Файл қосу
Тоқыма талшықтары
|Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | |Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті | |СМЖ 3-деңгейдегі құжат |ОӘК |ОӘК 042-18-7.1.41/03-2013| |ПОӘК |№1 басылым | | |«Текстильді материалтану» пәнінің |18.09.2013 | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «Текстильді материалтану» ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В072600 «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығына арналған. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ Семей 2013 Мазмұны |1 |Дәрістер |3 | |2 |Практикалық сабақтар |79 | |3 |СӨЖ тақырыптары |93 | |4 |Әдебиеттер |94 | 1 Дәрістер Дәріс №1. «Текстильді материалтану» курсына кіріспе. Материалтану – материал туралы ғылым. «Текстильді материалтану» курсының негізгі мақсаты және курстың мазмұны. Басқа тәртіптермен байланыс. «Текстильді материалтану» курсының рөлі тігін өндірісінің мамандарын дайындау. Маталардың классификациясын, тіген бұйымын дайындауда пайдаланатын. Текстильді материалдарды топтастырудың негізгі ұстанымдары. Шығу, өтпелі және дайын текстильді материалдардың және бұйымдардың классификациясы. Қазіргі уақыттағы тігін өнеркәсіптері автоматтандырылған жоғарғы жиілікті тігін машиналары және жартылай автоматты әсерлі құрылғылар, механикаландырылған престер және құрал- жабдықтар ұйымдастырылған өндірісті көрсетеді.Сонымен қатар тігін бұйымдарын дайындауда кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған технология қолданылады, бұл тігін бұйымдарының және ассортиментінің сапасына қойылатын талап- тарды жоғарылатады. Тігін бұйымдарының сапасының бәсекелік қабілеті ассортименттің жаңаруына, материалдардың өңделуінің және бояуының үдерісінің жақсаруы бұйымның құрастырылуын жетілдіруге және жаңа модельдерді енгізуге қамтамасыз етеді. Тоқыма материалдардың қасиеттері және құрылымы бойынша дайындалған жаңа бұйымдар, қазіргі заманғы химиялық талшықтар мен жіптерді, жоғары сапалы бояуларды және әрлеуіш химиялық мате- риалдарды қолдану арқасында жасалынады. Тігін бұйымдарына негізгі материалдарды таңдау және оларды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материалдардың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет. Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған тоқыма материалдарды дұрыс таңдау, оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты бо- лып табылады. Сол себепті, суретші-модельер, құрастырушы және техно-лог тоқыма материалдарымен жұмыс істегенде, оның қаси- еттерін біліп қана қоймай, тағы да киімде нақты сыртқы түрінің әсеріне жету үшін және киген кезде қолайлылықты қамтамасыз ететін, нақты берілген қасиеттермен киімді дайындауда қолданылуын білу қажет. Киімге таңдалған материалдарды өңдегенде, бұйымды дайындау кезінде материал қасиетінің өзгеруін және осы өзгерісті бұйымның нақты пішінін немесе силуэтін жасауда қолдануды терең білу қажет. Тігін бұйымдарын жасау үдерісі суреттен немесе эскизден басталып, бұйым лекалдарын құрастыруға және тігу технологиясын дайындауға дейін көптеген күрделі жолдардан өтеді. Сондықтан киімнің үлгісінің эскизін дайындағанда материалдардың эстетикалық қасиеті, сән бағытымен дұрыс таңдалып қана қоймай, нақты киім силуэтін жасауды қамтамасыз ететін қасиеттерімен, киімді құрастырудың қазіргі уақыттағы дайындау технологиясының мүмкіншіліктеріне өте көп әсер етеді. Киім дайындағанда қолданылатын тоқыма материалдары бірнеше топтарға бөлінеді: маталар, трикотаж жаймалар, бейматалар, табиғи және жасанды үлбірлер, бекітуші материалдар (жіптер, негізмдер, негізмдік қабыршықтар), фурнитуралар (түймелер, шыртылдақтар, ілгектер), тігін бұйымдарын дайындау кезінде қолданылатын басқа материалдар (баулар, ызбалар, шілтерлер), жылытушы материалдар (мақта, күспе, ватилин). Аталған топтағы тоқыма материалдары киімде әртүрлі қызметтер атқарады. Олардың кейбірі: маталар, трикотаждар, беймата, үлбірлер - пальто, костюм, күртеше сияқты сыртқы киімдерге қолданылады. Зығырдан немесе бейматадан, тоқыма материалдарынан жасалған іштіктер, қатырғыш кенер материалдары бұйымның формасын қамтамасыз ету үшін қолданылады.Тоқыма материалдардың әр тобы өндіріс салаларына сәйкес өндірілетін құралған ассортименттері және оның дамуының белгілі бағыттары сипатталады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Текстильді материал дегеніміз не? 2. Тігін бұйымдарының негізгі материалдары? 3. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін Дәріс №2. Тоқыма талшықтары. 1. Тоқыма талшықтарының классификациясы. 2. Табиғи талшықтар. 2.1 Тоқыма талшықтарының классификациясы. Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды. Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді. Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жатады. Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр). Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі. Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірім жіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек. Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады. Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді. Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді. Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады. Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады. Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды ас- бест талшығы жатады. Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталы- нады. Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланы- сты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфи- роцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді. Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады. Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық. Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады. Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді. Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға, бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек. Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады. Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады. Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады. Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады. Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды. Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді. Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек. Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады. Талшықан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды. 2.2 Табиғи талшықтар. 2.2.1. Өсімдік текті талшықтар Мақта. Мақта талшығын алуға арналған тұқымында ұзындығы 1-50 мм жіңішке талшықтар өсетін, бір жылдық бұталы өсімдік. Мақта өсімдігінің негізгі екі түрі кең тараған: орташа талшықты, орташа ұзындық беретін (25-35 мм), жіңішке талшықты талшығының ұзындығы 35-50 мм. Мақта өсімдігінің өсіп өнетін кезеңі мақтаның селекциялық сортына және оның өсетін аймағына байланысты 90-180 күн аралығында тербеледі. Тұқымдардың еккеннен кейін екі айдан соң өсімдік 150 см биіктікке дейін көтеріледі де, оның жапырақтары пай- да болып гүлденуі басталады. Гүлдердің ішінде талшықпен жабылған тұқымы бар, қауашақ пайда болады. Мақта пісіп жетілген кезде қауашақ жарылады және талшықтар сыртқа шығады. 1.1-суретте мақтаның жапырақтары көрсетілген. 11[pic] 1.1-Мақтаның жапырақтары. Мақтаны жинау кезінде қауашақтан мақта-шикізат деп аталатын тұқымды талшықтарды бөліп алады. Мақта тазалағыш зауатта, ар- найы талшық бөлгіш машинада тұқымнан талшық бөлініп алынады. Алынған мақта талшығы буылып, нығыздалып жиналады, содан кейін талшықтарды мақтаны алғашқы өңдеу фабрикасына жіберіледі. Талшықтар тұқымдардан тазаланғаннан кейін қысқа талшықтар алынады, оны мақтадан жасалатын беймата материалдарын өндіру үшін қолданады. Құрылысы бойынша мақта талшықтары негізі целлюлозадан (С^Н^О^) тұратын, созылған пішіндегі өсімдік жасушасы болып келеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1 Химиялық талшықтардың бөлінуі? 2 Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар 3 Өсімдік текті талшықтар Дәріс №3. Жануар тегінен алынған талшықтар. 1. Қой тұқымдары 2. Жүн талшығының құрылымы Қойлардың шығуы. Қойлар өте ерте кезеңнен қолға үйретілген. Археологиялық және басқа да зерттеулерден алынған мәліметтер бойынша қойлар біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қолға үйретудің мүмкін ошағы болып Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Кіші Азия табылады. Қойлар ұсақ қоректенетін, шайнай-тын, тұяқты және қой тұқымына жатады. Зоологиялық топтастыру бойын- ша жақыны ешкі болып табылады. Қойлардың тұқымының мүмкін басталуының бірыңғай мәліметі жоқ. Биологиялық тұрғыдан үй қойларына жақын жабайы қойлардың алуан түрлілігінің көп болуымен байланыстырылады. Үй қойларының ата тегіне муфлон, архар және аргали жатады. Ол 1.15-суретте көрсетілген. Муфлондар Жерорта теңізінде және Кіші Азия жағалауларында және аралдарында мекендейді. Қой шаруашылығындағы негізгі өндіріс болып, белгілі бір өнім алу мақсатындағы нақты климатты ортада [pic]Сурет 1.15- Жабайы қой муфлон адамдардың білімді еңбегінің және талабының арқасында асыл тұқым- ды алу табылады. Табиғатта жаратылған 1-2 жабайы тұқымды түрлерінен адамзат осы уақытқа дейін 600 тұқымды қой түрлерін өндірді. Тәуелсіз мемле- кеттер достығы (ТМД) елдерінде өндірістің барлық бағытында қойдың 60 тұқымын өндірді. Соның ішіндегі 22-биязы жүнді, 15 - жартылай би- язы жүнді, 4 жартылай қылшықты, қалғаны - қылшықты (қылшықты, тондық). Биязы жүнді қойлардың бірнеше ерекшеліктері бар. Олардың жүнінің қалыңдығы орташа есеппен 15-25 мкм, түбіті қалың ақ жүннен тұрады. Осы тұқымдас қойлар үшін биязы жүн басының көз сызығына дейін және төменірек, сондай-ақ тұяқ ұшына дейін жауып тұрады. Бұл малдардың мойын бөлігінде, дене бөлігінде және құйрық ұшында қатпарланып білінетін артық былғарысы бар. Биязы жүнді тұқымдас қойларды зоологиялық топтастыру бойынша ұзын арық құйрықтыға жатқызады. Будандастыру арқылы алынған биязы жүнді қой тұ-қымдары өзара өнімділігімен және дене бітімінің ерекше-лігімен ажыратылады. Оларды жүнді- етті, жүнді, және етті-жүнді деп бөледі. Бұлай бөлудің негізі жүннің және еттің өнімділігіне, сондай-ақ олардың шығу тегіне бағытталған. Жүнді-етті тұқымдар. Бұл тұқымдастың қойлары кейбір шығу ортақтығымен сипатталады. Көп жағдайда олар жергілікті меринос қойларымен американдық рамбулье тұқымын будандастыру арқылы өндіріледі. Бұл тұқымдас ірі мал, жақсы дене бітімді, жүні сапалы болып келеді. Соңғы жылдары жүнді-етті тұқымдардың бағытын А және Б то- бына жіктеу қабылданған. А тобына жататын тұқымдастар: асканилік, кавказдық, алтайлық және солтүстік кавказдық меринос; Б тобына жататын тұқымдастар: Забайкальдық, Қырғызстандық, Красноярлық, Оңтүстік Қазақстандық меринос және Оңтүстік Оралдық. Асканилік тұқым. 1925-1934 жылдар аралығында академик М.Ф.Ивановпен Аскании-Новада, ең жақсы жергілікті меринос қойларын дене бітімі ірі, қалың қысқа жүнді американдық рамбулье қойларымен будандастыру арқылы өндірілген. Жергілікті украиналық мериностар аз қатпарлы, ұзын жүнді, олар құрғақ климатқа жақсы бейімделген. М.Ф.Ивановтың алдында аса ірі салмағы 60 кг жететін жүнді өнімділігі жоғары және жетерліктей етті пішінді қой тұқымын алу міндеті тұрды және бұл мақсатқа өте қысқа мерзім ішінде 12 жылда жетті. Асканилік қойлар әлемдегі меринос түқымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Ол 1.16-суретте көрсетілген және биік жүнімен еттілігінің сәйкестігімен сипатталады. Қойлардың салмағы 123-130 кг жетеді, үрғашысының салмағы 62-65 кг, қырқылған жүннің салмағы 16-17 кг,таза жүннің шығуы 38-42 %. Алтай тұқымы. Бұл тұқым 1936-1948 жылдар аралығында Алтай өлкесінде Г.Р. Литовченко, Н.А. Васильева, Ф.Я. Вовченко, С.С. Крым- ский басқаруымен буданастыру арқылы алынған. Материал ретінде Сібірге әкелінген жергілікті жаңа кавказдық және мазевтік мериностар пайдаланылды. Бұл мериностар ұсақ болып келеді. Үлкен малдардың ұргашысының салмағы 37 кг, қырқылған жүннің салмағы - 4,6 кг. Ал таза күйінде 1,2-1,4 кг құрайды. Жүні ұзын және өте майлытерлі. Сібірдің қатаң суығында тұқымдастарды жетілдіру қиындатады. Қатты аяз кездерінде майлытерлі жүндер малдардың үстіне жабысып, қатып, нәтижесінде жиі өлетін болды. Бұл қойларды 1927-1930 жылдары американдық рамбулье тұқымдарымен будандастыра бастады, алынған шатыстарды кавказдық және австралиялық биязы жүнді тұқымдас қойлармен будандастырды. Нәтижесінде өте ірі денелі және жүнді өнімділігі жоғары малдар алынды. 2. Жүн талшығының құрылымы Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астында жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті. Қабыршақты қабат (кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді қабыршақтан тұрады. Талшықтың түріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтыл- дауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді. Қабықты қабат түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, шаштың мықтылығын, серпімділігін және басқа да қасиетін анықтайтын негізгі қабат. Өзекті қабат талшықтың ортасында орналасқан және ауа толған клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн талшықтарының кеилесідей типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, қылшық. Түбіт - қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді қойлардың теріге жақын жамылғысы түбіт болып келеді. Қабыршақты қабат сақина немесе жартылай сақина формалы болып келеді. Қылшық - түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек емес. Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, қабықты қабат және тұтас өзек. Жартылай қылшық жүнді және қылшық жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады. Аралық жүн - түбіт пен қылшықтың ортасы. Будан тұқымдас қойлардың барлық жүн жамылғысы ауыспалы түкті. Аралық түк те үш қабаттан: қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады. Өлі түк - нашар боялатын, өңдегенде оңай сыналатын дөрекі, тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі. Өлі түк үш қабаттан қабыршақты, жұқа қабықты және талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады. Қойдан қырқып алынған тұтас жүн .жабагы деп аталады. Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн де келесі түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм дейін); оны биязы жүнді қойлардан алады да, жоғарғы сапалы камволь және шұға маталарды тоқуға пайдаланады: Жартылай биязы жүн (25-34 мкм) - түбіт талшығы мен аралық жүннен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып, костюмдік және пальтолық камволь маталар тоқу үшін пайдаланады; Жартылай дөрекі жүн (35-40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; қойдың будан тұқымынан алып костюм және пальто үшін жар- тылай қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады; Дөрекі жүн (40 мкм жоғары) - құрамында талшықтың барлық түрі бар; оны қылшық жүнді қойдан алып, ірі шұға мата алуға пайдалана- ды. Жіп иіру үшін жүн талшығының ұзындығы мен бұралаңдығының маңызы өте зор. Жүн талшығының ұзындығы 20-450 мм аралығында мықтылығы ұзындығына байланысты қысқа талшықты 55 мм дейін, ұзын талшықты - 45 мм артық болып бөлінеді, жүннің түк түрлері 1.22-суретте көрсетілген. Жүннің ирелеңдігі талшықтың 1 см ұзындығына келетін ирелеңдігімен сипатталады. Талшық неғұрлым жіңішке болған сайын, иірілуі жоғары болады. Биік ирелең қысқа талшықты жүн жуан әрі үлпілдеген шұғалық жіп иіруге пайдаланылады. Жүн талшығының жуандығы талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, қылшықтыкі 50- 90 мкм, өлі шаштыкі 50-100 мкм. Жүн талшықтарының мықтылығы оныңжуандығы менқұрылымына байланысты. Мысалы, өлі жүн - жуан, бірақ осал талшық. Жіңішкелігі 20 мкм түбіт талшықтар 7 сН дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 50 мкм қылшық талшықтар - 30 сН дейін. Талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 10,8- 13,5 сН/текс. Жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткенмен мықтылығын арттырмайды, құрғақ талшықтардың үзілер кездегі ұзаруы 40%. Толық ұзарудың көп үлесі (7 % дейін) серпімді және жоғары эластикалық деформациялы, соның әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды. Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң жүннің түсі - сұр, қызғылыт, қара. Жүннің жылтыры қабыршақтардың мөлшері мен формасына бай- ланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді. Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады.Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18%, қылшық жүндікі -15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды аз тартады және аз шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % дейін ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып, оған үтіктеу, созу, декатирлеу сияқты опера- циялар жасалынады. Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Биязы жүнді қойлардың ерекшеліктері? 2. Жүн талшығының құрылымы? Дәріс №4. Табиғи жібек 1. Табиғи жібек 2. Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері. Табиғи жібек - жібек құрты шығаратын өте жіңішке жіптер. Табиғи жібек өзінің қасиеттері және өзіндік құнына байланысты - өте бағалы тоқыма шикізаты. Оны жібек құртының піллә орамасынан алады. Тұт ағашының жібек құртының жібегі кең таралған және бағалы, ол әлемдік жібек өндірісінің 90 % құрайды. Жібек жібін алу үшін (3000) жыл бұрын тұт ағашының жібек құртын пайдаланған, отаны Қытай халқы болып саналады. Жібек шаруашылығымен негізінен ТМД елдерінің Орта Азия республикала- ры, Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады. Жібек талшығы - кейбір құрттардың жібек шығаратын ерекше бездерінен бөлінетін өнім. Тұт ағашының жібек құртынан алынатын жібек өндіріс үшін маңызды. Тұт ағашының жібек құртын арнайы жібек шаруашылығында өсіреді. Жібек құрты өзінің даму жолында төрт кезеңнен өтеді:жұмыртқа (грена), қырықбуын, қуыршақ және көбелек. Қырықбуындарын тұт ағашының жапырақтарымен тамақтандыру кезеңінде олардың денесінде ақуыздық айналым жүреді. Асқазан сөлінің ферменттерінің арқасында тұт ағашының ақуызы бөлек аминқышқылдарға бөлінеді, олар қырықбуындардың ағзасының жасушаларымен сіңеді. Ағзада аминқышқылдарының синтезі және молекулаларының қайта құры- луы, бір аминқышқылының басқасына айналуы жүреді. Айналым нәтижесінде қырықбуындардың денесінде туылуы уақыты келгенде толық жиынтықты түрлі аминқышқылды сұйық зат, ол табиғи жібектің негізгі жоғары молекулалы бірігуіне керекті - фибрион және жібек негізмі - серицин жиналады. Піллә жібі - фибрион (75%) және серицин (25%) белоктарынан тұрады. Пілләнің пайда болуы кезінде қырықбуын ауаға шыққанда қататын, жібек бөлетін жолдары арқылы екі жіңішке жібек шығарады. Бір уақытта жібекті бірге негізмдейтін серицин бөлінеді. Жіп құрау уақытында фибрион макромолекулалары агрегатталады және талшықтың молекулярлық құрылымын құрады, 20-30 макромолекула- лар микрофибрилға біріктіріледі, олар өз кезегінде фибрилл құрайды. Жүн кератинінен фибрионның макромолекулаларының айырмашылығы - кішкене бұтақты және бүйір шынжырларының саны талшықтың ортақ салмағынан 19% жоғары болмауы керек. Фибрионның молекулярлы құрылымы жүн кератинімен салыстырғанда жоғары дәренегіз және кристалды болады. Серицинге қарағанда фи- брион төзімді белок, сабын-сода ерітіндісімен қайнатқанда фибрион ерімейді, ал серицин негізмі еріп кетеді. Микрофибраның аморфты аудандарында микрофибриллалар мен фибриллалар арасында талшықтың ортақ ауданынының 10-15% құрайтын микросынулар, қуыстар, тығызсыздықтар болады. Жібек құрайтын фибрилл талшығы өз осінің бойымен орналасады.Серицин өзінің аминқышқылды құрамына байланысты фибрионға өте ұқсас, макромолекулаларының айырмашылығы оралу әдісінде. Серициннің фибрионнан кристалдылығы аз. Жібектің піллә жібі серицинмен бірге негізмденген қарапайым 500-1500 м ұзындыққа дейін жетеді. Пілләнің үстіңгі және астыңғы қабаттары тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м. Қарапайым жіптердің көлденең қиындасы бұрыштары домаланған үшбұрышты немесе овал формасында болады және кесе-көлденең ені 10-12 мкм. Қырықбуын жіптердің шығуына байланысты оларды қабаттап жинайды, ол се- рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә ішінде қырықбуын пайда болып, 15-17 күннен кейін қуыршақ көбелекке айналады. Сондықтан пілләларды бұйралана бастауынан 8-9 күнде жинап, алғашқы өңдеуге жіберіледі, жібектің алыну үдерісі 1.23- суретте көрсетілген. Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақ-тарымен қоректенетін өсімдік. Тұт ағашы 20м биіктікке дейін жететін үлкен ағаш. Бір тұт ағашынан алынатын жапырақтар саны оның өлшеміне, жасына байланысты және 5-80 кг дейін жетеді. Тұт ағашының жемістерін жеуге болады. Тұт ағашынан басқа қырықбуындар солтүстікте өсетін скорцонера жапырақтарымен, басқа да өсімдіктердің жапырақтарымен қоректене алады. Қырықбуын өсіру таза әрі желдетіліп тұратын ғимаратта жүргізіледі. Ғимарат температу- расы тұрақты қадағаланып отырылады. Қырықбуындар үшін арнайы қабаттар орналастырылады. Қабаттардағы сөрелері қырықбуын жа- сына байланысты әр түрлі диаметрдегі тесіктері бар қағаз беттерімен (алынбалы) рамкалы болады. Алынғышқа балғын, жақсы туралған жапырақтар салынады. Қырықбуындар жапырақтарды қатты ла- стайды және алынғыштарға жиі тазалау жүріп тұруы керек, тазалау келесі жолмен жүргізіледі: балғын жапырақты алынғыштарды ескі жапырақтарға қояды, қырықбуындар балғын көк шөпке жорғалап жыл- жиды, ластанған рамкалы алынғыштар алынады. Жібектің алғашқы өңдеуінің мақсаты - піллә жібек жібін тарқатып орап алу керек. Орап алу арнайы піллә орау автоматтарында 4-9 пілләлардың бірнеше жіп- терінің ұшы қосылып ұршыққа оралады және шикізатты жібек деп аталады. Шикізатты жібекте 26-33% серициннан тұрады, бірақ келесі өңдеу кезінде оның құрамы дайын маталарда 4-5% азаяды. Көбінесе жібек шикізатының қалыңдығы 1,556-2,33 текс болады. Пілләларды жинастырып, тарқатқаннан қалған қалдықтардың түрлері - шатасқан қалдықтар, піллә қабыршағының қалдықтары, бүлінген қалдықтар бо- лып табылады. Табиғи жібек қасиеттері. Піллә жіптерінің ұзындығы өте ұзын, ол 1000- 1500 м және одан да жоғары болады. Піллә жібінің жуандығы көптеген текті пілләларда, сондай-ақ бір текті және тура сол пілләнің өзінде ауытқулар болады. Кесе-көлденең қимасында піллә жіптері 20-30 мк тең, шамамен мақта талшығынан бір жарым есе көп. Мықтылығы. Піллә жібі 10г күшті, бірнеше жіптерден тұратын шикізатты жібек жіптерінің санына байланысты 35-110 г күште үзіледі, бұл мықтылық шегіне 35-45 кг/мм2 және үзілу ұзындығына сәйкес келеді. Ылғал кезінде шикізатты жібектің 5-10% мықтылығы төмендейді. Жібектің ұзаруы үзілгенде 20% құрайды, ал ылғал кезінде ұзару 15-20 көбейеді. Ұзару кезінде жібектің серпімділігі жоғары болып келеді. Жылжу. Жіңішке және тегіс жібек жібі оңай жылжиды және төгіледі, өйткені мата сетінегіш келетіндіктен, бұл тігін бұйымдарын дайындаудағы кері қасиет болып табылады. Гигроскопиялық қасиеті. Жібектегі ылғалдың дұрыс мөлшері 11%. Жібек жүн сияқты ауадан 30% дейін ылғалды сорады. Ылғалданған жібек жүнге қарағанда тез кебеді, артық ылғалдан тез арылады. Бұл қасиет жақсы, өйткені ол жібек маталарындағы гигиеналық қасиеттер үшін жақсы әсер етеді. Ылғал жібекті ұзақ сақтағанда көгеріп кетеді. Жүнмен салыстырғанда жібек күйеге толық қарсы тұрады. Ысыту жібекті қатты және әлсіз етеді, осының нәтижесінде ол мықтылығынан және басқа да қасиеттерінен айырылады. Жібек талшықтары күн сәулесіне мақта мен жүн талшықтарына қарағанда сезімтал болып келеді. Жібектің 200 сағ күн сәулесінде күюі, оның мықтылығын 50% төмендетеді. Күйдіргенде жібек талшығы жүн сияқты ақырын жанады және ұшында кішкене күйік пайда болады, жанғанда күйген қауырсын иісі тарайды. Органикалық емес қышқылдар (қойытылған күкіртті) жібек талшықтарын бұзады, ал тұзды ерітінді ерітіп жібереді. Қышқылдардың әлсіз ерітінділері жібектің боялуын жақсартады. Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері. Тоқыма өндірісінде соңғы жылдары таза табиғи талшықтардан басқа химиялық талшықтар көп қолданылады. Келешекте саланың химияландыру үрдісі өсе түсетіні анық, сол себепті тоқыма өндірісінде химиялық талшықтардың үлесі арта береді. Табиғи талшықтарға қарағанда химиялық талшықтар көп қасиеттері бойынша бірқалыпты болады, ал кейбір қасиеттерін, мысалы, ұзындығын, сызықтық тығыздығын, мықтылығын реттеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар химиялық талшықтарды өндіру климаттық жағдайларға байлансты емес.Жекелеген талшықтарды өндіру өнімділігі өте жоғары, шикізат қорлары жеткілікті, әрі арзан және табиғи талшықтармен салыстырғанда оларды өндіру көлемі егістікке тәуелді емес. Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVI ғасырда ағылшын Р.Гук айтқан, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алына бастады. Целлюлозалық талшықтардың ішінде ең бірінші нитрат- ты жібек (1890 ж.), кейін - мыс-аммиакты және вискозалы жібектер алынады. Химиялық талшықтар үздіксіз қарапайым жіптер, кейіннен талшықтарды штапельдік түрде өндіреді. Штапельді талшықтарды, үздіксіз жіптерді өндіргенде қысқа бөліктерге кесіп шығарады. Қазіргі уақытта химиялық талшықтардың басым бөлігі штапель түрінде өндіріледі. Осыған байланысты өндіріс үнемділігі жоғары және штапельдерді әртүрлі талшықтармен қоспалар дайындауға тиімді. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық полимерлерден зауытта өндіріледі. Жасанды полимерлер табиғи полимерлік заттар- дан химиялық жолмен алынады. Оларға табиғи целлюлоза жатады, жоғары сапалы ағаш целлюлозасынан немесе тазартылған мақта целлюлозасынан жасанды талшықтар (вискоза, мыс-аммиакты, полиноз-ды) алынады. Химиялық талшықтарды өндірудің жалпы принциптері бойынша сұйық немесе балқыған полимерді фильерлер арқылы өткізіп, химиялық немесе физикалық әдіспен қатты түрге айналды- рады. Химиялық жіптерді және штапель талшықтарды қалыптастыру көрсетілген. Химиялық талшықтар өндірісінің толық циклі келесі кезеңдерге бөлінеді: шикізатты алу, алдын-ала дайындау, иіру ерітіндісін немесе балқымасын алу, талшықтарды қалыптастыру, өңдеу (қоспаларды ажырату, майлау) және текстильдік өңдеу (созу, кесу, ширату, орау). Мақта-мата өндірісінде жасанды талшықтардан жиі қолданылатын вискозалық талшықтар. Вискозалық талшықтар ағаш целлюлозасына алынады. Ағаш целлюлозасы ағаш өңдеу зауыттардан үлкен картон қағаздар қалпында түседі. Картон алдын-ала кептіріледі, оның ылғалдылығы 6-8% болуы керек. Кептірілген картон үгітіледі және қоспасы 18% натрий сілтісінде №ОН өңделеді. Осындай өңделген ағаш целлюлозасы сілтілік целлюлозаға айналады. Кейін оның құрамынан артық сұйық сілті сығылады және температурасы 25-30оС шамасында 12-24 сағат бос сақталады. Осындай уақыт ішінде сілтілік целлюлоза ауадағы оттегімен қосылып, тотығады. Сақтау үрдісі кейде жетілу үрдісі деп аталады. Осы үрдіс кезінде алынған сілтілік целлюлоза қою қалпына келеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Табиғи жібек қасиеттері 2. Химиялық талшықтардың құрылымы Дәріс №5. Жасанды талшықтар 1. Гидратцеллюлозды талшықтар. 2. Вискозды талшықтар, құрылымы. 3. Ақуызды химиялық талшықтар. Гидратцеллюлозды талшықтар (һугігаіегі сеііиіояе ІіЬгея). Гидратцеллюлозды жасанды талшықтар өндірісіне шикізат ретінде шыршаның, қарағайдың, самырсынның, шамшаттың, мақта мамығынан алынатын құрамында 90- 98% а-целлюлозасы бар табиғи целлюлоза қызмет етеді. Жіптерді қалыптастыру құрамында күкіртті қышқыл және басқа реагенттері бар, бір немесе екі былаулы тәсілмен тұнба былауында табиғи целлюлозаның сілтілі (вискозды талшықтар) немесе мысты-аммиакты (мысты-аммиакты талшықтар) ерітіндіндісінде іске асырылады. Талшықтарды қалыптастыру кезінде целлюлозаның ерітіндісі бұзылады, гидратцеллюлозаның макромолеулалары пайда болады және өседі. Химиялық құрамы бойынша гидратцеллюлоза табиғи целлюлозаға ұқсас, бірақ физикалық құрылымы бойынша табиғи целлюлозаға қарағанда (300-800 тұрады), гидратцеллюлозаның полимеризациялау деңгейі аз болады, макромолекулаларындағы звеноларының орналасуы өзгеше, молекула үсті құрылымындағы макромолекулаларының орналасуы және бағытталуы, қаптау формасы ерекше болады. Гидратцеллюлозды талшықтардың криссталдану деңгейі 40-50 %. Гидратцеллюлозды талшықтардың қасиеттерінің табиғи целлюлозды талшықтардың қасиеттерінен айырмашылығы, ол борпылдақ, қалыптаспаған құрылымды болады. Вискозды талшықтар (уІ8С08а) бір мезетте тартумен бір былаулы тәсілімен алады, бұл талшықтың құрылымының біркелкі болмауына әсер етеді. Вискозды талшықтардың қалыптасу үдерісінің уақыты: ұзын макромолекулалары өсетін, ерітінді ағымының сыртқы қабығында целлюлозаның қалпына келтіру үдерісінің бастапқы кезеңінде ғана жүргізіледі; ішкі қабығында целлюлозаның қайта қалпына келтірілуі ақырын жүргізіледі, сондықтан макромолекулалары қалыптаспаған және өте қысқа болып шығады. Қалыптасу мөлшеріне қарай талшық көлемі азаяды, бұл үстіңгі қабатының деформациялануын туғызады және көлденеңі қатты кесілген формадан тұрады. Сыртқы қабаты ядромен салыстырғанда макромолекулаларының орналасуы тығыз және бағытталған, көлденең қимасының бетінің 35-50 % құрайды және талшықтың мықты бөлшегі болып табылады. Вискозды талшықтардың гигроскопиялық, жарыққа төзімділік, жұмсақтыққа және жууға төзімділік қасиеттері жоғары. Бірақ, олардың кемшілігі, бірқалыпты емес, жұмсақ және аз реттелген құрылымына байланысты. Вискозды талшықтар ылғалдау кезінде қатты ісініп, тоқыма материалдардың отыруын жоғарылатады (50%-ға дейін), созылу кезіндегі беріктік шегін және қажалуға тұрақтылығын айтарлықтай жоғалтады. Кемшіліктерін азайту үшін вискозды материалдардың арнайы әрлеуі қолданылады. Вискозды талшықтардың химиялық реагенттермен байланысы табиғи целлюлозды талшықтармен бірдей, бірақ борпылдақ құрылымына және қол жетімділігіне байланысты вискоза талшықтарының тұрақтылығы аз. Бұл талшықтарға температураның, сәулелі ауа-райының және микроорганизмдердің әсері мақта мен зығыр әсеріне ұқсас. Жогары модульді вискозды талшық (тогіаі) бұл талшық түрленген вискозды тәсілмен алынады. Жіптер жәй жіптерге қарағанда аз жылдамдықта созылады және термобелгілеумен қалыптасады, мұндай тәсіл жоғары бағытталған бір тегіс, тығыз және бір салмақты құрылым алуға көмектеседі. Вискозды талшықтардың құрылымы. Вискозды талшықтарды микроскоп арқылы қарағанда бетінде бойлық штрихтер, талшықтардың кесекөлденең ені қабырғалы дұрыс емес формада болып келеді. Мұндай құрылым қалыптасу үдерісінде сыртқы және ішкі талшықтар қабатының бір мезгілде қатпағанын көрсетеді. Ішкі қабаты қата бастаған кезде қысылу жүретіндіктен беткі қабаты қыжымдалады және талшықта бойлық түйіршіктер пайда болады. Талшықтың қабырғалы формасына қарамастан вискозды талшықтар қатты жылтырмен қамтамасыз ететін, жақсы тегістері бар. ал маталардың - жіптерінің сырғанақтығы, жылжымалылығы және сетінегіштік қасиеті жоғары. Вискозды талшықтардың химиялық құрамы. Вискозды талшықтар, табиғи целлюлозадан молекулярлы тізбектің ұзындығының және талшықтағы макромолекулалар бағытталуының аздығымен ерекшеленетін гидратцеллюлозаны көрсетеді. Вискозды талшықтардың қасиеттері. Вискозды талшықтар жақсы гигроскопиялық -11%, жарыққа төзімділік болады. Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27-0,66 текс*, кесе - көлденең ені - 25 - 60 мкм құрайды. Құрамдас вискозды жіптердің жуандығы оларды құрайтын элементарлы талшықтардың саны мен жуандығына байланысты болады. Текс*- Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік. Полинозды талшықтар жоғары модульді вискозды талшықтар қатарына жатады. Ол жоғары пластификационды созатын екі бы- лаулы тәсілмен алынады, соның арқасында формасы дөңгелек болып келетін кесе-көлденең енінің қимасында талшықтар құрылымының біркелкілігі, макромолекулаларының бағытталуы және (500-800) целлюлозаның полимеризациялаудың жоғарғы деңгейі қамтамасыз етіледі. Полинозды талшықтың молекулярлы жоғары құрылымы және кристалдығы мақтаның құрылымы мен кристалдығына жақын болады. Полинозды талшықтар өзінің қасиеттері бойынша жіңішке талшықты мақтаға ұқсас. Ол созылғанда мықтылыққа, ылғалды, созылғыштық, серпімділік және отыру қасиеттері төмен. Ақуызды химиялық талшықтар (агіійсіаі ргоіеіп ІіЬгея). Жасанды ақуызды талшықтардың өндірісіне бастапқы полимер ретінде казеин (сүт ақуызы) және зеин (өсімдікті ақуыз) қолданылады. Казеиннің және зеиннің макро-молекулаларының табиғи формасы сфералы шиыршықталған глобула түрінде болады. Сондықтан мұндай полимерлерден талшықтар алғанда глобулярлы макромолекулалар жіп секілді, сызықты түрге бұрылуға ұмтылады және осы форманы тұрақты сақтау үшін жағдай жасайды. Бір былаулы тәсілді ерітіндіден қалыптастырғаннан кейін, алынған жіпті илеу операциясына жібереді, мұның мәні ақуыз макромолекулалары арасында химиялық көлденең байланыстарды құру болып табылады. Созылуы және гигроскопиялық көрсеткіштері бойынша казеинді және зеинді талшықтар табиғи жүнге жақын. Қолмен сипаған кезде талшық жұмсақ, жылы, жақсы жылу бөлгіш. Бірақ талшықтардың мықтылығы, ылғалдығы төмен. Металл жіптер және әйнек талшығы. Металл жіптер қызыл мыстан, мыстың никельмен балқытпасынан және басқа металдармен немесе алюминий таспа жолағын (фольга) кесу арқылы сымды біртіндеп тарту (созу) жолымен алынады. Металл жіптерді өте жіңішке алтын және күмістен алынады. Синтетикалық талшықтар. Капрон талшығы поликапролактан полимерінен өндіріледі. Бұл полимер циклді эпсилонкапролактаннан полимеризация реакциясы арқылы алынады: пКН2(Ш2)5-СО ^ ^Н-(СН2)5-СОп Поликапролактам талшық өндіру үшін арнайы балқыту формасынан өтеді. Талшық өндіру технологиясы белгілі бір партияны өңдеу арқылы жасалынады немесе үздіксіз технологиямен өндіріледі. Балқыту процесі 215-225оС температурада өткізіледі. Алынған полимердің балқымасы тазартудан өтіп талшық өндіруге жұмсалады. Талшық пен жіптерді қалыптастыру 3 тәсілмен өткізіледі. Филье- радан шыққан полимердің ыстық ағыны камераға немесе шахтаға жіберіледі. Онда температураның күрт төмендеуінің арқасында балқыма қатты түрге айналынады. Өндірілген талшықтар мен жіптер жылы кезінде созу процесінен өтеді. Капрон талшықтардың ұзындығы 3-4 есе созылады, ал өте мықты талшықтар үшін 10 есе ұзартылады. Мықтылығын жоғарылату, созу үшін алдын-ала 120-125 оС қыздырылады. Созылған талшықтар термофиксацияндан өтеді, яғни талшықтардың құрылымы әбден бекітілуі керек. Ол үшін талшықтарды автоклавтардан өткізіп, өте жоғары температурада өңдейді, ол темпе- ратура балқу температурасынан төмен болады. Термофиксациядан өткен талшықтар майлаудан өтеді, оның құрамында жіптерді немесе талшықтарды азайтатын қоспалар болады. Ерекшеліктері: капрон талшықтардың қалыпты ылғалдылығы 4%, өйткені оның құрамында гидрофильдік функционалдық топтар аз, капрон талшықтары өте жоғары кристалиттік талшықтар қатарына жатады, беріктігі жағынан 1-ші орын алады, жоғары температуралык өңдеуге төзімді келеді, капрон талшықтары ультрокүлгін сәулелеріне төзімсіз келеді, тотығады, сондықтан тез сарғайып түрін өзгереді; әртүрлі микроорганизмге өте төзімді, капрон талшықтары құмырсқа және фенолда жақсы ериді. Капрон талшықтары таза түрде, сонымен қатар мақта, жүн, зығыр, жібек, ацетат талшықтармен араластырылып қолданылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Вискозды талшықтардың химиялық құрамы? 2. Талшықтардың жуандығын өлшейтін халық-аралық өлшем бірлік? 3. Ақуызды химиялық талшықтар? 4. Синтетикалық талшықтардың ерекшелігі? Дәріс №6. Тоқыма жіптердің құрылымын иіру өндірісінде қалыптастыру. 1. Тоқымалы иірімді жіптерге түсінік. 2. Тоқыма жіптерді игеру технологиясы Тоқыма иірімжіптер, жіптер, мата және басқа материалдар ды өндіруге қажет жартылай өндірілген шикізат болып табылады. Қолданылатын материалдың түріне байланысты жіптерді өндіру технологиясының сипаттамасы әртүрлі. Ұзындығы шектелген (мақта, зығыр, жүн, штапельді химиялық талшық, табиғи жібек) талшықтардан жіптерді иіру процесінде ширату жолымен алады. Тоқыма жібін иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше қарапайым және қүрама жіптерді біріктірумен қалыптастырады. Қысқа талшықтардан иіру процессінде ширатумен алынған тоқыма жіп иірілген немесе жәй жіп деп аталады. Бүл жіпке кең тараған иірімжіп жатады. Жіптің қасиеттері талшықтың түріне, иіру технология- сына және иіру үрдісінің сипатына байланысты болады. Жіп иіру процесі негізінен келесі технологиялық операциялардан түрады: талшықтарды қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген таспаны үздіксіз жіпке айнал- дыру. Жоғары сапалы жіп алу үшін басты шарттың бірі шикізатты дүрыс таңдау. Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе ұзын талшықтардан біркелкі және жіңішке жіптерді, ал қысқа талшықтардан - жуан, үлпілдек және қүрылымы бос (жеңіл) жіп алынады. Жіп иіру үшін біртекті, бірақ әртүрлі сапалы (әртүрлі сортты) және әртектіталшықтар қолданылады. Талшықтарды араластыру бірнеше мақсатпен жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке және матаға белгілі қасиеттерді қамтамасыз ету (жүмсақтықты, беріктігін жоғарлату, серпімділік), дайын материалдың сапасын жоғалтпай бағасын төмендету қоспа жіптің және тоқыма материалдың жалпы сапасын айқындайды. Сондықтан талшық қүрамы техникалық шарттар көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті стандарт- та бекітіледі. Дайындалған қоспа біркелкі болуы үшін араластырылады, өйткені иірілетін жіптің қүрылымы және қасиеттік көрсеткіштері біркелкі болуы қажет. Араластыру технологиясы процестің әртүрлі операцияларында орындалады (қопсыту немесе таспа қосу). Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады. Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді. Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір-бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді. Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады. Тарау - процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді. Гарнитуралардың әртүрлі жылдамдық жүру (қозғалу) нәтижесінде талшық жүйкелері ұсақ бөлшектерге бөлініп, кейіннен бөлек талшық ажыратылады. Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер, қоқыстар ажыратылады, талшық қабаты жұқаланады, холстиктің жылжу бағытымен талшық паралель орналасады. Одан арнайы воронкадан өтіп таспа қалыптастырылады. Ұзын мақта, жүн талшығы жіңішке және біркелкі жіп иіру үшін кар- далы тарау машинасынан кейін қосымша тарақты тараудан өткізіледі. Ол үшін, кардалы тарау машинасынан алынған 16-20 таспаларды біріктіріп, холстик жасалынады. Осыдан кейін холстик тарақты тарау машинасында таралады, түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады. Тарау процесінен алынған таспа біркелкі болмайды, талшық жеткілікті түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны қосып, негізгі таспаның жіңішкелігіне дейін созады. Жіптің жіңішкелігі бойынша біркелкілігі таспаның біркелкілігіне байланысты болады, сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды. Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады. Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады. Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды. Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады. Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады. Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бойынша алынады. Тарақты жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташажәне жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі.Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады. Кардалы тәсіл_бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- кедейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады. Аппараттық тәсіл бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша тарау машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі. Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады. Зығыр талшықтардан құрғақ және ылғалды жіп иіру жүйесі бойынша зығыр және таралған зығырдан жіп иіріледі. Жүн жібін_аппараттық және тарақты тәсіл бойынша жүн және оның мақта немесе химиялық талшықпен аралас түрінде иіреді. Аппараттық (шұғалық) тәсілмен қысқа жүн талшық өндіріледі: қопсыту, білікті карданың тарау машинасында 2-3 өтумен тарайды, алынғансозба жіп иіру машинасына түседі. Апаратты жіп - жоғары үлпілдек, жуан: жұқа шұғалық (жіңішке, жартылай жіңішке жартылай дөрекі жүннен) - 62,5 -167 текске дейін, дөрекі шұға жіптер (дөрекі жүннен) -143 тен 500 текске дейін, ауыр костюмдік және пальтолық маталар үшін қолданылады. Тарақты (камволь) жіп иіру жүйесі бойынша жіпті жүннің ұзын талшығынан (55-200 мм) иіреді. Тарау аппаратында таспа біртегістеп таралынады. Тарақты таспа (текс) жіңішкелігі бойынша тағыда біртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі.Тарақты жіпбіртегіс, біркелкі Т- 55,6 - 14,3 текс, жұқа көйлектік, костюмдік және пальтолық материалдар үшін қолданылады. Жібек жібі табиғи жібектен 3 тәсіл бойынша алынады. Дайындалған талшықтарды инелі таспамен шеңберлі тарау машинасында тарайды, соданкейін біртегістеліп, жіңішкелетіп иіреді жіңішке 3,3 текс жіп алынады. Тараудан қалған қалдықтар тарақты жіп иіру үдерісінде соз- баныширатқанда талшықтар сығылысып, олардың арасында үйкеліс күші талшықтардың беріктігі жоғарлатады. Ширату дәрежесі өскен сайын талшықтар бір бірімен жақсы байланысады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер 1. Тоқыма жіптер біркелкі болу үшін қандай технологиялық процес жүреді 2. Интенсивті қопсыту процесі қалай орындалады 3. Кардал тәсілі дегеніміз? Дәріс №7. Тоқыма жіптерінің түрлері. 1. Тоқыма жіптерінің түрлері. 2. Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері. Қазірі кезде тоқыма өндірісінде жіптердің көптеген түрлері қолданылады. Иірім жіптің классикалық түрі, комплексті, комбинир- ленген, моножіптермен қатар, кабықшалы, жіп тәрізді тоқыма, өрілген тоқыма бұйымдар пайдаланылады. Тоқыма жіптер келесі топтарға бөлінеді: моножіп, комплексті, иірім жіп, кабыршақты және комбинирленген жіп болып бөлінеді. Олар талшықтық құрамы бойынша біртекті, әртекті болып жіктеледі. Ал, ширату операцияларының саны бойынша және қабат саны бойынша жалқы, бір ширатпалы, көпширатпалы болып жіктелінеді. Моножіп. Бұл бір операцияда ширатылған немесе ширатылмаған жіп. Табиғи моножіпке аттың шашы жатады, бұл аралық материалдар- ды жасау үшін қолданылады. Химиялық моножіптерді синтетикалық полимерлерден жасайды(әсіресе полиамид талшығынан). Моножіптерге металл жіптері жатады. Алғашында оларды алтын мен күмістен жасаған, қазіргі уақытта оларды мыс немесе оның балқымаларын созу тәсілімен немесе алюминий қағазын таспаларға кесу жолымен алады. Мұндай жіптердің бетіне жіңішке қабатты алтын немесе күмісті және қорғаушы қабыршақты жағады. Комплексті жіптер. Комплексті жіп (мульти-филамент) - екі не- месе бірнеше элементарлы жіптерден тұратын тоқыма жіп. Қабыршақты жіптер. Қабыршақ таспа түріндегі элементарлы жіптерді қабыршаққа кесу арқылы немесе балқымадан оларды экструдирлеу арқылы алынады. Комплесті қабыршақты жіптер кіші енді эле- ментарлы қабыршақты жіптерден иіріледі. Фибриллярлы қабыршақты жіп фибриллаларға көлдеңінен жіктелген және арасы байланысқан бар қабыршақты тоқыма жіп. Мұндай жіптердің құрылымы көлемділігімен және үлпілділігімен ерекшеленеді. Комбинирленген жіптер. Комбинирленген жіптердің құрылымы екі немесе одан да көп әртүрлі жіптерден құралады. Комбинирленген жіптер әртүрлі талшық құрамдас және құрылымы әртүрлі болатын иірім жіптерден тұрады. Комбинирленген жіптер жалаң қабатты және көп ширатпалы болуы мүмкін. Оларды қарапайым, армирленген, және фасонды жіптерге бөледі. Қарапайым комбинирленген жіптерді ұзындығы бірдей болатын жіпті қосу арқылы алынады.Осындай әртүрлі жіптерді үйлестіру арқылы комбинирленген жіптердің алуан түрлін құрастыруға мүмкін болады. Олардың құрылымдық өлшемдері, физикалық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері және сыртқы түрінің айырмашылығы болады, бұл текстиль материалдарының ассортиментін кеңейтеді. Армирленген жіптердің жүрекшесі болады, ол талшықтармен немесе басқа жіптермен оралған немесе өрілген болады. Жүрекше ретінде әртүрлі иірім және комплексті жіптер, полиуретанды моножіп немесе комплексті жіп (спандекс, лайкра) қолданылады. Фасонды жіптер - текстиль жіптері, жергілікті құрылымының, түсінің өзгеруі бар жіптер. Фасонды жіптердегі жүрекшелі жіп эффекті беретін жіппен оралынады. Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері. Жіптің сызықтық тығыздығы (Т, текс) массасының ұзындыққа қатынасын сипаттайды және төмендегі формуламен есептелінеді: Т = т/Қ мұндағы, т - жіптің массасы, ^ -жіптің ұзындығы, км. Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығы қорытындылайтын (К) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номиналды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.Номиналды сызықтъщ тыгыздъщ ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы. Қорытындылайтын номиналды сызықтық тығыздық Кн жіптерді ширату үшін және өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы. Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тыгыздықты Тф (Кф) тәжірибе арқылы анықтайды. Оларды қарапайым материал үлгілерін өлшеп және кондиционерленгеннен кейін текспен есептейді: Т.=1000Ет/1 немесе К. =1000Ет/1 Ф П Ф П, мұндағы, Ет-қарапайым үлгілердің жалпы массасы, г; 1-қарапайым үлгілердегі жіптердің ұзындығы, м; п - қарапайым үлгілердің саны. Кондиционды сызықтық тығыздық Тк және нәтижелі сызықтық тығыздықта Кк нормалы ылғалдылыққа сәйкес келтірілген жалғыз немесе ширатылған жіптердің нақты сызықтық тығыздығы. Ол көрсеткіштер келесі формуламен есептелінеді: Тк=Тф (100+^н)/(100+^ф), Кк=Кф (100+^/(100+^, мұндағы, ^н - жіптердің нормалды ылғалдылығы,%; ^ф- жіптердің нақтылы ылғалдылығы, %. Кондиционды сызықтық тығыздықтың Тк номиналдыдан Тн (не- месе Кк-ньщ Кн-нен) салыстырмалы ауытқуы ё мөлшерленген көрсеткіштер болып есептелінеді. Оларды процентпен келесі формула арқылы анықтайды: 5=Тк-Тн/Тн*100 немесе 5=Кк-Кн/Кн*100. Сызықтық тығыздықтың көрсеткіштері жіптің тығыздығының жанама сипаттамасы болып табылады. Жіптің сызықтық тығыздығының көрсеткіштері артқан сайын жіп қалың болады. Бірақ, ол талшықтың құрамы бірғана түрден тұратын жіптердің қалыңдығын көрсетеді. Ал, тігін жібінің қалыңдығын сипаттау үшін шартты белгілер (сауда нөмірі) қолданылады. Шартты белгі артқан сайын, тігін жібі жіңішке болады. Киім тігу үшін тігін жібін таңдауда ең негізгі көрсеткіш жіптін диаметрі болып саналады. Оны есептік және эксперименттік әдістермен анықтайды. Жіптің диаметрін ё, мм есептеу мына формуламен жүргізіледі: а=0.0357^К/5, мұндағы, 5 -жіптің орташа тығыздығы, мг/мм3. Сынаудан бұрын иірім жіптің ширату бағытын анықтайды. Ол үшін жіптің қысқа бөлігін тік жағдайда екі қолдағы екі саусақтың арасына қосып, оның төменгі шетін тарқату керек. Егер осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқалса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. Жіптің ши- рату бағыты бұйым тоқу технологиясында оның физика-механикалық және тұтыну қасиеттеріне әсерін тигізеді. Номиналды ширату саны Кн нормативті технологиялық құжатпен бекітілген, 1м ұзындықта шира- ту санын көрсетеді. Нақты ширату саны Кф сынақ кезінде алынады. Оны келесі формуламен анықтайды: Кф=1/п^о*ЕК., мұндағы, п- сынақ саны; ^о-зерттелетін талшықтың және жіптің ұзындығы, м; К. -жеке сынақтағы ширатылу саны. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Моножіптер? 2. Тоқыма жіптердің қасиеті? Дәріс №8 Тоқыма материалдарының құрылысы. 1. Мата өндірісінің негізгі процесстері. 2. Тоқу станогтарының құрылысы. Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым. Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді. Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі. Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы. Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады. Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынғанмата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады. Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды. Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады: - матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады; - матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру станоктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары; - жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175- 250см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары. Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламельдерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген. Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі. Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашылады. Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген. Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді. Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады. Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады. Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер 1. Мата өндірісінің негізгі процестері 2. Қайықты станокта мата тоқу Дәріс №9 Матаның құрылымы. 1. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамасы 2. Қарапайым тігістер 3. Майда өрнекті айқаспалар 4. Ірі өрнекті айқаспалар Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті. Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті. Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады. Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды. Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді. Қарапайым (тегіс) айқаспалар Қарапайым айқаспалар түрлері: жаймалық, саржалық, атлас- сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынандай: рап- портта әр негіз жіп арқау жіппен бірақ рет айқасады, негіз бойынша раппортқа тең. Жаймалық - тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарағаны. Жаймалық айқасуда негіз және арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негіз жіп (н) және арқау (жіптер бойынша жайма) жіп (а) кезекпен шығып отырады. Негіз және арқау жіптер бойынша жаймалық айқасудың раппорты екі жіпке тең. Жаймалық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді. Жаймалық айқаспалармен шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя мақта маталары тоқылады. Жаймалық айқаспа матаға барынша мықтылық береді және тығыздығы жоғары болса, мата қатты болады. Саржалық айқаспа маталардың ерекшелігі оның бетіндегі сызықтар диагоналі бойымен орналасады (саржа, кашемир, шотланд- ка). Саржалық матаның бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары солдан оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасандағы өзіне тән белгісі: раппорттағы жіптер саны ең аз - 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі шекпен өрнектейді: алымына раппорттың әр қатарындағы негіз жапқыш саны н, ал бөлгішіне - арқаулық жапқыш саны а қойылады.иСаржаның негіз бойынша раппорты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негіз жіптер басым болса саржалық айқаспа негіз деп аталынады (2/1, 3/1, 4/1), ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, сар- жаарқаулық деп аталынады (1/2, 1/3). 3.4. суретте саржалық айқаспа көрсетілген. Майда өрнекті айқаспалар. Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады. Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады. Күрделі айқаспалар Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлері жатады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) шығарғанда пайдаланылады. Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін. Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті - негіз және арқау. Түпкілікті жүйелерде жаймалық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтын түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады. Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі. Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана отырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады. Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды, ала, шақпақ, «елочка» болады. Қос бетті және қос қабатты айқаспалардан драп, пальтолық маталары, три- ко алынады. Пике айқаспасы - жіптің үш жүйесінен тұрады: матаның оң жақ бетінде екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек шығарылады. Пике айқаспасына балаларға арналған маталар, көрпелер жатады. Түкті айқаспалар - жіптің үш жүйесінен құралады: бір жүйесі түкті, оң жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, сонда түкті арқаулы маталарға мақта маталары, жартылай бар- хат, вельветтер жатады. Ілмекті айқаспа түкті айқаспаның бір түрі болып есептелінеді. Одан орамалға арналған түкті маталар, халаттар, төсек жаймалар және жиһаз маталары жатады. Ажурлы айқаспа. Қарапайым ажурлы айқаспаларда екі негіз және бір арқау болады. Ажурлы айқаспалардан блузкалы, іш киімдік, көйлектік ажурлы маталар шығарылады. Ірі өрнекті айқаспалар. Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер. Ірі өрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар және дастарқандар тоқылады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Ірі өрнекті айқаспалар үлкен рапортты болады және жаккардты станоктарында өндіріледі. Ірі өрнекті айқаспалардың суреттері; өлшемі, фор- масы, колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым ірі өрнекті айқаспалар жіптің екі жүйесінен тұрады және дастархан, майлық, зығыр және жартылай зағыр орамалдар, сонымен қатар: мақта матасын (дамаст, альпак, дудун, парча), көйлектік (жүн) және кейбір пальтолық маталар жасалынады. Күрделі ірі өрнекті айқаспалар үш және одан да көп жіптердің жүйесінен тұрады: түкті, ілмекті, рельефті болады. Күрделі ірі өрнекті айқаспадан кілем, гобелен, жиһаз маталарын және киім тігуге арналған маталар тоқылады. Тоқыма өндірісінің ақаулары Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және станок механизмдері бұзылғанда пайда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Матаның ақауларына төмендегілер жатады: - жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; - өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; - негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде, арқаумен айқаспаған түрінде жатады; - сүңгіме - арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде, негізбен айқаспаған; - кем тоқылғаны - арқау жағынан сирек жерлері; - жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері; - қосарлы жұп - негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда; - арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа, жуан жерлер, ол - арқау жібі бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда болады; - арқаулық ілмектер, ілмек - ширатылмалар арқау жіп әлсіз тартылғанда болады; - кірлену мен май дақтары - матаға немқұрайлы қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады; - түрлі арқау - ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ; - тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) - суреттің кейбір жерлерінде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Тоқыманың айқаспа түрлері 2. Қарапайым тігістің ерекшелігі 3. Ірі өрнекті айқаспалар 4. Майда өрнекті айқаспалар 5. Тоқыма өндірісінің ақау пайда болу себебі Дәріс №10. Трикотаж өндірісі. 1. Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы 2. Трикотаж бұйымдарын өндірудің тәсілдері 3. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері 4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері Трикотаж - бұл ілмектерден тұратын, бойлай және көлденең бағытта өзара айқасқан, бір немесе бірнеше жіптерден іліп тоқылған тоқыма бұйымы немесе жайма. «Трикотаж» ұғымы бұйымдардың кең көлемін қамтиды: жасанды үлбір, шұлық-ұйық, іш және сырт киімі, пальто, кілемдер мен шілтер және балық аулау торлары. Трикотаждың құрылымы ілмектердің мөлшері мен форма- сы, олардың өзара байланысы және орналасуымен сипатталынады. Трикотаждың негізгі элементі - ілмек, оның құрылысы әр түрлі болуы мүмкін, және осы жай трикотаждың құрылымы мен қасиетіне маңызды әсер етеді. Тағайындалу мен шикізаттың түріне қарамастан, трикотаждың кез келген түрі іліп тоқу арқылы алынады. Іліп тоқу - бұл трикотаждан бірмезгілде біртіндеп, бойлай немесе көлденең бағытта ілмектердің құрылуы. Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы Ілмек екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5- 6) тұрады. 2-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-7 созылманы пла- тиналы доға деп атайды. Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар деп атайды. Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен белгілейді. Іліп тоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) және негізжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді. Иілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылынады. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауы- сады, сонан соң үшіншіге. Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль бағытпен) тез сөгіледі. Негізжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (негізжіп) құралынады. Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады. Сонымен, негізжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді. Негізжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады. Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан (а-б), ілмек басы (б-вг) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан (д-е мен д^-е1) тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен бірігеді. Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек. Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады. Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды. Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдарлама бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және формасы бір бірінен өзгеше болу мүмкін. Трикотажды, матаға ұқсас метражды құбырлы жайма, ұзындығы мен ені белгілі құбырлы купон ретінде және формасы лекалоға жақын жазық немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады. Трикотаж бұйымдарды өндірудің негізгі үш тәсілі бар: пішілген, жүйелі, жартылай жүйелі. Пішу тәсілі матаға ұқсас, тоқылған трикотаж жаймасын пішеді, яғни жаймада бұйым бөлшектерінің контуры бойынша пішіп, содан кейін тігу арқылы қажетті форма беріледі, бұл тәсілде, пішу кезінде, қалдықтардың мөлшері 18- 23% дейін болады. Жүйелі тәсілінде трикотаж бұйымдардың бөлшектері әдетте пішуді қажет етпейді. Сондықтан бұл тәсіл шикі затты тиімді пайдала-нумен сипатталынады. Жартылай жүйелі тәсіл жоғарыда көрсетілген тәсілдерден айырмашылығы, трикотаж құбырлы немесе жазық купон түрінде тоқылады. Купонды бір бірінен бөлгіш ілмектер қатары арқылы ажыратады, оның төменгі қатары әдетте тарқатылмайды тігуді талап етпейді. Купонды жазық және шеңберлі тоқу машиналарында өндіреді. Әдетте оларды қолтық, мойын ойындысы мен жең түбі бойынша сәл пішеді. Трикотаждың осы өндіру тәсілі пішу тәсілімен салыстырғанда тиімді, бұйымға жұмсалған жайманың шығыны 2-5 % төмендейді және сырт трикотаж бұйымдарын шығаруда ең кең таралған тәсілі болып та- былады. Көлденең тоқылған трикотаж өрімдері. Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады. Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады. Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды. Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары басым болады). Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады. Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері Басты негізжіптік өрімдерге тізбекше, трико, атлас жатады. Тізбекше - жалаң өрім, оның ілмектері бір бағанада бір жіптен және әрбір келесі ілмегі алдыңғының үстінде орналасады. Тізбекше ашық және жабық ілмектерден тұрады. Тізбекше оң жағына шиыршық (спираль) түрде бұрылады, бұл өрімнің созылымдылығы шамалы. Тізбекше тек басқа өрімдермен бірге бірігіп қолданылады, өйткені жеке өзі жайманы құрамайды. Трико - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас екі ілмек бағанада кезегімен ирек орналасады. Өрімнің оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады. Трико жеңіл формасын өзгертеді және жіп үзілген кезде ілмек бағанасы бойымен жеңіл тарқатылады. Әдетте жиі басқа өрімдермен бірге қолданылады. Атлас - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас ілмек бірнеше (кемінде үшеу) бағанада кезегімен ирек орналасады. Атластың оң жағында ілмек таяқшалары, ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылмалары орналасады. Трикоға қарағанда айырмашылығы, атластың көлбеу созылмалары неғұрлым жайпақ орналасқан. Жіп үзілген кезде атлас ілмек бағанасы бойымен тарқатылады және кесілген шеті бойынша бұрылады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер 1. Трикотаж ұғымы 2. Трикотажды ілмек түрлері 3. Трикотаж бұйымдарын өндірудегі негізгі тәсіл 4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері Дәріс №11. Беймата жаймаларын өндіру. 1. Беймата жайма өндірісі 2. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру 3. Инетесімді беймата жайма өндіру 4. Желімді беймата жайма өндіру Беймата бұйымдары көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ бір немесе бірнеше қабаттан жасалынады. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршықпен қатырмалау арқылы шығарылады. Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Жайғақтар бір бірімен әртүрлі әдіспен бекітіледі. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас. Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады. Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді. Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді. Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды. Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру. Іліп тоқыла тігілген жайманы толтырғыш ретінде талшықты жайғақ, жіптер жүйесі, мата, қабыршық болады. Талшықты жайғақ мақта талшықтарынан, мақта иіру өндірісінің иіруге жарамды қалдықтарынан қалыптастырылады. Сонымен қатар, жүн және химиялық талшықтарды иіру өндірісінің қалдықтары қолданылады. Мақтаны қопсыту, түту-тазарту, араластыру және майлау қопсыту- түту агрегаттарында орындалады. Мақта талшықтарын, сонымен қатар ұзындығы 65 мм болатын таза химиялық талшықтарын тарау қалпақты тарау машиналарында орындалады. Жүн, жүннің химиялық талшықтармен қоспасын, ұзындығы 55 мм астам таза химиялық талшықтарды тарау білікті тарау маши- наларында орындалады. Екі жайдайда тарау машиналары тарамды өзгерткішпен қамтылған. Тарау машинасының түсіру барабанынан алынатын мақта тарамы біртіндеп тасымалдану торларына (2, 3, 4) түседі. Олар тарамды торға (6) түсіріп салынады. Талшықтары көлденең орналасқан жайғақ (5) іліп тоқыла тігетін машинаға жіберіледі. Жайғақтың ені және қалындығы тордын (4) жүру және тордың (6) жылдамдығына байланысты. Беймата жайманы тоқу-тігу әдісімен қалыптастыру тарау-тоқу агрегатында орындалады. Жайғақтарды тоқыптігу Маливатт және Арахне типті машина- ларда орындалады. Тізбеорауыштан (1) көзді инелер (2) тігу жіптерді (3) жеткізіп тұрады. Жіптермен қуыс ине (7) конвейермен келіп түсетін жайғақты (8) тігеді. Ақырғы (4) және тойтарыс (6) платиналары шалуқұрау үрдісін реттейді, ал шығару білікшелері (5) машинадан тігілген жайғақты шығарып алуды орындайды. Тоқу үшін жалаң қабат немесе ширатпалы мақта жібін, капрон, хлорин, лавсан құрама жіптерді қолданады. Инетесімді беймата жайма өндіру. Талшықты жайғақты көбінесе аэродинамикалық тәсілмен қалыптастырады. Жайғақ (1) қаңқа матамен, жіптерден жасалған тормен бірге конвейер 2) арқылы түсіріліп білікшемен (3) тығыздалады. Жұмыс зона- сына түскен жайғақ инелермен (4) тесіледі. Инелер арнайы тақтайшаға (5) бекітілген. Ол біресе жоғары біресе төмен жүріс орындайды. Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады. Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады. Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу машиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы бай- ланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына байланысты болғанымен көбіне процесстің негізгі параметрлеріне, әсіресе тесудің тереңдігіне және жиілігіне байланысты болады. Желімді беймата жайма өндіру Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт - мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар. Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды немесе құрғақ тәсілмен орындалады. Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1-ГН, СКН- 40, БНК латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыратумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады. Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет. Сұйық байланыстырғышты шашыратқанда немесе бүркігенде сығу қажет емес. Мұндайда беймата жайманың құрылымы тұтас сіңдіруге қарағанда бостау, өткізгіштігі өте жақсы және қаттылығы төмен болады. Одан басқа тағыда ылғалды тәсіл - қағаз жасау тәсілі - қолданылады. Оның мәні иіруге жарамсы, ұзындығы 2 мм дейін (әдетте тез балқитын) талшықтардың немесе фибридтартардың және байланыстырғыштың суспензиясы қағаз жасау машинасының торына жіберіледі. Торда белгіленген қалыңдықпен жайма түрінде материалдың қабаты қалыптастырылады. Сорғытылғаннан және кептірілгеннен кейін ыстықпен өңдеуге кейде каландрлеумен бірге өңделетін жайма алынады. Фибридтар негізгі талшықты материалға қарағанда тез балқитын болғандықтан жібіп жайғақтың құрылымдық элементтерінің желімдерін жасайды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Беймата бұйымдарының түрлері 2. Іліп тоқыла тігілген жайма өндіру 3. Желімді беймата жайма өндіру Дәріс №12. Тоқыма материалдарды өңдеу. 1. Тоқыма материалдарды өңдеу 2. Бояуға және сурет жасауға дайындау. Тоқыма станогынан түсірілген матаны сұр немесе өңделмеген мата деп атайды. Оның құрамында әртүрлі табиғи серіктес заттар, кір және қосымша қоспалар болады, сырт түрі өңсіз болып келеді және тігін бұйымдарын өндіруге жарамсыз болады. Сондықтан сұр матаны өңдеу қажет. Маталарды өңдеу - олардың сапасын жақсарту, тауарлық түр беру, тігін өндірісінде пішуге дайындау, қыртыстанбағыш, суға төзімділік қасиеттерді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін көптеген химиялық, физика- механикалық операциялардың жиынтығынан тұратын технологиялық процесс. Маталарды өңдеу процессі төрт кезеңнен тұрады матаны тазарту және дайындау, бояу, сурет басу, соңғы өндеу. Әрбір кезең өз алдына бірқатар физика-механикалық және химиялық операциялардан тұрады. Ол операциялардың түрлері және олардың орындалу тәртібіне маталардың талшық құрамы әсерін тигізеді. Әрбір операцияны жүргізгенде қолданылатын химиялық заттардың концентрациясын және өңдеу режимінің температурасын қатаң түрде қадағалайды. Ол мата талшықтарының сапасын жоғалтпау үшін өте маңызды. Маталардың талшық құрамына байланысты химиялық реагенттердің құрамы және өңдеу тәртібі тағайындалады. Бояуға және сурет жасауға дайындау. Мақта - маталарды өңдеу. Мақта - маталарды тазарту және дайындау келесі технологиялық операциялар орындалу арқылы орындалады: сұр матаны қабылдау және талдау; отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту; мерсерлеу; түктеу. Барлық маталар үшін тазарту және дайындау сұр матаны қабылдаудан және талдаудан басталады. Бұл кезеңде тоқымашылықтың түрлі ақауларын анықтау және оларды жою, өңдеудің келесі опера- цияларын жүргізуге өндірістік партия құрастыру орындалады. Өңдеу операциялардың барлығынан өткізу үшін мақта маталары бірнеше жүздеген бөліктерден тұратын ұзын үздіксіз таспаға біріктіріп тігіледі. Әрбір бөлікті алдын-ала жуғанда кетпейтін бояумен белгілейді. Мата қабылдау және талдаудан өткенен кейін отпен шарпу операциясына жіберіледі. Отпен шарпу матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтарды күйдіріп жою үшін жүргізіледі, бұл операцияны конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі. Операцияның мәні матаны 2,5 - 3,0 м/сек жылдамдықпен қатты қыздырылған беттен өткізу болып саналады. Нәтижесінде матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтар күйіп кетеді, матаның беті тазарады. Түкті және түктелетін маталар, сонымен қатар дәке отпен шарпылмайды, осылай өңделген мата шлихтасыздандыру операция- сына жіберіледі. Шлихтасыздандыру келесі жүргізілетін операциялардың орандалуын жеңілдетету мақсатымен шлихтадан және басқа табиғи қосымша заттардан матаны ажырту үшін жүргізіледі. Матаны шлихтасыздан- дыру үшін оны 30-400С температурада суға салып арнайы жәшіктерде матаның тығыздығына қарай 4 - 24 сағатқа жатқызылады. Шлихтасыз- дандыруды тездету үшін қышқыл немесе сілті ертіндісінде өңдейді. Суланған матадағы крахмал гидролизденіп сумен жақсы жуылып шай- ылады. Сонымен қатар матаны ферменттермен өңдеу арқылы жедел шлихтасыздандыру кеңінен қолданылады. Шлихтасыздандырылған мата жұмсарады және суды сіңіру қабілеті жоғарлайды. Ақ түсті мата алу үшін ағарту операциясы жүргізіледі. Ағарту кезінде матаға сұр немесе сарғыш түс беретін табиғи бояғыш зат- тар бұзылады және түссізденеді. Ағартқыш заттар ретінде әртүрлі тотықтырғыштар қолданылады. Оларға сутек пероксиді, натрий хло- риты және гипохлориты жатады. Ағартқыштармен малып сығылған мата біршама уақыт арнайы жатқызылады, одан кейін жуылады, сығылады және кептіріледі. Сутек пероксидін қолданғанда ағарту процесі хлорлы ағартқыштарды қолданғанмен салыстырғанда тез өтеді. Ағарту процесі үздіксіз тәсілмен арнайы агрегатта немесе ар- найы қазанда өткізіледі. Ағартылған матаның гигроскопиялық қасиеттері өте жоғары және ашық түске жеңіл боялады. Ағартудан өткен маталар мерсерлеу немесе түктеу операцияларының біріне жіберіледі. Мерсерлеу деп керілген түрде матаны 15- 180С температурада 30 - 50 секунд уақытта 25 % күйдіргіш натр ертіндісімен өңдеуді айтады. Операцияның атауы белгілі Француз химигі Мерсердің реакциясының атымен аталады. Сұр өңделмеген мата 2 - 3 минут уақытта өңделеді, мерсерленген мата жылтырланады, жібек тәріздес, гигроскопиялығы және беріктігі жоғарлайды, мерсерленген маталар бояуды жақсы сіңіреді және бояуы берік, ашық түсті болады. Матаның бетінде талшықты түк жасау үшін түктеу операциясын жүргізеді. Түктеу арнайы инелі түктеу машинасында орындалады. Машинаның инелері матаның арқау жіптерінен талшықтарды шығарып оларды бір бағыттан екінші бағытқа тарайды. Жақсы түк жасау үшін матаны түктеу машинасынан бірнеше рет өткізеді. Түктеуге мата сұр және ағартылған түрде жатады. Зығыр маталарды өңдеу. Зығыр маталарды тазарту және дайындауды мақта - мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді. Бірақ. оларға қарағанда байқастап, технологиялық операцияларды бірнеше рет қайталап орындайды. Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес заттар, әсіресе лигнин, көп мөлшерде бо- лады. Олар әдетте қиын ыдырайды. Осының салдарынан зығыр ма- талар қайнатудан, ағартудан және басқа өңдеуден қиындықпен өтеді. Сонымен қатар, талшықтарды бұзып алмау үшін, матаның қасиеттерін жоғалтпау үшін технологиялық процесстерді қатаң қадағалау қажет. Зығыр маталар көбіне біршама ағартылған жіптерден шығарылады. Осылардың бәрі зығыр маталарын өңдеу технологиясын жасағанда ескеріледі. Зығыр маталарын тазарту және дайындау технологиялық процессі келесі сұлба бойынша орындалады: отпен шарпу; шлихтасыздандыру; қайнату; ағарту. Шлихтасыздандыру матаны жылы суға салып, одан кейін 10 - 12 сағатқа қалдыру арқылы орындалады. Қайнату әдетте екі рет қайталанады. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Тоқыма материалдарды өңдеу 2. Бояуға және сурет жасауға дайындау Дәріс №13 Тоқыма материалдарының қасиеті. 1. Геометриялық қасиеті. 2. Маталардың механикалық қасиеттері. 3. Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары Геометриялық қасиет деп материалдардың қалыңдығын, енін, ұзындығын және салмағын сипаттайтын тоқыма материалдарының қасиеттерін айтады. Геометриялық қасиет олар белгілі бұйымға арналған материалды таңдауды, тігін өндірісінің кейбір үдерісінде материалдың бағытын, сонымен қатар киімнің эксплуатациялы үдерісінде пайда болатын, эксплаутациялық көрсеткіштердің қатарын анықтайтын болғандықтан тігін өндірісі үшін маңызы зор. Қалыңдық - қалыңдық өлшейтін құралда белгілі қысымда өлшенген, тоқыма материалының өң бет жағы мен теріс жағының арақашықтығы. Қалыңдықты анықтау үшін материал үлгісі 1 және 2 қос куыс бұрғылардың арасына орналастырылады. Жоғарғы қуыс бұрғы қозғалмалы және материалдың қалыңдығын 4 шкалада көрсететін, 3 тілшемен байланысқан. Тоқыма материалының қалыңдығы тұрақты көлемде болмайды және тігін өндірісінде материалды өңдеу мен әрлеу ерекшеліктерімен, киісте релаксациялық үдерістің көрсетілуімен, сондай-ақ өлшенген кездегі қысыммен байланысты. Тоқыма материалының қысымын өлшеген кезде сыналушы материалға 10 гс/см2 қысым беру қабылданған. Бұл қалыңдық көрсеткіштері бойынша әртүрлі материал- дарды салыстыруға мүмкіндік береді. Тоқыма материалдарың жеке аймақтарында қалыңдықтың әртүрлі болатындығын ескеру қажет. Осындай қалыңдық бойынша едәуір біркелкісіздікпен бейматалық материалдар ерекшеленді, оның себебін талшықтық жайғақты қалыптастырудағы кемшілігімен түсіндіреді. Материалдың қалыңдығы оның киімге сәйкес тағайындалуын анықтайды: яғни, жұқалау материалдар ішкиімдік және көйлектік бұйымдарда, орташа - костюмдік, ал қалыңырақ - пальтолық және басқа сырт киімдерде қолданылады. Тоқыма материалдарының қалыңдығы олардың күлтеленуі, қаттылығы, ауа өткізгіштігі, тозуға төзімділігі, жылылықты өткізбеушілікті, сонымен қатар, бұйымға арналған материалдарды таңдаумен және оның эксплуатациялық сапасымен байланысты басқа да қасиеттерінен тәуелді. Киім бөлшектерін пішу кезінде материал қалыңдығына байланысты төсемнің көлемі 12-150 қабатқа дейін ауытқиды, ол өз кезегінде пішіп алынған киім бөлшектерінің дәлдігіне мен пішу өндірісінің өнімділігіне ықпалын тигізеді. Тігін өндірісінде материалдың қалыңдығынан тігін машинасында материалдың қозғалысына жұмасалатын күштің және жіптің шығыны тәуелді. Тігін өндірісінде қолданылатын бейматалардың қалыңдығы 0, 1-5 мм. Тоқыма материалдарының ені кенерелерінің арасындағы арақашықтықты көрсетеді. Ол маталар, трикотаж және бейматалар өндірілетін машиналар мен станоктардың сырт мөлшеріне байланысты болады. Маталардың механикалық қасиеттері. Тоқыма жаймаларының негізгі механикалық қасиеттері жартылай циклді, бірциклді және көпциклді сипатаммалар болып бөлінеді. Жіптердің механикалық сипаттамаларына қарағанда матаның, трикотаждың аталған сипаттамалары екі бағытта, яғни екі өсі бойынша анықталынады. Созу деформациясын зерделеу матаның құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі, себебі матаның өрімі, тығыздығы жеке құрылымдық сипатаммалары оның беріктігіне әсерін тигізеді. Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары Тоқыма бұйымдар сыртқы күш әсерінен үзілетін толық бір цикл бойынша «жүктеу - жүктен босату - демалдыру» сынағында олардың созу деформациясына төзімділігін бір циклді сипаттамалар- мен анықтайды. Тоқыма бұйымының құрамындағы талшықтар мен жіптердің бойындағы деформациялық өзгерістер релаксациондық про- цестермен сипатталынады. Киімге қолданатын маталарға жүктеме азырақ әсер етеді. Тігін бұйымдарын дайындауда үзу күшіне 1-2% және киімді кию кезінде 5- 15% үзу жүктемесі әсер етеді. Жүктеме және жүктен босату дема- лыспен кезектесе отырып әсер еткенде материалдардың құрылымы бұзылып, әлсірейді және тігін бұйымдарының сыртқы көрінісін нашарлатады. Тоқыма материалдарының бір циклді сипаттамалар ерекшелігі жақсы сипатталған релаксационды процесс және деформация кезіндегі көрінісі болып табылады. Бұл ерекшелік көбінесе материалдың өлшемдері мен пішіндерінің тұрақтылығы және тігін бұйымдарының сапасын анықтайды. Тігін бұйымдарын дайындау мен пайдалану процестері, жүктеме релаксациясының сипаттамаларына зор мағына береді. Бұл материалдың құрылысындағы өзгерістер тігін бұйымдарындағы деформациядан кейінгі бөлшектердің өлшемі мен пішін ұстамдылығын анықтайды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Тоқыма материалдардың геометриялық қасиеті. 2. Маталардың механикалық қасиеттері. 3. Тоқыма материалдардың бір циклды үзілетін сипаттамалары Дәріс №14. Тоқыма материалдардың физикалық қасиеті. 1. Матаның физикалық қасиеті 2. Гигроскопиялық қасиеті 3. Бу өткізгіштік Матаның физикалық қасиетіне ылғалдылық, гигроскопиялық, ауа өткізгштік, бу өткізгіштік, су өткізгіштік, шаң өткізгіштік, электрлік, жылу сақтағыштық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетіне қойылатын талаптар, матаның тағайындалуына оның талшықтық құрамына, құрылымына, өңделуіне байланысты анықталынады. Гигроскопиялық қасиеттері Гигроскопиялық - матаның қоршаған ортадан ылғал сіңіру қасиеті. Матаның гигроскопиялық ауаның 100% салыстырмалы ылғалдығы мен 20±2°С температурадағы материалдық ылғалдылығы келесі формуламен анықталынады: Щ = т°° ~ т • 100% , тс мұндағы, т100 -100% ауадағы салыстырмалы ылғалдылық (4 сағ.тұрған материал үлгісінің салмағы), тс - өте құрғақ үлгінің массасы. Тоқыма материалдарының гигроскопиялылығы олардың іс жүзінде ылғалдылығына байланысты болады. Тоқыма материалдың ауадағы жоғарғы ылғалдану ортасына су буын сіңіру қасиеті сорбция процесі деп аталады, ал төменгі ылғалдану ортасына су буын қоршаған ортаға беру процесін десорбция деп атайды. Тоқыма материалдарының сорбциялық қасиеті ылғалдылық, гигроскопиялық және ылғал қайтарыммен сипатталынады. Тоқыма материалдардың гигроскопиялық қасиеттерін бағалаған кезде бір шама сипаттамаларды қолданады: ылғалдылық, гигроскопиялық, су сіңіру, капилярлық, су сіңдірместігі, ылғал қайтарымы, бу өткізгіштігі. Ылғалдылық. Нақты ылғалдылық (ш^ %) атмосфералық шартқа айланысты, сынаудан өткізгендегі материалдағы ылғалдылығын көрсетеді, л келесі формуламен анықталынады: тф - тс ІЛф =-*■ ------------------ • 100% , Ф тс мұндағы, т^- аудағы нақты ылғалдылық үлгісінің салмағы, тс - өте құрғақ үлгінің салмағы. Кондиционды ылғалдылық (шк %) материалдарды қалыпты атмосфералық жағдайдағы (юв=65±5%,1=20±2°С) ылғалдандырудан кейінгі ылғалдылығын айтады. Кондиционды ылғалдылық келесі формуламен анықталынады: ™к = (Рі^і + Р2™2) / 100, мұндағы, ррр2 - материалдың талшықтық құрамы, (%) бойынша, ^ ,^2- талшықтық кондициондық ылғалдылығы. Ылгал қайтарымы (В0%) - материалдың гигроскопиялық ылғал ұстамдылығын яғни ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 2% болғандағы оршаған ортаға беру қасиетін айтады. Ол келесі формуламен анықталынады: в0 = ть - т°к • 100, ть- тс мұндағы, ть -үлгінің эксикатордағы суда ұстағаннан кейінгі салмағы г, тск - үлгінің эксикатордағы күкірт қышқылына ұстағаннан кейінгі салмағы, г, тс - үлгінің кептіргіш шкафына кептіргеннен кейінгі салмағы, г. Тоқыма материалының сулы ортасымен әсерлескенде суды өткізу қабілеті су сіңіру және капиллярлық сипатымен анықталынады. Өткізгіштік Тоқыма материалдардың ауаны, буды, суды, ерітінділерді, газды, шаңды, радиоактивті сәулелерді өз бойынан өткізуді өткізгіштік қасиеті деп атаймыз. Ауа өткізгіштік бұл - материалдан бүйымның өз бойына ауа өткізу қабілетін айтады. Бүл қасиет талшықтың қүрамына тығыздығына және өңделуіне байланысты болады. Тығыздығы төмен матаның ауа өткізгіштік қасиеті жоғары болады, ал тығыздығы матаның, су жүқтырғыштың сіндірмелері мен өңделген, резеңке араласты- рып тоқылған маталардың ауа өткізу қасиеті төмен болады. Ауа өткізгіштігіне нақты мінездеме беру үшін оны ауа өткізгіштік коэффицентімен анықталынады. Ауа өткізгіштік гигиеналық және жылу сақтағыштық қасиетінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бүл бүйымға материал таңдауда маңызды роль атқарады. Жаз мезгіліне арналған матаның ауа өткізгіштігі өте жоғарғы болу қажет ол киім ішіндегі ауа қабатының еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, ал қыстық киімдер үшін ауа өткізгіштігі төмен материалдар таңдап алынады. Ауа өткізгіштік келесі формуламен анықталынады: Бр=ү/( 8 - х) , Бу өткізгіштік Бу өткізгіштік - адам денесінен бөлініп шығатын су буларын матаның өткізу қабілетін айтады. Бу матадағы саңылаулар арқылы өтеді немесе материалды өзінің гигроскопиялық қасиетінің арқасында киім астындағы ауадан буды сіңіріп алады, оны қоршаған ортаға береді. Жүн маталары су буларын жайырақ буландырады және киім астындағы температураны басқа маталарға қарағанда жақсырақ реттейді. Модель- дер құрып конструкция жасағанда матаның осындай қасиетін ескеру қажет. Мысалы: балон тектес матадан тігілген плащтың ауа және бу өткізгіштік тігісін жақсарту үшін кокетканың астынан бу шығаратын тор салады. Бу өткізгіштікті келесі формула бойынша анықтайды: Вһ=А/(8т), мұндағы, А - мата үлгісінен өткен су буларының салмағы,г, 8- мата үлгісінің ауданы, м2, т - сынақ уақыты, сағ. Су сіңдірмейтін қасиеті деп - судың ішке қарай өтуіне матаның қарсылығын айтады. Бұл қасиет арнайы мақсаттағы (брезент, шатыр қолданады) маталар үшін маңызды болып табылады. Су сіңірмейтін қасиетті талшықтың құрамына тығыздығына және өңдеу сипатына байланысты болады. Матаның суға қарсылығын жоғарылату, оған су сіңдірместік қасиет беру үшін әртүрлі су сіңдіргіштік, су жұқтырғыштық өңдеулерден өткізеді. Кошел әдісімен су қарсылығын анықтау. Тоқыма материалдардың жылу өткізгіштігі Жылу өткізгіштік - матаның белгілі бір мөлшерде жылу өткізу қабілеті. Тоқыма материалдар жылу энергиясының әсерінен бір қатар қасиеттер көрсетеді: жылу өткізу қабілеті (жылуөткізу), жылулық кедергі (температураөткігіштік), жылу жұту (жылусыйымдылық), жоғары және төмен температуралардың әсерінен қасиеттерін сақтау немесе өзгерту қабілеті (жылу, қыздыру және аязға төзімділігі). Тоқыма материалдардың жылулық қасиеттері алдын-ала берілген жылу сақтау көрсеткіштермен киім жобалау, тігін бұйымдарды ылғал-жылумен өңдеу және оларды әртүрлі климаттық, өндірістік жағдайларда тұтыну маңызды болып табылады. Жылу өткізгіштік - тоқыма материалдардың екі жағында тем- пература айырмашылығынан бұйымның жылу өткізу қабілеті. Жылуөткізгіштік келесі сипаттамалармен бағаланады: жылу өткізу коэффициенті - 10С (К) температура айырмашылықта қалыңдығы 1 м болатын материалдың 1 м2ауданынан 1 сағатта қанша жылу өтетінін сипаттайды: I = Ф 5 / [(Т - Т2) 8] , Вт/(м К), мұндағы, Ф - жылу ағынының шамасы, Дж (Вт), 5 - материалдың қалыңдығы, м, Т^ , Т2 -материалдың беттерінің температурасы, 0С, 8 - материалдың ауданы, м2 Тоқыма материалдарының құрылымы күрделі, талшықтармен және ауамен толтырылған кеуектерден тұрады. Мұндай материалдар- да жылуды тасымалдау талшықпен жабық кеуектердегі ауаның жылу өткізгіштігімен, ашық кеуектер арқылы конвекциямен, кеуектердің қабырғаларынан жылу шығарумен өтеді. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Матаның физикалық қасиеті 2. Гигроскопиялық қасиеті 3. Бу өткізгіштік Дәріс №15. Тоқыма материалдарының отыруы. 1. Тоқыма материалдардың отыруы 2. Пішін қалыптастыру қасиеті Тоқыма материалдарының ылғалдың әсерінен сызықтық өлшемінің қысқартылуы отыру деп аталады. Материал ылғалды-жылумен өңдеу мен жуу кезінде ғана емес, сонымен қатар, жарықтық ауа-райымен және атмосфералық ылғалдың (соңғы жағдауда үдеріс жай сіңіреді) әсерінен отырады. Матаның отыруы олардың талшықтық құрамына байланысты, жуудың әсерінен мақта матасының отыруы, жібек матасының жуудан отыруы және жүн матасының ылғалдаудан отыруы МЕМСТ 30157.0- 95 және 30157.1-95 бойынша анықталады. Мақта матасы, зығыр, вискоза және вискоза штапельді маталардың жуудан отыруын анықтау үшін 300^300 мм төрт квадратты өлшеммен кесіп алынады. Әрбір, квадраттың ішінен негіздік және арқаулық жіптің бағытын көрсете, отыруды өлшейтін, квадраттың ішінен 200^200 мм өлшеммен тағы квадрат белгілейді. Кейін үлгіні бөлмелік температуралы 10 л судан, 40 г шаруашылық сабыннан және 10 г кальцинирлі содадан тұратын жуғыш машинадағы ерітіндімен жуады. Жуудың ұзақтығы - 30 мин. 30 мин кейін үлгіні шаяды, суды сығу үшін резеңкелі білікшелердің арасынан жібереді және 200°С температура- мен аппрет-телмеген миткальді мақта матасы арқылы үтікпен үтіктейді (үтіктің салмағы - 2,5 кг). Отыру үтіктегеннен кейін 10 минуттан соң анықталады. Матаның отыруы негізі және арқауы бойынша формуламен есептелінеді: 200 - А 200 - І-и Ү0 = 200 • 100; Үу = -------------- у- • 100 . 0 200 у200 мұндағы, У0 және У - негізі және арқауы бойынша матаның отыруы, °% ^0 және - отырғаннан кейін белгілердің арасындағы мм. Жуғаннан кейін жібек матасының отыруын анықтау үшін негізі және арқауы бойынша 50*300 мм өлшеммен үш жолақ бойынша пішеді. Басынан соңына дейін әрбір жолақ 50 мм арақашықтықта бірінші белгіні жасайды, ал одан 150 мм арақашықтықта екінші белгіні қояды. Жолақтар 55-60°С температуралы ерітіндімен дірілдемелі жуғыш қүралда жуылады. Ерітінді 1 л жүмсартылған су мен 2 г 60- 70 % шаруашылық сабыннан түрады. Жуылудың ұзақтығы - 30 мин. Жуылғаннан және шайылғаннан кейн үлгілер кептіріледі, 135-140°С қызу температурамен 2,5 кг салмақты үтікпен үтіктеледі. Отыру келесі формула бойынша есептелінеді: 150 - I 150 - I-,, Ү = • 100 ; Үу = У • 100. 0 150 у 150 Сыққаннан жүн матасының отыруы суық суда УТШ-1 қүралдың көмегімен анықталынады. Осы мақсатпен 250*250 мм өлшеммен екі мата үлгісі кесіліп алынады, қима үлгінің көмегімен әрбір үлгінің ішінен квадрат таңбалайды, негіз және арқау жіптердің бағыттарын таңбалайды, әрбір үлгіні жеке іледі және сумен ваннаға 1 сағатқа баты- рылады. Бір сағаттан кейін үлгілер суырып алынады, жеңіл сығылады және қүралдағы кептіргіш камерада бастапқы салмағына дейін кептіріледі, үтіктеледі және белгілердің арасындағы арақашықтық өлшенеді. Отыру негіз және арқау бойынша жоғарыда көрсетілген формуламен есептелінеді. Отыруды анықтаудың үқсас әдістері басқа тоқыма материалдарында қолданылады. Пішін қалыптастыру қасиеті Тоқыма материалдарының тігін бүйымдарында берілген бөлшектерімен пішінді қабылдау және белгілеу қабілеттілігін пішін қалыптастыру деп атайды. Материалда бүл қасиеттің көрінуі кеңістікті пішінді иемденетін киімде оларды қолданудың өте қажетті шарты бо- лып табылады. Материалға кеңістікті пішінді екі жолмен беруге болады: ылғалды- жылумен өңдеумен және трикотажды жаймада ілмекті қатар мен бағаналар немесе мата торын қиғаштау тәсілімен. Кейде кеңістікті пішін басқа тәсілдермен қиыстыру арқылы алуға болады. Ылғалды-жылумен өңдеу кезіндегі материалдың пішін кеңдігі біркелкісіз және талшықтық қүрамына байланысты. Мақтадан, зығырдан, вискозалы және ацетатты талшықтардан жасалған тоқыма материалдары ылғалды- жылумен өңдеу үдерісіндегі оларға берілген пішінді ұстамайды. Таза жүнді маталар өте жақсы пішінделеді және олардан жасалған бұйым ылғалды-жылумен өңдеу үдерісінде берілген, пішінді жақсы сақтайды. Судың немесе будың әсерімен жүн кератинінің созылымдығы жоғарылайды. Ылғал кератиннің құрылымының ішіне сіңіп, молекула аралық күштің әсерін әлсіретеді. Ылғал мен жылудың әсерімен макромолекуланың тербелісі жылдамдатылады, осының арқасында пішінделу жеңілірек жүзеге асады. Престің жастығымен не- месе үтікпен көрсетілген қысымның әсерімен макромолекулалар жаңа орынға орналасады, ал кебу мен салқындау кезінде араласқан моле- кулалы шынжырдың арасында олардың жаңа орнын берік ұстайтын, жаңа байланыстар пайда болады. Жүнге целлюлозалық талшықты қосу қалып-тастырылудың шартын нашарлатады. Әсіресе, үлкен қиындық лавсанды немесе нитрон- ды талшықтардан тұратын, жартылай жүнді материалдың қалыптасуы кезінде туындайды. Тігін өндірісінде ылғалды-жылумен өңдеу кезінде, үдерісте бұйымның бөлшектеріне белгілі пішін беріледі, ол тартылған және үтіктелген деп аталынады. Үтіктеу кезінде материалдың мәжбүрлік қысқартылуы мен нығыздалуы және оның жаңа жағдайда тұрақтануы болады. Керісінше тарту кезінде материал созылады және созылған жағдайда тұрады. Таза жүнді материалдар үшін бұл үдеріс ерекше қиындықтар тудырмайды, олар тігін бұйымына қажетті кеңдікті беру үшін бастапқы өлшемнен 10-12 % дейін жақсы бекітілген пішінмен тартылуы және үтіктелуі мүмкін. Едәуір күрделі пішін қалыптастыру жартылай жүн материалында ылғалды- жылумен өңдеу кезінде көрінеді. Целлюлозалы талшықты және синтетикалық талшықты жартылай жүн материалдары, сонымен қатар жасалу тәсілдері бойынша әртүрлі материалдардың пішін қалыптастыруға қабілеттілігі әртүрлі. Целлюлозалы жартылай жүн маталары негізгі үш құрылымнан тұрады. Бірінші құрылымы: бір бағытта (көп бөлігі негіз бойынша) - мақта маталы иірімжіп, ал басқа - жүн маталары. Осындай маталар- да пішін қалыптастыру қасиет тек жүн иірімжібі табылатын бағытта көрінеді. Сондықтанда осындай матадан жасалған киімдерді жобалау кезінде үтіктеу немесе тарту жобалауда бір бағыт бойынша орындала- ды. Екінші құрылым: негіз және арқаумен - мақта жібімен ширатылған, жүн иірімжібі. Бұл құрылымда пішін қалыптастыру қасиетінің көрінуі мақта иірімжібінің арқасында қиындайды, жүн иірімжібінде олар ылғалды-жылумен өңдеу кезінде байқалады. Осындай маталар таза жүнге қарағанда, екі есе күрделене пішінделеді. Бір жағынан осы мата- лардан жасалған бұйымда үтіктеу мен тартуды жобалау оларға берілген пішінді берік бекітеді. Үшінші құрылым: негізде және арқауда - вискозалы штапельді талшықтан, жүннің қоспасынан жасалған жартылай жүн иірі. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Тоқыма материалдардың отыруы 2. Целлюлозалы жартылай жүн маталары негізгі үш құрылымнан тұрады. 3. Тоқыма материалдардың пішін қалыптасу Практикалық сабақтар Практикалық сабақ №1 «Текстильді материалтану» курсының негізгі мақсаты және курстың мазмұны. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1 Жұмыстың мақсаты: Ет, балық, нан және көкөніс өнімдерінің энергетикалық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру. Тапсырмалар: Тағам өнімдерінің энергетикалық көрсеткішін есептеу. Зерттеу обьектісі: Әртүрлі жануарлар түрлерінің ет (шұжық өнімдері, консервілер, паштеттер, жартылай фабрикаттар), балық (жартылай фабрикаттар шұжықтар, паштеттер), нан, көкөніс өнімдері. Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор. Практикалық сабақ №2 Тоқыма талшықтарының классификациясы. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2 Жұмыстың мақсаты: ет және балық өнімдерінің биологиялық құндылықтарын есептеу әдісімен анықтау әдісін меңгеру. Тапсырмалар: Еттегі, ет немесе аралас өнімдердегі ауыстырылмайтын амин қышқылдарының скорларын есептеу; ауыстырылмайтын амин қышқылдарының скорларының орташа артық көлемін бағалау және утилизация коэффициенті мен «қойылған артық салмақ» көрсеткішін есептеу. Зерттеу обьектісі: Әртүрлі жануарлар түрлерінің ет өнімдері (шұжық өнімдері, консервілер, паштеттер, жартылай фабрикаттар), балық өнімдері (жартылай фабрикаттар шұжықтар, паштеттер). Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор. Методикалық көрсеткіштер: Есептеуді ет өнімдерінің амин қышқылдарының құрамының анализіне немесе анықтамалық әдебиеттен алынған мәліметтерге сүйене отырып жүргізуге болады (1- кесте). Практикалық сабақ №3 Жүн талшығының құрылымы Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3 Жұмыстың мақсаты: Ас тұзы араласпаларының мөлшерлік есептерінің әдісін ұғыну. Тапсырмалар: 20 % концентрациялы тұздықты алу үшін 16 % концентрациялы 150 г тұздыққа қанша ас тұзын қосу керегін анықтау. Құрал – жабдықтар: Микрокалькулятор. Практикалық сабақ №4 Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және алыну үдерістері. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4 Жұмыстың мақсаты: Тұтыну таурларын маркілеу және штрих кодтары Методикалық көрсеткіштер: Кәсіпорындар, коммерциялық құрылымдар, тұтынушылар да тауар туралы сапалы, уақытылы және толық мәлімет алғысы келеді. Тауарлық информация құралдары маркілеу, техникалық құжаттар, анықтамалы, оқу және ғылыми әдебиеттер, жарнама және насихаттау жатады. Маркілеу – тауарға және (немесе) қаптамаға белгіленген текст, шартты белгі немесе сурет. Белгілеу орнына байланысты маркілеу өндірістік және саудалық болып ажыратылады. Өндірістік маркілеуге затбелгілер, қыстырмалар, кольереткалар, жапсырмалар, биркалар, бақылау таспалары және т.б. жатады. Практикалық сабақ №5 Ақуызды химиялық талшықтар. Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5 Практикалық сабақ №6 Тоқыма жіптерді игеру технологиясы Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6 Практикалық сабақ №7 Тоқыма жіптердің құрылымы және қасиеттері Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7 СӨЖ тақырыптары мен мазмұны |№ |СӨЖ тақырыбы |СӨЖ мазмұны | |р/б | | | |1 |2 |3 | |1 |Тігін бұйымдарының негізгі материалдары|Текстильді материалтану | |2 |Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма |Табиғи талшықтардың түрлері | | |материалдар |2. Өсімдік текті талшықтар | |3 |Жүн талшығының құрылымы |Талшықтардың құрылымы | |4 |Трикотаждың түрлері және ілмектердің |1.Трикотажды ілмек түрлері | | |құрылысы |2.Трикотаж бұйымдарын өндірудегі| | | |негізгі тәсіл | |5 |Инетесімді беймата жайма өндіру |1.Беймата жайма өңдеу | |6 |Тоқыма материалдарды өңдеу |Тоқыма материалдардың түрлері | |7 |Тоқыма материалдардың гигроскопия- |Тоқыма материалдардың | | |лық қасиеті |гигроскопиялық қасиеттерін | Әдебиеттер және қорлар 2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар 2.4.1.1 Назаров Н. И. «Общая технология пищевых производств» - М.: «Легкая и пищевая промышленность», 1981. – 360 с. 2.4.1.2 Кругляков Г.Н., Круглякова Г.В. Товароведение продовольственных товаров: Учебник – Ростов н/Д: изд. Центр «МарТ», 1999. – 448 с. 2.4.1.3. Горбатов А.В. Реология мясных и молочных продуктов. – М. Пищевая промышленность,1989, 384 с. 2.4.1.4. Төлеуов Е. Т., Әмірханов Қ. Ж. «Ет және ет өнімдерінің технологиясы». -Семей қаласы, 2004. – 184 б. 2.4.1.5. Рогов И. А. «Технология мяса и мясопродуктов» Учебник. – М.: «Агропромиздат», 1988. –565 с. 2.4.1.6. Барақбаев «Сүт және сүт тағамдары» 2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар 2.4.2.1 Твердохлеб Г. В. «Технология молока и молочных продуктов» - М.: «Агропромиздат»,1991.–463с. 2.4.2.2 Матюхина З.П., Королькова Э.П. Товароведение пищевых продуктов: Учебник. – 2-е изд. –М.: ИРПО; Изд. Центр «Академия», 2000. – 272 с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz