Файл қосу
Ежелгі палеолит
| | |Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі ОӘК құжаты |ПОӘК | | | | | | | | | | | | |ПОӘК | | | |042-14.5.02.1.20.11/03-20| | | |13 | | | | | |«Археология» пәні |№1басылым | | |бойынша оқытушы үшін | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Археология» пәнінен Оқытушы үшін оқу-әдістемелік кешені 5В020300- Тарих мамандығына арналған СЕМЕЙ – 2013 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы Глосарий 1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ. 2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары. 3. Плиоцен- өтпелі кезең. 4. Палеолит- ерте тас дәуірі 5. Мезолит- орта тас дәуірі. 6. Неолит- жаңа тас дәуірі. 7. Матриархат- аналық рулық қауым. 8. Патриархат – аталық рулық қауым. 9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені. 10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) . 11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын) 12. миф-аңыз,ертегі. 13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы. 14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек. 15. Руналық- ежелгі түркі жазуы. 16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы. 17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы. 18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек». 19. Этногенез- халықтың шығу тегі. 20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек. 21. Эфталиттер- ақ ғұндар. 22. Половецтер- қыпшақ тайпалары. 23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар. 24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы. 25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді. 26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет. 27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым. 28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі. 29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші. 30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы. 31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба. 32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам. 33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар. 34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы. 35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік. 36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына айтылатын билік сөзі. 37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік құқықтың негізін реформалау үлгісі. 38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары. 39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар. 40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды білдіреді. 41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым. 42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі. 43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде қазақтардың босуы. 44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары. 45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну. 46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі. 47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет. 48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат. 49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері. 50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ. 51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы. 52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ. 53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ. 54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары. 55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі. 56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері. 57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси әдіспен жаулап алуы. 58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері 2 ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР 1 дәріс Дәріс сабақтарының кешені. 1 бөлім. Археология негізі. Тас дәуіріндегі археология. 1. тақырып. Археология ғылым ретінде. Дәрістің мақсаты: : «археология» пәні және «археологиялық мәдениеттің» ұғымын ашу және басқа ғылымдармен байланысын анықтау. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. Археологиялық мәдениет, тарихи-мәдени қоғам 2. Археология және гуманитарлы ғылымдар 3. Археология және жаратылыстану ғылымдары Тақырыпқа қысқаша шолу: Грек тілінен archaios –ескі logos-ілім)-тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Басты зерттеу нысаны алғашқы қауымнан, ерте заман мен ерте ғасырдан қалған материалдық ескерткіштер: еңбек құралдары, қару-жарақ түрлері, мекен жай, қоныстардың, керуен сарайлар мен әскери бекіністердің жұрты, үй-іші заттары, зираттар, обалар, т.б. адамдар қолымен жасалған осы аталған заттар ғылымда археологиялық ескерткіштер деп аталады. Олар топыраққа көміліп, жер астында қалып, қалалар мен бекіністердің қираған орындарында бірнеше қабаттардан тұратын төбелер пайда болады. мұндай қатпарлар археологияда мәдени қабаттар деп аталады. Археологиялық зерттеуді алғаш рет вавилон патшасы Набонид жүргізген. Зерттеуінің мақсаты ежелгі патшалардың жазбаларын табу еді. Гректің атақты тарихшысы Геродот б.з.б. 5 ғасырда өмір сүрген. Оның еңбектері шын дәлелдер мен жалған әңгімелер араласқан. Хеопс пирамидасының көптеген қару-жарақтарын сипатаған, Геродот кезеңінде оған 2300 жыл болған. Соның негізінде Геродот өзінің шығармашылық жұмысында дәлелді, археологиялық деректерді пайдаланғанын көруге болады. Сонымен, Археология – бұл ғылым, ол қоғамды материалдық қалдықтары және адамдардың өмірлері мен жасағандары туралы яғни, ескерткіштерінен дәлел болады. археологиялық қазбалардың негізінде әлеуметтік-экономикалық тарихи дәуірді құрастырады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Археология деген не? 2. «Археология» термині қашан және қалай қолданылды? әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М. 1989. 3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 4. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 5. Клейн Л.С. Археологические источники. – Л., 1978. 6. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 2.тақырып. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу тарихы. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді қарастыру. Дәрістің мақсаты: археология ғылымының ежелгі заманда ғылым болып қалыптасуы, оның өткені мен бүгінгі таңдағы дамуы. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. археология ғылымының пайда болуы мен дамуы. 2. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің тарихын қарастыру. Қысқаша тақырыпқа шолу: Вавилон патшасы Набонид (VI в. до н.э.) алғаш рет археологиялық қазбалар жүргізген. Оның мақсаты ежелгі патшалардың жазбаларын іздестіру еді. Археологиялық ескерткіштерді сипаттаған Геродот болып табылады. Ұлы римдік материалист-ақын Лукреций Кар (б.з.б.1ғ)адамзат өзінің даму сатысында 3 кезеңнен өтті деп көрсетеді. Олар: тас, қола және темір. Қайта өрлеу дәуірінде антикалық мүсіндерді қазу сәнге айналып, кейіннен археолгиялық материалдардың жинақталуына әсер етті. XVIII ғасырда ғылыми археологиялық зерттеулер басталды. Везивий жанартауының орнында Помпеи жәнеқалалларында б.з. 79ж Геркуланум қызықты зерттеу жұмыстары басталды. Зерттеу барысында шамамен 2000ж бұрын өмір сүрген халықтың көрінісі құрастырылды. 19ғасырда дүниежүзінде әдістер мен жаңа теориялардың негізінде ірі қазба жұмыстары қолға алына бастады. Г. Лэйярдтің бастауымен жүргізілген Ассирия астанасы Ненивияны зерттеу өзінің алғашқы жемісін берген. Археолгиялық кезеңдестірумен Х. Томсен, Г. Гильдебрнд, Я. Ворсо, Г. Мортилье және т.б. айналысқан. XIX ғ.30 жылдарынан бастап Ресейде жүйелі ғылыми қазбалар жүргізілді. Алғашқы қадамдарын А.И. Стемпков бастайды, ол Күл-Оба сақ қорғанын зерттеген. Ғылыми зерттеулерді тағы З. Ходаковский, Д.Н. Анучин, А.А. Спицын жүргізген болатын. XIXғ 2-жартысында Генрих Шлиман Жерорта теңізінде жүргізген зерттеуінің нәтижесінде ежелгі өркениеттің ескерткіштері бүкіл дүниежүзін таңқалдырады. Оның мақсаты Гомерлік Торяны бүтінімен қазу болған, ал екінші әлемдік зерттеуде орын алған ағылшын археологы Артур Эванстың Крит аралын ашу еді. Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар: 1. археология саласында өзінің үлестерін қосқан адамдар және қандай қазба жұмыстарын білесіз? 2. Қазақстан территориясында археологяилық ескерткіштер қай уақытта дамығанын айтып беріңіз (дәлелді түрде). Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М. 1989. 3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 4. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 5. Клейн Л.С. Археологические источники. – Л., 1978. 6. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 3.тақырып. Археологиялық нысандардың кезеңдестіру мен хронологиясы. Белгілеу уақыттарының әдісі. Дәрістің мақсаты: тарихи-филологиялық, өзіндік археологияның (стратиграфиялық және типологиялық) белгілеу мерзімінің және жаратылыстану ғылымының әдістерінің негізгі археологиялық нысандық топтарының мерзімдерін қарастыру. Тақырыпқа байланысты сұрақтар:: 1. хронология мен кезеңдестіру ұғымдарына анықтама беру. 2.Археологиялық кезеңдестіру. 3.Антропологиялық кезеңдестіру. Тақырыпқа қысқаша шолу: Археологияның міндеті тек тарихи үрдістер мен қоғамдық өмірдің және заттай көрінісін белгілеу емес, сонымен қатар мерзімдерді анықтау, яғни тарихи хронологияны қағаз бетіне түсіру. Тарихи үрдісте хронология археология саласына негізгі рөлді атқарады. Хронология екіге бөлінеді: тікелей (абсолютті), жанама болып. Жанама хронологиясы бір-біріне қатысты заттардың орындары айқындалады, яғни зерттелген аймақтан табылған заттардың жасалған мерзімі, көнелігі және т.б. айқындау. Сонымен бірге археолог әрқашан тікелей хронологиямен де айналысады. Тақырыпқа байланысты сұрақтар: 1. Типологиялық әдістің негізін қалаған кім болып табылады? 2. мерзімдеу әдістің қайсысы зерттеушілерге кеңінен тиімді? әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М. 1989. 3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 4. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 5. Клейн Л.С. Археологические источники. – Л., 1978. 6. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 7. Матюшин Г.Н. У истоков человечества – М., 1982. 4. тақырып. Археологиялық ескерткіштердің типологиясы. Қазақстан территориясындағы археологиялық ескерткіштердің түрлері. Дәрістің мақсаты: Археологиялық ескерткіштердің типологиясын қарастырып, негізгі түрлерін (қорған, обалар) сипаттау, сонымен қатар Қазақстан террториясындағы табылған археологиялық ескерткіштерге де сипаттама беру. Тақырыпқа байланысты сұрақтар: 1.Тарихи деректердің типтері. Археологиялы және заттай деректер.Типы исторических источников. Вещественные или археологические памятники 2. Археологиялық ескерткіштердің классификациясы Тақырыпқа қысқаша шолу: Тарихи деректер жазба және заттай деректерге бөлінді. Жазба деректерге ескі кітаптар, жылнамалар, бұйрықтар, құжаттар, ежелгі жазушылардың әдеби және ғылыми еңбектері, ежелгі тайпалардың өмірінен мәліметтер қалдырған саяхатшылар, әскери немесе бейбіт келісім шарттар, дипломатиялық протоколдар, жол жөнекей жазылған жазбалар, күнделіктер кіреді. Олардың барлығы қағаз бетіне, теріге, аққайынның қабыршағына, сазбалшықты тақтайшаға, тас пен жібек матаға түсірілген. Матриалдық яғни затай мәдениетке мысалы сол замандағы батырдың киімі, құрал-сайман, қарулары; еңбек құралдары, ғимараттар, өмір сүру ортасы, тұрмыстық заттар және т.б. кіреді. Оларды тағы ғылыми тілмен археологиялық заттар деп те атайды. Тарихи-археологиялық әдебиетте ескерткіш және дерек сөздері синоним сөздер болып саналады. Археологияда археологиялық ескерткіштердің 11 типі шығарылған. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Кенотаф деген не? Қай ғасырда олар кеңінен тараған? 2. Жерлеу дәстүрінің қандай түрлерін білесіз? Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Полевая археология. – М., 1972. 2. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 3. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М. 1989. 4. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 5. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 6. Клейн Л.С. Археологические источники. – Л., 1978. 7. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 5. тақырып. Архелогиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесі. Қазақстан аумағындағы ескерткіштерді зерттеудегі ерекшеліктер. Пәннің мақсаты: Әртүрлі ескерткіштерінің зерттелу хронологиялық кезеңдері мен типтерінің әдістемелік сипаттама беру. Тақырып бойынша сұрақтар. 1.Ашық парақ. 2. Обаларды қарастыру әдістемесі. 3. Қорғандардың зерттелу әдістемесі. 4. Археологиялық барлау. Тақырыпқа қысқаша шолу: өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Археологиялық қазбаларды жүргізуге кімнің құқысы бар? 2. Қазба жұмысы кезінде табылған зат кісге тиесіл? 3. қандай ескерткіш зерттеуге қарапайым, оңай? Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Полевая археология. – М., 1972. 2. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 3. Мартынов А.И., Шер Я.А. Методы археологического исследования. М. 1989. 4. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 5. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 6. Клейн Л.С. Археологические источники. – Л., 1978. 7. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 6. тақырып. Палеолит –ежелгі тас ғасыры. Полеолит - ежелгі тас ғасыры. Қазақстандағы полеолит дәуірінің ескерткіштері. Тас ғасырындағы адамдардың өнері. Дәрістің мақсаты: палеолит өнерінің ашылу тарихын және негізгі ескерткіштердің өнерін: мүсін, графика, тасқа қашалған суреттерді қарастыру. Тақырыпқа байланысты сұрақтар: 1. Ежелгі палеолит. Қазақстан территоиясындағы ежелгі палеолит ескерткіштері. 2. Орта палеолит. Қазақстан территориясындағы мустьерлік ескерткіштер. 3. Кейінгі палеолит. Қазақстандағы кейінгі палеолиттің ескерткіштері. 4. Жоғарғы палеолиттің қоғамы мен шаруашылығы. Тақырыпқа қысқаша шолу: Тас дәуірі- ежелгі және тарихи ұзақ кезеңге созылған дәуір. Бұл кезеңде еңбек құралдары мен қару-жарақтардың тас материалынан жасалғаны белгілі. Оның хронологиялық шеңбері- шамамен 2,6 млн жыл- антропогенездің басталуынан металдың пайда болуына дейін. Тас дәуірі 3-ке бөлінеді: ежелгі палеолит, орта палеолит, жаңа (неолит) палеолит болып. Соңғы 100 жылдың ішінде, Америка материгін санамағанда, лемнің барлық жерінен адамдардың қаңқалары табылған. Алғаш рет 1924ж Африкадағы Таунг жерінен Йоханесбургс университетінің профессоры Р. Дарт австолопитектің сүйегін ашты. Ежелгі еңбек қарулары 1972ж Африкадағы Рудольф көлінің шығыс жағалауындағы Кооби-Фора жерінен табылған. Епті адамның мәдениетін Олдувай деп атаған. Себебі оны Олдувай шатқалынан тапқан. Еуразия территориясынан әлі ерте олдувай мәдениетінің қалдықтары табылған жоқ. Шамамен 1 млн-500 мың жыл аралығында орта ашел кезеңінде Шығыс Еуропа, солтүстік және Орта Азияда қоныстар болған. Шелль кезеңіндегі жылы климат адамдарға киімнің қажеттілігін туғызбады. Ашельдік кезеңде –климат күрт өзгеріп, суып кетеді. Ол ежелгі қоғам мен оның шаруашылығына үлкен өзгеріс әкелді. Климаттың өгеруінен енді баспана, киім, отқа деген қажеттілік туды. Орта палеолит кезеңінде мустьер мәдениеті тән. Бұл кезеңде Қырымның жерлері, Оңтүстік Украина, Молдова, Орта Азия, Қазақстан, Сібірдің оңтүстік аудандары және Шығыстың жерлеріне қоныстар көбейе бастайды. Осы дәуірдің кезеңінде адамдар тек ұңгірде ғана емес, шалаштарда да тұрған. Шалашты маманттың ссүйегіен және үстінен жануардың терісімен шапқан, осыдан шалаш типтегі баспана тұрғызылды. Тасты өңдеуде жаңа техника шықты ол- леваллуа деп аталды. Жоғарғы палеолит – бұл қазіргі адамның қалыптасу кезеңі және қоныстардың көбеюі деп саналады. Еңбек қаруларының жаңа техникалары пайда болған кез. Жоғарғы палеолитте сүйектен жасалған инелер кең тарала бастады: ұштар, ине, гарпун. Палеолитте адардардың ең маңызды шаруашылығы терімшілік пен аңшылық және кейбір аудандарда балық аулау кәсібі болды. Негізгі кәсібі аң аулау және «аңшылар» аңды топпен ұйымдасып аулаған. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. өнердің шығуы немен байланысты? 2. адамдардың бейнесінің салынуы неліктен сызба түрінде болды, оны қалай түсіндіре аласыз? 3. Алғашқы қоғамның қандай өнерін білесіз? Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Палеолит СССР. – М., 1984. 3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 4. Кларк Дж. Доисторическая Африка. – М., 1977. 6. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 7. Семенов Ю.И. Как возникло человечество. – М., 1966. 7. тақырып. Мезолит кезеңі. Неолит кезеңінің ерекшеліктері. Өндіруші шаруашылықтың тууы мен дамуы. Дәрістің мақсаты: неолит революциясының негізгі көріністерін қарастыру, жануарлар мен өсімдіктердің негізгі доместикация ауданына сипаттама беру. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Қазақстандағы мезолит. Мезолит дәуірінің негізгі белгілері. 2. неолит реаолюциясы. Неолит дәуірінің негізгі белгідлері. 3. Қазақстандағы неолит тайпалары. Тақырыпқа қысқаша шолу: Шамамен б.з.б. 5500-3000жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әртүрлі аудандарында әрқилы уақыттарда өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен неолиттің шеңбері б.з.б. 6-4 мыңжыддықтардан басталып, 3 мыңжылдықта аяқталған. Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технологиялар әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласының осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан итермелеуге итерді. Палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19ғ 70ж аяқкезінде швед ға лымы О. М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9-5 мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б.10-7 мыңжылдықтарды қамтиды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеци, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1-2 см геоиетриялық шақпақтас құралдары шыға бьастады. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Неолит революциясы деген не? Бұл терминді кім алғаш рет енгізді? 2. Егін және мал шаруашылығының ежелгі ареалдарын атаңыз. Адамдар қолға қандай жануарларды қолға үйретті алғаш рет және қайсысын кейін үйреткені туралы айтыңыз. Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 2. Бөлім. Қола, темір және ортағасырлық археология. 8. Тақырып. Энеолит кезеңі мен Қола дәуірінің өзіндік ерекшеліктері Дәрістің мақсаты. Шығыс Еуропа мен Қазақстанның энеолит дәуіріндегі мал шаруашылығы және отырықшы егіншілік мәдениетті қарастыру. Тақырыпқа байланысты сұрақтар: 1.энеолит пен қола дәуірдің негізгі белгілері. 2.Еуразиядағы неолит мәдениеті. 3.Қазақстандағы неолиттің ерекшеліктері. Тақырыпқа қысқаша шолу. Қазақстанның ежелгі тарихы палеометалл дәуірінен басталады, ол өзіне қола және энеолит дәуірлеріне қосады. осы уақытта Қазақстан территориясында өндіруші экономика шаруашылығы бекітіліп, екі негізгі бағыт яғни егіншілік- мал шаруашылығы және ежелгі металлургияның жоғары дамиды. қол дәуірінен бастап Қазақстан территориясында этникалық тарихының дамуының бірінші кезеңі келді деуге болады. Қазақстан территориясында қола және энеолит кезеңінде ботай, вишневск мәдениеті, терсек мәдениеті, усть-бөкен мәдениеттері орта қола дәуірінде андронов мәдениетінің құрылуына әсерлерін тигізген. тарихи-мәдени андронов мәдениетінің даму дәуірінде Қазақстан мен Сібір, Орал, Алтай және Орта Азия жерінде мекендеген. Энеолит пен қола дәуірі кезінде Қазақстан территориясында қоладан еңбек құралдары, қару-жарақтар, сәндік бұйымдар жасалған. Осы дәуірге тәнб.з.б. 1 мыңжылдықта айдап салу мал шаруашылығына көшеді. негізгі жануарлары жылқы, қой, сиыр болған. андроновтықтарда ұсталық, қышыдыстарды өндіру, тоқыма, зергерлік өнер дамыды (б.з.б. 2 мыңжылдықта пайда болады), тау жұмысы, металлургия және металл өндіру басты кәсіпке айналады. Жерлеу дәстүрінің негізгі белгілері- ингумация түрінде жерлеу(оң не сол жаққа жантайтып, басын батысқа қаратып жатқызу) немесе кремация болған. Основная характеристика погребального обряда – захоронение в виде ингумации (скорченно на левом или правом боку головой на запад с отклонениями) или кремации, которые были одновременно распространены у андроновцев. андроновтықтар әр түрлі баспаналар тұрғызған болатын: жертөле, төлелер болған. олардың формалары әртүрлі болды. Археологиялық материалдар бойынша андроновтықтарда мүліктік қабат болғанын көруге болады. ер адамның рөлі басым бола бастайды: руда өндіру, металл қаруларын өндіру, қара жұмыстада, мал ға ие болу оның мойнында тұрады, осыдан оның жұмыс күші басымдылық көрсетеді. осы кезде тас стеллалары, тастағы сурет-петроглифтер мен протоқалалар (Арқайым, Кент)мәдениеті жарық көреді. Өзін-өзі теусеру сұрақтары: 1. Энеолит пен қола дәуірінде қандай құралдар пайда болды? 2. Палеометалл дәуірінен бастап Жер бетіндегі тайпалардың қандай айырмашылықтары бар? Ол немен байланысты? Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 9. тақырып. Евразиядағы орманды және далалы аймақтағы қола дәуірі Дәрістің мақсаты: Евразиядағы орманды және далалы аймағындағы қола дәуірінің ескерткіштерін қарастыру. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Еуразия даласындағы қола дәуірі. 2. Орман даласындағы қола дәуірі. Тақырып бойынша қысқаша шолу: Қола дәуірінде Еуразия даласы шаруашылықтың спецификалық дала типіндегі өндіріс формасына айтарлықтай әсер тигізді. оның негізінде энеолитке көшу басталды. шаруашылықтың дамуына оң әсері келді. олар дала аймағында көшіп-қонып, ұсақ мал шаруашылығы мен аң аулауға қол жеткізді. Бұндайда тарихи-климаттық факторлар әсер еткен: дала зонасының палеометалл дәуірінің бас кезіндегі және үйрену шаруашылығының дағдарысы. Қола дәуірінде Қазақстан территориясында тұрақты шаруашылық аймағы орнады. осындай дала мәдениетінің дамуына бірнеше факторлар әсер етті. 1) Ат үстінде жүру және арба көлігі кең түрде таралды; 2) Мал өсіру шаруашылығы жедел түрде дамыды; 3) Тау жұмысының металлургия және металл өндіру жұмысы өрледі. Қола дәуірінде тау металлургиясының орталығы : Кавказ, Орал, Қазақстан, Саяналар болды. 4) Дала аймағында энеолиттік, суармалы жер өндіру типімен салыстырғанда жаңа принципиалдылық орнады. Егіншілік мал шаруашылығы сияқты жақсы дамыды. 5) Жаңа қару-жарақтар пайда болды: қоладан жасалған келт (балта, найзаның ұшы), қанжар және т.б. қоладан жасалған қарулар. Еуразиялық даланың Ресей бөлігінде 2 үлкен мәдени-тарихи қоғам қалыптасты: катакомбты және андроновтық болып Өзін-өзі тексру сұрақтары: 1. қола дәуіріндегі Еуразия орманды алқабында өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері. 2. қандай қола дәуірінің археологилық ескерткіштерін білесіз? Әдебиеттер: 1. Авдусин А.Д. Основы археологии. М. 1989 2. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 10. Тақырып. Андроновтықтардың мәдени-тарихи қоғамының даму тарихы. Қазақстан аумағындағы мәдени ескерткіштері. Өткізу формасы: семинар Пәннің мақсаты: региондар бойынша андронов мәдениетінің ескерткіштерін сипаттау және әлеуметтік құрылымы мен шаруашылығын ерекше айту керек. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Андроновтықтар мәдениетінің зерттелу тарихы. 2. Андроновтықтар мәдениетінің хронологиясы мен кезеңдестіру проблемасы. 3. Андроновтықтар мәдениетінің ареалы мен ескерткіштерінің таралуы. Тақырыпқа қысқаша шолу: Краткое содержание темы (тезисы): Б.з.б. XVIII-XIII ғғ аралығында андронов мәдениетінің және тарихи- мәдени қоғамның қола дәуірінде Оңтүстік Зауралья, Батыс Сібір және Қазақстан территориялары есептелінген. Андронов мәдениетінің түп төркіні Қазақстан және Оралдың аудандарының бір бөлігі болып табылады. 1910 жылы В.И.Каменски Қазақстан территориясынан алғашқы ескерткіштерді зерттеген. Мәдениеттің «Андронов» аталуы 1913жылы Б.А.Андрианов Андронов селосы мен Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласын қазу кезінде жергілікті атаумен қойған. Зауральск даласында 1927ж С.А.Теплоухов зерттеуінде Андронов мәдениеті айқындала түсті. Оны б.з.б. 2 мыңжылдықтың шеңберімен келтіреді. 1927жылы андронов мәдениеті Қазастанның батыс бөлігіндегі зерттеуді М.П. Грязнов жүргізді. Андронов мәдениеті монолитті болмады: онда көптеген нұсқалар айқындалады, ол деген сол кезеңдегі тайпалардың өмірін көрсеткен. сондықтан андронов мәдениетінің тарихи-мәдени қоғамын үндіирандық тайпалардың мәдениетімен байланыстырған жөн. оның хронологиясы б.з.б. 18-8ғғ қола дәуірінің орта және кейінгі кезеңдері әр аймақтарда өз ретімен зерттелген. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1. Қазақстандағы андронов тайпаларының шаруашылықтарына не тән? 2. андронов тайпаларының қоғамдық құрылысы туралы не білесіз? Ол тууралы тарихи деректерді көрсетіңіз. Әдебиеттер: 1. Зданович Г.Б. Бронзовый век Урало-Казахстанских степей. Свердловск. 1988. 2. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. Алма-Ата. 1992. 3. Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе. 1986. 4. Кузьмина Е.Е. Откуда пришли индоарии. М. 1994. 5. Маргулан А.Х. Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алма-Ата, 1979. 6. Маргулан А.Х. и др. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата. 1966. 11. Тақырып. Ерте темір ғасырындағы мәдениеттердіңқұрылуы мен даму мәселелері . Дәрістің мақсаты: ерте темір ғасырының құрылу проблемаларын қарастыру керек. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Темірдің пайда болуы. 2. Ежелгі темір дәуірінің сатылай дамуы. Тақырыпқа қысқаша шолу: Ерте темір дәуірі жер бетінде темірдің пайда болуынан зергерлік бұйымдар жасалған. Алғашқы темір рудаларының өндірілу жерлері Кіші Азиядан табылған. Солтүстік Еуразияда б.з.б. 2 мыңжылдық- 1 мыңжылдықтың басы деп көрсетіледі. темірдің таралуы бір келкі болмады. Темір рудалары мысқа қарағанда табиғатта көп кездесті. Темірді балқыту үшін теріден жасалған үрлеуіштерге ауа толтырылып, сонымен үрлеген. Темірдің пайда болуы 1) ұсталық өнердің дамуы пайда болды; 2) қолөнердің дамуына әсерін тигізді. Жаңа қару-жарақтар: соғыста өте мықты және сарбаздарды жақсы қорғаған. Терең дамыған темір өндіру ендігі кезекте қолөнердің, зергерлік, ұсталық, металлургияның және мүліктік теңсіздіктің пайда болуына әкелді. Бірінші мемлекеттер құрылады. Нақты құрылуы екі негізгі өркениет пайда болды: отырықшы егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыды. Ұды Жібек жолы құрылды. Тарихи дамуда Ұлы миграциялық көш негізгі рөл атқарды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. ежелгі темірден жасалған құралдар қай жерден табылған? 2. Мыс пен қолаға қарағанда темір неліктен кең таралды? Әдебиеттер: 1. Мартынов А.И. Археология. – М., 1996. 2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993 3. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М. 1989. 4. Степная полоса азиатской части СССР в скифо-сибирское время. М. 1992. 12.Тақырып. Евразияның далалы және орманды алқаптарындағы ерте темір ғасыры. Дәрістің мақсаты: Еуразияның орманды, далалы аймақтарының ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениетін қарастыру. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. ЕТД тайпалар туралы тарихи жазба деректер. 2.Скиф-сақ мәдениттері 3.Савроматтар мен сарматтар. 4. Алтай мен Сібірдің ерте көшпелі ескерткіштері. Тақырыпқа қысқаша шолу: Еуразия даласының темір дәуірінде халқы мен тайпаларының тарихын зерттеу кезінде археологиялық ескерткіштерімен бірге жазу деректеріде орын алады. Солардың бірі- парсы патшалары Дарий мен Ксеркс дәуіріндегі парсы жазу деректері жатады. Ирандық ескерткіштерге зороастризм діні Авеста кітабі жатады. Б.з.б. 5ғ 40-30жж Грек жазуларына Геродоттың «Тарих» атты еңбегі де жатады. Б.з.б. 1 мыңжылдығының ортасында қазіргі Украйна, Повольжия, Приуралья, Қазақстан мен оңтүстік Сібір Бунайда батысында Забайкальяның шығысына қарай скиф-сібірлік мәдениетінің өмірі қалыптасты. Б.з.б. 7-1ғғ осы аумақтарда скиф пен сарматтардың басшылық еткен кезеңі, олар өздерінен кейін көптеген ескерткіштер тастап кетті. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Еуразия дала орманды алқабында тұрған тайпалардың ерте темір дәуірінде қандай ерекшеліктер болды? 2. Ерте темір дәуріне жататын археологиялық есскерткіштерді білесіз? Әдебиеттер: 1. Мартынов А.И. Археология. – М., 1996. 2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993 3. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М. 1989. 4. Степная полоса азиатской части СССР в скифо-сибирское время. М. 1992. 13. Тақырып. Қазақстан ерте темір ғасырында. Дәрістің мақсаты: ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясындағы жазба деректерді және ескерткіштерді қарастыру. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Қазақстан территориясында тұратын халықтың Ерте темір дәурінде қоладан ерте темір дәуіріне өткен кезеңнің проблемалары. 2. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің хронологиясы мен кезеңдестіруі. 3.Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің материалдық мәдениеттерінің ерекшеліктері. Тақырып қысқаша шолу: Ерте темір дәуірі жер бетінде темірдің пайда болуынан зергерлік бұйымдар жасалған. Ерте темір дәуірі кезеңінде жартылай көшпелі және көшпелі салтына көшті. Оның бірнеше себептері бар: қола дәурінің соңында Жерде климат күр өзгереді, өзен көлдердің көлемі айтарлықтай азайды, құрғақшылық басым болды. Аттарды қолға үйрету енді мініп, шауып ойын қылу ғана емес, оны шегіп, ауыр жұмысқа салу да пайда болды. Сол кезеңде Қазақстан территориясындағы қой малы қыстың өзінде қар астынан қорегін табатын. Көшпелі салтқа көшу- қысқы азы-түлікті даярлауға әкелді (сүттен ірімшік, құрт, май жасалды). Ет-сүт тағамдары олардың ең негізгі азығына айналды. Қола дәуірінің соңында Қазақстанда жаңа өмірдің пайда болғанын көруге болады, ол көшпелі және жартылай көшпелі салтқа көшу болды. Көшпелі өмір «таза» болмады, әр аймақтардың өзінде отырықшылық егіншілік пен жоғары дамыған қолөнерде болған. Б.з.б. 12-9ғғ кейінгі кезеңде Қазақстанда көшпелі салттың жай өркениеті емес, дала өркениеті адамдардың өмірімен өте тығыз байланысты болды. Темір дәуірінде тұрған тайпалардың өзінен кейін көптеген археологиялық ескерткіштерін молымен қалдырғаны мәлім. Археологиялық материалдар бойынша Еуразия даласы 2 хронологиялық кезеңді айқындайды: б.з.б. 7-4 және гұн-сармат дәуірі б.з.б. 3ғ-б.з 4ғ. На завершающей ее стадии эпох бронзы в степях Казахстан все отчетливее начинают проявляться черты иного мира – преимущественно скотоводческого, преимущественно кочевого. В «чистом виде» кочевого хозяйства в крае не было. Оно всегда здесь сочеталось с поливным земледелием, с высокоразвитыми видами ремесел. На смену комплексному оседлому хозяйству значительной части бронзового века в Казахстане, начиная с его позднего периода (XII-IX вв. до н.э.), шла не просто кочевая цивилизация, а степная цивилизация, «подсказанная» обществу природой, внутренними и внешними обстоятельствами реальной жизни. В эпоху железа на территории Казахстана проживали многочисленные племена, оставившие большое количество археологических памятников и самобытную культуру. По археологическим материалам в Евразии выделяется два крупных хронологических периода: скифская эпоха – VII-IV вв.до н.э. и гунно- сарматская эпоха - III в. до н.э. – IV в. н.э. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. 1998-2006жж аралылығында қандай археологиялық ескерткіштер зерттелген? Олардың ерекшеліктері неде? 2. Сақ, үйсін, қаңлы тайпаларының жерлеу дәстүрінің ерекшеліктерін айтыңыз. Әдебиеттер: 1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993 2. Акишев К.А. Курган Иссык. Л. 1978. 3. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М. 1989. 4. Степная полоса азиатской части СССР в скифо-сибирское время. М. 1992. 14. Тақырып. Қазақстандағы орта ғасырдағы көшпенділер. Дәрістің мақсаты: Қазақстан территориясындағы ортағасырлық көшпенділердің археологиялық ескерткіштері. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Қазақстан даласындағы ұлы коныс аудару. 2. Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерін кезеңдестіру мен хронологиясын анықтау. 3. Ортағасырдағы Қазақстанда мекендеген тайпалар мен олардың ескерткіштері. Тақырып қысқаша шолу: VI ғасырдан бастап, Қазақстанда түрік қағанатының дәуірі орнайды. Бұл дәуірде түрік тайпалары тұрып, археологиялық ескерткіштерді барынша қалдырған. Көптеген ескерткіштер қорғандар болып саналады. Солардың бірі Алтайдағы Құдырге, Сырдариядағы Бөріжар, солт-шығыс Қазақстандағы Бобровский. Қытай деректеріне сүйенсек, олар мәітті киімдерімен бірге атарында өртеп, пепел зарывали в могилу. Зираттың басына батырдың бейнесі немесе жазу-сызу қашалған тас орнатылған. Бірақ кейбір қазба жұмыстарында археологтар мәіттің сүйегін тапқан, ол артымен жатып, жанында, оның тірі кезіндегі аттарымен ат-әбзелдері табылған. Зерттеу нәтижесінде мәійттердің басы солт-шығыс, солт-батысқа қаратып жатқызу да табылған. Молаға тағы ішер асымен қару-жарақтары да салынған. Жоғарғы Прииртышшья жерінен қимақтардың 100-деген ескерткіштері зерттелген. Осы же орталығы болғаны сияқты. Ондағы ескерткіштердің атауы: Бобровка, Зевакино, Ковалевка, Карашат I, II, Измайловка және т.б. Жалғыз жерлеулер де кездеседі. Ондайлар Жетісу мен Орталық Қазақстан территорияларынан табылған. Орталық Қазақстанда қыпшақтардың қалашықтары да табылған, олар: Боғажелі, Тасты, Қызылкент, Талдыкент, Төрткөл, Басқамыр және т.б. олар геометриялық жағынан дұрыс, биік емсе мұнаралармен қоршалған. Баспаналары-сазбалшықтан жасалған. баспананың ішінде шұңқыр қазылған, пеші шикі кірпіштен тұрғызылған. Баспана қоршалғадықтан оның ішіне малдарын кіргізетін. Мәдени қабатында темір шегелері, сазбалшықтан жасалған ыдыстардың қалдығы , құмыра және ұсақ-ірі малдардың сүйектері табылған. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Қазақстанның ортағасырлық көшпелі халықтың өмірі туралы қандай деректертрдің түрлері бар? 2. Қимақ-қыпшақ тайпасының жерлеу дәстүрінің ерекшеліктері неден көрінеді? Әдебиеттер: 1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. Алматы 1993 2. Степи Евразии в эпоху средневековья. М. 1981. 3. Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время. М. 1989. 4. Степная полоса азиатской части СССР в скифо-сибирское время. М. 1992. 15. Тақырып. Ерте орта ғасырдағы Шығыс Еуропа. Дәрістің мақсаты: Ерте ортағасырда Шығыс Европа тайпаларының археологиялық ескерткіштері. Тақырып бойынша сұрақтар: 1. Славяндардың шығу тегі туралы гипотеза. 2. Шығыс еуропаның этникалық картасы. 3. Славяндардың археологиялық ескерткіштері. Тақырып қысқаша шолу: Славяндардың шығу тегі туралы пікірлер әлі де өз орнын тапқан жоқ. әлі де талас-тартыс үстінде. Оның жауабын табу үшін: археология, лингвистика, антропология, этнография.ежелгірусьтік жылнамасында бір орталықтан шыққан славяндардың халқы деп көрсетеді. Бұл пікір ғалымдардың бұл қай орталықта орналасқанын білуге итерді. Жылнамада бұл орталық Дунай деп көрсетілсе де, ғалымдардың кейбіреуі оған сенбейді. XIII-XIVғғ славяндардың материалдарына қарасақ, археологтар славяндардың 7 ғасырлық, яғни 8ғасырға дейін, өмірін зерттеп үлгерді. Қола дәуірінен бастап, 8 ғ дейінгі славяндардың негізгі территориясында 1 ғасырдың мәліметі бойынша, туыстық қатынастар қалыптасты содан кейін бірден 8 ғасырға дейінгі өмірлері туралы ешқандай мәліметтер жоқ, ал 8 ғасырдан кейінгі өмірлерінің тарихы үзілмеген. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуразиядағы славяндар Еуропадағы ең ірі этникалық роман, герман қатарында болған. Сялавяндар мәдениетінің дамуы бірнеше кезеңнен тұрды. Ең ерте кезеңі Сб.з.б. 2-1 мыңжылдықтың жартысын қамтыған. Орталық және Шығыс Еуропада өзара бірнеше ғана туыстық мәдениеттері айтарлықтай кең аймақтарды алған. Осының негізінде славян және еуропаның басқа халықтарының мәдениеті бастау алады. Екінші кезеңді ежелгіславяндық деп атауға болады. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың соңғы ғасырларымен- б.з. 1 мыңжылдығында археологиялық мәдениеттің негізін атап көрсетуге болады. Славяндар туралы жазу, деректеріде табылды. Осы ұзақ кезеңде халықтардың ығысу, көшу салты олардың интенсивті шығысславян халықтарының мәдениеті құрылып, славяндардың территориясы салынады. Үшінші кезеңінде славяндардың мәдениеті-феодалды деп аталды. Ол славян мемлекетінің, сонымен қатар Ежелгірусь мемлекеті және орталығы Киев құрылуы басталды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 1. Славяндардың шығу тегі туралы не білесіз? 2. Бізге танымал шығыс славяндардың мәдениетін атап, оларды сипаттаңыз.. Әдебиеттер: 1. Мартынов А.И. Археология. – М., 1996. 2. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология. М. 1957 3. Вопросы древней и средневековой археологии Восточной Европы. – М., 1978. 4. Древние славяне и их соседи. – М., 1974. 5. Древняя Русь и славяне. – М., 1978. 6. Матюшин Г.Н. Археологический словарь. – М., 1996. 7. Седов В.В. Происхождение и ранняя история славян. – М., 1979. Емтихан сұрақтары 1. Археология пәні және оның мақсаты, археология мәдениеті. Оның басқа ғылым салаларымен байланысы. 2. Археологияның ғылым саласы ретінде қалыптасуы. 3. Орыс және Кеңес археологиясының дамуы. 4. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу. 5. Археологиялық кезең. 6. Археологиялық мерзімді анықтаудың неізгі әдіс-тәсілдері. 7. Археологиялық ескерткіштер типі. 8. Антропогенездің негізгі этаптары. 9. Кейінгі палеолит. Қазақстандағы кейінгі палеолит ескерткіштері. 10. Орта палеолит. Қазақстандағы орта палеолит ескерткіштері. 11. Кейінгі палеолит. Қазақстандығы кейінгі палеолит ескерткіштері. 12. Тас ғасыры адамдарының өнері. 13. Мезолит дәуірінің өзіндік ерекшеліктері. 14. Солтүстік Қазақстандағы Чангилдік мезолиттік мәдениет. 15. Неолиттік дәуірдің өзіндік ерекшеліктері. Неолиттік революция. 16. Қазақстандағы неолиттік тайпалар. 17. Орта Азиядағы неолиттік тайпалар. 18. Шығыс Европаның орманды алқаптарындағы неолиттік мәдениет. 19. Қазақстан даласындағы энеолиттік дәуір тарихы. 20. Солтүстік Қара теңіздегі энеолиттік мәдениеттің Триполье-Кукутени ескерткіші. 21. Сібірдегі энеолиттік дәуірдің Афанась мәдениеті. Қазақстан аумағындағы Афанась мәдениетінің ескерткіштері. 22. Қазақстандағы Устьбуконьск және вишневск ерте қола дәуірі мәдениеті. 23. Қола метал өңдеудің туындауы мен дамуы. Қола ғасырының өзіндік ерекшеліктері. 24. Шығыс Европаның орманды далалы аймақтарындағы қола ғасыры. 25. Шығыс Европаның далалы аймақтарындағы қола ғасыры. 26. Сібір және қазақстан даласындағы Андроновтықтардың мәдени-тарихи қоғамының тарихы. 27. Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірі. 28. Орталық Қазақстан қола мәдениеті. 29. Оңтүстік Қазақстан қола мәдениеті. 30. Батыс Қазақстан қола мәдениеті. 31. Шығыс Қазақстан қола мәдениеті. 32. Шығыс Европа мен Сібірдегі Сеймин және Турбин тайпалары. 33. Темірден металл өңдеудің туындауы. 34. Солтүстік Қаратеңіз маңындағы Скифтік-сақтық мәдениет. 35. Шығыс Европаның орманды алқаптарындағы темір ғасыры. 36. Алтай мен Оңтүстік Сібірдегі темір ғасыры. 37. Орталық Қазақстандағы ерте темір ғасыры мәдениеті. 38. Солтүстік және Батыс Қазақстандағы ерте темір ғасыры мәдениеті. 39.Ерте темір ғасырындағы Шығыс Қазақстан халқы. Шілікті және Берел қорымдары. 40. Ерте темір ғасырындағы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы тайпалар. 41. Батыс Қазақстандағы Қаңлы тайпалары. 42. Үйсін тайпалары. 43. Оңтүстік Қазақстандағы Қаңлы тайпалары. 44. Ерте Орта ғасырдағы Шығыс Европа. Славяндардың археологиялық ескерткіштері. 45. Шығыс Қазақстанда орналасқан Шілікті қорымының ашылу тарихы. 46. Есік қорғанындағы қазба жұмыстар. 47. Берел қорымының зерттелуі. 48. Майемер кезеңі. 49. Шығыс Қазақстан Орта ғасыр дәуір кезеңінде. 50. З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары мен оның маңызы. Әдебиеттер 1. Мартынов А., Шер Н. Методы археологического исследования М., 1989. 2. Шапова Ю. Естественно-научные методы в археологии М., 1988. 3. Клеин Л. Археологические источники М., 1978. 4. Авдусин Д.А. Археологические разведки и раскопки М., 1959 5. Арциховский А. Введение в археологию М., 1947 І-ое изд. М., 1940 ІІ-ое изд. М., 1941 6. Арциховский А. Основы археологии М., 1954. 7. Жебелев С. Введение в археологию. Л., 1923 І-ІІ части 8. Сницын А. Разведки памятников материальной культуры. М., 1927 9. Акишев К.А., и др. Отрар в ХІІІ-ХҮ вв. А., 1987. 10. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС А., 1987 11. Кубарев В.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. (отв. ред. Е.И. Деревенько) Н., 1984. 12. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (ХІ- начало УІІ вв.) А., 1986. 13. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций А., 1989 14. Давыдова А.В. Ивамениский комплекс (городище и могильники) памятник хунну в Забайкалье Л., 1985. 15. Косарев М.Ф. Древняя история Западной Сибири: человек и природная среда. М., 1991. 16. Маргулан А. Бегазы-Дандыбаевская культура Казахстана и Средней Азии. А., 1981 17. Брей, Урвик, Трамп, Девид Археологический словарь М., 1990. 18. Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки (по материалам северной Бетпак-Далы) А., 1992. 19. Памятники истории и культуры Казахстана выпуск 2-й, 1986 3-й, 1988 20. Азиев А. Сокровище Сары-Арки. А., 1986. 21. Грошев В.А. Ирриация Южного Казахстана в средние века А., 1985. 22. Зданович Т.Б. Бронзовый век Урало-Казахстанских степей. (основы периодизаций) Свердловск, 1988. 23. Вострова В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище А., 1989. 24. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А., 1979. 25. Агапов Л., Кадырбаев М.К. Сокровище древнего Казахстана А., 1979. 26. Археологические памятники Казахстана А., 1977. 27. Археологические исследования в Отраре. (отв. ред. Акишев К.А.) А., 1977 28. Байпаков К.М., Ерзакович Л. Древние города Казахстана А., 1971 29. Музеи археологии (альбом) А., 1978. 30. Новое в советской археологии (сб.ст.) М., 1965 31. Новое в археологии Казахстана А., 1968. 32. Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана А., 1961., т. 12. 33. Прошлое Казахстана по археологическим источникам А., 1976. 34. По следам древних культур Казахстана А., 1970. 35. Поиски и раскопки в Казахстане (сборник) А., 1972. 36. Позднесредневековый Отрар (ХҮІ-ХҮІІІ вв.) (отв. ред. Массон ВМ) А., 1981. 37. Труды института истории, археологии и этнографии т.Ү Археология. А., 1958. 38. Максимов Наскальные изображения в урочище Толгалды. А., 1985. 39. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бута в І в.в Западном Казахстане. М.-Л., 1962. 40. Медоев А.Г. Гравюры на скалах Сары-Арки, Мангышлака. А., 1979. 41. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана А., 1979. 42. Кой-Крылган-Кала-памятники культуры древнего Хорезма. ІҮ в. до н.э. – ІҮ в. н.э. (под ред. Толотова ) М., 1967. 43. Кадырбаев М.К., Марьяшев А.К. Наскальные изображения хребта Каратау. А., 1977. 44. Бижанов Е. Археологические памятники Юго-Восточного устюрта. Автореферат. А., 1967. 45. Беркштам А.К. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Аная М.-Л., 1952. 46. Алпысбаев К.Х. Памятники нижнего палеолита А., 1979. 47. Шахматов В.Ф. Казахская пастбищная-кочевая община (Вопросы образования, эволюции и разложения) А., 1964. 48. Прошлое Казахстана по археологическим источникам А., 1976. 49. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980. 50. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982. 51. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология М., 1966. 52. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. В поисках исчезнувших цивилизаций М., 1966 53. Археология зарубежной Азии М., 1986. 54. Акышев К.А. Археологические исследования в Отраре. А., 1971. 55. Бернадский Р. Две повести о тайнах истории М., 1958. 56. Тысячелетия, погребенные пустыней М., 1966. 57. Жан-Клод Гарди – Теоретическая археология М., 1983. 58. Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии А., 1980. 59. Вопросы древней и средневековой археологии Восточной Европы: ст. Две заметки по золотооружинской нумизматике (Г.А. Федоров-Давыдов) М., 1978. 60. Қазақстанның көне алтыны. Альбом. (құраст. Акишев К.) А., 1983. 61. Древности Чардары (древнее городище в ч. ГЭС) А., 1968. 62. Носарев М.Ф. Бронзовый век Золотой Орды Сибири М., 1981. 63. Кубарев А.Д. Древнетюркские изваяния Алтая. Новосиб., 1984 64. Моломедов М.Г. Образование Хазарского каганата (по материалам археологических исследований) М., 1983. 65. Материальная культура народов Средней Азии и Казахстана. М., 1966. 66. Кузьмина Е.Е. Хронология некоторых кладов Семиречья М., 1965. 67. Новые материалы по археологии и этнологии А., 1961, т. 12 68. Труды института истории, археологии и этнографии. т.Ү. Археология А., 1958. 69. Худяков С. Вооружение центрально-азиатских кочевников в эпоху раннего и развитого средневековья Н., 1991. 70. Полянов С.П. Историческая этнография средней Азии и Казахстана М., 1980. 71. Методы полевых археологических исследований М., 1983. 72. Вопросы этнографии и антропологии Казахстана А., 1982.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz