Файл қосу
Мектеп психологының балалармен жүргізетін психологиялық қызметтері
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-14.05.01.20.03 | | | |/03-2012 | |«Психология мамандығына | | | |кіріспе» пәні бойынша |Редакция № 2 26.02.2010 | | |оқытушыға арналған пәннің|орнына | | |жұмыс оқу бағдарламасы |Редакция № 3 13.09.12. | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Психология мамандығына кіріспе» «5В050300» – «Психология» мамандығына арналған ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2012 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау 5 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ |№ |Термин атауы |Термин мазмұны | |1 |Акселерация |Физиологиялық және психикалық даму процесінің| | | |тез қарқында өтуі | |2 |Білім беру |Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті | | | |тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым | | | |негіздерін игерілуін, белгілі бір | | | |білімдердің, дағдылар мен іскерлікті | | | |үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және | | | |еңбек қабілеттерін детілдірулерін, еңбек және| | | |кәсіби дағдыларды игеруін көздейді. | |3 |Байқау әдісі |Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз | | | |уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық | | | |ерешеліктерін қадағалауы. | |4 |Даму |Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге | | | |қарай қозғалыс. | |5 |Даралық |Бір адамның басқа бір адамнан айырмашылығы, | | | |өзіне тән ерекшелігі бар, ешкімге | | | |ұқсамайтындығы туралы сипаттама. | |6 |Жеке тұлға |әлеуметтік қатынастар мен саналы | | | |іс-әрекеттердің субьектісі. | |7 |Индивид |Латын тілінен аударғанда «жекелік» деген | | | |мағынаны білдіреді. | |8 |Инстинкт |Туа пайда болған импульстардың әсерлерге | | | |жауабы, қимыл-қозғалыс арқылы әр түрлі | | | |тітіркендіргіштерге бейімделуі | |9 |Қозу |әр түрлі тітіркендіргіштердің әсері | | | |нәтижесінде жүйке жүйесінің қызмет жасап | | | |тұрған белсенді күйі | |10 |Психикалық процестер |Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының | | | |мидағы түрлі бейнелері | |11 |Психология |Психикалық құбылыстардың пайда болу, даму | | | |және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін | | | |ғылым. | |12 |Психикалық қасиеттер |Бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз| | | |болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер | |13 |Рефлекс |Сырттан немесе іштен келетін | | | |тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын | | | |жауап реакциясы | |14 |Сана |Психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы | | | |сатысы, обьективтік болмыстың адам миындағы | | | |бейнесі | |15 |Тәжірибе |Зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының | | | |көлденеңнең кез болуын күтіп тұрмай, сол | | | |процестің тууына өзі жағдай жасайды | |16 |Тест |Аадмның дара басындағы психологиялық | | | |ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін| | | |белгілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс| |17 |Тәрбиелеу |әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, | | | |адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және | | | |әлеуметті кемелденген жоғарға | | | |адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын | | | |дамытуды мақсат етеді | |18 |ұжым |Қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары | | | |деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы | 2 Дәрістер 1-2 Тақырып: Жалпы ғылым туралы сипаттама. Психология ғылымының пәні мен объектісі Сұрақтары: 1. Психология пәні және оның міндеттері. 2. Қазіргі заман психологиясының міндеттері. 3. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орыны. 4. Психология салалары. 1. Талай ғасырлар бойы адам көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсі болып келдi. Адам болмысыньщ табиғатыньң, оньщ саналы қоғам шеңберiнде еркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен қ,арым қаатынасыньң ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқ,ан қызьқсыну уақыт озуымен бiрге ерiстей тускен. Адам әртурлi ғылым тұрғысынан жанжақтты зетрттелетiн объект, ал ғылымдардьң әрбiрi өзiне тән ерекше меселелермен айналысады. Психология ерекшелiктерiн танудьң қиындығы олардьң адам ақылына сиып болмайтын, қаалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi бiр бiрiнен ажыралып туратыны даусыз. Пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады. Дәл осы меселенiң шешiмi төңiрегiнде бiр-бiрiне тiкелей қарсы философия бағыттары-идеализм мен материализм- пайда болды. Жан женiнде танымдар Кқандай құбылыс-өзгерiстерге eнгенімен өмiрлiк ic- әpeкeттік, қозғаушы кушi жан деген тұжырымға ешбiр шубе келтiре алмады. Тек 18ғ психология бiлiмнiц дамуында Рене Декарт жаца дәуiр ecігін ашты. Ал адамньң iшкi мушелерi ғанa емес, тiптi де не әрекетінің, де жанға ешқандей әрекетінің, қаатысы болмайтыны жөнiнеде пiкiр айтып дәлелдедi. Декарт ғылымға екі түсінікті енгiзген - рефлекс және сана -бiрдей енгiздi. Декарт тағылымы «дуализм » атауын алды. Дуалистер көзқарасында, психикальқ табиғат ми қызметiнiң өнімі емес,мидан тыс, оған тәуелсiз, өз бетiнше жасайтын құбылыс екені тусiндiрiлдi. Интероспектiк психология аймағындағы теориялардьң бiр-бiрiнен айырмашылығы сананы құрылымы, мазмуны жене белсендiлiк дережесiне қарай әрқилы сипаттаудан болды, яғни бiр сипаттама жетекшi деп есептелiндi. Осы турғыдан идеалистiк сана психологиясы өз зерттеулерiн 5 бағытта алып барды: 1.санальқ элементтер теориясы. 2.санальқ әрекеттер психологиясы. З.санальқ aғым теориясы. 4.дербес құрылым психологиясы. 5.Дильтей суреттеме психологиясы. Бул теориялардың бәрiне ортақ тусiнiм: қоршаған дуниемен белсендi қатынастағы адам орнына сана қойылып, оньң бар ic әpeкeтi сана белсендiлiгi деп танылды. Осыдан ХХF.екiншi он жылдығында психологияньң және бiр бағыты пайда болып,оньң өкiлдерi психологияньң жаңа пәнiн жариалады:ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негiзiнiң адам қозғалысыньң жиынтығы- әрекет қыльқ едi. Бул бағыт «бихервиоризм» аталып, психология пәнi жөнiндегi түсініктep дамуыньң үшiншi кезецiн қалады. Диалектикалық материализм бағдарынан психологиялық ғылыми білімдердің құрамы неден тұрады, яғни пәні не? Бұл ең алдымен психикалықө өмір деректері. әрқандай ғылым мақсаты – зғрттелетін процестер мен құбылыстар бағытынан обьектив заңдарды белгілеу. Теориялық және эксперименталды зерттеулердің бәрі нақ осы мақсатқа бағдарланған. Ғылыми танымның өзі құбылыстар арасындағы мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанып жүретін байланыс, қатынастарды білуден келіп шығады. Ғылымдағы күрделі міндеттердің бірі – заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре білу. Ғылымдық қатал талап – обьектив заңдарды ашып қана қоймастан, олардың әрекеттік аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психологиялық зерттеулердің обьекті – психологиялық деректермен қатар психологиялық заң, заңдылықтар. Сонымен бірге ескеретін жәйт, заңдылық байланыстарды білу өздігінен заңдылықтарды іске асыратын нақты тетіктерді ашып бере алмайды. Осыдан психологияның міндеті – психологиялық деректер мен заңдылықтардыа аша отырып, психологиялық іс - әрекетті қозғаушы механизмдерді деанықтап білу. Қорытындыласақ, жантану ғылымы – психология психика деректерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін білімдер саласы. 2. Қазіргі кезеңде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилығында орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық әрекетті оның даму барысымен байланыстыра зерттеу. Жантану ғылымы үшін ең маңыздысы – зерттелуші құбылыстардың мән-мағынасын ашып беру. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер туындайды. Психикалық құбылыстардың мәнін тануда диалектикалық материализм үлкен роль ойнайды. Б.Ломов өзінің аталған еңбпгінде психология ғылымының тірек категорияларын, олардың жүйелі өзара байланысын, жалпылығын, сонымен бірге бұл категориялардың өзіндік дербестікте екенін айқындап берген. Ғалым психологияның келесі тірек категорияларын атайды: бейнелеу категориясы, іс- әрекет категориясы, жеке адам категориясы, тіл қатынас категориясы, сондай- ақ жалпылық мағынасына орай категория санына жататын түсініктер «әлеуметтік» және «биолгиялық». Алғашқы оң жылдықта психологияның теориялық тарапы басым болды. Ал қазіргі кезеңде оның қоғамдағы ролі көп өзгеріске ұшырады. Ол енді білім жүйесіндегі, өзгерістегі, мемлекеттік басқару, медицина, спорт және т.б кәсіби практикалық қызметтің ерекше саласына айналып барады. Психолгия ғылымының практикалық міндеттерді шешуне араласуынан оның теорисының даму жағдайлары да біршама өзгерді. Шешімі психологиялық біліктілікті қажет еткен міндеттер адамдық фактор маңызының жоғарылауынан қоғам өмірінен барша тарапында әр қилы формада болуда. «Адамдық факторлар» дегеніміз әрбір адамзат тұлғаға тән болып, олардың нақты іс-әрекетінде көрініс беретін әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасеттердің кең ауқымы. Психолгия ғылымының қолданбалық мәнін қоғам түсініп, қабылдануынан халыққа білім беру мекемелерінде кең психологиялық қызмет тармақтарынг іске қосу идеясы өз қолдауын тапты. Қазіргі күнде бұл қызмет қалыптасып даиуда, ол келешекте ғылыммен оның нәтижелерін практикаға ендіруде дәнекер жүйе болуы кәміл. 3.Психологиялық басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай психологиялық деректерді басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қалай қолданатынын жете түсінуге болады.Психологияны жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам болған барша ғылым салаларының жетістіктерін біріктіріп, байланыстыру. Психологияның аталған ғылымдық үш бұрышпен байланысының мазмұндық сипаты қандай? Психологиның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекет заңдарын даму барысында зерттеп, тану. Осы заңдар арқылы объекті дүниенің адам миында қалай бейнеленетіні, осыған орай оның әрекеттері қалай реттелетіні, психикалық қызметтің дамуымен жеке адамның психикалық қасиеттері қалай қалыптасқаны айқындалады. Психологияны педагогикамен байланыса аса назар аударған жөн.Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі,кезінде К.Д.Ушинский «Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет», - деген еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр.Педагогиканың барша салаларының даму барысында психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады. Психикалық процесс жүру заңдылықтарын; білім, ептілік және дағдылардың қалыптасуын; адам қабілеттері мен мотивтерін, оның психикалық дамуын тұтастай білу оқудың әр сатысындағы білім мазмұнын анықтау, оқу мен тәрбиенің ең тиімді әдістерін нақтылау және т.б сияқты өзекті педагогикалық проблемаларды шешуде келелі мағынаға ие. 4. Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда қоғамдық практиканың өрістеп жатқан қажеттерден белгіленеді. Осы заман психологиясы білімдер жүйесі ретінде көп тармаққа бөлініп, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі – іс- әрекеттер даму принципі. Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған психологиялық ерекшеліктері. Еңбектің ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарына зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Педагогикалық психологияның қызметі – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Оның бөлімдері: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, сондай-ақ мұғалім психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту, тәрбиелеу психологиясы. Заң психологиясы құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады.Ол да бірнеше сатыларға жіктеледі: қылмыскер пчихологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы. Жалпы психология курсында жантану ғылымының теориялық принципі мен маңызды әдістері жөнінде таным беріліп, оның негізгі пәндік түсініктері сипатталады. Барластыру қолайлығымен бұл түсініктер үш негізгі категориялар төңірегінде: психикалық процесстер, психикалық қалыптар мен психикалық қасиеттер немесе жеке адамның дара ерекшеліктері. 3 тақырып: Практикалық психологтың кәсіби қызмет үлгісі. Мектептің психологиялық қызметінің мазмұны. Жоспары: 1. Мектеп психологиялық қызметін ұйымдастыруға үлгі болатын модельдер. 2. Мектеп психологиялық қызметінің мақсаты мен міндеттері. 4. Мектеп психологы іс-қағаздары тізімі. 3. Балаға психологиялық қызмет көрсету міндеттері, салалары. Психологиялық қызмет Қазақстан Республикасы білім мекемесінде өткен ғасырдың соңғы он жылдығында ғана өз дәрежесінде екекнін дәлелдеді. Қазіргі кезеңде мектеп басшыларының практикалық психологтардың назарын аударатын келесі мәселелер: ❖ Мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын қалай ұйымдастыру керек; ❖ Психолог пен мектеп әкімшілігінің әрекеттерін бір-біріне қалай сәйкестендіру керек; ❖ Жұмыс жоспарын құру; ❖ Оқушылармен диагностикалық зерттеулерді, түзету жұмыстарын қашан немесе қай уақытта жүргізуге болады, егер оларда күніне 6-7 сағат болатын болса; ❖ Тұлғаны, сынып ұжымдарын зерттеуде әдістемелердің деңгейі қандай болуы керек. Бұл мәселені талқылаудың қажетілігі, біздің ойымызша, практикалық психологтың жұмысы тек адамдармен байланыстылығында. Білім беру саласында психологиялық қызметті ұйымдастырудың ғасырдан астам тарихы және мол тәжірибесі бар.Көптеген елдерде бұл қызмет өткен ғасырдың басында пайда болып, табысты дамып келе жатыр.Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің даму тарихын және қазіргі жағдайын Р.Б.Радионов, И.А.Соколова, З.А.Малькова және т.б. ғалымдар зерттеген. Өткен ғасырдың басында Францияды Бине жекелік қасиеттерді зерттеу жөнінде бірнеше мақалалар жариялады. Ол 1905 жылы психологиялық зертхана ұйымдастырып, талапкерлердің интеллектуалды қабілетін зерттеу жұмысын жолға қойды. Биненің жүргізген зерттеулері көптеген ғалымдарды қызықтырып, психологиялық қызметті ұйымдастыруғы ұйытқы болды. 1908 жылы Бостон қаласында Френк Парсонс мамандыққа баулу бюросын ашты. Ол осы бюро қабырғасында көп жыл жүргізген тәжірибесін қорытындылай келіп, мамандықты таңдап алу үшін әр адам уш нәрсені жақсы білуі қажет екенін көрсетті: 1. Өз қабілеті мен мүмкіндіктерін және оның табалдырығын білу 2.Таңдаған мамандық бойынша жұмыс жағдайымен танысып, өз қызметін орындау үшін қандай қасиеттер керек екенін анықтап, жалақысы, болашағы, өсу жолдары, білімін жетілдіру көздері туралы толық мағлұмат алу; 3. Әр баланың арманы мен мүкіншіліктерінің бір-біріне сай келуін бағалау. Осы бағыттарда анықталған мағлұматтарды бір-бірімен салыстыра талдау нәтижесінде психолог әр балаға болашақ мамандығын анықтауы туралы өз кеңестерін береді. Психологиялық қызметті ұйымдастыру тобы өз шараларын бірнеше бағытта ұйымдастырады және өзінің алдына келесі міндеттерді қойып отыр: Балаларға мектепке дейінгі өмірден оқушы міндетін атқаруға көшуіне көмек көрсету; Мектепке оқу параллельдерін анықтап алуға жәрдем беру; Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау. Қазіргі кезде көптеген елдер психологиялық қызметті мектеп қабырғасында және әлеуметтік ортада ұйымдастырып, психологиялық қызмет көрсету дәстүрлі кеңінен қалыптасып келеді. Психологиялық қызмет ерте құрылған мемлекеттер тәжірибесін жан-жақты зерттеудің мән-мағынасы өте терең болып отыр. Оларда қалыптасқан ұйымдастыру түрлерін және бұл жұмыстың мазмұнын зерттеу негізінде көптеген елдер өз мектептерінде психологиялық қызметтіұйымдастыру мақсаты мен міндеттерін анықтап алып отыр. Біздің елде білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтауға Ресей, Балтық жағалауындағы мемлекеттер тәжірибесі мол мүмкіндік тауып беруде. Сондықтан осы мемлекеттердің тәжірибесін , теориялық және әдістемелік құралдарын терең және жан-жақты талдау үстіндеміз. Психологиядық қызметтің мақсаты – бала дамуының әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне , қоршаған ортаға деген көзқарасының , қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау.Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады. Психологиялық қызметтің міндеттері: - психологиялық және әлеуметтік-психологиялық тұрғылан қиындық көріп жүрген балалардың мәселелерін анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету; - оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру; - мәселесі бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу; - дамуында ауытқуы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер жүргізу; - оқу-тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап, әр оқытушының, ата- аналардың психологиялық-педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын арттыру. Қазақстанда мектеп психологы енді тағайындалып, өз жұмысын атқаруға жаңа ғана университет бітірген тәжірибесі аз жас мамандар кірісті. Дегенмен олар жұмыс мазмұнын анықтау үшін ізденіс үстінде. Психологиялық қызмет моделін қалай құру қажет екенін анықтап алу оңай емес.Бұл мәселені дұрыс шешу үшін бұрынғы Кеңес мектептерінде психологиялық қызметтің мазмұнын анықтағандар Н.Р.Битянова, И.В.Дубровина, А.И.Прихожан ұсынған үлгілерді қолдануға немесе басқа елдерде қалыптасқан тәжірибені үлгі ретінде қолдануға болады. Мектеп оқушыларына, көпшілікке жүйелі түрде психологиялық қызмет көрсету үшін ол объекті туралы психолог толық мағлұмат толық мағлұат алу керек.Бұл мағлұмат психодиагностикалық херттеу барысында психологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, оқушылардың таным процесстерінің даму деңгейі, жекелік қасиеттерінің қалыптасуы, оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуы талданып, әр балаға қандай жәрдем керек екендігі нақты анықталады.Психологиялық қызмет мазмұнын анықтау үшін бұл жұмыстың мақсат-міндеттеріне сүйене отырып оның барлық жоғарыда келтірілген салалары бойынша іс-шаралар тізімін толық жүйеге келтіріп, жұмыс жоспарында көрсету керек.Жоспарларды жасау үлгісі курстың келесі тарауларында беріледі. Мектеп психологының іс-қағаздарын жүргізу қажеттігі. Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызметтің қажеттілігі дәлелдеуді талап етпейді.Психологиялық қызмет арқылы мектепте қабылданған баланың оқытуға даярлығы анықталады.Барлық сынынп оқушыларының психологиялық карточкаларында оның жеке тұлғалық даралық даму ерекшеліктері анықталып, қысқа мінездемелер жасалады.Балалардың дамуында орын алатын түрлі ауытқуларды дер кезінде аңғарып, оларды түзету шаралары ұйымдастырылады. Мектеп ұжымында кездесетін психологиялық мәселелерді өтініш түсуіне байланысты психологиялық кеңес беріп, шешу жолдарын анықтауға өз үлесін қосады. Асихолог өз жұмысын ұйымдастырғанда баланың жан-жақты дәне үйлесімді дамуына жағдай жасауды көздейді.Оқушылар мен оқытушыларды психологиялық жетелеу барысында психолог өз жұмысын медициналық, дефектологиялық қызмет түрлерімен тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологиялық қызметті ұйымдастырушының тәжірибелік психолог квалификасы болуы керек.Оның дәлелі ретінде арнайы жоғары оқу орнының дипломы немесе даярлық курсынан өткен куәлікпен тұжырымдалуы қажет. Психологиялық қызметті жүргізу барсы, әр іс шараларды өткізу уақыты алдын-ала жоспарланғанда ғана, психолог өз жұмысын талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік туады.Сондықтан мектеп психологы көптеген іс- қағаздарды уақытында, талапқа сай жүргізуі тиіс.Олардың үлгілерін Н.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан жасап шығарған. Сол үлгіге сүйене отырып, әр мектеп және басқа мекемелер психологы өзінің жұмысына негіз болатын және есеп беру барысында қолданылатын құжаттарды жасап алу керек. Мектеп психологы іс-қағаздарының тізімі: - мектеп жұмысына негіз болып отырған тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс жоспары; - психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жоспар; - мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспар; - психологиялық қызмет көрсету кабинет жоспары; - айлық немесе апталық жұмыс жоспары - диагносткалық материалдар картотекасы; - бастауыш сынып оқушыларын зерттеуге арналған психодиагностикалық альбомдар; - психодиагностикалық әдістемелер жинақтары; - психологиялық қызмет көрсетуге сұраныстыр журналы; - кеңес беру, коррекциялау, жеке түзету-дамыту іс-шараларын тіркеу журналы; - өткізілген сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы; - түзету жұмыста қолданылатын аудио материалдар; - кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі; - жылдық есеп. 4 тақырып: Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері. 1. Мектеп алды жасындағы балаларға психологиялық сипаттама. 2. Мектеп психологының балалармен жүргізетін психологиялық қызметтері. Баланың мектепке баруымен байланысты оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Мектеп балаға едәуір қиындығы бар міндеттер артады. Кішкентай мектеп оқушысы барлық сабақтарда берілген тапсырмаларды жүйелі орындауға, сол сәтте, қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.Осы міндеттердің барлығын толық орындау балаға лңай емес. Мектеп психологы балалармен жүргізетін психологиялық қызмет көрсету жұмысын мектеп алды тобына қабылдау кезеңнен бастайды. 5-6 жастағы бала мектепке келер алдында оқуға , мектеп режимі бойынша жұмыс жасауға , бағдарламаны меңгеруге, сөзбен түсіндірген тапсырмаларды орындауға және мектепішілік қарым-қатынас жасауға дайын болуға тиіс.Тек сонда ғана мектепке келген бала бағдарлама ұсынып отырған білім мен іскерлікті меңгеруге шамасы келеді.Мектеп психологы балабақшадағы әріптестерімен бірге осы мәселені зерттеуі оның мектепке даярлық тобындағылармен жүргізетін жұмыстарының ең басты міндеті болып табылады.Сонымен қатар баланың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігін, таным процесстерінің даму деңгейін нақты бағалау мақсатының орны ерекше. Баланың мектепке оқуға даярлығын анықтайтын әдістер немесе психологиялық ортақ пікірлер осы уақытқа қалыптаспаған.Дегенмен көптеген зерттеушілер баланың таным процестерін , нәзік қимыл-әрекеттерін, қарым- қатынас мәдениеттеін знрттеу әдістемелерін жасап шығарды.Осы еңбектерге сүйене отырып әр психолог мектеп алды деп аталатын даярлық тобындағы балалардың оқуға, мектеп талаптарын орындауға икемділігін анықтауы қажет. 5 тақырып: Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық қызмет көрсету. 1. Бастауыш сынып жасындағыларға психологиялық сипаттама. 2. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін психологиялық қиындықтар. Мектепке қабылданған балалардың өмірі оларды балалық шақтан оқушы статусына ұштастыратын өтпелі кезеңдігімен сипатталады. Балалар өміріндегі бұл шақ көптеген әлі көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай.Оларды дер кезінде байқап, қолдап отырғанда ғана балалардың жекелей психикалық қасиеттері жан-жақты дамып, қажетті әрекеттерге айналады.Сондықтан мектеп психологы баланың мектеп талаптарын орындауға, биологиялық кемелденуі, ақыл- ойы дамуы, жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы, ерік сапаларының қалыптасуы және көңіл-күйін меңгеріп, өзін-өзі ұстауы жағынан мағлұматтар алып оларды нормативтермен салыстырып зерттеуі қажет. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бала оқушыға айналады.Оның өмірінде ойын әлі маңызды роль атқарады. Дегенмен бастауыш сынып оқушысының өмірінде танымдық әрекеті жетекші бола бастайды.Осы әрекеті мінез-құлық мотивтерін өзгертіп, бар күшін, интеллектуалдық қабілетін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағыттауды қажет етеді.Әсіресе, баланың мектеп өміріне енуі оның көптеген жағдайға икемделуін талап етеді. Балалардың көпшілігі бұған отбасында немесе балабақшада арнайы психологиялық даярлықтан өтеді.Мектепке бала үлкен қуанышпен барады. Өйткені, мектепті бала болашақ үлкендік өмірге даярлықтың бір саласы ретінде қабылдайды.Баланың бұл ішкі позициясы оның мектеп өмірін қалауы, сыныпта мінез-құлық ережелеріне, сыныптас жолдастарымен ерекше қарым- қатынас нормаларын, күн тәртібін, мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдап оны қиналмастан орындауға негіз болады.Бұл талаптарды бала орындауға болмайтын қағида деп қабылдайды. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету кей кезде балалардың қырсықтық көрсетуіне немесе шамадан тыс шаршуына алып келуі мүмкін.Сондықтан психологтың алдында тұрған ең негізгі міндеті – балаларға мектеп талаптарын қабылдап алуға көмектесу. Мектеп қойып отырған талаптарды орындау үшін бала ерекше режим бойынша өмір сүреді. Олар уақытында оянып, сабақты жібермей қатынасып, мұғалімнің сөзін жақсы тыңдап, сабақта ұйымдастырылған жұмысты және үйге берген тапсырмаларды уақытында ережеге сай орындап отыруы керек. Баланың бұл міндеттерін толық орындауға негіз болатын тиісті дағдылары болмаса, ол әдеттен тыс шаршауы, сабақты жіберуі , үй тапсырмасын орындамауы сияқты режимді бұзу орын алады. Психологтың екінші міндеті – бірінші сыныпқа қабылданғандарды мектеп режиміне үйрету шараларын жүйелі түрде жүргізу. Бірінші сынып оқушыларының басым көпшілігі бастан кешіретін қиындықтарының ішінде олардың мұғалімдермен және сыныптас жолдастарымен қарым-қатынас жасауы болып табылады.Психологиялық қызмет көрсету барысында баланың қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, қалыптастыру психолгтың келесі міндеті болып анықталады. Баланың мектепке баруымен оның отбасындағы жағдайы өзгереді. Бала үй тапсырмасын орындайтын орны және уақыты болуы керек, ал ата-аналар өз тіршілігін оқушының күн тәртібімен санасып ұйымдастырады.Сондықтан, бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен көптеген режимдік жұмыстар, балаларға үй тапсырмасын орындату тәртібін үйрету, баланың жұмыс орнын ауыстыру т.с.с. мәселелер бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу – осы жас кезеңдегі балалармен жүргізетін психолог жұмысының келесі міндеті. Қазіргі кезде көптеген мектептер, гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты балалардың интеллектуалдық қабілетін анықтау психологқа жүктеледі. Сондықтан бұл мәселе де психолог міндеттерінің бір саласы болып табылады. 6 тақырып: Жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету. 1. Жеткіншектік кезең психологиясы. 2. Жеткіншектік шақта болатын өзгерістер. Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жаскезеңіндегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалы» т.б көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда бұндай кезең даму дағдарысы деп аталады. Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір- бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екіжақтылық орын алады. Сондықтан, бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатыны, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді. Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер менбаланың арасында текетірестік орын алуы мүмккін. Жеткіншектердің дене мүшесінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мысалы, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарымжан сезіну» деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денсін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезінде балалардың эндокриндік жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. 7 тақырып: Жасөспірім жас кезеңіндегілерге психологиялық қызмет көрсету. 1. Жасөспірімдік кезеңге психологиялық сипаттама. 2. Психологтың жасөспірімдермен атқаратын қызметі. Жасөспірімдік шақ баланың жыныстық толысуынан басталып, ерерсектік орыналғанға дейін созылатын, көптеген физиологиялық және әлеуметтік жағдайларға байланысты шектері анықталатын жас кезеңі. Бұл кезең 15-18 жас аралығында өтеді және көптеген өзіне тән ерекшелерімен сипатталады. Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста пубераттық кезеңде болады. Осы физиологиялық процеске байланысты ұл-қыздардың бір- біріне көз салып, жыныстық қызығушылығы да орын ала бастайды. Жасөспірімдік кезең бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Балалар материалдық жағынан әлі ата-аналар қарауында. Мектепте оған, екінің бірінде сен ерерсексің, үлкенсің десе, екінші жағынан одан да үнемі үлкендердің айтқанын сынамастан орындауды талап ететді. Бұлжағдай мектептен басқа жерде де анық байқалады. Сонымен қатар, жоғары сынып оқушылары болашақта некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену кезеңінде. Сондықтан психолог алдында тұрған міндеттердің бірі жыныстық тәрбие, болашақ отбасы өміріне ддаярлау, қарым-қатынасмәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамндық таңдау, еңьек пен қоғамдық саяси қызметке даярлану және болашақ мамандық алатын оқу орнын анықтау. Бұл міндеттерді жүзеге асыру баладан ұзақ уақыт мақсатты даярлықты талап етсе, үлкендер жағынан баланың мұқтаждығын жақсы түсініп, оған кеңес беріп, қол ұшын беруді қажет етеді. Мамандық таңдау қоғамдық жалпы дүниетанымдық ізденістерімен өмірлік жоспарларында нақтыланады. Жасөспірімдік жас кезеңінде адам өзінің қандай екенін, қаншалық құнды қабілеті бар екенін барынша толығырақ түсініп, білгісі келеді. өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар: 1. өз талаптары деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау; 2. әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Осы тәсілдер арқылы құрылған баланың өз «Менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Осы шақта эгоцентризм, невротизм белгілері болцуы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жасөспірімдік рефлексияныңтөменделегі мен қаықтылығына байланысты көптеген әлеуметтік, жеке типологиялық және өмірбаяндық факторларға байланысты. Психолог осы шақтағы баланың ерекшеліктерін анықтап, әрқайсына қажетті көмек көрсету керек. Жасөспірімдік шақта достықты қажетсіну күрт өседі және бұл сезім өте тұрақөты да терең бола бастайды. Достық туралы жасөспірімдік ұғым мен оның нақты дәрежесі әр балада әртүрлі болады. Қыз балаларды олардың ертерек толысатындығымен байланысты интимдік достықты қажетсіну ер балаларда ерте басталады. Егер жастары бір шамалас ер балалар мен қыз балалардың достық мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа неғұрлым жоғары талаптар қоятыны көрінеді. Есейген сайын бұл айырмашылықтаржоғалады. Достыққа деген көзқарастың жекелей айырмашылықтары да үлкен. Біреулер жұп достықты ғана мойындап, нағыз дос біреу ғана болуы керек деп санайды. Ал екіншілерінде 2, 3 және одан да көп дос болады. Бұл мәселе тәлім-тәрбие барысында көңіл аударатын мәселелердің бірі болғандықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оны талдап, шын достықтың мән-мағынасын баларға көрсету психолог міндеттерінің бірі болып саналады. Жасөспірімдердің біреуі оңашалықты ұнатса, екіншілері жалғыздақтан қорқады. Кейде мазасыздану, фобия белгілері де орын алуымүмкін. Психолог осы шақтағы баланың психологиялық дамуындағы ерекшеліктерін анықтап, оның нормадан ауытқулардың ереркше көңіл бөліп, әрқайсына жеке дара қажетті көмек көрсету керек. Бұл жасөспірімдерге психологиялық қызмет көрсетудің келесі міндеті. Қазіргі кездегі жаңа тестік жүйені қолдану арқылы жоғары сынып оқушыларны мамандық таңдауға даярлануы қажеттігін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілетін, білім меңгерудегі дербестік дәрежесін арттыруға саса маңыз қажет болып отыр. Арнайы қабілеттердің қалыптасуы оқытудың сипатымен қатар психологиялық түзету-дамыту жұмыстармен де тығыз байланысты. Сондықтан психологтың келесі міндеті- жоғары сынып оқушыларының интеллектуалды дамуына ықпал жасау. Осы аталған тағы да баланың жас ерекшеліктеріне, өмір талабына байланысты туып отырған міндеттерді басшылыққа ала отырып, әр психолог жасөспірімдермен жүргізетін қызметінің мазмұнын анықтайды. 8 тақырып: Психологтың басқа мамандармен байланысы: Ұстаз және психолог 1. Оқытушының психологиялық портреті. 2. Ұстаз-педагог-оқытушы ұғымдарына сипаттама. Оқытушы - оқушы қарым-қатынасының практикалық номенклатурада үш көрсеткіші бар: ұстаз, педагог, оқытушы. Қарапайым тілдн ұстаз деген ұғым кеңінен дамыған, оларды әр ғылым саласынан түсінігі бар және сол білімді халыққа жеткізу қабілеті бар адамдар деп санаған. Оқытушы - оқушы қарым-қатынасын психологиялық критерийді қолдана отырып, олардың профессионалды қабілетін ажыратайық. Олардың бірнеше айырмашылықтары бар: • Оқу үрдісіндегі оқытушының жауапкершілігі • Оқу пәнін түсінудіру • Психологиялық дистанция сақтау • Перспективті тұлғаның өсуіне әсері. Бұнда ұстаз, педагог, оқытушы арасындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Мысалы мына кестеде, бұл кестеде тез түсіну үшін критерийлер максималды, орташа, минималды деп бөлінген. |мамандық |ұстаз |педагог |оқытушы | |1 критерий |мин-макс |орт |макс | |2 критерий |макс |орт |мин | |3 критерий |мин-макс |орт |макс | |4 критерий |мин |орт |макс | |5 критерий |макс |орт |мин | Бұл таблица қарапайым тілде, сол сияқты профессионалды тілде де критерий типтерінің қабілеті жағынан әр түрлі делінген. Бұл критерийлер бір- бірінен оқушының ішкі дүниесіне байланысты ажыратылады. Осы байланыста ұстаз максималды мүмкіндіктермен, ал оқытушы минималды мүмкіндіктерге ие. Субъективті жағынан бұл байланыста оқушы және оқытушы арасындағы мықты, сенімді, тұлғалық мүмкіндіктерді орнту қиын, ол біреуге деген әлеуметтік және психологиялық дистанциямен сипатталады. Үш профессионалды критерий – ұстаз, педагог, оқытушы – олар басқаға ықпал етіп, шешім қабылдайды. Әрине, бұл шешімді қабылдау үшін басқа адамның психологиялық ақпаратын білуі қажет. Ұстаз, педагог, оқытушы бірігіп жұмыс істеуіне психологиялық ақпарат ықпалы және психикалық-тұлғалық өсу деңгейінің нормалық структурасы әсер етеді. Сонымен, оқытушы- оқушының бірлесуі, оқытылатын пәнге және түсіну деңгейінің структурасына байланысты психолог ситуациялардағы прблемаларды келесі жағдайларда шешуге міндетті: • Оқушының оқу пәніндегі проблемалық көрінісін адекватты шешуге • Оқытушының оқушы мүмкіншіліктерін түсінуге т.б • Оқылатын пән оқушыға әсер ету негізі екеніне оқытушының адекватты көзқарасын зерттеу • Оқытушының оқушы өміріндегі рөлін анықтау • Оқушы оқытушының өміріндегі рөлін анықтау 9 тақырып: Психолог және құқықтық практика. 1. Тергеуші және адвокат қызметіндегі психологиялық ақпараттар. 2. Заң саласындағы психолог қызметінің маңызы. Заң саласындағы практикада психологиялық ақпараттың параметрлері қолданылатын қызметтер – тергеу және адвокаттық практика. Тергеуші үшін адам әрекет-қылығының мүмкін моделдерінен құралған оқиғалардың логикасын қалпына келтіру үйреншікті жайт. Адам әрекет- қылығының ортақ моделі нақтыланған сайын, зерттелетін адам немесе адамдар тобының құрайтын дәл жағдайлары мен дәл логикасының профессионалды іс- әрекеті соғұрлым тура құралатын болады. Адвокаттың да нақты жағдайларда өз практикасында адам әрекет- қылығының жалпы моделін нақтылауға бағытталғандығы табиғи құбылыс. Бұл құқықтық практиканың түрлеріндегі болымды айырмашылықтың бірі профессионалды ойлау процесінің дұрыстық өлшемдерімен байланысты деген ой келеді. Бұл өзгешеліктерді, тергеуші үшін нақты фактілерменбекітілген объективті дәлдік маңызды болуынан, ал адвокат практикасында адамның іс- әрекет логикасының субъективті негізделуі үлкенмағынаға ие болуынан көруге мүмкін болады. Егер айырмашылық сызығын сызсақ, онда ол шамамен былай болар еді: тергеушіні шын мәнінде болған жайттар қызықтырады; адвокатты ол жайттар неге болғандығы қызықтырады. Осыдан психологиялық ақпаратты қолданудағы айырмашылық: тергеуші үшін – адам не істегені туралы, адвокат үшін – ол мұны неге істегендігі туралы сұрақ актуалды. Психологқа сұраныс жасағанда, құқықтық мамандықтың иелері нақты жағдайлар туралы ойлары – құрал негізінде қолданылуы қажет деген адамның әрекет- қылығының жалпы моделіне бағытталған. Психолог алдында мүлде басқа спецификалық мәселе пайда болады – зерттелетін жағдайдағы адам әрекет-қылығының субъективті логикасын жасау мәселесі. Құқықтық мамандық пен психолог иелерінің өзара қарым-қатынасының зат спецификасын және соған сәйкес оның мамандық иелерінің арасындағы қарым- қатынасының басқа мүмкін нұсқаларынан айырмашылығын бөліп алуда мағына бар деген ой келеді. Бұл ерекшелік, юристерде де, олармен жұмыс істейтін психологта да, адам әрекет қылығының моделін нақтылауынан көрінеді. Бұл сөздердің астын сызу үшін бөлек бөліп алғың-ақ келеді, шынымен біріккен қызметте психолог және юрист -адам болмысы мен формасын нақтылауға қарайды. Жауапкершілік категориясы, оның адам әрекет-қылығының моделіне міндетті қосындысы адам әрекет қылығын жануарлар әрекет-қылығынан ерекшелейді. Индивидуалды әрекет-қылықтың логикасын (профессионал ойлауында) нақтылау сызығы дәл осы категориядан өтеді. Психолог юристтерге адам әрекет-қылық моделіндегі жауапкершілік категориясын қолданудағы индивидуалды варианттар туралы мәліметтерді бере алады және беруі керек. Бұл юристтің профессионалды қызметіне қатысушылар туралы психологиялық ақпаратты қолдануды анықтайтын бастама категория болады. Психолог пен құқықтық практикаға қатысушыларды және оларға қатысты тұлғалардың арасындағы бірігіп әрекет ету құралы – жауапкершілік нормалары болып табылады. Психолог психологиялық ақпаратты алу арқылы келесі проблемаларды шеше алады және шешуі тиіс: • Юристтің адам әрекет-қылық моделінде жауапкершілік категориясын адекватты қолдану проблемасын; • Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғалардың жауапкершілік категориясын индивидуалды жүргізу проблемасы; • Юристтің оның прфессионалды қызметі жауапкершілік категориясының басқа қатысушылармен меңгерілу дәрежесін адекватты бейнелеу проблемасын; • Юристтің профессионалды қызметіне қатысатын тұлғаның оның жауапкершілік категориясын меңгеру деңгейін адекватты бейнелеу проблемасын; • Жауапкершілік категориясының индивидуалды мазмұны мен құқықтық жауапкершілік нормасының сәйкес келу проблемасын. Осы ортақ проблемаларды шешу арқылы психолог әр нақты жағдайда адам әрекет- қылық моделінде жауапкершілік категориясына сәйкес келетін психологиялық ақпарат мазмұнын анықтай отырып, құқықтық практикаға қатысушылардың барлығына олардың өзара бірігіп әрекет ету мақсатында нақты психологиялық көмек көрсете алады. Бірақ өкінішке орай қазіргі уақытта біздің елімізде заң қызметтерінің психологиялық негізделуі бойынша жұмыстар өте аз, бірақ заман өзгеріп, жаңа психологтар әлеуметтік өмір заңдылықтары туралы да өз сөздерін айтады деген үміт бар. 10 тақырып: Дәрігер және психолог 1. Дәрігер және психолог мамандарының өзара байланысы. 2. Денсаулық сақтаудағы мамандардың атқаратын қызметі. Өз кәсіби қызметіне әсер ететін (клиенттерге және өзгелерге) дәрігер және психологтың тікелей байланысқан психосоматикалық мәселелер аспектілеріне көз жүгіртсек. Біріншіден, дәрегер де, психолог та психикалық шындықтың әр түрлі қасиеттерінің көріну синдромдары мен белгілерімен жұмыс істейді. Мысалы, эмоциялық ұстамсыздық симптомы әр түрлі синдромдарға кіруі мүмкін – инфантилизмге, байланған кейіптер неврозына, ОЖЖ функционалды жетілмеуіне т.б. Екіншіден, дәігер және психологтың кәсіби ойлау тәсілі өзіндік гипотезаны жасап шығаруға, оның дәлелденуіне, шешімдерді қабылдау және тексерілуіне алғышарт болып табылады, яғни дәрігер және психолог өзінің кәсіби қызметінің пәні болып табылатын материалдарды рефлексиялайды. Осылайша, кәсіби қызмет жағдайында олар өз ойлауымен жұмыс атқарады. Үшіншіден, психикалық шындық қасиетімен белгіленген (соның ішіне ауру феномені де жатады) тұлғааралық қатынасқа түскен кезде дәрігер де, психолог та басқа адамдардан әсер алады. Төртіншіден, дәрігер де, психолог та адамның психикалық шындық сапаларымен белгіленген активті параметрлерінің өзгеруінде өз қызметінің нәтижесін көреді. Мысалы, жаңа талаптардың пайда болуы, жаңа сезімдердің пайда болуы, адамның энергетикалық мүмкіндіктерінің өзгеруі т.б. Бесіншіден, дәрігер де, психологта өз кәсіби ойлауында, сонымен қатар кәсіби шарттарда әсер ету мөлшері категориясымен жұмыс істейді. Осылайша, дәрігер және психолог адам құндылықтары туралы онымен тікелей контакт кезінде жалпыланған персонификацияны жүзеге асырады. Персонификация денсаулықтың ішкі суреті ретіндегі адамның психикалық шындықтың қасиеттерінде нақтыланады. Тура осылар дәрігер мен пациенттің өзара әрекетіндегі пәнге кіретін болады, тура осылар психолог клиентінің мәселесінің «субстраты» ретінде болады. Аурудың ішкі суреті – денсаулықтың ішкі суреті феномендері дәрігер мен психологтың кәсіби қызметін тікелей байланыстыратын өзара әрекетінің пәні болып табылады. Нақты айырмашылық дәрігердің локальдық ауру симптомымен, ал психологтың жан ауруының синдромымен жұмыс істеуінде. Осыдан дәрігердің мақсаты – ауруды жою болса, психолог мақсаты- симптом құрылымын қайта құру болып табылады. Дәрігер және психологтың біріккен жұмысы бір феноменге жататын жалпы мақсаттарды құрудан және оған әсер ету тәсілінен басталады. Бұл аурудың тек индивидуалды-соматикалық белгілерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық мазмұнынкөруге мүмкіндік береді. Пациенттің шағымы мен оның тұлғалық белгілерінің классикалық бағалануын салыстыру арқылы дәрігер және психолог жұмыстарындағы реалды тоғысу нүктелерін көруге болады. Дәрігер және психолог мақсаттарды кәсіби жүзеге асыра отырып келесі мәселелерді шеше алады: • Пациент ауруының ішкі суреті туралы гипотезаларының жүйелі құрылуы; • Аурудың ішкі суреті мен денсаулықтың ішкі суреті туралы білімдерді жетілдіру арқылы өзінің кәсіби дамуы; • Пациенттің денсаулығының ішкі суреті туралы оны адекватты бейнелеуі; • Дәрігер және пациент арасындағы аурудың ішкі суретінің мазмұнына байланысты жауапкершіліктің бөлінуі; • Пациенттің индивидуалды өміріндегі аурудың ішкі суретінің орны мен рөлі; • Пациент ауруының ішкі суретінің мазмұнына байланысты әлеуметтік жауапкершілік; • Кәсіби ойлау тәсілі ретінде аурудың ішкі суреті құрылымына керек ғылыми білімнің (интегралдық медицина) маңыздылығының анализі; Әрбір пациентті қарау кезінде дәрігер тек физикалық ауру симптомын ғана емес, сонымен қоса осы ауру жататын бүкіл психикалық шындық туралы толық білуі тиіс. 11 тақырып: Әлеуметтік қызметкер және психолог 1. Әлеуметтік қызметкер қызметіне сипаттама. 2. Әлеуметтік қызметкер мен психологтың атқаратын қызметтері. Әлеуметтік қызметкердің мамандығы соның қатарында әлеуметтік педагогта біздің елімізде жалпылай болып табылмайды. Өкінішке қарай қиындықтардың көптігін ескерсек осы іспен бір ғана адамның айналысуы мүмкін емес.Осылардың ішіндегілердің кейбіреулері ; жалғыздық, жанұядағы психикалық ауру адам, ата- аналардың созылмалы ішімдікті, күнделікті азаптаушылық, созылмалы жанұялық дау, жасөспірімнің девианттық мінез- құлқы т.б. Адамның әлеуметтік және физикаклық әлсіздігін- әлеуметтің шешетін жұмысшы қиындықтарын осылайша қысқаша тұжырым деуге балады, өмірдің маңыздыбөлігі бола отырыпбелгілі бір адамның немесе белгілі бір жанұяның тағдырын айтуға балды.Әлеуметтік қызметкер өзіне бөтен адамдармен өте ұзақ кезең ұйымдастырып және оны жүзеге асырады.Оның кәсіптенген қызметінің заты болып не табылады ? Тікелей емес белгілі бір адамның өміріне қатысуы әлеуметтік жұмысшының тағдырына негізгі басты сатысына әсер етуі қаншалықты болыуымен анықталады. Әлеуметтік қызметкер адамға оның даму мәселесін шешуге көмектеседі, бұл көмек нәтижелі боладыег егрде, әлеуметтік қызметкер оның даму резервін білуде оған өзінің күш- жігерін салса сонымен қойса және де өмірлік песпективаға қажеттілерді жүзеге асырса. Психолог терең диагностика арқылы әлеуметтік қызметкердің ұйымдастырушылық күш - жігерін кәсіпкерлікке әсер етуінің орындалуына көмектесе алады. Егерде, әлеуметтік қызметкер белгілі бір адамның өміріне күнделікті қатысып, оның өміріне қажетті әсер ететін болса, психологтың қатысуы қысқа мерзімді болады. Психолог белгілі бір адамның мәселесінің және резервінің дамуының тепе тең орентациясын өз мойынына алады, ал әлеуметтік қызметкер болса адамдармен қарым қатынас жүйесінің басты тұлғасы болады, ол әсер ету арқылы орындалатын бөлікті атқарады. Бұл қарым-қатынасты схема ретінде көрсетейік. Алдағы схемеалардың шарттарын түсіне отырып бұларды мәтінде қолдану керек деп ойлаймын. Өйткені меніңше бұл әр түрлі қызметте және әр түрлі мамандағы қарым- қатынас шектеулерді, мәселелерді бір түрде тексеруге көмектеседі, олар осы шектелген дәлелдерге сүйенеді. Заңдылықтарды қолдану айырмашыдлығы - жеке өмірдегі клиенттің, әлеуметтік қызметкердің және психологтың үлкен, кіші, тең мағынада көрсетуге болады, олар материал сияқты әрқайсысы затқа әсер ету арқылы өзінің білімін құрастырады. Клиент үшін – бұл оның өзінің жеке меншік өмірі. Демек, өзіне қолайлы дәрежеде болады. Бірлесіп әсер ету келесідей мәселеллерді шешуге көмектеседі, олар төмендегідей: • Клиент өміріндегі әлеуметтік мәселелер; • Әлеуметтік қызметкердің және психологтың адам өміріндегі орны мен маңызын түсіну; • Әлеуметтік қызметкер және клиент тарапынан жауапкершілік мәселесінің орындалуы; • Клиенттің жеке өмірдегі перспективалық мәселесі және оның орындалу мүмкіншілігі; • Кәсіби мамандар тарапынан жауапкершілікпен көрсетілген көмек клиент өмірінің тиімді ұйымдастырылуына әсер етеді. Адамдарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мамандықтардың тізіміндегі психологтың клиентке әсер ету мүмкіндігі шексіз. 12 тақырып: Психолог қызметінің бағыттары: Психологиялық диагностика ғылым саласы және практикалық әрекет ретінде. 1.Психодиагностика пәні. 2.Практик-психолог жұмысының бағыттарындағы психодиагностиканың алатын орны. «Психодиагностика» ұғымы тура мағынасында «психологиялық диагноз қою» дегенді білдіреді.«Диагноз» грек тіліне аударғанда танып білу дегенді білдіреді.Ал «диагностика» - «бір нәрсені танып білдіру» дегенді білдіреді.Мысалы: медицинада – ауруды, техникада – қандай да болмасын құралдың бұзылуын т.б. білдіреді.Қазіргі кезде психодиагностика адамның жеке физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және оларды зерттеу әдістерін жасайтын психологиялық пән ретінде қарастырады. Психодиагностика түсінігінде сонымен қатар әр түрлі қасиеттерді анықтауға арналған психолог жұмысының практикалық әрекеті де енеді. Психодиагностика дифференциалды психологиямен,психометрикамен тығыз байланысты. Психодиагностиканың қолдану салалары:психотерапия, психологиялық кеңес беру, экспертиза, кәсіби таңдау т.б. Психодиагностика – жеке адамның даралық психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және өлшейтін психология ғылымының бір саласы. Психодиагностика үшін математикалық-статистикалық амалдар өте маңызды, соның ішінде әсіресе – коррекция және факторлыұ талдау болды.Психометрия мүмкіндіктерін қолдану психодиагностиканың практикалық нәтижесіне маңызды әсерін тигізеді. Теория мен практика арасындағы және сол сияқты тұлға туралы академиялық концепциялыр мен оны іс жүзінде зерттеу арасындағы байланыс психодиагностиканың негізгі міндеттерінің бірі. Психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық аппаратын дұрыс пайдалануға, психодиагностиканың теориылқ концепцияларын орынды қолданып зерттеудың мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға, экспериментті ұйымдастырып жүргізуге, нәтижелержі өңдеуге және интерпретациялацға мүмкіндік береді. Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті практикалық, ғылыми зерттеуге сәйкестгін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екекнін; қандай да болмасын тесттің құрылымы, интерпретация ерекшелігі туралы, сонымен қоса нақты тест қандай парадигма шеңберінде шығарылып, пайдалануға ұсынып отырғанын біле алады. Сондықтан практикалық психолог мамандығын меңгеруде «психодиагностика негіздері» курсы негізгі дәрістердің бірі болып ессептеледі, өйткені ол тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу әдісеріне бағытталған. 13 тақырып: Психокоррекция туралы түсінік. 1. Психокоррекцияға кіріспе. 2. Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері. «Психокоррекция» деген сөз «түзету» деген мағынаны білдіреді. Психокоррекция дегеніміз-арнаулы психологиялық әсер ету құралының көмегімен адамның мінез-құлқындағы немесе психикасындағы кемшіліктерді мақсат қоя отырып түзету. Психотерапия- психологиялық әсер ету жолымен емдейді, ал психокоррекция қалыптасқан кемшіліктерді түзетеді. Психотерапевтің көмегін қажет ететін адамды – пациент, ал психокорректордың көмегін қажет ететін адамды- клиент деп атайды. Клиент- бұл психикалық жағынан және дене дамуы жағынан қалыпты, денсаулығы дұрыс адам. Тек өмір барысында мәселе туындауынан және оны өздігінен шешуге қабілетсіз адам. Психокоррециялық әсер етудің негізгі түрлері: - сендіру; - иландыру; - еліктеу; - нығайту. Сендіру- бұл адамның психикасындағы және мінез-құлқындағы кемшіліктерді жете түсініп, ұғынып және еркімен түзетуге көзделген психокоррекциялық әсер етудің жолы. Сендіру адамға өзінде пайда болған қиыншылықтың себебін түсінуге көмектеседі, осы кемшіліктерден құтылуға деген тілегін нығайтады. Сендіру әртүрлі болады: 1. Адамға өзінің кемшіліктерін жете түсінуге және одан өзінің құтылуға күші бар екендігіне көмектесу. 2. Осы кемшіліктерден құтылуға болатын тәсілдерді көрсету. Иландыру- бұл клиенттің тарапынан болып жатқан кемшіліктерді жете түсінуді қажет етпейтін клиентке әсер етудің жолы. Клиент өзіне психикалық әсер ету болған жағдайдан күңгірт түсіне алады, бірақ соңына дейін не болып жатқанын түсіне алмайды. Иландыру кезінде адам саналы, санасыз күйде болуы мүмкін. Еліктеу- психолог клиентке еш нәрсе түсіндірмейді, иландырмайды, оған қажетті мінез-құлық үлгісін көрсетіп, оны қайталауды ұсынады. Нығайту- бұл әлеуметтік оқыту теорияларының негізінде құрылған бихевиористік хабары бар психотерапия жасап шығаратын тәсіл. Бұл жағдайда қажетті псикоррекциялық нәтижеге қол жеткізу үшін әрекетті ынталандырулар іске асырылады. Жазалау және мадақтау, олардың көмегімен мінез-құлықтың қажетті жақтары нығайтылады, қажетсізі алынып тасталады. Психокоррекция практикада екі формада іске асырылады: 1. жекелей. 2. топтық. Жекелей психокоррекцияда- психолог клиентін бөтен адамның қатысуынсыз, тек бір адаммен жұмыс істейді. Топтық психокоррекцияда- психолог топ адаммен жұмыс істейді. 14 тақырыбы: Психотерапия пәні мен міндеттері 1. Психотерапия туралы түсінік. 2. Ғылым ретінде қалыптасып дамуы. 3. Ғылыми – зерттеу әдістері. «Психотерапия» грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады. Психотерапияның негізі – логопедия (сөзбен әсер ету). Бұл арада К.С. Станиславскидің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлмесінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірімен астасып жатыр. Ю.В.Каннабих «Психотерапия дегеніміз – ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психикалық әсерлер аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы, жүйелі және біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы – психотерапия. Оған дәрігер диагноз туралы ойы, сырқат адамға дертін түсіндіруі, жазылған рецепті берердегі жігерлендіру сөздері т.б. жатады. Психотерапия – грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген мағынаны білдіреді. «Психотерапия» - термині 1872 жылы Д.Тьюктың «иллюстарция»влияние разума на тело» - кітабында енгізіліп, 19 – ғасырдың аяғынан кең қолдана бастады. Психотерапияның бұл күндері кең мағынада қолданылуы туралы Страсбург қаласында Европа психотерапевтер ассоцияциясының 1990 жылы қабылданған Декларациясында көрсетілген. Аталған декларацияда психотерапия «көңіл – күйдің жалпы гармониясы» - на бағытталған және төмендегі міәндеттерді қамтиды: - психотерапия гуманитарлық ғылым саласы ретінде мамандықтарды еркін қолданылады; - психотерапия білім жоғарғы деңгейдегі теориялық және клиникалық дайындықты талап етеді. - психотерапия әдістердің көптеген түрлері қолданылады. Психотерапия дегеніміз – ауру адамды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негіздлген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі – сөзбен әсер ету. Бірақ психотерапияда сөзден де басқа көптеген факторлар қолданылады. Жалпы және арнайы психотерапия болады. Психотерапияның көптеген әсерлерін барлық маман дәрігерлер қолдануы керек. Психотерапияның кейбір арнайы түрлерін (гипноз, өзін - өзі жаттықтыру) тәжірибелі, бұл саланың арнайы тәселдерін игерген психотерапевтер жүргізуі керек. Кейбір ауру адамдар кәдімгі сыртқы тітіркендіргіштерді қатты сезінеді (гиперестезия), оларға күн сәулесі де, есік пен желдеткішті ашып – жабуда, оларғакүн сәулесі де, әтірдің иісі де тез әсер етеді. Ауру адам сыпайылығын сақатап осыларды кейде айтпауы мүмкін. Ал мұны дәрігер түсінуі керек. Ауру адамдарды қарау, процедуралар мен белгілеулердің орындалуында адамдардың табиғи ұялшақтығын ескеру керек. Сондықтан айтылған ерекшеліктерді естен шығармау қажет. Аурухана жағдайында мейіркештер дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындауы тиіс. Басқаша болған жағдайда, ауру адамның жағдайы өзгеріп, көңіл күйі төмендеп, жүйке жүйесі зақымданады. Қорғау режимін сақтауда қызметкерлердің өзара қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Лауазымы жоғары тұрған қызметкерлер басқаларға ауру адамның көзінше даусын көтеріп сөйлемегені, ескерту жасамағаны дұрыс. Аурухана кафедраларын клиникалық базасы болғандықтан, олардың жағдайы мүлде ерекше. Қорғау режимі студенттердің үнемі есінде болуы керек. Егер студенттердің сыртқы пішіні жарасымды, сыпайы болса әрі олар өз ісіне ұқыпты қараса, ауру адамдардың да көңіл күйі дұрыс болары қақ. Ешбір ауру адам студенттің дөрекілігін көтермейді. Мекеменің бағытына байланысты қорғау режимінінің ерекшеліктері де түрліше болады. Ауру адамды ауруханаға қабылдау кезінде оны қай палатаға орналастырудың да мәні зор. Мұндайда ауру адамның жасы, ерекшеліктері, ақыл – ойының дамуы, ауруының күштілігі барынша ескеріледі. Ауруы асқынған адамдарды жеке палатаға жатқызған жөн. Рентгендік тексерудің өзіндік ерекшелігі бар. Ауру адамдар (әсіресе туберкулез, жара не ісігі барлар) осы тексеруді объективті санап, үмітпен асыға күтеді. Бұл тексерудің алдында ауру адамдар түні бойы ұйықтай, мазасызданып, қобалжып, сақтанады. Сондықтан рентгенолог дәрігер, емдеуші дәрігер мен мейркеш рентген бөлмесінде абайлап сөйлеп, ауру адамның көзінше дәрігерлік тұрғыдан пікір айтпау керек. Кез келген таныс емес сөзді ауру адам өзінше түсінеді. Дәрігердің «өкпесі мөлдір» екен деген сөзіне ауру адам секем ала. Егер ауру адам түсіндіруді сұраса, оның ол сұрауын орындау қажет. Өйткені ауру адам дәрігердің журналға жазғанын өінше түсінетіндіктен, олардың өзін - өзі өлтірмекші болғаны, сөйтіп психиатриялық ауруханаға түскені туралы деректер аз емес. 15 тақырып: Психологиялық кеңес беруге кіріспе. 1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері. 2. Психологиялық кеңес беру түрлері. Психологиялық кеңес – бұл психолог жұмысының жаңа аймағы. Қазіргі уақытта өз бетінше, дербес жұмыс істеу сферасында дәстүрлі жұмыс істеу формалары – ғылыми зерттеу психологияны оқыту, пчихологиялық коррекция, психологиялық диагностика сияқты бағыттармен сипатталады. Психологиялық кеңес беру практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей психологиялық көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етуменбайланысты. Психолог кеңесшіге адамдардың орташа қабаты және денсаулығының физикалық және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы адамдар баралды. Жоғары риск аймағы түсінігіне өмірлік ситуациялар да жүйкелік, дене ауруларына бейім, ауырып қалу қауіпі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа физикалық және психологиялық күшті, денсаулығы мықты адамдар қандай болмасын өмірлік жағдайлардан шыға алады. Ол тек шаршағандықты ғана сезінеді. Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер – бұлар әдетте өмірге қабілеттігі нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологтан кеңес алуына уақыт керек. Психологқа көбіне көмек сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады. Және сол мәселе оны психологқа баруға мүмкіндік итермелейді. Психолог – кеңесшіні адамдар неге іздейді? Неліктен олар оған барады? Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра, психологқа барады. өйткені олар психологтан эмоционалдық тіректі қажет етеді. Ал кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері өзіне сенімсіз немесе берілген мүмкіндіктің қайсысын таңдауды білмегенде барады. Оларды сендіріп, иландырып, дұрыс жолға қарай бағыттау керек. төртіншілері бұл көбіне жалғыз басты адамдар. Оларға біреуге ішіндегілерін шығарып, сырласу керек. бұндай адамдарда әдетте психологиялықт проблема жоқ, бірақ арасында мейірімді, зейін қойып тыңдайтын адамды іздейді. Психолог кеңесшінің клиенттерінің арасында қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін немесе оған әдейі сұрау тастау үшін баратын адамдвар да болады. Кейбіреулері шынымен психолог – кеңесші дегенін кім екекнін, немен шұғылданатыны көру үшін барса, екіншілері бармай тұрып-ақ оның ешқандай нақты жұмыспен айланыспайтынына сенімді және психологты ыңғайсыз жағдайға қалтырып, дәлелдеуге тырысады. Психолог – кеңесшінің маманданған позициясы, ол келегн барлық клиенттерді зейінді қош алып қарсы алу керек. және оларға не үшін келгендігіне, көңіл-күйіне қарамастан адамгершілік көзқараспен қарау қажет. ол тек психологиялық беделін сақтау үшін ғана емесе, келгендердің барлығына дәрігер сияқты көмек көрсету керек. Психологиялық кеңес адамдаорға практикалық – психологиялық көмек берудің басқа түрлерінен мынандай негізгі ерекшеліктерімен ажыратылады. Мысалы, жекелей және топтық психотерапияға қарағанда қысқа уақытта ұсынылады. Жекелей және топтық психотерапияның әр түрі, әдетте, психологтың клиенттен үздіксіз өзара әрекетінің ұзақ уақытқа созылуына әкеледі – бірнеше аптпадан бірнеше айға дейін немесе тіпті бірнеше жылға созылуы мүмкін. Психотерапияда белмсенді рөлді клтенттің психологиялық мәселеден арылуы үшін негізінде психолог ойлайды. Клиенттің мәселесін шешуде белсенді әрекетті психолог, әлсіз рөлді клиент ойнайды. Ал психолгиялық кеңес беруде психолог – кеңес берусен шұғылданса, ал оның парктикада жүзеге асыру клиентке байланысты. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. «Психология мамандығына кіріспе» пәнінен семинар сабақтарының тақырыптары Семинар сабақтарын орындауға әдістемелік нұсқау Семинар-практикалық сабақ курстың дәріс материалдарын қайталауға және бекітуге, сонымен бірге әрбір тарау бойынша дәрісте қарастырылмайтын қосымша білімді меңгеруге бағытталған. Бұл сабақтарда көбінесе әңгімеге негізделген тапсырмалар дайындалып, олар пікір-сайыс формасында шешіледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарын ұйымдастыруда инновациялық әдістерді: дискуссия, конференция, дөңгелек үстел, кейс технологиялары,модельдеуші ойындар және т.б. оқытудың белсенді әдістерін қолдануға болады. Аталған әдістердің көмегімен ұйымдастырылған сабақтар студенттердің өзіндік пікірін қалыптастыруға, білімін тереңдетуге, өздігінен ізденуіне, қарым-қатынас жасаудың негіздерін үйренуге мүмкіндіктер туғызады. Семинар тақырыптары белгілі жоспар бойынша құрылады. Әрбір семинар сабағының мақсат, міндеттері, қолданылатын әдебиеттер көздері көрсетіледі. Тақырыптың әр сұрағына конспект жазу қажет. Конспект – сұрақ бойынша маңызды аспектілерді көрсету, сонымен қатар сұраққа толық жауап беру. Әр сұраққа деген конспектінің көлемі 1,5 – 2 дәптердің беті. Конспект бірнеше әдебиетке негізделіп жазылуы тиіс. Тақырып 1. Психолог мамандығын меңгерудің ерекшеліктері 1. Жаңа қоғамдық статусқа ие болу. 2. ЖОО-да оқыту ерекшеліктері. 3. Дәрістер, семинарлар, коллоквиумдар. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 2. Психология ғылымының теориялық негіздері 1. Пмсихология ғылымының спецификасы. 2. Психология ғылымының салалары. 3. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы. 4. Ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 3. Психолог қызметінің ерекшеліктері 1. Психологтар- олар кімдер? 2. Практик- психолог қызметінің принциптері. 3. Психологтың кәсіби позициялары. 4. Психолог қызметінің тиімділігі. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 4. Психологтың мектепалды жасындағы балалармен жұмысының ерекшеліктері 1. «Мектептегі оқуға дайындық» ұғымы. 2. Мектепке даярлықты іске асыру бағыттары. 3. Мектепке психологиялық даярлықты анықтауға арналған іс-шаралар. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 5. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсету түрлері 1. Мектепке бейімделу мәселелері. 2. Мектепке барумен байланысты болатын қиыншылықтар. 3. Бастауыш сынып оқушысының психофизиологиялық ерекшеліктері. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 6. Психологтың жеткіншектермен жұмыс жасау ерекшеліктері 1. Жеткіншектің кезең психологиясы. 2. Жеткіншектің пубертаттық дамуының жалпы сипаттамасы. 3. 13 жас дағдарысы. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 7. Жасөспірімдік кезеңде болатын психологиялық мәселелерге сипаттама 1. Жасөспірімдер психологиясының ерекшеліктері. 2. Жасөспірімдердің қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. 3. Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін кәсіби бағдар жұмысы. 4. Алғашқы махаббат сезімі. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 8. Психологтың басқа маман иелерімен байланысы: педагог және психолог 1 Мұғалімдік мамандыққа жалпы сипаттама. 2. Мұғалім мен психологтың бірлескен әрекеті. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 9. Психолог және құқықтық практика. 1. Заң қызметкерлерінің спецификалық ерекшеліктері. 2. Адвокат және психолог жұмыстарындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. 3. Психологтың адам мінез-құлықтарының үлгісін жасауы. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 10. Дәрігер және психолог 1. Дәрігер және психолог қызметіндегі ортақ мәселе-денсаулық сақтау. 2. Клиент және пациент үғымдары. 3. Психологиялық денсаулық туралы түсінік. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 11. Әлеуметтік қызметкер және психолог 1. Әлеуметтік қызмет деген не? 2. Әлеуметтік қызметкер жұмысының мазмұны. 3. Әлеуметтік қызметкер және психолог. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 12. Білім саласындағы психолог қызметінің ерекшеліктері 1. Мектеп психологы қызметінің мазмұны. 2. Бала бақша психологы. 3. Балалар үйіндегі психолог қызметі. 4. ЖОО-дағы психология пәнінің оқытушысы. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 13. Өндірістік саладағы психолог қызметі 1. Эргономика ұғымына сипаттама. 2. Әскери психолог (полк психологы). 3. Авиация саласындағы психолог. 5. Банк персоналымен қыызмет ететін психолог. 6. Теміржол саласындағы психолог. 7. Басқару саласындағы психодиагност. 8. Тренинг-менеджер. 9. Саясаттанушы-психолог. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 14. Денсаулық сақтау саласындағы психолог қызметі 1. Клиникалық нейропсихолог қызметі. 2. Психиатриялық клиникадағы психолог. 3. Балалар психологы. 4. «Сенім телефонындағы» кеңес беруші психолог. 5. Соттық экспертизадағы психолог. 6. Наркологиялық диспансердегі психолог. 7. Психоаналитик. 8. Гештальттерапевт. 9. психолог-ойын терапевті. 10. Психолог-перинатолог. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 Тақырып 15. Психолог қызметінің этикалық нормалары 1. Этикалық нормаларды сақтау ережелері. 2. Психолог қызметіне қойылатын негізгі этикалық талаптар. 3. Кәсіби қарым-қатынас этикасы. 4. Психологтардың кәсіби этикалық кодекстерді сақтауда болатын қиыншылықтары. Қолданылатын әдебиеттер: 1. Абрамова Г.С. Практическая психология. Екатеринбураг, 1998. 2. Гриншпун И.Б. Введение в психологию. М. 1994. 3. Гипенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. М. 1988. 4. Дубровина И. В. Практическая психология образования. М., 2006. 5. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М. 1976. 6. Психологическая служба в современном образований. Рабочая книга. /Под ред. И.В. Дубровиной. М., 2009 7. Психолог. Введение в профессию./Под ред. профессора Е.А. Климова. М., 2007 4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. 4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары 1. Ғылымдар классификациясы. 2. Психология ғылымының даму иарихы. 3. Психологтың негізгі жұмыс бағыттары 4. Мектепке психологиялық даярлық. 5. Мектепке бейімделу мәселелері. 6. 13 жас дағдарысы. 7. Алғашқы махаббат сезімдері. 8. Педагогтың психологиялық портреті. 9. Психолог құқықтыры мен міндеттері. 10. Медициналық психологияға кіріспе. 11. Әлеуметтік педагогика және психология жайлы сараптама. 12. Психодиагностқа қойылатын талаптар. 13. Психокоррекция түрлері. 14. Ойын терапиясы. 15. Кеңес беру түрлері.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz