Файл қосу
Алаш ісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК | | | | |ДП 042-1.01-2014 | |«Алашорда қозғалысы: |№2 басылым | | |тарихы және тарихнамасы» |13.09.2004 | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |кешені | | | «Алашорда қозғалысы: тарихы және тарихнамасы» пәні бойынша тарих мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық сабақтар 4. Студенттердің өздік жұмысы 1 Глоссарий 1. Алаш козғалысы - XX ғасырдын алғашкы ширегінде Ресей империясының отарлык билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттык қозғалыс. Сол кезде қазақ қоғамы үшін халкының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайык жана күрес құралдары, әдіс - айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат мүдделерді түсіндіретін, жеткізетін саяси әлеуметтік күшке сұраныс үлкен еді. Ол күш сан жағынан аз болғанымен, тез ысыла бастаған, ұлттык интеллегенция, қазақ оқырмандары болатын, олар осы қозғалыстың негізін қалады. Алаш қозғалысы 1917 жылы ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылы көктемде және жазда қазақ комитеттерінің пайда болуы, күзге қарай Алаш партиясының және Алашорда өкіметтерінің кұрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болды. 2. Алаш партиясы - Қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы /1917- 1920жж./. 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпы қазақ съезі саяси партия құру туралы мәселе қарады, шешім қабылданды. 3. Алашорда /Ұлт Кеңесі/ өкіметі - Екінші жалпықазақ съезінде /1917 ж. желтоқсан /өмірге келді, құрылды. Ұлттық Кеңес мүшелері түгелге дерлік Алаш партиясы атынан қатал күрделі жағдайда жұмыстар жүргізді. Қым-қиғаш азамат соғысының сұрапыл күндерінде Алашорда өкіметі халқының ертеңгі нұрлы болашағы үшін жұмыстар атқарды. Алашорда - Алаш автономиясының өкіметі ретінде /1917 жылғы желтоқсан - 1920 жылдар/ аралығында Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан қорғау мақсатында іс-шаралар жасап, оны қорғауға тырысты. 1918 жылы 18 қаңтарда қызылдар жасағы Орынборды басып алғаннан соң, Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, бірлігінен айырылып қалды. Семей және Орал өңіріне Шығыс және Батыс бөлімдері болып бөлініп кетті. Ендігі жерде негізінен Алашорданың уакытша тұратын орны - Семей қаласы болып белгіленді. Ә.Бөкейханов және оның серіктері Кеңес өкіметін танымай, өз өкіметінің жұмыстарын орындауға бел буды. Алашорда азамат соғысы жылдарында Кеңес кұрылысына жау күштері жағында болды. Алаш қозғалысына қатысқандарға /1919-1920 жж./ кешірім жасалғанымен олар түгелге дерлік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. 4. Аграрлық мәселе - жер иелену; жерді пайдалануға байланысты мәселелер; өнеркәсіпке қарағанда ауыл шаруашылығы өндірісінің басымдылығын сипаттайтын мәселелер. 5. Ақ гвардия - Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күрес жүргізген құрамалар. Ақтардың әскери күші Қызыл гвардияға (Кеңес тәртібіне) қарсы күрес жүргізді. 6. Азамат соғысы - Бір мемлекеттің аясындағы, ішіндегі әлеуметтік күрестің неғүрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) өкімет билігі үшін күресі. 7. Анархия - өкімет билігінің жоқтығы; стихиялық, берекесіздік, ұйымдаспағандық т.б. 8. Автономия (өзін-өзі басқару) - Мемлекеттің белгілі бір аймағындагы кең көлемді ішкі басқару; бірыңғай заң (конституция) негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі. 9. Апогей - Қандай да бір құбылыстың гүлдену, шарықтау шегі. 10. Анархизм - белгілі бір мемлекеттік билікті, ұйымдасқан саяси күресті жоққа шығаратын анархияны насихаттайтын қоғамдық саяси ұйым. 11. Антанта - құрамында Ұлыбритания, Франция, Ресей енген әскери одақ. Блок 1904-1907 жылдардан бастап қалыптаса бастады, алғашқы жаһандық соғыста Германия бастаған Үштік одаққа қарсы соғысты. 12. Авантюризм - кездейсоқ табысқа жету есебімен, тәуекелге бел бұған әрі күдікті іс. 13. Анархист - анархизмнің жақтасы, анархистік ұйымның мүшесі. 14. Амнистия - жоғарғы өкімет орындарының адамдардың белгілі бір топтарын сот жазасынан ішінара немесе толық босатуы. 15. Әскери коммунизм - Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920жж.) әлеуметтік экономикалық саясаты. 16. Бірінші дүниежүзілік соғыс - 1914-1918 жж. аралығында /Антанта-Үштік Одақ/ оны жақтаушылардың арасында болған соғыс. 17. Билік - Ерік, бедел, күш, құқықтарды пайдалана отырып, адамдарға әсер ете білу қабілеті, саяси үстемдік, саяси органдар жүйесі, саясатты жүзеге асыру құралы. 18. Буржуазия - кейінгі ортағасырлар кезеңінде пайда болып, буржуазиялық төңкерістер нәтижесінде үстем тапқа айналған әлеуметтік топ. 19. Буржуазиялық революция - басты міндеті феодалдық құрылыспен оның сарқыншақтарын жою, буржуазиялык билік орнату, буржуазиялық мемлекет құру үшін жасалынатын төңкеріс. 20. Большевиктер - Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясының фракциясы. 21. БОАК - Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті. 22. Гегемон - басшы, кесем 23. Гегемония - басшылық жағдай, қозғалыс күрес барысындағы басшылықты қолға алу үшін саяси күштерді пайдалану. 24. Дүниежүзілік соғыс - Дамыған капиталистік елдердің ықпал ету аймақтары, шикізат көздері, дүниежүзілік үстемдік жолындағы қарама- қайшылықтардың шиеленісу нәтижесі. 25. Диктатура (шектеусіз билік) - Жеке адамның, топтардың, таптардың ешқандай шектеусіз үстемдік етуі. Көсем бастаған адамдардың белгілі бір тобының саяси экономикалық, идеологиялық салалардағы билікті жүзеге асыруы. 26. Декрет - Мемлекеттік жоғары органдардың заңдық күші бар құжаты (Бітім туралы, Жер туралы декрет т.б.). 27. Директория — кейбір уақытша өкіметтердің атауы. 28. Декларация /жариялау/ - Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялар мен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме. 29. Дискредитация - әлдекімге, әлде нәрсеге деген сенімге, әлде кімнің атақ-абырой, беделіне нұқсан келтіру 30. Ереуіл - жұмысшылардың, қызметшілердің ұжымдарының белгілі экономикалық және саяси талаптарының қанағаттандыру барысында наразылық көрсетуі (жұмыстарын тоқтатуы, шерулерге шығуы т.б.), еңбек ету барысындағы дауларды реттеуге арналған шаралар. 31. Жұмысшы депутаттарының Кеңестері - өзін-өзі басқару ұйымдарын құру нәтижесінде, халық бұқарасының құруы негізінде пайда болған, сайланбалы саяси жұмысшы органдары, Жерді национализациялау - өтемсіз тартып алу, немесе толық, ішінара сатып алу арқылы жерді жеке меншіктен мемлекеттік меншікке айналдыру. 32. Империя - император басқаратын монархиялық мемлекет, бірорталықтан басқарылатын, экономикалық саяси дербестігінен айрылған аумақтардан құралған мемлекет; өнеркәсіптің тұтас бір саласына, қандай да бір қайраткерлікке бақылауды жүзеге асыратын ірі монополия. 33. Кеңестер - 1905-1917жж. төңкеріс жылдарында пайда болған (жұмысшылар мен қызметшілердің Кеңестері, шаруа депутаттарының кеңестері, солдат (матрос) депутаттарының кеңестері) тәрізді саяси сайланбалы ұйымдар. 34. Халық Комиссарлары Кеңесі (ХКК) - Кеңес мемлекетінің 1917-1946 жылдар аралығындағы жоғарғы атқарушы және жарлық етуші органы, өкіметі. 35. Контрреволюция - әлеуметтік революцияның нәтижесінде кұлатылған таптың немесе басқа да әлеуметтік топтардың күні біткен қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қалпына келтіру немесе сақтап қалуға бағытталған күресі. Контрреволюцияның формалары мен әдістері әртүрлі: қастандықтар, бүліктер, Азамат соғысы, саботаж, диверсиялар, блокада, шетелдік интервенция т.б. 36. Коррупция (сатып алу) - зандылықты бұзу жолымен лауазымды адамның өзінін қызмет ету жағдайын, жеке басының баюы мақсатында пайдалануы. 37. Қос өкімет - Ақпан төңкерісінен соң (1-2 наурыз - 5 шілде, 1917 ж.) Ресейде екі өкімет билігінің қатар өмір сүруі. Екі диктатураның жеке дара билігі үшін күресуі. Уақытша өкімет - буржуазия мен помещиктердің бір бөлігінің диктатурасын жүзеге асыратын билік. Бұл Өкімет Парламенттік монархияны орнатқысы келді. Жұмысшылар мен солдат депутаттарының кеңестері, өз мақсатын жұмысшы табымен шаруалардың революцияшыл демократиялык диктатурасымен демократиялық республика орнату деп жариялаған өкімет. 38. Қазақ комитеттері - Ұлттық қоғамдық саяси ұйым. Ол ақпан төңкерісінен кейінгі Ұлт-азаттық қозғалыстың даму нәтижесінде қалыптасып, мемлекеттік еркінділікке, ұлттык мемлекет болуға ұмтылған халықтың алғашқы қадамы болатын. 39. Милитаризм - әскери күш-қуатты арттыру, қауырт қаруланумен соғысқа дайындықтағы белсенділік саясаты. 40. Мобилизация - мемлекеттің қарулы күштерінің, азаматтық қорғанысымен халық шаруашылығының немесе қарулы күштерінің белгілі бір бөлігінің әскери жағдайға көшірілуі; запастағы әскери міндеттілерді әскерге шақыру; 41. Национализациялау — жеке меншіктен еріксіз түрде айыру, өтемсіз тартьп алу, толық немесе ішінара сатып алу, кооперациялау арқылы ұсақ меншікті коғамдастыру жолымен жеке меншік кәсіпорындар мен экономика салаларын мемлекет қарамағына көшіру. 42. Пролетариат — капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың бірі, өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктену құқығынан айрылған жалдамалы жұмысшылар табы; өмір сүруінің жалғыз қайнар көзі өзіндік жұмыс күшін меншік иелеріне сату болып табылады. 43. Партия (бөлік, топ) - идеялары, көздеген мақсаттарының ортақтастығы негізінде біріккен адамдардың тобы. 44. Реквизиция (талап ету) - мүлікті мемлекеттік меншікке немесе уакытша пайдалану үшін еріксіз тартып алу. 45. Реабилитация - бастапқы кұқықтар мен бастапқы жаксы беделді қалпына келтіру. 46. Революция – төңкеріс, бетбұрыс - қоғамда, экономикада, дүниеге келген көз-қарастарда, ғылымда, мәдениетте, сапалық өзгерістердің жүзеге асуы. 47. Революциялық ахуал - төңкерістің болу мүмкіндігін қалыптастыратын экономикалық, саяси және өмір жағдайларының жиынтығы. 48. Самодержавие – төңкеріске дейінгі Ресейдегі патшаның шектеусіз жоғарғы билігімен осындай билікке негізделген басқару жүйесі. 49. Таптар - қоғамдағы мүліктік құкықтық, саяси жағдайына, қоғамдык өндіріс жүйесіндегі алатын орнына қарай ерекшеленетін, үлкен әлеуметтік топтар. 50. Шовинизм - ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі. 51. Элита - қоғамның қандайда бір бөлігінің, топтарының неғұрлым көрнекті өкілдері. 52. Эссерлер - Социалист революционерлер партиясы, көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі. 53. Экспансия - ықпал ету аймағын кеңейтуге, бөгде аумақтарды басып алуга, басқа елдерді экономикалық және саяси жағынан бағындыруға бағытталған саясат. 54. Эмиссар - саяси тапсырмалармен басқа елге жіберілген адам. 2 Қысқаша дәрістер Дәрістердің тезистері № 1. Дәріс (2сағат) Тақырыбы: Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы 1) Алаш қозғалысының шығуы 2) Ұлт зиялылары Алаш қозғалысының тірегі 3) Алаш қозғалысы және Мемлекеттік Дума 4) Алаш қозғалысы және Қазақ Газеті 5) Алаш қозғалысы және 1916жылғы көтеріліс 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси- әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 1907 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын. Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт- азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда өкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық- саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті. Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайұлының қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады. қ. Алаш ісі. №2. Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс (1917 ж.) 1) Қазақстан және Ақпан төңкерісі 2) Алғашқы қазақ облыстық съездері 3) Жалпықазақ съездерінің шешімдері Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды. Көтерілістің негізгі себептері: 1.Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды. Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша өкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды: 1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша өкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ.Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті. Жетісудағы көтеріліс. 1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды. Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды: 1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды. Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды. Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды. Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша өкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді. Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты. Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды. Зардаптары: 1) Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2) мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды. Торғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай-ақ, Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты. Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Торғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті. Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Торғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті. 1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды. Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді... . Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Торғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Торғай көтерілісі талқандалды. Салдары: 3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді. 161-і каторгаға айналды. Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды. Қазақстанда Кеңестер мен Уақытша өкімет органдарының құрылуы. 1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстң пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) өкімет орнады. Уақытша өкімет (буржуазия өкіметі). Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды. Уақытша өкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту. Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру. Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді. Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша өкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша өкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Торғайдағы Уақытша өкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша өкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша өкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша өкімет жағына шықты. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды: 1.1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды» тыл жұмысына алу тоқтатылды. 2.1917 жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты құқықтарды шектеудің күшін жою туралы» қаулы қабылданды. 3.1917 жылы 5 мамырда – «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн. 150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды (5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн. 150000 сомы – орыс халқына). Кеңес өкіметінің көтерген мәселелері: Шаруаларға жер беру Жұмысшыларға - 8 сағаттық жұмыс күні Соғысты тоқтату Халыққа бейбітшілік беру Алайда, Уақытша-өкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады. Сөйтіп, Уақытша өкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді. Саяси партиялар мен ағымдар. Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. 1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды. Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда –«Жас арбакештер одағы» құрылды. Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ»ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды. Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар. Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады. 1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында жалпы қазақ съезі өтті. Қаралған мәселелер : 1.Мемлекеттік басқару формасы. 1) Автономия құру мәселесі. 2) Жер мәселесі. 3) Халық милициясын құру. 4) Сот ісі. 5) Дін мәселесі. 6) «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау. 7) Құрылтай жиналысын шақыру. 8) Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы. 9) Жетісудың ашыққан халқына көмек. 10) Халық ағарту ісі. 11) Земство Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті. 1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды. Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді. 1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды. 1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды. Мақсаты: 1.Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру. 2. Қоныстандыру саясатын қолдау. 1917 жылы көктемде - өлкеде эссерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды. Мақсаты: 1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді. 2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау. 1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы : 1.Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. 2.Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. 3.Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті. 4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады. Кемшіліктері: 1.Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды. 2.Отаршылдық басқару органдарын жоймады 3.Шаруаларға жер бермеді. 4.Империалистік соғысты жалғастырды № 3. Дәріс (4 сағат) Тақырып: 1917жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі Шығыс Қазақстандағы қал- ахуал 1.Семей өлкесіндегі ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 ж.) 2.Семей қаласындағы саяси партиялардың бөлімшелері жәнеде басқада қоғамдық ұйымдар 3.Қосөкіметтің өзіне тән аймақтық ерекшеліктері 4.Саяси күштердің тоғысуы 5.Жергілікті баспасөз ісі 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты. Оның себептері: 1) Монархияның ауыр мұрасы 2) Уақытша өкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді. 3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс. Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша өкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды. 1917 жылы 25 қазанның кешінде Кеңестердің Бүкілроссиялық II съезі ашылды. Онда В.И. Ленин жазған «Жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға!» деген үндеуі қабылданды, бұл үндеуде бүкіл өкімет билігінің Кеңестердің (Советтердің) қолына көшетіндігін жариялады. Кеңестер съезі өзінің екінші мәжілісінде Бітім туралы және Жер туралы декреттер қабылдады. Бітім туралы декретте барлық соғысушы елдерді соғысты тоқтатып, әділетті бітім жасауға шақырса, Жер туралы декретте помещиктердің барлық жерлері конфискацияланып (тәркіленіп), барлық жер халықтың қолына көшетіндігі жариялады. Жер жалпы мемлекеттік меншікке айналды. Қазан революциясының жеңісімен байланысты ұлттық проблемалар, бірінші кезекте ұлттық – мемлекеттік құрылыс мәселелері өткірірек талқылана бастады. Кеңес өкіметі ұлт саясатының негізгі принциптері Кеңес өкіметінің маңызды екі құжатында – Россия халықтары құқықтары Декларациясы (1917 жылы 2 қараша) мен «Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне» үндеуінде (1917 жылы 20 қараша) жариялаған болатыны туралы айтылған. Ұлт мәселесін шешудің әскери – коммунистік әдістері, большевиктердің унитарлы мемлекет құруға, тек Кеңестер негізінде ғана автономия беруге ұмтылуы россиялық этностардың қайта өрлеуі үшін ұлттық факторды пайдалануға мүмкіндік бермеді. № 4. Дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Алашорда өкіметінің құрылу тарихы 1.Жалпықазақ съезі 2.Алашорданың құрылуы 3.Алашорданың негізгі міндеттері 4.Алашорданың құрылуының сипаты 1917 ж. желтоқсанның 5 - 13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ - қырғыз құрылтайы өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Өкімет) құру мәселелері болды.[1] Құрылтай делегаттары Уақытша өкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Өкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. өкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда өкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес өкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді. № 5. Дәріс (4 сағат) Тақырыбы: Шығыс Алашорда және кеңес Өкіметі 1. Қазақстанның шығыс аймағында Кеңес өкіметінің орнатылуы тарихы (1918 ж. ақпан-маусым) 2. Семейдегі Орталық және Облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметін қақтығысы 3. Маусым оқиғалары 1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ - қырғыз құрылтайы өткізілді. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Өкімет) құру мәселелері болды.[1] Құрылтай делегаттары Уақытша өкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Өкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. өкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда өкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес өкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8- ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір өкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір өкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес өкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Уақытша Сібір өкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл өкімет Алашорданың белгілі бір өкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір өкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір өкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды. Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір өкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл өкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа өкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады. Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты. Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын. 23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік өкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4- қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық өкіметтермен бірге Алашорданың орталық өкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді. Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады. Колчак өкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады. 1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес өкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4- қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды. Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы өкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті: 1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс. 2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін. 3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз. Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс өкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды. Алашорда сонымен бірге Кеңес өкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер, Ленин, Сталинмен, сондай-ақ, Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес өкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді. Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.[2] № 6. Дәріс (4 сағат) Тақырыбы: Алашорданың шығыс бөлімі және ресейлік күштер (азаматтық қарсыласу кезеңі) 1. Шығыс Алашорда және ресейлік саяси күштер 2. Антикеңестік күштермен бірлесіп кеңес өкіметіне қарсы шығуының тарихи себептері 3. Шығыс Алашорда және жергілікті саяси күштер; өзара саяси, әскери және мәдени саладағы байланыс 4. Шығыс Алашорда басқа алашордалық бөлімдермен байланыстары Азаматтық соғыс жылдарында жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты. Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы өкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды. Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты. 1. жылы 1(14) қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери өкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери өкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті. 1. жылы жазға қарай кеңеске қарсы күштердің белсенді бола түсуіне байланысты өлкедегі саяси жағдай шиеленісіп кетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия- Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды. Ақ гвардияшылар коммунистерді, белсенді кеңес қызметкерлері мен оларды жақтаушыларды қатаң жазалады. Мәселен, К.Сүтішев, И.Дубынин, П.Калюжная, Г.Ыдырысов, К.Шұғаев, И.Салов және т.б. көптеген адамдар қаза тапты. Өскемен Кеңесінің басшысы Яков Ушановты кеменің оттығына тірідей жағып жіберді. Жазында Орал, Ақмола, Семей және Торғай облысынын басым бөлігін ақ гвардияшылар толықтай дерлік басып алды. Семей облысы жағынан Жетісудың солтүстігіне қарай бұзып-жарып өтіп, 21 шілдеде Сергиопольді қолдарына қаратты. Оларды станицалардағы бүлікші қазақтар қолдады. 22 шілдеде Жетісу облысы атқару комитетінің қаулысымен Жетісу майданы әскерлерінің штабы құрылды. Алайда облыстың біріккен қарулы күштері ақ гвардияшыларға соққы бере алмады. Қызыл гвардия отряды командир И. Мамонтовтын қайтыс болуына байланысты Абакумов станицасына қарай шегінуге мәжбүр болды. Қоныс аударушы шаруалардың үлкен тобы Черкасск селосында қорғаныс шарасын ұйымдастырды. Бұл «Черкасск қорғанысы» деп аталды. 1918 жылы жазда Кеңес өкіметі Қазақстанда Жетісудың басым бөлігінде, Сырдария облысында, Торғай облысынын оңтүстік өңірлерінде және Бөкей Ордасының бірқатар аумағында ғана сақталып қалды. Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес өкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды. «Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді. № 7. Дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Шығыс Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру 1.Алашорданың Компучен, Уфа Директориясымен және Колчак диктатурасымен саяси қарым-қатынас 2.Алашорда және Колчак 3.Азаматтық қарсыласу кезеңіндегі саяси-әскери жағдайлар және алашорда қызметінің жалғаса түсуі 4.Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-1920 жж.) Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда өкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. II Бүкілқазақ съезінің шешімдері мен Алаш бағдарламасының жобасы ұлттық автономияның құрылуын қарастыра отырып, шын мәнінде конфедерациялық демократиялық республика идеясынан келіп шықты. Большевиктік емес барлық саяси партиялардың бағыт-бағдарына келетін болсақ, кейбіреулері федерацияның қажеттігін үстірттен ғана мойындаса да, іс жүзінде унитарлық мемлекеттің жақтастары болып қала берді. Екіншіден, желтоқсан съезі автономия туралы шешім қабылдай отырып, мемлекеттік күйреуіне, тоқырауға тұтастай бетімен кетушілікке (анархия) алып келген елдегі жағдайға берілген саяси бағаны басшылыққа алды. Большевизм осы анархиямен теңестірілді. Большевиктер билігін құлатып, кадет- әсерлер өкіметін орнату ақгвардияшылардың есебі бойынша олар анархия мен бүліншілікке тоқтау салады, соған сәйкес автономия идеясы қажет емес деп есептеді. Үшіншіден, облыстық және уездік орталықтарға алашордалық басқару органдарын құру туралы жеделхаттарын жібере отырып, Ә.Н. Бөкейханов пен оның жақтастары өздерінің қолданып отырған шараларының уақытша сипат алатынын көрсетті. Төртіншіден, жеделхаттарда биліктің ұлттық органдары «жергілікті земстволық қалалық өзін-өзі басқару ісіне араласпайды», [9]. өз қызметін тек қазақтар арасында ғана жүзеге асырады делінді. Елде бір орталықтан баскарылатын билік органы болмады. Ақмола мен Семей облыстарында Сібір өкіметімен қатар Сібір қазақ әскерінің билік аппараты да қызмет етті. Оралда Орал қазақ әскери билігі мен Алашорда өкіметі орнады. Жағдай былайша өрбіді: Заңдылықпен билік қала мен поселкелерде бір түрлі, станицаларда екінші түрлі, ауылдарда үшінші түрлі әрекет етті. Ұлт өкілдері аралас елді мекендерде, ондайлар аз болмайтын, адамдардың қандай да болсын бір билікке бағынудан бас тартқан кездері жиі болып тұрды, олар өзіміздің өкіметіміз бар дегенді алға тартты. Елдегі бұл бей-берекетсіздікті ретке келтіруге және билік жүргізу ауқымын шектеуге күш салған Омбы облыстық қазақ комитеті атынан Абылайханов пен Сәдуақасов 1918 жылы 29 маусымда қол қойып, облыстық комиссариатқа (Сібір өкіметінің органы. — авт.) жіберген хатында былай деп атап көрсетеді: «Кейбір станидалық және поселкелік басқармалар, сондай-ақ шаруалардың болыс селолық комитеттері қырғыздардың (қазақтардың) жекелеген шағымдары бойынша уездік және облыстық қазақ комитеттерінің келісімінсіз ауылдарға қарулы отрядтар жібереді. Бұл әрекет дұрыс емес және мұндай келенсіз көріністер бұл билік басында тұрған қырғыз (қазақ) органдарының беделін түсіреді деп есептей отырып, облыстық комитет комиссариаттан алдағы уақытта мұндай шара қолданбауды, қолдану қажет болған жағдайда, ол туралы уездік немесе облыстық қазақ комитетіне дер кезінде хабарлауды сұрайды. Қазақтардың әскери аппаратынан да станицалық және поселкелік басқармаларда осындай оқиғаларға жол бермеуін өтінеді». [10]. Комиссар осындай жағдайда не істеу керек екендігін өкіметтен сұрағанда, оған: «Уездік және облыстық қырғыз (қазақ) комитеттері дербес ұйымдар, не істеу керегін өздерің шешіндер» деген жауап келген. [11]. Алаш басшылығы үш ай бойы мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, ел қорғау, сот, жер мәселелері бойынша бұйрықтар шығарып, өз билігін орнықтыруға тырысты. [12]. Сібір өкіметі тарапынан Алашорда билігіне қолдау көрсетілмеді. Сібір кадеттерінің орталық органында басылған мақала Сібір өкіметінің ұстанған бағытын ашып берді. Ол «Қырғыз (қазақ) автономиясы туралы мәселеге» («К вопросу о киргизской автономии») деп аталды. Онда былай делінді: «Қырғыз өкілдері талап етіп отырған нысандағы автономия Ресейден толық бөлінді, оның аумағында дербес қырғыз мемлекетін құруды көздейді. Біз бұратана халықтың мәдени-ұлттық қажеттерін қанағаттандыру туралы талаптарын кеңінен қолдауға әзірміз, бірақ дербестікке ұмтылу мемлекетгін өзін-өзі құртуына алып келеді. [13]. Бұл мақаланың жариялануына Алашорда басшылығының 1918 жылы 23 шілдеде Сібір өкіметінің премьер-министріне жолдаған хаты себепші болды. Онда Алашорданың басшылығы басқару органдарын құру мен Алашорда өкіметінің заңдылығын дәлелдеуге тырысты. «Дәл қазіргі сәтте Ресей бірыңғай біртұтас мемлекет ретінде өмір сүріп отырған жоқ. Сол себепті автономиялық облыстар мен халықтар большевиктер билігінен құтылып, өзін-өзі басқару жолына түсуге тиіс... Сібір мен Алаш арасындағы мүдде жақындығы екі автономияның тығыз одақ құруын қажет етеді. Өзара түсіністік олардың күшін біріктіреді. Біз Сібір автономиялық өкіметінің талқылауына өзара келісімнің мынадай пункттерін ұсынамыз. 1. Сібір өкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі тану, мойындау аркылы карым-катынаска түседі». Келесі бес пункттің мазмұны мына тұрғыда болып келеді: 1. Алашорда тек казак халкының ғана билік органы болып табылады; 2. ұлттық әскер жалпы сібірлік басқарма мен Алашорданың әскери бөліміне бағынады; 3. банк пен қаржы-қаражат мекемелері Сібір өкіметінің қарамағына беріледі; 4. федералдық өкімет құру үшін большевиктерден тазарған өңірлер халықтарының конгресін шақыру қажет. Бұл жазбада не нәрсе өзіне назар аудартады? Біріншісі - өзін танытуға тырысу, яғни Алашорда өкіметі келіссөз жүргізу барысында өз мемлекеттілігін көрсетуге ұмтылды. Екіншісі — Алашорда бірыңғай ресейлік биліктің күйреуі жағдайында дербес өмір сүру заңдылығын дәлелдеуге талпыныс жасады. Үшіншісі — Алашорда билігін қалыптастыруға тырысты. Төртіншісі — Қазақ автономиясын тану қажеттігін, жергілікті жерлердеавтономияның қалыптасу үрдісі басталғанын дәлелдеуге ұмтылды: «Біздің Сібір өкіметімен ұзаққа созылған келіссөздеріміз Орал облысындағы Алаш автономиясын жойды. Мүмкін, большевиктерден азат етілген қырғыз облыстары Алаш автономиясын күтіп отырмастан, Түркістанмен жақындасудың бағыт-бағдарын іздер». Бесіншісі — Ресей Алаш автономиясын мойындамаған жағдайда Түркістаннан айырылады, ал Сібір Алаш сияқты одақтасын жоғалтады: «Автономияның құлау қаупі Алаш партиясына қалай болғанда да Алашорданы Сібірмен одақ болудан бас тартуға, Алаш автономиясын жариялауға және қырғыз халқының бірлігін сақтап қалуға тырысуға мәжбүр етеді. Сібір өкіметінің Алаш автономиясын мойындауы Түркістанды Ресей аумағындағы федерациялық құрылым ретінде орнығуына мүмкіндік берер еді». Хатавторлары кандай нәтиже күтседе, ол өз рөлін атқарып шықты. Майдандағы жағдай сенімсіз болды, сібірлік ақ гвардияшылар жақын тұрған одақтасын жоғалтып алғысы келмеді. Олар бірқатар шара қолдануға дейін барды. Премьер-министр П.В. Вологодскийдің өкімімен алғаш «бұратаналар ісі» бойынша министр Б.М. Шатиловтың, кейін халық ағарту министрлігінің басшысы профессор В.В.Сапожниковтың жетекшілігімен арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері: Ішкі істер министрінің орынбасары В.Д. Михайлов, Министрлер кабинеті қоныс аудару бөлімінің меңгерушісі A.M. Ярмош, әскери ведомствоның өкілі генерал В.Л. Поповтан құрылды. «Комиссияға білікті, жөн білетін адам ретінде Алашорданың басшысы Ә. Бөкейханов тартылды. Төрт күн бойы — 29,30 шілде, 2,3 тамыз күндері комиссия Алашорда басшыларының ұсыныстарын қарап, Сібір өкіметі Алашордамен белгілі бір келісімге келуі қажет деген қорытындыға келді. Комиссия Алашорда мен қазақ автономиясының саяси статусы туралы мәселені айналып өтіп, хаттағы бірқатар ұсыныстар бойынша келісілген шешімдер қабылдады: Алашорда қазақ халқының билік органы деп танылды, оған киіз үй басы бойынша және арнайы салық жинауға рұқсат етілді. Бұдан басқа, Алашорда ұлттық сот жүйесін құруға мүмкіндік алды. Қарулы күштерге - ұлттық әскерге келетін болсақ, ол Сібірдің белгілі бір әскери ведомствосының принциптеріне негізделе отырып құрылатын және қару-жарақпен қамтамасыз етілетін болды. Ұлттық әскердің басшысын, бөлімшелердің командирлерін Алашорда өкіметінің келісімімен Сібір әскери өкіметі тағайындайтын болды. . Сөйтіп, Алашорданы жартылай тану мәмілесіне қол жеткізілді, бірақ мұнымен бірге Сібір өкіметіне бұл келісімді қайта қарауға мүмкіндік берілді. Алашордаға белгілі бір жеңілдік бере отырып, Сібір өкіметі басты саяси мәселеде өктемдік танытты. Алашорда делегациясы (Бөкейханов оған Ә.А. Ермеков пен X. Тоқтамышевті қосты) мен Сібір өкіметі комиссиясының келісіміне Уфа мемлекеттік мәжілісінің басталу қарсанында қол жеткізілді. Мәжіліс 1918жылы 8 қыркүйекте ашылды. Оның жұмысына 147адам қатысты, оның ішінде 81 адам Құрылтай жиналысының мүшесі болды. Оған барлық қазақ облыстары, оның ішінде Түркістан автономиясынан Ә. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, С. Досжанов, Б. Жақандамов, А. Байтұрсынов, Ғ. Әлімбеков, М.Тынышбаев, М. Шоқай, Е. Тұрмұхамедовтар қатысты. Уфа мемлекеттік мәжілісінің қараған басты мәселесі Бүкілресейлік жоғаргы өкімет билігін құру болатын. Жаңа өкімет Директория деген атқа ие болды. Ол әсерлер партиясы ОК-нің мүшесі Н. Авсентьев төрағалық еткен бес адамнан тұрды. Директорияның басты міндеттері былай деп жарияланды: 1. Ресейді Кеңес өкіметінен азат ету үшін күресу; 2. Ресейдің күшпен тартып алынған, ыдыраған және бөлініп кеткен облыстарын біріктіру; 3. Брест келісімі мен Ресейдің мүддесіне қайшы келетін барлық басқа да келісімдерді мойындамау; 4. Германия одақтастарына қарсы соғысты одан әрі жалғастыру». Уфа мемлекеттік мәжілісі күшті орталық мемлекеттік билік орнатуға қарсы тұрушылармен аяусыз күресетіндіктерін ашық мәлімдеді. Мемлекет тұтастығы, күшті мемлекет билігі көптеген адамдарды, солардың қатарында Алаш көсемі Ә. Бөкейхановты да аландатты. Ол оңтүстік облыстардың Түркістан құрамында болуы, қазақ мемлекеттілігін қалыптастыру жолында көптеген проблемалар туғызатынын айқын түсінді. Алаштың батыс тобының күш салуымен құрылған автономиялық сипаттағы облыстық ұлттық аумақтық Ойыл уәлаяты да бұдан кем аландаткан жоқ. Ә.Н. Бөкейханов Уфада Ойыл уәлаяты жетекшілерінің жиынына қатысуын пайдалана отырып, Мемлекеттік мәжіліске Қазақстаннан келген барлық Алашорда мүшелерінің арнайы отырысын өткізді. 1918 жылы 11 кыркүйекте Ә.Н.Бөкейхановтың төрағалық етуімен Алашорданың басшылары Ж.Досмұхамедов, X.Досмұхамедов, А.Бірімжанов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаевтар автономияны басқару мен бүкіл Қазақстан көлемінде өкімет аппаратын құру мәселелерін талқылады. Осы мәселеге байланысты қабылданған қаулы 11 пункттен тұрды және автономиялық уәлаятты жойып, оның ісін Алашорданың қайта құрылған Батыс бөлімшесінің арнайы өкілетті органының басшылығына беру жағдайы қарастырылды. Өкілетті органның құрамы төрт адамнан: X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Б.Құлманов және Е.Тұрмұхамедовтерден тұрды. Алаш көсемі Ә.Н. Бөкейхановтын бірқатар мәселені бірден шешкенін байқаймыз: ол Уфа мемлекеттік мәжілісінің облыстық өкіметтерді жою туралы шешімін орындады және ең бастысы, оралдық радикалдардың сепаратистік пиғылдарына елеулі түрде соққы берді. Досмұхамедовтар тобымен арадағы қатынасты тым ушықтырып алмау үшін, ол топтың екі басшысы Жанша мен Халел де Алашорданың Батыс бөлімшесі басшылығының құрамына енгізілді, бірақ бұдан былай олар Ә.Н.Бөкейхановтың жақтастары Б.Құлманов пен Е.Тұрмұхамедовтың бақылауында болатын болды. Алашорда Қазақстанның аумақтық тұтастығы проблемасын шешіп жатқан осы тұста мәселені түбірінен өзгерткен саяси оқиға өтіп жатты. Сібір әскерінің құрылуы мен нығаюы және әскері қатты женіліске ұшыраған Құрылтай жиналысы комитетінің күйреуімен байланысты Директорияның ішінде күштердін арасалмағы елеулі түрде өзгерді. Оның әсерлер партиясынан сайланған мүшелері беделден мүлде айырылды. Олардың нақты тірегі болмады. Директорияның Сібір өкіметін таратып жіберуге тырысқан әрекетінен ештене шықпады. Н.Д. Авсентьев пен оның әріптестері Алашорда өкіметі жойылсын, оның кызметі мәдени-тұрмыстық және шаруашылық-экономикалық мәселелермен шектелсін деген шешімге келді. [22]. Алашорданы тарату туралы шешім Ә. Бөкейханов пен барлық Алаш қайраткерлеріне мүлде күтпеген жағдай болды. Шын мәнінде Алашорда басшылығы 1918 жылы ұлттық қарулы күшті құрумен айналысқан еді. Алғашқы Алаш отряды, айтылып өткендей, 1918 жылы қаңтар- ақпанда Верныйда құрылған болатын, бірақ Жетісуда Кеңес өкіметі орнасымен (1918 жылғы наурыз) ол қарусыздандырылып, таратылды. Алаш көсемдері Ә. Бөкейханов пен Ә. Ермеков әскери бөлімнің меңгерушісі X. Тоқтамышевпен бірге 1918 жылы шілде мен тамызда Самарадағы Құрылтай жиналысының комитеті және Омбыдағы Уақытша Сібір өкіметімен Алашорда қарулы күштерін құруға көмек көрсету мәселесі бойынша келіссөздер жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшесінің басшылары Жанша мен Халел Досмұхамедовтер Самарадан Құрылтай жиналысынын комитеті арқылы 600 винтовка мен пулемет алды және жақын уақытта 2000 адамнан тұратын қазақ әскерін ұйымдастыруға уәде етті. Алашорданың Торғай бөлімшесіне 1918 жылы қыркүйекте 300 берденке, 20 мың патрон және көп мөлшерде киім-кешек бөлінген болатын. Дутовтың көмегімен екі атты полк: бірі – Қостанай, екіншісі - Ырғыз уезінде құру ісі қолға алынды. 1918 жылы тамызда Семейде Уақытша Сібір өкіметінің сенімді өкілі Давыдовтың көмегімен екінші бір атты полк құрылып, оның құрамы 38 офицер мен 750 жауынгерден тұрды. [23]. Бұдан басқа, Жетісу облысының шығысында екінші полк құрылды, ал оған қосымша Семейде үшінші полк жасақталынды. Торғайда төртінші атты әскер полкі құрылды; Орал бойында, Жымпиты унтер-офицерлер курсының базасында Оралдан, Гурьевтен және басқа жерлерден келген нұсқаушылардың көмегімен прапорщиктер мектебі ашылды; саны 2 мың адам болатын жекелеген атты бригадалар құрыла бастады. 1918 жылы 26 қазанда ұлттық әскер құру ісінің жағдайын Алашорда өкіметінін бір өкілі былай деп бейнелеп берді: «Қырғыздардан (қазақтардан) жасақталған бөлімдер дер кезінде қаруланып үлгермегендіктен, большевиктерге қарсы ұрыстарға кенінен қатыса алмады. Қарудың неге жетіспей жатқан себебін жақсы түсінеміз. Қазіргі кезде большевиктерге қарсы күреске Жетісуда 500-дей адамы бар қырғыз (казак) отрядтары, Жетісу облысында 8 мы ерікті, Семейде - 2 мың, Оралда – 2 мың, Қостанайда - 450 адам қатысуда». [24]. 1919 жылы 11 ақпанда Сібір Уақытша өкіметі делегаттарымен келіссөз жүргізу барысында Ә. Бөкейханов та шамамен осындай деректер келтірді. Ішкі істер министрлігі Сібір Уақытша өкіметінің төрағасы А. Малаховтың: «Милиция деген не?» деген сұрағына Ә. Бөкейханов былай деп жауап қайтарған: «Милиция — ол біздің әскеріміз. Ол қазірдің өзінде бар: біздің 700 жігіт Жетісуда шайқасуда. 540 адам Троицкіде, 2000 адам Орал облысында әскери жаттығудан өтуде». [25]. Сібір өкіметінен белгілі мөлшерде көмек алып тұрған Алашорда көсемдері оның орнына келген Директориядан ұлттық әскер құру ісінде ондай көмек ала алмады. Мұнымен қоса, Алашорданың билігін жою және Ә. Бөкейхановтың басшылығымен қазақ істерін басқарудың арнаулы органын құру туралы Директорияның қаулысынан кейін (1918 жылғы қыркүйек) ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесі мүлде тоқтап қалды. Бүдан кейінгі оқиғалардың бүкіл барысы ресейлік биліктің Алашордаға кері қатынаста болғанын көрсетті. Алашорда Ресейдің орталық мемлекеттік билігіне төнетін қауіп ретінде қарастырылды. Дәл осы көзқарас алғашында Директорияның, кейін Колчак өкіметінің ұстанымына айналды. Ұлттық мемлекеттілікті құру мүмкіндігінен айыру қазақ халқынын басым көпшілігін Кеңес өкіметімен белсенді түрде күресуден шет қалдырды. Оның үстіне аз санды, нашар қаруланған «халық милициясының» құрамалары Қазақстандағы Азамат соғысының барысымен қорытындыларында қандай да бір елеулі рөл атқара алмады. Қазақстандағы қарулы қақтығыс Ресейдегі Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан қазақстандық майдандардағы ұрыс қимылдарының барысына Азамат соғысының басты майдандарындағы шайқастардың нәтижесі ғана шешуші ықпал етіп қойган жоқ, сондай-ақ жергілікті әскери құрамалар мен партизандардың іс-қимылдары және Қазақстан аумағындағы ақ гвардияшылар басып алған жерлердегі көтерілістер Шығыс пен Оңтүстік майдандарда соғысып жатқан Қызыл Армияның негізгі күштеріне айтарлықтай көмек көрсетті. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды азат етуде, Колчакты түбегейлі талқандауда, ақ гвардияшылар мен олардың одақтастарын Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстаннан және Жетісу жерінен қуу кездерінде айқын көрінді. Кеңес өкіметі Қазақстан майдандарында соғысып жатқан Қызыл Армия бөлімдеріне қажетті әскери көмегін аямады. Мұндай әскери көмектердің айқын мысалдарының бірі Ә. Жангелдинэкспедициясы болып табылады. Ол 1918 жылы 20 шілдеде мол қару-жарақпен Мәскеуден теміржол арқылы шығып, 1 тамызда Астраханға келеді. 21 тамызда экспедиция екі желкенді кемеменКаспий арқылы Александровскіге (қазіргі Ақтау қаласы), одан Құланды аралы арқылы Бұзашыға келіп, Жандауыр мүйісіне жүктерін түсіреді. Осында бір ай бойы даламен жүріп өтуге дайындалады. Экспедицияның табысқа жетуі енді жүк көлігімен және әр түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз еткен жергілікті қазақтардың қолдауына байланысты болды. 11 карашада, 57 күннен кейін, аса киын дала жолымен жүріп өткен экспедициялық отряд өзін асыға күтіп отырған Ақтобе майданының әскері тұрған Шалқар стансасына келіп жетті. 1927 жылы Ә. Жангелдин осы экспедицияны ұйымдастырғаны және Отан алдында басқа да сіңірген еңбектері үшін Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды. Азамат соғысы жағдайындағы Қазақстанның кеңестік өңірлерінде Қызыл армия бөлімдерін құру едәуір табысты өтті. Қызыл армия қатарына орыстармен бірге қазақ халқынын өкілдері де кірді. Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1918 жылғы 29 мамырдағы Декреті бойынша Қызыл армияны ерікті түрде жасақтау міндетті әскери қызметпен алмастырылды. Сонымен қатар біраз уақытқа дейін еріктілік принципі де сақталып келді. 1918 жылы жазда Қызыл армияның бірынғай құрамдас бөлігі ретінде ұлттық әскери құрамалар құрыла бастады. Қазақстанның аумағында Қызыл армияның ұлттық бөлімдерінін құрылу базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының кеңестік уездері (Торғай мен Ырғыз) болды. 1919 жылы Степан Разин атындағы алғашқы орынборлық қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919 жылы сәуір-шілде аралығында Оралды қорғауға қазақ эскадроны қатысты, кейінірек ол алғашқы кеңестік үлгілі қазақ полкі болып қайта құрылды. Ақ гвардияшылармен күресуге Қазақстан еңбекшілерімен бірге өз еріктерімен Қызыл армия қатарына кірген шетелдік жұмысшылар мен шаруалар: венгрлер, немістер, чехтар, поляктар және басқалар да қатысты. Қазақстан аумағында ак гвардияшылар басып алған жерлерде партизандық қозгалыстар мен халық көтерілістері кең өpic алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезін түгел қамтыды. Ол Ақмола, Семей облыстарында да кең етек алды. Партизан қозғалысының тарихында Ақмола облысының Атбасар уезіндегі Маринский көтерілісі үлкен орын алады. Партизан қозғалыстары Семей облысының Өскемен, Бұқтырма, Зайсан уездерінде, әсіресе Зыряновск, Катонқарағай, Шемонайха болыстарында едәуір көлемде epic алды. Қазақстандағы Азамат соғысының тарихына Черкасск қорғанысы, Орал қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдағы «Тау қырандары» партизан отрядтарының әрекеттері сияқты оқиғалар кернекті сипат алды. [26]. 1. жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында майдандардағы оқиғалар, әрине, ақтардың пайдасына қарай epic ала қоймады. Ақ гвардияшылардың аса қуатгы күші — қайта топтастырылған және қосымша күштермен нығайтылған А. Колчак әскері Орынбор мен Орал қазақтарына дер кезінде көмек көрсете алмады, осы себептен Қызыл әскерлер екі қазақ әскерінің де әкімшілік орталықтарын басып алып, бүкіл Орынбор—Ташкент магистраліне өз бақылауын орнатты. Оралдық қазақтарды Орынбор мен Сібірден бөліп тастады және Түркістан мен Жетісуда өз позициясын нығайтуға мүмкіндік алды. Кеңес басшылығы Мәскеуде 1918 жылдың қорытындыларын талдай келіп, ұлттық- мемлекеттік құрылыс реформасын тез арада қолға алу, Татарстан мен Башқұртстан және Қазақстанда ұлттық автономияны тездетіп құру туралы шешімге келді. Бұл бағыт РК(б)П VIII съезінің (1919 жылғы наурыз) шешімдері арқылы бекітілді. Азамат соғысында жеңіске жете бастаған большевиктер ақ гвардияшылардан және түрлі өкіметтерден қатты көңілі қалған алаштықтармен байланыс орната бастады. Өз кезегінде Ә. Бөкейхановтың айтуымен Алашорданың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов бастаған Алаш азаматтары Кеңестік билікпен келісімге баруға мәжбүр болды. 1. жылы наурызда Шалқар стансасында Кеңес комиссары Ә. Жангелдинмен кездескен А. Байтұрсынов Мәскеуге жүріп кетіп, онда Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариаты Қазақ бөлімінің құрамына енгізілді. Алашорда көсемдерінің жағдайы 1919 жылы көктемде бірқатар себептерге байланысты мүлде күрделеніп кетті. Колчактык режим шын мәнінде монархиялық билікті қайта орнатуды көксеушілердің диктатурасы болды. Ол 1918 жылы қарашада билікке келген бетте Сібір мен Қазақстанның солтүстігінде Кеңес өкіметін құлатуда көрнекті рөл атқарған әсерлерге қарсы жазалау шараларын бастады. 1919 жылы наурызда тұтқынға алынғандардың ішінде кейбір Алаш белсенділері де болды, олар: азаматтық іс бойынша қазақ сотының төрағасы Ж. Ақбаев және «Сарыарқа» газетінің редакторы Имам Әлімбеков еді. Оларды большевизмге қатысы бар деп кінәлады. И. Әлімбековке бұған қосымша заңсыз қару сақтаған, әсерлер ұйымымен астыртын байланыс орнатқан және өкіметке қарсы листовка құрастыруға қатысқан деген айып тағылады. Петропавлда шығатын және өз оқырмандары арасында Алаш қозғалысының идеяларын насихаттайтын «Жас азамат» жастар газеті жабылады.[27]. Ақтар режимі Алашордаға сенімсіздік білдірді, кейде жаулық пиғыл танытып қауіп төндірді, сөйтіп одақтасының мүлде түңілуін тудырып қана қоймай, оған ұлттың өз тағдырын өзі анықтау проблемасын шешудің басқа әдіс-амалдарын іздеуге ұмтылдырды. № 8. Дәріс (2 сағат) Тақырыбы: Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері 4) 20-жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі және қазақ зиялылары 5) Қазақ зиялыларының қатал тағдыры 6) Тарих тағлымы не дейді Қандай да болмасын халықтың ұзына бойғы тарихында гуманизм идеялары бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дәуірін жасайды. Бұл - батыстық ғылымда әлдеқашан дәйектелген, мойындалған құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта да, әдебиет, өнер, мәдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттсудің тұрақты нысанына айналған. ХIV ғасырда Италияда, ХV-ХV ғасырларда Испанияда, Францияда, Голландияда, Португалияда т.б. Еуропа елдерінде кең канат жайған Ренессанс Батысты жарық пен шуаққа қарай тартты. Қазақ ғылымында «Ренессанс» мәселесі жүйелі түрде зерттелінген емес. Бұл Жаңғыру немесе Қайта өрлеу құбылысының қазақ топырағындағы болмысы жөніндегі пікірлерде, біздің пайымдауымызша, осы құбылыстың туу негіздері, өрістеу арналары, дәстүрлері мәселелерін жіліктеуден гөрі, ренессанстық сыбағаны жекелеген тұлғаларға сыйлау жағы басым болып отыр. Ренессанс жеке бір адам шығармашылығының жемісі емес, ол - тұтас шоғыр еңбегінің табысты нәтижесі. Қазақ Ренессансының басы Абай екендігі академик С.Қасқабасовтың «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты»атты мақаласында ғылыми тереңдікпен дәлелденген. Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген - Алаш қайраткерлері. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, каламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаштың ренессанстық сипаты Ұлы ұлтшылдық дәуір ғана туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек,Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Бұл ұлтшылдық, адамсүйгіштік, отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске айналған табиғи талпыныс болатын. Яғни, Алаш қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген жауабы еді. Бұл жөнінде Мәннан Тұрғанбайұлы былай деп осы құбылыстың сырын толық жеткізе алған: «Қазақ қатарға кіріп жұрт болсын деген кісі тәрбиенің жолынан айрылмасқа керек, әуелі қазаққа өзінің кім екенін, адамшылық құқығын білдіруге, онан соң жақын ағайын, туғандарын сүйгізіп, міндетсіз қызмет қылдыруға, онан соң Отанын танытып, жақсы көргізуге, ұлт жұмысы, жұрт намысы деген сөзді тоқып көңіліне кіргізуге, сонан соң дүниедегі барлық адам баласы бауыр екенін білдіріп, көпшіл адамды сүйгіш қылуға тырысу керек. Ұлтшылдық(ты), кісішілдікті айыра білмеген, бас пайдасынан басқаны ойына алмаған, дін хұқымі шариғатқа бас иіп іске асырмаған, әдебиеттен жырақ жатқан қазақ секілді жүртты салғаннан көпшіл қылам демей, әуелі ұлтшыл қылу керек».Осы тұста жазылған көркемдік бағыты жағынан ағартушылық, сыншыл реализм, сентиментализм, романтизм шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, әңгімелер, алғашқы қазақ романдары Абайдың«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген ұлы гуманистік декларациясын жалғастырған, оны жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістеткен көркем дүниелер болды. Олардың негізгі арқауында адамның ішкі жан дүниесі бейнелене отырып, оның күйзелісіне рақыммен қараған шынайы адамсүйгіштік пафос жатты. Алаш зиялыларының гуманизмі - олардың қайраткерлік әрекеттерінің де өзегі еді. Мұндай гуманизм болмаса, олар ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік әрекеттерге де бармас еді. Алаш қайраткерлерінің осы тұстағы ұлт мүддесі жолындағы өрекеті мен мақсатына беріктігін шынайы өрі терең көрсеткен «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласында А.Байтұрсынұлы дәуір куәгерінің көзімен былай деп жазады: «...қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ калам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес». Ахаңның айтып отырғаны адам баласының өз ұлтының тағдырына деген табиғи жанашырлығы, адамгершілігі. Осыны советтің оспадар саясаты бейнебір адамға тән емес теріс әрекет ретінде бағалады. Ар білімін насихаттаған Шәкәрім қажының,«Адамдық диқаншысы» болған Ахаңдар тобының ұлы гуманизмін көруге советтік саяз саясаттың өресі де жетпеді, бағыты да келіспеді. Алаш қозғалысының қазақтың Жаңғыру дәуірі болғандығын, оның елім деген, жұртым деген азаматтардың басын қосқандығымен де дәлелдеуге болады. Абылай заманында сыртқы жаудың қауіп-қатерінен басы қосылған қазақ, Кенесары, Махамбет, Абай дәуірінде «Бас-басына би болған» қазақ Алаш тұсында бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді. Оның негізінде Отанына, сол Отанының ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты. Бұл нағыз Ренессанстың тамыры боларлық гуманизм еді. Алаш қозғалысының қазақ Ренессансы болғандығына бұл құбылыстың мәнінен бейхабар адам ғана келіспейді. Алаш қозғалысын Ренессанс ету - біздің қалауымыз бен еркіміз емес. Ақиқаты солай. Алаш қозғалысын ренессанстық құбылыс ретінде профессор Д.Қамзабекұлы«Алаш және әдебиет» монографиясында қарастырған болатын. Қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының ренессанстық сипаты қазақ ғылымы шұғылданатын іргелі мәселеге айналуы тиіс деп ойлаймыз. Алаш қозғалысына, одан туындаған Алаш партиясына, Алашорда өкіметіне баға бергенде біз мына мәселеге де көңіл аударуымыз керек сияқты. Патшалық Ресейдің үш генерал-губернаторлығына, қазақтың үш жүзіне бөлініп өмір сүріп жатқан алып даланың оқыған азаматтары ұлт тарихында тұңғыш рет тізе қосып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, туған жұртының азаттығы үшін саяси жолда бас біріктірді. Батысы Бөкей Ордасынан шығысы Жайсаңға дейінгі, солтүстігі Омбыдан оңтүстігі Ташкентке дейінгі аралықтағы ұлтын ерекше сүйетін, оған шын жаны ашитын қазақтар Алаш ұранының астынан табылды. Мұндай саяси-қоғамдық мәндегі ұлы істе ұйысу, ілгерідегі ғасырларды қоспағанда, тіпті берідегі Шоқан мен Абай заманында да болған емес. Яғни, Алаш қозғалысы дәуірі - қазақтың ұлт ретінде бірігу, тұтасу, етене араласу дәуірі болды. Бұл - ерекше бағаға ие боларлық айрықша жагдай. Оған Қазақстанның төрт түкпірінің барлығын қамтыған облыстық, уездік, болыстық қазақ сиездері, Алаш бағытын қолдаған ірілі-ұсақты басқосулар, жер-жерде құрылған қазақ комитеттері мен бөлімдері куә. Бұл біріктіру, тұтастыру үдерісі қиындықпен жүрді. Алаш қозғалысы тарих сахнасына шыққанда 1867-1868 жылдардағы жаңа низамнан кейін бүкіл қазақ даласында отаршылдардың бөліп алып биіку саясатының әбден күш алған кезеңі еді. Оған жергілікті аймақтардағы орыс шенеуніктері мен әскерилерінің бір қазақты ру-руға бөліп, болыстыққа таластыруы, ең шұрайлы жерлерге келімсектерді орналастыруы сияқты ұлттың ұйысуына кедергі келтірер отаршылдардың жоспарланған саяси-әлеуметтік шараларын қосыңыз. Міне, осы отарлық саясат, бір жағынан, Алаш козғалысының өзін соған қарсылық ретінде дүниеге әкелсе, екінші жағынан, оның кеңінен өрістеуіне де үлкен бөгесін болып келді. Бұл Алаш қозғалысының басында түрған азаматтардан жан-жақты білімді, ерен ерікті, мұқалмас қайратты талап етті. Алаш кайраткерлері осы үлкен сынды абыроймен орындай алды. Өз заманының мүмкіндіктері ауқымында олар ұлттық мұратты ту етіп, қазақ даласын Алаш рухына бөледі. Кешегі Кенесары заманында басылған кеуде мен еңсені көтерді. Отаршылдардың арбауындағы ұйқылы елді оятты. Сөйтіп елді бірлікке шақырды, халықты еркіндікке сендіре алды. Бұл нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ұлы істер толқыны еді. № 9 Тақырып: Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері 1. 20-жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі және қазақ зиялылары 2. Қазақ зиялыларының қатал тағдыры 3. Тарих тағлымы не дейді Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Айталық, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі. Алаш қозғалысы - бір жылдың немесе екі-үш жылдың жемісі емес, өзінің бастау көздерін 1917 жылдан әлдеқайда бұрын алатын ішкі эволюциялык жолы бар дайындалған, пісіп-жетілген ұлы қозғалыс еді. Оны Алаш тарихын зерттеген зиялы қауым өкілдері айтып жүр. Алаш қозғалысының басталу кезеңі жөнінде әңгіме болғанда, көбінесе, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарқаралы құзырхаты айтылады. Біздің ойымызша да, Алаш қозғалысының өріс алуы осы тұстан басталады. Оның саяси-тарихи себептері ретінде, ең алдымен, осы тарихи кезеңде ұлт мәселесін көтере алатын, оны қалың бұқараға жеткізе алатын ұлттық зиялы қауымның қалыптаса бастағандығын айтамыз. Сондай-ақ оған Ресейдегі буржуазиялық төңкерісті, патша манифесін қосып айтуға болады. Ал жалпы казақтың басын қосу, сол үшін сиез ашу, белгілі бір ұйым құру мәселесіне келеек, онда бұл мәселеде қазақ өкілдері қатысқан 1905-1906 жылдардағы Бүкілресейлік бірінші-үшінші мұсылман сиездерін, 1906-1907 жылдары Реcейдің бірінші-екінші мемлекеттік думаларына Ә.Бөкейханның, А.Бірімжановтың, А.Қалменовтың, Б.Қаратаевтың,М.Тынышбаевтың, Б.Құлмановтың, Ш.Қосшығұлұлының т.б. қазақтардың сайланғандығын айтуға болады. Міне, осы топ жәш оған қосылған алдыңғы қатарлы қазақ оқығандары қауымдасып, ортақ мүдде төңірегіне шоғырланды. Осы арада 1905 жылдың желтоқсан айында Орал қаласында Ә.Бөкейхан, Ж.Сейдалин, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Х.Досмүхамедұлы , М.Тынышбаевтардыңқатысуымен болған бес облыс қазақтарының сиезін айтып өткен жөн. Әрине бұл сиез кейінірек өткен сиездер сияқты, іргелі мәселелер көтермесе де, қазақ зиялыларының топтаса алатын мүмкіндігін көрсете алған ең алғашкы басқосу болатын. Ал елдің басын қосып, халықтың мұң-мұқтажын айтуға тиісті және оны шешудің жолдарын айқындамақ сиез ашу мәселесі әсіресе 1913 жылдан бастап жүйелі түрде көтеріле бастағандығын байқаймыз. Тарихи деректерге сүйенсек, патша жандармериясының ақпарат хаттарында сиез өткізудің бастамашылары ретінде Жанша Сейдалин, Райымжан Марееков, Бақытжан Қаратаев, Барлыбек Сыртанов көрсетіледі. Осындай бірнеше құжатта сиезді ұйымдастырушы ретінде Жанша Сейдалиннің есімі жиі кездеседі. 1913 жылы«Айқап» журналында сиез шақыру жөнінде Ж.Сейдалин «Азып-тозып кетпееке не амал бар?» атты үндеу іспетті хатын жариялайды. Бұл хатта сиез шакыру мәселесінде Б.Қаратаевтан, Б.Құлмановтан, Ә.Бөкейханнан, А.Байтұрсынұлынан, Р.Марсековтен, М.Тынышбаевтан, С.Лагіиннен, Х.Досмұхамедұлынан, Ә.Алдияровтан, М.Сералиннен, Жанайдаровтан, М.Дулатовтан, Б.Есмахановтан, З.Сейдалиннен, Б.Сыртановтан, Ж.Ақпаевтан хат күтетінін жазады. Ж.Сейдалиннің бұл хатына Ә.Бөкейхан ашық хат түрінде жауап жазады. Ол хатын: ««Айқапқа» Жиһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, казақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді. Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса, бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз» - деп бастап, сиездің қажеттілігін дәлелдей келе: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертті сөздерімен хатын аяқтайды. Міне, осы жылдан бастап пікір жүзінде көтеріле бастаған жалпықазақ сиезін ашу мәселесі 1917 жылға дейін жалғасты. Өйткені патшалық Ресейдің отаршылдық қатал саясаты қазақ зиялыларының бұл мақсатын іске асырмай келді. Оны жүзеге асырудың сәті Ақпан төңкерісінен кейін ғана мүмкін болды. Орыс патшасы тағынан түскен төңкерістен кейін Қазақстанның әр түкпірінде қазақ азаматтық комитеттері құрыла бастады. Оның жұмыс істеуіне Уақытша өкімет комиссарларының оң ықпалы тиді. Мәселен, Ә.Бөкейханның Уақытша өкіметтің Торғай облыстық комиссары болуы, М.Тынышбаевтың Уақытша өкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болуы. Аталған жылдың сәуір-мамыр айларында Торғай, Жетісу, Орал, Омбы, Семей қалаларында облыстық қазақ сиездері өтті. Бұл облыстық сиездер ұлт-азаттық қозғалыстың қарқын алуына ықпал ете отырып, шілде айында өткен бірінші жалпықазақ сиезін дайындады. 1917 жылдың 21- 26 шілдесі аралығында өткен бұл сиез мемлекеттік құрылыс, саяси партия, Қ9рылтай жиналысына, Мұсылмандар кеңесіне депутаттар сайлау, партия бағдарламасын дайындау мәселелерін көтерді. Біздің ойымызша, сиездің басты маңыздылығы - хандық дәуірден кейін барша қазақтың бас көтерер көрнекті тұлғаларын біріктіріп, ірі елдік мәселелерді шешуде олардың бірлік жолынан табылатындығын дәлелдеген сенім шарасы болуында да еді. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында өткен екінші сиез қазақ автономиясын жариялады, халық кеңесін сайлады, Алашорда өкіметінің төрағалығына демократиялық, баламалы жолмен Әлихан Бөкейхан сайланды. Алаш қозғалысы, ендігі жерде саяси күшке, қолында билігі бар өкіметке айналды. Бұл аз уақыт болса да империя құрсауынан шыққан халықтың өз мемлекеттілігін қалыптастыруға жасаған тарихи қадамы болатын. Осы кезеңдегі тарихи құжаттардан, баспасөз материалдарынан жалпы қазақ қоғамының Алаш идеясына тартылғанын, Алаш өкіметін қолдағанын аңғаруға болады. Қозғалыстың өрістеуіне ислам дінінің маңызы ерекше болғандығын ұмытпауымыз қажет. Алаш қайраткерлерінің имандылығы мен кісілік қасиеттері - олардың мұсылманша тәрбие, білім алғанынан дарыған табиғи қасиет. Ұлт- азаттық күрестің ішінде ислам дінінің көптеген ірі өкілдері болды. Сондай- ақ, қозғалыстың қарқынды жүруіне, зиялылардың бас біріктіруіне Мұсылман сиездерінің, Мұсылман фракциясының, «Шура-и-ислам» сияқты қоғамдық-саяси ұйымның рөлдері айрықша байқалды. Бірінші, екінші жалпыказақ сиездерінде дін мәселесі күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі болды. «Алаш» партиясы бағдарламасына дін ісі жеке тарау ретінде енгізілген болатын. Сонымен бірге дін бірлігі сол тұста қазақ, татар, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан т.б. ұлттардан шыққан елшіл қайраткерлердің ортақ мүдде тұрғысынан серіктесіп, өзара байланыста болуларына, ұлт тәукелсіздігі мәселесі төңірегінде ұйымдасуларына айтулы ықпал жасады. Алаш құбылысы - сол тұстағы қазақ қоғамының барлық жағын қамтыған салалы, саралы құбылыс. Бұл құбылыс, бүгінгісін таразыға салған және болашаққа бағыт айқындаған, тәузлсіздікті ғана мұрат еткен қасиетті құбылыс. Алаш қозғалысы сол тұстағы қазақтың саясат, әдебиет, өнер қайраткерлерін, дінбасыларын, оқымыстыларын, бақуатты азаматтарын медицина, техника, ауыл шаруашылығы, экономика, заң, әскери салалардағы мамандарын топтастыра отырып, өздері өмір сүрген тарихи-қоғамдық болмысқа реформа жасауды мықтап қолға алған, жігері мен сенімі жеткілікті, бағдарламасы айқын, мақсаты зор қозғалыс болатын. № 10 тақырып. Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар 1. Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің қилы тағдыры 2. Алашорда қайраткерлерінің халық жадында қайта жаңғыруы Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер Алаш қозғалысының көпжылдық тарихында және облыстық, жалпықазақ сиездерінде Алашорда өкіметінің жұмысында үнемі басты назарда болған мәселенің бірі - жер мәселесі. Оны Алаш көсемдері өте жақсы түсінген болатын. Айталық, сол дәуірде Ә.Бөкейхан: «Жер мәселесі - өмір сүру мәселесінің ең зоры» деген болатын. Бірінші жалпықазақ сиезінің қаулысында: «Қазақ халқы өзіне еншілі жерге орнығып болғанша казақ жері ешкімге берілмесін» делінсе, бұл «Алаш» партиясының бағдарламасында: «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орнасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу» делініп бекітіле түсті. Ашашорда өкіметі автономия жариялай отырып, оның бірінші бабында: «Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарканд облыстарындағы һәм Әмудария бөлімдеріндегі казақ угздері, Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес облыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қыргыз қаны, түрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға...» деп жер тұтастығын басты мәселе ретінде бекітті. Алашорда өкіметінің 1918 жылы 24 маусымдағы «Алаш автономиясының жерінде жер пайдалану туралы Уақытша Ережесі» өзінің мазмұны мен пәрмені жағынан маңызды құжаттардың бірі болды. 11 баптан тұратын бұл Ережеде жерді пайдаланудың негізгі тәртібі көрсетілді. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олардың кеңес өкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе А.Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызга ие болды. Қозғалыстың өрістеуіне ақын-жазушылардың қаламгерлік те, қайраткерлік те үлестері айрықша болды. Біздің ойымызша, Алаш қозғалысы дәуірі - ұлттық жазба әдебиетінің тарихындағы ерекше жылдар. Қазақтың жазба әдебиетінің өмірге келуінің бастапқы кезеңі Абай заманымен байланысты болғанымен, оның буыны бекіп, бұғанасы қатуы XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына келеді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы жазба әдебиетке Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы , Нарманбет Орманбетұлы т.б. кейбір жекеленген әдебиет өкілдерінің шығармашылығы мысал бола алса, келесі ғасырдың басында жазба әдебиет өкілдерінің саны еселеп артты. Жазба әдебиеттің жарық көретін қалыптары - баспасөз, кітап басу ісінің дамуы жазба әдебиетті өркендете түсті. Ендігі жерде әдебиет оқырманға арнала бастады. «Айқап» журналы, «Қазақ» т.б. газеттер көркем ойды мыңдаған оқырманға жеткізушіге айналды. Үшіншіден, көркем проза, драма, әдеби сын үлгілері туып қалыптасты. Әдеби сынның қалыптасуы, оның шығармаға, әдеби мұраға, әдеби процеске баға беруі - жазба әдебиеттің есейе бастағандығының айғағы болды. Абай шығармаларының түңғыш жинағының жарық көруі - жазба әдебиеттің қал ыптасуына игі ықпал етсе, Міржақыптың «Оян, қазағы!», Ахаңның «Масасы» әдебиеттегі ұлтшылдық, елшілдік ұрандарды күшейтті. Сөйтіп бұл жаңашыл дәстүрді Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар, Бейімбет секілді жас дарындар соны көркемдік сапада, тың қырынан жалғастырып әкетті. Соның нәтижесінде, Алаштың қалам кайраткерлері қазақтың түңғыш романдары мен драмалық шығармаларын, алғашқы әдеби-сын мақалаларын дүниеге келтірді. Қазақтың сөз өнерін жаналық жағынан да, идеялық-көркемдік жағынан да байытып, жазба әдебиетін қалыптастырды. Шамасы он-он бес жылдың ішінде Алаш қаламгерлерінің ерен қабілеті, ұлтына деген ерекше махаббаты, туған жұртының бүгінгісіне көңілі толмаған күдігі мен азат болашағына үміті кейінгілерге үлгі боларлық әдеби туындыларды өмірге әкелді. Алаш ұранды әдебиеттің беті мен екпіні, бағыты мен мазмұны Ахаң бастаған қазақ ақын- жазушыларының ұсталып кеткен кезеңіне дейін, яғни 1920 жылдардың соңына дейін жалғасты. Сол екпін, сол бет, сол бағыт қашанда ұлтына перзенттік сүйіспеншілігі мен адалдығын сақтаған қаламгерлердің шығармашылығында баяу болса да қан тамырындай бұлқ-бұлқ соғып жатты. Алаштық саралы жолдан ауытқыған советтік әдебиет әсіре қызылдың тез оңатынын сезбестен, адамға емес, саясатқа қолбалалық, құлдық сапарын айғай- шумен, беттен алумен бастап, бір кісінің ғұмырындай ғана өмір кешті. Әуелден таза, әуелден көркем, әуелден адамға, ұлтқа деген жанашырлық пен ізгілікке, шуак пен мейірімге толы «Алаш әдебиеті» аталатын алып бәйтерек қайта жаңғырып, ізгілік тұқымдарын шаша баетады. Ендігі жерде қазақ баласы жасағанынша жасайтын оның байтак та баянды мәңгілік өнегелі сапары басталды. Қандай ұлттың болмасын мәдени деңгейін көрсететін факторлардың бірі - театр өнерімен байланысты екендігі мәлім. Бұл жолда да Алаш зиялылары «тұңғыш» деген атаққа ие. Айталық,Б.Серкебаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов қазақтың алғашқы драмалық шығармаларын жазса, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» тұңғыш театрлық қойылым болғаны белгілі. Ал, Қ.Кемеңгерұлы ның «Алтын сақина» пьесасымен мемлекеттік ұлт театры түңғыш шымылдығын ашқан болатын. Жалпы өз заманында Алаш өкілдері ұлт мәдениетін, өнерін танытуға, насихаттауға қатысты бірқатар тағылымды шаралар атқарды. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да ойлармен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан жәнеА.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл - ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады. Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсшді мүшелері қазактың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінш ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше баетады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары үтымды пайдалана алды. Сөйтіп қандай да бір қасаңдыктан ада, адами құндылыктарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдык, наеихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері карай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете баетады. Осы эволюциялық жол - Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары. Қазақтың жазба әдеби тіліндегі публицистикалык стильдің қалыптасуы 1905- 1918 жылдар аралығында баспасөз құралдарының көбейе түсуімен түсіндірілетіндігі белгілі. Осы тұстағы баспасөз беттерінен тіліміздегі публицистикалық стильдің қалыптаса бастағанын көреміз. «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы», «Алаш», «Жас азамат» газеттерінен және «Айқап» журналынан т.б. баспасөз құралдарынан қазақ сөзінің коғамдық-әлеуметтік саланың әртүрін көрсететін лексиканың стильдік реңктерге ие бола бастағанын байқаймыз. Осы баспасөз беттерінде саяси-қоғамдық лексикамен бірге, мәселен, жаңа мазмұндағы салтанатты стильдің де ерекше үлгілерін аңғарамыз. № 11тақырып. Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихының зерттелуі. Алаш қозғалысы қазактың жазба тіліндегі құжат тілінің де белгілі бір қалыптарын түзді. Айталық, уездік, облыстық, жалпықазақ сиездерінің хаттамалары, қаулылары, «Алаш» партиясының бағдарламасы, қатынас хаттары құжат тілінің жаңа бағыттағы лексикасын қалыптастырды. Бүған қоса, Алаш қозғалысы дәуірінде эпистолярлық жанрдың қауырт дамығанын әбден аңғаруға болады.Ә.Бөкейханның, А.Байтұрсынұлының, М.Шоқайдың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, Х.Досмұхамедұлының, М.Дулатовтың т.б. хаттары осы жанрдың тарихындағы үздік үлгілер. Жазба әдебиетіміздің тарихындағы алаштық кезеңді зерттеуде қазақ лексикасының зор мүмкіндіктерін айқындайтын мысалдар жеткілікті. Сөз қолдану, ұғымды беру, тың сөз тіркестерін жасау - олардыңұлттық ойлау жүйесін, сондай-ақ Батыc пен Шығыс ілімін ізденгіштікпен зерделегенін байқатады. Алаш қайраткерлері мен қаламгерлерінің бұл жоралы жолы із-түссіз кеткен жоқ. Оның тамаша дәстүрлері өзінен соңғы сырты советшіл әдебиеттен көрініс тауып жатты. Бұл да зерттелуін қалап тұрған үлкен тақырыптың бірі. Алаш қозғалысын қазақ руханиятындағы тағылымды орасан құбылыс болды десек, соның бір парасы - қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтерілуімен сабақтас. Қазақ қоғамының оянуына, сілкінуіне сол кезеңдегі қазақ баспасөзі өлшеусіз үлес қосты. Бұл қатарда ұлттық қозғалыстың серпінді болуына, қарқынды өрістеуіне зор ықпал жасаған «Қазақ» газетіалдымен аталады. Ахаң басында тұрған бұл ұлы басылым Алаш идеясын қазақ сахарасына тарата отырып, өзінің зор миссиясын абыроймен орындады. «Қазақтан» кейінгі алаштық идеяны Х.Ғаббасов пен Р.Марсеков шығарушылары болған «Сарыарқа» газеті және М.Шоқай шығарған «Бірлік туы» газеті өрістетіп отырды. Бұл газеттер қазақ баласының бойына ұлттық сезімді, ұлттық ождан мен абыройды сіңірді. Қазақ ғылымының тууына Алаш зиялыларының тікелей ықпалы тигені бәрімізге белгілі. Қазак тіл білімі мен әдебиеттануының басында Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы тұрса, медицина, биология, табиғаттану салаларынан Х.Досмұхамедұлы, математикадан М.Дулатов пен Ә.Ермеков, психологиядан Ж.Аймауытов, педагогикадан М.Жұмабаев, ауыл шаруашылығынан Т.Шонанұлы ,Қ.Кемеңгерұлы арнайы еңбектер жазды. Қазақ жазуының, ұлт грамматикасының дүниеге келуіндегі Ахаңның еңбегі айрықша аталады. М.Әуезовтің сөзімен айтсақ: «...Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік үраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдагы қан жылаган қазақ баласына істеген еңбегін, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз үмытсақ та, тарих үмытпайтын істер болатын». Алаш зиялылары қазақ ғылымын қалыптастыра отырып, оның терминологиясын да жасағанын және оның өміршең болғанын да атап өткеніміз дұрыс. Алаш қозғалысы қазақтың тарих ғылымын дүниеге әкелді. Өткенді аршу, бағзы өмірдің даму түстарын санадан өткізу сияқты еңбектер - ұлттың есейе бастағандығының белгісі. Өткенге көз салу, оны бүгінмен, болашақпен байланыстыру - оқуы мен мәдениеті өскен елдің белгісі. Міне осындай ұлттық рухани жаңғырудың басында Алаш қайраткерлері тұрды. Бұған Шәкәрімнің, Ә.Бөкейханның, М.Тынышбаевтың, Х.Досмүхамедұлының, Қ.Кемеңгерұлының, С.Асфендияровтың жазғандары куә. Халқымыздың өткен тарихына үңілгенде олар ең алдымен Абылай,Шоқан, Абайдың есімдерін ұлықтады. Ал өз заманының тұлғаларын бағалауға келеек, мәдениет көзімен Карағанда Әлиханды Семей жұртшылығының қарсы алуы, Ахаңның елу жылдығын зиялы қауым болып арнайы атап өтуі - Алаш қайраткерлерінің жаңа өркениеттік жолға бет алгандыгын көрсетеді. Осының барлығы Алаш қозғалысы дәуірінің - қазақтың өткенін бағалаудың, өз заманын зерделеудің ұлт тарихындағы алғашқы кезеңі болды деп түжырым жасауға мүмкіндік береді. № 12тақырып: Алаш қозғалысының тууының тарихи алғышарттары. «Алаш» партиясының, Алашорда өкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттерінде жоғарыда аталған қажеттіліктер көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, Ж.Досмүхамедұлының, М.Дулатовтың, Б.Құлмановтың, Ғ.Бірімжановтың, Ж.Ақбаевтың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың, Х.Ғаббасовтың, А.Тұрлыбаевтың, Ы.Жайнақовтың т.б. жазған еңбектері мш атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық,) уездік сиездер мш комитеттерді, жалпықазақ сиездерін үйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша өкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы - олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді. Алашорда мен Түркістан мұхтарияты жетекшілері арасындағы мәселеде олардың арасында бірлік болмады немесе әрқайсысы өздерінше дербес мемлекет ретінде өмір сүргілері келді деудің реті келіңкіремейді. Өйткені біріншіден, олар қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бір бағыт ұстанды, екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса алды. Оған М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Түркістан қайраткерлерінің Алаш сиездеріне қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш өкілдерінің Сырдария қазақтарының сиезіне арнайы баруы, бірлікке шақыруы, ақпан төңкерісінен соң Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі- үсақты байланыстар тарихы бізге Алаш пен Түркістанның мызғымас бірлігін айғақтайды. Үшіншіден, егер кеңестік билік казақ даласында орнамағанда, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері қалайда бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ мемлекетін қүрар еді. Бұлайша ой қорытуымызға сол дәуірдегі сыртқы саяси жағдайлар да, қазақ тұрмысының ішкі қоғамдық қажеттіліктері де мүмкіндік береді. Сондықтан да тарих жүзінде оларды дербес нысан ретінде қарағанымызбш, өткен ғасырдың басында ең ұлы идея - ұлт бостандығын көтерген екі ірі қозғалысты, Алашорда мш Түркістан мүхтариятын бөлуге әсте болмайды. Ұлт тағдырына қатысты кез-келген өміршең идеяның із-түзсіз жоғалып кетпейтіні сияқты алаштық идея да ұлтжанды азаматтардың ойында жүрді. М.Шоқайдың эммиграцияда жүргендегі еңбектері, М.Әуезовтің шығармашылығы, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулері, І.Есенберлиннің, М.Мақатаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, Қ.Мырзалиевтің, О.Сүлейменовтің, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауинның, Қ.Жұмаділовтің т.б. ақын-жазушылардың көркем туындылары, Қытайдағы, Еуропадағы казақ диаспорасының санасындағы ұлттық идеялар, Желтоқсан көтерілісі сияқты көрнекті мысалдар Алаш идеясының, азаттық идеясының тәуелсіздікке дейін үзілмей келе жатқандығын аңғартады. Алаш қозғалысының тарихы - отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері - алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру - қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары - ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты қүндылық - тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр. № 13 тақырып. Алаш қозғалысының тууы - ұлт-азаттық күресінің жаңа кезеңі Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары - бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайык еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі - Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы - ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт- дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау - алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралгысы десек, Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары - бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал. Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда өкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энңиклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғал ысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеп алдық. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезенде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бүдан үзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қоспадық. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден аетам тұлғаның өмірбаяндарын бердік. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінеп кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны еөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы - көпшілік арасынан оеындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу. Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш қозғалысын зерттегш ғалымдардың өмірбаяны қамтылды. Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған 1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер енгізілді. Кітап соңында берілгш қосымшада Алаш қозғалысының болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар топтастырылды.[1] № 14тақырып: Алаш қайраткерлерінің 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Шынжаң қазақтары өздері қоныстанған байтақ даланы ата-бабамыздан қалған ежелгі мекеніміз деп біледі. Сондықтан да болар, ел басына ауыр күн туған қилы кезеңдерде Қазақстан жерінде қуғын-сүргін көрген қазақтардың көбі солай қарай босты. Әсіресе кеңестер одағының орнауына байланысты қызыл империяның тіс-тырнағынан қашқан талай боздақ сондағы қандастарының бауырына паналады. 1916 жылы орыстардың (патшалық Ресейдің) әскер алуына қарсы шыққан албан руы мен қырғыздар қарулы көтеріліс жасап қырғынға ұшырады. Бұл тарихта «Қарқара көтерілісі» немесе «Албан қырылған» деген аттармен белгілі. Қырғынға ұшырап, жан сауғалаған 200 мыңға тарта қазақ-қырғыз арт-артынан Шынжаңға қашып өтті. Албандар Іле өңірін мекендеді. Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы, Әсет Найманбайұлы секілді әйгілі ақындармыздың қытай жеріне қашып өтуі де осы жылдарға тұспа-тұс келеді. Осыдан кейінгі жерде 1917 - 1920 жылдар аралығындағы Кеңестер одағының орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты ақтар мен қызылдардың қырқысы тұсында да талай қазақ ауылы босқындық күйге тап болды. Өткен тарихтың парақтарына үңілгенде Қытайдың Алтай жеріндегі керейлердің арасына барып қайтқан аға сұлтан Құнанбай: «Түбі біздің елдің бір тиянағы осы ел болар-ау» дейтін сөзін еске алсақ, Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Міржақып Дулат(1885-1935), Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков бастаған топтың 1918 жылы мамырда Тарбағатайдың Шәуешек қаласына барып қайқаны да тегін болмаса керек. Әсеттің осы бас қосуда шығарған «Алашқа» атты атақты өлең-толғауы сол тарихтың бір куәсі болып бізге жетіп отыр. Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) жазған «Қазақ» үнқағазының (газетінің) 1917 жылғы 6-желтоқсандағы №254 санында: Қазақстандағы 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болғанын, содан қашқаны 40 мың 250 түтін, қырылғаны 95 мың 200 жан екендігін жазады. Ал, енді бір деректерде 1927-1953 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адамның қуғынға ұшырап, 25 мың адамның атылғаны, қазақтардың 42 пайызының аштықтан қырылғаны және бір милионға жақын адамның босып кеткені айтылады. Енді бір дерек көзінің мәліметінше 1930-1933 жылдары негізінен қазақтар тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігені сөз болады. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны - 1 миллион 31 мыңға жеткені туралы да дерек бар. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3 миллион 963 мың 300, 1939 жылғы санақ бойынша 3 миллион 100 мың 900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын- сүргіннен қазақтар 1,5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді» деп жазады. Демек аталған мәліметтерге негізделгенде, Кеңестер одағы құрылғаннан кейінгі әр түрлі соғыс апаттары мен қуғын-сүргін салдарынан шетел асып кеткендердің жалпы саны 500 мың төңірегінде болса, соның ішінде тек қана 1917 жылдан кейінгі қытай асып кеткендерінің санының өзі 200 мыңнан асқан екен. № 15 тақырып. Алаш қозғалысы Ақпан (1917 ж.) революциясы кезеңінде. Сталиннің билік басына келгеннен кейін өзіне қарсылардың көзін құртып, партияны өзінің бағыты бойынша істеуге жұмылдыруымен жұмыс бастаған Ішкі Істер Халық Комиссариаты (НКВД) жазалаушы орган ретінде тарих сахнасына шыққан еді. Міне осындай қызыл империяның қылышынан қан тамып тұрған шағында Ф. Голощекиннің (1876-1941) 1925-1933 жылдар аралығында қазақстанда билік жүргізуі ұлт зиялыларының басына қаралы кезеңнің қарлы дауылын үйірді. 1925 жылы қыркүйекте Ф.И.Голощекиннiң Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына келуi Республиканың қоғамдық-саяси өмiрiн күрт өзгертiп, қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы 44 адам - «буржуазиялық- ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрыңғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары бұл үрдiс жаппай етек алды. Тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған, сол өкіметтің сойылын соғысқан Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. бастаған қазақтың бетке ұстар азаматтары да қуғын-сүргiнге ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi. Бұл зұлматтар аранын күн сайын аша түсіп, қазақ ұлтшылдарының қомақты бір тобы көктей орылып, жетпей жатып желкесінен қиылды. Қазақстандағы сұмдық ашаршылық жайында Сталинмен пiкiр алысқанда Ф.И.Голощекиннің: «Бiз Сталинге Қазақстандағы адам төзгiсiз ашаршылықтан бүкiл қазақ халқы қырылудың аз-ақ алдында тұрғанын айтқанымызда, "Ол сары пәлелерден тек сондай жолдармен ғана құтылуға болады" - деп жауап бердi», - дегенінің (Қазақ әдебиетi, 01.12.2006) өзі-ақ зұлматтың түп-төркінінің қайда жатқанын айқын аңғартса керек. Осындай жантүршігерлік тәсілмен жүргізілген тәркілеу, Алаш қозғалысы жетекшілерін жаппай қудалау, тұтқындау, жер аудару және ауылшаруашылығын зорлап ұжымдастыру, күштеп отырықшыландыру, қолдан жасалған аштық секілді зұлматтар салдарынан елі үшін, жері үшін еңбек етіп жүрген талай ұлт зиялысы шет жұртқа бас сауғалауға мәжбүр болды. Қазақстан жеріндегі көптеген қазақ ауылдары арт-артынан Шынжаңға қашып барды. Қытай асқандардың көп бөлімі Іле, Тарбағатай, Алтай өңіріндегі бұрыннан бар қазақ бауырларына барып паналады. Айталық 1929 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан жерінен Әбдікәрім болыс өз балалары Қамбар, Шабдан, күйеу баласы Ғазез Қалбанов және Ысқақ Изетұлы, Тіленші, Әбдіразақ, Қабдыраш, Мәметек бидің немерелері Айдархан, Мұхтархан бастаған бір топ адаммен Қытай аумағына қарасты Алтай аймағына қашып өткен. Әбдікерім Ережепұлы болса Санкт-Петербург орман шаруашылығы инситутында оқыған, Мемлекеттік Думаға делегат ретінде екі дүркін қатысқан, 28 жыл бойы Семей губерниясының Өскемен-Зайсан уезінің Шыңғыстай болысын басқарған, Алаш партиясының бағдарламасын жасаушылардың бірі еді. Өз кезінде Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен де жақын өткен. Ал балалары Қамбар Санкт-Петербургтен заңгер мамандығы бойынша университет тауысса, Шабдан Мәскеу коммерциялық инситутын бітірген болатын. Ал күйеу баласы Ғазез Қалбанов Санкт-Петербург университетінің заң факультетінен оқып, прокурор, сот, адвокат жұмыстарын атқарған еді. Олар Алтайға барғаннан кейін абақ керейдің төрт биінің бірінің мұрагерлік орнындағы Қанапия Мәмиұлының ауылын паналап, барған елінің мәдениет істеріне де өзіндік үлестерін қосты. Сталиндік зұлматтың қанды құрығы 1937 жылы Шынжаң жеріне дейін жетіп, Қамбар, Шабдан, Ғазез, Тіленші, Ысқақ, Айдархан, Мұхтархан, Сәлім Жаназаров бастаған бір топ адамды Шың Сысайдың қолымен тұтқынға алып Нобосибриски түрмесінде өлтірген екен. Сталиндік қуғын-сүргін кеңес одағы жерімен шектеліп қалмай жат жұртқа кеткен қазақтардың сары ізіне шөп салып, олардың басынада ақыр заман келтіріп отырған. Шынжаңда Шың Сысай билік құрған дәуірде бұл зұлмат мейлінше асқынып, қазақтардың қуғындалуы мен түрмеленіп- өлтірілуі ең жоғарғы деңгейге жеткен. Ол кезең Ақыт Үлімжіұлы, Шәріпхан Көгедаев бастаған ел серкелерінің басын алып, Таңжарық Жолдыұлын тар зынданға тастаған ауыр қасіретімен есте қалды. 1917 жылдан 1958 жылға дейінгі Шынжаңда жүрілген көптеген саяси қозғалыстар мен қырғындаулардың түгелге жуығы «кеңес одағының ценариі» бойынша жүрді немесе сол зұлматтың қытайлық бейнеленуі болып отырды. Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкерім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкерім қажы Қарасартов жағынан жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Тәкежанов, Мәнәкеш Әзімбайұлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайға қашып барады. Өкінішке орай, Зиятта 1938 жылы Сталиндік бұйрықтың құлы болған Шың Сысай жағынан қолға алынып, із-түзсіз жоғалтылды. Бердеш Әзімбайұлы кеңес одағы мен қытай арасындағы достық тұсында яғный 1956 жылы Зияттыңұлы Мерекені ертіп, Қазақстанға оралды. Бұдан басқа ілгерілі-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Нұртаев, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназаров, Мырзахмет, Құсайын, Ахметқали Жайсаңбаев, Жұптыбай Сағындықов Алтайдан басқа жерлерді паналаған Райымжан Мәрсеков қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың да алды болыс болса, арты университет тауысқан асыл текті тұқымнан тараған аса білімді жандар болған. Бұлардан сырт Мұстафа Шоқай бастаған алыс-жуық шетелдерге бас сауғалаған қазақ зиялылары да аз болған жоқ. Тіпті екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тентіреп кеткен Мәжит Айтбаев сияқты тұлғалар отанына орала алмай өмір-бақи зарлап өтті. Аты аталғандар ғана емес, ілгерінді кейінді Кеңестер Одағы өзіне қарсы оқ атқан немесе қашып кеткен әр пенденің сары ізіне шөп салып, 1938, 1939, 1940 жылдары барған елдерінде арт-артынан қолға алдырды, қырғындады. Бұл қанды жазалау Моңғол жеріндегі қазақтар арасында да жалғасын тапты. Жоғарыда айтылған қуғын-сүргін құрбандарының бірі Ахметқали Жайсаңбаевқа азырақ тоқталар болсақ, әкесі Жайсаңбай аса сауатты, бай кісі болып, қазіргі Шығыс Қазақстан жерінде 12 жыл болыс болған екен. Ахметқали «бай, кулак, халық жауы» секілді жалалармен қолға алынып Өскемен түбіндегі «Крепость» түрмесіне түседі. Түрмеден қашып шығып, олда Өр Алтай жеріне тартады. Онда барған соң Халифа Алтайдың ұстазы болып «Алтайдан Анадолыға» босқан елмен бірге кетеді. 1943 жылы Пәкстанның Дир аймағының Жандул деген жерінде аурудан қайтыс болды. Балалары Қазақстан, Қытай, Түркия үш елге шашылып, торғайдай тозды. Бұл арада Ахметқалиға орай айта кетерлік бір жағдай бүгінгі Еуропа қазақтарының қалыптасуына себеп болған Қытайдағы қазақтардың Түркияға қарай көшуі - шын мәнінде кеңес қызылдарынан қашудан басталған болатын. 1934-1941 жылдар арлығындағы Елсіхан батырдың бастауындағы көш туралы айтар болсақ, мұсылман елдерін, түркі халқын бетке алып қызыл империядан құтылатын жалғыз есік - Үндістан, Пакстан, Ауғанстан арқылы Түркияға өту болған. Демек, кеңес одағы териториясында отырған қазақтар ғана емес, дүниені жалмаған қызыл тасқыннан қашқан қандастарымыз Такламакан шөлін кесіп, Гималай тауын асып жер шарының түкпір-түкпіріне тарыдай шашылды. Осының бәрін айтып, азда болса жеке адамдар тағдырына тоқталуымыз кеңестік зұлматтың кесірлерінің қандай болғанын көрсету еді. Қазақ сынды қайсар халық тағдырдың қиын сынағына көбірек түсіп, өзінің ерлік рухын дәлелдеу үшін орыс және қытай сынды екі алпауыт елдің арасында әдейі өмір сүріп жатқан сияқты. Бұл халықты жер бетінен құртып жібермекші болған әлемнің қожасына айналмақ болған кеңестік билік те өз түбіне өзі жетіп, түп- тамырымен қопарыла құлады. Тарихтың жеңілісіне ұшырады. Тарыдай шашылған қанды тарихымыздың қайталамауын тілесек те, тасқа басылған ерлігімізді ешкімнің өшіре алмайтынына мақтанғымыз келетінінде де шүбә жоқ! Өйткені біз комунизимнің қып-қызыл өртіне керілген қыл көпірден сүрінбей өтіп, империялардың әріптесіне айлалған ҚАЗАҚ деген халықпыз. .1 Негізгі әдебиеттер: 1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995. 2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994. 3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993. 4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995. 5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. 6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994. 2 Қосымша әдебиеттер: Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992. 1. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993. 2. Ж. Алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994. 3. Бес арыс /жинақ/ А., 1992. 4. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994 жж. 5. Ақиқат //№ 1-12. 1992-1999 жж. 6. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999 жж. 7. Қазақ тарихы //№ 1-6. 1993-1999 жж. 3.Практикалық сабақтың құрылымы Семинар тақырыптары I тақырып. Алаш қозғалысы мен Алашорда тарихының зерттелуі. Жоспар 1. Алашорда тарихының отандық тарихтағы орны. 2. Алашорда тарихының кеңестік кезеңдегі зерттелуі. 3. Алашорда тарихы отандық тарихшылар зерттеулерінде. 4. Алашорда тарихының шетелдерде зерттелуі. I I ақырып. Алаш қозғалысының тууының тарихи алғышарттары. Жоспар 1. Ұлт-азаттық қозғалысындағы жаңа кезеңін ашқан қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері. 2. XX ғ. басындағы қазақ оқығандарының көзқарастарындағы азаттық идеясының қалыптасуына әсер еткен факторлар. 3. Алаш қайраткерлерінің саяси ұстанымдары. III тақырып. Алаш қозғалысының тууы - ұлт-азаттық күресінің жаңа кезеңі. Жоспар 1. Қарқаралы петициясын қабылдау – Алаш қозғалысының бастамасы. 2. Ә.Бөкейханов бастаған қазақ оқығандарының 1905-1907 жж. ұлттық- саяси ұйым құру бағытындағы әрекеттер. IV тақырып. Алаш қайраткерлерінің 1905-1917 жж. қоғамдық-саяси өмірге араласуы. Жоспар 1. Алаш қайраткерелері және Мемлекеттік Дума. 2. Қазақ газетінің дүниеге келуі және қызметі. 3. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты Алаш қайраткерлерінің ұстанымы. V тақырып. Алаш қозғалысы Ақпан (1917 ж.) революциясы кезеңінде. Жоспар 1. Ә.Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің ақпан төңкерісіне көз-қарастары. 2. Ақпан революциясы және азаматтық бостандықтар. 3. Алаш қайраткерлерінің Уақытша үкіметтің жергілікті органдардағы қызметі. VI тақырып. Алаш қайраткерлерінің ұлттық партия құру және қоғамда демократиялық институттарды қалыптастыру жолындағы қызметі. Жоспар 1. Қазақ комитеттерінің құрылуы және қызметі. 2. Қазақ съездерінің көтерген мәселелері. 3. Бірінші Бүкілқазақ съезінің тарихи маңызы. Алаш партиясының құрылуы. VII тақырып. Алаш партиясы мен Алашорда. Қазан (1917 ж.) төңкерісінің кейінгі кезеңде. Жоспар 1. Кеңес үкіметінің орнауы және Алаш. 2. Екінші Бүкілқазақтық съезінің шешімдері. Алаш автономиясының жариялануы. Алаш орданың құрылуы. VIII тақырып. Алаш партиясының бағдарламасы – өркениет жолымен дамудың ұстанымы. Жоспар 1. Екінші Бүкілқазақтық съезіндегі Алаш партиясының бағдарламасының қабылдануы. 2. Алаш партиясының бағдарламасы азаматтық еркіндіктер туралы. 3. Алаш партиясының бағдарламасы – мемлекет және мемлекеттік басқару туралы. IX тақырып. Алашорданың Семейге келуі. Жоспар 1. Кеңес үкіметінің алашқа байланысты саясаты. 2. Алашорданың Семейге қоныс аударуы. 3. Алашорданың батыс және т.б. бөлімдерінің құрылуы. X тақырып. Алашорданың Семейдегі қызметі. Жоспар 1. Алашорданың Комучқа, Уфа Директориясына, Сібір Өкіметтеріне және Колчак билігіне байланысты ұстаған саясаты. 2. Алашорда қызметінің ресми тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы жалғасуы. XI тақырып. Алашорда әскерін құру. Жоспар 1. Алаш әскерін құру. 2. Алаш әскери құрылымдарының қимылдары. XII тақырып. Алаш партиясы, Алашорданың кеңес өкіметінің мойындауы. Жоспар 1. Азамат соғысында ақтар қозғалысының жеңіліс табуы. 2. Алашорданың кеңес өкіметімен келіс сөздері. Кеңес өкіметін тану. XIII тақырып. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің кеңес өкіметі тұсындағы қызметі. 20-шы жылдарындағы Қазақстанның саяси өмірі. Жоспар 1. Алаш қайраткерлері Кеңес қызметінде. 2. Алаш (Қазақ) зиялыларының қатал тағдыры. XIV тақырып. Тәуелсіздік және Алаш қайраткерлерінің қайта оралуы. Жоспар 1. Алаш қайраткерлерінің халық жадында қайта жаңғырылуы. 2. Алаш қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер. 3. Шығыс Қазақстаннан шыққан Алаш арыстары. 4. Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметінің қызметтерінің тарихи маңызы. XV тақырып. Қорытынды сабақ. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер: 1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995. 2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994. 3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993. 4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995. 5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995. 6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994. Қосымша әдебиеттер: 1. Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992. 2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993. 3. Ж. Алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994. 4. Бес арыс /жинақ/ А., 1992. 5. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994 жж. 6. Ақиқат //№ 1-12. 1992-1999 жж. 7. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999 жж. Қазақ тарихы //№ 1-6. 1993-1999 жж. Арнаулы семинар тақырыптарына ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А.1992 ж. 2. Қозыбаев М. Қ. Ақтандықтар ақиқаты. А. 1992 ж. 3. Қожанов Т. Көк сеңгірлер. А.1992 ж. 4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А. 1995 ж. 5. Нәубәт (жинақ) А. 1994 ж. 6. Зобалаң (жинақ) А. 1994 ж. 7. Қызылдар қырғыны А. 1993 ж. 8. Зауал. А.1991 ж. 9. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994. 10.К. Есмағанбетов. Қазақтар шетел әдебиетінен. А., 1994. 11.Қойгелдиев. М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді А. 1993 ж. 12.К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995. 13.Қазақстан тарихының журанал. 1993-1999 жж. 14.Ақиқат журналы. 1991-1999 жж. 15.Отан жураналы. 1998-1999 жж. 4. Студенттердің өздік жұмысы 4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады. Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет. Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет. Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет. Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет. Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет. Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет. Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн. Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет. Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі. Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек. Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады. Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі. Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн. 4 Студенттердің өздік жұмыстары (тақырыбы, талаптары, мерзімі) |№ |Тақырыбы |Түрі |Тапсыру| | | | |мерзімі| |1 |Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |1-2 | | |қызметі. | |апта | |2 |А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |3-4 | | |қызметі. | |апта | |3 |М.Тынышпаевтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |5-6 | | |қызметі. | |апта | |4 |М.Дулатовтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |7 апта | | |қызметі. | | | |5 |Райымжан Мәрсековтің Алаш идеясы |Конспект Ауызша баяндау |8-9 | | |іске асырудағы Семей жеріндегі | |апта | | |қызметі. | | | |6 |Ахметжан Қозыбағаровтың қоғамдық- |Конспект Ауызша баяндау |10 апта| | |саяси қызметі. | | | |7 |Халел Ғаббасовтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |11 апта| | |қызметі. | | | |8 |Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси |Конспект Ауызша баяндау |12 апта| | |қызметі. | | | |9 |Шәкәрім қажы және Алашорда. |Конспект Ауызша баяндау |13 апта| |10 |Алашорда және «Үш жүз» партиясы. |Конспект Ауызша баяндау |14 апта| | |Алашорда және Совет өкіметі. |Конспект Ауызша баяндау |15 апта| .2.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары СОӨЖ тақырыптары |№ |Тапсырма |Оқыту факторы |Сағат | | | | |саны | |1. |Алаш қозғалысының тууы. |Конспект Ауызша |2 | | | |баяндау | | |2. |Алаш қайраткерлерінің саяси |Конспект Ауызша |2 | | |көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен |баяндау | | | |тарихи алғышарттар. | | | |3. |Қазақтың ұлттық интеллигенциясының |Конспект Ауызша |1 | | |қалыптасуы. |баяндау | | |4. |1905-1907 ж.ж. Орыс революциясының Алаш |Конспект Ауызша |1 | | |қозғалысының тууына әсері. |баяндау | | |5. |Алаш қайраткерлерінің «ұлтты ояту» |Конспект Ауызша |2 | | |жолындағы қызметі (алдыңғы қатарлы |баяндау | | | |оқу-білімді, мәдениетті және т.б. | | | | |насихаттау). | | | |6. |1917 ж. Ақпан революциясы және Алаш |Конспект Ауызша |2 | | |қозғалысы. |баяндау | | |7. |1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске |Конспект Ауызша |2 | | |байланысты алаш қайраткерлерінің |баяндау | | | |позициясы. | | | |8. |1917 жылғы Бүкілқазақтық I және II |Конспект Ауызша |2 | | |съездердің тарихи маңызы. |баяндау | | |9. |Алашорда үкіметінің мемлекеттік құрылым |Конспект Ауызша |1 | | |ретіндегі қызметі. |баяндау | | |10. |Алаш партиясы. |Конспект Ауызша |2 | | | |баяндау | | |11. |Шығыс Алашорданың Семейдегі қызметі. |Конспект Ауызша |2 | | | |баяндау | | |12. |Алаш әскерін құру. |Конспект Ауызша |1,5 | | | |баяндау | | |13. |Алашорда және «Үш жүз» партиясы. |Конспект Ауызша |2 | | | |баяндау | | 3. Емтихан сұрақтары 1.Алаш қозғалысының шығуы. 2.Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер. 3.Ұлт зиялылары Алаш қозғалысының тірегі. 4.Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің халық жадында жаңғыруы. 6.Алаш қозғалысы және Ресей мемлекеттік Думасы. 7.Алашорда қайраткерлерінің қилы тағдыры. 8.Алаш қозғалысы және «Қазақ» газеті. 9.Тарих тағлымы не дейді? 10.Алаш қозғалысы және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. 11.Қазақ зиялыларының тағдыры (1925-1938 ж.ж.) 12.Қазақстан және Ақпан төңкерісі. 13.20-шы жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі. 14.Алғашқы қазақ облыстық сьездері. 15.Алашорда және Кеңес өкіметі. (1918-1920 ж.ж.) 16.І-ші жалпықазақ сьезі шешімдері. 17.Азаматтық қарсыласу кезіндегі саяси-әскери жағдайлар және 18.Алашорданың қызметінің жалғаса түсуі. 19.Қазақ облыстық комитеттерінің құрылуы. 20.Алашорда және Колчак өкіметі. 21.Қазақ саяси партиясы және Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы. 22.Алашорданың Самара Комучы, Уфа Директориясымен және Колчак диктатурасымен саяси қарым-қатынасы. 23.Семей өлкесіндегі ұлттық –демократиялық қозғалыс (1917 ж.). 24.Шығыс Алашорда: басқа алашордалық бөлімдермен байланыстары. 25.Семей қаласындағы саяси партиялардың бөлімшелері және басқа да қоғамдық ұйымдар. 26.Шығыс Алашорда және жергілікті саяси күштер: өзара саяси, әскери және мәдени саладағы байланыстары. 27.Қосөкіметтің өзіне тән аймақтық ерекшеліктері. 28.Антикеңестік күштермен бірлесіп Кеңес өкіметіне қарсы шығуының тарихи себептері. 29.Саяси күштердің тоғысуы. 30.Шығыс Алашорда және ресейлік саяси күштер. 31.Жергілікті баспасөз ісі. 32.Маусым оқиғалары. (1918 ж.) 32.ІІ- ші Жалпықазақ сьезі. 33.Семейдегі Орталық және облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметімен қатынасы. 34.Алашорданың құрылуы. 35.Қазақстанның Шығыс Облысында Кеңес өкіметінің орнатылу тарихы (1918 ж ақпан- маусым) 36.Алашорданың негізгі міндеттері. 37.Алаш қозғалысы және 1916 ж. қозғалыс. 38.Алашорданың құрылуының сипаты. 39.Алаш қозғалысы және «Қазақ» газеті. 40.Алаш қозғалысының шығуы. 41.Маусым оқиғалары (1918 ж.).
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz