Файл қосу
Тергеуді жоспарлау
4 Тақырып: Бөтен мүлікті ұрлауды тергеу әдістемесі. 1. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасы. Анықтауға жататын жағдайлар. 2. Тергеуді жоспарлау. 3. Алғашқы тергеу әрекеттері. 4. Келесі тергеу әрекеттері. 1. Заңсыз біреудің үй – жайына, бөлмесіне немесе басқа да қоймасына кіре отырып ұрлық жасағаны үшін заңда ауырлататын жауаптылық көрсетілген. Осымен ол алаяқтықтан немесе қорқытып алушылықтан ажыратылады. Көбіне ұрлық жасалатын жерлерге: дүкендер, қоймалар, басқа да бағалы және құнды заттар сақталатын әр түрлі орындар, азаматтардың пәтерлерінен және қора – ауруларынан, сондай – ақ вокзалда, пойызда қол жүктерін, адамдардың көп жиналған жерлерде қалтадан ұрлық жасау жатады. Ұрлық затына ақша, әшекей бұйымдар, күрделі техникалық заттар: телевизор, компьютерлер, көлік құралдары, қымбат ыдыстар, қымбат коллекциялық заттар, көне жазулар және антиквариат және т.б жатқызуға болады. Ұрлықжасаудың негізгі түрлері: 1) бөтен мүлікті үй – жайдан ұрлау: - бұзу арқылы; - бұзусыз. 2) сенімділікті пайдалану арқылы жасалынатын: - үй – жайға кіру арқылы; - үй – жайға кірмей. 3) үй – жайға кірумен байланысты емес жасалынған ұрлықтар: - қалтадан ұрлау; - макүнемдердің қалтасынан алып қою; - чемодан, сумка, велосипед және заттарды ұрлау. 4) вокзалда жүк сақтау автоматты камераларынан ұрлау. 5) автокөліктерден ұрлық жасау. Ұрылар үй – жайға құлыпты, есікті, терезені бұзу немесе қабырғаны, төбесін, еденді қирату арқылы енеді. Мысалы: бөлмеге төбені жарып – сындыру арқылы ену оқиғасы орын алғанда төмендегідей заттың дәлелдемелер мен іздер анықталуы мүмкін. Ұрылардың бүркемелеу заттары ретінде емшектегі баланы, гүл шоқтарын, кішкентай иттерді, мысықтарды пайдаланғанын байқауға болады. Ұрлықтың жасалу тәсілін анықтау оны әшкерлеу үшін елеулі болып келеді. 2. Осындай санаттағы істер бойынша типтік болжамдардың үш түрі болады: а) ұрлық шынында да болған;б) ұрлық болмаған, арыз жасаушы арам ниетсіз жаңылысқан; в) ұрлықты жасағансу.қылмыстық іс қозғауға қажетті және тергеудің алғашқы кезеңін жоспарлау үшін кепек түпнұсқалық мәліметтерге мыналар жатады: 1) мемлекеттік, қоғамдық және басқа да жалпы мүлікті ұрлау жөнінде лауазымнан объект басшысынан немесе ұрлық фактісін тікелей тапқан тұлғадан келіп түскен хабар. 2) үй иесінің немесе басқа да тұлғалардың пәтерден ұрлық жасалғандығы туралы арыз жасауы. 3) сапар кезінде қол жері ұрланғандығы жайлы жолаушыдан келіп түскен арыз. Арыз жасаушыдан жауап алу, куәларды анықтау және олардан жауап алу, көлік құралы қызметкерлерінен жауап алу, іщдеу салу жоспарлары іске асыру жоспарланады. 4) көлік құралы ұрланғандығы жайлы көлік иесінен келіп түскен арыз. Ұрлықтың анықтау жағдайлары, ұрланған көлік құралының белгілері туралы арызданушыдан жауап алу, оқиға болған жерді қарау, куәгерлер мен куәлардан жауап алу жоспарланады. 5) анықтағансәттен бастап, қалтаға түсу жайлы арыз жасау. Ұрлық затты, оны анықтау жағдайлары бойынша арыз берушіден жауап алу, кінәліге іздеу салу, кейде жәбірленушінің өзінің қатысуымен. 6) анықтау органының ынтасымен. Тергеу жоспары жедел іздестірушілік шараларымен ұштастырылады. 7) қылмыскерді ұрлық үстінде немесе жасағаннан кейін бірден ұстау. Ұстағаннан жауап алу және жеке басын, үй – жайын тінту жоспарланады. 3. Арыз берушіден немесе ұрлаған мүліктің иесінен жауап алумен ұрлық жасау жағдайларын, ұрлаған мүлік атауы, саны мен белгілерін, сезікті тұлғаларды айқындау мақсаты көзделген. Іздерді объектіге енген жерден іздеген жөн. Есіктерде, терезелерде, балконда және оларды мұқият қарау – қылмыскердің қол іздеріне табуға мүмкіндік береді. Осындай қылмысқа байланысты жағдайларды анықтау мақсатында ұрлық жасалған бөлмемен қатар, маңкайында кірген немесе шығып кеткен бөлмелер деқараудан өткізіледі. Оның себебі қылмыскерлер ұрланған заттарды түсіріп алуы, тастап кетуі немесе жасыруы мүмкін. Қалтаға түскен кезде ұрыны ұстау оқиғасын тергеудің алғашқы кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар. Ұрлық үстінде ұстау – қалтаға түскен ұрыны әшкерлеудің ең ұтымды құралы. Қалтаға түсуші ұрыны қылмыс үстінде ұстау кезіндегі алғашқы тергеу әрекеттері: - жеке басын тінту; ұсталған жерді қарау; - ұсталғанның жеке басын және мекен – жайын анықтау; - барлық жәбірленуші мен куәгерді айқындау және олардан жауап алу; - ұсталғаннан жауап алу; - заттық дәлелдемелерді қарау; қылмыс құралдарын, бүлініс іздері орналасқан қол заттары мен киімдер. - ұсталған тұлғаның пәтерін және ұрланған заттардың сақтау орындарын тінту. Ерекше маңызды болып келетін қылмыскердің жеке басын тінту арқылы қылмыс құралы, ұрланған заттар мен құндылықтар табылуы мүмкін. Дереу барлық жәбірленушілер мен куәлар айқындалып, ұсталғаннан жауап алынысымен, осы тергеу әрекеттері солармен жүргізіледі. Ұрлық жөніндегі істер бойынша анықтаушы органдардың жедел іздестірушілік шаралары сезіктіні әр түрлі криминалистикалық тіркеулермен тексерумен, ұқсас тәсілмен жасалған ұрлық туралы тіркеулік және архивтік мәліметтерді талдаумен, сезіктіні синтетикалық портреттер көмегімен іздеумен, қылмыскерлер және ұрланған заттардың белгілері жайлы басқа да полиция қызметкерлерін бағдарлаумен көзге түседі, ұрланған заттарды саудалауы ықтимал жерлерге бақылау орнату. 4. Мұндай тергеу әрекеттері қатарына алдымен тінтуді жатқызуды болады. Тінтуге сезікті немесе айыпталушының үй – жайы және қора – ауласы жатады; тінту айыпталушыға дем берушілердің және басқа да қарым – қатынастағы тұлғалардың мекен – жайларында жасалынуы керек. Негізгі іздер объектілері – ұрланған мүлік және қылмыс құралы. Ұрлықты бір топ адам жасағанда, сезікті мен айыпталушыдан жауап алу кезінде әдеттегі сұрақтармен қатар, топтың әрбір мүшесінің рөлі анықталады; топты ұйымдастырушының жеке басы және атқаратын рөлі айқындалады, сондай – ақ дем беруші тұлғалардың, яғни ұрлық объектісі мен жәбірленушінің мінез – құлқы туралы ақпарат ұсынған, қылмыс құралы мен қаруын тауып берген және ұрланған заттарды жасырып немесе саудалауға алдын – ала серт берген жеке басы анықталады. Ұрлықты жасағансуды әшкерлеу де өз ерекшелігімен мынадай фактілерді жасыру мақсатында жасалады: - сеніп береген мүлікті иелену,және талан - таражға салу; - құжаттарды сақтау және пайдалану кезіндегі салақтылық; - басқа да мардымсыз қылық және жағдайларды жасыру. Ұрлық болған жерді қарау барысында жасағансу белгілерін көрсететін негативтік жағдайлар анықталады: - ұрлық орнына шын мәнінде кіре алатындай қиратылған бөгеттің табылған қиратылған бекіту құрылғылары бөгеттерімен сәйкес келмеуі; - қажеттілігі жоқ және ұрлық сипатымен дәлелденбеген, құндылықтарды сақтау орнын қирату; - іздердің табылуы тиіс жерлерден, керісінше қылмыс және қылмыскер іздерінің болмауы; - ұрланған сияқты мүліксипатының объективтік жағдайларға сәйкес келмеуі. Ұрлықты жасағансуды әшкерлеуде көмек көрсететін сараптамалар: - криминалистикалық - сот – бухгалтерлік – ұрланған сияқты тергеуді қызықтыратын тауарлық – материалдық құндылықтар шын мәнінде ұрлық жасалған орында болғандықтан анықтау үшін жоғарыда талдаудан өткізілген меншікке қарсы қылмыстардың үш тобы, яғни, бөтен мүлікті ұрлау, тонау, және қарақшылық тәжірибеде жиі кездесетін іс - әрекеттер болып саналады. Аталмыш қылмыс түрлерін тергеу әдістемесі құқық қорғау қызметкерлерінің криминалистика ғылымының барлық тараулары бойынша алынған тәлім – тәрбие мен білім- біліктілікті ерекше ұтымдылықпен дер кезінде пайдалануы – қылмыстың түбегейлі ашылыуына жол береді.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz