Файл қосу
Мемлекеттің қаржы қызметі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК |ПОӘК | | | |042-ххх-56-2014 | |«Қазақстан Республикасының | | | |қаржы құқығы» оқу-әдістемелік |№1 басылым | | |кешені |«____»________2014 ж. | | «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ» ПӘННІН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «5В011500» –құқық және экономика негіздері мамандығына арналған Семей 2014 Кіріспе 1. ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН Құрастырған Сабалакова А.У. _______«____» _________ 2014 ж. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының аға оқытушысы. 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Заңтану» кафедрасының мәжілісінде. Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж. Кафедра меңгерушісі м.а._____________ Толепбергенова А.Е. 2.2. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің оқу- әдістемелік бюро мәжілісінде Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж. Төраға ______________ ??? 2.3. Экономика – құқық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылыми кеңесінде Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж. Төраға ______________ Толымгожинова М.К. 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды Хаттама № _____ «____» ____________ 2014ж. ОӘК төрағасы, оқу – әдістемелік жұмыстары бойынша проректор _________ Искакова.Г.К БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Курс жұмысы (жобасы) 5 Білімалушылардың өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ «Бюджет» терминінің төрт мағынасы бар: 1. Материалдық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры, сондай-ақ жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың орталықтандырылған ақшалай қорлары. 2. Экономикалық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын немесе жергілікті ақша қорын қалыптастыратын жəне жұмсайтын экономикалық қатынастардың жүйесі. 3. Құқықтық мағынада – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, яғни мемлекеттің жəне жергілікті өкілді органдардын кіріс жəне шығыс балансы. 4. Заң-техникалық мағынада - мемлекеттің негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілері. Бюджеттік құқық – мемлекеттің бюждетті қалыптастыру жəне бөлуге, сондай-ақ бюджеттен бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдасыруға байланысты пайда болатын қоғамдық қатыныстарды реттейтін қаржылық құқықтың бөлімі. Бюджеттік құрылыс – республикасының бюджеттік жүйесінің ұйымдастыру құрылысын жəне оның құрамдас бөліктерінің өзара қарым- қатынастарының белгілейтін бюджеттінің құқықытың жалпы бөлімінің институты. Бюджетаралық кредиттеу – бір бюджеттен екінші бюджетке, оны теңдестіру мақсатында нақты белгіленген ақша сомасын қайтарылатын негізде беру. Бюджет саласында басқару – мемлекеттің тапсырысы бойынша бюджет саласындағы ұйымдастыру қызметі жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесін анықтайтын жəне олардың осы саладағы құзыреттерін белгілейтін бюджеттік құқықтың жалпы бөлімнің институты. Бюджеттік процесс – мемлекеттің өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегі бюджеттерді жасау, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау жəне олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту жөніндегі бюджеттік процессуалдық нормалармен регламенттелген қызметі. Бюджеттік кезең – бюджеттік процесстің барлық сатыларын қамтитын белгілі уақыт бөлігі. Банктер – қызметтерінің өнімі ақшалай кредиттік, есеп айырысу жəне эмиссиялық істер болып табылатын қаржылық – кредиттік мекемелер жүйесі. (Банко – итальян тілінен алғанда ақша жəне кредиттік мəмілелер жүргізілген орын орындық). Бюджет кірістері- салық жəне салық емес түсімдер мен алымдардың, сондайөақ бюджетке қайтарылмайтын негізде келіп түсетін капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі. Секвестр- заңдармен белгіленген тəртіп бойынша бюджет шығыстарының бекітілген шекті лимиттерін пропорциялы түрде, белгілі бір проценттерге шағып қысқарту. Қаржылық жыл- күнтізбелік жылдың і қаңтарында басталып. Іі желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттікөесепке алу кезеңі. Салықтар-жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында. заң негізінде. сондайөақ заңда белгіленген мөлшерде жəне уақытта салық төлеушілердің бюджеттерге төлейтін қайтарылмайтын түрдегі. жекелей ақысыз негіздегі міндетті ақшалай төлемдері. Алымдар- жергілікті əкімшілік - аумақтық бірлік көлемінде жергілікті өкілді жəне атқарушы органдар тарапынан көрсетілген немесе көрсетілетін қызметтер үшін заңды жəне жеке тұлғалар жергілікті бюджет кірісіне төлейтін заңда көзделген міндетті ақшалай төлемдер. Акциздер- акцизделетін тауар ондіретін. акцизделетін тауарларды импорттайтын. Сондайөақ ойын бизнесін жүзеге асыратын заңды жəне жеке тұлғалардың міндетті төлемдері. Айлық есептік көрсеткіш- кезекті жылға арналған республикалық бюджетке немесе нормативтік құқықтық актіде жыл сайын белгіленетін зейнетақыларды. Аккредитив - жіберілген тауарлар жəне көрсетілген қызмет үшін тауар жіберушінің ұсынған тиісті құжаттарына сəйкес сатып алушының аккредитивтік өтінішінде көделген шарттар бойынша ақы төлеу жөнінде сатып алушының банкінің тауар жіберушінің банкісіне Берген тапсырысы. Инкассалық жарлықтар- төлеушілердің шоттарынан атқару жəне соған теңелген құжаттар негізінде олардың ықтиярынсыз ақша қаражаттарын талассыз шығарып тастау. Вексель - заңмен қатаң белгіленген нысандағы. оның иесі вексель ұстаушыға төлем мерзімі басталғанда борышқордан вексельде көрсетілген ақша сомасын талап етуге талассыз құқық беретін сөзсіз жазбаша қарыз міндеттемесі. Жай вексель - вексель беруші борышқордың қаражатты алушыға немесе оның бұйрығына белгіленген ақша сомасын белгілі бір уақытта жəне белгілі бір орында төлеу жөніндегі ешнəрсеге негізделмеген жай міндеттемесі бар жазбаша құжат. Кредиттік шарт - банктік ссуда беру жөнінде қарыз берушіө банк пен қарыз алушы клиенттің арасындағы келісім. Банктік процент - клиенттің (борышқордың) банке (кредиторға) ссуда бергені үшін төлейтін. алған сомасына процент есебінде қосылатын банктік есептеу ставкасы. 1. Қаржылар - материалдық категория ретінде – мемлекет меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы. 2. Қаржылар - экономикалық категория ретінде мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық құқық - мемлекеттің еліміздің ақша жүйесін қалыптастыру жəне оның ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесінде, сондай-ақ мемлекеттің ақша; қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жəне пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржылық құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды тəртіп қағидаларын белгілейтін құқықтық нормалар. Ақша бірлігі - еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөнінде қызмет атқаратын заңмен белгіленген ақша номиналы (теңге, рубль, доллар, марка, сум, манат жəне т.б.). Валюта режимі - ұлттық валюта сондай-ақ шетел валютасы тарапына мемлекет белгілеген валюталық шектеулер. Валюталар: а) толығымен айналатын (еркін жүретін); б) жартылай айналатын (жартылай еркін жүрегін); в) айналымға түспейтін (еркін жүрмейтін), тұйықталған Валюталық монополия - валюталық құндылықтармен мəміле жасау жөніндегі мемлекеттін айрықша құқығы. Ақша айналымы - тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер айналысына қызмет көрсету жөніндегі қолда бар жəне қолда жоқ түріндегі ақша қозғалысы. Нақты ақшалар: банкноттар металл монеттер. Қолда жоқ ақшалар. чектер, кредиттік карточкалар жəне т.б. Қаржы министрлігі - кредиттік, валюталық, ақша, салық жəне кедендік саясаттармен өзара байланысты мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатының стратегиялық бағыттарын əзірлеу жəне іс жүзінде жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің сыртқы экономикалық қаржылық саясатын əзірлеуді жүзеге асыратын орталық қаржылық экономикалық орган. Қаржылық бақылау – қаржылық қызмет қатысушыларының өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру, жөніндегі мемлекеттік органдарының іс- əрекеті. Қаржылық тəртіп – мемлекеттің талап бұйырғанынан көрініс тапқан өз міндеттерін барлық қаржылық қызметке қатысушылардың қатаң жəне дəл сақтаулары. Ревизия – кəсіпорындар мекемелердің қаржылық –шаруашылық қызметінің заңды түрде жəне мақсатқа сəйкес жүргізілуін алғашқы ақша құжаттары мен бухгалтерлік жазбаларды зерттеулерге негізделген тексеру. 2 ДӘРІСТЕР 1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі Жоспары: Қаржының ұғымы. Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы. Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы. Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары. Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі. Қаржы жүйесінің ұғымы. 1. Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормалар Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; - міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді: - Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді -Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді o Бюджеттік o Бюджеттен тыс o Қаржылық-банктік o Қаржылық-сақтандыру o Қаржылық-шаруашылық. Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді § Біржақтылық-биліктік § Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады. Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар. Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады. Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді. Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады. 2. Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс. Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді: - қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; - қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету. Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс. Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі қағидалар негізінде қалыптасуы тиіс: * қоғамның қажеттіліктерін ескеру және оның көзқарастарына икемделу; * мақсаттылық пен тиімділік; * айқындылық, қоғамның бақылауында болуы; * нормативтілік пен жоспарлылық; * тұрақтылық пен жүйелілік; * қоғамдық қабылдауға ие болу. Мемлекеттің қаржылық қызметі әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады: • Міндетті әдістер – салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар; • Ерікті әдістер – жеке және мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер, банктік салымдар; • Қайтарымсыз қаржыландыру; • Төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық қағидалары негізінде несиелеу әдісі; • ақша қаражаттарымен нақты қолма-қол және нақтысыз есеп айрысу әдістері. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарпынан реттеу әртүрлі әдістер мен нысандар арқылы жүзеге асырылады. Реттеудің негізгі нысанына келесілер жатады: - сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру - салық салу - инвестициялау - сыртқы заимдар - сыртқы қарыз - экспортты субсидиялау. Реттеу әдістеріне келесі әдістерді жатқызуға болады: • Тікелей ( әкімшілдік ) – лицензия, квоталар, мемлекеттік монополия әдістері; • Жанама (экономикалық) – салықтар, кедендік төлемдер, мөлшерлеме, валюта курсы, бағалы қағаздар курсы. Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер Қаржылық –құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық –құқықтық актілер қаржылық –құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық –құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды. Қаржылық –құқықтық актілер келесілерге бөлінеді: * Нормативті актілерге * Нормаларды нақтылайтын жеке актілерге * Заңнамалық актілер - шығарылатын заңдар, қаулылар * Қосалқы актілер – заңға негізделген нұсқамалар, бұйрықтар. ҚР заңдары: А) ҚР Конституциясы – ҚР барлық аумақтарына тікелей әсер ететін жоғарғы заңды күші бар заң Б) Конституциялық күші бар ҚР заңдары В) Үкіметтік заң актілері (декларациялар, ережелер, қаулылыларжәне т.б. .), ҚР заңдары, ҚР өкімдері Г) Қосалқы актілер: - ҚР Президентінің қаулылары мен бұйрықтары - ҚР үкіметінің өкімдері мен қаулылары - министрліктердің нормативті актілері және басқа да атқарушы органдардың актілері - бұйрықтар, қаулылары, атқарушы органдардың нұсқамалары Д) Жергілікті басқару органдарының актілері – тек облыста, ауданда, ауылдық жерлерде іске асырылатын нормативті актілер. Жергілікті өзін-өзі басқару актілерінің түрлері: - қаулы - шешім Е) Жалпыға бірдей қағидлар мен нормалар, ҚР мен іс жүргізуде қолданылатын халықаралық құқық пен келісімдер. Негізгі түсініктер: мемлекеттік қызмет; қаржы;қаржылық – құқықтық нормалар. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қаржылық құқықтық қатынастардың ерекшелігі неде 2. Қаржылық құқықтық норма дегеніміз не 3. Міндеттеушілік қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз 4. Тыйым салушылық қаржылық –құқықтық норма дегенді қалай түсінесіз 5. Үәкілеттілік қаржылық –құқықтық норма дегеніміз не 6. Материалдың қаржылық –құқықтық норманы сипаттаңыз. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жұйесі. Жоспары: Қаржы кұқығының пәні. Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері. Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы. Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны. Қаржы құқығының пәні болып барлық қаржылық қатынастар бола алмайды. Тек қана оның белгілі бір бөлігі ғана бола алады. Атап айтканда мемлекеттік қаржы қызметінің процессінде туындайтын қатынастар. Оларды біз «мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз. Бұл қаржы қатынастарға тән болатыны, олар әр уақытта мемлекетік қорға не одан қаражаттың қозғалысын белгілейді.Жеке меншік саласындағы ақша қозғалысын реттейтін қатынастар жеке қаржы қатегориясын белгілей отырып, ешбір жағдайда мемлекетің қаржы қызметінің не қаржы құқығының объектісі болуға тиісті емес. Азаматар мен заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастар осы қатынастарының санына жатады.Қаржы құқығының пәнін аңыктау мақсатында, айтылғаннын қортындысын жасайық: ✓ Қаржы құқығының пәні болып, мемлекеттік қаржы қызметінің процесінде туындайтын қатынастар табылады, олар өз кезегінде мемлекетік қаржымен шектелген. ✓ Мемлекетің қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар өздерінің экономикалық табиғатынан қаржылық болып табылады. Және барлық қаржы қатынастардан оны бөліп шығару мақсатында « мемлекеттік қаржы қатынастар» деп атаймыз. ✓ Жеке қаржы, қаржы құқығының пәні болып қызмет етуге тиісті емес. Егер де мемлекет жеке қаржы қорының қалыптастыруын, үлестіруін немесе пайдалануын үйымдастыру тәртібін белгілесе де, ол азаматық, әкімшілік және де басқа құқық салаларымен қарастырылады. ✓ Мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар егер де олар қаржылық емес болса, және сондықтан қаржы құқығының нормаларымен реттелмесе, ол басқа құқық салалармен реттелсе, олар қызмет ете алмайды. ✓ Қаржылық емес, басқа құқық салаларымен реттелетін қатынастар мемлекетік қаржы қатынастары бола алмайды. Сондықтан қаржы құқығы толықтай мемлекеттің қаржы қызметі саласымен бірдей.Қаржы құқығының пәні болып мемлекеттік қаржы қызметі процесінде қаржы қатынастарының 2 тобы туындайды: -материалдық -ұйымдастырушылық Материалдық каржылық қатынастар қаражат құралдарынын қозғалысын реттейді, өзімен мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру және үлестіру процесін белгілейді. Бұл қатынастар төлеушіден белгілі бір мемлекетік қорға немесе қордан тұтынушыға нақты ақшаның қозғалысымен байланысты. Ал, мемлекеттің ақша жүйесін біртұтастай және мемлекетің қаржы жүйесін бөлектей, мемлекетік қаржы мекемелерінің жүйесін ұйымдастыру, олардың қызметін қамтамасыз ету бойынша туындайтын қатынастар ұйымдастырушылық болып табылады. Материалдық қаржы қатынастар келесі белгілермен мінезделінеді: 1. Бұл қатынастар ақшалай болып табылады. Олар мемлекетің ақша қорын қалыптастыру немесе үлестіру процесін білдіреді. 1. Бұл қатынастар құнның ақшалай нысында бір жақтық қозғаласын реттейді.. 2. Бұл қатынастар үлестіруді білдіреді. 3. Экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады. 4. Мемлекетік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастар тек қана құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Қаржы құқығының мәнін ұғу үшін және оның қолдану шекарасын белгілеу үшін материалдық қаржы қатынастарды ұқсас экономикалық қатынастардаң айыру керек.Бірінші кезекте қаржылық қатынастарды тауар-акша қатынастарынан айыру керек : 1. Қаржы қатынастар, өндіру процесінде, үлестіру барысынды туындайды, ал тауар-ақша қатынастары айырбас стадиясында туындайды. 1. Мемлекеттік қаржы қатынастар әр қашанда эквивалентсіз. 2. Қаржы қатынастар құнның қозғаласын тек қана ақшалай нысанда реттейді. 3. Материалдық қаржылық қатынастар мемлекеттік қаржы қызметінің өнімі болып табылады және мемлекет оның негізгі субъектісі болып табылады. Ал, тауар-ақша қатын-ры мәмілелерді реттей отырып, сатушы-сатып алушы арасындағы қатынастарды реттейді. 4. Материалдық қаржылық қатынастарында ақшаның қозғалысы мемлекетің қызығушылықтарымен белгіленеді. 5. Материалдық қаржылық қатынастары мемлекетің болуымен белгіленеді. 6. Материалдық қаржылық қатынастары тек қана құқықтық нысанда болады. 7. Материалдық қаржылық қатынастарында тараптар заңды теңсіз. Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекет пен қаржы жүйесін қалыптастыру процесінде туындайтын және оның дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуінен, сонымен қатар мемлекетің қаржы қорларын қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Қаржы құқығының нысаны болып, қаржы заңы табылады. Қаржы заңы дегеніміз - мемлекеттік қаржы қызметі процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Бұл актілерді қаржы құқықығының қайнар көзі деп санауға болады. Ең негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституция табылады. Екіншісі ҚР заңдары, үшіншісі ҚР Үкіметінің қаулылыры, төртіншісі қаржы министірлігінің актілері және көптеген нормативтік актілер. Құқықтық реттеу әдісі деп - қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттеу үшін және олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу үшін, мемлекетпен әсер етілетін әдістер, тәсілдер болып табылады. Негізгі әдіс болып императивтік әдіс табылады. Заң әдебиетінде оны басқалай түрде, бір жақты билік әдісі деп немесе әкімшілік әдісі деп атайды. Бұл әдісті қолдана отырып мемлекет өзінің ұйғарымдарын, бұйрықтарын, қаржы заңдарының нормаларында белгіленген қағидаларды сөзсіз орындауын талап етеді.Қатысушының тәртібін қатал және тиянақты реттеуімен мінезделінеді. Белгіленген құқық нормасын орындалмауы, белгіленген тәртіптен шек шыгып кету, мемлекетпен күштеу турде қамтамасыз етіледі.Императивтік әдіс келесі белгілермен мінезделінеді: 1. Нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген ұйғарымдарды бір жақты билікті реттеу арқылы субъектінің тәртіптерін белгілейді. 1. Бұл ұйғарымдар тараптардың тәртіптерін тиянакты реттейді. 2. Екі жақты құқықтар мен міндеттер мемлекетпен белгіленген. 3. Мемлекетпен белгіленген ұйғарымды орындаудан тараптар бас тартуға құқылы емес. 4. Ұйғарымның орындалуы күштеу механизмымен қамтамасыз етіледі. 5. Екінші жақтың тәртіпті таңдау мүмкіншілігі жоқ. 6. Ұйғарымды орындамау заңды жауапкершілікті туындатады. 7. Мемлекетпен өкілденген субъект, екінші субъектіге қараганда, аса көп құқықтарға ие. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүргізген процесінде, қаражатты тек қана күштеу арқылы таптай, сонымен қатар, төлеушінің қызығушылығына әсер тигізеді. Қортындысында төлеуші өз еркімен мемлекетке ақшаларын береді. Бұл жағдайда мемлекет өз төлеушісімен қаржылық қатынастарын құрады, сонымен қатар, келісім жүргізеді. Басқалай айтқанда диспозитівтік әдісті қолданады. Диспозитивтік әдіс императивтік әдіске қарағанда субъектінің тәртіптеріне әсер тигізген кезде, әлде-қайда жеңіл тиеді. Бұл қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық актісі ұйғарымның толық комплексін белгілемейді. Кейбір құқықтар мен міндеттер субъектілердің келісімі арқылы белгіленеді. Қаржылық қатынастардың құқықтық реттеу әдісін тандауы мемлекетің қаржы қызметі әдісімен белгіленеді. Диспозитивтік әдістің белгілері: 1. Құқықтар мен міндеттер екі құқықтық бастаулар арқылы қалыптасады. Ол нормативтік құқықтық акт және келісім шарт. 1. Мемлекеттің бір жақты билікті ұйғарымдары толық көлемді мінезді белгілемейді. Бұл қатынастардың субъетісіне өздерінің еркін білдіруіне құқық береді. 2. Құқықтық акт бұл қатынастарды реттей отыра, субъект үшін «мемлекетті білдіретінң тек қана құқықтар емес, сонымен қатар, оларға басқа жақ алдында міндеттемелерді белгілейді. 3. Өзінің контрагентінің тәртібін мемлекет тек қана бір жақты билік нысаны арқылы емес реттей отырып, сонымен қатар, екінші субъектіге қатысты экономикалық стимулдары және материалдық қызығушылықтарды колдана отырып, екінші субъектінің тәртібіне әрекет етеді. 4. Қаржылық қатынастарының құқықтары мен міндеттері әлде қайда теңелген. 5. Заңды нысаны болып қаржы құқықтық келісім шарт болып табылады және ол жақтар үшін құқықтар мен міндеттер туғызады. 6. Қаржы құқықтық келісім шарт тек қана нормативтік құқықтық акт көздеген жағдайда жасалынуы мүмкін. Қаржы құқық жүйесі дегеніміз - қаржы құқықтық қатынастарды реттейтін институттар мен нормалардың логикалық тізілімі. Қаржы құқық институты дегеніміз - қоғамдық қатынастарының белгілі бір тобын реттейтін нормалардың жиынтығы.Қаржы құқық нормасы дегеніміз - мемлекетпен белгіленген қаржы құқық қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейтін ережеле. Қаржы құқығыда құқықтың басқа салалары сияқты өз жүйесін екі бөлімге бөледі. Жалпы бөлім мемлекеттік қаржы қызметінің бастапқыларын белгілейтін, оның мақсатарын, насандарын және әдістерін жүзеге асыруын, қаржылық бақылаудын құқықтық негізін белгілейтін және мемлекеттік қаржы қызметіне қатысатын мемлекетік органдардың компетенциясын белгілейтін құқық нормалардан тұрады. Негізгі түсініктер: қаржы құқығы, құқықтық нормалар, құқық жұйесі. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қаржы құқығының пәні. 2. Қаржылық қатынастардың түрлері және белгілері. 3.Қаржы және басқада сыбайлас қоғамдық қатынастардың арақатынасы. 4. Қаржы құқығының ұғымы, көздері. әдістері, түрлері, құрылымы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 3-тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері. Жоспары: Ақшаның ұғымы және функциялары. Тарихи пайда болатын ақша жүйелері. Биметаллизм және оның түрлері Монометаллизм жәпе оның түрлері. Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің белгілері. Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды.Мемлекеттік қаржылармен белгіленген ақшалар үлесін келесі қызметтер мінездейді: 1. Қаржылық міндеттемелері бойынша есеп айырысу құрал қызметі; 1. Қорларда ақшанын аккүмуляциясы болған кезде ақшалар мемлекет үшін жинақтау қызметін орындай бастайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді: 1. Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру, 1. Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады. Ақша жүйесі дегеніміз - тарихи қалыптасқан және ұлттық заңмен белгіленген елдегі ақшанық қызмет етуінің ұйымдастыру нысандары. Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады: 1. Ресми ақша бірлігі; 2. Ақша белгілерінің түрлері; 3. Ақша эмиссиясының тәртібі; 4. Валюта айналымының режимы. 5.Ақша айналымын ұйымдастыру. Олардан басқа мемлекетпен ақша жүйесін ұйымдастыру әдістеріне байланысты ақша жүйесі тағы 2 элементтен тұруы мүмкін: 6.Валютаның ресми курсы (валюталық парит) 7.Бағаның масштабы - Ақша бірлігі дегеніміз - ол мемлекетпен белгіленген ақша белгісі. Ұлттық валютаның атауын белгілейді. Ақша бірлігінің өзінің ішкі құрылымы бар: 1 тенге - 100 тиын. - Ақша белгісінің түрлері дегеніміз - ақша бірлігінін номиналы мен ақша массасының ұйымдастыру құрылымы. Көбінесе ақша белгілерінің 2 түрін шығарады: қағаз ақша және монеталар.Қағаз ақшалар 2 түрде болуы мүмкін: ақшалай тауарға айырбастау кепілі мен жай ақшалар - Ақшаның эмиссиялау тәртібі. Айтып кеткендей қазіргі жағдайда жаңғыз эмитенті ретінде мемлекет болып табылады. Ал нақты эмиссиялық орталық болып, Ұлттық Банк табылады. Бірақта эмитент ретінде қазыналық болуы мумкін. Бұл орталықтай бірдей қызмет ете алады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк қолма-қол ақша айналымының негізгі бөлігін құрастыратын банктік билетті шығаруға құқы бар. Ал, қазыналықтың үлесіне 10% шамасында ақша щығару құқы берілді - айырбас монеталар түрінде және төменгі номиналдық қағаз ақшалары. - Валюта айналымының режимі - ол мемлекет пен белгіленген валюталық шектеулермен белгіленеді, бұл шектеулер өзінің ұлттық валютасына қатысты және негізгі ретінде шетел валютасына қатысты әрекет етеді. Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді: 1. Толық айналатын 1. Шектеулі айналатын 2. Айналмайтын Толық айналатын валюталарға басқа да барлық валюталарға арнайы рұқсатсыз ерікті айырбасталатын валюталар жатады.Шектеулі айналатын валюталарға резиденттер үшін валюталық операциядарды жасауға белгілі бір валюталық шектеулермен тыйым салынған валюталар жатады.Айналмайтын валюталарға басқа да валюталарға айырбасталмайтын және де мемлекеттің территориясында барлық шетел валюталар айналымына тыйым саланады - Валюталық монополия - ол валюталық бағалықтар мен мәміле жасасуға мемлекетің ерекше құқығы. Валюталық монополияның объектілеріне келесілер жатады: 1. шетел валютасы 1. шетел валютасымен белгіленген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары. 2. асыл метталдар 3. табиғи асыл тастар - Валюталық курс - толық айналатын валюталарға курс ақша бірлігінің басқа валюталармен сұраныс қабілеттілігімен нарық негізінде белгіленеді. Айналмайтын валюталар үшін валюталық курс мемлекетің өзімен белгіленеді. Ол ресми "валюталық курс" деп аталады, ал басқаша айтқанда "валюталық паритет" дейді. - Бағалардың масштабы - ол ақша бірлігіндегі ақша металының салмақтық саны. Ақша қағаздарды еңгізгенен бастап баға масштабы қағаз ақша белгісін асыл металға айырбастау құқықтық қатынасты белгілейді. Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады. 2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады. 3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді. 4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс. 5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе. 6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу. Ақша айналымы дегеніміз - тауарлық айналымның және де тауарлық емес төлемдермен есеп айырысуларды қызмет ететін ақшаларының ақылы және ақсыз нысанда қозғаласы. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: Ақшаның ұғымы және функциялары. Тарихи пайда болатын ақша жүйелері. Биметаллизм және оның түрлері Монометаллизм жәпе оның түрлері. Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. Жоспары: Қаржылық бақылаудың ұғымы. Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Қаржылық бақылаудың қағидалары. Қаржы тәртібі. Қаржы құқығы дегеніміз - ол құқық қатынастарды реттейтін құқық номаларының жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз нормативтік регламентталған жағдайға түскен, мемлекетің күштеуімен қамтамасыз етілген, барлық тұлғаларға бағытталған көп реттік пайдалануға есептелген, нормативтік құқықтық актілерімен қалыптастырылған, барлығына міндетті тәртіптердің ережесі. Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма. Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді; 2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады; 3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған. 4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді. 5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді: Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді. Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді. Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді: 1. міндеттейтін 1. тыйым салатын 2. құқық беретін Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді. Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады: 1. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді 1. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді. 2. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді. Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері: 1. Ақшалай түрде болады. 1. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді. 2. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді. 3. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді. 4. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау. 2. Қаржы құқықтық қатынастар дегеніміз - қаржы құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.Барлық қаржы құқықтық қатынастарға тән белгілер: 1. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржы қызметі процесінде туындайды. 1. Міндетті субъектісі болып мемлекет табылады. 2. Бұл қатынастар билікпен және бағынумен мінезделеді. 3. Матералдық қаржы құқықтық қатынастар ақша құрамдарының қозғалысын реттейді. Олар қозғалысың кімге, немесе кімнен қаражаттардың өтуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Материалдық қаржы құқықтық қатынастарға келесі спецификалық белгілер жатады: 1. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру немесе үлестірумен байланысты процестерді реттейді. 1. Объектісі болып ақша немесе ақщалай міндеттемелер болып табылады. 2. Мазмұны болып экономикалық қаржы қатынастар табылады. Ұйымдастырушы қаржы құқық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін қалыптастыру, оның қаржы құрылымының қаржы саласындағы басқару органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетік ақша қорларын қалыптастыру және үлестіру процестерін жоспарлауды ұйымдастыру, оларды пайдалануды ұйымдастыру, бақылауды реттейді.Ұйымдастырушы қаржы құқықтық қатынастар материалдық қаржы құқықтық қатынастардың дұрыс қызмет етуінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.Материалдық қаржы құқықтық қатынастарының объектісі болып ақша табылады. Ал, ұйымдастырушылықтың объектісі болып, мемлекетің қаржы қызметін жүргізу тәртібі болып табылады.Қаржы құқықтық қатынастар өзінің қаржы құқығынын қай институтына жататынына байланысты келесілерге бөлінеді: 1. Бюджетік 1. Бюджеттен тыс бағытталған қорларды қалыптастыру және үлестіру бойынша. 2. Қаржы - шаруашылық 3. Қаржы - банктік 4. Қаржы - сақтандырушылық Қаржы құқықтық қатынастар құқықтық реттеу әдісі бойынша біржақты билік және келісілді қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді.Құқықтық норманың қаржылық қатынастарында реттеу мінездемесі бойынша, регулятивтік және қоргайтын қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісіне байланысты бұл қатынастар салықтық, қаржы несиелік және қаржыландыру қатынастарына бөлінеді. қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып нақты құқық қатынастарының, нақты қатысушысы табылады. Субъектері болып келесілер табылады: 1. Мемлекет біртұтастай. 1. Ұлттық территориалдық және әкімшілік территориалдық құрылымдар. 2. Мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушы органдары. 3. Заңды тұлғалар 4. Жеке тұлгалар Қаржы құқықтық қатынастарында міндетті субъекті ретінде көрсетілген субъектілердің барлығы болуы мүмкін. Құқықталған субъекті ретінде мемлекеттен басқа мемлекетің территориалдық құрылымдар өзінің органдары арқылы сонымен қатар басқа да мемлекетік органдар. Қаржы құқықтық қатынастарында азаматтар қатынасушы болып салық төлеуші ретінде болуы мүмкін, содан басқа олар мемлекетік займ қатынастарының субъектілері болуы мүмкін.Қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болған кезде мемлекет өзінің мемлекеттік органдарына оның заңды өкіл ретінде, оның атынан әрекеттер жасауға, оның қызығушылықтарын білдіруге және оның ұйғарымдарын орындауға қызметін бағыттаған.Қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуын, Ұзгеруін және тоқтатылуын белгіленген заңды фактілерінің болуымен байланысты. Заңды фактілерге оқиға және әрекет жатады.Әрекет дегеніміз - адамның саналы қызметінің өнімі болып табылады. Ол олардың адамның ерік білдіруі. Әрекеттер заңды және заңсыз болады. Оқиға дегеніміз - адамның еркінен тыс пайда болатын заңды маңызды фактілер немесе адамның қызметімен байланысты, бірақта олардың пайда болуы себептерімен тәулсіз болатын заңды маңызды фактілер.Мемлекеттік қаржы құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылатын заңды фактілерің аса көп кездесетін келесі әрекетер болып табылады: 1. Белгілі бір қаржы органымен жеке қаржы актіні шығару. 1. Тұлғамен салық салуға жататын объектіні өз иелігіне алу немесе әрекет етуші қаржы заңының күшіне байланысты тұлға салық төлеуші мәртебесін алады, немесе басқа да әрекеттерді жасау негізінде. 2. Қаржылық келесім-шарт жасаған кезде. Қаржы құқықтық қатынастарының өзгеруін ескерту кезінде негіздері ретінде келесі заңды фактілер жатады: салық төлеушінің құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда. салық салу объекттісін өзгерткен жағдайда. алдында жасалған қаржы келісім-шартты белгіленген тәртіпте өзгерткен жағдайда. салықтық міндеттеменің негізінде жататын қаржы, жоспарлық актіні өзгерткенде (бюджетке өзгеріс еңгізген жағдайда). Қаржы құқықтық қатынастарының өзгерту негізіне жататын оқиғалар болып, келесілер саналады: 1. Салық төлеушінің отбасының жағдайы өзгерген кезде. 1. Салық төлеушімен заңмен байланыстырған салық төлеу жағдайларын өзгерткен кезде, белгілі бір жасқа толу кезінде. 2. Субъектінің әлеуметік жағдайы өзгерген кезде. Негізгі түсініктер: Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Қаржылық бақылаудың қағидалары. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қаржылық баықлау ұғымы. 2.Қаржылық баықлау субьектілері, обьектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері, қағидалары, тәртібі. 3. Ішкі және сыртқы қаржылық бақылау. 4.Аудиттік және аудиттік қызметттің ұғымы. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. Жоспары: Қаржылық бақылаудың ұғымы. Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері. Қаржылық бақылаудың қағидалары. Қаржы тәртібі. Мемлекетің қаржы қызметі тек қана құқықтық нысанда жүргізіледі.Қаржы құқығы дегеніміз - ол құқық қатынастарды реттейтін құқық номаларының жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз нормативтік регламентталған жағдайға түскен, мемлекетің күштеуімен қамтамасыз етілген, барлық тұлғаларға бағытталған көп реттік пайдалануға есептелген, нормативтік құқықтық актілерімен қалыптастырылған, барлығына міндетті тәртіптердің ережесі. Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма. Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді; 2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады; 3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған. 4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді. 5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді: Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді. Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді. Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді: 2. міндеттейтін 3. тыйым салатын 4. құқық беретін Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді. Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады: 2. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді 3. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді. 4. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді. Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері: 2. Ақшалай түрде болады. 5. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді. 6. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді. 7. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді. 8. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау. 2. Қаржы құқықтық қатынастар дегеніміз - қаржы құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.Барлық қаржы құқықтық қатынастарға тән белгілер: 2. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржы қызметі процесінде туындайды. 4. Міндетті субъектісі болып мемлекет табылады. 5. Бұл қатынастар билікпен және бағынумен мінезделеді. 6. Матералдық қаржы құқықтық қатынастар ақша құрамдарының қозғалысын реттейді. Олар қозғалысың кімге, немесе кімнен қаражаттардың өтуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Материалдық қаржы құқықтық қатынастарға келесі спецификалық белгілер жатады: 2. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру немесе үлестірумен байланысты процестерді реттейді. 3. Объектісі болып ақша немесе ақщалай міндеттемелер болып табылады. 4. Мазмұны болып экономикалық қаржы қатынастар табылады. Ұйымдастырушы қаржы құқық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін қалыптастыру, оның қаржы құрылымының қаржы саласындағы басқару органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетік ақша қорларын қалыптастыру және үлестіру процестерін жоспарлауды ұйымдастыру, оларды пайдалануды ұйымдастыру, бақылауды реттейді.Ұйымдастырушы қаржы құқықтық қатынастар материалдық қаржы құқықтық қатынастардың дұрыс қызмет етуінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.Материалдық қаржы құқықтық қатынастарының объектісі болып ақша табылады. Ал, ұйымдастырушылықтың объектісі болып, мемлекетің қаржы қызметін жүргізу тәртібі болып табылады.Қаржы құқықтық қатынастар өзінің қаржы құқығынын қай институтына жататынына байланысты келесілерге бөлінеді: 2. Бюджетік 5. Бюджеттен тыс бағытталған қорларды қалыптастыру және үлестіру бойынша. 6. Қаржы - шаруашылық 7. Қаржы - банктік 8. Қаржы - сақтандырушылық Қаржы құқықтық қатынастар құқықтық реттеу әдісі бойынша біржақты билік және келісілді қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді.Құқықтық норманың қаржылық қатынастарында реттеу мінездемесі бойынша, регулятивтік және қоргайтын қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісіне байланысты бұл қатынастар салықтық, қаржы несиелік және қаржыландыру қатынастарына бөлінеді. қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып нақты құқық қатынастарының, нақты қатысушысы табылады. Субъектері болып келесілер табылады: 2. Мемлекет біртұтастай. 5. Ұлттық территориалдық және әкімшілік территориалдық құрылымдар. 6. Мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушы органдары. 7. Заңды тұлғалар 8. Жеке тұлгалар Қаржы құқықтық қатынастарында міндетті субъекті ретінде көрсетілген субъектілердің барлығы болуы мүмкін. Құқықталған субъекті ретінде мемлекеттен басқа мемлекетің территориалдық құрылымдар өзінің органдары арқылы сонымен қатар басқа да мемлекетік органдар. Қаржы құқықтық қатынастарында азаматтар қатынасушы болып салық төлеуші ретінде болуы мүмкін, содан басқа олар мемлекетік займ қатынастарының субъектілері болуы мүмкін.Қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болған кезде мемлекет өзінің мемлекеттік органдарына оның заңды өкіл ретінде, оның атынан әрекеттер жасауға, оның қызығушылықтарын білдіруге және оның ұйғарымдарын орындауға қызметін бағыттаған.Қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуын, Ұзгеруін және тоқтатылуын белгіленген заңды фактілерінің болуымен байланысты. Заңды фактілерге оқиға және әрекет жатады.Әрекет дегеніміз - адамның саналы қызметінің өнімі болып табылады. Ол олардың адамның ерік білдіруі. Әрекеттер заңды және заңсыз болады. Оқиға дегеніміз - адамның еркінен тыс пайда болатын заңды маңызды фактілер немесе адамның қызметімен байланысты, бірақта олардың пайда болуы себептерімен тәулсіз болатын заңды маңызды фактілер.Мемлекеттік қаржы құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылатын заңды фактілерің аса көп кездесетін келесі әрекетер болып табылады: 2. Белгілі бір қаржы органымен жеке қаржы актіні шығару. 3. Тұлғамен салық салуға жататын объектіні өз иелігіне алу немесе әрекет етуші қаржы заңының күшіне байланысты тұлға салық төлеуші мәртебесін алады, немесе басқа да әрекеттерді жасау негізінде. 4. Қаржылық келесім-шарт жасаған кезде. Өзін – өзі бақылау сұрақтары: 1. Қаржылық бақылаудың ұғымы. 2. Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, міндеттері және әдістері. 3. Қаржылық бақылаудың қағидалары. 4. Қаржы тәртібі Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 5-тақырып. Бюджет құрылымы. Жоспары: Бюджеттің ұғымы. «Бюджет» терминінің мағынасы. Қаржы-ұйымдық, экономиқалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық қатегориясы. Бюджет термині ежелгі норман - boudette сөзінен шыққан. Бұл сөз қалта, сөмке, тері қапты білдіреді. Бұл сөзден ағылшынның budqet деген сөзі шыққан. Бұл сөз жаңа тері қап дегенді білдірген. Кейінірек ол портфель деген сөзді білдірген. Мемлекетің кірсі және шығысына қатысты құжатты, есептері бар портфельді білдірген. Кейінірек бұл сөзбен мемлекетің қаржы істеріне арналған қазыналық канцлердің сөзін білдірген. Ал ХҮІІІ ғ. айғынан мемлекеттің кірісінен, шығысынан тұратын құжаттың өзін атаған. Совет кезеңінде ҚСРО-ң мемлекетік бюджетін келесідей анықтаған: «Совет мемлекетінің қаражат құралдарының жалпы меншік қорының үйымдастыру және пайдалануының негізгі қаржы жоспары». Ал Қазақстан Республикасының 1999ж 1 сәуірде қабылданған «Бюджет жүйесі туралы» Заңы, бюджетті келесідей анықтайды: «заң актілерімен белгіленген салықтар, жиындар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен операция жасаудан түскен табыс, салықтық емес және басқа да түсімдер арқылы құрылатын мемлекетпен өз қызметін қамтамасыз ету үшін арналған, заңмен немесе жерглікті өкілетті органның шешімімен бекітілген орталықтандырылған мемлекетік ақшалай қоры» Бюджетің басқа да ақшалай қорлардан айырмашылығы: 1. Бюджет менлекеттің негізгі ақша қоры болып табылады; 1. Бюджет универсалды мінездемеге ие; 2. Оның мөлшері; 3. Оның не үшін арналғандығы. Бюджет термині бірнеше мағынада қолданды: материалдық экономикалық категория ретінде қаржы - ұйымдастырушылық мағынады құқықтық категория ретінде Материалдық мағынада бюджет дегеніміз - қаржы жүйенің орталықтандырылған және жергілікті деңгейіндегі мемлекеттің қызметері мен міндеттерін қаржыландыру үшін мемлекеттік қаражат қоры.Экономикалық категория ретінде бюджет - мемлекеттің негізгі қаражат қорын қалыптастыру және үлестіру бойынша туындайтын жеке қатынастардың жиынтығы.Қаржылық - ұйымдастырушылық мағнада бюджет - мемлекетік қаражат қорының орталық және жерглікті деңгейде құрылатын қорларың қалыптасуының және үлестіруінің қаржылық жоспары.Құқықтық категория ретінде бюджет - орталық және жергілікті денгейде құрылатын мемлекеттік қаражат қорының қалыптасу және үлестіру қаржы жоспарын бекітетін - «қаржылық құқық акт» Қазақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес бюджеттің 2 түрі болады: 1. Бекітілген бюджет (белгілі) 1. Нақтыланған бюджеті (толықтырулар енгізу) Сонымен қатар олардын ішіне төтенше бюджетті енгізуге болады. Төтенше бюджет керек жағдайда мемлекеттің барлық қаржылық ресурстарын алуға құқығы бар. Төтенше бюджет енген жағдайда Республаканың бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегі бюджетер туралы шешімдерінің күштері тоқтатылады.Төтенше бюджетті енгізу негізі болып Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдар табылады немесе Қазақстан Республикасының экономикасына экономикалық және қаржылық зиян келтірсе.Төтенше бюджет Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен жарияланады.Әрбір бюджет 2 бөліктен турады: кіріс және шығыс. Бірақ та Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңы бюджеттің құрамын қүрделі көрсетеді. Бұл заңға сәйкес бюджет құрамы келесі элементерден тұрады: 1. Түсімдер кірістер ресми трансфертер бюджет алдында алған несие бойынша қарыздардың қайтарылуы 1. Шығындар несие 2. Бюджет дифициті (профицит) 3. Дефицитті қаржыландру (профицитті пайдалану) 2. «Бюджеттік қызмет» дегеніміз - ол мемлекеттің құқықталған органдары арқылы бюджеттік құрылымды ұйымдастыру және орталық және жергілікті бюджетті қалыптастыру, үлестіру және пайдалануын ұйымдастыру бойынша қызметі.Мемелекеттік бюджеттік қызметін жүзеге асырған кезде қатынастарының ерекше бір түрі туындайды. Бұл қатынастар «бюджеттік қатынастар» деп аталады.Бюджеттік қатынастар материалдық және ұйымдастырушы болып бөлінеді. Материалды бюджеттік қатынастар қаражат құралдарынын бюджетке немесе бюджеттен қөғалысын реттейді. Бұл қатынастар бюджетті қалыптастыру және үлестіру процесін білдіреді.Материалдық бюджеттік қатынастар келесі белгілер арқылы мінезделеді: 1. Олар экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылады. Ол қатынастар арқылы өнімнің жиынтығын үлестіру, қайта үлестіруі жүргізіледі; 1. Бұл қатынастар ақшалай болып табылады; 2. Материалдық бюджеттік қатынастар ақшалай нысанда құнның бір жақты қозғалысын реттейді. 3. Материалдық бюджетік қатынастар үлестіруші мінездемеге ие; 4. Тек қана құқықтық нысанда өмір сүреді. Ұйымдастырушы бюджетін қатынастар елдің бюджеттік құрамын мемлекеттің қаржы органдар жүйесінің ұйымдастыру процесінде, сонымен қатар алушыларға бөлінген бюджеттік құралдарды пайдалану, ұйымдастыру процесінде туындайды.Бюджеттік қызметті жүргізу процесінде мемлекеттің қаржы қызметіне белгілі барлық әдістер қолданылады: 1. Бюджетті қалыптастыру әдістері: қүштеу -қайтарымсыз (салықтар) қүштеу -қайтарымды ( мемлекеттік заемдер) ерікті - қайтарымсыз ерікті - қайтарымды эмиссия. Бюджет өз кірістерін тек қана қаржылық қызмет арқылы емес, сонымен қатар шаруашылыққ қызмет арқылы қалыптастыра алады. 2. Үлестіру әдістері: қаржыландыру несиелендіру мемлекетпен өз қаржы міндеттерін өтеу. 2. Бюджеттін қаражаттарын пайдаланудың ұйымдастыру әдісі: бюджеттік қаржыларды пайдалану тәртібін белгілеу бюджеттік қаржыларды бөлу, норматив пен лимитердін белгілеу бюджетті жоспар негізінде үлестіру бюджеттен алынған ақша қаражаттардың пайдалануына бақылау жүргізу. Ақша қаражатының қозғалыс әдісі бойынша бюджеттік қатынастар келесілерге бөлінеді: 1. Бір жақты - бұл жағдайда ақшалар тек бір бағытта қозғалады 1. Екі жақты - ақша қаражаты бір бюджеттен екінші бюджетке қозғалады. Басқа бюджетті қаржыландырады. Бюджетке мемлекеттің қаржы жүйесінің бөлігі ретінде арнайы құқық білім арналған. Ол бюджеттік құқық деп аталады. Бюджеттік құқықты келесідей анықтауға болады: «Орталық және жергілікті бюджетті пайдалануын ұйымдастыру, үлестіру және қалыптастырумен байланысты, сонымен катар бюджеттік құрымды ұйымдастыру процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін қаржы құқықтын ерекше бөлімінің бөлігі болып табылады». Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Бюджет құқықтық категория ретінде. 2. Бюджет экономикалық категория ретінде. 3. Қазақстан Республикасының заңы бойынша бюджеттін құрамы. 4. Мемлекеттін бюджет қызметінің ұғымы. 5. Мемлекеттін бюджет қызметінің әдістері. Ұсынылатын әдебиет 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 6-тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару. Жоспары: Бюджеттік құзыреттілік. Материалдық және процессуалдық бюджет кұқығы. Қазақстан Республикасының бюджет кұқығы. Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы. Бюджеттік процедура немесе процессі - бюджетті құрастыру, талқылау, бекіту, орындау және оның орындалуын бақылаумен бюджетті орындау туралы есеп-қисапты бекіту бойынша билік және басқару органдардың заңмен реттелген қызметі. ҚР бюджеттік процесс, бюджет жүйесі туралы заңмен жыл сайын шығарылатын "Республикалық бюджет туралы" Заңмен, өкілдік органдардың шешімімен реттеледі. Бюджеттерді орындау, құрастыру, орындау туралы есеп қисапты жасау- атқарушы органдардың қызметі, бюджеттерді бақылау және бекіту -Парламент және жергілікті атқару органдардың жәнеде бақылау екі билі органдарының қызметі.Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін ҚР Президенті бюджеттік комиссиясын құрайды, ол Қаржы министрлігімен ұсынылған негізігі РБ-тің жоспарлы көрсеткіштерін және ұсыныстарын қарастырып сол көрсеткіштерді нақтылайды Бюджеттік процесте (үрдісі) маңызды орын бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігіне берілген. Ол Президенттің әр жылдағы үндеуін ескеріп аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалардың, мемлекеттің әлеуметті экономикалық дамудың индекативті жоспарының параметрлерінің негізінде үш жылдық мерзімге емелекеттік бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерді әзірлейді. Бюджеттік жоспарлау және экономикалық ---- республикалық бюджеттердің әкімгерлердің өкімдерін біріктіріп, бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескеріп ҚР Үкіметіне тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет жобасын ұсынады. Бюджеттік жоспарлау министрлігі- областық, Астана және Алматы қалалары әкімгерлеріне келесі келісілген көрсеткіштерді жеткізеді: - бюджет түсімдерін, қарыз лимитіні, шығындар көлемі. - бюджеттік бағдарламалардың көлемі - секвестерлеуге келмейтін бюджеттік бағдарламалар - бюджеттік тапшылық немесе профецит Бюджеттік бағдарламалар 2 топқа бөлінеді: Республикалық және жергілікті. Республикалық бюджеттік бағдарлама -Үкіметпен әзірленетін, республикалық бюджеттең қаржыландырылатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар. Жергілікті бюджет бағдарламаларында- жергілікті атқарушы органдар әзірлеген жергілікті органдар бекітітін және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар. Осы бағдарламалардың орындалуына жауапты және бюджеттен оларды қаржыландыру үшін қаражат алатын субъектілер- әкімгерлер болып табылады. Бағдарламаға байланысты әкімгерлер келесі болып бөлінеді: Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері-осы бағдарламалардың жүзеге асыруына және қаржы дәлелдігі үшін жауапты орталық атқарушы органдар; жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімгерлері -жергілікті бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына және қаржы дәлелдігі үшін жауапты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар. Республикалық бюджетті әзірлеу үшін құрылған бюджеттік комиссия Ұкіметтің талқылауына келесі көрсетікштер ұсынады: 1. РБ; облас және Астана және Алматы қалаларының бюджет түсімдерінің көлемін 2. Функциональды топ және әкімгерлер бойыша республикалық бюджет шығыстары және несиелеу лимиті 2. Республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті) 3. облыстар бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиті. Республикалық бюджет бағдарламалардың әкімгерлері лимиттер негізінде бекітілген нысан бойынша өздерінің бюджеттік бағдарламаларын Қаржы министрлігі ұсынады. Облас және Астана және Алматы қала әкімгерлері Қаржы министрлігімен келісілген көлемінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізімімен лимитің анаықтайды. Қаржы министрлігі бюджеттік көрсеткіштерге сәйкес ҚР Үкіметіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеп ұсынады. Республикалық бюджеттің мазмұны келесі болуы тиіс. 1. Табыс көлемі, алаынған ресми трансферттер, Республикалық бюджетте берілген неиселер бойынша негізгі қарызды өтеу, шығындар, несиелеу және тапшылық көлемі. 1. Айлық жалақының зейнетақының , АЕК минимальды мөлшері 2. ҚР Үкіметінің резерв мөлшері. 3. Жергілікті атқарушы органдарды несиелеу лимиті. 4. мемлекеттік кепілдігі бойынша алынған займдарды өтеу және қызмет көрсету сомасы. 5. жергілікті атқарушы оргадардың жалпы қарыз алу лимиті. 6. тиісті қаржы жылының санына жергілікті атқарушы орган жалпы қарыз алу лимиті 7. ҚР мемлекеттік кепілді беру лимиті 8. Функциональды топтар және бағдарламалар бойынша шекті шығындар тізімі 9. Шектеуге келмейтін республикалық бюджет бағдарламаларының тізімі. Республикалық бюджет Үкімет отырысында талқыланған және оның сонғы жетілдірілгеннен кейін Үкімет Республикалық бюджет жобасынын жоспарын жылдың алдынғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін Парламент талқылауына ұсынады. Бюджет процедурасының талқылау және бекіту кезені Парламетпен жүзеге асырылады. Алдын ала бюджет жобасы сенаттың және мәжілісінің тұрақты комитеттерінде талқыланады және олар осы жоба бойынша өзінің тұжырымын шығарады. Республикалық бюджетті талқылау Парламеттің жекелеген палаталар отырысында, яғни алдымен мәжілісте, содан кейін сенатта талқыланады. талқылау кезінде Қаржы министрлігі мен ҰБ төрайымы, парламент палаталарының құрметті тұлғалары жоба бойынша баяндайды. Әр бап ьойынша талқылау негізінде депутаттардың сөз сөйлеу кезектілігі сақталады. Егер палаталар жобаның баптарын мақұлдамаса онда парламент осы баптар бойынша бірлескен комиссияны құруға құқылы. Комиссия тек оны құруға негіз болған баптар мен түзетулерді қарастырады. Республикалық бюджет жобасын қайта талқылаған кезде дауыс беруге тек келісім комиссия жобаның қараған баптары салынады. Республикалық бюжеттің жобасын талқылау парламенттің 2 отырысында жүргізіледі, ал бекіту 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Егер республикалық бюджет жобасы бекітілмесе онда ҚР Президенті "Келесі жылдың 1 тоқсаннына арналған қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы. Жергілікті бюджетті құрастыру бюджеттік сныптамаға сәйкес біртұтас бюджеттік жоспарлау негізінде жүзеге асырылад. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттің тепетеңдігі үшін жауапты. Областық Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдары 1 қыркүйекке дейін бюджеттік жоспарлау министрлігімен келесілген түсімдер көлемі және қарыз алу лимиті негізінде жергілікті бюджет жобасын әзірлейді. Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу үшін әкімдер бюджеттік коиссияларын құрайды, олардың міндеттерін және жұмыс тәртібін анықтайды. Осы комиссия келесі жоспарлы көрсеткіштерді келісісу туралы ұсыныс қарастырып талқылап береді, түсім көлемі, қарыз, шығындар лимиті. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік комиссияның ұсынысын ескеріп тиісті жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау министрлігі жоспарды 1 қыркүйекке дейін ұсынады. Областық өкілді органдар облас бюджетімен аудандық қалалық бюджеттер арасында табыстардың субвенциялардың және бюджеттік алымдардың тұрақты үлестіру нормативтерін бекітеді. Областық Астана және Алматы қалаларының әкімдері Республикалық бюджет бекіткеннен кейінгі 2 жұмадан кешіктірмей, алдын-ала келісілген бюджеттің жоспарлы көлемін түзетіп, тиісті маслихатқа талқылау үшін ұсынады. Осы маслихат 2 жұма мерзімінде оны бекітуі тиіс. Аудан (қала) әкімдері облас бюджетің бекіткеннен кейінгі 2 жұма мерзімінен кешіктірмей тиісті жергілікті маслихатқа өздерінің бюджетін ұсынады. осы маслихат 2 жұма ішінде бюджетті бекітуі тиіс. Жергілікті бюджетті бекіткенге дейін оның 1 тоқсанға орныдалуы жобаның 1/4 бөлігінде жүзеге асырылады. Үкіметтің жоғары тұрған мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардаң төмен тұрған бюджеттерді әзірлеу және орындау процессіне араласуына тиім салынған. Жергілікті атқарушы органдарына кепіл беруге үшінші тұлға үшін міндеттіліктер қабылдауына үшін салынған. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Бюджеттік процестін ұғымы. 2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу. 3. Бюджеттік бағдарламалар түрлері. 4. Республикалық бюджеттін мазмұны. Ұсынылатын әдебиет 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 7-тақырып. Бюджет процесі. Жоспары: Бюджет процесінің ұғымы. Бюджет процесінің қағидалары. Бюджет процесінің сатылары. Бюджеттік процесс - бюджетті құрастыру, талқылау, бекіту, орындау және оның орындалуын бақылаумен бюджетті орындау туралы есеп-қисапты бекіту бойынша билік және басқару органдардың заңмен реттелген қызметі. ҚР бюджеттік процесс, бюджет жүйесі туралы заңмен жыл сайын шығарылатын "Республикалық бюджет туралы" Заңмен, өкілдік органдардың шешімімен реттеледі. Бюджеттерді орындау, құрастыру, орындау туралы есеп қисапты жасау- атқарушы органдардың қызметі, бюджеттерді бақылау және бекіту -Парламент және жергілікті атқару органдардың жәнеде бақылау екі билі органдарының қызметі.Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін ҚР Президенті бюджеттік комиссиясын құрайды, ол Қаржы министрлігімен ұсынылған негізігі РБ-тің жоспарлы көрсеткіштерін және ұсыныстарын қарастырып сол көрсеткіштерді нақтылайды Бюджеттік процесте (үрдісі) маңызды орын бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігіне берілген. Ол Президенттің әр жылдағы үндеуін ескеріп аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалардың, мемлекеттің әлеуметті экономикалық дамудың индекативті жоспарының параметрлерінің негізінде үш жылдық мерзімге емелекеттік бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерді әзірлейді. Бюджеттік жоспарлау және экономикалық республикалық бюджеттердің әкімгерлердің өкімдерін біріктіріп, бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескеріп ҚР Үкіметіне тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет жобасын ұсынады. Бюджеттік бағдарламалар 2 топқа бөлінеді: Республикалық және жергілікті. Республикалық бюджеттік бағдарлама -Үкіметпен әзірленетін, республикалық бюджеттең қаржыландырылатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар. Жергілікті бюджет бағдарламаларында- жергілікті атқарушы органдар әзірлеген жергілікті органдар бекітітін және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар. Осы бағдарламалардың орындалуына жауапты және бюджеттен оларды қаржыландыру үшін қаражат алатын субъектілер-әкімгерлер болып табылады. Бағдарламаға байланысты әкімгерлер келесі болып бөлінеді: Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері-осы бағдарламалардың жүзеге асыруына және қаржы дәлелдігі үшін жауапты орталық атқарушы органдар; жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімгерлері -жергілікті бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруына және қаржы дәлелдігі үшін жауапты жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар. Республикалық бюджетті әзірлеу үшін құрылған бюджеттік комиссия Ұкіметтің талқылауына келесі көрсетікштер ұсынады: 1. РБ; облас және Астана және Алматы қалаларының бюджет түсімдерінің көлемін 2.Функциональды топ және әкімгерлер бойыша республикалық бюджет шығыстары және несиелеу лимиті 3.Республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті) 4.облыстар бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиті. Республикалық бюджет бағдарламалардың әкімгерлері лимиттер негізінде бекітілген нысан бойынша өздерінің бюджеттік бағдарламаларын Қаржы министрлігі ұсынады. Облас және Астана және Алматы қала әкімгерлері Қаржы министрлігімен келісілген көлемінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізімімен лимитің анаықтайды. Қаржы министрлігі бюджеттік көрсеткіштерге сәйкес ҚР Үкіметіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеп ұсынады. Республикалық бюджеттің мазмұны келесі болуы тиіс. 5.Табыс көлемі, алаынған ресми трансферттер, Республикалық бюджетте берілген неиселер бойынша негізгі қарызды өтеу, шығындар, несиелеу және тапшылық көлемі. 6.Айлық жалақының зейнетақының , АЕК минимальды мөлшері 7.ҚР Үкіметінің резерв мөлшері. 8.Жергілікті атқарушы органдарды несиелеу лимиті. 9.мемлекеттік кепілдігі бойынша алынған займдарды өтеу және қызмет көрсету сомасы. 10. жергілікті атқарушы оргадардың жалпы қарыз алу лимиті. 10. тиісті қаржы жылының санына жергілікті атқарушы орган жалпы қарыз алу лимиті 11. ҚР мемлекеттік кепілді беру лимиті 12. Функциональды топтар және бағдарламалар бойынша шекті шығындар тізімі 13. Шектеуге келмейтін республикалық бюджет бағдарламаларының тізімі. Республикалық бюджет Үкімет отырысында талқыланған және оның сонғы жетілдірілгеннен кейін Үкімет Республикалық бюджет жобасынын жоспарын жылдың алдынғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін Парламент талқылауына ұсынады. 2. Бюджет процедурасының талқылау және бекіту кезені Парламетпен жүзеге асырылады. Алдын ала бюджет жобасы сенаттың және мәжілісінің тұрақты комитеттерінде талқыланады және олар осы жоба бойынша өзінің тұжырымын шығарады. Республикалық бюджетті талқылау Парламеттің жекелеген палаталар отырысында, яғни алдымен мәжілісте, содан кейін сенатта талқыланады. талқылау кезінде Қаржы министрлігі мен ҰБ төрайымы, парламент палаталарының құрметті тұлғалары жоба бойынша баяндайды. Әр бап ьойынша талқылау негізінде депутаттардың сөз сөйлеу кезектілігі сақталады. Егер палаталар жобаның баптарын мақұлдамаса онда парламент осы баптар бойынша бірлескен комиссияны құруға құқылы. Комиссия тек оны құруға негіз болған баптар мен түзетулерді қарастырады. Республикалық бюджет жобасын қайта талқылаған кезде дауыс беруге тек келісім комиссия жобаның қараған баптары салынады. Республикалық бюжеттің жобасын талқылау парламенттің 2 отырысында жүргізіледі, ал бекіту 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Егер республикалық бюджет жобасы бекітілмесе онда ҚР Президенті "Келесі жылдың 1 тоқсаннына арналған қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы. Жергілікті бюджетті құрастыру бюджеттік сныптамаға сәйкес біртұтас бюджеттік жоспарлау негізінде жүзеге асырылад. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттің тепетеңдігі үшін жауапты. Областық Астана және Алматы қалаларының атқарушы органдары 1 қыркүйекке дейін бюджеттік жоспарлау министрлігімен келесілген түсімдер көлемі және қарыз алу лимиті негізінде жергілікті бюджет жобасын әзірлейді. Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу үшін әкімдер бюджеттік коиссияларын құрайды, олардың міндеттерін және жұмыс тәртібін анықтайды. Осы комиссия келесі жоспарлы көрсеткіштерді келісісу туралы ұсыныс қарастырып талқылап береді, түсім көлемі, қарыз, шығындар лимиті. Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік комиссияның ұсынысын ескеріп тиісті жергілікті бюджет жобасын әзірлейді және бюджеттік жоспарлау министрлігі жоспарды 1 қыркүйекке дейін ұсынады. Областық өкілді органдар облас бюджетімен аудандық қалалық бюджеттер арасында табыстардың субвенциялардың және бюджеттік алымдардың тұрақты үлестіру нормативтерін бекітеді. Областық Астана және Алматы қалаларының әкімдері Республикалық бюджет бекіткеннен кейінгі 2 жұмадан кешіктірмей, алдын-ала келісілген бюджеттің жоспарлы көлемін түзетіп, тиісті маслихатқа талқылау үшін ұсынады. Осы маслихат 2 жұма мерзімінде оны бекітуі тиіс. Аудан (қала) әкімдері облас бюджетің бекіткеннен кейінгі 2 жұма мерзімінен кешіктірмей тиісті жергілікті маслихатқа өздерінің бюджетін ұсынады. осы маслихат 2 жұма ішінде бюджетті бекітуі тиіс. Жергілікті бюджетті бекіткенге дейін оның 1 тоқсанға орныдалуы жобаның 1/4 бөлігінде жүзеге асырылады. Үкіметтің жоғары тұрған мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардаң төмен тұрған бюджеттерді әзірлеу және орындау процессіне араласуына тиім салынған. Жергілікті атқарушы органдарына кепіл беруге үшінші тұлға үшін міндеттіліктер қабылдауына үшін салынған. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Республикалық бюджеттін мазмұны. 2. Бюджет процедурасының талқылау және бекіту кезені. 3. Жергілікті бюджетті құрастыру. 4. Республикалық бюджетті орындау. Ұсынылатын әдебиет 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық. Жоспары: Салықтың ұғымы. Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері. Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке арналған төлемдердін ұғымы. Әрбір мемлекет өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін, және өзінің қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын шығындарды жабу үшін, каражаты бар кезде ғана өмір сүре алады. «Салық» дегеніміз күрделі кұбылыс, ол бір мезгілде материалдық, экономикалық және заңды категория бола алады.Материалдық мағынада салық дегеніміз - салық төлеушімен мемлекетке, белгіленген мерзімде, тәртіпте берілуге жататын ақшаның белгілі бір сомасы. Экономикалық категория ретінде салық дегеніміз - белгіленген тәртіпте, мерзімде және мөлшерде салық төлеушіден мемлекетке құңның бір жақты қозғалысын реттейтін ақшалай мүмліктік қатынастар.Құқықтық мағынада салық дегеніміз - белгіленген мөлшерде, мерзімде және ұйғарымдалған тәртіпте ақшалай сомасын мемлекетке беру бойынша тұлғаның міндеттемесін туғызатын мемлекетің ұйғарымы.Салықтың материалдық белгілері болып, келесілер табылады: - ақшаның белгілі бір сомасын білдіреді - заттың белгілі бір санын анықтайды. Салықтың экономикалық белгілері: 1. Салық мемлекеттің пайдасына жиындалған қоғамдық өнімнің үлестіруін білдіреді; 1. салық ақшалай нысанда болады, бірақта салық натуралдың нысанда болуы мүмкін; 2. қайтарымсыз төленуі; 3. эквивалентсіздігі; 4. салықты төлеген кезде меншіктің нысаны ауысады. Заңды белгілеріне келесілер жатады: - Салық тек қана мемлекетпен белгіленеді. Бұл жағдайда мемлекетті құқықталған мемлекетік органдар білдіреді (Қаржы министірлігі, Салық комитеті және т.б.); - салық тек қана құқықтық нысанда болады; - салық мемлекеттің бір жақты ұйғарымы болып табылады; - салықты белгілеу салық төлеуші үшін қаржылық міндеттемесін туғызады. Оның орындалуы мемлекетің мәжбүр ету күшімен және заңды жауапкершіліктің шаралары арқылы қамтамасыз етіледі; - салық мәжбүрлі мінездемеге ие; - салықтың төлеуін өндіртіп алу, құқықты болып табылады. Салық салу дегеніміз - ол салықтарды белгілеу мен өндіртіп алу үшін жүргізілетін мемлекеттің қызметі. Мемлекеттің салық қызметі дегеніміз - ол салық салуды уйымдастыру бойынша және оның жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің қызметі. Салықтың құрамы келесі элементерден тұрады: 1. салықтың субъектісі - ол салықты төлеуді міндетті тұлға 1. салықтың объектісі - олардың болуымен салық төлеушіде салық міндеттемесі туындайды (мүлік, табыс және әректер) 2. салық базасы - ол салық салу объектісінің құндық, физикалық және басқа да мінездемесі, осының негізінде салықтың сомасы белгіленеді 3. салық ставкасы - ол салық базасының өлшем бірлігіне салықтық есептеулердің мөлшері 4. салық периоды - ол уақыттың периоды, оның өтуінен салық базасы белгіленеді және төлеуге жататын салықтың сомасы есептеледі 5. салықты есептеу тәртібі - ол төлеуге жататын салықтын сомасын белгілеу бойынша қатысты тұлғаның әрекеттерінің жиынтығы. 6. салықты төлеу тәртібі - ол салық заңымен белгіленген ережелер. Оларға сәйкес салық төлеушіден мемлекетке салық төлемінің затының көшірілуі жүргізілуі керек. 7. салықтық женілдіктер - ол салық төлеушіні салық ауыртпалығынан босату немесе оның ауыртпалығын азайту. Салық құрылымы дегеніміз - ол салық құқықығының жалпы бөлімінің институты. Ол мемлекеттің салық жүйесінің құрамын белгілейді. Салықтарды бюджеттің жеке түрі араларында бөледі және де салық салу принціптерін заң жүзінде белгілейді. Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттің территориясында белгіленген және алынатын салықтың жиынтығы. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтың келесі тұрлерінен тұрады: 1. Корпоративті табыс салығы 1. Жеке табыс салығы 2. Қосымша құн салығы 3. Акциздер 4. Жер салығы 5. Мүлік салығы 6. Көлік құралдарына салынатын салық 7. Әлеуметік салық 8. Жер қойнауын пайдаланушының арнайы төлемдері мен салықтары Салықтың түрлерінің аз болуының жағымды жақатары: Салық төлеушіге өз салық міндеттемелерінде ориентир жасау жеңіл; мемлекетке салық бақылауын жүргізуге жеңіл; оларды жинау үшін қызметкерлер аз керек Салықтың классификациясы: (жіктелуі) 1.Салық ауыртпалығын иесіне қатысты салықтар: - тұра - жанама болып бөлінеді. Тұра салықтар нақты және жеке салықтар болып бөлінеді. Нақты салық - мүліктен алынытын, ал жеке салықтың объектісі - табыс 2.Салықтың нысанына байланысты: - натуралдық - ақшалай 3.Салықтың субъектіне байланысты: - заңды тұлғандан алынатын салық - жеке тұлғандан алынатын салық 4. Территориялық деңгейге байланысты: - жалпы мемлекеттік - жергілікті салықтар 5. Бюджетік реттеу әдісі ретінде қолуынуына байланысты: - бектілген - реттеуші салықтар 6. Пайдалану мінездемесіне байланысты: - жалпы бағытты (абстрактік) - бағытты 7. Есептеу әдісі бойынша: - окладтық - окладтың емес. Окладтық салықты салық комитеті өзі есептейді (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы), ал окладтық емес салықты салық төлеушінің өзі есептейді (Жеке табыс салығы, ҚҚС) Республикалыққ бюджеттің кірісіне салықтың келесі түрлері кіреді: - Корпоративтік табыс салығы 100 % мөлшерінде - Косымша құн салығы, толық көлемде - Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50% - Әлеуметтік салық – салық төлеушінің кейбіреуінен басқа толық көлемде - Рояти, бонус, аса алынған пайдаға салық (сверх прибыль), сонымен қатар республикалық бюджетке түсетін бөлігі бойынша контрактарды жасасу бойынша, Қазақсатн Республикасының өнімнін бөлігі. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар: 1. Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50% 2.жеке табыс салығы - толық 3. әлеуметік салықтын бөлігі 4. жеке және заңды тұлғалардың мүлігіне салынатын салық - 100% 5. жер салығы - 100% 6. көлік салағы - 100% 7. жергілікті бюджетке түсетін бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының котрактілер бойынша үлесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірлік, салықтық орталықтандыру және салықтың тізімінің шекті көлемі принциптеріне негізделген.Бірлік принципі салық кодексінің 8-бабында тура көрсетілген. Бұл принцип келесі қағиданы көрсеткен: Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының территориясында барлық салық төлеушіге қатысты болып табылады.Салық орталықтандыру принципы Қазақстан Республикасының салық жүйесі салық көдексі негізінде қалыптасқан. Ал салық кодексі Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органымен бекітілген акт.Салықтың тізімінің шектелу принципы Қазақстан Республикасының территорияда салық кодексінде көрсетілген салықтардан басқа салықтарды қолдануға тыйым салынады.Сонымен қатар салық кодесінде салық салудың бірнеше принциптері көрсетілген: 1. Салық салу міндеттілігінің принципі 1. Салық салудың нақтылық принципі 2. Салық салудың әділеттілігінің принципі 3. Жариялық принципі Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Салық салу ұғымы. 2. Мемлекеттін салықтық қызметінің ұғымы. 3. Салықтық қызметтің әдістері. 4. Салықтық қызметтің құқықтық нысандары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. Жоспары: Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы. Бюджеттік құрылымның сипаттамасы. ҚР Президентінің бюджет саласы. Бюджеттік жоспарлау кезеңдері. Бюджеттік бақылау органдарының қызметі. Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма. Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді; 2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады; 3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған. 4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді. 5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді: Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді. Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді. Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді: 3. міндеттейтін 5. тыйым салатын 6. құқық беретін Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді. Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады: 3. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді 5. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді. 6. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді. Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері: 3. Ақшалай түрде болады. 9. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді. 10. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді. 11. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді. 12. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі: Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. Мемлекеттік несиенің ұғымы 2. Мемлекеттің шеттен несие алу тәртібі Ұсынылатын әдебиет 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 10 - тақырып: Мемлекеттің қаржылық құрылымын құқықтық реттеу. Жоспары: Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері Ақша жүйесінің құқықтық негіздері Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді: 1. Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру, 2. Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады. Ақша жүйесі дегеніміз - тарихи қалыптасқан және ұлттық заңмен белгіленген елдегі ақшанық қызмет етуінің ұйымдастыру нысандары. Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады: 1. Ресми ақша бірлігі; 2. Ақша белгілерінің түрлері; 3. Ақша эмиссиясының тәртібі; 4. Валюта айналымының режимы. 5.Ақша айналымын ұйымдастыру. Олардан басқа мемлекетпен ақша жүйесін ұйымдастыру әдістеріне байланысты ақша жүйесі тағы 2 элементтен тұруы мүмкін: 6.Валютаның ресми курсы (валюталық парит) 7.Бағаның масштабы - Ақша бірлігі дегеніміз - ол мемлекетпен белгіленген ақша белгісі. Ұлттық валютаның атауын белгілейді. Ақша бірлігінің өзінің ішкі құрылымы бар: 1 тенге - 100 тиын. - Ақша белгісінің түрлері дегеніміз - ақша бірлігінін номиналы мен ақша массасының ұйымдастыру құрылымы. Көбінесе ақша белгілерінің 2 түрін шығарады: қағаз ақша және монеталар.Қағаз ақшалар 2 түрде болуы мүмкін: ақшалай тауарға айырбастау кепілі мен жай ақшалар - Ақшаның эмиссиялау тәртібі. Айтып кеткендей қазіргі жағдайда жаңғыз эмитенті ретінде мемлекет болып табылады. Ал нақты эмиссиялық орталық болып, Ұлттық Банк табылады. Бірақта эмитент ретінде қазыналық болуы мумкін. Бұл орталықтай бірдей қызмет ете алады. Бұл жағдайда Ұлттық Банк қолма-қол ақша айналымының негізгі бөлігін құрастыратын банктік билетті шығаруға құқы бар. Ал, қазыналықтың үлесіне 10% шамасында ақша щығару құқы берілді - айырбас монеталар түрінде және төменгі номиналдық қағаз ақшалары. - Валюта айналымының режимі - ол мемлекет пен белгіленген валюталық шектеулермен белгіленеді, бұл шектеулер өзінің ұлттық валютасына қатысты және негізгі ретінде шетел валютасына қатысты әрекет етеді. Өз режиміне байланысты валюталар келесілерге бөлінеді: 1. Толық айналатын 2. Шектеулі айналатын 3. Айналмайтын Толық айналатын валюталарға басқа да барлық валюталарға арнайы рұқсатсыз ерікті айырбасталатын валюталар жатады.Шектеулі айналатын валюталарға резиденттер үшін валюталық операциядарды жасауға белгілі бір валюталық шектеулермен тыйым салынған валюталар жатады.Айналмайтын валюталарға басқа да валюталарға айырбасталмайтын және де мемлекеттің территориясында барлық шетел валюталар айналымына тыйым саланады - Валюталық монополия - ол валюталық бағалықтар мен мәміле жасасуға мемлекетің ерекше құқығы. Валюталық монополияның объектілеріне келесілер жатады: 1. шетел валютасы 2. шетел валютасымен белгіленген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары. 3. асыл метталдар 4. табиғи асыл тастар - Валюталық курс - толық айналатын валюталарға курс ақша бірлігінің басқа валюталармен сұраныс қабілеттілігімен нарық негізінде белгіленеді. Айналмайтын валюталар үшін валюталық курс мемлекетің өзімен белгіленеді. Ол ресми "валюталық курс" деп аталады, ал басқаша айтқанда "валюталық паритет" дейді. - Бағалардың масштабы - ол ақша бірлігіндегі ақша металының салмақтық саны. Ақша қағаздарды еңгізгенен бастап баға масштабы қағаз ақша белгісін асыл металға айырбастау құқықтық қатынасты белгілейді. Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады. 2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады. 3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді. 4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс. 5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе. 6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы. 2. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы. 3. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу. Ұсынылатын әдебиет 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 11-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері Жоспары: Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк қызметін мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі. 2. Банк қызметін мемлекеттік реттеу. 3. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы. 4. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы. 5. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу. Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді: - Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру, - Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады. Мемлекет өз ақша жүйесін қалыптастырған кезде оның дұрыс тұрде қызмет етуінде қызығушылық білдіреді. Бұл мақсаттарда өз ақша жүйесін дұрыс қызмет етуін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қолданады:1.Мемлекет өзі жаңғыз заңды ақша белгілерінің эмитенті болу үшін белгілі бір тәртіпді белгілейді. Оған байланысты басқа біреулерге басқа да ақша белгілерін шығаруға тыйым салады, және де әр түрлі жалған ақша шығару үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Сондықтан ақша мемлекетің символы болып табылады. 2.Мемлекетпен эмитенттендірілген ақша белгілері заңды төлем құралы болып жарияланады. 3.Барлық тұлғалардың бұл белгілерді айналым құралы ретінде қолдануды мәжбүр етеді. 4.Барлық төлемдерді қазынаға түсіру және де қазынадан шығатын қаражаттар тек қана мемлекетін ақша белгілерінде болуы тиіс. 5.Төлем кұралы ретінде шетел валютасын қолдануға тыйым салынады, тек қана, егер заңда басқалай белгіленбесе. 6.Ақша айналымын қаржы құқық құралдарымен реттеу. Өзін өзі бақылаудың сұрақтары 1. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы. 2. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы. 3. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 12 - тақырып. Мемлекетің ақша қорлары мен кірістерін құқықтық реттеу. Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың басты бөлімі ретінде Салықтық құқық: пәні, әдістері, жүйесі Мемлекеттік қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын: Қазақстан Республикасының Президенті; Қазақстан Республикасының Парламенті; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті; Қазақстан Республикасының Үкіметі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржылық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қаржыны атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мәслихат; Жергілікті атқарушы орган және тағы басқа органдар құрайды. Қазақстан Республикасының Президентінің құзыреті. Қазақстан Республикасының Президенті қаржылық қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджетті әзірлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды. Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды. Мемлекеттік жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы ережені бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептерді бекітеді. Ұлттық Банктің қызметін қадағалайды, есебін бекітеді, төрағасын тағайындайды және босатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасыны Парламенті қаржылық қатынастарды реттеу аласында: Республикалық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді. Қазақстан Республикасының Парламенті қаржы саласын реттейтін, атап айтсақ бюджет, салық, кеден, валюталық, сақтандыру, құнды қағаздар тағы басқа қаржылар жөнінде заңдарды қабылдап оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Қазақстан Республикасының Парламенті Қазақстан Республикасының Үкіметінің төрағасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің төрағасын тағайындауға келісім береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында: Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді; Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады; Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады; Төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; Бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық қатынастарды реттеу саласында: Қазақстан Республикасының Парламентіне республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Жергілікті ақша қаражат қорларының жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды; Республикалық қаржының атқарылуын қамтамасыз етеді, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару тәртібін айқындайды; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулы қабылдайды; қарыз алуды жүзеге асырады; шикізат секторы ұйымдарының тізбесін бекітеді; орта мерзімді фискалдық саясат жобасын әзірлеу тәртібін айқындайды; қаржылық инвестициялық жобаларды қарау тәртібін айқындайды. Салықтық емес түсімдерді алуға жауапты және олардың түсуіне бақылауды жүзеге асыратывн уәкілетті мемлекеттік органдардың тізбесін, оларды бюджетке аудару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттік туралы шешімдер қабылдайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыздарды алу, пайдалану, өту және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу мен есепке алу, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен оны басқару тәртібін айқындайды. Мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалған тауарларды өткізуден түсетін ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервін пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктің тізбесін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудиттің өткізілуін қамтамасыз етеді. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке қаржыларды алып қоюлардың және жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге қаржылық субвенцияларды аударудың тәртібі мен кезеңділігін айқындайды: Жалпы сипаттағы ресми трансферттер көлемдері есептерінің әдістемесін айқындайды Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатын бекітеді затта нормаларды бекітеді. Бірыңғай сыныптаманы бекітеді және оны жасау тәртібін айқындайды; Қаржылық бағдарламаладың тиімділігін бағалауды жүргізу тәртібін айқындайды. Орталық атқарушы органдардың сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санына лимитін бекітеді. Жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгілік құрылымын және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимитін бекітеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасайды. Өзін – өзі бақылау сұрақтары: 1. Бюджетттік құқықтың қаржылық құқықтың бір бөлімі ретінде түсінігі. Бюджеттік құқықтың пәні, әдісі, қайнар көздері және қағидалары. Бюджеттік құқықтық қатынастар мен бюджеттік ққытық нормалардың ұғымы. 2. Бюджеттің түсінігі, “бюджет” термининің қалыптасуы. Бюджетттің құрылымы. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі. 3. Республикалық бюджеттің кіріс көздері. Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстары. 4. Жергілікті бюджеттің кіріс көздері. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің шығыстары. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 13- тақырып. Банктік қызметтің құқықтық негіздері. Қаржылық-банктік құқық қаржылық құқықтық бөлімі ретінде Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде Қаржылық-шаруашылық құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде Банктік қызмет және бүтіндей банктік жүйе мемлекеттің экономикалық жағынан дамуында ерекше маңызды орын алады. Сондықтан да, банктік қызмет барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесі қоғам мен мемлекеттің дамуының барлық кезеңінде өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Т.Г.Сырбу «банктік қызметте болып жатқан өзгерістер банктік қызметті құқықтық реттеу мәселелерін құқықтық мемлекеттілікті және азаматтық қоғам институттарын нығайту тұжырымдамасы шеңберінде қаржылық-несиелік жүйенің құрылымы мәселелерімен ара-қатынасында қайта қарап шығуды талап етеді» деп жазады. Қаржылық құқықтық институттардың қызмет етуінің мән-жайлары мен болашағы ел экономикасы үшін аса маңызды екендігінде күмән жоқ. Сонымен қатар, қаржылық-несиелік қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудің жаңа механизмінде банктік және қаржылық заңнаманың ерекшелігін, банктердің жұмысына бақылау жасаудың нысандары мен әдістерінің мән-жайларын сипаттайтын саяси және экономикалық факторлардың тарихи дамуы мен әрекетінің ерекшеліктері де аса маңызды орын алады. Ол үшін банктік қызметті құқықтық реттеудің пәнін және әдістерін анықтап алған соң, Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тарихын зерттеп, басқа шет мемлекеттердің банктік жүйелерінің құрылымына және ұйымдастырылу үлгілеріне талдау жұмыстарын жүргізген жөн. Бұл тұрғыда А.И.Худяковтың «банктік істі ұйымдастыру, банктік жүйені қоса алғанда, әр түрлі үлгілерде, мысалы, мемлекеттік үлгіде, мемлекеттен тыс, яғни, жеке банктерге негізделген және аралас үлгіде болуы мүмкін» деген пікірі құлаққа қонарлық секілді.[1, 220-235] Банктік істі ұйымдастырудың мемлекеттік үлгісінің неғұрлым нақты мысалы ретінде Кеңестер Одағында болған банктік жүйені айтуға болады. Отызыншы жылдардан бастап сексенінші жылдарға дейін қызмет еткен атаулы банктік жүйе үшін барлық банктік істерді жүргізуге мемлекеттік монополияның болуы тән еді: банктер тек мемлекеттік болды, банктердің ақшалай қорларын мемлекеттің несиелік қоры қалыптастырып отырды, банктердің қызметін және олардың өз клиенттерімен жүргізетін операцияларын толығымен мемлекет реттеп отырды, Кеңестер Одағының негізгі банкі – Мемлекеттік банк мемлекет атынан әрекет ете отырып, кең ауқымды билік өкілеттіктерін иеленді.[2, 27-32] Банктік жүйенің екінші үлгісі жоғарыда атап өткеніміздей жеке банктерге негізделеді. Іс жүзінде, тарихи тұрғыдан алғанда, барлық елдердегі банктік істер жеке банктерден бастау алады. Мұндай жағдайда, аталған банктердің несиелік, есеп айырысу және басқа да операцияларын іске асыруы барысында туындайтын қатынастар негізінен азаматтық құқықтың нормаларымен реттеледі. Әрине, жеке банктер кез келген шаруашылық субьектісі ретінде мемлекетпен де белгілі бір қарым-қатынастарға түседі, айталық, мемлекет пен банк арасындағы салық төлеу жөніндегі қатынастар. Бірақ, бұл қатынастар банктің банктік қызметінің өнімі емес, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерде мемлекеттің жеке банктерге өзінің, яғни, мемлекеттің қызметін атқаруын тапсыру тәжірибесі де кездеседі. Шет мемлекеттердің банктік тәжірибесінде тіпті, мемлекеттің қаржылық агенті деген ұғым да кеңінен танымалы. Әдетте, олар: мемлекеттік займ облигацияларын орналастыру, осындай банктер арқылы мемлекеттік несиелерді беру, мемлекеттік қарыздарға қызмет көрсету, тіпті, мемлекеттік ақша белгілерін шығару міндеті де жүктелуі мүмкін.[3, 77] Банктік жүйенің үшінші үлгісі мемлекеттік және жеке банктердің үйлесімділігіне негізделеді. Мемлекеттік банктер мемлекеттің ақша айналымын реттеу, мемлекеттік инвестициялауды іске асыру немесе несиелеу саласындағы қаржылық саясатты жүргізетін мемлекеттік орган ретінде қатысса, жеке банктер кәсіпкерлік қызмет ретінде несиелеуді және есеп айырысуды іске асыратын шаруашылық субьектісі ретінде қатысады. А.И.Худяковтың пікірінше, осы үлгінің барысында мемлекеттік банктер, олардың қызметі және осы қызмет барысында туындайтын қатынастар қаржылық құқықтың обьектісі болып табылады, ал, жеке банктер, олардың қызметі мен осы қызмет барысында туындайтын қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі жөнінде А.И.Худяков, «1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес реформалау сатысын өткен банктік жүйе мемлекеттік үлгіден аралас үлгіге ауысты» деп жазады. Бірақ, ауысудың өзіндік ерекшеліктері болды деуге болады. Жоғарыда аталған заңға сәйкес екі деңгейлі банктік жүйе қалыптасты, жоғарғы деңгейде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік банкі болса, екінші деңгейде мемлекеттік мамандандырылған банктер мен мемлекеттік емес банктер болды. Мемлекеттік банктер қатарында Промстройбанк, Агропромбанк, Жилсоцбанк, Внешэкономбанк болса, мемлекеттік емес банктер қатарында акционерлік, кооперативтік, шаруашылық серіктестік нысанындағы банктер болды. Алайда, аталған банктердің барлығы, яғни, екінші деңгейдегі мемлекеттік банктер де, мемлекеттік емес банктер де коммерциялық банктер деген бір ұғымға біріктірілді. Осылайша, жүргізілген зерттеу және талдау жұмыстарының нәтижесінде банктік қызметті реттейтін нормалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында және құқық жүйесінде алатын орны мен атқаратын ролі туралы алдын ала тұжырым жасай аламыз. Талдау жұмыстары жүргізілген нормативтік актілердің басым көпшілігінен байқағанымыздай, банктік қызметті реттейтін нормалар кешенді сипатқа ие. Демек, құқықтық реттеудің пәні толығымен анықталмаған. Банктік қызметті реттейтін құқықтық нормалардың кешенділігі міндетті түрде дау тудырады. Соның ішінде, зерттелетін құқықтық аяға қандай құқық салаларының нормалары кіретіндігі әлі толық шешілмеген. Банктік қызметті реттейтін нормалардың кешенділігі төмендегідей құқық салаларының нормаларын үйлестіреді: 1) Конституциялық құқық нормалары, яғни, ақша айналымының негіздерін, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын нормалар; 2) Әкімшілік құқық нормалары, яғни, банктік қызметті іске асыру үшін лицензия берумен байланысты қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін анықтайтын нормалар; 3) Азаматтық құқықтың нормалары, яғни, заңды тұлғаның құқықтық жағдайын, оның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын, азаматтық құқықтың обьектілері туралы ережелерді, шарттардың жеке түрлерін, олардың орындалуын қамтамасыз етудің әдіс-тәсілдерінің жүйесін және тағы да басқаларды анықтайтын нормалар; 4) Банктік қызметті реттеуде қосалқы маңызы бар құқық салаларының нормалары, яғни, мемлекеттік бюджеттің шығыстарымен және кірістерімен, ұлттық валютаны анықтаумен және тағы басқалармен байланысты қаржылық құқық нормалары. Осылайша, банктік қызметті реттейтін нормалардың кешенділігі конституциялық құқықтың, әкімшілік құқықтың және азаматтық құқықтың нормаларын құрайды. Демек, дәл осы құқық салаларының үйлесімділігі мен қарым-қатынасы банктік қызметті құқықтық реттеудің ерекшелігін сипаттайды. Әрине, банктік қызметті құқықтық реттеудің пәнін және әдіс-тәсілдерін толық анықтау үшін банктік қызметті іске асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарға қатысушылардың, дәлірек айтсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайын анықтап алудың да маңызы зор. Қазақстан Республикасының қазіргі банктік заңнамасы бойынша еліміздің екі деңгейлі банктік жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдар ерекше зерттеу обьектілері болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің банктік жүйесінің екінші деңгейіндегі коммерциялық банктердің қатарына жатқызылғанымен, бірқатар банктердің, айталық, Қазақстан халық банкінің және тұрғын жай құрылыс жинақтау банкінің құқықтық жағдайы ерекше көңіл аударуды және мұқият талдауды талап етеді. Дегенмен, бұл мәселе терең зерделеу жұмыстарын жүргізуді және сәйкесінше ой-тұжырымдар жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қорыта келе айтарымыз, банктік құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы құқықтық нормалардың маңыздылығы мен өзектілігі және кешенділік сипаты банктік жүйенің ел экономикасындағы алатын орнымен, банктік қызметті іске асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың күрделілігімен түсіндіріледі және сәйкесінше, банктік қызметтің құқықтық негіздерін анықтайтын, банктік қызмет саласындағы мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін бекітетін және банктік қызметке қатысушы субьектілердің арасында туындайтын қатынастардың іске асырылу тәртібін белгілейтін әр түрлі құқық салаларының нормаларын біріктіретін, банктік құқық деп аталатын кешенді құқық саласын құрауымен сипатталады. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. 3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2006 3 ПРАКТИКАЛЫҚ/лабораториялық САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ : |1-тақырып. Мемлекеттің қаржы қызметі | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Қаржының ұғымы. | |Мемлекеттік және дербес қаржылардың арақатыңасы. | |Мемлекеттік қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары. | |Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. мазмұны және саласы. | |Мемлекеттің қаржы қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары. | |Қаржы қызметін орыңдаудағы мемлекеттік органдардың жүйесі. | |Қаржы жүйесінің ұғымы. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |2-тақырып. Қаржы құқығының ұғымы, пәні және жұйесі. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | | | |Жоспары: | |Қаржы кұқығының пәні. | |Қаржылық қатыңастардың түрлері және белгілері. | |Қаржы және басқа да сыбайлас қоғамдық қатыңастардың арақатыңасы. | |Қаржы кұқығының ұғымы. Қаржы құқығының көздері | |Құқық жүйесіндегі қаржы құқығыңъң орны. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |3-тақырып. Ақша жүйесінің құқықтық негіздері. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Ақшаның ұғымы және функциялары. | |Тарихи пайда болатын ақша жүйелері. | |Биметаллизм және оның түрлері | |Монометаллизм жәпе оның түрлері. | |Несие ақшаның негізіндегі ақша жүйелері | |Нарықтық және жоспарлау экономиқасымен мемлекеттердің ақша жүйелерінің | |белгілері. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |4-тақырып. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздері. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Қаржылық бақылаудың ұғымы. | |Қаржылық бақылаудың субъектілері, объектілері, пәні, мақсаттары, | |міндеттері және әдістері. | |Қаржылық бақылаудың қағидалары. | |Қаржы тәртібі. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |5-тақырып. Бюджет құрылымы. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Бюджеттің ұғымы. «Бюджет» терминінің мағынасы. | |Қаржы-ұйымдық, экономиқалық және материалдық бюджет ретіндегі құқықтық | |қатегориясы. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |6-тақырып. Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Бюджеттік компетенция. | |Материалдық және процессуалдық бюджет кұқығы. | |Қазақстан Республикасының бюджет кұқығы. | |Әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бюджет құқығы. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |7-тақырып. Бюджет процесі. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Бюджет процесінің ұғымы. | |Бюджет процесінің қағидалары. | |Бюджет процесінің сатылары. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |8-тақырып. Қаржы-құқықтық қатегориясы ретіндегі салық. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Салықтың ұғымы. | |Салықтың материалдық, экономиқалық және заң белгілері. | |Мемлекеттік алымдардың, мемлекеттік баж салығының және басқа бюджетке | |арналған төлемдердін ұғымы. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |9-тақырып. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері. | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, | |мемлекеттік борыштың, мемлекеттік несиеленудің ұғымы. | |Бюджеттік құрылымның сипаттамасы. | |ҚР Президентінің бюджет саласы. | |Бюджеттік жоспарлау кезеңдері. | |Бюджеттік бақылау органдарының қызметі. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |10 - тақырып: Мемлекеттің қаржылық құрылымын құқықтық реттеу. Тақырыптың | |мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, ерекшелік | |белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме беру. | |Жоспары: | |Мемлекеттің қаржылық құрылысының құқықтық негіздері | |Ақша жүйесінің құқықтық негіздері | |Мемлекеттік қаржылар саласындағы басқару | |Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері | |Мемлекеттік қаржылық бақылауды құқықтық реттеу | |Қаржылық-құқықтық жауапкершілікті құқықтық реттеу. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | | | |11-тақырып. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері | |Тақырыптың мақсаты: оқытылып отырған мәселе бойынша жалпы мәлімет беру, | |ерекшелік белгілеріне сипаттама беру. Негізгі анықтамаларына түсініктеме | |беру. | |Жоспары: | |Қазақстан Республикасының банк жүйесі. | |Банк қызметін мемлекеттік реттеу. | |Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару | |органдары. Қазақстан Республиқасы Ұлттық банкінің ақшақорлары. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | |12 - тақырып. Мемлекетің ақша қорлары мен кірістерін құқықтық реттеу. | |Бюджеттік құқық қаржылық құқықтың басты бөлімі ретінде | |Салықтық құқық: пәні, әдістері, жүйесі. | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | | | |13- тақырып. Банктік қызметтің құқықтық негіздері. | |Қаржылық-банктік құқық қаржылық құқықтық бөлімі ретінде | |Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде | |Қаржылық-шаруашылық құқығы қаржылық құқықтың бөлімі | |ретінде . | |Ұсынылатын әдебиеттер: | |1. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2011 | |2. Грачева. Финансовое право. Москва, 1996. | |3. Абжанов. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, | |2006 | | | Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқауы. Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар ол оқу жұмысының белсенді формасы болып келеді, онда студенттердің өздік жұмыстарының нәтежиесі мен алған білмідері бекітіліп, бір – бірін жетілдіріп отырады. Семинар сабағының мақсаты: студенттердің теориялық дәрежелерін жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну, сонымен қоса теорияда алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білу икемдерін арттыру. Семинар барысында студенттер өз ойларын тұйіңдеп, өз ойларын аудиторияға жеткізе білуіне үйренеді. Семинар сабақтарының сапасы негізінен студенттің дайындық дәрежесіне негізделеді, сол себептен семинар сабақтарына дайындалуда ең алдымен арнайы және негізгі әдбиеттермен танысып алу қажетті. Семинар барысында студенттер әр сұрақты жан – жақты қарастырып, талдап, қорытындылайды. Студенттердің белсенділіктерін арттыру үшін, семинар сабағының жоспары бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады. Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы тексеру (сұрақтары төменде келтірілген) 4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС/ЖОБА оқу жоспары бойынша қарастырылмаған. 5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ Тапсырма: 1 Азамат Свиридов темір балқыту жұмысыңа түсті. Ай сайың оған алатың табысың 35000 тенге деп уәде берп, сол айлығың уақытымен алып отырды. Осы қатыңас қаржылық қатыңастар санатыңа жата ма? Осы айлық мөлшердегі ақша «қаржы» санатыңа жата ма? 2 ЖШС «Ромат» оған көрсетілген қызмет үшін ЖШС «Стройиндустрия» фирмасыңа 500 мың теңге аударды. Осы аударылған ақша қозғалысы мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма? 3 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Иванов салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма? 4 Салық төлеуші жеке кәсіпкер Мосқаленко салық сомасың Қазыңа Комитетіне Халық банкі арқылы төледі. Осы қатыңас мемлекеттің қаржы қызметіне жата ма, және де егер жататың болса мемлекеттің қаржы қызметін жүргізудің қай әдісіне жатады? Бақылау сұрақтары: Мемлекетік қаржы мен жеке меншік қаржының айырмашылығы неде? Мемлекеттің қаржы қызметі қандай процестерден тұрады? Материалдық тұрғыда мемлекеттің қаржы жүйесі дегеніміз не? Мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу деп қандай әдістерді білесіздер? Тапсырма 2: 1 Облыстық бюджет субвенция ретінде райондық бюджетке 1 миллион теңге қаржы-қаражат берді. Осы қатынас қаржы жүйесіне жата ма, жататын болса қандай бөлігіне жатады? Салық төлеуші фирма косымша құн салығын мемлекеттің кірісіне 350 мың теңге уақытымен аударды. Бұл қатынас қандай құқықтық реттеу әдісімен реттеліп отыр? ҚР қаржы құқығынан бақылау жұмысын жазғанда студент Марков төмендегідей сұрақтарға жауап берді: Сіз қалай ойлайсыз мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу әдістері мен қаржы-құқықтық қатынастарды реттеу әдістері бір түрлі зат па, әлде әр түрлі зат па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па? «Қаржы-қуқығы» және «Қаржы заңнамалары» - осы екі түсінік бірдей ме жоқ па? Жауабы бірдей емес. Осы жауап дұрыс па? Әкімшілік-құқықтық және қаржы-құқықтық қатынастардың реттеу пәні бірдей ме, жоқ па? Жауабы екеуі де бірдей. Осы жауап дұрыс па? Бақылау сұрақтары: Қаржы құқығыңыц пәні неде? ҚР қаржы құқығының жүйесі қанша бөлімнен тұрады, және қандай? ҚР қаржы құқығының қандай қайнар көздерін білесіздер, атап шығыңыз? Әдебиеттер Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006. Қаржы құқығы: Оқулық / Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін. Тапсырма 3: 1 10.03.2007 ж. азамат Киселев жеке кәсіпкер ретінде Тіркеуте тұрды. 15.03.2007 ж. Киселев жол транспорт оқиғасына түсті, емханада жатып тек қана 20.04.2007 ж. шықты. Үйінде ол тұрғылықты орныңдағы салық комитетінің хабарлама қағазын көріп салық комитетіне тез арада келіп кетуін сұрағанын білді. Келесі күні оған салық инспекторының қаулысын ұсыңды. Бұл қаулы бойынша оған салық органдарына тіркеуге тұрудың мерзімін бұзған ушін 5000 теңге салық санкциясының айыппұлы салынғанын аңғарды. Киселев бұл айыппұлды түгелімен төлеген. Қалай ойлайсыз бұл жағдайда қаржы-құқықтық нормалар бұзылды ма? Заңды фактілерге анализ беріңіз. 2 Белгілі бір фирма декларацияда көрсетпей кеден шекарасынан кеден заңнамасымен белгілі бір шектеудегі товарларды өткізіп жіберді. Бұл жағдай қаржы полициясымен ашыла сала, олар осы фирманың басшысын ҚР ҚК-нің 209- бабымен анықталған «Экономикалық контрабанда» қылмысқа тартып қылмыстық істі сотқа шешім шығаруға жіберді.Сот сол фирманың басшысына 400 айлық есептік керсеткіште айыппұл салды. Бұл жағдайда қаржы-құқықтық норманың қандай белгісі көрініс тапты? Шығарылған шешімде қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай ерекшелігі көрініс тапты? 3 ҚР қарулы күштер қатарында қызметін атқарып келген Петров ЖШС «Трон» атты фирманы ашып тіркеуге тұрғызды. 4 күн өткеннен кейін ол Алматы қаласының салық органыңда тіркеуге тұрды. Ол осы кәсіпкерлікті жүргізу мақсатыңда «БТА» банкінен 4 млн. теңге мөлшерінде шұжық жасау тетігін сатып алу негізінде несие алды. Жасалған шарт бойынша банк осы жоғарыда аталған соманы тетік алу орнына аударды. Бұл тетікті ала салысымен Петров кеден баждарын төлеп және мүлік салығын төлеп, осы шұжық жасау тетігін «НСК» сақтандыру компаниясыңда сақтандыру шартын жасасты. Осы қатынастардың барлығы қандай заңды фактілер негізінде жүргізілді? Бақылау сұрақтары: Қаржы-құқықтық нормалардың қандай белгілерін білесіз? Қаржы-құқықтық норма санкцияларының қандай көзге көрінер белгілерін білесіз? Қаржы-құқықтық нормалар қандай элементтерден тұрады? Әдебиеттер: Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін. Тапсырма 4 : 1 Бақылау жұмысыңда студент Комаров нақты қаржы басқару органдарына мыналарды жатқызды: ҚР Үкіметі ҚР Парламенті: Қаржы полициясы қызметін; ҚМ-ның республикалық бюджетін орыңдаудағы бақылау жүргізетін Есеп Комитетін; аудандық салық комитеттерін; мемлекеттік кәсіпорыңдар мен мекемелердің қаржы бөлімдерін; ҚР қаржы министрлігін; ҚР Ұлттық банкін; Коммерциялық ұйымдардың есеп бөлімдерін. Студент Комаровтың ұйғарымы дұрыс па, анализ жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз? 2 Тәжірибе сабағында студент Родин ҚР банктік жүйесінің кұрамына нелер кіреді деген сұрақтарға былай жауап берді: ҚР Ұлттық банкі; Үй құрылыс жинақ банкі; Қазақстанның даму банкі: Коммерциялық банктер; ҚР зейнеткер қорлары. Сіз қалай ойлайсыз жауабы дұрыс па? Сіз қалай жауап берер едіңіз? 3 ҚР Ұлттық банкі жаңа ақша белгілерінің шыққаны туралы ақпарат берді. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімі тұрғындарға былай деп хабарлады. Бұл тек қана облыс тұрғыңдарына үш күн арасыңда белгілі бір соманы ғана айырбастап алуға болады деп. Осының нәтижесінде көп тұрғыңдар және жеке кәсіпкерлер өз ақшаларын айырбастап үлгере алмай қалды. Ұлттық банктің Қарағанды облысы бойынша бөлімінің бұл жұмысына құқықтық баға беріңіз. Жеке кәсіпкерлердің және тұрғыңдардың мүлігін құқықтық корғауға қандай мүмкіншіліктер бар? Бақылау сұрақтары: Ақша нысандары (түрлері), олар қандай болады? Мемлекеттің ақша жүйесінің элементерш атаңыз. ҚР-ның ақша жүйесі қашан құрылды? Әдебиеттер: 1 Қаржы құқығы. Практикум.. Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006. 2 Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006. 3 Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін. Тапсырма 5 . 1 ҚР ҚМ-нің республиқалық бюджеттің орыңдалуын бақылайтын Есеп Комитетінің ҚР-ның өкілетті органдар қатарына жағып, мемлекеттің қаржы қызметін Үкімет атынан жүргізетін орган деп студент Туленов жауап берді. Туленовтң осы жауабымен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай жерде қателіктер бар? 2 Салық Комитетінің инспекторы Мурзин салық салу негізіндегі кұжаттарды уақытыңда тапсырмағаны үшін «Маяк» ЖШС-ннің, бірінші тоқсан бойы банктік шотын тоқтатып қойды. «Маяк» ЖШС-нң өтініші бойынша «ЦентрКредитБанк» наурыз айыңда біршама есеп операцияларын жүргізіп үлгерді. Аудан салық комитетінің басшысы Петрова осы ЖШС-нің басшысына, бас бухгалтеріне және банк басқарушысына әрбіреуіне 20 АЕК ретінде айыппұл салған. Осы жағдайға заңды талдау жасаңыз. 3 Қаржы бақылауының әдістерін атау керек деген сұраққа студент қаржы кұқығы сабағыңда былай жауап берді: Қадағалау; Әңгімелесу; ревизия; құжаттық тексеру; тексеру; фактілік қадағалау; нақты анықтау. Михайловтың жауабына талдау жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз. Бақылау сұрақтары: Қаржы саласындағы басқарудың анықтамасы. ҚР қаржы министрлігінің қаржы саласындағы құзіретін айтыңыз? Жоспарлау дегеніміз не? Әдебиеттер: 1. Қаржы құқығы. Практикум., Найманбаев. -Алматы: Жеті Жарғы. 2006. 2. Қаржы құқығы: Оқулық Найманбаев С.М. - Алматы: Жеті Жарғы. 2006. 3. Қазақстан Республиқасының Салық кодексі 12.06.2001ж., келесі өзгертулер мен толықтырулардан кейін. Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады. Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет: - дәрістердің конспектісі болуы; - курс бағдарламасының болуы; - ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы; Жұмыс әдісі: - дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау; - конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады; - тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс; - тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады; - егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет. Студенттердің өздік жұмыстарының орындалуының әдістемелік нүсқауы Жоғарғы оқу орындарында мамандарды даярлауда студенттер алдына негізгі екі міндет қояды: өз мамандығы бойынша қазіргі кездегі ғылыми және практикалық білімдермен икемділіктерге ие болу; өзі жеке басымен ойлануға, ғылыми және өңдірістік мәселелерді шешу және талдау қабілетіне ие болу. Өздік жұмыстарын орындау алдында ең алдымен еңбек құқығының жалпы және ерекше бөлімдерін, нормативті – құқықтық актілермен, негізгі әдебиеттермен танысып, зерттеп алыңыздар. Негізгі теориялық мәселені бөліп, талдап алыңыз, практика материалдарымен бекітіп алыңыздар. Еңбек құқығы саласындағы практикамен қалалық, аудандық кәсіподақ ұйымдарында, кадр бөлімдерінде танысып, алуға болады. Өздік жұмысын орындауда қиындықтар кездесетін болса, оқытуша жолығып, кеңес алыңыздар. Өздік жұмысты орындаған кезде зерттеген әдебиеттерде кездескен ой – пікірлерге, өз көзқарасыңызды білдіруге қажет. Қойылған мәселені түсінбеу, монографиялар, мақалалардан, әдебиеттерден механикалық тұрғыда көшіріп алу жұмыстын сапасзыдығына әкеліп срқтырады. Ал ол баға қою саясатына әсерін тигізу мүмкін. Өздік жұмыстар орындалу барысында логикалық тұрғыда жазылып, пайдаланылаған әдебиеттер тізімі көрсетілуі қажет. Студенттің өздік жұмысы студенттердің терең ойлап, өзі меңгеріп жатқан пәндер саласында әр түрлі мәселелерді көтеріп қана қоймай, оны шеше алу қабілеттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Өздік жұмысты орындау барысында студент ізденеді, ойланады, өзіндік пікірін қалыптастыруда әр түрлі тәсілдерді таңдап алады. Сондықтан өздік жұмысты жүргізуде бірнеше нысандарды таңдап алуға болады. Олар: баяндама, реферат, кроссворд, сканворд , ғылыми мақалаларға сарапнама беру т.с.с. Өздік жұмыс арқылы студент оқылып жатқан пәндердегі айтылмай кеткен немесе көлеңкеде қалып қойған мәселелерге жауап таба алады, өзінің теориялық білімін шыңдайды және ғылыми ізденіске жол ашады. Студенттің өздік жұмысы оқушының өздік жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері болуы керек. Өздік жұмыстарға қойылатын талаптар: • Жазбаша баяндамалар сауатты, ұғынықты түрде, тақырыпты аша отырып жазылуы тиіс. Баяндама арқылы студент бір сұраққа немесе бір мәселенің ашылуын қамтамасыз етеді. • Реферат қойылған талаптарға жауап бере отырып жазылуы керек Ол көлемі, пайдаланған әдебиеттер тізімі, жоспары, кіріспе және қорытынды сияқты бөлімдері арқылы баяндамадан өзгешеленеді. Реферат студенттің қай курста оқитындығына да қатысты жазылады. Себебі бірінші курс пен жоғарғы курстың студенттерінің жазған рефераттарының арасында айырмашылық болады, яғни олардың көтеріп отырған мәселе ауқымында. Рефератты жазу барысында студент жетекшімен ақылдасып отыруы қажет. Жетекші болып курстың оқытушысы табылады. Реферат көлемі 10-15 парақ, бір интервалмен немесе әр жолы 28 – 29- дан кем болмауы шарт. Рефераттың міндетті түрде жоспары болуы шарт. Жоспар кіріспеден басталады. Кіріспеде студент тақырыптың өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін келтірсе, қорытындыда өз тұжырымын беруге тырысуы қажет. Әр бөлім тақырыпшасы қайтадан жазыла отырып, ашылуы қажет. Пайдаланылған әдебиет көлемі 3 -10 – дай болуы қажет. Реферат - ғылыми жұмыстың алғашқы баспалдағы болып саналады, сондықтан студент рефератты тек механикалық тұрғыда көшіру арқылы ғана емес, ғылыми ойлау қабілетін көрсете отырып жазады. • Кроссворд, сканвордтар 30 сұрақтан кем болмауы керек. Оны құрастыруда қателердің кетпеуін, яғни сааутты құрастырылғандығына көз жеткізіп алыңыз. Сұрақтар дұрыс жауабымен өткізіледі. • Ғылыми мақаланы студент басқа мақалалардан ажырата білуі керек. Алдыменен таңдап алынған мақалаға тақырыпқа сай болуы шарт, екінші кезекпен мақалаға талдау жасалады, яғни талқыланады, содан кейін мақалаға қатысты студент өз пікірін білдіреді. • Сұрақ – жауап (әлеуметтік сауал) жүргізу. Сауал жүргізу тақырып бойынша көтерілген мәселелерді дәлелдеуге бағытталады. Сауал міндетті түрде қорытындыланады, яғни пайыздық немесе сандық көрсеткіштер арқылы беріледі. Өздік жұмыстың қай нысанын орындасаңыз да оны қорғау қажет болады. Қорғауға сізге 2 – 3 минөт уақыт берідеді, сондықтан сіз өз жұмысыңыз туралы тек мағлұмат қана бересіз. Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз). Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары 1 рубежді бақылау – пікір - талас 2 рубежді бақылау – дөңгелек үстел. Өздік жұмыстарын орындау талаптары: Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау. Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап. Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады. ТАҚЫРЫПТАР: |№ |Тапсырма |Дайындық |балл |Тапсыру | | | |формасы | |мерзімі | |1. |Валюталық реттеудің құқықтық |Пікір-талас |3-5 |6 апта . | | |негіздері. | | | | | |Валюталық реттеудің құқықтық | | | | | |ұғымы. | | | | | |Валюталық жүйе. | | | | | |Валюталық реттеудің органдары | | | | | |және олардың құзыреттері. | | | | | |Валюталық реттеудің әдістері. | | | | | |Валюталық операциялар ұғымы. | | | | | |Валюталық операциялардың | | | | | |түрлері және валюталық | | | | | |операцияларды жүргізу | | | | | |ережелері. | | | | |2. |Қазақстан Республикасының |Дөңгелек |3-5 |14 апта . | | |бюджет жүйесі. |үстел | | | | |Бюджеттің кірістері. | | | | | |Бюджеттің шығыстары. | | | | | |Бюджеттің қоры. | | | | | |Бюджеттің түсінігі. | | | |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz