Файл қосу

Қазақ тілінің грамматикасы















             5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығына  арналған
                      «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы»

                      ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





























                                    СЕМЕЙ
                                    2013

                                   Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәрістер
3  Тәжірибелік  сабақтар
4 Курстық жұмыс (жоба)
5  Студенттердің өздік жұмысы







































1 ГЛОССАРИЙ

Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі
Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі
Аффикс – тіл элементі
Грамматика – (грек. – әріп, жазу) тілдің құрылымы, яғни морфологиялық
категориялар мен тұлғалар.
Грамматикалық категория – бірыңғай мағынасы бар грамматикалық тұлғалар
қатарларының қарама-қарсы қойылатын жүйесі
Деривация – бастапқы тіл бірліктерінен басқа туынды тіл бірліктерін жасау
үдерісі.
Қосымша морфема – морфеманың бір түрі
Морфема – (грек.) тілдің негізгі бірлігі, ең кіші таңба
Морфология – (грек. форма және сөз, ілім) тілдегі сөз  тұлғалардың  құрылысы
мен мағынасын айқындайтын тіл механизмдерінің жүйесі
Зат есім - сөйлемде заттық үғымға қатысты ойды білдіретін сөздер.
Сын есім деп заттың әр түрлі сыр-сипатын білдіретін сөздер.
Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз табы.
Етістік деп заттардың қимыл-әрекетін білдіретін сөз табы аталады.
Етіс –  қимыл-әрекеттің  субъектіге,  қимылдың  нысанына  қатысын  білдіріп,
салт, сабақты етістік жасайтын етістіктің түрі.
Көсемше  деп  сөйлемдегі  негізгі  қимылдың   жайы-күйін,   жанама   қимылды
білдіретін етістіктің түрі аталады.
Үстеу- қимылдың жайы-күйін, эр түрлі белгілерін сипаттайтын сөз табы.
Еліктеуіш сөздер деп  өмірдегі  заттардың  әр  түрлі  дыбыстарға  еліктеуден
немесе заттардың әр қилы көріністерінен пайда болатын сөздер аталады.
Түбір – сөдің лексикалық мағынасын сақтаушы негізгі бөлік.
Шылаулар грамматикалық дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасынан  айырылып,
грамматикалық мағынаға көшкен, түрлі грамматикалық қызмет  атқаратын  тілдік
бірліктер.
Одағай – адамның сезімін, көңіл- күйін білдіретін сөз табы.
Сөзжасамдық ұя – бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы.
Сөзжасамдық тізбек – бір түбірден тараған, бірінен-бірі тікелей  туындайтын,
біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
Сөзжасамдық жұп – «негіз сөз – негізді сөз» қатынасы.
Сөзжасамдық  тип  –  әр  сөз  табының  туынды  сөздерінің   жасалу   үлгісі.
Сөзжасамдық типті белгілеуде негізгі үш белгісіне  сүйенген  жөн:  1)  негіз
сөздері бір сөз табынан болуы; 2) негіз сөздер  мен  туындылардың  мағыналық
қатысы ұқсас болуы; 3) сөзжасам тәсілінің бірлігі, синтетикалық тәсілде  бір
аффикс арқылы жасалуы.
Сөзжасамдық үлгі –  туынды  сөздердің  нақтылы  жасалу  үлгісі,  сөзжасамдық
типтен гөрі тар ұғымда қолданылады.
Сөзжасамдық тарам – бір түбірден сөзжасамдық  бір  сатыда  жасалатын  туынды
түбірлердің тобы.
Сөзжасамдық саты – бір түбірден тараған,  құрамындағы  жұрнақтардың  жалғану
ретіне қарай сатылай орналасқан туынды сөздердің жиынтығы. Сөзжасамдық  саты
жұрнақтардың жалғану ретіне қарай, өз  ішінде  тік  қатардағы  сатылар  және
көлденең қатардағы сатылар болып екіге бөлінеді.
Негіз сөз – туынды түбір  жасауға  қатысқан  лексикалық  мағынасы  бар  сөз.
Негіз сөз негізгі түбірден де, туынды түбірден де болуы мүмкін.
Негізді  сөз  –  құрамындағы  негіз  сөзімен  салыстырғанда,  морфемдік  те,
мағыналық та құрылымы күрделі сөз.
Негізсіз сөз – сөзжасамдық  тізбектегі  негізгі  түбір,  яғни  бірінші  сөз.
Негізсіз сөз деп аталу себебі, оған негіз болып тұрған сөз жоқ.
Негіз емес сөз – сөзжасамдық тізбектегі соңғы туынды түбір. Негіз  емес  сөз
деп аталу себебі, ол тізбекте ешқандай сөзге негіз болмайды.
Туынды сөздер – өмірде пайда болған  жаңа  ұғымдарды  атау  қажеттігін  өтеу
үшін,  тіліміздегі  сөзжасам   тәсілдері   арқылы,   сөзжасам   заңдылықтары
негізінде жасалған сөздер.
Туынды түбір – синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөз.  Туынды  түбір
құрамы  жағынан  алғанда,  екі  морфемадан  тұрады,  олар:  негіз  сөз  және
сөзжасамдық жұрнақ. Туынды  түбірдің  мағынасы  негіз  сөз  бен  сөзжасамдық
жұрнақтың мағынасынан жасалады.
Синтетикалық тәсіл – «синтез» (қосу) деген  сөзден  қалыптасқан  термин.  Ең
түпкі мағыналы бөлшек негізгі  түбірге  жұрнақтар  жалғау  арқылы  жаңа  сөз
жасау жолы.
Аналитикалық тәсіл  –  екі  немесе  одан  да  көп  түбірлердің  бірігуі,  не
қосарлануы, не тіркесуі, не қысқаруы арқылы жаңа сөз жасау жолы.
Лексика-семантикалық тәсіл – белгілі  бір  сөздің  жаңа  мағынаға  ие  болуы
арқылы жаңа сөздің жасалу жолы.
Сөзжасамдық тәсілдер туынды сөздің жасалу жолдары туралы ғылым.


















2 ДӘРІСТЕР
№1 модуль.  Сөзжасам пәні, оның зерттеу нысандары. Сөзжасамның тілдің  басқа
   салаларымен байланысы.
№1дәріс тақырыбы: Сөзжасам - тіл білімінің жеке саласы.

1. Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы екені.
2. Сөзжасам жүйесін зерттеуші ғалымдар және олардың еңбектері.
3.Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларымен байланыстылығы.

        Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып  танылу  оның  өзіндік
зерттеу  нысаны  болумен  байланысты.  Сөзжасам  тілдің  сөзжасам   жүйесін,
сөзжасамдық   бірліктерді,   сөзжасам   заңдылықтарын,   сөзжасамның   амал-
тәсілдерін,  сөзжасам  арқылы  жасалған  туынды  сөздерді,  әр  сөз  табының
сөзжасамын т.б мәселерді зерттейді яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді.
        Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс  тіл  білімінде  алғаш  ұсынған
академик В.В. Виноградов  болды.  Ресейде  сөзжасам  мәселесін  зерттеп,  ол
туралы дәлелді пікір айтқан, сөзжасамның  өзіндік  зерттеу  нысанасы  барын,
оның тіл білімінің басқа салаларынан  ерекшелігін  ашқан,  басқа  салалармен
байланысын да  көрсете  білген  ғалымдар  болды.  Олардан  Г.О  Винокур,Е  С
Кубряков, Е А Земская, Н  Д  Арутюнова,  А  Н  Тихонов,И.  С.  Улухановтарды
атауға болады. Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі  шетел
ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді.
          Сөзжасам  мәселесі  туралы   ғалымдар   зерттеулері   қазақ   тілі
ғалымдарына да әсер етті, осы мәселені зерттеуге  игі  ықпал  жасады.  1984-
1988  жылдары  академияның  тіл  білімі  институтының  грамматика  бөлімінің
қызметкерлері сөзжасам  мәселесін  арнайы  зерттеді.  Зертеудің  нәтижесінде
1989 жылы “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы”  деген  атпен  монография  болып
шықты. Бұл сөзжасам мәселесін жаңа тұрғыдан  зерттеген  зерттеудің  нәтижесі
болды.  Сөзжасамның  тіл  білімінің  жеке  саласы  болып  танылуы  оның  тіл
білімінің басқа  салаларымен  байланысын  жоққа  шығармайды.  Тіл  білімінің
салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен  байланысы  ертеден-ақ  назарға
іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге  дейін  көп  тілде  морфологияның
құрамында қаралып келеді.  Бұл екі саланың байланысты болатын  себебі  екеуі
де  сөздің  ең  кішкене  бөлшегі   морфемамен   байланысты.   Сөзжасам   мен
синтаксистің байланысы да тілде белгілі  орын  алады.  Сөзжасам  нәтижесінде
жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып,  тілдегі  басқа  сөздер  сияқты
лексикологияның зерттеу нысанасына түседі.
        Бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасам тіл білімінің дербес саласы екендігінің себептері қандай?
2.Сөзжасам нені зерттейді?
3.Сөзжасам тілдің басқа салаларымен байланысты ма ?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2.Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
3.Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
4.Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
5.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
6.Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002ж.

2 дәріс тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер

1.Қазақ тіліндегі сөзжасамның қалыптасқан тәсілдері
2.Сөзжасамның синтетикалық тәсілінің сөзжасамда алатыны орны.
3.Сөзжасамның аналитикалық тәсілі
4.Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі

     Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып
әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
     Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет
атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына
арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер
ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды
сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде
жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Негіз сөз дегеніміз -
туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Сөзжасамның
аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір
лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Қазақ тілінде аналитикалық
тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі
бар:
1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру,  4)  қысқарту  сияқты  аналитикалық
тәсілдің төрт түрі бар.Бұлардың  әрқайсысы  да  тілдің  сөзжасамында  өнімді
қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол.
Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл  арқылы,
зат есімге  заттану  арқылы  көшкен  сөздер  өте  көп:  бүлдірген,  ағарған,
қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа  мағынаға  көшуіне  байланысты
сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады,  оны  ғылымда  конверсия  деп
атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған тәсіл,  оның
ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол  арқылы  басқа
сөз табына көшуі түрлі  жолмен  іске  асады.  Оның  ішінде  ғылымда  заттану
(субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал  заттану  -  көбіне  ықшамдау
зандылығына байланысты болатын қүбылыс.
        Бақылау сұрақтары:
1.Сөзжасамдық тәсілдер дегеніміз не?
2. Қазақ тілінің сөзжасамның қандай негізгі тәсілдері бар?
3. Сөзжасамның синтетикалық тәсіліне қандай белгілер тән ?
4.Сөзжасамның аналитикалық тәсілі дегеніміз не?
5.Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі қалай жасалады?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы, 1999.
3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
4. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
5. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.

3 дәріс тақырыбы: Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары.

1. Туынды сөздер жайлы түсінік.
2. Сөзжасамдық ұя ұғымы.
3. Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы.
4. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тип  ұғымдары.
5. Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі.

      Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдарына сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық
парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен тип, сөзжасамдық
тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік мағына,
сөзжасамдық мағына жатады.
    Туынды сөздер деп сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-
бірімен қарым-қатысқа түсуінен жасалған сөздер айтылады. Мысалы, толқын,
білім, сұрақ, бозар, көгер, алып кел т.б.
    Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-
жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын
сөздердің жиынтығы.    Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы.
Сөзжасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де
болуы ықтимал. Сөзжасамдық мағына – сөзжасамдық үдерісте қалыптасқан туынды
мағына. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы
жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады.
   Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні
анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:негіз сөздің қай сөз табына
жататыны; негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;сөз тудырушы
негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы
формасының сәйкес келуі; Мысалы:келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші,
жазу-шы т.б.  Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі
сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-
бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы.
       Бақылау сұрақтары:
1. Туынды сөздер дегеніміз не?
2. Сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тұлға қалай жасалады?
3. Сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
5. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.

4 дәріс тақырыбы: Сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тарам,  сөзжасамдық саты.

1. Сөзжасамдық тізбек
2.Сөзжасамдық тарам
3. Сөзжасамдық саты

      Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық
тізбек. Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш рет ілгеріде
аталған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда
көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті.
Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы
сезжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та,
оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай
болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің
құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз
сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі
мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған
туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде
бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлас;зар-зарла-зарлат-
зарлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте
екі туынды түбір, 3-тізбекте үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін
санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз
сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны
анықталды. Бұл екеуі де - сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшелері.
        Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде
қодданылды. Осы термин орыс тіл білімінде де кейінгі кезде қолданыла
бастады. Бұрын тарам термині морфологияда ұзақ уақыт қолданылғаны белгілі,
мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты
қолданыс ғылымда әбден таралған, таныс ұғымға айналған. Бұл термин барлық
тіл біліміндік сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде
түсіндірілген.
       Соңғы кезде сөзжасамдық тарам (словообразовательная парадигма)
термині қолданыла бастады. Морфологиялық тарамда да бір сөз түрлі сөз
түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленеді. Сөзжасамда да бір сөзден бірнеше
түрлі сөз жасалады. Морфологиялық тарамдар жиі қолданылады. сөзжасамдық
тарамдар әлдеқайда сирегірек қолданылады және сөзжасамдық тарамдағы
создердің лексикалық мағынасында айырма болса, морфологиялық тарамдағы
сөздердің лексикалық мағынасында айырма болмайды да, айырма тек
грамматикалық мағынада болады.
       Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын
сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік
аталады. Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір
негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады.
       Бақылау сұрақтары:
1. Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?
2. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
3. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-А., 2000.
4. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
5. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.

№2  модуль. Грамматика және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар.
Сөздің морфологиялық құрылымы.

5 дәріс тақырыбы: Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, зерттеу мақсатына
қарай грамматиканың түрлері.

1. Грамматика ғылымы туралы түсінік.
2. Зерттеу мақсатына қарай грамматиканың түрлері.
3. Қазақ тілі морфологиясының зерттелу тарихы, қазіргі жай-күйі.

    Грамматика — тілдің грамматикалык құрылысын зерттейтін ғылым. Адам ойды
білдіру үшін ойын жеткізуге кажет сөздерді  қолданады,  бірақ  жеке  сөздер
байланысты ойды білдіре  алмайды.  Байланысты  ойды  білдіру  үшін,  сөздер
грамматикалық құрылыс бойынша бір-бірімен байланысады. Сөздерді бір-бірімен
байланыстыратын заңдылықтарды грамматиканың  морфология  саласы  зерттейді.
Демек, морфология деп тілдің морфологиялық құрылысын зерттейтін ғылым, яғни
сөздің грамматикалық түрлену сипатын зерттейтін  ғылым  аталады.  Синтаксис
сөз  тіркесін,  сөздердің  өзара  байланысу   формаларын,   сөйлемді   т.б.
зерттейтін ғылым.Тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі  жағы  болады.
Оның бірі-тілдің  сөздік,  екіншісі-тілдің  грамматикалық  жақтары.  Сөздің
грамматикалық қасиеті сөздің сыртқы тұлғасы арқылы да, оның мағынасы арқылы
да  көрінеді.  Сөздің  грамматикалық  мағынасы,  ол   мағынаны   білдіретін
көрсеткіштері морфологияның мәселесіне жатады.
    Сөздің грамматикалық мағынасы да, ол мағынаны білдіретін  көрсеткіштері
де сөздердің мағыналық топтарына байлаулы болады. Сондықтан  морфология  сөз
таптарын да зерттейді. Грамматиканың екі бөлімі бар,  олар:  морфология  мен
синтаксис.  Грамматиканың  бұл  екі  саласы  бір-бірімен  тығыз  байланысты.
Зерттеу мақсатына  қарай  грамматика  салыстырмалы,  салғастырмалы,  тарихи,
сипаттамалы  деген  түрлерге  бөлінеді.Қазақ  тілі  морфологиясын  зерттеген
ғалымдар    қатарына     Ы.Маманов,    А.Ысқақов,    Ж.Шакенов,     С.Исаев,
А.Қалыбаева,Н.Оралбаева,   Ө.Төлеуов,    Ә.Хасенов,    Ш.Сарыбаев    тәрізді
ғалымдарды жатқызуға болады.
       Бақылау сұрақтары:
1. Грамматика нені зерттейді?
2. Морфология және синтаксис бөлімі нені  зерттейтін ғылым?
3. Зерттеу мақсатына қарай грамматика қандай түрлерге бөлінеді?
4. Қазақ тілі морфологиясын зерттеген ғалымдар кімдер?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 3-12.
2.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007. – Б. 3-14.
3. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі  сөздердің  грамматикалық  сипаты.  А.,
1998.

   6  дәріс тақырыбы:  Негізгі  грамматикалық  ұғымдар.

1. Сөз – лингвистикалық зерттеулердің негізгі объектісі.
2. Грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, грамматикалық форма,
грамматикалық тәсіл, грамматикалық категория, құрылым)

       Сөз дегеніміз – қыры-сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөз –
айналамыздағы зат я құбылыс жайындағы ұғымның аты я атауы болса, әрине ол
атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Адам өзара
сөйлескенде жеке лексикалық сөз арқылы  білдіруге болмайтын неше алуан
мағыналардың бәрін де тек  грамматикалық амал-тәсілдердің көиегі арқылы
ғана түсінікті етіп айта алады. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-
тәсілдерінің жиынтығы тілдің грамматикалық құрылысы деп аталады.
Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен
жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я
сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа  түсу нәтижесінде  туатын жалпы
мағынасын айтамыз. Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдіретін
қосымшалар мыналар: 1) жалғау, 2) нөлдік қосымша, 3) грамматикалық жұрнақ.
        Грамматикалық құбылыстың өзіне тән грамматикалық мағынасы  мен   сол
мағынаны   білдіретін   грамматикалық   тәсілі   үнемі   бірлікте    болады.
Грамматикалық   мағына    -   грамматикалық   құрылыстың   мазмұны    болса,
грамматикалық  тәсіл  сол  мазмұнды   білдіретін   формасы.   Сондай   жалпы
грамматикалық   мағыналарды    білдіретін     грамматикалық    амал-тәсілдер
грамматикалық формалар деп аталады.
      Грамматикалық сөзтұлға белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіруі
шарт. Грамматикалық сөзтұлға екі түрлі болады:  1) синтетикалық сөзтұлға,
2) аналитикалық сөзтұлға. Синтетикалық сөзтұлға деп грамматикалық
категорияның қосымшалары арқылы түрленген сөздер аталады. Аналитикалық
сөзтұлға деп грамматикалық мағынаның көмекшілері яғни аналитикалық
форманттары арқылы түрленген сөздер аталады.
    Грамматикадағы  негізгі  мәселеге   грамматикалық   категория   жатады.
Грамматикалық категория деп бір тектес  жүйелі  грамматикалық  мағыналардан
түратьш және  оларды  білдіретін  арнайы  грамматикалық  көрсеткіштері  бар
тілдік  қүбылыс  аталады.  Грамматикалық  категориялар  морфологиялық  және
синтаксистік болып бөлінеді.
      Бақылау сұрақтары:
1. Грамматикалық мағына дегеніміз не?
2. Грамматикалық форма дегеніміз не?
3. Грамматикалық категория дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 3-12.
2.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007. – Б. 3-14.
3. Исаев С. . Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық  сипаты.  А.,
1998.

   №3  модуль. Сөздің морфологиялық құрамы мен жасалу жолдары.

7  дәріс тақырыбы: Сөздің морфологиялық құрамы. Қосымшалардың түрлері,
пайда болу, даму жолдары. Жұрнақтардың құрамы, түрлері.

1.Морфология зерттейтін негізгі мәселелердің бірі- морфема.
2. Морфемалар мен жұрнақтар.
3. Жұрнақтардың мағыналары және қолданылу ерекшеліктері.

       Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектерді
морфемалар деп атайды. Морфема дегеніміз - сөздің ары қарай бөлшектеуге
келмейтін ең кіші мағыналық бірлігі. Морфема түбір морфема, аффикстік
морфема болып екіге бөлінеді. Мысалы, оның анасы кім? дегендегі ана+сы
сөзінде екі морфема бар. Ана — түбір морфема, -сы (тәуелдік жалғауы) —
аффикстік морфема. Оның деген сөз де солай: о — түбір морфема, ның —
аффикстік морфема, кім - түбір морфема. Морфемалар мағынасы мен қызметі
жағынан әр түрлі. Морфеманың өзіне тән мағынасы(мазмұны) және өзіне тән
сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Морфемалар түбір морфема және
қосымша морфема деп екіге бөлінеді|Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық
мағынаны білдіретіндері, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар.
   Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.
Мысалы: айт, тіл. Қосымша  морфемалар  деп  түбірге  қосылып,  оған  қосымша
мағыналар үстейтін мағыналарды айтамыз.Мысалы: тіл-і, тіл-сіз, айт-ыл,  айт-
ылар, айт-атын.  Қосымша  морфемалар  сөз  тудыратын  және  форма  тудыратын
қосымшалар  (морфемалар)  жұрнақтар  деп,  сөз  бен  сөзді   байланыстыратын
қосымшалар  (морфемалар) жалғаулар деп аталады.
    Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды  сөз
жасайтын болғандықтан  (лексика-грамматикалық)  категория  қатарына  жатады,
форма тудыратын жұрнақтар өзі  қосылып  айтылған  сөзінің  белгілі  бір  сөз
табына тән грамматикалық қызметін анықтау  үшін  қолданылатын  болғандықтан,
функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Түбір  морфемадан  сөз
тудыратын  аффикстерді  -  сөз  тудырушы  аффикстер  дейміз.  Сөз   тудырушы
аффикстердің  мағынасы  деривациялық  мағына  деп  аталады.  Сөз  бен  сөзді
байланыстырып, олардың  бір-біріне  қатынасын  білдіретін  аффикстер  —  сөз
түрлендіруші  аффикстер,  ал  олардың  грамматикалық  мағыналары  реляциялық
мағына деп аталады.
  Ал  жалғаулар  сөйлем  ішіндегі   сөздерді   бір-бірімен   байланыстыратын
категория болғандықтан, таза грамматикалық категорияға жатқызылады.
Құрылымы мен құрамы жағынан жұрнақтар жалаң  және  құранды  жұрнақтар  болып
екіге бөлінеді.
Жалаң жұрнақ мағына, форма жағынан  да  бөлшектенбейтін  бір  бүтін  жұрнақ.
М/ы: -ім, -пе, -шы, -қыш, -шік, -лік
Құранды жұрнақтар: -ымды, -імді, -малы, -мелі, -қылықты, -кілікті т.б.
Жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:
   1. Төл және кірме жұрнақтар
   2. Көне және жаңа жұрнақтар. Тірі және өлі жұрнақтар
   3. Жалаң және құранды жұрнақтар
   4. Дара мағыналы және көп мағыналы жұрнақтар
   5. Синоним және омоним жұрнақтар
   6. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар
      Бақылау сұрақтары:
1.Сөз және оның морфологиялық құрылымы неден тұрады?
2. Морфемалар дегеніміз не?
3. Түбір морфема мен қосымша морфемалар дегеніміз не?
4.Жұрнақтар мен жалғаулар қандай топтарға бөлінед?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.
2.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері.  А.,  1972.
3.Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
4.Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007.

8  дәріс тақырыбы: Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік категориясы мен
көптік жалғау. Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау.

1.Жалғаулардың жалпы сипаттамасы.
2.Жалғаулардың түрлері.
3. 3.Жалғаулардың байланысу тәсілдері.
4. 4. Көптік категориясы мен көптік жалғау.
5. 5.Тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғау


        Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы
оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып
есептеледі. Қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік,
септік, жіктік.Көптік категориясы мен көптік жалғау. Көптік категориясы —
тілдердің барлығына тән. Ол бір заттың көп затты ажырата білу үшін
қолданылады. Жекелік пен көптік зат есімдер арқылы және есімдіктер (әсіресе
жіктеу есімдіктері) арқылы анық байқалады. Көптік категориясының әр түрлі
тілдерде өзіндік ерекшеліктері болады. Орыс тілінде тек көпше түрінде
қолданылатын очки, брюки, ножницы деген сияқты сөздер казақ тілінде жекеше
түрде қолданыла береді. Мысалы: көзілдірік, шалбар, қайшы.
    Көптік категориясы сан есімдерге де тән емес. Бірақ кейде сан
есімдерге, соның ішінде есептік сандарға көптік жалғауы жалғанады. Мысалы:
сағат алты+лар+да, жасы алпыс+тар+да. Мұнда көптік жалғауы көптік мағынаны
емес, болжалдық мағынаны білдіріп тұр. Бұларды сағат алты шамасында, жасы
алпысқа жуық деп түсінеміз. Егер сын есімдер көптік формада қолданылса,
олар міндетті түрде субстантивтенеді, яғни заттанады. Мысалы: Жақсы+лар
келді, Сұлу+лар жиналды, т.б.
Көптік категориясы тек қана зат есімдерге ғана емес, сонымен бірге,
есімдіктерге, оның ішінде жіктеу есімдіктеріне де тән категория.
    Тәуелдік жалғау меншіктілік, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік
жалғау жақтық мағыналы қосымша болғандықтан, ол 3 жақта анайы, сыпайы,
жекеше, көпше түрде қолданылады, олардың әрқайсысының жалғауы бар, Осымен
байланысты тәуелдік жалғау - қазақ тілінде сирек кездесетін көп мағыналы
қосымша. Ол бір (контексте) қолданыста әрі тәуелдік мағынаны, жақтық
мағынаны, жекешелік, көптік мағынаны, анайы, сыпайылық мағынаны білдіреді,
мысалы, Құныңды біл, Бағаңды үқ, Адамнан да күтеріміз адамдық.    (Қ.М.).
Осы сөйлемдегі құныңды, бағаңды, күтеріміз деген сөздер тәуелдік жалғаудың
2-жағы мен 1-жағында қолданылған. Осындағы құныңды, бағаңды, сөздеріндегі -
ың, -ің жалғаулары тәуелдік мағынаны, 2-жақ мағынасын, анайылық, жекешелік
мағыналарды білдіріп тұр. Ал, күтеріміз деген сөздегі тэуелдік жалгау, 1
-жақ мағынасын, көпше мағынаны, тәуелдік мағынаны білдіреді. Тәуелдік
жалғаулары сегіз қосымшадан түрады. Зат есім тәуелдік  жалғауларының
барлық  қосымшасымен түрлене  алады. Мысалы,
  Менің үйім     Біздің үйіміз
  Сенің үйің     Сендердің үйлерің
  Сіздің үйіңіз  Сіздердің үйлеріңіз
  Оның үйі Олардың үйлері
    Осылайша сөздің тәуелдік  жалғаулары  арқылы  түрлену  жүйесі  тәуелдік
парадигмасы деп аталады, кейде оны морфологиялық парадигма деп  те  атайды.
Парадигмадағы сөз түрлі түлғада түрленген грамматикалық  мағыналы  сөздерге
жатады.
      Бақылау сұрақтары:
1. Жалғаулар дегеніміз не?  Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар:?
3. Көптік категориясы не үшін қолданылады?
4. Тәуелдік жалғау қандай  мағынаны білдіреді?   Тәуелдік парадигмасы
дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

9  дәріс тақырыбы: Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі.  Жіктік жалғау,
зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі.

1. Септік категориясы және септік жалғауы, тарихы, зерттелуі.
2.Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер.
3.Атау септігі, сұраулары, синтаксистік қызметі.
4. Ілік септігі, табыс септігінің жалғаулы және жалғаулықсыз қолданылуы.
5. Барыс септігі, жатыс септігі, көмектес септік оның мағынасы, сұраулары,
жалғаулары, синтаксистік қызметі.
6.  Жіктік   жалғау,   зерттелуі,   тарихы,   оның   мағынасы,   жалғаулары,
синтаксистік қызметі.

    Септік категориясы есім сөздерге тән. Заттар мен құбылыстар арасындағы
әр түрлі қатынастар әр түрлі септік арқылы көрініс табады. Мысалы: үй+дің
терезе+сі — меншіктеуші қатынас, үй+ге бара+мын - бағытты білдіреді. Басқа
септіктердің бәріне негіз болып тұрған септік – атау. Сондықтан да, оны
кейде негізгі септік деп атайды, ал қалғандарын жанама септіктер деп
атайды. Атау септігінде дербестік бар. Ол негізінен атауыштық қызмет
атқарады.Түркі тілдерінде атау септігінің өзіне тән көрсеткіші жоқ. Басқа
септіктердің өзіне тән ондай жалғаулары бар. Олар міндетті түрде басқа бір
сөзбен тіркесіп айтылады, жеке қолданыла алмайды. Оларда (жанама
септіктерде) тиянақтық жоқ деуіміз сондықтан.
    Септік жалғауы сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатысынан туатын
әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіретін болғандықтан, оның жалғаулары
да, мағыналары да әр түрлі. Ал, қазақ тілінде 7 септік бар, олардың
әрқайсысы бірнеше грамматикалық мағына береді. Сөзге қандай жалғаулардың
жалғанғанына қарап, ол сөздің қай септікте тұрғаны ажыратылады және олардың
сұрақтары әр түрлі.Зат есім мен есім сөздердің қайсысы болса да, септік
жалғаулары арқылы түрлене алады. Сөздің септік жалғаулары арқылы түрленуі
септік парадигмасы деп аталады.
    Жіктік жалғау  -  қимыл-әрекеттің,  істің  жақтық  мағына  арқылы  кімге
қатысты  екенін  білдіретін  қосымша.  Осымен  байланысты   жіктік   жалғауы
сөйлемде баяндауыш сөзге жалғанып, қимыл-әрекеттің, істің  иесі  бастауышпен
оны байланыстырады. Ал баяндауыш негізінен етістіктен болатындықтан.  жіктік
жалғауы көбіне етістікке жалғанады, бірақ жіктік  жалғауы  баяндауыш  болған
басқа сөз таптарына  да  жалғана  береді.  Мысалы,  Мен  ақынмын,  жалынмын,
Шапшып көкке тиемін. (М.Ж.).
    Жіктік жалғаулары жалғанған сөзіне жақ мағыналарын, жекешелік,  көпшелік
мағынаны, анайылық, сыпайылық мағыналарын  үстейді,  қосады.  Бұл  мағыналар
жіктік  жалғау  жүйесінде  әр  түрлі  қосымшалар  арқылы  беріледі.   Жіктік
жалғаулардың сөзді түрлеңдіру жүйесі жіктік жалғау парадигмасы деп  аталады.

       Бақылау сұрақтары:
1. Септік категориясы қай сөздерге тән?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Қазақ тіліндегі әр септіктің әрқайсысы қандай грамматикалық мағына
береді, ол қандай қызмет атқарады?
4. Жіктік жалғау дегеніміз не?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

10  дәріс тақырыбы: Сөз формалары және олардың жасалу тәсілдері мен
түрлері.

1. Сөз формалары және олардың түрлері.
2.Сөздің негізгі түрлері. Құрамына  қарай жалаң және күрделі сөздер.
3. Жалаң сөздер: негізгі және туынды түбір туралы. Қазақ тіліндегі негіз
бен түбір ұғымдары.  Негізгі түбір және түбір морфема ұғымдары.


   Сөз формасы деп оның (сөздің) морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің,
синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп
бөлінерліктей  және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей әр алуан
түрлерін айтамыз. Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айқындау
кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту
ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле
бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық
анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз
тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бұл
мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, Ә.
Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ тілінде сөз формалары
морфологиялық, синтаксистік тәсіл арқылы да жасалады. Сөздер формалық
нұсқаларына қарай жалаң және күрделі сөздер болып екіге бөлінеді.
   Жалаң сөз деп  құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да,
күрделі сөз деп құрамында ең кемінде екі не одан да көп негізгі түбір бар
сөзді айтамыз Жалаң сөз дегеніміз — құрамында түбір сөздер мен түбірге
жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөздер. Мысалы: бас, бастық,
басшы, басқар, басқарма деген сөздердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, —
түбірлес сөздер.Олардың ішінен тек бас деген сөз ғана түбір сөз болады.
Жалаң сөздер іштей түбір сөз және туынды сөз болып бөлінсе, күрделі сөз
ішінара біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді.
Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін
түпкі мағыналы бөлшегі, түбір немесе негізгі түбір, немесе түбір сөз деп
аталады.М/ы: бас, бастық, басшы, басқар, юасқарма дегендердің бәрі бірдей
түбір сөздер емес, түбірлес сөздер.
   Туынды сөздер деп, жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген  сөздерді
айтамыз. Туынды түбірге  сөзжасамның  синтетикалық  тәсілі  арқылы  жасалған
туынды сөздер ғана жатады.
       Бақылау сұрақтары:
1. Сөз формасы дегеніміз не?
2. Қазақ тілінде сөз формалары қандай тәсіл арқылы жасалады?
3. Сөздер формалық нұсқаларына қарай қалай бөлінеді?
4. Жалаң сөз, күрделі сөз дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
 1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
 2.  Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,  2007.
 3.   Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы,1967
 4.   Қазақ грамматикасы Астана, 2002
 5.   Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966

11  дәріс тақырыбы: Күрделі сөздер–лексика-грамматикалық единицалар.

1. Күрделі сөздердің түрлері.
2. Біріккен сөз, олардың басты белгілері.
3. Кіріккен сөздердің пайда болуындағы фонетикалық факторлардың маңызы.
4. Қос сөздер, сипаттары, түрлері: қайталама қос және қосарлама қос сөз. 5.
Қысқарған сөздер және олардың түрлері, олардың жасалу жолдары,

   Күрделі сөздердің жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған
сөздер) жайы Кеңес дәуірінің алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар
емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық зерттеулер объектісіне айналды
да, 40-50-жылдардан бастап ішінара диссертациялық зерттеу тақырыбына көшті.
Бірақ жалпы алғанда, қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі толық
шешіліп болған жоқ. Күрделі сөздердің түрлеріне біріккен сөз, қос сөз,
қысқарған сөз, құрама сөз жатады.
   Күрделі сөз дегеніміз –синтаксистік қатынастарын жоғалтып, семантикалық
мағынасы жағынан да, грамматикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға
ретінде қалыптасқан тіркес.
   Біріккен сөз деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі
өзгерістерге ұшырамай-ақ, өз ара бірігіп,  жинақталған  бір  тұтас  лексика-
семантикалық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.
Мысалы: Тасбақа, Екібастұз т.б.Кіріккен сөз деп компоненттерінің я біреуі,
я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан айрылып, тұтасымен тұрып басқа
бір жалпы мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз. Мысалы: Сексен,
тоқсан, әкел, биыл.
    Белгілі бір қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауын қысқартып жазуды
қысқарған сөздер деп атаймыз. Мысалы: ҚазМПУ, АҚШ, ҚазССР.      Қос сөздер
қайталама және қосарлама болып екіге бөлінеді.
Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің я қосымшасыз,  я  қосымшалы  түрінің
екі рет қайталануы  арқылы,  я  сол  сөздің  не  бір  дыбысының  немесе  бір
буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады.  М.  Мая-мая,  бара-бара,  қап-
қара т.б.
Қосарлама қос  сөздер  лексикалық  мағынасы  басқа-басқа  екі  түрлі  сөзден
құралады. М. Ата-ана, үлкен-кіші, ертелі-кеш т.б.
     Бақылау сұрақтары:
 1.Күрделі сөз деген не?
6.  2.Күрделі сөздердің түрлері?
7.  3. Біріккен сөз, кіріккен сөздер дегеніміз не?
8.  4. Қос сөздердің қайталама және қосарлама түрлері дегеніміз не?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

№4 модуль.  Сөз таптары және олардың морфологиялық құрылымы.

12  дәріс тақырыбы: Сөз таптары, оларды таптастырудың ұстанымдары.

1.Қазақ тіліндегі сөздерді семантикалық, морфологиялық белгілеріне қарай
бөлу.
2. Атаушы сөздер, олардың ерекшелігі.
3. Көмекші сөздер, оларға тән белгілер. Одағай сөздердің белгілері.
4. Сөз таптарының зерттелуі.


      Тілдегі сөздерді топтастыру мәселесі тіл білімі ғылымында алғашқы
грамматикалардан басталған. Аристотельдің сөздерді есім және етістік деп
бөлгені белгілі. Бір тілдін өзінде сөздер әр заманда түрліше таптастырылып
отырғаны белгілі. Мәселен, 1914 жылы баспадан шыққан А.Байтұрсыновтың "Тіл
құрал" атты оқулығында сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер деп екі
үлкен топқа бөлген. Ахмет Байтұрсынов "Тіл құралдың" 1915 жылғы басылымында
сөз таптары туралы пікіріне біраз өзгерістер енгізген. Сөздерді 9 топқа
бөлген: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу,
жалғаулықтар, одағай.
    Қ.Жұбанов тілдегі сөздерді  басқаша  таптастырады.  Ғалым  сөз  атаулыны
мүшелі, мүшесіз деп екі топқа бөліп, мүшелі сөздерді түбір  және  шылау  деп
бөледі де, мүшесіз сөздерге одағайды жатқызады. Ал түбір сөздерді зат  есім,
сын есім, сан есім, мезгіл, мекен есімі (қазіргі үстеу), орынбасар  (қазіргі
есімдік), етістік. Бұл пікір ғылымда орын алып, әбден қалыптасты.
    Бұл сөз таптарын А.Байтұрсынов белгілеген, тек Байтұрсынов екі сөз табы
деген жалғаулық пен  демеулікті  Қ.Жұбанов  қосып,  шылау  атағаны  ғылымда
орнықты. Бұл 8сөз  табы  қазақ  тілі  грамматикаларында  1952  жылға  дейін
өзгеріссіз қолданылып келді. 1952 жылы А.Ысқақов  оған  еліктеуіш  сөздерді
қосты. 2002 жылға дейін  9  сөз  табы  танылып  келді.  Тек  2002ж.  "Қазақ
грамматикасында" модаль сөздер сөз табы ретінде қосылып, онда 10  сөз  табы
берілген.
     Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері
бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздер тобын айтамыз. Қазақ тіліндегі
барлық сөздер  семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең
алдымен үш топқа бөлінеді. Олар- атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай
сөздер.



                                                  Атаушы сөздер есімдер
және етістіктер деген топтарға бөлінсе, есімдердің өзі атаушы есімдер және
үстеуші есімдер болып жіктеледі.Атаушы есімдер іштей зат есім, сын есім,
сан есім, есімдік деген сөз таптарына сараланса, үстеуші есімдер іштей
үстеу сөздер мен еліктеу сөздерге бөлінеді. Көмекші сөздер ерекшеліктеріне
қарай жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер деп аталатын топтарға
бөлінеді.
      Бақылау сұрақтары:
1.Сөздер морфологиялық және семантикалық белгілеріне қарай нешеге бөлінеді?
2. Сөз таптары дегеніміз не?
3.Қазақ тіліндегі грамматикаларда сөздерді таптастыруды кім, қашан бастады?

4. Құдайберген Жұбанов сөздерді қалай таптастырды?
     Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

13  дәріс тақырыбы: Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты.

1.Адамзат, ғаламзат есімдері, оларға тән ерекшеліктер.
2. Жалпы мен жалқы есім, бұлардың семантикалық-морфологиялық сипаты.
3. Көптік мәнді білдіретін зат есімдер.
4. Эмоционалды-экспрессивті мәнді зат есімдер, жасалу жолдары.
5. Көмекші есімдердің қолданылу ерекшелігі.


      Зат есім - жалпы грамматикалық мағынасы бойынша заттық ұғымды
білдіретін сөздерден тұратын, олардың сандылық, тәуелдік, септік,
категориялары бар, баяндауыш қызметінде жақ категориясының көрсеткіштерімен
түрленетін сөз табы. Заттық ұғым-зат есім сөздердің лексикалық
мағыналарынан абстракцияланған зат есім сөздердің бәріне ортақ мағына.
Сөздерді таптастыру ұстанымының 2-түрі бойынша сөз табының грамматикалық
құрылымына, грамматикалық сипатына мән беріледі. Бұл ұстаным бойынша зат
есімнің сандылық категориясы, тәуелдік, септік категориялары мен олардың
көрсеткіштері зат есім сөздердің морфемдік құрамын басқа сөз таптарынан
ажырататын белгі қызметін атқарады. Себебі бұл категориялар басқа сөз
табында жоқ. Сондықтан олар зат есімнің морфологиялық белгісі деп те аталып
жүр. Зат есімді жеке сөз табы деп тану, ажыратудың 3-ұстанымы оның
синтаксистік қызметіне байланысты. Зат есім сөздердің негізгі синтаксистік
қызметі - бастауыш, толықтауыш болу. Зат есімнің қай-қайсы болсын заттық
ұғымды білдіргендіктен, олар негізінен алғанда, біркелкі болғандарымен
іштей нақтылық және абстрактілік, жалпылық және жалқылық, даралық және
жинақтылық, жекелік және топтық сияқты семантикалық категорияларды қамтиды.
 Зат есімдердің ішінде даралау және жинақтау ұғымын білдіру қабілеті де жоқ
емес. Зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық және грамматикалық
ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай, семантикалық және
грамматикалық ерекшеліктері бар топтарға: адамзат және ғаламзат  есімдерін,
жалқы есімдерді, көптік мәнді есімдерді эмоциялы-экспрессивтік  зат
есімдерді, көмекші  есімдерді  жатқызуға болады.
         Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың
кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап
тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет,
шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші
есімдер мекенді, заттың жақын-апыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі,
маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі
көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды.
        Бақылау сұрақтары:
1.Зат есімді сөз табы деп таптастырудың ұстанымдары қандай?
2.Зат есімнің негізгі синтаксистік қызметі не?
3. Көмекші есімдер дегеніміз не?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991


14 дәріс тақырыбы: Зат есімнің  лексика-грамматикалық  сипаты.  синтаксистік
қызметі, мағыналық топтары. Көмекші есімдер.


1. Зат есімнің грамматикалық ерекшеліктері.
2. Зат есімнің морфологиялық сипаты. Зат есімдердің құрылымы туралы.
3. Зат есімнің синтаксистік қызметі.


    Зат есім - сөйлемде заттық ұғымға қатысты ойды білдіру үшін қолданылатын
сөздер. Зат есім сөздер құрамы жағынан әр түрлі, олар:
Негізгі түбір зат есімдер. Мысалы, аға, ана, әке, ана, су, ағаш, тоғай  т.б.
Негізгі түбір сөздер грамматикада негізгі морфема деп  те  аталады,  өйткені
негізгі  түбір  зат  есімдердің  құрамын  бөлшектеуге   болмайды,   ол   бІр
морфемадан тұрып, лексикалық  мағынаны  білдіреді.  Олар  сөйлемге  біртұтас
лексема, сөз ретінде кіреді.
 Сөйлемде туынды түбір зат есім сездер қолданылады. Олардың  құрамы  негізгі
түбір мен сөзжасамдық  жұрнақтан  құралады  (дәрігер),  кейде  туынды  түбір
сездің құрамында бірнеше сөзжасамдық  жұрнақта  болады  (ег-ін-ші—лік),  бұл
туынды түбір сөздің туыңды түбір уэждеме сөзден жасалуына байланысты.
     Зат есім – сөзжасамы өте  күрделі  сөз  табы.  Зат  есімнің  сөжасамдық
жұрнақтарға өте бай, олардың мағынасы мен құрамында  да  үлкен  ерекшеліктер
бар. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуында сөзжасамдық  жұрнақтар
арқылы жасалуы жатады. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары  деп  алуан  түрлі
сөздерден туынды түбір зат зат  атауын  жасайтын   жұрнақтар  аталады.  Мыс:
тыңшы, қызметкер,арбакеш, сыпырғыш т.б.
   Туынды туынды зат есімдердің жасалуына зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,
етістік сөздер негіз болады.  Осы  сөз  таптарының  сөздерінің  негіз  болуы
арқылы жасалған туынды түбір зат  есім  сөздер  туынды  түбір  сөздер  болып
саналады.
    Туынды зат есім сөздерге тіліміз  өте  бай.  Зат  есімнің  сөзжасамында
барлық  тәсілдердің  белсенді  кызмет  атқаруы  туынды  зат  есім  сөздердің
молдығына әсері бары сөзсіз. Сондықтан туынды зат есімдердің  ішінде  туынды
сөздердің барлық түрлері бар.  Синтетикалық  тәсіл  арқылы  жасалған  туынды
түбірлер, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің барлық  түрі,
лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туындылар тілде баршылық.
    Туынды зат есім сөздердің түрлі тәсілдер  арқылы  жасалуына  байланысты
туынды зат есім сөздердің құрамы  да  алуан  түрлі.  Туынды  зат  есімдердің
жасалуында негіз сөз кызметін зат есім сөздермен бірге басқа сөз таптары  да
атқара береді.
    Туынды түбір зат есімдердің жасалуына зат есім,  сын  есім,  сан  есім,
етістік сөздер негіз болады.  Осы  сөз  таптарының  сөздерінің  негіз  болуы
арқылы жасалған туынды түбір зат  есім  сөздер  туынды  түбір  сөздер  болып
саналады.Туынды түбір зат есім сөздерді жасайтын  тілде  110  шамалы  жұрнақ
бар. Олар құрамы, мағынасы, қызметі жағынан алуан түрлі.
    Жалаң жұрнақтар деп құрамы  бөлшектеуге  келмейтін  жұрнақтар  аталады.
Мысалы, -шы, -ші, -кер, -гер, тыр, -тір, -ыр, -ес,  -ық,  -ша,  -сын  сияқты
т.б.   жұрнақтар   бір   морфемадан   тұрады,   сондықтан   олардың   құрамы
бөлшектенбейді. Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі морфемадан  тұратын
жұрнақтар аталады. Мысалы, -шылық, -шілік, -қыншақ, -ынды,  -палық,  -малық,
-мшы, -нда жұрнақтарының құрамы екі морфемадан тұрады, яғни олар  бұрын  екі
жүрнақ болған.
      Бақылау сұрақтары:
  1. Зат есім сөзжасамында сөзжасамдық тәсілдердің бәрі
     белсенді қызмет атқара ма?.
  2. Зат есімнің сөзжасамдық бірліктері қандай?
  3. Зат есім неге үнемі туынды сездермен толығып отырады?
  4. Зат есімдегі туынды зат атаулары неге түрлі-түрлі?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Аханов К. Күрделі сөз және оған тән белгілер. Алматы, 1972ж.
   2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989ж.
   3. Қалиев Ғ. Қазақ тілінің сөзжасам мәселелері. Алматы, 20002ж.
   4. Салқынбай А. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алмаы, 2003ж.
   5. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002ж.


            15  дәріс тақырыбы:  Зат  есімдердің сөзжасамы.


     1. Күрделі зат  атауының жасалуы.
    2. Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар
     3.  Етістіктен зат атауын жасайтын жұрнақтар.

       Зат есімнің сөзжасамдық жұрнактарының ішінде мұндай көп мағыналы
жұрнақтар бірсыпыра -ым, ім, -дақ, -тақ, -шық, -шік, -мыс, -міс, -ма, -ме,
-ба, -бе т.б.  -Ым, -ім жұрнағы математикалық терминді білдіреді: бөлім,
алым, заттық ұғымды білдіреді: білім, өлім, өсім, өнім, тыйым, мөлшер мәнді
білдіреді: шақырым, тұтам, тамаққа қатысты ұғымды білдіреді: жем, тілдік
термин жасайды: сөйлем, мекен мәнді білдіреді: жайылым, бөлім.-дақ, -пақ,
-тақ. Бұл жұрнақ тамақ атауын жасайды қуырдақ, нактылы зат атауын жасайды
суыртпақ, қидақ.
    -шык, -шік нақтылы зат атауын  білдіреді:  ойыншық,  қапшық,  кішірейту
мәнін білдіреді: көлшік, үйшік,  өсімдік  атауын  білдіреді:  жуашық.  -мыс,
-міс нақтылы зат атауларын жасайды: тарамыс, тұсамыс,  дерексіз  ұғымды  зат
атауларын жасайды: болмыс, тұрмыс, қылмыс, өсімдік атын жасайды: жеміс.
    Өнімді жұрнақтар деп тілге талай туынды зат атауын берген, қазір де
сөзжасамдық қызметін жоғалтпаған жұрнақгар аталады. Зат есімнің сөзжасамдық
жұрнақтарының басым көпшілігі өнімді жұрнактарға жатады. Олардан мыналарды
атауға болады :
    Өнімсіз жүрнақтар да бірсыпыра, олардың біразы ғана келтірілсек.
    -гек діңгек, -деу белдеу, -шын құлакшын, -кір түпкір,-арт мұзарт, -қат
жарақат -пек пішпек, -лғы жоралғы, -еке бәсеке, -қа кырка -анак шұқанақ,
-қалаң шатқалаң, -ақай итақай, -пан балапан, -қай алаңқай.
    Туынды зат атауларын жасауға жұрнақпен қатар  негіз  сөз  де  қатысады.
Туынды зат атауларына түрлі сөз  табының  сөздері  негіз  болады,  олар  зат
есім, сын есім, сан есім, еліктеуіш сөздер,  етістік  Олардың  жұрнақтарында
да айырма бар. Ол айырма есім  сөздер  мен  етістік  арасындағы  жұрнақтарда
анық байқалады. Сондықтан оларды бөліп  қарастырған  дұрыс.  Олар:  1)  есім
сөздерден зат атауын жасайтын жұрнақтар, 2) етістіктен зат  атауын  жасайтын
жұрнақтар.
    Есімдерден зат атауын жасайтын жұрнақтар 1. Лексикалық мағынаны
өзгертетін жүрнақтар
    Лексикалық мағынаны өзгертетін зат  есімнің  сөзжасамдық  жұрнақтарының
мағынасы түрлі-түрлі, оларды түгел көрсету мүмкін емес.Біз солардың  ішіінен
13 мағыналық түрін берсек.
    1 Мамандық мәнді жұрнақтар
    Кәсіп, мамандық мәнді сөз жасау тілде  қай  заманнан  бері  бар.  Казір
тілде мамандық мәнді  мынандай  жұрнақтар  бар:  -шы/-ші,  -кер/-гер,  -паз,
-пан, -юш, -лык/-лік. Бұл  жұрнақтар  мамандық  атауын  жасап,  белгілі  бір
кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді.
    Мысалы, Әнші,дәрігер, аспаз арбакеш. Бұл жұрнактардың бәрі қазір  тілде
бірдей қызмет атқармайды.  Бұлардың  ішінде  -шы/-ші,  -кер/-гер  жұрнақтары
өнімді  қызмет  атқарады.  Кейінгі  кезде   -кер/-гер   жұрнағының   қызметі
бетсенділікке көшті. Мысалы, жүлдегер, сәулеткер т. б.
    2 . Орын-жай мәнді жұрнақтар. Тілде ел түрағын, орын-жайды білдіретін
жұрнақтар бар. Олар -стан, -кент, -кент жұрнағы да мекен атауларын жасайды.
Мысалы, Жаркент, Манкент, Шымкент.
    -хана мекеме, орын-жай мағынасын білдіреді. Бұрын өнімсіз саналатын бүл
жұрнақтың қазір өнімділігі артып келеді.
    3.Лауазым атаулары мәнді жұрнақтар.
    Билік, лауазым мәнін тудыратын жұрнақтар -дык/-тық,
    -лық/-лік патшалық,  хандық,  сұлтандык,  болыстык,  әкімдік,  төрелік,
ұлықтык, билік, бектік. Бұл лауазым  атаулары  қазір  ескірген.   Бірақ  бұл
жұрнақ арқылы жасалған  лауазым  атаулары  қазір  де  бар.  Мысалы,  бастық,
министрлік, офицерлік, адвокаттық, капитандық т. б
    4 Кісі аттарын жасайтын жұрнақтар.
    Кісі аттарында жиі кездесетін біраз жұрнақтар бар. Олар -зада, -қан,
-жан, -бай, -бек.-зада, -зат Мысалы, Гүлзада, Бекзада, Асылзада т б.
    5.     Салт-дәстүрге қатысты атаулар жасайтын жұрнақтар
-лык/-лік, -дык/-дік, -тық/-тік құдалық, базарлық, калыңдық т.б.
-ын   үрын бару .
    6 Туыстық атаулар жасайтын жұрнақтар
    -лык/-лік, -дық –дік,  -тык/-тік  ағалық,  жиеңдік,  туыстық,  токалдық
туыстас, қаңдас .
    7 .Тағам атауларын жасайтын жұрнатар:
    -дык, түздык, уыздык
    -не  сірне
    8.     Дене мүшелері атауларын жасайтын жұрнақтар:
    -тық,         шоқтык, колтық, шашылық, кекілдік.
    9.     Мезгіл атауларын жасайтын жұрнақ:
    - лық апталық, күздік, айлық, жетілік, жылдык, қыстық т. б
    10.    Дерексіз мәцщ зат атауларын жасайтын жүрнак.
-лық-лік, -дык/-дік, -тык/-тік ғұламалық, әзәзілдік, зұлматтық.
-ым/-ім, -м қайрым, мейрім қарым
    -шілік/-шылық   кәріпшілік,   мүмкіншілік,    бейбітшшк,    шүкіршілік,
адамшылык, әурешілік.
    Лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар
    Адамдар арасындағы түрлі қарым-қатынасқа  байланысты  туатын  сан-алуан
мәндеп көңіл-күй, ризалық, үлкенге кұрмет, сый ілтипат білдіру, жақсы  көру,
кішіні еркелету сияқты адамның ішы сезімін білдіретін реңк  мәнді  жұрнақтар
зат есім сөздердің өзіне жалғанып, оның лексикалық  мағынасын  түрлендіреді.
Лексикалық мағынаның турленуі жалпы тіл білімінде де сөзжасамға жатады.  Оны
орыс тіл білімінде түрлендірілген (модифицированное) сөзжасамдық мағына  деп
атаған. Барлық қызметі  тарылған  өнімсіздері  де  бар.  Өнімді  жұрнақтарға
-еке, -қа,  -ке,  -й,  -тай,  -жан,  -шақ,  -шек,  -шық,  -шік,  -ш,  -сымақ
жұрнақтары  жатады.  Бұлар  күнделік  өмірде  жиі  қолданылады,  өрісі   кең
жүрнактар.
    Ал өнімсіз жұрнақтарға —шығаш, -шігеш,  -ес,  -ка,  -пат,  -паң,  -пан,
-анақ, -қалаң, -ақай, -ек, -жын, (-жін), -ат, -қал  жұрнақтары  жатады.  Бұл
жұрнақтар  бірді-екілі  сөздердің  құрамында   кездеседі,   басқа   сөздерге
жалғанбайды, олар өзінің сөзжасамдық қызметін тоқтатқан.
    Ал жеңешетай, ағатай, қалқатай сияқты  сөздердегі  —тай  жұрнағы  жақсы
көру,  ізет  көрсету,  сыйлау  мағыналарын  қосып  тұр.  Сол  сияқты  Құрмаш
(Қүрманғали),  Жүмаш  (Жүман),  Сәулеш  дегендегі  —ш  жұрнағы   сөзге   әрі
кішірейту, әрі жақсы көру мағынасын қосқан.
    Бақылау сұрақтары:
  1.Зат есімнің сөзжасамдық бірліктері қандай?
  2.Зат есім неге үнемі туынды сездермен толығып отырады?
  3.Зат есімдегі туынды зат атаулары неге түрлі-түрлі?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақ тілінің грамматикасы Алматы,1967
2.Қазақ грамматикасы Астана, 2002
3.Маманов Ы.Қазіргі қазақ тілі Алматы,1966
4. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология Алматы, 1991

  16,17  дәріс тақырыбы: Сын есімнің  лексика-грамматикалық құрылымы


   1. Сын есімнің семантикалық топтары.
   2. Сын есімнің морфемалық құрамдары.
   3. Сын есімнің шырай категориясы
   3. Сын есімнің сөзжасамы


     Сөздерді   таптастыру   ұстанымдары   бойынша   сын   есімнің    жалпы
грамматикалық мағынасы-сындық белгі. Сын есім  деп  заттың  эр  түрлі  сыр-
сипатын қасиеттерін тікелей  не  басқа  заттың  катысуы  арқылы  білдіретін
сөздер аталады. Мысалы, жақсы, жаман, тогайлы, елсіз т.б.
     Әр   сөз   табының   ерекшелігін   танытатын   өзіндік   морфологиялық
көрсеткіштері болады. Олар  екі  түрлі,  бірі-  сөз  табының  грамматикалық
категорияларының   көрсеткіштері,   екіншісі-   сөз   табының   сөзжасамдық
жұрнақтары. Бұл екі түрлі морфологиялық көрсеткіштің екеуі  де  сын  есімде
бар.   Сын   есімнің   шырай   категориясы   оны   басқа   сөз   таптарынан
ерекшелендіреді. Сын есімді танытатын  екінші  морфологиялық  белгі  -  сын
есімнің  сөзжасамдық  жұрнақтары.  Сөзжасамдық  жұрнақтардың  өзіндік   бір
ерекшелігі-олар  сөз  табына  байлаулы,  әр  сөз  табының  өзіне  ғана  тән
сөзжасамдық жұрнақтары бар. Сөз таптары танылу үшін қойылатын  синтаксистік
ұстаным түрғысынан келгенде, сын  есімнің  атқаратын  негізгі  синтаксистік
қызметі-анықтауыш. Сын есім сөйлемнің баяндауышы қызметін де жиі  атқарады,
ал сын есімнің пысықтауыш қызметінде қолданылуы сиректеу.
        Сөйлемде қолданылатын сын есім сөздер төмендегі тұлғаларда болады:
негізгі түбір сын есімдер, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, тіркесті
күрделі сын есімдер.
Негізгі түбір сын есім сөздер бір ғана морфемадан  тұратын,  тілдің  казіргі
даму сатысында әрі  қарай  бөлшектеуге  келмейтін  негізгі  морфемалар:  ақ,
қцара, көк, қызыл, жасыл, қоңыр, сары, үлкен, кіші т. б.
 Туынды түбір сын есімдер ең кемі екі морфемадан құралады-  негізгі  морфема
және сөзжасамдық жұрнақ: өнерпаз, білгіш, үйшіл т.б.
Біріккен  түбір  сын  есімдер:   жалауқазықтай,   жалңаяқтай,   жалмауыздай,
басыбайлы, бәйшешектей, бойкүйез, аққудай т.б.
Қос сөзді сын есім сөздер: үлкенді- кішілі, аумалы- төкпелі т. б.
Тіркесті күрделі сын есімдер: көк ала, сара көк, қара күрең т.б.
   Сын  есімдер  морфемалық құрамдарына  қарай, негізгі   сын  есімдер  және
туынды  сын есімдер  деп   бөлуге  болады.  Бірақ   оларды  осылайша  жіктеу
шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені  қазіргі  кезде  негізгі   сын
деп  жүрген   сөздердің   көпшілігінің   төркінін   талдап    қарағанымызда,
туынды   сындар   болып  келеді.   Мысалы:   тұнық,   суық.   Сын    есімдер
морфологиялық, синтаксистік,  морфологиялық-синтастиктік   тәсілдер   арқылы
жасалады.
   Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы  тұрады.
Сын есім туындылар есім сөздерден  де, етістіктен  де  жасала  береді.   Сын
есімнің туынды атаулары құрамы жағынан дара және  күрделі  болып   бөлінеді.
Дара туындыларға бір сөзден тұратын жұрнақ  арқылы  жасалған   туынды  түбір
сын атаулары жатады.
   Өнімсіз жұрнақтар тілге жекелеген  туынды  түбір   сын  аталымдарын  ғана
қосқан, сондықтан олар  өнімсіз  жұрнақ  аталады.Мысалы:  -қы,  -кі  жұрнағы
арқылы жинақы, күлдіргі, бұралқы сияқты туынды сын атаулары  ғана  жасалған.
Сол сияқты –ын, -ін жұрнағы да аз ғана туынды  жасаған.  Мыс:  бүтін,  ұзын,
ортан.
   Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан  әр  түрлі  дәрежеде
болатынын, демек, сипатының я  белгінің  бір  затта  артық,  бір  затта  кем
болатынын білдіретін сын есім формалары шырай  формалары  деп  аталады.  Сын
есімнің 4 түрлі  шырайы  бар:  жай  шырай,  салыстырмалы  шырай,  күшейтпелі
шырай, асырмалы шырай.
         Бақылау сұрақтары:
   1. Сын есімнің семантикалық топтары қандай?
   2. Сын есімнің морфемалық құрамы неден тұрады?
   3. Сын есімдердің жасалу жолдары қандай?
   4. Шырайдың қандай түрлері бар?
          Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
     2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007.

18  дәріс тақырыбы:  Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешеліктері

   1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі.
   2. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі.
   3. Сан есімнің  синтаксистік өзгешелігі.


    Сан есімдер-сандық ұғымды білдіретін, есімдер тобына жататын сөз  табы.
Сан есімдер заттың саңдық  белгісін  білдіретін  болғандықтан,  ол  белгіні
білдіретін сөздер тобына жатады. Бұл тұрғыдан сан есім  сын  есімге  жақын,
өйткені сын есім де заттың белгісін білдіретін сөз  табы.  Бірақ  сан  есім
заттың сандық белгісін білдірсе, сын есім заттың сындық белгісін білдіреді.


    Сан есім сөздер тілде екі түрлі жазылады, олар әріппен де,  цифрмен  де
жазылады.  Бұл-  сан  есімнің  басқа  сөз  таптарынан  өзіндік  ерекшелігі,
жоғарыда келтірілген сөздерде бұл белгі жоқ.
    Сөз  табы  ұстанымдары  тұрғысынан  алғанда,  сан  есімнің   өзіне   тән
семантикалық мағынасы бар, яғни олар  -  сандық  ұғымды  білдіретін  сөздер.
Шындық өмірде заттар өте көп, зат болған жерде заттың  саны  да  болады.  Ол
жанды затқа да, жансыз затқа да қатысты. Сондықтан  сан  есім  сөздер  затты
талғамай тіркеседі, сан есім  зат  атауының  алдынан  тіркесіп,  оның  санын
білдіреді.  Сан  есім  зат  есіммен  ешбір  қосымшасыз  орын   арқылы   ғана
байланысады.
    Сөздерді  таптастырудың  екінші  ұстанымы-  сөз  табының  морфологиялық
белгісі. Бұл көбіне сөз табының сөздерді түрлеңдіру жүйесіне  қатысты  екені
белгілі. Сан есімнің өзіне тән грамматикалық  категориясы,  яғни  түрлендіру
жүйесі жоқ. Бұл ерекшелік басқа да бірнеше сөз табына қатысты. Сондықтан  ол
сан есімнің сөз табы  ретінде  танылуына  кедергі  бола  алмайды.  Сан  есім
морфологиялық  көрсеткішке  кедей  сөз  табы  болғанымен,   оның   мағыналық
топтарының жекелеген қосымшалары бар. Олар реттік санның -ншы, -нші,  -ыншы,
-інші жүрнағы мен жинақтау санның -ау, -еу жұрнақтары.
    Сөздерді  топтастырудың  үшінші  ұстанымы   –   сөз   табының   негізгі
синтаксистік қызметі болуы. Бүл үстанымға сан есімнің  анықтауыштық  қызметі
жауап береді. Сан есім түрлі морфемдік құрамда қолданылады.  Қүрамына  қарай
сан есімдер дара және күрделі болып екіге бөлінеді.  Дара  сан  есімдер  бір
негізгі морфемадан тұрып, сандық ұғымды атайды.
    Күрделі сандар сан есімде өте көп, оның санын көрсету де  мүмкін  емес.
Күрделі сандар ешқандай қосымшаның көмегінсіз бір  сан  мен  екінші  санның
тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның атын жасайды.
       Бақылау сұрақтары:
   1. Сан есімдер қандай үғымды білдіреді?
   2. Сан есімдердің затқа қатысы қандай?
   3. Сан есімнің грамматикалық категориясы бар ма?
   4. Сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
            Ұсынылатын әдебиеттер:
     1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
   2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,2007


   19  дәріс тақырыбы:  Есімдіктер туралы жалпы сипаттама


   1. Есімдіктер туралы жалпы сипаттама.
   2. Есімдіктер және олардың түрлері.


    Есімдік - басқа сөз таптарынан  ерекшелігі  мол  сөз  табы.  Есімдіктің
басты ерекшелігінің бірі-оның өте  жалпы  мағынасы.  Дәл  есімдіктей  жалпы
лексикалық мағыналы бір де бір сөз табын  көрсету  мүмкін  емес.  Сондықтан
есімдіктің жалпы мағынасы оның негізгі ерекшелігі саналады.
    Есімдіктің мағынасы сөйлеу  әрекетімен,  яғни  ол  сөйлемде  не  туралы
айтылғанымен, сөйлеуге қатысушылармен тікелей байланысты.
    Сөздерді таптастыру үстанымы түрғысынан алғанда, сөздерді таптастырудың
1-ұстанымына яғни семантикалық ұстанымға есімдіктің жалпылық мағынасы  жауап
береді, өйткені  жалпылық  мағына-  бүкіл  есімдік  сөздерге  ортақ  мағына.
Сөздерді  таптастырудың  2-ұстанымы  морфологиялық  көрсеткіштер  тұрғысынан
алғанда, есімдіктің өзіне ғана тән  грамматикалық  категориясы,  өзіне  ғана
қатысты  сөз  түрлендіру  парадигмасы  жоқ.  Бірақ  есімдіктер  түрленбейтін
сөздердің тобына жатпайды. Есімдіктер  өзінің  табиғатында  түрлі  сөздердің
орнына  қолданылатын  сөздер  болғандықтан,  олар  қай  сөз  табының  орнына
қолданылса  сол  сөз   табының   түрлену   жүйесімен   түрленеді.   Сөздерді
таптастырудың  3-ұстанымы  тұрғысынан   алғанда,   есімдіктің   синтаксистік
қызметі  оның  табиғатымен   тікелей   байланысты.   Есімдік   белгілі   бір
синтаксистік қызметке байлаулы емес, ол қай сөз табының  орнына  қолданылса,
сол сөз табының синтаксистік қызметін атқара береді.
    Заттық есімдіктер қолданыста зат есімнің жалпы грамматикалық  мағынасы-
заттық  үғым  мағынасында  зат  есім  сөздерінің  орнына  қолданылып,  оның
мағынасына сілтейді, сөйлемде  зат  есім  атқаратын  синтаксистік  қызметті
атқарады. Яғни көбіне бастауыш, толықтауыш қызметінде қолданылады.
    Белгі есімдіктері заттың нақты белгісін атамаса  да,  заттың  белгісіне
сілтейді де, қай? қайсы?  қандай?  деген  сүрақтарға  жауап  береді.  Белгі
есімдіктері мыналар: бұл, сол, мына, ана, осы, мынау, анау, осынау,  сонау,
пгонау, әне, міне, әнекей, мінекей. Бұларды аттрибутивтік есімдіктер деп те
атайды. Мысалы, Темірбек сен менімен  сонау  үйге  дейін  бірге  жүр(С.М.).
Аттрибутивтік  есімдіктер  түрленбейді.  Тек  заттанғанда   ғана   түрленіп
қолданылады. Мысалы, мынаны ал, соны түсін т.б.
       Есімдіктің бірнеше түрлері бар: Өздік есімдігі, бел гісіздік
есімдіктері,
болымсыздық есімдіктері, жалпылау есімдіктері
        Бақылау сұрақтары:
1. Есімдіктің өзіндік негізгі ерекшелігі қандай?
2. Есімдіктің қандай түрлері бар?
3.Есімдік  сөйлемде қаңдай қызмет заттарға атқарады?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы: 2007

20  дәріс тақырыбы:  Етістіктің лексика-граммматикалық құрылымы.

  1. Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі
  2. Негізгі түбір етістіктер.Туынды түбір етістіктер
  3. Күрделі етістіктер
  4. Негізгі және көмекші етістіктер
  5. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы


     Етістік- сөз таптарының  ішіндегі  құрамы  жағынан  да,   грамматикалық
қүрылымы жағы нан да ең күрделі сөз табы.
    Етістік деп  заттардың  қимыл-әрекетін  білдіретін  сөз  табы  аталады.
Етістіктің жалпы қимыл ұғымын білдіруі сөздерді  таптастырудың  1-ұстанымына
жауап береді.
     Етістіктің  қимыл  атауы,  есімше,  көсемше  түрлері,   салт,   сабақты
етістікке бөлінуі де етістікті басқа  сөз  табынан  ажырататын  белгілеріне
жатады. Өйткені ол мәселелер басқа сөз табында жоқ.
    Етістік басқа сөз таптарынан мағынасы жағынан ғана  емес,  өте  күрделі
грамматикалық құрылымы арқылы  да  ерекшеленген.  Етістіктің  грамматикалық
категориялары  ешбір  сөз  табында  жоқ  және  олар  өте  күрделі,  етістік
грамматикалық категорияларға өте бай. Әр грамматикалық  категориялардың  өз
мағынасы, өз  көрсеткіштері  тілде  қалыптасып,  әбден  орныққан.  Мәселен,
етістіктің  болымдылық,  болымсыздык  категориясы,  қимылдың   өту   сипаты
категориясы, модальдық, рай категориясы, шақ, жақ категориясы  басқа  ешбір
сөз  табында  жоқ.  Сондықтан  ол  грамматикалық  көрсеткіштер   етістіктің
морфологиялық  көрсеткіштері  болып  саналады.  Бұл   етістіктің   сөздерді
таптастыру теориясының 2-ұстанымына  жауап  беретінін  дәлелдейді.  Сонымен
бірге, етістіктің өзіне тән сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі бар. Ол-
 сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметін атқарады. Етістіктің ішінде  баяңдауыш
қызметін  атқара  алмайтын  бірде-бір  етістік  жоқ.  Сондықтан  баяндауыш-
етістіктің негізгі  синтаксистік  қызметі.  Ол  сөздерді  таптастырудың  3-
ұстанымына етістіктің жауап  беретінін  білдіреді.  Бұл  етістіктің  жалғыз
синтаксистік қызметі емес, етістік пысықтауыш қызметін де атқарады.
    Тілдегі етістіктер екі үлкен топқа бөлінеді,  олар-  дербес  етістіктер
мен көмекші етістіктер.  Морфологиялық  құрылымы  жағынан  етістіктер  дара
етістіктер мен күрделі етістіктер деп  аталатын  екі  салаға  бөлінеді.Дара
етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және  жұрнақ  арқылы  жасалған
туынды етістіктер деген екі топқа жіктеледі. Дара  етістіктер  мысалы:  ек,
жек, оқы, жаз, кел, аяқта, баста, қолда,  арала,  сабала,  сүйреле,  т.  т.
Түбір етістіктер деп арнаулы морфологиялық бөлшектері жоқ,  демек,  қазіргі
кезде морфологиялық жағынан түбір және жұрнақ деп бөлшектеуге  болмайтындай
етістік формалары аталады.
    Есім негізді етістіктерге етістіктерден өзге сөз таптарынан жасалатын
етістіктер жатады, олар арнаулы жұрнақтар арқылы көбінесе зат есімнен, сын
есімнен, үстеулерден, еліктеуіш сөздерден, әредік одағайлардан жасалады.
Көмекші етістікгердің қолданылу аясы, жетекші етістікке тіркескенде оларға
қосатын мағынасы мен түрлену сипаты жағынан бәрінде бірдей емес. Сондықтан
олардың өзі іштей толымды және толымсыз көмекші етістіктер болып екіге
бөлінеді.
    «Аналитикалық  формант»  термині   есімге   де,   етістікке   де   тән.
Грамматикалық категориясы  бар  зат  есім  мен  сын  есімдегі  грамматикалық
аналитизм  мәселесі  дәлелденбегендіктен,  аналитикалық  формант  ұғымы  тек
етістікпен байланысты қаралып жүр. Аналитикалық формант туралы айтпас  бұрын
аналитикалық форма  ұғымына  түсінік  берген  жөн.  Аналитикалық  формант  -
сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш.  Мысалы,  келе  жатыр,  айта
бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі  =е  жатыр,  =а  баста,  =са
екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар.
     Бақылау сұрақтары:
  1.Етістіктің мағынасы қандай ұғымды білдіреді?
  2. Етістіктің морфологиялық көрсеткіштеріне не жатады?
 Етістіктің негізгі синтаксистік қызметі қандай?
 Дара, күрделі етістіктер дегеніміз не?
5. Негізгі және көмекші етістіктер қандай ұғымды білдіреді?
6.  Аналитикалық форманттардың мағыналары, құрылымы қандай ?
   Ұсынылатын әдебиеттер:
Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.
3.Исаев С. Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сөздердің  грамматикалық  сипаты.  А.,
1998.

     21  дәріс тақырыбы:  Етістіктің лексика-грамматикалық
категориялары


   1. Салттылық және сабақтылық категориясы
   2. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері
   3. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы


       Қазақ тіл білімінде сабақты етістік пен салт етістік етістіктің жеке
семантика - синтаксистік категориясы  -деп танылады.
  Салт, сабақгы етістіктерді  тануда  ғылыми  әдебиеттерде  айтылып  жүрген
қимылдың  субъектіге  не  объекгіге  бағытталуына  байланысты  болады  деген
жалпылама анықтама жеткіліксіз сондықтан,  олардың  бір-бірінен  ерекшелігін
ажырату қажет. Олар:
  1.Салт етістікте қимылды субьекті  жасайды,  бірақ  ол  қимылға  түсетін,
қимыл  жасалатын  субъектіден  басқа  зат  болмайды.  Ал  сабақты  етістікте
қимылды басқа зат жасайды, яғни сабақты етістікте  қимылға  түсетін  объекті
зат болады.
2. Салт етістік тек субъеістіге қатысты қимылды білдіретін болғандықган,
салт етістіктегі қимыл бір затқа ғана қатысты болады. Ал сабақты етістіктер
субъектінің объектіге жасапатын қимылын білдіреді. Сондықтан да ол кемі екі
затқа байланысты қимыл болады.
3. Салт етістіктер тек  субьектіге  қатысты  қимылды  білдіретін  объектісіз
етістіктер болса, сабақты етістіктер қимылдың белгілі  бір  обьектіде  өтуін
қажет ететін обьектілі етістік .
  Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы  жасалған
туынды етістіктерге  де,  күрделі  етістіктердің  түр-түрлеріне  де  жалғана
береді. Оқулықтарда етіс - негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік  етіс,  ырықсыз
етіс, өздік етіс, - деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай  түсінік
берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір  түбір  я
туынды етістіктердің де, күрделі етістікгердің  де  негіздері  жатады.  Етіс
категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс,  ырықсыз  етіс  түрлері
ғана бар.
  1.  Өздік  етіс.  Өздік  етіс  қимыл,  іс-әрекеттің  субьектісіне   қарай
бағытталып, сабақты етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады.
  2. Ырықсыз етіс. Ырықсыз  етіс  іс  істеуші  арнайы  айтылмай,  ол  іспен
байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін  етістіктің
түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л  қосымшасы
(түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалады.
  3. Өзгелік етіс  қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес,
екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп,  етістікке
арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз,  -кіз,  -ғыз,-гіз  қосымшаларының  бірі
жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының  бір
түрі болып табылады.
  4. Ортақ етіс. Етістің ортақ етіс түрі етістіктің салт  етістік,  сабақты
етістік  тұлғаларынан  арнайы  -ыс,-іс,-с  қосымшаларының  жалғануы   арқылы
жасалып, қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске  асатынын
білдіреді.
  Болымды-болымсыздық  категориясы.Етістік  түбір  күйінде  де,  әр   түрлі
грамматикалық  (лексика-грамматикалық)   тұлғаларында   да   қимылдың,   іс-
әрекеттің, амал-процестің болуын (болғанын, болып жатқанын, болатынын,  болу
сипатының әр түрлі реңін) білдіреді. Етістік білдіретін қимыл,  іс-әрекеттің
қарама-қайшы  мәні,  ол  мағынаның  болмауы  етістік  түбірлеріне  (негізгі,
туынды,  күрделі),  етістіктің  лексика-грамматикалық  категориялары  (етіс,
күшейтпелі етіс) тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе  қосымшасы  қосылу
арқылы  жасалады  да,  тек  етістіктің  болымсыздық  түрін  жасап  қоймайды,
болымдылық мәнге қарама-қайшы етістікгің  болымсыздық  (болымды-болымсыздық)
категориясын да жасайды.
          Бақылау сұрақтары:
1. Етіс дегеніміз не? Етістің ұандай түрлері бар?
2. Өздік етістің мағынасы, жасалу жолы қандай?
3.Өзгелік етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
4.Ырықсыз етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
5.Ортақ етістің мағынасы мен жасалу жолы қандай?
           Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақтілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.

22, 23 дәріс тақырыбы:  Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары


  1. Қимылдың өту сипаты етістіктің дербес лексика-грамматикалық
  категориясы екендігі
  2. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық
  категориялары ішіндегі орны


     Қимылдың өту сипаты категориясы А.Ысқақовтың 1991 жылы шыққан "Қазіргі
қазақ тілі"  оқулығында  "Амалдың  өту  сипаты"  деген  тақырыппен  берілген
дедік. Онда  амалдың  жүзеге  асқандығын  білдіретін  арнаулы  грамматикалық
формалардың болатындығын, ол формалардың бір саласы аналитикалық  форманттар
және олардың тілімізде  аса  көп  екендігі  айтылады.  Қимылдың  өту  сипаты
категориясы іштей екіге бөлінеді:  1)  қимылдың  тәсілі;  2)  қимылдың  даму
сатысы
  Қимылдың даму сатысы, кезеңі үшке бөлінеді. Олар:
  1. Қимылдың басталу кезеңі. 2. Қимылдың жалғасу кезеңі.
   3. Қимылдың аяқталу кезөңі. Етістіктің функциялық  формаларының  бірі  -
есімше.
   Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты
болып  бөлініп,  жақтық,  шақтық  мағынаны  аңғартады.   Бірақ   түрленгенде
есімдерше көптеледі, септеледі,  тәуелденеді.  Осы  ерекшелігіне  байланысты
сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие  болады  да,  әрі  етістік,
әрі сын есім орнына жүре береді.
  Есімше -ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р,  -с,  -атын,  -етін,  -йтын,
-йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жүрнақтарының  негізгі
және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және  болымсыз  формаларына,
етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау  рай,
бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жүрнақтары жалғанбайды.
  Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше  жіктеліп,  сөйлемде
баяндауыш қызметін атқарады.
  Есімшенің түрлері
  Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің  бұл  түрі  -ған,  -ген,  -қан,  -кен
жұрнағымен жүзеге асады. Өткен шақ есімше  жұрнағы  отыр,  тұр,  жүр,  жатыр
қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді.
  Дағдылы өткен шақ  есімше  -атын,  -етін,  -йтын,  -йтін  жұрнағы  арқылы
жасалады.
  Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары
арқылы жасалады.-ар, -ер,  -р  болымды  етістіктерге  жалғанса,  -с  жұрнағы
болымсыз етістіктерге жалғанады.
  Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -мақ,  -мек,  -,  -пек,
-бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
  Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы  енгізген.  Бұл  сөздің
мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
  Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған  іс-әрекеттің  сынын-тәсілін,
мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады.
  Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, кимыл атауы) етістіктің мағына  жағынан
да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін  функциялық  формаларының  бір  түрі.
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны  аңғартса,  қимыл
есімінде  ондай  белгі  жоқ.  Керісінше,  есімдерше  көптеліп,   тәуелденіп,
септеліп қолданылады.
  Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып муңцай ерекшелікке ие болуы
қимыл  әрекеттің  өзін  емес,  сол  әрекеттің  атауы  ретінде   қолданылуына
байланысты. Тұйық етістік түбір етістікпен туынды түбір етістікке- у,  (-ұу,
-үу), ыс(-іс), -мақ  (-мек,  -бақ,  -бек,  -пақ,  -пек)  журнаідары  жалғану
арқылы жасалады.
        Бақылау сұрақтары:
Қимыл атауының магынасы қандай?
Тұйық етістік дегеніміз не?
Есімшені неге кейбір ғалымдар сын  есімге  қосуды,  жеке  сөз  табы  санауды
ұсынған?
Есімше жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары қандай?
5. Көсемше етістіктің қандай түрі?
6. Көсемше қандай мағынаны білдіреді?
           Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.А., 1951
2.Ысқақов А. Қазіргі қазақтілі. Морфология. А., 1991.281-284-6.


24, 25   дәріс тақырыбы:  Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары


  1.Рай категориясы
  2. Шақ категориясы. Жақ категориясы.
  3. Етістіктің жіктелуі.
  4. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі


  Сөйлеушінің  қимыл,  іс-әрекетке   көзқарасын,   қимылдың,   іс-әрекеттің
шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп,  белгілі  парадигмалық
тұлғалар  жүйесінен  түратын  етістіктің   грамматикалық   категориясы   рай
категориясы деп аталады.
  Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай,  шартты  рай,
қалау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.
  Ашық рай -қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы  шақ,  келер  шақ,  өткен  шақ)
бірін білдіретін рай түрі.
  Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреуге (3-
жаққа)  қаратылып,  бұйрық  сұрай  айтылатын,  өзіне  (1-жаққа)   байланысты
қимылға, іс-әрекетке қозғау салу, ниет мәнін  білдіріп,  белгілі  қосымшалар
жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мәні  -
бұйрықтық мағына. Бұйрықтық  мағына  негізінен  алғанда  2-жаққа  байланысты
болып отырады.
  Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солғындап, тілек (бұйрық пен  тілек),  өтініш
(бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады.
  Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін,  шартын
білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық  категориялар  тұлғаларына
-са, -се қосымшасы жалғану арқылы жасалады.
    Қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты  болып  өткендігін,
бірақ   болатынын   білдіріп,   белгілі   жолдармен   жасалатын   етістіктің
грамматикалық категориясы шақ категориясы деп аталады.
  Қазіргі қазақ тілінде шақ  категориясы  морфологиялық  белгісіне,  шақтық
мағынасына қарай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үшке бөлінеді.
  Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің  сөйлеу  кезінен  бұрын  болып,  істеліп
кеткенін білдіретін етістіктің грамматикалық формасы.
  Қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақ  грамматикалық  формасы  мен  мағыналық
ерекшеліктеріне қарай жедел өткен шақ, бұрынғы  өткен  шақ,  ауыспалы  өткен
шақ болып үшке бөлінеді.
  Жедел өткен шақ  етістіктің  түбіріне-ды,  -ді,  -ты,  -ті  жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.
      Бұрынғы  өткен  шақ  қимылдың,  іс-әрекеттің  сөйлеп   тұрған   сәтпен
салыстырғанда, әлдеқашан бұрын болғандығын білдіреді.
  Бурынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
  а) Бұрынғы өткен шақ-ған, -ген, -қан,  -кен,-ып,  -іп,  -п  жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалады. Бұрынғы өткен  шақтың  күрделі  түрі  -ған,  -ген,
-қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып,  -іп,  -п  тұлғалы  көсемшеге  (еді)
көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады.
  б) Ауыспалы өткен шақ. Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/  -етін,  йтын/
-йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде  өткен  шақтық,  бірде  келер  шақтық
мағынада қолданылады.
  Осы шақ сөйлеп тұрған  сәтпен  байланысты  қимылдың,  іс-әрекеттің  болып
жатқанын, өтіп жатқанын білдіреді.Ол қалып етістіктерінің отыр, тұр,  жатыр,
жүр негізгі етістік мәнінде немесе негізгі етістіктің көсемше (-а,  -е,  -й,
-ып,  -іп,  -п)  тұлғасына  қалып  етістіктерінің  көмекші  етістік  мәнінде
тіркесіп тікелей жіктеліп барып жасалуында, бұлар  грамматикаларда  нақ  осы
шақ деп беріледі. Осы шақтың түрлері. Осы шақ мағынасы мен  түрлеріне  қарай
нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі түрге бөлінеді.
  Келер шақ қимыл, іс-әрекетгің әрі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен  кейін
іске асатынын білдіреді. Келер  шақтың   түрлері  мағыналық  ерекшеліктеріне
қарай келер шақ үшке бөлінеді: Болжалды келер шақ,
  мақсатты келер шақ,  ауыспалы келер шақ.
    «Жіктік жалғауы өзінің жалғанған сөзіне тек қана жақтық мағына үстейді,
яғни предикативтік реңк береді». Төрт  жалғаудың  үшеуі  (көптік,  тәуелдік,
септік жалғаулар), әдетте, сөз табы жағынан  зат  есімге  тән,  зат  есімнің
түрлену  жүйесі  деп  анықталады  да,  жіктік   жалғау   көбіне   етістікпен
байланысты сипатталады. Бірақ  жіктелетін  тек  етістік  ғана  емес.  Әдетте
жіктік  жалғауы  етістіктің  түбіріне  тікелей  жалғанбайды,   белгілі   бір
формаларының үстіне ғана жалғанады,  соған  байланысты  жіктік  жалғаулардың
тұлғалары да  біркелкі  болып  келмейді,  ал  есім  сөздерге  жіктік  жалғау
тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді.
             Бақылау сұрақтары:
   1. Етістіктің шақ категориясы дегеніміз не?
   2. Шақ категориясы морфологиялық белгісіне, шақтық мағынасына қарай қалай
      бөлінеді?
   3. Етістіктің жақ категориясы дегеніміз не?
           Әдебиеттер:
       1. Оралбаева Н. Қазақ тіліндегі етістіктің категориялары. А., 1980.
       2. Қасабек Қ. Бір буынды негізгі түбір салт етістіктер. А.,, 1999.
       3.Оразов М. Қазақ тіліндегі қалып етістіктері. А., 1980. 176 б.
     4. Омарова А. Осы шақтың Қ. Жұбановқа дейінгі грамматикалардағы
        көрінісі. А., 1998, 48-51 б.








   26  дәріс тақырыбы: Үстеулердің морфологиялық белгілері, жасалу түрлері


   1. Үстеу  жалпы түсінік.
   2. Үстеудің мағыналық түрлері
   3. Үстеудің жасалу жолдары
   4. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.
   5. Үстеулердің сөйлемдегі қызметі


  Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының  бірі  -үстеулер.  Сондықтан  да
тілде үстеулер мәселесі назардан  тыс  қалды  деуге  болмайды.  Бұл  жайында
айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми  зерттеулерді  кездестіреміз.  Үстеулер
мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне  арналған  грамматикаларда  көрініс
тауып жүрді. Мәселен,  үстеулер  туралы  пікірлер  И.Гиганов,  М.А.Казембек,
Г.М.Мелиоранский,  А.М.Щербак,  А.Н.Харитонов,  А.Н.Кононов,  И.И.Мещанинов,
А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
  Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым  А.Байтұрсынов  үстеу  сөздерді  о  баста
шылау сөздердің  құрамында  демеу,  жалғаулық,  одағай  сөздерінің  қатарына
қосып, оған:  «...  сөз  үстіне  қосылып  сөздердің  мағынасын  толықтыратын
сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді.  Ғалым кейінірек үстеуді  жеке
сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама  береді:  «Үстеу  дейміз-
сын есім, сан  есім,  есімдік,  етістік  сөздерді  толықтыру,  күшейту  үшін
айтылатын сөздерді» .  АБайтұрсынов  үстеуді  бес  мағыналық  топқа  бөледі.
Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
  Профессор  С.Аманжолов  «Үстеу  дегеніміз  -  істің  қимылын,   белгісін,
мезгілін білдіретін сөз»-деген түсінік береді . Үстеу  туралы  арнайы  еңбек
жазған  -  профөссор  А.Ысқақов.  А.Ысқақовтың  «Қазіргі   қазақ   тіліндегі
үстеулер» атты еңбегі бар.
  Үстеулер - қимылдың,  іс-әрекеттің  мекенін,  мезгілін,  жай-күйін,  мақ-
сатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп,  грамматикалық  жағынан  түрленбейтін
сөздер. Үстеулерді көпшілік ғалымдар түрленбейтін сөз табы  деп  қарастырса,
кейбір ғалымдар оларды аз түрленетін сөз табы деп таниды.
  Үстеу амал-әрекеттің әр алуан  мезгілдік,  мекендік,  мөлшерлік,  сындық,
себептік. мақсаттық сипаттарын білдіреді. Осымен  байланысты,  олар  мынадай
мағыналық топтарға бөлінеді: 1. Мезгіл үстеулері.  2.  Мекен  үстеулері.  3.
Мөлшер үстеулері. 4. Сын-қимыл (бейне) үстеулері. 5. Күшейткіш үстеулер.  6.
Мақсат үстеулері. 7. Себеп-салдар үстеулері. 8. Топтау үстеулері.
  1. Мезгіл үстеулері амалдың, іс-әрекеттің жүзеге  асу  мезгілін  білдіріп
қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл  үстеулері  аса  көп.
Мезгіл үстеулерге мына сөздер жатады: бүгін, ертең, қазір  т.б.
  2.  Мекен  үстеулері  қимыл-әрекеттің  орнын,  мекенін  білдіріп,  қайда?
қайдан? деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Мекен  үстеулері  мыналар:  алға,
артқа, артта, жоғары, темен, әрі, бері, кері, ілгері, әрмен т.б.
  3. Мөлшер үстеулері амалдың, қимылдың мөлшерін, көлемін білдіріп,  қанша?
қаншама? қаншалықты? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер  үстеулерге  мына
сөздер жатады: онша, сонша, оншалық, соншалық, мұншама,  едәуір,  бірқыдыру,
анағұрлым т.б.
  4. Сын-қимыл үстеулері  қимылдың  сан  алуан  бейнесін,  орындалу  амалын
білдіріп,  қалай?  қалайша?  деген  сұрақтарға   жауап   береді.   Сын-қимыл
үстеулеріне мына сөздер жатады: бірден,  тез,  жылдам,  бірте-бірте,  лезде,
әрең, үиемі, қолма-қол, менше, құсша, емін-еркін т.б.
  5. Күшейткіш  (күшейту)  үстеулер  заттың  сындық  белгісін,  қимыл,  іс-
әрекеттің сапасын, мөлшерін, көлемін күшейтіп я болмаса солғындатып  көрсету
үшін қолданылады. Күшейткіш үстеулер қашан? қандай? деген  сұрақтарға  жауап
береді. Күшейткіш үстеулерге ылғи, кілең, тіпті,  нақ,  нағыз,  нық,  әбден,
мулде, өңкей, дәл, керемет т.б. сөздер жатады.
  6.  Мақсат  үстеулері  қимылдың  мақсатын  білдіреді.  Мақсат  үстеулерге
жататын сөздер сан жағынан көп емес. Олар: әдейі, жорта,  қасақана.  Мысалы,
- Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған  көрсетермін  провалды!-деп  айқай
салды (Ш.Жиенқулова).
  7.Себеп-салдар үстеулері  қимылдың  себебін,  нәтижесін  білдіреді.Себеп-
салдар үстеулері не себепті? неге?деген сұрақтарға жауап береді.
  8. Топтау үстеулері қимылдың жасалуының топтық сипатын білдіреді.  Топтау
үстеулері  нешеден?  қаншадан?  деген  сұрақгарға   жауап   береді.   Топтау
үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп т.б.
  Үстеу - морфологиялық жағынан алғанда аз түрленетін сөз  табы.  Бұл  оның
морфологиялық ерекшелігі болып табылады  десек  те,  үстеулер  қандай  сөзге
тіркессе де өз формасын өзгертпейді.
  Үстеудің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Үстеудің ең негізгі синтаксистік
қызметі - сөйлемде пысықтауыш  болу.  Сөйлемде  үстеулер  қашанда  өздерінің
пысықтайтын   сөздерінен   бұрын    тұрады.    Үстеулердің    ішінде    орын
талғамайтындары да бар. Сондай орын талғамайтын үстеулердің  бірі  -  мезгіл
үстеулері. Мезгіл үстеулері баяндауыштан  басқа  мүшелерді  пысықтаса,  онда
пысықтайтын мүшенің алдынан келеді.  Ал  баяндауышты  пысықтаса  одан  алшақ
тұра береді.
       Бақылау сұрақтары:
   1. Үстеу дегеніміз не?
   2. Үстеу мағыналық түрлеріне қарай қалай бөлінеді?
   3. Үстеудің жасалу жолдары қандай?
     4. Үстеу сөйлемде қандай  синтаксистік қызмет атқарады?
      5. Үстеуді қай ғалымдар зерттеген?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
     2. Искакова А. Наречие в казахском языке. Алма-Ата, 1960.
     3.Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы, 1982, 108-112 б.
   27 дәріс тақырыбы: Еліктеу сөздер


   1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.
   2. Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипаты.
   3. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі.


   Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан  да,  грамматикалық  сыр-сипаты
жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге  сөз  таптарынан
оқшауланып  тұратын,  соған  сәйкес,  өз  алдына  дербес  сөз  табы  ретінде
қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер деп аталады.
     Еліктеу сөздер дегеніміз -  өзіне  тән  лексика-семантикалық  мағынасы,
морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне  де,  қосарланған  түрлеріне
де  көптік,  тәуелдік,  септік,  жіктік  жалғаулары  тікелей   жалғанбайтын,
сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш  болатын  және  бастапқы  түбірлерінен
жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.
     Еліктеу сөздің жеке сөз табы болып танылуы, біріншіден, олардың бәріне
ортақ дыбысқа, бейнеге еліктеу мағынасының болуы.
  Еліктеу  сөздерін  сөз  табы  ретінде  танудың  екінші   себебі,   оларды
түрлендіретін морфологиялық көрсеткішінің  жоқтығы  және  оларды  басқа  сөз
таптарынан бөліп тұратын  айрықша  белгі  олардың  дыбыстық  құрамы  жағынан
өздеріне тән жүйесінің болуы.
  Еліктеу сөздер ішкі мағыналық ерекшеліктеріне орай екі  салаға  бөлінеді,
бірі -  еліктеуіш  (еліктеме)  сөздер,  екіншісі  -  бейнелеуіш  (бейнелеме)
сөздер аталады.
  1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-семантикалық
мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын  білдіретін
еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.
  2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы  құбылыстар  мен  заттардың  және  неше
алуан жан-жануарлардың  сыртқы  сын-сипаттары  мен  әрекет  қимылдарын  көру
мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары.
  Негізгі еліктеу сөздер  айналадағы  табиғат  құбылыстарын  құлақпен  есту
арқылы қабылдаған дыбыстардан және  көзбен  көру  арқылы  қабылданған  елес-
көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары.
  Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу  сөздер  мен  басқа  атаушы
сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз  тудырушы  жұрнақтардың
қосылуынан жасалынған,  морфемдік  құрамы  жағынан  екі  морфемадан  тұратын
туынды сөздер жатады. Еліктеу сөздердің күрделі  түрі  негізінен  қос  сөзді
түбірлер  болып  келеді.  Күрделі  түбір  тұлғалы  туынды   еліктеу   сөздер
аналитикалық  тәсіл  арқылы  негізгі  не  туынды  түбір  еліктеу   сөздердің
қайталанып немесе қосарланып келуінен  жасалады.  Бір  сөздің  қайталануынан
жасалынған қайталама  түбірлі  еліктеу  қос  сөздердің  бір  қалыпты  болған
дыбысқа  еліктеуді  білдіреді.   Еліктеу   сөздер   басқа   сөз   таптарынан
жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз  болады.  Еліктеу
сөздердің зат  есім  мен  етістік  жасауға  қабілеті  күшті.  Сөз  тудыратын
еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл;  -да,  -де;  -ақ,  -ек;
-ыр, -ір; -ық, -ік.  Еліктеу  сөздер  синтаксистік  қызметі  жағынан  қандай
сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына  және
олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне  байланысты  болады.  Еліктеу  сөздер
көп жағдайда зат есім  сөздің  алдында  атау  тұлғада  тұрып,  қандай?  қай?
сұрағына  жауап  беріп,  анықталушы  сөздің  анықтауышы   сөйлем   мүшесінің
қызметін  атқарады.  Еліктеуіш  сөз  әр  уақытта  етістік  алдында   тұрады.
Еліктеуіш  сөздер  негізгі  мағыналы  етістіктермен  тіркесіп  оның  алдында
келгенде, әрдайым күрделі  пысықтауыштың  қызметін  атқарады.  «Ет»  көмекші
етістігімен тіркесіп қолданылғанда, күрделі баяндауыш не күрделі  пысықтауыш
болды.
      Бақылау сұрақтары:
   1. Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты қандай ?
   2.Еліктеуіш сөздердің фонетика, морфологиялық сипатына не жатады?
   3. Еліктеу сөздер қандай синтаксистік қызмет атқарады?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
   2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А., 2007
     3. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.
     4.Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД., 1965.


  28  дәріс тақырыбы:   Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты


  1. Одағай лексика-грамматикалық сипаты. Одағайлардың зерттелуі
  2. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар
  3. Одағайдың мағынасына қарай бөлінуі
  4. Екі түрлі жағдайда ғана сөйлем мүшесі бола алатындығы


   Одағай - сөз таптары категориясының  бірі.  Одағай  сөз  табына  жататын
сөздер адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін және де  адамның  көңіл-күйіне
байланысты айтылатын ишараттар  мен  төрт  түлік  малға,  үй  хайуанаттарына
арнайы шақыра айтылатын сөздер  тобы.  Қазақ  тіліндегі  одағай  категориясы
–басқа  сөз  таптарымен  салыстырғанда,  фонетикалық,   грамматикалық   және
семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін,  сонымен  бірге  әуезділікке,
арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы. Одағай  туралы
мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы  мәліметтер
одағайды сөз табы деп тануда авторлар пікірі әр  түрлі  болғанын  көрсетеді.
Түрік тілдерінде одағайды жеке сөз табы ретінде  беру  және  оның  мағыналық
топтарын көрсету А.Н Кононов пен  Н.А.Баскаковтың  грамматикаларынан  бастау
алған,  дегенмен  бұл  авторлардың  одағайды  мағыналық  топтарға   бөлуінде
шатастырушылық бары көрінеді. Одағай сөздің  табиғаты  туралы  нақты  ғылыми
пікір айтқан  қазақ  тіл  білімі  әлеміндегі  ерекше  қабілеті  бар  феномен
атанған адам - Құдайберген Жұбанов.
  Қазақ тіл білімінде тіліміздегі одағай сөздерді жан-жақты зерттеген ғалым
Ш  Ш.   Сарыбаев.   Ш.   Сарыбаевтың   орыс   тілінде   жазған   кандидаттық
диссертациясының бірінші  тарауы  одағайдың  тіл  білімінде  жеке  сөз  табы
ретінде танылуының тарихына арналған.
  Одағай  мағынасында  жұмсалатын  сөздер  тұлға  жағынан  әр  түрлі.  Оның
құрамындағы сөздер негізінен мына  сияқты  тұлғадағы  сөздер  болып  келеді:
Ойбай! Япырмай!  Әттең!  Тәйт!  Тек!  Жә!  Сап-сап!  т.б.  Одағайға  жататын
сөздердің құрамында бір фонемадан тұратын сөз де болады. Одағай сөз  ретінде
қазақ  тілінде  а,  ә,  е,  о,  ы  дауыстылары  жиі  қолданылады,  әрі  олар
семантикасы жағынан мағынаға бай келеді.
  Тілде тұтас ойға қатысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін
  Одағайлар  білдіретін  мағыналарының  әр  түрлілігіне  қарай   үш   топқа
бөлінеді.
  1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана
қоймайды,  хабармен  бірге  өз  ойына  өң  бере   сөйлейді.   Хабар   беруде
сөйлеушінің қуанта,  таңдандыра,  күлдіре,  ызаландыра,  өтіне,  кекесіндей,
сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі.
  2. Императивтік ишара одағайлары. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып
айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын  одағай
сөздер  жатады.  Бұлар  бағытгалып  отырған  обьектісіне  қарай  екі   топқа
бөлінеді. Бірі - адамға бағышталып айтылатын одағайлар,  екіншісі  -  малға,
үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.
  Адамға бағышталып айтылатын одағайларға адамның атына,  адресіне  бұйыру,
жекіру, тыйым салу, мақсатымен қолданылатын одағайлар  қатарына  Айда!,  Ау!
Әй! Тәйт!, Сап-Сап, Марш!, Стоп!, Кәне!, Жә!, Тек! (Тәк), Әлди!,  Әуп!  Тәй-
тәй! Қаз-қаз! тағы басқа сөздер жатады. Малға  бағышталып  айтылатын  одағай
сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-
әукім!, сияқты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын  жемге  шақыру,  тоқтату,
айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.
  3. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай  сөздер  сан  жағынан
шағындау,  бірақ  тұрмыста  олар  жиі  қолданылатын  бір  мағынамен  айтылып
сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар  қатарына  адамның  амандасу,  қоштасу
т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын  сөздер  жатады.  Олар:
Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!,  Құп»,  Ләббай!  Дат!
т.б.сөздер.
  Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы  жасалынбайды,
сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбір одағайлардан  басқа
сөз таптарын тудыратын -ла, -ле  -лап,  -леп;  -шыл,  -шіл,  -ақ  жұрнақтары
жалғану арқылы туынды түбір етістіктер  мен  есім  сөздер  жасалады.  Одағай
грамматикалық формаларға түспейтіндіктен, сөйлем  мүшелерінің  бірде-бірінің
қызметін атқара алмайды. Заттанғанда не басқа  сөздердің  тіркесінде  келіп,
күрделі мүшенің қызметін атқаратыны болмаса, жеке  дара  тұрғанда  сөйлемнің
баламасы ретінде жұмсалады.
  Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады:  1)  негізгі  түбірлі
одағайлар; 2) күрделі түбірлі одағайлар.
  Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге
келмейтін түбір  сөздер  жатады.  Олар  көбіне  екі,  үш,  төрт  дыбыстардан
тұрады. Мысалы: Жә, уа, әй, паһ, оһо, тек, кәне, тәйтт.б.
  Күрделі түбір одағайлар негізгі  түбір  одағайлардың  немесе  екі  сөздің
бірігуінен не қосарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай!
  Одағайдың қосарланған түрі сөйлемде жиі қолданылады. Одағайларды  бірінен
соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің  күштілігін,  не  ишараның,
бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді.
           Бақылау сұрақтары:
   1. Одағай дегеніміз не?
   2. Одағайды кімдер зерттеген?
   3. Одағайдың түрлері қандай?
   4. Одағай мағынасына қарай қалай бөлінеді?
   5. Одағай қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
          Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Междометияв казахском языке. Алматы, 1959.
2. Ыбыраев С. Бір фонемалы одағайлардың мағынасы мен интонациясы.//
   Қазақстан мектебі, 1984, №8, 71 б.
3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 289-305 б.


 29  дәріс тақырыбы:   Көмекші сөздер.  Шылаулар.


   1. Көмекші сөздер. Көмекші есімдер. Көмекші етістіктер
   2. Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі
   3.   Шылаулардың   грамматикалық    мағыналарының    сипаттарына    қарай
      жалғаулықтар, спетеуліктер, демеуліктер болып бөлінетіндігі


      Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр  түрлі  дәрежеде
солғынданып,  я  бүтіндей  жоғалып,  сөйлегенде  жеке  дара  тұлға  есебінде
қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен  тіркесіп  қана  жұмсалып,  оларға
жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.
   Көмекші сөздер көмекші  есімдер   және  көмекші  етістіктер  болып  екіге
бөлінеді.
  Шылаулардың о баста толық мағыналы сөздер болғандығы туралы барлық ғылыми
еңбектерде жазылып келеді. А.Байтұрсынов шылауларды былайша үшке бөледі:  1.
Үстеу. 2. Демеу. 3. Жалғаулық.  Ғалым  шылаулардың  қатарына  үстеулерді  де
жатқызады. Демеуліктерге да, де, ма, ме, әлде не, немесе,  әйтпесе  де  т.б.
жалғаулықтарды жатқызады. Ал жалғаулықтарға қазіргі  күнде  септеулік  шылау
делініп жүрген біраз сөздер енгізілген.
  Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен  сөзді,  сөйлем  мен  сөйлемді
байланыстыратын,  белгілі  бір   сөздердің   жетегінде   қолданылып,   түрлі
грамматикалық  мағына  үстейтін  көмекші  сөздер   шылаулар   деп   аталады.
Шылаулардың өздеріне тән мынадай белгілері бар:
  Біріншіден, шылаулар абстрактылы грамматикалық мағына білдіреді,  олардың
толық лексикалық мағынасы болмайды.
  Екіншіден, шылаулар грамматикалық қызмет атқарады.  Олар  тең  дәрежедегі
сөз  бен  сезді,  сөйлем  мен   сөйлемді   салаластыра   және   сабақтастыра
байланыстырады.
  Үшіншіден, шылаулар сөйлемде жеке сөйлем мүшесі бола алмайды.
  Төртіншіден, шылаулар өзіне жалғау, жұрнақ жалғамайды, түрленбейді.
  Шылаулардың білдіретін  грамматикалық  мағынасы  мен  сөйлемде  атқаратын
қызметіне  қарай  үш  топқа  бөлінеді.  Олар:  жалғаулықтар,   септеуліктер,
демеуліктер.
  Жалғаулықтар. Өзара тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді  әр
түрлі  мағыналық  қатынаста  байланыстыратын  көмекші  сөздердің  бір  тобын
жалғаулықтар дейміз. Мағынасына қарай жалғаулықтар алты топқа бөлінеді:
  1.  Ыңғайластық жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, әрі.
  2. Талғаулықты жалғаулықтар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса,  я,  яки,
кейде, мейлі.
  3. Қарсылықты жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе,  сонда  да,
әйткенмен.
  4. Себептік жалғаулықтар: себебі, өйткені, неге десең.
  5. Салдарлық жалғаулықтар: сондықтан, сол үшін, сол себепті.
  6. Шарттық жалғаулықтар: егер, онда.
      Септеуліктер. Объекті мен объектінің арасындағы әр қилы грамматикалық
қатынасты  білдіріп,  белгілі  бір  септік   жалғауын  керек  етіп   тұратын
сөздерді септеуліктер деп атаймыз.
  Септеулік шылаулар  мағынасы  мен  қызметіне  қарай  септік  жалғауларына
ұқсайды. Сондықтан да  олар  өзі  тіркескен  сөзінің  белгілі  бір  септікте
тұруын  қажет  етеді.  Септеуліктер  өздері  тіркескен  сөздерге   себептік,
бағыттық, мақсаттық, мезгілдік, болжалдық, бірлестік,  талғау,  таңцау  т.б.
мағыналар үстейді.
  Септеуліктер де басқа шылаулар сияқты өзіне  жалғау,  жұрнақ  жалғамайды,
яғни түрленбейді.
  Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, қимыл  атауына
(есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер  мынадай  тұлғалардан  кейін  барып
тіркеседі:
  1. Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сияқты, секілді.
  2. Барыс септігін меңгеретін септеуліктер:  шейін,  дейін,  таман,  жуық,
тарта, қарай, таяу, салым.
  3. Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гері, кейін, соң, бері, әрі.
  4. Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: қатар, бірге, қабат.
      Демеуліктер. Демеуліктер - шылаулардың құрамына  енетін  көмекші  сөз
таптары. Өздері тіркескен сөздерге әр  алуан  грамматикалық  мағына  қосатын
сөздерді демеулік шылаулар деп атаймыз.
  Демеулік шылаулардың білдіретін мағыналары алуан  түрлі.  Олардың  тілдік
жүйедегі қалыптасқан негізгі мағыналары мынадай:
  1. Күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ай, -ау, да/де, та/те;
  2. Сұраулық демеуліктер: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше;
  3. Нақтылау демеуліктері: ды/ді, ты/ті, тын/тін, қой/ғой;
  4. Шектеу демеуліктері: ғана/қана, тек;
  5. Болжалдық демеуліктері: мыс/міс;
  6.  Қомсыну демеулігі: екеш;
  7. Салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ;
           Бақылау сұрақтары:
   1. Шылаулар деген не?
   2. Демеулік шылауларға мысал келтір.
   3. Жалғаулық шылауларға мысал келтір.
   4. Септеулік шылауларға мысал келтір.
          Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
   2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,Маржан, 2007
      3. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.
      4. Кенжебаева Ф. Шылау сөздер. «Қазақстан мектебі», №9, 1962.
    5. Шақаман Ы. Демеулік шылаулардың зат есімге тіркесі мен қолданылу
  аясы. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 1967, №9, 77-80б.


30 дәріс тақырыбы:  Модаль сөздер

 1.Модаль сөздер туралы түсінік.
 2. Модаль сөздердің зерттелуі.
 3. Модаль сөздердің синтаксистік қызметіне қарай бөлінетін түрлері.



      Модаль, модальность термині латынның мере деген сөзінен алынған.
 Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан-сала
болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде жалпы
жалаң хабар түрінде ғана айтыла салмайды. Сөйлеушінің осы хабар туралы
пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі оның
көзқарасы, әдетте қоса беріліп отырады.
 Сөйлем мазмұнының ақиқат шындаққа қатынасы және сөйлеушінің ол жөніндегі
пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің модальділігі деп аталады. Сөйлемнің
модалділігі тіл білімінде жалпы объектиті модальділік және субъективтік
модальділік деп екі тұрғыдан қарастырылады. Мысалы, Сөйлем мазмұнының
ақиқат шындықпен сәйкестігі объективтік модальділік деп аталады. Бұл
көбінесе райлар арқылы беріледі.
 Субъективтік модальділік сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы
жөніндегі сөйлеуші көзқарас пікірін айтады. Бұл модальділік арнаулы жеке
сөздер арқылы беріледі. Сөйлемнің модальділігі әр алуан.. Ол, әсіресе,
экспрессивті, эмоциялық мағыналармен де ұқсас келеді.
 Модаль сөздер төркіні соңғы кезде ғана сөз болып жүр. Е.И.Убрятова,
Н.А.Баспанов, Н.Ж.Дмитриев, А.Н.Кононов, В.В.Виноградов т.б. ғалымдар
сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып,
бөлек талдайды.
 Модальдық реңк одағайларда да, қыстырма сөздерде де, сұраулық шылауларда
да кездеседі. Бірақ бәрін модаль сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының
ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін мұндай
арнаулы сөздерді модаль сөздер дейді (пікірлеуші сөздер деуге болады.)
 Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін
қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі-
тшүрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексикалық және грамматикалық
белгілеріне қарай есім сөз табынан да, етістіктен де, комекші сөзден де
кейбір басқа сөз таптарынан да бола береді. Мысалы, мүмкін шамасы, рас,
әрине, тәрізді, зайыры, әлбетте, бәлкім – синтаксистік функциясы жағынан
қыстырма сөздер. Ал мағыналық ерекшелігі жағынан Яғни сөйлемдегі ой жөнінде
сөйлеушінің пікірі қандай – мақұлдай немесе күдіктене не біржола айта ма,
әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда бұлар – модаль
сөздер. Өйткені кейінгі жылдардағы көптеген лингвистикалық әдебиеттерде
сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жөніндегі күдігін
я болжамын, мақұлдау пікірін немесе қалауын, не оның нық сенімін осылар
тәрізді басқа да пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздерге жатқызады.
 Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты көп емес. Бірақ
олар өздерінің қолдану ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. Мысалы,
білем, көрінеді, керек тәрізді біраз сөз күнделікті қолдану процесінде
бірте-бірте грамматикализацияланып, лексикалық мағынасының сыртында
модальдық мағына да білдіреді. Бұлардың модальдың мағынасы әуелгі
лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Мысалы, Мен оны
көптен білем – Мені оятқан сен білем. Бұл жерден ауыл анық көрінеді – Мұны
істеген Асқар көрінеді. Маған кітап керек – Төргі үйдегілер қонақтар болу
керек. – ол ендігі шықса керек.
 Сияқты модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпетті,
сықылды, секілді сөздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетикалық тұрғыдан
екі вариантта айтылғанымен негізінде, бір-ақ модаль сөз. Сияқты тәрізді,
сықылды модаль сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында
қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын
өзара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын –дай, -дей
қосымшасының қызметін атқарады. Бұл сөздер кейде әр түрлі етістік
қосымшаларын да қабылдайды. Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті
сөздері де мағыналас.
 Тақылетті сөзі өзінің лексикалық мағынасында да, сондай-ақ модальдық
мағынада да қолданылады. Басқалары модалдылық мағынада жұмсалмайды.
 Керек сөзі де екі түрлі мағынада
 1. Негізгі лексикалық мағынасы – баяндауыш, анықтауыш болады.
 2. Модальдық мағына – Көмекші сөз есебінде қолданылады.
 Керек сөзінің 2 түрлі модальдық мағынасы бар
 1міндеттілік мағынасы
 2.болжамдылық мағынасы
 Керек сөзімен қажет, тиіс синонимдес. Шамасы, тәрізді, зады – сөйлемде
қыстырма сөз позициясында қолданылады. Модальдылық мағына біреу-ақ.
Сөйлеуші адамның сөйлемде айтылған хабар жөніндегі болжамын білдіреді.
Бұлармен кейде сірә, тегі сөздері де қолданылады.
        Модаль сөздер синтаксистік қызметіне қарай екіге бөлінеді. Олар:
 1. Әртарап сөздер (бар, жоқ, аз, көп, қажет, керек, тиіс, мүмкін)
 2. Бейтарап сөздер (бәлки, әрине, бәсе, әйтеуір, әлбетте, бәлкім, сірә,
тегі)
 Әртарап сөздердің сөйлемдегі қызметі:
 Бастауыш қызметін атқарады: Көп қорқытады.
 Баяндауыш қызметін атқадады: Байдалыға соларды салу қажет.
 Толықтауыш қызметін атқадады: Бұл нәрсе бір керекке жарар.
 Анықтауыш қызметін атқадады: Маған керек кітап бітіп қалыпты
 Пысықтауыш қызметін атқадады: Жиналысқа студенттер көп жиналды.
 Әртарап сөздер көмекші қызметін атқарады. Мысалы, айтылған жоқ, алуға
тиіс, бастамақ керек.

           Бақылау сұрақтары:
     1.Модаль сөздер дегеніміз не?
   2. Модаль сөздерді кімдер зерттеген?
   3. Модаль сөздер синтаксистік қызметіне қарай қалай бөлінеді?
   4. Модаль сөздер сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
                    Ұсынылатын әдебиеттер:
   1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991.
   2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. А.,Маржан, 2007
      3. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. 1967
      4. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. Астана.,2002






    |Тәжірибелік сабақтар                       |   |                              |
|1.Сөзжасам-тіл білімінің жеке саласы.      |1  |1.Оралбай Н. Қазақ тілінің    |
|Сөзжасамдық тәсілдер.                      |   |сөзжасамы. -Алматы, 2002.     |
|                                           |   |2.Салқынбай А. Тарихи         |
|                                           |   |сөзжасам. –Алматы, 1999.      |
|2. Сөзжасамның негізгі теориялық ұғымдары. |1  |1.Оралбай Н. Қазақ тілінің    |
|Туынды сөздер.Сөзжасамдық ұя, тұлға,       |   |сөзжасамы. -Алматы, 2002.     |
|мағына, сөзжасамдық тип,  үлгі,  тізбек,   |   |2.Салқынбай А. Тарихи         |
|тарам,саты ұғымдары.                       |   |сөзжасам. –Алматы, 1999.      |
|3. Грамматиканың зерттеу нысаны, салалары, |1  |1.Оралбай Н. Қазақ тілінің    |
|зерттеу мақсатына қарай грамматиканың      |   |сөзжасамы. -Алматы, 2002.     |
|түрлері.                                   |   |2.Салқынбай А. Тарихи         |
|                                           |   |сөзжасам. –Алматы, 1999.      |
|4. Сөздің морфологиялық құрамы.            |1  |1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ   |
|                                           |   |тілінің морфологиясы.         |
|5.Жалғаулар, оларға тән белгілер. Көптік   |1  |                              |
|категориясы мен көптік жалғау. Септік      |   |                              |
|жалғауы, тарихы, зерттелуі.                |   |                              |
|6. Сөз формалары және олардың жасалу       |1  |2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ   |
|тәсілдері мен түрлері.                     |   |тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. |
|7. Сөз таптары, оларды таптастырудың       |1  |1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ   |
|ұстанымдары.  Зат есімнің морфологиялық    |   |тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. |
|сипаты,  құрылымы. Зат есімнің синтаксистік|   |                              |
|қызметі.                                   |   |                              |
|8. Сын есімнің  лексика-грамматикалық      |1  |1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ   |
|сипаттары, семантикалық топтары, морфемалық|   |тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. |
|құрамдары.  Сын есімнің шырай категориясы. |   |                              |
|9.Сан есімнің лексика-грамматикалық        |   |1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ   |
|сипаттары. Есімдіктер және оның түрлері.   |1  |тілінің морфологиясы.         |
|                                           |   |2. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ   |
|                                           |   |тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. |
|10. Етістік туралы түсінік. Негізгі, туынды|1  |1. Н.Оралбай. Қазіргі қазақ   |
|түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер,|   |тілінің морфологиясы.         |
|құрамды етістік,  аналитикалық формалы     |   |                              |
|етістік. Негізгі және көмекші етістіктер.  |   |                              |
|Аналитикалық форманттар құрылымы.          |   |                              |
| 11.Етіс және оның түрлері. Тұйық етістік  |1  |1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ   |
|тұлғаларының етістіктің грамматикалық      |   |тіл. Етістік. Алматы: 1966    |
|категориялары ішіндегі алатын орны.        |   |(11-32беттер).                |
|                                           |   |2. А.Хасенова. Етістіктің     |
|                                           |   |лексика-грамматикалық сипаты. |
|                                           |   |1972.                         |
|   12. Етістіктің лексика-грамматикалық    |2  |1. Е.Маманов. Қазіргі қазақ   |
|категориялары.  Есімше, көсемше.           |   |тіл. Етістік. Алматы: 1966    |
|                                           |   |(11-32беттер).                |
|                                           |   |2. А.Хасенова. Етістіктің     |
|                                           |   |лексика-грамматикалық сипаты. |
|                                           |   |1972.                         |
| 13. Етістіктің лексика-грамматикалық      |1  |Н.Оралбай. Қазіргі қазақ      |
|категориялары. Рай категориясы. Шақ        |   |тілінің морфологиясы. 2007.   |
|категориясы.                               |   |                              |
|14. Үстеулердің морфологиялық белгілері,   |1  |1. А.Ысқақов. Қазіргі қазақ   |
|түрлері, жасалу жолдары, мағыналары.       |   |тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. |
|Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.   |   |                              |
|15. Көмекші сөздер.  Шылаулар және олардың |   |                              |
|мағыналық түрлері. Одағайдың               |   |                              |
|лексика-грамматикалық сипаты.              |   |                              |
|                                           |   |                              |
|15 сағат                                   |   |                              |




5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


   |СӨЖ                                    |Тексеру формасы.                   |
|1. Сөзжасамдық ұя, тұлға, мағына,      | Мысал теру.                       |
|сөзжасамдық тип,  үлгі,  тізбек,       |                                   |
|тарам,саты ұғымдары.                   |                                   |
|2. Негізгі  грамматикалық  ұғымдар.    |Талдау жүргізу.                    |
|3. Қосымшалардың түрлері, пайда болу,  |Конспект жазу.                     |
|даму жолдары.                          |                                   |
|4.Тәуелдік категориясы және тәуелдік   |Реферат                            |
|жалғау.                                |                                   |
|5.Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы,    |Жаттығу жұмыстары                  |
|оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік|                                   |
|қызметі.                               |                                   |
|6. Сөз формалары және олардың жасалу   |Реферат                            |
|тәсілдері мен түрлері.                 |                                   |
|7. Күрделі сөздер–лексика-грамматикалық|Конспект                           |
|единицалар.                            |                                   |
|8. Адамзат, ғаламзат есімдері.Жалпы мен|Реферат                            |
|жалқы есімдер.Көптік мәнді білдіретін  |                                   |
|зат есімдер. Көмекші есімдер.          |                                   |
|9. Зат есімнің сөзжасамы.              |Жаттығу жұмыстары, конспект        |
| 10.Сын есімнің  сөзжасамы             |Реферат                            |
| 11. Қимылдың өту сипаты.              |Реферат                            |
|12. Салттылық және сабақтылық          |Реферат                            |
|категориясы.                           |                                   |
|13. Етістіктің болымды-болымсыз        |Реферат                            |
|категориясы.                           |                                   |
|14. Жақ категориясы.                   |Реферат                            |
|15.Модаль сөздер.                      |Реферат                            |


    Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары


   |1.   |Сөзжасамдық талдау үлгісі..                                          |
|2.   |Сөзжасамдық тәсілдерге талдау жасау.                                 |
|3.   |Қазақ тілі морфологиясының зерттелу жайы.                            |
|4.   |Зат есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар        |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|5.   |Сын есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар        |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|6.   |Сан есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар        |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|7.   |Есімдіктің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар         |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|8.   |Етістіктің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар         |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|9.   |Үстеулердің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері бар        |
|     |топтарына  морфологиялық талдау жасау.                               |
|10.  |Еліктеуіш сөздердің семантикалық сипатына қарай бөлінетін түрлеріне  |
|     |морфологиялық талдау жасау.                                          |
|11.  |Одағайлардың мағыналық түрлеріне морфологиялық талдау жасау.         |
|12.  |Шылаулардың грамматикалық мағыналарына қарай түрлеріне морфологиялық |
|     |талдау жасау.                                                        |
|13.  |Сөзжасамдық талдау жасау. Морфологиялық талдау жасау.                |
|14.  |Сөзжасамдық талдау жасау. Морфологиялық талдау жасау.                |




6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы

|Дәріс сабағының        |Семинар сабағының  |Көрнекі       |Өз бетімен      |Бақылау   |
|тақырыбы               |тақырыбы           |құралдар,     |дайындалу       |түрі      |
|                       |                   |плакаттар,    |сұрақтары       |          |
|                       |                   |лаборатория-лы|                |          |
|                       |                   |қ стендтер    |                |          |
|1                      |2                  |4             |5               |6         |
|1. Сөзжасам - тіл      |1.Сөзжасам-тіл     |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|білімінің жеке саласы. |білімінің жеке     |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |саласы.            |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |Сөзжасамдық        |              |                |          |
|                       |тәсілдер.          |              |                |          |
|2. Сөзжасамдық тәсілдер|2. Сөзжасамның     |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|                       |негізгі теориялық  |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |ұғымдары.          |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |Туынды             |              |                |          |
|                       |сөздер.Сөзжасамдық |              |                |          |
|                       |ұя, тұлға, мағына, |              |                |          |
|                       |сөзжасамдық тип,   |              |                |          |
|                       |үлгі,  тізбек,     |              |                |          |
|                       |тарам,саты         |              |                |          |
|                       |ұғымдары.          |              |                |          |
|3. Сөзжасамның негізгі |3. Грамматиканың   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|теориялық ұғымдары.    |зерттеу нысаны,    |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |салалары, зерттеу  |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |мақсатына қарай    |              |                |          |
|                       |грамматиканың      |              |                |          |
|                       |түрлері.           |              |                |          |
|4. Сөзжасамдық тізбек, |4. Сөздің          |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|сөзжасамдық тарам,     |морфологиялық      |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|сөзжасамдық саты.      |құрамы.            |слайдтар      |ыс              |          |
|5. Грамматиканың       |5.Жалғаулар, оларға|Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|зерттеу нысаны,        |тән белгілер.      |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|салалары, зерттеу      |Көптік категориясы |слайдтар      |ыс              |          |
|мақсатына қарай        |мен көптік жалғау. |              |                |          |
|грамматиканың түрлері. |Септік жалғауы,    |              |                |          |
|                       |тарихы, зерттелуі. |              |                |          |
|6. Негізгі             |6. Сөз формалары   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|грамматикалық  ұғымдар.|және олардың жасалу|сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |тәсілдері мен      |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |түрлері.           |              |                |          |
|7. Сөздің морфологиялық|7. Сөз таптары,    |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|құрамы. Қосымшалардың  |оларды             |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|түрлері, пайда болу,   |таптастырудың      |слайдтар      |ыс              |          |
|даму жолдары.          |ұстанымдары.  Зат  |              |                |          |
|Жұрнақтардың құрамы,   |есімнің            |              |                |          |
|түрлері.               |морфологиялық      |              |                |          |
|                       |сипаты,  құрылымы. |              |                |          |
|                       |Зат есімнің        |              |                |          |
|                       |синтаксистік       |              |                |          |
|                       |қызметі.           |              |                |          |
|8.Жалғаулар, оларға тән|8. Сын есімнің     |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|белгілер. Көптік       |лексика-грамматикал|сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориясы мен көптік |ық сипаттары,      |слайдтар      |ыс              |          |
|жалғау. Тәуелдік       |семантикалық       |              |                |          |
|категориясы және       |топтары, морфемалық|              |                |          |
|тәуелдік жалғау.       |құрамдары.  Сын    |              |                |          |
|                       |есімнің шырай      |              |                |          |
|                       |категориясы.       |              |                |          |
|9.Септік жалғауы,      |9.Сан есімнің      |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|тарихы, зерттелуі.     |лексика-грамматикал|сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|Жіктік жалғау,         |ық сипаттары.      |слайдтар      |ыс              |          |
|зерттелуі, тарихы, оның|Есімдіктер және    |              |                |          |
|мағынасы, жалғаулары,  |оның түрлері.      |              |                |          |
|синтаксистік қызметі.  |                   |              |                |          |
|10. Сөз формалары және |10. Етістік туралы |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|олардың жасалу         |түсінік. Негізгі,  |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|тәсілдері мен түрлері. |туынды түбір       |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |етістіктер. Дара,  |              |                |          |
|                       |күрделі етістіктер,|              |                |          |
|                       |құрамды етістік,   |              |                |          |
|                       |аналитикалық       |              |                |          |
|                       |формалы етістік.   |              |                |          |
|                       |Негізгі және       |              |                |          |
|                       |көмекші етістіктер.|              |                |          |
|                       |Аналитикалық       |              |                |          |
|                       |форманттар         |              |                |          |
|                       |құрылымы.          |              |                |          |
|11.Күрделі             | 11.Етіс және оның |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|сөздер–лексика-граммати|түрлері. Тұйық     |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|калық единицалар.      |етістік            |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |тұлғаларының       |              |                |          |
|                       |етістіктің         |              |                |          |
|                       |грамматикалық      |              |                |          |
|                       |категориялары      |              |                |          |
|                       |ішіндегі алатын    |              |                |          |
|                       |орны.              |              |                |          |
|12.Сөз таптары, оларды |   12. Етістіктің  |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|таптастырудың          |лексика-грамматикал|сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|ұстанымдары.           |ық категориялары.  |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |Есімше, көсемше.   |              |                |          |
|13.Зат есімнің         | 13. Етістіктің    |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-семантикалық   |лексика-грамматикал|сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|сипаты.                |ық категориялары.  |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |Рай категориясы.   |              |                |          |
|                       |Шақ категориясы.   |              |                |          |
|14. Зат есімнің        |14. Үстеулердің    |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |морфологиялық      |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|сипаты.                |белгілері, түрлері,|слайдтар      |ыс              |          |
|                       |жасалу жолдары,    |              |                |          |
|                       |мағыналары.        |              |                |          |
|                       |Еліктеуіш сөздердің|              |                |          |
|                       |семантикалық       |              |                |          |
|                       |сипаты.            |              |                |          |
| 15.Зат  есімдердің    |15. Көмекші сөздер.|Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|сөзжасамы.             |Шылаулар және      |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |олардың мағыналық  |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |түрлері. Одағайдың |              |                |          |
|                       |лексика-грамматикал|              |                |          |
|                       |ық сипаты.         |              |                |          |
| 16.Сын есімнің        |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|құрылымы               |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|17. Сын есімнің        |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|құрылымы               |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|18.Сан есімнің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-семантикалық   |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|өзгешеліктері          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |                   |              |                |          |
|19. Есімдіктер туралы  |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|жалпы сипаттама        |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|20. Етістіктің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-граммматикалық |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|құрылымы.              |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|21. Етістіктің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориялары          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|22.Етістіктің          |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориялары          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |                   |              |                |          |
|23. Етістіктің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориялары          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|                       |                   |              |                |          |
|24.Етістіктің          |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориялары          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
| 25.Етістіктің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|категориялары          |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|26.Үстеулердің         |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|морфологиялық          |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|белгілері, жасалу      |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|түрлері.               |                   |              |                |          |
|27.Еліктеу сөздер      |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|                       |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|28.Одағайдың           |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|лексика-грамматикалық  |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|сипаты                 |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|29.Көмекші сөздер.     |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|Шылаулар.              |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |                   |слайдтар      |ыс              |          |
|30. Модаль сөздер      |                   |Дәріс тезисі, |Ғылыми          |Жазбаша,  |
|                       |                   |сызба нұсқа   |әдебиеттерменжұм|ауызша    |
|                       |                   |слайдтар      |ыс              |          |


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

|Оқулықтардың, оқу      |Саны          |Студенттердің  |Қамтамасыз ету   |
|құралдарының атауы     |              |саны           |пайызы           |
|1                      |2             |3              |4                |
|1. Ысқақов А. Қазіргі  |12            |12             |100%             |
|қазақ тілі. Алматы: Ана|              |               |                 |
|тілі, 1991. – 384 б.   |              |               |                 |
|2. Оралбай Н. Қазіргі  |12            |12             |100%             |
|қазақ тілінің          |              |               |                 |
|морфологиясы. Алматы:  |              |               |                 |
|Інжу-Маржан, 2007. -   |              |               |                 |
|390 б.                 |              |               |                 |
|3. Байтұрсынов А. Тіл  |12            |12             |100%             |
|тағылымы. Алматы:Ана   |              |               |                 |
|тілі, 1992. – 448 б.   |              |               |                 |
|4 Аханов К. Тіл        |12            |12             |100%             |
|білімінің негіздері.   |              |               |                 |
|Алматы, 2000. – 664 б. |              |               |                 |
|5. Хасанова С.  Қазіргі|12            |12             |100%             |
|қазақ морфологиясынан  |              |               |                 |
|пысықтау жаттығулар.   |              |               |                 |
|Алматы: Ана тілі, 1991.|              |               |                 |
|– 136 б.               |              |               |                 |
|6. Қазіргі қазақ       |12            |12             |50%              |
|тілінің грамматикасы   |              |               |                 |
|І-бөлім. 2003 .        |              |               |                 |
|7.Жұбанов Қ. Қазақ тілі|12            |12             |100%             |
|жөніндегі зерттеулер.  |              |               |                 |
|Алматы, 2010. – 608 б. |              |               |                 |


   8. ӘДЕБИЕТТЕР
   Негізгі әдебиеттер:
      1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. – 384.
      2. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы.  Алматы:  ЖШС  Інжу-
         Маржан, 2007. – 390 б.
      3. Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы. І-бөлім. Алматы: 2003.
      4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. А.,
         1992. – 190 б.
      5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
      6. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  Алматы, 2010. – 608 б.
Қосымша әдебиеттер:
        1. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998.
        2. Оралбаева Н., А. Қалыбаева.  Қазіргі  қазақ  тілінің  морфемалар
           жүйесі. А., 2001.
        3. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 2000. – 664 б.
        4. Хасенов Ә. Тіл білімі. Алдматы: Санат, 2003. – 416 б.
        5. Маманов Е.  Қазіргі қазақ тілі.  Етістік.  А., 1966. – 132 б.
        6. Шәкенов Ж. Күрделі сөздер. 2001 ж.
        7. Хасанова С.  Қазіргі қазақ морфологиясынан пысықтау  жаттығулар.
           Алматы: Ана тілі, 2004. – 136 б.
        8. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы: Арыс,  2008.
           – 472 б.

Пәндер