Файл қосу

Статистикалық бақылаудың тәсілдері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                        |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                  |
|СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ                    |
|СМЖ  құжаты 3 деңгей     |ПОӘК                     |                           |
|                         |                         |ПОӘК 042-18-3-1.01-2014    |
|«Статистика» пәнінің     |                         |                           |
|оқу-әдістемелік          |Басылым №4______         |                           |
|материалдары             |                         |                           |














                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                            «СТАТИСТИКА» ПӘНІНЕН


      5В050600 «ЭКОНОМИКА», 5В050900 «ҚАРЖЫ», 5В051000 «МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ
              ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ» МАМАНДЫҚТАРЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН

                        ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР










































                                 Семей 2014






                                   МАЗМҰНЫ




    |1   |Глоссарий                                                        |3      |
|2   |Дәріс материалдары                                               |4      |
|3   |Тәжірибелік сабақтар                                             |54     |
|4   |Студенттердің өздік жұмыстары                                    |64     |










































      1. ГЛОССАРИЙ


           Статистика -  қоғамдағы құбылыстарды,  процестерді  сандық  және
сапалық жағынан тығыз     байланыстыра отырып қай  жерде  және  қай  уақытта
болғанын зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы.


           Статистикалық  бақылау -  қоғамдық  құбылыстар,процестер  туралы
мәліметті жинау,тіркеу.


           Статистикалық жинақтау  -   бақылауда  жинақталған  мәліметтерді
ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің  белгілері  бойынша  бөліп,
қортынды көрсеткіштерді есептеу


           Статистикалық бақылау бағдарламасы -  бақылау  процесінде  жауап
алуға қажетті сұрақтар тізімі


           Статистикалық бақылау зерзаты  -  зерттеуге  жататын  әлеуметтік
құбылыстар мен процестер жиынтығы.


       Статистикалық топтау - қоғамдық құбылыстар мен процестерді  өздеріне
тән белгілеріне, өзара ұқсастығына,  түрлеріне  сәйкес  бір-бірінен  ажырату
үшін топтарға бөлу.


        Қайта топтау - алғашқы топтастырылған  топтық  көрсеткіштерді  жаңа
топтарға өзгерту әдісі.


          Статистикалық  таратпалы  қатарлар   -  қоғамдық  құбылыстар  мен
процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне  тән  өзгермелі  белгілеріне
қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.


           Статистикалық кесте - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану.

      Статистикалық нақты шамалар -  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердің
белгілі бір жердегі және  уақыттағы  мөлшерін,  көлемін,  аумағын,  деңгейін
сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер.

            Қатысты  шамалар  -  қоғамдық  өмірдегі  әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер.


           Әлеуметтік- экономикалық статистика  -  әлеуметтік- экономикалық
құбылыстардың сандық жағын зерттейді, олардың пропорцияларын,  экономикадағы
және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарды көрсетеді.


             Орташа шамалар - біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда  және
уақытта өзіне тән белгілері бойынша жинақтап көрсететін орташа сан  мөлшері,
яғни  біртектес  жиынтық  бірліктерінің  орта  есеппен  алынатын  белгісінің
барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.

            Мода  -  статистикалық  қатарлардың  ішінде  ең  жиі  кездесетін
белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда  жиіліктің  үлкен  мәні
жатқан белгі.

             Медиана -статистикалық қатардың ортасында жатқан белгі.

        [pic] Статистикалық  өзгерме  -  жиынтық  бірліктерінің  белгілеріне
әртүрлі себептердің әсерінен болған сандық өзгеріс.

          Әлеуметтік-  экономикалық  статистиканың  қоғамдық  дербес   ғылым
ретіндегі  мақсаты   –   мемлекеттің   жағдайын   дамудың   кешенді   сандық
сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің  саяси
жүйесін баяндау.


         Бақылаудың объектісі – барлық деңгейлердегі  бұқаралық  әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар мен процестер.




      2. ДӘРІСТІК  МАТЕРИАЛ


      1- МОДУЛЬ: СТАТИСТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫ


     Бірінші тақырып. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу
                                  әдістері.

             Дәріс сұрақтары:
   1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.
   2. Статистика пәні, міндеттері және оның зерттеу объектісі.
   3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.


      1. Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері.


            Статистика латынның «status» деген сөзінен  шыққан.  Ол  заттың,
құбылыстың, нәрсенің жағдайын  жетік  білу  дегенді  білдіреді.  Осы  сөздің
негізінен италияның «stato» - мемлекет, «statisto»  -  мемлекеттің  жағдайын
жетік білу дегенді  білдіреді.Статистика  қоғамдық  ғылым  ретінде  бертінде
пайда  болды.  Оның  даму  процесінің  бастамасы  XVII  ғ  аяғынан  Англияда
басталады.Оның  негізін  алғашқы  болып  қалағандар-ағылшын  ғалымдары  Джон
Граунд және Вильям Петти.Олар «Саяси арифметика» атты еңбек жазған.
   Статистика  тарихының  екінші  бір  бастауы   неміс   ғалымы   Конгридтің
еңбектерінде      қалыптаса      бастаған      «мемлекеттану»      ғылымында
жатыр.Статистиканың одан кейінгі дамуына да көптеген  ғалымдар,  яғни  неміс
ғалымы Ахенбал, бельгия ғалымы Кеплер, англия ғалымы Баули  және  т.  б.  өз
үлестерін қосты.
   XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ.басында статистика ғарыштап дами  бастады.
Оған көптеген ғалымдар  мен  статистиктердің  еңбектері  дәлел  бола  алады.
Мысалы, математикалық  статистиканың  ықтималдық  теориясын  қолдану  арқылы
көптеген сандық көрсеткіштерді  есептеу  тәсілдері  анықталады.  Бұл  салада
Чебышев, Марков, Бернштейн сияқты атақты математиктердің  еңбектерін  атауға
болады.

     2. Статистика пәні,  міндеттері және оның зерттеу объектісі.

      Статистика – бұл қоғамдық ғылымның саласы, оның өзіне  тән  жеке  пәні
мен зерттеу әдістері  бар.  Статистика  қоғамдық  құбылыстардың  құрамы  мен
өзгеру  процестерін,  ондағы  сандық  қарым-қатынастар   мен   заңдылықтарды
сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның  белгілі  бір  уақытта  қай  жерде
болғанын   зерттейтін   ғылым    Сонымен    бірге    әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың сандық көрсеткіштеріне  табиғи  және  техникалық  факторлардың
тигізген ықпалын немесе керісінше қоғамдық өндірістің табиғат  пен  қоршаған
ортаға  тигізген  әсерін  анықтайды.  Статистика  органы  халық  шаруашылығы
саласының есебін жүргізу,  мекеме  ретінде  жалпы  мемлекеттің  экономикалық
саясатының жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол  жүйелі  түрде
басшылық жасаудың  маңызды  құралының  бірі  болып  табылады.  Сондықтан  да
статистика қоғамдық құбылыстардың құрамын және ондағы  сандық  және  сапалық
тұрғыдан тығыз байланыстырып зерттейтін ғылым болып табылады  .Статистиканың
сандық жағы-зерттелген әлеуметтік-экономикалық  құбылыстардың,  процестердің
көлемін, мөлшерін сандық  көрсеткіштер  түрінде  көрсету.Сандық  жағын  оқып
үйренудің келесідей түрлері бар:
     1. Статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің  көлемін,  мөлшерін
        зерттейді.
     2. Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық көрсеткіштерінің  өзгеруін
        уақыт арқылы көрсетеді.
     3.  Статистика қоғамдық  құбылыстардың  өзара  қарым-қатынасын  немесе
        пропорциясын зерттейді.
   Статистиканың негізгі қасиеті-құбылыстар мен процестердің өзгеруі  сандық
тұрғыдан қарастыра отырып оның сапалық мәнін анықтау. Сапа  -  әрбір  сандық
көрсеткіш өзіне тән ұғым түрінде берілуі. Статистикада  қоғамдық  құбылыстар
мен  процестерді  зерттеуде  біртектес  элементтерден  тұратын  көрсеткіштер
жиынтық бірлік, ал олардың  әрқайсысын  сипаттайтын  ортақ  қасиеттер  белгі
болып табылады. Оның екі түрі бар:сандық  және  сапалық.Белгілер  жиынтықтың
әрбір бөлігінде әртүрлі мәнге ие болуы өзгермелілік деп аталады(вариация).
         Статистиканың міндеттері:
        1.Мемлекет, коммерциялық,  акционерлік  және  басқа  да  органдарды
сенімді, қажетті, нақтылы ақпараттармен және мәліметтермен қамтамасыз ету.
         2.Іс  жүзінде  оперативтік  перспективалық   жұмыстардың   артынан
статистикалық бақылау жасау.
      3.Статистикалық мәліметтерді талдау.


     3. Статистикалық әдістер және оның зерттеу кезеңдері.

      Қоғамдық  ғылым  ретінде  республикада  болып  жатқан  жалпы   әлемдік
экономиканың құбылыстар  мен  процестердің  өзгеру  заңдылықтарымен  есептеу
талдау сияқты әдістермен анықтайды. Сонымен әлемдік экономикалық  құбылыстар
мен процестер туралы жаппай мәліметтерді  жинау,  топтау,  талдау  әдістерін
үйретеді.  Статистика  әлеуметтік-экономикалық  құбылыстар  мен  процестерде
зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары  мен
заңдылықтарына  сүйенеді,  яғни  құбылыстарды  танып  білудің  диалектикалық
әдісіне сүйенеді. Статистикалық әдістер өздерінің қолданылуы мен  жалғасуына
байланысты үш сатыдан тұрады:
       1.Статистикалық бақылау,  яғни  алғашқы  мәліметтерді  жинау  сатысы.
Мұнда  құбылыстар  мен  процестер  туралы  мәліметтер   алдын-ала   жасалған
бағдарлама   бойынша   жиналады.   Бақылаудың    негізгі    мақсаты-қоғамдық
құбылыстардың өзгеруіне әсер  ететін  фактілерді  өздеріне  тән  белгілеріне
қарай анықтау және мәліметтердің толық, нақты, дәл, анық болуын қадағалау.
       2.Жиналған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай топтау,  өңдеу
және жинақтау. Бұл әдісті қолдану кезінде  бақылау  нәтижесінде  жинақталған
мәліметтер өздеріне  тән  жеке  белгілері  бойынша  топтарға  бөлінеді.  Бұл
кезеңде  қоғамдық   құбылыстар   мен   процестердің   топтық   көрсеткіштері
іріленеді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылықтары  анықталады,  сондай-
ақ талдау, қорытынды жасау үшін сандық көрсеткіштер есептеледі.
      3.Жинақталған, өңделген мәліметтерге талдау және қорытынды жасау.  Бұл
сатыда  жинақталған,  топталған,  өңделген  көрсеткіштер  біртектес   топтық
белгілері  бойынша  жеке  қарастырылады.   Сонымен   қатар   олардың   өзара
байланысын анықтайды. Статистикалық мәліметтерге  талдау  жасау-жинақталған,
топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қорытындылау  және  солар
арқылы тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
   Осы айтылған зерттеулердің үш сатысы арасында  айырмашылық  болғанмен  де
оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға болмайды.
   Статистикада стаистикалық бақылау,  жалпы  қорытынды  жасау,  топтастыру,
нақты  және  қатысты  шамалар,   орташа   шамалар   өзгерме   көрсеткіштері
экономикалық құбылыстардың  арасындағы  байланысты  статистикалық  зерттеу,
өсіңкілік қатарлар, индекстер,  іріктеп  бақылау,  статистикалық  кестелер,
графиктік әдістер және   т. б. көрсетеді.


      Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?
      2.Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?
      3.Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?
      4.Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.
      5.Статистикалық жиынтық дегеніміз не?
      6.Статистиканың қандай міндеттері бар?


      Әдебиеттер: (1) 5-9 бет,  (4) 8-21 бет,  (5)  5-16  бет,   (6)    7-40
бет




         Екінші тақырып. Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және
                               оның міндеттері

                Дәріс сұрақтары:
      1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика
      2. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.
       3.  Мемлекеттік  Ұлттық  статистика   агенттігінің   міндеттері   мен
атқаратын қызметтері

      1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика

       Нарықтық  экономикаға  өту  кезеңінде   республикада   болып   жатқан
әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және  олардың  даму
немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы  мемлекеттік  саясаттың  жүргізілуі
мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы  халық  шаруашылығын  басқару
үшін   түрлі   статистикалық    мәліметтер    қажет.    Мұндай    мәліметтер
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және  шаруашылықтардың  және  т.б.
әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел,  бухгалтерлік  және
статистикалық есеп беру жүйелері  арқылы  жтнақталады,  өңделеді  және  оған
талдау жасалады.
       Оперативті   жедел  немесе  оперативті-  техникалық  есеп.       Оның
мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер  мен  ұйымдардың
бөліктері мен  цехтарында  болған  жұмыс  көрсеткіштеріне,  яғни  өндірілген
өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар  мен  тетіктердің
дайындалуына, шикізаттар  мен  материалдың  жұмсалуына;  еңбек  құралдарының
қолданылуына және басқа да операциялардың  жүргізілуіне  күнделікті  бақылау
жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп  арқылы  алынған  көрсеткіштер
күнделікті  орындалған  шаруашылық  операцияларының  жұмыс  бабын,   олардың
дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін  қолданылады.
      Оперативті есептің  көрсеткіштері  бастапқы  құжаттар  бойынша  немесе
телеграф, телефон  арқылы  жинақталады  және  онда  бухгалтерлік  есеп  беру
формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады.  Сондықтан  оны
дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.
      Бухгалтерлік есеп. Есептің бұл түрі барлық  кәсіпорындарда,  мекемелер
мен  ұйымдарда,  шаруашылықтар   мен   бірлестіктерде,   шағын   және   жеке
кооперативтар мен ұжымдарда  жүргізіледі.  Бухгалтерлік  есеп  арқылы  әрбір
кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша  ақша  қаражаттарының  қозғалысын,
өндірілген  өнімнің   өзіндік   құнын,   материалдық   шығындар   мен   оның
пайдаланылуын,   еңбек   ақы   мөлшерін,   кіріс   пен   шығыс   және   т.б.
көрсеткіштердің   нақты   есебі   жүргізіледі.   Бұл   есепте    көрсетілген
көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп  жинақталады  және  оған  экономикалық
талдау жасалынып, қорытындыланады.
      Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі  түрде  біріңғай  ережелер
мен әдістерді қолдана  отырып,  шаруашылық  операциялары  туралы  мәліметтер
жинайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді  өз  ішінде  қолданады  және
сол арқылы белгілі бір  шешімдер  қабылдауға  көмектеседі.  Есептің  негізгі
әдістеріне бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау  жатады.  Ең
бастысы, құжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты  жазу  ережесіне  сай
жүргізілетіндігі.
      Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өміріне болып жатқан  әлеуметтік-
экономикалық құбылыстар мен процестердің  барлық  сандық  көрсеткіштері  мен
сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне  қарай
әр түрлі топқа бөлінеді  және  оған  талдау  жасайды.  Бұл  есептің  негізгі
мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық  игіліктерді
өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді  жинақтап,  өңдеп
дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық  есепте  көрсетілетін
көрсеткіштер бухгалтерлік  және  оперативтік  жедел  есептер  арқылы  тиісті
құжат бойынша жинақталады.
       Статистикалық  есептің  басқа  есептермен  салыстырғанда  өзіне   тән
ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар.  Олар  мәліметтерді  жинау,  топтау,
өңдеу, талдау  және  нақты,  қатысты,  орташа  шамалармен  бірге  индекстік,
графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.
       Бухгалтерлік,  оперативтік  және  статистикалық  есеп  жүйелері  бір-
бірімен тығыз байланыста болады  және  олардың  арасында  ешқандай  қайшылық
болмайды. Осыған орай, бұл үш есеп жүйесі халық  шаруашылық  салаларын  жан-
жақты зерттейтін  біртұтас  есеп  жүйесін,  яғни  халық  шаруашылығы  есебін
құрайды.

      2.  Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.


      Қазақстан Республикасында статистика  органы  алғашқы  рет  1919  жылы
«Далалық өлке» статистикасы басқармасы ретінде құрылып, оның міндеттері мен
қызметтері туралы ереже бекітілді.Одан кейін статистика органы  ұйымдастыру
жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды:
     1. 1930 жылы Статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен бірікті  және
        ол халық шаруашылығындағы Есеп басқармасы болып саналды.
     2. 1931 жылы Жоспарлау комитетінің жанындағы Орталық Халық  Шаруашылық
        Есеп басқармасы болып қайта құрылды.
     3. 1941 жылы қайтадан Статистика басқармасы комитеті болып өзгертілді.
     4.  1948  жылы  ҚР  министрлер  советі  жанындағы  Орталық  Статистика
        басқармасы болып қайтадан ашылды.
     5.  1987  жылы  Статистика   жөніндегі   мемлекеттік   комитет   болып
        өзгертілді.
     6.  1995  жылы  Статистика  мекмесіне  талдау  қосылады.  Сонымен   ҚР
        Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып құрылды.
     7. 1996 жылы ол комитет ҚР Ұлттық  статистика  агенттігі  болып  қайта
        ұйымдастырылды.   Ұлттық   статистика    агенттігі    статистикалық
        мәліметтерді жинау, талдау, өңдеу жұмыстары бірыңғай принципке  сай
        ортақ бағдарлама және әдістеме бойынша қабылданған  ережеге  сәйкес
        өз қызметтерін жүзеге асырады.


       3.  Мемлекеттік  Ұлттық  статистика   агенттігінің   міндеттері   мен
атқаратын қызметтері

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы  18-  қаңтардағы  қаулысы
бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі  туралы  Ереже
бекітілген.   Ережеге   сәйкес    статистика    органдарының    жұмыстарының
ұйымдастырылуы, оның негізгі міндеттері мен қызметтері көрсетілген.
       Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  статистика  агенттігінің  негізгі
міндеттері:
      - статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада  болып  жатқан
экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың  даму  үрдісін  жан-жақты
зерделеу,  қорыту  мен  талдау,  статистика  саласындағы  жалпы   мәліметтік
саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;
       -  Қазақстан  Республикасын  егемен  мемлекет   ретінде   сипаттайтын
статистикалық     көрсеткіштердің     тұтастығы,     объективтілігі     және
жеткіліктілігін қамтамасыз ету;
       -  халықаралық   ережелер   мен   стандарттарға   сай   статистикалық
деректердің   әдістемелік   салыстырмалылығын   қамтамасыз   ету   жөніндегі
шараларды жүзеге асыру;
      - мемлекеттік өкімет пен  басқару  органдарын,  қоғамға  жүйелі  түрде
республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар  мен  процестер
туралы   мәліметтер,    статистикалық    ақпаратты    тарату,    халықаралық
статистикалық  ынтымақтастық  орнықтыру  және  өзара  статистикалық  ақпарат
алмасып отыру.
       Ұлттық  статистика  агенттігінің  атқаратын   қызметтері.   Қазақстан
Республикасының Ұлттық статистика  агенттігі  жүктелген  міндеттерге  сәйкес
мынадай шараларды  жүзеге  асырады:  статистикалық  заңдар  мен  нормативтік
актілердің жаңа  жобаларын  жасайды;  санақ  және  ішінара  бақылау  түрінде
жүргізілетін  статистикалық  бақылау  ұйымдастырады;  елдегі   статистикалық
қызметті үйлестіреді және т.б.
       Ұлттық  статистика  агенттігінің  құқығы.  Қазақстан  Республикасының
қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған  міндеті  мен  жүктелген
қызметіне  қарай  Мемлекеттік   Ұлттық  статистика  агенттігінің   құқықтары
мынадай: қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар  мен  қызмет
орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдарқұқықтық нысанына қарамастан,  ел
аумағында  жұмыс  імтейтін  заңды  тұлғалармен  жеке  кәсіпкерлерден,   одан
тысқары  жерлерден,  жұмыс  істейтін  резиденттерден  статистика   агенттігі
белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер  алуға;  халық
арасында  статистикалық  бақылау  жүргізуге  және  азаматтардан   статистика
мақсаты үшін қажетті деректерді алуға; қажет болған  жағдайда  статистикалық
деректердің дұрыстығын тексеруге және т.б. құқықтары бар.

      Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Оперативті жедел есеп деген не?
      2.Бухгалтерлік есеп деген не?
      3.Біртұтас есеп жүйесі туралы не айтасыз.
      4. Ұлттық статистика агенттігінің қандай құқықтары бар?
      5. Ұлттық статистика агенттігінің міндеттерін айтыңыз.
      6. Ұлттық статистика агенттігі қандай қызметтер атқарады?
      7.Қазақстан Республикасында  статистиканың  ұйымдастырылуы  туралы  не
білесіз?


      Әдебиеттер: (1) 12-22бет, (4) 23-28бет








                   Үшінші  тақырып. Статистикалық бақылау
                  Дәріс сұрақтары:
     1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.
     2. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.
     3. Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.
     4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.
     5. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін  қате  және  оны  тексеру
        тәсілі.


      1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.


      Статистикалық бақылау -  қоғамдық  өмірдің  көптеген  құбылыстары  мен
процестері  туралы  бастапқы  мәліметтерді  алдын-ала  жасалған   бағдарлама
бойынша  ғылыми  ұйымдармен  жүйеде  тіркеу,  жинау  тәсілі.   Статистикалық
бақылаудың  негізгі  мақсаты-зерттелетін  объекті  туралы   шындықты   нақты
дәлдікпен көрсететін ғылымға  негізделген  сапалы  мәліметтерді  белгіленген
уақытта  жинау.  Бұл  жөнінде  статистикалық  бақылаудың  алдында  келесідей
талаптар орындалуы керек:
      а) халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған  қоғамдық  құбылыстар  мен
процестердің  негізгі  мақсаты-ғылыми  және  тәжірибелік  бағалылығы  жоғары
болуы керек.
      б)  жалпы  жиынтыққа  әсер  ететін  себептер  анықталуы   керек   және
құбылыстар   мен   процестер   туралы   ұдайы   өндірісте   болатын   сапалы
мәліметтермен қамтамасыз ету.
      в) бақылау арқылы жиналған  мәліметтер  шындықты  көрсетуі  үшін  оның
сапалылығы тексерілуі керек.
      г)  Статистикалық  бақылау  ғылыми  негізде  және  алдын-ала  жасалған
бағдарлама негізінде дұрыс ұйымдастырылған түрде жүргізілуі керек және  одан
алынған мәліметтер шешімдер қабылдау үшін қолданылуы керек.
   Сонымен  қатар  статистикалық  бақылау  кезінде   жиналған   мәліметтерде
кемшіліктер кездесуі мүмкін, яғни мұндай  жағдайда  бағдарлама  жасап  алған
дұрыс.Мұны бақылау бағдарламасын дұрыс жасау  негізінде,  жоспар  және  алға
мақсат қою негізінде дұрыс шешуге болады.


     2. Бақылау жүргізуді ұйымдастыру және бақылау бағдарламасы.


      Статистикалық  бақылауды  жүргізбес  бұрын  оны  ұйымдастыру   жоспары
жасалынады. Онда бақылаудың мәні, маңызы, мәліметтерді  жинаудың  формалары,
түрлері мен тәсілдері,  орнын  анықтау  сұрақтары  қарастырылады.  Сондықтан
бұларды нәтижелі шешу үшін алдын-ала бағдарлама жасайды.
      Статистикалық  бақылаудың   объектісі-зерттеуге   жататын   әлеуметтік
құбылыстар мен процестердің  жиынтығы.  Статистикалық  бақылаудың  объектісі
бөлек  элементтерден  тұрады  және  оларды  нышандарына  қарай   бір-бірінен
ажыратуға болмайды, сондықтан  ол  бақылау  жүргізудің  негізгі  көзі  болып
саналады.
      Бақылау бірлігі дегеніміз статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге
жататын объект құрамының бір  бөлігі.  Бақылау  бірлігін  анықтау  зерттеуге
жататын  жиынтық  құрылымына,  оның   алға   қойған   мақсатына,   атқаратын
міндеттеріне байланысты.
      Статистикалық  жиынтық  бірлік-жиынтықтың   құрамына    кіретін   жеке
белгісі.
      Статистикалық бақылау бағдарламасы дегеніміз зерттеу  кезінде  алғашқы
мәліметтерді жинау үшін ұғымды жинақы,  ойға  қонымды  бақылау  бірліктеріне
берілетін сұрақтар тізімінің жиынтығы. Статистикалық бақылау  бағдарламасына
енгізілген сұрақтар мөлшері статистикалық  органдардағы  есеп  беру  формасы
арқылы  жинақталған  көрсеткіштерге   байланысты   болады,   өйткені   әрбір
өнеркәсіп   орындарының,  мекеменің,  ұжымның,   шаруашылықтың   есеп   беру
формаларындағы көрсетілген көрсеткіштердің өзі  бақылау  бағдарламасы  болып
саналады.Бақылау  бағдарламасын  жасау  кезінде  бельгия   ғалымы   Кетленің
ұсынған келесідей ережелерін ескеру керек:
     1.  Бағдарламаға  қажетсіз  сұрақтар  енгізілмеуі  керек   және   онда
        көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын
        анықтау керек.
     2. Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын  сұрақтар
        енгізілуі керек.
     3.  Бағдпрламаға  енгізілген  сұрақтар  жауап  берушілерге  кері  әсер
        етпейтіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілетін сияқты
        күдік туғызбауы керек.


      3. Статистикалық бақылаудың формалары және түрлері.


      Статистикалық бланк дегеніміз бақылау кезінде берілген  сұраққа  жауап
жазуға және қажетті мәліметтерді жинауға арналған  бет-қағаз.  Статистикалық
бланктің  жекедара  және  тізімдік  түрлері  болады.  Статистикалық  бақылау
кезінде қолданылатын құжаттар жұмыс жабдықтары деп аталады.
       Статистика органдары алғашқы мәліметтерді жинауда ұйымның негізгі екі
жолын қолданады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған бақылау.
      Есеп беру дегеніміз кәсіпорындар, ұйымдар,  мекемелер,  жұмшарлар  мен
кеңшарлар және басқа да кәсіпорындар өздерінің  қызметтері  туралы  міндетті
түрде  арнайы  бекітілген  құжаттар   үлгісінде   және   белгіленген   уақыт
аралықтарында  қажетті  мәліметтерді  тиісті  органдарға   және   статистика
органдарына тапсырып отыруы. Бухгалтерлік есеп беру формалары  статистикалық
мәліметтерді жинаудың негізгі көзі болып саналады.
      Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді:  жалпы  мемлекеттік,  яғни
барлық шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар  өзінің  жұмыстары  туралы  керекті
мәліметтерді  жоғарғы  органдарға  міндетті  түрде   тапсырып   отырады.Ішкі
ведомствалық есеп беру мемлекеттік және  ведомствалық  есеп  беру  формалары
қолданылуына қарай бірүлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді.  Барлық
халық  шаруашылықтарындағы  салаларда  бірүлгідегі  есеп   беру   формасында
көрсетілген көрсеткіштер ортақ немесе бірдей болады.
      Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру  келесідей  түрлерге
бөлінеді: шұғыл, айлық, тоқсандық,  жарты  жылдық  және  жылдық.  Есеп  беру
формаларындағы мәліметтердің келіп  түсуіне  қарай:  почталық,  телеграфтық,
телефакстік   болып   бөлінеді.   Әлеуметтік-экономикалық   құбылыстар   мен
процестер туралы  мәліметтер  есеп  беру  формаларында  толық  көрсетілмеген
жағдайда немесе есеп беру арқылы мәліметтер жинауға мүмкіндік болмаса,  онда
қажетті  ақпараттарды  жинау  үшін  арнайы   ұйымдастырылған   статистикалық
бақылау жүргізіледі.
      Статисттикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттеліп отырған  объектінің
жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына қарай бақылау  жаппай  және  жартылай
болып бөлінеді. Жаппай бақылау кезінде зерттеуге жататын  жиынтық  бірліктер
толықтай тіркеуге алынады. Ал, жартылай бақылау кезінде  зерттелген  жиынтық
бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады.
      Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау  зерттеу  тәсілдеріне  қарай
ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі  болып  бөлінеді.  Егер
жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі  бір  тәртіппен  алдын-ала  іріктеліп
алынған бөліктер негізінде ғылыми  жүйеде  зерттелетін  болса,  оны  ішінара
бақылау деп атайды.
      Жеке ауқымды бақылау дегеніміз статистикалық зерттеудің алдына  қойған
мақсатына қарай  қоғамдық  құбылыстардың,  объектілердің  кейбіреулері  ғана
белгілі бір  мақсатта  егжей-тегжейлі,  жан-жақты  зерттелетін,  айқын  жазу
арқылы көрсетттін бақылау.
      Статистикалық  зерттеудің  алдына   қойған   мақсатына   қарай   жалпы
жиынтықтың негізгі бөлігін құрайтын, ал  үлесі  жағынан  аса  ірі  бірліктер
болып саналатын  құрамы  зерттелетін  болса,  онда  оны  жиынтықтың  негізгі
бөлігін бақылау деп атайды. Статистикалық бақылауды  уақыт  мерзіміне  қарай
тіркеу үзіліссіз немесе ағымдағы және үзілісті  немесе  кезеңдік  болып  екі
түрге бөледі.
      Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше түрлері бар. Олар:  тікелей
қатысу, құжаттар және сұрақ-жауап арқылы. Үзіліссіз немесе ағымдағы  бақылау
дегеніміз болған  фактілердің  пайда  болуына  қарай  тұрақты  жүйелі  түрде
белгілі  бір  уақыт  мерзімінде  тіркеуге  алуды  айтады.  Үзілісті  бақылау
дегеніміз зерттеуге алынған құбылыстар менпроцестерді ұдайы,  бірақ  белгілі
бір уақыт аралығында  тіркеуге  алуды  айтады.  Үзілісті  бақылау  мерзіміне
қарай мерзімдік немесе кезеңдік және бір жолғы болып бөлінеді. Егер  зерттеу
жұмыстарын бір уақыт аралығында тұрақты түрде жүргізілетін  болса,  онда  ол
кезеңдік бақылау деп аталады. Егер зерттеу  жұмыстары  бір  рет  жүргізілген
болса, ол бір жолғы  бақылау  деп  аталады.  Бақылау  жүргізу  кезінде  оның
шектік уақыт кезеңін анықтау ең негізгі болып саналады. Шекті  уақыт  кезеңі
дегеніміз зерттеу жұмыстарын есепке алатын күн және уақыт мерзімі.


      4. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.


      Статистикада мәліметтерді  жинаудың  бірнеше  жолдары  бар.  Бақылауға
жататын объектінің  әрбір  жиынтық  бірліктерін  адамның  өзі  өлшеу,  санау
арқылы есепке алатын  болса,  ол  тікелей  қатысу  арқылы  мәліметтер  жинау
тәсілі деп аталады.
      Статистикалық бақылау кезінде қажетті  мәліметтер  тиісті  құжаттармен
куәләндірілсе, яғни есеп беру формаларының негізінде  жиналса,  ол  құжаттар
арқылы мәліметтер жинау тәсілі болып табылады.
      Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау  құжаттар
арқылы жинауда мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайда мәліметтерді  жинау  үшін
сұрақ-жауап тәсілі қолданылады.
      Сұрақ-жауап тәсілі дегеніміз  қажетті  мәліметтерді  сұралушы  адамның
айтқаны бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарында жазып алу арқылы жинау.  Бұл
тәсілдің  экспедициялық,  тілшілік,  сауал-сұрақ,  өзін-өзі  тіркеу   сияқты
бірнеше жолдары  бар.  Экспедициялық  тәсілмен  мәліметтерді  жинау  екзінде
арнайы дайындықтан өткен адамдар сұралушымен  келісілген  уақытта  кездесіп,
қажетті мәліметтерді ауызша  сұрау  арқылы  қағаздарға  толтырып  статистика
мекемелеріне өткізеді.  Бұл  тәсілмен  мәліметтерді  жинау  үшін  статистика
мекемелерінің қызметкерлері сұралушыларға арнайы үлгідегі  сұрақ  қағаздарын
таратып береді және оны  толтыру  тәртібін  түсіндіреді.  Тілшілік  тәсілмен
мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері  арқылы  ерікті  түрде  жүргізіледі.
Сауал-сұрақтық тәсілмен  қажетті  мәліметтерді  жинау  сұралушының  келісімі
бойынша ерікті түрде жүргізіледі.


      5.Статистикалық бақылау кезінде  жіберілетін  қате  және  оны  тексеру
      тәсілі.


      Статистикалық қате дегеніміз нақты факты зерттеу нәтижесі көрсеткіштер
арасындағы сәйкессіздік айырмашылықтарды  дұрыс  санамау,  түрлі  себептерге
байланысты бұрмалаушылықтар. Бақылау мәліметтерінде жіберілген  қателер  екі
түрге бөлінеді: репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате.
      Тіркеу   кезіндегі   қате   әлеуметтік-экономикалық   құбылыстар   мен
процестердің  өзгеруіне  әсерін  тигізетін  фактілердің  дұрыс   анықталмауы
нәтижесінде пайда болатын қате. Ол дұрыс жазбағандықтан,  тіркеулерді  дұрыс
жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан болады.
      Бұл қателердің өзі фактілердің  біртектілігіне  қарай  кездейсоқ  және
жүйелі  түрде  жіберілетін  қате  болып  есептелінеді.  Жүйелі  түрде  ұдайы
жіберілетін қате қасақана,  әдейі  жіберілген  және  абайсызда,  байқаусызда
жіберілетін болып бөлінеді.
      Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате әдейі жасалмайды, ал  қасақана
немесе әдейі  жіберілетін  қате  алдын-ала  ойластырылған,  көбейтіп  немесе
кемітіп жазу арқылы жасалған қателер. Тексеру  қисынды  түрде  тексеру  және
есептеу арқылы тексеру  болып  бөлінеді.  Қисынды  түрде  тексеру  дегеніміз
статистикалық    бағдарламаларда    көрсетілген    сұрақтарға    қайтарылған
жауаптардың өзара байланысын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген  қатені
түзету.
      Есептеу арқылы тексеруде  жалпы  жиынтық  көрсеткіштердегі  жіберілген
қателерді түзету үшін орта  шаманы  және  процентті  қайта  есептеу  тәсілін
қолдану арқылы түзету енгізіледі.  Статистика  органдары  осы  тексерулерден
басқа жоспарлы  түрде  әрбір  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  есеп  беру
формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын  тексереді.  Оның  өзі  тақырыпты,
кешенді және жаппай болып үшке бөлінеді.
      Тақырыпты тексеруде жеке кәсіпорынның белгілі бір формасы немесе  оның
көрсеткіші  алынады.   Кешендік  тексеруде  кәсіпорынның  барлық  есеп  беру
формалары  түгелдей  тексеріледі.  Жаппай  тексеруде  барлық  есеп   беретін
кәсіпорынның  белгілі  бір  есептеу  формасы  немесе  көрсеткіші   толығымен
тексеріледі.


          Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей  сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистикалық бақылау дегеніміз не?
      2.Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?
      3.Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?
      4.Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?
      5.Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?
      6.Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?


      Әдебиеттер: (1)  23-43бет,  (4) 39-53бет,   (5)  26-48бет,   (6)   43-
64бет,  (2) 14-19бет




          Төртінші тақырып.   Статистикалық мәліметтерді жинақтау,
                                       топтау және        кесте құру.

           Дәріс сұрақтары:
    1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.
    2. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.
    3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.
    4. Қайта топтау.
    5. Статистикалық таратпалы қатарлар.
    6. Статистикалық кестелер.

    1.Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым.

      Статистикалық  бақылау  нәтижесінде  жинақталған   бірлік   жиынтықтар
тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді  бір  жүйеге
келтіру  керек.  Статистикалық  мәліметтерді  жинақтаудың  негізгі  мақсаты-
бақылау  нәтижесінде  жинақталған  мәліметтердің  қорытынды   көрсеткіштерін
есептеу.
      Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі.
Жай жинақтау  жинақталған  мәліметтерді,  материалдарды  топтамай  қорытынды
жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық  бірліктерді  топқа  бөлу
және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.
    Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:
    1.Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.
    2.Алғашқы  мәліметтер  төменгі  сатыдағы  мекемеде  жиналып,  қорытынды
    жоғары мекемеге тапсырылады.
    Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады.  Мәліметтерді
санмен  белгілеу,  оларды  жинақтау,  бөлу,  қорытындылау  қолмен   жинақтау
тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды  есептеу  машиналарында  және
компьютерлерде  жүргізіледі.  Сонымен   статистикалық   жинақтау   дегеніміз
бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы  мәліметтерді  ғылыми  жүйеде  өңдеу
және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау,  қорытынды  көрсеткіштерін
есептеу.




    2. Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері.


      Статистикалық мәліметтерді топтау  дегеніміз  қоғамдық  процестер  мен
құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне  қарай  бір-
бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу. Топтаудың  мақсаты-
жинақталған  мәліметтерге  талдау  жасау  үшін  ретке   келтіріп   ықшамдау,
өзгермелі белгілерге қарай іріктеу,  қанша  топқа  бөлу  керектігін  анықтау
және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.
      Статистикалық   топтау   келесідей   түрлкрге   бөлінеді:   біртиптік,
құрылымдық және талдаулық. Біртиптік топтаудың  мақсаты-біртектес  топтарды,
сыныптарды  әлеуметтік-экономикалық  түрлеріне  қарай  саралау.  Ол   келесі
тәртіп бойынша жүреді:
        1.Алдын-ала   пайда   болған    типтерді,сыныптарды    өзіне    тән
сапалықбелгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою.
      2.Топтау белгілеріне қарай анықтау.
      3.Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.
      Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау  арқылы  жиналған  әр
түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп,  топтарға  бөлуі
және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.
      Құрылымдық топтау мақсаты-  біртектес  жиынтықтың  құрылымы  мен  оның
құрамдас  бөліктерін  сипаттайтын  көрсеткіштер  туралы   мәліметтер   беру.
Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән  белгілеріне
қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді.
      Талдаулық  топтаудың  негізгі   мақсаты-жиынтық   бірліктердің   өзара
байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін,себептерін  зерттеу  болып
табылады.  Бір-біріне  әсерін  тигізетін    талдаулық   топтаудың   себептік
белгілері қоғамдық құбылыстардың  өзгергенін,  ал  нәтижелік  белгілері  сол
себептердің  тигізген  әсерін   көрсетеді.   Мысалы,   жұмысшының   мамандық
дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның  салдарынан  еңбек
өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.
      Талдаулық топтау келесідей:
             1.Себептік   белгілері   бойынша   құрылады   және   нәтижелік
белгілердің орта шамасы табылады.
           2.Әрбір топты сипаттайтын себептік  және  нәтижелік  белгілердің
орташа шамасын есептейді.
            3.Себептік  және   нәтижелік   белгілердің   арасындағы   өзара
байланыстың ерекшеліктері анықталады.
      Жиынтық бірліктері бір ғана белгісі бойынша топталса, жай  топтау,  ал
екі немесе одан  да  көп  белгілерге  қарай  топталса,  күрделі  топтау  деп
аталады.


      3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері.


      Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу  кезінде  әрбір  топқа  көптеген
сандық бірліктер енгізілуі керек және оның мағынасы  анық  көрсетілуі  тиіс.
Егер топтау негізі сапалық белгіге қарай берілген болса,  онда  топтың  саны
сол белгілердің санына  сәйкес  келеді.  Кейбір  жағдайда  сапалық  белгілер
өзінің  нышандары  бойынша  бір-бірінен  әр  түрлі  айырмашылықтарына  қарай
ерекшеленетін болса, онда оларды  типтеріне,  түрлеріне  немесе  сыныптарына
қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі.
      Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес  бүтін  және  деңгей
аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін  санмен  берілетін  болса,  онда
бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ  саны  сол
берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей  аралығының  тұрақты  шамасын
есептеу алдында оның ең  үлкен,  ең  кіші  шамасының  сандық  мәнін  анықтау
керек.
      Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:
                             d =Хmax-Xmin/n , мұндағы,
               d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;
              Хmax, Xmin- топтау белгісінің ең үлкен және  ең  кіші   сандық
          мән шамасы;
                    n- топтың саны.
      Әрбір топтың ең жоғарғы және  ең  төменгі  шегінің  арасындағы  сандық
өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.


    4.Қайта топтау.


      Қайта топтау дегеніміз алғашқы  топтастырылған  топтық  көрсеткіштерді
жаңа топтарға өзгерту  әдісі.  Алғашқы  топтастырылған  топтық  көрсеткіштер
әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға  толық
жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол  екі  әдіспен
жүргізіледі:
             1.  Бастапқы  топтастырылған  ұсақ  топтардың  деңгей  аралығын
қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.
            2. Әр жерде жиналып, әр  түрлі  өңделген  топтық  көрсеткіштерді
бір-бірімен салыстыру үшін бір  жүйеге  келтіру  қажет  болғанда  проценттік
үлесі бойынша қайта топтастыру.
      Бұл әдістерді қолдану кезінде жалпы  жиынтық  мөлшері  өзгермейді,  ал
ішкі сандық құрылым  қандай  шамамен  берілсе  де  түрлі  топтық  өзгерістер
кездеседі.


    5. Статистикалық таратпалы қатарлар.


      Статистикалық таратпалы қатарлар  дегеніміз  қоғамдық  құбылыстар  мен
процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне  тән  өзгермелі  белгілеріне
қарай белгілі  бір  тәртіп  бойынша  ретке  келтіріп  топтарға  бөлу.   Олар
белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар  болып  екі  түрге
бөлінеді.
      Сандық таратпалы қатарлар  көрсеткіштердің  сан  түрінде  берілуі,  ал
сапалық таратпалы  қатарлар  дегеніміз-  жиынтық  белгілері  бойынша  топтап
ретке келтіру. Сапалық таратпалық  қатарларды  ретке  келтіру  кезінде  оның
сандық көрсеткіштері әр топ бойынша нақты және  қатысты  шама  түрінде  жеке
келтіріледі.  Егер  жиынтық  бірліктері  сандық  белгілері   бойынша   ретке
келтіріліп сипатталатын болса,  онда  мұндай  бөлімді  өзгермелі  таратпалық
қатарлар деп атаймыз. Мысалы,  жұмысшының  айлық  табысына  немесе  тарифтік
кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады.
      Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай  бүтін
және деңгей аралықты болып бөлінеді.
      Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін
санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық  белгілер  бүтін
санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер  берілсе,
ол деңгей аралықты деп аталады.
      Таратпалы  қатарлар  екі  бөліктен  тұрады:  варианттан  және   жиілік
көрсеткіштерінен. Вариант бұл  –топтау  кезіндегі  статистикалық  таратпалық
қатарлардың  сандық   және   сапалық   белгілері   бойынша   бөлінуі,   яғни
статистикалық таратпалы қатарлардың нені зерттейтінін анықтайтын  көрсеткіш.
Ол статистикада «х» әрпімен белгіленеді. Вариант  жағымды,  жағымсыз,  нақты
және қатысты шамалармен берілуі мүмкін.
      Жиілік әрбір  топтағы  варианттық  сандық  көрсеткіштермен,  яғни  сол
варианттық  сандық  көрсеткіштің   өз   қатарында   қаншалықты   қайталануын
көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері болып табылады. Статистикада  жиілік
«f» әрпімен белгіленеді. Бір варианттың бірнеше жиілік  көрсеткіштері  болуы
мүмкін, варианттың жиілік көрсеткіштері өз  мәндеріне  қарай  бірнеше  түрде
беріледі: нақты, қатысты, бүтін және бөлшек  сан  түрінде.  Олар  варианттың
жиілігі болып табылады.
      Сондықтан статистикалық таратпалы  қатарлар  қоғамдық  құбылыстар  мен
процестердің құрылымы мен құрамын  зерттеуге  үлкен  әсерін  тигізетін  және
топтаудың жиі қолданылатын негізі бір түрі болып саналады.


     6. Статистикалық кестелер.


      Статистикалық  кесте  дегеніміз-сандық   мәліметтерді   ұтымды   түрде
қолдану. Статистикалық кесте-көлденең және тігінен  сызылған  сызықтың  бір-
бірімен сәйкесті қиылысуы. Көлденең сызық жол,  ал  тігінен  сызылған  сызық
баған деп аталады. Статистикалық кестенің екі элементі  бар:  бастауыш  және
баяндауыш.
      Бастауыш деп зерттелетін объектіні сандағы  суреттейтін  статистикалық
жиынтық  немесе  оның  топтастырылған  бірліктері.  Ол  кестеде  сол   жақта
орналасқан  және  жолдың  мағынасы  ретінде  беріледі.  Баяндауыш  дегеніміз
зерттеліп  отырған  объектінің  сандық  көрсеткіштерімен  сипатталуы  немесе
толық мазмұндауы.  Ол  кестеде  оң  жақта  орналасады  және  бағананың  арты
ретінде беріледі.
      Бастауыштың құрамына қарай статистикалық  кестелер  жай,  топтық  және
күрделі  болып  бөлінеді.  Жай  кестеде  бастауыш  бір  ғана  билігі  арқылы
бөлінеді және процестер, құбылыстар мен объектілер аттары көрсетіледі.  Оның
үш түрі бар:
      1.Тізімдік
      2. Территориялық (аймақтық)
      3. Хронологиялық
      Тізімдік жай кесте бастауышта зерттелген объектінің тізімін көрсетеді.
Кесте бастауышында аймақтың тізімі берілетін болса,  аймақтық  деп  аталады,
ал бастауышында уақыт мерзімі, баяндауышында сандық  көрсеткіштер  берілетін
болса,  ол  хронологиялық  жай  кесте  деп  аталады.   Кесте  бастауышындағы
топталған белгілер негізінде құрылса, ол топтық кесте  деп  аталады.  Құрама
кестеде  бастауышында  келтірілген  құбылыстар  екі  немесе  одан   да   көп
көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы  бір  белгілері  бойынша
бөліктерге бөлінеді. Кестенің жоғарғы жағында нақты аты жазылуы  керек  және
бастауыш пен баяндауыш дұрыс толтырылуы керек.


         Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
  Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
      2.Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?
      3.Қайта топтау деген не?
      4.Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?
      5.Статистикалық кесте деген не?
      6.Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады?


      Әдебиеттер:   (1)  44-68бет, (4)  54-59бет,  (5)   55-66бет,  (6)  65-
98бет
         Бесінші тақырып. Статистикалық нақты және қатысты шамалар.
                       Статистикадағы графиктік әдіс.
                Дәріс сұрақтары:
      1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері
      2.Қатысты шамалар, олардың түрлері
      3.Статистикадағы графиктік әдіс, оның қолданылуы.

      1.Статистикадағы нақты шамалар, олардың түрлері

             Статистикалық  нақты   шамалардың   ғылыми   және   тәжірибелік
жұмыстардағы маңызы мен атқаратын ролі өте жоғары бағаланады.
      Статистикалық  нақты  шамалар  дегеніміз   қоғамдық   құбылыстар   мен
процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін,  аумағын,
деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштер. Мысалы,  топтағы  студенттер
саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнім көлемі, т.б.
            Нақты шамалар  өздерінің  сандық  көрсеткіштерінің  қолданылуына
қарай жеке және жалпы немесе жиынтық қосындысы болып екіге бөлінеді.
             Жеке  нақты  шамалар  жиынтықтың  жеке  бөліктерінің  мөлшерін,
көлемін өздеріне ғана тән сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Мысалы,  бір
жұмысшының айлық табысын, әр отбасындағы балалардың санын алуға болады.
      Жалпы  нақты  шамалар  жеке  нақты  шамалардың  қосындысынан  алынады.
Мысалы,  халық  санағы  кезінде  республика  бойынша  жалпы  халықтың   саны
алынады, ол әрбір адамның жиынтығынан құралады.
             Нақты  шамалар  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердің  табиғи
негізін бейнелейді. Сол  себепті  зерттеліп  отырған  зерзаттың  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайына  байланысты  көрсетілетін  өлшем  бірліктері  атаулы
сандар болып келеді және оны табиғи, еңбек және  ақшалай  өлшем  бірліктерін
қолдану арқылы есептейді.
            Табиғи өлшем бірлігі  қарастырылатын  заттың  ,  нәрсенің  өзіне
тәлпы  көлемін  есептеу  үшін  пайдаланылады.  Оны  есептеу  кезінде  арнайы
коэффициенттер жүйесі қолданылады.
            Еңбек өлшем  бірліктері  өнім  өндіруге  және  қызмет  көрсетуге
жұмсалынған жұмыс уақытының  мөлшерін  анықтауға  арналған.  Ол  адам-сағат,
адам-күн, адам-жыл сияқты өлшем бірліктерін қолдану арқылы өлшенеді.
            Ақшалай өлшем бірліктері  өндірілген  өнімнің  өзіндік  құнын  ,
еңбек ақы көлемін, таза пайда мен  зиянды,  банк  несиесімен  есептеу,  т.б.
көрсеткіштерді жинақтау үшін қолданылады.

      2.Қатысты шамалар, олардың түрлері

            Зерттеліп отырған көрсеткіштерге  талдау  жасау,  олардың  өзара
байланыстылығы мен заңдылықтарын  анықтау  және  тұжырымды  қорытынды  жасау
үшін нақты  шамамен  берілген  көрсеткіштер  жеткіліксіз  болады.  Сондықтан
статистикалық зерттеуде қатысты шамалар да қолданылады.
             Қатысты  шамалар  дегеніміз   қоғамдық   өмірдегі   әлеуметтік-
экономикалық   құбылыстардың   сандық   қатынасының   мөлшерін    көрсететін
көрсеткіштерді айтады.
            Қатысты шамаларды есептеуде өзара байланысты екі  нақты  шаманың
қатынасы қарастырылады және ол  екі  көрсеткішті  біріне-бірін  бөлу  арқылы
айқындалады. Мұнда бөлшектің бөлімін салыстыру негізі  немесе  базалық  шама
деп , ал алымын салыстырмалы шама деп атайды.  Салыстыру  негізін  1-ге  тең
деп, екі көрсеткішті бір-бірімен  салыстырсақ,  онда  салыстыру  нәтижесінің
өлшем бірлігі коэффициентпен  беріледі, яғни неше есеге артық неше  есе  кем
екенін көрсетеді. Ал салыстыру негізін 100-ге  тең  деп  алсақ,  онда  өлшем
бірлігі процентпен беріледі. Сонда салыстырылатын  шаманың  базалық  шамадан
қанша процентке артық немесе  кем  екені  көрсетіледі.  Бір  шама  бөлшектің
негізгі шамадағы үлесін анықтау үшін , сол берілген  шама  бөлшегін  негізгі
шамаға бөлу керек.
             Кейде  қатысты  шаманың  есептелген  көрсеткіштері   ұсақталып,
бөлшектеніп  кетпеуі  үшін   промиль   не   продецимиль   өлшем   бірліктері
қолданылады. Егер салыстыру негізі 1000-ға тең болса, промильмен; ал  10000-
ға тең болса продецимильмен  өлшенеді.
      Сонымен,   статистикалық   қатысты   шамалар   әлеуметтік-экономикалық
құбылыстар мен процестерді бір-бірімен салыстыру  кезінде  олардың  өзгеруін
,дамуын, құрылымын анықтауға,  талдауға мүмкіндік береді және  сол  берілген
сандық көрсеткіштердің қатынасына, мәні мен мақсатына  қарай  бірнеше  түрге
бөлінеді: жоспардың орындалуы, жоспарлық  тапсырма,  өсіңкілік,  құрылымдық,
үйлестік, үдемелілік, салыстырмалық, дәрежелік.
             Жоспардың  орындалуының  қатысты  шамалары  берілген  жоспардың
қандай дәрежеде орындалғанын ,  яғни  қаншаға  өскендігін  немесе  кемігенін
көрсетеді және өлшем бірлігі коэффициентпен беріледі. Ол көрсеткіштің  нақты
орындалған мәнінің жоспарлы мәніне қатынасы арқылы көрсетеді:


        Қазіргі уақыттағы нақты мәндер х100

      Жоспарлық мәндер                          немесе  У1/Ужос. х 100.



            Жоспарлық тапсырманың қатысты шамалары дегеніміз жоспар  бойынша
қоғамдық  құбылыстар   мен   процестердің   өткен   уақытпен   салыстырғанда
қаншалықты  өскенін  немесе  кемитінін  бағдарлама  арқылы   көрсету   болып
табылады. Оны есептеу үшін көрсеткіштің жоспарланған мәнін  өткен  уақыттағы
нақты мәніне бөлеміз және келесі схема арқылы есептейміз:

             ___Жоспарлы мәндер х100

         Өткен уақыттағы нақты  мәндер         немесе  Ужосп. / Уо х100.

            Өсіңкілі қатысты шамалар құбылыстың  уақытқа  байланысты  өзгеру
мөлшерін  білдіреді.  Оны  есептеу  үшін  төменде  берілген  схеманы  немесе
формуланы қолданамыз:


 Қазіргі уақыттағы нақты мәндер х100

         Өткен уақыттағы нақты мәндер            немесе У1 / Уо х100.

            Құрылымның қатысты шамалары жалпы жиынтықтың  жеке  бөліктерінің
үлесін көрсетеді, яғни ол арқылы құрылымның өзгеруін анықтауға  болады.  Бұл
қатысты шаманы  үлестік  қатысты  шама  деп  те  атайды.  Оны  есептеу  үшін
жиынтықтың жеке бөліктерінің мәнін оның жалпы жиынтығына бөлу керек.
            Үйлестік қатысты шамалар деп жалпы жиынтықтың жеке  бөліктерінің
өзара қатынастарын айтады. Мысалы, дүниеге келген ұлдар мен  қыз  балалардың
санының қатынасы , жұмысшылар мен қызметкерлер санының қатынасы және т.б.
            Үдемелік қатысты шамалар аттас  емес  көрсеткіштердің  қатынасын
сипаттайды. Олар жинақтың әртүрлі  көрсеткіштерінің  қатынасын  немесе  бір-
бірімен байланысты екі жиынтық көрсеткіштер қатынасының белгілі  бір  ортаға
таралуын көрсетеді.
      Салыстырмалы қатысты  шамалар   деп  бір  уақытта  әртүрлі  аймақтарға
жататын бір тектес, аттас шамалардың  қатынасын  көрсетуді  айтады.  Мысалы,
1995  жылдың  басында  Алматы  қаласының  тұрғындары  1197,9  мың  адам,  ал
Қарағанды қаласының тұрғындары 956,0 мың адам болды. Яғни  Алматы  қаласының
тұрғындары Қарағандылықтарға қарағанда 2 есе көп (1197,9/596,0=2).
        Дәрежелік   қатысты   шамалар   дегеніміз    әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың даму немесе кему процестерін  жан  басына  шаққандағы  шығатын
көрсеткіштермен  көрсету.  Мысалы,  жан  басына   шаққанда   келетін   халық
шаруашылығы өнімдерінің көлемі, ұлттық табыс пен байлықтың көлемі және т.б.

      3.Статистикадағы графиктік әдіс, оның қолданылуы.

            Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің  мазмұнын
геометриялық  сызықтар,  нүктелер  және  фигуралар  арқылы  бейнелеу  немесе
географиялық картосхемалар арқылы көрнекті  түрде  кескіндеу  үшін  салынған
сурет.
      Статистикада  графикалық  әдісті  қолдану  дегеніміз  –  сол  берілген
мәліметтерді түсінікті, қолайлы  және  қызықты  түрде  дұрыс  көрсете  білу.
Графикалық  әдіс  мәліметтерді  көрнекі  түрде  көрсетіп  қана  қоймай,  сол
көрсеткіштерге  талдау  жасауға,   яғни   жетістіктері   мен   кемшіліктерін
анықтауға және қорытындылауға пайдаланылады.
      Статистикада графикалық әдістің қолданыла бастауы, шамамен, бұдан  200
жылдай уақыт бұрын болған. Оның алғашқы қолданылуын Англияның экономисті  У.
Плейфейрдің  1786  жылғы  шығарған  «Коммерциялық  және  саяси  атлас»  атты
еңбегінен көруге болады. Бұл кітапта бірінші рет статистикалық  көрсеткіштер
сызықты,  секторлы  және  бағаналы  диаграммалар   арқылы   көрнекті   түрде
бейнеленген.

              Графиктің   негізгі   элементтері.   Статистикалық    графикті
геометриялық жазықтықта  бейнеленген  шартты  белгілері  дей  отырып,  әрбір
графиктің  төмендегідей  негізгі  элементтері  болады:   графиктің   негізі,
графиктің   өрісі,   кеңістік   бағыты,   масштабтың    бағыты,    графиктік
экспликациясы.
           Геометриялық белгілердің  қолданылуына  қарай  графиктер  нүктелі
және сызықты болып екіге  бөлінеді.  Нүктелі  график  деп  график  негізінің
жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп  сызықтардың  қолданылуына
байланысты болатын жол – жолды,  төрт  бұрышты,  шеңбер  тәріздес  және  т.б
түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер  геометриялық  емес
фигуралармен белгіленеді. Мұндай графиктердің түрлерін  бейнелі  график  деп
атаймыз.
      Графикалық әдісті қолдану кезіндегі ең басты нәрсе  –  оның  негізінің
дұрыс алынуы және мақсатына  қарай  статистикалық  мәліметтердің  бейнеленуі
айқын көрсетілуі қажет.
       Сандық  мәліметтерді  график  арқылы  бейнелеу  үшін,  алдымен   оның
масштабын  таңдап  алуымыз  қажет,  содан  кейін  оған  шкаласын  түсіреміз.
Масштаб деп  графикке  түсірілетін  сандық  шаманы  шартты  өлшем  бірлігіне
ауыстыруды айтамыз. Мысалы, 1 сантиметр 50 киломерге  тең  және  т.б  График
немесе  масштаб  шкаласы  деп  әрбір  статистикалық  сандық   көрсеткіштерді
белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықтарды айтады.
       Статистикалық  графикте  сызылуына  қарай  түзу  сызықты  және  қисық
сызықты масштаб шкаласы қолданылады. Сондай – ақ,  масштаб  шкаласына  қарай
біркелкі және біркелкі  емес  болып  екі  түрге  бөлінеді.  Біркелкі  немесе
арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгіленген  белгінің  сандық
мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету.  Және  ол  статистикада  жиі
қолданылады.
      Біркелкі емес масштаб шкаласы деп әрбір  белгіленген  белгінің  сандық
мәнге сәйкес емес екендігін көрсетуді айтамыз.      Статистикалық  графиктің
негізгі  мақсаты  –  оның  композициясын   анықтау.   Демек,   статистикалық
мәліметтерді іріктеу, бейнелеудің түрін таңдау, яғни бейнелеу  форматтарының
қалай болатындығын қарастыру. Графиктің көлемі оның  белгілі  бір  мақсатына
сәйкес белгіленеді.
               Графиктер  мақсаттарына   сай   және   кеңістіктің   бағытына
байланысты графикалық әдіс диаграмма  және  картограмма  болып  екі  негізгі
түрге бөлінеді
       Диаграмма-  статистикалық  сандық   көрсеткіштердің   қарым   қатынас
мөлшерін көрнекі  түрде  көрсететін  графикалық  сурет  немесе  геометриялық
фигуралар  жүйесі  арқылы  бейнеленетін   сызық.   Диаграмманы   құру   үшін
жазықтықтар мен  сызықтар,  ал  кейде  геометриялық  денелер  пайдаланылады.
Осыған сәйкес диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы,  шеңберлі,  секторлы,
фигуралы және «Варзардың белгісі» атты болып бөлінеді.
      Бағаналы диаграмма  –  статистикалық  көрсеткіштерді  өзара  салыстыру
үшін ең көп қолданылатын  диаграмманың  жай  түрі.  Мұны  құрастыру  кезінде
әрбір  көрсетілген  көрсеткіштердің   ені   бірдей,   ал   биіктігі   сандық
мәліметтеріне  байланысты  әр  түрлі,  бірақ,  масштабтары  біркелкі   болып
келеді.
      Құрылымды диаграмма. Құрылымды диаграмма  статистикалық  жиынтықтардың
құрамын салыстыру үшін қолданылады.  Құрылымның  салыстырмалы  көрсеткіштері
жалпы жиынтықтың жеке бөлшектерінің үлесін,  яғни  оның  бірнеше  бөліктерге
бөлінуін көрсетеді.
        Шаршылы   диаграмма.   Кейбір   жағдайларда   статистикалық   сандық
көрсеткіштерді салыстыру үшін бейнелеудің  шаршылы  түрі  қолданылады.  Оның
бағаналы немесе жолды диаграммалардан  айырмашылығы  сол,  мұнда  бейнелеуге
құбылыстың көлем мөлшері алынынады.
      Шеңберлі диаграмма. Негізгі  біркелкі  берілген  нақты  шаманың  өзара
қарым қатынасын шеңбер көлемі арқылы бейнелеуді шеңберлі диаграмма дейміз.
       Секторлық  диаграмма.  Мұнда  берілген   мәліметтер   шеңбер   арқылы
көрсетіледі, яғни  құрылымның  салыстырмалы  көрсеткіштері  жиынтықтың  жеке
бөліктерінің үлесін көрсетеді.
      Сызықтық  диаграмма.  Диаграммалырдың  ішінде  ең  жиі  кездесетіні  –
сызықтық диаграмма. Осы түр өсіңкілік  қатарларды  немесе  өзара  байланысты
көрсеткіштерін көрнекті бейне арқылы көрсету үшін қолданылады.


         Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей  сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистикалық қатысты шамалар дегеніміз не?
      2.Статистикалық нақты шамалар деген не?
      3.Нақты шамаларды есептеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?
      4.Статистикалық қатысты шамалардың қандай түрлері бар?
      5.Статистикалық график  деген не?
      6.Статистикалық графиктердің қандай түрлері болады?



      Әдебиеттер: (1) 69-93бет,  (2) 118-155 бет,  (6) 3-44бет


       Алтыншы тақырып.  Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері

              Дәріс сұрақтары:
      1.Орташа шаманың мәні және түрлері
      2.Арифметикалық және үйлесімдік орташа шамалар
      3.Мода және медиана
      4.Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері
      5.Шашырандының түрлері және қосу ережесі

      1.Орташа шаманың мәні және түрлері

            Статистикада  көрсеткіштер  жиынтығының  өзгеруін  зерттеу  және
жиынтықты дәл, дұрыс көрсету үшін  және  берілген  бірліктерді  дұрыс  қамту
үшін ортақ көрсеткіштер жүйесі  қажет.  Мұндай  көрсеткіштерді  орташа  шама
әдісі арқылы алады және ол қорытындылаушы көрсеткіш болып табылады.
             Орташа  шамалар  дегеніміз  біртектес  жиынтықты  белгілі   бір
жағдайда және  уақытта  өзіне  тән  белгілері  бойынша  жинақтап  көрсететін
орташа сан  мөлшері,  яғни  біртектес  жиынтық  бірліктерінің  орта  есеппен
алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.
       Орташа  шаманы  есептегенде  және  қолданғанда  келесідей  принциптер
орындалуы керек:
     - зерттеп отырған құбылыстың, процестің  жиынтық  бірліктері  біртекті
       болуы шарт;
     - орташа шаманы  есептегенде  оның  жеке-дара  өзгермелі  сандық  және
       сапалық көрсеткіштері  толықтай  жойылады,  негізгі  белгінің  әрбір
       бөлікке тән шамасы шығады;
     - орташа шама статистикалық бақылау  нәтижесінде  жиналған  мәліметтер
       арқылы есептелінеді, бақылау көрсеткіштері көп  болса,  орташа  шама
       соғұрлым көп шығады;
     -  зерттеп  отырған  құбылыстардың,  процестердің  жеке   бөліктерінің
       арасында ауытқу болғанда орташа шама қолданылады.
             Статистикада  зерттеп  отырған  құбылыстар   мен   процестердің
негізіне,  мақсатына  сәйкес   орташа   шаманың   келесідей   бірнеше   түрі
қолданылады: арифметикалық, геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік, шаршылық.
      Орташа шаманы есептеуде «орташаның негізгі қатынасы» принципі  негізге
алынады. Әр гектардан алынған орташа  өнімді  есептеу  үшін  барлық  егістік
жерден жиналған жалпы өнімді осы жер көлеміне бөлу керек:
                     ОНҚ=жалпы өнім / егістік жер көлемі
      Бір  жұмысшының  орташа  айлығын  есептеу  үшін  жалпы   айлық   қорды
жұмысшылар санына бөледі:

                 ОНҚ = Жалпы айлық қор / жұмысшылардың саны



      2.Арифметикалық және үйлесімдік орташа шамалар

            Орташа шамалардың ішінде ең кең тарағаны және көп  қолданылатыны
арифметикалық орташа шама болып табылады. Арифметикалық  орташа  шама  жалпы
жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің  қосындысы  болғанда  ғана
қолданылады. Оның екі түрі бар: жай және салмақталған.
            Жай түрі жиынтықта әр белгі тек бір рет кездессе  немесе  барлық
белгілердің жиіліктері  бірдей  болғанда  қолданылады.  Оны  келесі  формула
арқылы есептейді:
                                         [pic], мұндағы,
      х- орташа шама;  х-белгілердің жеке сандық мәндері; n-белгі саны.
       Егер  жиынтық   белгісі   бірнеше   рет   қайталанса,   яғни   жиілік
бірлікткерінің саны берілген болса, онда салмақталған түрі  қолданылады.  Ол
келесі формуламен өрнектеледі:
                                            [pic],    мұндағы    f-жиіліктің
мәндері.
      Егер  статистикалық  топтық  қатардың  белгілері  бүтін  емес,  деңгей
аралықты шамамен  берілсе,  алдымен  деңгей  аралығының  ортасын  тауып  алу
керек. Оны деңгей аралығының жоғарғы және төменгі мәнін  қосып,  екіге  бөлу
арқылы табады. (мысалы, 42-44 аралығының ортасы 42+44/2=43).
      Орташа шаманы ықшамдалған тәсілмен есептеу. Деңгей  аралықтары  бірдей
өзгермелі сандық қатарлар берілген болса, орташа шаманы анықтау үшін  барлық
белгілерді  тұрақты  бір  санға  азайтып,  одан  шыққан   шамаларды   деңгей
аралығының  айырма  санына   бөлу   арқылы   арифметикалық   орташа   шаманы
ықшамдалған жолмен есептеуге болады.
            Үйлесімдік орташа шама – бұл арифметикалық орташа  шаманың  кері
және өзгертілген түрі. Үйлесімдік орташа шама орташаның негізгі  қатынасының
алымының мәндері белгілі , бөлімінің мәндері белгісіз болғанда  қолданылады.
Ол мәліметтердің маңызы  мен  мәніне  ,  есептеу  тәсіліне  қарай  жай  және
салмақталған  болып  бөлінеді.  Егер  өзгермелі   қатардың   белгілері   мен
жиіліктерінің көбейтіндісі бірдей болса немесе бірге  тең  болса,  онда  жай
түрі қолданылады және келесі формуламен есептеледі:
                               [pic], мұндағы
      n-белгілер саны;            1/х- белгінің жеке сандық мәндерінің кері
шамасы.
      Егер жиілік мәндері берілмей, белгілердің  мәндері  мен  жиіліктерінің
көбейтіндісі ғана берілсе , онда салмақталған түрі қолданылады  және  келесі
формуламен есептеледі:
                                       [pic][pic], мұндағы,
      х- белгілердің жеке сандық мәндері;
      [pic]хf/x- жиіліктің жалпы санын есептеу.

      3. Мода және медиана

             Статистикада  қорытындылаушы  көрсеткіштермен  қатар  өзгермелі
белгілердің  бөлінуін  қосымша  сипаттайтын  құрылымдық  орта   шамалар   да
қолданылады. Оған мода мен медиана жатады.
      Мода дегеніміз статистикалық  қатарлардың  ішінде  ең  жиі  кездесетін
белгінің үлкен шамасы, яғни өзгермелі сандық қатарда  жиіліктің  үлкен  мәні
жатқан белгі.
      Егер  статистикалық  қатардың  белгісі  бүтін  санмен  берілсе  ,  сол
берілген белгінің ең үлкен жиілік мәні жатқан қатар мода болып саналады.
      Егер статистикалық қатарлар белгілерінің ең үлкен жиілік  мәні  бірдей
екі сандық көрсеткішпен берілсе, онда модалық белгі екеу болады.  Ал  жиілік
мәндері бірдей бірнеше  белгі  берілетін  болса  ,  онда  модалық  көрсеткіш
болмайды.
      Қатар белгілері деңгей аралықты шамамен  берілсе,  онда  еңбірінші  ең
үлкен жиілігі бар қатар  анықталады,  одан  кейін  модалық  белгінің  деңгей
аралығының айырмасы есептеледі,  ол  модалық  қатардың  үлкен  мәнінен  кіші
мәнін алғанға тең болады.
      Статистикада мода  Мо    -әрпімен  белгіленеді  және  деңгей  аралықты
қатар берілген болса, келесі формуламен анықталады:

                                                             f Mo –fMo-1

             Mo=XMo+dMo  ----------------------------------------------
,мұндағы,
                                             ( f Mo –fMo-1 )+( f Mo –fMo+1
)

               XMo- модалық қатардың деңгей аралығының кіші мәні;
               dMo –модалық қатардың деңгей аралығының айырмасы;
               f Mo –модалық қатардың жиілігі;
               fMo-1—модалық қатардың алдыңғы қатар жиілігі;
               fMo+1- модалық қатардан кейінгі қатар жиілігі.
      Мысалы, келесідей мәліметтер негізінде моданы анықтау керек.

|Күндік өндіру          |Тігіншілер саны       |Жиіліктің жиналған қосындысы |
|                       |                      |(S)                          |
|50-60                  |20                    |20                           |
|60-70                  |30                    |50                           |
|70-80                  |60                    |110                          |
|80-90                  |50                    |160                          |
|90-100                 |40                    |200                          |



      Мода 70-80, яғни үшінші қатарда жатаыр. Себебі, бұл қатарда  жиіліктің
ең үлкен мәні жатыр.
                    60-30                              30
            Мо=70+10--------------------- =70+10 --------- = 77,5
                    (60-30)+(60-50)                   40

             Медиана  дегеніміз  статистикалық  қатардың  ортасында   жатқан
белгі. Ол қатарды тең етіп екіге бөледі және оның екі жағындағы  белгілердің
сандық бірліктері бірдей болады.
            Медиана статистикада  Ме-  әрпімен  белгіленеді.  Егер  қатардың
белгісі бүтін санмен берілсе, медиананы анықтау  үшін  белгінің  рет  санына
бірді  қосып,  шыққан  қосындыны  екіге  бөлеміз,   ол   келесі   формуламен
анықталады:
                                       [pic][pic],     мұндағы,      n-қатар
саны[pic][pic]
             Егер  қатар  белгісі  бүтін  санмен  және  жиілікпен   берілсе,
медиананы есептеу үшін жиіліктің жинақталған  қосындысын  тең  екіге  бөліп,
шыққан көрсеткішке ½-ді қосамыз.
                                                   f Me              1
                                     Me= ------------ + -----.
                                                     2               2
             Егер  қатар  белгісі  деңгей  аралықты  шамамен  берілсе,  онда
алдымен [pic][pic]медианалық қатарды  анықтаймыз.  Ол  үшін  әрбір  жиілікке
келесісін қоса отырып, жинақталған жиілік қосындысын есептейміз.
            Деңгей аралықты қатардан медиананы есептеу үшін  келесі  формула
қолданылады:
                 [pic][pic],  мұндағы,
            XMе- медианалық қатардың деңгей аралығының кіші мәні;
            dMе –медианалық қатардың деңгей аралығының айырмасы;
            [pic]S –медианалық қатардың қосындысы;
            [pic]S Mе-1—медианалық қатардың алдыңғы қатардағы жинақталған
жиілік қосындысы.
             Мысалы,  жоғарыда   берілген   мәліметтер   бойынша   медиананы
есептеуге болады. Мұнда медиана үшінші қатарда жатыр.
                          200/2-50                          50
            Ме=70+10------------------------- =70+10------ =78,3
                                                                      60
                           60

      4.Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері

[pic][pic][pic]   Статистикалық  өзгерме  дегеніміз  жиынтық   бірліктерінің
белгілеріне әртүрлі себептердің  әсерінен  болған  сандық  өзгеріс.  Өзгерме
көрсеткіштерінің жай және салмақталған түрлері болады. Егер сандық  қатардың
орташа  мәні  арифметикалық  орташа  шаманың  жай  түрімен  есептелсе,  онда
өзгерменің жай түрі қолданылады.  Ал  жиіліктері  бірге  беріліп,  әр  түрлі
сандық мәндермен көрсетілетін болса салмақталған түрі қолданылады.
            Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар ешуақытта  тұрақты  болмайды,
олар үнемі өзгеріп отырады.  Олардың  жалпы  жиынтықтары  әр  түрлі   сандық
көрсеткіштермен  сипатталады.   Осы   көрсеткіштердің   ауытқуын   анықтауда
өзгерменің келесідей негізгі көрсеткіштері есептеледі:
              -өзгерменің өрісі;
              -орташа сызықтық ауытқу;
              -шашырандылық;
              -орташа шаршылық ауытқу;
             -өзгерменің коэффициенті.

             Өзгерменің өрісі дегеніміз сандық қатар белгілерінің  ең  үлкен
және ең  кіші  шамаларының  арасындағы  айырмашылық.  Ол  статистикада    R-
әрпімен белгіленеді және келесі формуламен есептеледі:
                           R=Xmax- Xmin, мұндағы,
      Xmax- сандық қатардың ең үлкен мәні;
      Xmin- сандық қатар белгілерінің ең кіші мәні.
            Орташа сызықтық ауытқу дегеніміз  әрбір  белгінің  жеке  мәнінен
арифметикалық орташа шаманы алып, одан шыққан ауытқу қосындыны белгі  санына
немесе әр қатардағы ауытқу көрсеткіштерін  жиіліктеріне  көбейтіп,  ал  оның
қосындысын сол жиіліктің жалпы жиынтығына бөлгеннен шыққан шаманы айтады.
            Статистикада орташа сызықтық ауытқу    d- әрпімен белгіленеді
және оны келесі формуламен анықтаймыз:
                              [pic]  -жай түрі,

                     [pic] - салмақталған түрі, мұндағы,

      Х- белгілердің жеке сандық мәндері;
__
      Х- белгілердің орташа шамасы;
      n- белгілердің саны;
      f- жиілік көрсеткіштерінің жеке мәндері;
      [pic]- жинақтау ( қосынды) белгісі.
            Шашыранды (дисперсия) деп әрбір қатардағы белгінің жеке  мәнінен
арифметикалық орташа шаманы алдындағы айырмаларды  екі  есе  дәрежелеп  және
бір-біріне  қосып,  одан  шыққан  ауытқу  қосындыны  белгі   санына   немесе
дәрежеленген ауытқу көрсеткіштері  жиіліктеріне  көбейтіп,  оның  қосындысын
сол  жиіліктің  жалпы  жиынтығына  бөлінгеннен  шыққан   бөліндіні   айтады.
Сонымен,  шашыранды  дегеніміз  орташа  сызықтық  ауытқудың  жақша  ішіндегі
көрсеткіштерді дәрежелеу.  Оны  гректің  [pic]  (  сигма  шаршы)  -  әрпімен
белгілейді және келесі формуламен есептеледі:
                              [pic]- жай түрі,
                          [pic]- салмақталған түрі.
             Орташа  шаршылық  ауытқу  дегеніміз  шашыранды   көрсеткіштерін
түбірлеу болып табылады. Ол  [pic]-сигма  әрпімен  белгіленеді  және  келесі
формуламен есептеледі:

                    [pic]          [pic]     -  жай түрі,

                        [pic]   - салмақталған түрі.

             Өзгерменің  коэффициенті  дегеніміз  орташа   шаршылық   ауытқу
көрсеткішін арифметикалық орташа шамаға бөлу.  Статистикада  ол  V-  әрпімен
белгіленеді, оны келесі формула негізінде анықтаймыз:
                           V=[pic]/х*100, мұндағы,
                                     __
                        х – арифметикалық орташа шама


      5. Шашырандының түрлері және қосу ережесі

      Статистикалық жиынтықтардың  өзгермелі,  құбылмалы  белгілеріне  түрлі
себептер  әсерін  тигізеді.  Олар  өздерінің  тигізетін   әсерлеріне   қарай
кездейсоқ және тұрақты болып бөлінеді. Статистикалық  көрсеткіштерге  талдау
жасауда қорытындылаушы өзгерме  көрсеткіштерінің  ішінде  жиі  қолданылатыны
шашыранды  болып  табылады.  Шашыранды  өзгерме  көрсеткіштерінің   топтарға
бөлінуіне байланысты үш түрге бөлінеді:
                                     жалпы, топаралық, топішілік.
             Жалпы  шашыранды  өзгермелі  жиынтық  белгілеріне  әсер  ететін
барлық жағдайларды сипаттайды, ол келесі формуламен анықталады:

                [pic]- жай түрі;   [pic]- салмақталған түрі.
            Топаралық шашыранды дегеніміз жеке топтық орташа  шаманың  жалпы
жиынтықты орташа шамадан ауытқуы.
              Топішілік  шашыранды   деп   әрбір   топ   бойынша   кездейсоқ
себептердің тигізген  әсерінен  оның  өзгергендігін  анықтауды  айтады.  Оны
есептеу үшін алдымен әрбір топ бойынша топтық шашыранды  ,  одан  кейін  осы
көрсеткіштермен орташа топішілік шашыранды есептелінеді .


        Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей    сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?
      2.Орташа шамалардың қандай түрлері бар?
      3.Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?
      4.Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.
      5.Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?
      6.Статистикалық өзгерме дегеніміз не?
      7.Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?
      8.Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады?

      Әдебиеттер: (1) 94-133бет, (4)  60-97бет,  (7) 89-121бет, (6)  161-122
бет, (2) 47-66бет




                      Жетінші тақырып.  Ішінара бақылау


                Дәріс сұрақтары:
       1. Ішінара бақылау әдісі және оның негіздері.
       2. Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері.
       3. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер.
      1. Ішінара бақылау әдісі және оның негіздері.

      Қоғамда  болып  жатқан  құбылыстар   мен   процестерді,   өзгерістерді
статистикалық  зерттеуде  тексерілуге  алынатын  жиынтық   бірліктер   қамту
дәрежесіне қарай жаппай және  жартылай  болып  бөлінеді  және  де  оның  өзі
зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды, жиынтықтың  негізгі  бөлігі
болып бөлінеді.
      Статистикалық ішінара  бақылау  дегеніміз  жалпы  жиынтық  бірліктерін
зерттеуде кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен ғылыми  негізде  алдын  ала
іріктелініп алынған кейбір бөліктері. Одан шыққан  қорытынды  көрсеткіштерді
жалпы жиынтық көрсеткіштерге толығымен таратуға қолдануға болады.
      Егер де бақылау  қорытындысын  барлық  жиынтық  бірліктеріне  таратуға
болмайтын болса, ол ішінара бақылауға жатқызылмайды,  оны  жай  зерттеу  деп
атаймыз. Ішінара бақылаудың басқа зерттеулермен салыстыруда келесідей  өзіне
тән ерекшеліктерін көрсетуге болады:
                1. Ішінара бақылау жүргізу кезінде жалпы жиынтықтың  барлық
                   бірліктері үшін іріктеуге алыну мүмкіндіктері ортақ және
                   олардың кез келген жеке  бөліктері  кездейсоқ  зерттеуге
                   алынады.
                2. Ішінара бақылау жүргізу алдындағы негізгі мәселе –  оның
                   көлмінің  жалпы  жиынтық  бірліктері  үлестік   мөлшерін
                   анықтау болып табылады.
      Ішінара бақылау дұрыс ұйымдастырылуы үшін және алға қойған міндеттерді
толықтай орындау үшін келесідей  принциптер  мен  жұмыстарға  көңіл  бөлінуі
керек:
   1. Бақылаудың мақсаты мен маңызын анықтау.
   2. Бақылаудың бағдарламасын жасау және жиналған     мәліметтерді өңдеу.
   3. Бақылауды ұйымдастырудың мәселелерін шешу.
   4. Іріктеуге алынатын бірліктердің үлесі мен тәсілін анықтау.
   5. Жалпы жиынтық бірлікетрін зерттеуде іріктеп алу.
   6. Бақылау көрсеткіштерін есептеу және мәліметтерге қорытынды жасау.
   7. Іріктеуде жіберілетін қатені есептеу.
   8.  Бақылаудан   кейінгі   қорытынды   көрсеткіштерінің   жалпы   жиынтық
      бірліктерге жақындығын, яғни таратпалылығын анықтау.
      Статистикада ішінара бақылау жүргізуде екі  жиынтық  бірліктері  жалпы
және  ішінара  болып  бірге   қолданылады.   Зерттеуге   алынатын   қоғамдық
құбылыстар, процестер, заттар  жиынтығының  барлығын  негізгі  немесе  жалпы
жиынтық деп аталады, ал жалпы жиынтықтың ішінен тексеруге іріктеліп  алынған
бөлігін ішінара жиынтық бірліктері  деп  атайды.  Ішінара  бақылауды  жаппай
бақылаумен салыстырғанда оның келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
     1.  Бақылау   жүргізу   кезінде   мәліметтерді   жинау,   өңдеу   және
        қорытындылаудың азаюына байланысты жұмысшы күшімен материалдық және
        қаржы ресурстары өңделеді.
     2. Бақылау қысқа  мерзім  ішінде  кең  көлемде  жүргізілсе,  қорытынды
        көрсеткіштер жедел түрде алынады.
     3. Жаппай бақылау  жүргізу  мүмкін  болмаған  жағдайда,  яғни  өнімдер
        сапаларын тексеру кезінде  олардың  бүлініп  немесе  пайдаға  аспай
        қалуына байланысты қолданылады.
     4.  Ішінара  бақылау   әдісін   қолдана   отырып   жаппай   бақылаудың
        көрсеткіштерін тексеруге болады.
     5. Ішінара бақылау кезінде қате аз кетеді  және  есептелген  қорытынды
        көрсеткіштер нақтырақ, дәлірек болады.

      2. Ішінара бақылауды іріктеудің әдістері мен тәсілдері.

      Жалпы жиынтықтар мен ішінара бақылауда  алынатын  жиынтық  бірліктерін
іріктеп алу әртүрлі тәсілдермен  жүргізіледі.  Бақылауда  іріктеліп  алынған
жиынтық   бірліктерінің   зерттеуге   екінші   рет   қатысатындығы    немесе
қатыспайтындығына  байланысты  қайта  іріктеу  және  қайталанбайтын  іріктеу
әдістері болып екіге бөлінеді. Егер жалпы жиынтықтармен іріктелініп  алынған
бірліктер тексеріліп, зерттелгеннен кейін қайтадан жалпы жиынтыққа  қосылып,
келесі бақылау кезінде  екінші  рет  тексеруге  қатысатын  болса,  ол  қайта
іріктеу деп аталады. Егер жалпы жиынтықтармен бір  рет  іріктелініп  алынған
бірліктер зерттеуден кейін қайтадан жалпы  жиынтықтарға  қосылмайтын  болса,
ол қайталанбайтын іріктеу деп аталады.
      Сериялы іріктеу тәсілдерінде жалпы  жиынтық  бірліктерін  іріктеп  алу
кездейсоқ жекедара жүргізілмей, сериялармен, топтармен алынып, әр  серияның,
топтың бірліктері жаппай бақылауға  толықтай  алынады  және  оның  қорытынды
көрсеткіштері жалпы жиынтық қатар аталады.
      Құрама іріктеу  қайта  немесе  қайталанбайтын  іріктеу  әдісі  бойынша
жүргізіледі. Құрама іріктеудің көрсеткіштерін  есептеу  әр  түрлі  тәсілмен,
яғни іріктеу сатылылығына байланысты есептелінеді. Осыған орай  іріктеу  бір
сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.
      Бір сатылы іріктеу кезінде іріктеуге  алынған  бірліктер  сол  мезетте
зерттеліп,  қорытындылары  жасалады,  ал  көп  фазалық  іріктеуде  бақылауға
алынған бірліктердің барлығынан қажетті мәліметтердің қысқа  түрде  алынуын,
одан  кейін  оның  бөліктерін   кеңейтілген   бағдарлама   бойынша   қосымша
көрсеткіштер жинастырылады.
      Ішінара бақылау кезінде іріктеуге алынған бірліктердің  сандық  көлемі
жиырмадан аспайтын болса, ол шағын іріктеуге жатқызылады.  Мезеттік  бақылау
кезінде барлық жиынтық бірліктері  толығымен  қатысады,  бірақ  белгілі  бір
уақыт мезеті бойынша ғана қажетті мәліметтер жинастырылады.


      3. Әр түрлі іріктеуде жіберілетін қателер.


      Қате дегеніміз нақты факты  мен  зерттеу  көрсеткіштерінің  арасындағы
сәйкессіздік, айырмашылық. Оның  өзі  тіркеу  қатесі,  репрезентативті  және
өкілдікті болып бөлінеді.
      Тіркеу қатесі құбылыстар мен процестерге әсер ететін себептерді  дұрыс
анықтамау салдарынан туады.
      Репрезентативті қате ішінара бақылауда алынған сипаттамалар мен  жалпы
жиынтықтық  сипаттамалар  арасындағы  айырмашылық.  Бұл  қате  жүйелі   және
кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі қате жалпы  жиынтық  бірліктерін  кездейсоқ
іріктеу принциптері  дұрыс  жүргізілмегенде  пайда  болады.  Кездейсоқ  қате
ішінара бақылау мен жалпы жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық.
      Ішінара бақылаудан алынған көрсеткіштер  мен  жалпы  жиынтықтың  нақты
көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орташа қатемен  өлшенеді.  Статистикада
ішінара іріктеудің орташа қатесін µ әріпімен белгілейміз  және  оның  шамасы
жалпы   жиынтықтағы   өзгерменің   дәрежесі   ішінара   бақылауға    алынған
бірліктердің  мөлшеріне  тығыз  байланысты.  Сонымен  қатар   орташа   қате,
қайталанатын   және   қайталанбайтын   іріктеу   әдістерінің   қолданылуымен
байланысты.


          Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Статистикалық ішінара бақылау деген не?
      2.Іріктеп бақылаудың жаппай бақылаудан ерекшелігі неде?
      3.Ішінара бақылаудың қандай түрлері бар?
      4.Статистикалық іріктеп бақылауда қандай қателер кездесуі мүмкін?
      5.Қайта  іріктеу  және  қайталанбайтын  іріктеуде   таңдаудың   орташа
қателері қандай формулалармен анықталады?


      Әдебиеттер: (1) 134-16 6ет, (4) 39-53бет, (5) 176-220  бет,  (6)  223-
264 бет, (2) 67-86 бет

             Сегізінші тақырып. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар

                 Дәріс сұрақтары
     1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.
     2.  Өсіңкілік  қатарларды  негізгі   көрсеткіштері   бойынша   есептеу
        тәсілдері.
     3. Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу.
     4. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.
     5. Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.

      1. Динамикалық қатарлар туралы түсінік және оның түрлері.

            1. Өсіңкілік қатарлар дегеніміз  статистикалық  көрсеткіштердің,
құбылыстар  мен  процестердің  уақытқа  қарай  өзгерісін  анықтайтын  сандық
мәндер тізбегі. Өсіңкілік қатарлар  статистикада  кеңінен  қолданылады  және
даму немесе кему процестерінің заңдылығы толығымен зерттеледі:
      1) қатардың дәрежесі     2) уақыт көрсеткіші, белгісі.
      Қатардың дәрежесі дегеніміз қоғ-қ құбылыстар мен процестердің  шамасын
мөлшерлеп  сипаттайтын  көрсеткіштің  белгілі-бір  уақыттағы  сандық   мәні.
Өсіңкілік қатарлар өткен уақытқа қарай  бір  мезгілді  және  уақыт  аралықты
болып бөлінеді.
        Бір   мезгілді   өсіңкілік   қатарлардың   нақты   сандық   шамалары
құбылыстардың  белгілі-бір  сәтіндегі  (тәуліктің,  айдың,  жылдың)   болған
жағдайды сипаттайды.
       Уақыт  аралықты  өсіңкілік  қатарлар  дегеніміз  құбылыс   мөлшерінің
белгілі-бір уақытта (тәулік, ай, тоқсан және т.б.)  қандай  шамада  болғанын
сипаттайтын көрсеткіштер.
         Өсіңкілік   қатарлар   уақыт   мерзіміне   және   онда    көрсеткен
көрсеткіштерге байланысты  толық  және  толық  емес  болып  бөлінеді.  Толық
өсіңкілік қатарларда көрсеткіштер уақыт мерзіміне қарай бірінен  кейін  бірі
үзіліссіз беріледі. Толық емес өсіңкілік  қатарлар  деп  көрсеткіштер  уақыт
мерзіміне  қарай  әртүрлі  аралықта,  яғни  әртүрлі  уақыт  мөлшері   арқылы
сипатталады.
       Құбылыстардың  өзгеруін  зерттеу,  талдауда   әртүрлі   статистикалық
көрсеткіштер  қолданылады.   Бұл   көрсеткіштер   нақты,   қатысты,   орташа
шамалармен сипатталады.  Осыған  қарай  өсіңкілік  қатарлар  үшке  бөлінеді:
нақты, қатысты және орташа шамалар.
      Нақты шамалар өсіңкілік қатар дәрежесі ретінде әрбір  уақыт  мөлшеріне
байланысты қалай өзгергендігін көрсетеді.
       Қатысты шамалы өсіңкілік қатар  екі  уақыттың  нақты  шамаларын  бір-
бірімен  салыстыру  арқылы  пайда   болады,   яғни   әлеуметтік-экономикалық
құбылыстардың   уақытқа   қарай   өзгеруін   сипаттайтын   сандар   тізбесін
айқындайды. Ол өсу, кему қарқыны ретінде %-пен өлшенеді.
       Орташа  шамалы  өсіңкілік  қатарлар  деп  қоғамдық   құбылыстар   мен
процестердің  белгілі-бір  белгісі  бойынша  уақыт  мөлшеріне  қарай  сандық
көрсеткіштердің орташа өзгеруін сипаттауды айтады.
        Өсіңкілік  қатарларды  зерттеу  және  талдау  кезінде   оның   дұрыс
құрылғанын,  сандық  көрсеткіштердің  дәлдікті,  нақтылықты  көрсететіндігін
білу кейбір шарттардың  орындалуын  талап  етеді.  Оның  негізгісі-өсіңкілік
қатарлар дәрежелерінің бір-бірімен салыстырмалы болуы.
      Аумақтың өзгеруіне байланысты өсіңкілік қатарлар  көрсеткіштерін  бір-
бірімен салыстыруға болмайды. Оны салыстыру үшін базалық уақыттағы  қатарлар
дәрежесі  аумақтың  өзгергеннен  кейінгі   жаңа   шекарасы   бойынша   қайта
есептелініп, бір  жүйеге  келтірілуі  керек.  Мысалы,  бір  облыстан  екінші
облысқа елді мекен берілгенде.
      Сондықтан қатар біртектес өсіңкілік қатарлар  дәрежесі  әртүрлі  өлшем
бірліктерімен берілсе, оларды  салыстыруға  келмейді.  Сондықтан  да  оларды
қайта есептеу  арқылы  салыстыруға  келетіндей  етіп,  бір  өлшем  бірлігіне
айналдырады.
      Өсіңкілік  қатарлар  дәрежесін  дұрыс  құру  үшін  ондағы  көрсетілген
көрсеткіштердің уақытына қарай белгі бірліктерінің бірдей болуы қажет.
      Сондай-ақ өсіңкілік қатарларда берілген сандық мәндер әртүрлі  әдістер
арқылы   есептелсе,   көрсеткіштерді   салыстыруға    келмейді.    Сондықтан
көрсеткіштер өзара  салыстырмалы  болуы  үшін,  есептеу  әдістері  біртектес
болуы керек.
      Кейбір  кездерде  біртектес  өсіңкілік  қатардың  көрсеткіштері  уақыт
мезгіліне қарай екі қатарда берілуі мүмкін, оларды  бір-бірімен  салыстыруға
болмайды. Олар салыстырмалы болуы үшін барлық уақыт ішіндегі  көрсеткіштерді
есептеу  арқылы  бір  қатарға  тіземіз.  Ол  үшін   үздіксіздендіру   тәсілі
қолданылады. Мысалы: келесідегідей мәліметтер берілген:

           Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауар айналымы, млн.тг.

|Жылдар                |1998    |1999     |2000     |2001      |2002      |
|Ескі бағамен          |120     |132      |140      |156       |162       |
|Жаңа бағамен          |        |         |208      |266       |290       |
|Үздіксіздендірілген   |178,3   |196,2    |208      |266       |290       |
|қатар                 |        |         |         |          |          |

       1998,1999  жылдар  мәліметтерін  жаңа  баға  бойынша   есептеу   үшін
үздіксіздендіру тәсілін қолданамыз. Ол үшін 2000 жылы жаңа  және  ескі  баға
қатынасын анықтаймыз:
                            (208/140)*100=148,6%


      Осы  %-ті ескі бағадағы көрсеткіштерге көбейту арқылы есептейміз:
                  1998 жыл   (120*148,6)/100=178,3 млн.тнг.
                                            1999 жыл   (132*148,6)/100=196,2
млн.тнг.






      2.  Өсіңкілік  қатарларды  негізгі   көрсеткіштері   бойынша   есептеу
      тәсілдері.


      Өсіңкілік қатарлар көрсеткіштерін  есептеуде келесідей негізгі түрлері
қолданылады:
      -   нақты өсім
      -   өсу қарқыны
      -   өсім қарқыны
      -   бір % өсімнің нақты мәні
       Бұл  көрсеткіштерді  есептеу  өсіңкілік   қатардағы   көрсеткіш   деп
аталадыәрежелерін    бір-бірімен    салыстыру    нәтижесінде    негізделген.
Салыстырылатын уақыт дәрежесі  ағымдағы,  ал  онымен  салыстыратын  уақыттың
дәрежесі  базалық  деп  аталады.  Өсіңкілік  қатардың   көрсеткіштерін   екі
тәсілмен есептеуге болады. Біріншіден,  ағымдағы  қатардың  әрбір  дәрежесін
оның  алдыңғы  уақыттағы  шамасымен  салыстырса  ол  тізбектелген   тәсілмен
есептелген болып саналады.  Екіншіден,  әрбір  қатардың  мәнін  белгілі  бір
тұрақты  базалық  уақыттың  шамасымен  салыстырсақ  онда  тұрақты   тәсілмен
есептелген.
      Нақты өсім. Бұл өсіңкілік қатардың жай түрі. Мұнда  өсіңкілік  қатарда
көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  нақты
өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі.
      Егер әр уақыттың дәрежесінен  белгілі  бір  тұрақты  базалық  уақыттың
дәрежесін шегерсек онда нақты өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ол  келесі
формула бойынша есептеледі:
                             ∆н= Yi-Yo, мұндағы,
                    ∆н – нақты өсім;
                    Yo – тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
                    Yi – ағымдағы уақыттың дәріжесі;
                     i – қатардың рет нөмірі.
      Егер  уақыттың  дәрежесінен  өзінің  алдында  тұрған  уақыт  дәрежесін
шегеретін  болсақ,  онда  тізбектелген  тәсілмен   есептелген   нақты   өсім
анықталады және келесі формуланы қолданамыз:
                            ∆н= Yi-Yi-1, мұндағы,
               Yi-1 – ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.

       Өсу  қарқыны  әрбір  ағымдағы   уақыт   дәрежесінің   алдыңғы   уақыт
дәрежесіиен салыстырғанда қаншаға артық не кем екенін сипаттайды,  яғни  осы
екі  увақыт  көрсеткіштерінің   бір-біріне   қатысты   екә   шамасы   арқылы
есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентін немесе %-өлшенеді. Өсу  қарқынын  да
екі тәсілмен есептейміз. Егер өсіңкілік  қатардағы  әрбір  уақыт   дәрежесін
тұрақты  бір   базалық  уақыт  дәрежесіне  бөлсек,   онда  оны  тұрақты  өсу
қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мына формуламен есептеледі:
                            Кө= Yi/Yo ,  мұндағы,
                    Кө - өсу қарқының коэффициенті
       Егер  өсіңкілік  қатардың  әрбір  уақыттағыдәрежесін  өзінің  алдында
тұрған уақыт дәрежесіне  бөлетін   болсақ,  онда  өсу  қарқыны  коэффициенті
тізбектелген  тәсілмен  есептелген  болып  саналады  және  мына   формуламен
есептелінеді:
                                 Кө= Yi/Yi-1
      Өсу қарқынының коэффициентін  100-ге  көбейтіп,  оның  %-ін  есептеуге
(Өқ) болады:
                    Өқ=Кө*100=(Yi/Yo)/100 – тұрақты тәсіл
                                               Өқ= (Yi/Yi-1)/100 –
тізбектелегн тәсіл
       Өсім  қарқыны  нақты  өсімнің  салыстырмалы  шамасын  көрсетеді.  Оны
анықтау үшін нақты өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт  дәрежесіне
бөлу керек.   Егер  өсім  қарқыны  тұрақты  базалық  уақыт  дәрежесі  арқылы
есептелсе,  ол  тұрақты  өсім  қарқыны,  ал  егер  базалық  уақыт   дәрежесі
өзгермелі болса, оны  тізбектелген  өсім  қарқыны  деп  атайды  және  келесі
формулалармен есептейміз:
                                       ∆ө = (∆н/ Yo)*100 – тұрақты тәсіл;
              ∆ө = (∆н/ Yi-1)*100 – тізбектелген тәсіл, мұндағы,

          ∆ө - өсім қарқыны.
      Егер өсу қарқынынң көрсеткіштері  есептелініпл  берілген  болса,  өсім
қарқынын анықтау үшін өсу қарқынан 1-ді немесе 100-ді шегеру  арұылы  табуға
болады.
                                       ∆ө = Кө-1 немесе   ∆ө = Өқ-100
      Бір % өсімнің нақты мәнін есептеу үшін әр  уақыттағы  өсімнің  шамасы,
сол кездегі өсім қарқынына бөледі  және  оның  мәні   тізбектелген  тәсілмен
келесі формула бойынша есептеледі;
                                        А%=∆н/∆ө   немесе  А%= Yi-1/100  ,
                                         мұндағы  А%  -  1  процент  өсімнің
нақты мәні.

      3. Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштерін есептеу.

             Өсіңкілік  қатардың  жалпы  өзгерісінің  заңдылықтарын   талдау
жұмысында келесідегідей орташа көрсеткіштер қолданылады: өсіңкілік  қатардың
орташа дәрежесі, орташа нақты өсім, орташа өсу және өсім қарқыны.
       Өсіңкілік  қатардың   орташа   дәрежесін   есептеу   үшін,   берілген
көрсеткіштердің уақыт  аралықтары  бірде  болса,  қатардың  жеке  мәндерінің
қосындысын олардың санынга бөлу керек,  яғни  арифметикалық   орташаның  жай
түрінің  формуласы қолданылады:
                         Y= (Y1+Y2+Y3+…+Yn)/n=∑Y/n,
      Мұндағы, Y -өсіңкілік қатардың орнташа дәрежесі;
                   Y1,2,3-қатардың жеке мәндері;
                    n – қатар саны
       Егер көрсеткіштер белгілі бір уақыттың  алғашқы  және  соңғы  мерзімі
берілсе, осы көрсеткіштердің қосындысын екіге бөлу керек:
                               Y= (Yi+Yi+1)/2
       Егер   мезгілді   қатардағы    көрсетілген   көрсеткіштердің   мезгіл
аралықтарының қашықтығы  бірдей   мөлшерде  бірдей  мөлшерде  берілсе,  онда
орташа дәрежесін мына формуламен есептеледі:
                        Y = 1/2Y1+1/2Y2+1/2Y3+…1/2Yn

                                                                         n-1
     немесе
                                           Y1+Y2  + Y2+Y3 +Yn-1 + Yn
                                   Y    =            2                     2
    2
                                                                         n-1

       Егер  көрсетілген  көрсеткіштердің  мезгіл  аралықтарының   қашықтығы
бірдей мөлшерде берілмесе,  онда  орташа  дәрежені  есептеуде  арифметикалық
орташа шаманың салмақталған түрі қолданылады:
     Y = ΣYt / Σt , мұндағы t – қатардағы уақыт аралықтарының ұзақтығы.

      Орташа нақты  өсім.1-тәсіл:  Егер  нақты  өсім  тізбектелген  тәсілмен
есептелсе,  орташа  дәрежесін  табу  үшін  нақты  өсімнің  жеке   мәндерінің
қосындысын олардың санына бөлу керек, ол келесі формуламен есептеледі:
                                  ∆н=Σ∆н/n,
      ∆н – тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсімнің жеке мәндері;
      n – нақты өсім саны.
       2-тәсіл:  Әр  жылдың  нақты  өсімі  есептелген  болса,   тізбектелген
тәсілмен есептелген нақты өсімнің тұрақты базалық өсімге  тең  болады  деген
анықтамаға сүйене отырып, нақты өсімнің  орташа  дәрежесін  мына  формуламен
табуға болады:
                               ∆н = Yn-Y1/n-1
      Yn – қатардың соңғы дәрежесі
      Y1 – бастапқы уақыттағы дәрежесі
            Орташа өсу қарқынының өлшемдері коэфицентпен немесе %-пен
беріледі.
             Орташа  өсу  қарқынын  есептеу  үшін  орташа   өсу   қарқынының
көрсеткішінен 1-ді немесе 100-ді шегереміз.

      4. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.

            Қоғамдық құбылыстар  мен  процестердің  сандық  көрсеткіштерінің
өзгеруін  зерттеуде  және  өндеуде,  талдауда  келесідей  есептеу  тәсілдері
қолданылады: біртектес өсіңкілік қатарларды  салыстырмалы  тәсілмен  талдау;
өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру; уақыт аралығын үлкейту;  жылжымалы
орташа тегістеу тәсілі.
      Біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдауды  қолдану
кезінде біртектес қоғамдық құбылыстар  мен  процестердің  белгілі-бір  уақыт
кезеңіндегі көрсеткіштердің  өзгергендігін  көрсетеді.  Ол  көрсеткіштер  өз
мағынасы және  уақыт  мерзімі  бойынша  әртүрлі  аумақтардағы  құбылыстардың
қаншалықты өзгергендігін салыстыру арқылы сипаттайды және қорытынды  жасауға
көмектеседі.
      Өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде  бір-бірімен
әртүрлі өлшем  бірліктері,  әртектес  құбылыстар  мен  процестерден  тұратын
көрсеткіштерді  салыстыруға  келмейтіндерді  салыстырмалы  түрге  келтіреді.
Мұнда базалық кезең үшін бір жылдық  көрсеткіш  100%  есебімен  алынады,  ал
қалған жыл көрсеткіштері осы жылғы өсу қарқыны арқылы есептеледі.
      Уақыт аралығын үлкейтуде өсіңкілік қатарлар  дәрежесі  уақытына  қарай
бір-бірімен жақын болса, олардың даму,  кему  бағытын  анықтау  үшін,  уақыт
аралығының шамасы үлкейтіледі және жаңа қатарлар құрылады.  М-ы,  ай-сайынғы
берілген  өндірілген  өнім  саны  көрсеткішіне  талдау  жасау  үшін,   уақыт
аралығының шамасын тоқсандарға бөліп  үлкейтіп  аламыз,  одан  кейін  орташа
айлық дәрежесін есептеп, салыстырып, қорытынды жасауға болады.
       Жылжымалы  орташа  тегістеу  тәсілін  қолданғанда  есептеуге  алынған
өсіңкілік  қатарлардың  сандық  мәндері  уақыт  аралықтарына  қарай   бірдей
мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық  мүшелері  бойынша  есептеледі.
Оны есептеу үшін жылжымалы түрде қатардың  алғашқы  мүшесін  қосып  отырады.
Оны былай жазып көрсетуге болады:бірінші қатардың  аралығы  Y1+Y2+…Ym.Екінші
қатардың аралығы Y1+Y2+…Ym+1 және т.с.с.  жылжымалы  түрде  жалғаса  береді.
Осыдан шыққан қосындыны сол мүшенің санына бөлу арқылы  жылжымалы  орташаның
тегістелген мәні анықталады және сол қатардың ортасына жазылады.
      Аналитикалық тегістеу тәсілінің негізгі  мақсаты-бірқалыпты  жылжымалы
қатардың  дәрежесін  анықтау  арқылы  және  бастапқы  қатар  дәрежесіне  оны
жақындастыра  отырып,  сол  құбылыстың  даму  немесе  кему  процесін   толық
айқындай білу, өзара байланыстылығын табу. Бұл тәсілде түзү сызықты,  екінші
және үшінші ретті парабола, гипербола және т.б. теңдеулер жиі қолданылады.
      Өсіңкілік қатар көрсеткіштерін тегістеу ең  кіші  шаршы  тәсіл  арқылы
жүргізіледі. Зерттелетін өсіңкілік қатар бірқалыпты өзгерсе,  тегістеу  үшін
түзу сызықты теңдеу қолданылады. Ал тұрақты түрде қарқын өсіп  отырса,  онда
қисық ,  ал  үдемелі  түрде  артып  отырса,  онда  екінші  реттегі  парабола
қолданылады. Осы  тақырыпта  түзу  сызықты  теңдеу  арқылы  тегістеу  тәсілі
қолданылады және ол мына формуламен есептеледі:
                                Yt = a + a1t
      Yt – тегістелген қатар дәрежесі;
      а0  және а1  - түзу сызықты параметрлері;
      t – мезгілдік немесе кезеңдік уақыт мерзімінің рет номері;
      Өсіңкілік қатардың уақыт көрсеткіштері (t) әрқашан  белгілі  болғанда,
тегістелген қатардың дәрежесін (y)  табу  үшін,  а0  және  а1  түзу  сызықты
параметрлерін анықтаймыз.
      Ол үшін ең кіші шаршы негізін  қанағаттандыру  үшін  келесі  қарапайым
теңдеуді шешу керек:
                                a0n + a1∑t=∑Y
                             a0∑t + a1∑t2=∑Yt ,
      мұндағы n- қатардың саны;
      y- өсіңкілік қатардың нақты дәрежесі;


      5.Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.


           Интерполяция дегеніміз өсіңкілік қатардың  ішінде  көрсетілмеген,
яғни жетіспейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу. М-ы,  бірнеше
жылдарға халық саны берілген болып,  онда  бір  жылдың  көрсеткіші  белгісіз
болса, оны есептеу үшін арифметикалық орташа шама, нақты шама  өсім,  орташа
нақты өсім, орташа өсу қарқыны тәсілдерін қолданамыз.
      Арифметикалық орташа шаманы қолдану арқылы есептеуді келесі  формуланы
қолданады:
                                 Y = Yi+Yi+1
                                         2
      Нақты өсімді қолдану арқылы есептеуде келесідей формула қолданылады:
                                                                      Y    =
Yi+1+Y1      +Yi
                                       2
      Орташа нақты өсім арқылы есептегенде келесі формуламен анықталады:
                                ∆н = Yi+Y0     +Yi

  n-1
      Экстраполяция тәсілі деп  белгілі  бір  уақыттағы  өсіңкілік  қатардың
көрсеткіштерін қолдана отырып келешекке болжам жасауды,  яғни  осы  уақыттан
кейінгі  мерзімдердің  сандық  мәндерін  жуық  шамамен  есептеп  табу  болып
табылады. Болжам жасау кезінде сол уақытқа дейінгі  әлеуметтік  экономикалық
құбылыстар мен процестердің  даму  немесе  кему  жағдайы,  болжам  жасалатын
кезеңдерде өзгермейді деп есептелуі тиіс. Сонда ғана  есептелген  мәліметтер
арқылы белгілі бір тұжырымды қорытынды жасауға мүмкіндік туады.
      Маусымдық ауытқу деп әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен  процестер
жыл  ішінде  мезгілдің  қайталамалы  ауысуына   байланысты   өзгеруі   болып
табылады.
       Маусымдық  ауытқуды  анықтау  үшін  және  пәрменділігін   білу   үшін
маусымдық  индекс  көрсеткіші  қолданылады,  оның  сандық  мәндерінің  жиыны
маусымдық толқынды құрайды.
      Маусымдық индексті анықтауда жай орташа әдісті қолдануға  болады  және
мына формула қолданылады:
                     Маусымдық = (Yi / Y0)*100 , мұндағы
          Yi- жылдардың әрбір айының орташа дәрежесі.
          Y0- осы көрсеткіштердің орташа айлық мөлшері.
            Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей  сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Өсіңкілік қатарлар  дегеніміз  не,  оның  статистикалық  зерттеудегі
мәні не?
      2.Өсіңкілік қатарлардың қандай түрлері бар?
       3.Өсіңкілік  қатарлардың  деңгейінің   өзгеруін   сипаттауда   қандай
көрсеткіштер қолданылады?
      4.Өсіңкілік қатарлардың өсу және өсім қарқыны қалай анықталады?
      5.Өсіңкілік қатарларда маусымдық ауытқу қалай өлшенеді?
      Әдебиеттер:  (1) 167-207 бет, (2) 334-425 бет, (6) 87-97бет
                      Тоғызыншы тақырып.      Индекстер

                  Дәріс сұрақтары:
     1. Индекстер туралы түсінік.
     2. Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.
     3. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

      1. Индекстер туралы түсінік.

      Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің  өзгеруіне  талдау
жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.
      Индекстік әдіс деп бір-біріне  тікелей  қосуға  болмайтын  белгілерден
тұратын  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  құбылыстардың  жеке  себептерінің
үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа  байланысты  кеңістіктегі  орташа
өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.
      Индекстік әдісті қолдану  арқылы  салыстыруға  келмейтін  экономикалық
құбылыстардың   жеке   бөліктерінің   өзгеруін;    құбылыстар    құрылымының
белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне  әсер  ететін
себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.
      Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп  жүргізүде  екі  уақыт  кезеңінің
нақты сандық  көрсеткіштері  алынады.  Салыстырылатын  уақыт  шамасы  есепті
немесе ағымдағы  деп  аталады.  Бұл  көрсеткіш  үнемі  индекстік  қатыныстың
алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.
      Индекстік әдіспен есептелінген  көрсеткіштер  коэффициентпен,  ал  оны
100-ге көбейту арқылы %-пен  өлшенеді.  Егер  индекстік  көрсеткіштер  1-ден
немесе  100-ден  көп  болса,  құбылыстың  өткендігін,  ал  аз  болса,   онда
кемігендігін көрсетеді.
      Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне  байланысты  екі  топқа
бөлінеді: көлемдік және сапалық.
      Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері  жатады.  Мысалы,
өнеркәсіптің,   ауыл   шаруашылығының,   т.б.   көлемі   алынады.   Көлемдік
көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.
      Сапалық  индекстерге  бағаның,  өзіндік  құнның,  еңбек  өнімділігінің
индекстері  жатады.   Бұл   индекстердің   бәрінде   көлемдік   көрсеткіштер
өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.

      2.Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.

            Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты  индекстер  жеке
және жалпы болып бөлінеді.
       Жеке  индекстер   дегеніміз   біртектес   құбылыстардың   екі   уақыт
аралығындағы  нақты  көрсеткіш  шамаларының  қатынасы.  М/ы,  ағымдағы  және
базалық  уақытты  салыстыру  арқылы  көрсеткіштердің  қаншаға  өзгергендігін
есептеуге болады.
      Жеке индекстер кіші  «і»  әрпімен  белгіленеді.  Зерттеу  объектісінің
белгісіне қарай индекстік белгінің оң жағына  оның  таңбасы  қатар  жазылады
(ір,іq,іz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін  сол  заттың  ағымдағы
кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек:
                                  ір=Р1/Р0
      Өнім көлемінің жеке индексі :
                                  iq=q1/q0
      Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:
                                  iz=z1/z0
      Еңбек өнімділігінің жеке индексі:
                                  it=t0/t1
      Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.
      Қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнең  тұрып,  олардың
ағымдағы әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрған шамасымен  салыстырылса,
ол  өзгермелі  немесе  тізбекті  индекстер  деп  аталады   және    келесідей
жазылады:
                      iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.
      Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты  базалық  кезең  мәнімен
салыстырылса,  ол  базалық  индекстер  деп  аталады   және   оны   келесідей
көрсетеміз:
                      iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.
      Жеке индекстер құбылыстардың  уақытқа  байланысты  өзгеруін  зерттеуде
қолданылады, олар сол құбылыстың қандай себептерге байланысты  өзгергендігін
анықтай алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді қолданамыз.
      Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға  және  қосуға  келмейтін
элементтерден тұратын, күрделі  қоғамдық  құбылыстардың  уақытқа  байланысты
өзгерісі болып табылады.  Құбылыстардың  өзгерістеріне  талдау  жасау  үшін,
өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы  қосып,
жалпы жиынтығын есептеуге болады.
      Статистикада жалпы  индекстер  үлкен  «І»  әрпімен  белгіленеді,  оның
төменгі оң жағына нені зерттейтініне байланысты таңбасы бірге  жазылады.(Іq,
Іp, Іz, Іqp, т.б.)
      Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе  топтардан  тұратын  болса,
олар топтық  индекстер  деп  аталады.  М/ы  а/ш-қ  өнімдері  жалпы,  ал  мал
шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.
       Есептеу  әдістемесіне  байланысты  жалпы  немесе   топтық   индекстер
агрегаттық және орташа болып бөлінеді.
      Агрегатты индекстер, мұнда  қарастырылып  отырған  индекстердің  алымы
мен  бөлімі  екі  көрсеткіштің,  яғни  сандық   пен   сапалық   белгілерінің
көбейтіндісінің қосындысына тең.
            Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді:
                           Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы
            Σq1p1 және Σq0p0   - екі мерзімдегі сатылған  тауарлардың  жалпы
құны;
             Тауар   айналымының   көлемдік   жалпы   индексінің   формуласы
келесідей:
                          Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы
             Σq1p0  –ағымдағы  мерзімде  сатылған  тауарлардың  санын  өткен
бағамен есептегендегі шартты құны.
            Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.
      Бағаның жалпы индексі келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:
                              Ip= Σp1q1/Σp0q1 ;
мұндағы
      Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;
      Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын  өткен  уақыттағы
бағамен есептегендегі шартты құны.  Осы  индекстердің  байланысын  келесідей
түрде көрсетуге болады:
                    Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0* Σp1q1/Σp0q1

        Агрегаттық   индекстердің   өзара   байланысы   арқылы    есептелген
көрсеткіштердің дұрыстығын және экономикалық құбылыстардың  өзгерісіне  әсер
ететін себептерді анықтауға болады.
      Көрсеткіштің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып,  оның  орнына
өткен мерзімдегі тауар  айналымы,  өнім  өндіру  шығындары,  сатылған  тауар
көлемі, оның әр данасының бағасы немесе  өзіндік  құн  %  есебімен  өзгерген
түрде берілсе, олардың өзгерісін анықтау үшін  агрегаттық  индекстерді  жеке
индекстер  бойынша  есептелген   көрсеткіштерді   қолдана   отырып,   орташа
индекстерге  түрлендіреміз.  Мұндай  түрлендіруді  екі  тәсілмен   жүргізуге
болады: арифметикалық және үйлесімдік.
      Арифметикалық орташа индекс. Егер  шығарылған  өнімнің  саны  (q)  мен
өзіндік құны (z) белгісіз,  ал  өткен  мерзімдегі  жалпы  шығын  (z0q0)  мен
өндірілген  өнім  көлемінің  өзгерісі  (iq)  белгілі  болатын  болса,   өнім
көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:
                               Іq=Σq1z0/Σq0z0
       Әрбір  өндірілген  өнім  көлемінің  өзгергені  жеке  индекс   түрінде
белгілі. Онда жеке  көлемдік  индекстің  формуласынан  (iq=q1/q0),  белгісіз
(q1=  iqq0)  тауып,  бөлшектің  алымына  жазсақ,  формула  келесідей   түрге
түрленеді:
                                 Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0

      Арифметикалық орташа индекс экономикалық  құбылыстар  мен  процестерді
зерттеуде көрсеткіштердің өзгерістері  коэфицентпен  немесе  %-н  берілгенде
қолданылады.
      Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім  саны
(q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал  жалпы  шығын  (z1q1)  мен  өнімнің
өзіндік құнының өзгерісі (iz)  белгілі  болса,  онда  мұндай  көрсеткіштерді
есептеу үшін, өзіндік  құнның  жалпы  индексін  үйлесімдік  орташа  индекске
түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің  (Iz=  Σz1q1/Σz0q1)  бөліміндегі
өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны  есептеу  үшін  өзіндік
құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен  мерзімдегі  өзіндік  құнды  тауып
(z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің  формуласы  келесідей  түрге
түрленеді:

               Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz

      3. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

            Экономикалық  құбылыстардың  орташа  көрсеткіштерінің  өзгерісін
зерттегенде, оның әсерін  тигізетін  әрбір  себептер  жеке-жеке  есептеледі.
Статистикада бұл  көрсеткіштер  тұрақты  және  өзгермелі  құрамды  индекстер
арқылы анықталады.
      Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін  себепті
анықтау үшін сапалық көрсеткіштер  құрамын  өзгермелі  түрде  алсақ  ,  яғни
салыстыратын екі уақыт  мерзімдерінің  шамасы  алынса,  ал  салмағы  ретінде
ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты  индекс  шығады,
оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.
            1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1
            2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1
      Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау  үшін,  екі
уақыт  кезеңіндегі  зерттелетін   құбылыстың   орташа   шамалары   жеке-жеке
есептеледі,  бір-бірімен  салыстырылады  және  олардың  қандай   себептерден
өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың  қатынасы
қарастырылады. Сондықтан оны орташа  шамалар  индексі  деп  те  айтады  және
келесі формулалармен есептеледі:
      1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0
       2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0
             Құрылымның  өзгеру  индексі.  Егер  жиынтық  құрамының   өзгеру
әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның  өзгеру
индексі деп аталады. Оны есептеу үшін  өзгермелі  құрамды  индексті  тұрақты
құрамды индекске  бөлу  керек  және  формуласын  келесідей  түрде  көрсетуге
болады:
                                  Іқұрылымның өзгеру  индексі  =  Іөзгермелі
инд. / Ітұрақты инд.
       Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:
     Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.
       Бұл  индекстер  басқару  жұмыстарына  талдау  жасауда,   экономикалық
мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс  жалпы  сапалық
көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс  сапалық  көрсеткіштің
орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы  арқылы  көрсетеді,  яғни
сапа  көрсеткіштері  өзгерістерінің  қандай   себептер   әсерінен   болғанын
анықтайды.

          Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей  сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Индекстер дегеніміз не?
      2.Статистикада индекстер қандай міндеттерді шешеді?
      3.Жеке индекстер деген не? Мысалдар келтіріңіз.
      4.Жалпы индекстер дегеніміз не?
            5.Жеке индекстерден орташа индекстер қалай құрылады?
            6.Тұрақты және өзгермелі индекстер туралы не айтасыз?

      Әдебиеттер: (1) 208-231 бет,  (4)   159-204  бет,   (2)   93-109  бет,
(6) 426-466 бет



 Оныншы тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық
     зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау-зерттеудің соңғы сатысы.

       Дәріс сұрақтары:
      1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.
       2.  Құбылыстардың  өзара  байланысын  статистикалық  әдістер   арқылы
зерттеу.

             1.Құбылыстардың  өзара  байланысы  туралы  түсінік  және   оның
түрлері.

      Статистикада  қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердіңарасындағы  өзара
байланысты  анықтамай  тұрып,  алдымен  сол   өзгеріске   әсерін   тигізетін
факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы  тәуелділікті  анықтайды.  Оның
өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдық және корреляциялық  байланыс
болып бөлінеді.
      Функционалдық  байланыс дегеніміз бір белгі мәнінің  өзгеруіне  әсерін
тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін ,  яғни  бір  факторлы  белгінің
өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің  өзгеруін  айтады.  Демек,  бұдан
осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың  бар  екені
көрінеді.  Мысалы,  шеңбердің   көлемі   оның   радиусының   шамасына   тура
пропорционалды. Оны мына формуладан көруге болады:
                                                           S=     [pic]    /
R.
            Мұнда нәтижелі белгіге – шеңбердің көлемі, ал  факторлы  белгіге
– шеңбердің радиусы алынады.
             Функционалдық  байланыста  нәтижелі  белгі  мәніне  бір  немесе
бірнеше факторлы белгі мәндері  сәйкес  келеді  және  әрқайсысының  тигізген
әсері  белгілі  болады,  яғни  олардың  арасында  тура  байланыс  бар  екені
көрінеді. Оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:

     у=f(Xi),    мұндағы,                   у-   нәтижелі белгі;

                                                         Хi- факторлық
белгі;
                  f(Xi)-осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.
           Функционалдық байланыста нәтижелі  белгінің  мәні  толығымен  бір
немесе бірнеше факторлы белгі мәндері негізінде  анықталады.  Сондықтан  оны
толық немесе дәлдікті көрсететін байланыс деп атайды.
             Корреляциялық   байланыс   дегеніміз   қоғамдық   құбылыстардың
өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер  етуі.  Олардың  әрқайсысының
тигізген ықпалының мәндері белгісіз ,  яғни  нәтижелі  және  факторлы  белгі
арасындағы  өзара  тәуелділік  дәлме-дәл  көрсетілмеседе  және  бір  шаманың
өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны  корреляциялық
байланысқа жатқызады.
            Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі  және  факторлы
белгілер арасында сәйкестіктің  болмауын  айтады.  Корреляциялық  байланысқа
факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді.
            Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы да көрсетеді:
                                      Уi=f (Xi )+Ei,
Мұндағы , f (Xi )-корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уi  арасында
және ерекше алынған немесе бір немесе бірнеше  факторлық  белгінің  әсерінен
қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі; Ei- жанама  және  кездейсоқ  факторлардың
әсеріне пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі.
             Байланыстың  бағытына  қарай  функционалды  және  корреляциялық
байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура  байланыста  нәтижелі  белгі
мәнінің бағыты себепті ықпалдар  мәндерінің   бағытына  тура  келеді.  Яғни,
себепті ықпалдар белгі  мәндерінің  өсуіне  немесе  кемуіне  қарай  нәтижелі
белгі  мәндері  де  өседі  немесе  кемиді.  Мысалы,  жұмысшылардың  мамандық
дәрежесі   неғұрлым   жоғары   болатын   болса,   соғұрлым   олардың   еңбек
өнімділігінің  дәрежесі  де  жоғары  болады,  яғни  олардың  арасында   тура
байланыс бар.
            Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуі салдарынан  нәтижелі
белгі мәндері  кемісе  немесе  керісінше,  себепті  ықпалдар  кеміген  сайын
нәтижелі белгі мәндері өсетін болса, онда  оны  кері  байланыс  деп  атайды.
Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты  өндірілген  өнімнің  өзіндік
құны төмендейді.
      Талдамалық сипаттама бойынша байланыстар түзу және қисық сызықты болып
екіге бөлінеді. Түзу сызықты байланыста себепті  ықпалдар  белгі  мәндерінің
өсуіне  немесе  кемуіне  қарай  нәтижелі  белгі  мәндері  бір  қалыпты,  әрі
үздіксіз өседі немесе кемиді.  Демек,  мұнда  функционалды  байланыстың  бар
екендігі байқалады және оны математикалық түзу сызықты  теңдеудің  формуласы
арқылы көрсетуге болады:
                               у=aо+a1x,
      мұндағы, у- нәтижелі белгі, олграфиктің  ординаты  осінде  жатады;  х-
факторлы  белгі,  ол   графиктің   абсцисса   осінде   жатады;     aо,   a1-
параметрлері.
      Қисық сызықты байланыста  себепті  ықпалдар  белгі  мәндерінің  өсуіне
немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және  оның
өзгеру бағыты керісінше болады,  яғни  корреляциялық  байланыс  көрсетіледі.
Байланыстың бұл түрі  математикалық  қисық  сызық  теңдеуі  арқылы  парабола
немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол мына  теңдеу  арқылы
өрнектеледі:
                                                               2
                                    у=aо+a1x+ a2x
            Сонымен бірге  қисық  сызықты  байланысты  көрсету  үшін  бөлшек
теңдеуді де қолдануға болады, ол келесідей түрде болады:
                                     у=aо/x+ a1.
             Бір  факторлы  және  көп  факторлы  байланыстар.  Корреляциялық
байланысты  зерттеу  кезінде   қоғамдық   құбылыстардың   өзгеруіне   әсерін
тигізетін  факторлардың  сандық   көрсеткіштеріне   қарай   нәтижелі   белгі
көрсеткіштері де өзгереді. Егер тек бір факторлы белгі  мен  нәтижелі  белгі
көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс қана қарастырылатын болса, онда  оны
бір факторлы  немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал  екі  немесе  одан  көп
факторлар  белгісі  мен  нәтижелі  белгі  көрсеткішінің   арасындағы   өзара
байланыс, яғни  көптік  корреляция  деп  атайды.  Көп  факторлы  байланыстың
нәтижелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар бір-бірімен  байланысты
және жиынтықты түрде, бір мезгілде әсерін тигізеді. Сондықтан  корреляциялық
байланыстың  негізгі  мақсаты  нәтижелік  мәнге  әсерін  тигізетін  көптеген
факторлардың  ішіндегі  шешуші  роль  атқаратын  факторды   айқындау   болып
табылады.
            2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық  әдістер  арқылы
зерттеу.

      Қоғамдық  құбылыстар  мен  процестердің  өзгерісісін  зерттеуде   және
олардың арасындағы өзара байланысты анықтауда   келесідей  көптеген  әдістер
қолданылады: сандық қатарларды  салыстыру,  аналитикалық  топтау,  графиктік
әдіс, баланстық әдіс , индекстік әдіс, корреляциялық талдау және т.б.
         Сандық қатарларды  салыстыру  әдісі  қоғамдық  құбылыстардың  өзара
байланысын анықтау үшін жиі қолданылады,  қарапайым  әдіс.  Бұл  әдісте  екі
немес ебірнеше белгілері бойынша сандық көрсеткіштер  қатарларының  өзгеруін
салыстыруға болады және  олардың  арасындағы  тәуелділікті  анықтауға  толық
мүмкіндік туады.
             Аналитакалық  топтау  әдісі  құбылыстардың   өзара   байланысын
зерттеу кезінде статистикалық көрсеткіштердің көптігіне  қарай  қолданылады.
Бұл әдіс негізінде бір немесе бірнеше белгілердің бағытын және олардың  бір-
біріне қаншалықты тәуелді екенін анықтауға болады.
             Баланстық  әдіс  әлеуметтік-экономикалық  құбылыстардың   өзара
байланысын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Статистикалық  баланс  дегеніміз
екі нақты шама қосындысының  тепе-теңдік  көрсеткіштер  жүйесі,  оны  келесі
теңдеу арқылы көрсетуге болады:
                                      а+б=в+г.
            Бұл тепе-теңдік көбінесе кесте  түрінде  көрсетіледі  және  оның
жеке  бөліктерінің  жиынтығы  әрқашанда  бір-біріне  тең   болады.   Мысалы,
кәсіпорынның   материалдық   ресурстар   қозғалысының   балансын   келесідей
көрсетуге болады: бастапқы  қалдық+келіп  түскені  =  шығынға  кеткені+соңғы
қалдығы.
      Индекстік әдіс құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін жеке  факторлардың
ролін, яғни үлесін  анықтауда  қолданылады.  Мұнда  әр  фактордың  тигізетін
әсерін анықтау үшін  жеке  дара  және  жалпы  индекстердің  өзара  байланысы
қолданылады.

            Графикалық талдау әдісі де  құбылыстардың  байланысын  анықтауда
қолданылады. Ол үшін графиктің ордината осіне нәтижелі  (У)  белгінің  ,  ал
абсцисса осіне факторлық (Х) белгінің мәндерін нүкте  арқылы  орналастырсақ,
корреляция жазықтығы шығады.
            Қоғамда болып  жатқан  өзгерістер  бір-біріне  өзара  байланысты
көптеген және әр түрлі себептердің ықпалынан пайда  болады.  Сол  құбылыстар
мен процестерге негізінен қандай себептер ықпал ететінін анықтау үшін   және
олардың  арасындағы  байланысты  зерттеу  үшін  статистикалық  заңдылықтарды
ғылыми жүйеде қолдана білу керек.


                 Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
   Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей  сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.Корреляциялық байланыс дегеніміз не?
      2.Корреляциялық және функциональды талдау  көмегімен  қандай  міндетті
шешуге болады?
      3.Түзу сызықты және қисық сызықты байланыстар дегеніміз не?
      4.Көптік корреляция деген не?
      5.Корреляцияның жиынтық және жеке коэффициенттері деген не?

      Әдебиеттер:    (1) 232-265 бет,  (4)  205-239  бет,   (5)   5-16  бет,
(7) 221-269 бет





                2- МОДУЛЬ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА

             Он біріншіі тақырып. Халық және еңбек статистикасы

               Дәріс сұрақтары:
      1. Халық саны және құрамының статистикасы
      2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы
      3. Халық қозғалысының статистикасы
      4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері
      5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының
статистикасы

      1. Халық саны және құрамының статистикасы

      Халық берілген аумақта тұратын адамдар. Халық статистикасының  бақылау
объектісіне тұтас халық және  оның  жеке  белгілі  топтары  жатады.  Бақылау
бірлігі – адам, отбасы, үй шаруашылығы.
      Еңбекке жарамдылығына қарай халықтардың келесідей  категориялары  бар:
еңбек жасындағы халық саны, еңбек жасындағы еңбекке  қабілетті  халық  саны,
еңбек ресурстары.

      Еңбекке жарамды жастағы   еңбекке қабілетті халық саны =
      Еңбекке жарамды жастағы    тұрақты  халық  саны  -  Әлеуметтік  қорғау
орнынан зейнетақы алатын, еңбекке қабілетті жастағы, 1-2 топтағы  мүгедектер
саны, еңбек жасына байланысты  қосымша  шартпен  зейнетақы  алатын,  еңбекке
жарамды жастағы жұмыс істемейтін зейнеткерлер саны.
      Халық және еңбек статистикасының міндеттері:
      - халықтың табиғи қозғалысы зерттеу;
      - халықтың миграциялық қозғалысын зерттеу;
      - еңбек нарығын, халықтың жұмысбастылғын және жұмыссыздығын зерттеу;
      - халық санын болжау.
      Халық туралы ақпарат көздері:
      1. Халық санағы – критикалық  сәт  кезіндегі  күйі  бойынша  қазақстан
Республикасындағы әр  азаматты  сипаттайтын  демографиялық  және  әлеуметтік
мәліметтерді жинау процесі. Халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізіледі.  (1999
жыл 25 ақпан)
      2. Халық туралы халық санақтары арасындағы ағымдағы есеп: -  азаматтық
күй  актысы-  қалпындағы  жазбалар  –  халықтың  табиғи  қозғалысы   түрдегі
перзентханада, загстерде, аудандық  кеңестегі  халық  есебі;  -  миграциялық
(көшіп-қону) процестер – келу парғына тіркелетін статистикалық есеп  талоны,
ішкі істер органдарының және паспорт рұқсатнама қызметінің мәліметі.
      3. Ішінара зерттеу халық санақтары арасында жүргізіледі. Оның  мақсаты
– Қазақстан Республикасындағы және оның  жекелеген  аумақтарындағы  халықтың
әлеуметтік- экономикалық құрамы туралы қосымша мәліметтерді жинау.
      4. Ұйымдардың еңбек туралы есеп берулері жұмыс істейтін халықтың еңбек
қызметтерін сипаттайды.
      Халық санағы келесі категориялармен тіркеледі:  тұрақты,  нақты  халық
және олармен тығыз байланыстағы уақытша келгендер және уақытша кеткендер.
      Статистика халықтың құрамын басқа белгілері (жыныс, жас, әлеуметтік
жағдайы, отбасы жағдайы, ұлты, білім деңгейі, күн көру көздері, аймақ,
қызметінің түрі, т.б.) бойынша топтастырумен сипаттайды.



      2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы

      Қазақстандағы еңбек нарығының деңгейі және дамуының сипаттамасы  еңбек
ресурстарының  категорияларымен  байланысады.  Еңбек  ресурстары  –  еңбекке
жарамды халық, демек нақты және потенциалды жұмыскерлер.
       Еңбек  ресурстары  –  экономикалық  белсенділік   мәртебесі   бойынша
экономикалық белсенді және экономикалық белсенді емес халық болып  бөлінеді.
 Экономикалық белсенді халық - өндірістік  тауарлар  мен  қызметті  өндіруді
жұмыс  күшімен  қамтамасыз   ететін   халықтың   бір   бөлігі.   Халықаралық
стандарттарға сәйкес белсенді халыққа 15 және одан  жоғары  жастағы  адамдар
жатады.
     Экономикалық белсенді халық саны = жұмыспен қамтылған халық саны +
                              жұмыссыздар саны
       Экономикалық  белсенді  жастарға  15-24  жас  аралығындағы   жұмыспен
қамтылған және жұмыссыздар жатады.
      Жұмыспен қамтылған халық (жұмысбасты) –  жасына  қарамастан  экономика
саласында нақты жұмыс істеп жүрген халық.  Жұмысбастылық  мәртебесі  бойынша
жұмыспен қамтылған  халық  екіге  бөлінеді:  жалдамалы  жұмысшылар  және  өз
бетімен жұмыспен айналысушылар.
      Жұмыссыздар – экономикалық белсенді жастағы  халық,  жұмыс  орны  жоқ,
бірақ белсенді жұмыс іздеп жүрген және жұмысқа дайын адамдар.
      Экономикалық белсенді емес  халық  –  үй  шаруашылығымен  айналысатын,
экономикалық белсенді жастағы халық және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар.
      Экономикалық қызмет жасамайтын, еңбекке жарамды жастағы,  еңбек  етуге
қабілетті халыққа жататындар -  мүгедектер,  асыраушы  адамды  жоғалтқандар,
жеңілдік шарты бойынша зейнетақы  алатындар;  жұмысты  іздемейтіндер,  бірақ
жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар және жұмыс  істеуге  дайындар,  табыс  көзіне
қарамай, жұмыс істеуге қажеттіліктері жоқ адамдар.
      Экономикадағы жұмыспен қамтылмағын халықтың  саны   =  халықтың  жалпы
саны – экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың саны.
                     Еңбек нарығына қатысты көрсеткіштер


Халықтың экономикалық                  экономикалық белсенді халық саны
белсенділік үлесі                            = -----------------------------
------------------------------- х 100
                                                                      жалпы
халық саны


Халықтың  экономикалық                        экономикалық  белсенді   халық
саны
белсенділік коэффициенті            = --------------------------------------
----------------------    х 100
                                                       15 және одан  жоғары
жастағы жалпы халық саны


Экономикадағы жұмыс                       жұмыспен  қамтылмаған  халық  саны

істейтін бір адамға есебімен         = -------------------------------------
-----------------------    х 100
Жүктеме коэффициенті                       жұмыспен қамтылған халық саны
Жұмыспен   қамтылу                                      жұмыспен   қамтылған
халық саны
(жұмысбастылық)                          = ---------------------------------
---------------------------    х 100
коэффициенті                                                    экономикалық
белсенді халық саны




Жастардың                                          15-25    жастағы    жұмыс
істейтін жастар саны
жұмысбастылық                            = ---------------------------------
---------------------------          х 100
коэффициенті                                    15-25  жастағы  экономикалық
белсенді жастар саны




Жалпы
жұмыссыздар саны
жұмыссыздық                            = -----------------------------------
-------------------------          х 100
коэффициенті                                                    экономикалық
белсенді халық саны


Жастардың                                         15-25  жастағы   жастардың
жұмыссыздар саны
жұмыссыздық                            = -----------------------------------
---------------------------        х 100
коэффициенті                                    15-25  жастағы  экономикалық
белсенді халық саны




Ұзақ мерзімдегі                            1 және одан көп  жыл  жұмыс  таба
алмағандар саны
жұмыссыздық                            = -----------------------------------
------------------------------       х 100
коэффициенті                                                    экономикалық
белсенді халық саны










Халықтың                                         экономикалық белсенді  емес
халық саны
экономикалық белсенді            = -----------------------------------------
------------------------       х 100
емес  коэффициенті                     15 жастағы және одан жоғары  белсенді
халық саны




Еңбекке жарамды                               еңбекке жарамды жасқа  дейінгі
халық саны
жастағы халықтың орнын         = -------------------------------------------
----------------------       х 100
басу  коэффициенті                                 еңбекке  жарамды  жастағы
халық саны




Зейнеткерлік                                    еңбекке    жарамды    жастан
кейінгі халық саны
жүктеме                                    = -------------------------------
----------------------------------       х 100
коэффициенті                                       еңбекке  жарамды  жастағы
халық саны


Жалпы                                       еңбекке  жарамды  жасқа  дейінгі
және кейінгі халық саны
жүктеме                             = --------------------------------------
---------------------------------------  х 100
коэффициенті                                       еңбекке  жарамды  жастағы
халық саны




      3. Халық қозғалысының статистикасы

    Туу және өлу процестерінің әсер етуі  есебінен  халық  санының  өзгеруі
табиғи   қозғалыс   деп   аталады.   Қазақстан   Республикасына,   Қазақстан
Республикасынан және  аймақтар  ішінде  тұратын  мекендеуге  келгендер  және
шетелге тұрақты мекендеуге  кеткендер  халықтың  миграциялық  қозғалысы  деп
аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.
    Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:
    1. N – туылған балалар саны.
    2. М - өлгендер саны.
    3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.
    4. [pic]таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі.
    5. Н – некеге тұру саны.
    6. А – ажырасу саны.
    7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.
    8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.
    9. [pic]миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі.
    10. П+В – халықтың миграциялық айналымы.
    11. [pic]жалпы =[pic]таб.+ [pic]миг. = N- N+П-В= Sс  –  Sб  –  халықтың
жалпы өсімі.
    12. Sб – жыл басындағы халықтың саны.
    13. Sс – жыл соңындағы халықтың саны.
    14. Sс =  Sб + N –М +П-В  – жыл  соңындағы  халықты  есептеу  үшін  осы
баланстық әдіс пайдаланылады.
                   Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер
    1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері.
    2. Координация коэффициенті  –  халықтың  жеке  категорияларының  өзара
қатынасы.
    3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.


                Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері


     4.  Жалпы туу коэффициенті: К жалпы  туу  =  [pic]  ,  мұндағы  [pic]-
        халықтың орташа жылдық саны
     5. Арнайы туу [pic] коэффициенті: К ар.туу = [pic], мұндағы [pic] -15-
        49 жастағы әйелдердің орташа  саны


     6. Жастық  туу  коэффициенттері   -  әйелдердің  белгілі  жас  тобынан
        туылған балалар санының  осы  жас  аралығындағы  әйелдердің  орташа
        санына қатынасына тең болады.

     7. Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =[pic]

     8. Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған  сәбилердің
        шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл  коэффициент
        екі тәсілмен табылады:

      А) нәрестелердің  туылу  кезеңін  есепке  алмай  –  Кнәр.шет.=  [pic],
      мұндағы Кнәр.шет- нәрестелердің шетінеу коэффициенті.


      Б)  нәрестелердің  туылу  кезеңін  есепке  алып  -  Кнәр.шет.=[pic]  ,
      мұндағыNo- өткенжылы туылған балалар саны;  N1- ағымдағы жылы  туылған
      балалар саны.


     9.  Жастық  өлу  коэффициенттері  анықталған  жас  тобындағы  өлгендер
        санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең.
    10.  Туу  және  өлу  процестері  арасындағы  қатынасты   анықтау   үшін
        Покровский  коэффициенті  (өміршеңдік)  қолданылады:  К  Покровский
        өміршеңдік=[pic];
    11. Табиғи өсім коэффициенті: [pic]Кжалпы туу- Көлу
    12. жалы  некелілік  коэффициентін  анықтау  үшін  бір  жылда  тіркеуге
        алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына  бөледі  және  оны
        1000-ға көбейтеді:
                                                         Кнеке=[pic]
    13. Жалпы ажырасу коэффициенті: Кажыр.=[pic]
    14. Арнайы некелілік және ажырасу  коэффициенттері  некеге  тұру  жасын
        анықтайды (15 жастан жоғары), мысалы  Карнайы некелілік=[pic]
    15. Ажырасушылық арнайы коэффициенті: Карнайы ажыр.=[pic]


   16. Некелік  және  ажырасушылық  коэффициенттері  төмендегідей  жас  тобы
   аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді:  16-19,
   20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас.


        Халықтың жалпы және миграциялық қозғалысының коэффициенттері


      Халықтың жалпы миграциялық өсімі (миграциялық интенсивтілік), берілген
тұрғылықты,  жергілікті  жерге  көшіп  келген  адамдар  саны  мен   берілген
тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.
  17. Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті:


                                Кмигр.=[pic]


  18. Миграциялық айналым коэффициенті: Кайн.коэфф.=[pic]
   19. Миграциялық тиімділік коэффициенті: Ктиімд.миг.=[pic]




  20. Жалпы өсімнің коэффициенті:
    [pic]




      4.  Халық санын болжаудың статистикалық әдістері

      Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:
        1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1»
    жасына ауысу.
Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру
коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.
      2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде
глобалды әдіс жатыр.   [pic], мұндағы [pic]- келесі жылға t жылға болжанған
халық саны;
[pic]-  ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; [pic] - халықтың жалпы
өсім коэффициенті;  t – болжам жасалатын уақыт.
      3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып:
[pic] , мұндағы [pic]- орташа абсолюттік өсім.   [pic], мұндағы [pic]-
халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы,  m- өсімдердің саны.
      4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін пайдаланып:
[pic], мұндағы, [pic]- халық санының орташа өсу қарқыны.

   5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы




      ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және  өзін-
өзі  қамтитын  жұмыс  бастылар.  ҰШЖ  –де  жалдамалы  жұмысшылар  әлеуметтік
статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және  қызметкерлер.  Қызметкерлер
жұмыскерлердің  үш   тобын   құрайды:   басшылар,   мамандар,   және   басқа
қызметкерлер.
    Жұмыскерлер айналымының абсолюттік  көрсеткіштері  –  берілген  кездегі
жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны.


    Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері:


Жұмыскерлерді                               жұмысқа қабылданған  жұмыскерлер
саны
қабылдау бойынша         = -------------------------------------------------
----------------       х 100
айналым  коэффициенті              жұмыскерлердің тізім бойынша орташа  саны

Жұмыскерлердің                          себептер  бойынша  жұмыстан   кеткен
жұмыскерлер саны
жұмыстан кетуі бойынша       = ---------------------------------------------
--------------------------- х 100
айналым    коэффициенті                           жұмыскерлердің    тізімдік
орташа саны




Жұмыс   күшінің                           кезеңдегі   жұмысқа    қабылданған
жұмыскерлер саны
орнын басу                           = -------------------------------------
----------------------------------- х 100
коэффициенті                          себептер   бойынша   жұмыстан   кеткен
жұмыскерлер саны

Кадрлардың                              өз  еркімен  жұмысқа  келмеген  және
тәртіп бұзғандар саны
тұрақтамаушылығының       = ------------------------------------------------
------------------------    х 100
коэффициенті                                              тізім      бойынша
жұмыскерлердің орташа саны




Кадрлардың                                   есеп беру  кезеңіндегі  тұрақты
жұмыскерлер саны
тұрақтылық                           = -------------------------------------
-----------------------------------    х 100
коэффициенті                                       жұмыскерлердің      кезең
аяғындағытізімдік  саны

      Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және  оның  отбасының  өмір  сүру
қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне  жұмсалған  шығындары  құнына
жалақы қоры, жұмыскерлердің  тұрғын  үйіне  жұмсаған  шығындары,  әлеуметтік
қамтуға  шыққан  шығындар,   кәсіптік   оқытуға,   мәдени-тұрмыстық   қызмет
көрсетуге жұмсалған шығындар және т.б. жатады.
      Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі-  есеп  беру  кезінде  жұмыс
берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша  немесе  зат
түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады:
                     - қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;
                     - әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома.

    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
 Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1.   «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?
      2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№
      3. «Халық»,   «Экономикалық белсенді  халық»,  «Экономикалық  белсенді
емес халық» ұғымдары нені білдіреді?
      4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз.
      5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке
қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде?
      6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
      7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады?
      8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
      9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай?
      10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай?

      Әдебиеттер:    (4) 19-52 бет



     Он екінші тақырып.  Ұлттық шоттар жүйесі негізгі макроэкономикалық
                                көрсеткіштер

               Дәріс сұрақтары:
            1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері
      2. Ұлттық Шоттардың үлгілері

      1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптері

      Ұлттық шоттар жүйесі  –  ұлттық  деңгейдегі  макроэкономиканың  ұлттың
жайлыңқы статисткалық моделі.  Экономикалық  операциялар  секторлар  түрінде
берілген: қаржылық емес корпорациялар, қаржылық  корпорациялар,  мемлекеттік
басқару  ұйымдары,   үй   шаруашылығы,   коммерциялық   емес   ұйымдар,   үй
шаруашылығына қызмет көрсетушілер,  қалған  әлем.  Алты  сектордың  ішіндегі
бесеуі   ішкі   отандық   экономиканы   сипаттайды   және   олар   Қазақстан
Республикасының резиденті болып табылады. Соңғы  алтынша  сектор  –  «қалған
әлем» сыртқы болып есептеледі  және  осы  елдің  резидент  еместерінің  және
резиденттерінің арасындағы операцияларды бейнелейді.
      Ұлттық Шоттар өзара байланысты бухгалтерлік шотқа  ұқсас  баланс-кесте
түрінде құрылады.  Әрбір  шот  екі  жақты  баланс-  кесте  түрінде  берілген
экономикалық   айналымның   белгілі   дәрежесін   анықтайды.   Бұл   кестеде
операциялар  екі  рет  тіркеледі:  бірінші  рет  ресурстарда,   екінші   рет
пайдаланған кезде кестедегі 2-бөлімнің операция  нәтижелері  шот  ресурстары
мен оларды қолдану көрсеткіштерінің айырмасы арқылы анықталатын  баланстаушы
бап  арқылы  теңеседі.  Баланстаушы  баптан  алынған  мөлшер  келесі  шоттың
ресурсты  бөлігіне  аударылады.   Бұлардың   нәтижесінде   шоттардың   өзара
байланысын және Ұлттық Шот Жүйесін  түрлендіру  қамтамасыз  етіледі.  Ұлттық
шоттар жүйесінің баланстаушы бап тізімі:
|Шот аты                              |Шоттың баланстаушы бабы              |
|1.Өндіріс шоты                       |Жалпы ішкі өнім                      |
|2.Табыстарды құру шоты               |Жалпы пайда (жалпы аралас кіріс)     |
|3.Бастапқы табыстардың таратылу шоты |Бастапқы табыстардың сальдосы (жалпы |
|                                     |ұлттық табыс)                        |
|4.Табыстардың қайта таратылу шоты    |Жалпы қолда бар табыс                |
|5.Қолда бар табыстарды пайдалану шоты|Жалпы жинақ                          |
|6.Капиталмен байланысты операциялар  |Таза несиелендіру (таза қарызға алу) |



      Ұлттық шоттар  жүйесіндегі  баланстаушы  бап  таза  және  жалпы  көлем
негізінде  анықталады.  Егер  негізгі  тұтыну  капиталының  мәліметтері  бар
болса, онда баланстаушы бап жалпы көлем деп  аталады.  Егер  осы  мәліметтер
жоқ болса, онда баланстаушы бап таза көлем деп аталады.
      2. Ұлттық Шоттардың үлгілері
      Өндіріс шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. Аралық тұтынну                  |2.1. Негізгі бағамен шығару          |
|1.2. Нарық бағасындағы жалпы ішкі    |2.2. Өнімдерге салықтар              |
|өнім көлемі (2.1.- 2.2. -2.3. -1.1.) |                                     |
|1.3. Негізгі капиталды тұтыну        |2.3. Өнімдерге демеу қаржылары       |
|                                     |(субсидиялар)                        |
|1.4. Нарық бағасындағы таза ішкі өнім|                                     |
|(1.2. -1.3.)                         |                                     |


            Табыстардың құрылу шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. Барлық секторлардағы жалдамалы  |2.1. Нарық бағасындағы жалпы ішкі    |
|жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеу    |өнім көлемі                          |
|1.2. Өндіріске және импортқа         |                                     |
|салықтар, оның ішінде:               |                                     |
|- өнімге салықтар                    |                                     |
|- басқа да өндірістерге салықтар     |                                     |
|1.3. Өндіріске және импортқа         |                                     |
|субсиядиялар, оның ішінде:           |                                     |
|- қаржылық көмек;                    |                                     |
|- өнімдерге демеу қаржылары          |                                     |
|(субсидиялар)                        |                                     |
|- басқа өндіріс субсидиялары         |                                     |
|1.4. Жалпы пайда (жалпы аралас       |                                     |
|табыстар)                            |                                     |
|(2.1. -1.1.-1.2.-1.3.)               |                                     |
|1.5. Негізгі капиталды тұтыну        |                                     |
|1.6. Таза пайда (таза аралас         |                                     |
|табыстар)                            |                                     |
|(1.4.-1.5.)                          |                                     |


      Бастапқы табыстардың таратылу шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. «Қалған әлемге» берілген        |2.1. Жалпы пайда және жалпы аралас   |
|меншіктен түскен табыстар            |табыстар                             |
|1.2. Бастапқы табыстардың жалпы      |2.2. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек  |
|сальдосы                             |ақысын төлеу                         |
|(2.1.+2.2.+2.3.+2.4.+2.5.-1.1)       |                                     |
|1.3. Негізгі капиталды тұтыну        |2.3.  Өндіріске және импортқа        |
|                                     |салықтар                             |
|1.4. Бастапқы табыстардың таза       |2.4. Өндіріске және импортқа         |
|сальдосы (1.2.-1.3.)                 |субсиядиялар (демеу қаржылары),      |
|                                     |«Қалған әлемнен» меншіктен алынған   |
|                                     |табыстар                             |

      Табыстарды қайта тарату шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. «Қалған әлемге» берілген,       |2.1. бастапқы табыстардың жалпы      |
|әлемдегі трансферттер                |сальдосы                             |
|1.2. Қолда бар жалпы табыс           |2.2. «Қалған әлемнен» алынған        |
|(2.1+2.2-1.1)                        |ағымдағы трансферттер                |
|1.3. Негізгі капиталды тұтыну        |                                     |
|1.4. Қолда бар таза табыс (1.2.-1.3.)|                                     |

      Қолдағы табыстарды пайдалану шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|Түпкілікті тұтыну шығындары, оның    |2.1. Қолда бар жалпы табыс           |
|ішінде:                              |                                     |
|үй шаруашылығы                       |                                     |
|мемлекеттік басқару ұйымдары         |                                     |
|үй шаруашылығына қызмет көрсететін   |                                     |
|коммерциялық емес ұйымдар            |                                     |
|Жалпы жинақ (2.1.-1.1.)              |                                     |
|Негізгі капиталды тұтыну             |                                     |
|Таза жинақ (1.2.-1.3.)               |                                     |


      Капиталмен операциялар шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. Негізгі капиталдың жалпы қорлары|2.1. Жалпы жинақ                     |
|1.2. Материалдық айналым құралдары   |2.2. «Қалған әлемнен» алынған        |
|қорларының өзгеруі                   |капиталды трансферттер               |
|1.3. Құндылықтарды, өндірілмеген     |2.3. «Қалған әлемге» берілген        |
|қаржылық емес активтерді таза сатып  |капиталды трансферттер               |
|алу                                  |                                     |
|1.4. Негізгі капиталды тұтыну        |                                     |
|Таза несиелендіру (+),               |                                     |
|Таза қарызға алу (-)                 |                                     |
|(2.1.-2.2-2.3.-1.1-1.2.-1.3.-1.4.)   |                                     |


      Қызметтер және тауарлар шоты
|Ресурстарды пайдалану                |Ресурстар                            |
|1.1. Аралық тұтыну                   |2.1. Негізгі бағамен шығару          |
|1.2. Түпкілікті тұтынудағы шығындар  |2.2. Тауарлар мен қызметтер көрсету  |
|                                     |импорты                              |
|1.3. Жалпы қорлану                   |2.3. Өнімдерге салықтар              |
|1.4. Тауарлар мен қызметтер көрсету  |2.4. Өнімдерге демеу қаржылары       |
|экспорты                             |(субсидиялар)                        |
| Статистикалық алшақтық (+)          |2.5. Ресурстардың барлығы            |
|Барлығы пайдаланылған                |                                     |


       Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
  Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.
      1. Ұлттық Шоттарды құрудың негізгі принциптерін атаңыздар.
      2. Әр Ұлттық Шоттың үлгісін, мазмұнын айтыңыз:
          - өндіріс шотын;
          - табыстардың құрылу шотын;
          - бастапқы табыстардың таратылу шотын;
          - табыстарды қайта тарату шотын;
          - қолдағы табыстарды пайдалану шотын;
          - капиталмен операциялар шотын;
          - қызметтер және тауарлар шотын.

      Әдебиеттер:   (4) 215-229 бет



               Он үшінші тақырып.  Халықтың тұрмыс дәрежесінің
                                                        статистикасы

               Дәріс сұрақтары:
           1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері
           2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы
           3. Халықтың тұрмыс деңгейі  көрсеткіштерінің       жүйесі



      1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері

      Әлеуметтік статистика қоғамның әлеуметтік- демографиялық құрылымының
сандық сипаттамасын зерттейді, адамдардың өмірі мен қызметін, олардың құқық
және мемлекетпен өзара қатынастарын зерттейді.
      Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері:
       - зерттеу шығындары мен объектілері ерекше мәнге ие;
       - сандық және сандық емес мәліметтерді пайдаланады;
       - мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналады;
       - әлеуметтік ақпараттарды  жинау  және  өңдеу  үшін  ерекше  әдістер,
         тәсілдер қолданылады;
      Әлеуметтік статистиканың пәні – қоғам өмірінің  әлеуметтік  қатынастар
жүйесінің  сандық-сапалық   бағасы,   адамдардың   жағдайын   және   олардың
арасындағы игіліктерді бөлу заңдылықтарын анықтайды.
      Әлеуметтік  статистиканың  зерттеу  объектілері  негізінен  екі  типке
бөлінеді:
        1) жеке объектісі – адам, халық;
        2) ұжымдық  объектісі  –  халық  топтары:  отбасы,  үй  шаруашылығы
           (шаруашылықтар), еңбек ұжымы және т.б.
         Бақылау бірлігі –  зерттеу  мақсатына  байланысты  адам  немесе  үй
      шаруашылығы.
      Әлеуметтік статистика мынадай бөлім қатарларын қамтиды:
      1. Халық құрамының статистикасы;
      2. Отбасы және үй шаруашылығы статистикасы;
      3. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы;
      4. Халықтың табыс және шығыс статистикасы;
      5. Халықтың тауар және қызметті тұтыну статистикасы;
      6. Халықтың үй жағдайы және тұрмыс ету статистикасы;
      7. Халықтың бос уақыты статистикасы;
      8. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы;
      9. Халықтың денсаулығы және медициналық қызмет көрсету статистикасы;
      10. Білім жүйесін дамыту және халықтың білім деңгейінің статистикасы;
      11. Оралым және рекреация статистикасы;
      12. Моралдық статистика;
      13. Құқық  статистикасы,  қоғамдық  саяси  жүйе  және  қоғамдық  пікір
      статистикасы;
      14. Қоғамдық саяси жүйе және көпшілік  пікір статистикасы;
      15. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарының статистикасы.
      Әлеуметтік статистиканың әр саласы  белгілі  әлеуметтік-  экономикалық
көрсеткіштерден  тұрады.  Олардың  ішінде  халықтың   тұрмыстық   деңгейінің
көрсеткіштері ерекше орын алады. Себептері мынада:
       - халықтың әл-ауқатын, экономикалық жағдайын көрсетеді;
       - мемлекеттің әлеуметтік  және  экономикалық  саясатын  жүргізу  үшін
         пайдаланады;
       - түрлі елдің экономикалық   даму  деңгейлері  халықаралық  салыстыру
         үшін қолданылады.

      2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы


      Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі   ақпарат  көзі  –
үй шаруашылықтарын ішінара бақылау.  Үй  шаруашылықтарын  ішінара  бақылауды
ұйымдастырудың мақсаты  -  үй  шаруашылықтарының  құрамы,  халықтың  ақшалай
табыстары және шығындарының құрылымы мен деңгейі туралы мәліметтерді жинау.
      Үй шаруашылықтарының ішінара зерттеу принциптері:
      1. Үй шаруашылықтарының ішінара жиынтығы облыстық  және  республикалық
деңгейлер бойынша өкілеттілік болуы тиісті;
      2. Тауарлар мен қызметтердің кем жіктелуі пайдаланылады;
      3. Тұрақты ақшалай  шығындарды  тіркеу  кезінде  қысқа  (екі  апталық)
уақыт   мерзімін   қолданады.   Себебі,   экономикалық    тұрақсыздықтардай,
бағалардың көпшілігі және инфляцияжағдайларындағы  өзіндік  шығындар  туралы
халықтың есіне түсіру қиын болады.
      Қазақстан  Республикасындағы  үй  шаруашылықтарының  ішінара  жиынтығы
аумақтық    белгі    бойынша    тұрғын    үйлердің    тіркелімі    негізінде
қалыптастырылған.
      Бұл тіркелім  1999  жылғы  Қазақстан  Республикасындағы  халық  санағы
қорытындысы бойынша құрылған.
      Үй шаруашылықтарының бас жиынтығы алты стратқа бөлінеді:
      1) үлкендер саны 30 мың бірліктен жоғары  үй  шаруашылықтары  бар  ірі
қалалардағы үй шаруашылықтарының санын қосады;
      2) орта саны 10 мың бірліктен жоғары, бірақ 30 мың бірліктен  аспайтын
орта қалалардағы  үй шаруашылықтары;
      3) шағын – үй шаруашылықтарының саны 10 мың бірліктен  аспайтын  шағын
қалалардағы және қала үлгісіндегі қыстақтардағы үй шаруашылықтары;
      4) Алматы қаласындағы үй шаруашылықтары;
      5) Астана қаласындағы үй шаруашылықтары;
      6) ауылдық мекендердегі үй шаруашылықтары.
      Келесі тұрғын үйде тұратын үй шаруашылықтары есепке алынады.
      Тұрғын үйлердің келесі типтері:  жеке  үй,  жеке  үйдің  бөлімі,  жеке
пәтер есепке алынады. Іріктемелі жиынтықтың көлемі 12 мың үй  шаруашылығының
бірліктерінің жасалады.
      Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу мына формула қолданылады:
                               [pic], мұндағы,
      ni – і – страттағы үй шаруашылықтарының іріктеме көлемі;
      N – Қазақстан Республикасындағы үй шаруашылықтарының  бас  жиынтығының
көлемі;
      Ni -  і – страттағы үй шаруашылықтарының бас жиынтығының көлемі;
        n  –  Қазақстан  Республикасындағы  үй  шаруашылықтарының   іріктеме
жиынтығының  көлемі.
        Қазақстан   Республикасының   барлық   аймақтарында    өкілеттілікті
қамтамасыз  ету  мақсатында  көп  сатылы  кездейсоқ   ықтималдылық   таңдама
әдісімен шаруашылықтар құрылады.

      3. Халықтың тұрмыс деңгейі  көрсеткіштерінің       жүйесі

      Халықтың тұрмыс деңгейі дегеніміз –  абыройлы  өмір  сүру  үшін,  яғни
салауатты  өмір  салтын  жүргізу,  әлеуметтік  және  аумақтық   мобильдіктің
қамтамасызщ  етілуі,  ақпаратпен  алмасу  және  қоғам  өміріне  қатысу  үшін
материалдық ресурстарға қол жеткізу.
      Халықтың  тұрмыс деңгейі күрделі экономикалық категория  ретінде  жеке
және  интегралдық        көрсеткіштер  жүйесімен  сипатталады.   Интегралдық
көрсеткіштер  адам  мүмкіндігінің  дамуының  негізгі  мүмкіндіктерін  есепке
алады:
       - өмірдің ұзақтығы және денсаулық;
       - білім алу;
       - экономикалық өндірісте жұмыс істеу.
      Адам  дамуының  индексі  үш  индекстің  арифметикалық  ортасы  ретінде
есептеледі: адам өмірінің ұзақтығы, білім деңгейі және халықтың  жан  басына
шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім индекстері.
      Шекті мәндер:
|Көрсеткіш индексі                            |min              |max         |
|1. Туылу кезіндегі өмір сүрудің болжамды     |25               |85          |
|ұзақтығы                                     |                 |            |
|2. Ересек халықтың сауаттылығы (%)           |0                |100         |
|3. 5-24 жас аралығындағы оқушылардың жиынтық |0                |100         |
|үлесі (%)                                    |                 |            |
|4. Ұлттық валютаны сатып алу қабілетінің     |100              |40000       |
|паритеті бойынша халықтың жан басына         |                 |            |
|шаққандағы нақты жалпы ішкі өнімі, АҚШ       |                 |            |
|долларымен, ($)                              |                 |            |


      Индекстер былай есептеледі: [pic]

      Халықтың қайыршылық индексін есептеу әдістері
      1. Индустриасы дамыған елдер үшін = [pic] немесе
      [pic],    мұндағы,
      Р1 – 60 жасқа дейін жетпей өлген халықтың үлесі, (%);
      Р2 – сауатсыз ересек халықтың үлесі, (%);
      Р3 – елдегі медиандық табыстан 50 %  деңгейінде  табысы  бар  халықтың
үлесі, (%);
      Р4 – 1 жыл және одан да  көп  уақыт  бойын  жұмысы  жоқ,  экономикалық
белсенді халықтың үлесі, (%).
      2. Дамушы елдер үшін – адам дамуының  негізгі  салаларындағы  халықтың
айырылу көрсеткіштерінің үшінші реттегі орташа шамасы ретінде:
      а) Ұзақ және салауатты өмір сүру мүмкіндігі бойынша 40  жасқа  дейінгі
өлгендердің үлесі;
      б) білім  алу  мүмкіндігі  бойынша  ересек  халықтардың  салауатсыздық
үлесі;
      в) лайықты өмір сүру  үшін  ресурстарға  қажеттілік  бойынша  халықтың
денсаулық сақтау қызметтеріне, қауіпсіз  ауыз  суға  қатысу  мүмкіндігі  жоқ
және 5  жасқа  дейінгі  салмағы  жетпеген  балалардың  орташа  арифметикалық
үлесі.
      Мүмкіндіктер  бойынша   халықтың   кедейлік   коэффициенттері   орташа
арифметикалық 3 көрсеткіштен тұрады:
      а) білікті медициналық қызметкерлердің көмегінсіз  туылған  балалардың
үлесі;
      б) 15 және одан жоғары жастағы сауатсыз әйелдердің үлесі;
      в) 5 жасқа дейінгі салмағы жетпеген балалардың үлесі.
      Кедейлік деңгейі – жалпы халық санының  өмір  сүру  минимумынан  төмен
табысы бар халықтың үлесі.
      Халықтың тұрмысын сипаттайтын жеке көрсеткіштер:
      1. Жалақы – келісім шартқа отырған жалдамалы жұмыскерлер табысы.
      2. Тұрғындардың  табысына  (жалақыдан  басқа)  барлық  көзден  алынған
ақшалай және  натуралды  табыстардың  барлық  қалған  түрлері  жатады:  жеке
қосалқы   шаруашылықтың   пайдасы,    материалдық    көмек,    зейнетақылар,
жәрдемақылар,   стипендиялар,   ұтыстар,   мұра,   сақтандыру     төлемдері,
қайырымдылық, гранттар және т.б.
      3. Номиналдық жалақы және  номиналдық  табыс   ағымдағы  бағадағы  бұл
көрсеткіштердің ақшалай көрінісі болып табылады.
      4. Нақты жалақы мен нақты табыс әрбір азамат өз жалақысы мен пайдасына
ала алатын материалдық игіліктер мен қызметтердің сомасын сипаттайды.
      Нақты және номиналдық табыс арасында байланыс бар:


       Інақты жалақы = Іноминалдық жалақы : Ітұтыну бағасы,   мұндағы
      І – индекс.
      5.  Қолда  бар  табыс  –  бұл  міндетті  төлемдер  мен   төлемақыларды
санамағанда, номиналдық ақшалай табыс.
      6. Тұрғындардың табыстары ағымдағы шығындардың орнын толтыруға  немесе
жинақтар  үшін  қолданылады.  Тұрғындардың  ағымдағы  шығындарының  құрамына
тағамдарды, сусындарды, темекіні, аяқ-киімді,  жиһазды  сатып  алуға  кеткен
шығын,  комуналдық  және  басқа  да  қызмет  төлемақылары  кіреді.   Әлемдік
статистикада  жалпы  тамаққа  50  пайыздан  көп  жұмсаса,  ол  кедей   болып
табылады.
      7.  Тұрғындардың  жинақтары  –  бұл  табыстар  мен  ағымдағы  шығындар
арасындағы айырма. Жинақтардың ақшалай және натуралды формалары бар.
      8. Тұрғындардың, орташа есеппен, жан басына шаққанда, азық- түлік және
азық- түліктік емес тауарлардың маңызды түрлерін тұтынуы.
      9. 100 отбасы немесе 1000 тұрғынға шаққанда ұзақ мерзімді қолданылатын
заттармен қамтамасыз етілуі.
      10.  Төменгі  және  жоғарғы  децильдерді  бөлу  қатарының   әр   түрлі
шеттеріндегі   жиіліктерді   10   пайыздан   бөлетін   табыстар   орналасқан
интервалдар.
      11. Тұрғындар табыстарының дифференциациясының децильдік  коэффициенті
тұрғындардың ең жоғарғы табысты  топтарының 10 пайыз мимималды  табыстарының
ең аз табысты топтарының 10  пайыз  максималды  табыстарының  қаншаға  артық
екендігін көрсетеді.
      12. Халықтың жан  басына  шаққандағы  орташа  жылдық  табысынан  азық-
түлікті тұтыну икемдігінің динамикалы коэффициенттері
      13. Халық  табыстарының  концентрациялық  көрсеткіштері:  Лоренц  және
Джини коэффициенттері, табыстың  бөліну  теңсіздігіне  қатысты  сипаттамасын
береді:
      а)   Лоренц коэффициенті – квадрат  диагоналының  біркелкі  бөлінуінің
осы квадраттың жарты ауданынан ауытқу үлесіне тең:


      [pic] , мұндағы,
      Уі – жалпы табыс сомасынан і – халық тобының табыс үлесі;
      Хі – жалпы халық санынан і – халық тобының үлесі.
      Лоренц қисығы тік бұрышты координаттың жүйесінде грфикпен көрсетіледі:
абцисса осі  бойынша  –  халық  санының  (х)  (жинақталған)  жиіліктері;  ал
ордината осі бойынша – халық табыстарының (жинақталған) жиіліктері;
      ә)  Халық  табыстарының  барлық  сомасы   мен   халықтың   квантильдік
топтарының арасындағы бөлінуді Джини коэффициенті сипаттайды:


      [pic],   мұндағы,
      Хі -  жалпы халықтың санынан і – халықтың әлеуметтік тобының үлесі;
      Уі – жалпы халықтың  і – әлеуметтік  тобының шығын үлесі;
      п - әлеуметтік топтардың саны;
      cum yi -  табыстың кумулятивтік үлесі.
      Егер Джини, Лоренц коэффициенттерінің мәндері 0-  ге  жақындаса,  онда
табыстардың   бөлінуі   бір   қалыпты   болады    және    керісінше.    Егер
коэффициенттердің мәндері  1  –ге  жақындаса,  онда  қоғамда  дифференциация
көбірек болады.
      14. Егер  сапалы,  альтернативті  белгілер  берілсе,  ассоциация  және
контингенция коэффициенттері қолданылады:
      а)  [pic] , мұндағы,
      а, b, c, d – сапалы альтернативті белгілер, соның ішінде:
      а,  c, - белгілері бар бірліктер саны, үлесі;
      b,  d - белгілері жоқ бірліктер саны, үлесі.
      б)
             [pic]
      Ассоциация және контингенция коэффициенттерін есептеу кестесі:


      |А                        |b                        |с+ b                     |
|С                        |d                        |с+ d                     |
|а + c                    |b+ d                     |а+b+ c+d                 |




    16. Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті:


                              [pic] , мұндағы,
       d1, d0  - зерттелген жиынтық құрылымының есептегі және базистік жылға
      қатысты көрсеткіштері;
      п – құрылымдық құрамның саны.
      16. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті:


                                    [pic]
      17. К. Гатевтің интегралдық коэффициенті:


                                    [pic]
      18. Салайдың индексі:
                                    [pic]


      19. Халықтың тауарлар  мен  қызметтерді  тұтыну  динамикасы  физикалық
көлемінің орташа гармониялық индексінің көмегімен зерттеледі:


                               [pic], мұндағы,
      [pic]- есептегі, базистік жылдағы халықтың  тауарлар  мен  қызметтерді
тұтынуы;
       ір -  тауардың, қызметтің жеке индексі.
      Табыс  деңгейі  әр  түрлі  отбасы  топтары  бойынша  тұтыну  бағасының
индекстік өкілі тауарлар жиынтығы бойынша көтерме  сауда  бағасының  индексі
және базистік кезеңдегі сатып алу құрылымының негізінде анықталады.

            Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
  Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей   сұрақтарға
жауап беріңіз.

      1. Әлеуметтік статистканың пәні не?
      2. Әлеуметтік статистканың зерттеу объектілеріне не жатады?
      3. Әлеуметтік статистка қандай бөлімдерді қамтиды?
      4. Үй шаруашылығын ішінара зерттеудің принциптері
      5. Үй шаруашылығының бас жиынтығы қандай страттарға бөлінеді?
      6. Халықтың тұрмыс деңгейі деген не?
      7. Құрылымдық айырмашылықтардың квадраттық коэффициенті қалай
есетеледі?
      8. Нақты және номиналды табыстар қалай анықталады?


     Әдебиеттер: (4) 230-249бет






      3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

        Тақырып 1. Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу
                                  әдістері

            Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Статистиканың пайда  болуы  мен  дамуы,  статистика   туралы  жалпы
түсінік .
            2. Статистика пәні және әдістері.
            3.Статистиканың  зерзаты мен зерттеу кезеңдері.
      4.Статистиканың   органының  ұйымдастырылуы,  статистика  агенттігінің
міндеттері мен қызметтері


      Сабақ мақсаты: - статистиканың пайда болуы  және   дамуын,  статистика
пәнін, оның зерттеу кезеңдері мен әдістерін  оқыту.


      Әдістемелік нұсқаулар - алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау, қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау

      Негізгі әдебиеттер:



1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.



                       Тақырып 2. Статистикалық бақылау

          Тәжірибелік сабақ жоспары :
      1. Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның міндеттері.
      2. Статистикалық бақылау  бақылау бағдарламасы.
      3. Статистикалық бақылаудың формалары,  түрлері және тәсілдері .
      4. Статистикалық бақылау кезінде жіберілетін  қате  және  оны  тексеру
тәсілі.


        Сабақ мақсаты:  статистикалық  бақылау  түсінігін,   оның  түрлерін,
бақылауды ұйымдастыру және бақылау бағдарламасын  жасауды,  бақылау  кезінде
жіберілетін қателер мен оны түзету тәсілдерін оқыту.


        Әдістемелік  нұсқаулар  -  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,
қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау,  қорытынды жасау.


        Негізгі әдебиеттер:
             1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник для  вузов  /
И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.
      2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики: учебное  пособие
для вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
      3.   Мелкумов   Я.С.   Социально-экономическая   статистика:   учебно-
методическое пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

      4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /
В.Н. Салин и др.; под ред. В.Н. Салина, Е.П. Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.


               Тақырып 3. Статистикалық мәліметтерді жинақтау,
                                         топтау және кесте құру

          Тәжірибелік сабақ жоспары:
      1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.
      2. Статистикалық мәліметтерді топтау  түрлері мен белгілері.
      3. Статистикалық таратпалы қатарлар және статистикалық кестелер.



            Сабақ  мақсаты:   статистикалық  мәліметтерді  жинақтау,  оларды
нышандарына қарай топтау, олардың әдістері мен тәсілдерін  және  топқа  бөлу
белгілері мен принциптерін,  қайта  топтауды,  таратпалы  қатарлар,  сонымен
қатар статистикалық кестелерді оқыту.


       Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен және қаржылық есеп нысандарымен
жұмыс жасау, қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.



      Есептер

      1.  Ет  өнеркәсібінің  25  кәсіпорындары  бойынша  келесідей   есептік
мәліметтер берілген:


      |Кәсіпорындар   |Негізгі өндірістік қорлардың орта |Көтерме бағамен жалпы |
|№              |жылдық құны, млн. теңге.          |өнім, млн. теңге.     |
|1              |5,6                               |7,2                   |
|2              |7,3                               |9,6                   |
|3              |4,1                               |4,8                   |
|4              |6,5                               |5,3                   |
|5              |3,7                               |3,1                   |
|6              |4,6                               |7,2                   |
|7              |4,8                               |7,4                   |
|8              |3,9                               |3,0                   |
|9              |6,5                               |8,1                   |
|10             |9,2                               |11,7                  |
|11             |6,5                               |6,8                   |
|12             |7,2                               |9,1                   |
|13             |8,3                               |10,1                  |
|14             |7,2                               |6,0                   |
|15             |6,9                               |8,2                   |
|16             |3,0                               |2,8                   |
|17             |4,2                               |4,8                   |
|18             |5,6                               |6,4                   |
|19             |4,1                               |4,9                   |
|20             |4,9                               |6,7                   |
|21             |5,2                               |3,9                   |
|22             |5,8                               |6,1                   |
|23             |6,9                               |9,2                   |
|24             |6,1                               |4,6                   |
|25             |5,3                               |8,2                   |



      Негізгі өнідірістік  қорлар  мен  жалпы  өнімнің  өндірілу  арасындағы
тәуелділікті  зерттеу  мақсатында  негізгі  өндірістік  қорлар  бойынша  тең
интервалмен кәсіпорындарды төор топ құрып,  топтау  жүргізіңдер.  Әрбір  топ
бойынша және барлық кәсіпорындар бойынша есептеңіздер:
         1)  кәсіпорындар санын;
         2) негізгі өндірістік қорлардың (негізгі құрал) орта жылдық  құнның
барлық кәсіпорындар бойынша және бір кәсіпорынға орташасын;
3.     3) жалпы өнімнің құнын барлық кәсіпорындар және кәсіпорын бойынша;
         4) бір теңге негізгі өндірістік қорларға жалпы өнім  мөлшерін  (қор
қайтарымын).
          Есептің шешуін топтық кесте түрінде көрсетіңдер.  Соңынан  қысқаша
қорытынды жасаңыздар.

         Негізгі әдебиеттер:

            1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник  для  вузов  /
И.И. Елисеева, М.М. Юзбашев; под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.

Тақырып 4. Нақты және қатысты шамалар.
               Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Статистикалық нақты және қатысты шамалар, олардың түрлері.
      2. Статистикадағы графиктік әдіс.

           Сабақ мақсаты: -  статистикалық  нақты  және  қатысты  шамалар  ,
олардың  түрлерін  және  статистикалық  графиктер  мен  олардың  қолданылуын
оқыту.


         Әдістемелік нұсқаулар  -  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,
қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.


         Есептер
         Төрт  сүт  өнеркәсібінің  сатылған  өнімдерінің  жоспарлы  және  іс
жүзіндегі көлемі келесідей:
|Сүт            |Сатылған өнім көлемі (іс жүзіндегі көтерме бағамен), мың |
|өнеркәсіптеріні|теңге.                                                   |
|ң №            |                                                         |
|               |                                                         |
|               |Базистік кезең   |Есепті кезеңге    |Есепті кезең        |
|               |                 |жоспарлы тапсырма |                    |
|1              |2213             |2238              |2346                |
|2              |3235             |3247              |3565                |
|3              |4164             |4270              |4322                |
|4              |4701             |5145              |5424                |

      Жоспарлы тапсырманың қатысты шамаларын, жоспардың  орындалу  дәрежесін
және есепті кезеңдегі сатылған өнімдердің көлемінің іс  жүзіндегі  өзгерісін
әрбір сүт өнеркәсібі бойынша және  төрт  өнеркәсіп  бойынша  бірге  базистік
кезеңмен салыстыру арқылы анықтаңыздар.


                     Негізгі әдебиеттер:
      1. Елисеева И.И. Общая теория статистики: учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.


           Тақырып 5. Орташа шамалар және өзгерменің көрсеткіштері


              Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Орташа шаманың мәні және түрлері.
      2. Өзгерме көрсеткіштері және оны есептеу тәсілдері.
      3. Шашыранды , оның түрлері және қосу ережесі.

      Сабақтың мақсаты -  орташа  шамаларды,  олардың  түрлерін,  өзгерменің
көрсеткіштерін және  олардың  есептеу  тәсілдерін,  статистикалық  шашыранды
түрлері мен қосу ережесін оқыту.


          Әдістемелік нұсқаулар -  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,
қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.



       Есептер

       №1. Халық шаруашылығының екі  салысндағы  жұмыстың  жылдық  формасына
көшкен  бригадаларының  жұмысшыларының  саны  туралы  келесідей   мәліметтер
берілген:
|Топ номері    |Өнеркәсіп                     |Құрылыс                      |
|              |Бір бригададағы   |Бригада-лар|Бір бригададағы  |Бригада-лар|
|              |жұмысшылар саны,  |саны       |жұмысшылар саны, |саны.      |
|              |адам              |           |адам             |           |
|1             |13                |120        |18               |98         |
|2             |16                |140        |21               |162        |

             Бір бригаданың жұмысшыларының орташа санын есептеңіздер:
              - өнеркәсіптегі;
              - құрылыстағы.
             Бұл көрсеткіштерді есептеу үшін орташа шамалардың қандай  түрін
қолдануға    болатындығын    көрсетіңіздер    және     алынған     шамаларды
салыстырыңыздар.

            №2. Жұмыс күнінің ұзақтығында 5 жұмысшы бірдей өнім  дайындайды.
Өнімді дайындауда бірінші жұмысшы – 20 минут, екіншісі – 18 минут,  үшіншісі
– 19 минут, төртіншісі – 22 минут, бесіншісі – 24 минут жұмсады.
      Бір өнімді дайындауға жұмысшылар мен орташа  қанша  уақыт  жұмсалғанын
анықтаңыздар.


            №3.  Зауыттың жұмысшылары бір бөлшекті дайындауға уақыт  шығынын
зерттеу мақсатында 10  пайыз  кездейсоқ  қайталанбайтын  таңдау  жүргізілді,
нәтижесінде уақыт шығыны бойынша бөлшектерді келесідей бөлу алынады:
|Бір бөлшекке уақыт шығыны,        |Бөлшектер саны, дана                |
|Минут                             |                                    |
|10 – ға дейін                     |10                                  |
|10 – 12                           |30                                  |
|12 – 14                           |40                                  |
|14 – 16                           |15                                  |
|16 және одан жоғары               |5                                   |
|Жиыны                             |100                                 |


            Осы берілген мәліметтер негізінде есептеңіздер:
     1. бір бөлшекті дайындауға орташа шығындар;
     2. ауытқудың орташа шаршысын (дисперсия) және орташа шаршылық
        ауытқуды;
     3. өзгерменің коэфициентін;
     4. зауытта бір бөлшекті дайындауға кететін уақыттың орташа шығындар
        күтілетін мүмкін шекаралары және таңдау орташаның 0,954
        ықтималдығымен шекті қатесін;
     5. таңдау үлесінің 0,954 ықтималдығымен шекті қатені және 10 – нан 14
        минутқа дейін оларды дайындауға уақыт шығындарымен бөлшектердің
        санының үлес салмағының шекараларын.
             №4.  Берілген дүкендер тобы  бойынша  айлық  тауар  айналымының
мөлшері бойынша анықтаңыздар:
      1) моданы;      2) медиананы.

|Тауар айналымы, мың     |5-ке   |5-10   |10-15  |15-20  |20-25  |25 және одан |
|теңге                   |дейін  |       |       |       |       |жоғары       |
|Дүкендер саны           |10     |13     |10     |7      |5      |5            |

                    Негізгі әдебиеттер:

1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.


                 Тақырып 6. Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар

             Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Өсіңкілік қатарлар , оның түрлері.
      2. Өсіңкілік қатарларды  негізгі  және  орташа  көрсеткіштері  бойынша
есептеу тәсілдері.
      3. Өсіңкілік қатарларды талдау және аналитикалық тегістеу тәсілдері.
      4. Интерполяция және экстраполяция. Маусымдық ауытқу.


      Сабақ мақсаты-  өсіңкілік  қатарлар  түсінігі,  олардың  түрлері  және
өсіңкілік  қатарларды  негізгі  және  орташа  көрсеткіштер  бойынша  есептеу
тәсілдерін оқыту.


      Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен жұмыс жасау,  қойылған  сұрақтар
негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.


             Есептер

      1.  Кәсіпорын бойынша  өнім  өндіру  туралы  мәліметтер  1995  –  2000
жылдары (салыстырмалы бағамен) берілген:

          Жылдар             1995      1996  1997   1998    1999     2000
            Өнім   өндіру                67,7         73,2    75,7      77,9
81,9       84,4

      Өсіңкілік қатарда талдау үшін анықтаңыздар:
            а) өсіңкілік қатардың орташа деңгейін;
            б) өсу және өсімнің тізбектелген және тұрақты қарқынын;
            в) әрбір жыл үшін бір процент өімнің нақты мәнін.
             Есептеу нәтижелерін кесте түрінде көрсетіңіздер.


                  Негізгі әдебиеттер:

1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.

                           Тақырып  7. Индекстер.

          Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Индекстер туралы түсінік.
      2. Жеке және  жалпы  индекстерді есептеу.
      3. Орташа индекстерді есептеу.
      4. Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.


      Сабақ мақсаты-  индекстер түсінігі, олардың  түрлері  және  есептелуін
оқыту.


      Әдістемелік нұсқаулар - әдебиеттермен жұмыс жасау,  қойылған  сұрақтар
негізінде өзіндік талдау қорытынды жасау.



              Есептер

      №1.   Қала  базарында  орташа  баға  мен  сту  көлемінің   динамикасын
келесідей мәліметтермен сипатталады:
|Тауарлардың аттары   |Сатылған тауарлар, мың кг.|1 кг орташа бағасы, теңге. |
|                     |Базистік    |Есепті кезең|Базистік     |Есепті кезең|
|                     |кезең       |            |кезең        |            |
|Қала базары № 1      |            |            |             |            |
|Капуста              |5,1         |5,3         |0,4          |0,5         |
|Морковь              |3,6         |3,4         |1,0          |1,3         |
|Қала базары  №2      |            |            |             |            |
|Капуста              |10,0        |12,0        |1,2          |0,8         |



            Берілген мәліметтер негізінде келесілерді есептеңіздер:
            1.№ 1 қала базары үшін (екі тауар бойынша бірге):
         а) тауар айналымының жалпы индексін;
         б) бағаның жалпы индексін;
         в) тауар айналымының табиғи көлемінің жалпы индексін.
              Есептелген   индекстердің    арасындағы    өзара    байланысты
   көрсетіңіздер:
            2.Екі қала базарындағы капуста бойынша:
         а) ауыспалы құрамының баға индексі;
         б) тұрақты құрамның баға индексін;
         в) капустаның сату көлемінің құрылымының өзгерісінің орташа бағаның
   динамикасына әсерінің индексін.


                   Негізгі әдебиеттер:

1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  



      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.


                  Тақырып 8. Халық және еңбек статистикасы


         Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Халық саны және құрамының статистикасы
      2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық статистикасы
      3. Халық қозғалысының статистикасы
      4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері
      5.Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының
статистикасы


      Сабақ  мақсаты-  халық  саны  және   құрамының,   жұмысбастылық   және
жұсыссыздық   статистикасын,  халықсанын  болжаудың   статистикалықәдістерін
оқыту.


        Әдістемелік нұсқаулар-  әдебиеттермен жұмыс жасау, қойылған сұрақтар
негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.


           Есептер
       1.  Келесі мәліметтер берілген (шартты):


      |Көрстекіштер                        |Базистік жыл     |Есеп жылы         |
|1.Жұмыс істейтіндердің жылдық орташа|7820             |7835              |
|саны, мың адам                      |                 |                  |
|2.Жұмыссыздар саны, мың адам        |366              |394               |
|3.Жалпы ішкі өнім (тұрақты бағамен),|3742             |3964              |
|млн.  долл.                         |                 |                  |
|4.Негізгі капиталдың орташа жылдық  |15022            |15981             |
|құны, млн. долл.                    |                 |                  |


         Есептеу керек:
      1. Еңбек өнімділігінің динамикасы мен деңгейін  (1  адамға  АҚШ  долл.
есептегенде);
      2. Жұмыссыздық әсерінен жалпы ішкі өнім көлемінің шығынын  (АҚШ  долл.
мың);
      3. Еңбектің капиталмен жарақтануы мен оның динамикасын.


           Негізгі әдебиеттер:
1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.


                    Тақырып 9. Ұлттық байлық статистикасы


          Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
      1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні
      2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы
      3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы
      4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы
      5. Айналым капиталының статистикасы
      6. Инвестиция статистикасы

       Сабақ мақсаты- ұлттық байлық құрамын, негізгі  капитал  және  айналым
капиталының, инвестиция капиталының статистикасын  оқыту.


         Әдістемелік  нұсқаулар-   алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,
қойылған сұрақтар негізінде өзіндік талдау, қорытынды жасау.


             Есептер
      №1. Қазақстан Республикасының меншік формасы бойынша  негізгі  капитал
туралы келесідей мәліметтер берілген, жыл аяғына  ағымдағы  құны  бойынша  –
млрд. теңге.


      |Көрсеткіштер                |1996     |1997       |1998        |1999       |
|Барлық негізгі капитал,     |1997,8   |2731,0     |2717,2      |2879,7     |
|соның ішінде меншік формасы |         |           |            |           |
|бойынша:                    |         |           |            |           |
|мемлекеттік                 |788,4    |1149,2     |657,3       |727,2      |
|мемлекеттік емес            |1140,8   |1292,4     |1801,2      |1866,4     |
|шетелдік тұлғаларды         |68,6     |289,4      |258,7       |286,1      |

      Есептеу керек: Әр жылға раналған  негізгі  капиталдың  құрылымын  және
құрылымдық қозғалысыын. Экономикалық қорытынды  жасау,  құрылымын  графикпен
бейнелеу.

      №2. Акционерлік қоғам капиталының  бастапқы құны  –  4,8  млн.  теңге,
олардың жарамдылық  коэффициенті  –  90  пайыз,  тозу  сомасын  шегергендегі
қалпына келтіру құны – 5,2 млн. теңге.
      Анықтау керек:
      1. Қалдық құнын;
      2. Амортизация  сомасын;
      3. Қалпына келтіру құнын.


      №3.  Қазақстан  Республикасының  қаржылық  емес  активтерге   салынған
инвестицияларды  қаржыландыру  көздерінің   динамикасы   туралы   мәліметтер
берілген (млрд. теңге)
|Көрсеткіштер                   |1998жыл   |1999 жыл  |2000 жыл  |2001 жыл  |
|Қаржылық емес активтерге       |439,0     |512,3     |752,6     |1158,1    |
|салынған инвестициялар         |          |          |          |          |
|Соның ішінде қаржыландыру көзі |299,8     |349,3     |492,6     |751,8     |
|бойынша:                       |          |          |          |          |
|Кәсіпорындар мен ұйымдардың    |          |          |          |          |
|меншікті қаражаты есебінен     |          |          |          |          |
|Тартылған қаражат есебінен     |139,2     |163,0     |260,0     |406,3     |
|Олардан банктердің несиелері   |33,1      |31,8      |39,7      |115,9     |
|Шетелдік банктерден (резидент  |20,9      |24,9      |17,8      |81,8      |
|еместер)                       |          |          |          |          |
|Резидент еместердің басқа да   |59,1      |102,0     |169,6     |198,0     |
|шетел қаражаты есебінен        |          |          |          |          |
|Бюджеттік қаражаттар есебінен  |28,8      |26,5      |45,5      |76,3      |
|Басқа да қаражаттар есебінен   |18,2      |2,7       |5,2       |16,1      |


      Әр жыл бойынша есептеңіздер.
      1. Қаржылық  емес  активтерге  салынған  инвестицияларды  қаржыландыру
көздерінің құрылымын;
      2.     Инвестицияларды    қаржыландыру     көздеріндегі     құрылымдық
қозғалыстарды;
      3.  Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылым динамикасын график
түрінде бейнелеңіздер.


                 Негізгі әдебиеттер:

1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.

            Тақырып 15. Халықтың тұрмыс дәрежесінің  статистикасы


          Тәжірибелік (семинар) сабақтың мазмұны:
           1. Әлеуметтік статистика пәні және объектілері
           2. Үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуы
           3. Халықтың тұрмыс деңгейі  көрсеткіштерінің       жүйесі


            Сабақ мақсаты- әлеуметтік статистика пәнін, объектілерін  оқыту,
үй шаруашылықтарын ішінара бақылаудың ұйымдастырылуын үйрену.

      Әдістемелік нұсқаулар- алғашқы қайнар көздермен жұмыс жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.


               Есептер
      1. Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі  туралы  берілген
мәліметтер:

|Көрстекіштер                 |1997 жыл     |1998 жыл        |1999 жыл      |
|1.Есептелген орташа айлық    |8541         |9683            |11256         |
|жалақы, тг.                  |             |                |              |
|2.Халықтың орташа айлық      |3505         |3716            |3394          |
|күнкөрісінің минимумы, тг.   |             |                |              |
|3.Белгіленген зейнетақысының |3283         |3554            |3964          |
|бір айдағы орташа мөлшері,   |             |                |              |
|тг.                          |             |                |              |
|4.Халықтың жан басына        |34187        |36241           |40896         |
|шаққандағы орташа жылдық     |             |                |              |
|табысы, тг.                  |             |                |              |
|5.Тұтыну бағаларының индексі |117,4        |107,1           |115,2         |
|(%)                          |             |                |              |


      Әр жыл бойынша көрсеткіштерді есептеңіздер:
     1. Алдағы жылдағы нақты орташа жалақыны (%-бен);
     2. Алдағы жылдағы белгіленген зейнетақының нақты орташа  мөлшерін  (%-
        бен);
     3. Алдағы жылдағы  жан басына шаққандағы  орташа  жылдық  табысты  (%-
        бен);
     4. Орташа жалақының, белгіленген зейнетақының  халықтың  орташа  айлық
        күнкөрісінің  минимумына  қатынасын.  Халықтың  өмір  сүру  деңгейі
        туралы экономикалық тұжырым жасаңыздар.

                 Негізгі әдебиеттер:

1.  Елисеева  И.И.  Общая  теория  статистики:  учебник  для  вузов  /  И.И.
Елисеева,  М.М.  Юзбашев;  под  ред.  И.И.  Елисеевой.  –  М.:   Финансы   и
статистика, 2009.
2. Ефимова М.Р. Практикум по общей теории статистики:  учебное  пособие  для
вузов / М.Р. Ефимова и др. – М.: Финансы и статистика, 2010.
3. Мелкумов  Я.С.  Социально-экономическая  статистика:  учебно-методическое
пособие. – М.: ИМПЭ-ПАБЛИШ, 2011.  

      Қосымша әдебиеттер

4. Социально-экономическая статистика: практикум:  учебное  пособие  /  В.Н.
Салин и др.; под  ред.  В.Н.  Салина,  Е.П.  Шпаковской.  –  М.:  Финансы  и
статистика, 2009.

            4. ОӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
                  ОӨЖ №1
   5.1 Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдістері
   5.2 Статистика агентінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу әдістері
   5.3 Статистикалық бақылау
         ОӨЖ №2
   5.7 Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру
   5.8 Нақты және қатысты шамалар
   5.9 Статистикадағы графиктік әдіс


           ОӨЖ №3
   5.13 Орташа шамалар мен
   5.14Ішінара бақылау
   5.15 Өсіңкілік (динамикалық) қатарлар
   5.16 Индекстер


           ОӨЖ №4
   5.19 Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу
   5.20 Статистикалық  мәліметтерді талдау- зерттеудің соңғы сатысы
   5.21 ҰЕЖ-гі негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар
   5.22 ҰЕЖ-гі негізгі ұғымдар, жіктемелер, топтастырулар
   5.23 Дебиторлық қарыздар және олардың түрлері
   5.24 Күмәнді талаптар бойынша резервтер құру тәсілдері
   5.25 Ұйымның есеп саясатын конфигурацияда көрсету


         ОӨЖ №5
   5.26 Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу
   5.27 Халық және еңбек ресурстарының статистикасы
   5.28 Ұлттық шоттар жүйесі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер
   5.29Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы






Пәндер