Файл қосу
Губкалар типі. Ауыз аппаратының кеміргіш типі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |СМЖ 3 дәрежелі |ПОӘК |ПОӘК 042 – | |құжаты | |18-35.1.63/01- | | | |20__ | |ПОӘК | | | |Оқу-әдістемелік |Баспа № 1 күні _____ | | |материалдар | | | |«Зоология» | | | ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Зоология» Мамандық үшін 5В011200 – «Химия» ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2014 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Лекциялар 3. Зертханалық сабақтар 4. Курс жұмыстарының тақырыптары 5. Білім алушылардың өздік жұмыстары 1. ГЛОССАРИЙ Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, құрылысын, тіршілік әрекеттерін, экологиясын оқытатын ғылыми пән; зоогеография – жануарлардың орта жағдайларына байланысты Жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады; морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы және ішкі құрылысының заңдылықтарын оқытатын ғылым; онтогенез – особьтің жеке дамуы, ұрықтанған жұмыртқадан бастап особьтің өлгенге дейінгі кезеңі; омыртқасыз жануарлар – осьтік мүшелер комплексі жоқ жануарлар; палеозоология – құрып кеткен жануарлардың қазба қалдықтарын, олардың құрылысын, шығу тегін және қазіргі кезде тіршілік ететін формаларымен туыстық байланыстарды зерттейді; симметрия - бүтін организмнің құрылымдарының реттілік дәрежесінің көрсеткіші; таксономия – Жануарларды ғылыми жүйесінің және классификациясының теориясы мен практикасы; тіршілік циклі – көбеюдің және ядролық циклдардың фазаларының заңдылықты ауысып отыратын түрдің даму циклі; ұрық жапырақшалары – гаструляция процесінде пайда болатын және әртүрлі ұлпалар мен мүшелерге бастама беретін, көпклеткалы ұлпалы жануарлардың ұрық денесінің гомологиялық қабаттары; ұлпа – организмде белгілі бір қызмет атқаратын клеткалардың, клеткаралықзаттардың және т.б. құрылымдардың жиынтығы; филогенез – тірі материяның, оның систематикалық топтарының, организмдердің, жеке мүшелердің және олардың жүйелерінің тарихи дамуы; физиология – тірі организмнің функцияларын, зат алмасуын, тіршілік ету ортасына бейімделу механизмдерін оқытатын ғылым; экология – организмдердің бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын оқытатын ғылым саласы; протистология немесе протозоология – қарапайым бірклеткалы организмдерді зерттейтін ғылым; гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым; карцинология – шаян тәрізділерді зерттейтін ғылым; арахнология - өрмекші тәрізділерді зерттейтін ғылым; акарология – кенелерді зерттейтін ғылым; энтомология – бунақденелілерді зерттейтін ғылым; малакология – моллюскаларды зерттейтін ғылым; 2. ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ Лекция №1. Тақырыбы: Кіріспе. Зоология пәні. Даму тарихы. Мақсаты: Зоология ғылымының биологиялық пәндер жүйесіндегі орнын көрсетіп, зоологияның даму тарихы туралы мәлімет беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Пәннің мақсаты және міндеттері. Жануарлар органикалық әлемнің құрамды бөлігі. Тірі материя формалары. Жануарлардың табиғаттағы маңызы. Жануарлар организмдерін зерттейтін негізгі пәндер. Зоология тарихынан қысқаша сипаттама. Классификацияның негізгі принциптері. Жануарлар әлемін қорғау. Зоология – жануарлар туралы ғылым. Ол биологиядан мамандарды дайындау саласында іргелі пәндердің бірі болып саналады. Жануарлар әртүрлі ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті материалы болып келеді, сондықтан зооология көптеген биологиялық ғылымдардың – систематиканың, салыстырмалы анатомияның, жануарлар физиологиясының, цитологияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның, протозоологияның, гидробиологияның, паразитологияның және т.б. ғылымдардың, сол сияқты жануарлардың аулан түрлілігін, дамуын, шығу тегін, органикалық дүниенің эволюциясын, заңдылықтарын зерттейді. Зоологияның негізгі мақсаты – жануарлардың алуан түрлілігін, құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін, ортаға бейімделушіліктерін, таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және оның табиғаттағы қорын сақтау болып табылады. Зоологияның міндеттері – жануарлардың негізгі типтерінің және кластарының өкілдерімен таныстыру, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, этологиясын, көбеюін, дамуын, маңызын, филогениясын оқып білу. Жануарлар әлемінің алуан түрлілігіне және оларды зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты зоология екі үлкен бөлімге бөлінеді: омыртқалылар зоологиясы – хордалылар типіне жататын жануарларға қатысты деректерді біріктерді және омыртқасыздар зоологиясы – жануарлар дүниесінің қалған 22 типтерін зерттеумен айналысады. Жануарлардың табиғаттағы және адасм өміріндегі маңызы зор және алуан түрлі. Жануарлар азық-түлік, әртүрлі өнеркәсіп, шикізат өнімдері, ет, май, сүт, тері, бал, балауыз, жібек, мүйіз, бақалшақ және т.б. береді. Олардың көпшілігі ауылшаруашылық дақылдарының тозаңдандырушылары, топырақ түзушілер, басқа жануарларға азық, органикалық заттарды ыдыратушылар болып келеді. Жануарлар патшалығын қазіргі уақытта өзара тәуелді жүйедегі категориялар – таксондарға бөледі. Негізгі таксон «түр». Түрлерді белгілеу үшін К.Линней жасаған бинарлы номенклатура принципі қолданылады. Жақын туыстар тұқымдасқа, тұқымдастар – отрядтарға, отрядтар – класқа біріктіірледі. Қазіргі жүйедегі ең жоғары таксон – тип – бірнеше жақын кластарды біріктіреді. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №2. Тақырыбы: Жануарлар патшалығы. Патшалық тармағы – бірклеткалы жануарлар Protozoa. Саркомастигофоралар, Апикомлекстер, Инфузориялар типтері. Мақсаты: Бірклеткалы организмдердің дене құрылысы, көбеюі туралы мәлімет беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Қарапайымдылар бір бүтін организм ретінде. Қарапайымдылар клеткалары мен көпклеткалы жануарлардың құрылысындағы ұқсастық. Патшалық тармақтың жалпы сипаттамасы. Саркомастигофора типі. Саркомастигофорлардың қозғалу органоидтары. Жыныстық процесс. Саркомастигофорлардың қазіргі классификациясы. Споровиктер класының жалпы сипаттамасы. Паразиттік тіршілік етуге байланысты құрылыс ерекшеліктері. Клетканың апикалық комплексінің құрылысы. Жыныссыз және жыныстық көбеюдің алмасуы. Инфузориялардың неғұрлым дамыған және жоғары құрылысты қарапайымдылар ретіндегі жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың көбеюі (коньюгация). Инфузориялардың негізгі кластары. Қарапайымдылар – бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жануарлар. Морфологиялық жағынан бр клеткалы болғанымен, олар дербес өмір сүретін жеке организм, зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму және т.б. қызметтерін атқарады. Клеткасы цитоплазмадан, ядродан және органоидтардан құралған. Органоидтарға: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты т.б. жатады. Органикалық заттар және сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органоидтары жақсы жетілген. Олар: жалған аяқтар, талшықтар және кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюде негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының немесе гаметаларының бір-бірімен қосылуы арқылы жүреді. Бұл процесті копуляция деп атайды. Қарапайымдылардың 70000 аса түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Қазіргі қарапайымдылар 5 типке бөлінеді: Саркомастигофорлар типі, Споралылар немесе Апикомплекстер типі, Микроспоралылар, Миксоспоралылар және Инфузориялар немесе Кірпікшелілер типі. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №3. Тақырыбы: Көпклеткалы организмдер патшалық тармағы Metazoa. Губкалар типі. Мақсаты: Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы мәліметтер беру. Төменгі сатыдағы көпклеткалыларға жататын Губкалар типі туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы. Шынылы губкалар класы. Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері. Көпклеткалы жануарлардың шығу тегі. Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады. Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты. Геккельдің айтуынша, клеткалардың арғы ата-тегі шар тәрізді қауымды қарапайымдылар болып табылады. Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған. Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп – қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу заңдылықтарын А.А.Захваткин анықтаған. Эволюция процесінде жеке қарапайымдылар тұтасымен көпклеткалы жәндітерге ауысқан деген гипотеза бар. Бұл пікірді югославия зоологы Иован Хаджи қолдайды. Оның ойынша көпклеткалылар көп ядролы инфузориялардан шыққан. Губкалар типі. Губкалар өте төменгі құрылысты көпклеткалы, негізінен теңіз жануарлары, жабысып қозғалмай тіршілік етеді. Денесі мүшелер мен ұлпаларға бөлінбеген. Қазіргі фаунада 5000-ға жуық губкалардың түрлері кездеседі. Губкалардың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы – эктодерма, ішкі – энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат – мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады. Губкалардың ең қарапайым құрылысы аскон типті деп атайды. Жеке даму кезіндегі күрделену сикон типті форманың шығуына әкеліп соғады немесе бұл әрі қарай лейконға айналады. Губкалардың қоректенуі хоаноциттер мен амебоциттер арқылы жүзеге асады. Губкалардың тыныс алуы мен зәр шығаруы диффузды жүреді. Кейбір губкалардың ғана денесі жұмсақ болады, ал көпшілігін қаңқасы қатты және дене мен өзектер жүйесінің қабырғасына тірек қызметін атқарады. Қаңқасы минералды зат – көмір қышқыл ізбестен немесе кремнеземнан, органикалық зат – қасиеті ұқсас спонгиннен, кремнезем мен спонгиннің қосылысыныан тұруы мүмкін. Қаңқа түзетін клеткаларды склеробластар және спонгиобластар деп атайды. Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Ізбесті губкалар. Қаңқасы көмірқышқыл ізбесті төрт, үш немесе бір осьті инелерден тұрады. Тек қана таяз теңіз суларында кездесетін онша үлкен емес губкалар, оладың құрылысы аскон, сикон немесе лейкон типті болуы мүмкін. Шынылы Губкалар. Терең теңіз суларын мекендейтін губкалар, биіктігі 50 см-дей болады. Денесі түтік, қапшық және бокал тәріздес, сикон типті жеке өмір сүретін губкалар. Қаңқасы әртүрлі, үш осьті кремнийлі инелерден тұрады. Кәдімгі Губкалар. Қаңқасы – кремнийлі, спонгинді неме екеуінің қосындысынан тұрады. Класс екі отрядқа бөлінеді – Төрт сәулелі губкалар отряды және Кремний мүйізді губкалар отряды. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №4. Тақырыбы: Нағыз көпклеткалылар бөлім үсті. Сәулелілер бөлімі. Ішекқуыстылар типі. Мақсаты: Нағыз көпклеткалылардың бір типі Ішекқуыстылар типі туарлы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Ішекқуыстыларды губкалармен салыстырғанда жалпы құрылыс деңгейінің көтерілуі. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Гидроидтылар класы. Сцифомедузалар класы. Маржан полиптері класы. Ішекқуыстылар суда, көбінесе теңізде тіршілік етеді. Бірі еркін жүзсе, екіншілері қозғалмай су түбінде бекініп жатады. Олардың 9000-ға жуық түрі белгілі. Ішекқуыстыларға тән белгі – радиалды немесе сәулелі симметрияның болуы. Олар қосқабатты жануарлар: онтогенезде тек екі ұрық жапырақшалары - эктодерма және энтодерма түзіледі. Екеуінің арасы мезоглеямен бөлінген. Типке тән негізгі белгі – атпа клеткаларының болуы, олар бұлшықеттің жиырылуы арқылы қозғалады. Гидроидтылар класы. Гидра - ең қарапайым құрылысты, көлдер мен бөгеттерде мекендейтін тұщу су полипі. Ауыз конусында 6-12 қармалауыштар қоршалған ауызы орналасқан. Эктодерма қабатында эпителийлі-бұлшықетті клеткалары болады. Гидраның жүйке жүйесі дамудың ең төменгі деңгейінде тұрған шашыранды, диффузды түрде болады. Атпа клеткалы аралық клеткалардан дамиды және ерекше сопақша келген атпа капсуласы болады. Капсула сұйықтыққа толып тұрады. Гидраның атпа клеткалары шабуыл жасау және қорғаныш қызметін атқарады. Энтодерма барлық гастраль қуысын ауыздың шетіне дейін астарлап жатады. Энтодерманың құрамына бірнеше түрлі клеткалар енеді. Олар эпителийлі- бұлшықет, ас қорыту және ерекше безді клеткалар. Губкалардағы сияқты ішекқуыстыларда асты клетка ішінде қорытады. Сол сияқты энтодерманың безді клеткалары ас қорыту сөлдерін гастраль қуысына шығарып сонда ас қорытылады. Гидралар жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Сцифомедуазалар класы. 200 түрден тұратын медузалар тек қана теңізде тіршілік етеді. Денесі дөңгелек шатыр тәрізді. Шатырдың астыңғы ойыс жағындағы төрт бұрышты ауызы орналасқан. Ауыздың шеттері созылып 4 ауыз қалақшаларын жасайды. Ауызы шатырдың ортасындағы қарынға барып жалғасады, қарын онша терең емес төрт қалта тәрізді ойықтар құрады. Қарынға шеттен гастраль жіпшелері бар төрт білеу еніп тұрады. Қарыннан дененің шетіне қарай радиалды өзектер жүйесі тарайды. Өзектер дұрыс кезектесіп орналасады да шатырдың жиегіндегі сақиналы өзекке барып жалғасады. Сөйтіп, бұл өзектер гастроваскулярлы жүйені құрайды. Негізгі өзектердің шетінде жатқан кейбір қармалауыштар өзгеріп, жиек денешіктеріне немесе ропалияларға айналады. Ішінде көру және тепе-теңдік мүшелері дамиды. Медузалар дара жынысты. Жыныс бездері қарын қалталарының төменгі жағындағы энтодермадан жасалынады. Пісіп жетілген жыныс клеткалары медузаның аузы арқылы сыртқа шығарылады. Жұмыртқадан дернәсіл планула пайда болады. Ол жүзіп жүріп біраздан кейін бекінеді. Планула кейінірек жеке полип – сцифистомаға айналады. Бұл полип бүршіктену арқылы басқа сцифистомалар жасай алады. Сцифистомада жүретін негізгі процесс – стробила жасау. Стробила жасау процесінде дисклілер жас медузалар пайда болады. Оларды эфира деп атайды. Эфира одан әрі дамып ересек медузаға айналады. Сонымен, сцифомедузаларда айқын білінетін метагенез байқалады, яғни жынысты және жыныссыз ұрпақтары ауысып отырады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №5. Тақырыбы: Екіжақты-симметриялы жануарлар бөлімі. Алғашқыауыздылар қатары. Жалпақ құрттар типі. Трематодтар класы. Таспа құрттар класы. Мақсаты: Жалпақ құрттар, олардың негізгі кластары, өкілдері туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері. Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері. Таспа құрттар класы, құрылысының ерекшеліктері және маңызды өкілдері. Жалпақ құрттар типінің өкілдері қосжақтаулы симметриялы (билатералды), олардың денесінен бір ғана симметрия кесіндісін өткізуге болады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесі кезінде үш ұрық жапырақшасы жасалады. Жабын жасайтын эктодерма мен ішек түзетін энтодерманың арасында аралық ұрық жапырақша – мезодерма бар. Көбінесе денесі ұзына бойына созылған және арқа бүйір бағытында қабысқан (жапырақ, тақта, таспа тәрізді). Жалпақ құрттардың құрылысының негізгі ерекшелігі – тері-бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында жатқан бұлшықет талшықтарының күрделі жүйесі. Бұл бірнеше қабаттарға ыдырап, жануардың бүкіл денесін эпителийдің астында тұтас қапшық ретінде жауып тұрады, ал жоғарғы билатералды жануарларда талшықтар жеке ет шоғырларына бөлініп кетеді. Тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықеттердің жиырылуының нәтижесінде құрт тәрізді қозғалыс қамтамасыз етіледі. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, олар қуыссыз немесе паренхималы жануарлар: ішкі мүшелерінің арасындағы кеңістік паренхимадан немесе мезодермалы дәнекер борпылдақ ұлпамен толып тұрады. Паренхиманың ролі әртүрлі. Оның қызметтеріне - тірек, қоректік заттардың қоры жиналатын жер мен зат алмасу процестерінде маңызды орын алады. Ас қорыту түтітігі қарапайым, тек қана екі бөлімнен тұрады: эктодермалы алдыңғы ішек немесе жұтқыншақ және тұйық бітетін энтодермалық ортаңғы ішек. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Паразит түрлерінде ас қорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен. Жүйке жүйесі жұп ми түйінінен (ганглийден) және одан артқа қарай кететін жүйке бағаналарынан тұрады. Жүйке бағаналары бірімен-бірі сақиналы жүйкелер арқылы қосылған. Екі ұзынабойлық бағаналар өте жақсы дамыған. Жалпақ құрттарда жүйке жүйесінің орталық реттеу аппараты пайда болған. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды. Зәр шығару жүйесі протонефридий типті. Олар паренхимада бір шоғыр кірпікшелері бар ерекше жұлдызша клеткалармен аяқталатын тармақталған өзектер жүйесінен тұрады. Протонефридийлер сыртқа ортамен арнайы зәр шығару тесіктері арқылы байланысады. Жалпақ құрттардың жыныс жүйесі гермафродитті, жыныс өнімдерін шығаратын күрделі өзектерден және іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелерден тұрады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №6. Тақырыбы: Алғашқықуысты құрттар типі. Нематодтар класы. Мақсаты: Жұмыр құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Алғашқы қуысты құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері. Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері. Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік. Жұмыр құрттар типіне тән негізгі белгілеріге жатады: Денесі бунақталмаған (сегменттелмеген). Денеде алғашқы қуыс пайда болады, ол қоршаған ұлпалармен шекараласып жататын ішкі мүшелердің арасындағы саңылаулар. Жалпақ құрттардан айырмашылығы - көпшілік жұмыр құрттар дара жынысты және жыныс аппараты өте қарапайым құрылысты. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды. Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген тері бездері немесе протонефридий типтес немесе мүлдем болмайды. Жүйке жүйесі ортогон типтес және жабынымен тығыз байланысты, сезім мүшелері нашар дамыған. Ас қорыту жүйесінде артқы ішегі мен аналь тесігі болады. Нематодтар немесе нағыз жұмыр құрттар класы. Жануарлар әлеміндегі ең көп санды кластың бірі, олардың 10000 түрі белгілі. Еркін тіршілік ететін нематодтар бүкіл жер шарында кең таралған, бірі суда кездессе, екіншілері топырақта тіршілік етуге бейімделген. Нематодтардың қатысуынсыз ешқандай шіру процесі жүрмейді. Паразит ретінде жұмыр құрттар жануарлар мен өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мене бунақденелілердің паразиттері ретінде олар әуені де меңгерген. Нематодтардың пішіні цилиндр немесе ұршық тәрізді. Көлденең кесіндісі жұмыр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, ал артқы ұшының құрсақ жағында аналь тесігі орналасқан. Нематодтардың денесінің сыртын тығыз күрделі құрылысты көп қабатты кутикула қаптаған. Кутикула нематодтардың ерекше сыртқы қаңқасы, ол ішкі қуыстағы сұйық заттардың қысымымен бірге дене бұлшық еттеріне тірек болып тұрады. Кутикула сол сияқты механикалық бүлінуден және улы заттардан қорғау қызметтерін атқарады. Кутикуланың астында гиподерма жатады. Тері-бұлшықет қапшығының арасында өте үлкен дене қуысы жатады. Бұл алғашқы дене қуысы оны қоршаған мүшелермен шекараласып жатады және өз қабырғасы болмайды. Тірек қызметінен басқа алғашқы қуыс зат алмасуда да негізгі рөл атқарады. Алғашқы дене қуысы қан айналу жүйесі сияқты организмнің ішкі ортасының қызметін атқарады. Схизоцель деп аталады. Ас қорыту жүйесі ұзынша түтік түрінде алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек болып үш бөлімге бөлінеді. Еркін өмір сүретін нематодтар әртүрлі ұсақ организмдермен, паразиттер жануар-иесінің сөлімен, кейбіреулері иесінің қанымен, ал өсімдік паразиттері олардың ұлпаларымен қоректенеді. Жүйке жүйесінің орталық бөлімі жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан жасалынған. Сақинадан алдыға және артқа қарай жүйке салалары тарайды. Екі негізгі жүйке салалары бір-бірімен жұқа жартылай сақиналар тәрізді көптеген комиссуралармен қосылады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №7. Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Көпқылтанды құрттар класы. Мақсаты: Буылтық құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының неғұрлым жоғары деңгейге көтерілуі. Көпқылтанды буылтық құрттар класының жалпы сипаттамасы. Сырғанайтын, жүзетін, қазатын және түтіктерде өмір сүретін полихеттердің құрылыс ерекшеліктері. Көбеюге байланысты биологиялық құбылыстар. Аннелида типінің негізгі белгілері: Буылтық құрттардың денесі бас жақтауынан, бунақталған кеудеден және артқы аналь жақтауынан – пигидийден тұрады. Жақсы жетілген тері-бұлшықет қапшығы болады. Екінші кезектегі дене қуысы – целом бар. Ауыз тесігі кеуденің бірінші буынының құрсақ жағында орналасады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан, жұтқыншақтан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь жақтауынан және ұшында ашылатын аналь тесігінен тұрады. Көпшілік буылтық құрттарда жақсы дамыған тұйық қан айналу жүйесі пайда болады. Зәр шығару қызметін нефридий атқарады, әр бунақта бір жұптан болады. Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Қарапайым құрылысты буылтық құрттар дара жынысты; кейбір аннелидтерде екінші рет гермафродитизм пайда болған. Типтің төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфозды жүреді, дернәсілі – трохофора. Көп қытландылар класы. Бұл класс 5300 түрден тұратын өкілдерге бай буылтық құрттар, негізінде теңізде тіршілік етеді. Көпшілігі белсенді қоғалып судың түбінде жорғалайды, шөгіндіні қазады және жүзеді; басқалары – қорғаныш түкшелерінде қозғалмай отырады. Біраз ғана өкілдері паразиттер. Полихеттер класына тән белгілер: бас жақтауының сезім өсінділері жақсы дамыған, әрқашан да бір жұп пальпасы болады, қозғалмайтын полихеттерде қармалауыштар тәрізді өсінділер шашағына, яғни желбезектерге айналады. Дененің әр буынында бір жұп қарапайым аяқшалар – қылтанды параподийлер орналасқан. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №8. Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Азқылтанды құрттар класы. Сүліктер класы. Мақсаты: Азқылтанды құрттар және сүліктер туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Азқылтанды құрттар класының жалпы сипаттамасы. Сүліктер класының жалпы сипаттамасы. Жартылай паразиттікке көшуге байланысты азқылтанды құрттардың және сүліктердің құрылыс ерекшеліктері. Практикалық маңызы. Азқылтанды құрттар класы. Олигохеттердің 3400 түрі белгілі. Алдыңғы бөлімінде кішкене қозғалмалы басжақтауы орналасқан, оның көздері, антенналары және пальпалары болмайды. Қылтан саны аса көп болмағандықтан аз қылтандылар деп атайды. Ас қорыту жүйесі жақсы жіктелген бөлімдерден тұрады – жұтқыншақ, өңеш, етті қарын, ортаңғы және артқы ішек. Жауын құртының өңешіне үш жұп ерекше ізбес бездері ашылады. Қан айналу жүйесі көп қылтанды құрттардағы сияқты. Арқа қан тамыры және сақиналы тамырлары бар. Зәр шығару мүшелері бунақталып орналасқан көптеген метанефридийлерден құралған. Зәр шығаруға қатысатын хлорагогенді клеткалар ортаңғы ішек пен қан тамырларының үстінде жатады. Жүйке жүйесі жұп бас миынан, жұп жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Сезім мүшелері аз қылтандыларда нашар дамыған. Көздері болмайды. Жыныс жүйесі. Олигохеттер гермафродитті, гонадалары аз мөлшерде жыныс бунақтарында шоғырланған. Аналық жыныс жүйесі 13-бунақта орналасқан бір жұп өте ұсақ жұмыртқа бездерінен және 14-бунақта ашылатын бір жұп оймыш жұмыртқа жолдарынан, тұқымқабылдағыштардан тұрады. Жауын құрттары айқас ұрықтанады. Олигохеттердің дамуы трохофора дернәсілінсіз жүреді. Жұмыртқалар пілләнің ішінде дамып, одан жетілген құрт шығады. Сүліктер класы. Сүліктер еркін өмір сүруші жыртқыштар немесе басқа жануарларға шабуыл жасап, олардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Теңіз, тұщы су және сирек жағдайда құрлық жануарлары. Сүліктердің 400-ге жуық түрлері белгілі. Сүліктердің полимерлі жануарлар, бунақ сандары тұрақты, қылтандары жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы ұштарында бір-бірден сорғыштары бар, айқын бас және аналь жақтаулары болмайды. Целомы жойылып, қаны бар лакунды жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толып тұрады. Гермафродиттер, тура дамиды. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №9. Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. Бауыраяқтылар класы. Тақтажелбезектілер класы. Мақсаты: Былқылдақденелілер типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Былқылдақденелілердің құрылыс ерекшеліктері. Бауыраяқтылар класының жалпы сипаттамасы. Тақтажелбезектілер класының жалпы сипаттамасы. Былқылдақденелілер немесе моллюскалар типіне тән белгілер: Былқылдақденелілер билатеральды-симметриялы жануарлар, кейбір өкілдерінің денесі асимметриялы. Былқылдақденелілердің дене бітімі бунақталмаған. Былқылдақденелілер – екінші кезектегі дене қуысы бар жануарлар. Целомның метамерсіз қалдығы жүрек қабы мен гонадалар қуысы түрінде берілген. Былқылдақденелілердің денесі үш бөлімнен тұрады – бас, көкірек және аяқ. Көкірегі ішкі қапшық түрінде арқа жағына қарай үлкейіп өседі. Аяқ - дененің құрсақ қабырғасының бұлшықетті сыңар өсіндісі және қозғалу қызметін атқарады. Көкіректің негізі үлкен терілі қатпар – мантиямен қоршалған. Мантия мен дененің арасында мантия қуысы орналасады да ішінде желбезектер, кейбір сезім мүшелері жатады. Дененің арқа жағында мантия бөліп шығаратын қорғаныш бақалшағы болады, ол көбінесе тұтас, кейде қос жақтаулы немесе бірнеше тақталардан тұрады. Көпшілік былқылдақденелілердің жұтқыншағында асты ұсататын ерекше аппарат үккісі немесе радуласы болады. Қан айналу жүйесі қарынша мен жүрекшелерден тұратын жүректің болуымен сипатталады. Тыныс алу мүшелері – алғашқы желбезектер – ктенидиялар. Зәр шығару қызметін түрі өзгерген целомодуктылар – бүйректер атқарады. Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді жүйке жүйесі деп аталады. Былқылдақденелілердің дамуы көп қылтанды құрттарға ұқсас. Төменгі сатыдағы өкілдерінде дернәсілі трохофора, қалғандарында – желкенше пайда болады. Былқылдақденелілердің 130000 түрі белгілі. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №10. Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы. Мақсаты: Буынаяқтылар типі, негізгі кластары туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Буынаяқтылдар типіне біріктірілетін жануарлардың негізгі кластары. Алғашқы су буынаяқтылары ретінде шаянтәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Даму типтері, дернәсілдік кезеңдері. Маңызды өкілдері, олардың таралуы. Жоғары сатыдағы шаяндардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Теңіз, тұщы су және жерүсті теңаяқтылары. Кәсіптік шаянтәрізділер. Шаянтәрізділер су фаунасының маңызды бөлімін құрайды. Белгілі түрлерінің саны шамамен 20000. Шаянтәрізделер негізінде теңіздер мен әртүрлі тұщы суларды, сол сияқты жер асты суларында да мекендейді. Планктонды және бентосты түрлері де кезеседі. Кейбір шаяндар бекініп тіршілік етеді; көптеген паразиттері де белгілі. Шаяндардың әртүрлі топтарының құрлықта тіршілік етуге көшкендері де бар. Басқа буынақятылардан шаян тәрізділер кейбір ерекшеліктерімен ажыратылды. Біріншіден, екі жұп мұртшаларының қатар болуы акронның өсіндісі – антеннулалар және дененің 1-ші бунағының түрі өзгерген аяқтары -– антенналар. Екіншіден, шаянтәрізділерде ғана аяқшалары қарапайым қос тармақты құрылымын сақтап қалады. Бірақ эволюция процесінде аяқтардың осы алғашқы түрі күшті өзгерістерге ұшыраған: аяқтары екінші рет бір тармақтан тұрады. Шаянтәрізділерде аяқшалардың ерекше өсінділері – эпиподиттерде орналасқан желбезектердің көмегімен тыныс алады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №11. Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы. Мақсаты: Өрмекшітәрізділер класы, оның негізгі отрядтары туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Семсерқұйрықтылар ерте заман су хелицералылары ретінде; олардың құрылысының және дамуының ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің шығу тегін түсінуде семсерқұйрықтылардың маңызы. Өрмекшітәрізділердің құрылыс ерекшеліктері. Өрмекшітәрізділердің денесінің бөлімдерге бөлінуі. Таралуы және тіршілік әрекеттері. Улы және адаммен жануарларға қауіпті өрмекшілер. Өрмекшітәріздер класына 10 отрядқа жататын құрлық хелицералыларының 36000 түрі біріктеріледі. Олар өкпелерімен немесе кеңірдектерімен тыныс алады және коксаль бездерінен басқа құрсақта жатқан мальпиги түтіктері түріндегі зәр шығару аппараты бар. Өрмекшітәрізділердің денесі баскөкірек пен құрсақтан тұрады. Кеуде бунақтарының бірігуі көпшілік өрмекшілер мен кейбір кенелерде байқалады. Баскөкіректе 6 жұп аяқтары болады. Алдыңғы екі жұбы - хелицералар мен педипальпалар тамақты ұсату және ұсату қызметтерін атқарады. Қалған 4 жұп баскөкірек аяқтары жүргіш аяқтардың қызметін атқарады және тырнақпен аяқталады. Құрсақтарында аяқтары болмайды. Хелицералылардың жабындары кутикуладан, гиподермадан және базаль жарғағынан тұрады. Ас қорыту жүйесі әр өкілдерінде әртүрлі. Алдыңғы ішегі кеңейіп күшті еттермен қаруланған жұтқыншақ құрады. Алдыңғы ішекке сілекей бездері ашылады. Көпшілік өрмекші тәрізділерде ортаңғы ішегі ұзын. Бұларда ішектен тыс ас қорыту, ішекте және клетка ішілік ас қорыту байқалады. Көпшілік Арахнида – жыртқыштар, бірақ омыртқалылардың қанымен қоректенетін паразит түрлері және өсімдіктердің шырынын соратын, сол сияқты өсімдік қалдықтарымен қоректенетін көптеген өсімдік қоректі түрлері де болады. Жүйке жүйесі әртүрлі. Бас миының құрылысы күрделі. Оның құрамына екі бөлім кіреді: алдыңғы – протоцеребрум және артқы - тритоцеребрум. Сезім мүшелері де әртүрлі. Өрмекші тәрізділерге өте маңызды механикалық, сипап сезу тітіркендіргіштер сезгіш түтіктері арқылы қабылданады. Көру мүшелері көпшілік түрлерінде болады. Қан айналу жүйесіне остиялары бар жүректен және жүректің алдыңғы және артқы ұштарынан немесе тек қана алдыңғысынан бір ғана тамыр қолқа тарайды. Жыныс жүйесі. Жыныс бездері құрсақта жатады және қарапайым түрлерінде қосарлы. Аталықтарында әртүрлі қосымша бездері, аналықтарында тұқым қабылдағыштар дамиды. Көп өрмекші жұмыртқа салады. Бірақ құршаяндарда, жалған құршаяндарда және кейбір кенелерде тірі туу байқалады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №12. Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы. Мақсаты: Бунақденелілердің құрылысының ерекшеліктері туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Насекомдардың құрлыққа, ауалы ортаға бейімделген буынаяқтылар ретінде құрылысының ерекшеліктері. Насекомдардың жалпы морфо-физиологиялық сипаттамасы. Бунақденелілер – Жер бетінде саны бойынша көп шамамен 1 млн түрді біріктіретін жоғары топ болып саналады. Бунақденелілер - буынаяқтылардың ішіндегі прогрессивті дамыған топ болып саналады. Жер бетінде олардың кең таралуына құрылыс және даму ерекшеліктері әсер еткен. Олардың жабындары денені кеуіп кетуден сақтайтын эпикутикуламен жабылған. Оларда барлық мүшелерге дейін оттегіні жеткізетін кеңірдекті жүйе күшті жетілген. Олар буынаяқтылардың ішінде жақсы қозғалатын жануарлар. Сол сияқты олар ұшуға да бейімделган. Ұшу – бұл бунақденелілер эволюциясындағы маңызды прогресситві жетістік болып табылады. Бунақденелілердің денесі анық үш бөлімнен тұрады: басы, кеудесі және құрсағы. Олар тек құрамына кіретін сегменттерде орналасқан өсінділер мен аяқтардың құрылысы және олардың атқаратын қызметтері бойынша ерекшеленеді. Басы кеудеден анық бөлінген. Басы өте күшті хитинделген және бас капсуласына айналған. Вентральды жағында ауыз тесігі бар. Бас капсуласы ауыз аппараты мүшелерінің, антенналардың және көздің орналасу жері болса, ал ішкі жағынан бас миын жауып тұрады. Маңдай бет жабынымен, жоғары ерінмен, көзді қоса алғанда акронға сәйкес келеді. Басының алдыңғы жағында жұп антеннасы, немесе мұртшалары болады. Мұртшаның кейбір буындарының мөлшері бекитін жерінде іріректеу, ал қалғандары – кішілеу, саны көп болып бірікенде бұрау құрайды. Мұртшалар жануар денесімен қозғалмалы байланысқан. Олар дәм және иіс сезу функцияларын атқарады. Ауыз аппараты жоғары еріннен, жұтқыншақастынан, екі жұп жақтан және төменгі еріннен тұрады. Кеуде үш бөлімнен тұрады: алдыңғы бөлім – алдыңғы кеуде, ортаңғы бөлім – ортаңғы кеуде және артқы бөлім – артқы кеуде. Вентральды жағындағы сегменттер стерниттер, ал дорзальды жағынан тергиттер деп аталады. Кеудеде екі жұп қанаттары орналасқан, олар арқа жағынан дененің көп бөлігін жауып жатады. Морфологиялық жағынан қанаттар аталықтарында жақсы жетілген, бірақ олардың қызметі нашар дамыған, ал аналықтарында олар тіпті редукциялануға дейін барған. Кеудесінде үш жұп жүргіш аяқтары бар; сондықтан бунақденелілерді алты аяқтылар – Hexapoda (гексапода) деп атайды. Аяқтарының құрылысы біртекті; бірінші жұп алдыңғы кеудеге, екінші жұп ортаңғы кеудеге, үшінші жұп артқы кеудеге бекініп тұрады. Аяқ бес элементтен құралады. Негізгі буын – жамбас, ол жақсы жетілген, пішіні жалпақ ұзынша тақта тәрізді. Одан кейін кішкене буыны ұршығы бар, ол қозғалмай санмен байланысқан. Санға жалғасып жатқан сирақ жақсы жетілген; бұлар аяқтың ұзын бөліктері болып табылады. Соңында табан, ол өз алдына бес бунақтан тұрады. Табанның дистальды буынында тырнақтары бар, олардың арасында астыңғы жағында жастықша – пульвилла болады. Кеуде мен құрсақ арасындағы шекара өте жақсы білінеді. Құрсақ мөлшері әртүрлі он сегменттен тұрады. Тергиттердің барлығы жақсы көрінеді. Кейбір бунақденелілерде церкийлері бар, бұлар иіс сезу мүшелері. Церкийлер түрі өзгерген құрсақ аяқтары. Бунақденелілердің ауыз аппаратының негізгі қызметі қоректі тасымалдау. Бірақ бұл жалпы қызмет әртүрлі формада болады, яғни оның құрылысымен және ауыз аппараттарының әртүрлі типтерінің функцияларымен байланысты. Олардың шығу тегі бір болғандықтан әртүрлі құрылысты болса да олардың өзара байланысын және сәйкес мүшелердің ұқсастығын көруге болады. Ауыз аппарттарының төмендегідей типтері бар: Ауыз аппаратының кеміргіш типі. Осы типтегі ауыз аппараты бар бунақденелі оның көмегімен ұнтақтауды, үзіп алуды, бөлшектеуді қажет ететін қатты қорекпен қоректенеді. Бұл ауыз аппараты түзуқанаттыларға, қоңыздарға және инеліктерге тән. Жалағыш, немесе кеміргіш-жалағыш ауыз аппараты. Бұл ауыз типі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: жоғары ерін, жоғары жақ және тұмсық. Араның ауыз аппараты өсімдіктің шырынымен қоректенуге бейімделген. Ауыз тесігіне сұйықтықтың көтерілуі жұтқыншақ пен ауыз бөлімдерінің белсенді сору қызметі арқылы жүзеге асады. Сорғыш ауыз аппараты. Барлық көбелектерге, немесе қабыршаққанаттыларға бір типті ауыз аппараты тән. Сыртқы түрі бойынша бұл ауыз аппараты да тұмсық болып табылады. Тескіш–сорғыш ауыз аппараты. Бұл ауыз аппараты сырт жағынан қарағанда тұмсық сияқты, бірақ алдыңғы қарастырылған ауыз аппараттарынан өзгешелігі бар. Қандалалардың ауыз аппараты жануар немесе өсімдік жабынының астындағы сұйық қоректі қабылдауға бейімделген. Тескіш-сорғыш аппараты. Атқаратын функциясы бойынша ол қандаланың ауыз аппаратына ұқсас. Морфологиялық жағынан оны құрайтын бөліктердің ұзындығы бойынша ерекшеленеді. Бунақденелілердің ішкі құрылысы. Бунақденелілердің ішкі құрылысы бұл буынаяқтылардың жер үстінде құрылықта тіршілік етуге көшу ерекшеліктеріне байланысты. Құрсақтың барлық сегменттерінде түтік екі шетінде жұп остиялары бар камералар түзеді, остиялардың клапандары бар. Тамырдың бұл бөлігі жүрек деп аталады, оны үлпершек қуысы қоршап тұрады. Жүректің артқы бөлігі тұйық, алдыңғы бөлігі қолқаны түзеді және ол дене қуысына ашылады. Дене бойымен үш жұп негізгі кеңірдек бағаналары өтеді. Кеңірдекті бағаналар сыртқы ортамен стигмалар арқылы байланысады. Әр бүйірлі кеңірдек барлық тыныс тесіктерін дененің бір жағынан байланыстырып тұрады. Стигмалар арқылы ауа бүкіл кеңірдекті жүйеге еркін өтіп, кез келген мүшеге және ұлпаға барады. Ас қорыту жүйесі және зәр шығару мүшелері. Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан басталады; оның артқы бөлігінде сілекей бездерінің жолдары ашылады. Сілекей бездері жұп, шоқ тәрізді, күшті жетілген және жұп резервуарларымен байланысқан. Одан әрі ол жұтқыншаққа барады, ол қысқа түтік тәрізді өңешке жалғасады. Өңеш біртіндеп қап тәрізді жемсауға айналады, оның артында бұлшықетті қарын бар. Жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарын – құрамды бөліктер, немесе алдыңғы ішектің мүшелері. Жемсауда қорек біраз бөгеледі және оған түскен сілекей әсерімен қорытылады. Шайнағыш қарынның күшті бұлшықетті қабырғалары бар. Ортаңғы ішектің пішіні цилиндрлі түтік тәрізді. Алдыңғы бөліммен байланысқан шекарасында ол сегіз тұйық саусақ тәрізді өсінділер түзеді, олардың құрылысының және қызметінің ортаңғы ішектен айырмашылығы жоқ. Эктодермальды артқы ішек бөлімдерге бөлінеді: ащы ішек – өте қысқа, тоқ ішек – салыстырмалы ұзын, ол кеңейген ректальды бөлімге ауысады және ол аналь тесігімен аяқталады. Артқы ішекте қорытылған қоректен судың сіңірілуі жүреді, қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылады. Зәр шығару жүйесіне ортаңғы ішек пен артқы ішектің шекарасында радиальды орналасқан жіңішке түтіктер – мальпиги тамырлары жатады. Мальпиги түтіктері негізгі зәр шығару мүшелері болып табылады. Бөлінетін заттар несеп қышқылы, натрий және кальций тұздары және тағы басқалар. Зәр шығару жүйесінің қосымша мүшесіне майлы дене жатады, ол көптеген бунақденелілерде күшті жетіледі. Сонымен қатар, майлы дене насекомның ашығу кезеңіне қажетті қоректік заттар қорын жинауға қатысады. Жыныс және жүйке жұйесі. Аналық жыныс жүйесіне жұмыртқа бездері, жолдары және қосымша бездері жатады. Аталық жыныс мүшелері жұп тұқым безінен, жұп тұқым жолдарынан, сыңар тұқым шығарғыш каналынан және қосымша бездерден тұрады. Орталық жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті және жұтқыншақ асты ганглийлерінен және құрсақ жүйке тізбегінен тұрады. Бунақденелілердің постэмбриональды дамуы. Бунақденелілердің ұрықтан кейінгі дамуы әртүрлілігімен сипатталады, ол өкілдерінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Бунақденелілердің дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Метаморфоздың әр типі бунақденелілердің белгілі бір тобына тән болып келеді, бұл класс төңірегінде топтарды танып-білуге және бір-бірінен бөлуге көмегін тигізеді. Бунақденелілердің дамуының кең таралған типі толық емес метаморфозда дернәсілден ересек стадияның, немесе имагоның қалыптасуы болып табылады. Постэмбриональдық дамуда толық емес метаморфозда дернәсілдік кезеңдердің сипаты бойынша дамудың екі типін бөліп қарастыруға болады. Бірінші жағдайда дернәсілде дамудың алғашқы кезеңдерінде ересек формаға тән белгілері бар. Мұндай дернәсілдер ересек формаға тіршілік әрекеттері және қоректену тәсілдері бойынша да ұқсас болады. Олардың негізгі айырмашылықтарына қанаттарының болмауы, жыныс жүйелерінің жетілмеуі және дене бөлімдерінің өзіндік мөлшерінің қарым-қатынасы жатады. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №13. Тақырыбы: Жасырынжақтылар класс тармағы. Толық түрленбей дамитын насекомдар. Мақсаты: Толық түрленбей дамитын насекомдар туралы мәлімет беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Жасырынжақтылардың қарапайымдылығын және көпаяқтылармен жақындығын көрсететін құрылысы мен дамуының ерекшеліктері. Тарақандар отряды, құрылысының, дамуының, тіршілік әрекетінің ерекшеліктері. Түзуқанаттылар отряды. Инеліктер отрядының ауыз аппаратының құрылысынң ерекшеліктері, көбеюі және дамуы. Теңқанаттылар – ауыл шаруашылығының зиянкестері. Қандалалар мен биттердің жыртқыш және паразиттік түрлері. Күресу жолдары. Инеліктердің 3500 түрі белгілі, жыртқыштар. Басы және көздері үлкен, мұртшалары қысқа; екі жұп қанаттары күшті жүйкеленген және дене бойына жиналмайды. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; құрсағы ұзын, таяқша тәрізді. Постэмбриональды дамуы толық емес метморфоз арқылы, дернәсілі суда тіршілік етеді және 3-тен 5 жасқа дейін дамиды. Дернәсілінің ересек күйге ұқсастығы және провизорлы мүшелері бар. Біркүндіктердің 1000 шақты түрі белгілі. Ересек күйі қоректенбейді, жақтары редукцияланған, ішектері жетілмеген және ауаға толып тұрады; тіршілік ету ұзақтығы бір күннен бірнеше күнге дейін, қанаттары тыныштық күйде арқа үстінде вертикальды жиналып тұрады, артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу, кейде рекдукциялануға дейін барады, қатты жүйкеленген; құрсағында 2-3 ұзын құйрық жіпшелері бар. Постэмбриональды дамуы толық емес метамофоз арқылы жүреді, дернәсілі бірнеше жыл суда өмір сүреді, ересек бунақденеліге үқсас, бірақ кеңірдекті желбезектері түрінде провизорлы мүшелері бар. Тарақандар отрядының 2200 жуық түрі бар. Қорек талғамайды, денесі жалпақ, басы жоғары жағынан алдыңғы арқамен жабылған; мұртшалары ұзын, қылтанақ тәрізді; ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; алдыңғы қанаттары терілі, үстіңгі қанаттарға айналған, артқы қанаттары жарғақты; тыныштық күйінде қанаттары құрсаққа жиналып тұрады; ақтары ұзын, жүгіргіш типті; құрсағында церкийлері бар. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді. Түзуқанаттылар отрядының 10000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректі бунақденелілер, ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш типті; екі жұп қанаттары тыныштық күйде құрсаққа жиналып тұрады; аяқтары секіргіш (артқы), кейде қазғыш (алдыңғы); құрсағында жұмыртқа салғышы бар. Қандалалар отряды, немесе Жартылайқатқылқанаттылардың, 22000 жуық түрі белгілі. Өсімдікқоректілер, өсімдіктердің шырынын сорады; суда өмір сүретін жыртқыш түрлері де бар; кейбір түрлері қансорғыштар. Ауыз аппараты тескіш-сорғыш; екі жұп қанаттарының құрылысы әртүрлі: алдыңғылары жартылай элитраға айналған – негізгі бөлімі күшті қаңқаланған, дистальды бөлімі - жарғақты; артқы қанаты жарғақты. Дамуы толық емес метаморфоз арқылы жүреді. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №14. Тақырыбы: Толық түрленіп дамитын бунақденелілер. Мақсаты: Толық түрленіп дамитын насекомдар туралы мәлімет беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Қаттықанаттылар отрядының ауыз аппаратының, аяқтарының және қанаттарының құрылысының ерекшеліктері. Қоңыздардың дернәсілдерінің негізгі формалары. Зиянкес және пайдалы қоңыздар. Көбелектер отрядының құрылыс ерекшеліктері. Көбеюі және дамуы. Көбелектер – орман, бау, бақшалардың зиянкестері. Негізгі тұқымдастары. Жарғаққанаттылар, қосқанаттылар отрядтарының құрылысының ерекшеліктері. Қоғамдық насекомдардың ерекшеліктері. Құмытылардың, қансорғыш масалардың, соналардың және т.б. таралуы, тіршілік орны, тіршілік әркеттері. Күрес жолдары. Қоңыздар отряды, немесе Қатқылқанаттылардың, 250000 түрі белгілі. Тіршілік ету орталары және жағдайлары, әсіресе қоректену типтері алуан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-шайнағыш; жабындары қатты қаңқаланған; алдыңғы қанаттары элитраға айналған. Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі нағыз, немесе аяқсыз; қуыршағы ашық типті. Жарғаққанаттылар отрядының 90000 түрі бар. Өсімдікқоректілер, паразиттер және жыртқыштар; тіршілік әрекеттері аулан түрлі. Ауыз аппараты кеміргіш-жалағыш, кейде кеміргіш-шайнағышқа жақын келеді; аяқтары әртүрлі құрылысты, оның ішінде жинағыш та бар; екі жұп жарғақ қанаттары нашар жүйкеленеген; артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда кішілеу. Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілдері жалғанжұлдызқұрт немесе аяқсыз типті; қуыршағы бос. Қосқанаттылар отрядының 85000 түрлі белгілі. Биологиясы өте алуан түрлі; өсімдіктердің ұлпалық сұйықтығымен, ыдыраған және басқа заттармен қоректенеді; қансорғыштары да көп. Ауыз апараты тескіш-сорғыш, кейде шыбынға ғана тән құрылысты; бір жұп алдыңғы қанаттары жарғақты; екінші жұптарының орнында – колба тәрізді ызылдауықтары бар; дене жабындары әлсіз қаңқаланған. Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі аяқсыз типті, кейде құрттәірзді дернәсіл; қуыршағы бос немесе жалған піллә типті. Қабыршаққанаттылар отряды, немесе көбелектердің, 140000 түрі белгілі. Ауыз аппараты сорғыш түтікті, басының төменгі жағында спиральды иілген; екі жұп қанаттары бар, бүкіл денесін және қанаттарын микроскопиялық қабыршақтар жауып тұрады. Дамуы толық метаморфоз арқылы; дернәсілі – кеміргіш ауыз аппараты бар жұлдызқұрт; қуыршағы жабық немесе піллә типті. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Курс зоологии. Зоология беспозвоночных. В 2-х томах. – М., 1961, 1966. Жизнь животных. Т. 1-3, М., 1969. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. Лекция №15. Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі. Мақсаты: Тікентерілілер типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру. Лекцияның жоспары және қысқаша мазмұны: Тікентерілілер типіне біріктірілетін жануарлар кластары: теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары, офиурлар немесе жыланқұйрықтылар, теңіз кірпілері және голотуриялар немесе теңіз қиярлары. Барлық осы кластар өкілдеріне тән және тікентерілілер типін сипаттайтын құрылыс ерекшеліктері. Тікентерілілердің көбеюі және дамуы: бөліну, гаструляция, дернәсілдерің негізгі типтері және олардың метаморфозы; мезодерманың түзілу процесінің ерекшеліктері, екінші ауыздың қалыптасуы. Тікентерілілердің таралуы және тіршілік әрекеттері. Тікентерілілер өте үлкен, 5000-ға жуық түрлері бар, теңіз түбінде еркін қозғалып, кейде ерекше сабақшасымен судың түбіне бекініп тұратын теңіз жануарлары. Бұл тип төмендегі белгілермен сипатталады: Тікентерілілерде радиалды және көбінесе бес сәулелі симметрия болады, бірақ олардың ата-тектерінде билатеральды симметрия болған. Тікентерілілердің тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртына шығып тұратын ізбесті тақталардан құралған қаңқа дамиды. Ішкі мүшелері өте кең дене қуысында жатады. Целомның бөліктерінің бірнеше күрделі жүйкелер қатарына жіктелуі, сол сияқты целомның есебінен қозғалыс мүшелері амбулакралды жүйесінің жасалуы тікентерілілер құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді. Қан айналу жүйесі бар; тыныс алу мүшелері нашар дамыған немесе мүлде болмайды; арнайы зәр шығару мүшерлері жоқ. Жүйке жүйесі примитивті және бір бөлігі тікелей тері эпителиінде немесе ішке батып жатқан дене қабырғасының эпителий бөлігінде жатады. Тікентерілілер дара жынысты. Жұмыртқалары толық радиалды бөлшектенеді. Оларға диплеврула дернәсілі тән. Қолданылатын әдебиеттер: Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зооологиясы. – Алматы, 2003. Т. 1, 2. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Түсіпова К.Т. Омыртқасыздар зоологиясы. – Алматы, 1998, 1999. Т. 1, 2. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. – М., 1981. Блинников В.И. Зоология с основами экологии. –М., 1990. Рыков Н.А. Зоология с основами экологии. -–М., 1981. 3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР Зертханалық жұмыс №1. Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы. Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу. Тапсырмалар: Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау. Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару. Сұрақтар: Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде? Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі? Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады? Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай? Цистаға айналу себептері неде? Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы. Стигманың фунциясы қандай? Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары. Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді? Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 2. Тақырыбы: Споралылар типі. Инфузориялар типі. Споралылар типінің жалпы сипаттамасы. Тіршілік циклінің ерекшеліктері. Классификациясы. Инфузория дамуының құрылысы. Туфелька мысалында инфузориялардың құрылысы. Инфузория отрядтары. Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу. Тапсырмалар: Омыртқалы жануарлардың ішщкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау. Сұрақтар: Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады? Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)? Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы? Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде? Ядролық дуализм дегеніміз не? Коньюгацияның биологиялық мәні неде? Инфузориялардың классификациясының негізі неде? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 3. Тақырыбы: Губкалар типі. Губка бадяга мысалында губкалардың құрылысы. Губкалардың классификациясы. Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу. Тапсырмалар: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу. Сұрақтар: Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде? Губкалардың клеткалары және олардың функциясы. Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай? Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 4. Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі. Гидраның сыртқы және ішкі құрылысы. Гидроидтылар класы. Сцифомедузалар класы. Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу. Тапсырмалар: Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу. Сұрақтар: Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай? Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы. Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй? Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық). Гидраның мекені және олар немен қоректенеді? Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде? Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 5. Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі. Билатеральды симметрия. Жалпақ құрттардың ішкі және сыртқы құрылысы. Кірпікшелі құрттар класы. Дигенетикалық сорғыштар және моногенетикалық сорғыштар кластары. Таспа құрттар класы. Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар: Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу. Сұрақтар: Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады? Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты? Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады? Турбелляриялардың жүйке жүйесі. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай? Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде? Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде? Аралық және негізгі ие дегеніміз не? Партеногенез дегеніміз не? Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар? Таспа құртар қалай қоректенеді? Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 6. Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі. Нематодтар класы. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен танысу. Нематодтар класының құрылыс ерекшеліктері. Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Тапсырмалар: Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу. Сұрақтар: Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде? Алғашқы дене қуысы дегеніміз не? Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай? Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай? Жұмыр құрттардың маңызы. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 7. Тақырыбы: Буылтық құрттар типі. Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы. Көпқылтанды құрттар класы. Құмқазар мысалында көпқылтанды құрттардың құрылысы. Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу. Тапсырмалар: Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек. Сұрақтар: 1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар? 2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде? 3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады? 4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген? 5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 8. Тақырыбы: Буылтыққұрттар типі. Жауын құрты мысалында азқылтанды құрттар класының құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік әрекеттері. Классификациясы. Сүліктер класы. Сүліктердің медициналық маңызы. Мақсаты: Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау. Тапсырмалар: 1. Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу. 2. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу. Сұрақтар: 1. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде? 2. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары. 3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері. 4. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы. 5. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы. 6. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 9. Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі. Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы. Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері. Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тапсырмалар: 1. Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек. 2. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу. Сұрақтар: 1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай? 2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай? 3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі. 4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады? 5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай? 6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән? 7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 10. Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Өзен шаянының және оның аяқтарының морфологиясымен танысу. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: циклоп, дафниялар. Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу. Тапсырмалар: Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу. Сұрақтар: 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай? 2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары. 3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай? 4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды? 5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі. 6. Дафнияның тіршілік циклі. 7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не? 8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы. Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 11. Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы. Өрмекшіәтәрізділердің жалпы сипаттамасымен танысу. Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Классификациясы. Кенелердің паразитті түрлері. Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу. Тапсырмалар: Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу. Сұрақтар: 1. Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде? 2. Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар? 3. Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай? 4. Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс 12. Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы. Насекомдар класы. Насекомдардың сыртқы құрылысы. Бунақденелінің денесінің морфологиясын оқып-үйрену. Тарақанның денесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері. Насекомдардың аяқтарын салыстырмалы түрде оқу. Мұртшалардың, аяқтардың, қанаттардың типтерін қарастыру. Насекомдарың ішкі құрылысы. Насекомдардың дамуы. Толық түрленбей және толық түрленіп даму онтогенездері. Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу. Тапсырмалар: Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу. Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау. Сұрақтар: Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан? Абдоменде қандай аяқтар орналасқан? Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады? Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар? Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде? Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты? Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы? Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай? Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады? Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не? Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері? Метаморфоз дегеніміз не? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976. Зертханалық жұмыс № 13. Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу. Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу. Тапсырмалар: Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Сұрақтар: Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді? Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай? Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай? Тарақандар отрядына тән белгілері қандай? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Зертханалық жұмыс № 14. Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары. Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу. Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу. Тапсырмалар: Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу. Сұрақтар: Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай? Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай? Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай? Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976. Зертханалық жұмыс № 15. Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі. Теңіз жұлдызының құрылысы. Тікентерілілер типінің жалпы сипаттамасы. Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу. Тапсырмалар: Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу. Сұрақтар: Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай? Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай? Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады? Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай? Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады? Қолданылатын әдебиеттер: Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985. Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969. Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975. 4. Курс жұмыстарының тақырыптары 4.1 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру. СҒЗЖ орындалуының негізгі формасы – жетекші жинақтап бір қалыпқа түсірген тапсырмаларды жеке-жеке орындау болып табылады. СҒЗЖ орындаудың алғашқы кезеңінде студенттерді зерттеудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету үшін топтасып орындау әдісін қолданады. ҒЗЖ-ына арналған тапсырмаларды келешегі бар тақырыптар бойынша алған жөн. Берілетін тапсырмалардың көлемі мен мәнін студенттердің жеткен жетістіктері мен бейімділіктеріне қарай бөлу керек. Студенттерді ҒЗЖ айналысуын барлық оқу кезеңінде үздіксіз қамтамасыз етуге міндетті. СҒЗЖ негізгі маңызды қағидасы айналысу тәсілі мен түрінің курстан курсқа, кафедрадан кафедраға, бір оқу саласынан келесі біріне, бір оқу түрі мен тапсырмасынан екінші бір түріне негізделеді. Мұнда негізгі зерттеу жұмысының қиындығы студенттердің оқу үрдісінде зерттеу қиындықтарын біртіндеп жоғарылатып отыру. Мысалы, студент бірінші және екінші курстарда бүтін және негізгі жұмыстардың жиынтығы мен жалпы ғылыми дайындық жасаудағы жаңашылдықпен, ғылыми жұмысты орындау қабілеті мен қарапайымдылығымен, өз қабілеті мен ғылыми жұмысты орындалуға негізделуі тиіс. Жоғарғы курстарда білімді, дағдыны ары қарай қалыптастыру, жетілдіру, бекіту, шығармашылық ойлауды дамыту және нақты міндеттерді шешуге, өз бетінше шешім қабылдауға, жүзеге асыруға үйрену, алынған білімді тәрбиеде пайдалану, жеке тапсырмалар бойынша студенттердің өз бетінше ғылыми зерттеу жұмысы үдерісінде жүргізіледі. Бұдан басқа ғылыммен айналысатын студенттердің сонғы курстарда оқытушылар мен қызметкерлердің жетекшілігімен студенттердің шығармашылық ұжымы жоғары оқу орынындарының лабораториялары мен өндірістерде зерттеумен, жобалау-конструторлық талдамалармен айналысатын, оның ішінде кешенді дипломдық және курстық жобаларды орындаумен, кейін нәтижесі қызығушылық танытқан өндірістерге енгізетін ғылыми-техникалық отрядтарға қатысуы міндетті болып саналады.Бұл студенттерге нақты міндеттер мен олардың шешімін, жобасын жасауға және өздерінің ұсыныстарын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы міндетті есеп берумен, конференция, үйірме отырысында баяндаумен, курстық жұмыс және т.б жазумен аяқталады. 1. Жер үсті-ауалы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары. 2. Сулы ортадағы тіршілікке бунақденелілердің адаптациялары. 3. Су омыртқасыздарының экологиялық топтары. 4. Омыртқасыздармен өсімдіктердің зақымдануы. 5. Шаянтәрізділер класының түрлік алуан түрлілілігі. 6. Ксилобионттардың комплексі. 7. Тұщы су қоймаларының зоопланктоны. 8. Су омыртқасыздарының әртүрлі топтарының тыныс алуға бейімделу ерекшеліктері. 9. Бунақденелілер - өсімдіктердің тозаңдандырушылары. 10. Қоңыздар – копрофагтар. 11. Азықтық өсімдіктің бір түрінде тіршілік ететін бунақденелілердің түрлік құрамы. 12. Мәдени өсімідктердің маңызды зиянкестері және олармен күрес жолдары. 13. Ескі кесілген ағаштарда кездесетін омыртқасыздар. 14. Инеліктер, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы. 15. Бал арасы, олардың құрылысы, тіршілік әрекеттері және маңызы. 16. Өрмекшілердің құрылыс ерекшеліктері және биологиясы, түрлік құрамы. 17. Улы омыртқасыздар. 18. Өсімдіктердің жарғаққанаттылармен тозаңдануы. 19. Өсімдіктердің қосқанаттылармен тозаңдануы. 20. Өсімдіктердің қатқылқанаттылармен тозаңдануы. 21. Омыртқасыз жануарлардың қорғаныштық бейімделушіліктері. 22. Қысқамұртты қосқанаттылардың түрлік құрамы. 23. Жарғаққанаттылардың түрлік құрамы. 24. Жартылай қатқылқанаттылардың түрлік құрамы. 25. Қида кездесетін шыбындар. 26. Тұщы су қоймаларының былқылдақденелілердің алуан түрлілігі. 27. Насекомдар – энтомофагтар. 28. Өзен шаянының құрылыс ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері, дамуы және маңызы. 29. Топырақты ортадағы тіршілікке бунақденелілердің бейімделушіліктері. 30. Топырақ омыртқасыздарының экологиялық топтары. 31. Топырақ қатқылқанаттыларының комплексі. 32. Жауын құрттарының топырақ түзілісіндегі ролі. 33. Былқылдақденелілердің құрылыққа бейімделушіліктері. Олардың өсімдік қалдықтарын ыдыратудағы маңызы. 34. Топырақ әртүрлі мөлшерлі категориядағы омыртқасыздардың тіршілік ету ортасы ретінде. 35. Топырақ кенелері, олардың топырақпен байланысы. 36. Көпаяқтылардың тіршілік әрекеттері, олардың топырақтағы ролі. 37. Аяққұйрықтылар, немесе коллемболалар – ұсақ топырақ буынаяқтылары. 38. Қоғамдық бунақденелілер, олардың топырақпен байланысы. 5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ 1 өдік жұмыс 5.1 Қанды споралылар отряды. Безгек плазмодийінің даму циклі. 5.2 Маржан полиптері класы. Рифтердің маңызы. 5.3 Былқылдақденелілер типі. Олардың кәсіптік маңызы. Кестені толтыр. |Былқылдақденелілер |Бауыраяқтылар |Қосжақтаулылар |Басаяқтылар | |типі | | | | | | | | | 2 өздік жұмыс 5.4 Құстардың экологиясы. 5.5 Сүтқоректілердің экологиясы. Пән бойынша тест тапсырмалары. Біржасушалы жануарлар 1. Автотрофты қоректену дегеніміз не? А. дайын органикалық заттармен қоректену; В. шіріген органикалық заттармен қоректену; С. еріген органикалық заттармен қоректену; Д. бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзу арқылы қоректену; Е. ерімеген органикалық заттармен қоректену. 2. Жасыл эвглена қандай тәсілдермен қоректенеді? А. автотрофты; В. сапрофитті; С. гетеротрофты; Д. аралас; Е. фагоцитозды. 3. Қарпайымдылардың қайсысы автотрофты жолмен қоректенеді? А. амеба; В. трипаносома; С. кебісшелі инфузория; Д. безгек паразиті; Е. вольвокс. 4. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысы “ұйқы ауруын” қоздырғышын адамға тасымалдайды? А. маса; В. сона; С. шіркей; Д. це-це шыбыны; Е. үнсіз маса (москит). 5. Паразит организмінің негізгі иесі дегеніміз: А. паразиттің жыныссыз көбеюі өтетін организм; В. паразиттің жынысты көбеюі өтетін организм; С. паразиттің көп рет бөліну сатысы өтетін организм; Д. паразиттің дернәсілдік сатылары дамитын организм; Е. паразиттің инвазиялық (жұқпалы) сатысы дамитын организм. 6. Жасыл эвгленаның дене жамылғысы? А. пелликула; В. бір қабатты эпителий; С. кутикула; Д. хитинді кутикула; Е. сауыт. 7. Жиырылғыш вакуольдың атқаратын қызметі: А. ас қорыту; В. қорек затын тасымалдау; С. қорғаныштық; Д. жылжу; Е. осмос қысымын реттеу. 8. Коньюгация процесі дегеніміз: А. екі гаметаның қосылуы; В. копуляция нәтижесінде зиготаның пайда болуы; С. екі особьтың уақытша қосылуы; Д. жыныссыз көбею; Е. екіге бөліну. 9. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды? А. жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар; В. қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар; С. ауру қоздырғыштары тасымалдаушы жануарлар арқылы жұғатын аурулар; Д. үй шыбыны арқылы таралатын аурулар; Е. ауа арқылы таралатын аурулар; 10. Қарапайымдылардың дене пішінінің тұрақтылығы неге байланысты? А. сыртқы жұқа жарғаққа байланысты; В. эктоплазманың кутикула түзуіне байланысты; С. эктоплазманың пелликула түзуіне байланысты; Д. эктоплазманың хитин түзуіне байланысты; Е. денесінің сыртындағы құм-түйіршіктерден пайда болған қабыршаққа байланысты; 11. Қарапайымдардың қоректену жолдарының қай тәсілі ең ежелгі болып саналады? А. гетеротрофты; В. автотрофты; С. сапрофитті; Д. аралас (миксотрофты); Е. фагоцитозды; 12. Ядролық дуализм дегеніміз не? А. цитоплазмада бір ғана ядро болады; В. цитоплазмада көлемі бірдей екі ядро болады; С. цитоплазмада тек генеративтік ядро ғана болады; Д. цитоплазмада көлемдері әртүрлі, атқаратын қызметі әртүрлі екі ядро болады; Е. цитоплазмада тек вегетативтік ядро ғана болады. 13. Төмендегі жануарлардың қайсысы адамға тері лейшманиозының қоздырғыштарын тасымалдайды? А. сона; В. маса; С. шіркей; Д. үнсіз маса (москит); Е. құмыты (мокрец). 14. Фораминифералардың маңызы: А. балықтардың қорегі; В. өсімдіктердің зиянкестері; С. құрылыс материалы ретінде (ізбес тас, кәдімгі бор); Д. жануарлардың паразиттері; Е. адамның паразиттері. 15. Безгек ауруын тасымалдаушылар: А. цеце шыбыны; В. шіркей; С. сона; Д. маса; Е. кене. 16. Коопуляция дегеніміз: А. екі особьтің уақытша қосылуы; В. екі гаметаның қосылуы; С. бүршіктену жолымен көбею; Д. екіге бөліну; Е. ұзынынан бөліну; Ішекқуыстылар типі 1. Ішшекқуыстылар типінде радиальды симметрияның пайда болуы неге байланысты? А. планктонды тіршілік етуге байланысты; В. бекініп тіршілік етуге байланысты; С. активті жүзіп жүріп тіршілік етуге байланысты; Д. судың терең қабаттарында бентосты тіршілік етуге байланысты; Е. су түбіндегі субстратта баяу жылжып тіршілік етуге байланысты; 2. Ішекқуыстылар типі қай деңгейдегі жануарлар? А. бір клеткалы; В. екі қабатты; С. үш қабатты; Д. төрт қабатты; Е. төрт қабатты радиальді. 3. Медузалардың полиптерден айырмашылығы: А. тіркеліп тіршілік етуінде; В. еркін тіршілік етуінде; С. колониальды тіршілік етуінде; Д. эктопаразиттік тіршілік етуінде; Е. эндопаразиттік тіршілік етуінде. 4. Мезоглея төмендегі топтардың қайсыларына тән? А. жалғанаяқтыларға тән; В. кірпікшелілерге тән; С. ішекқуыстыларға тән; Д. сорғыш құрттарға тән; Е. жұмыр құрттарға тән. 5. Төмендегі топтардың қайсысы мынадай схемамен дамиды: жұмыртқа-планула- сцифистома – эфира – медуза - жұмыртқа? А. гидроидтылар; В. теңіз гидроидты полиптері; С. сцифомедузалар; Д. маржан полиптері; Е. сифонофорлар. 6. Сәулелі симметриялы жануарлар: А. ішекқуыстылар; В. жалпақ құрттар; С. жұмыр құрттар; Д. буылтық құрттар; Е. буынаяқтылар. 7. Сцифомедузаның ұрықтануы қайда өтеді? А. гастраль қуысында; В. қарын қалталарында; С. суда; Д. энтодермада; Е. эктодермада; 8. Төмендегі клеткалар тобының қайсысы тек ішекқуыстылар типіне ғана тән? А. жыныс жасушалары; В. атпа жасушалар; С. безді жасушалар; Д. жүйке жасушалары; Е. жағалы-талшықты жасушалар. 9. Медузалардың ас қорыту қуысы қалай аталады? А. гастральды; В. парагастральды; С. гастровоскулярлы; Д. миксоцель; Е. схизоцель. 10. Сцифомедузаның даму циклының кезеңдерін ретімен атаңыздар? А. планула; В. эфира; С. жұмыртқа; Д. стробила; Е. сцифистома; И. ересек медуза. Дұрыс жауап: 1) 1, 4, 5, 6, 2; 2) 1,2, 3, 4, 5; 3) 6, 2, 3, 1,5,4; 4) 3, 1, 5, 4, 2, 6; 5) 6, 2, 1, 4, 3, 5. 11. Ішекқуыстылар типінің қандай маңызы бар? А. маржан рифтерін, атоллдарды түзушілер; В. биофильтраторлар; С. жануарлар паразиттері; Д. өсімдіктер паразиттері; Е. кәсіптік түрлері бар. Жалпақ және жұмыр құрттар типтері 1. Ақ планарияның асқорыту жүйесі қандай бөліктерден тұрады? А. ауыздан, жұтқыншақтан, тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; В. ауыздан, жұтқыншақтан, екіге тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; С. ауыздан, жұтқыншақтан, үшке тармақталған ортаңғы ішектен тұрады; Д. ауыздан және тұйық бітетін түтіктен тұрады; Е. ауыздан, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. 2. Кірпікшелі құрттар не арқылы тыныс алады? А. желбезек арқылы; В. бүкіл денесі арқылы; С. өкпе арқылы; Д. артқы ішегі арқылы; Е. трахеялар арқылы. 3. Бауыр сорғыш құрттың “мирацидия” (кірпікшелі) дернәсілінің дамуы қайда өтеді? А. негізгі иесінде; В. аралық иесінде; С. суда; Д. ылғалды топырақта; Е. құрлықта. 4. Бауыр сорғыш құрттың даму кезендерінің қайсысы “инвазилі” (жұқпалы) сатысы болып табылады? А. жұмыртқа; В. редия; С. церкария; Д. адолескария; Е. мирацидия. 5.Сколексінде ілмектері бар және төрт сорғышы бар. Бұл белгілер қай құртқа тән? А. жалпақ таспа құрт; В. сиыр цепені; С. шошқа цепені; Д. майда таспа құрт; Е. лигула. 6. Жалпақ таспа құрттың корацидия дернәсілі қайда дамиды? А. ылғалды топырақта; В. суда; С. адамда; Д. шаянда; Е. балықта. 7. Адам қарулы цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде. 8. Адам жалпақ таспа құртпен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған немесе қуырылған балық етін жегенде. 9. Жалпақ құрттар типінің негізгі белгілерін атаңыздар. А. парагастральды қуыстың болуы; В. мезоглеяның болуы; С. паренхиманың болуы; Д. алғашқы қуыстың болуы; Е. миксоцельдің болуы. 10. Сиыр цепені паразиттердің қай тобына жатады? А. қанды паразиттер; В. қуысты паразиттер; С. ұлпалы паразиттер; Д. жасушалық паразиттер; Е. эктопаразиттер. 11. Қынап, екі тармақты жатын, екі тармақты жұмыртқа өткізгіш, жіп тәрізді жұмыртқа безі бар. Бұл қай құрттың жыныс жүйесі? А. жұмыр құрттардікі; В. буылтық құрттардікі; С. сорғыш құрттардікі; Д. таспа құрттардікі; Е. көп қылтанды құрттардікі. 12. Жыныстық диморфизм қай құрттарда айқын байқалады? А. буылтық құрттарда; В. сорғыш құрттарда; С. таспа құрттарда; Д. жұмыр құрттарда; Е. кірпікшелі құрттарда. 13. Жұмыр құрттардың дене қуысы: А. аралас; В. целом; С. алғашқы қуыс; Д. паренхимаға толы; Е. парагастральды қуыс. 14. Паразиттік тіршілік ететін құрттарды зерттейтін ғылым: А. протистология; В. гельминтология; С. акарология; Д. арахнология; Е. энтомология. 15. Бала острицасының ұзындығы: А. 10 мм; В. 5-10 см; С. 10-18 мм; Д. 35-50 мм; Е. 32-100 см. 16.Трематодтар үшін қоректенудің қандай типі тән? А. фитофагия; В. зоофагия; С. некрофагия; Д. сапрофагия; Е. капрофагия. 17. Тері-бұлшық ет қапшығы дегеніміз не? А. эпителиймен паренхиманың жиынтығы; В. эпителиймен базальды жарғақтың жиынтығы; С. эпителиймен зәр шығару жүйесінің жиынтығы; Д. эпителиймен бұлшық ет талшықтарының жиынтығы; Е. эпителиймен асқорыту жүйесінің жиынтығы. 18. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез жолымен дамитын сатылары қайда өтеді? А. негізгі иесінде; В. аралық иесінде; С. суда; Д. ылғалды топырақта; Е. құрлықта. 19. Адам қарусыз цепенмен қалай залалданады (жұқтырады)? А. қайнамаған су ішкенде; В. жуылмаған көкөніс жегенде; С. шала қуырылған сиыр етін жегенде; Д. шала пісірілген шошқа етін жегенде; Е. дұрыс тұздалмаған балық етін жегенде. 20. Денесі бунақталмаған, дене қуысы және артқы ішегі бар, дара жынысты. Бұл ерекшеліктер қандай құрттарға тән? А. жұмыр құрттарға; В. буылтық құрттарға; С. сорғыш құрттарға; Д. аз қылтанды құрттарға; Е. көп қылтанды құрттарға. 21. Бауыр сорғыш құрт: А. ұлпалы паразит; В. эктопаразит; С. қанды паразит; Д. өкпе паразиті; Е. қуыс паразиті. 22. Жалпақ құрттар типіне қандай зәр шығару мүшелері тән? А. протонефридия; В. метанефридия; С. целомодукт; Д. бүйрек; Е. антеннальды без. 23. Бауыр сорғыштың ас қорыту жүйесінің құрылысы: А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек; В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; Д. ас қорыту вакуольдер; Е. ас қорыту жүйесі жоқ. 24. Екі жақты симметриялы, экто-энто-мезо-дермадан тұрады, денесі тері-ет қапшығымен жабылған, тері-ет қапшығының жиырылуы арқылы қозғалады. Бұл белгілер төмендегі топтардың қайсысына тән? А. өрмекшітәрізділерге; В. ішекқуыстыларға; С. құрттарға; D. буынаяқтыларға; Е. былқылдақденелілерге. Буылтық құрттар типі 1. Төмендегі топтардың қайсысында алғаш рет қан айналу жүйесі пайда болды? А. буылтық құрттарда; В. сорғыш құрттарда; С. таспа құрттарда; Д. жұмыр құрттарда; Е. кірпікшелі құрттарда. 2. Параподиялар – қарапайым аяқтар алғаш рет төмендегі топтардың қайсысында пайда болды? А. аз қылтанды құрттарда; В. көп қылтанды құрттарда; С. жұмыр құрттарда; Д. кірпікшелі құрттарда; Е. таспа құрттарда 3. Буылтық құрттардың ерекшелігі? А. аралас қуыстың болуы; В. целом қуысының болуы; С. алғашқы қуыстың болуы; Д. паренхиманың болуы; Е. мезоглеяның болуы. 4. Сүліктер паразиттердің қай тобына жатады? А. қанды паразиттер; В. эктопаразиттер; С. қуысты паразиттер; Д. ұлпа паразиттері; Е. жасуша паразиттері. 5. Буылтық құрттар типінің өкілдеріне симметрияның қай түрі тән? А. екі жақты; В. радиальды; С. асимметрия; Д. екі сәулелі; Е. симметрия жоқ. 6. Жұмыр құрттармен салыстырғанда буылтық құрттардың өзіне тән қандай ерекше белгісі бар? А. денесі жоғарыдан төменге қарай жалпайған; В. дене жамылғысында кірпікшелер бар; С. қай айналым жүйесі бар; Д. көпшілігі паразитті тіршілік етеді; Е. дене қуысы бар, ас қорыту жүйесі аналь тесігімен аяқталады. 7. Қоректену сипаты бойынша жауын құрттары жануарлардың қай тобына жатады? А. жыртқыштар; В. өсімдік паразиті; С. жануарлар паразиті; Д. ыдыраған өсімдік қалдықтарымен қоректенушілер; Е. ыдыраған жануар қалдықтарымен қоректенушілер. 8. Жауын құртының ас қорыту жүйесінің құрылысы: А. ауыз тесігі, жұтқыншақ, тұйық бітетін тарамдалған ішек; В. ауыз тесігі, алдыңғы ішек, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; С. ауыз тесігі, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішек, артқы ішек, аналь тесігі; Д. ас қорыту вакуольдері бар; Е. ас қорыту жүйесі жоқ. 9. Буылтық құрттардың қан айналым жүйесі қандай қызмет атқарады? А. қоректік; В. көбею; С. зәр шығару; Д. тірек; Е. қорғаныс. 10. Буылтық құрттар тыныс алады: А. желбезекпен; В. өкпемен; С. кеңірдекпен желбезекпен және өкпемен; Д. бүкіл денесімен; Е. кеңірдекпен. 11. Нереида қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. сүліктер. 12. Сүлік қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. сүліктер. 13. Жауын құрты қай кластың өкілі: А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. таспа құрттар. 14. Теңізде тіршілік ететін құрттарға жатады. А. көпқылтанды құрттар; В. сорғыштар; С. азқылтанды; Д. жұмыр құрттар; Е. таспа құрттар. 15. Нереиданың денесі қандай бөлімдерден тұрады? А. бас, кеуде, құрсақ; В. бас, тұлға, аяқ; С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий; Д. баскеуде, құрсақ; Е. тұмсық, жаға, тұлға. 16. Аннелидтер типінің өкілдеріне қандай жүрек типі тән? А. жүрек жоқ; В. арқа-қан тамыры; С. көп камералы жүрек; Д. екі камералы жүрек; Е. үш камералы жүрек. Былқылдақденелілер типі 1.Былқылдақденелілер типінің құрылысының ерекшелігі неде? А. локомоторлы мүше - аяғының болуы; В. буындалған аяқ; С. бас, кеуде және құрсағының болуы; Д. бақалшақ, мантия және бұлшық етті аяқ; Е. жалғанаяқтың болуы. 2.Кәдімгі тоспа ұлуы ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен суларының бетінде; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 3.Қошқармүйіз ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. су өсімдіктері мен тоған, көл, ағыны баяу өзен мен жылға суларының бетінде; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 4.Айқұлақ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 5.Мидиялар, устрицалар ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 6.Кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 7.Шырыштар, жүзім ұлуы ……тіршілік етеді. А. тұщы су қоймаларының түбінде; В. судың қалың қабаты мен теңіздердің түбіне жақын; С. теңіздің су асты жартастары мен түбінде; Д. құрлықта; Е. теңіздер мен кейбір тұщы су қоймаларының түбінде. 8. Былқылдақденелілердің бақалшағы қандай қызмет атқарады? А. сыртқы қаңқа қызметін; В. жануар денесін кеуіп кетуден және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайды; С. газ алмасу мүшесі болып табылады; Д. организмді сыртқы ортаның механикалық және химиялық әсерінен қорғайды. 9. Суда тіршілік ететін айқұлақ және басқа да былқылдақденелілер ненің көмегімен тыныс алады? А. желбезектердің; В. өкпе қапшықтарының; С. кеңірдектің; Д. желбезек, өкпе қапшығы және кеңірдектің; Е. өкпе қапшығы мен кеңірдектің. 10. Құрлық былқылдақденелілерінде тыныс алу қызметін атқарады: А. желбезектер; В. өкпе; С. кеңірдек; Д. желбезек және өкпе; Е. бүкіл денесі. 11.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі: А. тұйық, екі негізгі: арқа және құрсақ қантамырларынан; В. ашық және жүрегі бар; С. ашық және үш камералы жүрегі бар; Д. ашық және екі камералы жүрегі бар; Е. ашық және көп камералы жүрегі бар. 12.Былқылдақденелілердің қанайналым жүйесі қандай қызмет атқарады? А. қоректік; В. гомеостазды қамтамасыз ету; С. зәр шығару; Д. тірек; Е. қорғаныс. 13.Былқылдақденелілерде зәр шығару қызметін атқарады… А. протонефридиялар; В. жұп бүйрек (жасыл бездер); С. зәр шығару түтіктері; Д. зәр шығару түтіктері және бүйректер; Е. бүйректер. 14.Айқұлаққа қандай жыныс мүшесі тән? А. дара жынысты; В. гермафродитті; С. дамымаған; Д. жыныссыз. 15. Айқұлақ, устрицалар және мидия қай кластың өкілідері? А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 16. Кальмар, сегізаяқ және каракатица қай кластың өкілдері? А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар; С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 17. Былқылдақденелілердің құрттардан айырмашылығы: А. денесі кірпікшелі жамылғымен жабылған, ұзарған; В. денесі мантиямен және бақалшақпен жабылған, ұзармаған; С. денесі сегменттелген; Д. денесі радиальды симметриялы; Е. сезім мүшелері бар басы, кутикуламен жабылған денесі бар. 18. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде? А. көздері мен басының болуы; В. аяғының болуы; С. мантияның болуы; Д. қармалауыштары мен көзі бар басының болмауы; Е. бақалшағының болуы. 19. Басаяқты былқылдақденелілердің бауыраяқтылардан айырмашылығы неде? А. басының болуы; В. аяғы сорғыштары бар қармалауышқа айналған, ол басында орналасқан және ауыз тесігін қоршап тұрады; С. мантияның болуы; Д. қармалауыштары мен көздері бар басының болмауы; Е. бақалшағының болуы. 20. Қандай былқылдақденелілер судың табиғи тазартқыштары болып табылады? А. жүзім ұлуы; В. шырыштар; С. айқұлақ; Д. үлкен және кіші тоспа ұлуы; Е. қошқармүйіз. 21.Тоспа ұлу қай кластың өкілі?. А. бауыраяқтылар; В. басаяқтылар; С. қосжақтаулылар; Д. азқылтандылар; Е. көпқылтандылар. 22. Былқылдақденелілердің қозғалу мүшесі….. А. аяқ; В. параподия; С. қылтандары; Д. жүзгіш аяқтары; Е. жалған аяқтары. 23. Қандай былқылдақденелілер кеменің су астындағы ағаштан жасалған бөлімін тесіп, оларды бұзады? А. устрица; В. шырыштар; С. мидия; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 24.Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін былқылдақденелілерді атаңыздар? А. устрица; В. жүзім ұлуы; С. мидия; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 25.Кейбір қосжақтаулылардың мантиясы мен бақалшағының арасында не түзіледі? А. маржан; В. інжу; С. янтарь; Д. дәрілік зат; Е. фарфор. 26.Қандай кәсіптік былқылдақденелілерді арнайы өсіреді? А. устрица, мидия; В. жүзім ұлуы; С. үлкен және кіші тоспа ұлуы; Д. кеме құрты; Е. қошқармүйіз. 27. Жұтқыншақ, (радуласы-үгіткіші бар) сілекей безі, бауыр- төмендегі жануарлардың қайсысында алғаш рет пайда болды? А. аз қылтанды құрттарда; В. көп қылтанды құрттарда; С. моллюскаларда; Д. желбезек тыныстыларда; Е. трахеялыларда. 28.Моллюскаларды зерттейтін ғылым: А. акарология; В. энтомология; С. арахнология; Д. малакология; Е. гельминтология. Буынаяқтылар типі 1. Денесі аяқ орналасқан сегменттерден тұрады. Гетерономды метамерия тән. Аяқтары түрі өзгерген параподиялар. Хитинді кутикуласы және көлденең салалы ет талшықтары болады. Дене қуысы миксоцель. Жүрегі арқасында орналасқан. Қан айналу жүйесі ашық. Бұл ерекшеліктер қай типке тән? А. алғашқы қуыстылар типіне; В. буынаяқтылар типіне; С. былқылдақ денелілер типіне; Д. жалпақ құрттар типіне; Е. буылтық құрттар типіне. 2. Мальпигий түтікшелері алғаш рет қай типте пайда болды? А. жұмсақ денелілер типінде; В. жалпақ құрттар типінде; С. жұмыр құрттар типінде; Д. буылтық құрттар типінде; Е. буынаяқтылар типінде. 3. Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады? А. бас, кеуде, құрсақ; В. бас, тұлға, аяқ; С. бас, сегменттелген тұлға, пигидий; Д. баскеуде, құрсақ; Е. тұмсық, жаға, тұлға. 4. Буынаяқтылар үшін қандай симметрия типі тән? А. винтті; В. шар симметриясы; С. радиальды симметрия; Д. сәулелі симметрия; Е. билатеральды симметрия. 5. Өрмекшілердің жүру аяқтары қанша жұп? А. бір жұп; В. екі жұп; С. үш жұп; D. төрт жұп; Е. бес жұп. 6. Төмендегі буынаяқтылардың қайсысының дене сегменттері жойылып кеткен? А. құршаян; В. жалған құршаян; С. кене; Д. өрмекші; Е. пішенші. 7. Өрмекші тәрізділердің аяқтарының жалпы саны қанша? А. үш жұп; В. төрт жұп; С. алты жұп; Д. сегіз жұп; Е. он тоғыз жұп. 8.Төмендегі отрядтардың қайсысы толық түрленіп дамиды? А. жарғаққанаттылар отряды; В. тарақандар отряды; С. түзуқанаттылар отряды; Д. қандалалар отряды; Е. инеліктер отряды. 9. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады. Сирағының іш жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік қай отрядтың өкіліне тән? А. термиттер отрядына; В. түзуқанаттылар отрядына; С. дәуіттер отрядына; Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына; Е. қатты қанаттылар отрядына. 10. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар, жұмыртқа жегіштер қай отрядқа жатады? А. қатты қанаттылар отрядына; В. жарғақ қанаттылар отрядына; С. тозаң қанаттыллар отрядына; Д. жартылай қатты қанаттылар отрядына; Е. түзу қанаттылар отрядына. 11. Төмендегі насекомдардың қайсысының ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жатады? А. үй шыбыны; В. адам бүргесі; С. капуста ақ көбелегі; Д. бал арасы; Е. шаншар. 12. Тайга энцефалитінің қоздырғышын адамға қандай буынаяқтылар тасымалдайды? А. қансорғыш масалар; В. соналар; С. шіркейлер; Д. кенелер; Е. бүргелер. 13. Несекомдардың зәр шығару мүшесі. А. протонефридия; В. метанефридия; С. целомодукт; D. бүйрек; Е. мальпигий түтікшелері. 14. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысының денесі көптеген сегменттерден тұрады? А. өрмекші; В. кене; С. құршаян; Д. жалған құршаян; Е. пішенші. 15.Қарақұрт қай отрядқа жатады? А. құршаяндарға; В. жалған құршаяндарға; С. пішеншілерге; Д. өрмекшілерге; Е. кенелерге. 16. Төмендегі отрядтардың қайсысы шала түрленіп дамиды? А. қоныздар отряды; В. тор қанаттылар отряды; С. көбелектер отряды; Д. қандалалар отряды; Е. бүргелер отряды. 17. Қансорғыш насекомдар - маса, сона, шіркей, құмыты, үнсіз маса қай отрядтың өкілдері? А. торқанаттылар отрядының; В. жарғаққанаттылар отрядының; С. тең қанаттылар отрядының; Д. қос қанаттылар отрядының; Е. түзу қанаттылар отрядының. 18. Көкірек бөлігі бунақталмаған, қанаты жоқ. Жылы қанды жануарлардың паразиті. Бұл насеком қай отрядтың өкілі? А. қандалалар отрядының; В. бүргелер отрядының; С. биттер отрядының; Д. тозаң қанаттылар отрядының; Е. мамық жегіштер отрядының. 19. Ауыз аппараты спираль тәрізді оралған тұмсық. Денесі, қанаты қабыршақтармен қапталған. Бұл ерекшеліктер қай отрядқа тән? А. көбелектер отрядына; В. тең қанаттылар отрядына; С. жарғақ қанаттылар отрядына; Д. қос қанаттылар отрядына; Е. бүргелер отрядына. 20. Сорғыш түтік тәрізді ауыз аппараты қай отрядқа тән? А. көбелектер; В. қандалалар отрядына; С. биттер отрядына; Д. инеліктер отрядына; Е. жарғаққанаттылар отрядына. 21. Төмендегі топтардың қайсысы қанатсыз насекомдарға жатады? А. қандалалар; В. биттер; С. жарғаққанаттылар; Д. түзуқанаттылар; Е. қосқанаттылар. 22. Ызылдауық насекомдардың қай отрядының өкілдеріне тән? А. бүргелер отрядына; В. қосқанаттылар отрядына; С. қоңыздар отрядына; Д. көбелектер отрядына; Е. қандалалар отрядына. 23. Төмендегі буынаяқтылардың адамға ең қауіптісі қайсысы? А. құршаян; В. қара құршаян; С. қарақұрт; Д. бүйі; Е. крест өрмекші. 24. Насекомдардың қайсысы толық түрленіп дамиды? А. тарақандар; В. қандалалар; С. инеліктер; Д. түзу қанаттылар; Е. көбелектер. 25. Көбелектердің ауыз аппараты… А. кеміргіш; В. сорғыш; С. тесіп-сорғыш; Д. жалағыш; Е. тесіп-жалағыш. 26. Көбелектерге қандай дернәсіл типтері тән? А. нимфа; В. наяда; С. жұлдызқұртт; Д. құрттәрізді; Е. аяқсыз құрттәрізді. 27. Қандай насекомдар жануарлардың эндопаразиттері болып табылады? А. шаншарлар, бөгелектер; В. қандалалар, масалар; С. галлицалар; Д. түзуқанаттылар дернәсілдері; Е. қабықжегіштер. 28. Бөгелектердің қандай маңызы бар? А. жануарлардың мұрын және ауыз қуыстарында, жараларында паразитті тіршілік етеді; В. жапырақ пен сабақ маңайында жүреді; С. өсімдіктердің шырынымен қоректенеді; Д. ағаш қабығын бүлдіреді; Е. тозаңдандырушылар болып табылады. 29. Мимикрия – дегеніміз: А. тіршілік циклінің типі; В. даму типі; С. дененің арнайы түсі мен формасында көрінетін сыртқы ортаға реакция; Д. белгілі бір модельдерге еліктеу (подражание); Е. метаморфоз типі.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz