Файл қосу

Эксперименттік психология




|Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі                         |
|Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                   |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                       |                      |
|                         |                           |ПОӘК                  |
|                         |                           |042-16.1.01/02-2014   |
|«Жалпы және салыстырмалы |№1 басылым 11.09.2014      |                      |
|психологияға кіріспе»    |                           |                      |
|пәнінен студентке        |                           |                      |
|арналған пәннің жұмыс    |                           |                      |
|бағдарламасы             |                           |                      |




     «ЖАЛПЫ  ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ПСИХОЛОГИЯҒА КІРІСПЕ » ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-
                             ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                    (5В050300 – Психология  мамандығына )

                СТУДЕНТКЕ  АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ























                                    Семей


                                    2014






















  Алғы сөз

1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
Құрастырған: Семей қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Психология» кафедрасының доценті м.а.  А.Ж. Едігенова

2 ҚАРАЛДЫ
     1.  Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік   университетінің
        «Психология» кафедрасының отырысында
 Хаттама № 1  05.09. 2014

Кафедра меңгерушісі    ____________  Ш.С. Сатиева

2.2  ЭҚГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама № 1  09.09.2014

ОӘБ төрағасы_________ С.Х.Тойкин


3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
Хаттама №1  11.09.2014

ОӘК төрайымы_________ Г. Искакова

4  АЛҒАШ НГІЗІЛДІ №1 басылым 11.09.2014
















































































                                   Мазмұны

1    Жалпы талаптар
2    Пән мазмұны мен сағат санының бөлінуі
   2. Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары
   3. Курс форматы
   4. Курс саясаты
   5. Баға қою саясаты
   6. Әдебиеттер




























































   1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
   1. Оқытушы және пән жайлы жалпы мағлұматтар
Алма Едігенова Жүнісбекқызы – д.м.а., п.ғ.к.
Кафедра: Психология
Кафедраның мекен-жайы: Глинка көшесі, 20
Ақпараттық қатынас: 35-93-89
Сабақ өтетін орын:  № 1 оқу ғимараты, 1212 дәрісхана
Кредит саны: 3


   2. Пәннің қысқаша мазмұны
    «Жалпы  және   салыстырмалы   психологияға   кіріспе»   курсы   психика
табиғатының қазіргі жағдайын, оның спецификасы, құрылымы  және  динамикасын,
сонымен бірге категория және түсінік жүйесіндегі адамзаттық шындықтың  пайда
болуының барлық түрлерін көрсететін ғылым көмегімен  көрсетуге  бағытталған.
Зерттеу пәні –  адамның  ішкі,  субъективті  әлемі;  оның  басқа  адамдармен
қатынас және өзара байланыс жүйесі.
    Психология жоғары  білім  жүйесі  үшін  құрылым  құрушы,  фундаменталды
ғылыми пән болып табылады. Кез келген білім тек шынайы  адамды,  оның  нақты
психикасын құрайды, сақтайды, қайта жаңғыртады және қабылдайды. «Жалпы  және
салыстырмалы психологияға кіріспе» курсы  –  бұл  психологиялық  ғылым  және
практикамен  алғашқы  танысу.   Студентке   ең   бастысы   қазіргі   заманғы
психологияның негізгі түсініктерін меңгерту,  психологиялық  феноменологияны
зерттеудің ғылыми бағыттарымен таныстыру болып табылады.
    Ұсынылып отырған  курс  отандық  және  әлемдік  психологиялық  ғылымның
жетістіктеріне, замануи әдіснамалар  ережелеріне  негізделеді.  «Жалпы  және
салыстырмалы психологияға кіріспе»  курсы  психологиялық  ғылым  негіздерін,
оның  маңызды  элементтері  мен  құрамдарын  зерттеуге  арналған.  Бұл  курс
психологиялық  ғылымды  пән   ретінде   ашады   және   замануи   әдіснамалық
алғышарттарға, сонымен бірге  осы  сала  бойынша  отандық  және  халықаралық
жетістіктерге сүйенеді.
     1.3.  Пәннің  мақсаты  -   студенттерге   психологияның   фундаменталды
түсініктерімен, негізгі теориялық бағыттарымен,  оларды  шешу  мәселелерімен
және принциптерімен таныстыру.
 1.4.Пәннің негізгі міндеттері:
    - адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері мен психикалық
бейнесінің мазмұнын ашу;
    - психологияға деген қызығушылығын ояту, сақтау және дамыту,  балалармен
      бірге жұмыс жасау, олардың тұлғалық өсуі мен  когнитивтік  дамуы  үшін
      қолайлы жағдай жасауға үйрету;
    - нормативті лексиканы меңгеру;
    -  студенттерде  психиканың  жалпы  заңдылықтары  мен  фактілері  туралы
      түсінік қалыптастыру;
    -  психикалық  және  психологиялық  феномендердің   әртүрлі   бағыттарын
      салыстырмалы талдау қабілетін дамыту; оқу процесінде алған  білімдерін
      практикалық   психологиялық-педагогикалық    іс-әрекетте    қолдануына
      мүмкіндік беру;
    - психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру;
    - студенттерде дамытушы  тұлға,  индивидуалдылық,  іс-әрекет  субъектісі
      ретінде адам туралы толық түсінік қалыптастыру;
    - кәсіби іс-әрекетке тұлғалық қатынасты қалыптастыру.

      1.5.Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:
    Білуі  керек:
        - қазіргі заманғы отандық және шетелдік  психологияның  әдіснамалық
          негіздерін;
        - ғылым ретінде психологияның сипатын;
        - негізгі психологиялық фактілері және оның интерпретациясын;
        - психологиялық зерттеу әдістерін;
        - ғылыми психологияның негізгі категориялары мен түсініктерін;
        - эволюция барысында психиканың пайда болуы және дамуы туралы;
        - психикалық өмірдің  жоғары  формасы  ретінде  сана  ерекшеліктері
          туралы;
        - психика функциясының негізгі заңдылықтары туралы.
      Түсінуі керек:
        - психологияның негізгі бағыттарын, теорияларын және  психологиялық
          концепциялардың қазіргі заманғы даму тенденцияларын;
        - адамның индивидуалды өзгешеліктері, оның мінез-құлқының эмоциялы-
          еріктік реттеу,  мотивациялық  сферасы,  өзіндік  сана,  танымдық
          процестер және тұлғалық өсу туралы түсініктерін;
    Жасай алуы керек:
        - психологияның негізгі тараулары бойынша теориялық  білім  жүйесін
          меңгеру;
        - психология категориялары бойынша әртүрлі бағыттарды  талдау  және
          өзіндік дифинициясы бойынша тұжырымдау;
        - психологиялық фактіні талдауда өз позициясын ғылыми дәлелдеу;
        -  әртүрлі  психологиялық  белгілерді   диагностау   және   алынған
          мәліметтерді дұрыс өңдеу, интерпретациялау;
        - өзінің тұлғалық өсуін талдай алу;
        - өзінің мінез-құлқына рефлексивті баға беру;
        -  психологиялық  және  психологиялық  емес  мәтінді  ажырата  алу,
          әдебиеттермен сыни жұмыс жасай алу7
      Меңгеруі керек:
        - ғылыми психологиялық мәтіндер жазу;
        - ғылыми пікірталас жүргізу;
        - психологиялық түсініктер аппаратын қолдану;
        - әртүрлі психологиялық мектептердің ғылыми тілдерін қолдану;
        - зерттеуге әдіснамалық талдау жасау;
        - психологиялық экспериментті ұйымдастыру және жоспарлау;
        -   психологиялық   әдістерді   қолдану   (эксперимент,    бақылау,
          әңгімелесу, іс-әрекет өнімін талдау, кейбір тесттер) және зерттеу
          мақсатында алынған мәліметтерді интерпретациялау.
    Сонымен бірге студенттерде пәнді оқу барысында психика және  психикалық
күйлер туралы,  сана  түсінігі  туралы,  ұғынылмайтын  психикалық  процестер
туралы, тұлғаны зерттеуге теориялық және эксперимент бағыт туралы,  танымдық
процестер және  ағзаның  реттеу  функциясы  туралы  түсініктерді   жинақтауы
керек.

      1.6.Курс пререквизиттері:
    - Мамандыққа  кіріспе;
    - Зоопсихология;
    - Танымдық психикалық процестер.
      1.7.Курстың постреквизиті:
    - «Әлеуметтік психология»;
    - «Еңбек психологиясы»;
    - «Эксперименттік психология»;
    - «Отбасы психологиясы»,
    - «Заң психологиясы»  және т.б.


   2. ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУ

                                                                     Кесте 2
|№     |Тақырыптар                     |Сағаттар саны                  |Әдебиет      |
|      |                               |                               |тер          |
|      |                               |Д     |ТС    |ЗС |СӨЖО  |СӨЖ   |             |
|1     |2                              |4     |5     |6  |7     |8     |9            |
|1     |Модуль 1. Психологияға кіріспе.|2     |1     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |Психологиялық ғылым мен        |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |практиканың пәні мен міндеттері|      |      |   |      |      |..           |
|2     |Психологияның  ғылым  ретінде  |3     |2     |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |қалыптасуы                     |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|3     |Психологиялық ғылымның негізгі |2     |1     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |принциптері, түсініктері мен   |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |категориялары                  |      |      |   |      |      |.            |
|4     |Психиологияның  әдістері       |3     |1     |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |                               |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|5     |Психиологияның салалары және   |2     |1     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |басқа ғылымдармен байланысы    |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|6     |Модуль 2. Психика және сана.   |2     |2     |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |Психика туралы жалпы түсінік   |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|7     |Адам психикасының пайда болуы  |2     |2     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |мен дамуы                      |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|8     |Ми және психика                |2     |      |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |                               |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|9     |Адам мен жануарлар психикасының|2     |      |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |айырмашылығы                   |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|10    |Сананың сипаты                 |2     |      |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |                               |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|11    |Психологиядағы сана мәселесі.  |2     |2     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |Саналы және саналанбайтын      |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |психикалық процестер           |      |      |   |      |      |.            |
|12    |Модуль 3. Іс-әрекет            |2     |1     |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |психологиясы.                  |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |Іс-әрекет туралы түсінік.      |      |      |   |      |      |.            |
|      |Іс-әрекеттің психологиялық     |      |      |   |      |      |             |
|      |құрылымы                       |      |      |   |      |      |             |
|13    |Іс-әрекеттегі психикалық       |2     |1     |   |      |      |7.1.1,7.1.2, |
|      |бейнелеудің пайда болуы мен    |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |функциясы                      |      |      |   |      |      |             |
|14    |Әрекеттің қимылдық құрамы.     |2     |1     |   |1,5   |4,5   |7.1.1,7.1.2, |
|      |Психометрика туралы түсінік    |      |      |   |      |      |7.1.3,7.1.4..|
|      |                               |      |      |   |      |      |.            |
|      |Барлығы                        |30    |15    |   |22,5  |67,5  |             |


3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ
      Дәрісті  тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар
       Мақсаты:  студенттерді  курс  бойынша   тиісті   теориялық   біліммен
қаруландыру.
      Міндеттері:
      - әр  тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;
      - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;
      - пәнге қызығушылығын тудыру және  ары  қарай  өздігінен  жұмыс  істей
білуге үйрету;
      - курс  бойынша  тиісті  білімді  меңгеру  үшін  қажетті  жағдайлармен
қамтамасыз ету.
      Жоғары оқу орындарында  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формаларының
бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар  үшін  күрделі  және  жаңа
ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге  қызығушылық  тудырады,
алынған  білімді  практикалық  міндеттерді  шешуде  қолдануға   көмектеседі,
тақырыптың және қарастырылып отырған  материалдың  теориялық  жақтарын  ашып
көрсетеді.
      Дәріс - студенттерде өздігінен  терең білім алуға   ізденіс  туғызады.
Дәрісті тыңдау – бұл  өзара  бір–бірімен  байланысқан  танымдық  үрдістердің
(зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау)  бірлігі.
      Сіздің курс бойынша жан-жақты білім  алуыңыз  дәріс  сабақтарын  толық
тыңдауыңызға  байланысты   екенін  еш   ұмытпаңыз.    Сондықтан   бағдарлама
мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала  қарастырып  жүріңіз.  Сіздің
білімініңізің деңгейі  тек  өзіңіздің  жауапкершілігіңіз  және  өздігіңізден
жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.
      Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:  сабаққа  кешікпеңіз;  дәріс
дәптеріңіз және  қаламыңызды  ұмытпаңыз;  дәріс  барысында   мәтінді  қалмай
жазып  отыруға  талпыныңыз,  ол  тәжірибелік  сабақтарға,  өздік  жұмыстарға
даярлануда негіз болады.
      Тәжірибелік  сабақтарына  даярлануға әдістемелік нұсқаулар
      Тәжірибелік   сабақтар   студенттердің   оқу   жұмыстарының    маңызды
формаларының  бірі.  Тәжірибелік  сабақтардың  мақсаты  –  білімді   бекіту,
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың  рөлі  студенттерде
оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада  қолдана  білу  дағдылары  мен
іскерліктерін қалыптастыруда өте  жоғары.
      Тәжірибелік  сабақтардың міндеттері:
      1. Дәріс материалдарын  қайталау  арқылы  білімді  бекіту,  материалды
кеңейту және нақтылау.
      2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау  үшін  және  жаңа  білім,
дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін  дамыту.
      3. Теориялық білімді  практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.
      4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.
      5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.
      6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.
      7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.
      8.  Оқу  және  ғылыми  жұмыстарға  жауапкершілікті   және  ұқыптылықты
тәрбиелеу.
      9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.


 Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің  өздігінен орындайтын жұмыстарын
                       орындауға әдістемелік нұсқаулар

      Мақсаты:  студенттердің  дәріс  және  тәжірибелік  сабақтарында  алған
білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.
      Міндеттері:
      - дәріс  және тәжірибелік  сабақтарында алған білімдерін тереңдету;
      - теорияны практикамен байланыстыру;
      - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;
      - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды  өздігінен шешу;
        -   психологиялық-педагогикалық   бақылау   жүргізудің   практикалық
дағдыларын жетілдіру;
      - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;
      - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;
      - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.
      Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден  орындайтын  өздік  жұмысыңыз
Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге  және  рейтинг  бойынша  жинайтын
ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті  әрбір  өздік
жұмыс тапсырмасын  өзіңіз  дербес  орындаңыз,  тапсырманы  орындауға  мұқият
қараңыз,  әрі  жауапты  болыңыз.       Өздік  жұмыс  тапсырмаларын   орындау
барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін  жұмысыңыз
мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.
       Өздік жұмысын  орындау  формалары  әр  түрлі:  кесте,  таблица  құру,
реферат,   коллоквиум,  сөзжұмбақ,  пікірталас,  конспект  бойынша   талдау,
аннотация жазу және  т.б.  Оларды  орындау  үшін  оқу  әдістемелік  кешеннің
мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.
      Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:
   1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
   2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт,  орын,  тиісті
      әдебиеттер  мен  құралдардың  болуы  т.б.)  керек  етеді,  ең   дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында  даялануға  дағдылану.
   3. Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
   4.  Алғашқы  кезде  оқытушылардан,  тәжірибелі  оқытушылардан,  кітапхана
      қызметкерлерінен  ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
   5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
   6. Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
   7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.
                Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі
      Кітаппен (негізгі әдебиетпен  жұмыс  жасағанда)  жұмыс  жасауда  басты
назар  аударылады:
      1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы,  шыққан
жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің  немесе  кіріспе  сөздің
авторы); оның тұтастай көлеміне;
      2. Мазмұны  арқылы  кітаптың  жоспарымен  (бөлім,  тарауларымен)  және
қандай жүйеде жазылғанымен танысу;
      3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну  үшін
үстірт танысып шығу;
      4. Негізгі  мәтіннің  құрылымымен  (жеке  тарауларға;  мәтіннің   жеке
бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;
      5. Безендірілу сипатына;
      6. Қайталауға берілген сұрақтарға;
      7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.
Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.
        Конспектілеу -  кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.
        Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын  негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.
        Сілтеме  –  бұл  белгілі  бір  автордың  ой-пікірін  өз  жұмысымызда
  пайдалансақ, онда оған сілтеме  келтіреді,  яғни  ол  әдебиеттің  тізімін
  пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу -  кітаптың  негізгі  ойларын
  қысқа баяндау. Цитаталау -  мәтінді  сөзбе  сөз  көшіру.  Міндетті  түрде
  автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.
      Реферат жазуға әдістемелік нұсқау
          Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады,  тақырыпты  объективті
тұрғыда  толық  баяндаумен  қатар,  онда  ғылыми   теориялар    мен   ғылыми
қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар  мен
ғылыми қорытындыларға талдау  жасалып,  сын  айтылады.       Реферат  ғылыми
мекемелер  мен  жоғары  оқу  орындарында  қолданылады.  Арнаулы   орта   оқу
орындары, жалпы  білім  беретін  мектептер  оқушыларының  үйірме,  клубтарда
жасаған баяндамалары да реферат деп аталады.  Ғылыми  кандидаты  және  ғылым
докторы  дәрежесіне  диссертация  қорғаушының  авторефераты   да   рефератқа
жатады.
      Реферат жазуда не ескеріледі?
      1. Таңдап алған рефераттың  тақырыбына  қатысты  кішігірім  зерттеулер
жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге  шолу
жасау.
      2. Керек жағдайларда  оқытушымен  кездесіп,  керекті  кеңестеп  алғаны
абзал.
      3. Реферат жазуда  негізгі  мәселені  ажыратуға,  тақырыптардың  өзара
сабақтастығын тануға дағдылану.
      4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу  және  жинақтау  негізінде
таблицалар, графиктер, схемалар жасау.
      5. Пайдаланған деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін  қайдан
алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан  жарық  көргенін  көрсету
қажет.
      6. Реферат аудиторияда талқыланады.
      Реферат мазмұны:
- тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі;
- тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы;
- зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі;
- мазмұнның стилі және сауаттылығы;
- рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі
      4 КУРС  ФОРМАТЫ
      Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы  саны  шығарылады.
Жиынтық бағаны шығару  үшін  әрбір  тапсырма,  сабаққа  қатысуы,  СӨЖ,  ОСӨЖ
тапсырмаларын,  тиісті  жаттығу  жұмыстарын   орындағаны   жөніндегі    ұпай
жиынтығы, кезеңдік, қорытынды  бақылау  нәтижелері  т.б.  түгел  ескеріледі.
Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті   тапсырмалар  сессияның
соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай  жинақтай  алмаған  студент
емтиханға  жіберілмейді.  Әрбір  тақырыпты   өтілген  материалды   меңгеруде
тақырып бойынша негізгі  түсініктерді  меңгеруге  мән  беру  қажет  және  әр
студентте сөздік жұмысы болуы керек.
      Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды  ескеру
қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген.
      5 КУРС  САЯСАТЫ
      Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар
      Әрбір студенттің  міндетіне - сабақтан қалмау, берілген  тапсырмаларды
мерзімінде, дұрыс  тиянақты  орындау  жатады.  Сабақты  босату  сол  тәрізді
өтілген  сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі  жоқ  екенін
көрсетеді, сол себепті студенттердің  сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі  оның
оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының  барлығы  курс  бойынша
қорытынды баға қоярда  ескеріледі.
      Берілген тапсырмалар уақытында  орындалмаған жағдайда, әрбір  тапсырма
үшін  бағаңыз кеміп отырады.  Сабаққа  келмей  қалсаңызда  баллыңыз  кемиді.
Сондықтан   сабаққа   кешікпей,   уақытында   қажетті   дайындықпен   келуге
талпыныңыз .
      Аса  себепті  жағдайлар  (науқастанып  қалу,   отбасының   жағдайлары)
болғанда  оқытушыны   хабардар етуге   және  берілген  тапсырмалардың  бәрін
де  өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар.
      Әрбір  студент  өз  жұмыс  орнында   болып  қоймай,  өзінің  жұмыстағы
міндеттерін орындауға тиіс. Оны  орындамаған  студентке   білімін  бағалауда
кедергілер болатынын ескерген дұрыс.
       Осы  пән  бойынша  берілген  барлық  тапсырмалар  семестрдегі   сабақ
кестесінде бекітілген  мерзімде орындалуы тиіс.  Курсты  оқып  білу  студент
тарапынан белсенді  болуды талап етеді.
      Қажет  уақытында  оқытушыдан  кеңес  алу  құқыңыз   бар.  Пән  бойынша
ұсынылған негізі  және  қосымша  әдебиеттерді   үнемі,  әрі  үзіліссіз  оқып
отыруыңыз қажет.  Өйткені тапсырманы  орындау  негізінде   немесе  емтиханға
даярлық кезінде  оқулықты  қолға  алу  сізге   қажетті  білімді  толық  бере
алмайды.
      Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе,  семестр  бойында
бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән  бойынша  бар  барлық  деректерді
пайдалануыңыз қажет.  Әрбір  сабаққа  пайдалануыңыз  керек.  Курсты  меңгеру
барысында   жоғары  жетістікке  жетуіңіз    сіздің   оқу   белсенділігіңізге
байланысты екендігін  еш  ұмытпаңыз.  Сабаққа  қатысу  белсенділігіңіз,  оқу
үлгеріміңіз және оқытушы берген   тапсырмалаларды  сапалы  орындауыңыз   сіз
үшін межелік бақылау (аттестация) және  емтихан  кезінде  көмектесетін   дау
тудырмайтын  факті  болып  табылады.   Аралық  бақылаулар  алдын-ала  өткен,
талқыланған материал бойынша  жүргізіледі және  оның  мақсаты  студенттердің
теориялық білімді ұғыну  деңгейлерін тексеру.
      Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді  анықтау  емес,  керісінше
өзіңіздің  теориялық   білімізді  практикада  қолдана  алу  мүмкіндігіңіздің
көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда  қарастырылған   және
өзіңіз  орындаған  тапсырмаларға  негізделеді.  Қорытында  емтихан    барлық
студент үшін  міндетті болып табылады.
Берілген тапсырмаларды орындау барысында  тиым салынады:
 - біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ;
 - өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ;
 - жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге;
 - топ болып орындаған тапсырмаларды  орындауға қатыспай  балл  талап  етуге
   және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен  оның  оқуға  деген  қатынасы  және
   мінез-құлқы, тәртібі  ЖОО талабына сәйкес болуын  үлкен үмітпен күтеді.


      6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ
      Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300
  балл 8-15 апталарға.

      «Жалпы және салыстырмалы психологияға кіріспе»  пәні  бойынша  баллдың
бөлінуі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі        |Балл жиыны                  |Ескерту           |
|1     |2                   |3                           |4                 |
|      |1-8 апта бойы       |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|3     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|      |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|4     |                    |                            |                  |
|      |СӨЖ                 |40                          |                  |
|5     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|6     |Тәжірибелік         |25                          |                  |
|      |СӨЖ                 |50                          |                  |
|      |Рубеждік бақылау    |80                          |                  |
|                          |300                         |                  |
|1-8 апта бойынша барлық   |                            |                  |
|балл саны                 |                            |                  |
|      |8-15 апта бойы      |30                          |                  |
|      |дәріске қатысу      |                            |                  |
|9     |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|10    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|11    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|      |СӨЖ                 |40                          |                  |
|12    |Тәжірибелік         |15                          |                  |
|13    |Тәжірибелік         |20                          |                  |
|14    |Тәжірибелік         |20                          |                  |
|      |СӨЖ                 |50                          |                  |
|15    |Рубеждік бақылау    |80                          |                  |
|8-15 апта бойынша барлық  |300                         |                  |
|балл саны                 |                            |                  |
|Емтиханға балл            |400                         |                  |
|Академиялық мерзімге      |1000                        |                  |
|жиынтық балл              |                            |                  |


      «Жалпы және салыстырмалы  психологияға  кіріспе»  пәні  бойынша  дәріс
сабағы,  тәжірибелік  сабақтар,  ОСӨЖ,  СӨЖ  жұмыстары  арнайы  көрсетілген,
белгіленген баллдар негізінде бағаланады.
                                                                     Кесте 3

1
ап
та2
апта3 апта4 
апта5 
апта6 апта7 апта8 апта9 апта10
апта11
апта12
апта13
апта14 апта15
аптаДәріс-Тәжір-25252525151515152020СӨЖ--4050--40-50Рубеж8080Барлы
ғы-256525758015155515207080Барлы
ғы-270270 
 Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың  жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі.
  
7  ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әбдебиеттер 
7.1.1 Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010. 
7.1.2 Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002. 
7.1.3 Жакупов С. Жалпы психология. – А. 2011. 
7.1.4 Жарықбаев,Қ.   Психология :энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев.-Алматы:Қазақ энциклопедия,2011.
7.1.5 Намазбаева, Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы,2005.
7.1.6 Намазбаева, Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.
7.1.7 Бап-Баба С. Жантану негіздері: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы.,2011.-302б.
7.1.8 Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша. - Алматы,2003.
7.1.9 Тажiбаев Т. Жалпы психология. - А., 1993.
7.1.10 Сатиева Ш.С.Психология  С. 2007.
7.1.11 Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.    
Т1.(Общие основы психологий) – М.,2003.
7.1.12 Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.
7.1.13 Петровский А.В., Ярошевский М. Психология.-М.,2002.
7.1.14 Гиппенрейтер Ю.Б, Введение в общую психологию.-М., 2000.

7.2 Қосымша әдебиеттер 
7.2.1. Алдамұратов Ә.Қ. Қызықты психология.-А.,1992.
7.2.2 Аймауытұлы Ж. Психология.-А.:Рауан, 1995.
7.2.3 Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998.
7.2.3. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995.
7.2.4.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999.
7.2.5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996.
Пәндер