Файл қосу

Практика ерекшеліктері





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                   |
|3 деңгейлі СМК құжаты    |                         |                         |
|                         |№ 1 басылым              |ФП042-1.14-2013-01       |
|                         |________________         |                         |
|Оқу практика бағдарламасы|                         |                         |










                        Жаратылыс ғылымдар факультеті


                       Химия және география кафедрасы












                    5В011600 – «География»мамандығы үшін

                        МАМАНДАНДЫРУ БОЙЫНША ПРАКТИКА
                                 БАҒДАРЛАМАСЫ






























                                    Семей
                                    2013ж



        1 ӘЗІРЛЕНГЕН


           Құрастырушы                   _______    «____»_______2013     ж.
А.М.Нурпейсова,
       оқытушы, «Химия және география» кафедрасы




        Кафедра меңгерушісі             ______    «___  »_____2013ж.    Д.Р.
Онтагарова






    2 КЕЛІСІЛДІ


        ұтқырлық мәселелер департаметінің директорымен
        ҰМД директоры                      _________  «___ »_____ 2013ж.
Г.Есенбекова

        оқу бөлімімен
    ОБ бастығы                              _________  «___ »_____2013ж.
Ж.Молдабаева

      (қолы)


    Жаратылыс ғылымдар факультетімен


    Декан                             _________  «___ »_____2013ж. Л.С.
Ибраева
                                                (қолы)








    3 БЕКІТІЛДІ


    Оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі
    проректор
                               _____________
Г.К.Искакова
                               (қолы)


                                   «______ »_______________2013ж.








      1 Қолдану облысы

      Бұл ережеге  практика бойынша оқу нұсқауларын, есеп  дайындау  кезінде
Семей қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінде  оқитындарға
мамандандырылған практиканы  жүргізу  және  ұйымдастыруға  арналған  негізгі
талаптары кіреді.
      Бұл  ереженің  мақсаты  практика  бойынша  оқу  нұсқамаларын  дайындау
нұсқауларын жүйелеу болып табылады.
      Ереже Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы  білім  стандартымен
сәйкес университеттің барлық бөлімдеріне арналған.


      2 Нормативті сілтемелер
      Берілген ереже мыналардың негізінде құрылған:
      27 шілде 2007жылдың «Білім туралы» Қазақстан республикасының заңы;
      Жоғары  білімнің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты.  №   1080
2013жылдың 23  тамызынан  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  бекітілген
қаулысының негізгі ережелері.
    № 499 2013жылдың  17  мамырынан  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің
бекітілген  қаулысының  жоғары  білімнің   ұйымдастыру   әрекетінің   типтік
ережелері.
     №94 2011жылдың 16 наурызынан Қазақстан Республикасының білім мен  ғылым
министрлігінің бекітілген бұйрығымен  жоғары  оқу  орындарында  оқитындардың
бақылау үлгерімдерінің,  межелік  пен  қорытынды  аттестацияларды  өткізудің
типтік ережелері.

      3 Жалпы ереже
      3.1  Мамандандырылған  практика  жоғары   квалификациялық   мамандарды
дайындауда  негізгі  бөлік  болып  табылады  және  практика   базасы   болып
табылатын мекендерде – кәсіпорын, ғылыми-зерттеу институттарда,  мектептерде
және тағы басқа жерлерде өтеді.
      3.2 Мамандыққа байланысты және  мемлекеттік  жалпы  білім  стандартына
сәйкес мамандандырылған практиканың түрлері өткізіледі.
      Мамандырылған практиканың мазмұны, мерзімі мен түрлері  мамандықтардың
жұмыс оқу жоспарына және мемлекеттік жалпы  білім  стандартының  талаптарына
сәйкес анықталады.
      Оқытудың   кредиттік   технологиясына   байланысты    мамандандырылған
практиканың әр түрі түрлі академиялық сағатқа ие.
      3.3 Университетте мамандандырылған  практиканың  негізгі  түрлері  оқу
(оқу танымдық),  педагогикалық,  өндірістік,  дипломалды  практикалар  болып
табылады.
      3.4   Оқу   практикасы    зертханаларда,    полигонда,    мектептерде,
кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу орындарында ұйымдастырылады.
    3.5 Практика  бағдарламасын  орындау  үшін  қажетті  курстың  теориялық
базасын игерген жағдайда ғана студенттің жеке жұмыс жоспарын енгізіледі.
    3.6 Студенттерді практика орны мен  жетекшілерін  ректордың  бұйрығымен
практиканың басталуына 3 апта қалғанда бөлінеді.
    3.7  Практика  жетекшілігіне  мамандықтың  спецификасын  жақсы  білетін
тәжірибелі оқытушылар, доцент пен профессорлар тағайындалады.

Мазмұны

Практиканың  мақсаты:   студенттерді   экологиялық   зерттеулердің   негізгі
әдістерімен таныстыру; эксперимент жүргізудің техникасымен таныстыру,  алған
нәтижелердің нақтылығын көрсетуге үйрету
Практиканың міндеттері:
- табиғи территориялық кешендер мен шаруашылық объектілер мен  құбылыстардың
экологиялық, физикалық,  экономикалық-  географиялық  зерттеу  әдістері  мен
тәсілдерін меңгеру;
- далалық зерттеудің маңызды әдістері мен дағдыларын дамыту;
-  табиғатты  тиімді  пайдалану  және  территорияны  пайдалану   мәселелерін
зерттеу;
- түрлі табиғи және шаруашылық объектілерді зерттеу жолдарымен  географиялық
ой-өрісті кеңейту;
-  топпен жұмыс істеу дағдысын меңгеру.

     Практика біткен соң студенттер мыналарды істей алуы керек :
    •  зертханалық  эксперимент  жүргізуде  және  материалдар   жинау   үшін
      құралдарды пайдалану;
    •  объектілер  мен   процестерді  зерттеудің  әдістемесі   мен   қазіргі
      әдістерін қолдану;
    • алған мәліметтерін ғылыми әдебиеттер мәліметтерімен салыстыру;
    • алынған мәліметтерді өңдеудің әдіс-тәсілдерін қолдану;
    • далалық немесе лабораториялық күнделікті толтыру,  практика  жетекшісі
      берген тақырып бойынша жұмыс істеу;
    •  жүргізілген  бақылау  мен  зерттеулердің  қорытындысы  бойынша   есеп
      құжаттарын құрастыру
білуі тиіс:
    • қазіргі экологиялық зерттеулердің әдістемесі;
    • экология аймақтары бойынша қазіргі зерттеулердің бағытын;
    • зерттеу тақырыбы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді;
    • лабораториялық немесе далалық эксперимент жүргізудің ережесін, олардың
      нәтижесін тіркеу;
    • эксперименттік немесе жинаған материалдарының  статистикалық  анализін
      өңдеу әдісін.

Практикадан өту барысында  студенттер міндетті:
    • ішкі тәртіпті сақтау;
    • құралдарды қолдану ережелерін сақтауға;
    • қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
    • практика тапсырмаларын уақытылы орындауға;
    • атқарған жұмыстары туралы есеп дайындауға.

     Практика ерекшеліктері. Бекітілген  күн  тәртібіне  сай  жұмыс  күнінің
басталуы  құрастырылады.  Практика   басталмай   тұрып   барлық   студенттер
дәрігерлік тексеруден өтуі, қауіпсіздік  ережелері  мен  құралдарымен  жұмыс
істеу ережелерін білуі тиіс.
     Практика құрылымы. Тапсырмалар тізімі.
      Бірінші  күн.  Практиканың  бағдарламасымен,   құрылымымен   танысу,
жүргізетін жұмыстарының кестесін құру, топқа бөліну. Ауа  райын  бақылауды
бастау керек ( бақылау күнделігі). Практикадан  өту  барысында  студенттер
күнделікті  пратика   күнделігін   және   далалық   бақылаулардың   немесе
лабораториядан  анықтаған  эксперименттік  мәліметтерін   жазып   отыратын
журналдарын толтырып отыруы  қажет.   Зерттеу  объектілерін  анықтау.  Қар
жамылғысының ластануын анықтау үшін   қала  зауыттарының  (Цемент  зауыты,
Силикат  зауыты,  Шпал  зауыты)  маңайынан   қар   сынамасын   алып,   қар
жамылғысының  сапалы  анализін  жасау.  Еріген  судың   физикалық-химиялық
құрамын анықтау қажет.
     Екінші күн. Қар жамылғысының ластануын анықтау  үшін   қаланың  шеткі
аймақтарынан (Полковничий аралы,  Контрольный  кенті,  Семей  орманы)  қар
сынамасын алып, қар  жамылғысының  сапалы  анализін  жасау.  Еріген  судың
физикалық-химиялық құрамын анықтау қажет.
     Үшінші күн. Қар жамылғысының  ластануын  анықтау  үшін   қаланың  жол
бойларынан  (Полковничий  аралы,  Контрольный  кенті,  Семей  орманы)  қар
сынамасын алып, қар  жамылғысының  сапалы  анализін  жасау.  Еріген  судың
физикалық-химиялық құрамын анықтау қажет.
    Төртінші  күн.   Әр  аймақтардан  алынған  қар  сынамаларын  пайдалана
отырып, қар жамылғысының салыстырмалы сипаттамасын беру керек.  Зерттеудің
нәтижелері бойынша қар жамылғысының экологиялық жағдайы  туралы  қорытынды
жасау қажет.
      Бесінші күн. Әрбір студент өзіне берілген өздік жұмыстарын орындайды.

      Алтыншы күн. Студенттер 3-4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді (біреуі
санайды, енді біреуі жазып тұрады, қалғандары жағдайды  жалпы  бағалайды).
Студенттер бір бағыттағы жол қозғалысы бар  әртүрлі  көшедегі  белгіленген
аймақтарына тұрады. Егерде екі бағытты жол қозғалысы  алынатын  болса,  әр
топ  екі  жаққа  бөлінеді.  Белгілі  бір  уақыт  аралығында  өткен   көлік
түрлерінің саны бойынша атмосфераға бөлінген газ мөлшерін анықтайды.
    Жетінші күн.  Магистральді  көшелер  учаскесіндегі  автокешеннің  жанар
майынан шыққан газдан ауа  атмосферасының  ластануы  деңгейін  анықтау   (СО
концентрациясы бойынша).
      Сегізінші  күн.  Өз  бақылауының  қорытындысы  бойынша  және   зерттеу
нәтижелерін пайдалана отырып ауаға автокешеннен  зиянды  заттардың  шығуынан
ауа атмосферасының ластануы туралы қорытынды жасау
      Тоғызыншы  күн.  Әрбір  студент  өзіне  берілген   өздік   жұмыстарын
орындайды
      Оныншы күн. Практика есебі мен презентациясын дайындау.
      Далалық  практика  бағдарламасында  көрсетілген  далалық   практикаға
арналған  оқу  құралдарын  пайдалана   отырып,   студенттер   мамандандыру
практикасы бойынша өздік жұмыстарды орындайды.
1 - тапсырма. Семей қаласының экологиялық мәселелері
2- тапсырма. Семей қаласының ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
3-тапсырма. «Қар  жамылғысының  ластануы»  тақырыбында  мектептік  жобаның
бағдарламасын құрастыру.
          Практика есебіне қойылатын  талаптар.  Практика  бойынша  есепті
оқытушы  бригаданың  барлық   құрамының   қатысуымен   қабылдайды.   Әрбір
атқарылған жұмысқа баға қойылады. Атқарылған жұмыстардың  барлық  түрлерін
жалпы бағалауда жұмыстардың өлшемі мен орындалу сапасы есепке алынады.
          Мамандандыру бойынша далалық практика  есебі  далалық  практиканың
барлық материалдарын  көрсетеді: қар жамылғысының ластануын  анықтау,  ауаға
автокешеннен  зиянды  заттарды  шығуының  санын  есептеп  бағалау  кестесін,
сонымен қатар ауа райын бақылаудағы атмосфералық процестер мен  ауа  райының
өзгеру анализін көрсету. Есеп  талаптарға  сай  құрастырылуы  керек,  мұқаба
беті, мазмұны, кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,  қосымша
тізімі болуы шарт. Есепте міндетті түрде фотосуреттер болуы керек.
     Есеп құрылымы
Кіріспе.
Практикадан өткен аймақтардың экологиялық сипаттамасын құрастыру.
Атқарылған жұмыстар тізімі.
1 -бөлім. Практика кезіндегі ауа-райы.
1.1 Барикалық алаң, жел, бұлттылық, жауын-шашын, атмосферлық құбылыс.
1.2 Радиациялық режимнің ерекшеліктері.
1.3 Ауа температурасы.
1.4 Ауа ылғалдылығы.
2 -бөлім. Ауаның ластануын қар жамылғысы бойынша анықтау
   1.  қардың құрамы, құрылысы мен құрамы туралы теориялық материалдарды оқу
      мен жинау;
   2.  институттың ерешеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып зерттеудің
      әдістемесін меңгеру;
   3.  сынама алынған аймақтардың картасын құрастыру мен физикалық-
      географиялық жағдайын айқындау;
   4.  әр аймақтардан алынған қар сынамаларын пайдалана отырып, қар мен
      еріген судың физикалық-химиялық анализін жүргізу;
   5.  зерттеу нәтижелері бойынша әр аймақтардың қар жамылғысының
      экологиялық жағдайы туралы қорытынды шығару;


3 -бөлім. Ауаға автокешеннен зиянды заттарды шығуының санын есептеп бағалау

3.1 Белгіленген сағаттағы автомобиль түрі мен саны
3.2 Магистральді көшелер учаскесіндегі автокешеннің жанар майынан шыққан
газдан ауа атмосферасының ластануы деңгейін анықтау  (СО  концентрациясы
бойынша)
3.3 Автомобильдердің улағыш коэффициенті.
Қорытынды

      Материалдық қамтамасыз ету
      Практиканы жүргізуге қажетті құрал-жабдықтар:
|1   |Аспирационды психрометр    |      |7  |Индикаторлық қағаз          |
|2   |Барометр-анероид           |      |8  |Бақылау күнделігі           |
|3   |Анемометр                  |      |9  |Блокнот                     |
|4   |Рулетка                    |      |10 |Қарандаштар                 |
|5   |Таза ыдыс, қолғап          |      |11 |Фотоаппарат                 |
|    |(гигиеналық), күрек        |      |   |                            |
|6   |Индикаторлық ерітінділер   |      |   |                            |

Есеп пен бақылау формасының талаптары
        Практика   соңында   дала   жұмыстарының   нәтижесі   есеп   түрінде
безендіріледі. Көлемі  50  бет,  оның  ішіне  графиктер,  кестелер,  фотолар
енгізіледі. Есеп келесі бөліктерден тұрады.: 1) мұқаба беті; 2) мазмұны;  3)
Кіріспе;  4)  негізгі  мәтін;  5)  Қорытынды;  6)  Пайдаланылған  әдебиеттер
тізімі; 7) Қосымшалар.
      Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі мен  қажеттілігі,  практиканың
мақсаты   мен   міндеті   көрсетіледі.   Географиялық   көзқарас   негізінде
қалрастырылып отырған территорияның қысқаша сипаттамасы  беріледі,  жұмыстың
жаңашылдығы  мен  құрылымы  көрсетіледі.  Негізгі  мәтін  бөлімінде  әдісті,
мазмұнын, зерттеудің соңғы нәтижесін бейнелену керек.  Әр  бөлімнің  соңында
негізгі идеяны көрсету  арқылы  қысқаша  қорытынды  жасау  қажет.  Қорытынды
бөлімінде жалпы жалпы зерттеу қорытындысы,  алынған  нәтижелер  келтіріледі,
практиканы жетілдіру мақсатында ұсыныстар мен тілектер. Қорытындыға  негізгі
талаптар – оның ықшамдылығы, оған  кіріспедегі  мазмұнын,  жұмыстың  негізгі
бөлімін, бөлім бойынша жасалған қорытындысын қайталауға болмайды.

Практика бойынша есепті қорғау
   Есепті қорғау оқытушылардың қатысуымен қорытынды конференцияда жасалады.
Есепті қорғауға әрбір бригадаға  5-10минут  беріледі.  Мәлімдемеде  мақсаты,
зерттеу  міндеті,  әдістері  мен  әдістемесі,  алынған   нәтиже,   қорытынды
айтылады.  Қорытынды  конференция  нәтижесі   бойынша   практиканың   бағасы
қойылады.

Оқу әдебиеттері:
Негізгі әдебиеттер
Верин В.Л., Верина А.Н., Балтина  Н.Л.,  Лисицин  К.С.  Учебная  практика.
2011, - 95с.
  Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология для студентов вузов., - Ростов-
на-Дону: изд-во Феникс, 2001. – 576 с.
  Панин  М.С.  Химическая  экология:  учебник   для   ВУЗов/   Под.   Ред.
Кудайбергенова С.Е. – СГУ им. Шакарима. – Семипалатинск, 2002. -  852 с.
 Концепция экологического  образования  РК  Приказ  Министерства  науки  и
образования РК от 25 сентября 2002 г. № 697 Министерства охраны окружающей
среды РК от 24 сентября  2002  г.  №  229-П/  ж-л  Экология  и  устойчивое
развитие. -2003. -№10.-С. 56-64
 Хотунцев Ю.Л.  Экология и экологическая безопасность.: учеб. пособие  для
студ. высш. пед. учеб. заведений. – 2-е изд. перераб. –  М.:  Издательский
центр «Академия», 2004. – 480 с.
Қосымша әдебиеттер
   1. Современные проблемы изучения и сохранения биосферы, т. III.  Проблемы
      восстановления и сохранения систем биосферы. - Санкт-Петербург, 1992.-
      359 с.
2.  Никоноров  А.М.,  Хоружая  Т.А.  Экология.  Для  студентов   вузов   и
   специалистов экологов. – М.: Изд-во ПРИОР, 1999. - 304 с.
3.  Лозановская И.Н., Орлов  Д.С.,  Садовникова  Л.К.  Экология  и  охрана
   биосферы при химическом загрязнении: Учебн.  Пособие  для  хим.,  хим.-
   технол. и биол. спец. вузов.- М.: В.Шк.-1998. – 287 с.

Пәндер