Файл қосу

Жұмыс ауа салыстырмалы ауа



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                  |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ                                              |
|ШӘКӘРІМ атындағы                                                           |
|СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                             |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК               |Е ПОӘК 042-14.4.05.           |
|                        |                   |1.20.20.38.03- 2013 ж.        |
|ПOӘК                    |«30»09 2013 ж.     |                              |
|«Өндірістік санитария»  |№ 2 басылым        |                              |
|пәннінің оқу әдістемелік|                   |                              |
|материалдар             |                   |                              |




                           «Өндірістік санитария»



                       ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ


   050731 – Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
                            мамандығына арналған



                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  МАТЕРИАЛДАР













                                    Семей
                                    2013








      1. ҚҰРАСТЫРУШЫ
      Құрастырушы: техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Шәкәрім  атындағы
Семей мемлекеттік университетінің «Экология  және  қоршаған  ортаны  қоргау»
кафедрасының профессор м.а.
        Сарсембенова О.Ж.                             ____________  «  28
»   08      2013 ж.


      2  ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті   «Экология  және
қоршаған ортаны қорғау» кафедра отырысында


      «  3   »       09                2013  ж.           №     1    хаттама



Кафедра меңгерушісі,доцент             ____________   Кабышева Ж.К.


      2.2. Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюро отырысында
    Хаттама №    1     «__18_» __09___ 2013ж.


АФ  ОӘБ   төрағасы       _________                             доцент   м.а.
Тлеубаева А.В.


3  БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады


Хаттама № 1 «_18__» ___09__ 2013ж.

Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,
оқу – әдістемелік жұмысы бойынша проректор              профессор   Искакова
Г.К.



      4  №2 басылым 30.09.2009 ж. ауыстыруға  кіргізілді.   Кешен  Қазақстан
республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім  стандарты  МЖБС  негізінде
жаңартылған 5.04.019.-2011. Бакалавриат.
















                                   Мазмұны


      |1|Глоссарий                                                            |  |
|2|Дәріс сабақтары                                                      |  |
|3|Лабораториялық сабақтар                                              |  |
| |                                                                     |  |
| |                                                                     |  |
| |                                                                     |  |
| |                                                                     |  |
| |                                                                     |  |
































   I Глоссарий



Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен ұйымдастыру шараларының
жүйелері, жұмыс істеп тұрған зиянды өндірістік факторлардың әсерлерін
қысқартады немесе төмендетеді.

Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы кезінде әсер ететін зиянды
және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.

Еңбек қауіпсіздігі талаптары -  бұл заңды актілермен, нормативті техникалық
құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген талаптар, оларды орындау
ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары –  белгілі  бір  өндіріс  факторларының
әсе етуі қызметкерлердің жұмыс  қабілеті  төмендеуіне  немесе  ауыруына,  не
оның  ұрпақтарының  денсаулығына  теріс  ықпал  етуіне  әкеп  соғатын  еңбек
жағдайлары.
Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір  өндіріс  факторларының
әсе  етуі  еңбекті   қорғау   ережелері   сақталмаған   жағдайда   қызметкер
денсаулығының кенеттен  күрт  нашарлауына  немесе  оның  жарақаттануына,  не
қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор – бұл жұмыс істеу кезінде  ауру  немесе  жұмысшының
жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Қалдық (шайынды) су -әртүрлі өнеркәсібінен пайдаланын шығатын лас су.
Жұмыс орны (зонасы) – еденнең 2 м биіктікті кеңістік алаңы.
Қалыпты атмосфералық қысым – 0,1013 МПа (бұл 760 мм сынап бағанасына  сәйкес
келеді).
Терморегуляция – шектелген  С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап  тұруға
бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі.
Зарарсыздандыру (немесе дезинфекция) дегеніміз –  адамды  қоршаған  ортадағы
жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы шаралар жиынтығы.





















      II. Дәріс сабақтары
                                   1 Дәріс
       Кіріспе.Өндірістік санитария курсының мәні және мазмұны. Курс мақсаты
мен тапсырмалары. ҚР негізгі құқықтық актілері


      Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі салаларында міндеттерді ойдағыдай тарату
өте қажет,  бұл  саладағы  әрбір  маман  терең  практикалық  және  теориялық
дағдыларға ие болуы тиіс,  олар  бұл  алған  білімдерін  кәсіби  қызметтерде
пайдалана алады. «Өндірістік  санитария»  пәні  әр  түрлі  қауіпсіздіктерден
адамардың тіршілік әрекеті процестерін үйренуге  бағытталған,  бұлар  арқылы
негізінен құбылыстарды, процесстерді, объектлерді түсінеді.  Пәннәң  негізгі
міндеті медицина саласындағы «Өндірістік санитария», ол  студенттерге  жұмыс
істейтін  адамдардың  организмдеріне  қоршаған  өндірістік  орта  мен  еңбек
процестерінің әсерін үйретеді және кәсібі аурулардың  алдын  алу  мен  жақсы
еңбек шартымен қамтамасыз ету  үшін  шаралар  ұйымдастырады.  Оларды  үйрену
негіздеріндегі еңбек шарты мен жұмыс істейтін  адамдардың  ағзаларына  әсері
болып табылады.
Пәннің мақсаты: өнеркәсіп санитария мәселері  бойынша,биологиялық,  химиялық
және физикалық, психофизиологиялық факторлардың жұмыс істейтіндер  мен  адам
организмдеріне әсерін студенттерге практикалық және физикалық  дайындықтарға
үйрету.
Пәннің міндеті: білімді меңгеру  болып  табылады,  жұмыс  орындары,  олардың
адам организмдеріне әсері  мен  қолайлы  метеошарттар  құру  әдістері  болып
табылады.  Бұл  пәнді   үйрену   негізінде   050731   «Тіршілік   әрекетінің
қауіпсіздігі және қоршаған  ортаны  қорғау»  мамандығы  бойынша  Мемлекеттік
жалпыға  міндетті  стандатрқа  сәкес  студенттер   мыналарды   білуі   тиіс:
биологиялық, химиялық, қоршаған ортанының физикалық ластануы, динамика  және
осы факторлардың адам деңсаулығы мен профилактика  өлшемдеріндегі  әсер  ету
жолдарының көздері туралы түсінігі болу керек.
Осы пәнді оқығанның нәтижесінде студенттер келесіні білуге тиісті:
жалпы сипаттамаларды, құрылымдар мен ерекшеліктерді  биологиялық,  химиялық,
физикалық адам денсаулығына негативті әсерлер көрсететін,  қоршаған  ортаның
ластану  факторлары  мен  тіршілік  әрекеті  қауіпсіздігі,   сонымен   қатар
талданатын объектлердің баға критерийлері;
істеп  білу  керек:   өнеркәсіп   санитария    көзқарастарымен   зерттелетін
объектілердің экспертті-аналитикалық  бағаларын  орындау,  олардың  қатарына
қоршаған орта мен адамдар үшін  олардың  қауіпсіздігінің  дәреже  талдаулары
жатады.
Құзіретті  болу:  Санитарлы-тазалық  және  емдеу-профилактикалық   шараларда
дайындау мақсатымен жұмыс  устейтін  адамдардың  организмдеріндегі  қоршаған
орта мен еңбек процестерінің әсерін  үйрену,  неғұрлым  жақсы  еңбек  шартын
құруға  бағытталған,  ұжымның  енбекке  қабілеттілігінің  биік  деңгейі  мен
деңсаулығын қамтамасыз ету сұрақтарында.
    Бақылау сурақтары:
1.Пәннің мақсаты?
2. Пәннің міндеті? 3. ҚР негізгі құқықтық актілерін ата.
      2 дәріс
      Өндірістік санитариядағы негiзгi түсiнiктемелер мен анықтамалар

Өндірістік санитария – бұл техникалық құралдар мен  ұйымдастыру  шараларының
жүйелері,  жұмыс  істеп  тұрған  зиянды  өндірістік  факторлардың  әсерлерін
қысқартады немесе төмендетеді.

Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмысшылардың жұмысы  кезінде  әсер  ететін  зиянды
және қауіпті өндірістік факторларда болдырмайтын еңбек шартының жағдайы.

Еңбек қауіпсіздігі талаптары -  бұл заңды актілермен, нормативті  техникалық
құжаттармен, ереже және нұсқаулармен белгіленген  талаптар,  оларды  орындау
ұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары –  белгілі  бір  өндіріс  факторларының
әсе етуі қызметкерлердің жұмыс  қабілеті  төмендеуіне  немесе  ауыруына,  не
оның  ұрпақтарының  денсаулығына  теріс  ықпал  етуіне  әкеп  соғатын  еңбек
жағдайлары.
Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары – белгілі бір  өндіріс  факторларының
әсе  етуі  еңбекті   қорғау   ережелері   сақталмаған   жағдайда   қызметкер
денсаулығының кенеттен  күрт  нашарлауына  немесе  оның  жарақаттануына,  не
қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Зиянды өндірістік фактор – бұл жұмыс істеу кезінде  ауру  немесе  жұмысшының
жұмысқа қабілеттілігін төмендетуге әкеліп соғатын өндірістік фактор.
Қалдық (шайынды) су -әртүрлі өнеркәсібінен пайдаланын шығатын лас су.
Жұмыс орны (зонасы) – еденнең 2 м биіктікті кеңістік алаңы.
Қалыпты атмосфералық қысым – 0,1013 МПа (бұл 760 мм сынап бағанасына  сәйкес
келеді).
Терморегуляция – шектелген  С-дегі тұрақты темпераура балансын ұстап  тұруға
бағытталған бірнеше физиологиялық және химиялық прцестердің бірлестігі.

    Бақылау сурақтары:
1. Өндірістік санитария деген не?
2. Зиянды (өте зиянды) еңбек жағдайлары?
3. Қауіпті (өте қауіпті) еңбек жағдайлары деген не?
4. Жұмыс орны деген не?








   3 Дәрiс
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағын таңдауға және  жоспарлауға,  өндірістік
үймереттердің, ғимараттардың, жайлардың және қоршаған  аумақтың  орналасуына
қойылатын санитарлық талаптар

Өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормалары
Жарықтандыру,  жылыту,  вентиляция  (желдету)  және   ауаны   кондиционирлеу
санитарлық нормалар.
1.Өндірістік  орындарындағы   жарықтандыру   СНиП   «Табиғи   және   жасанды
жарықтандыру.Жобалау нормалары талаптарына» сәйкес болу керек.
2. Өндірістік орындарда көбінесе  табиғи  жарықтандыру;  жарық  коэффициенті
(ЖК)  1:6 – 1:8  шегінде болу керек. Тұрмыс орындарында ЖК  1:10  аз  болмау
керек.  Табиғи  жарықтандыру  коэффициенті   (ТЖК)   еңбек  түрі  мен   көру
кернеулігінің есебімен қарастыру керек.
Табиғи жарықтандыру жеткіліксіз болғанда  жасанды жарықтандыруды –  көбінесе
люминесценті шамдарды  қолдану  керек.  Ауыр  еңбек  жағдайлары  бар  немесе
тұрақты жұмыс орындары жоқ өндіріс орындарында қызу шамдарын қолданған жоқ.
3. Жасанды жарықтандыру барлық цехтарда және жұмыс  орындарында болу  керек,
ал  өндіріс  орындарында  қажет   болған   жағдайда   жасанды   жарықтандыру
жергілікті немесе аралас болу керек.
Ерекше көру кернеулігін қажет ететін өндіріс операцияларын  орындаған  кезде
жұмыстың түріне және көлеміне қарай аралас немесе жергілікті  жарықтандыруды
қолдану керек.
4.Люминесценті шамдар  қорғану  торымен,  шашыратқышпен  немесе  арнайы  шам
патрондармен жабдықталу керек, өйткені шамдар құлап қалмау  керек,  ал  қызу
шамдары жазық қорғану шынысымен жабдықтану керек.
5. Ашық  технологиялық  процесстер  өтіп  жатқан  жұмыс  орындарында  шамдар
технологиялық   жабдықтың   үстінде   орналаспау   керек,   себебі    шамның
жарықшақтары*осколки өнімге түсіп кетпеуі қажет.
6.  Жарықтың  кіру  орындарын  құралдармен,  ыдыспен,  жабдықпен  ғимараттың
ішінде және сыртында жабуға болмайды.  Жарық  кіру  орындарындағы  шыныларды
жарық өтпейтін, мөлдір емес материалдармен ауыстыруға болмайды.
Қайта жобалау кезінде, жұмыс орнының  қолдану  түрі  өзгерген  кезде  немесе
жабдық  басқа  жабдықпен  ауыстырылған  кезде  жарықтандыру  жаңа  шарттарға
сәйкес жарықтандыру нормаларына сәйкестендірілуі керек.
7.Ерекше  санитарлы   режимді   талап   ететін   жұмыс   орындарында   ауаны
зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдарды орналастыру керек.
Медпункттерде ультракүлгін сәулелену жабдығы орналасу керек.
8.Кәсіпорындар    негізгі    жарықтандырумен    қатар    авария    кезіндегі
жарықтандырумен де қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Жылыту жүйесі СНиП «Жылыту, вентиляция, ауаны  кондиционирлеу»,  «Өндіріс
ғимараттары», «Әкімшілік және тұрмыс ғимараттары»  талаптарына  сәйкес  болу
керек.
Өндіріс және  көмекші  ғимараттарды  жылыту  жүйесінде  жылутасығыш  ретінде
жылытылған суды, сулы қаныққан буды пайдаланған дұрыс.
10.Өндірістердің  жылу  тізбегінен   алыс   орналасқан   ғимараттарды   және
тоңазытқыштары мен қоймалары бар  жылытылатын  орындарды  жылыту  үшін  жылу
көзі ретінде электроэнергияны пайдалануға болады.
11.Жылытылмайтын қоймаларда  көмекші  орындарда  ғана  жылытуды  ұйымдастыру
керек.
Қоймаларды жылытқанда белгілі бір температураны сақтап жылытуды  ұйымдастыру
керек.
12.Барлық өндіріс цехтарында және  негізгі  өндірістің  көмекші  орындарында
жылыту құралдары ретінде шаңды тазалауға мүмкіндік  беретін  конструкциялары
бар радиаторлар қолданылуы керек.
13.Термостатты  орындарды  технологияға  керек  температураны   жасау   үшін
өндірістік жылу қамтамасыз ету жүйесінен булы жылытуды  қолдану  керек  және
де жылыту құралдары ретінде жазық құбырлардан тұратын  регистрлерді  қолдану
керек.
14.Өндірістік  және  көмекші  ғимараттарда  және  орындарда  «Өнеркәсіптерді
жобалаудың санитарлы  нормаларына»,  СНиП  «Жылыту,  вентиляция  және  ауаны
кондиционирлеу»,  «Өндірістерді  жобалаудың  санитарлы  талаптарына»  сәйкес
келетін табиғи, механикалық, аралас вентиляция немесе  ауаны  кондиционирлеу
қолданылуы керек.
15.  Өндірістік  және  көмекші   орындарында   жылыту,   вентиляция   немесе
кондиционирлеу құралдарымен
-жұмыскерлердің деңсаулығы мен жұмыс істеу мүмкіндігі;
- технологиялық процесстерді қамтамасыз етілуі;
-өнімдер мен материалдардың сақталуы;
-жабдықтардың сақталуы
үшін жайлы атмосфералық орта жасалу керек.
Атмосфералық  ортаның   параметрлері   «Өндіріс   орындары   микроклиматының
санитарлы нормаларының» талаптарына сәйкес болу керек.  Жұмыс  категориялары
«Өндірістердің  технологиялық  жобалауының  нормалары»   бойынша   қабылдану
керек.
16.Өнеркәсіптердегі өндіріс және төрмыс орындарында,  лабораторияларда  және
басқа орындарда  приточно-  вытяжная  жалпы  алмасу  механикалық  вентиляция
(немесе кондиционирлеу), қажетінше, жергілікті вытяжная вентиляциямен  бірге
болу керек.
17.Табиғи ветиляция көмекші қызметтердің кейбір орындарында болуы мүмкін .
18. Тұрмыс  орындарда,  дәретханаларда,  лабораторияларда  жалпыалмасу  және
жергілікті вентиляцияның дербес жүйелері болу керек.
19.Өндіріс орындарына берілетін келуші ауа шаңнан тазартылуы керек.

Сумен қамтамасыз етілу және канализация
1.Кәсіпорында керекті  таза  су  мөлшерімен  қамтамасыз  етілуі  тиіс;  суды
қажетсіну есебін «Өндірістердің технологиялық  жобалау  нормаларына»,  СНиП,
«ішкі водопровод және ғимараттардың канализациясы» сәйкес шығару керек.
2.Сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау, суды  алу  орындарын  таңдау,  Сумен
қамтамасыз етуді ұймдастырудың және бақылаудың әдістемелік нұсқаулар  сәйкес
болу керек.
Кәсіпорындардағы сумен  қамтамасыз  ету  жүйесінің  устройство  СНиП  «Сумен
қамтамасыз ету. Сыртқы тізбектер және құрылыстар» және «ішкі»
Өндірістік кәсіпорындардың санитарлық жіктемелері
    Қоршаған ортаға адамдардың зиянды ықпалын азайтудың жолдарының  бірі  әр
мемлекет өз территориясында  халықты  орналастыру  мәселесін  дұрыс  шешуіне
байланысты. Ол үшін  ғылыми  жетістіктерге  негізделген  үлгі  жасау  қажет.
Өнеркәсіптің,  ауыл  шаруашылығының,   басқа   да   шаруашылық   салаларының
болашақта  өсу  қарқының  ескере  отырып  қалалар   мен   елді   мекендердің
орналасатын орындарын алдын ала белгілеу керек.
    Жанадан салынатын зауыт пен фабриктерді өзен ағысы бойынша қаладан төмен
орналастырып, халықтын таза су ішуыіне жағдай жасап, жердің тұрақты  бағытын
ескеріп түтін мен уытты газ қалаға қарай ұшпауын ойластырады.
    Әрбір қаланың келешекте өркендеуін ескерген бас  жоспар  жасалады.  Жаңа
құрылыстар,  көшелер,  алаңдар,  тұрғын  нйлер,  кәсіпорындар   осы   жобаға
көрсетілген  орындарда  салынады.  Жобо  жасағанда   ғимараттардың,   тұрғын
үйлердің, парктермен, демалыс алаңдарын, бұл өңірдегі желдің бағытын, жауын-
шашын  мерзімдерін,  күн  сәулесінің  әсерін  т.б.  табиғи  құбылыстар   мен
өзгерістерін ескеріп салу көзделеді.
    Кала территориясы  атқаратын  қызметіне  қарай  бірнеше  аймаққа  зонаға
бөлінеді:  өнеркәсіптік  аймақ,  санитарлық-қорғау  аймағы,   тұрғын   үйлер
аймағы, коммуналды шаруашылық аймағы, сыртқы көлік  аймағы,  қала  маңындағы
аймақ.
    Өнеркәсіптік  аймақ   -  мұнда  өнеркәсіп    орындары,   олармен   тығыз
байланысты басқа да мекемелер орналасады. Егер  3000  метрлік  санитарлық  –
қорғау  алқап  бұл   кәсіпорындардың   уытты   қалдықтарынан   қорғау   үшін
жеткіліксіз  болса,  оларды  қалада  орналастыруға  тыйым  салынады.   Ауаны
ластайтын  зиянды  қалдықтары  бар  кәсіпорындар  биік  жерге,  немесе  қала
тұрғындарына зиянды болмас үшін желдің ығына, су  лайлайтын  қалдықтары  бар
кәсіпорындар тұрғын үйлер алқабынан төмен ағысы бойынша орналасады.
    Бұрын қаладағы кәсіпорындар,  коммуналдық,  сауда  т.б.  тұрмыс  қажетін
өтейтін мекемелер айналасы  лас,  терезесі  қыйраған,  қоршаулары  жұлынған,
төбе-төбе қалдықтар үйілген кісі ұялатын орындар  болатын.  Қазір  біртіндеп
өндірістіу аймақ көріктеніп келеді. Ғимараттары сәулетті  –  көркем  жобамен
салынып, есік-терезесі бүтін, территориясы  таза,  ағаш  орнатылған,  гүлдер
егілген, дем алатын орындары бар, жағалай асфальт  төселген,  қаланың  сөнін
бұзбай, керісінше көрік беретін орындарға айналды.
    Санитарлық-қорғау  аймағы  өнеркәсіп   орындарының   қала   тұрғындарына
тигізетін зиянды әсерлерін азайту үшін құрылады. Бұл аймақ тұрғын үйлер  мен
кәсіпорын аралығында болады. Санитарлық-қорғау  аймағында  ағаштар,  бұталар
отырғызып,  қойма,  гараж  салып,  түрлі  жарнамалар  іліп  тұрғын   үйлерге
ластанған  ауаны  өткізбеудің  қамын  жасайды.  Аймақтың  кем  дегенде    40
процентіне ағаштар отырғызу қажет.
    Тұрғын үйлер аймағы. Бұл аймаққа тұрғын  үйлер  ,  қоғамдық  орталықтар,
көпшілік пайдаланатын жасыл желекті демалыс орындар, бау-бақшалар,  мәдениет
мекемелері т.б. кіреді.  Зиянды  қалдықтары  жоқ  кәсіпорындарды  да  осында
салуға болады.
    Коммуналды шаруашылық аймағы. Бұған коммуналдық шаруашылық  мекемелермен
қатар сауда орындарының қоймалары, көліктік және тұрмыстық  қажетті  өтейтін
мекемелер, жабдықтау және сату ұжымдары кіреді.
    Сыртқы  көлік  аймағы.  Мұнда  кісі  және  жүк  таситын  автобаздар,  су
станциялары т.б. қызмет  көрсететін  мекемелер  орналасады.  Аймақ  шекарасы
тұрғын үйлерден 100 м қашықтықтан кем болмау керек.
    Қала тұрғындарын шудан дыбыстан қорғау мақсатымен жалпы  қалалық  маңызы
бар үлкен көшелердің ені 75 м-ден, көп қатарлы үйлер тұрған  көшелер  25  м-
ден, бір қатарлы үйлер тұрған көшелер –15 м-ден кем болмауы шарт.
Қала маңындағы аймақ. Дем алыс күндері, қолдары бос уақытта қала  тұрғындары
дем алу үшін құрылады. Онда жасыл желекті дем алыс  орындары,  бау-бақшалар,
су қоймалары, қайықтар т.б. демалыс құралдары болады
    Бақылау сурақтары:
1.Өнеркәсіпке қойылатын санитарлық талаптар?
2. Өнеркәсіптік аймақ ?
3. Санитарлық-қорғау аймағы деген не?















      4 дәріс.
Жұмыс орындары микроклиматының параметрлері, олардың организмге  әсер  етуі,
қолайлы метеожағдайлар жасау әдістері

Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық  жағдайы   температурамен,  ылғалдылықпен,
қысыммен, қозғалысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы  факторлардың  әр
түрлі қосынды  мөлшері  жұмысқа  жағымды  және  жағымсыз  жағдайлар  туғызуы
мүмкін. Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа  жылдамдығының
жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек  ету
ағзаның жылу  бөлуін  және  көмірсутектердің  алмасуын  жоғарлатса,  жоғарғы
температурада еңбек ету адам ағзасының  тез  құрғауына  әкеліп  шамадан  тыс
суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.
    Микроклиматта   температураның   жоғары   төмен   түсуінен   және   ауа
жылдамдығының  жоғарылығынан  тұмау  аурулары   пайда   болады.   Ал   төмен
температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және  көмірсутектердің  алмасуын
жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету  адам  ағзасының  тез  құрғауына
әкеліп шамадан  тыс  суды  қажет  еткізеді,  бұның  бары  еңбек  өнімділігін
төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.
    Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және  желдету  (вентиляция)
жүйесі  арқылы   қанағаттандырылады.   Сонымен   қатар   жабдықтардан   және
өндірілетін өнімнен  жұмысшы  аймаққа  бөлінетін  жылуды  және  ылғалдылықты
жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.
    Микроклимат жағдайын әр түрлі  құрылғылармен  бақылауға  және  реттеуге
болады.  Ауаның  қатысты  ылғалдығын     стационарлы   немесе   аспирационды
психрометрлермен   өлшейді.   Психрометр   құрылысы   құрғақ   және   дымқыл
термометрлерден  тұрады  (дымқыл   термометр   резервуары   ылғалды   ортада
орналасады). Термометрдің  әр  түрлі  көрсеткіштерінің  сандық  мәндері  мен
психометриялық кестені қолдану арқылы ауа  ылғалдылығы  анықталады.  Цехтағы
жұмысшы аймақтың микроклиматының оптималды параметрлері  жұмыс  күрделігінің
категориясына және жыл  мезгілінің  қарастырылуына  тәуелді.  Микроклиматтың
талап  етілген  жағдайы  жылыту  және  желдету  (вентиляция)  жүйесі  арқылы
қанағаттандырылады, сонымен  қатар  жабдықтардан  және  өндірілетін  өнімнен
жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе  минимумға
келтіру  шаралары  жүргізіледі.  МЕСТ  12.1   005-88   бойынша   микроклимат
нормалары белгіленеді және алынады.
          Микроклимат  сыртқы  қоршаған  ортаның   климаттық   және   табиғи
жағдайларымен өте тығыз байланысты. Оның  жағдайын  әр  түрлі  құрылғылармен
бақылауға және реттеуге болады.
                          Микроклиматтың нормалық негіздемелері
 Ет өнеркәсіптеріндегі цехтың  жұмысшы  аймағындағы  температура  нормалары,
ауаның қатысты ылғалдығы және қозғалысының жылдамдығы кестеде келтірілген.
1-кесте.
|Өндірістік  |Жұмыс |                   |             Мүмкіндік     |Жұмыс   |
|ғимарат.    |күрдел|Оптималды          |                           |істелмей|
|            |ігі   |                   |                           |тін     |
|            |нің   |                   |                           |орында  |
|            |катего|                   |                           |ғы ауа  |
|            |р-иясы|                   |                           |ның     |
|            |.     |                   |                           |мүмкін  |
|            |      |                   |                           |дік     |
|            |      |                   |                           |температ|
|            |      |                   |                           |урасы,  |
|            |      |                   |                           |[pic].  |
|            |                                                               |
|Жылуы       |Орта ауырлықты.                                                |
|молырақ     |                                                               |
|өндірістік  |                                                               |
|ғимарат ( 23|                                                               |
|Вт/м3       |                                                               |
|көбірек).   |                                                               |



Жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы  (МЕСТ  12-1-005-
88 «Жұмыс орнындағы ауа»)

2-кесте. Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және  ауа
қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары

|Жыл мезгілдері |Жұмыс         |Температура,  |Салыстырмалы    |Ауа        |
|               |категориясы   |С0            |ылғалдылық,%    |қозғалысыны|
|               |              |              |                |ң          |
|               |              |              |                |жылдамдығы,|
|               |              |              |                |м/с        |
|Суық және      |жеңіл         |20-23         |60-40           |0,2        |
|көшпелі жыл    |-І            |              |                |           |
|мезгілі        |орта          |18-20         |60-40           |0,2        |
|               |ауырлық   ІІа |              |                |           |
|сыртқы ауаның  |              |              |                |           |
|температурасы  |орта          |17-19         |60-40           |0,3        |
|+100С-дан төмен|ауырлық   ІІб |16-18         |60-40           |0,3        |
|болған мезгіл  |ауыр          |              |                |           |
|               |ІІІ           |              |                |           |
|Жыл уақыты     |жеңіл         |22-25         |60-40           |0,2        |
|               |-І            |              |                |           |
|Сыртқы ауаның  |              |              |                |           |
|t+100С және    |орта          |21-23         |60-40           |0,3        |
|одан жоғары    |ауырлық    ІІа|              |                |           |
|болған мезгіл  |              |              |                |           |
|               |орта          |20-22         |60-40           |0,4        |
|               |ауырлық   ІІб |18-21         |60-40           |0,5        |
|               |ауыр          |              |                |           |
|               |ІІІ           |              |                |           |


      І категориялы жұмыс – адамның  энергия  жұмсауына  байланысты  жұмысты
шектеу (ккал/с). Жұмыс  категориясын  жұмыскердің  энергия  жұмсауына  қарай
салалық,  нормалық  құжаттарға  сәйкестендіріп  анықтайды.  Жеңіл  физикалық
жұмыстар (І категория) -  отырып,  тұрып  және  жүріп  жасалатын   жұмыстар,
бірақ,   үнемі   физикалық   күш   жұмсауды    қажет    етпейтін    жұмыстар
(150ккал/с,172Дж/с).
      ІІ категориялы жұмыс  –  ауырлығы  орташа  физикалық  жұмыстар;  түрлі
жұмыстар.
      Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)-  ІІа  категорияға
және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.
      ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі  тұрып  және  отырып  істейтін,
бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.
      ІІб  категориясына  жүріп  істейтін  және  шағын  (үлкен  емес)  нәрсе
таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.
      ІІІ категория – ауыр физикалық  жұмыстар.  Оған  үнемі  физикалық  күш
жұмсап,  10  кг-ден  артық  ауыр  жүк  көтеріп,  таситын  жұмыстар   жатады.
(250ккал/ч.293Дж/с)


3-кесте.
Өндірістік бөлмелердегі  суық  және  көшпелі  жыл  уақытындағы  температура,
салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды нормалары

|Жұмыс       |ауа            |салыстырмалы   |ауа           |Ауа            |
|категориясы |температурасы, |ылғалдылық, %, |қозғалысының  |температурасы, |
|            |0С             |көп емес       |жылдамдығы    |тұрақты жұмыс  |
|            |               |               |м/сек көп емес|орнынан басқа  |
|            |               |               |              |0С             |
|Жеңіл    -І |19-25          |75             |0,2           |15-16          |
|            |               |               |              |               |
|Орта ауырлық|17-23          |75             |0,3           |13-24          |
|– ІІа       |               |               |              |               |
|            |               |               |              |               |
|Орта ауырлық|               |               |              |               |
|– ІІб       |15-21          |75             |0,4           |13-24          |
|            |               |               |              |               |
|Ауыр        |               |               |              |               |
|-ІІІ        |               |               |              |               |
|            |13-19          |75             |0,5           |12-19          |


    Бақылау сурақтары:
1.   Жұмыс   орнының   метеорологиялық   жағдайын   ауа   ортасының   қандай
параметрлерімен анықтайды?
2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?
4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын  анықтау  және  оған  мән  берудің
мақсаты?
6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.



















5 дәріс. Ауадағы зиянды заттардан қорғау

Өндірісті    тексеру,    технологиялық    процестерді,    құрал-жабдықтарды,
шикізаттарды,  оларды  тасымалдау  мен  өндеу  жұмыстарынан  басталады.  Осы
кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға  болады.  Бірақ
шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан  пайда  болатын  шаңдар  да
өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға  тура
келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының  (Si  O2)  ауадағы  тозаңмен
қосындысының құрамдарын анықтау.
   Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол  қандай  термомеханикалық,  не
басқа жолдармен өнделеді, осындай  өндеу  кезінде  ауаға  қандай  азрозолдар
тарайды, оның бәріне назар аударып,  анықтап  отыру  керек.  Сонымен  қатар,
технологиялық өндеу үзіліссіз  бе,  жоқ  әлде  үзіліспен  бе,  оған  қосымша
қолмен атқарылатын жұмыс  бар  ма?  Бар  болса  оның  адамға  әсері  қандай,
бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз  тарап  тұрама,  жоқ
әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім  (проба)
алу  кезінде  тарайма,  не  жұмысшылардың  кезек   алмасу   кездерінде   ауа
тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.
   Адамдарының жұмыс  істеу  зонасындағы  (деңгейіндегі)  шандарды  анықтау
үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6  м  биіктіктегі  деңгейден,  ауаның
пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау  үшін,  пробаны  әртүрлі
бейтарап   көністіктерден   де   (жұмыс   орынынан   1-3-5   м   шамасындағы
көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан  да  алады.  Проба  алған
кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның  температурасын,  атқарылып  жатқан
жұмыстың қимылын,  түрін,  проба  алу  мезгілі  қай  уақытта  болады,  қанша
уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.
   Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3  ауада  қанша  мг  шаң-тозан  барын
анықтап,  оның  процент  мөлшердегі  қатынасын  анықтайды.  Шаң-тозаң  барын
анықтап,  оның   процент   мөлшердегі   қатынасын   анықтайды.   Шаң-тозаңды
анықтаудың екі тәсілі белгілі.  Біріншісі, шаңды алдын ала  сүзгімен  ұстап,
жинау, одан  кейін  аналетикалық  таразыға  салып  өлшеу  яғни  1м3  ауадағы
тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл  тәсілді  орысша  весовой  деп
атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.
   Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала  сүзгіге  жинамай-ақ
арнаулы оптикалық құралмен 1м3  ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.
   Біздің елімізде ең кең тараған әдіс –  салмақ  әдісі  (фильтрация).  Осы
тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.

   Салмақтық тәсілінін орындалу жолы

Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен  сүзгі  арқылы  сорғытып,
ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа  сорғызғанға  дейін
және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып,  өлшеп,  айырмасын,  яғни
шаңның салмағын тауып, оны бір  м3  ауада  қанша  болатынын  арнайы  формула
арқылы  есептеп  шығарады  да,  санитарлық   нормамен   салыстырып,   тиісті
қорытынды шығарады.
    Бақылау сурақтары:
1. Шаң деген не?
2. Шаңдын түрлерін ата.
3. Оптикалық әдіс.
4. Салмақ әдісі (фильтрация).

6 дәріс. Шудан, дірілден және ультрадыбыстан қорғау

    Дыбыс (шу) адамдардың  көптен бергі тұрақты ерігі,  ол  болмай  қалғанда
алаңдап, көңілсіз  жүреді.

    Жапырақтың жеңіл сыбдыры, бір қалыпты  жаңбыр  тамшылары,  теңіз  суының
жағаға соққан гүрілі.  жақсы  саз  бен  ән  т.б.  дыбыстар  көңілді  жайлап,
тыныштық әкелсе; ұшақ қозғағыштың  дауысынан   жүргізушілер  оладың  қалыпты
жұмыс істейтіннен хабардар болса; сүңгір қайқтар  мен  кемелердің  дыбысынан
олардың тұрған орның  тез табыуға болады. радио және  есептеу  техникасында,
радиоастрономияда, медицинада т.б. техника мен ғылым салаларында дыбыс  роль
атқараы.

   Дыбыстың зиянды жақтарыда бар. қатты дбыстар   жұмыс   жасауға,  ойлауға,
демалуға кеселін тигізеді.

   Бұрын дыбысқа (шуға)  көп  көңіл  бөлмей,  оны  мәдениет  пен  техниканың
айырлмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есепелетін.

   Қазір  болса,  мәшинеле  мен  жабдықтардың  саны  өсіп,  мөлшері  ұкеюіне
байланысы қоршаған ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз  факорлардың  біріне
айналады. Қалалар  мен  өндіріс  орталықтарында  шу  жылдан  жылға  көбейіп,
елдің мазасын ала  бастады.  1948  жылы  Қала  тұрғындарының   23  проценті,
дыбыстың өсуіне наразылық  білдірсе, 1961 жылы олардың  саны  50   процентке
жетті. Соңғы 20 жылда үкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді.

   Қаладағы шу негізінен темір  жолмен  жұрген  пойыз   трамвай   тырасынан,
ұшақтардың гүрілінен, автомәшине, мотоцикл  трмыстық  жабдықтар  мен  құрыыс
алаңында  жұмыс  жасайтын  техникаың   дыбысынан  құрылыс   алаңында   жұмыс
жасайтын техниканың дыбсынан  құралады. Барлық  шудың  80  процентіне  жуығы
автомәшинелерден  тарайды.

    Адамдар үшін шу өте қауыпті.  Оның  қолайсыз  әсері  көп  уақытқа  дейін
білінбей жұреді де, білінгеннен  кейін  емдеуге  кеш  болады.  Оның   үстіне
дәрігерлер нәтижелі  емдеу жолдарын әлі таба алмай жү.

    Шу (дыбыс) деген не ? шу деп  түрлі жиліктегі және  қуртағы  дыбыстардың
шым –шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және  нағыз  ортада
ғана толқын түрінде тараған   тербелмелі  қозғалыстан  туады.  Газды,  сұйық
немесе нығыз орта болғанда ғана  дыбыс  адамдардың  құлағына  естіледі.  Ауа
жоқ  жерде  дыбыс толқындары таралмайды да, ешқандай дыбыс естілмеиді.

    Мысалы: қоңырауды электір жұйесіне жалғап шыны қалақпен  жапсаң  қоңырау
сылдыры   анық  естіліп   тұрады.  Егер   қалпақастындағы   ауаны   насоспен
біртіндеп  сорса  қоңырау  сылдыры  азаия  түседі  де,  ауа   бекіткен   соң
естілмейтін  болады.

    Ауаның тербелуі  жиіленген сайын  дыбыстың  күші   де  әрі  жоғары,  әрі
жіңішкелене береді. Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секонтіне  20  –30  қозғалу
(тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу болады.

     Дыбыстың  негізгі  физикалық  сипаттамалары  мыналар:  тербелу  жилігі,
таралу жылдамдығы, күші және қысымы.

     Дыбыстың тербелу жилігі (1) герцпен өлшенеді.  1  герц  (гц)  1  секонт
ішінде толық бір циклі өтетін тербеліс жилігнің өлшеу бірлігі   Герц   атауы
элктромагниттік  толқындары  ашқан  неміс  физигі  Г.Р.  Герцтің   құрметіне
қойылған. Орысша Гц, халықаралық белгіде Hz болып жазылады.

      Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады:
1 килогерц ( Кгц ) = 1000 гц, 1 мегагерц ( Мгц ) = 1000000 гц.

      Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері

      Зерттеулер  көрсеткендей  ұзақ  уақыт  көп  жерде  болған  адамдар-дың
денесінде қолайсыз өзгерістер пайда болып, зат алмасу процесі, рухани  күйі,
ішкі сезімі нашарлайды. Көздің көруі төмендеп, қан қысымы көбейіп,  жұмысқа,
оқуға, үйренуге ұқыптылық азаяды.

      Әрине, дыбыс жоқ жерде тұрып, қызмет  істеу  де  қиын.  Туғаннан  бері
жолсерік болған дыбыс естілмей қалса бір нәрсе  жетпей  тұрған-дай,  кісінің
көңіл-күйі келіспей жүреді. Әңгіме дыбыстың болмауында емес,  оның  күшінде,
қаттылығында,  қысымында  болса  керек.  Осыған  мысал  ретінде  1-2   факті
келтірейік.

        Ганновер  (ГФР)  қаласында  жаңа  құрастырушылық  бюросы   құрылысын
жобалағанда сәулетшілер көшедегі дыбыстың жұмыс орнына, өтпеуі  үшін  барлық
шараларды алып, терезеге үш қабат әйнек орнатып,  қабырғаны  дыбыс  өтпейтін
ойық бетоннан салып, ішін арнаулы пластикалық түс  қағазбен  жапсырған.  Бір
жеті өткеннен кейін қызметкерлер мылқау тыныштықта жұмыс істеу ауыр  екенін,
жүйкелері жұқарып, іскерлік қабілеттері азайғанын айтып аразданатын  болған.
Магнитофон арқылы көшедегі үйреншікті дыбысты мезгіл сайын  қайталап  отырса
көңілдері көтеріліп, жұмыстары жақсара бастаған.

       Кембридж  (Ұлыбритания)  университетінің  рухани  күйі,  ішкі   сезім
лабораториясындағы  ғалымдар  көп   жылғы   зерттеулерден   кейін   күтпеген
қортындыға келіп, белгілі бір  күштегі  дыбыс  адамдардың  ойлау  қасиетінің
өсуіне ықпал жасайтынын білді. Тәжірибе кезінде  сазды  әуен  тыңдап  немесе
әңгімелесіп   отырған   кісілер   математикалық   есептерді   тыныш    жерде
отырғандардан тез шығарған.

      Жапония дүкендерінде  жауын  тамшылары  дыбысын  қайталайтын  құралмен
жабдықталған  жастықтар  сатылады.  Тамшының  түсу   жиілігі   адамның   қан
қысымымен бірдей етіп жасалған. Мұндай жастықтар ұшақтарда  бар.  Жолаушының
тез ұйықтауына көп әсер етеді.

      Әрине, әр адамға шудың  әсері  де  әр  түрлі.  Ол  адамдардың  жасына,
денсаулығына, қоршаған ортаға байланысты болады.

      Кейбір тұрақты  немесе  жиі  қайталатын  дыбыстарға  адамның  үйренуі,
көндігіп кетуі  де  мүмкін.  Бірақ  олардың  зиянды  әсері  кейіннен  біліне
бастайды, бірте-бірте құлақ естімейтін болады.

       Қала  тұрғындарының  есту  мүшелері  үнемі  қорланып  жұмыс  істеуіне
байланысты, олардың есту табалдырығы 10-25 дБа жоғары болады. Кейіннен  есту
нашарлап алдымен қаттылығы жоғары, соңынан төмен дыбыстарды естімей  қалады.
Үнемі жоғары  қаттылықты  дыбыстар  әуелі  құлақта  ызың  болып,  кейін  бас
айналып, шаршап жүйке жүдеп, жүрек соғысы, қан айналымы  бұзылып,  асқазанда
жара пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

    Қаладағы шудың көпшілігін автомәшинелер, олардың ішінде жүк таситын
дизель қозғағышты мәшинелер береді.
 [pic] Мәшине көп жүретін үлкен көшелерде дыбыстың күші  ( интенсивтілігі  )
68-78дБа, онан кіші көшелерде  63-69  дБа,  мөлтек  аудандағы  тұрғын  үйлер
арасындағы көшелерде 51-60 дБа болады.Көшеде пайда болған дыбыс ауамен  жан-
жаққа тарап, тұрғын үйлерге, қызмет орындарына жетіп жатады.
     В.А.Токаревтің  мәліметтері  бойынша  Алматыдағы  жалпы  қалалық  үлкен
көшелерде дыбыс күші 67-77 дБа,  сондағы  терезелері  үлкен  көшеге  қараған
үйлерде 57-65 дБа болған. Қарағанды  қаласында  терезелері  үлкен  көшелерге
қараған тұрғын үйлерде дыбыс күші көшедегіден тек 4-5 дБа.-ге кем болған.
     Автомәшинелердің шуын азайту, қала тұрғындарын  шудың  зиянды  әсерінен
сақтау үшін:
    - шуы аз мәшинелер шығару, қозғағыштарын жетілдіру,  жоғары  көрсеткішті
      сөндіргіштермен,  мәшиненің  газын   толық   өртеп,   зиянсыз   ететін
      құралдармен жабдықтау мәселелерін шешу қажет;
    - қала көшелерінде мәшине  жүруді  реттеу,  жүк  таситын  мәшинені  қала
      көшелерін аралатпай сыртқы жолмен баратын жеріне  тіке  жүргізу,  қала
      көшелерінде мәшинелер бір баытта жүру, олардың светофор алдында тұруын
      азайту т.б.ұйымдастыру шараларын алу қажет.
   Қаладағы шудың екінші көзі – темір жол көлігі.
   Пойыздардың жылдамдығы өсуге байланысты дыбыстың қысымыда
қысымыда көбейеді.Электр қуатымен жүретін жүк таситын, пойыздар 7,5 м.
қашықтықта тұрып өлшегенде 93 БА-ге дейін, кісі таситын пойыздар 92  дБа  шу
тарататыны белгілі болды.Пойыздың жүрісі сағатына 35 км болса 82  Дба,  200-
ден 300 м.-аралыында – тағы 2-3 дБа-ге кеміп отырады. Темір  жолдан  300  м.
алыстағанда  ғана  дыбыс  күші  жергілікті,  жердегі   мөлшермен   теңеледі.
Сондықтан  осы  күні  қолданылып  жүрген  қаладағы  теміржолдан   санитарлық
қашықтық  100  м.,  ауылдағы-50  м.  жеткіліксіз,  адамдарды  шудың   зиянды
әсерінен қорғай алмайды.
     Қаладағы ескі трамвай вагондары 95 дБа-ге  дейін,  жаңалары  75  дБа-ге
дейін шу таралады. Рига (Латвия ) қаласында вагон  жасайтын  зауыт  вагонның
шанағын ауаның қысымымен аспалы етіп, соқтығуды  азайтатын  серіппелі  тетік
қойып шуын азайтты.Осындай  жылдам  жүретін,  шуы  аз  вагондарды  Чехия  да
шығарады. Шуды азайту мақсатымен Волгоград қаласының орталығында ұзындығы  3
км. трамвай жолын жерастына түсірген.
     Электр қуатымен жүретін  трамвай  мен  троллейбус  қоршаған  ортаны  аз
ластайтын  болғандықтан  көптеген  елдер  қалада  олардың  санын   көбейтіп,
автомәшинелерді аз жүретін етуге көңіл бөлуде.
     Қала тұрғындары  үшін  әуе  көлігінің  де  зиянды  әсері  бар.  Ұшақтар
аспанға көтерілгенде, немесе қайта  қонарда,  қаланың  үстінен  төмен  ұшып,
жұрттың берекесін кетіреді.
      Ұшақтардан  тарайтын  шудың  күші  ұшақтың  түрі  мен  санына,  ұшатын
уқытына, ұшып-қону жолдарының  бағытына  байланысты.  Тәулік  бойы  тынымсыз
жұмыс істейтін аэропорттардан тарайтын шудың күші 92-ден 108 дБа-ге  жетеді.
Сол маңайдағы тұрғын үйлерде 80 дБа болады. Аэропортқа жақын  үй  тұрғындары
жүйке  ауруларына   көп   шалдығып,   ашушаң   болғандарын,   ұйқылары   тез
бұзылатынын, өне бойы үрейлі  болып  жүретіндерін  айтады.  Ұшақтар  аспанға
көтерілгенде, қозғағыштарын тексергенде  ыдыс-аяқ  сыбдыры,  үйлер  теңселуі
болатыны белгілі. Аэропорттың шуын азайту үшін:
    - жаңа, шуы  аз  ұшақтар  ойлап  шығару,  олардың  қозғағыштарын  турбо-
      желдеткішпен алмастыру, дыбыс өткізбейтін жапқыштар қолдану қажет;
    - ұшу әдістерін жеңілдету, ұшарда  тік  көтеріліп,  қонарда  қозғағыштың
      айналымын  азайтып,  дөңгелектерін  кешірек  түсіру   т.б.   әдістерді
      қолдануға көшу дұрыс.
    аэропорт құрылысын жобалағанда тұрғын үйлермен  екі  арада  санитарлық-
қорғау алқабы болуын, үшып-қону жолдары  бағытын  қаланың  үстінен  өтпейтін
ету, аэропорт айналасында  дыбысқа  кедергі  болатын  қалқандар,  құрылыстар
салып, ағаш отырғызу қажет.
    Бақылау сурақтары:
1.Шудың (дыбыстың) адам организміне әсері.
2.Шудың  (дыбыстың ) негізгі көздері
3.Қаладағы шудың екінші көзін ата.



7 дәріс. Өндірістік жарықтандыру – нормалау, есептеу, жарық беру  аспаптары,
жұмыс орындарының жарықтанғандығын бақылау


      Дұрыс жоспаланған және соған сәйкес орнатылған  электр  немесе  табиғи
жарық сол  жарыққа  байланысты  атқарылатын  жұмыстың  жағдайын  жақсартуды,
өңдірілген өнімнің саны мен  сапасы  жоғарлатып,  жұмысшының  көңіл  күйіне,
психjлогиялық жағдайына жағымды әсерін тигізеді, сонымен қатар,  өндірістегі
еңбек жарақаттарын азайтады.
      Өндірістік жарық төмендегідей  сан көрсеткіштерімен     сипатталады:
Ф-жарықтың нұры
I -жарық нұрының күші
Е-кеңістіктегі жазықтықтың жарықтануы
Я-жарықтанған денгейдің сапасы
    -жарық түскен бет деңгейінен шағылысып кері тарау коэффецентті.
      Жарық нұрының люмендегі (лм) өлшемі
      Енді осы көрсеткіштерге тоқталайық.
I. Жарық нұры /Ф/, /световой поток/-бұл адам көзіне әсер ететің күшті  жарық
энергиясы болып есептеледі.
Барлық жарық көздерінең шығатын  жарық  нұрының  айнала  кеңістікке  тарауын
анықтайтын өлшем-жарықтың күші болып саналады.
II. Жарықтың күші мына формуламен анықталады:
                        [pic]
I -жарықтың күші;
Ф-жарықтың нұры;
[pic]-кеңістік бұрыш (жарықтың тарайтын кеңістік бұрыш осылай белгіленеді).
III. Кеңістіктегі жазықтық бетінің жарықтануы
Е  -  бұл  жарық  нұрының   жарықтандырып  тұрған   жазықтығының   тығыздығы
(плотность)

                         [pic]      бұдан:
Жарықтану бірлігі ретінде люкс (лк) алынған
Ф-жарық нұры (ағымы);
S -жарықтанған беррік ауданы .
IV. Жарық нұры түсіп  тұрған жазықтықтың  (бетің)  айқындылығы  (яркость)  L
дегеніміз  жарық сәулесі  күшінің  сол  жарықтанған  берген  перпендикулярлы
түрде қайта көтерілген  проекциясына қатынасу.
      Бұл мына   формуламен анықталады:


бұдан,
         -жарық күші
    [pic]-жарықтанған беттің /кеңістіктің/ бұрышымен проекциясы.
Жарықтылық конделламен  [pic] өлшенеді.
V. Шағылысу коэффецентті дегеніміз-жарықтанған беткейдің (поверхность)  оған
түскен жарық нұрын (поток) қайта шағылыстыру мүмкіндігі (әсерлігі).
      Бұл мына формуламен анықталады:


      [pic]        бұған,

Ф ш.с   - (айта шағылысқан сәуле)
Ф ш.с. (түскен сәуле)

Енді жарықтың  (электір жарығының) сапа көрсеткіштеріне тоқталайық.
                      Сапа көрсеткіштері мыналар:
I.  (Ф) затты орналастырып зерттейтің кеңістік беті
II.   Зат  пен  кеңістік  арасындағы  түс  айырмашылығы  қатынасы  (контраст
обьекта с фоном)  K)
III. Жарық сәулесінің қалыпсыздық тұрақсыздығының коэффеценті.

      Еңді осыларға  қысқа тоқталып өтейік :
      1. Фон, яғни  белгілі    бір  затты  салып  (орналастырып)  зерттейтің
кеңістік  беті (Ф),  мынадай көрсеткштермен айқындалады.
      Егер фонның бетіндегі затты  айқындау  коэффецентті   [pic]тен  жоғары
болса,  ондай фон жарық түсті   деп  аталады.  (светлый  фон),   0,  2-0,  4
аралықтарында  болса,   орташа  түсті  деп  аталады   (средный   фон),    ал
коэффеценті 0, 2-ден  төмен  болса,   ол  қараңғы  түсті  (темный  фон)  деп
аталады.
      2. Зерттелінетің зат пен фонның қатынасы (контраст  обьекта  с  фоном)
мына формуламен  айқындалады: (К-контраст,  айқындылық коэффеценті).
                 [pic]   бұдан
 [pic] зерттелетің заттын айқындылығы,
 [pic]- фонның (сол зат көрінетің беттің) айқындылығы)
      Егер «“K”» –ның мөлшері 0, 5-тен жоғары болса,  онда  зерттелетің  зат
пен  фонның  айырымдылыққа  айқындылығы  жоғары  болғаны;  [pic]0,  2-0,   5
аралығында болса, зат пен фонның бір-бірінен айырымдылық шамасы  орташа  деп
есептеледі,  ал егер К-0, 2, 2-ден төмен болса кішкене,  онда затпен  фонның
түс айырымдылығы  өте төмен,  зат нашар көрінеді ондай фонда деген сөз.
3.  Жарық  сәулесінің  қалыпсыздығының  коэффицентті  -[pic]   (коэффициентт
пульсаций).
Былай   түсінуге   болады.   Люминисцентті   электор   лампаларының    жарық
нұрының   өте   жақсы   жарық   жанып,    бірде,    әлсірей   жанып   тұрған
кездеріндегі  олардың  бір-біріне  қатынасының   проценттік   мөлшері.   Оны
мына  фомуламен  табуға  болады:


      [pic]
      Бұдан
      [pic]-жарық  нұрының  ең  жоғарғы  деңгейі
      [pic]-жарық  нұрының  ең төменгі  деңгейі
      [pic]-жарық  нұрының  орташа  деңгейі
      Өндірістік  орталарда,   жұмыс  орындыарында  электр  жарығын   тиісті
 норма  бойынша   өлшегенде,    оның   сан   мен   сапа   қасиеттері   түгел
есепке  алынады.
      Ет  және  сүт  кәсіпорындарының  өндірістік  жарық   жүйесінің   жалпы
араласы   және   апатты    жағдайдағы    жарық    деп    аталатын    түрлері
қолданылады.  Цехтарды  көбіне  жалпы  жарық  жүйесі  пайдаланады.
       Ал   шикізаттарды   витеринарлық,    медициналық    сарапқа    салған
уақытта   жалпы   жарыққа   қосымша   мөлдекті   жарықта   да   пайдаланады.
(аралас жарық)
      Авариялық  жарық   (апат   болатын   жағдайда  жанатын   жарық)   фарш
жасайтын    бөлмелерде,     шұжық    цехтарында    немесе    шұжық    сүрлеу
бөлмелерінде   кенеттен   жалпы   жарық   істен    шығып,     өшіп    қалған
жағдайларда  осы  заттарды  бүліндіріп   алмай,    жұмысты   аяқтап   тастау
үшін   қажет   болатын   жарық.   Екіншіден,    кенеттен   апатқа    ұшырап,
жарылыс  болып  қалған  жағдайда,  жұмысшыларды   қауіпсіз   жерлерге   алып
шығу  үшін де  осындай  апат  жарығы  керек.   Апат   жарығы   тоқты   бөлек
тоқ көзінен  алады  және  ол  автоматты  түрде  жалпы   жарық  өшіп   қалған
кезде  адамның   көмегінсіз   өздігінен   жанады.   Апат   жарығының   қуаты
жалпы  мөлшері  жалпы  жарықтың  кем дегенде   5%   болуы   тиіс.   Жарықтың
ең  төменгі  мөлшердегі  көз  жұмыстарының   жағдайына   қарай   зерттелетін
заттардың   көлеіне   қарай    зат    пен    фонның    қатнастарына    қарай
белгіленеді.
       Ет  және  сүт  кәсіпорындарында,  мысалы,  ет  жібіту  камераларында,
шұжық   сақтайтын,   кептірілген   қоймаларда   және    ауаның    микробтары
заласыздандырылатын бөлмелерде, бактерецинды  жарық  яғни,    (бактериаларды
жоятын)  кеңінен  пайдаланады.
      Жарық  көз  ретінде  ет  және  сүт  кәсіпорындарнда  қазіргі   уақытта
  әртүрлі  қызбалы  лампаларының  қатар  люминиецентті  (газ    толтырылған)
лампалар  қолданылады.
      Қызбалы  лампалар:  вакуммді-НВ, газ  толтырылған -НГ т.б.  болады.
      Люминиецентті    лампалар:    күндізгі    жарық    ЛД,    жақсартылған
түсбергіші  бар  күндізгі  жарық  ЛДЦ,  суық  ақ  ЛХБ,   жылы ақ  ЛТБ,    ақ
 түсті  ЛБ,   т.б.  болып  бөлінеді.
      Жарылу   қауіпі   бар   заттар   сақталатын   қоймаларда    тоңазытқыш
машиналарының  залдарында  жарылысқа   төзімді  газ   толтырылған   лампалар
орнатылады,  мысалы: ВЗГ маркалы  лампа  т.с.с.
      Ылғалды  және  шаң  тозаңды  көп  болатын  залдарға  осы   факторларға
төзімд  лампалар  ПВЛ   қойылады.  Жұмыс   орындарындағы   жарықтың  (күннің
жарығын да, электрдың  жарығын  да)  мөлшерін  «люкс»  өлшемімен  Ю-116  деп
аталатын  объективті  люксметрмен  өлшейміз.  Алынған  мөлшерді   санитарлық
нормамен салыстырып тиісті  қорытынды  шығарамыз.  Өлшем  жүргізілетін  орын
кафедраның лабораториясы және далада.
    Бақылау сурақтары:
1.Авариялық  жарық деген не ?
2.Жарық ағынын қолдану коэффициенті нешеге тең ([pic]0.53)?
3.Қызбалы  лампалар?
4.Люминиецентті  лампалар?
5.Ылғалды  және  шаң  тозаңды   көп   болатын   залдарға   осы   факторларға
төзімд  қандай лампалар қойылады?




























   №1 Лабораториялық жұмыс


   Шаңдардың дисперсті құрамдарын зерттеу әдістері


   № 1 тақырыбы: Жұмыс (өндіріс) орындарында ауа құрамындағы улы газдар мен
буларды жедел анықтау жолдары.
   (уақыты – 4 сағат)


Жұмыстың мақсаты:
      Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы улы газдар мен  буларды  УГ-2
маркалы газ сараптаушы құралымен анықтау
Негізгі керекті құрал:  газ сараптағыш –УГ-2
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Газ сараптағыш құралдың құрамы меноны пайдаланудың жолдарын игеру.
2. Зерттелген ауадағы улы заттың мөлшерін анықтау
3.  Жүргізілген  жұмыс  бойынша  қысқаша  қорытынды   шығарып,   тұжырымдау.
   Тұжырымдамада мына төмендегілерге назар аударылуы керек:
 - анықталған улы заттың қауіптілік класы
 - ол заттың уландырғыш қасиетін саралау
 - ол уландырғыш заттан жеке адамның қорғану құралдары және жолдары.
   Жұмыс орындарында, атмосфералық ауада улы газдарды  анықтаудың  басқа  да
   жолдары мен  таныстыру:  иіс  сезу  мүшелері  арқылы  (органолептикалық),
   индикациялық (анықтағыш қағаздар немесе ұнтақтар арқылы)жолымен.


   Индикациялық жолмен сараптаудың негізгі принципі


   Ол  мынаған  негізделген:  ауадағы  улы  затпен  қолданылған   реактивтің
(анықтағыш заттың) арасында химиялық реакция  жүрудің  арқасында  реактивтің
түсі  өзгереді.  Ламборта-Вэридің  заңына  сәйкес  реактив  түсінің  өзгеруі
жылдам да қанықты жүрсе, соғұрлым улы заттың ауадағы мөлшері көп болмақ.
   Анықтаудың қортындысын екі әдіспен жүргізуге болады: колориметриялық және
сызықтық-колористикалық жолдарымен.
   Колориметриялық жолмен анықтағанда сараптаудың  қортындысын  шығару  үшін
реактивтің өзгерген түсін стандартты түрлі түсті шкаламен  салыстыру  арқылы
шешуге болады.
   Сызықтық-колористикалық әдіс-негізгі әдіс болып саналады,  ол  практикада
ауаның улы газдары мен буларын анықтауда жиі қолданылатын прогрессивті  әдіс
болып саналады. Бұл әдіс бойынша ауаны сараптаудың қортындысын  анықтағанда,
түсі өзгерген индикациялық ұнтақтың биіктігін          (  немесе  ұзындығын)
шкалаға  салып  өлшеу  арқылы  мг/м3   мөлшерде  табуға  болады.   Төмендегі
айтылғалы отырған УГ-2 сараптағышының жұмысы да осы  сызықтық-колористикалық
әдіске негізделген.






   УГ-2 ауа сараптағышының құрлысы


   Ауа сараптағыш  УГ-2  маркалы  құрал  мынадай  бөлшектерден  тұрады:  ауа
соратын  цилиндр  секілді  кеңірдек  сильфон,  ол  сыртқы   ауамен   резинка
түтікшемен жалғасады, сыртқы  темір  қорапшаның  бетінде  шкала  орналасатын
қондырғысы бар: шток  және  оны  енгізетін  тесікше,  тесікшенің  жақтауында
пружинвлы  ұстағыш  (фиксатор):  темір  беткейдің  бір  жақ  бұрышында  шток
салатын тесік бар. Сильфонды сыртқы ауамен қосып тұрған  резинка  түтікшкнің
сыртқы ұшына индикациалайтын  ұнтаққа  толтырылған  шыны  түтік  кигізіледі.
Сильфонмен  ауа  сорғызылудан  бұрын,  штоктың  көмегімен   оны   бағыттағыш
түтікшеге кіргізіп, төмен қарай басып  сильфонды  қысады,  сонда  сильфонның
ішіндегі ауа резинка түтікше арқылы сыртқа шығады. Штоктың жақтауындағы  екі
шұңқыр ойықшаның жоғарғысына дейін штокты  қысып  жеткізген  соң,  пружиналы
ұстағышпен  штокты  қайта  көтерілуін  тоқтатып,  ұстатады.   Штоктың   төрт
жақтауында, оның жоғарғы жағындағы қалпақшасының астындағы көрсетілген  сан,
сол штоктың жоғарғы жағындағы шұңқырдан төменгі  шұңқырға  дейінгі  аралықта
ауа  сорғыш,  қанша  ауа  соратынына  сәйкес  келеді.  Енді  шыны  түткішені
индикациялық ұнтақпен  толтырулы  күйінде  резинка  түтікшеге  кигізеді  де,
қондырғыдағы шкаланы орналастырады.  Сөйтіп,  штокты  алақанмен  сәл  басып,
пружиналы  ұстағышты  кейін  тартып,  штокты  жібереді.  Осы  кезде  уақытты
белгілейді. Бұл кезде сыртқы зерттелетін ауа  ұнтақ  салынған  шыны  түтікше
арқылы сильфонға сорыла бастайды. Индикациялайтын  ұнтақ  зерттеліп  отырған
ауадағы газды анықтауға арналған (специфический  порошок)  болуы  шарт.  Осы
шарт бойынша  ауадағы  улы  газбен  ұнтақ  реакцияға  түсіп,  ұнтақтың  түсі
өзгереді. Бұл өзгерістің шапшаңдығы мен айқындылығы ауадағы улы газдың  көп-
азына  тікелей  байланысты.  Штоктың  жақтауындағы  жоғарғы   және   төменгі
шұңқырдың  арасына  шток  қанша  уақыт  көтерілетініне  әрбір  улы  газдарға
сәйкесті түрде белгіленген. Шток төменгі шұңқыршасына жеткенде ұстағыш  сырт
етіп сол шұңқыршаға түседі де,  штоктың жүруін тоқтатады, бірақ бұдан  кейін
де сильфонға ауа сорылуы сильфондағы  қалдық  вакуумның  әсері  мен  біршама
тағы одан әрі жалғасады,  сондықтан  да  ұстағыш  төменгі  шұңқыршаға  дыбыс
беріп түскеннен кейін де  1-2  минут  ұнтақты  түтікшені  суырмай  қол  тұру
керек. Белгіленген мөлшердегі  уақыт  еткен  соң,  ұнтақты  түтікшені  алып,
шкаламен салыстырып, көрсетілген санды 102, яғни жүзге  көбейту  керек.  Бұл
табылған санды, яғни улы газды мг/м3 –ке айналдырған  болып  табылады.  Енді
табылған санды бір м3 –тегі улы газдың мөлшерін таблица бойынша  белгіленген
(ең жоғарғы мөлшер) нормамен салыстырып, егер улы газ мөлшері нормадан  асып
жатса, тиісті шара қолданылуы қажет.

   Ауадағы улы газды сезім мүшелері арқылы анықтау (иісінен, түсінен)

   Сезім мүшелері арқылы (тыныс, көру мүшелері) бензин, бензол, аммиак,
күкіртті сутегі, көмір қышқыл газдарын, күкіртті газдарды, т.с.с. газдарды
анықтауға болады.

   Улы газдарды анықтаудың ең жай және жалпыға бірдей  белгілі  әдістер-  ол
сол газдардың иісін сезу арқылы.  Адамның  иіс  сезімі  ауада  улы  иіс  бар
заттарды, олар тіпті ауада аз мөлшерде болса да сезе алады. Мысалы,   тұрмыс
қажетіне жиі пайдаланылатын (отын ретінде) пропан, метан газы  немесе  көмір
қышқылды сутегі газы (пропан, бутан) айтарлықтай иісі сезілмейді,  сондықтан
да бұл газдардың кездейсоқ жағдаймен ауада пайда болса адам сезбей де  қалуы
мүмкін. Сондықтан, адамдар бұл газбен тұрмыс жағдайында  өте  қатты  уланып,
тіпті қайғылы жағдайға ұшырауы да мүмкін. Мұндай  жағдайды  болдырмау  үшін,
ол газдарға қолдан, алдын ала, өте күшті иіс шығаратын газды заттар  қосады.
Бұл заттарды  одарант (латыншадан  аударғанда  -  иіс  )   деп  атайды.  Бұл
одаранттандыру   газдардың   адамға   зиянды   әсерінде    немесе    негізгі
пайдаланылатын  газдардың  қасиеттеріне  ететін  әсері   жоқтың   қасы.   Ең
негізгісі  бұл  одаранттар  улы  газдардың  ауадағы  концентрациясы   адамды
уландыратын мөлшерге жетпей жатып-ақ адамның иіс сезу мүшелеріне әсер  етіп,
ерте бастан сақтандырады, иіс білдіреді, осы иісті сезісімен  адамдар  ауада
улы газдың пайда бола бастағанын сезініп, тиісті шара қолданады.
   Одаранттардың қандай қасиеттері болуы міндетті: Олар мынадай қасиеттер:
1. Тиісті мөлшерде және тез әсер ететін иістік қасиеттері болуы  керек  және
   ол иіс үйдегі,  тұрмыстағы кездесетін басқа иістерден өзгеше болуы кажет.
2. Адамға әсер ететін  иісі  сезілгендегі   одаранттың  концентрациясы  адам
   организміне залалсыз болуы тиіс.
3.  Одаранттар  қажетті  газдармен  қосылысқанда  олар  металл   құбырларға,
   газжүретін басқа  да  жүйелерге,  құрал-  жабдықтарға  (газ  плиталарына)
   зиянды әсер етпеуі тиіс.
4. Одаранттар қосылған газдың құрамына еш әсер  етпей,  пайдаланудан  кейін,
   олар тез арада ауаға тарап жоқ болуы тиіс.
5. Одаранттар  суда  немесе  газ  құбырларын  жалғастырғанда  пайдаланылатын
   немесе басқа құрылымдарда (смола, деготь,  бензин  және  т.б.)  ерімейтін
   болуы тиіс.
   Қазіргі уақытта жоғарыдағыдай қасиеттері бар одаранттар мыналар:
1. Этилмеркаптан  (С2  Н5  РН).  Бұл  одарант  көмір  және  сутекті  табиғи
   сұйықтандырылған газдарға араластыруда пайдаланылады. Иісі өте жағымсыз,
   сасық иісті, тез газға айналатын, ұшқыш, сұйық зат. Қолдану  мөлшері-бір
   м3 газға 16 мг қосылады.
2. Архангельскінің орман шаруашылығы институты ұсынған сульфан деп аталатын
   одаранты-күкірт қосындыларынан тұрады. Сульфан түсі сарғылт, мөлдір, өте
   күшті жағымсыз иісі бар, сұйық зат. Сульфан ауада  қалдықсыз  тез  тарап
   кетеді, сумен  араластырғанда  ерімейді.  Газды  одаранттағанда  керекті
   мөлшері жоғарыдағыдай бір м3 газға 16-20 мг шамасында.
   Бүкілодақтық отын  өңдеу  және  пайдалану  ғылыми-зерттеу  институты  да
сланцодарант деген сұйықты: жеңіл газға айналатын, сарғылт түсті  сұйықтықты
ұсынды. Оның да пайдалану жолдары жоғарыдағыдай.

   Бақылау сұрақтар:
1. Ауадағы улы газдарды анықтаудың қандай жолдары бар?
2. Индикациялық жолмен анықтаудың негізгі принципі неде?
3. Сызықтық-колористикалық әдістің негізі қандай?
4. УГ-2 құралының құрылымы мен жұмыс істеу принципі
5. Ауадағы улы газды сезім  мүшелерімен анықтаудың жолдары, оның негізі
   неде жатыр?
6. Өндірісте  қолданылатын газды одаранттайтын қандай одаранттың түрлерін
   білесің, олар қалай пайдаланылады?


   №2 Лабораториялық жұмыс
   Әр  түрлі  микроклиматтық  шарттардың  әсері   кезіндегі   физиологиялық
жылжулар бағаларының әдістері

          Жұмыс орнындағы метеорологиялық шартты (жағдайын) зерттеу
      2.1. Жұмыстың мақсаты

2.1.1. МЕСТ  12.1.005.-88  «Воздух  рабочей  зоны»  және  СН  1.01.001-94-ге
сәйкес өндірістік бөлмелердегі ауаның метеорологиялық жағдайын  мөлшерлеудің
негізгі принциптерімен танысу.

2.1.2. Өндірістік ортаның  метеорологиялық  жағдайының  факторларын  зерттеп
тексеру және оған СН 1.01.001-94 пен МЕСТ 12.1.005.-88  ССБТ-ға  негізделген
санитарлық-гигиеналық баға беру.

      2.2. Жұмыстың мазмұны

2.2.2. Метеорологиялық шарттарды  өлшеуге  арналған  аспаптардың  құрылысын,
жүмыс істеу принциптерін үйрену.
2.2.2. Өндірістік бөлмелердегі (жұмыс орнындағы) метеорологиялық  жағдайының
негізгі факторларын анықтау.
2.2.3. Метеорологиялық жағдайының нормаға сәйкестігіне баға беру.
2.2.4. Санитарлық нормаға сәйкестендіруге метеорологиялық техникалық  ұсыныс
жасау.


      2.3. Жалпы мәліметтер

       «Метеорологиялық  шарт   (жағдай)»   деген   ұғымға   жұмыс   орнында
микроклиматты анықтайтын бірнеше фактор кіреді, оның  ішінде  негізгі  болып
саналатыны: барометрлік қысым, температура және  ауаның  дымқылдығы,  ауаның
қозғалысы. Адам организміне метеорологиялық шарттардың әсер етуі көп  қырлы.

      Кейбір факторлардың қолайсыз  қосылуы  жұмыскердің  жылу  беруін,  зат
алмастыруын  өзгертеді.  Мұндай  өзгерістер  адам   организмін   әлсіретеді,
еңбекке қабілетін төмендетеді.
       Метеорологиялық  шарттарды   жұмыстың   категориясына   байланыстырып
адамның  максимум  энергиясын  пайдалы  жұмысқа,  ал  минимум  шығынды  ішкі
істерге  немесе  терморегуляцияға  және  өндірістік  ортаға  бейімдеуді   СН
1.01.001-94 және МЕСТ 12.1.005.-88 ССБТ-ға сәйкестіріп анықтайды.
      Сау адамның денесінің температурасы 36,6 0С-деңгейінде  ұсталады  және
ол сыртқы метеорологиялық шартқа байланысты  өзгермейді.  Адам  организмінің
бұл қасиеті «терморегуляция механизмінің»  тұрақты  жұмысы  мен  адам  нерві
орталықтарының жұмыс істеу қасиетіне байланысты.
      «Терморегуляция» дегеніміз адам  организмі  мен  сыртқы  ортаның  жылу
айырбастау және сыртқы ортаның әсеріне  қарамай  адам  температурасын  үнемі
тұрақты деңгейде сақтауға әсер ететін көп процесстердің қосындысы.
      Өндірістік жағдайларды  қолайлы  параметрлермен  қамтамасыз  ету  үшін
технологиялық  құрал-жабдықтарды  тиімді  пайдалану  керек  және  ауатартқыш
желдеткіш қою, жылумен жабдықтау,  ауаны  шартқа  сәйкестендіру  үшін  жабық
жасауды дұрыс қолдану шарт.
      Егер адам организмі сыртқы ортаға  ең  аз  жылу  шығаратын  болса,  ол
«қолайлы метеорологиялық жағдай» деп аталады.
      Метеорологиялық жағдайлардың қолайлы  және  болжамды  температурасы  ±
t(0С), салыстырмалы: дымқылдық r (%) және ауаның қозғалу жылдамдығы ν  (м/с)
жұмыс істеу зонасына СН 1.01.001-94 және МЕСТ  12.1.005.-88  ССБТ-ға  сәйкес
алынады (бөлмедегі еден деңгейінен 2 м биіктік жұмыс орны деп саналады).
      Нормамен есептеледі (қосымша І):
   1) жыл уақыттары – суық және ауысымды мезгіл;
   2) жұмыс категориясы;
   3) бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығы.
      Метеорологиялық жағдайды  анықтап,  баға  беру  алдымен  жұмыс  орнына
сипаттама беру үшін қажет.
      Бұл алынған мәндер  алдыңғы  берілген  мәндер  болады,  солар  бойынша
желдеткіш жүйелеріне баға беріп, өндірістік ортаның сипатын  анықтауға  және
ауаға химиялық анализдер жасауға болады.
      Әрбір бөлек өндірістерде анализ алу жұмыстарының әртүрлі шешімі  болуы
мүмкін, бірақ, барлығында бір ғана өлшемдер алынады:
 - өлшем әрбір факторларға бөлменің бірнеше нүктелерінен  алынады.  Еденнен
   1,25-1,5 м биіктік шегі жұмыс орны деп есептелінеді,
 - өлшем параметрлерін күніне бірнеше рет қайталайды;
 -  өлшем  жүргізген  кезде  желдеткіштің  жұмыс   істеуін,   технологиялық
   процестердің барлық  айырмашылық  сипаттарын,  метеорологиялық  жағдайға
   әсер ететін факторлардың барлығын жазып алу керек;
 - аспаптарды куәлігі бойынша қолдану шарт.
        Тәжірибенің   қорытынды   мәндерін    нормативтік    көрсеткіштермен
салыстырады.

      2.4. Метеорологиялық жағдайлардың факторларын зерттеу әдістері.  Өлшеу
аспаптары

2.4.1. Ауа дымқылдығын анықтау

Өндірістік жағдайларда ауа ортасының  қалпына  мінездеме  беру  үшін  ауаның
салыстырмалы  дымқылдығын  психрометр  аспабымен  анықтайды.   Психрометрдің
жұмыс істеу принципі екі қатар орналасқан  термометрлердің  көресеткіштеріне
байланысты.
      Бір термометрдің шаригі дымқыл матамен оралған.  Матаға  қонған  ылғал
әртүрлі  жылдамдықпен   буланады   да,   ауаның   дымқылдығы   мен   қозғалу
жылдамдығымен  байланысып,  термометрден  жылу   алады,   сондықтан   дымқыл
термометрдің өлшемі құрғақ термометрдің өлшемінен аз көрсетеді.
      Екі термометрдің өлшем көрсеткіштеріне қарап салыстырмалы  дымқылдықты
анықтайды.
       Салыстырмалы  дымқылдық  дегеніміз  абсолютті  дымқылдықтың  максимал
дымқылдыққа пайызбен алынған қатынасы.
      Абсолютті дымқылдық деп зерттеу уақытындағы ауа  буының  серпімділігі,
мм сынап бағанасымен өлшенген  немесе  зерттеу  уақытындағы  өлшенген  1  м3
ауадағы су буының салмағын айтады.
      Максимал дымқылдық (ылғалдық) деп берілген температурада 1 м  3  ауада
тығыздалатын су буының  салмағын  немесе  серпімділігін  айтады.  Гигиеналық
практикада Ассман аспирациялық психрометрі қолданылады.
      Ол екі сынапты термометрден тұрады (3,4). Бұл  термометрлердегі  шарик
жұқа матамен оралған. Екі термометр металл  ілдірікке  (оправа)  бекітілген,
ал шариктері екі металл гильзада орналасқан, бұл  термометр  көрсеткіштеріне
жылулық сәулеленудің әсерін  білдіртпейді.  Аспаптың  басына  (1)  желдеткіш
қойылады, оның  сағат  механизмі  ауаны  тұрақты  жылдамдықпен  термометрдің
шариктеріне  тигізбей  сорып  алады   (4   м/с).   Осыған   орай,   аспаптың
экспозициясы  (қойылуы)  –  3-5  минут  ғана.  Гильзалар  жылулық  сәулелену
аспапқа төмен жағынан түскен жағдайда ғана оның әсерінен қорғайды.
       Аспапты  төмендегідей  пайдаланады:  кішкентай   пипеткамен   матамен
оралған дымқылдық  термометрді  ылғалдандырады  (осы  кезде  психрометрдітік
ұстау керек), гильзамен прибордың басына су тигізіп алмау үшін  кілтпен  (2)
аспаптың  механизмін  бұрайды  да,  оны  өлшейтін  бөлмеге  қояды.  Аспаптың
механизмін бұраған кезде аспаптың басынан сол қолмен ұстап тұрып, оң  қолмен
сағат жүрісінің бағытымен 5-6 рет айналдырып бұрайды.
      Желдеткіш 3-5 минут жұмыс істегеннен кейін аспаптың өлшемдерін алады.
      Құрғақ және дымқыл термометрлердің көрсеткіштерін  жазып,  (1)  кесте,
(1  және  2)  формулалар  брйынша   салыстырмалы   ылғалдылықты   анықтайды.
Есептелінген ылғалдылық ±5% аспауы керек.





































                       1 - сурет.  Ассман психрометрі







   Абсолюттік дымқылдықты төмендегідей формуламен анықтайды


                                                    [pic]
                                   (4.1.)
мұндағы а – абсолюттік дымқылдық, г/м3;
       Fыл  –  дымқыл  термометрдің  көрсетуі   бойынша   алынған   максимал
дымқылдық;
      t2, t1 – температура, құрғақ және  дымқыл  термометрден  көрсетуі,  00
сәйкес;
      B – барометрлік қысым, Па (стендте).
      d – психрометр коэффициенті (ауаның қозғалу жылдамдығына байланысты).

2-кесте. Әрбір температурадағы су буының серпімділік тығыздығы

|Ауаның            |Максимал          |Ауаның            |Максимал          |
|температурасы, С0 |дымқылдық,        |температурасы, ауа|ылғалдылық,       |
|                  |Ғыл, Ғқұр         |С0                |Ғыл, Ғқұр         |
|10                |9,209             |21                |18,650            |
|11                |9,844             |22                |19,827            |
|12                |10,518            |23                |21,068            |
|13                |11,231            |24                |22,377            |
|14                |11,987            |25                |23,756            |
|15                |12,788            |26                |25,209            |
|16                |13,684            |27                |26,739            |
|17                |14,530            |28                |28,344            |
|18                |15,477            |29                |30,043            |
|19                |16,477            |30                |31,842            |
|20                |17,735            |31                |33,695            |


       Абсолюттік  дымқылдықтың  мәнін  анықтағаннан   кейін,   салыстырмалы
дымқылдықтың мәнін мынандай формуламен анықтайды:
                                                      [pic]%
                                         (4.2.)
Мұндағы r – салыстырмалы ылғалдылық;
      Fқұр – құрғақ термометр көрсеткен максимал дымқылдықтың мәні;
      a - абсолюттік дымқылдық (4.1 – формула).





3-кесте. Ауа дымқылдығын анықтау

|Тәж|Зерттеу        |Құрғақ       |Дымқыл  |Барометрлік |Дымқыл    |Құрғақ |
|іри|жүргізілетін   |термометрдің |термомет|қысым, Па   |термометрд|термоме|
|бе |орын           |көрсеткіші, t|рдің    |            |ің        |трдің  |
|нөм|               |             |көрсеткі|            |көрсетуіме|көрсету|
|ірл|               |             |ші, t1  |            |н су      |імен су|
|ері|               |             |        |            |буының    |буының |
|   |               |             |        |            |макситмал |макситм|
|   |               |             |        |            |серпімділі|ал     |
|   |               |             |        |            |гі, Ғыл   |серпімд|
|   |               |             |        |            |          |ілігі, |
|   |               |             |        |            |          |Ғқұр   |
|   |өлшеуге |өлшеуде|             |        |            |          |       |
|   |дейінгі |н      |             |        |            |          |       |
|   |С1      |кейігі |             |        |            |          |       |
|   |        |С2     |             |        |            |          |       |
|1  |2       |3      |4            |5       |6           |7         |8      |
|1  |        |       |             |        |            |          |       |
|2  |        |       |             |        |            |          |       |
|3  |        |       |             |        |            |          |       |
|4  |        |       |             |        |            |          |       |



























2-сурет. Тостаған анемометрі:
1 – төртбұрыш төрт жарты шарларымен;
2 – айналу жиілігін өлшегіш (ондық пен бірлік бөліктері);
3 - айналу жиілігін өлшегіш (мыңдық бөліктер);
4 – аспапты іске қосу кілті;
5 - айналу жиілігін өлшегіш (жүздік бірліктер бөлігі).

      4.3. Ауа температурасын өлшеу

      Өндірістік бөлмелерде ауаның температурасын өлшеу ауаның  ылғалдылығын
өлшеумен бірлестіріледі. Өлшемді  құрғақ  термометр  бойынша  алады.  Кейбір
жағдайларда ауа температурасының теңселуі бар болса,  теңселу  шектерін  қою
керек (бір жұмыс күніне, тәулігіне, аптасына, т.б.). Бұл  үшін  өзі  жазатын
аспап (термограф)  қолданылады.

      4.4. Қолайлылық

      Адам өзін өндірістік ортада жақсы, қолайлы сезіну  үшін  бұл  жағдайды
жүйелі түрде  шешу  керек.  Ол  үшін  3  көрсеткішті  назарда  ұстау  қажет:
температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы.
      Қолайлылықты тек бір физикалық өлшеммен өлшеуге болмайды, өйткені  бұл
физикалық шама емес, бұл – адам сезімі.
      Сондықтан ғалымдар  тиімді  және  баламалы  тиімді  температура  сынды
шартты өлшемдер кіргізді.
       Тиімді  температура   деп   адамның   белгілі   ауаның   салыстырмалы
ылғалдылығына және ауаның қозғалысы болмағанда температураны  сезу  қасиетін
айтады.
      Баламалы әсерлі температура деп адамның белгілі  ылғалдықта  және  ауа
қозғалысының жылдамдығына бөлмедегі температураны сезу қасиетін айтады.
1-суреттегі номограммада «қолайлылық зонасы» көрсетілген, сол сурет  бойынша
тиімді және баламалы әсерлі температураны анықтайды.  ТТ  және  БӘТ  әртүрлі
жылдамдық бойынша былай анықталады:
      Мысалы: бөлмеде құрғақ термометр +24,50С, ал  дымқыл  термометр  +140С
көрсетті  дейік.  Номограммадан  2  көрсеткіштің  арасын  түзу  сызық  сызып
қосады.  Осы  түзу  сызықтың  жылдамдықтың  қисық   сызықтарымен   қиылысқан
нүктелерінен тиімді (эффекті) температура ауа жылдамдығы  ν=0  м/с  болғанда
+23,50С  болғанын,  ал  баламалы   әсерлі   температура   ауа   қозғалысының
жылдамдығы ν=1,5 м/с болғанда +18,50С болғанын көрсетеді.
      Номограммада «қолайлылық» зонаның  жаз  уақытындағы  шекарасы  +17,50С
данг +26,50С дейін, ал қыс кезіндегі «қолайлылық» - +15,50С - +23,50С  дейін
көрсетілген. Температура осы  шектен  шықса,  адам  организміне  жақсы  әсер
туғызбай, керісінше, кері әсерін береді.


5-кесте. ТТ және БӘТ мәндері

|№    |Өлшем ортаның |Психрометр    |Анемометр   |ЭТ   |ЭЭТ   |Микроклимат   |
|р/р  |шарты         |көрсетуі      |бойынша     |     |      |қолайлылар    |
|     |              |              |жылдамдық   |     |      |сәйкестігі    |
|     |              |      |      |            |     |      |              |
|1.   |Қозғалмайтын  |      |      |            |     |      |              |
|     |ауа           |      |      |            |     |      |              |
|2.   |Қозғалатын ауа|      |      |            |     |      |              |


      5. Зерттеу жүргізу тәртібі

5.1. Зертханалық жұмыспен және аспаптардың жұмыс істеуімен  танысу  (қосымша
ІІ-І, МЕСТ 12-1-005-88 ССБТ, СН 1.01.001-94).
5.2. Дәптерге жұмыстың мақсатын, қорытындысын жазып алу.
5.3. Тәжірибе 4 кезеңмен жүгізіледі:
      1) ауаның  абсолюттік  және  салыстырмалы  ылғалдылығын  анықтау  (4.1
қосымшаны қараңыз);
      2) ауаның қозғалу жылдамдығына мән беру (4.2  қосымшаны қараңыз);
      3) тиімді және баламалы әсерлі температураларын жұмыс орнында  анықтау
(4.4.4, 5.3.1 қараңыз)
      4) Метеорологиялық шартқа нормалы  микроклиматқа  сәйкестендіріп  баға
беру (5.4 қараңыз)
5.3. Жұмыс орнында ТТ мен БӘТ – ті анықтау
       а) құрғақ және ылғалды  термометрдің  көрсеткіштерін  4-кестеге  жазу
керек, содан кейін номограмма бойынша тиімді  температураны  анықтайды  (ауа
қозғалысының жылдамдығы  ν=0 м/с);
        б) өлшенген ауа толқынының  жылдамдығы     νср  (4.2-кесте)  бойынша
психрометді  желдеткіштен  50см  қашықтыққа  қойып,   өлшем   алар   алдында
психрометрді 3-5 мин үрлейді;
        в) алынған құрғақ және дымқыл термометрдің  көрсеткіштері  4-кестеге
жазылады, екінші жолда  νорт  –  номограмма  бойынша  4-суреттегі  баламалы-
әсерлі температураны ауа қозғалысының жылдамдығы бойынша анықтайды.
        г) жұмыс орнындағы «қолайлылық» түсінігіне сипаттама беру.
5.4. Норма бойынша микроклиматқа баға беру. Шешімдер мен ұсыныстар.
        а)  Алынған көрсеткіштермен 5-кестені толтыру керек;
         б)   5-кестеге   қосымша   А-дағы   микроклимат   нормаларын   жазу
(мұғалімнің тапсырмасы бойынша, алынған бөлменің  жылу  артықтығын  жасайтын
жұмыстың категориясы мен жыл мезгілдеріне байланыстырып анықтайды);
        в) алынған  көрсеткіштердің  нормадағы  көрсеткіштерге  сәйкестігіне
анализ жасау. Микроклиматты жақсарту туралы ұсыныстар беру.



5-кесте
|№   |Көрсеткіштер            |Өлшенген      |Қолайлы норма |Болжамды норма|
|р/р |                        |мәндер        |МЕСТ-ССБТ     |МЕСТ-ССБТ     |
|1   |Ауа тем-сы, t0С         |              |              |              |
|2   |Ауаның салыстырмалы     |              |              |              |
|    |ылғалдылығы, %          |              |              |              |
|3   |Ауаның қозғалу          |              |              |              |
|    |жылдамдығы, νорт        |              |              |              |






 Бақылау сұрақтар


1.   Жұмыс   орнының   метеорологиялық   жағдайын   ауа   ортасының   қандай
параметрлерімен анықтайды?
2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?
4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын  анықтау  және  оған  мән  берудің
мақсаты?
6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.
8. Ауаның абсолюттік ылғалдылығы деген не және оны қалай анықтайды?
9. Ауаның салыстырмалы  ылғалдылығы деген не және оны қалай анықтайды?
10. Ассман психрометрінің құрылысы және өлшеу кезінде қалай қолданылады?
11. Анемометр құрылысы және ауа қозғалысын анықтау реті.
12. «Қолайлылық» дегеніміз не және ол қандай параметрлермен сипатталады?
13. Тиімді және баламалы-әсерлі температуралар қалай анықталады?
14. Баламалы-әсерлі температураның номограммасын қалай пайдаланады?
15. Жұмыс категориясына мінездеме беріңіз.

































   Ауа сынамаларын таңдау әдістері


   № 3 тақырыбы: Өндіріс орындарында ауанын шаң- тозанын анықтау

   Уақыт – 3 сағат
Жұмыстың мақсаты:
   Өндіріс залдарымен бөлмелеріндегі ауаның шаң-тозанын анықтау және
зерттеу.
Керекті құралдар мен жабдықтар:
- сүзгі (шаң ұстағыш),
- ауа сорғыш,
- аналитикалық таразы,
- аллонж (ауа сорғыш сүзгі құралының негізгі бөлшегі).
Жұмыс мазмұны:
1.Ауадағы (өндіріс орындарындағы) шанды анықтаудың тәсілдерін оқып беру,
2.Экспериментті түрде ауадағы шаңның мөлшерін анықтау
3.Анықталатын шаң-тозаңның нәтижесін санитарлық нормамен салыстырып және
одан қортынды шығару





      Теориялық бөлім


       Өндірісті  тексеру,  технологиялық  процестерді,   құрал-жабдықтарды,
шикізаттарды,  оларды  тасымалдау  мен  өндеу  жұмыстарынан  басталады.  Осы
кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға  болады.  Бірақ
шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан  пайда  болатын  шаңдар  да
өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша анықтауға  тура
келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының  (Si  O2)  ауадағы  тозаңмен
қосындысының құрамдарын анықтау.
   Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол  қандай  термомеханикалық,  не
басқа жолдармен өнделеді, осындай  өндеу  кезінде  ауаға  қандай  азрозолдар
тарайды, оның бәріне назар аударып,  анықтап  отыру  керек.  Сонымен  қатар,
технологиялық өндеу үзіліссіз  бе,  жоқ  әлде  үзіліспен  бе,  оған  қосымша
қолмен атқарылатын жұмыс  бар  ма?  Бар  болса  оның  адамға  әсері  қандай,
бұғанды көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз  тарап  тұрама,  жоқ
әлде белгілі бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім  (проба)
алу  кезінде  тарайма,  не  жұмысшылардың  кезек   алмасу   кездерінде   ауа
тозаңданама, міне осының бәрі есепке алынады.
   Адамдарының жұмыс  істеу  зонасындағы  (деңгейіндегі)  шандарды  анықтау
үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6  м  биіктіктегі  деңгейден,  ауаның
пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау  үшін,  пробаны  әртүрлі
бейтарап   көністіктерден   де   (жұмыс   орынынан   1-3-5   м   шамасындағы
көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан  да  алады.  Проба  алған
кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның  температурасын,  атқарылып  жатқан
жұмыстың қимылын,  түрін,  проба  алу  мезгілі  қай  уақытта  болады,  қанша
уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып алу қажет.
   Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3  ауада  қанша  мг  шаң-тозан  барын
анықтап,  оның  процент  мөлшердегі  қатынасын  анықтайды.  Шаң-тозаң  барын
анықтап,  оның   процент   мөлшердегі   қатынасын   анықтайды.   Шаң-тозаңды
анықтаудың екі тәсілі белгілі.  Біріншісі, шаңды алдын ала  сүзгімен  ұстап,
жинау, одан  кейін  аналетикалық  таразыға  салып  өлшеу  яғни  1м3  ауадағы
тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл  тәсілді  орысша  весовой  деп
атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.
   Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала  сүзгіге  жинамай-ақ
арнаулы оптикалық құралмен 1м3  ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.
   Біздің елімізде ең кең тараған әдіс –  салмақ  әдісі  (фильтрация).  Осы
тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.

   Салмақтық тәсілінін орындалу жолы


   Әдіс  негізінен  ауаны  аспиратор  құралының  көмегімен   сүзгі   арқылы
сорғытып,  ауадағы  тозанды  сүзгіде  ұстауға   негізделген.   Сүзгіні   ауа
сорғызғанға дейін және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып,  өлшеп,
айырмасын, яғни шаңның салмағын тауып, оны  бір  м3  ауада  қанша  болатынын
арнайы формула арқылы есептеп шығарады да, санитарлық  нормамен  салыстырып,
тиісті қорытынды шығарады.

   Керекті құралдар, материалдар, ауа сорғызу техникасы.

   Бұл үшін арнаулы АФА деп аталатын сүзгі пайдаланылады (АФА-аспирационный
фильтр аэрозоли деген сөз). Ол жасанды пархлорвинильді  талшықтан  жасалған.
Бұл фильтр- сүзгі арқылы ауаны минутына 100  м3  дейінгі  көлемде  сорғытуға
болады және ол  тозандардың  химиялық  ыдыратқыш,  бүлдіргіш  әсерлеріне  де
төзімді. Дайындық жұмысы лабораториялық жағдайда, сүзгіні таразыға  өлшеуден
басталады, бұдан кейін журналға сүзгінің салдағын, рет санын жазады.
   Жүргізілетін сарап жұмысының  шамасына  қарай  сүзгілердін  біраз  артық
қорын дайындайды. Бұдан сон өндіріс  орындарына  барып,  проба  алу  алдында
арнаулы воронка тәрізді аллонжы  деп  аталатын  түтік-құралға  орналастырып,
онын бір жағын резенке түтікшеге  қосады,  резенке  түтікшенің  екінші  жағы
электрлік аспираторға жалғанады.
   Аспираторды  тоққа  қосқанда  белгілі  көлемдік  жылдамдықпен  ауа  сору
басталады. Егер ауа  сораптау  орталығында  тоқ  көзі  жоқ  болған  жағдайда
(мысалы,  шахталарда,  немесе  жарылу  қаупы  бар  кеністіктерде)  электроты
аспиратор яғни, механикалық құрал- ауа сорғыш пайдаланылады  (АЭРА).  Ауадан
проба алу аяқталған  соң,  аспираторды  тоқтан  ажыратып,  өлшенген  уақытты
есепке  алып,  сүзгіні  аллонждан  бөліп  алып,  лабораторияға  әкеледі  де,
қайтадан өлшеп, соңғы салмақтан бұрынғы  салмақты  алып  тастайды,  табылған
санды алып бұл зерттелген  белгілі  көлемдегі  ауадағы  таза  салмағы  болып
табылады.
   Шаннын  ауадағы  концентрациясын   (мг/м3)   табу   және   оны   бағалап
қорытындылау жолы.
   Бұл үшін мына формулаларды пайдалану керек:

                                         ;
бұдан,
Р2 – сүзгінің сорғытудан кейінгі салмағы
Р1 – сүзгінің соруға дейінгі салмағы,
V0 –  сорғытылған  ауаның  қалыпты  жағдайдағы  келтірілген  (760  мм  сынап
бағынасы, О0С) түрі мына формула бойынша табылады:

V0 –

бұдан,

Vt  = сорғытылған ауаның көлемі,
273 = абсолюттік температура,
t0 =  проба алған кездегі ауаның температурасы.
                                                                     7 кесте

Жүргізілген жұмысты сораптау үшін мына кестеге түсіру керек

|Проба       |Ауа сорғызға  |Ауа сорған   |Ауанын      |Сорған    |Санитарлық  |
|алынған     |дейінгі       |кей-гі       |температурас|уаның     |норма       |
|ортаға      |сүзгінің      |сүзгінің     |ы           |көлемі (л)|            |
|дейінгі     |салмағы мг,   |салмағы (мг) |            |          |            |
|            |              |             |            |          |            |


   Мысал: Ауа сорғызғанға дейінгі сүзгінін  салмағы  400  мг,  сорғызғаннан
кейін 420 мг. 200 л сорғызылған ауа, осы кездегі температура – 270 С:  Ауаны
қалыпты жағдайға келтіреміз:

      V0 =
Немесе, 0,182 м3. Енді шанның концентрациясын табныз:

      G =

   Табылған шаңның 1 м3  ауадағы концентра 110 мг.  Енді  осыны  ен  жоғары
мүмкіндікпен салыстырсақ (НДК-мен) мына төмендегідей болып шығады.
   Мысалы, зерттеу жұмысын көмір өндіретін шахтада жүргіздік делік,  сонда,
тозандағы кромнийдін қос тотығы ( SiO2)  %  төмен  болған  жағдайда,  шаңнын
ауадағы ен жоғары мүмкіндіктері  концентрациясы   (ПДК)  10  мг/м3   болады.
Сондықтан, біздің мысалымыз бойынша, көмір шахтасындағы  шаң-тозан  шахтанын
1 м3  ауасындағы концентрациясы 110 мг болып отыр. Бұл санитарлық  мөлшерден
(нормадан) 11 есе артып тұр деген сөз.




Бақылау сұрақтар

1.Ет және сүт өңдеу өнеркәсібі орындарындағы шаң-тозаңдардын түрлері?
2.Әрбір жұмыс орындары мен цехтарындағы тозаңдану сипаттары қандай?
3.Шаң-тозаннын адам ағзасына  өндіріс  орталықтары  мен  атмосфераға  ететін
әсері қандай?
4.Шаң-тозанды анықтау тәсілдері?
5.Шаң-тозанды анықтау үшін қандай құрал-жабдықтар, материалдар қажет?


    Қолданылған әдебиет:


1. Золотницкий Н.Д. және басқалар «Лабораторный практикум по охране  труда»,
   высш.шк, М. 1979 г.

















































































































Пәндер