Файл қосу
Чжоу дәуірі
|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМЖ құжат |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-16.1.2/03-2012 | | «Қытай ойшылдарының тарихы: | | | |қалыптасуы және дамуы» пәні |№1 басылым | | |оқу- әдістемелік кешені | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Қытайдың тарихи ой пікірі: қалыптасуы және дамуы» 6M020300 - Тарих мамандығына арналған ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ Семей 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Магистранттың өздік жұмысы ГЛОССАРИЙ Термин (түсінік) - латынның аяғы, шегі деген мағына береді, яғни нақтылы және үстірт заттар. Терминология - білім саласының қайсысында болмасын қолданылатын терминдер жиынтығы. Ся династиясы- алғашқы Қытай династиясы. Ұлы Юй мен оның баласы Ци негізін қалаған. Басқару жылдары б.э.д- 2205 жылдан б.э.д. 1557 жылдар аралығында билік етті. Шан династиясынң көсемі Ли тиранды құлатып Қытайды өз қол астына біріктірді. Шан (Инь) династиясы- Ся династиясын құлатқан соң Ли өз есімін Тан деп өзгертті. Қазіргі кезеңдегі Қытай территориясының едәуір бөлігі Танның қол астына қарады. Вань- Шань-Инь дәуірінен бастап Ежелгі Қытай билеушілерінің атауы. Ол қоғамның бірлігіннің белгісі болды және жоғарғы дін басы болып саналды. Чжоу династиясы-Шань державасын чжоу тайпасы жаулап алып, Чжоу мемлекетін құрды. Юя императорлық еткен кезде (б.э.д. 781-771) батыстық варварлар астанаға шабуыл жасап, императорды өлтірді. Ежелгі Қытай әдебиеті- Чжоу дәуірінен әдеби ескерткіштен 3 еңбек сақталған.1-«Ицзин», 2- «Шуцзин», 3-«Шицзин» Цинь империясы- б.э.д. 5-7 ғ. Қытайда ірі 7 мемлекет болды: Цинь, Чу, Ци, Хань, Чжао, Вэй, және Янь. Ұзаққа созылған тартыстар нәтижесінде б.э.д.221 жылы біріңғай Цинь империясы құрылды. Ұлы қытай қорғаны салынды. Хань империясы- б.э.д. 206 жылдан б.э. 220 жылдар аралығында өмір сүрді. У-ди (б.э.д. 140-87 ж.ж.) императорлық еткен кезде гүлдену кезі болды. Суй империясы- 581-616 ж.ж.Ежелгі Қытай династиясы. Ян Цзянь негізін қалаған. Ұлы канал қазылды. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде империя территориясы кеңейтіледі. Ұлы канал салынды. Тан империясы- 619-907ж.ж. Ежелгі Қытай әулеті. Ли Юань негізін салған.Оның езінде экономикалық, саяси және мәдени гүлдену кезеңі болып саналады. Өзара билік үшін күрестен күйреді. Сун династиясы- 960-1279 ж.ж Қытай әулеті. Чжао Куан Инь әулеттің негізін салушы. 1127 ж. чжуржэньдер солт Қытайды басып алады, бірақ қарсы төтеп бере алды. Осы кезден бастап Оңтүстік Сун әулеті(1127-1279) құрылды. 1280-ж. монғолдар жаулап алды. Қытайда Юань-монғол әулетінің билігі орнады. Юань династиясы-1271-1368 ж.,ал Қытайда 1280-жылдан Монғолия мен Қытайдағы императорлық әулет. Монғол ханы Хубилай негізін қалады және ол Қытайды жаулап алуды аяқтаған. «Қызыл жауынгер»көтерлісінің нәтижесінде құлады. Мин династиясы- 1368-1644 ж. Қытай династиясы бұрынғы будда монахы Чжу Юаньчжан негізін қалады. Оның кезінде елде гүлдену, өрлеу болды. 1628- 1644 жылдардағы шаруалар көтерлісі мен маньчжурлар шапқыншылығынан құлады. Маньчжурия-Қытайдың сотүстік шығысының тарихи атауы. Маньчжу –ертефеодалдық мемлекеттен бастау алып, 17-ғасырдың 1-жартысына дейін осы территорияда өмір сүрген мемлекет. Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.. Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым Цин династиясы-1644-1911 ж.ж. Қытайдағы маньчжур императорлық әулеті Қытайды жаулап алу нәтижесінде Қытайдың билік басына келген. 1911-1913 ж.ж. Синьхай революциясы кезінде тақтан құлатылды. Жапон-Қытай соғысы-1894-1895 ж. болды. Жапонияның үстемдігімен, Симоносек келісіміне қол қойылды. Ол бойынша Кореяға сюзерендігінен бас тартты, Жапонияға Пэнхуледао аралдары мен Тайвань аралын және контребуция төледі. Синьхай революциясы- 1911-ж. Учан көтелісінен басталады. (Қытайдың ескі календары бойынша «Синьхай» жылы).Маньчжурлық Цин династиясын құлатып, республика жарияланды. Сунь Ятсен- (1866-1925) 1911-жылғы монархияны құлатқан революциялық қозғалыстың қайраткері. 1905 жылы Тунмэнхуй одағын құрды. Осы жылы өзінң атақты үш принципін жариялайды. 1925-жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Қытай Халық Республикасы-1949 ж.1-қазанында жарияланды.(ҚХР) Мао Цзэдун басшылығымен жек меншікті национализациялау мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жүргізді. 1958-1960ж.ж. Үлкен секіріс жылдары экономикалық өсу қарқынын жеделдету, өндіріс өнімдерін қоғамдастыру, ауыл шарушылық кооперативтерін жоя отырып, халықтық коммуналар және т.б. құрылды. Мәдени революция (1966-1976ж.ж.) халық шаруашылығының дағдарысын ұшықтырып жіберді. Мао Дзедун (1893-1976)- 1943-ж. Қытай коммунистік партиясының Орталық Комитетінің төрағасы. ҚКП негізін қалаушылардың бірі. 1954-1959 ж.ж. ҚХР төрағасы. 1958-1960ж.ж. Үлкен секіріс саясаты оның мемлекеттік позициясын әлсіретті. 1959 ж. бастап жеке басқа табыну басталды. Мәдени революция (1966-1976ж.ж.) Қытайдың бұдан былайғы дамуына зияны зор болды. Дэн Сяопин(1904-1997)-Қытайдың саяси қайраткері. Мао Цзэдун қайтыс болған соң Қытайдағы экономикалық реформалардың инициаторы. 1981-1987-ж.ж. ҚКП-ның Ок-нің Әскери кеңесінің төрағасы, 1983-1990 ж.ж. ҚХР Әскери кеңесінің төрағасы. Қытай реформаларының архитекторы. Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. 2. Дәрістер 1-дәріс. Кіріспе Қытай мемлекетінің күш –қуатының дамуы оның мәдениетінің өсуінен де көрінеді. Деректердің көрсетуі бойынша бұл кезде академиялар, кітапханалар ашылады, жазушыларды қолдап отырады, көпшілік алдында чиновниктерден емтихан алынып, олардың мамандығын арттыруға қамқорлық жасалады. Бірақ, мұның бәрі сырапекі көрініс, бос салтанат еді. Еңбекші халықтың қалың бұқарасы ауыр жағдайда болды. Мұны тап қайшылықтарын бәсеңдетуге тырысқан селолық және қалалық халықтың, сірә, көптеген орта ттоптарының ұсынуы бойынша көтерілген узурпатор Ван Манның реформалары көрсетеді. Бұл кезде таптық қанаудың түрлерін бәсеңдету мақсатын көздеген теориялар кең өріс алды. Әлеуметтік қайшылықтарды біраз бәсеңдету арқылы тап күресін тұншықтыруға әрекет істеледі. Дун Чжун –шудың және Ван Чуннің теоричлары мен Ван Ман жүргізген реформалар сол мақсатқа бағытталған еді. Ван Ман ірі жер иелерін конфискелеп, жер қорын қайта бөлмекші болды, құлдарды сату және сатып алуды тоқтату, бағаны заң арқылы тәртіпке салып отырмақшы болды, сонымен қатар сауда өміріне белсенді түрде қатынасуды ұсынды. Сөйтіп, мемлекеттік өкімет елдің шаруашылық өміріне неғұрлым күшті бақылау жасау үшін пайдаланылады. Бірақ бұл реформалар сәтсіздікпен аяқталады. Небәрі үш- ақ жыл өткен соң Ван Манға құлдарды сатуға және сатып алуға қайтадан рұқсат беруге тура келді. Шан (Инь) патшалығы берік болмайды. Жазба тарихи аңыздарда бағындырылған тайпалардың көтерілістері жайлы бірқатар деректер ұшырасады. Әсіресе Вэй өзенінің екі жағын жайлаған батыстағы Чжоу тайпалары қауіпті жау болып шығады. Бұл тайпаның көсемі У Ван Шан династиясының соңғы өкілі Шоу Синьді соғыста жеңіп шығады да, бұл соңғысы өзін-өзі өлтіріп тынады. Бұрынғы патшалықтың қираған орнында енді Чжоу патшалығы құралады. Ол б.э.д ХІІ ғасырдың аяқ кезінен б.э.д ІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Қытайда біртұтас суландыру жүйесін жасау және өзен суларын бүкіл ел көлемінде белгілі жүйемен бөліп отыру үшін әр түрлі аймақтардың күш біріктіруі керек еді, ал бұл бытыраңқылық жағдайда мүмкін болмады. Бөгеттерді өзге аудандармен келіспей салудың өзі табиғат апаттарына ұшыратып отырды. Екінші жағынан жауласушы патшалықтардың шекараларындағы кедендік кедергілер шаруашылық қарым-қатынасқа бөгет жасады. Сонымен бірге таптық күрестің күшеюі мен көшпенділердің қауіп төндіруі де билеуші топтар арасында елдің бірлігін қайта қалпына келтіруге деген талпыныстар туғызды. Ішкі және сыртқы жауларды басып отыру үшін Қытай құл иеленушілері орталық биліктің күшейтілуін қалады. Б.э.д І V ғасырда Цин патшалығында маңызды реформалар жүзеге асырылды, оның инициаттары Шан Ян атты сановник еді. Мемлекет қызметіндегі аристократияға және саудагер -өсімқорлар топтарына сүйене отырып, бұл реформалар патриархалды отбасы негіздері мен селолық қауымға күшті соққы берді. Шан Ян ірі отбасылардың ұсақталуы мен олардың дүние мүліктерінің бөлініп отыруын қолдады, сондай-ақ қауымдық үлес жерлерді ашықтан ашық және ешқандай кедергісіз сатуға және сатып алуға рұқсат етті. Алым-салық күшейе түсті. Қос дөңгелекті әскери арбаларды барған сайын, көршілес дала тұрғындарының үлгісі бойынша жасақталған, жылдам қозғалуға және соғыс әрекеттеріне қолайлы атты әскерлер ығыстырып шығара бастады. Қатаң тәртіп орнатылды және ынталандыру мен сыйлық тартудың тұтас жүйесі жасалды. 2 –дәріс. Қытай ойшылдарының тарихы: қалыптасуы және дамуы Ежелгі Қытайдың саяси ой-пікірлері. Конфуций (Кун-цзы) (Шамамен б.з.д. 551- 479 жылдар) Конфуциандық ілімінің негізін қалаушы. Ол ілім атадан-балаға ауысатын мұралық аристократияның мүддесін жақтайды және әлеуметтік тәртіптердің мызғымастығын қолдайды. Адамдарды әділдіктің заңдылығы тұрғысынан төменгілер және жоғарғылар деп екіге бөледі. Билеушінің өкіметін аспан сыйлаған қасиетті ұғым деп түсіндіреді. Халықтың өкімет өкілдеріне жақындай түсуі — елді басқару өнеріне жатады дейді. Ал, биліктің өзі Конфуцийдің айтуы бойынша, халықтың қауіпсіздігін, оның материалдық тұрмыс- жағдайын қамтамасыз ету және халық тарапынан өкіметті қолдау болып табылады. Конфуцианшылдық доктринасы мынау – бабаларды құдайдай санау, ата-анаға табыну, төменгілердің жоғарғыларға мүлткісіз бағынуы. Өзін-өзі ұстаудың бұл регламенті – қоғамның әрбір мүшесінің санасына, адамдардың психологиясына кірігіп кетті. Аталған доктрина, насихат мына сөйлемде тайға таңба басқандай танылады: «Жоғарыдағы мен төмендегінің өзара қарым-қатынасы жел мен шөптің қатынасына тең: жел соқса шөп иілуге тиіс». Заманында идеологиялық және моралдық тетікті ұстаған әскери-феодалдық сословие конфуцианшылдықты пір тұтуы, буддизмді ұстануы жайдан-жай емес. 3-дәріс. Чжоу дәуірі. Ши Бо (б.з.д. 7 ғ) - ертеқытай кезеңінің ойшылы. Ертедегі Қытайдың классикалық көркем әдебиетінде, Чжоу тайпаларының Инь патшалығын жаулап алғанын және солтүстік Қытайда әрі үлкен, әрі күшті Чжоу мемлекетінің құрғанын суреттейтін бірсыпыра аңыздар бар. Сол аңыздарға қарағанда, Чжоу патшасы Вэнь Ван, батысқа зор жаулау жорықтар жасап, Чжоу елінің шекарасын кеңейтеді. Чжоу мемлекетінің солтүстік Қытайда, Хуанхэ өзені бассейнінде үстемдік жүргізуге ұмтыла бастаған кезінде, Чжоу билеушілерінің біреуінің айқын айтқан мынадай сөздері сақталған: «Біздің мемлекетіміз жүниежүзілік мемлекет болғанға дейін, теңіз шетінен, күннің шығысынан осы жерге дейін біздің заңымызды тыңдамайтын бірде-бір адам қалмағанша біз Вэнь Ван патшаның бастап кеткен ісін соза беруге, жалқаулықтың қандайынан болса да бастартуға тиіспіз.» Инь патшалығының ішкі әлсіреуімен пайдаланып, Чжоу патшасы У Ван өзінің патшалық құруының 11 – жылы көп әскермен шығысқа аттанып, жау әскерін толық жеңіп, Инь мемлекетін талқандап жаулап алды. Біздің эрамызға дейінгі ХІІ ғасырда солтүстік Қытайда Чжоу мемлекетінің орнауы туралы айтылатын кейініректегі ертегілерде осылай суреттеледі. Чжоу династиясы заманындағы мемлекеттік құрылыс системасын Чжоу –Ли трактаты бойынша зерттеуге болады. Сол дәуірдегі Қытайдың ертедегі байтақ мемлекетінде, патша атынан бүкіл елді басқаратын, бюрократиялық күрделі аппарат пайда болды. Патша маңында мемлекетті басқарудың жоғары орындарына ие болған, аристократ чиновниктерінің едәуір тобы пайда болды. Кейін келе патша шаруашылығын, патша сарайын басқаратын, сот жұмыстарын және діни істерді ұйымдастыруды басқаратын басқа да чиновниктер шығады. Әсіресе көңіл аударарлық нәрсе, қылмыс істері жөніндегі бас судья және император бабаларының дін жоралары жөніндегі бас абыз бөлініп шығады. Сот жұмысы біртіндеп қалыптаса бастады, жазбаша заңдар, ертедегі заң жинақтары шығарылды. Ол заңдардың көздеген негізгі мақсаты, тап құрылысының мызғымастығын және құдаймен теңестірілген патшаға ешкімнің тие алмауын заң жүзінде бекіту болды. Ертедегі диспотияға тән болып келетін, патша өкіметін құдай тұтыну идеологиясының сырт бейнесі. Патша сарайындағы сән-салтанаттан да көрінеді. Патша резиденциясы мемлекеттің де астанасы болды. Тарихи дәстүрде Чжоу мемлекетінің басты қалалары мен астаналарының Фэнь және Хао қалаларының аттары сақталған. Қытайдың Чжоу заманындағы саяси тарихын ертедегі аңыздарға және ақиқаттау болып келетін өте кейінірек кездегі деректерге сүйеніп анықтауға болады. Чжоу династиясының патшалары Инь мемлекетін жаулап алып, үлкен және күшті патшалық құрды. Чжоудың ертедегі династиясынан тек бірінен соң бірі болған патшалардың аты ғана мәлім. Б.э.д V - І V ғасырларда жазылған «Көктің ұлы Мудың тарихында» сол заманға жататын ертедегі аңыздар сақталған. Осы ертедегі аңыздарда Чао және Му патшалар, мемлекеттің шекараларын ұлғайтқан, ұлы жаулап алушылар есебінде бейнеленді. 4-дәріс. Чжаньго дәуірі – «Қытай тарихының алтын ғасыры». Кезең ойшылдары: Даосизм негізін салушылар – Лао-Цзы, Чжуан-Цзы, Ян- Чжу Қытай мемлекетінің күш –қуатының дамуы оның мәдениетінің өсуінен де көрінеді. Деректердің көрсетуі бойынша бұл кезде академиялар, кітапханалар ашылады, жазушыларды қолдап отырады, көпшілік алдында чиновниктерден емтихан алынып, олардың мамандығын арттыруға қамқорлық жасалады. Бірақ, мұның бәрі сырапекі көрініс, бос салтанат еді. Еңбекші халықтың қалың бұқарасы ауыр жағдайда болды. Мұны тап қайшылықтарын бәсеңдетуге тырысқан селолық және қалалық халықтың, сірә, көптеген орта ттоптарының ұсынуы бойынша көтерілген узурпатор Ван Манның реформалары көрсетеді. Бұл кезде таптық қанаудың түрлерін бәсеңдету мақсатын көздеген теориялар кең өріс алды. Әлеуметтік қайшылықтарды біраз бәсеңдету арқылы тап күресін тұншықтыруға әрекет істеледі. Дун Чжун –шудың және Ван Чуннің теоричлары мен Ван Ман жүргізген реформалар сол мақсатқа бағытталған еді. Ван Ман ірі жер иелерін конфискелеп, жер қорын қайта бөлмекші болды, құлдарды сату және сатып алуды тоқтату, бағаны заң арқылы тәртіпке салып отырмақшы болды, сонымен қатар сауда өміріне белсенді түрде қатынасуды ұсынды. Сөйтіп, мемлекеттік өкімет елдің шаруашылық өміріне неғұрлым күшті бақылау жасау үшін пайдаланылады. Бірақ бұл реформалар сәтсіздікпен аяқталады. Небәрі үш- ақ жыл өткен соң Ван Манға құлдарды сатуға және сатып алуға қайтадан рұқсат беруге тура келді. Шан (Инь) патшалығы берік болмайды. Жазба тарихи аңыздарда бағындырылған тайпалардың көтерілістері жайлы бірқатар деректер ұшырасады. Әсіресе Вэй өзенінің екі жағын жайлаған батыстағы Чжоу тайпалары қауіпті жау болып шығады. 5-дәріс. Конфуцийшілдіктің негізін салушылар – Конфуций, Мэн-Цзы, Сюнь-Цзы Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдікфилософиясы (жу цзя). Кейін басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты. Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бірігіп, Қытайдағы философия мен діннің үшінші тармағы болған қытайлық буддизмді (чань-буддизм) құрады. Елдің әлеуметтік- мемлекеттіл құрылымының түбірлі өзгеруі нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстыру мен философтар академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір- біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» («жэнь чжэн») теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. 6-дәріс. Моизмнің негізін салушылар - : Мо Ди, Цинь Хуали, Мэн Шэн, Тянь Сян-цзы, Фу Дунь Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім «Дао дэ цзин», «Чжуан-цзы» атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан- цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік- рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.).Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 – 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси филосафия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз – марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады. 7-дәріс. Легизмнің негізін салушылар - Ли Куй, У Ци, Шан Ян, Хань Фэйцзы, Шэнь Дао Легизмнiң қалыптасуы ертедегi конфуцийшылармен өте өткiр күресте өттi. Конфуцийшылар мемлекеттi әдептiлiкке негiзделген заңдар арқылы билеудi жақтаса, легистер - тек таза заңға сүйенiп билеудi қоштайды. Легистердің ұғымы бойынша адамгершiлiк негiзiнде билеу қылмыстың көп болуына мүмкiндiк бередi. Ал елде тәртiпсiздiк болмас үшiн билеушi мақтаудан гөрi, жазалуды көбiрек қолдануы керек. Қандай да болмасын жазалау арқылы халық арасында үрей және сенiмсiздiк тудыру қажет. Мемлекеттi билеу және оның дамуы iзгi тiлектiң негiзiнде емес, жердi өңдеу, әскердi нығайту жолдарымен дамиды. Сонымен бiрге, халықты ақымақ ету арқылы iске асады. Легистердiң концепциясы - деспоттық мемлекеттiң теориясы. Моистер мектебi оның негiзiн салған Мо-цзы атымен аталды (шамамен б.з.д. 475-395 жж). Жас кезiнде Моцзы Конфуцийдiң шәкiртi болды, кейiн оның мектебiн тастап, өз мектебiн, оған қарама-қарсы бағыттағы – моизмдi құрды. Моизм философиялық тұжырымдаманың негiзгi қағидасы: жалпыға бiрдей махаббат және адамшылық мемлекетте барлық адам үшiн мiндеттi болуы керек және барлығы да өзара пайдаға қамқорлық жасау керек. Адамды сүю және олардың алып келетiн олжасының бiрлiкте болуы жөнiнен олар Конфуциймен ажырасады. Пайданы - мазмұн, адамды сүю және борыш ретiнде қарайды. Мо-цзы утилитаризм (жақсылық - бақыт орнататын, пайда келтiретiн адамгершiлiк деген уағызбен тап қайшылығын бүркемелеушi, жекешiл iлiм) тұжырымдамасын дамытады, ал Конфуций үшiн ең алдымен борыш, гуманизм болды. Моц-зы әлеуметтiк этикаға аса көп көңiл бөлдi, оны мемлекет басшысының деспоттық билiгiмен, қатал мекемелермен байланыстырады. Мо Конфуцийға: “Теориямен айналысу – пайдасыз әрекет, ең бастысы прагматикалық мақсат болу керек”,- деп қарсы шығады. Мо-цзы Конфуцийдың “аспан еркi” тұжырымдамасының орнына “аспан еркiн терiстеу” теориясын ұсынады. Конфуцийше, кедейлiк пен байлық, тыныштық пен қатер, билiктiң бейбiтшiлiгi мен бүлiктiң болмауы, аспанның еркiне байлынысты, бұған ештеңенi алуға да, қосуға да болмайды. Бұл пiкiр консерваторлық (керiтартпа), адамның iс-әрекетiн аспан еркiне бағындырады. Мо-цзы керiсiнше адам белсендiлiгiн, қоғамдық тәртiптi өзгертуге ұмытылуын қолдайды. Бiрақ, сол замандағы Қытайда мұндай пiкiрдi бүлiк пен толқудың себебi болады деп есептеген. Ежелгi Қытайдың өзiндiк тарихи ерекшiлiгiне байланысты, оның ойшылары әлеуметтiк этикалық және саяси мәселелерге ерекше көңiл аударды. 8-дәріс. Есімдер мектебінің негізін салушылар – Дэн Си, Хуэй Ши, Гунсунь Лун, Мао-Гун Адам және адамзат қоғамы, табиғаттың бiр бөлiгi, болғандықтан, олардың дамуын да Дао шешедi. Бұл жолға түскендердiң мiндетi, Даоны түсiну және өмiрi оған сай болуы керек. Осыған сай Дао этикасының негiзге алған принципі: адамда жоғарғы Дэнiң болуы әрекетсiз және енжарлықты iске асыру, ол “iзгiлiктi iс жасауға ұмытылмайды, сондықтан - рақымшыл”. Шынайы дана билеушi даосистердiң пiкiрiнше, өзiнiң қол астындағыларға табиғи жолмен (Дао жолымен) жүруге мүмкiндiк бередi. Ондай билеушiлер ештеңеге араласпайды. Олардың бар екенiн халық естiгенi болмаса, бiлмейдi, онымен тiкелей байланыспай, әрқайсысы өз жолдарымен жүредi. Сондықтан да даоистер дао жолымен жүргендердi заң арқылы шектеуге қарсы болды. 9-дәріс. «Инь-ян» мектебі - Цзы-вэй, Цзоу Янь, Чжан Цан Біздің Қытай деп атайтын елді қытайлықтардың өздері бірде Чжун Го Ортада жатқан патшалық, бірде Чжун Хуа ортада жатқан гулденген ел десе, бірде династиялардың аттарымен мысалы Цинь атаған. Бұл соңғы атау кейбір өзгерістермен батыс европалық географиялық ресми тізімге енген. Қытай мемлекеті бастапқыда Хуан Хэ басейнінде пайда болады да, бірте – бірте өзінің қазіргі шегіне жетеді. Хуанхэ қытай әдебиетінде жүректі жарақаттайтын өзен ретінде аталды. Ол өз арнасын жиі өзгертіп, жағалаудағы бос топырақтандырып, көп жерлерді судың астында қалдырып отырған. Тек адамдардың табанды еңбегі ғана оны ауыздықтап, плотиналар салу жолымен құнарлы алқапты қауыпсіздендіре алатын бол ды. Қытайдың халық аңыздарының бірінде Юй есімді лифтік патшалардың бірі өзен жағалауларын бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін даңққа бөлінетіні туралы айтылуы тегін емес. Солтүстік Қытайдың жері негізінен орманды өте құнарлы болып келеді.Ежелгі Қытайда елеулі мөлшерде орман алқаптары болған қазір көп жерлерде ол жойылып кеткен, тек шеткері аймақтарда ғана сақталған. Оның табиғаты мен жан – жануарлар дүниесі, ежелгі Қытай авторларының суреттеулеріне қарағанда бай және әр түрлі болған, мұны археологиялық қазбалар да растайды. Қазір халық тығыз орналасқан көп жерлерде бұғылар, қабандар, аюлар және жолбарыстар сияқты жыртқыш аңдар көп болған. Қытай әндерінің ең ежелгі жинағында Ши Цзин жыл сайын көпшіліктің жаппай түлкілерді және жабайы мысықтарды аулауға шығатыны жайлы сөз болады, әрі мұның өзі қазіргі кезде жабайы аңдары мүлде дерлік құрып кеткен. Хуанхэ бассейнінде болғаны айтылады. Қытайдың экономикасы дамуы үшін оның тауарларында кендер мен өзгеде пайдалы қазбалардың молдығының үлкен маңызы болды. 10-дәріс. Хань дәуірінің философы және мәдениет қайраткері Дун Чжуншу (б.з.д. 2 ғ.) - «Хань дәуірінің Конфуцийі» атағын алған. Конфуций ілімі адамгершілік негіздегі рухани оқу ретінде буддизм мен даосизмнен тыс жеке өмір сүрмеген. Конфуций ілімін ұстанған адам бір мезгілде буддизм немесе даосизм заңдылықтарын да ұстана алатын. Осы «үш оқу» негізінде қалыптасқан орта ғасырдағы адамның дүниетанымы, ең алдымен, қытай, кейін корей, жапон және вьетнам әдебиеттерінде толығымен көрініс табады. Жалпы, қытай халқы ерте дәуірдің әдебиетін қадір тұтқан. Ерте дәуірдегі Қытайдың атақты ақындарының бірі Тао Юань-мин. Оның ІІІ ғ. Цао Чжи, Жуань Цзи, Цзо Сы сияқты замандастары қытай поэзиясының дамуына өз үлестерін қосқан. Халық әндерінен бастау алып, ортағасырлық қытай поэзиясынан орын алған бес сөзді өлеңді әлемнің жаңа көркем көрінісі ретінде поэзияның өмірге келуі, бір сөзбен, қоғамдық дамудың белгісі ретінде қарастырған жөн. Конфуций ілімі дидактизм ежелгі дәуірдің ортағасырлық қытай поэзиясының адамгершілік қасиеттері мен оның авторының адамгершілік бейнесімен ұдайы араласуын негізгі шарт етіп қойған. Конфуций өз замандастарын ежелгі дәуірдің әдеби мұрасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа еш өзгертусіз жеткізуді үйретеді. Яғни, әрбір жеткізуші нақты жылдар мен оқиға болған жерді, оған қатысушылардың есімдерін дәл айту арқылы өзіне дейін жеткен мәліметтерді ойдан шығармай, нақты дәлелдермен айтып отырғанына сенімді болады. Осы жерден ақын пен қоғамның күнделікті өмірдегі шынайы жағдайларымен тығыз байланысты қытай поэзиясының өмірбаяндық және «күнделік» жанрлары қалыптасады. 11-дәріс. Қытай тарихының алғашқы авторы - Сыма Цянь (б.з.д. 145-86 ғ.ғ.) Б.э. бұрынғы II ғасыр мен Iғасырдың басында атақшы тарихшы Сыма Циянь деген кісі өмір сүрді. Ол қыруар көп жазба документтерді жинады, зерттеді. Сыма Цянь бүкіл Қытайды дерлік аралып, негізгі тарихи оқиғалар болған жерлерде болып, ежелгі ескерткіштерді көрді. Тарихшы өткен заман жайындағы оқиғалардың басы – қасында болған адамдардың әңгімелерін және басқа да көптеген әңгіме аңыздарды жазып алады. Өз басы да талай оқиғалардың куәсі болған – ды. Міне осы деректердің баршасынан негізінде Сыма Цянь көне заманнан өз өмірінің соңғы жылдарына дейінгі Қытай тарихын жазады. Өзінің бар өмірін сарп етіп жазған кітабын Сыма Цянь Тарихи жазбалар деп атайды. Ұлы Қытай қорғанының салу. Цинь Ши – Хуанди елді гундардан қорғау үшін қорған салуға бұйырды. Гундардың жауын гер тайпалары Қытайдың солтүстік жағында көшіп жүрді де, Қытайдың қалалры мен селоларына шабул жасай берді. Құрылысқа қырулар көп шаруа, құл әскер және сатталған адамдар жинап әкелінді. Қорғанды салу кезінде мыңдаған адамдар өлді, аңыздың айтуынша, олардың денесі қорғанға қаланып, сыланып кеткен. Олардың орнына жаңа жұмыскерлерді айдап әкелген.Олар Қытайдың солтүстік шекарасының бойына тастап, топырақ пен қыштан мұнаралы қорған салды. 12-дәріс. 1000 ғ.- б.з. • Чжан Цзай (ХІ ғ.) • Ван Ямин (1472—1529) • Янь Юань (XVIII ғ.) • Хоу Вайлу (1903—1987) және Ду Госян (1889—1961) Қытай халқының ертедегі тағдырын зерттегенде осы күнгі тарихшы тек тергі кездегі тарихи дәстүрге ғана емес, сонымен қатар ертедегі документтер мен материалдық мәдениет нұсқаларына да сүйене алады. Ертедегі Қытайдың экономикалық және техникалық даму дәрежесі туралы археологиялық материалдар біраз түсінік береді. Ертедегі Қытайдың тарихи қағидасы толып жатқан өте ерте кездегі классикалық әдебиетте – тарихи, діни-философиялық және көркем әдебиет шығармаларынан орын алды. Кейбір классикалық әдебиеті ж.э. дейінгі V-III ғасырларда тұтасымен өңделуден өткен, сол кезде үстем болған діни- философиялық теория ықпалымен жаңадан қайта түзетіліп, бұрмаланған. Көне заманның көптеген жұрнақтары Қытайдың атақты «Жырлар кітабында» жинақталған. Қазіргі кезде құжаттар мен археологиялық мәліметтер негізінде зерттеуге болатын Қытай тарихының аса ертедегі дәуірі – Шан-Инь мемлекеттерінің өмір сүрген дәуірі. Қытай дәстүрінде 1400 жылдар шамасында көсем Пань Гэн өз тайпасын алып келіп, Хуанхэ өзенінің бойында «Үлкен Шан қаласын» салдырған, бүкіл мемлекетте және патшалар династиясында осы қаланың атымен аталған делінеді. Біздің эрамызға дейінгі ХІІ ғасырда Вэй өзенінің алқабында тұратын Чжоу тайпалары Шан мемлекетін жаулап алып, оған ерекше «Инь» деген ат берді. Аңыздың айтуына қарағанда, бұл көсем қаһарлы жаулап алушы болмаған; ол қасындағы тайпаларды бейбітшілік жолымен билеп басқарған. Инь заманындағы өте ерте кездегі жазбалардан алуға болатын шала тұрпы мәліметтер сол кездегі мемлекеттің құрылыс жүйесі туралы тым жалпы түрде ғана айтуға мүмкіндік береді. «Жырлар кітабында» барлық жердің патшаға тиісті екендігі туралы айтылған. «Кең аспанның астында патшанікі болмаған жер жоқ» дейді. Мемлекетке, оның жоғары өкілі – патшаға тиісті болған сол жерлерде егіншілік шаруашылығы зор көлемде ұйымдасқан. Патша табиғаттан тысқары күш ретінде көрсетілді, оны құдаймен теңестіретін болған, кейде тіпті, құдай деп те атаған. Ертедегі құл иеленуші қоғам пайда болған заманда патша, көп ретте бас священник те болған. Ертедегі Қытайда ата-бабалардың және құдайлар дін жораларының басты-басты діни мейрамдарын патшаның өзі атқарғаны бізге мәлім. Біртіндеп ертедегі ру өкілдерінен, одан кейін құл иеленуші шонжарлар өкілінен құралған шонжарлық бюрократия қалыптасады. Ерекше жоғары мансапты шонжарлар, патшаның ел басқару жөніндегі көмекшілері болды. Олардың ішіндегі көзге түсетіндері: ұлы хатшы, қазаншы, патша сарайындағы салтанаттарды басқарушы және басқа жоғары мансапты адамдар. Сөйтіп, қоғамның алғашқы екі тапқа – құл иеленуші тап пен құлдар табына жіктелген заманда солтүстік Қытай территориясында пайда болған ертеректегі мемлекет, қалың еңбекшілер бұқарасын басып отыру жәнге езу мақсатымен, ертедегі шығыс деспотияның түріне айнала бастады. Патша руы, ертедегі Египеттегідей, зор қоғам деп есептеліп, оның мүшелері мемлекеттік және соғыстың басқару жөнінде жоғары қызмет орындарына ие болған. «Патша» (ван) деген сөзді көрсететін терминнің өзі де Инь жазбаларында кездеседі. Қытай филологі Го Можо осы күнгі «Ван» (патша) және «цзу» (баба) деген таңбалардың балгерлік жазбаларда кездесетін ескі замандағы түрлері бір-бірімен ұқсас дегенді айтады. 5.МӨЖ |1 |Б.э.д VIII-III ғ. Ежелгі қытай | |2 |Қытай тарихы бойынша библиографиялық көр | | |Сеткіш дайындау | |3 |Қытай тарихының тарихнамасы бойынша монографиямен жұмыс | |4 |Ерте ортағасырлардағы Қытай және Хань кезеңі | |5 |Ежелгі замандағы Қытай мәдениеті | |6. |ІІІ-VІІ ғ. Қытайдағы феодалдық қатынастардың дамуы | |7 |Кейінгі орта ғасырлардағы Қытай | |8 |Цин империясы | |9 |Шетелдіктердің Қытайды күштеп ашуы | |10 |Тайпиндер көтерлісі | |11 |ХІХ- ІІ-жартысындағы Қытайдың сыртқы жағдайы | |12 |Гоминданттық Қытай | |13 |Мәдени революция және оның зардаптары | |15 |Қазіргі таңдағы Қытай |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz