  құжат  хаттамаға  қоса  тiркеледi,  ол
туралы хаттамаға тиiстi жазу жазылады.

   9. Жәбiрленушiнiң,  оның  өкiлiнiң,  куәнiң  және  олардың  жақындарының
қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  қажет  деп  санауға  негiздер  болған  кезде
тергеушi аталған адамдар  қатысып  отырған  тергеу  iс-әрекетi  хаттамасында
олардың жеке басы туралы деректердi жазбауға құқылы. Бұл  жағдайда  тергеушi
жеке  басы  туралы  деректердi  құпия  сақтау  туралы  қабылданған  шешiмнiң
себептерi жазылған, олардың бүркеншiк аттары көрсетiлген  және  ол  қатысқан
тергеу  iс-әрекетiнiң  хаттамаларында  ол  қолданатын  қол  қоюдың  үлгiлерi
келтiрiлген қаулыны  шығаруға  мiндеттi.  Қаулы  бұдан  әрі  қылмыстық  істі
тергеген   органда   сақталатын   конвертке   салынып,   желiмделедi,   оның
iшіндегілермен тергеушiден басқа прокурор және сот таныса алады.

   Қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен  жағдайларды
жою жөніндегі ұйғарым

   1. Тергеуге дейінгі тексеру барысында немесе  қылмыстық  iс  бойынша  iс
жүргiзу кезiнде қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтаған  қылмыстық
қудалау  органы  тиiстi  мемлекеттік  органдарға,  ұйымдарға  немесе  оларда
басқару қызметiн атқаратын  адамдарға  осы  мән-жайларды  немесе  басқа  заң
бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұйғарым ұсынуға құқылы.

   2. Ұйғарым қабылданған шаралар туралы  бiр  ай  мерзiм  iшiнде  мiндеттi
түрде хабарлай отырып қаралуға тиiс.

   Алдын ала тергеу мен анықтау деректерiн жария етуге жол бермеу

   1. Алдын ала тергеу деректерi  жария  етiлмеуге  тиiс.  Олар,  егер  бұл
тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа адамдардың құқықтары  мен  заңды
мүдделерiн бұзумен байланысты болмаса, онда тек  тергеушiнiң,  анықтаушының,
прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп  танылса,  сондай
көлемде жария етiлуi мүмкiн.

   2. Тергеушi қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге,  азаматтық  талапкерге,
азаматтық  жауапкерге  немесе  олардың   өкiлдерiне,   сарапшыға,   маманға,
аудармашыға,  куәгерлерге  және  тергеу   iс-әрекеттерiн   жүргiзу   кезiнде
қатысқан басқа адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария  етуге
жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл  туралы  аталған  адамдардан  олардың
жауапкершiлiгiн ескерте отырып, қолхат алынады.

Тақырып 13. Айыпталушы мен сезіктіге қатысты қолданылатын бұлтартпау
шаларының процессуалдық актілері
   Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы

   1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулыда  мыналар  көрсетiлуге
тиiс:

   1) оның жасалған  уақыты  мен  орны;  қаулыны  кiм  жасаған;  айыпталушы
ретiнде жауапқа тартылатын адамның тегi, аты мен әкесiнiң  аты,  оның  туған
күнi, айы, жылы және жерi;

   2) айыпталушы айыпталып отырған қылмыстың  оның  жасалған  уақыты,  орны
көрсетiлген  сипаттамасы,  сондай-ақ   осы   Кодекстiң   117-бабына   сәйкес
дәлелденуге тиiстi өзге де жағдайлардың сипаттамасы; 3) аталған қылмыс  үшiн
жауаптылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ).

   2. Бiрнеше қылмыс бойынша айыпталған кездегi айыпталушы ретiнде  жауапқа
тарту туралы қаулыда  қылмыстық  заңның  әрбiр  бабы  (бөлiктер,  тармақтар)
бойынша айыпталушыға қандай нақты iс-әрекеттер танылатыны көрсетiлуге  тиiс.


   3. Қаулыда адамды тергелiп отырған iс бойынша айыпталушы ретiнде жауапқа
тарту туралы шешiм болуға тиiс.

   4.  Айыпталушы  ретiнде  жауапқа  тарту  туралы  қаулының  көшiрмесi  ол
шығарылғаннан кейiн жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жiберiледi.

   Сезiктiге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану

   1. Айрықша жағдайларда  осы  Кодекстiң  139-бабында  көзделген  негiздер
болған  кезде  және  141-бабында  көрсетiлген  мән-жайлар  ескерiле  отырып,
бұлтартпау шаралары күдіктiге қатысты қолданылуы мүмкiн. Бұл  ретте  айыптау
күдіктiге  бұлтартпау  шарасы  қолданылған  кезден   бастап   он   тәулiктен
кешiктiрiлмей, ал Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  163,  168,
169,  171,  233  -  237  және  241-баптарында  көзделген   қылмыстардың   ең
болмағанда біреуі жасалған жағдайларда - отыз  тәуліктен  кешiктiрiлмей,  ал
егер күдiктi адам ұсталып, содан кейiн қамауға  алынса,  -  ұсталған  кезден
бастап дәл сондай мерзiмде тағылуға тиiс. Егер бұл мерзiмде айып  тағылмаса,
бұлтартпау шарасының дереу күші жойылады.

   2. Күдіктіге айып  тағу  кезінде  сот  оған  бұлтартпау  шарасы  ретінде
қамауға алуды қолдану туралы мәселені осы  Кодекстің  150-бабында  көзделген
тәртіппен қайтадан қарайды. Егер осы баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген
мерзім аяқталғанға дейінгі жиырма төрт сағат ішінде күзетпен  ұстау  орнының
бастығына соттың айыпталушыны қамауға  алуға  санкция  беру  туралы  қаулысы
келіп түспесе,  күзетпен  ұстау  орнының  бастығы  ол  туралы  қылмыстық  іс
жүргізуінде жатқан органды немесе  тұлғаны,  сондай-ақ  прокурорды  хабардар
етуге  міндетті.  Егер  осы  баптың  бірінші  бөлігінде  көрсетілген  мерзім
аяқталғанға дейін бұлтартпау шарасын  тоқтату  немесе  айыпталушыны  қамауға
алуға соттың санкция бергені туралы тиісті шешімдер келіп түспесе,  күзетпен
ұстау орнының бастығы оны өзінің  қаулысымен  босатып,  қаулының  көшірмесін
жиырма төрт сағат ішінде қылмыстық  іс  жүргізуінде  жатқан  органға  немесе
тұлғаға және прокурорға жолдайды.

   3. Қамауға ұстау орны әкiмшiлiгiнiң басшысы осы баптың екiншi  бөлiгiнің
талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгiленгендей жауапты болады.

   Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі

   1. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау
шараларын қолдануға болмайды.

   2. Қылмыстық  процестi  жүргiзушi  орган  бұлтартпау  шараларын  қолдану
туралы  адамға  ол  сезiктi  болған  немесе  айыпталатын  қылмыс   пен   осы
бұлтартпау  шарасын  қолдану  үшiн  негiздiң  көрсетiлуiн   қамтитын   қаулы
шығарады. Қаулының көшiрмесi соған  қатысты  шығарылған  адамға  тапсырылады
және онымен бiр мезгiлде оған  осы  Кодексте  көзделген  бұлтартпау  шарасын
қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртібі түсiндiрiледi.

   3. Сезiктi, айыпталушы оны болдырмау үшiн осы Кодекстiң 144,  145,  146,
147, 148, 149-баптарында көзделген шаралар қолданылған  әрекеттердi  жасаған
жағдайда оған  неғұрлым  қатаң  бұлтартпау  шарасы  қолданылады,  ол  туралы
айыпталушыға,  сезiктiге  тиiстi   қаулының   көшiрмесiн   тапсыру   кезiнде
жариялануы тиiс.



 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат

   1. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат қылмыстық процесті
жүргізуші  органның  күдіктіден,  айыпталушыдан  анықтаушының,   тергеушінің
немесе соттың рұқсатынсыз  тұрақты  немесе  уақытша  тұратын  жерінен  (елді
мекеннен) кетпеуі, сотта істі  тергеуге  және  қарауға  кедергі  келтірмеуі,
қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша  белгіленген  мерзімде
келуі жөнінде жазбаша міндеттеме алуынан тұрады.

   2. Күш қолданумен немесе оны қолдану қаупін төндірумен байланысты қылмыс
жасалған кезде қылмыстық процесті  жүргізуші  орган  жәбірленушінің  жазбаша
өтініші бойынша  күдіктіге,  айыпталушыға  жәбірленушіні  іздестіруге,  оның
ізіне түсуге, оған баруға, онымен  ауызша,  телефон  арқылы  сөйлесуге  және
өзге де  тәсілдермен  байланыс  жасауға  тыйым  салу  туралы  жазбаша  түрде
ескертеді.

 

   Жеке кепiлдiк

   1. Жеке кепiлдiк сенімге ие болған  адамдардың  олар  сезiктiнiң  немесе
айыпталушының өзiн дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процестi  жүргiзушi
органның шақыруы бойынша келетiндiгiне кепiлдiк беретiндiгi  туралы  жазбаша
мiндеттемесiнен тұрады. Кепiлдiк берушiлердiң саны екеуден кем болмайды.

   2. Бұлтартпау шаралары ретіндегі жеке кепiлдiктi таңдауға  тек  кепiлдiк
берушiлердiң жазбаша өтiнiшi мен оған  қатысты  кепiлдiк  берiлетiн  адамның
келісімi бойынша ғана жол берiледi.

   3. Кепiлдiк берушi оған қатысты өзi кепiлдiк  беретiн  адамның  айыбының
мәнi, кепiлдiк берушiнiң оған сезiктi, айыпталушы бұлтартпау үшiн  осы  шара
қолданылған әрекеттi жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан  тұратын
жауаптылығы  түсiндiрiлгендiгiн  растайтын  жеке  кепiлдiгi  туралы   қолхат
бередi.

   4. Кепiлдiк берушi қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудiң кез келген сәтiнде
кепiлдiк беруден бас тартуға құқылы.

   5. Сезiктi, айыпталушы оны  болдырмау  үшiн  жеке  кепiлдiк  қолданылған
әрекеттердi жасаған жағдайда, әрбiр кепiлдiк берушiге сот осы Кодекстiң 160-
бабында көзделген тәртiппен жүз айлық есептiк көрсеткiшке  дейiнгi  мөлшерде
ақшалай айып салуы мүмкiн.

   Әскери бөлiмдер командованиесiнiң әскери қызметшiлердi байқауы

   1. Әскери  бөлiмдер  командованиесiнiң  әскери  қызметшiлер  немесе  оқу
жиынына  шақырылған  әскери  мiндеттiлер   болып   табылатын   сезiктiлердi,
айыпталушыларды байқауы  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерi  мен  Iшкi
әскерлерiнiң жарғыларында көзделген және ол  адамдардың  тиiстi  мiнез-құлқы
мен олардың қылмыстық процестi жүргiзушi  органның  шақыруы  бойынша  келуiн
қамтамасыз етуге тиiстi шаралардың қолданылуынан тұрады.

   2. Әскери бөлiмнiң командованиесiне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы
таңдалған iстiң мәнi туралы  хабарланады.  Әскери  бөлiмнiң  командованиесi:
байқау орнатылғаны туралы осы бұлтартпау шарасын  таңдаған  органға  жазбаша
хабарлайды.

   3. Сезiктi, айыпталушы оны  болдырмау  үшiн  аталған  бұлтартпау  шарасы
таңдалған  әрекеттi  жасаған  жағдайда  әскери  бөлiмнiң  командованиесi  ол
туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға мiндеттi.

   4. Өздерiне жүктелген байқау жөніндегі  мiндеттi  орындамағанына  кiнәлi
адамдар заңдарда көзделген тәртiптiк жауаптылыққа тартылады.


   Тақырып 15. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс
                                   жүргізу

                                       

   Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзудiң
тәртібі

   1. Осы тараудың ережелерi қылмыс жасалған сәтте кәмелеттiк  жасқа,  яғни
он сегiз жасқа толмаған адамдардың iстерi бойынша қолданылады.

   2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзу
тәртібі осы Кодексте белгiленген жалпы ережелермен, сондай-ақ  осы  тараудың
баптарымен айқындалады.

   3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  iс  жүргiзу
тәртібі:

   1) аталған адам жасаған бiрнеше қылмыс, олардың бiр бөлiгiн ол он  сегiз
жасқа толғаннан кейiн  жасаған  қылмыстар  туралы  iстер  бiр  iс  жүргiзуге
бiрiктiрiлген;

   2) айыпталушы сот iсiн  жүргiзу  сәтiнде  кәмелетке  толған  жағдайларда
қолданылмайды.

   Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  туралы  iстер  бойынша  анықтауға
жататын мән-жайлар

   Кәмелетке  толмағандардың  iстерi  бойынша,  осы  Кодекстiң  117-бабында
көзделгендерден басқа, дәлелдеуге  жататын  мән-жайларды  алдын  ала  тергеу
және сот талқылауын жүргiзу кезiнде:

   1) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);

   2) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;

   3) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi
мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi;

   4)  кәмелетке  толмағандарға  ересек  адамдар  мен  басқа  да  кәмелетке
толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

   Кәмелетке толмағандардың iстерi бойынша жариялылықты шектеу

   Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы  қылмыстық
сот iсiн жүргiзудiң барлық кезеңдерiнде сақталуы тиiс.

   Кәмелетке толмаған туралы iстi жеке iс жүргiзуге бөлу

   1. Ересектермен  бiрге  қылмыс  жасауға  қатысқан  кәмелетке  толмағанға
қатысты iс осы Кодекстiң 49-бабының  бiрiншi  бөлiгiнiң  3-тармағына  сәйкес
алдын ала тергеу сатысында жеке iс жүргiзуде бөлiнедi.

   2. Кәмелетке толмағанға қатысты жеке iс жүргiзуге  бөлу  iстiң  жағдайын
жан-жақты және объективтi зерттеу үшiн  айтарлықтай  кедергi  жасауы  мүмкiн
болатын жағдайларда ересектермен  қоса  бiр  iс  бойынша  жауапқа  тартылған
кәмелетке толмаған айыпталушыға осы тараудың ережелерi қолданылады.



   Кәмелетке толмаған сезiктiнi, айыпталушыны шақырудың тәртібі

   1. Кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы тергеушiге немесе  сотқа  оның
ата-аналары немесе басқа  заңды  өкiлдерi  арқылы,  олар  болмаған  жағдайда
қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады.

   2. Арнаулы мекемеде немесе қамауда ұсталатын  кәмелетке  толмаған  -  ол
ұсталатын орынның әкiмшiлiгi арқылы шақырылады.

   Кәмелетке толмаған сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу

   1. Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезiктiден жауап алу осы  Кодекстiң
216, 217-баптарында көзделген тәртiппен қорғаушысының,  заңды  өкiлiнiң,  ал
қажет  болған  жағдайда  психологтың,  педагогтiң  қатысуымен   жүргiзiледi.
Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап  алу  аяқталғаннан  кейiн  -
хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы  туралы
ескертулер жасауға құқылы.

   2. Кәмелетке толмаған  сезiктiден,  айыпталушыдан  жауап  алу  тәулiктiң
күндiзгi уақытында жүргiзiледi және үзiлiссiз екi сағаттан артық,  ал  жалпы
алғанда - күнiне төрт сағаттан артық  жалғастырылуға  тиiс  емес.  Кәмелетке
толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ  тоқтатылуы
тиiс.

   Қорғаушының қатысуы

   1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  қорғаушының
қатысуы  осы  Кодекстiң  71-бабының  бiрiншi  бөлiгiнiң  2-тармағына  сәйкес
мiндеттi.

   2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша  қорғаушының
қатысуына кәмелетке толмағаннан сезiктi немесе  айыпталушы  ретiнде  алғашқы
жауап алынған кезден бастап, ал айып тағылғанға дейiн  ұсталған  не  қамауға
алынған  жағдайда  -  ұсталған  не  қамауға  алынған  кезден  бастап  рұқсат
етiледi.

   3. Егер кәмелетке толмаған сезiктi, айыпталушы не олардың заңды өкiлдерi
адвокатпен  келісім  жасаспаса,   тергеушi,   прокурор,   сот   iс   бойынша
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуi тиiс.

   Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының заңды  өкiлiнiң  алдын  ала
тергеуге қатысуы

   1. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының ата-анасы  немесе  басқа
да заңды өкiлдерi болған кезде олардың iске қатысуы мiндеттi. Олар  болмаған
жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.

   2. Заңды өкiлге, ал  ол  болмаған  жағдайда  -  қорғаншы  және  қамқоршы
органның өкiлiне iске қатысуға тергеушiнiң қаулысымен кәмелетке  толмағаннан
сезiктi немесе  айыпталушы  ретiнде  алғашқы  жауап  алынған  кезден  бастап
рұқсат  етiледi.  Заңды  өкiлге,  ал  ол  болмаған  жағдайда  қорғаншы  және
қамқоршы органның өкiлiне iске қатысуға рұқсат  етiлген  ретте,  осы  баптың
үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген құқықтар түсiндiрiледi.

   3. Заңды өкiлдiң:  кәмелетке  толмағанға  не  жөнiнде  күдiк  келтiрiлiп
немесе айып тағылып отырғанын бiлуге, айып тағу кезiнде қатысуға,  кәмелетке
толмағаннан жауап  алуға,  сондай-ақ  тергеушiнiң  рұқсатымен,  -  кәмелетке
толмаған  айыпталушының,  сезiктiнiң  және  оның  қорғаушысының   қатысуымен
жүргiзiлетiн өзге де тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға;  өзi  қатысқан  тергеу
iс-әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы  жазбалардың  дұрыстығы
мен толықтығы туралы жазбаша  ескерту  жасауға;  өтiнiмдер  мен  қарсылықтар
мәлiмдеуге, тергеушi мен прокурордың  iс-әрекеттерi  мен  шешiмдерiне  шағым
жасауға;  дәлелдемелер  ұсынуға;  тергеу  аяқталғаннан  кейiн  iстiң  барлық
материалдарымен танысуға, одан  кез  келген  көлемде  кез  келген  мәлiметтi
көшiрiп алуға құқығы бар.

   4. Тергеушi алдын ала тергеу  аяқталғаннан  кейiн  кәмелетке  толмағанға
танысу  үшiн  оған  керi  әсер  етуi  мүмкiн  материалдарды  көрсетпеу,  бұл
материалдармен заңды өкiлдi таныстыру туралы қаулы шығаруға құқылы.

   5.  Егер  оның  iс-әрекетi  кәмелетке  толмағанның   мүдделерiне   залал
келтiредi немесе iстi объективтi тергеуге кедергi келтiруге бағытталған  деп
сынауға негiз болса, заңды өкiл iске қатысудан шеттетiлуi мүмкiн. Ол  туралы
тергеушi дәлелдi қаулы шығарады. Iске қатысуға кәмелетке  толмағанның  басқа
заңды өкiлi жiберiлуi мүмкiн.

   Педагог пен психологтың қатысуы

   1. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бiрақ  психикалық
дамуында   мешеулiк   белгiлерi   бар   кәмелетке    толмаған    сезiктiнiң,
айыпталушының қатысуымен iс  жүргiзу  әрекетiн  жүргiзу  кезiнде  педагогтiң
немесе психологтың қатысуы мiндеттi.

   2. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы iс бойынша  педагог
немесе  психолог  iске  қатысуға  тергеушiнiң,  соттың  ұйғаруы  бойынша  не
қорғаушының, заңды өкiлдiң өтiнiшi бойынша жiберiледi.

   3. Педагог, психолог тергеушiнiң, соттың рұқсатымен  кәмелетке  толмаған
сезiктiге, айыпталушыға сұрақтар қоюға, ал iс жүргiзу  әрекетi  аяқталғаннан
кейiн - тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың  қатысуын
көрсететiн бөлiгiнде  сот  отырысының  хаттамасымен)  танысуға  және  ондағы
жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға  құқықты,
тергеушiнiң,  соттың  ұйғаруы  бойынша  кәмелетке  толмағанның  жеке   басын
сипаттайтын iс материалдарымен танысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды  тергеушi
педагогқа, психологқа iс жүргiзу әрекетi басталар  алдында  түсiндiредi,  ол
туралы тергеу қимылының  хаттамасында,  сот  отырысының  хаттамасында  белгi
жасалады.

   Кәмелетке толмағанға кешендi психологиялық-

   психиатриялық және психологиялық сараптама жасау

   1. Кәмелетке толмаған  сезiктiде,  айыпталушыда  жүйке  ауруының  немесе
дамуында ауытқушылықтардың бар екендiгi  және  оның  өз  әрекеттерiне  толық
немесе iшiнара есеп беру және нақты  жағдайда  iс-әрекеттiң  игеру  қабiлетi
туралы мәселенi  шешу  үшiн  кешендi  психологиялық-психиатриялық  сараптама
тағайындау мiндеттi.

   2. Кәмелетке толмаған сезiктiнiң, айыпталушының  интеллектуалдық,  ерiк-
жiгер, психикалық  дамуының  деңгейiн,  жеке  басының  өзге  де  әлеуметтiк-
психологиялық қырларын анықтау  үшiн  психологиялық  сараптама  тағайындалуы
мүмкiн.

   Кәмелетке толмағанды арнаулы мекемеге орналастыру

   Кәмелетке толмаған айыпталушы өмiр  сүру  және  тәрбие  жағдайы  бойынша
бұрынғы тұратын жерiнде қалдырыла алмайтын  жағдайларда  ол  соттың  қаулысы
бойынша арнаулы мекемеге орналастырылуы мүмкiн.

    

   Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға бұлтартпау шараларын қолдану

   1. Сезiктi, айыпталушы кәмелетке толмағандарға осы Кодекстiң 140-бабында
көзделген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкiн.

   2. Кәмелетке толған сезiктiге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын
қолдану туралы мәселенi  шешу  кезiнде  әрбiр  жағдайда  кәмелетке  толмаған
сезiктiнi, айыпталушыны осы Кодекстiң 147-бабында көзделген  тәртiппен  кiсi
қарауына беру тәрiздi таңдау мүмкiндiгi талқылануы тиiс.

   3. Бұлтартпау шарасы ретiнде қамау, сондай-ақ ұстау кәмелетке толмағанға
осы Кодекстiң 132, 150-баптарында көрсетiлген негiздер  болса,  ауыр  немесе
аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана ерекше жағдайларда қолданылуы мүмкiн.

   4. Кәмелетке толмағанды осы Кодекстiң 153-бабында белгiленген алдын  ала
тексеру сатысында қамауда ұстаудың  мерзiмi  алты  айдан  аспайтын  мерзiмге
ұзартылуы мүмкiн. Кәмелетке толмағандар бөлек ұсталады.

   5.  Тұтқындау,  қамау  немесе  қамауда  ұстау  мерзiмiн  ұзарту   туралы
кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да  заңды  өкiлдерi,  ал
олар болмаған жағдайда - жақын туыстары дереу хабардар етiледi.

   Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң сот талқылауына қатысуы

   1. Сот отырысына кәмелетке толмаған сотталушылар ата-аналары немесе өзге
де  заңды  өкiлдерi  шақырылуы  тиiс.  Олардың  сот  тергеуiнде   дәлелдердi
зерттеуге қатысуға,  айғақтар  беруге,  дәлелдер  келтiруге,  өтiнiмдер  мен
қарсылық бiлдiруге, соттың iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне  шағымдар  жасауға,
iстi  апелляциялық  тәртiппен  қараушы  соттың   отырысына   қатысуға   және
шағымдарға түсiндiрмелер беруге құқығы бар. Көрсетiлген құқықтар оларға  сот
талқылауының  даярлық  бөлiгiнде  түсiндiрiлуi  тиiс.  Заңды   өкiлдер   сот
отырысының залында бүкiл сот талқылауы бойында болады.  Олардың  келісімiмен
олардан сот куәгерлер ретiнде жауап алынуы мүмкiн.

   2. Заңды өкiл соттың дәлелдi қаулысымен, егер оның iс-әрекетi  кәмелетке
толмаған сотталушының мүдделерiне залал  келтiредi  немесе  iстi  объективтi
қарауға кедергi келтiруге  бағытталған  деп  санайтын  негiздер  болса,  сот
талқылауына қатысудан шеттетiлуi мүмкiн.  Бұл  жағдайда  кәмелетке  толмаған
сотталушының басқа заңды өкiлi жiберiледi.

   3. Кәмелетке толмаған сотталушының заңды өкiлiнiң келмеуi, егер сот оның
қатысуы қажет деп таппаса, iстi қарауды тоқтатпайды.

   4. Егер кәмелетке толмаған  сотталушының  заңды  өкiлi  қорғаушы  немесе
азаматтық жауапкер  ретiнде  iске  қатысуға  тартылған  болса,  ол  процеске
аталған қатысушылардың құқығына ие және мiндеттерiн орындайды.

   . Кәмелетке толмаған сотталушыны сот отырысының залынан шығару

   1. Қорғаушының немесе заңды өкiлдiң өтiнiшi  бойынша,  сондай-ақ  өзiнiң
бастамашылығы  бойынша  сот  тараптардың  пiкiрiн   ескере   отырып   өзiнiң
қаулысымен кәмелетке толмаған сотталушыны оған терiс әсер етуi  мүмкiн  мән-
жайларды зерттеу уақытында сот отырысының залынан шығаруға құқылы.

   2. Кәмелетке толмаған сотталушы сот отырысының залына қайтып оралған соң
төрағалық етушi  оған  оның  болмаған  кезiнде  өткен  талқылаудың  мазмұнын
қажеттi көлем мен нысанда хабарлайды және кәмелетке  толмағанға  өзiнiң  жоқ
кезiнде жауап алынған адамдарға сұрақ қою мүмкiндiгiн бередi.



   Кәмелетке толмағанның  iсi  бойынша  үкiм  шығару  кезiнде  сот  шешетiн
мәселелер

   1. Кәмелетке толмағанға үкiм  шығару  кезiнде  сот  осы  Кодекстiң  371-
бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға  байланысы  жоқ
шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының
Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан  босату  туралы  мәселенi
талқылауға мiндеттi.

   2. Бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын
қолдану,  ерекше  режимде  ұстайтын  білім  беру  ұйымына   орналастыру   не
тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын  қолдану  жағдайларында  сот  бұл
туралы   мамандандырылған   мемлекеттік   органға   хабарлайды   және   оған
сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi.



   Кәмелетке толмағанды тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын  қолдана
отырып жазадан босату

   Егер кiшiгiрiм, орташа ауырлықтағы немесе ауыр қылмыс туралы iс  бойынша
осы қылмысты жасаған кәмелетке толмаған қылмыстық  жаза  шарасын  қолданусыз
түзелуi мүмкiн деп танылса, сот  айыптау  үкімін  шығара  отырып,  кәмелетке
толмаған сотталушыны  жазадан  босатуға  және  оған  Қазақстан  Республикасы
Қылмыстық кодексiнiң 82-бабында көзделген тәрбиелiк ықпал  етудiң  мәжбүрлеу
шараларын қолдануға құқылы. Үкiмнiң көшiрмесi  мамандандырылған  мемлекеттік
органға жiберiледi.


Пәндер