Файл қосу

КҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР













                  «КҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»
                       пәнінің  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


              5В071100 Геодезия және картография мамандығы үшін





                     СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ






























                                    Семей


                                     2009




                                  Алғы сөз
    1. ӘЗІРЛЕГЕН
    Құрастырған  –  Аубакирова  С.М.   Семей  қаласының  Шәкәрім   атындағы
    мемлекеттік университеті,  «Геодезия  және  құрылыс»  кафедрасының  аға
    оқытушысы
                                            «___» _____2014 ж. № __


    2. ТАЛҚЫЛАНҒАН
    Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  «Геодезия
     және құрылыс» кафедрасының отырысында


     Хаттама «____» ______ 2014 жылғы,  № ____


    Каф. меңгерушісі ____________   Күдеринова Н.А.




    3. МАҚҰЛДАНҒАН
       «Ақпараттық-коммуникациялық   технологиялар»   факультетінің    оқу-
    әдістемелік бюросы отырысында


     Хаттама «____» ______ 2014 жылғы,  № ____


    Төрайым ____________    Бекбаева Р.С.




    4. БЕКІТІЛГЕН
    Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп,  баспаға
    ұсынылды


     Хаттама «____» ______ 2014 жылғы,  № ____



         ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.










                                   МАЗМҰНЫ



    |1  |Жалпы ережелер                                                  |     |
|2  |Пән бойынша жұмыс бағдарламасының мазмұны және сабақ түрі       |     |
|   |бойынша сағат санын бөлу                                        |     |
|3  |Студент үшін әдістемелік нұсқаулар                              |     |
|4  |Курстың форматы                                                 |     |
|5  |Курстың саясаты                                                 |     |
|6  |Баға қою саясаты.                                               |     |
|7  |Әдебиеттер                                                      |     |



      1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Оқытушы және пән туралы мәліметтер:
    • Оқытушының фамилиясы, аты-жөні – Аубакирова Сымбат Муратовна
    • Кафедра –  Геодезия және құрылыс;
    • Байланыс ақпараты – тел: 35-84-38  № 1 оқу корпусы  Кабинет  № 1003
    • Сабақты өткізетін орын – № 1005, 1004 аудиториялар және т.б.
    • Пәннің аты – «Аэрокосмостық түсіру әдістері»
    • Кредиттер саны – 2
        1.2  Курстың сипаттамасы:
    «Өндірістік кұрылыс  алаңындағы  геодезиялық  жұмыстар»  пәні  5В071100
«Геодезия  және  картография»  мамандығында  оқитын  студенттерге  профильді
таңдау пәні түрінде оқытылады. «Өндірістік  кұрылыс  алаңындағы  геодезиялық
жұмыстар» пәні  өндірістік ауданда  қазіргі  заманға  сай  бөлу  жұмыстардың
теориясы  мен  практикасының  жаңа  әдістерін   көрсетеді,   гидротехникалық
ғимарат, жерасты туннель және прецизионды ғимараттарды салудағы  геодезиялық
жұмыстарды үйретеді.
    1.3 Пәнді оқытудың мақсатына:  өндірістік  ауданда  жүргізілетін   бөлу
және ізденіс жұмыстарын жүргізу туралы практикалық және  теориялық  тәжірбие
алу, гидротехникалық ізденіс жүргізу, туннельдерді жобалау  және  жерастында
геодезиялық негізде жұмыс жүргізу және т.б  болашақ  маманға  қажетті  білім
беру болып табылады.
    1.4  «Өндірістік  кұрылыс  алаңындағы  геодезиялық  жұмыстар»   пәнінің
міндетіне: болашақта кәсіби шеберлігін  шыңдауда,  өндірістік  және  ғылыми-
техникалық жұмысында көмекші болатын теориялық және тәжірибелік  білім  беру
жатады.
    1.5  Пәнді оқып бітіргеннен кейін студент білуі керек:
      - қолданбалы геодезияның маңызы мен мазмұнын;
      - құрлыс алаңында жүргізілетін бөлу және ізденіс  жұмыситарын  жүргізе
білу;
      - жерасты геодезиялық жұмыстарды жүргізе білу;
     - инженерлік-гидрометеорологиялық іздену жұмыстарын жүргізу;
     - геодезиялық негізге  математикалық  өңдеу  және  дәлдігін  бағалауды
       жүргізе білу.
    1.6 Курстың пререквизиттері:
    - жоғарғы математика,
    - физика,
    - картография,
    - геодезия,
    - жоғарғы геодезия,
    - қолданбалы геодезия-1.
    1.8 Курстың постреквизиттері:
    - құрылыс алаңындағы геодезиялық жұмыстар;
    - өндірістік практика;
    - дипломдық жұмыс және т.б.


      2 ОҚЫТУШЫНЫҢ ПӘН БОЙЫНША ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


    |Тақырыптардың аты мен қысқаша мазмұны             |Сағат    |Әдебиеттер       |
|                                                  |саны     |                 |
|                                                  |Лекциялық|                 |
|                                                  |дәріс    |                 |
|Өндірістік алаңындағы ізденістік және бөлу        |2        |8.1.1, б. 5-7,   |
|жұмыстары. Аудандарды таңдау және олардың         |         |14-20;           |
|тапографиялық түсірілімі. Құрлыстық торды дәлдігін|         |8.1.2, б. 6-9,   |
|есептеу. Өндірістік құрлысты бөлу.                |         |26-31;           |
|Өндірістік қондырғы конструкцияларын орнату және  |2        |8.1.1,б. 20-23;  |
|тексеру. Колонналарды орнату. Кран асты жолдарын  |         |8.1.2, б. 31-40; |
|тексеру. Технологиялық қондырғыны тексеру.        |         |                 |
|Қала құрлыстарының және елді мекен жоспарларының  |         |                 |
|жобаларын жер бетіне шығару. Қала және елді мекен |         |                 |
|құрлыстарын жоспарын жобалау. Жоспарларды жер     |         |                 |
|бетіне шығару.                                    |         |                 |
|Биік қабатты және мұнара тәріздес ғимараттарды    |2        |8.1.1, б. 23-25; |
|құру кезіндегі құрлыстағы геодезиялық жұмыстар.   |         |8.1.2, б. 34-35; |
|Геодезиялық жұмыстардың технологиялық схемасы.    |         |                 |
|Жоспарлы торларды жасау. Бөлшектік бөлу жұмыстары.|         |                 |
|Гидротехникалық ізденіс кезіндегі геодезиялық     |1        |8.1.1, б. 29-33; |
|жұмыстар. Гидротехникалық құрлыстар. Су           |         |8.1.2, б. 40-50; |
|қоймаларындағы топогрофо- геодезиялық жұмыстар.   |         |                 |
|Арналық тусірілімдер. Түсірілім масштабы мен      |1        |8.1.1, б. 5-7,   |
|негізі. Өлшеу жұмыстары. Материалдарды өңдеу.     |         |34-36;           |
|                                                  |         |8.1.2, б. 58;    |
|Гидромелиоративті ізденістер. Гидромелиоративті   |2        |8.1.1, б. 36-43; |
|ізденістер. Магистральды каналдарды ізденістер.   |         |8.1.2, б.50-57;  |
|Гидротораптарын салудағы геодезиялық жұмыстар.    |         |                 |
|Гидротораптар. Бөлу жұмыстарының ерекшіліктері.   |         |                 |
|Туннельдердің геодезиялық негізі. Туннельдерді    |2        |8.1.1, б. 49-65; |
|жобалау мен салудың әдістері. Туннельдердің       |         |8.1.2, б. 94-99; |
|схемалары, дәлдік талаптары. Негіздің әр түрлі    |         |                 |
|геодезиялық сатысындағы өлшем дәлдігін есептеу.   |         |                 |
|Трассалардың геодезиялық негізі. Жоспардағы және  |2        |8.1.1, б. 71-76; |
|профилиндегі негізгі элементтер. Трасса           |         |8.1.2, б.67-69,  |
|пикеттерінің координаталарын есептеу. Қисықтарды  |         |72-73;           |
|жер бетіне шығару үшін берілгендерін есептеу.     |         |                 |
|Геодезиялық негіздің жер астында бағдарлануы.     |         |                 |
|Жерасты негіздің тоқталу әдістері. Жалғастырғыш   |         |                 |
|үшбұрыш әдісімен тоқталу. Гидротеодолит арқылы    |         |                 |
|жерасты негізінің тоқталуы. Екі шахта әдісімен    |         |                 |
|тоқталу                                           |         |                 |
|Жер асты өңдеудегі геодезиялық жұмыстар. Жерасты  |1        |8.1.1, б. 44-48; |
|полигонометриясы. Жерастындағы геодезиялық бөлу   |         |8.1.2.б.78-83,136|
|жұмыстары. Жер асты құрлыстарының  деформациясын  |         |-137;            |
|бақылау.                                          |         |                 |
|Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жоспарлау мен   |         |                 |
|ұйымдастыру. Техника қауіпсіздігі.                |         |                 |
|Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жоспарлау мен   |         |                 |
|ұйымдастыру. Инженерлік геодезиялық жұмысты       |         |                 |
|жоспарлаудың принциптері мен тапсырмалары. Әр     |         |                 |
|түрлі геодезиялық жұмыстарды жүргізген кездегі    |         |                 |
|техника қауіпсіздігі.                             |         |                 |
|Барлығы                                           |15       |                 |




