Файл қосу

Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері




|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                     |
|3-деңгейлі СМЖ               |                 |                               |
|құжаты                       |ПОӘК             |                               |
|                             |                 |ПОӘК 042-18-28.1.12/03-2013    |
|ПОӘК «Синтаксистік           |______2013 жылғы |                               |
|стилистика» пәніне арналған  |№ басылым        |                               |
|оқу-әдістемелік материалдар  |                 |                               |






   5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
                            мамандығына  арналған
                      «синтаксистік стилистика» пәнінің

                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
























                                    СЕМЕЙ
                                    2013





                                   Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс сабақтарының мазмұны
3  Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
4  Студенттердің өздік жұмысы
5 Өзгерістерді тіркеу парағы
6 Әріптестердің танысуы



































1 ГЛОССАРИЙ

Синтаксис –  сөздердің  байланысу  тәсілдері  мен  түрлерін,  сөз  тіркесін,
сөйлем және оның түрлерін, сөйлем мүшелерін  зерттейтін  тіл  білімінің  бір
саласы.

Синтаксистік форма – синтаксистік тұлғалардың тиісті  грамматикалық  амалдар
арқылы қалыптасқан грамматикалық тұрпаты.

Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция сапасындағы мағына.

Сөз тіркесі – толық мағыналы ең кемі  екі  сөздің  грамматикалық  байланысқа
түсуі негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік.

Меңгеру  –  бағыныңқы  сыңардың  басыңқымен  табыс,  барыс,  жатыс,   шығыс,
көмектес септіктерінің бірінде тұрып байланысуы.

Қабысу – сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы тек іргелес  тұрып
байланысуы.

Жанасу - сөздердің ешқандай жалғаусыз орын тәртібі арқылы  іргелес те  алшақ
та тұрып байланысуы.

Матасу – ілік септікті сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысы

Қиысу – бастауыш пен баяндауыштың жақ-жағымен  жекеше-көпше  түрде  сәйкесіп
байланысуы.

Басыңқы сыңар – сөз тіркесінің құралуына негіз болатын тірек сыңар

Бағыныңқы сыңар – басыңқы сыңарға тұлғалық  және  мағыналық  жақтан  тәуелді
болатын сыңар

Есімді сөз тіркесі – басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі – басыңқы сыңары етістік сөзден болған сөз тіркесі

Құрмалас сөйлем -  синтаксистік  тұлға,  ең  кем  дегенде  екі  предикаттық
қатынастың негізінде құрылады.

Салалас  сөйлемнің  құрамындағы  синтаксистік  компоненттер  өзара   теңдік
дәрежеде байланысады.

Сабақтас  сөйлемнің,  әсіресе,  бағыныңқы  компоненттерінің   баяндауыштары
тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол  компоненттердің  арасындағы
интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.

Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық таптастыру бойынша құрмалас сөйлемдер
салалас құрмалас, сабақтас және аралас құрмалас болып бөлінеді

Аралас құрмалас сөйлем -компоненттері әрі салаласа,  әрі  сабақтасу  арқылы
байланысқан құрмалас сөйлем түрі.

Аналитикалық принцип  салалас  құрмалас  сөйлемнің  жасалуында  айрықша  мән
атқарады.  Салалас  құрмаластың  жеке  компоненттері  сондай-ақ  әр  мәндегі
жалғаулықтар  арқылы  да  байланысады.   Осыған  орай  салалас   құрмаластар
жалғаулықсыз салалас және жалғаулықты салалас деп ажыратылады.

Көп компонентті салалас  сөйлемдерде  хабарланған  ойдың  мазмұны  толығырақ
ашыла түседі, кейбір жайлардың мазмұн көрінісі  саралана  жіктеліп,  талдана
жинақталу сипаты орын алады.


                                 2 ДӘРІСТЕР

1-дәріс. Синтаксистік стилистика туралы жалпы түсінік.
1.Синтаксис ұғымының мәні
 2.Синтаксистік түлғалар
 3. Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік

      Синтаксис термині, оның мәні. Синтаксистің казіргі  зерттеу  бағыттары
мен  оның  объектілері:  сөз   тіркесі,   сөйлем,   күрделенген   сейлемдер,
синтаксистік тұтастық, ол туралы талас-пікірлер және олардың зерттелу
барысы.
      Синтаксистік түлғалар, олардың түрлері: коммуникативтік  грамматикалық
дербес  синтаксистік  түлғалар.  Құрылымдық  элемент  ретіндс  грамматикалық
тұрақтылығы  бар  синтаксистік  тұлғалар.  Синтаксистік  формалар,   олардың
лексикалық, морфологиялық формалармен байланысы,
ерекшелігі.
      Синтаксистік норма және синтаксистік жүйе туралы түсінік.
Қазақ  тілі  синтаксистік  жүйесінің  басқа  туыс,   туыс   емес   тілдердіц
синтаксистік жүйесімен ұқсастық, айырмашылық жайлары.
Синтаксистік жүйені танудағы методологиялық принцип.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1. Синтаксистің қазіргі зерттеу бағыттары туралы не айтар едіңіз?
   2. Синтаксистік түлғалар, олардың түрлерін атаңыз
   3.  Қазақ тілі синтаксистік жүйесінің басқа  туыс,  туыс  емес  тілдердіц
синтаксистік жүйесімен үқсастық, айырмашылық жайы туралы не айтар едіңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

2-дәріс. Сөз тіркесінің стильдік ерекшелігі.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз тіркесінің зерттелуі
2. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні туралы көзқарастар.
3.  Еркін    тіркестер,    тұрақты    тіркестер,     түйдекті     тіркестер,
   шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу жолдары, сөз
   тіркесінің синтаксисіне қатысы.
      Сөз тіркесі. Сез тіркесінің синтаксистің арнайы объектісі болуы туралы
көзқарастар. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы.  Сөз  тіркесінің  зерттелуі,
зерттеуші ғалымдар, олардың еңбектері.
      Сөз   тіркесінің   тек   сөйлемде   ғана   өмір    сүруі,    сөйлемнен
тыс
қолданылмайтьшдығы.
      Сөз  тіркесінің   номинативті   немесе   грамматикалық   мәні   туралы
көзқарастар. Сөздердің тек грамматикалық мағына тудыру үшін  тіркесетіндігі.
Ол туралы орыс тілі мен түркологиялық көзқарастар.
      Сөз тіркесі кез-келген екі сөздің тіркесі емес, керісінше екі мағынасы
бар  сөз  таптарының  өзара  тіркесі  екендігі.  Сөз  тіркестері   сабақтаса
байланысқан сездер тобынан ғана жасалатындығы, ал салаласа байланысқан
сөздердің тілдегі орны.
      Еркін    тіркестер,    тұрақты    тіркестер,    түйдекті    тіркестер,
шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы,  жасалу  жолдары,  сөз
тіркесінің синтаксисіне қатысы.
      Сөз тіркесі, оның өзіне ұқсас категориядан айырмашылығы:     Сөйлемнен
айырмашылығы, ұқсастықтары:
-Шектеулі тіркестерден айырмашылығы, үқсастықтары;
Тұрақты тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары;
-Түйдекті, шектеулі тіркестерден айырмашылығы, ұқсастықтары:
а)       негізгі       сездер       мен       шылаулардың       түйдектелуі;






                                                    ә)  негізгі  сөздер  мен
көмекші есімдердің түйдектелуі;
в негізгі сөздер мен көмекші етістіктердің түйдектелуі;
в)  негізгі сөздер мен модаль сөздердің түйдектелуі;
г)  сөз, оның түрлерінен айырмашылығы, ұқсастықтары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1. Сөз тіркесі терминінің қалыптасуы. Сөз  тіркесінің  зерттелуі  жайында
      баяндаңыз
   2.  Сөз  тіркесінің  номинативті   немесе   грамматикалық   мәні   туралы
      көзқарастарға шолу жасаңыз
   3. Еркін    тіркестер,    тұрақты    тіркестер,    түйдекті    тіркестер,
      шектеулі тіркестер, олардың бір-бірінен айырмашылығы, жасалу  жолдары,
      сөз  тіркесінің  синтаксисіне  қатысын  қарастыра   отырып,   мысалдар
      келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


3-дәріс. Сөз тіркесінің байланысу формалары.
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Сөз тіркесінін байланысу формалары. Зерттелуі
2. Қиысу, меңгеру формалары
3. Матасу,қабысу жайлы көзқарастар
4. Жанасу. Жанасудың өзіндік белгілері.


      Сөз тіркесінің байланысу  формаларының  түркологияда  және  қазақ  тіл
білімінде қазан революциясына және одан  кейінгі  зерттелу  дәрежесі.  Әрбір
байланысу формаларының қалыптасуы.
Қиысу:  қиысу   туралы   түркологиялық   көзқарастар.   Қиысудың   сөйлемнен
айырмашылығы мен ұқсастығы, жақтық, сандық қиысу және мағыналық қиысу.
Меңгеру - ол туралы көзқарастар, изафеттің 2  түрі  және  нольдік  түлғадағы
зат есім мен етістік.
Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары қызметінде жұмсалатын сөз таптары:
-    Зат есім мен есімдік.
-  Субстантивтенген сөз таптары.
-   Субстантивтенбей-ақ септелетін сөз таптары (үстеу).
-    Тұрақты тіркестер.
-    Негізгі сөздер мен көмекші сөздер.
-    Көмекші сөзді тіркестің жанасу байланысу формасымен ара қатынасы.
-   Бар, жоқ сөздері. Ол сөздердің басыңқы  сыңармен  табиғи  қатысы,  соңғы
өзгерістер және орын тәртібі.
      Меңгерудегі басыңқы сыңарлар, олардың  түрлері,  ондай  кезде  басыңқы
сыңарда есім сөздердің колданылу ерекшеліктері.
Етістікті меңгеру. Салт және сабақты етістіктер және  салт-сабақты  меңгеру,
соңғы топты етістіктердің меңгеруінде септік жалғауларының  алмасуы  туралы,
етістіктердің меңгеруі туралы,  есімше,  қимыл  есімдердің  меңгеруі  туралы
көзқарастар.
      Ортақ меңгеру.  Ортақ  меңгеру,  ондай  кездегі  есімдер  мен  көмекші
етістіктер, олардың түрлері. Негізгі  сөздер  мен  кемекші  сөздердін  ортақ
меңгерілуі.
      Матасу туралы түркологиялық көзқарастар, қиысумен ара  қатынасы,  ілік
және барыс,  табыс  т.б.  жалғаулы  сөздердің  басыңқы  сөзбен  тіркесіндегі
ерекшеліктері  туралы.  Матаса   байланысқан   сөз   тіркестерінің   бірінші
сыңарының  түлғасы.  Ілік  жалғауының  ашық  түрі  екендігі,  олардың  орны,
бағыныңқы сыңарда қолданылатын сөз таптары:
-    Есімдер, етістік, үстеу.
-   Негізгі сөздер мен көмекші сөздер, олардың түрлері.
-   Тұрақты тіркестер.
-   Бар, жоқ сөздері.
Қабысу.  Ол  туралы  көзқарастар.  Қабысу  сөздердің  орын  тәртібі   арқылы
жасалатындығы, оның көріністері:
-   сөздердің орын тәртібі арқылы, жақсы тілек;
-    негізгі    сөздер    мен    көмекші    сөзді    түйдекті    тіркестерге
кейбір жұрнақтардың жалғануы арқылы, үйдің қасындағы бау;
-     көнеленген септік жалғаулы үстеулер арқылы, зорға түсіндіру;
-      септік жалғауларының түсірілуі арқылы, кітап оқу;
-      тұрақты тіркестер арқылы.
      Қабысудың бағыныңқы сыңарлары: есімді сөз тіркестері:  зат  есім,  сын
есім, сан есім,  есімдік,  есімше,  қимыл  есімі,  үстеу,  негізгі  сөз  бен
көмекші  сөздер,  түрақты  тіркестер;  етістікті  сөз   тіркестері:   үстеу,
көсемше, еліктеуіш сөздер, сын есім, сан есім, зат есім,  түрақты  тіркестер
ондай сөздердіц тіркесу қабілеті, мағыналық байланысу.
Қабысудың басыңқы сыңарына  қарай  есімді,  етістікті  және  ортақ   басыңқы
түрлері, ондай кездегі сөз таптарының ара қатынасы.
Жанасу. Жанасудың өзіндік объектілері. Жанасуда бағыныңқы  сыңардын,  алшақ,
іргелес тұруына қарай шылаулы меңгерумен  ара  қатынасы,  жанасу  терминінің
мәні, жанасудың құрамы. Бағыныңқы  мен  басыңқыны  жанастыратын  дәнекерлер,
түрлері: жанасудың етістікті, кейде есімді, құрама түрлері:
-    негізгі сөз бен көсемше тұлғалы көмекші етістік;
-   негізгі сөз және шылау;
-  негізгі сөз және модаль сөздер;
-  негізгі сөз және жолы бойы, бойынша, есе, рет, қайтара.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Қиысу: қиысу туралы түркологиялық көзқарастар
2.Меңгеру , ол туралы көзқарастарды  әңгімелеңіз
3.Етістікті меңгеру, ортақ меңгеруге мысал келтіріңіз
4. Матасу, қабысу формаларына мысалдар келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.

4-дәріс. Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркестерінің қүрылысы туралы.
Дәріс сабағының мазмұны:
 1.Сөз тіркесін топтау
 2.Сөз тіркестерінің қүрылысы туралы

      Сөз  тіркесін  топтау:  сөз  тіркесін  топтастыруда   А.П.Поцелуевский
көзқарасы,  сөздерді  тіркесу  тәсіліне  карап  топтау  (Е.И.Убрятова)   сөз
таптарының  негізінде  топтау  (В.В.  Виноградов,   М.Балақаев)   синтетика-
функциональды топтау (Н.А.Баскаков).  Бұлардың  әркайсысының  ерекшеліктері,
сөз тіркестері сөз таптарының тіркесі екендігі.
      Сөз тіркестерінің есімді, етістікті және ортақ басыңқы түрлері туралы.
Сөз тіркесі тарихи категория.
Жаңа сөз тіркестері, шығу көзі, қалыптасуы.
Сөз тіркестерінің құрылысы туралы. Жай, күрделі  сөз  тіркестері,  сөз  саны
және  мағыналык  жағынан  айырмашылығы.  Күрделі  сөз  тіркестерінің  жасалу
жолдары, оның сөз тіркестерінің  бағыныңқы,  басыңқы  сыңарларына  ортақтығы
және күрделі сөз тіркесінің жасалу жолдары:
-     жартылай қызметті сөздер арқылы; көмекші сөздер аркылы;
-     тұрақты тіркестер арқылы;
-      терминологиялық топ арқылы;
әрбір сөз табының күрделі түрі арқылы.
Сөздердің  тіркесу  қабілеті,  ондай  кезде  бағыныңқы   сөз   бен   басыңқы
сөздердегі мағыналық тұтастық.
Сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларда  жұмсалатын  сөз  таптарының
түрлері.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1. Сөз тіркестерінің  есімді,  етістікті  және  ортақ  басыңқы  түрлеріне
      мысалдар келтіріңіз
   2. Сөз тіркестерінің құрылысы туралы баяндаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


5-дәріс. Сөйлемді құрайтын элементтер.
Дәріс сабағының мазмұны:
1.Сөйлемді құрайтын элементтер
      Сөз таптары: зат есім, сын есім, сан есім,  есімдік,  етістік,  үстеу,
шылау, еліктеуіш, одағай  сөздер.
Негізгі сөздер мен көмекші сөздер: негізгі сөздер — көмекші есім;
-   Негізгі сөздер — көмекші етістік; негізгі сөздер — шылау сөздер;
-  Негізгі сөздер - модаль сөздер.
-  Тұрақты тіркестер
-  Сөйлемдер
- Жеке дыбыстар
-  Оқшау сездер
-  Парцелляциялық құбылыс Айқындауыш
-  Бірыңғай мүшелер.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
1.Сөйлемді құрайтын элементтерге мысал келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


6-дәріс. Жай  сөйлем.Жай  сөйлемнің  айтылу  мақсатына  қарай  бөлінуі.  Жай
сөйлемнің құрылымдық типтері
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Жай сөйлем. Түрлері.
2. Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі

      Қазан төңкерісі және онан  кейінгі  дәуір,  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,
Х.Басымов,  І.Бәйтенов,  Ә.Ермеков,  С.Аманжолов,  М.Балақаев,   С.Жиенбаев,
Т.Қордабаев, Ш.Сарыбаев сөйлем мүшелері туралы. 1940  жылға  дейінгі  сөйлем
мүшелері туралы талас пікірлер. Негізгі себептері.
а)  Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі, оның  көрінісі,  оның  жасалуындағы  сөз
таптарының  лексикалық,  грамматикалық  өзгерістерінің  сөйлем   мүшелерінің
жасалуына катысы.
ә) сөйлем мүшелері - лексика.
б)  сөйлем мүшелері - морфология.
в)   сөйлем мүшелері - фразеология.
Сөйлем   мүшелерінің   бір-біріне   ауысуы,   оның    көріністері,    сөйлем
мүшелеріндегі синкретизм. Сөйлем мүшелерінің сұраулары,  қалыптасуы,  оларды
қоюдың негізгі принциптері. Сұрауды бүкіл сөйлем бойынша қоюдың тиімділігі.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
1. Сөйлем мүшелерінің табиғаи түрі жайлы не білесіз?
2. Сөйлем мүшелерінің жалпы тіл білімінде, түркітануда зерттелуін баяндаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


7-дәріс. Сөйлем мүшелері.Зерттелуі.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Сөйлем мүшелерініңт жасалуы жайындағы түрліқалыптасқан пікірлер
-     Негізгі сөзді сөйлем мүшелері.
-    Негізгі  сөздер  мен  көмекші  сездердің  түйдектелуі   арқылы   сөйлем
мүшелері.
Жеке дыбысты сөйлем мүшелері.
-  Қысқарған сөзді сөйлем мүшелері. Тұрақты тіркесті сөйлем мүшелері.
-  Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөйлем мүшелері.
-  Парцелляциялық сөйлем мүшелері.
-  Әр түрлі сөз  таптарының  мағыналық  бірлігі  негізінде  жасалған  сөйлем
мүшелері
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Сөйлем мүшелерінің жасалуына мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


8-дәріс.  Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

                               Дәріс жоспары:

     1. Тұрлаулы мүшелердің ерекшеліктері;
     2.  Бастауыш, оның жасалу жолдары;
     3. Баяндауыш, оның жасалу жолдары.
Қысқаша мазмұны:
      Қазан төңкерісі және онан  кейінгі  дәуір,  А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,
Х.Басымов,  І.Бәйтенов,  Ә.Ермеков,  С.Аманжолов,  М.Балақаев,   С.Жиенбаев,
Т.Қордабаев, Ш.Сарыбаев сөйлем мүшелері туралы.  1940 жылға  дейінгі  сөйлем
мүшелері туралы талас пікірлер. Негізгі себептері.
а) Сөйлем мүшелерінің табиғи түрі,  оның  көрінісі,  оның  жасалуындағы  сөз
таптарының  лексикалық,  грамматикалық  өзгерістерінің  сөйлем   мүшелерінің
жасалуына қатысы.
ә) сөйлем мүшелері – лексика.
б) сөйлем мүшелері – морфология.
в) сөйлем мүшелері – фразеология.
       Сөйлем  мүшелерінің  бір-біріне  ауысуы,  оның  көріністері,   сөйлем
мүшелеріндегі синкретизм. Сөйлем мүшелерінің сұраулары,  қалыптасуы,  оларды
қоюдың негізгі принциптері. Сұрауды бүкіл сөйлем бойынша қоюдың тиімділігі.
   Бастауышты табуда жоғарыдағы сұрақтардың әр-түрлі варианттары  қолданыла
береді. Мысалы:
   1. Тарих күшінің ұзақ жолдарында талай-талай оқиғалар болып өтті.
   2. Кітаптың араб тіліндегі данасы Стамбулдағы белгілі Ая-София мешітінің
кітапшасында сақталған.
   3. Испандықтар Американың  жергілікті  халықтарын  үндістер  деп  атады.
(Халық календары)
   Осы сөйлемдердің бастауыштары — оқиғалар, данасы, испандықтар.  Бәрі  де
атау септікте тұр. Бірақ бастапқы түбір — атау күйінде  тұрған  жоқ,  оларға
қандай да бір қосымшалар — көптік жалғау, тәуелдік  жалғау  қосылған.  Сөйте
тұра нелер? несі? деген сұрақтарға жауап беріп, әр сөйлемде  айтылған  ойдың
қазығы болып тұр.
   Бұл айтылған бастауыштардың зат есімдерден болғанын көріп  отырмыз.  Осы
бастауыштарымыз   оқулықтарда   айтылып   жүргеніндей   қай   сөз    табынан
болғандығына дәлел. Дегенмен, бастауыштың  қай  сөз  табынан  болатыны  және
оның  тұлғалық  жағын  айта  отырып,  біз  бастауыштың  мағыналық  жағын  да
ескеруіміз керек болады. Өйткені бастауыш  болатын  әрбір  сөздің  ішкі  ма-
ғынасы болады. Мәселен, бастауыш болған зат есім,  есімдіктер  осы  қызметте
жұмсалғанда, сол өз мағынасында  қолданылса,  басқа  сөз  таптарынан  болған
бастауыштар өзінің  бастапқы  мағынасында  тұрып  сол  қызметті  атқармайды,
келтірінді мағынаға ауысып барып бастауыш болады. Мысалдар:
   1. Өйткені бізде әлі де демографиялық сана мен ой толық  қалыптаспаған.
   2. Бұл аз ба, әлде көп пе? (М.Тәтімов).
   3. Бес екіге бөліне ме?
   4. Еріншектің ертеңі бітпес, жеңілтектің селтеңі бітпес (Мақал).
   5. Дұрыстықты айту — парыз ғой. (1001 түн).
   6. Тапқан қуанады, таныған алады (Мақал).
   7. Осы кезде сарт-сұрт басталып та кетті (Ертегілер).
   8. Соң — жылау ғой.
   9. Алдамнан ойбайым тыныш.
   10. Ақтар да қарап жатпаған шығар. (X.Е.). Осы сөйлемдердегі бастауыштар
—«бұл,  бес,  ертеңі,  селтеңі,  айту,  тапқан,  таныған,  сарт-сұрт,   соң,
ақтар»деген сөздер. Бұлардың да  мағыналық  ішкі  ерекшеліктері  бар.  Ондай
ерекшеліктер осы сөздердің бастапқы мағынасында жатыр. Мәселен,  «бес»  сөзі
бастауыш бола тұрып ішкі мағынасы жағынан сандық. Мәнде тұрса,  «сарт-сұрт»,
«тапқан, таныған,  айту»  сияқты  бастауыштар  қимылдық  ішкі  мағынасы  бар
турлалы мүше болар еді.
   Сонда бастауыштың тек сыртқы тұлғалық, жағы ғана  емес,  оның  мағыналық
жағынын да орны бар екенін көреміз. Осылайша бастауыштарды  заттық,  сандық,
сапалық, қимылдық мағынасы деп бөлгеннің дұрыс екенін айтқан жөн.
   Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, түбін қазып  қарастырып  келгенде,
бастауыш болатын—зат есім. Басқа сөз  таптары  зат  есімнің  орнында  немесе
арқасында ғана бастауыш бола  алады  (А.Байтұрсынов.  Тіл  тағлымы.  Алматы,
1992. 270-6.)
   Бастауыштар құрылысына қарай дара, күрделі және үйірлі  болып  бөлінеді.
Бұлардың  осылайша  бөлінудегі  басты  себеп,   олардың   құрамының   санына
байланысы.  Бірқатар  бастауыштар  бір  ғана  сөзден  тұрып  дара  өзі   сол
сөйлемдегі ойдың  қазығы  болса,  екіншілері  сондай  синтаксистік  қызметті
атқарғанда, қалайда құрамында екі  не  одан  да  көп  сөздер  болғанда  ғана
бастауыштың қызметін атқаруға жарайды. Бірнеше мысал келтірейік.
   1. Бірде Жиренше серіктерімен алыс жолдан келе жатады (Ел аузынан).
   2. Көкті бу көтереді,
       Жүйрікті ду көтереді.
       Өлімді ер көтереді,
       Ауырды нар көтереді! (Ел аузынан).
   3. Шілденің аптап ыстығында халық бірнеше күн күтіп қалады (Ел аузынан).
   Мұндағы бастауыштардың бәрі де дара құрылысты, бір ғана  сөзден  болғаны
анық. Олар — Жиренше, бу, ду, ер, нар, халық — сияқты да  бастауыштар.  Дара
бастауыштардың  қай-қайсысы  да  сөйлемдегі   ойдың,   амал-әрекеттің   жеке
орындаушысы, қазығы, ұйытқысы болады.
   Ал күрделі бастауыштардың құрылысы өзгешелеу, бірақ атқаратын қызметі  —
ойдың қазығы болу. Тілімізде күрделі  бастауыштардың  жасалу  жолдары  алуан
түрлі.
   Бұл арада күрделі бастауыштың, қай сөз табынан жасалатыны туралы айтудың
қажетінен гөрі оның қалай, қандай тәсілдермен  болатынын  көрсеткен  дұрысы-
рақ сияқты.  Өйткені  біз  бастауыштың  қандай  сөз  таптарынан  жасалатынын
білеміз.
   Күрделі бастауыштар  да  сондай  сөз  таптарынан  жасалады.  Айырмасы  —
құрылысы күрделі және тәсілдері де әр түрлі болады. Мысалы:
   1. Құс жолы күз айларында айқын көрінеді (Халық календары).
   2. Мүшел есебі Азия халықтарының тұрмысына әбден сіңісіп  кеткен  (Халық
календары).
   3.  Бес жердегі бес — жиырма бес.
   4.  Қазақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет.
   5. Бақытжан Бисәліұлы Қаратаев 1890  жылы  Императорлық  Санкт-Петербург
университетінің заң факультетін алтын медалъмен бітіріп шығады.
   6. Мен өзім кішкентайдан қарға бақтым (Қырық  өтірік).
   7. Тілене беру — ұят. (С.Сарайи).
   8. Пайда көздеген өзін құл қылады. (Баласағұни).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.


9-дәріс.  Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

                               Дәріс жоспары:

   1. Анықтауыштың жалпы сипаттамасы.
   2. Толықтауыш, тұлғалық және мағыналық  белгілері.
   3.  Пысықтауыш жалпы түсінік, түрлері.



     Анықтауыш,  көзқарастар,  зерттелуі.  Анықтауыш  сипаты,  олар  қатысты
сөздер. Анықтауыштардың орын тәртібі. Анықтауыштық тұлға: нольдік және  ілік
жалғаулы сөз. Анықтауыштың сұраулары. Анықтауыштың  мағынасы  мен  тұлғасына
қарай түрлері: сапалық, меншікті, үйірлі анықтауыш.
      Анықтауыштың жасалу жолдары, семантикасы.
      Негізгі сөздердің анықтауыш қызметінде жұмсалу ерекшеліктері.  Негізгі
сөздер мен көмекші сөздер арқылы жұмсалу ерекшеліктері.
        Анықтауыштың   құрылымы:    дара,    күрделі    түрлері,    жасалуы,
айырмашылықтары. Үйірлі  анықтауыштар.  Анықтауыш  түрлері,  жасалуы,  тыныс
белгілері, ол туралы көзқарастар.
     Толықтауыш, олар туралы көзқарастар, зерттелуі. Толықтауыштық тұлға:
 - септік жалғаулары
 - септік жалғаулары мен көмекші етістік
 - септік жалғаулары мен шылау.
       Толықтауыштың  сұраулары,  түрлері:   жанама,   тура   толықтауыштар,
айырмашылығы.  Тура  толықтауыштың  жалғаулы,  жалғаусыз   жұмсалуы   туралы
көзқарастар.
       Толықтауыштың  жасалу   жолдары,   семантикасы.   Негізгі   сөздердің
толықтауыш қызметінде жұмсалуы, ерекшеліктері.
      Толықтауыш құрамы, жасалуы, олардың аясының кеңеюі мен тарылуы,  басқа
сөйлем мүшелеріне ауысу процессі.
Пысықтауыш, оның қалыптасуы, ол  туралы  көзқарастар.  Пысықтауыштық  тұлға:
нольдік,  септік,  негізгі  сөз   –   көмекші   сөздер,   жұрнақты   түрлер.
Пысықтауыштың сұраулары. Пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Қабыса байланысқан пысықтауыш:
Үстеу, сын есім, сан есім, көсемше, шартты рай, еліктеуіш  сөздер,  есімдік,
есімше, қимыл есімі.
 1. Меңгеріле байланысқан пысықтауыштар:
Зат есім, үстеу, есімше, тұрақты тіркес.
     Пысықтауыштың  түрлері,  семантикасы.  Мезгіл,  мекен,  мақсат,  себеп,
амал,  мөлшер  пысықтауыштары,  олардың  семантикасы,  сұраулары,   жасалуы,
құрамы. Пысықтауыштың әрбір түрінің жасалуындағы негізгі сөз  табы  –  үстеу
және ретінде қарай олардың әрқайсысының жасалуындағы  ерекшеліктер,  олардың
байланысу формаларына қарай бөлінуі.
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз  тіркестері.  Алматы,
1981ж.


10-дәріс.   Құрмалас  сөйлемге  тән  белгілер.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің
стильдік-синтаксистік ерекшелігі.
1.Құрмалас сөйлемнің жалпы  сипаттамасы.  Оның  қалыптасу,  даму  жолдарынан
мәлімет.
2.Құрмалас сөйлемнің  өзіндік айырым белгілері, оның жай сөйлемдерден  басты
айырмашылығы.
3.Құрмалас сөйлемнің түрлері.

       Құрмалас  сөйлем   -   синтаксистік   тұлға,    оның   грамматикалық,
семантикалық   сипаты.   Құрмалас   сөйлемнің   формасы.   Құрмалас   сөйлем
жүйесіндегі     предикативтік.     Құрмалас     сөйлемнің     компоненттерін
байланыстыратын,     тұтастыратын   тіл   амалдары.    Құрмалас    сөйлемнің
компоненттерін    байланыстырудағы    жалғаулықтардың,      септеуліктердің,
анафористік сөздердің,   орын тәртібінің,  блин,  морфологиялық  тұлғалардың
т.б. жұмсалу сипаттары. Құрмалас сөйлемді  бір  синтаксистік  тұлға  ретінде
тұтастыруда,   оның грамматикалық түрлерін саралауда интонацияның  атқаратын
рөлі. Құрмаалс сөйлем компоненттерінің баяндауыш мүшелерінің үйлесу сипаты.
       Құрмалас  сөйлемдердің  грамматикалық  түрлерін  тану  принцибі.  Бұл
принциптің қалыптасу тарихы.
      Құрмалас сөйлемдердің  салалас,    сабақтас  болып  топтасу  принцибі.
Түркологияда,   қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемдердің  түрлерін  ажырату
принцибінің    айқындалуы.    Бұл    принциптің    тіл-тілдердіңғ    құрылыс
ерекшеліктеріне сай көрінуі.
      Құрмалас сөйлем құрлысы  мен  пікірдің  қарым-қатынасы  және  құрмалас
сөйлемнің тілге тән тұлға ретінде ерекшеленуі.
       Құрмалас  сөйлем  жүйесі  мен  жай   сөйлем   жүйесінің   құрылымдық,
функционалдық қарым-қатынасы.
      Құрмалас сөйлем жүйесіне коммуникативтік  мақсаттардың  әсері,    оның
көрінісі.

        Құрмалас сөйлем – синтаксистің үлкен  бір  саласы.  Тіліміздегі  жай
сөйлемдер  мен  оның  күрделенген  түрлері  де  бір  предикаттық  қатынастың
негізінде  құрылса,  құрмалас  сөйлемдер  ең  кем  дегенде  екі  предикаттық
қатынастың негізінде құрылады.

       Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  жүйесін  зерттеуге  арналған   алғашқы
еңбектер, олардың мазмұны. А.Байтұрсынұлының  құрмалас  сөйлемдер  құрылысын
зерттеуге   арналған   еңбектері.   С.Жиенбаевтың   құрмалас    сөйлемдердің
грамматикалық   типтерін    тануға    арналған    еңбегі.    С.Аманжоловтың,
С.сауранбаевтың   қазақ   тілі   синтаксисін   оның    қатарында    құрмалас
сөйлемсинтаксисін зерттеуі, негізгі еңбектері.
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз  тіркестері.  Алматы,
1981ж.

11-дәріс. Сабақтас құрмалас сөйлемнің стильдік-синтаксистік ерекшелігі.
   1. Сабақтас құрмалас сөйлем туралы жалпы сипаттама.
   2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің айырым белгілері.
   3.  Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.
   4.  Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері, оларды зерттеуге
      арналған негізгі еңбектер.
Дәрістің мақсаты: Сабақтас құрмалас жайында мағлұмат беру.
Қысқаша мазмұны
   Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принцип  бойынша
таптастырылатын екінші түрі – сабақтас сөйлем. Егер  салалас  сөйлемде  оның
құрамына енетін компоненттер баяндауыш орындағы сөздердің  тұлғалық  жағынан
тиянақтылығымен аяқталып  отырса,  сабақтас  сөйлемнің,  әсіресе,  бағыныңқы
компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада келеді.  Осыған  байланысты
ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз,  яғни  құрмаластырушы,
ұластырушы интонация болады.
        Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  предикативтік  бөліктерінің   белгілі
дәрежеде ой дербестігі болуы – құрмалас сөйлемнің бұл түрінің  тағы  да  бір
ерекшелігі. Демек, әр компоненттің өзінше  сөздердің  байланысынан  құралған
мазмұны, соған сай айтылған ойы болады. Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген  ой
тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп  тұрады.  Осыдан  келіпбасыңқы
сыңарлардың  бірігуінен  тиянақты  мағына  мазмұнға   ие   болады   да,   ол
конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.  Осыдан  келіпбасыңқы
сыңарлардың  бірігуінен  тиянақты  мағына  мазмұнға   ие   болады   да,   ол
конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.
     Сабақтас сөйлем де өзіне тән айырым белгілері арқылц құрмаластың  басқа
түрлерінен ажыратыла  алады.  Сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  негізгі  айырым
белгілері:
   1.  Сабақтас  құрмалассөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір-біріне
      тұлғалық, мағыналық жақтарынан тәуелді болып келеді.
   2. Мұндай тәуелділік, негізінен алғанда, алғашқы  сөйлем  байланыстырғыш
      баяндауышының тиянақсыз тұлғада аяқталуынан шығады. Осы арқылы  соңғы
      сөйлеммен тығыз байланысқа түседі.
   3. Осыдан келіп сабақтас құрмалас  өз  құрлысы  жағынан  бағыныңқы  және
      басыңқы сөйлемдерден тұрады.
   4. Бағыныңқы сөйлемнің байланыстырғыш амалы  ретінде  етістіктің  шартты
      рай тұлғасы, есімше,  көсемше  формалары  және  есімшемен  тіркесетін
      түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер жұмсалады.
   5.   Сабақтас    құрмаластағы    ұласпалы    байланыстырғыш    интонация
      салаластағыдай емес, өте әлсіз, солғын болады.
       Егерде салалас құрмалас  сөйлемнің  синтаксистік  компоненттері  бір-
бірімен теңдестік дәрежеде  байланысса,  сабақтас  құрмаласта  –  керісінше,
олар өзара теңдестік емес дәрежеде, тәуелділік сипатта  құрмаласады.  Бұл  –
сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік бетін айқындайтын басты көрсеткіш.
      Сабақтас құрмаластағы тәуелділік сипат  оның  бағыныңқы  компонентінен
орын  алады.  Өйткені  байланыстырғыш  баяндауыш  осы  компоненттің  бойынан
шығады да, ол тиянақсыз қалыпқа түседі.
      Сабақтас құрмалас сөйлемдерді жасауда ұйымдастырушы орталық  бағыныңқы
компоненттің  баяндауышы  болып  есептеледі.  Осы  баяндауыш  өзінің   түрлі
формалық өзгерістерге түсуі арқылы сабақтас сөйлем жасалатын  болады.  Бұған
қатысты  басқа  да  жолдар  осы  бағыныңқы  баяндауышышың  негізінен   өрбіп
отырады.
      Бағыныңқы компненттің баяндауышы етістік  сөздермен  беріледі.  Алайда
қандай етістік  сөздері  бағыныңқының  баяндауышы  ретінде  жұмсалады  деген
мәселеде  түркологияда  тиянақталған  пікір  жоқ.  Өйткені  кейбір  ғалымдар
сабақтас құрмалас сөйлемді жасауда тек қана етістіктің  шартты  рай  тұлғасы
қатынасады деп түсіндіреді. Мұндағы  бұлардың  дәлелі  –  сабақтас  құрмалас
сөйлем болу үшін оның бағыныңқысының баяндауышы өз бастауышымен  әр  уақытта
да жақ жалғауы арқылы байланысып тұруы қажет.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз  тіркестері.  Алматы,
1981ж.


12-дәріс.  Аралас құрмалас сөйлем. Күрделі синтаксистік тұтастық.



1. Аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық
   сипаты.
2.  Аралас  құрмалас  сөйлем  құрмалас  сөйлемдердің  құрылымдық  белгілері,
түрлері, қызметі.
3. Күрделі синтаксистік тұтастықтың грамматикалық, семантикалық    сипаты.
4. Күрделі синтаксистік тұтастықтың құрылымдық белгілері, түрлері,  қызметі.


      Компоненттері әрі салаласа, әрі сабақтасу арқылы байланысқан  құрмалас
сөйлем  түрін  аралас  құрмалас  сөйлем  дейді.  Аралас  құрмалас  сөйлемнің
құрылымынан біраз жайды  байқауға  болады.  Біріншіден,  оның  құрамында  үл
компонент болса,  бір  ғана  сабақтаса  және  бір  ғана  салаласа  байланысу
тәсілдері болады, ал компоненттердің саны одан көбірек  болса,  не  салаласа
байланысу, не сабақтаса байланысу көбейе түседі. Екіншіден, аралас  құрмалас
сөйлемнің компонентерінің арасындағы сабақтаса  байланысу  болсын,  салаласа
байланысу  болсын,  қай-қайсысы  да  әдеттегі  дәстүрлі  түрлерін  сақтайды.
Салалас   сөйлемде   болатындай,   мұнда   да   салаласқан   компоненттердің
жалғаулықсыз да, жалдғаулықты да байланысулары, сондай-ақ әдеттегі  сабақтас
сөйлемде  болатындай,  басыңқы  мен   бағыныңқы   компоненттердің   арасында
болатыны сияқты, бағыныңқының баяндауыш  тұлғалары  да  тиісті  қосымшаларға
аяқталып  отырады.  Үшіншіден,   аралас   құрмалас   сөйлемнің   құрамындағы
компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас, қатып  қалған  заңдылық
жоқ. Компоненттердің бірнешеуі міндетті  түрде  тек  қана  салаласып  барып,
содан соң тек қана сабақтасуға ауысу немесе  керісінше,  сондай-ақ  міндетті
түрде салаласа байланысу мен сабақтаса байланысудың алмасып отыруы  дегендей
қатаң тәртіп жоқ. Тіліміздегі сөйлемдердің мол қолданылу  мүмкіндігіне  сай,
байланысу тәсілдері бірыңғай да, араласа да келе береді.
      Күрделі синтаксистік тұтастық туралы Р.Сыздықова: «Бұл категория қазақ
тілі  білімінде  әлі  күнге  дейін  жан-жақты  сөз  болмай    келеді.   Оның
белгілері, табиғаты, тұтастыққа енген компоненттердің бірігу  амалдар  деген
тәрізді жайыттар зерттелген емес. Сондықтан бұған тіл  мамандығының  назарын
аударамыз» деп, бұл мәселені санау 1970 жылы  алға  тартса  да,  бұл  мәселе
соңғы  жылдары  ғана  зерттеу   объектісіне   айнала   бастады.   Ең   басты
единицалардың бірі ретінде сөйлемге біршама нақты анықтама беріліп,  қызметі
тиянақталған. Х.Қ.Арғынов сөйлемге «тиянақты ойды  білдіретін бір я  бірнеше
сөздің  тіркесі» - деп  ең  қысқа  тұжырым  жасаса,  А.Байтұрсынов:  «Сөйлем
дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой»  -  деп  анықтаған.
Ең  толымды   әрі   тұжырымды   анықтама   «қазіргі   орыс   әдеби   тілінің
грамматикасында»  берілген:   «сөйлем   дегеніміз   –   хабарлаудың   дербес
синтакистік   единицасы,   оның   мағынасы   предикативтілік,   формасы    –
синтаксистік   шақтар   мен   райларды   білдіретін   арнайы   грамматикалық
тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық  үлгі».  Қ.Аханов  та
осы анықтаманы қолдайды. Ш.Балли: «Сөйлем – ойды  хабарлаудың  ең  қарапайым
мүмкін формасы» деп қорытқан.
     Тілдік ұғым реінде «айтылыс» нақты анықталмаған,  және  көбінесе  мүлде
әртүрлі бағытта түсіндіріледі. Бұл  өзі  сөйлеу  синтаксисінің  кең  көлемді
единицасы.  Айтылыстың  коммуникативтік  бағыттылығы  –   оның   ситуациямен
байланысында.
     Айтылыс  –  қатынастың  реалды  единицасы  ретінде  тіл  мен  сөйлеудің
бірлігін көрсетеді: Ю.В.Ванников тілдік  материалды  талдағанда  сөйлем  мен
фразадан бөлек ерекше  единица  айқындалады  деп  тауып,  оны  шартты  түрде
«айтылыс» (высказывания) деп атып,  төмендегіше  анықтама  беріледі:  «Жалпы
түрінде айтылыс дегеніміз  сөйлеу  тізбегінің  бір  бөлігі,  ол  бір  сөйлем
құрайтын бір немесе бірнеше фразадан тұрады» .
Жазушының стилiн  анықтауда  күрделi  синтаксистiк  тұтастықтардың,  олардың
түрлерi мен байланысу тәсiлдерiнiң  де  өзiндiк  орны  бар.  Себебi  күрделi
синтаксистiк тұтастықтар шығармада  әр  түрлi  стильдiк  қызмет  те  атқаруы
мүмкiн. Күрделi синтаксистiк тұтастықта автор ой  жүйесiмен  қатар  оның  әр
түрлi экспрессивтiк-эмоциялық, модальдiк реңктерi де берiледi.
     Әуелде ауыр қылмыстыларға кешiрiм жасауды жоспарламаған  Ораз  Мұхамед
зынданның жеке  бөлiктерiн  аралау  үстiнде  жазалы  жұрттың  ешқайсысын  да
кеңшiлiктен қақпады.Бәрi де  жазалы  емес,  жапалы  көрiнген.  Жапалы  емес,
жалалы.
    Берiлген мысалда  күрделi  синтаксистiк  тұтастық  тiзбектi  байланысқа
құрылған. Бiрiншi сөйлемдегi бiр сөз екiншi сөйлемде, екiншi  сөйлемнiң  бiр
сөзi  үшiншi  сөйлемде  қайталанып  келiп   отырады.   Сол   арқылы   жазушы
кейіпкерлер басындағы күйді мейлінше  тереңдетіп,  оқырман  сезіміне  әсерін
күшейте түседі.
    Күрделi синтаксистiк  тұтастықтар  кейiпкер  портретiн  жасауда  ерекше
қызмет атқаруы мүмкін.
     Қырынан қарағанда қыз әп-әдемi болып көрiнедi екен.Тайқылау бiткен тар
маңдайы да, артық-ауыс жерлерi  қырналып,  қажеттi  қалыпқа  түсiрiлген  қою
қара қасы да  ұнасымды.Екi  танауы  делдиiңкi,  келiссiз  мұрны  да  қырлана
қалғандай. Жалпақ, доғал иегi де  қайтадан  қашалғандай  мүсiндi.Тал  бойына
жараспай тұрған мүше – астыңғы ернi iсiңкi, Үстiңгi ернi түрiк бiткен  үлкен
ауыз ғана. Әйткенмен, Әлия дәл осы сәтте маған әжептәуiр  оңды  қыз  тәрiздi
көрiндi(М.М.).
    «Көркем  шығарма  құрылымында  күрделі  синтаксистік   тұтастықтар   бір
оқиғадан екінші оқиғаға, бір баяндау планынан басқасына  өтуді  ұйымдастырып
отырады, сөйтіп  шығарманың  жалпы  сюжеттік  өрбуін  ұйымдастырумен  қатар,
баяндаудың әр түрлі рең құбылыстары бір-бірімен ауыстырып отыратын  стильдік
амал ретінде пайдаланылады. Күрделі синтаксистік тұтастық  арқылы  жазушының
не кейіпкердің психологиялық көңіл-күйі ашылады. Белгілі бір оқиға  тарамдай
бяндалады,  кейіпкердің  портреті  жасалады.  Ондайда  күрделі  синтаксистік
тұтастықтар оқиғаның. Автор ойының жалпы ағымын  ғана  беріп  қоймай,  түрлі
экспрессивтік-эмоциялық  қырларын,  модальдік  реңктерін   және  сол  арқылы
туатын түрлі ассоциацияларды қоса білдіреді».
   Күрделі синтаксистік тұтастықтар  өзіндік  құрылымы  және  берілу  тәсілі
арқылы әр түрлі стильдік қызмет атқара алады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз  тіркестері.  Алматы,
1981ж.


13-дәріс. Стильдік-синтаксистік қателер.
    Сөз   айналадағы   обьективті   шындықтың   адам   басындағы    сәулесі
ретінде  жеке-жеке  ұғымды  білдірсе,  с ө з   т і  р  к  е  с  і    олардың
грамматикалық    қарым-   қатынасын   білдіреді.   Ал   сөйлем   сол    жеке
ұғымдардың     синтезі    ретіндегі    байымдауды,    хабарлауды    сұрауды,
модальділікті  білдіреді.  әдетте   бұлар   жеке    сөйлемнен   тиянақталып,
ойымыз  жеке  сөйлемнен   аяқтала   бермейді.   Сөйлемнің   аяқталған   ойды
білдіруді  оның   маңындағы   басқа   сөйлемдермен   қатынасына   қарай   да
айқындалады.  Мысалы:  Түн.  Аспанда  жымыңдаған   жұлдыздар   .  Екі   кісі
даңғыл  жолмен  жүріп   келеміз    деген  үш  сөйлемнің   алдыңғысын   /Түн/
соңғылармен байланыстыра  қарамасақ ,   сөйлем   демей  ,   жеке   сөз   деп
таныр   едік.  Сол   сияқты,    Аспанда    жымыңдаған    жұлдыздар     деген
сөйлемнің    де    тиянақтылығы     айналасындағы     басқа     сөйлемдермен
байланыстыра  қарағанда  я талдағанда  анық  байқалады.   Контекспен   бөліп
алынған   сөйлемдер   әр   уақытта   мүлде   аяқталған   ойды   білдірмейді,
біршама   ғана   аяқталған   ойды    білдіреді.   Тағы   бір-   екі    мысал
келтірейік:
    Күн  сары  белге  шұқшиып  барып  қалыпты.  Тұс- тұстан
    көтерілген  қою  шаң  тымық  әуеде  жайымен  ыдырап  барады.
Әлдеқайда  шырқаған  ән  естіледі .  Ойды  өзіне  тартып  ап,
    бойды   тербеп  тұрғандай.  Ауыл  шымыр-шымыр  қайнайды:   Өрістен  мал
 қайтты,  көшеде  ойнаған  бала ,  жүгірген  ит-құс.
 Сөйлем  бір  сөзден   тұрса   да,   өз  ара   байланысты   бірнеше   сөзден
құралса  да,  ол  дауыс  ырғағы  жағынан  тұтастанып,  айналасындағы   басқа
 сөйлемдерден  пауза  арқылы   оқшаулануымен  қатар  ,   олармен   мағыналық
қатынасқа   еніп,  ұласып,  ұштасып  жатады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аманжолов А.С. Қазақ тілі синтаксисінің қысқаша курсы. 1940.
2. Аманжолов А.С., Сауранбаев Н. Қазақ тілі грамматикасы. II бөлім.
Синтаксис. 1 басылуы. 1939.
3.Аманжолов А.С., Әбілқаев А., Ұйықбаев И. Қазақ тілі грамматикасы.
II бөлім. Синтаксис.1971.
4. Аманжолов А.С. Сөйлем мүшелерін таптастыру мәселелері. - "Тіл
мәселелері". Мақалалар жинағы ІІ-кітап, Алматы, 1936.
5.Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
6.Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ  тіліндегі  күрделі  сөз  тіркестері.  Алматы,
1981ж.

14-дәріс. Пунктуация мәселесі.

1. Тыныс белгісін қолданудың үш белгісі.

2. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.
3. Интонациясы мен мағынасы.
    Пунктуация системасындағы белгілерді мағынаға  қарай  дұрыс  қолданудың
маңызы зор,себебі бір тыныс белгісінің беретін бірнеше мағынасы  болады.  М.
Н. Петерсон «один знак может иметь несколько употреблений и  наоборот,  одно
и то же являние может обозначаться различными  знаками»,  -  деп  өте  дұрыс
айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін,  мүмкіндігі  болғанша,  олардың
әрқайсысының қызметін даралап, оларға берілетін  ережелерді  бірыңғайластыру
керек.
    Тыныс белгілерінің ережелерін  бірыңғайластырумен  бірге,  әрбір  тыныс
белгісінің бір ғана атпен аталуын да бірыңғайластырған жөн.  Мысалы  кезінде
нүктені «ноқат»,  «ұлы  тыныс»  десе,  үтірді  «қайырма»,  «кері  үтір»  деп
атаған, ал  нүктелі  үтірді  «үтірлі  ноқат»,  «үтірлі  нүкте»  деп  атаған,
сонымен қатар қос нүктені «екі нүкте»,  «екі  ноқат»,  «қабат  белгі»  деген
терминдік атаумен атаған екен.
    Дегенмен ғылыми айналымда  қазіргі  таңда  пайдаланатын  терминдеріміз:
нүкте, көп нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір,  сызықша,  тырнақша,  сұрау
белгісі, леп белгісі және жаңа жол (немесе абзац).
    Тыныс белгілері дұрыс қойылмауы да кездеседі. Мысалы, кейде  дефис  пен
сызықша бір көлемде қойылады. Бұдан мағынаға  онша  нұқсан  келмейді,  бірақ
дефистің морфологиялық белгісін айыра алу керек. Тыныс  белгісіне  кірмейтін
морфологиялық  дефис  сызықшаның  жарты  сызығындай  ғана  көлемде  қойылуға
тиісті. Осы тәрізді, тырнақшаның алғашқы сыңарын тырнақшаға алынатын  сөздің
я сөйлемнің бірінші  сөзінің  төменгі  жағынан  ашудың  орнына,  оны  сөздің
жоғарғы жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің  я  сөйлемнің
соңғы сөзінің нүкте қойылатын жерінен төменірек қоюшылық  бар.  Леп  белгісі
мен сұрау белгісінен соң қойылуға тиісті  көп  нүкте  кейде  дұрыс  қойылмай
жүр: леп белгісі мен сұрау  белгісінен  кейін  қасына  және  екі  нүкте  қою
керек.
    Тырнақша  ішіндегі  сөзге,  сөйлемге  қатысты  леп  белгісі  мен  сұрау
белгісін тырнақшаның  сыртына  қою  жиі  кездеседі.  Жалғыз  тырнақша  емес,
нүктелі үтірдің нүктері мен үтірін қатар қоюды да кездестіруге болады.
    Жұп болып  келетін  тыныс  белгілері  бір  сөзде  немесе  бір  сөйлемде
қолданылғанда, сол сөздің я сөйлемнің екі  жерінен  қойылады.  Мұндай  тыныс
белгісіне  жататындар  –  жақша  мен  тырнақша.  Жақша  мен  тырнаұша  сыңар
қолданылмайды. Тырнақшаға  алынған  сөзді  я  сөйлемді  басқа  біреуге  оқып
бергенде, тырнақшаны (тырнақша ішінде деп)  қоса  айту  керек.  Басқа  тыныс
белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ.
    Үнемі  жұп  болып   қолданылмайтын,   бірен-сараң   жерде   жұп   болып
қолданылатын тыныс белгілері де  бар.  Олар  –  үтір  мен  сызықша.  Мысалы:
сөйлем ортасында келген қыстырмалар екі жағынан үтірмен  бөлінеді,  төл  сөз
автор сөзінен бөлу үшін төл сөздің екі жағынан сызықша  қойылады.  Осылардан
басқа тыныс белгілер жұп болып қолданылмайды.
    Жақша мен тырнақша үтір мен қос  нүкте  сияқты  емес,  олар  кез-келген
тыныс белгісімен қабат қолданыла  береді.  Сұрау  белгісі  мен  леп  белгісі
сөйлем аяғында бірнеше рет  қайталанып  та  қояды,  ол  неғұрлым  қайталанып
қойылған сайын, эмоцияның күштілігін арттырады.
    Демек,  тыныс  белгілері  –  синтаксистік   категория,   сондықтан   да
пунктуацияны зерттеу синтаксисті  зерттеумен  тығыз  байланысты.  Пунктуация
ережелері тілдің грамматикалық  құрылысына  тәуелді.  Өйткені  пунктуация  –
тыныс белгілерін бірыңғай  қолдану  жөніндегі  ережелердің  системасы,  жазу
тіліміздің компасы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Тыныс белгілерін қолданудың неше белгісі бар?
   2. Олардың ерекшеліктерін атаңыз.
   3. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі неде?
   4. Сөйлемнің интонациясы.
   5. Сөйлемнің мағынасы жайлы не білесіз?
 Әдебиеттер тізімі :
     1.Р.Сыздық. Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
   Алматы. 1974ж.
   2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы. 1940ж.
   3.Р. Сыздықова, Неталиева Қ.  Қазақ  пунктуациясының  ережелері,  Алматы.
   1961ж.
   4. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы. 1957
   5. Мұсабекова Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  пунктуациясының
   негіздері, Алматы. 1991
   6. Әуелбаев Ш. Пунктуацияның қиын мәселелері, Алматы. 1977
   7. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ  орфографиясындағы  қиындықтар,   Алматы.
   1988
   8.Ысқақов А., Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы. 1951
    9.«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі». Алматы. 2005ж
   10.  Оралбаева  Н.,  Калиев  Ғ.  «Қазіргі  қазақ   тілі   курсы   бойынша
   лабороториялық жұмыстар». Алматы. 1991ж.

15-дәріс. Мәтінді стильдік-синтаксистік тұрғыдан талдау.

    Тілдік тұлғалардың көркем  мәтінде  қолданылуын  бұлай  алып  қарастыру
стилистикалық  талдаудың  тілдік  және  әдебиеттік  түрлерін  бір-   бірімен
ұштастырады. Көркем мәтінге қатысты  алғанда,  тілдік  стилистикалық  талдау
мен әдеби стилистикалық  талдауды  бір-  бірінен   ажыратып  қарау,   біздің
түсінігімізше  шартты  ғана.  Өйткені  бұл  екеуінің  де  мақсаты  –  тілдік
құралдардың  мәтін  құрылымындағы  көркемдік,   көркемдік   ұйымдастырушылық
қызметін ашу.
      Тілдік стилистикалық талдаулар кең мәндегі филологиялық талдауға  жол
ашады. Басқаша айтқанда, филологиялық талдау- барлық  талдаулардың:  тілдік,
стилистикалық, әдеби талдаулардың синтезі.
      Көркем  мәтінді   талдаудың  үлгісі  қандай?  Кейбір  зерттеушілердің
пікірінше, алдымен мәтінге тілдік, стилистикалық талдау  жасап  алып,  әдеби
талдауға содан кейін ғана көшу керек. Сондықтан алдымен шығарманың  тақырып-
мазмұнымен, идеялық- көркемдік ой түйінімен  жалпылай  таныстырып  кеткеннің
артықтығы жоқ. Одан бұрын  жазушы оның дәуірінде  шығармаға  объекті  болған
тарихи  жағдайға  қысқаша  шолу   жасалса тіпті жақсы.  Содан  кейін   барып
мәтіннің тілі  талданады.
      Көркем мәтінді  лингвистикалық тұрғыдан талдау  бірнеше   міндеттерді
шешуге алып келеді.
    Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем   шығарманы  түсініп
оқудың жоғары  мәдениетін  қалыптастырады.  Көркем  туындыны  ой  мен  сезім
арқылы белсенді қабылдауға,  оқырманды суреткермен бірге  толғантып,  көркем
бейнені  бірге  сомдауға  баулиды.  Сонымен  қатар  оқушының  жалпы   тілдік
мәдениетін көтереді, тілдік  құбылыстарға   сергектігін  арттыврады.  Көркем
шығарманы  өнер  туындысы  ретінде  қабылдап,  эстетикалық  сезім  талғамның
ұшталуына жәрдемдеседі.
    Әдеби туындының идеялық көркемдік   болмысын   шынайы  тероең  түсінуге
«бірінші элементін»- тілін талдау арқылы  ғана  қол  жетеді.  Бұл   тұрғыдан
тілдік   талдау-  стилистикалық  және  әдеби  талдауларға   жәрдемші.   Олай
болатын себебі, тілдік тұлғалар мен категориялар  көркем  мәтінде  өздерінің
тікелей ұғымдық  мәндерінде ғана жұмсалып қоймайды. Көркем  мәтін  құрамында
жүзеге асатын олардың мән- мағналарының көлемі,  беретін  ақпараттың  ауқымы
әдеттегіден әлдеқайда кең болады.
    Көр\кем шығарма  тілі әдеби  тіл  фактісі   болғандықтан,  тілде  болып
жатқан барлық өзгерістерді  өз бойында қамтып отырады.
    Көркем әдебиет мәтіні әдеби тілде жазылса да, көркем шығарма  түрі  мен
әдеби  тіл  арасында   принципті   ерекшеліктер  бар.  Олардың  ең   бастысы
әрқайсысының  атқаратын  қызметінен  туындайды.  Әдеби  тіл  коммуникативтік
қызмет атқарып, адамдардың  күнделікті  қарым  –  қатынас  жасауының  құралы
болса,   көркем   шығарма   құрылымына   түскенде   ол    басқаша    қырынан
көрінеді.Өзінің бейнелі құралдарпы  арқылы  оқырманның  сезімәіне  әсер  ете
отырып, ол эстетикалық, көркемдік қызметте жұмсалады. Соған сәйкс әдеби  тіл
нормасы мен көркем әдебиет тілі нормасы арасында да ерекшелік болады.  Әдеби
тілде нормаға жатпайтын  тілдік  факті  өнер  туындысында  жазушының  алдына
қойған мақсатына сай келіп, эстетикалық қызмет атқарып тұруы мүмкін.
     Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында мынандай жолдар бар: «Рысқұл қазір
тауфихсыз  жорыққа  шығып  бара  жатып  артына  қарап,  Ай  нұрына   малынып
манаураған Талғарды көріп, былтырғы оқымысты орыспен  соның  шыңына  шыққаны
есіне түсті...»
      Көркем мәтінді талдау тілдік тұлғалардың барлық- фонетикалық, лексика-
 фразеологиялық,  морфологиялық,  синтаксистік,  композициялық  –деңгейлерін
қамтиды. Олардың әр қайсысы көркем мазмұнды тікелей не жанама қатысты  болып
келеді.
      Жоғарыдағылардың айтылғандардың жинақталатын тағы бір түйін-  мәтінді
талдаудың бұлжымас шарты, мызғымас  заңы-  тілдік  құүралдарды  жалаң  емес,
шығарманың идеялық мазмұнына  қатысты  алып  талдау  керектігі.  Бір  сөзбен
айтөқанда, мәтінді тілдік, стилистикалық талдаулардың  негізгі  мәні  көркем
шығарманы идеялық, образдық мазмұнын тереңдей түсіну болып табылады.
      Көркем шығарманың тілін талдаудың әдістері сан алуан, көп қырлы болып
келеді.  Зерттеу  әдістерін  былайша  үш  топқа   жіктеп   қарауға   болады:
синтетикалық, құрылымдық және статистикалық.
      Бұлардың ішінде негізгісі – синтетикалық әдіс. Бұл әдіске тән белгі –
сыртқы тұлғалық және ішкі, мазмұндық талдаулардың  іштей  органикалық  түрде
бірігуі.
      Көркем әдебиет стилистикасында бұл әдіс ең алғаш А.А.  Потебня,  В.Б.
Щерба,  Б.А.  Ларин,  В.В.  Вииногардов,  Г.О.  Винокур  сияқты  ғалымдардың
еңбектерінде  қолданыс  тауып,  кейінгі  зерттеулерде  одан   әрі   ұшталып,
дамытылды.
    Синтетикалық әдістің  негізгі  белгілерінің  бірі-  шығарманың  жекелей
тілдік ерекшеліктерін емес, оның әрбір элементінің эстетикалық  маңыздылығын
ашу мақсатымен тұтас көркем тілдік болмысын зерттеуге құрылуы. Бұл  жағдайда
көркем шығарманың кез  келген  тілдік  элементінің  ұйымдасу,  бір-  бірімен
сәйкес болу, қарым- қатынаста болу заңдылығы ашылады. Сонда жазушының  стилі
күрделі  байланыстары  бар  компоненттерге  ие  көп  қабатты   композициялық
құрылым ретінде түсіндіріледі.
    Синтетикалық әдістің  екінші  бір  маңызды  белгісі-  жазушы  қолданған
тілдік құралдарды тізбелеп, олардың бар екенін  санамалап  көрсетіп,  кейбір
ерекшеліктерін ашып қана қоймай,  олардың  қолданыстағы  жұйелік  сиптын  да
ашуы. Бұл орайда көркем шығарма мәтінінің тілдік ұйымдасуы  көркем  болмысты
бейнелеудің нақты міндетіне  бағынған  тілдік  құралдың  жай  ғана  жиынтығы
емес, жазушының сөз қолдану  заңдылықтарының  сол  шығарма  көлеміндегі,  не
тұтас шығармашылық контексі көлеміндегі көрінісі ретінде қаралады.
    Көркем шығарма тілін талдауда  синтетикалық  әдістен  басқа  құрылымдық
және сандық  әдістерді  де  қолдануға  болады.  Бірақ  бұлар  негізгі  емес,
синтетикалық  әдіске  көмекші  ғана,   онымен   бірлікте   қолданылып,   оны
толықтырады.
    Құрылымдық әдіске жататын дистрибутивті талдауды көркем мәтіндегі жалпы
мағналық процестерді зерттеу кезінде пайдалануға болады. Құрылымдық  әдістің
келесі түрі- трансформативтік әдісті біртұтас көркем  дүниені  стилистикалық
талдауда абайлап қолданбаса,  ол  стилистикалық  талдауды  таза  кестелердің
жиынтығына айналдыруы мүмкін. Өйткені, көркем шығарманың  көп  қабатты,  көп
қырлы мағналық  құрылымын  түсіндіруге  ерекше  дәлдікті  қажет  ететін  бір
қабатты құрылымдық талдау жеткіліксіздік етеді.
    Құрылымдық әдістің тағы бір көрінісі – мәтіндік құрылымдық  иммананттік
талдаудан көрінеді. Біз үшін бұл әдістің тиімсіз жағы  –  көркем  шығарманың
идеялық мазмұны, жазушының көзқарасы, танымы мұнда зерттеу аймағынан  шартты
түрде болса да шығып қалады. Бұл жалпы құрылымдық әлістің түрлеріне де  тән.

    Статистикалық   әдіске  келетін  болсақ,  оның  қатаң  есепке  құрылған
тәртібін пайдалана отырып, сөздердің  белгілі  бір  топтрдың,   синтаксистік
құрылымдардың  жазушы  стилінде  алатын  орнын  анықтауға  болады.   Мысалы,
қаламгердің бірі сын сапаны, оның белгілі бір түрін білдіретін сөздерді  жиі
қолдануға бейім болса,  енді  бірі  қимыл  мәнді  сөздерді  пайдаланады,  ал
үшіншісі олардың екеуін де ұштастырып, қолдануы мүмкін.  Сондай-  ақ  мазмұн
мен форманың байланысын  ашуда  поэзияда  кейбір  дыбыстардың  ара  салмағын
анықтау да оң нәтежие беруі мүмкін.
    Сонымен, көркем әдебиет стилистикасында жоғарыдағы әдістердің бірін көп
дәрежеде, бірін аз дәрежеде, бірін негізгі етіп, қалғандарын  көмекші  етіп-
барлығын  да  қолдануға   болады.   Көркем   шығарманың   тілдік   құрылымын
эстетикалық қызмет атқарудың  нәтежиесінде  ерекш  түрде  ұйымдасқан  тілдік
қолданыс деп қарайтын болсақ, ол құрылымның өзіндік ерекшелігі оны  талдауда
көптеген факторларды- таза тілдік, әдебиеттік, тарихи, психологиялық,  жалпы
эстетикалық  ескеруді  қажет  етеді.  Демек,  жоғарыдағы   әдістердің   қай-
қайсысын қолданғанда да тілдік және тілден тысқары жағдайларды бір-  бірімен
қабыстыра білу қажет. Оның үстіне ол әдістерді  жетілдіріп  отыру  керектігі
түсінікті.
    Көркем әдебиет  тілін  зерттеудегі  негізгі  мақсат-  көркем  туындының
бейнелі құрылымның өзіндік  ерекшелігін  ашу.  Көркем  мазмұнды  бейнелейтін
тілдік құралдардың қызметін көрсету. Ал алғышарттарына  келер  болсақ,  олар
мыналар: 1) көркем шығарманың мазмұны мен формасын  бірлікте  алып  зерттеу;
2) көркем шығармадағы  тілдік құбылыстардың  өзара  және  көркем  шығарманың
басқа компоненттерімен байланыс, қарым- қатынасын  ескеру;  3)  бейнеленетін
мазмұнға  автор  қатынасын  ескеру;  4)  шығарманың  жанрлық  ерекшеліктерін
ескеру;  5)  тілдік  қолданыстардың   әдебиет   тарихындағы   дәстүрлілігін,
жалғастылығын ескеру;  6) ғылыми дамудың  жаңа  бағыт-  бағдарларына  сүйену
т.б.
    Көркем шығарманың тілі көркем сөз өнеріне ғана тән мазмұнды бейнелейді.
Оны ашу стилистикалық талдау  арқылы  жүзеге  асады.  Сонда  көркем  әдебиет
тілін стилистикалық талдаудың мазмұны көркем шығармада  қолданылған   тілдік
тұлға   бірліктердің   мағна   мәндерін   барлық   ендіктегі,   тереңдіктегі
ауытқулармен бірге ашудан  тұрады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  тілдік  тұлға
бірліктердің  шығарма  мазмұнына  қатынасын  айқындау-  міне,  стилистикалық
талдаудың мазмұны осы. Көрем  шығарманың  идеялық   бейнелі  мазмұнын  автор
бейнесімен байланыста  болатын,  өздерінің  мағыналық  қабаттасулары  арқылы
біріккен, қызметі жағынан сараланған тілдік тұлғалар жүйесі  құрайды.  Сонда
стилистикалық талдау  арқылы  көркем  шығарманың  идеялық  бейнелі  мазмұнын
бейнелейтін  тілдік  тұлғалардың  қызметтік,  эстетикалық  өзгеру,  ұйымдасу
заңдылықтары ашылды.


                           3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
1. Синтаксистік стилистика туралы жалпы түсінік.
2.Сөз тіркесінің стильдік ерекшелігі.
3.Сөз тіркесінің байланысу формалары.
4.Сөз тіркесін топтау. Сөз тіркестерінің құрылысы туралы.
5.Сөйлемді құрайтын –элементтер.
6.Жай сөйлем.Жай сөйлемнің айтылу мақсатына  қарай  бөлінуі.  Жай  сөйлемнің
құрылымдық типтері
7.Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің зерттелуі.
 8.Сөйлемнің      тұрлаулы  мүшелері.
9.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
10. Құрмалас сөйлемге тән белгілер.  Салалас  құрмалас  сөйлемнің  стильдік-
синтаксистік ерекшелігі.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің стильдік-синтаксистік ерекшелігі.
12. Аралас құрмалас сөйлем. Күрделі синтаксистік тұтастық.
13. Стильдік-синтаксистік қателер.
14. Пунктуация мәселесі.
15. Мәтінді стильдік-синтаксистік тұрғыдан талдау.


4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
   1. Cөз тіркесінің  құрылысы : Сатылы, ортақ
   2. Сөздердің байланысу тәсілдері. Аналитикалық тәсіл. Синтетикалық тәсіл.
   3. Айқындауыш мүше. Қосалқы, қосарлы, оңашалаған айқындауыш мүшелер
   4. Сөйлемнің  бірыңғай  мүшелері.  Бірыңғай  мүшелердің  арасына  келетін
      жалғаулықтар.
   5. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер
   6. Оқшау сөздер. Қыстырма, қаратпа, одағайлар
   7. Қыстырма сөздер мен  сөз тіркестерінің  мағыналарына  қарай  топталуы.
      Қыстырма сөз тіркестерінің грамматикалық құрылысы.
   8. Қыстырма сөйлемдер
   9. Қаратпа сөздер. Қаратпа  сөздің құрамы.
  10.  Атаулы сөйлем. Жасалуы. Құрылымы. Мағыналық түрлері
  11. Жақты,  жақсыз сөйлемдер
  12.  Бөгде сөз. Төл сөз, цитата, төлеу сөз.
    5. ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ
|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |






6. ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ
|№   |Қызметі  |Аты-жөні         |Уақыт|Қолы  |Өзгерту №   |Уақыты   |Қолы  |
|о/қ |         |                 |ы    |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |
|    |         |                 |     |      |            |         |      |

Пәндер