Файл қосу

Желілік құралдар



1-Модуль. Компьютерлік желі түрлері
Глоссарий:
Желі – жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер
жиынтығы.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір –
бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.
Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.
Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы.
Трафик (traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.
Архитектура  –  желідегі   жұмыс   станцияларының   өзара   әрекеттестігінің
функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция.

Тақырып №1.  Компьютерлік желі түрлері
Дәрістің мақсаты: Компьютерлік желі түрлерімен танысу, олардың түрлері
арасындағы айырмашылықтарды айыру.
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   1. Желі ұғымын қарастыру
   2. Желі түрлерімен танысу
   3. Ақпараттық және коммуникациялық желі ұғымдарын қарастыру
   4. Желінің бірыңғай және иреархиялық түрлерін қарастыру
   5. Желіні қолданудың артықшылықтары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
       Желі дегеніміз –  бұл  жіберу  құрылғысы  мен  мәліметтерді  өңдеуді
жасаушы  объекттер  жиынтығы.  Халық   аралық   стандарттаушы   кәсіпорындар
есептеуіш желіні – бір бірімен  тәуелсіз  байланысқан  құралдардың  арасында
мәліметті бит-бағдарланған тізбек ретінде жіберу деп қарастырады.
       Желі негізінен жекеше мекемелерде болады және әлдебір аумақты алады,
аумақтық танымы бойынша мыналарға бөлінеді:
    ➢ Локальдық есептеуіш желілері (ЛЕЖ) немесе Local  Area  Network  (LAN),
      бір  немесе  бірнеше  жақын  орналасқан  мекемелерде  орналасады.  ЛЕЖ
      негізінен қандай да бір  ұйымдарда  (корпорация,  мекеме)  орналасады,
      сондықтан корпорациялық деп аталады.
    ➢ Үлестірілген компьютерлік желі, глобальды  немесе  Wide  Area  Network
      (WAN),  әр  түрлі  мекемелерде,  қалаларда  және   елдерде   орналасып
      территориялық, араласқан  және  глобальдық  болады.  Осыдан  глобальды
      желілер 4 түрге бөлінеді: қалалық, аймақтық, ұлттық және  трансұлттық.
      Өте үлекн аумақтық бөлінген желілерге мысал ретінде: Internet,  EUNET,
      Relcom, FIDO-ны атауға болады.
       Жалпы жағдайда желі құрамына келесі элементтер кіреді:
    ← Желілік компьютер (желілік адаптермен қамтылған);
    ←  Байланыс  каналдары   (кабельді,   спутникті,   телефонды,   цифрлық,
      талшықты-оптикалық, радиоканалды және т.б.);
    ← Сигнал түрлендірулерінің коптеген түрлері;
    ← Желілік құралдар.
       Екі түрлі желілік ұғымдарды айырады: коммуникациялық және ақпараттық
желі. (1-сурет)
       Коммуникациялық желі ақпаратты беруге арналған, және де мәліметтерді
түрлендіруге  байланысты  тапсырмаларды  орындайды.   Коммуникациялық   желі
физикалық құралдарды қолдану типімен айырылады.
       Ақпараттық  желі  ақпаратты  сақтауға   арналған   және   ақпараттық
системалардан тұрады. Коммуникациялық желі базасында  ақпараттық  желі  тобы
құрылуы мүмкін.














               Сурет 1 Ақпараттық және коммуникациялық желілер
       Компьютерлік желі  ақпараттық  жүйеден  және  байланыс  каналдарынан
тұрады.
       Ақпараттық жүйені ақпаратты сақтауға, өңдеуге  және  беруге  болатын
обьекті айтуға  болады.  Ақпараттық  жүйе  құрамына:  ақпаратты  өңдеу  және
мәліметті беру процесіне арналған компьютерлер,  программалар,  қолданушылар
және  басқа  да  құраушылар  кіреді.  Қолданушының  тапсырмаларын  орындауға
арналған ақпараттық жүйе – жұмыс станциясы (client). Желіде жұмыс  станциясы
дербес компьютерден айырмашылығы ақпаратты беруге және желілік  программалық
жабдықтама арналы желілік картасы бар.
       Сигнал беретін жолы  мен  құралын  байланыс  арнасы  деп  аталынады.
Сигналдарды беру құралдарын абоненттік, физикалық және арна деп татайды.
       Байланыс арнасы (data link) желілік құралдар мен физикалық  байланыс
құралдары арқылы байланыс тізбегі  құрылады.  Физикалық  байланыс  құралдары
есулі ќос өткізгіш, коаксалды кабель, оптикалық канал немесе эфир  негізінде
құралады. Ақпараттық жүйенің  физикалық  коммуникациялық  желі  арнасы  және
коммуникация әрекеттестігі арасында логикалық арна орнатылады.
       Логикалық арна – бір жүйеден басқаға ақпаратты беру жолы.  Логикалық
арна  бір  немесе  бірнеше  физикалық  арналар  маршруты  бойынша  қаланады.
Логикалық арнаны физикалық канал және коммуникация  торабының  маршруды  деп
атауға болады.
       Желідегі ақпарат обьектер арасында ауысу процедурасы арқылы  ақпарат
блоктарымен беріледі.  Бұл  процедуралар  ақпарат  алмасу  протоколдары  деп
аталады.
       Протокол  –  екі  немесе  бірнеше  құрылғылар   арасындағы   ақпарат
алмасуының форматы мен процедурасын орнататын ережелер жиынтығы.
       Желі  жүктелуінің  параметрі  трафик   деп   сипатталынады.   Трафик
(traffic) – ақпарат алмасуының хабарлар ағыны.
       Желі сипаттамасына қатынау үрдісі қатты әсер етеді.  Қатынау  үрдісі
дегеніміз -  байланыс  арнасына  келесі  болып  кім  қатынай  алатынын  және
байланыс арнасына кіруді қалай басқаратынын анықтайды.
       Барлық  жұмыс  станциялар   физикалық   байланыс   арналары   арқылы
байланысқан белгілі структурасы – топология деп аталады. Топология –  қандай
жұмыс  станциялары  бір  бірімен  байланыса  алатынын  көрсететін  физикалық
желілік байланысты сипаттайды.
       Негізгі элементтер құрамы өзінің архитектурасына байланысты  болады.
Архитектура  –  желідегі   жұмыс   станцияларының   өзара   әрекеттестігінің
функциясы мен құрылымын,  анықтайтын  байланысты  концепция.  Ол  техникалық
және программалық желі құралдарының логикалық, функционалдық және  физикалық
организациясын қарастырады. Архитектура желідегі  элементтер  аппараты  және
программалық ќамтамасыз ету  құрылуы және жұмыс істеуін анықтайды.
       Архитектураның 3 түрі бар: терминал-басты  компьютер  архитектурасы,
клиент-сервер архитектурасы, бір рангілі архитектура.
       Жергілікті  есептеу  желілері  бірыңғай   және   иерархиялық   болып
бөлінеді. Бірыңғай желі  –  барлық  компьютерлері  тең  құқылы  және  бірдей
қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп  емес
компьютерлер санын біріктіру үшін  қолданылады.  Бірыңғай  желілерде  сервер
дегеніміз –  ресурстары  осы  сәтте  басқа  компьютерден  де  алына  беретін
компьютер, сервер бір мезгілде клиент те  бола  алады,  яғни  өзі  ресурстар
беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті  ресурстың  ортаққа
айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен,  ОЖ  құралдарымен  жасалады.  Қажет
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.
       Бірыңғай   желілердегі   операциялық   жүйелер   ортақ    ақпараттық
ресурстардың   оқылуын    және    редакциялануын,    «бөтен    компьютерден»
программаларды  қосуға  мүмкіндік  беретін  тікелей  басқарудың   құралдарын
қамтамасыз етеді.
       ОЖ  Windows  95-те  компьютерлік  жүйенің   желілік   мүмкіндіктерін
пайдаланатын екі программа бар:
     • MS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы,  ол  хабарлар
       мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс  станцияларына)  немесе
       топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;
     • Shedule+  программасы әркімнің өз жұмысының  кестесін  жобалау  және
       қажет болған  жағдайда  ол  жөнінен  желідегі  жұмыс  тобының  басқа
       пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу  құралы  (мысалы,  ортақ
       жиналыстарды, бірлесіп істейтін  жұмыстардың  жай-жапсарын  пысықтау
       үшін).
           Иерархиялық желілер. Иерархиялық жергілікті желілерде бір немесе
бірнеше сервер болады.
            Иерархиялық  желілердегі  сервер  –  бөлектенетін  ресурстардың
тұрақты  сақтау  қоймасы.  Сервердің  өзі  тек   иерархияның   одан   жоғары
деңгейіндегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер  әдетте  жоғары  өнімді
компьютерлерден,    бәлкім,    бірнеше    параллельді     жұмыс     істейтін
процессорлардан,  үлкен  сыйымдылықты  винчестерлерден,  жоғары  жылдамдықты
желілік картадан (100 Мбит/с жәнеәне одан да көп) тұрады.
               Серверде ақпаратты ұйымдастыру  және  сақтау  амалын  арнайы
адам мен – желінің басқарушысы белгілейді. Бірлесе  пайдаланатын  ақпараттың
сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.
           Жергілікті  иерархиялық   желілерде   мәліметтерді   өңдеу   екі
объектінің: клиент пен  сервер  арасына  бөлінген.  Клиент,  жоғарыда  айтып
өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің  мағынасына  жұмысшы  станциясын
пайдаланушыны да қосуға болады. Бірақ, сонымен  бірге  жұмысшы  станциясынан
сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік  программа
да «клиент» деп аталады. Мәліметтерді өңдеу кезінде  клиент  қандай  да  бір
күрделі  немесе  арнаулы  процедураларды  орындау   үшін   серверге   сұрату
дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге  асыру  және
т.б. Сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды  да,
қорытындысын клиентке қайта жібереді.  Әдетте,  сервер  жалпы  пайдаланудағы
мәліметтерді сақтауға, оларға  енуге  және  мәліметтерді  клиентке  жолдауға
жауап береді. Мәліметтерді алған клиент  оларды  өңдеп,  өңдеудің  нәтижесін
пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде  мәліметтерді  өңдеуді  сондай-ақ
сервер де орындайды.
       Иерархиялық желілердің жұмысын  басқаратын  программалық  қамтамасыз
ету екі бөліктен тұрады:
           -  серверде орнатылатын желілік операциялық жүйе;
           - жұмыс станциясындағы программалық қамтамасыз  ету,  бұл  жұмыс
станциясында   бар   операциялық   жүйенің   басқаруында   жұмыс    істейтiн
программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте, әр түрлі жұмыс станцияларында  бір
желіге алуан түрлі операциялық жүйелер орнатылуы мүмкін.
        Үлкен иерархиялық желілерде желілік операциялық жүйе  ретінде  UNIX
пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде қазіргі уақытта Windows  NT  желілік
операциялық  жүйесі  қойылады.  Мұндайда  серверде  Windows  NT  Server  деп
аталатын  оның  серверлік  бөлігі,  ал  жұмысшы  станцияларында  Windows  NT
Workstation  клиенттік  бөлігі  орнатылады  немесе   клиенттің   программасы
ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.
         Серверді  иерархиялық  желілерде  пайдалану  жолдарына  байланысты
серверлердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:
        файлдық сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар,  бірлесіп  пайдаланатын
программалар  сақталатын  және  оларға  пайдаланушы  адамның   қолы   жетуін
қамтамасыз етуші компьютер;
        деректер базаларының сервері – деректер  базасы  файлдарын  сақтау,
   өңдеу, басқару жәнеәне жұмыс станциясынан келіп  түскен  сұраныс  бойынша
ақпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;
        басып шығару сервері – басып шығару құрылғысы, қолданушылардың қолы
жетуге қолайлы желілер қосылған  компьютер,  ол  басылым  сұранысына  қызмет
етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;
        пошта сервері – жергілікті желілер бойынша да, ішкі  модем  бойынша
да жіберілетін және алынатын ақпараттар сақтаулы компьютер. Оны  пайдаланушы
адам өзіне ыңғайлы кез  келген  уақытта  өз  атына  келіп  түскен  ақпаратын
жібере алады.
            Жергілікті желілер – дербес компьютерлерді  бір-бірімен  немесе
оларды  желі  сервері  рөлін  атқаратын  қуатты  компьютермен  байланыстырып
тұратын желінің ең қарапайым түрі.
       Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте  жылдам  қатынасуға
мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
       ( құжаттарды бірге пайдалану;
       ( құжат  айналымын  жеңілдету:  тұтынушы  жұмыс  орнынан  тұрмай-ақ,
жиналыс жасамай-ақ әр түрлі құжаттарды оқуға, түзетуге,  түсініктеме  беруге
мүмкіндік алады;
       (  компьютер  дискісіндегі  орынды  тиімді  пайдаланып,  өз    жұмыс
нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;
       (   сервердегі   қолданбалы    программалармен    оңай    байланысу;

       (  қымбат  тұратын   қорларды   –   принтерлерді,   CD-ROM   мәлімет
жинақтауыштарын, қатты дискілерді және  ортақ  пайдалануға  болатын  көлемді
қолданбалы   программаларды   (мысалы,   мәтіндік   процессорларды    немесе
мәліметтер базасын) бірігіп пайдалануды жеңілдету, т.б.


       Қазіргі  кездегі   желілерді   көптеген   түрге   жіктеуге   болады:
компьютердің қашықтығы, топологиясы, тағайындалуы, қызметтің берілу  тізімі,
басқару принципі, коммутация методтары, қатынау методы,  жіберу  орта  түрі,
мәліметті беру жылдамдығы және т.б..
       Желілерді қолдану артықшылығы
       Компьютерлік желілер адамдар мен компьютер арасында  мәліметті  беру
және жеткізу жылдамдығын беретін ынтымақтастық нұсқасы. Компьютерлерді  бір-
біріне біріктіруді 30 жыл бұрын  бастады.  Компьютерлердің  мүмкіндігі  өсіп
және ДК-лер әр-біреуге қол жеткізерлік.
       Желіге қосылған компьютерлер ақпаратты  алмасуда,  ақпаратты  сақтау
құрылғысы және перифериялық құралдарды қолданады
       Ресурс  пен  ақпаратты  желі  арқылы  бөлуге  болады.  Төменде  жеке
компьютер  көмегімен  орындау  қиын  болатын,  желідегі  жұмыс  станциясының
көмегімен шығарылатын негізгі тапсырмалар берілген:
       Компьютерлік  желі  перифериялық  құралдарды   қолдануға   мүмкіндік
береді:
    • Принтерлер;
    • Плоттерлер;
    • Дисктік жинақтауыштар;
    • Приводтар CD-ROM;
    • Дисковод;
    • Стриммерлер;
    • Сканерлер;
    • Факс модемдері;
       Ақпараттық ресурспен бірге компьютерлік желіні  қолдануға  мүмкіндік
береді:
    • Каталогтар;
    • Файлдар;
    • қолданбалы бағдарламалар;
    • ойындар;
    • мәліметтер қоры;
    • тексттік процессор.
       Компьютерлік желі мәліметтер бүтіндігін сақтап ортақ мәліметтер қоры
және файл мен жазбалардың бўєаттап, қатынау мүмкіндігімен қамтамассыз  етіп,
коппайдаланушы программамен жұмыс істеуге мүмкіндік береді  кез  келген  ЛВС
стандарттында құрылған программаларды басқа да желілерде қолдануға болады.
       Ресурстың үйлесімді қолданылуы уақыт пен қорларды үнемдейді. Мысалы,
принтерді коллективті жұмыс орнында қолдану кезінде  барлығына  бір  принтер
сатып  алу   әр  біреуіне  жеке  сатып   алуынан   әлдеқайда   үнемді   және
жұмысшылармен дискедамен жүгірмей ақ желі арқылы  мәліметті  басып  шығаруға
болады.
       Электронды почта ұйымдастығы. ЛВС-ты почталық  қызмет  ретінде  ғана
емес  сонымен  қатар  қызметтік  жазбаларды,  баяндамаларды  және  де  басқа
қолданудыларға хабарлама жазуға болады.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
1) Компьютерлік желі түрлеріне өмірде мысал келтіру
2) Глобальды желіге қатынауды іске асыру
3) Жергілікті желіге қосылу элементтерімен жұмыс жасау
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,6,7,8,11,13

Тақырып №2. Желінің есептеу топологиясы
Дәрістің мақсаты: Желінің есептеу топологиясымен танысу
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   1. Топология ұғымын қарасытыру
   2. Жұлдызша топологиясымен танысу
   3. Сақина топологиясымен танысу
   4. Шина топологиясымен танысу
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).

       Жергілікті  желілер   бір-бірімен   қатар   орналасқан   компьютерді
біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде  немесе  бір  мекемеде  орналасқан  немесе
қатар орналасқан компьютерлер). Компьютерлерді  байланыстыру  осы  мекеменің
өздеріне бөлінген байланыс  каналдары  арқылы  жүргізіледі.  Әр  құрлықтарда
орналасқан түрлі мемлекеттердегі компьютерлерді бір-бірімен  байланыстыратын
желіні жалпы желі деп  атайды.  Ондай  желілерді  жасау  үшін  көп  қаражат,
бірнеше телефон каналдары және жер серіктері арқылы байланысу  мүмкіндіктері
болуы қажет.

       Жергілікті желілерде  компьютерлер  арасында  информация  тасымалдау
жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына  10,  тіпті  100  Мегабитке  де
жетеді. Жалпы желілер жүйесінің  компьютерлері  арасындағы  жылдамдық  ондай
жоғары  емес,  телефон  каналдарын  пайдалану  кезіндегі   оның   жылдамдығы
секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

       Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы
программаларды  және  принтер,   факс  тәрізді  шеткері  құрылғыларды  ортақ
пайдалана алады. Желідегі әрбір  дербес  компьютер  жұмыс  станциясы  немесе
желі түйіні деп аталады.

