Файл қосу

жөніндегі - сабақты - тәртібі - жүргізу - өнімдерін - растау - сөжо



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты    |ПОӘК                 |                           |
|                           |                     |                           |
|                           |                     |                           |
|                           |                     |ПОӘК 042–18-9.1.66/02-2013 |
|ПОӘК                       |                     |                           |
|«Ауылшаруашылық өнімдерін  |18.09.2013 ж.        |                           |
|стандарттау және           |№ 1 басылым          |                           |
|сертификаттау» пәнінен     |                     |                           |
|студенттерге арналған      |                     |                           |
|пәннің бағдарламасы        |                     |                           |










                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


             5В071202 «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша


                    «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау


                         және сертификаттау» пәнінен

                            СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
                             ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


































                                    Семей


                                     2013







                                  Алғы сөз


    1 ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырушы т.ғ.к., «Стандарттау және биотехнология»  кафедрасының  аға
оқытушысы Төлеубекова С.С.


    2 ТАЛҚЫЛАҒАН
    2.1  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасының отырысында


    «29» тамыз 2013 ж., № 1 хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________ Ж.Х. Кәкімова


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік   бюросының
мәжілісінде


    «12» қыркүйек 2013 ж., № 1 хаттама


    Төрайымы_____________ С.С. Төлеубекова


    3 БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің   Оқу-әдістемелік   кеңесінің    мәжілісінде    шығаруға
мақұлданған және ұсынылған


    «18» қыркүйек 2013 ж., № 1 хаттама


    Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы  ___________ Г.Қ. Искакова


    4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН




















                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                    |4   |
|2   |Пәннің мазмұны мен сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды үлестіру|6   |
|3   |Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік ұсыныстар                    |7   |
|4   |Курстың форматы                                                   |8   |
|5   |Курстың саясаты                                                   |8   |
|6   |Бағаларды қою саясаты                                             |8   |
|7   |Әдебиеттер                                                        |10  |



1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1.1  Оқытушылар мен пән туралы жалпы мәліметтер
Төлеубекова Сандуғаш Сайлауқызы, аға оқытушы
«Стандарттау және биотехнология» кафедрасы
Қатынасу ақпараты тел. 35-46-02, оқу ғимараты № 9, № 304 кабинеті
Сабақ өткізілетін орындары -  № 306 аудитория
Пәннің атауы – «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау»
Пән бойынша кредитердің саны - 3

    1.2 Пәннің қысқаша мазмұны
      «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау  және  сертификаттау»  пәні  екі
бөлімнен тұрады, олар бір-бірімен тығыз байланысты болып  келеді,  сондықтан
бұл пәндерді бір оқулық курста  оқыту  әрбір  қызмет  бағытының  маңыздылығы
жөнінде толық түсінік береді.
    «Стандарттау»  атты  бірінші   бөлімінде   Қазақстан   Республикасындағы
стандарттаудың  құқықтық,   ұймдастырушылық   және   әдістемелік   негіздері
беріледі. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар, оларды  жасау,  бекіту
және қолдану тәртібі.
    «Сертификаттау»  атты  екінші  бөлімі   Қазақстандағы   сертификаттаудың
ұйымдастырушылық-әдістемелік және құқықтық принциптерге арналады.

    1.3 Осы курстың мақсаты студенттерге кәсіпорындардың сыртқыэкономикалық
қызметтерінің дамуына қажетті және Қазақстаннның Бүкіләлемдік сауда  ұйымына
кіруі  үшін  халықаралық  сертификаттау  жүйелерінің  деңгейіне  жету   үшін
стандарттау, сертификаттау салалары жөнінде білім беру.

    1.4    Пәнді  оқытудың   басты   мәселесі   –   студенттерге   өнімнің,
қызметтердің,  технологиялық  процестердің  параметрлерінің   әдістері   мен
ережелері жөнінде түсінік беру; сонымен қатар  студенттерді  стандарттаудың,
сертификаттаудың  даму  тарихымен,  олардың  өнімнің  сапасын  жоғарлатудағы
рөлімен,   құқықтық,   ұйымдастырушылық   және   әдістемелік   негіздерімен,
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік   стандарттау   және   сертификаттау
жүйелерімен, ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде  стандарттау  және
сертификаттау   жөніндегі   нормативтік   құжаттарымен   таныстыру   жөнінде
теориялық және тәжірибелік дағдылар беру.

    1.5  Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілер жөнінде түсінік алады:
-  стандарттау  мен  сертификаттаудың  тарихы  мен  олардың  Қазақстан   мен
шетелдегі қазіргі жағдайы туралы;
       - дамыған елдерде стандарттау қызметінің ұйымдастыруы туралы;
       - стандарттау және сертификаттау жөніндегі халықаралық  және  өңірлік
ұйымдары жөнінде;
      - стандарттау мен сертификаттау арасындағы байланыстары жөнінде.
      Сонымен қатар студенттер пәнді оқу барысында келесілерді білуі керек:
      - стандарттау,  метрология  және  сертификаттау  жөніндегі  заңнамалық
және нормативтік құқықтық актілерін, әдістемелік материалдарын;
   - стандарттар мен өлшем бірліктеріне  ведомствоаралық  және  ведомстволық
   бақылау жүйелерін;
   - өнімнің сертификаттау  технологиясы  мен  ұйымдастыруын,  өнімге  сынақ
   жүргізу мен оны қабылдау ережелерін.
    Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесілерді қолдануды білуі керек:
    -  стандарттау,  сертификаттау  жөніндегі  жұмыстарды   жоспарлау   мен
жүргізудің компьютерлік технологиясын;
    -  өнімді  сертификаттау  жұмыстарын  жүргізу  кезінде   өнімнің   және
процестердің сапасын бақылау әдістерін;
    - өнімнің сапасы жөніндегі мәліметтерді талдау әдістері мен  ақаулардың
пайда болуын табу тәсілдерін;
    -  стандарттау,  сертификаттау   жөніндегі   жұмыстардың   экономикалық
тиімділігін есептеу әдістерін.
    Пәнді оқу барысында студенттер келесі дағдыларға ие болады:
    - бақылаушы-өлшеуші және сынақ техникасымен жұмыс істеуді;
    - өлшеу, сынау және бақылау құралдарын қолдануды;
    - стандарттау, сертификаттау жөніндегі қолданыстағы стандарттарды  және
басқа да құжаттарды қайта-қарауды;
    -  кәсіпорындарда  қолданылатын  стандарттау,  сертификаттау  жөніндегі
стандарттар мен басқа да құжаттарға жүйелі түрде тексеру жүргізуді;
    - стандарттау  мен  сертификаттау  салаларында  отандық  және  шетелдік
тәжірибелерді жүйелеуді білу.


    1.6 Курстың пререквизиттері: жоқ.


    1.7  Курстың постреквизиттері:
    1.7.1 Ветеринарлық санитария.

    2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАР БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ ҮЛЕСТІРУ
                                                                     1 кесте
|Тақырыптың атауы                           |      Сағаттар саны          |
|                                           |дс   |стс   |сөжо    |сөж     |
|1                                          |2    |3     |4       |5       |
|Стандарттаудың қысқаша даму тарихы         |1    |      |        |2,5     |
|«Техникалық реттеу туралы» ҚР заңын оқып   |     |2     |1       |2,5     |
|меңгеру                                    |     |      |        |        |
|Стандарттаудың заңнамалық негізі           |1    |      |        |2,5     |
|1                                          |2    |3     |4       |5       |
|Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің    |     |2     |1       |2,5     |
|құрылымы                                   |     |      |        |        |
|Стандарттау әдістерінің жіктелуі           |1    |      |1       |2,5     |
|Мемлекеттік және мемлекетаралық            |     |2     |1       |2,5     |
|стандарттаудың жүйесін саластырмалы        |     |      |        |        |
|сараптау                                   |     |      |        |        |
|Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар |1    |      |1       |2,5     |
|және оларға қойылатын талаптар             |     |      |        |        |
|Стандарттардың категориялары мен түрлері   |     |2     |1       |2,5     |
|Мемлекеттік стандарттардың түрлері         |1    |      |1       |2,5     |
|Техникалық регламенттерді оқып меңгеру     |     |2     |1       |2,5     |
|Халықаралық, өңірлік және шет елдердің     |1    |      |1       |2,5     |
|ұлттық стандарттарын қолдану тәртібі       |     |      |        |        |
|Негізге алынатын стандарттар               |     |2     |1       |2,5     |
|Стандарттау әртүрлі салаларда              |1    |      |        |        |
|Айлық және жылдық стандарт көрсеткіштері   |     |2     |1       |2,5     |
|Стандарттау жөніндегі халықаралық және     |1    |      |1       |2,5     |
|өңірлік ұйымдар                            |     |      |        |        |
|Халықаралық стандарттардың құрылымы        |     |2     |1       |2,5     |
|Өнімнің сәйкестігін растау. Сәйкестікті    |1    |      |1       |2,5     |
|растау түрлері                             |     |      |        |        |
|Сәйкестікті растаудың нормативті-техникалық|     |2     |1       |2,5     |
|базасы мен құрылымы                        |     |      |        |        |
|Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі     |1    |      |1       |2,5     |
|Сәйкестікті растау және сынақ зертханалары |     |2     |1       |2,5     |
|ұйымдарына қойылатын талаптары             |     |      |        |        |
|Қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібі|1    |      |        |        |
|Міндетті сертификаттау                     |     |2     |1       |2,5     |
|Өнімді және қызметтерді сертификаттау      |1    |      |        |        |
|схемалары                                  |     |      |        |        |
|Ерікті сертификаттау                       |     |2     |1       |2,5     |
|Сәйкестік сертификаты мен сәйкестік белгісі|1    |      |        |2,5     |
|Өнім сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі  |     |2     |1       |2,5     |
|Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау     |1    |      |        |2,5     |
|Қызметтердің сәйкестігін растау тәртібі    |     |2     |1       |2,5     |
|Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін  |1    |      |        |2,5     |
|растау. Жүргізу әдістері мен тәртібі       |     |      |        |        |
|Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін  |     |2     |1,5     |2,5     |
|растауды жүргізу тәртібі                   |     |      |        |        |
|Жиыны:                                     |15   |30    |22,5    |67,5    |


    3 ПӘНДІ МЕҢГЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
        Өздік   жұмыс    «Ауылшаруашылық   өнімдерін    стандарттау    және
сертификаттау»  пәнінде  маңызды   бөлігі  болып  табылады  және  де   басқа
аудиториялық   дайындықпен  толтырылады.  Өздік  жұмыста  бөлек   әр   түрлі
теориялық  бөлімдерді  оқуда,  тақырыптар  бойынша   есептерді   шығарғанда,
сонымен қатар есептік-графикалық тапсырмаларды және  жеке  сұрақ  қатарларын
ғылыми оқыту кірістіріледі. Өздік жұмысқа бақылау ауызша түрде және  жазбаша
сұрау, коллоквиум, тест, есептік-графиктік  жұмыстарды  қорғау,  сұхбаттасу,
сонымен қатар талқылау және рефераттарды қорғау арқылы жүзеге асады.
     Әр түрлі жұмыстарды орындау барысында  міндетті түрде  жүйеде берілген
әдебиеттермен шектелмеу керек. Каталог қарау барысында қарастырылып  отырған
тақырыпқа келетін аттарға жолығуымыз мүмкін. Міне, сол  жолықтырғандарымызды
бірнешеуі жарап қалуы әбден мүмкін.
    Сонымен қоса,  тақырыппен  байланысқан  немесе  сол  тақырыпқа  келетін
кітаптағы  библиографиялық  нұсқаулықтарға  қарайласуымыз  керек.  Онда  біз
керек тақырыптың басқа қандай кітапта бар екендігі  туралы  ақпарат  алуымыз
мүмкін. Құнды ақпаратты нұсқаушы мақалалардан  сызып  алуымызға  болады.  Ол
нұсқаулықтан керекті, қызықтыратын мақалаларды шыққаны туралы  ақпарттарымен
алуымызға  және  содан  кейін  керекті  номерларымызға  тапсырыс  беруімізге
болады.
    Басты көмекші ретінде компьютерлік жүйе Internet атқарады. Онда ешқашан
мақала болып шықпаған ақпарттарды кездестіруімізге болады.
    Тез және дұрыс керекті әдебиетті таңдау  үшін  ғылыми  және  студенттік
кітапханаларды  және  кітап  іздеу  механизмін  жақсы  білу  қажет.  Керекті
әдебиет  тізімі  университет  кітапханасында   болмаған   жағдайда   ғылыми-
техникалық немесе қалалық кітапханаға жүгіну керек.
    Тағы бір жұмыс түрі реферат болып табылады.  Студенттердің  рефератында
сол тақырып бойынша бірнеше көздерден алынып жинақтырылған негізгі  мазмұнын
тиянақты жеткізу жеткілікті.
    Мәтінде тақырыпқа келмейтін артық ақпараттар болмауы  шарт.  Рефераттың
мазмұнының сәйкестігі негізгі бағалаудың критериінің бірі болып табылады.
    Рефераттың құрылуы алдына қойылған мақсаттар есебінен  жүреді.  Реферат
титулды бет, мазмұны, кіріспе, негізгі  бөлік,  қорытынды  және  қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

      4 КУРСТЫҢ ФОРМАТЫ


      Семестр кезінде студенттерге  оқу жоспарына сәйкес 30 тәжірибелік және
курсқа сәйкес 15 дәріс оқылады.
      Курстағы  өзіндік  жұмысты  былай  жүргізу  ұсынылады.  Курстың  әрбір
тақырыбынан ұсынылған әдебиеттерді  оқып,  оның  теориялық  негіздеріне  көп
тоқталмай, талқыланатын сұрақтарға жалпы түсінік қалыптастыру керек.
      Содан кейін  материалды  толығымен  меңгеруге  көшу  керек:  теориялық
жағдайларды меңгеру, негізгі мәліметтердің қажет жерлерін еске  сақтау  үшін
жұмыс дәптерін жүргізген дұрыс.
      Курсты меңгеру  кезінде студент өткен материалдарды жақсы меңгеру үшін
 реферат түріндегі СОӨЖ  және СӨЖ  алынады.

      5 КУРСТЫҢ САЯСАТЫ


      Осы курсты меңгеруде студент жүйелі түрде  өзі дайындалу керек,  қажет
болған жағдайда  оқытушыдан көмек сұраса болады. Порталға  жиі  кіру  керек.
Оқытушының  жұмыс  бағдарламасындағы  методикалық  ұсыныстарын   тәжірибелік
сабақта мұқият оқыңыздар. Тек қана дәріс  материалдарымен  шектеліп  калмай,
басқа  да  әдебиеттерді,  электронды  ресурстарды   қолданыңыздар.   Алдымен
бірінші модульды меңгеріп,  тапсырмасын  орындаңыз,  кейін  келесі  модульге
көшіңіз. Әрбір бақылау тапсырмасын уақытында орындап, тексеруге беру  керек,
аралық тесттерді уақытында өту керек. Бақылау мерзімдері –  1-7  апталардағы
тапсырмалар мен тесттерге 7 –ші аптаның соңы қалғандары 15 аптада.


        6 БАҒАЛАРДЫ ҚОЮ САЯСАТЫ

      Әрбір студент қорытынды бағасы жақсы болуы үшін әр пәннен бір мөлшерде
ұпай сандарын жинау керек. Ұпайдың максималды саны:
1-7 апталардағы  бірінші рейтинг қорытындысында -300 ұпай,
8-15 апталардағы екінші рейтинг қорытындысына- 300 ұпай,
Пән бойынша семестрдағы максимальды ұпай саны -600.


      «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәні бойынша
балдарды бөлу кестесі
                                                                     2 кесте

|Апта  |Бақылау түрі                 |Жалпы балл       |Ескертпе         |
|1     |2                            |3                |4                |
|1-7   |1 – 7 аптаға дейін барлық    |30               |                 |
|      |аудиториялық сабаққа қатысу  |                 |                 |
|1     |2                            |3                |4                |
|2     |№ 1 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|      |қорғау                       |                 |сұрау            |
|      |№ 1 СӨЖ                      |25               |СӨЖ              |
|3     |№ 2 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|      |қорғау                       |                 |сұрау            |
|      |№ 1 СӨЖО                     |20               |Жұмысты қорғау   |
|4     |№ 3 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|      |қорғау                       |                 |сұрау            |
|      |№ 2 СӨЖ                      |25               |СӨЖ              |
|5     |№ 4 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|      |қорғау                       |                 |сұрау            |
|      |№ 2 СӨЖО                     |20               |Жұмысты қорғау   |
|6     |№ 5 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|      |қорғау                       |                 |сұрау            |
|      |№ 3 СӨЖ                      |25               |СӨЖ              |
|7     |Аралық бақылау               |80               |Тесттер          |
|1 – 7 аптаға дейін оқудың нәтижелері |300              |                 |
|бойынша балдардың жиыны              |                 |                 |
|8-15   |8 – 15 аптаға дейін барлық   |30               |                 |
|       |аудиториялық сабаққа қатысу  |                 |                 |
|9      |№ 6 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 4 СӨЖ                      |20               |СӨЖ              |
|10     |№ 7 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 3 СӨЖО                     |15               |Жұмысты қорғау   |
|1      |2                            |3                |4                |
|11     |№ 8 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 4 СӨЖ                      |20               |СӨЖ              |
|12     |№ 9 тәжірибелік сабақты      |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 4 СӨЖО                     |15               |Жұмысты қорғау   |
|13     |№ 10 тәжірибелік сабақты     |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 5 СӨЖ                      |20               |СӨЖ              |
|14     |№ 11 тәжірибелік сабақты     |15               |Ауызша сабақ     |
|       |қорғау                       |                 |сұрау            |
|       |№ 5 СӨЖО                     |10               |Жұмысты қорғау   |
|15     |Қорытынды бақылау            |80               |Тесттер          |
|8 – 15 аптаға дейін оқудың нәтижелері|300              |                 |
|бойынша балдардың жиыны              |                 |                 |
|1                 |2                 |3                |4                |
|Емтихан бойынша балдардың жиынтығы   |400              |                 |
|Академиялық мерзімдегі балдардың     |1000             |                 |
|жиынтығы                             |                 |                 |

    7 ӘДЕБИЕТТЕР
    7.1 Негізгі
    7.1.1    Основы стандартизации, метрологии, сертификации и  менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
    7.1.2 Е.М. Лифиц  Основы стандартизации,  метрологии  и   сертификации.
М.:  Юрайт, 2000 г. - 465 с.
    7.1.3 Стандартизация и  управление  качеством  продукции:  Учебник  для
вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
    7.1.4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау  –  Қызылорда,  «Тұмар»,
2007 ж. – 224 б.
    7.2 Қосымша
    7.2.1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9  қарашасы  №  603
-11 (05.12.2013 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
    7.2.2  Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
    7.2.3  ҚР СТ  1.2  –  2002  ҚР  МСЖ.  Мемлекеттік  стандарттарды  жасау
тәртібі.
    7.2.4 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың  құрылуына,  баяндалуына,
ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
    7.2.5  ҚР СТ 1.9 –  2003  ҚР  МСЖ.  Халықаралық,  өңірлік  және  ұлттық
стандарттарды және стандарттау,  сертификаттау  және  аккредиттеу  жөніндегі
нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі
    7.2.6  «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламенті
    7.2.7 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер
    7.2.8 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау
Пәндер