Файл қосу

Биотикалык факторлар



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМК құжаты   |ПОӘК                    |ПОӘК 042-16-13.1.04     |
|                        |                        |/01-2013                |
|«Биогеография» пәнінің  |                        |                        |
|оқу-әдістемелік         |№ 2 басылым             |                        |
|материалдары            |10.01.2013 ж.           |                        |












                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                               «Биогеография»

                    5В011600 – «География» мамандығы үшін

                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


















                                    Семей
                                    2013

                                   Мазмұны

|1    |Глоссарий                                             |            |
|2    |Дәрістер                                              |            |
|3    |Практикалық сабақтар                                  |            |
|4    |Студенттердің өздік жұмыстары                         |            |







































                                1. Глоссарий
Адаптация – ағзаның құрылымы мен функциялардың орта жағдайларына бейімделу
Азоналдық  –  территоряның  зоналық  ерекшеліктерімен   байланыссыз   табиғи
құбылыстың таралуы
Антропогендік  ауыртпашылық  –  қоғамның,  оның  практикалық  іс  әрекетінің
табиғи ортаға жалпы немесе оның құрауыштарына және  олардың  қасиеттеріне  (
ландшафттар,  рельеф,  топырақ,  экожүйелер,  биота,  т.б.)  тікелей  немесе
жанама әсерінің дәрежесі
 Абиотикалық  факторлар – тір ағзаларға тікелей немесе  жанама  әсер  ететін
өлі табиғаттың барлық қасиеттері
Автотрофтар – көрек көзі ретінде  бейорганикалық  қосылыстарды  пайдаланатын
ағзалар
Антропоген  дәуірі  –  жердің  геологиялық  тарихының  қазіргі  өтіп  жатқан
кезеңі.Бұдан 1 млн жыл бұрын басталған.
Антропогендік ластану – адам іс-әрекеті  нәтижесінде  ластаушы  заттектердің
шығаруы  мен байланысты; өзінің масштабтары бойынша  табиғи  ластанудан  көп
жоғары
Антропогендік   факторлар   –   қоғамның   іс   әрекетшілігінің   формалары,
нәтижесінде табиғаттың басқа түрлер  мекендеу  ортаның  өзгерісіне  тигізеді
немесе тікелей олардың тіршілігіне әсер етеді
Антропогенді факторлар – адамның іс әрекетінен туындайтын  табиғатта  өтетін
прцестердің қозғаушы күштері
Антропогенез  –  адамның  іс-әрекетінің   ықпалынан   табиғи   объектілердің
өздігінен даму немесе өзгеріс ке ұшырау процесі
Ареал – популяцияның мекендеу орны
Атмосфера –  биосфераның  жоғарғы  қабаты,  Жер  шарының  әртүрлі  газдардың
қоспасынан, сулы булардан, шаңнан тұратын газды қабатшасы
Бентос – су қойманың түпті ылай шөгінділерде мекендейтін  және  жай  түбінде
тынығатын, түбіне бекітілген жануарлар
Биогеоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың  қауымдастықтарын
құрайтын, кеңістіктін белгілі бір бөлігін алатын, ұрпақтардың ауысу  кезінде
тұрақты түрде жаңартылуға қабілетті және заттектердің айналымы  арқылы  ұзақ
тіршілік ететін қүрделі жүйе.
Биокосты зат -  «биосферада бір уақытта тірі ағзалар  және  косты  процестер
мен түзіледі, олардың динамикалық тепетендігінің жүйелері  болып  табылады»;
ағзалар биокосты затта жетекші роль атқарады
Биологиялық өнім   -  биогеоценоздардың  құрамына  кіретін  микроағзалардың,
өсімдіктердің, жануарлардың биомассасынын молықтыру
Биосфера – (грек. bios - тіршілік, sphaira  –  шар,  сфера)  –  «тіршіліктің
аймағы», тірі ағзалар мекендейтін Жер шарының бетіндегі кеністік
Биосфера - Жер шарының қабатшасы, тірі ағзалар  оның  қалыптасуында  негізгі
ролль атқарады
Биосфеалық  қорық  –  мемлекеттік  табиғи   қорықтардың   қатарына   кіреді,
биосфералық процестерді зерттегенде фондық  қорық-эталон  объектісі  ретінде
пайдаланады
Биотикалық факторлар (тірі табиғаттың факторлары)  —  тірі  ағзалардың  бір-
біріне әсет етудің формалары
Биотикалық  факторлар  –  тірі  ағзалардың  бір  біріне,  өсімдіктердің  бір
біріне, жануарлар  және  өсімдіктердің,  микроағзалардың  өсімдіктерге  және
жануарлар әлеміне тікелей немесе жанама әсер етудің факторлары
Биотоп  –  биоценоздың  тірішілігінің  орны,  сол  немесе   басқа   биоценоз
мекендейтін азды-көпті ұқсас жағдайлары мен кеңістік
Биоценоз – микроағзалардың, өсімдіктердің, жануарлардың қауымдастығы
Бонитет – табиғи ресурстарды тиімды  пайдалану  мақсатында  олардың  сапасын
салыстырмалы бағалау үшін қолданатын балл, шартты көрсеткіш
Ботаникалық  қорықша   -  өсімдік  жамылғысын,   типтік   уникалды   өсімдік
қауымдастықтарын,  емдік  өсімдіктердің  массалық  өсу  орындарын,  флораның
ерекше қорғалатын, сирек кездесетін  және  жойылуға  жақын  тұрған  түрлерді
сақтау немесе қайта қалпына келтіру мақсатында ұйымдастырылған қорықша
Гаузе ережесі – бір экологиялық құыста жануарлардың екі  түрі  тіршілік  ете
алмайды
Гидросфера – Жер шарының су қабатшасы
Географиялық  зона,  Ландшафты  зона,  Табиғи  зона  –  Жердің  географиялық
қабатшасының  және  физико-географиялық  аудандастырудың  зоналық   кеңістік
дифференциациясының негізгі бірлігі,  географиялық  белдемдердің  шеңберінде
жекеленетін   және   жылу   мен   атмосфералық   ылғалданудың    шарттарының
ұқсастығымен сипатталады
Геоақпарат  –  геожүйелер  немесе  олардың  элементтері,  сондай-ақ  олардың
арасындағы  бар  болатын  қатынастар  мен  тәуелділіктер  туралы   кеңістік-
байланыстырылған мәліметтер мен білімдердің жиынтығы
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) –  автоматизирленген  жоғарытехнологиялық
ақпаратты-бағдарламалық  жүйе,  геоақпараттын  жинауын,  өндеуін,  сақтауды,
бейнелеуді және таралуын жүзеге асырады. ГАЖ міндеті –  қоршаған  орта  және
қоғам  территориалды   үйымдастыруын   бағалау,   болжау,   жоспарлау   және
басқарудың  күрделі  ғылыми   және    қолданбалы   міндеттерін   шешу   үшін
географиялық бекітілген  мәліметтердің  ізденісін,  жіктелуін,  анализы  мен
демонстрациясын жеңілдету
Геожүйе  –  кейбір  мөлшердегі  жер   кеңістігі,   мұнда   табиғаттың   жеке
компоненттері бір бірімен жүйелік байланыста болады және белгілі  тұтастылық
ретінде космос сферасы мен адам қоғамымен әрекеттеседі.  Геожүйедегі  табиғи
компоненттері  біртекті  және  олардың  арасындағы  барлық  өзарабайланыстар
бірдей дәрежеде зерттелу қажет
Геоэкология – 1966 ж. К.Тролль ғылымғы ұсынған,  «ландшафты  экология»  және
«биогеоценология» екі терминдердің синонимы ретінде;  екі  тәсілді  құрайтын
ғылыми  пән:  1.  «көлденен»  -  жер  бетінің   аймақтық   бөлінуі,   табиғи
құбылыстардың кеңістік әрекеттесуін құрайды,  географиялық  ландшафт  туралы
ғылым. 2. «тігінен» - биологиялық ғылымның  өзі,  экологиялық  жүйе  ретінде
қарастырылатын берілген экотоптағы құбылыстардың әрекеттесуі
Дала – шөп басқан, батпақсыз жазық жер.
Дендрологиялық  парктер и  ботаникалық  саябақтар   -  өсімдік  жамылғысының
әралуантүрлілігін,  өсімдік әлемін  байыту,  сонымен  қатар  ғылыми,  оқыту,
мәдени-ағарту  мақсаттарында  адаммен  қалыптастырылған  ағаш  теректер  мен
бұтақтардың  коллекциялары;  оларда  берілген  аймақ  үшін  жаңа  өсімдіктер
түрлерінің интродукция және акклиматизация бойынша жұмыстар жүргізіледі
Ерекше  қорғалатын  табиғи  территориялар  (ЕҚТТ)  –  табиғи  кешендер   мен
объектілер  орналасатын,  ерекше  табиғатты  қорғау,  ғылыми,   мәдениеттік,
рекреациялық, сауатты  мәні  бар,  мемлекеттік  билик  органдары  мен  толық
немесе  жартылай  шаруашылық  пайдаланудан  алынып  шығарылған  және  ерекше
қорғау  режимы  бекітілген   жер,  су   бетінің,   олардың   үстіндегі   ауа
кеңістігінің бөліктері
Жаратылыстық ресурстар – табиғи  ресурстар
Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның  күйін  бақылау  үшін  жүйі,
мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған
Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы
Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз  күйі,  кейінгі  әсер  оның
радикалды   өзгерісіне   тигізеді,   немесе   денсаулық   және   әлеуметтік-
экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы
Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық  - табиғи немесе антропогендік  ландшафтарға
тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері
Мекендеу орта -  тірі ағзаны  қоршайтын  және  онымен  тікелей  әрекеттесуде
болатын табиғаттың бөлімі
Мемлекеттік табиғи қорықтар  –  табиғи  кешенді  жаратылыстық  күйде  сақтау
мақсатында,   шаруашылық   пайдаланудан    толығымен    алынып    шығарылған
территорияның бөліктері
Мониторинг – қоршаған ортаны сақтау, табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,
адамдардың , тірі ағзалар және олардың қауымдастықтары, табиғи кешендер  мен
объектілер  үшін зянды, қауіпті  критикалық  жағдайларды  ескерту  шараларды
жетезерттеудің мақсатында адамды  қоршайтын  табиғи  ортаның  күйін  бақылау
жүйесі
Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде  ғылыми  негізінде  тиімді  өзгертілген
географиялық ландшафт
Нейстон – тереңдікте мекендейтін су ағзалары
Неоген дәуірі  –  жердің  геологиялық  тарихындағы  кайназой  эрасының  жаңа
дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.
Нектон  –  суда  активті  түрде  жүзетін,  тубі  мен   байланыссыз   ағзалар
(балықтар, амфибиялар)
Ноосфера – (грек. noos – сана сезім,  ақыл  парасат  және  sphaira  –шар)  –
тікелей  аударғанда  «ақыл   парасатты   қабатша»,   сана   сезім   сферасы,
В.И.Вернадский  бойынша  биосфераның  дамуының  ең  жоғарғы   сатысы,   ақыл
парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы  мен  байланысты;  ақыл  парасатты
адамның іс әрекетшілдігі Жер  шарындағы  дамудың   басты  анықтаушы  факторы
болатын период
Ноосфера – біздің планетадағы жаңа  геологиялық  құбылыс,  осында  адам  ірі
құатты геологиялық күш болып табылатын
Ноосфера – ғаламдық масштабтағы ақыл парасатты, ғылыми негізделген  істердің
әлемі
Озон  қабаты  (озон   экраны   немесе   қалқаны)   –   озонның   максималдық
концентрациясы  бар  аймағы   -  барлығы  8  ррт  (8  ауаның   бір   миллион
бөліктеріндегі 8 бөлігі)
Ортаның геоэкологиялық сийымдылығы – белгілі  жеке  территориялардың  немесе
жалпы  жер кеңістігінің ішінде қоршаған ортаның, оның геожүйелерінің  өзінің
тұрақтылығынан  айырылмай,   яғни   деградацияға   ұшырамай   және   пайдалы
қасиеттерін  жоғалтпай,     тіршілік  және  әлеуметтік-экономикалық  дамудың
шарттарын максималды қамтамасыз етудің сандық бейнеленген қабілеттігі
Планктон –  су  ағыстарымен  пасивті  түрде  ауысатын,  еркін  суда  жүзетін
ағзалар
Плейстон  –  денесінің  бір  бөлігі  суда,  басқа   бөлігі   судың   үстінде
орналасатын ағзалар
Пойкилотермия – суық қанды. Осындай  жануарлар  заттектің  тұрақсыз  алмасу,
деңгейімен, дененің тұрақсыз температурасымен және  оны  реттеу  мезанизмнің
жоқтығымен сипатталады. Осыған омыртқасыздар және омыртқалылардың  барлығына
жуық жануарлар жатады. Дене температурасы қоршаған ортаның  температурасынан
тәуелді.
Популяция – белгілі орынды  мекендейтін,  бір  түрге  жататын,  пайда  болуы
бірдей және фенотипті ұқсас дербестердің тұрақөты бірлестігі
Популяциялардың полиморфизмы – әрбір популяция  сол  немесе  басқа  дәрежеде
біртекті емес, әсіресе үлкен территорияда  орналасатын  болса.  Популяцияның
біртекті еместігі  келесілердің  бар  болуымен  байланысты:  әртүрлі  жастық
топтардың,жыныс  жасына  жетпеген,   активті  көбейетін   немесе   керісінше
еркектер мен ұрғашылардан, жалғыздық және үйрлеі фазалардан, т.б.
Популяцияның  саны   –   берілген   территориядағы   берілген   популяцияның
дербестердің жалпы мөлшері; жануарлың мөлшері мен  экологиялық  факторлардан
тәуелді
Популяцияның тығыздығы – аудан немесе көлем бірлігене  келетін  дербестердің
мөлшері:  1 гектар немесе 1 м2,  1  литр  немесе  1  миллилитрге.  Дербестер
есептелінетін  ауданның  мөлшері  дербестің  денесінің  мөлшерінен,   оларды
есепте мүмкіншілігінен, орналасу немесе таралу  түрінен  тәуелді.  Топырақта
ұсақ мекендеушілерді есептеу үшін 1 дм3 немесе 1 см3 алынады.
Синэкология – қауымдастықтардың экологиясы
Созология  - қоршаған ортаны «қорғау туралы ілім»
Стресс-реакция (от ағылш. стресс - кернеулік) – қатты  тітіргіштің  әсерінен
пайда болатын популяцияның арнаулы реакциясы
Табиғаттың ескерткіштері – ғылыми, экологиялық, мәдени,  эстетикалық  бағалы
уникалды, қайтадан келтірілмейтін табиғи объектілері (үңгірлер,  үлкен  емес
сайлар, ғасырлық ағаш теректері, тау тастары, құлама сулар, т.б.)
Табиғатты пайдалану – табиғиресурстық  потенциалды  жұмысқа  салудың  барлық
түрлерінің және оны сақтау бойынша шаралардың жиынтығы
Табиғи  паркілер  –  ерекше  экологиялық  және   эстетикалық   бағалануымен,
салыстырмалы   жеңіл   сақтау   режимымен   жіне    көбінесе    тұрғындардың
үйымдастырылған дем алу үшін пайдаланатын территориялар
Табиғи  ресурстар  (жаратылыстық)  –  тікелей  және  жанама  сұраыстар  үшін
бұрыңғы   уақытта,   кәзір   және   келешекте   пайдаланатын,    материалдық
құндылықтарды  және   еңбек   ресурстарын   молықтыратына   қолайлы   табиғи
объектілер мен құбылыстар.  Табиғи  ресурстарға  жатады:  пайдалы  қазбалар,
топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі, атмосфералық  ауа,  су,  климат,  күн
және космостық радиация
Табиғи  ресурстарды  қайта  қалпына  келтіру   –   адамның   шаруашылық   іс
әрекетшілдігінің нәтижесінде табиғи ресурстардың сол немесе басқа  түрлердің
жұқарған деңгейінің алдындағы күйіне жеткізу, қалпына келтіру
Табиғатты   қорғау   –   техногендік,   агрогендік,   басқа    антропогендік
жүктемелердің жағдайларындағы  тірі  ағзалардың  жаратылыстық  ортасын  және
табиғи ресурстардың жиынтығын сақтауға бағытталған іс әрекет
Табиғи тепетендік – стихиялық немесе  антропогендік  сипаты  бар  ішкі  және
сыртқы  факторлардың  ауытқу  әсері  жоқ  кезіндегі,  табиғи  ортаның,  оның
экологиялық   қасиеттерін,   геожүйелер   немесе   басқа    территориялардың
ішіндегі, олардың табиғи тұрақты эволюциялық дамуын және негізгі  құрылымдық
пен функционалды қасиеттерінің  қамтамасыз ететін куй
Табиғи ұлттық паркілер – табиғи экожүйелерді мақтау және  пайдаланудың  жаңа
формаларының біреуі
Тіршілік  ету  жағдайлары  (өмірдің  шарттары)   –   ағзамен   диалектикалық
біртұтастықты құрайтын тіршілік үшін қажетті элементтердің жиынтығы
Түрдің экологиялық құысы – биоценоздың жалпы  жүйесінде  орналасатын  түрдің
жағдайы, ортаның абиотикалық факторларына талаптары мен оның  биоценотикалық
байланыстарының кешені
Тұрақты даму  - қәзіргі  уақыттың  сұраныстарын  қанағаттандыратын,  бірақта
келешек ұрпақтардың өз сұраныстарын қанағаттандыруға қабілеттігін  бұзбайтын
даму,  яғни  қоршаған  ортаға  табиғаттың  жаратылыстық   мүмкіншіліктерінің
шеңберінен шықпайтын әсер
Урбоэкология (қала экологиясы) – қала экожүйелердің  құрылымы  мен  қызметі,
адам мен қоршайтын қалалық ортаның әрекеттесуі туралы ғылым
Шөлейттену – құрғақ, жартылай құрғақ және құрғақшылық  жартылай  ылғалданған
аудандардағы әртүрлі факторлардың әсерінен жерлердің деградациясы
Шекті рауалы концентрация – адамның денсаулығына іс  жүзінде  әсер  етпейтін
қоршаған ортадағы зхиянды заттектің максималды рауалы мөлшері
Экология  –  тірі   ағзалардың   өзара   және   оларды   қоршайтын   ортамен
әрекеттесулері туралы ғылым
Экология, Реймерс Н.Ф.бойынша , - бұл:
1) биологияның бөлімі, (биоэкология),  тірі  ағзалардың  өзара  және  оларды
қоршайтын ортамен әрекеттесулерін зерттейтін;
2)экожүйелердің қызметінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін пән;
3) кешенді ғылым, тірі ағзалардың, адамды қоса, мекендеу ортасынзерттейтін;
4)  білімдердің  кең  аймағы,  Жер  шарындағы  әрекеттесуші  процестер   мен
құбылыстардың қоршаған ортамен жиынтығын қарастыратын
Экологиялық апат зоналары – территория немесе акватория, олардың  шеңберінде
табиғи ресурстарды пайдаланудың рауалы  шегі  астам  болатын,  тіпті  табиғи
ортаға  антропогенді  ауыртпашылықтарды  төмендету   немесе   шешу   кезінде
шаруашылық іс әрекеттің  тиімділігінің,  тұрғындар  денсаулығының  нашарлауы
және әлеуметтік кернеуліктің өсуі төмендемейді
Экологиялық білім  – экологиялық  білім,  дағдыларды  игеру  үшін  арналған,
үйымдастырылған, жоспарлы  және жүйелік орындалатын процес
Экологиялық мәдениет  – сана  сезімнің  экологияландырудың  жоғарғы  сатысы;
қоршаған табиғи ортамен жанасатын тіршілік етудің дағдыларының бүкіл  кешені

 Экологиялық факторлар –  ағзаларға  әсер  ететін  ортаның  жеке  қасиеттері
немесе элементтері
Экотоп – экожүйенің мекендеу орны
Элиминация – (лат.  элиминаре  –  жою)  –  тіршілік  үшін  күрес  процесінде
дербестердің немесе кейбір жүйелік  категориялардың  (түрлердің,  тектердің)
өлімге ұшырау
Қорықтық территория  –  адамның  шаруашылық   іс  әрекетшілдігінің  дәстүрлі
формаларынан шығарылған территорияның бөлігі
Қорықша (Заказник) – табиғи  ресурстардың  белгілі  түрлерін  немесе   жалпы
ландшафты сақтау, жаңарту немесе молықтыру мақсатында адамның щаруашалық  іс
әрекетінің  бір  немесе  бірнеше  түрлеріне  шектеулер   еңгізілген   табиғи
территорияның бөлігі
Қорықша (Заказник) – табиғи кешендерді немесе олардың компоненттерін  сақтау
және қалпына келтіру және экологиялық  балансын  тұрақтандыру  үшін  белгілі
мерзімге (кейбір жағдайларда тұрақты)  түзілген территориялар

                         2.Дәріс сабағының тезистері

№1 тақырып Биогеографияның даму тарихы, негізгі бөлімдері ұғымдары.
Мақсаты: Биогеографияның ғылымдар жүйесінде алатын анықтау.
Жоспар:
1.  Биогеография  -  жер  шарындағы  организмдердің  таралу   ерекшеліктерін
ареалын зерттейді.
2. Биогеография - кешенді ғылым. Биогеографиялык ұғымдар мен терминдер.
3. Биогеография ғылымынын даму кезендері және негізін салушы ғалымдар.

                       №1 дәрістің қысқаша конспектісі
      Биогеография организмдер  мен  олардың  бірлестіктерінің  географиялық
таралуын қарастырады. Биогеография тек қана жалпы  бірлестіктердің  таралуын
ғана  зерттеп  қоймайды  сонымен   бірге,   бірлестіктердің   компоненттерің
зерттейді. Бұл  ғылымның  негізгі  міндеті  –  бір  жағынан  жалпы  қоршаған
ортамен  және  факторларының,  екінші  жағынан  бірлестіктер   мен   олардың
компоненттерінің  арасындағы  себеп  салдар   байланыстарының   географиялық
аспектілерін зерттейді.  Сондықтан  да  биогеография  экология  (организмдер
арасындағы  қарым  қатынасты,  олардың  популяциялары  мен   бірлестіктердің
қоршаған ортамен  байланысын  зерттейді)  және  биоценология  (тірі  ағзалар
бірлестіктерінің  құрылымын,  динамикасын,   классификациясын   қарастырады)
сияқты биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты.
      Биогеографиялық заңдылықтар мен фактілерін білу  биосфера  ресурстарын
тиімді  пайдалану  және  қорғау  проблемаларын   шешуде   қажеттілігі   зор.
Биогеографияның спецификасы бір жағынан  белгілі  бір  мекеннің  органикалық
дүниесі жайлы кешенді ақпарат алуда, ал екінші жағынан алынған  мәліметтерді
салыстырмалы-географиялық тұрғыда талқылап, сараптау болып табылады.
      Биогеография   салыстырмалы-географиялық   зерттеу   әдістері   арқылы
биосфераға түрлі жоспарлы  және  кездейсоқ  ықпалдың  нәтижелерің  жоспарлай
алады.
      Биогеографияның  күрделі  синтетикалық  сипаты   ерекше   терминдердің
болуына яғни биогеографиялық түсініктердің пайда болуына ықпал етті.
      Бірлестік деп белгілі бір жердің  организмдерінің  топтасуын  айтамыз.
Мысалы белгілі бір үлкен емес  орман,  шалғын,  көл  немесе  көктемде  пайда
болатың кішкентай шалшық  судың  бірлестігі  жайлы  айта  аламыз.  Сондай-ақ
қарағайлы орман, дала, Қарақұм шөлі  немесе  Байкал  көлі  бірлестігі  жайлы
айта  аламыз.  Бірге  тіршілік  ететің  тірі  организмдердің  жиынтығын   да
бірлестік деп жалпы айтуға болады.
    Экожүйелер қауымдастықтар (биоценоздар)  мен  олардың  өлі  айналасынан
қалыптасады. Экожүйелер дсп энергия мен қоректік заттардың айналымы  аркылы
бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір  сүріп   жаткан   әр   түрлі   ағзалар
(организмдер) жиынтығы мен олардың өмір  сүру  ортасын  айтады.  Экожүйенің
тірі құрауышы - қауымдастық (биоценоз)  -  бұл  белгілі  бір  аймақты  алып
жатқан өзара әрекеттестіктегі популяциялардың жиынтығы.  Қауымдастық  түрлі
нәрлену деңгейлері бар динамикалық бірлік ретінде әрекет етеді, сол  арқылы
энергия ағыны өтіп, қоректік заттардың айналымы жүреді.
     Құрлықтың  экожуйесі  эволюциялық   даму   нәтижесіңде   пайда   болған
биогеографиялық  сала  деңгейіндегі   табиғи   белдеулерден   тұратын   ірі
экожуйелерге   бөлінеді,   ал   олар   болса,   өз    кезегінде    ландшафт
провинцияларынан - биомдардан (орташа белдеудегі ормандар, тундра, далалар,
саванналар және т.б.) тұрады.
     Биомдарға  жеке  дара  ландшафттар  кіреді,  олар  биогеоценоздарды   -
биосфераның  қарапайым  бастапқы  құрылымдық    бірліктерін     біріктіретін
биогеоценотикалық   комплекстерден тұрады. Биогеоценоз (грект тілінің био  -
өмір, гео - жер, ценоз  -  қоғамдастық  деген  ұғымдары)  термияін  1942  ж.
белгілі орыс (совет) биолог-ғалымы В.Н.Сукачев енгізді.
     Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус  (1877)  енгізді.  Бұл
ұғым тіршілік жағдайлары ұқсастау  табиғи  ортада  өмір  суріп  жатқан  тірі
организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер) қауымдастықтары.
    Биогеоценоз  бір-бірінің  тіршілігін  қамтамасыз  етіп   тұратын   тірі
табиғаттың бірнеше бөлімдсрі бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады:
1) фитоценоздан - өсімдіктік организмдердің қауымдастығыннан;
2)  зооценоздан - топырақты ортада  өмір  сүретін  жануарлық  организмдердің
(омыртқасыздар мен омыртқалылар) биоқауымдастығынан;
3) микробиоценоздан  -  топырақта,  ауада  және  сулы  ортада  өмір  суретін
микроорганизмдер (бактериялық, саңырауқұлақ жөне т.б.) қауымдастарынан.
      Биотоп   деп    (немесе    экотоп)    биоценоз    орналасқан    өзінің
геоморфологиялық,  климаттық,  геохимиялық  және   басқа   да   абиотикалық
қасиеттері біркелкі аймақты айтады.  Биотопқа  өлі  табиғаттың  бір-бірімен
тығыз байланыстағы екі компоненттерінің жиынтығы (бірлестігі):
1) температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн радиациясы  жәнс  т.б.  осы  сияқты
қасиеттермен  мінезделетін  және  құрамында  атмосфералық  ылғалдылығы  мен
биогеңді газдары (оттегі, көмір қышқыл газдары) бар атмосфера кіреді;
2)  құрамына топырақ асты жыныстары мен жер-асты  сулары  бар  жердің  беткі
толырақты қабаты кіреді.
Соныменен  биогеоценоз  дегеніміз  бұл  шектеулі  кеңістік  пен  абиотикалық
қасиеттері біртекті  аймақ бөлімідде   өмір  сүретін  және  бір-бірімен  әрі
биотоппен  тығыз  әрекеттесу  жағдайындағы  әр  турлі  тірі   организмдердің
бірлестігі.
     Биогеоценоз ұғымына фация  -  бүкіл  даму  барысында  жыныстардың  бір
 құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір биоценоз
 сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық комплексі (кешені) ұғымы  жақын  келеді;
 "биогеоценоз" "қарапайым ландшафт" үғымдарымен де үйлеседі.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
 1.  Биогеография  -  жер  шарындағы  организмдердің  таралу  ерекшеліктерін
ареалын зерттейді.
2. Биогеография - кешенді ғылым. Биогеографиялык ұғымдар мен терминдер.
3. Биогеография ғылымынын даму кезендері және негізін салушы ғалымдар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5


                   №2 дәріс Биосфера және зат айналымдары.
Мақсаты: Бисферада жүріп жатқан процесстер  мен  зат  айналымдары  циклдерін
білу.
Жоспар:
1.  Биосфера   туралы   түсініктерді   толықтыру.   Атмосфера,   гидросфера,
литосфера, педосфера құрылымы және организмдердін таралуы.
2. Тірі  органнзмдердің    рөлі.   «Тірі заттар» туралы және  оның  кызметі.
Биосферадағы әлемдік процестерге сипаттама  (фотосинтез,  хомосинтез,  тыныс
алу   және   т.б.).  Биогенді    элементтердің    айналымы.  экожүйедегі  су
және микротлементтер айналымы.

     Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) - тіршілік бар немесе қандай  да  бір
 кезенде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың  әсер  етуіне  ұшырайтын
 немесе ұшыраған планета аймағы.
     Бірінші рет «Биосфера» түсінігі ұлы  француз  натуралисті  Жан  Батиста
Ламарктің (1744-1829) жұмыстарында кездеседі. Биосфераны тіршілік иелерінің
мекен ету сферасы нсмесе тіршілік орын алған сфера  ретінде  түсінуді  1875
жьшы австриялық ғалым Э.Зюсс  ұсынды,  бірақ  бұл  түсінік  кейін  ұмытылып
кетті. Биосфера туралы жалпы ілімді жасаған (тарихта  үшінші  рет)  белгілі
орыс (совет)  геолог-ғалымы  В.И.  Вернадский  (1863-1945)  болды.  Ілімнің
негіздері оның «Биосфера» кітабыңда (1926) баяндалған.
     Биосфера  құрылымы.  Әдетте  биосферада  шартты  түрде  4  ірі  кешенді
(комплексті) қарастырады  -  атмосфера,  литосфера  (жер  қабығының  үстіңгі
бөлігі), гидросфера және тірі ағзалар.  Биосфераның  жоғарғы  шекарасы  озон
қалқасы немесе озоносфера -  атмосфераның  стратосфера  шегіндегі  22-26  км
биіктікте  (орта  шамамен)  озонның  ең  көп  тығыздығына  ие  қабаты  болып
табылады. Озоносферадан жоғары жақтан Күннің күшті  ультракүлгін  сәулесілің
әсерінен арнайы қорғану шараларынсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес.
     «Биосфера»  термині  бірнеше  мағынада  қолданылады.  В.И.   Вернадский
биосфераға  жер  қыртысының  беткі  бөлігін  де  жатқызған  граниит  қабатын
қосқан.
     Жиі  биосфера  деп  организмдердің  белсенді  тіршілік  ететін  ортасын
айтады. Ол атмосфераның төменгі бөлігін, гдросфера мен литосфераның  жоғарғы
бөлігін қамтиды, яғни геосфералардың белсенді қарым-қатынас аймағы.
     Тіршіліктің таралу шекарасы.Биосфера деп географиялық қабықта  тіршілік
ететін тірі организмдердің жиынтығы.
     Тіршілік  жердің  беткі  қабатында  қалыңдығы  бірнеше   метрге   дейін
шоғырланған. Алайда шашыранды түрде (бактерия түрінде)  жер  қыртысының  3км
тереңдікке дейін  жетеді  (мұхит  түбінен  0,5-1км  тереңдікте)  және  бүкіл
тропосфераны қамтиды. өсімдіктер  мен  жануарлардың  көп  түрі  жер  бетінде
тіршілік етеді.
     Жердегі органикалық дүниенің үздіксіз дамуы 3млрд  жылдан  артық  уақыт
аралығында жер бетінде термодинамикалық жағдайдың тұрақтылығын дәлелдейді.
     Организмдердің типтері мен олардың функциясы. Жердегі органикалық дүние
4 патшалыққа бөлінеді: дробянки(прокариоты). Оған бактериялар  мен  көкжасыл
балдырлар   жатады;   саңырауқұлақтар,   өсімдіктер   мен   жануарлар.   Бұл
организмдердің  клеткалық  құрылысына  және   эволюциялық   даму   заңдылығы
негізінде бөлінген.
     Тірі организмдерді зат  пен  энергиялық  алмасуына  қарап  та  жіктеуге
болады. Ол автотрофты  және  гетеротрофты  организмдер.  Автотрофтыға  жасыл
өсімдіктер мен  кейбір  прокориоттарды  (бактериялар,  балдырлар)  жатқызуға
болады. Олар күн радиациясын энергия  көзі  ретінде  пайдаланып  органикалық
еместен органикалық зат түзеді.
     Гетеротрофты организмдер – жануарлар, саңырауқұлақтар,
бактерияның көп бөлігі дайын органикалық затпен қоректенеді,
саңырауқұлақтармен бактериялар органикалық қалдықтарды пайдаланады.
Организмдердің экологиялық қасиеті. Тірі организмдердің  маңызды  ерекшелігі
–  түрлі  жағдайға  бейімделу  және  соған  байланысты  түрлердің   өзгеруі.
Организмдердің бір бірімен  қарым  қатынасы  мен  ортасын  экология  ғылымын
зерттейді.
      Үлкен экологиялық әртүрлікпен  бактериялар  ерекшеленеді.  Олар  ауада
озон қабатына дейін, суда (мұхиттың бүкіл  тереңдігінде),  топырақта,  үгілу
қабатында (грунт суының жоғарғы  қабатында  басым),  жер  қыртысының  кейбір
пайдалы қазбалардың кен орындарында (мұнай, газ, және т.б.) таралған.
      Спецификалық  экологиялық  функцияны  қыналар  атқарады.  Олар  табиғи
жағдайға жақсы бейімделген (бірақ  жарықты  жақсы  көреді).  Сондықтан  олар
өсімдіктердің пионерлері болып табылады: Олар тау  жыныстарында  және  басқа
өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өседі.
     Ылғалға байланысты өсімдіктерді былай бөледі:
  1. ксерофиттер-құрғақ жерде өсетін өсімдіктер (жусан, бетеге және т.б.)
  2. мезофиттер-ылғалдығы көп жерде өсетін  өсімдіктер  (өзен  жайылмасының
     төменгі учаскілерде, батпақта).  Кейбір  өсімдіктер  суда  өседі.  Оны
     гидрофиттер деп атайды.
     Миллиардтаған  жылдар  барысында  тірі  ағзалардың  көбеюі,  өсуі,  зат
алмасуы  мен  белсенділігі,  планетаның  беткі   бөлігін  толық   өзгеріске
ұшыратты.
     Ағзалардың турлерінің барлық массасын ВЛ. Вернадский Жердің  тірі  заты
деп  атаған. Тірі   заттың   химиялық   құрамына   өлі   табиғатты  құрайтын
 атомдар кіреді,  бірақ  олар  басқаша   қатынаста   болады.   Зат    алмасу
  барысында   тірі   ағзалар  үнемі  табиғаттағы    химиялық   элемеиттердің
таралуын   өзгертіп     отырады.      Осылайша      биосфераның      химизмі
өзгереді. Миллиардтаған   жыддар барысында   фотосинтездеуші   ағзалар   кун
энергиясының  орасан    мол   шамасын    химиялық    жұмысқа    айналдырады.
Оның   қорының  бір  бөлігі    көмір    кен    орындары    және    басқа  да
органикалық   заттар   —   мұнай,   торф   т.б.   түрінде жиналады.
Фотосинтез есебінен атмосферада оттегі жиналады.  Жердің  дамуының  ертедегі
кезеңдерінде атмосферада басқа газдар басым  болды: сутегі,  метан,  аммиак,
көмірқышқыл газы.
      Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің  зат  айналымын
жүзеге асырады. Олар кезектесіп тірі заттан бейорганикалық  материяға  өтіп
отырады. Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді:  газдардың  айналымы  және
шөгінді  заттар  айналымы.  Біріншісінде  элементтердің  негізгі   көзі   —
атмосфера, көміртегі, оттегі, азот), екіншісінде — таулы  шөгінді  жыныстар
(фосфор, күкірт және т.б.) болып  табылады.
      Көміртегінің айналымы. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы
немесе суда еріген  көмірқышқыл  газы  болып  табылады.  Өсімдіктер  түзген
органикалық затгың құрамында көміртегі қоректену тізбегі  бойынша  тірі  не
өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,  тыныс  алу,  ашу  немесе  отынның  жануы
нәтижесінде  көмірқышқыл  газы  түрінде  атмосфераға   қайтады.   Көміртегі
циклының ұзақтығы үш-төрт жүз жылдыққа   тең.
      Азот айналымы.  Өсімдіктер  азотты  ыдыраған  өлі  органикалық  заттан
алады.  Бактериялар  ақуыздардың  азотын  өсімдіктер  сіңіре  алатын  түрге
өткізеді. Атмосферадағы  бос  азотты  өсімдіктер  тікелей  сіңіре  алмайды.
Бактериялар мен көк  жасыл  балдырлар  атмосфералық  азотты  байланыстырьп,
топыраққа өткізеді.  Көптеген  өсімдіктер  олардың  тамырларында  түйнектер
түзетін  азот  —  фиксациялаушы  бактериялармен   симбиоз   түзеді.   Өлген
өсімдіктерден  немесе  жануарлардың   өлекселерінен   бактериялардың   баси
топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан   атмосфераға
қайтады.
      Фосфор мен кукірттің зат айналымы. Фосфор мен күкірт тау  жыныстарында
болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының  әсерінен  топыраққа  өтеді
де, оларды  өсімдіктер  пайдаланады.  Редуцент-ағзалардың  тіршілік  қызметі
нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор  қосылыстарының
бір бөлігін жауын сулары өзендерге,  одан   теңіз    бен    мұхитқа    қарай
шайып,   оны    балдырлар  қолданады.  Ең  сонында  өлі  органикалық  заттың
құрамында олар су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.
      Оттегінің циклі.  Жердегі оттегінің циклі шамамен 2000 жылда, судың  -
шамамен 2 млн. жылда жүріп өтеді. Бұл  заттардың  атомдары  Жер  шарында  әр
түрлі тірі зат арқылы  өткен.
      Биосфера ұзақ даму  кезеңін  басынан  өткізді.  Бұл  процесс  тіршілік
формасын өзгертіп, судан құрлыққа шығып, зат айналымның жүйесін  өзгертті.
       Атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп артты Соңғы 600 млн. жылда
зат  айналымдардың  жылдамдығы  мен  сипаты   қазіргі   кездегі   деңгейіне
жақындады. Биосфера үлкен, үйлесімді экожүйе ретінде жұмыс істейді.  Ондағы
ағзалар тек қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай,  өздері  де  тіршілікке
қолайлы  жағдайларды  жасайды.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Тірі  органнзмдердің    рөлі.
2. «Тірі заттар» туралы және оның кызметі.
3.  Биосферадағы  әлемдік  процестерге  сипаттама  (фотосинтез,  хомосинтез,
тыныс   алу   және   т.б.).
4. Биогенді   элементтердің   айналымы. экожүйедегі су және  микротлементтер
айналымы.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

                  № тақырып Экожүйелер жүйелердің құрылымы
Мақсаты: Экожүйе құрылымы және функцияларымен танысу
Жоспар:
1. Экожүйе концепциясы.
2. Экожүйе құрылымы.
3. Биосфера ғаламдық экожүйе.

    Экожүйелер қауымдастықтар (биоценоздар)  мен  олардың  өлі  айналасынан
қалыптасады. Экожүйелер деп энергия мен қоректік заттардың айналымы  аркылы
бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір  сүріп   жаткан   әр   түрлі   ағзалар
(организмдер) жиынтығы мен олардың өмір  сүру  ортасын  айтады.  Экожүйенің
тірі құрауышы - қауымдастық (биоценоз)  -  бұл  белгілі  бір  аймақты  алып
жатқан өзара әрекеттестіктегі популяциялардың жиынтығы.  Қауымдастық  түрлі
нәрлену деңгейлері бар динамикалық бірлік ретінде әрекет етеді, сол  арқылы
энергия ағыны өтіп, қоректік заттардың айналымы жүреді.
    Кез келген тірі нәрсенің тіршілігі басқаларының тіршілік етуінсіз мүмкін
емес. Түрлі ағзалар арасындағы байланыстарды биотикалық деп атайды.
    Биотикалық  байланыс  -  бұл  тірі  нәрселердің  бір-біріне   әсер   ету
формалары,  ағзалардың  озара  байланысы  -  популяцияның,   биоценоздардың
болуының негізі.
    Экожүелер күрделі жүйелерге жатады, сондықтан оларды зерттегенде жүйелік
анализдін әдістері қолданылады. Экожүйелер кеңістіктік  масштаб  бойынша  әр
түрлі деңгейдегі (рангтағы)  мына  экожүйелерді  қарастырады:  микрожуйелер,
мезоэкожүйелер, макроэкожүйелер және үлкен экожүйелер. Микроэкожүйеге  мысал
ретінде  кішігірім  су  қоймасын,  өліп  қалған  жануардың  ішін  мекендеген
организмдерді немесе  биологиялық  ыдырау  үстіндегі  құлап  жатқан  ағашты,
ішінде  тірі  организмдер  бар  тұрып  қалған  аквариумдағы  суды  келтіруге
болады.  Мезоэкожүйелерге  -  орман,  су  тоғаны,  өзен  және  т.б.  жатады.
Макроэкожүйелер  үлкен  кеңістіктік  географиялық  масштабтармен  байланысты
(мұхит, континент және т.б.). Экожүйенің ең үлкен сатысына  (рангісіне)  Жер
биосферасы жатады.
    Экожуйелердің  жіктелінуі.  Экологиялық   жүйелер   функңионалдық   және
құрылымдық белгілері бойынша ерекшеленеді.
   Функңионалдық жіктелу экожүйеге келіп  түсетін  энергия    көзі,  мөлшері
және сапасына  негізделген.
   Экожүйелердің құрылымдық  жіктелуі  өсімдіктер  типіне  және  ландшафттың
нгізгі белгілеріне негізделген. Құрлық экожүиелері (биомдар)  өсімдіктердің
табиғи белгілері, ал су экожүйелері — геологиялық және физикалық  белгілері
  бойынша   ерекшеленеді.
   Кең қолданылып жүрген құрылымдық жіктелу бойынша   ғаламшарды   төмендегі
экожүйелерге  бөледі:
  1) құрлық экожүйелері — тундра,  тайга,  орманды  дала,   дала,   шөлейт,
     шөл,  тропиктер,  тау;
  2) тұщы су — ағынсыз су (көл, тоған және ағынды су (өзен, бұлақ,  жылға),
     батпақтар мен   батпақты  ормандар  экожүйелері;
теңіз экожүйелері – теңіздер мен ашық мұхит.
     Биосфера (В.И.Вернадский бойынша) - тіршілік бар немесе қандай  да  бір
 кезенде тіршілік болған және үнемі тірі ағзалардың  әсер  етуіне  ұшырайтын
 немесе ұшыраған планета аймағы.
     Биосфера  құрылымы.  Әтте  биосферада  шартты  түрде  4   ірі   кешенді
 (комплексті) қарастырады -  атмосфера,  литосфера  (жер  қабығының  үстіңгі
 бөлігі), гидросфера және тірі ағзалар.
     Биосфераның   жоғарғы   шекарасы   озон   қалқасы   немесе   озоносфера
 -атмосфераның стратосфера  шегіндегі  22-26  км  биіктікте  (орта  шамамен)
 озонның ең көп тығыздығына ие қабаты болып табылады.  Озоносферадан  жоғары
 жақта  Күннің  күшті  ультракүлгін  сәулесілің  әсерінен   арнайы   қорғану
 шараларынсыз тіршіліктің болуы мүмкін емес.
     Атмосфера - бұл  қабатталған  құрылысы  бар  және  бірнеше  сфералардан
 (тропосфера, стратосфера, мезссфера  т.б.)  тұратын,  жердің  өзімен  бірге
 айналатын газды қабығы, биосфераның маңызды бөлігі. Атмосфера қүрамын  азот
 (78.08%), оттегі (20.95%),  көмірқышқылы  газы  (0.03%)  және  аз  мөлшерде
 (0.01%) басқа газдар құрайды.
     Биосфераға бүкіл гидросфера да жатады. Гидросфера  —  бұл  мұхиттардың,
 теңіздердің, көлдердің, өзендердің, тоғандардын,  ми  батпақтың,  жер  асты
 суларының жиынтығын қүрайтын Жердің сулы қабаты.
     Су - маңызды табиғат ресурстарының бірі, сутегі мен оттегінің  химиялық
қосылысы. Су буының қарапайым  формуласы  —  Н20.  Сұйық  судың  молекуласы
негізінен екі жай молекуланың қосылуынан туады (Н20)2.
     Гидросфера - өлі материяның  бір  құраушысы,  алайда  Жердегі  тіршілік
онымен тығыз байланысты. Су бар жерде тіршілік те бар. Су - кез келген тірі
жасушаның маңызды  құрамдас  бөлігі.  Биохимиялық  реакциялар  суда  өтеді,
себебі биологиялык көп түріліліктің  органикалық  қосылыстарының  көпшілігі
суда ериді. Тіршіліктің пайда  болу  таңында  ұшпа  органикалық  қосылыстар
атмосферада таралып, ыдырады. Суда  ерімегендері  терендерге  шөкті,  судың
өзінде суда еритін заттар басым болып қалды, олар тіршіліктің  ары  қарайғы
эволюциясына ат салысты.
    Топырақ. Біз тіршілік етіп отырған қатты жер  қабатынын  (литосфераның)
құрылысы да күрделі.
    Литосфераның үстіңгі қабаттарын (2-4 км-ге дейін) — литобиосфера, ал ең
үстінгі қабатын - топырақ деп атайды. Жердің тереңіне тірі ағзалар аз  ғана
тереңдікте енеді. Жер қабаты жыныстарының  бактериялар  табылған  ең  үлкен
тереңдігі - 4 км, ал мұхитта  11  км-ге  дейінгі  тереңдікте  бактерияларды
кездестіруге болады.
    Топырақ  жер  бетінің  экожуйелерінің   биотикалық   жәнс   абиотикалық
құрауыштарының арасындағы ең маңызды байланыстырушы түйін  болып  табылады.
Топырақтың биосферадағы еркше рөлі осында жатыр. Топырақтың  түзілу  үрдісі
топырақтың түзілуі деп аталады. Топырақ  туралы  ғылымдар  топырақтану  деп
аталады.
    Өмір  сүру  ортасына   байланысты   құрлықтық   жене   сулы экожүйелерді
қарастырады.
    Экологиялык   факторлар.   Экологиялық   факторлар   экожүйедегі    тірі
организмдер қаумдастығы мен жалпы  экожүйеге  тікелей  немесе  жанама  әсер
ететін коршаған ортаның маңызды факторлары. Экологиялық факторлар үш  топқа
бөлінеді:  биотикалық  (тірі  табиғаттың  факторлары),   абиотикалық   (өлі
табиғаттық факторлары) және адамзаттың  іс-әрекеті  негіндегі  антропогенді
факторлар.
    Абиотикалык факторларды тірі организмдерге тікелей  немесе  жанама  әсер
ететін өлі бейорганикалық табиғаттың компоненттері мен құбылыстары құрайды.
Негізгі  әсер  етушілерге  климаттық  (күн  радиациясы,   жарықтық   режим,
температура, ылғалдылық, жауын-шашын, жел, ауа қысымы және  т.б.),  сонымен
бірге әр түрлі организмдер тіршілік ететін топырактық немесе эдафостық және
сулы орта факторлары жатады.
    Биотикалык   факторлар.   Организмдердің   тіршілік   әрекетінің   баска
организмдер  тіршілігіне   және   өздерінің   қоршаған   өмір   сүру   орта
компоненттеріне тигізетін әсері  биотикалық  факторлар  кешенін    құрайды.
Экожүйедегі   жәндіктердің,    өсімдіктер    мен  микрорганизмдердің    бір
бірімен   әр   түрлі    әрекеттесу    қарым  қатынастары    тікелей    және
жанама   болып   бөлінеді.   Мысалы,   жаңғақ пен кейбір ағаштар  өздерінен
бөлінетін шырыштар арқылы айналасындағы    өсімдіктердің    өсуіне    тежеу
жасайды.   Жалпы алғанда кез  келген  өсімдіктер  кауымдастықтары  қоршаған
ортаның абиотикті сипаттарына (өлшемдеріне) әсер етеді.
    Антропогенді экологиялық  факторлар.  Экологиялық  факторлардың  маңызды
тобын антропогенді факторлар кұрады. Олар  адамның  іс-әрекетінің  тек  тірі
организмдерге ғана емес, сондай-ақ қоршаған  ортаның  абиоттік  факторларына
да әсерін көрсетеді. Антропогенді  факторлар  адамның  мақсатты  бағытталған
немесе  кездейсоқ  іс-әрекеттерінің  нәтижесінде  болатын  және   экожүйенің
құрамы  мен  дамуына,  биосфераның  дағдарысына  әсер   ететін   экологиялық
факторлардың  жиынтығы.  Антропогенді   факторларға   өндірістік   іс-әрекет
нәтижесінде судың, топырақтың, ауаның радиациялық немесе химиялық  заттармен
ластануын келтіруге болады.  Қоршаған  ортаның  ластануы  табиғи  экожүйенін
өзгеруіне әкеледі.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Экожүйе концепциясы
2. Экожүйе құрылымы
3. Биосфера ғаламдық экожүйе
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

       №4 тақырып Климаттык, биотикалық және антропогендік факторлар.

Мақсаты: Климаттык, биотикалық және антропогендік факторлармен танысу
Жоспар:
1. Абиотикалық   фикторлар   (жарық, температура, ылғал,  ауа  райы,  қысым,
және т.б.
2. Гидрологиялық факторлар (тығыздық, қысым, тұз және  су  режимдері,  судың
тұнықтылығы).
3. Эдафикалык факторлар  (топырактын  физикалық,  химиялык  және  механикалы
құрамы).
4.  Организмдердің  экологиялық    топтары,   тіршілік     формалары    және
биотикалық қарым-қатынастары. Антропогендік факгорлардың тірі  организмдерге
он және теріс әсері.

                       №4 дәрістің қысқаша конспектісі
   Мекен ету ортасында тірі ағзаға  әсер  ететін  экологиялық  факторлардың
көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі  ағзалардың
жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатартар  жалпы  заңдылықтарды
көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялык,  фактордың  әсерінің  қолайлы
немесе  қолайсыз  болуы,  ең  алдымен  оның  әсер  ету  күшіне  байланысты.
Фактордың жетіспепеуі немесе шектен тыс көп  болуы  ағзалардың  тіршілігіне
қолайсыз  әсер  етеді.
   Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы  болатын  экологиялық  фактордың
интенсивтілігін оптимум деп атайды.  Көптеген  түрлердің  гулденуі,  кебеюі
үшін  оптималды  температуралар  белгілі.
   Экологиялық  фактор  ретінде  жарыққа  қатысты  өсімдіктердің  төмендегі
топтарын  бөліп  көрсетуге  болады:  гелиофиттер  (грек  тілінен  аударғанда
һеlіоs - күн, рһуtоn - өсімдік), сциофиттер (грек  тілінен  аударғанда  sкіа
-көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті  гелиофиттер).
   Жарык сүйгіш түрлер (гелиофиттер) — жарық  жақсы  түсетін  ашық  жерлерде
өседі. Фотосинтез процесінің тыныс алудан басымдылығы  тек  жоғары  жарықтың
жағдайында ғана орын алады (бидай, қарағай,  майқарағай).
   Күнбағыс, итошаған, қойжелкен тәрізді жарық сүйгіш өсімдіктердің гүлдері
жарыққа қарай күн бағытымен бұрылып  отырады.
   Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) - күшті жарықты  көтере  алмайды,
үнемі  көлеңкеде  орманның  көлеңкесінде  өседі  (орманда  өсетін  шөптесін
өсімдіктер, папоротниктер,  мүктер,  ашқылтым  шөптер).  Кесілген  орманның
орнындағы шөптер тіршілігін сақтай алмайды.
   Көлеңкеге төзімді өсімдіктер (факультативті гелиофиттер) -  жақсы  жарық
жағдайында  өседі,  бірақ   көлеңкені   де  жақсы    көтереді     (орманның
көптеген     өсімдіктері,     шалғындық     өсімдіктері,     орман  шөптері
мен  бұталары).
   Көлеңкеге  төзімді  ағаштар  мен   шөптесін   өсімдіктер   жапырақтарының
мозаикалы орналасуымен ерекшеленеді.
    Кеңістікті бағдарлау құралы ретінде жарықтың жануарлар өміріндегі маңызы
 зор. Қарапайым жануарлардың өзінде жарық сезгіш органеллалар пайда  болады.
 Жасыл эвглена жарық сезгіш «көзшенің» көмегімен  ортаның  жарық  дәрежесіне
 жауап береді. Ішекқуыстылардан  бастап,  барлық  жануарларда  жарық  сезгіш
 мүшелер — құрылысы әр түрлі көздері дамиды. Жануарлар күндізгі, түнгі  және
 қас қарайғанда тіршілік ететін  жануарлар  болып  бөлінеді.  Сонымен  қатар
 жарық  күнді  көтере  алмайтын,  тек  қараңғыда  тіршілік  ететін  (топырақ
 жануарлары, үңгірлер мен терең жерлерде мекендейтін)  жануарлар,  жануарлар
 мен өсімдіктердің ішкі паразиттері де бар.
   Температура.   Тірі   ағзалардың   жер   бетінде   таралуын   анықтайтын
факторлардың бірі — температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері  ғана  емес,
сондай-ақ оның уақыт бойынша  таралуы,  яғни  жылулық  режим  маңызды  болып
табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік  температурасы  болмайды.  Олардың
жылу  реттеуінің  анатомо-морфологиялық  және   физиологиялық   механизмдері
ағзаны қолайсыз температуралардан  қорғауға  бағытталган.
   Ылғалдылық      жетіспейтін      жоғары      температуралы   белдеулерде
тарихи   даму   барысында   жапырақ   бетінің     ауданы     кіші     немесе
 жапырақтары болмайтың өсімдіктердің  морфологиялық типі  қалыптасқан.
   Көптеген   шөл   өсімдіктерінде   ақшыл-түкті   жабыны    болады.    Бұл
бейімделушілік күн сәулелерін  шағылыстырың,  өсімдікті  шектен  тыс  қызып
кетуден қорғайды  (құм   қарағайы).
   Қолайсыз  температуралардың  зиянды  әсерінен  қорғауға      бағытталған
өсімдіктердің  физиологиялық  бейімделушіліктеріне  төмендегі    мысалдарды
келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі - транспирация: (латын   тілінен
  аударғанда   trans - арқылы,   spiro тыныс  алу,    шығару),    плазманың
ұю    температурасын  өзгертетін    жасушадағы      тұздардың      жиналуы,
хлорофиллдің күн  сәулелерінің  енуіне  қарсылық  қасиеті.
   Жануарлардың жылу  режиміне   бейімделуі   денесінін  жеке   мүшелерінің
қатынасының     өзгеруінен      де      көрінеді.    Мысалы,       солтүстік
аудандарда       мекендейтін       аққістің   жылы     жерде     мекендейтін
осындай    жануарлармен   салыстырғанда  жүрегі,  бүйрегі,   бауыры    үлкен
болдды.
   Жылу алмасу түріне байланысты жануарлардың экологиялық екі  типін  боліп
көрсетеді:  пойкилотермді  (салқын   қанды)    және    гомойотермді    (жылы
қанды).
   Ылғалдылық. Су  тірі ағзалардың өмірдегі  маңызды  экологиялық   факторы
және   олардың    тұрақты    құрам   бөлігі   больш    табылады,    Мысалы,
балдырлардың   денесінің      96-98%-ын,       шөптесін       өсімдіктердіц
жапырағының 83-86%-ын, мүктер мен қыналардың -5-7%-ын былқылдақденелілердің
80-92%-ын,  бунақденелілердің  46-92%-ын,    қосмекенділердің   -   93%-ын,
сүтқоректілердің - 68-83%-ын су құрайды.
Су режиміне  байланысты  өсімдіктер  мен  жануарлардың  мынадай  экологиялық
топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты  сүйгіш  және  орташа  ылғалдылықты
сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.
Климаттық  факторлар  және  ағзалардың  оларға  бейімделуі.  Күн  сәулесінің
қуаты,  жарық,  ауаның  темиературасы  мен  ылғалдылығы,  жауын-шашын,   қар
қабаты, атмосфералық  қысым,  ауаның  газдық  құрамының  арақатынасы  жердің
климатын немесе макроклиматты анықтайды.
  Макроклимат   (аймақтық    климат)    географиялық орналасудың   нәтижесі
 болып    табылады.    Ендік    бағытында    бұл    полярлық,    тундралық,
тайгалық,   далалы және    шөлді    климат.    Қазақстан    территориясында
төмендегі климаттық жағдайлар қалыптасқан:
  Солтүстік Қазақстанда салыстырмалы түрде қысы  салқын,  жазы  жылылығымен
сипатталатын континенталды  климат.  Бұл  орманды-дала  аймағының  тармағы,
Батыс-Сібір жазығының  ландшафтына  ұқсас.  Орталық  Қазақстанда  —  құрғақ
даланың күрт континенталды климаты. Оңтүстік Қазақстанда — өте құрғақ  және
ыстық күрт континенталды шөл мен шөлейттердің  климаты.
   Қазақстанның   оңтүстігі   мен    оңтүстік-шығысының    климаты    жердің
орографиясына да байланысты. Тянь-Шань,  Жоңғар  Алатауы  мен  Кенді  Алтай
тауларында атмосфералық  жауын-шашын  мөлшері  жоғарылайды  және  біртіндеп
ауаның температурасы төмендейді.  Климаты  ыстық  және  құрғақтан  қоңыржай
жылы, қоңыржай салқын және ылғалды, ең соңында өте салқын жоғары таулы  ауа
 райына  дейін  өзгереді.
   Мезоклимат  —  бұл  орманның,  егіс   даласының,   шалғындық   және   тау
беткейлерінің жергілікті климаты. Ол макроклиматқа  барлық  уақытта  сәйкес
бола бермейді. Орманда  күндіз  даламен  салыстырғанда  ардайым   салқындау
және  ылғалдырақ.
   Микроклимат — бұл ағзаның деңгейндегі климат +24°С температурада күндегі
жапырақтардың температурасы қоршаған ортамен  салыстырғанда  9°С-ға  жоғары,
ал  көлеңкеде  —  4°С-ға  төмен.
   Құстардың    ұясында     және     жануарлардың     ініндегі  температура
қыста    жылырақ,   ал    жазда    салқынырақ  болады.  Егер   шөлді   жерде
топырақ  беті  +700-С ға  дейін қызса,   ал   5   см   терендіктің    өзінде
  ол   +400 С-ға   дейін төмендейді.
   Эдафиттік факторлар дегеніміз экологиялық  фактор  ретіндегі  топырақтың
қасиеттері. Топырақ  структурасымен,  белгілі  бір  суөткізгіштігімен  және
аэрациялануымен  сипатталады.  Топырақтың  жоғары  қабатында  өсімдіктердің
қоректенуіне қажетті элементтер фосфор,  азот,  кальций,  калий  және  т.б.
шоғырланған. Топырақтағы суда газдар, ерігіш тұздар,  қоректік  заттар  мен
тірі ағзалар үшін улы заттар да болады. Топырақ ертіндісі қышқыл, нейтралды
немесе сілтілі болуы мүмкін. Топырақ ағзалардың тіршілік  әрекетімен  тығыз
байланысты  болғандықтан,  оған  бірқатар  биологиялық  ерекшеліктер   тән.
Өсімдіктердің тамырлары өсу, өлу және ыдырау барысында  топырақ  қопсытады,
да белгілі бір структураны құрайды. Сонымен  қатар  олар  басқа  ағзалардың
тіршілік етуіне жағдай   жасайды.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Абиотикалық   фикторлар   (жарық, температура, ылғал,  ауа  райы,  қысым,
және т.б.
2. Гидрологиялық факторлар (тығыздық, қысым, тұз және  су  режимдері,  судың
тұнықтылығы).
3. Эдафикалық факторлар (топырактын  физикалық,  химиялык  және  механикалық
құрамы).
4. Антропогендік факгорлардың тірі организмдерге он және теріс әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

               №5 тақырып Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация.

Мақсаты:  Биогеоценоз, биота, биоценоз, фация түсініктерін қарастыру.
Жоспар:
 1.  Биоценоз,  оның  құрылымы  қазіргі  жағдайы  туралы  жана  көзкарастар.
    Биоценоздын  экологиялык  кұрылымы.
 2.   Биоценоздағы     организмдердің     карым-катынастары.    Биоценоздағы
    популяциялардың санының реттелуі.
 3. Тіршілік формалары. Популяция туралы түсінік.


     Құрлықтың  экожуйесі  эволюциялық   даму   нәтижесіңде   пайда   болған
биогеографиялық  сала  деңгейіндегі   табиғи   белдеулерден   тұратын   ірі
экожуйелерге   бөлінеді,   ал   олар   болса,   өз    кезегінде    ландшафт
провинцияларынан - биомдардан (орташа белдеудегі ормандар, тундра, далалар,
саванналар және т.б.) тұрады.
     Биомдарға  жеке  дара  ландшафттар  кіреді,  олар  биогеоценоздарды   -
биосфераның  қарапайым  бастапқы  құрылымдық    бірліктерін     біріктіретін
биогеоценотикалық   комплекстерден тұрады. Биогеоценоз (грект тілінің био  -
өмір, гео - жер, ценоз  -  қоғамдастық  деген  ұғымдары)  термияін  1942  ж.
белгілі орыс (совет) биолог-ғалымы В.Н.Сукачев енгізді.
     Биогеоценоз  табиғаты  әр  турлі  күрделі  екі  қауымдастықтан  тұрады:
 биоценоз бен биотоптан. Схемалық түрінде бұны былайша корсетеміз:
                       БИОГЕОЦЕНОЗ = БИОЦЕНОЗ + БИОТОП
    Биоценоз терминін ғылымға неміс биологі К.Мебиус  (1877)  енгізді.  Бұл
 ұғым тіршілік жағдайлары ұқсастау табиғи  ортада  өмір  суріп  жатқан  тірі
 организмдердің (жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер) қауымдастықтары.
    Биогеоценоз  бір-бірінің  тіршілігін  қамтамасыз  етіп   тұратын   тірі
табиғаттың бірнеше бөлімдері бар күрделі құрамды қауымдастықтардан тұрады:
1. фитоценоздан - өсімдіктік организмдердің қауымдастығынан;
2.зооценоздан -  топырақты  ортада  өмір  сүретін  жануарлық  организмдердің
(омыртқасыздар мен омыртқалылар) биоқауымдастығынан;
3микробиоценоздан  -  топырақта,  ауада  және  сулы  ортада   өмір   суретін
микроорганизмдер (бактериялық, саңырауқұлақ және т.б.) қауымдастарынан.
      Биотоп   деп   (немесе   экотоптеп)   биоценоз    орналасқан    өзінің
геоморфологиялық,  климаттық,  геохимиялық  және   басқа   да   абиотикалық
қасиеттері біркелкі аймақты айтады.  Биотопқа  өлі  табиғаттың  бір-бірімен
тығыз байланыстағы екі компоненттерінің жиынтығы (бірлестігі):
1.температурасы, ылғалдығы, қысымы, күн  радиациясы  жәнс  т.б.  осы  сияқты
қасиеттермен  мінезделетін  және  құрамында  атмосфералық  ылғалдылығы   мен
биогеңді газдары (оттегі, көмір қышқыл газдары) бар атмосфера кіреді;
2. құрамына топырақ асты жыныстары мен  жер-асты  сулары  бар  жердің  беткі
толырақты қабаты кіреді.
Соныменен  биогеоценоз  дегеніміз  бұл  шектеулі  кеңістік  пен  абиотикалық
қасиеттері біртекті  аймақ бөлімінде   өмір  сүретін  және  бір-бірімен  әрі
биотоппен  тығыз  әрекеттесу  жағдайындағы  әр  турлі  тірі   организмдердің
бірлестігі.
     Биогеопеноз үғымына фация  -  бүкіл  даму  барысында  жыныстардың  бір
құрамы, рельефтің, ылғалдың бірдей сипаты, бір микроклимат пен бір  биоценоз
сақталатын ең кіші табиғи-аймақтық комплексі (кешені)  ұғымы  жақын  келеді;
"биогеоценоз" "қарапайым ландшафт" үғымдарымен де үйлеседі.
     Рельеф - жердің кескіні, көлемі, пайда болуы, жасы  және  даму  тарихы
бойынша өр түрлі үстіңгі қабатынын формаларының жиынтығы; жағымды  (шығыңқы)
және  жағымсыз  (ойыс)  формалардан  қалыптасады.   Оны   масштабы   бойынша
макрорельеф, мезорельеф, нанорельеф деп бөледі.
     Микроклимат - шағын аймақтың немесе жасанды түзілістің (орман шетінің,
төбенің беткейінің, қаланың т.б.) климаты.
     Биогеоценоздың  (экожүйенің)  тірі   құрауыштарына   —   продуценттер,
консументтер мен редуценттер, ал өлілерге күн энергиясы, ауа,  су,  субстрат
(құрлықта - топырақ, суаттар түбінде - грунт) жатады.
     Биогеоценозға мысалдарды көп келтіруге болады. Мысалы, күннің жарығын,
минерал тұздар мен суда ерітілген көмірқышкыл газын  пайдаланып  органикалық
заттарды синтездейтін  балдырлардың,  фитопланктонның  айкын  шекарасы  бар.
Зоопланктон  фитопланктонмен  қоректенеді.  Оны  ұсақ  балықтар,  ал  оларды
жыртқыш балықтар жейді. Осылайша, мысалы, көлде жеке  түйіндері  бір-бірімен
байланысты болатын қоректік тізбек  бар.  Фитопланктонның  жойылуы  міндетті
түрде басқа түрлердің құруына әкеп соғады.
     Ағза (В.И.Вернадский бойынша) - құрылымы тұйық, сатылы ұйымдасқан, тепе-
тең емес, өздігінен қалыптасатын, заттар мен энергия алмасулар бойынша  ашық
жүйе.
     Түр - еркін будандасатын және  жемісті  ұрпақ  беретін,  морфологиялык,
физиологиялық   және   биохимиялық   ерекшеліктерінің   тұқым    қуалаушылық
ұқсастығына ие дарақтардың жиынтығы.
     Дарақ, түлға - тіршіліктің бөлінбес бірлігі.
     Популяция  - түрдің тіршілік ету формасы,  бір түрдің ортақ тектік қоры
бар  және  мекендеу   жағдайлары   бірыңғай   белгілі     бір     кеңістікке
қоныстанатын  дарақтарының  жиынтығы.
     Тектік кор  (популяция)  -  популяция  геңдерінің  жиынтығы,  популяция
немесе түр топтары.
     Қауымдастық   -   табиғи   шектелген   тіршілікке   жарамды    кеңістік
шекарасындағы түрлердің өзара байланысы мен озара тәүелділігінің жиынтығы.
     Биоценоз  -  құрлықтың  немесе  су   қоймаларының   біріңғай   аймағына
қоныстанған    микроағзалардың,    өсімдіктердің,    саңырауқұлақтар     мен
жануарлардын өзара байланысқан жиынтығы (биотоп).
     Биотоп (экотоп) - бір биоценоз жайлаған биосфераның сулық, жер бетілік,
жер астылық бөліктерінің шегіндегі абиотикалық  факторлары  бойынша  біршама
біркелкі кеңістік. Биотоп - түрдің мекен ету жерінің синонимі.
     Фитоценоз - аймақтың бірыңғай  бөлігінде  өзара  әрекеттестікке  түскен
өсімдіктердің  үйлесуінің  нәтижесінде  тарихи  қалыптасқан    өсімдіктердің
қауымдастығы.   Оны   белгілі   бір түрлік   құрам,   тіршілік    қалыптары,
  жер   бетілік  және   жер астылык қабаттар,  молдығы  (түрлерінің  кездесу
жиілігі), таралуы, аспектісі (сыртқы түрі), өміршеңдігі, дамуының  мезгілдік
өзгерістері (қауымдастықтың ауысуы) сипаттайды.
     Зооценоз - жануарлардың қауымдастығы.
     Микробоценоз - микроағзалардың топтары.
     Микоценоз - саңырауқүлақ топтары.
     Популяциялар экологиясы – бір тектес  дарақтардың  табиғи  топтамалары,
яғни популяцияларды зерттейтін экология бөлімі.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
 1.  Биоценоз,  оның  құрылымы  қазіргі  жағдайы  туралы  жана  көзкарастар.
    Биоценоздын  экологиялык  кұрылымы.
 2.    Биоценоздағы     организмдердің     карым-катынастары    Биоценоздағы
    популяциялардың сакнының реттелуі.
 3. Тіршілік формалары. Популяция туралы түсінік.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5


     №6 тақырып Ареал және өсімдіктер мен жануарлардың шығу орталықтары.

Мақсаты: Ареал типтерімен танысу
Жоспар:
 1. Ареал туралы тусінік. Ареал типтері: топтанып, бөлшектеніп және біртұтас
 таралуы.
 2.  Ареалдың  бөлінуі:   космополитті,  сызықтық  және  шашыранды.
 3.  Ареал   шекарасының   динамикасы,   ұлғаюы,   қысқаруы,   біртектілігі.
 Организмдердін активті және пассивті  таралуы;  мәдени  өсімдіктердің  шығу
 орталықтары. Космополиттер. Эндемиктер. Реликті организмдер.


    Ареал деп белгілі бір түрдің жер  бетінде,  не  акваторияда  кездесетін
белгілі жер бөлігін айтамыз. Ареал - өсімдіктер  мен  жануарлардың  түрлері,
туыстары және басқа категориялары таралған аймақ. Өсімдіктер  мен  жануарлар
жер бетіне және теңіз, көл, мұхит суларына таралады. Ол табиғи және  жасанды
ареал деп бөлінеді. Ареалдардың орталығы   түрлердің  ық  таралған  және  аз
таралған жерлері кездеседі. Түрлер әртүрлі  факторлар  шығарып  кең  аймаққа
бөлінеді. Ареалдар белгілі бір  түрлердің  таралуына  және  жайылып  кетуіне
байланысты үнемі өзгеріске  ұшырап  отырады.  Сонымен  бірге  реликті  ареал
кездеседі. Ол көне заманнан бері қарай дамып  келе  жатқан  құбылыс.  Оларды
көне заманда тіршілік өткен кейбір түрлерінің жойылып кетпей  сақталып  келе
жатқанын көрсетеді.  Ареалдың  тұтас,  жалпылама  және  бөлшектеніп  жүргені
кездеседі. Биік таулар,  көлдер,  теңіздер  кроалдарды  бөлуі  мүмкін.  Мұны
ареалдардың табиғи кедергісі дейді.
    Эндемик - белгілі бір шағын ауданда ғана таралған, дүние жүзінің  басқа
жерінде кездеспейтін өсімдіктер  мен жануарлар.
    Реликт - өткен  геологиялық  заманда  тіршілік  еткен  фаунаның  немесе
флораның белгілі бір жерде сақталуы. Реликт  түрлері  сирек  немесе  жойылып
бара жатқан түрі.
   Космополиттер - бүкіл жер шарында таралған  жануарлар  мен  өсімдіктердің
түрлері.
   Ареалда  органикалық  түрлер  бірдей  болып  таралмайды.   Ареалдың   бір
бөлігінде көптеп кездессе, ал басқа жерінде аздап немесе мүлдем  болмауы  да
мүмкін. Ареалда түрлердің болмауы уақытша заңдылық  болуы  мүмкін.  Ареалдың
шекарасын анықтау қиын емес, егер түрлер  тұрақты  немесе  бір  территорияда
немесе акваторияда көшіп-қонып жүрсе.  Кейбір  түрлер  жыл  мезгілі  ауысқан
кезде өздерінің орнын ауыстырады, яғни миграциялық  процесс  жүреді.  Мұндай
түрге байланысты 2 қөзқарас бар:
   1. Тіршілік ету аймағы (өзіндік ареал)
   2. Түрдің көшіп – қонуы
    Біріншіге  түрдің  ұзақ  уақытқа  дейін  тіршілік  етіп,  көбейіп,   өз
тығыздығын өз бетінше сақтай алатын территориялар жатады.
    Екінші территорияда түр көбеймейді, тек қана бегілі бір жыл  мезгілінде
келіп, сол уақыт аралығында тіршілік етеді.  Мысалы:  құстардың  қыста  жылы
жаққа ұшуы. Көбею аймағы мен миграция бірігіп  ареалдың  біріккен,  күрлделі
түрін құрайды.
    Бабринский  түрлердің  өмір  сүру  жағдайында  жиі   кездесіп   тұратын
территорияны немесе акваторийді ареал деп атайды.
    Панфилов түрлердің өмір сүру циклі толық  аяқталғанға  дейінгі  тұратын
жерін – ареал деп атайды.
    Сонымен, ареал түрлері: көбею, қыстау, қоректену, миграциялық жол.
    Ареал – әртүрлі геоелогиялық дәуірде жануарлардың  эволюциялық  процесі
және олардың тіршілік ету ортасының өзгеруінен пайда болады.
    Ареалдың құрамының өзгеруі маңызды рөлді судың іс-әрекеті  әсер  етеді.
Организмнің таралуы, олардың тіршілік ету  орталығына  байланысты.  Өздеріне
қолайсыз ортада олар тіршілік ете алмайды және ұрпақ қалдыра  алмайды.  Өмір
сүру ортасының адамдардың іс-әрекеті  арқылы  өзгеруі  түрлердің  орналасуын
немесе ареалдың кеңеюіне әкеледі.
    Ареалдарды  көлемі,   шекара   конфигурациясы   бойынша,   географиялық
орналасуы жағынан классификацялай аламыз.
    Ен үлкен ареалдарды космополиттік деп аталады. Жалпы алғанда бүкіл  жер
бетінде, яғни түгелдей құрылықты немесе  мұхитты  алып  жатқан  белгілі  бір
түрлер кездеспейді. Жер бетіндегі организмдерді космополит  деп  атау  үшін,
Антарктиданы санамағанда барлық материктерді кездесулері керек.
    Космополитке қарама қарсы эндемиктерді көлемі жағынан  кіші  ареалдарды
келтіруге болады.
    Кейбір дизъюнктивті ареалдар, және дизъюнкциялар арнайы  атауларға  ие.
Мысалы  биполярлы  ареалдар  тропиктерде  үзіліп  солтүстік  және   оңтүстік
ендіктерді алып жатады.  Ал  амфипацификалық  және  амфиатлантикалық  таралу
Атлант және  Тынық  мұхиттары  мен  бөлініп  жатады.  Еуразияда  жазықтармен
үзіліп  жоғары   ендіктер   мен   оңтүстіктегі   биік   тауларды   қамтиытың
арктоалпілік ареалдарды мысалға келтіруге  болады.  Циркумополярлы  терминің
поляр шеңбері бойында жатқан ареалдарға қолданылады.  Пантропиктік  ареалдар
бүкіл континенттердің тропиктерің алып жатыр.
    Қандайда бір ареалдың ішінде өзіне тән организмдер барлық кеңістік тепе-
тен таралмаған. Ареалдың бір бөлігінде  көп  мөлшерде  жиналса,  екінші  бір
бөлігінде  аз  аздан  шоғырланып  немесе  мүлде  кездеспейді.  Ареалдың  бір
бөлігінде белгілі бір түрдің  кездеспеуі  уақытша  және  кездейсоқ,  уақытша
және заңды болуы мүмкін (мысалы  құстардың  жыл  мезгіліне  байланысты  ұшып
кетіп отыруы). Ареалдың бір бөлігінде белгілі  бір  түрдің  кездеспеуі  өмір
сүруге қалыпты жағдайдың бомауына  байланысты  болады.  Бұл  жағдайда  ареал
контуры картаға түсірілгенде,  таралу  олысының  негізгі  контурының  ішінен
организмдер таралмайтың участок ашық қалып қояды. Барлық мәліметтер  жиналып
картадағы бейнеленіп отырған территорияның масштабын үлкейткен соң,  белгілі
бір организмдер таралмаған  участоктар  көбие  түседі  де  ареал  өзіне  тән
күрделі өрнекке ұқсайды. Егер  ареал  ішіндегі  белгілі  бір  түрдің  сандық
көрсеткіштерін штрихпен бояп көрсетсек  жоғарыда  айтылған  өрнек  күрделене
түседі.
    Уақыт өте келе ареал ішіндегі белгілі бір түр азая түсетің болса. Ареал
өрнегі жұқарып, бөлініп кетеді. Тұтас ареал үзіліп,  жыртылып,  дизъюнктивті
ареалға айналады. Дизъюнктивті ареалдың түрлі бөліктері бір бірінен  бөлініп
кетіп организмдердің көшіп қонуы тоқтайды.
    Көптеген өсімдіктер мен жануарлар  үшін  ареалдың  бір  бөлігі  негізгі
ареалдан 100 шақырымға ұзап кетуі изоляцияға яғни  дизъюнктивті  ареалдардың
пайда болуына әкеледі. Кейбір организмдердің негізгі ареалдан  тәуелсіз  ары
қарай дамуына бірнеше жүз метр жеткілікті, егер белгілі бір  тосқауыл  болса
(мысалы үлкен өзен немесе бұғаз).
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
 1. Ареал туралы тусінік. Ареал типтері: топтанып, бөлшектеніп және біртұтас
 таралуы.
 2.  Ареалдың  бөлінуі:   космополитті,  сызықтық  және  шашыранды.
 3.  Ареал   шекарасының   динамикасы,   ұлғаюы,   қысқаруы,   біртектілігі.
 Организмдердін активті және пассивті  таралуы.  Космополиттер.  эндемиктер.
 Реликті организмдер.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5




 №7 тақырып. Құрлықтағы организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер
                               бойынша таралуы

Мақсаты: Организмдердің горизонтальды және биіктік белдеулер бойынша
таралымен таныстыру.
Жоспар:
 1. Құрлықтағы   географиялық   белдеулер.
 2. Биіктік белдеу және оның құрылымы.
  3.Организмдердің горизонтальды және  биіктік  белдеулер  бойынша  таралуын
рсттейтін факторлар. Негізгі немесе шектеуші факторлар.

      Жердің бетінде су мен құрылықтың таралуы, сондай-ақ материктік бетінің
сипаты географиялық  қабықтың  структура-сын  анықтайтын  маңызды  факторлар
қатарына жатады. Егер шар тәріздес фигурасы және Жердің айналымы,  оның  осі
кеңістікте  белгілі  жағдайда  түрғанда  жер  бетіне  күн  жылуының   зоналы
таралуын (экватордан  полюс  бағытына  оның  санының  заңдылықпен  өзгеруі),
демек, географиялық қабықтағы да зональдықты тудырады, ал су мен  қүрылыстың
әр  түрлі  таралуы  —  зональдықтан  жылу  мен  ылғалдың  белінуінде  едәуір
ауытқулық себебінен  және  ірі  региондардың  (аудандардың)  пайда  болуынан
болады.
      Климаттың ландшафттық – ботаникалық  бойынша  жіктелуі  тек  құрылықты
ғана қамтиды: Бұған сәйкес климат  былайша  жіктеледі:  мәңгі  аяз;  тундра;
тайга; қоңыржай зонасындағы топырақты  орман;  қоңыржай  ендіктегі  муссонды
климат;  дала;  жерортатеңіздік;  субтропиктік  орман;  тропиктен  тыс  шөл;
саванна; ылғалды тропиктік орман.
      Таулардағы өсімдіктер мен жануарлар  тау  жотасының  етегінен  бастап,
шынына дейін белдеулердің өзгерүімен  сипаттталады.  Жазықтарда  өсімдіктері
мен жануарлары оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп  зоналар  деп  аталады,
ал тауларда аналогиялық жолақтар белдеулер деп аталады. Зоналар мен  биіктік
белдеулерінде бірқатар ортақ белгілер бар, дегенмен өзіндік ерекшеліктер  де
бар. Биіктік белдеулер жүз метрмен  ал  зоналар  жүздеген  км  территориямен
өлшенеді.  Белдеулердегі  зоналарда  зоналық  биомдар  территорияның   басым
бөлігін  алып  жатса,  биіктік  белдеулерде  территорияның   басым   бөлігін
шатқалдар,  сырғымалар  алып  жатыр.  Жазықтардағы  белдеулер  мен   биіктік
белдеулердің  бар  болуы  температура  мен  ылғалдылыққа  байланысты.  Бірақ
биіктік белдеулердегі өсімдіктер мен жануарлар әлемінің  сипатына  биіктікке
байланысты  атмосфералық  қысымның  өзгеруі,  осыған  байланысты  парциалдық
қысым оттегі мен көміқышқыл газының өзгеруі өз әсерін тигізеді.
      Өсімдіктер             мен             жануарлар              әлемінің
географиялык        таралу заңдылықтары.
      Өсімдіктер мен жануарлар  әлемінің  географиялык  таралу  заңдылыктары
туралы  экология,  ботаника,   зоология,   биология,   ғылымдарында   көптеп
кездеседі. Оларға негізгі  әсер  етуші  абиотикалык  факторлар:  абиотикалык
жарык, температура, ылғалдылык. Биотикалык  фактор:  тіршілігі  бар  ортаның
факторы.  Антропогендік  фактор  -  адамның  шаруашылык  әрекетінен  тікелей
немесе жанама түрінде туындайтын фактор.
      Жарык - биосферадагы ең маңызды процесс. Фотосинтез тек  жарыкта  ғана
жүзеге  асады   сонымен   қатар   жарық   өсімдіктің   даму   жылдамдығына,
фотосинтездің  интенсивгілігіне,  жануарлардың   белсенділігіне,   коршаған
ортаның ылғалдылығы мен температураның өзгеруіне әсер етеді. Тәүліктік және
маусымдық  циклдерді  қамтамасыз  ететін  маңызды  фактор  болып  табылады.
Полюстерден экваторға карай жарык мөлшері артады.
      Температура. Тірі агзаның жер бетінде таралуын аныктайтын факторлардың
бірі.  Ол  организмдердің  тіршілігі  мен  дамуы,   таралу   үшін   кажетті
факторлардың бірі. Сондыктан организмдер төменгі және жоғарғы температураға
байланысты бейімделе отырып, өзінің калыпты жағдайын үйлестіріп отырады.
      Ылғалдылық. Су тірі ағзаның  өміріндегі  маңызды  экологиялык  фактор,
олардың  тұракты  кұрамдас  бөлігі.  Мысалы,  балдырлар  денесінде  96-98%,
шөптесін  өсімдіктердің   жапырағының   83-86%,   мүк   пен   қына   5-7%),
қосмекенділерде 93%, сүткоректілерде 63-83%) су кұрайды.
      Өсімдіктің физиологиялык құрылымын зерттейді. Либихтің  минимум  заңын
айта кету керек: «Факторлар жиынтығының  ішінде  кай  факторлар  төзімділік
шегіне жақынырақ тұрса, соның ыкпалы күштірек  болады».  Мысалы,  топыракта
азот пен фосфор мөлшері  өсімдіктерді  жеткілікті  болса  да,  темір,  бор,
кальций жеткіліксіздігін толтыра алмайды. Осы элементтің ең  болмаса  біреу
ғана кажетті мөлшерде топыракта аз болса, онда  өсімдіктің  өсуін  тежейді.
Бүл  заң  адамдарға  да   қатысты.   Адам   өз   организіміне   жетіспейтін
элементтерді, минералды суда витаминдерді пайдалану аркылы  толтырады.  Ал,
биотикалык факторларга келетін болсак ол әр түрлі түрдегі организмнің бір -
біріне әсер етуі.
      Эдафитгік  фактор  топырактың  ерлігімен  сипатталады.  Мысалы,   тірі
организм топырақтың түзілуі мен кызметінде маңызды  роль  аткарады.  Оларға
бірінші,  жасыл  өсімдіктерді  жатқызуға  болады.  Ол  топырақтан   қоректі
химиялык зат алып. Өздерінің өлген  ұлпаларын  кайтадан  жаңартып  отырады.
Топырак түзілу процесінің негізгі рольді  атқаратын,  топыракта  кездесетін
тірі организмдер: микробтар, омырткалы микроорганизмдер комегімен  химиялык
қосылыстардың трансформациясы мен миграциясы, өсімдіктің коректенуі жатады.


Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Құрлықтағы   географиялық   белдеулер.
2. Биіктік белдеу және оның құрылымы.
 3.Организмдердің горизонтальды  және  биіктік  белдеулер  бойынша  таралуын
рсттейтін факторлар. Негізгі немесе шектеуші факторлар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5




     №8 тақырып  Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың
                                биоценоздары.

Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.
Жоспар:
1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар.
2.Саванналар мен тропикалық ормандар.


                       №8 дәрістің қысқаша конспектісі

     Сулы орта тәрізді, жер үстілік ауалық  орта  үшін  де  айкын  көрінетін
географиялык белдемділік  бар.  Өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесінін  кез
келген   үйлесімділігі   Жердін   географиялык   кабығынын    морфологиялык
бөлшектеріне - климаттык белдемдерге сәйкес келеді.
     Табиғи белдемдер ендікті, меридиандык немесе бойлықты  болып  бөлінеді.
Алғашқылары - батыстан шығыска қарай, екіншілері - солтүстіктсн  оңтүстікке
карай созылады.
     Жануарлар  мен  өсімдіктер  өздері  мекен  ететін  әрбір  белдемге  тән
жағдайлармен тығыз байланысты және олар ең алдымен өз кезегінде сол  жердің
топырағының  күйіне,  рельефіне,  географиялық  және  басқа   да   бірқатар
ерекшеліктеріне  байланысты   болатын   қлиматтық   факторлардың   кешеніне
бейімделеді. Өсімдіктерді, жануарлар мен микроағзаларды  арнайы  жинақтаған
биогеоценоздарды  бөлудің  негізіне  жер  шарының  климаттық  белдемдерінің
салынуы мүмкін  екендігі  міне,  осыдан.  Г.Вальтер  алты  басты  климаттық
белдемдерді бөледі:
   1. Экваторлық белдем.
   2. Тропиктік белдем.
   3. Құрғақ субтропиктер белдемі.
Өтпелі белдем (Жерорта теңізі жак, Калифорния, Австралиянын.  оңтүстігі  мен
оңтүстік-батысы, Оңтүстік Американын онтүстік-батысы және т.б.)
      5. Қоңыржай белдем мына белдемшелерге бөлшеді:
         жылы қоңыржай климатты (Оңтүстік Африка);
         калыпты қоңыржай климатты (орталык Еуропа);
           континенттік   типті    куаң   коңыржай    климатты (орталык
Азия);
        желді немесе суық қоңыржай климатты (Солтүстік Америка мен
Еуразияның солтустік бөлігі).
      6.   Арктикалық (аңтарктидалық) белдем.
    Әрбір  климаттык  белдем  өзіне  тән  өсімдіктермен  және   жаңуарлардың
қоныстануымен сипатталады. Тропиктік ормандар, ірі  өзендердің  жайылмалары,
субтропиктер мен өтпелі белдемдердің шалғынды аймақтары және  ормандары  аса
құнарлы,  әрі  тіршілік  иелеріне  бай.  Шөлдер,  көгалдар  мен   далалардың
өңімділігі одан төмен.
  Биогеоценоздарды белдемдік болу бірқатар факторлармен себептелген.  Егер,
мысалы, сол немесе басқа өсімдік, не жануар кандай да бір  табиғи  белдемде
ұшыраспаса,  оның  себептеріне  биік  тау  жоталары  немесе  су  кеңістігі,
ылғалдылық жағдайы, қоректің жетіспеуі  және  т.б.  жатуы  мумкін.  Ылғалды
экваториалды  ормандар.  Ылғалды  экваториалды  және   тропиктік   ормандар
өсімдіктер жабынының максималды өнімділігін  қамтамасыз  ететін  ылғалдылық
пен температураның ең қолайлы жағдайында өседі.
  Жер бетіндегі ылғалды  троииктік  ормандардың  негізгі  таралу  аймақтары
Оңтустік  Америкада  Анд  тауларының   шығыс   беткейіне   дейін   Амазонка
бассейнінде, Үнді-Малайя аймағы,  Зонд,  Филиппин,  Жаңа  Гвинея  аралдары,
Батыс Африка — Конго өзенінің бассейні. Аталған  негізгі  өсу  аймақтарынан
басқа  ылғалды  тропиктік  ормандар  Анд  тауының  беткейлерінде,   Орталық
Америкада,  Кариб  теңізінің  аралдарында,  Шри-Ланкада,  Солтустік   Шығыс
Үндістанда, Тынық мұхитының көптеген аралдарьшда  кездеседі.  Экваториалдық
және  тропиктік  ормандардың  климаттық  жағдайлары  жылдық  температураның
біркелкілігімен сипатталады:  орташа  айлық  температура  өзгерісі   1—2°С.
Конго   бассейнінің   ормандарьшдагы   темпратураның   абтолюттік   шамасы;
 ең  жоғарғысы   +  36°,  төменгісі + 180С.
   Ылғалды тропиктік ормандардың таралу аймағына циклондар тән. Дауылдар жиі
больш тұрады мықты   ағаштарды   сындыруы   мүмкін).
   Ылғалды  тропиктік  орман  жауын-шашынның  басым  бөлігін  ұстап  қалады,
қалғандары жапырақ  беттерінен  буланса,  біразы  топырақтың  тамырлар  көп
қабатына  төмен  қарай  сіңіп  кетеді.
   Ылғалды тропиктік ормандардың топырағы қызыл, қызыл сары және  ферралитті
сары. Ағаш жапырақтарынан түзілген жабын  1—2  см  (кейде  болмайды).  Азот,
калий, әсіресе фосфор мен көптеген микроэлементтермен  жеткіліксіз  дәрежеде
қамтамасыз етілген жауын суы шайып кетеді немесе өсімдіктер жылдам   сіңіріп
 алады).
   Ылғалды тропиктік ормандардың  вертикалды  структурасы,  яғни  ярустылығы
күрделі, әдетте 5 белдеуді бөліп көрсетеді. Жоғары биік ағаштар белдеуі  1,
оларды эмердженттер деп атайды.  Негізгі  тығыз  белдеу  II,  аласалау  III
ағаштар белдеуі II белдеуіне кіріп жатады; IV белдеуін, әдетте  бұталы  деп
атайды. Ол негізінен ағаш тәрізді  өсімдіктерден  түзілген.  Ең  төменгі  V
белдеуі шөптерден, ағаштардың өскіндерінен тұрады. Көбіне бір ағашты белдеу
екіншісіне байқалмай біртіндеп   өтеді.    Монодоминантты    бірлестіктерде
полидоминанттылармен салыстырғанда ағашты белдеулер жақсы бөлінген.
   Тропиктік    ағаштар    жыл   бойы    гүлден,    жеміс   салуы     мүмкін
немесе периодты   түрде    жылына    бірнеше  рет  ал  көптегн  түрлер  жыл
сайын. Кейбір жағдайда монокарпиктер  де  кездеседі,  яғни  бір  рет  жеміс
бергеннен соң өледі (кейбір бамбуктер, пальмалар).
 Ылғалды троииктік ормандардың  таралуын  тек  ылғал  мен  температура  ғана
 анықтамайды,  сондай-ақ  эдафиттік  факторлар  да  әсер   етеді.   Биомасса
 өнімділігі 350-700 т/га-ға  дейін  жетуі  мүмкін.
   Ылғалды экваториалды ормандардың өсімдіктер дүниесі ғана емес, сондай-ақ
 жануарлары  да  көптүрлілігімен  сипатталады.  Тұрақты  жоғары   ылғалдылық
 ағзалардың   дамуына   қолайлы   температура,   жасыл   қоректің    көптігі
 территориалдық  және  трофтық  құрылымы  бойынша  күрделі,   полидоминантты
 жануарлар бірлестігін қамтамасыз етеді.
   Жылдың барлық маусымдары да  жануарлардың  көбеюіне  қолайлы.  Жануарлар
популяцияларының саны бірқалыпты. Жануарлар бірлестігінде  мына  белдеуледі
бөліп көрсетуге болады: топырақ жабындык және жер бетіндегі белдеу, ал одан
жоғары  бір-біріне  біртіндеп  өтетін  ағаш  белдеулері  орналасады.   Ағаш
бедеуінде әр түрлі топырақ және сулы жерлерге   жануарлар  тіршілік  етеді.
Оларга шаян тәрізділер, нематодалар, сүліктер, қосмекенділер  жатады.
   Сапрофаг жануарлар топырақ - жабын қабатында кең таралган.  Олар  өсімдік
қалдықтарымен  қоректенеді.
  Ылғалды тропиктік ормандарыыың сапрофаг жануарларының ішінде термиттердің
орны ерекше. Бұл қоғамдық бунақденелілер  оз  ұяларын  топырақта  және  ағаш
бұталарында салады. Саванна термитниктерімен салыстырғанда бұлардың  мөлшері
кеңірек.  Әдетте  саңырауқұлақ  тәрізді  (жауындарға  бейімделу).  Ағаштарда
орналасқан термитниктердің пішіні тамшы тәрізді, әдетте қара  түсті  болады.
Ұяның бұлай  биік  орналасуы  судың  шектен  тыс  мөлшерінен  қорғалу  болып
табылады.
   Бірақ  ұяларының  қайда   орналасқанына   байланыссыз   олардың   негізгі
қоректенетің  белдеуі  —   топырақ   және   жабын   қабаты.   Олар   түскен
жапырақтармен, жануарлар  экскременттерімен  қоректенеді.  Сондай-ақ,  олар
ағашпен де қоректенеді (талшықтылар, олардың ішегінде  симбиозды   тіршілік
етеді).
   Термиттердің ылғалды тропиктік ормандағы  өсімдік  қалдықтарын  өндеудегі
маңызы зор. Оларды жасыл өсімдіктер сіңіре алатын  минералдық  қосылыстарга
дейін  өзгертеді.
   Сондай-ақ бұл процеске басқа да  омыртқасыз  жануарлар  қатысады.  Оларға
жұмыр құрттар, ұсақ кенелер,  алғашқы  қанатсыз  бунақденелілер,  қоңыздар,
қосқанаттылар, жауын құрттары, қосқанаттылар, бітелер  т.б.  жатады.  Жауын
құрттарының кейбіреулерінің ұзындыгы 1 метрге дейін жетеді. Жабын қабатында
әр түрлі тарақандар, ірі бауыраяқты моллюскалар тіршілік  етеді.
   Жасыл  өсімдіктермен  фитофаг  жануарлар  қоректенеді.   Олардың   ішінде
 өсімдіктердің тамырларымен коректенетін  ризофаттар бар.
   Ағашты белдеуде жасыл жапырақтармен қоректенетін  жануарлар  көп.  Оларга
   әр  түрлі   қоңызда, көбелектердің жұлдызқұрттары, құмырсқалар жатад
   Сондай-ақ жасыл жапырақтармен тікқанаттылар, шегірткелер де  қоректенеді.
Өсімдік  тозаңдары  мен  нектармен   қоректенетін   жануарлар   өсімдіктерді
тозандандырады. Оларға қоңыздар, көбелектер, қосқанаттылар,  омыртқалылардан
— құстар мен қолқанаттылар жатады. Жасыл өсімдіктермен, олардың гүлдері  мен
жемістерімен маимылдар қоректенеді: жылауық маймылдар, мартышкалар,  гиббон,
орангутан,  лангурлар. Нағыз маймылдар жоқ жерде Жаңа Гвинея  мен  Солтүстік
Австралияның  жауынды  ормандарында  ағашта  тіршілік  ететін  қалталылар  —
кускустар мен ағаш кенгурулері, ал Мадагаскарда - әр түрлі лемурлар  олардың
орнын басады.
   Африканың  жауынды  ормандарында  адам  тәрізді   маймылдар   гориллалар
мекендейді. Тұяқты жануарлар көп емес шошқалар,  банго  киіктері,  ергежейлі
бегемот,  бұғылар,  тапир,   кемірушілерден   —   тышқандар,   нака,   агути
өсімдіктермен қоректенеді. Сондай-ақ өсімдіктермен қоректенетін құстар  көп:
әр  түрлі  торғай  тәрізділер,  колибри,   көгершіндер,   тотықұстар,   ағаш
тауықтары,  гоациндер т.б.
   Рептилиядардан  тасбақалар  мен  кесірткедердің   ішінде   өсімдіктермен
қоректенетін түрлері бар. Мысалы, ұзындығы бір жарым  метрге жететін  жасыл
игуана.
   Ылғалды   тропиктік   ормандағы    жыртқыш    омыртқадылардың    арасында
құмырсқалардың    маңызы    зор.    Құмырсқалар    өсімдіктерді     зиянкес
бунақденелілерден қорғайды. Ылғалды трониктік ормандағы  қосмекенділер  тек
жер бетінде  ғана  емес,  сондай-ақ  ағаштық  белдеуге  де  таралған.  Ағаш
белдеуінде тіршілік етеітін қосмекендідерге жасыл,  кейде  қызыл,  көгілдір
бақбақылдар  жатады.  Олар  Амазония   мен   Оңтүстік   Азияның   тропиктік
ормандарында мекендейді.
   Оңтустік  Америкада  қалталы  бақбақылдар   тіршілік   етеді.   Тропиктік
ормандардың ағашты  белдеуінде  геккондар  тұқымдасына  жататын  кесірткелер
тіршілік етеді.  Ағашты  белдеуде  тіршілік  етуге  бейімделген  жануарларға
хамелеондар жатады.  Олар  әсіресе  Африка  мен  Мадагаскарда  көп.  Олардың
аяқтары екі саусақты, көзінің құрылысы ерекше, денесінің тусін  тез  өзгерте
алады.  Хамелеондардың  мөлшері  жарты  метрден  бірнеше  сантиметрге  дейін
жетеді.
   Ылғалды    тропиктік    ормандарда    кемірушілермен,     рептилиялармен,
амфибиялармен, ұсақ тұяқты жануарлармен қоректенетін ірі жыландар  тіршілік
етеді. Амазонка суларында ең ірі жылан — анаконда мекендейді. Ұзындыгы 11 м-
ге дейін жетуі мумкін. Питон, кара жыландар да кездеседі
   Ылғалды тропиктік ормандарда нағыз жыртқыш кұстардан әр  турлі  гарпия  —
маймыл жегіш, үкілер, қырғи  т.б.  құстар  мекендейді.  Олар  маймылдармен,
жыландармен, жарғанаттармен  қоректенеді.
   Ылғалды  тропиктік   ормандардың   сүтқоректі   жануарларының   көпшілігі
құмырысқалар мен термиттермен қоректенеді. Ағаш  құмырсқа  жегіші  Амазония
ормандарында  тіршілік  етеді.
   Түн мезгілінде орманның жоғары  ярустарында  бунақденелілермен  әр  түрлі
 жарғанаттар  қоректенеді.  Ірі  жыртқыштар  негізінен  мысық  тәрізділерден
 құралған:  Амазонияда  -  ягуар,  Африка  мен  Оңтүстік  Азияда   -леопард,
 мангустар. Жануарлардың көптігіне қарамай, олар жалпы биомассасының шамамен
 200  кг/га,  яғни  0,02%-ын  құрайды.  Бірақ  фитофагтар  мен  зоофагтардың
 белсенді  тіршілік   қызметіне   байланысты   олардың   ылғалды   тропиктік
 ормандардың экологиялық жүйелеріндегі  энергия  ағымы  мен  зат  алмасудағы
 алатын  орыны  ерекше.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар.
2.Саванналар мен тропикалық ормандар.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5


       №9 дәріс Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың
                                биоценоздары.
Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.
Жоспар:
1.Солтүстік Америка бірлестігі
2.Шөлдер
                       №9 дәрістің қысқаша конспектісі
      Солтустік Америка  бірлестіктері  —  материктің  ортасында  өте  үлкен
территорияны  алып  жатқан  далалардың  аналогы   —   прериялар   Альберта,
Саскачеван, Манитобаның (Канада) Оңтүстік-Батыс  бөлігін,  Дакотаның  шығыс
бөлігін, Миннесоттың шығыс, бүкіл Айованы,  Небраски,  Иллинойс,  Комдостың
үлкен бөлігін Охлахоманың Солтүстік-Батыс бөлігін, Мексика шығанағы бойынша
Техастан Флоридаға (АҚШ) дейінгі жерді алып жатыр. Шығыс Еуропа далаларынан
айырмашылығы Солтүстік Америка прерияларында астық  тұқымдастарының  ішінде
тропиктік туыстардың өкілдерінің  маңызы  зор.
      Оңтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде де астық  тұқымдас
өсімдік бірлестігі таралған, Оларға ең  алдымен  Шығыс  Аргентинаның  астық
тұқымдасты бірлестіктері  жатады.  Оларды  ботатанктер  пампа  деп  атаған.
Памианың  солтүстік  бөліктерінде  боз  селеу  таралған.   Астық   тұқымдас
өсімдіктердің 26 түрі өседі оның 9-ы жерсіндірілген түрлер.  Сонымен  қатар
әр түрлі  шөптердің 46 түрі кең таралған.
      Грунт сулары жер бетіне жақын келетін жерлерде үлкен тығыз шым түзетін
паспалумның бірлестігі дамыған туссокалар пайда болган. Содалық  сортаңдану
бөліктеріне өту туссокалар түзетін  астық  тұқымдас  өсімдіктердің  өсуімен
сипатталады. Қазіргі кезде табиғи астық тұқымдас    шөптер    бірлестіктері
толық жыртылған. Солтүстік жарты шардың астық  тұқымдас  өсімдіктер  даласы
оңтүстікпен салыстырғанда  ксерофилділігінің  жоғарылығымен   сипатталады.
      Далалар,    прериялар    мен    пампалардың     жануарлары   әжептеуір
қатал   гигротермиялық   режимге   бейімделген. Құрғақ жаз  кезеңі  салқын,
қарлы   қыспен   ауысады  соған    байланысты    жануарлардың    көпшілігі,
әсіресе  топырақта  тіршілік    ететін,  белсенділігін  тек   көктем,   күз
кезеңдерімен   шектейді. Салқын қыс жағдайындалар анабиоз  күйіне    түссе,
ол жазғы қуаңшылық жағдайында белсенділігін төмендетіп,   жартылай тыныштық
 күйге  өтеді.
      Ұсақ омыртқалы жануарлар — кесіртке, жылан, кейбір  кемірушілер  қысқы
ұйқыға кетеді, ал ірі сүтқоректілер оңтүстік аудандарға орын ауыстырады, ал
 құстардың  көпшілігі  қыста   ұшып   кетеді.
      Ағаш,  бұталы  белдеудің  болмауы  жануарлар   дүниесінің   вертикалды
құрылымының қарапайымдылығына әкеледі. Іс жүзінде тек бір —  жер  бетіндегі
белдеу ғана бар. Бірақ жануарлардың топырақ горизонтына  енуі  күшейеді.
      Шөптесін өсімдіктер шөпқоректі жануарларға мол  жем  қорын  қамтамасыз
етеді. Геофит - өсімдіктердің (түйнектері, пиязшық  тамыршалары)  жер  асты
мүшелерімен ризофаг жануарлар қоректенеді, Қалың топырақтың жабындық қабаты
мен гумуста әр түрлі сапрофаг жануарлар тіршілік етеді  Олай  болса,  басқа
бірлестіктерге қарағнда дала, прерия және пампаларда жануарлардың жер  асты
 белдеуі  жақсы  жетілген.
      Баскаларға қарағанда дала, прерия және пампалардың  ландшафты  адамның
қызметі нәтижесінде көп өзгеріске ұшыраған. Олардың үлкен бөлігі  егістікке
пайдаланып, жыртылса, қалған территориялар жайылым ретінде  пайдаланылады.
      Шөптесін   өсімдіктермен   сондай-ақ   әр   түрлі   тұяқты   жануарлар
қоректенеді.  Еуразия  далаларында  бірнеше  ғасыр  бұрын  жабайы  бұқалар,
турлар, ақбөкен, сайгақтар, жабайы жылқы — тарпандар, дала зубрлары жайылып
жүрген. Бұл тұяқтылар басқа фитофагтармен бірге  жасыл  массаны  пайдаланьп
қана қоймай, жоғарғы топырақ жабын белдеуінің құрылымына әсер еткен.
      Пампада ірі шөпқоректі  жануардар  тіршілік  етеді.  Памнаға  тән  түр
-сүйелаяқтылар отрядына жататын өркешсіз түйе —  гуанако.  Гуанако  үйірлік
топтар немесе шағын үиір болып тіршілік етеді. Олар  маусымдық  миграциялар
жасайды: жазда жасыл жайылымдар мен суға     қарай,     қыста     ауа  райы
жайлы, қарсыз аудандарға қарай көшеді. Гуанакодан  басқа     пампада  қазір
өте сирек болса да пампа бұғылары сақталған.
      Өсімдік қоректі құстардың бірлестіктері негізінен тауық  тәрізділердің
әр  түрлі  тұқымдастарына  жатады.  Далаларда  сұр  құр,  кәдімгі   бөдене,
прерияларда  -  шалғындық  дуадақтары,   калифорния   бөденесі   кездеседі.
Далаларға тән құстар — бозторғай, дуадақ. Кейбір аудандарда  бұл  құстардың
бірнеше  түрі   тіршілік   етеді.   Шөптесін   бірлестіктердегі   бауырымен
жоргалаушылардың  түрлері  көп  емес.  Далаларда  кесірткелер,  қара  жылан
мекендейді. Прерияларда игуаналар туқымдасына жататын аномис  техас  жыланы
тіршілік етеді Пампада ұсақ игуаналар, каскавела улы жыланы  мекендейді.
      Жыртқыш құстардан бүркіттер, дала бүркіті мекендейді.  Прерияларда  ең
кішкентай қыран мекендейді. Олар негізінен  бунақденелілермен  қоректенеді.
Прерияларда, пампаларда өте сирек болса да тұйғындарды кездестіруге болады.
      Жыртқыш сүтқоректілер негізінен кемірушілермен қоректенеді. Тек қасқыр
ертеректе тұяқты жануарларға  шабуыл  жасаса,  қазір  үй  жануарларымен  де
қоректенеді.  Жыртқыш  сүтқоректілерден  дала  тулкілері,   аққалақ     пен
ақкіс   мекендейді.
      Прерияларда  кайот,  ұзынқұйрықты  ақкіс  жыртыш  сүтқоректілер  тобын
құрайды. Пампада бұл топқа пампа түлкілері, жалды  қасқыр,  патагон  ақкісі
жатады.
      Қоңыражай белдеудің ксерофилді шөптесін бірлестіктердтң биомасса  қоры
шөптің калыңдығы мен биіктігіне байланысты  150  т/га-дан  бастап  10  т/га
дейін ауытқиды. Орташа қоры 50 т/га. Кемірушілері мен тұяқтылары көп табиғи
бірлестіктерде  зоомасса  10—50  кг/га  құрайды,  бұл   шамамен   тропиктік
саванналардың зоомассасына  сәйкес  келеді.
      Шөлдер. Шөлді жерлердің бірлестік типі,  қоңыржай,  субтропиктік  және
тропиктік табиғат белдеулері жағдайыпда қалыптасады. Бұл әр түрлі шөлдердің
жылу режимінде айтарлықтай айырмашылықтардың болуын  анықтайды.  Бірақ  шөл
бірлестіктернің  сыртқы   келбетін,   құрылымын,   белгілі   бір   тіршілік
формаларының дамуын ең алдымен  ылғалдың жетіспеуі анықтайды.
   Шөлдерді сипаттағанда климаттық  көрсеткіштер  есепке  алынады.  Шөлдерге
(қуаңшылық) құрғақшылық (жауын-шашын 200  мм-ден  кем)  пен  жауын-шашынның
тұрақсыздығы тән.
   Жауын-шашынның түсу ырғағына қарай шөлді ауа райының бірнеше типін  бөліп
 көрсетуге  болады:
   а) жауын-шашын   қыста  болады;
   ә) жауын-шашын   жазда   болады,    ал    құрғақшылық  кезі   қысқа  тура
     келеді;
   б) жауын   барлық   маусымда да болады  немесе жауын-шашын  түсуінің  екі
     кезеңі бар;
   в)  жауын-шашынның  мөлшері  тұрақсыз  немесе  тіпті  болмайды    (жаңбыр
     түрінде).
   Өсімдіктер  бірлестіктеріне:  өсімдіктердің  сирек  болуы,  өсімдіктердің
ылғал жетіспеуіне бейімделуі,  ксероморфты  структура  тән.  Эфемерлер  мен
эфемероидтар өседі. Субстратына байланысты:  шөлдер  құмды,  сазды,  тасты,
сортаң және т.б. болуы мүмкін. Сортаң шөлдердің қолайсыздығы  —  топырақтың
сортаңданудан  болған  тұздары  өсімдіктер  үшін  улы  болуы  мүмкің  құмды
шөлдерде - субстраттың  қозғалғыштығы,  тасты-топырақтың  тығыздығы,  сазды
шөлдерде ылғал режимінің қолайсыздығы   өсімдіктердің   дамуын    шектейді.
Бұл     шектеуші     факторларға         қарай      өсімдіктерде    өзіндік
бейімделушіліктер  пайда  болады.
   Ең үлкен территорияны солтүстік жарты шардың құргақ континенталды шөлдері
— Сахарадан Орталық Азия шөлдеріне дейін Сахаро-Гобийлік шөл  аймағы   альш
жатыр.
   Оңтүстік жарты шарда шөл алып жататын территориялар үлкен емес,  Оңтүстік
Америка  мен  Африкада,  Батыс   мұхит   жағалауларында   жағалық   шөлдер.
Австралияның ішкі аймақтары  шөлейт аймаққа жатады.
   Шөлді формациялардың таралу аймақтары барлық континеттерде аралық  өтпелі
бірлестіктер  шөлейттермен  қоршалған.  Биогеографиялық  тұрғыдан   алғанда
шөлейттердің бірлестіктеріне астық тұқымдастардың  қатысуы  тән.
   Азияның шөлейтті формацияларын зерттеушілер шөлге  айналған  дала  немесе
далаға айналған шөлдер ретінде қарастырады,  солтүстік  формациялар  -  дала
типіне,  оңтүстікке  қарай  шөлдерге   жатады.   Бұл   жағдайда   өсімдіктер
бірлестіктерінде  шөлейт  зонасы  көрінбейді.  Шөлейтті  формацияларда   жыл
бойынша жауын-шашьшның айтарлықтай өзгеруі  байқалады.  Құрғақшылық  жылдары
астық тұқымдастар  кеміп,  шөлде  өсімдіктердің  түрлерінің  маңызы  артады.
Антропогенді фактордың әсерінен шөлейттер оңай шөлдерге  айналады.
   Қазақстанның  территориясының  23%-ы  шөлейт  экожүйесіне  жатады.  Оның
солтүстік шекарасы Орал  қаласы,  Теңіз  көлі  арқылы  Қарағанды  қаласынан
оңтүстікке қарай өтеді ал оңтүстік шекарасы — Ырғыз елді мекені,  Жезқазған
қаласы, Мойынты станциясы арқылы  өтеді.
   Аймақтың ауа райы  қатал,  жазы  ыстық,  қысы  салқын.  Шілденің  орташа
 температурасы +24 +26°С, кейде +40  +45°С-ға   дейін    жетеді.   Қаңтардың
 орташа температурасы   -14  -160С,  ал    кейде    -42    -49  С-ға   дейін
 төмендейді.
   Топырақы ашық қызыл қоңыр, гумус қабаты күшті емес (25—35 см),  ал   қара
шіріктің  мөлшері  2—4%.
   Өсімдіктер дүниесі тұтас емес, құрғақшылыққа  төзімді  астық  тұқымдастар
(тырса,  жусан),  жартылай  бұталар  (дермене),  эфемерлер,    қызғалдақтар
кездеседі.
   Жануарлар  дүниесі  дала   және   шөл   өкілдерімен   ұқсас.   Сайгақтар,
сарышұнақтар, кемірушілер, қасқыр, түлкі, құстардан — дала буркіті, дуадақ,
тырна, бозторғай   мекендейді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Солтүстік Америка бірлестігі
2. Шөлдер
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5




      №10 дәріс Жер бетіндегі негізгі климаттық экожүйелер мен олардың
                                биоценоздары.

Мақсаты: Жер бетіндегі негізгі экожүйелер және олардың биомдарымен танысу.
Жоспар:
1.Тундра.Тайга.
2. Дала. Еуразия далалары.
      Тундра.Тундраның  негізгі  белгісі  -  орманның  болмауы.   Өсімдіктер
дүниесі астық тұқымдастардан, қияр, шағын  ағашты  өсімдіктер  мен  қыналы-
мүкті бірлестіктерден тұрады. Топырағы  қышқыл,  қоректік  заттарға  кедей.
Жұқа өсімдіктер жабыны  оңай  бұзылады  және  өте  баяу   қалпына   келеді.
Тундрада жануарлардың тіршілік ету аймағы негізінен топырақ-жабын, жер беті
және бұталы бел  деуден  құралады.  Белсенділігі  жылы  болатын  3-4  аймен
шектеледі.  Қолайсыз  кезенде  омыртқасыз  жануарлар   анабиоз   жағдайында
өткізеді, кейбір  жануарлар  қысқы  ұйқыға  кетеді,  кейбіреулері  миграция
(құстар, сұтқоректілер) жасайды. Тундра жануарлары жыл  бойы  санының  күрт
ауытқуымен сипатталады. Бұл табиғат жағдайларының көп жылджық циклдері  мен
өсімдік және жануар текті қоректердің қорының ауытқуына байланысты  болады.
Топырақ  жабын  қабатында  тіршілік  ететін  сапрофагтардың  арасында  саны
бойынша   өте    ұсақ    жұмыр    құрттар-нематодалар,    микроартроиодалар
-коллемболалар,  кенелер-гамазидалар   мен   орибатидалар,   ұсақ   құрттар
-энхитреидалар, жауын құрттары мен қосқанаттылардың личинкалары  басым.
         Биомассасы бойынша бірінші орында жауын құрттары, негізінен бір ірі
түр Норденшельд эйзениясынан тұрады, оның ұзындыгы 30 см-ге  дейін  жетеді.
Әр  түрлі  қосқанаттылардың  (маса,  шыбын)  дернәсілдері   өлген   өсімдік
қалдықтарымен қоректеніп, тундраның су  қоймаларында, су  тубінде  тіршілік
етеді.  Көптеген  тундраның  гүлді  өсімдіктері  анемофилді,  яғни   желмен
тозаңданады. Бірақ бунақденелілермен тозанданатындар да бар. Мысалы,  түкті
аралардың дене температурасы 400С, гомойотермді деуге болады.
         Жыл бойы жасыл өсімдіктермен ұсақ кемірушілер-леммингтер  мен  дала
тышқандары қоректенеді. Палеарктикалық тундраның батыс секторында  Норвегия
леммиигі мекендейді, ал  одан  әрі  оны  шығысқа   қарай   сібір   леммингі
алмастырады.
          Қыста  леммингтер  әр  түрлі   бұталардың   (сүмбі   тал,   қайың)
жапырақтарымен, өркенімен қоректенеді, ал  жазда  жидектермен,  қыналармен,
саңырауқұлақтармен қоректенеді. Жаз уақытында олар әрқайсысы 5-6 баладан 2-
3, кейде 4 рет көбейеді.  Тундра  зонасына  Миддендорф  тышқаны  тән.  Олар
тундраның ең оңтүстік аудандарында тіршілік етеді.  Бұл  туыстың  басқа  да
түрлері — солтүстік сібір, экономка  тышқаны  кездеседі.  Барлық  тышқандар
бүкіл жыл бойы белсенділікнен, қысқа арнап індерінде қорек  қорын  жинайды.
Көбею жылдамдыгы өте жоғары, жылына  3—5  рет  6—10  баладан  туады.
        Таулы тундралардың Еуразияның  солтүстік  шығысында  және  Солтүстік
Американың солтүстік батысында қыста  ұйқыға  кететін  тиіндер  тұқымдасьна
жататын кемірушілер  —  суырлар мен  сарышұнақтар кездеседі
        Ұзынқұйрықты сарышұнақ Беринг бұгазының екі жағында (жағалауларында)
таралған. Систематикалық жағынан суырлардың екі жақын түрі тіршілік етеді  -
Камчатка суыры және Американ  ақбас  суыры.  Бұл  аңдар  ін  қазып  тіршілік
етеді. Қыста ұйқыга кетеді. Бір інде 20-30  аң  жиналып   қыстайды.
      Еуразия мен Солтүстік  Америка  тундраларында  Америкада  карибу  деп
аталатын солтүстік бұғысы кең таралған. Бұл бойының биіктігі 1,4 м жететін,
үлкен  бұтақтанған   мүйізі  бар   бұғылар.     Ұрғашысында     да   мүйізі
болады.   Өсімдіктермен,   қыналармен,   мүктермен қоректенеді.
      Таулы тундраларда қар қойы немесе жуан мүйізді қой кездеседі.  Казіргі
уақытқа  дейін  мускусты  қой  қошқар  тек  Солтүстік  Американың  солтүстік
жағалаулары мен  бірқатар  полярлық  аралдарда  соның  ішінде   Гренландияда
сақталған.
      Тундрада жасыл массамен құстар қоректенеді. Ақ құр және  тундра  құры
жазғы   қоңыр   қауырсындарын   қыста   аққа   ауыстырады.   Жапырықтармен,
бүршіктермен,  жидектермен  қоректенеді.
       Тундра құстарының көпшілігі жыл құстары.  Қаз  тәрізділер  негізінен
өсімдіктермен қоректенеді. Аққулардан - тундрада кіші  аққу  немесе  тундра
аққуы, қаздардан — ақмандайлы қаз және шиқылдаққаз, казаркалардан  —   қара
және канада  казаркалары   кездеседі.
       Құстардың ішінде шүрілдектердің 2 түрі, татреңнің  3  түрі  тіршілік
етеді. Олар бунақденелілермен және олардың дернәсілдерімен,  өрмекшілермен,
моллюскалармен, құрттармен, ұсақ  шаянтәрізділермен  қоректенеді.  Тундрада
шағала тұқымдасының кейбір өкілдері ұя салады, мысалы қызғылт  шағала  және
айыр құйрық  шағала.
       Зоофаг жануарларға топырақ жабын белдеуінде тіршілік ететін  жыртқыш
нематодалар, өрмекшілер,  ұсақ  жыртқыш  көпаяқтылар,  құмырсқалар  жатады.
Құмырсқалардың тек бірнеше түрі ғана кездессді. Мысалы,  поляр  құмырсқасы.
Ақ үкі немесе полярлық үкі,  қарсақ  леммингтер   мен   дала  тышқандарымен
қоректенеді.
        Тундра қасқыры солтүстік бұғыларына шабуыл жасайды,  кемірушілермен
  қоректенеді.
        Ірі сұңқар - лашын  негізінен  әр  түрлі  құстарға  шабуыл  жасайды.
Тундра зонасының жартасты жағалауларында құстардың жиналған  ұялары  -  құс
базарлары     құрылады.     Мұнтазқұстар,     шағалалар     көп.     Кейбір
аудандарда, аралдардың құмды жағалауларында  теңіз  сугқоректілері  -  морж
және гренландия түлені  кездеседі.
        Тайга. Бореалды қылқан жапырақты ормандар тайга деген атпен  белгілі
Циркумполярлық зона түзе отырып үздіксіз белдеу, түрінде Евразия,  Солтүстік
Америка  арқылы  өтеді.  Евразиядагы  қылқанжапырақты   ормандардың   енінің
максимумы Енисей мен Лена өзендерінің аралығында болса, Солтүстік  Америкада
Тынық  мүхит жағалауларында.
        Тайганың климаттық жағдайлары салыстырмалы түрде қысқа  вегетациялық
кезеңімен, салқын қыс, салыстырмалы  түрде салқын  жазбен  сипатталады.
        Тайга ормандары моно немесе олиго  -  доминантты,  әдетте  қарапайым
және  анық  бөлінген  белдеулік  құрылым  тән.  Ағашты,  бұталы,   шөптесін
өсімдіктер белдеуін  және  қыналы-мүкті  топырақ  қабатың  бөліп  көрсетуге
болады.
        Қылқан жапырақты ағаштардың түрлері — шырша, арша, қарағай, самырсын
— бүкіл тайга бойындағы негізгі  орман  түзушілер.
        Солтүстік Америкада жоғарыда аталғандардан басқа тсуга және дугласий
агғштары өседі. Евразия  мен  Солтүстік  Американың  негізгі  орман  түзуші
ағаштарының арасында ортақ түрлер жоқ, себебі, миоценнен  бастап  Азия  мен
Солтүстік Америка ормандары әр түрлі жолмен дамыған.
        Орман түзушілердін, экологиясына  байланысты  тайга  ормандары  қара
қылқан жапырақты (шыршалар, самырсын, сібір қарағайы т.б.) және ашық қылқан
жапырақты  (қарағай, балқарағай) болып  бөлінеді.
        Түпкілікті қылқанжапырақты ормандар өрт пен кесуден соң екінші ретті
 ұсақ жапырақты (қайың  тәрізділер)  немесе  ашық  қылқанжапырақты  қылқанын
 түсіретін, негізінен  қарағайлы  ормандармен  алмасады.
         Континенталды климатта сібір балқарағайы  мен  даур  балқарағайынан
құралған ашық  қылқанжапырақты  ормандар  таралады.  Балқарағайлы  ормандар
әдетте, қоспасыз, монодоминатты болып  келеді.  Кәдімгі  қарағай  ормандары
тайга  зонасында  қолайсыз   тіршілік   ету   аймақтарын   қамтитын   үлкен
территорияларды  алып  жатыр.  Қарағайлы   ормандар   ертедегі   аллювиалды
жазықтарда, құмды террасаларда, торфты батпақтарда  өседі.
        Қарағай — жылдам өсетін, жарық сүйгіш, жылу мен ылғалды  қажетсінуі
онша  емес  ағаш,  ашық   жерлерде   оңай   өседі.   Солтүстік   Американық
циркумбореалды    тайга    зонасы,    еуроазияның,    ормандары    тәрізді,
қарақылқанжапырақты ормандары климаты жұмсак  территорияларда  таралса,  ал
анагұрлым континенталды жағдайларда олар  қарағайлы  ормандармен  алмасады.
Солтүстік американдық  аймақтын,  дендрофлорасы  еуроазияның    ормандарына
қарағанда   түрлік   құрамы бай. Әсіресе, қылқанжапырақты түрлердің негізгі
көп түрлілігі Тынық мұхиттық  бөлігінде  шоғырланған.  Солтүстік  шекарасын
қылқанжапырақтылардың үш түрі құрайды — ақ  шырша  немесе  канада  шыршасы,
қара шырша, американ балқарағайы. Кейбір жерлерде  оларға   қағазды   қайың
араласады.
         Еуразиядан  айырмашылығы  мұнда  қарағайдың  түрлері  көп.  Ең  көп
таралғандары Бэнкс қарағайы, веймут қарағайы. Олар негізінен  құрғақ  құмды
топырақтарда өседі. Тайга  зонасының  оңтүстік  бөліктерінде  орман  түзуші
ретінде канада тсугасы, шығыс туясы  пайда  болады.
        Алясканың ең континенталды бөлігі Маккензи  бассейні  құрғақ,  сирек
қарағай мен балқарағай ормандарының  басым  болуымен  сипатталады.
        Тынық мұхит  жағалауының  (батыс  ормандары)  ең  қолайлы  климаттық
жағдайда дамиды.  Ауаның  ылғалдылығы  жоғары,  жауын-шашын  мөлшершің  көп
болуымен сипатталады (1000 мм-ден астам), жылдық  температура   амплитудасы
11—13°.
        Бүкіл  зонада  4  доминантты  туыстың  —  туя,  тсуга,  псевдотсуга,
 самырсынның басымдылығы байқалады. Ал оңтүстікке қарай  Энгельман  шыршасы,
 секвойя пайда  болады.  Ормандар  бірінші  белдеудің  полидоминанттылығымен
 сипатталады. Псевдотсугалар немесе дугласии ағаштарының биіктігі 75 метрге,
 ені 180 см, қатпарлы туяның биіктігі 60 метрге, епі  240 см-ге  жетеді.
        Мәңгі  жасыл  секвойя  ормандарының  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Олар
 ертедегі голарктикалық туысқа жатады.
        Секвойя — реликт, бірақ  көптеген  реликттерден  айырмашылыгы,  оның
 ареалының қысқаруы байқалмайды. Секвойя әлемдегі ең биік ағаштардың  біріне
 жатады. Биіктігі 112 м, ені 18 см.  болады  және  500  жылға  дейін  өседі.
 Орташа өмір сүру жасы 1800-2000) жылға  дейін.  Оған   жақын  туыс - мамонт
  ағашы (алып секвойя) қазір жеке туысқа жатқызылады. Жасы 4000  жыл.  Мәңгі
 жасыл секвойядан айырмашылығы, мамонт  ағашы  жойылып  бара  жатқан  түр.
       Тынық мұхит жағалауындағы ормандар өңімділігі жоғары бірлестік болып
табылады. Ағаштың қоры мысалы Британиялық Колумбия ормандарында 950 м3 /га.
       Тайгадан оңтүстікке қарай аралық аймақ  жатыр.  Онда  нағыз  жапырақ
түсіретін  және  қылқанжанырақты  ормандар,  бірақ  онымен   қатар   аралас
қылқанжапырақты, жалпақ жапырақты ормандар да дамиды.
        Жануарлар дүниесі бұлан, қоңыр аю, сілеусін, тиін, сусар, ор  қоян,
түлкі, еліктерден және т.б. тұрады. Тайга құстарға бай, онда  құр,  саңырау
құр,  тоқылдақ  қайшыауыз,  үкі  және   т.б.   тіршілік   етеді   Бауырымен
жорғалаушылардан  кәдімгі  қара  жылан,  тірі  туатын  кесіртке  кездеседі.
Бунакденелілердің түрлері өте көп.
       Дала. Қоңыржай белдеудің ксерофилді бірлестіктері әр  түрлі  аталады.
Ксерофилді шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына  әр  түрлі  ұзақтағы  қыс,
жылы  құрғақ  жаз,  жаздағы  жауын  шашын  мөлшерінің  максимум  болуы  тән.
Солтүстікте қаңтардың орташа температурасы 20°С, абсолюттік  минимум   дейін
жетеді, ал оңтүстігінде бірде-бір айдың температурасы 0°-тан  төмендемейді.
       Ксерофилді, шөптесін өсімдіктердің таралу аймағына жылы, құрғақ  жаз
тән. Еуразия далалары үшін  климаттық  көрсеткіштер-шамамен  орташа  жылдық
температура 3,0-7,5°С,  оңтүстік  аймақтарда  -10°-қа  дейін,  ең  жылы  ай
шілденің орташа температурасы 19,5—24,5°С, жылына 300—500  мм  жауын-шашын,
соның  ішінде  160—180   мм   жазда   түседі.   Шығысқа   қарай   климаттың
континенталдығы артады.  Г.  Вальтер  (1975)  бойынша  далаларда  қуаңшылық
әдетте көктем  мен  жазда  байқалады.
   Солтүстік  американдық  прериялардың  климаты  далаларға  ұқсас.   Нағыз
прериядардағы жауын-шашын мөлшері 700 мм. Құрғақшылық жылдары 25%-ке  дейін
кемиді.  Температура,  әсіресе   кыс   айларының   температурасы,   ендікке
байланысты  өзгереді.
         Пампа     далалар     мен     периялардан     анағұрлым     қолайлы
температуралық  режимімен   ерекшеленеді.  Аяздар болып  тұрғанымен  салқын,
қыс кезеңі болмайды. Буэнос-Айрестің     орташа     жылдық     температурасы
16,60 С,    орташа    минималды    температурасы -5°С,  аязы    жылына    12
 күннен   артпайды.   Пампаға   күштіжелділік  тән.    Жылдық    жауын-шашын
мөлшері   сол жылдың   қалай   болуына    байланысты     өзгеріп     отырады
(2030—550 мм/жылына).
        Оңтүстік Жаңа Зеландияның табиғи астық тұқымдас  туссокаларында  500
мм-ге дейін жауын-шашын түседі. Құрғақ жазда, орташа жылдық температура  10-
11°С,    абсолюттік  минимум  -5-12°С.
      Қоңыржай климаттың астық тұқымдас өсімдікті далалары  бірқатар  жалпы
 белгілермен  сипатталады.  Солтүстік  далалары  гүлдейтін   қос   жарнақты
 өсімдіктер бірлестігімен сипатталса, оңтүстікке қарай астық тұқымдастардың
 басымдылығы  артады.  Дала  зонасының  солтүстікке  қарай   орманды   дала
 орналасқан.
       Еуразия далалары.  Қоңыражай  белдеудің  астық  тұқымдас  өсімдіктер
 даласы бірнеше жалпы белгілермен сииатталады.  Олардың  сипаты  ылғалдырақ
 аудандардан құрғақ аудандарға қарай өзгереді. Дала  зонасынан  солтүстікке
 қарай орманды дала зонасы жатыр.
         Дала  өсімдіктерінің  тіршілік  формаларының  жинағы   солтүстіктен
  оңтүстікке қарай өзгереді. Олардың арасында мыналар ерекше орын  алады:
    1) астық тұқымдас және өлең, қияқ өлең, боз, селеу, бетеге өсімдіктері;
    2) арпабас, жабайы  сұлы;
    3) далаларға қаңбақ түзетін әр түрлі  өсімдіктер  тән  —  әрем  (зопник)
  қаңбақ және петросимония;
    4)  эфемерлер  (біржылдық)  және   эфемероидтар   (көпжылдық)   шөптесін
  өсімдіктер нағыз дала  өсімдіктері  болын  табылады.  Эфемерлер  шөл  және
  шөлейт зоналарында да таралған. Эфемерлер бүкіл даму  циклын  40-60  күнде
  аяктайды
    5) жаздық және күздік біржылдық өсімдіктер;
    6) сабағының жоғары бөліктері құрайтын даланың жартылай бұталары мысалы,
  жебіршөп, кейбір астрагалдар
    7) дала бұталары биіктігі 1 м-ге дейін жететін өсімдіктер — дала  шиесі,
  дала баданасы (бадам тікенді  қара  өрік).
   Дала экожүйесіне Казақстан территориясының 20% жатады (ұзындығы 2200  км,
ені 40-140 км-ге дейін).
       Орал тау жоталарынан бастап Алтайға  дейін  созыльш  жатыр.  Шекарасы
Ақтөбе облысының шығысы, Қостанайдың  оңтүстігі,  Қарағандының  солтүстігі,
Семей облысының солтүстігі мен орталығы арқылы өтеді де,  толығынан  Ақмола
мен Павлодар облыстарын алып  жатыр.
   Топырағы солтүстіктен оңтүстікке  қарай  кәдімгі  қара  топырақтан  қызыл
қоңыр және сұр топыраққа дейін өзгереді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1.Тундра.Тайга.
2. Дала. Еуразия далалары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5




       №11 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары .

Мақсаты: Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары танысу.
Жоспар:
1. Ориенталды патшалық
2. Эфопия патшалығы
3. Мадагаскар патшалығы

                      №11 дәрістің қысқаша конспектісі

      Ориенталды патшалықтың  территориясына:  Үндістан  түбегі,  Үндіқытай,
Малакка түбегі, Арабия түбегінің шығыс шеті, сонымен қатар бірқатар  аралдар
-  Шри-Ланка,  Суматра,  Ява,  Калимантан,  Филиппин,  Каролин  және  Маршал
аралдарынан  Туамоту,  Гавай  аралдарына  дейінгі  аралыққа  созылып  жатыр.
Патшалықтың шекарасы Руб-Эль-Хали шөлінің  шығыс  шетінен,  Гималай  тауының
оңтүстік етегімен өтеді, Иравади  және  Меконг  өзендерінің  орта  ағыстарын
кесіп өтеді де,  Сицзян  өзенінің  алабы  арқылы  мұхит  жағалауына  шығады.
Ориенталды патшалықтың оңтүстік-шығыс шекарасы  Австралия  мен  Тимор  аралы
аралдарынан,  Флорес  және  Сулавеси  аралдарының  арасынан  өтіп   Филиппин
аралының оңтүстігі арқылы айналып өтеді, содан кейін Жаң Гвинея мен  Каролин
аралдары және Фиджи мен Самоа арасынан өтеді.
      Ориентальды  патшалық  4  биофлотикалық  облысқа  бөлінеді.   Үнділік,
Үндіқытайлық, Малайлық, Тынық мұхитттық. Ориентальды  биофлота  жер  шарының
ежелгі және кейінгі  таксондарға  бай  болып  келеді.  Әсіресе  бұл  құбылыс
патшалықтың   құрлықтық   облыстарында   көрінеді.   Үндіқытай   мен   Малай
аудандарында гүлдің ең ежелгі флорасы бар, көптеген  жануарлар  тұқымдастары
бұл аудандардың эндемиктері болмаса  да,  шығу  орталықтары  осы  аудандарға
байланысты.
      Малай  түбегінің  папоротник  тәрізділердің   алуантүрлілік   орталығы
орналасқан,  олар  ағаштардың,   лианалардың,   эпифиттердің   немесе   ұсақ
жербетілік  өсімдіктердің  өмірлік  формасымен   сипатталады.   Үлкен   Зонд
аралдары флорасының эндемиктік түрлеріне бай.  Калемантанда-  11000,  Явада-
6000 жоғары  сатылы  өсімдіктер  түрлері  бар.  Патшалықтың  биофлоталарының
фаунасының  компоненттерінің  таралуы   флораның   компоненттерінің   таралу
заңдылықтарына бағынады, яғни өте бай,  алуантүрлілік  және  эндемизм  Малай
облыстарына  байқалса,  палеарктикалық  элементтердің   әсерін   Үнді   және
Үндіқытай облыстарынада көреміз, Тынықмұхитттық аудандардың фаунасы  аралдық
сипатқа  ие.  Патшалық  өрмекшітәрізділер  фаунасына   бай.   Сарышаяндардың
отрядынан 100 түрі кездеседі. Сонымен қатар телифондар отряды эндемик  болып
келеді. Ява аралында құйрықты телифон өмір  сүреді,  оның  түсі  күрең-қара,
ұзындығы 9 см. Жәндіктер фаунасы өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді.  Ондағы
туыстастарының саны 4000-нан асады, эндемизм 40 пайыз.
    Эфиопиялық  патшалық  Африка  материгінің  көп  бөлігін   алып   жатыр,
солтүстікте Сахара шөлінің оңтүстігіне дейін, оңтүстікте Оранжевая  өзенінің
оңтүстік шекарасына дейін. Сонымен қатар, бұл  патшалыққа  Аравия  түбегінің
оңтүстігі, Сокатра аралы Вознесения және Әулие Елена  аралдары  кіреді.  Бұл
патшалықта 4 аймақты бөліп көрсетуге болады.
    1.  Судан  -  барлық  шөлді  емес  оңтүстік  бөлікті,  Шығыс   Африканы
       патшалықтың  солтүстігіндегі  шекаралас  аудандарды  және  Аравиялық
       бөлігін алып жатыр.
    2.  Конгелез аймағы –  Нигер  және  Конго  бассейндегі  тропиктік  және
       экваторлық белдеудегі мәңгі жасыл ормандар кіреді.
    3.  Калахари - Намби аймағы Оңтүстікте орналасқан Намиб  және  Калахари
       шөлдер территориясын қамтиды.
    4. Атлантикалық аймаққа - Вознесения мен Әулие Елена аралдары кіреді.
    Эфиопиялық  паптшалықтың  биофлоты  Үндімалайлық   және   Мадагаскарлық
патшалықтартың    биофлоттарымен    ежелден    бері    тығыз     байланыста.
Палеоарктикалық  патшалықпен  солтүстігінде  кең  көлемді   өтпелі   зонамен
байланысып  жатыр.  Кап  патшалығымен  құрлық  арқылы   шекараласып   кейігі
биофилотты  компонентпен  ғана  байланыс  байқалса,  ежелгі  флоралық   және
фауналық компонентте айтарлықтай  айырмашылықтарды  көруге  болады.  Эфиопия
патшалығында эндемизімнің бірнеше ошағы бар. Ерекше назар аударуға  тұрарлық
Конгелез  аймағы.  Патшалықтың  флорасы  мен  фаунасына   өте   бай.   Гүлді
өсімдіктердің 6-дан 9-ға дейнгі эндемик тұқымдастары таралған.
    Калахари аймағында ең таңғажайып өсімдік- вельвичия-  биіктігі  шамамен
1м Намиб шөлінде  өседі.  Эндемик  өсімдіктердің  25  түрі  Судан  аймағында
өседі. Эндемик орталықтарын атап айтсақ Raridulaceae –  биік  емес  бұталар,
Bruniaceae – 70 түрі ұсақ және орташа бұталар кездеседі.
Судан  аймағында  үлкен  өрмкешітәрізділер,  қырықаяқ  түрлері   мекендейді.
Патшалықта  құйрықты  қосмекенділер  тобының  400   түрі   Мадагаскар,   Кап
аралығында мекендейді .Ерекше мұнда  ұзындығы  25см  дететін  Голиаф  бақасы
тіршілік етеді.
Эфиопиялық  патшалықта  соқыр  сцинктер  түрлері  эндемиктердің   ір   түрі.
Крокодилдердің 3 түрі мекендейді. Жыртқыштардың түрлері де аз есмес.
      Мадагаскар патшалығының құрамына Мадагаскар  аралы  мен  оны  қоршаған
кішкентай  аралдар  архипелагтары  -  Маскаренко,  Сейшель,  Амирант,  Комор
кіреді. Қазіргі геологиялық көрсеткіштерге сүйенсек,  бор  дәуірінің  аяғына
дейін Мадагаскар аралы мен Үндістан арасында құрлық  жолы  болған.  Кейіннен
Үндістан түбегінің Азияға қарай дрейфі нәтижесінде солтүстік-шығыстан  қарай
Сейшель  аралдары  жолы  тізбек  аралдар  түрінде  сақталған.  Мадагаскардың
Африкадан бөліну эоцен дәуірінде  болды.  Бұл  жерде  Комор  аралдары  сирек
аралдар ретінде  құрлық  жолы  болып  Мадагаскарды  Африкадан  бөліп  тұрды.
Мадагаскар патшалығы эндемизмнің жоғарғы  деңгейі  көне  жағымды  рефугиумды
топтардың  болуымен  сипатталады.  Мадагаскар   патшалығында   изомеляциялар
таралуы өте ерте болды  да,  осы  жерлерде  көне  неогенді  және  полеогенді
биофлоттың көптеген компоненттері сақталған. Патшалық  Сейшель,  Маскаренко,
Комор аралдарымен салыстырғанда Мадагаскар өзі аудан ретінде  қарастырылады.
Ал аталған комплексті аралдар аудан құрамына енеді. Патшалықтың флорасы  мен
фаунасына  өте  бай.  Гүлді  өсімдіктердің   6-дан   9-ға   дейнгі   эндемик
тұқымдастары  таралған.  Түрлік  деңгейде  эндемизм  85%-  ға  жетеді.   Көп
тарағаны  Мадагаскардың  батыс  және  оңтүстік-батыс  аридтік   аймақтарында
Didieraceae  тұқымдасының  11  түрі  өседі.  Ең  кең  таралған  тұқымдастар:
орхидея, күрделі гүлділер, және  сүттігендер.  Мадагаскар  өсімдік  әлемімен
Африкададан  принципті  түрде  ерекшеленеді.  Патшалық  пальма   тұқымдасына
ерекше  бай.  Сейшель  аралдарында  биіктігі-30м,  салмағы-25кг  эндемикалық
сейшель пальмасы өседі. Жануарлар дүниесі  ірі  малюскалармен,  клаваторлар,
африкалық ахотиндер туысына бай. Өрмекші  тәрізділердің  сарышаян  түрі  кең
таралған. Тұщы су балықтарының 20  шақты  шағын  түрі  мекендейді.  Кесіртке
тұқымдастарының 700-ге жуық түрі, тасбақаның эфиопиялық және неотропиктік  3
түрі  кең  тараған.  Кесіртке   тұқымдастар:   ешкемер,   келес,   лацерттер
мекендейді.  Осы  тұқымдастардың   мүлдем   жойылып   кеткен   түрі   агамит
кесірткесі. Бірақ мұнда игуаның 2 түрі Chalarodon және Hoplurus  мекендейді.
Пантропикалық   гекканды   тұқымдастар   мадагаскарда   эндемикалық    түрде
мекендейді. Олардың күндізгі  геккандар  жиі  кездеседі.  Ең  үлкен  эндемик
хамелион ұзындығы 60 см-лік және кішкентайы  45  мм-ге  жететін  түрі  болып
табылады.  Монотипті  эндемиктер-ағашта  өсетін  айдаһар   болып   табылады.
Сонымен қатар құстар фаунасы 6  эндемик  тобымен  ерекшеленеді.  Тырналардың
түрінен-көкқұтан,  Жаңакаледондық   кагу.   Эндемизмнің   молдығы   таралған
ауданына  байланысты.  Құстар   тұқымдастарынан   кездеспейтіні   көкшымшық,
тағанақ, сары торғай, ағыз құнақтар. Бірақ, приматтар тобы кең тараған.  Бұл
жердің эндемигіне-лемур мекендейді.  Жыртқыштардан  фаналока,  фалануг  және
мадагаскарлық мунго  мен  фосса  эндемикті  тіршілік  етеді.  Кеміргіштердің
тұқымдастарынан аламан бар. Бұл түрдің  10  шақтысы,  құмтышқан,  қосаяқтар,
егеуқұйрықтар т.б түрлері көзге түседі.  Тұяқтылардың  бір  түрі-ұзынқұлақты
шошқа және ергежейлі бегемоттар мекендейді.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ориенталды патшалық
2. Эфопия патшалығы
3. Мадагаскар патшалығы
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5



       №12 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары.
Мақсаты:  Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары
 танысу.
Жоспар:
1. Кап патшалығы
2. Австралия патшалығы
3. Антарктика патшалығы


                      №12 дәрістің қысқаша конспектісі


    Кап патшалығы Африка континентінің оңтүстік шеткі бөлігі өзіндік ерекше
территория болғандықтан ауданы 200  мың  км2  болсада  бөлек  Кап  патшалығы
ретінде бөлініп көрсетіліп отыр. Паташалықтың   солтүстік  шекарасы  Роджерс
тауынан өтеді. Бұл Оранжевая өзенініне солтүстікке бағытталған су  бассейіні
және  оңтүстікке  ағып  жатқан   өзендер   арасындағы   Роххефелдберг   және
Нювефелдберг  тау  жоталары  су  айырығы.  Шығыстағы   шекарасы   Грейт-Фиис
өзенінің төменгі ағысы, ал солтүстік батысы Блофельс өзенінің төменгі  ағысы
болып саналады. Сонымен Кап  патшалығы  перьм,  триас  кезеңіндегі  қатпарлы
жоталар,  тасты  үстірттер  Кіші  Карру  және  Үлкен  Карру  және  құрлықтың
оңтүстік бөлігі енеді. Бұл аймаққа Жерорта теңізінің климаты сәйкес  келеді,
жазы – құрғақ, ыстық және қысы – салқын, жауын-шашынды. Қазіргі  геологиялық
болжамдар бойынша бор кезеңіне дейін оңтүстік Африка  мен  оңтүстік  Америка
арасында континентальды байланыс  болған,  ал  Антарктидамен  үштік  кезеңге
дейін.
    Кап   патшалығына   қырыққұлақтардың   Todea    barbara,    Osmundaccae
тұқымдастары тән. Бұл  тұқымдас  сонымен  бірге  Шығыс  Австралия  мен  Жаңа
Зеландияда кездеседі,  бұдан  біз  Кап  патшалығының  ежелгі  биофолотасының
байланысын көреміз. Кап  патшалығының  өсімдік  флорасы  жоғары  эндемизммен
ерекшеленеді. Оның 7 туыстас түрі осы кішігірім ауданда таралған. Мұнда 210-
нан астам эндемик тұқымдастары анықталған. Ал түрлік деңгейде эндемизм  80%-
ке жуық. Эндемик орталықтарын атап айтсақ Raridulaceae – биік емес  бұталар,
Bruniaceae – 70 түрі ұсақ және орташа бұталар кездеседі.
    Австралия патшалығы. Патшалықтың шекарасына  Австралия   материгі  және
жанында жатқан (Тасмания, Кенгуру т.б.) аралдары, сонымен  бірге:  Сулавеси,
Жаңа Гвинея, Жаңа Гебрид, Фиджи,  Саломон,  Жаңа  Каледон  аралдары  кіреді.
Биофилотасының  қалыптасуы  мезозой   дәуіріндегі   Гондвананың   бөлінуімен
байланысты. Австралия материгінің платформасы Антарктидамен және сол  арқылы
Оңтүстік Америкамен ұзақ уақыт  байланыста  болғанын  полеогеологиялық  және
полентологиялық мәліметтер арқылы білеміз. Австралия платформасының  50  млн
жыл ішінде солтүстікке шамамен  150  ендік  бойынша  жылжуы  Оңтүстік  Шығыс
Азиямен квазиконтинеттік қатынасқа әкелді. Аралдық көпірлер ориенталды  және
австралия биофилота элементтерінің өзара алмасуларына жағдай жасады.
    Австралия патшалығында төрт  аудан  бар:  Материктік,  Жаңа  Гвинеялық,
Фиджиялық, Жаңа каледондық.
    Материктік аудан территорясы үлкен және күрделі болып  келеді.  Оны  үш
подоблысқа бөледі: Солтүстік Шығыс, Оңтүстік Батыс, Эремейский.
    Жаңа   Гвинеялық   ауданның   биофилотының   флористикалық   компоненті
Ориентальді патшалыққа ұқсас, ал фаунасы Австралия патшалығына ұқсайды.
    Фиджиялық және Жаңа Каледондық аудан мұхиттық  аралдырды  қосып  алады,
басқа аудандармен қарым қатынасы әлсіз.
    Австралия патшалығының флорасының көп  бөлігі  эндемикалық.  Материктік
аудандарда эндемиктердің түрлері  басым -75% (12000 мынның 9000  мыңы)  Жаңа
Гвинея ауданында эндемиктер -85% (5800-6870). Жаңа каледондық  флораның  80%
эндемикалық түр (2400-3000).  Эндемикалық  флорасының  алуантүрлілігі  аздау
Фиджиялық  аудан,  бұнда  эндемикалық  түрдің  75%.  Материктік  ауданда-  6
эндемикалық туыстас бар, Жаңа Каледонда- 5, Фиджияда-1.
    Материктік ауданда папоротниктің 300 түрі.  Бұл  мезофильді  өсімдіктер
тек  оңтүстік  шығыс  Австралияда  және  Тасманияда  кездеседі.  Осы   жерде
папоротниктің ежелгі түрлері де өседі. Қылқандылардың Материктік  аудандарда
Қылқандылардың  Материктік  аудандарда  36түрі,  араукаридің  2   түрі   кең
тараған.
    Материктік  аудандарда  гүлді  өсімдіктердің  кең  тараған  туыстастары
бұршақ және миортвых, олардың әр қайсысы 1000 түрден бар.
    Материктің шығыс және солтүстік жағалауында пальманың 26 түрі таралған.

    Австралия биофилотық патшалығының фаунасы эндемикалық өсімдіктерге бай.
Бұл эндемизм подкласс деңгейіне дейін жететін жалғыз патшалық.
    Осы патшалықта жаңбыр құртының туыстастарының ең үлкен түрі  кездеседі.
(ұзындығы 2,5м)
    Антрактикалық патшалыққа: Антрактида, Оңтүстік  Антрактиданың  оңтүстік
аудандары,  Жаңа  Зеландия,   Хуан-Фернандос   аралдары,   субантарктикаклық
аралдар.  Осы  барлық  регион  әр  бөліктерінде  жатқанымен,  бір  құрлықтың
бірлікті массивтерін құрайды  және  қалыптасуыны  оралықтарын  құрайды.  Бор
дәуірінің басталуына  дейін  Гондвана  материгі  әліде  сақталған  баолатын,
орталық   бөлігін   құрылыстың   учаскелері   алып   жатты,   олардың   бәрі
Антарктикалық  патшалыққа  кіреді.  Гондвананың  бөліктерінің  бөлінуі   бор
дәуірінің басындағы ең алғашқы голоантарктикалық биофлоттың қалғаны  кедергі
болды. Алыстап кеткен бөлек жерлердің дамуы, Антарктикалық патшалықты  терең
және  олардан  қарағанда  биофилоттың   кешірек   қалыптасқан   қабаттарының
қалыптасуына  әкеледі,  бірақ  бірінші   антарктиканың   биофлоттың   ежелгі
пластары басқа терриотриямен байланысын көрсетеді. Антарктикалық  патшалыққа
мына облыстар  кіреді:  Магелан,  Хуан-Фернандессканы,  Тиркумполярды,  және
Жаңа Зеландия.  Магелан  облыстарының  биофлоты.  Антарктикалық  патшалықтың
гүлді өсімдіктерінің флорасына 11 энд-қ  тұқымдар  кіреді.  Көбісі  біртүрлі
және  бірнеше  түрі  бар.  Магеландық  және  Жана  зеландиялық   облыстардың
голарктикалық  ықпалын  тигізіп,  ол   3   тік    кірген.   Әсіресе   ежелгі
антарктикалық    флораның    Кап     патшалығының     байланысты     болады.
Ирисантарктиканың флорасының ішінен шыққан  3  түрі  бар.  Кап  патшалығында
таралған ал 1 еуі Порд-Хиу аралында орналасқан.  Жалпы  санының  ішінде  200
түрлі яғни,  70  проценті  эндантарктикалық  болып  табылады.  Циркуполярлық
облыстарда 2 монотиптік  энд  бар  –  кергеленская  капуста  Pringlea  antis
conbutica,  lunllita  Kengelensis.  Антарктикалық   аралдарының   бірігуімен
Тристан-да –Кунья аралы ерекше көзге түседі оның флорасы. Отты жер  аралының
флорасына ұқсас, Кергеленнің 30түрінің  17  проценті  отты  жерлермен  2  не
атрық. Жаңа Зеландия 50энд түр енеді, оның ішінде аралында ол  40  процентке
қалқандарының  енедіаоасынан  100  проценті,   ал  гүлдерінің   шамамен   80
проценті  алад.  Осы  энд-қ  тұқымдарының  варасында:  Норфлот,  және  Филип
аралдарыда , Жаңа Зеландия орталығының қылқандары  және  гүлдерінің  ішінде.
Австралиямен өте ерте байланысты үзбегеннен кейін осы материкте  қылқандарды
жэәне   гүлді   флорасының   бейнесіпайда   болған.   Магеланның    облыстық
биофлорасының  фауналарынның  компаненттеріне  неотроптық  патшалыққа  қатты
әсер етеді. Ринодерман –р  –  көптиптік  тұқым  немесе  көп  түрлері,  қысқа
қабаатты тұқымдыққа жатады, қалғаны неотропқа тән тек нанду тәріздіділер.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Кап патшалығы
2. Австралия патшалығы
3. Антарктика патшалығы
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5



       №13 дәріс Құрлықтын биофилотикалық аудандары мен патшалықтары.
Мақсаты: Құрлықтын биофилотикалық аудандары және патшалықтарымен танысу
 Жоспар:
1. Неотропикалық патшалық
2. Неарктикалық патшалық
3. Палеарктикалық патшалық


                      №13 дәрістің қысқаша конспектісі
      Неотропикалық  патшалық  Оңтүстік  Америка  материгінің  көп   аумағын
қамтиды. Бұл патшалықтың территориясы  Антарктикалық  патшалықтың  солтүстік
шекарасымен, Орталық Америка және Кариб  архипелагымен  шектесіп,  солтүстік
шекарасы Флорида және Калифорния түбегіне дейін созылады.
      Патшалықтың  территориясы  мезозой  дәуірінде  ұлы  оңтүстік  материгі
Гондвананың  құрамына  енді.  Неотропикалық  пен   Эфиопия   патшалықтарының
арасында  эоценаға  дейін   квазиконтинентальды   байланыс   сақталған.   Ал
Антарктикалық патшалығының Магеллан облысымен континентті байланысы  мезозой
дәуірінде теңіз трангрессиясы салдарынан  үзілген.  Сол  кезеңде  Антарктида
арқылы Австралия патшалығымен биофилоттық алмасу жүріп жатқан. Эфиопия  және
Австралия элементтері  неотропиктік  биофилоттың  жоғары  дәрежедегі  ежелгі
ядросын құрайды.
       Неарктикалық әсер екі есе көп.  Өйткені  Панама  мойнағы  палеоценаға
дейін  құрлықпен  байланысып,  кейін  теңіз  деңгейінен  төмен  түседі   де,
плиоценада қайтадан  көтеріледі.  Сондықтан  неотропикалық  биофилотта  көне
неарктикалық (лавразиялық) компоненттердің біршама мөлшерін табамыз.
      Неотропиктік  патшалық  5  облысқа  бөлінген.  Олар:  Кариб,   Гвиана,
Амазонка, Оңтүстік Бразилия және Андия облыстары.
      Флорасы бай неотропикалық патшалықтың 30-ға  жуық  эндемиктік  туыстық
таралған.    Эфиопиялық,    Ориентальдық,    Австралиялық    патшалықтарының
тропикасындағы пантропикалық туыстық  сипаттамалары  ұқсас  келеді.  Мысалы:
лавр,  пальма  және  орхидея.  Мұндай  пантропикалық  туыстықтың  450  түрлі
өсімдіктері кездеседі.
        Неотропиктік патшалық фаунасы өте бай және эндемиктер көп кездеседі.
Амазонка облысы -  эндемизм  аймағы.  Материктің  тропикалық  және  қоңыржай
белдеуінде кездесетін жауын құрттың түрі саналуан.  Ең  үлкен,  ірі  түрі  2
метрге дейін жеткен. Ежелден белгілі шаяндар мен өрмекшілер кездеседі.
      Неотропиктік патшалықта ең көп қоныстанған құстың  топтары:  көкектер,
көгершіндер, тотықұстар, тоқылдақтар.
      Салыстырмалы түрде айтсақ, Неотропиктік  патшалықтың   фаунасының  жас
компоненттері  ретінде   тұяқты  және  жыртқыш  сүтқоректілерді  жатқызамыз.
Олар: ягуар, ягуарунди және тапир.
      Неарктикалық патшалық бүкіл солтүстік Америка материгін қасында жатқан
аралдарымен бірге  оңтүстікте  Неотропиктерге  дейін  қамтиды.  Неарктикалық
патшалық ішінде 4  облысты  бөліп  көрсетуге  болады.  Материктің  солтүстік
бөлігін Канадалық аудан алып  жатыр.  Материктің  шығыс  бөлігін  Миссисипия
ауданы  жатыр.  Ал  батыс  бөлігінде  –  Кордильера   мн   Сонор   облыстары
орналасқан.
      Патшалықтың флорасында 8 эндемикалық тустас бар.
      Сонор ауданында 5 эндемикалық туыстас бар,  солардың  ішінде  танымалы
ксерофильді тікенекті шөптесінді өсімдік «окотильо».
      Канада  ауданында   эндемизм  туыстық  рангіге  ғана   жетеді.   Сонор
ауданында туыстас рангідегі эндемизмнен басқа эндемикалық түрлер 40  пайызды
құрайды.
      Миссисипидің оңтүстігінде аллигаторлардың неотропикалық туыстасы мекен
етеді.
      Неотропиктерден бұл  патшалыққа  қалталылар  жарқанаттар,  американдық
дикобраздар т.б. енген. Ал палеарктикалық  патшалықпен  ортақ  көртышқандар,
қоянда,  тиін,  тышқан  тустастары  кездеседі.  Палеарктикалық   патшалықпен
сонымен бірге бірқатар түрлерді кездестіруге болады бұлар:  құндыз,  қасқыр,
ақ қоңыр аю, бұлан, бұғы т.б.
      Палеарктикалық патшалыққа Оңтүстік Аравия  түбегі  мен  Үндістан  және
Үндіқытай жерлерінен басқа  Еуразия  материгінің  көп  бөлігі  кіреді.  Оның
территориясына оңтүстік тропикалық Раккаға  дейінгі  жерлер  және  солтүстік
Африканың   солтүстік  маны  кіреді.  Оңтүстікте  патшалық  Эфиопиялық  және
Ориентальдық  патшалықпен  ұзақ   континентальды   байланысса,   солтүстікте
неоарктикалық патшалықпен аралдық байланысады.  Палеоарктикалық  патшалықтың
территориясында  7  биофилотикалық  облыстар  орналасқан:  олар:  Европалық,
Ангаралық; Жерортатеңіздік, Сахара-Синділік,  Иран-Туррандық,  Орта  Азиялық
және Шығыс Азиялық. Шығыс Азиялық облыстарда флораның 20-ға жуық  эндемиктік
тұқымдастықтар кездеседі. Ол релитік  тұқымдас  Ginkgoaceae  Перм  дәуірінен
белгілі жалғыз тұр оның биіктігі  30  метрге  жетеді  .  Қазба  байлықтардың
қалдықтары  төменгі  Юра  дәуірінде  палеоартикалық   патшалықтың   көптеген
аудандарында және неоартикалық патшалықтанда кездестіруге  болады.  6  түрлі
тұқымдастар: Cephalotaxaceace.  Ол  мәнгі  жасыл  ормандар  мен  қарағайлар,
оларды Гималай тауы мен Жапония аралдарынан  кездестіруге  болады.  Қазбалар
күйінде төменгі Бор дәуірінен белгілі.
      Палеоарктикалық патшалықтың қалған облыстарында да  эндемиктік  түрлер
орналасқан. Олар оңтүстік таулы  региондарының  50%  алып  жатыр.  Солтүстік
Ангара облыстарында эндемиктік түрге жататын крест  гүлдерінде  кездестіруге
болады. Ол- Borodina, Redowskia, Gorodkova.
       Флораның  жерорта  теңіздік  облысы  ежелгі  кап   флорасымен   тығыз
байланысты. Палеоарктикалық  патшалықтағы  флора  жаланаш  тұқымдастықтармен
гүлді  өсімдіктер  болып  табылады.  Палеоарктикалық  патшалықтың  фаунасына
эфиопиялық-аринтальдық  патшалық  әсер  етеді.  Патшалықтың  биофилоттарының
көптеген тамырлары тропикалық патшалыққа өтеді
        Әлемдік   фаунадағы   600   түрлі   сарышаяндардың   100-ге    жуығы
палеоарктикада  кездеседі.  Жәндіктердің  эндемизмі  түрлік  жағдайда  жақсы
байқалады (30%) және туыстыық қатардың эндемиктік түрлерден  айырмашылықтары
бар.
      Палеоарктиканың Ежелгі Дүниесінде агамалар және егеу құйрықтар  кеңнен
таралған. Жаңа дүниеде оларды  игаралар  мен  тейдтар  алмастырған.  Сонымен
қатар патшалықта неоарктикамен ортақ бірнеше туысқандықтар бар.  Олардың  53
түрлері  құстар,  шығу  тегі   ориентальдық   және   эфиопиялық.   Сондықтан
палеоартикалық    патшалықпен    неоарктикалық    патшалықтың     фаунасында
ұқсастықтардан гөрі айырмашылықтар басым болып келеді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Неотропикалық патшалық
2. Неарктикалық патшалық
3. Палеарктикалық патшалық
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5



           №14 дәріс Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастырылу.

Мақсаты:  Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастырылумен танысу.
Жоспар:
1. Мұхиттарда тіршілік ететін организмдердін көптүрлілігі.
2.Мұхиттардың  биогеографиялық  жіктелуі.  Арктика.   Бореальды   Атлантика.
Бореаді Тынық мұхит. Тропикалқ Атлантика. Тропикалық Тынық мұхит.  Нотальды-
Антарктикалық (Субарктикалық). Антарктикалық облыстары.
                      №14 дәрістің қысқаша конспектісі
   Жер бетінің үштен екі  бөлігін  теңіздер  мен  мұхиттар,  континенттерде
орналасқан түрлі  тұзды  және  тұщы  тоғандар  алып  жатыр.  Су  экожүйелері
энергия  мен  зат  ағынының  жалпы  заңдылықтары,  функциялары  бойынша  жер
бетінің экожүйелеріне ұқсас.  Сонымен  қатар  мұхиттар  мен  ірі  тоғандарда
байқалатың өзгешеліктер бар.
   Теңіздер - ірі, күрделі  экожүйе  болып  табылады.  Олардың  тереңдігіне
қарамай, түбіне дейін тіршілік таралған. Теңіздерде үнемі  су  массаларының
айналымы, ағыстардың пайда болуы, жағалауларда толу мен қайту   құбылыстары
болып  тұрады.
   Күн сәулесі судың тек беткі қабатына ғана ене алады. 200  метрден  төмен
тереңдікте балдырлардық фотосинтезі мүмкін емес.  Сондықтан  терең  жерлерде
тек гетеротрофты ағзалар - жануарлар меп бактериялар  тіршілік  етеді.  Яғни
өндірушілердің қызметі мен редуценттердің негізгі массасы  мен  консументтер
кеңістікте бір-бірінен алшақ  орналасқан.  Өлген  органикалық  заттар  теңіз
түбіне түседі, бірақ босап шығатын минералды  элементтер  тек  күшті  жоғары
қарай ағыстары бар жерлерде ғана беткі қабатқа көтеріле  алады.  Мұхиттардың
орталық бөліктерінде балдырлардың көбеюін биогенді  элементтердің  жетіспеуі
шектейді.  Сондықтан  мұхиттың  бұл  аудандардагы   өңімділігі   ең   құрғақ
шөлдердегідей төмен болады.
  Гидробионттардың  экологиялық  жіктелуі.   Гидробионттар  -  су   ортасын
мекендейтін     ағзалар.    Суда  тіршілік    ететін    ағзалар     нектон,
планктон   және   бентос болып бөлінеді.
   Нектон (грек тілінен аударғанда нектон  –  жүзетін)  су  тубімен  тікелей
байланысы жоқ еркін орын ауыстыратын, жүзіп  журетін  ағзалардың  жиынтығы.
Бұл жануарлар өте үлкен арақашықтыққа орын ауытыруға қабідетті  және  қатты
ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген  және
қозғалу  мүшелері  жақсы  дамыған.
   Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар,  ескекаяқтылар,  киттер  жатады.
Тұщы суларда балықтардан басқа, нектонға  қосмекенділер  мен  белсенді  орын
ауыстыратын  бунақденелілер жатады.
   Планктон (грек тілінен аударғанда – қалықтаушы) - негізінен  су  ағысының
көмегімен  қозғалатын,  жузетін  ағзалардың  жиынтығы.  Олар  жылдам   және
белсенді орын ауыстыруға  қабілетсіз.  Негізінен  бұлар  ұсақ  жануарлар  -
зоопланктон және өсімдіктер - фитопланктон. Планктонды ағзалар  су  ртінде,
терең жерлерде, тіпті  су  түбінде  де  таралады.  Плейстон  (грек  тілінен
аударғанда - кемеде жүзу) - денесінің бір бөлігі суда, екінші бөлігі  судың
бетінде жүретін ағзалар  (фезалия,  сифонофора).  Нейстон  (грек    тілінен
аударғанда жүзуге  қабілетті   су    бетінде    жүзіп    жүретін    ағзалар
(бактериялар,  қарапайымдылар, су  қандаласы,  балдырлар).
   Фитоиланктон - су қабатында тіршілік ететін және су ағыстарының  әсерімен
қозғалатын  негізінен  балдырлардан  құралған  микроскоптық   өсімдіктердін
жиынтығы (диатомды және жасыл  балдырлар,  өсімдіктекті  талшықтылар   және
т.б.).
  Зоопланктон  мен  бактериялар  барлық  тереңдіктерде   кездеседі.   Теңіз
зоопланктонында ұсақ  шаянтәрізділер,  қарапайымдылар,  медузалар,  жүзетін
гребневиктер,  кейбір  құрттар  басым.  Тұщы  суларда  ірі  шаянтәрізділер,
коловраткалар мен қарапайымдылар  таралған.
   Бентос  (грек  тілінен  аударғанда  терендік  су   қоймаларының   түбінде
(грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы.  Ол  фитобентос,  зообентос  және
бактериобентосқа бөлінеді.  Теңіздердің  фитобентосы  негізінен  бактериялар
мен балдырлардан  (диатомды,  жасыл,  қоңыр,  қызыл)  құралған.  Әсіресе  су
түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа  бай.
   Тұщы сулардың фитобентосы бактериялардан диатомды және жасыл балдырлардан
тұрады. Зообентос негізінен бекінген немесе баяу қозғалатын  грунтты   қазып
тіршілік  ететін  жануарлардан   тұрады.
   Су    ағзаларының    экологиялық    жағынан    бейімдеушілік     қабілеті
құрылық    ағзаларына    қарағанда    төмен.  Себебі,     су   -   анагұрлым
тұрақты    орта,    оның    абиотикалық  факторлары  салыстырмалы  түрде  аз
өзгереді.


Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Мұхиттарда тіршілік ететін организмдердін көптүрлілігі.
2.Мұхиттардың  биогеографиялық  жіктелуі.  Арктика.   Бореальды   Атлантика.
Бореаді Тынық мұхит. Тропикалқ Атлантика. Тропикалық Тынық мұхит.  Нотальды-
Антарктикалық (Субарктикалық). Антарктикалық облыстары.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

       №15 дәріс Биогеографиялық аудандастырулудың практикалық маңызы.

Мақсаты:  Биогеографиялық аудандастырулудың практикалық маңызын анықтау.
Жоспар:
1.  Биогеографиялық    аудандастырудың    табиғат     рссурстарын     тиімді
пайдалан мен реттеудегі маңызы.
2.  Қазақстандағы   биогеографиялық   аудандастыру   мәселелері.   Қазақстан
зоогеографиясы.

                      №14 дәрістің қысқаша конспектісі
  Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның
тіршілік етуінің шарты  болып  табылады.
  Рио-де-Жанейрода  өткен  (1992ж.)  БҰҰ  конференциясында  қабылданған  үш
арнайы мәлімдемелер мен  Конвенциялардың  екеуі  биологиялық  ресурстар  мен
биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз  тұрақты  даму  мүмкін   емес   екенін
көрсетті.
  Қазір адамның азық-түлігі ретінде қолдануға болатын  бірнеше  мың  түрлер
белгілі. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250-ден  аспайтын
турлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өңімдерінің  басым   көпшілігін   12-15
өсімдік  береді.
  Жабайы  түрлер-табиғи  экожүйелерден  алынатын  бағалы  өңім  көзі   және
әсіресе, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктерінің жаңа қолтұқымары  мен
  іріктемелерін   шығаруда  маңызы  зор.
   Биоалуантүрлілік экожүйелердегі байланыстардын толық болуының шарты және
негізгі  факторы  бола  отырып,  оның  ең  маңызды   қасиеті   тұрақтылықты
қамтамасыз етеді. Неғұрлым экожүйенің деңгейі жоғары  болса,  соғұрлым  оны
құрайтын элементтердің көпшілігі олардың алуан түрлілігін қамтамасыз етеді.
Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен
олардың  түрлік  құрамымен  анықталады,  ал  ірі  экожүйелер   үшін   алуан
түрліліктің артуында оларға кіретін кіші деңгейдегі  экожүйелердің   маңызы
артады.
   Мысалы, ғаламдық экожүйе ретінде биосферанық алуантурлілігі, олай  болса
оның  тұрақтылығы  және  т.б.   қасиеттері   түрлернің,   популяциялар   мен
экожүйелердің  санына   ғана   емес,   тіршілік   ету   орталарына,   рельеф
формаларына, климаттың типіне, табиғат белдеулеріне,  геохимиялық  аймақтар,
ландшафттар  жане  басқа  да  құрылымдық  бірліктердің  ерекшеліктеріне   де
байланысты.
   Биосфераның    геологиялық    тарихының    барысында  онда      тіршілік
ететін    ағзалардың  түрлерінің  саны  тұрақты    болмаған.   Әрбір    түр
белгілі   бір   уақыт   қана өмір   суреді.   Шамамен   10—30   млн.   жыл.
  Түрлердің ішінде   өмірі   өте   қысқа   (бірнеше   мың)    және     ұзақ
өмір сүретін түрлер-«тірі  қазбалар»  да  бар.  Мысалы,  мүктер  өзгермеген
қалпында  шамамен   500  млн.  жыл  (силур   дәуірінен    бері),    жалаңаш
тұқымды   ағаш    гинкго   дәуірінен   бері   150   млн.    жыл    тіршілік
етіп   келеді.  Жануарлардың  ішінен   тірі   туатын    балық   латимерияны
атауға   болады.   Ол    60    млн.    жыл    бұрын  жойылып   кеткен   деп
есептеліп  келді.  Бірақ  1938  жылы Комор аралдарының  маңынан  табылған.
    Жалпы    алғанда     жердің     геологиялық    тарихында  бір    түрлер
жойылып,   басқалар   олардың   орнын    басып     отырған.     Биосфераның
жасы    ұлғайған    сайын турлердің саны да артып отырады.
    Адамның геологиялық  күшке  айналуынан  бастап  жеке  түрлердің  жойылу
жылдамдыгы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен
жүре бастады. Бұл процесс бір бағытта жүрді,  сондықтан  түрлердің  жойылуы
оған қарама-қарсы  басқа  жаңа түрлермен  компенсацияланбайды.
    Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса,  соңғы
300 жылда әр 10 жыл  сайын  жойылып  отыр.  1600  жылдан  бастап  омыртқалы
жануарлардың 173 түрі (109 қүстар және 64 сүтқоректілер) және өсімдіктердің
20 түрі  жойылып  кетті.
    П. Ревелль    мен     Ч.     Ревелльдің     (1994)     болжамы  бойынша
алдағы 20 жылда  миллионға  жуық  түрлер жойылып   кетуі  мүмкін,   олардың
көпшілігі  тропиктік ормандарды  мекендеушілер.
    Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу  себептері  алуан
түрлі. Көбінесе  олар  мекен  ету  ортасының  өзгеруі  немесе    бұзылуымен
байланысты. Омырткалы жануарларға  қатысты  алсақ  бұл  факторға  түрлердің
жойылуының 60% жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану
(30-35%), содан кейінгі орында азық қорының кемуі  (4%),  зиянкестерді  жою
(3%) және кездейсоқ  жемтік  (2%) тұр.
   Шектен тыс пайдалану қандай да бір кәсіптік  маңызы  бар  жануарлар  үшін
қауіпті. 1983 жылы тек қана тіс сүйектері үшін ғана 80 мың  (барлық  санының
8%) африка пілдері жойылды. Түрлердің жойылуьндағы маңызды себептердің  бірі
олардың интродукцияланған, яғни сырттан әкелінген түрлерімен  бәсекелестікке
қабілетсіз болуы. Мұыдай құбылыстарға шектелген  территорияларда,  аралдарда
тіршілік ететін түрлер өте сезімтал  болып  келеді.
   Түрлердің алуантүрлігінің кемуінің әсіресе екі  салдары   ерекше   назар
аударуды  қажет  етеді.
   Біріншіден, бір түрдің жойылуы, әдетте онымен қоректік  немесе  басқа  да
байланыстармен тығыз байланысты, бірнеше  түрдің  тіршілік  әрекетін  бұзуға
әкеліп соқтырады.
   Екіншіден, қандай да бір түрді толық жоюдың  қажеті  жоқ.  Олардың  саны
белгілі бір шамадан төмендеп кетсе, олар қайта қалпына  келе  алмайды.  Ірі
омыртқалы жануарлар үшін шекті деңгей 500-100 дара, ұсак. омыртқалылар үшін
шамамен 10 мың дара, омыртқасыздар үшін шамамен 50  мың  дара,  өсімідіктер
үшін бірнеше мың дара. Адам  қызметінің  нәтижесінде  ағзалардың  жойылуына
кейбір мысалдар келтірейік.
   1988 жылы Солтүстік теңізінде тулендердің  жойылуы  байқалды.  Болжамдар
бойынша, мұның себебін табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуынан  іздеу  керек:
теңіз суларының  биогенді  элементтермен  байытылуы  алтын     балдырлардың
күрт    артып    кетуіне    әкелді.
  Түрлердің толық жойылуының нәтижелері өте ауыр. Жекеленген  экожүйелердің
түрлік алуантүрлілігінің кемуін басқа экожүйелерден  әкелу  арқылы  қалпына
келтіруге мүмкіндік болса, ал толық  жойылған  түр  жүйе  ретінде  биосфера
үшін қайтымсыз.
  Экологиялық мәселелерді және биологиялық  алуантүрлілікті  сақтаудың  бір
жолы - Қызыл кітап. Табиғат ресурстары мен табиғатты қорғаудың  Халықаралық
одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын  құрастырған.
   Қызыл кітапқа сирек және жойылу қаупі төңіп отырған агзалар  енгізілген.
Қызыл кітап-қауіптіқ жаршысы. Қызыл кітапқа  енген  турдің  шамамен  санының
кему себебі, таралу территориясы (ареал) қорғау үшін орындалатын  іс-шаралар
және т.б.  маліметтер  көрсетіледі.  Қызыл  кітапқа  енген  барлық  түрлерді
бірнеше категорияларга бөледі: жойылу  қаупі  төніп  тұрған  түрлер  (арнайы
қатал қорғау шаралары қажет), кеміп  келе  жатқан  (тіршілігін  сақтау  үшін
саны жеткілікті, бірақ жылдам кеміп келе жаткан) сирек  (жойылу  қаупі  жоқ,
бірақ  саны   аз   немесе   шектелген   территорияларда   ғана   кездеседі),
анықталмаған (қамқорлыққа алуға негіз бар,  бірақ  олар  туралы   мәліметтер
аз).
   Қызыл  кітаптағы  түрлердің  тізімі  үнемі  өзгеріп   отырады.   Қалпына
келтірілген түрлер  тізімнен  шығарылады.  Ал  тізім  басқа  тіршілік  күйі
нашарлаған түрлермен  толықтырылады.
   Қазақстанньң   қызыл   кітабы.   Өркениеттің   дамуы   Жердің    табиғат
байлықтарының кемуін шекті дәрежеге дейін кемітеді  1948  жылы  Халықаралық
табиғат қорғау және табигат ресурстарының Одағының (ХТҚО) құрылуына әкелді.
Бұл Одақтың мәліметтері бойынша 1600 жылдан 1973 жыл аралығында Жер бетінен
сүтқоректілердің 63 түрі және құстардың 94 түрі  жойылып  кеткен.  ХТҚО-ның
үсынысымен  Қызыл  кітап  ұйымдастырылды.  Қызыл  кітапқа  енгізілген   түр
территориясында мекендейтін әрбір мемлекет  адамзат  алдында   оны   сақтап
қалуға  жауапты.
   Қызыл кітаптың бірінші томы 1963 жылы шығарылды. 1972 жылы оның бес томы
жарық көрді.  Қызыл  кітапқа  сүтқоректілердің  236  түрі,  құстардың  287,
қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар  мен
жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.
Омыртқалы  жануарлардың  тағы  13  түрі  қосылды.  Республикамыздың   Қызыл
кітабына жыртқыш жануарлардың 15 түрі енген (қызыл қасқыр, европа  кұндызы,
қар барсы, гепард,  түркістан  сілеусіні,  қаракал,  бархан   мысығы   және
т.б.).
  Құстардан қызғылт және бұйра бірқазан, ақ жане  қара  дегелек,  фламинго,
шиқылдақ аққу, дуадақ, қырандарды атауға болады.  Мензбир  суыры  тек  Батыс
Тянь-Шаның эндемигі болып табылады.  Ол  тек  Оңтүстік  Қазақстан  облысының
Төлеби ауданында  ғана  кездеседі.
  Қазақстанның Қызыл кітабына бауырымен жорғалаушылардан кесірткелердің  үш
түрі және жыландардың 5 түрі енгізілген. Бұлардың ішіндегі ең  ірі  және  ең
сирек кездесетіні - сұр  варан.  Оның  ұзындығы  бір  жарым  метрге  жетеді.
Республикада тек Сырдарияның  солтүстік  жағалауында  ғана  кездеседі.
   Қазақстанда мекендейтін  қосмекенділердің  11  түрінің  біреуі  -  жетісу
тритоны  Қызыл   кітапқа  енгізілген.
   Сырдария Қаратауын іс жузінде реликттер мұражайы десе де  болады.  Мұнда
Қызыл кітапқа енген 40 түр өседі. Мысалы, үшқұлақты  астрагал,  Батыс  Тянь-
Шанның сирек эндемиктерінің 50 турі Қызыл кітапқа кірген: Грейг  қызғалдағы,
Кауфман қызғалдағы, Талас қайыңы, жабайы жузім, зеравшан аршасы  және т.б.
   Қазіргі кезде Қызылқум  мен  Сырдария  жағалауларында  өсетін  дерменеге
жойылу қаупі төніп тұр. Көптеген жылдар бойы бұл  өсімдік  дәрілік  шикізат
ретінде  пайдаланылын  келді.
   Сирек өсімдіктердің барлығын атап шығу мүмкін емес. Қазақстандағы  жойылу
қаупі төңіп  тұрған  турлердің  басым  көпшілігі  ареалының  шағын  болуымен
сипатталады.
   Сирек және жойылып  бара  жатқан  жануарларды  сақтап  қалу  ушін  оларды
қорықтарда, кіші қорықтарда қорғауға алынады. Егер жануар немесе  өсімдіктің
саны популяцияның минималды мөлшерінен төмен болса (мысалы, гепард,  берқара
терегі),  онда  оларды  сақтап  қалу  ушін  қолдан  көбейтіи,  өсіреді.  Бұл
жұмыстарды Қазақстан ҒА-ның ботаникалык бағы, хайуанаттар бағы жүргізеді.
   Тек мемлекеттің қолдауымен, ғалымдар  мен  көпшілік  халықтың  бірлескен
қызметі нәтижесінде ғана флора  мен фаунаны  қалпына  келтіруге болады.
   Халықаралық бірлестік адамзаттың  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ету  ушін
биосфераның биологиялық алуантурлілігін  сақтауга  бағьпталған  іс-әрекетін
бір арнаға  бағыттауы  керек.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1.  Биогеографиялық    аудандастырудың    табиғат     рссурстарын     тиімді
пайдалан мен реттеудегі маңызы.
2.  Қазақстандағы   биогеографиялық   аудандастыру   мәселелері.   Қазақстан
зоогеографиясы.


                      Зертханалық жұмыстардың тақырыбы


                            №1 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Жер шарындағы қазіргі фауна мен флораның шығу тегі.
МАҚСАТЫ: Жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың пайда болуын,  дамуын  және
қазіргі алуантүрлілігіне сипаттама беру.
МАЗМҰНЫ:
1. Жер бетінде тірі заттың пайда болуы.
2. Тірі заттың географиялық қабықта алатың орны.
3. Тірі заттың құрамы мен құрылымы.
4. Жер бетінде тірі заттың пайда болуы мен тез таралу себептері.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:


                            №2 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Биосфера эволюциясының даму кезендері. Биосфера құрылымы.
МАҚСАТЫ : Биосфера құрылымымен және даму кезендерімен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1.  Биосфера  эволюциясының  мынадай  сатылы  кезендеріне  сипаттама   беру:
органикалық  қарапайым  жәй  заттардың  синтезі,   биогенез,   антропогенез,
техногенез және неогенез.
2. Биосфера эволюциясына жер континенттерінің дрейфі қалай әсерін тигізді.
3. Биосфера құрылымына сипаттама бер.
4. Биосфераның әрбір комплексінің өз ара байланысын анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:





                            №3 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйе концепциясы. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация.
МАҚСАТЫ: Экожүйе концепциясы. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация
түсініктерімен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1. Экожүйе концепциясы.
2.Экожүйенің  блоктарға  бөлінуі.  Экожүйені   функциональды   позицияларына
байланысты бірнеше блокқа немесе элементке  бөледі.  Элементтерге  сипаттама
бер.
3.Экожүйедегі байланыстар сипаттамасы, ерекшеліктері.
4. Биоценоз, биота, биогеоценоз, фация.


  КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзі атласы.
   2. Лабораториялық жұмыс дәптері.


                            №4 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Құрлықтағы организмдердің ендік  және  биіктік  белдеулер  бойынша
таралу заңдылықтары.
МАҚСАТЫ:  Организмдердің  кеңістікте  таралу   ерекшеліктерің,   факторларын
анықтау.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1.  Либихтың  шектеуші  факторлар  заңы  немесе  Либихтың   минимум   заңына
сипаттама беріп, мысал келтір. (Фактордың ағзаға әсер етуі графигін сыз).
2. Экватордан полюстерге қарай өсімдіктер мен жануарлардың  ауысып,  өзгеруі
зоналық деп  аталады.  Сондықтан  белгілі  бір  территорияның  өсімдігі  мен
жануарлар  дүниесі  біркелкі  еместігімен  сипатталады.  Осыған   байланысты
өсімдіктер зоналық (зональность) және  интерзоналық  (интерзональность)  деп
екіге бөлінеді, соған сипаттама бер.
3.Таулардағы  өсімдік  жамылғысы  мен  жануарлардың  таралу  ерекшеліктеріне
сипаттама  бер.  Таулардағы  белдеулерден  тыс  орналасқан  және   белдеулер
арасында орналасқан бірлестіктердің таралу ерекшеліктерің қарастыр.
4. Таулардағы жануарлар дүниесі. Жануарлардың таулардағы  биіктік  белдеудің
заңдылықтарына  спецификалық  физиологиялық  адаптациялары.   Рептилиялардың
түрлері мен ерекшкліктері. Сүтқоректілері және жыртқы жануарлары.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   3. Дүние жүзі атласы.
   4. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.
   5. Лабораториялық жұмыс дәптері.

                            №5 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ : Аралдардағы тіршілік.
МАҚСАТЫ:  Аралдардағы  флора  мен  фаунаның   таралу   ерекшеліктерін   және
территорияның ландшафтты және экологиялық  құрылымының  күрделілігі  бойынша
аралдардың генетикалық типтерің білу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1.  Территорияның  ландшафтты  және  экологиялық   құрылымының   күрделілігі
бойынша аралдардың генетикалық типтерін анықтап сипаттама бер.
2. Аралдық доғалар (островные дуги)  бойымен  организмдердің  таралуы  қалай
жүзеге асады. Р. Макартур мен Е. Уилсонның «тепетеңдік  теориясын»  сипаттап
бер.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   6. Дүние жүзі атласы.
   7. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.
   8. Лабораториялық жұмыс дәптері.

                            №6 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Ареалдың конфигурациясы мен құрылымы.
МАҚСАТЫ: Ареалдардың конфигурациясы, құрылымы және типизациясымен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1. Ареал ұғымына, түсінігіне анықтама бер.
2. Ареалдарды картада бейнелеуде қандай әдістер қолданылады сипаттама бер.
3.   Жануарларды   не   өсімдіктерді   белгілі   бір   басқа    территорияға
жерсіңдіргенде  («барерлерді  сындыру»  (десегрегация))   биосфераға   қалай
ықпалын тигізеді. Толық сипаттамасын беріп мысалдар келтір.  Акклиматизация,
реакклиматизация дегеніміз не? Осы түсініктерге мысал келтір.
4. Ареалдардың алуан түрлілігіне қарамастан кейбіреулері  бір  біріне  ұқсас
болып  келеді.  Сондықтан  ареалдарды  көлемі,   шекарасының   сипаты   және
географиялық   орналасу  ерекшелігі  бойынша   типизациялайды.   Ареалдардың
барлық типтеріне сипаттама беріп мысалдар келтір.
5. Төменде келтірілген карталарда қандай ареал типі келтірілген.(Сурет-1).
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   9. Дүние жүзі атласы.
  10. Географиялық белдеулер мен зоналар картасы.
  11. Дүние жүзі контур картасы.
  12. Лабораториялық жұмыс дәптері.



[pic]

Сурет – 1. Летрус тұқымдас скарабеид-қоныздарының ареалы. (О.Л.
Крыжановский бойынша, 1965).
                            №7 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ :  Жер шарының негізгі зональдық аудандастырылуы.
МАҚСАТЫ : Жер шарының негізгі зоналық аудандарының құрылымын,
ерекшеліктерің білу.
   1. Негізгі мінездемелері бойынша құрлықтар арасындағы айырмашылықты айыра
      білу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :  Жер бетінің табиғат зоналар жүйесі картасын пайдалана
отырып әр бір материктің табиғат зоналарына сипаттама беру.
   1. Белгілі бір материкте қандай табиғат зоналары бар және материктің  қай
      бөлігінде орналасқаның көрсету.
   2. Қандай табиғат зоналары кең таралған.
   3.  материктегі  горизонтальды  зоналық  қалай   байқалады   және   жалпы
      заңдылықтардан ауытқулар  барма?  Анықталған  ауытқулардың  себептерің
      түсіндір
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзінің физикалық картасы.
   2. Дүние жүзі атласы.
   3. Дүние жүзі контур картасы.
   4. Зертханалық жұмыс дәптері.








                            №8 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Экожүйелердің негізгі типтеріне сипаттама.
МАҚСАТЫ: Негізгі экожүйелермен және осы экожүйелердің құрылымымен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ :
1.Мәңгі жасыл тропикалық және эквоториалды ормандар, саванналар,  тропикалық
ормандар, шөлдер, пампалар, прериялар, дала, тундра, биік таулы  белдеулерге
сипаттама беру.
2. Әр бір экожүйені контур картасына түсіру.
3. Фотоавтотрофтар қауымдастықтарына сипаттама.
4. Бірінші және екінші қатардағы гетеротрофтарға сипаттама.
5. Омыртқасыз және омыртқалы жыртқыш жануарлары.
6. Экожүйелердің жалпы ерекшеліктері.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР: Дәптер, сызғыш, карандаш, контур карталары.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:
Әлемнің  контур  картасына  экожүйелерді  әр   түрлі   түске   бояп   шартты
белгілермен  сызып  көрсету.  Әрбір  экожүйеге  жұмыс  дәптерлеріне  қысқаша
сипаттама беру. Фотоавтотрофтар,  түрлі  қатардағы  гетеротрофтарды  жыртқыш
жануарларыды дәптерге кесте сызып, кестеге түсіру.

|Экожүйенің |Фотоавтотрофтары |Бірінші және   |Омыртқасыз  |Экожүйелердің |
|аталуы     |                 |екінші         |және        |жалпы         |
|           |                 |қатардағы      |омыртқалы   |ерекшеліктері.|
|           |                 |гетеротрофтарға|жыртқыш     |              |
|           |                 |сипаттама.     |жануарлары. |              |
|           |                 |               |            |              |
|           |                 |               |            |              |


                            №9 зертханалық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: Биофилотикалық патшалықтар. Ориенталды және Эфиопия
патшалықтарына сипаттама.
МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:
    1.Ориентальды патшалық алып жатқан территорияны контур картасына түсіру.
   Сонымен  бірге  контур  картасында  патшалықтың  ішіндегі  биофилотикалық
   аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
   2.Ориенталды патшалықтың флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
   3. Эфиопия патшалығы алып жатқан территорияны  контур  картасына  түсіру.
   Сонымен  бірге  контур  картасында  патшалықтың  ішіндегі  биофилотикалық
   аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
   4. Эфиопия патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзінің физикалық картасы.
   2. Дүние жүзінің климаттық картасы.
   3. Контур картасы.
   4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.
   МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ:


                            №10 зертханалық жұмыс


ТАҚЫРЫБЫ: Биофилотикалық патшалықтар. Мадагаскар және Кап патшалықтарына
сипаттама.
МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.
МАЗМҰНЫ:
1. Мадагаскар патшалығы алып жатқан территорияны  контур  картасына  түсіру.
Сонымен  бірге  контур  картасында   патшалықтың   ішіндегі   биофилотикалық
аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
2. Мадагаскар патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
3. Кап патшалығы алып жатқан территорияны контур картасына  түсіру.  Сонымен
бірге  контур  картасында  патшалықтың  ішіндегі  биофилотикалық  аудандарды
көрсетіп сипаттамасын бер.
4. Кап патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзінің физикалық картасы.
   2. Дүние жүзінің климаттық картасы.
   3. Контур картасы.
   4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

                            №11 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ:  Аустралия және Антарктикалық патшалықтарға сипаттама.
МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ:
1. Аустралия патшалығы алып жатқан  территорияны  контур  картасына  түсіру.
Сонымен  бірге  контур  картасында   патшалықтың   ішіндегі   биофилотикалық
аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
2. Аустралия патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
3.  Антарктикалық  патшалығы  алып  жатқан  территорияны  контур   картасына
түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі  биофилотикалық
аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
4. Антарктикалық патшалығының флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзі атласы
   2. Жарты шарлар физикалық картасы
   3. Лабораториялық жұмысқа арналған дәптер
                            №12 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Неотропикалық, Неарктикалық және Палеарктикалық патшалықтарға
сипаттама.
МАҚСАТЫ: Биофилотикалық аудандастыру ерекшеліктерін түсіну.
МАЗМҰНЫ :
  1.  Неотропикалық,  Неарктикалық  патшалықтары  алып  жатқан  территорияны
контур  картасына  түсіру.  Сонымен  бірге  контур  картасында   патшалықтың
ішіндегі биофилотикалық аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
2.   Неотропикалық,  Неарктикалық  патшалықтарының  флорасы  мен   фаунасын,
эндемиктерін анықта.
3.  Палеарктикалық  патшалық  алып  жатқан  территорияны  контур   картасына
түсіру. Сонымен бірге контур картасында патшалықтың ішіндегі  биофилотикалық
аудандарды көрсетіп сипаттамасын бер.
4. Палерктикалық патшалықтың флорасы мен фаунасын, эндемиктерін анықта.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзінің физикалық картасы.
   2. Дүние жүзінің климаттық картасы.
   3. Контур картасы.
   4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

                            №13 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Мұхиттардағы биогеографиялық аудандастыру.
МАҚСАТЫ:   Мұхит,   теңіз    бірлестіктерінің    ерекшеліктерімен    танысу.
Мұхиттардағы организмдердің таралуындағы заңдылықтар.
МАЗМҰНЫ :
1.Су экожүйелерінің жер беті экожүйелерінен айырмашылығы, құрылымы.
2.   Мұхиттардағы   экологиялық   және   биофилотикалық   аймақтарға    және
организмдердің таралуындағы заңдылықтарына сипаттама.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Дүние жүзінің физикалық картасы.
   2. Дүние жүзінің климаттық картасы.
   3. Контур картасы.
   4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.

                            №14 зертханалық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ:  Қазақстанның  флорасы  мен  фаунасынын   экологиялық   негіздері.
Биосфераның  экологиялық  және  генетикалық  алуантүрлілігі  негізгі  табиғи
ресурс ретінде.
МАҚСАТЫ:  Қазақстанның  флорасы  мен   фаунасынын   экологиялық   негіздері.
Биосфераның  экологиялық  және  генетикалық  алуантүрлілігі  негізгі  табиғи
ресурс ретінде маңызын анықтау.
МАЗМҰНЫ :
1. Алуантүрліліктің құндылығы.
2. Қорғауға алынған қорықтар территориялары мен акваториялары.
3. Биогеографиялық зерттеулер жобалары.
4. Қазақстанның қызыл кітапқа енген флорасы мен фаунасы.
КЕРЕКТІ ҚҰРАЛДАР:
   1. Қазақстанның физикалық картасы.
   2. Қазақстанның климаттық картасы.
   3. Контур картасы.
   4. Лабораториялық жұмысқа арналан дәптер.


СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
   1. Биосферадағы биохимиялык циклдер және зат айналымдары
   2.  Организмдердің биіктік белдеу бойынша таралуы
   3.  Құрлыктың табиғат зоналары
   4.  Қазакстанның Қызыл кітабы.
   5. Іле Алатауынын өсімдік және жануарлар дуниесінің әртурлілігі
6. Сирек және азайып бара жатқан өсімдікіер мен жануарлар
7. Солтүстік Американын эндемиктері
8.  Австралияның эндемик жануарлары
9. Қазакстаннын эндемик организмдерінің ареалы





























Пәндер