Файл қосу
Экспертті жүйелердің классификациясы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | | | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМК құжаты |ОӘК |ПОӘК 042-18-12.1.115/03-2013 | | |Баспа №1 18.09.2013ж| | |«Эксперттік жүйелер» | | | |пәнінің оқу-әдістемелік | | | |кешені | | | «Эксперттік жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 050703-«Ақпараттық жүйелер» мамандығына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Практикалық және лабораториялық сабақтар 4. Студенттің өздік жұмысы 1. глоссарий Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған: 1.1. Экспертті жүйе деп мамандардың нақты саладағы білімдерін қолданып және сол эмпирикалық тәжірибені қолданушыға кеңес ретінде ұсынатын күрделі программалалық кешендерді айтады. 1.2. Қолданушы – жүйемен жұмыс жасайтын нақты саладағы маман. Көп жағдайда қолданушының квалификациясы төмен болады, сондықтан ол экспертті жүйелер жағынан көмекті қажет етеді. 1.3. Білім бойынша инженер – эксперт және білім базасы арасындағы аралық буфер ролін атқаратын жасанды интеллект бойынша маман. Синонимдері: когнитолог, инженер-интерпретатор. 1.4. Қолданушы интерфейсі-информацияны енгізу және нәтиже алу стадиясында қолданушы және экспертті жүйе арасында диалогты іске асыратын программалар кешені. 1.5.Білім базасы (ББ) - экспертті жүйе ядросы, экспертке және қолданушыға түсінікті формада машиналық тасымалдауышқа жазылған белгілі сала білімінің жиыны (программалау тілдерінде). Осындай адамдық ББ-мен қатар машиналық ББ болады. 2. Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы: Дәріс 1. Экспертті жүйелердің архитектурасы Дәріс сұрақтары: Экспертті жүйелердің түсінігі. Экспертті жүйелердің классификациясы. 1. Экспертті жүйе деп мамандардың нақты саладағы білімдерін қолданып және сол эмпирикалық тәжірибені қолданушыға кеңес ретінде ұсынатын күрделі программалалық кешендерді айтады. Экспертті жүйелердің негізгі түсініктері. Қолданушы – жүйемен жұмыс жасайтын нақты саладағы маман. Көп жағдайда қолданушының квалификациясы төмен болады, сондықтан ол экспертті жүйелер жағынан көмекті қажет етеді. Білім бойынша инженер – эксперт және білім базасы арасындағы аралық буфер ролін атқаратын жасанды интеллект бойынша маман. Синонимдері: когнитолог, инженер-интерпретатор. Қолданушы интерфейсі-информацияны енгізу және нәтиже алу стадиясында қолданушы және экспертті жүйе арасында диалогты іске асыратын программалар кешені. Білім базасы (ББ) - экспертті жүйе ядросы, экспертке және қолданушыға түсінікті формада машиналық тасымалдауышқа жазылған белгілі сала білімінің жиыны (программалау тілдерінде). Осындай адамдық ББ-мен қатар машиналық ББ болады. Шығарушы – ББ-да бар білімге сүйене отырып эксперт ойын модельдейтін программа. Синонимдері: дедуктивті машина, логикалық шығару блогы. Түсіндірулер жиыншасы – «Ұсыныстар қалай шығарылды?» және «Неге жүйе мұндай шешімге келді?» сұрақтарына жауап беретін программа. «Қалай?» сұрағына жауап – барлық ой-қорытындылар тізбегінің қадамдарын көрсету процессі. «Неге?» сұрағына жауап – келген қорытындыдан бір қадам алдыға жылжу. ББ-ның интеллектуалды редакторы – білім инженеріне диалогты режимде ББ құруға мүмкіндік беретін программа. Элементтері: кірістірілген меню жүйесі, білімді өрнектеу тіл шаблондары, көмекші және базамен жұмыс жасауды жеңілдететін басқа сервисті программалар. Экспертті жүйені құрушыларға коллективіне минимум төрт адам кіреді: - Эксперт; - Білім инженері; - Программист; - Қолданушы. Бұл коллективті білім инженері басқарады, ол білімге негізделген жүйелерді құрудағы басты фигура. 2. «Экспертті жүйелер» классы қазіргі уақытта мыңдаған программалық кешендерді біріктіреді. Оларды әртүрлі критерийлер бойынша класстарға бөлуге болады. 1) Шығарылатын есеп бойынша классификация 2) Нақты уақытпен байланыс бойынша классификация 3) Басқа программалармен интеграциялану дәрежесі бойынша классификация 1. Шығарылатын есеп бойынша классификация 1. Мәліметтерді интерпретациялау. Бұл экспертті жүйелердің дәстүрлі есептерінің бірі. Мәліметтерді интерпретациялау деп нәтижесінде нақты болатын мәліметтердің мағынасын анықтауды айтамыз. Көптеген жағдайларда мәліметтердің көп вариантты анализі қолданылады. 2. Диагностика. Диагностика деп қайбір жүйедегі қателерді түзетудә айтамыз. Қателік – нормадан ауытқу. Негізгі проблемалар – қауіпті жағдайды «өткізу» және «ложного срабатывания» инверсті есебі. Бұл проблемалардың қиындығы қауіпті жағдайдың симпомдарының түсініксіздігі және уақытты ескеру. 3. Проектілеу. Проектілеу деп алдын-ала белгілі қасиеттермен объектілерді жасаудың ерекшеліктерін құруды айтамыз. Ерекшелік деп барлық керек құжаттар жиынын айтамыз – сызба, түсініктеме қағазы және т.б. Мұндағы негізгі проблемалар – объект жайлы білімнің нақты структуралық сипаттмасын алу және «іздер» проблемасы. Эффективті проектілеу және қайта проектілеу үшін проектті шешімдірді ғана емес және оларды қабылдау мотивтерін де құру керек. Проектілеу есептерінде экспертті жүйеде болатын екі негізгі процесстер тығыз байланысты болады: қорытындыны шығару процессі және түсіндіру процессі. 4. Болжамдау. Болжамдаушы жүйелер берілген жағдайлардан ықтималды салдарды логикалық түрде шығарады. Болжамдаушы жүйеде параметрлер мәндері берілген жағдайға келтірілетін параметрлік динамикалық модельдер қолданылады. Бұл модельден алынатын салдар ықтималдық бағалардан тұратын болжамдар негізін құрады. 5. Жоспарлау. Жоспарлау деп қандай да бір функцияларды орындайтын объектілерге қатысты іс-әрекеттер жоспарын құруды айтамыз. Мұндай экспертті жүйелерде жоспарланған іс-әрекеттердің салдарын логикалық түрде тұжырымдайтын нақты объектілердің әрекет модельдері қолданылады. 6. Оқыту. Оқыту жүйелері ЭЕМ көмегімен қандайда бір пәнді оқу барысындағы қателерді анықтайды және дұрыс шешімді көрсетеді. Олар нашар оқушы жайлы және оның қателіктері жайлы білімді қолданады және жұмыс істеу барысында оқытылатындырдың қателіктерін анықтап, оларды жоюға бағытталған. Оқушының деңгейіне байланысты қарым-қатынас жасау мүмкіндігі қарастырылған. Білімге негізделген жүйелерді анализ және синтез есептерін шешетін жүйелерге бөлуге болады. Анализ және синтез есептерінің некгізгі айырмашылықтары: анализ есептерінде шешімдер жиыны анықталып, оның барлығы жүйеге қосылады, ал синтез есептерінде шешімдер жиыны компоненттер немесе проблемалар шешімдерінен құрылады. Анализ мәселесі – мәліметтерді интерпретациялау, диагностикалау; синтез мәселелері – проектілеу, жоспралау. Біріктірілген есептер: оқыту, мониторинг, болжамдау. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Мәліметтерді интерпретациялау деген не? 2. Проектілеу деген не? 3. Шешімдерді қабылдау деген не? Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 2-дәріс Тақырып: Экспертті жүйелердің классификациясы Дәріс сұрақтары: Экспертті жүйелердің қазіргі уақытпен байланыс бойынша классификациясы. Экспертті жүйелердің басқа программалармен интеграциялану дәрежесі бойынша классификациясы. 1. Дәстүрлі программалау тілдері 2. Жасанды интеллект тілдері 1. Статистикалық экспертті жүйелер білім базасының интерпретацияланатын мәліметтері уақыт бойынша өзгермейтін салалапрда құрылады.Олар тұрақты болады. 2. Квазидинамикалық экспертті жүйелер белгілі бір уақыт аралығында мәліметтері өзгеретін саларда құрылады. 3. Динамикалық экспертті жүйелер деп мәліметтер үздіксіз қабылданатын қазіргі уақытта құрылады. ЭЕМ типі бойынша классификация: -супер ЭЕМ-дегі стратегиялық есептерге арналған ЭЖ-лер; -орта деңгейлі ЭЕМ-гі ЭЖ-лер; -символды процессорлар және жұмыс станцияларындағы ЭЖ-лер; -мини- және суперминиЭЕМ-гі ЭЖ-лер; -персоналды компьютергі ЭЖ-лер. 2. Автономды экспертті жүйелер мәліметтерді өндеудің дәстүрлі әдістерін (есептеу, модельдеу, т.б.) қолданбай тек қолданушымен кеңес беру режимінде жұмыс істейді. Гибридты (қосылған) экспертті жүйелер қолданбалы программалардың стандартты пакетттерін (математикалық статистика, сызықты программалау немесе мәліметтер базасын басқару жүйесі) және білімді басқару құралдарынан тұратын программалық кешен. Ол қолданбалы программалар пакетіне интеллектуалды құрылымдар енгізу немесе күрделі есептерді шешуге арналған экспертті білімдердің элементтерінен тұратын интегралданған орта. Гибрдты экспертті жүйелердің мүмкіндіктері көбірек болса да, автономды жүйелерден қарағанда оларды құру әлде қайда қиынрақ. Әртүрлі пакеттер, сонымен қатар әртүрлі әдістемелерді біріктіру көптеген теориялық және практикалық қиындықтарды туғызады. 3.Дәстүрлі программалау тілдер классына сандық алгоритмдер және символдық және логикалық мәліметтермен жұмыс жасауға бағытталған тілдер жатады (С, С++, Basic, SmallTalk, Fortran және т.б.). Сондықтан жасанды интеллек жүйелерін бұл тілдер негізінде жасау программисттердің көп жұмысын қажет етеді. Бірақ бұл тілдердің артықшылығы – дәстүрлі машиналық архитектураға ұқсастығымен анықталатын жоғарғы эффективтілігі. Сонымен қатар, дәстүрлі программалау тілдерін қолдану жалпы қызметті ірі программалық кешендерге интеллнктуалды жүйешелерді қосуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі программалау тілдері арасында ең қолдануға ыңғайлы тілдер – ол объектті-бағытталған тілдер (С++, SmallTalk). Бұл объектті-бағытталған программалау тілдер парадигмасы білімді фреймдік көрсету моделімен тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Дәстүрлі программалау тілдері сонымен қатар жасанды интеллекттің инструменталды құралдардың басқа класстарын құруға да қолданылады. 4.Жасанды интеллект тілдерінің ең жиі таралғандары – Лисп(LISP) және Пролог(Prolog). Кей жағдайларда Россияда жасалған РЕФАЛ жасанды интеллект тілі қолданылады. Бұл жасанды интеллект тілдерінің дәстүрлі интеллект тілдерінен қарағанда универсалдығы әлде қайда төмен, бірақ олар символдық және логикалық мәліметтермен жұмыс жасау мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Жасанды интеллект тілдері негізінде жасанды интеллект есептерін шығаруға арналған арнайы компьютерлер жасалады (мысалы, Лисп-машиналар). Бұл тілдердің тағы бір кемшілігі – гибридті экспертті жүйелер құруда қолданылмайды. Арнайы программалық инструментарий. Бұл жасанды интеллект программалық құралдар тобына жалпы қызметті арнайы интсрументарийлар жатады. Олар жасанды интеллекттің экспертті жүйелерімен кәдімгі тілдер денгейінен қарағанда жоғары денгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Жасанды интеллекттің Лисп тілінің библиотекасы мен құрлылғылары: КRL(Knowledge Represantation Language), FRL (Frame Represantation Language), KEE(Knowledge Engineering Environment), ARTS және т.б. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Дәстүрлі программалау деген не? 2. Гибридті экспертті жүйелер деген не? 3. Жасанды интеллект тілдері? Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 3-дәріс Тақырып: Экспертті жүйелердің құрылымы Дәріс сұрақтары: 1. Қолданушы интерфейсі 2. Білім базасы 3. Интерпретатор 4. Жүйені құру модулі 1. Экспертті жүйелер төрт негізгі элементтерден тұрады: қолданушы интерфейсі, білім базасы, интерпретатор, жүйені құру модулі. Қолданушы интерфейсі қолданушыға жүйемен диалог жасауға мүмкіндік береді. Білім базасы шешу керек мәселе туралы білімді жинақтайды. Интерпретатор білім базасындағы білімдерді өндейді. Жүйені құру модулі эксперт және жүйелік аналитикке жүйені құруға мүмкіндік береді. Қолданушы интерфейсі. Менеджер қолданушы интерфейсін экспертті жүйеге мәліметтерді және инструкцияларды енгізуге және шығу информациясын алуға арналған. Инструкциялар деп білімді өндеу процессін бағыттайтын параметрлерді айтады. Мәлімет белгілі бір айнымалыларға мәншіктелетін мәндер формасында көрсетіледі. Экспертті жүйе кіруі. Менеджер енгізудің төрт әдісін қолдануы мүмкін: меню, командалар, кәдімгі тіл және өз интерфейсі. Меню және командаларды қолдану белгілі. Төртінші буын тілінде сұраныс мысалы: . Өз интерфейсі мысалы ретінде қолданушы шақыратын подменю (Norton Commander). Экспертті жүйе шығуы. Экспертті жүйелердің ерекшелігі тек шешімді ғана емес, түсіндірулерді де алу мүмкіндігі. Түсіндірулердің екі түрі: -сұраныс бойынша берілетін түсіндірулер. Қолданушы кез-келген уақытта экспертті жүйеден өз іс-әрекетін түсіндіруді талап ете алады. -проблеманың шешілуінің түсіндірілуі. Шешім алынғаннан кейін қолдану экспертті жүйеден шешім қалай алынғанын түсіндіруін талап ете алады. Жүйе шешімге қалай келудің әрбір қадамын түсіндіреді. 2. Білім базасы проблемалық облысты сипаттайтын фактілер және олардың логикалық байланысын көрсететін фактілерден тұрады. Ережелер. Білімді өрнектеудің ен танымал әдісі ережелер түрінде өрнектеу. Ереже нақты жағдайда не істеу керек екенін анықтайды. Ол екі бөлімнен тұрады: орындалатын немесе орындалмайтын шарт және егер шарт орындалғандағы жасалатын әрекет. Ережеге мысал келтірейік: егер сату көлемі 40%-тен жоғары қысқартылса, С цехында өндіруді тоқтату керек. Экспертті жүйедегі барлық ережелер ережелер жүйесін құрады, ол мыңдаған ережелр болуы мүмкін. Ережелер иерархиясы. Экспертті жүйеге кіретін ережелердің логикалық байланысы иерархия құрады. Ең төменде орналасқан ережелер жоғарыда орналасқан ережелердің ақиқаттығының шарты болады. Жоғарғы ережелер ақиқаттығы шешімге әкеледі. Егер жүйенің ең жоғары деңгейінде бір ғана элемент болса, онда проблеманың тек бір шешімі болады. Мұнда проблеманың шешімі деп айнымалы мәнін анықтау, объектілердің біреуін, мүмкін әрекеттер немесе ұсыныстарды таңдауды айтамыз. Мысалы, жаңа өніммен нарыққа шығу мүмкіндігі жайлы ұсыныстарды анықтайтын экспертті жүйе шешімінің жауабы "иә" немесе "жоқ" жауап түрінде беріледі. Егер жүйенің ең жоғары деңгейінде бірнеше элемент болса, онда проблеманың бірнеше шешімі болады. Мысалы, шығарылатын өнімнің бәсекелестігі жайлы ұсыныстарды беретін экспертті жүйенің бірнеше стратегиясы болады: өнім сапасын арттыру, бағасын төмендету немесе жарнамаға кететін шығындарды өсіру. Ережелерді таңдау проблемасы. Еределерді қолданудың ен негізгі қиындығы мәліметтер базасынан керекті ережелерді эффективті таңдау. 2. Интерпретатор деп білім базасындағы білімді өндейтін экспертті жүйенің бөлігі. Жұмыс барысында интерпретатор әрбір ережені қарастырады. Егер ережедегі шарт орындалса, белгілі бір әрекет жасалады. Білімді өндеу тура және кері деп бөлінеді. Ережелерді тура өндеу. Тура өндеу жағдайында ережелер тура тізбектей орындалады. Мұнда экспертті жүйе әрбір шарт орындалуын тексереді. Егер шарт орындалса, ереже орындалады деп есептеледі. Егер шарт орындалмаса, ереже орындалмайды деп есептеледі. Шарт не ақиқат, не жалған емес болатын жағдайлар да болады(шартта мәні белгісіз айнымалылар болуы). Бұл жағдайда шарт белгісіз деп есептеледі. Шешімді алу үшін ережелер жиынын қарастыру процесі бірнеше рет қайталанады. Ол кейбір ережелерді бағалау үшін одан кейін тексерілетін ержелердің нәтижесінде бағалатынымен байланысты. Мұндай жағдайларда ол ережелерді бағалау келесі итерацияда іске асырылады. Барлық ережелер бағаланғанда процесс тоқтатылады. Ережелерді кері өндеу. Ережелерді кері өндеу жағдайында интерпретатор белгілі ережені шешу керек проблема ретінде қарастырады. Жүйені құру модулі. Жүйені құру модулі экспертті жүйені құруға арналған. Бұл компонент ережелер жиынын құрғанда өте маңызды. Жүйені құру модулінің негізінде екі әдіс қолданылады: программалаудың алгоритмдік тілдерін қолдану ЭЖ-дің қабықшаларын қолдану. ЭЖ-ның қабықшасы. ЭЖ-ның қабықнасы деп белгілі мәселені шешуге арналған білім базасы қосылған арнайы процессор. Көп жағдайларда программалау тілдерін қолданғаннан қарағанда қабықшаны қолданғанда ЭЖ-ны құру әлде қайда тез және оңай болады. Экономика және бизнесте барлық ЭЖ-ларды қабықша көмегімен құрады. Жүйелік аналитик ролі. «Білім бойынша инженер» термині экспертпен бірге ЭЖ-ны құруға қатысатын адамды білдіреді. Көптеген фирмаларда ЭЖ-ны құрғанда білім бойынша инженер функциясын жүйелік аналитиктер атқарады. Компьютерлік қосымшаларды білгеннен басқа, жүйелік аналитик -эксперт өз мәселесі туралы білімдерді қалай қалыптастыратынын білу -эксперттен алынған ЭЖ-ге енгізілетін білімге сипаттама беру керек. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Жүйені құру модулі? 2. ЭЖ-ның қабықшасы? 3. Жүйелік аналитик ролі? Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 4-дәріс Тақырып: Экспертті жүйелерді құру процессі Дәріс сұрақтары: 1. ЭЖ-ны құру процессі 2. Қолданушы-басқарушының қатысуы 3. ЭЖ мысалы 4. ЭЖ артықшылығы 5. Жасанды нервті жүйе ЭЖ-ны құру процессі. ЭЖ-ны құру процессінде 3 адам қатысады: жүйелік аналитик, мәселе бойынша эксперт және қолданушы-басқарушы. Жобалау процесінің басы. Құрудың бірінші қадамында жүйелік аналитик құруды жалғастырудың мүмкіндігі және маңыздылығы жайлы шешімді қабылдау үшін мәселені зерттейді. Егер мұндай шешім қабылданса, жүйелік аналитик жобалауды жалғастырады. Базалық ЭЖ-ны құру(прототип).2-5 қадамдарда жүйелік аналитик экспертпен бірге жұмыс атқарады. Көп жағдайларда керекті білімді алу үшін қосымша эксперттерді шақырады. 2 қадамда жүйелік аналитик және эксперт мәселені 2 бөлімге бөледі. 3 қадамда олр ережелер жиынын құрып, оларды прототип жүйеге енгізеді. 4 қадамда прототипті тексереді, егер ол қанағаттанарлықсыз болса, прототипті таңдау 2 қадамнан бастап қайта қарастырылады. Егер тексеру қанағаттанарлықты өтсе, эксперт және аналитик 5 қадамға өтеді, яғни қолданушы интерфейсін құру. Қолданушы-басқарушының қатысуы. Тексерудің негізгі шарты – қолданушы – басқарудың қатысуы болып табылады. Ол үшін эксперт және аналитик алдын-ала қолданушы-басқарушыны оқытады, ал 6 қадамда қолданушы-басқарушының құруы тексеріледі. Егер тексеру нәтижелері қолданушы қанағаттандырмаса, құру процессі 2 қадамнан бастап қайта жасалады. Егер нәтиже қанағаттандырса, 7 қадамда жүйені қолдану басталады. Соңғы 8 қадамда құрылған ЭЖ-ны фирма жұмыстарына енгізу басталады. ЭЖ мысалы. Қаржы салсындағы несие беру есебін шешуге арналған ЭЖ мысалы. Несиелік саясат қалыптасу кезінде екі есеп шығарылады: -жаңа клиенттерге несиенің шекті мөлшерлерін белгілеу; - жаңа түскен ақпараттың негізінде несиелеу шектерін өзгерту. 1-кестеде несие беру мүмкіндігі жайлы шешім қабылдау базисін құратын бес негізгі ақпараттық сипаттамалар берілген. Олар – қаржылық тұрақтылық, төлем көлемдері, несиелік тарих, фирма орналасуы және оның экономикалық потенциалы. Несие алу ЭЖ-ның білім базасы екі компоненттен тұрады: -несие алу логикасын іске асыратын ережелер жиыны; -несиенің шекті мәнін есептейтін математикалық модель. Кесте 1. Ақпараттық сипаттамалардың салмақтары |Сипаттамалары |$5000-$20000 |$20000-$50000 | |қаржылық тұрақтылық төлем |0,65 |0,7 | |көлемдері |0,18 |0,2 | |несиелік тарих |0,1 |0,05 | |фирма орналасуы |0,05 |0,03 | |экономикалық потенциалы |0,02 |0,02 | |барлығы |1 |1 | 2-кестеде «Қаржылық тұрақтылық» сипаттамасын анықтайтын ережелер жиыны көрсетілген. Егер ереже орындалса, оған «өте жақсы» мән беріледі. Кесте 2. Клиенттің қаржылық тұрақтығын анықтайтын ережелер жиыны |Пайдалығы | | |Егер сату болжамы |ұлғайса | |А таза пайда |5%-тен артық | |А таза пайда болжамы |ұлғайса | |А валдық пайда |12%-тен артық | |А валдық пайда болжамы |ұлғайса | |ОНДА клиенттің пайдалылығы бағаланады |өте жақсы | |Ликвидтілігі | | |Егер сату болжамы |ұлғайса | |А ағымдағы активтердің пассивтерге қатынасы |1,5-тен артық | |А ағымдағы активтердің пассивтерге қатынасының болжамы |ұлғайса | |А ағымдағы активтерден қорлар және аяқталмаған | | |өндірісті алғандағы ағымдағы пассивтерге қатынасы |0,8-ден артық | |А ағымдағы активтерден қорлар және аяқталмаған | | |өндірісті алғандағы ағымдағы пассивтерге қатынасы |ұлғайса | |ОНДА клиенттің ликвидтілігі бағаланады | | | |өте жақсы | |Қарыз қорларын пайдалану | | |Егер сату болжамы |ұлғайса | |А қарыздардың компанияның бағасына қатынасы |0,3-тен кем | |А қарыздардың компанияның бағасына қатынасының болжамы|кемісе | |А қысқа уақытты қарыздардың жалпы қарыздарға қатынасы | | |А қысқа уақытты қарыздардың жалпы қарыздарға |0,4-тен кем | |қатынасының болжамы | | |ОНДА қарыз қорларын пайдалану бағаланады |кемісе | | | | | |өте жақсы | |Қаржылық тұрақтылық | | |Егер клиенттің пайдалылығы бағаланса |өте жақсы | |А клиенттің ликвидтілігі бағаланса |өте жақсы | |А қарыз қорларын пайдалану |өте жақсы | |ОНДА клиенттің қаржылық тұрақтылығы бағаланады |өте жақсы | Интерпретатор берілген ережелер жиынын өндегенде, қолданушы әртүрлі сұрақтарға жауап беру керек болады. Мысалы: «Егер мақсат несие мөлшерін ұлғайту болса, несиелік тарих және сату көлемі сипаттамалардың қайсы маңызды болады?». Ережелер жиынын өндеу процессі аяқталғанда, монитор экранында шығу ақпараты көрсетіледі. Мысалы, 3-кесте. Кесте 3. Несие беру мүмкіндігі жайлы шығу ақпараты |АО «Балтика» клиентінің несиелік талдауы | |Керекті несие |$50000 | |Бар несие |$ 0 | |Ұсынылатын кредит |$ 0 | |Алынған клиенттің сипаттамалары | |Қаржылық тұрақтылығы |Нашар | |Несиелік тарих |Жақсы | |Экономикалық потенциалы |Жақсы | |Орналасуы |өте жақсы | 3-кестеден көретініміз, керекті несие 50000 долл., клиенттің басқа қарыздары болмаса да, жүйе несие бермеуді ұсынады. Түсіндіру ретінде ЭЖ қолданушыға клиенттің негізгі сипаттамаларын ұсынады, соның ішінде клиенттің қаржылық тұрақтылығы нашар екенін көрсетеді(несие бермеу себебі). ЭЖ-лар артықшылығы. ЭЖ-лар артықшылығы олармен тікелей жұмыс жасайтын менеджерлерге де, фирмаларға да тиімді болады. ЭЖ көмегімен менеджерлер аз уақытта көп шешімдерді қарастырады және оларды нақты бағалай алады. ЭЖ-ны қолданатын фирмалар қандай да бір тәжирибелі маман кетіп қалса да жинақталған білімге ие болып, оны сақтай алады. Жасанды нервті жүйе. ЭЖ-лар бизнестің көптеген салаларында қолданылады, бірақ олардың даму және қолдануына бірнеше кедергі бар. Мұндай қиындықтарға келесілерді жатқызуға болады: -білім инженерия мәселелері, яғни Егер/онда типіндегі ережелер түрінде білімді анықтап, оны формализациялауға көп уақытуақыт жұмсалады; -ЭЖ-ны құрумен байланысты программалау проблемалары. Қазіргі уақытта кейбір специалисттер осы қиындықтарды жоюға жұмыс жасайды, ал кейбіреуі дәстүрлі емес әдістерді іздейді. Мұндай әдістердің біреуі биологиялық ұқсастықтарды қолдану, яғни жасанды нервті жүйені(ЖНЖ) құру. Адам миында болатын ақпараттық процестерді модельдейтін ЖНЖ өзіндік компьютерлік оқытудың технологияларын іске асырады, яғни өзіндік тәжірибе негізінде мәселені шешуге оқыту. ЖНЖ адам миының биологиялық жүйесінің толық функционалдық аналогы болмаса да, жалпылау, абстракциялау және интуиция сияқты интеллектуалды қасиеттерге ие болады. ЖНЖ-ны құру жасанды миды жасауды зерттеуге негізделген, оның негізгі элементі – нейрон. ЖНЖ жүйенің ақпаратты элементтері болатын жасанды нейрондардан құралған көптеген жай структуралардан тұрады. 1-суреттен көретініміз, жасанды нейрон бірнеше кіріс, бір шығысы болады. Әрбір кірісі шешілетін мәселенің белгілі сипаттамасы болады. Мысалы, несие беру есебінде мұндай сипаттамалар ретінде несиелеушінің табыс денгейі, жасы, иждивенецтар саны, залогқа мүлігі болуы және т.с. Шығыс ретінде қабылданған шешім алынады. Ол иә/жоқ жауабы немесе шығыс айнымалысының мәні (несие мөлшері) болуы мүмкін. Нейрон кірістегі сигналдарды қосып, оларды шығыс сигналына түрлендіреді. Соммалау келесі формуламен іске асырылады: [pic] немесе j нейрондарға: [pic] Қосындыны түрлендіру мақсаты шектен шықпау. Түрлендіру негізі ретінде шығыс айнымалысының кірістер қосындысына тәуелділігін көрсететін түрлендіру функциясы болады (әдетте, сызықты емес функция). Көп жағдайларда түрлендіру функциясының орнына шығыс айнымалысының шекті мәнін қолданады. Мысалы, 0,5- ке жетпейтін мәндер 0-ге деп есептеледі, ал одан артық мәндер 1-ге тең деп есептеледі. ЖНЖ программаланбайды. Оларда өздік түзетілу қасиеті болады. Ол жүйенің кірістерін бірнеше рет өзгерту арқылы іске асырылады. Біртіндеп кірістердің салмағын анықтай отырып, ЖНЖ өзіндік оқыту функциясын іске асырады. Өзіндік оқыту процессі 3 қадамнан тұрады: -нәтижені есептеу, -болжамдаған мәнмен салыстыру, -салмақтық коэффициенттерді енгізу және есептеуді қайталау. ЖНЖ-ның ЭЖ-дан негізгі айырмашылығы - жүйенің адаптациясы арқылы жүретін өзіндік оқуға мүмкіндігі.ЭЖ-лар шешілетін мәселені сипаттайтын мәліметтерді қолданып белгілі шешімге келуге негізделіп программаланады. Ал ЖНЖ керекті шығыс ақпаратын қамтамасыз ету үшін кіріс сигналдарының салмақтарын адаптирует. Жүйені құру модулі. Жүйені құру модулі экспертті жүйені құруға арналған. Бұл компонент ережелер жиынын құрғанда өте маңызды. Жүйені құру модулінің негізінде екі әдіс қолданылады: программалаудың алгоритмдік тілдерін қолдану ЭЖ-дің қабықшаларын қолдану. ЭЖ-ның қабықшасы. ЭЖ-ның қабықнасы деп белгілі мәселені шешуге арналған білім базасы қосылған арнайы процессор. Көп жағдайларда программалау тілдерін қолданғаннан қарағанда қабықшаны қолданғанда ЭЖ-ны құру әлде қайда тез және оңай болады. Экономика және бизнесте барлық ЭЖ-ларды қабықша көмегімен құрады. Жүйелік аналитик ролі. «Білім бойынша инженер» термині экспертпен бірге ЭЖ-ны құруға қатысатын адамды білдіреді. Көптеген фирмаларда ЭЖ-ны құрғанда білім бойынша инженер функциясын жүйелік аналитиктер атқарады. Компьютерлік қосымшаларды білгеннен басқа, жүйелік аналитик -эксперт өз мәселесі туралы білімдерді қалай қалыптастыратынын білу -эксперттен алынған ЭЖ-ге енгізілетін білімге сипаттама беру керек. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. ЭЖ мысалы? 2. ЭЖ артықшылығы? 3. Жүйені құру модулі? Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 5-дәріс Тақырып: Экспертті жүйелерді құру процессі Дәріс сұрақтары: 1. Экспертті жүйелердің қабықшаларын қолданып программалық қамтамасыз етуді құру технологиясы 2. Жасанды интеллект программаларының салыстырмалы сипаттамасы 3. Экспертті жүйенің базалық құрылымы 4. Экспертті жүйеде білімді өрнектеу 5. Экспертті жүйелердің құрылғыларының даму этаптары 6. Экспертті жүйелерді тестілеу 1. ЭЖ-нің идеологиясын келесі формула арқылы өрнектеуге болады: білім+қорытынды=жүйе. ЭЖ-да білім базасы және шығару механизмі блоктары өзара әрекеттеседі. Соңғы жылдарда ЖИ-тің инструменталды құрылғыларының жаңа кластары пайда болды. Жаңа құрылғыларды технологиялық тізбек ретінде қарастыруға болады(1.1-сур). 1.1-сур. Программалық қамтамасыз етуді құру технологиясы: бірішні - классикалық; екінші - ЭЖ қабықшаларын қолдану көмегімен Бұл өзгерістер екі негізгі факторлар әсерінен болды: программа алгоритмінде универсалды бөлігін бөліп алу(логикалық шығару) және оны пән облысына тәуелді бөлігінен бөліп алу(1.2-сур); қолданушы мен компьютерлік программа арасындағы байланыс деңгейінің жоғарылауы, яғни ЖИ программаларындағы интеллектуалды интерфейстің пайда болуы. 2. ЖИ программалары және кәдімгі программалар арасындағы айырмашылық келесі кестеде көрсетілген. 1-кесте. Жасанды интеллект программаларының салыстырмалы сипаттамасы |Сипаттамасы |ЖИ программасы |Кәдімгі программа | |Өндеу типі |символдық |цифрлік әдіс | |Әдіс |эвристикалық |алгоритмдік | |Қадамдарды анықтау |нақты емес |нақты | |Алғашқы шешімдер |қанағаттанарлық |оптималды | |Басқаруды және |бөлек |аралас | |мәліметерді бөлінуі | | | |Модификация |дербес |жиі кездесетін | Кестеден көретініміз, кәдімгі программаларда-қадамдары анықталған, нақты программистері, сандық информацияны өндеу арқылы оптималды шешім іздейді, ал ЖИ программаларында-тәжірибе және қателіктер әдісімен қанағаттанарлық шешім іздейді. Мұнда білім базасындағы мәліметке символдық өндеу жасалады. Бұл айырмашылықтар абсолютті емес, тек екі программаларға тән болып табылады. Модификация структурасы және жиілігіндегі айырмашылық құру технологиясына әсер етеді. ЖИ программасының сипаттамалары ЭЖ программаларына да сай болады. 3. Қолданушы ЭЖ-мен эффективті түрде байланыс жасау үшін оның интерфейсі келесі функцияларды орындау керек: қолданушыға кеңес және түсіндрмелер беру, білім алуды басқару керек. Ол байланысты келесі суретте көрсетуге болады(3-сур). Суреттен көретініміз, ЭЖ-да 2 жұмыс режимі болу керек: білім алу режимі және есептерді шешу режимі. Білім алу режимінде эксперт білім инженерімен бірге ЭЖ-мен қатынас жасайды, ал есепті шешу режимінде нәтижені және оны алуды керек ететін қолданушы қатынас жасайды. ЭЖ-де алгоритмдік есептерден қарағанда қолданушыға басшылықты беріп, оны процеске қатыстырады. Керекті уақытында ЭЖ есепті шешудің бағыттарын, ой-қорытындылар тізбегін, өз іс- әрекеттерін түсіндіреді. ЖИ көптеген жаң технологиялық шешімдер, әдістер негізін құрайды, мысалы, уақытты бөліктеу, тізімдерді өндеу, диалогты режимде программаларды түзету және қалыптастыру, эвристикалық программалау, графикалық интерфейс, полиэкранды дисплей және «тышқан» типті манипуляторын қолдану және т.б. 4. ЭЖ-ның негізгі есебін(пән облысы жайлы білімдерді кодтау және осы облыстағы мәселелерді шешуде қолдану) шешу көз-қарасынан бұл саласында ЖИ зерттеушілерінің білімді өрнектеу және образдарды анықтау тәжирибесі маңызды. ЭЖ-ды қолдану үшін керекті білім көлемі өте зор, сондықтан мұндай білімдерді іріктеу, өндеу үшін ЭЖ-ге білімді өрнектейтін нақты модельдер керек. Дұрыс таңдалған модель логикалық қорытынды жасауды жеңілдетеді. ЭЖ- да білімді өнімдік ереже, фреймдер түрінде өрнектеу қолданылады. Одан басқа семантикалық желілер, Пролог ұсыныстары және біріктірілген өрнектеулер қолданылады. Бұл модельдің әрбіреінің өз артықшылықтар және кемшіліктері бар, мысалы, семантикалық желіде байланысқан ақпаратты бірге сақтайды, бірақ онда бұл ақпараттан қорытынды шығару өте күрделі. Прологта логикалық қорытындылар жасайтын дайын механизмдері бар, бірақ ақпаратты біріктіріп сақтамайды. Үлкен көлемді білім базалары дисклерде сақталады және тек қазір керекті ақпарат оперативті жадыда сақталады. Ережелерді, фреймдерді сақтайтын эффективті білім базаларын құру актуалды мәселе. Образдарды анықтау 2 этапқа бөлінеді: оқыту және анықтау. 1-этап – индуктивті, 2-этап – дедуктивті. 1-этапта объектілердің зерттелетін класының белгілі элементтерінің көптеген бақылаулары өнделеді және алынған нәтиже негізінде шешуші ереже құрылады. 2-этапта объектілердің зерттелетін класының элементтерінің өлшенбейтін қасиеттеріне айтылған ережені қолдану. Оқыту этапында зерттелетін класқа тән заңдылықтарды анықтау жүргізіледі. Бұл заңдылықтар білім базасын құратын пәндік облыс моделі болады. Модель негізінде нақты объектілердің қасиеттерін анықтау мәселелері шешіледі. Бұл анықтау схемасы экспертті жүйелер шешетін мәселелерге тән болады. ЭЖ-лер формальданбаған облыстағы мәселелерді шешуге бағытталған. Мұндай облыстағы образдарды анықтау есебі - объектілердің қайсы бір класқа жататындығын айқындайтын сипаттамаларын анықтайтын ережелер және объект сипаттамаларын құру. Мұндай ережелерді қолдану процедуралары әртүрлі стратегияларға бағынады. Жиі қолданатын тура және кері өндеу. «Хабарландырулар тақтасы» негізіндегі біріктірілген стратегиялар да қолданылады. Күрделі ЭЖ-ларда жүйенің ешбір білім көзі алынатын нәтиженің жалғыз және дұрыстығын кепіл бере алмайды. Қай бір білім көздерінің қателіктері басқа білім көздері жұмыстарына әсер етпеу үшін білім көздері тәуелсіз етіп қарастырылу керек. Бірақ оның барлығы бір мәселені шешетін болғандықтан, олардың әсерлесуі қажетті. Бұл талаптарды қамтамасыз ету үшін «Хабарландырулар тақтасы» механизмі ұсынылған. ЭЖ жұмысының нәтижелері, аралық гипотезалар жоспар, ұсыныс, шешімдер түрінде хабарландырулар тақтасына жазылады. Жоспар ЭЖ мәселені қалай шешетін әдісті сипаттайды. Ағымдағы жоспар мақсат, мәселелер жағдайы сияқты элементтерден тұрады. Ұсыныс білім базасындағы ережелерге сәйкес келетін, орындалатын потенциалды әрекеттер жайлы ақпараттан тұрады. Шешімдер гипотезалар, бір шешімді екінші шешіммен байланыстыратын тәуелділіктер, мүмкін болатын шешімдерден тұрады. Білім базасының интерпретаторы қай ұсынысты келесі өндеу керек екенін анықтайды, білім базасынан сәйкес ережемен ұсынысты орындайды. Жалпы жағдайда интерпретатор ережелерді қолдану шарттарының орындалуын, хабарландырулар тақтасында осы шарттардың айнымалыларын байланыстырады және хабарландырулар тақтасында осы ережемен анықталатын өзгерістерді енгізеді. Мысалы, жоспар алдымен белгілі денгейдің барлық ережелерін орындауды ұсынады, содан кейін перспективті гипотезалар құрып, бір гипотеза қалғанға дейін барлық гипотезаларды анықтап және дамытып, ең соңында қалған гипотезаны ақырғы шешім алғанға дейін қарастыру. Білім базасы және универсалды интерпретатор бар болуы интерпретаторды өзгертпей жаңа базаны құру арқылы жаңа ЭЖ құруға мүмкіндік бар, яғни ЭЖ-ны құру процесін базаны құру процесіне келтіруге болады. Мұндай технология «бос қабықша» технологиясы деп аталады. Бір рет құрылған ЭЖ жаңа білім қабықшасы негізінде қолданылады. ЭЖ-ны құру үшін ең жиі қолданылатын Лисп, Пролог және арнайы құруды қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар. Пролог тілінде логикалық программалау негізі программа логикасын есептеулерді басқарудан бөлу, ол программаны құру процессін айқын етеді. Құруды қамтамасыз етудің мақсаты идеядан ЭЕМ-ге түсінікті формада сипаттауға дейінгі шығармашылық және интеллектуалдылық жолды жеңілдету. ЭЖ- ны программалау тілдері арқылы құру құрушының идеядан ЭЕМ тіліне ауыстыруға көптеген уақытын алады, ал құруды қамтамасыз ету құрушының идеяға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. 5. ЭЖ-ны құру құрылғыларының эволюциясын 4 этапқа бөлуге болады. Бұл эволюцияға 2 тенденция тән: ЭЖ өмірлік циклының этаптарын қамту дәрежесінің өсуі; дискретті құрылғыларын қолданудан интегралданған тұтас жүйелерді құруға ауысу. 4. –сур. Экспертті жүйелердің құрылғыларының даму этаптары Программаларды құруды қамтамасыз етудің әртүрлі құрылғылары бар. Мұндай құрылғылардың алғашқылары: программалау тілдерінің трансляторлары, программаның орындалу кезіндегі бақылайтын жөндеушілер. Олар әлі күнге дейінгі жиі қолданылатындардың арасында. Басқа кең тараған құрылғылар арасында: «әдемі» баспа шығару программалары, конфигурацияны басқару программалары, қиылыс программалық сілтемелер және орындалу трассировщигі. Аталған құрылғылар дискретті женә тәуелсіз. Программист тек бір құрылғылармен жұмыс жасай алады. Келесі даму қадамында «инструменталды жәшік» деп аталған интегралданған құрылғылар жиыны пайда болды. Әрбір құрылғыны жасағанда басқа құрылғылар да ескеріліп отырды. Мысалы, Turbo-Prolog, Interlisp-D сияқты жүйелерде программист программаны енгізгеннен кейін іске қоса алады. Егер қателер болса, жүйе жөндеуішті шақырады. Содан кейін программист программаны түзетіп, оны орындауды жалғастырады. Бұл әдіс қателерді түзетуге кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Үлкен көлемді программалық құрылғыларды жобалау күрделі мәселе. Өмірлік циклды бірнеше этапқа бөлу (ерекшеліктер және қажеттіліктерді талдау, жобалау, іске қосу, тестілеу және жөндеу, жұмысы және қамтамасыз ету) жобалу процесіндегі мәселелерді реттеу арқылы жобалауды жеңілдетуге бағытталған. Turbo-Prolog, Interlisp-D тек іске қосу және жөндеу этаптарын қамтамасыз етеді. Зерттеулер бойынша, өмірлік циклдың негізгі маңызды бөлігі қамтамасыз ету этапы. Ерекшеліктер және қажеттіліктерді талдау этапы да маңызды этаптардың бірі, өйткені соңғы этаптарда қателікті түзету қиын болады. Жасанды интеллект әдістерінің әртүрлі облыстарды қолданылуы оларды программалық қамтамасыз етуді құруда пайдалануын түсіндіреді. Мысалы, Массачусет технологиялық институтының «Программист көмекшісі» жобасы, Станфорд университетінің «Пси» жобасы. Бұл жобалар программаны түсінуге, жобалауға, іске қосуға және қамтамасыз етуге программист қолданатын білімді модельдейді. ЭЖ бұл білімдерді программа құру процесін автоматтандыру үшін қолдану мүмкін. 6. ЭЖ-лерді тестілеу кәдімгі жүйелерді тестілеуден қарағанда басқаша болады. Біріншіден, ЭЖ-лар детерминирленген болады, өйткені мәселелерді шешу орындалу уақытының параметрлеріне байланысты болады. Ол іс-әрекетін қайталауды қиындатады, яғни жөндеуді де қиындатады. Екіншіден, дәстүрлі программалардан қарағанда енгізу-шығару қатынастары нақты емес, бұл енгізу-шығару анализін қолдануды қиындатады. Үшіншіден, ережелерді іске қосатын әдістер саны өте көп. ЭЖ-ні тестілеудің ең эффективті әдісі макетін құру. Қамтамасыз ету және модификация – ЭЖ-ны құрудың негізгі бөліктерінің бірі. Қолдану тәжірибесі артқан сайын білім базасының ережелері эволюциондайды. Ережелер уақытқа байланысты болады. Нақты ЭЖ-ларға білім көзі ретінде оқулықтар, анықтамалықтар, мәселелік облыстағы нақты зерттеулер материалдары, т.б. Классикалық білім көзі болып нақты пәндік облыс эксперт-маман саналады, яғни білім алу адамдық факторды ескеруді қажет етеді. Бұл мәселені шешу математик, программист және психологтардың жұмысын қажет етеді. Қазіргі уақытта білім базасын құратын тізбектен адамды алып тастайтын жүйелер жоқ, бірақ білім алуға мүмкіндік беретін 3 класс бар: 1. Барлық білімді эксперт беретін білім инженерімен эксперт арасындағы дәстүрлі диалог; 2. Кейбір ережелерді автолматты түрде алуға мүмкіндік беретін білімді автоматты генерациялау 3. Нақты эксперттің пәндік облысты зерттеу моделін құру. Ол осы эксперттің жеке көз-қарасы негізінде осы облысты зерттеудің бағытталған процесін құруға мүмкіндік береді. ЭЖ құрғанда оның «қағаздағы» моделін құрудан бастау керек. Ол модель экспертпен әнгімелесу кезінде құрылады. Бұл кезде эксперт жұмыс жасайтын негізгі түсініктер құрылады, жүйенің тезаурусы құрылады. Одан кейін эксперт шешетін мәселені бірнеше күрделі емес мысалдармен түсіндіреді. Осылай есеп алгоритмы құрылады. Білім базасында эксперттің формальданған білімдері кодталған түрде сақталады. ЭЖ-ның қазіргі даму этапында білімді өрнектеудің бірнеше формасы бар. Олардың ішінде 4 көрсетейік: 1. «Үштік»: объект-атрибут-мәні. Мысалы, үй-түс-жасыл, пациент- температура-жоғары. Бұл білімді өрнектеу түрі белгілі жиындағы мәнді қабылдайтын қасиеттерге ие болатын объектті анықтайды. 2. Өнім ережелері: ЕГЕР пациент гриппен ауырса ЖӘНЕ ауру стадиясы бастапқы болса, ОНДА температура 0,95 ықтималдықпен жоғары болады ЖӘНЕ бас ауруы 0,8 ықтималдықпен болады. 3. Фрейм. Өз атаулары бар және машинаның жұмыс істеу процесінде мәндерді қабылдайтын ұяшықтардан құралған таблица. Білім ретінде тұрақтылар, жоғары немесе төменгі денгейлі фреймдерге сілтемелер, кейбір есептеу процедуралары. 4. Семантикалық желі. Төбелері объектілер болатын, ал доғалары төбелер арасындағы қатынастарды сипаттайтын бағытталған граф. Білімді өрнектеудің бірінші формасы алғашқы формалардың бірі болып табылады. Мұндай форманы көптеген ортақ атрибуттардан тұратын диагностикалық ЭЖ-ларда қолданылады. Мұндай облыс мысалы ретінде күрделі техникалық жүйелер алынады. Өнім ережелері түрінде білімді өрнектеу – білім базасын өрнектеудің ең тараған түрі. Өнімдер көмегімен кез- келген жүйені сипаттауға болады. Фрейм-структуралар білім облысындағы электронды таблицалард әдісінің дамуын түсіндіреді. Ол қолдану бойынша екінші тараған өрнектеу түрі. Оларды иерархиялық структуралары нақты анықталған мәселелік облыста қолданады. Семантикалық желілер психологиядағы адам көп уақыттық жадысының моделі ретінде пайда болған. Мұндай желілерді кәдімгі тілдердегі әсерлесу жүйелерін құрушылар қолданады. Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Фрейм-структуралар? 2. Семантикалық желілер? 3. Білімді өрнектеу? Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 3. практикалық және лабораториялық сабақтар а) Практикалық(семинар) сабағының құрылымы: 1-Практикалық (семинар) сабағы. Эксперттік жүйені құру Сұрақ: 1. Эксперттік жүйені құру. 2. Эксперттік жүйенің функциялары Сабақ мақсаты: Экспертті жүйені құру жайлы түсінік беру Бақылау сұрақтары: 1. ЭЖ құрудың негізгі қиыншылықтары 2. ЭЖ-ның ең маңызды функциясы Әдістемелік нұсқаулар: 1. ЭЖ құрудың әдістерін қарастыру 2. ЭЖ-ның функцияларын бөліктеу Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 2-Практикалық (семинар) сабағы. Жасанды интеллект жүйесінің даму тарихы Сұрақ: Жасанды интеллект жүйесінің даму тарихы. Білім және мәлімет. Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны. Бақылау сұрақтары: 1. Алғашқы жасанды интеллект белгілері 2. Жасанды интеллекттің қоғамдағы маңызы Әдістемелік нұсқаулар: 1. Білімді тұтастай қарастыру 2. Жасанды интеллект аспектілері Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 3-Практикалық (семинар) сабағы. Ережелерді өндеу Сұрақ: 1. Ережелерді тура өңдеу. 2. Ережелерді кері өңдеу. 3. Кері және тура ережелерді өңдеуді салыстыру. 4. Подсистема дегеніміз не? Бақылау сұрақтары: 1. Ережелерді тура өндеу ерекшеліктері 2. Жүйеше бөліктері Әдістемелік нұсқаулар: 1. Ережелерді өндеу түрлерін салыстыру 2. Жүйешенің ЭЖ-ға қатынасы Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 4-Практикалық (семинар) сабағы. Тұжырымдау стратегиясын басқару Сұрақ: 1. Эвристика көмегімен басқару. 2. Классификациялау программасы. 3. Ықтималды тұжырымдау. 4. Жуықты тұжырымдау. 5. Көпсатылы тұжырымдау. 6. Нақты емес тұжырымдау Бақылау сұрақтары: 1. Тұжырымдау түрлерін салыстыру 2. Нақты емес тұжырымдау ерекшелігі Әдістемелік нұсқаулар: 1. Тұжырымдау иерархиясын қарастыру 2. Тұжырымдау стратегиясын нақтылау Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 5-Практикалық (семинар) сабағы. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары Сұрақ: 1. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары. 2. Эксперттік жүйенің сипаттамасы. 3. Білімді көрсету. 4. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы және синтаксисі. Бақылау сұрақтары: 1. ЭЖ көмегімен шешілетін тапсырмалар 2. Білімді көрсету түрлеру Әдістемелік нұсқаулар: 1. Эксперттік жүйенің сипаттамасын талқылау 2. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 6-Практикалық (семинар) сабағы. Шешімді табудың процесін басқару Сұрақ: 1. Шешімді табудың процесін басқару. 2. Автокөлікке қызмет көрсету. 3. Қолданылған шешімді түсіндіру. 4. Мәселенің ағымдағы жағдайы. Бақылау сұрақтары: 1. Шешімді табу неге негізделеді? 2. Қабылданған шешімді түсіндіру тәсілдері Әдістемелік нұсқаулар: 1. Шешімді табу процесін қарастыру 2. Мәселенің ағымдағы жағдайын анықтай білу Ұсынылатын әдебиет: 1. Стерлинг Л., Шапиро Э. Искусство программирования на языке Пролог.- М.: Мир, 1990. 2. Братко И. Программирование на языке Пролог для искусственного интеллекта. – М.: Мир, 1990. 3. Сырецкий Г.А. Информатика, Основы логического программирования на PDC prolog: Учеб.пособие. - Новосибирск: НГТУ.- 1994. Ч.3. 5. студенттің өздік жұмысы 4.1.Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар: студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады. Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін: – жасалған жұмысты көрсету; – өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама; – аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау; – жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау. Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді. Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады. 2. Өздік жұмыс тақырыптары: 1. Эксперттік жүйені құру. 2. Эксперттік жүйенің функциялары Білім және мәлімет. Жасанды интеллекттің ақпараттық технологиядағы орны. 1. Ережелерді тура өңдеу. 2. Ережелерді кері өңдеу. 3. Кері және тура ережелерді өңдеуді салыстыру. 4. Жүйеше дегеніміз не? 5. Эвристика көмегімен басқару. 6. Классификациялау программасы. 7. Ықтималды тұжырымдау. 8. Жуықты тұжырымдау. 9. Көпсатылы тұжырымдау. 10. Нақты емес тұжырымдау 11. ЭЖ – нің шешетін типтік тапсырмалары. 12. Эксперттік жүйенің сипаттамасы. 13. Білімді көрсету. 14. Жанұялық қатынастарды көрсетудің семантикасы және синтаксисі. 15. Шешімді табудың процесін басқару. 16. Автокөлікке қызмет көрсету. 17. Қолданылған шешімді түсіндіру. 18. Мәселенің ағымдағы жағдайы. ----------------------- программист аналитик Қолданушы ЭЕМ операторы ЭЕМ ЖИ программасы Білім инженеры Аналитик, Программист, оператор Қолданушы оператор Өмірлік циклды қамтамасыз ету құрылғылары Құрылғылардың интегралдық жиыны Дискретті құрылғылар Өмірлік циклды қамтамасыз етудің интеллектуалды құрылғылары
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz