Файл қосу

Машина элементтерін есептеу




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                      |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                   |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы                                               |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты       |ПОӘК                 |                             |
|                            |                     |                             |
|                            |                     |ПОӘК 042-18.5.1.67/02-2014   |
|ПОӘК                        |                     |                             |
|студентке арналған  пән     |№ 1 басылым          |                             |
|«Машина элементтерін есептеу|11.09. 2014 ж.       |                             |
|негіздері» бойынша          |                     |                             |
|бағдарламасы                |                     |                             |






                       ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




                   «МАШИНА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕСЕПТЕУ НЕГІЗДЕРІ»





      5В072400 - «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандық үшін




                             СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН
                              ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    Семей
                                    2014
                                  Алғы сөз

    1.  ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
    Құрастырушы:
        ____________  Г.К.Айткалиева  «Тамақ  өндірісінің   машиналары   мен
аппаратттары» кафедрасының аға оқытушысы


                                                       «____» _______2014 ж.


    2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
    2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Тамақ
өндірісінің машиналары мен аппаратттары» кафедрасы мәжілісінде қаралды


    «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама


    Кафедра меңгерушісі ___________  М. Акимов.


    2.2  Инженерлі-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік   бюросының
отырысында қаралды


     «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама


      Төрайымы  ___________  С. Толеубекова.




      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің  отырысында  талқыланды  және
басылымға рұқсат етілді
      «___» __________ 2014 ж., № ___ хаттама


      ОӘК төрайымы _______________  Г. Искакова




      4 Алғаш енгізілген «       »                      201__ ж.











                                   Мазмұны



    |1   |Жалпы ережелер                                                       |    |
|2   |Пәннің (модульдің) мазмұны және сағаттарды бөлу                      |    |
|3   |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                   |    |
|4   |Курс форматы                                                         |    |
|5   |Курс саясаты                                                         |    |
|6   |Бағаларды кою саясаты                                                |    |
|7   |Әдебиеттер                                                           |    |






































































      1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1. Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
      Айткалиева Гулбахыт Кайроллаевна, аға оқытушы
      Кафедра «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары»
      Байланыс ақпараты – тел: 36-02-15/3, оқу ғимараты № 9, кабинет № 109
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 106,107
      Кредит саны – 3


      1.2 Пәннің  қысқаша мазмұны
       «Машина элементтерін есептеу негіздері» – техникалық  ғылым.  «Машина
элементтерін есептеу негіздері» пәнінің зерттеу нысаны – тамақ, ет және  сүт
өндірісіндегі әртүрлі машиналар құрастырушыларын,  механизмдерін  есептеудің
оңтайлы әдістерін  меңгеру  болып  табылады.  «Машина  элементтерін  есептеу
негіздері»  курсы тамақ өндірісі саласының  мамандарына  арналған  теориялық
инженерлік негізі болып табылады.
    Қазіргі замандағы өңдеу өндірісі мамандардың технологиялық  процестердің
кинетикасы мен динамикасы аймағындағы терең білімін қажет етеді.
    Қазіргі  маман   –   өндірістік   процестерді   технология   талаптарына
сәйкестендіріп  басқарып  қана  қоймай,   сонымен   қатар   ғылымның   соңғы
жетістіктеріне сай жоғарғы  техникалық  деңгейде  оңтайлы  өтуін  қамтамасыз
етуі  керек.  Бұл  мақсаттарды  орындау  үшін  маманның  әртүрлі  инженерлік
есептерді шешуге қабілеті болуы міндет.
    1.3 Пәннің мақсаты:
    Білім алушылардың «Машина  элементтерін  есептеу  негіздері»  жөніндегі
білімдерін қалыптастыру, осы алған білімдерін  болашақ  маман  алдағы  еңбек
тәжірибесінде қолдана білу.
      1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті:
    Пәнді меңгерудің  негізгі  мақсаты  студенттерді  тамақ   өндірісіндегі
ағынды  желілер,   машиналар   мен   автоматтар   құрамына   енетін   машина
элементтерін есептеу негіздерін оқыту:
    - тамақ өндірісіндегі негізгі машиналар туралы білімдерін қалыптастыру
    - механизмдерді есептеу әдістемелерін үйрену
    -  машиналар  мен  аппараттардың  конструкциясын  жасап   шығару   үшін
    мехнизмдерді қолдану талатарын меңгеру.
    Сонымен   қоса,   пәннің   негізгі   мақсаты   студенттерді    жоғарыда
айтылғандарды (анықтамалар, заңдылықтар, есептерді  шешу  жолдары)  меңгерту
ғана емес, оларды қолдана білуге үйрету.
     1.5 Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар келесілерді білуі керек:
    - «Машина элементтерін еептеу  негіздері»  курсының  негізгі  (базалық)
заңдарын білуі керек;
    - осы алған білімдерін теориялық және практикалық мақсаттарда пайдалана
білу керек;
    - механизмдер мен құрылғылар құрылымын зерттеуді үйрену керек;
    - машиналардың негізгі базалық сұлбаларын қалыптастыратын механизмдерді
пайдалануа білу керек;
    - машина элементтерін есептеу бойынша жобалық есептерді шешу тәсілдерін
білу керек;
    -  басқа  пәндерді  меңгеру  барысында  «Машина  элементтерін   есептеу
негіздері» пәнінен алған білімдерін қолдана білу керек.
    1.6 Курстың пререквизиттері:
     1.6.1 Қолданбалы және теориялық механика;
     1.6.2 Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары 1,2;
    1.7 Курстың постреквизиттері:
    1.7.1  Тамақ  өндірісінің  технологиялық   жабдықтарын   есептеу   және
    құрастыру


    2  ПӘННІҢ (МОДУЛЬДЫҢ) МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ  БӨЛУ


                                                                     2 кесте
|№   |Тақырыптың аталуы                         |Сағаттары                       |
|р/н |                                          |                                |
|    |                                          |ДС    |ПС     |ОБӨЖ    |БӨЖ      |
|1   |Машина элементтерін құрастыру негіздері.  |1     |       |1       |3        |
|    |Анықтамалар.                              |      |       |        |         |
|2   |Есептер мен жобалардың түрлері және       |1     |       |1       |3        |
|    |сұлбалары                                 |      |       |        |         |
|3   |Механизмдер құрамына кіретін бөлшектермен |1     |       |1       |3        |
|    |тораптарды жасауға арналған материалдар.  |      |       |        |         |
|4   |Бөлшектер  түрлері. Кинематикалық жұптар. |1     |       |1       |3        |
|    |Негізгі белгіленулері                     |      |       |        |         |
|5   | Кривошипті (иінді) механизмдер           |1     |1      |1       |3        |
|6   |Кривошипті (иінді) механизмдерді есептеу  |1     |1      |1       |3        |
|7   |Кривошипті -ползунды механизм.            |1     |1      |        |3        |
|8   |Кривошипті -ползунды механизмді есептеу   |1     |1      |1       |3        |
|9   |Кривошипті - кулисалы механизм            |1     |1      |1       |3        |
|10  |Крвошипті - кулисалы механизмді есептеу   |1     |1      |        |3        |
|11  |Шаппа механизмдер                         |1     |1      |1       |3        |
|12  |Шаппа механизмді есептеу                  |1     |1      |1       |3        |
|13  |Шарнирлі-стерженді механизм               |1     |1      |1       |3        |
|14  |Шарнирлі-стерженді механизмді есептеу     |1     |1      |1       |3        |
|15  |Мальтийский механизмді есептеу            |1     |1      |1       |3        |
|16  |Тісті механизмдер                         |1     |1      |1       |2        |
|17  |Тісті механизмдерді есептеу               |1     |1      |        |2        |
|18  |Жұлдызшалы механизмдер.                   |1     |1      |1       |2        |
|19  |Жұдырықшалы механизмдерді есептеу         |1     |1      |        |2        |
|20  |Бекіту механизмдерінің негізгі паремтрлері|1     |       |1       |2        |
|    |мен анықтамалары                          |      |       |        |         |
|21  |Бекіту механизмдерді есептеу              |1     |       |        |1        |
|22  |Рычагты-тісті механизмді есептеу негіздері|1     |       |1       |1        |
|    |мен сұлбасы                               |      |       |        |         |
|23  |Рычагты-тісті механизмді есептеу және     |1     |       |        |1        |
|    |құрастыру                                 |      |       |        |         |
|24  |Машина картасы мен сұлбасын құрастыру     |1     |       |1       |1        |
|25  |Машинаның құрылымдық сұлбасын құру        |1     |       |1       |1        |
|26  |Машинаның кинематикалық сұлбасы құру      |1     |       |1       |1        |
|27  | Машина циклограммасын құру               |1     |       |1       |1        |
|28  | Машинаның тораптық циклограммасын құру   |1     |       |1       |1        |
|29  |Сары майды буып-түюге арналған машинаның  |1     |       |1       |2        |
|    |циклограммасын құру.                      |      |       |        |         |
|30  |Тұтқыр пластикалық өнімдерді мөлшерлеуге  |1     |       |1,5     |2,5      |
|    |арналған машинаның кинематикалық сұлбасын |      |       |        |         |
|    |құру                                      |      |       |        |         |
|    |                                          |30    |15     |22,5    |67,5     |




    3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Пәнді меңгеру барысында тақырыптардың негізгі  мазмұнына  көңіл  аудару
керек. Ол үшін студенттің  оқулықпен  жұмысын  жеңілдету  мақсатында  оқыту-
әдістемелік кешені  ұсынылады.  Әрбір  тақырыптың  дәрісі  соңында  өзін-өзі
тексеру сұрақтары бар.
    Оқулықты дұрыс таңдаудың үлкен мағынасы бар. Бірнеше оқулықты қатарынан
пайдалану дұрыс  емес.  Ұсынылған  әдебиеттердің  ішіндегі  біреуін  негізгі
әдебиет етіп таңдап алу керек.  Басқа  оқулықтарды  егер  де  қажет  тақырып
жайында мағлұмат болмағанда немесе аз болған жағдайда пайдаланған жөн.
    Курсты пәннің бағдарламасына сәйкес тақырыптар легімен меңгерген мақұл.
Оқулықпен  жұмыс  жасау   барысында   ұсынылған   кешендегі   мысалдар   мен
сараптамалар міндетті түрде болуы қажет.  Тек  осыдан  кейін  ғана  өзін-өзі
тексеру сұрақтарына жауап берілуі керек.
    Теориялық алған білімдерін студенттер  практикалық  есептерді  шығарған
кезде ғана меңгерілді деп есептеуге болады.





           КУРС ФОРМАТЫ


    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 2 рет жүргізіледі. Дәріс сабақтарында
күрделі, мәселелі сұрақтарды қарастырады.  Мысалы дәрістер құрылымы  мынадай
– сабақ  мәнін  талқылау  немесе  блиц-сұрақ  (10(15  минут),  дәріс  (35(40
минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай  құрылымда  жүргізу  студенттен
жүйелілікті, ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
      Зертханалық сабақтар  теориялық  материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      БӨЖ уақытында сіздердің дәріске немесе зертханалық  сабаққа  дайындалу
процесінде, сондай-ақ үйге берген өздік жұмысын орындау  кезінде   туындаған
сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде БӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер  менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар.

        КУРС САЯСАТЫ

    Пәнді  оқуға  берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қойатын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      2. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек. Тапсырмаларынызды пунктуальды және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      3. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      4. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      5. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
Оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      6. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.

      6  БАҒАЛАРДЫ  ҚОЮ САЯСАТЫ


      Пән бойынша үлгерімді бақылау келесі түрде жүзуге асырылады:
      - ағымдағы бақылау («Машина элементтерін  есептеу  негіздері»  пәнінің
оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес жүргізіледі)
      - межелік бақылау (7 және 15 апталар)
      - қорытынды бақылау
      Ағымдағы   бақылау   кезінде   студенттің   дәріс   және   зертханалық
сабақтардағы жұмысы бағаланады,  сонымен  қатар  үй  тапсырмаларын  орындау,
рефераттарды жазу және т.с.с.
      Межелік бақылау – оқытушының  қатысуымен  тесттерге  жауап  беру  және
аудиториялық бақылау жұмыс орындау.
      Пән  бойынша  баға  100  %-тік   шкала  бойынша  пайыздық   мөлшерімен
қойылады.
      «Машина  элементтерін  есептеу  негіздері»  пәні  бойынша   ұпайлардың
үлестірілуі
                                                                     2-кесте
|Апта |Бақылау түрі                               |Ұпайлар         |Ескерту    |
|1    |2                                          |3               |4          |
|1-7 апталарда дәрістерге және зертханалық         |30              |           |
|сабақтарға қатысу                                 |                |           |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |                |           |
|2    |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|3    |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|4    |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|5    |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|6    |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|     |І – тапсырманы өткізу                      |80              |БӨЖ        |
|7    |Межелік бақылау 1                          |90              |           |
|1-7 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300             |           |
|8-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30              |           |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |                |           |
|8    |Ауызша жауап беру                          |                |           |
|9    |Ауызша жауап беру                          |10              |ЗС         |
|10   |Ауызша жауап беру                          |10              |ЗС         |
|11   |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|12   |Ауызша жауап беру                          |20              |ЗС         |
|13   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |20              |ЗС         |
|     |ІІ – тапсырманы өткізу                     |80              |БӨЖ        |
|15   |Межелік бақылау 1                          |90              |           |
|8-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар     |300             |           |
|Емтиханға арналған барлық ұпайлар                 |400             |           |
|Академиялық кезеңге арналған барлық ұпайлар       |1000            |           |


    7 ӘДЕБИЕТТЕР


    7.1 Негізгі әдебиеттер
      7.1.1  Акимов  М.М.,  Еренгалиев  А.Е.,  Мустафаева  А.К.   Расчет   и
конструирование технологического оборудования пищевых производств. –  Семей:
ГУ им. Шакарима, 2014. – 180 с.
      7.1.2 М.М.Акимов, и др.,  Практикум  по  лабораторным  и  практическим
работам.  По   курсу   «Расчет   и   конструирование   пищевых   машин».   -
Семипалатинск, СТИММП, 1993. 48 с.
      7.1.3 Харламов, С.В. Практикум по расчету и  конструированию  машин  и
аппаратов пищевых производств: учеб. пособие для спец.  "Машины  и  аппараты
пищевых производств" / С.В. Харламов.- Л.: "Агропромиздат", 1991.- 256с.

      7.1.4 Петров В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов
пищевых производств. Учебное пособие. - Кемерово: КТИПП, 2002. - 116 с.


    7.2 Қосымша әдебиеттер.

    7.2.1 Кошевой Е.П. Практикум по расчетам технологического  оборудования
пищевых производств. СПб.: ГИОРД, 2005. — 232 с

      7.2.2 Соколов, В.И. Основы расчета и конструирования машин и аппаратов
пищевых  производств:  учебник  для  спец.  "Машины   и   аппараты   пищевых
производств" / В.И. Соколов.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: "Колос", 1992.-
 399с.


Пәндер