Файл қосу

Тасымалдау шығындары




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                        |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                  |
|3 дәрежелі СМЖ құжат       |ПОӘК              |                            |
|                           |                  |ПОӘК 042-18-14.1.26/03-2013 |
|«Cметалық іс» пәнінің      |№1 баспа          |                            |
|оқу-әдістемелік  кешенінің |13.09.2012 ж.     |                            |
|оқытушы үшін пәннің жұмыс  |                  |                            |
|оқу бағдарламасы           |                  |                            |











                        050729 “Құрылыс”мамандығының


                           студенттеріне арналған






                               “ Сметалық іс ”



                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




























                                 Семей 2013






                                   Мазмұны


   1. Дәрістер
   2. Практикалық сабақтар
   3. Студенттің өздік жұмыстары




































                                  Лекция №1
               Тақырыбы: Құрылыста баға түзудің өзгешеліктері

Лекция жоспары:
   1. Кіріспе. Халық шаруашылықта бағаның рөлі мен функциясы
   2. Құрылыс өніміне баға түзудің өзгешеліктері

         1.Кіріспе. Халық шаруашылығында бағаның рөлі мен функциясы

      Нарық экономикалық дамуында бағаның рөлі өте жоғары.  Маңызды  бағаның
жетілдіруіне және  олардың  қоғамдық  қажетті  еңбек  шығынның  сәйкестігіне
өндірістердің  шаруашылық  қызметтерінің   күшеюі   және   оны   бағалауымен
байланысты.  Тауар  өндіріс  жағдайында  құн  заңы  өндіріс  қарым-қатынасты
қамытып,  көрсетіп,  баға механизм  арқылы  әсер  етеді.  Баға  экономиканың
белсенді  аспабы,  маңызды  экономикалық  тетігі  оның  көмегімен   қоғамның
мүддесіне құн заңын  пайдалану арқылы іске асырылады.
      Бағаларды анықтау орта салалық  өзіндік  бағаны  калькуляция  жасаумен
жүргізіледі.  Осы  халық  шаруашылығында   жинақталатын   өнімді   өндіруге,
қоғамдық қажетті еңбек шығынын анықтауға мүмкіншілік  береді.  Өзіндік  баға
айналу процесінде өндіріске өзінің шығындарын толтыруға  тұрақты  қайтарылып
тұратын құнның оңашаланған бөлігі. Өзінің құрамында материалдық  шығындарды,
еңбек ақыны және басқа өндірістің шығындарын жинақтап өзіндік  баға  құнының
ең көп бөлігін қамтиды.


                2. Құрылыс өніміне баға түзудің өзгешеліктері


      Құрылыста   баға   түзу    механизімінің    бірнеше    спецификациялық
өзгешеліктері  бар.
      Құрылыс  -  материал   саласы,  басқа  салаларға  қарағанда   бірқатар
артықшылықтарға  ие.  Көрсетілген  артықшылықтар  жалпы  және  арнайы  болып
бөлінеді. Құрылыстың жалпы артықшылықтары:
      Құрылыста жұмыс  орны  және  құрылыс  машиналары,  механизмдер,  еңбек
техникасы және технологиясы  жылжымалы  болса,  ал  өнім  жылжымайтын  болып
есептеледі.
      Технологиялық  байланыс,  ол  құрылыс  процесінің   құрамына   кіреді.
Өндірісте өнімнің шығуына дейін, өнімнің  технологиясы  өңделеді.  Құрылыста
құрылыс  –  монтаж  жұмыстарына  дейін  уақытша  өндіріс  –  тұрмыстық  және
әкімшілік,  шаруашылық  мекемелер  құрылады,   инженерлік   коммуникациялар,
жолдар, электр жүйелері және т. б. жасалады.
      Құрылыс монтажды жұмыстардың қиындық туғызуына және  бір  ай  ішіндегі
тұрақсыздық   профессионалды    квалификациялық    жұмысшылардың    құрамына
байланысты.
      Сметалық құн инвестицияның шамасын, құрылысты қаржыландырудың, құрылыс
өніміне келісім бағаны құрастыруды және т.б. анықтауға негіз болады.
      Обектінің құнын  бағалау  қажеттілігі,  құрылыстың  бастапқы  этапында
пайда болады. Жобалаудың жобалау алдын этапында объектінң шамалы  (болжамды)
бағасын анықтайды. Зерттеу, ізденіс және жобалау  процессінде  қосымша  және
бастапқы мәліметтер пайда болған кезде, объект  құрылысының  сметалық  құнын
нақты  анықтауға  қосымша  мүмкіншіліктер  пайда  болады.  Жобаланып  жатқан
объектінің құнын төмендету немесе жоғарылату, оның  тиімділігін  бағалауында
қателіктерге, осы  объект  құрылысының  дұрыс  екендігінде  қате  шешімдерге
апарады. Сметалық  есептердің  нақтылығы,  жобалық  өңдеулердің  сапасы  мен
тиянақтылығына байланысты.


   Бақылау сұрақтары:
   1. Құрылыстың өзгешеліктері
   2. Құрылыстың құны деген не(
   3. Құрылыста баға түзудің ерекшелігі неде(
   4. Құрылыстың сметалық құны неге қажет(
   5. Құрылыстың сметалық құны неге негіз болады(


   Әдебиеттер
   1. ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың  смета  құнын
      анықтау тәртібі
   2. Методика определения цены строительной продукции – М.: «Книга сервис»,
      2005г.





                                  Лекция №2

     Тақырыбы : Құрылыстың сметалық құны. Құрылыс жинақтау жұмыстарының
                                сметалық құны

Лекция жоспары:
     1. Жалпы жағдайлар. Құрылыс өнімінің бағасы.
     2. Құрылыстың сметалық құны. Құрылыстың сметалық құнының құрылымы

                1. Жалпы жағдайлар. Құрылыс өнімінің бағасы.

      Халық шаруашылығын  басқарудың   экономикалық   тетігі  болып  бағалар
саналады. Өнімді жасауға қажетті  қоғамдық шығыны   мөлшер  ретінде  бағалар
экономиканың   барлық    қабаттарында    қолданылады,   олардың    негізінде
шарттардың бағалы көрсеткіштері  анықталады  жоспарларда  және  болжамдарда,
өнідіріс   кәсіпорынның   шығындары  мен   нәтижесі   салыстырылады,   төмен
шығындармен   соңғы     нәтижеге     жетуге     кәсіпорынды     экономикалық
ынталандырады.
      Баға құрудың тәжірибесінде  құрылыс  өнімінің   құнын  келесі  формула
арқылы  анықтайды.


                                    [pic]


мұндағы: mi – жоба негізінде  анықталатын ғимараттың немесе үймереттің
                          конструкциялық   элементтерінің    саны   (көлемі)
(i=1,2...., n);
                 CTi – бірлік жұмыстың тікелей шығындары;
            Кн, Ку – құрылыс  ұйымының үстеме шығындары мен
                            нормаланбайтын     ескерілмеген     шығындарының
қатысты
                          коэффициенттері:
              kбасқа і – жұмыстардың і-ші элементін орындағанда басқа
                           шығындарды  ескеретін коэффициент




     2. Құрылыстың сметалық құны. Құрылыстың сметалық  құнының құрылымы

      Құрылыстағы  құрылыс  жұмыстарын  орындауға    тек   ғана   техникалық
шешімдерді  қабылдау   жеткілікті  емес.  Тағы  да  ғимарат  пен   үймеретті
тұрғызуға  құрылыс   жұмыстарын  орындауға,  жабдықтарды  сатып  алуға  және
жинақтауға  жұмыс аспаптар мен инвентарларды және т.с.с. сатып алуға  еңбек,
материалдық және қаражат  шығындарының шамасын білу қажет.  Осы   есептердің
барлығы  құрылысқа сметаны  өңдеумен  шешіледі.
      Сонымен, сметалық құн құрылыс  өнімінің  бағасы рөлін  де   орындайды.
Құрылыстың сметалық құнын дұрыс анықтау, ол жобалау ұйымының маңызды   есебі
болады.
      Барлық кешен немесе бөлек  объекті  құрылысының сметалық құны  құрылыс
және   жинақтау   жұмыстарының  өндірісінен,   инженерлік  және   техникалық
жабдықтарын,  аспаптарды, құралдарды, инвенторларды   сатып   алуға  кететін
шығындардың  және басқа  шығындардың жиынтығынан тұрады:


                               [pic]                        (2.1)


      Құрылыс жұмыстарының  шығындары  жалпы құрылыс (жер қазу,  тас  қалау,
әрлеу, құрастырмалы  конструкцияларды  жинақтау және басқа) және арнайы  (су
құбырларын,   канализацияны,   жылытуды   газофикацияны   жасау,   электрмен
қамтамасыз  ету,  байланыс   сызықтарын  жүргізу   және   т.б.)   жұмыстарын
орындаумен, құрылысқа аймақты  дайындаумен (алаңды  жоспарлау,  құрылыстарды
бұзу және т.с.с.),  аймақты   абаттандыру  мен  көгалдандырумен  байланысты.
Құрылыс  жұмыстарының  құнында  тағы  да   санитарлы-техникалық  жабдықтарын
жинақтау шығындары ескеріледі.
      Жабдықтарды, құралдарды және  инвертарларды   сатып  алу   шығындарына
технологиялық, отын, көтеру-тасымалдау, электр қуаты,  бақылау,  өлшеу  және
басқа   жабдықтардың,  тағы  да   тасымалдау    құралдардың,    жиһаздардың,
өндірістік және шаруашылық аспаптар  мен   құралдардың,   басқалардың  сатып
алу  құндары кіреді.
      Меншікті  салмағын  көрсетумен    құрылыстың   жалпы   сметалық    құн
шығындарын   бөлек  түрлеріне  бөлінгенін    құрылыстың   сметалық   құнының
құрылымы  деп  аталады  (1-сурет).  Ол  құрылыстың   түріне   және   жайғасу
аймағына,  жұмыстарды   орындайтын  ұйымдардың  сипаттамасына   және   басқа
факторларға  байланысты.











































                1-сурет. Құрылыстың сметалық құнының құрылымы
      Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сметалық құны осы  жұмыстардың   өндіріс
шығындарынан және нормаланбайтын  ескерілмейтін шығындардан  тұрады:
                                   [pic]                       (2.2)
мұндағы: Сқмж – құрылыс – монтаждау жұмыстарының сметалық құны;
                 ТШ – сметалық тікелей шығындар;
                  ҮШ – сметалық үстеме  шығындар;
                  НШ – сметалық нормаланбайтын  шығындар.

      Жұмыс өндірісінің шығындары тікелей шығындар мен  үстеме   шығындардан
тұрады.  Тікелей  шығындар   ғимарат  пен    үймереттердің    конструкциялық
элементтерінен  және  жұмыстардың  нақты   түрлерінің  өндірісімен   тікелей
байланысты. Олардың  шамасы  «тікелей  есеппен»  олардың  санына  (көлеміне)
сәйкес  бірлік   бағаларды    қолданумен   сметалық   шығындардың   шамасына
байланысты анықталады.
      Оларға жататындар:
     - құрылыс материалдардың бұйымдар мен конструкциялардың шығыны, М;
     - құрылыс-жинақтау  жұмыстар  өндірісінде   айналысатын  жұмысшылардың
       негізгі еңбек ақысы Жнж;
     - құрылыс машиналарды және жабдықтарды  пайдаланудың  шығындары КМn
                     [pic]                         (2.3)


      Үстеме шығындар  өндірісті  басқаруға, оның шаруашылық қызметіне
жіберілетін шығындар. Олар объекті  бойынша  жалпы  құрылыс процессін
ұйымдастырумен  байланысты, әрбір жұмыстың  түріне байланысты ҚР ҚН 8.02-02-
2002 1 қосымшасында  келтірілген нормалар арқылы  негізгі  жұмысшылардың
және машиналар мен механизмдермен  айналысатын  жұмысшылардың еңбек ақы
қорынан % арқылы анықталады.
      Тікелей шығындар мен үстеме шығындардың жиынтығы құрылыс-жинақтау
жұмыстарының өзіндік құнын құрайды.
                     [pic]                         (2.4)
мұндағы: СТШ – сметалық тікелей шығындары;
                  Сүш – сметалық үстеме  шығындары.
      2 суретте үстеме шығындардың  есебінен  шығындардың  топталуы
келтірілген.













                 2 сурет. Үстеме шығындардың  топтастырылуы

      Негізгі  тасымалдайтын   материалдар   (ағаш,  болат  конструкциялары,
шатыр материалдары, әйнек  және  т.б.)  автомобиль,  теңіз,  өзен,  теміржол
көлігімен  құрылыс алаңға  жеткізіледі.

Бақылау сұрақтары
   1. Құрылыс өнімінің  құны қандай  формуламен  анықталады?
   2. Құрылыстың  сметалық  құнының құрылымы қалай?
   3. ҚМЖ-ның сметалық құнының құрамын анықтау?
   4. Тікелей шығындар, олар қалай анықталады?
   5. Нормаланбайтын (жоспарланбайтын) шығындар?
   6. Құрылыстың сметалық   өзіндік құны деген не?

Әдебиеттер
   1. ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың  смета  құнын
      анықтау тәртібі
   2. Методика определения цены строительной продукции – М.: «Книга сервис»,
      2005г.
   3. Сметное дело в строительстве. Г.М. Хайкин и др. Уч.пособие для вузов –
      М.: «Строийздат», 1991г.




                                  Лекция №3

    Тақырыбы : Материалдар  мен  бұйымдардың, конструкциялардың сметалық
                                  шығындары

Лекция жоспары:
     1. Материалдар мен бұйымдардың, конструкциялардың сметалық шығындары
     2. Тасымалдау шығындары


    1. Материалдар мен бұйымдардың, конструкциялардың сметалық шығындары


     Құрылыс - халық  шаруашылығының   материалдар  сиымдылығын  көп  талап
ететін саланың бірі. Сметалық құнның  көп  бөлігі  материалдық  ресурстардың
шығындарынан тұрады. Құрылыс  жинақтау  жұмыстарының  көлемінде  материалдық
шығындардың бөлігі құрылыстың салалары және түрлері бойынша ажыратылады.  Ол
көбіне құрылып жатқан  үймереттер  мен  ғимараттардың  жобалық-технологиялық
және  көлемдік-жоспарлық  шешімдеріне,   құрылыстың   материалдық-техникалық
базасының  өзгешіліктеріне,  құрылыс  ауданына,  аймақтардың   экономикалық-
географиялық және табиғаттық ауа-райы жағдайларына байланысты.
       Кеңінен алюминий, пластмасс, жаңа материалдарды енгізу қажет. Осының
барлығы құрылыс өндірісін ұйымдастыруды жақсартады,  құрылыстың  өнімділігін
және сапасын көтеріп құрылыстың құнын төмендетеді.
        Құрылыста қолданылатын ресурстардың сметалық  шығындарын  анықтауға
нормалық негіз болатын барлық түрлі материалдардың сметалық  бағалары  болып
табылады. Материалдардың сметалық құн  құрылымына  сәйкес  есептерде  келесі
формуланы қолдануға болады:


                    Мсм ( Бсату + Тш + АТ+ ҚД + ТОЖ + Үб,

мұндағы: Мсм - материалдардың сметалық құны;
            Бсату -  өнеркәсіптің,  өндірістің  материалды  сату  бағасы  (
көтерме немесе даналап);
             Тш  -  тасымалдау  шығындары  (автомобильмен,  темір   жолмен,
трактормен, өзенмен);
            АТ – арту-түсіру шығындары;
            ҚД - қоймалық-  дайындық  шығындары  (0,75-2%  франко-  құрылыс
обьектілік қоймасы бағасынан);
            ТОЖ – тара, жәшік, орама шығындары;
         Үб- қамтамасыз ету, делдал ұйымдардың шығындары.
       Жергілікті материалдар мен конструкцияларға  жабдықтаушының  франко-
өндірістік  орны  көтерме  бағалар  белгіленген  (“  франко”  деген   термин
материалдың  құнын  анықтағанда  жеткізу   орнын   белгілейді).   Жергілікті
материалдарды  құрылысқа  жеткізудің  тасымалдау  шығындары  бірталай   және
құрылыстың әр жерінде әр түрлі болады.  Сондықтан  жергілікті  материалдарға
жергілікті (зоналық) сметалық бағалар орнатылған.


                           2. Тасымалдау шығындары


          Негізгі  алыстан  тасымалдайтын  материал  мен   конструкцияларға
(аралауматериалдарды, болат және  ағаш  конструкциялары,  әйнек  және  т.б.)
көтерме бағалар франко-бағытталған станса вагоны  бекітілген.  Тасымалдайтын
құрылыс материалдың, бұйымдар мен конструкциялардың құны ҚР ҚН  8.02-04-2002
келтірілген. Материалдар, бұйымдар мен  конструкциялардың  сметалық  құнының
құрамына кіретін шығындар шамамен былай бөлінеді:
       - Материалдардың шығыны (көтерме бағада)               72(
       - Қамтамасыз ету делдал ұйымдардың үстеме бағасы  1(
       - Тара, орама, жәшік шығындары                                    4(


    -     Құрылысқа  материалдарды  жеткізу  шығындары    (құрылыс   алаңда
түсіруден                                                             басқа)
                  21(
       - Қойма –дайындық шығындары                                      2(

    -                                                               Барлығы
                 100(

    Келтірілген сметалық бағаның құрылымы  орта  шамамен  анықталған.  Олар
материалдардың тобына, түріне, құрылыс ауданға, оның  салалық  қатынастығына
(өнеркәсіптік,  тұрғын-азаматтық,  ауыл   шаруашылық,   көлік,   мұнай   газ
құбырларының құрылысы және с.с.) байланысты өзгеріп тұруы мүмкін.
        Тара, орама, жәшік құнына материал  мен  конструкцияларды  сақтауға
арналған тараға, контейнер,  орау  материалдарының  шығындары  кіреді.  Олар
құрылысқа  арналған  жүктерді  тасымалдаудың  сметалық  құн  жинағы  бойынша
анықталады. Мысалы: бояу,шеге, шыны, керамикалық плиталар, киіз  және  басқа
материалдардың тарасының құны көтерме  бағада  есептелінген  ал  ізбес,  мел
тасымалдауға  арнайы  құрал  қажет  (реквизит).  Осы  шығындар   бөлек   ТОЖ
статьясында есептелінеді.
     Тасымалдау шығындарды  қосуға  байланысты  сату  (көтерме)  бағалардың
келесі түрлері бар:
      -франко - тасымалдау (көлікке артумен бірге) өндіріс - ұсынушы;
      -франко - жіберу станса вагоны:
      -франко – жеткізу станса вагоны:
      Қойма-дайындық  шығындарға  базалық,  уческелік,  құрылыс  обьектілік
қоймалардың  шығындары,  материалдарды  тасымалдау   және   сақтау   кезінде
жоғалту, бұзылу шығындары жатады.  Олардың  шамасы  франко-обьектілік  қойма
материалдардың  сметалық құнынан 2( тең.
       Автомобиль көлігімен тасымалдаудың сметалық бағалары жүктің классына
және оларды тасымалдау қашықтығына байланысты тағайындалған.  Жүктің  классы
тарифтік классификациясы кестелеріне сәйкес анықталады.
        Арту- түсіру жұмыстарының сметалық бағасы осы жұмыстарды орындаумен
(алып келуді, сорттауды және штабелдеуді  қосқанда)  байланысты  шығындардың
нормалық өлшемін қарастырады. Сметалық бағалар темір жолмен,  автомобильмен,
сумен тасымалдауға бөлек негізгі материалдар бойынша анықталған.


Бақылау сұрақтары:
    1. «Франко» деген түсінік ?
    2.  Калькуляция деген не ?
    3. Көтерме баға деген не ?
    4. Прейскурант деген не ?
    5. Материалды сатып алудың құны қалай анықталады ?


Әдебиеттер:
   1. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   2.  ҚР  ҚН  8.02-04-2002   Құрылыс   материалдарына,   бұйымдарына   және
      құрылымдарына арналған сметалық бағалардың  жинағы







    Лекция  №4



    Тақырыбы : Негізгі еңбек ақысының сметалық шығындары


 Лекция жоспары:
      1. Еңбек ақы деңгейі
      2. Жұмысшылардың  негізгі еңбек ақысының сметалық шығындарын
анықтауға нормалық негіз.
      3. Уақытпен төлейтін жүйемен еңбек ақыны есептеу

             1. Еңбек ақы деңгейі


        Еңбек ақыны дұрыс ұйымдастыру-еңбекті ғылыми  ұйымдастырудың  жалпы
проблемасының бөлігі.
        Құрылыс өнімінің  өзіндік  құнын  төмендетудің,  пайданың  жиналуын
қамтамасыз етудің, қайта  өндірісті  кеңейтудің  және  жұмысшылардың  тұрмыс
деңгейін   жоғарлатудың   маңызды   шарты   болып   еңбек   ақының   өсуімен
салыстырғанда еңбек өнімділігінің өсуі одан жоғары  болуын  қамтамасыз  ету.
Еңбек өнімділігінің өсуі халық  шаруашылығының  дамуын  жылдамдатуға,  еңбек
ақының  өсуіне және құрылыс ұйымдардың рентабельдігін  өсіруге  апарады.  Ал
еңбек  ақының  дамуы,  оның  тиімді  түрі  мен  жүйесін  өндеу  жұмысшыларды
қызықтырып, оның өнімділігін  өсіруге себеп болады.
        Еңбек ақы деңгейі тарифтік қойлымдар  арқылы  анықталады.  Тарифтік
қойылым  деп  тарифтік-  біліктілік  анықтамада  белгіленген  талаптар   мен
шарттарға сәйкес берілген біліктілік разрядпен бір белігілі уақытта  (сағат,
күн) уақытымен ақы төлеу  жүйесімен  жұмысшыға  қанша  еңбек  ақы  төленетін
шамасын айтады.


              1. Жұмысшылардың  негізгі еңбек ақысының сметалық
                     шығындарын анықтауға нормалық негіз


       Жұмысшылардың  негізгі еңбек ақысының сметалық шығындарын  анықтауға
нормалық негіз болып  адам-сағатпен  өлшенген  еңбектің  сметалық  нормалары
болады. Олар ҚР ҚН 8.02-05-2002 конструкциялардың,  ғимарат  пен  үймереттің
конструкциялық  элементіне  және  жұмыстың  түріне  сәйкес  бірлік  өлшеміне
келтірілген. Ол көрсеткіштер ЕНи Р және бағалар  бойынша  типтік  карталарға
сәйкес есептелінеді. ЕНиР да нормалары жоқ жұмыстарға Ведомствалық  нормалар
мен бағалар, еңбек шығынның типтік нормалары қолданылады.
       Еңбек ақы  шығындардың  сметалық  нормаларында  нормалар  кестесінде
жұмыстардың құрамында орындалатын  процестер   мен  операцияларды  орындауға
қажетті уақыт есептелінген.
              3. Уақытпен төлейтін жүйемен еңбек ақыны есептеу


        Жұмыс істеген  уақытпен  төлейтін  еңбек  ақы  жүйесі  шын  мәнінде
орындаған  жұмыстың  көлемін  анықтауға   мүмкіншілік   жоқ,   қиын   немесе
нормаламайтын болған жағдайда қолданылады.  Көбінесе  бұл  жүйе  машина  мен
механизмдерге қызмет көрсететін мен байланысты жұмыстарда кенінен тараған.
        Жалпы   түрде  сметалық  еңбек  ақының  шамасы  құрылыстың   сәйкес
ауданыңда келесі формуламен есептелінеді:


                           Sсм, еа =К(RiViKpKлKi,

мұндағы Sсм,еа – осы жұмыстың бірлік өлшемінің сметалық еңбек ақысы,
                               теңге;
             (RiVi – ЕНиР  (ВНиР)  бойынша  негізгі  көмекші  және  қосылып
жүретін жұмыстарды ескерумен калькуляцияланған еңбек ақы;
                 К - майда және нормаланбайтын процесстерге коэффицент
                         (К=1,03);
               Кр - 1,15-2 шамада белгіленген аймақтық коэффициент;
         Кл, Кі - үкімет тағайындалған жеңілдік және басқа коэффициенттер.


Бақылау сүрақтары :
    1. Тариф деген не ?
    2. Тарифтік қойылым деген не ?
    3. БТБА деген не ?
    4. Құрылыс жұмысшылардың еңбек ақы төлем  түрлері ?
    5. Жалпы  түрде сметалық еңбек ақының шамасы қалай анықталады

Әдебиеттер:
   1. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   2. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және
      бағаларды қолданудың жалпы қағидалары







                                  Лекция №5

 Тақырыбы : Құрылыс машиналар мен механизмдерді, жабдықтарды   пайдаланудың
                             сметалық шығындары

Лекция жоспары :
     1. Машинаның жұмыс уақытының нормасы
     2. Машинаның 1маш-сағ құны


                    1. Машинаның жұмыс уақытының нормасы


        Нақты еңбек ақы  шамамен  белгіленген  тірі  еңбектің  шығындарынан
айырмашылығы бар машиналардың жұмысының өзгешеліктері  бар:  құрылыс  өнімін
шығару процесінде машиналар өзінің құнын  тікелей  аудармайды  –  кезеңімен,
амортизация  немесе  басқа  төлемдер  түрде  өнеді.  Осыған  орай,   құрылыс
машиналарды пайдаланудың сметалық құнын есептеу негізінде,  екі  көрсеткішті
анықтау  қойылған:  маш-сағатпен  көрсетілген  машинаның   жұмыс   уақытының
нормасын   және   1маш-сағ   құнын.   Біріншісі   “Машиналарды    қолданудың
калькуляциясы” негізінде келесі формуланы ескере анықталады:


                              Nмаш-сағ= K(NіVі


мұндағы    Nмаш-сағ    -    негізгі    құрылыс    машиналардың     жұмысының

                                    шығындарының нормасы, маш-сағ ;
                        Nі - ЕНиР (ВНиР) бойынша қабылданған машиналарды
                               пайдаланудың уақыт нормасы;
                        Vі - машинамен орындалатын жұмыстың көлемі;
                         К-   майда   немесе   нормаланбайтын   процестерге
 коэффициенті
                              (к=1,03)
1 маш-сағ құны (Sмаш-сағ, теңге) келесі формуламен анықталады:


                                    Sмаш-сағ=Е/n+A/N+Ә,

мұндағы:   Е  -  бір  мезгілдік  шығындар  -  машиналарды   бір   құрылыстан
екіншісіне жеткізу, оларды жинақтау  (демонтаж),  қондырғыларды  орнату;  n-
алаңда  машиналарды  пайдалану  мерзімі,  сағат:  А-бір   жылдық   шығындары
(амортизация шығындары);  N- бір жылда машинаның жұмыс  істеу  ұзақтығы;  Ә-
ағымды пайдалану шығындары (техникалық жөндеу; күту және т.с.с)
       Осы  көрсеткіштерді  ескере  отырып  ҚР  ҚН  8.02-03-2002   “Құрылыс
машиналарды пайдаланудың нормалары мен  бағалардың  жинағы”  және  “Сметалық
элементтер нормалар жинағы” өңделген.
     Машина –сағаттың сметалық құнында қабылданған еңбек ақы бірінші  аймақ
ауданына   анықталған.Басқа   аудандар   бойынша   аймақтық   коэффициенттер
қолданылады.  Бұл  нормаларды  қолдана   отырып   машиналарды   пайдаланудың
шығындарын әр-бір жұмыстың түріне анықтауға болады:
     а) өлшем бірлікке МП(м3, м2, т және т. с. с)


                          МП=(Nм-сағ Sмаш-сағ+ NрК;


    б) жалпы берілген жұмысқа:


                           МП(v) = СМП Vж;

мұндағы: Nмаш-сағ- ӘСН бойынша немесе формуламен анықталған машина-
                                    сағат нормасы;
                Sмаш-сағ - 1маш-сағ құны;
                           Nр - басқа машиналардың шығындары, теңге;
                К=1,1-1,2 - коэффициент (жұмыстардың түріне байланысты);
                          Vж – жұмыстың көлемі


                         2. Машинаның 1маш-сағ құны


     Машина –сағаттың сметалық құнына механизацияланған құрылыс  процесінде
қатысатын   ,бірақ   тікелей    машиналарды    басқармайтын    жұмысшылардың
такелаждаушылардың,   монтаждаушылардың,   құбыр   орнатушылардың,   көмекші
жұмысшылардың)     еңбек     ақысы     кірмейді.Тағыда     механизацияланған
инструменттерді қолданатын,қозғалысқа қолмен келтіретін механизмдармен  (қол
лебедкалары,домкраттар және т.б.) жұмыс істейтін жұмысшылардың  еңбек  ақысы
ескерілмеген.Осы жұмысшылардың еңбек ақысы құрылыс  жұмыстарының  элементтік
сметалық нормаларымен бірлік бағаларында ескерілген.
    Бір мезгілдік шығындар  машиналық  базадан  машинаны  құрылыс  алаңынан
келесі құрылыс  алаңына  аударудың  құнын  ескереді.  Бұл  кезде  тасымалдау
көлікке арту, тасымалдау және көлік құралынан түсіру  шығындары  ескеріледі.
Тасымалдау тәсіліне қарай құрылыс машиналар орнын ауыстыру барысында  келесі
топтарға бөлінеді:
            - өздігінен жүріп орнын ауыстыратын машиналар;
            - буксермен орнын ауыстыратын машиналар;
    -  монтаждаусыз  және  қайта  жинақтаусыз  прицеппен  орнын  ауыстыратын
      машиналар;
    -  тиеуге,  түсірге  және  монтаждауға  монтаждау  кранды  талап  ететін
      прицеппен,   автомобиль   кузовында,   темір   жол    платформаларында
      тасымалдайтын  машиналар;
    - мұнаралы крандар.
    Өздігінен жүретін машиналардың орнын  ауыстыру  машина  сағатының  құны
тасымалдаудың  орташа  жылдамдығынан,  тасымалдаудың   ұзақтығынан,   келесі
шығындардың   шамасынан,   жылына   орнын   ауыстыру   санынан   машиналарды
пайдаланудың 1 жылдық уақыт нормасынан тұрады.


Бақылау сұрақтары:
    1. 1 машина сағаттың сметалық құны
    2. 1 машина сағаттың сметалық құнында не ескерілмеген?
    3. 1 машина сағаттың сметалық құны қандай мөлшерде анықталады?


Әдебиеттер:
   1. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   2. ҚР ҚН 8.02-03-2002  Құрылыс  машиналарды  пайдаланудың  нормалары  мен
      бағалардың жинағы.








                                  Лекция №6
        Тақырыбы: Баға түзудің сметалық нормалар мен мөлшерлеу жүйесі


Лекция жоспары:
    1. Құрылыстың сметалық нормативтік базасы
    2. Сметаны құрастыру бойынша әдістемелік құжаттар

                  1. Құрылыстың сметалық нормативтік базасы
    Экономикада  құрылыстың  құнын  анықтау  ең  бастылардың   бірі   болып
табылады, өйткені құрылыс  құны  дұрыс  анықталмаса  мердігерлік  ұйымдардың
әрекетіне және тапсырыс берушінің материалдық жағдайына кері әсерін  тигізуі
мүмкін. Ал мұның артында бір жағынан үлкен  құрылысшылар  одағы,  ал  екінші
жағынан салық төлеушілерден жиналатын инвестициялық қаржылар жатады.
      Әрбір дайындалатын өнім түріне белгіленген тәртіп бойынша  сату  баға
өңделіп бекітіледі. Бұл жерде өнімдерді дайындауға кеткен шығындардың  құны,
жалақы және жоспарланған пайда көрсетіледі.
      Сату бағалар бойынша өнімдерді өткізуге кеткен  шығындарды  қайтаруға
және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.
      Құрылыс өнімінің  бағалай  түрі,  яғни  смета-  құрылыстың  жоспарлық
немесе сметалық құнын анықтайтын құжат болып табылады.
       Құрылыстың  сметалық   құнының   дәрежесін   жоспарлау   мемлекеттік
нормативтерді пайдалану және өңдеу  бойынша  орындалады.  Осыған  байланысты
болып:
    тарифтік қойылым мен еңбек шығындары;
    материалдар  шығындары,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарына  деген
бағалар;
    машина уақытының шығындары және машиналарды эксплатациялау бағалары;
    құрылыс жүктерін тасымалдау тарифтері;
    құрылыс ұйымдарының үстеме және жоспарланбаған шығындары, сонымен қатар
құрылысты жүргізу үшін басқа да керек-жарақтардың шығындарының лимиттері.
    Аталған  нормативтер  құрылыстың  сметалық  құнын  анықтауға   арналған
базасы болып табылады, яғни сметалық-нормативтік базасы.





      Құрылыста баға құрудың және сметалық нормалаудың негізгі есептері


    Құрылыста баға құрудың және сметалық нормалаудың негізгі есептері:
    қоғамдық қажетті еңбек ақы  деңгейіне  жақындатылған  құрылыс  өнімінің
сметалық құнын дұрыс анықтауды қамтамассыз ету;
    ғылыми  –  техникалық  прогресті   ынталандыру  және  құрылыс  өнімінің
сапасын жоғарлату;
    құрылыстың сметалық құнын төмендетуді қамтамасыз ету және инвестицияның
тиімділігін жоғарлату қаржылық  ресурстарды үнемді жарату
    құрылыста ұйымдастыруды,  жоспарлауды  және  қаржыландыруды  қамтамасыз
ету; орындалған құрылыс –жинақтау жұмыстарға есептеуді жүргізуі;
    нарықтың талаптарына сай болуы;
    Құрылыста баға түзу және  сметалық нормалық құжаттар  жүйесіне  кіретін
сметалық нормалардың түрлері .
    Қүрылыстың сметалық – нормалық  құжаттар  жүйесіне  келесі  мемлекеттік
нормалар кіреді:
    Техникалық- экономикалық негіздеу  сатысында  құрылыстың  есепті  құнын
анықтау тәртібі
    Қоғамдық  ғимараттар  мен  имараттардың   жабдықтар   мен   инвенторлар
шығындарының сметалық нормалары;
    Құрылыстың смета –нормалық құжаттар жүйе құрамына   кірмейтін  нормалар
ведмоствалық нормаларға жатады.


       Негізгі түсініктер және сметалық нормаларға қойылатын талаптар


    Сметалық нормалар:
    құрылыста баға түзудің және  сметалық  нормалардың  негізгі  есептеріне
сәйкес болуы тиіс;
    әртүрлі ресурстарды, қоршаған ортаны үнемді қолдануды, жобада  қойылған
тапсырыс берушінің талаптарына сай құрылыстың құнын анықтауға тиіс
    құрылыс техниканың жетістіктерін есепке алуды;
    қолдануға қолайлы, қарапайым болуы тиіс, компьютерлік техниканы кеңінен
қолдануға мүмкіншілік беруі  тиіс,  сметалық  құжаттар  көлемін  төмендетуге
мүмкіншілік беруі тиіс.
    Сметалық нормалар – үймереттер  мен  ғимараттардың  құрылысының,  қайта
құрудың, күрделі жөндеудің, кеңейтудің,  техникалық  жаңартудың  сметалық  –
нормалық базасын құрайтын іріленген  немесе  элементтік  сметалық  нормалар,
бағалар мен құндар негізінде  сметалық  құнын  анықтаудың  тәртібін  қосатын
кешеннің жалпы аталуы.
    Сметалық  нормалар  берушінің  бекітілген  жобасы  бойынша   объектінің
құрылысын  жасау  мақсатымен   құрылыс,   жинақтау   жұмыстарының,   құрылыс
материалдардың,    жабдықтардың    шығындарының      құрылымын     анықтауға
тағайындалған.
    Сметалық нормалардың функциялық тағайындалуы –  жұмыстың  сәйкес  түрін
орындауға  қажетті   нормалық   ресурстар   шамасын   анықтау,   оны   құнды
көрсеткіштерге болашақ айналдыруға негіз болу.
    Сметалық нормаларда жұмыстардың  сыртқы   факторлармен  әсер  етілмеген
норма  жағдайларда орындалуы қарастырылған.


                          Сметалық нормалар жүйесі


    Элементтік   сметалық  нормалар  әртүрлі   құрылыс  конструкциялар  мен
түрлеріне бағаларды  өңдеуге арналған  бастапқы   сметалық  мөлшерлер  болып
табылады. Олар өзінің құрамында еңбек шығындар мен жұмысшылардың   еңбекақы,
құрылыс машиналарды пайдаланудың  шығындар және   де  материалдық  ресурстар
шығындар көрсеткіштерін дифференция түрінде көрсетеді.  Элементтік  сметалық
нормалар құрамында  көрсетілген  ресурстар  қажеттілігін  мыналар  негізінде
анықтау қажет:
    еңбек шығындары бойынша құрылыс, жинақтау, жөндеу – құрылыс жұмыстарына
бірлік нормалар мен бағалар негізінде;
    құрылыс машиналарды пайдалану бойынша өндірістік  нормалар негізінде.
    Құрылыстағы баға құраудың нормативтік базасы өзімен бірге  өлшеуіштері,
қолданылуы,  ірілендіру  дәрежесі  және  бағытталуы   бойынша   ажыратылатын
нормалар мен бағалардың, сметалық нормативтердің күрделі жүйесін көрсетеді.
       Бір  мөлшерлік  бірлікпен  (жұмыс  көлемі,  конструктивтік  элемент,
технологиялық  операциялар  және  т.б)  келетін  ресурстардың  мүмкіндігінше
етілген максималды мөлшері-норманы білдіреді.
    Жұмысшылардың жалақысын анықтайтын сметалық шығындарының нормалары;
    Материалдық ресурстардың  сметалық  құнын  анықтау  үшін  нормалар  мен
нормативтер;
    Құрылыс машиналар жұмысының сметалық  құнын  анықтау  үшін  белгіленген
нормативтер;
    Сметалық нормалар мен нормативтердің басқа да түрлері.


              2. Сметаны құрастыру бойынша әдістемелік құжаттар


    Сметалық құжаттар ҚМжЕ ҚР 1.02-01-2001 «Кәсіпорындардың,  ғимараттардың
және имараттардың құрылысына арналған жобалау-смета  құжаттамасының  жасалу,
келісілу, бекітілу тәртібі және құрамы жөніндегі нұсқауға» сәйкес жасалады.
      Осы нұсқау төмендегі тапсырыс берушілердің қолданылуы үшін  арналған:
мемлекеттік  басқару  және  тексеру  органдары,  басқа  да   құқықтық   және
физикалық   адамдарға   (соның   ішінде    шетелдік)-ҚР    территориясындағы
архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс объектілері.
    Объектілердің құрылысына арналған  жобалық-сметалық  құжаттарды  өңдеу,
ереже бойынша мекемелер, ғимараттар  мен  үймереттер  құрылысына  бекітілген
инвестиция  негіздеулеріне,  басқа  да  жобалық  құжаттарға  (эскизді  жоба,
бизнес-жоспар,  құрылыстың  детальдық  жоспарының  жобасы  т.с.с)  негізделе
отырып жасалады.
    Жобалық-сметалық құжаттар ережеге сай мынадай екі деңгейлерде өңделеді:
    ретіне сай бекітілетін жоба;
    бекітілетін жобаға негізделіп өңделетін жұмыстық құжат.
    Жобаның бас жобалаушысы, ереже бойынша,  жобалық  сметалық  құжаттардың
келесі деңгейлерін өңдейді, құрылысы біткен  объектіні  қабылдауға  қатысады
және авторлық қадағалау жүргізеді.
    Бекітілген жобаға қосымшалар мен өзгерістерді қызығушы  ұйымдар  немесе
мемлекеттік мекемелердің келісімі арқылы бас жобалаушы ендіреді.
    Егер де тапсырыс берушіге берілетін  сметалық-жоба  құжатарының  құрамы
туралы арнайы ережелер келісімде (контрактіде) көрсетілмесе,  оның  құрамына
технологиялық процестердің, технологиялық конструкциялар мен  құрылғылардың,
жабдықтардың есебі кірмейді.
      Жобалық-сметалық құжаттың тапсырыс  берушісі  мен  бас  жобалаушы  өз
кезегінде   уақтылы   жобалық-сметалық    құжаттарына    жаңа    нормативтік
құжаттамалардың енуіне байланысты қажетті өзгерістер ендіреді.
       Жобалық-сметалық  құжаттарды  өңдеу  процесінде  құрылыс  объектісін
жобалау кезіндегі патенттер құқықтық қорғау және қолданыстағы  заңдылықтарға
сәйкес орындалады.




Бақылау сұрақтары:
    1. Баға түзудің мөлшерлеріне қойылатын талаптар
    2. Баға түзудің мөлшерлерінің құрамы
    3. Сметалық құжаттарды өңдеуге негіз болатын мөлшерлер
    4. Сметалық құжаттарды жасауға қойылатын талаптар
    5. Сметалық құжаттардың құрамы

Әдебиеттер:
   1. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   2. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және
      бағаларды қолданудың жалпы қағидалары







                                  Лекция №7

     Тақырыбы: Бірлік бағалар мен элементтік сметалық нормалар. Құрылыс
                    жұмыстарының біріңғай бірлік бағалары

Лекция жоспары:
   1. Элементтік сметалық нормалар
   2. Құрылыс жұмыстарының біріңғай бірлік бағалары

                       1. Элементтік сметалық нормалар

   Элементтік сметалық-нормалар (ЭСН) құрылыс  жұмыстарына  біріңғай  бірлік
аудандық бағаларды, іріленген сметалық нормалар мен  жеке  бірлік  бағаларды
немесе  құрылыстың  сәйкес  түрінің  бірлік  көлеміне  тікелей   шығындардың
сметалық  шамасын  өңдеуге  бастапқа   мөлшерлік   құжат   болып   табылады.
Элементтік нормалардың жинағы 16 мың позициядан тұрады және жұмыстың  бірлік
көлемінің  ресурстар  шығындарының  көрсеткіштерін  қарастырады.  Бұл  кезде
қолданыстағы бар еңбек ақының тариф  қойылымдары  және  өнімділік  нормалары
ескерумен материалдар және еңбек шығындарының  өндірістік  нормалары  есепке
алынады.   Элементтік   сметалық    нормалар    көрсеткіштері    техниканың,
технологияның және  құрылыс  өндірісінің  технологиясының  салалық  деңгейін
көрсететін орталанған шамалар ретінде анықталады.
   Элементтік  сметалық   нормаларының   кестедегі   көрсеткіштері   тікелей
шығындардың  құрамына   сәйкес   және   өлшем   бірліктің   келесі   ретінде
келтіріледі:
    • жұмысшылар-құрылысшылардың еңбек шығындары, адам-сағ;
    • жұмысшылардың еңбек ақысы, теңге;
    • машинистердің еңбек шығыны, адам-сағат;
    • негізгі құрылыс машиналардың машина уақытының шығындар  нормасы,  маш-
      сағ.;
    • құрылыс процесінде көмекші операцияларын орындайтын басқа  машиналарды
      пайдаланудың шығындар нормасы, теңге;
    •   физикалық   бірлікте   негізгі   конструкциялардың   бұйымдар    мен
      материалдардың шығындарының нормасы;
    • басқа материалдардың шығындардың нормасы, теңге.
   Өлшемнің нақты бірліктері ЭСН-да ресурстарды өлшеудің негізі болады.
   Элементтік сметалық норманы анықтау үшін  технологиялық  карта  өңделеді,
   онда сәйкес жұмыстарды орындаудың  технологиялық  операциялардың  тізімі,
   қолданылатын  машина  мен  механизмдердің  сипаттамасы,  норма  өлшемінің
   жұмыстар көлемінің есебі келтірілген.


              2. Құрылыс жұмыстарының біріңғай бірлік бағалары

   Біріңғай аудандық бірлік бағалар жұмыстардың  бірлік  көлемінің  сметалық
тікелей шығындардың шамасын анықтайды (бірлік бағалар).  Олар  сәйкес  аудан
аймақта қолдануға ұсынылады (аудандық).  Біріңғай  аудандық  бірлік  бағалар
құрылыс жұмыстарының сметалық құнын  анықтауға  сметалық  құнының  іріленген
мөлшерлерін,  прейскуранттарды  және  келісім  бағаларды  өңдеуге  және   де
орындалған құрылыс жұмыстарға есептесуге қолданылады.
      БАББ  жинақтар  құрамында  өңделген,  олардың  аталуы  және  нөмірлері
элементтік сметалық нормалар жинағында қабылданған нөмірлеріне сәйкес.
      БАББ жаңа құрылысты, қолданыстағы  бар  өндірістерді,  ғимараттар  мен
үймереттерді кеңейту, жаңғырту және техникалық  қайта  жаңғыртуды  жобалауға
қолдануға ұсынылады.

      Жабық бағалар көбіне тасымалдайтын матераилдарды қолданумен байланысты
материалдық ресурстардың барлық  түрін  ескереді.  Ашық  бағалар  жергілікті
материалдардың   және   тасымалдайтын   материлдардың   кейбір    түрлерінің
шығындарын ескермейді.
      Жергілікі материалдарға жататындар:
      кірпіш пен черепица, тас, қиыршық тас, ұсақ тас, балласт (құм, қыршық,
ұсақ),   шлак,   құм,    шлакблоктар,    бетон,    темірбетон,    пенобетон,
керамзитобетон,  гипсобетон  бұйымдары,  бетон  мен   ерітінділер,   құрылыс
жұмыстарға арналған асфальтобетон қоспалары,  дренаж  керамикалық  құбырлар,
жол жұмыстарының  материалдары,  өсімдік  жер,  ағаштар,  шөп,  су,  камышит
плиталары.






Бақылау сұрақтары:
     1. Элементтік сметалық нормалардың тағайындалуы.
     2. ЭСН құрамы.
     3. ЭСН анықтау үшін не қажет?
     4. БАББ тағайындалуы.
     5. БАББ құрамы.
     6. БАББ қолдану ережелері.

Әдебиеттер:
   1. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс  жұмыстарына  арналған  сметалық  нормалар
      және бағаларды қолданудың жалпы жинақтары
   2. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған   сметалық   нормалар
      және бағалардың жинақтары
   3. ҚР ҚН  8.02-05-2002  Жөндеу-құрылыс   жұмыстарына  арналған  сметалық
      нормалар мен бағаларды қолданудың жалпы қағидалары





                                  Лекция №8

          Тақырыбы: Іріленген сметалық нормалар мен прейскуранттар

Лекция жоспары:
   1.Прейскуранттарды өңдеудің негізгі принциптері
   2. Іріленген сметалық нормалар (ІСН)


      Құрылыс ұйымдармен орындайтын жұмыстарға, өнімдерге бөлек қалалар  мен
аймақтар  бойынша  нақты  бағаларды  құруға  шартты  дағдайы  болып  қажетті
жобалық сметалық базаны жасау және оның негізінде прейскуранттарды өңдеу.
      Прейскурант деп құрылыс ұйымының  соңғы  өнімнің  бағасын  айтады,  ол
сметалық  құнның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.


               1.Прейскуранттарды өңдеудің негізгі принциптері


   1. Прейскуранттың ішіндегі сметалық бағалар типтік жобамен  қарастырылған
      барлық құрылыс және жинақтау жұмыстарының құнын ескереді.
   2. Сметалық бағада үстеме шығындар мен нормаланбайтын шығындар
         ескерілген.
   3. Сметалық бағада қосымша шығындар (ҚМЖ қыстық қымбаттауы уақытша  үйлер
      мен ғимараттар, ескерілмеген шығындар) алынған.
   4. Бағалар осы аймақта кеңінен таралған  конструкциялық  шешіммен  типтік
      жобалар бойынша тұрғызылатын жалпы  ғимаратқа  анықталған.  Бұл  кезде
      жергілікті  құрылыс  материалдармен,  бұйымдар  мен  конструкциялармен
      жабдықтау  мүмкіншілктері  қарастырылған,  ол  үшін  тұтынушылар   мен
      жергілікті өндіріс орындардың қуаты бойынша баланс жүргізіледі.
   5. Негізгі бағалар мен бірге прейскурантқа бірнеше  анықтаушы  қосымшалар
      қарастырылады  (гидрогеологиялық  жағдайға,  тұрғын   үйлердің   әрлеу
      жұмыстарының  түрлеріне   типтік   жобада   қарастырылған   варианттық
      шешімдерге, жұмыс көлемдерінің өзгеруіне.


                    2. Іріленген сметалық нормалар (ІСН)


        Егерде   кейбір   объектілердің   құрылысы    анда-санда   болғанда
   прейскурантты өңдеу тиімді  емес  болады,  сондықтан  іріленген  сметалық
   нормаларды қолдану және олардың негізінде  іріленген  сметалық  бағаларды
   жасаған жөн. ІСН 2 тобы бар: ғимарат пен үймеретке жалпы  нормалары  және
   ғимараттың конструкциялық бөлігіне немесе жұмыстың түріне нормалар.
        Жалпы ғимарат пен  үймеретке  ІСН  жинақтары  типтік  немесе  қайта
   қолданып жатқан жақындағы 3-4 жылда тиімді проекттер бойынша өңделеді.
        Прейскуранттардан ІСН айырмашылығы:
        ІСН  да   тек   қана   тікелей   шығындар   ескеріледі.   Жегілікті
   материалдардың  шығындары  ескерілмейді  –   ол   материалдардың   шығыны
   натуралды көрсеткіштер түрінде бөлек кестеде келіріледі (аймақтық бағалар
   жинағы бойынша анықталған құн шығындары ІСН бойынша  смета жасағанда оның
   іщінде қосылады). Нормаларға тағы  да   үстеме  шығындар,  нормаланбайтын
   шығындар және басқа лимиттенген шығындар кірмейді.
        ІСН нің мұндай құрылымы типтік жобалаудың  жетістіктерін  номаларды
   кейбір аймақтарда шектеулі қолданудың мүмкіншіліктерін біріктіреді.
        ІСН негізінде іріленген бағаларды өңдеу нұсқауы элементтік сметалық
   нормалар негізінде бірлік бағаларды анықтаудың нұсқауына сәйкес.




       Бақылау сұрақтары:
    1. Прейскурант деген не?
    2. Прейскурантты жасау тәртібі
    3. Прейскурант неге негіз болады?
    4. Іріленген сметалық норма деген не?
    5. Іріленген сметалық норма неге қажет?
    6. Іріленген сметалық нормаларды жасау тәртібі


    Әдебиеттер:
   1. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   2. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және
      бағаларды қолданудың жалпы қағидалары






                               Лекция  № 9,10


             Тақырыбы: Құрылыс жұмыстарының  көлемін  есептеудің
                           ережелері мен әдістері


Лекция жоспары:
   1. Жұмыс көлемін есептеуге қойылатын жалпы талаптар
   2. Жұмыстар көлемін есептеуді жүргізудің әдістемесі
   3. Жер жұмыстарының көлемін есептеу


        1. Жұмыс көлемін есептеуге қойылатын жалпы талаптар


       Смета-бұл  құрылыс  процесінде  орындалатын  жұмыстардың  есептелген
бөлігі.  Бұл  үшін  сметаны  жасаудың  негізгі  және  бірінші  бөлімі  болып
табылатын жұмыс көлемінің есебі орындалады.
        Жұмыс  көлемінің  тізбесі  жұмыстарының  қысқаша  сипаттамасы   мен
олардың мөлшерін есептеу формуласынан тұрады.
       Жұмыс көлемінің тізбесі көрсетілген сызбаларға, спецификациялар  мен
басқада нұсқаулармен бекітіледі. Жобалық  материалдарға,  толығымен  біткен,
тексерілген және жинақталған құрамына қарап құрастырылады.
       Жұмыстардың   номенклатурасы,   олардың   сипаттамасы   мен    өлшем
бірліктері қолданылатын сметалық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
      Жұмыс  көлемінің  есебі  ҚМжЕ-де  бектілген  қолданыстағы  бар  жұмыс
көлемдерін есептеу ережелері бойынша орындалуы керек, бұның  негізінде  ҚМжБ
құрастырылған. Ең тиімдісі  жұмыс  көлемін  тиімді  тәсілмен  анықтау  болып
табылады.
      Көптеген жұмыстардың түрлерінің  сметалық  құны,  конструкциялар  мен
жабдықтар элементерінің сметалық құны екі өзгеше  бөлек  позициядан  тұрады:
монтаждаудың сметалық құнынан;  материалдар  мен  жабдықтардың,  бұйымдардың
құнынан.
      Оған  кіретіңдер:  құрастырмалы  темірбетон   конструкциялар,  металл
конструкциялары, электр монтаждау жұмыстары,  ағаш  конструкцияларының  жеке
түрлері, санитарлы – техникалық жұмыстардың кейбір түрлері, құрылғылар  және
т.с.с.  Бұл  жағдайларда  конструкцияларды  монтаждау   бөлімінде   жұмыстар
көлемінің есебі сметалық нормалар  мен  бағаларға  сәйкес  болуы  қажет,  ал
бағада   көрсетілмеген,   материалдар    мен    жабдықтардың,    бұйымдардың
сипаттамалар  мен  өлшеуіштер  бөлігінде-  көтерме  баға  мен   қолданыстағы
сметалық бағаларға сәйкестендіріледі.


        2. Жұмыстардың  көлемін есептеуді жүргізудің әдістемесі

      Жұмыс көлемін есептеу- сметалық жұмыстың  жауапты  және  өте  күрделі
бөлігі. Бұл сметалық құжаттамалардың сапасына әсерін тигізеді.
       Жұмыстар көлемін есептеу жұмысына тиянақты дайындалу қажет.  Жұмысшы
алдағы есептеу бойынша барлық жобамен толық көлемінде танысуы  тиіс.  Барлық
жобалау материалдарын жұмыс  орында  ретімен  орналастырып,  іріктеу  қажет,
себебі бұл жұмыс оларды табуға  және  пайдалануға  қолайлы  жағдай  туғызып,
тездетеді. Сметчиктің  жұмыс  орны  ыңғайлы  және  жақсы  жарықтанған  болуы
керек.
        Жұмыстар көлeмінің есебін  кесте  бойынша  жүргізген  дұрыс.  Ереже
бойынша, әр жұмыс түрін есептегенде өзіндік, анағұрлым кестенің тиімді  түрі
жасалады. Кестенің тиімді формасы 1-кестеде көрсетілген.


                                                                     1-кесте
                              Әр түрлі жұмыстар


    |Жұмыстар мен            |Есептеудің        |Өлшем бірліктері  |Саны       |
|сызбалардың аталуы      |формулалары       |                  |           |


        Есептеуді белгілі ретпен  жүргізеді,  жұмыстар  мен  конструкциялар
бойынша бөлек жер асты ( нөлдік цикл) және жер үсті  бөлігі,  ал  көп  төлем
этаптарында  –  ғимараттың  қандай  бөліктері,  қандай  конструкциялар   мен
жұмыстар қайсы төлем этап құрамына кіруіне байланысты.
        Тұрғын ғимараттарда адамдар  тұрмайтын  қосылып  салынған  бөліктер
болса, онда олардың есептерін жасауды әрқайсысына бөлек тұрғын  және  тұрғын
емес деп бөліктеріне орындау қажет.
        Осыған сәйкес жұмыстар  көлемін  есептеуді  жүргізуді  мына  ретпен
орындайды:
    - Сыртқы қабырғалардағы ойықтар;
    - ішкі және аралық қабырғалардағы ойықтар;
    - қабырғалар;
    - іргетастар;
    - жер жұмыстары;
    - аралық қабырғалар;
    - едендер;
    - жабындар;
    - шатыр;
    - баспалдақтар;
    - дәліздер, кіреберістер;
    - ішкі әрлеу;
    - сыртқы әрлеу;
    - әртүрлі жұмыстар.
    Одан  ары  қарай,  сметаларды  құру   барысында,   конструкциялар   мен
жұмыстардың  түрлері   олардың   шын   мәніндегі   орындалу   реті   бойынша
орналастырылады.
        Кестелерді толтыру барысында жұмыстар көлемін есептеудегі қарапайым
техникалық ережелерді сақтау керек, ал соның ішінде:
    -   есептеу    кезінде     қолданылған    сызбалардың    шифрлары    мен
      номерлерін,деталдарын, альбомдар мен басқа құжаттардың  аттарын  керек
      жерінде жазып алу қажет;
    - жобада  сызбаларда  өңделмейтін  жұмыстарға  жасалған  есептер  (  жер
      жұмыстары және т.с.с. ) эскиздермен   расталуы керек ( қолмен сызылған
      сызбалармен );
    -  реті келгенше формулаларды қысқаша құрастыру қажет,  оларда  жұмыстар
      көлемін бүкіл  ғимаратқа  жалпы  емес,  жеке  бөлмелерге,  қабаттарға,
      учаскеге, осьтерге жеке құрастырған жөн.
        Есептеу жүргізгенде дайын жобалық мәліметтерді  қолданады.  Бірінші
кезекте   бұл   темірбетон,   металл,   ағаш,   санитарлы    –    техникалық
электротехникалық және басқада бұйымдарының спецификациясына қатысты.
        Бұйымдардың дана, шаршы метр, куб  метр,  тонна  бойынша  шығындары
жұмыстар көлемінің  есебінің  тізбегіне  оның  бір  бөлімі  ретінде  жобалық
спецификациясының   сметасына    жазылады.    Бұл    жағдайларда    сметалық
параграфтардың    текстіне   бұйымдардың   маркалары(типтері),   сызбалардың
номірлері және т.с.с.берілгендері есепке енгізіледі.
        Жұмыс көлемін типтік есептеуді дайындау мүмкіндігі туындайды.
         Жұмыс  көлемін   есептеуге   арналған   кестелердің   алдын   –ала
дайындалған тексті болуы керек. Орындаушы  тек  алдын-  ала  қарастырылмаған
мәліметтерді қолмен жазуы тиіс.
         Кестелердегі текстер барынша сығылған болып, сонымен қатар  келесі
сметаны  құрастыру  үшін  жұмыстардың  сипаттамасын   немесе   элементтердің
мінездемесін өзінде қарастыру керек.
        Есептеуді  жүргізу  кезінде  жұмыстарды  анағұрлым  жеңілдету  үшін
формулаларды  қолдануға  болады.  Мұндай   формулалар   есептеулердегі   көп
қайталанатын мөлшелердің негізінде дайындалған.
         Ұсынылатын  формулаларға  тұрақты  өлшемдер  болып   қабырғалардың
ұзындығы (периметрі) және ғимараттың  горизонтальды  жазығының,  сыртқы  өсі
бойынша  алынған  ауданы  қызмет  етеді.  Бастапқы  болып  тұрақты  өлшемдер
кәдімгі ретімен есептелінеді.


                     4. Жер жұмыстарының көлемін есептеу


    Жер жұмыстарының көлемін есептеу үшін алдымен мыналарды анықтау қажет:
    - жер бедерінің қара белгілері;
    - сілем сулардың деңгейі;
    - сілем сулардың ағымының күші;
    - сілемдердің тобы бойынша жіктелуі;
    - жұмыс өндірісінің жағдайы.
       Қара белгілер деп - жер жұмыстары басталғанға  дейіңгі  жер  бетінің
бастапқы   белгілерін  айтамыз.Олар  геодезиялық  түсірулердің   мәліметтері
бойынша  қолданылып,  сызбаларда  жер  жұмыстарының  картограммасына   қарай
қойылған. Қара белгілер  бұрғылау  скважиналарының  геологиялық  қималарында
көрсетілген, бірақ оларды түсірістер жоқ болған жағдайда ғана  қолданылады.
         Құрылыс  алаңында,  ереже  бойынша,  әртүрлі  мәндердегі   бірнеше
белгілер табылады.
        Егер жер рельефі құрылыс  алаңында  бір  қалыпты  болса,  есептеуді
жүргізу  үшін  қара  белгілердің  орташа  мәнін  қабылдауға  болады.  Мысалы
ғимараттың   құрылыс    нүктесінде    абсолюттік    белгілер    көрсетілген:
24,32;24,10;24,08 және 24,30. Орташа абсолюттік қара белгі:


                    (24,32+ 24,10+24,08+24,30)/ 4 =24,20


        Қазаншұңқыр мен ордың    орташа қара  белгі   мен  жобалық  белгісі
арасындағы айырмашылық жер ойықтарының тереңдігін құрайды.
        Жердің  бедері  әртүрлі  болған  жағдайда  жоғарыда  көрсетілгендей
құрылыс нүктесі шамаланып, учаскелерге бөлінеді және теңестіріледі.
        Геодезиялық және геологиялық түсірулер  теңіз  деңгейін  анықтайтын
нивелирлік   реперлерге   байланыстырылады.Бұл   белгілер   абсолюттік   деп
аталады. Құрылыс сызбаларында белгілер шартты +0,0 деңгейінен беріледі.  Бұл
белгілер шартты деп аталады, ереже бойынша  бірінші  қабаттың  едені  немесе
іргетастың бүйірі болып қабылданады.
        Жобада  іргетас  сызбасының  абсолюттік  және   қатыстық   алымының
белгілері беріледі, бұл жер жұмыстарының көлемін есептеуде қатыстық  белгіге
абсолюттік белгіні есептеуге мүмкіндік береді.
        Барлық белгілерді – қара, жоспарлық, оймалардың тереңдігі, сілемдік
сулардың деңгейін есептеп болған соң  жұмыстар  көлемінің  есебіне  кірісуге
болады.
        Жұмыстарды жеңілдету үшін жер жұмыстарының эскизін жасау ұсынылады,
оның  негізі  ретінде  қабырға   өсінің    қимасымен   қазаншұңқырлар   және
траншеялардың  жоспарын  қабылдайды,  ал  профильдердің   қилысқан   жерінде
жоғарыда көрсетілген реттелген белгілерді көрсету керек. Эскиз  бойынша  жер
жұмыстарының көлемін есептеу формулаларының  көмегімен  оларды  есептеу  тез
және қатесіз болады.
         Құрғақ және қатты жабысатын топырақтарды механизмдермен өндеу үшін
әртүрлі  сметалық  нормалармен  бағалар  бекітілген.  Қолмен  өндеу  кезінде
құрғақ  топырақтарға  (табиғи)  ылғал,  ал  дымқыл  топырақтарға  –  топырақ
сулардың деңгейінен төмен жатқан топырақтар жатады.
        Топырақ сулардың деңгейі ”Құрылыс алаңының инженерлік – геологиялық
шарттары  бекітілуімен”байланысты  бұрғылау  скважиналарының  қимасы  арқылы
анықталады. Дымқыл топырақтар деп, тек ТСД-н  төмен  жатқан  топырақты  ғана
емес, сонымен қатар  олардың  әсерімен  жұмыс  кезінде   ТСД-дан  төменгідей
биіктіктте орналасқан топырақтарды қабылдауға  болады (м):
                        Жеңіл                 құмдар                    …….
........................................................0,3
        Шаңды құмдар мен ауыр құмайттар..................... …….0,5
        Сары топырақ, саздақ ....................………….....................1

    Дымқыл топрақтардың қабатының  қалыңдығының  ұлғаюуы  топырақты   өндеу
кезіндегі жұмыс көлемінде көрсетіледі. Суды ығыстыру кезіндегі жұмыс  көлемі
топырақ сулардың нағыз деңгейінің ұлғайтылмауынан алынады.
        Мысалы,  ТДС-ң  абсолюттік  белгісі  23,30   болғандаТДС-ң   орташа
абсолюттік қара белгісі мен жоғары абсолюттік  белгі  арасында  айырмашылығы
ретінде құрғақ  топырақ  қабатының  қалыңдығы  24,20-23,30(0,9м,  ал  дымқыл
топырақ 0,90 тереңдікте орналасқан және жер бедерінен төменде.  Фильтрацияға
түзетуді ескергенде құрғақ топырақтың қабат қалыңдығы төмендейді,  ал  ылғал
топырақтың қалыңдығы жоғарыда көрсетілген биіктікке көтеріледі.
       Сметалық нормалар мен бағаларда ылғал топырақты өндеудегі  су  айыру
жұмыстары ескерілмеген. Су айыру жұмыстарының бағасы калькуляцияның  қосымша
бөлігімен анықталып (қазаншұңқырлар үшін ауданы 30м, ал траншеялар үшін  ені
2м)  немесе  бірлік  бағамен,  топырақ  судың  ағысының  күші,  су  айырудың
ұзақтылығы мен керекті құралдарды пайдаланудан анықталады.
       Су айырудың ұзақтығы  мен  су  айыру  құралдарының  (  насос  түрді)
құрылысты ұйымдастырудың негізгі бөліктерінде көрсетілуі тиіс.
        Топырақтардың жіктелуі жыныстар мен топырақтардың  топтарға  оларды
өңдеудің күрделілігіне байланысты топтастырылған.
          Өңделетің  топырақтардың  сипаттамасы   бұрғылау   скважиналардың
геологиялық қималары бойынша қабылданады.
        Барлық  жағдайларда  топырақтың тобы қабат бойынша  анықталады,  ал
олардың қабатының қалыңдығын орташа мәніне келтіреді.
        Жер қазу жұмыстарының өндірісінің жағдайлары құрылысты  ұйымдастыру
жоба  бойынша  қабылданады,  ал  осыған  байланысты  олардың  сметалық  құны
анықталады.
        Бұл  шарттарға жататындар:
   1.  Жұмыстың  орындалу  әдісі-  қолмен  немесе  жер  қазу   машиналарының
      көмегімен.  Ғимараттың астындағы  қазаншұңқырды  93(  көлемін  өндеуге
      экскаватор   қолданылады,   ал   қалдықты   кесуге    5,25(    көлемі-
      механизацияланған әдіспен және 1,75( қолмен жасайды;
   2. Ұзын орды ережеге сәйкес, механзацияланған әдіспен 97(-н  өндейді,  ал
      3( көлемді тазалау  қолмен  жүргізіледі.  Қалдықтар  жер  жұмыстарының
      жалпы көлеміне кіреді.
   3.  Қолданылатын  жер  қазу  машиналарының  типтері  мен   сипаттамалары.
      Азаматтық – тұрғын  ғимараттарының құрылысында  жер  қазу  жұмыстарына
      шөміштің сыймдылығы 1м3   біршөмішті тік күректі Э-  252  экскаваторы,
      шөмішінің сыймдылығы 0,5м3  драглайн және С100 типті қуаттылығы  100Вт
      –қа дейінгі бульдозерлер қолданылады.
   4. Артық топырақтарды жылжыту  арақашықтығы  уақытша  үйінді  жасау  және
      оларды пайдалану. Пайдалануға жарамсыз  құрылыс  қоқыстары  мен  артық
      топырақтар құрылыс алаңының сырт жағына шығарылады.
   5. Қайта себуге жарамды топырақтар уақытша үйінділерге жиналады.  Аймаққа
      төгуге қажетті топырақты әкелу және  артық  топырақты  алып  кету  ара
      қашықтығы әр бір жағдайда нақты анықталады.
   6. Тасымалдау көліктерінің типтері мен сипаттамалары, Экскаватормен жұмыс
      жасағанда топырақтарды тасымалдауға жүк көтергіштігі  2,25-тен  12т-ға
      дейінгі өздігінен төгетін машина қолданылады.
    Қазан шұңқырдың, ұзын ордың топырағын  қазу,үйінді  жасау,  қайта  төгу
жұмыстарының көлемі м 3 пен өлшеу арқылы келесі тәртіппен анықталады:
    а) топырақтардың топтары бойынша (1,2,3,4,5,6)
    б) топырақтың ылғалдығы бойынша (құрғақ, ылғал, қатты жабысатын);
    в)  жұмыстарды  орындау  тәсілі  бойынша  (экскаватормен  үйіп   немесе
тасымалдау құралдарға булдозермен, қолмен түйіп);
    г) еңістерді бекітумен немесе  бекітусіз  (ағашпен,  шпунттармен),бірақ
еңістері  жоқ.  Бұл  кезде  бекітудің  ауданы  шұңқырдың  биіктігі   бойынша
есептеледі;
     д) қолмен  өңделетін  үлкен  емес  қазан  шұңқырдың  қимасының  ауданы
бойынша (2,5 дейін, 5 м дейін, 20 м дейін);
    е) қолмен өңдейтін траншеяның тереңдігі бойынша ( 2м дейін,  3м  дейін)
және олардың ені бойынша ( 1м дейін, 1,5м дейін және 1,5 м жоғары).
          Ғимарат пен имараттың астына жер ордың  тереңдігі  қара  белгіден
ордың түбіне дейін келесі ретімен қабылданады:

    а) жер төлесі бар немесе техникалық жер төлесі бар ғимараттардың  қазан
шұңқырының түбінің белгісі еден астына төселетін қабаттың түбі болады;


    б) іргетастың ұзын ор түбінің белгісі – ірге тастың табан асты белгісі,
ал  құбырлардың  –  құбырларды  жайғастыру  белгісі.  Іргетастардың   немесе
құбырлардың  астына  жастық  (үйінді)  жасағанда  соған  сәйкес  ұзын  ордың
тереңдігі де үлкейеді;


    в) егер құнарлы топырақ қабатын кесу  көлемі  бөлек  есептелінсе,  онда
қазан шұңқырдың немесе ұзын ордың қазу тереңдігі  сол  қабаттың  қалыңдығына
төменделеді.


       Ірге тастарға арналған қазан шұңқырдың  немесе  ұзын  ордың  түбінің
ені жобалық өлшемдерге келесі шамаларды қосумен есептелінеді:


    а) бекітіп қазу кезінде – 0,30 м;


    б) шпунттық қоршаумен қазу кезінде – 0,40м;

     в) іргетастың тік су айырғышын жасау кезінде – 0,60м.
        Еңістерді бекітусіз қазу кезінде жобалық өлшемдер шамаларды қосусыз
қабылданады.
       Жобалық өлшемдер:
     а) ұзын орлар үшін – ірге тастар табанының ені;
      б)  қазан  шұңқыр  үшін  –  ірге   тастардың   төсемелерінің   сыртқы
кеңістіктердің ара қашықтығы.
      Қазан шұңқыр мен  ұзын  орлардың  бекітусіз  орындалатын  еңістерінің
көлбеулігінің ең үлкен шамасы келесі кесте (2-кесте)  бойынша анықталады.





                                                                     2 кесте
            Қазан шұңқыр мен ұзын орларды еңістерінің көлбеулігі.


    |Топырақтың            |Шұңқырдың тереңдігіне сай еңістердің               |
|түрі                  |көлбеулігі, м                                      |
|                      |1,5 дейін        |3 дейін         |5 дейін         |
|Үйінді                |1:0,67           |1:1,00          |1:1,25          |
|Құмды және қиыршықты  |                 |                |                |
|құмдақ                |1:0,50           |1:1,00          |1:1,00          |
|саздақ                |1:0,25           |1:0,67          |1:0,85          |
|саз                   |1:0,00           |1:0,50          |1:0,75          |
|құрғақ сары топырақ   |1:0,00           |1:0,25          |1:0,50          |
|Морендік:             |                 |                |                |
|Құмды және            |1:0,00           |1:0,50          |1:0,50          |
|құмдақ                |                 |                |                |
|саздақты              |                 |                |                |
|                      |1:025            |1:0,57          |1:0,75          |
|                      |1:02,0           |1:0,50          |1:0,65          |




Бақылау сұрақтары :
      1. Жұмыс көлемінің тізбесі  неден түрады ?
      2. Жұмыстардың  номенклатурасы, олардың сипаттамасы мен  өлшем
         бірліктері  неге сәйкес болуы тиіс?
      3. Жұмыс көлемінің есебі  қандай ережелері бойынша орындалуы керек?
      4. Анықтамада көрсетілмеген жұмыстар мен бұйымдардың көлемін есептеу
         кезінде, олардың сипаттамасы, номенклатурасы мен өлшеуіштері  неге
         сәйкес болуы тиіс?
      5. Жер жұмыстарының көлемін есептеу үшін алдымен нені анықтау қажет?
      6. Ғимарат пен имараттың астына жер ордың тереңдігі қара белгіден
         ордың түбіне дейін қандай  ретімен қабылданады?


Әдебиеттер:
   1. ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың  смета  құнын
      анықтау тәртібі
   2. ҚР КНжЕ 8.02-01-2002 Құрылыстағы сметалық-нормативтік құжаттар жүйесі
   3. ҚР ҚН 8.02-05-2002 Құрылыс жұмыстарына арналған сметалық нормалар және
      бағаларды қолданудың жалпы қағидалары











                                 Лекция  №11

       Тақырыбы:  Сметалық құжаттардың  құрамы мен  түрлері. Оқшаулап
                       шектелген сметалар мен есептер

Лекция жоспары:
    1.   Смета. Негізгі  түсініктер
    2.   Сметалық  құжаттамасын  жасау тәртібі
    2.1.Сметалық  құжаттамасының  түрлері
    2.2.Сметалық  құжаттамасының  құрамы
    2.3. Оқшаулап шектелген (жергілікті ) сметаталарды  құрастыру  тәртібі

                        1. Смета. Негізгі түсініктер


       Ғимараттардың,  имараттардың  немесе  олардың  кешенінің    құрылысын
орындауға   жұмыстардың    құны   және   көлемі   есептелетін,   жұмыстардың
сипаттамалары  көрсетілетін  құжат  смета  деп  аталынады.
      Ең  басты  тағайындалуы – құрылыстың  құнын анықтау мен  бірге   смета
бірнеше рольдарды  орындайды, дәл осындай:
      а)   сметамен    есептелінген    жалпы   құны,    құрылыстың     жалпы
инвестициясын  және банкілік несиелеу  өлшемін анықтайды;
      б)   сметамен  анықталған  құрылыс  -  жинақтау    жұмыстардың    құны
құрылыстың есепті құны  болып саналады;
      в) смета мердігерлік  жұмыстардың көлемін   жоспарлауға   және  оларды
орындауға қажетті  ресурстардың негізі болып  табылады;
      г)  өндірістік  нормалар  мен   бірге   смета   құрылыс   есеп  беруді
жоспарлауға және  оның  жұмысын үйымдастыруға нұсқау  ретінде қолданылады.

     Смета  жасалынады:
      Жұмыстардың  көлемі мен  сипаттамаларын,   бұйымдар  мен  жабдықтардың
санын  анықтау  бөлігінде – сызбалар,  спецификациялар  және басқа   жобалау
 материалдар  бойынша;
         Құны  бөлігінде – сметалық  нормалар  бойынша
           Смета   құжаттамасы   «Кәсіпорындардың,    ғимараттардың     және
имсрсттардың   құрылысына   арналған   жобалау   –   смета    құжаттамасының
жасалу, келісілу, бекітілу  тәртібі және құрамы   жөніндегі   нұсқауға»  (ҚР
ҚН иЕ 1.02-01-2001) сәйкес жасалады.
            Бұл    орайда    жобалаудың    сатылығы,   жобалау    –    смета
құжаттамасының  құрамы  мен мазмұны, оның   жасалу   мерзімі  занға   сәйкес
жобалау -  ізденіс жұмыстарын   жасау  бойынша   қызметтерді   сатып   алуға
дайындық  сатысында тапсырысшылармен конкурс құжаттамасында  белгіленеді.


                     2. Смета құжаттамасын жасау тәртібі
                      2.1. Смета құжаттанасының түрлері

       Жобаланып  жатқан  кәсіпорындар,  ғимараттар  және  имараттар  немесе
олардың кезектерінің құрылысының  смета   құнын    анықтау   ушін,    келесі
турлердің смета құжаттамасы жасалады:
1.Бөлек жұмыстар мен   шығындардың   құнын  есептейтін  смета  –  жергілікті
сметалар:
       -Жергілікті сметалар бастапқы смета  құжаттары     болып     табылады
 және     ғимараттар     мен  имараттар    бойынша    бөлек    жұмыс    және
шығын  түрлеріне  нөмесе  жобалау   құжаттамасымен   анықталатын     (типтік
объектілер     бойынша)     көлемдердің    негізінде      жалпы      аландық
жұмыстар    бойынша жасалады.
2.Бөлек ғимараттар  мен   имараттардың   құрылысының   құндары   анықталатын
сметалар – объектілік  сметалар:
      -Объектілік сметалар өз құрамында объектіге -  жергілікті  сметалардан
жалпы деректерді біріктіреді және смета құжаттары болып  табылады,  бұлардың
негізінде  объектінің құрылыс  өнімінің   смета   құны  қалыптасады  (типтік
формалар бойынша).
      -   Объектілік  смета   есептері   өз  құрамында объектіге  жергілікті
  смета   есептері    мен   жергілікті  сметалардан     жалпы     деректерді
біріктіреді   және нақтылануға жатады (типтік формалар бойынша).
      -   Бөлек   шығын   түрлеріне   смета   есептері  смета   нормативтері
мен ескерілмеген   шығындарды  өтеу  үшін  қажетті,  қағида  бойынша,  тұтас
құрылыс  бойынша   қаржыны   анықтау   қажет  болған  жағдайларда   жасалады
(типтік формалар бойынша)


.
      Қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  объектілер  мен  жұмыстардың  смета
қүнының  тізімдемесі,  егер  көсіпорындар,   ғимараттар   мен   имараттардың
құрылысы кезінде қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  шараларды  жүзеге  асыру
қарастырылған болса жасалады (типтік формалар  бойынша).  Бұл  орайда  онда,
қағида бойынша, жинақы смета есепте қабылданған объектілер  мен  жүмыстардың
нөмірі сақталады. Тізімдемеге тікелей табиғатты  қорғау  шараларына  жататын
объектілер мен жұмыстардың смета құны ғана қосылады.
   Құрылысы  кезектестіріліп  жоспарланған  кәсіпорындар   мен   имараттарды
жобалаған кезде, мыналар жасалады:
    -  кәсіпорын   мен    имараттың    толық    дамуына  арналғән     (толық
дамуына    арналған    шығындар жинағы) құрылыс құнының есеб;
    - бірінші кезек құрылыс құнының жинақты смета есебі;
    - келесі кезекгер қурылыс құнының есебі;
    - смета құнының объектілік есептері.

       Құрылыс объектісі жалпы технологиялық немесе басқа максатқа  арналған
(цехтердің блогы, жанармай қоймасымен  бірге  қазандық  суқабылдағыш  немесе
тазарту  имараттарының  тобы  және  т.с.с.)  ғимараттар   мен   имараттардың
жиынтығы болуы мумкін.
       Өндірістік  немесе  тұрғын-азаматтық  кешендердің  құрылысы   кезінде
қурылыстың  бөлек  объектілері   болып     қызмет   көрсету   және   көмекші
имараттары бар сыртқы  тораптар  {сумен жабдықтау,. канализация,
жылу,газ ,   электрмен  жабдықтау  және  т.с.с.),   кіру   жолдары.  квартал
ішілік  .жолдар,  басқа  да.;,жалпы   алаңдық   жұмыстар   болып   табылады.
Қүрылыстың     мамандандырылған     түрлерінің ерекшеліктері, сондай-ақ  сол
немесе   өзге  ғимараттар    мен    имараттарды      бөлек      объектілөрге
жатқызу  кезінде ескеріледі, олар:
   -    мұнай    және     газ     өнеркөсібінде     —     барлық     қатысты
жабдықтары,    қосымша    имараттары    мен    жұмыстары      бар      мұнай
немесе    газ    ұңғымасы  (пайдалану немесе барлау);
-    көмір   және   тау   кен    өнеркәсібінде    —    кен  қазбаларын  және
шахтаның өзге жер асты имараттарның ұңгілеу және жабдықтау;
 -  орман  және  ағаш  өндеу  өнөркәсібінде  — ағашты сұрыптау немесе
біріктіру учаскесі;
-   мелиорация   және   су   шаруашылығында   — барлық   имараттарымен  қоса
арналар  немесе  арнаның   учаскесі,   барлық   имараттармен    және   жұмыс
түрлерімен қоса мелиоративтендірілетін  жердің  ауданы;
-    теміржол   құрылысында   —  жер   жаймасы немесе   екі  аралық   немесе
   бөлек    орын   шегіндегі   жолдың   жоғарғы-құрылысы,   байланыс,    СОБ
(сигналдаудың,  орталықтандырудың,  блоктаудың),  энергиямен    жабдықтаудың
немесе белгілі    учаскедегі байланыс торабының желісі;
-  автожол құрылысында — жер жаймасы,  жол  қабаты   автожол     учаскесінің
шегінде  суөткізгіш құбырлар және басқа да имараттар.
Сызықты    құрылыс    кезінде   (темір    және     автомобиль       жолдары,
магистралды      құбыржелілері,  электрберу  және  байланыс  сымдары,   және
т.с.с,} құрылыс объектісі  болып  бір  учаскенің  шегіндегі  ғимарат  немесе
имарат тобы болуы мумкІн (мысалы: сүйеу қабырғалары, опырылып құлауға  қарсы
және көшкінге қарсы имараттар, екі аралық шегінде  —  суөткізгіш  имараттар;
бағдар орындары, бөлек орын шегінде -  техникалық  қарау  орындары;  күшейту
орын тобы, байланыс құрылғылары мен белг ілі — учаскеде - СОБ;.
      Іске қосу  кешені  -  —  жобамен  қабылданған,  қызмет  көрсетушілерге
арналған еңбек  талаптары-ның,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  пайдаланудың
қалыпты  (қолданыстағы   нормаларға   сәйкес)   сани-тарлық-эпидемиологиялық
талаптарының   қолданыс-тағы   заңмен   қабылданған   пайдаланылуы   өнімнің
шығарылуын немесе қызмет көрсетулерді қамта-масыз ететін  құрылыстың  немесе
ч оның  кезегінің  бөлігі  болып  табылатын  объектілердің  (немесе  олардың
бөліктерінің) тобы.
      Құрылыс кезегі  —  пайдалануға  енгізілуі  өнімнің  шығарылуын  немесе
жобамен   қарастырылган   қыз-меттердің   көрсетілуін   қамтамасыз    ететін
ғимараттар  немесе  имараттар  тобының  бір   немесе   бірнеше   іске   қосу
кешендерінен тұратын құрылыстың бөлігі.
      Құрылыс — қурылысы, қағида  бойынша,  қурылыс  құнының  жинақты  смета
есебімен бірыңғай жобалау-смета құжаттамасы бойынша жузеге асатын  әр  турлі
қызметтегі  (өндірістік,  әлеуметтік,  көлік  және  басқа   инфрақурылымның)
ғимараттар мен имарат-тар (рбъектілер) жиынтығы.

                    2.2.Сметалық  құжаттамасының  құрамы
      Смета құжаттамасын жасаған кезде келесі түсініктер қолданылады:
           Смета  құжаттамасының  құрамы,   жасалып   жатқан   жобалау-смета
құжаттамасының сатылығына  және    объектінің    техникалық    күрделілігіне
байланысты анықталады.
Жобаның (жұмыс жобасының) құрамына:
      - шығындардың жинағы (қажет болған кезде);
      - жиынтықты сметалық есебі;
      - құрылыс қүнының смета есебі;
      - объектілік және жергілікті сметалар;
      - объектілік   және    жергілікті    смета    есептері  (қәжет  болған
кезде);
      - шығындардың бөлек,түрлеріне арналған смета  есептері  (қажет  болған
кезде) кіреді.
   Жұмыс құжаттамасының құрамына:
      - объектілік және жергілікті сметалар;
      -  жергілікті сметаларға қатцсты ресурстардың тезімдемелері кіреді.
     Смета қужаттамасын жасаған кезде, қурылыс жұмысшыларының еңбегін
төлеуге шығындар, материапды-техникалық ресурстар мен қызметтердің бағалары
мен құндары Қазақстан Республи-касында 2001 жылы белгіленген инвестициялық-
құрылыс саласында бекітілген кұйі бойынша қабылданған, смета-нормативтік
база қолданылады.


   2.3. Оқшаулап шектелген (жергілікті ) сметаталарды  құрастыру  тәртібі
                     Жергілікті сметаларды жасау тәртібі

       Ғимарат   немесе  имарат   құрылысының   әр   бөлек  жұмысына   бөлек
жергілікті смета  жасау  қажет.
      Бөлек құрылыс және жинақтау жүмыс түрлеріне, сондай-ақ  жабдық  құнына
жергілікгі сметалар мен смета есептері типтік формалар бойынша  2001  жылдың
базистІ бағаларында жасалады.
      Жобалау     құжаттамасының     негізінде жергілікті  сметалар  мыналар
бойынша жасалады:
 а) Ғимараттар мен имараттар бойынша:
-     құрылыс,     арнайы    құрылыс    жұмыстарына,  металл  құрылымдарының
жинақталуына,   ішкі  санитарлық-техникалық      жұмыстарға       (суқұбыры,
канализация, жылыту, желдету,  ауаны  баптау  және  т.б.),   ішкі  электрмен
жарықтандыруға,   электр   қуат   қондырғыларына,   технологиялық      құбыр
желілерінің жинақталуына, жабдықтарды жинақтауға  және  сатып  алуға  (соның
ішінде,  жабдықтарды  жобалық  қалыпқа   орнатумен     байланысты     металл
құрылымдарының  жинақталуын),    бақылау-өлшеу    құралдарын    (БӨҚ)   және
автоматиканы,    өлсіз    нүктелі    құрылғыларды  (байланыс,      сигналдау
және    т.с.с), автоматтандырылған басқару жүйесіне,  өнеркәсіп  байланысқа,
жабдықтардың       астындағы       іргетастарға,       арнайы    негіздерге,
жабдықтар    мен    құбыр  желілерінің   қаптауына     және     оқшаулауына;
химиялық   қорғаныс жабындарына,   арналарға,    өнеркәсіп    пештері    мен
құбырларына,  гидромеханикаландырылған,  кен  қазу,  кен  ашу   және   басқа
жүмыстарына,  құрал-жабдықтарды,    өндірістік   және    шаруашылық   керек-
жарақтарды, жиһазды сатып алуға;    .
б) Жалпы алаңдық жүмыстар бойынша:
      - вертикалды жоспарлауға,  инженерлік тораптарды орнатуға;  кіру  жолы
мен цех аралық жолдарға; аумақты абаттандыруға  және  көгалдандыруға;  шағын
сәулет пішіндері және т.с.с.
         Әр бір сметаның құрамында құрылыс және жинақтау  жұмыстарының  жеке
түрлері,  ғимараттың,  имараттың  құрылымдық  элементтері,   жұмыстар   және
құрылғылау түрлері бойынша бөлімдерге топтастырылуы тиіс.
      Жергілікті сметалармен  (смета  есептерімен)  анықталатын  құн  өзінің
құрамына құрылыс материалдары мен бұйымдарының негізгі түрлеріне арналған
бағалардың    аймақтық    коэффциенттерін     ескеріп   тікелей   шығындарды
кіргізеді.

    Жабдықтың смета құнына:
      -  қор бөлшектерін,  ыдысты және деректемені ескеріп жіберу бағасы;
      - көлік  жөне    дайындау-қоймалау    шығындары  (соның  ішінде  кеден
жиналымдары және баждар):
      - жинақтауды бақылаудың құны;
      - жасақтауга кететін  шыгыидар  кіргізіледі.  Инженерлік  жабдықтардың
құнын жинақтардың  сәйкес  бөлімдері  бойынша  қабылдау  керек,  ал  бағапар
болмаған кезде жабдықтардың қунын  дайындаушы  завод  деректері  және  прайс
парақтар бойынша анықтау керек.
        Материалдар тасымалдауының смета қүны  тасымалдауға  арналған  смета
бағаларының жинақтары бойынша анықталуы тиіс.
       Негізгі жұмыс ақыға тікелей құрылыс және жинақтау жұмыстарында  жұмыс
істеп журген құрылысшы-жұмысшылардың  жинақта  еңбекақысы жатады.
       Тікелей шығындарда көрсетілетін   жұмыс  ақы,  жергілікті  сметаларда
құрылысшы-жұмысшылар мен жинақтаушылар үшін бөлек  және  құрылыс  машиналары
мен механизмдерін басқаруда және қызмет көрсетуде жұмыс істейтін  жұмысшылар
үшін бөлек есептеледі.
    Жұмыс ақысының есебі  нормативтік  еңбек  шығындарының  және  құрылысшы-
жұмысшылары   мен   жинақтаушылар   үшін   және   құрылыс   машиналары   мен
механизмдерін басқаруда және  қызмет  көрсетуде  жұмыс  істейтін  жумысшылар
ушін адам-сағат қунының негіздемесінде орындалады.
      Құрылыс машиналары мен механизмдерін басқаруда және қызмет   көрсетуде
жүмыс  істейтін  жұмысшылардың  еңбек  ақысына  кететін   шығындар   қүрылыс
машиналәрының пайдаланылуына кететін шығындардың қүрамына кіргізіледі.
      Табиғи-климаттық  жағдайлары  ауыр  және  жумыс  өндірісінің   салалық
ерекшеліктері бар аудандарындағы  объектілердің  құрылысын  ескеретін  смета
жұмыс ақысына  қатысты  көтерме  коэффициенттер  қолданыстағы  заңға  сәйкес
қабылданады.
       Құрылыс  машиналарының  пайдаланылуына   кететін   шығындар   қажетті
машиналардың (машино-сағатта) нормативтік тұтынуынан және
1 машино-сағаттың тиісті бағасынан анықталады.
      Құрылыс  машиналарының  пайдаланылуының  құны  смета   нормалары   мен
багаларының тиісті жинағы бойынша анықталады.
     Смета жұмысақысы еңбек ақысының келесі түрлерінен құралады:
- жұмысшылардың негізгі жұмысақысы;
-     машиналар    мен    механизмдерге    қызмет  көрсететін  жұмысшылардың
жұмысақысы;
- үстеме шығындардың қурамындағы жұмысақы (үстеме шығындар массасынаң 15%).
       Үстеме  шығындар  —  өндірістің  жалпы  жағдайларын  жасаумен,   оған
қызмет   көрсетумен,  ұйымдастырумен     жене     басқарумен      байланысты
құрылыс-жинақтау ұйымдарының шығындарын өтеуге арнапған қаражат сомасы.
    Тікелей  шығындардың  қорытындысынан   кейін   мөлшері   салық   заңында
белгіленген  құрылыс-жинақтау  жұмыстарының  смета   жұмысақысы   сомасынсыз
әлеуметтік салық есептеледі.
       Тікелей шыгындардың,  үстеме  шығындардың  және  әлеуметтік  салықтың
сомасына  6%  мөлшерінде   нормаланбайтын   жөне   жоспарланбаған   шығындар
есептеледі    (кадрларды   дайындау,   ғылыми-эерттеу  жұмыстары,  өндірісті
дамыту, құрылыс барысында пайда болатын қосымша шығындар жөне т.б.).

Бақылау сұрақтары:
      1.Смета деген не ?
      2.Сметалық құжат деген не ?
      3.Сметалық құжатқа қойылатын талаптары ?
      4.Жаңа объект құрылысының сметалық құжаттарының құрамы ?
      5.Жергілікті сметаны жасау тәртібі ?

Әдебиеттер:
     1. Методика определения  цены  строительной  продукции  –  М.:  «Книга
        сервис», 2005г.
     2. Сметное дело в строительстве. Г.М.  Хайкин  и  др.  Уч.пособие  для
        вузов – М.: «Строийздат», 1991г.
     3. ҚР ҚН  8.02-02-2002.  Қазақстан  Республикасында  құрылыстың  смета
        құнын анықтау тәртібі







                                 Лекция №12
      Тақырыбы :Обьектілік сметалар. Құрылыстың  құнының   жинақ есебі

Лекция жоспары :
      1. Обьектілік сметалар мен обьектілік смета есептерін жасау тәртібі
      2. Құрылыстың  құнының смета есебін жасау тәртібі


     1. Обьектілік сметалар мен обьектілік смета есептерін жасау тәртібі
    Обьектілер деп аталынатын бөлек ғимараттар  мен  имараттардың  сметалық
құнын анықтау  үшін  обьектілік  сметалар  құрастырылады.  Олардың  құрамына
жалпы   құрылыс,    санитарлы-техникалық,    электротехникалық    жұмыстары,
жабдықтарды жинақтау және оның құны,  және  де  осы  обьектінің  құрылысымен
байланысты  барлық  шығындардың  сметалық  құны  кіреді.  Бөлек  ғимараттың,
имараттың және жұмыстардың бөлек түрінің осындай сметалық құжаты  обьектілер
мен жұмыстарды эксплуатацияға өткізу кезінде тапсырыс берушімен  мердігердің
арасында есеп айырысуға негіз болады.
    Горидонталь бойынша (4,5,6,7 және 8 бағаналарға) құрылыс және  жинақтау
жұмыстары, жабдықтардың инвентарлардың және қондырғылардың  құны,  басқа  да
жұмыстардың құнына бөліктеп жазып, сонымен  осы  құрылыс  обьектінің  жобада
қарастырылған инвестицияның (күрделі  қаржының) меншікті көлемін көрсетеді.
    Бірлік  құнның  көрсеткішін  (11  бағана)  8  бағананы  осы   ғимаратты
сипаттайтын  бірлік  құнның   есепті  өлшеміне  (1м2  пайдалы  ауданның  1м3
құрылыс көлемінің, 1 жұмыс орны, 1  оқушы  орны  және  т.с.с.)  бөлу  арқылы
анықтайды.
    Обьектілік сметада бірлік құнның көрсеткіштерін (11 бағана )  анықтауға
бірлік  өлшемдерді  ғимараттың  түріне,  оның  тағайындалуына  және  негізгі
технологиялық сипаттамаларға байланысты анықтау қажет.
              1. Құрылыстың  құнының смета есебін жасау тәртібі


    Кәсіпорындардың,    ғимараттардың,    имараттардың    немесе    олардың
кезектерінің құрылыс құнының смета есебі, жоба құжаттамасымен  қарастырылған
бүкіл обьектілердің құрылысын толығымен аяқтау үшін қажетті болып табылады.
    Құрылыс құнының смета есебі өндірістік және өндірістік смета  құрылысқа
бөлек жасалады және бекітіледі.
      Құрылыс құнының смета есебі қолданыстағы бағалар деңгейінде жасалады.
        Кәсіпорындардың,   ғимараттардың   имараттардың   немесе    олардың
кезектеріне арналған жобаға қатысты құнның смета есебі типтік форма  бойынша
жасалады.
      Бұның  құрамына   бөлек  жолдармен  барлық  обьектілік  сметалар  мен
есептер, сондай-ақ  шығындардың  бөлек  түрлеріне  арналған  смета  есептері
бойынша қорытындылар  кіргізіледі.
      Кәсіпорындар, ғимараттар және имараттар құрылысы  құнының  смета  мен
есептер, сондай-ақ  шығындардың  бөлек  түрлеріне  арналған  смета  есептері
бойынша қорытындылар кіргізіледі.
           Құнның смета есебі оның  құрамында  қатысатын  мердігер  құрылыс
–жинақтау ұйымдарының санына тәуелсіз толығымен  құрылысқа жасалады.
    Құрылыс құнының смета  есептерінде  қаражаттар келесі бөлімдер  бойынша
үйлестіріледі:
    1-тарау.  Құрылыс  аумағы   бойынша   дайындалу   жұмыстарына   кететін
            шығындар
    2- тарау.Құрылыстың негізгі обьектілері;
    3- тарау. Көмекші және  қызмет көрсетуші мақсатындағы обьектілер.
    4- тарау. Энергия шаруашылығының обьектілері.
    5- тарау. Көлік шаруашылығының және байланыстың обьектілері.
    6- тарау. Сумен жабдықтарудың,   канализацияның,  жылумен  және  газбен
жабдықтаудың сыртқы тораптары жжәне имараттары.
    7- тарау. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру.
    8- тарау.Уақытша ғимараттар мен имараттар.
    9- тарау. Құрылысқа арналған қосымша шығындар.
    Сәйкес бөлімен қарастылатын обьектілер, жұмыстар және шығындар болмаған
жағдайда, бұл тарау келесі бөлімдердің нөмірлерін өзгертпей өткізіледі.
    1-тараудың  «Құрылыс  аумағы  бойынша  дайындау   жұмыстарына   кететін
шығындар» құрамына құрылысы салынатын  аймақтың  жерді  кесіп  берумен  және
игерумен   байланысты   жұмыстары   мен   шығындарына   кететін   қаражаттар
кіргізіледі.Бұл жұмыстарға:
    -ғимараттар мен имараттар негізгі  осьтерінің  бөлуінуі,  оларды  жерге
көшіру  және орындармен және белгілермен бекіту;
    -құрылыс аумағы ондағы бар құрылымдардан, егілген ағаштардан, өнеркәсіп
қалдықтарынан, және  т.с.с.  босату,  тұрғындарды  бұзуға  жататын  үйлерден
көшіру,  инженерлік  тораптарды,  коммуникацияларды,  имараттарды   жолдарды
көшіру және қайта  құрылғылау, топырақты құнарлы  қабатын  алу  және  сақтау
және  т.с.с;
    - құрылыс аумағын  құрғату,  су  тұтыну  жағдайларын  тоқтаумен  немесе
азайтумен, сондай-ақ  қоршаған  ортаны қорғаумен  және  құрылыстың  қолайсыз
жағдайларын  жоюмен байланысты ода басқа шараларды жүргізу;
    -уақытша ғимараттар мен имараттарды орналастыруға және құрылысын салуға
арналған алаңшаларды дайындауға кететін шығындар:
    2- таруады  «Көмекші және қызмет  көрсетуші   мақсатындағы  обьектілер»
құрамына  негізгі   қызметтегі  ғимараттардың,   имараттардың   және   жұмыс
түрлерінің  смета құнын кіргізіледі.
    Бұл қаражаттар 4-7 бағандарға кіргізіледі.
    3-тараудың «Көмекші және  қызмет  көрсетуші   мақсатындағы  обьектілер»
құрамына обьектілердің смета құндары кіргізіледі.
    Өнеркәсіп құрылысын үшін:
    -техникалық – жөндеу  шеберханаларының ғимараттары;
    - әкімшілік- тұрмыс өндіріс ғимараттарының;
    -газогенераторлы;
    -оттекті;
    - сығымдауыш;
    - әр түрлі  қойма  бөлмелері;
    -эстакадалар, галереялар;
    -зертханалардың ғимараттары;
    -басқа да ұқсас ғимараттар мен имараттар.
    Тұрғын –азаматтық құрылыс үшін:
    шаруашылық корпустар;
    өту жолдары, арухана және ғылыми қалашықтарындағы жылыжайлар;
    қоқыс жинағыштар және т.б.
    жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған (бөлек тұрған
    поликлинникалар,   асаналар,   дүкендер,   тұрмыстық   қызмет   көрсету
обьектілері және басқа да   обьектілер) және кәсіпорындардың  құрылысы  үшін
кесіп берілген аумақтың  шегінде  орналасқан  мәдени-  тұрмыстық  мақсаттағы
ғимараттар мен имараттар;
    табиғатты қорғау жұмыстары,  мәдени  ескерткіштерді  қорғау  жұмыстары,
мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша жұмыстар және осы тектес жұмыстар.
    Қазандық,  электрмен  жабдықтау  желісі,  жылу  тораптары,  абаттандыру
жолдар және кешенді жобаға қатысты, әдетте, құрылыс құны смета есебінің  3-7
бөлімдерінде көрсетілген басқа да сияқты бөлек жоба жасалған  жағдайда,  бұл
обьектілердің сметалық құны негізгі обьектілер ретінде 2 бөлімге  кіргізілуі
 тиіс.
    4   тараудың   «Энергетика   шаруашылығының   обьектілеріне»     келесі
обьектілердің  сметалық құны кіреді:
    -  өнеркәсіп  аймағында  жайғасқан  электрстана  және  трансформаторлық
стансаларының  ғимараттары,  сыртқы   трансформаторлық   киосектер,   жоғары
кернеулі электрожеткізу сызықтары (ауа және  кабельдік).
    5  тараудың  «Көлік  шаруашылығының  және  байланыстың   обьектілеріне»
келесі  ғимаратттардың  құрылысымен  байланысты   жұмыстар  мен  шығындардың
қаражаттары кіреді өнеркәсіптерге теміржол  және кіру жолдарының  автомобиль
жолдарының,  көлікке  қызмет  көрсететін   ғимараттар   мен   үймереттердің;
тасымалдау құралдардың тұрақ  алаңшалардың,  байланыстың  барлық  түрлерінің
қондырғыларының сыртқы   және   ішкі;  барланыс  қондырғыларын  жайғастыруға
арналған ғимараттардың; өнеркәсіптердің (ғимараттардың)  радиофикациясы  мен
сағаттарының .
     6 тараудың «Сумен жабдықтарудың  канализацияның  жылумен  және  газбен
жабдықтаудың  сыртқы  тараптары   және   имараттары   келесі   құрылыстардың
шығындары кіреді.
    -насос   стансалардың,   бөгеттердің,   суалу    имараттарының,   сумен
жабдықтайтын қысым сызықтарының; канализацияның сыртқы су  желілерінің  суды
тазалау    имараттарының;     өнеркәсіптерді    газфикациялаудың    қабылдау
қондырғыларының және басқалардың.
    7  тараудың  «Аумақты  абаттандыру  және  когалдандыруға»  келесілердің
шығындары жатады.
    -  өнеркәсіптің   барлық  территориясын  тік  жоспарлау   асолдар   мен
алаңшалардә егу, газондар мен клубмбаларды жасау, спорт имараттары,  аумақты
қоршау, сыртқы жарықтандыру және басқалар тиісті смета  нормаларының  жинағы
бойынша анықталатын шығындар кіргізіледі.
    Уақытша ғимараттар мен имараттарға арналған шығындар, құрылыс –  жөндеу
жұмыстарын, қайта құрылымдауды,  кеңейтуді  жұмыстарын,  қайта  құрылымдауды
кеңейтуді  және жетілдіруді жүргізген кезед 0,8 коэффицентімен анықталады.
    9 тараудың «Құрылысқа арналған  қосымша  шығындар»  құрамына  мыналарға
арналған қаражаттар кіргізіледі.:
    - смета нормаларының тиісті жинағы  бойынша  анықталатын  және  жинақты
смета есебінің 4 және 7 бағандарында көрсетілген қыс уақытында  жүргізілетін
құрылыс-жинақтау жұмыстарының өндірісіне арналған;
    -электр энергия  құнының айырмашылығын ескеретін шығындар:
    -тиісті  баға  көрсеткіштері  бойынша,  ал  олар    болмаған   жағдайда
жабдықтың жинақталу  құнының 5% мөлшерінде  іске  қосып  реттеу  жұмыстарына
кететін шығындарға арналған;
    -қабылданған    техникалық    шешімдердің    (тәжірибе    қондырғыларын
құрылымдаумен және жабдықтарды сатып алумен  байланысты  жұмыстардан  басқа)
жобада жүзеге асырылуы үшін ғылыми-  зерттеу,  эксперимент  немесе  тәжірибе
жұмыстарын орындауға арналған;
    -ғимараттар  имараттардың  орын  ауыстыруының  және   деформацияларының
геодезиялық бақылауларын жүргізузе арналған.
    -смета нормаларымен ескерілмеген шығындардың бөлек түрлері.
    Құрылыс  құнының  смета  есебінде  (4-7  бағандарда)   келесі   бойынша
қорытындылар келтіріледі.
    әрбір тарау бойынша  (тарауда , әр бір бөлім бойынша деген бөлімдер бар
болған кезде);
      1-7,1-8,1-9 тарауларының сомасы бойынша;
      2001 жылдың базалық бағаларындағы   құнының  сметалық  есебі  бойынша
қорытынды.


      Бақылау сұрақтары:
    1.Объектілік сметаның қажеттілігі
    2.Объектілік сметаның құрамы
    3.Объектілік сметаны  жасау талаптары
    4.Объектілік сметаны жасау тәртібі
    5.Құнның базалық деңгейі деген не ?
    6.Ағымды баға деңгейі қалай анықталады ?

Әдебиеттер:
    1. ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың смета құнын
       анықтау тәртібі
    2. Методика  определения  цены  строительной  продукции  –  М.:  «Книга
       сервис», 2005г.
    3. Сметное дело в строительстве. Г.М. Хайкин и др. Уч.пособие для вузов
       – М.: «Строийздат», 1991г.





                                 Лекция №13
   Тақырыбы :Құрылыстың құнын ағымды баға деңгейінде  анықтау.  Құрылыстың
                              келісімді  бағасы

Лекция жоспары :
      1. Құрылыстың   ағымды баға деңгейін анықтау
      2. Құрылыстың  келісімді бағасы

                 1. Құрылыстың  ағымды баға деңгейін анықтау

      2001 жылдың базалық деңгейінен  құрылыстың  смета  құнын  қолданыстағы
деңгейіне ауысу, бюджет заңына сәйкес жыл  сайын  белгіленетін  айылық  есеп
көрсеткіштің өзгеру әріпсаны (Аекә) арқылы жүзеге асады:
Аекә =АЕК қолданыстағы / АЕК 2001
АЕК  қолданыстағы –осы жылда бюджет заңына сәйкес  белгіленетін  айлық  есеп
көрсеткіші.
      АЕК 2001-2001 жылдағы бюджет заңынан сәйкес  белгіленетін  айлық  есеп
көрсеткіші. АЕК 2001=775  теңге.
      Алынған сома «200 – жылдың қолданыстағы бағаларындағы сметалық  есепті
бойынша қорытынды» жолында көрсетіледі.
      Қолданыстағы  бағалар  деңгейіндегі  сета  құны,  қолданыстағы  заңмен
белгіленген  салықтарды,  алымдарды,  міндетті  төлемдерді  ескеретін,  1,02
коэффицентін ескеріп анықталады.
      Қорытындыдан кейін:
-қолданыстағы  заңмен  белгіленген   және   құрылыс   құнын   жасайтындармен
ескерілмеген салықтар, алымдар, міндетті төлемдер ескеріледі.
Қолданыстағы бағалар құн  смета  (ҚҚН),  қолданыстағы  бағалар  деңгейіндегі
смета  құнынан  Қазақстан  Республикасының  заңымен   белгіленген   мөлшерде
қабылданады.
      Құрылыс  құны  болып,  қосылған  құн  салығы  ескерілген  қолданыстағы
бағалар деңгейіндегі смета құны саналады.
      Құрылыстың құны, бірге  жобалау құжаттамасы жасалған  инвестициялардың
негіздемелерінде    немесе    технико-     экономикалық     негіздемелерінде
қарастырылған есептік құнға сәйкес немесе төмен болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары:
   1. Келісім бағаның түрлері
   2. Тұрақты баға деген не?
   3. Ашық баға деген не?
   4. Келісім бағаны құрастыру
   5. Келісім бағаны анықтаудың негізі

Әдебиеттер:
   1. ҚР ҚН 8.02-02-2002. Қазақстан Республикасында құрылыстың  смета  құнын
      анықтау тәртібі
   2. Методика определения цены строительной продукции – М.: «Книга сервис»,
      2005г.
   1. Сметное дело в строительстве. Г.М. Хайкин и др. Уч.пособие для вузов –
      М.: «Строийздат», 1991г.





















-----------------------
                              Тікелей шығындар

                               Үстеме шығындар

                    Нормаланбайтын ескерілмейтін шығындар

                            Сметалық өзіндік құны

     Жабдықтарды, құралдарды, инвентарларды сатып алуға қажетті шығындар

                   Құрылыс-жинақтау жұмыстарының шығындары


                               Басқа шығындар

                          Құрылыстың сметалық құны

                         Жұмысшылардың еңбек ақысына

                           Машиналарды пайдалануға

                                    Басқа

                                Материалдарға

                               Үстеме шығындар

                       әкімшілік шаруашылық шығындары

                           Басқа үстеме шығындары

      Құрылыс алаңында  жұмыстарды  ұйымдастырумен байланысты шығындар

        Құрылыс жұмысшыларына  қызмет көрсетумен байланысты шығындар

















Пәндер