Файл қосу
Студенттерді микробиологиялық зерттеу әдістеріне үйрету
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |4-деңгейлі СМЖ құжаты |Оқу бағдарламасы | | | | | | | | |Ф МР 042-1.02.-2013-01| | «Санитариялық | | | |микробиология» пәнінің |№ 1 басылым "____" | | |оқу бағдарламасы |_______20___жыл | | Аграрлық факультет Ветеринариялық санитария кафедрасы «САНИТАРИЯЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ» пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5В120200- «Ветеринариялық санитария» мамандығы Білім беру траекториясы: «Мал және өсімдік тектес өнімдерді өндіруде, сақтауда және тасымалдаудағы ветеринариялық-санитарлық бақылау» Курс -үшінші Оқу формасы -күндізгі Семей 2013 Алғысөз Пәннің оқу бағдарламасы «___»______20____жылғы элективті пәндер каталогі негізінде жасалынған 1 ӘЗІРЛЕГЕН Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Ветеринариялық санитария» кафедрасымен, Жұмыс жетекшісі, доцент, ветеринария ғылымдарының кандидаты –Омарбеков Е.О. «___» __________ 20 жыл. 2 ТАЛҚЫЛАНДЫ «Ветеринариялық санитария» кафедрасының мәжілісінде Кафедра меңгерушісі «__» ______20 жыл, _______________E.Омарбеков №_____хаттама «_____» __________20 жыл 3 МАҚҰЛДАНДЫ Аграрлық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында ОӘБ төрайымы ____________ «____»_____20___г. А.Тлеубаева №_____хаттама «_____»__________ 20 жыл 4 РЕЦЕНЗЕНТТЕР «Ветеринариялық медицина» кафедрасының доценті, в.ғ.к., Ахметжанов О.Н. «Семейвет» ЖШС директоры Жунусов Қ.К. 5 БЕКІТІЛДІ Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, ОӘК төрайымы ___________ «____»_____20___г. Г.Искакова 6 БАСЫЛЫМ алғашқы рет енгізілді МАЗМҰНЫ 1 Түсіндірме хат 2 Пәннің құрылымы (модульдер) 3 Пәннің (модульдің) мазмұны 3.1 Модуль 1 3.2 Модуль 2 4 Пәннің (модульдің) оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі 5 Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі 1 Түсіндірме хат Пәннің (модульге) сипаттамасы 5В120200 Ветеринариялық санитария мамандығының студенттеріне арналған «санитариялық микробиология» пәні ветеринариялық микробиология және вирусология негіздерін ескере отырып, зерттеулер жүргізеді. Ветеринариялық санитария мамандығының студенттеріне арналған санитариялық микробиология пәні заманымыздың талабына сай әртүрлі мәселелерді, әдістемелік мақсаттарды қарастырады. «Санитарилық микробиология» ветеринария мамандарын дайындаудағы іргелі пәндер қатарына жатады. Ветеринария мәселелерін шешуде, малдардың инфекциялық ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыруда, олармен күресуде бұл пән микробтар мен вирустар экологиясына, сыртқы ортаны микробиологиялық және вирусологиялық бағалау әдістеріне, жалпы экология, биотоп, микробиоценоз түсініктеріне көп көңіл бөледі. Білім алушылардың өзіндік зерттеу жұмыстарын жоспарлауына жол ашады.Геосфера, гидросфера, атмосфера, қойнауларының зардапты және санитарлық көрсеткіш микроорганизмдермен ластануын айқындайтын әдістер зерттелінеді. Пәнді (модульді) оқытудың мақсаты Студенттерді тамақ өнімдерінде әр түрлі өзгерістер туғызатын микроорганизмдерді терең қарастыруда , оларды анықтау жолдарын меңгеру, олардың морфофизиологиялық ерекшеліктерін, олардың сыртқы ортада таралуын, жануарлардың инфекциялық ауруларындағы, жалпы биологиялық мақсаттарды шешудегі, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласындағы және сыртқы ортаны қорғаудағы рөлін жете түсіндіруде қолданылатын санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдермен жете танысу. Пәнді оқытудың міндеттері Студенттерді микробиологиялық зерттеу әдістеріне үйрету; алынған нәтижелерге ветеринариялық-санитариялық бағалауға бейімдеу;жануарлар өнімдері микрофлорасын, олардың зардапты микробтармен және вирустармен зақымдануын анықтауға және сонымен қатар жануарлар өнімдерін консервілеу және бағалау әдістеріне, залалсыздандыруға ( стерилизация) және дезинфекциялауға көп көңіл бөлу;зертханалық сабақтарда зардапты микробтар мен вирустардың және санитарлық көрсеткіш микробтар морфологиясы мен биологиясына, оларды анықтау әдістеріне көңіл бөлу.Студенттерді микробиологиялық және вирусологиялық зерттеу қызметтеріне дайындау. Санитариялық микробиология пәнін оқыған білім алушы мына талаптарға сай болуы керек: - Санитариялық микробиология курсын оқып біткеннен кейін білім алушы тамақ өнімдерінің ақаулықтарынан тудыратын микробтардың биологиялық ерекшеліктерін; сүт және ет өнімдерінің микробтармен ластануының дәрежелік көрсеткіштерін білу керек; - Сүт, сүттен алынатын өнімдердің, ет, еттен дайындалатын өнімдердің, жұмыртқа, арадан алынатын өнімдердің (бал, тозаң, прополис, шырыш, аналық сүт, ара уы), ет пен балықтан дайындалған консервілерді тексерудің санитариялық- микробиологиялық негізгі әдістерін игеру игеру керек; - тері-ішек шикізаттарының, жүннің, азықтың (шөп, сүрлем, сенаж) микробиологиясын, сыртқы ортадағы зардапты микробтарды анықтауды және дезинфекцияның вирустар- таныстырып тиімділігін анықтау жолдарын істеу білу; - Санитарлық микробиология пәнінен тағамдық өнімдерін бақылауға, зертханалық әдістерін қою жолдарын, алынған білімдерді нақты ғылыми, практикалық, информациялық ізденістер және әдістемелік мақсаттарды меңгеру керек; - Санитариялық-гигиеналық сұрақтарды шешуде, нақтылап айтқанда –судың, ауаның, топырақтың, тамақ өнімдерінің санитариялық деңгейін анықтай түсіну керек; - Әртүрлі объектілерді залалсыздандырудың әдістеріннен мағұлматты болу және тамақ өндірісінде істейтін жұмыскерлердің жеке бас гигиенасы бақылауды білу керек істей алу керек; - Санитарлық – микробиология зерттеулерінің нысандарын дағдыларына ие болу; Пәнді (модульді) игерудегі білім алушылардың құзіреттілігінің қалыптасуы : Жалпы құзіреттілігі: 1.Объектілерді санитарлық-микробиологиялық зерттегенде өздерінің білімдері көрсетеді Кәсіби құзіреттілігі: 1.Практикада мал өнімдерін (сүт және сүт өнімдерін, ет және ет өнімдерін, балық және балық өнімдерін, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін) микробиологиялық бағалауда өз шеберліктерін, істей алатындығын көрсетеді Пререквизиттер Микробиология және вирусология (1). Постреквизиттер Эпизоотология ветеринариялық санитариямен, ветеринариялық гигиена, мал және құс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау . 2 Пәннің құрылымы Пәнге жоспарланған сағаттардың (кредитер) жалпы саны -3(үш) кредит, немесе 135 сағат, оның ішінде 1 (бір) кредит, немесе 15 сағат –дәрістер, 2 (екі) кредит, немесе 30 сағат практикалық (семинарлық) сабақтар. Білім алушылардың өздік жұмыстарына 90 сағат бөлінген. 3 Пәннің (модульдің) мазмұны 3.1 1-модуль «Зооантропонозды инфекциялардың қоздырғыштары. Тағамдық токсикоинфекциялар және тосикоздарының қоздырғыштары» 1- модульдің мазмұны 1.Санитариялық микробиологияның мақсаты.Сыртқы орта объектілерін санитарлы-гигиеналық бағалаудың микробиологиялық көрсеткіштері А).Объектінің жалпы миикробтық ластануы. Б).Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер 2.Зооантропонозды инфекциялардың қоздырғыштары. Топалаң,лептоспироз, туляремия, эризипелоид,листериоз, бруцеллез, маңқа, туберкулез, аусыл, орнитоз. Қысқаша сипаттамасы, морфологиялық, культуральдік, биохимиялық қасиеттері. Диагностикасы, профилактикасы. 3 Тағамдық токсикоинфекциялар. Тамақ токсикоинфекциясының қоздырғыштары.(сальмонеллалар,эшерихиялар, протейлар-Токсин түзуі, антигендік құрылысы, патогендігі. Диагностикасы. Профилактикасы. 4 Тамақ тосикоздарының қоздырғыштары (патогенді стафилококкалар, стрептококкалар, ботулизм қоздырғышы- Токсин түзуі, антигендік құрылысы, патогендігі.Диагностикасы. Профилактикасы. 3.2 2-модуль «Мал өнімдерінің микробиологиясы» 2 -модульдің мазмұны 1 Ет микробиологиясы Еттің микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.Тоңазытқышта сақтаған еттің микрофлорасы.Еттің ақаулықтары (кілегейленуі, шіруі, қышқылдық ашуы,пигменттенуі,көгеруі, жарқырауы).Мұздатылған ет микробиологиясы.Етті тұздағанда микрофлорасының өзгеруі. 2 Шұжық микробиологиясы Тартылған еттің микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.Пісірілген,жартылай ысталған және ысталған шұжықтың микрофлорасы.Шұжықтардың ақаулықтары (шіру, қышқылдану көгеру) 3 Ет консервілерінің микробиологиясы Консервленетін өнімдердің микрофлоралар көзі.Өнімнің сапасына консервлегенде қалған микробтардың әсері.Консервілердің ақаулықтары (ісінуі, қышқылдануы,сульфиттік бүліну). 4 Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің микробиологиясы Жұмыртқаның микроорганизмдермен ластану көзі және жолдары.Жұмыртқаны сақтағанда ондағы микроорганизмдердің өсуі.Тоңазытылған жұмыртқа ұнтағындағы микроорганизмдер. 5 Сүт микробиологиясы Сүттің алғашқы микрофлорасының көзі. Сүтті сақтағандағы микроорганизмдердің өсу фазалары.Сүттегі микробтар санын азайту әдістері. Сүт ақаулықтары. 6 Сүт өнімдерінің микробиологиясы Сүтқышқылды өнімдердің алғашқы микрофлоралар көзі. Сүтқышқылды өнімдердің ақаулары.Майдың, сырдың, сүт консервілерінің, балмұздақтың микролоралары. Ақаулары. 7.Балық және балық өнімдерінің микробиологиясы. Балық микрофлорасы. Балықты сатағанда және өңдегенде ондағы микроорганизмдердің өзгеруі. Балықты зерттеу әдістері. Балық ақаулықтары. 8 Ет-сүт өнімдерін өдіруді санитарлық микробиологиялық бақылау Өндірісті санитарлық-гигиеналық бақылау.Дайын өнім мен техникалық процесті бақылау. 9 Тері-былғары шикізатының және жүннің микробиологиясы. Жас терінің микроорганизмдермен ластану көзі.Теріні консервілеу тәсілдері.Ақаулықтары. Жүн микрофлорасы.Тері-былғары шикізаты- адам, жануарлар ауруларының көзі. 10 Қи микробиологиясы Практикалық сабақтардың тақырыптар тізімі 1. Санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдердің негізгі көрсеткіштері 2. Зооантопоноздар қоздырғыштары 3. Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштардың қасиеттерін қарастыру 4. Тағамдық токсикоздар мен токсикоинфекция қоздырғыштарының қасиеттерін қарастыру 5. Еттің балғындығын анықтау. Етті бактериологиялық зерттеу. 6. Шұжық өнімдерін микробиологиялық зерттеу 7. Ет консервілерін микробиологиялық зерттеу 8. Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерін микробиологиялық зерттеу 9. Сүтті микробиологиялық зерттеу 10. Сүт өнімдерін микробиологиялық зерттеу 11. Балық және балық өнімдерін микробиологиялық зерттеу 12. Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтарды, ыдыстарды және жұмысшылардың қолын санитарлы-микробиологиялық бақылау 13. Дезинфекцияның сапасын анықтау Білім алушылардың өздіндік жұмыстарының тақырыптар тізімі 1 Тамақ өнімдерінің ақаулықтарын тудыратын қоздырғыштар 2 Консервілердің микробиологиясы 3 Майдың микробиологиясы 4 Сырдың микробиологиясы 4 Пәннің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі Негізгі оқулықтар 1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б., Мықтыбаева Р.Ж. Ветеринариялық санитарлық микробиология Оқулық.-Алматы-2008 2. Толысбаев Б.Т., Мыктыбаева Р.Ж. Большой практикум по ветеринарной и санитарной микробиологии. Алматы, 2010. – 300 с. 3. Сидоров М.А., Корнелаева Р.П. Микробиология мяса и мясопродуктов. –Москва, 2000. Қосымша әдебиеттер 4. Костенко Ю.Г., Нецепляев С.В., Гончарова Л.А.Основы микробиологии, гигиены и санитарии на предприятиях мясной и птицеперерабатывающей промышленности. –М.:-легкая ипищевая промышленность.-1984 5. Нецепляев С.В., Панкратов А.Я. Лабораторный практикум по микробиологии пищевых продуктов животного происхождения. Москва,1999 6. Любашенко С.Я.Санитарная микробиология.-Москва,1980. 7. Поляков А.А. Ветеринарная санитария. –М.: Колос, 1979. Мамандыққа байланысты басылымдар 1. Ветеринария (Россия, Казахстан) 2. Ветеринар Сабаққа байланысты ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар мен құжаттар Сабақтың тақырыптарына байланысты оның өтуіне әдістемелік нұсқаулар, керекті құрал-жабдықтар, зерттеу жолдары білім алушыларға арналған оқу- әдістемелік құжаттарда берілген. Әрбір тақырыптар бойынша бақылау сұрақтар берілген Программалық қамтамасыздық Microsoft Word, Microsoft Power Point, Microsoft Exsel. Оқу әдістемелік кешеннің электрондық варианттары, видеороликтер және проектор, таратпа қағаздар , алғашқы көрсетілімдер. 5 Материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі Микроскоптар, өнімдер (ет, шұжықтардың әртүрлі сорттары, сүт, сүт өнімдері, балық, балық өнімдері) спиртовкалар, бактериологиялық ілмектер, шыны түтіктер, микробтарды өсіру үшін қоректі орталар-ЕПС, ЕПА, ЕПЖ, Эндо ортасы., термостат, кептіргіш шкафтар, автоклав, плакаттар, сызбалар. Сабақты өткізетін орын : 7 -Корпус ,№ 305- аудитория
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz