Файл қосу

Публицистика типологиясы










              5B050400  «Журналистика»   мамандығына  арналған
              «Публицистік шығармашылықтың негіздері»  пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



               СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



















                                    СЕМЕЙ
                                    2013


КІРІСПЕ

1  ӘЗІРЛЕГЕН
Әзірлеген:  ____________    Каримова Бибігүл Жұмашқызы,  Журналистика және
практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы,
«___» _______ 2013   жыл


2  КЕЛІСІЛДІ
2.1  Журналистика және практикалық қазақ тілі кафедрасының  отырысында
қаралып, талқыланды.
Хаттама     №    «___» _______  2013  жыл.

Кафедра меңгерушісі: ___________  Каримова Б.Ж.

2.2  Гуманитарлық-заң   факультеттің оқу- әдістемелік кеңесінде талқыланып,
 бекітілді.
Хаттама     №   «___» _______  2013   жыл.

Төрайымы: ___________ Кеңесбаева Ш.С.


3  БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №___  «___» ___________2013 жыл.


ОӘК төрайымы _________________ Искакова Г.К.

4  №1 БАСЫЛЫМ















МАЗМҰНЫ


1  Жалпы ережелер
2  Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне шағу
3  Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары
4  Курс форматы
5  Курс саясаты
6  Бағалау саясаты
7  Әдебиеттер


































      1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1  Оқытушы туралы  және пән туралы жалпы мәлімет:
Каримова Бибігүл Жұмашқызы
Кафедра:Қазақ филологиясы
Кафедраның мекен-жайы : Глинки, 20;  912- бөлме
Ақпараттық  қатынас:  телефон : 44-29-30
Кафедрада болатын уақыты:  күнделікті  08.00-ден-17.00-ге дейін.
Сабақ өтетін орын: 905 аудитория
Кредит саны: 3

      1.2   Пәннің қысқаша мазмұны
      Қоғам дамуының  қазіргі сатысында  мерзімді баспасөз  және  электронды
 ақпарат  құралдарының  маңызды  міндеті  –  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ішкі
және  сыртқы   саясатын   білікті   саралай    білу,    нарықтық   экономика
проблемаларын  халық  зердесіне  жеткізе  алу,  ел  санасына   руханилықтың,
адамгершіліктің  ізгі   дәнін    сіңіру.   Осы   мәселеге    қазіргі   қазақ
публицистикасы   насихаттық,   реттемелік,   гедонистік,    ғылыми-танымдық,
ақпараттық   тұрғыдан   белсене   араласады.   Информациялық   және   мәдени
кеңістікте көсемсөз үлгілерінің таралуын,  оның  жанама  ықпалын   тап  баса
білу   теориялық   және   практикалық    сауаттылыққа,   біліктілікке   және
шалымдылыққа   тікелей   байланысты.   Яғни,   практикалық    журналистикаға
теориялық  қағидалар мықты  таяныш.


      1.3 Осы курстың  мақсаты:
«Публицистік  шығармашылықтың  негіздері»  пәнін   студенттерге    оқытудағы
негізгі  мақсат:
    -  Қазіргі  ақпараттық  кеңістікте   қалыптасқан   тенденцияларға   баға
      беріп,  теориялық  жағынан  байыптама жасау;
    - Қалыптасқан  жанрлар жүйесінің  өзіндік  заңдылықтарын зерделеу;
    -  Жекелеген  жанрлардың  өзіне  тән  эволюциясы   мен    ерекшеліктерін
      ажырата  білу;
    - Әр жанрдың атқарар  міндетін  теория  және  практика жүзінде ұғыну;
    - Дәстүрлі жанрлар  модельдерін толысу, даму процесінде көрсету;
    - Баспа өнімдерін рецензиялау  және   жарнамалау   ісіне   теория   және
      практикалық істе үйрету.


   1.4 Курстың негізгі міндеттері:
      Бүгінгі  таңда   дәстүрлі   журналистика    жанрлар    жүйесі   елеулі
өзгеріске  ұшырап,   публицистика  кеңістігіне   бірсыпыра   жаңа   пішіндер
дүниеге   келді.  Дей   тұрғанмен  оның   ұзақ   тарихи  мерзімде  түбегейлі
өзгеріске  ұшырамайтын, өмір шындығын бейнелейтін құрылымдық-  композициялық
 сипаты сақталып қалды.
       Теориялық   дәріс  оқу   барысында   осы   мәселелердің    бәрі   оқу
бағдарламасына,    бөлінген   уақытқа    сай    толық   қамтылады.Студенттер
«Публицистің шығармашылық негіздері» теориялық сабағынан  алған  білімін  іс
жүзінде  тиянақтай,  пысықтай түсу  үшін  семинарлық  жұмыстар  жүргізіледі.
Әрбір семинарлық  сабақ  қазіргі   отандық,  шетелдік  газет,  журналдарынан
алынған   нақты  мысалдармен   дәйектеліп,   көрнекілендіріліп    отырылады.
Студентке семинар кезіде жеке тапсырма беріліп, ол  орындалып  біткен  сәтте
көпшілікке ұсынылады.
      Студенттерге баспагерлік  жаңа  өнімдерге  байланысты  арнайы  тақырып
беріліп, сол тапсырманы лайықты  деңгейде  орындағандарға  қосымша  тапсырма
балл қойылады, сонымен қатар көңілден шыққан  жұмыстар  тиісті  басылымдарға
ұсынылады.

      1.5  Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
      Дәрістер  мәселелі әдістерді қолдана отырып,оқу үрдісінде қолданылатын
жүйелі әдістемені негіз ете отырып оқылады.
Дәрістер  мен  семинарларда  төмендегідей  студенттердің   ой-өрісінің   кең
қолданыс табуына себепкер болатын, дамытатын әдістер қолданылады:
-  Мәселе көтеретін( проблемалық)  сұрақтар;
-  Мәселені шешуге арналған тапсырмалар
-  Негізгі тезисті құптау, қарама  –қайшылық  тудыру,  дәлелдеу  және  жоққа
шығару;
-   Керіғар әдістер мен тәсілдер .

      1.6  Курстың пререквизиттері:
      1.6.1  Журналистикаға кіріспе
      1.6.2   Қазақ журналистикасының тарихы


      1.7  Курстың постреквизиті:
      1.7.1  Публицистің шығармашылық шеберханасы
      1.7.2  Әдеби редакциялау
      1.7.3  Журналистік шеберлік

       2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ ШАҒУ
                                   1 Кесте
|№  |Тақырыптың атауы           |Сағаттар саны             |Әдебиеттер   |
|   |                           |ДС |СП |Л    |С    |С     |             |
|   |                           |   |З  |Б    |Р    |Р     |             |
|   |                           |   |   |     |С    |С     |             |
|   |                           |   |   |     |П    |      |             |
|1  |2                          |3  |4  |5    |6    |7     |8            |
|1  |Публицистика табиғаты.     |1  |1  |     |2    |2     |1, Б. 12-25  |
|   |Публицистиканың пайда      |   |   |     |     |      |ББ           |
|   |болуы.                     |   |   |     |     |      |             |
|2  |Ақпараттың, жаңалықтың     |   |1  |     |1    |1     |2, 78-99 ББ  |
|   |қайнар көзі                |   |   |     |     |      |             |
|3  |Журналистика, көркем       |1  |1  |     |2    |2     |3, 91-98 ББ  |
|   |әдебиет және публицистика  |   |   |     |     |      |             |
|4  |Хабарлама жанрларының      |   |1  |     |1    |1     |4, 30-40 ББ  |
|   |талдамалық сипатқа ұмтылуы |   |   |     |     |      |             |
|5  |Қазақ публицистикасының    |1  |1  |     |2    |2     |3, 45-62 ББ  |
|   |тарихи негіздері           |   |   |     |     |      |             |
|   |Көне түркі жазба           |   |   |     |     |      |             |
|   |ескерткіштері- публицистика|   |   |     |     |      |             |
|   |бастаулары.                |   |   |     |     |      |             |
|6  |Газет жаңалықтарына        |   |1  |     |1    |1     |5, 65-22 ББ  |
|   |қойылатын басты талаптар   |   |   |     |     |      |             |
|7  |Батырлар жыры- ауызекі     |1  |1  |     |2    |2     |10, 3-17 ББ  |
|   |публицистика үлгісі.       |   |   |     |     |      |             |
|8  |Хабарлама жанрлары         |   |1  |     |1    |1     |1, 16-35 ББ  |
|9  |Жыраулар поэзиясындағы     |1  |1  |     |2    |2     |2, 73-107 ББ |
|   |публицистикалық сарын.     |   |   |     |     |      |             |
|10 |Талдамалы жанрлар тобы     |   |1  |     |1    |1     |3, 9-19 ББ   |
|   |материалдарының негізгі    |   |   |     |     |      |             |
|   |белгілері                  |   |   |     |     |      |             |
|11 |Шешендік сөзердегі         |1  |   |     |1    |1     |2, 78-99 ББ  |
|   |публицистикалық белгілер   |   |   |     |     |      |             |
|12 |Мақала «таза» газет-журнал |   |1  |     |1    |1     |3, 91-98 ББ  |
|   |жанры                      |   |   |     |     |      |             |
|13 |Проблемалық мақалалардың   |   |1  |     |1    |1     |4, 30-40 ББ  |
|   |сипаты                     |   |   |     |     |      |             |
|14 |Қазақ публицистикасының    |1  |   |     |1    |1     |2, 15-23 ББ  |
|   |баспасөз бетінде           |   |   |     |     |      |             |
|   |қалыптасуы.                |   |   |     |     |      |             |
|   |Шоқан, Ыбырай, Абай        |   |   |     |     |      |             |
|   |публицистикасы.            |   |   |     |     |      |             |
|15 |Рецензия мен рецензентке   |   |1  |     |1    |1     |3, 91-98 ББ  |
|   |қойылатын басты талаптар   |   |   |     |     |      |             |
|16 |Аралық бақылау жұмысы      |   |1  |     |1    |1     |4, 25-39 ББ  |
|17 |«Түркістан уалаяты         |1  |1  |     |2    |2     |5, 12-22 ББ  |
|   |газетінде» публицистиканың |   |   |     |     |      |             |
|   |қалыптасуы.                |   |   |     |     |      |             |
|18 |Қамтудың түрлері, оның     |   |1  |     |1    |1     |1, 43-59 ББ  |
|   |кеңістік пен уақытқа       |   |   |     |     |      |             |
|   |тәуелділігі                |   |   |     |     |      |             |
|19 |«Дала уалаяты газетіндегі» |1  |1  |     |2    |2     |2, 11-20 ББ  |
|   |ұлттық публицистика.       |   |   |     |     |      |             |
|20 |«Баспасөзге  шолу» ұғымы   |   |1  |     |1    |1     |3, 39-56 ББ  |
|21 |«Айқап» журналындағы       |1  |1  |     |2    |2     |4,158-172 ББ |
|   |публицистика.              |   |   |     |     |      |             |
|22 |Саяси портреттің           |   |1  |     |1    |1     |5,200-210 ББ |
|   |портреттік очерктен        |   |   |     |     |      |             |
|   |айырмашылығы               |   |   |     |     |      |             |
|23 |«Қазақ» газетіндегі        |1  |1  |     |2    |2     |6, 51-24 ББ  |
|   |публицистика.              |   |   |     |     |      |             |
|24 |Журналистік тексеріс және  |   |1  |     |1    |1     |1, 56-61 ББ  |
|   |журналистік зерттеу        |   |   |     |     |      |             |
|25 |Публицистикадағы           |1  |   |     |1    |1     |2, 36-45 ББ  |
|   |шығармашылық даралық.      |   |   |     |     |      |             |
|26 |Көркем-публицистикалық     |   |1  |     |1    |1     |3, 25-33 ББ  |
|   |жанрлардың негізгі сапалық |   |   |     |     |      |             |
|   |белгілері мен сипаты       |   |   |     |     |      |             |
|27 |Көркем-публицистикалық     |   |1  |     |1    |1     |4, 26-35 ББ  |
|   |жанрлардың гедонистік      |   |   |     |     |      |             |
|   |бедерлері                  |   |   |     |     |      |             |
|28 |Қазақ публицистикасының    |1  |   |     |1    |1     |1, 29-43 ББ  |
|   |жаңашылдық түрі ретінде    |   |   |     |     |      |             |
|   |дамуы.                     |   |   |     |     |      |             |
|   |Кеңес дәуіріндегі          |   |   |     |     |      |             |
|   |публицистика.              |   |   |     |     |      |             |
|29 |Қазақ баспасөзіндегі       |   |1  |     |1    |1     |2, 69-84 ББ  |
|   |фельетон                   |   |   |     |     |      |             |
|30 |Қазіргі баспасөздегі       |   |1  |     |1    |1     |3, 91-120 ББ |
|   |памфлет                    |   |   |     |     |      |             |
|31 |Публицистика типологиясы.  |1  |   |     |1    |1     |4, 20-23 ББ  |
|32 |Суреттемеде деректілік пен |   |1  |     |1    |1     |5, 56-69 ББ  |
|   |көркемдіктің көрініс табуы |   |   |     |     |      |             |
|33 |«Жас алаш» газетінің       |   |1  |     |1    |1     |7, 94-111 ББ |
|   |суреттемелері              |   |   |     |     |      |             |
|34 | Тәуелсіз Қазақстан        |1  |1  |     |2    |2     |9, 12-29 ББ  |
|   |публицистикасындағы        |   |   |     |     |      |             |
|   |тақыпытық, проблемалық     |   |   |     |     |      |             |
|   |пішіндік ізденістер.       |   |   |     |     |      |             |
|35 |Аралық бақылау жұмысы      |   |1  |     |1    |1     |10, 36-42 ББ |
|36 |Шығармашылық жұмыс         |   |   |     |     |      |             |
|   |(орындалмаса -10 ұпай)     |   |   |     |     |      |             |
|   |Жиыны                      |15 |30 |     |45   |45    |             |

      3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

      «Публицистік  шығармашылықтың  негіздері»   пәнінің  оқу  бағдарламасы
қоғам дамуының   қазіргі  сатысында   мерзімді  баспасөз   және   электронды
ақпарат  құралдарының  маңызды   міндеті  –  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ішкі
және  сыртқы   саясатын   білікті   саралай    білу,    нарықтық   экономика
проблемаларын  халық  зердесіне  жеткізе  алу,  ел  санасына   руханилықтың,
адамгершіліктің  ізгі   дәнін    сіңіру.   Осы   мәселеге    қазіргі   қазақ
публицистикасы   насихаттық,   реттемелік,   гедонистік,    ғылыми-танымдық,
ақпараттық   тұрғыдан   белсене   араласады.   Информациялық   және   мәдени
кеңістікте көсемсөз үлгілерінің таралуын,  оның  жанама  ықпалын   тап  баса
білу   теориялық   және   практикалық    сауаттылыққа,   біліктілікке   және
шалымдылыққа  шыңдайды.  Оқу-әдістемелік  кешен  оқыту  үрдісінде  зор  рөль
атқарады.

      4 КУРС ФОРМАТЫ


      Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды
талқылау және әртүрлі тапсырмаларды  орындау кіреді. Әрбір  сабаққа  студент
әдебиеттің  негізгі  және  қосымша   қайнар   көздерінің   тізіміне   сәйкес
дайындалуы  керек   (негізгі   бөлімдер   мен   бөлімшелер   әрбір   сабақта
нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер  автоматты  түрде
0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.
      Негізгі  ұғымдар  дәрістерде  ұсынылады  және  түсіндіріледі.  Сабаққа
қатысу және дәрісте  негізгі ұғымдарды,  түсіндірмелерді  және  мәліметтерді
жазып алу студенттің міндеті болып табылады.  Егер  студент  қандай  да  бір
жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы  басқа
студенттен алуы  керек.  Оқытушы  материалды  бірде-бір  студентке  дәрістің
бірде-бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.
      ОЖСӨЖ  мақсаты  –  журналистика  ғылымының   бітім-болмысын,   жанрлық
ерекшеліктерін зерттеу.
      ОЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:
      - курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;
      -  журналистика  функциялары  мен   жанрлық   пішіндерін   және   оның
        ерекшелiктерi туралы.
      Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның  жеке  танымды  қызметі,  ол
өзіне  тек  қана  алған  білімін  бекітіп  қоймауы,   сонымен   қатар   жеке
шығармашылық ойлау  процесі  болып  табылады.  Өзіндік  жағынан  ол  келешек
маманның шығармашылығы үшін жаңа  білімінің  ашылуына,  қалыптасуына  жағдай
жасайды.
      Өздік  жұмыс  сонымен  қатар   студенттің   максималды   белсенділігін
қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы  ғылыми  зерттеу,  қоғамдық  және
өндірістік қызметтерде көрінеді.
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  СӨЖ,  ОСӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай  жинақтай  алмаған  студент
емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу   міндеті,  өтілген  материалды
меңгеру деңгейі тест, жатқа  жазу,  бақылау  түрінде  тексеріледі.  Себепсіз
сағат босатсаңыз қосымша  шығармашылық  жұмыс  беріледі.  Сабақтан  екі  рет
кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.

      5 КУРС САЯСАТЫ


      Курсты оқу барысында алынған  барлық  ұпайлар  жинақталып,  бір-біріне
қосылады.  Осы курстан алған ақтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма  мен
аралық және  қорытнды  бақылаудан  алынған  баға  және  емтихан  бағаларының
қорытындысы   бойынша   орташа   ұпай   есептеледі.   Барлық   тапсырмаларды
көрсетілген  уақытында  өткізу  қажет.  Барлық  тапсырмаларды  қабылдап  алу
емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген  студенттер
емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты  кеш  тапсырсаңыз:  қосымша  тапсырма  беру
арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар  оқытушы  тағайындаған  уақытта
қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп  болса,  бұрынғы  орындалған
жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз  себеп  болса,  тапсырманы  орындауыңыз
қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты  есепке  алынады.  Әрбір
тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген  материалды  меңгеру  деңгейі
тест  арқылы   тексеріледі.   Тест   алдын   ала   ескертілмей   өткізіледі.
Аудиториялық  сабақтарды  босатпау,  кешікпеу  міндетті.  Себепсіз  сабақтан
қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс  беріледі  (реферат,  көркем  мәтінге
талдау  т.б.);   Сабаққа  екі  рет  кешігу  бір   рет   сабақ   босатылғанға
теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.





      6  БАҒАЛАУ САЯСАТЫ


      «Публицистік шығармашылықтың негіздері» пәні бойынша ұпайларды бөлу
|Апта |Бақылау түрі                         |Барлық ұпай    |Ескерту         |
|1    |2                                    |3              |4               |
|     |1-аптадан 8-апта аралығында дәріске  |30             |                |
|     |қатысу                               |               |                |
|1    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|2    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|3    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|4    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|5    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|6    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|7    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |6              |                |
|     |СӨЖ                                  |10             |                |
|     |Аралық бақылау жұмыстары             |62             |                |
|1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша |300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|     |8-15 апта аралығында дәріске қатысу  |30             |                |
|8    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|9    |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|10   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|11   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|12   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|13   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|14   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|15   |Семинар                              |12             |                |
|     |ОЖСӨЖ                                |5              |                |
|     |СӨЖ                                  |9              |                |
|     |Аралық бақылау жұмыстары             |74             |                |
|9-15 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша|300            |                |
|қорытынды ұпай                             |               |                |
|Емтихан бойынша қорытынды ұпай             |400            |                |
|Академиялық кезең бойынша қорытынды ұпай   |1000           |                |

7  ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиеттер:
7.1.1 Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 2007.
7.1.2 Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің  даму  жолдары.  –  Алматы:  Қазмембас.
2007.
7.1.3 Омашев Н. Қазақ журналистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007
7.1.4 Елеукенов Ш.Р. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 2009.
7.1.5 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 2007
7.1.6 Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. –  Алматы:
Білім, 2008
7.1.7 Майтанов Б. Суреттеу және  мінездеу.  –  Алматы:  Қазақ  университеті,
2009.
7.1.8 Бекжігіт С. Камал Смайылов – публицист. – Алматы: Қазақ  университеті,
2009. филол.ғыл.канд. дәрежесін алу үшін дайындалған дисс. авторефераты.
7.1.9 Жұмалиев Қ. Әдебиеттер теориясы. – Алматы: Мектеп, 2007.
7.1.10 Нұртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. – Алматы: Жазушы, 2007.
7.1.11  Майтанов  Б.  Көркемдік  нәрі.  Романдағы  психологизм  арналары.  –
Алматы: Жазушы, 2007. 46-47 бб.
7.1.12 Серғалиев М. Сөз сарасы. – Алматы, 2007. – 134 б.
7.1.13 Основы журналисткого мастерства. – Москва, Высш. Школа, 2008.
7.1.14 Проблемы журналисткого мастерства. – Москва, Изд-во МГУ, 2007.
7.1.15 Аграновский А. Уроки мастерства. – Москва, 2007.

7.2 Қосымша әдебиеттер
7.2.1  Байтұрсынов  А.  Ақ  жол.  Өлеңдер  мен  тәржімелер,  публицистикалық
мақалалар және әдеби зерттеу. – Алматы: Жалын, 2007.
7.2.2 Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – Алматы, 2007.
7.2.3 Жақып Б.Ө. М.Әуезов – публицист. – Алматы: Ана тілі, 2008.
7.2.4 Шәріпов А.С. Қожанұлы  -  әдебиетші.  –  Алматы:  Ердәулет  Қазақстан,
2007.
7.2.5 Агроновский А. Уроки мастерства. – Москва, 2007.
7.2.6 Виленский М. Как написать фельетон. – Москва, 2008.
7.2.7 Кольцов М. Писатель в газете. – Москва, 2007.

Пәндер