       Компьютерлерді  жергілікті  желіге  біріктіру   (бірліктен   бірнеше
жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер  көмегімен,  желілік  карта  немесе
желілік  адаптер  аталатын  арнайы  құрылғы   арқылы   орындалады.   Адаптер
компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
       Көптеген фирмалар шығаратын  желі  адаптерлерінің  көптеген  түрлері
бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде.  Әр  қосылу  –
деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы – бұл оның геометриялық  пішіні
немесе  компьютерлердің  бір-біріне  қатысты   физикалық   орналасуы.   Желі
топологиясы  түрлі  желілерді   салыстыру   және   жіктеу   әдісін   береді.
Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина, шина.
       Жұлдызша топологиясы
       «Жұлдызша» топологиясы  бар  желідегі  барлық  компьютерлер  орталық
компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай  желідегі  екі
компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.
       Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректе пакеттері әр компьютерден
концентраторға бағытталады.  Концентратор  өз  кезегінде  пакеттерді  тиісті
жеріне   жеткізеді.   Мұндай   топологияның   негізгі   жетістігі    мынада:
компьютерлер  мен  концентратор  арасындағы  жекелеген   жалғағыштар   істен
шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
         «Жұлдызша»  топологиясының  кемшілігі  оның  негізгі  жетістігінен
туындайды: егер концентратор бұзылса, онда  ол  бүкіл  желіні  түгел   істен
шығарады.
       Барлық жұмыс станциялары орталық торапқа жалғанған ЛВС  топологиясы.
Мұндай топологияның  меншігі  ретінде  жөнделмейтін  торап  болып  табылады.
Алайда, егер орталық торап жөнделмесе, барлық желі қатардан шығады.
       Бұл жағдайда әрбір компьютер біріктіруші құралдарға  арнайы  желілік
адаптерлер  арқылы  жеке  кабельдерге  қосылады.   Қажет  жағдайда  Жұлдызша
топологиясымен бірнеше желіні біріктіруге болады.   Жұлдызша  топологиясының
мысалы ретінде  Internet  тополгиясы  Витая  пара  10  BASE-T  кабелі  болып
табылады, жұлдызша орталығы. Жұлдызша типті топоплгия  кабельдің  жарылуынан
сақтауды қамсыздандырады. Егер жұиыс  станциясының  кабелі  бұзылған  болса,
бүкіл  желі  сегиентін  қатардан  шығырмайды.  Ол  сондай-ақ,  әрбір   жұмыс
станциясының   кабельді   сегментінің   болуына,   концентратқа    қосылуына
байланысты,қосылу мәселесін диагностикалайды.  Диагоностика  үшін  кабельдің
бүлінуін табу  жеткілікті.   Желінің  қалған  бөлігі  жақсы  жұмыс  жасайды.
Алайда, жұлдызша топоплогиясының кемшіліктері де бар.
       Біріншіден, ол көп кабельді қажет етеді.  Екіншіден,  концентраттары
барынша қымбат. Үшіншіден, кабельді  концентраттарды  кабельдің  көп  болған
жағдайында күту қиын. Алайда, мұндай жағдайдың көбінде  қымбат  емес,  витая
пара кабелі қолданылады.
       Кейбір жағдайларда телефон кабелдерін де қолдануға болады.
   [pic]
                        Сурет 2 Жұлдызша топологиясы


       Сақина топологиясы
        «Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі
болмайтыны; деректер  берілетін  біртұтас  сақина  құраған  (міндетті  түрде
шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада  бір  нүктеден  қозғау  алған
деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай  ерекшеліктен  деректер
сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.
       «Сақинаның» «Жұлдызшадан»  бір  ерекшелігі  –  оған  барлық  желілік
компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің  бір  жері  істен
шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері  –  деректер
біреулердің желілік  компьютері  арқылы  өтетіндіктен  де,  ақпаратты  бөгде
ұстап қалуына мүмкіндік береді.
       Берілген мәлімент бір  жұмыс  станциясынан  бір  бағытта  екіншісіне
жіберіледі.Әрбір  ДК  қайталаушы  ретінде  жұмыс  атқарады,  алған   хабарды
екіншісіне ретрансляциялайды, яғни мәліметтер  бір  компьютерден  екіншісіне
эстафета  сияқты  жіберіледі.  Егер  компьютер  басқа  компьютерге  арналған
мәліметтер алса, оны ары қарай жібереді, әйтпеген  жағдайда  жіберілмеуі  де
мүмкін. Қарапайым түрде барлық стнацияларға сұраныс бір уақытта  жіберіледі.
Сақиналық  топологияның басты мәселесі сонда, барлық  компьютерлер  белсенді
жұмыс атқаруларында, егер олардың біреуі  жұмыс  қатарынан  шықан  жағдайда,
барлық желі  тоқталады.   Таза  топология  сирек  қолданылады.  Оның  орнаны
сақиналы топология қатынау әдісінің сұлбасында, транспорттық  рөл  атқарады.
Сақина логикалық маршрутты сипаттайды, ал десте толық шеңбер  жасай  отырып,
бір стнациядан екіншіге жіберіледі.
    [pic]
                         Сурет 3 Сақина топологиясы


       Шина топологиясы
       «Шина»  топологиясы  бір  жеткізетін  каналды,  әдетте  «шина»   деп
аталатын  коаксиалды  кабельді  пайдаланады.  Барлық  желілік   компьютерлер
«шинаға» тікелей қосылады.
       «Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта  бірдей  жылжиды.
Кабель-шинаның екі шетінде арнайы  бұқтырмалар  (терминаторлар)  орнатылған.
«Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі  қосылудың  бұзылуы  жұмысты
бірден  тоқтатады.  «Шина»  желісіндегі  деректердің  қауіпсіздігі  «Сақина»
желісіндегідей,  оның  осал  тұсы  –  бүкіл  желінің  деректері  әр  желілік
компьютерден өтеді.
       Жалпы шина топологиясы бір  кабельге  барлық  желі  компьютерлерінің
қосылуын қодлануды ұсынады.  Топологияның   жалпы  шина  жағдайында   кабель
барлық станцияларпда кезегімен қолданылады. Жалпы  кабельмен  жұмыс  кезінде
компьютерлер бір-біріне кедергі жасамау қарастырылған. Жеке  компьютерлермен
жіберілген немесе алынған барлық хабарларды басқа  компьютерлер  алады  және
естиді. Жұмыс станциясы ақпарат адрестері қолдана  отырып  хабарлар  адресін
алады.
[pic]
                          Сурет 4 Шина топологиясы
       Жергілікті желіде ақпарат жеткізу  жылдамдығы  5-тен  100  Мбит/с-қа
дейін жетеді.
       Жергілікті есептеу  желісі  –  бір-бірінен  шамалы  ғана  қашықтықта
орналасқан және мәліметтер тасымалданатын  физикалық  орта  арқылы  біртұтас
желіге   біріктірілген   абоненттік   жүйелер   (есептеу   машиналары,   жад
құрылғылары, принтерлер және т.б.  электрондық  құрылғылар)  жиынтығы.  Бір-
бірінен  қашықта  орналасқан  жұмыс  орындарындағы  жабдықты,   программалық
құралдарды, ақпаратты бірлесе пайдаланатын  компьютерлер жергілікті  есептеу
желісі арқылы бір жүйеге біріктіріледі. Принтер,  модем,  дискідегі  мәлімет
жинақтауыш  тәрізді   құрылғыларды   ортақ   пайдалану   мақсатында   дербес
компьютерлер мен басқа офистік электрондық  құрылғыларды  желі  арқылы  бір-
бірімен байланыстырады. Мұндай желідегі жабдықтар бір ғимаратта немесе  бір-
біріне жақын, қатар тұрған бірнеше ғимаратта орналасады.

       Жергілікті желідегі компьютерлер мен құрылғылар көмегі арқылы  жалпы
мақсаттағы  коммутацияланатын  желімен  немесе  одан  да  басқа   желілермен
байланыса алады. Мысалы: Ethernet  (10  Base-2,5,T,F),  Fast  Ethernet  (100
Base-TX, FX, T4), Token  Ring,  Apple-Talk,  ARCHNET  және  т.б.  жергілікті
желіге тән  қасиеттер:  мәліметтер  жеткізу  жылдамдығы  жоғары,  қате  шығу
деңгейі төмен және  арзан  бағалы  жеткізу  ортасы  қолданылады.  Кемшілігі:
ұзындығы қысқа, жақын араға жеткізуге арналған. Жергілікті  есептеу  желісін
CAN, MAN,  WAN  және  GAN  сияқты  кең  масштабты  құрылымдарға  біріктіруге
болады:  CAN  –  Campus  Area  Network  –  жақын   орналасқан   ғимараттарды
байланыстыратын кампустық желі; MAN – Metropolitan Area  Network  –  қалалық
масштабты желі; WAN – Wide Area Network – кең масштабты желі; GAN  –  Global
Area Network – ауқымды желі,  цифрлы  ақпараты  бір  немесе  бірнеше  жоғары
жылдамдықты арналармен жеткізу,  шектеулі  аймақта  қолдау  табатын  есептеу
желісі; жалпыға ортақ  қызмет  ететін  байланыс  құралдарын  пайдаланбайтын,
тораптары бір-бірінен шамалы қашықтықта орналасқан есептеу желісі.
       Соңғы кезде бір мекемеде орналасқан жергілікті радиоторапты  желілер
кең тараған. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы  көрсеткіштері  ойдағыдай
болғанмен, бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған  кабельдік
желілермен оңай байланысады.
       Радиоторапты желілердің  негізгі  кемшілігі  –  олардағы  информация
тасымалдау  жылдамдығының  өте  төмен  деңгейде  болуы,   ол   10   Мбит/сек
мөлшерінен аса алмайды. Келешекте радиожелілер кеңінен қолданылады.
       Олардың объективті себебі:
               −  радиожеліні  іске  қосуға  кететін  қаражат  осы  тәрізді
кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
               − ескі мекемелерде қабырғаларын тесіп, кабель  жүргізу  оңай
емес;
               − радиожеліні  тарихи  бағалы  деп  есептелетін  мекемелерге
жүргізу ыңғайлы, өйткені  кабель  жүргізу  үшін  тарихи  ескерткішті  қорғау
орындарының келісімі керек;
               − кабель  жүргізуге  мүмкіндік  жоқ,  ал  жергілікті  желіні
кеңейту керек.
               Субъективті себептері:
          − кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, мысалы  жаңа  торап
қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.б.;
          − жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға  тиіс  жеке
пайдаланылатын ноутбуктерді қосу ыңғайлы;
           − жергілікті желілерді қолданылатын  бағдарламалық  жабдықтарына
қарай екіге бөлуге болады.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
1)  Әр  түрлі  топологиялар  арасындағы   мәліметтер   беру   жылдамдықтарын
бақылаңыз
2) Топологиялар арасында айырмашылықтарды айқындайтын кесте құрыңыз
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13

Тақырып №3. Кабельдер типтері мен кабельдер жүйесін жинақтау
Дәрістің  мақсаты:  Кабель  типтерімен   танысу   және   кабельдер   жүйесін
жинақтауды қарастыру
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   1. Web- парақтарды жасау жолдары
   2. Web- парақтарды жасау редакторлары
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
       Ақпаратты    беру    кезінде    кабельдің     түрлері     қолданады.
Оған:клоаксальды,   экрандалған   және   экрандалмаған   орам   жұбы    және
оптолокондық кабельдер  жиынтығы  жатады.  Мәліметтерді  жіберудегі  ең  жиі
қолданылатын  кабель  түрі,  яғни   кіші   қашықтыққа   (100   м-ге   дейін)
экрандалмаған кабельдер қолданылады. Оптолоконды  кабель  кең  ауқымды  және
локальдық  байланысты  құру  кезінде   кеңінен   қолданылып,   онымен   қоса
магистральдық  глобальды  жүйелерді  қалыптастыруға  пайдаланылады.   Кабель
жүретін  каналдарды  өткізу  қызметі  жағынан  жоғары  және  оларды  біршама
қашықтыққа тасымалдайды.
       Мәліметтерді тасымалдау ортасы  ретінде  есептелетін  жүйелерде  КВ,
УКВ,  СВЧ  сияқты  әр  түрлі  электромагнитті  толқындарды.  Бірақ  локальды
жүйелерде  радиобайланытар  кабельдерді  құру   мүмкін   емес   кезде   ғана
қолданлады. Мысалы:кез келген мекеме, ғимарат.
       Құрылымданған  кабельдық  жүйе  (Structured   Cabling   System-SCS)-
камутациондық элементтер жиынтығы (кабельдер, шкафтар т.б.),  сонымен  қатар
оларды ортақ қолданудың методикасы болып табылады.
       Құрылымданған кабельдық жүйенің артықшылығы:
       Универсалдығы. Локальдық есептік  жүелерде  алдын  ала  ойластырылып
қойылған
       құрылымданған  кабельдық  жүйе,  ондағы   компьютерлік  мәліметтерді
ортақ ортада локальдық жүйеде тарту.
       Қызмет  ету  уақытығының  ұзақтығы.  Жақсы  құрылымдалған  кабельдық
жүйенің ескіруі 8-10 жылдан тұруы мүмкін.
       Жаңа қолданушыларды  қосу  және  олардың  орналасу  орнының  өзгеруі
кезінде бағасының азаюы. Кабельдық жүйенің бағасы негізінен  оның  кабелінен
емес, оны орналастыру жұмысына байланысты анықталады.
       Жүенің  оңай  кеңейуінің  мүмкіндігі.Құрылымданған  кабельдық   жүйе
модульдық болып табылғандықтан оны жеңіл өсіруге болады.
       Ең жақсы қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.  Құрылымданған  кабельдық
жүйе қызмет етуді жеңілдететді және тұйықталуды іздейді
       Сенімділік. Құрылымданған кабельдық  жүйе  жоғарғы  сенімділік  бере
алады.
       Кабельдік жүйелер
       Негізінен кабельдың екі үлкен класын ерекшеленеді:
       Электрлік және оптикалдық, олар сигналдарды тасымалдау әдісі бойынша
ерекшелінеді.   Ресейді   оптоталшықты   кабельдермен   қамтамасыз    етуші-
Wohawk/CDT, Lucent Technologies және AMP.
       Кабельдердің типтері
       Қазіргі жаңа жүйелерде, бірнеше түрлі кабельдер типтері қолданылады.
Төменде  жиі  қолданылатын  кабельдер  типтері  көрсетіледі.  Ішкі   құрылым
бойынша жұпты орамды және коаксальдық кабельдер арқылы айыруға болдаы.
       «Жұпты орам» кабель типі көп  жүейелік  технологияларда,  оған  қоса
Internet, ARCNet IBM және Tokeng Ring қолданылады.
       Жұпты орамды кабельдер мынадай түрлерге  негізделеді:  экрандалмаған
(UTP-Unshielded Twisted Pair) және экрандалған  мыс  кабельдер.  Экрандалған
мыс кабельдер өз ішінде екіге бөлінеді: жекелей әр бір жұбы экрандалған(STP-
Shilded Twisted Pair) және бір ғана ортақ экраны  бар  (FTP-Foilded  Twisted
Pair). Экранның жоқтығы, экрандалмаған  кабельдерге  иілгіш  және  сынбайтын
қасиет  береді.  Экрандалмаған  кабельдер  офистер  ішінде   қолдануға   өте
қолайлы.
       1-кестеде     көрсетілген      категория      бойынша      кабельдер
классификацияланады. Олар максималды жиілігіне байланысты орналастырылған.
Кесте 1 Кабель классификациясы
|Категориясы               |Сигнал берілу жиілігі,    |
|                          |(МГц)                     |
|3                         |16                        |
|4                         |20                        |
|5                         |100                       |
|5+                        |300                       |
|6                         |200                       |
|7                         |600                       |


       Коаксальдық кабельдер
       Клоаксальдық  кабельдер  радио  және   теледидарлық   аппаратуралада
қолданылады. Коаксальды кабельдерді  10мбит/с  жылдамдықпен  ақпарат  тарата
алады.  Максималды  ара  қашықтық  185-500  метр.  Олар  жіңішке  және  жуан
кабельдерге оның қалындығы бойынша бөлінеді.
       2-кесте Коаксальды кабельдер типтері
|Типі             |Аты, кедергі мәні                                     |
|RG-8, RG-11      |Thiscnet, 50  Ом                                      |
|RG-58/U          |Thiscnet, 50  Ом, тұтасталған орталық мыстық          |
|                 |жетектегіш                                            |
|RG-58 A/U        |Thiscnet, 50  Ом, орталық көпорамды жетектегіш        |
|RG-59            |Browadband/Cable television                           |
|                 |(радио және кабельдық теледидарлар), 75 Ом            |
|RG-59/U          |Browadband/Cable television                           |
|                 |(радио және кабельдық теледидарлар), 50 Ом            |
|RG-62            |ARSNet, 93 Ом                                         |


       Оптоталшықты кабельдер
       Оптоталшықты  кабельдер  (Fiber  Optic  Cable)   мәліметтерді  үлкен
қашықтыққа  тарату  жылдамдығы  жоғары   екеніне   көз   жеткізуге   болады.
Оптоталшықты кабельдерде сигнал таратушы болып- жарық табылады. Осы  түрдегі
кабельдер бірнеше микроннан тұратын орталық,  шыны  арқаннан,  ол  толығымен
шынымен қапталған.
       Қата  жалғанып  қойса  өте  сезгіш   болып   келеді.    Оптоталшықты
кабельдерде  жарық  көзі  болып  жарық  диоды  (LED-Light  Emitting   Diode)
табылады.  Барлық  мәліметтер  жарықтың  интенсивті  өзгеруімен   кодталады.
Оптоталшықты кабельдердің негізінен  екі  түрі  бар.  Олар:  бірмодтық  және
көпмодтық. Бірмодтық кабельдер кішкене  диаметрге  ие  болады,  қымбат  баға
және ұзақ ара-қашықтыққа мәліеттер тасымалдай алады. Оларға арнай  коннектор
мен жоғарғы классификациалы орнатушылар қажет.
       Кабельсіз байланыстың технологиясы:
       Кедергілер мен жалпы бағасы үлкен әсер  етеді.  Осындай  байланыстың
негізгі үш түрін атап өтейік:
           ➢ Радиобайланыс
           ➢ Диапазон микротолқындары арқылы байланыс
           ➢ Инфрақызыл байланыс
       Радиобайланыс
       Мәліметтерді  таратуда  радио  жиілікте  тарату  технологиясы   және
тасымалдау қашықтығы шексіз болып келеді. Үлкен  географиялық  қашықтықтарға
локальдық жүйе арқылы байланыстыруға арналған. Олар үлкен бағаға ие  болады,
сонымен қатар электрондық және атмосфералық байланыстарды  түзеуде  сезімтал
болып келеді.
       Диапазон микротолқындары арқылы байланыс
       Диапазон  микротолқындары  арқылы  байланыс   (Microwaves)   жоғарғы
жиілікті талап етеді, қысқа  және  үлкен  қашықтықтарда  қатар  қолданылады.
Физикалық тасымалдау қолайсыз жерлерде қолданылады. Ал спутниктерді  қолдану
тиімді емес, өйткені бағасы өте үлкен болып келеді.
       Инфрақызыл байланыс
       Инфроқызыл технологиялары (Infrared transmission), үлкен жиіліктерде
жұмыс жасайды. Олар екіжақты  және  кең  ауқымды  жақын  ара-қашықтарда  жиі
қолданылады.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
        1) Кабельдер түрлерін атап өтіңіз
        2) Кабель  түрлері  арасында  айырмашылықтар  мен  артықшылықтардың
           кестесін құрыңыз
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13

Тақырып №4. Жүйеге қойылатын негізгі талаптар
Дәрістің мақсаты: Жүйеге қойылатын негізгі талаптармен танысу
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   3. Жүйеге қойылатын негізгі талаптар
   4. Жүйенің жөнделмейтін облыстарын басқару
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
       Жүйені құру және тасымалдау кезінде қойылатын негізгі талаптар:
 ✓ Шығарымдылық
 ✓ Сенімділігі және қауіпсіздігі
 ✓ Кеңейтілуі мен масштабталуы
 ✓ Көрінбейтіндігі
 ✓ Басқарылуы
 ✓ Бірігуі
                     Шығарымдылығы-жүйенің   сипатталуы   болып   табылады.
Мәліметтерді жіберуші жұмыс  станциясының  алушы  станцияға  қаншалықты  тез
баруын бағалауға мүмкіндік береді.
       Жүйенің шығарымдығына келесі жүйе сипаттамалары әсер етеді:
    ✓ Конфигурация;
    ✓ Мәліметті беру жылдамдығы;
    ✓ Анализді көру әдісі;
    ✓ Жүйе топологиясы;
    ✓ Технолгия;
       Сенімділігі   және   қауіпсіздіг:і   Есептеу   жүйелерінің   маңызды
факторларының  бірі  болып-сенімділік  табылады.  Үлкен  сенімділік   барлық
кедергілерге  жол  бермеуге  және  қысқа  тұйықтануды   болдырмауға   жағдай
жасайды.
       Тұрақсыздық-есептеу жүйелерінің қасиеті. Есепту жүйесіндегі машинаны
логикалық  машина  ретінде  қозғалыстың  тоқтамауына  жағдай  жасай  отырып,
бағдарламаның берілгенімен, жөнделмейтіндігінен кейін.   Сенімділік  ұғымына
тек  қана  аппараттық  жүйелер   кірмейді,   сонымен   қатар   бағдарламамен
қамтамасыз етеді.
       Қауіпсіздік- кез келген  арнайы  компьютерлік  жүйелер  шеше  алатын
басты жаттығулардың бірі. Қауіпсіздіктің проблемаларын әр-түрлі  жағдайларда
қарастыруға болады.  Мысалы:  мәліметтердің  дұрыс  жіберілмеуі,  ақпараттық
құпиялығы, қол сұғылмаушылығы, ұрланып кетуі.
       [pic]
                     Сурет 5 Қауіпсіздікті сақтау есебі
       Фирмадағы  бірнеше  автономды  жұмыс  істеп  тұрған   компьютерлерге
қарағанда, локальдық жүйеде мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау үнемі  жеңіл.
Резерфті көшірме (backup)-сіздің қол астыңызда  бар  құрал  болып  табылады.
Жеңіл болу үшін оны резерфтеу деп атаған дұрыс. Оның  негізгі  мақсаты:  кез
келген  қауіпсіз  жерде  барлық  көшірмелерін  сақтау  және  оларды  жиі-жиі
жаңартып отыруда. Жай компьютерлерде қауіпсіз ақпарат  тасушы  болып-дискета
табылады. Стриммерді де қолдануға болады.
                  Көрінбейтіндігі- қасиеті.
       Көрінбейтіндігі-бұл қасиеттің ерекшелігі,жүйеде  жұмыс істеп отырған
адам оны көре алмайтын қалпы.
       Көрінбейтін жүйе локальдық жүйелер арасындағы байланыста  улкен  ара
қашықтықта қолданылады.  Plug and play принципі қолданылады.
       Көрінбейтін  байланыс   кезінде   (end-to-end)   жойлған   локальдық
жүйелерде өткізгіштік қасиетке ие болады.
        Басқарымдылығы:
       ISO улкен көлемдегі көмек жасады. Жүені  басқару  басты  жүйе  болып
табылады. Оның өзі 5 концептуалды облыстардан тұрады.
    ❖ Эффектілі басқару
    ❖ Конфигурацияны басқару
    ❖ Ресурсты қолдану арқылы басқару
    ❖ Жүенің жөнделмейтін облыстарын басқару
    ❖ Ақпаратты қорғауды басқару
       Эффектілі басқару.
       Эффектілі басқарудың басты мақсаты-жоғарғы дәрежеде жүйеде  әр-түрлі
аспектілер арасында, өлшеуді және эффектілі басқаруды қамтамасыз ету.
       Оған мысал ретінде : жүйенің көрінбейтіндігі бола алады.
       Эффектілі басқару бірнеше этаптардан тұрады:
   1. Администраторлы жүйелерге эффектілі басқару тұралы мәліметтерді жинау;
   2. Анықталған жақсы дәрежеге анализ жасау;
   3. Мәліметтердің дұрыс таралуын басқару
       Конфигурацияны   басқару-   арнай   аппараттық   және   программалық
элементтерді жүйелік және системалық конфигурацияны дұрыс қадағалау. Әр  бір
орнатылған жүйелік  құрылғылар  әр-түрлі  ақпараттармен  жабдықталған  болып
келеді. Олардың ішінде арнайы кілттерді іздейтін мүмкіндігі  бар,  олар  кез
келген жерде проблемалар пайда болған кезде,  сол  проблемаларды  шешу  үшін
арналған.
          Ресурсты қолдану арқылы басқару
          Ресурсты  қолдану  арқылы  басқарудың   негізгі   мақсаты-   Жүені
   пайдалану параметрін өлшеу.Ол  жүйедегі  проблемаларды  азайтадыжәне  оны
   максималды пайдалануына жағдай жасайды.
          Жйүенің жөнделмейтін облыстарын басқару
          Жүенің   жөнделмейтін   облыстарын   басқарудың    мақсаты-Жүйенің
   эффектілі жұмыс  жасау  үшін,  жүйеде  болып  жатқан  проблемалар  туралы
   қолданушыларға хабарлау, ол проблемаларды тауып, (мүмкін болған жағдайда)
   алып шығу үшін арналған.
          Жүенің жөнделмейтін облыстарын басқару бірнеше қадамдардан тұрады:
     1. Проблемалардың алғашқы белгілерін анықтау;
     2. оларға изоляция жасау;
     3. кедергілерді жою;
     4. керекті жүйелердегікедергіледі анықтаужәне тексеру;
     5. табылған кедергіледі регистрациялау және оларды шешу.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
        1) Жүйеге қойылатын негізгі талаптарды атап өтіңіз?
        2) Қойылатын талаптар қатарына мысалдар келтірңіз?
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13

Тақырып №5. Желілердің архитектурасы
Дәрістің мақсаты: Желілер архитектурасымен танысу
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   1. Желі архитектурасы ұғымымен танысу
   2. Желі архитектурасының түрлерін қарастыру
   3. Желіні таңдау принйиптерімен танысу
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
       Желі архитектурасы  желі  элементтерін  анықтайды  және  оның  жалпы
логикалық  ұйымдастырылуын,  техникалық  бағдарламалық   жабдықталуын   және
кодтаудың әдісін  сипаттайды.  Архитектура  функционалдану  принциптері  мен
қолданушы интерфейсін анықтайды.
       Архитектураның 3 түрі:
    • терминал архитектура – бас компьютер;
    • біррангілі архитектура;
    • клиент-сервер архитектурасы.
       Терминал архитектурасы – бас компьютер
       Терминал архитектурасы – бас компьютер  (terminal  –  host  computer
architecture) – бұл мәліметтерді өңдеудің барлық үрдістері  бір  компьютерде
немесе  басты  компьютерлер   тобында   жүзеге   асатын   ақпараттық    желі
концепциясы.
       Архитектура 2 типті құрылғыларды қарастырады:
       Бас компьютер, мұнда желіні басқару, мәліметтерді сақтау және  өңдеу
функциялары атқарылады .
       Терминалдар,  мұнда  сеанстарды   ұйымдастыру   және   тапсырмаларды
орындау,  тапсырманың  орындалу  нәтижесіне  қажетті   мәліметтерді   енгізу
командаларын басты компьютерге жеткізу функцияларын атқарады.
       Басты   компьютер   мәліметтерді   беру   мультиплексорлары   арқылы
терминалмен өзара байланысады.
       Басты компьютер архитектуралы  желінің  классикалық  мысалы  ретінде
жүйелі желілік архитектураны келтіруге болады (System  Network  Architecture
- SNA).
       Біррангілі архитектура
       Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл ресурстары
барлық жүйелерде тең дәрежеде орналасқан ақпараттық желі концепциясы.
       Біррангілі желілер қатарына кез келген жұмыс станциясы  бір  уақытта
файлдық сервердің де және жұмыс  стациясының  да  қызметін  атқаратын  шағын
желілерді жатқызуға болады. Біррангілі жергілікті  есептеуіш  желілерде  кез
келген компьютердің дискілік кеңістігі мен файлдары  ортақ  қойылуы  мүмкін.
Ресурс жалпы болуы үшін оны желілік біррангілі операциялық жүйенің  қашықтан
қатынау қызметін қолдана отырып жалпы қолданысқа  беру  қажет.  Мәліметтерді
қорғауды  орнатуға  байланысты   файлдың   құрылуы   сәтінен   кейін   басқа
қолданушылардың қалай қол жеткізетіндігі анықталады.  Біррангілі  жергілікті
есептеуіш желі шағын жұмыс топтарына тиімді болып есептеледі.
       [pic]


            Сурет 6 Біррангілі архитектура
       Біррангілі жергілікті есептеуіш желіні  орнату өте жеңіл және  арзан
желі  типі  болып  келеді.  Олар  компьютерде  желілік  карта  мен   желілік
тасымалдаушыдан  басқа  тек  Windows  98  немесе  Windows   for   Workgroups
операциялық жүйесін ғана  талап  етеді.  Компьютерлерді  бір  біріне  қосқан
кезде қолданушылар ресурстар мен ақпараттарды ортақ қолдануға бере алады.
       Біррангілі желінің артықшылықтары:
    ✓ оларды орнату және баптау оңай болып есептеледі;
    ✓ жекеленген дербес компьютерлер белгіленген серверге тәуелді емес;
    ✓ қолданушылар өз ресурстарын өздері басқара алады;
    ✓ арзандығы және пайдалану оңайлығы;
    ✓ азғана құрылғылар мен бағдарламалық жабдықтарда қажет етеді;
    ✓ тіркеушінің қажетсіздігі;
    ✓ қолданушылар саны оннан аспайтын желілер үшін өте тиімді.
       Біррангілі архитектураның проблемасы  компьютерлердің  желіден  өшіп
қалу жағдайы болып табылады. Бұл жағдайда желіден ұсынылған сервис  түрі  де
жойылады. Желі қауіпсіздігін бір уақытта тек  бір  ресурсқа  ғана  қолдануға
болады және де қанша желілік ресурс болса да сонша парольді қолданушы  есіне
сақтауы  керек.  Ажыратылған  ресурсқа  қатынау  мүмкіндігін   алған   кезде
компьютер өнімділігінің төмендеуі байқалады.  Біррангілі  желінің  кемшілігі
орталықтанған тіркеудің жоқтығы болып табылады..
       Желіде біррангілі архитектураны  қолдану  кезінде   терминал  немесе
«клиент-сервер» архитектураларын да қолдануға тыйым салынбайды.
       Клиент-сервер архитектурасы
       Клиент-сервер  архитектурасы  –  бұл   ресурстардың   басым   бөлігі
клиенттерге  қызмет  көрсететін  серверлерге  негізделген  ақпараттық   желі
концепциясы.
       Қарастырылып отырған архитектура 2 компонент  типтерін  қарастырады:
серверлер және клиенттер.
       Сервер – сұраныстары  бойынша  желінің  басқа  объектілеріне  қызмет
көрсетуші объект.
























                     Сурет 7 Клиент-сервер архитектурасы


       Сервер клиенттердің тапсырмалары  бойынша  жұмыс  істейді  және  сол
тапсырмалардың  орындалуын  басқарады.  Әрбір   тапсырмадан   кейін   сервер
тапсырма берген клиентке алынған нәтижені береді.
       Клиент-сервер архитектурасындағы қызмет көрсету функциясы  әр  түрлі
қолданбалы  операцияларды  атқаратын  қолданбалы   бағдарламалар   кешенімен
сипатталады.


       Клиент  –нақты  операцияның  көмегімен  қызмет  көрсету   функциясын
шақыратын үрдіс. Клиент болып  бағдарлама  немесе  қолданушы  болуы  мумкін.
Клиенттер – қолайлы  қолданушы  интерфейсін  беретін  және  сервер  ресурсын
қолданатын  жұмыс  станциясы.  Қолданушы  интерфейсі  қолданушының   жүйемен
немесе желімен  өзара әрекеттерінің процедуралары.
       Клиент бастаушы қызметін атқарады және электронды пошта немесе басқа
сервер қызметтерін қолданады.  Бұл  үрдісте  клиент  қызмет  түріне  сұраныс
береді және сеансты орнатып өзіне керекті нәтижелер  мен  жұмыстың  аяқталуы
жайлы хабар береді.
       [pic]
                        Сурет 8 Клиент-сервер моделі
       Ерекшеленген  файлдық  серверлі  желілердің  белгіленген   автономды
дербес компьютерінде  серверлі  желілік  операциялық  жүйе  орнатылады.  Осы
дербес  компьютер  сервер  болып  табылады.  Жұмыс  станциясында  орнатылған
бағдарламалық жабдық сервермен ақпарат алмасуға  мүмкіндік  береді.  Ең  көп
таралған желілік операциялық жүйелер:
    ✓ Novel фирмасы шығарған NetWare операциялық жүйесі;
    ✓ Microsoft фирмасы шығарған Windows NT операциялық жүйесі;
    ✓ AT&T фирмасы шығарған UNIХ операциялық жүйесі;
    ✓ Linux операциялық жүйесі.
       Желілік  операциялық  жүйеден  басқа  желі  ұсынатын  ерекшеліктерді
жүзеге  асыратын  желілік  қолданбалы   бағдарламалар   да   қажет.   Сервер
негізіндегі желілер  ең  жоғарғы  характеристикада  болады  және  сенімділік
дәрежесі де жоғары. Сервер жұмыс станциялары  қолданатын  маңызды  ресурстар
қоры болып табылады.
       Казіргі кездегі клиент –  серверлік  архитектурада  объектілердің  4
тобы  қарастырылады:   клиенттер,   серверлер,   мәліметтер   және   желілік
қызметтер.   Клиенттер   қолданушылардың    жұмыс    орындарындағы    жүйеде
орналасады.
       Мәліметтер негізінен серверде сақталады. Желілік қызметтер серверлер
және  мәліметтермен   ортақ.  Сонымен  қатар  қызметтер  мәліметтерді  өңдеу
процедураларын басқарады.
       Клиент – сервер архитектурасының артықшылығы:
    ✓ Көп жұмыс станциялы желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді;
    ✓ Желілік  тіркелуді  жеңілдететін  қолданушылардың  тіркеу  жазбаларын,
      қауіпсіздігін және қатынау мүмкіндігін басқаруды қамтамасыз етеді;
    ✓ Желілік ресурстарға тиімді қатынау мүмкіндігін береді;
    ✓ Қолданушыға желіге кіру арқылы барлық  ресурстарға  қатынау  үшін  бір
      ғана пароль керек.
      Желі артықшылығымен қатар клиент  –  серверлі  архитектураның  өзіндік
кемшіліктеріде бар:
    ✓ Сервердің істен  шығуы  нәтижесінде  желінің  жұмыс  істеу  мүмкідігін
      шектей отыра желілік ресустарды жоғалтуға әкеп соғады;
    ✓ Тіркеу үрдісін жүргізу үшін кәсіби маманды талап етеді;
    ✓ Желі мен желілік құрылғылардың бағасының жоғарлығы.
       Желі архитектурсын таңдау
       Желі архитектурасын таңдау желінің ұсынысына,  жұмыс  станцияларының
санына және оларда орындалатын әрекеттерге де байланысты болады.
       Біррангілі архитектураны келесідей жағдайларда таңдаған жөн:
    • Қолданушылар саны оннан аспаса;
    • Барлық машиналар өзара жақын орналасса;
    • Қаражат мүмкіншілігі аз көлемде болса;
    •  Мәліметтер  қоры  сервері,  факс-сервер  немесе   басқа   да   арнайы
      серверлерге деген қажеттілік болмаса;
    • Орталықтанған тіркелуге деген қажеттілік болмаса.
       Клиент-серверлі архитектураны келесідей жағдайларда таңдаған жөн:
    • Қолданушылар саны оннан асса;
    • Орталықтанған басқару, қауіпсіздік, ресурстарды басқару және  резервті
      көшіру қажет болса;
    • Арнайы сервер қажет болса;
    • Глобальді желіге қатынау қажет болса;
    • Ресурстарды қолданушылар деңгейінде бөлу қажет болса.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
   1. Желі архитектурасы түрлерін атаңыз
   2.  Архитектура  түрлерінің  арасындағы  артықшылықтар  мен   кемшіліктер
      арасында талдау жасаңыз
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,13


                  2-Модуль.  osi модельдері және хаттамалар

Глоссарий
IP (Internet Protocol- Internet хаттама) – TCP/IP хаттама стегі ақпарат
маршруты мен адресті ақпаратты қамсыздандырады
FTP (File Transfer Protocol) - файлдарды жіберу хаттамасы
Telnet - жойылған терминалмен жұмыс
SMTP (Sumple Mail Transfer  Protocol)  -  пошталық  айырбастаудың  қарапайым
хаттамасы
CMIP (Common Managment Information Protocol) -  ақпаратты  басқарудың  жалпы
жалпы хаттамасы
SLIP (SerialLineIP) -  тізбектелген  желі  үшін  IP  мәліметтерді  символдық
түрде жіберу хаттамасы
SNMP (Simple Network Management Protocol)  -  желілік  басқарудың  қарапайым
хаттамасы
FTAM (File Transfer Acces and Managment) - жіберудің, рұқсаттың және
файлмен басқарудың хаттамасы

Тақырып №6. OSI модельдері
Дәрістің мақсаты:  OSI  модельдері  ұғымымен  таныс  болу  және  деңгейлерін
қарастыру
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:
   1. Интернеттегі бағдарламалау тілдерінің топтары
   2. Интернеттегі   бағдарламалау тілдеріне сипаттама беру


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистері).
       OSI стандарты бойынша халықаралық ұйымдар  желіде  берілген  бірегей
көріністер үшін бірдей емес құралдар мен бағдарламаны  қамсыздандырудың  OSI
жүйесінің ашық байланыс моделін өңдеп  шығарды.  Бұл  модель  түрлі  желілік
ортадағы байланыс сеансының ұйымдасуында мәліметтерді беру  процедурасы  мен
ережесін сипаттайды. Модельдің негізгі элементтері болып деңгей,  қолданбалы
үрдістер және физикалық байланыс құралдары табылады. 2.1  суретінде  базалық
модельінің құрылымы көрсетілген. OSI моделінің  әрбір  деңгейі  желі  арқылы
мәліметтер беру процесінде нақты есептер  орындайды.  Желілік  протоколдарды
жасауына негізгі модель болып табылады.
       [pic]
                    Сурет 9 OSI  модельдерінің деңгейлері
       OSI  моделі  соңғы  қолданушылар  қолданбасына  жетпей,  құралдардың
жүйелік қарым-қатынасын ғана сипаттайды. Желілік  құралдарға  қарай  отырып,
қолданбалар  қарым-қатынастың  өзінің  меншік  хаттамаларын  жасайды.   Егер
қолданба OSI моделінің  жоғарғы  деңгейлерінің  кейбір  функцияларын  алатын
болса онда  мәліметтермен  алмасу  үшін  OSI  моделінің  төменгі  деңгейінде
қалған функцияларды орындайтын желілік құралдарға тікелей қарайды.
       OSI модел деңгейлерінің байланыс қарым-қатынасы
       OSI моделін 9 суреттегідей екі модельге бөлуге болады:
       Программалар мен кез келген машиналардағы процесстер қарым қатынасын
қамсыздандыру хаттама базасындағы горизонталь модель
       Қызмет  негізіндегі  вертикальды  үлгіні  бір  машинадағы   көршілес
деңгейлерді қамсыздандыру.
       [pic]
  Сурет 10 OSI моделіндегі эталонды базасындағы компьютер арасындағы қарым
                                   қатынас
       Жіберуші компьютердің әр қайсысы алушы компьютердің  деңгейі  сияқты
деңгейде жұмыс істейді. Бұл байланыстар  логикалық  немесе  шынайы  байланыс
деп аталады.
       Жіберуші  компьютердегі  ақпарат  әрбір  деңгейден  өтуі  қажет.  ол
физикалық ортадан отіп алушы компьютерде алғашқы деңгейіне дейін барады.
       Көлденең модельде  екі  программаға  да  ақпаратты  алмасуына  ортақ
хаттама керек. Тік модельде ақпаратты көршілес деңгейлерде амасу  қолданбалы
интерфейсті API программасы арқылы жүзеге асады.
       Желіге берілмес бұрын ақпарат  пакеттерге  бөлінеді.  Пакет  –  желі
станциялары арасында берілетін ақпараттар бірлегі. Мәліметті жіберген  кезде
ол барлық деңгейден өтеді.
       Алушы компьютерде пакет кері тәртіп  бойынша  екі  деңгейден  өтеді.
Пакет  Қолданба  деңгейіне  жеткенде  барлық  деңгейлік   ақпарат   пакеттен
жойылады,  ақпарат  алғашқы  түріне  келеді.  әрбір  деңгей  өз   функциясын
орындайды.
       OSI моделінің әрбір деңгейі өз функциясын орындайды. Мысалы: бірінші
деңгей ASCIIден EBCDICге  ауысуына  жауап  береді  және  де  осыған  қажетті
программалардан тұрады.
       Әр түрлі өндіруші бір желідегі  системаының  ашық  қарым  қатынасына
арналған сервисті  қамсыздандырады.  Сондықтан  ол  соларға  координалданған
қимылдар жасайды:
       Қолданбалы процестер қарым қатынасы;
       Ақпаратты көрсету формалары;
       Ақпаратты сақтау бірегейлігі;
       Желілік ресустарды басқарады;
       Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі;
       Техникалық құралдар және программа диагностикасы.
       Қолданбалы деңгей (Application layer)
       Қолданбалы  деңгей  қолданбалы  үрдіске  өзара  әрекеттесу  аймағына
қолайлы  амалды  қамтамасыз  етеді  және  жоғарғы  деңгей  болып   табылады,
негізінде қолданбалы деңгей - әртүрлі хаттамалар  жиынтығы,  оның  көмегімен
желіні  қолданушылар  бөлшектелетіе  ресуртарға  рұқсат  алады,  ол  мынадай
файлдар, принтерлер және гипермәтіндәк Web – парақтар, сонымен қатар  өздері
бірге жұмысын  ұйымдастырады,  мысалы:  электрондық  почта  [30]  хаттаманың
көмегімен  қолданбалы  сервистің  негізгі  элементтері  тұрақты   қолданбалы
бағдарламаларға  сервисті  қамтамасыздандырады,  ол  мынадай   бағдарламалар
файлдарға сілтеме және терминалдық эмуляциялары.  Егер  мысалы  бағдарламаға
файлдарды қайта жіберу керек болса, онда  міндетті  түрде  жіберу  хаттамасы
және  FTAM  (File  Transfer,  Acces  and   Managment)   файлдармен   басқару
қолданылады. OSI моделінде, мысалы (компьютерде  мәліметтер  қорын  жаңарту)
қолданбалы  бағдарлама  қолданбалы   деңгейге   диаграммаа   түрінде   нақты
мәліметтерді  жібереді.  Бұл  деңгейдің  негізгі  бір  есептерінің  бірі   –
қолданбалы  бағдарламаға  сұранысты  қалай  орындау  керек,   басқа   сөзбен
айтқанда, берілген сұроаныс қандай түрді анықтау керек.
       Қолданбалы деңгей келесі функцияларды атқарады:
       Қолданбалы  үрдістің  формасы  мен  әдістерінің  өзара  әрекеттесуін
суреттеу
   1. Әр түрлі жұмыстарды орындау
       Файлдарды жіберу;
       Есептерді басқару;
       Жүйені басқару;
   2.   Қолданушының   паролі,   адресі,   электрондық   қолтаңбасы   арқылы
      идентификация.
   3. Функционалданған абоненттерді анықтау және жаңа қолданбалы  үрдістерге
      жету мүмкіндігі.
   4. Бар ресурстың жеткіліктігін анықтау.
   5. Басқа қолданбалы үрдістермен біріктіруге арналған сұраныс ұйымдары.
   6. Ақпаратты суреттеуде қажетті әдістерге арналған сайланатын деңгейдерге
      арыздарды жіберу.
   7. Жоспарланған диалог үрдістерірің процедураларын таңдау.
   8.  Қолданбалы  үрдістермен  ауысатын  және  қолданбалы  үрдістің   өзара
      әрекеттесу синхронизациясы арқылы мәліметтерді басқару.
   9. Қызмет ету сапасын анықтау.
  10. Қателерді жөндеу келісімі және мәліметтерді анықтаунақтылығы.
  11. Синтаксиске жапсырылған шектеу келісімі.
       Көрсетілген  функциялар  сервис  түрін  анықтайды,   сонымен   қатар
қолданбалы деңгей қолданбалы үрдістерге физикалық еркін, каналдық,  желілік,
транспорттық,сеанстық және өкілеттік деңгейге сервисті жібереді.
       Жоғарғы үш деңгейдің кеңейтілген хаттамаларына келесілер жатады:
      ➢ FTP (File Transfer Protocol) файлдарды жіберу хаттамасы
      ➢ TFTP (Trivial File Transfer Protocol) қарапайым хаттама
      ➢ X.400 электрондық пошта
      ➢ Telnet жойылған терминалмен жұмыс
      ➢  SMTP  (Sumple  Mail  Transfer  Protocol)  пошталық   айырбастаудың
        қарапайым хаттамасы
      ➢ CMIP (Common Managment Information Protocol)  ақпаратты  басқарудың
        жалпы жалпы хаттамасы
      ➢  SLIP  (SerialLineIP)  тізбектелген  желі  үшін   IP   мәліметтерді
        символдық түрде жіберу хаттамасы
      ➢  SNMP  (Simple  Network  Management  Protocol)  желілік  басқарудың
        қарапайым хаттамасы
      ➢ FTAM (File Transfer Acces and Managment) жіберудің, рұқсаттың  және
        файлмен басқарудың хаттамасы.
       Мәліметтердің қөрсетілу деңгейі (Presentation layer)
       Мәліметтердің   қөрсетілу   деңгейі   немесе   өкілеттілік    деңгей
мәліметтердің  қажетті  формада  қолданбалы   үрдістің   өзара   жіберілетін
ақпараттың басқа желідегі қолданбалы деңгейге  анықтығын  қамтамасыз  етеді.
Жалпы  мәліметтерді  көрсету  негізіне  мәліметтердің  барлық  модельдерінің
деңгейіне ASN.1 желісі салынған.  Бұл  желі  файлдың  құрылымын  суреттеуге,
сонымен қатар мәліметтерді шифрлеу мәселесін  шешуге  қызмет  етеді.  Мұндай
хаттама  мысалына  Secure  Socket  Layer  (SSL)  хаттамасы  жатады,   TCP/IP
стегініңғ қолданбалы деңгей  хаттамасына  хабарламаның  құпиялы  алмастыруын
қамтамасыз етеді.  Бұл  деғгей  қолданбалы  деңгей  мәліметтерінің  (кодтау,
компрессия  және  т.б.)  транспорттық  деңгей  ақпарат   ағымына   өзгерісін
қамтамасыз етеді.
       Өкілеттілік деңгей келесі негізгі функцияларды орындайды:
        1.  Қолданбалы  үрдістің  өзара  әрекеттесу   сеанстарын   орнатуға
           арналған сеанстарын орнатуға арналған сұраныстар генерацисы
        2. Қолданбалы үрдістің арасындағы мәліметтердің көрсетілу үйлесімі
        3. Мәліметтердің көрсетілім формасының реализациясы
        4. Графикалық материалдың көрсетілімі (сызба, сурет, нобай)
        5. Мәліметтердің жасырынылуы (құпиялылығы)
        6. Сеанстарды тоқтатуға сұраныстарды жіберу
       Сеанстық днңгей
       (Session Layer)
       Сеанстық днңгей – қолданушы арасындағы  немесе  қолданушы  деңгейдің
сеансын жүргізу процедурасын анықтайтын деңгей. Сеанстық днңгей
       Диалогтық  басқаруды  қазіргі  уақытта  қай  жақ   белсенді   екенін
фиксирлеуін  қамтамасыз  етеді.  Соңғылары   ұзақ   жіберілімдерге   бақылау
нүктелерін қоюға мүмкіндік  береді,  қабылдамаған  жағдайда  артқа  барлығын
басынан бастамас үшін соңғы бақылау нүктесіне қайтуға болады.
       Практикада сеанстық деңнейді аздаған қосымшалар  қолданады  және  ол
сирек іске асады. Сеанстық деңгей қолданбалы үрдістің  арасындағы  ақпаратты
жіберуін басқарады, әдістерді үйлестіреді.
       Транспорттық деңгей
       Транспорттық деңгей коммуникативті желі арқылы  пакеттерді  жіберуге
арналған. Транспорттық деңгейде пакеттер блоктарға бөлінеді.
       Транспорттық деңгей функциясына:
           1. Желі  арқылы  жіберуді  басқару  және  мәліметтер  блоктардың
              бүтіндігін қамтамасыз ету.
           2. Қателерді табу, жөнделмеген қателер туралы хабарлама
           3. Мәліметтер блоктарының бөлінуі
           4. Жіберілімдерді тұрақтау
       Транспорттық деңгей кеңейтілген хаттамалары:
                  ➢ TCP  (Transmission  Control  Protocol)  TCP/IP  стегінің
                    жіберу хаттамсын басқару
                  ➢  UDP  (User  Datagram  Protocol)  стегінің  диаграммасын
                    қолданбалық хаттамасы
                  ➢ NCP (Netware Core Protocol) желінің базалық хаттамасы
                  ➢   SPN   (Sequendced   Packet   exchange)   Novell   стек
                    пакеттерінің тізбектелген ауысымы
                  ➢ TP4 (Transmission Protocol) 4 кластың жіберу хаттамасы
       Желілік деңгей (Network Layer)
       Желілік  деңгей   коммуникативті   желі   арқылы   абоненттік   және
административтік желіні қосатын каналда(арықты) орнатуын қамтаимасыз етеді.
       Желілік деңгей келесі функцияларды атқарады:
                    1. Желілік қосуды және оның порттарының идентификациясын
                       құру
                    2.  желі  арқылы   жіберілген   кездегі   коммуникативті
                       туындайтын қателерді жөндеу және табу
                    3. Пакеттерді тізбектеу ұйымдары
                    4. Пакеттердің бірігуі
       Каналдық деңгей (Data Link)
       Каналдық  деңгейдегі  ақпараттың  бірлігі  кадрлар   (Frame)   болып
табылады.
       Кадрлар – логикалық ұйымдасқан  құрылым.  Каналдық  деңгейдің  есебі
желілік деңгейдің кадрларын физикалық деңгейге жіберу.
       Каналдық деңгей  келесі функцияларды орындайды:
                       1.   Каналдық   қосылудың   ұйымдарының   және   оның
                          порттарының идентификациясы
                       2. Ұйымдастыру мен  кадрларды жіберу
                       3. Қателерді табу және жөндеу
       Физикалық деңгей (Physical layer)
        Физикалық біріктіру шаралары физикалық ортаның жиынтығы, аппараттық
және бағдарламалық жиынтықтар, желі аралық сигналдың  жіберуін   қаматамасыз
етеді. Физикалық орта бұл материалдық субстанция, сигналдарды жіберу  арқылы
іске асады. Физикалық деңгей келесідей функцияларды орныдайды:
   1. Физикалық біріктірулерді орнату және айыру
   2. Тізбектелген кодта сигналдарды жіберу және қабылдау
   3. Қажет кезде каналды таңдау
       Каналдардың илентификациясы
       Желіге тәуелді хаттамалар
       OSI моделінің барлық  деңгейінің  функциялары  екі  топтың  біреуіне
жатады. Нақты техникалық желінің  өткізуі  функциясына  немесе  қосымша  мен
бағытталған жұмыс функциясына.
Өзін-өзі тексеру тапсырмалары:
 1) OSI модельдері деңгейлерін атаңыз
 2) Деңгейлер арасындағы қарым-қатынасты көрсетіңіз
Әдебиеттер тізімі: 1,2,3,5,6,10,13



       -----------------------
                             Ақпараттық желі №1

Ақпараттық система № 1

Ақпараттық система № n




                             Ақпараттық желі №2

Ақпараттық система № 1

Ақпараттық система № n

Коммуникациялық желі

                          Концентратор (коммутатор)



                                 Терминатор

                                 Терминатор

                  Мәліметтердің қауіпсіздік архитектурасы.

                         Мәліметтердің қауіпсіздігі

                             Резервті көшірмесі

                             Қол сұғылмаушылығы

                             Абоненттерді тіркеу

                                Криптография

                                Идентификация

                                 Қолданбалы

Қолданбалы процесстер

                              А ақпараттық жүйе

                              В ақпараттық жүйе

                              С ақпараттық жүйе

                              D ақпараттық жүйе

                              E ақпараттық жүйе

                            Коммуникациялық желі

                                   Сервер

                            Коммуникациялық желі

                           Жұмыс станциясы (клиент

                          Жұмыс станциясы (клиент)

                          Қолданбалы қызмет көрсету

Басып шығару қызметі

Файлдар сервері

Желілік қызмет

Дисктер сервері

Қауіпсіздік қызметі

сервер

Клиенттер

                                 Ұсынушылық

                                  Сеанстық

                                Транспорттық

                                   Желілік

                                  Каналдық

                                  Физикалық

                       Физикалық байланыстар құралдары

Қолданушылар

Қолданушылар интерфейсі

Қолданбалы интерфейсі

Ашық жүйелердің қарым қатынас облысы

Деңгейлері:

1

2

3

4

5

6

7


Қолданбалы

Өкілеттік

Сеанстық

Транспорттық

Желілік

Каналдық

Физикалық

Қолданбалы

Өкілеттік


Сеанстық


Транспорттық


Желілік


Каналдық


Қолданбалы

                               Физикалық орта

Шынайы байланыс

Жіберуші компьютер

Алушы компьютер




Пәндер