    3  Пәнді оқуға арналған әдістемелік құралдар
    Пәнді оқыту бойынша жасалатын әдістемелік  нұсқаулықтар  студент  осыны
оқу арқылы, пәнді  игеру  үрдісін  өзі  жетілдіре  алуы  керек.  Нұсқаулықты
әзірлеу барысында берілетін  материалдардың  жартысын  студент  өзі  игеріп,
әзірленуі  керектігі  ескерілуі  қажет.  Әдістемелік   нұсқаулықта   мынадай
мәліметтер болуы керек:
     - пәнді оқуға кететін уақытты ұйымдастыру мен жоспарлауға кеңес беру;
     -  пәнді  оқу  сценариін  жазу  немесес  студенттің  осы  пәнді  игеру
       барысындағы іс-әрекеті;
     - ОӘК материалдарын пайдалануға нұсқау;
     - әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау;
     - емтиханға әзірлік жасауға кеңес беру.
    Пәнді оқыту үш түрлі формада жүргізіледі –  лекция,  оқытушы  көмегімен
студенттің аудиториядағы өздік  жұмысы  және  студенттің  өздік  жұмысы.  Ең
маңыздысы лекция болып табылады, себебі мұнда:  пәннің  күрделі  тақырыптары
ашылып, зертханалық  тәжірибені  анықтайды,  белгілі  бір  эксперименттердің
жүргізілу  барысы  көрсетіледі,  қорытынды  шығарылады.  Ал  студенттер   өз
күшімен түсініп, оқи алатын тақырыптар ОСӨЖ және СӨЖ түрінде беріледі.


      4 Курстың форматы
    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан 3 рет жүргізіледі, СОӨЖ уақытын  қоса
есептегенде. Курс  форматы  аралас.  Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі
сұрақтарды қарастырады. Мыс алы дәрістер  құрылымы  мынадай  –  сабақ  мәнін
талқылау немесе  блиц-сұрақ  (5  минут),  дәріс  (30  минут),  материалдарды
бекіту, 15 минут СОӨЖ беріледі. Сабақты мұндай құрылымда жүргізу  студенттен
жүйелікті, ұсынылған  әдебиеттер  мен  өздігінен  жұмыс  жасай  білуді  және
дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді талап етеді.
    Лабораториялық сабақтар теориялық материалдарды  тереңірек  қарастыруды
қажеит ететін мәселелерді шешуге арналған.
    Аудиториялық СОӨЖ уақытында  сіздердің  дәріске  немесе  лабораториялық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде туынданған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
    Сонымен қатар аптасына  1  рет,  кафедрада  бекітілген  график  бойынша
жекелей немесе топпен консультация түрінде СОӨЖ сабағын өткіземін.
    Пәнді оқуға арналған сабақ  уақытының үштен бір бөлігінде сіздер  менің
көмегімсіз   өздеріңіз   жұмыс   жасайсыздар.    Өздік   жұмысына   арналған
тапсырмалар түрлері, СОӨЖ  және СӨЖ жоспары – кетесінде көрсетілген.


      5 Курстың саясаты
    Пәнді оқуға берілген барлық кезеңде менің сіздерге қоятын талаптарымның
барлығын орныдайсыз және бір-бірімізді түсінеміз деп ойлаймын.
      1. Дәріс, практикалық сабақтарға қатысу әрбір студент  үшін  міндетті
жағдай. Сабақтарға кешікпей келу керек  кешікпей  және  сабақ  үстінде  бір-
бірлеріңізбен  сөйлеспей  отыруларыңызды   сұраймын.   Әр   дәріске   немесе
зертханалық сабаққа қатысқаны үшін +1 баллмен бағаланады, ал дәрісті  немесе
зертханалық сабақты босатып келмей қалған жағдайда -1 баллмен бағаланады.
      Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма береді  және
ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа  сіз  максимал  баға  алалмайсыз.  Әр
өтелмеген сабақ тағы қосымша -2 баллмен бағаланады.
      2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда ол факультет деканынан анықтама-рұқсат алуға міндетті.  Рұқсат
алғанан  кейін  студент   сабаққа   қатыса   алады.   Босатқан   сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны  орындап  тапсыру  қажет.  Тапсырма  тиісті   бағамен   бағаланады,   ал
босатылған сабақтар үшін баллдар қосылмайды.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек.  Пунктуалды  және  міндеттеріңізді  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ  аспаса,  ол  студентті  сабақтан  шығарып  жіберуге  болады  және  ол
студентті тәртіпке салу үшін қосымша тапсырмалар беріледі.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болулары керек.
      6. Біреуден көшіріп алу немесе  плагиат  болған  жағдайда  оқытушының
студентті аудиториядан  шығарып  жіберуіне  немесе  қанағаттанарлықсыз  баға
қоюына құқығы бар.
      7.  Межелік  аттестация  қорытындысы  студенттің  сабаққа  қатысуымен
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
       8.  Қорытынды  аттестация  дәстүрлі  әдіспен  билетке  жауап  арқылы
өткізіледі. Әрбір билет үш сұрақтан тұрады.

        6 Баға қою саясаты
        Студенттердің  үлгерімін  бақылау  ағымдық,  аралық  және  қорытынды
бағалаумен   есептеледі.   Бағалау   қолданыстағы   «Студенттердің   білімін
рейтингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске  асады.  Қорытынды  бақылауда
емтихан алынады, ол тест немесе бақылау сұрақтары  ретінде  ауызша  алынады.
Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ  емтихан
тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс  бойынша  қойылып,  ағымдық,  аралық
және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
    Пән қорытындысын бақылау 300 баллдық шкала бойынша қойылады.
       «Аэрокосмостық түсіру әдістері»  пәнін  оқытуда  екі  аралық  бақылау
өткізіледі.
1-рейтинг қорытындысы бойынша 1 - 8 апталарда – 300 балл
2-рейтинг қорытындысы бойынша    9-15  апталарда  –  300  балл.  Семестрдегі
жалпы  балл саны – 600.
      Қорытынды бақылау жұмысы тест  арқылы қабылданады.
      Уақытында  өткізілмеген  тапсырмаларды  8-ші  және   15-ші   апталарда
өткізуге болады. Егер  студент  сабақты  себепсіз  босатқан  болса,  оқытушы
қойған баллдын 60%  алады.
|апта   |Бақылау түрі                                                |Жалпы  |
|1      |2                                                           |3      |
|       |1-7 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу               |30     |
|2      | Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                       |20     |
|3      |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|4      |Өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|       |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|5      |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|6      |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|       |Өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|7      |1 аралық бақылау                                            |70     |
|1-8 апталардағы жалпы балл саны                                      |300    |
|       |8-15 апталардағы аудиторялық сабақтарға қатысу              |30     |
|9      |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|10     |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|11     |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |10     |
|       |Өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|12     |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|13     |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |10     |
|14     |Тәжірибелік сабақтар бойынша бақылау                        |20     |
|       |Өздік жұмысты орындау                                       |50     |
|15     |2 аралық бақылау                                            |70     |
|8-15 апталардағы жалпы балл саны                                     |300    |
|Емтихан бағасы                                                       |400    |
|Академиялық периодқа жалпы баға саны                                 |1000   |


    7 ӘДЕБИЕТ
      7.1 Негізгі
     1. Г.П Левчук;В.Е Новак;Н.Н Лебедев Прикладная геодезия.  Геодезические
работы при изысканиях и строительстве инженерных сооружений. – М.:  «Недра»,
1983г.
    2. Г.П  Левчук;В.Е.  Новак;В.Г  Конусов  Прикладная  геодезия  оснавные
методы и принципы инженерно-геодезических работ. – М.: «Недра», 1981г.






































































































































































































































































































Пәндер